Contents

Өскемендегі Балушкиннің бұрынғы көлік зауыты мемлекет меншігіне өтеді Өскемендегі сотталған Анатолий Балушкинге тиесілі болған құрылысы аяқталмаған "Азия Авто – Бипэк Авто" көлік зауыты мемлекетке тегін беріледі. Тиісті лот электронды сауда порталында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болды? Электронды сауда порталында жаңа лот пайда болды - құрылысы аяқталмаған "Азия Авто Қазақстан" толық циклді көлік зауыты жер учаскелерімен және аумақтағы барлық ғимараттар мен құрылыстармен бірге. Ол "мемлекеттік заңды тұлғалар" балансына тегін беріледі. Қазіргі уақытта ол Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің балансында тұр. e-qazyna.kz порталынан скриншот Құжаттарда зауыттағы тауарлар мен материалдардың шамамен 124 миллион теңгеге бағаланғаны көрсетілген. e-qazyna.kz порталынан фото Жалпы онда 37 мың бірліктен астам мүлік бар: пима, кулер, картинадан бастап, радиатор, цистерна, балға мен плинтустарға дейін. e-qazyna.kz порталынан фото "Бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау объектісінің түпкілікті құны, егер бағалау есебі жасалған күннен бастап бағалау объектісімен мәміле жасалған күнге немесе жария оферта ұсынылған күнге дейін алты айдан аспаса, мәміле жасау мақсаттары үшін ұсыныстық деп танылуы мүмкін", - делінген құжатта. Жер учаскелері мен ғимараттың өзі қанша тұратыны туралы айтылмаған. Зауыт нақты қай заңды тұлғаға өтетіні және оны не істейтіні әзірге белгісіз. "Сауда-саттық" (яғни зауытты беру бойынша соңғы шешім) 7 сәуірде сағат 10:00-де өтеді. "Бипэк Авто" ісі 2021 жылғы тамызда Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарына кірген қазақстандық бизнесмен Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды. Ол "Азия Авто" АҚ компаниялар тобына иелік еткен. Кейін Қаржылық мониторинг агенттігі оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады. 2023 жылғы ақпанда Балушкин тергеу әрекеттеріне жария түрде шақырылған. Алайда ол келмеді. Нәтижесінде 2025 жылы бизнесмен Анатолий Балушкин сырттай 9 жылға сотталды. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Іс бойынша екінші фигурант Ерік Сағымбаев дәл осы айып бойынша 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Анатолий Балушкин. Фото: facebook.com/bipek.kz Сот 2013 жылдан 2020 жылға дейін Балушкин мен оның сыбайласы "Азия Авто – БИПЭК Авто" арқылы 66 миллиард теңге несие алып, оны шығарып жібергенін анықтады. Активтерді жасыру үшін 2019-2020 жылдары жаңа компаниялар құрылып, мүлік солардың атына рәсімделген. Сонымен қатар, 2020 жылы 3,9 миллиард теңгеге сыйақылар рәсімделіп, жетіспеушілікті жабу көзделген, алайда бұл қаражат қызметкерлерге іс жүзінде төленбеген. Сондай-ақ 2010 жылдан 2020 жылға дейін компания салықтық жеңілдіктерді пайдаланғаны, бірақ зауытты іске қосу сияқты міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Жеңілдіктер жалған құжаттар арқылы ұзартылған, кейін сот бұл келісімдерді жарамсыз деп таныды. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 173 миллиард теңгеге бағаланды. Бір жыл бұрын Анатолий Балушкин Шешенстан басшысының көмекшісі, "Ахмат" арнайы жасағының командирі Апти Алаудиновтың Telegram-арнасында жарияланған видеода пайда болды. Бейнежазбада Балушкин "Ахмат" командирінің қарамағына "Пластун" тасымалдағышын тапсырды. Қазақстан Балушкинді жазасын өтеу үшін Ресейден қайтаруға тырысты. Алайда Ресейдің Әділет министрлігі өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда агросаладағы кадр тапшылығы азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін - депутат Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласындағы кадр жетіспеушілігі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайтуды стратегиялық міндет ретінде атап өткен. Бұл бағытта отандық ауыл шаруашылығын дамыту, логистиканы жетілдіру және тұрақты өндірісті қамтамасыз ету маңызды. Қырықбаев жыл басында өңірлерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездескенін айтты. Оның сөзінше, шаруалар агросаладағы басты мәселелердің бірі ретінде кадр тапшылығын көрсеткен. "Әсіресе, малшы, сауыншы, механизатор, ветеринар, агроном, зоотехник секілді мамандардың жетіспеушілігі бар екенін жеткізді. Бұл жағдай ауылдық жерлердегі тұрмыс деңгейінің төмендігімен, еңбекақы мөлшерінің жеткіліксіздігімен және әлеуметтік қолдау тетігінің әлсіздігімен тікелей байланысты", – деді депутат. Оның айтуынша, бұл мәселе Жоғары аудиторлық палата есебінде де көрініс тапқан. Атап айтқанда, зейнетақы жарналары аударылмайтын қызметкерлер санының көптігі еңбек заңнамасының сақталуында олқылықтар бар екенін көрсетеді. Депутат агросаладағы кадр тапшылығы өндірістің тұрақты дамуына, еңбек өнімділігінің артуына және жалпы азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап өтті. Сондай-ақ ол Үкіметтің Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуді 2028 жылға дейін жоспарлап отырғанын айтты. "Менің есебім бойынша ауылдағы шаруалардың тарапынан көтеріп отырған кадрлық мәселесін толыққанды шешпей елімізді азық-түлік өнімдерімен 2028 жылға дейін өзін-өзі толық қамтамасыз етуге мүмкін емес деп санаймын", – деді Қырықбаев. Осыған байланысты депутат премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге бірқатар ұсыныс жолдады: Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мақсатында Үкімет тарапынан қосымша төлемдер қарастырып, жергілікті бюджет есебінен арнайы субсидиялау бағдарламасын енгізуді; Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін азаматтар үшін жеке табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін белгілеуді; Аграрлық колледждер мен жоғары оқу орындарында мақсатты гранттар санын ұлғайтып, шәкіртақы көлемін арттыруды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда Абай атындағы ҚҰОБТ маңында жұмысшылар не істеп жүр: әкімдік түсіндірді Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры (ҚҰОБТ) маңында жұмыс басталды: аумақта жұмысшылар мен құрылыс материалдары байқалды. Әкімдік жағдайға қатысты пікір беріп, нысанда нақты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мән-жайы 1 сәуірде Алматы тұрғындары ҚҰОБТ маңындағы қоршаулар мен "Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз" деген жазуы бар тақтайшаны байқаған. Сондай-ақ аумақта жұмысшылар мен құрылыс материалдары көрінеді. Кейбір алматылықтар нысанның тағдырына алаңдап, "бұл жерде ауқымды реконструкция жоспарланып отырған жоқ па?" деген сұрақ туындаған. Әкімдік не дейді? Біз жағдайға байланысты пікір алу үшін қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарластық. Бізге ғимарат маңындағы брусчатка ауыстырылып жатқанын хабарлады. "Әлеуметтік жауапкершілік аясында жеке компания күшімен негізгі кіреберістегі брусчатканы тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Таяу жылдары реконструкция бола ма деген сұрақты театрдың баспасөз қызметіне де қойдық. Ондағылар ресми сауал жолдауды өтінді. Еске сала кетейік, қазір Алматыда бірнеше мәдени нысан қайта жөндеуден өтіп жатыр. Редакция бұл процесті мұқият қадағалап отыр, өйткені олардың төңірегінде мезгіл-мезгіл дау туындап тұрады.
Қазақстанда азаматтарға еңбек кітапшасы қажет пе: министрлік жауап берді Қазақстанда еңбек кітапшалары біртіндеп тарих қойнауына еніп барады - бүгінде еңбек өтілін есепке алу негізінен цифрлық форматта жүргізіледі. Дегенмен адамның дәл қашан жұмыс істей бастағаны да маңызды. Толығырақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықпаев айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еңбек өтілі - "цифрлық" жүйеде Вице-министрдің айтуынша, жұмыс істейтін қазақстандықтардың басым бөлігінің еңбек қызметі толықтай цифрландырылған. "2000 жылдары еңбек нарығына кірген жұмысшылар үшін 2020 жылдан бастап, олардың барлық жұмысы толығымен цифрлық түрде жүзеге асырылады. Бұл электронды жұмыс дәптерлері жасалғанын білдіреді, ол жұмыс тәжірибесін растау және кез келген қажетті қолдауды көрсету үшін пайдаланылады", - деп түсіндірді Жазықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Еңбек кітапшалары кімдерге қажет? 1998 жылға дейін жұмыс істей бастаған азаматтар үшін еңбек өтілін растау (соның ішінде еңбек кітапшалары арқылы) мәселесі әлі де өзекті. Вице-министрдің айтуынша, қазір бұл процесс архивтермен интеграциялау арқылы біртіндеп электронды форматқа көшіріліп жатыр. "Егер біз 1998 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар санат туралы айтатын болсақ, бүгінде зейнетақы тағайындау кезінде азаматтардан еңбек кітапшасын талап етпеу үшін цифрлық архивпен интеграция жасап жатырмыз. Біз адамның қай жерде және кім болып жұмыс істегені туралы мәліметтерді аламыз", - деді ол. Қағаз құжаттар келмеске кетіп барады Еңбек министрлігі мәліметінше, 1998 жылдан кейінгі бүкіл еңбек өтілі цифрландырылған және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау кезінде қолданылады. "1998 жылдан кейінгі зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселесіне келсек, бұлардың бәрі бүгінде цифрландырылған. Жалғыз мәселе 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне қатысты болатын - бұл бағытта архивтермен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды Жазықпаев. Осылайша, қағаз еңбек кітапшалары біртіндеп қолданыстан шығып, Қазақстанда еңбек өтілін растау толықтай цифрлық форматқа ауысып жатыр.
Ыстықкөл маңына жойғыш ұшақтан оқ-дәрілер түсіп қалған Қырғызстанда Ыстықкөл облысы үстінен ұшып бара жатқан жойғыш ұшақтан оқ-дәрілер түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media-ға сілтеме жасап. Күш құрылымдарындағы дереккөздер мәліметінше, оқиға 31 наурызда кешке қарай Ыстықкөл ауданы Сары-Қамыс ауылының жоғарғы бөлігіндегі егістік алқабында болған. Салдарынан екі шұңқыр пайда болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Ыстықкөл облыстық ІІБ 24.kg басылымына аталған деректі растады. Материалдар одан әрі тексеру жүргізу үшін Әскери прокуратураға жолданған. Оқиғаның мән-жайы мен түсіп қалған оқ-дәрілердің түрі анықталып жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан аумағында, Атырау облысында кезекті ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы ақпарат тараған болатын. Атырау облысының полициясы Tengrinews.kz тілшісіне нысанның табылғанын растады, бірақ оның не екенін нақтыламады.
Мөлшерлеме 25 пайызға дейін: Қазақстанда салықтар мен төлемдердің бір бөлігін біріктіру ұсынылды Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Парламент мүшесі салық жүйесіндегі қайшылық салдарынан жұмысшыларды ресми түрде тіркеу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Депутаттың айтуынша, бүгінде елде қайшылық тудыратын жағдай қалыптасқан: жұмыс беруші еңбек қатынастарын неғұрлым адал ресімдесе, соғұрлым шығынға батады. Қошмамбетов жұмыс берушінің іс жүзінде салық агенті екенін және есептеу ережелері әртүрлі жеті түрлі салық пен төлемді аударуға міндетті екенін еске салды. "Орташа айлық номиналды жалақы 430 мың теңге болса, оның 146 мың теңгесі төлемдерге кетеді. "Қолға тиетін" жалақыға түсетін салық жүктемесі 41 пайыздан асады", - деді депутат. Сондай-ақ ол жұмыспен қамтудың түрлі нысандары арасындағы айтарлықтай қайшылыққа тоқталды. "Табысы бірдей болғанымен, бүгінде жалдамалы жұмысшыға түсетін жүктеме жеке кәсіпкерден 2,5 есе, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан 9 есе жоғары", - деді ол. Қошмамбетовтің пікірінше, мұндай жағдай бейресми жұмыспен қамтудың өсуіне түрткі болады. "Бейресми жұмыспен қамту қаупі туындайды: мемлекетке салықтар толық түспейді, ал адамдар толыққанды әлеуметтік қорғаусыз және зейнетақысыз қалады". Депутат салық жүктемесінің құрылымына да назар аударды. Оның сөзінше, бүгінде еңбекке түсетін салық жүктемесі пайда мен дивидендтерге салынған салықтан жоғары: шамамен 25 пайызға қарсы 40 пайыз. "Бұл экономика үшін пайда табуға қарағанда, жұмыс орындарын ашу қымбатырақ деген тікелей белгі", - деді ол. Жүктемені азайту үшін депутат еңбекақы төлеу қорынан алынатын барлық салық пен төлемді біріктіруді ұсынды. "Еңбекақы төлеу қорынан алынатын барлық салық пен төлемді біріктіріп, салық режиміне қарамастан, барлық шағын бизнес субъектілері үшін 20-дан 25 пайызға дейінгі бірыңғай мөлшерлемені белгілеу мүмкіндігін қарастыру қажет", - деп мәлімдеді ол. Оның айтуынша, мұндай тәсіл әкімшілендіруді жеңілдетіп, жұмыспен қамту саласын көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді. "Бұл жұмыс беруші үшін әкімшілендіруді айтарлықтай жеңілдетуге, еңбек ресурстарының едәуір бөлігін көлеңкеден шығаруға және зейнетақы, әлеуметтік және медициналық төлемдер базасын кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді депутат. Айтуар Қошмамбетовтің сөзінше, жұмыспен қамтуды ішінара заңдастыру мен мөлшерлемені төмендетудің өзі қосымша миллиардтаған теңге түсім түрінде фискалдық нәтиже беруі мүмкін. Мәжілісмен өз сауалында үкіметтен еңбекақы төлеу қорынан алынатын барлық салық пен төлемді 20-25 пайыздық мөлшерлемемен бірыңғай төлемге біріктіру мүмкіндігін қарастыруды, "бір терезе" қағидаты бойынша әкімшілендіру жолдарын зерттеуді, сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістерден күтілетін фискалдық, әлеуметтік және зейнетақылық әсердің есебін дайындауды сұрады.
Тоқаев Сауд Арабиясының елшісін қабылдады Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән беретінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері, Сауд Арабиясының Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың екі елдің сан қырлы ықпалдастығын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесін айрықша атап өтті. " Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман – шын мәнінде, жаһандық ауқымдағы мықты әрі беделді көшбасшы. Оның өз Отанын өркендетуді көздейтін көреген әрі прогрессивті стратегиясы, сондай-ақ халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде атқарған рөлі ең жоғары баға мен құрметке лайық", – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салманды Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын растады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Тынышырақ болады деп үміттенгем“: астаналықтар LRT-дан шыққан “шуды“ қызу талқылап жатыр Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін тест режимінде іске қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Осы ретте әлеуметтік желілерде күтпеген дау туындады. Қала тұрғындары жаңа көліктің қаншалықты "тыныш" екенін қызу талқыға салған, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тест режимінде іске қосылған пойыздың видеосын Threads және басқа да желі қолданушылары жариялап жатыр. Солардың бірін желі бойына жақын жерде тұратын issaakmusic есімді қолданушы жариялаған. "Тынышырақ болады деп үміттенген едім, бірақ олай болмай шықты. Терезе жабық болса қалыпты, ал ашық тұрғанда пойыздың өткені бірден байқалады", - деп жазды ол. Мұндай жазбалар лезде ондаған пікір жинап жатыр. Тұрғындар "дауысы мүлдем естілмейдіден" бастап "ұшақтың дауысына" ұқсайды деген секілді әртүрлі пікір айтқан. "Көліктің ішінде де естіледі" және "ұшақ құлап бара жатыр ма деп ойладым" Қолданушылардың бір бөлігі дыбыстың тіпті алыс қашықтықта да айқын естілетінін жазған. "Шу қатты шығады, көліктің ішінде отырып-ақ естисің", "Қасынан өтіп бара жатып, ұшақ төмен ұшып бара жатыр ма деп ойлап қалдым". Басқалары мұны конструкцияның ерекшеліктерімен түсіндіреді: пойыз сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүреді, ал толыққанды шу оқшаулағышы жоқ ашық эстакадалар дыбысты күшейтуі мүмкін. "Бұл - физика: металл металға тиген соң шу мен діріл болады. Оның үстіне жолдар ашық, шудан қорғайтын қалқандар жоқ", - деп жазады пікір қалдырушылар. "Жақын жерде тұрамын - дыбысы жоқтың қасы" Сонымен қатар бұған қарама-қайшы пікірлер де бар. Желіге тікелей жақын орналасқан үйлердің кейбір тұрғындары шу деңгейі өте төмен екеніне сендіреді. "Мен LRT маңында тұрамын, терезелерім тура жолға қарап тұр - терезе ашық болса да әрең естіледі", "Тіпті сыртта қасынан өткенде де қатты шу жоқ", Олардың айтуынша, дыбыс бар, бірақ ол үйреншікті қалалық шудың деңгейінен аспайды. Оператор не дейді? Жоба операторы болып табылатын CTS компаниясы қазіргі уақытта тұрғындардан ресми шағым түспегенін мәлімдеді. "Жобаны іске асыру аясында шу мен дірілді азайтуға бағытталған шешімдер қолданылды. Жүйе халықаралық стандарттарға сәйкес келеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Алматыда ВИЧ жұқтырған педофил өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кетпек болған - құқық қорғаушылар Алматыда 13 жастағы қызды зорлау ісі бойынша үкім шығарылды. АИТВ жұқтырған айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, бұл ретте құқық қорғаушылар іс барысында көптеген заңбұзушылық болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Әкесінің досы шығарып саламын деген" Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, оқиға 2025 жылғы тамыздың соңында болған. Сол кезде қызы әжесінің үйінен әкесіне қонуға барған. Барғанда әкесінде қонақ барын білген - бірге ішімдік ішіп отырған досы. Қыз мұндай жағдайда қалғысы келмей, бір тәулікке пәтер жалдап, сонда қонуды шешкен. "Әкесінің сол досы оны шығарып салуды ұсынған. Олар барған соң, ол пәтерге бірге кіруге сұранып, кейін қызға шабуыл жасаған", - дейді анасы. Оқиғадан кейін қыз достарына бірден хабарласып, келуін сұраған. Полицияға арыз жазылған. Кейін күдіктінің АИТВ жұқтырғаны анықталды. Қыздың анасына ештеңе айтпаған Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваның айтуынша, Human Rights Lawyers қорының заңгерлері жәбірленуші баланың анасының өтінішімен іске қосылғаннан кейін көптеген заңбұзушылықты анықтаған. Мысалы, қыздың анасы болған оқиға туралы тек сот отырысы басталған кезде білген. "Сол кезде әйел қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан. Қыздың заңды өкілі құқығынан айырылмағанына қарамастан, құқық қорғау органдары да, сот органдары да, жергілікті омбудсмен де оған баласының қылмыстық іс бойынша жәбірленуші екенін хабарламаған", - дейді ол. Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, бастапқыда іс Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі "Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелген. Бұл бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. "Айыптау актісінде бап 121-баптың 3-1-бөлігіне "Кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне" қайта сараланған, яғни 14 жасқа толған кәмелетке толмағанға қатысты. Бұл бап бойынша жаза 15 жылдан 17 жылға дейін. Бірақ оқиға кезінде қыз небәрі 13 жаста болған", - дейді Рақышева. Заңгерлер назар аударған тағы бір заңбұзушылық - айыптауда Қылмыстық кодекстің 118-бабы 1-бөлігі "Басқа адамды АИТВ жұқтыру қаупiне көрiнеу душар ету" бабының болмауы. "Қыздан талдау вирус анықталуы мүмкін уақыттан бұрын алынған, қайта тексеру жүргізілмеген. Соған қарамастан, тиісті бап айыптауға енгізілмеген", - деп қосты ол. Жәбірленушінің әкесі азғынды қорғаған Сондай-ақ Рақышева қыздың айыпталушыдан қорғалмағанын айтты. "Оған оның туыстары қоңырау шалып, қоқан-лоқы жасайды. Сонымен қатар, оның туыстары бұған дейін жәбірленушінің адвокатын шеттетіп, орнына басқа адвокат жалдаған, ол шын мәнінде айыпталушының мүддесін қорғаған. Бұл адвокат айыпталушының қорғауымен бірге қыз ер адамға жала жапты деген жалған дәлелдер жасаған. Олар қызға өзі ересек ер адамды жыныстық қатынасқа көндірді деген мазмұнда сөз жазып берген", - дейді адвокат. Рақышеваның айтуынша, туған әкесі қызына қысым жасап, айыпталушыны өмір бойына соттаудан алып қалуға тырысқан. Осы заңбұзушылықтың бәрін жою үшін қыздың адвокаттары өтінішхаттар жолдады. "Қыз қайда болса, сонда қонған" Құқық қорғаушының айтуынша, істі қарау барысында қиын жағдайда қалған кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүйесінің жетілмегенін көрсететін жайттар анықталды. "Анасына жаза тағайындалғанда, сот баланың әкесімен тұратынын көрсеткен, бірақ оның басқа отбасы, төрт кішкентай баласы бар екенін және қызымен қалыпты байланысы жоқ екенін ескермеген", - дейді Рақышева. Қыз әжесінің үйінде тұрған, бірақ әжесінің балаға қатысты ешқандай заңды құқығы болмаған. "Жәбірленуші қыз жиі қайда болса, сонда қонғанын айтты, бұл ретте мектеп директоры да, сынып жетекшісі де, жергілікті омбудсмен де, қорғаншылық органдары да бұл баланың тағдырына мән бермеген", - дейді ол. Ол сот отырыстарының бірінен кейін баланы түнде қайда орналастыру керегін анықтай алмағандарын еске алды. Рақышева қиын жағдайда кәмелетке толмаған қыз іс жүзінде жалғыз қалғанын айтты: анасы колонияда, әкесі оған қарсы, ал жүйе тиісті қорғаныс көрсете алмаған. Не өзгерді? Ләззат Рақышеваның айтуынша, үкім шығарылар алдында қор адвокаттары бірқатар нәтижеге қол жеткізген: "Біз қыздың анасын шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға қол жеткіздік, қазір ол сот отырыстарына қатыса алады. Сондай-ақ баланың адвокатын шеттетіп, әкесін заңды өкілдер қатарынан алып тастадық", - деді ол. Сонымен қатар, заңгердің айтуынша, сотта айыпты жеңілдету заңсыз екені дәлелденген. "Осыған байланысты прокуратура қайтадан "Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша айыптау актісін берді", - деді ол. Рақышеваның айтуынша, прокурор сотта осы бап бойынша айыпты қолдап, айыпталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. "Сондай-ақ біз айыпталушының адвокаттары мен баланың адвокатына қатысты істі және дәлелдерді бұрмалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы сотқа өтінішхат жолдадық", - деді ол. Сот үкімі 30 наурызда Алматыда іс бойынша үкім шығарылды. "Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Рақышева. Сонымен қатар, заңгердің айтуынша, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 118-бабы бойынша жеке қаулы шығарылған. Жақында қыз АИТВ-ге қайта талдау тапсырады, содан кейін айып қай бөлік бойынша тағылатыны белгілі болады, деді Рақышева. Бұдан бөлек, құқық қорғаушының айтуынша, адвокаттарға қатысты жеке қаулылар шығарылған. Tengrinews.kz редакциясы құқық қорғаушылардың уәждеріне түсініктеме беруін сұрап, прокуратураға сауал жолдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мадара Ерболұлы және Наруто Марленұлы: желіде ерекше “есімдер“ талқыланып жатыр Әлеуметтік желілерде танымал "Наруто" аниме кейіпкерлерінің есімі жазылған туу туралы куәліктердің суреті жарияланды. Tengri Life редакциясы Қазақстанда Наруто, Саске және аңызға айналған манганың өзге де кейіпкерлері ресми тіркелген-тіркелмегенін тексеру үшін Ұлттық статистика бюросына сауал жолдады. Мән-жайы Мадара Ерболұлы, Наруто Марленұлы және Саске Тәңірберген есімдері көрсетілген туу туралы куәліктер талқылауға себеп болған. Жазба әлеуметтік желілерде тез тарап, көптеген пікір жинады. Кейбір қолданушылар бұған әзілмен қарап, енді бірі бұл идеяны қолдаған. "Баламның атын Шикамару қоямын", "Күте тұрыңыздар, жақында Какаши пайда болады", "Цунаде есіміне тиіспеңіздер, мен оны брондап қойдым", - деп жазды желі қолданушылары. Скриншот: Threads Ал басқалары, керісінше, мұндай есім қойғандарды сынға алды. "Меніңше, бұл өте ақымақ тірлік. Қазақта есім адам тағдырына үлкен әсер етеді деген сенім бар. Кеме қалай аталса, солай жүзеді", "Балаға мұндай есімді не үшін береді? Бұл қорлау емес пе?" - деп атап өтті олар. Қазақстанда Наруто мен Саске бар ма? Бұл ақпараттың шындыққа қаншалықты сәйкес келетінін анықтау үшін біз Ұлттық статистика бюросына хабарластық. Ведомство мәліметінше, Қазақстанда Наруто немесе Саске есімді бірде-бір адам тіркелмеген. Дегенмен аниме әлемінен бір есім кездеседі. Бюро деректеріне сүйенсек, елімізде бір Хината тұрады. Бойжеткен Астана қаласында тұрады, шамамен 15-19 жаста. Ал Сакура есімі Қазақстанда әлдеқайда жиі кездеседі. Ресми мәліметтер бойынша, бұл есім 55 әйел адамға берілген. Оның ішінде: 48-і - 15 жасқа толмағандар, олар негізінен Маңғыстау, Жамбыл, Атырау және Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан; 3 бойжеткен - 15–19 жас аралығында, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Астана қаласынан; 1 тұрғын Алматы қаласында - 30–34 жас аралығында; 1 әйел Алматы облысында - 50–54 жас аралығында; тағы екі ең егде жастағы Сакура Алматы мен Қызылорда облысында тұрады, олардың жасы 60-тан асқан. Айта кетейік, Сакура есімі тек анимемен ғана емес, сонымен қатар жапон шиесімен - көктемнің символы және жапон мәдениетінің ең танымал бейнелерінің бірімен байланысты.
“Көп құпия бар“. Bayansulu мен оның әндерін жазған композитор бір-бірін айыптады Композитор Қуат Әбілов әнші Баянсұлу Сағындықованы (BAYANSULU) жазып берген әндері үшін қаламақы төлемеді деп айыптады. Толығырақ Tengri Life-та. Қуат Әбіловтің нұсқасы Композитор Instagram парақшасында видео жариялады. Әбілов әншіге бес ән (Aua rai, Sondaym bar endi, La La, Umytsam da, Kutemin) жазып бергенін, енді сотқа шақырылып жатқанын айтты. Оның айтуынша, әнші бастапқыда өзі келіп, оған ақша емес, танымал болу керек екенін айтқан. "Ол кезде оның ешқандай аты да, әні де жоқ еді. Аға, маған ешқандай ақшаның қажеті жоқ, мені "хит" қылсаң болды деп келді. Қолымнан келгенше жұмыс істедім", - деді ол. Әбілов бұл әндері үшін қаламақы төленбегенін айтты. "Мен әнді айтпасам, мен әнші болмасам, ол әндерің хит болмайтын еді деді. Бұл маған деген құрметінің жоқтығын көрсетеді. Мен көптеген әртіспен жұмыс істедім. Мені танымасаңыздар да, менің әндерімді білесіздер. Мен еш жерге сұхбат бермегенмін, еш жерге шықпағанмын, тек студияда жұмыс істеймін. Енді мен сол әндерімді барлық платформадан өшіремін, орындауға рұқсат бермей жатырмын, сол себепті мені сотқа шақырып жатыр", - деді ол. Композитор тек әділдікке қол жеткізгісі келетінін айтты. "Ол өзінің бұрынғы продюсерімен жұмысын тоқтатты, менің ол жақтағы келісімдерге ешқандай қатысым жоқ. Басқа продюсері маған хабарласты, келісімге келейік, жолығайық деді. Сөйлестік, мен өз шартымды айттым, менің қаламақымды төлеңдер, осыдан кейін әндерімді орындай беріңдер дедім. Оның әншілігіне ешқандай таласым жоқ. Ақыр соңында мені осылай сотқа шақырып жатыр, бұл жерде әділдік қайда екенін білмеймін", - деді ол. Сондай-ақ ол тыңдармандардың арқасында әндері танымал болғанын айтып, халыққа алғысын білдірді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kuat Abilov (@kuat_abil) Bayansulu-дың жауабы: әндер үшін қаламақы үш есе өскен Әншінің өзі де Instagram-да видео жариялады. Оның айтуынша, композитор көрсетіп отырған сотқа шақыру қағазының әнге мүлдем қатысы жоқ. Ол жерде өзінің абыройы мен жеке құқығын қорғау туралы құжаттар. Осы жалған ақпаратты таратқаны үшін заң аясында шара қолданамыз дейді. Сондай-ақ әнші әндердің төлемін жасаудан ешқашан бас тартпағанын және композитормен келісімге келуге жақын болғанын мәлімдеді. "Баға келісілгеннен үш есе ұлғайып кеткендіктен, менің қалтам ол ақшаны көтере алмады. Бірақ біз Қуат Әбіловпен белгілі бір сомаға келісіп, қол алыстық. 2 сағаттың ішінде келісімшартқа қол қоюға барғанда Қуат Әбілов өз ойынан айнып қалғанын және әндерді барлық жерден өшіретінін айтты", - деді әнші. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Bayansulu Sagyndykova (@bayansuuluu) Әнші мен композитор қалай бірге жұмыс істей бастады? Әншінің айтуынша, ол композитормен "Umytsam da" әнін сатып алған кезде танысқан. "Екі жыл бұрын, 2024 жылы мен жеке клиент ретінде Әбіловтың гонорарын толық төлеп, "Umytsam da" әнін сатып алдым. Ол ән бір жыл бойы ешқайда шықпай менде болады. Менің қателігім, әнді сатып алғанда келісімшарт жасамағаным. Бірақ ақша аударымы мен чек сақталған", - деді ол. Әнді ол бұрынғы продюсерімен бірге тек 2025 жылы шығарып, сол кезде хитке айналған. Осыдан кейін Қуат Әбілов қайта байланысқа шығып, бірге жұмыс істеуді ұсынған. "Мен сол кезде Әлішер Бурхановпен әнші мен продюсер ретінде келісімшартқа отырдым", - деді әнші. Оның айтуынша, сол кезде бюджеті аз болғандықтан, бұрынғы продюсері композитормен кейін еңбек ақталып жатса қымбат сыйлықтар мен ақша арқылы қаламақыны өтеп берем деп келіскен. Дәлел ретінде ол бұрынғы продюсері композиторға хит ән үшін MacBook сыйлап жатқаны түсірілген видеоны көрсетті. Скриншот: Instagram/@bayansuuluu Сондай-ақ әнші продюсер композиторға ақша аударғанын өз көзіммен көрдім дейді, бірақ не үшін екенін нақтыламады. Әрі қарай не болады? Видео соңында әнші бұл мәселеге араласа алмағанын, себебі бұл продюсердің жұмысы болғанын айтты. Ол продюсермен жұмысты тоқтатуы осы жағдаймен байланысты екенін мойындады. "Продюсеріммен жұмысты тоқтатудың бұған үлкен қатысы бар. Бірақ көп құпия, үлкен мәселе мен қатысушылар бар. Оның бәрін кейін айта жатармын", - деді ол. Әнші қазір көп хабарлама келіп жатқанын - сын да, қолдау да бар екенін, сондай-ақ мәселені тек сотта ашып айтатынын жеткізді. Bayansulu кім және оның әні миландық "Интер" TikTok-ына қалай түсті? Bayansulu атымен танылған Қызылорда тумасы Баянсұлу Сағындықова көпшілікке "Ауа райы" хиті арқылы белгілі (YouTube-та 16 миллионнан астам қаралым). Миланның "Интері" оның әнін TikTok-та жариялағаннан кейін танымалдылығы арты түсті. Әншінің Instagram-да 156 мыңнан астам оқырманы бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Томирис пен Мұхаммед. Алматыда жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды Алматыда 2026 жылдың басынан бері нәрестелерге ең көп қойылған есімдер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengri Life. "Азаматтарға арналған үкіметтің" Алматы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәліметінше, 2026 жылы мегаполисте 8 900 нәресте тіркелген, оның 4 653-і - ұл, 4 247-сі - қыз. Қандай есімдер жиі қойылған? Жаңа туған қыз балаларға ең көп қойылған есімдер тізіміне Айлин, Асылым және Томирис кірсе, ұлдар арасында Мұхаммед, Алан және Әлихан көп таңдалған. Сондай-ақ мына есімдерге де сұраныс жоғары: ұлдарға: Әли; Әлем; Рамазан; Әмір; Айсұлтан; Хамза. қыздарға: Медина; Сафия; Айым; Әдия; Аяла. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ата-аналар қазақы дәстүр мен заманауи трендтерді ұштастыруға тырысады. "Бүгінде ата-аналар есім таңдау кезінде ұлттық дәстүр мен заманауи үрдістерді біріктіруге тырысады. Қазір мағынасы терең, айтылуы оңай әрі естуге жағымды есімдер жиі таңдалады. Бұл ұлттық бірегейлік пен заманауи трендтердің үндесуін көрсетеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырды Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарды долларды жинақтау және сақтау құралы ретінде қабылдамауға шақырды. Бұл туралы ол журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оның айтуынша, экономикалық жағдайдың өзгергеніне қарамастан, көптеген адам әлі күнге дейін шетелдік валютаға иек артады. "Менің 2022 жылы доллар ең жоғары шегіне жеткенде 550 теңгеден сатып алып, әлі күнге дейін ұстап отырған таныстарым бар. Доллар туралы ойлауды тоқтату керек. Доллар жинақтау құралы емес", - деді Сүлейменов. Ол Қазақстанда ақшаны жинақтап, сақтаудың баламалы және тиімдірек құралдары барын атап өтті. "Бізде теңге бар, телефон арқылы-ақ ашуға болатын депозиттер бар. Сонымен қатар, KASE және АХҚО сияқты толыққанды қаржы нарықтары жұмыс істейді. Квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары, Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары бар – бұл кірісі жоғары және тәуекелі төмен сенімді құралдар", - деді ол. Ұлттық банк басшысы елімізде "күрт девальвациялар мен гиперинфляция дәуірі артта қалғанын" алға тартты. "Доллар ақша сақтаудың негізгі тәсілі болған заман өтті. Біз Қазақстанда тұрамыз, теңгемен табыс тауып, теңгемен жұмсаймыз. Шетел валютасы тек шетелге шығу үшін ғана қажет", - деді Сүлейменов. Оның пікірінше, ұлттық валютаның нығаюы азаматтардың сеніміне тікелей байланысты. "Өз валютамызға неғұрлым көп сенім артсақ, ол соғұрлым мықты болады", - деп түйіндеді ол. Сондай-ақ Сүлейменов өз жинақтарының басым бөлігін теңгемен сақтайтынын айтты. "Менің шетел валютасында шағын депозитім бар, бірақ жинағымның негізгі бөлігі - ұлттық валютада", - деді Ұлттық банк басшысы. Мән-жай Бұған дейін Ұлттық банк доллар бағамының төмендеуін және теңгенің нығаюын түсіндірген болатын. Тимур Сүлейменовтің сөзінше, валюта нарығына экспорттық түсімнің өсуі әсер етеді. Бұл ең алдымен мұнайдың қымбаттауына байланысты. Оның айтуынша, валюталық түсімнің артуы нарықтағы ұсыныстың көбеюіне әкеледі, бұл өз кезегінде доллар бағамын төмендетеді. Бұл ретте Ұлттық банк теңгенің жоғары кірістілік көрсетіп отырғанын және тәуекел мен пайда арақатынасы тұрғысынан тартымды валюта болып қала беретінін баса айтты. Сондай-ақ ұлттық валютаның нығаюы нарықтық факторларға, соның ішінде жыл басындағы іскерлік белсенділіктің маусымдық баяулауы аясында шетел валютасына деген сұраныстың азаюына байланысты екені атап өтілді.
Нұрай ісі: күдікті мәжбүрлеп емдеуден кейін тергеу изоляторына қайтарылады Шымкент полицейлері 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдіктінің Алматы облысындағы психикалық ауруханаға ауыстырылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жаңа деректер Баспасөз қызметі қоғамда үлкен резонанс тудырған істің тергелу барысы туралы айтып берді. Полиция мәліметінше, күдікті медициналық қорытындылар негізінде мамандандырылған мекемеге орналастырылған. "Екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық ауытқулар анықталды, соған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жіберілді", – деп хабарлады баспасөз қызметі. Шымкент ПД өкілдері емдеу курсы аяқталғаннан кейін күдікті тергеу амалдарын жалғастыру үшін қайтадан тергеу изоляторына жіберілетінін айтты. Адвокат пен марқұмның ағасы не дейді? Бұған дейін қаза тапқан қыздың отбасылық адвокаты Аянхан Омаров 28 жастағы күдіктінің Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақылаудағы мамандандырылған типтегі республикалық психиатриялық ауруханаға орналастырылғанын хабарлаған болатын. Адвокаттың айтуынша, ер адамның ақыл-есінің дұрыстығы туралы түпкілікті шешім тек емдеу шаралары аяқталып, барлық сараптамалар жүргізілгеннен кейін қабылданады. Сонымен қатар ол бұған дейін Шымкентте күдіктінің медициналық есепте тұрмағанын нақтылады. Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай тілшімен әңгімелесу барысында күдікті жауапкершіліктен қашуға тырысып жатыр ма деген қаупі барын білдірді.
“Қазақстан сіздерге туған ел емес шығар“ - Бапи қазақтың дәстүрлеріне күмән келтіретіндер туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстандағы деструктивті діни насихаттың таралуын сынап, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz. Депутат Бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдады. "Интернет подкастардың бірінде ресми діни құрылымға қатысы жоқ әлдебір имам сымақ үш әйелі барын сөз етіп, соңғысын өзінің шәкіртіне "сыйға тартқанын" жайбарақат жария етті. Бұл мәлімдемені адами моральға жат қылық қана емес, сонымен бірге, азаматтық неке жөніндегі заңнаманы көпе-көрнеу бұзу, қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі дінді мансұқ ету және оның құндылықтарына қасақана нұқсан келтіру деп түсіну керек. Жалпы адамды сыйға тарту адам сату, адам саудасы санатындағы қылмыс саналуға тиіс! Заңды белшесінен басып, ойына келген шариғатын шатып отыратын мұндайларға тосқауыл қойылуы керек!" - деді ол. Депутат осы подкастың авторы журналистік этиканы, кәсіби салиқалықты сақтамағанын айтып, мұны нағыз хайп қуу деп бағалап, ақырында оның өзі әкімшілік жазаға тартылғанын жеткізді. "Екінші бір көрініс - "Наурыз мерекесі Ислам дініне жат мейрам" деген сақалы бар, мұрты жоқ біреудің видео былжырағы. Әлеуметтік желілерді кезіп кеткен бұл дақпырт - табиғатпен тел туатын мерекені жоққа шығару ғана емес, сонымен бірге, біздің халықтың ғасырлардан тамыр тартатын салт-дәстүріне, ұлттық мәдениеті мен бірегейлігіне күмән келтірудің кебі", - деді ол. Осы орайда депутат Бас прокурорға үндеу жолдады. "Құрметті Бас прокурор мырза, елдегі діни негіздегі қоғамдық жарықшақ асқынып кетпесін десек, әкімшілік жазамен ғана ушығып бара жатқан жағдайды ауыздықтау аздық етеді! Әсіресе, әлеуметтік ресурстар арқылы теріс діни насихат пен діни араздықты қоздырушы тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін заң нормаларын депутаттар корпусының талқылауына ұсынуды сұраймын. ...Олардың уағызында Ораза айт пен Құрбан айттан басқа мейрамды, тіпті мемлекеттік мерекелерді атап өту - харам! Туған күн, шілдехана, тұсаукесу, беташар - харам, ешқайсын тойлауға болмайды. Яғни біздің түркілік тамырымыздан тарайтын құндылықтар олар үшін жат, харам, бөтен! Осы ретте теріс діндар тақуаларға сұрақ қойғым келеді: "Ағайындар, біздің сан ғасырлық ұлттық дәстүрлеріміз харам болса, Қазақстан мемлекеті сіздерге туған ел емес шығар?! Ұлттық құндылықтарды ғасырдан ғасырға сақтап қалған қазақтың қасиетті даласы сіздерге атамекен емес болар?! Ендеше харамы жоқ, сіздер қош көретін елге неге қоныс аударып кетпеске?! Алды-артыңа бір уыс топырақ!" - деді депутат. Ермұрат Бапидің айтуынша, бүгінде діни білімі кенде, діни статусы күдікті дүмшелер әлеуметтік желілерде өріп жүр. "Сөз соңында Қазақстан мұсылмандары қауымдастығына қатысты ұсынысымды білдіргім келеді. Бұған дейін айтылған қос дүмшенің дүрбелеңіне қатысты қауымдастықтың дін қайраткерлері мен діни шенеуніктері тарапынан қарсы пікір айтылғанын естімедім. Тіпті, менің ойымша, ресми қауымдастық сырттан сіңген теріс діндарлардан қаймығып, "сен тимесең, мен тиме, бадырақ көздің" кебін киген тәрізді. Қарапайым тілде "ДУМК" деп қысқартылып аталатын қауым өз жұмысын қайта қарауы керек деп есептеймін. Олар цифрлық кеңістікке шығып, ел іші мен онлайн ортадағы діни кикілжіңге дер кезінде реакция жасап, қоғамды зұлым уағыздар қоршауында қалдырмауға тиіс!" - деп мәлімдеді ол. Еске салайық, бұған дейін Казнетте блогердің Наурызды "қазақтың және мұсылманның мерекесі емес", парсы (зороастриялық) дәстүрінен келген деп мәлімдеген видеосынан кейін жанжал шыққан болатын. Оның айтуынша, Қазақстанда мұсылмандарға "бұл күнді тойлауға болмайды", тек Ораза айт пен Құрбан айт қана рұқсат етілген мерекелер болып қалуы тиіс.
Оңтүстік Қазақстанда ер адам әкесін өлгенше соққыға жыққан: сот үкімді өзгертті Апелляциялық саты қарт әкесін жүйелі түрде соққыға жыққан ер адамның үкімін қайта қарады. Сот прокуратураның шағымын қанағаттандырып, сотталушының жазасын 5 жылдан 6 жылға дейін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Апелляция шешімі Соттың баспасөз қызметі редакция тілшісіне 31 наурызда апелляциялық саты прокуратураның жазаны қатайту туралы шағымын қанағаттандырғанын хабарлады. Сот бұған дейін тағайындалған 5 жыл мерзімді жеткіліксіз деп танып, жазаны 6 жылға дейін қатайтты. "Оның жаза мерзімі ұзартылды. Бес жылдың орнына алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Прокуратура жазаны қатаңдату туралы өтініш берді және ол қанағаттандырылды. Айыптау баптары сол күйінде қалды ("Қинау" және "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру"), бірақ жаза мерзімі ұлғайту жағына қарай қайта қаралды", – деп түсіндірді соттағылар. Жаза неге қатаңдатылды? Сот ер адамның әрекеті ауыр және қоғамға қауіпті іс-әрекеттер санатына жататынын атап өтті. Сот алқасы сотталушының ерекше қатігездікпен әрекет еткені туралы қорытындыға келді. "С. өзінің туған әкесінің дәрменсіз күйін толық пайдаланып, оған жүйелі түрде күш көрсетіп, азаптағаны анықталды... Сонымен қатар, әкесі қайтыс болғаннан кейін бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарламай, бірден оны жерлеу шараларына кіріскен. Осы жағдайлар үкімді қатайтуға негіз болды", – деді соттың баспасөз қызметі. Алғашқы мәліметтерде аты аталған сотталушының жұбайына қатысты қылмыстық қудалау тергеу сатысында-ақ тоқтатылған болатын.
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 532 240 адам болды. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтар саны 32 418 адамға өсті. Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асты — 2 146 739 адам (бұл ретте жыл басынан бері облыс халқы 2 466 адамға азайған) және Алматыда — 2 354 736 адам (халық саны 6 633 адамға өскен). Тұрғындар саны 1 миллионнан асатын өңірлер: Астана — 1 655 369 адам; Алматы облысы — 1 603 496 адам; Шымкент — 1 300 357 адам; Жамбыл облысы — 1 214 965 адам; Қарағанды облысы — 1 131 613 адам. Ең аз қоныстанған өңірлер: Ұлытау облысы — 218 596 адам; Солтүстік Қазақстан облысы — 513 386 адам; Абай облысы — 594 766 адам. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қалаларда 13 120 922 қазақстандық (35 812 адамға көбейген), ал ауылдарда — 7 411 318 қазақстандық (3 394 адамға азайған) тұрады. Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жеткенін хабарлаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда 14 қылмысты жасырған тергеуші сотталды Алматыда бұрынғы тергеуші қылмысты жасырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Арнайы прокурорлар Алматының Наурызбай ауданы полиция басқармасының бұрынғы тергеушісі 14 қылмыстың жасалғаны туралы мәліметтер қолында бола отырып, оларды тіркеуді қасақана жасырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзғанын анықтады. "Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекетін растады", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы. Күдіктінің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 433-бабы 2-бөлігі "Ауыр қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру" бойынша сараланды. "Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды", - делінген ведомство хабарламасында. Сондай-ақ сотталған "полиция лейтенанты" арнаулы атағынан айырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Доллар бағамы төмендеп жатыр - Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін атады Қазақстанда доллар бағамы неге төмендеп жатыр? Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке осындай сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжіліс кулуарында журналистер Сүлейменовтен "долларға не болды? Неге бағам төмендеп барады, неге өспейді және бұл азаматтарға қалай әсер етеді?", - деп сұрады. Ұлттық банк төрағасы ұлттық валюта нығайып жатқанын айтты. "Бағам өскен кезде - бұл бізге, әрине, ұнамайды. Төмендеген кезде де ұнамай ма? Теңге нығайып жатыр. Осылай деуге болатын шығар. Бірақ бұл базалық экономика. Қазақстанның негізгі экспорттық тауары, яғни мұнай (еліміздің экспорттық түсімінің 50 пайыздан астамы) қымбаттап жатыр. Көлемі бұрынғыдай, бағасы өсіп жатыр - сәйкесінше, біздің экономикада бар және валюталық нарықта ұсынылатын экспорттық түсім көлемі де өседі. Тиісінше, бір бірлік бағасы, яғни доллар бағамы, төмендейді", - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы. Журналистер долларға салған қазақстандықтар мұндай жағдайда қаражатынан айырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ БАҚ өкілдері активтері доллармен есептелетін Ұлттық қорда да осындай жағдай болып жатқанын болжады. "Ұлттық қор ұтады немесе ұтылaды деп айтуға болмайды, өйткені біз әрқашан оның тек валюталық бөлігін қараймыз. Ол доллармен көрсетіліп, теңгеге қайта есептелмейді. Қазақстандықтарға қатысты, мен әрқашан инвестициялық кеңес, ұсыныс бере алмайтынымызды, "сақтау - сақтамау" мәселесі бойынша кеңес бермейтінімізді айтамын. Біз айта алатын жалғыз нәрсе, қазақстандық теңге өзінің тұрақтылығын дәлелдеді", - деді Тимур Сүлейменов. Ұлттық банк басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша теңге "өте жоғары табыстылық" көрсеткенін айтты. Белгілі бір халықаралық рейтингтерге сілтеме жасай отырып, ол қазақстандық ұлттық валюта қазір "ең тартымды валюталардың бірі" екенін айтты. "Яғни, Қазақстандағы тәуекел мен табыстылықтың арақатынасы қазіргі уақытта әлемдегі ең жақсылардың бірі. Сондықтан бұл инвестицияларды тартады", - деді Сүлейменов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қазақстандықтарға ешқандай қауіп жоқ“- СІМ өкілі Ресейдегі жаппай төбелес туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Ресейдегі жаппай төбелеске қатысты жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, оқиға болған нысанда 4 мыңнан аса Қазақстан азаматы бар. "Бұл вахталық жұмысшылар, ауысып отырады, сондықтан шамамен 4 мыңнан аса адам", - деді Ашықбаев Мәжіліс кулуарында. Ол қазақстандықтар арасында зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. "Қазақстан азаматтары арасында медициналық көмекті қажет ететін зардап шеккендер жоқ", - деді ол. Министр орынбасарының мәліметінше, қазіргі уақытта іс бойынша бірнеше адам тергеліп жатыр. "Үш адам тергеліп жатыр. Мән-жайы анықталып жатыр", - деді Ашықбаев. Ол тергеуді Ресейдің құзырлы органдары жүргізіп жатқанын айтты. "Бұл тұрмыстық сипаттағы оқиға. Кінәлілер анықталып жатыр", - деді ол. Оның айтуынша, қазақстандық вахташылар штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. "Біздің азаматтарды қайтару қажеттілігі жоқ. Бүгінде оларға ешқандай қауіп жоқ", - деп қорытындылады Ашықбаев. Ресейдегі жаппай төбелес Бұған дейін, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ленинград облысында қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелестің мән-жайын хабарлады. Оқиға Усть-Лугадағы вахталық кентте болған. СІМ мәліметінше, оқиғадан кейін әртүрлі елдің 30-дан аса азаматы ұсталды. Алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ұсталғандардың басым бөлігі босатылған. Бірнеше адамға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына қатысты 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімдері қабылданды. Қазақстанның тағы үш азаматына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж адамдар жоқ және оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар ведомство вахталық кенттегі жағдай тұрақталғанын және жанжал тұрмыстық сипатта болғанын хабарлады. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, оның қорытындысы бойынша жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі Не болды? Threads-тегі жазбаға сүйенсек, бұл төбелес Усть-Луга кентіндегі вахталық қалашық аумағында болған. Видеода жиналған адамдарға жоғары жылдамдықпен көлік басып кіргені көрінеді. Желі қолданушыларының бірі "қақтығыс Қазақстан азаматтары мен жергілікті күзетшілер арасындағы келіспеушіліктен басталды" деген нұсқаны алға тартты. Сондай-ақ, желіде тағы бір видео пайда болды. Болжам бойынша кадрда кәсіпорын күзеті адамдарды көлікке күштеп тиеп жатыр. Бұған дейін, Қазақстан СІМ Ресейдің құзыретті органдары мен компания басшылығына ресми сауалдар жолдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн қайта суытады "Қазгидромет" синоптиктері 2, 3 және 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады Болжамға сәйкес, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз жылы көктемгі ауа райы сақталады. Батыс облыстарға оңтүстік циклоны әсер етіп, ауа райы құбылмалы болады, ал ол шығысқа қарай жылжыған сайын солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерде де қайталанады. "Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болады, жел күшейеді, күндіз солтүстік-батыста бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі", - деді синоптиктер. Температура көрсеткіштері қандай болады? Күндіз термометр бағандары мынадай деңгейді көрсетеді: солтүстік-батыста, солтүстікте 15-25-тен 12-20 градус жылыға дейін төмендейді, оңтүстікте 27-32-ден 18-25 градус жылыға дейін төмендейді, батыста 13-20-дан 18-25 градус жылыға дейін көтеріледі, шығыста 18-26 градус жылыға дейін көтеріледі, орталықта 15-25 градус жылы төңірегінде, оңтүстік-шығыста 25-30 градус жылы болады.
Шекарадан асып түсіп, жасырынған - Қазақстанда үш шетелдік ұсталды Қазақстанның батысында шекараны заңсыз кесіп өткен үш шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жәнібек аудандық соты үш шетел азаматына қатысты "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бабы (ҚК 392-бабы 1-1-бөлігінің 1-тармағы) бойынша қылмыстық істі қарады. Сот не анықтады? Жәнібек аудандық соты анықтағандай, 2025 жылғы 3 желтоқсанда сағат 21:30 шамасында ер адамдар Ресей тарапынан Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Олар "Қайрат" шекара бекеті аумағындағы екі қатарлы сым қоршаудан асып түскен. Келесі күні таңертең олар Тау ауылына келіп, қараусыз қалған ғимаратты паналаған. Бір сағаттан соң жергілікті тұрғынның хабарлауы бойынша оларды полиция қызметкерлері ұстады. Сотта сотталушылар кінәсін толық мойындады. Олар өз елдеріне — Тәжікстан мен Өзбекстанға туыстарына қайтқысы келгенін түсіндірді. Айтуларынша, оларды соғыс қимылдарына қатысуға мәжбүрлегендіктен, бастарын қатерге тіккісі келмеген. Мемлекеттік айыптаушы үшеуіне де бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Нәтижесінде сот оларды кінәлі деп таныды. Екі ер адам 6 айға бас бостандығынан айырылып, кейін Қазақстан аумағынан шығарылатын болды. Үшіншісіне 350 АЕК (1 376 200 теңге) көлемінде айыппұл салынып, елден шығару туралы үкім кесілді. Үкім заңды күшіне енді.
Нұрайдың өліміне күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды - адвокат 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдіктінің қайда екені туралы жаңа мәлімет белгілі болды. Толығырақ Tengrinews.kz тілшісіне марқұмның ағасы мен отбасының адвокаты айтып берді. "Күдікті қарқынды ем қабылдап жатыр": адвокат пікірі Марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров іс аясында сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Осыған байланысты 28 жастағы күдікті Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылындағы мамандандырылған үлгідегі қарқынды бақылау жасалатын республикалық психиатриялық ауруханаға орналастырылған. "Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдікті мамандардың бақылауымен қарқынды ем қабылдап жатыр. Оның ақыл-есінің дұрыстығына қатысты түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Емдеу аяқталғаннан кейін кешенді сараптама тағайындалады", – деп түсіндірді адвокат. Бұл ретте қорғаушы бұған дейін Шымкентте ер адамның медициналық бақылауда болмағанын, тергеу изоляторында отырғанын нақтылады. "Ол жауапкершіліктен қашуға тырысып жатыр" Нұрайдың туыстары ер адам бұның бәрін нақты жазадан құтылу үшін жасап жатыр деп қауіптенеді. "Екі сараптамадан кейін оның Талғарға ауыстырылғанын растады. Біз оны жауапкершіліктен қашуға тырысып жатыр деп есептейміз. Қазір оның адвокаттары мен отбасы қажетті анықтамаларды алу үшін бар күшін салады. Мұндай жағдайларда емдеу процесі созылып, сот кейінге қалу қаупі бар. Соңында оны есі дұрыс емес деп танып, ол жай ғана бостандықта қала ма деп қорқамыз", – деді марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай. Редакция күдіктінің мамандандырылған мекемеге ауыстырылуының нақты себептерін анықтау, сондай-ақ жүргізіліп жатқан сараптамалардың егжей-тегжейін нақтылау үшін Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдады. "Кісі өлтіру", "Алып қашу" және "Сталкинг" Күдіктіге Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айып тағылып отыр: 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы – "Аса қатыгездiкпен жасалға адам өлтіру"; 125-1-бап – "Некеге тұруға мәжбүрлеу"; 115-1-бап – "Сталкинг".
Трамп Иранмен соғыс жуырда аяқталатынын жариялады АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы "алдағы 2-3 апта ішінде" аяқталуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 1 сәуірде Ақ үйде журналистермен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW мәліметіне сілтеме жасап. Трамптың айтуынша, Тегеранмен келісім жасалмаса да, Иранға жасалатын шабуылдар тоқтатылады. "Оларда режим ауысты. Бұл менің жоспарымда болған жоқ. Менің бір ғана мақсатым болды – оларда ядролық қарудың пайда болуына жол бермеу, бұл мақсат орындалды... Біз жұмысты аяқтап жатырмыз, меніңше, бұған екі аптадай, бәлкім, тағы бірнеше күн уақыт кетер. Бірақ біз оларда бардың бәрін жойғымыз келеді", - деді Ақ үй басшысы. АҚШ президенті келісімге келсе, соғыстың ертерек аяқталуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Оның айтуынша, Иран билігі мұны "қатты қалайды". Дегенмен Трамп жалпы алғанда келісімнің жасалу-жасалмауының "еш маңызы жоқ" екенін атап өтті. Трамп Иранның Ормуз бұғазын, соның ішінде еуропалық кемелер үшін бұғаттауы АҚШ-тың емес, басқа елдердің мәселесі болуы тиіс екенін айтты. "Егер Франция немесе басқа бір ел мұнай немесе газ алғысы келсе, олар Ормуз бұғазы арқылы өтіп, өз қамдарын өздері жасай алады. Бұғазда болып жатқан жайттардың бізге қатысы жоқ", - деді ол. АҚШ президенті Таяу Шығыстағы соғыстың басталуы мен Ормуз бұғазының бұғатталуынан туындаған мұнай бағасының 50 пайызға күрт өсуіне қатысты түсініктеме берді. Трамп АҚШ Иранға шабуыл жасауды "өте жақын арада" тоқтатқан бойда "баға күрт төмендейді" деп есептейді.
Астанада жылу беру маусымы қашан аяқталады? Қазақстан қалаларында күн жылығаннан кейін жылу өшіріле бастайды. Астанада жылыту маусымы қашан аяқталатынын әкімдік өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала әкімдігі мәліметінше, жылуды өшіру туралы шешім ауа райы тұрақты жылынғанда қабылданады. "Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан жоғары деңгейде бес күн бойы сақталған кезде жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданады", - деп хабарлады әкімдік өкілдері. Синоптиктердің мәліметінше, сәуірдің басында Астанада күн біртіндеп жылынады. 1 сәуірде ауа температурасы күндіз +13…+15 градусқа дейін, ал 2–3 сәуірде температура +16…+20 градусқа дейін көтеріледі. 4–8 сәуір аралығында күндізгі температура +16…+20 градус деңгейінде сақталады, алайда синоптиктер жел мен жауын-шашын болатынын ескертеді — жаңбыр, тұман және желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. 9–10 сәуірде температура аздап төмендейді: күндіз +13…+17 градусқа дейін, кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін. Осылайша, сәуірдің басындағы жылы ауа райына қарамастан, жылуды өшіру туралы соңғы шешім қажетті орташа тәуліктік температураның бес күн қатарынан сақталуына байланысты болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Халык-Life“ АҚ-да жаңа басқарма төрағасы тағайындалды "Халык-Life" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қоғамның басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Бурибаева Гаухар Асылбековна тағайындалды. Гаухар Бурибаева 1983 жылы туылған, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "қаржы" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ 2015 жылы (Ұлыбритания) The London College UCK оқу орнында бизнес-менеджмент саласы бойынша магистр дәрежесін алған. 2021 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын(Мәскеу қ.) тәмамдап, "Цифрлық банкинг және қаржы" бағдарламасы бойынша МВА дәрежесін иеленді. Гаухар Бурибаеваның қаржы және мемлекеттік саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. 2019–2025 жылдар аралығында Бизнес пен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарған. 2013–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымында қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президент қызметін атқарды. 2025 жылдың ақпаны мен желтоқсан аралығында - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің кеңесшісі(экономикалық блок), Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппараты Гаухар Асылбековна Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС, "Альянс Банк" АҚ, "Ұлттық көлік логистикасын дамыту орталығы" АҚ (қазіргі "KTЖ Express" АҚ), сондай-ақ"ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалында басшылық қызметтер атқарған.
Әділетхан Молдахан қамауға алынды Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған танымал блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz. Мән-жайы Алматы Полиция департаменті блогерге қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. "Бұрын тонау қылмысы үшін сотталған күдіктіге қатысты сот 10 тәулікке күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", – деп хабарлады Алматы ПД. Полиция тергеу құпиялылығына сүйеніп, істің өзге мәліметтерін жария етпеді. Блогер не үшін ұсталған? Баспасөз қызметі мәліметінше, Молдаханға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы 1-бөлігі – "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Баптың санкциясы бойынша келесідей жаза түрлері қарастырылған: 1000 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылы 4 325 000 теңге), 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру. Айта кетейік, блогердің Instagram-дағы парақшасына миллионнан аса қолданушы жазылған. Ол әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апаты туралы бірқатар жазбаларынан кейін көпшіліктің назарын аударған болатын. Блогер апатқа құқық қорғау органы қызметкерінің қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеген еді. Блогер туралы не белгілі? Іске қоғам тарапынан қызығушылық жоғары болғандықтан Алматы Полиция департаменті ұсталған адам туралы кейбір мәліметті жариялауды ұйғарған. Әділетхан Молдахан бұрын құқық қорғау органдарының қызметкері болған, алайда оның ІІМ-дегі мансабы даумен аяқталғаны белгілі болды. "Оның бұған дейін ішкі істер органдарынан теріс себептерге байланысты жұмыстан шығарылғанын растаймыз", – деп хабарлады департамент. Сонымен қатар оның бұған дейін тонау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны айтылды. "Сот үкімімен ол тонау жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот мәліметінше, 2023 жылғы наурызда ол алдын ала сөз байласқан адамдар тобында, рөлдерді бөліп алып, тұрғын үй сатып алу үшін ақша алып келген азаматқа шабуыл ұйымдастырған. Қылмыстық ниеттерін жүзеге асыра отырып, күдіктілер жәбірленушінің автокөлігін қуып, әдейі тоқтатқан, содан кейін келісілген түрде күш қолданып, ірі көлемдегі ақшаны ашық түрде иемденіп, оқиға орнынан қашып кеткен", – деп хабарлады полиция. Бұл қылмысы үшін сот оған пробациялық бақылау белгілеп, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.
Таразда оқушы қыз анасы мен ағасы қайтыс болғаннан кейін әкесін сотқа берді Таразда анасы мен ағасынан айырылған мектеп оқушысы әкесін сотқа берді. Бұған дейін әкесі ата-ана құқығынан бас тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz, Жоғарғы сотқа сілтеме жасап. Істің мән-жайы 2008 жылы оқушының әкесі екі баласына, оның ішінде осы қызына қатысты ата-ана құқықтарынан бас тарту туралы арыз жазып, оны нотариалды түрде куәландырған. 2018 жылы қыздың анасы мен ағасы қайтыс болған. Қазіргі уақытта ол әжесімен бірге тұрады және толықтай оның асырауында. Әкесі ешқандай материалдық көмек көрсетпеген, қарым-қатынастан қашқақтаған, ал көмек сұраған кезде қызының телефон нөмірін бұғаттап отырған. Оқу мен тұрмысқа байланысты барлық шығындарды әжесі өтейді, ал қаражат тек азық-түлік пен ең қажетті қажеттіліктерге ғана жетеді. Сот барысы Сотқа алимент өндіру туралы талап қоюмен жүгінгенде, оқушы өзінің қаржылық қиындықтарға тап болғанын көрсеткен. Әкесі талапты ішінара қанағаттандыруды сұрап, басқа некеден туған төрт баласының бар екенін және несиелік міндеттемелерін алға тартқан. Алайда сот оның еңбекке қабілетті екенін және бірнеше кәсіпорыннан табыс табатынын анықтады. "Сонымен қатар, шешім шығарылған күні жауапкер жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шыққаны, ал оған дейін көп ұзамай тағы төрт балаға әкелік құқықты ресімдегені белгілі болған. Сот мұны алимент мөлшерін жасанды түрде төмендетуге бағытталған әрекет ретінде бағалады", - делінген хабарламада. Сот шешімі Тараз соты ер адамнан қызы мектепті аяқтағанға дейін ай сайын 17 АЕК (66 844 теңге) мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім шығарды. Әкесі бұл шешімге апелляциялық тәртіппен шағымданған. Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.
Семейде алкогольді заңсыз шығарған ер адам әшкере болды: видео Семейде алкоголь өнімін заңсыз шығаратын астыртын цехтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Не болды? Мән-жайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тергеу нұсқасы бойынша, Семей қаласының тұрғыны тиісті лицензиясыз алкоголь өндірісін ұйымдастырған. "Үй-жайлар мен гараждарда спиртті сумен араластырып, кейін белгілі маркалар түрінде шыны ыдыстарға құю арқылы алкоголь өнімдері дайындалған. Өнімге заңды түр беру үшін алдын ала қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркалары пайдаланылған", - деп хабарлады ведомство. Тінту барысында заңсыз айналымнан 12 мыңнан астам бөтелке алкоголь өнімі, 8 мыңнан астам бос бөтелке, 10 мың литр спирті бар сұйықтық, қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркалары, сондай-ақ өндіріске және қаптауға арналған жабдықтар тәркіленді. Сот санкциясымен цех орналасқан жеке үйге, сондай-ақ өнімді тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды. Ұйымдастырушыға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр. Ведомство өкілдерінің нақтылауынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай өнімдерді тұтыну азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін, жедел улануға, ішкі ағзалардың, соның ішінде бауыр мен бүйректің зақымдануына, сондай-ақ өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.
Қырғызстанда ер адам балаларға ине салынған кәмпиттер таратқан: ол ұсталды Қырғызстанда балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға 28 наурызда кешке Бішкектегі "Ақ-Ордо" тұрғын алабында болған. Ленин аудандық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Әйелдің айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен басқа да балалар белгісіз ер адамнан тәттілер алған. Кейін кәмпиттердің ішінен ине сынықтары табылған. Аталған факт бойынша Ленин аудандық ІІБ тергеу қызметі қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалған. Күдікті ұсталды Жедел-іздестіру шаралары барысында милиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол Н.Д. есімді азамат болып шықты. Оны ұсталып, қалалық Ішкі істер бас басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде кәмпиттер мен тергеу үшін маңызы бар басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тұрғындарға үндеу Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге шақырды. Оларға бейтаныс адамдардан тамақ немесе қандай да бір зат алуға болмайтыны ескертілді.
Петропавлда қыз көшеден тауып алған темекіні шегіп, жансақтау бөліміне түскен Петропавлда көшеден тауып алған темекіні шеккен қыз ауыр халде жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Петропавл көпбейінді ауруханасының мәліметінше, медициналық мекемеге жағдайы ауыр бойжеткен түсті. Ол дірілдеп, басы айналып, үрейі ұшқан. "Пациенттің айтуынша, ол көшеден тауып алған темекіні шеккен. Соның салдарынан есірткіден мас болып, экзогендік интоксикацияға ұшыраған. Оған нақтыланбаған заттардың уытты әсері, улану синдромы және орташа дәрежедегі теміржетіспеушілік анемиясы диагнозы қойылды", - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі. Қыздың жағдайы аз уақытта нашарлай бастаған. Кезекші терапевт пен реаниматолог қауіпті бағалап, науқасты бірден жансақтау бөліміне жатқызды. "Пациент бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болды. Содан кейін тағы төрт күн терапия бөлімінде ем алды. Мамандар оның жағдайын тұрақтандыра алды. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, ол үйіне шығарылды", - деді аурухана өкілдері. Дәрігерлер белгісіз немесе тыйым салынған заттарды тұтынудың соңы әрдайым қауіпті екенін ескертеді. "Тіпті бір рет тұтынудың өзі ауыр улануға, жүрек пен тыныс алу жүйесінің бұзылуына, үрейге, бағдардан жаңылуға, өзін басқара алмай қалуға және өмірге қауіп төндіретін жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Сіз заттың құрамын білмейсіз және ағзаның оған қалай әсер беретінін болжай алмайсыз. Кейде бір қате шешімнің құны тым жоғары болуы мүмкін", - деп ескертеді дәрігерлер.
Ақтөбедегі теракт - іс бойынша сотталған үш адам колонияда қайтыс болған Осыдан 10 жыл бұрын Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға Қазақстанды дүр сілкіндірді. Экстремистер тобы қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасап, салдарынан 25 адам қаза тапты. Террористердің бір бөлігі өмір бойына бас бостандығынан айырылса, қалғандары ұзақ мерзімге сотталды. Сотталғандардың тағдыры қалай болғанын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. Теракт хронологиясы 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде бір топ радикал бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Олар алдымен "Паллада" қару-жарақ дүкеніне басып кіріп, сатушыны өлтіріп, күзетшіні жаралады, содан кейін қаруды иемденіп кетті. Террористердің қолына кемінде 17 атыс қаруы (үш ойық ұңғылы және 14 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы), үш газ тапаншасы, патрондар мен пышақтар түсті. Шабуылдан бір сағат өткен соң қаруланған қылмыскерлер екі топқа бөлінген. Әлеуметтік желілерден алынған фото Бір топ ұрланған патрульдік көлікпен "Пантера" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады. Онда олар екі келушіні пышақтап, соның салдарынан біреуі қаза тапты, екіншісі аман қалды. Видеодан алынған кадр Полиция келген кезде атыс басталды. Шабуылдаушылардың үшеуі оқиға орнында көзі жойылды, біреуі жараланып қолға түсті, тағы екеуі қашып кеткенімен, кейін олар да табылып, жойылды. ІІМ баспасөз қызметінің фотосы Дәл осы уақытта радикалдардың екінші тобы маршруттық автобусты басып алып, жолаушыларды түсіріп жіберген де, сол көлікпен Ұлттық ұланның әскери бөлімінің аумағына басып кірген. Онда әскерилер мен полиция қызметкерлері арасында атыс болды. Ұлттық ұланның үш әскери қызметшісі қаза тауып, алты адам жараланды. Видеодан алынған кадр Қалада ауқымды арнайы операция басталды. Қоғамдық көлік тоқтатылып, тұрғындардан көшеге шықпау сұралды, байланыс пен интернет үзіліспен жұмыс істеді. Қазақстанда 40 тәулікке террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі енгізілді. Шабуылдардың салдарынан жалпы жиыны 25 адам қаза тапты. Қаза болғандар арасында 4 бейбіт тұрғын, 3 әскери қызметші және күш құрылымдарының операциясы кезінде көзі жойылған 18 террорист бар. 6 күннен кейін, 12 маусымда барлық террористер ұсталды. Атышулы іс бойынша үкімді Ақтөбе соты шығарды. Сот қандай үкім кесті? Лаңкестік әрекеті үшін 9 негізгі қатысушы сотталды. Тағы 20 адам шабуылдарға тікелей қатыспағаны үшін жеңілдеу жаза алып, кінәлі деп танылды. Іс бойынша жалпы 29 адам сотты болды. Тергеу мен сот шабуылдың тікелей қатысушылары деп таныған жеті адам — Бақыт Қуанышбаев, Асхат Иманғалиев, Әнуар Сәдіхов, Жанабай Қуанышбаев, Әлібек Ақпанбетов, Арсен Таңатаров және Асхат Рахметов — өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Тағы екі қатысушы - Айдос Жұбанов пен Азамат Әбдірахманов тиісінше 25 және 22 жылға колонияға тоғытылды. Үкім оқылу кезінде сот ғимаратын қаруланған арнайы жасақ күзетті. Іргелес жатқан аумақ толығымен қоршауға алынды. Tengrinews.kz редакциясы ресми сауал жолдап, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен сотталғандардың қазір қайда екенін, олардың жұмыс істейтін-істемейтінін және немен айналысатынын білмек болды. Біздің сұрақтарымызға жауап берілмегенімен, үш сотталушының қайтыс болғаны туралы хабарланды. "Сотталғандар Айдос Жұбанов, Асхат Иманғалиев, Асхат Рахметовтің қайтыс болғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді 1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап. Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар өтініштерін eqyzmet.gov.kz порталы арқылы онлайн түрде береді. Бұл тәсіл уақытты үнемдеп, мемлекеттік қызметке кіруді барынша қолжетімді етеді. "Мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар конкурсқа қатысар алдында заңнаманы білуге арналған тестілеуден, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалау кезеңінен өтеді. Заңнамалық тест Конституция, "Мемлекеттік қызмет туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдар, сондай-ақ Әдеп кодексі бойынша жүргізіледі. 55 сұрақтан тұратын тестілеуде кемінде 30 дұрыс жауап беріп, әрбір нормативтік акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауап көрсету қажет", - деп хабарлады агенттік. Жеке қасиеттерді бағалау үш бағдарлама бойынша өткізіледі: басшылық лауазымдарға арналған (10 құзырет); басшылық емес лауазымдарға арналған (7 құзырет); жұмыс өтілін талап етпейтін төменгі лауазымдарға арналған (эмоционалдық, әлеуметтік және логикалық қабілеттер). Тестілеу нәтижелері бір жыл бойы жарамды. Кандидаттар жеке қасиеттерді бағалау тестін айына үш ретке дейін тапсыра алады. Конкурсқа ең жоғары балл жинаған ТОП-5 кандидат жіберіледі. Құжаттар жеке кабинет арқылы ұсынылады. Басшылық лауазымдарға кандидаттар эссе жазып бейнебайланыс арқылы әңгімелесуден өтеді. Ал басқа лауазымдарға кандидаттар практикалық тапсырмалар орындайды (аналитикалық жазба, ресми хат дайындау, өтініштерді қарау). "Жүйе барлық нәтижені автоматты түрде есептейді. Ең жоғары жиынтық балл жинаған кандидат жеңімпаз деп танылады. Балл тең болған жағдайда еңбек өтілі мен білім деңгейі ескеріледі", - делінген агенттік хабарламасында. Жалпы іріктеу кезеңдерінің ашықтығы, объективтілігі мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында (әңгімелесу кезеңін қоспағанда) барлық кезеңде прокторинг қолданылады. Жаңа тәртіпке сәйкес конкурс рәсімдерінің ұзақтығы айтарлықтай қысқарып, орта есеппен 5–7 жұмыс күнін құрайды (бұрын 23–30 күн). Жалпы, жаңартылған жүйе мемлекеттік қызметке қабылдау процесін жеңілдетіп, оның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіби кадрларды тартуға мүмкіндік береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Прокурор ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады Өскеменнің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 31 наурызда жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Еске салайық, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары ірі көлемде алаяқтық жасау және ірі көлемде пара алу бойынша айыпталып жатыр. Сонымен қатар, прокурор Toyota Camry автокөлігін тәркілеуді, Жақсылық Омарға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салып, "Құрмет" орденінен айыруды сұрады. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауы, келтірілген шығынды өтеуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы аталды. Сот отырысы барысында сотталушы Жақсылық Омар шын жүректен өкінетінін және тергеу изоляторында отырған уақытта болған жағдайды ой елегінен өткізгенін айтты. Айта кетейік, Жақсылық Омарға екі бап - "Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға жасаған ірі көлемдегі алаяқтық" және "Лауазымды тұлғаның ірі көлемде пара алуы" бойынша айып тағылған. Алдыңғы сот отырысында прокурор екі эпизод бойынша айыптау актісін оқыды. Бірінші эпизод Жақсылық Омардың Өскемен әкімі болған кезеңіне қатысты. Тергеу нұсқасы бойынша, жәбірленуші ретінде танылған адам біреудің өтінішімен қалалық кәсіпорындардың бірінен материалдық көмек ретінде автокөлік алу үшін өтініш рәсімдеген. Нәтижесінде ол 2021 жылы шығарылған Toyota Camry 75 көлігін алған. Кейін, оның айтуынша, ол көлікті әкімдік ғимаратына жеткізіп, кілтін тапсырып, содан кейін оны қайта көрмеген. Кейін автокөлік үшінші тұлғаның атына рәсімделіп, trade-in бағдарламасы арқылы жаңсына айырбасталған, тергеу дерегі бойынша, оны айыпталушы пайдаланған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 13 миллион теңгеге бағаланған. Осыған байланысты Жақсылық Омарға ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1 және 2-тармақтары бойынша айып тағылды. Алайда сотта жәбірленуші шығын өтелгенін және ешқандай талабы жоқ екенін айтты. Екінші эпизод ақпанның басында болған. Іс материалдарына сәйкес, Жақсылық Омар қала әкімдігі қызметкерлерінің бірімен кездесуде одан 20 миллион теңге әкелуін сұраған. Айыпталушының айтуынша, бұл талаптан гөрі өтініш болған. Алайда айыптау тарапы мұны жалпы қамқорлық көрсеткені үшін пара алу ретінде саралаған. Әкімдік қызметкері мұндай әрекеттердің заңсыз екенін түсініп, ҰҚК-ге жүгінген. Арнайы қызметтердің бақылауымен ол Жақсылық Омармен қайта кездесіп, соманы бөліп төлеуді ұсынған, ол келісім берген. Сол күні үшінші тұлға арқылы күдіктіге алты миллион теңге қолма-қол берілген. Еске салайық, 2026 жылғы 13 ақпанда желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол кезде ШҚО әкімдігінің өкілдері бұл туралы мәлімет жоқ екенін айтқан. Сондай-ақ "әкім орынбасары денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғаны" хабарланған еді. Сол кезде Tengrinews.kz тілшісі шенеунікпен байланысуға тырысқан, алайда ол қоңырауға жауап бермеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы тұрғынына бөтен көлік үшін айыппұл салынған. Мұндай жағдайда не істеу керек? Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде өзі жасамаған құқық бұзушылық үшін айыппұл келгенін жазды, - деп хабарлайды Tengri Auto. Жазба авторының айтуынша, оған жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл келген. Қаулыда оның TANK маркалы көлігі мен мемлекеттік нөмірі көрсетілген. Алайда камерадан алынған кадрда барлық мәлімет - сандар, әріптер мен аймағы бірдей Subaru көлігі тіркелген. Көлік иесінің айтуынша, оған сақтандыру компаниясының қызметкерлері байланысқа шыққан. Олардың нұсқасы бойынша, базада BOG әріптік белгісі бар Subaru көлігі тіркелген. Олар бейнебақылау камерасы нөмірді қате танып, оны BDG деп өзгертіп жіберген болуы мүмкін екенін айтқан. Жарияланым желіде тез тарады. Көлік иесінің айтуынша, төрт сағаттан кейін оған айыппұлдың жойылғаны туралы SMS келген. Полиция жауабы Біз мемлекеттік нөмірлер қалай бірдей болып шыққанын анықтау үшін Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгіндік. Полиция мәліметінше, қате анықталғаннан кейін айыппұл туралы дерек түзетіліп, ақпарат сәйкестендірілген. "Кез келген техникада белгілі бір қателік ықтималдығы болуы мүмкін екенін ескеру қажет және сирек жағдайларда қосымша тексеруді қажет ететін деректер тіркеледі", - деді ведомство өкілдері. Егер бөтен айыппұл келсе не істеу керек? Айыппұлмен келіспесеңіз, шағымдануға болады. Ол үшін: eGov порталы арқылы өтініш беріңіз; немесе әкімшілік полиция басқармасына жүгініңіз. Алматы Полиция департаментінің өкілдері құқық бұзушылықтарды автоматты тіркеу жүйесі қауіпсіздікті арттыруға бағытталғанын, ал барлық даулы жағдай заң аясында қаралатынын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да оқушылар мінген мектеп автобусы жол апатына ұшырады Батыс Қазақстан облысында ішінде оқушылар отырған автобус жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін сағат 14:00 шамасында Подстепное кентінде жолаушы тасымалдайтын автобус пен мектеп автобусы жол апатына ұшыраған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от policebqo (@policebqo) Алдын ала мәліметке сәйкес Самара-Шымкент республикалық тасжолымен келе жатқан жолаушылар автобусы мектеп автобусымен соқтығысып, салдарынан мектеп автобусы алда тұрған көлікке соғылған. "Жол апаты салдарынан зардап шеккендер тіркелді, олардың ішінде балалар да бар. Қаза тапқандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жолаушылар автобусының жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді ІІМ өкілі. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мой ГОРОД (@mgorod.kz_media) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Жылыой ауданындағы әскери техниканың фото және видеосы тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстанның батысында әскери техниканың пайда болуы желі қолданушыларының арасында сұрақ туғызды. Техниканың қозғалысы жоспарлы оқу-жаттығулар мен жауынгерлік дайындық шараларына байланысты екені белгілі болды. Instagram-дағы бұл жарияланымды көру АТЫРАУ | ҚАЗАҚСТАН | 06 🌷 (@atyrauoil.official) жарияланымы "Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің, соның ішінде теміржол көлігі арқылы орын ауыстыруы жауынгерлік даярлық іс-шаралары аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта бөлімшелердің мобильділігін арттыру, өзара үйлесімділігін жетілдіру және белгіленген міндеттерді орындауға дайындығын арттыру, соның ішінде маңызды объектілер мен аудандарды қорғау мәселелері пысықталып жатыр", - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ведомство мәліметінше, мұндай іс-шаралар Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығының тұрақты тәжірибесі болып табылады және бекітілген жоспарларға сәйкес өткізіледі. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпау және тек ресми дереккөздерге сүйену сұралды.
Астана мен Алматыда 1, 2, 3 сәуірде ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 1, 2 және 3 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. Астанадағы ауа райы болжамы 1 сәуір күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде -1...+1 градус, күндіз +13...+15 градус жылы. 2 сәуір күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -1...+1 градус, күндіз +16...+18 градус жылы. 3 сәуір күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +18...+20 градус жылы. Алматыдағы ауа райы болжамы 1 сәуір күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +25...+27 градус жылы. 2-3 сәуір күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +25...+27 градус жылы.
Коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге қойылған мораторий аяқталады: не өзгереді? 1 сәуірде Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге қойылған мораторий аяқталады. Осыдан кейін тарифтер қайта қарала бастауы мүмкін, алайда үкімет бұл процестің кезең-кезеңімен және ұстамды түрде жүргізілетінін мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тарифтер қалай өзгереді? Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) баға күрт өспейтінін түсіндірді. Тарифтерді жағдайға байланысты біртіндеп және таңдамалы түрде түзету жоспарланған. Негізгі логика - халыққа түсетін салмақты аурлатпай, коммуналдық инфрақұрылымның жұмысын қамтамасыз ету. "Тарифтік саясат ең алдымен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің сенімді жұмысын, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуді, инфрақұрылымның тозуын азайтуды және апаттардың алдын алуды көздейді", - деп сендірді ТМРК өкілдері. Сондықтан өзгерістер енгізілетін болса, олар тек нақты есептеулер негізінде, таңдаулы түрде жүзеге асырылады деп уәде етілді. Электр энергиясы мен отын мәселесі Энергетика министрлігі электр энергиясына қатысты жағдайды жеке нақтылады: 1 сәуірден бастап тарифтер өзгермейді. "Электр энергиясына шекті тарифтер 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап 2025 жылғы деңгейде өзгеріссіз сақталады". Ведомство бұл деңгейлер 2025 жылдың желтоқсанында-ақ 2032 жылға дейін бекітілгенін еске салды. Отын бағасы нарық арқылы қалыптасады. Сонымен қатар министрлік бағаның күрт және негізсіз өсуіне жол берілмейтінін мәлімдеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, отын тапшылығы жоқ, қорлар жеткілікті. "Өңірлерде мониторинг жүргізетін жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Олар кез келген ауытқуларға жедел әрекет ету және ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бағаны, отынның қорын және жеткізу логистикасын күн сайын қадағалап отырады". Мән-жай Тарифтерді көтеруге мораторий 2025 жылғы қазанда баға өсімін тежеу мақсатында дағдарысқа қарсы шара ретінде енгізілген болатын. 1 сәуірде оның мерзімі аяқталады. Бұдан кейін тарифтер коммуналдық кәсіпорындардың өтінімдеріне, инфрақұрылымның жай-күйіне және өңірлердегі жағдайға байланысты қайта қаралуы мүмкін. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров тарифтерді тежеу экономиканың дамуын тежеуі мүмкін екенін, бірақ бұл ретте халықтың жағдайын ескеру маңызды екенін атап өткен болатын. "Екінші жағынан, бізде 1 миллионнан астам адамның материалдық жағдайы өте төмен екенін түсінуіміз керек" Сондықтан экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқаты арасында тепе-теңдік табу қажет, деп толықтырды ол.
Жетісу облысында бір тәулік ішінде үшінші рет жер сілкінді Жетісу облысында тағы да жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сағат 13:23-те жер сілкінісін тіркеді. "Эпицентр Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада. Есептік қарқындылық (баллмен): Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы — 2 балл. Халықтан 112 нөміріне қоңырау түскен жоқ. Еске салайық, бұл осы ауданда кейінгі тәулікте тіркелген үшінші жер сілкінісі. 31 наурызға қараған түні мұнда магнитудасы 4,4 жерасты дүмпуі тіркелген. Екінші жер сілкінісі Астана уақытымен 11:11-де болды. Эпицентрі Жаркенттен солтүстік-батысқа қарай 52 шақырым жерде орналасқан. ТЖМ жерасты дүмпуінің күші туралы мәліметтерді жариялады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада крандардан “жасыл су“ ағуы мүмкін - не істеу керек? 4 сәуірде Астанадағы жылу желілері контурына органикалық бояғыш – натрий флуоресцеині (уранин А) жіберіледі, соның салдарынан су жасылдау түске боялуы мүмкін. Мән-жайды "Астана-Теплотранзит" АҚ түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Астана-Теплотранзит" кәсіпорны мәліметінше, органикалық бояғыш құбырлардағы жасырын ақаулар, су жылытқыштар мен тұтынушылардың жылу желілеріндегі саңылаулар арқылы судың ысырап болуын анықтауға және оларды жою бойынша дер кезінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. "Уранин А ағза үшін қауіпті емес, оны жылумен жабдықтау жүйесінде бояғыш индикатор ретінде қолдануға рұқсат етілген. Бояғышты пайдалану құбыр суының сапасына әсер етпейді, бірақ ыстық суда азығанда жасыл судың пайда болуы су жылытқыштың зақымдалғанын білдіреді", - делінген таратылған хабарламада. Егер краннан аққан ыстық су жасыл түске боялса, дереу мына мекенжайларға хабарласу қажет: ikomek 109 қызметіне; "Астана-Теплотранзит" АҚ жедел диспетчерлік қызметіне: 77 12 00, 77 12 11 (тәулік бойы); баптау қызметінің диспетчеріне (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін, 13:00-ден 17:00-ге дейін) мына телефондар арқылы: 79 88 96 (Есіл, Нұра аудандары); 39 69 11 (Сарыарқа, Байқоңыр аудандары); 77 12 92 (Алматы, Сарайшық аудандары).
Жетісу облысында бір тәулік ішінде екінші рет жер сілкінді Жетісу облысында бір тәулік ішінде екінші рет жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. ТЖМ "ҰҒСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 31 наурызда сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықтықта орналасқан. Эпицентр координаттары: 44.609º с.е., 79.709º ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. Есептік қарқындылығы (баллмен): Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 2 балл; Текелі қаласы - 2 балл; Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы - 2 балл. "Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет түскен жоқ, тұрғындардан 112 нөміріне қоңырау тіркелмеді", - делінген ТЖМ хабарламасында. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 31 наурызда Астана уақытымен сағат 11:11-де болды. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Жаркенттен солтүстік-батысқа қарай 52 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,7 болды. Еске салайық, 31 наурызға қараған түні осы ауданда магнитудасы 4,4 болған жер сілкінісі тіркелді. Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда неге электронды дауыс беру енгізілмейді - Орталық сайлау комиссиясы жауабы Қазақстанда қашан электронды дауыс беру өтуі мүмкін? Бұл сұраққа Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Комиссияның Tengrinews.kz сауалына берген жауабында, бүгінде электронды дауыс беру 193 елдің шамамен 40-ында қолданылатыны айтылған. Бұл ретте мемлекеттердің көбінде мұндай технологиялар тек жекелеген өңірлерде немесе пилоттық режимде ғана пайдаланылады. ОСК мұндай жүйелерді енгізу тәуекелдерді мұқият бағалауды талап ететінін айтты. Әңгіме келесі ықтимал қауіптер туралы болып отыр: серверлік инфрақұрылымға жасалатын кибершабуылдар; үшінші тұлғалардың араласуы; алаяқтық; құпия дауыс беру принципінің бұзылуы; сайлаушыға қысым көрсету немесе басқа адамның орнына дауыс беру. Қазақстан электронды дауыс беруді енгізудің халықаралық тәжірибесін, соның ішінде оны дәстүрлі тәсілмен қатар қолданатын Эстонияның тәжірибесін зерттеп жатыр. Сонымен қатар, комиссия бұл елдегі электронды дауыс беру жүйесі "халықаралық деңгейдегі қызу пікірталас тақырыбы болып қала беретінін" атады. Эстония онлайн дауыс беру бойынша әлемдік көшбасшы болып саналады. 2005 жылдан бастап оның азаматтары электронды сәйкестендіруді пайдаланып онлайн дауыс бере алады. 2023 жылы парламент сайлауындағы дауыстардың жартысынан көбі онлайн режимінде берілген. ОСК мәліметінше, 2023 жылғы халықаралық конференцияда сарапшы Давид Дуэнас-Сид интернет арқылы дауыс берудің сайлаушылар белсенділігін арттыратыны немесе сайлау шығындарын азайтатыны туралы тікелей дәлелдер әзірге жоқ екенін мәлімдеген. Бұдан бөлек, әлемдік тәжірибеде мұндай технологиялардан бас тарту мысалдары да бар. Мәселен, Германияның Конституциялық соты 2009 жылы сайлаудың жариялылық пен ашықтық принципін қамтамасыз ету мүмкін еместігін алға тартып, электронды дауыс беру машиналарын пайдалануға тыйым салды. ОСК дауыс берудің баламалы түрлерін енгізу халықаралық тәжірибені одан әрі зерттеуді және ықтимал тәуекелдерді бағалауды қажет ететінін атап көрсетті.
Түркістан облысында қызметтік “ардагер“ иттер 561 теңгеден сатылып жатыр Түркістан облысында "зейнетке" шыққан қызметтік иттер электрон сауда порталы арқылы сатылып жатыр. Барлығы 12 жануар сатылымға шығарылған. Бір иттің құны небәрі 561 теңгеден басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Не болды? Қорғаныс министрлігіне қарасты "Қазспецэкспорт" мемлекеттік кәсіпорны 12 қызметтік итті электронды аукционға шығарды. Олардың арасында Лео, Мерген, Марика, Май, Марси, Мавр, Малька, Малыш, Марчи, Мангул, Минти және Мрак есімді неміс және бельгиялық овчаркалар бар. Барлық жануарлардың жалпы құны - 12 082 теңге. sauda.e-qazyna порталынан алынған скриншот Мәселен, Мавр есімді бельгиялық овчарка мынадай: Фото sauda.e-qazyna порталынан алынды Ал Лео есімді неміс овчаркасы мынадай: Фото sauda.e-qazyna порталынан алынды Сауда сейсенбі - 31 наурызда сағат 10:00-де аяқталады. Толығырақ Иттерді саудаға шығармас бұрын олар тексеріліп, бағаланған. Құжаттарға сүйенсек, барлық жануардың жағдайы "қанағаттанарлық" деп танылған, бірақ олар "арық" деп сипатталған. sauda.e-qazyna порталынан алынған скриншот Қызметтік овчаркалар 10 жасқа таяған (олар 2015–2016 жылдары туған). Әрқайсының инвентарлық нөмірі мен құжаттары, соның ішінде ветеринарлық паспорттары мен чиптері бар. Иттер сатылымға ең төменгі бағамен, іс жүзінде есептен шығарылған мүлік ретінде қойылған. Олардың бағасы 561 теңгеден 1 631 теңгеге дейін. sauda.e-qazyna порталынан алынған скриншот "Қазспецэкспорт" бұны қалай түсіндірді? "Қазспецэкспорт" РМК бұған дейін қызметтік иттер мемлекеттік мүлік болып саналатынын, сондықтан оларды жай ғана біреуге бере салуға немесе есептен шығара салуға болмайтынын түсіндірген еді. Кәсіпорын мәліметінше, сатуға балама - ұйықтатып тастау, сондықтан олар адамгершілікке жататын жолды таңдап, иттерді саудаға шығаруды жөн көрген. Иттер енді қызметтік емес, жасы келген жануар ретінде бағаланатындықтан, оларға төмен баға қойылған көрінеді. Бұл ретте кинологтар иттерді тегін ала алмайды - бұл мемлекет мүлкін заңсыз иемдену болып саналады. Сондықтан жануарды өзінде қалдырудың жалғыз жолы оны аукцион арқылы сатып алу. Нәтижесінде, компания мәліметінше, көбіне иттерді қызметі аяқталғаннан кейін кинологтар мен ветеринарлар өздері сатып алады.
“Бағанашыл“ тағы назарға ілікті: балалар үйі сүріліп жатыр "Бағанашыл" балалар үйі тағы да назарға ілікті: Алматы тұрғындары мекеме ғимараттарының бірі бұзылып, екіншісінің терезелері алып тасталғанын байқаған. Қала әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Не болды? Алматы тұрғыны редакцияға "Бағанашыл" балалар үйінің аумағындағы ғимарат түсірілген бейнежазба жолдады. "Мұнда бәрін бұзып тастаған. Мына бір жақсы ғимараттың терезелерін алып тастапты. Оны қиратқан. Ал мына шыршалардың қасында тағы бір ғимарат бар еді – ол қазір жоқ, сүріп тастапты", - деп түсіндіреді ол кадр сыртында. Әкімдік не дейді? Алматы Білім басқармасы редакция тілшісінің сауалына берген жауабында, 2025 жылғы 13 қазанда Integra Construction ЖШС мен қалалық құрылыс басқармасы арасында жаңа нысанды жобалау бойынша ынтымақтастық меморандумы жасалғанын хабарлады. Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда "Техникалық тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік және оқу корпустарының, спорт және акт залдарының ғимараттары сейсмикалық күшейтуге келмейтіні және бұзылуы тиіс екені анықталды. Бүгінде жоғарыда аталған құрылыстарды бөлшектеу жұмыстары аяқталды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері. Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда Жобада жатақхана корпусын реконструкциялау, сондай-ақ жаңа оқу, спорт, әкімшілік корпустары мен асхана салу қарастырылған. Жұмыстарды төртінші тоқсанда аяқтау жоспарланған. Тәрбиеленушілер қайда ауыстырылды? Әкімдік мәліметінше, балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыда қалған. Ондағылар былтыр тамызда балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына ауыстырылғанын нақтылады. Олар осы уақытқа дейін сонда орналасқан. "Бағанашыл" дауы Айта кетейік, былтыр 21 шілдеде Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін ерікті түрде көшіру соңы жанжалға ұласқаны белгілі болды. Балалар үйінің қақпасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын автобусқа отырғызу үшін көліктер келген. Алайда балалар үйінің кей тәрбиеленушілері автобустардың жолын бөгеп, алдына тұрып алды. Оқиғаға полиция араласып, видеоға қарағанда, балалармен дөрекі қарым-қатынас жасаған. Кадрларда балалар үйінің тәрбиеленушілері оларды ұстамауды өтініп, жанжал шығарғаны көрінеді. Бұл жағдайға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев араласты. Оның тапсырмасымен балаларды көшіру тоқтатылып, Президент Әкімшілігі жанынан қызметтік тергеу тағайындалды. Кейін Алматы облысында "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан көшіруге байланысты туындаған дау салдарынан үш шенеунік қызметінен босатылды.
Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр Полицейлер Кентауда жоғалып кеткен жасөспірімді іздеуге көмектесуді сұрап, азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, Кентауда 2010 жылы туған Сүлеймен Дамир Қанатұлы жоғалып кеткен. Ол 9 наурызда үйінен шығып, қайта оралмаған. Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе 102 арнасына хабарлауды сұрайды", - делінген хабарламада. Тәртіп сақшылары кез келген ақпараттың маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бірлесіп әрекет етуге шақырады. Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында бір тәуліктен аса уақыт бойы 10 жастағы оқушы іздестіріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзенге батып кеткен болуы мүмкін. Бала достарымен бірге велосипед тебуге шығып, үйіне оралмаған. Оны сүңгуірлер мен ондаған адам іздеп жатыр, іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылған.
Қырғызстанда Көлбаев қылмыстық тобы мүшелеріне тиесілі қару-жарақ қоймасы табылды Тоқмақ қаласында Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері марқұм криминалдық авторитет Қамшы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына тиесілі болуы мүмкін қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орынды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. МҰҚК мәліметінше, жасырын орын ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында анықталған. Бұл арсенал заңсыз мақсаттарда пайдалану үшін дайындалған болуы мүмкін деген болжам бар. Жасырын орыннан не табылды? Арнайы қызмет өкілдері жасырын орыннан түрлі қару мен оқ-дәрілерді тәркілеген. Олардың ішінде екі шолақ мылтық, екі мина, бір қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, граната, тротил, сондай-ақ бетперде, пышақтар, тұтандырғыштар мен әртүрлі калибрлі патрондар бар. "Бұл арсеналдың аса ауыр қылмыстарды жасауға, соның ішінде республикадағы қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға арналған болуы әбден мүмкін. Ол үшін "оңтайлы сәттің" келуі күтілген", - делінген хабарламада. Тәркіленген қару-жарақ сот-баллистикалық сараптамасына жіберілгені айтылды. Сонымен қатар, бұл арсеналдың бұрын болған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жедел іс-шаралар жалғасып жатыр. МҰҚК баспасөз қызметі Мән-жайы Қамшы Көлбаев - 2023 жылдың 4 қазанында құқық қорғау органдарының ұстау операциясы кезінде мерт болған Қырғызстандағы танымал қылмыс әлемінің серкесі. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы және есірткі, қару-жарақ саудасы, сондай-ақ бопсалау мен рэкет сияқты түрлі қылмыстарға қатысымен белгілі болған. Көлбаев қайтыс болғаннан кейін Қырғызстанның құқық қорғау органдары онымен байланысты қылмыстық топтардың әрекетін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды Алматыда танымал қазақстандық заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін әлеуметтік желілерде заңгердің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. "Алматы Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада. Әділетхан Молдахан - азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Оның Instagram парақшасына миллионнан аса қолданушы жазылған. Еске сала кетейік, бұған дейін заңгер әлеуметтік желіде видео жариялап, онда Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасына (салдарынан үш адам қаза тапқан) құқық қорғау органы қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Кейінірек Алматы Полиция департаментінің бастығы қызметтік тексерістің басталғанын хабарлады. "Полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізіп жатыр, оған нақты құқықтық баға беріледі. Егер қызметкерлердің кінәсі анықталса, ең қатаң шараларды қолданамыз", – деп мәлімдеген еді сол кезде Алматы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов.
31 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз жылы көктемгі ауа райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік облыстардың таулы аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді, батыста кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Астана - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, күндіз 14-16 градус жылы. Алматы - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы. Іле-Алатау тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 12-17 градус жылы. Шымкент - құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 градус жылы. Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, облыстың батысында, оңтүстігінде 5 градус аяз, күндіз 14-19, облыстың батысында, оңтүстігінде 6-11 градус жылы. Көкшетау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 градус жылы. Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыс орталығында 7, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 0-5 градус жылы, күндіз 22-27, облыстың таулы аудандарында 12-17 градус жылы. Қонаев - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 23-25 градус жылы.Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 2 градус аяз, күндіз 21-26, облыстың шығысында және таулы аудандарда 17 градус жылы. Талдықорған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 21-23 градус жылы. Түркістан облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 9, күндіз 25-30, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 20 градус жылы. Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.Батыс Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз жаңбыр, күн күркіреуі, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 25 градус жылы. Орал - құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 19-21 градус жылы. Атырау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 20-25, облыстың батысында 17 градус жылы.Атырау - құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы.Маңғыстау облысы - түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 18-23, облыстың батысында, орталығында 10-15 градус жылы. Ақтау - құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 10-12 градус жылы.Ақтөбе облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың батысында, оңтүстігінде 11, күндіз 21-26, облыстың шығысында 18 градус жылы. Ақтөбе - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы.Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, облыстың оңтүстігінде 5 градус жылы, күндіз 11-16, облыстың оңтүстігінде 21 градус жылы. Қостанай - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 14-16 градус жылы.Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, облыстың оңтүстігінде, шығысында 5 градус аяз, күндіз 11-16, облыстың солтүстігінде, шығысында 8 градус жылы. Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 11-13 градус жылы.Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 5 градус жылы. Павлодар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градусқа дейін жылы, облыстың оңтүстігінде 5 градус жылы, күндіз 16-21, облыстың солтүстік-батысында 13 градус жылы. Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 17-19 градус жылы.Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың шығысында 1, күндіз 20-25 градус жылы.Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы.Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 4 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, облыстың шығысында 8-13 градус аяз, күндіз 9-14, облыстың шығысында 3 градус жылы. Өскемен - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы.Абай облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градусқа дейін жылы, облыстың оңтүстігінде 5 градус жылы, күндіз 10-15, облыстың оңтүстігінде 18-23 градус жылы.Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.Қызылорда облысы - таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 25-30 градус жылы. Қызылорда - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 28-30 градус жылы.Жамбыл облысы - облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, күндіз күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 6, күндіз 21-26, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 18 градус жылы. Тараз - құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.
AIRAN медиажобасы эфирден кетеді: команда көрерменмен қоштасты Қазақстандық AIRAN MEDIA медиажобасы жұмысын тоқтататынын хабарлады. Бұл туралы редакция өз әлеуметтік желілерінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Команда өз үндеуінде соңғы екі аптада YouTube-арнада жаңа материалдар шықпағанын, ал редакция туындаған қиындықтарды еңсеруге тырысқанын атап өтті. "Жобалар пайда болады және жобалар жабылады. AIRAN өте керемет жоба болды. Осы уақыт бойы бізді қолдаған, ең бастысы, біз үшін тік тұрған жандарға алғыс айтамыз. Әрине, көрермендерге шексіз ризамыз". Команда мүшелері өз аудиториясымен әрдайым ашық болуға тырысқанын және болашақта жаңа жобамен оралуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. "Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық, сіздермен шынайы болуға тырыстық. Бірнеше жылдан кейін жаңа бірдеңе бастауға, жаңа дүние ойлап тауып, қайта қауышуға тырысамыз. Егер бізді күтсеңіздер". AIRAN MEDIA — 2022 жылы іске қосылған қазақстандық медиажоба. Негізгі алаңы YouTube-арна болды, онда сұхбаттар, стримдер және қоғамдық маңызы бар тақырыптар талқыланды. Эфирлерде ішкі саясат, әлеуметтік мәселелер мен халықаралық күн тәртібі көтерілді. Жоба сайтында басты назар тексерілген контентке, тақырыптарды сапалы зерттеуге және видеожурналистикаға кәсіби тұрғыдан келуге аударылатыны айтылған болатын. Жобаның ашық дереккөздеріне сүйенсек, оның YouTube-арнасы 1,18 миллионға жуық жазылушы жинап, қаралымдардың жалпы саны 818 миллионнан асқан. Жобаның жабылғаны туралы хабардан кейін әріптестері мен медиа қауымдастық өкілдері AIRAN командасына қолдау білдіріп, журналистік жұмыстың жоғары деңгейін атап өтті.
Алматыға басқа өңірлерден патрульдер келетіні рас па? ІІМ хабарламаға жауап берді Мессенджерлерде жүргізушілер Алматыға басқа облыстардан полиция патрульдері тартылғаны туралы хабарламаны талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto. Ақпаратқа ІІМ пікір білдірді. Хабарламада не айтылған? Хабарламада Алматыға басқа өңірлерден "жұмыс жүргізу" үшін патрульдік полиция экипаждары жіберілгені айтылған. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысынан 100 экипаж келетіні туралы. Сонымен қатар, хабарламада "мәселені шешуге тырысатын" жүргізушілер де, олар жүгінген адамдар да бірге жазаланатыны айтылған. ІІМ жауабы ІІМ кейбір жағдайда расында басқа өңірлерден полицейлер жұмысқа тартылатынын түсіндірді. "Мұндай тәжірибе жүйелі сипатқа ие және елдің барлық өңірінде оперативті және қылмыстық ахуалды ескере отырып жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда жекелеген өңірлерге практикалық көмек көрсету және алдын алу жұмыстарын күшейту үшін қосымша бөлімшелер жіберіледі", - делінген ведомство хабарламасында. ІІМ мәліметінше, басты мақсат — жолдағы ереже бұзу жағдайларын азайтып, тәртіп орнату. Барлық тексеріс пен шаралар заңға сәйкес өткізіледі. Бұған дейін депутаттар Алматыдағы жол апатынан кейін ауқымды шаралар қабылдауды талап еткен еді. Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде ол мас болған. Оған қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сонымен қатар, мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Зейнетақыдан 20 пайыз ұстап қалады“ - Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20 пайыз ұстап қалу енгізілді деген ақпаратты түсіндірді. Ведомство өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Белгісіз тұлғалар deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20 пайыз қысқартылады деген жалған мәліметі бар бейнероликтер таратып жатыр. Бұл ретте, министрлік 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10 пайыз арттырылғанын еске салды. "Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120 пайызына дейін ұлғайтылып келеді", - делінген хабарламада. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70 пайызы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110 пайызынан 118 пайызына дейін ұлғайтылып, 60 005 теңге болды. Осыған байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда жолаушылар автобуста қызға тиіспек болған ер адамды ұстады Алматыда қоғамдық көлікте белгісіз ер адам тиісе бастаған қызды жолаушылар қорғап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болды? Желіде Алматыдағы автобустардың бірінде белгісіз ер адамның ұйықтап жатқан жолаушыға тиіскені туралы ақпарат пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, ол қызды күштеп сүймек болған, кейін көшеде соңынан қалмай қойған. Жазба Threads әлеуметтік желісінде 27 наурызда жарияланды. Жарияланым авторы құрбысы №86 бағыттағы автобуста тап болған жағдайды айтып берді. "Сағат 11:30 шамасында ол автобуста ұйықтап қалған. Сол сәтте бейтаныс ер адам оның мойнынан ұстап алып, сүймекші болған. Құрбым не болғанын түсінбей, қатты қорыққан. Жанында отырған екі жігіт көмекке келіп, әлгі адамды автобустан қуып шықты", - дейді жазба авторы. Автордың айтуынша, кейін полиция келген. "Біраз уақыттан кейін бұл адамды босатып жіберген. Ең қорқыныштысы құрбым көшеде такси күтіп тұрғанда, ол артынан тағы келген. Құрбым қашып үлгерді. Қазір оның өміріне қауіп жоқ, бірақ мұндай жағдай ешкімнің басына түспеуі керек деп есептеймін", - деп жазды автор. Полиция пікірі Алматы Полиция департаменті күдікті ұсталып, басқармаға жеткізілгенін хабарлады. "Бұл азаматтың психоневрологиялық мекемеде есепте тұрғаны анықталды. Осыған байланысты ол мамандандырылған медициналық ұйымға жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға және заңды шешім қабылдауға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі. Ведомство өкілдері ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша іс материалдары сотқа жолданғанын айтты. Анықтама: ӘҚБтК 434-бабының санциясы 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді.
Ұлттық банк қазақстандықтарға цифрлық теңгеге қатысты схемалар туралы ескертті Қазақстан Ұлттық банкі цифрлық теңгеге инвестиция салу туралы ұсыныстарға қатысты алаяқтық схемалардың көбейгенін тіркеді. Қаскөйлер жоғары табыс пен мемлекет пен Ұлттық банктің қолдауына уәде беріп, «мемлекеттік инвестициялық жоба» туралы жарнама таратуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алаяқтар қалай әрекет етеді? Әлеуметтік желілерде азаматтарды "шектеулі ұсыныс" немесе "соңғы мүмкіндік" деген желеумен фишингтік сайттарға тартады. "Жалған платформаларда, әдетте, азаматтарды қайтадан ақша салуға итермелеу үшін "өсіп келе жатқан пайданы" көрсететін жеке кабинеттің көрінісі жасалады. Осылай алдау арқылы қаскөйлер азаматтардың қаржысына қол жеткізеді", - деп хабарлады Ұлттық банктен. Ұлттық банк цифрлық теңге – бұл ұлттық валютаның цифрлы түрі және заңды төлем құралы ғана екенін хабарлайды. Яғни, цифрлық теңге инвестициялық құралға жатпайды және пайда табуға арналмаған. Азаматтарға арналған ұсыныстар Ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру және күмәнді сілтемелерге өтпеу. Қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды орнатпау және SMS-кодтарды немесе карта деректерін хабарламау. Үшінші тұлғаларға ақша аудармау және белгісіз нөмірлерден шалынған қоңырауларға жауап бермеу. Ұлттық банк қызметкерлері аудио және видеоқоңыраулар жасамайтынын, жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін және инвестиция ұсынбайтынын есте сақтау қажет. Алаяқтыққа тап болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу ұсынылады. Қосымша кеңесті Ұлттық банктің 1477 қысқа нөмірі бойынша байланыс орталығынан алуға болады. Цифрлық теңге дегеніміз не? Бұл қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлемдердің қасиеттерін біріктіретін Қазақстан валютасының үшінші түрі. Кәдімгі қолма-қол ақшасыз қаражаттан айырмашылығы, цифрлық ақшамен тауарлар мен қызметтер үшін интернетке қосылмай-ақ төлем жасауға болады, сондай-ақ оларды бағдарламалауға мүмкіндік бар, бұл цифрлық теңгені ыңғайлы, жылдам және арзан төлем құралына айналдырады. Цифрлық теңге туралы толығырақ осы жерден оқыңыз.
Наурыз туралы теріс пікірлер мен алауыздықты қоздыру: Бас прокуратура мәлімдеме жасады Бас прокуратура қазақстандықтарды пікір білдіру кезінде, оның ішінде онлайн-платформалар мен өзге де жария ақпараттық алаңдарда заңнаманы қатаң сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, атап айтқанда, жекелеген адамдардың ұлттық дәстүрге, әдет-ғұрып пен тек елімізде емес, оның шегінен тыс жерлерде де көп ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамын атап өтуге қатысты теріс пікірлерді жария түрде таратқан жағдайлар тіркелді. Олар мұндай пікірлерін дәстүр мен әдет-ғұрыптың өздерінің жалған діни догмаларымен үйлеспейтіні туралы бұрмаланған тұжырымдарымен сүйемелдеген. Мұндай мәлімдемелер Қазақстанның өзін зайырлы мемлекет ретінде айқындайтын Конституциясының қағидаларына қайшы келіп қана қоймай, елдегі қоғамдық келісімге, оның ішінде ұлтаралық және дінаралық татулыққа зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптың беделін түсіреді", - делінген Бас прокуратура хабарламасында. Сонымен қатар, Бас прокуратура журналистердің, блогерлер мен ақпараттық алаң иелерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Осындай жалған діни көзқарастарды насихаттайтын тұлғаларға көпшілік алдында сөз беру арқылы олар шын мәнінде жалған әрі арандатушылық сипаттағы мәлімдемелердің таралуына ықпал етеді, қоғам санасына теріс әсерін күшейтеді, гендерлік теңсіздікті насихаттап, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайды. Бас прокуратура, масс-медиа өкілдерін кәсіби этика қағидаларын, объективтілікті сақтауға және қоғамдық келісімді бұзуы мүмкін идеяларды насихаттауға өз платформаларын пайдалануға жол бермеуге шақырды. Заңнамадағы жауапкершілік Қоғамдық тәртіпке және азаматтардың құқықтарына әсер етуі мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады ("Көрінеу жалған ақпарат тарату", айыппұл салудан бастап, бірден жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады - еск.). Ұлттық, діни немесе өзге де әлеуметтік алауыздықты қоздыруға бағытталған жария мәлімдемелер Қылмыстық кодекстің 174-бабының ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") қолданысына жатады және ауыр қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл салудан бастап, екіден жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады - еск.). Сондай-ақ мұндай әрекеттер діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу ретінде саралануы мүмкін, бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген. Қазақстандықтарға үндеу Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан тартынуға, Қазақстан халқының мәдени және ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға, қоғамда алауыздық пен жанжал туғызуы мүмкін мәлімдемелерге жол бермеуге шақырады. Осындай фактілер анықталған жағдайда құқық қорғау органдары заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылдайды. Еске салайық, Алматы облысында Наурыз мейрамы туралы даулы видео жариялаған блогер ұсталды. Роликте ол бұл мейрам Қазақстанда тойланбауы тиіс екенін айтып, оны "мұсылманша емес" деп атаған. Ер адамға қатысты діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда +32 градусқа дейін аптап болады "Қазгидромет" синоптиктері 31 наурыз, 1 және 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Елдің басым бөлігінде күн жылы әрі ашық болады Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз жылы көктемгі ауа райы сақталады. "Тек батыста және оңтүстік облыстардағы таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады, батыста кей уақыттарда нөсер жауын күтіледі, сондай-ақ жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді", - деді синоптиктер. Түнде және таңертең республика бойынша тұман түсуі мүмкін. Температура көрсеткіштері қандай болады? солтүстік-батыста 17-26 градус жылы, солтүстікте 13-20 градус жылы, орталықта 12-23 градус жылы, шығыста 5-22 градус жылы, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 23-32 градус жылы, ал батыста ауа температурасы 20-25-тен 13-20 градус жылыға дейін төмендейді.
Танымал блогер Жанәбіловтер ісі бойынша сотта жауап берді Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. 30 наурызда жауап беру үшін қазақстандық екі блогер Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртаза (Justking есімімен танымал) сотқа келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ұтыс ойындары және әкімшілік жауапкершілік Сотта Дархан Жолшыбеков 2024 жылы ол да ұтыс ойындарын өткізгенін, сондай-ақ электрон коммерция саласында оқытумен айналысқанын айтты. Оның сөзінше, курстарды ол өз бетінше әзірлеген. Сонымен қатар ол бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын растады. Мемлекеттік айыптаушы Жолшыбековтің сотталушылармен ұтыс ойындарын өткізу мәселелерін және ықтимал құқықтық тәуекелдерді талқылаған-талқыламағанын нақтылады. Куәгер Ерболат Жанәбіловпен шынымен де сөйлескенін, бірақ әңгімелердің егжей-тегжейі есінде жоқ екенін айтты. Жанәбіловпен болған әңгіме Осыған байланысты прокурор Дархан Жолшыбековтің 2025 жылдың қарашасында тергеу кезеңінде берген айғақтарын оқып берді. Оған сәйкес, Жанәбілов блогер Жолшыбековке қатысты сот процестері туралы білгеннен кейін екеуінің арасында әңгіме болған. "Иә, біздің арамызда шынымен де әңгіме болды. Ерболат Жанәбілов интернеттен менің сот ісіне қатысты болғанымды көрген екен. Ол маған қандай жаза берілгенін сұрады, мен әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымды айттым. Бұл ұтыс ойындары үшін мені Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері шақырғанын түсіндірдім. Сол кезде мен онымен (Ерболат Жанәбіловпен) жиі сөйлесіп тұратынмын", - делінген блогер Жолшыбековтің бұрынғы айғақтарында. Соттың сұрақтарына жауап бере отырып, Жолшыбеков бұрынғы айғақтарының мазмұнын нақты есіне түсіре алмай тұрғанын, бірақ олардан бас тартпайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар Justking деген атпен танымал, бұған дейін ұтыс ойындарын өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған блогер Нұрбек Нұртаза сотта Жанәбіловтермен мұндай әңгіме болмағанын айтты. Оның айтуынша, Жанәбіловтер одан ықтимал жазалар мен құқықтық салдарлар туралы сұрамаған. Блогерлер арасындағы жанжал Сотта блогерлер арасындағы өзара қарым-қатынас пен ықтимал келіспеушіліктер де талқыланды. Сотталушылардың адвокаты Гаухар Айтжанованың сұрақтарына жауап берген Дархан Жолшыбеков Жанәбіловтермен алты жылдан аса уақыт таныс екенін айтты. Ықтимал жанжалдар туралы сұрақтарға жауап берген куәгер сотталушыларға деген өшпенділігі жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатыр, Жолшыбеков Ерболат Жанәбіловпен арада келіспеушіліктер болғанын мойындады. "Төлегеновамен болған жоқ, Ерамен (Ерболат Жанәбілов ред. еск.) болды. Ер адам болған соң, арасында болып тұрады", - деп түсіндірді Жолшыбеков. Сондай-ақ адвокат 2025 жылдың 29 наурызында болған жанжалды да еске салды. Куәгер бұл деректі растады. Еске сала кетейік, 18 наурызда сот мәжбүрлеп келтіру туралы қаулы шығарды, бұл шара алдыңғы отырысқа келмеген қазақстандық блогерлер Жолшыбеков пен Нұртазаға қатысты. 16 наурызда Астанада елордалық блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Белгілі блогерлерге заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастырды (жылыстатты) деген айып тағылған.
Ұлытау облысында құмар ойындарға бәс тіккен шенеуніктер қызметінен айырылды Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға қатысқаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өңірде мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бұзылған. Заң бойынша мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады. "Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, соның ішінде 10 басшы букмекерлік компанияларда бәс тіккені белгілі болды. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Танымал блогер Жанәбіловтердің ісі бойынша сотқа келді Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. 30 наурызда сотқа блогер Дархан Жолшыбеков келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол сотқа іс бойынша куәгер ретінде қатысып жатыр. Отырыс барысында одан, сондай-ақ басқа да куәгерлерден жауап алу жоспарланған. Фото Tengrinews.kz / Аружан Дәрібай Еске сала кетейік, 18 наурызда сот мәжбүрлеп келтіру туралы қаулы шығарды, бұл шара алдыңғы отырысқа келмеген қазақстандық блогерлер Жолшыбеков пен Нұртазаға қатысты. 16 наурызда Астанада елордалық блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Белгілі блогерлерге заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастырды (жылыстатты) деген айып тағылған.
10 миллиард теңгеден аса алаяқтыққа қатысы бар күдікті Грузиядан экстрадицияланды Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген адам Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматын экстрадициялады. Ол экономикалық қызмет саласында бірқатар қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында елге жеткізілген. Тергеу барысында күдіктінің ұйымдасқан топ құрамында бола отырып, 2019–2021 жылдар аралығында Қазақстанның әртүрлі өңірінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарғаны анықталды. "Қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде азаматтарға жоғары табыс табуға уәде беру арқылы 10 миллирад теңгеден аса қаражат тартылған", - делінген хабарламада. Сыбайлас қатысушылардың бірқатары бұрын бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, алаталған күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. "2026 жылғы ақпанда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды". Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркілене отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресейдегі жаппай төбелес: Қазақстан СІМ қамауға алынғандар туралы хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ленинград облысында қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес ісі бойынша жаңа мәліметтер келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. СІМ мәліметінше, 28 наурызда Қазақстанның Санкт-Петербургтағы Бас консулдығының қызметкерлері Усть-Лугадағы вахталық кентте жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, оның ішінде тұрмыстық жанжал нәтижесінде ұсталған азаматтармен кездесу өткізді. Аталған кентте шамамен 15 мың адам тұрады, олардың барлығы Ресейдің ірі экспорттық порттарының бірін салуға қатысатын түрлі мердігер ұйымдардың вахталық қызметкерлері. Бастапқыда тәртіпсіздіктерге жүздеген адам қатысқан. Оқиғадан кейін әртүрлі елдің 30-дан аса азаматы ұсталды. Алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ұсталғандардың басым бөлігі босатылған. "Бірнеше адамға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына қатысты 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімдері қабылданды. Қазақстанның тағы үш азаматына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж адамдар жоқ. Қазақстанның барлық азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады СІМ. Сондай-ақ вахталық кенттің өзінде компания қызметкерлері (қазақстандық жұмысшылар мен учаске бригадирлері), Ресейдің құқық қорғау органдары, жұмыс беруші компания мен күзет агенттігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында болған жағдай сындарлы түрде талқыланып, алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу шаралары қарастырылды. "Қазіргі уақытта вахталық кенттегі жағдай тұрақты. Оқиғаға қатысқан екі тарапқа қатысты тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, оның қорытындылары бойынша жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - деп қосты ведомство өкілдері. Не болды? Threads-тегі жазбаға сүйенсек, бұл төбелес Усть-Луга кентіндегі вахталық қалашық аумағында болған. Видеода жиналған адамдарға жоғары жылдамдықпен көлік басып кіргені көрінеді. Желі қолданушыларының бірі "қақтығыс Қазақстан азаматтары мен жергілікті күзетшілер арасындағы келіспеушіліктен басталды" деген нұсқаны алға тартты. Сондай-ақ, желіде тағы бір видео пайда болды. Болжам бойынша кадрда кәсіпорын күзеті адамдарды көлікке күштеп тиеп жатыр. Бұған дейін, Қазақстан СІМ Ресейдің құзыретті органдары мен компания басшылығына ресми сауалдар жолдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Астана, Алматы және тағы бес қаланың тұрғындарына ескерту жасады "Қазгидромет" Астана, Алматы және басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ақпарат ауа сапасының болжамына қатысты. "30 наурызда Алматы, Астана, Павлодар, Теміртау, Қарағанды қалаларында, түнде Қостанай мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", - делінген хабарламада. Ауаның ластануы түріндегі қолайсыз метеожағдайлар — бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, тымық) жиынтығы.
Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Жамбыл облысында ұсталды ІІМ криминалдық Полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қостанай облысында бірнеше ауданды су басты Құтқарушылар Қостанай облысының бірнеше ауданы мен өңірдің әкімшілік орталығында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, Денисов ауданында, Набережное ауылынан 4 шақырым жерде қардың қарқынды еруіне байланысты Аршалы мен Набережное ауылдары арасындағы жергілікті маңызы бар автожолды су басқан. "Елді мекендерге қауіп жоқ, көлік қатынасы үзілмді. Набережное ауылына апаратын балама жол бар. ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды", - делінген хабарламада. Қостанай ауданы Мичурин кентінде "Мелиоратор" бау-бақша қоғамы жағынан су Астана мен Восточный шағынаудандарына қарай бұрылып жатыр. ТЖД мәліметінше, тұрғын үйлер мен аулаларды су басу қаупі жоқ. Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Восточныйда еріген қар суын сорып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Қостанай облысының ТЖД (@112qostanai) Ведомство ақпаратына сәйкес, Қостанайдың Қонай шағынауданында да қауіп жоқ. Жағдайды бақылау үшін құтқарушылар дрон көмегімен әуеден шолу жасады. Жалпы жағдай тұрақты, барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп қосты ТЖД өкілдері. Кеше кешкісін Қостанай ауданы Мичурин кентінің Восточный шағынауданының тұрғындары мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде көшелерді су басқаны туралы хабарлады. Олардың айтуынша, даладағы су аз уақыт ішінде, шамамен 30 минутта жолдар мен аулаларды басып қалған. Аудан әкімі Олжас Нұрғалиев бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от НОВОСТИ Alau.kz (@alau.tv) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бауыржан Артықов “Батыс“ өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын лауазымынан босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Бауыржан Артықов бұл лауазымды 2024 жылғы ақпаннан бері атқарды. Бұған дейін ол Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментін басқарған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Аманбыз“: Мадуро мен оның әйелі АҚШ түрмесінен “жазба“ жариялады Венесуэла президенті Николас Мадуро әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің және жұбайының атынан үндеу жариялады. Қазір олар Бруклиндегі тергеу изоляторында қамауда отыр. Онда олар есірткі саудасы мен өзге де қылмыстарға қатысты айыптар бойынша сотты күтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарияланған жазбада Мадуро мен оның жұбайы Венесуэланың ардақты халқына және әлемдегі барлық ізгі ниетті жанға "осындай күш, осындай батылдық және осындай ынтымақ үшін ризашылық білдіретіні" айтылған. "Бізге сіздердің хаттарыңыз, жолдауларыңыз бен дұғаларыңыз жетті. Әрбір мейірімге толы сөз, әрбір қамқорлық, әрбір қолдау жанымызға қуат беріп, рухымызды нығайтады. Біз аманбыз, жігерліміз, сабырлымыз және үнемі дұғадамыз", – делінген жазбада. Венесуэла басшысы мен оның жұбайының атынан жазылған бұл үндеуде халық "елде бейбітшілікті, ұлттық бірлікті, татулықты, кешірімді және қарым-қатынастың дұрысталып одан әрі нығайтуға" шақырылған. АҚШ түрмесінде отырған Венесуэла президенті Николас Мадуро бұған дейін де 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ел тұрғындарына ерекше жолдау жасаған болатын. Мадуроның бұл үндеуін әлеуметтік желіде оның ұлы жариялаған. Онда Венесуэла президенті отандастарын "тауды да қозғай алатын" сенімнен айырылмауға шақырып, ел барлық қиындықты еңсеретінін айтқан. Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ Николас Мадуроны ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Елден оның жұбайы Силия Флорес те әкетілген. 5 қаңтарда олар Нью-Йорктегі федералдық сот алдына есірткі саудасына қатысы бар деген айыппен жеткізілді. Мадуро мен жұбайы өз кінәсін мойындаған жоқ. Қазір Венесуэланы бұрын вице-президент қызметін атқарған уәкілетті президент Делси Родригес басқарып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі титул жеңді Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нагпур қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирдің абсолют жеңімпазы атанды. Үндістан корттарында қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмаған Жібек жұптық сындағы табысын жекелей кестедегі бас жүлдемен толықтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шешуші матчте Құламбаева (WTA №419) жергілікті теннисші Сонал Патилмен (WTA №1159) кездесті. Жібек алғашқы минуттардан бастап басымдықты өз қолына алып, ойын тізгінін толық бақылауда ұстады. Финалдық бәсеке қазақстандық спортшының пайдасына 6:1, 6:3 есебімен, екі сетте сенімді жеңіспен аяқталды. Нагпурдағы бұл қос жеңістің маңызы ерекше: жекелей және жұптық сындағы табыстар Жібек үшін алған жарақатынан айығып, кортқа қайта оралғаннан кейінгі осы маусымдағы алғашқы титулдар болды. Құламбаева бүкіл турнир бойы тамаша физикалық дайындығы мен психологиялық төзімділігін көрсетіп, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еске салайық, 10-11 сәуір күндері Жібек Құламбаева Қазақстан ұлттық құрамасы сапында әлемдік командалық чемпионат – Billie Jean King Cup турнирінің іріктеу кезеңіне қатысады. Астанада өтетін бұл сында біздің команда Канада құрамасына қарсы ойнайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Дәрігерлер бірден байқалатын қатерлі ісік белгілерін атады Қатерлі ісіктің белгілері көп жағдайда бірден байқала бермейді. Бірақ кей белгілер айқын болады, мысалы, тырнақ астындағы меланома. Бұл - сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті, тырнақ астындағы пигмент жасушаларынан пайда болатын қатерлі ісік, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. Егер гель-лак жиі жағатын болсаңыз, тырнағыңыздың бояусыз табиғи қалпын ұмытып қалған да болуыңыз мүмкін. Алайда дәл тырнақтың бейнесі жыл сайын әлем бойынша мыңдаған адамның өмірін жалмайтын қатерлі дертті аңғаруға көмектеседі. Тырнақтағы қара тік жолақ Бұл - тырнақ меланомасының ең жиі кездесетін белгілерінің бірі. Жолақтың түсі мен ені уақыт өте өзгеруі мүмкін, бастапқыда зиянсыз көрінуі де ықтимал. Бірақ ол жоғалмай, керісінше кеңейе берсе, міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Қара көлденең жолақ Кейде қатерлі ісік тырнақтың ортасында пайда болған қоңыр не қара көлденең сызық түрінде де байқалады. Мұндай белгі көбіне аяқтың бас бармағында кездеседі. Хатчинсон белгісі Тырнақ жиегіндегі, тырнақ астындағы немесе саусақ ұшындағы терінің қоңыр не қара түске боялуы да қауіпті белгі. Ауру туралы тағы не білген жөн: ісік көбіне қолдың немесе аяқтың бас бармағында пайда болады; меланоманың бұл түрі көбіне 50 мен 70 жас аралығындағы адамдарда кездеседі; жолақтың ені 3 миллиметрден асса, бұл ерекше алаңдатарлық белгі; жолақтың көлемі, пішіні немесе түсі уақыт өте өзгеріп жатыр ма - соны бақылап жүру керек; отбасыңызда меланома не өзге қатерлі ісік түрлері болған болса, денсаулыққа мұқият қараған жөн. Дәрігерлердің айтуынша, ауруды ерте анықтау осы диагноз қойылған науқастардың өмір сүру мүмкіндігін 15 пайыздан 95 пайызға дейін арттырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Полиция құлаған тағы бір дрон туралы хабарламаға пікір білдірді Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан аумағында тағы бір дрон құлады деген ақпарат тарап жатыр. Бұл жағдайға полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 27 наурызда таңертең жергілікті тұрғын полицияға дронға ұқсас зат туралы хабарлаған. Оның айтуынша, өртеніп жатқан нысан Атыраудан жеті шақырым жерде табылған. "Оқиға орнында қозғалтқыш пен зақымданған бөлшектер табылды, олар композит немесе көміртекті талшықтан жасалған болуы мүмкін", – делінген хабарламада. Атырау облыстық полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне бұл деректі растады, алайда нақты не екенін айтпады. "Атырау облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, дронның бөлшектеріне ұқсас заттардың табылу дерегіне бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс жерде табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп жауап берді департамент. Еске салайық, бірнеше күн бұрын мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысындағы ауыл маңында дрон құлағаны туралы ақпарат пен суреттер тараған еді. Бұл мәліметті өңірлік полиция департаменті растаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тарихта алғаш рет: Иран АҚШ-тың 500 миллион доллар тұратын ұшағын жойды Ирандық БАҚ АҚШ-тың алыс қашықтағы радиолокациялық бақылау және басқару ұшағы - E-3 AWACS-ке тиесілі делінген суреттерді жариялады. Мәлімет бойынша, бұл ұшақ Сауд Арабиясындағы ханзада Сұлтан атындағы әуебазаға жасалған соққы кезінде қатты зақымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Суреттерде ұшақтың екіге бөлінгені байқалады. Егер бұл ақпарат ресми түрде расталса, онда бұл - E-3 ұшағы алғаш рет қақтығыс кезінде жойылды деген сөз. Boeing E-3 Sentry, яғни AWACS (Airborne Warning and Control System) - бұл ұшатын басқару орталығы әрі қуатты радар. Оның төбесінде орналасқан үлкен айналмалы радар төмен ұшатын нысандарды да анықтай алады, мұндай нысандарды жердегі радарлар жиі байқамайды. Оның бақылау радиусы 400 шақырымнан асады. Стационарлық радарлардан айырмашылығы - AWACS әлемнің кез келген нүктесіне жылдам жетіп, баллистикалық зымырандармен жою қиынырақ. Ұшақтағы офицерлер жойғыш ұшақтардың әрекетін үйлестіріп, нысанаға бағыттайды, әуеде жанармай құю процесін басқарады және әуе кеңістігінің қауіпсіздігін бақылайды. Соңғы буындағы толық жабдықталған бір ұшақтың құны шамамен 400–500 миллион доллар немесе одан да жоғары. Фото: t.me/iribnews Фото: t.me/iribnews Иранның Сауд Арабиясындағы әуебазаға жасаған шабуылын америкалық БАҚ та растады. Мәлімет бойынша, 12 америкалық әскери қызметкер жарақат алған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Танымал блогерге іздеу салынды: ведомство ақпарат жариялады Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында блогер Ильяр Ювашевке қатысты іздеу туралы мәлімет жарияланды. Аптаның басында оған іздеу жарияланған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іздеу деректеріне сәйкес, блогерге қатысты іздеу ісі Астанада тіркелген. Істі Қаржы мониторингі агенттігі бастаған. Іздеуді агенттіктің елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр. Бұған дейін танымал қазақстандық блогер "Ильярчик" (andersonchik1) елімізде лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікпен мемлекетаралық іздеуге жарияланғаны хабарланған еді. qamqor.gov.kz Ведомство мәліметінше, Ильяр Ювашев Салаватович 2024–2025 жылдары mellstroy.game сайтының ішінде интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан. ҚМА мәліметінше, қаржы ағынын заңдастыру және операцияларды жасыру үшін 22 жалған заңды тұлға тіркелген. Сондай-ақ, POS-терминалдар мен электрон төлем құралдары пайдаланылып, ойыншылардан 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Еске салайық, Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сотта жауап беру үшін блогерлер Жолшыбеков пен Нұртаза жеткізілмек. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жапон ғалымдары кофенің жаңа пайдасын анықтады Жапон ғалымдары кофедегі полифенолдардан ағзада түзілетін кофе қышқылының колоректал обыр жасушаларының өсуін қалай тежейтінін молекулалық деңгейде анықтады. Зерттеу Scientific Reports журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Газета.Ru" басылымына сілтеме жасап. Бұған дейін эпидемиологиялық деректер кофе ішу мен ішек қатерлі ісігінің даму қаупінің төмендеуі арасында байланыс барын көрсеткен еді, алайда оның нақты тетіктері белгісіз болып келген. Киото префектуралық медицина университетінің ғалымы Мотоки Ватанабэ жетекшілік еткен зерттеушілер сусын құрамындағы жекелеген компоненттердің рөлін нақтылауды мақсат етті. Кофе құрамындағы полифенолдар, соның ішінде хлороген қышқылы, ішекте ыдырап, кофе қышқылына айналады. Ғалымдар ісік жасушаларына дәл осы қосылыстың әсерін молекулалық деңгейде зерттеді. Тәжірибелер кофе қышқылын қосқанда қатерлі ісік жасушалары колонияларының түзілуі айтарлықтай тежелетінін көрсетті. Бұл зат бұрын колоректал обыры бар науқастардағы қолайсыз болжаммен байланыстырылған RPS5 ақуызымен байланысады. Қосымша зерттеулер RPS5 белсенділігін тежеу ісік жасушаларының жасушалық циклін ДНҚ көшірілуіне дайындық кезеңінде тоқтататынын көрсетті. Сонымен қатар кофе қышқылы да, RPS5 экспрессиясының төмендеуі де жасуша бөлінуінің негізгі реттеушісі саналатын cyclin D1 ақуызы деңгейінің азаюына әкелген. Авторлардың мәліметінше, RPS5 посттранскрипциялық реттелу деп аталатын тетік арқылы ақпараттық РНҚ мөлшерін, соған сәйкес cyclin D1 синтезін де бақылайды. Кофе қышқылы осы ақуызбен байланысып, оның қызметін бөгейді де, соның нәтижесінде ісіктің өсуін баяулатады. "Бұл нәтижелер кофе қышқылының құрылымы негізінде туындылар жасап, RPS5-ке бағытталған обырдың алдын алу мен емдеудің жаңа стратегияларын әзірлеуге көмектеседі деп үміттенеміз", – деді Ватанабэ. Сонымен қатар, ғалымдар бұл зерттеулердің зертханалық жағдайда, жасушаларға жүргізілген бастапқы тәжірибелер екенін атап өтті. Алынған нәтижелер кофе ішу ішек обырынан тікелей қорғайтынын дәлелдемейді. Бұдан бөлек, сусын құрамында кофеин мен өзге де заттар бар, сондықтан ол бәріне бірдей жарай бермейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран президенті көрші елдерге тағы да үндеу жасады Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерге тағы да үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Пезешкиан Тегеран "алдын ала соққы жасамайтынын" атап өтті. Алайда Иран өз инфрақұрылымы мен экономикалық орталықтарына жасалған кез келген шабуылға "барынша қатал жауап қайтаратынын" жеткізді. "Егер дамуды да, қауіпсіздікті де қаласаңыздар, өз жеріңізде тұрып, жауымызға қосылып, бізге қарсы соғыспаңыздар", – деп жазды Иран президенті X әлеуметтік желісінде, аймақ мемлекеттеріне үндеу жолдап. Бұған дейін Иран президенті Наурыз мерекесіне орай көршілес мұсылман елдеріне үндеу жасап, өз елінің көршілерімен қақтығысуды көздемейтінін мәлімдеген еді. Оның сөзінше, Иранның көршілес мұсылман мемлекеттерімен текетіресінен ұтатын жалғыз тарап – "мемлекеттік терроризмге негізделген" Израиль режимі. Пезешкиан АҚШ пен Израильдің шабуылдары аясында халықты бірлікке шақырып, Иранды "дауылдардың арасынан абыроймен алып шығу" қажетін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түрік сериалдарының жұлдызы есірткі ісі бойынша ұсталды Танымал түрік актрисасы Ханде Эрчел Ыстанбұл әуежайында ұсталды. Оған есірткі қолдану ісі бойынша іздеу жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі түріктің Cumhuriyet порталына сілтеме жасап. Елге оралғаннан кейін актриса Ыстанбұл сотына жеткізіліп, тергеу аясында жауап берді. Рәсім аяқталған соң ол медициналық сараптамадан да өтті. Сот медицинасы институтында одан қан мен шаш үлгілері алынды. Оны ұстауға санкция бұған дейін берілген, өйткені тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде актриса елден тыс жерде болған. Түркияға оралған соң ол түсініктеме беру үшін сот органдарына өз еркімен келген. Тергеуді Ыстанбұлдың Бас прокуратурасы жүргізіп жатыр. Бұл - есірткіге қатысты іс, оның аясында бұған дейін бірқатар танымал тұлғаны ұстауға ордер берілген. Осы тергеу аясында бұған дейін атақты адамдарға қатысты да ұстау туралы қаулы шығарылған. Олардың арасында актрисаның бұрынғы күйеужігіті, миллионер Хакан Сабанджи, сондай-ақ, Фикрет Орман, Бурак Йылмаз, Дидем Сойдан, Гүзиде Дуран және басқалар бар. Тергеу жалғасып жатыр. Прокуратура әзірге іс бойынша егжей-тегжейлі мәлімет таратқан жоқ, алайда қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп, дәлелдер жиналып жатқаны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Еркебұлан Тоқтар Hype Fighting Asia турнирінің басты жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Арменияда өткен Hype Fighting Asia турнирінің басты жекпе-жегінде Қырғызстан өкілі Марсель Нұрланбек уулуына есе жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Спорт Шредингера" басылымына сілтеме жасап. Жекпе-жек ММА қолғабында, бокс ережесі бойынша өтті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Нұрланбек уулуына берді. Қырғызстандық файтер раундтар есебінде 3:0 нәтижесімен басым түсті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Hype Fighting Championship (@hype.fighting) Осылайша, Тоқтардың жеті жеңістен тұрған сериясы үзілді. Бастапқыда Тоқтар мен Нұрланбек уулуының жекпе-жегі 2025 жылғы ақпанда Nomad Fighting 12 турнирінде өтуі керек болған, алайда сол кезде қырғызстандық файтер айқасқа екі күн қалғанда кездесуден бас тартқан еді. Еркебұлан Тоқтар - ұзақ уақыт поп-MMA-да өнер көрсеткен актер, кейін кәсіби MMA-ға ауысып, қазір 11-3 рекордын тіркеп отыр. Биыл Тоқтар Instagram желісіндегі оқырман саны бойынша Қазақстаннан шыққан UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде бұрын екінші орында тұрған Шавкат Рахмоновты басып озды. Қазір Еркебұланға 2,2 миллион адам тіркелген, ал Шавкатқа - 1,8 миллион. Осылайша, Еркебұлан Тоқтар Қазақстандағы MMA әлеміндегі ең танымал файтер атанды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда отбасыны өлтірді деген күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін – адвокаттар Атырау облысы Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке жаңа айып тағылды. Енді оған екі немесе одан да көп адамды өлтіру бабынан бөлек, қылмысты бірнеше рет жасады деген айып та тағылып отыр. Tengrinews.kz адвокаттардан күдікті қанша жылға сотталуы мүмкін екенін сұрап көрді. Адам өлтіру, ұрлық және алаяқтық Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сәрсемәлиевке тағылған айыптар тізіміне енді Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ғана емес, 13-тармағы да енгізілген. Ол - "Бірнеше рет жасалған адам өлтіру". Бұған қоса, бұған дейін хабарланғандай, істе мынадай қылмыстар да бар: 188-баптың 2-бөлігі – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық"; 190-бап – "Алаяқтық". Прокуратура дерегінше, бұл эпизодтар қаза тапқандардың жеке заттарын жымқыру және олардың малын заңсыз сатумен байланысты. Адвокат Абзал Қасымжанов қылмыстарды саралаудағы айырмашылықты түсіндірді. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде екі түрлі саралау белгісі қарастырылған: "екі немесе одан да көп адамды өлтіру" және "бірнеше рет жасалған адам өлтіру". Бірінші жағдайда әңгіме бір оқиға аясында бірнеше адамның өлтірілуі туралы болса, екінші жағдайда әртүрлі уақытта және әртүрлі жағдайда өлтіру туралы сөз болады," – дейді адвокат. Анықтама: 99-баптың 2-бөлігі, нақты қай тармақ қолданылса да (бұл істе – 1 және 13), 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Қасымжановтың пікірінше, істің қоғамда үлкен резонанс тудыруын және күдіктінің шетелге қашуға әрекеттенгенін ескерсек, сот ең қатаң жаза тағайындауы әбден мүмкін. "Сондай-ақ, қалыптасқан сот тәжірибесін ескерсек, күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал," – деді адвокат. Қылмыстар жиынтығы Сұлтан Сәрсемәлиевке адам өлтіруден бөлек, ұрлық пен алаяқтық та тағылып отыр. Адвокат Самат Әбуев бұл эпизодтардың түпкілікті үкімге қалай әсер ететінін түсіндірді. Оның айтуынша, жаза қылмыстар жиынтығы бойынша, яғни жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен тағайындалады. "Менің ойымша, егер қылмыстың асқан қатыгездікпен жасалғаны дәлелденсе, сот өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауы мүмкін. Нақты санкцияны сот әр істің мән-жайына қарай жеке белгілейді, бірақ қазір іс материалдарын көрмей, нақты айту қиын," – деп түйіндеді адвокат. Атырау облысындағы қанды қылмыс 2025 жылғы 25 желтоқсанда полицияға Атырау облысының Жангелдин ауылында отбасы жоғалып кеткен туралы туыстары хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан. Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды. Фото: полицияның баспасөз қызметі Төрт адам іздестірілді: 66 жастағы Мақсот Қарабалин; 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева; 35 жастағы қызы Мирамгүл Қарабалина; 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев. 6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны, отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев. Күдіктіні іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді. 24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. 9 наурыз кешке Атырау маңындағы Геолог шағынауданынан Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіті табылғаны белгілі болды. Оларды басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев бұрын жалға алған үйдің ауласынан тапқан. 11 наурызда Атырау облысында ұзақ іздеу жұмыстарынан кейін мәйіттері табылған Наурыз бен Мирамгүл Мұқанғалиевтерді жерлеу рәсімі өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада сауда орталығындағы төбелес видеоға түсіп қалды 26 наурызда Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жанжал "Көктал" сауда орталығында болған. Бір топ жасөспірім төбелес шығарып, шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер (@aktivniy_selinograd_talapker) Астана қалалық полиция департаменті жанжал шығарғандардың жеке басы анықталғанын хабарлады. "Барлығы, олардың ішінде кәмелетке толмағандар да бар, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция өкілдері. Сондай-ақ, полиция ата-аналарға балалар тәрбиесіне көбірек көңіл бөліп, олардың бос уақытын бақылап, қоғамдық орындардағы тәртіп нормаларын түсіндіріп отыру қажет екенін еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Йемендегі хуситтер соғысқа ресми түрде араласты Иран қолдайтын йемендік хуситтер Израильдің оңтүстігіне зымыран соққысын жасап, қақтығысқа араласқанын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап. Израильдің оңтүстігінде дабыл қағылып, зымыран қағып түсірілді Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) мәліметінше, 28 наурызда таңертең Йемен аумағынан зымыран ұшырылған. Израильдің оңтүстігіндегі ірі елді мекен Беэр-Шева қаласында және оған жақын аудандарда әуе дабылының сиреналары іске қосылды. Әскерилер зымыранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы қағып түсірілгенін, зардап шеккендер жоғын хабарлады. Айта кетейік, бұл - Иран төңірегіндегі жағдай шиеленіскен сәттен бергі хуситтер тарапынан жасалған алғашқы шабуыл. Хуситтер нысаналы соққы жасалғанын мәлімдеді Мәлімдемеде қозғалыс өкілдері шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойындарына алып, нысана ретінде Израильдің "сезімтал әскери объектілері" таңдалғанын айтты. Олардың сөзінше, соққы "баллистикалық зымырандардың жаппай ұшырылуы" арқылы жасалған. Әскери араласу жөніндегі ескертулер Шабуылдың алдында хуситтер қақтығысқа араласуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Қозғалыстың әскери қанатының өкілі Яхья Сари егер АҚШ пен Израиль коалициясы кеңейсе немесе Қызыл теңіз Иранға қарсы операциялар үшін пайдаланылса, топ тікелей әскери әрекеттерге көшуі мүмкін екенін айтқан. Сондай-ақ, ол Иран мен "қарсылық осіне" қарсы әрекеттердің күшеюі жауап шараларына негіз болатынын атап өтті, алайда олардың сипатын нақтыламады. Қақтығыстың кеңею қаупі Бақылаушылардың бағалауынша, хуситтердің араласуы қақтығыстың аумағын кеңейтуі мүмкін. Қозғалыстың алыс қашыққа соққы жасау мүмкіндігі бар және Қызыл теңіз аймағындағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне әсер ете алады. Бұған дейін Иранға одақтас күштер Ливан мен Иракта басталған қарсы тұрысқа тартылған болатын. Ал хуситтер осы уақытқа дейін тікелей әскери әрекеттерге қатысатынын жарияламаған еді. Хуситтердің ұстанымы және кейінгі мәлімдемелер Яхья Сари өз үндеуінде қозғалыс Қызыл теңіздің Иранға немесе аймақтағы басқа елдерге қарсы "жаулық операциялар" үшін пайдаланылуына жол бермейтінін айтты. Сондай-ақ ол "Йемен қоршауының күшейтілуіне" жол берілмейтінін ескертті. Бұдан бөлек, хуситтер АҚШ пен Израильдің Иранға және одақтас аумақтарға жасаған соққыларын тоқтатуға, сондай-ақ, Газа секторындағы атысты тоқтату жөніндегі келісімді орындауға шақырды. Контекст 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылынан кейін Газа секторында соғыс басталды. Осыдан соң хуситтер палестиналықтарды қолдайтынын мәлімдеп, Қызыл теңіздегі халықаралық кеме қатынасына шабуыл жасай бастады. Кейін олар Израиль аумағына зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды да ұшырды, бұл Израиль мен АҚШ-тың Йемендегі олардың позицияларына жауап соққылар жасауына себеп болды. Шабуылдар 2025 жылғы қазанда АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен ХАМАС арасында жасалған атысты тоқтату келісімінен кейін тоқтатылған еді. Бұған дейін Иран өз аумағына, соның ішінде аралдарына құрлықтан басып кіру жағдайында Қызыл және Араб теңіздерін жалғайтын Баб-эль-Мандеб бұғазын жабуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Бұл бұғаз Йеменнің аумақтық суларының бір бөлігі болып саналады. Наурыздың ортасында жоғары лауазымды йемендік әскери қолбасшы Абед әл-Тавр хуситтер Иран жағында соғысқа араласқан жағдайда АҚШ пен Израиль үшін Баб-эль-Мандеб бұғазын жабуы мүмкін екенін айтқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда жалған лицензия алған 400-ден аса компания әшкереленді Алматыда "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесіне әдейі жалған мәліметтер енгізу арқылы құрылыс саласында лицензияны заңсыз алу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген бір топ адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы" КММ қызметкерлерімен сөз байласқан осы схеманың мүшелерінің әрекетіне тосқауыл қойылған. Тергеу деректеріне сүйенсек, 2021 жылдан бері күдіктілер өздеріне бағынышты компаниялар арқылы жүйеге өндірістік базалар, арнайы техника және білікті инженерлік-техникалық қызметкерлер бар деген жалған мәліметтер енгізіп отырған. Ал іс жүзінде бұл талаптар сақталмаған. Соның салдарынан белгіленген біліктілік талаптарын айналып өтіп, 400-ден астам заңды тұлға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында I санаттағы лицензия алған. Тінту барысында тергеу үшін маңызы бар құжаттар мен заттар тәркіленді. Тергеу мәліметінше, мұндай "қызметтерді" рәсімдеп беру үшін ұйымдастырушылар 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған. Тергеу жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған студент өлі табылды Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған 17 жастағы студент өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірімнің із-түзсіз жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Гагарин бөгетінің маңындағы қамысты аумақтан оның денесін тапқан. Зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. Мән-жай Еске салайық, 17 жастағы студент Владимир Орел 17 наурызда жатақханадан шыққаннан кейін жоғалып кеткен. Оны іздеу жұмыстары ауқымды түрде жүргізілді. Оған полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілер жұмылдырылды. Тобыл өзені маңындағы аумақ пен қаланың шет жақтары күн сайын мұқият тексеріліп, бейнебақылау камераларының жазбалары да зерттелді. Бұған дейін жасөспірімнің анасы көмек сұрап, қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды полицияға хабарласуға шақырған видео жариялаған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бұл – әскери операция“: Трамп Конгрестің мақұлдауын қажет етпейтінін мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс соғыс емес екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл - әскери операция, сондықтан оған Конгрестің мақұлдауы қажет емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл туралы Майамиде өткен болашақ инвестициялар бастамасына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде айтты. Трамп Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды әскери операция деп атағанды жөн көретінін атап өтті. "Егер бұл әскери операция болса, маған мақұлдау қажет емес. Егер бұл соғыс болса, онда Конгрестің мақұлдауын алу керек. Сондықтан мен мұны әскери операция деп атаймын", - деді ол. Бұған дейін CBS News Трамп Иранмен қақтығысты "соғыс" деп атаудан бірнеше рет бас тартқанын жазды. Өкілдер палатасының республикалық қанаты ұйымдастырған қаражат жинау шарасында ол "соғыс" сөзін қолданбайтынын айтты. "Мен "соғыс" сөзін қолданбаймын, өйткені "соғыс" сөзін қолдансаң, бұл онша дұрыс емес деп айтады. Оларға "соғыс" сөзі ұнамайды, өйткені оны жүргізу үшін мақұлдау қажет деп есептеледі. Сондықтан мен "әскери операция" сөзін қолданамын, ал шын мәнінде бұл - соғыс", - деді ол. Бұған дейін ол журналистерге бұл қақтығысты "бізді соғыстан сақтап қалатын уақытша шара" деп қарайтынын айтқан болатын. Ол Иранмен соғыс қысқа мерзімді қақтығыс екенін және оның жуық арада аяқталады деп үміттенетінін жиі мәлімдеген. АҚШ Конституциясына сәйкес, соғыс жариялау құқығы Конгреске тиесілі. Ал президент қарулы күштердің бас қолбасшысы болып саналады. 1970-жылдары қабылданған Әскери өкілеттіктер туралы заң, әдетте, егер Конгресс күш қолдануға санкция бермесе, әскери әрекеттерді 60 күнмен шектейді. Демократтар Трамп Иранға соққы жасаған кезде Конгрестің алдын ала мақұлдауын алмай, заңды негізсіз әрекет етті деп есептейді. Сондай-ақ, олар Иран АҚШ үшін "тікелей төнген" қауіп болды дегенге күмән келтіреді. Соғыс басталғалы бері Сенаттағы демократтар Конгресс рұқсат бермесе, АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылын тоқтату туралы үш рет дауыс берген, алайда бұл бастамалар негізінен республикашылдардың қарсылығына байланысты өтпей қалған. АҚШ пен Израиль Иранға қарсы соғысты 28 ақпанда бастады. Басталғанына бір ай өткен соң, бұл қақтығыс өңірлік текетіреске ұласу қаупін күшейтті - Йемен хуситтері Иран жағында соғысқа араласуға дайын екенін мәлімдеді. Бұған дейін БАӘ мен Сауд Арабиясы да АҚШ пен Израиль жағына қосылуы мүмкін екенін айтқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресейдегі жаппай төбелес: СІМ жаңа мәліметтерді жариялады Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейде Ленинград облысындағы жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді. Онда Қазақстан азаматтары да болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың растауынша,26 наурызда Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде жанжал шыққан, оған Қазақстан азаматтары да қатысқан. "Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объектив анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тиісті процестік әрекеттерді жүзеге асырды. Жанжалға қатысқандар ұсталды", - делінген хабарламада. Қазір тергеу шаралары жалғасып жатыр. "Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Қазақстан азаматтарының арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатқызу қажет адамдар жоқ", - деп атап өтті Жетібаев. Сондай-ақ, оқиға орнындағы жағдай тұрақты екені және құзырлы қызметтердің бақылауында тұрғаны айтылды. Ведомство өкілдері Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулдығы қызметкерлері Ресейдің құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста екенін қосты. Бас консул Қазақстан азаматтарына консулдық-құқықтық көмек көрсету және оқиғаның барлық мән-жайын нақтылау үшін оқиға орнына барған. Мән-жайы Threads-тегі жазбаға сүйенсек, бұл оқиға Усть-Луга кентіндегі вахталық қалашық аумағында болған. Видеода жиналған адамдарға жоғары жылдамдықпен көлік басып кіргені көрінеді. Желі қолданушыларының бірі "қақтығыс Қазақстан азаматтары мен жергілікті күзетшілер арасындағы келіспеушіліктен басталды" деген нұсқаны алға тартты. Сондай-ақ, желіде тағы бір видео пайда болды. Болжам бойынша кадрда кәсіпорын күзеті адамдарды көлікке күштеп тиеп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда алаяқтарға алданған қария көшеде көз жұмды Алматыдағы зейнеткер алаяқтардың арбауына түсіп, оларға қомақты ақша аударған. Сол күні кешке ер адам жедел жәрдем келгенше көшеде қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Марқұмның туыстарының айтуынша, ол 21 наурызда таңертең базарға барған және сол жерде алаяқтардың арбауына түсуі мүмкін. Туыстарының болжамынша, белгісіз адамдар оны қала ішінде түрлі банкоматтарға апарып жүрген. Соның салдарынан қария сегіз адамның есепшотына шамамен 4 миллион теңге аударған. Қайтыс болған кісінің немересі өз үндеуінде атасының қоңырауларға жауап бермегенін, алайда кезекті қоңырауға бейтаныс ер адам жауап беріп, кейін телефонды атасына бергенін айтты. Оның сөзінше, арғы жақтан бөгде дауыстар естілген. Соңғы сөйлесу кезінде зейнеткер аялдамаға қарай бара жатқанын айтып, алаяқтарға тап болғанын растаған. Сол сәтте оның жағдайы күрт нашарлап, көшеде құлап қалған. Куәгерлер алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырғанымен, ер адам дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды. Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. "Қазір күдіктілердің жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - делінген Алматы полициясының хабарламасында. Қыз атасына көмектесуге тырысқан барлық адамға алғысын айтып, осы оқиғаға қатысты қандай да бір мәлімет көрген немесе білетін жандардан хабар беруін сұрады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бақбақ, жусан, қызғалдақ: қай гүлді терген үшін 13 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін? Көктемде қазақстандықтардың назарын аударатын көп өсімдік пен гүл гүлдей бастайды. Алайда оның көбі Қызыл кітапқа енгізілген, сондықтан оларды жұлу немесе зақымдау қымбатқа түсуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызыл кітапқа қандай өсімдіктер енді? Tengrinews.kz редакциясы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне ресми сауал жолдап, сирек кездесетін өсімдіктер тізімін және оларды заңсыз терген үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын сұрады. Министрліктің мәліметінше, Қазақстанның Қызыл кітабына (2014) өсімдіктің 387 түрі, оның ішінде дәрілік өсімдіктің 65 түрі енгізілген. Сирек кездесетін және қорғалатын түрлердің толық тізімін сілтеме арқылы көруге болады. Сирек өсімдіктердің қатарында Андржевский қалампыры, Виталий бақбақтары және көксағыз, дермене жусан, бұйра лалагүл, меруертгүл, қазақстандық құрақ, сондай-ақ, қызғалдақтың ондаған түрі бар. Атап айтқанда: Альберт, Биберштейн, Борщов, Грейг, қосгүлді, Зинаида, Кауфман, Колпаковский, Корольков, қысқа аталықты, Леман, біртүсті, Островский, кеш, еңкіш, ала күлтелі, Регель және Шренк қызғалдағы. Қандай жаза қарастырылған? Қылмыстық кодекстің 339-бабына және 2023 жылғы "Өсімдіктер дүниесі туралы" заңға сәйкес, сирек кездесетін өсімдіктерді жұлуға, теруге, жоюға, зақымдауға, сондай-ақ, оларды заңсыз сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға немесе сатуға қатаң тыйым салынады. Жаза түрлері: 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылы 12 950 000 теңге); түзеу жұмыстары; бас бостандығын шектеу; үш жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қай өсімдіктерді теруге болады? Тұрғындар жеке және тұрмыстық қажеті үшін жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және өзге де өсімдіктерді тере алады. Бірақ бұл сирек кездесетін және қорғалатын түрлерге қатысты емес. Сондай-ақ, бұл әкімдіктер белгілеген норма шегінде ғана рұқсат етіледі. "Жеке тұлғалар "Өсімдіктер дүниесі туралы" заңның 28 және 32-баптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың ұсынуымен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының (мәслихаттардың) шешімімен бекітілген нормалар шегінде өсімдіктерді тере алады", — деп хабарлады Экология министрлігі. Еске салайық, бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бәйшешек жұлғаны үшін "қатаң" жаза қарастырылатынын айтқан еді. Алайда министрлік ұсынған Қызыл кітаптың ресми тізімінде бәйшешек әзірге көрсетілмеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
25 жастағы испаниялық қыздың эвтаназия таңдауы қызу талқыланып жатыр Барселонада 25 жастағы Ноэлья Кастильо өмірден өтті. Бірқатар ауыр оқиғаны бастан кешірген қыз сал болып қалып, эвтаназия жасау құқығына қол жеткізген еді. Оның оқиғасы қоғамда қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Ноэлья өз өмірі туралы Испанияның Antena 3 телеарнасындағы Y ahora Sonsoles ток-шоуына берген сұхбатында айтып берді. Ол өз өлімін жеделдету туралы шешім қабылдау себептерін түсіндірген. Жасөспірім кезінен бастап оның өмірі оңай болмаған: 13 жасында ата-анасы ажырасып, кейін ол балалар үйіне түскен. Қыз психиатриялық ем қабылдап, оған обсессив-компульсив бұзылыс (ОКБ) және шекара-тұлғалық бұзылыс диагнозы қойылған. Оның айтуынша, 2022 жылы клубта бір топ адам оны зорлап кеткен. Кейін қыз балконнан секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда бұл әрекет ауыр салдарға әкеліп, ол белінен төмен сал болып, мүгедектер арбасымен қозғалатын күйге түскен. Сондай-ақ, ол бірнеше жыл қарым-қатынаста болған бұрынғы серіктесі тарапынан да зорлық көргенін мәлімдеген. "Отбасымның ешқайсы эвтаназияны қолдамайды. Бірақ осы жылдар бойы бастан өткерген барлық азабыммен қалай өмір сүруім керек?" - деген еді ол. Испанияда эвтаназия қалай жүзеге асады? Испания эвтаназияны 2021 жылы заңдастырып, Еуропалық одақта мұны заңмен рұқсат еткен алғашқы елдердің бірі болды. Рұқсат алу үшін науқас бірнеше кезеңнен өтуге тиіс: арасы кемінде 15 күн болатын екі жазбаша өтініш беру; тәуелсіз медициналық тексеруден өту; өңірлік комиссияның мақұлдауын алу. SkyNews мәліметінше, заң қабылданар алдында жүргізілген сауалнамалар бойынша, ел тұрғындарының шамамен 90 пайызы оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды қолдаған. Отбасының сот дауы Ноэльяның эвтаназия жасау құқығы ұзаққа созылған сот дауларының нысанына айналды. Оның әкесі Джеронимо Кастильо қызы психикалық бұзылыстарына байланысты саналы әрі салмақты шешім қабылдай алмады деп есептеген. "Христиан заңгерлері" ұйымының қолдауымен ол бұл құқықты сотта даулауға тырысқан. Іс Испанияның Конституциялық сотына дейін жетіп, ақырында сот оның уәждерін қанағаттандырмай, ешқандай заңбұзушылық анықтамаған. Еуропалық адам құқықтары сотына жүгіну әрекеттері де нәтиже бермеген. "Ол менің шешімімді құрметтеген жоқ және ешқашан құрметтемейді", — деген еді қыз. Соңғы күндері мен шешімі Ноэлья эвтаназияға рұқсатты 2024 жылы алған, алайда сот дауларына байланысты рәсім кейінге шегерілген. Сот процестері аяқталғаннан кейін оған эвтаназия өткізу күні белгіленді: 2026 жылғы 26 наурыз, Испания уақыты бойынша сағат 17:00. Осыдан аз уақыт бұрын ол соңғы сұхбатын берген. "Ақыры бұған қол жеткіздім. Енді, бәлкім, шынымен тыныштала алатын шығармын", — деген ол. Сонымен қатар, ол өз оқиғасының ешкімге үлгі болғанын қаламайтынын ерекше атап өткен. Бұл оқиға неге көпшіліктің назарын аударды? Оның оқиғасы Испанияда ғана емес, бүкіл әлемде қызу талқыланып жатыр. Бір жағынан, адамның өз өміріне өзі билік ету құқығы мәселесі көтерілді. Екінші жағынан, әсіресе психикалық бұзылыстармен байланысты жағдайларда эвтаназия жасау-жасамау туралы пікірталас жүрді. "Әкенің, ананың немесе әпке-қарындастың бақыты қыздың өмірінен маңызды болмауға тиіс", - деген еді Ноэлья. Өмірде қиындықтардан шығатын жол жоқтай көрінген сәттерде тегін сенім телефондары мен психологиялық қолдау қызметтері көмекке ете алады. Қазақстанда мұндай қызмет бірнешеу. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Астана мен Алматының тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "28 наурызда Алматы, Астана, Павлодар қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жылы әрі жауын-шашынсыз: 28 наурызда ауа райы қандай болады? Қазақстанның басым бөлігінде 28 наурызда жауын-шашынсыз күн болжанады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аудандарында кей уақытта найзағай соғып, жаңбыр жаууы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. Астана - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыс бағыттарынан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 12-14 градус жылы. Алматы - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 4 градус жылыға дейін, күндіз 10-15 градус жылы. Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 26-28 градус жылы. Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел шығыс бағыттарынан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, күндіз 12-17, облыстың оңтүстік-шығысында 9 градус жылы. Көкшетау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттарынан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 14-16 градус жылы. Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-12 градус жылы, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 1 градус аяздан 4 градус жылыға дейін, күндіз 20-25, таулы аудандарда 10-15 градус жылы. Қонаев - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 20-22 градус жылы. Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 4 градус жылыға дейін, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы, таулы аудандарда 6 градус аяз, күндіз 15-20, шығысында және таулы аудандарда 12 градус жылы. Талдықорған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 14 метрге дейін. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 18-20 градус жылы. Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр, солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, солтүстігінде және таулы аудандарда 5, күндіз 25-30, солтүстігінде және таулы аудандарда 21 градус жылы. Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы. Батыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың батысында және оңтүстігінде жаңбыр. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, күндіз батысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 12, күндіз 17-22, оңтүстігінде 25 градус жылы. Орал - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 17-19 градус жылы. Атырау облысы - түнде облыстың батысында және оңтүстігінде жаңбыр, күндіз жаңбыр. Облыстың батысында және оңтүстігінде найзағай. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 9-14 метр, облыстың шығысында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, солтүстік-батысында 7, күндіз 18-23, батысында 15 градус жылы. Атырау - құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 18-20 градус жылы. Маңғыстау облысы - жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында кей уақытта қатты жаңбыр. Облыстың батысында тұман. Орталық бөлігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстікке ауысып, секундына 9-14 метр, батысында, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20, кей уақытта 23 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 15-20, облыстың батысында 11 градус жылы. Ақтау - бұлтты, жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең кей уақытта қатты жаңбыр, тұман. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстікке ауысып, секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-18 метр. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 11-13 градус жылы. Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Жел шығыстан секундына 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, батысында және оңтүстігінде 12, күндіз 17-22, оңтүстігінде 25 градус жылы. Ақтөбе - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан секундына 7-12 метр, екпіні 15 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 20-22 градус жылы. Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градус жылыға дейін, күндіз 12-17, шығысында 9 градус жылы. Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан түнде секундына 5-10, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 14-16 градус жылы. Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, шығысында 6 градус аяз, күндіз 6-11, батысында және оңтүстігінде 14 градус жылы. Павлодар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 8-10 градус жылы. Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, шығысында 5 градус аяз, күндіз 12-17, батысында 7, оңтүстігінде 20 градус жылы. Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 14-16 градус жылы. Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20, күндіз солтүстігінде кей уақытта 23 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, шығысында 1 градус аяз, күндіз 18-23, шығысында 15 градус жылы. Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 градус жылы. Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, солтүстігі мен шығысында 8-13 градус аяз, күндіз 7-12, шығысында 3 градус жылы. Өскемен - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы. Абай облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, оңтүстік-батысында 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, шығысында 6 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус жылы, күндіз 8-13, оңтүстігінде 18, шығысында 5 градус жылы. Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 9-11 градус жылы. Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл. Жел шығыстан түнде секундына 9-14 метр, солтүстігінде, шығысында және орталығында 15-20 метр, күндіз 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 23-28 градус жылы. Қызылорда - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта шаңды дауыл. Жел шығыстан секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы. Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығысында шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, солтүстігінде және таулы аудандарында 3, күндіз 18-23, солтүстігінде және таулы аудандарында 15 градус жылы. Тараз - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Үш адамның өмірі үшін 10 жыл тым аз“ - марқұмдардың жақындары Алматыдағы ірі жол апаты туралы Алматыда үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты әлі де БАҚ назарында. Қаза болғандардың отбасылары ашық сот процесін және күдіктіге тағылған айыпты ауырлатуды талап етіп жатыр, толығырақ - Tengrinews.kz. әл-Фараби даңғылындағы жол апатының құрбандары: жақындарының естеліктері Қайғылы оқиғаның құрбандарының бірі - 22 жастағы К. Сәуір айында ол 23 жасқа толар еді. "Ол өте белсенді болатын, бизнеспен айналысып, Түркия мен Қытайдан тауарларды өзі таситын. Отбасындағы жалғыз қыз еді. Біз 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін бірге оқыдық және 10 жылдан аса уақыттан бері байланыста болдық. 22 наурызда түсте оның туыстарының бірі сыныптастар чатына: "одан айырылып қалдық" деп жазды. Мен соңына дейін сенбедім, біреудің орынсыз қалжыңы шығар деп ойладым, өйткені оның Instagram парақшасында қайғылы оқиғадан небәрі бір сағат бұрын жазылған стористері тұрған еді", – дейді марқұмның құрбысы. Ескерту: Марқұмның құрбысы аты-жөнін жасыруды сұрады. ҚР ІІМ видеосынан кадр Оның айтуынша, көлікте К.-мен бірге Т. есімді бойжеткен және жүргізуші Е. болған. "Құрбымның телефонынан туыстары Zeekr олардың көлігіне соғылған сәттің видеосын тауып алды. Жүргізуші басқа көлікті басып озбақ болып, рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен болуы мүмкін. Видеоға қарағанда, жылдамдық өте жоғары болған. Сағатына 200 шақырымнан асады", – дейді марқұмның құрбысы. Сондай-ақ марқұмның құрбысы К.-ның ата-анасы әлі де есеңгіреп жүргенін хабарлады. "Жол апаты бір емес, бірден үш жастың өмірін қиды. Біздің ойымызша, үш адамның өмірі үшін 10 жыл жаза өте аз", – деп түйіндеді ол. "Ашық сотты талап етеміз" - қаза болған жігіттің әпкесі Mercedes тізгінінде болған марқұм Е.-нің отбасы сот процесінің барынша ашық өтуін талап етіп отыр. "Біз ашық сотты, кінәлі адамның кім екенін ресми растауды және оның әрекетін қасақана жасалған деп тануды талап етеміз. Бұл оны немесе оның отбасын көпшіліктің талқысына салу үшін емес, желіде тарап жатқан жалған ақпаратты жоққа шығару үшін қажет. Бұл апатқа еш қатысы жоқ адамдарға жала жабқан пікірлер бірнеше рет жарияланды", - деді ол. ҚР ІІМ видеосынан кадр Zeekr жүргізушісіне қандай жаза берілуі мүмкін: адвокаттың пікірі Қайтыс болған Е.-нің отбасының мүддесін сотта адвокат Олег Чернов қорғайтын болады. Ол бұл іске тегін (pro bono) негізде кіріскенін айтты. "Біз жүргізуші А.-ның бұған дейінгі әрекеттерін тексеру үшін сұраныстар жолдаймыз. Бұл жылдамдықты асырудың жалғыз жағдайы ма, әлде бұрын да болған ба? Оған жүргізуші ретінде мінездеме беру үшін камераларға неше рет түскенін, жылдамдықты неше рет асырғанын анықтаймыз", – деді адвокат. Жеңілдететін мән-жайлар және алкогольге сараптама Мәлім болғандай, сот санкциясымен Zeekr автокөлігінің күдікті жүргізушісі қамауға алынды. Бұған дейін ІІМ апат кезінде оның жеңіл дәрежедегі мас күйде болғанын хабарлаған еді. Соған қарамастан, адвокат мастық дәрежесі әлі нақты анықталмағанын, оның жеңіл дәрежеден жоғары болуы мүмкін екенін атап өтті. "Ол жеңіл де, орташа да болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштердің арасында промилле деңгейі бойынша өте нәзік шек бар. Нақты қорытындыны нәтижелерді алғаннан кейін жасауға болады", - деді ол. ҚР ІІМ видеосынан кадр Қаза болғандардың туыстары бапты ауырлатуды талап еткенімен, адвокат қолданыстағы заңнама аясында және мән-жайларды ескергенде бұл екіталай деп есептейді. Оның үстіне, заңгер кінәлі адам заңда қарастырылған ең жоғары 10 жылдық жазаны да алмауы мүмкін деп болжайды. "Меніңше, сот кінәсін мойындау, кәмелетке толмаған балаларының болуы, тергеумен ынтымақтастық сияқты жазаны жеңілдететін мән-жайларды да ескеретін болады", – дейді адвокат. ҚР ІІМ видеосынан кадр Адвокат Олег Чернов барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп, дәлелдемелер жиналып, сараптама қорытындылары алынғаннан кейін іс сотқа берілетінін түсіндірді. "Мұндай істерде бірқатар күрделі сараптамалар, соның ішінде сот-медициналық сараптама тағайындалады. Әдетте олар бір айға дейін созылады, бірақ мерзім ұзаруы да мүмкін. Барлық қажетті зерттеулер, соның ішінде біздің өтінішіміз бойынша тағайындалғандары да аяқталған соң, нәтижесін күтеміз. Сонымен қатар тергеу амалдары да жүргізіледі", - деді ол. Сөз соңында ол жәбірленуші тараптың келісімімен ашық сот процесін талап ететінін баса айтты.
Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды Қазгидромет 28, 29, 30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қай өңірлерде жауын-шашын жауады? Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы болады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстіктің таулы жерлерінде кейбір күндері атмосфералық фронттар өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнгі, таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түседі. Күндізгі ауа температурасы: батыста +18…+27 градусқа дейін, солтүстікте +10…+17 градусқа дейін, орталықта +15…+25 градусқа дейін, шығыста +12…+20 градусқа дейін, оңтүстікте +23…+30 градусқа дейін жылынады, ал оңтүстік-батыста температура сәл төмендеп, +13…+20 градус шамасында болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбе облысында  шенеунік пен депутаттар алаяқтық үшін сотталды Ақтөбеде пәтер алаяқтығы ісі бойынша үкім шығарылды. Айыпталушылар қатарында алаяқтық және қаражатты заңдастыру бойынша айыпталған шенеунік пен депутаттар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Схема қалай жұмыс істеді? 2025 жылғы ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет (қазіргі ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі - ред. еск.) Мұғалжар ауданы құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты тергеу жүргізілгені туралы хабарлады. Олар әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үй ретінде 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеудің егжей-тегжейі Сотталушы Д. жалған құжаттар дайындауды ұйымдастырып, сол арқылы ЖШС-нің 100 пайыз үлесін заңсыз иемденген. Сонымен қатар, сотталушылар алдын ала сөз байласу арқылы бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған. Сотталушы К. жатақхананы тұрғын үйге айналдырып, сотталушы С-тің көмегімен талаптарға сай келмейтін нысанды мемлекеттік сатып алуға қатыстырып, жеңімпаз етті. Нәтижесінде мемлекет 70 пәтер үшін 672 млн теңге төлеген. Тараптардың ұстанымы Сот талқылауы барысында айыпталушылар кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Жәбірленуші тараптың өкілі 672 миллион теңге көлеміндегі залалды өндіріп алу туралы азаматтық талап арыз берді. Мемлекеттік айыптаушы екі айыпталушыға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын, үшіншісіне — 6 жыл және мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойы тыйым салуды сұрады. Сот үкімі Айыпталушы Д. аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойы тыйым салына отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Құжаттарды қолдан жасау эпизоды бойынша қылмыс құрамы болмағандықтан ақталды. Екінші айыпталушы К. алаяқтықты ұйымдастырғаны және қылмыстық табысты заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үшінші айыпталушы С. алаяқтыққа жәрдемдескені үшін сотталды. Оған мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойы тыйым салына отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Материалдық залалды өтеу туралы азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қырғызстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы үйқамаққа алынды Сот Қырғызстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Мелис Тұрғынбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қырғызстандық БАҚ-қа сілтеме жасап. 24.kg мәліметінше, Бішкек соты Мелис Тұрғынбаевты үйқамаққа жіберген. Сондай-ақ Қырғызстан Ұлттық банкінің экс-басшысы жемқорлық туралы қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны хабарланды. Еске сала кетейік, Мелис Тұрғынбаевтың ұсталғаны 25 наурызда белгілі болған еді. Ол кезде БАҚ ІІМ тергеу қызметінің өкілдері оны "Қырғызмұнайгаз" ААҚ-ына қатысты іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға шақырғанын хабарлаған. Тергеу амалдары нәтижесінде Ұлттық банктің бұрынғы басшысы ұсталды. БАҚ мәліметіне сәйкес, Мелис Тұрғынбаев мұнай-газ саласында бірқатар басшылық қызметтер атқарған. Атап айтқанда, "Қырғызмұнайгаз" ААҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болған. Сондай-ақ ол табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі лауазымын атқарып, кейін Қырғызстанның Ұлттық банкін басқарған.
Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу пунктін уақытша жапты Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу пунктін уақытша жапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Росгранстрой мәліметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы тарапынан Берсуат өзенінің тасуына байланысты 2026 жылғы 27 наурыздан бастап Қостанай облысындағы Желқуар (Ресей жағында - Мариинский) шектес автомобиль өткізу пункті арқылы адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. "Осы себепті Ресей жағындағы Челябинск облысында орналасқан Мариинский автомобиль өткізу пункті арқылы қозғалыс уақытша тоқтатылды", - делінген Росгранстрой хабарламасында. Сондай-ақ ведомство азаматтар мен көлік иелерін мемлекеттік шекараның Ресей-Қазақстан учаскесінен өтуді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруге шақырды.
Желге ұшқан миллиардтар. Қостанай облысында жүргізілген аудит қорытындысы жарияланды Жоғары аудиторлық палата Қостанай облысында мемлекет ресурстарының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аудиторлық қорытындыға сәйкес облыста жалпы өңірлік өнімнің өсуі байқалады. Алайда әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері орнықты түрде дамып жатқан жоқ. Атқарушы органдар деңгейінде басқару мен жоспарлауда жүйелі олқылықтар бар. Жергілікті бюджет кірісі 2020-2024 жылдары 75 пайыз өскен, бұл ретте меншікті кірістердің үлесі небәрі 7 пайыз, яғни 29 пайыздан 36,1 пайызға дейін ұлғайды. Бюджетті атқару кезінде 19 млрд теңге пайдаланылмаған бос қалдық қаражаты бола тұра 30 млрд теңге көлемінде қарыз алу фактісіне жол берілгені анықталды. Бұл шығыстарды жоспарлау мен борыштық жүктеме арасындағы сәйкессіздікті көрсетеді. Тікелей шетелдік инвестициялар ағынының серпіні төмен деңгейде сақталып отыр. Құны 188 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жобаның ішінен 6 жоба пайдалануға берілмеген, ал оларды 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Облыстың даму бағдарламасының орындалуында кемшіліктер бар. 2022-2024 жылдары оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарынан жыл сайын 12-ден бастап 164-ке дейін бюджеттік инвестициялық жоба алып тасталып отырған. Бірқатар инфрақұрылымдық жобаны іске асыру барысында жобалау-сметалық құжаттаманың сапасыз әзірленуіне байланысты жүйелі бұзушылықтарға жол берілген. Соның нәтижесінде кейбір объектілер пайдалануға берілмей тұр не құрылыс кезеңінің өзінде түзетулерді қажет етеді. 352 кәсіпкерлік субъектісіне 11 млрд теңге сомасына мемлекеттік қолдау көрсетілгеніне қарамастан, олардың 179-ы қызметін тоқтатқан, ал тағы 168-і жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелерді орындамаған. Бұл көрсетілетін шаралардың тиімділігін мониторингтеу мен бағалаудың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Қаржылық тұрғыдан орнықты жеке бизнесті жасырын субсидиялау белгілері тіркелді. Бұл бәсекелестік қағидаттарын бұзып, ӘКК-нің тиімділігін төмендетеді. Өңірде жол-құрылыс жұмыстарының орындалу сапасына тиісінше бақылау жасалмайды. Тексеру барысында 12 объектіде асфальт-бетон жабынының шөгуі және бұзылған жерлер сияқты әртүрлі ақау анықталды. Мұндай ақаулар бұрын жұмыстар орындалып өткен жерлерде да анықталды. Агроөнеркәсіптік кешен өңірдің негізгі саласы болып қала береді. Алайда жыл сайынғы мемлекеттік қолдауға қарамастан саланың дамуы тұрақсыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2022 жылдан бастап төмендеп, мал басы азайып келеді, ал таратылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны ұлғаюда. Мемлекеттік сатып алу саласында 12 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндерді конкурсқа жіберіп, оларды жеңімпаз деп тану, "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісін негізсіз беру арқылы сатып алудың "ерекше тәртібін" қолдану, сондай-ақ төтенше жағдайды негіз етіп, бір көзден сатып алу фактілері анықталды. Дәрігерлік амбулаториялар салу жобалары бойынша медициналық жабдықтардың құнын арттырып көрсету шамамен 200 млн теңге болды. Бұл ретте жекелеген позициялар жобалау-сметалық құжаттамада көзделген сомадан іс жүзінде 18-46 есе арзан бағада сатып алынған. Жабдықтардың жекелеген түрлерінің бағасы банкрот деп танылған компанияның прайс-парақтары негізінде қалыптастырылған. "Жалпы аудит қорытындысы бойынша 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық, 50 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды", - делінген Жоғары аудиторлық палата хабарламасында. 52 факт бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін жіберілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресейдегі жаппай төбелес: оқиғаға қазақстандықтардың қатысы бар ма? Әлеуметтік желілерде Ленинград облысында (Ресей) болған қақтығыс кадрлары тарап жатыр. Желідегі мәліметтерге қарағанда, жаппай төбелесте Қазақстан азаматтары да болған. Жағдайға қатысты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Не болды? Threads-тегі жазба бойынша, оқиға Усть-Луга кентіндегі вахталық қалашық аумағында болған. Видеода жиналған топқа асқан жылдамдықпен автокөлік басып кіргені көрінеді. Пікір қалдырушылардың бірі қақтығыс қазақстандықтар мен жергілікті күзетшілер арасындағы келіспеушіліктен басталған деген нұсқаны келтірді. Сондай-ақ күн батпай тұрып түсірілген екінші видео пайда болды. Болжам бойынша, онда кәсіпорын күзеті адамдарды автокөлікке күштеп тиеп жатыр. Threads-тегі видеодан кадр ҚР СІМ пікірі Tengrinews.kz редакциясы ресми пікір алу үшін Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне жүгінді. Ведомство оқиғаның 26 наурызда Усть-Луга кентінде болғанын растады. СІМ оқиғаға қатысушыларды Ресейдің құқық қорғау органдары ұстағанын хабарлады. "Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы 2026 жылғы 26 наурызда Усть-Луга кентіндегі "Велестрой" компаниясының нысанында Қазақстан азаматтарының қатысуымен болған қақтығыс туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысушыларды Ресейдің құқық қорғау органдары мән-жайды анықтау үшін ұстаған. Ресейдің құзыретті органдары мен компания басшылығына ресми сауалдар жолданды", - деп хабарлады СІМ. Министрлік өкілдері зардап шеккен қазақстандықтардың саны мен олардың құқықтық мәртебесін нақтылау үшін дипломаттар Санкт-Петербург пен Ленинград облысының ІІМ-мен байланыста екенін айтты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдай министрліктің бақылауында.
Жастар табанды әрі өнімді еңбек әрдайым лайықты бағасын алатынын көруге тиіс - Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Тихоновичтің ғұмыр жолын жасампаз патриотизмнің, айрықша жанқиярлық пен аса жоғары кәсібиліктің жарқын үлгісі деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Жастар табанды әрі өнімді еңбек әрдайым лайықты бағасын алатынын көруге тиіс. Табыстың оңай келмейтінін түсінгені жөн. Еңбек – бәрін жеңбек. Мейлі, спортта, бизнесте, білімде, ғылымда, далалық жұмыста не зауытта болсын, өз ісіне шын берілген, көздеген мақсаты айқын адамдар өмірлік мұратына жетеді. Құрметті Ерванд Тихонович Ильинский сияқты азаматтар – қоғамның тірегі, ерлік пен еңбекқорлықтың, төзімділіктің жарқын үлгісі. Сондықтан мен сізге альпинизмдегі аса үздік жетістіктеріңіз, сондай-ақ ел спортының дамуына қосқан елеулі үлесіңіз және белсенді қоғамдық қызметіңіз үшін жоғары ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы шешім қабылдадым. Бүгін осы награданы өзіңізге зор құрметпен тапсырамын. Ерванд Тихонович, сізге мықты денсаулық, бақ-береке, мол табыс тілеймін! Альпинистер арасында "Өзіңізді сақтаңыз!" деген сөз жиі айтылады. Сізге және жаныңызда жүріп, серік болған шәкірттеріңізге осы тілекті арнағым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ерванд Ильинский атқарған қызметіне жоғары баға беріп, отандық альпинизмге айрықша көңіл бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. "Мұны Қазақстан альпинистер қауымы жеткен жетістіктердің мемлекет деңгейінде танылуы деп түсінемін. Шын мәнінде, біздің табысымызды шетелдік альпинистер де мойындайды. Осыған куә болғаныма қуаныштымын", – деді ұлттық құраманың тәлімгері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Полиция - қоғам айнасы: генерал “ауқымды тазарту жүргізуге“ қатысты пікір білдірді Сенат депутаты Марат Қожаев үкімет кулуарында Алматыдағы резонанс тудырған жол-көлік оқиғасынан кейін ішкі істер органдарында "ауқымды тазарту" жүргізу қажеттілігі туралы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 27 наурызда мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "шенеуніктер мен бизнесмендердің балалары" мәселесін көтерді. Оның айтуынша, олар жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзып, жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ ол бүкіл ел бойынша полицияны ауқымды тексеруге шақырды. Сынға жауап Әріптесінің мәлімдемесіне пікір білдіре отырып, сенат депутаты Қожаев полицияға қатысты жаппай айыптауларды қолдамайтынын білдірді. Айта кетейік, Марат Қожаев бұған дейін құқық қорғау органдарында көп жыл қызмет етіп, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. "Мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін жаппай қаралағым келмейді. Өзім қызмет еткен ішкі істер органдарының қатарында адал, антқа берік, қызметін абыроймен атқарып жүрген жандар өте көп, тіпті басым көпшілігі дер едім", - деді Қожаев. Сенатордың пікірінше, полицияның жұмысы қоғамның жай-күйімен тікелей байланысты. "Күн сайын көріп жүрсіздер, ішкі істер органдары қызметкерлерінің адамдарға көмектесіп, қолайсыз ауа райында құтқарып, ерлік жасаған сәттерін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та өздеріңіз де таратасыздар. Сондықтан бәріне бірдей күйе жағуға болмайды", - деді Марат Қожаев. Дегенмен, ол қызметкерлердің бір бөлігі "бұл салаға мүлдем басқа мақсатпен келгендер" болып шығатынын айтып өтті. "Біз полицейлерді бір жерде бөлек, инкубаторда өсіріп жатқан жоқпыз. Олар біздің отбасымызда тәрбиеленіп, біздің мектептерде оқып, біздің жоғары оқу орындарын бітіреді, содан кейін ішкі істер органдарына келеді", - деді Қожаев. Резонанс тудырған жол апаты мен жылдамдық туралы Жақында Алматыда болған жантүршігерлік жол апатына қатысты пікір білдіре отырып, Қожаев жолдардағы жағдай туралы да айтты. "Біз түрлі әдісті қолдандық: жылдамдықты шектедік. 60 шақырымдық шектеу қойылғанда, ең алдымен журналистер қауымы кептеліс болады деп қала билігін қатты сынай бастады. Оны 80-ге дейін арттыруды сұрады", -деп еске салды сенатор. Ол жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге қатысты шараларды қатаңдатуды ұсынды. "Жылына 100, 200, 300, тіпті 450-ге дейін құқық бұзушылық жасайтын адамдар бар. Яғни, ол күн сайын бір қатені қайталап, жеңілдетілген айыппұлмен оп-оңай құтылып кетеді. Осындай жүйелі бұзатындар үшін ойын ережесін өзгерту керек. Ең алдымен — олар үшін айыппұл жеңілдіктерін алып тастау қажет", - деп толықтырды Қожаев. Ол бұл шара жүргізушілердің басым бөлігіне әсер етпейтінін баса айтты. "Шын мәнінде жүргізушілердің 95 пайызы заңға бағынатын азаматтар. Бұл тек жол қозғалысы ережелерін елемейтін және өзінің іс-әрекеті өзгелердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін түсінбейтіндерге қатысты", - деді сенатор. Бұдан бөлек, Қожаев құқық бұзушыларға қосымша әсер ету шараларын енгізуді ұсынды. "Бәлкім, адам не істеп жүргенін түсінбейтін шығар. Оның санасы мұны қабылдай алмайтын болар. Ондай адамдарды басқа елдердегідей арнайы тесттерге жіберейік", - деп түйіндеді Қожаев. Айта кетейік, бүгін бұл мәселе бойынша мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қатаң ұстанымын білдірді. "Ішкі істер органдарында ауқымды тазарту қажет қажет. Тек ішкі істер департаментінде ғана емес (Алматыда - еск.), бүкіл Қазақстан бойынша. Жоғары лауазымды шенеуніктердің балалары, ірі бизнесмендердің балалары, ішкі істер органдарындағы қызметкерлер "қорғайтын" мұндай мажорлар тек Алматыда ғана емес, басқа өңірлерде де бар, әр өңірде кездеседі", - деді Базарбек. Мән-жай 21 наурызға қараған түні Алматыда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жол апаты болды. Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы – 20 және 22 жастағы қыздар оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Жаңа деректер ІІМ ZEEKR автокөлігінің күдікті жүргізушісі сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады. Бұл ретте апат кезінде оның жеңіл дәреже мас күйде болғаны нақтыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру ықтималдығы туралы уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғаған. "Ал мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғады", - деді Шыңғыс Әлекешев. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен Алматы Полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды. "Заңбұзушылықтар расталған жағдайда апат қатысушылары да, лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылады", - деді ІІМ-нің өкілі.
Тоқаев әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге “Қазақстанның Еңбек Ері“ атағын табыстады Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қазақстан мен әлем альпинизмінде аты аңызға айналған тұлғамен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді. "Өзіңіздің зор қажыр-қайратыңыз бен аса жоғары кәсібилігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасының көк Туы Жер шарының асу бермес асқарларында желбіреді. Әлемнің ең биік нүктелерін бағындырған тәжірибелі шыңға өрмелеуші, халықаралық турнирлердің жеңімпазы ретінде дүние жүзіне даңқыңыз жайылды. Эверестке шығып, беделді "Жеті шың" клубына мүше болған алғашқы қазақстандық атандыңыз. Сізді елімізде альпинизм мектебінің негізін қалаушы ретінде құрметтейді. Отандық мектеп Қазақстанның жаһандық брендіне айналды. Талап мен тәртіпті қатар қоятын талантты бапкерден бір шоғыр альпинист-спортшылар тәлім алды. Олардың қатарында әлем рекордын жаңартқан, чемпион атанған, халықаралық альпинизм қозғалысының элитасына кірген мықтылар баршылық. Бапкерлікпен шұғылданған уақыт ішінде жүзден астам спорт шеберін даярладыңыз. Шәкірттеріңіздің арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, тіпті, еңбек сіңірген спорт шеберлері де бар. Сіздің жетекшілігіңізбен Қазақстан құрамасы әлемде бірінші болып биіктігі 8 мың метрден асатын барлық 14 шыңға шықты. Мұның өзі бірегей жетістік саналады. Спортшыларымыз альпинизмнің сіз қалыптастырған даңқты дәстүрін жалғастырып, көптеген халықаралық сайыстан табысты оралып жүр," – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Перизат Қайраттың қымбат Mercedes-і саудаға шығарылды Перизат Қайраттан тәркіленген Mercedes-Benz S-450 саудаға шығарылды. Көлік 79,4 миллион теңгеге бағаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Хабарландыру Астана Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қара түсті 2024 жылғы Mercedes-Benz S450 көлігін сату туралы хабарландыру жариялады. Фото sauda.e-qazyna.kz сайтынан Лоттың сипаттамасында автокөлікпен бірге Pandora дабылы бар кілт берілетіні айтылған. Алайда көліктің аккумуляторы отырып қалғандықтан, оның техникалық жай-күйін тексеру мүмкін еместігі нақтыланған. Автокөліктің бағаланған құны — 79 415 000 теңге. Фото sauda.e-qazyna.kz сайтынан Сондай-ақ сипаттамада автокөлікке арест түрінде шектеу қойылғаны көрсетілген. Бұдан бөлек, көлік жекелеген мемлекеттік органдардың теңгеріміне беруге жатпайды. Скриншот: sauda.e-qazyna.kz сайтындағы құжаттан Сауда 2026 жылдың 7 сәуіріне белгіленген. Еске сала кетейік, Перизат Қайраттан тәркіленген мүліктің аукционға шығарылатыны туралы былтыр қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлаған болатын. Перизат Қайраттан тәркіленген мүлік Тәркіленген мүлік қатарында – Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй, Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, Көк Жайлау тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақ орындары; сондай-ақ Mercedes-Benz S450 2024 жылғы, Lexus LX 600 2024 жылғы, Mercedes-Benz EQE 500 4 matic 2023 жылғы, Haval H6 GT 2024 жылғы автокөліктері бар. Сонымен қатар, Перизат Қайраттан "Rebel Flowers" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100 пайыздық үлесі, 97 миллион теңгеден астам қаражат пен 22 мың АҚШ доллары да тәркіленді. Перизат Қайрат туралы не белгілі? Перизат Қайрат - Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. 2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Еске салайық, биыл 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды.
Қазақстан өз “Сингапурын“ салып жатыр: Парламент заң қабылдады 27 наурызда Парламент депутаттары палаталардың бірлескен отырысында "Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат қаланы дамыту үшін ерекше құқықтық режим мен ерекше өкілеттіктерді қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың айтуынша, жоба Алатау қаласын дамыту және инвестиция тарту үшін жағдай жасауға бағытталған. Түзетулер мен жаңа атау "Депутаттардың түзетулері мен заң жобасының нормалары жаңа Конституцияның ережелеріне сәйкес келтірілді. Атауы өзгертілді - енді бұл "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" Конституциялық заң жобасы", - деді Сабильянов. Сондай-ақ арнаулы құқықтық режим қаланың өзінде ғана емес, қала маңындағы аймақта да қолданылатыны нақтыланды. Бизнес пен инвестициялар "Жаңа ұғымдар енгізілді: Алатау қаласының басым салалары, бизнес-лицензия, реттеуші рұқсат және салықтық преференция", - деді депутат. Оның айтуынша, бизнес-лицензия қала аумағында жұмыс істеу құқығын беріп, қызмет шартын айқындайды. Инвестициялық міндеттемелер сомасы, жеңілдіктер мен преференциялар туралы мәліметтер ашық жарияланады. Цифрландыру мен тексерулер "Қала шаруашылығы, инфрақұрылым және қоғамдық қауіпсіздік салаларындағы барлық дерек бірыңғай цифрлық платформаға біріктіріледі", - деді Сабильянов. Ол бизнесті қорғау шаралары күшейтілетінін де айтып өтті. "Тексерісті тек Бас прокуратура органдары жүргізе алады", - деді депутат. Бюджет пен бақылау "Алатау қаласы әкімшілігі бюджетінің атқарылуы туралы есеп үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның жыл сайынғы есептеріне енгізіледі", - деді депутат Нұртай Сабильянов. Сондай-ақ есептілікті жариялау міндеті енгізіледі, ал негізгі шешімдерді Қала кеңесі қабылдайды. Жауапкершілік пен сот "Әкімшіліктің лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ Алатау қаласы әкімі мен оның орынбасарларының жауапкершілігі енгізіледі", - деді Сабильянов. Әкімшіліктің шешімдеріне сот арқылы шағым түсіруге болады. Инклюзия мен экология "Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында әмбебап дизайнды қолдану ұсынылады", - деп толықтырды Сабильянов. Сондай-ақ, оның айтуынша әкімшілік актілері қоршаған ортаны қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуі тиіс, бұл Экологиялық кодексте қарастырылған. Алатау туралы Алатауды өз ережелері, басқаруы және экономикасы болатын жеке "экожүйе" ретінде дамыту жоспарланып отыр. Қаланы дамыту үшін арнайы орган - Alatau City Authority құрылады. Негізгі шешімдер тек үкімет деңгейінде қабылданады. Алатау қаласында шетелдік инвесторларға жер меншікке берілмейді, учаскелер тек нақты жобалар үшін әрі шектеулі шарттар бойынша беріледі. "Жер учаскелері жалға немесе басқа нысанда беріледі. Егер бизнес-жоба бойынша қандай да бір міндеттемелер мен оны іске асырудың белгілі бір мерзімі болса, мысалы, екі жыл ішінде берілген жер телімінде зауыт, фабрика немесе қонақүй салмаса, онда мұндай инвесторларға айыппұл салынады", - деп түсіндірді вице-премьер Қанат Бозымбаев. Алатауды "цифрлық қалаға" айналдыру жоспарланған. Жол, көлік, жарық, коммуналдық қызметтер және тұрғындарға арналған сервистердің барлығы заманауи технология арқылы жұмыс істейді. Жүйелер ақылды болады, деректерді өзі талдап, тиімді жұмыс істейді. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1,8 триллион теңге болатын 44 жобадан тұратын пул қалыптастырылған, олар шамамен 30 мың жұмыс орнын құрады. Инвесторларға түсінікті және тұрақты ережелер ұсынылады: олардың құқықтары заңмен бекітіліп, дауларды халықаралық арбитраж немесе Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы шешуге болады. Арнаулы мәртебе Былтыр қыркүйекте Алатауға арнаулы мәртебе берілген болатын. Президент мұндай аумақтар Қазақстанның біртұтас конституциялық, құқықтық кеңістігінің ажырамас бөлігі саналатынын және солай болып қала беретінін, ал арнаулы құқық режимі тек қаланы дамыту және жеке шарттарға қатысты екенін түсіндірген еді. Бұл қаржылық басқару, салық және сот рәсімдері саласындағы арнайы ережелерге қатысты, инвесторларды тарту және бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін қажет. Мемлекет басшысының айтуынша, оыслайша жер жүзіне Қазақстанды тұрақты, ашық, кедергісіз және ішкі нарықтағы ахуалы айқын ел ретінде көрсетеміз. Мән-жай Алатау қаласы 2024 жылы Жетіген ауылында құрылды. Үкімет оның Бас жоспарын бекітті. Сонымен қатар Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының шекаралары өзгертілді - кейбір аумақ жаңа қаланың құрамына кірді. Картада бұл былай көрінеді: Қала инвестиция тарту нүктесі әрі жаңа іскерлік және инновациялық орталық болуы тиіс. Ірі халықаралық компаниялармен миллиардтаған қаражатқа келісімдер жасалған. Солардың бірі Шэньчжэнь технополисін дамытуға қатысып, енді Alatau City жобасын жүзеге асырмақ.
Енді таныс-тамыр көмектеспейді: депутаттар Алматыдағы жол апатынан кейін ауқымды шаралар қабылдауды талап етті Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы қайғылы жол апатына қатысты қатаң мәлімдеме жасап, жол ережесін бұзып, өзгелерге қауіп төндіретін "шенеуніктер мен бизнесмендердің балалары" мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Үкімет кулуарында журналистер депутат Бақытжан Базарбектен Алматыда резонанс тудырған жол апаты туралы пікірін сұрады. "Мұның қандай салдарға әкелгенін білеміз. Сондықтан, менің ойымша, ішкі істер органдарында ауқымды тазарту жүргізу қажет. Ең алдымен барлық бейнекамераны толық көтеруден бастау керек. Себебі ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған басшылық қызметкер - ол соңғысы емес. Мен өзім Алматыда, әл-Фараби көшесінде тұрамын. Күн сайын көріп жүрмін: спорткарлар, қымбат көліктермен "жүйткіп" жүреді. Бірақ олардың айыппұл төлеп жатқанын, біреудің жұмыстан шығарылғанын немесе жауапкершілікке тартылғанын көрмейміз. Сондықтан ішкі істер органдарында ауқымды тазарту қажет. Тек ішкі істер департаментінде ғана емес (Алматыда - еск.), бүкіл Қазақстан бойынша. Жоғары лауазымды шенеуніктердің балалары, ірі бизнесмендердің балалары, ішкі істер органдарындағы қызметкерлер "қорғайтын" мұндай мажорлар тек Алматыда ғана емес, басқа өңірлерде де бар, әр өңірде кездеседі", - деді Бақытжан Базарбек. Оның айтуынша, жұмыстан босату шаралары тек Алматыда ғана емес, осындай жол апаттары болған басқа да өңірлерде жүргізілуі тиіс. "90-жылдардағыдай мажорлардың дәуірі өтті. Сондықтан, біз - депутаттық корпус - ішкі істер министріне жол қозғалысы жүйесінде тәртіп орнату мәселесін қатаң тапсыру туралы Президентке дәл қазір үндеу жасауға дайынбыз деп ойлаймын", - деді депутат. Ол бұл факторлардың барлығы Қазақстанда күтіліп отырған әкімшілік рақымшылық кезінде ескерілуі тиіс екенін айтты. Тиісті заң жобасы жуырда Мәжіліске келіп түсуі керек. Мән-жайы 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалды, ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Оған қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Толығырақ мына сілтемеде: Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы жол апаты: тағы бір адам ұсталды
Амнистия бойынша кімдердің қарызы кешіріледі: сенатор алғашқы “тізімді“ айтты Қазақстанда алғаш рет айыппұлдарды кешіру бойынша әкімшілік амнистия жасалмақ - қазіргі уақытта бастама талаптарын жұмыс тобы талқылап жатыр. Сенатор журналистерге мұның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Амнистияның қалай жүзеге асатыны туралы үкімет кулуарында Сенат депутаты Марат Қожаев айтты. Оның сөзінше, қазір әртүрлі мемлекеттік органнан ұсыныс жиналып, соңғы үлгі әлі қалыптасып жатыр. Кімдер босатылады? Талқылаудың қазіргі кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарына басымдық беріліп отыр. "Бірінші кезекте әлеуметтік осал топтарға - ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар мен өзге де санаттарға амнистия жасау туралы ұсыныстар түсіп жатыр", - деді Қожаев. Тізім әлі де толығуы мүмкін: нақты шешім барлық ұсыныс сараланғаннан кейін қабылданады. Айыппұлдар кешіріле ме? Басты жаңалық - айыппұлды есептен шығару мәселесі талқыланып жатыр. Сенатордың айтуынша, егер қоғамға қауіп төндірмейтін болса, әкімшілік істердің кең ауқымы қамтылуы мүмкін. "Егер бұл адамдарға қауіп төндірмейтін болса, әкімшілік әділеттің барлық дерлік субъектісі бойынша айыппұлды есептен шығаруға болады", - деді ол. Талқылау барысында бюджет шығыны мәселесі де көтерілді. Алайда, Қожаев айыппұлдың мәні қазынаны толтырумен шектелмейтінін айтты. "Бұл бюджет түсіміне әсер етеді деген қауіп бар. Бірақ айыппұл тағайындаудың басты мақсаты бюджетті толтыру емес, құқық бұзушылықтың алдын алу", - деді сенатор. Қазір не белгілі? Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленіп жатыр. ІІМ мәліметінше, амнистия аясында жеке тұлғалардың төленбеген айыппұлын толық немесе ішінара есептен шығару жоспарланған. Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне, Әділет министрлігі мен Бас прокуратураға екі апта ішінде амнистия механизмі бойынша ұсыныс енгізуді тапсырған болатын. Амнистия тек азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін құқық бұзушылықтарға қатысты болады.
ҚМА алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа деректері туралы ескертеді: қаскөйлер ресми өкілдің бейнесі бар дипфейктерді пайдаланып, ведомствоның жалған сайтын жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Агенттіктің ресми өкілі атынан жарияланған видеода жәбірленуші инвестордың жалған оқиғасы баяндалады. "Сценарий бойынша, қаражатты салғанна кейін, кірістің жоғарылап жатқаны көрсетіледі, бірақ ақшаны алу үшін комиссия, салық пен "тексерістер" төлеу талап етіледі. Бірнеше аударымнан кейін қаражатқа қол жеткізу бұғатталады. Одан бөлек, бұғатталған ақшаны банк және реттеуші органдар арқылы қайтару мүмкіндігі айтылады да, қолданушыға көмекке жүгіну ұсынылады. "Толығырақ" батырмасы "халық заңгері" деп аталатын чатқа апарады, онда қаражатты қайтару туралы жалған хат алмасу көрсетіледі", - деп хабарлады ведомство. Сонымен қатар, алаяқтар ҚМА атынан жалған сайттар жасап, онда "жәбірленушілердің ақшасын қайтару" туралы ақпарат жариялаған. "Сілтемеге өту кезінде пайдаланушылардан сауалнама толтыру сұралады (мысалы, "ақшаңызды қанша уақыт бұрын жоғалттыңыз?" деген сұраққа жауап беру). Кейін жеке мәліметтер - аты-жөні, телефон нөмірі, электронды пошта енгізіліп, "қайтару процесін бастау" батырмасын басу ұсынылады", - деп хабарлады ҚМА. Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай сайттардың барлығы, сауалнамалар мен формалар алаяқтық схемасы екенін ескертеді, олар азаматтардың жеке мәліметтерін жинап, қаражатты иемденуге бағытталған. Ақпараттың шынайылылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе тұрғылықты жердегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуға болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы көшелерінің сыртқы келбеті өзгереді Алматыда сыртқы жарнаманы орналастыру ережелерін жаңарту ұсынылып отыр. Түзетулер жобасын Сәулет және қала құрылысы басқармасы әзірлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жобаға сәйкес, өзгерістер қаланы неғұрлым ыңғайлы, қауіпсіз әрі визуалды тұрғыдан жағымды ету үшін ұсынылып отыр. Сондай-ақ, бұл бизнес пен қала тынысы тәулік бойы тоқтамайтын "Алматы - ұйықтамайтын қала" тұжырымдамасын дамытуды көздейді. Басқарма қаланың өсіп келе жатқанын, сондықтан көшелердің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар да соған сай өзгеруі тиіс екенін атап өтті. Жобаның түсіндірмесіне сәйкес, ережелерді заманауи стандарттарға сәйкестендіру үшін жаңарту жоспарланған. Түзетулерде мыналар қарастырылған: жарнама мен қала нысандарын орналастыруға қойылатын нақты талаптар; бірыңғай визуалды стиль және қаланың жинақы келбеті; кәсіпкерлер үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау; Алматының инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын арттыру. Өзгерістер жарнаманың орналасуын ретке келтіруге көмектесіп, жалпы қалалық ортаны заманауи әрі жайлы етеді деп күтіледі. Жоба "Ашық НҚА" порталында 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін көпшілік талқылауына шығарылды. Еске сала кетейік, қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында Алматының туристік әлеуетін дамыту туралы айтып, қала әкіміне бірқатар тапсырма берген болатын..
Қазақстанның солтүстігінде су тасқыны қаупі сейілді, жолдарды су басуы мүмкін Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупі сейілді. Гидрологтардың айтуынша, қазір өңірдегі жағдай тұрақты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арна" сюжетіне сілтеме жасап. Облыстың су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі нысандардың бірі - Сергеев су қоймасы қазіргі уақытта 96 пайызға толған. Материалда былтыр дәл осы уақытта мұндағы су деңгейі шекті межеден шамамен бір метрге асып кеткені көрсетілген. Соңғы күндері өңірде күн айтарлықтай жылынып, қар жамылғысының жартысынан астамы еріп кетті. Дегенмен өзендер мен көлдердегі мұз әлі толық кете қойған жоқ. Сондықтан мамандар қауіпті аймақтарда аэровизуалды мониторинг жүргізіп, ал жауапты қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. "Негізгі гидрологиялық болжамға сәйкес, Сергеев су қоймасынан келетін су мөлшері 2,6 миллиард текше метрге дейін болады деп күтіледі, бұл былтырғы көрсеткіштен 26 пайызға аз. Қазір қар қарқынды еріп жатыр, барлық бақылау бекеттеріміз бойынша қар биіктігі мен ондағы су қоры азайып келеді, соның салдарынан автожолдарды су басуы және жол үстінен су жүруі мүмкін", - деді "Қазгидромет" филиалының бөлім бастығы Дәурен Қосшығұлов. Телеарна мәліметінше, Петропавлдың бірнеше ауданында жедел штабтар құрылған. Жалпы, елді мекендерден 900 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұған дейін ТЖМ Солтүстік Қазақстанның су айдындарында тасқынның алдын алу үшін мұз жарылып жатқанын хабарлаған болатын.
Наурыз туралы даулы мәлімдеме жасаған автор ұсталды Алматы облысының полициясы Наурыз мейрамы туралы даулы видео авторын ұстады. Роликте ол бұл мейрам Қазақстанда тойланбауы тиіс екенін айтып, оны "мұсылманша емес" деп атаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz. ІІМ мәліметінше, ер адамға қатысты діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Биылғы 23 наурызда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok-та жарияланған Наурыз мейрамына қатысты діни және этномәдени сипаттағы жария мәлімдемелері бар видеоматериал анықталды. Жедел іс-шаралар барысында 1991 жылы туған К. есімді азамат анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ІІМ. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 174-бабы 2-бөлігі - діни алауыздықты қоздыру - қоғамдық пікір көшбасшысына қатысты болған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Не болды? Қазнетте блогердің Наурызды "қазақтың және мұсылманның мерекесі емес, ол парсы (зороастризм) дәстүрінен келген" деп мәлімдеген видеосы дау тудырды. Оның айтуынша, Қазақстанда мұсылмандарға "бұл күнді тойлауға болмайды", тек Ораза айт пен Құрбан айт қана рұқсат етілген мейрамдар болып қалуы тиіс. Ролик әлеуметтік желілерде тез тарап, өткір реакция тудырды. Желі қолданушылары авторды тарихты бұрмалап, ұғымдарды алмастырды, сезімтал тақырыпта іріткі салуға тырысты деп айыптады. Талқылау кезінде Қазақстанда Наурыз діни жора емес, дәстүрлі мәдени және жалпыұлттық мереке ретінде қабылданатыны баса айтылды. Сынға ұшырағаннан кейін видео өшірілді.
Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы жол апаты: тағы бір адам ұсталды Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апаты бірнеше күннен бері желіде қызу талқыланып жатыр. Тағы бір адам ұсталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ішкі істер министрлігі жаңа эпизод бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады. "Полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік дерегі бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тексеріс пен қылмыстық істер аясында барлық мән-жай, соның ішінде медиа кеңістікте тараған ақпараттар мұқият тексеріледі", - деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев. Мән-жайы 21 наурызға қараған түні Алматыда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жол апаты болды. Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы – 20 және 22 жастағы қыздар оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Жаңа деректер ІІМ ZEEKR автокөлігінің күдікті жүргізушісі сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады. Бұл ретте апат кезінде оның жеңіл дәреже мас күйде болғаны нақтыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру ықтималдығы туралы уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғаған. "Ал мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғалды", - деді Шыңғыс Әлекешев. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен Алматы Полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды. "Заңбұзушылықтар расталған жағдайда апат қатысушылары да, лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылады", - деді ІІМ-нің өкілі.
АҚШ Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасауды тоқтата тұрады - Трамп АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасауды 10 күнге, яғни 6 сәуірге дейін тоқтататынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Америка көшбасшысы The Truth әлеуметтік желісінде жазды. "Иран үкіметінің өтініші бойынша, мұны энергетикалық нысандарды жою мерзімін 2026 жылдың 6 сәуірі, дүйсенбі күні, шығыс уақыты бойынша кешкі сағат 8:00-ге дейін 10 күнге тоқтата тұру туралы мәлімдемем деп санаңыздар", - деп түсіндірді ол. Сонымен қатар Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөз процесі жалғасып жатқанын хабарлады. "Келіссөздер жалғасып жатыр және "жалған жаңалықтар" мен басқа да дереккөздердің керісінше айтқан мәлімдемелеріне қарамастан, олар өте сәтті өтіп жатыр", - деп толықтырды Ақ үй басшысы. Бірнеше күн бұрын Трамп апта бойы жалғасуы тиіс сындарлы келіссөздер аясында Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасауды бес күнге шегеруді бұйырғанын мәлімдеген болатын. Ол тиісті тапсырманың Соғыс министрлігіне берілгенін нақтылады. Бұған дейін бейсенбі - 26 наурызда, Америка көшбасшысы 28 ақпанда басталған соғыстан бергі министрлер кабинетінің алғашқы отырысында сөйлеген сөзінде Вашингтонның Иранға қарсы әскери операциялары кестеден "айтарлықтай" озық жүріп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар ол Иранды меңзеп: "Мәміле жасасуды мен емес, олар өтініп отыр", - деп атап өтті. Оның айтуынша, Тегеран уағдаластықтарға қол жеткізуге мүдделі, бірақ ішкі тәуекелдерге байланысты мұны жария түрде мойындамайды. Ал Иранның ресми тұлғалары АҚШ-пен қандай да бір келіссөздер жүргізіліп жатқанын жоққа шығарды.
Қазгидромет Астана, Алматы және тағы төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады "Қазгидромет" Астана, Алматы және басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ақпарат ауа сапасы болжамына қатысты. "27 наурызда Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", - делінген хабарламада. Ауаның ластануы түріндегі қолайсыз метеожағдайлар - бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, тымық) жиынтығы.
1 маусым демалыс күні бола ма? Еңбек министрлігінің ұстанымы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда 1 маусымды демалыс күні ретінде белгілеу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сенат кулуарында журналистер министрден "1 маусым демалыс күні болуы мүмкін бе?" деп сұрады. "Биыл бұл мәселені көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Ол бірқатар министрлікпен ортақ ұстаным қалыптастырылғаннан кейін, бәлкім, келесі жылы қаралады. Қазір бұл мәселе күн тәртібінен алынды", - деді министр. Министрдің айтуынша, қосымша демалыс күндері туралы мәселелер қоғам сұранысына байланысты көтеріліп тұрады. "Бұл күн демалыс болып енгізіле ме - айту қиын, бірақ талқыланады", - деді Ертаев. Оның сөзінше, демалыс күнін енгізуге тікелей кедергілер жоқ, алайда кез келген қосымша демалыс күні жұмыс берушілерге жүктеме түсіреді. "Бұл әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен талқыланады. Кез келген демалыс — бұл қосымша төлемдер мен есептеулер. Егер барлығы келісіп, есептеулер ашық болса, онда бұл бастама қолдау табады", - деп қосты министр. Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай биыл қазақстандықтар 30 тамыз Конституция күні демалмайтынын растаған болатын. Енді Қазақстанда жаңа Конституция күні 15 наурыз болады — дәл осы күні қазақстандықтар референдумда оның жобасын қолдаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев бірнеше заңға қол қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң мен "2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Өскеменде пышақ жарақатын алған 16 жастағы қыз құтқарылды Өскеменде дәрігерлер шұғыл операция жасап, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген 16 жастағы қызды құтқарып қалды. Оның ішкі ағзалары зақымданып, көп қан жоғалтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дәрігерлер күрделі операция жасап, қыздың жағдайын тұрақтандырды. "Науқас өте ауыр жағдайда, қан қысымы өте төмен күйде жеткізілді. Алғашқы тексеру кезінде оның құрсақ қуысы мен сол қолында жарақаттар анықталды. Шұғыл операция барысында құрсақ қуысынан шамамен үш литр қан табылды. Хирургтар жіңішке және жуан ішектің, шажырқайдың, сондай-ақ құрсақ арты кеңістігіндегі тамырлардың көптеген зақымдануын анықтады. Сонымен қатар омыртқа аймағында зақым тіркелді — бұл қатты соққының салдары", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының өкілдері. Операцияны №1 хирургия бөлімінің дәрігері Қуаныш Жүнісов хирургтар тобының, сондай-ақ анестезиологтар мен трансфузиологтардың қатысуымен жасады. "Пышақ жарақаты қатты күшпен салынғаны соншалық, омыртқада із қалдырған. Операция 3,5 сағатқа созылды. Дәрігерлер қан кетуді тоқтатып, зақымдалған ағзаларды тігіп, көлемді трансфузиялық терапия жүргізді", - деді хирург Қуаныш Жүнісов. Операциядан кейін науқастың жағдайы тұрақтанды. Әрі қарай ем алу үшін ол Ана мен бала орталығына ауыстырылды. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті оқиға 7 ақпанда болғанын хабарлады. "Аталған факті бойынша кәмелетке толмаған қыздың денсаулығына ауыр зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккен қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Барлық жинақты беру – қазақстандықтарға таңдау жасау ұсынылмақ Қазақстанда зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру ережелерін өзгерту мүмкіндігі талқыланып жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не ұсынады? Бұған дейін салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының тек 50 пайызын ғана басқаруға бере алатын. Жаңа тәсіл барлық қаражатты, яғни 100 пайызға дейін жеке басқаруға беру мүмкіндігін қарастырады. "Біз толықтай жеке басқаруға көшуге мүмкіндік беруді анағұрлым орынды әрі тиімді деп санаймыз", - деді Тұрсынханов. Бұл ретте жеке компанияларға көшу міндетті емес. Зейнетақы жинақтарын кім басқара алады? Зейнетақы активтерін басқаруға тек кәсіби және тұрақты инвестициялық басқарушы компаниялар ғана жіберіледі. "Мемлекет үлесін азайту активтерді басқару тиімділігіне және жалпы экономикаға оң әсер етеді", - деп қосты агенттік төрағасының орынбасары. Оның айтуынша, тәуекел тұрғысынан Ұлттық банк пен инвестициялық басқарушы компаниялардың инвестициялық мүмкіндіктері ұқсас, бұл қаражатты жеке басқаруға беруді азаматтар үшін қауіпсіз етеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Өмір бойына зейнетақы төлемдерін алу: Қазақстанда жаңа модель талқыланып жатыр Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) бөлуге қатысты өзгерістер қарастырылып жатыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Нені өзгерту ұсынылды? Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс тобы зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктерін талқылап жатыр. "Бұл мәселе әлі де талқылану үстінде, сондықтан ұсыныстар мен егжей-тегжейлі мәліметті әзірге толық жариялай алмаймын", - деді Ертаев. Сонымен қатар, ол ұсыныстардың бірі жұмыс берушінің 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарналарын қайта бөлуге қатысты екенін хабарлады. Жарналар қалай бөлінуі мүмкін? Талқыланып жатқан нұсқаға сәйкес: 4 пайызын қазіргі 10 пайызға қосымша ретінде жұмыскерлердің жеке зейнетақы шоттарына бағыттау ұсынылады; 1 пайызын - ортақ сақтандыру қорына. Министрдің сөзінше, бұл тетік жүйені теңгерімді етуге көмектесуі тиіс. "Бұл теңсіздіктерді реттеу үшін жасалады — кейбір адамдардың жинағы аз болып, тез таусылып қалатын жағдайлар болады. Ортақ қордың есебінен адам өмір бойына зейнетақы төлемдерін ала алады", - деді ол. Шешім қашан қабылданады? Министр бұл мәселе бойынша әлі нақты шешім жоқ екенін айтты. "Біз әлі бірыңғай ұстанымды қалыптастырған жоқпыз. Бізде 1 маусымға дейін уақыт бар. Осы мерзімге дейін мәселені талқылап, пысықтаймыз", - деп түйіндеді Ертаев. Бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шегі көтерілуі мүмкін екені хабарланған болатын. Тиісті шешім сәуір айында қабылдануы мүмкін.
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу: жеткілікті шек көтерілмек Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шекті неге көтермек? Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда қазақстандықтар зейнетақы жинақтарынан бес триллион теңгеге жуық қаражат алған. Бұл ретте қаражаттың едәуір бөлігі жастардың үлесіне тиген. "Біз санаттар бойынша талдап көрдік, шамамен бір триллион теңгені 20 мен 35 жас аралығындағы жастар алған", - деді Ертаев. Министрлік мұндай үрдіс тәсілдерді қайта қарауды қажет етеді деп есептейді. Негізгі мақсат - жинақтаушы зейнетақы жүйесін сақтау және дамыту. "Жұмыс істей бастаған кезде жастарға алдымен жинақ қалыптастыру қажет. Бүгінде бұл қарыздарды өтеу мен емделуге арналған жақсы құрал, бірақ болашақ зейнетақы туралы да ойлау керек", - деп түсіндірді министр Сенат кулуарында. Болашақ зейнеткерлер үшін тәуекел Ертаев халықтың бір бөлігінде жинақтардың жоқтығы мәселесіне ерекше назар аударды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, Қазақстанда 9,7 миллионға жуық жұмыс күші бар, оның ішінде шамамен 2,9 миллион адам зейнетақы жарналарын аудармайды. "Оларда жинақ жоқ, болашақта олар тек ең төменгі базалық зейнетақы алады - 35-тен 80 мың теңгеге дейін. Мұндай ақшаға күн көру қиын", - деді ол. Шек мөлшері қалай өзгеруі мүмкін Министрлік тиісті заң жобасын әзірлеген. Қазіргі уақытта ол Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігімен келісіліп жатыр. Бұл мәселе жақын арада қаралуы мүмкін. "Бұл күзге дейін созылмайды. Сәуірде ең төменгі жеткілікті шектті ұлғайтуды қарастырамыз деп ойлаймын", - деді министр. Қаншалықты артады? Ертаевтың айтуынша, барлық азамат үшін ортақ формула қарастырылып жатыр. "Мысалы, егер былтыр менің шотымда 2 миллион теңге болса, биыл ең төменгі жеткілікті шек осы сомаға шамамен 10 пайызды - яғни 8 пайыз бен тағы 2 пайызды қосқандағы мөлшерді құрайды. Одан асатын бөлігін шешіп алуға болады", - деп түсіндірді ол. Осылайша, азаматтарды зейнетақы жинақтарын сақтап, қартайған шақта неғұрлым тұрақты қамсыздандыру жүйесін қалыптастыруға ынталандыру үшін шекті жыл сайын арттыру жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, ақпанда Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы активтерін мерзімінен бұрын алу шегі көтерілуі мүмкін екенін айтқан.
Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: учаскелік инспектор сотталды Талғар ауданның учаскелік инспекторы ер адамды өлтіру және баланы ұрлауға әкелген салғырттық және қызметтік жалғандық жасау бойынша 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот үкімі Жәбірленуші тараптың адвокаттары Асылбек Әбдірайымов пен Жандос Палмановтың мәліметінше, Талғар аудандық соты учаскелік инспектор Е.-ге үкім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды: 371-баптың 2-бөлігі – "Ауыр зардаптарға әкелген салғырттық"; 369-баптың 2-1-бөлігі – "Құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық". "369-бап бойынша сот 2 жыл 2 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, 371-бап бойынша – 2 жыл 4 ай. Қорытындысында 2 жыл 4 ай бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді, жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Учаскелік инспектор Е. сот залында қамауға алынды", - деді адвокаттар. Сонымен қатар, сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан және лейтенант арнайы атағынан айырды. Сондай-ақ сот жәбірленушінің азаматтық талабын қанағаттандырып, 3 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп берді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар апелляциялық тәртіппен шағымдана алады. Учаскелік инспекторға тағылған айып 2025 жылғы 3 қыркүйекте, яғни қайғылы оқиғадан үш күн бұрын, учаскелік инспектор жәбірленушінің шақыруы бойынша барған. Әйелдің айтуынша, сол күні үйіне мылтықпен келген ер адам бұрын оны зорлаған. Жәбірленуші отбасының адвокаты Жандос Палмановтың айтуынша, инспектор қорғаныс нұсқамасын толтырып, онда жәбірленушінің қолын қолдан жасаған. "Сараптама қолтаңба жәбірленушінікі емес екенін растады. Сотта айыпталушы Е. оны қолдан жасағанын мойындады", - деді Палманов. Кейін 2025 жылғы 6 қыркүйекте сол ер адам әйелдің ағасын атып өлтіріп, оның екі жасар қызын кәмелетке толмаған екі сыбайласымен бірге ұрлап кеткен. Кейін арнайы жасақ баланы босатып, анасына тапсырды, ал күдікті ұсталды. 18 наурызда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ер адам мен оның сыбайластарына үкім шығарды. Басты айыпталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды, ал кәмелетке толмаған екі сыбайласының әрқайсы 9 жылға сотталды. Талғардағы трагедия бойынша қанша полицей айыпталып отыр Бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы зорлау күдігімен ұсталып, кейін жәбірленушінің ағасын өлтіріп, оның кішкентай қызын ұрлаған адамды босатқан Талғар аудандық полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Жәбірленуші тараптың адвокаты Жандос Палмановтың мәліметінше, сотқа төрт полиция қызметкеріне қатысты істер жеткен: екі учаскелік инспекторға салғырттық пен қызметтік жалғандық бойынша (біреуіне 26 наурызда үкім шығарылды); екі тергеуші – қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және әрекетсіздік бойынша айыпталып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк ескі 10 000 теңгені қолдану мерзімін ұзартты Қазақстанда номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк мәліметіне сілтеме жасап. Ұлттық банк мәліметінше, 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін бір жылға – 2027 жылғы маусымға дейін ұзартылған. Ұлттық банк "Сақ стилі" сериясымен шығарылған жаңа банкноталарды кезең-кезеңімен шығаруды жалғастырып жатыр, оның аясында ескі үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру механизмі қолданылады. "Ол кезең аяқталған соң барлық банктер мен "Қазпошта" АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдары – мерзімсіз айырбастайтынын атап өтеміз", - делінген хабарламада. Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүрген кезеңде заңды төлем құралы болып қала береді, олар ҚР бүкіл аумағында белгіленген құнына сай барлық төлемдер мен аударым түрлерін жүзеге асыруға, банк шоттарына аудару үшін қабылдануға жатады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Салық органдары қазақстандықтардың нақты табысын тексере бастайды: бұл кімдерге қатысты? Қазақстандықтардың белгілі бір тобының нақты табысы бақылауға алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Әділет министрлігі Атқарушылық іс жүргізу комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Балабековтің айтуынша, табысты жасыру - алимент өндіру кезіндегі басты мәселелердің бірі. "Алимент бойынша берешекті өндірудегі кедергілердің бірі — табысты жасыру. Борышкер ресми түрде ең төменгі жалақыны көрсетіп, алимент соның негізінде есептеледі. Мұндай адамның табысы ашық болмайынша және жүйелерге интеграция жасалмайынша, қарызды өндіру де, оның нақты табысын дәлелдеу де мүмкін емес екенін түсінеміз", - деді ол. Осыған байланысты Әділет министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қаржы министрлігімен бірлесіп интеграциялау жұмыстарын бастаған. "Еңбек және Қаржы министрліктерімен, атап айтқанда Мемлекеттік кірістер комитетімен табыс пен келісімшарттар туралы қосымша мәліметтер алу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл нақты табысты анықтап, соның негізінде тиісті соманы белгілеу үшін сотқа жүгінуге мүмкіндік береді. Біз іс-шаралар жоспарын жасап, оған осы интеграцияны енгіздік. Биыл басқа да мемлекеттік органдармен интеграцияны жоспарлап отырмыз", - деп түсіндірді ол. Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің есепке алу жүйесімен өзара іс-қимыл орнатылып жатыр. Бұл борышкерлердің құмар ойындарға қатысуын шектеуге, сондай-ақ олардың ұтыстарын кейіннен өндіріп алу үшін анықтауға мүмкіндік береді. Толығырақ Алимент істері бойынша жұмыс мәжбүрлеп орындату жүйесіндегі ең күрделі мәселелердің бірі болып қалып отыр. Әділет министрлігі мәліметінше, 2025 жылы өндірісте 354 мың алимент ісі болған. Оның 59,6 мыңы іс жүзінде өндірілуіне немесе өндіріп алушының өтінішіне байланысты аяқталды. Десе де, 12,7 мың іс, жалпы санның шамамен 4 пайызы проблемалы күйінде қалып отыр. Олар бойынша жалпы берешек 18 миллиард теңгеге жеткен. Қарыздың негізгі себептері — борышкерлердің ресми жұмысының болмауы және табысты әдейі жасыруы. Бұл мәселені шешу үшін борышкерлерді жұмысқа орналастыру шаралары қолға алынып жатыр. 2025 жылы әкімдіктермен бірлесіп 645 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 6,5 мыңнан астам адам жұмыс тапты. Бұдан бөлек, борышкерлер жауапқа тартылып жатыр. Былтыр 4 824 адам әкімшілік жауапкершілікке, 380 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Алматы метросында жаңа турникеттерге байланысты кезек пайда болды: видео Алматы тұрғындары метродағы жаңа турникеттерге шағымданды: олардың айтуынша, құрылғылар билеттерді 20–30 секунд оқиды, соның салдарынан кезек пайда болады. Бұл жағдайға қатысты әкімдік түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болды? Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде метро турникеттерінің алдында пайда болған ұзын-сонар кезек түсірілген видеоны жариялады. "Момышұлы станциясындағы метрода тағы да қарбалас. Билетті 20–30 секунд оқитын жаңа терминалдар қойыпты", - деп жазды автор. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tengri Almaty (@tengri.almaty) Жаңа турникеттер не үшін орнатылды? Алматы әкімдігі метрополитенде турникеттерді жаңарту басталғанын хабарлады. "Жоба аясында QR-коды бар қағаз билеттер, банк карталары, Apple Pay, Samsung Pay және тағы басқа төлем тәсілдерін қабылдайтын әмбебап турникеттер енгізіледі", - деді әкімдік өкілдері. Сондай-ақ баспасөз қызметі жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, турникеттер маңында адамдардың жиналуын азайтуға бағытталғанын айтты. "QR-код пен жетондарды оқу уақыты бірдей. Метрополитен мамандары жабдықтардың жұмысын тұрақты түрде бақылап, ауытқу анықталған жағдайда жедел шаралар қабылдайды", - делінген әкімдік хабарламасында. Неге пластик жетондардан бас тартты? Әкімдік мәліметінше, жетондардың орнына QR-коды бар қағаз билеттерге көшудің бірнеше себебі бар: жетон қабылдауға арналған механикалық бөлшектердің жиі бұзылуы; жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектердің болмауы және олардың қымбаттығы; QR-код технологиясын қолдана отырып "Оңай" және Avtobys көлік жүйелерімен біріктіру мүмкіндігі. "QR-коды бар қағаз билеттер бір реттік сапарға арналған және жолаушыларда басқа төлем тәсілі болмаған жағдайда қолданылады", - деп түсіндірді баспасөз қызметі. Әкімдік мәліметінше, бүгінде метрополитендегі турникеттердің 50 пайыздан астамы жаңартылып, аталған барлық төлем тәсілін қабылдайды. QR-коды бар қағаз билеттер қаладағы барлық станцияда енгізілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы арнайы ХҚКО-да қылмыстық схема әшкереленді Алматыда арнайы ХҚКО-ның қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. Прокурорлар Алматыдағы арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу нәтижесінде 2023 жылы арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды. "Құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеді. Кешенді жүргізілген тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының нәтижесі айыпталушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін толығымен растады", - делінген прокуратура хабарламасында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Владимир Путин мамырда Қазақстанға келеді Ресей Үкіметінің төрағасы қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады. Михаил Мишустиннің айтуынша, референдум Қазақстан Президентінің мемлекет іргесін нығайтуды, экономиканы дамытып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруды көздейтін саясатын барша халық қолдайтынын көрсетті. "Орайлы сәтті пайдаланып, Сізге Владимир Владимирович Путиннің ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Бірер күн бұрын Президентпен екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін, сондай-ақ биыл мамыр айына жоспарланған сапарына әзірлік жұмыстарын егжей-тегжейлі талқыладық. Үкімет бұл сапардың да табысты өтуіне барынша күш салады. Сіздің былтыр қараша айында Ресей Федерациясына жасаған сапарыңыз барысында мемлекеттер басшылары қойған барлық міндетті екі ел үкіметтері іске асырып жатыр", – деді Михаил Мишустин. Сондай-ақ тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қарым-қатынастың нығайып келе жатқаны атап өтілді. Сондай-ақ өзара тиімді диалог пен жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қарқын алғанына назар аударылды. Мемлекет басшысының айтуынша, Михаил Мишустиннің Шымкент қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына және Цифрлық форумға қатысуы Қазақстан-Ресей байланыстарының айрықша сипатын және оны одан әрі өрістетуге қос тараптың ұмтылысын тағы да растайды. "Екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қалай дамып келе жатқаны өзіңізге мәлім. Қазірдің өзінде құны 25 миллиард долларға жуық 122 ірі жоба іске асырылды. Сауда көлемі 30 миллиард долларға жақындады. Бұл жақсы нәтиже деуге болады. Ресей біздің негізгі сауда-экономикалық, инвестициялық серіктесіміз саналады. Бұған әрине, қуаныштымыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Әңгімелесу барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путиннің Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне баса мән берілді. Мемлекет басшысы Астана алдағы сапарды екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамытуға тың серпін беретін өте маңызды шара ретінде қарастыратынын жеткізді. Президенттің айтуынша, әзірлік жұмыстары аясында сан қырлы ынтымақтастық тағы да пысықталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
24 градусқа дейін ыстық және көктайғақ: алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 27, 28 және 29 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астанадағы ауа райы болжамы 27 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз +9...+11 градус жылы. 28 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +12...+14 градус жылы. 29 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +12...+14 градус жылы. Алматыдағы ауа райы болжамы 27 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +22...+24 градус жылы. 28-29 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +21...+23 градус жылы.
3 айдан кейін қазақстандықтарға несие алу қиындай түседі 1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді. Қарыз алушылар үшін нақты не өзгеретінін және банктер енді не нәрсеге баса назар аударатынын Tengrinews.kz түсіндіреді. Несиелер табыс деңгейіне көбірек тәуелді болады Өзгерістер туралы бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтқан болатын. Ақпарат бойынша, шілдеден бастап банктер клиенттердің төлем қабілеттілігін қатаңырақ бағалай бастайды. Сөз жаңа көрсеткіштерді - борыш жүктемесінің коэффициенті (БЖК) мен қарыздың табысқа арақатынасы коэффициентін (ҚТК) енгізу туралы болып отыр. БЖК адам өз табысының қанша бөлігін несиелер мен басқа да міндетті төлемдерге жұмсап жатқанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, жаңа несие алу мүмкіндігі соғұрлым төмендейді. ҚТК адамның қаржылық қиындықтарға тап болмай, жаңа несиені төлеп-төлей алмайтынын бағалауға мүмкіндік береді. Қарапайым тілмен айтқанда, банктер адамның табысының қанша бөлігі қарыздарды өтеуге кетіп жатқанын және жаңа несиені төлеуге шамасы жететінін тексереді. Ресми табыссыз несие алу қиындайды Негізгі өзгерістердің бірі - ресми табысқа басымдық беру. Банктер мына жүйелер арқылы өтетін деректерге сүйенеді: зейнетақы аударымдары; міндетті медициналық сақтандыру жүйесі. Егер адамның тұрақты әрі расталған табысы болса, несие алу мүмкіндігі жоғары болады. Жаңа шектеулер кімдерге қатысты болады? Өзгерістер бірінші кезекте табысы расталмаған қазақстандықтарға әсер етеді. Олардың қатарына кіреді: жалақысын бейресми түрде ("конвертте") алатын қызметкерлер; еңбек шартынсыз жұмыс істейтін тұлғалар; тұрақты немесе расталған табысы жоқ азаматтар. Жаңа ережелер неге енгізіліп жатыр? Өзгерістер банктер үшін де, қарыз алушылардың өздері үшін де тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Бұл адам жеткілікті табысы болмай тұрып несие алып, біраз уақыт төлеп, кейін борыш жүктемесін көтере алмай қалатын жағдайларға қатысты. Жаңа талаптар мұндай жағдайлардың алдын алып, несие беру үдерісін орнықты етеді деп күтіледі. Ережелер нақтырақ болады Қазақстанда мұндай шектеулер бұрын да болған, бірақ шілдеден бастап оларды қайта реттеп, икемді ету жоспарланған. Енді банктер табыс деңгейін дәлірек есепке алып, әрбір қарыз алушыны бағалауға жекелей қарайды. Өзгерістер қашан күшіне енеді Жаңа ережелерді 1 шілдеден бастап енгізу жоспарланып отыр. Осылайша, несие алуды жоспарлаған қазақстандықтар жаңа талаптарды, әсіресе табысты растау бөлігін алдын ала ескергені жөн.
Ақтөбеде жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына түсіп, аударылып қалды Ақтөбеде жол апатынан кейін жедел жәрдем көлігі аударылып қалды. Көлік ішінде 34 жастағы жүкті әйел болған. Tengrinews.kz науқастың жағдайы мен оқиғаның мән-жайын білді. Не болған? Жол апаты Сәңкібай батыр даңғылында болған. "Жедел медициналық көмек көлігі мен Toyota автокөлігі жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Соқтығысу салдарынан жедел жәрдем көлігі қырына аударылып қалды. Көлік ішінде болған науқас медициналық мекемеге жатқызылды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті. Фото: өңірлік ПД баспасөз қызметі Зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы не белгілі? Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем көлігінде жүктіліктің 37-аптасындағы 34 жастағы әйел болғанын хабарлады. Ол босану бөліміне шұғыл жеткізілген - әйелдің толғағы басталған. Дәрігерлер әйелдің дені сау қыз босанғанын нақтылады. "Бейінді мамандардың қарауынан кейін оның жағдайы тұрақты деп бағаланды. Науқас босану залына жіберіліп, аман-есен босанды. Ана мен баланың жағдайы бақылауда, беті бері қарады", – деп хабарлады баспасөз қызметі. Басқарма мәліметінше, жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері де тексеруден өткен, олардың жағдайы тұрақты. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және сиренасы мен ескерту жарықтары қослған жедел жәрдем көліктеріне жол беруге шақырды.
“Нағыз чемпион“. Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады Мемлекет басшысы ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен әлемдік дода еліміз үшін өте табысты болғанына тоқталды. Жаһандық бәсекеде отандасымыз Ербол Хамитов алтын және қола медаль жеңіп алды. "Нағыз чемпион атанып, еліміздің мерейін үстем етті, көк Туымызды биікте желбіретті. Бұл – қазақ параспорты үшін тарихи жетістік. Ербол қазақтың қайсар, өр рухты әрі намысты ұлт екенін күллі әлемге паш етті. Сондықтан, ең алдымен, саған және бапкерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Паралимпиада ойындарына аттанар сәтте мен еліміздің көк Туын саған табыстадым. Сол артылған сенімді толық ақтап, Қазақстанға жеңіспен оралдың. Керемет нәтижеге жеттің! Соның арқасында еліміз командалық есепте 18-ші орынға табан тіреді. Үздіктердің ішінен алға шығып, чемпион болу оңай емес. Бұл – жылдар бойғы тынымсыз дайындық пен қажырлы әрі табанды еңбектің жемісі екені анық", – деді Президент. Президент бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығын білдірді Мемлекет басшысы Ербол Хамитовтың жетістікке жету жолында оның бапкерлері айрықша рөл атқарғанына назар аударды. "Сіздер Ербол Хамитовқа білгендеріңізді үйретіп, тәжірибелеріңізбен бөлістіңіздер. Оның чемпионға тән табандылық танытып, биік мақсатқа ұмтылатын күрескер мінезін шыңдадыңыздар. Олимпиада жылнамасына есімін жазған белгілі, көрнекті спортшы болуына күш салдыңыздар. Сіздерге алғыс айтамын. Орайлы сәтті пайдаланып, бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығымды жеткізгім келеді. Атлеттеріміздің жетістігі – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Табысқа жету формуласын бәрі біледі. Алайда асқақ мұратқа қол жеткізу үшін көптеген игіліктен және өмірдің қызығынан бас тартып, қиын жолды еңсеруге екінің бірі тәуекел етпейді. Әлем біріншіліктерінде жеңіп алған әр медаль еліміздегі бұқаралық спорттың дамуына зор серпін береді. Бұл өте маңызды. Өйткені спортпен шұғылданатын, өз-өзін қамшылап, күн сайын шыңдайтын, сондай-ақ темірдей тәртіпке үйренген адамдар тіршіліктің тауқыметіне мойымайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл ретте паралимпиадашылардың жөні тіптен бөлек. Олардың өмірі – нағыз ерліктің, қайтпас қайсарлық пен мұқалмас ерік-жігердің үлгісі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада көліктер жарысы видеоға түсіп қалды Желіде Астана көшелерінде екі көліктің жүргізушілері жарысқан видео тарады. Қалалық полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болды? Threads әлеуметтік желісінде Астана тұрғынының жазбасы жарияланды. Ол бейнетіркегішіне жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі түсіп қалғанын жазған: кадрларда екі көліктің жол ережелерін қасақана бұзғаны көрінеді. Жазба авторының айтуынша, оқиға 24 наурызда шамамен сағат 23:50-де болған. "Жаңа ғана вокзалдан үйге қайтып келе жатқанмын. Әкем мен анамды алып келе жаттым. Қабанбай батыр даңғылындағы қиылыста (Қорғалжын тасжолынан кейін) жанымнан екі көлік зымырап өтті. Біреуі бағдаршамның қызыл түсіне асқан жылдамдықпен өтіп кетті (бөлу жолағын ішінара кесіп өтті). Екіншісі жасыл түске өткенімен, тек солға - Шұбарға қарай жүруге рұқсат етілген жолақпен тіке тартты. Бізде ешкім сабақ алмайды", - делінген жазбада. Полиция пікірі Астананың Полиция департаменті ереже бұзғандар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. "Lexus пен BMW маркалы автокөліктердің жүргізушілері бағдаршамның тыйым салатын түсіне өткені, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларын елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада. Бұған дейін Алматыда 21 наурызға қараған түні адам өліміне әкеп соққан жол апаты болған еді: әл-Фараби мен Меңдіқұлов көшелері қиылысында Mercedes пен Zeekr соқтығысып, үш адам қаза тапты. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы (бірі 22-де, екіншісі 20-дағы қыз) оқиға орнында тіл тартпай кетті. Zeekr жүргізушісі аман қалды. Ол түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.
18 шетелдік жүк көлігінің тіркемесінде жасырынып шекарадан өтпек болған ҰҚК Шекара қызметі наурызда мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қонға, контрабандаға және есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәселен, Ақтөбе облысында өткізу пунктінен жүк көлігінің тіркемесінде жасырын өтпек болған 18 шетелдік анықталды. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі жасауға арналған көлемі 5 100 литр прекурсорлардың ірі партиясы табылды. Жыл басынан бері барлығы 9 620 литр химиялық затты (тұз қышқылы, ацетон, фениппентан) және 1 000 келі бромкетон-4 қоспасын тасымалдаудың жолы кесілді. Осы іс-шаралардың нәтижесінде аталған прекурсорларды түпкілікті алушылар анықталып, есірткі зертханалары жойылды. Сондай-ақ Жамбыл облысында шекарашылар құны бір миллиард теңге болатын 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтыны бар құм) шетелге шығару әрекетінің жолын кесті. Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға тапсырылды.
Қырғызстанда Ұлттық банктің бұрынғы басшысы ұсталды - БАҚ Қырғызстанда Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Мелис Тұрғынбаев ұсталды. Бұл туралы жергілікті БАҚ Ішкі істер министрлігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 24.kg мәліметінше, сәрсенбі, 25 наурызда ІІМ тергеу қызметінің қызметкерлері Мелис Тұрғынбаевты "Қырғызмұнайгазға" қатысты іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға шақырған. Тергеу амалдары нәтижесінде ол ұсталған. Құқық қорғау органдарынан аталған факт бойынша ресми пікір түспеген. БАҚ мәліметтеріне сәйкес, Мелис Тұрғынбаев мұнай-газ саласында бірқатар басшылық қызмет атқарған. Атап айтқанда, "Қырғызмұнайгаз" ААҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болған. Сондай-ақ ол Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі лауазымын атқарып, кейін Қырғызстанның Ұлттық банкін басқарған. Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда төтенше жағдайлар министрі қызметінен Урматбек Шамырканов босатылды. Ол бұл лауазымда бір ай да жұмыс істемеген. Оның қызметтен кетуіне министрдің орынбасары болып тұрған кезде пара алу ықтималдығы туралы тексеру материалдары негіз болған.
Тоқаев Бангладеш президентіне жеделхат жолдады Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, жарыстар: Алматы полициясы рейдтерді күшейтті Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, соның ішінде көлікті қауіпті жүргізу және "түнгі жарыс" деректері жиілегені байқалды. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында полиция жолдардағы бақылауды күшейтіп, бірқатар рейдтік іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алматы Полиция департаменті мәліметінше, профилактикалық шаралар жергілікті және нысаналы сипатта жүргізіліп жатыр. Негізгі мақсат - аса қауіпті құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу. Үш күнде мыңдаған заңбұзушылық анықталды Полиция мәліметінше, кейінгі үш күнде қалада 5 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелген. Соның ішінде көлікті мас күйде немесе есірткіге еліткен күйде басқарған 43 жүргізуші ұсталған. Олардың бәрі көлік жүргізу құқығынан шеттетілген. Тағы 369 адам көлікті тиісті құжаттарсыз айдаған. Арнайы айыппұл тұрақтарына 94 автокөлік жөнелтілген. Бұдан бөлек, жылдамдықты асырудың 2 мыңнан аса жағдайы тіркелген. Түнгі жарыстар және желідегі видеолар Полиция өкілдері кейбір жүргізушілердің заңбұзушылықтарды әдейі жасап, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялайтынын айтты. Дегенмен, ведомство мұндай әрбір жағдай тексеріліп, кінәлілер анықталатынын және жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Полиция үндеуі Полиция департаменті қауіпті жүргізу адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретінін ескертті. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өздері мен өзгелердің өмірін қауіпке тікпеуге шақырды. Instagram-дағы бұл жарияланымды көру Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department) Әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкелген ЖКО Желі қолданушылары бірнеше күннен бері Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы жол апатын қызу талқылап жатыр. Оқиға Алматыда 21 наурызға қараған түні болған. Zeekr батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен және шығысқа қарай бет алған Mercedes көлігін соққан. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында қаза тапты. Zeekr жүргізушісі аман қалды, ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Полиция істі 345-баптың 4-бөлігі бойынша тергеп жатыр. Бап санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді Тегеран достас елдердің кемелеріне бұғатталған Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді. Бұл туралы Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. "Біз Ормуз бұғазы арқылы өтуге өзімізге достас деп санайтын бірнеше елге, мәселен, Ресей, Үндістан, Ирак, Қытай және Пәкістанға рұқсат бердік. Қарсыластарымыздың бұғазды пайдалануына жол берудің қисыны жоқ", - деп келтіреді оның сөзін "Аль-Алям" телеарнасы. Аракчидің айтуынша, Ормуз бұғазы арқылы өтуге тек Тегеран қарсылас санайтын АҚШ пен Израиль кемелеріне өтуге тыйым салынған. "Жау тарап өзге мемлекеттердің көмегімен бұғазды бұғаттан шығаруға тырысты, бірақ одан ештеңе шықпады. Бұғаз тек дұшпандардың кемелері үшін жабық", - деді министр. Бұған дейін Bloomberg агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Иран мақұлданған тасымалдаушылар үшін бұғаз арқылы өтудің ақылы жүйесін енгізгенін жазған болатын. Сәрсенбі күні Bloomberg Вашингтон Тегеранға тапсырды делінген бейбіт жоспардың мәтінін жариялады. 15 тармақтан тұратын құжаттың біріне сәйкес, Ормуз бұғазы еркін кеме қатынасы аймағы болып қалуы тиіс. Айта кететін жайт, Тегеран бұл талаптарды қисынсыз деп атап, олардан бас тартқан. Ал Ақ үй жарияланған ақпаратта жалған деректер көп болғанымен, шындыққа жанасатын мәлімет те бар екенін мәлімдеді. Бұған дейін Иран телеарнасы елдің барлық талабы орындалмайынша агрессияға қарсы тұруға ниетті екенін хабарлаған. Бұл талаптардың қатарында болашақта соғыстың қайталанбауына кепілдік беру, шығындарды өтеу және Ормуз бұғазына бақылау орнату бар.
Қазақстанда үш жаңа СЭС салынады Қазақстанда үш шағын гидроэлектр станциясын салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Министрліктің мәліметінше, "Қазсушар" мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр. Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. "Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеу жоспарланып отыр. Оның ішінде үш жоба жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылады", - делінген хабарламада. Бұл жұмыстар былтыр қыркүйекте қабылданған "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық құрылысжайларында шағын СЭС дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізіліп жатқаны айтылды. Қазіргі уақытта шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған. "Жол картасын іске асыру нәтижесінде "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық нысандарында жыл сайын өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі "Достық" гидроторабында орналасқан", - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Қазақстанның батысында ұшқышсыз ұшу аппараты құлады: полиция не дейді? Мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың біріне жақын маңда ұшқышсыз ұшу аппараты құлады деген ақпарат пен суреттер тарады. Бұл мәліметті өңірлік Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" басылыман сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, нысан Ақжайық ауданында табылған. Сөз сырттай қарағанда ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсайтын заттар туралы болып отыр. Ведомство нысанның елді мекендерден тыс жерден табылғанын нақтылады. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр, мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Мұндай жағдайлар бұған дейін де болған Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшу аппараттарының құлау деректері тіркелген болатын. Мәселен, 2025 жылғы наурызда Жәнібек ауданында белгісіз дронның сынықтары табылған еді. Ол кезде де өңірлік Полиция департаменті тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.
Қазақстанда 30 градусқа дейін ыстық болады "Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. "Тек еліміздің батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жауады деп болжанған. Сондай-ақ 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі", - деді синоптиктер. Қазақстан бойынша тұман түсіп, солтүстікте және шығыста көктайғақ болады. Температура көрсеткіштері қандай болмақ? Ауа температурасының көтерілуі күтіледі: күндіз батыста және солтүстік-батыста — +15…+25-ке дейін; солтүстікте және шығыста — +10…+17-ге дейін; орталықта — +13…+24-ке дейін; оңтүстікте — +21…+30-ға дейін; оңтүстік-шығыста — +18…+27-ге дейін; таулы аймақтарда — +10…+15-ке дейін.
Дастан Сәтпаев әлемдік футболдың үздік таланттары рейтингіне енді Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы және Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев әлем футболындағы 50 басты таланттың қатарына енді. GOAL порталының нұсқасы бойынша, 18 жастағы вингер 43-орынға жайғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Басылым Сәтпаевтың Қазақстанда бірнеше рекорд орнатқанын атап өтеді, сондай-ақ, бір көрсеткіш бойынша ол "Барселонаның" жұлдызды түлектерімен бір деңгейде болған. "Қайрат" құрамында нағыз жаңалыққа айналған 17 жастағы шабуылшыға "Челси" клубы қызығушылық танытып, оны осы жазда "Стэмфорд Бриджге" ауыстыру бойынша төрт миллион еуроға келісім жасаған. Тек Ансу Фати мен Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында Сәтпаевтан да жас кезінде гол соққан - ол желтоқсанда еурокубоктардың негізгі кезеңінде алғашқы голын соқты. Сонымен қатар, ол - Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас футболшы және гол авторы", - делінген мақалада. Сондай-ақ, Сәтпаевты аңызға айналған аргентиналық шабуылшы Серхио Агуэроға теңеген. "Ойын стилі мен шабуылдарды аяқтау қабілеті бойынша оны Серхио Агуэроға ұқсатады. 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты маусымында ол 14 гол және 7 нәтижелі паспен көзге түсті, ал енді оның BlueCo жүйесіне өткеннен кейін жаңа деңгейде қалай өнер көрсететіні үлкен қызығушылық тудырып отыр", - деп жазады материал авторлары. Еске салайық, өткен маусым жас спортшы үшін нағыз серпіліс кезеңі болды. Ол Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ("Копенгагенге" қарсы сырт алаңдағы матчтің 81-минутында) гол соқты, сондай-ақ ,Бельгияға қарсы әлем чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас гол авторы атанды. Жалпы өткен маусымда Сәтпаевтың еншісінде 20 гол және 8 нәтижелі пас бар: 14+7 - ҚПЛ-де, 3+1 - Чемпиондар лигасының іріктеуінде, сондай-ақ, бір-бір голдан - Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде және Қазақстан Кубогында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
МӘМС 2.0: Медсақтандыру қоры жаңа платформа не үшін керегін түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Гүлмира Сәбденбек Qalqan платформасының не үшін құрылып жатқанын түсіндірді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қор басшысының айтуынша, Qalqan бұрыннан бар шешімдердің үстінен жаңадан бөлек жүйе болып құрылмайды. Яғни бұл – Қордың қолданыстағы цифрлық жүйесін жаңғыртып, оны Қаржы министрлігі қолданылып жүрген заманауи технологиялық платформаға көшіру. "Бұл платформаның таңдалуына бірнеше себеп бар. Біріншіден, оның ішінде дайын технологиялық шешімдер бар. Екіншіден, ол Қаржы министрлігінің интеграциялық мүмкіндігін кеңірек пайдалануға жол ашады. Үшіншіден, жаңа инфрақұрылым құрмай-ақ, қажет функцияларды әлдеқайда жылдам енгізуге мүмкіндік береді", – деп жазды Сәбденбек. ӘМСҚ басшысы платформа жасау үшін қосымша қаржы керек болады деген ақпаратты жоққа шығарды. "Платформа денсаулық сақтау жүйесіне қосымша шығын шығармай іске асырылады", – деп атап өтті ол. Сондай-ақ, Гүлмира Сәбденбек Qalqan медициналық ақпараттық жүйе емес екенін және Damumed секілді қызметтердің орнын баспайтынын мәлімдеді. "Платформа емдеу процесіне араласпайды және дәрігерлерге қосымша жүк түсірмейді. Оның негізгі мақсаты – қаржы ағынын ашық ету, көрсетілген қызметтерді тексеру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының қалай жұмсалып жатқанын бақылау. Шын мәнінде, бұл – цифрландырудың келесі кезеңіне өту. Яғни жекелеген операцияларды есепке алудан шығындарды және олардың тиімділігін басқару деңгейіне көшу. Жаңа платформа деректерді біріктіріп, есеп-қисаптың ашық болуын арттырады және қаржы қозғалысын басынан аяғына дейін бақылауға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді қор басшысы. Сәбденбектің айтуынша, Qalqan платформасының басты міндеті – әрбір төленген қызметтің нақты расталуын, ал МӘМС жүйесіндегі әрбір теңгенің негізді жұмсалып, медициналық көмекке бағытталуын қамтамасыз ету. Контекст Жуырда премьер-министр Олжас Бектенов ӘМС жүйесін жетілдіру мәселесі қаралған кеңес өткізді. Сол жиында жаңа Qalqan цифрлық платформасы таныстырылып, ол жаңадан құрылып жатқан МӘМС архитектурасының технологиялық негізі әрі "цифрлық қалқаны" ретінде сипатталды. Еске салайық, 16 қаңтарда Үкіметте Медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы шешім қабылданды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жасөспірім биіктен секіріп, орталықтың шатырын тесіп өтті: видео Атыраудағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жасөспірім сым арқылы биікке көтеріліп, кейін секіріп, кіреберістің шатырын тесіп өткен. Оқиға видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап. Құлаған кезде 14 жастағы жасөспірім жеңіл жарақат алған. Медициналық тексеруден кейін ол үйіне жіберілді. Атырау облысының полиция департаменті өкілдері жасөспірімнің орталықта ересектердің қарауынсыз жүргенін хабарлады. Оның ата-анасы баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, уәкілетті органдарға оқиға болған сауда-ойын-сауық орталығындағы қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру туралы нұсқама берілді. Видеода бейәдеп сөздер бар! Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылғы қазанда Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің инвестициялар және сауда бөліміне меңгеруші болып тағайындалды. 2024 жылғы ақпаннан бастап премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі қызметін атқарды, бұл қызметтен сол жылдың желтоқсанында кетті. Оның міндеттеріне макроэкономикалық, бюджет, салық және кеден саясаты мәселелерін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін, қаржы секторын, тариф саясатsy үйлестіру; шағын және орта кәсіпкерлікті, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (концессияларды қоса алғанда) дамыту кірді. Бұл қызметте Байбазаров инвестициялық саясат, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, статистика, жобалық басқаруды дамыту, халықаралық қаржы институттарын үйлестіру және Ұлттық банкпен өзара іс-қимыл мәселелеріне жауап берді. Сонымен қатар, Нұрлан Байбазаров "Amanat" партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру, бизнес мәселелерін қарау және шешу (оның ішінде әкімшілік кедергілерді азайту, экономиканы демонополизациялау), орта мерзімді экономикалық саясат және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін реформалау мәселелерін қадағалады. Сондай-ақ, Байбазаров заңсыз шетелге шығарылған қаржы қаражаттары мен сатып алынған активтерді қайтару және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының қызметіне жетекшілік етті. Нұрлан Байбазаров туралы не белгілі? Нұрлан Байбазаров 1975 жылғы 10 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы бастап, Қаржы министрлігінің бюджет департаментінде және мемлекеттік қарыз алу департаментінде түрлі қызметтер атқарған. 2004–2011 жылдары "Қазақстан даму банкі" АҚ-да жобаларды агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар бойынша басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, корпоративтік хатшы қызметтерін атқарды. 2013–2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің экономика салаларын дамыту департаментін басқарды. Сонымен қатар, әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК", "ҚазМұнайГаз Консалтинг" және "ҚазМұнайГаз" ҰК" акционерлік қоғамдарында жұмыс істеді. 2016 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болды. 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қазанға дейін "Қазақстан даму банкі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. Сондай-ақ, "Бәйтерек" холдингін басқарған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ерболат Досаев ПӘ басшысының орынбасары қызметінен босатылды Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалған. Осылайша, ол бұл қызметте жарты жыл жұмыс істеді. Былтыр желтоқсанда Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Ал 2026 жылғы қаңтарда ол сондай-ақ, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамына енді. 2022 жылғы қаңтардан 2025 жылғы мамырға дейін Досаев Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. Ерболат Досаев туралы не белгілі? Ерболат Досаев - Республикалық физика-математика мектебінің түлегі, 1993 жылы Алматы энергетикалық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын жеке компанияларда бастаған, 1997 жылы "Акцепт" корпорациясының бас директоры болды. Кейін "ТұранӘлем банкі" басқарма төрағасының орынбасары және "Алматы сауда қаржы банкі" басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. 1998 жылы премьер-министрдің кеңесшісі, кейін энергетика, индустрия және сауда вице-министрі болды. 2000 жылы Қазақстанның қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. 2001 жылғы мамырдан 2002 жылғы наурызға дейін "Қазақстан даму банкі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2001 жылғы қарашада Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы қызметін қоса атқарды. 2003 жылғы маусымда Ерболат Досаев қаржы министрі болып тағайындалды, ал 2004 жылғы сәуірде денсаулық сақтау министрі болды. 2006–2012 жылдары "КазИнвестБанк" директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2012 жылғы қыркүйектен бастап Экономикалық даму және сауда министрі (кейін - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі) қызметін атқарды. 2014 жылғы 6 тамызда Ұлттық экономика министрі болды. 2016 жылы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингін басқарды. 2017 жылғы 29 тамызда премьер-министрдің орынбасары болды. 2019 жылғы 25 ақпаннан 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін Ұлттық банк төрағасы, одан кейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иранға қатысты бейбіт келіссөз 26 наурызда басталуы мүмкін АҚШ және делдал елдер, Пәкістан, Египет пен Түркия, 26 наурызда Иранмен жоғары деңгейде бейбіт келіссөз өткізу мүмкіндігін талқылап жатыр. Алайда олар әлі Тегераннан жауап күтіп отыр. Келіссөз өтетін ықтимал орын ретінде бұрынғысынша Пәкістан астанасы - Исламабад аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Израильдің 12-арнасына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, Трамп соғысты тоқтатқысы келеді. Алайда Иранның Ормуз бұғазын бұғаттауы кез келген шығу жолын қарастыруды қиындатып отыр. АҚШ Израильге соғысты тоқтатуға арналған 15 тармақтан тұратын жоспар ұсынған, кейін оны Иранға берген. Вашингтон Тегеран осы тармақтардың көбімен келіскенін айтады, бірақ бұған нақты дәлел жоқ. "Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Трамп Израильдің мақсаттарына сай келмейтін, Иранға елеулі жеңілдіктер жасайтын және Израиль әскери күштерінің іс-қимыл еркіндігін шектейтін келісімге қол қоюы мүмкін деп алаңдайды. Мұны екі израильдік дереккөз хабарлады. Ал үшінші дереккөз Израильде Иранның АҚШ айтқандай жеңілдіктерге баруға дайын екеніне күмәнмен қарайтындар бар екенін айтты", — деп жазады басылым. Жоспарда, атап айтқанда, Иранда уран байытуды толық тоқтату қарастырылған. Америкалықтар Иран уран байытуды уақытша тоқтатуға келіскенін айтады, бірақ оның қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Сонымен қатар, Иранның ресми өкілдері бейбіт келіссөздер бойынша байланыс басталғанын жоққа шығарады, бірақ АҚШ-тан хабарламалар мен ұсыныстар түскенін растайды. "АҚШ-тың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер Иранмен сенімді келіссөз арнасын орнатуға тырысты. Бірақ әзірге бұл әрекет нәтижелі бола ма және ол арна шынымен жұмыс істейтін арна бола ма, оны айтуға ерте", - деді америкалық дереккөз. Америкалық және израильдік ресми тұлғалардың пікірінше, келіссөздер басталған күннің өзінде соғыс тағы екі-үш аптаға созылуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның мұнайын тасымалдаудың негізгі бағыты аталды Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдің мұнай саласының қазіргі жағдайын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Халықаралық CERAWeek энергетикалық конференциясында сөз сөйлеген министр Қазақстанның әлемдік нарыққа энергия ресурстарын жеткізетін сенімді ел ретіндегі позициясын сақтап отырғанын айтты. Сонымен қатар, ол сала алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді атап өтті. Олардың қатарында энергетикалық қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде қазақстандық мұнайдың басым бөлігі экспортталатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмыс істеуі бар. Анықтама: Каспий құбыр консорциумы (КҚК) — қазақстандық мұнайды экспортқа шығаратын негізгі бағыттарының бірі. Бұл құбыр арқылы Қазақстан мұнайы Ресейге жеткізіліп, кейін Қара теңіздегі Новороссийск маңындағы КҚК теңіз терминалы арқылы экспортқа жөнелтіледі. Осы терминал арқылы Қазақстан мұнай экспортының шамамен 80 пайызы өтеді. "Бұл бағыттың ұлттық экономика үшін аса маңызды екенін ескере отырып, оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудің маңызы атап өтілді", - деп хабарлады Энергетика министрлігі. Сонымен қатар, Қазақстан экспорт бағыттарын әртараптандыру саясатын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді, оның ішінде Қытай бағытын дамыту да бар. Соған қарамастан, КҚК мұнай тасымалдаудың ең тиімді әрі басым бағыттарының бірі болып қала береді. Сондай-ақ, мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарлар да айтылды. Атап айтқанда, Қазақстан мұнай өңдеу қуатын екі есеге арттыруды көздеп отыр. Бұл ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің Орталық Азия өңіріндегі мұнай өнімдерін жеткізуші ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Былтыр КҚК инфрақұрылымы бірнеше рет дрон шабуылына ұшырады. Соның салдарынан Қазақстан шамамен 3,8 миллион тонна мұнайды экспортқа шығара алмады. Жуырда КҚК маңында қазақстандық мұнайды тиеуге бағыт алған танкерге де шабуыл жасалды. КҚК-дан бас тарту мүмкін бе және қандай балама бағыттар бар екені туралы сілтеме арқылы оқуға болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Грекия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуласты Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. "Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен өзара ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін атап өткім келеді. Болашақта да сан қырлы ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін беки түседі деп сенемін", – делінген жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуластың аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал Грекия халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тегеран Трамптың келіссөздерге ұмтылысы кезекті айла болуы мүмкін деп күдіктенеді Иранның ресми өкілдері АҚШ-пен бейбіт келіссөздерге делдал болуға тырысқан елдерге тағы да президент Трамптың арбауына түскісі келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Axios басылымына сілтеме жасап. АҚШ Иранмен бетпе-бет бейбіт келіссөздерді бейсенбі күні-ақ Пәкістан астанасы Исламабадта өткізуді көздеп отыр. Сонымен қатар, Пентагон Таяу Шығыстағы әскери күштерін арттыруды жалғастырып келеді. Иранның ресми өкілдері делдал елдер, Пәкістан, Египет және Түркияға, америкалық әскерилердің қозғалысы мен Дональд Трамптың ірі қосымша күштерді орналастыру туралы шешімі келіссөздер ұсынысы айла болуы мүмкін деген күдікті күшейткенін хабарлаған. Трамп әкімшілігі өз кезегінде әскерді шоғырландыру келіссөздерді "күш позициясынан" жүргізуге дайын екенін көрсету үшін жасалып жатқанын, ал ниеттің адал емесін білдірмейтінін айтады. "Трамптың бір қолы келісімге ашық, ал екінші қолы - сені ұрып жіберуге дайын тұратын жұдырық", - деді оның кеңесшілерінің бірі. Басылымның мәліметінше, Ақ үй Тегеранға ниетін білдіретін белгілер жолдап, соның дәлелі ретінде келіссөздерге вице-президент Джей Ди Вэнстің қатысуы мүмкін екенін атап өткен. Екі дереккөздің айтуынша, Уиткофф Вэнсті оның жоғары лауазымына және Иранда оны қатаң ұстанымдағы саясаткер ретінде қабылдамайтынына байланысты ұсынған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда жүктілігін жасырған қыз сотталды Павлодарда ата-анасынан жүктілігін жасырған студент қыз жаңа туған нәрестесін тұншықтырып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Сот кабинеті" материалдарына сәйкес, ол өзінің жүкті екенін ата-анасынан және айналасындағылардан жасырып келген. Былтыр қазанда студенттік жатақхананың жуынатын бөлмесінде қыз сәбиін дүниеге әкелген. "Босанғаннан кейін бірден сотталушы психологиялық күйзеліс жағдайында баланың жылағаны мен дауысы естіледі деп қорқып, жаңа туған қызын сүлгіге орап, тұншықтырған. Соның салдарынан айыпталушының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде нәресте көз жұмды", - делінген іс материалдарында. Сотта қыз өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, ол жігітімен екі жылдан аса уақыт жүрген, алайда жүкті екенін білген соң, жігіт баладан бас тартқан. Студенттің жүкті екенін басқа ешкім білмеген. Ол сәбиді жалғыз тәрбиелеуге дайын болмағанын және туыстарының айыптауынан қорыққанын айтты. Сот барысында қыздың анасы жәбірленуші ретінде сөз сөйлеп, болған жағдайды топ старостасынан білгенін жеткізді. Жатақханаға келгенде ол қызын ауыр жағдайда көріп, бірден жедел жәрдем шақырған. Нәрестенің денесін полиция қызметкерлері алып кеткен. Сот процесі қысқартылған тәртіпте өтті: сот айыпталушы мен жәбірленушіден ғана жауап алумен шектелді. Қыздың әрекеті Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сараланды - "Психотравмалық жағдайда босанғаннан кейінгі кезеңде анасының жаңа туған баласын өлтіруі". Ауырлататын мән-жайлар анықталмады, ал жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін толық мойындауы, шын жүректен өкінуі, құқықбұзушылықты алғаш рет жасауы және жасы ескерілді. Сот студент қызды кінәлі деп танып, оған тұрғылықты жерін хабарламай өзгертуге және ойын-сауық орындарына баруға тыйым салумен бірге екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, ол жаза мерзімі бойы жыл сайын қоғамдық орындарда 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылатын болады, бірақ күніне төрт сағаттан аспайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұман, жаңбыр мен дауыл: 25 наурызда ауа райы қандай болады? Синоптиктер 25 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын болжайды. Жауын-шашын түсіп, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей уақыттарда нөсер күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күндіз елдің батысында және оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл, желдің күшеюі болжанады. Республика бойынша тұман күтіледі, солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ сақталады. Астана - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік бағыттан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 5-7 жылы. Алматы - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 15-17 жылы. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы өңірлері) - жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 5-10 жылы. Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 жылы. Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 аяз, облыстың солтүстігінде 0 градус, күндіз 5-10 жылы. Көкшетау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 8-10 жылы. Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 0-5 аяз, күндіз 15-20, таулы аймақтарда 5-10 жылы. Қонаев - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 15-17 жылы. Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с, Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың орталығында, таулы аймақтарында 0-5 аяз, күндіз 15-20, таулы аймақтарда 10 жылы. Талдықорған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 16-18 жылы. Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 8-13, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы аймақтарында 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 4, күндіз 23-28, солтүстігінде, таулы аймақтарында 13-18 жылы. Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 жылы. Батыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың шығысында 9, күндіз 12-17, шығысында 20 жылы. Орал - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 15-17 жылы. Атырау облысы - түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 9-14, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың батысында 7, күндіз 20-25 жылы. Атырау - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 жылы. Маңғыстау облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай. Облыстың батысында тұман. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 9-14, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 23-28, батысында 15-20 жылы. Ақтау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 18-20 жылы. Ақтөбе облысы - облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттан 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12, солтүстік-шығысында 3, күндіз 17-22, солтүстік-шығысында 12 жылы. Ақтөбе - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 17-19 жылы. Қостанай облысы - күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3 аяз-2 жылы, облыстың шығысында 6 аяз, күндіз 7-12, шығысында 4 жылы. Қостанай - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 8-10 жылы. Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, күндіз батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 6-11 жылы. Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 6-8 жылы. Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман. Жел оңтүстік бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 4-9 жылы. Павлодар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 аяз, күндіз 5-7 жылы. Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік бағыттан 9-14, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың шығысында 8 аяз, оңтүстігінде 3 жылы, күндіз 6-11, оңтүстігінде 18 жылы. Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік бағыттан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 7-9 жылы. Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан 9-14, таңертең және күндіз шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3 аяздан 2 жылыға дейін, батысында 5 жылы, күндіз 10-15, батысында 20 жылы. Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 1 аяз-1 жылы, күндіз 13-15 жылы. Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде қар. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, оңтүстігінде 2, шығысында 15 аяз, күндіз 3-8 жылы, шығысында 2 аяз. Өскемен - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 3-5 жылы. Абай облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 аяз, күндіз 3-8, облыстың оңтүстігінде 13 жылы, шығысында 2 аяз. Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 6-8 жылы. Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың шығысында, орталығында шаңды дауыл. Жел шығыс бағыттан түнде 9-14, облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 21-26, облыстың солтүстігінде 18 жылы. Қызылорда - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл. Жел шығыс бағыттан түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 21-23 жылы. Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 2 аяз, күндіз 17-22, солтүстігінде, таулы аймақтарында 14 жылы. Тараз - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кейде 23 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 19-21 жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында тауда жоғалған отбасы аман табылды Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында түнде жүргізілген іздеу-құтқару операциясы сәтті аяқталды. Шонжы кенті маңындағы демалыс аймағынан Алматыға қарай шыққаннан кейін байланысқа шықпай қалған отбасы таңғы сағат 5 шамасында аман-есен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құтқару жұмыстары түн бойы жалғасты. Іздеу операциясына Алматы облысының құтқарушылары мен "Барыс" жасағы жұмылдырылды. Жағдайды отбасы отағасының ұялы телефонының сөндірілуі және таулы аумақтағы қарлы ауа райы қиындата түсті. Құтқарушылар телефон биллингін тексеріп, Бартоғай су қоймасы маңын зерттеу барысында жоғалған отбасының ізіне түскен. Нәтижесінде олардың көлігі қарға тұрып қалғаны анықталды. Мамандар ересектер мен балалардың жағдайын тексеріп, оларға медициналық көмек қажет емес екеніне көз жеткізді. Одан кейін құтқарушылар автокөлікті қардан шығарып, тазартылған жолға жеткізді. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға таулы аймаққа жолға шықпас бұрын ауа райын және жол жағдайын мұқият ескеруді ескертті. Мамандар қауіпсіздікке күмән туындаған жағдайда сапарды кейінге қалдыруға кеңес береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Парсы шығанағындағы екі ел Иранға қарсы соғысқа қосылуы мүмкін - БАҚ Парсы шығанағы елдері Иранға қарсы әрекетке белсенді кірісе бастады. Сауд Арабиясы АҚШ-қа Иранға соққы жасау үшін өз әскери базасын пайдалануға рұқсат берді, ал Біріккен Араб Әмірліктері әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап. The Wall Street Journal деректеріне сүйенсек, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ-тың Иранға қарсы әскери қимылдарына қосылуға жақын. Сарапшылардың айтуынша, корольдіктің соғысқа араласуы уақыт еншісіндегі мәселе. Бұған дейін Сауд Арабиясы Иранға қарсы операцияларға өз аумағын пайдалануға қарсы болған. Алайда Тегеран елдің маңызды энергетикалық нысандарына және астанасы Эр-Риядқа зымыран мен дрондар арқылы шабуыл жасаған соң, бұл ұстаным өзгерген. Қазір Сауд Арабиясы АҚШ әскеріне Король Фахд атындағы әуе базасын пайдалануға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, елдің Сыртқы істер министрі корольдіктің "сабыры ұзаққа созылмайтынын" ашық айтты. Ал Біріккен Араб Әмірліктері Иранға экономикалық қысымды күшейтіп жатыр. Дубайда Иранмен байланысты бірқатар ұйым жабылып, иран активтерін бұғаттау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл Иранның қаржы және халықаралық сауда мүмкіндіктеріне әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, Әмірліктерде әскер жіберу мәселесі де талқыланып жатыр. Олар АҚШ-ты Иранның әскери әлеуеті әлсірегенге дейін бітімге келмеуге шақырып жатыр. Жалпы, сарапшылардың пікірінше, бұл әрекеттер Парсы шығанағы елдерінің АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы іс-қимылына біртіндеп тартылып жатқанын көрсетеді. Дегенмен, олар әскер жіберу өздерін Иранның ашық қарсыласына айналдыратынын да түсінеді. Өйткені соғыс аяқталған соң, АҚШ аймақтан кеткен жағдайда, бұл елдер Иранмен күрделі қатынастармен бетпе-бет қалуы мүмкін. 21 наурызда Сауд Арабиясы Иранның бірнеше дипломатын елден шығарып жіберді. Мұндай шешім Тегеран тарапынан жалғасып жатқан шабуылдармен байланысты қабылданған. Сондай-ақ, 12 араб және ислам елінің сыртқы істер министрлері Иранды көрші мемлекеттерге қарсы әрекеттерін тоқтатуға шақырды. Әйтпесе, бұл бүкіл Таяу Шығыс үшін ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы мен АҚШ Йемендегі хуситтердің Иран жағында соғысқа араласуына жол бермеуге тырысуда. Егер олар қақтығысқа қосылса, жағдай одан әрі ушығып, тіпті Суэц каналы мен Мысырды да қамтуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге “Қазақстанның Еңбек Ері“ атағын берді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, марапат "альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін" табысталған. Ерванд Ильинский туралы не белгілі? Ерванд Тихонович Ильинский 1940 жылы 25 тамызда Красноярск қаласында дүниеге келген. 1949 жылы ата-анасымен бірге Алматыға қоныс аударған. Ол – кеңестік және қазақстандық альпинист, бапкер. 1991–2010 жылдары әлемде алғаш рет планетаның барлық 14 сегізмыңдық шыңын бағындырған Қазақстан құрамасының бас бапкері болған. 1990 жылы Эверест шыңына шыққан, ал 2007 жылы Қазақстаннан алғаш болып "Жеті шың" клубының мүшесі атанған. КСРО чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. 1973 жылдан бастап САВО СКА-ның альпинизм бойынша аға бапкері қызметін атқарған. 1975 жылы – Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1979 жылы – КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1982 жылы – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атақтарын алған. 1971 жылы Ильинский жетекшілік еткен ҚазПТИ альпинизм секциясына үшінші разрядтағы спортшылар Қазбек Валиев пен Валерий Хрищатый келген. ТүрікӘО командасының КСРО чемпионатындағы жеңісінен кейін ол ЦСКА-ға бапкер ретінде шақырылған. Осы уақыт ішінде 100-ден астам КСРО спорт шеберін, 36 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін және 24 еңбек сіңірген спорт шеберін дайындады. 1993 жылы ол жас Денис Урубконың болашағын байқап, өз клубына шақырған. Ал 2000 жылы Мақсұт Жұмаев пен Василий Пивцовты жаттықтыра бастады. Кейін осы жаңа буын альпинистерінен құралған командамен 2010 жылы "Қазақстан құрамасы – әлемнің барлық 14 сегізмыңдығында" атты ауқымды бағдарламаны жүзеге асырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына кінәлі жүргізуші туралы не белгілі? Әлеуметтік желіде Алматыдағы әл-Фараби даңғылында 21 наурызға қараған түні болған жантүршігерлік жол апаты қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, қайғылы оқиға таңғы сағат 03:30 шамасында болған. Батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан Zeekr электромобилі қарсы жолаққа шығып кетіп, шығыс бағытта келе жатқан Mercedes көлігін қатты соққан. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от JUZmedia (@juzmedia.kz) Салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы – 22 және 20 жастағы қыздар оқиға орнында көз жұмды. Ал Zeekr көлігінің жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір жұртшылықтың назары Zeekr жүргізушісінің жеке басына ауып отыр. Әлеуметтік желі қолданушыларының көкейінде сұрақ көп. "Неге полиция үнсіз? Іс қозғалды дегенмен, қазіргі әлеуметтік желі дәуірінде құрғақ ақпарат жеткіліксіз. Жүргізуші кім? Қоғам соны білгісі келеді. Алматыда мұндай көліктер көбіне ықпалды адамдарға тиесілі. Бейнежазба қайда? Әл-Фараби – қаладағы ең бақыланатын көшелердің бірі. "Сергек" камералары әр қадам сайын орнатылған. Бірақ апат сәтінің видеосы әлі жарияланған жоқ. Жүргізуші мас болды ма? Нақты жылдамдық қандай болған? Әлде бейнежазба "техникалық ақаумен" жоғалып кете ме? Бұл жол апаты – құқық қорғау жүйесіне үлкен сын. Қоғамда "заң бәріне бірдей болуы керек" деген талап күшейіп отыр. Адамдар істің ашық түрде қаралуын, бәрі әділ шешілуін талап етеді", - деп жазған pilly_grimm есімді қолданушы Threads желісінде. Ал тәуелсіз журналист Михаил Козачковтың айтуынша, апат кезінде Zeekr 9X көлігін Алматының 32 жастағы кәсіпкер басқарған. Оның компаниялары көлік саласында жұмыс істейді. Солардың бірі 2024 жылдың күзінен бері мемлекет қазынасына 50 миллион теңгеден аса салық төлеген. Куәгерлердің сөзінше, сол түні Zeekr көлігі басқа көлікпен жарысқан болуы мүмкін. Журналистің болжамынша, жол апатына кінәлі адам сот алдында жауап беріп, жазаға тартылады. Ол Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес шамамен 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әбиба Әбужақынова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спортшыға сүйіктісі сөз салған. Әбужақынова сақинасын және бір құшақ раушан гүлін көрсетті. "Мен "иә" дедім", – деп жазды ол. Еске салайық, Әбиба Әбужақынова – қазақстандық дзюдошы. 28 жастағы спортшы Будапештте өткен жарыста тарихи күміс жүлдеге қол жеткізгенге дейін, Ташкентте (2022) және Абу-Дабиде (2024) өткен әлем чемпионаттарында екі қола медаль иеленген. Сонымен қатар, оның Азия чемпионаттарынан екі күмісі бар. 2025 жылғы қарашада ол Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды. 2024 жылы Абиба Париж Олимпиадасына қатысқанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады. Соған қарамастан, елге оралған соң оған бірнеше автокөлік сыйға тартылды. Айта кетейік, жанкүйерлер Әбиба Әбужақынованы Париж Олимпиадасындағы Қазақстанның ең сұлу спортшыларының қатарына қосқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық блогер “Ильярчикке“ мемлекетаралық іздеу жарияланды Қазақстандық танымал блогер "Ильярчикке" (andersonchik1) ел аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, Ювашев Ильяр Салаватович (1998 жылғы 23 маусымда туған) 2024–2025 жылдары mellstroy.game ресурсын қоса алғанда, интернет-казино желісін құруға және басқаруға ат салысқан. "Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен", – делінген ҚМА хабарламасында. Егер іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне келесі телефондар арқылы хабарлауды сұрайды: +7 7172 70 84 79 (ішкі 21384) – кезекші бөлім; Call-center: 1458. Ақпарат берген тұлғаларға сыйақы қарастырылған, құпиялылық сақталады. Ведомство Астана қалалық ҚМА департаменті Беларусь Республикасының азаматы Бурим Андрейге қатысты тергеуді жалғастырып жатқанын еске салды. Ол Mellstroy атымен танымал блогер. Интернет-казиноны жарнамалау мақсатында блогер түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер ұйымдастырған. Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game бренді, казино логотиптері және сайтқа сілтемелері бар видеолар түсіру ұсынылған. Буримге халықаралық іздеу жарияланған. Агенттік мәліметінше, интернет-казино қызметі айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық зиян келтірген: азаматтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тарту, лудоманияның өсуі, табыстың жоғалуы және капиталдың офшорлық аймақтарға кетуі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Колумбияда әскери-көлік ұшағының апатынан 66 адам қаза тапты Колумбияда C-130 Hercules әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 66 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Caracol Radio X әлеуметтік желісінде мәлімдеді. "Пуэрто-Легисамо, Путумайо аймағындағы оқиға салдарынан 66 адамның қаза тапқаны расталды. Олардың арасында Ұлттық армияның 58 әскери қызметкері, Колумбия Әуе күштерінің алты өкілі және Ұлттық полицияның екі қызметкері бар", - делінген хабарламада. Радиостанцияның нақтылауынша, апатқа ұшыраған ұшақ бортында 128 әскери қызметкер болған. #ATENCIÓN | Van 66 muertos confirmados tras el accidente en Puerto Leguizamo, Putumayo. 58 de ellos del Ejército Nacional, 6 de la Fuerza Aeroespacial Colombiana y 2 de la Policía Nacional. Se confirma que en total iban 128 uniformados en el avión siniestrado.… — ÚltimaHoraCaracol (@UltimaHoraCR) March 24, 2026 БАҚ мәліметінше, 57 адам аман қалған, біреуі зардап шекпеген, тағы төртеуі хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Бұған дейін Колумбияның қорғаныс министрі Педро Санчес Әуе күштеріне тиесілі Hercules ұшағы елдің оңтүстігінде апатқа ұшырағанын мәлімдеген еді. Caracol телеарнасының хабарлауынша, бортта 125 адам болған - 11 экипаж мүшесі және 114 әскери қызметкер. Материалда бұл 27-бригаданың әскери қызметкерлерін өңірдегі әскер ротациясы аясында тасымалдап бара жатқан әуе кемесі екені айтылған. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ұшақтың маневр жасау кезінде туындаған қиындықтар себеп болған - ұшақ ұшып көтерілгеннен кейін қажет биікке тиісті деңгейде көтеріле алмаған. Колумбияның Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы генерал Карлос Фернандо Сильва Руэда бұған дейін кемінде 48 адамның зардап шегіп, эвакуацияланғанын мәлімдеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Өскеменде полицейге шабуыл жасады деген күдікке ілінгендер ұсталды Өскеменде полицейге шабуыл жасады деген күдікке ілінгендер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 22 наурызда Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде патрульдік полиция қызметкеріне көмек сұрап жасөспірім жүгінген. Оның айтуынша, екі бейтаныс жігіт өзін агрессив ұстаған. ШҚО ПД мәліметінше, оқиға орнына барған полицейге жігіттер бағынбаған. Қолда бар дерекке сәйкес, мас күйдегі екі тұрғын полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, оған шабуыл жасаған. "Оқиғадан кейін шабуыл жасағандар қашып кеткен, алайда көп ұзамай олардың жеке басы анықталып, ұсталды. Олардан қару тәркіленді. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп түсіндірді ШҚО ПД өкілдері. БАҚ мәліметінше, оқиға салдарынан полиция қызметкері жарақат алған. Қазір ол медициналық мекемеде жатыр, жағдайы тұрақты деп бағаланып жатыр. Шабуыл жасағандар офицердің қызметтік қаруын иемденіп кеткен. Қала полиция басқармасы қызметтік міндетін атқару кезінде билік өкіліне адамдар тобы тарапынан өмірге қауіпті күш қолдану дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Елена Рыбакина Майамидегі WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1/8 финалда оған аустралиялық Талия Гибсон (WTA №68) қарсылас болды. Кездесу 1 сағатқа созылып, Рыбакинаның екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы америкалық Джессика Пегула (WTA №5) болады. Ол румыниялық Жаклин Кристианнан (WTA №36) 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Ойын 25 наурызда өтеді. Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастап, алғашқы матчінде Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцеваны (WTA №75) 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Одан кейін Елена украиналық Марта Костюктің (WTA №28) қарсылығын 6:3, 6:4 есебімен еңсерді. Miami Open турнирі 17-28 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры - 18 831 450 долларды (шамамен 9,08 миллиард теңге). Ал жекелей сындағы жеңімпаздар 1 151 380 доллардан (555 миллион теңгеден астам) алады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "24 наурызда Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе түнде Атырау қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұман түсіп, жаңбыр жауады: 24 наурызға арналған ауа райы болжамы Қазгидромет 24 наурыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Солтүстікте құбылмалы бұлтты, тұман түседі, оңтүстікте жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі. Батыста бұлтты, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Шығыста жаңбыр, қар және тұман болжанады. Қалалар бойынша ауа райы болжамы Астана - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Алматы - бұлтты, жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3-8, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы. Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы. Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы. Қонаев - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы. Талдықорған - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең кей уақытта жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы. Қызылорда - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл. Жел шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы. Тараз - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы. Ақтау - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы. Атырау - құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы. Орал - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы. Ақтөбе - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0 градус, күндіз 11-13 градус жылы. Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы. Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы. Қостанай - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Көкшетау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Павлодар - құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы. Семей - құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Түнде және таңертең тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, түнде 4-9, күндіз 7-12, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы. Өскемен - құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде 4-9, күндіз 7-12, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Сіріңке жақты“: Шахтинскідегі бесқабатты үйдегі жарылыстың мән-жайы Кеше түнде Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан сегіз адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жай кездейсоқ жағдай емес: полиция 40 жастағы күдіктіні ұстады. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнына барып, қорқынышты түнді бастан өткерген тұрғындармен сөйлесті. "Өте қорқынышты болды" Түнгі оқиға бес қабатты үйдің төртінші қабатындағы екі бөлмелі пәтерде болған. Подъезде күйік иісі мүңкіп тұр, ол киімге дейін сіңіп қалған. Терезелер сынған, балкон бұзылған, баспалдақта шыны сынықтары мен күйген заттар шашылып жатыр. Тұрғындар әлі есін жия алмай отыр. Көпшілігі бұл әрекетті көршісі жасағанына сене алмайды, оны бұрын сабырлы адам деп білетін. Куәгерлердің айтуынша, бәрі газдың өткір иісінен басталған. Алаңдаған тұрғындар полиция шақырған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары дереу эвакуацияны бастаған. Сол сәтте, көршілердің айтуынша, пәтердегі ер адам сіріңке жаққан. "Мен алты жасар ұлыммен ұйықтап жатқан едім. Бір кезде есік қатты қағылды. Полицейлер тез сыртқа шығу керегін айтып, газ баллоны жарылуы мүмкін екенін ескертті. Дүрбелең басталды, өте қорқынышты болды. Ұлымды әрең алып шықтым. Полицейлер бізді асықтырып, көмектесті. Сыртқа шыққаннан кейін көп өтпей жарылыс болды. Егер олар бізді уақытында шығармағанда, не боларын білмеймін. Олар мені және баламды құтқарды", - деді тұрғын Евгения Сайко. "Мұндайды бұрын көрмегенбіз" Өрт шыққан пәтер қазір толық қираған: жиһаздар күйген, қабырғалар бүлінген, жерде ойыншықтар мен суреттер шашылып жатыр. Үйдің үлкені Антон Минин мұндай жағдайды бұрын-соңды көрмегенін айтты. "Шок болдық. Адамдар не киіп үлгерсе, сонымен сыртқа жүгіріп шықты. Түтін қою болды, ештеңе көрінбеді. Полицейлер тез әрекет етті - есіктерді қағып, қарттарға түсуге көмектесті. Көп адам оларға қарыздар. Өкінішке қарай, өздері де қатты зардап шекті, реанимацияда жатыр. Қазір әкімдікпен бірге пәтерлерді тексеріп жатырмыз - оннан астамы зақымданған, оның бесеуінде тұру мүмкін емес. Бұл жерде адам шығыны болмағаны - үлкен ғажайып. Барлық пәтерде газ баллондары бар, сондықтан оларды құтқарушылар қолмен шығаруға мәжбүр болды. Егер бәрі жарылса, көрші үйлер де зардап шегер еді", - деді ол. Тағы бір жарылыс жасаймын деп қорқытқан Полиция мәліметінше, күдіктіні бірден ұстау мүмкін болмаған. Жарылыс кезінде эпицентрде болған полицейлер күйік алып, жарақаттанған. Осы сәтті пайдаланып, ер адам балкон арқылы қашып, көрші подъезге өткен. Ол жерден қарт әйелді шығарып, тағы бір газ баллонын жарамын деп қорқытқан. Кейін ол ұсталды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg) "Бөтеннің мүлкін қасақана жоюға әкелген өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 40 жастағы ер адам ұсталды. Қазір ол Шахтинск ауруханасының арнайы палатасында күзетпен жатыр. Емделіп болған соң уақытша ұстау изоляторына қамалады", - деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров. Зардап шеккендер туралы не белгілі? Оқиға салдарынан сегіз адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, үш полицей мен екі тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір оқиға болған үй қоршауға алынған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар біртіндеп өздеріне келіп жатыр: күйген заттарын шығарып, сынған терезелерін жауып жатыр. Көшеде пәтерлерден шығарылған газ баллондары көрінеді. Мән-жай Кеше түнде Қарағанды облысының Шахтинск қаласында бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Құтқарушылар мен полицейлер жоғарғы қабаттардағы тұрғындарды эвакуациялап, олар үшін жылыту пунктін ұйымдастырды. 40 шаршы метр аумақта өрт шығып, кейін толық сөндірілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шахтинскідегі пәтерді өртеген адам ұсталды: полиция видео жариялады Шахтинскідегі пәтерді өртеді деген күдікті ұсталды. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұстау сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция мәліметінше, күдіктіні ұстау жоғары қауіп жағдайында өткен. "Оқиға орнына келген полицейлер алғашқылардың бірі болып тұрғындарды дереу эвакуациялауға кірісті. Сол сәтте бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінде болған 40 жастағы күдікті полицейлерді байқап, әдейі газ жіберіп, оны өртеп жіберген. Жарылыс қаупі жоғары болғанына қарамастан, тәртіп сақшылары батыл әрекет етіп, өз өмірін қатерге тігіп, ұстау операциясын аяғына дейін жеткізді", - делінген хабарламада. Қазір күдікті медициналық мекеменің арнайы палатасында күзетпен жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өрт кезінде бес полиция қызметкері зардап шекті, олар ауруханаға жатқызылған. Мән-жай Кеше түнде Қарағанды облысының Шахтинск қаласында бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Құтқарушылар мен полицейлер жоғарғы қабаттардағы тұрғындарды эвакуациялап, олар үшін жылыту пунктін ұйымдастырды. 40 шаршы метр аумақта өрт шығып, кейін толық сөндірілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктерімен достық және бауырластық байланыстарды дамытуға, өзара мүддеге сай көптеген бағыт бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Президент халықаралық күн тәртібіндегі басты мәселелер жөнінде екі ел ұстанымдарының ұқсастығына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға, соның ішінде Иран тарапының Біріккен Араб Әмірліктері аумағын бомбалап жатқанына алаңдаушылық танытты. Мемлекет басшысы аталған елдің азаматтық инфрақұрылымына жасалған әскери шабуылды Қазақстан алғашқылардың бірі болып айыптағанын, бұл туралы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдегенін еске салды. Қазақстан Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап мемлекеттерді шарпып жатқанына қарсы. Осы орайда жағдайды ушықтырмай, аталған әскери қақтығысқа қатысы жоқ БАӘ мен Шығанақ елдерінің егемендігін, аумақтық тұтастығын бұзбауға, сондай-ақ шиеленісті саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге шақырады. Президент еліміздің қажет болған жағдайда бейбіт келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін растады. Елші Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики Қазақстанның БҰҰ Жарғысының қағидаттарын берік ұстанып, Әмірліктер мен Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне қатысушы барлық елдің егемендігіне, аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне құрметпен қарағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қоғамдық жерде темекі шеккен: Қырғызстанның ІІМ министріне айыппұл салынды Қырғызстанның ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков қоғамдық орында темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған әлеуметтік желілерде тараған видео себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап. Дереккөздердің мәліметінше, видео жарияланғаннан кейін министрге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Ниязбековқа 3 мың сом (шамамен 17 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Қырғызстан ІІМ өкілдері заң лауазымға және мәртебеге қарамастан барлығына бірдей екенін атап өтті. Әлеуметтік желілерде тараған видеода министрдің ғимараттың кіреберісінде темекі шегіп тұрғаны көрінеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от НОВОСТИ КЫРГЫЗСТАНА (@24_kg) Еске салайық, Қазақстанда қоғамдық орында темекі шеккені үшін тұлғаларға 15 АЕК (2026 жылы - 64 875 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал жарты жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл 20 АЕК-ке (2026 жылы - 86 500 теңге) дейін өседі. Әуе кемесінің бортында темекі шеккені үшін айыппұл 50 АЕК (216 250 теңге). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұшақ қону кезінде өрт сөндіру көлігіне соғылды: зардап шеккендер бар Air Canada Express әуе компаниясының ұшағы Нью-Йорк әуежайында қону кезінде өрт сөндіру көлігімен соқтығысты. Ұшақ бортында шамамен 100 жолаушы болған, бірнешеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. CBS News мәліметінше, оқиға 22 наурызда кешке болған. Ұшақ соқтығысқан өрт сөндіру көлігі "басқа бір оқиға орнына" бара жатқан. Соқтығыс жолаушылар ұшақтың артқы бөлігінен түсіп жатқан сәтте болған. Соның салдарынан әуе кемесі айтарлықтай зақымданды. Оқиғадан кейін Нью-Йорктегі Ла-Гуардия әуежайы уақытша жабылды. Рейстер кешігіп, кейбірі кейінге қалды. Айта кетейік, 2009 жылғы қаңтарда Ла-Гуардия әуежайынан ұшып шыққан ұшақ құстарға соқтығысқан еді. Нәтижесінде ұшақтың екі қозғалтқышы істен шыққан. Алайда ұшқыш Чесли Салленбергер ұшақты суға сәтті қондырған. Бұл оқиға "Гудзондағы ғажайып" деген атпен белгілі, сол кезде жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шекпеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев қазақстандықтарды тазалық эстафетасына қатысуға шақырды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды "Тазару күнімен" құттықтап, отандастарды тазалық пен тәртіп эстафетасына қатысуға шақырды. Мемлекет басшысының үндеуі Ақорданың баспасөз қызметі таратты. Tengrinews.kz үндеудің толық мәтінін ұсынады. Қымбатты отандастар! Бүгін "Тазару күніне" орай еліміздің әр түкпірінде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция басталды. Бұл – Наурызнама онкүндігінде айрықша орын алатын күн. Қоғамымыздың жаңғыруы күллі табиғаттың жаңаруымен тұспа-тұс келіп отыр. Уақыт пен іргелі өзгерістердің осылай үндесуі баршамызға Отанымыздың игілігі жолында аянбай еңбек етуге айрықша күш-жігер беретіні сөзсіз. Республика аумағында "Мөлдір бұлақ" бастамасын жаппай жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жоба аясында бұлақтардың көзін ашып, тал егу, жағалаулар мен су айдындарын, аулалар мен саябақтарды тазалау жұмыстары жалғаса береді. Наурыз мейрамы кезінде қабылданған Жаңа Халық Конституциясында азаматтарымыздың табиғатқа қамқорлықпен қарауы ұлттық дүниетанымымыздың басты қағидатының бірі ретінде айқындалған. Жаңа Халық Конституциясы ел бірлігінің арқауы, рухани және құқықтық бағдарымыз әрі Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры болатыны күмәнсіз. Ата заңымыз қоғамда дүниетанымымыз бен бітім-болмысымыздың өзегі саналатын ынтымақ, жауапты әрі жасампаз отаншылдық, сондай-ақ "Таза Қазақстан" құндылықтарын қалыптастырады. "Таза Қазақстан" идеологиялық тұжырымдамасының түпкі мәні көшелерді, аулаларды және айналамызды таза ұстаудан ғана емес, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бастайтын ниет пен пейілдің тазалығынан көрініс табады. Отандастарымызды Тазару күнімен құттықтаймын! Қазір табиғат игіліктерін ұқыпты пайдалану және саналы тұтыну жолын таңдаған азаматтарымыздың саны артып келеді. Бұл – жарқын болашағымызға кепіл болатын игі үрдіс. Мен бүкіл халқымызды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырамын. Бәріміз күш біріктірсек, елімізді биік белестерге жетелеп, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз. Баршаңызға амандық және бақ-береке тілеймін! Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сілекей арқылы Паркинсонды анықтауға болатын әдіс табылды - зерттеу Оңтүстік Кореяның ғалымдары неврологиялық ауруларды ерте анықтаудың жаңа әдісін әзірледі. Бұл технология ми ауруларымен байланысты өзгерістерді небәрі бір тамшы сілекей арқылы анықтауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Зерттеудің мәні Корея университетінің, Корея католик университетінің медициналық колледжінің және Корея материалтану институтының ғалымдары бірлесіп, неврологиялық бұзылыстарға әкелетін ақуыздардың құрылымдық өзгерістерін анықтайтын технология жасады. GME–SERS деп аталатын платформа сілекей арқылы ақуыздардағы патологиялық өзгерістерді анықтай алады. Бұл қан немесе жұлын сұйықтығын талдау сияқты қымбат әрі инвазив дәстүрлі әдістерді алмастырады. Қалай жұмыс істейді? Технология алтын мен мыс оксидінен жасалған арнайы наноқұрылымдарды қолданады. Олар өте әлсіз молекулалық сигналдарды бірнеше есе күшейтеді. Соның арқасында жүйе аурудың дамуына байланысты ақуыздардағы өзгерістерді дәл анықтай алады. Мұны дәстүрлі әдістермен жасау қиын. Әулие Винсент ауруханасымен бірлесіп жүргізілген зерттеуде ғалымдар эпилепсия, шизофрения және Паркинсон ауруы бар 44 науқастың, сондай-ақ 23 сау еріктінің сілекейін талдады. Нәтижесінде технология неврологиялық ауруларды 90–98 пайыз дәлдікпен анықтай алды. "Ерекше маңыздысы - неврологиялық бұзылыстарды ажырату ақуыздардың жалпы мөлшеріне емес, олардың құрылымдық өзгерістеріне негізделген. Бұл әлемдік деңгейде сирек жетістік", - делінген зерттеуде. Ғалымдардың пікірі "Ми ауруларын қымбат тексерулерсіз, қарапайым сілекей талдауы арқылы анықтайтын дәуір басталды. Жұмысымыздың жетекші халықаралық журналда жариялануы оның жаңашылдығын дәлелдейді", - деді Корея материалтану институтының жетекші ғылыми қызметкері доктор Сун Гю Пак. Ғалымдардың айтуынша, бұл әдісті болашақта тек ауруханаларда емес, портатив құрылғылар арқылы үй жағдайында да қолдануға болады. Бұған дейін Houston Methodist медициналық орталығының зерттеушілері көздің тор қабығының шеткі аймағы Альцгеймер ауруын мидағы өзгерістер мен есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалмай тұрып анықтауға көмектесуі мүмкін екенін айтқан еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Рыбакина Майамидегі турнирінің төртінші айналымына шықты Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина (әлемнің 2-ші ракеткасы) Miami Open турнирінің үшінші кезеңінен сәтті өтті. Жерлесіміз екі сет қорытындысы бойынша Украина өкілі Марта Костюкті (WTA рейтингісінде 27-орын) қапы қалдырды. Кездесу 6:3, 6:4 есебімен Рыбакинаның сенімді жеңісімен аяқталды. Елена өз соққыларына нық болып, маңызды сәттерде басымдық таныта білді, бұл оған матчты екі партияда аяқтауға мүмкіндік берді. Майами турнирінің ширек финалына жолдама алу үшін Елена Рыбакина аустралиялық теннисші Талия Гибсонмен (WTA рейтингісінде 68-орын) күш сынасады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Куба АҚШ-тың ықтимал шабуылына дайындалып жатыр Кубаның қарулы күштері АҚШ тарапынан ықтимал шабуылға дайындалып жатыр. Әлемде болып жатқан жағдайды ескере отырып, мұндай дайындықтың болмауы аңғалдық болар еді. Бұл туралы Куба сыртқы істер министрінің орынбасары Карлос Фернандес де Коссио мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап. "Біздің қарулы күштер әрқашан дайын, әрі қазір әскери шабуылға дайындалып жатыр", - деді де Коссио. Оның айтуынша, Гавана АҚШ-пен мәселелерді бейбіт жолмен шешуге үміттенеді. "Бұған ешқандай негіз таппай отырмыз". Бұған дейін министрдің орынбасары Кубаға қарсы мұнай блокадасы АҚШ-тың аралға жасаған агрессиясының нәтижесі екенін айтқан. Ол бұл блокада "мәңгі жалғаса алмайтынын" атап өтті. "Жағдай өте күрделі және біз оны еңсеру үшін барынша белсенді әрекет етіп жатырмыз. Біз отын кез келген жолмен Кубаға жеткізіледі деп үміттенеміз және АҚШ енгізген бұл бойкот мәңгі жалғаспайды деп сенеміз", - деді ол. Наурыздың басында Дональд Трамп Ирандағы әскери операциядан кейін Кубаны үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын мәлімдеген еді. Бұған дейін ол Куба үкіметі "жақын арада құлайды" және Ираннан кейін Куба АҚШ үшін "уақыт мәселесі" екенін айтқан. Куба президенті Мигель Диас-Канель наурыз айында алғаш рет АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігімен келіссөздер жүргізілгенін растады. Келіссөздерден кейін Диас-Канель АҚШ Кубаны күшпен үкіметті құлатумен күн сайын қорқытып отырғанын айтты. The Wall Street Journal басылымы АҚШ әкімшілігі 2026 жылдың аяғына дейін Кубада билікті өзгертуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Алайда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл ақпаратты жалған деп атады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шахтинскідегі төтенше жағдай: бес полицей мен үш тұрғын зардап шекті Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылысы болды. Соның салдарынан сегіз адам зардап шекті, олардың бесеуі - тұрғындардың шақыруымен келген полиция қызметкерлері. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға туралы хабар Қарағанды облысы ТЖД-нің 112 пультіне полициядан түскен. Хабар алынғаннан кейін төрт минут ішінде ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жетті. Барған кезде жиһаз бен тұрмыстық заттардың өртеніп жатқаны анықталған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ВКурсе Шахтинск | новости | реклама | работа | объявления (@vkyrse_shakhtinsk) Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан бес адамды баспалдақ арқылы эвакуациялады. Өртсөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды эвакуациялаған, қалғандары өз бетімен ғимараттан шыққан. Тұрғындар үшін ТЖМ вахталық көлігі арқылы жылу ұйымдастырылып, жылу пункті ашылды. ТЖМ күштері өртті толықтай 40 шаршы метр аумақта сөндірді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында ТЖД басшысының жетекшілігімен өрт сөндіру штабы құрылды. Мұнда өртсөндірушілер, құтқарушылар, медицина қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бөтен мүлікті қасақана жоюға әкеп соққан өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер 40 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір ол Шахтинск қалалық ауруханасының арнайы палатасында ем алып жатыр және күзетпен ұсталып отыр. Сауығып шыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады. Қазір жан-жақты және объектив тергеу жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Абай облысында аяғы сынған малшы бес күн далада қалып қойған ТЖМ қызметкерлері далада 5 күн жатқан малшыны құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеше түнде құтқару қызметіне адамның жоғалғаны туралы хабар түсті. 17 наурызда 1969 жылы туған ер адам Абай облысының Абай ауданындағы шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Оның орналасқан жері белгісіз болып, телефоны сөндірулі болған. Іздеу жұмыстарына жоғары өтімді техникамен ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды. Бүгін таңертең іздеу тобы ер адамды далада тауып алды. Малшыға ыстық шай беріліп, жарақаттанған аяғы таңылып, медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді. Бес күн бұрын ол далада жатқан атты байқап қалғаны белгілі болды. Жануарды тұрғызуға көмектеспек болған сәтте ер адам аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Осыдан кейін ат иесінен алыстап кеткен, ал ол далада жалғыз қалған. Осы уақыт бойы ол қар жеп күн көрген. Бақытымызға орай, ауа райының салыстырмалы түрде жылы болуы үсіп қалудың алдын алған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты Қаржы пирамидасын жарнамалап, істі болған вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесі ат үстінде шауып бара жатқан видеосын жариялап, темір тордағы уақыт үлкен сабақ болғанын айтты. Оның сөзінше, осы уақыт аралығында тыныштық тауып, өзін тереңірек тани түскен. "Сыртта бостандығымнан айырылғаныммен, ішкі еркіндігімді таптым. Демек, осылай болуы керек еді. Өмір дайындаған сынақтан қашып, бақытты болу мүмкін емес. Жан ұмтылатын тәжірибеден өзіңді шектеуге болмайды. Маған уақыт пен түрлі рөлдерден тыс тыныштықта болып, өзімнің кім екенімді тану үшін оңаша қалу қажет болды. Кейде өзіңді жаңадан құрау үшін қирауға тура келеді. Осындай баға жетпес тәжірибе берген Жаратушыға алғыс айтамын, бұл жанымның жарқын саяхаты болды", – деп жазды Төребаев. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Meirzhan Turebay (@meirzhach_tv) Еске салайық, 2023 жылғы 23 маусымда Алматыда Алмалы аудандық соты Мейіржан Төребаевты "Mudarabah Capital" қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету ісі бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Илон Маск жаңа жобаның іске қосылғанын хабарлады Илон Маск микрочиптер өндіруге арналған Terafab жобасының іске қосылатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы кәсіпкер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Масктың айтуынша, жоба Tesla, xAI және SpaceX компанияларының қатысуымен жүзеге асырылады. "SpaceXAI + Tesla TERAFAB жобасы. Мақсат - жылына бір триллион ватт есептеу қуатына жету", - деп жазды ол. Оның пікірінше, жобаның қуаттарының басым бөлігі міндетті түрде ғарышта орналасуы тиіс. Жоба туралы кейбір мәліметтер Tesla компаниясының X желісіндегі парақшасында жарияланған. Онда тарихтағы ең ірі микрочип өндірісі (жылына 1 ТВт-қа дейін - шамамен бір триллион ватт есептеу қуаты) салынатыны айтылған. Бұл өндіріс бір жерде логикалық чиптерді, жады микросхемаларын (деректерді сақтау үшін) және озық қаптау технологияларын біріктіреді. Компания мәліметінше, Күн энергиясын барынша тиімді пайдалану үшін жыл сайын ғарышқа 100 миллион тоннаға дейін күн энергиясын жинау жүйелерін шығару қажет. Бұл үшін орасан ауқым керек: орбитаға миллиондаған тонна жүк шығару мүмкіндігі, күн энергиясымен жұмыс істейтін жасанды интеллекті бар спутниктер, сондай-ақ осы инфрақұрылымды құруға көмектесетін миллиондаған Tesla Optimus роботтары қажет. Мұның барлығы микрочиптерді талап етеді: тек Optimus роботтарының өзі үшін 100–200 ГВт есептеу қуаты қажет болса, ал күн энергиясымен жұмыс істейтін ЖИ спутниктері үшін тератттар қажет болады. Компанияның мәлімдеуінше, бұл көрсеткіштер әлемдегі барлық микрочип өндірушілерінің қазіргі және 2030 жылға дейінгі болжамды жиынтық қуатынан да асып түседі. "Біз TERAFAB жобасын қазіргі чип өндірісі мүмкіндіктері мен болашақтағы сұраныс арасын жақындату үшін іске қосып жатырмыз", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында құтқарушылар батпаққа батқан жолаушыларға көмекке келді - видео Атырау облысында ТЖМ құтқарушылары жолаушыларға көмекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өткен түні Құрманғазы ауданында, Ақкөл ауылынан 5 шақырым жерде жеңіл автокөлік лайға батып, қозғала алмай қалған. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары автокөлікті лайдан шығарып, тазартылған қауіпсіз жол бөлігіне сүйреп апарды. Көлік ішінде 5 адам болған. Сонымен қатар, Жылыой ауданында, Құлсары қаласынан 20 шақырым жерде бұзылып қалған шағын автобустан 18 адам Құлсары қаласына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық азаматтар аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді. ТЖМ шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, ауа райы мен жол жағдайларын ескеру керегін ескертті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық теннисші Майамиде әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Miami Open турнирінің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы ракеткасы - америкалық Бен Шелтонды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық спортшы (рейтингте 84-орында) қарсыласын үш сетте басып озды - 6:7 (3), 7:6 (3), 6:3. Матч 2 сағат 25 минутқа созылды. Турнирдің үшінші айналымында Александр әлемнің 34-ракеткасы - франциялық Уго Умбермен кездеседі. Айта кетейік, бірінші айналымда қазақстандық әлемнің 101-ракеткасы - италиялық Маттео Арнальдиді 7:6 (7:5), 6:7 (5:7), 6:2 есебімен жеңген болатын. 25 жастағы теннисші Александр Шевченко 2000 жылғы 29 қарашада туған, 2024 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Сол жылы ол әлемдік рейтингте өзінің ең жоғары нәтижесіне жетіп, топ-45 қатарына енді. Ал алдыңғы "Үлкен дулыға" турнирі - Australian Open-де алғаш рет екінші айналымға шығып, жеке рекордын жаңартты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Ормуз бұғазы ашылмаса, Иранның электр станцияларына соққы жасайтынын ескертті АҚШ президенті Дональд Трамп 48 сағат ішінде Ормуз бұғазы кеме қатынасы үшін ашылмаса, Иранның электр станцияларына соққы жасалатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін Трамп соғысты "тоқтату" туралы айтқан болатын, ал Израиль соққылардың "айтарлықтай күшейетінін" мәлімдеді. "Егер Иран осы сәттен бастап 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын қауіп-қатерсіз толық ашпаса, Америка Құрама Штаттары соққы жасап, олардың әртүрлі электр станцияларын жойып жібереді!" - деп жазды Трамп әлеуметтік желіде. Иран тарапынан шабуыл қаупі көптеген кеменің бұғаз арқылы өтуіне мүмкіндік бермей отыр. Бұл - әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімінің шамамен бестен бірі өтетін тар су жолы. Мұндай жағдай жаһандық энергетикалық дағдарыс қаупін күшейтеді. Ормуз бұғазының жабылуына байланысты өткен аптада Еуропада газ бағасы бірден 35 пайыз өсті. Израиль билігі ирандық күштердің алғаш рет алыс қашыққа ұшатын зымырандарды қолданғанын мәлімдеді. Бұл Таяу Шығыстан тыс аумақтарға да шабуыл қаупін арттырды. Сенбіде кешке Иран зымырандары Израильдің оңтүстігіндегі Димона мен Арад қалаларына соққы берді. Соның салдарынан балаларды қоса алғанда, ондаған адам жарақат алды. Жексенбіде таңертең жарияланған мәлімдемеде Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы зымырандардың нысанасы Израильдің оңтүстігіндегі "әскери нысандар" мен қауіпсіздік орталықтары болғанын хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "22 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жылы әрі жаңбырлы: бүгін ауа райы қандай болады? Синоптиктер 22 наурызда жауын-шашын, желдің күшеюін, ал күндіз елдің оңтүстігінде найзағай болатынын болжайды. Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана — түнде -5-7 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан соққан жел 3-8 м/с. Күндіз +4+6 градус, көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр. Алматы — түнде +4+6 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел 3-8 м/с. Күндіз +18+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шымкент — түнде +8+10 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +20+22 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Ақмола облысы — түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (негізінен қар), күндіз осы өңірлерде аздаған жаңбыр. Батыста, солтүстікте, оңтүстікте тұман. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел 9-14 м/с, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 3-8 жылы, түнде 1-6 аяз, күндіз 1-6 жылы. Көкшетау — түнде 0,-2 градус, көшпелі бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел 5-10 м/с. Күндіз +3+5 градус. көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Алматы облысы — түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз осы өңірлерде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарда тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14, таулы және тау бөктерінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, солтүстігінде, таулы аймақтарда 3-8 аяз, күндіз 15-20, тауда 5-10 жылы, түнде 2-7 жылы, солтүстігі мен таулы аймақтарда 1-6 аяз, күндіз 17-22, тауда 7-12 жылы. Қонаев — түнде +1+3 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с. Күндіз +18+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жетісу облысы — түнде -1+4, таулы аймақтарда +6 градус, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с. Күндіз +16+21, таулы аймақтарда +11 градус, жауын-шашынсыз. Талдықорған — түнде -1+1 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел 2-7 м/с. Күндіз +18+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түркістан облысы — түнде +7+12, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарда +2 градус. Жауын-шашынсыз. Солтүстігінде, таулы аймақтарда тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 8-13, таңертең және күндіз оңтүстігінде, таулы аймақтарда 15-20 м/с. Күндіз +20+25, солтүстігі мен тауда +17 градус, оңтүстігі мен таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай. Солтүстігінде, таулы аймақтарда тұман. Түркістан — түнде +9+11 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 8-13 м/с. Күндіз +22+24 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс Қазақстан облысы — түнде +2+7, облыстың солтүстігінде -2 градус, жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с. Күндіз +5+10, облыстың оңтүстігінде +13 градус, жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Орал — түнде 0,-2 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел 7-12 м/с. Күндіз +5+7 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең тұман. Атырау облысы — түнде +6+11, облыстың солтүстік-батысында +3 градус. Батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14, батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз +15+20, солтүстік-батысында +12 градус. Батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл. Атырау — түнде +8+10 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр. Солтүстік-шығыстан соққан жел 5-10 м/с. Күндіз +17+19 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл. Маңғыстау облысы — түнде +5+10 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр. Батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соққан жел 7-12 м/с. Күндіз +18+23, облыстың батысында +9+14 градус, солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай. Ақтау — түнде +5+7 градус, көшпелі бұлтты, аздаған жаңбыр. Тұман. Оңтүстік-батыстан соққан жел 5-10 м/с. Күндіз +11+13 градус. көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Ақтөбе облысы — түнде -3+2, облыстың батысы мен оңтүстігінде +5 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с. Күндіз +5+10, батысы мен оңтүстігінде +5 градус, жауын-шашынсыз. Ақтөбе — түнде -1-3 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 4-9 м/с. Күндіз +5+7 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Қостанай облысы — түнде 0-5, облыстың батысы мен оңтүстігінде -8 градус, батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соққан жел 7-12 м/с. Күндіз +3+8 градус, жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Қостанай — түнде -3-5 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Солтүстік-батыстан соққан жел 3-8 м/с. Күндіз +4+6 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Солтүстік Қазақстан облысы — түнде -1-6 градус. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Батыстан соққан жел 9-14, күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз +2+7 градус. Жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Петропавл — түнде -2-4 градус, көшпелі бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Тұман, көктайғақ. Батыстан соққан жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +3+5 градус. көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Павлодар облысы — түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 аяз, 22 наурызда 2-7 аяз, күндіз 2-7 жылы. Жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соққан жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың шығысында 11 аяз, оңтүстігінде 0 градус, күндіз 7-12, оңтүстігінде 15 жылы. Павлодар — түнде -5-7 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел 5-10 м/с. Күндіз +3+5 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Қарағанды облысы — түнде -2-7, облыстың шығысында -10-15 градус, жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с. Күндіз +2+7, облыстың оңтүстігінде +12 градус, жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Қарағанды — түнде -4-6 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан соққан жел 2-7 м/с. Ұлытау облысы — түнде -2+3, облыстың шығысында -6 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с. Күндіз +11+16, шығысында +6 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жезқазған — түнде -1+1 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел 2-7 м/с. Күндіз +12+14 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Шығыс Қазақстан облысы — түнде -7-12, облыстың оңтүстігінде -2, шығысында -17 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с. Күндіз +5+10, шығысында -2 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Өскемен — түнде -7-9 градус. көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 4-9 м/с. Күндіз +8+10 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Абай облысы — түнде -2-7, облыстың шығысында -12 градус, жауын-шашынсыз. Оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с. Күндіз +5+10, шығысында +2, оңтүстігінде +15 градус. Жауын-шашынсыз. Оңтүстігінде, орталығында тұман. Семей — түнде -4-6 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 4-9 м/с. Күндіз +6+8 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Қызылорда облысы — түнде +2+7 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 5-10 м/с. Күндіз +19+24, облыстың оңтүстігінде +27, солтүстігінде +16 градус. Қызылорда — түнде +2+4 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 2-7 м/с. Күндіз +22+24 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жамбыл облысы — түнде +5+10, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 0 градус, жауын-шашынсыз. Оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с. Күндіз +15+20, солтүстігінде, таулы аймақтарында +10 градус, оңтүстігінде, таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, тұман. Тараз — түнде +5+7 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с. Күндіз +18+20 градус, көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, тұман. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан “Керуен сарай“ кешеніне барды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан "Керуен сарай" кешеніне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының назарына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын паш ететін арнайы бағдарлама ұсынылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары, тігін мен зергерлік өнер үлгілері, тері бұйымдары, сондай-ақ сан алуан дәстүріміз бен рухани қазынамызды бейнелеген суретшілердің туындылары көрсетілді. Бұдан бөлек, Президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады. Іс-шара барысында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Елімізде жаңа мемлекеттік награда пайда болады Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда - Қожа Ахмет Ясауи ордені пайда болады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде Жарлыққа қол қоямын. Ата заңда Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті деп тайға таңба басқандай жазылды. Бұл тарихи жәдігері мол Түркістан халқы үшін маңызды жаңашылдық деп ойлаймын", - деді Мемлекет басшысы. Тоқаев әлемге әйгілі ойшыл Қожа Ахмет Ясауиді, ең алдымен, қазақ халқының көрнекті өкілі ретінде қабылдау қажет екенін айтты. "Қожа Ахмет Ясауиді әлемнің әрбір түкпірінде, әсіресе, ірі мемлекеттерде кең ауқымда дәріптеуіміз қажет, бірақ ең біріншіден Қазақстанның жұртшылығына танымал етуіміз керек. Осы тарихи тұлғаға жоғары сапалы туындыларды және фильмдерді арнауымыз керек. Еліміздің әрбір облысында Қожа Ахмет Ясауидің бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқуларды ұйымдастыру қажет", - деді Президент. 21 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар түркі әлемінің қасиетті орындарының бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басталды. Одан кейін Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөз сөйледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Халық кеңесіне үлкен үміт артамын“ - Тоқаев Қазақстанда заң шығару бастамасы құқығына ие жаңа консультатив орган құрылады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа құрылым Халық кеңесі деп аталады. "Мен жаңа консультатив орган ретінде құрылатын Халық кеңесіне үлкен үміт артамын. Бұл құрылым қоғамдық-саяси өмірге қатысты аса өзекті мәселелерді талқылайды, сондай-ақ, Құрылтайға заң жобаларын ұсынады, яғни Халық кеңесі заң шығару бастамасын көтеру құқығына ие болады", - деді Тоқаев. 21 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар түркі әлемінің қасиетті орындарының бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басталды. Одан кейін Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөз сөйледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев неге Заң мен Тәртіп туралы жиі айтатынын түсіндірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларды жүзеге асыру үшін заң мен қоғамдық тәртіпті бұлжытпай сақтаудың маңызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мен неліктен Заң мен тәртіп қағидатын міндетті түрде іске асыру туралы жиі айтамын? Себебі заңдар мен қоғамдық тәртіп қатаң сақталмаса, елімізде ешқандай реформа ойдағыдай жүзеге аспайды. Өйткені бұл – өмірдің саяси заңы. Ел ішін тұрақсыздық жайлаған, билік институттары орынсыз, жөнсіз сын мен шабуылға ұшыраған мемлекеттерде ешқандай ілгерілеу болмайды", – деді Президент. Сонымен қатар, Тоқаев елдегі қоғамдық өмір дұрыс табиғи жолмен, яғни, эволюциялық жолмен даму керегін айтты. "Сол себепті 2022 жылдың өзінде Конституцияға Президентті жеті жылдық мерзіммен бір рет қана сайлау туралы ереже енгізілді. Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік қызметте, сондай-ақ ұлттық компанияларда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Ал жаңа Ата Заңға конституциялық және құқық қорғау органдарының басшыларын бір мерзімге сайлау туралы ереже енгізілді. Біз білетін елдердің конституциясында дәл осындай ережелер жоқ деп айтуға болады. Мен жаңа консультативтік орган ретінде құрылатын Халық кеңесіне үлкен үміт артамын. Бұл құрылым қоғамдық-саяси өмірге қатысты аса өзекті мәселелерді талқылайды, сондай-ақ, Құрылтайға заң жобаларын ұсынады, яғни Халық кеңесі заң шығару бастамасын көтеру құқығына ие болады", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Әбден кеш болмай тұрғанда...“ Тоқаев қақтығыстар болып жатқан елдерге үндеу жасады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыстар болып жатқан елдерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент кейінгі уақытта әлемдегі геосаяси ахуалдың аса күрделі және құбылмалы екенін айтты. "Көптеген елде қарулы қақтығыстар, тіпті, соғыстар болып жатыр. Бұл үдерістер әлем экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Оны біз Таяу Шығыстағы соғыстан көріп отырмыз. Соғыс әбден шиеленісіп кетті. Меніңше, бұл қақтығыста ақыры еш мемлекет өз пайдасына қол жеткізе алмайды". Президент Қазақстанның қақтығыстар болып жатқан өңірде орналасқанын да атап өтті. "Сондықтан осы қастерлі жерден барлық елдерге халықаралық қауымдастыққа Үндеу жасағым келеді. Ең алдымен, азаматтық, экономикалық нысандарға қарулы шабуылдарды тоқтату керек. Содан соң келіссөздерді бастау керек. Қазақстан бұл күрделі ахуалда дәнекер болғысы келмейді, бірақ, өзіміздің жерімізді бейбіт келіссөздер үшін ұсынуға дайынбыз. Меніңше, Түркістанда осындай келіссөздер өткізуге болар еді". Мемлекет басшысы бұл мәселенің шешімі қақтығыстарға тікелей қатысып отырған мемлекеттердің өзіне байланысты екенін айтты. "Ал менің ұсынысым бұл – қазақ халқының ізгі ниетінің көрінісі. Әбден кеш болмай тұрғанда қарулы іс-әрекеттерді доғарып, келіссөздерді бастау қажет сияқты, әйтпесе, әлемдік экономиканың дағдарысқа ұшырауын айтпағанда, көптеген халықтың бейбіт өмірі, тыныштығы бұзылады, дүние жүзіндегі тұрақтылықтың тұғыры шайқалады". Сондай-ақ Тоқаев жаһандық экономикалық дағдарыс қаупі бар екенін ескертті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қазақстанда түбегейлі өзгерістер кезеңі басталды“ - Тоқаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде Жаңа Конституцияға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Өздеріңізге мәлім, мен осы аптаның басында Қазақстан Республикасының Конституциясына және Бас құжаттың ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Енді 1 шілдеден бастап Конституция өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін біз бәріміз біртұтас халық болып референдум өткізілген күні, яғни, 15 наурызда жыл сайын мемлекеттік мереке ретінде атап өтеміз, тойлаймыз", – деді Тоқаев. Ол жалпыхалықтық дауыс беру жастардың белсенділігін, жаңашылдығын және кемелдігін айқын көрсеткенін атап өтті. "Олар Отанына адал, ойы озық, жасампаз азаматтар ретінде өздерінің жарқын келешегіне қатысты таңдауын жасады. Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды, бұл жастарға арналған құжат десек, қате болмайды. Төрге озған Халық Конституциясы жастарға жөн сілтейді, өмір жолын көрсетеді. Жаңа Ата заң жас ұрпақпен бірге жасай береді", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бос сөздің керегі жоқ“: Президент патриотизм туралы айтты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесу барысында жаңа Конституция өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы жуырда Конституцияға қол қойып, оның ережелерін іске асыру шаралары туралы Жарлыққа да қол қойғанын еске салды. 1 шілдеден бастап Жаңа Конституция ресми түрде күшіне енеді. Тоқаев жалпыхалықтық дауыс беру қазақстандық жастардың белсенділігін, жаңашылдығын және кемелдігін айқын көрсеткенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа буын өкілдері елінің жауапты, прогрессив әрі креатив азаматтары ретінде өз таңдауын жасады. "Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды, бұл жастарға арналған құжат десек, қате болмайды. Төрге озған Халық Конституциясы жастарға жөн сілтейді, өмір жолын көрсетеді. Жаңа Ата заң жас ұрпақпен бірге жасай береді", - деді Тоқаев. Ол бүгінде Түркістан облысында 700 мыңға жуық жас азамат тұратынын, бұл өңір халқының үштен бірі екенін айтты. Президент жастардың біліміне, қабілетіне және күш-қуатына сенетінін жеткізді. Тоқаев Қазақстанның өркендеуіне шынайы үлес қоса алатын буын еліне жанашыр ұрпақ екенін айтты. Президенттің пікірінше, мемлекеттің болашағы - патриот, жасампаз әрі жауапты жастардың қолында. "Нағыз патриот - өз жұмысын адал әрі жауапкершілікпен атқаратын адам. Адал еңбекпен келген дәулет әрдайым берекелі болады. Жалқау және әрекетсіз адамдар ешқашан шынайы патриот бола алмайды. Біздің қоғамға декларация мен бос сөз емес, нақты іс керек. Патриотизм - даңғаза сөз бен көзге түсу емес, ең алдымен елге пайда әкелетін нақты іс, Отанға адалдықтың көрінісі, - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент елдің өткені мен жаңа даму кезеңі туралы айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағы туралы пікір білдіріп, қазақстандықтарды даму, бірлік және дамуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы жаңартылған Ата заңымыздың преамбуласын еске салды. "Біз Халық Конституциясын келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып қабылдадық. Бірақ бұл – үлкен жолдың басы ғана. Біз ешқандай кедергі мен қиындыққа қарамай, елімізді өркениет жолына шығаруымыз керек. Халқымыздың тарихи тағдыры – өзіміздің қолымызда". Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ екенін атап өтті. "Шындықты айтсақ, Қазақстанның дамуы мен өрлеуі бізден басқа ешкімге керек жоқ. Сондықтан қазіргі ұрпақ Отанымыздың баянды болашағы үшін барлық жағдайды жасауы керек. Қазақ халқының өткен тарихын қасіретке толы күрделі тарих деп күмәнсіз айтуға болады, оның бәрін жақсы білесіздер. Бірақ қазіргі заманда бұл тақырыпты қайта-қайта айтып, қара бұлтты төндірудің, мұңға батудың қажеті жоқ". Президенттің айтуынша, халық болашаққа сеніммен қарап, өмірін заман талабына сай өзгертуі керек. "Мұңды халық ешқашан бақытты, табысты болмайды. Бұл да – өмір заңы және ақиқат. Жастардың болмысын жоғары технологияларға, техникаға бұру керек. Себебі қазіргі замандағы мемлекет дамуының кілті – техника мен озық технологияда, соның ішінде ең алдымен жасанды интеллектіде. Бәріміз бір ұлт болып, бір ел болып осы ұлы тарихи жорықта міндетті түрде жеңіске жетуіміз қажет. Бұл – біздің ең басты міндетіміз, миссиямыз". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ел тағдырына бей-жай қарамады: Тоқаев қазақстандықтарға алғыс білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға қатысып, мемлекетіміздің тағдырына бей-жай қарамаған бүкіл ел азаматына шынайы ризашылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Референдумға жұртшылық өте белсенді қатысты, бұл да қуанарлық жағдай. Осы сайлау науқаны ырысты ынтымағымызды паш етті. Бұл да өте маңызды үдеріс. Өйткені біз азаматтарымыздың отаншылдық рухын айқын сезіндік", – деді ол Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде. Мемлекет басшысы Түркістан жұртшылығы әрдайым елдік істен сырт қалмай, жүргізіліп жатқан реформаларды жаппай қолдап келетінін айтты. "Бұл жолы да сіздер ауызбіршіліктің озық үлгісін айқын көрсеттіңіздер. Түркістан референдумда Ата заңды қолдаған ең белсенді облыстардың қатарында тұр. Дауыс берген жұртшылықтың 92,21 пайызы жаңа Конституцияны қолдады", - деді Тоқаев. Президент Түркістанға ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – бауырлас түркі халықтарының қасиетті мекені, онда ұлттық болмыс, қайсар рух, бірегей мәдениет пен дәстүр көрініс тапқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекет басшысы Түркістанда түркі әлемі көшбасшыларының кездесуі жоспарланғанын айтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Түркістан – Қазақ хандығының саяси орталығының бірі екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Бұл өңірде ұлтымыздың тағдырын айқындаған аса маңызды шешімдер қабылданды. Ордабасы жерінде осыдан үш ғасыр бұрын ел болашағына айрықша әсер еткен үлкен Құрылтай өтті. Бұл бірегей жиынның мән-мағынасы аса ерекше. Құрылтайда үш жүздің билері және игі жақсылары түгел бас қосып, бір тудың астына жиналды. Ұлт бірлігінің арқасында батыр бабаларымыз Аңырақай шайқасында тарихи жеңіске жетіп, бүкіл сырт елдерге қазақ елі тұтастығының күшін паш етті. Осындай елдік пен ерлік дәстүрі ешқашан үзілген емес. Біз де тарих жолын жалғастырып, елімізде төрелі жиын, төбелі басқосулар өткізіп келеміз. Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркістанда өткенін жақсы білесіздер. Мен осы жерде "Адал азамат" тұжырымдамасын алғаш рет жарияладым. Президент мамырдың ортасында Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы көшбасшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі жоспарланып отырғанын хабарлады. "Бұл – қазіргі әлемдегі құбылмалы ахуалда өткізілетін өте маңызды халықаралық шара. Үкімет пен әкімдік осы жиынды мінсіз ұйымдастыруға мән беруі керек", – деді Тоқаев. Айта кетейік, 21 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар түркі әлемінің қасиетті орындарының бірі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Түркістанға ықыласы ерекше екенін айтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бүгін атажұртымыздың алтын бесігі – Түркістан шаһарына тағзым ету үшін арнайы келіп отырмын. Ризамын. Менің Түркістанға ықыласым ерекше екенін жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды осы өлкеден бастадым. Түркістан – түбі бір түркі жұртының қасиетті шаңырағы", - деді Мемлекет басшысы. Тоқаевтың айтуынша, бұл – халқымыздың болмыс-бітімі, қайсар рухы, теңдессіз мәдениеті және елдік дәстүрі көрініс тапқан киелі жер. "Әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің мол мұрасы – шежірелі шаһардың рухани қазынасы. Әзірет Сұлтан кесенесі – түркі әлемінің берекелі тұтастығының символы. Төл тарихымызда есімі алтын әріппен жазылған тұғырлы тұлғаларымыз осы жерде мәңгілік мекенін тапқан", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми парақшасында жарияланды. "Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым. Бұл – ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы деген сөз. Осыдан екі жыл бұрын елімізде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы бастау алды. Ауқымды жоба халықтың, әсіресе, жастардың жаппай қолдауына ие болды. Азаматтарымыз тазалықты құр сөзбен емес, нақты ісімен көрсетуде. Ұқыптылық, жинақылық, тиянақтылық қасиеттері ұлтымыздың жаңа сапасына айнала бастады. Жалпы, "Таза Қазақстан" бастамасы – жай ғана кезекті саяси науқан немесе үгіт-насихат емес, бұл – мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы. Сондықтан осы игі іспен біз жыл бойы айналысуымыз керек, бұл ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс. Әсіресе, Ұлыстың ұлы күні тазалық философиясын кеңінен дәріптеу маңызды. Ұлыстың ұлы күні Жер Ана да, еліміз де жаңарып жатқан осы тарихи сәтте айтылған тілектің мән-мағынасы айрықша деп ойлаймын. Сондықтан ең бастысы елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін. Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын! Ата заңымыз өз тұғырынан түспесін! Туымыз биікте желбіресін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Еліміздің төрт құбыласы түгел болсын!" - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда мемлекеттік оператор арқылы заңсыз табыс табу схемасы әшкереленді Қаржы мониторингі агенттігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ ("ЕРДО") және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады. Оларға лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және пара алу деректер бойынша күдік тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" – жеке тұлғалардың табыстары туралы деректердің бірыңғай мемлекеттік операторы. Бұл мәліметтер қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау кезінде кредиттік бюролар мен қаржы ұйымдары үшін аса маңызды және оның баламалы заңды көзі жоқ. Бұл деректердің негізгі пайдаланушылары "Мемлекеттік кредиттік бюро" (МКБ) мен "Бірінші кредиттік бюро" (БКБ). "2020 жылы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының бұрынғы президенті Д.Р. Аргандыков Бірінші кредиттік бюроның бас директоры Р.Ж.Омаровпен заңсыз келісім жасасып, соның нәтижесінде Бірінші кредиттік бюроға қосымша 5% табыс алуға мүмкіндік берген", - делінген хабарламада. Егер Мемлекеттік кредиттік бюро көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінен 30% табыс алса, Бірінші кредиттік бюро бұрынғы 30%-дың орнына 35%-ға дейін табыс ала бастаған. Осылайша, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының үлесі 70%-дан 65%-ға дейін төмендеген. 2025 жылдың басында Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті болып А.Сарбасов тағайындалғаннан кейін де Бірінші кредиттік бюроның пайдасына көзделген бұл тең емес шарттар сақталған. Тергеу барысында Бірінші кредиттік бюроға өзге қатысушыларға қарағанда артықшылық беретін схема әшкереленді. "Атап айтқанда, Аргандыков пен Омаровтың келісуімен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Бірінші кредиттік бюро арасындағы ақпарат алмасу арналарына сұраныстарды жедел өңдеуге мүмкіндік беретін арнайы сервис орнатылған. Ал Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Мемлекеттік кредиттік бюро арасындағы жүйеге керісінше, сұраныстарды өңдеуді баяулататын зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілген. Осының салдарынан мемлекетке, нақтырақ айтқанда Еңбек ресурстарын дамыту орталығына 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген", - делінген хабарламада. 2025 жылғы маусымда Аргандыков пен Омаровтың Сарбасовқа 75 мың АҚШ доллары көлемінде кезекті сыйақы бергені анықталды. Бұл қаражат Бірінші кредиттік бюроның заңсыз табыс табу схемасын сақтап қалу үшін берілген. Күдіктілер ұсталды. Сот санкциясымен олардың 1 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ бағалы қағаздарына тыйым салынды. Іс материалдары танысу үшін жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Майамидегі турнирде Рыбакина Путинцеваны жеңді Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирде қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева арасындағы әйелдер арасындағы жекелей сындағы екінші айналым матчі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлемнің екінші ракеткасы қарсыласын екі сетте жеңді - 6:3, 6:3. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды. Рыбакина тоғыз эйс жасап, екі қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Путинцева бір эйс орындап, қос қателік жіберген жоқ және матч барысында алған үш брейк-пойнттың біреуін жүзеге асырды. Келесі кезеңде Елена Рыбакина әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкпен кездеседі. Miami Open турнирі 17–28 наурыз аралығында өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18 831 450 доллар (шамамен 9,08 миллиард теңге), ал жекелей сында жеңімпаздар 1 151 380 доллардан (555 миллион теңгеден астам) алады. Турнирдің қазіргі чемпионы - әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран АҚШ пен Израильмен бітімге келуден бас тартты Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Киодо агенттігіне берген сұхбатында Тегеран АҚШ пен Израильмен атысты тоқтатуға келіспейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. "Біз атысты тоқтату деген ұсынысты қабылдамаймыз. Соғысты барлық тарап толық тоқтатқанын қалаймыз", - деді ол. Иран дипломатының айтуынша, Тегеран уақытша бітімге емес, қақтығыстың түпкілікті реттелуіне қол жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ, Аракчи Иран Жапониямен байланысты кемелердің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне "жапон тарапымен кеңескеннен кейін" рұқсат беруге дайын екенін айтты. Оның сөзінше, бұл мәселе екі ел арасында талқыланып жатыр. Таяу Шығыс елдеріне Жапонияның шикі мұнай импортының 90 пайыздан астамы тиесілі. Бұған дейін Al Jazeera телеарнасының эфирінде Аракчи Тегеранның АҚШ пен Израильге қарсы соғыста шегінбейтінін мәлімдеген. Ол Иранның саяси жүйесі мықты екенін және жоғары лауазымды тұлғалардың қаза болуы елді әлсіретпейтінін атап өтті. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Иранда институттар жеке тұлғаларға тәуелді емес екенін, тіпті ең жоғары деңгейдегі көшбасшы жоғалған жағдайда да жүйе жұмысын жалғастыра беретінін айтты. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы 28 ақпанда басталып, үшінші аптаға созылып отыр. Осы уақыт бойы тараптар бір-біріне соққы жасап жатыр. Тель-Авив өз мақсаты ретінде Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізбеуін атады. Вашингтон елдің әскери әлеуетін жоятынын айтып, азаматтарды билікті құлатуға шақырды. Ал Иран өзін қорғауға дайын екенін мәлімдеп, келіссөздерді қайта жандандырудың әзірге мәні жоқ екенін атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
23 градус жылы: 21 наурызда ауа райы қандай болады? Қазгидромет 21 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және батысында құбылмалы бұлтты, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде −10 градустан +7 градусқа дейін, күндіз 2 градустан 23 градусқа дейін жылы болады. Астана - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Оңтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы. Алматы - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы. Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы. Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы. Қонаев - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы. Талдықорған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 15-17 градус жылы. Қызылорда - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс, солтүстік-шығыс желі секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы. Тараз - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы. Ақтау - құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыс, оңтүстік желі секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы. Атырау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл көтеріледі. Шығыс, солтүстік-шығыс желі секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы. Орал - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Ақтөбе - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы. Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы. Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы. Қостанай - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы. Көкшетау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы. Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы. Павлодар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік желі секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы. Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыс, шығыс желі секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Өскемен - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Soltüstık Qazaqstan газетінің 105 жылдығы: Петропавлда өткен ғылыми конференцияда Мемлекет басшысы атынан марапаттар табысталды Петропавлда "Soltüstık Qazaqstan" газетінің 105 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Елдегі байырғы басылымдардың бірінің мерейтойы жай ғана атаулы дата емес, тұтас өңір жұртшылығы үшін мәні зор оқиғаға айналды. Іс-шара барысында редакция қызметкерлері марапатталып, газет тарихы мен қазақ журналистикасы және Қазақстанның қоғамдық ойының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар кеңінен сөз болды. "Soltüstık Qazaqstan" газеті Солтүстік Қазақстан облысының рухани және ақпараттық өмірінің ажырамас бөлігіне әлдеқашан айналған. Бір ғасырдан астам уақыт бойы өңір тұрғындары маңызды жаңалықтарды, ел өміріндегі өзгерістер мен жетістіктерді осы басылым арқылы біліп келеді. Газет шежіресі өңір тарихымен, ел тағдырымен және Мағжан Жұмабаев есімімен тығыз астасып жатыр. Оның жүріп өткен жолы - отандық журналистиканың, ұлттық баспасөздің және тұтас дәуірдің қалыптасу жолының көрінісі. Мерейтойлық жиынның маңызын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуы одан әрі айшықтай түсті. Ол Мемлекет басшысының атынан өңірдегі қазақ баспасөзінің қара шаңырағында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге "Құрмет" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медальдарын табыстады. Жалпы іс-шара барысында 13 адам марапатталды. "Ғасырдан асқан тарихы бар басылым өңір руханиятының қара шаңырағы болып саналады. Алаш арыстарының қолтаңбасы бар газет осы уақыт ішінде аймақтың тыныс-тіршілігінен хабар таратып, беделді БАҚ-қа айналды. Жұртшылықты толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, ұлттық баспасөздің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қазір де газет ұжымы сара жолын жалғастырып, қоғамның береке-бірлігін нығайтуға белсенді атсалысып келеді. "Soltüstık Qazaqstan" редакциясында шыңдалған журналистер еліміздің ақпарат саласының дамуына зор үлес қосып жүр", - деді Президент кеңесшісі. Мерейтой иелерін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те құттықтады. Аймақ басшысы "Soltüstık Qazaqstan" газетінің тарихи миссиясына, қоғамдық өмірдегі орнына және ұлттық сөз өнерін сақтаудағы айрықша рөліне ерекше тоқталды. Басылымға деген жанашырлық бүгінде тек жылы лебізбен ғана емес, нақты қолдаумен де көрініс тауып отыр. Биыл редакция орналасқан ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілмек, ал ұжымға жаңа автокөліктің кілті табысталды. "Тамыры тереңге тартқан, халықтың сөзін сөйлеп, ел өмірінің тынысын танытып келе жатқан газет - өңір тарихының шынайы айнасы. Газеттің сарғайған беттерінде қазақтың біртуар тұлғалары - Мағжан Жұмабаев, Смағұл Садуақасов, Қошке Кемеңгерұлы, Әбдірахман Айсарин, Сәбит Мұқанов сынды ұлы қайраткерлердің қолтаңбасы қалған. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде басылым бетінде еңбек еткен қаламгерлер халыққа рухани азық болып, өмірге бағыт-бағдар беретін мазмұнды дүниелер жариялап, қоғам дамуына зор үлес қосты. Бұл игі дәстүрді бүгінгі буын журналистері де абыроймен жалғастырып келеді. Бүгінде газет заман талабына сай жаңарып, ақпараттық кеңістікте өз орнын нық сақтап, өңір тынысын шынайы жеткізіп отыр", - деді СҚО әкімі. "Құрмет" орденімен марапатталғандардың қатарында Зарап Құсайынов пен Нұргүл Оқашева бар. Ал газет жауапты хатшысы Жадыра Қанафинаға "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталды. Ол осы салаға 20 жылға жуық уақытын арнап, журналистикада үлкен кәсіби жолдан өтті. "Soltüstık Qazaqstan" газетінде 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырмын. Алғашқы уақытта "Қызылжар нұры" газетінде істедім. "Soltüstık Qazaqstan" газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, ал бүгінде жауапты хатшы болып қызмет атқарамын", - деді "Soltüstık Qazaqstan" газетінің жауапты хатшысы Жадыра Қанафина. Конференция барысында зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, шақырылған спикерлер баяндама жасады. Солардың бірі - қоғам қайраткері, жазушы Жарасбай Сүлейменов. Ол Мағжан Жұмабаев, басылымның бастау-бұлағы және ұлттық баспасөз тарихындағы айрықша орны туралы ой бөлісті. "Негізін Мағжан қалаған, қазығын Смағұл Сәдуақасов сияқты Алаштың арыстары қаққан басылым. Өзінің ғасырдан астам ғұмырында өзінің еліне, жеріне, халқына адал қызмет етіп, өзінің борышын атқарып келе жатыр". Әлі де талай асуды бағындыратынына сенім мол", - деді Жарасбай Сүлейменов. Бүгінде "Soltüstık Qazaqstan" газетінде 30-ға жуық адам еңбек етеді. Басылымның таралымы 9 мың данаға жуықтаған, газет аптасына екі рет жарық көреді. Алайда осы сандардың ар жағында әлдеқайда терең мағына жатыр - ол ұрпақтар сабақтастығы, мамандыққа адалдық және оқырман алдындағы зор жауапкершілік. 105 жылдық белесті бағындырған "Soltüstık Qazaqstan" бүгінде жай ғана газет емес, Солтүстік Қазақстанның ұлттық сөзі мен рухани тірегінің, сабақтастықтың айқын символы болып отыр.
Көл өлі балыққа толған: БҚО тұрғыны алаңдатарлық видео түсіріп алды Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Сарыайдын көлінде балық жаппай қырылып қалды. Мамандар мұның алдын ала себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой городқа" сілтеме жасап. Не болды? Жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде көлдің бетінде мыңдаған балықтың өлексесі қалқып жүргені түсірілген видео жариялады. Видео авторы кадрлар 19 наурызда Жаңақазан ауылында түсірілгенін айтты. Әкімдік пікірі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, алдын ала дерек бойынша негізінен мөңке балығы — жасы шамамен бір жылға жетпеген жас балықтар қырылған. Қазір қырылған балықтың жалпы көлемі нақтыланып жатыр. Мамандардың пікірінше, қырылу себебі балықтар шоғырланған жердегі суда оттегі жетіспеген болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше және салалық қызметтердің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қырылған балықты жинау және жою, аумақты тексеру, сынама алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Салдарын жоюға жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметі, санитарлық қызмет, табиғатты қорғау ұйымдары мен салалық инспекция өкілдері тартылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда көліктерді техникалық байқау ережелері күшейтілді: жүргізушілер үшін не өзгереді? Қазақстанда автокөліктерді міндетті техникалық байқау ережелері өзгерді. Тиісті түзетулер Көлік министрінің бұйрығымен енгізілді, - деп хабарлайды Tengri Auto. Не өзгерді? Негізгі жаңалықтардың бірі диагностикалық карталар рәсімделетін бірыңғай ақпараттық жүйенің (БАЖ) жұмысына қатысты. Енді техникалық байқау станциялары жүйеде оның операторымен ресми келісімшарт болған жағдайда ғана жұмыс істей алады. Сонымен қатар, жүйеге автоматты тексерулер қосылды. Егер көлік құралы туралы мәліметтер заңды деп танылмаса, диагностикалық картаны рәсімдеу мүмкін болмайды - жүйе өзі бас тартады. Тағы бір маңызды өзгеріс - жалған техникалық байқауларды автоматты түрде анықтау. Бұл көлікті нақты тексермей-ақ карта рәсімдейтін жағдайларға қатысты. Жүйеден қандай жағдайда өшіреді? Ережелерде техникалық байқау пункттерінің БАЖ арқылы қызмет көрсетуді тоқтатуы мүмкін нақты негіздер көрсетілген. Бұл мына жағдайларда болуы мүмкін, егер оператор: жүйеге деректерді жібермесе; орталықтың мекенжайы өзгергені туралы 10 жұмыс күні ішінде хабарламаса; жұмыс кестесін ақпараттық стендте орналастырмаса; диагностикалық карталарды белгіленген форманы бұза отырып рәсімдесе. Заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін жүйеге кіру шектеледі. Оны тек барлық мәселе жойылып, бұл БАЖ операторы тарапынан расталғаннан кейін қалпына келтіруге болады. Бұл нені білдіреді? Біз сарапшы Михаил Будянскийден өзгерістерден кейін операторларды не күтіп тұрғанын білдік. "Бұрын, 2016 жылдан бері, жеңілдетілген, хабарламалық тәртіп әрекет етті - инспекцияға жай ғана хабарлау жеткілікті болатын, инспектор келмейтін, ештеңені тексермейтін. Қазіргі редакцияда бұл жеткіліксіз", - деп түсіндірді ол. Оның айтуынша, енді оператор қызмет жүргізу үшін өтінім беріп, рұқсат алу тәртібінен өтуі тиіс. Яғни инспектор орынға барып, алдымен визуалды тексеру жүргізеді. Егер бәрі дұрыс болып, ескерту болмаса, ол құжаттық тексеруге көшеді. "Қандай құжаттар бар екенін қарайды. Егер бәрі дұрыс болса, инспектор: "Жақсы, бәрі дұрыс, сіздерді келісу үшін министрлікке жіберемін" дейді. Министрлік станцияның верификациядан өте алатыны туралы ұсыным берген қызметкердің әрекеттерін тексереді", - деді Михаил. Осыдан кейін, егер бәрі талапқа сай болып, инспектордың әрекеттері заңды деп танылса, жүйеге кіру туралы хат беріледі. Осы хатпен оператор жүйе операторына барып, жұмыс істеу үшін кілт алады. Сонымен қатар ол дәл сол құжаттар пакетін ұсынуы тиіс. Бұл нарыққа қалай әсер етеді? Будянскийдің пікірінше, бұл рәсім нарықты айтарлықтай қатаңдатып, тәртіпке келтірді. "Мысалы, Алматыда 172 техникалық байқау станциясы болған. Бірақ олардың кем дегенде біреуі талапқа сай жұмыс істейді деу қиын еді. Қазір рұқсат беру тәртібі енгізілгеннен кейін шамамен 56 станция қалды, олардың 70 пайызы дұрыс жұмыс істейді", - деді ол. Оның айтуынша, бұл шын мәнінде көлікті тексермей-ақ диагностикалық карта беретін "көлеңкелі" станциялардан арылуға бағытталған. Жүргізушілер үшін не өзгереді? Сарапшының айтуынша, біріншіден, баға өзгеруі мүмкін. "5000 теңге бағамен қалыпты техникалық байқау станциясын ұстау мүмкін емес. Жабдықты күтіп ұстау мен барлық қосымша шығынды ескергенде, нақты баға кемінде 16 мың теңге болуы тиіс", - деді ол. Михаилдің пікірінше, қазір барлық нәрсе жабдық шынайы жұмыс істеп, техникалық байқаудың нақты диагностикаға айналуына бағытталып жатыр. Алайда бұл жүргізушілердің наразылығын тудыруы мүмкін. "Адамдар жүйе жаман болғандықтан емес, ережелердің қатаңдағанына наразы. Қазір диагностика шынымен диагностика сияқты жұмыс істей бастады", - деді ол. Нәтижесі қандай болуы мүмкін? Оның айтуынша, қазірдің өзінде жүргізушілер көліктерін техникалық байқаудан өтпегенше станцияда қалдырып кететін жағдайлар бар. "Техникалық байқаудан өткізсең алып кетемін" дейді. Оларға көлік өтпейтінін түсіндіреді, бірақ олар бәрібір қалдырып кетеді", - деді ол. Оның айтуынша, келесі кезеңде шығарындыларды тексеру де қатаңдатылады, бұл бақылауды одан әрі күшейтеді. "Бұрын тексеруден қандай да бір жолмен айналып өтуге болатын, қазір жабдық оған мүмкіндік бермейді", - деді Будянский. Жалпы алғанда, оның бағалауынша, нарық өзгереді. "Иә, станциялар азайды, бәлкім кезек көбейеді. Бірақ оның орнына сапалы бизнес пен дұрыс диагностика келеді", - деп қорытындылады ол. Оның айтуынша, жүргізушілерге кез келген жағдайда жаңа талаптарға бейімделуге тура келеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Алматы әкіміне бірқатар тапсырма берді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды. Дархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң динамика байқалады: 2025 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6,5 пайызды құрады, ал биылғы қаңтар-ақпан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,4 пайызға жетті. Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен құралады. Шаһардың инвестициялық портфелі 2,8 триллион теңгеден асады. "Алматы" индустриялық аймағы мен "Алатау" арнайы экономикалық аймағына жаңа жобаларды тарту мақсатында кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Алматы еліміздің IT секторында жетекші рөл атқарады. Цифрландыру аясында Almaty AI Park қалыптасып, жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен талдау жүйесі дамып келеді. Туризм мен тау кластерін өркендету жалғасады", - делінген хабарламада. Биыл "Шымбұлақты" жаңғырту, іргелес шатқалдарды дамыту жұмыстары басталады. "Жобаларды іске асыру 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шараларымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар қонақүй инфрақұрылымы кеңейтілуде. Бас жоспарды түзету аяқталуға жақын. Онда қала ішіндегі орталық моделін дамыту және тау бөктеріндегі аумақта құрылысқа шектеу енгізу көзделген", - делінген Ақорда хабарламасында. Қоғамдық көлікті ілгерілету, соның ішінде BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерді пысықтау негізгі басымдық саналады. Инженерлік инфрақұрылым және сумен жабдықтау жүйесі жаңартылып жатыр. Экологиялық күн тәртібіне ерекше назар аударылып, жылу көздерін жаңғырту және шығарындыларды азайту шаралары қолға алынды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
LRT-ның “тест-драйвы“ астаналықтарды таңғалдырды Әлеуметтік желілерде Астанада жұмысшылардың LRT вагондарын арқанмен тартып жатқан видеосы тарады. Бұл халық арасында түрлі сұрақ туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елорда тұрғыны түсірген бейнежазбадан арнайы киім киген жұмысшылардың вагон алдында қардың үстімен жүріп, оны қолмен тартып бара жатқанын көруге болады. Мұндай ерекше "тест-драйв" желі қолданушыларын таңғалдырды. LRT операторы CTS компаниясы баспасөз қызметі мәліметінше, видео қаладағы деполардың бірінде түсірілген. Жұмысшылар вагондарды осылай біріктіреді екен. "Жеңіл рельсті көлік желісіндегі іске қосу-реттеу жұмыстары аясында вагондарды рельске орнатқаннан кейін оларды қосудың технологиялық кезеңі жүріп жатыр. Бұл кезеңде вагондардың орналасуын қолмен реттеуге рұқсат етіледі, бұл тіркеу құрылғыларын дәл сәйкестендіріп, жылжымалы құрамның рельстегі орнын теңестіру үшін қажет", - делінген хабарламада. CTS өкілдері бұл кезеңде вагондар жұмыс режимінде емес екенін және тарту жүйелерін пайдалану талап етілмейтінін айтты. Шағын қашықтыққа жылжыту "бақыланатын жағдайларда" қолмен жасалады. Барлық жұмыс қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып орындалады және рельсті көлікті пайдалануға беру кезіндегі штаттық практика. Еске сала кетейік, Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін сынақтан өткізе бастағаннан бері алты ай өтті. Елорда әкімдігі мәліметінше, жобаны іске асыру жұмыстары қатаң кестеге сай жүргізіліп жатыр және жолаушылар тасымалын бастау биылғы көктемге жоспарланған.
Әлемдегі мұнай бағасының өсуі: Қазақстанда жалақы көтерілуі мүмкін Әлемде мұнай бағасының өсуіне байланысты Қазақстанда жалақыны индекстеу үшін қосымша мүмкіндіктер пайда болуы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бозымбаевтың айтуынша, мұнай-газ секторы табысының артуы республикалық және жергілікті бюджеттерге оң әсерін тигізуі мүмкін. "Мұнай-газ компанияларымыздың табысы айтарлықтай өседі. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, оның басым бөлігі Ұлттық қорда жинақталады. Бұл "голландиялық аурудың" алдын алу үшін жасалған", - деді Бозымбаев. Анықтама: Голландиялық ауру – табиғи ресурстарды (мысалы, мұнай немесе газ) экспорттаудан түсетін кірістің күрт өсуі ұлттық валютаның нығаюына және басқа экономикалық салалардың әлсіреуіне әкелетін жағдай: өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады, ал ел шикізат секторына тәуелді болады. Бұл термин 1960 жылдары ірі газ кен орындарының ашылуынан кейін Нидерландыдағы экономикалық мәселелерден кейін пайда болды. Вице-премьер кейбір компаниялар баррель құнына байланған экспорттық кеден алымын төлейтінін еске салды. Тиісінше, баға өскен кезде бюджетке түсетін түсімдер де артады. Қазынадағы қосымша табыс халықтың табыс деңгейіне де әсер етуі мүмкін. "Компаниялар көбірек табыс тауып, жалақыны көтере алады. Тиісінше, аударымдар - табыс салығы, әлеуметтік төлемдер бюджетті толтырады. Содан кейін жалақыны индекстеу бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік туады", - деді ол. Бұл ретте Бозымбаев мұнай бағасының өсуінен тұрақты әсер күтуге әлі ерте екенін айтты. "Әзірге асығыс болжам жасауға ерте. Біз Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап отырмыз. Егер қақтығыс реттелсе, баға өте тез кері шегінуі мүмкін", - деді ол. Сондай-ақ ол стратегиялық резервтердің босатылуы мұнай құнына әсер етіп жатқанын қосты. "Көптеген ел өз резервтерін ашты, нарыққа мұнайдың үлкен көлемі шықты. Бұл бағаны тұрақтандырады. Спекулятивті факторлар да бар, сондықтан байсалдылық танытып, жоспарлы режимде әрекет ету керек", - деп түйіндеді вице-премьер. Шенеуніктің айтуынша, "қара алтын" бағасы жоғары деңгейде сақталған жағдайда, қосымша табыс бәрібір әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге түседі. Еске сала кетейік: АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы фонында кеше әлемдік мұнай бағасы кезекті межеден асты. Кеше Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 116 доллардан жоғары көтерілді.
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ер адам көпірден құлап, қаза тапты Қайғылы оқиға Алматының Бостандық ауданында болды. Тұңғыш Президент паркіне қарама-қарсы орналасқан көпірден ер адам құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарала бастады. Куәгерлер әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің қиылысындағы көпірден құлаған адам туралы хабарлады. Полиция пікірі Алматы Полиция департаменті ер адамның қаза тапқанын растап, Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. "Осы факті бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтарда көлік салығын есептеуге қатысты сұрақ туындады: МКК не дейді? Қазақстандықтар көлік салығын есептеуге қатысты сұрақ қойып жатыр: Мемлекеттік кірістер комитетінің калькуляторында автокөліктің шыққан жылы қарастырылмаған, соның салдарынан ескі көліктер үшін бұған дейін жарияланған жеңілдіктерді ескеру мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды Tengri Auto. Редакцияға оқырман хабарласып, көлік салығына қатысты сұрақ туындағанын айтты. Ол 20 жылдан асқан автокөліктер үшін төлем қалай дұрыс есептелетінін білгісі келеді. МКК сайтындағы онлайн-калькуляторды пайдалану кезінде қиындықтар туындаған. Оның айтуынша, сервис автокөліктің шыққан жылын ескермейді, демек, төмендету коэффициенттерін дұрыс қолдануға және салықтың түпкілікті сомасын есептеуге мүмкіндік бермейді. Калькуляторды пайдалану кезінде сервис қатені көрсетіп тұр. МКК сайтындағы онлайн-калькулятордың скриншоты МКК жауабы Біз бұл жағдайға байланысты ведомстводан пікір алдық. Ондағылар сервисте шынымен де техникалық қате кеткенін хабарлады. Бірақ қандай қате екенін нақтыламады. "Калькулятор техникалық қатеге байланысты уақытша өшірілді, қазір қатені жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, таяу арада сервис қалпына келтіріледі", - деп хабарлады комитет өкілдері. Мән-жайы Дегенмен, басты мәселе басқада болып тұр. Салық кодексіндегі өзгерістер қабылданғанына қарамастан, олар бірден қолданысқа енбейді, өйткені қазіргі уақытта салық өткен кезең үшін төленеді. "Бұл ретте 10 және 20 жылдан асқан автокөліктерге арналған төмендету коэффициенттері 2027 жылы төленуі тиіс 2026 жылғы салық міндеттемелеріне қолданыла бастайды. Қазіргі уақытта салықты есептеу және төлеу 2025 жылға арналған Салық кодексінің нормалары бойынша 2025 жыл үшін жүргізіледі", - деп нақтылады ведомство өкілдері. Бұл 2026 жылы қазақстандықтар 2025 жылдың салығын бұрынғы ережелер бойынша, ешқандай жеңілдіксіз төлейтінін білдіреді. Бұдан бөлек, 2025 жылға салықты есептеу кезінде сол кезеңде қолданыста болған АЕК пайдаланылады - 3 692 теңге (салыстыру үшін: 2026 жылы ол - 4 325 теңге). Осылайша, автокөлік иелері салық жүктемесінің нақты төмендегенін тек 2027 жылы, 2026 жыл үшін салық төлеу басталған кезде сезінеді. Салық мөлшері келесі факторларға байланысты: көлік түріне; қозғалтқыш көлеміне немесе қуатына; жүк көтергіштігіне немесе орын санына (көліктің жекелеген түрлері үшін); жеңіл автокөліктер үшін мөлшерлеме қозғалтқыш көлеміне байланысты және АЕК түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мынадай мысал келтірді: Жеңіл автокөліктің қозғалтқыш көлемі 2 600 текше см болған жағдайда, 2025 жылға салық былай есептеледі: (9 x 3 932) + ((2 600-2 500) x 7) = 36 088 теңге. Бұл ретте: 9 - қозғалтқыш көлемі 2500-ден 3000 текше см-ге дейін (қоса алғанда) болатын автокөліктер санаты бойынша салық мөлшерлемесі; 3932 - 2025 жылға арналған АЕК; (2 600-2 500) х 7 - қозғалтқыш көлемі 1500 текше см-ден асатын автокөліктер үшін салық сомасы қозғалтқыш көлемі бойынша тиісті градацияның төменгі шегінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғаяды. Мән-жай Еске сала кетейік, 2026 жылдан бастап Қазақстанда көлік салығын есептеудің жаңа ережелері енгізілді. Жеңіл автокөліктер үшін машинаның шыққан жылына байланысты төмендету коэффициенттері қарастырылған: 10 жылдан 20 жылға дейін - 0,7, 20 жылдан жоғары - 0,5. Бұл ретте есептеу механизмінің өзі өзгерген жоқ: салық бұрынғысынша қозғалтқыш көлеміне байланысты, жыл сайын төленеді және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін аударылуы тиіс. Жоба 2024 жылдан бері дайындалды 2024 жылы ескі көлік иелеріне түсетін салық жүктемесін азайту идеясы талқыланған болатын. Ол кезде 10 жылдан 20 жылға дейінгі машиналар үшін 30 пайыз, ал 20 жылдан асқан көліктер үшін 50 пайыз төмендету қарастырылған. Кейін бұл нормалар жаңа Салық кодексінде бекітілді. Сондай-ақ салық төлеуден босатылғандар бар: ардагерлер; "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарының иегерлері; "Отан" орденінің иегерлері; көпбалалы аналар ("Батыр ана", "Алтын алқа", "Күміс алқа"); мүгедектігі бар тұлғалар.
МҰҚК экс-басшысы Қамшыбек Тәшиев қырғызстандықтардан кешірім сұрады МҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев қырғызстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, кешірім сұрады. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kg-ге сілтеме жасап. Қамшыбек Тәшиев әрбір отбасыға бейбітшілік, бақ-береке мен молшылық тілеп, елді бірлік пен өзара түсіністікке шақырды. Ол бұл күндері кешірімді болу мен рухани тазарудың маңыздылығын атап өтті. "Егер білмей қателік жасап, біреудің көңіліне тиген болсам, кешірім сұраймын. Қасиетті Рамазан айында түрлі қауесет таратып, күйе жаққандардың барлығын Алла разылығы үшін кешірдім. Келесі жолы олай жасамайды, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпайды деп үміттенемін. Жаратқан ие олардың жүрегіне иман берсін! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!" - деді Қамшыбек Тәшиев. Видео әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар арасында қызу талқыланып жатыр. Еске сала кетейік: кеше қырғыз БАҚ-тары дереккөздерге сілтеме жасап, МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің ІІМ-ге жауап алуға шақырылғанын хабарлаған болатын. Бұған дейін оның ұлы Тай-Мұрас пен туған бауыры Шайырбек Тәшиев те жауап алуға шақырылған болатын.
Алатаудың арнаулы мәртебесі Конституциялық заңда бекітіледі Бүгін Парламент палаталардың бірлескен отырысында депутаттар "Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта қаланы дамыту үшін ерекше құқықтық режим мен қосымша өкілеттіліктер қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Толығырақ Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бұл экономикалық өсімді жеделдету үшін қажет екенін айтты. "Конституциялық заң жобасы Алатау қаласында халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті юрисдикция құруға бағытталған. Бұл тәсілдерді жүзеге асыру жедел экономикалық өсу, технологиялық даму және капитал тарту үшін тұрақты орталық қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді ол. Алатау туралы Алатауды өз ережелері, басқаруы және экономикасы болатын жеке "экожүйе" ретінде дамыту жоспарланып отыр. Қаланы дамыту үшін арнайы орган - Alatau City Authority құрылады. Негізгі шешімдер тек үкімет деңгейінде қабылданады. Алатау қаласында шетелдік инвесторларға жер меншікке берілмейді, учаскелер тек нақты жобалар үшін әрі шектеулі шарттар бойынша беріледі. "Жер учаскелері жалға немесе басқа нысанда беріледі. Егер бизнес-жоба бойынша қандай да бір міндеттемелер мен оны іске асырудың белгілі бір мерзімі болса, мысалы, екі жыл ішінде берілген жер телімінде зауыт, фабрика немесе қонақүй салмаса, онда мұндай инвесторларға айыппұл салынады", - деп түсіндірді вице-премьер Қанат Бозымбаев. Алатауды "цифрлық қалаға" айналдыру жоспарланған. Жол, көлік, жарық, коммуналдық қызметтер және тұрғындарға арналған сервистердің барлығы заманауи технология арқылы жұмыс істейді. Жүйелер ақылды болады, деректерді өзі талдап, тиімді жұмыс істейді. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1,8 триллион теңге болатын 44 жобадан тұратын пул қалыптастырылған, олар шамамен 30 мың жұмыс орнын құрады. Инвесторларға түсінікті және тұрақты ережелер ұсынылады: олардың құқықтары заңмен бекітіліп, дауларды халықаралық арбитраж немесе Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы шешуге болады. Арнаулы мәртебе Былтыр қыркүйекте Алатауға арнаулы мәртебе берілген болатын. Президент мұндай аумақтар Қазақстанның біртұтас конституциялық, құқықтық кеңістігінің ажырамас бөлігі саналатынын және солай болып қала беретінін, ал арнаулы құқық режимі тек қаланы дамыту және жеке шарттарға қатысты екенін түсіндірген еді. Бұл қаржылық басқару, салық және сот рәсімдері саласындағы арнайы ережелерге қатысты, инвесторларды тарту және бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін қажет. Мемлекет басшысының айтуынша, оыслайша жер жүзіне Қазақстанды тұрақты, ашық, кедергісіз және ішкі нарықтағы ахуалы айқын ел ретінде көрсетеміз. Мән-жайы Алатау қаласы 2024 жылы Жетіген ауылында құрылды. Үкімет оның Бас жоспарын бекітті. Сонымен қатар Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының шекаралары өзгертілді - кейбір аумақ жаңа қаланың құрамына кірді. Картада бұл былай көрінеді: Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Қала инвестиция тарту нүктесі әрі жаңа іскерлік және инновациялық орталық болуы тиіс. Ірі халықаралық компаниялармен миллиардтаған қаражатқа келісімдер жасалған. Солардың бірі Шэньчжэнь технополисін дамытуға қатысып, енді Alatau City жобасын жүзеге асырмақ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сынған тағдыр: ІІМ жасөспірімдер туралы фильм түсірді Ішкі істер министрлігі жасөспірімдердің шынайы оқиғаларына негізделген "Хулиган-ка" атты деректі драманы ұсынды. Туынды зорлық-зомбылық, орта ықпалы және ересектер тарапынан бақылаудың жоқтығы салдарынан өмірі өзгерген жасөспірімдер туралы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Фильмнің басты кейіпкері - Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған Дарина. 14 жасында ол өзінен үлкен "құрбысының" ықпалына түсіп, сабақтан қалуды бастайды, алкоголь ішіп, төбелестерге қатысады. Уақыт өте келе агрессия оның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналады. Жағдай Дарина қысымға бой алдырып, бір қызды аяусыз соққыға жыққан кезде ушыға түседі. Жәбірленуші ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт ем қабылдауға мәжбүр болады. Бұл оқиға Даринаның қылмыстық жауапкершілікке тартылуына әкелген шешуші кезең болды. Фильм жасөспірімдер арасындағы қатыгездік көбіне өзін-өзі дәлелдеуге тырысумен, өмірлік бағдардың жоқтығымен және қолдаушы ортаның болмауымен байланысты екенін көрсетеді. Жасөспірімдер өз әрекеттерінің салдарын әрдайым толық түсіне бермейді, ал қарапайым жанжалдың өзі ауыр жарақатқа немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін. ІІМ мәліметінше, жасөспірімдер қылмысы мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Дегенмен, жағдай біртіндеп жақсарып келеді. 2026 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 24,3 пайыз төмендеген. Бұл ретте, ішкі істер органдарының есебінде 2,9 мыңнан астам жасөспірім және балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын 6 мыңнан астам ата-ана тіркелген. Профилактика мақсатында әр мектепке учаскелік инспекторлар, ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілген - жалпы саны шамамен 8 мың қызметкер. Оқу орындарында тұрақты түрде құқықтық сабақтар өткізіледі. Биылғы екі айда 22 мыңнан астам заңды өкіл кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргені үшін жауапкершілікке тартылған. Ал кәмелетке толмағандардың түнде ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 685 мекеме иесі жазаланды. ІІМ өкілдері "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта жалғасатынын айтты. "Хулиган-ка" деректі фильмі қоғамға жасалған ескерту: жасөспірімдер агрессиясы өздігінен пайда болмайды. Ол орта, немқұрайлылық және бақылаудың жоқтығы әсерінен қалыптасады. Оны болдырмау үшін отбасы, мектеп және қоғам бірлесіп жұмыс істеуі керек. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Амнистияға мас күйде рөлге отырып, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер іліге ме? Амнистияға мас күйде рөлге отырып, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер іліге ме? Бұл сұраққа Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жауап берді, - деп хабарлайды Tengri Auto. Оның айтуынша, бұл даулы мәселе және мұқият талдауды қажет етеді. "Бұл – екіұшты мәселе. Бір жағынан, өздерін нақты зардап шегуші тарап деп санайтын жүргізушілер бар. Бірақ біз бұл көлік құралы екенін және бұл адамдар көлікті мас күйде басқарғаны үшін куәлігінен айырылғанын ұмытпауымыз керек", - деді Базарбек. Депутат мұндай шешімдер қауіпсіздікке үлкен қатер төндіруі мүмкін екенін айтты. "Сіздердің балаларыңыз бен жақындарыңыз жаяужүргінші болуы мүмкін, ал әлгі жүргізушілер қайтадан рөлге отырады. Бұл – үлкен тәуекел", - деді ол. Сонымен қатар, депутат бұл мәселе бойынша әзірге түпкілікті шешім қабылданбағанын нақтылады. "Біз қазір талдау жасап жатырмыз. Әкімшілік амнистия аясында көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер мәселесі қарастырылады деп айта алмаймын", - деді депутат. Базарбек өзінің жеке ұстанымын да білдірді. "Мен қарсымын. Ондай адамдардың саны көп болса да", - деп түйіндеді Базарбек. Мән-жай 17 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік амнистия жарияланатынын айтқан болатын. Келесі күні премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында екі апта ішінде әкімшілік амнистия механизмін дайындауды тапсырды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, амнистия аясында кейбір азаматтарды жауапкершіліктен босату ғана емес, сонымен қатар айыппұлдарды кешіру мүмкіндігін қарастыру жоспарланған.
Салық реформасының арқасында Қазақстан бюджеті толыға түсті Жыл басынан бері Қазақстанның республикалық бюджетіне салық түсімдері 3,6 триллион теңгеге дейін өсті, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 900 миллиардқа артық. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, түсімнің өсу қарқыны 133 пайыз болған. "Былтырғымен салыстырғанда, биыл таңертеңгі жағдай бойынша республикалық бюджетке 3,6 триллион теңге салық түсті. Бұл 900 миллиард теңгеге артық. Өсу қарқыны 133 пайызды құрап отыр", - деді деді Біржанов үкімет кулуарында. Сондай-ақ ол қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша түсімдер құрылымын нақтылады. "Бүгінде ҚҚС шамамен 1,8 триллион теңге сомасында түсті. Оның ішінде 1 триллионға жуығы ішкі ҚҚС, ал 800 миллиардқа жуығы импортқа салынатын ҚҚС", - деді вице-министр. Сонымен қатар Қаржы министрлігі салық төлеушілердің шағымын қарайтын апелляциялық комиссияның жұмысы туралы айтып берді. "Жыл сайын біз 300-ден аса шағымды қараймыз, оның 38–40 пайызы салық төлеушілердің пайдасына шешіледі. Комиссияға бизнес өкілдері, басқа да министрліктер қатысады. Біз әр жағдайды егжей-тегжейлі қарап, мәселелердің бір бөлігін сотқа дейінгі тәртіппен шешеміз", - деді Біржанов. Оның сөзінше, алдағы уақытта ведомство дәл осы сотқа дейінгі реттеуді күшейтуді көздеп отыр. "Қазір біз Дүниежүзілік банкпен де жұмыс істеп жатырмыз. Көптеген мәселе сотқа жетпей, Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті алаңында шешілгенін қалаймыз", - деп толықтырды ол. Біржанов камералдық бақылауға жеке тоқталып, оның толық автоматтандырылғанын баса айтты. "Бүгінде қолмен жасалатын камералдық бақылау жоқ. Барлық процес автоматтандырылған. Біз тұрмыстық шығындар бойынша қандай да бір іріктеп тексеру жүргізбейміз. Бақылау тек ірі немесе стандартты емес сатып алулар кезінде ғана жүзеге асырылады", - деп түсіндірді ол. Бұл ретте бизнес қауымдастығы белсенді талқылап жатқан салықтық шегерімдер мәселесі әзірге ашық қалып отыр. Атап айтқанда, құрылыс саласының өкілдері мердігерлермен жұмыс істеудегі шектеулерге байланысты бағаның өсу қаупі бар екенін мәлімдеді. Қаржы министрлігі бұл мәселенің жобалық кеңсе аясында қаралып жатқанын растады. "Қазірдің өзінде он шақты отырыс өтті. Түрлі мәселе, соның ішінде шегерімдер, жеңілдіктерді қолдану және бейрезиденттерге салық салу мәселелері қарастырылып жатыр. Түзетулер пакеті дайындалып жатыр, оның бір бөлігі таныстырылды", - деді вице-министр. Сонымен қатар ол қолданыстағы заңнаманың барлығына бірдей қолданылатынын атап өтті. Оның айтуынша, шегерім мәселелері бойынша түпкілікті шешім құқық қолдану тәжірибесі және депутаттармен талқылауды ескере отырып қабылданады. Еске сала кетейік, қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді тапсырып, бұл "қасиетті жазу" емес екенін және оған өзгерістер енгізуге болатынын айтқан еді. Келесі күні премьер-министр Олжас Бектенов орынбасары Серік Жұманғаринге халық пен бизнестен Салық кодексі бойынша түскен ұсыныстарды жинақтап, талдауды тапсырды.
Жер және шетелдіктер: үкіметте Алатау бойынша “сезімтал мәселеге“ жауап берілді Алатау қаласында шетелдік инвесторларға жер меншікке берілмейді, учаскелер тек нақты жобалар үшін және шектеулі шарттар бойынша беріледі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Толығырақ Бозымбаев жер мәселесі қазақстандықтар үшін өте сезімтал тақырып болып қала беретінін, сондықтан бұл тәсіл қатаң реттелетінін айтты. Жер учаскелері, соның ішінде шетелдік инвесторлар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін, тек қана нақты инвестициялық жобаларды – мәселен, зауыттар, фабрикалар немесе қонақүйлер салуды іске асыру үшін бөлінеді. Егер инвестор міндеттемелерін орындамаса, оған айыппұл салынып, жер учаскесі тәркіленеді. "Жер учаскелері жалға немесе басқа нысанда беріледі. Егер бизнес-жоба бойынша қандай да бір міндеттемелер мен оны іске асырудың белгілі бір мерзімі болса, мысалы, ол екі жыл ішінде берілген жер телімінде зауыт, фабрика немесе қонақүй салмаса, онда мұндай инвесторларға айыппұл салынады", – деді ол. Қанат Бозымбаев кез келген адам цифрлық жүйе арқылы инвестордың қандай жеңілдіктер алғанын және өз міндеттемелерін орындап жатқан-жатпағанын көре алатынын түсіндірді. Бұдан бөлек, арнайы инвестициялық бизнес-лицензия енгізіледі. Ол инвестордың жобаны уақтылы жүзеге асыруын және оның даму барысын бақылап отырады. "Әрбір азамат әрбір инвесторды көре алады. Егер ол міндеттерін орындамаса, алдымен айыппұл салынады, кейін лицензиясын қайтарып аламыз. Бұл – Сингапурдың жұмыс моделі", – деп түсіндірді Бозымбаев. Ерекше мәртебе туралы Былтыр қыркүйекте Алатау қаласы ерекше мәртебеге ие болды. Президент Алатау қаласының ерекше мәртебесі оның елге тиесілігін өзгертпейтінін, тек дамудың жекелеген шарттарына ғана қатысты екенін түсіндірген болатын. Әңгіме қаржылық басқару, салық және сот рәсімдері саласындағы арнайы ережелер туралы болып отыр. Бұл инвесторларды тарту және бизнес жүргізуді жеңілдету үшін қажет. Президенттің айтуынша, мұндай режим Қазақстанның инвестиция үшін түсінікті әрі ашық ережелері бар тұрақты ел екенін көрсетуі тиіс. Бұл ретте қаланың ешқандай "ерекше автономиясы" болмайды. Контекст Алатау қаласы Қазақстанда 2024 жылы Жетіген ауылының негізінде пайда болды. Үкімет оның бас жоспарын бекітті. Сонымен қатар Іле және Талғар аудандарының, сондай-ақ Қонаев қаласының шекаралары өзгертіліп, аумақтардың бір бөлігі жаңа қаланың құрамына енді. Картада бұл былай көрінеді: Алматы облысы баспасөз қызметінің фотосы Қала инвестиция тарту нүктесіне және іскерлік белсенділік пен инновацияның жаңа орталығына айналуы тиіс. Ірі халықаралық компаниялармен көпмиллиардтық келісімдер жасалды. Солардың бірі Шэньчжэнь технополисін дамытуға қатысқан және енді Alatau City жобасымен жұмыс істейді.
Өз заңдары бар қала: Қазақстанда жаңа мегаполис пайда болады Қазақстанда Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы Конституциялық заң әзірленіп жатыр - ол қаланы бизнес пен инвесторлар үшін ерекше ережелері бар жедел экономикалық өсім алаңына айналдыруы тиіс. Бұл туралы Мәжілісте вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жеке юрисдикция және жаңа басқару органы Алатау дербес қаржылық моделі, басқаруы және құқықтық режимі бар жеке экожүйе ретінде қарастырылады. Заңға сәйкес, салықтық жеңілдіктер енгізу, лицензиялауды жеңілдету және инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты көзделеді. "Ерекше құқықтық мәртебе - артықшылық емес, қажетті құрал", - деді Бозымбаев. Негізгі идеялардың бірі жаңа орган - Alatau City Authority құру. Ол қаланың стратегиялық дамуына жауап береді, ал шешімдерді премьер-министрдің жетекшілігімен кеңес қабылдайды. Бұл ретте әкімдік пен мәслихат әлеуметтік және коммуналдық мәселелер бойынша өз функцияларын сақтайды. Инвесторларды қорғау және тұрақты ереже Заң жобасы инвестициялық келісімдердің тұрақтылығын бекітеді және инвесторлардың құқықтарын қорғауды, соның ішінде халықаралық арбитраж немесе АХҚО арқылы қорғауды қарастырады. Салықтық модель де жеке қарастырылған: жеңілдіктер тек басым салалардағы жаңа жобаларға беріледі - тиімділік, экологиялық талаптар және инновациялық сипат талап етіледі. Билік ұзақ мерзімді жоспарлауға басымдық береді: қаланың дамуы ондаған жылға есептелген, ал негізгі құжаттар инвесторлар үшін болжамдықты қамтамасыз ету үшін жиі қайта қаралмайды. Digital by default және ЖИ-ге басымдық Жеке бөлім технологияларға арналған. Алатауды Digital by default қағидаты бойынша дамыту жоспарланған - цифрлық басқару, эксперименттік құқықтық режимдер және жасанды интеллект, ұшқышсыз көлік пен цифрлық активтерді енгізу. "Қалада криптобиржаларды реттеу және токенизация мүмкіндігі қарастырылады", - деді вице-премьер. Триллион теңге болатын жобалары Үкімет мәліметінше, жалпы сомасы 1,8 триллион теңге болатын 44 жобадан тұратын пул қалыптастырылған, олар шамамен 30 мың жұмыс орнын құрады. Әлеуетті қатысушылар қатарында ірі халықаралық компаниялар мен технологиялық жобалар бар. "Бір кездегі Астана сияқты" Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бастаманы қолдап, оны елорданың дамуымен салыстырды. "Алатауда өз режимі, өз мәртебесі болады. Бұл үлгіге айналады. Бір кезде елорда бойынша да сұрақтар болған, бірақ қазір нәтижесін көріп отырмыз", - деді ол. Оның айтуынша, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке инвесторларды тарту үшін ерекше жағдайлар қажет. "Бұл арнайы заңнама, дауларды қараудың ерекше тәртібі және инвесторлардың меншігін қорғау - мұның бәрін біз Алатау туралы заңға енгізіп жатырмыз". Депутаттың айтуынша, болашақта жоба жаңа мегаполистің пайда болуына әкелуі мүмкін. "Қазір бұл тек жоба, бірақ 20–30 жылдан кейін біз технологиялар мен жасанды интеллектке басымдық берілген тағы бір цифрлық қаланы көреміз". Заң жобасын әзірлеушілер сәтті іске асырылған жағдайда Алатау халықаралық инвестициялық хабқа және елдің басқа өңірлері үшін үлгіге айналады деп сенеді. Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумында сөйлеген сөзінде Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы айтқан болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Балаға үйден тыс жерде жасалған зорлық-зомбылықты қалай анықтауға болады: психолог кеңесі Соңғы кездері Қазақстанда түзету орталықтарындағы қызметкерлер тарапынан тәрбиеленушілерге қатыгездік көрсету деректері белгілі болды. Мәселе мынада, балалар көбіне болған жайтты айта алмайды немесе айтуға қорқады, ал сұмдық жағдайлар денеде көгеру мен сызат пайда болғаннан кейін ғана ашылып жатады. Психолог Жанна Петрова баланың сыртта жәбір көріп жүргенін зардап шекпей тұрып қалай түсінуге болатынын және мұндай жағдайда ата-аналар не істеуі керек екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бір айда үш резонанс тудырған іс болды Бірінші оқиға Жақында Алматы облысындағы ерекше балаларға арналған орталықта жаға ұстатарлық оқиға болды. Баланың анасы әлеуметтік желіде жазба жариялап, ондағы балаларға деген қарым-қатынасқа наразылығын білдірді. "Осы орталықтағы алғашқы айларды еске алсам, ұлым үйге үнемі денесі көгеріп, сырылып келетін. Ол кезде мені бұл кездейсоқ жағдай, топтық сабақ кезінде басқа бала кенет қозғалып қалып, ұлым қабырғаға соғылып қалды деп сендірді. Күмәнданбай, сенуімді өтінді! Тағы бір жағдайда арқасы мен қолындағы жарақаттарға бассейндегі пластик қорғаныс арқаны себеп болғанын, бала жүзуді үйрену кезінде жарақат алғанын айтты. Бейнежазбаларды сұратқанымда, камералардың барлық жерде жоқ екенін айтып, алаңдамауымды өтінді. Орталық басшылығының сөзіне сеніп, сол кезде істі соңына дейін тексеруді талап етпегеніме өзіме-өзім ашуланамын", - деп жазды әйел өз жазбасында. Оның айтуынша, соңғы рет бала орталықтан қолынан жарақат алып келіп, қолын қозғалта алмаған. Сол кезде әйел орталыққа қайта барып, бұл жолы басшылықтан бейнежазбаларды көрсетуді талап етіп, мақсатына жеткен. "Ересек ер адам, орталық қызметкерінің ұлымның білегін қалай қайырып жатқанын, ал кейінірек басқа қызметкердің оны дәретханаға күштеп кіргізу үшін қолынан сүйреп бара жатқанын көрдім. Мұндай дөрекі қарым-қатынас пен мәжбүрлеудің себебі туралы басшылықтан ешқандай түсініктеме алған жоқпын. Ұлымның дәретханаға кіруден қалай қорыққанын, қарсыласқанын көрдім. Дәретханада камера орнатылмаған, яғни ұрып-соққан жағдайда ешкім білмейді және ештеңе дәлелдей алмайды, содан емес пе екен? Сондай-ақ басқа бейнежазбалардан оның кейбір қызметкерлерден қорыққаны анық көрініп тұр", - деп сипаттайды ол болған жайтты. Фото: әлеуметтік желіден алынған Осыдан кейін баланың анасы полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, тергеудің жүріп жатқанына төрт ай болыпты. Біз пікір алу үшін Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарластық. Стандартты жазбаша жауап алдық: "Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу және тексеру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында ата-аналар айтқан уәждер мұқият тексеріліп, оңалту орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделенеді". Екінші оқиға Тағы бір оқиға Алматыдағы түзету орталығында болған. Жаттықтырушының баланың қолын қайырып жатқан бейнежазбасы жарияланғаннан кейін үлкен жанжал шықты. Ата-аналар зорлық-зомбылықтың жүйелі сипатта екенін, кейбір балалардың сөйлеу қабілеті бұзылуына байланысты болған жайтты хабарлай алмағанын айтты. Видеодан алынған кадр Сондай-ақ камераларға түсіп қалған басқа да агрессия эпизодтары туралы хабарланды. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады. Кейінірек жаттықтырушы ұсталды. Үшінші оқиға Әлеуметтік желілерде Ақтаудан бейнежазба тарады, онда орталық жаттықтырушысының тәрбиеленушілермен қалай жұмыс жүргізіп жатқаны көрінеді. Жарияланған кадрларда бірнеше бала шағын бөлмеде шеңбер бойымен жүгіріп жүреді. Бір сәтте ер адам еденде жатқан баланы ұстап алып, оны теуіп жібергені байқалады. Видеодан алынған кадр Спорт залындағы жазбаларды көрген зардап шеккен баланың анасы құқық қорғау органдарына жүгінді. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осыдан кейін Балалардың құқықтарын қорғау комитеті орталықтың жабылғанын хабарлады. Балалар неге айтпайды? Түзету орталықтары мен секцияларда балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғаларының жиілеуіне байланысты психолог Жанна Петрова басты мәселелердің бірі - балалардың болған жайтты әрдайым айтып бере алмауында немесе айтуға дайын еместігінде екенін атап өтті. "Бала көбіне өзі өскен ортадағы "үлкендікі әрқашан дұрыс", "мұғалім жақсы біледі", "шағымдануға болмайды" деген қағидаларға байланысты үндемейді. Бұған сенбейді, жазалайды немесе бұдан да жаман болады деген қорқынышты қосыңыз - сонда тұйық шеңбер пайда болады", - деді маман. Оның айтуынша, сондай-ақ балалар ата-анасын ренжітіп алудан немесе "өзің кінәлісің", "ештеңе етпес" деген сөздерді естуден қорқуы мүмкін. "Әсіресе ерекше даму қажеттіліктері бар балалар өте осал келеді. Оларда қосымша кедергілер бар: сезімдерін білдіру, эмоцияларды тану қиынға соғады, олар ересектерге көбірек тәуелді және үйреншікті ортасын жоғалтудан қорқады. Кейде бала өзіне не болып жатқанын түсіндіріп бере алмайды", - деді психолог. Бұл ретте бала өзіне дұрыс қарамай жатқанын әрдайым сезе де бермейді. "Егер баланың жеке шекарасы туралы түсінігі болмаса, ол болып жатқан жағдайды қалыпты нәрсе ретінде қабылдауы мүмкін", - деп түсіндіреді Жанна Петрова. Психологтың пікірінше, баланың мойындауына кедергі болатын басты факторлар - жазалану және жәбірлеушінің өш алуынан қорқу. Баланың жәбір көріп жүргенін қалай түсінуге болады? Жанна Петрованың айтуынша, ата-аналар үшін баланың мінез-құлқындағы кез келген өзгерісті мұқият қадағалау маңызды. "Баланың психикасы әрдайым мінез-құлық арқылы белгі береді. Бұл үрей, ашушаңдық, сабаққа барудан бас тарту, ұйқының немесе тәбеттің бұзылуы, сүйікті істеріне деген қызығушылықтың жоғалуы болуы мүмкін", - дейді психолог. Ол сондай-ақ эмоционалдық өзгерістер де дабыл сигналы болуы мүмкін екенін айтады: "Бала себепсіз жиі жылай бастауы, агрессивті болуы немесе керісінше, ұйықталып қалуы мүмкін". Физикалық белгілерді де назардан тыс қалдырмаған жөн: "Көгеру, сызат, сабақ алдында басының немесе ішінің ауыратынына жиі шағымдануы - бұл да белгі болуы мүмкін", - деп толықтырды сарапшы. Бұл ретте ол ерекше даму қажеттіліктері бар балалар үшін өзіндік белгілер тән екенін айтты. "Олар нақты бір адамнан немесе жерден қашуы мүмкін, кенеттен қорқыныш немесе агрессия пайда болады. Егер бала бұрын қуана баратын жеріне барудан бас тартса, бұл әрдайым мәселенің мән-жайын анықтауға себеп болады. Бұл жай ғана нашар көңіл-күй де, нақты қорқыныш та болуы мүмкін", - деп түсіндіреді маман. Психолог сонымен қатар ата-аналарға баланың сабақтан кейінгі күйіне жіті назар аударуға кеңес береді. "Егер бала мазасызданып оралса, сабақ туралы айтқысы келмесе немесе нақты бір адам туралы әңгімеден қашса, ата-аналар сақ болуы керек. Кейде балалар ашық түрде: "Мен ол жаққа барғым келмейді", "Ол қатал", "Маған ол жер ұнамайды" дейді немесе ашуғы булығады", - деді психолог. Баламен қалай сөйлесу керек? Петрованың айтуынша, егер ата-анада баланың сыртта жәбір көруі мүмкін деген күдік туса, бастысы оның тұйықталып қалмауы үшін әңгімені дұрыс жүргізу. "Мұндай жағдайда баламен барынша абайлап сөйлесу маңызды. Ең бастысы - қауіпсіздік сезімін тудыру. "Сенің көңіл-күйің жоқ екенін көріп тұрмын, не болғанын айтқың келе ме?" деп жаймен сұрау керек", - деп мысал келтіреді психолог. Маман "Өзің кінәлі емессің бе?" немесе "Мұны өзің ойдан шығарып отырған жоқсың ба?" деген сияқты айыптау сұрақтарын қоймау қажеттігін ескертеді. "Мұндайдан кейін балалар тұйықталып қалады", - деді ол. Егер балаға даму ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу қиын болса, шындықты білуге әңгімелесудің баламалы әдістері көмектеседі. "Қысқа сөйлемдерді қолданыңыз, жауап беруге уақыт беріңіз, эмоциялар карточкасын пайдаланыңыз. Сондай-ақ балалар өз уайымын көбіне ойын арқылы - суреттер, мүсіндер, ертегілер арқылы білдіреді", - деп түсіндіреді маман. Психолог ата-аналардың қауіпті иллюзиядан бас тартуы маңызды екенін баса айтты: "Менің баламда мұндай болуы мүмкін емес" немесе "үндемесе - демек бәрі дұрыс" деген сияқты ұстанымдар қате. Балалар айтқаннан көрі, үндемегенді жөн көреді", - деп ескертеді психолог. Маман өз сөзіне дәлел ретінде жеке тәжірибесінен мысал келтірді: "Маған танымал орталықтар бірінің жұмысын ішінен бақылаудың сәті түсті. Онда балалармен дайындығы жоқ қызметкерлер жұмыс істеп, дөрекі күш көрсетті: жылаған балаларды жұлқып көтеріп, айқайлап, балағаттап, олардың жай-күйіне мән бермеді. Ал ата-аналармен өте сыпайы сөйлесетін. Ең қорқыныштысы - бұл жағдайдың қанша уақыт бойы байқалмай келгені белгісіз". Ата-аналар қандай қателік жібереді? Петрова балалары жаттықтырушылар немесе педагогтер тарапынан физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған ата-аналардың жиі жіберетін қателіктері қатарында белгілерді елемеуін, балаға қысым көрсетуін және болып жатқан жайтты "тәрбие әдістерімен" ақтауға тырысуын атады. "Кейде зорлық-зомбылықты "инновациялық әдістеме" деп бүркемелейді, ата-аналар бұған сенеді. Ішкі түйсікке құлақ асу, баланы бақылау және мүмкіндігінше фактілерді тіркеу маңызды. Егер зорлық-зомбылықтың айқын белгілері болса, бірден әрекет ету керек", - дейді психолог. Тәуекелді қалай азайтуға болады? Сұхбат соңында психолог ата-аналарға бала баратын секцияларды, орталықтар мен үйірмелерді мұқият таңдауға кеңес береді: пікірлерге сенбей, әдемі суреттер мен атақ-дәрежеге алданбай, бәрін жеке тексеру қажет. "Қызметкерлердің біліктілігі, әдістемелері, бейнебақылау камераларының бар-жоғы туралы біліңіз. Оқытушылармен жеке танысыңыз", - деп кеңес берді Петрова. Орталықтың жабық болуы, ата-аналардың қатысуына тыйым салынуы және сұрақтарға агрессивті жауап қайтаруы күмән тудыруы тиіс. Күдік туындаған жағдайда полицияға, психологқа және тиісті органдарға хабарласыңыз - істі кейінге қалдырмаңыз.
“Сіз кім едіңіз?“: Павлодарда шенеунік тәкаппарлығы үшін айыпталды Павлодар облысында Әділет департаменті басшысының орынбасарын қоластындағы қызметкерлермен өктем сөйлескені үшін жазалау ұсынылды. Қызметкерлердің шағымы қызметтік тергеу барысында расталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ирбис TV"-ге сілтеме жасап. Бұл мәселе Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды. Айдын Сәменқұловтың қоластындағы қызметкерлер шенеунік өткізген жиналыстардың бірінде жазылған аудионы ұсынған. Жазба шағымдарды тексеруге негіз болған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Амангелді Хамзиннің айтуынша, әңгіме былапыт сөз туралы емес, сөйлесу мәнері туралы болып отыр. "Әрине, онда балағат сөз жоқ, ол дұрыс, олай істеуге де болмайды. Бірақ "Сіз кім едіңіз?", "Сіздің атыңыз кім?" деген сияқты тәкәппарлық бар, бір нәрсені 10 рет сұрайды. Бұл не деген сөз? Кем дегенде 4 жыл бірге жұмыс істеп жүрген қызметкерді жаттап алуға болар еді ғой. Яғни, мемлекеттік қызметшіге жат өктемдік байқалады", - деді Амангелді Хамзин. Жүргізілген тексеріс әдепке жат мінез-құлық деректерін растады. Соған қарамастан, Айдын Сәменқұлов өзі кінәсін мойындаған жоқ. Ол шағым тек бір бөлімнің қызметкерлерінен түскенін, ал қалғандары оның жұмысын жоғары бағалайтынын алға тартты. Сондай-ақ, шенеунік бұл жағдайды өзінің кәсіби қызметімен және жақын арада түскен лауазымдық ұсыныстармен байланыстырды. "Бұл жайдан-жай емес. Бәлкім, бұл жерде айту орынсыз шығар, бірақ бұл менің жұмысыма қатысты. Оқудан келгеннен кейін Әділет министрлігі маған басқа облыстан, басқа өңірден қызмет ұсынды, мен одан бас тарттым. Мұның бәрі сонымен байланысты деп ойлаймын", - деді Сәменқұлов. Кеңес шешімі Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мұндай мінез-құлыққа, әсіресе қоластындағы қызметкерлерге қатысты, жол беруге болмайтынын атап өтті. Оған қарым-қатынаста ұстамды болу және ұжымдағы кикілжіңдерге жол бермеу ескертілді. Кеңес оған қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.
Ұлыбритания Қазақстанға бола ресейлік “Транснефтьке“ қарсы санкцияларды жеңілдетті Ұлыбритания қазақстандық мұнаймен операциялар жүргізуге, оның ішінде Ресей аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға мүмкіндік беретін арнайы рұқсат берді. Сөз Ұлыбритания үкіметінің ресми сайтында жарияланған бас лицензия туралы болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Лицензияны Ұлыбритания Қаржы министрлігі жанындағы санкциялық режимді қолдану мен бақылауға жауапты құрылым Қаржылық санкцияларды іске асыру басқармасы (OFSI) берген. Экономика немесе халықаралық сауда үшін қажет болған жағдайда, қолданыстағы санкцияларға қарамастан жекелеген операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін бас лицензияларды дәл осы OFSI бере алады. Нақты неге рұқсат берілді Құжатқа сәйкес, қазақстандық мұнайды жеткізуге, сатып алуға, тасымалдауға және жеткізіп беруге байланысты операцияларға, соның ішінде төлемдерді жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл ретте басты шарттар бар: мұнай Қазақстаннан шыққан болуы тиіс; ол Ресеймен байланысы бар тұлғаларға тиесілі болмауы керек; мұнайдың Ресей аумағында тиелуіне, жөнелтілуіне немесе сол ел арқылы транзитпен өтуіне жол беріледі. Іс жүзінде бұл аталған талаптар сақталған жағдайда, қазақстандық мұнайды Ресей инфрақұрылымы арқылы тасымалдау санкциялық шектеулерге жатпайтынын білдіреді. Неліктен "Транснефть" туралы айтылған Лицензияда ресейлік "Транснефть" компаниясы мен оның еншілес құрылымдары санкцияда болғанына қарамастан, рұқсат олардың қатысуымен өтетін операцияларға да қолданылатыны бөлек көрсетілген. Бұл өте маңызды, себебі қазақстандық мұнайдың едәуір бөлігі дәл осы ресейлік құбырлар арқылы экспортталады. Төлемдер мен бақылау мәселесі Ұлыбританиялық қаржы ұйымдарына мұндай мәмілелер бойынша төлемдерді өңдеуге рұқсат берілді. Сонымен қатар, барлық қатысушы операциялар бойынша толық құжаттаманы кемінде алты жыл бойы сақтауға міндетті. Лицензияның санкцияларды жалпылама түрде жоймайтыны және тек қатаң белгіленген шарттар аясында ғана әрекет ететіні ерекше атап өтілген. Бұл Қазақстан үшін неге маңызды Қазақстан мұнайының қомақты бөлігін Ресей аумағы арқылы экспорттайды, мұндай рұқсаттарсыз бұл жеткізілімдер санкциялық шектеулерге ілініп кетуі мүмкін еді. Берілген лицензия Ұлыбританияның санкциялық режимін бұзбай қазақстандық мұнайды Ресей инфрақұрылымы арқылы экспорттауды жалғастыру мүмкіндігін нақты бекітіп берді. Құжат 2026 жылғы 19 наурызда күшіне енді және 2028 жылғы 18 наурызға дейін жарамды болады. Еске салсақ, наурыздың басында Трамп ресейлік мұнайдан санкцияларды уақытша алып тастаған болатын: енді оны бүкіл әлем бойынша сатып алуға болады.
Қазгидромет Астана, Алматы және тағы 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады "Қазгидромет" Астана, Алматы және басқа да қала тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ақпарат ауа сапасы болжамына қатысты. "20 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі", - делінген хабарламада. Синоптиктер мәліметінше, 20 наурызда Астанада күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -8...-10 градус, күндіз +3...+5 градус жылы. Алматыда 20 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +14...+16 градус жылы.
Қазақстан дүниежүзілік бақыт рейтингінде ТМД-ның барлық елінен асып түсті БҰҰ бөлімшесі жариялаған World Happiness Report баяндамасының нұсқасы бойынша Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 10 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Tengri Life. Биыл Қазақстан (147 елдің ішінде) 33-орынға тұрақтады, ал бір жыл бұрын 43-сатыда болатын. Қазақстан ТМД елдері арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Бақыт рейтингінде бізден кейінгі орындарға мына мемлекеттер жайғасқан: Өзбекстан (53-орын), Қырғызстан (66), Молдова (77), Ресей (79), Тәжікстан (88), Армения (89) және Әзербайжан (102). Украина 111-орынды, Литва 28-орынды, Латвия 48-орынды, ал Эстония 46-орынды иеленді. Финляндия тоғызыншы рет әлемдегі ең бақытты ел деп танылды. Одан кейін Исландия, Дания, Коста-Рика және Швеция тұр. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Норвегия, Нидерланды, Израиль, Люксембург және Швейцария кірді. АҚШ 23-орынға табан тіреді. Ауғанстан бір жыл бұрынғыдай ең бақытсыз ел ретінде танылды. Тізімнің соңында Сьерра-Леоне, Малави, Зимбабве, Ботсвана, Йемен және Ливан да бар. World Happiness Report рейтингі жыл сайын 20 наурызда атап өтілетін Халықаралық бақыт күніне орай жарияланады. Баяндаманы Оксфорд университетінің Әл-ауқатты зерттеу орталығы Гэллап институтымен және БҰҰ-мен серіктесе отырып, халықтың өмір сапасы туралы сауалнамалар негізінде дайындайды. Зерттеу 140 ел мен аумақтан жиналған 100 мыңға жуық адамның жауабына негізделген. Респонденттерден "Кантрил сатысы" тестінің (он сатылы шкала, мұндағы 10 – ең жақсы өмір, ал 0 – ең нашар өмір) көмегімен өздерінің өмірге қанағаттану деңгейін бағалау сұралады. Бұдан бөлек, рейтингті құрушылар жан басына шаққандағы ЖІӨ, еркіндік деңгейі, сыбайлас жемқорлықты қабылдау және болжамды өмір сүру ұзақтығы сияқты факторларды да ескереді.
“Алаяқтық және пара алу“. Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады Бейсенбі, 19 наурызда Өскеменнің ауданаралық қылмыстық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты атышулы іс бойынша сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап. Күдіктіге екі бап бойынша айып тағылып отыр - "Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға жасаған ірі көлемдегі алаяқтық" және "Лауазымды тұлғаның ірі көлемде пара алуы". Прокурор екі эпизод бойынша айыптау актісін оқыды. Бірінші эпизод Жақсылық Омардың Өскемен әкімі болып тұрған кезеңімен байланысты. Айыптау нұсқасы бойынша, тергеу барысында жәбірленуші деп танылған фигуранттан қала кәсіпорындарының бірінен автокөлік түрінде материалдық көмек алу үшін өтініш ресімдеу сұралған. Ол бұл өтінішті орындап, Toyota Camry 75 (2021 жылғы) көлігін алған. Оның айтуынша, ол көлікті қала әкімдігіне әкеліп, кілтін тапсырған, содан кейін көлікті көрмеген. Кейін көлік үшінші тұлғаға қайта рәсімделіп, trade-in бағдарламасы арқылы жаңа үлгіге ауыстырылған және оны айыпталушы пайдаланған. Осылайша, жәбірленушіге 13 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген, ал Жақсылық Омарға 190-баптың 3-бөлігі 1, 2-тармақтары (ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша айып тағылды. Сот залында жәбірленуші шығын өтелгенін және ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеді. Екінші эпизод ақпанның басында болған. Іс материалдарына сәйкес, Жақсылық Омар қала әкімдігі қызметкерлерінің бірімен кездескенде оған 20 миллион теңге әкел деген. Айыпталушының сөзінше, бұл талап емес, көбіне өтініш сипатында болған. Алайда айыптау тарапы бұл әрекетті жалпы қамқорлығы үшін пара алу деп саралады. Әкімдік қызметкері мұндай әрекеттің заңсыздығын түсініп, ҰҚК-ге жүгінген. Арнайы қызметтің бақылауымен ол Жақсылық Омармен қайта кездесіп, соманы бөліп төлеуді ұсынған, соңғысы бұған келіскен. Сол күні үшінші тұлға арқылы күдіктіге алты миллион теңге қолма-қол ақша берілген. Ұстау кезінде күдіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан 5,6 миллион теңге табылды. "Сотталушы кінәсін толық мойындады. Оның қорғаушылары бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолдануды сұрады. Олар туыстарының айыппұл төлеуге қажетті соманы жинап қойғанын хабарлады. Төлем қабілеттілігінің дәлелі ретінде шотта 112 миллион теңгенің бар екендігі туралы үзінді көшірме ұсынылды", - деп жазады басылым. Қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы 26 наурызға белгіленді. Жақсылық Омар туралы не белгілі? Жақсылық Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "география" мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін "жергілікті және мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Еңбек жолы 2001–2005 жылдары Омар Мәдениет және ақпарат министрлігінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеген. 2005–2007 жылдары – Қаржы министрлігінің маманы. 2007–2009 жылдары – "Қазақстан" телерадиокорпорациясы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары, кейін "Арна медиа" холдингінің бас менеджері. 2009–2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеген. 2010–2011 жылдары ШҚО Ішкі саясат басқармасын басқарған. 2011–2013 жылдары ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы болды. 2013–2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылдан 2018 жылға дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары болған. 2018 жылдан 2024 жылға дейін Жақсылық Омар Өскемен әкімі лауазымын атқарған. 2024 жылдан 2025 жылғы 4 сәуірге дейін ШҚО әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген. 2025 жылғы 7 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.
Жаңаөзенде жоғалып кеткен әйел сегіз айдан аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр Жаңаөзенде былтыр тамызда жоғалып кеткен 47 жастағы Дина Жарылғасоваға іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. Lider.kz еріктілерінің айтуынша, әйел 1-шағынауданда тұрған. Ол 2025 жылдың 5 тамызында сағат кешкі 7:00 шамасында үйінен шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз. Жоғалған адамның белгілері: бойы – шамамен 170 сантиметр, дене бітімі орташа. Жоғалған күні Дина Жарылғасова ақ таңбалары бар қара көйлек және өрнекті ұзын қызыл жилет киген. Қолында хаки түсті шағын сөмкесі болған. Туыстары мен еріктілер әйелді көрген-білгендерден немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпараты бар жандардан хабарласуды сұрайды. Мәліметтерді мына телефон нөмірлері арқылы хабарлауға болады: +7 (700) 911-72-92 немесе 102.
Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қадірлі отандастар! Ораза айт мерекесі құтты болсын! Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі. Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады. Ата дәстүріміз бен асыл дініміз елдің бірлігін нығайтып, қоғамның берекесін арттыратын игі амалдар жасауға үндейді. Биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды. Мұның символдық мәні зор. Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады. Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Ораза айт қабыл болсын!" - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ерлан Қошанов: Халық жаңа Конституцияны “Тоқаевтың Әділетті Конституциясы“ деп атады Жаңа Конституцияда ғасырлар бойы Ұлы Даладағы құқықтық қатынастарға негіз болған әділдік идеясы төрге озып тұр. Мәжіліс төрағасы, "Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" жалпыұлттық коалициясының жетекшісі Ерлан Қошанов "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында осылай деді. "Жаңа Конституцияның негізінде ғасырлар бойы бабалар танымынан түспеген құндылық – әділдік идеясы жатыр. Сондықтан қазіргі Ата заңды халық "Тоқаевтың Әділетті Конституциясы" деп атағаны таңғаларлық жағдай емес. Бұл анықтама кеңселерде пайда болған жоқ, әңгімелесу барысында, кездесулерде, ашық талқылауларда, яғни халық арасында пайда болды", – деді Мәжіліс төрағасы. Ерлан Қошанов бұл әдемі метафора ғана емес, көне мен жаңаның, уақыттың үндестігі үзілмегенін көрсететін құбылыс екенін атап өтті. Журналист сұрағына жауап берген спикер ежелден ел өміріне жақсылық әкелген оқиғаларды жұртшылық туған халқының тағдыры үшін басын бәйгеге тіккен тұлғаларға әділ телитінін еске салды. Әсіресе, қазақ тарихындағы маңызды саяси, құқықтық реформалар жасаған тұлғалардың қызметін ерекше бағалап, есте ұстайтынына назар аударды. Оған мысал ретінде "Қасым ханның қасқа жолын", "Есім ханның ескі жолын" тілге тиек етті. Тәуке хан өз халқына "Жеті жарғы" атты заңдар жинағын ұсынып, "Әз Тәуке" деген атпен тарихта қалғанын айтты. Саясаткердің пікірінше, жұртшылықтың жаңа Конституцияға деген ықыласы – тарихи сабақтастықтың үзілмегенін көрсететін құбылыс. Ол идеяларда, құндылықтарда орныққан. Ел дамуының іргетасына айналған әділдікте де, оған деген ұмтылыста да осы үндестік бар. Ерлан Қошанов халқымыз ертеден бері қолданып келе жатқан осы құқықтық жүйелер мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары әділдік принциптеріне тұнып тұрғанын атап өтті. Өйткені, олар әлі күнге қоғам сұранысына сай келеді, өз дәуірінің рухымен үндеседі, мемлекетті алға жетелейді.
Абай облысындағы шахтада төтенше жағдай болды: бір адам қаза тапты Абай облысындағы Орлов шахтасында жазатайым оқиға болды: екі жұмысшы зиянды газдан уланған. Олардың бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды, екіншісіне медициналық көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кенішке иелік ететін компания мәліметінше, 19 наурызда таңертең Орлов шахтасының диспетчеріне ақпарат түсті. Газдан улану белгілері бар екі жұмысшы анықталған. Зардап шеккендердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Екінші жұмысшыға медициналық көмек көрсетілді, жағдайы тұрақты. "KAZ Minerals тобы Абай облысындағы Орлов шахтасында жазатайым оқиға болғанын терең өкінішпен хабарлайды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Андрей Третьяков жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов шахтасына барды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Компания қаза тапқан жұмысшының отбасына жан-жақты көмек көрсететінін хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев шетелдік жоғары оқу орындарына бөлінетін мемлекеттік грант құнын қайта қарастыруды тапсырды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жұмыс істейтін әр филиал жоғары білім саласындағы бәсекені арттыруға ықпал етуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесуде сөйлеген сөзінде осыдан үш жыл бұрын елімізде әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде нақты тапсырма бергенін еске салды. "Бұл Қазақстанға өте қажет. Осы бастама, ең алдымен, жастардың өз жерімізде сапалы білім алуына жол ашады. Біз сол арқылы еліміздің жоғары білім жүйесіне халықаралық бағдарламалар мен озық стандарттарды енгізе аламыз. Жалпы, осы уақыт ішінде ауқымды шаруа атқарылды, 33 университеттің филиалы ашылды. Оның ішінде Мәскеу инженерлік физика институты, Аризона университеті, Сорбонна, Лотарингия университеті, Кардифф университеті, Де Монтфорт университеті, Бейжің тіл және мәдениет университеті сияқты беделді жоғары оқу орындары, сондай-ақ Лу Бань шеберханасы бар" - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл жұмыс әлемнің үздік университеттерімен серіктестік орнатумен аяқталмауы керек. "Бізге есеп үшін ашылған, ұлттық ғылымды дамытуға қауқарсыз филиалдардың қажеті жоқ. Басты назар санда емес, сапада болуға тиіс. Қазақстанда жұмыс істейтін әр филиал жоғары білім саласындағы бәсекені арттыруға ықпал етуі керек", - деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, осы мәселені мұқият зерделеу маңызды. "Қазір еліміздегі шетел жоғары оқу орындарының филиалдарында білім алып жатқан студенттердің дені – мемлекеттік грант иелері. Елімізде жергілікті жоғары оқу орны мен шетелдік университеттерге берілетін мемлекеттік оқу гранттарының ақысында үлкен айырмашылық бар. Үкіметтің мәліметі бойынша, бір студентті оқыту үшін шетелдік филиалға бөлінетін мемлекеттік грант көлемі ұлттық мәртебесі бар университеттерге бөлінетін грант көлемінен бес есе артық. Мұндай жағдайда бәсекелестік туралы сөз айтудың өзі орынсыз болуы мүмкін. Сондықтан Үкімет шетелдік жоғары оқу орындарына бөлінетін мемлекеттік грант құнын қайта пысықтап, тиісті талдау жүргізгені жөн болады", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда Жасанды интеллект университеті ашылады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент кәсіптік, ғылыми, инженерлік-техникалық мамандарды сапалы даярлауға күш салудың маңызына тоқталды. "Өздеріңізге мәлім, биылғы жылды "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жарияладым. Яғни Қазақстанды ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамытып, техника мен өндірістік процестерді арттыру үшін шара қабылдауымыз керек. Менің ойымша, бізде заңгерлер, филологтар мен дипломаттар, яғни, гуманитарлық сала мамандары өте көп. Ұлттың менталитетін өзгертуіміз керек. Ал ол қалай өзгереді? Ол үшін ғылым мен технологияға мойын бұруымыз қажет. Бұл біздің қолымыздан келмей ме? Қазақстанда тура мағынасында сана революциясын жасауымыз керек деп ойлаймын", - деді Мемлекет басшысы. Президент осы орайда университеттердің ерекше миссиясын атап өтті. "Олар білімді, парасатты, елдің келешегі үшін жауапкершілік арқалай алатын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеп шығаруда айрықша рөл атқарады. Мемлекеттің зияткер қауымы университет қабырғасында қалыптасады. Білім беру саласын әлеуметтік қызмет ретінде қабылдау дұрыс емес. Қазіргі құбылмалы әлемде білім маңызды өндірістік күшке айналды. Жастарымыздың ғылымға, инновациялық кәсіпкерлікке, озық цифрлық дағдыларды меңгеруге қызығушылық танытатыны қуантады. Мемлекеттің міндеті – жастарды сапалы біліммен қамтамасыз ету, олардың заманауи ғылыми базада жұмыс істеуіне, дүние жүзімен академиялық байланыс орнатуына жағдай жасау", - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев, биыл елімізде Жасанды интеллект университеті ашылатынын айтты. "Көп ұзамай Жасанды интеллект университеті ашылады. Мұны маңызды уақиғалардың бірі деп айтуға болады. Оқу орны алғашқы студенттері мен магистранттарын биыл қабылдауды жоспарлап отыр. Іргелі ғылымсыз жасанды интеллектіні дамыту мүмкін емес екенін түсінген жөн. Алгоритмдер мен күрделі инженерлік өнімдер, ең алдымен, дамыған ғылыми және университеттік ортада пайда болады. Сол себепті осы бағытқа айрықша көңіл бөлеміз", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев бір топ азаматқа мемлекеттік награда табыстады Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Шешімін күткен мәселе шаш етектен“. Президент ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесті Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент ғылыми қауым алдында сөйлеген сөзінде бүгінде түрлі мемлекеттер арасында технологиясы озық ел болу үшін қарқынды күрес жүріп жатқанын атап өтті. "Біз еліміз өсіп-өркендесін десек, ең алдымен, цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуына баса мән беруіміз керек. Бұл – менің Президент ретіндегі ең маңызды мақсатымның бірі. Жалпы, соңғы уақытта бұл салада ауқымды шаруа атқарылды, әлі де көп жұмыс істеуіміз керек. Кейінгі бес жылда ғылым саласына салынған инвестиция көлемі алты еседен асты. Елімізде зерттеу университеттері көбеюде, олардың нақты өндіріспен байланысы нығайып жатыр. Үкіметтің мәліметі бойынша, қазір 200-ден аса коммерциялық жоба қолға алынды. Осылайша, «Университет – зерттеу – инновация – коммерция» экожүйесі біртіндеп пайда болып жатыр. Ғылым қалашықтары салынып, технология парктері және инжиниринг орталықтарының құрылысы басталды. Бір сөзбен айтқанда, ғылым саласында көп жыл бойы болмаған оң үрдістер байқалып жатыр. Бұл өте маңызды жұмысқа сіздер де белсене атсалысып жүрсіздер. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді Мемлекет басшысы. Президент енді еліміздің жаңа Конституциясына сай ғылым саласы бұдан да жоғары қарқынмен дамитынына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ата заңымызда ғылымның өрісін кеңейту негізгі стратегиялық басымдықтың бірі ретінде көрсетіліп отыр. Бұл университеттерді, зерттеу инфрақұрылымын дамыту, ғалымдардың жағдайын жасау – Үкімет жұмысының бір бағыты ғана емес, мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді деген сөз. "Қазақстанда 420-дан астам ғылыми-зерттеу ұйымы бар. Онда 27 мыңнан аса ғалым мен ғылыми қызметкер еңбек етіп жүр. Бұл – өте үлкен академиялық корпус. Әсіресе, ғылыми ортаның жасарып келе жатқаны қуантады. Отандық ғалымдардың жартысына жуығы 40 жасқа толмаған. Ұрпақтар сабақтастығы көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан әлемде ғылымның заман талабына сай болуына мүмкіндік береді. Мен қазақ ғылымының келешегіне үмітпен қараймын. Әйтсе де халықаралық тәжірибемен жете таныс адам ретінде отандық ғылымның қазіргі жай-күйін асыра бағалаудан, «толайым табысқа жетті» деп айтудан аулақпын. Дегенмен ғылымды дамыту үшін бізде инфрақұрылым да, адами әлеует те бар. Үкімет пен ғылыми қоғамдастықтың алдында ортақ стратегиялық мақсат тұр. Ол – анағұрлым тиімді ғылыми орта қалыптастыру, экономикадағы инновацияны ынталандыру, ғылымды өндіріспен барынша ұштастыру. Ашығын айтқанда, шешімін күткен мәселе шаш етектен", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Нақты нәтижесін әзірге көре алмай отырмыз“. Тоқаев ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек екенін айтты ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек, қаражатты басымдықтарға қарай жұмсаған жөн деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет соңғы алты жылда ғылымға арналған қаржыны бірнеше есе ұлғайтты. Жыл сайын ғылымға 200 миллиард теңгеден астам, тіпті, бұдан да көп, 500 миллион доллардан аса қаржы бөлінеді. Бұл – Қазақстан үшін қомақты ақша. Алайда ғылымды қаржыландырудың нақты нәтижесін әзірге көре алмай отырмыз. Бас прокуратура салалық министрлікте және Ғылым қорында көптеген әрі ауқымды қаржылық заңбұзушылықтарға жол берілгенін әшкереледі. Неліктен осылай болғанын тап басып айту қиын. Грант алушыларды аккредиттеуден бастап қаржыландыру үдерісінің барлық кезеңінде кемшіліктер көзге көрініп тұр. Менің түсінігімде, ғылым мен жемқорлық бір біріне кереғар құбылыс, екеуі қатар аталмауға тиіс. Мемлекет қаржысын жымқырғысы келетін кез келген әрекетке тосқауыл қоятын сүзгі не кедергі жоқ. Ғылыми үдерісті дамытудың тұжырымды көзқарасы қалыптаспаған. «Әйтеуір қаражатты қалайда игерсек болды» деген ұстаным тамыр жайған. Ғылыми жұмыстың нақты пайдасы, жаңашылдығы қандай? Оған ешкім бас қатырмайды. Бұған қоса, сараптама ұзаққа созылады. Жобалар уақтылы іске аспайды. Үкімет аталған мәселелерді егжей-тегжейлі тексеріп, жағдайды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдауы қажет", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Монша мен қоймадағы мектептер мәселесі қалай шешіледі? Қазақстанда пайдалану мақсатына сәйкес келмейтін ғимараттарда орналасқан 163 жекеменшік мектеп анықталды. Мұндай мектептер мәселесі қалай шешілетінін оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов айтты, деп хабарлайды Tengri Education. ОКҚ-дегі брифинг барысында Шарабасовқа тиісті сұрақ қойылды. Оның айтуынша, бұл нысандарға қатысты кейінге қалдыру нормасы енгізілген. "Бүгінде бізде осындай 163 мектеп бар, олардың пайдалану мақсаты білім беру қызметіне сәйкес келмейді. Біз кейінге қалдыру нормасын қабылдадық, оған сәйкес 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ғимараттары падалану мақсатына сай келмейтін мектептерде жеке білім беру тапсырысы орналастырылмайды", - деді ол. Шарабасов мұндай мектептер еліміздің түрлі өңірінде, соның ішінде Алматы, Астана, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарында орналасқанын нақтылады. Осылайша, жұмыс істеп тұрған мектептер 2027 жылға дейін қызметін жалғастыра алады, одан кейін талаптарға сәйкес келмеген жағдайда олар үшін мемлекеттік қаржыландыру шектеледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық 600 мың теңгеге дәрігер дипломын сатып алмақ болған Абай облысының полициясы алаяқтық фактісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға Үржар ауылының 24 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2025 жылдың ақпанында алаяқтық құрбаны болғанын хабарлаған. Тергеу деректері бойынша, 44 жастағы әйел медициналық диплом дайындаймын деген желеумен оның ақшасын иемденген. Жәбірленуші құжат аламын деп үміттеніп, алаяқ әйелге 600 000 теңге берген, алайда уәде етілген қызмет көрсетілмеген. Өткізілген шаралар барысында күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды. Әйелге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу міндеттемесі қолданылды. Полиция "жылдам" немесе "бейресми" жолмен құжат рәсімдеу заңсыз әрі қаржылық шығынмен қатар, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенінін ескертеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сатып алып, көміп тастаған: Солтүстікте ауыл әкіміне қатысты дау шықты Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімі бюджет қаражатына егуге жарамсыз 100 мың көшет сатып алып, оларды көктемге дейін сақтау үшін әкімдік алдындағы мұз қатқан жерге көміп тастаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округінің әкімі Мақсат Нұрикеновке қатысты тәртіптік іс 18 наурызда Петропавлда өткен әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Қызметтік тексеріске аудандық прокуратураның ұсынысы негіз болған. "2025 жылғы 5 қарашада Тимирязев ауылдық округінің әкімі Нұрикенов пен жеке кәсіпкер арасында жалпы соммасы 4 миллион теңгеге 100 000 дана үйеңкі көшетін сатып алу туралы мемлекеттік сатып алу шарты (бір көзден алу тәсілімен) жасалғаны анықталды. 19 қарашада тапсырыс беруші жеткізушіге барлық соманы аударған, бірақ жеткізілген көшеттердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары болмаған", - деді СҚО Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Диана Салғарина. Фотоны СҚО Тимирязев ауданының прокуратурасы ұсындыЖеткізушіде сәйкестік сертификаты, фитосанитарлық анықтама, көшеттердің шығу тегі туралы құжат, олардың саны туралы мәлімет те болмаған. Кейін Тимирязев ауданының прокуратурасы мамандармен бірлесе отырып, көшеттердің егуге жарамсыз екенін анықтады. Фотоны СҚО Тимирязев ауданының прокуратурасы ұсынды "Көшеттер тамырының ұзындығы техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптардан қысқа. Бір жылдық көшеттердің бүршіктері толық қалыптаспаған және үсік шалу салдарынан ішінара немесе толық зақымдалған. Тексеруге ұсынылған көшеттер орманды молайту және орман өсіру үшін егуге жарамсыз", - деп Диана Салғарина мамандардың қорытындысын келтірді. Тимирязев ауылдық округінің әкімі Мақсат Нұрикенов тауарды тиісті құжаттарсыз қабылдап, ақысын төлегенін мойындады. Тимирязев ауылдық округінің әкімі Мақсат Нұрикенов. Фото Tengrinews.kz Ол өз әрекетін мұндай тауарды алғаш рет сатып алғанымен және қандай құжаттар қажет екенін тек прокуратураның ұсынысынан кейін білгенімен түсіндірді. "Сіз мемлекеттік қызметте көптен бері жұмыс істейсіз! Осыншама еңбек өтіліңіз бола тұра, кез келген сатып алу кезінде құжаттар, шығу тегі туралы сертификат қажет екенін түсінуіңіз керек еді. Өнім туралы ештеңе білмей тұрып оны қалай қабылдадыңыз? Тексеруші органдарға оны кімнен алғаныңызды қалай дәлелдейсіз? Мүмкін үйіңізден әкелген шығарсыз", - деді Солтүстік Қазақстан облысы әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Ержан Қарымсақов. Кеңес мүшелерін көшеттердің қарашада, яғни аймақта аяз басталып, жерге мұз қатқан кезде сатып алынғаны да ашуландырды. Фотоны СҚО Тимирязев ауданының прокуратурасы ұсынды "Қарашада сатып алудың не қажеті болды? Егер сақтау жағдайлары, мысалы, жылыжай қарастырылған болса, түсінуге болар еді. Бірақ сіз көшеттерді жай ғана ауылдық округ әкімдігінің алдындағы учаскеге, жерді қазып, сонда үйіп көме салғансыз... Бұл көшеттер түкке жарамайды", - деп түйіндеді Ержан Қарымсақов. Фотоны СҚО Тимирязев ауданының прокуратурасы ұсынды "Ауылдық округтердің бюджеті онсыз да аз, ал ақшаны бұлайша оңды-солды шашу..." - деген кеңес мүшелері ауыл әкіміне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдануды бірауыздан қолдап дауыс берді. Айта кетейік, әдеп жөніндегі кеңестің осы отырысында аудандық әкімдік бөлім басшысының орынбасары да тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ол қызының мұғалімімен сөйлесу үшін мектепке қызметтік көлікпен барған.
Сектор меңгерушісінен әкімге дейін: Екібастұзда шенеуніктер бәс тіккені әшкере болды Екібастұзда мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға бас тіккені әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап. Қала прокуратурасы әкімдік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу деркеетін анықтаған. Атап айтқанда, лауазымды тұлғалар заңнамалық тыйымға қарамастан букмекерлік кеңселерде белсенді шоттарға ие болған. "Мысалы, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісінің жеке шоты бойынша айналым 6,8 миллион теңге болған. Ұқсас заңбұзушылықтар ауылдық округ әкімі, Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары, сондай-ақ қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жеті қызметкері тарапынан да анықталды", - деоінген хабарламада. Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша барлық құқықбұзушылық фактілері жөніндегі материалдар Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданған. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтауға бақылауды әлсіз жүргізгені үшін қала әкімі аппаратының жауапты басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ісі сотқа жолданды: оған қандай айып тағылған? Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі басталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? "Сот кабинетіндегі" мәліметке сәйкес, шенеунікке Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр: 190-баптың 3-бөлігі 1 және 2-тармақтары бойынша – "Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам жасаған ірі мөлшердегі алаяқтық"; 366-баптың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша – "Лауазымды адамның ірі мөлшерде пара алуы". Қазіргі уақытта Омар қамауда отыр. Сот процесі 19 наурызда ашық режимде, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен өтеді. Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы не белгілі? 13 ақпанда желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Сол кезде өңір әкімдігі бұл туралы мәлімет жоқ екенін мәлімдеген. Сондай-ақ әкімдік "әкім орынбасары денсаулық жағдайына байланысты уақытша демалыс алды" деп хабарлады. Редакция тілшісі шенеунікпен байланысуға тырысты, алайда ол қоңырауға жауап бермеді. ҰҚК не деді? Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенеунікке қатысты тергеу басталғанын хабарлады: "Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ведомствоның ресми сауалға берген жауабында. ҰҚК сол кезде айыптау мәні мен тергеу Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша жүргізіліп жатқанын ашып айтпады. Айта кетерлігі, 11 ақпанда Жақсылық Омардың Instagram-дағы ресми парақшасында жазба пайда болды. Онда өңірдің былтырғы әлеуметтік саласының жұмыс қорытындысы шығарылып, 2026 жылға арналған жоспар талқыланған жұмыс кеңесі туралы хабарланған болатын. Жалпы, шенеунік әлеуметтік желілерді белсенді жүргізіп, оқырмандарын өз жұмысы туралы үнемі хабардар етіп отырды. Instagram-дағы бұл жарияланымды көру Жақсылық Омардың (@zhaksylyk_omar) жарияланымы Жақсылық Омар 2018 жылдан 2024 жылға дейін Өскемен әкімі қызметін атқарған. 2024 жылдан 2025 жылғы 4 сәуірге дейін ШҚО әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2025 жылғы 7 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.
Қазақстанда енді еңбек шартының орнына АҚС шартын пайдалануға болмайды Бүгін Сенат Қазақстанда еңбек жағдайларын жақсартуға және жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған заңды қабылдады. Заңға сәйкес, бұдан былай еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттарды жасасуға болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Құжат еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға қатысты бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда, заң іс жүзінде еңбек қатынастарын реттейтін жағдайларда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚС) жасасуға тыйым салады. Мұндай белгілерге мыналар жатады: жұмыстың белгілі бір мамандық немесе лауазым бойынша орындалуы; жұмыстың компанияның ішкі тәртібіне бағына отырып, жеке өзі орындауы; еңбекақының түпкілікті нәтиже үшін емес, еңбек процесі үшін төленуі. Бұдан бөлек, 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға тыйым салынады. Бұл шектеу штат қысқартылғанда немесе өндіріс көлемі азайған жағдайда да қолданылады. Еңбек дауларын шешу кезінде келісу комиссияларының жұмысына енді тәуелсіз делдал тартылуы мүмкін. Тағы бір норма бойынша, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу комиссиясының құрамы кеңейтілді – оған адвокат, зардап шегушінің жұбайы немесе зайыбы, сондай-ақ заң кеңесшісі қатыса алады.
Мұнай бағасы тағы көтерілді АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында мұнайдың әлемдік бағасы шарықтай түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 116 доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана уақытымен сағат 13:45-тегі сауда-саттық деректері бойынша, Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің құны 8,12 пайыз өсіп, барреліне 116 доллардан асты. скриншот ice.com сайтынан WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,84 пайыз өсіп, барреліне 97,13 доллар болды. Айта кетейік, 18 наурызда Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 110 долларға дейін көтерілді, қор биржаларындағы акциялар Ирандағы ең ірі газ кен орнына жасалған әуе соққысынан кейін арзандай бастады. Айта кетсек, Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған бюджетінде мұнай бағасы барреліне 60 доллар, ал доллар бағамы 540 теңге деңгейінде бекітілген. Бұл көрсеткіштер экспорттан түсетін табысты, әлеуметтік төлемдерді және бюджеттік бағдарламалардың шығыстарын есептеу үшін қолданылады.
Салық органдары қазақстандықтардың кірісі мен шығысындағы сәйкессіздіктерді тексеріп жатыр Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов журналистердің жеке тұлғаларды тексеруге қатысты сұрағына жауап берді. Ол камералдық бақылау жүргізіліп жатқанын мәлімдеп, қазақстандықтардың кірісі мен шығысы арасында сәйкессіздік анықталған жағдайда не күтетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. ОКҚ-да өткен брифинг барысында журналистер бүгінде табысы мен шығысы сәйкес келмейтін қанша азамат анықталғанын сұрады. "Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіп жатырмыз. Камералдық бақылау жүріп жатыр, әзірге нақты деректер жоқ. Толық ақпаратты қосымша хабарлаймыз", - деді Ахметов. Ескерту: Камералдық бақылау – салық қызметкерлері сіздің есептеріңіз бен декларацияларыңыз негізінде жүргізетін салық аудитінің бір түрі. Негізгі ерекшелігі - инспекторлар сіздің кеңсеңізге немесе үйіңізге келмейді (жергілікті аудиттен айырмашылығы), керісінше өз жүйесіндегі көрсеткіштердің дәлдігін тексереді. Ахметовтың айтуынша, егер азаматтың шығыстары мен табыстары арасында сәйкессіздік анықталып, ол мұның себебін түсіндіре алмаса, оған ескерту жіберіледі. Осыдан кейін оған тиісті хабарлама келеді және ол алшақтық сомасынан 10 пайыз көлемінде салық төлеуі тиіс. Мән-жай Бұған дейін Қаржы министрлігі қазақстандықтардың табыстары мен шығыстарын бақылауды күшейту жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың сөзінше, елде түрлі мемлекеттік базалардан алынған мәліметтерді — шетелге ұшу және сатып алу деректерінен бастап, мүлік пен қаржылық операциялар туралы ақпаратқа дейін біріктіретін жүйе енгізіліп жатыр. Бұл деректер азаматтардың шығыстары олардың ресми табыстары мен төленген салықтарына қаншалықты сәйкес келетінін тексеру үшін пайдаланылады. Қаржы министрлігі мәліметінше, табыстар мен шығыстарды толыққанды салыстыру процесін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған. Бұл деректер базасын интеграциялау және заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігіне байланысты. Елеулі сәйкессіздік анықталған жағдайда, қосымша тексерулер жүргізілуі мүмкін, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары тарапынан да бақылау болуы ықтимал. Бұл механизм тек мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, барлық азаматқа қатысты болады.
Наурызда қазақстандықтарда қосымша демалыс болады - Еңбекмині Наурызда Қазақстанда демалыс күндерінің саны артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, - деп хабарлайды тілші.Tengrinews.kz. Сенатта өткен брифингте журналистер "15 наурыз, 30 тамыздағы Конституция күні сияқты, ресми демалыс күні бола ма?" деп сұрады. Шегай бұл сауалға жауап беріп, тиісті норманың жаңа Конституцияда бекітілгенін еске салды. Осылайша, референдумда қабылданған Ата Заң күшіне енгеннен кейін, 15 наурыз Қазақстанда ресми түрде мемлекеттік мереке және демалыс күні болады. "Халық референдумда қабылдаған жаңа Конституция 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Конституция мәтінінің өзінде референдум өткен күн мемлекеттік мереке, яғни күнтізбедегі "қызыл күн" болып жарияланатыны қарастырылған", - деп түсіндірді ол.
Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты. ҚазҰУ ректоры – басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына Инновациялық өнімдер орталығының және Farabi Hub-тың жоғары технологиялық жобаларын көрсетті. Хаб экономиканың нақты секторына инновациялық әзірлемелер енгізуді көздейтін заманауи платформа ретінде құрылған. Оның базасында креативті индустрия, жасанды интеллект пен стартап жобалары іске асырылады. Осы арқылы 300 жаңа жұмыс орны ашылып, 20 миллион доллардан аса инвестиция тартылды. Орталықта ZTE, BASF, Binlin технологиялық корпорацияларының, сондай-ақ басқа да шетелдік жетекші ғылыми ұйымдардың зерттеу алаңдары орналасқан. Бұдан бөлек, мұнда ҚазҰУ-дің ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді. Президентке университет жалпы құны 1 миллиард 250 миллион теңгені құрайтын төрт ірі жобаны жүзеге асырып жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысына Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетімен бірлесе әзірленген микроспутник макеті көрсетілді. Жоғары оқу орындарының ғалымдары NKSAT спутнигін жасап жатыр. Ол Жердің тартылыс аумағы мен радиация деңгейін өлшеуге, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған. Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қашықтан зондтау және оны қолдану технологиясы" зертханасының қызметі таныстырылды. Бұл кешен ҚХР Ғылым академиясымен бірлесе ашылды. Зертханада жасанды жер серіктерінің деректері негізінде Орталық Азиядағы климат және экология өзгерістері зерделенеді. Мемлекет басшысы "Цифрлық технологиялар мен роботты техника" халықаралық институтын және Роботты техника орталығын, сондай-ақ Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығын аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа университет базасында орналасқан суперкомпьютер кластері көрсетілді. Оны құруға 23 миллион доллар инвестиция тартылған. Кластер күрделі есептеулерді орындау мерзімін айтарлықтай қысқартып, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттырады. Сондай-ақ ІТ және жасанды интеллект саласында мамандар даярлауға кеңінен жол ашады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда бүкіл бақылау кезеңіндегі рекорд ауа температурасы тіркелді Қазақстанда 2026 жылғы ақпанда ауа райы құбылмалы болды. Өңірлердің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1–6 градусқа жоғары болды, сонымен қатар жауын-шашын мөлшері әдеттегіден айтарлықтай көп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Жауын-шашын мөлшері нормадан көп түсті Ақпанның басында Қазақстан аумағында циклон белсенді болғаны байқалды. Атмосфералық фронттар салдарынан қар қарқынды жауды. Мәселен, 6 ақпанда Астанада бір тәулікте 23 миллиметр жауын-шашын түсті. Айлық норма 17 миллиметр болса, небәрі бір күннің ішінде норманың 135 пайызынан асты. Ақкөлде 21 миллиметр жауын-шашын тіркелді. Бұл ретте норма 16 миллиметр болған. Түркістан облысында 9–10 ақпан аралығында Ащысай станциясында 91 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан (74 миллиметр) 23 пайыздан астамға көп. 19 ақпанда Абай облысында да айтарлықтай жауын-шашын тіркелді - норма 7 миллиметр болса, 15 миллиметр жауын жауды. Ақпандағы температуралық рекордтар Айдың басында елдің оңтүстік және шығыс өңірлері оңтүстіктен келген жылы ауа массалары ықпалында болды. Бұл жаңа температуралық рекордтардың орнауына әкелді. 2 ақпанда Шымкентте температура +15,6 градусқа жетіп, 2021 жылғы рекордтан (+14,5 градус) асып түсті. 4 ақпанда Қызылордада +13,4 градус, ал Түркістанда +17,5 градус тіркелді. Павлодарда 6 ақпанда температура +2,8 градусқа дейін, ал Өскеменде +4,7 градусқа дейін көтеріліп, бұл көрсеткіштер де жаңа максимумдарға айналды. Ақпанның екінші онкүндігінде де рекордтар жалғасты. 14 ақпанда Ақтауда температура +17,2 градус болып, 2024 жылғы рекордтан (+14,1 градус) асты, 17-18 ақпанда Ақтауда температура +11,4 градусты құрап, бұл 1978 жылғы көрсеткіштен жоғары болды. Сондай-ақ 18 ақпанда үш станцияда рекордтық көрсеткіштер жаңарды: Павлодарда +3,4 градус тіркеліп, бұл 1983 жылғы алдыңғы рекордтан (+0,5 градус) асып түсті; Семейде термометр бағаны +5,6 градусқа жетіп, 1943 жылғы температуралық максимумнан (+3,3 градус) жоғарылады; Көкшетауда +0,8 градус көрсеткіші тіркеліп, 1978 жылғы рекордты (+0,1 градус) жаңартты. 19 ақпанда Алматыда тарихи максимум орнады - +23,6 градус, бұл 1859 жылдан бергі бүкіл бақылау кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш болды. Ай соңындағы суық антициклон Ақпанның үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына суық антициклон келіп, жауын-шашынсыз тұрақты аязды ауа райы орнады. Солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы -30…-39 градусқа дейін төмендеді. Дегенмен, минималды мәндер бойынша абсолютті рекордтар тіркелген жоқ. Ақпандағы ауа райының қорытындысы Жалпы алғанда, синоптиктер мәліметінше, 2026 жылғы ақпан Қазақстанда аномальді жылы мен қатты аязды ұштастырған ауа райының құбылмалылығымен ерекшеленді. Жауын-шашын нормадан 1,3–6 есе көп түсті, ал температураның ауытқуы айтарлықтай болды. Астанада бір айдағы орташа температура -11,4 градус болды, бұл нормадан 2,2 градусқа жоғары. Ең жоғары температура 18 ақпанда (+2,1 градус), ал ең төменгі көрсеткіш 27 ақпанда (-28,7 градус) тіркелді.
Қазақстан әлемнің ең ірі 40 экономикасының қатарына енді Қазақстан сатып алу қабілетінің паритеті (САҚП) бойынша ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көлемі жағынан әлемнің ірі экономикалары арасында 36-орынға тұрақтады. Бұны Халықаралық валюта қорының мәліметтері дәлелдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ХВҚ-ның 2025 жылғы қазанда ұсынған деректеріне сәйкес, Қазақстан экономикасының көлемі шамамен 973 миллиард долларға бағаланып отыр. Әлемдік рейтингте Қазақстан Сингапур (35-орын - шамамен 988 миллиард доллар) мен Румынияның (37-орын - 949 миллиард доллар) арасында орналасқан. Экономикалардың әлемдік рейтингі Рейтинг көшбасшысы шамамен 43,5 триллион доллар көрсеткішімен Қытай болды. Екінші орында АҚШ (31,8 триллион доллар), ал үшінші орында 19 триллион доллардан аса нәтижемен Үндістан тұр. Сондай-ақ он ірі экономиканың қатарына Ресей, Жапония, Германия, Индонезия, Бразилия, Франция және Ұлыбритания кіреді. Әлемдік экономиканың САҚП бойынша жалпы көлемі 219,2 триллион доллардан асады. Сонымен қатар жаһандық ІЖӨ-нің тең жартысына жуығы Азия елдеріне тиесілі, бұл өңірдің әлемдік экономикадағы өсіп келе жатқан рөлін айқындай түседі. Instagram-дағы бұл жарияланымды көру Data In Race (@datainrace) жарияланымы Қазақстанның ұстанымы және өңірлік контекст Айта кетейік, Қазақстан өндіріс көлемі мен экономикалық белсенділік деңгейі бойынша көрші елдерден айтарлықтай алда тұрып, Орталық Азияның ең ірі экономикасы мәртебесін сақтап келеді. Сарапшылардың бағалауынша, САҚП бойынша рейтингке ену экономиканың нақты көлемін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді, өйткені ол әртүрлі елдердегі баға деңгейінің айырмашылығын ескереді. Еске сала кетейік, ақпанда Қазақстан 2026 жылғы ІЖӨ көлемі бойынша әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіргені хабарланған болатын. Бұл туралы Visual Capitalist аналитикалық платформасы жариялаған рейтингте айтылды. Рейтингке сәйкес, Қазақстан 320 миллиард долларлық болжамды номиналды ІЖӨ-мен 50-орынға жайғасқан.
Трамп Тоқаевқа хат жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Америка көшбасшысы ақпанда Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алды. Құрама Штаттардың президенті Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы: жоба қай кезеңде? Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астанадағы екінші әуежай құрылысы туралы айтып берді. Бұл жоба туралы бұған дейін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сенатта өткен брифингте журналистер Ластаевтан жобаның іске асырылу барысы туралы сұрады. Бұған дейін жаңа әуе айлағын Қарағанды тасжолы бойында салу жоспарланып жатқаны хабарланған еді. Ластаевтың айтуынша, жұмыс басталып кеткен. "Қала әкімдігінің басшылығымен жұмыс тобы құрылды, оның құрамына барлық құзырлы орган кірді. Көптеген параметрлерді ескеру қажет болғандықтан, бұл мәселенің алдында өте тиянақты, егжей-тегжейлі жұмыс тұрғаны түсінікті", - деді вице-министр. Ластаев қазіргі уақытта мамандар мен сарапшылар түрлі нұсқаларды қарастырып жатқанын қосты. "Процесс басталды және ол жүріп жатыр. Барлық техникалық маман мен сарапшылар мүмкін болатын барлық нұсқаны зерттеп жатыр", - деді ол. Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Астанада жаңа әуежай салынуы мүмкін екенін айтқан болатын. Қала басшысының айтуынша, бірнеше әуежай салу тәжірибесі әлемдегі ірі астаналардың көбіне тән. Елорданың бас жоспарында әуе айлағының ықтимал құрылысы үшін мүмкін учаскелер қарастырылған.
Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Сенат Жоғарғы соттың судьясы Ерлан Қосмұратовты қызметінен босатты. Тиісті ұсынысты палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов жариялады, деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz. Жоғары сот кеңесі төрағасының айтуынша, Қосмұратов басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен босатылды. "Сіздердің қарауларыңызға Жоғарғы соттың судьясы Ерлан Смадиярұлы Қосмұратовты басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Қосмұратов Мемлекет басшысының 2026 жылғы 2 наурыздағы Жарлығымен Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды", — деді Малахов. Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдады.
Астанада жүргізуші куәлігі жаппай сатылған: арнайы ХҚКО басшысының экс-орынбасары ұсталды ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Астанада және Ақмола, Павлодар облыстарында автомектептердің қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін ресімдеу кезінде заңсыз сыйақы алу және өкілеттіктерді теріс пайдалану деректерін анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, Астанада Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) басшысының бұрынғы орынбасары жүйелі түрде пара алу арқылы азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдескені үшін әшкереленген. "Жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асатын 60-тан аса факт процестік түрде құжатталды", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Көкшетаудағы Мамандандырылған ХҚКО және Екібастұздағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалдары басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолы кесілген. Олардың жалған тұлғалар арқылы емтихан тапсыруды ұйымдастырғаны үшін ақшалай қаражат алғаны анықталған. Суреттер: ҰҚК баспасқз қызметі "Бұдан бөлек, Астана, Шымкент және Тараздағы "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалдарында жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу және ауыртпалықтарды алып тастау кезінде өз өкілеттіктерін теріс пайдаланған лауазымды тұлғалардың заңсыз баю деректері анықталды", - делінген хабарламада. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Менің жазығым не?“ - қазақстандық отбасындағы зорлық-зомбылық туралы мәлімдеді Жетісу облысының екі тұрғыны өз әкесін соққыға жығып, қорлық көрсетті деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға Ақсу ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Онда 62 жастағы жергілікті тұрғын әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтардан көмек сұрады. Ер адам есейіп кеткен екі ұлы ақша талап етіп, ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, азаптап келгенін мәлімдеді. "Төрт ұлым бар, екеуі өз отбасымен осы ауылда тұрады. Солар менен үнемі көмек, ақша талап етеді. Бірақ қазір қиын заман, менде ақша қайдан болсын?! Шамам келгенше өсіріп, оқыттым, екеуі де ересек, өз күнін көре алатын жаста. Қыстың басында осындай жанжалдан кейін ұлдарым мені ауылдың шетіне апарып, ұрып-соғып, көйлекшең, аяғымдағы тәпішкемен тастап кетті. Үйге әрең жетіп, содан кейін бір айдай ауырып жаттым", - дейді қарт кісі. Ол 2013 жылы отбасымен Қытайдан Қазақстанға көшіп келген және ауылдағы кішігірім шеберханада етікші болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, ұлдары оны соққыға жыққанымен қоса, жұмыс орнының астан-кестеңін шығарып, терезелерін шағып, құрал-саймандарын, ақшасын, телефоны мен құжаттарын тартып алып отырады. Қария полицияға бірнеше рет шағымданған, тәртіп сақшылары екі ұлын да жауапқа тартқан. Ер адамдар бірнеше тәулікке, сондай-ақ сот шешімімен бір айлық мерзімге қамауға алынған. Алайда, олар босап шыққан соң, шығарылған қорғау нұсқамасына қарамастан, әкелеріне көрсеткен қорлықтарын тоқтатпаған. "Қазір екеуі де кезекті рет қамауға алынды. Бірақ олар оралғанда тағы не болады деп қорқамын, - дейді отбасы отағасы. Қазір ол ұлдарының бірі тартып алған құжаттарын (паспорты мен жеке куәлігін) іздестіріп жатыр. Қария полицияға құжаттарын қалпына келтіруге жәрдемдесуін сұрап өтініш білдірді. "Ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында, заңсыз әрекеттерді оның 31 және 34 жастағы екі ұлы жасағаны анықталды. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсына қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, сот істі қарау аясында олардың мінез-құлқына 3 ай мерзімге жәбірленушіге жақындауға тыйым салуды қоса алғанда, ерекше талаптар белгіледі. Қазіргі уақытта ер адамдар қамауда отыр. Босатылғаннан кейін екеуі де профилактикалық есепке алынады", - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі. Қарт кісінің бейнеүндеуі әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Instagram-дағы бұл жарияланымды көру Адыл Бейсенбаевтың (@taldykorganec_kolesa) жарияланымы Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының Жетісай ауданында да осыған ұқсас оқиға болып, өз ұлынан жүйелі түрде соққы көрген қария қайтыс болған еді. Ауыр науқас әкесін қорлап жатқан видео кейінірек әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның ашу-ызасын тудырды. Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы: "Дәрменсіз күйдегі адамды азаптау" және "Кінәліге дәрменсіз күйде екені алдын ала белгілі адамның денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша кінәлі деп таныды. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан Ішкі істер министрлігіне жауап алуға жеткізілді - БАҚ Қырғызстан МҰҚК бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев елге оралды. Қазір ІІМ Бас тергеу басқармасында одан жауап алынып жатыр. Бұл туралы жергілікті бірнеше БАҚ жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Kaktus.media мәліметінше, бұл жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да болған. Қазір Қамшыбек Тәшиев ІІМ ғимаратында деген болжам бар. Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған. Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев Еуропада емделіп жатқаны да айтылды. Кейінірек Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиев қызметінен кеткеннен кейін жеке кездескенін мәлімдеді. Қырғызстан президентінің айтуынша, осы шешімнің арқасында керісінше досын құтқарған. Оның сөзінше, Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босатпаса, бұл мемлекеттік аппарат қызметкерлері арасында, қоғам арасында алауыздыққа әкеп соғуы мүмкін еді. "Өйткені оның қасында жүргендер, оларды "ақсақалдар" дейміз бе, "көксақалдар" дейміз бе, әйтеуір олар досымды тура жолдан тайдырды. Олар Қамшыбек Тәшиевтің атынан Парламент депутаттарына, жауапты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ, қоғамда танымал адамдарға "генералдың жағына көшіңіз" деген әңгімелер айта бастады", - деді Жапаров. 17 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстаннан ұшып кеткені белгілі болды.
Екібастұз Қазақстанның моноқалалар тізімінен шығарылды Екібастұз моноқала санатынан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартты. ҚР премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 10 наурыздағы №75 бұйрығына сәйкес Екібастұз моноқалалар тізбесінен шығарылды. Ұлттық экономика министрлігі моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өнеркәсіп өндірісінің серпіні, инвестициялық белсенділік, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту құрылымы және экономиканың орнықтылығының басқа да параметрлері секілді 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізген. Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз экономиканы әртараптандырудың тұрақты үрдісін, дамудың монопрофильді моделінен біртіндеп шығу нәтижесін көрсеткен. Қала экономикасы теңдестірілген салалық құрылымы, өнеркәсіптің тұрақты өсімі және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады. Жаңартылған тізім Жаңартылған бұйрықпен 19 моноқаланың тізбесі бекітілді: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау. Осылайша, елдегі моноқала саны 20-дан 19-ға дейін қысқарды. Тізбені өзектендіру моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясаттың атаулылығын арттыруға және экономиканың қала құраушы кәсіпорындарға жоғары тәуелділігі сақталатын аумақтарда қолдау шараларын шоғырландыруға бағытталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлыстың ұлы күні: наурызда Астана, Алматы, Шымкентте қайда баруға болады? Биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтарды қатарынан бес күн демалыс күтіп тұр. Бұл мерекенің қызығын көріп, жәрмеңкелер мен серуендерге шығуға жақсы мүмкіндік. Tengri Life 21, 22 және 23 наурыз күндері Астана, Алматы және Шымкентте өтетін ең қызықты мерекелік орындар, фестивальдер мен концерттер топтамасын ұсынады. Астанада қайда баруға болады? Астана әкімдігінің мәліметінше, елордада Наурызды мерекелеудің ауқымды бағдарламасы әзірленген. 21–22 наурызда қаланың тұрғын алаптарында "Наурыз мейрамы" халықтық көңіл көтеру іс-шаралары ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шаралар елорданың түрлі аудандарында өтеді: "Жерұйық" саябағында және "Железнодорожный" тұрғын алабында (Алматы ауданы), "Жағалау" және "Айғыржал" скверлерінде (Нұра ауданы), "Интернациональный" және "Промышленный" тұрғын алаптарында (Сарайшық ауданы), "Өндіріс" және "Кирпичный" алаптарында (Байқоңыр ауданы), "Бағыстан" және "Пригородный" алаптарында (Есіл ауданы), сондай-ақ "Наз" би театры мен "Қорғалжын" скверлерінің алдында (Сарыарқа ауданы). Сонымен қатар әкімдік келесі іс-шаралар туралы хабарлады: 20–21 наурызда EXPO аумағында заманауи технология элементтерімен жабдықталған заманауи стильдегі киіз үй орнатылады. Ішінде LED-экраны бар интерактивті аймақ болады. Келушілерге робот-ит пен дрон-полицей көрсетіліп, интерактивті ойындар мен әлеуметтік акциялар өткізіледі; 21-22 наурызда "Қазақ елі" алаңында гуманоидтардың қатысуымен қойылымдар өтеді; 21-23 наурыз аралығында сағат 14:00-ден бастап EXPO халықаралық көрме орталығында шығармашылық ұжымдардың өнері, ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылатын салтанатты іс-шара өтеді; 21-22 наурызда елорданың алты кварталында 30-дан аса алаңда ұлттық спорт түрлерінен (қазақ күресі, қой көтеру, арқан тартыс, асық ату, қол күрес және гір көтеру) жарыстар өткізіледі. View this post on Instagram A post shared by Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының әкімдігі (@baiqonyr_audany) 21 наурыз Сағат 16:00-де Astana Opera театрында "Айсұлу" операсы өтеді. Кіру билетпен. Сағат 16:30-да Астана қуыршақ театрында (Мәншүк Мәметова көшесі, 3) "Наурыз келді - көктем келді!" қуыршақ спектаклі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында "Абай-Тоғжан" спектаклі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де "Жастар" театрында "Көзімнің қарасы" қойылымы өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:30-да "Взлетный" ресто-барында Слава Никифоровтың импровизациялық концерті өтеді. Кіру билетпен. Сағат 20:00-де Astana Ballet театрында Therapy. Jazz Night концерті өтеді. Кіру билетпен. Сағат 22:00-де және 22:45-те Garage music bar-да (Кравцов көшесі, 6) мерекелік stand-up концерт өтеді. Кіру билетпен. 22 наурыз Сағат 18:00-де Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында (Қуанышбаев көшесі, 8/1) "Шеңбер" пьесасы өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында "Қыз Жібек" спектаклі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 20:00-де "Конгресс холлда" Мақпал Жүнісованың жеке концерті өтеді. Кіру билетпен. Сағат 21:30-да Pozitiv барында (Ғабдуллин көшесі, 18) "Бауырсақ SHOW" әзіл-сықақ шоуы өтеді. Кіру билетпен. 23 наурыз Сағат 16:00-де Астана қуыршақ театрында (Республика даңғылы, 3) "Наурыз келді - көктем келді!" қуыршақ спектаклі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де "Жастар" сарайында "Сағыныш сазы" атты қазақ ретро-музыкасының кеші өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында "КҮЙ" спектаклі өтеді. Кіру билетпен. Алматыда қайда баруға болады? Алматы әкімдігі мәліметінше, Наурыз бойынша басты іс-шара 21 наурызда сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін "Астана" алаңында өтеді. Мерекелік бағдарлама музыканы, театрды, өнерді және келушілерге арналған интерактивті аймақтарды біріктіреді. Алаңдағы сахнада қала тұрғындары үшін артистер өнер көрсетеді: Медеу Арынбаев, Сәкен Майғазиев, Нұржан Керменбаев; Ернар Айдар, Жарқынай Ханайым; Ален Самыкенов, Әбиік Жексен; Жұлдыз Өмірғали, Диная, Салтанат Бақаева; Мөлдір Әуелбекова, Әсет Есжан, Әзімбек Байлин; Ерден Жақсыбек, Мұхтар Ханзада, Нұрсұлтан Нұрбердиев; Талғат Күзембаев, Нұрмұхаммед Жақып; "Дос-Мұқасан", "Ұлытау", "KешYOU" және "Алашұлы" топтары. Сондай-ақ шетелдік әнші Роза Зергелиді өнері көрсетеді деп күтіледі. View this post on Instagram A post shared by ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty) 21-23 наурыз Абай атындағы алаң: түркі әлемі халықтарының қолөнер көрме-жәрмеңкесі. Кіру тегін. Панфилов көшесі: "Жеті Қазына" LED-экрандардың интерактивті аллеясы және "Алматы AI" LED-туннелі. Кіру тегін. Жібек Жолы – Панфилов учаскесі: NAURYZ: QazaqSound концерттік бағдарламасы және Робо-диджейдің өнері. Кіру тегін. Жібек Жолы – Панфилов учаскесі: DreamLight жарық шоуы. Кіру тегін. 21 наурыз Сағат 12:00-де Бәйтен Омаров атындағы "Жас Сахна" театрында (Абай даңғылы, 117) "Ақшақар және 7 ертегіші" спектаклі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 12:00 және 16:00-де "Тотальный театр" (Шевченко көшесі, 117) "Алладин" спектаклін ұсынады. Сағат 18:00-де Жамбыл атындағы филармонияда (Қалдаяқов көшесі, 35) Ғабит Несіпбаевтың "Вивальди әуенімен" атты орган музыкасы кеші өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де Almaty Arena-да қазақстандық артистер Duisenbi, 6ellucci және Ninety One қатысуымен NonStop Music Fest фестивалі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 20:00-де Республика сарайында "МузАРТ" тобының концерті өтеді. Кіру билетпен. Сағат 20:00-де "Мотор" клубында (Назарбаев даңғылы, 50) Антоха MC концерті өтеді. Кіру билетпен. Сағат 22:00-де Central Stand Up Club-та (Қабанбай батыр көшесі, 71) "Мне стыдно" әзіл-сықақ шоуы өтеді. Кіру билетпен. 22 наурыз Сағат 15:00, 17:00 және 19:00-де "Колос" мәдениет үйінде (Гёте көшесі, 263) сиқыршылардың иллюзия карнавалы өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де Бәйтен Омаров атындағы "Жас Сахна" театрында "Қош, махаббат" мюзиклі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де "Неквартира" кеңістігінде (Текстильная көшесі, 14) "Шансонье" акустикалық кеші өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де Бәрібаев, 36 мекенжайында Nauryz Live кеші өтеді, онда қазақстандық артистер: dudeontheguitar, plecto және басқалары өнер көрсетеді. Кіру билетпен. Сағат 20:00-де "Музкафе" мекемесінде (Абай даңғылы, 117) JCS тобының музыкалық кеші өтеді. Кіру билетпен. 23 наурыз Сағат 12:00-де Оқушылар сарайында "Золушки" интерактивті спектаклі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 18:30-да Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрында "Абайдың жұмбағы" спектакль-драмасы өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де Жамбыл атындағы филармонияда "Камерата Казахстана" камералық оркестрінің қазақ музыкасы концерті өтеді. Кіру билетпен. Сағат 18:00 және 21:00-де Central Stand Up Club-та (Қабанбай батыр көшесі, 71) Айна Мусинаның жеке stand-up концерттері өтеді. Кіру билетпен. Сағат 20:00-де Республика сарайында "МузАРТ" тобының концерті өтеді. Кіру билетпен. Сағат 20:00-де EverJazz джаз-клубында (Гоголь көшесі, 40б мекенжайы бойынша) джаз және импровизациялық музыка кеші өтеді. Кіру билетпен. Шымкентте қайда баруға болады Қала әкімдігі мәліметінше, 21 наурыз күні "Әл-Фараби" алаңында DamDastour гастрономиялық фестивалі өтеді. Онда отандық және шетелдік аспаздар келесі номинациялар бойынша үздік атағын сарапқа салады: ең дәмді кәуап; ең дәмді палау; ең дәмді самса; ең дәмді ұлттық тағам. Ас-мәзірінен бөлек, Шымкент тұрғындары мен қонақтарына арналған ойын-сауық бағдарламасы жоспарланған: Street style және K-pop бағытындағы би баттлдары, домбырашылардың өнері, батырлар мен цирк әртістерінің шоуы, сондай-ақ мотобайкерлер шеруі, спорттық көліктер көрмесі және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Instagram-дағы бұл жазбаны көру Жазбаны 🇰🇿 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@shymkent_akimdigi) бөлісті 21 наурыз Сағат 19:00-де Орыс драма театрында "Звезды на утреннем небе" спектаклі өтеді. Кіру билетпен. 22 наурыз Сағат 11:00-де Орыс драма театрында қазақ ертегісінің желісімен сахналанған "Алтын сақа" спектаклі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 16:00-де жергілікті циркте "Наурыз Duman" шоуы өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де "Разработка" театрында (Сайрам көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша) "Қылмыс орнынан қоңырау" (Звонок с места преступления) спектаклі өтеді. Кіру билетпен. Сағат 19:00-де Орыс драма театрында "Бальзаминовтың үйленуі" (Женитьба Бальзаминова) комедиялық спектаклі өтеді. Кіру билетпен. 23 наурыз Сағат 20:00-де "Атлас" мейрамханасында (Төреқұлов көшесі, 2а мекенжайы бойынша) Bizdi sezin музыкалық тобының өнері өтеді. Кіру брондау арқылы. Сағат 20:00-де Jaman bar-да (Түркістан көшесі, 4 мекенжайы бойынша) Әділ Әбдіғапардың жеке стендап-концерті өтеді. Кіру билетпен. Еске сала кетейік, көктемнің басты мерекесі қазақстандықтарға шағын демалыс сыйлайды. Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер демалысқа сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылды.
Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады? Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда жайлы көктемгі ауа райы болады деп болжайды. 19 наурызда елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталып, температура одан әрі көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан оғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы. Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, күндіз 13-15 градус жылы. Іле-Алатау тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы. Шымкент - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 16-18 градус жылы. Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың солтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 1-6 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы. Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған тұман. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 4 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 8 градус аяз, күндіз 13-18, облыстың таулы аудандарында 3-8 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, облыстың таулы аудандарында 9 градус аяз, күндіз 11-16, облыстың таулы аудандарында 5 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.Түркістан облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда тұман. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 15-20 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 7-12 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 градус жылы.Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, облыстың батысында, оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 3-8, облыстың батысында, оңтүстігінде 13 градус жылы. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстік-шығысында 3 градус аяз, күндіз 10-15 градус жылы. Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 12-14 градус жылы.Маңғыстау облысы - түнде облыстың батысында, орталығында аздаған жаңбыр. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 0 градус, күндіз 13-18, облыстың солтүстік-батысында 10 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 8 градус аяз, күндіз 3-8, облыстың батысында, оңтүстігінде 12 градус жылы. Ақтөбе - ашық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, төменгі боран, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі боран, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың оңтүстігінде 11 градус аяз, күндіз 1-6, облыстың батысында 9 градус жылы. Петропавл - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең аздаған қар, жаяу боран, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.Павлодар облысы - таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр). Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың шығысында 13, облыстың оңтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы. Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1 аяз бен 1 жылы аралығында.Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, күндіз 7-12, облыстың шығысында 3 градус жылы. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.Шығыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде аздаған қар, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың шығысында 15-20 градус аяз, күндіз 1-6 градус жылы, облыстың шығысында 4 градус аяз. Өскемен - бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел солтүстік-батыстан 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.Абай облысы - облыстың солтүстігінде түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың шығысында 10 градус аяз, күндіз 1-6, облыстың оңтүстігінде 12 градус жылы. Семей - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2 аяз бен 3 жылы аралығында, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 11 градус жылы. Қызылорда - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 16-18 градус жылы.Жамбыл облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 5 градус аяз, күндіз 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 7 градус жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 градус жылы.
Блогерлер Жолшыбеков пен Нұртаза Жанәбіловтердің ісі бойынша сотқа жеткізіледі Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. 18 наурызда сот процеске келмеген куәгерлерді мәжбүрлеп алдыру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілші. Атап айтқанда, мәселе Дархан Жолшыбеков пен Justking деген атпен танымал Нұрбек Нұртазаға қатысты болып отыр. Сотталушылардың адвокаты Гауһар Айтжанова куәгерлердің бір бөлігіне отырыс туралы хабарлау мүмкін болмағанын жеткізді. "Басқа куәгерлер жоқ, кейбіреулеріне хабарласа алмадық. Тағы бір куәгердің аяғы ауыр, оның емшектегі баласы бар, қазір ол ауруханада тексерілуден өтіп жатыр, ертең оны ауруханаға жатқызуы керек", - деп түсіндірді ол. Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев, өз кезегінде, екі куәгер — Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртазаға (Justking) сотқа келу қажеттілігі туралы тиісті түрде хабарланғанын, алайда олардың белгісіз себептермен келмегенін мәлімдеді. Осыған байланысты ол келесі отырысқа оларды мәжбүрлеп алдыру туралы өтініш білдірді. Адвокат айыптау тарапының ұстанымын қолдады. "Бұл мәселеде мен прокурорды қолдаймын. Мен де куәгерлердің сот отырысы залына келуін талап етемін", - деді Айтжанова. Судья Әділбек Баймаханов прокурордың өтінішін қанағаттандыру туралы қаулы қабылдады. "Сот прокурордың пікірімен келісіп, мәжбүрлеп алдыру туралы тиісті қаулы шығаруды ұйғарды. Қаулы орындалу үшін Астана бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберіледі. Орындалуын бақылау Астана прокуратурасына жүктеледі", - деді судья. 16 наурызда Астанада елордалық блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Оларға заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастырды (жылыстатты) деген айып тағылып отыр. Бұған дейін сотта прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев айыптау актісін оқыды. Құжатқа сәйкес, Жанәбіловтердің акциялары аясында көрсетілген ұтыстар пен сыйлықтар қатысушылардың ақшасына сатып алынған, алайда жарнамада ұтыс қоры ұйымдастырушылардың өз қаражаты есебінен қалыптасқандай көрсетілген. Тергеу мәліметі бойынша, акциялар өткізілген кезеңде жобамен байланысты есепшоттарға 247 миллион 653 мың теңге түскен.
Қазақстанда 30 елді мекенді су басу қаупі бар - ТЖМ Қазақстанда 30 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәселе Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысындағы елді мекендер туралы болып отыр. "Былтырғыдай "Қазгидрометтің" болжам деректері негізінде Tasqyn ақпараттық жүйелері мен Су ресурстары және ирригация министрлігінің Talsim-NG бағдарламалық жасақтамасы арқылы су тасқыны кезеңіне ықтимал қауіптерді модельдеу жұмыстары жалғасып эатыр. Қазіргі уақытта аталған ақпараттық жүйелер 30 елді мекен үшін ықтимал қауіптерді модельдеді", - деп түсіндірді Жүнісбеков ОКҚ-дағы брифинг барысында. Оның айтуынша, су тасқынымен күреске күш пен құралдар дайын. Жалпы саны 39 мыңнан астам адам, 12 мың техника, 4 мыңнан астам су сорғыш пен 700 жүзу құралы жұмылдырылған. Сондай-ақ комитет төрағасы ТЖМ күш пен құралдар резерві тұрақты дайындықта екенін айтты, бұл 930 адам, әртүрлі мақсаттағы 113 техника, 99 су сорғыш және 35 жүзу құралы. "Қажет болған жағдайда, алгоритмге сәйкес ТЖМ авиациясы, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері мен "Қазақстан темір жолы" теміржол көлігін тартылады", - деп қорытындылады Серік Жүнісбеков. Еске салайық, 5 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге бір апта ішінде су тасқыны тәуекелдерін зерттеп, қажетті шараларды қабылдауды және жергілікті жерлерге барып тексеруді тапсырған еді. Бұған дейін, ТЖМ су тасқыны қаупі бар өңірлерді атаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Австрия заңсыз мигранттарды қайтаруға келісті: Тоқаев заңға қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Австрия арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасының Федералдық Үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Еске салайық, Қазақстан Парламенті бұған дейін Қазақстан мен Австрия арасында заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялаған болатын. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - екі ел арасында заң талаптарын бұзып жүрген тұлғаларды қайтару және транзиттеу саласында құқықтық ынтымақтастық орнату. Келісімде заңсыз мигранттар мен елде болу немесе тұру құқығынан айырылған адамдарды қайтарудың нақты тәртібі мен мерзімдері белгіленген. Анықтама: реадмиссия — бұл бір елдің аумағында заңсыз жүрген адамдарды олардың азаматтығы бар немесе бұрын тұрған мемлекетіне қайтару рәсімі. Яғни, мемлекет өз азаматтарын немесе басқа тұлғаларды, егер олар шетелде көші-қон заңдарын бұзса, кері қабылдайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғауды күшейту, отбасы институтын нығайту және мемлекеттік отбасылық саясатты жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты (бұдан әрі – Уәкіл) құрылсын, ол өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында төрағаның орынбасары ретінде қоғамдық негізде жүзеге асырады. Уәкілдің негізгі мақсаттары отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту, отбасы институтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту, мемлекеттік отбасылық және демографиялық саясатты жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына жәрдемдесу болып белгіленсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Биыл қазақстандықтар бір күн аз демалады Биыл қазақстандықтар 30 тамыз — Конституция күні демалмайды. Бұл ақпаратты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжіліс кулуарында журналистер вице-министрден "биыл 30 тамызда қазақстандықтар демалып үлгереді ме?" деп сұрады. Виктория Шегай енді Қазақстанда Конституция күні 15 наурызда атап өтілетінін айтты. "Жоқ (30-ында демалмайды — ред. еск.). Өйткені, өздеріңіз білесіздер жаңа Конституция қабылданып, күшіне енген сәттен бастап 15 наурыз ресми түрде Конституция күні болады", - деп жауап берді вице-министр. Жаңа Конституция биыл 1 шілдеде күшіне енеді. Әділет министрінен референдум мен жаңа Конституция қабылданғанға дейін "биыл Конституция күні бұрынғыша атап өтіледі ме?" деп сұраған болатын. Сол кезде Ерлан Сәрсембаев мемлекеттік мерекенің басқа күні заңнамалық түрде белгіленген жағдайда, 30 тамыздағы Конституция күні "тиісті заң күшіне енген күннен бастап мемлекеттік мереке мәртебесін жоғалтады" деп жауап берген. Еске салайық, Қазақстанда жаңа Конституция күні енді 15 наурыз — қазақстандықтар оның жобасына дауыс берген күн болып саналады. Осылайша, биыл бір демалыс күні аз болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада автобус аялдамаға соғылды: видео Астанада автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады: жүргізуші рөлге ие бола алмай, аялдамаға соғылған, деп хабарлайды Tengri Auto. Видео Бұған дейін БАҚ-та елорданың Сейфуллин көшесінде, №10 емхана маңында автобус жүргізушісі аялдамаға соғылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Тілші Астана Полиция департаментіне сауал жолдады. Ведомство мәліметінше, 18 наурызда Iveco маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Сейфуллин көшесімен келе жатып, тоқтау кезінде көлікті басқара алмай, аялдама кешеніне соғылған. ПД ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер жоқ, автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. "Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін, қауіпсіз жылдамдық режимін қатаң сақтап, көлік құралын басқару кезінде, әсіресе қоғамдық көлік аялдамаларына жақын жерде аса мұқият болу қажеттігін ескертеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тоқаев “Қазатомөнеркәсіп“ басшысын қабылдады Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады. Президентке компания қызметінің былтырғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылдың қорытындысы бойынша холдингтің өндіріс көлемі 25,8 мың тонна уранды құрағаны, соның ішінде компания үлесіне 13,5 мың тонна тиесілі екені баяндалды. Сауда-саттық көлемі 11 пайызға өсіп, 18,5 мың тонна болды. Мейіржан Юсупов Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларын орындау аясында "Қазатомөнеркәсіп" еліміздің минерал-шикізат базасын ұлғайту және геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Жалпы ауданы 1 мың шаршы шақырымнан асатын алты жаңа перспективалы уран учаскесінен тұратын портфель қалыптасты, ал 2030 жылға дейін геологиялық барлау жұмыстарына жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі 75-85 миллиард теңгені құрайды. Президентке уран өндіруші өңірлерді әлеуметтік қолдау туралы ақпарат ұсынылды. Мәселен, 2025 жылы компания облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына 11 миллиард теңгеден аса, соның ішінде келісімшарттық міндеттемелер аясында 6 миллиард теңге қаражат бөлді. 2025-2034 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес, компания жаңа өткізу нарықтарына қатысуды кеңейтіп келеді. Былтыр швейцариялық AxpoPower AG, чехиялық ČEZ Group және жапондық Kansai Electric Power Co., Inc. компанияларымен уран жеткізу жөнінде келісімшарттар жасалды. Қазіргі уақытта Үндістанға табиғи уран концентраттарын жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісімшарт жасау жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Кәсіпорын ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласындағы жобаларға да атсалысады. Өндіріс тиімділігін арттыруға, экологиялық зиянды азайтуға және озық технологияларды енгізуге бағытталған 2034 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық даму стратегиясы әзірленді. Сондай-ақ "Қазатомөнеркәсіптің" жария компания ретіндегі жетістіктері атап өтілді. 2018 жылы IPO-ға шыққан сәттен бастап компанияның нарықтық капиталдандырылуы 7 еседен аса өсті. Кездесу соңында Мемлекет басшысы ресурстық базаны одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде. Айта кетейік, 18 наурызда Үкімет отырысы барысында премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 20 наурызда палаталардың бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралатынын мәлімдеген. Сондай-ақ ол заң жобасы парламентке жолданып қойғанын айтты. Құжат жаңа Конституция мен Мемлекет басшысының 2025 жылғы жолдауын іске асыру аясында әзірленген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Енді есірткі мен ішімдікке мас күйде рөлге отыратын мемқызметшілер жұмыстан шығарылады Қазақстанда есірткі тұтыну мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан шығаруға негіз болады. Мұндай норма бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған мемлекеттік қызмет туралы заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжіліс депутаты Марат Бәшімовтің айтуынша, құжатқа сәйкес тәртіптік жаза қолдану мерзімі теріс қылық анықталған кезден бастап үш айға дейін, жасалған сәттен бастап бір жылға дейін ұзартылады. Қолданыстағы заңнама бойынша бұл мерзімдер екі есе аз (тиісінше бір айдан алты айға дейін). Сондай-ақ заң жобасында жеңілдететін мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде мемлекеттік қызметшіге жаңа жаза қолданылмауы мүмкін екендігі қарастырылған. "Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару негіздерінің бірі есірткі заттарын тұтыну немесе көлік құралын мас күйінде басқару болады. Бұлар мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жатқызылады. Мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтірген қызметшіні кез келген уақытта еңбек немесе оқу демалысынан кері шақыртып, оның тәртіптік жауапкершілігі мәселесін шешу мүмкіндігі пайда болады", - деді Бәшімов. Депутаттың сөзінше, бұл шаралардың барлығы мемлекеттік қызметтегі тәртіпті нығайтуға, тәртіптік жауапкершілік жүйесіне деген сенімді арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді өз міндеттерін жауапты әрі сапалы орындауға ынталандыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, мемлекеттік қызмет туралы заң жобасында шенеуніктердің "мінсіз беделге" ие болу міндеті жазылған.
Қазақстанда жаңа мемлекеттік төлем енгізу ұсынылды Қазақстанда кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтардың қамқоршыларына мемлекеттік төлем енгізу ұсынылды. Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов премьер-министр Олжас Бектеновке тиісті депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, осы санат өкілдері бүгінде әлеуметтік қорғалмаған, бұл жүйелі мәселе болып табылады. "Қолданыстағы әлеуметтік қолдау жүйесінде тіпті базалық әлеуметтік кепілдіктер де қарастырмаған. Бүгінде тұрақты күтім жасағаны үшін мемлекеттік төлем, қамқоршылық кезеңін еңбек өтіліне есептеу, мемлекет есебінен міндетті зейнетақы жарналары мен осы санаттағы қамқоршылардың бекітілген құқықтық мәртебесі жоқ", - деді Жұбанов Мәжілістің пленарлық отырысында. Ол қамқоршылар әрекетке қабілетсіз азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін тәулік бойы жауапкершілік көтеретінін, бірақ жұмыстан бас тартып, зейнетақы жинақтарынан айырылуыға мәжбүр екенін айтты. "Тұрақты күтім жасайтын адам еңбек қызметінен бас тартуға мәжбүр және болашақта өзі де әлеуметтік тәуекел аймағына түседі", - деді депутат. Депутаттың ұсынысы Осыған байланысты мәжілісмен заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды. "Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған кәмелетке толған адамдардың қамқоршыларына мемлекеттік төлем белгілеу, қамқоршылық кезеңін еңбек өтіліне енгізу, мемлекет есебінен зейнетақы жарналарын төлеу және осы санатты әлеуметтік қорғау субъектісі ретінде құқықтық мәртебесін бекіту ұсынылады", - деді ол. Сонымен қатар, мұндай азаматтардың санын және қаржыландыру көздерін анықтау ұсынылады. "Бүгінде қарама-қайшы жағдай қалыптасып отыр: мемлекет мүгедектігі бар адамдарды қолдау қажеттілігін мойындайды, бірақ оларға күнделікті күтім жасайтын адамдарды қолдамайды", - деп қосты депутат. Жұбанов бірқатар елде әрекетке қабілетсіз ересектерге күтім жасау әлеуметтік маңызы бар қызмет ретінде танылып, мемлекеттік төлеммен және зейнетақылық қолдаумен қамтамасыз етілгенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жалған жұмысқа рәсімдеу: ҚазАвтоЖол еншілес компаниядағы ақша жымқыру туралы хабарлады "ҚазАвтоЖол" еншілес компаниясы филиалының бұрынғы басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚАЖ мәліметінше, 2024 жылы "КАЖсервис" ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облысы филиалында лауазымдық міндеттерін іс жүзінде атқармаған тұлғаларды жалған жұмысқа рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталған. Нәтижесінде оларға заңсыз еңбекақы төленген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған құқық бұзушылыққа филиалдың бұрынғы директорының қатысы бары анықталып, қылмыстық іс сотқа жолданған. "Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) кінәлі деп танылып, 2 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Прокуратураның апелляциялық наразылығы негізінде ШҚО соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, жазаны 3 жыл 6 айға дейін күшейтті. Сонымен қатар келтірілген 6,7 миллион теңге көлеміндегі залал өндіріліп, бүгінгі күні толық көлемде өтелді", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Талғардағы зорлау, кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іске қатысты үш айыпталушыға үкім шығарылды. Сот басты айыпталушыға 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz. Мән-жайы Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Талғар іргесіндегі Қызылқайрат ауылында ер адам екі кәмелетке толмаған сыбайласымен бірге жергілікті тұрғынды өлтіріп, оның екі жасар жиенін ұрлап әкеткен болатын. Кейін арнайы жасақ баланы босатып, анасына тапсырды, күдікті ұсталды. Қоғамдық резонанстан кейін баланың анасы бұған дейін айыпталушының зорлық-зомбылық жасағаны туралы полицияға хабарлағаны, бірақ ол кезде оның ұсталмағаны белгілі болды. Сот үкімі Жәбірленуші тараптың адвокаттары Жандос Палманов, Гаһхар Сәриева және Асылбек Әбдірайымовтың айтуынша, істің басты фигурантына қауіпсіздігі орташа мекемеде 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Олардың дерегінше, кәмелетке толмаған екі сыбайласы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. "Сот жәбірленушілердің азаматтық талап арыздарын ішінара қанағаттандырды. Басты айыпталушыдан марқұмның анасына, жұбайына және қарындасына 10 миллион теңгеден – барлығы 30 миллион теңге өндіріледі. Кәмелетке толмаған сыбайластарының әрқайсынан үш жәбірленушінің пайдасына 5 миллион теңгеден – әрбір сотталушыдан 15 миллион теңгеден өндіріледі", – деді адвокат Асылбек Әбдірайымов. Бұған дейін прокурор басты айыпталушыны өмір бойына, ал кәмелетке толмаған екі сыбайласын 9 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Сотталушыларға қандай айып тағылған еді? Талғарда екі жасар қызды ұрлау, әйелді зорлау және ер адамды өлтіру деректері бойынша резонанс тудырған іс 2025 жылғы 4 желтоқсаннан бері жабық режимде қаралып жатыр. Іс бойынша үш күдікті: негізгі айыпталушы және кәмелетке толмаған екі сыбайласы. Негізгі күдікті – Е.-ге бірден 12 бап бойынша айып тағылған: 99-бап, 2-бөлік, 7-тармақ – "адам өлтіру (адамдар тобы болып)". 125-бап, 3-бөлік, 2-1-тармақ – "кәмелетке толмағанды тарта отырып адам ұрлау". 120-бап, 1-бөлік – "зорлау". 121-бап, 1-бөлік – "жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері". 190-бап, 3-бөлік, 4-тармақ – "адамдар тобы болып жасалған алаяқтық". 147-бап, 5-бөлік – "жеке өмірге қолсұқпау құқығын бұзу (онлайн платформаларда жеке деректерді заңсыз тарату)". 149-бап, 2-бөлік – "тұрғын үйге заңсыз кіру". 115-бап – "адам өлтіремін деп қорқыту". 287-бап, 3-бөлік – "қаруды заңсыз дайындау". 288-бап, 1-бөлік – "қаруды заңсыз сақтау". 200-бап, 1-бөлік – "ұрлау ниетінсіз көлікке заңсыз ие болу". 132-бап, 4-бөлік – "кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту". Ал кәмелетке толмаған екі күдікті – А. және К. – екі эпизод бойынша айыпталды: адамдар тобы болып кісі өлтіру және бала ұрлау.
Израиль президенті Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Израиль Президенті Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады. Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді. Қазақстан Президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайды. Израиль Президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі болмақ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда Санжар Боқаев ұсталды Бүгін қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізу аясында Алматыда Санжар Боқаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокуратура мәліметінше, Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кескені және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлағаны туралы видео жариялады деген күдікке ілінген. "Тергеу дерегіне сәйкес Санжар Боқаев осы қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген. Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілініп отыр", - деп жазылған хабарламада. Әлеуметтік желілерде Санжар Боқаевтың ұсталған видеосы пайда болды. Кадрларда Боқаевты арнайы жасақ қызметкерлері қоршап тұрғаны көрінеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа әкім - жаңа команда: депутат мұндай тәжірибені тоқтатуды талап етті Қазақстандағы мемлекеттік қызметте жаңа басшы келгенде бүкіл команда ауысатын жағдай жиі болады. Депутат Бақытжан Базарбек Мәжілістің пленарлық отырысында мұндай тәжірибені тоқтату керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Толығырақ Депутат мұндай ауысуды "командалық сөз байласу" деп атап, қызметкерлер басшы кеткеннен кейін өз орындарында қалуы керек деп есептейтінін жеткізді. "Командалық жұмыс, командалық сөз байласу туралы. Біз осы мәселені 10 жылдан бері айтып келеміз. Бізде әкім ауысқанда, бүкіл команда ауысады. Осы командалық ауысуды тоқтатуға тиіспіз. Егер жаңа министр, жаңа әкім тағайындалса, ескі команда өз орнында қалуы керек", - деді Базарбек мемлекеттік қызмет туралы заңды талқылау кезінде. Сонымен қатар, Бақытжан Базарбек мемлекеттік қызметкерлер үшін жұманы "шығармашылық күні" қылуды ұсынды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев сауда және интеграция министрі Шаққалиевті қабылдады Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент сауда саласының қазіргі жай-күйі мен алдағы даму бағыттары туралы есепті тыңдады. Мемлекет басшысына 2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің 19 пайызға жуығы сауда-саттыққа тиесілі екені баяндалды. Қазақстан экономикасының маңызды секторларының бірі саналатын салаға 1,2 триллион теңге инвестиция құйылған. Ал тауар айналымы 8,9 пайызға ұлғайып, 80,3 триллион теңгеге жеткен. Қасым-Жомарт Тоқаевқа электронды сауданың дамуы жөнінде мәлімет берілді. Былтыр оның көлемі 3,9 триллион теңгені құраған. Бұл – бөлшек сауданың 15 пайызына тең. Елімізде 10 логистика орталығынан тұратын желі қалыптасты. Астана мен Алматы қалаларында екі ірі фулфилмент-орталық салынып жатыр. Сауда және интеграция министрлігі еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға айрықша мән беруде. Жаһандағы экономикалық сын-қатерлерге қарамастан, сыртқы нарыққа шығарылатын шикізаттық емес тауар түрлері мен қызметтер көлемі 41 миллиард долларға жетті. Экспорттаушыларды қаржылай қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейді. Атап айтқанда, сақтандыру сомасының максималды мөлшері 1,2 триллион теңгеге дейін көбейіп, қолдау шаралары екі есе артты. Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық одақ аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтылды. ЕАЭО құрылғаннан бері 70 сауда кедергісінің 69-ы жойылды. Келіссөздер нәтижесінде еліміздің бірқатар мәселеге қатысты ұстанымы ескерілді. Оның қатарында Қазақстан кәсіпорындарына демпингке қарсы баж салығын төлемей, кейбір тауар түрлерін кіргізуге квота беру секілді маңызды мәмілелер бар. Президент ведомствоға заманауи сауда экожүйесін қалыптастыру, отандық өндірістің өсуіне қолайлы жағдай жасау, тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты қорғау, экспорттық әлеуетті нығайту, сондай-ақ елдің экономикалық мүдделерін ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қалай көтеріледі? Жаңа заң әзірленді Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң әзірленді. Бүгін, 18 наурызда Мәжіліс депутаттары оны бірінші оқылымда қарап жатыр. Құжатта жалақы қаншалықты жиі өсетіні, "сауықтыру" төлемдерінің қалай төленетіні және бұған қаражат қайдан алынатыны жазылған. Толығырақ Tengrinews.kz тілшісінің материалында. Қаражат мемлекеттік бюджеттен ғана алынбайды Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын төлеуге қаражат негізінен мемлекеттік бюджеттен алынады. Мысалы, Ұлттық банк сияқты кейбір органдарда төлемдер өз қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін. Сондай-ақ заң заңсыз шығарылған активтер қайтарылатын Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын пайдалануға рұқсат береді. Анықтама: Арнаулы мемлекеттік қор – жеке мемлекеттік есепшот, оған заңсыз шығарылған немесе алынған активтерден елге қайтарылған қаражат түседі. Бұл қаражат кейін мемлекет қажеттіліктеріне - әдетте әлеуметтік бағдарламаларға немесе экономиканың дамуына жұмсалады. Жалақы қалай көтеріледі? Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы олардың атқаратын жұмысына, жүктелген міндеттер ауқымы мен көрсеткен нәтижелеріне байланысты болады. Яғни, жүктеме мен тиімділік неғұрлым жоғары болса, еңбекақы соғұрлым көп төленеді. Бұл ретте жалақы инфляцияны ескере отырып, кемінде әр үш жыл сайын тұрақты түрде қайта қаралуы міндетті. Сонымен қатар жалақы мөлшеріне қызметкердің еңбек өтілі әсер етеді. Оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеген барлық кезеңі, кейбір жағдайда басқа да тәжірибесі есептеледі. Бұл жерде бәрі қалыпты - еңбек өтілі неғұрлым көп болса, лауазымдық жалақы соғұрлым жоғары болады. "Кемінде 25 жыл еңбек өтілі бар мемлекеттік қызметшілер үшін зейнетке шыққан кезде 4 лауазымдық жалақы мөлшерінде төлем қарастырылған. Бұл шара әділдікті қамтамасыз етіп, мемлекетке көп жылғы қызметі үшін құрмет көрсетуге арналған", - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері. Ақшаны не үшін ұстап қалуы мүмкін? Құжатта мемлекеттік қызметшілердің жалақысынан ұстап қалу шаралары көрсетілген. Мысалы, ақша жұмыс берушінің шешімі бойынша, бірақ қызметкерге ескерту арқылы ұсталуы мүмкін. Бұл келесі жағдайларда жүзеге асады: іссапардан кейін ақшаны қайтармаса; аванс алып, оны өтемесе; демалыстан ерте шықса немесе қызметкердің өзі келіскен басқа жағдайларда. Егер мемлекеттік қызметші оқуын аяқтамаса (мысалы, мемлекеттік бағдарлама бойынша), ақша ұсталатыны бөлек жазылған. Бұл ретте шектеу бар: ақша бірнеше рет ұсталса да, ай сайынғы жалақының 50 пайызынан аспауы тиіс. Маңызды: Егер адам мемлекеттік қызметке уақытша тағайындалса, мысалы, тексеруден өтпегенше немесе орын бос тұрғанша, оған сол лауазымға белгіленген ең төменгі жалақы төленетіні заңда нақты жазылған. Демалыс мәселесі не болмақ? Мемлекеттік қызметшілерге жылына кемінде 30 күнтізбелік күн ақылы демалыс беріледі. Демалыспен бірге оларға екі жалақы мөлшерінде "сауықтыру жәрдемақысы" төленеді. Бұл қаражат демалысқа бірнеше рет шықса да жылына бір рет беріледі. Сондай-ақ еңбек өтілі неғұрлым көп болса, демалыс та соғұрлым ұзақ болады. Мысалы, 10 жыл қызметтен кейін тағы 3 күн, 15 жылдан кейін - 5 күн, ал 20 жылдан кейін - 10 күн қосылады. Сонымен қатар спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанғаны үшін тағы 3 күн берілуі мүмкін. Демалысқа кесте бойынша шығады, бірақ оны бөлуге болады. Ең бастысы - енді оның бір бөлігі кем дегенде екі апта болуы тиіс. Егер демалысты толық пайдаланып үлгермесе, оның бір бөлігін келесі жылға ауыстыруға болады, бірақ 30 күннен аспауы керек. Демалыс ақысы мен "сауықтыру" төлемі алдын ала демалыс басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын төленуі тиіс. Анықтама: Кейбір жағдайда 10 күнге дейін қосымша қысқа демалыс алуға болады. Мысалы, үйленуге, бала тууға немесе жақындарының қайтыс болуына байланысты. Оқу демалысы да қарастырылған: егер біліктілікті арттыруға жіберілсе жалақы сақталады, ал егер бөлек бағдарламалар бойынша оқыса (мысалы, шетелде) жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Қажет болған жағдайда, мысалы, төтенше жағдай, апат немесе шұғыл жұмыс кезінде қызметкерді демалыстан оның келісімінсіз де шақыртып алуға болады. Пайдаланылмаған күндер кейін беріледі немесе ақшалай өтемақы төленеді. Ал егер адам жұмыстан шығып, демалысын алып үлгермесе, ереже бойынша оған пайдаланылмаған барлық күн үшін өтемақы төленеді.
Қазақстанда 23 градусқа дейін күн жылынады "Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстанда көктем Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде антициклон қазақстандықтарды жайлы көктемгі ауа райымен қуантады. Қазақстанның басым бөлігінде ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, бұл алдағы уақытта ауа температурасының көтерілуіне оң әсерін тигізеді. "Тек кей күндері еліміздің солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді деп күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады", - деді синоптиктер. Ауа температурасы көрсеткіштері Күндіз ауа температурасы Қазақстанның батысында 10-20 градусқа дейін, солтүстігі мен орталығында 5-17 градусқа дейін, оңтүстігінде 15-23 градусқа дейін жылынады. Наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамынша, 2026 жылдың наурызы Қазақстанда жылы болады және елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан көп түседі. Ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі: солтүстікте - қар жауып, боран соғады, оңтүстік пен батыста - жаңбыр мен жылбысқы қар жауады. Температура жалпы алғанда климаттық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады, сонымен қатар суық күндер де болуы мүмкін.
Бектенов әкімшілік амнистияны дайындау мерзімдерін белгіледі Қазақстанда әкімшілік амнистия тетігі екі апта ішінде дайындалады. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оның айтуынша, тиісті тапсырма Ішкі істер министрлігіне, Әділет министрлігіне және Бас прокуратураға берілген. "Кеше Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқықбұзушылықтар бойынша амнистия өткізуге бастамашы болды. Атап өтсем, әкімшілік амнистия еліміздің тарихында тұңғыш рет жарияланып отыр. Ішкі істер және Әділет министрліктері Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта мерзімде амнистия жүргізу тетігі бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар енгізсін", - деді Бектенов. Не болды? Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның қабылдануына арналған іс-шара барысында әкімшілік амнистия жасалатынын хабарлаған болатын. Мемлекет басшысы әңгіме азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтінін құқықбұзушылықтар туралы екенін айтты. Президент жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңін айшықтайтынын және мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңғыртуды көздейтінін баса айтты.
Қазақстанның жаңа Конституциясы жарияланды Egemen Qazaqstan газетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Толық мәтін: "Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып, табиғатты аялау қажеттігін мойындап, бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз. І бөлім Конституциялық құрылыс негіздері 1-бап Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 2-бап Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын, бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы конституциялық заңда айқындалады. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы. Елорда мәртебесі конституциялық заңда айқындалады. Қазақстан Республикасы мен Қазақстан атауларының мәні бірдей. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге. Теңгені эмиссиялау айрықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді. 3-бап Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары: Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті бекемдеу; халықтың әл-ауқатын арттыру; жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілгерілету; қоғамдық диалогты дамыту; еңбексүйгіштік, прогресс, білім құндылықтарын бекіту; жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау; төл мәдениетті қолдау. Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды. 4-бап Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі. Халық билікті жалпыхалықтық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей жүргізеді, сондай-ақ өз билігін мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кету заңмен қудаланады. Халық пен мемлекет атынан әрекет ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, сондай-ақ конституциялық өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына тиесілі. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттік шегінде мемлекет атынан әрекет етеді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік біртұтас, ол заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөліну және өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес Конституция мен заңдар негізінде жүзеге асырылады. 5-бап Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы – Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарт міндеттемелерінің нормалары. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарды қолдану тәртібі заңдарда айқындалады. Барлық заңдар мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы – оларды қолданудың міндетті шарты. Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды.Жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күші болмайды. Жаңа заң бұрын жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін болса, онда жаңа заң қолданылады. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің экономикасын қарқынды дамыту мақсатында қаржы саласына қатысты арнаулы құқықтық режим немесе "қарқынды дамитын қала" арнаулы құқықтық режимі конституциялық заңдарға сәйкес белгіленуі мүмкін. Осы арнаулы құқықтық режимдер мемлекеттік басқару, сот жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін көздеуі мүмкін. 6-бап Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әралуандық танылады. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең. Мемлекеттің қоғамдық бірлестік ісіне, ал қоғамдық бірлестіктің мемлекет ісіне заңсыз араласуына және қоғамдық бірлестікке мемлекеттік орган функцияларын жүктеуге жол берілмейді. Мемлекеттік органда саяси партия ұйымын құруға жол берілмейді. Мақсаты немесе әрекеті конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын және қоғамдық тәртіпті бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестік құруға және оның қызметіне, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген жасақ құруға тыйым салынады. Басқа мемлекеттің саяси партиясы мен кәсіптік одағының, діни негіздегі саяси партияның қызметіне жол берілмейді, сондай-ақ саяси партия мен кәсіптік одақты шетелдік заңды тұлғаның, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаның, шет мемлекет пен халықаралық ұйымның қаржыландыруына жол берілмейді. Коммерциялық емес ұйымның шет мемлекеттен, халықаралық және шетелдік заңды тұлғадан, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамнан алатын ақша қаражатының қозғалысы және активтері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. 7-бап Дін мемлекеттен бөлек. Қазақстан аумағында діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылады және ол конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында шектелуі мүмкін. 8-бап Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады. Меншікті пайдалану қоғам мен мемлекет мүддесіне сай келуге, қоршаған ортаны қорғау саласындағы белгіленген талаптар сақталып іске асырылуға тиіс, басқа тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің құқықтарының көлемі мен шегі, оларды қорғау кепілдіктері заңда айқындалады. Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. 9-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады. Мемлекет біртұтас Қазақстан халқының тілдерін үйрену және дамыту үшін жағдай жасауға қамқорлық көрсетеді. 10-бап Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын құрметтейді, мүдделі мемлекеттер-мен бейбітшілік пен ынтымақтастықты, олардың ішкі ісіне араласпауды, халықаралық дауды бейбіт жолмен шешуді көздейтін сыртқы саясат жүргізеді. 11-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран. Олардың сипаттамасы және пайдалану тәртібі конституциялық заңда белгіленеді. II бөлім Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер 12-бап Әр адамның құқық субъектiсi ретiнде танылуға құқығы бар.Әр адам құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлмен, оның ішінде қажетті қорғаныс арқылы қорғауға құқылы. Әр адамның өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Қазақстан Республикасында заңға сәйкес біліктi заң көмегін алу құқығы танылады. 13-бап Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріледі және тоқтатылады, ол берілген негізіне қарамастан бiрыңғай және тең. Қазақстан Республикасының азаматын өз азаматтығынан айыруға, азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерге аластатуға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыс жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін сот шешімімен ғана жол беріледі. Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтығы болуына жол берілмейді. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз болады. Шет мемлекетте туғанына байланысты сол мемлекеттің азаматтығын алған кәмелетке толмаған балаға қатысты заңда көзделген ережелер қолданылады. 14-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматы шет мемлекетке берілмейді. Қазақстан Республикасы өз азаматтарын ел аумағынан тыс жерде заңға сәйкес қорғауға кепiлдiк бередi. 15-бап Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан тиесілі, олар ажыратуға және айыруға болмайтын деп танылады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының мазмұны мен қолданылуы осыған қарай айқындалады. Қазақстан Республикасы азаматының өз азаматтығына орай құқықтары мен мiндеттері бар. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда көзделген жағдайда шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының азаматы үшін белгіленген құқықтар мен бостандық-тарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттерді атқарады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру басқа тұлғаның құқықтарын бұзбауға және бостандықтарын шектемеуге тиiс, конституциялық құрылыс негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтiрмеуге тиiс. Әр адамның мемлекеттік органның немесе оның лауазымды адамының заңсыз әрекетімен келтірілген зиянды мемлекеттен өтетіп алуға құқығы бар. 16-бап Заң мен сот алдында бәрi тең. Қазақстан Республикасының азаматын, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсiтуге болмайды. 17-бап Өмір сүру құқығы – әр адамның ажыратуға және айыруға болмайтын құқығы. Ешкімнің өз бетімен адам өмірін қиюға құқығы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынған. 18-бап Әр адамға жеке бас бостандығы мен жеке басына қол сұғылмау құқығына кепілдік беріледі. Сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды.Күзетпен ұстауға сот шешімімен ғана рұқсат етіледі және оған шағым жасау құқығы беріледі. Әр адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негіздері және оның құқықтары түсіндіріледі. Ұсталған адамның, күдіктінің, айыпталушының тиісінше ұсталған, күдікті ретінде танылған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокат (қорғаушы) көмегiн пайдалануға құқығы бар. 19-бап Заңды күшіне енген сот үкімімен адам кінәлі деп танылмайынша, ол жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі емес деп саналады. Ешкім өз-өзіне, жұбайына (зайыбына) және заңда айқындалған жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.Діни қызметшілер өздеріне сеніп, сырын ашқан адамдарға қарсы куәлік етуге міндетті емес. Адамды дәл сол құқық бұзушылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа қайта тартуға тыйым салынады. 20-бап Адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұғуға болмайды және олар заңмен қорғалады. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа да қатыгездiк көрсетіп немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлап жәбiрлеуге не жазалауға болмайды. 21-бап Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі. Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады. Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен ғана жол беріледі. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әр адамға өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжатпен, шешiммен және ақпарат көзiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 22-бап Әр адам өзiнiң қай ұлтқа жататынын айқындауға, оны көрсетуге не көрсетпеуге құқылы. Әр адамның ана тілі мен төл мәдениетiн қолдануға, қарым-қатынас жасау, тәрбие беру, оқу мен шығармашылық тілін еркiн таңдауға құқығы бар. 23-бап Сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне кепiлдiк берiледi. Зияткерлік меншік заңмен қорғалады. Мемлекеттік құпияларды қоспағанда, еркін ақпарат алу және тарату құқығы заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен іске асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер тізбесі заңда айқындалады. Сөз еркіндігі және ақпарат тарату еркіндігі басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс. Цензураға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақыруға жол берілмейді. 24-бап Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жүрген әр адамның ел аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жерін еркін таңдауға құқығы бар. Әр адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен жол беріледі. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына кедергiсiз оралуға құқығы бар. 25-бап Әр адамның ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ар-ождан бостандығы құқығын пайдалану жалпыадамзат пен азамат құқықтарын, мемлекет алдындағы мiндеттерді шектемеуге тиіс. 26-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлестік құру бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бiрлестiк қызметi заңмен реттеледi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты және өзге де соттары төрағалары мен судьяларының, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары аудиторлық палатасы төрағалары мен мүшелерінің, құқық қорғау органы және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, әскери қызметшілердің саяси партия мен кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге не сыни пікір білдіруге құқығы жоқ. 27-бап Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Еңбекке мәжбүрлеп тартуға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін адамды кінәлі деп тану туралы сот актісінің негізінде, не төтенше жағдайда, не соғыс жағдайында жол беріледі. Қазақстан Республикасы қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайлары құқығына, еңбегi үшiн қандай да бiр кемсiтусiз сыйақы алу, сондай-ақ әлеуметтiк қорғалу құқығына заңға сәйкес кепілдік береді. Заңда белгіленген тәсiлдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы танылады. Тынығу, жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыс және мереке күндерi, ақы төленетін демалыс құқығына заңмен кепiлдiк беріледi. 28-бап Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға және шығарып жіберуге жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртiппен жол берiледi. Қазақстан Республикасында өз азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Тұрғын үй соған мұқтаж азаматтардың заңда көрсетiлген санаттарына заңда белгіленген нормаларға сәйкес берiледi. 29-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды түрде алған кез келген мүлкіне жеке меншiк құқығы бар. Меншiкке және мұрагерлiк құқыққа заңмен кепiлдік беріледі. Сот шешiмiнсiз ешкiмдi өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген айрықша жағдайда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiкті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға оның тең құны өтелген кезде жол беріледі. Қазақстан Республикасы кәсiпкерлiк қызмет бостандығы құқығына, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалану құқығына кепілдік береді. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi немесе шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. 30-бап Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады. Неке – ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы. Балаға қамқорлық жасау және тәрбие беру – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi. 31-бап Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне кепiлдiк берiледi, сондай-ақ жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және өзге де заңды негiздер бойынша әлеуметтiк қамсыздандыруға кепiлдiк берiледi. Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, өзге де әлеуметтік қамсыздандыру нысандары, волонтерлік қызмет пен қайырымдылық қолдау табады. 32-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгiленген медициналық көмекті ақы төлемей алуға құқылы. Мемлекеттік және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңда белгiленген негiздерде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 33-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуына кепiлдiк берiледi. Бастауыш және негізгі орта білім мiндеттi. Қазақстан Республикасы азаматының заңға сәйкес жоғары оқу орындарында жоғары білім алуға құқығы бар. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңда белгiленген негiздерде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекет жалпыға мiндеттi білім беру стандарттарын белгiлейдi. Барлық оқу орнының қызметi осы стандарттарға сәйкес келуге тиіс. Рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие. 34-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбiт жиналысқа құқығы бар. Бұл құқықты пайдалану конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында заңмен шектелуі мүмкін. 35-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына өзі жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiш жолдауға құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар. Жалпыхалықтық референдум өткізу тәртібі конституциялық заңда айқындалады. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға, жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы жоқ.Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кiруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар заңға сәйкес лауазымдық мiндетінің сипатына ғана қатысты болады. 36-бап Әр адам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi. Әр адам Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге мiндеттi. 37-бап Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті. Мемлекет адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді. Адам өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төндiретiн фактілерді, мән-жайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа алып келеді. 38-бап Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу – әр адамның борышы мен мiндетi. 39-бап Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиеттi парызы мен мiндетi. Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті заңда белгiленген түрде және көзделген тәртiппен өткереді. 40-бап Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi. 41-бап Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында тек заңмен және қажетті шамада ғана шектелуi мүмкiн. Этносаралық және конфессияаралық татулықты бұзуға алып келетін әрекет конституциялық емес деп танылады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси себептермен шектеуге жол берілмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12, 14, 16, 17, 20, 22, 25-баптарында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда шектелмеуге тиіс. III бөлім Президент 42-бап Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, Қазақстан атынан ел ішінде және халықаралық қатынастарда өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Қазақстан Республикасының Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандық-тарының нышаны әрі кепілі. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін, билік органдарының біртұтас Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. 43-бап Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алмайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын, жоғары білімі бар және мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымда кемінде бес жыл жұмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі және Қазақстан Республикасы Құрылтайының жаңа құрамын сайлау мерзімімен тұспа-тұс келмеуге тиіс. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астам дауысын алған кандидат сайланды деп саналады. Кандидаттардың ешқайсысы елу пайыздан астам дауыс ала алмаса, ең көп дауыс санын алған екі кандидат қайта дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс санын алған кандидат сайланды деп саналады. Осы баптың 1-тармағының ережелері өзгермейді. 44-бап Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, өзіме жүктелген Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. Ант беру рәсімі сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерінің, сондай-ақ қоғам өкілдері мен шақырылған шетел азаматтарының қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 51-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде ант береді. Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі тоқтатылады. Қызметінен кетірілгендерден басқа, Қазақстан Республикасының барлық бұрынғы Президенттерінің Қазақстан Республикасының экс-Президенті атағы болады. 45-бап Қазақстан Республикасы Президентінің өз өкілеттігі кезеңінде өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ саяси партияда болуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметші лауазымында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшы лауазымында болуға құқығы жоқ. 46-бап Қазақстан Республикасының Президенті: 1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдау жасайды; 2) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындайды; Вице-Президентті лауазымынан босатады, оның өкілеттігін айқындайды. Конституцияның 62-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Вице-Президентті тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы; 3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Құрылтайдың бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақырады; Құрылтай ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жариялайды немесе заңды не оның жекелеген баптарын қайта талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; 4) Құрылтайда өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациядан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кандидатурасын келісім беру үшін Құрылтайдың қарауына ұсынады; депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Премьер-Министрді тағайындайды; Премьер-Министрді лауазымынан босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкімет құрылымын айқындайды; Құрылтаймен консультациядан кейін Премьер-Министр ұсынған Үкімет мүшелерін тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін лауазымынан босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді. Конституцияның 62-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Премьер-Министрді тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы; 5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындайды және оларды лауазымынан босатады; 6) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын тағайындайды және лауазымынан босатады; 7) Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады; 8) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Конституциялық Соттың он судьясын сегіз жыл мерзімге, Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін бес жыл мерзімге, Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды; оларды лауазымынан босатады. Конституцияның 62-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы; 9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және лауазымынан босатады; 10) жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды; 11) адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің Егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық Сотқа күшіне енген заңның немесе өзге де құқықтық актінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы және Конституцияның 93-бабында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы өтініш жібереді; 12) Қазақстан Республикасының атынан келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды; ратификациялық грамоталарға қол қояды; шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктері басшыларының, сондай-ақ халықаралық ұйым басшыларының сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; 13) мемлекеттік наградаларды, құрметті атақтарды белгілейді; 14) мемлекеттік наградалармен марапаттайды, құрметті атақтарды, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді; 15) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселесін, саяси баспана беру мәселесін шешеді; 16) кешірім беруді жүзеге асырады; 17) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен аумағының тұтастығына, ішкі саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне тікелей қатер төнсе және бұл мемлекеттік конституциялық органдардың жұмыс істеуін бұзуға алып келсе, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Құрылтайы Төрағасымен ресми консультациядан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе жекелеген аймақтарында төтенше жағдай енгізуді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, осы мән-жайлар талап ететін шараларды қабылдайды; 18) Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген аймақтарында соғыс жағдайын енгізеді, ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына дереу хабарлайды; 19) өзіне бағынатын Мемлекеттік күзет қызметін құрады; 20) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін құрады; 21) Қауіпсіздік Кеңесін, өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесін құрады; 22) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 47-бап Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және олардың орындалуы үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, ол уақытша болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының конституциялық заң күші немесе заң күші бар жарлықтар шығарады. Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін заңдарды Құрылтай Төрағасы мен Премьер-Министр алдын ала қол қойып бекемдейді және оларға заңдардың Конституция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауаптылық жүктеледі.Үкімет бастамасымен шығарылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін Премьер-Министр алдын ала қол қойып бекемдейді және оған актілердің Конституция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауаптылық жүктеледі. 48-бап Қазақстан Республикасының Президентіне, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.Мемлекетке опасыздық жасауды қоспағанда, Президент өкілеттігін атқару кезіндегі әрекеті үшін Қазақстан Республикасының Президенті қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, қызмет көрсету және күзету мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-Президенттеріне қолданылады. 49-бап Қазақстан Республикасының Вице-Президентін депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Вице-Президенттің өз өкілеттігі кезеңінде өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ саяси партияда болуға құқығы жоқ. Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Президент атынан өкілдік етеді, сондай-ақ Президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 50-бап Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына мәлімдеме беру арқылы өз еркімен орнынан түсуге құқылы. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің орнынан түсу туралы мәлімдемені өзі және өз еркімен бергенін растайды. Конституциялық Сот қорытынды берген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне байланысты лауазымынан босатылды деп саналады. Қазақстан Республикасының Президенті денсаулығына байланысты өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілеті болмаған жағдайда мерзімінен бұрын лауазымынан босатылуы мүмкін. Бұл жағдайда Құрылтай депутаттардан және тиісті медицина салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім комиссияның қорытындысы негізінде және Конституциялық Соттың белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы негізінде Құрылтай отырысында депутаттардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысымен қабылданады. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін атқару кезіндегі әрекеті үшін мемлекетке опасыздық жасағанда ғана жауапты болады және бұл үшін Құрылтай оны қызметінен кетіруі мүмкін. Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу және оны тергеп-тексеру туралы бастаманы Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірі көтереді. Бұл мәселе бойынша шешім Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Құрылтай тағылған айыпты тергеп-тексеруді ұйымдастырады және оның нәтижелері Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Құрылтай отырысының қарауына шығарылады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім Жоғарғы Соттың айып тағудың негізділігі туралы қорытындысы және Конституциялық Соттың белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы болған жағдайда Құрылтай отырысында депутаттардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысымен қабылданады. Айып тағылған сәттен бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылданбаса, бұл Қазақстан Республикасының Президентіне қарсы айыпты қабылданбады деп тануға алып келеді. Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың кез келген сатыда қабылданбауы осы мәселені қарауға бастамашы болған Құрылтай депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға алып келеді. Қазақстан Республикасының Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе Құрылтайдың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін қарау кезеңінде ұсынылмайды. 51-бап Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Вице-Президентке өтеді; Вице-Президенттің денсаулық жағдайына немесе жеке сипаттағы өзге де себептерге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Құрылтай Төрағасына өтеді; Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін Құрылтай Төрағасының қабылдауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Премьер-Министрге өтеді.Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаған тұлға Конституциялық Сотқа Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы мәлімдеме береді. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы мәлімдемені осы тұлғаның өзі және өз еркімен бергенін растайды және қорытынды береді. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Вице-Президент, Құрылтай Төрағасы, Премьер-Министр өкілеттігін доғарады. Бұл жағдайда бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу Конституцияда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде Құрылтай Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы жариялайды. Сайлау Құрылтай тиісті шешім қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлғаның Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасауға, сондай-ақ Құрылтайды таратуға құқығы жоқ. IV бөлім Құрылтай 52-бап Қазақстан Республикасының Құрылтайы – заң шығару билігiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкiлдi органы. Құрылтайдың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және жаңадан шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясының жұмысы басталған кезде аяқталады. Құрылтайдың өкілеттігі Конституцияда көзделген жағдайда және белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңда айқындалады. 53-бап Құрылтай біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйе негізінде конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын бір жүз қырық бес депутаттан тұрады. Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. 54-бап Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Құрылтай депутаттарының кезекті сайлауы жұмыс істеп тұрған Құрылтай шақырылымының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауы Құрылтайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. Жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан адам Құрылтай депутаты бола алады. Құрылтай депутаттарының сайлауы конституциялық заңмен реттеледі. Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант береді. 55-бап Құрылтай депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Құрылтайда депутаттың жеке өзі дауыс береді. Депутат Құрылтай мен оның органдарының отырыстарына дәлелді себепсіз үш реттен артық қатыспаса, сол сияқты дауыс беру құқығын басқаға берсе, бұл заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға алып келеді. Құрылтай депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы талаптарды бұзу депутаттың өкілеттігін тоқтатуға алып келеді. Құрылтай депутатын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Құрылтай депутатының өкілеттігі депутат орнынан түскен, қайтыс болған, заңды күшіне енген сот шешімімен әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайда тоқтатылады. Құрылтай депутаты: 1) Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен; 2) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған; 4) сайланған саяси партиясынан шыққан немесе шығарылған; 5) сайланған саяси партиясы қызметін тоқтатқан кезде мандатынан айырылады. Құрылтай депутаттарының өкілеттігі Құрылтай таратылған жағдайда тоқтатылады. 5. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 2-тармағының талаптарын және депутаттық әдеп қағидаларын сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және қол сұғылмау кепілдігінен айыруға байланысты мәселелерді дайындау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі. 56-бап Құрылтай: 1) конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдайды; 2) Қазақстан Республикасының Президенті қарсылық білдірген заңдарды немесе заң баптарын қарсылық жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайта талқылап, дауысқа салады. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Құрылтай конституциялық заңдар немесе конституциялық заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының төрттен үшінің дауысымен, ал заңдар немесе заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға немесе заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң немесе заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп саналады; 3) соғыс және бітім мәселелерін шешеді; 4) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы шешім қабылдайды; 5) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялайды; 6) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді; 7) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім береді; 8) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім береді; 9) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауына Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен келісім береді; 10) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлайды және лауазымынан босатады, олардың антын қабылдайды; 11) Конституциялық Сот судьяларын, Жоғарғы Сот судьяларын қол сұғылмау кепілдігінен айырады; 12) Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен Құрылтай депутатын қол сұғылмау кепілдігінен айыру мәселесін шешеді; 13) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы; 14) Конституциялық Соттың Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды; 15) жылына екі рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін тыңдайды; 16) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды және бекітеді. Құрылтайдың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін бекітпеуі Құрылтайдың Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруі деп саналады; 17) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің өз қызметі жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Үкімет мүшесі Қазақстан Республикасының заңдарын орындамаған жағдайда, есепті тыңдау қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен Қазақстан Республикасының Президентіне оны лауазымынан босату туралы өтініш білдіру жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет мүшесін лауазымынан босатады; 18) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тыңдау өткізеді; 19) өз қызметінің регламентін қабылдайды және Құрылтайдың жұмысын ұйымдастыруға, ішкі тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешім қабылдайды; 20) Құрылтайдың үйлестіру органын және жұмыс органдарын құрады; 21) Құрылтай комиссияларын құрады, төрағаларын сайлайды және лауазымынан босатады, комиссиялардың қызметі туралы есепті тыңдайды; 22) Құрылтайға Конституциямен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 57-бап Құрылтайды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған Төраға басқарады. Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы. 2. Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда Құрылтай Төрағасы лауазымынан кері шақырып алынуы, сондай-ақ орнынан түсуі мүмкін.3. Құрылтай Төрағасы:1) Құрылтай отырысын шақырады және оған төрағалық етеді; 2) Құрылтайдың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға жалпы басшылық етеді; 3) Құрылтай Төрағасының орынбасарларын лауазымға сайлау үшін Құрылтайға кандидатуралар ұсынады; 4) Құрылтайдың қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді; 5) Құрылтайдың үйлестіру органының қызметіне басшылық етеді; 6) Құрылтай шығаратын актіге қол қояды; 7) өзіне Құрылтай регламентімен жүктелетін басқа да міндеттерді атқарады. 4. Конституцияда өзгеше көзделмесе, Құрылтай Төрағасы Құрылтай сессиясын ашады.5. Құрылтай Төрағасы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығарады. 58-бап Құрылтай сессиясы отырыс түрінде өткізіледі. Құрылтайдың бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады. Құрылтайдың кезекті сессиясы жылына бір рет, қыркүйектің бірінші жұмыс күні мен маусымның соңғы жұмыс күні аралығында өткізіледі. Сессия Құрылтай отырысында ашылады және жабылады. Құрылтай сессиясын, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті ашады. Құрылтай сессиялары арасындағы кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен, Құрылтай Төрағасының немесе Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкін. Құрылтай отырысы Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Құрылтай отырысы ашық түрде өтеді. Регламентте көзделген жағдайда отырыс жабық түрде өткізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кез келген отырысқа қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар. 59-бап Құрылтай конституциялық заңда саны айқындалатын тұрақты комитеттер, сондай-ақ комиссиялар құрады. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы шығарады. 60-бап Заң шығаруға бастама жасау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Құрылтай депутаттарына, Үкіметке, Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі және тек қана Құрылтайда іске асырылады. Қазақстан Республикасының Президенті заң жобаларын қараудың басымдығын айқындауға құқылы, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезекте екі ай ішінде қабылдануға тиіс дегенді бiлдiредi. Құрылтай:1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектісі болуына, азаматтық құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауаптылығына; 2) меншік режиміне және өзге де заттық құқықтарға; 3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; 4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге немесе олардың күшін жоюға; 5) республикалық бюджет, мемлекеттік қарыз, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсету мәселелеріне; 6) сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне; 7) рақымшылық жасау мәселелеріне; 8) білімге, ғылымға, мәдениетке, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға; 9) кәсіпорындарды және олардың мүлкін жекешелендіруге; 10) қоршаған ортаны қорғауға; 11) Қазақстан Республикаcының әкімшілік-аумақтық құрылысына; 12) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне; 14) халықаралық шарттарды ратификациялауға және денонсациялауға; 15) мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтарға; 16) Конституцияға сәйкес өзге де мәселелерге қатысты аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, негіз құраушы қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заң шығаруға құқылы. 4. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіптің сақталуына, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі заң шығару бастамасымен енгізген заң жобаларын Құрылтай дереу қарауға тиіс. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген заң жобалары Құрылтайға енгізілген жағдайда Үкімет өзіне жауапкершілік ала отырып, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық акт қабылдауға құқылы. Мұндай акт Құрылтай қабылдаған заң күшіне енгенге дейін немесе Құрылтай заң жобаларын қабылдамай тастағанға дейін қолданыста болады. 5. Құрылтай қабылдаған заң он күн ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылады.Құрылтай заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тұтастай қабылдамай тастауға құқылы. Мұндай жағдайда заң жобасы қабылданбады деп саналады және бастамашыға қайтарылады. 6. Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Үкіметтің оң қорытындысы болған кезде ғана енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасымен Құрылтайға енгізілетін заң жобалары үшін мұндай қорытынды талап етілмейді.7. Үкімет енгізген заң жобасы қабылданбаса, Премьер-Министр Құрылтай отырысында Үкіметке сенім білдіру мәселесін қоюға құқылы. Бұл мәселе сенім білдіру мәселесі қойылғаннан бастап қырық сегіз сағаттан кейін ғана дауысқа салынады. Егер сенімсіздік вотумы туралы ұсыныс Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысын алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды. 61-бап Құрылтай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар заң және қаулы қабылдайды. Заң Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен қабылданады. Конституцияда өзгеше көзделмесе, Құрылтай депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен заңды қабылдайды. Конституцияда өзгеше көзделмесе, Құрылтай қаулысы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Заңдар, Құрылтай қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Құрылтай қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртібі заңмен және Құрылтай регламентімен реттеледі. 62-бап Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай Төрағасымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін Құрылтайды таратуға құқылы. Құрылтай келісімімен тағайындалатын лауазымға Президент ұсынған кандидатураны тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған, сондай-ақ Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы. Құрылтайды төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ алдыңғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде немесе Конституцияның 51-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда таратуға болмайды. V бөлім Үкімет 63-бап Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді. Үкімет – алқалы орган, ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Құрылтай алдында жауапты. Үкімет мүшелері Конституцияның 56-бабының 17) тармақшасында көзделген жағдайда Құрылтайға есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі конституциялық заңда айқындалады. 64-бап Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне ант береді. 65-бап Үкімет: 1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; 3) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді; 4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; 5) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу шараларын әзірлейді; 6) министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді; 7) Қазақстан Республикасының министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің толық немесе бір бөлігінде күшін жояды не қолданысын тоқтата тұрады; 8) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық орган үшін қаржыландырудың және қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Президентiнің келісімімен бекітеді; 9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентiнің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 66-бап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі: 1) Үкімет қызметін ұйымдастырады және басқарады, оның жұмысы үшін дербес жауап береді; 2) Үкімет қаулысына қол қояды; 3) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның барлық аса маңызды шешімдері туралы Президент пен Құрылтайға баяндайды; 4) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басқаруға байланысты басқа да функцияларды орындайды. 67-бап Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде дербес шешім қабылдайды және өзіне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Премьер-Министр алдында дербес жауап береді. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны іске асырмайтын Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не лауазымынан босатылуға тиіс. Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеті болатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. 68-бап Үкімет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулы шығарады. Премьер-Министр Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар өкім шығарады. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келмеуге тиіс. 69-бап Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі орындау мүмкін емес деп есептесе, Қазақстан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы мәлімдеме беруге құқылы. Құрылтай Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген жағдайда Үкімет Қазақстан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Қазақстан Республикасының Президенті он күн ішінде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті оған міндеттерін одан әрі атқаруды тапсырады. Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін лауазымынан босатуға құқылы. Премьер-Министрді лауазымынан босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. VI бөлім Қазақстан Халық Кеңесі 70-бап Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган. Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады. Қазақстан Халық Кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттігі және қызметінің ұйымдастырылуы конституциялық заңда айқындалады. 71-бап Қазақстан Халық Кеңесі: 1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді; 2) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді; 3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді; 4) конституциялық заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. VII бөлім Конституциялық Сот 72-бап Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және бүкіл ел аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган. Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады. Олардың өкілеттік мерзімі – сегіз жыл.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалмайды. Конституциялық Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол өкілеттік мерзімі ішінде Конституциялық Сот судьясы да болады. Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот Төрағасы болып тағайындалмайды. 4. Конституциялық Сот судьяларын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. 5. Конституциялық Сот судьясының депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.6. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.7. Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы және қызметі конституциялық заңмен реттеледі. 73-бап Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің, Құрылтай Төрағасының, Құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:1) дау туындаған жағдайда Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық референдумды өткізудің дұрыстығы мәселесін шешеді; 2) Президент қол қойғанға дейін Құрылтай қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; 3) Құрылтай қабылдаған қаулылардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; 4) халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; 5) халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Конституцияға сәйкестігін қарайды; 6) Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді; 7) Конституцияның 50-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда қорытынды береді. 2. Конституциялық Сот Конституцияның 46-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда – Президенттің өтiнiшiн, сондай-ақ Конституцияның 79-бабында белгiленген жағдайда соттың өтiнiшiн қарайды.3. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады. 4. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Бас Прокурордың өтініші бойынша қарайды.5. Конституциялық Сот адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды.6. Конституциялық Сот Конституцияның 50-бабының 1-тармағында және 51-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларда қорытынды береді. 74-бап Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуі, Құрылтайдың сайланған депутаттарын тіркеу, жалпыхалықтық референдум қорытындысын шығару тоқтатыла тұрады. Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда тиісті актілерге қол қою не оларды ратификациялау мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімде шығарады. 75-бап Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не ратификацияланбайды және олар қолданысқа енгізілмейді. Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап қолданысын тоқтатады және қолданылмауға тиіс.Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс. 3. Конституциялық Сот орындалуы Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері, оның ішінде жекелеген ережелері орындалмауға тиіс.4. Конституциялық Сот шешімдері қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болады және оларға шағым жасалмайды. VIII бөлім Сот төрелiгi. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері 76-бап Қазақстан Республикасында сот төрелігін сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңда белгіленген азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен өтеді. Қазақстан Республикасының соттары – Жоғарғы Сот, заңмен құрылған жергілікті және басқа да соттар. Қазақстан Республикасының сот жүйесі Конституцияда және конституциялық заңда белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. 77-бап Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, ол адамның, азаматтың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын мақсат етеді. Сот билігі Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдануға байланысты туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Сот шешімінің, үкімі мен өзге де қаулысының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар. 78-бап Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз болады және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асырған кезде соттың қызметіне мүлдем араласуға болмайды және бұл заң бойынша жауаптылыққа алып келеді. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде мына қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс:1) ешкімнің өзіне заңда көзделген соттылығын оның келісімінсіз өзгертуге болмайды; 2) сотта әр адамның өз сөзін тыңдатуға құқығы бар; 3) айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес; 4) адамның кінәлі екеніне қатысты кез келген күмән айыпталушының пайдасына қарастырылады; 5) заңсыз жолмен алынған дәлелдемелердің заңды күші жоқ. Ешкімді өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттауға болмайды; 6) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. 4. Конституцияда белгіленген сот төрелігі қағидаттары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай. 79-бап Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Конституциялық Сотқа жүгінуге міндетті. 80-бап Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек қана заңда белгіленген негіздермен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін. Судьяны қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, тиісінше Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Құрылтайдың келісімінсіз оны ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Қазақстан Республикасы соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады. Судьяның депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды. 81-бап Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. 82-бап Жоғарғы Сот – жергілікті және басқа да соттардың қарауына жататын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы, ол заңда көзделген жағдайда өзінің қарауына жататын сот істерін қарайды және сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндіру береді. 83-бап Жоғарғы Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды және ол өз өкілеттігі мерзімі ішінде Жоғарғы Сот судьясы да болады. Жоғарғы Сот Төрағасының өкілеттік мерзімі – алты жыл.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Жоғарғы Сот Төрағасы болып тағайындалмайды. Жоғарғы Сот судьяларын Құрылтай Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен сайлайды. Жергілікті және басқа да сот судьяларын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Жоғары Сот Кеңесінің мəртебесі, құрамын қалыптастыру тəртібі жəне жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады. 84-бап Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды заңда белгіленген шекте және нысанда жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының прокуратурасы орталықтандырылған бірыңғай жүйені құрайды, төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынады. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді. Бас Прокурорды Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Бас Прокурордың өкілеттік мерзімі – алты жыл.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Бас Прокурор болып тағайындалмайды. Бас Прокурорды қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Прокуратураның құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі конституциялық заңда айқындалады. 85-бап Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жəрдемдеседі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді. Адам құқықтары жөніндегі уəкілді Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тəуелсіз болады жəне мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді. Адам құқықтары жөніндегі уəкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады. 86-бап Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу құқығын және заң көмегін алу құқығын іске асыруға жәрдемдеседі. Заң көмегін адвокаттар мен өзге тұлғалар заңға сәйкес көрсетеді. Адвокат қызметін жүзеге асыру тәртібі, адвокат құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы заңда айқындалады. IX бөлім Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару 87-бап Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы ахуалдың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. 88-бап Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының ерік-мүддесін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды айқындайды, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бір ғана мәслихаттың депутаты бола алады. Мәслихаттардың қарауына:1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту; 2) өз қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу; 3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган басшыларының есебін қарау; 4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есепті тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 5) заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 5. Мәслихаттың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті Премьер-Министрмен және Құрылтай Төрағасымен консультациядан кейін мерзімінен бұрын тоқтатады, сондай-ақ оның өкілеттігі мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.6. Мәслихаттардың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы заңда белгіленеді. 89-бап Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүддесімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына:1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу мен олардың атқарылуын қамтамасыз ету; 2) коммуналдық меншікті басқару; 3) жергілікті атқарушы орган басшыларын тағайындау және лауазымынан босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 4) жергілікті атқарушы органдарға заңмен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру жатады. 3. Жергілікті атқарушы органды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі басқарады, ол Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады.4. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін Қазақстан Республикасының Президенті тиісінше астана мəслихаты, облыс аумағындағы мəслихаттар, республикалық маңызы бар қала мəслихаты депутаттарының келісімімен тағайындайды.Қазақстан Республикасының Президенті кемінде екі кандидатураны ұсынады, олар дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан мəслихат депутаттарының көпшілік дауысын алған кандидат келісім алды деп саналады. Өзге əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдері заңда айқындалатын тəртіппен тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ лауазымынан босатылады. Қазақстан Республикасының Президенті өз ұйғаруымен астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін лауазымынан босатуға құқылы. 5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасымен әкімге сенімсіздік вотумын білдіру мәселесі қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мəслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен əкімге сенімсіздік білдіруге жəне оны лауазымынан босату мәселесін тиісінше астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдеріне қатысты – Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің алдына не өзге де əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдеріне қатысты – жоғары тұрған əкімнің алдына қоюға құқылы. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті өз қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. 6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі заңда белгіленеді. 90-бап Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша – шешім, ал әкімдер шешім мен өкім қабылдайды, бұлар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орындалуға міндетті. Жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтін мәслихат шешімінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес келмейтін мәслихат шешімінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін. Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоя алады, олардың күші сот тәртібімен де жойылуы мүмкін. 91-бап Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар арқылы және тұрғын саны шағын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтарда өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңға сәйкес мемлекеттік функциялар берілуі мүмкін. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның қызметі заңмен реттеледі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне заңда белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. X бөлім Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу 92-бап Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасы бойынша, Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің бастамасы бойынша қабылдаған шешіммен өткізілетін жалпыхалықтық референдумда енгізіледі. Жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, жалпыхалықтық референдум өткізілді деп саналады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан Қазақстан Республикасы азаматтарының жартысынан астамы жалпыхалықтық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды жақтап дауыс берсе, олар қабылданды деп саналады. 93-бап Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың Конституцияның 2-бабы 7-тармағының және 43-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы Конституциялық Сот қорытындысы болған жағдайда олар жалпыхалықтық референдумға шығарылады. XI бөлім Қорытынды және өтпелі ережелер 94-бап Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады. Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады. 95-бап 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатады.Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс. Бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайдың келісімімен Вице-Президентті тағайындауға тиіс. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тағайындалған Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары Конституциялық Соттың жаңа құрамы қалыптастырылғанға дейін өз өкілеттігін сақтайды. Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелері бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тағайындалған Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелері Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның жаңа құрамы қалыптастырылғанға дейін өз өкілеттігін сақтайды. Жоғарғы Сот Төрағасы, Ұлттық Банк Төрағасы, Бас Прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сайланған (тағайындалған) Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттың судьялары, мәслихат депутаттары, өзге де лауазымды адамдар өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздер бойынша өкілеттігі тоқтатылғанға дейін сақтайды. 96-бап Конституция күшіне енген күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкес келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды. Конституция күшіне енген күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған Конституциялық Кеңестің және Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайды" Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар аз үйленетін болған Қазақстанда некеге тұрғандар саны азайды. Ұлттық статистика бюросы дерегіне сәйкес, 2025 жылы шамамен 115 мың неке тіркелген, некелесу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69 болды. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда аз: 2024 жылы - 123,6 мың, 2023 жылы - 120,8 мың, 2022 жылы - 128,3 мың, - деп хабарлайды Tengri Life. Қалалық жерде 78,9 мың неке тіркелсе (68,1 пайыз), ауылдық жерде – 37 мың (31,9 пайыз). Некеге тұрған ер адамдардың орташа жасы 27 жас 9 ай, әйелдер – 25 жас 3 ай. 2025 жылы некелесу көрсеткіші ең жоғары болған өңірлер: Астана - 1000 адамға 6,75; Қарағанды облысы - 6,32; Шығыс Қазақстан облысы - 6,27. Ең аз неке Қызылорда облысында тіркелген (1000 адамға 5,06). Отбасын құрған әрбір үшінші қазақстандық үшін бұл алғашқы неке болған. "Ер адамдар арасында алғаш рет некеге тұрғандардың үлесі 77 пайыз, әйелдер арасында 78 пайыз болды. Ажырасқаннан кейін некеге қайта тұрғандардың үлесі ер адамдар арасында – 22 пайыз, әйелдерде – 21 пайыз", - делінген бюро хабарламасында. Некенің басым бөлігі жаз айларында тіркелген. Осы үш айда 37 мыңнан аса жұп қарым-қатынасын ресми түрде тіркеді: маусым – 11 848, шілде – 12 955, тамыз – 12 418. Ажырасу мәселесі 2025 жылы 45,7 мың жұп ажырасқан. "Қалалық жерлерде 34 мың (74,4 пайызы) ажырасу тіркелса, ауылдық жерлерде - 11,7 мың (25,6 пайыз)", - дейді ұлттық бюро өкілдері. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,24 болды. Ең көп ажырасу тіркелген өңірлер: Павлодар облысы - 3,43; Қарағанды облысы - 3,41; Солтүстік Қазақстан облысы - 3,28. Ажырасудың ең төмен деңгейі Түркістан облысында - 1000 адамға 1,03. Көбіне жұптар үйленгеннен кейін 1–4 жыл ішінде ажырасады (35 пайыз), бірінші жылы-ақ ажырасқандар үлесі 8 пайыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран Қауіпсіздік кеңесі хатшысының өліміне жауап ретінде Израильге қарсы жаңа шабуылдар жасалатынын жариялады Иран елдің Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қазасы үшін кек алу мақсатында Израильге зымыран шабуылының жаңа толқыны басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы сәрсенбі, 18 наурызда IRNA агенттігі өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді. Агенттік мәліметінше, Тель-Авивке жасалған шабуыл туралы Ислам революциясының сақшылар корпусы хабарлаған. "Қатыгез израильдік режимнің зұлымдық орталығы - Тель-Авив "Шынайы уәде - 4" операциясының 61-ші толқыны барысында шейіт болған доктор Әли Лариджани мен оның серіктестерінің қаны үшін кек алу ретінде көп зарядты "Хорремшехр-4", көп зарядты "Кадр", сондай-ақ "Имад" және "Хайбар-шкан" зымырандарымен атқыланды", - делінген хабарламада. Иран тарапы мәліметінше, "Хорремшехр-4" және "Кадр" зымырандары Израильдің көпдеңгейлі әрі аса заманауи Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін бұзып өтіп, 100-ден аса әскери және күзет нысанына соққы берген. Бұл шабуылдан кейін Тель-Авивтің бір бөлігінде электр жарығы сөніп, жағдайды бақылау мен ел ішіндегі күштердің көмек көрсетуі қиындағаны хабарланды. Еске сала кетейік, Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Тегеранда қаза тапты. БАҚ мәліметінше, ол АҚШ пен Израиль жойғыш ұшақтарының шабуылы кезінде ұлы, орынбасарларының бірі және оққағарларымен бірге мерт болған. Иран Президенті Масуд Пезешкиан Лариджанидің қазасына байланысты көңіл айтып, бұл үшін қатал кек алуға уәде берді. Әли Лариджани Ирандағы ең ықпалды тұлғалардың бірі саналған, ол 67 жаста еді.
Үкіметте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні жарияланды Қазақстанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 18 наурызда Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Оның айтуынша, 20 наурызда палаталардың бірлескен отырысында "Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Заң жобасы қазірдің өзінде Парламентте. "Биылғы 20 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында бірінші оқылымды өткізу, 27 наурызда - екінші оқылымды өткізу жоспарланып отыр", - деді Жұманғарин. Ол құжат жаңа Конституцияны және Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауын іске асыру аясында әзірленгенін атап өтті. "Заң жобасы Алатау қаласының жедел экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін арнайы құқықтық режим енгізуді көздейді. Атап айтқанда, ерекше салықтық және бюджеттік шарттарды қолдану, цифрлық активтер айналымын реттеу, пилотсыз технологияларды дамыту және халықаралық стандарттарды енгізу қарастырылған", - деп қосты Жұманғарин. Сондай-ақ құжат жергілікті басқару органдарының құрылымы мен өкілеттіктерін айқындайды, сондай-ақ инвестицияларды қорғау және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қарастырады. Вице-премьердің айтуынша, наурыздың аяғына дейін заң жобасын Мемлекет басшысының қарауына енгізу жоспарланып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Уәде етілген жұмыс тұзаққа айналған: 18 жастағы қазақстандық зорланғанын мәлімдеді Шымкентте әлеуметтік желі арқылы жұмыс іздемек болған 18 жастағы студент зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Уәде етілген жұмыс интим қызмет көрсетуге мәжбүрлеумен аяқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv. Жәбірленушінің айтуынша, қала тұрғындарының бірі оған қатысты зорлық-зомбылық әрекет жасаған. Бұл ретте бойжеткеннің туыстары күдікті де, ұйымдастырушылар да осы уақытқа дейін жауапқа тартылмағанын алға тарттып отыр. Аты-жөнін жасыруды өтінген жәбірленуші оқиғаның былтыр жазда болғанын айтып берді. Ол әлеуметтік желідегі жұмыс туралы хабарландыруға жауап беріп, айтылған ғимаратқа барған. Алайда онда "боди-массаж" қызметі көрсетілетіні белгілі болған. Ал қыз ол жерден шыға алмай қалған, оны күштеп ұстаған. "Мені ішке күштеп кіргізді. Сыртқа шықпақ болғанымда, есіктің алдында күзетшілер тұрды. Жылап, айқайлағаныма қарамастан, бір жігіт жібермей ұстап тұрды. Сосын маған ешкім тиіспейді, тек массаж жасасаң болды деп уәде берген соң келістім. Басынан-ақ бас тартуым керек еді", - дейді жәбірленуші. Қыздың арыз-шағымына қарамастан, ғимарат монша ретінде жұмысын жалғастырып жатқан көрінеді. Қыздың ата-анасы құзырлы органдардың осы уақытқа дейін ешқандай шара қолданбағанына наразы. Олар өз өміріне қауіп төне ме деп қорыққандықтан, журналистермен кездесуге бастарын орап келген. "Бұл қашан бітеді? Егер ертең қызымды шетелге күштеп әкетсе немесе өлтіріп кетсе, мен не істеймін? Егер істі тоқтатпасаңдар, көздеріңді жоямыз деп бірнеше рет қоқан-лоқы көрсетті", - деді жәбірленушінің анасы. Жәбірленушінің отбасы тек зорлық-зомбылық жасаған ер адамды емес, қызды алдап шақырған ұйымдастырушыларды да жауапқа тартуды талап етті. Сондай-ақ, туыстары істі сотқа өткізуді тездетуді сұрайды, делінген сюжетте. Бұл ретте Шымкент Полиция департаменті зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. "Күдікті тұлға ұсталып, полицияға жеткізілді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп толықтырды ведомство. Талғардағы зорлау, кісі өлтіру және адам ұрлау: прокурор басты күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Семей тұрғыны нейрожелі көмегімен жасаған суреті үшін жазаланды Семейде нейрожелі көмегімен сурет жасап, полицияға жүгінген ер адам жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы сәрсенбі, 18 наурызда Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. "17 наурызда сағат 20:00-де call-орталыққа Гастелло көшесінде өндірістік цехты су басқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел қызметтер дереу жіберілді, алайда ақпарат расталмады. Су басу дерегі анықталған жоқ", - деп түсіндірді ведомство. Тексеру барысында полицейлер хабарламаға негіз болған суреттердің жасанды интеллект көмегімен жасалғанын және шындыққа сәйкес келмейтінін анықтады. Полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды анықтап, оны жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартты. Департамент жалған материалдар, оның ішінде ЖИ көмегімен жасалған ақпарат адамдарды жаңылыстыруы мүмкін екенін еске салды. Оларды әзіл ретінде таратқаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Облысының Полиция Департаменті (@abai_department_police) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да заңсыз схемамен 128 миллион теңге “табыс“ тапқан күдікті әшкере болды ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Оралда заңсыз микрокаржы қызметін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеу мәліметі бойынша "Аванс 07" ЖШС басшысы тиісті лицензиясыз азаматтардан зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген. Бұл қызмет "Уральск Золото" атты дүкеннің жұмысы ретінде көрсетіліп, жасырын түрде жүргізілген. Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген, ал пайыз зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген. "Осы заңсыз қызметтің нәтижесінде 2 мыңнан аса қарыз берілген. Қылмыстық жолмен келген табыс көлемі 128 миллион теңгеден асқан. Сот санкциясымен күдіктінің көлігіне, 6 миллион теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды", - делінген хабарламада. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ ауқымды арнайы операция жүргізді: 40 адам ұсталды ІІМ шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция барысында адамдарды есірткі бизнесіне тартудың трансұлттық схемасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. ІІМ мәліметінше, ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы "жалақысы жоғары жұмыс" туралы жарнама таратқан. Заңды жұмыс атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан. Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған. "Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды. Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды", - делінген хабарламада. Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысындағы отбасының өлімі: күдіктіге тағы бір айып тағылды Атырау облысының Жангелдин ауылында отбасын қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге тағы бір бап бойынша айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болды? ІІМ баспасөз қызметі редакцияның ресми сауалына берген жауабында күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады: 99-баптың 2-бөлігі – "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру"; 188-баптың 2-бөлігі – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық". "Атырау облысы Полиция департаменті бірнеше кісіні өлтіру және олардың мүлкін жымқыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - деп хабарлады ІІМ. Ведомство сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады, алайда ресми жауапта күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекетіне құқықтық баға беру туралы айтылмаған. Атырау облысындағы қанды қылмыс 2025 жылғы 25 желтоқсанда полицияға Атырау облысының Жангелдин ауылында отбасы жоғалып кеткен туралы туыстары хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан. Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды. Фото: полицияның баспасөз қызметі Төрт адам іздестірілді: 66 жастағы Мақсот Қарабалин; 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева; 35 жастағы қызы Мирамгүл Қарабалина; 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев. 6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны, отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев. Күдіктіні іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді. 24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. 9 наурыз кешке Атырау маңындағы Геолог шағынауданынан Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіті табылғаны белгілі болды. Оларды басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев бұрын жалға алған үйдің ауласынан тапқан. 11 наурызда Атырау облысында ұзақ іздеу жұмыстарынан кейін мәйіттері табылған Наурыз бен Мирамгүл Мұқанғалиевтерді жерлеу рәсімі өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атбасардағы азаптау ісі: түзеу мекемесінің 12 қызметкеріне қатысты ақтау үкімі жойылды Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атбасар ауданындағы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 12 қызметкеріне қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. Іс қайта қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері Атбасардағы түзеу мекемесінде сотталғандарға заңсыз ықпал ету әдістерін қолданды деп айыпталған (ҚК-нің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы - "Азаптау"). 2025 жылғы желтоқсанда ҚАЖК қызметкерлері алқабилердің шешімімен кінәсіз деп танылып, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен қылмыс оқиғасының болмауына байланысты ақталған. 2026 жылғы 17 наурызда облыстық сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қайта қарау барысында процессуалдық заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, алқабилер құрамында бұрын соттылығы бар адам болғаны; соттың ескертулеріне қарамастан, алқабилердің көзінше қорғау тарапы жәбірленушілердің абыройына нұқсан келтіретін мәлімдемелерге жол берген, бұл дәлелдемелерді бағалауға және алқабилердің пікіріне кері әсер еткен; алқабилердің қатысуымен талқылауға жатпайтын жәбірленушілерге қатысты мәліметтер жария етілген. "Сонымен қатар, сот алқасы қорғаушының заңсыз әрекеттеріне байланысты Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың жеке қаулысын өзгеріссіз қалдырды және іс бойынша мемлекеттік айыптаушылардың заң нормаларын бұзғаны жөнінде Бас прокурордың атына жеке қаулы шығарды", - делінген Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің хабарламасында. Осыған байланысты ҚАЖК қызметкерлеріне қатысты ақтау үкімінің күші жойылды. Іс қайта қаралады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Франция президентімен телефон арқылы сөйлесті Француз тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында француз көшбасшысы Қазақстан Президентін жаңа Конституцияға арналған жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады. Ол аталған уақиғаның тарихи маңызын, сондай-ақ елді одан әрі жаңғырту жолындағы қарышты қадам екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің қолдауы және референдум нәтижесіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтты. Тараптар экономикадағы, әсіресе, индустрия мен энергетика салаларындағы өзара ықпалдастыққа көңілдері толатынын, сондай-ақ осы бағыттағы бірлескен күш-жігерді жалғастыруға бейіл екендерін жеткізді. Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында алдағы уақытта кездесуге уағдаласты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде жұмыс кеңесін өткізді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен биыл 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясын іске асыру мәселесі жөнінде жұмыс кеңесі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кеңеске Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев және әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қатысты. Президент бүгін «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғанын атап өтті. Мемлекет басшысы алда заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін жаңа Конституцияға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс тұрғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарының қызметін айқындайтын заңдарды түзеу қажеттілігіне назар аударды. Жалпы, алты конституциялық заң және өзге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде үш заң қабылдау қажет. Конституция күшіне енетін күнді ескере отырып, тиісті заңдарды Парламент сессиясы аяқталғанға дейін қабылдау керек. Мемлекет басшысы заңдарды сапалы әрі уақтылы әзірлеп, қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Үкімет заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді кешіктірмей түзеуі тиіс. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Талдықорғанда 24 сағаттан аса жұмыс істеген дәрігерлерге үстемеақы төленбеген Талдықорғанда медицина қызметкерлері заңсыз қосымша жұмысқа тартылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап. Прокуратура тексерісі барысында Талдықорған көпсалалы ауруханасында медицина қызметкерлері 24 сағаттық кезекшіліктен кейін демалыссыз қосымша жұмысқа тартылғаны анықталды. Айлық және жылдық қосымша жұмыс сағаттары шектен асып кеткен. "Қаңтарда кейбір қызметкерлер 216 сағатқа дейін қосымша жұмыс істеген, бұл нормативтен әлдеқайда жоғары. Сонымен қатар, осындай жұмысқа төлем біркелкі мөлшерлеме бойынша төленген, ал Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес кемінде 1,5 есе үстемеақы төленуі тиіс. Жалпы, 700-ден астам қызметкердің құқықтары бұзылған", - делінген хабарламада. Қалалық прокуратура тиісті ұсыныс енгізді, нәтижесінде медицина қызметкерлерінің құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Пәкістан премьер-министрі Тоқаевты референдумның табысты өтуімен құттықтады Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумның табысты өтуімен құттықтады. Пәкістан Премьер-министрі мемлекеттік басқару жүйесі мен институционалдық орнықтылықты одан әрі нығайтуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бұл уақиғаның тарихи маңызын атап өтті. Шахбаз Шарифтің айтуынша, бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесі Қазақстан азаматтары Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын кеңінен қолдайтынын көрсетті. Мемлекет басшысы құттықтауы мен референдум қорытындысын жоғары бағалағаны үшін Пәкістан Премьер-министріне алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің оң қарқынына көңілдері толатынын айтты. Осы орайда Президенттің биыл ақпан айында Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Мемлекет басшысы мен Пәкістан Премьер-министрі өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қырғызстанда Ташиевтің ұлы жауап алуға шақырылды Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің ұлы Тай-Мұрас милицияға жауап алуға шақырылған. Бұл туралы дереккөз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап. Әзірге ресми ақпарат жоқ. Елдің Ішкі істер министрлігі де бұл ақпаратты растамады. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Тай-Мұрас Тәшиевтің есімі мүлік мәселелері мен бизнес операцияларға байланысты талқылауларда айтылған еді. Алайда оның өзі бұл айыптауды көпшілік алдында жоққа шығарды. Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған. Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев Еуропада емделіп жатқаны да айтылды. Кейінірек Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиев қызметінен кеткеннен кейін жеке кездескенін мәлімдеді. 17 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстаннан ұшып кеткені белгілі болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы 2024 жылғы деңгейге дейін төмендеді 17 наурыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстандағы доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 479,02 теңге болып, 6,59 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, бұл - 2024 жылдың қыркүйегінен бергі ең төменгі деңгей. Ұлттық банктің 17 наурызға арналған ресми бағамы бір доллар үшін 486,20 теңгеге тең. Айта кетейік, 17 наурызда таңертең Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы күрт төмендеді. kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана мен Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа бағамы мынадай: Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы сатып алу – 479,23 теңге; сату – 482,06 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы сатып алу – орта есеппен 476,10 теңге; сату – 483,10 теңге. Еске салсақ, 6 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаған болатын. Ол +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды.
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру қашан басталады? 17 наурыздан бастап әкім орынбасарларының төрағалығымен қалалық және аудандық мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиялары өз жұмысына кірісті. Осы көктемде қанша адамның әскер қатарына алынатыны туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ведомство мәліметінше, 30 маусымға дейін 18-27 жас аралығындағы 21 мыңнан аса азаматты Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына шақыру жоспарланып отыр. "11 мыңнан аса адам Қарулы күштерге, 7 мыңнан аса адам ІІМ Ұлттық ұланына, 2 мыңға жуық адам ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ге жуық адам Төтенше жағдайлар министрлігіне, 300 адам Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады", – деді ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Алмас Исабеков. Сондай-ақ ол азаматтарға шақыру SMS-хабарлама және eGov порталындағы хабарландырулар арқылы кемінде үш күн бұрын жіберілетінін еске салды. Мұндай хабарламалар ресми шақыру болып есептеледі. Шақырту алған азамат жергілікті әскери басқару органына немесе шақыру пунктіне келуге міндетті. Дәлелді себепсіз келмеу заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Жағдайға байланысты азаматқа әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін, ал әскерден әдейі жалтарған жағдайда қылмыстық жауапкершілік. Айта кетейік, бұған дейін Президент Тоқаев белгіленген мерзімін өтеген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2026 жылдың наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Президент парламент сайлауы қашан өтетін айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алда ауқымды жұмыс тұрғанын, мемлекетті жан-жақты жаңғырту жолын енді ғана бастағанымызды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Дүние дүрбелеңге толып, айналамызда тұрақсыздық белең алған жағдайда бұл жолды еңсерудің оңай болмайтыны, түрлі кедергімен бетпе-бет келетініміз анық. Алайда жолдың қиындығына қарамай, алға қадам басуымыз керек. Ол үшін ұлтымыз ауызбіршілік танытып, жауапты әрі жасампаз патриотизмнің, терең білім мен кәсібиліктің үлгісін көрсетуі қажет. Біз көздеген мақсатымызға жетеміз. Жеңімпаз болуға міндеттіміз!" - деді Президент. Мемлекет басшысының сөзінше, бүгін қол қойған Жарлық Ата заң ережелерін жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен шараларын айқындайды. "Көп ұзамай Парламент қарауына Президент, Құрылтай, Халық Кеңесі, Астананың мәртебесі және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жаңа бес конституциялық заң енгізіледі. Сонымен қатар сегіз конституциялық заңға және 60-тан астам заңға, соның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енгізу қажет". "Заң шығару үдерісі алдағы парламент сайлауымен қатар жүреді. Сайлауды жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін тиісті заңнамалық база әзірлеуді толықтай аяқтаған жөн. Елімізді құқықтық және саяси тұрғыдан түбегейлі жаңғырту жыл соңына дейін, тіпті, келесі жылы да жалғасуы мүмкін. Алдымызда қазіргі билік институттарын реформалап, жаңасын құру, сондай-ақ олардың құрылымы мен кадрлық құрамын өзгерту міндеті тұр", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев референдумда белсенділігі жоғары болған өңірлерді атады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен референдумда жаңа Конституцияны қолдаған азаматтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент бұл референдум берекелі бірлік пен ырысты ынтымағымыздың тағы бір өнегелі көрінісі және нышаны болғанын айтты. "Біз халқымызға тән нағыз отаншылдық рухын сезіндік, олардың риясыз қолдауына куә болдық. Мемлекет тағдырына бей-жай қарамай, дауыс беру науқанына атсалысқан барша азаматқа зор алғыс айтамын! Ұлт мүддесін терең түсініп, Ата заңды қолдап, дауыс беруді тарихи миссия санаған жұртшылыққа шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл орайда, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда облыстарының және басқа да аймақтардың Ата заңды мақұлдап, дауыс берген тұрғындарына алғысымды айтқым келеді", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев әкімшілік істер бойынша рақымшылық болатынын жариялады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның қабылдануына орай өткен салтанатты рәсімде әкімшілік істер бойынша рақымшылық болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының сөзінше, Халық Конституциясы – стратегиялық сенім мандаты және ұзақмерзімді мақсаттар мен өрлеу жолына бастайтын жаңа қоғамдық келісім. Сондықтан еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты деп сеніммен айтуға болады. Соған сәйкес, мемлекет пен азаматтардың ықпалдастығы қайта жаңғыруы қажет. "Өздеріңізге мәлім, былтыр қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалды. Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады. Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек. Бұл – Негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам", - деді Президент. "Жаңа Конституция – халқымыздың ынтымақ-бірлігінің жарқын символы. Оның баптарында әрбір қазақстандықтың арманы мен аңсары, ұрпағының баянды болашағына деген үміті мен сенімі көрініс тапқан. Ата заң барша азаматтың – Отанымыздың шынайы патриоттарының басты бағдарына айналады. Қазақстанның жаңа Конституциясы – әлемдік өркениеттің биігіне бет алған ұлтымыздың берік әрі мызғымыз тұғыры. Менің бұған ешқандай күмәнім жоқ. Сіздердің де шүбәларыңыз болмайды деп ойлаймын", - дейді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді - Тоқаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиға болғанын айтты. "Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық. Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дегім келеді!", - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция – мемлекетіміздің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешек тағдырына тікелей әсер ететін тарихи құжат екенін айтты. "Бұл – шын мәнінде Халық Конституциясы. Оның жобасы шамамен екі жыл бұрын пысықтала бастады. Кейін мұқият талқыланып, зерделеніп жазылды. Конституциямыз – табанды ұжымдық еңбектің нәтижесі. Біз бүгін бір ел болып ұлт жылнамасының жаңа межесіне өттік, түбегейлі өзгерістердің сапасы және мазмұны ерекше бірегей кезеңіне аяқ бастық. Кеше ғана елімізде жалпыхалықтық референдум ойдағыдай өтті. Оған жұртшылық жаппай белсене қатысты. Азаматтарымыз өз таңдауын жасады, халқымыз бір кісідей жаңару мен жаңғыру жолын жақтап дауыс берді. Халқымыз Отанымыздың болашағы үшін өте жауапты сәтте жұмыла еңбек етті, ортақ іске орасан зор үлес қосты. Ұлы Абайдың "Бірлік – ақылға бірлік" деген өсиет сөзі осындай кезде айтылған болса керек". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөніндегі жарлыққа қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және "2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада. Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі Айта кетейік, 17 наурызда Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің ресми қорытындысын жариялады. ОРК мәліметтері бойынша, жаңа Конституцияны қабылдауды 7 954 667 азамат қолдап дауыс берген. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 87,15 пайызы болады. 898 099 адам қарсы дауыс берген. Орталық референдум комиссиясы Еске салайық, 2026 жылы 12 ақпанда жаңа Конституция жобасы жарияланды. Жаңа Конституция референдумда қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған. Дауыс беру 15 наурызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақордада Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтіп жатыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақордада өткен іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты. Құрмет қарауылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын салтанатты түрде ортаға алып шыққан соң еліміздің Әнұраны орындалды. Кейін Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумның қорытындысын жариялады. Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және "2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды. Суреттер: Ақорда Айта кетейік, 17 наурызда Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің ресми қорытындысын жариялады. ОРК мәліметтері бойынша, жаңа Конституцияны қабылдауды 7 954 667 азамат қолдап дауыс берген. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 87,15 пайызы болады. 898 099 адам қарсы дауыс берген. Орталық референдум комиссиясы Еске салайық, 2026 жылы 12 ақпанда жаңа Конституция жобасы жарияланды. Жаңа Конституция референдумда қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған. Дауыс беру 15 наурызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Отбасылық жанжал: Рахат Тұрлыханов қылмыстық бап бойынша жазалануы мүмкін Бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов отбасындағы жанжалға байланысты қылмыстық бап бойынша жазалануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Не болған? 15 наурызда Рахат Тұрлыханов жұбайын соққыға жықты деген күдікпен ұсталды. Келесі күні, 16 наурызда, бұрынғы әншінің ісі Алматы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Хаттамаға сәйкес, ол үйінде әйелімен жанжалдасып, балағат сөздер айтқан, сондай-ақ айғай-шу шығарып, үйдің тыныштығын бұзған. Сот процесінде айыпталушының әйелі күйеуі оны ұрмағанын және балағаттамағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, олар тек ажырасу мәселесіне байланысты сөзге келіп қалған. Тұрлыхановтың өзі де араларында кикілжің болғанын растады, бірақ күш қолданбағанын айтты. Қылмыстық бап бойынша тексеру Тараптардың уәжін тыңдаған сот ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша істі тоқтатты, бірақ іс материалдарын одан әрі тексеру үшін Медеу ауданының прокурорына жолдады. "Сот шешімі бойынша, іс материалдары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 742-бабына сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін прокурорға және соталды тергеу органына жіберілді, бұл ретте жәбірленушінің дене жарақатын келтіру туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған алғашқы арызы ескерілді", - деп мәлімдеді сот. Еске сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Рахат Тұрлыханов жұбайын соққыға жыққаны үшін сот алдында жауап берген болатын. Ол кінәсін мойындап, әйелі татуласқандарын айтқан еді, алайда құқықбұзушылықтың қайталануын ескере отырып, сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындаған. Кейінірек ерлі-зайыпты бейнеүндеу жариялап, онда әйелі отбасында бәрі жақсы екеніне сендірді. БАҚ өкілдері бұл бір жыл ішіндегі осындай екінші заңбұзушылық екенін атап өткен еді.
ШҚО-да бес қабатты үйдің тұтас бір кіреберісі 25 жыл бойы бос тұр Шығыс Қазақстанның Алтай қаласында бес қабатты үйдің тұтас бір кіреберісі ширек ғасырдан бері бос тұр. Қаңырап қалған пәтерлер жасөспірімдер мен түрлі топтар жиналатын орнына айналған. Бұл туралы 24.kz телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Үй тұрғыны Вера Шатравконың айтуынша, жұрт "бір жамандық болмасын" деп үнемі қауіптеніп отырады. Оның сөзінше, бос пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті де табылған. Тұрғындар жергілікті биліктің бұл мәселені шешкенін күтуден шаршаған. "Жыл сайын бұл жерді қалпына келтіріледі деп үміттенеміз. Алдымен барлық терезені картонмен жауып тастады, оны балалар бүлдіріп кетті. Мамандар келіп, жөндеу жүргізеді деді. Соңында бұл жерден мәйіт шықты. Тағы да әкімді шақырттық. Олар үйдің осы бөлігін, яғни үштен бірін бұзатынын айтты. Бірақ бұған қарсы шықтық, өйткені үй қисайып кетуі мүмкін", - дейді Вера Шатравко. Қаңыраған кіреберіс бүкіл үйдің жағдайына кері әсерін тигізіп тұр. Көрші пәтерлердің қабырғаларын қырау басады, ал ортақ жертөлені әр көктем сайын су алады. Судың кесірінен жылу құбырлары да шіріп жатыр. "Мен бүкіл үй үшін алаңдаймын. Жертөле ортақ, жылу жүйесі де сол жақтан келеді, яғни айналым жасап тұр. Су басқанда маусымға дейін жертөледе тізеден келетін су тұрады. Ал жылу құбырлары судың астында қалады. Соның салдарынан бәрі тот басып жатыр", - дейді үйге қарайтын Вячеслав Гордеев. Тұрғындар суды өздері сорғытып, қарды да өз күштерімен тазалайды. Бірақ бәріне үлгеру қиындап барады. Иесіз қалған кіреберісте 22 пәтер бар. Бұл нысан ұзаққа созылған сот процестерінен кейін, осыдан он жылдай бұрын иесіз деп танылып, коммуналдық меншікке өткен. Алайда оны жөндеуге бюджеттен қаражат бөлінбеген. Сонымен қатар, Алтай ауданында 1300-ден аса адам баспана кезегінде тұр. Енді ғана мәселенің шешімі көріне бастады. "Бүгінде ТҮКШ бөліміне жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бес миллион теңге бөлінді. Конкурс процедуралары аяқталып, жобалаушылар жұмысқа кірісті. Жобаны іске асыру құны қанша болатынын қазір айту қиын. Бірақ келесі жылы бұл кіреберісті кезекте тұрғандарға пәтер ретінде беру үшін қалпына келтіру жұмыстары басталады деп ойлаймын", - деді Алтай әкімі Сергей Охременко. Бұл пәтерлер жақын маңда салынып жатқан жаңа өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне берілуі де мүмкін. Ал тұрғындар үшін ең бастысы - ширек ғасыр бойы бос тұрған кіреберістің бүкіл үйге зардабын тигізуі тоқтаса болғаны.
Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар арзандап жатыр Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 11:50-дегі жағдай бойынша Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 485 теңгеден сатылып, 478–479 теңгеден сатып алынып жатыр. Ал Алматыда америкалық валюта 480–481 теңгеден сатылып, шамамен 478 теңгеден сатып алынып жатыр. Айта кетейік, 16 наурызда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 486,20 теңге болып, 4,49 теңгеге төмендеген еді. Сол күні Астанада доллар орта есеппен 491,04 теңгеден сатылып, 484,04 теңгеден сатып алынған. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде сату бағамы 487,91 теңге, ал сатып алу 485,43 теңге болған. Бұл ретте Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген 17 наурыздағы ресми бағам – 1 доллар үшін 486,20 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы 7-сынып оқушысының өлімі: жекеменшік мектеп пікір білдірді Алматыда жекеменшік мектептердің бірінде оқитын 7-сынып оқушысының қаза болуына байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға жайлы не белгілі? Оқушының қаза тапқаны туралы ақпаратты редакцияға оқырман хабарлады. Аноним түрде мәлімет берген дереккөздің айтуынша, оқиғаға оқу үлгерімі мен бағаларға қатысты қиындықтар себеп болуы мүмкін. Мектепте не дейді? Жекеменшік мектеп әкімшілігі редакцияның ресми сауалына жауап берді. Олардың мәліметінше, қайғылы жағдай оқу орнының аумағынан тыс жерде болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы құзырлы органдар тарапынан анықталып жатыр. Мектеп әкімшілігі қыздың онда ұзақ уақыт оқымағанын, ал оның оқу мерзімі мен басқа да жеке деректер тек заң аясында ғана берілуі мүмкін екенін жеткізді. "Мектеп ұжымы оқушының отбасына қайғырып көңіл айтады және өз құзыреті шеңберінде қажетті қолдау көрсетіп жатыр", – делінген хабарламада. Сондай-ақ білім беру мекемесі қауіпсіздік талаптары сақталатынын және оқушыларға психологиялық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Мамандар оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақты бақылауда ұстайтыны айтылды. Қылмыстық іс қозғалды Бұған дейін Алматы Полиция департаменті бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаған. "Аталған дерек бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді полиция өкілдері. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркелген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Кубаға қатысты мәлімдеме жасады АҚШ президенті Дональд Трамп Кубаны бақылауға алуды өзі үшін "құрмет" санайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNBC-ге сілтеме жасап. Журналистер алдында сөз сөйлеген Трамп арал мемлекетіне қатысты даулы әрі батыл мәлімдемелер жасады. "Мен Кубаны жаулап алу құрметіне ие болатыныма шынымен сенемін. Бұл керемет болар еді. Бұл үлкен құрмет. Мен оны босатып немесе жаулап ала аламын, менің ойымша, мен онда қалағанымды істей аламын", - деді Трамп. Бұл АҚШ президентінің Куба туралы алғашқы мәлімдемесі емес. Бұған дейін ол ондаған жылдар бойы қарым-қатынасы шиеленісті болып келген мемлекетке қатысты "достық жолмен басып алу" мүмкіндігін де айтқан болатын. Еске салайық, Николас Мадуро ұсталғаннан кейін Ақ үй Гавананың венесуэлалық мұнайға қолжетімділігін іс жүзінде шектеді. Бұл Кубадағы энергетикалық және экономикалық дағдарысты ушықтырды. Отын тапшылығы салдарынан билік ел бойынша электр энергиясын кезекпен өшіру тәртібін енгізіп, кейбір мемлекеттік қызметтерді шектеуге мәжбүр болды. Осы жағдай аясында 14–15 наурыз күндері елде наразылық акциялары өтіп, кей жерлерде жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. 16 наурыз, дүйсенбіде, ұлттық деңгейдегі апат салдарынан Кубаның 10 миллион халқы толықтай жарықсыз қалған. Өткен аптада Куба билігі Трамп әкімшілігімен жағдайды реттеу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Мұны Трамптың өзі де растады. Ол Кубаны "мұнайы жоқ, бірақ жері әдемі, күйреген мемлекет" деп атады. Бұған дейін Трамп Кубамен келіссөздер жалғасып жатқанын айтып, Иран мәселесі шешілгеннен кейін арал мемлекетіне қатысты қосымша қадамдар жасалуы мүмкін екенін мәлімдеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Орталық референдум комиссиясы екі талап-арыз түскенін хабарлады Қазақстандағы республикалық референдумда дауыс беру күні соңында екі талап-арыз қаралғаны белгілі болды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы мүшесі Әсел Жанәбілова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, екі іс те сотта қаралғанымен, талапкерлердің уәждері расталмаған. Бірінші арыз Ақтөбе облысындағы учаскеде Брайль қарпімен жазылған трафареттің оқылмауына қатысты болса, екіншісі Астанада бақылаушыны учаскеден шығару туралы шешімге шағымдануға байланысты болған. Нәтижесінде соттар екі жағдайда да талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан. Жалпы, дауыс беру күні әртүрлі мәселелер бойынша 35 өтініш түскен. Олардың басым бөлігі референдум заңнамасын түсіндіру, дауыс беру процесін ұйымдастыру, учаскелік комиссиялардың жұмысы және шетелде дауыс беру тәртібі сияқты сұрақтарға қатысты болған. Барлық өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, кейбірі өңірлік комиссиялар мен басқа да органдарға жолданған. Өңірлер бойынша ең көп өтініш Астанада тіркелген – 11. Алматыда 6, Маңғыстау облысында 4 өтініш болған. Шымкентте, сондай-ақ Абай облысы мен Қызылорда облысында үштен тіркелген. Ал Алматы облысы, Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы және Павлодар облысында бір-бірден шағым түскен. "Өтініштер референдумның мәні, дауыс беру тәртібі, учаскелерді өзгерту, сырттай дауыс беру куәліктерін алу және ықтимал заңбұзушылықтар сияқты мәселелерді қамтыған. Территориялық комиссиялар олардың 33-іне заң аясында жауап берген", - деді Жанәбілова. Орталық референдум комиссиясы барлық өтініш белгіленген тәртіппен қаралғанын атап өтті. Сонымен қатар, түскен шағымдар мен ескертулер референдумның өту барысына және қорытындысына айтарлықтай әсер етпеген. Айта кетейік, комиссия жариялаған қорытындыға сәйкес, жаңа Конституцияны қабылдауды 7 954 667 азамат (87,15 пайыз) қолдаған. Ал 898 099 адам қарсы дауыс берген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болып, бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті Ресейден ұсталды Бас прокуратура бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, күдікті 2023–2024 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ақпараттық жүйе пайдаланушыларын алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы ірі мөлшерде алаяқтық жасауға бірнеше рет жәрдемдескен. "Атап айтқанда, күдікті мен оның сыбайластары Instagram әлеуметтік желісін пайдаланып, азаматтардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде беріп, өз компаниялары арқылы ақша қаражатын инвестициялауға үгіттеген", - делінген хабарламада. Ақша қаражаттарын алғаннан кейін, оларды қылмыстық топ қатысушыларының арасында бөліп, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Алаяқтардың қылмыстық әрекеттері салдарынан Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі 75 азаматқа жалпы сомасы шамамен 80 миллион теңге көлемінде залал келтірілген. "Қылмыс жасалғаннан кейін 4 сыбайлас әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, ал соңғысы қылмыстық қудалау органдарынан бой таласап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылғы наурызда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды". Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына отыр. Оған тағылған айыптар бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза көзделген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран Ормуз бұғазын ашу үшін шарттар қойды - БАҚ Иран белгілі бір шарттар орындалған жағдайда Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне рұқсат беруге дайын. Олардың қатарында санкциялардың кепілді түрде алынуы бар. Бұл туралы ирандық Tasnim агенттігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап. "Ормуз бұғазының жұмысын қайта жандандыру мүмкіндігі санкцияларды кепілді түрде алып тастау, америкалық базаларды жабу, бұғатталған (ирандық - еск.) активтерді босату және доллардан бөлек валюталармен сауданы дамыту сияқты алдын ала шарттарға байланысты", - делінген хабарламада. Тегеран бұған дейін АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясына қатыспаған елдердің кейбір кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат бергенін мәлімдеді. Иран СІМ өкілі Исмаил Багаи бұғаз толық жабылмағанын, алайда кеме қатынасы белгілі бір шарттармен ғана жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ол бұл шарттардың нақты мәнін ашып айтпады. Бұған дейін жоғары лауазымды ирандық шенеунік CNN-ге Тегеран Ормуз бұғазы арқылы мұнай танкерлерін шектеулі түрде өткізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, бірақ олардың жүктері Қытай юані арқылы саудалануы тиіс екенін айтқан. Ислам революциясы сақшылары корпусы бұған дейін АҚШ пен Израиль елшілерін елден шығару бұғаз арқылы өтуді қалайтын мемлекеттердің кемелері үшін шарттардың бірі екенін мәлімдеген. Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнайдың шамамен 20 пайызы және сұйытылған табиғи газдың 30 пайызына дейінгі жеткізілімі өтеді. Сондықтан ол әлемдегі ең маңызды энергетикалық артериялардың бірі саналады. Иран АҚШ пен Израиль оған қарсы әскери операция бастағаннан кейін Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын іс жүзінде шектеген. Осы жағдай аясында әлемде энергия тасымалдаушылардың бағасы күрт өсті: әсіресе Парсы шығанағы елдерінен шығатын жанармай тиелген танкерлер тасымалды жүзеге асыра алмай отыр. Аймақтағы кейбір мұнай компаниялары форс-мажор жариялауға мәжбүр болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ақылы жолдарда төлем жасау ережелері өзгерді Көлік министрлігі ақылы жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізді. Тиісті бұйрыққа қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа өзгерістер ақылы жолдарды пайдаланушылар үшін төлем жасау тәртібін жеңілдетіп, икемдірек етуге бағытталған. Сондай-ақ жолақысын уақытында төлемеген жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайларын азайтуды көздейді. Бұған дейін қолданыста болған нормаға сәйкес, жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемеген жағдайда, сегізінші күні материалдар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес қарау үшін көліктік бақылау органдарына жіберілетін. "Енді жаңа тәртіп бойынша, егер жеке тұлға жол жүрген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар 31-ші күні заңнамада белгіленген тәртіппен көліктік бақылау органдарына жолданады. Сонымен қатар алғаш рет жеке және заңды тұлғалар үшін бөлек тәртіп енгізіліп отыр. Егер заңды тұлға есепті айдан кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көліктік бақылау органдарына жіберіледі", - делінген хабарламада. Аталған өзгерістер республикалық маңызы бар ақылы жол учаскелерімен жүргені үшін төлем жасауға жүргізушілерге қосымша уақыт береді. Қол қойылған бұйрық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа Конституция бойынша референдум: дауыс беру нәтижелері жарияланды Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің ресми қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ОРК мәліметтері бойынша, жаңа Конституцияны қабылдауды 7 954 667 азамат қолдап дауыс берген. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 87,15 пайызы болады. 898 099 адам қарсы дауыс берген. Орталық референдум комиссиясы Еске салайық, 2026 жылы 12 ақпанда жаңа Конституция жобасы жарияланды. Жаңа Конституция референдумда қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған. Дауыс беру 15 наурызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады? Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Наурыз мейрамында қалай демаламыз? Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер: 21 наурыз - сенбі; 22 наурыз - жексенбі; 23 наурыз - дүйсенбі. Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады. Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 21–25 наурыз - бес күн қатарынан демалыс (сенбі–сәрсенбі); аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері, 25 наурыз - жұмыс күні. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жапаров Тоқаевты Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады. Қырғызстан Президентінің пікірінше, жаңа Конституция бойынша дауыс беру қорытындысы қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру жолын толық қолдайтынын көрсетеді. Мемлекет басшысы жылы лебізі және Қырғызстаннан байқаушылар жібергені үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ конституциялық реформа мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын айтты. Тараптар қазақ-қырғыз сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екендерін растады. Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы кездесулердің кестесін пысықтады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар Жанәбіловтерге қанша ақша аударған: прокурор айыптау актісін оқыды Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев айыптау актісін оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айыптау актісіне сәйкес, заң бойынша Қазақстанда лотерея өткізу құқығына тек "Сәтті Жұлдыз" АҚ ресми операторы немесе оның тіркелген агенттері ие. Айыптау тарапының мәліметінше, бұл оператор мен Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова арасында ешқандай келісімшарт болмаған. Сонымен қатар, олардың лотерея қызметін жүргізуге лицензиясы болмаған және олар тіркелген агенттерге жатпайды. Прокурор онлайн-курстарды сату желеуімен айыпталушылар іс жүзінде адамдарды автокөліктер мен басқа бағалы сыйлықтардың ұтысына тартқанын мәлімдеді. Бұл ретте қатысу келісімшартта ресми түрде көрсетілмеген, акцияны өткізу шарттары, жеңімпаздарды анықтау тәртібі мен ережелер жарияланбаған. Жарнама науқаны блогерлердің Instagram-дағы жеке аккаунттары арқылы жүргізілген, онда бейнеороликтер, сторис жарияланып, сыйлықтар көрсетілген. Бір жарнамалық роликте ұтыс барабаны көрсетілген. Бұл ретте кейбір сыйлықтардың түсу ықтималдығы жасанды түрде өзгертілген. Мысалы, тергеу барысында 5 мың теңгелік сыйлықтың салмағы барлық сыйлықтардың жалпы салмағының 85,5 пайызы деңгейінде белгіленгені анықталды, бұл оның түсу ықтималдығын басқа сыйлықтармен салыстырғанда айтарлықтай арттырған. Сондай-ақ прокурор жарнама материалдарында қымбат сыйлықтарды, соның ішінде автокөліктерді ұтып алу ықтималдығы жоғары сияқты көрсетілгенін мәлімдеді. Алайда акцияның нақты шарттары өзгеше болып, автокөліктердің түсу ықтималдығы едәуір төмен болған. Сонымен қатар, жарнамалық науқан аясында қатысушыға "11-ші автокөлік" табысталады деп хабарланғанымен, тергеу барысында оның бар екендігі және кейін жеңімпазға берілгендігі туралы нақты деректер анықталмады. Акциялар аясында көрсетілген ұтыстар пен сыйлықтар қатысушылардың ақшасына сатып алынған, алайда жарнамада ұтыс қоры ұйымдастырушылардың өз қаражаты есебінен қалыптасқандай көрсетілген. Тергеу мәліметі бойынша, акциялар өткізілген кезеңде жобамен байланысты есепшоттарға 247 миллион 653 мың теңге түскен. Бүгін Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Олар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпталып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев тағы бір заңға қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Құжат Қазақстан бойынша турларды сатып алған кезде балаларға арналған ішкі әуе рейстерінің билет құнын субсидиялауды қарастырады. Бұған дейін депутат Никита Шаталов заң жобасы уәкілетті органға қосымша қолдау шараларын белгілеу құқығын беретінін айтқан. Атап айтқанда, мемлекет ел ішінде ұшатын кәмелетке толмаған жолаушылардың әуе билеттері құнын субсидиялайтын туристік пакеттер туралы сөз болып отыр. Сонымен қатар Қазақстанға келген әрбір шетелдік турист үшін кіру туризмімен айналысатын туроператорлардың шығынын субсидиялау қарастырылған. Депутаттың айтуынша, мұндай қолдау нақты нәтиже мен экономикалық тиімділікке бағытталады. Бұдан бөлек, заңмен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мәртебесі қосымша білім беру ұйымдары ретінде бекітіледі. Олар үшін мемлекеттік тапсырыс, жан басына шаққандағы қаржыландыру және оны бөлудің бірыңғай ережесі енгізіледі. Сонымен қатар деректерді есепке алу және мониторинг жүргізу үшін дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасын құру жоспарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Талғардың бұрынғы әкімі таксист болып жүр Талғардың бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы тағы да жұрт назарына ілікті. Бір ай бұрын қызметінен кеткен ол қалай күн көріп жүргенін айтты: бұрынғы шенеунік қазір жалға алынған көлікпен такси жүргізеді, - деп хабарлайды Tengri Life. Бұл туралы ол YouTube-тағы "УАҚЫТ КӨРСЕТЕДІ..." арнасына берген сұхбатында айтты. Әбілқайырұлының сөзінше, қызметтен кеткеннен кейін ол жұмыссыз отырғысы келмеген. Қазір такси жүргізіп, кейде түннің бір уағына дейін жұмыс істейді. "Үйде жай отырып алғаныма ұяламын. Отбасымды асырау керек. Бізде айтады ғой: есектің арт жағын жуып жүрсең де, ақша тап дейді. Сондықтан қазір таксист болып жұмыс істеп жүрмін. Күндіз де, түнде де жүремін. Шамамен түнгі үшке дейін жұмыс істеймін. Күніне жоспар бойынша 18 500 теңге тапсыру керек", - деді ол. Ол жұмыс істеп жүрген көлігін жалға алған. Бұрынғы әкімнің айтуынша, жеке көлігі жоқ. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жылқышыбай (@nurseiitzhylkyshybai) Жүргізуші "оның қызметтен кетуі қысыммен немесе басқа жағдайлармен байланысты болды ма?" деп те сұрады. Алайда Әбілқайырұлы қызметтен кеткен кезде айтқан сөзін қайталады: шешім денсаулық жағдайына байланысты қабылданған. "Екі жыл бұрын әкем дүниеден өткен болатын. Бұл маған қатты әсер етті, өйткені үйде ұлдың жалғызы болдым, салмақтың бәрі менің мойныма түсті. Үлкен стресс болды. Маған қатты тиді", - деді ол. Бұрынғы әкімнің айтуынша, кейін денсаулығы сыр берген. Былтыр желтоқсанда ол денсаулығына байланысты демалысқа шығып, кардиологиялық орталықта тексеруден өткен. "Дәрігерлер бірқатар ақау тапты: қан қысымы жоғары, жүректе тесік бар деді, сондай-ақ іш құрылыстың бәрінде ауру бар. Олардың айтуынша, мұның бәрі жүйкенің тозуына байланысты", - деді Әбілқайырұлы. Оның сөзінше, ем алғаннан кейін жағдайы бұрынғыдай қарқынды жұмыс істеуге болатындай жасқармаған. Бұрынғы шенеунік әкім қызметіндегі жүктеме өте жоғары болғанын мойындайды. Айтуынша, қалада 100 мыңнан астам адам тұрады, көптеген мәселе әкімдікке келіп түседі. "Мен мойныма үлкен жауапкершілік алдым. Бірақ Талғарда мәселе көп, бұл менің денсаулығыма және жүйке жүйеме қатты әсер етті", - деді ол. Сонымен қатар Әбілқайырұлы жұмысын барынша тиімді атқаруға тырысқанын, бірақ кейбір міндеттерді жүз пайыз орындау мүмкін болмағанын айтты. Қызметінен кеткеніне қарамастан, бұрынғы әкім мемлекеттік қызметке оралу мүмкіндігін жоққа шығармайды. "Егер маған халықпен жұмыс істеуге тағы бір мүмкіндік берілсе, жұмысымды бұдан да жақсы атқаруға тырысар едім", - деді ол. Арыстанбек Әбілқайырұлы әкім болып жұмыс істеп жүрген кезінде көпшілікке танылды. Оның TikTok парақшасындағы бір видеосы кең тарап, кейін аккаунтына Талғар ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінен де пайдаланушылар белсенді түрде жазыла бастады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live) Сол кезде шенеунік әлеуметтік желілер тұрғындарға күнделікті жұмысты көрсетіп, қала халқымен байланыста болуға көмектесетінін айтқан. Бұрынғы әкім туралы не белгілі? Арыстанбек Әбілқайырұлы 1983 жылы туған. Ол Алматы аграрлық колледжін "эколог" мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істеді, "Талғар тұрғын үй" ЖШС-нің бас директоры, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты болған. Талғар әкімі қызметіне 2024 жылғы 17 желтоқсанда тағайындалып, бұл қызметте бір жыл екі айдай жұмыс істеді. 2026 жылдың ақпанында Әбілқайырұлы өз еркімен қызметінен кеткенін жариялап, бұл шешімін денсаулығына байланысты деп түсіндірген. Жұбайы мен төрт баласы бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы туралы жарлыққа қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" жарлыққа қол қойды. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес қаулы етемін: Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырсын. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар айтарлықтай арзандады Қазақстанда 16 наурыздағы доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметінше, күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 486,20 теңге болып, 4,49 теңгеге төмендеді. Ал Қазақстан Ұлттық банкі 16 наурызда белгілеген ресми бағам - 491,29 теңге. Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – 485,43 теңге; сату – 487,91 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – орташа есеппен 484,04 теңге; сату – 491,04 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада блогер Жанәбіловтердің соты басталды Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Сот отырысы ашық режимде елорданың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Блогерлерге заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпталып отыр. Еске салайық, 13 наурызда Астанада Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша алдын ала сот отырысы өткен болатын. Блогерлердің адвокаты сот талқылауын жабық режимде өткізуді сұрап өтініш білдірген, алайда прокурорлар бұл ұсынысқа қарсылық танытты. Сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сот отырысы кезінде журналистердің оларды түсіруіне қарсы екенін айтты. "Менің үлкен балам мектепке барады, оған біздің жеке өмірімізге қатысты орынсыз сұрақтар қойылады", - деп түсіндірді Эльмира Төлегенова. Сонымен қатар, сот отырысы барысында Жанәбіловтердің адвокаты істі прокурорға қайтаруды сұрады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр Астанада 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ішкі істер министрлігі 15 жастағы Мәлібек Қамбарды іздестіріп жатыр. Жасөспірім 15 наурызда Астанадағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Белгілері: Бойы – шамамен 160–165 см. Дене бітімі – орташа. Киімі – қара күртеше, қара шалбар, қара аяқ киім. "Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-817-16-32, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе "102" арнасына шұғыл хабарлауға шақырады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 20 градусқа дейін күн жылынады Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанда күн жылынады Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылай береді. "Алайда елдің солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстіктегі таулы аймақтарда ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін", - деді синоптиктер. Ауа температурасы қандай болады? Күндіз ауа температурасы елдің батысында 10–15 градусқа дейін, оңтүстігінде 15–20 градусқа дейін, ал солтүстік пен шығысында 3–8 градусқа дейін жылынады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның оңтүстігінде әскери бөлімнің қарауыл басшысы оқ жарақатынан қаза тапты Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл бастығы оқ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, әскери бөлімнің қарауыл бастығын қарамағындағы қызметкер атып алған. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. ІІМ Әскери-тергеу департаменті әскериленген күзеттің азаматтық қызметкері қаза тапқанын растады. "Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралардың нәтижесінде анықталады", – деп хабарлады ІІМ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Рахат Тұрлыханов әйелімен жанжалға байланысты тағы полицияға жеткізілді Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға байланысты тағы да БАҚ назарына ілікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі осы жағдайға пікір білдірді. "Медеу ауданында болған отбасылық жанжал бойынша полиция қызметкерлері түскен шақыру бойынша шығып, оқиғаға қатысушыларды аудандық полиция басқармасына жеткізді. Тексеріс барысында әйел бастапқыда оған физикалық күш қолданғаны туралы хабарлады, бірақ кейін ұрып-соғу дерегін жоққа шығарды және отбасылық жанжал туралы шағым жасады", - деп жазылған хабарламада. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Айта кетейік, 2024 жылы 3 қаңтарда Рахат Тұрлыхановқа қатысты отбасылық жанжалға қатысты іс қарауға қабылданған. Артынша әнші кінәсін мойындап, әкімшілік ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылған болатын. Алайда сот алқасының қаулысы бойынша, Тұрлыхановқа қатысты жаза бап санкциясы шегінде ескертуден 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға өзгертілді. Кейіннен Рахат Тұрлыханов пен жұбайы Алтынай жағдайға қатысты пікір білдірді. "Бәріңізге сәлем. Бұл - Рахат Тұрлыханов және жұбайым - Алтынай. Кейінгі жаңалықтарға байланысты пікір білдіруді ұйғардық. Алтынай бәрін өзі айтса, дұрыс шығар", - дейді видеода әнші. "Рахатпен арамызда бәрі жақсы. Рахат - қамқор, мейірімді күйеу, әке. Иә, барлық отбасында болатыны секілді біздің де арамызда ұрыс, түсініспеушіліктер болды. Бірақ барлық жағдайды білмесе де оны жаман жағынан көрсетіп жатыр. Бәріңіз алаңдап жатсыздар, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бізді бәрі жақсы", - дейді әншінің жұбайы видеода. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады. Өзбекстан Президентінің айтуынша, референдум нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім артатынын көрсетеді. Мемлекет басшысы қолдау білдіріп, халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқаушылар миссиясын жібергені үшін Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция заман талабына сай келетініне, сондай-ақ мемлекеттің орнықты және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететініне назар аударды. Елімізде жүргізілетін алдағы жаңғыртулар кезінде халықаралық серіктестермен, әсіресе, көршілес және одақтас елдермен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беріледі. Тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы қазақ-өзбек қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен Жоғары мемлекетаралық кеңес шешімдерінің іске асырылу барысына оң баға беріп, барлық деңгейдегі ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты. Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа Конституция бойынша референдум: алдын ала қорытынды жарияланды Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ОСК мәліметінше, алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адам болған. Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санынан 9 миллион 127 мың 192 адам немесе 73,12 пайызы. "Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтар саны - 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 пайызы". Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумның экзитпол нәтижелері жарияланған болатын. Еуразиялық интеграция институты мәліметіне сәйкес, жаңа Конституцияны 86,7 пайыз сайлаушы қолдаған. Ал "Социс-А" институтының сауалнамасына сәйкес, жаңа Конституцияны қабылдауды 87,4 пайыз қатысушы қолдаған. Қоғамдық саясат институты жүргізген экзитпол нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 88,6 пайызы жаңа Конституцияны қолдаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Премьер-министр қазақстандықтарды құттықтады Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Премьер-министр Олжас Бектеновтың сөзінше, еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. "Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдірді. Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық", - деді премьер-министр. Олжас Бектенов қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосқанын айтты. "Әділетті әрі Өркендеген Қазақстанның жаңа тарихы ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, тек демократиялық құндылықтар негізінде қалыптасып жатыр. Жүргізіліп жатқан өзгерістердің сапасы мен даму қарқынын қамтамасыз ете отырып, бәріміз бірге алға қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізетінімізге сенімдімін". "Барша қазақстандықтарды Отанымыздың Бірлігі мен Тәуелсіздігінің және Егемендігінің символы болып табылатын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын!" - деді Олжас Бектенов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Израиль премьері өзінің өлімі туралы қауесеттерге жауап берді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзінің жоғалып кеткені және қаза болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді. Ол қысқа видео түсіріп, желіге жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кадрларда Нетаньяху Израильдегі дәмханалардың бірінде кофеге тапсырыс беріп, сұрақтарға жауап береді. Кадр сыртындағы дауыс одан өзінің қазасы туралы қауесеттерге пікір беруді сұрайды. Мен туралы не дейді? Көріңіздер >> pic.twitter.com/ijHPkM3ZHZ — Benjamin Netanyahu - בנימין נתניהו (@netanyahu) 2026 жылғы 15 наурыз "Мен кофені өлердей жақсы көремін. Халқымызды да өлердей жақсы көремін. Адамдардың мінез-құлқы таңғалдырады", - дейді ол жымиып. Нетаньяху иврит тіліндегі ауыспалы мағынасында "бір нәрсені қатты жақсы көру" дегенді білдіретін "өлі" сөзін ойнатып, жауап берген. Бұған дейін, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) мәліметінше, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне жасалған соққы туралы хабарлаған болатын. ИРСК дерегі бойынша. нысандар нысанаға алынып, айтарлықтай зақым келген. Кейінірек премьер кеңсесінің бірнеше жоғары лауазымды қызметкері қаза тапқаны белгілі болды.
Трамп одақтастарын Таяу Шығысқа кемелер жіберуге шақырды АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның басты мұнай экспорттаушы торабы, Харг аралына жаңа соққы жасайтынын айтып сес көрсетті және Тегеранмен соғысты тоқтату туралы келісімге келуге дайын емес екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін одақтастарын Ормуз бұғазына кемелер жіберуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап. NBC News телеарнасына берген сұхбатында Трамп: "Тек көңіл көтеру үшін тағы бірнеше соққы жасай аламыз", - деп мәлімдеді.Трамп Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай жеткізілімінің тоқтап қалуынан зардап шеккен елдерді кеме қатынасын қайта жандандыруға қосылуға шақырды. Financial Times газеті Еуропалық Одақтың сыртқы істер министрлері ЕО-ның "Аспид" аймақтық әскери-теңіз миссиясын кеңейту мәселесін талқылайтынын хабарлады. Reuters агенттігіне үш дереккөздің хабарлауы бойынша, Вашингтон Таяу Шығыстағы одақтастарының келіссөздер бастау туралы талпыныстарын кері қайтарған, ал жексенбіде Иранның Революциялық гвардиясы Израильге және аймақтағы үш америкалық базаға зымырандар атқанын мәлімдеді. Трамп NBC News телеарнасына Тегеранның соғыс қимылдарын тоқтату туралы келісім жасауға дайын көрінетінін, бірақ "әзірге шарттар жеткілікті деңгейде тиімді емес" екенін айтты. Жексенбі күні зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары атысы жалғасты, ал теңіз арқылы жүк тасымалы әлі де бұғатталған күйде қалды. АҚШ-тың энергетика министрі Крис Райт соғыс "алдағы бірнеше апта ішінде" аяқталады деп күтетінін айтты. Оның айтуынша, бұл жеткізілімдердің жылдам қалпына келуіне және бағалардың төмендеуіне әкеледі. Ал Израиль Иранға қарсы науқанын кем дегенде тағы үш апта бойы жалғастыратынын мәлімдеді. Иранның кейбір кемелері Ормуз шығанағы арқылы өтіп жатыр, алайда 28 ақпанда Америка Құрама Штаттары мен Израиль Иранға шабуыл жасағаннан бері ол әлемдік кеме қатынасының басым бөлігі үшін жабық тұр. Халықаралық энергетика агенттігі өткен аптада Иран жағалауындағы тар бұғаздың жабылуы әлемдік мұнай нарығындағы тарихтағы ең ірі іркіліске себеп болғанын және наурызда әлемдік жеткізілімдерді шамамен 8 пайызға қысқартады деп күтілетінін хабарлады.
Экзитпол нәтижелері: Қазақстан жаңа Конституцияны қолдайды Қазақстанда жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумның экзитпол нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауалнама деректері республикалық телеарналар эфирінде көрсетілді. Сауалнама нәтижелері Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол деректеріне сәйкес, жаңа Конституцияны қабылдауды сауалнамаға қатысқан 30 мың азаматтың 86,7 пайызы қолдаған. Олардың мәліметінше, дауыс беруге қатысу көрсеткіші 75,3 пайыз болған. Экзитпол деректерінің статистикалық қателік деңгейі ±1 пайыз. Ал "Социс-А" Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" жүргізген сауалнамаға сәйкес, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87,4 пайызы жаңа Конституцияны қабылдауды қолдаған. Олардың мәліметінше, учаскелердегі қатысу көрсеткіші 73,8 пайыз болған. Сауалнама деректерінің социологиялық қателік деңгейі ±1,5 пайыз. Анықтама: Экзитпол (ағылшын тілінен "шығардағы сауалнама") - әлемдік социологиялық тәжірибеде қолданылатын, дауыс беру аяқталғаннан кейін сайлау учаскелерінен шыққан азаматтарға жүргізілетін сауалнама. Қоғамдық саясат институты жүргізген экзитпол нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан 24 мың адамның 88,6 пайызы жаңа Конституцияны қолдаған. Олардың мәліметінше, дауыс беруге қатысу деңгейі 72,1 пайыз болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Бүгін – Қазақстан үшін тарихи күн! Еліміздің азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысты. Отанымыздың болашағын ойлап дауыс берді. Бұл – өте жақсы оқиға. Қазір ғана экзит-поллдың нәтижелері шықты. Соған сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бүгін жұртымыз дауыс беріп, Қазақстанның тарихын, тағдырын айқындады. Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ. Өйткені бұл – азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні, яғни, еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді. Бұл – біздің бәрімізге ортақ жетістік. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!" – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты. Президенттің пікірінше, барлық заң талаптары мен демократиялық нормалар қатаң сақталды. Мұны еліміздің және шетелдің байқаушылары да айтып отыр. "Азаматтар жасаған таңдаудың түпкілікті қорытындысын заңға сәйкес Орталық референдум комиссиясы ресми тәртіппен шығарады. Бірақ қазірдің өзінде Қазақстан халқы ынтымақ пен бірліктің, патриотизмнің, Отан тағдырына ортақ жауапкершіліктің керемет үлгісін көрсетті деп айта аламыз. Азаматтарымыздың басым бөлігі Өркендеу, Әділет, Заң мен Тәртіп, Табиғатты аялау және Тазалық жолын таңдады. Бұл – өте жақсы жол. Жаңа Халық Конституциясы елімізді тың жетістіктер мен табыстарға бастайды. Бұған ешқандай күмән жоқ. Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді. Мұндай жағдай көптен бері болмап еді. Учаскеге келіп, азаматтық ұстанымын анық білдірген баршаға алғыс айтамын. Осы арқылы күллі әлемге қазақ қоғамының саяси мәдениеті жоғары екенін паш еттік. "Бірлік бар жерде тірлік бар". Бірлік бар жерде өркендеу бар. Елдің қуаты – бірлікте. Бізге татулық пен достық, сабырлық пен табандылық, жасампаздық пен ұқыптылық, еңбекқорлық пен сенімділік ауадай қажет. Сонда ғана озық, дамыған, бәсекеге қабілетті ел боламыз", – деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халқы қолдаған, жаппай дауыс берген Конституция – еліміздің темірқазығы. "Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі. Ата заңымыз – адам құқығы мен бостандығының мызғымас кепілі. Біз бір ел болып Заң мен тәртіп сақталатын, жауапты және жасампаз азаматтары бар Әділетті қоғам құру жолында маңызды қадам жасадық. Осылайша, бүгін ұлт тарихының жаңа парағын аштық. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Ең бастысы, халқымыз түбегейлі өзгерістерді барынша қолдайды. Біз ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, келер ұрпаққа Өркениетті, Озық Қазақстанды аманат етеміз. Мен бұған кәміл сенемін. Осы референдум кезінде жастар белсенді түрде сайлауға қатысты. Жастарымызға мың да бір рақмет! Жастарымыздың дауысы, үні өте жақсы естілді. Әрқашан аман болыңыздар! Қазақ елінің қасиетті Тәуелсіздігі мәңгі болсын! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасай берсін! Жаңа Конституциямыз құтты болсын!" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, Қазақстанда жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумның экзитпол нәтижелері жарияланған болатын. Еуразиялық интеграция институты мәліметіне сәйкес, жаңа Конституцияны 86,7 пайыз сайлаушы қолдаған. Ал "Социс-А" институтының сауалнамасына сәйкес, жаңа Конституцияны қабылдауды 87,4 пайыз қатысушы қолдаған. Қоғамдық саясат институты жүргізген экзитпол нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 88,6 пайызы жаңа Конституцияны қолдаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы пітір садақа - 2026: бекітілген мөлшері және төлеу ережелері Пітір садақа - Рамазан айының аяғында берілетін міндетті қайырымдылық. Қазақстанда бұл садақаны халық әртүрлі атайды: пытыр садақа, битир садақа немесе фитир садақа. 2026 жылы Қазақстанда пітір садақа мөлшері қанша, қашан беру керек, қалай төлеуге болады және садақаны онлайн төлеу жолдары туралы толығырақ - Tengrinews.kz материалында. 2026 жылғы пітір садақа мөлшері қандай? Қазақстанда 2026 жылғы пітір садақа мөлшері бір адамға 735 теңге болып бектілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) хабарлады. ҚМДБ мәліметінше, пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасына қарай есептеледі. Өйткені қазіргі уақытта бидайдың өзі емес, одан жасалатын өнімдер – ұн, талқан сияқты азық-түлік қолданылады. "Осы себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаның құнын есептеуде ұнның бағасын негізге алады", - деп түсіндірді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы. Жағдайы жақсы адамдар садақаны жоғары бағамен, мысалы мейіз немесе құрма құны бойынша берсе, бұл сауаптырақ деп саналады. Төменде садақаны есептеу мысалдары көрсетілген: Өнім Көлемі Бағасы Бидай 2 келі 318 теңге Ұн 2 келі 735 теңге Арпа 4 келі 514 теңге Мейіз 2 келі 6400 теңге Құрма 4 келі 12 400 теңге Мүфтиятта шариғат бойынша садақаны өнім түрінде де, оның ақшалай баламасымен де төлеуге болатыны айтылды. 2026 жылы садақаны қашан төлеу керек? "Қашан садақа береді және қашанға дейін беру керек" деген сұрақ көпті қызықтырады. Пітір садақаны төлеу уақыты нақты көрсетілген: садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады, негізгі міндетті уақыт – Ораза айт намазы оқылатын күн, ең дұрысы – Ораза айт намазы басталғанға дейін беру. Егер садақа айт намазынан кейін берілсе, ол жай садақа ретінде есептеледі, бірақ міндетті пітір садақа болып саналмайды. Кім және қалай садақа беруі керек? Пітір садақа исламдағы міндетті қайырымдылықтың бір түрі. Оны негізгі өмірлік қажеттіліктеріне жететін қаражаты бар әрбір мұсылман төлеуі тиіс. Әдетте отбасы басшысы садақаны өзі үшін және асырауындағы адамдар үшін төлейді, оның ішінде: жұбайы; балалары; асырауындағы ата-анасы үшін. Исламда садақа қолдауға мұқтаж адамдарға беріледі. Құран Кәрімнің "Тәубе" сүресінің 60-аятында мұқтаж топтар көрсетілген: кедей-кепшіктер, міскіндер, қарызға батқандар, Алла жолында қызмет етіп жүргендер, жолда қалған жолаушылар. Сонымен қатар пітір садақаны өз ата-анасына, балаларына, жұбайына, ата-әжесіне беруге болмайды. Көбіне мұсылмандар садақаны мешітке тапсырады, кейін ол қаражат мұқтаж жандар арасында бөлінеді. Садақаны онлайн төлеуге бола ма? Иә, бүгінде онлайн садақа төлеу Қазақстанда әлде қайда жеңілдеген. Мешітке барудың қажеті жоқ, аударымды банк қосымшалары немесе мешіт сайттары арқылы небәрі бір минутта жасауға болады. Садақаны онлайн қалай төлеуге болады: Банк қосымшасын ашу. "Төлемдер" бөліміне өту. Іздеу жолына "Мешіт" деп жазу немесе "Қайырымдылық" санатын ашу. Өз өңіріңіздегі мешітті таңдау. Қайырымдылық түрін (фитир, битир, пытыр садақа) және сомасын көрсету. Аударымды "қайырымдылық" бөлімі бар банк сервистері арқылы жасауға болады. Мұндай төлемдер үшін әдетте комиссия алынбайды, ал түбіртек операциялар тарихында сақталады. Ұқсас тақырыптар: Ораза айт - 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде? Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан құрамасы Futures Cup турнирінде 4 алтын жеңіп алды Қазақстандық боксшылар Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен жастар арасындағы Futures Cup турнирінде сегіз медальға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кешкі сессияның қорытындысы бойынша отандастарымыз бір алтын, үш күміс медаль жеңіп алды. Бейбарыс Әшірбай 70 келіге дейінгі салмақтың финалында Қырғызстан өкілі Ахмади Арвазды жеңді. 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Камила Оспанова финалда италиялық Сара Скорраноға жол берді. Тимур Тайбеков 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде грузиялық Давит Мхитцадзеге есе жіберді. Сондай-ақ Владислав Саможонов 90 келіден жоғары салмақтың ақтық сынында Өзбекстан өкілі Ислам Салиховтан жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде төрт алтын, төрт күміс және үш қола медаль бар. Бұған дейін, Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін) алтыннан алқа тақса, Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) күміс алды. Ал Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көкшетау тұрғыны 27 жыл бұрын жоғалған әкесін іздеп жүр Көкшетауда бір әйел ұзақ жыл бұрын көз жазып қалған әкесін табуға көмектесуді сұрап, журналистерге жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әйелдің айтуынша, ол ұзақ уақыт Петропавл қаласында тұрған. Алайда жақында туған әкесі туралы қандай да бір мәлімет табамын деген үмітпен Көкшетауға қайта оралған. Жанна Мустафинаның айтуынша, оның әкесінің аты-жөні - Сергей Викторович Попов, 1964 жылы туған. Әйелдің сөзінше, олар соңғы рет 27 жыл бұрын Көкшетау қаласында кездескен. Сол уақыттан бері әкесімен байланыс үзілген. Жанна қала тұрғындарының бірі оның әкесін аты-жөні арқылы танып қалуы немесе оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білуі мүмкін деп үміттенеді. Сергей Викторович Попов туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан мына телефон нөміріне хабарласу сұралады: 8 776 176 62 76. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда да қос билік болмауға тиіс“: Тоқаев Иран туралы сұраққа жауап берді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Tengrinews.kz тілшісінің Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты сұрағына жауап берді. Мемлекет басшысына Қазақстанның ресми ұстанымы жөнінде сұрақ қойылды. "Қазақстан халықаралық қақтығыстарды әрдайым дипломатиялық жолмен шешуді жақтайды. Сіз бұл ұстанымды жақында Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдемелеріңіз арқылы растадыңыз. Сондай-ақ Шығанақтағы бірқатар мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, оларға қолдау білдірдіңіз. Бірақ Иран Президентімен сөйлеспедіңіз. Бұл Қазақстанның бейтарап ұстанымынан айнып, араб елдерін қолдайтынын білдіре ме?" - деп сұрады Tengrinews.kz тілшісі Айсұлтан Құлшыманов. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әрдайым бейбітсүйгіш саясатымен және қақтығыстарды бейбіт, дипломатиялық жолмен шешуге берік ұстанымымен танылғанын айтты. Президенттің сөзінше, бұл бағыт өзгерген жоқ. "Таяу Шығыста орын алған жағдайдың түрлі себебі бар. Мен мұны жақында өткен алқалы жиында да айтқанмын. Расында, Шығанақтағы араб елдерінің басшыларымен телефон арқылы сөйлестім, тілектес екенімді жеткіздім. Ал Иран Президенті Масуд Пезешкианның жақында елімізге ресми сапармен келгенін білесіздер. Сол кезде жақсы әсер қалдырды. Ол – зайырлы көзқарастағы адам, өзі кардиохирург. Мен оның Иран Шығанақ елдеріне шабуыл жасамайды деген мәлімдемесін құптадым. Тіпті, ол Иранның атынан кешірім сұрады. Алайда кейін оның мәлімдемесі жоққа шығарылды. Иран араб елдеріне шабуыл жасауды әлі тоқтатқан жоқ. Бұдан Иран Президентінің билікке толық ие емес екені көрінеді. Ол анық. Мен ешкімді айыптамаймын, жай ғана факті ретінде айтып отырмын. Бұл Иран билігінің ерекшелігіне байланысты деп ойлаймын. Бір жағынан діни билік үстемдік етеді. Өйткені Иранда діни билік негізгі бағыт-бағдарды айқындап, шешім қабылдайды. Президент те бар, бірақ ол – формальды мемлекет басшысы, іс жүзінде ықпалды тұлға саналмайды. Жалпы, кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс. Кезінде мұндай жүйені біз де бастан өткердік, бірақ баянсыз болды. Төрт жыл бұрын еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төнді. Бұл Қазақстанға да, басқа мемлекеттерге де үлкен сабақ болды деп ойлаймын. Біз Иран халқына, оның мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Сондықтан өз ұстанымымыздан айныған жоқпыз, әрдайым бейбітсүйгіш ел болып қала береміз", - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таиландта қазақстандық боксшылар алтын үшін жұдырықтасады 15 наурыз, жексенбі күні Қазақстан ұлттық құрамасының сегіз боксшысы Бангкокта өтіп жатқан "Болашақ кубогы" турнирінде ақтық жекпе-жектер өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы жарыста екі боксшымен, ал ерлер арасында алты спортшымен ұсынылған. Қазақстандық спортшылардың төрт кездесуі Өзбекстан боксшыларымен өтеді. Алтын медаль үшін бір жекпе-жекте қазақстандық боксшы Таиланд өкілімен, ал басқа кездесулерде Италия, Қырғызстан және Грузия спортшыларымен кездеседі. Күндізгі сессия. 9:00 5-жұп. Әйелдер, 80 кг. Ринг AАйдана Убайдуллақызы - Асалой Бахтиёрова (Өзбекстан); 8-жұп. Ерлер, 60 кг. Ринг AДосжан Жұмақан - Сива Чайнаронг (Таиланд); 9-жұп. Ерлер, 75 кг. Ринг AХамза Мақсатұлы - Сухроб Рахматуллаев (Өзбекстан); 10-жұп. Ерлер, 90 кг. Ринг AЖалғас Өтебеков - Асадбек Сұлтанбоев (Өзбекстан). Кешкі сессия. 13:30 4-жұп. Әйелдер, 70 кг. Ринг AКамила Оспанова - Сара Скоррано (Италия); 7-жұп. Ерлер, 70 кг. Ринг AБейбарыс Әшірбай - Ахмади Арваз (Қырғызстан); 8-жұп. Ерлер, 80 кг. Ринг AТимур Тайбеков - Давит Мхитцадзе (Грузия); 10-жұп. Ерлер, +90 кг. Ринг AВладислав Саможонов - Ислам Салихов (Өзбекстан). Бұған дейін қазақстандық боксшылар Жалғас Өтебеков, Досжан Жұмақан, Бейбарыс Әшірбай, Камила Оспанова және Айдана Убайдуллақызы жартылай финалда қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Кейін оларға Хамза Мақсатұлы мен Тимур Тайбеков қосылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым“ - Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дауыс бергеннен кейін Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты пікір білдірді. Тұңғыш президент Мемлекет басшысы өкілеттігінен осыдан жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуы мен билік сабақтастығы жалғасуы үшін қабылданған. "Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуға тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін. Қазір Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның беделін көтеру қажет. Бұл бағытта аз жұмыс істеліп жатқан жоқ, соның ішінде мен қолдап отырған бүгінгі референдумның да маңызы зор. Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Осы Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін", - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Таяу Шығыс бойынша Бейбітшілік кеңесінің болашағына баға берді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында Таяу Шығыс бейбітшілік кеңесінің болашағына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Сіз Қазақстан халықаралық аренада орта держава ретінде танылғанын ұдайы айтып келесіз. Еліңіз Президент Трамп құрған Бейбітшілік кеңесіне мүше болды. Сіздің ойыңызша, Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай Бейбітшілік кеңесіне қалай әсер етеді? Бұл бастама өміршең дей аласыз ба? Дональд Трамптың жобасын қолдау жөніндегі шешімге қалай келдіңіз?" - деп сұрады Euronews телеарнасының тілшісі Боян Бркич. Мемлекет басшысы ең алдымен АҚШ президентіне құрметі зор екенін айтты. "Оның ақыл-парасатқа негізделген стратегиясы өте дұрыс, құптауға лайық. Бейбітшілік кеңесі туралы бастаманың идеясы, халықаралық күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді шешудегі жаңашыл тәсілдері көңілден шықты. Мұнда әуелі дәстүрлі дипломатия мен ірі бизнестің мүмкіндіктері ұштасады. Бұл қарапайым халыққа, соның ішінде Газа секторының тұрғындарына нақты пайдасын тигізеді. Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты. Аталған жиындарда қабылданатын ізгі ниетті қарарларды аздаған адам ғана оқиды. Сол себепті бұл идеяны қолдау қажет деп ойлаймын. Өйткені тың шешімдер ұсынады. Президент Трамп мықты тұлға ретінде әсер қалдырады. Ол – батыл көшбасшы. Таяу Шығыста, соның ішінде Палестинада бейбітшілік орнату мүмкіндігі әлі де бар екеніне кәміл сенемін. Бұл бастама баянды болады деп үміттенемін", - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қасым-Жомарт Тоқаев келесі президентті сайлау қашан өтетінін айтты Қазақстан Президенті вице-президент лауазымы не үшін қажет екенін түсіндірді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформа билік транзитіне және алдағы президент сайлауына дайындық деген болжамға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Вице-Президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенін білемін. Шын мәнінде, бірқатар шет мемлекетте Вице-Президент лауазымы бар. Кейбір сарапшылар "Қазақстанда билік ішінде бәсеке өршіп, түрлі үрдістер жүреді, елге зиян келеді" деген пікір білдіруде. Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ. Вице-Президент лауазымы біздің билік институттарын нығайтады. Келешекте бәрі айқын болады. Мемлекет басшысы ретінде бұл лауазымға, жалпы бүкіл реформаға үлкен үміт артып отырмын. Ал Президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңа Конституцияны дайындау мерзіміне қатысты сынға жауап берді Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Әлемдік тәжірибеде конституциялық реформа ұзақ уақытқа созылады. Ал бізде жаңа Конституцияны дайындауға және талқылауға аз ғана уақыт жұмсалды. Бұған халықаралық байқаушылар назар аударып, сынға алды. Сіз бұл жөнінде не дейсіз?" - деп сұрады "Время" газетінің тілшісі Тоғжан Ғани. Президент жаңа Конституцияны әзірлеу жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілгенін айтты. "2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілгені өздеріңізге мәлім. Сол кездің өзінде жаңа Конституция қабылдауға болар еді. Бірақ біз ондай қадамға бармадық. Дегенмен жаңа Конституция қабылдау туралы идея пайда болды. Шамамен екі жыл бұрын іске кірістім. Елімізге жаңа Конституция қабылдау керек деген ұйғарымға келдім. Қазақстан, ең алдымен, зайырлы мемлекет болуға тиіс. Бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмәнім жоқ. Біз көштен қалмай, прогрестің алдыңғы шебінде жүруіміз керек. Озық ел болсақ, басқа мемлекеттер бізге құрметпен қарайды. Ел тағдыры өз қолымызда. Сол үшін табанды еңбек ету керек. Алдымызда тұрған ең үлкен мақсат – осы", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Референдум: сағат 12:00-ге дейін қазақстандықтардың 37,54 пайызы дауыс берді Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берушілердің сағат 12:00-дегі алдын ала қатысу көрсеткіші туралы мәлімет берді. Бұл деректерді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың қатысу көрсеткіші мынадай болды: Абай облысы 41,93 %Ақмола облысы 44,66 %Ақтөбе облысы 45,73 %Алматы облысы 40,41 %Атырау облысы 42,29 %Батыс Қазақстан облысы 36,59 %Жамбыл облысы 35,86 %Жетісу облысы 43,32 %Қарағанды облысы 42,95 %Қостанай облысы 37,10 %Қызылорда облысы 43,18 %Маңғыстау облысы 34,57 %Павлодар облысы 36,57 %Солтүстік Қазақстан облысы 41,64 %Түркістан облысы 44,13 %Ұлытау облысы 36,59 %Шығыс Қазақстан облысы 42,88 % Астана қаласы 31,23 %Алматы қаласы 14,85 %Шымкент қаласы 42,59 %. Жалпы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 4 677 595 қазақстандық бюллетень алған, бұл - дауыс берушілер тізіміне енгізілген азаматтардың 37,54 пайызы. Референдум дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі. "Азаматтар уақытша болатын орындардағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды", - деді Әсел Жанәбілова. Жаңа конституция бойынша референдум Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді. Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр. Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады. Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді. Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және дауыс берушілер тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді. Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін атап өтті. "Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан оның маңызы өте жоғары. Жаңа Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғайды. 1995 жылы қабылданған Конституция ерекше рөл атқарды. Еліміз 35 жыл осы құжатпен өмір сүрді. Бірақ заман бір орында тұрмайды. Сол себепті жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене атсалыстым. Конституцияның преамбуласын және басқа да нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне, келешегіне қызмет етеді деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы. Бұдан кейін Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сауалға жауап берді. Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді. Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр. Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады. Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді. Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады. Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді. Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр. Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады. Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді. Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және дауыс берушілер тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды референдумда дауыс берді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала әкімі жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген республикалық референдумда дауыс берді. Қалада дауыс беруді ұйымдастыру үшін таңғы 7:00-ден бастап барлығы 653 референдум учаскесі ашылды. Олар белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Оқушылар сарайында орналасқан учаскелердің бірінде дауыс берген еді. Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді. Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр. Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады. Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді. Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және дауыс берушілер тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2 миллионнан аса қазақстандық референдумда дауыс беріп үлгерді Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берушілердің сағат 10:00-дегі алдын ала қатысу көрсеткіші туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дауыс берушілердің қатысуы туралы деректерді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ляззат Сүйіндік жариялады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі қатысу көрсеткіші мынадай: Абай облысы - 17,98 пайыз.Ақмола облысы - 19,82 пайыз.Ақтөбе облысы - 21,80 пайыз.Алматы облысы - 18,10 пайыз.Атырау облысы - 19,44 пайыз.Батыс Қазақстан облысы - 18,80 пайыз.Жамбыл облысы - 18,49 пайыз.Жетісу облысы - 21,01 пайыз.Қарағанды облысы - 26,64 пайыз.Қостанай облысы - 19,24 пайыз.Қызылорда облысы - 24,02 пайыз.Маңғыстау облысы - 18,53 пайыз.Павлодар облысы - 16,36 пайыз.Солтүстік Қазақстан облысы - 18,72 пайыз.Түркістан облысы - 21,21 пайыз.Ұлытау облысы - 20,31 пайыз.Шығыс Қазақстан облысы - 20,64 пайыз.Астана қаласы - 20,68 пайыз.Алматы қаласы - 9,54 пайыз.Шымкент қаласы - 21,36 пайыз. Жалпы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2 393 844 қазақстандық бюллетень алған, бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 19,21 пайызы. Референдум дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі. 2026 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 12 416 759 дауыс беруші тіркелген. Демек, референдумның өтуі үшін дауыс беруге кемінде 6,2 миллионнан аса адам қатысуы қажет. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжіліс спикері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскеде дауыс берді. Ол әйелімен бірге келді. "Көңіл-күйім жақсы. Бүгін барша қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйде деп ойлаймын. Бұл өте маңызды күн, қазақстандықтар жаңа Конституцияға қатысты таңдау жасауға тиіс. 15 наурыз еліміздің тарихында айрықша күн ретінде қалатынына сенімдімін. Өз басым таңдау жасадым. Барша қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамын", - деді Мәжіліс спикері. Бұған дейін Астанада премьер-министр Олжас Бектенов те дауыс берген болатын. Үкімет басшысы №66 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-лицейде өз таңдауын жасады. Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді. Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр. Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады. Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді. Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және дауыс берушілер тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Прокуратура тыныштық күні тіркелген заңсыздықтар туралы айтты Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов тыныштық күні анықталған заңбұзушылықтар туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, бір күн бұрын қоғамдық пікірге қатысты екі заңсыз сауалнама және үгіт жүргізудің екі дерегі тіркелген. "Олар кінәсін толық мойындады, оларға айыппұл салынды. Заңсыз жарияланған жазбалар өшірілді", - деді Қараманов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Ол дауыс беру күні үгіт жүргізуге қатаң тыйым салынатынын еске салды. "БАҚ-та және онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге қатысты сауалнамаларды жариялауға, олардың нәтижелерін таратуға болмайды. Сондай-ақ, мұндай сауалнамаларды дауыс беру өтетін ғимараттарда немесе учаскелерде өткізуге де тыйым салынады. Бұл талаптарды бұзу Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптары бойынша жауапкершілікке әкеледі", - деп ескертті Қараманов. Сондай-ақ, ол референдум өткізуге қатысты түсетін өтініштерді прокуратура органдары мен соттар жедел түрде қарауға міндетті екенін айтты. "Қазірге дейін прокуратура органдары мен соттарға мұндай өтініштер түскен жоқ", - деді басқарма басшысы. Бас прокуратура өкілінің айтуынша, қазір дауыс беру заң талаптарына сай өтіп жатыр. "Республикалық референдум барысында заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр", - деп қорытындылады ол. Еске салайық, 14 наурызда Қазақстанда Конституциялық реформа бойынша өтетін референдум алдында тыныштық күні басталды. Ол дауыс беру учаскелері жабылғанға дейін жалғасады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бізге оның көмегі қажет емес“: Трамп Зеленскийге қатысты сын айтты АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді сынға алып, онымен келісімге келу Ресей президенті Владимир Путинмен келісуден де қиын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақ үй басшысы NBC News телеарнасына берген телефон арқылы сұхбатында айтты. "Зеленскийдің келісім жасағысы келмейтініне таңғаламын. Зеленскийге жеткізіңдер, ол келісімге келуі керек, өйткені Путин келісімге дайын. Зеленскиймен келісім жасау әлдеқайда қиын", - деді ол. Телеарна бұған дейін Украина президенті Таяу Шығыстағы Иран дрондарын ұстап қалу үшін украин әскерінің ресейлік ұшқышсыз аппараттарға қарсы күресте жинаған тәжірибесін пайдаланып, АҚШ пен оның одақтастарына көмек ұсынғанын еске салды. Ал Трамптың айтуынша, Вашингтонға "мұндай көмек қажет емес". АҚШ президенті Киевтің дрондарға тосқауыл қою технологиялары бойынша көмек ұсыну ұсынысын Вашингтон қабылдап-қабылдамағаны туралы пікір бермеді. Сондай-ақ, Ақ үй басшысынан бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Мәскеу Тегеранға Таяу Шығыстағы америкалық күштердің орналасқан жері туралы барлау деректерін беріп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір сұралды. "Ресей ақпарат беріп жатқан да болуы мүмкін, бермей де отырған шығар", - деп жауап берді ол. Сонымен қатар, Трамп АҚШ та "осындай әрекеттер жасайтынын" айтып, Украинаның белгілі бір көлемде ақпарат алып отырғанын және екі ел арасында бейбітшілік орнатуға күш салынып жатқанын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп: АҚШ жеңіске жетіп, Иранды талқандады АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Иранды әскери әрі экономикалық тұрғыдан "толық талқандады" деп мәлімдеп, Ормуз бұғазы арқылы мұнай алатын елдерді осы теңіз жолының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы АҚШ президенті 14 наурызда Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. "АҚШ Иранды жеңіп, оны әскери, экономикалық және өзге де барлық бағытта толық талқандады. Алайда Ормуз бұғазы арқылы мұнай алатын әлем елдері бұл өткелдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Біз оларға көмек көрсетеміз" - деді ол. Оның айтуынша, Вашингтон бұл елдермен іс-қимылды үйлестіріп, барлық шараның "жылдам, үйлесімді әрі тиімді" жүзеге асуын қамтамасыз етпек. "Бұл іс әрдайым ортақ күш-жігердің нәтижесі болуға тиіс еді, енді дәл солай болады - мұның бәрі әлемді үйлесімге, қауіпсіздікке және мәңгілік бейбітшілікке бастайды", - деп қосты Ақ үй басшысы. Бұған дейін бірнеше сағат бұрын Трамп АҚШ Иранның әскери әлеуетін 100 пайыз жойғанын мәлімдеген еді. Соған қарамастан, оның айтуынша, Тегеран әлі де "бір-екі дрон жіберуге, мина орнатуға немесе қысқа қашықтағы зымыранмен соққы жасауға" қабілетті. Сондай-ақ, ол Қытай, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және осы жағдайдан зардап шегіп отырған басқа да елдер Ормуз бұғазы бұдан былай "толық әлсіреген" мемлекет тарапынан қауіп төндірмес үшін осы аймаққа кемелерін жіберуі мүмкін деген үмітін білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Атыраулық хакер“ Түркияда ұсталды Әлеуметтік желілерде "Атыраулық хакер" деген атпен танылған Атырау облысының тұрғыны Түркияда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. Бұған дейін облыстық полиция департаменті ер адам бірнеше алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қаңтарда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні сырттай қамауға алу туралы санкция берген. Кейін оған халықаралық іздеу жарияланған. "Ақпанда күдікті Түркияның Самсун қаласында ұсталды. Қазір Қазақстанның Бас прокуратурасы күдіктіні елге қайтару (экстрадициялау) туралы сұрау дайындау үшін тиісті өтініш жолдады", - деп хабарлады басылым облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Іс туралы не белгілі? Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық істің мән-жайын нақтылап берді. "2025 жылғы сәуірде полицияға алаяқтық дерегі бойынша төрт арыз түсті, соның негізінде қылмыстық іс қозғалды. Іс төрт эпизодты қамтиды және Жангелдин ауылындағы отбасының жоғалуына қатысы жоқ. Қазір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды, тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады ПД өкілдері. Құқық қорғаушылар "хакердің" Қазақстаннан 2025 жылғы сәуірінде-ақ кеткенін, әлеуметтік желілерде өзінің "тергеуін" жариялауды бұдан әлдеқайда кейін бастағанын атап өтті. "Хакер" Түркияда ұсталды деген нұсқа Редакцияға аноним оқырман хабарласып, "хакер" 2026 жылғы қаңтардың аяғында Ыстамбұлда (Түркия) ұсталған болуы мүмкін екенін айтқан. Редакция оның Instagram-парақшасын да қарап шықты. Жарияланған материалдарға қарағанда, кейінгі апталарда аккаунт жаңартылмаған, ал қаңтардың аяғынан бері жаңа жазбалар шықпаған. Дәл осы жайт кей қолданушылардың назарын аударған. Полиция не дейді? Редакцияның ресми сұрауына жауап берген полицияның баспасөз қызметі "хакер" әлі табылмағанын мәлімдеді. "Бұл тұлға алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру аясында халықаралық іздеуге жарияланған. Қазір полиция қызметкерлері күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешенін жүргізіп жатыр", - делінген жауапта. Атыраулық "хакер" кім? 2025 жылғы желтоқсанда Атырау облысында тұтас бір отбасының жоғалғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін әлеуметтік желілерде өзін "Атыраудан шыққан хакермін" деп атаған адам пайда болды. Ол болған оқиғаға қатысты өз "тергеуін" жүргізгенін мәлімдеді. Оның мәлімдемелері бар видео Instagram-да тарап, тез танымал болды. Бұған дейін ол күдікті ретінде марқұмдардың қызының күйеуін атаған. Оның нұсқасы бойынша, қарашаның ортасынан бастап отағасының телефоны тұрақты түрде қосылуын тоқтатқан. Сондай-ақ, өзін "хакер" деп таныстырған адам күдіктінің қарашада Түркияға барғанын, ол жақта отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банк картасы қолданылған болуы мүмкін екенін, кейін Қазақстан аумағында жүргенін мәлімдеген. "Хакердің" айтуынша, 9 желтоқсанда күдікті мен оның жұбайының SIM-карталарының белсенділігі Шымкентте тіркелген, содан кейін олар елден (Өзбекстанға) шығып кетуі мүмкін және кейін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен табылуы ықтимал. "Хакердің" мәлімдеуінше, өз "тергеуін" жариялағанға дейін, шамамен 2026 жылғы қаңтардың басында, болжамды күдіктілер Индонезияда болған. Атырау облысында жоғалған отбасының ісі Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек референдумда дауыс берді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шенеунік дауысын Оқушылар сарайында орналасқан учаскелердің бірінде берді. Қала әкімдігінің мәліметінше, елордада таңғы сағат 07:00-де референдум өткізу үшін 501 учаске жұмысын бастады. Оның ішінде 395 ашық учаске және 106 уақытша орналасқан учаске бар. Таңертеңнен бастап учаскелерде қала тұрғындарының белсенділігі байқалып отыр. Бұған дейін Астанада премьер-министр Олжас Бектенов те дауыс берген болатын. Үкімет басшысы №66 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-лицейде өз таңдауын жасады. Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді. Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр. Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады. Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді. Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және дауыс берушілер тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
+14 градус жылы: жексенбіде ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" 15 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның оңтүстігі мен батысында күндіз күн жылы болады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде жауын-шашын – қар мен жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ және тұман болжанып отыр. Астана – құбылмалы бұлтты, түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 3–5 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы. Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 4–6 градус аяз, күндіз 5–7 градус жылы. Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 12–14 градус жылы. Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 11–13 градус жылы. Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 4–6 градус аяз, күндіз 5–7 градус жылы. Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман. Ауа температурасы түнде 3–5 градус аяз, күндіз 5–7 градус жылы. Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0–2 градус аяз, күндіз 8–10 градус жылы. Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 8–10 градус жылы. Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 3–5 градус жылы, күндіз 12–14 градус жылы. Атырау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 10–12 градус жылы. Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 6–8 градус аяз, күндіз 4–6 градус жылы. Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 8–10 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы. Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 6–8 градус аяз, күндіз 0–2 градус аяз. Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 5–7 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы. Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 5–7 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы. Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы. Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0–2 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы. Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашын (негізінен қар), бұрқасын, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін. Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 6–8 градус аяз, күндіз 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін. Өскемен – құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 11–13 градус аяз, күндіз 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Олжас Бектенов референдумда дауыс берді Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олжас Бектенов өз таңдауын елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде жасады. Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді. Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр. Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады. Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді. Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс беру басталды Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) ертерек - сағат 06:00-де ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша өтіп жатыр. Бюллетеньде бір ғана: азаматтар 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдай ма? Дауыс берушілер құжатты тек қолдау немесе қабылдамау нұсқаларының бірін ғана таңдай алады. Дауыс беру құқығына 18 жастан асқан және сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие. Бюллетень алу үшін учаскеде жеке куәлік немесе паспорт көрсету қажет (соның ішінде eGov Mobile, Kaspi.kz немесе Halyk қосымшаларындағы цифрлық құжат та жарамды). Референдумға барлық сайлаушының жартысынан көбі қатысса, ол өтті деп есептеледі. Жаңа Конституцияны қабылдау туралы шешім учаскелерге келген азаматтардың көпшілігі қолдаған жағдайда қабылданады. Қорытындысы дауыс беруден кейін жеті күннен кешіктірілмей жариялануға тиіс. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алаяқтардың жаңа айласы: “тапсырысыңыз келді” деген хабарламаға алданып қалмаңыз Бас прокуратура жаңа алаяқтық толқыны туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алғаш қарағанда мұндай хабарламалар курьерлік қызметтердің стандартты ескертуіне ұқсайды. Онда курьер сәлемдемені жеткізе алмағаны айтылып, жеткізуді қайта рәсімдеу үшін арнайы сілтемеге өту ұсынылады. Алайда көрсетілген сілтеме логистикалық компаниялардың ресми сайттарына ұқсатып жасалған жалған сайтқа апарады. "Пайдаланушыдан аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы сияқты жеке мәліметтерді енгізу және жеткізуді қайта рәсімдеу үшін аз мөлшерде төлем жасау сұралады. Бұл ақпарат енгізілгеннен кейін қылмыскерлер құпия деректер мен банк реквизиттеріне қол жеткізеді, бұл қаржылай шығынға және жеке деректердің кейін қылмыстық схемаларда қолданылуына әкелуі мүмкін", - деп ескертті Бас прокуратура. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін мамандар мынадай сақтық шараларын ұсынады: егер тапсырыс күтпесеңіз, SMS немесе мессенджердегі сілтемелерге өтпеңіз; сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз - алаяқтық сайттар көбіне бір-екі әріппен ғана ерекшеленеді; күмәнді сайттарға жеке немесе банк мәліметтерді енгізбеңіз; жеткізу мәртебесін тек курьерлік қызметтердің ресми сайттары мен қосымшалары арқылы тексеріңіз; күмәнді хабарламаларды елемей, бірден бұғаттаңыз. Мамандардың айтуынша, алаяқтар азаматтардың жеткізу туралы хабарламаларға тез жауап беретін әдетін пайдаланып отыр. Сондықтан мұндай схемалар тез таралып, кез келген адамды алдауы мүмкін. Бұған дейін Ұлттық банк те қазақстандықтарды телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың көбейгені туралы ескерткен. Қылмыскерлер азаматтардың деректерін фишингтік сайттардан, әлеуметтік желілерден және маркетплейстерден жинап алады. Кейін банкке клиенттің атынан хабарласып, картаның жоғалғанын айтып, оны бұғаттатуы мүмкін. Одан кейін алаяқтар азаматтарға телефон соғып, өздерін банк қауіпсіздік қызметі немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады. "Картаны бұғаттан шығару" немесе "қаражатты қауіпсіз шотқа аудару" деген сылтаумен SMS-кодтарды, интернет-банкинг парольдерін және CVV/CVC кодтарын сұрап алуға тырысады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қара теңізде қазақстандық мұнайды алуға бара жатқан танкерге шабуыл жасалды Бүгін Қара теңізде қазақстандық мұнайды алуға бара жатқан Maran Homer атты грек танкеріне шабуыл жасалды. Оқиға туралы Грекияның БАҚ-тары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шабуыл жасалғанда кеме Ресейдің аумақтық суынан тыс жерде, Новороссийск қаласындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) терминалына кіруге рұқсат күтіп тұрған. Танкер қазақстандық мұнайды қабылдауға тиіс болған. Анықтама: Каспий құбыр консорциумы (КҚК) – қазақстандық мұнайды экспорттаудың негізгі бағыттарының бірі. Бұл құбыр арқылы Қазақстаннан мұнай Ресейге жеткізіліп, одан әрі Қара теңіздегі Новороссийск маңындағы КҚК теңіз терминалы арқылы экспортқа жөнелтіледі. Осы терминал арқылы Қазақстан мұнай экспортының шамамен 80 пайызы өтеді. "Зардап шеккендер жоқ, экипаж аман. Кеменің палубасы мен палубалық жабдықтары аздап зақымданған. Танкер бос болған, қоршаған орта ластанбады. Кеме Новороссийскіден шығып кетті", - делінген хабарламада. Оқиғаға Грекияның теңіз істері және аралдық саясат министрі Василис Кикилиас пікір білдірді. Министр бұл шабуыл Ресей мұнайына қатысты санкциялардан уақытша босату туралы жақында қабылданған шешімдермен байланысты болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, кеме Chevron компаниясы тарапынан жалға алынған, Салоники қаласынан шыққан және ешқандай жүк тасымалдамаған. Кикилиас осы оқиғаға байланысты Афина Еуроодақ кеңесі деңгейінде теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігі мәселесін көтеретінін айтты. "Жаһандық кеме қатынасы болмаса, сауда да болмайды", - деп атап өтті ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бес қазақстандық Таиландтағы турнирде алтын үшін бақ сынайды Қазақстандық боксшылар Жалғас Өтебеков, Досжан Жұмақан, Бейбарыс Әшірбай, Камила Оспанова және Айдана Убайдуллақызы Бангкокта өтіп жатқан турнирдің финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтық жекпе-жектер 15 наурызда өтеді. 90 келіге дейінгі салмақта Жалғас Өтебеков Самоа елінің боксшысы Энтони Патимен кездесті. Қазақстандық боксшы алғашқы екі раундты сенімді өткізді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен оның жеңісін жариялады. 60 келіге дейінгі салмақта Досжан Жұмақан француз боксшысы Давид Арутюнянмен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысында төрешілердің 4:1 есебімен шығарған шешімі бойынша Жұмақан жеңіске жетті. 70 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Әшірбай жартылай финалда марокколық Маруан Джаафримен кездесті. Үш раунд қорытындысында төрешілер 5:0 есебімен қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды. Қыздар арасында 70 келіге дейінгі салмақта Камила Оспанова америкалық Марли Макнилимен жекпе-жек өткізді. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 80 келіге дейінгі салмақта Айдана Убайдуллақызы Вьетнам спортшысы Тхи Май Ан Даммен кездесті. Айдана қарсыласын бірінші раундтың өзінде үш рет нокдаунға жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Айта кетейік, World Boxing ұйымы ұйымдастырған 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы бұл турнирге Қазақстаннан 19 спортшы қатысып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Келіссөздер “Санта-Барбараға“ айналып кетті - Украина президенті Зеленский Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздерді әйгілі "Санта-Барбара" телесериалына ұқсатты. Оның айтуынша, Таяу Шығыста басталған соғысқа байланысты келіссөз тоқырап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Унианға сілтеме жасап. "Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты бұл келіссөздер Санта-Барбараға айналды. Америкалықтар кездесуге дайын екенін айтты, бірақ тек Америкада кездескісі келеді. Себебі соғыс пен қауіпсіздік жағдайы олардың АҚШ аумағынан шығуына мүмкіндік бермейді", - деді Украина президенті. Зеленскийдің айтуынша, Украина делегациясы Майами немесе Вашингтонға ұшып баруға дайын екенін растаған. Ал Ресей тарапы АҚШ-қа баруға келіспей, кездесуді Түркия немесе Швейцарияда өткізуді ұсынған. Алайда бұл ұсынысқа америкалықтар келіспеген. Бұған дейін Украина басшысы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты кейінге шегерілгенін айтқан еді. Ақпаратқа сәйкес, үшжақты келіссөздердің келесі раунды 11 наурызда Ыстамбұлда өтуге тиіс болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Петропавлда полицейлер жағдайы нашарлаған әйелді аман алып қалды Петропавлда полиция қызметкерлері көшеде жағдайы нашарлаған қарт әйелді аман алып қалды. Құтқару сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Полиция қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Бүгін олар жедел жәрдем келгенше адамды аман алып қалды", - деп жазды видеоны жариялаған адам. Желі қолданушылары видеоға көп жағымды пікір жазған. Олар полиция қызметкерлеріне алғыс айтып қана қоймай, өздеріне көмектескен жағдайларды да еске алған. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, видеодағы оқиға 12 наурызда болған. "Сағат шамамен 14:00-де патрульдік полиция батальоны взводының командирі Тимур Байғұжинов автопатрульдердің жұмысын тексеріп жүрген. Интернациональная көшесінде жүрген кезде қызмет инспекторы Жанболат Кемел "Жанар" дүкенінің маңындағы тротуарда жағдайы нашарлаған қарт әйел жатқанын хабарлаған. Сол маңда жүрген Тимур бірден оқиға орнына жетті", - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әдемау Меңдібаева. Полицейдің жетонына түсірілген видеода қызметкерлердің алдымен әйелмен сөйлесіп, оны тыныштандырып, қолынан ұстап тұрғаны көрінеді. "Тәте, бізді естіп тұрсыз ба? Сөйлесіңіз. Немерелеріңіз үйде, уайымдамаңыз. Жедел жәрдем келе жатыр". Алайда көп ұзамай зейнеткер есінен танып, құрыса бастаған, кейін жүрегі тоқтай жаздаған. "Тимур Байғұжинов бірден жүрекке жанама массаж жасауға кірісті. Әйел қайта тыныс ала бастады. Көп ұзамай полицейлер оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды, ал өздері қызметтеріне қайта оралды", - деді Адемау Мендыбаева. Полиция капитаны Тимур Байғұжиновтың айтуынша, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары - әр полиция қызметкері үшін міндетті негіз. Жуырда облыстық жедел медициналық жәрдем орталығында өткен арнайы курс патрульдік полицейлерге бұл білімдерін нығайтып, қолдануға мүмкіндік берген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Іздеуде жүрген түркиялық жынысын ауыстырған: ол Алматыда ұсталды Алматыда Интерпол арқылы іздеуде жүрген түркиялық ұсталды. Ол жезөкшелікке делдал болғаны үшін іздеуде жүрген. Кейін осы уақыт аралығында ер адам жынысын өзгертіп, әйелге айналғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл ерекше оқиға туралы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов айтты. Оның сөзінше, күдікті былтыр қазанда ұсталған. "Алматы әуежайында Бакуге ұшып кетпек болған түркиялық ұсталды. Ол жезөкшелікке делдал болғаны үшін Интерпол арқылы іздеуде жүрген. Уақытша ұстау изоляторына қамалған кезде күдікті жынысын ер адамнан әйелге ауыстырғаны белгілі болды. Қазір оны Түркияға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр", - деді полиция генерал-майоры. Министрлік департаменті басшысының айтуынша, былтыр басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша Қазақстанда 690 іздеудегі адам ұсталған, ал биылдың басынан бері 60 адам қолға түскен. Еске салайық, ақпанның басында Атырауда полиция екі трансгендерді ұстаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар ВИЧ инфекциясы бар екенін біле тұра жезөкшелікпен айналысқан. Олар 2025 жылғы желтоқсаннан бастап арнайы медициналық есепте тұрған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстауда қыз алып қашқандарға сот үкімі шықты Маңғыстау облысында қыз алып қашқан екі адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Мұнайлы аудандық соты әр айыпталушыны 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім заңды күшіне енді. Прокуратура мәліметінше, бұған дейін Қазақстанның Қылмыстық кодексіне "Неке қиюға мәжбүрлеу" атты жаңа бап енгізілген. Бұл нормаға сәйкес, қызды оның келісімінсіз алып қашу, сондай-ақ, некеге тұруға мәжбүрлеу немесе итермелеу - дербес қылмыстық құқықбұзушылық. Бұл әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады. Бұл әрекет үшін айыппұлдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұған дейін Алматыда өтіп бара жатқан адамдар супермаркет автотұрағында қызды алып қашу әрекетінен құтқарып қалған. Оқиға видеоға түсіп қалған. Кейін полиция бұл жағдай бойынша ешкім ресми түрде арыз түсірмегенін хабарлаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Елена Рыбакина финалда 1,2 миллион доллар үшін бақ сынайды Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалында украиналық Элина Свитолинаны жеңді. Матч 1 сағат 47 минутқа созылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте жеңді - 7:5, 6:4. Индиан-Уэллс турнирінің финалында Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Турнир жеңімпазы 1 201 125 доллар (585 миллион теңгеден аса) сыйақы алады. Индиан-Уэллс турнирінің жалпы жүлде қоры - 18 831 450 доллар (9,4 миллиард теңгеден асады). Еске салайық, бұған дейінгі кезеңде Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы жеңген болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қырғызстан ҰҚМК-ның экс-басшысы Қамшыбек Тәшиевтің туған інісінен жауап алынып жатыр Қырғызстан Ішкі істер министрлігі парламент депутаты әрі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің туған інісі Шайырбек Тәшиевті жауап алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg порталына сілтеме жасап. Дереккөздердің мәліметінше, бұрынғы ҰҚМК басшысының інісі қазір ведомствоның бас тергеу басқармасында жауап беріп отыр. "Ішкі істер министрлігі әзірге депутатқа қатысты жүргізіліп жатқан шаралар туралы пікір бермеді. Сондай-ақ, оның қай қылмыстық іс бойынша және қандай мәртебеде - куәгер ме, әлде күдікті ме - өтіп жатқаны нақтыланбады", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, дереккөздер Шайырбек Ташиев бүгін депутаттық мандатынан бас тартуы мүмкін екенін хабарлайды. Бүгін Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, осы мәселе қаралуы ықтимал. Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиевтің Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Тиісті жарлыққа республика президенті Садыр Жапаров қол қойған. Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамда, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасында да, жікке бөлінудің алдын алу" екенін айтқан. Алайда кейінірек президенттің баспасөз хатшысы шиеленісті Тәшиев емес, оның жақын айналасындағы адамдар туғызғанын хабарлады. Олар депутаттарға қоңырау шалып, "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастамалауға" үгіттеген. Қамшыбек Тәшиев қызметінен тосыннан босатылуына пікір білдірген еді. Кейін Қырғызстан ҰҚМК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев елден ұшып кеткені белгілі болды. Бұл туралы "Өңір" телеарнасының директоры Откурбек Рахманов мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қысқы Паралимпиада-2026: жарысты қайдан және қашан көруге болады? Бүгін, 14 наурызда, Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарында қазақстандық спортшылар бір спорт түрінде сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 15:15-те парашаңғы жарысында Қазақстан атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Владислав Кобаль және Нұрлан Акимов стартқа шығады. Қазақстандық спортшылар 4х2,5 шақырымдық ашық эстафетаға қатысады. Барлық жарысты Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от CSP-parasport.kz (@csp_parasport.kz) Еске салайық, кеше, 13 наурызда, 28 жастағы қазақстандық Ербол Хамитов пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Отандасымыз 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды. Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана тұрғынына жаңа бап бойынша қылмыстық іс қозғалды Елордада жедел жәрдем бригадасының фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мән-жайы Жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған. Ол жерде мас екі ер адам болған. Олардың біреуі өзін жайсыз сезінетінін айтып шағымданған. Медицина қызметкерлері қажет шараларды жүргізіп, шақырту орнынан кетпек болған кезде, әлгі ер адамның бірі фельдшерді ұрып жіберген. Куәгерлер полиция шақырған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Маңызды әлеуметтік миссия атқарып жүрген жедел қызметтердің қызметкерлеріне қатысты кез келген агрессия, қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері қатаң түрде тоқтатылады", - деп мәлімдеді полиция қызметкерлері. Еске салайық, 7 наурыздан бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді медицина қызметкерлеріне күш көрсету мен қоқан-лоқы жасағандарға жаза күшейтілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстаннан Ресейге 500 млн теңгенің майнинг жабдығы заңсыз шығарылмақ болған Қазақстаннан Ресейге құны 500 миллион теңгеден асатын майнинг жабдығын заңсыз шығарылмақ болғаны анықталды. Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылғы 18 қазанда Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы "Аят" автомобиль өткізу пунктінде Ресейге жалпы салмағы 8 тоннадан асатын майнинг жабдығын шығару әрекеті анықталған. Прокуратура мәліметінше, бұл жабдық экспорттық бақылауға және лицензиялауға жататын арнайы тауарлар санатына жатады. Алайда жабдықты тасымалдаған ЖШС-де қажетті рұқсат құжаттары болмаған. Бұл дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бірінші сатыдағы сот ЖШС-ні кінәлі деп танып, 98 300 теңге айыппұл салған, бірақ жабдықты тәркілеу туралы қосымша жаза қолданбаған. Облыс прокуратурасы бұл шешіммен келіспей, апелляциялық өтініш берген. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 45-бабына және Жоғарғы соттың түсіндірмесіне сәйкес, жабдық мемлекет пайдасына тегін тәркіленуге тиіс. Апелляциялық соттың қарауынан кейін майнинг жабдығы тәркіленді. Облыстық соттың қаулысы заңды күшіне енді, ал тәркіленген мүлік мемлекет кірісіне өткізіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таяу Шығыстан 10 мыңнан аса қазақстандық эвакуацияланды Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады. Жалпы алғанда, елге 10 275 қазақстандық қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, соның ішінде жерүсті және әуе жолдары арқылы жүргізілді. Қазақстанның шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде шетел мемлекеттерінің құзырлы органдарымен жұмысты үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыс орнатып, азаматтарға қажет көмек көрсетті. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың елге қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көмектескен мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестерге алғыс білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Еңбек министрлігі көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерін атады 2026 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға жалпы сомасы 114 миллиард теңге жәрдемақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомствоның мәліметінше, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табыс деңгейіне қарамастан ала алады. 2026 жылы көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері балалар санына қарай белгіленген: 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (69 330 теңге); 5 баласы барларға – 20,04 АЕК (86 673 теңге); 6 баласы барларға – 24,05 АЕК (104 017 теңге); 7 баласы барларға – 28,06 АЕК (121 360 теңге); 8 және одан да көп баласы барларға – әр балаға 4 АЕК (17 300 теңгеден). Сонымен қатар, наградталған аналарға арналған жәрдемақы да төленеді. Ол "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ, "Ана даңқы" орденінің I және II дәрежелерімен наградталған аналарға беріледі. Ай сайын төленетін жәрдемақы мөлшері: "Күміс алқа" иегерлеріне – 6,40 АЕК (27 680 теңге); "Алтын алқа" иегерлеріне және "Батыр ана" атағын алғандарға – 7,40 АЕК (32 005 теңге). Министрлік 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап балалар бар отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 10 пайыз өскенін да атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Семейде 9 жыл бұрын жоғалған қызды туыстары қайта іздеуді сұрады Семейде тоғыз жыл бұрын жоғалған бір жарым жастағы қыздың туыстары баланы қайта іздеуді сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. Сол кезде 24 жастағы әйел күйеуімен ұрысып қалғаннан кейін қызын үйінің маңындағы Ертіс өзеніне батырып жібергенін мойындаған. Кейін өзі де суға кетпек болғанымен, райынан қайтқан. Баланың әкесі сол түні шынында да әйелі екеуінің арасында жанжал болғанын айтқан. Оқиғаны естігеннен кейін ол бірден өзенге секіріп, қызын іздемек болған. Алайда өзі де суға батып кете жаздаған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған, күдікті әйел ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Бірақ аяғында ешкім жауапқа тартылмаған. Баланы полиция да, құтқарушылар да таба алмаған. Қайғыны көтере алмаған әкесі кейін қайтыс болған. Жақында қыздың туыстары іс материалдарымен танысу үшін қайтадан полицияға жүгінді. Құқық қорғау органдары әзірге толық мәлімет бермеді. Қазір тоғыз жыл бұрынғы оқиға қайта қаралып жатыр. "Ол баланы суға батырдым дейді. Біз оған сенбейміз. Біреуге сатып жіберді, әлде біреуге беріп жіберді деп ойлаймыз. Іс біраз уақыттан бері архивте жатқан. Менің ағам да бес жыл бұрын қайтыс болды. Біздің Айшаны тауып берсе екен деп сұраймыз", - деді қыздың тәтесі Зарина Серікбосинова. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атыраудағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы ауыр жарақат алды 13 наурызда Атыраудағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға орнына жедел түрде жедел-жәрдем мен полиция қызметкерлері келді. Зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сынып оқушысы жәбірленушіге үшкір зат сұғып алған. Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Барлық процестік әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр. Қазір полиция қызметкерлері қажет тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от АТЫРАУ | ҚАЗАҚСТАН | 06 🌷 (@atyrauoil.official) Жасөспірімнің ата-анасы да баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда тыныштық күні басталды Бүгін, 14 наурызда, сағат 00:00-ден бастап Қазақстанда алдағы конституциялық реформа бойынша референдум алдында тыныштық күні басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум өтеді. Заңға сәйкес кез келген дауыс беру алдында бір тәулік бұрын тыныштық күні жарияланады. Тыныштық күні деген не? Тыныштық күні – бұл сайлау немесе референдум алдында болатын кезең, осы уақытта дауысқа шығарылған мәселе бойынша жақтап немесе қарсы үгіт жүргізуге тыйым салынады. Ол дауыс беру күніне бір тәулік қалғанда басталып, сайлау учаскелері жабылғанға дейін жалғасады. Бұл уақытта үгіт материалдарын таратуға, азаматтарды белгілі бір түрде дауыс беруге немесе дауыс бермеуге шақыруға, сондай-ақ, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарнамалық немесе саяси хабарламалар жариялауға болмайды. Сонымен қатар, үгітке байланысты митингілер, кездесулер, сөз сөйлеулер және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. "Бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, референдум нәтижелеріне болжамдарды, референдумға байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға жол берілмейді", - деп нақтылады Бас прокуратура. Сондай-ақ, референдум күні дауыс берген адамдардан сауалнама алуға тыйым салынады. Жалпы, тыныштық күнінің мақсаты – сайлаушыларға ешқандай қысымсыз, сабырмен шешім қабылдауға мүмкіндік беру. Бұл талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тыныштық күнін бұзғандарға қандай жаза қарастырылған? Үгіт жүргізуге және қоғамдық пікір сауалнамаларын жариялауға қойылған тыйымды бұзу Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабы - "Тыйым салынған кезеңде сайлауалды үгіт жүргізу" бойынша жауапкершілікке әкеледі. Айыппұл мөлшері: жеке тұлғалар үшін - 15 АЕК (55 380 теңге); шағын бизнес субъектілері үшін - 20 АЕК (73 840 теңге); орта бизнес субъектілері үшін - 25 АЕК (92 300 теңге); ірі бизнес үшін - 35 АЕК (129 220 теңге). Алдағы референдум 2026 жылғы 11 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда референдум 15 наурызда өтеді. Бұл жексенбі. Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады. Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматының орталығында ірі жол апаты болды: видео Алматыдағы Жандосов пен Әуезов көшелері қиылысында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. Полиция департаменті жол апатының мән-жайын нақтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Оқиға туралы редакцияға оқырмандар хабарлады. Оқиға орнынан түсірілген кадрларға қарағанда, № 95 автобус пен бірнеше жеңіл көлік жол апатына ұшыраған. Полиция не дейді? Полиция мәліметінше, оқиға 13 наурызда сағат 15:20-да Бостандық ауданында болған. Автобус бес жеңіл көлікпен соқтығысқан. "Foton маркалы автобустың жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Манас көшесінен батысқа қарай, арақашықтықты сақтамау салдарынан алдында келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан", – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жол апаты салдарынан бір адам зардап шеккен. "Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді. Оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", – деп қосты ведомство. ECOBUS Service ЖШС-де бұл жол апаты бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Ірі банктер бұл талапты созбалаңға салып, орындамай отыр Мемлекет басшысы отандық IT-бизнестің көкжиегін кеңейтуді негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастыруға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Бұл бағытта қазірдің өзінде көп жұмыс істелді. Astana Hub-тың негізінде кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдай жасалды. Еліміздегі IT қызметтердің экспортынан түскен табыс 1 миллиард долларға жуықтады. Зияткерлік өнім өндіретін, оны шетелге сататын жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетілуі қажет", – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект технологияларын өндіріс саласына енгізуді ынталандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ цифрлық төлем инфрақұрылымына қатысты мәселені шешуді тапсырды. Президенттің айтуынша, жасанды интеллектіні экономиканың нақты секторында кеңінен қолдану технологиялық дербестік пен экономикалық өсімнің маңызды факторы саналады. Үкіметтің алдында өнеркәсіпке озық технологиялар енгізу үшін ынталандыру тетіктерін қарастыру міндеті тұр. "Азаматтарға арналған банк қызметтеріне айрықша тоқталғым келеді. Менің тапсырмаммен Ұлттық банк цифрлық қаржы инфрақұрылымын жасады. Оның аясында банкаралық QR-төлемдер және аударымдар, цифрлық теңгемен есеп айырысу қызметтері пайда болды. Бұл төлем тізбегіндегі делдалдар санын қысқарту арқылы шығынды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Банктер заң жүзінде аталған инфрақұрылымға қосылуға міндеттелді. Алайда ірі банктер бұл талапты созбалаңға салып, орындамай отыр", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Процесс өте баяу жүріп жатыр“ - Тоқаев Қазақстанның цифрлық келешегі туралы Президент Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуға тиіс деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Дегенмен шұғыл шешімін табуға тиіс бірқатар мәселе де бар. "Мемлекеттік аппарат қызметін цифрландыруды жеделдету қажет. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметтің 90 пайыздан астамы онлайн форматқа ауыстырылған. Ведомствоаралық ақпарат жүйелері біріздендірілген үдеріске кіріктірілмеген. Жеделдік пен сапа барлық кезеңде басымдыққа айналуға тиіс. Бұған дейін айтқанымдай, адамдарды жүгіртіп, әуре-сарсаңға салмай, деректерді барынша қолжетімді еткен жөн", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, Digital Qazaqstan стратегиясында қағазбастылықтан арылып, ішкі процестерді түбегейлі қайта құруға баса мән беру қажет. "Цифрландыру мен бюрократия от пен су сияқты бір біріне кереғар құбылыстар. Біз заманауи технологияларды ескірген бюрократияның тар шеңберіне қамауға тырыспай, жаңаша жұмыс істеп үйренуіміз керек. Заманауи цифрлық мемлекет жасанды интеллектіге бейімделуге және ауқымды деректер қорын оңтайлы пайдалануға міндетті. Осынау жаңа әрі күрделі саланың маманы – сіздер. Қайткенде де, солай аталасыздар. Ендеше не тұрыс? Бізге нәтиже керек. Жасанды интеллект туралы жаңалықтарды үнемі оқып отырамын. Технологияның қарқынды дамып келе жатқаны соншалық, Қазақстанның цифрлық келешегіне алаңдай бастайсың. Меніңше, процесс өте баяу жүріп жатыр", – деді Мемлекет басшысы. Президент Үкіметке мемлекеттік аппаратты түбегейлі трансформациялау міндетін жүктеді. Бұл істі үйлестірумен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі айналысады. Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство жыл соңына дейін өзгелерге үлгі көрсетіп, азаматтармен, бизнеспен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынастың жаңа форматына бірінші болып ауысуы керек екенін атап өтті. Президент AI-Sana бағдарламасын одан әрі дамыта отырып, нақты нәтижелерге қол жеткізуді тапсырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік құрылымдар жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында ауқымды жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды. Негізгі мақсат – озық технология мен жасанды интеллектіні ел өмірінің әр саласына жаппай енгізу. "Ең алдымен, қолайлы институционалдық, құқықтық және іскерлік орта қалыптастыру қажет. Қазақстан – ыңғайлы және озық цифрлық реттеу жүйесін енгізген елдердің қатарында. Біз бұл жұмысты алғашқылардың бірі болып бастадық. Атап айтқанда, елімізде Цифрлық кодекс қабылданды. Жасанды интеллект туралы арнайы заң күшіне енді. Бірақ бұл тек ауқымды жұмыстың басы ғана, мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Әлемде болып жатқан өзгерістердің қарқыны өте жоғары. Оны жақсы білесіздер. Ғылым, білім, технология аса жоғары жылдамдықпен дамып жатыр. Сондықтан нормативтік құжаттарды да дер кезінде жаңартып отыру керек. Бір сөзбен, қазіргі заманда әрбір азаматқа түсінікті және айқын болатын "Цифрлық мемлекет" ұғымын қалыптастыру қажет, яғни Digital Qazaqstan стратегиясы азаматтар мен бизнестің нақты талап-тілегін ескеруге тиіс", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана халқы бір жылда шамамен 90 мың адамға көбейді 2025 жылы Астана халқы шамамен 90 мың адамға көбейді, бұл елдегі барлық қала арасында ең үлкен көрсеткіш. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Былтыр Астанадағы көші-қон сальдосы плюс 87 459 адам болды. Бұл дегеніміз, көші-қон есебінен елорда халқы күн сайын шамамен 240 адамға көбейіп отырған. Анықтама: Көші-қон сальдосы - белгілі бір уақыт ішінде елге (немесе өңірге) келген адамдар саны мен кеткен адамдар саны арасындағы айырмашылық. Оң көші-қон сальдосы Алматыда (33 126 адам), Шымкентте (15 130 адам) және Алматы облысында да (12 110 адам) қалыптасты. Бұл ретте халықтың ең көп кетуі оңтүстік өңірлерде байқалған: Түркістан облысы (минус 42 649 адам) мен Жамбыл облысы (минус 21 179 адам), сондай-ақ Жетісу облысы (минус 13 018). Қызылорда облысында халық саны шамамен 12 мың адамға, Абай облысында 10 мың адамға дейін азайды. 2025 жылы Қазақстанға келгендер саны 23 761 адам болды, ал 7 608 адам елден кеткен. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. Ол жақтан келгендердің үлесі 81,8 пайыз, ал осы елдерге кеткендердің үлесі 71,8 пайыз болды. Бұған дейін, Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялаған болатын. Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 212 576 адамға көбейген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жанәбіловтер сотқа келді Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша алдын ала сот отырысы басталды. Ерлі-зайыпты сотқа адвокаттарымен бірге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Отырыс Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатыр. Танымал блогерлерге ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік", 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" бойынша айып тағылған. Сот залында блогерлердің адвокаты сот талқылауын жабық режимде өткізу туралы өтінішхат білдірді, алайда прокурорлар бұған қарсылық танытты. Сот қорғау тарапының өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сот тыңдауы кезінде БАҚ өкілдерінің оларды түсіруіне қарсы. Айта кетейік, блогерлер заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ референдум қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады Ішкі істер министрлігі 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады. Ведомство жалған ақпарат таралуы мүмкін екенін ескертіп, қазақстандықтарды желідегі хабарламаларға мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат пен арандату хабарламаларын тарату жиілейді. Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру. Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Министрлік көрінеу жалған ақпарат тарату заңбұзушылық екенін еске салды. "Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін. Еске саламыз, көрінеу жалған ақпарат тарату – заңбұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған", - делінген ведомство хабарламасында. Ішкі істер министрлігі азаматтарды ақпаратқа мұқият қарап, күмәнді хабарламаларды таратпауға шақырды. "Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз. Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады. Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады. Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер", - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. Алдағы референдум 2026 жылғы 11 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда референдум 15 наурызда өтеді. Бұл жексенбі. Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады. Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Екібастұз тұрғыны өз үйінде жасырын алкоголь өндіру цехын ашып алған Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екібастұзда тұрғын өз үйінде заңсыз түрде алкоголь өндіретін жасырын цех ұйымдастырған. "Үй-жайды тексеру кезінде ішінде белгісіз сұйықтық бар 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба және алкоголь өнімдерін (виски, ликер, сыра) қолдан жасап шығаруға арналған аппарат, сондай-ақ спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылған, алайда акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнім сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Екібастұз Қаласының Полиция Басқармасы (@up.ekibastuz) Полиция алкоголь өнімдерін заңсыз дайындау, сондай-ақ оны өндіруге арналған жабдықтарды сақтау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды. Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Компания баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. "Компания белгіленген рәсімдерге сәйкес түпкілікті себептерге бағалау жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, ТШО өзінің өндірістік қызметінің нақты егжей-тегжейлеріне түсініктеме бермейді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Tengrinews.kz-ке қондырғылардың бірінде өрт шыққаны белгілі болды. Оқиға 11 наурызда кешке тіркелген. Еске салайық, 18 қаңтарда Теңіз кен орнында орналасқан үшінші буын зауытында өрт шыққан еді. Осыдан кейін Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру тоқтатылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы тұрғындары аспандағы сирек құбылысты суретке түсіріп алды 12 наурызда кешке Алматы тұрғындары аспандағы сирек құбылысты байқады. Аспан ашық қызыл-сары түске боялып, екі күн қатар тұрды. Метеоролог бұл сирек құбылысты түсіндірді, - деп хабарлайды Tengri Life. Фото: Tengri Life оқырманы Бұл қандай құбылыс екенін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасының зерттеуші профессоры Виталий Сальников түсіндіріп берді. "Фотосуреттерде паргелий бейнеленген, грек тілінде "жалған күн". Бұл күн доғасының ең жарқын түрлерінің бірі. Оптикалық иллюзия немесе қосалқы жарық сияқты көрінгенімен, бұл физикалық құбылыс", - деп түсіндіреді профессор. Фото: Tengri Life оқырманы Суық ауада немесе көктегі бұлтта микроскопиялық алтыбұрышты пластинка тәрізді мұз кристалдары түзіледі. Бұл кристалдар ауада көлденең бағытта жылжып, кішкентай линзалар сияқты қозғалады. "Күн сәулесі кристалдың бір қырынан кіріп, басқа қырынан шығады, 22 градус бұрышпен сынады. Нәтижесінде біз шынайы күнмен бір биіктікте жарқыраған жарық нүктесін көреміз", - дейді Сальников. Фото: Tengri Life оқырманы Профессор қыстағы Алматы мұндай әсерлер үшін мінсіз орын деп қосты. "Қазір қалада аяз түсіп, жоғары ылғалдылық бар. Атмосфераның төменгі қабаттарында "алмас шаңы" немесе мұз кристалдарының қалқымалы қоспасы түзіледі. Олар күн сәулесін шағып, жалған күнде кемпірқосақ сияқты жарқырау әсерін береді", - дейді ол. Сальников паргелий - бұл атмосфераның қаншалықты күрделі және қызықты екенін еске салатын қауіпсіз және таңғажайып әсем табиғи құбылыс екенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда метроның жаңа желілері қашан іске қосылады? Алматыда метроның жаңа 2 желісін салып, қолданыстағы желіні ұзарту жоспарланып отыр, бұл қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспар жобасында қарастырылған. Tengrinews.kz тілшісі әрбір желінің құрылысы қазір қай кезеңде екенін білді. Бірінші желі (қызыл): "Қалқаманнан" "Барлық" базарына дейін Қазір Алматыдағы бірінші метро желісі 11 станцияны қамтиды, "Бауыржан Момышұлы" станциясынан "Райымбек батыр" станциясына дейін жалпы ұзындығы 14,3 шақырым. Бұған дейін, "Алматыбасжосрпар" ҒЗИ-нің бас директоры Асхат Садуов болашақта желіні екі бағытта ұзарту жоспарланып отырғанын хабарлаған еді. Батыста: құрылысы жүріп жатқан "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейін тағы үш станция (5,3 шақырым). Сол жерде ауысып міну торабын салу жоспарланған. Солтүстікте: "Райымбек батыр" станциясынан Алматы-1 теміржол вокзалына қарай тағы бес станция қосылады (7,7 шақырым). "Қалқаман" станциясындағы негізгі жұмыстарды 2026 жылдың жазына дейін аяқтап, жолаушылар үшін жыл аяғына қарай ашу жоспарланған. "Қалқаман" станциясының құрылысы аяқталғаннан кейін бірінші желіні "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейін созу басым бағыт болады", - деп хабарлады жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Ведомство деректері бойынша, осы учаскенің құрылысын 2030 жылға дейін аяқтау жоспарланған. "Бұл қаржыландыру уақытында қамтамасыз етілген жағдайда болады", - деп нақтылады басқарма өкілдері. Алматы-1 вокзалына дейін ұзартылмайды Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспар жобасында желіні "Райымбек батыр" станциясынан Алматы-1 вокзалына дейін ұзарту көзделгенімен, бұл жоба қазіргі уақытта қарастырылып жатқан жоқ. "Алматы-1 вокзалы бағытындағы метро құрылысы бойынша бүгінде бұл жоба басқарма тарапынан қарастырылып жатқан жоқ", - деп хабарлады ведомство. Фото: Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспары презентациясынан Екінші желі (көк): "Жібек жолы" бағытынан Екінші желі ең үлкені болады: жоба бойынша оның жалпы ұзындығы шамамен 76,6 шақырым, 42 станциядан тұрады. Құрылыстың бірінші кезеңі "Жібек жолы" станциясынан әуежайға дейінгі бағыт болады. Басқарма мәліметінше, бұл учаскенің жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, содан кейін құрылыс мерзімі белгілі болады: "Екінші желінің "Жібек жолы" станциясынан әуежайға дейінгі трассасы Жібек жолы даңғылы қозғалыс бөлігінің астынан шығыс бағытта Орталық саябаққа дейін барады. Содан кейін желі Шығыс айналма жолы астынан Құлжа жолына шығады, Бұқтырма көшесін кесіп өтіп, әуежайға қарай бұрылады және Ахметов көшесімен жалғасады. Екінші желінің ұзындығы 14,275 шақырым. Құрылыс мерзімі мемлекеттік сараптама қорытындысын алғаннан кейін анықталады", - деп хабарлады басқарма. Бас жоспар жобасына сәйкес, екінші желі "Барлық" базары ауданын, әуежай бағыты мен әл-Фараби даңғылы бойындағы оңтүстік аудандарды байланыстыратын айналмалы болуы тиіс. Фото: Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспары презентациясынан Үшінші желі (жасыл): Алатауға дейін Үшінші желі "Қазақфильм" ауданынан басталып, "Сайран" станциясы арқылы солтүстікке – салынып жатқан Алатау қаласына қарай жетеді. "Биыл техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді бастау жоспарланған", - деп хабарлады басқарма. Желінің жалпы ұзындығы 28 шақырым болады. Жоспар бойынша желіде 17 станция болады, оның екеуі Алатау аумағында орналастырылады. 2040 жылға дейін салып үлгереді ме? Әкімдіктен "Бас жоспар жобасында көрсетілгендей, барлық станция мен үш желіні 2040 жылға дейін аяқтау мүмкін бе?" деп сұрадық. Басқарма "бәрі қаржыландыруға байланысты болады" деп жауап берді. "Барлық жоспарланған метро желілері мен станцияларын 2040 жылға дейін салу қаржыландыру қамтамасыз етіліп, жобалық құжаттама кезең-кезеңімен бекітілсе және құрылысқа қажетті жер учаскелері алынса мүмкін болады", – деп қорытындылады басқарма. Бұған дейін, "Қалқаман" станциясы құрылысының сметалық құны 67,8 миллиард теңге болғаны, қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатыны хабарланған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада блогер Жанәбіловтердің соты басталады Бүгін, 13 наурызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот процесі басталады. Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот мәліметінше, қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге тағайындалған. Еске салайық, 2025 жылғы 9 қазанда апелляциялық алқа блогерлер Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенованың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды. Бұл олардың бастапқыда әкімшілік іс ретінде қозғалған істері қылмыстық іске қайта сараланып, сол бойынша тергеу жүргізілуі мүмкін екенін білдірген. Кейін Қаржы мониторингі агенттігі блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Жанәбіловтерге екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда оқушы балалар үйіне орналастыруды сұраған: оның оқиғасы тексеріліп жатыр Павлодарда 8 жастағы оқушы қыз отбасындағы қатыгездікке шағымданып, өзін балалар үйіне жіберуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыз көршілеріне оны жалғыз тәрбиелеп отырған әкесі үйге жиі мас күйде келіп, қол көтеретінін айтып берген. Тұрғындар 7 наурызда ер адам қызын үйден қуып жібергенін хабарлады. "Ол қызды жартылай жалаңаш күйде кіреберіске шығарып, киімдерін есіктен лақтырып жіберді. Қыз алдымен қаланың басқа жағында тұратын апасының үйіне барып, кейін үйіне оралды. Бірақ әкесі оған есікті ашпады. Біз оны өз үйімізге кіргізіп, тамақ бердік. Оның қандай ескі киіммен жүргенін көріп, подъезд тұрғындары жиналып, оған киім сатып алып беруді шештік", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне жанашыр павлодарлықтар. Тұрғындардың айтуынша, олар қыздың беті мен қолында көгерген іздерді бұрын да байқаған, бірақ бала бәріне өзі соғып алғанын айтқан. "Әкесі қызына дүрекі сөйлейді. Оған үнемі әртүрлі адам келеді, қыз осындай жағдайда өмір сүруге мәжбүр. Бірде оның бетінде көгерген ізді байқап, не болғанын сұрадым. Ол төбешіктен құлап қалғанын айтты. Мектепте де оны ренжітеді, мүмкін, ол қараусыз, нашар киінгендіктен болар. Қыздың сөзінше, ол отбасындағы мәселелер туралы сынып жетекшісіне айтқан", - деді көршілер. 8 наурызда әкесі екінші тәулік бойы қызды үйге кіргізбеген кезде, тұрғындар балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкеневаға хабарласқан, ал ол полиция шақырған. "Қыздың айтуынша, әкесі белбеумен ұрады, ішеді, пәтерден қуады. Сондықтан ол үлкен ағасы тәрбиеленіп жатқан балалар үйіне баруды қалайды. Расында қыздың қолында, аяғында және денесінде көгерген іздер болды. Ол сегіз жаста, бірақ алты жастағыдай көрінеді және киіммен өлшегенде салмағы бар-жоғы 22 келі. Сол күні баланы отбасынан алып, ауруханаға тексерілуге жатқыздық", - деп хабарлады Сәуле Шәкенева. Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың әкесі кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материал сотта қаралған. "Әкенің мінез-құлқы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қаралды, оның шешімі бойынша әкенің ата-ана құқықтарын шектеу туралы материал сотқа дайындалды. Қазіргі уақытта тиісті қызметтердің әрекет етуі нәтижесінде кәмелетке толмаған бала медициналық тексеруден өтіп, денсаулық жағдайын бағалау үшін облыстық балалар ауруханасына орналастырылды", - деп хабарлады өңірдің Полиция департаменті. Полиция мәліметінше, медициналық тексеруден кейін қыз уақытша тұру үшін балаларды қолдау өңірлік орталығына жіберіледі. Оқушының әкесі бұған дейін де полиция назарына бірнеше рет іліккені белгілі болды. Екі жыл бұрын ер адам кішкентай қызын көшеде телефонымен басынан ұрған. Сотта ол өз іс-әрекетін "мінез-құлқы нашар болғандықтан ұрдым" деп түсіндірген. Сол кезде Павлодар тұрғыны баланы тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, 26 мың теңге айыппұл салынған. Бұған дейін оған 30 тәулік бойы қызына жақындауға тыйым салынған. Қыз 80 жастағы әжесіне тапсырылатыны айтылған. Кейін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия шешімі бойынша ер адам полиция, педагогтер және қорғаншылық органдарының бақылауына алынған. Егер әке бір ай ішінде өзгермесе, ол ата-ана құқықтарынан айырылатыны айтылған. "Сол кезде қыз әжесіне берілмеді, қорғаншылық бұйрығы күшінде болған тұрған кезде де ол әкесімен бірге тұрған. Екі жыл өтті, ол өзгермеді, ал баланың жағдайы нашарлай түсті. Комиссия шешімі бойынша отбасы бақылауға алынуы керек еді, бірақ қазір баланың жағдайынан көрініп тұрғандай, іс жүзінде бұл жасалмаған. Қыз әкесіне оралғысы келмейді", - деді Шәкенева. Павлодар білім бөлімі бұл жағдайдан хабардар екенін растады. "Қажет болғанның бәрін істедік. Қызды арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығына орналастырдық. Әкенің ата-ана құқықтарын шектеу туралы сотқа талап дайындаймыз", - деп хабарлады ведомство. Айта кетейік, бұл орталықта бірнеше жылдан бері қыздың бір анадан туған 12 жасар үлкен ағасы тәрбиеленіп келеді. Бірнеше жыл бұрын балалардың анасы ата-ана құқықтарынан айырылып, былтыр қайтыс болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 15 градусқа дейін күн жылынады Казгидромет 14, 15 және 16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкес, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне жылы, құрғақ ауа райын әкеледі, тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран, желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады. "Күндіз ауа температурасы батыс пен оңтүстікте 3–15 градус жылыға дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 2 градус аяздан 5 градус жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі", - деді синоптиктер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таксистер жолаушыларды да сақтандыруы керек пе? Полиция түсіндірді Редакцияға оқырман хабарласып, жол полициясы такси жүргізушілерінде тек міндетті автосақтандыру ғана емес, жолаушылар алдындағы жауапкершілікті қамтитын полистің болуын да тексере бастағанын хабарлады. Бұл ретте жолаушылар жол жүрісі кезінде агрегаторлар арқылы сақтандырылған болса, осындай құжат талап ету заңды ма деген сұрақ туындап отыр. Tengri Auto тілшісі мәселенің мән-жайын анықтап көрді. Не болды? Оқырманның айтуынша, соңғы уақытта жол полициясының қызметкерлері такси көліктерін тоқтатып, жүргізушілерден жолаушылар алдындағы жауапкершілікті сақтандыру құжаттарын талап етеді. "Бұл қаншалықты заңды? Жүргізуші өзін жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жолаушылар тасымалдауға рұқсат алуы қажет дегенге келісеміз. Бірақ неге бөлек сақтандыру қажет? Такси сервистері сапар басталған сәттен бастап жолаушыларды автоматты түрде сақтандырады ғой", - деп жазды оқырман. Полиция жауабы Алматы Полиция департаменті редакция сауалына берген жауабында, жүргізушінің көлікті иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартысыз басқаруға құқығы жоқ екенін еске салды. Ал егер көлік жолаушылар тасымалы үшін пайдаланылса, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін де сақтандыру қажет. Осылайша, такси көліктері үшін тек стандартты автосақтандыру ғана емес, сонымен қатар жолаушылар тасымалына арналған қосымша полис те қажет. Департамент мәліметінше, инспектор көлікті тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексеруге құқылы. Оның ішінде: жүргізуші куәлігі; көлікті тіркеу куәлігі; міндетті сақтандырудың бар болуы; жолаушылар тасымалы қызметімен айналысу құқығын растайтын құжаттар; егер жүргізуші ресми түрде жолаушылар тасымалымен айналысса (таксистер, таксопарктер, автобус парктері) жолаушылар тасымалына байланысты қосымша сақтандыру полисі. Заңгердің түсіндірмесі ALC Attorneys халықаралық заң компаниясының заңгері Мадина Сәпинова "Жол қозғалысы туралы" заңға сәйкес жүргізуші заңнамада көзделген құжаттарды өзімен алып жүруге және полиция қызметкерлерінің талап етуі бойынша көрсетуге міндетті деп түсіндірді. Оларға мыналар кіреді: жүргізуші куәлігі, көлікті тіркеу куәлігі, міндетті сақтандырудың бар екендігін растау. "Сондықтан жол полициясының қызметкері басқа құжаттармен қатар сақтандыру полисінің бар-жоғын тексере алады", - дейді Сәпинова. Сондай-ақ ол жарамды сақтандырусыз көлікті басқару әкімшілік құқықбұзушылық болып саналатынын еске салды. Бұл үшін жауапкершілігі ҚР ӘҚБтК 230-бабында қарастырылған, жүргізуші айыппұл арқалауы мүмкін. Жолаушы тасымалымен айналысатындарға бөлек талаптар қолданылады. "Егер жүргізуші адамдарды ақылы түрде тасымалдайтын болса, ол тасымалдаушы болып есептеледі. Бұл жағдайда әдеттегі автосақтандырудан бөлек тағы бір полис тасымалдаушының жолаушылар алдындағы міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру қажет", - деп түсіндірді маман. Полис сапар кезінде жолаушыға зиян келтірілген жағдайда, мысалы, жол-көлік апаты кезінде қолданылады. Сақтандыру жолаушылардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтейді. Заңгердің айтуынша, такси сервистері расында жолаушыларды қосымша сақтандыра алады. Әдетте ол тапсырыс қабылданған сәттен бастап автоматты түрде іске қосылып, тек сапар уақытына қолданылады. Алайда заңгер агрегатор тарапынан мұндай сақтандыру заң талаптарын жоймайтынын айтты. "Жолаушылар тасымалы үшін негізгі заңдық және қаржылық жауапкершілік тасымалдаушыға, яғни көлік иесіне немесе таксопаркке жүктеледі. Сондықтан агрегатор арқылы жұмыс істейтін жүргізуші де заңнамада көзделген міндетті сақтандыру полистерін рәсімдеуі керек", - дейді Мадина Сәпинова. Сонымен қатар маман жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істеу үшін өз қызметінің заңдылығын растау қажет екенін айтты. Әдетте бұл үшін жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі к жұмыспен қамтушы ретінде тіркеліп, рұқсат алу немесе тасымалды бастау туралы хабарлама беру қажет. Осылайша, заңгер "жол полициясы такси жүргізушілерінде сақтандыру полисінің бар-жоғын тексеруі заңды. Сонымен қатар, сапар кезінде агрегатор тарапынан берілетін сақтандыру жолаушыларға қосымша қорғау ретінде қызмет ете алады, бірақ заңдағы міндетті талаптарды алмастырмайды" деп қорытындылады. Жолаушылар алдындағы міндетті сақтандыру полисін тасымалдаушы — көлік иесі, таксопарк немесе жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген жүргізуші рәсімдеуі тиіс. Әдетте мұндай полис бір жылға рәсімделеді. Ол жолаушылардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған шенеунік ұсталды Батыс Қазақстан облысында полиция 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен шенеунікті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БҚО Полиция департаменті ресми сауалға жауап ретінде күдікті шенеуніктің ұсталғанын хабарлады. "БАҚ-та кәмелетке толмаған қыздың әкесінің айтқан уәждерінің таралуына байланысты қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданғанын хабарлаймыз. Баяндалған қосымша мәлімет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тексерілді. Күдікті қамауға алынды", – делінген жауапта. Полицияда бұл іс ПД басшылығы мен прокуратура органдарының бақылауында екенін атап өтті. "Қорытынды тұжырымдар соталды тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жасалады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – деп түйіндеді жауапта. Не болған? Бұған дейін жәбірленушінің әкесі 68 жастағы ер адам оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне апарып, оған қатысты күш қолданғанын айтқан. Оның сөзінше, арыз жазылғаннан кейін күдікті ұсталған, алайда көп ұзамай босатылған. Сондай-ақ, әкесі Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеуді жеткілікті деңгейде жүргізбей жатқанын мәлімдеген. Полиция не деді? БҚО Полиция департаменті мәліметінше, 2 қаңтарда Ақсайдың 16 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы хабарлама түскен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Тергеу барысында хат алмасу және істің объектив қаралуына маңызы бар өзге де деректер анықталды. Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану дерегі расталмады. Мұны жәбірленушінің өзі және анасы да растады, олар күдіктіге қатысты ешқандай талап-арыздарының жоқ екенін айтып, қарым-қатынастың өзара келісіммен болғанын мәлімдеді", – деп хабарлады полиция. БҚО ПД дерегінше, күдікті аудандық әкімдік бөлімінің қызметкері болған. Арыз түскеннен кейін ол қызметінен босатылған. Қыздың әкесі не деді? Кейінірек жәбірленуші қыздың әкесі жаңа мәлімдеме жасады. Ер адам "Уральская неделя" басылымына берген сұхбатында әйелі мен қызы айыптаудан бас тартты деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, басынан бастап оларға қысым жасалған. Ер адамның сөзінше, қаңтардың басында полицияға арыз түсіргеннен кейін, өзіне де, жұбайы мен қызына да түрлі қысым көрсетілген. Полиция қызметкерлері арыздан бас тартуға үгіттеген. Ол әйелі мен қызын жеке кабинетке кіргізіп сөйлескенін, оларға талап қойылғанын айтқан. Әкесі бұл жағдайдан бейхабар болғанын жеткізді. Ол арыздан бас тартпайтынын және істі соңына дейін жеткізіп, сотқа дейін апаратынын бірден айтқан. Оның айтуынша, жұбайы бұл шешімін қолдайды. Ол полиция істі қалай тоқтатпақ екенін түсінбейтінін де қосты, себебі күдіктінің мойындаған жауабы бар. "Біздің арызымыздан кейін оны бөлімшеге әкелгенде, ол мас күйде болды және қызымды зорлағанын мойындады. Ал екі күннен соң екі адвокат жалдап, мүлде басқаша айта бастады, қызды 20 жаста деп ойлағанын және бәрі оның өз қалауымен болғанын айтты. Егер ол кінәсіз болса, онда неге оның әйелі біздің үйге келіп, кешірім сұрап, ақша ұсынды? Полицияда да одан ақша алуды ұсынды. Астанадағы ағаларынан да ақша алу туралы ұсыныс түсті. 10 миллион, 20 миллион деген сомалар айтылды. Тіпті пәтермен өтеуді де ұсынды. Бірақ мен бас тарттым. Өйткені бұл қызымның тағдырына кері әсер етеді. Ол онда бәрін ақша шешеді, өмірдегі ең бастысы сол деп ойлап қалады. Балаларға бұлай жасауға болмайды", - деді ол. Әкесі полицияға берген арызынан бас тартпағанын ерекше атап өтті. "Қызымның көзіне қалай қараймын? Тағы төрт жастағы қызым бар. Ертең ол да өседі. Осындай әрекет жазасыз қала бере ме?" - дейді ол. Сонымен қатар, олардың үйіне колледж өкілдері келіп, қызды есепке қою мәселесін көтергенін айтты. Бірақ оқиға күндіз, түскі уақытта болғанын білген соң, бұл ойларынан бас тартқан. Әкесінің пікірінше, бұл да қысымның бір түрі болған. Полиция тарапынан да "қыздың өзі кінәлі" деген сөздер айтылғанын жеткізді. Ол істің әділ тергелуін және кінәлі адамның сот алдында жауап беруін талап ететінін мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Нарықта мұнай бағасы шарықтады Иранмен соғыстың ушығуы және мұнай бағасының күрт өсуі фонында Уолл-стриттегі сауда-саттық күрт төмендеді, бұл жаппай сатылымға түрткі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Иранның екі мұнай танкеріне жасаған соққысы мұнай бағасының бір баррель үшін 100 долларға дейін күрт көтерілуіне әкелді. Бұл инфляцияға қатысты алаңдаушылықты одан әрі күшейтіп, инвесторларды қор нарықтарынан кетуге мәжбүр етті. Энергетика секторын қоспағанда, жаппай сатылым нәтижесінде америкалық үш негізгі қор индексі 1,5 пайыздан астамға төмендеді. Ал кейбір қорғаныс акциялары айтарлықтай пайыздық шығынға ұшырады. S&P 500 индексі бір айдағы ең үлкен үш күндік пайыздық құлдырауды тіркеді. Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Моджтаба Хаменеи аса маңызды Ормуз бұғазы жабық күйінде қалуы тиіс екенін мәлімдеді. Ал Халықаралық энергетикалық агенттік Иранға қарсы соғыс мұнай жеткізіліміндегі бұрын соңғы болмаған ең ірі іркіліске алып келіп жатқанын ескертті. Жақын мерзімді жеткізілімдегі WTI маркалы мұнай фьючерстері бір күнде 9,7 пайызға, ал Brent маркалы мұнай 9,2 пайызға өсіп, бір баррель үшін 100 доллар деңгейіне жетті. Басылым дереккөздері мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі жанармай бағасының өсуін жұмсарту мақсатында америкалық мұнай компаниялары мен кеме қатынасы кәсіпорындарынан жүз жылдан бері қолданылып келе жатқан ішкі тасымалды реттейтін Джонс заңын тоқтату мүмкіндігіне дайындалуды сұраған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкент – Тараз тасжолында жаңа камералар іске қосылды: қанша ереже бұзу дерегі тіркелді? "Шымкент – Тараз" ақылы жол учаскесінде орташа жылдамдықты бұзу деректері тіркеле бастады, - деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап. 2026 жылғы 23 ақпаннан бастап мұндай ереже бұзу деректері Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі процессингтік орталығына автоматты түрде жолданады. Жүйені іске қоспас бұрын мамандар камералар арасындағы қашықтықты өлшеп, екі бақылау аймағын анықтаған: Бірінші учаске - Шақпақ Баба мен Теріс-Ащыбұлақ арасында орналасқан. Оның ұзындығы 39,6 шақырым, есептеу нәтижесінде орташа жылдамдық сағатына 104 шақырым; Екінші учаске - Теріс-Ащыбұлақ пен Айша-Бибі арасында өтеді. Оның ұзындығы 18,9 шақырым, орташа жылдамдық сағатына 91 шақырым. Құқықбұзушылықтарды Zerek-2 бағдарламалық-аппараттық кешені тіркейді. "ҚазАвтоЖол" ұлттық операторы мәліметінше, бұл учаскеде жүйе іске қосылғаннан бері орташа жылдамдықты бұзудың 21 152 дерегі тіркелген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Гүл ғана өсірмеген: 20 жастағы қыз үйінде есірткі зертханасын жасаған Ақмола облысында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Полицейлер Степногорскідегі 20 жастағы тұрғынның үйінен жабдықталған фитозертхананы анықтады. Ведомство мәліметінше, бөлмеде үй өсімдіктерінің орнына каннабис бұталары өсірілген. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полицейлер пәтерден өсімдіктерді үй жағдайында өсіруге арналған бокстарды, жылытқыш шамдарды, термометрлерді, ауа ылғалдандырғыштарды, тыңайтқыштар мен фитозертханада қолданылатын басқа да құралдарды тәркіледі. "Сондай-ақ каннабис бұталары анықталды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полиция. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, құрамында есірткі бар өсімдіктер қандай мақсатта өсірілгенін тексеріп жатыр. Полиция заңсыз есірткіні өсіру, сақтау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада мас күйде көлік жүргізген полицей жүргізуші куәлігінен айырылды: ол шағым түсірді Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мас күйінде көлік жүргізген полиция қызметкеріне қатысты істі қарады. Құқықбұзушы қаулыға қарсы шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция қызметкерінің мас күйінде көлік жүргізгені сотта медициналық куәландыру қорытындысымен, сондай-ақ бейнематериалдармен расталды. Істі қарау нәтижесінде ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. "Д. полиция қызметкері екенін ескере отырып, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 32-бабына сәйкес оған әкімшілік қамау қолданылған жоқ", - деп хабарлады сот. Қаулының көшірмесі оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін полиция департаментіне жолданды. "Сот қаулысына шағым берілді. Апелляциялық саты бірінші сот қаулысын өзгеріссіз қалдырды, шағым қанағаттандырылған жоқ", - делінген сот хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбеде ер адам өлі табылды Ақтөбеде қоқыс алаңынан ер адам өлі табылды. Өңір полициясы мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтөбе облысы Полиция департаменті мәліметінше, мәйіт табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалған. "Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада. БАҚ-та марқұм 55 жастағы ер адам екені жазылып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жастар арасында қазақша сөйлеу сәнге айналды“ - Тоқаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде жастар арасында қазақша сөйлеу сәнге айналғанына назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент "жаңа Конституция жобасында орыс тілінің мәртебесін төмендетіп жатыр-мыс деген күңкіл әңгіме" туралы айтты. "Бұл жайында жазылған мақалаларды оқудың өзі қызық. Стилистикалық және грамматикалық қателерден аяқ алып жүре алмайсың. Жарияланым авторлары орыс тілі үшін қам жейді, бірақ өздері оны дұрыс меңгермеген. Түптеп келгенде, жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде бірдей заңды күшке ие қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың да қажеті жоқ екенін айтты. "Жаңа Конституция жобасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп нақты жазылған. Бұл ретте ана тіліміз тек көркем әдебиетте ғана емес, еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласында кеңінен қолданылады. Ең маңыздысы, жастар арасында қазақша сөйлеу сәнге айналды. Басқаша айтқанда, қазақ тілінің болашағы жарқын. Кейбіреулер тіл тағдырына алаңдаған кейіп танытып, бұл тақырыпты саяси құрал ретінде пайдаланады", - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазақ жастары жаңашылдыққа тез бейімделе алуымен ерекшеленеді. Олар қазақша мен орысшаны қоса алғанда, үш-төрт тілді еркін меңгереді. "Мұны айналамыздан күнде көріп жүрміз", - деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Иран елшісі Қазақстан үшін қауіп жоқ деп мәлімдеді Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс аясында Қазақстан мен Орталық Азияға ықтимал қауіп туралы сұраққа жауап берді. Дипломаттың айтуынша, қазіргі уақытта мұндай қауіп жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Баспасөз мәслихаты кезінде журналистер дипломаттан "соғыс Қазақстан шекарасына дейін жетуі мүмкін бе?" деп сұрады. "Қазақстан үшін ешқандай қауіп жоқ. Тек болашақта Иранда әлеулі тұрақсыздық немесе жаппай тәртіпсіздік болса, Таяу Шығыстан экстремистер мен террористер Орталық Азияға ену қаупі туындауы мүмкін", - деді Джоукар. Елші бүгінде мұндай қауіп жоқ екенін айтты. "Иранда қазіргі билік сақталып тұрғанша, Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін ешқандай қауіп жоқ", - деді ол. Сондай-ақ журналистер дипломаттан Каспий теңізіндегі кеме қатынасының қауіпсіздігі және Иран оны қорғау үшін қандай шаралар қабылдайтыны туралы сұрады. Әли Акбар Джоукардың айтуынша, Каспийдегі қауіпсіздікті жағалаудағы мемлекеттер қамтамасыз етуі тиіс. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоямыз деп қорқытып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды. Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан Иранда кемінде 1300 адам қаза тапты, соның ішінде жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи бар. 9 наурызда Сарапшылар кеңесі Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысының есімін жариялады. Ол қаза тапқан көшбасшының ұлы Можтаба Хаменеи болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран жаңа Жоғарғы көшбасшының жарақат алғанын растады Иран СІМ елдің жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи жараланғаны туралы БАҚ-та тараған ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Иран СІМ өкілі Эсмаил Багаи италиялық Corriere della Sera газетіне берген сұхбатында Моджтаба Хаменеи "жараланған, бірақ жағдайы жақсы" деп мәлімдеді. Сонымен қатар Эсмаил Багаи Иран көшбасшысының халық алдында қашан сөз сөйлейтіні әзірге белгісіз екенін айтты. Сондай-ақ ол "жаңа Жоғарғы көшбасшы лауазымына үш немесе төрт адам үміткер болған, бірақ Сарапшылар кеңесіндегі көпшілік оны таңдады" деп хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Моджтаба Хаменеи 28 ақпанда, АҚШ пен Израиль шабуылдарының алғашқы күні жараланғанын хабарлаған. Болжам бойынша, әңгіме аяқтағы жарақат туралы болып отыр. Кейін Юсеф Пезешкиан Моджтаба Хаменеи тірі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ол байланыстары бар таныстарынан ақпаратты нақтылап, "құдайға шүкір, ол аман-есен, бәрі жақсы" деген жауап алған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанадағы LRT-да жол жүру ақысы белгілі болды Астана әкімдігі жеңіл рельсті көлікте (LRT) жол жүру тарифтері туралы қаулы жобасын жариялады. Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжатта Астанада жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар мен багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау үшін келесі тарифтерді белгілеу ұсынылады: қолма-қол және қолма-қолсыз төлем кезінде – 200 теңге; жеңілдетілген көлік картасымен төлеу кезінде – 0 теңге. Жоба түсіндірмесіне сәйкес, жекелеген санаттағы астаналық тұрғындар үшін тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылған. Электронды атаулы картаның түпнұсқасы жол жүру ақысын төлеуден босатуға негіз болады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тұрғындармен кездесу барысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-да жол жүру ақысы шамамен 200 теңге болуы мүмкін деген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жүргізушілерді бақылау күшейеді: не өзгерді? 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енді. Түзетулер мемлекеттік жүйелерді цифрландырум және заманауи технологияларды пайдаланумен байланысты, - деп хабарлайды TengriAvto. Негізгі жаңалық — құқықбұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу мүмкіндігі кеңейеді. Бұл ретте ережелер мен тыйымдар өзгермейді: тек құқықбұзушылықтарды анықтау тәсілдері өзгереді. Не өзгереді? Енді әкімшілік құқықбұзушылықтар камера, басқа техникалық құрылғылар және мемлекеттік жүйелердегі деректерді өңдеу арқылы автоматты түрде тіркеледі. Егер жүйе құқықбұзушылықты тіркеп, құқықбұзушыны анықтай алса, ол полиция қызметкерінің қатысуынсыз жауапқа тартылады. Осындай барлық жүйе Әкімшілік өндірістердің бірыңғай реестрімен интеграцияланады. Қандай құқықбұзушылықтар автоматты түрде тіркеледі? Камералар бұрынғыдай негізгі жол қозғалысы ережелері бұзылғанын тіркейді: жылдамдықты асыру; бағдаршамның қызыл түсі жанғанда өту; жол белгілері мен таңбаларын бұзу; дұрыс тоқтамау немесе тұраққа қою; жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу. Сонымен қатар қазіргі камералар арнайы өлшемді қажет етпейтін басқа ереже бұзу жағдайларын да тіркей алады: көлік тізгінінде телефон қолдану; қауіпсіздік белдігін тақпау. Жүйе кейбір құқықбұзушылықтарды мемлекеттік базалардағы деректер бойынша автоматты түрде анықтай алады. Мысалы: техникалық байқаудың мерзімі өткен; жарамды сақтандыру полисінің болмауы; рұқсат құжаттарының мерзімі өткен. Құқықбұзушылық үшін кім жауап береді? Егер құқықбұзушылық көлікті пайдалану кезінде жасалып, автоматты түрде тіркелсе, жауапкершілік көлік иесіне жүктеледі. Дегенмен заңда ерекшеліктер қарастырылған. Егер құқықбұзушылық кезінде көлікті басқа адам басқарғаны анықталса немесе көлік заңсыз әрекеттер салдарынан оның иелігінен шыққан болса, көлік иесі жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. ІІМ не дейді? Ішкі істер министрлігінде Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне енгізілген түзетулер технологияның дамуымен және процестерді цифрландырумен байланысты деп түсіндірді. Бұрын автоматты режимде тек алты құқықбұзушылық түрі тіркелетін. Қалғандарын полиция қызметкерлері анықтайтын. Енді технологиялар құқықбұзушылықтарды автоматты түрде көбірек тіркеуге мүмкіндік береді, кейбірі мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер бойынша анықталады. Ведомствода мәліметінше, бұл өзгерістерге сәйкес жаңа тыйым енгізілмейді — заң талаптары өзгермейді. Сондай-ақ ІІМ кейбір БАҚ-та тараған автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартады деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл жүйелер тек көлік құралдарымен байланысты құқықбұзушылықтарды тіркеуге арналған. Министрлік цифрлық технологияларды қолдану құқықбұзушылықтарды жылдам анықтауға және жол қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі деген сенімде. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады? Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады. 30 наурызда төртінші тоқсан басталады, - деп хабарлайды Tengri Education. Оқушылар каникулда немен айналысады? Осы кезеңде бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады. "Демалыстың әр күні "Наурызнама" онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар "Таза Қазақстан", "Еңбек адамы" және "Заң мен тәртіп" бағыттарындағы танымдық жобаларға қатысады, сондай-ақ дәстүрлі "Жер сағаты" акциясына атсалысып, азаматтық ұстанымдарын бекемдейді", - деп хабарлады министрлік. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шара жоспарланған. Ата-аналармен бірлесе отырып жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және киберкеңістіктегі сақтық шаралары бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Айта кетсек, Қазақстанда оқу бағдарламасы төрт тоқсанға бөлінеді. Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға созылды. Бекітілген күнтізбеге сәйкес, төртінші тоқсан шамамен 8 апта болады. Ол 2026 жылғы 25 мамырда аяқталып, жазғы каникул басталады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие - Тоқаев Президент Тоқаев жаңа Конституцияның мәтінін әзірлеуге атсалысқан барлық азаматқа тағы да алғысын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие екенін айтты. Бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді. "Жаңа Конституция – жастарға өмірде бағыт-бағдар сілтейтін темірқазық іспеттес. Өйткені өзгерістерге толы жаңа дәуірде елдің де, жердің иесі, қорғаны – жастар. Сондықтан бұл құжатты Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы орнықты дамуына негіз қалайтын саяси тұғыры десек, қателеспейміз. Қазіргі конституциялық реформаны Ата заңымызға 2022 жылы енгізілген өзгерістерден бөліп қарауға болмайды. Ол кезде бас құжаттың үштен бірі жаңартылды. Бізге сол уақыттың өзінде жаңа Конституция қабылдауға болар еді. Осындай ұсыныс көптеген қоғамдық алаңда, сарапшылар ортасында айтылды. Дегенмен бірқатар саяси жаңашылдықты жүзеге асырып, содан кейін ғана еліміздің конституциялық негіздерін біртіндеп өзгертуге кірісу жөнінде шешім қабылданды. Жасыратын ештеңесі жоқ, бұл менің шешім", - деді Президент. "Қазіргі конституциялық реформа қоғам сұранысына сай келеді, сондықтан халықтық сипатқа ие болды. Әуелі күн тәртібіне парламенттік реформа мәселесі ғана қойылған еді. Алайда қоғамдық талқылаулар бұл бастаманың аясынан шығып кетті". "Азаматтардан төрт мыңға жуық ұсыныс түсті. Оның 15 пайызға жуығы Парламенттің қызметіне қатысты, ал қалғаны ауқымды конституциялық реформаның түрлі аспектісін қамтыды. Нәтижесінде конституциялық комиссияға келіп түскен өтініштердің саны он екі мыңға жетті. Негізгі заңның жобасына қатысты талқылаулар жарты жылдан астам уақытқа созылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Жалпы, бұл үдеріске бүкіл қоғам білек сыбанып кірісті. Азаматтарымыз eGov және eOtinish платформаларында ойларын ортаға салды. Комиссия отырыстарын әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көргендер саны миллионнан асты". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Әлемнің қай қиырында жүрсе де, көмек қолын созуға дайын екенін біледі“ - Тоқаев Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Азаматтарымыз әлемнің қай қиырында жүрсе де, оларға өз мемлекеті – Қазақстан Республикасы қамқор болып, көмек қолын созуға дайын екенін біледі. Бұған жақында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ортасында қалған туристеріміз, қажылық сапарға аттанған отандастарымыз, кәсіпкерлеріміз көз жеткізді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сөзінше, жағдай шын мәнінде күрделі еді. Президент шиеленіс басталған сәтте өңір елдері басшыларына осынау қиын-қыстау кезде шынайы қолдау білдіріп, хат жолдағанын айтты. Бұдан бөлек, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Оман, Сауд Арабиясы басшыларымен телефон арқылы сөйлескен. "Сондай-ақ отандастарымызды жедел эвакуациялау тапсырылды. Ел аумағындағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен маңызды инфрақұрылымдарды қорғау, Қарулы күштер мен құқық қорғау ведомстволарында жауынгерлік кезекшілік ұйымдастыру жөнінде міндет жүктедім". "Сыртқы істер министрлігінің жанынан арнайы штаб құрылды. Оның құрамына барлық ведомствоның өкілдері енді. Бұл жұмысқа әуе тасымалдаушы және туристік компаниялар, ерікті демеушілер атсалысты. Штаб тәулік бойы жұмыс істеп, азаматтарымызды аймақтан қауіпсіз жолдармен алып шығуға бар күшін салды". "Қақтығысқа қатысушы тараптар бір-бірінің әскери және азаматтық нысандарын, соның ішінде әуежайларды баллистикалық зымырандармен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен атқылады. Соның салдарынан көптеген елдің әуе кеңістігі жабылды. Кей жағдайларда отандастарымызды өзге елдердің аумағы арқылы алып өтуге тура келді. Оларды дипломаттарымыз бен консулдық қызметкерлері қарсы алып, ұшақтарға жайғастырып, елге шығарып салды. Иранда қалған азаматтарымыз Әзербайжан, Армения және Түрікменстан шекаралары арқылы эвакуацияланды. Елшіліктер ұдайы байланыста болып, тиісті көмек көрсетті. Осы күрделі жұмыстың нәтижесінде 9 мыңға жуық отандасымыз оқ пен оттың ортасынан аман-есен елге оралды. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: “Мен құр ұранмен реформа жасауға түбегейлі қарсымын“ Астанада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат пен дипломатияның рөлі бүгінгі жағдайда айтарлықтай артқанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Латын Америкасындағы, Таяу Шығыстағы оқиғалар геосаясатқа өзгерістер әкелгеніне қарамастан, еліміз жақын және алыс орналасқан мүдделес мемлекеттердің барлығымен жан-жақты ынтымақтастықты ұдайы дамыта беретінін айтты. "Қазір сыртқы саясат пен дипломатияның рөлі арта түсті. Бұл Қазақстан үшін де маңызды. Ел ішіндегі ахуалға, экономикаға немесе саяси реформаларға белгілі дәрежеде халықаралық жағдайлар ықпал етеді. Осы орайда Қазақстанның табысты дамуына бірлік пен тұрақтылық негіз болмақ. Бұл – біздің бұлжымас қағидаттарымыз. Дегенмен аталған факторлардың орнықтылығы – өткеннің мұрасы емес, отандастарымыздың жоғары азаматтық және саяси жауапкершілігінің жемісі. Ішкі саясаттың осынау нәзік саласында биліктің де, қоғамның да қателесуге құқы жоқ. Оның салдары өте ауыр болуы мүмкін. Бұл арада құйтырқылық пен бос мақтанға орын жоқ", - деді Президент. Бүгінде ескілікті аңсайтын, діни әрі ұлттық құндылықтар мен елдік мүдде турасында қате түсінікке негізделген әсіре консервативті саяси жүйе заман талабына сай келмейтініне, сәтсіздікке ұшырататынына көз жеткізіп отырмыз. Алға қадам басқанның аяғынан шалу – кері кету, тіпті, тіршілік заңына қарсылық саналады, дейді Мемлкекет басшысы. "Алайда асығыс, сарапқа салмай қабылданған өзгерістер мен шешімдердің салдары тым ауыр. Сондықтан мен құр ұранмен реформа жасауға түбегейлі қарсымын. Барлық бастама ақылға қонымды болғаны жөн. Егер өзеннің арғы жағасына өткің келсе, тереңге бойлай алатыныңа сенімді болуың керек. Тұрақтылықты бірер күнде, тіпті санаулы сағатта бұзуға болады. Ал оны қалпына келтіруге ондаған жылдар қажет. Сондықтан Заң мен тәртіп тұжырымдамасын ұстану өте өзекті деп білемін. Бұл тұжырымдама саяси жүйеміз бен өмір салтымыздың негізі. Еш популизм емес. Ортақ Отанымыз, Қазақстан Республикасының тағдыры тек өзіміздің қолымызда екенін ешқашан ұмытпағанымыз абзал. Шынын айтқанда, біздің жаһандық дүрбелеңдерге төтеп беруге дайын не дайын емес екеніміз, қоғамымымыздың қандай мәселеге бас қатыратыны ешкімге маңызды емес. Жаңа дәуірге қадам бастық. Озық ойлы ұлт ретінде қазіргі сын-қатерлерге бейімделіп, оған жасампаздықпен жауап беруіміз қажет. Елімізде ауқымды реформалар жүргізуде бір ғана мақсатты көздейміз. Бұл – мемлекетіміздің Тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халқымыздың әл-ауқатын жақсарту". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2024 жылы өткен референдумда стратегиялық шешім қабылданды - Тоқаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің энергетикалық егемендігін қамтамасыз ету үшін жаңа жылу электр станцияларын салуды, бу-газ қондырғыларын іске қосуды және атом энергетикасын дамытуды қоса алғанда, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Үкімет коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымдарды кең ауқымда модернизациялауға кіріскенін айтты. "Жұмыс істеп тұрған 37 жылу электр стансасы жөнделді, кейбіріне жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларына тездетіп жаңа жылу электр орталықтарын салу міндеті қойылды. Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы бу-газ қондырғылары базасында жаңа электр станциялары іске қосылмақ. Биыл 440-тан аса қосалқы станцияны және 17 мыңнан астам шақырымды құрайтын электр желісін жаңғырту қарастырылған. Қазақстанды қуат көзімен жеткілікті қамтамасыз етудің және экономиканы әртараптандырудың басты факторы ретінде атом энергиясы өндірілмек. Еліміздің азаматтары 2024 жылы өткен референдумда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жөнінде стратегиялық шешім қабылдады. Бейбіт атом, сондай-ақ таза көмір өндірісі – еліміздің энергетикалық дербестігін қалыптастыратын сала", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Сұраусыз қалады“ - Тоқаев жергілікті бюджетті жоспарлау туралы Президент аймақтарда бюджетті жоспарлау және орындау жұмысының сапасын арттыру айрықша маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Қазіргі тәртіпке сәйкес жергілікті бюджет бекітілетін кезде депутаттарға жалпы мәлімет қана ұсынылады, тиісті түсініктемелер берілмейді. Сондай-ақ бюджет жобасы мәслихаттың қарауына соңғы сәтте жолданады. Сол себепті оны депутаттар үстірт қарап, қысқа мерзім ішінде қабылдауына тура келеді. Соның салдарынан қаражат халықтың нақты қажеттілігін өтемейтін, тиімсіз жобаларға жұмсалып кететін жағдайлар пайда болады. Ешкімге нақты жауапкершілік жүктелмеген соң, мәселе сұраусыз қалады. Демек жергілікті деңгейде тиісті бақылау жүргізілмейді деген сөз. Соның бәрі жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызады. Мұндай келеңсіздікке тосқауыл қою үшін өкілді орган бюджетті жоспарлау үдерісіне әуел бастан атсалысуы керек. Бірақ бюджет бойынша барлық талқылау тек мемлекет пен өңірлік мүдделерге негізделуге тиіс, лоббизмге немесе популизмге жол бермеу керек. Басты ұстаным – бәрі де халық үшін", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Мүлде мүмкін емес мәселені айтпайды“ - Тоқаев Ақордаға түсетін хаттар туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұрт өңірдегі биліктен қарапайым деген мәселелерге қатысты түсініктеме ала алмай елордаға хат жолдап, тікелей Президентке жүгініп жататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент барлық деңгейдегі билік өкілдері халықпен ашық әрі түсінікті әңгіме, сұхбат орната білуі керек екенін айтты. "Шағымданатын азаматтардың арасында түрлі адам болады, бұл – белгілі нәрсе. Десек те, шын мәнінде, мұқтаж адамдар аз емес, оларға қолғабыс етуіміз керек. Бүгінде орталыққа аймақтардан жолданатын арыз-шағымдар көбейіп кетті. Бұл мәселе туралы мен Жолдауымда айтып өттім. Былтыр Президент Әкімшілігіне шамамен 83 мың өтініш келіп түскен. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Шағымдардың басым бөлігін жергілікті деңгейде қарап, дер кезінде шешуге болатын еді. Ешкім де мүлде мүмкін емес мәселені айтпайтыны белгілі. Ашығын айтқанда, жұрт өңірдегі биліктен ең қарапайым деген мәселелерге қатысты түсініктеме ала алмайды. Содан соң азаматтар елордаға хат жолдап, тікелей Президентке жүгініп жатады. Шын мәнісінде, олардың арасында үнемі арыз жазатын "кәсіби" шағымданушылар бар, бірақ көбі өз мұң-мұқтажын айтып, Ақордаға шағымдануға мәжбүр. Мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс. Олар тұрғындардың мәселесін шешуге көмектесуі керек. Осы маңызды жұмысқа олардың құзыреті толық жетеді. Былтыр облыстық деңгейде атқарушы органдарға 6 мыңға жуық депутаттық сауал жолданды. Бірақ оның саны емес, сапасы маңыздырақ, яғни, мәслихаттар осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға тиіс. Түптеп келгенде, аймақтардың дамуы, тұрмыс сапасының жақсаруы, жұрттың билікке зор сеніммен қарауы Сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты. Осыны әрдайым басты назарда ұстаған жөн", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда тарихи өзгерістер жүзеге асырылып жатыр - Тоқаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Ең алдымен, баршаңызға және жаңа ғана сөз сөйлеген азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Салмақты, пайдалы ой-пікірлер айтылды. Оның бәрі Парламенттің, Үкіметтің алдағы жұмысында ескерілетін болады. Шын мәнінде, бұл басқосудың еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Бүгінгі форумға барлық аймақтан жергілікті билік өкілдері арнайы келді. Қазір осы залда миллиондаған отандасымыздың мүддесін қорғап жүрген екі мыңға жуық депутат отыр. Сіздер халықпен тығыз жұмыс істеп жүрсіздер. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жақсы білесіздер. Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Сіздер атқарып жатқан жұмысты ұдайы басты назарда ұстаймын", - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жиын өңірлік саясаттың тиімділігін бағалап, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретінін айтты. "Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда кең ауқымды, тарихи өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Игі бастамалардың бәрі де халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қолға алынды. Біз мемлекеттік басқару жүйесін, экономиканы және әлеуметтік саланы түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Бұл орайда, мәслихаттардың алдында тұрған миссия – айрықша. Өкілді органдарды күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді. Біз бұған дейін біраз шаруа атқардық. "Қуатты аймақтар – қуатты ел" қағидатына сәйкес мәслихаттардың беделін көтердік. Соның арқасында осы құрылымдар мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты институттың біріне айналды. Дегенмен мәслихаттардың әлеуетін одан әрі күшейту үшін бірқатар міндетті орындауымыз керек", - деді Президент Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жауапкершілік ересектермен бірдей“: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмысқа жасөспірімдерді тарту жиілеп кетуіне байланысты ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жасөспірімдерді тарту схемасы Көбіне жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы "жеңіл табыс" табу ұсынылады. Оларды жасырын орындарға қойып кетуші ретінде жұмыс істеуге шақырады. Мұндай ұсынысты интернеттегі есірткі-дүкендерін ұйымдастырушылар таратады. Олар жастардың тез ақша табуға деген қызығушылығы мен сенгіштігін пайдаланып, кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тартады. "Жасөспірімдер құқықтық салдардың ауырлығын толық түсінбей, мұндай "жұмысқа" келіседі және іс жүзінде есірткінің заңсыз айналымына қатысушыға айналады. Ал мұндай қылмыстарды жасағаны үшін заңнамада ересектермен бірдей қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада. Сонымен қатар есірткі-дүкендерінің әкімшілері бопсалау мен қорқыту арқылы психологиялық қысым жасап, жасөспірімдердің қылмыстық схемадан бас тартуына жол бермейді және түрлі тәсілмен оларды есірткі айналымында ұстап қалуға тырысады. Ұсталған жасөспірімдер саны өсті Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар кәмелетке толмаған 23 бала ұсталды. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру; дайындау, тасымалдау және өткізу үшін – 7 жылдан 12 жылға дейін; есірткіні насихаттау және жарнамалау үшін – 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Есірткімен байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап, ал жекелеген құрамдар бойынша 14 жастан бастап туындайды. "Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға мұқият болыңыздар: олардың араласатын ортасына, интернеттегі белсенділігі мен табыс көзіне назар аударыңыздар. Құрметті жастар! 23 жасөспірім қазірдің өзінде қателік жіберді. Олардың жолын қайталамаңыздар. Денсаулықты, білімді, спортты және заңды табысты таңдаңыздар", - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов. ІІМ азаматтарды қырағылық танытып, есірткі тарату фактілері туралы хабарлауға шақырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық заңсыз “бизнесі“ үшін бас бостандығынан және 185 миллион теңгесінен айырылды Қарағанды облысы Теміртау қаласында цифрлық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеуді ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді. Э.Г. Толовов 2021 жылғы тамыздан бастап тиісті лицензиясыз жасырын криптоферма ұйымдастырған. Ол схеманы жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясынан 156 майнинг жабдығын сатып алып, оны өндірістік базасына орналастырған. Э.Г. Толовов өндірген цифрлық активтерін криптобиржадағы аккаунтында жинап, кейін оларды BinancePool және Litecoinpool.org майнинг пулдары арқылы сатқан. Сауда P2P аударымдар арқылы, USDT-ны теңгеге айырбастау арқылы жүзеге асқан. Жалпы өндірілген актив көлемі - 11,2 BTC және 90,2 LTC, бұл шамамен 185 миллион теңгеге тең. "Сот үкімі бойынша оған бір жылға бас бостандығынан айыру және барлық майнинг жабдығын тәркілеу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен келген 185 миллион теңге қайтарылды", - делінген хабарламада. Сот үкімі заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада мәслихат депутаттарының республикалық форумы өтіп жатыр Астанада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр", - делінген Ақорда хабарламында. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таразда жеті оқушы қыз қатарласын аяусыз соққыға жыққан Таразда полиция тоғызыншы сынып оқушысының соққыға жығылу дерегін тергеп жатыр. Күдіктілер есепке қойылған. Зардап шеккен қыздың туыстары шабуыл жасағандардың бостандықта жүргеніне наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Әлеуметтік желілерде бір әйелдің қызы қатыгездікпен соққыға жығылғанын айтқан видеосы жарияланды. "Жеті қыз оны кастетпен ұрып-соққан. Зардап шеккен қыз екі күн жансақтау бөлімінде жатты, жүре алмай, мүгедектер арбасымен тасыған. Видео дәлелдер болғанына қарамастан, күдіктілер бостандықта жүр. Жәбірленушінің жақындарының айтуынша, күдіктілердің туыстары тарапынан оларға да қоқан-лоқы жасалып жатыр", - делінген видеоға жазылған сипаттамада. Полиция жауабы Жамбыл облысы Полиция департаментінде бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Төбелеске қатысқан барлық адам анықталып, полицияға жеткізілген. "Оқушы қыздардың ата-аналары кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жасөспірімдердің әрекеті кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралып, нәтижесінде олар профилактикалық есепке қойылды", - деп хабарлады ведомство. Полиция қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын қосты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтаудағы түзету орталығы балаға күш көрсетілгені туралы шағымнан кейін тексеріліп жатыр Ақтауда ерекше балаларға арналған түзету орталықтарының бірінде жұмыс істейтін жаттықтырушы балаға күш көрсетті деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, қала тұрғыны ұлының денесінде жиі көгерген іздер пайда бола бастағанын байқаған. Не болғанын анықтау үшін ол түзету орталығындағы бейнебақылау камераларының жазбасын көрсетуді сұраған. Бейнежазбалар жағдайдың мән-жайын ашып берген. Кадрларда жаттықтырушының балаға дөрекі қарым-қатынас жасағаны көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жаттығу кезінде болған. Оқиғаға алаңдаған ана құқық қорғау органдарына жүгінген. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. "Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Өтініш берушінің барлық дәлелі тексеріледі, сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы жазбалар мұқият зерттеледі. Мекеме қызметкерлерінен жауап алынады", - дейді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаева. Бұдан бөлек, тиісті шаралар қабылдау үшін білім беру және денсаулық сақтау басқармаларына ұсыныс жолданатыны айтылған. Ал баланың анасының айтуынша, қазіргі уақытта орталық уақытша жабылып, онда тексеру жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ораза айт - 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде? Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады. 2026 жылы Ораза айт қай күні өтеді, мерекенің мәні неде? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында. 2026 жылы Ораза айт қай күні? Ислам күнтізбесі ай фазаларына негізделетіндіктен, мерекенің нақты күні бір күнге өзгеруі мүмкін. Дегенмен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми күнді алдын ала жариялап отырады. 2026 жылы қасиетті Рамазан айы ақпанның ортасында басталды. Ал Ораза айт Рамазан айы аяқталғаннан кейінгі алғашқы күні атап өтіледі. ҚМДБ мәліметінше, биыл 17 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні, ал 20 наурыз - Ораза айт мерекесі. Бұл күні мұсылмандар бір ай бойы ұстаған оразасының аяқталуын атап өтеді. Айта кететін жайт, Ораза айт – бір күн. Алайда халық арасында қалыптасқан әдет бойынша үш күнге дейін дастарқан жайылып, айтшылау жалғаса береді. Ораза айт Қазақстанда ресми демалыс күні болып саналмайды. Ораза айт мерекесінің мәні Ораза айт – Рамазан айындағы бір айлық оразаның аяқталуын білдіретін қасиетті мереке. Бұл күн мұсылмандар үшін рухани тазарудың, сабыр мен мейірімділіктің нәтижесін сезінетін ерекше уақыт. Рамазан айында мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден ғана емес, жаман сөз бен жаман әрекеттерден де тыйылып, сабырлыққа тәрбиеленеді. Сонымен қатар адамдар көбірек дұға жасап, қайырымдылық істерге көңіл бөледі. Ораза айт – осы бір айлық рухани тәрбиенің қорытындысы. Бұл күні адамдар бір-біріне кешіріммен қарап, өкпе-ренішті ұмытып, татулық пен мейірімділікті нығайтуға тырысады. Ораза айтқа дайындық Ораза айтқа дайындық Рамазан айының соңғы күндерінде басталады. Айт қарсаңында әдетте мынадай дайындықтар жасалады: Үйді тазалау – мерекені таза әрі жайлы үйде қарсы алу үшін; Пітір садақа беру – мұқтаж адамдарға көмек көрсету мақсатында айт намазына дейін беріледі; Мерекелік тағамдар дайындау – дастарханға арналған ұлттық және тәтті тағамдар әзірленеді; Айт намазы, яғни Ораза айттың алғашқы күні басталмай тұрып әр мұсылман міндетті түрде пітір садақа беруі керек. Мұндағы мақсат - мұқтаж адамдарға көмектесіп, олардың да осы мерекені қуанышты өткізуіне сеп болу. Пітір садақа мөлшерін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы бекітеді. Қазақстанда 2026 жылы пітір садақасы адам басына 735 теңге болып белгіленген. Негізі пітір садақаны айттың бірінші күні берген уәжіп. Оны жағдайы келмесе, айттан кейін де бере алады. Алайда айтқа дейін берген абзал. Қазақстандағы Ораза айт дәстүрлері Ең алдымен таңда бүкіл мешітте айт намазы оқылады. Намаз уақыты әр қалада әртүрлі. Сондықтан нақты кестені нақтылап алған жөн. Айт намазын күн шыққан соң, жамағатпен оқиды. Намаздан шыққан соң, бәрі бір-бірін құттықтап, "Ораза айт құтты болсын!", "Айттан айтқа жете берейік!" деп жылы сөз айтады. Туыстардың үйіне айттап барып, сәлем беріп шығады. Айтты мұсылман қауымы ерекше күтеді. Сондықтан отбасылық дәстүр ретінде бұл күні үйді де сәндеп, бар дәмдісін пісіріп, дастарқан жаяды. Құдайы қонақты әр үйде күтіп отырады. Өздері де ауыз тиюге басқалардың үйіне барады. Бауырсақ пісіріп, ет асылады. Ораза айт пен Құрбан айттың айырмашылығы Ислам дінінде екі үлкен мереке бар: Ораза айт және Құрбан айт. Екеуі де мұсылмандар үшін маңызды болғанымен, олардың мәні әртүрлі. Ораза айт – Рамазан айындағы бір айлық оразаның аяқталуына арналған мереке. Бұл күні мұсылмандар ауыз ашып, Аллаға шүкіршілік айтып, бір-бірін құттықтайды. Ал Құрбан айт – қажылық маусымы аяқталғаннан кейін атап өтілетін мереке. Бұл күні мұсылмандар Алла разылығы үшін құрбандық шалып, оның етін мұқтаж адамдарға таратады. Осылайша, Ораза айт – оразаның аяқталуын білдіретін мереке болса, Құрбан айт – құрбандық шалу мен қажылықпен байланысты қасиетті мейрам. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтарға көктемгі гүлдерді жұлғаны үшін айыппұл салынатыны ескертілді Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтан сирек кездесетін өсімдіктерді, соның ішінде бәйшешек пен қызғалдақты жұлуға қатысты жаза туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шенеунік Қызыл кітапқа енген гүлдерді жоюға қатысты жаза "қатаң" екенін айтты. "Қызғалдақтар мен бәйшешектерді жұлу үшін қатаң жаза бар, сондықтан бұл өсімдіктерді жұлмауға кеңес беремін. Олар көп емес және бұл тізімге бекер енгізілген жоқ. Әлемде жыл сайын өсімдіктердің және, әрине, жануарлардың көптеген түрі жойылып жатыр. Кез келген түрдің жоғалуы қайтымсыз теріс салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан табиғатты қорғаңыздар", - деп қазақстандықтарға үндеу жасады Нысанбаев. Нысанбаев Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлғаны үшін салынатын айыппұлдың нақты мөлшерін нақталымады және өсімдік түрлерін де айта алмады. "Өте үлкен (тізім - еск.), мыңдаған. Мен атай алмаймын, компьютер емеспін. Бірақ бәйшешектер де сирек өсімдіктер қатарына жатады", - деп түйіндеді ол. Еске салайық, 2025 жылғы сәуірде Түркістан облысында тұрғын Қызыл кітапқа енгізілген жабайы қызғалдақтарды жұлып алған. Бұл сәт видеоға түсіп, оған полицияның назары ауды. Қылмыстық кодекстің 339-бабы "Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер түрлерімен заңсыз айналысу" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазақстан заңнамасына сәйкес, Қызыл кітапқа енгізілген сирек және қорғалатын өсімдіктерді жұлу жауапкершілікке әкеледі. Аталған Қылмыстық кодекс бабы бойынша 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған (2026 жылы шамамен 13 миллион теңге). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанға Нидерландтан жеткізілген Амур жолбарыстары төлдейді 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға Нидерландтан алғашқы екі Амур жолбарысы - аталық Богдан мен аналық Кума жеткізілді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жануарлардың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның сөзінше, жолбарыстар әзірге вольерде өмір сүріп жатыр, жағдайы жақсы. Мамандар жақын арада жұп төлдейді деп үміттенеді. "Былтыр, өкінішке қарай, ұрықтану болмады. Бірақ жақында ғана, жыл басында бұл құбылыс байқалды, сондықтан біз жұптан төл аламыз деп үміттенеміз", - деді министр. Нысанбаев көктемде Қазақстанға Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелінетінін айтты. "Шамамен сәуірдің соңы мамырдың басында оларды әкелеміз, сол кезде алты жолбарыспен Тұран жолбарысы популяциясын қалпына келтіру жобасы басталады", - деп қорытындылады министр. Қазақстанда кейінгі жылдардағы ең көп талқыланған табиғатты қорғау жобаларының бірі - жолбарыстарды қайта жерсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ресейден төрт Амур жолбарысы жеткізіліп, Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жіберіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 наурызда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы ауа райы болжамы 12 наурызда құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар жауып, боран болады. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 метр/секунд, екпіні 23–28 метр/секунд, түнде кей уақытта 30 метр/секундтан асады. Ауа температурасы түнде -13...-15 градус, күндіз -3...-5 градус. 13 наурызда құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні - 9–14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз -1...+1 градус. 14 наурызда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екіпін - 7–12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз 0...+2 градус. Алматыдағы ауа райы болжамы 12 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 метр/секунд, кей уақытта екпіні 15 метр/секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -13...-15 градус, күндіз -3...-5 градус. 13 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -6...-8 градус, күндіз +1...+3 градус. 14 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз +3...+5 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ТЖМ су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады Қазақстанның қай өңірлерінде су тасқыны қаупі бар? Бұл сұраққа төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Вице-министрдің айтуынша, барлығы бес өңір тәуекел аймағында орналасқан. "Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстары. Біз жағдайды күн сайын бақылап отырмыз. 1 наурыздан бастап командалық орталық базасында тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп тұр. Сондықтан әкімдіктермен бірлесіп барлық алдын алу шаралары қабылданды. Тиісті инженерлік жұмыстар жүргізілді. Елді мекендерге қауіп жоқ, жағдай бақылауда. Біздің күштер мен құралдар дайын", - деді Кеген Тұрсынбаев Сенаттағы брифинг барысында. Вице-министр биыл жалпы алғанда уәкілетті органдар су тасқынына 100 пайыз дайын екенін айтты. Дегенмен аталған өңірлерде су басу ықтималдығы жоққа шығарылмайды. "Барлығы қар жамылғысына, топырақтың қатуына байланысты. Біз осы тәуекел аймақтарын анықтадық, бірақ елді мекендерді су баспау үшін барлық шара қабылданады. (...) Менің ойымша, 2026 жылғы су тасқыны өткеннен кейін кімнің дайын болғаны, кімнің дайын болмағаны белгілі болады. Қазіргі уақытта бәрі әрекет етуге дайын", - деді Тұрсынбаев. Сонымен қатар журналистер Астана бойынша ТЖМ болжамын сұрады. Вице-министрдің айтуынша, елордада су тасқыны қаупі жоқ. "Қар қарқынды ерігенде немесе жаңбыр кезінде, әрине, кейбір қиылыстарда су жиналады. Коммуналдық қызметтер жедел әрекет етеді, біздің күштер мен құралдар да көмек көрсетеді", - деп қосты ол. Еске салайық, 5 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге бір апта ішінде су тасқыны тәуекелдерін зерттеп, қажетті шараларды қабылдауды және жергілікті жерлерге барып тексеруді тапсырған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алтынкөлде құтқарушы ер адамға көмектеспек болып қаза тапты Жетісу облысында ТЖД қызметкері құтқару операциясы кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Не болды? Жетісу облысы ТЖД мәліметінше, 7 наурызда Алтынкөл көлінде мұз жарылған. Бөлінген мұздың үстінде балықшы қалып қойып, көлдің ортасына қарай ағып кеткен. Оқиға орнына құтқарушылар барды. "Құтқару операциясы барысында мұз тағы жарылып, салдарынан Панфилов ауданы ТЖ бөлімі №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Таранов қаза тапты", - деп хабарлады ведомство. Тергеу жүргізіліп жатыр Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Астанада өткен брифинг барысында бұл қайғылы оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. "Себептерін біздің қызметкерлер анықтайды, содан кейін қандай да бір заңбұзушылық болған-болмағаны белгілі болады. Ол мұздың үстімен барып адамды құтқармақ болған, мұз сынып кеткен. Өкінішке қарай, зардап шеккен адам да суға батып кетті", - деді ол. Сондай-ақ Тұрсынбаев қаза тапқан қызметкердің отбасына заңнамаға сәйкес көмек көрсетілетінін айтты. Қызметкер туралы не белгілі? Дамир Таранов 1994 жылы туған. Ол азаматтық қорғау жүйесіндегі еңбек жолын 2012 жылы бастап, Көкшетау техникалық институтына оқуға түскен. 2016 жылдан бастап өртке қарсы қызмет органдарында қызмет атқарып, Панфилов ауданы мен Қапшағайдың (қазіргі Қонаев) өрт сөндіру бөлімдерінде жауапты лауазымдарда жұмыс істеген. "Соңғы жылдары ол Жетісу облысы Панфилов ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімінде қызмет етті, онда өзін тәжірибелі маман және әріптестері құрметтейтін сауатты басшы ретінде көрсетті. Ол антқа адал болып, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолында қызметтік борышын соңына дейін атқарды", - делінген ведомство хабарламасында. Дамир Тарановтың артында жұбайы мен екі баласы қалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында жоғалған отбасы: інісі мен әпкесі жерленді 11 наурызда Атырау облысында ұзақ іздеу жұмыстарынан кейін мәйіттері табылған Наурыз және Мирамгүл Мұқанғалиевтерді жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Марқұмдардың жаназасы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында өтті. Бұл туралы редакцияға аты-жөнін көрсетпеуді сұраған дереккөз хабарлады. Жерлеу рәсіміне ауыл тұрғындарының басым бөлігі барған. Туыстары редакция тілшісіне әзірге пікір беруге дайын емес екенін айтып, бұл бүкіл отбасы үшін үлкен қайғы екенін жеткізді. Наурыз бен Мейрамгүл өлі табылды 9 наурыз кешке Атырау маңындағы Геолог шағын ауданынан Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіті табылғаны белгілі болды. Оларды басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев бұрын жалға алған үйдің ауласынан тапқан. "Ақ Жайық" басылымы мәліметінше, ер адам Индонезиядан Алматыға жеткізілгеннен кейін кісі өлтіргенін мойындап, мәйіттердің жерленген орнын көрсеткен. Бұған дейін тергеуде тек ата-анасының өлтірілгені туралы дерек болған – олардың мәйіттері қаңтарда Жангелдин ауылындағы сарайдың еденінің астынан табылған. Отбасы туралы не белгілі? 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптының үшінші топтағы мүгедектігі болған және мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың үш баласы бар - екі қызы мен бір ұлы. 2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға туыстары отбасы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы, яғни 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан. Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды. 6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны Сұлтан Сәрсемалиев. Күдіктіні іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді. 24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында Алтын Орда қалашықтарында бұрын кездеспеген бірегей жәдігер табылды Атырау облысындағы "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының мамандары биыл ортағасырлық Сарайшық кешеніне қарасты бес қалашық орнынан 250-ге жуық жәдігер тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар XIV ғасырдың алғашқы кезеңіне жататын тұрғын үйлердің, цитадельдің және керуенсарайдың бөліктері анықталған. Табылған жәдігерлер Алтын Орда дәуіріне тиесілі.⠀ "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы, археолог Айбек Тұрарұлының айтуынша, табылған жәдігерлер қатарында металдан, шыныдан және сүйектен жасалған тұрмыстық әрі сәндік бұйымдар, қыш ыдыстар бар. Соның ішінде, бір жәдігер ғылыми қоғамдастықтың ерекше қызығушылығын тудырды. "Ең ерекше жәдігер – XIV–XV ғасырларға тиесілі, Алтын Орда қалашықтарында бұрын кездеспеген қоладан жасалған құлып", - деді археолог. Сарайшық - Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі, ол әр түрлі уақытта Алтын Орданың, Ноғай Ордасының және Қазақ хандығының астанасы болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ерлі-зайыпты WhatsApp арқылы жүзден аса қазақстандықты сан соқтырған Жамбыл облысында алаяқтық жасаған ерлі-зайыпты сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2026 жылғы 17 ақпанда Байзақ аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1), 4) тармақтары бойынша өңірдің екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Прокуратура мәліметінше, сотталушылар 2024 жылғы желтоқсаннан бастап алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз пайда табу мақсатында WhatsApp мессенджерінде ыдыс-аяқ және өзге де тұрмыстық тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы хабарландырулар жариялаған. "Заңды қызмет көрінісін жасап, сатып алушылардың сеніміне кіру үшін алғашқы клиенттерге тауарларды нақты жеткізген. Кейіннен басқа азаматтардан тапсырыс қабылдап, ақшалай қаражатты алғанымен, тауарларды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған, алынған қаражатты өз қалауларынша пайдаланған", - делінген хабарламада. Қылмыстық әрекеттер салдарынан 112 адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 51 288 146 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген. Сот талқылауы барысында сотталушылар кінәларын толық мойындап, жасаған істеріне өкінетіндерін білдірді. "Сот үкімі бойынша, күйеуі 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылса, жұбайы 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран келіссөздер жүргізу үшін АҚШ-қа үш талап қойды - БАҚ Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа үш талап қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ливандық Al Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап. "Иранның шарттары соғыстың қайта басталмауына кепілдік, толық ядролық отын циклін және өтемақы алуды қарастырады", - делінген телеарна хабарламасында. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы операция бастады. Тель-Авив бұл әрекеттің мақсаты Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иран флотын, қорғаныс өнеркәсібін жойып жібереміз деп қауіп төндіріп, ел азаматтарын билікті құлатуға шақырды. Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары салдарынан кемінде 1300 адам қаза тапқан, олардың ішінде жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи де бар. 9 наурызда Сарапшылар кеңесі Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысының атын жариялады. Ол - қаза тапқан көшбасшының ұлы Моджтаба Хаменеи. БАҚ мәліметінше, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, сонымен қатар Ислам Республикасының және өңірдегі басқа елдердің азаматтық инфрақұрылымына да тиіп жатыр. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға шабуыл жасап жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әйел күйеуінің шоттарын тексеремін деп, Конституциялық сотқа дейін жетті Конституциялық сот ерлі-зайыптының банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарайды. Сот азаматтың өтініші негізінде "Банктер және банк қызметі туралы" заңның 50-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәселенің мән-жайы Баспасөз қызметі мәліметінше, аталған нормаға сәйкес, банк құпиясы болып саналатын мәліметтер тек клиенттің өзіне немесе шот (мүлік) иесінің келісімімен ғана үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін. Әйелдің пікірінше, бұл ереже іс жүзінде ерлі-зайыпты бірінің ортақ жинақ туралы ақпарат алу мүмкіндігін шектейді және ерлі-зайыптының ортақ мүлкіндегі үлеске құқықты іске асыруға кедергі келтіреді. Істің мән-жайы Өтініште некені бұзғаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арыз дайындау барысында өтініш беруші бұрынғы жұбайының неке кезеңінде жинақтаған қаражаты туралы мәліметтерді ала алмағаны көрсетілген. Осыған байланысты әйел екінші деңгейдегі банктерге қатысты тиісті ақпаратты ұсыну міндетін жүктеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. Алайда сот талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан. Келесі қадам Отырысқа өтініш иесі мен оның заң кеңесшісі, Парламент палаталарының, Бас прокуратураның, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Әділет министрлігінің, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, сондай-ақ Парламентаризм институтының өкілдері қатысты. Конституциялық соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес Конституциялық соттың ресми сайтында, сондай-ақ "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн жылынады Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көктем басталғанына қарамастан, еліміздің бірқатар өңірінде қыс әсері әлі де сезіліп тұр. Синоптиктер мәліметінше, әсіресе Қазақстанның солтүстігі мен шығысында суық ауа райы сақталған. Қар мен бораннан кейін бұл өңірлер суық антициклонның ықпалында қалды. Соның салдарынан ауа температурасы айтарлықтай төмендеген. "Алайда көктем де өз күшін көрсетіп келеді. 12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды", - деді синоптиктер. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөл маңында және плюс мәнге көтеріледі деп күтіледі, ал оңтүстікте аптаның ортасына қарай ауа 5–10 градусқа дейін жылынады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр? Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. Жобалық кеңсе отырыстарында Салық кодексі нормаларын енгізуге байланысты 60 мәселе қаралған. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды импорттау кезінде ҚҚС қолдану мен орфандық және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ҚҚС-тан босатуға қатысты заңға тәуелді актілерге өзгеріс енгізу жұмысы аяқталып келеді. Биылғы 13 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің ҚҚС-сыз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға шекті бағаны белгілеу туралы бұйрығы қабылданды. Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Қаржы министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен "Самұрық-Қазына" оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты сатып алу қағидаларындағы өзгерістерді пысықтап жатыр. Бұл квазимемлекеттік компаниялар тарапынан шығынды ұлғайтпай салық заңнамасын, өндірістік процестерді сақтауға және бәсекелестік ортаны қолдауға бағытталған тетіктер туралы. Салық кодексінің идеологиясын негізге ала отырып, тиісті өзгерістерді әзірлеу үшін бірыңғай негізді Ұлттық экономика министрлігі қалыптастырады. "Таза парақтан" әкімшілендіруге, салық режимдерін өзгертуге, қаржы секторына, СӘАЖ жұмысына және басқаларға қатысты қалған мәселелер жедел шешілді. Салық кодексіне өзгеріс енгізуді талап ететін мәселелер тізбесіне мыналар енді: Мүгедектік тобы өзгерген кезде жеке табыс салығы бойынша шегерімді қолдану. Салық шегерімінің мөлшері мүгедектік тобына байланысты (5000 немесе 882 АЕК). Топ жыл ішінде өзгерген кезде қолданылатын шегерімнің мөлшері туралы мәселе туындайды. Бір жыл ішінде мүгедектік тобы өзгерген кезде "сіңіру" қағидаты бойынша ең жоғары шегерім — 5000 АЕК (Салық кодексінің 404-бабы) қолданылатын норманы бекіту және норманың редакциясына нақтылау енгізу ұсынылады. Қарыздар бойынша сыйақылар бойынша электронды шот-фактура үзінді көшірмесі бойынша талаптың күшін жою. Кредиттер, қарыздар және микрокредиттер бойынша сыйақы бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылды (Салық кодексінің 474-бабы). Алайда, редакциялық дәлсіздікке байланысты олар электрондық шот-фактура талап етілмейтін операциялар тізіміне енгізілмеген. Мұндай операциялар бойынша электрондық шот-фактура жазып беру жөніндегі талапты алып тастау және норманы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті қолдану ұсынылады. Салық құпиясына жатпайтын мәліметтер тізбесін кеңейту. Салық құпиясынан мәліметтерді алып тастау ұсынылады: әлеуметтік төлемдер сомасы туралы; әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы; салық төлеушінің жеке тіркеу деректері. Өзгерістер әкімшілендіруді цифрландыруға және әлеуметтік міндеттемелерді орындауды жеңілдетуге бағытталған. Салық кодексінің 45-бабын түзету қажет. ҚҚС-тан босатылған кезде авиация үшін жанар-жағармай материалдарын әкелуді растау. Салық кодексті әуе тасымалы үшін жанар-жағармай материалдары импортын ҚҚС-тан босатады (479-бап). Алайда қолданыстағы тұжырым дипломатиялық өкілдіктердің импортты растауын талап етуі мүмкін. Бұл баптың басқа тармақшасына жатады. Ықтимал сәйкессіздіктерді болдырмау үшін нормаға нақтылау ұсынылады. Энергетикалық сусындар экспортын акцизден босату. Қазіргі уақытта акцизделетін тауарлардың экспорты акцизден босатылады. Алайда ұзақмерзімдік өңдеу кезінде акциз дайын өнімді шикізат иесіне беру кезінде өңдеушіде пайда болады. Тіпті тауар экспортталса да. Егер ол кейіннен экспорттауға арналған болса, мұндай өнімді беруді акцизден босату ұсынылады. Осыған ұқсас механизм қазірдің өзінде мұнай өнімдері үшін жұмыс істейді. Жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты өндіру орны бойынша есепке алу. Бюджет кодексі өндіру объектісінің орналасқан жері бойынша бюджеттерге кең таралған пайдалы қазбалар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есепке алуды көздейді. Сонымен бірге Салық кодексі жер қойнауын пайдаланушының тіркелген жері бойынша салық төлеуді көздейді. Нормаларды сәйкестендіру үшін Салық кодексіне және есептілік нысандарына өзгерістер енгізу ұсынылады. Еске салайық, қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді тапсырып, бұл құжат "қасиетті жазба емес", оған өзгерістер енгізуге болатынын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда суррогат ана баладан бас тартқан Қытай азаматтарынан ақшасын ала алмай жүр Алматыда суррогат ана Қытайдан келген ерлі-зайыптыдан өз қызметі үшін ақшасын ала алмай жүр, олар баладан бас тартқан. Әйел полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап. 27 жастағы Кристина Гаврилюк ақша үшін бала көтеруге келіскен. Кепілдендірілген сыйақы - 7,5 миллион теңге. Әйелге эмбрионды Алматыда салған. Болашақ ата-ана жүктілік кезінде ақшаны уақытылы беріп, ай сайын шамамен 200 мың теңге жалақы төлеп отырған. Бірақ асқынуларға байланысты Кристина мерзімінен бұрын, жетінші айда босанған. Клиенттер шала туған ұлды алудан бас тартқан. "Кесарь тілігінен кейін оны бірден алып кетті. Шамамен төрт сағаттан соң маған медбике келіп, баланы тапсырғандарын айтты. Мен бәрі жақсы ма, ол тірі ме деп сұрадым. Ол "бәрі жақсы" деді. Биологиялық ата-ана алдымен баланың денсаулығын тексеру үшін анализ алуды талап етті. Анализдер бәрі дұрыс екенін көрсетті. Бала салмақ қоса бастады. Кейін олар ДНҚ-тест жасауды талап етті. ДНҚ-тест олардың баламен туыстығын растады. Мен куратормен байланыста болдым. Бірақ кейін биологиялық ана жауап беруді тоқтатып, баланы алып кетіңдер деді", - деді суррогат ана. Кристина Гаврилюк дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Өзінің алты жастағы қызы бар. Әйел екі рет суррогат ана болған, екі жағдайда да келісім сәтті аяқталған. Ал үшінші рет сыйақысын ала алмаған. Кристина бөтен баланы тәрбиелеуге, ол үшін жауапкершілік алуға ниеті жоқ екенін ашық айтып отыр. Сондықтан босанғаннан кейін бірден нәрестеден бас тарту туралы өтініш жазған. Биологиялық ата-ана туралы ақпарат өте аз. Ерлі-зайыпты Қытай азаматтары. Қазір олардың қайда екені белгісіз. Процедура жасалған клиникадағылар түсініктеме беруден үзілді-кесілді бас тартқан. "Бұл факт бойынша мәліметтерді зерттеу нәтижесінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданды, себебі қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық белгілері анықталған жоқ. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 79-бабының нормаларына сәйкес, мұндай жағдайлар тек сотта қаралуы тиіс. Сондықтан азаматтық-құқықтық тәртіппен сотқа азаматтық талап-арыз беру ұсынылды", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Қазақстанда суррогат ана болу ресми түрде рұқсат етілген. Баланы көтеріп жүрген ананың құқықтары мен міндеттері "Неке және отбасы туралы" заңмен реттеледі. Ол әйелге медициналық көмек, денсаулығын қорғау және сыйақы алу кепілдігін береді. Құқық қорғаушылар алданған әйелге сотқа жүгінуге кеңес берді. Баланың биологиялық ата-анасы шетел азаматтары болғандықтан, суррогат анаға Қытай елшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне жүгіну ұсынылды. "Биологиялық ата-анаға қатысты Қылмыстық кодекс бойынша ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауға болады. Яғни олар баланы қалдырып, Қазақстаннан кеткен. Демек өз баласының өмірі мен денсаулығын қауіпке қалдырған", - деді заңгер Ғабит Өмірбеков. Қазір жаңа туған нәресте балалар үйінде. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ұл бала өсіп, салмақ қосып жатыр. Енді сәбидің тағдыры мен ол үшін жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алады. Қазіргі уақытта ата-анасы бас тартқан бала мәртебесінде. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысындағы қанды қылмыс: Наурыз бен Мейрамгүлдің өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қылмыстың мән-жайы айтылды. Марқұмдардың жақындары бұл отбасының ұл-қызы тірі табыларына сенгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, күдікті қалада жалдап тұрған үйдің іргесінен құзырлы органдар Наурыз бен Мейрамгүлдің сүйегін қазып алған. "Екеуінің сүйегін бірінің үстіне бірін тастап көмген көрінеді. Әзірге бейресми дерек бойынша Наурызды қаскөй жазда өлтіріп көмген. Кейін үстіне Мейрамгүлдің мәйітін тастапты", - деп жазылған арна дерегінде. Туыстарының айтуынша, қаралы отбасының ұлы Наурыз осы үйде, қарындасы мен күйеу баласының қасында болған. Оны соңғы рет жақындары мамырда ғана көріпті. Ол жазда жоғалған деп болжайды. Ал Мейрамгүл 5 қарашада күдіктілермен бірге қалаға келгені айтылды. "Тірі шығар деген үмітіміз болған, бірақ "сүйегі табылды" дегенді естіген кезде бізге оңай тиген жоқ. Бірақ сабыр еткеннен басқа қолдан келер шара жоқ. Қылмыскер келді. Қылмысын мойындап тұр. ...Елге апарып жерлеп, жаназасын шығарып, қызметімізді атқарамыз, тірі адам тірлігін жасайды", - деді марқұм Мақсот Мұқанғалиевтың інісі Шалқар Мұқанғалиев. Отбасы туралы не белгілі? 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптының үшінші топтағы мүгедектігі болған және мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың үш баласы бар - екі қызы мен бір ұлы. 2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға туыстары отбасы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы, яғни 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан. Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды. 6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны Сұлтан Сәрсемалиев. Күдіктіні іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді. 24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте баланың ішегінен магнит пен металл заттар шыққан Шымкентте дәрігерлер баланың ішегінен магнит пен металл заттарды алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап. Бала іші қатты ауырғанына шағымданып, жедел жәрдем бригадасымен қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген. "Уақыт өте жағдайы жақсармады, іш ауруы басылмады, сондықтан біз көмек сұрап, баланы ауруханаға жеткіздік", - деді анасы. Қабылдау бөлімінде кезекші хирургтер баланы қарап, іш қуысының рентгенографиясын тағайындаған. "Тексеру барысында ішекте бөгде заттар - магнит, бұранда және алты қырлы гайка анықталды", - деді дәрігерлер. Тексеруден кейін бала балалар хирургиясы бөліміне жатқызылып, оған шұғыл түрде операция жасалды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық, ол дәрігерлердің бақылауында қажетті ем қабылдап жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
380 қазақстандық “Чилидегі компанияға“ алданып қалған Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана бойынша департаменті Sirius Energy қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Агенттік мәліметінше, ұйымдастырушы өзін чилилік "Sirius Energy" компаниясының өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды жаңартылатын энергия көздері саласындағы жоғары табыс әкелетін жобаларға инвестиция салуға үгіттеген. Қаражат тек USDT криптовалютасы арқылы қабылданып, кейін қатысушыларға шартты бонустар көрсетілетін жеке кабинеттер ашылған. Салымшыларды тарту мақсатында күдікті Алматы және Астанада кеңсе ашып, тұрақты түрде тренингтер өткізген. Сонымен қатар Instagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы белсенді жарнама жүргізіп, заңды қызмет атқарып отырғандай әсер қалыптастыру үшін үшінші тұлғаның атына ЖШС тіркеген. Алайда іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетілмеген. Салдарынан 380 азамат қаржы пирамидасынан зардап шекті. Жәбірленушілердің бірі ұйымдастырушының жоғары табыс туралы уәдесіне сеніп, жобаға инвестиция салу үшін 3 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген. Алайда ешқандай төлем жасалмаған, енді ол несиені пайызымен бірге өз қаражатынан өтеуге мәжбүр. Сот санкциясымен ұйымдастырушының банк шоттарына тыйым салынды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ерлан Қошанов Парижде Ядролық энергетика жөніндегі саммитте сөз сөйледі Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Парижде Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты. Іс-шарада Қазақстаннан Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев те бар. 50-ден астам елдің Мемлекет, Үкімет, мемлекеттік орган басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, қаржы институттарының, өнеркәсіптің және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері азаматтық ядролық энергетиканың негізгі энергетикалық және климаттық сын-қатерлер жағдайындағы рөлін талқылады. Мәжіліс спикерін қарсы алған Франция Президенті Эммануэль Макрон біздің Мемлекет басшысына жылы лебізін жеткізіп, Саммитке Қазақстан делегациясын жібергені үшін алғысын білдірді. Форумды ашқан француз көшбасшысы ядролық энергетиканы қазіргі әлемдегі прогресстің, өркендеу мен егемендіктің факторы деп атады. Оның ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инновациялық технологияларды енгізуге жол ашатынын айтты. Эммануэль Макрон Қазақстанға және уранның сенімді жеткізушілері саналатын бірнеше елге қолдау білдіріп, Саммит қатысушыларын бейбіт атом саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси қазіргі уақытта цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы әлемдік қоғамдастықтың алдында көптеген мәселе туындатып отырғанын, оларға атом энергиясы жауап бере алатынын атап көрсетті. Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуропаның азаматтық ядролық энергетикадан бас тартуын ең үлкен стратегиялық қателік деді. Осыны түсіне отырып, Еуропалық Одақ инновациялық ядролық технологияларға салынатын инвестицияларды қолдау үшін 200 миллион еуро көлемінде кепілдік қорын құру туралы шешім қабылдады. Мәжіліс спикері өз сөзінде Франция басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Ол қауіпсіз әрі орнықты атом энергетикасын дамыту жолында халықаралық деңгейде күш-жігер жұмылдыру үшін іс-шараның маңызды екенін атап өтті, сондай-ақ бейбіт атомды дамыту бойынша елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. "Қазақстан энергетикалық дамудың жаңа белесіне – атом энергетикасы дәуіріне қадам басуда. Біз атом энергетикасын стратегиялық тұрғыда сенімді әрі қолжетімді энергия көзі ретінде қарастырамыз. 2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығарды. Референдум нәтижелері бүгінгі таңда бізге заманауи, орнықты әрі әртараптандырылған энергетикалық жүйені дамытуға жол ашыпотыр. Атом электр стансасын салу жобасын іске асыру халықаралық консорциум құруды көздейді. Қазіргі уақытта табиғи, геологиялық, сейсмикалық, гидрологиялық және техногендік факторларға баға беріле отырып, кешенді инженерлік зерттеулер жүргізілуде", – деді Ерлан Қошанов. Мәжіліс спикері геосаяси тұрақсыздық пен хаос өршіген тұста бейбіт атомның қауіпсіздігі басты орынға шығатынын атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстан әрдайым барлық келіспеушіліктерді келіссөз арқылы шешуді қолдайды. Сонымен қатар Палата спикері Қазақстан отыз жылдан астам уақыт бойы жаһандық ядролық қауіпсіздік архитектурасын дамытуға жүйелі түрде өзіндік үлесін қосып келе жатқанын айтты. Қазақстан Семей сынақ полигонын жауып, ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Біздіңбастамамызбен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады. Жиында Мәжіліс төрағасы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастық аясында Қазақстан радио-фармацевтикалық препараттар өндіріс аясын кеңейтіп, заманауи диагностика мен емдеудің қолжетімділігі артып келе жатқанын айтты. Ерлан Қошанов Саммитке қатысушыларға алдағы уақытта да Қазақстан атом саласындағы саясатын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің стандарттарына сай құрып, ашықтықты, сенімділік пен серіктестікті нығайта түсетінін айтты. Мәжілістің баспасөз қызметі. Суреттер: Ж.Жұмабеков Іс-шарада делегация басшылары Париж саммитінің Бірлескен декларациясын қабылдады. Ол бейбіт атомды жаңғырту және дамыту бойынша жаһандық және ұлттық стратегияның бөлігі болмақ.
129 мың теңгеге дейін айыппұл: референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды? Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болды? 14 наурыз, сенбі күні, Қазақстанда референдум өткізер алдында заңда қарастырылған тыныштық күні басталады. Нұрлан Әбдіров тыныштық күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынатынын айтты. "Үгіт-насихат жүргізуге болмайды. Тыныштық күні — бұл шын мәнінде тыныштық күні. Ешқандай үгіт-насихатқа жол берілмейді. Егер бір жерде бұрыннан ілінген үгіт материалдары болса, оларды алып тастамайды. Бірақ оларды таратуға болмайды", - деп түсіндірді Әбдіров. Ол бұл тыйым әлеуметтік желілерге де қатысты екенін айтты. "Үгіт материалдарын қайта жариялауға (репост) болмайды, қандай да бір белсенді жұмыс жүргізуге тыйым салынады", - деді Орталық референдум комиссиясының басшысы. Сонымен қатар референдум күні сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады. Қандай жаза қарастырылған? Ережелерді бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы "Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу" бойынша жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл мөлшері: жеке тұлғалар үшін — 15 АЕК (2026 жылы 55 380 теңге); шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін — 20 АЕК (73 840 теңге); орта бизнес субъектілері үшін — 25 АЕК (92 300 теңге); ірі бизнес үшін — 35 АЕК (129 220 теңге). Мән-жайы Еске салайық, 11 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Референдумда дауыс беру 15 наурыз күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді, азаматтарға қолайлы болу үшін жекелеген аумақтық комиссиялар басқа уақыт белгілеуі мүмкін. Референдум бюллетенінде бір ғана сұрақ болады, ол "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?". Жалпы түзетулер негізгі заң мәтінінің 84 пайызын қамтыған. Тараулар немесе баптар бойынша жеке дауыс беру болмайды. Дауыс берушілер құжатты толық қолдау немесе толық қабылдамау арқылы ғана таңдау жасай алады. Бұған дейін референдум өткізуге шамамен 20,8 миллиард теңге жұмсалатыны хабарланған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бізді үйде балаларымыз күтіп отыр“: қазақстандық дәрігерлер Израильде қалып қойды Шығыс Қазақстаннан Тель-Авивке біліктілігін арттыру үшін барған бір топ дәрігер аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты елге қайта алмай отыр. Tengri Travel мән-жайды анықтап білді. Израильдегі жағдай Оқиға туралы Израильде біліктілігін арттырып жүрген қазақстандық дәрігерлердің бірі айтып берді. Оның сөзінше, күрделі жағдай 28 ақпанда басталған. "Біз қонақүйде болғанбыз, бірақ келесі күні бізді қауіпсіз жерге көшірді. Алғашқы күндері дабыл өте көп болды, қазір азайғанымен, ара-тұра әлі де жалғасып жатыр", - деді Сабина (есімі қазақстандықтың өтініші бойынша өзгертілген - еск.). Қазір ол және Қазақстаннан барған тағы алты дәрігер Тель-Авивтің шығыс бөлігіндегі ауруханаға орналастырылған. Сол жерде олар тәжірибеден өтіп жатқан. Дәрігерлер бөлек палаталарда тұрады. "Біз өзіміз оқыған ауруханада жүрміз. Қазір бұл қауіпсіз жер, бізде бәрі жақсы - күніне үш мезгіл тамақ беріледі, жеке палаталар бар. Біз эвакуацияны, қашан бізді елге алып кетеді деп күтіп отырмыз", - деді ол. Телефонға әрбір хабарлама келген сайын дәрігерлер дереу "мамадқа" - арнайы нығайтылған қауіпсіздік бөлмесіне баруы тиіс. Дабыл аяқталғаны туралы хабар келгенше сол жерде болады, содан кейін қайтадан палаталарына оралады. "Алғашқы тәулікте қорқынышты болды, өйткені біз мұндай жағдайды бұрын бастан өткермегенбіз. Әрине, мұнда кейде дабыл болатынын білетінбіз, бірақ олар өте жиі болған кезде қатты қорықтық. Бізбен үнемі байланыста болып, "алаңдамаңыздар, бәрі жақсы болады" деп сабырға шақырды. Келесі күні бізді қауіпсіз жерге ауыстырды, сондықтан өзімізді әлдеқайда қауіпсіз сезінеміз, бірақ шабуыл туралы хабарламалар әлі де жалғасып жатыр", - деді Сабина. Ақпарат алудың жалғыз мүмкіндігі — мобильді интернет. Бірақ ол атқылау кезінде қайта-қайта жоғалып кетеді. "Мобильді байланыс бар, бірақ кейде дабыл мен сирена кезінде үзіліп қалады. Абырой болғанда, байланыс жұмыс істейді, өйткені ата-анамызбен және отбасымызбен сөйлеспесек, олар не болып жатқанын білмей, алаңдайтын еді", - деді дәрігер. Қазақстандықтар 5 наурызда оқуын аяқтағаны туралы сертификаттарын алған. "Елшілік бізбен байланыста және эвакуацияға ниетті адамдар үшін чат ашты. Барлығымызды тізімге енгізіп, паспорт деректерімізді жинады", - деді ол. Отандасымыздың айтуынша, дипломатиялық өкілдік адамдарды елден алып шығаратынын уәде еткен, бірақ нақты ұшу күні мен рейстер туралы ақпарат әлі жоқ. "Әзірге белгісіз. Алдын ала ұшақпен ұшамыз деп жоспарланып жатқан сияқты, бірақ бұл мәселелер әлі шешіліп жатыр. Бізге нақты ештеңе айтылған жоқ: арнайы борт бола ма, әлде басқа рейстермен кетеміз бе белгісіз. Тек күтіңдер деді. Қазір біз күтіп отырмыз", - деді Сабина. Ол дәрігер ұжымы көңіл-күйлерін түсірмеуге тырысып жатқанын айтты. "Бүгін балаларымыздың таңғы мерекелік шаралары өтіп жатыр, фотоларын жіберді. Олардың жанында болғымыз келеді. Бізбен туыстарымыз, достарымыз және әріптестеріміз үнемі байланысып, бәрі алаңдап, қолдау көрсетіп жатыр", - деді дәрігер. СІМ не дейді Аймақтағы қазақстандықтардың жағдайы туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ерлан Жетібаев брифинг барысында айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының арасында қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. "Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер немесе қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ. Эвакуация басталғалы бері құзыретті мемлекеттік органдардың, әуе компаниялардың, резиденттер мен резидент еместердің көмегімен 8585-тен астам қазақстандық елге қайтарылды", - деді ол. Жақын күндері аймақтың бірнеше елінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялаудың жаңа кезеңі дайындалып жатыр. Жоспар бойынша шамамен: Израильден — 78 адам; Қатардан — 350 адам; БАӘ-ден — 550 адам; Сауд Арабиясынан — 300 адамды елге қайтару көзделген. "Бұл деректер өзгеруі мүмкін", - деді Жетібаев. Министрлік өкілі эвакуация тек ұшақтармен ғана емес, Әзербайжан, Армения және Түрікменстан арқылы құрлық жолымен де жүргізіліп жатқанын айтты. Қақтығыс ушыға бастағаннан бері 8 мыңнан астам қазақстандық елге оралған. "Жалпы Ираннан 66 азамат қайтарылды. Қазақстанның дипломатиялық өкілдері жергілікті жерде іс-қимылды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста. Азаматтардан Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шетелдегі өкілдіктерінің ресми хабарламаларын бақылап отыруды сұраймыз", - деп қосты ол. Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға аймақтағы бірқатар елге әскери әрекеттер тоқтап, жағдай толық тұрақталғанға дейін бармауға кеңес берді. Бұл елдердің қатарында: Бахрейн; Мысыр; Израиль; Йемен; Иордания; Ирак; Иран; Қатар; Сауд Арабиясы; Кувейт; Ливан бар. "Аймақта жүрген азаматтарымыздан жеке қауіпсіздік шараларын сақтап, қауіпті болуы мүмкін аудандарға бармауды, жергілікті биліктің нұсқауларын орындап, соның ішінде зымыран қаупі кезінде дереу баспанаға немесе паналау орнына баруды, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушылармен байланыста болуды сұраймыз", - деп хабарлады ведомство. Ұсыныстарға қарамастан, кейбір азаматтар сапарын жалғастырып жатыр. "Осыған байланысты азаматтарды жағдай тұрақталғанға дейін мұндай сапарларды жасамауға және жоспарламауға шақырамыз. Сондай-ақ бұл ақпаратты туыстарыңызға, достарыңыз бен таныстарыңызға барынша таратуды сұраймыз", - деп үндеу жасады Жетібаев. Еске салайық, соңғы күндері Таяу Шығыстан эвакуациялық рейстермен Қазақстанға екі мыңнан астам адам оралды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев денсаулық сақтау министрі Әлназарованы қабылдады Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен саланы дамыту перспективасы жөнінде есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер туралы баяндалды. Министр жалпы және нәрестелер өлімі 15,3 пайызға төмендегенін айтты. Қазақстанда жұқпалы емес аурулардан мерзімінен бұрын қайтыс болғандар саны 25 пайызға азайды. Осылайша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақсатты көрсеткішіне қол жеткізілді. Мемлекет басшысына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, алғашқы медициналық жәрдемді жетілдіру, скрининг бағдарламаларының аясын кеңейту және ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін жаңғырту жөнінде айтылды. Онкологиялық қызметті дамыту шаралары жалғасып келеді. Астана қаласындағы жаңа онкологиялық кешеннің базасында Протонды терапия орталығы ашылды. Қызылорда және Ақтау қалаларында 2 жаңа ПЭТ/КТ кешені іске қосылды. Барлық өңірде сарапшылық эндоскопия орталықтарының жұмысы жолға қойылды. Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен аймақтардағы бірқатар нысан құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, МӘМС жүйесіндегі қаржыны бақылауды күшейту, соның ішінде қаражатты мақсатты жұмсауды мониторингтеу жүйесін автоматтандыру және медициналық қызмет көрсетушілерге талапты қатаңдату шараларына баса назар аударылды. Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жеке-жеке қызмет көрсететін ақпарат жүйелерін E-Densaulyq платформасына біріктіру қолға алынған. Министр соңғы екі жылда фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 2,3 есе, ал дәрі-дәрмектің экспорты 1,9 есе өскенін баяндады. Дәрі-дәрмектің 400-ден астам түрін өндіру бойынша 6 инвестициялық келісім жасалды. Олардың жалпы құны 316,3 миллиард теңгеге бағаланған. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа саланың кадрлық әлеуетін дамыту, медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде ақпарат ұсынылды. Президент медициналық қызмет сапасын арттыру, саладағы қаржылық тәртіпті қатаңдату, маман даярлау жүйесін жетілдіру, цифрлық жаңғырту жұмыстарын жеделдету және отандық фармацевтика өнеркәсібін өркендету бойынша бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен кейін қазақстандық жоғалып кеткен: СІМ өкілі пікір білдірді Оңтүстік Кореяда өрт кезінде қазақстандық жоғалып кеткен. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жетібаевтың айтуынша, іздестіру жұмыстары кезінде адам мүрдесі табылған. Олар сараптамаға жіберілген. "Қазіргі уақытта сараптама нәтижелерін әлі алған жоқпыз. Корея тарапы ақпарат ұсынған бойда марқұмның туыстарына хабар беріледі", - деді Жетібаев. Не болған? 1 ақпанда Оңтүстік Кореядағы зауыттардың бірінде ірі өрт болған. Төтенше жағдай салдарынан екі шетелдік жұмысшы хабар-ошарсыз кеткен. Кейбір БАҚ мәліметінше, олардың арасында 50 жастағы Қазақстан азаматы болған. Өрт шыққан сәтте кәсіпорында 83 жұмысшы болған, олардың 81-і эвакуацияланып үлгерген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану: жаңа мәлімет айтылды Қазақстанда зейнетақы жинағын емге, оның ішінде стоматологиялық қызметтерге пайдалану мүмкіндігін қайта енгізу мүмкіндігі қаралып жатыр. Бұл туралы үкіметтегі брифинг барысында Отбасы банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ибрагимованың айтуынша, бұған дейін бұл бағдарлама халық арасында сұранысқа ие болды. "Бұл өте үлкен әрі қажет бағдарлама болды. Қазір зейнетақы жинағын алу жалғасып жатыр, бірақ бұрын адамдар оны емделуге де пайдаланған. Өкінішке қарай, қаражатты мақсатсыз пайдаланған халықтың 10 пайызы кесірінен 90 пайыз адам осы мүмкіндіктен айырылды. Менің ойымша, бұл әділетсіз", - деді Отбасы банкінің басқарма төрайымы. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, қазір бұл процесті барынша ашық ету үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол үшін 2026 жылдың яғына дейін емделуге қаражат алу механизмін онлайн форматқа көшіру жоспарланып отыр. "Біз денсаулық сақтау министрлігімен тығыз байланыстамыз. Біздің міндет — бұл қызметті қолжетімді әрі толықтай ашық ету. Жүйеде стоматологиялық клиникалар мен басқа медициналық ұйымдар болады деп жоспарланып отыр. Барлық қызмет орындалған жұмыс актілері арқылы онлайн түрде рәсімделеді және денсаулық сақтау министрлігімен интеграция жасалады", - деп түсіндірді ол. Сонымен қатар Ибрагимова бағдарламаны қайта іске қосу туралы соңғы шешімді денсаулық сақтау министрлігі қабылдайтынын айтты. "Тоқтату және қайта бастау денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен жүзеге асырылады. Қазір Отбасы банкінде портал әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді банк басшысы. Оның айтуынша, қазіргі уақытта банк жүйені автоматтандыру және тұрғын үйді бөлу мәселелеріне байланысты басым міндеттермен айналысып жатыр. "Емделуге қатысты міндет (тіс емдеуге зейнетақы қаражатын алу - еск.) қазір біздің жоспарымызда үшінші-төртінші тоқсанға қойылған", - деп қосты Ләззат Ибрагимова. Мән-жайы Бұған дейін қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін тек тұрғын үй сатып алуға ғана емес, емделуге, соның ішінде стоматологиялық қызметке пайдалана алатын. Алайда кейін медициналық қызметтерге қаражат алу шектелді. 2025 жылдың қыркүйегінде денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізді. Оған сәйкес, зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға толық тыйым салынды. Стоматологиялармен байланысты дау Бұған дейін Отбасы банкі стоматологиялық қызмет бойынша өтінім қабылдау уақытша тоқтатылатынын хабарлаған болатын. Банктегілер мұны қаражатты мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау фактілері көбейгенімен түсіндірді. Күмәнді схемаларға қатысты материалдарды Отбасы банкі құқық қорғау органдарына тапсырды. Қаржылық мониторинг агенттігі бірқатар стоматологиялық клиникаға қатысты тексеріс бастады, олардың қызметі зейнетақының артық қаражатын мақсатты пайдалану тұрғысынан күмән тудырған. Атап айтқанда, мәселе Атыраудағы клиникалар туралы болды. Атырауда "стоматологиялық іс" бойынша күдіктілерді жаппай ұстау кезінде уақытша ұстау изоляторы мен экономикалық тергеп-тексеру департаментінің автотұрағы толып кеткені хабарланды. Күдіктілер саны 50 адамға жуықтаған. ҚМА төрағасы Жанат Элиманов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа зейнетақы жинағын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырудың резонансты фактілері туралы баяндады. Агенттік стоматологиялық қызметтерді төлеу деген желеумен БЖЗҚ-дан 200 миллиард теңгенің негізсіз алынғанын анықтаған. Қаражат жалған схемалар арқылы шығарылып, бұған жеке клиникалар қатысқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақбаян Мұқанғалиева қазір қайда? Атырау облысында қаза тапқан отбасының туыстары айтып берді Атырау облысындағы жантүршігерлік оқиға бірнеше айдан бері Қазнетте талқыланып жатыр. Күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулық жағдайына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақбаян қазір қайда? Бұған дейін күдіктілер Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаянның Индонезиядан Алматыға жеткізілгені хабарланған болатын. БАҚ мәліметінше, Сұлтан Ақбаянның ағасы мен әпкесі - Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың мәйітін бұрын өзі жалға алған Геолог шағын ауданындағы үйдің ауласына көмгенін айтқан. Туыстарының мәліметінше, қазір Ақбаян Атырауда. "Біз оның психиатриялық есепте тұрған-тұрмағанын білмейміз. Ақбаянның енесінің айтуынша, қазір ол Атыраудағы психиатриялық мекемеде (психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйым – екс.) жатыр", – деді отбасының туысы. Бұған дейін редакция әйелдің денсаулық жағдайына қатысты Атырау облысы Полиция департаментіне сауал жолдаған, алайда жауап алған жоқ. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігіне және өңірдің Денсаулық сақтау басқармасына да жүгіндік. Денсаулық сақтау басқармасы полицияға жүгінуге кеңес берді. "Қылмыстық іс қозғалған. Бұл мәселе бойынша полицияға жүгіну қажет", - деп жауап берді басқарма. Мән-жайды анықтау үшін Денсаулық сақтау министрлігіне және өңірлік Полиция департаментіне сұрау жолдадық. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ электрсамокаттарға қатысты шешім қабылдады Қазақстанда электрсамокаттарды жалға беру қызметіне қатысты жаңа ереже енгізілді. Енді әр самокатқа мемлекеттік нөмір берілуі тиіс, - деп хабарлайды Tengri Auto. Тиісті талапты Ішкі істер министрлігі бекітті. Электрсамокаттарды жалға беретін компаниялар техниканың толық есебін жүргізуге міндетті болады. Оған құрылғының маркасы, моделі және шығарылған жылы, сериялық нөмірі, пайдалануға енгізу және шығару күні, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету, жөндеу және берілген тіркеу нөмірі туралы мәліметтер кіруі тиіс. Нөмірлік белгілер бірнеше жерге орналастырылуы қажет: корпустың артқы бөлігінде дөңгелектің үстінде, сондай-ақ рөл тірегінің сол және оң жақтарында. Тіркеу белгісінде латын әріптері қолданылуы тиіс, ал цифрлардың саны бестен аспауы керек. Мұндай нөмірлерді өзгертуге немесе оларды басқа самокаттарға қайта беруге тыйым салынады. Сонымен қатар басқа оператордың нөмірін пайдалануға болмайды. Электрсамокаттың артқы тіркеу нөмірі, фото: ҚР НҚА Электрсамокаттың бүйірлік тіркеу нөмірі, фото: ҚР НҚА Жұмысты бастамас бұрын оператор-компания басқа кикшеринг қызметтеріне заңды тұлғаның атауын және нөмірлеу үшін таңдалған латын әрпін көрсетіп, жазбаша хабарлама жіберуі тиіс. Егер самокат пайдаланудан шығарылса, оған бекітілген нөмір оператордың базасында қалады және басқа техникаға берілмейді. Белгі зақымдалған немесе жоғалған жағдайда оны дәл сондайымен ауыстыруға рұқсат етіледі. Бұған дейін электрсамокаттарды пайдалану ережелеріне енгізілетін өзгерістер талқыланған. Өткен қыс мезгілінде ІІМ ұсыныстарды пысықтап, қатаң талаптар дайындады. Сонымен қатар Мәжіліс құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Құжатта жалға берілетін электрсамокаттар басқару үшін тіркеу нөмірі мен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру талап етілетін көлік құралдарының тізіміне енгізілген. 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда электросамокаттарды пайдалануға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Алматының Полиция департаменті электрсамокаттарға қатысты талаптардың күшейтілуін жол-көлік оқиғаларының артуымен байланысты деп түсіндірген болатын. Ведомство мәліметінше, 2025 жылы қалада электросамокаттардың қатысуымен 386 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 400-ден астам адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты. Сондай-ақ 24 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, 10 мыңнан астам самокат арнайы тұраққа қойылған. Бұл көрсеткіштер бақылауды күшейтуге негіз болды. "Электрсамокаттар іс жүзінде көлік ағынының бір бөлігіне айналды, сондықтан олар үшін де жол қозғалысының басқа қатысушыларына арналған ережелер сияқты түсінікті әрі міндетті ережелер болуы керек", - деді Алматы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Айдын Қабдулдинов. Кең таралған құқық бұзушылықтардың қатарында: тротуарда жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншілердің жанында қауіпті маневр жасау, бір самокатпен бірнеше адамның жүруі, техниканы кәмелетке толмағандардың басқаруы, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелінен самокаттан түспей өту. Электросамокаттарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заңды сенат депутаттары да қарап, мақұлдады. Ресми түрде көлік құралы ретінде тану, тіркеу нөмірін орнату және жүргізушінің кәмелетке толуы талаптарынан бөлек, оларды басқару үшін енді міндетті сақтандыру қажет, ал жолдың қозғалыс бөлігінде жүру үшін міндетті түрде жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: қылмыс алдын ала жоспарланған Жангелдин ауылында бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына қатысты іс бойынша жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ерлі-зайыптының өлімі Редакцияның ресми сауалына берген жауапта, полиция Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы әйелі Ақбаянның ұсталғанын растады. "Қазақстан ІІМ қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезиядағы Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған. Онымен бірге бұрын хабар-ошарсыз кетті деп танылып, халықаралық іздеу жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды", – делінген полицияның ресми жауабында. Полиция ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның өліміне қатысты мән-жайды да хабарлады. Тергеу деректеріне сәйкес, екі зейнеткер 2025 жылғы қарашада өлтірілген, алайда олардың мәйіті тек 2026 жылдың 6 қаңтарында табылған. "2025 жылғы қарашада Атырау облысында күдікті қасақана, пайдакүнемдік мақсатта және ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар салдарынан алдын ала жоспарлап, екі адамды өлтірген. Ол қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық мақсатта салынған сарайдың астына көміп, қан іздерін сүртіп, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен ақшасын иемденген", – деп хабарлады полиция. Полицияның баспасөз қызметі отбасының кенже қызы Ақбаянға қандай айып тағылғанын нақтылаған жоқ. Ақбаянның ағасы мен әпкесінің мәйіті қайдан табылды? 9 наурызда кешке Ақбаянның ағасы мен әпкесі - Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері Атырау маңындағы Геолог шағын ауданынан табылғаны белгілі болды. БАҚ мәліметінше, оларды бұған дейін отбасының күйеу баласы әрі басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жалға алып тұрған үйдің ауласынан тапқан. "Ақ Жайық" басылымы мәліметінше, ер адам Индонезиядан Алматыға жеткізілгеннен кейін кісі өлтіргенін мойындап, мәйіттерді жерленген орнды көрсеткен. Бұған дейін тергеуде тек ата-анасының өлтірілгені туралы дерек болған. Енді іздеуде болған барлық адамның мәйіті табылды. Бұл ақпаратты отбасының туыстары растады. Сараптама және жерлеу Қаза тапқандардың туысы Әсилә Мұқанғалиеваның айтуынша, қазіргі уақытта Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері мәйітханада, онда қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр. "Қазір сот-медициналық сараптама өтіп жатыр. Егер бүгін кешке мәйіттерді бізге берсе, ертең жерлеу рәсімі өтеді. Оқиға орнында туыстар бар, біз жаңалық күтіп отырмыз", – деді ол. Ақбаян мен Сұлтанның балалары қайда? 3 ақпанда күдікті ер адамның бес кәмелетке толмаған баласы уақытша мемлекеттік қорғауға алынғаны белгілі болды. Атырау облыстық Білім басқармасы 2 ақпанда әкімдікке полициядан шұғыл шаралар қабылдау туралы хат түскенін хабарлады. Құжатта күдіктінің бес баласын уақытша қауіпсіз жерге орналастыру қажеттігі көрсетілген. "Махамбет аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы үш баланы Атырау облысы білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырды, ал жасы 3 және 1 жастағы екі сәбиді мамандандырылған балалар үйіне орналастырды", – деп хабарлаған еді ведомство. Басқарманың баспасөз қызметі балалардың жағдайы тұрақты бақылауда екенін атап өтті. Бүгін, 10 наурызда Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі балалардың әлі де мемлекеттік қорғауда екенін нақтылады. "Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты балалардың әрі қарайғы тағдыры туралы мәліметтер жариялауға жатпайды", -деп хабарлады ведомство. Отбасы туралы не белгілі? 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптының үшінші топтағы мүгедектігі болған және мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың үш баласы бар - екі қызы мен бір ұлы. 2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға туыстары отбасы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы, яғни 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан. Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды. 6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Америкалық отбасы асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасын іздеп жүр Әлеуметтік желілерде бала кезінде АҚШ-тағы отбасы асырап алған ер адамның биологиялық ата-анасын іздеу туралы жазбасы жарияланды. Хабарламаны оның жұбайы Facebook-тегі Kazakh American Association қауымдастығында жариялаған, - деп хабарлайды Tengri Life. Ер адам туралы не белгілі? Жазба авторының айтуынша, оның күйеуінің аты Николас Пикколо. Ол 1998 жылғы 26 қарашада Қарағандыда дүниеге келген. Туған кезде оған Руслан Өмірзақов деген есім берілген. Ер адамның жұбайы Шанель Пикколоның айтуынша, ол кішкентай кезінде Қарағандыдағы "Малютка" балалар үйінде болған. Бұл мекемені "Шапағат" деп те атаған болуы мүмкін, алайда отбасының қолында нақты ақпарат жоқ. "Мен бұл жазбаны күйеуім Николас Пикколо өзінің биологиялық ата-анасын іздеп жүргендіктен жазып отырмын. Ол 1998 жылғы 26 қарашада Қазақстандағы Қарағандыда дүниеге келген. Туған кездегі аты Руслан Өмірзақов", - делінген жазбада. Отбасының сөзінше, ер адамның өткен өмірі туралы мәлімет өте аз. Тек 2003 жылғы 19 қаңтарда асырап алынғаны белгілі. "Шынын айтқанда, бізде көп ақпарат жоқ. Бірақ ол өзінің биологиялық ата-анасын тапқысы келеді. Қазір бізде бар мәлімет осы ғана", - деп жазды Шанель Пикколо. Сондай-ақ ол кез келген көмек үшін алғыс білдіретінін айтып, егер біреуде қандай да бір ақпарат болса, олармен байланысуды өтінді. Жарияланым астында кеңес пен қолдау сөздері жазылған ондаған пікір пайда болды. Желі пайдаланушылары Қарағанды тұрғындарының топтарына жүгінуді немесе жергілікті адамдар арқылы ақпарат тауып көруді ұсынған. Кейбіреулер іздеуді тиімдірек етуі мүмкін басқа платформаларды да ұсынған. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл оқиғаны Threads немесе TikTok қосымшаларында жариялауға болады, өйткені ол жерде қазақстандық пайдаланушылар көп. Ер адамның жұбайы ақпаратты әлеуметтік желілерде тарату оның биологиялық отбасы туралы білетін адамдарды табуға көмектеседі деп үміттенеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Грузияда 7 жастағы қазақстандық қыз жалғыз “қалып қойған“ Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстанның Грузиядағы елшілігі 7 жастағы қыз баланы елге қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Баланы елге қайтару шаралары алты ай бойы жүргізілген. Осы кезеңде тиісті мемлекеттік органдар арасында келіссөздер өтіп, грузин тарапының құзырлы мекемелерімен байланыс орнатылған. "Қажет құжаттар рәсімделіп, барлық рәсім заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды. Қазір қыз бала қауіпсіз жағдайда, оған психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, баланың мүддесі ескеріліп, заңнама талаптарына сәйкес оны отбасына орналастыру мәселесі қарастырылады", - деп жазылған хабарламада. Ведомство мәліметінше, баланың құқығын, қауіпсіздігін қорғау мақсатында оның жеке дерегі, оқиғаға қатысты өзге де мәлімет жария етілмейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Банктер ипотека бермейді - Бектенов үлестік құрылыс талаптары туралы Қазақстан үлестік құрылысқа қойылатын талаптарды күшейтті. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Үлестік құрылыс саласында талаптар қатаңдатылды. Мемлекеттің тиісті рұқсаты мен кепілдігі болмаса, құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражатын тарта алмайды, ал банктер ипотека бермейді", - дейді үкімет басшысы. Сондай-ақ ретсіз және заңсыз құрылыстардың алдын алу, сондай-ақ мектептер мен ауруханалардың тапшылығы сияқты жағдайларды болдырмау үшін түбегейлі жоспарлау жобаларын түзетуге бақылау барынша күшейтілді. Құжатта сейсмикалық қауіпсіздік талаптарын күшейтуге де баса назар аударылған. "Мемлекеттік бақылау күшейтілген. Тексеруші органдарға жаңа құралдар, оның ішінде цифрлық технологиялардың кең ауқымы ұсынылды. Нысандарды қабылдап алу кезінде құрылысты бақылау органдары мен төтенше жағдайлар қызметтерінің міндетті түрде қатысу тетігі енгізілді. Бұл апаттар мен өрт қаупін азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таяу Шығыстағы ахуал: қанша қазақстандық елге қайтарылды? Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8585 қазақстандық елге қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр. "Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста", - делінген хабарламада. Таяу Шығыстағы ахуал Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жойып жібереміз деп қорқытып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды. Иранның Қызыл Жарты Ай ұйымының мәліметі бойынша, АҚШ пен Израильдің шабуылдарында жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеиді қоса, кем дегенде 1000 адам қаза тапты. БАҚ-тың хабарламаларына қарағанда, зымырандар тек әскери нысандарға емес, Ислам Республикасындағы және аймақтың басқа елдеріндегі азаматтық инфрақұрылымға да тиіп жатыр. Тегеран бұған жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға соққы жасады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай экспорттауға мүмкіндік берілмейді“ - Иран әскерилері Иранның Қарулы күштері Ормуз бұғазындағы жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын және "жаулар мен олардың серіктестеріне" мұнай экспорттауға жол бермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілі Сардар Наини хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Иран халқы мен оның инфрақұрылымына қарсы АҚШ армиясы мен сионистік режимнің жалғасып жатқан агрессиясы жағдайында Иранның Қарулы күштері келесі хабарламаға дейін аймақтан бір литр де мұнай экспорттауға мүмкіндік бермейді", - деді Сардар Наини ирандық Tasnim агенттігіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, ирандық зымырандар мен дрондар қаупіне байланысты америкалық кемелер мен ұшақтар Ираннан 1000 шақырымнан аса қашықтықта тұр. Сонымен қатар, америкалық әскерилер мен израильдік күштер аймақтағы қалалар мен қонақүйлерде жасырынуға мәжбүр. ИРСК өкілі Иран Қарулы күштері "қақтығыстың аяқталу мерзімін анықтайтынын" және Ормуз бұғазында америкалық Gerald R. Ford әуе тасымалдаушы кемесін қарсы алуға дайын екенін қосты. Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар мәлімдеме жасаған еді. Атап айтқанда, ол Иранмен соғыс жақын арада аяқталатынын айтқан. "Менің ойымша, соғыс іс жүзінде аяқталды. Оларда флот жоқ, байланыс құралдары жоқ, әскери-әуе күштері де жоқ", - деді Трамп. Сондай-ақ ол Вашингтон соғыс 4–5 аптаға созылады деген бастапқы болжамнан "айтарлықтай озып кеткенін" айтты. Сонымен қатар Трамп "Иранды әлі толық жеңген жоқпыз" деп мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы оның туған әпкесі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әпкесінің айтуынша, қазіргі уақытта Әсем полиция бөлімшесінде. "Ол тірі, бірақ жағдайы алаңдатып тұр. Қазір тергеу жүріп жатқандықтан, толық мәліметті жариялай алмаймыз. Бірақ ең бастысы - ол табылды", - деді әпкесі. Не болған? Еске салайық, бұған дейін Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ол 6 наурыздан кейін байланысқа шықпай қалған. Жоғалған қыздың әпкесінің айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде байланысқа шықпай қалған. Туыстарының сөзінше, жоғалар алдында Әсем қатты қорыққан, біреулер аңдып жүргенін айтқан. Кейін бұл жағдайға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілі пікір білдірді. "Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі азаматтың туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қазір оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдай ҚР СІМ бақылауында", - деп жазылған ведомство хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
СІМ Вьетнамда қазақстандық қыздың жоғалып кетуіне байланысты пікір білдірді Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Ол 6 наурыздан кейін байланысқа шықпай қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоғалған қыздың әпкесі әлеуметтік желілерде үндеу жариялады. Оның айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде байланысқа шықпай қалған. Туыстарының сөзінше, жоғалар алдында Әсем қатты қорыққан, біреулер аңдып жүргенін айтқан. Бұл жағдайға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілі пікір білдірді. "Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі азаматтың туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қазір оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдай ҚР СІМ бақылауында", - деп жазылған ведомство хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында жоғалған отбасы: тағы екі адам өлі табылды Атырау облысында жоғалған отбасының ұл-қызы да өлі табылды,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, қала маңындағы Геолог шағынауданынан Жангелдин ауылының жоғалған тұрғындары - Наурыз және Мейрамгүл өлі табылған. "Олар бұрын күдікті Сұлтан Сарсемалиев әйелімен бірге жалдап тұрған үй ауласынан табылды. Кеше Сұлтан мен оның әйелі Ақбаян Алматыға жеткізілді. Алматыда Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, бұған дейін Геолог шағынауданында жалдап тұрған үйдің ауласына мәйіттерді көмгенін айтқан", - деп жазылған басылым дерегінде. Осы ақпаратты алғаннан кейін Атырауда тергеушілер айтылған учаскені тағы да зерттеп, олардың денесін тапқан. Ал Атырау облысы Полиция департаменті ақпарат кейінірек берілетінін мәлімдеді. Отбасы туралы не белгілі? 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптының үшінші топтағы мүгедектігі болған және мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың үш баласы бар - екі қызы мен бір ұлы. 2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға туыстары отбасы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы, яғни 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан. Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды. 6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жауын-шашын, жел және көктайғақ: 10 наурызда ауа райы қандай болады? 10 наурызда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктер болжамы бойынша, 10 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Ел аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде қалың қар, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Республика бойынша жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болады. Солтүстік аймақтарда боран соғуы мүмкін. Астанада – құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда қар жауып, боран мен тұман болады. Желдің екпіні секундына 15–23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 8–10°, күндіз 6–8° аяз. Алматыда – бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, күндіз кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Көктайғақ пен тұман күтіледі. Ауа температурасы 3–5° жылы, бірақ күндіз салқындауы мүмкін. Шымкентте – бұлтты, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Температура түнде 0–2°, күндіз 2–4° жылы. Елдің көптеген өңірінде желдің күшеюі, боран, көктайғақ және тұман байқалуы мүмкін, сондықтан синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. "Әзербайжан, Түркия және Кипрге қатысты айтсақ, қарулы күштердің Бас штабы Иран аумағынан немесе елдің қарулы күштері тарапынан мұндай реактив оқ ұшырылмағанын нақты әрі ресми түрде мәлімдеді", – деп келтіреді Бағаидың сөзін ирандық SNN телеарнасы. Иран Сыртқы істер министрлігінің өкіліне АҚШ пен Израильмен бітімге келу туралы келіссөз жүргізілуі мүмкін бе деген сұрақ қойылды. "Әскери қақтығыс жалғасып жатыр. Қазіргі жағдайда қорғаныс пен қарсыласқа жойқын жауап беруден басқа мәселе туралы айту орынсыз", – деді ол. Сонымен қатар, Бағаи АҚШ-тың негізгі мақсаты Иранның мұнай ресурстарына қол жеткізу екенін де мәлімдеді. Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға да соққы жасай бастады. Өз кезегінде Иран Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына жауап соққыларын жасап жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Мерзімінен бұрын жеңуім керек еді“: Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісінен кейін пікір білдірді Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы файтер Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, бұл жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде болды. Оның қарсыласы бразилиялық Рафаэл Тобиас (14-2) еді. Қазақстандық спортшы үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. "Жалпы жекпе-жек біздің жоспар бойынша өтті. Тек кей жерлерде өзім толық жұмыс істей алмадым. Мен оны мерзімінен бұрын жеңуім керек еді. Ондай сәттер болды. Оның мұрнын сындырдым, саусағы да сынған сияқты. Яғни барынша көп зиян келтірдім, үнемі алға жүріп, қысым жасап отырдым. Жекпе-жекті толық бақылап тұрдым, сондықтан жеңіс менің пайдамда аяқталды", - деді Нұрғожай жекпе-жектен кейін. Сондай-ақ6 жекпе-жектен кейін Дияр қарсыласын неге мерзімінен бұрын жеңбегені туралы сұраққа жауап берді. - Неге қарсыласыңызды мерзімінен бұрын жеңбедіңіз? Психологиялық тосқауыл болды ма? "Жоқ, ондай ештеңе болған жоқ. Кейбір соққылар дәл тимей қалды. Денеге ауыр соққылар жасадым, бірақ кей жерлерде жеткізе алмадым, кей жерде өзім толық жұмыс істемедім. Бірақ бұл менің психологиялық жағдайыма байланысты емес. Мен үнемі алға жылжып, мерзімінен бұрын жеңуге тырыстым. Себебі бұл өте мықты турнир, тамаша кард болды. Көрермендерге әдемі жекпе-жек көрсетуге тырыстым", - деді қазақстандық спортшы. Баспасөз мәслихатында Нұрғожай жекпе-жек кезінде көзін жиі ұстау әдетіне де пікір берді. Оның айтуынша, бұл жүйкеге байланысты. - Жекпе-жек кезінде көзіңізді жиі ұстайсыз. Көзіңізге бірнәрсе болды ма? "Жоқ, ештеңе болған жоқ. Меніңше, бұл жүйкеден болуы мүмкін. Қазір мұнымен жұмыс істеп жатырмын, жақында бұл әдеттен арыламын", - деді Дияр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Номиналынан 750 есе қымбат: Ақтөбе тұрғыны үйінен “қазына“ тапты Ақтөбелік Лилия 100 теңгелік күміс монетаны 11 жыл бойы сақтап келген. Жақында ол монетаның нарықтағы бағасын тексеріп көруді ұйғарған. Сөйтсе, күйеуі сыйлаған бұл сыйлықтың қазіргі құны иесі ойлағаннан әлдеқайда қымбат болып шыққан. Tengri Life Ұлттық банктен бұл қандай монета екенін, онымен төлем жасауға бола ма және қазір қанша тұратынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сыйлықтың тарихы Ақтөбе тұрғыны Лилия ерекше монетаны шамамен 11 жыл бойы сақтап келеді. Әйелдің айтуынша, бұл сыйлық ұзақ уақыт бойы үйінде жай жатқан. "Мұны маған күйеуім 2015 жылы 8 наурыз мерекесіне сыйлаған. Көп жыл бойы сол күйі сақтаулы тұрды, жақында ғана оны сатайын деп шештім", - деді ол. Қазір Лилия бұл сыйлықтың нақты қанша тұратынын білгісі келеді. "Негізі қаржылай көмегі тиер еді, бірақ әзірге сатуға асықпаймын. Тек қазір қанша тұратынын және шын мәнінде қандай бағаға сатуға болатынын білгім келеді", - деді ол. Әйел монетаның алғаш сатып алынған кездегі бағасын білмейтінін айтты, өйткені бұл сыйлық болған. Ұлттық банк не дейді? Сирек монета туралы толығырақ білу үшін Tengri Life Ұлттық банкке жүгінген. Баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай монетаны қазір ресми арналар арқылы сатып алу мүмкін емес. Оның тиражы шектеулі болған және әлдеқашан сатылып кеткен. "Мұндай монеталар бекітілген тиражға сәйкес шығарылады, бұл - коллекциялық эмиссиялар үшін қалыпты тәжірибе. Сондықтан олар бұрын Ұлттық банктің ресми арналары арқылы толық сатылып кеткен. Қазір Ұлттық банктің кассаларында да, интернет-дүкенінде де жоқ. Негізінен оларды нумизматтардан ғана табуға болады", - деп хабарлады Ұлттық банк өкілдері. Бұл қандай монета? Ұлттық банктің мәліметінше, бұл - 2015 жылы шыққан "Монета-сыйлық" сериясындағы "8 наурыз" атты 100 теңгелік коллекциялық монета. Монетаның пішіні ерекше - төртбұрышты. Алдыңғы бетінде мөр бейнесімен қоршалған гүл бейнеленген. Ортасында Қазақстанның елтаңбасы орналасқан, ал оң жағында ұлттық өрнек, номиналы, соғылған жылы және металл сынамасы көрсетілген. Артқы бетінде витраж стилінде жасалған гүл шоғы және "8" саны бейнеленген. Сондай-ақ, "Наурыз" деген жазу мен монета сарайының белгісі бар. Монета 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы 31,1 грамм, соғылу сапасы жақсы, ал тиражы 4000 дана болған. Монета сирек кездескенімен, оны төлем жасау үшін пайдалануға болады. "100 теңгелік естелік монета Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша өзінің номиналдық құнымен қабылдануға тиіс. Сондай-ақ, оны банк шоттарына салуға, аударым жасауға және барлық банкте айырбастауға болады", - деп түсіндірді Ұлттық банкте. "8 наурыз" монетасы қанша тұрады? Tengri Life танымал маркетплейстер мен хабарландыру сайттарындағы ұсыныстарды тексеріп көрді. Қазір 100 теңгелік бұл монетаның бағасы 35 мыңнан 75 мың теңгеге дейін жетеді. Баға монетаның сақталу күйіне, түпнұсқа қорабы мен сертификатының бар-жоғына байланысты өзгереді. Жақсы сақталған және толық қ Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мадуро Венесуэла тұрғындарына ерекше үндеу жолдады Венесуэла президенті Николас Мадуро 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ел тұрғындарына ерекше үндеу жолдады. Айта кетейік, ол АҚШ-тағы түрмеде отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Саясаткердің ұлы Николас Мадуро Герра әкесінің жолдауын әлеуметтік желіде жариялады. Онда Мадуро отандастарын "тауды да қозғай алатын" сенімін жоғалтпауға шақырып, ел барлық қиындықты еңсеретініне уәде берген. "Иса бізге былай үйреткен: егер сендер сенімге ие болып, күмәнданбасаңдар, тіпті тауға да "көтеріліп, теңізге құла" деп айтсаңдар, солай болады. Бізге кейде жолымызды бөгейтін қиындық тауын қозғап, оларды отанымыз үшін еркін жолға айналдыратын шынайы әрі ортақ сенім бер", - деп әкесінің сөзін Мадуро Герра жеткізді. Мадуро өзіне тән қолтаңбасын қалдырған. Түрмеден жолданған бұл хат оның АҚШ-та қамауға алынғаннан кейін халыққа жасаған алғашқы үндеулерінің бірі болды. Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ Боливар Республикасының басшысы Николас Мадуроны ұстау бойынша арнайы операция жүргізген. Елден оның жұбайы Силия Флорес те шығарылды. 5 қаңтарда олар Нью-Йорктегі федералдық сот алдында есірткі саудасына қатысы бар деген айып бойынша жауап берді. Мадуро мен оның жұбайы өз кінәсін мойындамады. Қазір Венесуэлада мемлекет басшысы міндетін бұрын вице-президент болған Делси Родригес атқарып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бетперде киген ер адам“: Тараз тұрғыны шабуыл жасалғанын айтты Таразда жергілікті тұрғын полицияға жүгінді. Ол қарақшылардың шабуылына ұшырағанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы дүйсенбі, 9 наурызда Polisia.kz-тің Telegram-арнасында мәлім болды. Әйелдің айтуынша, бетперде киген біреу үйіне басып кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын бұйымдары мен ақшасын алып кеткен. "Ауыр қылмыс туралы хабар бірден тіркелді. Полиция қызметкерлері соталды тергеуді бастап, жедел қызметтер жұмылдырылды. Тергеу және іздестіру шараларының кешені жүргізілді", - делінген хабарламада. Алайда көп ұзамай ешқандай шабуыл жасалмағаны анықталды. Полицияның мәліметінше, әйел күйеуімен жанжалдан қашу үшін қарақшылық туралы оқиғаны ойдан шығарған. Шын мәнінде ол алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын күйеуінен жасырып, сатып жіберген. Жалған қылмыс туралы хабар бергені үшін соталды тергеу басталды. Полиция жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Мұндай әрекеттер құқық қорғау органдарының күш-құралдарын нақты қылмыстарды ашу мен тергеуден алаңдатады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Ираннан төнген ядролық қауіп жойылғаннан кейін мұнай бағасы құлдырайтынын айтты АҚШ президенті Дональд Трамп Ираннан төніп тұрған "ядролық қаупі" жойылғаннан кейін мұнай бағасы құлдырайды деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы америкалық көшбасшы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. "Аз уақытта мұнай бағасы өсуі мүмкін, бірақ Ираннан төнген ядролық қауіп жойылғаннан кейін ол күрт төмендейді. Бұл АҚШ пен бүкіл әлемнің қауіпсіздігі үшін төленетін баға", - деп атап өтті ол. РИА Новости агенттігінің сауда деректеріне сүйенген мәліметіне сәйкес, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 2022 жылғы шілдеден бері алғаш рет 110 доллардан асты. "Дүйсенбіде сауда ашылған кезде Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы 110 доллардан жоғары болды", - делінген хабарламада. Қазақстанда сағат 03:58-дегі жағдай бойынша бір баррельдің бағасы 108,62 доллар болып, алдыңғы жабылу бағасымен салыстырғанда 17,19 пайыз өсті. Ал ұлыбританиялық Financial Times басылымы трейдерлерге сілтеме жасап, мұнай саласы тарихтағы ең ауыр дағдарыстардың бірімен бетпе-бет келгенін жазады. Таяу Шығыстағы көптеген ел мұнай өндіруді қысқартып, кейбірі кен орындарын мүлде жауып жатыр. Қақтығыс ушығуына байланысты Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы тоқтап қалған. Сонымен қатар, сақтандыру компаниялары қауіпсіздік қатері артқандықтан тарифтерді көтеріп, сақтандыру шарттарын қайта қарап жатыр. Айта кетейік, Ормуз бұғазы - Парсы шығанағы елдерінен әлемдік нарыққа мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілетін ең маңызды бағыттардың бірі. Бұл бағыт арқылы әлемдік мұнай, мұнай өнімдері және сұйытылған газ жеткізілімінің шамамен 20 пайызы өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет Алматы қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "9 наурызда Алматыда қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вьетнамда қазақстандық қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Қыз 6 наурыздан кейін байланысқа шықпай қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоғалған қыздың әпкесі әлеуметтік желілерде үндеу жариялады. Оның айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде байланысқа шықпай қалған. Туыстарының айтуынша, жоғалар алдында Әсем қатты қорыққан және біреулер өзін аңдып жүргенін айтқан. Әсемнің отбасы Вьетнамда немесе көрші елдерде жүрген барлық адамнан, сондай-ақ, сол жақта тұратын таныстары мен туыстарынан іздеуге көмектесуді сұрайды. Әсіресе WhatsApp пен Telegram желілеріндегі туристік және жергілікті қауымдастықтарға назар аударуды өтінеді. "Егер Вьетнамда туыстарыңыз немесе достарыңыз болса, бізбен байланысқа шықсаңыздар. Сондай-ақ, мүмкін болса, полиция мен ауруханаларға хабарласып көрсеңіздер", - деп жазды жоғалған қыздың әпкесі. Редакция бұл жағдайға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысының есімі жарияланды Иранның Сарапшылар кеңесі елдің жаңа Жоғарғы көшбасшысының есімін жариялады. Бұл қызметке Моджтаба Хаменеи тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IRNA агенттігіне сілтеме жасап. Агенттік бұл туралы дүйсенбі, 9 наурызда Telegram-арнасында бөлісті. "Көшбасшылық жөніндегі Сарапшылар кеңесі көпшілік дауыспен аятолла Хадж Сейед Моджтаба Хаменеиді Иран Ислам Республикасының үшінші көшбасшысы етіп тағайындады", - делінген хабарламада. Бұған дейін Сарапшылар кеңесінің мүшелерінің бірі Иранда елдің Жоғарғы көшбасшысы қызметіне үміткер анықталғанын мәлімдеген еді. Алайда ол елде "әскери жағдай" барын атап өткен. Али Хаменеидің қазасынан кейін Иранды уақытша үш адамнан тұратын кеңес басқарған. Оның құрамына президент Масуд Пезешкиан, сот жүйесінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституция сақшылар кеңесінің мүшесі аятолла Алиреза Арафи кірген. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Тель-Авив бұл әрекеттің мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иранның әскери-теңіз күштері мен қорғаныс өнеркәсібін жоюы мүмкін екенін айтып, ел азаматтарын билікті құлатуға шақырды. Осы шабуылдар салдарынан Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеи қаза тапты. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды. Бұған дейін БАҚ-та қаза тапқан көшбасшының 56 жастағы ұлы Моджтаба Хаменеи әкесінің орнына негізгі үміткер екені хабарланған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазгидромет мәліметінше, Ақмола облысында сейсенбіге қараған түні 15–20 градус аяз, ал өңірдің батысы мен солтүстігінде 25–30 градусқа дейін аяз күтіледі. Сәрсенбіге қараған түні ауа температурасы одан әрі төмендеп, 22–27 градусқа, ал шығысында 30 градусқа дейін аяз болады. Көкшетауда сейсенбі түні 25–27 градус аяз болады. Ақтөбе облысында сейсенбі түні ауа температурасы минус 23–28 градусқа, ал өңірдің солтүстігінде 31 градус аязға дейін төмендейді. Ақтөбе қаласында түнде 23–25 градус аяз болжанады. Атырау облысында сейсенбі түні 15–20 градус аяз, ал өңірдің батысы мен солтүстігінде 23 градусқа дейін аяз болады. Атырау қаласында түнде 13–15 градус аяз болжанып отыр. Қызылорда облысында сейсенбі түні 7–12 градус аяз, оңтүстігінде минус 2 градус, ал батысы мен солтүстігінде 16–21 градус аяз күтіледі. Сәрсенбі түні ауа температурасы 10–15 градусқа, ал батысы мен солтүстігінде 18–23 градус аязға дейін төмендейді. Қызылорда қаласында сейсенбі түні 7–9 градус аяз, сәрсенбі түні 12–14 градус аяз болады. Павлодар облысында сейсенбі түні ауа температурасы 7–12 градус аязға, ал өңірдің батысы мен солтүстігінде 15–20 градус аязға дейін төмендейді. Сәрсенбі түні 25–30 градус аяз күтіледі. Павлодар қаласында сейсенбі түні 10–12 градус аяз, ал сәрсенбі түні 26–28 градус аяз болады. Солтүстік Қазақстан облысында сейсенбі түні 25–30 градус аяз, ал өңірдің батысы мен солтүстігінде 33 градусқа дейін аяз күтіледі. Петропавл қаласында түнде 28–30 градус аяз болады. Шығыс Қазақстан облысында сәрсенбі түні ауа температурасы 15–20 градус аязға, ал өңірдің оңтүстігінде 10 градус аязға дейін төмендейді. Өскеменде сәрсенбі түні 15–17 градус аяз болады. Жамбыл облысында сәрсенбі түні 7–12 градус аяз, ал батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарда 15–20 градус аяз күтіледі. Тараз қаласында түнде 10–12 градус аяз болады. Абай облысында сәрсенбі түні 20–25 градус аяз, ал өңірдің оңтүстігінде 10–15 градус аяз күтіледі. Семей қаласында түнде 20–22 градус аяз болады. Жетісу облысында сәрсенбі түні ауа температурасы 5–10 градус аязға, ал өңірдің солтүстігі мен таулы аудандарында 15–20 градус аязға дейін төмендейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БАҚ АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларына кеткен шығынды есептеді АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен әскери операциясының алғашқы аптасы Вашингтонға шамамен 6 миллиард доллар шығын әкелді. Алайда бұл қақтығыста жеңіс қандай болатыны әзірге нақты емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. New York Times басылымының мәліметінше, Пентагон өкілдері осы аптада АҚШ Конгресіне алғашқы жеті күндегі әскери әрекеттерге кеткен шығын шамамен 6 миллиард доллар болғанын хабарлаған. Оның шамамен 4 миллиард доллары оқ-дәріге жұмсалған. Оның ішінде Иранның жауап соққыларын тойтару үшін пайдаланылған зымыран-тосқауылдар да бар. Ауқымды соққылар және Иранның әскери әлеуеті Басылымның жазуынша, "Тегерандағы кешенге жасалған соққы соғыстың алғашқы аптасындағы күрделі жағдайды көрсетеді: АҚШ пен Израиль әлсіреген қарсыласқа қарсы жойқын әуе шабуылдарын жасап жатыр. Бірақ бұл соғыстағы жеңістің қандай болатыны туралы нақты жауап жоқ". Қақтығыс басталғалы бері америкалық және израильдік күштер Иран аумағындағы нысандарға шамамен 4 мың соққы жасаған. Олардың қатарында баллистикалық зымыран, әскери штабтар және әскери-теңіз күштерінің нысандары бар. Соған қарамастан, Тегеран өзінің әскери әлеуетінің едәуір бөлігін сақтап отыр. АҚШ шенеуніктерінің Конгреске жабық брифингтерде берген бағалауына сәйкес, Иран әлі де өзінің зымыран арсеналының шамамен жартысына ие және көп дроны бар. Еске салайық, Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс басталғаннан бері интернетте Cost of the Iran War ("Ирандағы соғыстың құны") атты сайт пайда болды. Бұл ресурс АҚШ-тың Иранға қарсы операциясына жұмсалған шығынды нақты уақыт режимінде есептеп отырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иранда мұнай қоймаларының жарылысы қышқыл жауынға ұласуы мүмкін Иранның Қызыл Жарты ай ұйымы мұнай қоймаларының жарылысы қышқыл жауынға ұласуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мұнай қоймаларының жарылысы атмосфераға көмірсутектердің улы қосылыстары, күкірт пен азот оксидтері сияқты зиян заттардың көп мөлшерде тарауына әкеледі. Егер осы кезде жаңбыр жауса, ол өте қауіпті болып, қышқылдық қасиеті күшейеді", - делінген құтқарушылардың хабарламасында. Мамандардың айтуынша, мұндай құбылыс терінің химиялық күйігіне және өкпеге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Еске салайық, бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның мұнай инфрақұрылымына алғашқы әуе соққыларын жасағанын хабарлаған. ЦАХАЛ өкілінің айтуынша, Тегеранда кемінде 30 мұнай резервуары нысанаға алынған. Кейін Иран парламентінің энергетика жөніндегі комиссиясының өкілі Исмаил Хосейни соққы тек төрт жанармай сақтау нысанына тигенін нақтылаған. Оның айтуынша, елде халықты жанармаймен қамтамасыз етуге қауіп жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, мұнай қоймаларына жасалған соққылар салдарынан кемінде төрт адам қаза тапқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран АҚШ пен Израиль соққыларының салдары туралы мәлімдеді Иранда АҚШ пен Израильдің мұнай қоймаларына жасаған соққыларының салдары туралы мәлімделді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін Иранның Мұнайды өңдеу және тарату ұлттық компаниясы әуе соққылары Тегеран мен Альборз аймағындағы мұнай қоймаларына жасалғанын хабарлаған. Парламенттің энергетика жөніндегі комиссиясының өкілі Исмаил Хосейни соққы тек төрт жанармай сақтау нысанына тигенін нақтылады. "Бұл шабуылдар тек төрт мұнай қоймасына жасалды. Алдын ала қабылданған қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ елдегі басқа да қоймалардың бар екенін ескерсек, бензин мен энергиямен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты еш алаңдауға негіз жоқ. Халыққа жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ", - деп келтіреді ILNA агенттігі Хосейнидің сөзін. Иран билігінің мәліметінше, зақым жекелеген инфрақұрылым нысандарына ғана тиген. Алайда елде резерв қуаты мен қосымша жанармай қоймалары жұмыс істеп тұр. Еске салайық, бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның мұнай инфрақұрылымына алғашқы әуе соққылары жасалғанын хабарлаған еді. ЦАХАЛ өкілінің айтуынша, Тегеранда кемінде 30 мұнай резервуары нысанаға алынған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иранда жаңа Жоғарғы көшбасшыны таңдау бойынша ортақ шешім қабылданды Иранда Сарапшылар кеңесі Жоғарғы көшбасшыны таңдау бойынша ортақ шешімге келді. Бұл туралы кеңес мүшесі Мохаммад-Мехди Мирбагери мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mehr агенттігіне сілтеме жасап. "Сарапшылар кеңесінің мүшелері кейінгі күндері Жоғарғы көшбасшыны таңдау үшін көп жұмыс атқарды және өз міндеттерін абыроймен орындады. Қуанышқа орай, қазір нақты әрі бір ұстаным қалыптасты", - деп келтіреді агенттік оның сөзін. Еске салайық, бұған дейін Жоғарғы көшбасшының 56 жастағы ұлы марқұм Моджтаба Хаменеи әкесінің орнына басты үміткер атанғаны хабарланған еді. Алайда бұл туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтып, Вашингтонда "жақсы көшбасшы" бола алатын бірнеше ықтимал кандидат бар екенін мәлімдеді. Дегенмен ол нақты есімдерді атаудан бас тартты. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы операция бастаған. Тель-Авив бұл әрекеттің мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иранның әскери-теңіз күштері мен қорғаныс өнеркәсібін жоюы мүмкін екенін айтып, ел азаматтарын билікті құлатуға шақырды. БАҚ мәліметінше, зымырандар тек әскери нысандарға емес, Ислам Республикасының өзіндегі және өңірдің басқа елдеріндегі азаматтық инфрақұрылымдарға да түсіп жатыр. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға соққы жасап жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қысқы Паралимпиада-2026: жарысты қайдан және қашан көруге болады? 8 наурыз - Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарының екінші күні, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Біздің паралимпиадашылар спорттың екі түрі бойынша сынға түседі. Сағат 14:30-да ерлер арасындағы парабиатлоннан отырып жарысатын спортшылардың жеке бәсекесінде Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және Юрий Березин жарыс жолына шығады. Қазақстан үшін күн ерлер арасындағы парабиатлоннан тұрып жарысатын спортшылардың жеке бәсекесімен аяқталады. Сағат 16:30-да Александр Герлиц сынға түседі. Барлық жарысты Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді. Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы Паралимпиада-2026 ойындарындағы алғашқы жарыс күнін өткізді. Спортшылар ерлер арасындағы 7,5 шақырым спринтте бақ сынады: Ербол Хамитов 8-орын, Сергей Усольцев 18-орын, ал Юрий Березин 25-орын алды. Ал тұрып жарысатындар санатында ел намысын Александр Герлиц қорғап, спринтті 11-орынмен аяқтады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Норвегиядағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды Норвегия астанасы Ослодағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Полицияның NRK телеарнасына хабарлауынша, жарылыс 8 наурызға қараған түні АҚШ елшілігінің кіреберісіне жақын жерде болған. Ғимаратқа аздаған зақым келгенімен, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір полиция қызметкерлері куәгерлерден жауап алып, күдіктілерді іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, оқиға орнына тексеру жүргізіліп жатыр. Елшілік орналасқан Сёркедальсвейен көшесі көлік қозғалысы үшін уақытша жабылды. Police in Oslo, Norway have now confirmed that the U.S. Embassy was targeted earlier tonight by an explosive device, with the device detonating around 1:00a.m. outside the consular entrance to the Embassy, resulting in minor injures and damage, according to a statement provided… pic.twitter.com/AvAzOapmH0 — OSINTdefender (@sentdefender) March 8, 2026 Еске салайық, бұған дейін Иран Дубайдың туристер көп шоғырланатын ауданындағы 23 Marina Tower биік тұрғын үйіне соққы жасағанын мәлімдеген еді. Тегеранның мәлімдеуінше, шабуылдың нысанасы америкалық әскери қызметкерлер болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Рыбакина WTA 1000 турнирінің алғашқы кездесуінде жеңіске жетті Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (№3) АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирді жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Әлемнің үшінші ракеткасы саналатын қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастады. Осы кезеңде ол америкалық Хэйли Баптистті (№43) үш сет қорытындысы бойынша 7:6 (7:5), 2:6, 6:2 есебімен жеңді. Теннисшілер кортта 2 сағат 18 минут өткізді. Рыбакина алты эйс жасап, бес рет қос қателік жіберді. Ал Баптист алты эйс орындап, төрт қос қателікке жол берді. Рыбакинаның келесі қарсыласы Марта Костюк (Украина, №28) пен Тейлор Таунсенд (АҚШ, №87) арасындағы матчтің жеңімпазы болады. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар қатар өтетін Индиан-Уэллс турнирінің жалпы жүлде қоры 18,8 миллион доллар (9,4 миллиард теңге). Еске салайық, бұған дейін Рыбакина америкалық Тейлор Фритцпен жұптасып, Tie Break Ten форматында өткен көрме турнирі - Эйзенхауэр кубогында жеңіске жеткен еді. Екеуі қосылып 200 мың доллар, яғни шамамен 100 миллион теңге сыйақы алған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таяу Шығыстан Қазақстанға тағы 1,8 мыңға жуық адам оралды 8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 11 әуе рейсі келіп, 1 786 жолаушы ел оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, рейстерді Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары орындаған. Сондай-ақ, 8 наурызға қосымша бірнеше рейс жоспарланған. Оларды қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырады. Қанша қазақстандық елге оралды? 3 наурыздан бері жүргізіліп жатқан эвакуация операциясы басталғалы Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 әуе рейсі орындалды. Осы уақыт ішінде елге 6 254 адам оралған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (11-2) UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 нөмірлі турнирінде өтті. Оның қарсыласы бразилиялық Рафаэл Тобиас (14-2) болды. Қазақстандық спортшы үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Нұрғожай үшін бұл әлемдегі ең мықты лигадағы алғашқы жеңіс болды. Бұған дейін ол UFC-де екі рет жеңіліп қалған еді. Қазақстандық файтердің дебюті 2025 жылғы наурызды ортасында өтіп, ол екінші раундта бразилиялық Брендсон Рибейроға қолды ауырту әдісімен (сабмишн) жеңілген. Ал тамызда қырғызстандық Уран Сатыбалдиевпен кездесіп, бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіліс тапқан. Жалпы ММА-дағы мансабында Нұрғожай 11 жеңіске жеткен. Ал Тобиас ММА-дағы 14 жеңісінің қасында екінші жеңілісіне ұшырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Израиль алғаш рет Иранның мұнай қоймаларына шабуыл жасады Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 7 наурызда Иранның мұнай инфрақұрылымына алғашқы әуе соққылары жасалғанын айтты. ЦАХАЛ өкілінің айтуынша, Тегеранда кемінде 30 мұнай қоймасы нысанаға алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап. Иран Мұнай министрлігінің өкілі ирандық Fars агенттігіне Тегеран мен оған көршілес Кередж қаласында үш мұнай қоймасы шабуылға ұшырағанын растады. IRNA агенттігінің нақтылауынша, осы қоймалардың екеуі Иран астанасының оңтүстігіндегі ірі мұнай өңдеу зауытының маңында орналасқан, алайда зауыт зақымданбаған. Ислам революциясы сақшылар корпусы жауап ретінде Израильдің Хайфа қаласындағы мұнай өңдеу зауытына зымыран соққысын жасағанын мәлімдеді. Алайда бұл ақпаратты Израиль тарапы растаған жоқ. Осы арада CNN телеарнасы Израильдің Ирандағы мұнай қоймаларына жасаған соққылары қақтығыстың келесі кезеңінің бір бөлігі екенін хабарлады. "Израиль соғыстың келесі кезеңі аясында Ирандағы мұнай қоймаларына соққы жасай бастады", - деді телеарнаға Израильдегі дереккөз. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сенбіде АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бомбалау операциясы қалыпты режимде жалғасатынын және ирандықтар өз үкіметін құлатуы мүмкін сәті жақындап келе жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Нетаньяху ирандық күштік құрылым өкілдеріне үндеу жасап, қаруын тастағандарға ешқандай зиян келмейтінін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңбыр, қар мен боран: 8 наурызда ауа райы қандай болады? Қазгидромет синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 8, 9 және 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана 8 наурызда ауа райы құбылмалы болады, кей уақыттарда жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ болатынын болжайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін, күндіз кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін болады. 9 наурызда елордада ауа райы құбылмалы, кей уақыттарда қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -6-дан -8 градусқа дейін, күндіз -4-тен -6 градусқа дейін болады. 10 наурызда ауа райы құбылмалы кей уақыттарда қар, боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -15-тен -17 градусқа дейін, күндіз -13-тен -15 градусқа дейін төмендейді. Алматы 8 наурызда ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-ден +2 градусқа дейін, күндіз +14-тен +16 градусқа дейін жылынады. 9 наурызда синоптиктер құбылмалы, кешке жаңбырды, түнде тұманды болжайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3-тен +5 градусқа дейін, күндіз +13-тен +15 градусқа дейін болады. 10 наурызда көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр аралас қар, түнде тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15-18 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз +1-ден +3 градусқа дейін болады. Шымкент 8 наурызда көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +4-тен +6 градусқа дейін, күндіз +14-тен +16 градусқа дейін болады. 9 наурызда бұлтты ауа райы, жаңбыр күтіледі, ол күндіз күшейеді. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +4-тен +6 градусқа дейін, күндіз +10-нан +12 градусқа дейін болады. 10 наурызда синоптиктер бұлтты күнді, жауын-шашынды болжайды, түнде жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қымбатты ханымдар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы тамаша мейрам – барша нәзік жандылар қауымына арналған ерекше сезім мен зор құрметтің жарқын көрінісі. Әйел – көңілге шаттық сыйлап, шабытқа қанат бітіретін көркемдік пен сұлулықтың символы, жасампаздық пен жаңашылдықтың қайнар көзі. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі әйел затынан бастау алады. Әйелдің жаны нәзік болса да, болмысы – мықты. Олар кез келген қиындықты еңсеріп, әрдайым даналық пен даралықтың, шыдамдылық пен батылдықтың, сенімділік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Әрбір әйелдің өмірге нәр беретін, әлемге жарық сыйлайтын, жоқтан бар жасайтын, тіпті, жауласқанды татуластырып, бейбітшілікке шақыратын ғажап қасиеті бар. Әйел табиғатының басты құпиясы мен сыры да – осында. "Әйел – ұлттың жаны" десек, артық болмайды. Өздеріңіз берген тәлім-тәрбие арқылы ұрпақтың дүниетанымы қалыптасады, жастар әдептілік, отаншылдық, еңбекқорлық, білімпаздық сынды асыл қасиеттерді бойына сіңіреді. Ұлы даланың қайсар қыздары жайлы аңызға бергісіз ақиқат әңгімелер ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Қазақ аруларының парасаттылығы мен батырлығы жұртымыздың жадында жатталып, тарихында таңбаланып қалған. Осы сабақтастық қазір де сақталып отыр. Көптеген қыз-келіншектер Отанымызға қалтқысыз қызмет етіп, мектептер мен университеттерде, емханалар мен зертханаларда, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, өнер мен бизнесте, өндіріс орындары мен шаруашылықтарда, әскери бөлімшелерде және ел өмірінің басқа да салаларында абыройлы еңбек етіп жүр. Қазақстан халқымыздың келешектегі тағдырына тікелей ықпал ететін ауқымды жаңғыру жолына түсті. Жаңа Халық Конституциясы жобасының өзегі – еліміздің Тәуелсіздігі, егемендігі, аумақтық тұтастығы, азаматтардың мүдделері мен құқықтары. Референдумға шығарылған жаңа Ата заңның жобасында ана мен баланы қорғау, неке және отбасы институтын күшейту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамда заңды құрметтеу, табиғатты аялау, әділдік, еңбекқорлық, жауапты және жасампаз отаншылдық қағидаттарын орнықтыруға баса мән берілді. Әйелдер қауымы болашақта да өздерінің адалдығымен, қарым-қабілетімен, ерекше күш-жігерімен Әділетті, Өркендеген Қазақстанды құруға белсене атсалыса беретініне кәміл сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін" - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның солтүстігінде екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші қаза тапты Солтүстік Қазақстан облысында жүк тиелген екі көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апаты 7 наурызда Астана - Петропавл тасжолында, Астраханка мен Чапаев ауылдарының арасында болған. "MAN маркалы екі жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан жүк көліктерінің бірін басқарған 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. Қазір полиция соталды тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, тағы бір жол апаты бойынша да тергеу жүріп жатыр. Бұл оқиғада 60 жастағы жүргізуші қаза болған. "6 наурызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы маңында Челябі - Жаңасібір автожолында JAC T9 автокөлігі мен JCB экскаватор-тиегіші соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды", - деп түсіндірді полиция. Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол жағдайын ескеруге және көліктің техникалық жарамдылығын бақылауда ұстауға шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейін: Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді 7 наурыздан бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді медицина қызметкерлеріне күш көрсету мен қоқан-лоқы жасау үшін жаза күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, қабылданды. Енді Қылмыстық кодексте медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ жедел жәрдем бригадалары жүргізушілерінің қызметтік міндетін атқару кезінде олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қол сұғу үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін жаңа бап пайда болды. Құжат нормаларына сәйкес: күш қолдану қаупін төндіргені үшін 200-ден 500-ге дейін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген; • бұл әрекеттер ауырлататын мән-жайларда жасалған жағдайда жаза күшейтіліп, 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыруды құрайды; • өмірге және (немесе) денсаулыққа қауіпті емес күш қолданылған жағдайда 500-ден 1000-ға дейін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген; • өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен, ал ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады. Заңнамалық өзгерістермен қатар, медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің жұмыс орнындағы қауіпсіздігін күшейтуге арналған қосымша шаралар енгізіліп жатыр. Олардың қатарында фельдшерлерді бейнежетондармен жабдықтау, қабылдау бөлімдеріне дабыл түймелерін орнату, бейнебақылау жүйелерін интеллектуалды талдау жүйелерімен біріктіру, сондай-ақ 152 стационарда тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеттерінің қызметін сақтау бар. Дәрігерлерге жасалған даулы шабуылдар Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан бері Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, мейіргерлерге және денсаулық сақтау жүйесінің өзге де қызметкерлеріне жасалған 280-нен аса шабуыл тіркелген. 2023 жылғы қазанда Көкшетауда дене қызуы көтерілген балаға шақыртумен барған медицина қызметкерін екі ер адам соққыға жыққан. 2024 жылғы қаңтарда Қарағандыда, Майқұдықтағы аулалардың бірінде ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрып кеткен. Жергілікті тұрғынға арнайы көліктің қалай қойылғаны ұнамаған. Сол жылдың қыркүйегінде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында мас ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасап, полицейлерге қарсылық көрсеткен. Бірнеше айдан кейін, желтоқсанда Қостанайда науқас әйелдің туыстары шақыртумен келген жедел жәрдем фельдшерін соққыға жыққан. 2025 жылғы маусымда 38 жастағы ер адам Қарағанды облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне шабуыл жасаған. Дәрігерлердің миы шайқалып, сүйектері сынып, денелері көгерген. Ал Қостанайда уролог-дәрігер науқастың шабуылына ұшыраған. Қабылдау кезінде ер адамдар сөзге келген. Соның салдарынан дәрігер жансақтау бөліміне түскен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Паралимпиада-2026: жарысты қайдан және қашан көруге болады? 7 наурызда Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарында Қазақстан құрамасы жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Біздің паралимпиадашылар спорттың екі түрі бойынша сынға түседі. Сағат 14:35-те отырып жарысатын ерлер арасындағы парабиатлонда Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және Юрий Березин бақ сынады. Ал Қазақстан үшін жарыс күні ерлер арасындағы тік тұрып жарысатын парабиатлонмен аяқталады. Сағат 16:40-та Александр Герлиц сөреге шығады. Барлық жарысты Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от KAZAKHSTAN PARALYMPIC TEAM 🇰🇿 (@kazparalympics) Еске салайық, XIV қысқы Паралимпиада ойындары Италияда 6-15 наурыз аралығында өтеді. Жарыста парашаңғы жарысы, парабиатлон, арбадағы кёрлинг, парасноуборд, тау шаңғысы және парахоккей бойынша 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиада ойындарына 56 елден 600-ден аса спортшы қатысады. Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Атап айтсақ, пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан: Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Юрий Березин, ал пара шаңғы жарысынан – Нурлан Алимов, Владислав Кобаль және Анна Грачёва. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін құптады Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге қарсы шабуылдан бас тарту туралы мәлімдемесін қолдайтынын білдірді. Мемлекет басшысы бұл шешімді Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың ресми telegram-арнасында жарияланды. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды", - делінген хабарламада. Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды. Мән-жайы Ирандық БАҚ ел президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін жариялады. Онда ол Иран көрші елдердің аумағынан соққы жасалмаса, оларға шабуыл жасамайтынын айтты. Пезешкианның сөзінше, мұндай шешімді Иранның уақытша басқарушы кеңесі қабылдаған. Сондай-ақ, ол "дұшпанның Иранды тізе бүктіреміз деген арманы ешқашан орындалмайды" деп қосты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иранда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар Армения арқылы эвакуацияланды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан азаматтарымызды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Эвакуация басталғалы бері 4700-ден аса қазақстандық елге оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарымызды құрлық жолымен де шығарып жатыр. "6 наурызда ҚР шетелдегі мекемелері "Заркух" компаниясының 7 қызметкері – ҚР азаматтарының Иран-Армения шекарасына шығуын ұйымдастырды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, "Заркух" компаниясы қалған 16 қазақстандықты да осы бағыт бойынша эвакуациялауды жоспарлап отыр. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды", - деп хабарлады СІМ. Ведомство өкілдері өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста екенін де атап өтті. Бұған дейін Ирандағы қазақстандықтарды төрт ел арқылы шығару жоспарланып отырғаны туралы жазған едік. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Танымал қазақстандық боксшының АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті: видео Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің (14-1, 7 КО) Лос-Анджелестегі үйінде өрт шықты. 37 жастағы спортшы оқиға сәтінен түсірілген кадрларды Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әшкеевтің айтуынша, ол отбасымен бірге достарына қонаққа кетер алдында күйік иісін сезген. Мадияр гаражды ашқанда, үйдің бір бөлігіне өрт жайылған. Боксшы отбасын дереу сыртқа шығарып үлгерген. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер жалынды тез арада ауыздықтап, өртті сөндірген. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Madiyar Ashkeyev (@madiyar.ashkeyev.official) Қазір спортшының отбасы уақытша достарының үйінде тұрып жатыр. Бірнеше сағаттан кейін Әшкеев қайтадан оқырмандарымен байланысқа шығып, өрттен кейінгі жағдайды көрсетті. Сонымен қатар ол ешкімнің зардап шекпегенін атап өтті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Madiyar Ashkeyev (@madiyar.ashkeyev.official) Кейбір оқырмандар боксшыға көмек ұсынған, тіпті қаражат жинау ашуға кеңес берген. Мадияр Әшкеев туралы не белгілі? Мадияр Әшкеев - Қазақстан чемпионатының және 2014 жылғы Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) қола жүлдегері. Сондай-ақ, Солтүстік Америка бокс федерациясының (NABF) чемпионы және NBA (Ұлттық бокс қауымдастығы) чемпионы атақтарының иегері. Кәсіпқой рингте Әшкеев 15 жекпе-жектің 14-інде жеңіске жеткен. Кейінгі айқасын ол 2020 жылғы желтоқсанда өткізіп, америкалық Чарльз Конуэллден жеңіліп, USNBC белбеуінен айырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тегеранда халықаралық әуежай өртеніп жатыр Иран астанасында Израиль мен АҚШ-тың әуе соққыларынан кейін Мехрабад халықаралық әуежайы өртеніп жатыр. Шабуыл салдары БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тегеранның батыс бөлігінде қатты жарылыстар болған. Куәгерлер бірнеше ірі өрт шыққанын, соның ішінде Мехрабад әуежайы маңында да өрт болғанын айтып жатыр. Мехрабад халықаралық әуежайы - Ирандағы ең көне әрі тарихи маңызы зор әуежайлардың бірі. 2000-жылдардың басына дейін Мехрабад Иранның басты халықаралық әуежайы болды. Халықаралық рейстердің басым бөлігі осы әуежай арқылы жүзеге асырылатын. Алайда жолаушылар ағынының артуына байланысты билік жаңа әуежай салу туралы шешім қабылдады. 2004 жылдан бастап халықаралық рейстердің көпшілігі Тегераннан оңтүстікке қарай шамамен 30–40 шақырым жерде орналасқан Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайға көшірілді. Иран Израильге де соққы жасап жатыр. Ислам революциясы сақшылары корпусы шабуылдардың жаңа толқыны басталғанын мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатаң шарттар қойған болатын. Атап айтқанда, Трамп Иранмен қандай да бір келісім тек оның "сөзсіз тізе бүгуі" жағдайында мүмкін екенін мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Миллиардтаған шығын, жүздеген жәбірленуші: Семейде даулы іс қаралып жатыр Семейде қаржы пирамидасына сеніп, сан соғып қалғандардың қатары 140-тан асып кеткен. Жәбірленушілердің арасында бес баласымен далада қалғандар бар. 200 миллион теңгесін алаяқтардың қолына өз еркімен санап бергендер де бар. Келтірілген шығын 1 миллиард теңгеден асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап. Бір жарым жылдан бері пәтер жалдап жүрген семейлік Гүлсая Дүйсекенова 2024 жылы қаржы пирамидасының құрбаны болғанын айтады. Оның сөзінше, танысы "ақша салсаң, бес балаңмен кең үйге кіресің" деп сендірген. Отбасы 15 миллион теңгені өз қолымен тапсырған. Алайда уәде орындалмаған. Қазір көпбалалы ана туыстарын паналап жүр. "Таныс болғандықтан алданамыз деп ойлаған жоқпыз. Сөздің шындығы керек. Бес баламыздың, ерекше баламның бар екенін, отбасымыздың жағдайын біліп тұрып адам осындай істеп кетеді деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Соттың әділ шешімі болады деген үміттеміз", - деді қала тұрғыны Гүлсая Дүйсекенова. Ірі көлемде қаражат салғандардың қатарында көпбалалы әке де бар. Ол 200 миллион теңгеге жуық қаржысынан айырылғанын айтады. Жәбірленушілердің айтуынша, қаржысынан айырылуды көтере алмағандар да бар. Көлік пен баспана алып, балаларға жарқын болашақ сыйлауды көздегендердің үміті ақталмады. Семей қаласының өзінде 141 адам жәбірленуші деп танылған. "Қылмыстық іс бойынша бір миллиардтан асқан залал келтірілген болатын. Соның ішінде 222 миллион теңгеден астам ішінара залал өтелген. Қазір қылмыстық іс сот қарауында", - деді Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Сәкен Қондыбаев. Іс бойынша алты адам күдікті ретінде танылған. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 және 262-баптары бойынша айып тағылған. Тергеу дерегінше, төлемдер бір салымшының қаражатын екіншісіне аудару арқылы жүргізілген. Мамандар азаматтарды қаржы салу кезінде сақ болуға шақырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
АҚШ-та қару-жарақ өндіру көлемі айтарлықтай артады - Трамп АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ең ірі қорғаныс компаниялары қару-жарақ өндірісін көбейтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы АҚШ басшысы 6 наурызда Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен өткен кездесу барысында өндіріс көлемі мен шығару кестелері талқыланған. Оның айтуынша, жиынға BAE Systems, Boeing, Honeywell Aerospace, L3Harris Missile Solutions, Lockheed Martin, Northrop Grumman және Raytheon компанияларының бас директорлары қатысқан. "Олар "эксклюзив санаттағы" деп аталатын қару-жарақ өндірісін төрт есе арттыруға келісті, өйткені біз мүмкіндігінше тезірек барынша көп шығарғымыз келеді", - деп түсіндірді ол. Ақ үй басшысы өндірісті кеңейту бұл кездесуге дейін үш ай бұрын басталғанын атап өтті. Осы қару түрінің көпшілігі зауыттарда шығарылып жатыр. Елдің әр штатында жаңа кәсіпорындарды орналастыру үшін бәсеке күшейген. "Мысалы, Иранда қолданатын, ал жуырда Венесуэлада да пайдаланған орта және жоғары орта санаттағы оқ-дәрілердің қоры шексіз. Соған қарамастан, біз осы санаттардағы оқ-дәрілерге тапсырысты да көбейттік", - деді ол. Трамптың айтуынша, осы кездесудің қорытындысы бойынша тағы бір жиын жоспарланған, ол екі айдан кейін өтеді. Бұған дейін бірнеше сағат бұрын АҚШ президенті Иранмен қандай да бір келісім тек оның "сөзсіз тізе бүгуі" жағдайында мүмкін болатынын айтқан еді. Одан кейін Вашингтон одақтастарымен бірге Тегеранды экономикалық тұрғыдан бұрынғыдан да қуатты ету бағытында жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет 7 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды Қазгидромет 7 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның солтүстігі мен орталығында қар, көктайғақ және бұрқасын болжанады. Оңтүстік пен шығыста - құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, қар және тұман болады. Батыста күн бұлтты болып, кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ және тұман болуы мүмкін. Астана - құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 1 аяздан 1 жылуға дейін. Алматы - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 1 аяздан 1 жылуға дейін, күндіз 7-9 жылу. Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 12-14 жылу. Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 11-13 жылу. Қонаев - құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 7-9 жылу. Талдықорған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 5-7 жылу. Қызылорда - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстіктен соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 10-12 жылу. Тараз - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1 аяздан 1 жылуға дейін, күндіз 13-15 жылу. Ақтау - құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Солтүстік-батыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 жылу, күндіз 8-10 жылу. Атырау - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысады, түнде 1-6 м/с, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 3-5 жылу. Орал - бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 3-5 аяз. Ақтөбе - бұлтты, түнде ара-тұра қар, күндіз ара-тұра жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыс, батыс желі 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 0-2 жылу. Қарағанды - құбылмалы бұлтты, түнде қар, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0-2 аяз. Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 аяз, күндіз 3-5 жылу. Қостанай - бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 0-2 аяз. Көкшетау - құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 1 аяздан 1 жылуға дейін. Петропавл - бұлтты, түнде қар, боран, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (негізінен қар), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін. Ауа температурасы түнде 11-13 аяз, күндіз 0-2 аяз. Павлодар - құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 0-2 жылу. Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 0-2 жылу. Өскемен - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 1-3 жылу. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қай өңірлерде жол апатынан адам өлімі жиі болады: статистика Қазақстанда қыс мезгілі жол жүргізушілер үшін нағыз сынаққа айналады: көктайғақ, қарлы боран мен қою тұман әр сапарды қауіпті етеді. Тengri Auto тілшісі биылғы қыста қай өңірде, қанша жол-көлік оқиғасы болғанын анықтап көрді. Қыста қанша жол-көлік оқиғасы болды? Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті 2025 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың ақпанына дейінгі кезең бойынша деректерді ұсынды. Оған сәйкес, қыстың үш айында ел бойынша 7 742 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 429 адам қаза тапты. Ең көп жол апаты Алматыда тіркелген - 1 588 ЖКО. Бұл түсінікті, мегаполисте елдегі ең үлкен автопарк шоғырланған. Соңғы мәлімет бойынша, қалада 623 091 жеңіл автокөлік тіркелген. Сонымен қатар Алматыға күн сайын қала маңынан және облыстардан жүздеген мың көлік кіреді. Ең аз ЖКО Ұлытау облысында тіркелген - үш ай ішінде 56 апат. Бұл елдегі ең шағын автопаркпен байланысты болуы мүмкін - 31 399 жеңіл автокөлік. Өліммен аяқталған жол-көлік оқиғалары Өлімге әкелген апаттар саны бойынша бірінші орында Алматы облысы тұр. Мұнда 745 ЖКО-да 63 адам қаза тапқан, бұл өңірдегі барлық апаттың 8,5 пайызы. Алайда қаза тапқандар саны мен ЖКО санының арақатынасына қарасақ, ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелген - 289 ЖКО-да 42 адам қаза тапқан, яғни 14,5 пайыз. Ең төмен өлім көрсеткіші Астанада тіркелген - 509 ЖКО-да 5 адам қаза тапқан, бұл барлық апаттың шамамен 1 пайызы. Жол-көлік оқиғалараның себебі Мәліметтерге сәйкес, ЖКО-ның негізгі себебі - жаяу жүргіншілерге немесе қозғалыстың басқа қатысушыларына жол бермеу, мұндай 1 932 апат тіркелген. Екінші орында - маневр жасау ережелерін бұзу (1479 ЖКО), ал үшінші орында - жылдамдықты арттыру (924 ЖКО). Бұл ретте ең қауіпті ереже бұзушылық жылдамдықты арттыру екені анықталды: 924 апат және 138 адам өлімі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент бір топ әйелдер қауымын наградттады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін сқыз-келіншек наградталды: I дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен Ыдырысова Шакира Нұржұманқызы – "Ыдырысова Ш." ШҚ басшысы, Жетісу облысы; IІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Еспаева Дания Мәдиқызы – Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары; Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі "Айбын" орденімен Өмірзақова Аягүл Оңталапқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі Райымқұлова Әйгерім Маралқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің басқарма бастығы; "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілсін Перепечина Ольга Валентиновна – Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Имашева Снежанна Валерьевна – Парламент Мәжілісінің депутаты Аманбай Ғазиза Абдықалыққызы – "І. Есенберлин атындағы № 25 гимназия" КММ директоры, Алматы қаласы Бабашева Мәнсия Нұрғалиқызы – "Timal Consulting Group" ЖШС директорының орынбасары, Атырау облысы Исаева Маржан Таупыққызы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі ансамблінің солисі Қанатқызы Риза – "Астана Балет" театры" ЖШС балетінің бірінші солисі, Астана қаласы Жұмағалиева Гүлсәнім Орынғалиқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері "Айбын"президенттік полкі Президенттік оркестрінің маманы Өмірзақова Гаухар Алтынбекқызы – "AlmaTime" тобының солисі, Алматы қаласы Смышляева Екатерина Васильевна – Парламент Мәжілісінің депутаты Өскембаева Жұлдыз Серікқызы – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаменті ансамблінің солисі; "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы берілсін Белоусова Татьяна Геннадьевна – "№ 95 мектеп-лицей" КММ химия пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы Смирнова Ирина Владимировна – Парламент Мәжілісінің депутаты; "Парасат" орденімен Абдуллина Карина Абрековна – әнші, Алматы қаласы Әлпейісова Қамал Әбілқасымқызы – жазушы, Астана қаласы Шумекова Кристина Русланқызы – Туризм және спорт министрлігінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы Батыршева Рухия Махмұтқызы – "Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі" МКҚК мүғалімі, Ақтау қаласы Ысқақова Жеңіс Ермағанбетқызы – эстрада әншісі, Алматы қаласы Смағұлова Зәуреш Қадырбекқызы – "Астана медицина университеті" КеАҚ Респираторлық медицина ғылыми-зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері; "Ел бірлігі" орденімен Усанова Руфина Касымовна – "Тугантель" облыстық татар мәдени орталығының төрағасы, Алматы облысы; "Құрмет" орденімен Әлиайдар Гүлжан Әлиайдарқызы – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК бөлімше меңгерушісі Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы – Парламент Сенатының депутаты Ахметжанова Зәйтуна Ғалиқызы – "Қазпошта" АҚ Ақтөбе облыстық филиалының Шалқар аудандық пошта байланысы торабы жеткізу қызметінің сұрыптаушысы, Ақтөбе облысы Қалиева Айсұлу Қажымұратқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің бас инспекторы Васильева Надежда Владимировна – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов ауданының 2-ауруханасы" МКК директоры Дүзбаева Зоя Жұмағалиқызы – "Алтай ауданы "Горняк" мәдени-демалыс орталығы" КМҚК "Зыряночка" үлгілі би ансамблінің жетекшісі, Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласы Жүсіпбекова Гүлмира Қоқанқызы – Жоғарғы Соттың судьясы Зейнелова Мария Александровна – еңбек ардагері, Астана қаласы Казакова Светлана Михайловна – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" РМК слесарі Кармен Зарина Мұхтарқызы – "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК әртісі, Алматы қаласы Қасымова Салтанат Амангелдіқызы – Мемлекеттік күзет қызметі департамент бастығының орынбасары Левкович Жанна Юрьевна – "А. Текенов атындағы № 2 орта білім беретін мектеп" КММ қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі, Павлодар облысының Тереңкөл ауданы Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы – "Қуаныш" ЖШС директоры, Түркістан қаласы Көшенова Шолпан Рудақызы – Бас прокуратура департамент бастығының орынбасары Смағұлова Райхан Темірбайқызы – "Ақерке" балабақшасы" КМҚК директоры, Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Соловьёва Ирина Анатольевна – "Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі" КМҚК директоры, Абай облысы Төребаева Гүлсімжан Орынбасарқызы – "Астана медицина университеті" КеАҚ бас маманы Тұяқова Сәлима Тоқтасынқызы – "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" РММ қызмет жетекшісі Чалова Лэйла Рашидовна – "Health and Science Center" жеке клиникасының бас дәрігері, Астана қаласы Шуақбаева Айсұлу Қошмаққызы – "Өзенмұнайгаз" АҚ № 4 мұнай және газ өндіру басқармасының машинисі, Маңғыстау облысы Шолтанова Зәрипа Есенбайқызы – "Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі" МКҚК басшысы, Маңғыстау облысы; III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен Алтаева Гүлдариха Өтелбайқызы – "Алтай жер" ШҚ механикаландырылған тоқ меңгерушісі, Қостанай облысының Арқалық қаласы Бескемпірова Айбарша Жолдасқызы – "Үштөбе-Айдын" ЖШС құрылтайшысы, Жетісу облысының Қаратал ауданы Ісбасарова Қаншыкүл Тілеубайқызы – "№ 7 үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ әлеуметтік қызметкері, Шымкент қаласы Мұхамеджанова Зәуре Есләмқызы – "ЗИКСТО" ЖШС сылақшысы, Петропавл қаласы Сабырова Тамара Мағзомқызы – "Ембімұнайгаз" АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы, Атырау облысының Исатай ауданы; "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен Липатова Оксана Владимировна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің аға тергеушісі Айтмырзаева Роза Сатыбалдықызы – Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімінің бөлімше командирі Сағадат Жаңылсын Дәуренқызы – Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің аға тергеушісі; "Ерен еңбегі үшін" медалімен Сузуки Канон – "Астана Балет" театры" ЖШС балет әртісі – бірінші балет солисі Исмағамбетова Қарлығаш Ермекқызы – "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК қызмет басшысы, Көкшетау қаласы Аппазова Зарина Жеңісқызы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы орталық әскери оркестрінің аға музыканты Жидебаева Сәуле Әуезқызы – еңбек ардагері, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Қарамурзина Маржан Жолаубайқызы – Астана қаласы әкімдігінің "Дарынды қыз балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ мұғалімі Корчагина Наталья Викторовна – Президент Іс басқармасының "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" РМК инженері Нарбекова Бану Мұқатайқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КеАҚ басқарма мүшесі – проректоры Төлеш Ботагөз Шоқанқызы – суретші, Астана қаласы Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы – "Қазақстан" РТРК" АҚ "Qyzylorda TV" Қызылорда филиалының бас редакторы, Қызылорда қаласы Шилихина Татьяна Владимировна – "Батыс Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясы" ЖШС Жәнібек АЭТ диспетчері, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы Шолпанқұлова Мейранкүл Әубәкірқызы – "Боралдай Нан" ЖШС технологі, Алматы облысының Іле ауданы Шопатаева Ақерке Бекғалиқызы – "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-8 үлгісіндегі әуе кемесінің екінші ұшқышы; "Шапағат" медалімен Сурина Мария Алексеевна – "Ораз Жандосов атындағы № 105 гимназия" КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы Кадын Аида Витальевна – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" КеАҚ студенті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Гүл жеткіземіз“. 8 наурыз қарсаңында алаяқтық жиілейтіні ескертілді Бас прокуратура Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алаяқтық көбейетінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Прокуратура мәліметінше, мереке кезінде алаяқтар азаматтарға түрлі сылтаумен қоңырау шалып, хабарламалар жіберуі мүмкін. Ең көп тараған тәсілдер: гүл немесе сыйлық жеткізілетінін хабарлап, "тапсырысты растау үшін" SMS кодты айтуын сұрау; жалған ұтыс, бонус немесе акция туралы хабарлап, телефонға келген растау кодын айтуды талап ету; өздерін банк қызметкері, қауіпсіздік қызметінің өкілі немесе курьер ретінде таныстыру. "Бір реттік SMS код қаржы операциясын растауға арналған құпия құрал екенін есте ұстаған жөн. Мұндай кодты үшінші тұлғаларға беру ақша есептен шығарылуына, несие рәсімделуіне әкеп соғуы мүмкін. Банк қызметкерлері де, құқық қорғау органдары да телефон арқылы SMS код, құпия сөз және банк картасының дерегін сұрамайды", - деп жазылған хабарламада. Кейбір жағдайларда тауар немесе банк өнімдерін ресми түрде жеткізу кезінде растау коды шын мәнінде қолданылады. Алайда ол тек сіз алдын ала рәсімдеген тапсырыс бойынша, тапсырысты күтіп отырған жағдайда және тауарды алғаныңызды растау үшін пайдаланылады. "Қандай да бір зат жеткізілетіні туралы қоңырау немесе хабарлама тосын жерден келіп, сізден код айту сұралса, әңгімені дереу тоқтату қажет. Сонымен қатар, мереке қарсаңында алаяқтар әлеуметтік желілерде, соның ішінде Instagram және TikTok платформаларында жалған парақшалар ашып, гүл, басқа да тауарларды айтарлықтай төмен бағамен, жеңілдіктермен және акциялармен ұсынып, алдын ала төлем талап етеді. Ақша алғаннан кейін мұндай парақшалар қызметін тоқтатады. Гүл мен сыйлықты тек сенімді сатушылардан тапсырыс беру, төлем жасаған кезде мұқият тексеру, күмәнді сілтемелерге өтпеу, қандай жағдай болмасын бөгде адамдарға SMS код пен банк дерегін бермеу ұсынылады", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Ең алдымен, көктемнің шырайлы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың нышаны. Әйел – тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы. Бұл – ақиқат. "Бесікті де, әлемді де тербеткен" әйелдің жүрегі – ізгіліктің мекені. Сондықтан әйелдің қадірі – елдің қадірі деп айтсақ артық болмайды. Бүгін мен Ақорда төрінде Сіздерге және барша Қазақстан әйелдеріне зор ризашылығымды және алғысымды айтамын. Халқымыз қай заманда да анасын ардақтаған, қарындасына қорған болған, қыздарын сыйлап, төрінен орын берген. Жұртымыз ең киелі құндылықтарға "Ана" сөзін қосып, "Отан Ана", "Жер Ана", "Ана тілі" деп көне заманнан бері айтып келеді. Бабаларымыз "Атадан – өсиет, анадан – қасиет" деген. Осы мағынасы терең дәстүр қазіргі құбылмалы, күрделі заманда міндетті түрде өз жалғасын табуы керек. Бұл мақсатты орындау – ұрпақтар алдындағы парызымыз. Өйткені ұлтымыздың болмысы, тілі мен ділі, салт-дәстүрі ұрпаққа ананың аялы алақанымен, тағылымды тәрбиесімен дариды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды 2025 жылдың қорытындысы бойынша Changan CS55 Plus кроссовері Қазақстандағы қытайлық брендтер арасында ең көп сатылатын көлік атанды. Сонымен қатар, Changan дистрибьюторлық желісі мәліметі бойынша, жалпы сатылым бойынша ТОП-10 қатарына кіріп, сегізінші орынды иеленді. Қазақстан Автокөлік Одағының дерегі бойынша, Қазақстандағы автокөлік нарығы өсу үстінде. 2025 жылы Қазақстандағы жаңа автокөлік сатылымы 14,4%-ға өсіп, 234 852 данаға жетті. Нарықта қытай брендтері жылдам өсуде, олардың үлесі пайыздық тұрғыдан өзгеріссіз қалса да (39%), саны бойынша өсті. Қытай брендтері арасындағы бәсекелестіктің артуы Changan CS55 Plus айқын көшбасшы екенін көрсетті. Аталған модельдің бір жылда 5558 данасы сатылған. Бұл брендтің 2022 жылы Astana Motors құрамында Changan дистрибьюторлық желісі ресми ашылғаннан бергі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіші. Changan CS55 Plus CS55 Plus көлігінің табысы көбінесе оның үйлесімді өнім ұсынысына байланысты. Модельдің ерекше дизайны, жоғары деңгейдегі жабдықтары мен жайлылығы қалалық кроссовер сегментін ұнататындардың көңілінен шығады. Көліктің арнайы Қазақстанның ауа-райы пен жол жағдайларына бейімделуі де маңызды рөл атқарды. Интерьер Changan CS55 Plus Тағы бір айт кететін жайт, 2025 жылы Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында өндiрiстiң іске қосылуы, Changan көлiктерiнiң бағасын төмендетiп, оларды одан да қолжетімді еттi. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының дәнеукерлеу цехы Қазіргі уақытта ресми дилерлерде модельдің әртүрлі жинақтамада екі нұсқасы ұсынылған. Changan CS55 Plus (екінші буын) бағасы 9 890 000 теңгеден басталады. Капот астында 181 ат күші мен 280 Нм айналу сәтін шығаратын 1,5 литрлік турбокомпрессорлы қозғалтқыш бар. Ол 7DCT автоматты механикалық беріліс қорабымен жұптастырылған. Оның өлшемдері қалалық жол талғамайтын көлікке тән, ұзындығы 4515 мм, доңғалақ базасы 2656 мм. Жаңартылған CS55 Plus (үшінші буын) бағасы 11 090 000 теңгеден басталады. Ол да сондай технологиямен жабдықталған, бірақ шанағы 4539 мм-ге дейін өсті, сыртқы және ішкі бөлігі жаңартылып, жаңа опциялар қосылды. Жаңартылған CS55 Plus (3 буын) CS55 Plus көшбасшы болуы Changan компаниясының сәтті стратегиясын және қазақстандық көлік жүргізушілерінің өзгеріп отыратын қалауларын көрсетеді. Сатып алушылар технологиялық тұрғыдан дамыған, жақсы жабдықталған және құны айқын кроссоверді таңдайды. Модельдер мен Changan компаниясының Қазақстандағы маңызды ұсыныстар туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік парақшамыздан, changan-auto.kz сайтынан немесе 7007 нөмірінен біле аласыз.
Қазақстанда -25 градусқа дейін аяз түседі Казгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қар, жаңбыр және аяз Болжамға сәйкес, мерекелік демалыс қарсаңында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Солтүстік пен солтүстік-батыста кей кездері жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман болжанады. Солтүстік өңірлерде боран, ал оңтүстікте найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы қандай болады? Кейінгі күндері ауа температурасы айтарлықтай көтерілгенімен, болжамды кезеңнің аяғына қарай елдің батысы мен солтүстік-батысына қайтадан арктикалық суық ауа таралады. "Түнде батыста ауа температурасы 5-15 градус аязға дейін төмендейді, ал солтүстік-батыс пен қиыр солтүстікте 15-25 градус аяз болады. Ал елдің оңтүстігі мен шығысында температура одан әрі жоғарылап, көктемгі жылу сезіледі", - деді метеорологтар. 11 наурыздан бастап елдің орталығы мен шығысында температураның төмендеуі да күтіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
8 наурызға орай қазақстандықтар қалай демалады? Халықаралық әйелдер күніне орай қазақстандықтар қалай демалады? Tengrinews.kz егжей-тегжейлі түсіндіреді. Наурызда елде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: соның бірі - Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз). 2026 жылы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні алдағы жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі. 8 наурыздағы демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз - қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз - жұмыс күні; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз - жұмыс күні, 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, 10 наурыз - жұмыс күні. Айта кетейік, 2026 жылы наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша ең "қысқа" айлардың бірі болады: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 13 демалыс күні және 18 жұмыс күні; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Халықаралық Қызыл крест комитетінің президентімен кездесті Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президенті Мирьяна Споляричпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейтарап мандат негізінде әрекет ететін Халықаралық Қызыл крест комитетінің бірегей сипатына тоқталып, гуманитарлық көмекті саясиландыруға болмайтынын атап өтті. "Халықаралық Қызыл крест комитеті дүние жүзіндегі гуманитарлық ынтымақтастық жүйесінде аса маңызды рөл атқарады. Халықаралық құқық нормаларын нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқаратын Ұйым мен басқа да халықаралық беделді құрылымдар баршаға ортақ адамзат құндылықтарын насихаттауға елеулі үлес қосып келеді. Әсіресе, бұл іс адамдар көмекке мұқтаж аймақтарда өте маңызды", – деді Президент. Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама көтерген алты мемлекеттің бірі саналады. Бұл ретте соғыс кезіндегі адамгершілік тақырыбы бойынша жыл соңына қарай Иорданияда өтетін жоғары деңгейдегі Конференцияға дайындық мәселелері пысықталды. Мирьяна Сполярич Халықаралық Қызыл крест комитетінің қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, тоқсаныншы жылдардан бері еліміз бен Ұйым арасында қалыптасқан сындарлы диалог дәйекті түрде дамып келеді. "Мемлекеттердің қолдауы өте маңызды. Сіз мұны орынды атап өттіңіз. Женева конвенциясына барша ел қатысады. Алайда бұл құжаттың ықпалы аталған нормаларды мемлекеттердің қаншалықты қорғап, қолдауға әзірлігіне байланысты", – деді ХҚКК басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мирьяна Сполярич халықаралық және гуманитарлық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан мен Ұйым арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қанша әйел тұрады? Қазақстанда 10 488 074 әйел бар. Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жасы бойынша Әйелдердің жасы бойынша көрсеткіш мынадай: 0-15 жас аралығында 29,1 пайыз; 16-60 жас аралығында 55,5 пайыз; 61 жастан жоғары 15,4 пайыз. Әйелдердің орташа жасы - 34,1 жас. Аймақтар бойынша әйелдердің ең көп саны: Алматы қаласында 1,2 млн әйел; Түркістан облысында 1 млн әйел; Астана қаласында 803,5 мың; Алматы облысында 778,5 мың әйел бар. Жұмыспен қамтылғандар саны Жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі - 48 пайыз немесе 4,4 млн. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес - 50 пайыз. Өзін жұмыспен қамтығандар арасындағы үлес - 45 пайыз. Әйелдер көбіне қай салаларда жұмыс істейді? Білім - 20 пайыз, Сауда - 19 пайыз, Денсаулық сақтау саласы - 10 пайыз, Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі - 50,8 пайыз. Жұмыс істейтін әйелдер арасында 35-44 жас аралығындағылар көп, яғни 1,3 миллион әйел бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Halyk Bank Almaty Museum of Arts мұражайының бас серіктесі атанды Halyk Bank пен Almaty Museum of Arts стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында банк 2026 жылы музейдің негізгі көрме, білім беру және баспа жобаларының бас серіктесі болмақ. Құжатқа Halyk Bank-тің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова мен Almaty Museum of Arts мұражайының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қол қойды. Бұл серіктестік Орталық Азиядағы ең ірі заманауи өнер мұражайы мен өңірдегі жетекші қаржы институтының күшін біріктіріп, елдегі бизнес пен мәдени ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа үлгісін қалыптастыруға жол ашады. Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша, мәдениет пен өнерге қолдау көрсету банктің әлеуметтік миссиясының маңызды бөлігі саналады. "Біз әлеуметтік жауапкершілік Halyk-тың болмысына сіңген құндылық екенін жиі айтамыз. Сондықтан қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі саналатын мәдениетті қолдауды өз миссиямыздың ажырамас бөлігі деп білеміз. Заманауи өнер ашық әрі қарқынды дамитын орта қалыптастырып, әлеміміз бен өмірімізді жақсартуға септігін тигізер визионерлер мен инновациялық идеялардың пайда болуына жол ашады деп сенемін. Almaty Museum of Arts-пен әріптестігіміз - Halyk-тың елдегі мәдениет және білім саласын дамыту мен қолдауғабағытталған жүйелі қадамдарының бірі", - деді Halyk Bank басқарма төрайымы. Үміт Шаяхметова соңғы бес жылда банк әлеуметтік жобаларға тікелей және Halyk қайырымдылық қоры арқылы шамамен 62 миллиард теңге бағыттағанын да атап өтті. "Бұл - білім беру, медицина, мәдениет, өнер және спорт салаларын қамтитын жобалар. Біз үшін адамдардың дамуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау маңызды", - деп толықтырды ол. Мұражайды дамытуға арналған серіктестік Меморандумға қол қою рәсімінде Almaty Museum of Arts негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов мұражай әуелден Қазақстандағы заманауи өнердің маңызды жобаларын ұсынатын және мәдени ортаның дамуына сеп болатын халықаралық деңгейдегі мәдени институт ретінде құрылғанын атап өтті. Оның сөзінше, Halyk Bank-пен арадағы серіктестік мұражайдың көрме және білім беру бағытындағы жұмысын кеңейтуге мүмкіндік береді. "Біз ел мен өңір үшін маңызды мәдени алаңға айналатын мұражай құруға ниеттендік. Halyk Bank-тің қолдауы ауқымды жобаларды іске асыруға, шетелдік суретшілерді шақыруға және білім беру бағдарламаларын өркендетугежол ашады", - деді Смағұлов. Сондай-ақ, ол мұражай үшін бас серіктестік нені білдіретінін де нақтылап өтті. Айтуынша, бұл қолдау ғимараттарды күтіп-ұстау, қызметкерлердің жалақысы немесе коммуналдық шығындарды жабу үшін емес. Басты мақсат - көрме жұмысын кеңейтіп, мәдени жобаларды көбейту. Яғни, қаражат "үдеріске қызмет көрсетуге" емес, келушілер мұражайда көріп, сезіне алатын дүниелерге - көрмелер, каталогтар, зерттеу жұмыстары мен аудиторияға арналған жаңа бағдарламаларға жұмсалады. Мұражайдың халықаралық жобалары Өз кезегінде Almaty Museum of Arts директоры Татьяна Ходжаева жиналған қауымға мұражай мен Halyk Bankбірлесіп, халықаралық деңгейдегі бірнеше ірі жобаны жоспарлап қойғанын айтып берді. Биыл маусымда ашылатын "Билл Виола: екі дүние арасы" атты көрме 2026 жылдың басты мәдени оқиғаларының біріне айналмақ. Билл Виола ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында медиаөнерде ең ықпалды болған суретшілердің бірі саналады. Оның ауқымды бейнеинсталляциялары уақыт, жады, руханият, өмір мен өлім секілді терең тақырыптарға арналған. Суретшінің қолынан шыққан туындылар әлемдегі ең ірі мұражайларда қойылған. Олардың арасында Нью-Йорктегі Заманауи өнер музейі, Tate секілді басқа да жетекші мәдени орталықтар бар. "Билл Виола - видеоны көркем медиум ретінде мүлде жаңа деңгейде танытқан суретші. Оның шығармалары адамзатқа ортақ мәңгілік тақырыптарды қозғайды, терең ойға жетелейді. Суретшінің еңбектерін Алматыда ұсыну – біз үшін үлкен мәртебе", - деді Ходжаева. Ол көрмеге суретшінің жұбайы әрі ұзақ жылдар бойы шығармашылық серіктесі болған Кира Перов арнайы қатысатынын атап өтті. "Бұл іс-шара Қазақстанның ғана емес, тұтас өңірдің мәдени өміріндегі елеулі оқиғаға айналатын халықаралық деңгейдегі ауқымды жоба болады", - деді мұражай директоры. Оның сөзінше, мұражай халықаралық байланыстарын белсенді нығайтып, алдыңғы қатарлы мәдени институттармен әріптестік орнатып жатыр. Қазірдің өзінде Tate және Getty Foundation-мен бірлескен жобалар жүзеге асқан. Мұражай есігін айқара ашқан 2025 жылдың күзінен бері өнер ордасына 250 мыңнан астам адам келген. Алмагүл Меңлібаеваның экскурсиясы Меморандумға қол қойылған күні іс-шара қонақтары Алмагүл Меңлібаеваның "Мен бәрін түсінемін" атты көрмесін тамашалады. Экспозиция бойынша экскурсияны суретшінің өзі жүргізді. Ол шығармашылық жолының әр кезеңіндегі туындылары туралы әңгімелеп, 1980-ші жылдардың соңындағы алғашқы кескіндеме жұмыстарынан бастап, кейінгі бейнеинсталляциялар мен мультимедиялық жобаларына дейін таныстырды.Алмагүл Меңлібаева - халықаралық өнер кеңістігінде кеңінен танымал қазақстандық суретшілердің бірі. Оның еңбектері әлемдегі ірі биеннале мен көрмелерде ұсынылған. Шығармашылық тәжірибесінде ол кескіндеме, фотосурет, видео және перформанс бағыттарында жұмыс істейді. Автордың туындыларының негізгі тақырыптары - жады, болмыс, тарих және Орталық Азиядағы мәдени трансформациялар. "Мен бәрін түсінемін" көрмесінде оның әр кезеңдегі шығармалары біріктіріліп, бірнеше онжылдықта автордыңкөркем тілінің қалай өзгергенін аңғаруға мүмкіндік береді. Экскурсия кезінде автор өз туындыларының жасалу контексі мен жекелеген жобаларына арқау болған идеяларды түсіндірді. Көрмедегі туындылардың басым бөлігі адам мен тарих және өңірдің мәдени жадысының өзара байланысын зерделейді. Айта кетейік, Билл Виола мен Алмагүл Меңлібаеваның көрмелері үшін арнайы ғылыми каталогтар да жарық көреді. Олар ұзақмерзімді зерттеу жұмыстарына негіз болып, кәсіби дискурстардың аясын кеңейтуге септігін тигізбек. Жады мен болмыс туралы спектакль Іс-шараның мәдени бағдарламасы аясында "Тамыр" спектаклінің бейімделген нұсқасы да ұсынылды. Аты айтып тұрғандай, қойылымға жады, адамның шыққан тегі және мәдени болмыс тақырыптары арқау болған. Қойылымның іс-шара қонақтары үшін әзірленген арнайы нұсқасы меморандумға қол қою және көрменің жаңа бөлімінің ашылуына арналған бағдарламаның бір бөлігі болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спектакль шараның көркемдік тұжырымдамасын толықтыра түсіп, мұражай заманауи өнердің түрлі бағыттарын қалай шебер тоғыстыра алатынын тағы бір мәрте көрсетті. Өнер – болашаққа салынған инвестиция Almaty Museum of Arts өкілдерінің айтуынша, Halyk Bank-пен серіктестік көптеген жаңа жобаларды жүзеге асыруға, білім беру бағдарламаларын арттыруға және заманауи өнерді кең аудиторияға жақындата түсуге мүмкіндік береді. Суреттер: Роман Егоров Үміт Шаяхметованың сөзінше, мәдени бастамаларды қолдау жаңа идеялар жетіліп, шығармашыл буын дами алатын орта қалыптастыруға септігін тигізеді. "Біз мәдениетке салынған инвестиция - елдің келешегіне салынған инвестиция деп сенеміз. Мұндай жобалар қоғамның зияткерлік әрі рухани негізін қалыптастырады", - деді ол. Мұражай өкілдері де Halyk Bank-пен арадағы ынтымақтастық Қазақстандағы мәдени инфрақұрылымның дамуындағы маңызды қадамға айналып, халықаралық деңгейдегі батыл жобалар мен білім беру бастамаларын іске асыруға және ғылыми каталогтар шығаруға мүмкіндік береді деп есептейді.
Үкімет сиыр етінің экспорты мен жұмыртқа импортына қатысты шешім қабылдады Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия сиыр етін экспорттау, жұмыртқа импорты және аналық мал басын сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Картоп экспортына тыйым салынбайды Ішкі нарықтағы бағаның айтарлықтай тұрақтануын және жеткілікті қор бар екенін ескере отырып, картоп экспортына уақытша шектеу енгізудің жөнсіздігі туралы шешім қабылданды. Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледі Квота бөлудің қолданыстағы тетігі кемінде 5 мың басқа арналған жеке бордақылау алаңы мен өзінің ет комбинатының болуы секілді бірқатар талапты көздейді. Шешім қабылдау кезінде ВАК Үкімет бекіткен Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын да назарға алды. Құжат ірі қара мал санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа арттыруды, сондай-ақ экспорттық әлеуетті нығайтуды және қазақстандық сиыр етін өткізудің жаңа нарығын ашуды көздейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі квота бөлудің қолданыстағы ережесіне тиісті өзгеріс енгізеді. Сонымен қатар аналық мал басын сақтау және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстаннан ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын, сондай-ақ бұқашықтарын, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды. Тауық жұмыртқасын импорттауға тыйым салынады Алты айға дейін тауық жұмыртқасын, соның ішінде ЕАЭО елдерінен импорттауға тыйым салынады Тиісті бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 34-і жұмыртқа, 29-ы ет, 7-еуі асыл тұқым өндіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауық жұмыртқасының өндірісі 2,4 пайыз, 4 568,5 млн данаға артқан. Ішкі нарықтағы отандық өндіріс 98 пайызды құрады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
АҚШ-та бірнеше үміткер бар: Трамп Иранның болашағы туралы мәлімдеме жасады АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығы толық өзгеруін қолдайтынын және Вашингтонда "жақсы көшбасшы" рөліне лайық бірнеше үміткер бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Барып бәрін тазартқымыз келеді... Оларда жақсы көшбасшы болғанын қалаймыз. Бізде бұл жұмысты жақсы орындайтын бірнеше адам бар", - деді Дональд Трамп NBC News-ке берген сұхбатында. Алайда бұл жолы да Дональд Трамп үміткерлер нақты кім екенін атаудан бас тартты. Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді. Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады. Кейінірек АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшысы рөліне үш үміткері бар екенін айтты. Сонымен қатар, БАҚ-та Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи Иранның жаңа жоғары көсемі болып тағайындалғаны туралы ақпарат тарады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана тұрғындары аспаннан белгісіз жарқылды байқады 5 наурызға қараған түні Астана тұрғындары аспаннан жасыл немесе көгілдір түсті ерекше жарқылды байқады. Елордалықтар бұл ерекше құбылыстың бейнекадрларымен желіде бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Threads желісіндегі қолданушылардың айтуынша, сағат 20:00 шамасында аспанда жасыл түсті жарық жарқ етіп, бірден көшедегі шамдар өшіп қалған, кейбірі көгілдір жарқылды көрген. Осыдан кейін елорданың сол жағалауында электр қуаты өшіп қалған. Астаналықтар сол аймақтағы тұрғын үй кешендері жарықсыз қалғанын жазып жатыр. Пікір жазушылар бұл қысқа тұйықталу болуы мүмкін деген болжам айтады. "Қосалқы станцияда қысқа тұйықталу немесе ажырату кезінде доға пайда болған. Көшедегі натрий шамдары ... осындай нәрселерге сезімтал келеді. Өшіп қалып, суығаннан кейін қайта қосылады ... бұл шамамен 30 секунд", - деп жазады қолданушылардың бірі. Сондай-ақ бұл жердегі қандай да бір жарылыстан болған құбылыс деген болжам да айтылды. Болған жағдайдың себебін «Астана-РЭК» компаниясы түсіндірді. Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында компания оқиғаның себебі - электр желісінде технология бұзылғанын хабарлады. «2026 жылғы 5 наурызда сағат 19:54-те қолайсыз ауа райына байланысты 10 кВ әуе электр желісінде технология бұзылды. Оқиға орнына жедел-шығу бригадасы жіберілді», - деп хабарлады «Астана-РЭК» АҚ. Заречный кентіндегі Жиделі, Ақниет және Үшкөпір көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Компания мәліметінше, жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін электрмен жабдықтау сағат 23:20-да толық қалпына келтірілді. Бірнеше жыл бұрын Астана тұрғындары дәл осындай құбылысты байқаған болатын. Ол кезде елордалықтар метеорит немесе кометаны көрдік деп ойлаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қазтеміртранс“ Алматыда топ-менеджердің ұсталғаны туралы ақпаратқа жауап берді "Қазтеміртранс" АҚ Алматыдағы филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Алматы ҰҚКД "Қазтеміртранс" АҚ Алматы филиалының директорын шамамен 540 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұстағаны туралы ақпарат тараған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Алматыдағы мейрамханалардың бірінде пара алып жатқан сәтте қолға түскен. Дереккөздердің айтуынша, бұл қаражат жеке күзет компаниясына Қазақстан аумағында "Қазтеміртранс" нысандарын күзетуге рұқсат беру мәселесін шешуге көмектескені үшін берілген болуы мүмкін. Компанияның ресми пікірі "Қазтеміртранс" АҚ қазіргі уақытта құзыретті құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатқанын растайды. Компания уәкілетті органдармен толық ынтымақтастықты қамтамасыз етіп, жүргізіліп жатқан тергеу аясында барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынып жатыр", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, компания өкілдері нысандарды күзету бойынша мемлекеттік сатып алуларда көмектесу үшін ірі көлемде пара алынды деген ақпарат күмән тудыратынын айтты. Себебі күзет қызметтеріне қатысты келісімшарттарды рәсімдеу бұған дейін толық аяқталған. Компания мәліметінше, күзет қызметтеріне бөлінген жалпы бюджет шамамен 200 миллион теңге болады. Ал Алматы филиалының өндірістік базаларын күзетуге биыл 9 миллион теңгеден аса қаржы қарастырылған. Бұл көрсеткіш тараған ақпараттағы пара сомасынан әлдеқайда төмен. Оқиғаның нақты мән-жайын тергеу нәтижесі анықтайды. "Қазтеміртранс" АҚ заңдылық, ашықтық қағидаттарын ұстанатынын және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік танытатынын мәлімдеді. Егер заңбұзушылық деректері дәлелденсе, заң аясында барлық тиісті шаралар қабылданады", - делінген хабарламада. Компания істің барлық мән-жайы әділ әрі жан-жақты зерттеледі деп үміттенеді. Айта кетейік, "Қазтеміртранс" АҚ - "ҚТЖ ҰК" АҚ-ның еншілес ұйымы және Қазақстандағы жүк вагондарының ең ірі операторларының бірі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Хакерлер меморгандар жүйелерін бұзып, жарты жыл бойы қолданғаны рас па: министрлік не дейді? Былтыр жыл аяғында БАҚ-та хакерлер Қазақстанның мемлекеттік органдарының серверлерін бұзып, шамамен жарты жыл бойы құпия деректерге қол жеткізгені туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Жарияланымдарда Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының деректеріне сілтеме жасап, хакерлер жарты жыл бойы Қазақстанның бірнеше мемлекеттік органының цифрлық жүйелеріне жасырын түрде қол жеткізгені айтылған. Электрон пошта серверлері, домендік контроллерлер, жоғары артықшылықтары бар жұмыс станциялары және басқа да маңызды ішкі жүйелердің бұзылғаны туралы хабарланған. Сарапшылар қызметтік хат-хабарлар таралуы мүмкін екенін және ауқымды кибершабуылдың елеулі салдары болуы ықтимал екенін мәлімдеген. Біз бұл оқиға мен оны тергеудің егжей-тегжейін білу үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне жүгіндік. ЖИ министрлігі не деп жауап берді? Министрлік мәліметінше, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының жария материалдарында көрсетілген кибероқиғалар туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдарға белгілі. "Аталған есеп заманауи киберқауіптер туралы хабардарлықты арттыру және ақпараттық қауіпсіздік шараларын одан әрі күшейту мақсатында дайындалып, жарияланған", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына берілген жауапта. Министрлік мәліметі бойынша, кибершабуылдардан кейін "тиісті сигналдар назарға алынып, белгіленген тәртіппен талданған". Сондай-ақ ведомствода оқиғалар мен олардың салдарына талдау және бағалау жүргізілгенін айтты. Сонымен қатар кейбір тексеру және талдау шаралары әлі де жалғасып жатқандықтан, соңғы қорытындылар олар аяқталғаннан кейін жасалатыны хабарланды. Қай серверлерге және қай мемлекеттік органдарға нақты кибершабуыл жасалғаны туралы сұраққа жауап берілмеді. Министрлік бұл ақпараттың шектеулі таралымға жататынын айтты. "Оларды жария түрде ашу ақпараттық қауіпсіздікке қосымша қауіп тудыруы мүмкін", - деп мәлімдеді министрлік. Сонымен қатар, ведомство қазақстандықтардың деректерінің және мемлекеттік органдардың қызметтік хат-хабарларының ауқымды таралуын растаған жоқ. "Тексеру нәтижелері бойынша азаматтардың жеке деректерінің жаппай таралу деректері расталған жоқ. Қызметтік ақпараттың ықтимал әшкереленуіне байланысты жекелеген оқиғалар қарастырылды, олар қосымша техникалық және криминалистикалық тексеруден өтті (...) Қазіргі уақытта ұлттық немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін көлемде қызметтік хат-хабарлардың, ішкі құжаттардың немесе есептік жазбалар деректерінің жүйелі түрде таралғаны туралы расталған мәліметтер анықталған жоқ", -деді министрлік өкілдері. Сондай-ақ, ведомствода зиянкестер түрлі бағдарламалық құралдарды, соның ішінде зиянды бағдарламаларды пайдаланғаны анықталғаннан кейін қосымша жауап шаралары қабылданып, қорғанысты күшейту бойынша ұсынымдар жолданғанын қосты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңбыр, қар және тұман: 6 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер 6 наурызда Қазақстанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтілетінін болжады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, ал солтүстік өңірлерде боран болуы мүмкін. Сонымен қатар, елдің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана – құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз аздаған қар жауады. Жерде қар ұшқындауы мен көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде 6–8 градус аяз, күндіз 1–3 градус аяз. Алматы – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр, екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 3–5 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) түнде қар, кей жерлерде қатты қар, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 17–22 м/с. Температура түнде 3–8 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін. Шымкент – құбылмалы бұлтты, түнде негізінен жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде 1–3 градус жылы, күндіз 9–11 градус жылы. Ақмола облысында түнде қар, жер бетіндегі боран күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында аздаған қар жауып, боран болуы мүмкін. Көктайғақ байқалады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с, кей жерлерде екпіні 15–18 м/с. Температура түнде 5–10 градус аяз, кей жерлерде 13 градусқа дейін, күндіз 1–6 градус аяз.Көкшетауда құбылмалы бұлтты, түнде қар жауып, қар ұшқындайды. Жел 5–10 м/с. Температура түнде 8–10, күндіз 3–5 градус аяз. Алматы облысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде күшті жауын-шашын күтіледі. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар жауады, кейде қатты қар болуы мүмкін. Күндіз оңтүстікте және таулы өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ байқалады. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, кей жерде 17–22 м/с. Температура түнде 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, таулы жерлерде 5–10 градус аяз, күндіз 3–8 градус жылы.Қонаевта құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ болады. Жел 9–14 м/с, екпіні 17–22 м/с. Температура түнде 0–2 аяз, күндіз 3–5 жылы. Жетісу облысында оңтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде жаңбыр мен қар жауады, таулы аудандарда қар күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, таулы аймақтарда 15–20 м/с. Температура түнде 3 аяздан 2 жылыға дейін, шығыс пен тауларда 8–13 аяз, күндіз 2–7 жылы.Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар жауып, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Температура түнде 1–3 аяз, күндіз 2–4 жылы. Түркістан облысында түнде және таңертең оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Таулы жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, таулы асуларда 15–20 м/с. Температура түнде 2 аяздан 3 жылыға дейін, күндіз 8–13 жылы.Түркістан қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Температура түнде 0–2, күндіз 8–10 жылы. Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз де осындай жауын-шашын күтіледі. Кей жерде тұман түседі. Температура түнде 4 аяздан 1 жылыға дейін, күндіз 0–5 жылы.Оралда бұлтты, түнде жаңбыр мен қар жауады, тұман және көктайғақ болады. Атырау облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Кей жерде тұман және көктайғақ болады. Температура түнде 2 аяздан 3 жылыға дейін, күндіз 3–8 жылы.Атырауда бұлтты, кейде жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде аздаған жауын-шашын болады. Тұман мен көктайғақ күтіледі. Температура түнде 0–5 жылы, күндіз 7–12 жылы.Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде 2–4, күндіз 10–12 жылы. Қазақстанның басқа өңірлерінде де қар, жаңбыр, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр. Кейбір солтүстік және шығыс аймақтарда боран болуы мүмкін. Ауа температурасы өңірлерге байланысты өзгереді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран Әзербайжанға қарай дрондар ұшырғаны туралы айыптауларға жауап берді Иран Әзербайжанға қарай дрон ұшырылғанын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін Ираннан ұшырылған дрон Әзербайжан аумағына құлағаны хабарланды. Нахичеван қаласындағы әуежай аумағында дрон жарылған, салдарынан өрт шыққан. Кейбір БАҚ мәліметінше, терминал ғимараты зақымданған. "Иран Ислам Республикасы барлық елдің, әсіресе, мұсылман және көрші мемлекеттердің егемендігін құрметтей отырып, Әзербайжан Республикасына Қарулы Күштер дрон ұшырғанын жоққа шығарады", - деп мәлімдеді Иран Қарулы Күштерінің Бас штабы. Бас штаб бұған дейін де Израиль мұсылман елдері арасындағы қарым-қатынасқа іріткі салу үшін осындай әрекет жасағанын мәлімдеді. "Жүргізілген тексеріс нәтижесінде мұндай әрекеттерді осы режим Иран Ислам Республикасын кінәлау мақсатында жасағаны анықталды", - деп толықтырды ведомство өкілдері. Еске салайық, бұған дейін Иран Түркия бағытына баллистикалық зымыран ұшырғанын да жоққа шығарған еді. "Ислам Республикасы Иранның Қарулы күштері көршілес әрі достас Түркия елінің егемендігін құрметтейді және оның аумағына қарай зымыран ұшырылды деген кез келген ақпаратты жоққа шығарады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана маңындағы жантүршігерлік оқиға: күдікті бұрын үш рет сотталған Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында бір отбасы мүшелерін қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінген ер адам бұрын әртүрлі қылмыс үшін үш рет сотталған. Соңғы жағдайда сот оны мәжбүрлі емдеуге жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам алғаш рет 2016 жылдың көктемінде, араға бірнеше күн салып екі рет сотталған. 2015 жылдың күзінде Астанада оны автокөлігінің алдыңғы әйнектерін қараңғылағаны үшін полиция қызметкері тоқтатқан. Құжат тексеру барысында жүргізушінің техпаспорты жоқ екені анықталды. Ол полиция қызметкерімен бірге айыптұраққа бара жатқан, алайда жолда құқық бұзушы кенет тоқтап, полиция қызметкерін көліктен итеріп түсіріп, балағаттап, қашып кеткен. Бірнеше сағаттан кейін көлікті бағдар бойынша өзге полиция қызметкерлері тоқтатпақ болған. Жүргізуші қашуға бел буып, қарсы жолаққа шығып кеткен, бірақ көп ұзамай ұсталады. Ұстау кезінде ол қарсылық көрсетіп, қолына кісен салуға тура келген. Сол кезде ер адам билік өкілдерін қорлап, олардың заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылған. Сот оған 158 560 теңге айыппұл салды. Екінші жасаған қылмысы — 2015 жылдың желтоқсанында Астанада көлікті ұрлап айдап әкеткен. Сот үкімі бойынша, ол автотұрақта тұрған көлік жүргізушісін салоннан сүйреп шығарып, рөлге отырып кетіп қалған. Ұры бензин таусылғанша қала ішінде жүріп, кейін көлікті елорда шетінде тастап кеткен. Бұл қылмысы үшін ол үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. 2021 жылдың желтоқсанында ер адам қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Оқиға Жібек Жолы ауылындағы жеке үйдің ауласында болған, полиция қызметкерлері ол жерге шақырту бойынша барған. Сот қаулысына сәйкес, жергілікті тұрғын ломды алып, полиция қызметкерлеріне сермеп, қоқан-лоқы көрсетіп, олардың бірінің аяғынан ұрған. Сонымен қатар ол полицияның "Нива" көлігін айдап әкетіп, бірақ алысқа кете алмаған, себебі көлік өшіп қалған. Қылмыстың ауырлығы мен қайталануын ескеріп, бұл жолы ер адам нақты мерзімге сотталуы мүмкін еді, алайда сараптама оның параноидты шизофрениямен ауыратынын анықтағандықтан, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатқан. Бұл — негізгі белгілері тұрақты сандырақ пен есту галлюцинациялары болатын ауыр психикалық бұзылыс. Нәтижесінде ол жалпы типтегі психиатриялық ауруханаға емделуге жіберілген. Сондай-ақ Tengrinews.kz редакциясы ер адамның бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын анықтады. Мысалы, 2013 жылдың шілдесінде ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін екі жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Бір айдан кейін ол қайтадан рөлге отырып, жалған нөмірмен жүрген. Осы үшін сот оны бір жылға жүргізуші куәлігінен айырған. Ал 2012 жылдың жазында тұрмыстық жанжал кезінде ол бірге тұратын әйелінің анасына қоқан-лоқы көрсеткен. "Сот отырысында жәбірленуші ретінде жауап алынған И.В. оның қызымен бірге тұратын ер адам ашулы күйде үйіне келіп, жанжал шығарып, балағат сөздер мен қызына көңілі толмайтынын айтып, күш қолданамын деп қорқытқанын жеткізді", - делінген сот қаулысында. Сот жанжалқордың оң мінездемесін ескеріп, оған үш тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындаған. Мән-жайы 2 наурызда әлеуметтік желілерде Астана маңындағы Жібек Жолы ауылының тұрғыны өз отбасы мүшелерін қатыгездікпен өлтіргені туралы хабарлама тарады. Полиция күдіктінің ізі суымай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенатта журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, күдіктінің бұрын сотталғанын айтты, алайда қандай қылмыс үшін екенін нақтыламады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада ет өнімдерін арнайы құжатсыз, заңсыз сатқандар әшкере болды Астанада полиция заңсыз ет өнімдері айналымын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы шаруашылық құрылыстарда заңсыз жасырын цех анықталды. Онда ешқандай рұқсат құжаттарынсыз және міндетті ветеринариялық бақылаудан өтпеген ет өнімдерін өңдеу, сақтау және сату жұмыстары жүргізілген. "Тексеру барысында ет өңдеуге арналған жабдықтар, сондай-ақ ветеринариялық құжаттары жоқ ірі және ұсақ мүйізді малдың 60 басы, малдың тұтас еті, тұяқтары және басқа да ет қалдықтары табылды. Аталған деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Қатысы бар тұлғалар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. "Полиция азаматтарға ет өнімдерін сатып алу кезінде оның заңды шығу тегін растайтын ілеспе құжаттарға, ветеринариялық анықтамалар мен таңбалауға міндетті түрде назар аударуды ескертеді. Рұқсат құжаттарынсыз өнімді өткізу заң бойынша жауапкершілікке әкеледі". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Басқа амалымыз жоқ“: Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдердің басшыларына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Достас әрі көршілес елдердің мемлекет басшылары, біз дипломатиялық жолмен соғыстың алдын алуға тырыстық, бірақ америкалық-сионистік әскери агрессия бізге өзімізді қорғаудан басқа амал қалдырмады", - деп жазды Пезешкиан X әлеуметтік желісінде. Оның айтуынша, Иран көрші елдердің егемендігін құрметтейді және Таяу Шығыстағы тұрақтылықты аймақ елдері қамтамасыз етуі тиіс деп санайды. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жойып жібереміз деп қорқытып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды. Иранның Қызыл Жарты Ай ұйымының мәліметі бойынша, АҚШ пен Израильдің шабуылдарында жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеиді қоса, кем дегенде 1000 адам қаза тапты. БАҚ-тың хабарламаларына қарағанда, зымырандар тек әскери нысандарға емес, Ислам Республикасындағы және аймақтың басқа елдеріндегі азаматтық инфрақұрылымға да тиіп жатыр. Тегеран бұған жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға соққы жасады. Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп операция бастапқыда бағаланған төрт-бес аптадан ұзаққа созылуы мүмкін екенін мойындады. Ал мемлекеттік хатшы Марко Рубио Иранға қарсы бұдан да қуатты соққылар жасалатынын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында жоғалған отбасы: күдіктілер Қазақстанға қашан жеткізіледі? Атырау облысында қаза тапқан ерлі-зайыптының өлімі бойынша күдікті - екі адам. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Санжар Әділовтің айтуынша, екі күдіктіні Индонезиядан Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілген. "Олар жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Оларды осы айда әкелеміз. Басқа елдердегі әріптестерімізбен келу бағыттарын пысықтадық", - деді ол. Айта кетейік, 24 ақпанда ҚР ІІМ күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Іс бойынша, ерлі-зайыпты күдікті мәртебесінде екені айтылды. Мән-жайы Сұмдық қылмыс Жангелдин ауылында болған. Онда өткен күзде бүтін бір отбасы түгелдей жоғалып кеткен. Қаңтардың басында олардың үйіндегі қорадан зейнеткер ерлі-зайыпты өлі табылды. Ал олардың 33 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы әлі күнге дейін табылған жоқ. Марқұмдардың туыстары 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы қаза тапқаннан кейін де олардан аудиохабарламалар алып отырғандарын айтты. Сондықтан ешқандай күдік те туындамаған көрінеді. Марқұмның інісі Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, ерлі-зайыпты өмірден өткен болуы мүмкін деген күннен кейін де отбасылық чаттарға хабарламалар келіп тұрған. Осындай аудиохабарламалардың бірі 7 қарашада келген. Бірақ жақындары бұл уақытта ерлі-зайыпты қайтыс болғанына сенімді. Тек 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Кейін Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. qamqor.gov.kz Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді. Атырау облыстық Полиция департаменті күдіктіге халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді. Күдіктінің әйелі, яғни жоғалған Мұқанғалиевтер әулетінің кенже қызы Ақбаянды да халықаралық деңгейде іздеу басталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда нәресте өлімі бұрын соңды болмаған деңгейге азайды 2025 жылы Қазақстанда бір жасқа дейінгі екі мыңға жуық бала шетінеп кетті. Бұл – бақылау жүргізілген бүкіл кезеңдегі ең төмен көрсеткіш, - деп хабарлайды TengriHealth. Толығырақ Ranking.kz мәліметі бойынша, 2024 жылмен салыстырғанда нәрестелер арасындағы өлім-жітім 24,2 пайыз азайған. 2021 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде көрсеткіш 3,7 мың жағдайға дейін күрт өсті, кейін жағдай біртіндеп тұрақтанып, әрі қарай жақсара берді. Әсіресе ауылда бір жыл ішінде қайтыс болған балалар саны 27 пайыз азайған. Қалада да өлім-жітім көрсеткіші төмендеді, бірақ сәл баяу - 21,9 пайыз. Елдің барлық өңірінде оң динамика байқалады. Ең айқын көрсеткіш Ақтөбе, Ақмола және Қостанай облыстарында тіркелді. Шығыс Қазақстан облысында өзгеріс жоқтың қасы: онда қайтыс болған нәрестелер саны бір балаға ғана азайған - 2024 жылы 46-дан, 2025 жылы 45-ке дейін. Бір жасқа дейінгі балалар өлімінің ең көп жағдайы халық көп шоғырланған оңтүстік өңірлерде тіркелген: Түркістан облысында 325 нәресте қайтыс болған, Алматы облысында - 176, Алматыда - 155, Шымкент пен Жамбыл облысында - әрқайсысында 150 жағдай. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді - 24 жағдай. Өлім себебін талдау Өлім себебінің көп бөлігі перинаталдық жағдайлармен байланысты - яғни жүктілік кезінде, босану немесе нәресте дүниеге келгеннен кейін бірден пайда болатын асқынулар. 2025 жылы осы себеппен 912 нәресте шетінеп кетті, бұл жалпы санның 46,3 пайызы. Бірақ көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 19 пайыз азайған. Ең жиі кездесетін екінші себеп - туа біткен ауытқулар. Олардан 379 бала қайтыс болды - бұл алдыңғы жылға қарағанда 20 пайыз аз. Сонымен қатар тыныс алу жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім айтарлықтай азайды. 2025 жылы олар 172 нәрестенің өмірін қиды, ал 2024 жылы - 252. Атап айтқанда, тұмау, ЖРВИ және пневмониядан 114 бала көз жұмды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 174 болған. Жұқпалы және паразиттік аурулардан болған өлім-жітім әдеуір азайды. 2025 жылы осы себеппен 115 нәресте шетінеп кетсе, бір жыл бұрын мұндай екі жүзден астам жағдай тіркелген. Осылайша, көрсеткіш шамамен екі есе қысқарды. Тарихи минимум Негізгі көрсеткіш - 2025 жылы туған мың балаға шаққандағы нәресте өлімінің коэффициенті Қазақстан тарихында алғаш рет 6-дан төмен түсіп, 5,97 болды. Салыстыра кетсек, 2015 жылы ол 9,46-ға жеткен. Осылайша, он жыл ішінде көрсеткіш шамамен 3,5 тармаққа немесе 40 пайызға жуық төмендеді. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылық әлі де сақталып отыр, бірақ біртіндеп қысқарып келеді. 2025 жылы қалада коэффициент жаңа туған мың балаға шаққанда 5,53 болды (2024 жылы - 6,46), ал ауылдық жерде - 6,66 (2024 жылы - 7,92). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Семейде жасөспірім ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды Семейде кәмелетке толмаған жасөспірім ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Абай облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұлттық алауыздықты қоздырды деп айыпталған жасөспірімге қатысты қылмыстық істі қарады (ҚР ҚК-нің 174-бабы). Сотта не анықталды? 2025 жылғы ақпанда кәмелетке толмаған Б. нәсілшіл "скинхедтер" қозғалысының көзқарастарын қолдай отырып, Telegram-да Skinheads industries-Semey атты чат құрған. Топтың әкімшісі бола отырып, ол адамдарды ұлттық белгісі бойынша кемсітетін, атап айтқанда Үндістаннан келген студенттер мен олардың мәдениетін қорлайтын хаттар және аудиохабарламалар жариялаған. Сонымен қатар жасөспірім чат қатысушыларын өз көзқарастарын қолдауға және басқа адамдарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да осы қауымдастыққа тартуға шақырып, Семей аумағында экстремистік идеяларды таратуға әрекет жасаған. Қандай жаза сұралды? Мемлекеттік айыптаушы Б.-ға 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жасөспірім өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген. Сот үкімі "ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабы 2-бөлігі 2-тармағы талаптарын ескере отырып, сот Б.-ға 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сот ҚР ҚК-нің 81-бабы 6-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу жазасы екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалатынын назарға алды", - делінген хабарламада. Сот үкімі заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана маңында бір отбасы мүшелері қатыгездікпен өлтірілген: тың дерек айтылды Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмыс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әділовтың айтуынша, кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, бұл аса ауыр қылмыстар санатына жатады. "Күдікті ұсталды. Ол сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында да қосымша тергеу шаралары жүргізіліп, тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр", - деді министрдің орынбасары. Сондай-ақ, ол күдіктінің бұрын сотты болғанын айтты, алайда нақты қандай қылмыс үшін сотталғанын нақтыламады. "ІІМ өкілі ретінде айта аламын, адамның кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтау тек соттың, әділ соттың құзыреті. Қылмыстық қудалау органының, бұл жағдайда полицияның міндеті - дәлелдерді жинау, істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу, сондай-ақ қылмыстық құқықбұзушылықты дұрыс саралау", - деп түсіндірді Әділов. ІІМ өкілі қаза тапқандардың бірнеше адам екенін растады. "Қаза тапқандардың жеке басы анықталып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деп қосты ол. Еске салайық, бұған дейін мессенджерлерде Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында бір отбасы мүшелерінің қатыгездікпен өлтірілгені туралы үрейлі хабарлама тараған болатын. Полиция қызметкерлері жедел түрде күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран Түркияға қарай зымыран ұшырғаны туралы ақпаратқа жауап берді Иран Түркия бағытына баллистикалық зымыран ұшырғанын жоққа шығарды. Бұл туралы Ислам Республикасы Қарулы күштерінің Бас штабы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IRIB-ке сілтеме жасап. "Ислам Республикасы Иранның Қарулы күштері көршілес әрі достас Түркия елінің егемендігін құрметтейді және оның аумағына қарай зымыран ұшырылды деген кез келген ақпаратты жоққа шығарады", - делінген хабарламада. Мән-жайы Бұған дейін Түркия аумағында Ираннан ұшқан баллистикалық зымыран атып түсірілгені туралы хабарлаған болатын. "Иран аумағынан ұшырылып, Ирак пен Сирия әуе кеңістігі арқылы Түркияға қарай ұшқан баллистикалық зымыран уақытылы анықталып, Шығыс Жерорта теңізінде орналастырылған НАТО әуе және зымыран қорғаныс құралдарымен сәтті құлатылды", - деп хабарлады Түркия Қорғаныс министрлігі. Хатай провинциясы Дёртйол ауданына түскен бөлшек баллистикалық зымыранды көкте жою кезінде қолданылған тосқауыл зымыранға тиесілі деп хабарланды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Таяу Шығыстағы ахуал Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді. 1 наурызға қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. Тегеран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы Америка базаларына қарсы шабуыл жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times газетіне берген сұхбатында АҚШ әскери күштері қажет болған жағдайда Иранға шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыруға ниетті екенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды Мемлекет басшысының ұсынысымен Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты. Бұл туралы Сенат отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сенат шешімі бойынша, Асқаржан Кенжеғарин, Ғазиза Мұсабекова және Бейбіт Шармұхаметов судьялық қызметтен босатылды. Малаховтың айтуынша, Кенжеғарин мен Мұсабекова өз өтініштері бойынша, яғни зейнетке шығуына байланысты қызметінен кеткен. "Екі судьяның да 30 жылдан аса сот тәжірибесі бар. Асқаржан Қапезұлы сегіз жылдан аса уақыт бойы Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы қызметін атқарды және Жоғарғы сот судьясы болып жұмыс істеді. Ғазиза Шәмшитденқызы Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасын басқарды және он жылдан аса уақыт бойы Жоғарғы сот судьясы болып жұмыс істеді", - деді Малахов. Тағы бір судья Бейбіт Шармұхаметов зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылды. Оның сот жүйесіндегі еңбек өтілі шамамен 26 жыл болады, 19 жылдан аса Жоғарғы сотта жұмыс істеген. Жоғары сот кеңесінің төрағасы барлық судьяның кәсіби беделі жоғары екенін атап өтіп, Сенат депутаттарынан Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауды сұрады. Нәтижесінде депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шетелдегі жалақысы жоғары жұмыс: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернетте жарияланатын хабарландыру арқылы азаматтарды шетелдегі "жалақысы жоғары жұмысқа" тарту дерегі көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстар қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде түрлі хабарландыру сайттарында "табысы жоғары, жол ақысы мен жатын орны тегін, тәжірибе мен тіл білуді талап етпейтін оңай жұмыс ұсынамыз" деп хабарландыру жасайды. Мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-дағы арналарда, WhatsApp топтарында және өзге де онлайн алаңдарда таратылады. Алайда, ІІМ мәліметінше, шетелге барған азаматтар іс жүзінде мүлде басқа жағдайға тап болуы мүмкін: жеке куәлігі мен өзге де құжаттары қолды болуы; еркін жүріп-тұру мүмкіндігі шектелуі; интернет арқылы жасалатын алаяқтық схемаларға күштеп тартылу; уәде етілген жалақы берілмеуі; елге қайтару үшін ақша талап ету; қысым көрсету, қорқыту. Сақтық үшін мына жайттарды ескерген жөн: шетелге жұмысқа тек ресми тіркелген, лицензиясы бар агенттіктер арқылы барыңыз; жұмыс беруші туралы мәліметті және келісімшарт талаптарын жан-жақты тексеріңіз; құжаттарыңыз бен жеке дерегіңізді бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмаңыз; сапар бағыты мен баратын жеріңіз туралы жақындарыңызға алдын ала хабар беріңіз. Күмәнді ұсыныс алсаңыз немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген дұрыс. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Damumed-тегі жалған жазбалар: Алматы облысында тіс емдеу клиникаларындағы схема әшкере болды ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, жеке стоматологиялық клиникаларының директоры "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-пен жалпы сомасы 450 миллион теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасасқан. Шарт талаптарына сәйкес клиникалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуге міндеттенген. "Алайда күдікті медициналық ақпараттық Damumed жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәлімет енгізген. Нақтысында медициналық қызмет пациенттерге көрсетілмеген. Заңсыз әрекеттеріне заңдылық сипат беру мақсатында күдікті дәрігерлердің есептік жазбаларын, сондай-ақ клиникаларға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған", - делінген хабарламада. Нәтижесінде ортодонтиялық көмек көрсетудің 4 597 расталмаған жағдайы анықталды. Келтірілген залал сомасы 66 миллион теңге болған. "Сот санкциясымен банктік шоттардағы 23 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа, сондай-ақ құны 29 миллион теңгеге стоматологиялық жабдықтарға тыйым салынды. Тергеу барысында күдікті 11 миллион теңге көлемінде залалды өтеген. Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - дейді ҚМА өкілдері. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Тақ мұрагерімен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды. Президент пен Тақ мұрагері қақтығысқа қатыспаған елдердің аумағына шабуылдардың жалғасуы мұсылман үмбетінің өзара құрмет пен төзімділік танытатын айында орын алғанына қынжылатындарын жеткізді. Мемлекет басшысы отандастарымызды Қазақстанға эвакуациялауға көмектескен Корольдік Үкіметіне алғыс айтты. Өз кезегінде Тақ мұрагері қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдады. Тараптар екіжақты қатынастарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру, сондай-ақ халықаралық аренадағы бірлескен күш-жігерді үйлестіру мақсатында тұрақты саяси диалогты арттыруға уағдаласты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда қауіпті ауа райы: ТЖД маңызды ескерту жасады Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, 5 наурызда Алматыда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15 метр болады. "5 наурызда Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында қатты қар жауып, оңтүстік-шығыстан соғатын қатты жел екпіні секундына 18–23 метрге дейін жетеді, күндіз кей уақытта 28 м/с дейін жетуі мүмкін! Алматы ТЖД автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде ерекше мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Таулы аймақтарға бармау сұралады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Қазақстандағы маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды", - деп жазды Смадияров Telegram парақшасында. Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркия Ираннан ұшырылған баллистикалық зымыранды атып түсірді Түркия аумағында Ираннан ұшқан баллистикалық зымыран атып түсірілді. Бұл туралы Түркия Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Иран аумағынан ұшырылып, Ирак пен Сирия әуе кеңістігі арқылы Түркияға қарай ұшқан баллистикалық зымыран уақытылы анықталып, Шығыс Жерорта теңізінде орналастырылған НАТО әуе және зымыран қорғаныс құралдарымен сәтті құлатылды", - делінген хабарламада. Хатай провинциясы Дёртйол ауданына түскен бөлшек баллистикалық зымыранды көкте жою кезінде қолданылған тосқауыл зымыранға тиесілі деп хабарланды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Таяу Шығыстағы қақтығыс Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді. 1 наурызға қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. Тегеран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы Америка базаларына қарсы шабуыл жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times газетіне берген сұхбатында АҚШ әскери күштері қажет болған жағдайда Иранға шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыруға ниетті екенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда жеке үйге тонауға түскен қарулы қарақшылар ұсталды Алматыда жекеменшік тұрғын үйге қарулы шабуыл жасалды. Полиция қылмыстың бетін ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қаскөйлер қарумен қорқытып, ақша мен алтын бұйымдарды иемденген. Келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 4 миллион теңге болған. "Жедел және тергеу іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақтың қатысуымен қылмысқа қатысы бар барлық адамды анықтап, ұстады. Ұрланған мүліктің бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды, қалған бөлігі сараптама жүргізу үшін тәркіленді", - делінген хабарламада. Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараевтің айтуынша, қылмыс мұқият жоспарланған, күдіктілер ізін жасыруға әрекеттенген. "Күдіктілердің іс-әрекеттері толық тіркелді, заттай дәлелдемелер мен техникалар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Ұсталғандардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көкшетау тұрғыны айып тұрағынан көлігін аламын деп басы бәлеге қалды Көкшетау тұрғыны көлігін жалған құжатпен алып кетпек болған, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Ер адам көлікті беру туралы рұқсат қағазын көрсеткен, алайда полицейлер оның түпнұсқа екеніне күмән келтірді. Олар құжаттағы мөр жалған екенін алдын ала анықтады. Жүргізуші мас күйде басқарған автокөлік 2025 жылдан бері айыптұрақта тұрған. Сондай-ақ 2018 жылдан бері бұл көлік Ресейде іздеуде жүргені белгілі болды. Жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады. Полицейлер жүргізушілерді мәселені шешу үшін заңсыз тәсілге жүгінбеуге шақырады. Заңды айналып өту әрекеттері заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Мусинді қабылдады Мемлекет басшысы "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қызметі мен соңғы екі жылда жүзеге асырған негізгі инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларының қорытындылары жөнінде баяндалды. Бүгінде "Қазақтелеком" 1,75 миллионнан астам үй шаруашылығына қызмет көрсетеді. Компания ел аумағында талшықты-оптикалық желіні жүйелі түрде кеңейтіп, телекоммуникация нарығының негізгі сегменттерінде көшбасшылық орнын сақтап отыр. Елді мекендерді байланыспен қамту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. 2027 жылдың соңына дейін 1 миллионнан астам тұрғыны бар 3 мыңнан аса ауылды сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған. Мемлекет басшысына "Каспий ТОБЖ" халықаралық жобасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді. Аталған жоба Ақтау – Сумгаит бағытында суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салуды көздейді. Бұл бастама Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз қалыптастырмақ. Кездесу барысында деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Екібастұз қаласында "Деректерді өңдеу орталығы алқабы" стратегиялық жобасы аясында қуаты кезең-кезеңімен ұлғайтылатын заманауи орталық құрылуда. Бұл жоба халықаралық технологиялық компанияларды тартуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жол ашады. Бағдат Мусиннің айтуынша, жасанды интеллект технологияларын енгізуге басымдық беріледі. Корпоративтік процестерді автоматтандыруға арналған ЖИ-агенттерді әзірлеу, киберқауіпсіздік шешімдерін жетілдіру және мемлекеттік секторды цифрландыру бойынша бірқатар жоба қолға алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев шағын қалалар мен ауылдарды сапалы байланыспен және интернетпен қамтудың маңызына назар аударды. Президент цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту салаларында инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды тапсырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Қазгидромет 5, 6, 7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауады. 5, 6 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. "Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі, солтүстік өңірлерде боран соғады. Елдің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таяу Шығыстағы қақтығыс теңге мен мұнайға қалай әсер етеді - Жұманғарин пікірі Таяу Шығыстағы қақтығыс Қазақстанның логистикасына айтарлықтай әсер ете қоймайды, алайда мұнай бағасының құбылуы ұлттық валюта бағамына ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы мәжілістегі брифинг барысында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, Қазақстанның негізгі логистикалық бағыттары Ресей мен Украина арасындағы ұзаққа созылған қақтығысқа байланысты геосаяси тәуекелдерге әлдеқашан бейімделген. "Парсы шығанағына келсек, бұл бағыттағы логистика біз үшін басым болған жоқ. Парсы шығанағы порттарын өте сирек пайдаландық. Жөнелтілімдер болды, бірақ әсер ететіндей деңгейде емес", - деді Жұманғарин. Премьер-министрдің орынбасары бұл өңір арқылы өтетін бағыттар инфрақұрылымның жай-күйі мен бірнеше ел арқылы транзитке байланысты күрделі екенін айтты. Сонымен қатар Серік Жұманғарин Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы мұнай бағасы арқылы экономикаға әсер етуі мүмкін екенін растады. "Мұнай бағасының құбылуы, әрине, бағамға, бағам айырмасына әсер етеді. Сондықтан бағамның құбылмалылығы жақсы нәрсе емес. Біз бұл мәселені Ұлттық банкпен бірге қарастырамыз", - деді ол. Премьер-министр орынбасарының айтуынша, елге экономикалық жобаларды іске асыру үшін бағам тұрақтылығы маңызды. "Мәселе теңгенің нығаюында емес, құбылмалылықта. Құбылмалылық әрдайым алаңдаушылық тудырады, ал бізге тұрақтылық қажет", - деді Серік Жұманғарин. Таяу Шығыстағы қақтығыс Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді. Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times газетіне берген сұхбатында АҚШ әскери күштері қажет болған жағдайда Иранға шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыруға ниетті екенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Салық кодексіне тағы да түзетулер енгізілуі мүмкін Қазақстанда жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізілуі мүмкін. Бұл ақпаратты премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Вице-премьер барлық ұсыныс қаралып жатқанын, түзетулер жыл соңына қарай қабылдануы мүмкін екенін айтты. "Белгілі бір мәселелер бойынша қарау және жауап беру мерзімін белгіледік: 3, 5, 10 күн. Егер осы уақыт ішінде жауап бере алмасақ, демек бұл мәселе жүйелі сипатқа ие деген сөз, ол Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобында талқыланатын "сұрақтар қоржынына" түседі. Бұл - жыл сайын отырыс өткізетін стандартты жұмыс тобы. Бәлкім, өзгерістерді осы жылдың соңында көретін шығармыз. Олар келесі жылы күшіне енуі мүмкін. Кейбір тұста Бюджет пен Салық кодекстері арасында сәйкессіздіктер болды. Бірақ жалпы жағдай жұмыс тәртібінде", - деді Серік Жұманғарин мәжілістегі брифинг барысында. Министр Салық кодексі ондағы түзетулер 1 қаңтардан бастап күшіне енетіндей етіп жасалғанын айтты. "Сондықтан қандай да бір түзетулер енгізілсе, олар 1 қаңтардан бастап енгізіледі. (...) Қазір қоғамды дүрліктіріп, бір-екі түзетуді атағым келмейді. Бірақ қажет болса, дүйсенбі күні жариялауға дайынмын, қаласаңыздар. Бұл мүлде құпия емес", - деп қосты ол. Еске салайық, қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді тапсырып, бұл құжат "қасиетті жазба емес", оған өзгерістер енгізуге болатынын айтты. Келесі күні премьер-министр Олжас Бектенов Серік Жұманғаринге Салық кодексіне қатысты халық пен бизнес өкілдерінен түскен ұсыныстарды жинақтап, талдауды тапсырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Израиль Иранның жаңа көшбасшысына қоқан-лоққы көрсетті Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның кез келген жаңа көшбасшысы Израиль армиясының "сөзсіз жою нысанасы" болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Израильді жою жоспарын жалғастыру, АҚШ-қа, еркін әлем мен аймақ елдеріне қауіп төндіру, сондай-ақ иран халқын қыспақта ұстау үшін Иран режимі тағайындаған кез келген көшбасшы сөзсіз жою нысанына айналады. Оның аты-жөні кім екені және қайда жасырынғаны маңызды емес", – деп жазды Кац Х әлеуметтік желісінде. Израиль Қорғаныс министрлігінің басшысы премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен бірге армияға осы тапсырманы орындауға дайындалып, барлық шараны қабылдау туралы нұсқау бергенін қосты. Айта кетейік, бұған дейін БАҚ дереккөздерге сілтеме жасап, Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба елдің келесі жоғарғы көшбасшысы етіп сайлағаны хабарланған болатын. Еске салайық, 1 наурызға қараған түні Иран Жоғарғы көсемі Әли Хаменеидің қайтыс болғаны белгілі болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев бірқатар мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақордада Қазақстан Президентіне сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Сенім грамоталарын Норвегия Корольдігінің елшісі Хелена Санд Андресен, Аргентина Республикасының елшісі Энрике Игнасио Феррер Виейра, Гана Республикасының елшісі Кома Стим Джеху Аппьях, Мали Республикасының елшісі Сейду Камиссоко, Гамбия Республикасының елшісі Алкали Фанка Конте, Бангладеш Халық Республикасының елшісі Мұхаммед Назрул Ислам, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшісі Шобини Гунасекера, Босния және Герцеговина елшісі Иван Орлич тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму перспективасы жөнінде әңгімеледі. "Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан Қазақстан аймақтағы тұрақты әрі экономикасы қарқынды ел саналады. Дегенмен біз қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсімей, экономикалық реформаларды дәйекті түрде жалғастырып келеміз. 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Мемлекетті одан әрі өркендету жолындағы бұл маңызды құжатты халқымыз қолдайды деп ойлаймыз. Жаңа Конституция Қазақстанда қолға алынған іргелі өзгерістерге берік негіз қалап, демократияландыру мен жан-жақты жаңғырту ісіне қомақты үлес қосады, сол арқылы елімізді дамытуда тың мүмкіндіктерге жол ашып, халықтың әл-ауқатын арттырады деген үміттеміз", – деді Президент. Мемлекет басшысы Қазақстанның бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, әлемдегі барлық кикілжіңдер мен қақтығыстар дипломатиялық құралдар арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Шығанақ елдеріне әрдайым тілектес екенін және шиеленістің тезірек шешілуіне үміт артатынын жеткізді. Кездесу соңында Президент шет мемлекеттер елшілерінің жауапты қызметіне табыс тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда азық-түлік неге қымбаттап кетті? Қазақстанда азық-түлік неге қымбаттап кетті? Бұл сұраққа премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілістегі брифингте журналистердің сұрағына жауап берген Серік Жұманғарин азық-түлік бүкіл әлемде қымбаттап жатқанын айтты. "Азық-түлік қымбаттағанын ҚҚС-мен ғана байланыстырудың қажеті жоқ. Мұнда көптеген нюанс бар. Барлық тағам түрімен өзімізді қамтамасыз етпейтінімізді білесіздер. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің көпшілігі бойынша өзімізді 70-тен 90 пайызға дейін қамтамасыз етіп отырмыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен ғана шектелмей, өзге де тағам түрлерін тұтынатын азаматтар олардың бір бөлігі импорт арқылы жеткізілуі мүмкін екенін ескеруі қажет", - деді Серік Жұманғарин. Вице-премьер кейінгі уақытта бүкіл әлемде сүт пен ет бағасы айтарлықтай өскенін мәлімдеді. "Бұл не деген сөз? Экспортта біздің өнімдеріміз сұранысқа ие бола бастайды. Фермерлеріміз өнімдерін экспортқа сатқысы келеді, өйткені ол жақта баға жоғары. Біз "экспортқа сатпаңыздар, ішкі нарықта сатыңыздар" дейміз. Олар "біз пайда тапқымыз келеді, ішкі нарықта бағаны көтереміз" дейді. Бұған тыйым сала алмаймыз", - деп түсіндірді шенеунік. Премьер-министрдің орынбасары қаңтардың қорытындысы бойынша Қазақстанда азық-түлік инфляциясы 0,8 пайыз, ал Ресейде 2 пайыз болғанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстан өнімдердің басым бөлігін Ресейден алады. Осылайша импорттағы инфляция байқалады. Журналистер мұндай жағдайда жалақысы төмен адамдар, зейнеткерлер не істейтінін сұрады. Вице-премьер кедейлік шегінен төмен жағдайда тұратын азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетінін, ал зейнетақы көтерілетінін жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Наурызда демалыс күндерінің саны артуы мүмкін - әділет министрі Наурызда Қазақстанда демалыс күндерінің саны артуы мүмкін. Бұл туралы мәжілістегі брифинг кезінде әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Егер азаматтардың көпшілігі жаңа Конституция жобасын қолдаса, бұл күн 30 тамыздың орнына Қазақстандағы жаңа мереке әрі демалыс күні болуы мүмкін. "94-бап (жаңа Конституция жобасында - еск.) дәл осы мәселеге арналған, екінші тармағында: "Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болады" деп көрсетілген. Яғни, егер халық дауыс беріп, Конституцияның жаңа редакциясын қолдаса, 15 наурыз Конституция күні болып есептеледі. Тиісінше, сіз айтып отырған 30 тамыз күшін жояды. 15 наурызда азаматтарымыз қабылдайтын шешімге сүйенеміз", - деді Ерлан Сәрсембаев. Журналистер "биыл 30 тамызда Конституция күні болмай ма" деп нақтылап сұрады. "Мұның бәрі республикалық референдумның қорытындысына байланысты", - деп қысқа жауап берді министр. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 15 наурыздағы референдумда жаңа Конституция қабылданса, онда 30 тамыз мерекелік демалыс күні болмай қалуы мүмкін екенін растаған еді. "Егер Конституция күні мемлекеттік мерекесі өзге күнге бекітілсе, тиісті заң күшіне енген күннен бастап, 30 тамыз мемлекеттік мереке мәртебесін жоғалтады", - деп хабарлады министрлік. Айта кетейік, 2026 жылы қазақстандықтарды 119 демалыс және 246 жұмыс күні күтіп тұрған еді. Енді биыл демалыс күндерінің саны бір күнге қысқаруы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін зейнетақы алу үшін қанша ақша жинау керек: БЖЗҚ есебі Ай сайын 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін зейнетақы алу үшін зейнетақы қорына қанша ақша жинау керек? Бұл сұраққа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қор есебіне сәйкес: айына 500 000 теңге алу үшін 92,3 миллион теңге жинау қажет; 800 000 теңге - 147,7 миллион теңге; 1 000 000 теңге - 184,6 миллион теңге. Қор мұндай есептеу толық еңбек өтілі негізінде, яғни, 40 жыл бойы тұрақты зейнетақы жарналары аударылған жағдайда жасалғанын нақтылады. "БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері бекітілген әдістеме бойынша есептеледі. Бірінші жылы ай сайынғы төлем мөлшері жинақ сомасының 6,5 пайызы негізінде есептеліп, 12 айға бөлінеді. Кейін жыл сайын 5 пайыз индексация қолданылады", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берілген жауапта. Мысал ретінде қор мынадай есептеулерді келтірді: 10 миллион теңге жинақталған жағдайда зейнетақы 54 167 теңге болады; 50 миллион теңге - 270 833 теңге; 100 миллион теңге - 541 667 теңге. Бұл ретте салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыс үлесі 40–70 пайыз болуы мүмкін. Зейнетақы қорының өкілдері төлемдердің мөлшері жүйеге қатысу ұзақтығына және жарналардың тұрақтылығына тікелей байланысты екенін атап өтті. Бұған дейін БЖЗҚ өкілдері еш жерде жұмыс істемеген қазақстандықтар зейнетақыны қалай алатынын айтқан болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының қазіргі мөлшерін атады. "2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы - 103 931 теңге, базалық зейнетақы - 53 912 теңге", - деп хабарлады Еңбек министрлігі. Еске салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақының барлық түрі, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақы 10 пайызға индекстелді. Индекстеу 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда Ұлттық банктің болжамды инфляция деңгейін ескере отырып қарастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Баланың қолын қайырған“: Алматыдағы түзеу орталығының жаттықтырушысы ұсталды Алматыда түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Мән-жайы Instagram блогер ер адам баланың қолын қайырып жатқан видео жариялады. Қыз Алматыдағы түзету орталығында тәрбиеленушілерді жүйелі түрде ұрады деп жазған. Оның айтуынша, олардың көпшілігінде сөйлеу бұзылыстары бар, сондықтан өздеріне қатысты қатыгездікті жақындарына айтып бере алмайды. Алматы полициясы не дейді? Алматыдағы Алмалы аудандық Полиция басқармасы түзету орталықтарының бірінің қызметкері тарапынан жасалған құқыққа қарсы әрекеттер дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. "Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынып жатыр", - делінген хабарламада. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені айтылды. Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таяу Шығыстан жүздеген қазақстандық елге оралды 4 наурызда Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған қазақстандықтар мінген ұшақтар әуежайларға қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады: KC2202 рейсі Ақтауға сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды; KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам; KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам; KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды. Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар. "Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген ААК хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан армиясы туралы Threads-тағы даулы жазба авторы жазалануы мүмкін Threads әлеуметтік желісінде армияда өзіне сексуалдық зорлық жасалғаны туралы жазған автордың жеке басы анықталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпанда Threads-те анонимді хабарлама жарияланып, оның авторы командир тарапынан сексуалдық зорлық көргенін мәлімдеген. Жазба желіде тез тарап, мыңдаған қаралым мен пікір жинап, қолданушылар арасында қызу талқылау тудырды. Кейін жазба авторы өз парақшасында қаражат жинайтынын хабарлады. Ол ақшаның "қауіпсіздік мақсатында" шетелге көшуге және баспана жалдауға қажет екенін айтқан. Пайдаланушы түскен қаражат туралы есеп жариялап отырған. Соңғы жазбаларының бірінде 329 230 теңге жиналғанын мәлімдеген. Tengrinews.kz редакциясы Қорғаныс министрлігіне ресми сауал жолдады. Ведомство мәліметінше, тексеру барысында жазба авторының жеке басы анықталып, ол келтірген мәліметтер расталмаған. "Құзырлы органдар жан-жақты тексеру жүргізді. Жағдайдың мән-жайын анықтау барысында өтініш авторының жеке басы белгілі болды, сондай-ақ оның мәлімдеген деректерінің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Аталған оқиға шындыққа жанаспайды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызметтің беделін түсіру мақсатында әдейі таратылған", - делінген Қорғаныс министрлігі жауабында. Министрлік материалдардың процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданғанын қосты. "Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - деді министрлік өкілі. Сондай-ақ ведомство әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты жарияламауға және таратпауға, ресми дереккөздерге сенуге шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
4 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады? 4 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі: жаңбыр мен қар жауып, кей өңірлерде боран мен көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол түседі, негізінен жаңбыр түрінде. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал. Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Астанада түнде аздаған қар, көктайғақ пен бұрқасын болжанады. Алматыда күндіз жаңбыр жауып, тұман мен тайғақ болуы мүмкін. Шымкентте жаңбыр, кей сәттерде нөсер жауын күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қар, боран және екпінді жел болжанады. Батыс өңірлерде (БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе) жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстік аймақтарда — Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жаңбыр басым, таулы жерлерде қар жаууы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 20-28 метрге дейін жетеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтарға ақылы жолмен жүргені үшін төлем жасауға бір ай уақыт берілмек Қазақстанда ақылы жолдармен жүргені үшін төлем жасау мерзімін ұзарту жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Auto. Оның айтуынша, жүргізушілер төлем мерзімін ұзарту туралы өтініш білдірген. Қазір жол ақысын бір апта ішінде төлеу керек. "Жол пайдаланушылардың өтініші бойынша ақылы жолдармен жүргені үшін төлем жасау мерзімін 7 күннен 30 күнге дейін ұзарту нормасы енгізіледі, тиісті түзетулер уәкілетті органдарда келісіліп жатыр", - деді Иманашев. Былтырғы қорытынды бойынша, ақылы жолдардан 87 миллиард теңге жиналған. "ҚазАвтоЖол" басшысының айтуынша, бұл қаражаттың барлығы ақылы учаскелерді күтіп ұстауға бағытталған. 2024 жылы бұл сома 48 миллиард теңге болған. Қазір Қазақстанда қолданыстағы ақылы жолдардың жалпы ұзындығы шамамен 4 800–4 900 шақырымға жетеді. Бұған дейін Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев биыл ақылы жолдарды пайдаланудан қазынаға 100 миллиард теңге жинау жоспарланып отырғанын хабарлаған еді. Былтыр түсім 80 миллиард теңге болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
20 жыл бұрын кісі өлтірген қазақстандық сотталды Алматы облысында шамамен 20 жыл бұрынғы кісі өлтіру ісі бойынша тергеп-тексеру аяқталды. Прокуратура қызметкерлерінің бастамасымен қылмысқа қатысқан сыбайлас анықталып, жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 2006 жылғы қыркүйекте Алматыда үш адам такси жүргізушілері ретінде Қырғызстан азаматын автокөлікке отырғызған. Олар әйелді буындырып өлтіріп, жеке заттарын ұрлап, мәйітін "Алматы – Қапшағай" тасжолына тастаған. 2007 жылы екі сыбайлас сотталып, ал үшінші адамға қатысты іс жүргізу тоқтатылған. Қылмыстық іс мұрағатта болып, талаптарға қарамастан өткен жылдардағы ашылмаған кісі өлтірулер тізіміне енгізілмеген. Алматы облысы прокуратурасының қызметкерлері Аида Иманалиева мен Әлия Сәрсекеева өткен жылдардағы істерге мониторинг жүргізу барысында негізсіз тоқтатылған іс жүргізу мен қылмыскерді іздестіруге тиісті бақылаудың болмағанын анықтады. "Деректер базасы жан-жақты салыстырылып, қосымша мәліметтер сұрату арқылы күдіктінің Қарасай ауданындағы нақты орналасқан жері анықталды", - дейді қадағалау органы. 2025 жылғы 9 шілдеде күдікті ұсталған. Дәлелдемелер жиналғаннан кейін іс сотқа жолданған. Таяуда сот айыптау үкімін шығарып, кінәлі адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Беделі зор мемлекеттің басшысы“: Оман сұлтаны Тоқаевтың шақыруын қабыл алды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, осынау қиын сәтте бауырлас Оман халқына тілектес екенін жеткізді. Президент Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Шығанақтағы елдердің азаматтық нысандарына әуеден шабуылдауға байланысты алаңдаушылық танытты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жағдайды ушықтырмай, тараптарды диалог пен дипломатия арқылы қақтығысты шешу жолдарын іздеуге шақыратынын атап өтті. Бұл ретте Президент аймақтағы бітімгерлік әрекеттерге белсене атсалысатын ел ретінде Оманның халықаралық абырой-беделі жоғары екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы еліміздің азаматтарын қақтығыс аймағынан Оман арқылы эвакуациялау мәселесіне тікелей араласқаны үшін Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы қолдауына алғыс айтып, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанын жыл соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын тағы да растады. Бұл сапар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан айрықша маңызға ие болмақ. Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид әлемдік қоғамдастықта беделі зор мемлекеттің басшысы шақыруын ықыласпен қабыл алатынын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Щучинск дәмханасындағы жарылыс: зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды Щучинскідегі "Центр плова" кафесінде жарылыс кезінде зардап шеккен тағы екі адам ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандар саны тоғыз адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің қайтыс болғанын хабарлады. "Щучинскідегі стационарда ең ауыр жағдайда болған екі пациент барлық шара жасалғанына қарамастан көз жұмды. Қаза болғандар саны тоғыз адамға жетті", - делінген Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында. Еске салсақ, Щучинскідегі жарылыстан 28 адам зардап шегіп, 7 адам қаза тапқан: 5-еуі оқиға орнында, 2-еуі ауруханада, бес адам санавиациямен Астанаға жеткізілді. "2 наурыздағы жағдай бойынша "Авиценна-Бурабай" стационарында төрт пациент қалған, тағы төрт адам - Ақмола облыстық ауруханасының реанимация бөлімінде. Аймақ дәрігерлері әр пациенттің өмірін сақтап қалуға бары күшін салып жатыр", - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы. Бұған дейін "Центр плова" кафесінің иесі ұсталғаны белгілі болды. Прокуратура дерегінше, қылмыстық іс ҚК 292-бабының 3-бөлімі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қозғалған. Щучинскідегі жарылыс Еске салсақ, 26 ақпанда кешке Щучинскідегі "Центр плова" дәмханасында жарылыс болып, өрт шықты. Оқиға салдарынан жеті адам қаза тапты: бесеуі - оқиға орнында, тағы екеуі - реанимацияда. Қаза болғандар арасында 16 жасар қыз бар. Қаза тапқан алты адам кафе қызметкерлері болған. 26 адам жараланды, олардың көпшілігі әртүрлі дәрежеде күйік алған. Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов қаза болғандардың отбасыларына екі миллион теңге біржолғы материалдық көмек берілетінін, зардап шеккендерге бір миллион теңгеден төленетінін айтты. Оның сөзінше, әкімдік жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өз мойнына алған. Қаралы жиынға келген туыстарына тұрғын үй мен қолдау көрсетілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Щучинскідегі қайғылы оқиға: дәмхана иесі ұсталды Ақмола облысының прокуратурасы Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталғанын хабарлады. Жарылыс пен өрт салдарынын бірнеше адам қаза тапқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Прокуратура мәліметінше, Щучинскідегі "Центр плова" дәмханасында болған өрт дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2 наурызда дәмхана иесі ұсталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство. Айта кетейік, Ақмола облыстық Денсаулық сақтау департаменті жансақтау бөлімінде жатқан тағы екі адамның қайтыс болғанын хабарлаған болатын, осылайша қаза тапқандар саны тоғызға жетті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан СІМ өкілі Ираннан келуі мүмкін босқындар туралы сұраққа жауап берді Қазақстан Ираннан келуі мүмкін босқындар ағынына дайын ба? Бұл сұраққа сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр орынбасарының айтуынша, қақтығыс басталғалы бері Иранда немесе Таяу Шығыстың өзге елдерінде тұратын этникалық қазақтардан ресми өтініш түспеген. "Ерекше назар аудару керек мәселе: бұл Иран Ислам Республикасының азаматтары. Біз бұған дейін басқа мемлекеттердің ісіне араласпау саясатын ұстанатынымызды айттық. Сондықтан теориялық тұрғыдан айтсақ, егер азаматтар өтініш білдірсе, мәселе олардың этникалық тегіне емес, азаматтығына байланысты қаралады", - деді Бақаев үкімет отырысынан кейін. Журналистер "мұндай азаматтарға босқын мәртебесі беріле ме?" деп сұрады. Бақаев олар қолданыстағы хаттама талаптарына сай келсе бұл мүмкін екенін айтты. "Мұндай хаттамалар бар. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде қандай жұмыс жүргізу керегін біледі. Бірақ тағы бір рет атап өтемін, мұндай өтініш болған жоқ, мұндай дабыл жоқ, мәселе біздің бақылауымызда", - деді СІМ басшысының орынбасары. Айта кетейік, Қазақстан мен Иран Каспий теңізі арқылы көршілес мемлекеттер, бірақ құрлықта шекараласпайды. Елдер арасындағы көлік қатынасы теңіз порттары және Түркменстан арқылы өтетін темір жол магистралі арқылы жүзеге асырылады. Бұған дейін Әлібек Бақаев Қазақстан үшінші мемлекеттердің ісіне араласпау ұстанымын ұстанатынын айтқан болатын. Сонымен қатар, Қазақстан өтініш түскен жағдайда қақтығысушы тараптар келіссөз жүргізу үшін алаң ұсынуға дайын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таяу Шығыстағы ахуал: Қазақстан келіссөздер алаңын ұсынуға дайын Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлібек Бақаев Қазақстан үшінші елдердің ісіне араласпау ұстанымын сақтап келгенін, ұстанатынын және ұстана беретінін айтты. "Сондықтан бұл жағдайда біз Иранның да, шабуылға ұшыраған елдердің де, ешкімнің жағында емеспіз. Біз, ең алдымен, мұндай, әсіресе әскери қақтығыстардың болмауын қалаймыз. Ал егер туындаса, олардың шешімі дипломатиялық үстел үстінде. Біз мұндай қақтығыстар халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысына сәйкес шешілуі керек деген ұстанымдамыз. Мұның бәрі халықаралық құжаттарда жазылған. Бұл ұстаным өзгермейді", - деді министрдің орынбасары. Сонымен қатар, министрдің орынбасары Қазақстан қажет болған жағдайда қақтығысушы тараптар келіссөз жүргізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін жеткізді. "Мұндай тәжірибеміз бар. Бұған дейін Алматыда Армения мен Әзірбайжанға алаң ұсынылып, ол мәселені шешуге зор үлес қосты. Сирия бойынша сириялық билік пен оппозициялық топтар арасында келіссөздердің 20-дан астам раунды өтті. Осы елдердің дипломатиялық қатысуы әскери қақтығысты тоқтатуға және қақтығысқан немесе жауласып жүрген тараптардың келіссөз үстеліне отыруына септігін тигізді. Сондықтан бізде мұндай тәжірибе бар. Өтініш білдірсе мұқият зерделейміз. Бүгінде мұндай өтініш болған жоқ", - деді Бақаев. Еске салсақ, 2 наурызда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Иранға қатысты жағдай бойынша мәлімдеме жасады. Ведомство Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдірді. Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомство соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ жоғары басшылық өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына көңіл айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Біздің юрисдикциямызға жатады“ - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуров туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтан әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдай сұралды. Еске салайық, Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін ол Қазақстанға келген еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет кулуарында журналистер Нұрлан Сабуров Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне көмек сұрап жүгінген-жүгінбегенін сұрады. "Менің білуімше, жүгінген жоқ. Соңғы уақытта, әсіресе соңғы үш күнде бұл мәселелермен айналысқан жоқпыз. Қазір негізгі мәселе - Таяу Шығыс және азаматтарымыздың елге аман-есен оралуына көмектесу", - деп жауап берді Әлібек Бақаев. Министр орынбасарынан Сабуровтың Қазақстаннан кеткені рас па және егер ол елге қайта оралса не болады деген сұрақ қойылды. Себебі оған қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. "Бұл жөнінде ІІМ-нің көші-қон органдарына жүгінген дұрыс шығар, олар ішкі көші-қон мәселесі (қадағалайды - еск.). Мұндай сұраулар болған жоқ. Ол Қазақстан азаматы, сондықтан толықтай біздің заңнаманың юрисдикциясына жатады", - деді Бақаев. Оның мәліметінше, Ресей билігі де Қазақстан СІМ-ге жүгінбеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ішкі істер министрі Сәденовті қабылдады Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке елдегі криминогендік ахуал туралы және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды. Ержан Сәденов биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендегенін жеткізді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,3 мыңға аз. Құқықбұзушылықтың негізгі санаттарындағы көрсеткіш төмендеп, қылмыстарды ашу деңгейінің артқаны байқалады. Интернет-алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жалғасуда. Алдын алу шаралары және шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың арқасында киберқылмыс көлемі 4 пайызға төмендеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында 71 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 11 топтың қызметі тоқтатылды. Есірткі қылмысына қарсы күрес белсенді түрде жүргізіліп келеді: бес есірткі зертханасы жойылды. 881,5 кило әртүрлі есірткі заттарының, соның ішінде 104 килодан астам синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға енуіне жол берілмеді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшелердегі құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану, көші-қон бақылауын күшейту және жазадан бұлтартпау жөніндегі шаралар туралы мәлімет берілді. Азаматтарды қорғауға бағытталған заңнамалық бастамаларға ерекше назар аударылды. 2025 жылы «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» Заң қабылданды. Дропперлік, сталкинг және некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан қақтығыс аймағынан мыңдаған азаматты қалай шығармақ? СІМ түсіндірді Қазақстанда Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялау жөніндегі штаб құрылды. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрдің айтуынша, жағдай ушығып кеткеннен кейін Президент Сыртқы істер министрлігінің базасынан штаб құруды тапсырған. Эвакуацияның авиациялық бөлігі екі негізгі бағыт бойынша, яғни Түркия және Сауд Арабиясы арқылы ұйымдастырылған. "Жолаушылар саны 5 мыңға жуық. Бұл көрсеткіш үнемі өзгеріп отырады", - деді Нұрлан Сауранбаев. Министр алғашқы эвакуациялық рейсті Flydubai әуекомпаниясы орындағанын айтты. Қазақстан тарапынан Air Astana және SCAT әуекомпанияларынан алты борт жұмылдырылған. Оман және Сауд Арабиясы арқылы эвакуациялау Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев кешегі Flydubai рейсі билетті 28 ақпанға дейін сатып алған, бірақ 1, 2 наурызда ұшып кете алмаған азаматтар үшін орындалғанын мәлімдеді. Ол Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін тұтастай жауып тастағанын, бірақ әуекомпанияларға бұған дейін сатылған билеттер бойынша жолаушылар алдындағы міндетін орындауға рұқсат етілгенін айтты. Билетсіз транзит аумағында жүрген, сондай-ақ, БАӘ мен Қатарда тұратын Қазақстан азаматтары көрші мемлекеттер арқылы тасымалданады. "Бүгін Дубайдан азаматтарымыз отырған алғашқы автобустар шықты. Күннің аяғына дейін Оманнан 467 азаматты Қазақстанға қайтаруды жоспарлап отырмыз", - деді Әлібек Бақаев. Сондай-ақ, Сауд Арабиясы арқылы маршрут жасалған: азаматтар Қатардан Эр-Риядқа және одан әрі Жиддаға автобустармен жеткізіледі, сол жерден қазақстандық әуекомпаниялар елге рейстер орындайды. Ираннан азаматтарды шығару СІМ өкілінің айтуынша, Ираннан эвакуация Армения, Әзербайжан және Түрікменстан арқылы құрлық жолымен жүзеге асырылады. "Түркіменстан аумағы арқылы Иранның солтүстігіндегі Горган қаласында болған Қазақстанның 18 азаматы шығарылды", - деді ол. Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді. Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times газетіне берген сұхбатында АҚШ әскери күштері қажет болған жағдайда Иранға шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыруға ниетті екенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бір адамның қолында мыңнан аса пәтер: Қазақстандағы ең ірі меншік иелерінде қанша баспанадан бар? Қазақстанда 1 267 адам оннан аса пәтерге иелік етеді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ хабарлады, - деп хабарлайды TengriHOME. Мемлекеттік корпорация ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша 172 236 адамның екіден көп пәтері бар, ал бестен артық пәтері бар 11 072 адам тіркелген. "1267 адамның 10-нан аса пәтері, 281 адамның 20-дан аса пәтері және 74 адамның 50-ден аса пәтері бар. Бір жеке тұлғаның атына тіркелген пәтерлердің ең көп саны – 1015", - делінген TengriHOME сауалына берілген жауапта. Сондай-ақ, ел бойынша барлығы 3 470 289 пәтер бар екені хабарланған. Айта кетерлігі, өткен аптада Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы Қазақстандағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 447,3 миллион шаршы метр болғанын хабарлады. Ал бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу 25,1 шаршы метр (оның ішінде қалаларда - 27,4 шаршы метр, ауылдық жерлерде - 21,3 шаршы метр). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Денсаулық сақтау министрлігі педиатриялық көмектегі өзгерістерді түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта педиатриялық учаскелер жабылатыны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды TengriHealth. Мән-жайы Денсаулық сақтау министрлігі "педиатриялық көмекті ұйымдастырудағы өзгерістердің талқылануын" түсіндірді. "Бұл педиатриялық учаскелерді қысқарту және жүйені әлсірету туралы емес, балаларды медициналық қолдаудың жаңа кеңейтілген кешенді моделін енгізу туралы", - деп мәлімдеді министрлік. Баланы кешенді медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету және мамандандырылған көмекті күшейту үшін былтырғы маусымнан бастап тұрғылықты жері бойынша емханаларда 366 педиатриялық бөлімше ашылған. Педиатриялық бөлімшелердің құрамына педиатр кабинеттері мен Даму және ерте араласу орталықтары кіреді. Онда патронаттық мейіргер, баланы дамыту бойынша мамандар, реабилитолог, логопед, психолог жұмыс істейді, сондай-ақ аудиологиялық скрининг кабинеті, егу кабинеті, тамақтану бойынша ресурстық орталық пен мектеп медицинасы кабинеті бар. "2025 жылдан бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек базасында 336 даму және ерте араласу орталығы жұмыс істейді. Бір жылдың ішінде орталықтарда 72 мыңнан астам балаға консультация берілді, даму бұзылыстарының анықталуы 21,5 пайыз артты", - дейді министрлік өкілдері. Педиатриялық учаскелер туралы не айтылды? Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолданыстағы моделі негізінде отбасылық-бағдарланған тәсіл жатыр: отбасы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады, ал медициналық қолдау жан-жақты және үздіксіз жүзеге асырылады. "Ата-аналар тек медициналық көмек қана емес, сонымен қатар балаға күтім жасау, тамақтандыру, дамыту және тәрбиелеу бойынша білім алады", - деп қосты баспасөз қызметі. Министрлік Қазақстанда отбасылық дәрігерлер учаскелерімен қатар педиатриялық учаскелер сақталама ма нақтылаған жоқ. Еске салайық, бұған дейін 2027 жылға қарай бүкіл ел бойынша әлі де жұмыс істеп тұрған педиатриялық және терапевтік учаскелердегі пациенттерді жалпы практика дәрігерлерінің учаскелеріне көшіру тапсырылғаны айтылған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Талғардағы зорлау, кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыру сұралды Талғарда ер адамды қатыгездікпен өлтіру, екі жасар қызды ұрлау және әйелді зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Прокурор басты айыпталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Контекст Еске салайық, 2025 жылғы 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызыл-Қайрат ауылында бір ер адам кәмелетке толмаған екі сыбайласымен жергілікті тұрғынды өлтіріп, оның екі жасар жиенін алып қашқан. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды, ал күдікті ұсталды. Оқиғадан бір ай бұрын ұрланған қыздың анасы полицияға зорлау туралы арызбен жүгінген. Отбасының адвокаты Гаухар Сәриеваның айтуынша, сол кезде полиция күдіктіні ұстау бойынша ешқандай нақты шара қолданбаған. Сот отырысы Жәбірленуші тараптың адвокаттары Жандос Палманов, Гаухар Сәриева және Асылбек Әбдіраимовтың айтуынша, прокурор іс бойынша басты айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр. Ал кәмелетке толмаған екі сыбайласқа (А. және К.) қатысты мемлекеттік айыптаушы әрқайсына 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру айыбы бойынша прокурор сотталушылардың әрқайсына 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Адам ұрлау эпизоды бойынша 7 жыл 6 ай талап етті. Қылмыстар жиынтығын ескере отырып, прокурор соттан кәмелетке толмағандардың әрқайсына түпкілікті 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады", – деп түсіндірді адвокат Палманов. Адвокаттардың айтуынша, жәбірленуші мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келіскен. Қорытынды шешімді сот сот талқылауы аяқталғаннан кейін шығарады. Іс бойынша айыпталушылар Ал Талғарда екі жасар қызды ұрлау, әйелді зорлау және ер адамды өлтіру деректері бойынша резонанс тудырған іс 2025 жылғы 4 желтоқсаннан бері жабық режимде қаралып жатыр. Іс бойынша үш күдікті: негізгі айыпталушы және кәмелетке толмаған екі сыбайласы. Негізгі күдікті – Е.-ге бірден 12 бап бойынша айып тағылған: 99-бап, 2-бөлік, 7-тармақ – "адам өлтіру (адамдар тобы болып)". 125-бап, 3-бөлік, 2-1-тармақ – "кәмелетке толмағанды тарта отырып адам ұрлау". 120-бап, 1-бөлік – "зорлау". 121-бап, 1-бөлік – "жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері". 190-бап, 3-бөлік, 4-тармақ – "адамдар тобы болып жасалған алаяқтық". 147-бап, 5-бөлік – "жеке өмірге қолсұқпау құқығын бұзу (онлайн платформаларда жеке деректерді заңсыз тарату)". 149-бап, 2-бөлік – "тұрғын үйге заңсыз кіру". 115-бап – "адам өлтіремін деп қорқыту". 287-бап, 3-бөлік – "қаруды заңсыз дайындау". 288-бап, 1-бөлік – "қаруды заңсыз сақтау". 200-бап, 1-бөлік – "ұрлау ниетінсіз көлікке заңсыз ие болу". 132-бап, 4-бөлік – "кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту". Ал кәмелетке толмаған екі күдікті – А. және К. – екі эпизод бойынша айыпталады: адамдар тобы болып кісі өлтіру және кәмелетке толмағанның қатысуымен бала ұрлау. Трагедия қалай болған? 6 қыркүйекте сол ер адам әйелдің ағасын атып өлтіріп, екі сыбайласымен бірге оның екі жасар қызын ұрлап кеткен. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды. Күдікті ұсталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады. Президент Болгарияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атап, екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы қазақ-болгар ықпалдастығы дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты мемлекеттік қызметі мен игі бастамаларына сәттілік, ал Болгария халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жолдарға 4,6 триллион теңге жұмсалмақ Қазақстанда алдағы үш жыл ішінде 4,6 триллион теңгеге жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрдің айтуынша, 2029 жылға дейін 10 мың шақырым автожолға орташа жөндеу жүргізілмек. Ол бүгінде 5 мың шақырым аяқталғанын айтты. 2029 жылға дейін тағы 5 мың шақырым жөнделеді. "Автожол жобаларын жүзеге асыру үшін елімізде негізгі құрылыс материалы бар. Бұл құрылысты толық қамтамасыз етуге және жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Инертті материалдар шектеулі өңірлерде ірі өндіріс орындарының техногендік минералдық қалдықтары (ТМҚ) пайдаланылады", - деді көлік министрі Нұрлан Сауранбаев. Министр алдағы үш жылда салада жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырым, қаржыландыру көлемі 4,6 триллион теңге болатын жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. Оларды жүзеге асыру транзиттік әлеуетті едәуір арттыруға және тікелей экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Шұғыл хабарландыру“: ІІМ желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді Желіде "шұғыл хабарландыру" тарады. ІІМ тек нақты дереккөздерге сеніп, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ішкі істер министрлігі атынан "шұғыл хабарландыру" тарады. Онда "Сирия мен Ауғанстаннан келген кез келген иммигрантпен тығыз қарым-қатынасқа түспеу" ескертілген. Ақпаратқа қатысты ІІМ баспасөз қызметі пікір білдірді. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан "шұғыл хабарландырудың" шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға үндеу жасады Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстың бірқатар елдеріндегі әскери-саяси ахуалдың ушығуы жағдайында күшейтілген режімде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өңірдегі шет елдердегі мекемелердің дипломаттары жағдайдың дамуын үздіксіз бақылап, жедел әрекет ету және консулдық-құқықтық көмек көрсету мақсатында жергілікті билік органдары және ҚР азаматтарымен тұрақты байланыста болып, әуежайларға жүйелі түрде барып отырғаны хабарланды. "Төтенше байланыс желілері мен мессенджерлердегі жедел чаттар арқылы азаматтармен тәулік бойы байланыста болу арқылы дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері өңірде және транзиттік аймақтарда орналасқан қазақстандықтардың тізімдерін тұрақты түрде жаңартып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген СІМ хабарламасында. Соңғы деректерге сәйкес, шиеленіс аймақтарында Қазақстан азаматтарының ең көп саны танымал туристік бағыттар, қажылық сапарлары орындары, сондай-ақ транзиттік хабтар шоғырланған жерлерде. Оның ішінде: БАӘ-де шамамен 3 500 адам, САК - шамамен 3 000 адам, Қатарда 1 500-ге жуық адам. Өңірдің басқа мемлекеттерге келсек, дипломатиялық өкілдіктердң ақпаратына сәйкес: Иранда 82 Қазақстан азаматы, Бахрейнде – 168 азамат, Кувейт пен Иорданияда – әрқайсысында 134 азаматтан, Израильде шамамен 100 азамат тіркелген. Әскери іс-қимылдар басталғаннан бері өңір елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігі жабылған. Әуе тасымалдаушылары рейстерді тоқтатуға мәжбүр болғандықтан, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері туристік компаниялармен бірлесіп азаматтарды қонақүйлерге уақытша орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, БАӘ қонақүйлерінде біздің азаматтарға жағдай тұрақталғанға дейін тұру және тамақтану қамтамасыз етілген. Шиеленіс аймақтарынан қазақстандықтарды ықтимал эвакуациялау бағыттары мен шаралары пысықталып жатқаны айтылды. Қауіпсіздік мақсатында жергілікті билік органдары өз бетінше қозғалмауға кеңес береді. "Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанның шет елдердегі мекемелері шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен Ираннан көрші елдер арқылы азаматтарымызды эвакуациялауға жәрдем көрсету жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді". Армян тарапымен Қазақстан азаматтарының Армения аумағы арқылы эвакуациялануы жағдайында Иран-Армения шекарасынан кедергісіз өту мәселесі келісілді. Арменияның сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен тұрақты байланыс сақталған. Осыған ұқсас жұмыс Әзербайжан тарапымен де жүргізілді, олар эвакуация мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Елдің құрлықтағы шекара өткелдеріндегі өткізу тәртібі шектеулі болғандықтан, шекарадан өту үшін арнайы рұқсат қажет. Екі азаматтың өтініші негізінде ҚР-дың Әзербайжандағы елшілігі Ираннан "Джульфа" бақылау-өткізу пункті (Нахчыван) арқылы кіруге жедел түрде рұқсат алды. Түрікменстан тарапы да қазақстандық азаматтардың эвакуациясы үшін мемлекеттік шекарадан өтуге жәрдем көрсетуге дайын екенін растады. "Өңірдегі жағдай толық тұрақтанғанға дейін азаматтарды сабыр сақтауға, жергілікті билік органдарының талаптары мен ұсынымдарын орындауға, тәуекелі жоғары аймақтардан аулақ болуға, сондай-ақ уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз", - деді СІМ өкілдері Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
3 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы Синоптиктер 3 наурыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еліміздің солтүстігінде аяз болып, қар жауады. Шығыста да қар түсіп, боран соғуы мүмкін. Оңтүстікте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар жауып, тұман түсуі ықтимал. Батыс өңірлерде жауын-шашынсыз, бірақ тұман мен екпінді жел күтіледі. Астанада түнде қар, күндіз аздаған қар және бұрқасын болжанады. Алматыда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Шымкент пен Түркістанда күн жылырақ: күндіз ауа температурасы 10–14 градусқа дейін көтеріледі. Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Өскемен өңірлерінде қар мен боран, түнде қатты аяз күтіледі. Ақтау мен Атырауда жауын-шашынсыз, алайда тұман түсіп, жел күшейеді. Қызылорда мен Таразда да құбылмалы ауа райы сақталады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Айнұр Серғазиева Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды Айнұр Серғазиева Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды Қазақстан халқы 20,5 миллион адам межесінен асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жеткен. Қалаларда 13 106 358 адам, ал ауылдарда 7 411 647 адам тұрады. Қазақстандағы ең тығыз қоныстанған аймақтар - Алматы мен Түркістан облысы. Мұнда сәйкесінше 2 351 424 және 2 146 420 адам тіркелген. Астанада 1 649 242 адам, Алматы облысында 1 600 814 адам тұрады. Шымкент халқы 1 298 279 адамға, Жамбыл облысының халқы 1 215 360 адамға жеткен. Карағанды облысында да 1 миллионнан аса адам тұрады - 1 131 435 адам. Жыл басынан бері Қазақстан халқы 18,1 мың адамға артты. Оның 15,8 мыңы табиғи өсімнің есебінен, 2,3 мыңы – оң миграциялық сальдодан. Ұлттық статистика бюро мәліметінше, 20 миллиондық межеге Қазақстан 2023 жылғы қарашада жеткен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Наурызда қазақстандықтарда қосымша демалыс болады Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді. 2026 жылғы наурызда Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай айдың жартысына жуық уақыты демалыспен өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2026 жылғы наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады? Наурызда елде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21–23 наурыз). Демалыс күндерінің ауысуына байланысты қосымша демалыс күндері де болады. 2026 жылы наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша ең "қысқа" айлардың бірі болады: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 13 демалыс күні және 18 жұмыс күні; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні. 8 наурызда қалай демаламыз? 2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі. 8 наурыздағы демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз - қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз - жұмыс күні; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз - жұмыс күні, 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, 10 наурыз - жұмыс күні. Наурыз мейрамында қалай демаламыз? Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер: 21 наурыз - сенбі; 22 наурыз - жексенбі; 23 наурыз - дүйсенбі. Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады. Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 21–25 наурыз - бес күн қатарынан демалыс (сенбі–сәрсенбі); аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері, 25 наурыз - жұмыс күні. Басқа мерекелер Наурызда Қазақстанда кәсіби және атаулы күндер де атап өтіледі: 1 наурыз - Алғыс айту күні; 14 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) - Жерге орналастыру, геодезия және картография күні. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Азия даму банкінің президентін қабылдады Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масато Канданы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Масато Кандаға ілтипат көрсетіп, АДБ жетекшісі лауазымына кіріскеніне бір жыл болғанымен және банктің алдағы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады. Қазақстан Президенті 30 жылдан астам уақыт ішінде Азия даму банкі елімізде жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асатын 170-тен аса жобаға қолдау көрсеткенін айтты. Осылайша, банк экономикалық өсімге, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты. Мемлекет басшысы экономиканың басты секторларындағы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспары жөнінде әңгімеледі. Бұл елімізде орнықты даму мен құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Масато Канда Азия даму банкі Қазақстанмен арадағы ықпалдастық аясын кеңейтуді басым бағыт санайтынын жеткізді. Банк тұрғын үй құрылысы, төтенше жағдайларды басқару және өзге де маңызды стратегиялық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін растады. АДБ жетекшісі еліміздің цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша алдыңғы орында тұрғанын атап өтіп, аса маңызды минералдар секторын ілгерілетуде, ірі инвестициялық бастамаларды іске асыруда зор әлеует бар екеніне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Азия даму банкі арасында орнықты және ұзақ мерзімді серіктестік орнаған, еліміз өзара тиімді кооперацияны одан әрі кеңейтуге әзір. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар айтарлықтай қымбаттады Қазақстанда 2 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. KASE Қазақстан қор биржасындағы күнделікті сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 502,60 теңге болып, 4,91 теңгеге жоғарылады. Осылайша, доллар бағам қайтадан нарық үшін маңызды межеден асты. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам – 497,56 теңге. kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы: Алматыдағы ақша айырбастау пунктері: Сатып алу – 500,73 теңге; Сату – 503,22 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пунктері: Сатып алу – орта есеппен 497,06 теңге; Сату – 504,06 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Бахрейн халқына қолдау білдіріп, ынтымақтастыққа ниетті екенін растады Мемлекет басшысы Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, еліміз қазіргі қиын-қыстау шақта Бахрейн халқына тілектес екенін айтты. Мемлекет басшысы Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Бахрейн мен басқа да елдердің азаматтық инфрақұрылымын зымыранмен атқылауға алаңдаушылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жағдайды одан әрі ушықтырмай, қақтығысты диалог және дипломатия жолымен бейбіт түрде шешуді құптайтынын жеткізді. Король Хамад бен Иса Әл Халифа ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға баса мән бере отырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға ниетті екенін растады. Тараптар Қазақстан-Бахрейн арасындағы достық қатынас пен серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізіп, қасиетті Рамазан айында екі ел халқына бейбіт өмір, бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сауд Арабиясындағы ірі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалды: видео Иран Сауд Арабиясы аумағындағы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады. Алдын ала мәлімет бойынша, Рас-Таннура аймағындағы Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясының нысаны зақымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әлемдік БАҚ-қа сілтеме жасап. India Today басылымы Facebook парақшасында ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылынан кейін Сауд Арабиясының мемлекеттік мұнай компаниясы Рас-Таннурадағы зауыттың жұмысын уақытша тоқтатқан. Қазіргі уақытта зауыттағы шығын мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. БАҚ деректеріне қарағанда, компания қызметкерлері эвакуацияланып жатыр. Сонымен қатар, Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі зауытқа таңертең шабуыл жасауға тырысқан екі ұшқышсыз ұшу аппараты ұсталып, жойылғанын хабарлады. India Today мәліметі бойынша, Парсы шығанағы жағасында орналасқан Рас-Таннура кешені Таяу Шығыстағы ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі саналды. Оның қуаттылығы – тәулігіне 550 мың баррель, сондай-ақ ол сауд мұнайының маңызды экспорттық терминалы болып саналады. Saudi Aramco компаниясының Рас-Таннурадағы объектілеріне жасалған шабуыл стратегиялық мәнге ие – бұл тек Эр-Рияд үшін емес, сонымен қатар әлемдік энергетикалық нарық үшін де маңызды. Еске салсақ, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған болатын. 1 наурызда Иран жоғарғы басшысы Әли Хаменеи қайтыс болғанын жариялады. Бұған дейін Ормуз бұғазындағы танкерлерге жасалған соққылар мен Иранмен шиеленістен кейін мұнай бағалары күрт көтерілгені хабарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
29 миллион теңге жымқырған: Астанада мектеп директоры мен бас бухгалтер сотталды Мектеп директоры мен бас есепшісіне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап. Мән-жайы Сот мәліметінше, мектеп директоры бас бухгалтермен бірлесіп, қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, 2015 жылғы қазаннан 2024 жылғы тамызға дейін мекемеде іс жүзінде жұмыс істемеген алты еден жуушыны негізсіз табельге енгізіп отырған. Нәтижесінде шамамен 29 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп, ұрлық жасаған. Бұдан бөлек, мектеп директоры 2015–2024 жылдар аралығында заңсыз жеке-дара шешім қабылдап, 501 білім алушыға білім беру қызметтерінің ақысына жалпы сомасы 183 миллион теңге көлемінде жеңілдіктер беру туралы бұйрық шығарған. Мектеп жарғысына сәйкес мұндай жеңілдіктер қарастырылмаған, себебі оқу ақылы негізде жүзеге асырылған. "Осылайша, С. қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланып, өзге тұлғаларға пайда мен артықшылықтар беру мақсатында әрекет етіп, мектептің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген", - деп хабарлады сот. Сонымен қатар, 2018 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 31 мамырға дейін мектеп директоры мен бас бухгалтері мектеп жанынан "0" сыныптарды ұйымдастырып, ата-аналардан ақылы қызметтер үшін қолма-қол ақшаны бақылау-касса аппаратын қолданбай қабылдаған. Түскен қаражат мектептің есепшотына енгізілмей, бухгалтерлік есепте көрсетілмеген. Нәтижесінде 305 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп, жұмсаған. "Бұған қоса, 2021–2024 жылдары мектеп директоры жазғы лагерь қызметтері үшін алынып, есепте көрсетілмеген, аса ірі мөлшердегі 25 миллион теңге қаражатты иемденген. Сондай-ақ, 2017 жылғы қазаннан 2024 жылғы мамырға дейін директор шетелдік мұғалімдердің жалақысын жасанды және негізсіз түрде көтеру арқылы, делдалдар арқылы мектеп қаражатын жалпы сомасы 75 миллион теңгеге иемденгені анықталды. Мектеп бухгалтері 2017–2024 жылдары қылмыстық жолмен алынған бюджет қаражатын заңдастыру мақсатында шамамен 176 миллион теңгені жеке депозиттік шотына аударып, 9 миллион теңге көлемінде сыйақы алған". Сотталушылар кінәсін мойындамады. Қорғау тарапы олардың әрекеттерінде қылмыс құрамы болмауына байланысты ақтауды сұрады. Сотталушылардың кінәсі жәбірленуші өкілдерінің, куәлардың айғақтарымен, мамандардың қорытындыларымен және сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сот үкімі Сот оларды сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру бойынша кінәлі деп таныды. "Мектеп директорына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сонымен қатар екі қабатты тұрғын үйі, автотұрақ орны мен зергерлік бұйымдары тәркіленді. Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының мзейнеткерлік жаста болуын ескерді (65 жас). Бухгалтерге 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, автокөлігі, автотұрақ орны мен зергерлік бұйымдары тәркіленді. Кәмелетке толмаған үш баласының болуына байланысты бас бостандығынан айыру жазасын өтеу 1 жылға кейінге қалдырылды", - делінген сот мәліметінде. Азаматтық талап 588 миллион теңге көлемінде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана маңында бір отбасы мүшелері қатыгездікпен өлтірілген: не белгілі? Ақмола облысының Полиция департаменті Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмыс туралы хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мессенджерлерде бір отбасы мүшелері қатыгездікпен өлтірілгені туралы хабарлама тарады. Кейбір деректер бойынша, қылмысты ауыл тұрғыны жасаған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының сұрауына берген жауапта, полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстағанын және ол уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. "Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады полиция. Құрбандар саны әлі нақтыланып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды. Суреттер: Tengrinews.kz/ Маржан Қуандықова Жібек Жолы - Қазақстанның Ақмола облысы, Аршалы ауданындағы ауыл. Жібек Жолы ауылдық округіне кіреді. Астанадан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда наурыздағы ҰБТ басталды Бүгін наурызда өтетін ҰБТ басталды, ол 6 сәуірге дейін жалғасады. 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді, бұл былтырғымен салыстырғанда 20 мыңға көп, - деп хабарлайды Tengri Education Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың 74,4 пайызы қазақ тілінде, 25,5 пайызы орыс тілінде, 216 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді. Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. "Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – "Математика-Физика", оны талапкерлердің 18,7 пайызы таңдаған. Яғни, бұл – болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 16,6 пайызы "Биология-Химия", 10,3 пайызы "Шығармашылық емтихан" пәндерін таңдады, сәйкесінше болашақ медициналық қызметкерлер мен шығармашылық саласының мамандары" - дейді министрлік өкілдері. ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестіленушілердің сертификаты апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. "Оның ішінде "Қазақстан тарихы" пәні бойынша 20 тапсырма, "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды," - дейді ведомство өкілдері. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек. Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, былтыр мектеп түлектері, колледж түлектері, Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған Қазақстан азаматтары, мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбе облысында мектеп оқушысына қатысты жантүршігерлік қылмыстық іс тергеліп жатыр Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам 14 жастағы мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша жүргізіліп жатыр. "Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият анықтап, зерттеп жатыр. Толық әрі жан-жақты тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне және кәмелетке толмаған жасөспірімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында басқа ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таяу Шығыс елдерінде қазақстандық 4 мың турист қалып қойған Қазақстанның төрт мыңнан аса азаматы Таяу Шығыс елдерінен шыға алмай отыр. Әңгіме БАӘ, Қатар және Сауд Арабиясында жүрген туристер туралы болып отыр. Мұндай деректі "Туристік Қамқор" қоры келтірді, - деп хабарлайды Tengri Travel. Ұйым мәліметінше, адамдардың басым бөлігі баспанамен қамтамасыз етіліп, қауіпсіз жерде орналасқан. "2026 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты бірқатар әуекомпанияның рейстері тоқтатылды. Қазақстандық туристер Парсы шығанағы аймағында әуе кеңістігі ашылғанын күтіп, осы елдерде қалуға мәжбүр. Туркоды бар қазақстандық туристер қонақүйлерге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген", - деп хабарлады қор. Қор дерегінше, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде: БАӘ-де - 2 540 турист; Қатарда - 1 061 турист; Сауд Арабиясында - 200-ден аса турист бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар ескірген көлігін тапсыратын жер таппай жүр: бағдарлама туралы не белгілі? Екі жыл бұрын Экология министрлігі ескі көліктерді қайта өңдеу бағдарламасын жариялаған еді, алайда бүгінгі күнге дейін Қазақстанда оларды кәдеге жарататын орын жоқ. Tengri Auto-ға көлікті кәдеге жарату пунктін ашып, бағдарламаға қосылмақ болған қазақстандық хабарласты. Өскемен тұрғынының айтуынша, оның қара металлды қайта өңдейтін кәсіпорны бар. 2024 жылы ол пайдаланудан шыққан көлік құралдарын кәдеге жарату кәсіпорнын ашуға рұқсат алмақ болған. "Біз "Жасыл даму" компаниясына жүгініп, Астанаға бардық. Олар бізге жинау қажет құжаттар тізімін берді. Біз оларды 3–4 ай жинадық, бірақ құжаттарды тапсырғанда, ішінен кейбір сәйкессіздіктер тапты", - деді ол. Мәселе бір түбіртекте болған, оны ол бірден түзетіп, қалған құжаттарға қоса тіркеген. "Олар үш айдан кейін бағдарлама іске қосылады деді. Қазір сайт әзірлеп жатыр екен. Құжаттарымның бәрі дұрыс екенін айтты", - деді ол. Алайда соған қарамастан, кәсіпорынды тіркей алмаған. Оның айтуынша, дәл осындай жағдайға Қазақстанның басқа қалаларындағы барлық құжаты дайын қайта өңдеушілер де тап болған. "Жасыл даму" нұсқасы "Жасыл даму" мәліметінше, 2024 жылдан бері бар болғаны үш өтінім түскен. Олардың барлығы белгіленген тәртіппен қаралып, талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылған. "Бас тарту туралы хабарламалар себебі көрсетіліп өтініш берушілерге жолданды. Бұл ретте ескертулер жойылмады. Осылайша, бүгінде пайдаланудан шыққан көлік құралдарын қабылдау бойынша қоғамда тіркелген қайта өңдеушілер жоқ", - деді ведомство. Сайтта техникалық жұмыстар расында жүргізіліп, кәсіпорындармен келісімшарт жасауға кедергі келтіре ме деген сұраққа компания жауап бермеді. Жүргізушілер мәселесі Көлік иелері утильалым төлейді, алайда әлі күнге дейін көліктерін кәдеге жарату пункттеріне тапсыра алмай отыр. Бізге әртүрлі қаладан пайдаланудан шыққан көліктер мен техниканы кәдеге жарата алмай жүрген оқырмандар хабарласты. Ақтөбе тұрғыны 2024 жылы көлігін есептен шығарып, оны утильге тапсырмақ болғанын айтты. Алайда өз қаласында қабылдау пунктін таппаған. "Қазақстанда автоқалдықтарды кәдеге жаратуға болады деген ақпарат жарияланған соң көлікті есептен шығардық. Көлігімді сата алар едім, бірақ ол есептен шығарылғандықтан, енді ештеңе істей алмаймын", - деді ол. Осындай жағдайға 2024 жылы тракторы мен жеңіл автокөлігін есептен шығарған Ақтөбенің тағы бір тұрғыны тап болған. "Біз 2025 жыл бойы күттік. Пункттер ашылады деп уәде берумен болды, қайта өңдеушілермен келіссөздер жүріп жатыр дейді. Бірақ бұл жауапта нақтылық жоқ", - деді ол. Осыған ұқсас оқиғаны Атырау тұрғыны да айтты: "Көлікті тапсырайын десем, ешкім қабылдамайды. Онда мен утильалымды не үшін төледім? Соны түсінбеймін. Бүкіл Қазақстан бойынша көлік тапсыратын жер жоқ", - деді ол. Сөйтіп, көптеген қазақстандық көліктерін есептен шығарып, енді оларды сата алмайтын, металл сынығына өткізсе тым арзанға түсетін жағдайға тап болып отыр, ал кәдеге жарату пункттері әлі жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Израиль Ливанда шабуыл операциясын бастады Израиль Ливандағы "Хезболла" қозғалысына қарсы шабуыл операциясын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Бас штабының бастығы Эяль Замир мәлімдеді. "Біз "Хезболлаға" қарсы шабуыл науқанын бастадық. Біз тек қорғаныста әрекет етіп жатқан жоқпыз, енді шабуылға да көшеміз. Ұзаққа ұрыс күндеріне дайын болу қажет", - деді Замир әскери қызметкерлермен өткен кеңесте. Бұған дейін ливандық "Хезболла" тобы Израильдің Хайфа қаласына зымыран және дрон соққыларын жасап, мұны "Али Хаменеидің қаны үшін кек" деп атаған болатын. Ол кезде зымырандардың бір бөлігі әуе қорғаныс жүйесімен ұсталып, қалғандары ашық аумаққа түскені хабарланған. Жауап ретінде Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Ливан аумағындағы "Хезболла" ұйымының нысандарына соққы бере бастады. БАҚ мәліметінше, Израильдің Ливанға жасаған соққысы салдарынан "Хезболланың" саяси қанатының жетекшісі Мохаммед Раад қаза тапқан. Ол Ливан Ұлттық ассамблеясындағы (парламентіндегі) "Қарсылыққа адалдық" атты парламенттік блоктың жетекшісі болған. Сондай-ақ Бейруттың оңтүстік маңындағы аудандарға жасалған соққылар салдарынан кемінде 10 адамның қаза тапқаны хабарланды. Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған болатын. Тель-Авив соққылардың мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп өз кезегінде Иранның флотын және қорғаныс өнеркәсібін жою ниеті бар екенін айтып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда емханалардағы педиатриялық учаскелер жабылып жатыр: не өзгереді? Қазақстанда 2026 жылдың аяғына дейін емханаларда әлі де жұмыс істеп тұрған педиатриялық учаскелерді қысқарту жоспарланып отыр. Балалар ата-анасымен бірге отбасылық дәрігерге тіркелетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қанша "балалар" учаскесі бар және неге қысқартылып жатыр? Әлеуметтік желілерде алматылық әйел кішкентай баласы тіркелген емханада педиатриялық учаскені қысқартып жатқанын айтып шағымданған. Денсаулық сақтау министрлігінің Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы жанындағы БМСК орталығының жетекшісі Әсел Хасенова бұл жалғыз жағдай емес екенін айтты. "2027 жылға қарай ел бойынша әлі жұмыс істеп тұрған педиатриялық және терапевтік учаскелердегі пациенттерді жалпы практика дәрігерлеріне (ЖПД) көшіру туралы тапсырма бар", - деп түсіндірді Хасенова. Бұл жұмыс қазірдің өзінде жүріп жатыр. Педиатриялық учаскелер біртіндеп қысқартылып жатыр. 2024 жылы Қазақстанда олардың саны 1770 болса, қазір - 1421. Бұл шешімнің мәнін спикер былай түсіндірді: "Біз 15 жылдан аса уақыт бойы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі дәл жалпы практика дәрігері жүзеге асыратын отбасылық тәсілге негізделуі керек деп айтып келеміз. Балалар ата-анасынан бөлек өспейді. Балаға әсер ететін барлық қауіп факторлары ең алдымен оның ортасына байланысты", - деді ол. Әсел Хасенова балалар көмексіз қалмайтынын айтты. Барлық емханада ерте даму және араласу орталықтары немесе кабинеттері жұмыс істейді, педиатриялық учаскелер таратылғаннан кейін де балалар дәрігерлері сол жерде қабылдауын жалғастырады. "Учаскеде педиатр кішкентай пациенттерді қабылдаумен қатар, есептілік пен құжаттарды толтырады, бұл күнделікті жұмыс уақытты алады. Қазір дәрігерлерді осы жүктемеден босатып, олардың толықтай балалармен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отырмыз", - деді сарапшы. Педиатриялық учаске қысқартылса не істеу керек? Хасенованың айтуынша, жаңадан келген балалар қазірдің өзінде педиатриялық учаскелерге емес, ата-анасы немесе заңды өкілі тіркелген жалпы практика дәрігеріне ғана бекітіледі. "Педиатриялық учаске қысқартылған жағдайда да дәл солай болады. Біртіндеп олардың саны азаяды, ал балалар ата-анасының бірі тіркелген учаскеге ауыстырылады", - деп түсіндірді БМСК орталығының жетекшісі. Ол дені сау балаларды жалпы практика дәрігері қарайтынын нақтылады. Егер ол баланың жағдайына байланысты қандай да бір мәселені балалар дәрігері бағалауы керек деп есептесе, баланы педиатрға жолдайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қолайсыз ауа райы: Қазақстанның оңтүстігінде толассыз жаңбыр жауады Казгидромет синоптиктері 3, 4 және 5 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклоны әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. "4 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болжанады", - деді синоптиктер. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы уақытта тұман, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Кувейтте америкалық F-15 жойғыш ұшағының апатқа ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды Америкалық F-15 жойғыш ұшағы Кувейтте апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосын Clash Report порталы жариялады. Жарияланған кадрларда ұшақтың төменге құлдилағаны, содан кейін ұшқыштың катапульт жасағаны көрінеді. Кейін желіде оқиғадан кейін түсірілгені айтылған тағы бір видео пайда болды. Онда тірі қалған ұшқыш автокөліктің жүксалғышында екені айтылады. Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авивте соққылардың мақсаты Тегеранның ядролық қару иеленуіне жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп өз кезегінде иран флотын және қорғаныс өнеркәсібін жою ниеті бар екенін айтып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды. 1 наурызға қараған түні Иран жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи қаза тапқанын хабарлады. АҚШ пен Израиль шабуылдарының құрбандары арасында аятолланың қызы, күйеу баласы, немересі және келіні де бар. БАҚ мәліметіәнше, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, Ислам Республикасында және өңірдің басқа елдерінде орналасқан азаматтық инфрақұрылым нысандарына да тиіп жатыр. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға шабуыл жасап жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер екі рет сатылған: қандай схема болған? Астана прокуратурасы Qyran тұрғын үй кешенінде пәтерлерді екі рет сату дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Соталды тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалар құрылыс компаниясының қызметкерлері бола отырып, Qyran тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сату арқылы азаматтарды алдағаны анықталды. Қызметкерлер "International Invest Company IIC" ЖШС-нің атынан азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен жылжымайтын мүлікті сату құқығын растайтын макеттер, техникалық паспорттар мен құжаттарды көрсеткен. "Азаматтарға пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алу ұсынылған. Сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына күдіктілер мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын, кепілге беру туралы келісімдерді, алдын ала шарттарды ресімдеген. Алданған сатып алушылар күдіктілердің жеке шоттарына ақшаны аудару арқылы және қолма-қол ақшамен төлем жасаған", - делінген хабарламада. Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынның мөлшері 8 миллиард теңгеден асты. Соттың санкциясымен жалпы сомасы 7,4 миллиард теңге болатын жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тыйым салынған. "Үш күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы, төртіншісіне "кепіл" қолданылды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясының уақытын жариялады АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times газетіне берген сұхбатында АҚШ әскери күштері қажет болған жағдайда Иранға шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыруға ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Төрт-бес апта деп жоспарлап отырмыз. Бұл қиын болмайды", - деді Дональд Трамп. Сонымен қатар, америкалық көшбасшы Daily Mail-ге берген сұхбатында Иранға қарсы операция "төрт апта немесе одан аз уақыт алатынын" мәлімдеді. Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді. Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Али Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасап жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ормуз бұғазындағы танкерлерге жасалған шабуылдардан кейін мұнай бағасы күрт өсті Дүйсенбі, 2 наурыздағы саудада мұнай бағасы күрт өсті. Нарық 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы және Ислам Республикасының жауап соққылары туралы жаңалықтарға реакция білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап. Лондонның ICE биржасында мамырдағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 13,04 пайызға өсіп, баррелі 82,37 доллар болды. Бұл Астана уақыты бойынша таңғы сағат 4:00-дегі сауда мәліметтері. Бұған дейін мұнай барреліне 82 доллардан жоғары соңғы рет бір жылдан аса уақыт бұрын, 2025 жылғы 16 қаңтарда саудаланған еді. Кейін өсім баяулап, 8,93 пайыз болды, мұнай барреліне 79,38 доллар деңгейінде саудаланды. ICE Futures алаңында демалыс күндері Brent мұнайымен сауда жүргізілмейді, сондықтан нарық Ирандағы оқиғаларды тек бүгін есепке алып отыр. Ормуз бұғазы ресми түрде жабылған жоқ, алайда үш танкер соққыға ұшырады, сақтандыру компаниялары қамсыздандыруды тоқтатып жатыр, ірі мұнай компаниялары мен трейдерлер мұнай, жанармай және СТГ жөнелтуді уақытша тоқтатты. Бұғаз арқылы өтетін трафик 38–50 пайызға төмендеді. Сарапшылардың пікірінше, Ормуз бұғазы жабылған жағдайда мұнай бағасы 100 долларлық межеден асуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2 наурызда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бұл қақтығысты бастаған АҚШ емес“. Пит Хегсет Иран туралы АҚШ-тың қорғаныс министрі Пит Хегсет АҚШ Ирандағы қақтығысты бастамағанын, бірақ оны тоқтататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде бөлісті. Хегсеттің жазуынша, ирандық режимнің мүмкіндігі болған, алайда ол ядролық келісім жасауға келіспеген, "енді соның салдарын тартып отыр". "50 жылға жуық уақыт бойы Иран америкалықтарды қудалап, өлтіріп келді және өз радикал идеяларын дамыту үшін әлемдегі ең қуатты қаруға қол жеткізбек болды. Өткен түні президент Трамп осы "обаны" жоюға кірісті", — деді ол. Қорғаныс министрі АҚШ "америкалық халыққа бағытталған қуатты зымырандарға" төзбейтінін айтты. Ол бұл зымырандарды оларды өндіретін нысандармен бірге жоюға, сондай-ақ, Иранның әскери-теңіз флотын талқандауға уәде берді. "Бұл қақтығысты бастаған АҚШ емес, бірақ біз оны аяқтаймыз. Егер әлемнің кез келген жерінде америкалықтарды өлтірсеңіз немесе оларға қоқан-лоқы жасасаңыз, Иран солай істеп келді, біз сізді іздеп тауып, көзіңізді құртамыз. Біздің жауынгерлер - әлемдегі ең мықтылар, әрі мақсатымызға жету үшін оларға толық еркіндік берілген. Осы аса маңызды миссияда оларды Құдай қорғасын", - деп түйіндеді ол. 28 ақпанда Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді. Иранға қарсы "алдын ала соққыны" Израиль де бастаған. Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Иранды жауап соққысын жасамауға шақырып, әйтпегенде "жойқын күшпен" соққы жасалатынын ескертті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Үйге жеттім!“ Қазақ қыздарын қорлаған шетелдік стример жазба жариялады Алматыда қазақ қыздарын қорлап, кейін қамауға алынған шетелдік стример Анар Абдуллаев Telegram-да жазба жариялап, үйіне оралғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі минуттық Lego стиліндегі анимациялық видеода Абдуллаев Қазақстанда өзі тап болған жағдайды әзілге айналдырып көрсеткен. Ролик аяғында ағылшын тілінде I’m sorry - "Кешіріңіздер" деген жазу шығады. "Қазақ халқынан тағы да кешірім өтінемін. Осындай жағдай болғанына өкінемін. Ешкімді ренжіткім келген жоқ, тіпті ешкімнің көңіліне тию ойым да болмады. Мен - достыққа адал адаммын. Маған үлкен қолдау көрсеткендердің бәріне рақмет! Мен үйге жеттім! Қайтып келдім!" - деп жазды ол. Мән-жайы Ақпанның басында Қазақстанда шетелдік стримерлер қазақ қыздарға қатысты қорлайтын пікірлер айтты. Видео кадрлары әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Желіде наразылық күшейгеннен кейін блогерлермен алдымен жергілікті тұрғындар кездесіп, олардан көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті. Кейін бұл жағдайға құқық қорғау органдары араласты. Алматы полициясы тексеру жүргізді. Сот шетелдіктерді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамады. Сондай-ақ, олардың қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін екені айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қатар әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады Президент Қатар Мемлекетінің әмірімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады. Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты. Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Қазақстан Президенті қасиетті Рамазан айында Қатар әмірінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қатар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Пәкістанда таяқ пен тас ұстаған топ АҚШ консулдығына шабуыл жасады: қаза тапқандар бар Пәкістанның Карачи қаласында қолына таяқ пен тас ұстаған топ АҚШ консулдығына шабуыл жасады. Оларға қарсы оқ атылып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Asianet News-ке сілтеме жасап. Жексенбіде Карачиде тәртіпсіздік басталды. Тас пен таяқ алып "қаруланған топ" АҚШ консулдығына шабуыл жасап, терезелері мен есіктерін сындырған, сондай-ақ, күзет бекетін өртеп жіберген. "Куәгерлердің айтуынша, тәртіпсіздікті басу үшін жергілікті қауіпсіздік күштері, соның ішінде пәкістандық әскерилер оқ атқан. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған сегіз адам қаза тауып, АҚШ консулдығының үш қызметкері жараланған", - деп жазады басылым. Консулдыққа жасалған шабуылдың видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Басқа дереккөздер кемінде 10 адамның қаза тапқанын хабарлайды. "Полиция мен рейнджерлерді қоса алғанда, құқық қорғау органдары одан әрі зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұл аймақта қауіпсіздік шараларын күшейтті", - деп хабарлайды Geo News. Пәкістанның Синд провинциясының ішкі істер министрі ешкімге заңды өз қолына алуға жол берілмейтінін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Дубайда тұратын қазақстандықтардан көмек сұралды Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы сол жақта тұрып жатқан қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазір Біріккен Араб Әмірліктері аумағында аз уақытқа келген немесе транзитпен өтіп бара жатқан қазақстандық көп. Қалыптасқан жағдайда оларға уақытша көмек пен қолдау қажет болуы мүмкін. Егер сізде көмек көрсетуге мүмкіндік болса (уақытша орналастыру, тамақтандыру немесе өзге де елеулі көмек), төменде көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, қиын жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарын білсеңіз, бұл туралы дипломатиялық өкілдіктерге хабар берулеріңізді өтінеміз", - делінген әлеуметтік желілерде жарияланған үндеуде. Байланыс үшін мына телефон нөмірлері көрсетілген:+971 50 508 5226, +971 2 449 8778 (Қазақстанның Әбу-Дабидегі елшілігі);+971 50 570 1978, +971 4 547 5784 (Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы).Көрсетілген көмек, жауапкершілік және қолдау үшін алғыс білдіреміз. Ал Air Astana әуекомпаниясы Таяу Шығыста жүрген 735 жолаушыны өз есебінен қонақүйлерге бір тәулікке орналастырғанын хабарлады. "Әрі қарай уақытша қалу, заңгерлік көмек алу немесе елге қайтару мәселелерін шешу үшін жолаушылар жақын арада Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған шетелдегі мекемелердің жедел байланыс желілеріне хабарласуы қажет", - деп мәлімдеді әуекомпания. Бұған дейін әуе кеңістігінің жабылуына байланысты қазақстандықтар Дубайдан ұшып келе алмай отырғаны хабарланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таяу Шығыстағы жағдай: Тоқаев Иордания короліне хат жолдады Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр. Бұл туралы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. "Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті", - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Еш жерде жұмыс істемегендер зейнетақыны қалай алады? Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген, еңбек өтілі жоқ және зейнетақы жарнасын аудармаған қазақстандықтар зейнетақы ала ма? Бұл сұраққа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қордың түсіндіруінше, жинақтаушы зейнетақы тек жеке зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс есебінен қалыптасады. Егер мұндай жарналар болмаса, БЖЗҚ-дан төлем тағайындалмайды. "Сондай-ақ, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтарға ынтымақты зейнетақы да тағайындалмайды. Демек, ресми жұмысы да, зейнетақы аударымы да болмаған жағдайда адамға тек базалық зейнетақы беріледі", - деп хабарлады зейнетақы қоры Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында. 2026 жылы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең. Бұл - 35 596 теңге. Базалық зейнетақының мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Егер бұл өтіл 10 жылдан асса, төлем әр жыл үшін 2 пайыз өсіп отырады. Алайда өтіл мүлде болмаған жағдайда ең төменгі мөлшер тағайындалады. Мән-жайы Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін хабарлаған еді. "2025 жылы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы - 95 549 теңге, базалық зейнетақы - 47 594 теңге", - деп мәлімдеді министрлік. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақылар, сондай-ақ, мемлекеттік жәрдемақылар 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес 10 пайызға индекстелді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иранда Әли Хаменеидің орнына уақытша басшы тағайындалды Иранда қаза тапқан Әли Хаменеидің орнына уақытша басшылыққа аятолла Әлиреза Арафи тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ISNA-ға сілтеме жасап. Иранда жаңа жоғарғы көшбасшыны кейінірек Сарапшылар кеңесі таңдайды, ал оған дейін елді үш адамнан тұратын кеңес уақытша билейді. Аятолла Әлиреза Арафи - Ирандағы беделді дін қайраткері әрі саяси тұлға. Ол елдің жоғары билік құрылымдарында маңызды және марқұм Хаменеиге жақын адамдардың бірі саналады. Арафи елді басқаратын уақытша кеңестің жетекші мүшесі болып тағайындалды. Бұл кеңеске Иран президенті Масуд Пезешкиан мен сот жүйесінің басшысы да кірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран елдің әскери басшылығы қатарында қаза тапқандар көп екенін мәлімдеді Иран кеше Израиль мен АҚШ жасаған шабуылдар салдарынан елдің жоғары лауазымды офицерлерінің қаза тапқаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. IRNA агенттігінің мәліметінше, Қорғаныс кеңесінің хатшысы, адмирал Әли Шамхани мен Ислам революциясы сақшылары корпусының бас қолбасшысы, генерал-майор Мұхаммад Пакпур қаза тапқан. Сондай-ақ, БАҚ-та республика қорғаныс министрі Әзиз Насирзаде, Қарулы күштер Бас штабының бастығы Абдулрахим Мусави және Барлау министрлігінің қолбасшыларының бірі Хаж-Мұхаммад Басеридің де қаза тапқаны тарап жатыр. Бұған дейін Иранда жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеидің қазасы расталған еді. Осыған жауап ретінде Ислам революциясы сақшылары корпусы "Иран қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын" бастауға уәде берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Мұны жасамағаны дұрыс“. Трамп Иранға қатаң ескерту жасады АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жауап ретінде соққы жасамауды ескертіп, үндеу жасады. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Иран жаңа ғана бүгін бұрын-соңды болмағандай өте ауыр соққы жасайтынын мәлімдеді. Мұны жасамағаны дұрыс. Егер ондай қадамға барса, оларға жойқын күшпен соққы жасаймыз! Назар аударғандарыңызға рақмет", - деп жазды АҚШ басшысы. Бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы елдің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи өлтірілгеннен кейін жауап ретінде "Иран қарулы күштерінің тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын" бастауға уәде берген еді. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс күні деп белгіледі. Ирандық БАҚ мәліметінше, Хаменеи қаза тапқаннан кейін ел қалаларының басты алаңдарына кек талап еткен мыңдаған адам жиналып жатыр. Сондай-ақ, елде жаппай аза тұту шаралары өтіп, мешіттерде қаралы тулар көтерілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ирандағы қазақстандықтар Әзербайжан, Армения, Түркия және Түрікменстан арқылы шығарылмақ Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты, сол елде жүрген қазақстандықтардан елден құрлықтағы шекаралар арқылы шығу мәселесін пысықтау үшін Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланысу сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған байланысты отандастарымыздан мынадай ұсынымдарды қатаң сақтау сұралды: адам көп жиналатын орындарға барудан және бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту; жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты түрде қадағалау; қажетсіз сапарларды шектеу; жеке құжаттарды әрдайым өзіңізбен бірге алып жүру; туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайын болу; Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосты. Қазақстан Республикасының Тегеран қаласындағы Елшілігі:Елшіліктің кезекші телефоны: +98 21 2256 5933Мобильді телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672 Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығы:+98 912 298 0350 (ұялы телефон);+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);+7 701 771 34 01 (WhatsApp). Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы:+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp). Бұл байланыс арналары арқылы азаматтар консулдық көмекке жүгініп, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады. "Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қарап, сабыр сақтауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз", - деп үндеу жасады елшілік өкілдері. Сондай-ақ Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы пысықтау мақсатында жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығу сұралды. Әңгіме төрт бағыт туралы болып отыр: Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір Иран аумағында 96 қазақстандық жүр. Олардың 18-і - дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2-еуі - студент, 70 адам - "Заркух" зауытының қызметкерлері. Тағы 6 Қазақстан азаматы Иранда жеке шаруаларымен жүр. Олардың арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. 27 ақпанда, Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Ираннан кетуге кеңес берген болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Босния және Герцеговинаның төралқа төрағасын құттықтады Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның төралқа төрағасын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Желько Комшичке Босния және Герцеговинаның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Президент Астана мен Сараевоның дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастығы қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Аяз болады: көктемнің алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы Синоптиктер Қазақстанда алдағы демалыс күндері суық болатынын болжады. 1 наурызда елдің басым бөлігінде аязды болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыс желі: түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-32, күндіз 12-14 градус аяз. Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 11-13, күндіз 3-5 градус аяз. Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 2-4 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы. Ақмола облысы - күндіз облыстың батысында аздаған қар. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-35, облыстың батысында 25, күндіз 12-17 градус аяз.Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі: түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-32, күндіз 14-16 градус аяз. Алматы облысы - түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, бұрқасын, күндіз таулы аудандарда аздаған қар. Оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14, шығысында, тау бөктері мен таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы: түнде 8-13, орталықта және таулы аудандарда 17-22 градус аяз, облыстың солтүстігінде қатты аяз - 25 градус, күндіз 1-6, солтүстігінде және таулы аудандарында 8-13 градус аяз.Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 17-19, күндіз 8-10 градус аяз. Жетісу облысы - түнде облыстың таулы аудандарында қар. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыс желі 9-14, Алакөл көлдері маңында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасы: түнде 17-22, облыстың оңтүстігінде 7-12 градус аяз, солтүстігінде қатты аяз - 25 градус, күндіз 6-11, оңтүстігінде 2 градус, солтүстігінде және таулы аудандарында 14 градус аяз.Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 20-22, күндіз 8-10 градус аяз. Түркістан облысы - облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын. Батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыс желі 8-13, солтүстігінде және таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 2-7, облыстың солтүстігінде 12-17 градус аяз, күндіз 5-10, оңтүстігінде 10-15 градус жылы, солтүстігінде және таулы аудандарында 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін.Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 3-5 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы. Батыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-15, облыстың батысында және оңтүстігінде 5 градус аяз, күндіз 0-5 градус аяз, батысында және оңтүстігінде 3 градус жылы.Орал - бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-12, күндіз 1-3 градус аяз. Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 3-8, облыстың шығысында 11 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы.Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыс желі 2-7 м/с. Ауа температурасы: түнде 6-8 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы. Маңғыстау облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын, түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Түнде облыстың орталығында бұрқасын. Оңтүстік-шығыс желі 9-14, түнде шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы, солтүстік-шығысында 3 градус аяз.Ақтау - бұлтты, түнде және таңертең қар, кей уақыттарда қалың қар, көктайғақ. Оңтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы. Ақтөбе облысы - облыстың солтүстік-шығысында аздаған қар. Оңтүстік-батыс, оңтүстік желі 5-10 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-15, шығысында және орталығында 18, күндіз 0-5, шығысында 8 градус аяз.Ақтөбе - бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс, оңтүстік желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-12, күндіз 1-3 градус аяз. Қостанай облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, батысында және солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыс желі 9-14, күндіз батысында және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 21-26, облыстың солтүстігінде 30, батысында 16 градус аяз, күндіз 6-11, шығысында 15 градус аяз.Қостанай - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз қар. Оңтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 23-25, күндіз 8-10 градус аяз. Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 32-37, облыстың оңтүстік-батысында 29, күндіз 14-19, шығысында 22 градус аяз.Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі: түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 32-34, күндіз 17-19 градус аяз. Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-35, облыстың оңтүстігінде 27, күндіз 18-23, оңтүстігінде 15 градус аяз.Павлодар - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 32-34, күндіз 19-21 градус аяз. Қарағанды облысы - түнде облыстың батысында аздаған қар. Оңтүстік-шығыс, оңтүстік желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 23-28, облыстың солтүстігінде 32, оңтүстігінде 17 градус аяз, күндіз 12-17, оңтүстігінде 8 градус аяз.Қарағанды - ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, оңтүстік желі 2-7 м/с. Ауа температурасы: түнде 26-28, күндіз 13-15 градус аяз. Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 13-18, облыстың шығысында 23, күндіз 4-9, шығысында 12 градус аяз.Жезқазған - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 15-17, күндіз 5-7 градус аяз. Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында аздаған қар, күндіз оңтүстігінде аздаған қар. Солтүстік-батыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 25-30, шығысында 33, күндіз 18-23, оңтүстігінде 15 градус аяз.Өскемен - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар. Солтүстік-батыс желі 1-6 м/с. Ауа температурасы: түнде 26-28, күндіз 18-20 градус аяз. Абай облысы - түнде облыстың шығысында, орталығында аздаған қар, күндіз оңтүстігінде аздаған қар. Солтүстік-батыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 18-23, оңтүстігінде 8-13 градус аяз.Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 2-7 м/с. Ауа температурасы: түнде 28-30, күндіз 18-20 градус аяз. Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың орталығында және солтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14, күндіз орталығында және шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 5-10 градус аяз, күндіз 1-6 градус аяз, оңтүстігінде 4 градус жылы.Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 13-15, күндіз 2-4 градус аяз. Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 7-12, солтүстігінде және таулы аудандарында 17-22 градус аяз, күндіз 0-5, солтүстігінде және таулы аудандарында 8-13 градус аяз.Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 8-10, күндіз 1-3 градус аяз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран жоғарғы көшбасшысының өлімін растады: елде аза тұту жарияланды Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің операциясы салдарынан қаза тапты. Бұл ақпаратты Иранның Tasnim, IRNA, ISNA, Mehr және Fars мемлекеттік агенттіктері растады. Елде аза тұту жарияланып, демалыс күндері белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ирандық БАҚ мәліметінше, Ислам революциясының жоғарғы көшбасшысы өзінің жұмыс орнында көз жұмған. "Ол шәһид болған сәтте өзіне жүктелген міндеттерін атқарып, жұмыс орнында отырған. Бұл қорқақтардың шабуылы сенбіде таңсәріде жасалды", - деп хабарлайды Tasnim агенттігі. "Сионистік режимге қатысы бар аймақтағы кейбір ақпарат құралдары революция жетекшісі өлім қаупінен қорқып, қауіпсіз жерде жасырынып жүр деп бірнеше рет хабарлаған", - деп жазған ирандық БАҚ. Ел үкіметі бүкілхалықтық 40 күндік аза тұту мен 7 күндік жалпыхалықтық демалыс жариялады. "Жақын арада Иран Ислам Республикасының қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясы басталуға тиіс. Ол басып алынған аумақтар мен АҚШ базаларына бағытталады", - деп мәлімдеді Ислам революциясы сақшылары корпусы. Аятолланың қазасы туралы бұған дейін Израиль шенеуніктері мәлімдеген, кейін АҚШ президенті Дональд Трамп оның қаза тапқанын жариялаған еді, алайда Иран билігі мұны жоққа шығарған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Төл руханиятымыздың темірқазығы“. Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің құттықтау сөзі: "Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темірқазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді. Жақындарымызға алғыс айту – оларға рухани қолдау көрсету, қиын кезде қол ұшын созу деген сөз. Қазіргі құбылмалы заманда бұл қасиеттің мән-маңызы ерекше. Біз осы мейрамда ең алдымен қиын-қыстау жылдары елімізді аман сақтап, ұрпаққа аса құнды әрі мол мұра қалдырған ата-бабаларымызға тағзым етеміз. Ұстаздарға, дәрігерлерге, мәдениет саласы қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жұмысшыларға, тәртіп сақшыларына, өрт сөндірушілерге, құтқарушыларға және адал еңбегімен сүйікті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген барша азаматқа алғыс айтамыз. Сондай-ақ жастарға және еріктілерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Белсенді азаматтық ұстанымы бар, қоғам игілігі үшін еңбек етуге әзір, мұқтаж жандарға көмектесуге дайын адамдардың еңбегі ерен. Бұл – Жасампаз әрі Жауапты отаншылдықтың айқын көрінісі. Еліміз ауқымды әрі тарихи бетбұрыс кезеңіне қадам басты. Республикалық референдумға шығарылған жаңа халықтық Конституцияның жобасы адам құқықтарын қорғау жүйесін жақсартуға, билік институттарының жауапкершілігін күшейтіп, тиімділігін арттыруға, қастерлі Тәуелсіздігіміз бен Егемендігімізді нығайтуға мүмкіндік береді. Жаңа Ата Заң бәріміз бір ел болып іргесін қалап жатқан жарқын болашаққа жол ашады. Алғыс айту күні ел тағдыры әрбір азаматтың қолында екенін аңғартады. Себебі алдағы өзгерістердің табысты жүзеге асырылуы жұртымыздың бірлігіне, парасаттылығына және саналы азаматтық ұстанымына байланысты екені сөзсіз. Біз Заң мен Тәртіп, тілектестік пен ынтымақ қағидаларын басшылыққа алып, салт-дәстүрімізді сақтай білсек, Қуатты, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз. Татулық пен өзара сенімді нығайта отырып, қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасын көркейту жолында биік мақсаттарымызға бірге жетеміз деп сенемін. Баршаңызға амандық, табыс тілеймін!" - делінген құттықтауда. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ұзаққа созылатын соғысқа дайынбыз“: Тегеран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді талап етті Иран АҚШ пен Израильдің Ислам Республикасына жасаған соққыларына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді талап етті. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап. "БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі дереу шұғыл отырыс өткізіп, бұл әрекетті айыптауы керек", - деп келтіреді Mehr агенттігі оның сөзін. Ал Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі АҚШ пен Израильдің шабуылынан кейін Тегеранның "күйрете жауап беріп жатқанын" мәлімдеді. "Иранның қарулы күштері олардың қылмысты әрекетіне күйрете соққы беруді бастады", - делінген Fars агенттігі таратқан мәлімдемеде. Иранның Азаматтық авиация ұйымының ресми өкілі Маджид Ахаван АҚШ пен Израильдің шабуылдарына байланысты елдің әуе кеңістігі "қосымша хабарламаға дейін" жабылғанын айтты. Иран Қарулы күштері Бас штабы АҚШ пен Израильге көмек көрсететін кез келген базаға соққы жасауға дайын екенін де мәлімдеді. "АҚШ пен Израильге болысып, көмек көрсететін кез келген база Иран қарулы күштерінің нысанасына айналады", - деп жазды Fars агенттігі. Сондай-ақ, Иранда интернеттің өшірілген. Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ибрахим Азизидің айтуынша, ел ұзаққа созылатын соғысқа да, қорғаныстың кез келген тәсіліне де дайын. "Ислам Республикасы ұзаққа созылатын соғысқа де, бәріне де әзір. Қарулы күштер толық жауынгерлік дайындықта тұр", - деді Азизи. 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Тегеранда кемінде бес жарылыс болды. Бұған жауап ретінде Иран Израильге және БАӘ, Бахрейн, Қатар мен Кувейттегі америкалық базаларға шабуыл жасады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев күштік ведомстволарды тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы жағдайға байланысты шұғыл жоспар дайындауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды", - делінген хабарламада. Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылым тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста қалыптасып жатқан жағдайды ескере отырып, тиісті шараларды қарастыру тапсырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан СІМ Таяу Шығыс елдерінде жедел байланыс желілерін ашты Таяу Шығыстағы ахуалдың күрделенуіне байланысты Қазақстан СІМ шетелдегі мекемелердің жедел байланыс және сенім телефондарының нөмірлерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Сыртқы істер министрлігі:+7 (7172) 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті);+7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат); Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран қ.):+98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші нөмірі);+98 936 208 4672 (ұялы телефон, WhatsApp); Қазақстанның Горган қ. Бас консулдығы:+98 912 298 0350 (ұялы телефон);+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);+7 701 771 34 01 (WhatsApp); Қазақстанның Бендер-Аббас қ. Консулдығы:+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp); Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі:+962 777 688 885; Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі:+971 50 508 5226;+971 2 449 8778; Қазақстанның Дубай қ. Бас консулдығы:+971 50 570 1978; Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі:+966 55 663 0177; Қазақстанның Қатардағы Елшілігі:+974 50 649 955;+974 51 000 733; Қазақстанның Кувейттегі Елшілігі:+965 6704 2545; Қазақстанның Ливандағы Елшілігі:+961 4 713 467;+961 4 713 447; Қазақстанның Бахрейндегі Бас консулдығы:+973 3348 0890; Қазақстанның Израильдегі Елшілігі:+972 (3) 503 78 85 (кезекші);+972 54 878 4608 (ұялы телефон, WhatsApp);+972 53 272 1815 (ұялы телефон, WhatsApp);+7 701 731 4177 (WhatsApp). Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иранда зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоғын хабарлаған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран Израильге және Бахрейн, БАӘ, Қатар мен Кувейттегі америкалық базаларға шабуыл жасады Иран сенбіде Израильге және БАӘ, Бахрейн, Қатар мен Кувейттегі америкалық базаларға шабуыл бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Nour News ақпаратына сәйкес, Иран әскері Израильге қарай ондаған баллистикалық зымыран ұшырған. Бахрейнде дабыл сиреналары қосылды. Билік тұрғындарға негізгі жолдарды тек аса қажет жағдайда пайдалануды ұсынды. Al Arabiya телеарнасы бірнеше жарылыс естілгенін хабарлады. Bahrein News Agency Ұлттық коммуникация қызметіне сілтеме жасап, АҚШ-тың бесінші флотының қызмет көрсету орталығына зымыран соғылғанын жазды. "Дабыл сиреналары іске қосылды... Азаматтар мен тұрғындарға негізгі жолдарды тек қажет болған жағдайда пайдалануға кеңес береміз", - деді Бахрейннің ішкі істер министрлігі өкілдері. CNN мәліметінше, Қатар өз аумағында ирандық екі зымыранды қағып түсірген. Сондай-ақ, БАӘ астанасы Әбу-Дабиде де жарылыстар болғаны хабарланды, онда әуе қорғаныс жүйесі жұмыс істеп жатыр. БАҚ дерегінше, зымырандар Әл-Дхафра әскери әуе базасына тиген. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Кувейтте де жарылыс естіліп, әуе дабылы қосылған. Al Jazeera арнасы аты-жөні аталмаған ирандық шенеунікке сілтеме жасап, АҚШ пен Израильдің соққыларынан кейін Иран үшін енді "қызыл сызық" жоқ екенін хабарлады. "Бұдан кейін "қызыл сызық" деген жоқ, бәрі де мүмкін, тіпті бұрын қарастырылмаған сценарийлер де болуы ықтимал", - деді шенеунік телеарнаға. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Air Astana Ирандағы жағдайға байланысты Таяу Шығысқа рейстерін тоқтатты Air Astana әуекомпаниясы 28 ақпанда Иран әуе кеңістігінің жабылуына және өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Таяу Шығысқа бағытталған кейбір рейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "KC263 Алматы - Медина, KC897 Алматы - Дубай, KC653 Алматы - Доха, KC205 және КС207 Астана - Дубай рейстері ұшып кету әуежайларына қайтып оралады. Алматы-Дубай KC899 Делиге, FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты", - делінген хабарламада. Әуекомпания жағдайды жіті бақылап отырғанын және жолаушыларды тасымалдау мәселесін шешіп жатқанын атап өтті. "Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшып шығу және ұшып келу уақытында өзгерістер болуы мүмкін. Сатып алу орны бойынша Жидда, Медина және Дубайға билеттерді 6 наурызды қоса алғанға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі", - делінген хабарламада. Барлық сұрақ бойынша төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласу сұралады: Air AstanaБрондау және ақпарат орталығы (тәулік бойы):📧 help.airastana.com📞 +7 727 244 4477📞 +7 7172 584477📞 +7 702 702 4477📞 Рейс кешіккен жағдайда жедел желі: +7 7272 44 44 78📱 WhatsApp: +7 702 702 00 74💻 Онлайн-чат: airastana.com FlyArystan📱 WhatsApp: +7 702 702 02 27💻 Live-chat: FlyArystan қосымшасы / flyarystan.com📞 +7 727 3311010 (08:00 – 20:00) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп: АҚШ Иранға қарсы әскери операцияға кірісті АҚШ президенті Дональд Трамп сенбіде Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы ауқымды әскери операцияға кіріскенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланған видеода айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақ үй басшысының айтуынша, операция Иранның ядролық және зымыран бағдарламаларына қарсы бағытталған. Трамп Тегеран ешқашан ядролық қаруға ие болмайтынын айтты. "Біраз уақыт бұрын АҚШ қарулы күштері Иранда ірі әскери әрекетті бастады. Біздің мақсатымыз - Иран режимінен төнген тікелей қауіпті жою арқылы Америка халықын қорғау. Бұл режимнің қоқан-лоқыға толы әрекеттері АҚШ-қа, біздің әскерилерге, шетелдегі базаларымызға және әлемдегі одақтастарымызға тікелей қауіп төндіреді", - деді Трамп. "Біз Иранның ядролық қаруға қол жеткізбеуін қамтамасыз етеміз. Оларда ешқашан ядролық қару болмайды. Бұл режим жақын арада АҚШ-тың күші мен қуатына ешкім қарсы тұра алмайтынын түсінеді", - деді АҚШ президенті. Трамптың айтуынша, Вашингтон 2025 жылғы Иранға жасалған соққылардан кейін бұл елге ядролық бағдарламаны қайта жандандырмауды ескерткен, бірақ Тегеран барлық ұсынысты қабылдамаған. "Осы шабуылдан кейін біз оларға ядролық қару жасауға бағытталған арам пиғылды әрекеттерін енді ешқашан жаңғыртпау керегін ескерттік және бірнеше рет келісімге келуге тырыстық... Бірақ олар бұған көнгісі келмеді. Не болып жатқанын түсінбеді...", - деді Трамп видеоүндеуінде. Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ Иран нысандарына әуеден және теңізден соққы жасап жатыр. Бұған дейін сенбіде Израиль Иранға қарсы "алдын алу шабуылын" бастаған болатын. Хабарларға қарағанда, Иран астанасында кемінде бес жарылыс болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда оқушылардың тамағына бөлінетін қаржыны көбейту ұсынылды Алматыда мемлекеттік мектептердегі тамақтану құнын көтеру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. Қазір бастауыш сыныптың бір оқушысына күніне 700 теңгеге де жетпейтін қаражат бөлінеді. Мамандардың бағалауынша, бұл сома жалақыны, коммуналдық қызметтерді және басқа да шығындарды есептемегенде, азық-түлікке ғана жетеді. Бұдан бөлек, жаңа ережелер жеткізушілерден мәзірді, порция көлемін, тіпті логистиканы қайта қарауды талап етеді. Бұл сапа мен қауіпсіздіктің барлық нормасын сақтау үшін қажет. Мұндай бастама мәслихат депутаттары, білім басқармасының өкілдері, ата-аналар қауымдастығы және салалық мамандар қатысқан ведомствоаралық топ ұйымдастырған асханаларды мониторингтеу барысында айтылды. "Біз тек заң аясында, барлық регламент пен нормативке сай әрекет еттік. Атап айтқанда, №16 бұйрық талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет нормаларына сәйкес мәзірді әзірледік. Екіншіден, санитарлық азық-түлік қауіпсіздігінің барлық талабына сай пластик емес, шыны ыдыстарға тапсырыс бердік", - деді ата-аналар комитетінің мүшесі Альмира Орлова. "Неге әженің тамағы дәмдірек болады? Өйткені ол дастарқанға бірден ыстық күйінде қойылады, солай емес пе? Ал мұнда ас алдын ала дайындалады, тасымалданады, сосын қайтадан жылыту керек. Егер дайын тағамды ыдысқа салу кезінде, әсіресе қақпағын жабу барысында талап сақталмаса, сондай-ақ тиісті температура ұсталмаса, мысалы, ыстық тағам салқындап кетсе, онда оны қайта қыздырғанда улану қаупі артады", - деді Алматы қалалық мектеп тамақтануы қауымдастығының президенті Гүлнәр Мамаева. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп тағы бір мерзімге президент болуға құқығы барын айтты АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Конституциясындағы тыйымға қарамастан, тағы бір мерзім президент болуға құқығы бар екенін меңзеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап. Трамптың пікірінше, 2020 жылғы сайлауда оның жеңіске жете алмауына демократтар тарапынан жасалған айла себеп болған. Ол дауыс беру қорытындыларын мойындаған жоқ, ал сол сайлаудың жеңімпазы болып оның қарсыласы Джо Байден жарияланған еді. "Мүмкін, біз тағы бір мерзімге қалармыз... Құқығым бар, өйткені 2020 жылғы сайлауда ашықтан-ашық алаяқтық жасалды", - деді президент Техас штатында жақтастары алдында сөйлеген сөзінде. CNN мәліметінше, 2020 жылғы сайлауда заңсыздық болды дегенге ешқандай дәлел келтірілмеген. Басылым АҚШ президентінің "Америкалық шығанақ" деген жазуы бар бас киім киіп, сахнаға өзінің дәстүрлі сайлауалды әні - Ли Гринвудтың God Bless the USA ("Құдай АҚШ-ты жарылқасын") әнімен шыққаны айтылған. Трамптың сөзінше, жақтастары 2028 жылғы сайлауда өзінің кандидатурасын қайта ұсынғанын қалайды. Алайда өзі үшінші мерзімге түсуге ниетті емес екенін айтқан, дегенмен бұған дейін мұны бірнеше рет меңзеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бапкерім күніне 1000 еуро алады“ - Бибісара Асаубаева шығыны туралы айтты Қазақстандық шахматшы, блицтен үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында дайындыққа кететін шығын туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бибісара Асаубаева 2025 жылдың аяғында блиц шахматтан кезекті әлем чемпионы атағын жеңіп алып, осы дисциплинада үш дүркін чемпион атанған Қазақстанның алғашқы шахматшысы ретінде тарихқа енді. Мұндай нәтижеге жету үшін тыңғылықты дайындық пен мықты бапкерлер қажет. Бибісара Асаубаева жыл сайын жаттықтырушысымен алты оқу-жаттығу жиынын өткізетінін, әр жиын 10 күнге созылатынын айтты. Спортшының айтуынша, оның жеке маманымен бір күндік жаттығу 1000 еуроға (587,7 мың теңге) шақ келеді. "Шахмат әлемінен алыс адамдар бұл спортты арзан деп ойлайды. Бізде теннис, гольф немесе бокстағыдай сыйақы жоқ, бірақ соған қарамастан шығын айтарлықтай көп. Жеке бапкерім күніне 1000 еуро алады. Оның үстіне біз ұшақ билеті, тұру және басқа да шығындары бар", - деді Бибісара Асаубаева. Бұл дегеніміз, ол бір ғана жаттықтырушыға жылына шамамен 60 мың еуро (35,2 миллион теңге) жұмсайды. Бұдан бөлек, оның командасында жалпы 11 адам бар. Олардың қатарында негізгі бапкерлер, спарринг-серіктестер, дебют, эндшпиль және миттельшпиль бойынша жаттықтырушылар және басқа да мамандар бар. "Барлығы сенің деңгейіңе байланысты. Мен Үміткерлер турниріне шыққандықтан, дайындық әлдеқайда күрделене түсті. Онда қарапайым турнирлерде байқалмай қалатын барлық жайтты ескеру керек. Қазір менің командамда 11 адам бар. Олардың ішінде спарринг-серіктестер, эндшпиль және миттельшпиль бапкерлері бар. Әрқайсысы өз үлесін қосуы керек, сондықтан шығын көлемі де қомақты болады", - деді шахматшы. Еске салайық, блицтен әлем чемпионатындағы жеңіс Бибісара Асаубаеваға 28 наурыз бен 16 сәуір аралығында өтетін Үміткерлер турниріне жолдама алуға мүмкіндік берді. Бұл турнирдің жеңімпазы классикалық шахматтан әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алады. Қазір шахмат тәжінің иегері - қытайлық спортшы Цзюй Вэньцзюнь. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Боливияда ақша тасымалдаған ұшақ апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты Боливияда ақша тасымалдаған ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан 20 адам қаза тауып, шамамен 20 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Марсела Флорес мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unitel-ге сілтеме жасап. "20 адам жараланғаны, тағы 20 адам қаза тапқаны расталды", - деді ол журналистерге. Министр зардап шеккендерге көмектесу үшін азаматтарды қан тапсыруға шақырды. Зардап шеккендердің көпшілігінің жарақаты ауыр. Жұмада Боливия әскери-әуе күштеріне тиесілі ұшақ Эль-Альто қаласындағы адам көп жүретін автожолға құлады. Экипаждың сегіз мүшесінің алтауы аман қалған, біреуі із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Билік бастапқыда ұшақ қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, әуежай маңындағы тасжолда тұрған көліктермен соқтығысқанын мәлімдеген. Кейінірек қорғаныс министрлігі оның қонып жатқанда құлағанын мойындады. Әуе кемесі елдің Орталық банкі үшін ақша тасымалдап бара жатқан. Апаттан кейін ұшақ маңына жергілікті тұрғындар жиналып, ішінен шашылып қалған ақшаны жинап алып кетуге тырысып, өртсөндірушілер мен дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірген. Полиция адамдарды тарату үшін газ қолданған. Алайда адамдар қайта-қайта келе берген. Ақша жинауға ұмтылған топты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келген. Банкноттарды ұрлауға байланысты кемінде 12 адам ұсталды. Боливияның Орталық банкі ұрланған банкноттарды алып кеткен адамдарды оларды қайтаруға шақырды. Банк өкілдері бұл ақшалардың айналымға енгізілмегендіктен, жарамсыз екенін түсіндірді. Боливиялықтар апат орнына қайта-қайта ұмтылып, банкноттарды ұрлаған соң, жергілікті полиция бума-бума ақшаны өртей бастаған. "Бұл банкноттар заңды төлем құралы емес, олар айналымда жоқ. Сондықтан біз оларды өртеуге кірістік, ал бұл банкноттарды иеленген кез келген адам заңға қарсы әрекет етеді... Бұл ақшаның барлығы өртеледі", - деді Unitel арнасына Орталық банк басшысы Давид Эспиноса. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана және тағы сегіз қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "28 ақпанда Астана, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, түнде Қостанай қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды Қазгидромет 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның солтүстігі мен орталығында аяз, ал оңтүстікте жауын-шашын мен тұман болжанады. Күндіз күн жылынады. Елдің батысында кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, сондай-ақ, бірқатар өңірде көктайғақ пен екпінді жел болжанып отыр. Астана - құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған қар жауады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 32-34 градус аяз, күндіз 16-18 градус аяз. Алматы - бұлтты, қар жауады, түнде кей уақыттарда қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 3-8 метр, кейде екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз. Шымкент - құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 метр, түнде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы. Түркістан - құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 метр, түнде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Қонаев - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр, кейде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз. Талдықорған - бұлтты, түнде және таңертең қар жауады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус аяз, күндіз 9-11 градус аяз. Қызылорда - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус аяз, күндіз 6-8 градус аяз. Тараз - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз. Ақтау - бұлтты, күннің екінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел шығыстан 9-14 метр, екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы. Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы. Орал - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз. Ақтөбе - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел бағыты құбылмалы, секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз. Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 30-32 градус аяз, күндіз 18-20 градус аяз. Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз. Қостанай - құбылмалы бұлтты, аздаған қар. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус аяз, күндіз 14-16 градус аяз. Көкшетау - құбылмалы бұлтты, аздаған қар. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 26-28 градус аяз, күндіз 17-19 градус аяз. Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысады, секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 25-27 градус аяз, күндіз 18-20 градус аяз. Павлодар - құбылмалы бұлтты, аздаған қар. Жел батыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 26-28 градус аяз, күндіз 20-22 градус аяз. Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 33-35 градус аяз, күндіз 18-20 градус аяз. Өскемен - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 33-35 градус аяз, күндіз 22-24 градус аяз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Сүйікті қалама оралдым“: Михаил Шайдоров Алматыға ұшып келді Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыға ұшып келді. Спортшыны әуежайда жанкүйерлері қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадан шыққан ұшақ түнге қарай қонды. Италиядағы қысқы Олимпиаданың жеңімпазын қарсы алуға гүл, плакат және Қазақстан туын ұстаған бірнеше ондаған адам келді. Оркестр де өнер көрсетті. Спортшы Астанадан әкесі және бапкерлерімен бірге ұшып келді. Әуежайда жұрт оны дәстүр бойынша бауырсақпен қарсы алды. "Үйіме жеттім-ау! Бұл ұзақ кезең болды: кеттім де, міне, енді туған, тұрып жатқан және өмір бойы тұратын сүйікті қалам Алматыға қайта оралдым. Толқып тұрмын. Мені күткен, қарсы алуға келген баршаңызға рақмет, шынымды айтсам! Қалаңа келіп, сені осылай қарсы алса, оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Баршаңызға көп рақмет!" - деді Шайдоров. Қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы ХХV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионына оның бейнесі салынған кілем сыйлады. Жұрт Шайдоров келгенге дейін шамамен екі сағат бұрын әуежайға жинала бастаған. Жанкүйерлер пандаларды да ұмытпады, өйткені Шайдоров Италиядағы гала-шоуда Кунг-фу Панда кейпінде өнер көрсеткен еді. Спортшының әкесі Станислав Шайдоров қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Михаилдың жеңісі баршаны біріктіргенін атап өтті. "Менің бойымды қуаныш кернеп тұр. Бақыттымын. Бәрі қуанышты. Миша - нағыз батырымыз, баршаны біріктірді… Қолдауларыңызға рақмет", - деді ол. Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров 1994 жылдан бері қысқы Олимпиадада алтын алған тұңғыш қазақстандық және ел тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан шыққан алғашқы чемпион атанды. Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық бесінші орында тұрған болатын. Алайда еркін бағдарламада ол қысымды еңсеріп, бес төрттікті сәтті орындап, төрешілерді тәнті етті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қызыл деңгей“: Алматы тұрғындарына тауға шықпау ұсынылды Алматы тұрғындары мен қонақтарына маңызды ескерту жасалды. Іле Алатауы тауларындағы қар көшкіні туралы ескерту ең жоғары деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта өздігінен немесе абайсыз қадамнан қар көшкіні болу қаупі өте жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 27 ақпан күнгі қаркөшкін бюллетеніне сәйкес, Іле Алатауы тауларында лавиналық қауіп жоғары (қызыл деңгей). Соңғы күндері тауда ауа райы күрт өзгерді: Артынша мол қар жауды (60–70 см дейін) Қар жамылғысы 120–200 см-ге жетті. "Мұндай жағдайда өздігінен және адам әсерінен болатын қар көшкіндері өте ықтимал. Әсіресе Кіші және Үлкен Алматы өзендері алабында, Медеу – Шымбұлақ маңында, биік таулы аймақтарда қауіп жоғары", - делінген хабарламада. Осыған байланысты құтқарушылар маңызды ескерту жасады: Тауда серуендеу, фрирайд, альпинизммен айналысу – өмірге қауіпті. Ресми ескертулерді қатаң сақтаңыздар. Құтқару құралдарынсыз қауіпті беткейлерге шықпаңыздар. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK (@ile_alatau_nationalpark) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: “Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз“ Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөз жүргізгеніне тоқталды., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Сауда, көлік-логистика, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастық мәселелерін жан-жақты талқыладық. Нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сауда-экономика және инвестиция саласындағы байланысты дамыту қажеттігіне баса назар аудардық. Қазір екі елдің арасындағы алыс-беріс көбейіп келеді. Елімізде 60-қа жуық серб компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Дегенмен біздің экономикалық әлеуетіміз бұдан әлдеқайда жоғары. Сондықтан сауда-саттық көлемін ұлғайтуға келістік. Мемлекеттеріміздің мүддесіне сай келетін жаңа инвестициялық жобаларды пысықтауға уағдаластық. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия бұл жұмысқа баса мән беруі қажет", – деді Президент. Мемлекет басшысы елімізге Александр Вучичпен бірге ірі кәсіпкерлер келгенін, сапар қарсаңында Қазақстан – Сербия Іскерлік кеңесінің отырысы өткенін еске салды. "Бизнес өкілдері арасындағы байланысты күшейту қажет екенін атап өттік. Жалпы, біз Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша назар аудардық. Былтыр Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Бұл – ықпалдастығымызды дамыту жолындағы маңызды қадам. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, жүк тасымалдайтын жаңа бағыттар ашу мәселесіне тоқталдық. Инфрақұрылым саласындағы әріптестікті нығайту жолдарын талқыладық. Тиісті министрліктер мен операторларға нақты ынтымақтастық тәсілдерін айқындауды ұсындық. Энергетика саласында аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу, қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту үшін өзара іс-қимылды күшейтуге келістік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев келесі жылы Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне тілектестік білдірді Мемлекет басшысы келесі жылы Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне еліміздің тілектес екенін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бұл ретте Қазақстан "EXPO 2027 Belgrade" көрмесіне қатысып, өз тәжірибесін бөлісуге дайын. "Жалпы, бүгінгі келіссөздер өте табысты болды. Бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Жан-жақты ынтымақтастыққа тың серпін беретін бірқатар маңызды құжатқа қол қойдық. Осы келісімдердің нәтижесінде екі елдің қарым-қатынасы нығая түсетіні сөзсіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ тараптар халықаралық және аймақтық мәселелер жөнінде пікір алмасқан. "Жаһандық геосаяси ахуалдың ушығуына, қақтығыстардың көбеюіне бәріміз алаңдап отырмыз. Әлемдегі көптеген түйткілге қатысты мемлекеттеріміздің ұстанымы – ұқсас. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының және халықаралық құқық нормаларының талаптары қатаң сақталуға тиіс. Кез келген жанжалды келісім арқылы дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санаймыз. Біз болашақта да халықаралық деңгейде күш біріктіріп, тиімді жұмыс істеуге, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге белсене атсалысамыз деп келістік. Бүгінгі сапар екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсетіні анық. Бұған қос тарап та мүдделі. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді. Бірлесіп әрекет етсек, ортақ мақсаттарға қол жеткіземіз деп сенемін", – деді Қазақстан Президенті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бірлескен мәлімдеме және меморандумдар: Қазақстан мен Сербия қандай келісім жасасты? Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Александр Вучич Бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Сербия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум; 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Сербия Республикасы Әділет министрлігі арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы меморандум; 3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Сербия Республикасы Ақпарат және телекоммуникация министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 4. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Сербия Республикасы Ақпараттық технологиялар және электрондық үкімет кеңсесі арасындағы цифрландыру және электрондық үкіметті дамыту саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сербия Республикасы Ауыл, орман және су шаруашылығы министрлігі арасындағы ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 6. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сербия Республикасы Ғылым, технологиялық даму және инновациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Сербия Республикасы Мәдениет министрлігі арасында кино саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Сербия Республикасы Мәдениет министрлігі арасында материалдық емес мәдени мұраны қорғау саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 9. "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ мен Сербия даму агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 10. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Сербия Республикасы Дипломатиялық академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкенттегі 7 жасар оқушы қыздың жантүршігерлік оқиғасы: қылмыстық іс қозғалды Шымкентте 7 жастағы оқушының мұғалімге қатысты шағымынан кейін қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, қала мектептерінің бірінде болған жағдайдан соң қыз балаға қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. "Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жағдай анықталғаннан кейін бірден оқиға орнына барып, баланың анасымен тұрақты байланыс орнатты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада. Ведомство өкілдері 2024 жылдан бастап елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық түрі үшін жаза күшейтілгенін еске салды. Физикалық және психологиялық қысым көрсеткендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. "Әрбір осындай жағдай уәкілетті органдардың ерекше бақылауында болады. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады", – деді комитет өкілдері. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Шымкенттегі мектептердің бірінде сабақ кезінде мұғалімнің кішкентай қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасағаны туралы ақпарат тараған болатын. Оқушының анасының айтуынша, мұғалім баланы тізесіне күштеп отырғызып, оның қарсылығына қарамастан жібермеген. Қызы орнынан тұрмақ болғанда мұғалім оны қолынан ұстап, ерсі әрекет жасаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: Индонезия полициясы тұтқындудың мән-жайын ашты Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасыға қатысты жаңа дерек шығып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Индонезия полициясы күдікті қалай ұсталғанын жариялады. Мәліметке сүйенсек, Индонезияның Солтүстік Ломбок аймақтық полициясы Интерполдың қызыл хабарламасы бойынша халықаралық іздеуде жүрген 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстаған. "Ол Сенару ауылындағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті. Тінту кезінде күдіктілерден төлқұжаттар, ұялы телефондар және халықаралық банк карталары тәркіленді. Ол әзірге Солтүстік Ломбок полиция бөлімінде қамауда отыр", - деп жазылған мәліметте. Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Атырау облысында екі адамды өлтірді деген күдіктінің Индонезияда ұсталған сәтінің видеосын жариялады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қорғаныс министрі апатқа ұшыраған жойғыш ұшаққа қытысты пікір білдірді Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол бүгін Ақорда кулуарында журналистерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қорғаныс министрінің айтуынша, арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр, ол аяқталған соң барлық мән-жай жария етіледі. "Ешқандай қателік болған жоқ. Бұл - жаңа ұшақ. Ресейде өндірілген Су-30СМ 2022 жылы жеткізілген. Ұшақ 230 сағат ұшу уақытын орындаған. Ең бастысы ұшқыштар зардап шеккен жоқ, олар аман", - деді министр Дәурен Қосанов. Не болған? 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ресми деректерге сәйкес, әуе кемесінің экипажы дер кезінде катапульт жасап үлгерген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн жылынады Казгидромет 28 ақпан, 1 және 2 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Метеорологтар мәліметінше, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпал етіп, айтарлықтай жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. "Тек 2 наурыздан бастап Қазақстанның батысынан циклон жылжи бастайды, салдарынан қар, боран, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі және ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі", - деді синоптиктер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Сербия президентін “Алтын Қыран“ орденімен марапаттады Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді. "Сербия Сіз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында зор жетістіктерге жетіп, өркендеп келеді. Халықаралық беделі де арта түсті. Алдағы уақытта еліңіз Сіздің парасатты басшылығыңызбен жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін. Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктесі. Екі елдің қарым-қатынасы өзара қолдауға, түсіністік пен мызғымас достыққа негізделген. Барлық деңгейде белсенді саяси диалог дамып келе жатыр. Сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық нығайып келеді. Көпжақты құрылымдар аясындағы байланысымыз күшейе түсті. Қазіргідей алмағайып кезеңде өзара әріптестікті жандандыру өте маңызды. Сондықтан біз осы қарқынды сақтап, түрлі саладағы ықпалдастықты дамытуға мүдделіміз. Бұған толық мүмкіндік бар. Өзара сенім мен достық рухында өткен мазмұнды келіссөздер – соның айқын дәлелі. Бүгінгі келісімдер серіктестігімізді жаңа деңгейге көтереді деп санаймын. Біз бұл бағытта бірлесіп әрекет етуге әрдайым дайынбыз", – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Александр Вучичті еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. "Бұл – қазақ жұртының Сізге және Сербия халқына деген зор ризашылығы және ерекше құрметінің белгісі. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Осы марапат екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға ықпал етеріне кәміл сенемін. Қос халықтың достығы жасай берсін!" – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Вучич кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Мемлекет басшысы меймандарға ілтипат білдіре отырып, бұл сапар Қазақстан мен Сербия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толу қарсаңында өтіп жатқанына назар аударды. "Сербия Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз саналады. Көптеген саладағы өзара тиімді байланыстарымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Бүгін екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тәсілдерін талқыладық. Өз тарапымыздан екі ел арасындағы ықпалдастықты кеңейтуге барлық жағдайды жасайтынымызды жеткізгім келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Белград арасында конструктивті саяси диалог жолға қойылып, парламентаралық байланыс нығайып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен іскерлік топтардың ықпалдастығы дәйекті түрде дамуда. Қазақстанда 60-тан астам сербиялық компания қызмет етеді. Президент Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді жұмыс атқарып жатқанын айтты. Мемлекет басшысы сапар аясында Сербиядан іскерлік топ өкілдері келгенін құптады. Кеше өткен Қазақстан-Сербия Іскерлік кеңесінің нәтижесі сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейте түсетініне сенім білдірді. Президент еліміздің бірқатар халықаралық бастамаларына қолдау білдіргені үшін Сербия тарапына ризашылығын жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктес санайтынын айтты. "Бірқатар бағытта, әсіресе, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығымызды нығайту үшін көп жұмыс атқардық. Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Сауда қатынастарымыз табысты дамып келеді. Қазақстанда 60-тан аса сербиялық компания жемісті еңбек етіп жатыр. Негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ортақ. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың берік әрі тиімді іргетасы қаланды деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз достық қарым-қатынасымызға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды екеніне сенімдімін", - деді Президент. Александр Вучич Қазақстанға ресми сапармен келгеніне қуанышты екенін білдірді. "Қонақжайлық танытқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің пікіріңізбен толық келісемін, елдеріміз арасында шынайы стратегиялық қарым-қатынас орнаған. Сіздің қолдауыңыздың арқасында сауда-экономикалық байланыстарымыз жоғары қарқынмен дамып келеді. Алдағы уақытта жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар мен энергетика салаларында ықпалдастық орнату арқылы достығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын. Сізді жақын арада елімізде қарсы алуға дайынбыз", - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Щучинскідегі қайғылы оқиғаға кінәлілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін Щучинскте "Центр плова" кафесіндегі жарылысқа кінәлілерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекске сәйкес, мұндай қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Не болған? Еске салайық, 26 ақпанда кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жалғасқан бір қабатты кафеде "газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, кейіннен өрт шыққаны" тіркелген. Сол кезде алты адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккені хабарланды. ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жеткеннен кейін өртсөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, 10-нан аса адамды құтқарған. Өрт сөндіріліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылды. 27 ақпанда барлығы 26 адам зардап шеккені, соның ішінде 7 адам қаза тапқаны (оның бірі - 16 жастағы қыз) белгілі болды. 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілген. Ақмола облысы ТЖД-де 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша жедел желі ашылды. Жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны айтылды. Куәгер не дейді? Куәгердің айтуынша, бәрі кенеттен болған. Қатты жарылыс болып, ғимаратты өрт шарпыған. Кейін ішінен адамдар жүгіріп шыға бастаған. "Бәрі өте тез болды. Бір секундта. Адамдар жүгіріп шықты. Бәрі күйік алған. Аспаздар, қызметкерлер, бәрі қардың үстіне құлап жатты. Барлығын сыртқа шығарып жатты. Мен жүгіріп бардым, сол жерде тәтемді көрдім, оны алып кетіп бара жатты, күйіп қалған, үсті-басы қан болды. Бәрі күйіп қалған, кейбірі шашсыз шықты, күртелерін тастап, жалаңаяқ жүгіріп шықты", – деді куәгер. Осы өрт кезінде куәгер досынан айырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ақордада Сербия президентін қарсы алды Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды. Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зейнетақы қаражатымен ипотеканы өтеу: Отбасы банк өтініштерді қайта қабылдауды бастайды Отбасы банк тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану бойынша өтінім қабылдауды қайта бастайды. Бұл ақпаратты банктің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметке сәйкес, өтінімдер 2 наурыз, дүйсенбіден бастап қайта қабылданады. Еске сала кетейік, қаңтардың аяғында банк БЗТ қаражатын несие бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге пайдалану өтінімдерін уақытша тоқтатқанын хабарлаған болатын. Банк мәліметінше, бұл шешім қашықтан қызмет көрсету жүйелерін, мобильді қосымша мен otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетті жаңа талаптарға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты қабылданған. Бұған дейін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін БЗТ пайдалану қағидаларында "берешек" ұғымы "негізгі қарыз" терминімен ауыстырылған. "Бұл дегеніміз, енді зейнетақы жинағындағы артық қаражатты несие бойынша ішінара немесе мерзімінен бұрын толық өтеу кезінде тек негізгі қарызды жабуға ғана пайдалануға болады. Бұрын "берешек" ұғымына кіретін ай сайынғы төлемді біржолғы зейнетақы төлемі есебінен толық өтеу мүмкін болмайды. Несие бойынша пайыздар мен ай сайынғы төлем құрамына кіретін өзге де ілеспе төлемдерді қарыз алушы өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс", - деп түсіндірді Отбасы банк. Осы өзгерістерге байланысты Отбасы банктегі қарызды ішінара және толық өтеу тетігі жаңартылып, соның салдарынан өтінім қабылдау уақытша тоқтатылған. "Алдағы уақытта бұл операция екі бөліктен тұрады: алдымен несие бойынша сыйақы мен өзге де ілеспе төлемдер қарыз алушының жеке қаражаты есебінен төленеді, содан кейін негізгі қарыз зейнетақы жинағындағы артық қаражат есебінен өтеледі. Ол үшін Отбасы банктегі ағымдағы және арнайы шотта қаражаттың болуын алдын ала қарастыру қажет", - деп хабарлады Отбасы банк. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Щучинсктегі қайғылы оқиға: жаңа мәлімет белгілі болды Щучинскте кафеде болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тапты. Ақмола облысы әкімдігінде қаза болғандардың алтауы мекеме қызметкерлері болғанын, тағы бір адам бойынша ақпарат нақтыланып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қайғылы оқиға салдарынан алты қызметкер қаза тапқанын хабарлады. Қаза болған 16 жастағы қыз туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Әкімдікте оның кафеде жұмыс істеген-істемегені тексеріліп жатқаны айтылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз анасымен бірге мекемеде болған, ал анасы осы жерде қызметкер болған. Әкімдік өкілдері қыздың анасы тірі екенін нақтылады. Не болған? Еске салайық, 26 ақпанда кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жалғасқан бір қабатты кафеде "газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, кейіннен өрт шыққаны" тіркелген. Сол кезде алты адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккені хабарланды. ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жеткеннен кейін өртсөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, 10-нан аса адамды құтқарған. Өрт сөндіріліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылды. 27 ақпанда барлығы 26 адам зардап шеккені, соның ішінде 7 адам қаза тапқаны (оның бірі - 16 жастағы қыз) белгілі болды. 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілген. Ақмола облысы ТЖД-де 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша жедел желі ашылды. Жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны айтылды. Куәгер не дейді? Куәгердің айтуынша, бәрі кенеттен болған. Қатты жарылыс болып, ғимаратты өрт шарпыған. Кейін ішінен адамдар жүгіріп шыға бастаған. "Бәрі өте тез болды. Бір секундта. Адамдар жүгіріп шықты. Бәрі күйік алған. Аспаздар, қызметкерлер, бәрі қардың үстіне құлап жатты. Барлығын сыртқа шығарып жатты. Мен жүгіріп бардым, сол жерде тәтемді көрдім, оны алып кетіп бара жатты, күйіп қалған, үсті-басы қан болды. Бәрі күйіп қалған, кейбірі шашсыз шықты, күртелерін тастап, жалаңаяқ жүгіріп шықты", – деді куәгер. Осы өрт кезінде куәгер досынан айырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Күш қолданып, қысым көрсеткен: заңсыз қарыз беріп, 2 миллиардқа жуық табыс тапқан күдікті әшкере болды ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет, күш қолдану арқылы өз бетінше әрекет ету және алаяқтық деректері бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2013 жылдан 2025 жылға дейін күдікті тиісті лицензиясыз жеке және заңды тұлғаларға мүлік кепілдігімен пайызға жүйелі түрде қарыз беріп келген. Мәмілелерге заңды сипат беру үшін келісімшарттарда нақты берілген сомадан едәуір жоғары сома көрсетілген. Себебі құжатта алдын ала есептелген сыйақы қосылып отырған. "Қарыздар бойынша ай сайынғы сыйақы мөлшері қарыз сомасының 5–10 пайызын құраған, бұл жылдық есеппен 60–120 пайызға тең. Сондай-ақ қарызды жасыру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында мүлікті сатып алу-сату туралы жалған шарттар рәсімделген. Заңсыз қызметтен түскен қылмыстық табыс 1,8 миллиард теңгеден асты", - делінген хабарламада. Күдіктінің әрекеттерінен азаматтар зардап шеккен. Жедел қаржылай көмекке үміт артқан олар жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен мүлкінен айырылу қаупіне тап болған. Күдікті қарыз алушыларды ақша немесе жылжымайтын мүлік беруге мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде күш қолданып, психологиялық қысым көрсеткен. Бұдан бөлек, күдікті сот процестерін бастамашылық етіп, 11 миллион теңге көлеміндегі бір қарызды әртүрлі құжаттар негізінде екі рет өндіріп алған. Міндеттеменің іс жүзінде орындалғаны туралы мәліметтер сотқа әдейі ұсынылмаған. "Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған жалпы құны 1,1 миллиард теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Тыйым салынған мүліктің қатарында 2 пәтер, 2 тұрғын үй, жер телімі, сондай-ақ LAND ROVER RANGE ROVER және HYUNDAI STARIA автокөліктері бар", - делінген ҚМА хабарламасында. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Щучинсктегі жарылыс: қылмыстық іс қозғалды Щучинскте "Центр плова" кафесінде болған жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 28 адам зардап шеккен, оның ішінде 13-і ауруханаға жатқызылды, сегізі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Жеті адам қаза тапты. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы медицина қызметтерінің бақылауында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Щучинскте кафедегі жарылыстан зардап шеккендер туралы не белгілі? Ақмола облысы Щучинскіде бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың айтуынша, Щучинск қаласының стационарына күйіктің әртүрлі дәрежесімен 13 науқас түскен. "Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан медицина мамандары тартылды, қосымша үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы келді. Дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар. Науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр", - деді ол. Сонымен қатар, зардап шеккен бес адам ТЖМ реанимобилімен Көкшетау қаласына жеткізілген. Тағы екі науқасты тасымалдау жоспарланып отыр. "Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жатқызылып, оларға барлық көмек көрсетіліп жатыр. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында", - деп жазылған хабарламада. Не болған? Еске салайық, 26 ақпанда кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жалғасқан бір қабатты кафеде "газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, кейіннен өрт шыққаны" тіркелген. Сол кезде алты адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккені хабарланды. ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жеткеннен кейін өртсөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, 10-нан аса адамды құтқарған. Өрт сөндіріліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылды. 27 ақпанда барлығы 26 адам зардап шеккені, соның ішінде 7 адам қаза тапқаны (оның бірі - 16 жастағы қыз) белгілі болды. 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілген. Ақмола облысы ТЖД-де 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша жедел желі ашылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Щучинскіде кафедегі жарылыс: қаза тапқандар саны жетіге жетті Щучинскідегі кафедегі жарылыстан қаза тапқандар саны жетіге жетті. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақмола облысы әкімдігі мәліметінше, барлығы 26 адам зардап шеккен, соның ішінде 7 адам қаза тапқан (оның бірі - 16 жастағы қыз). 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілген. "Денсаулық сақтау басқармасы қосымша медициналық бригадаларды жедел түрде жасақтады. Барлық ресурс жұмылдырылды: мамандар, дәрі-дәрмектер, санитария авиациясы оқиға орнына бағытталды. Оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада. Не болған? Еске салайық, 26 ақпанда кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жалғасқан бір қабатты кафеде "газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, кейіннен өрт шыққаны" тіркелген. Сол кезде алты адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккені хабарланды. ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жеткеннен кейін өртсөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, 10-нан аса адамды құтқарған. Өрт сөндіріліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылды. Ақмола облысы ТЖД-де 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша жедел желі ашылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте 15 миллион теңге берешегі бар жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды Шымкентте 15 миллион теңге берешегі бар жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шымкент патрульдік полиция қызметкерлері ірі көлемдегі берешегі бар жүргізушіні анықтады. Тексеру барысында оның бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, сондай-ақ орындалмаған несие міндеттемелері мен өзге де қаржылық берешектері бар екені белгілі болған. Hyundai Sonata маркалы автокөлік иесінің жалпы берешегі 15 миллион теңге болған. "Борышкер "Қорғау" жүйесі арқылы анықталды. Аталған жүйе сақтандыру полисі жоқ, айыппұлдарын төлемеген, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланатын көліктерді жедел анықтауға мүмкіндік береді", - денлінген хабарламада. Шымкент Полиция департаменті азаматтарды қаржылық міндеттемелерін уақытылы орындауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Еңбек министрлігі 432 500 теңге біржолғы төлем берілетіні туралы ақпаратқа жауап берді Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ, белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмаған. "Мұндай хабарламаларды көбіне алаяқтар жеке дерекке қол жеткізу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәлімет тек 1414 нөмірінен SMS хабарламалар арқылы жіберіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында жарияланады. Әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады", - деді министрлік өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда вейп саудасының ірі схемасы әшкереленді Алматыда электрон темекілерге толық тыйым салынғанына қарамастан, вейптердің заңсыз саудасының ірі схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті кезекті қылмыстық істі аяқтады. Күдіктілер тыйым салынған өнімді Telegram-арналар арқылы сатқан. "Тергеу барысында 180 мыңнан астам вейп тәркіленіп, жойылды. Оларды сатудан түсуі мүмкін табыс 1 миллиард теңгеден асуы ықтимал болған. Қоймалар мен сату нүктелері анықталды. Күдіктілердің мүлкіне 347 миллион теңге көлемінде шектеу салынды", - делінген хабарламада. Қылмыстық іс сотқа жолданды, жауапкершілікке алты адам тартылып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сербия президенті Астанаға ұшып келді Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ресми сапармен келген. Астана әуежайында Сербия президентін гүл шоқтарымен қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады. Суреттер: Үкіметтің баспасөз қызметі Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 27, 28 ақпан және 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы ауа райы болжамы 27 ақпанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -31...-33 градус, күндіз -19...-21 градус. 28 ақпанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -28...-30 градус, күндіз -15...-17 градус. 1 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғалы, екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -28...-30 градус, күндіз -13...-15 градус. Алматыдағы ауа райы болжамы 27 ақпанда бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, кейде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз 0...-2 градус. 28 ақпанда бұлтты, кей уақытта қар, түнде қалың қар. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-9 градус, күндіз -3...-5 градус. 1 наурызда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар, тұман. Ауа температурасы түнде -9...-11 градус, күндіз -3...-5 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада үш тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты істер сотқа жолданды Астана прокуратурасы "Оазис", R-Club және R-ClubDeluxe тұрғын үй кешендері бойынша қылмыстық істерді сотқа жолдады. Қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресми дерек бойынша, 426-дан аса отбасыға 8,2 миллиард теңге көлемінде залал келген. Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ҚР заңнамасын бұзып, "Оазис", R-Club және R-ClubDeluxe тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың қаражатын тиісті рұқсаттар алмай тартқаны анықталған. "Бұл қаражат көзделген мақсатта пайдаланылмаған, ал нысандардың құрылысы жүзеге аспаған. Сот санкциясымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, соның ішінде 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 тұрғын емес үй-жайға, 49 көлікке тыйым салынды. 12 күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы ең бай зейнеткер қаңтарда қанша алды? Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қаңтардағы ай сайынғы төлемдердің мөлшері аталды. Қор мәліметінше, зейнетақының көлемі тікелей жинақталған қаражат мөлшері мен жүйеде қатысу ұзақтығына байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. "Төлемнің максимал мөлшеріне шектеу жоқ: жинақталған қаражат көлемі неғұрлым көп болса, жинақтаушы зейнетақының мөлшері соғұрлым жоғары болады", - делінген БЖЗҚ-ның Tengrinews.kz ресми сұрауына берген жауабында. 2026 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша, ай сайынғы төлемдер 32 360 теңгеден 900 мың теңгеден аса сомаға дейінгі аралықта болған. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстандағы ең үлкен жинақтаушы зейнетақы ай сайын 900 мың теңгеден асады. Контекст Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 1 ақпанда Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атаған болатын. "Орташа жинақталған зейнетақы мөлшері 157 843 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге", - делінген министрлік хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодардағы банк тонау оқиғасы: төрт ресейлік қамауға алынған Қазақстандағы банк тонау ісі бойынша Ресей азаматтары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Сот материалдарына сүйенсек, Иваново соты қылмыстық іс аясында төрт адамды қамауға алған. Бұл істі 2024 жылғы 11 қарашада Павлодар орталық полиция бөлімі тіркеген. "Құжатқа сәйкес, іс материалдарында "Қазақстан Халық Банкі" АҚ бөлімшесінің депозитарийінен зергерлік бұйымдар мен түрлі валютадағы ақша қаражатын ұрлау туралы айтылған. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 400 миллион рубль (2,57 миллиард теңгеге жуық - еск.) болады. Ресей Федерациясының азаматтарына аса ірі көлемде, ұйымдасқан топ құрамында ұрлық жасады деген айып тағылған", – деп хабарлайды РИА Новости. Не болған? 2024 жылдың күзінде Павлодарда белгісіз адамдар Halyk Bank филиалының қабырғасын бұзып кіріп, бір миллиард теңгеден астам қаражатты алып кеткен. Банк бөлімшесі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Бұл дерек бойынша аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция алтын бұйымдар мен ақша ұрланғанын мәлімдеген. Кейін бес күдіктінің ұсталғаны белгілі болды, олардың барлығы – Ресей азаматтары. Тергеу барысы 2025 жылғы ақпанда Павлодар облыстық Полиция департаменті соттың күдіктілерді қамауға алу жөнінде санкция бергенін хабарлады. Істі тергеу үшін бірлескен тергеу-жедел тобы құрылған. Ал мамырда ҚР ІІМ баспасөз қызметі халықаралық тәртіпке сәйкес, істің материалдары қадағалаушы орган арқылы Ресейдің тергеу органдарына берілгенін мәлімдеді. Іс бойынша шамамен 40 қазақстандық жәбірленуші ретінде танылған. Қазақстандық полицейлер ресейлік әріптестеріне тергеу барысында көмек көрсетуді жалғастырған. Дегенмен, істің нақты қай кезеңде екені әзірге белгісіз. Полиция өкілдері тергеу жалғасып жатқанын және жақын уақытта нәтижесі белгілі болуы мүмкін екенін айтады. Жәбірленушілердің басым бөлігі – Павлодар облысының тұрғындары. Ұрланған қаражат пен бағалы заттардың нақты көлемі әлі жария етілмеген. Кейбір жәбірленушілер келтірілген шығын мөлшерін көпшілікке жариялағысы келмегені де айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жүргізуші куәлігін ауыстыру: маңызды өзгеріс туралы айтылды Қазақстанда енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап. Қазақстандықтар сәуірден бастап жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алатын болады. "Бұған дейін қызмет тек қолданыстағы құжат болған жағдайда, сондай-ақ оны жоғалуы, ұрлануы немесе тегі, аты-жөнін өзгерткен кезде ғана онлайн форматта көрсетілетін. Енді ол құжат мерзімі өткен жағдайларды да қамтиды", - делінген хабарламада. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін куәлікті ауыстыру кезінде көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет. "Медициналық тексеруден өткен пайдаланушылардың мәліметтері өтінім беру сәтінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Ал егер пайдаланушы куәлікті мерзімі аяқталғанға дейін алдын ала ауыстырса, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Қызмет көрсету мерзімі - 60 минут". Не істеу керек? eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін: порталға кіріп, "Азаматтарға" - "Көлік және коммуникациялар" - "Автомобиль көлігі" бөліміне өту; "Жүргізуші куәлігін алу" қызметін таңдау; дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ны көрсету және фотосуретті жүктеу (фотоға қойылатын талаптармен танысу); қолтаңба үлгісін жүктеу және байланыс телефонын енгізу; мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда "Бұрын төленген" функциясын пайдалануға болады; өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау. eGov Mobile қосымшасы арқылы қызметті алу үшін: қосымшаға кіріп, "eGov Мемлекеттік қызметтер" - "Жүргізу және көлік" бөліміне өту; "Жүргізуші куәлігін беру" қызметін таңдау; фотоға қойылатын талаптармен танысып, файлды жүктеу; қолтаңба үлгісін жүктеу немесе жазып, "Сақтау" батырмасын басу; дайын құжатты алу үшін ХҚКО бөлімін таңдап, "Жалғастыру" батырмасын басу; мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда "Бұрын төленген" функциясын пайдалануға болады; өтінімді қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою. Қызмет нәтижесі eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі "Хабарламалар" бөлімінде және eGov Mobile қосымшасындағы "Хабарламалар" - "Жеке кабинет тарихы" бөлімінде көрсетіледі. Дайын құжатты рәсімдеу кезінде таңдалған ХҚКО-дан, жеке куәлікті ұсыну арқылы, алуға болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстау облысының бас полицейі мен дәрігер ұшақта жағдайы нашарлаған шетелдікті аман алып қалды Ақтаулық дәрігер мен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы ұшақта шетелдік азаматты аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Маңғыстау облысы ПД мәліметінше, 23 ақпанда Астанадан Ақтауға бағыт алған әуе рейсінде 45 жастағы шетелдік жолаушының қан қысымы күрт көтеріліп, жағдайы нашарлаған. Оқиға ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін шамамен бір сағат өткен соң болған. Маңғыстау облыстық ПД бастығы, генерал-майор Сағындық Аяғанов өзін жайсыз сезінген Тәжікстан азаматы дәлізде құлап бара жатқанын байқап, дереу әрекет еткен. Ол жолаушыны ұстап қалып, бортсеріктерді көмекке шақырған. "Сол рейспен еңбек демалысымнан Ақтауға ұшып келе жатқан едім. Ер адамның үстіме қарай құлап келе жатқанын байқап, ұстап қалдым. Бортсеріктерді шақырып, жолаушылар арасынан дәрігер іздей бастадық. Бағымызға орай, дәрігер табыла кетті. Өзіммен бірге үнемі аспирин алып жүретін едім, азаматқа сол дәріні ұсындым. Ұшақ жерге қонғанша азаматтың жағдайын бақылап отырдық", - дейді генерал-майор Сағындық Аяғанов. Жолаушыға "Ана мен бала" орталығының акушер-гинекологы Тұрсын Чуйшбаева медициналық көмек көрсеткен. "Ұшақта ер адамның қан қысымы 220/110-ға дейін көтерілгенін анықтадық. Дәрі беріп, оттегі қосып, жағдайын тұрақтандырдық. Ақтауға қонғанға дейін қан қысымын 135/85-ке дейін түсірдік. Жолаушы басының самай тұсы "қайнаған су құйғандай" ауырғанын айтты. Жолаушылар арасынан каптоприл мен аспирин табылды. Белгілі болғандай, ол бір ай бұрын өз елінде осындай жағдаймен ауруханаға түскен, алайда дәрігер кеңесін толық орындамаған. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін созылмалы ауруы бар азаматтар сапарға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені абзал", - дейді дәрігер. Ұшақ Ақтауға қонған соң жедел жәрдем қызметі науқасты ауруханаға жеткізген. Қазір оның жағдайы тұрақты. Тәжікстан азаматы Амон Амонов өзіне дер кезінде көмек көрсеткен жандарға алғыс білдірді. "Ұшақ ұшқаннан кейін жағдайым нашарлай бастады. Бір сағаттан соң бетімді жуу үшін дәретханаға беттедім. Алайда дәретханаға жетпей, жүрегім әлсіреп, сол жақ денем жансызданғандай болды. Көзім қарауытып, тыныс алу қиындады. Сол сәтте алдыңғы қатарға қарай құлаппын. Маған көмектескен адамның Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы екенін кейін білдім. Ұшақ бортында көмек көрсеткен баршаға шексіз ризамын", - дейді жолаушы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда мектептегі жанжалдан кейін жоғалып кеткен оқушы табылды Атырауда жоғалып кеткен 15 жастағы оқушы табылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық Полиция департаменті қыздың аман-есен табылғанын хабарлады. "24 ақпанда кешке Атырау тұрғыны полицияға хабарласып, 15 жастағы қызы бірнеше сағат бұрын үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде оқушы қыздың жүрген жері анықталды", - деп хабарлады Атырау облысы ПД. Кәмелетке толмаған қыз ата-анасына тапсырылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Не болған? Еске салайық, бұған дейін Атырауда 15 жастағы оқушы Інжумаржан Қуанышқызына іздеу жарияланғаны хабарланды. Оқушының анасы Ғалия Тұяққалиева оқу жылының басында қызын жаңа мектепке ауыстырғанын айтқан. Кейін оқушы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары арасында түсініспеушілік туындап, анасының сөзінше, сыныпта оған қарсы түсініктеме жинала бастаған. Әйел бұл жағдай бойынша e-Otinish порталына шағым жолдаған. Әйелдің айтуынша, 19 ақпанда оған мектептен қоңырау шалған, алайда жұмыста болғандықтан бірден жауап бере алмаған. Келесі күні мектепке барған кезде оған оқушылардың түсініктемелері көрсетіліп, қызының құжаттарын алуы қажет екені айтылған. Осыдан соң қыз үйіне барған, бірақ біраз уақыттан кейін қайтадан пәтерден шығып кетіп, қайтып келмеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістанда Конституциялық реформаны қолдауға арналған ерекше мурал ашылды Түркістан қаласында Конституциялық реформаны қолдау мақсатында ауқымды әрі мазмұнды іс-шара өтті. Қаланың басты туристік орталықтарының бірі – Керуен сарай кешені аумағындағы тұрғын үйдің қасбетіне кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен арнайы Конституциялық мурал салынды. Жаңа мурал – еліміздегі саяси жаңғыру үдерістерінің, әділетті қоғам құру жолындағы батыл қадамдардың көркем бейнесі. Онда Конституциялық реформаның мәні, халық еркі мен бірлігінің маңызы, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік идеялары заманауи көркемдік тәсілдер арқылы айшықталған. Бұл бастама – мемлекеттік қолдаумен ғана емес, азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік қауымдастықтың белсенді атсалысуымен жүзеге асқан игі іс. Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі мен ел болашағына деген жанашырлығының нақты көрінісі ретінде бұл жоба қоғам тарапынан жоғары бағаланды. Мұндай шаралар қоғамдағы бірлік пен өзара сенімді арттырып, әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Муралдың ашылуына орай жастар өкілдерінің қатысуымен арнайы флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар Конституциялық реформаны қолдайтын ұрандар айтып, көк аспанға референдум тақырыбындағы әуе шарларын ұшырды. Бұл символикалық әрекет – елдің жарқын болашағына деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің белгісі болды. Шара аясында жастар реформаның маңыздылығы, оның мемлекет дамуына ықпалы туралы пікірлерін білдіріп, Конституция – ел бірлігінің, тұрақтылық пен әділеттіліктің берік негізі екенін атап өтті. Ашық аспан астында өткен бұл патриоттық акция қатысушыларға ерекше рух сыйлап, көпшіліктің есінде ұзақ сақталатын тағылымды сәтке айналды. Жаңа мурал туристік нысандарға тың серпін беріп, қаланың көркем келбетін одан әрі айшықтай түсті. Бүгінде тұрғын үйдің қасбетіндегі Конституциялық мурал жастардың сүйікті фото-аймағына айналып үлгерді. Бұл – өнер арқылы қоғамдық құндылықтарды насихаттаудың тиімді үлгісі. Аталған жоба – Конституциялық реформаның мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіруге бағытталған креативті әрі мазмұнды бастамалардың бірі. Түркістан қаласында жүзеге асқан бұл игі іс – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың ортақ ұмтылысының айқын көрінісі. Қоғамдық кеңістіктерде ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік реформаларды дәріптейтін креативті жобаларды жүзеге асыру - елдік сананы нығайтып, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Түркістанда AI Хакатонның салтанатты ашылуы өтті Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен "Қаржылық қауіпсіздік – цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде" тақырыбындағы өңіраралық форум аясында екі кезеңнен тұратын AI Хакатонның салтанатты ашылуы өтті. Аталған форум Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған цифрлық трансформация басымдықтарын іске асыруға және Цифрландыру жылы аясында Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларын орындауға бағытталған. "Конгресс холл" көпсалалы кешенінде өткен іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, жоғары оқу орындарының басшылары мен жастар қатысты. Салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Цифрландыру департаментінің басшысы Мұрат Джакин, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаев, сондай-ақ Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ректоры Жанар Темірбекова сөз сөйлеп, форумның стратегиялық маңызына тоқталды. Спикерлер цифрлық трансформацияны жеделдету, мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллект шешімдерін енгізу және қаржылық қауіпсіздік тетіктерін күшейтудің өзектілігін атап өтті. Екі күнге жоспарланған іс-шараның бірінші күні қатысушылар AI Хакатон аясында нақты мемлекеттік кейстер бойынша жобаларын әзірлеуге кірісті. Командалар қаржылық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерге жасанды интеллект негізіндегі практикалық шешімдер ұсынуда. Форумның екінші күні стратегиялық бағыттағы панельдік сессиялар мен сараптамалық пікірталастар өткізіліп, хакатон жобалары қорғалады және үздік командаларды марапаттау рәсімі өтеді. AI Хакатон қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономиканың жолын кесу, тәуекелдерді ерте айқындау және мемлекеттік бақылау тетіктерін цифрлық технологиялар арқылы жетілдіруге бағытталған нақты шешімдерді әзірлеуді көздейді. Хакатонға 114 команда, 400-ге жуық қатысушы тіркелді. Қатысушылар қатарында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан келген мектеп оқушылары, колледж студенттері және жоғары оқу орындарының білім алушылары бар. Сонымен қатар Астана және Алматы қалаларынан келген командалар іс-шараның республикалық деңгейдегі маңызын айқындай түсті. Қатысушылар бес негізгі бағыт бойынша жобаларын ұсынуда. Атап айтқанда, AI Digital Trace – Telegram платформасындағы заңсыз сатушыларды анықтау, лудоманияға қарсы AI – ойын тәуелділігін ерте анықтау және алдын алу, мемлекеттік сатып алуларды AI-талдау – манипуляциялық техникалық ерекшеліктерді айқындау, заңсыз интернет-ресурстарды AI-мониторингтеу – онлайн-казино, қаржылық пирамидалар мен алаяқтық сайттарды анықтау, Open AI Challenge: Қаржылық қауіпсіздік – алаяқтық, көлеңкелі схемалар және қаржылық тәуекелдерге қарсы еркін бағыттағы шешімдерді әзірлеу. AI Хакатон – цифрлық дәуір жағдайында "Заң мен тәртіп" қағидаттарын нығайтуға, қаржылық қауіпсіздік инфрақұрылымын заманауи технологиялар арқылы күшейтуге және жаңа буынның зияткерлік әлеуетін мемлекеттік міндеттерді шешуге бағыттауға арналған стратегиялық алаң. Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту және цифрлық трансформация бағытындағы жүйелі жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.
Атырауда мектептегі жанжалдан кейін оқушы жоғалып кеткен Атырауда 15 жастағы оқушы Інжумаржан Қуанышқызына іздеу жарияланды. Қыздың анасы оның жоғалуын мектеп әкімшілігімен қатысты жанжалмен байланыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, оқушының анасы Ғалия Тұяққалиева оқу жылының басында қызын жаңа мектепке ауыстырғанын айтқан. Кейін оқушы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары арасында түсініспеушілік туындап, анасының сөзінше, сыныпта оған қарсы түсініктеме жинала бастаған. Әйел бұл жағдай бойынша e-Otinish порталына шағым жолдаған. "Қызыма директордың орынбасары тарапынан қысым көрсетілді. Сыныптастарын оған қарсы түсініктеме жазуға мәжбүрлеген. Осыдан кейін құжаттарын алып кетуге итермеледі", - делінген анасының мәлімдемесінде. Әйелдің айтуынша, 19 ақпанда оған мектептен қоңырау шалған, алайда жұмыста болғандықтан бірден жауап бере алмаған. Келесі күні мектепке барған кезде оған оқушылардың түсініктемелері көрсетіліп, қызының құжаттарын алуы қажет екені айтылған. Осыдан соң қыз үйіне барған, бірақ біраз уақыттан кейін қайтадан пәтерден шығып кетіп, қайтып келмеген. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімге іздеу жарияланып, оны полиция іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, басылым мәліметінше, 10 "П" сыныбының ата-аналары директор орынбасарының жұмыс әдістерін тексеруді сұрап, ұжымдық өтініш жолдаған. Өтініште оқушылардан түрлі себептермен түсініктеме жаздыру, сыныпты тарату туралы ескертулер айту, балалардың телефондарын сабақ бойы алып қою және жағдай талқыланған кезде ата-аналар чатын жабу деректері көрсетілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК халықаралық операция жүргізді: ірі есірткі арнасы жойылды Биыл қаңтарда ҰҚК шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірлескен әрекеттер нәтижесінде Алматыда 8 келі синтетикалық "метамфетамин" затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталған. "Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялабайды. Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "26 ақпанда Көкшетау, Павлодар, Орал, Ақтөбе қалаларында, түнде Қостанай, Атырау қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада аяз, Алматыда жаңбыр: алдағы үш күнге болжам Синоптиктер Астана мен Алматыда 26, 27 және 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы ауа райы болжамы 26 ақпанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -24-26 градус, күндіз -17-19 градус. 27 ақпанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -29-31 градус, күндіз -18-20 градус. 28 ақпанда құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -27-29 градус, күндіз -15-17 градус. Алматыдағы ауа райы болжамы 26 ақпанда бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (көктайғақ жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Жел батыстан соғады, екпіні секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -1-3 градус, күндіз 0 +2 градус. 27 ақпанда бұлтты, қар, кей уақытта қалың қар жауады. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр, екпіні 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5 градус, күндіз тағы төмендейді. 28 ақпанда бұлтты, кей уақытта қар, тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -7-9 градус, күндіз -3-5 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында ұрлыққа түсіп, 9 миллион теңге шығын келтірген күдікті ұсталды Түркістан облысында 9 миллион теңге шығын келтірген ұрлық дерегі бойынша күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Кентау полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз тұлғалар зергерлік шеберхана-дүкеннің есігін бұзып кіріп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 9 миллион теңге болған. Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын және өзге де айғақтарды зерделеп, ұрлық жасады деген күдіктінің ізіне түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұрын сотталған жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстады. Жүргізілген тінту кезінде ұрланған ақшаның бір бөлігі және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. "Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бағытында қажетті тергеу әрекеттерін жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Барлыбай Садықов Қазақстанның Руандадағы елшісі болып тағайындалды Барлыбай Садықов Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Михаил Шайдоровты “Барыс“ орденімен марапаттады Президент XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урмановты марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урмановты ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. "Құрмет" ордені Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Әсем Қасановаға, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы Станислав Шайдоровқа, Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералыға табысталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Шайдоровтың әкесі әрі алғашқы бапкерінің еңбегіне айрықша тоқталды Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Олимпиада чемпионының әкесі әрі алғашқы бапкері Станислав Шайдоровтың еңбегіне айрықша тоқталды. "Станислав Александрович – мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Әкесі - тұңғыш бапкері ретінде Михаилдың мұз айдынындағы алғашқы қадамын жасауға көмектесіп, өмірдің ең қиын сәттерінде әрдайым ұлының жанында болған адам. Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан Республикасының көк Туын әлемнің басты спорт аренасында биік желбіреткен осындай ұлды, отаншыл азаматты тәрбиелегеніңіз үшін сізге шын жүректен алғыс айтамын. Баспасөз бетіндегі сұхбатыңызды оқып шықтым. Михаилдан мейіріміңізді аямай, талантты перзентіңіздің спорттағы ерекше миссиясына титтей де күмән келтірмей, әкелік парызыңызды адал әрі лайықты атқардыңыз. Биік шыңға апарар бұралаң жолдан бірге өттіңіздер. Енді сол табан ақы, маңдай тердің жемісін көріп, құрмет пен қошеметке бөленіп жатсыздар. Бүгінде халқымыз сіздерді ардақ тұтады. Отаншылдықтың нағыз үлгісін көрсеткендеріңіз үшін еліміз сіздерге ризашылығын білдіреді. Жұртшылықтың алғаусыз алғысы мен құрметіне мен де қосыламын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионның бапкері, әйгілі спортшы, 1994 жылғы Олимпиада жеңімпазы, әлем чемпионы Алексей Урмановқа ыстық ықыласын білдірді. "Мәнерлеп сырғанау спортындағы білікті маман ретінде ерен жетістіктеріңізді жалғайтын лайықты ізбасар дайындадыңыз. Сол үшін сізге зор алғыс айтамын. Осынау тамаша табысқа салалық министрлік, федерация, сондай-ақ, атақты боксшымыз, жақында есімі Дүниежүзілік бокс даңқы залына жазылған Геннадий Головкин басқаратын Ұлттық Олимпиада комитеті елеулі үлес қосты. Отандастарымыз спорттық бәсекенің қиындықтарын, әсіресе, еркін бағдарламадан кейінгі Михаилдың күрделі жағдайын тебіреніспен бақылап отырды. Бірақ ол тәуекелге барып, жер-жаһанның басты байрақты бәсекесіндегі жеңісті жұлып алды. Бұл да кездейсоқ емес. Өзіне берілген жалғыз мүмкіндікті екінің бірі сәтті пайдалана алмайды. Әдетте жарысқа түскенде "бақ шаба ма, бап шаба ма" деп жатады. Бірақ "еңбек – бәрін де жеңбек" деген ұлағатты да ұмытпайық. Михаилдың жеңісі жастарымызды спортпен шұғылдануға жігерлендірді. Еңбек етсең, ерік-жігерің мұқалмай, батыл әрекет қылсаң, кез келген, тіпті қол жетпестей көрінетін арманның өзі орындалатынына сенімін күшейтті. Бүгінде еліміздегі мыңдаған ұл-қыз Михаил Шайдоровқа қызыға қарап, еліктейді, даңқты спортшы болғысы келеді. Демек еліміздің ұландары әлемдік спорттың биігінде жарқырай көрінетін күн алда. Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады, олардың жетістіктері Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің музейінде тіркеледі. Енді түрлі елдің туристері Михаил Шайдоровтың 2026 жылғы Олимпиададағы тамаша жеңісі туралы білетін болады", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін - Шайдоров Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров көрсеткен қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша отандасымызға ризашылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Бұл кездесуге Олимпиада чемпионы ретінде қатысу – мен үшін зор мәртебе. Алтын медаль – менің ғана емес, ата-анамның, бапкерлерімнің және мен үшін алаңдап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтың жеңісі. Бұл аянбай тер төгіп жұмыс істесең, жақын жандардың махаббаты мен сенімі болса, армандардың орындалатынын көрсетеді. Президент мырза, Сіздің қолдауыңыздың арқасында спортшылар үлкен жетістіктерге, жаңа тарихи рекордтарға қол жеткізіп жүр. Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін. Алдымда ұзақ жол бар. Елімнің сенімін ақтап, жас ұрпаққа үлгі болып, халқымыздың мерейін үстем еткім келеді. Рахмет Сізге! Сүйікті Отаныма, Қазақстаныма қызмет етемін", – деді Михаил Шайдоров. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Нағыз триумф“: Тоқаев Олимпиада чемпионы Шайдоровты марапаттады Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан үшін бұл Олимпиаданың орны ерекше екенін айтты. "Отандасымыз Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетті. Мәнерлеп сырғанаудан алтын медальға ие болып, көк Туымызды Олимп шыңына көтерді. Сондықтан Михаилға алғысымды білдіріп, құтты болсын дегім келеді. Ақордада жиналып отырған адамдарға, ең алдымен, Михаилдың әкесі мен жеңімпаздың бапкеріне ризашылығымды айтамын. Баршаңызды тағы да шын жүректен құттықтаймын! Сіздер қажырлы және табанды еңбектің арқасында Михаилды мықты спортшы, нағыз дарын иесі ретінде бүкіл әлемге паш еттіңіздер. Халқымыз Михаилды мақтан тұтады, ал жас буын одан үлгі алады. Олимпиада жеңімпазы болу – биік мақсат жолында кез келген қиындықты жеңу, яғни, ұзақ әрі күрделі жолға дайын болу деген сөз. Темірдей тәртіппен күн сайын тынымсыз жұмыс істеген адам ғана зор табысқа жетері анық", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровтың жеңісі еліміз үшін теңдесі жоқ жетістік саналатынына назар аударды. "Біріншіден, бұл – көптен күткен, яғни, 32 жылдан кейін қол жеткізген тарихи жүлде. Екіншіден, бұл – мәнерлеп сырғанаудан ел қоржынына түскен алғашқы Олимпиада алтыны. Үшіншіден, күллі әлем елімізде әйгілі спортшы Денис Теннің жолын жалғастыратын дарынды жастардың бар екеніне куә болды. Михаил Шайдоровтың Олимпиадада көрсеткен керемет өнері, сөзсіз, тарихи жетістік, нағыз триумф. Кортина д’Ампеццо мұз айдынында отандасымыздың жұлдызы жарқырады. Бұл – Олимпиада чемпионының өзін-өзі шыңдап, өз күшіне сенгенінің, мәнерлеп сырғанау сияқты аса қиын спорт түріне деген ерекше махаббатының жемісі", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырауда бірнеше трансгендер қасақана АИТВ жұқтырды деп күдікке ілінген оқиғаға қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр орынбасарының сөзінше, Атырау облысы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір тұрғындарының бірінің қасақана АИТВ жұқтырғанын анықтаған. "Ол күдікті деп танылып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Міндетті түрде осы қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыным енгізіледі", – деді Әділов Мәжілістегі брифингте. Сондай-ақ ол сот шешімімен күдіктінің екі айға қамауға алынғанын қосты. Журналистер іс бойынша бастапқыда айтылғандай бірнеше адам емес, тек бір ғана күдікті бар ма деген сұрақ қойды. "Тергеу жалғасып жатыр. Біз жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп, қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалардың қатыстылығын анықтап жатырмыз", – деді Санжар Әділов. Еске салайық, бұған дейін Атырауда қасақана АИТВ жұқтырды деген күдікпен екі адамның заңсыз қызметі тоқтатылғаны хабарланған болатын. Бұған дейін 23 және 28 жастағы екі адам ұсталғаны айтылған еді. Олар 2025 жылы желтоқсаннан бастап өздерінде АИТВ инфекциясы бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интим қызмет көрсетуін жалғастырған көрінеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қорғаныс министрлігі мәліметінше, ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасаған. "Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір медицина мамандарының бақылауында. Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ", - деп жазылған хабарламада. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылған. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірген. Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданбақ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Эпштейн файлдарында Мәсімовтың аты аталған: депутат ақпаратты тексеруді талап етті Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов Бас прокурор мен ҰҚК төрағасының атына депутаттық сауал жолдап, қазақстандық жоғары лауазымды тұлғалардың Джеффри Эпштейнмен ықтимал байланыстары туралы ақпаратты тексеруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутат өз сөзінде "Эпштейн файлдары" деп аталған материалдардың жариялануына байланысты халықаралық деңгейдегі дау әлі де жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, бірқатар демократиялық елдерде бұл іске қатысты парламенттік тексерулер мен қылмыстық қудалау басталған, сондықтан бұл тақырыпты елемеуге болмайды. Рахымжанов "қазақстандықтар ел тағдыры кімдердің қолында болғанын және ол күмәнді ортада саудаға салынбағанын білуге құқылы" екенін айтты. Эпштейн файлдарында Мәсімов пен Келімбетовтің аты аталған Депутаттың айтуынша, жарияланған құжаттарда "ескі Қазақстан" деп аталатын кезеңнің саяси өкілдерінің есімдері кездеседі. Атап айтқанда, мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекеттену ісі бойынша жазасын өтеп жатқан бұрынғы премьер-министр әрі ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің аты кемінде сегіз рет аталған. "Кәрім Мәсімов жазбаларда кем дегенде сегіз рет аталады. Жазбаларда Эпштейн мен Мәсімовтың жеке таныс болғаны анық көрсетілген", - деді Асхат Рахымжанов. Сондай-ақ депутат Ұлттық банк төрағасы болған Қайрат Келімбетовті де атады. Шетелдік БАҚ-та Эпштейн мен Келімбетовтің Нью-Йоркте бірге демалғаны туралы ақпарат тарағанын айтып, бұл кездесулердің мақсаты қандай болғанын сұрады. Ұлттық қауіпсіздік мәселесі Рахымжановтың сөзінше, хат-хабарларда қазақстандық шенеуніктердің Эпштейнмен байланыстары, кездесулері, жеке сәлемдесулері мен бірлескен шаралары жайлы мәліметтер бар. Сонымен қатар "мемлекеттік қауіпсіздікке жауапты жоғары лауазымды генерал" туралы да айтылған. "Ол кім?" – деген сұрақ қойды депутат. Ол жарияланған материалдарға сәйкес, Эпштейннің Қазақстанға бірнеше рет келгені жөнінде дерек барын, алайда ашық файлдарда барлық байланыс толық көрініс таппауы мүмкін екенін жеткізді. Бұдан бөлек, халықаралық жарияланымдарда АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық модель Руслана Коршунованың есімі де аталады. Депутаттың талаптары Асхат Рахымжанов өз сауалында: "Эпштейн файлдарында" аты аталған қазақстандық лауазымды тұлғалар мен олармен байланысты адамдар туралы ақпаратты, сондай-ақ ықтимал кездесулердің сипаты мен мақсатын тексеруді; басқа да қазақстандық саясаткерлердің, кәсіпкерлердің және шоу-бизнес өкілдерінің Эпштейнмен байланысы болған-болмағанын анықтауды; ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлерге, соның ішінде құпия ақпараттың таралу қаупіне құқықтық баға беруді; тексеру нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы Парламент пен қоғамды хабардар етуді талап етті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында жоғалған отбасы: марқұм ерлі-зайыптының қызы да күдікті ретінде танылған Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында жоғалған отбасының іс бойынша мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әділовтің айтуынша, Атырау облысында жоғалған отбасының іс бойынша күдіктілер Индонезияда ұсталған. "Қазақстандық полицейлер Интерпол және Индонезия полициясымен өзара іс-қимыл аясында үлкен жұмыс атқарды. Бүгінде күдіктілер Индонезияда ұсталды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды елге экстрадициялау және келуі мәселесі қазір шешіліп жатыр", - деді Әділов. Іс бойынша, ерлі-зайыпты күдікті мәртебесінде екені айтылды. Із-түзсіз жоғалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Атырау облысында арнайы тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, 24 ақпанда ҚР ІІМ күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Мән-жайы Сұмдық қылмыс Жангелдин ауылында болған. Онда өткен күзде бүтін бір отбасы түгелдей жоғалып кеткен. Қаңтардың басында олардың үйіндегі қорадан зейнеткер ерлі-зайыпты өлі табылды. Ал олардың 33 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы әлі күнге дейін табылған жоқ. Марқұмдардың туыстары 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы қаза тапқаннан кейін де олардан аудиохабарламалар алып отырғандарын айтты. Сондықтан ешқандай күдік те туындамаған көрінеді. Марқұмның інісі Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, ерлі-зайыпты өмірден өткен болуы мүмкін деген күннен кейін де отбасылық чаттарға хабарламалар келіп тұрған. Осындай аудиохабарламалардың бірі 7 қарашада келген. Бірақ жақындары бұл уақытта ерлі-зайыпты қайтыс болғанына сенімді. Тек 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Кейін Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. qamqor.gov.kz Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді. Атырау облыстық Полиция департаменті күдіктіге халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді. Күдіктінің әйелі, яғни жоғалған Мұқанғалиевтер әулетінің кенже қызы Ақбаянды да халықаралық деңгейде іздеу жарияланған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсерін сақтайды, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады. "Тек оңтүстік облыстарда жауын-шашын, кей уақыттары қатты жауын-шашын күтіледі, негізінен жаңбыр түрінде. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары байқалады", - деп хабарлады синоптиктер. Кезең соңында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасы 10–17 градус аязға дейін, күндіз 2–10 градус аязға дейін төмендейді. Түркістан облысында түнде 2–12 градус аяз, күндіз 2–7 градус жылы болады. Республика бойынша тұман күтіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда сиреналар қосылды Алматыда сиреналар қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыда дабыл сиреналары іске қосылып, теле-радиоарналардың эфирі уақытша тоқтады. Алматы ТЖД мәліметінше, бұл шара су тасқыны кезеңіне дайындық аясындағы "Көктем-2026" республикалық оқу-жаттығуы шеңберінде халықты құлақтандыру жүйесін тексеру мақсатында өткізілген. Жаттығу барысында "Баршаңыздың назарыңызға!" сигналы беріліп, сиреналар ойнады. Сондай-ақ тексеру хабарламасын тарату үшін теле және радиоарналарды уақытша тоқтату жүйесі қолданылған. ТЖД өкілдерінің айтуынша, "Көктем-2026" оқу-жаттығулары 25–26 ақпан күндері өтеді. Осы уақыт аралығында қала аудандарында өзен арналары мен арық жүйелерін тазалау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК Проблемалық кредиттер қорының экс-басшысын ұстады ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен Қаржы министрлігінің "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеу материалдарына сәйкес ол жекеменшік иесіне қорға аударылуға тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен ақшаны ұстап қалу құқығын заңсыз беріп, мемлекетке 11,4 миллиард теңге көлемінде залал келтірген. Бұдан бөлек, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатқан, соның салдарынан бюджетке 1,3 миллиард теңгеден аса қаражат түспей қалған. "Сондай-ақ, құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер учаскелерін сатып, қорға 800 миллион теңге көлемінде залал келтірген борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары ұсталды", - деп жазылған хабарламада. Сот санкциясымен олар Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
1414-тен SMS: егде жастағы адамдарға нені ескерту керек? Алматыда 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтық деректері жиілеген. Арбауға егде жастағы адамдар жиі ілігеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Хабарлама арқылы код алған азамат бірден психологиялық қысымға тап болады: артынша алаяқтар қоңырау шалып, өздерін банк, пошта, салық органдары немесе құқық қорғау құрылымдарының қызметкері ретінде таныстырып, түрлі қосымшаларды орнатуға немесе күмәнді сілтемелерге өтуге үгіттейді. "Олар азаматтарды "жеке деректеріңіз ұрланды" деп сендіріп, шұғыл түрде ақша аударуды немесе несие рәсімдеуді талап етеді. Алайда бұл – психологиялық айла ғана. 1414 нөмірінен келген SMS несиелерге қолжетімділік бермейді, себебі банктер өздерінің көпсатылы қорғаныс жүйелерін қолданады. Көбіне егде жастағы адамдар жәбірленушіге айналады: оларды депозиттегі қаражатын шешіп алуға, "сақтандыру шотына" аударуға, мүлкін сатуға немесе кепілге қоюға көндіреді. Алаяқтар қаражатты курьерлер немесе мессенджерлер арқылы иемденеді", – деді Алматы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев. Сонымен қатар, спикердің айтуынша, интернет арқылы тауар сату және жалған инвестициялық ұсыныстарға қатысты схемалар да кең таралған. Қаскөйлер төмен баға немесе жоғары табыс уәде етіп, алдын ала төлем талап етеді, кейін байланысқа шықпай қояды. Сондай-ақ "туысыңыз жол-көлік оқиғасына түсті" деген мазмұндағы қоңыраулар арқылы эмоционалдық қысым жасап, ақша бопсалау фактілері кездеседі. "Ең басты қағида – жеке деректеріңізді, банк карталарының реквизиттерін және келген кодтарды ешкімге хабарламау. Қоңырау шалушы өзін банк немесе полиция қызметкері ретінде таныстырса да, ақпаратты өзіңіз дербес тексеріңіз. Психологиялық қысым мен манипуляцияға берілмеңіз", – дейді Әнес Қалдыбаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Кувейт әміріне құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады. Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Баршаңызға рақмет“: Михаил Шайдоров Олимпиада алтынымен елге оралды Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы, қазақстандық Михаил Шайдоров Астанаға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 21 жастағы қазақстандық спортшы Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алып, елге жеңіспен қайтты. Елорданың әуежайында оны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды. Сахнада сөз алған чемпион қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. "Ақыры үйдемін. Кеш уақытқа қарамастан, қарсы алуға келген баршаңызға үлкен рақмет. Олимпиадада еліміздің көк туы ең биік тұғырда желбіреген сәтте мені ерекше мақтаныш кернеді. Маған қаншама жылы лебіз айтылды. Осындай құрмет пен сыйлықтар үшін алғысым шексіз. Шынымды айтсам, сөз табу қиын. Бұл қолдау - алға ұмтылып, елімді одан әрі танытуға үлкен мотивация. Баршаңызға рақмет!" – деді ол. Айта кетейік, Михаил Шайдоров 1994 жылдан бері қысқы Олимпиадада алтын алған алғашқы қазақстандық атанды және еліміздің мәнерлеп сырғанаудан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болды. Чемпионды қарсы алу рәсімі 25 ақпанға қараған түні Астана әуежайында өтті. Терминалға жиналған жүздеген адам спортшыға құрмет көрсетіп, қуанышпен қарсы алды. Фото: TengriNews.kz / Маржан Қуандықова Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "25 ақпанда Өскемен, Риддер, Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сербия президенті Александр Вучич Астанаға келеді 26-27 ақпан күндері Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда кезекте тұрғандарға тұрғын үй бөлу тіртібі өзгереді 2 наурыздан бастап Отбасы банк тұрғын үйді кезекте тұрған азаматтарға бөлу тәртібін өзгертеді. Енді пәтерлер тек міндетті түгендеуден (инвентаризациядан) өткеннен кейін ғана үлестіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түгендеу – бұл кезекте тұрған азаматтардың мәліметтерін тексеру және нақтылау рәсімі. Ол қателерді болдырмауға, кезекте тұрған адамның өзекті мәртебесін, отбасы құрамын, санатын, сондай-ақ оның тұрғын үйінің бар-жоғын нақты көрсетуге мүмкіндік береді. "Бастапқы кезеңде, Отбасы банк тұрғын үйді бөлу бойынша жаңа функцияны енді іске асыра бастағанда, уақытша шешім қабылданып, тұрғын үй түгендеуден өтпеген кезекте тұрған азаматтарға да үлестірілді. Бұл тұрғын үй бөлу процесін жедел бастау және азаматтардың күту уақытын қысқарту үшін қажет шара болды", - делінген хабарламада. Пәтер бөлінгеннен кейін кезекте тұрған азамат міндетті түрде түгендеуден өтуі тиіс болады, тек содан кейін ғана тұрғын үйді рәсімдеу процесі басталатын. Кей жағдайда инвентаризация барысында азаматтың бұрыннан тұрғын үй сатып алғаны анықталып, оның енді тұрғын үйге мұқтаж емес екені белгілі болады. Ал кейбір отбасыларда отбасы құрамының өзгеріп, балалары көбейгені анықталады, бірақ оларға ауданы кішірек пәтер бөлінген жағдайлар да болған. Осындай жағдайлардың барлығында тұрғын үйді бөлу процесін қайта бастауға тура келіп, уақыт ұзарды және жүйе кешігіп жұмыс істегені айтылды. Енді, 2026 жылғы 2 наурыздан бастап Отбасы банк тұрғын үйді тек түгендеуден өткеннен кейін ғана үлестіретін болады. Осы сәттен бастап инвентаризация тұрғын үй бөлу алдындағы алғашқы әрі міндетті қадамға айналады. Қазіргі уақытта кезекте тұрған 257 мың адам түгендеуден өткен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Орал тұрғыны алаяқтарға сенем деп 5 миллион теңге қарызға кіріп кеткен Орал тұрғыны алаяққа сеніп, 5 миллион теңгеден айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Орал тұрғынына белгісіз адамдар қоңырау шалып, SMS-кодты айтып беруін сұраған. SMS-кодты алғаннан кейін, алаяқтар жәбірленушімен қайта байланысып, өздерін банк қызметкерлері және Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары ретінде таныстырған. "Қаражатты қорғау" деген сылтаумен олар әйелдің атына несие рәсімделіп жатқанын хабарлап, операцияны болдырмау үшін арнайы қосымшаны шұғыл түрде орнату қажет екенін айтқан. WhatsApp мессенджері арқылы әйелге бағдарламаны орнатуға арналған файл жіберілген. Алаяқтар жалған қосымша арқылы оның мобильді құрылғысына қашықтан қол жеткізген. Телефонды бақылауға алған қаскөйлер 5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, қаражатты өз пайдаларына жаратқан. "Полиция белгісіз адамдар жіберген сілтемелер арқылы қосымшаларды орнатпауды, ресми банк қосымшаларын тек App Store немесе Google Play арқылы жүктеу керегін еске салады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мессенджерлер арқылы орнатуға арналған файлдарды жібермейтінін және мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтату керегін ескертеді", - делінген хабарламада. Аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда дрифт жасаған Mercedes жүргізушісі жазаланды Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде видео тарады. Онда жүргізуші жол ережесін бұзып қауіпті маневрлер жасағаны көрінеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department) Алматы ПД мәліметінше, жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылған. "Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін авариялық жағдай туындату және жол қозғалысы ережелерінің өзге де талаптарын бұзу деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды", - деді Серік Шумаев. Полиция қызметкерлері агрессивті әрі демонстративті көлік жүргізу азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін еске салып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
15 жастағы оқушы 71 жастағы зейнеткерден бала туған: сот үкім шығарды Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "15 жастағы оқушыны зорлап, жүкті етті" деп айыпталған 70 жастағы зейнеткерге үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Ол Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы және "Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Сот оны педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды. Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Басылым мәліметінше, бұл іс сотта жабық тәртіпте қаралған. Күдікті іс бойынша тағылған айыпты мойындамаған. "Сот іс материалдарын зерттеп, айыпталушының іс-әрекетінде қылмыстық құрам бар деген тұжырымға келді. Сіз сотта айыпты мойындаған жоқсыз. "Бұл әрекетке қатысым жоқ" деген позицияны ұстандыңыз. Алайда сіздің уәждеріңіз сотта алынған жәбірленушінің жауаптарымен, іске тіркелген бірнеше сот сараптама қорытындысымен жоққа шығарылды", - деді судья Дәурен Мадалиев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Эстония президентін құттықтады Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент құттықтау жеделхатында Алар Каристің былтыр Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беріп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал еткеніне тоқталған. Қасым-Жомарт Тоқаев Алар Каристің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас эстон халқына бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да шенеунік қызын зорлағанын айтқан әке тағы бір мәлімдеме жасады Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы қыздың әкесі жаңа мәлімдеме жасады. Ол шенеунікті жазалауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Бұған дейін жәбірленушінің әкесі 68 жастағы ер адам оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне апарып, оған қатысты күш қолданғанын айтқан. Оның сөзінше, арыз жазылғаннан кейін күдікті ұсталған, алайда көп ұзамай босатылған. Сондай-ақ, әкесі Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеуді жеткілікті деңгейде жүргізбей жатқанын мәлімдеген. Полиция не деді? БҚО Полиция департаменті мәліметінше, 2 қаңтарда Ақсайдың 16 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы хабарлама түскен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Тергеу барысында хат алмасу және істің объектив қаралуына маңызы бар өзге де деректер анықталды. Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану дерегі расталмады. Мұны жәбірленушінің өзі және анасы да растады, олар күдіктіге қатысты ешқандай талап-арыздарының жоқ екенін айтып, қарым-қатынастың өзара келісіммен болғанын мәлімдеді", – деп хабарлады полиция. БҚО ПД дерегінше, күдікті аудандық әкімдік бөлімінің қызметкері болған. Арыз түскеннен кейін ол қызметінен босатылған. Тергеу жалғасып жатыр, іс полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қыздың әкесі не дейді? Жәбірленуші қыздың әкесі жаңа мәлімдеме жасады. Ер адам "Уральская неделя" басылымына берген сұхбатында әйелі мен қызы айыптаудан бас тартты деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, басынан бастап оларға қысым жасалған. Ер адамның сөзінше, қаңтардың басында полицияға арыз түсіргеннен кейін, өзіне де, жұбайы мен қызына да түрлі қысым көрсетілген. Полиция қызметкерлері арыздан бас тартуға үгіттеген. Ол әйелі мен қызын жеке кабинетке кіргізіп сөйлескенін, оларға талап қойылғанын айтқан. Әкесі бұл жағдайдан бейхабар болғанын жеткізді. Ол арыздан бас тартпайтынын және істі соңына дейін жеткізіп, сотқа дейін апаратынын бірден айтқан. Оның айтуынша, жұбайы бұл шешімін қолдайды. Ол полиция істі қалай тоқтатпақ екенін түсінбейтінін де қосты, себебі күдіктінің мойындаған жауабы бар. "Біздің арызымыздан кейін оны бөлімшеге әкелгенде, ол мас күйде болды және қызымды зорлағанын мойындады. Ал екі күннен соң екі адвокат жалдап, мүлде басқаша айта бастады, қызды 20 жаста деп ойлағанын және бәрі оның өз қалауымен болғанын айтты. Егер ол кінәсіз болса, онда неге оның әйелі біздің үйге келіп, кешірім сұрап, ақша ұсынды? Полицияда да одан ақша алуды ұсынды. Астанадағы ағаларынан да ақша алу туралы ұсыныс түсті. 10 миллион, 20 миллион деген сомалар айтылды. Тіпті пәтермен өтеуді де ұсынды. Бірақ мен бас тарттым. Өйткені бұл қызымның тағдырына кері әсер етеді. Ол онда бәрін ақша шешеді, өмірдегі ең бастысы сол деп ойлап қалады. Балаларға бұлай жасауға болмайды", - деді ол. Әкесі полицияға берген арызынан бас тартпағанын ерекше атап өтті. "Қызымның көзіне қалай қараймын? Тағы төрт жастағы қызым бар. Ертең ол да өседі. Осындай әрекет жазасыз қала бере ме?" - дейді ол. Сонымен қатар, олардың үйіне колледж өкілдері келіп, қызды есепке қою мәселесін көтергенін айтты. Бірақ оқиға күндіз, түскі уақытта болғанын білген соң, бұл ойларынан бас тартқан. Әкесінің пікірінше, бұл да қысымның бір түрі болған. Полиция тарапынан да "қыздың өзі кінәлі" деген сөздер айтылғанын жеткізді. Ол істің әділ тергелуін және кінәлі адамның сот алдында жауап беруін талап ететінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, әкесі дәл осы мемлекеттік қызметкерден тағы бір кәмелетке толмаған қыз зардап шеккенін айтты. Оның айтуынша, ол жас жігіт болып хат жазып, қызды алдап үйіне шақырып, зорлық жасаған. Ол бұл отбасыны танитынын, алайда белгісіз себептермен олардың полицияға жүгінбегенін жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді. Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады? Қазақстан мектептерінде үшінші тоқсан аяқталуға жақын. Одан кейін оқушыларды ұзақ каникул күтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2026 жылғы көктемгі демалыс 11 күнге созылады - 19 наурыздан 29 наурызға дейін (қоса алғанда). 18 наурыз - соңғы оқу күні. Ал 30 наурызда оқушылар мектепке қайта оралып, төртінші тоқсанды бастайды. Қазақстанда оқу бағдарламасы төрт тоқсанға бөлінеді. Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға созылды. Бекітілген күнтізбеге сәйкес, төртінші тоқсан шамамен 8 апта болады. Ол 2026 жылғы 25 мамырда аяқталып, одан кейін жазғы демалыс басталады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда сиреналар қосылады 25 ақпанда сағат 11:00-де Алматыда дабыл сиреналары іске қосылып, теле-радиоарналардың эфирі уақытша үзіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы ТЖД мәліметінше, бұл шара су тасқыны кезеңіне дайындық аясындағы "Көктем-2026" республикалық оқу-жаттығуы шеңберінде халықты құлақтандыру жүйесін тексеру мақсатында өткізіледі. Жаттығу барысында "Баршаңыздың назарыңызға!" сигналы беріліп, сиреналар қосылады. Сондай-ақ тексеру хабарламасын тарату үшін теле және радиоарналарды уақытша тоқтату жүйесі қолданылады. Дабыл белгісін естіген кезде: теледидарды немесе радионы қосу; ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларды тексеру; берілетін ақпарат пен нұсқаулықтарды мұқият тыңдау қажет. ТЖД өкілдері "Көктем-2026" оқу-жаттығулары 25–26 ақпан күндері өтетінін хабарлады. Осы уақыт аралығында қала аудандарында өзен арналары мен арық жүйелерін тазалау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта ықтимал су тасқыны жағдайы бақылауда. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда трансгендерлер қасақана АИТВ жұқтырды деген деген күдікке ілінді Атырауда қасақана АИТВ жұқтырды деген күдікпен екі адамның заңсыз қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атырау облысы ПД мәліметінше, 23 және 28 жастағы екі адам ұсталған. Олар 2025 жылы желтоқсаннан бастап өздерінде АИТВ инфекциясы бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интим қызмет көрсетуін жалғастырған. Атырау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізген. "Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жайтқа қатысты өзінде ауру бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру - ауыр қылмыс", - деді полиция. Қазақстанның заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір тергеу жүргізіліп, жәбірленушілер анықталып жатыр. "Әрбір дерекке құқықтық баға беріледі. Әрбір кінәлі адам заң алдында толық жауап береді", - деді полиция. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да ер адам шенеунікті қызымды зорлады деп айыптады: полиция не дейді? Батыс Қазақстан облысында шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталды. Полицейлер күдіктінің босатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Бұған дейін жәбірленушінің әкесі 68 жастағы ер адам оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне апарып, оған қатысты күш қолданғанын айтқан. Оның сөзінше, арыз жазылғаннан кейін күдікті ұсталған, алайда көп ұзамай босатылған. Сондай-ақ, әкесі Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеуді жеткілікті деңгейде жүргізбей жатқанын мәлімдеген. Сол кезде полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы ("Кәмелетке толмағанды зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Полиция не дейді? БҚО Полиция департаменті мәліметінше, 2 қаңтарда Ақсайдың 16 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы хабарлама түскен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Тергеу барысында хат алмасу және істің объектив қаралуына маңызы бар өзге де деректер анықталды. Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану дерегі расталмады. Мұны жәбірленушінің өзі және анасы да растады, олар күдіктіге қатысты ешқандай талап-арыздарының жоқ екенін айтып, қарым-қатынастың өзара келісіммен болғанын мәлімдеді", – деп хабарлады полиция. БҚО ПД дерегінше, күдікті аудандық әкімдік бөлімінің қызметкері болған. Арыз түскеннен кейін ол қызметінен босатылған. Тергеу жалғасып жатыр, іс полиция департаменті басшылығының бақылауында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бұрынғы жұмысынан хабарласқан: қазақстандық әйел алаяқтарға сеніп, 2 миллион теңгесінен айырылып қалған СҚО тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 2 миллион теңге қаражатынан айырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Петропавлда 59 жастағы тұрғынға белгісіз адам қоңырау шалған. Ол бұрынғы жұмыс орнынан хабарласып тұрғанын айтып, өзін кадр бөлімінің заңгері ретінде таныстырған. Ол әйелдің жеке ісін алып кеткенін айтып, мән-жайды анықтау үшін басқа "заңгердің" байланыс нөмірін жолдаған. Кейін өзін құқық қорғау органының қызметкері және банк менеджері ретінде таныстырған адамдар хабарласып, оның интернет-алаяқтық тәуекелі жоғары топқа кіргеніне сендірген. Әңгіме барысында қауіп деңгейі үнемі күшейтіліп отырған. Нәтижесінде белгісіз тұлғалар оның банк аккаунтын бұзуға әрекет жасалып жатқанын айтып, қаражатты сақтау мақсатында ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару қажеттігін жеткізген. Әйел алаяқтардың нұсқауын орындап, 2 миллион теңгеден астам жинағын аударып жіберген. Кейін жәбірленуші алданғанын түсінген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Дәретхана мен ұлдардың бөлмесін тазалатқан“: Түркістанда студенттер жатақханаға шағымданды Түркістанда студенттер мен жатақхана қызметкері арасындағы даудың видеосы тарады. Кадрларда қыздар бөлмелерді мәжбүрлеп жинатып жатқанына шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап. Не болған? Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Комендант қыздарға өз бөлмелерінен бөлек, дәретхана мен ұлдардың бөлмесін де тазалатқан көрінеді. "Күнде "тазала" деп мәжбүрлеп жатқан жоқ қой. Ертең СЭС-тен (Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті - еск.) комиссия келе жатыр. "Осы жатақхананың ашылуына рұқсат, балалар жатуға рұқсат" деген комиссия келе жатыр. Сол үшін істейміз деп жатырмыз", - дейді видеода әйел. Білім басқармасы не дейді? Түркістан облысы білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Арнайы комиссия құрылып, тексеру басталған. "2026 жылы 23-25 ақпан күндері өтетін Облыстық спартакиадаға қатысушыларды жатақханаға орналастыру қажеттілігі туындаған. Осыған орай, тәрбиеші мен вахта қызметкерлері студенттерге ауызша ұсыныс білдірген. Жатақханада студент жігіттердің уақытша болмауына байланысты, қыздардан бос бөлмелерді тазалауға көмек сұралған. Алайда кейбір студенттің бас тартуына байланысты түсініспеушілік туған. Қазір студенттер және ата-аналарымен түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Білім басқармасы білім алушылардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстайды. Ішкі тәртіп талаптарын күшейту және осындай жағдайдың алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылданды. Жауаптыларға қатысты заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады", - деп жауап берді басқарма өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Каспийді сақтауға 1,1 миллиард теңге бөлінді Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 миллиард теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің Каспийді кешенді зерделеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен "Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ға 1,1 миллиард теңге бөлінді. "Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарлануда, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді", - делінген Үкімет хабарламасында. Бүгінде ҒЗИ тиімді шараларды әзірлеу үшін халықаралық ғылыми қоғамдастыққа белсенді интеграцияланып жатыр, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына кірді. Осы қаулыны жүзеге асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық қажетті шараларды қабылдау, Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "24 ақпанда Аcтана, Орал, Ақтөбе қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады. Көлік-транзит, энергетика және туризм секілді бағыттарға басымдық бере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсарына айрықша назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға келісті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Челах пен Төлешовке үкім шығарған судья неге қызметінен босатылғаны белгілі болды Судья Ербол Ахметжанов неге Жамбыл облыстық сотының төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоғары сот кеңесінің баспасөз қызметі мәліметінше, кадрлық шешім Ербол Ахметжановтың Жамбыл облыстық сотының төрағасы лауазымындағы өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты. "Осы мерзім аяқталғаннан кейін ол жаңа төраға тағайындалғанға дейін сот төрағасы қызметін жалғастырды", - деп жазылған жауапта. Ведомство мәліметіне сүйенсек, Мемлекет басшысының атына Жамбыл облыстық сотының жаңа төрағасын тағайындау туралы ұсыныс берілген. Ербол Ахметжанов Президенттің тиісті жарлығынан кейін бұл қызметтен кетеді. Бұл ретте ол Жамбыл облыстық сотында судья ретінде жұмысын жалғастырады. Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы Ербол Ахметжанов қызметінен босатылғаны белгілі болды. Ол Арқанкерген оқиғасы бойынша Владислав Челах пен Шымкенттің "сыра патшасы" Тоқтар Төлешовке үкім шығарған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа Конституция бойынша референдум қорытындысы қашан жарияланады? Орталық референдум комиссиясы дауыстар қашан санала бастайтынын және қорытынды қашан жарияланатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Комиссия мүшесі Азамат Айманақұмовтың айтуынша, референдум 15 наурызда 9 799 учаскеде өтеді. Дауыс беру уақыты - 7:00-ден 20:00-ге дейін. Сонымен қатар, 632 учаске әскери бөлімдерде, демалыс үйлері мен санаторийлерде, стационарлық емдеу мекемелерінде, тергеу изоляторларында және Қазақстанның шетелдегі өкілдіктері жанында жұмыс істейді. "Егер тізімге енгізілген барлық азамат дауыс берген болса, учаскелік комиссия кез келген уақытта дауыс беруді аяқталды деп жариялай алады", - деп түсіндірді ол. Тұрғылықты жерін уақытша өзгерткен азаматтар есептен шығару куәлігі арқылы дауыс бере алады. Оны жазбаша өтініш берген жағдайда учаскелік комиссиядан алады. "Құжатты дауыс беру күнінен 15 күн бұрын, яғни 27 ақпаннан бастап, 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін алуға болады. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс бергісі келгендерге мұндай куәлік берілмейді. Құжаттың бес таңбалы серия нөмірі бар, жоғалған жағдайда қалпына келтірілмейді және көшірмесі берілмейді". Комиссия өкілі әр азаматтың жеке өзі дауыс беруі тиіс екенін, дауыс беру құқығын басқаға беруге немесе өзге адам үшін дауыс беруге жол берілмейтінін еске салды. "Дауыстарды санау жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. Егер нақты бір учаскеде дауыс беру уақыты өзгертілсе, санау процесі дауыс беру аяқталған сәттен басталады". Референдумға дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысса, ол өтті деп танылады. Ал ұсынылған мәселе бойынша шешім қатысушылардың жартысынан астамы қолдаған жағдайда қабылданды деп есептеледі. Қорытынды Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылып, хаттамамен рәсімделеді. Ресми нәтижелер дауыс беру күнінен бастап жеті күн ішінде, яғни 2026 жылғы 21 наурызға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Жаңа Конституция қабылданған жағдайда, қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілер негізгі заңға қайшы келмейтін бөлігінде күшінде қалады. Үкімет пен мемлекеттік органдар өз құжаттарын жаңа Конституцияға сәйкестендіруі тиіс. Конституциялық кеңес пен Конституциялық соттың шешімдері де жаңа құжатқа қайшы келмесе, қолданысын жалғастыра береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болады Синоптиктер 24, 25 және 26 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келетін суық антициклон әсер етеді. Салдарынан жауын-шашын тоқтап, температура айтарлықтай төмендейді. "Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) күтіледі. Сонымен қатар жел күшейіп, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін", – деп мәлімдеді синоптиктер. Түнгі уақытта Батыс Қазақстанда ауа температурасы 15–25 градус аяз болады. Солтүстік пен орталықта 28–37 градусқа дейін төмендейді. Шығыста 32–40 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстік облыстарда 0–10 градус аяз болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жапония Императорына құттықтау жеделхатын жолдады Президент Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Император Нарухитоның игі бастамаларына мол табыс, ал достас жапон халқына бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа Конституцияға байланысты референдум бюллетені қандай? Орталық сайлау комиссиясы Жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс беруге арналған бюллетень қандай болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша 15 наурызда жұртшылық қол қоятын бюллетень нұсқасы таныстырылды. Онда "иә, қабылдаймын" және "жоқ, қабылдамаймын" деген екі нұсқа көрсетілген. Еске салайық, 2026 жылы 11 ақпанда Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды. Кейін Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. 2026 жылы 12 ақпанда жаңа Конституция жобасы жарияланды. Жаңа Конституция референдумда қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Челах пен Төлешовке үкім шығарған судья қызметінен босатылды Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл шешім Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысында қабылданды. "Қарау қорытындысы бойынша, Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, бұл қызметті Ербол Ахметжанов атқарып келген болатын. Ол Арқанкерген оқиғасы бойынша Владислав Челах пен Шымкенттің "сыра патшасы" Тоқтар Төлешовке үкім шығарған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Грузияның ішкі істер министрін қабылдады Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Президент Грузия еліміздің Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың уақыт тезінен өткен тарихи тамырластыққа құрылғанына тоқталды. Гела Геладзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік туристердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін сақтау бойынша грузиялық құқық қорғау органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде мәлімет берді. Қазақстан мен Грузия ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмысқа, есірткі тасымалдауға, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы күрес, сондай-ақ озық тәжірибелер алмасу, маман даярлау бағыттарында өзара ықпалдастықты нығайтуға ниетті. Кездесуде Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвили мен Премьер-министр Ираклий Кобахидзеге сәлемін жолдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысының Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды Қайрат Жұманов Алматы облысы Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол 1989 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін психология мамандығы бойынша, 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша, 2018 жылы Тұран университетін құқықтану мамандығы, 2021 жылы әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы №105 гимназияның педагог-психологы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының Бостандық аудандық білім бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған. 2025 жылғы сәуірден бастап Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы болып еңбек етті. Еске салайық, Алматыдағы Бағанашыл балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіруге қатысты жанжалдан кейін, 2025 жылғы 21 тамызда бұл қызметке Арайлым Төлеубекова тағайындалған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бірнеше адамды алдап қашып кеткен күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды Бірнеше алаяқтық жасады деген күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокуратура мәліметінше, бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Антальядан жеткізілген. Тергеу деректеріне сәйкес, 2019–2020 жылдары күдікті алдау жолымен Шымкенттің 4 тұрғынының ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденіп, оларға жиынтығында шамамен 95 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденгеннен кейін, күдікті бой тасалап, қашып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. "Кейіннен ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада. Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады? Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді. 2026 жылғы наурызда Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай айдың жартысына жуық уақыты демалыспен өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2026 жылғы наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады? Наурызда елде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21–23 наурыз). Демалыс күндерінің ауысуына байланысты қосымша демалыс күндері де болады. 2026 жылы наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша ең "қысқа" айлардың бірі болады: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 13 демалыс күні және 18 жұмыс күні; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні. 8 наурызда қалай демаламыз? 2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі. 8 наурыздағы демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз - қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз - жұмыс күні; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз - жұмыс күні, 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, 10 наурыз - жұмыс күні. Наурыз мейрамында қалай демаламыз? Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер: 21 наурыз - сенбі; 22 наурыз - жексенбі; 23 наурыз - дүйсенбі. Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады. Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 21–25 наурыз - бес күн қатарынан демалыс (сенбі–сәрсенбі); аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері, 25 наурыз - жұмыс күні. Басқа мерекелер Наурызда Қазақстанда кәсіби және атаулы күндер де атап өтіледі: 1 наурыз - Алғыс айту күні; 14 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) - Жерге орналастыру, геодезия және картография күні. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Боран және көктайғақ: 23 ақпанда ауа райы қандай болады? 23 ақпанда еліміздің солтүстік-батысында ауа температурасы күрт төмендеп, 25–37 градусқа дейін аяз болады. Кейін солтүстік, шығыс және орталық өңірлерге де таралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада түнде және күндіз -15…-17 градус. Ара-тұра қар, боран, көктайғақ. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Алматыда түнде -1…+1 градус, тұман. Күндіз +9…+11 градус, жаңбыр жауады. Шымкентте түнде 0…+2 градус. Күндіз +10…+12 градус, жауын-шашынсыз. Өңірлер бойынша Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстары – қар, боран, кей жерлерде қатты жел. Түнде -20…-28 градус дейін суытады. Батыс Қазақстан, Атырау – жауын-шашынсыз, түнде -10…-23 градус, күндіз -12…+2 градус аралығы. Шығыс Қазақстан, Абай облысы – қар, боран, көктайғақ. Түнде -5…-13 градус, күндіз -7…+2 градус. Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары – жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, таулы аймақтарда көктайғақ. Күндіз +3…+12 градус. Маңғыстау облысы – батысында жаңбыр, күндіз +3…+8 градус. Қызылорда облысы – жауын-шашынсыз, күндіз 0…-2 градус. Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға кеңес береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп, Путин және Зеленский алдағы үш аптада кездесуі мүмкін - Уиткофф АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Fox News арнасына берген сұхбатында Украинадағы қақтығысты бейбіт реттеуге қатысты жақсы жаңалықтар болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап. "Алдағы апталарда жақсы жаңалықтар естисіз деп үміттенемін", - деді ол Лара Трампқа берген сұхбатында. Уиткоффтың айтуынша, алдағы үш апта ішінде келіссөздер өтіп, соның нәтижесінде АҚШ, Ресей және Украина президенттері - Дональд Трамп, Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің қатысуымен үшжақты кездесу өтуі ықтимал. "Мен және Джаред (АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер - еск.) екі тарапқа да бірқатар ұсыныс айтуды жоспарлап отырмыз. Мақсат - оларды алдағы үш аптада бір үстел басына жинау, тіпті Зеленский мен президент Путиннің саммитіне ұласуы да мүмкін. Кейінірек президенттің (АҚШ - еск.) қатысуымен үшжақты форматқа да шығуымыз ықтимал, көрерміз", - деді Трамптың арнайы өкілі. Оның сөзінше, Трамп мұндай үшжақты кездесуге келісімнің бекітілуіне және "ең жақсы нәтижеге" жеткізетініне сенімді болған жағдайда ғана қатысар еді. Айта кетейік, 17-18 ақпанда Женевада Ресей, Украина және АҚШ өкілдері қатысқан келіссөздердің үшінші кезеңі өтті. Ресей делегациясының жетекшісі, президент көмекшісі Владимир Мединский талқылау ауыр болғанымен, іскерлік сипатта өткенін айтып, тағы бір кездесуді меңзеді. Ал Киев саяси мәселелер бойынша "айтарлықтай ілгерілеу жоқ" екенін мәлімдеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Кеңес дәуіріндегідей“: Өскемен әкімі қаланы екі ауданға бөлудің шартын айтты Өскемен әкімі Алмат Ақышов халықпен есептік кездесуде қалада екі аудан (екі әкімшілік бірлік) құруға тұрғындар саны жөніндегі деректің толық болмауы кедергі болып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап. Әкімнің айтуынша, қалада 400 мыңнан аса адам тұрады. Бірақ көптеген тұрғын тіркеуге тұрмағандықтан, ресми статистикада халық саны 380 мың болып көрсетіледі. Бұл құбылыс субурбанизация деп аталады және әлемнің көптеген қаласында кездеседі. "Егер біз ресми түрде 400 мың межесіне жетсек, қаланы кеңес дәуіріндегідей екі ауданға бөлуге болар еді. Ондай жағдайда қаланың дамуына екі коммуналдық шаруашылық бөлек-бөлек жауап берер еді", - деп түсіндірді әкім. Ақышов қазір ұзындығы 80 шақырым болатын Өскеменді бір әкім және оның үш орынбасары ғана басқарып отырғанын еске салды. "Бұл кейде қиын, өздеріңіз де түсінесіздер. Сондықтан енді осы жұмысты қолға аламыз. Тұрғындардың нақты санын анықтаймыз. Егер 400 мыңнан асса, жоғары тұрған басшылыққа қаланы екі ауданға - сол жағалау және оң жағалау болып бөлу туралы ұсыныс енгіземіз", - деді қала әкімі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда жеке сот орындаушылары филиалының басшысы ұсталды Павлодар облысы бойынша Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының филиал басшысы мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өңірдің бас жеке сот орындаушысының ұсталғаны туралы жергілікті Telegram-арна жазған. Ал "Сот кабинеті" порталында Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 ақпанда 41 жастағы басшыға қатысты шығарған қаулы жарияланған. Құжатқа сәйкес, палата филиалының басшысы 21 ақпанға қараған түні Павлодарда көлікті жүргізіп келе жатқан кезде тоқтатылған. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізуші орташа деңгейде мас болған. "Сот отырысында И. әкімшілік құқықбұзушылық жасағанын толық мойындады. Ол сотқа көп қымыз ішкенін, содан кейін рөлге отырғанын, кейін полиция қызметкерлері ұстағанын түсіндірді", - делінген сот қаулысында. Ер адам ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі ("Мас күйде көлік құралын басқару") бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. "Сот ӘҚБтК-нің 50-бабында көзделген қамаудан босатуға негіз таппады. ӘҚБтК-нің 50-бабы 3-бөлігіне сәйкес қамау мерзімі әкімшілік ұсталған сәттен бастап, яғни 21 ақпан сағат 04:45-тен есептеледі", - деп көрсетілген құжатта. Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша филиал басшысы 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағандыда пәтер ұрлығы бойынша күдікке ілінген топ ұсталды Қарағандыда пәтер ұрлығына қатысы бар деп күдікке ілінген қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Арнайы операцияны криминалдық полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы жасағының қолдауымен жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Арнайы операцияның видеосын өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты. Кадрлардан ер адамдар алдымен ауланы аралап, кіреберістерді қарап, пәтерлерді мұқият бақылағаны көрінеді. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар осылайша ұрлық жасайтын нысандарын таңдаған. Кейін күдіктілер терезе торларын сырып, пәтерлерге терезе арқылы кірген. Бейнежазбада ұстау сәті де көрсетілген. "Арлан" жасағы күдіктілер тұрған пәтерге шабуыл жасап кірген. Кадрларда тәркіленген алтын әшекейлер мен өзге де құнды заттар көрінеді. "Нысаналы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы жасағының қолдауымен пәтер ұрлығына маманданған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұсталды. Аса ірі мөлшердегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тергеу дерегінше, пәтерлердің бірінен гауһар тасы бар шамамен 40 зергерлік бұйым, күзен тон және ноутбук ұрланған. Алдын ала келтірілген шығын 20 миллион теңгеден асқан. Полиция ұсталғандардың өңір аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын айтты. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. Бұған дейін Қарағандыда полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына күдіктіні ұстады, ол ұрланған сейфпен қашып кетпек болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сейфтің ішінде шамамен 10 миллион теңгеге жуық ақша мен құнды заттар болған. Сейф тәркіленіп, ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көкшетауда ЖОО оқытушысы интернет-алаяқтың құрбаны болды Көкшетауда интернет-алаяқтың құрбаны болған оқытушы 7,6 миллион теңгесінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап. Полицияға арыз 19 ақпанда түскен. Жәбірленушінің айтуынша, бәрі телефон қоңырауынан басталған. Біреу өзін оқу орнының заңгері ретінде таныстырып, оның жеке ісіне полицейлер "қызығушылық танытты" деп хабарлаған. Сондай-ақ, жақын арада өзге адамдар хабарласып, "көмектесу" керек болатынын ескерткен. Біраз уақыттан кейін әйелге шынымен де басқа белгісіз адамдар қоңырау шала бастаған. Олар "жалған қызметкерлердің" кең тараған тәсілімен әрекет еткен: тексеріс жүріп жатқанын, қауіп барын айтып, ақшаны "қауіпсіздендіру" қажет екенін түсіндірген. Үнемі қысым жасап, нақты нұсқаулар беріп, оқытушыны бұл жағдайды ешкімге айтпауға көндірген. Ақпаратты тексермеген әйел екі банктен несие рәсімдеп, сондай-ақ, алтын әшекейлерін ломбардқа өткізген. Алынған қаражаттың бәрін телефон арқылы айтылған есепшоттарға аударып жіберген. Жалпы шығын 7,6 миллион теңгеден асты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Ақмола облысының киберполициясы істі тергеп жатыр. Полиция банк қызметкерлері, құқық қорғау органдары және мемлекеттік мекемелер несие рәсімдеуді немесе ақшаны "қауіпсіз есепшоттарға" аударуды талап етпейтінін ескертті. Ал әңгімені құпия ұстау, SMS-кодтарды немесе карта деректерін айтуға көндіру - қауіпті белгі. Мұндай жағдайда бірден телефонды қойып, ұйымға ресми нөмірі арқылы өзіңіз хабарласу қажет. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Михаил Шайдоров Олимпиаданың гала-концертінде Джеки Чанды тәнті етті Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарының гала-концертінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олимпиаданың басты сенсацияларының біріне айналған спортшы алаңға "Куң-фу Панда" мультфильмінің кейіпкері стиліндегі жарқын киім киіп шықты. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) Қазақстандық спортшының өнерін трибунадан аты аңызға айналған актер Джеки Чан тамашалады. Костюмнің көлемділігіне қарамастан, Шайдоров нөмірін таза орындады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от JIBEK JOLY (@jibek_joly.tv) Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерге қарағанда, Олимпиада чемпионының әсерлі өнері Джеки Чанға қатты ұнаған. Көрсетілімнен кейін Голливуд жұлдызы мәнерлеп сырғанаушының қасына барып, екеуі жылы амандасып, құшақтасып, бірнеше фото мен видео түсірген. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от JIBEK JOLY (@jibek_joly.tv) Еске салайық, бұған дейін Миланда қазақстандық спортшы танымал америкалық рэпер Снуп Доггпен кездескен. Кездесудің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Шайдоров Италиядағы қысқы Олимпиадада ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс Қазақстан үшін қысқы Олимпиада тарихындағы екінші алтын, әрі мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш алтын болды. Бұған дейін Қазақстан қысқы Олимпиадада алғашқы алтынды 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов алған. Ал Олимпиададағы мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның осыған дейінгі ең үздік нәтижесі 2014 жылы Денис Тен еншілеген қола медаль еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Әйелдің ішкиімін киіп, суретке түскен“ ер адамның ісіне қатысты жаңа дерек айтылды Петропавлда әйелі мен балаларын соққыға жығып, әйелдердің ішкиімімен түсірілген ерсі видеолар жариялап жүрген ер адам ата-ана құқығында шектелді. Сот дәл осындай шешімді оның әйеліне қатысты да қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Бұл оқиға былтыр қарашада белгілі болды. Көпбалалы анаға қатысты зорлық-зомбылық туралы дабыл "НеМолчи.kz" қоғамдық қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Онда жәбірленуші әйел күйеуінен қорлық көріп жүргенін, соның салдарынан мүгедектікке ұшырағанын айтқан. "Әйел ұзақ жылдар бойы күйеуінен қорлық көрген. Ол әйеліне талай жарақат салған: әйелдің ағзасына ота жасалған, кейін бас сүйегіне трепанация жасатқан. Бірақ бұл да күйеуін тоқтатпаған. Ол әйелдің басынан ұра берген. Әйел есінен танып, құлап қалатын болған. Ақырында бір күні әйел жүрмей қалған", - делінген "НеМолчи.kz" жазбасында. Қордың хабарлауынша, әйел күйеуінен қашып, анасының үйіне барған, алайда кәмелетке толмаған бес бала әкесімен бірге қалған. Сондай-ақ, ер адам балаларға да агрессив әрі оғаш мінез көрсеткені анықталған. Бұған дәлел ретінде қазақстандықтың TikTok-та жариялаған видеолары келтірілген. Онда әйелдің ішкиімін киіп алған ер адам түсірілген. "Балалар қараусыз қалған. Әкесі еш жерде жұмыс істемейді, балалардың анасынан жәрдемақы түсетін картаны тартып алған", - делінген бұған дейінгі "НеМолчи.kz" хабарламасында. Қамау, арнайы есеп, сот Оқиғаға полиция қызметкерлері ден қойып, олар қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарымен бірге отбасының тұрғылықты жеріне барған. Әйелдің арызы бойынша отбасы-тұрмыстағы қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде Петропавл қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ер адамды кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындаған. Сонымен қатар, сот оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеп, 12 ай бойы әйелінің келісімінсіз оны және балаларын көруге тыйым салған. Полиция ата-ананы арнайы есепке қойған, сондай-ақ, істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберген. Кейін Петропавл қаласының білім бөлімі балаларды ата-анасымен қалдыру қауіпті деп есептеп, әкесі мен анасына қатысты сотқа талап-арыз түсірген. Екеуі де жұмыс істемеген және балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындай алмаған, ал анасы денсаулығына байланысты да бұл міндеттерді толық атқара алмаған. Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл істі жабық режимде үш ай қараған. "18 ақпанда сот бес балаға қатысты екі ата-ананың да ата-ана құқығын шектеу туралы шешім шығарды. Белгілі бір шарттар орындалса, алты ай өткен соң олар құқығын қайта қалпына келтіруге әрекет жасап көре алады", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметі. Tengrinews.kz мәліметінше, қазір бес бала өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында. "Ата-ана құқығын шектеу" деген не? "Неке және отбасы туралы" кодекстің 79-бабына сәйкес, сот баланың мүддесін ескере отырып, ата-ананы ата-ана құқығынан айырмай-ақ, баланы ата-анасынан уақытша алып, ата-ана құқығын шектеу туралы шешім қабылдай алады. Ата-ана құқығын шектеуге, егер баланы ата-анасымен қалдыру оған қауіпті болса, яғни: ата-ананың еркінен тыс жағдайлар бойынша (психикалық бұзылыс немесе өзге созылмалы ауру, ауыр өмірлік жағдайлардың тоғысуы); ата-ананың мінез-құлқына байланысты, бірақ ата-ана құқығынан айыруға жеткілікті негіздер анықталмаған жағдайда. Егер ата-ана мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-ана құқығын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң ата-ана құқығынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Ата-ана құқығын шектеу ата-ананы баланы асырау міндетінен босатпайды. Сот ата-ана құқығын шектеген ата-ана баланы (балаларды) жеке өзі тәрбиелей алмайды. Сондай-ақ, оларға тиесілі жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақыларға құқықтан айырылады. Егер екі ата-ананың да құқығы шектелсе, балалар қорғаншылық және қамқоршылық органының қарауына беріледі. Ата-ана құқығы шектелген ата-ана баламен байланыса алады, бірақ бұл балаға зиян келтірмейтін жағдайда өтуі керек. Ол үшін қорғаншылық органдарының немесе баланың қазіргі мекемесінің әкімшілігінің рұқсаты қажет. Егер ата-ананың ата-ана құқығын шектеуге негіз болған себептер болмаса, ата-ананың талап-арызы бойынша сот баланы ата-анасына қайтару және шектеу салдарын жою туралы шешім шығарады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады? 22 ақпан - Италияда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарының соңғы жарыс күні. Бүгін Қазақстан құрамасының екі спортшысы бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шаңғы жарысынан әйелдер арасында 50 шақырымдық масс-старт өтеді. Жарысқа Надежда Степашкина мен Анна Мельник қатысады. Қазақстан уақытымен 14:00-де басталады. Барлық жарысты тікелей эфирде Qazsport, сондай-ақ, Jibek Joly және Хабар телеарналарынан тамашалауға болады. Еске салайық, Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. Оны мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров алған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагерін құттықтады Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен тақ мұрагері, премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады. Президент Сауд Арабиясын еліміздің ислам әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерінің қызметтеріне толағай табыстар, ал сауд халқына баянды өркендеу, құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО-да жол тазалау кезінде жүргізуші қаза тапты Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Северное ауылында "ҚАЖсервис" ЖШС-нің облыстық филиалының жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы жағдай тасжолды қардан тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін, арнайы жол техникасына қызмет көрсету кезінде болған. Оқиға салдарынан қызметкер ауыр жарақат алған. Жедел жәрдем дер кезінде шақырылып, қажет шаралар қабылданғанымен, оны құтқарып қалу мүмкін болмады. Марқұм жұмыс істеген жол пайдалану учаскесі №30 республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Рахман қайнары автожолының ең күрделі учаскелерінің біріне қызмет көрсетеді. Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл бағытта қозғалыс шектелген, жағдай тұрақталған соң жол қайта ашылған. "Оқиға бойынша қызметтік тексеріс басталды. Арнайы комиссия құрылып, жағдайдың мән-жайы мен себептері жан-жақты қарастырылып жатыр. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдарға, оның ішінде еңбек инспекциясына жолданды", – деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол". Компания қаза тапқан азаматтың отбасына қажет көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, марқұмның жол саласында 25 жылдан аса еңбек еткені хабарланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Дональд Трамп Криштиану Роналдуға үн қатты АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының футболшысы және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға үн қатты. TikTok-та жарияланған видео 1 миллионнан аса қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеода Дональд Трамп Роналдуға үн қатады. "Роналду, сен – тарихтағы ең ұлы футболшысың. АҚШ-қа керексің. Қазір-ақ жолға шық. Сен бізге дәл қазір қажетсің", – дейді Трамп. Видео әрі қарай жасанды интеллект көмегімен жасалған әзіл видеомен жалғасады. Онда Трамп пен Роналду доппен ойнап тұрғаны көрсетілген. @realdonaldtrump A MESSAGE FROM ONE GOAT TO ANOTHER ♬ original sound - President Donald J Trump Әйгілі футболшы бұл "ұсынысқа" әзірге жауап берген жоқ. Еске салайық, жуырда Сауд Арабиясы чемпионатының 22-туры аясында өткен "Әл-Наср" – "Әл-Фатх" матчінде 5 ақпанда 41 жасқа толған португалиялық ойыншы 18-минутта гол соғып, есеп ашқан. Тарихи 1000 голдық межеге жету үшін оған әлі 38 гол керек. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет алматылықтарға ескерту жасады Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "22 ақпандa Алматыда қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада, Алматыда және Шымкентте 22, 23 және 24 ақпанда ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана 22 ақпанда ауа райы құбылмалы, кей уақытта қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде -11…-13 градус, күндіз -3…-5 градус. 23 ақпанда ауа райы құбылмалы, кей уақытта қар жауып, боран соғады. Жел солтүстік-батыс, солтүстік, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде және күндіз -15…-17 градус. 24 ақпанда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік, солтүстік-шығыс, 2–7 м/с. Түнде -30…-32 градус, күндіз -23…-25 градус. Алматы 22 ақпанда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс, 3–8 м/с. Түнде -1…-3 градус, күндіз +9…+11 градус. 23 ақпанда ауа райы құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс, 3–8 м/с. Түнде 0…-2 градус, күндіз +8…+10 градус. 24 ақпанда ауа райы құбылмалы, түнде қар, күндіз кей уақытта қар аралас жаңбыр жауады. Жолда көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс, 3–8 м/с. Түнде -3…-5 градус, күндіз +2…+4 градус. Шымкент 22 ақпанда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс, 5–10 м/с. Түнде +1…+3 градус, күндіз +12…+14 градус. 23 ақпанда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс, 8–13 м/с. Түнде 0…-2 градус, күндіз +10…+12 градус. 24 ақпанда ауа райы құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс, 8–13 м/с. Түнде 0…-2 градус, күндіз +9…+11 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Куәлікті әр жерде көрсетіп жүр“. Жапаров ҰҚМК-ны жаңғырту жоспарын айтты Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде ауқымды реформа жүргізілмек. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИpress-ке сілтеме жасап. Сұхбат барысында журналист арнайы қызметке қатысты сынға назар аударған: кей қызметкерлер қызметтік куәлігін әр жерде көрсетіп жүр деген пікір айтылған. Садыр Жапаров бұл жағдайдан хабардар екенін айтып, осы мәселеге байланысты өзінің досы, бұрынғы комитет төрағасы Қамшыбек Тәшиевке бірнеше рет ескерту жасағанын жеткізді. Президенттің сөзінше, реформа бұған дейін шекара қызметі мен мемлекеттік күзет қызметін комитет құрамынан бөлу сияқты өзгерістермен ғана шектелмейді. Жапаровтың айтуынша, алдағы уақытта ҰҚМК тек негізгі міндеттерімен айналысады. Атап айтқанда: барлау және қарсы барлау, конституциялық құрылымды қорғау, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, бандитизм, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл. Осы бағыттар бойынша тергеу жүргізу құқығы комитетте сақталады. Бірақ президент "экономикаға араласпайды" деп нақтылады. Сондай-ақ, "ҰҚМК немен айналысатынын және оның қызметкері кім екенін ешкім біле бермеуі керек" деді. Жаңа Тергеу комитеті құрылады Жапаров Қырғызстанда жаңа Тергеу комитеті құрылатынын, негізгі тергеу функциялары соған берілетінін мәлімдеді. Жаңа Тергеу комитеті тікелей президентке бағынатындықтан, "шала дайын" немесе қолдан жасалған істерді қабылдамайды, нәтижесінде негізсіз қылмыстық іс қозғалмайды деген уәж айтты. Президенттің пікірінше, екі орган бір-біріне бағынышты болмай, тәуелсіз жұмыс істесе, объектив шешімдер көбірек қабылданады. Реформа үшін ғимараттар мен техникалық база дайындалып, жарлық шығып, заң жобалары парламентке енгізілетінін де қосты. Жапаровтың айтуынша, реформаны іске асыруға келесі жылдан бастап кіріседі. Биыл Қырғызстан ШЫҰ саммитін және Көшпенділер ойындарын өткізетіндіктен, негізгі ұйымдастыру жұмыстары кейінге қалмақ. Контекст Еске салайық, 10 ақпанда Садыр Жапаров өзінің досы әрі серіктесі Қамшыбек Тәшиевті барлық қызметінен босатты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Өте бақыттымын“. Софья Самоделкина Олимпиада туралы айтты Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы өнеріне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Отандасымыз осы жарыста бар күшін салғанын айтты. "Қазіргі деңгейіме сай өнер көрсеттім. Дайындаған бағдарламамды толық орындадым. Сондықтан өте бақыттымын. Жанкүйерлердің қолдауы өте керемет. Әр жарыста соған қайта-қайта таңғаламын. Әлеуметтік желілерде Қазақстаннан арнайы ұшып келіп, қолына ту ұстап, мені қолдаған адамдардың бейнежазбаларын көріп жүрмін. Тіпті, тәтем мен немере ағам мені қолдау үшін Германиядан арнайы келді. Әрине, мұндай қолдау үлкен күш береді. Саған қол соғып, сол энергияны сезінгенде өзіңді еркін ұстайсың", - деді спортшы. Софья Самоделкина баршаға алғысын айтты. "Олимпиадада өнер көрсетуді бір ауыз сөзбен айтып жеткізу қиын. Әсіресе еркін бағдарламадан кейін көңілің толқып, жүрегің алып-ұшып тұрады. Осында жүргеннің өзі - зор бақыт, ал бәрі ойдағыдай болғанда қуанышың тіпті еселене түседі. Менің арманым орындалды деп айта аламын. Барша адамға армандап, сол арманына сенуді тілеймін. Сол кезде ол міндетті түрде орындалады", - деді спортшы. Спортшы бұл Олимпиадаға өте жақсы дайындалғанын айтты. "Бірдеңе дұрыс шықпай қалса ше?" - деген ой мүлде болған жоқ. Жаттығуда өз жұмысымды толық атқардым. Онда неге мұнда күмәндануым керек? Мен жарысқа нық сеніммен шықтым. Қысым емес, тек толқу болды. Өйткені сен мұзға шығып: "Уау, мен Олимпиададамын" деп айтасың. Бұл - қорқыныш емес, эмоцияның әсері. Алда әлі мені 2026 жылғы әлем чемпионатында көресіздер. Миша екеуіміз Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытып жатқанымызға өте қуаныштымын. Бұл - өте жақсы іс. Миша нені қаласа, мен де соны қалаймын. Бізді қолдайтын және енді ғана осы спортқа келген барлық балаға айтарым - армандаңыздар, тілектеріңізге сеніңіздер және өз жолдарыңызбен жүріңіздер. Артқа қарамаңыздар, жолдан тайдырғысы келетін артық сөз бен қажетсіз адамдарға құлақ аспаңыздар. Өз жүрегіңізге сеніңіздер", - деді Самоделкина. Еске салайық, Самоделкина 2026 жылғы Олимпиадада жеке рекордын жаңартып, жалпы есепте 10-орын иеленді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президенттер мен корольдер: Тоқаевты әлем көшбасшылары құттықтап жатыр Мемлекет басшысына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары келіп түсті. Мемлекет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, БАӘ президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, вице-президент, БАӘ премьер-министрінің орынбасары және президент Әкімшілігінің басшысы Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко королі VI Мұхаммед, Иран президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Палестина президенті Махмұд Аббас және басқалары құттықтады. Президенттің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр. 2026 жылы Ораза қашан басталады? Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді. Сәресіне арналған дұға "Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім". Ауызашар дұғасы "Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, саған иман келтірдім, саған тәуекел еттім. Берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнәмді кешіре көр!" Қадір түні, Ораза айт мерекесі қашан? ҚМДБ мәліметінше, 17 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні, ал 20 наурыз - Ораза айт мерекесі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ-де жаңа комитеттің төрағасы тағайындалды ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы болып Дархан Марханов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. ІІМ мәліметінше, полиция полковнигі Дархан Мархановтың ішкі істер органдарында тәжірибесі мол, басқарушылық қызметтерде ұзақ жыл еңбек еткен. Бұған дейін ол тиісті департаментті басқарған, кейін ол құрылым комитет болып қайта құрылған. Министр Ержан Сәденов Дархан Мархановтың кәсібилігі мен басқару қабілетін атап өтіп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Айта кетейік, ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті министрліктің мамандандырылған күзет қызметі басқармасының орнына құрылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада екі қабатты ғимаратта өрт шықты Елорда өртсөндірушілері Байқоңыр ауданындағы Н. Гастелло көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ТЖМ мәліметінше, ғимараттың шатыры өртенген. "Өрт сөндіру штабы құрылды, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеп жатыр. Су үздіксіз беріліп тұр", – деп хабарлады министрлік. Қазір газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ 12:41-де өрттің оқшауланғанын хабарлады. Қауіпсіз жерге 8 газ баллоны шығарылған. "Қазір өрт оқшауланды", – деді ведомство. Ал 13:17-де өрттің 270 шаршы метр аумақта толық сөндірілгені мәлім болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт жылыту пешін дұрыс пайдаланбаудан шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Допинг дауы: WBO Жәнібек Әлімханұлын бокстан шеттетті World Boxing Organization қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бокстан 1 жылға шеттетілді. Шеттету мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап есептеледі. Соған сәйкес, Жәнібек биылғы желтоқсанда қайтадан рингке шыға алады. Шеттету уақытында Жәнібекке рингке шығуға толық тыйым салынады: бұл талап ресми кездесулерге де, көрме жекпе-жектеріне де қатысты. Ал мерзімі аяқталған соң, ол Бентли – Сааведра кездесуінің жеңімпазына қарсы міндетті түрде титул қорғау жекпе-жегін өткізуі керек. Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы Желтоқсанда Жәнібектен алынған допинг-сынамадан тыйым салынған мельдоний препараты анықталғаны белгілі болды. Бұған байланысты WBO ұйымы ішкі тергеу бастаған, ал 7 желтоқсанға жоспарланған Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек кейінге қалдырылған еді. Бұл зат 2016 жылдан бері антидопинг ережелері бойынша тыйым салынғандықтан, үшінші титулға жоспарланған жекпе-жек өтпей қалды. Жәнібектің командасы мен Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы VADA-дан екінші сынаманы ашуды сұраған. Қайта талдау да спортшының қанында тыйым салынған зат барын растады. Анықтама: Мельдоний - жүрек-қантамыр ауруына қарсы қолданылатын дәрі. Ол ағзадағы зат алмасуды жақсартып, жасушалардың энергияны тиімді пайдалануына көмектеседі және жүктемені жеңілдетуі мүмкін. Сондықтан ол төзімділікті арттырып, қалпына келуді жылдамдатуы ықтимал деп есептеліп, спортта допинг санатына енгізілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында 193 миллион теңгеге салынған әкімдік ғимараты құлайын деп тұр Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Жібек Жолы ауылында былтыр жазда ғана пайдалануға берілген аудандық әкімдік ғимаратының қабырғалары жарыла бастап, құлайын деп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. Қауіпсіздік үшін әкімдіктің кейбір қызметкерлерін ғимараттың бір қанатынан екіншісіне ауыстыруға тура келген. Қабырғалардағы жарықтар үлкен, ал дәретхана мен қойма жабылған, себебі ол жақта еден опырылып кеткен. "Қабырғалар қозғалып тұрғандай. Бірдеңе сынып, жарылып жатқандай дыбыстар естіледі. Әсіресе түнде. Күндіз адамдар кіріп-шығып жүргенде байқалмайды. Ал түнде тыныш кезде бәрі анық естіледі. Мен құламайтын жақта ұйықтаймын", – деді күзетші Миллиардбек Мәлібеков. Жібек Жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Талғат Қамбарбеков те жағдайдың қауіпті екенін айтты. "Әрине, қорқынышты. Күзетшінің өзі түнде бәрі сықырлап, сартылдайтынын айтады. Кейінгі аптада біраз шөгіліп, жарықтар ұлғайды. Меніңше, іргетасын дұрыс жасамаған. Маманы емеспін, бірақ солай ойлаймын", – деді ол. Ал мердігерлер жоба талаптарынан ауытқыған жоқпыз дейді. Олардың сөзінше, бір жолы дәретханада құбыр жарылып, көп су төгілген. Соның салдарынан су топыраққа сіңіп, жер шөгіп, ғимарат зақымдануы мүмкін. "Су 10–20 минут аққан шығар, нақты білмеймін. Біз келгенде бәрі су болып жатты. Суды тазалап алдық, бірақ көп су жер астына кетті де, топырақ отырып қалды. Біз бәрін қалпына келтіреміз: жұмысшыларды шақырдық, ашып қарап, таптаймыз, қайта көміп, іргетасты тексереміз", – деді мердігер ұйым өкілі Орынбасар Аятов. Аудан әкімдігінің айтуынша, алдымен арнайы сараптама жүргізіледі. Ол 193 миллион теңгеге салынған ғимараттың қай бөлігіне жөндеу қажет екенін нақты анықтайды. Әзірге әкімдіктің тоғыз қызметкері жаңа ғимараттан ескі ғимаратқа көшуге мәжбүр. Ескі ғимарат тозығы жеткенімен, әзірге жаңа ғимараттай қауіпті емес. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Ресей әуе қорғанысы әскерлерінің жоспарлы жаттығуын бастады Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ресей әскери күштерімен бірге өңірлік әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай жүйесі аясында бірлескен оқу-жаттығу өткізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, жаттығу 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында өтеді. Бұл - екі ел арасындағы өзара іс-қимыл кестесіне алдын ала енгізілген жоспарлы іс-шара. Қорғаныс ведомствосының ресми мәліметінше, жаттығу барысында әуе нысандарын анықтау және қадағалау, әуе кеңістігін бұзған ұшақтарды ұстап қалу, сондай-ақ, оларды белгіленген әуежайларға қонуға мәжбүрлеу сияқты тапсырмалар пысықталады. "Іс-шара жоспарға сай жүргізіліп жатыр және ӘШҚҚ кезекші күштерінің өзара үйлесімін, жауынгерлік даярлығын және дайындық деңгейін арттыруға бағытталған", – деп атап өтті министрлік. Осыған байланысты ведомство азаматтар мен БАҚ өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған мәлімет таратпауды сұрады. Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Ресейдің көп мақсатты Су-30 жойғыш ұшағы Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайға жоспардан тыс қонғаны туралы ақпарат тараған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады? 21 ақпанда Италияда өтіп жатқан Олимпиадада Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарыс күнін фристайл-акробатика өкілдері бастайды: Аяна Жолдас, Роман Иванов және Асылхан Асан аралас командалар сайысында өнер көрсетеді. Жарыс Қазақстан уақытымен 14:45-те басталады. Одан кейін 15:00-де өтетін шаңғы жарысында 50 шақырым қашықтықта ел намысын Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков қорғайды. Күн аяғында конькимен жүгіру бағдарламасы өтеді: 20:05-те Елизавета Голубева масс-старт сайысында бақ сынайды. Барлық жарысты тікелей эфирде Qazsport, сондай-ақ, Jibek Joly және Хабар телеарналарынан тамашалауға болады. Еске салайық, 21 ақпанға дейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. Бұл - мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров алған алтын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Дональд Трамп барлық елге 10 пайыз қосымша баж салығын енгізді АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елден әкелінетін тауарларға 10 пайыз қосымша кедендік баж енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап. "Ақ үйде жаңа ғана барлық ел 10 пайыз жаһандық баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойдым. Ол бірден күшіне енеді", – делінген жазбада. Трамп бұл бастаманы бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты 2025 жылғы сәуірде енгізілген жаһандық тарифтерді заңсыз деп танығаннан кейін жариялаған. Ақ үйдің нақтылауынша, 10 пайыз қосымша баж 24 ақпанда (АҚШ-тың шығыс уақытымен 00:01-де) күшіне еніп, 150 күн бойы қолданыста болады. Құжатта "прокламация АҚШ-қа импортталатын тауарларға 150 күнге 10 пайыз қосымша импорттық баж енгізеді" деп көрсетілген. Еске салайық, 20 ақпанда АҚШ Жоғарғы соты Трамптың төтенше жағдай туралы заңға сүйеніп енгізген тарифтері қолданыстағы заңнамаға қайшы деген шешім шығарған. Сот президент бұл заңды пайдалану арқылы өкілетін асыра қолданған деген қорытындыға келген. Кейін Трамп барлық баж салығы "күшінде қала береді" деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ол сот шешімін қатты сынап, оны "ұят" деп және өзінде "балама жоспар" барын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
600 миллион теңге: Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты Шымкенттегі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаржы пирамидасын құру және жүргізу іс бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап. Іс бойынша 10 адам сот алдында жауап берді. Олардың бірі қылмысты кәмелетке толмаған кезінде жасаған. Сот дерегінше, пирамиданы ұйымдастырған К. есімді әйел 2024–2025 жылдары әлеуметтік желілер арқылы өзін "инвестициялық жоба" ретінде жарнамалап, адамдарға тез әрі жоғары табыс уәде еткен. Қаражатты аударыммен де, қолма-қол да қабылдаған. Нәтижесінде пирамиданың айналымына 600 миллион теңгеден аса ақша тартылған. Із жасыру және жауапкершіліктен құтылу үшін ол қаржыны куәгердің шотына аударып, одан жалған түбіртек беруді талап еткен. Ал қалған қатысушылар пирамиданың жұмысын жүргізуге көмектескен: салымшыларға банк реквизиттерін берген, түбіртектерді қабылдаған және ұйымдастырушы мен жәбірленушілер арасында делдал болған. Прокурор соттан бас бостандығынан айыру жазасын сұрап, кей айыпталушыларға жаза орындауын кейінге шегеруді ұсынған. Жәбірленушілер әділ әрі заңды шешім шығаруды өтінген. Айыпталушылар кінәні ішінара мойындап, темір торға қамамауды сұраған. Сот пирамиданы ұйымдастырған әйелді бірнеше бап бойынша кінәлі деп таныды: қаржы пирамидасын құру, ақша жылыстату және куәгерді сатып алу. Оған мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда жазаны өтеу 1 жылға кейінге шегерілді. Қалған 9 адам 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Олардың алтауына жаза орындау 3 жылға шегерілді. Ал қылмысты кәмелетке толмаған кезде жасаған сотталушыға 1 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен шартты жаза берілді. Сонымен қатар, сотталғандарға ақша жинау, инвестиция тарту сияқты қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салынды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Еңбек министрлігі жаңа Конституциядағы еңбек демалысына қатысты қауесетке жауап берді Әлеуметтік желілерде жаңа Конституция жобасындағы жұмысшылардың құқығы туралы бап талқыланып жатыр. Бұл ақпаратқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қолданушылар жаңа Конституция жобасының 27-бабы 4-тармағындағы демалыс құқығына қатысты тұжырымдамада "демалыс" сөзінің алдында "жыл сайынғы" деген сөз жоғын жазып жатыр. "Конституция азаматтардың құқығы мен еркіндігінің негізгі қағидаттары мен кепілдіктерін бекітіп, олардың іргелі сипатын айқындайды. Бұл құқықтардың нақты мазмұны мен іске асыру тетіктері салалық заңнамада белгіленеді. 27-бап жобасы демалыс құқығын заңмен кепілдендірілген әлеуметтік құқық ретінде бекітеді. Демалыс - осы құқықты жүзеге асырудың бір нысаны. Оның ұзақтығы, берілу жиілігі, беру тәртібі және өзге де шарттары еңбек заңнамасымен реттеледі", - деп атап өтті Еңбек министрлігі. Министрлік Қазақстанның Еңбек кодексінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тікелей көзделгенін, оның ұзақтығы, беру тәртібі және қандай жағдайда берілмейтіні нақты көрсетілгенін еске салды. "Сонымен қатар, Еңбек кодексінде "демалыс" деген ұғым бірнеше түрді қамтиды: жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, әлеуметтік демалыстар және заңда қарастырылған жұмыстан босатудың басқа да түрлері. Сондықтан Конституция жобасындағы бұл тұжырым заң тұрғысынан дұрысырақ", - делінген таратылған хабарламада. Министрлік бұл нормалар қолданысы күшінде екенін және жаңа Конституция редакциясының жобасына қайшы келмейтінін нақтылады. "Конституциядағы сөз тіркесі жаңарғанымен, бұл жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жойылады деген сөз емес. Сондай-ақ, еңбек заңдары өздігінен, автомат түрде өзгеріп кетпейді. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйеніп, дәлелсіз қорытынды таратпауды сұраймыз", - деді Еңбек министрлігі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Берік Шолпанқұлов Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды Берік Шолпанқұлұлы Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Берік Шолпанқұлов туралы не белгілі? Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Осы Комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. Әр жылдары Қазынашылық жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2008–2014 жылдары қаржы вице-министрі болды. 2014–2016 жылдары қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы наурызға дейін қаржы вице-министрі қызметін атқарған. 2021 жылғы 5 сәуірде Президент өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бопсалау ісі: Алматыда блогерлерге қатысты үкім шықты Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бопсалау дерегі бойынша блогерлерге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Алматыда блогерлер 2025 жылғы 23 қаңтарда ұсталған еді. Олар жәбірленушінің арызы бойынша 10 миллион теңгені алып жатқан сәтте ұсталғаны хабарланды. Кейін ұсталған блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримов екені мәлім болды. Сот нені анықтады? Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 20–22 қаңтар аралығында төрт сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен. "Жәбірленуші Б.-ға оның атына кір келтіретін мәліметтерді таратамыз деп қорқытып, атқару парақтары бойынша 20 және 23 миллион теңге көлеміндегі қарызды өндіріп алу талабынан бас тартуын, сондай-ақ, оларға 18 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша беруін талап еткен", - делінген хабарламада. Соталды тергеп-тексеру органдары сотталушы Д.-ға полиция қызметкерінен 40 мың теңге бопсалады деген айып та таққан. Тергеу нұсқасы бойынша, ақша әлеуметтік желілерде ақпарат жариялаймыз деген қорқытумен талап етілген. Тараптардың ұстанымы Прокурор әр сотталушыға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сотталушылар кінәсін мойындамай, ақтауды өтінген. Жәбірленушілер нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын талап еткен. Сот шешімі ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағының санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. "Алқабилердің үкімімен сотталушылар Д., К., Р. және А. ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. Сот сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары барын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерген. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Полиция қызметкерінен ақша бопсалау эпизоды бойынша сотталушы Д. ақталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталған блогерлер туралы не белгілі? Дамир Кушеев Instagram желісінде блог жүргізуді пандемия кезінде велосаяхатшы ретінде бастаған. Кейінгі жылдары ол шенеуніктер, полицейлер және прокурорлар туралы видеолар жариялап жүрген. Ол ең төмен қауіпсіздік деңгейіндегі колонияны сынаған және Алматыда еркін жүріп-тұрған сотталған адам туралы видео жариялаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Өтініш берген барлық қазақстандыққа әлеуметтік көмек беріле ме? Министрлік жауап берді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өтініш берген барлық азаматқа әлеуметтік көмек автомат түрде тағайындалады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде және жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында тараған. Ведомство мұны жоққа шығарды. "Әлеуметтік көмек – мемлекеттің атаулы қолдау шарасы және белгіленген мұқтаждық критерийлеріне сәйкес келетін, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ғана көрсетіледі", - делінген хабарламада. Көмек тағайындау қолданыстағы заңнамада және мәслихаттардың шешімдерінде айқындалған негіздер бойынша жүзеге асырылады, яғни белгіленген талаптарға сәйкес келуі құжат жүзінде расталуы керек. "eGov порталы арқылы өтініш беру – әлеуметтік көмекке жүгінудің бір тәсілі ғана және оның автомат түрде тағайындалуына кепілдік бермейді", - делінген хабарламада. Көмек алушы санаттардың тізбесі, көмекті көрсету шарттары және қажет құжаттар тізімі әр өңірде мәслихаттар тарапынан жеке-жеке бекітіледі және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады. Барлық түскен өтініш жергілікті атқарушы органдарда белгіленген тәртіппен қаралады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Доллар бағамы көтерілді Қазақстанда 20 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 494,66 теңге болды. Бұл көрсеткіш 4,89 теңгеге өскен. Ұлттық банктің 20 ақпанға арналған ресми бағамы - 1 доллар үшін 489,17 теңге. Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазір Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – 494,41 теңге; сату – 496,37 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – орташа есеппен 493,00 теңге; сату – 500,00 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Банк арқылы “айналған“ 7 трлн теңге: Тоқаевтың баспасөз хатшысы мән-жайды түсіндірді Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қазақстандағы банктердің бірі арқылы 7 триллион теңге көлеміндегі қаражат "айналғаны" туралы бұрын айтылған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айбек Смадияровтың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тексерілмеген ақпаратты жарияламайды. "Егер ол 7 триллион теңгеге транзакциялар жасалғанын айтса, демек солай болған. Екінші мәселе - бұл ақпарат кеңінен талқылау үшін емес, Қаржы мониторингі агенттігінің ғимаратындағы кеңеске қатысушыларға жолданған, яғни қатаң түрде қызметтік сипатта болды. Транзакциялар жүргізілген банк кім туралы айтылғанын біледі", - деді Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы. Смадияровтың айтуынша, Президент саяси және дипломатиялық себептерге байланысты қаражат қай елден шыққаны, қай елге жіберілгені және санкциялар жағдайында осы аударымдарды өткізген қай банк екені туралы мәліметтерді әдейі жарияламаған. Еске салайық, қаңтарда ҚМА-дағы кеңесте Тоқаев 2025 жылы көршілес елден Қазақстан банктерінің бірі арқылы 7 триллион теңгеден аса қаражат "айналғанын" мәлімдеген. Бұған байланысты Мемлекет басшысы тиісті органдарға тапсырма берген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленген самурай қылышы бастапқы бағадан 7 есе қымбатқа сатылды Тергеу аясында тәркіленіп, қайтарылған активтерді басқару органына берілген самурай қылышы мен ұлттық өрнегі бар былғары белдік 20 ақпанда электрон саудада сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы екі сәнді бұйымды сатылымға шығарды: қынабымен бірге самурай қылышы және арнайы қораптағы ұлттық өрнекті былғары белдік. Құжаттарда бұл заттар Карим Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленген мүліктің сипаттамасына сәйкес келеді. Аукцион 20 ақпанда электрон сауда порталында өтті. ҚАБК екі лотты да сатты. Самурай қылышы 3 413 825 теңгеге өтті. Бұл бастапқы бағасынан (461 312 теңге) 7 есе көп. Қылыштың жүзі болаттан жасалған, қынабы қара түсті, ал сабы бедерлі геометриялық өрнекпен әшекейленген. Саудаға алты үміткер қатысып, әрқайсысы 69 мың теңге көлемінде кепілдік жарна енгізген. Ұлттық өрнегі бар былғары белдік 524 261 теңгеге сатылды. Бастапқы бағасы 183 750 теңге болған. Белдік металмен және күміспен соғылған әшекеймен безендірілген, түпнұсқа қорабымен бірге ұсынылған. Саудаға төрт үміткер қатысқан. Бұған дейін бұл екі лот бірнеше рет саудаға шығарылған. 2025 жылғы қарашада қылыш 542 719 теңгеге сатылғанымен, жеңімпаз ақша төлемегендіктен мәміле күшін жойған. Еске салайық, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрим Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі сатылымға шығарылғанына бір жыл болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Балаларға жөргек кигізіп, қолын жоғары көтертіп тұрғызған“: тәрбиеші жанжалдан кейін жұмысқа қайта оралды Астана тұрғыны мемлекеттік балабақшалардың бірінде балаларға психологиялық қысым көрсетілетінін айтып шағымданды. Оның айтуынша, тәрбиеші балаларды кемсітеді, соның салдарынан һұлы "балабақшаға қайта апармаңызшы" деп жалбарынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бала балабақшаға апармауды өтінді" Альмира есімді Астана тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде мемлекеттік балабақшалардың бірінде болған оқиға туралы жазды. Әйелдің сөзінше, тәрбиеші балаларды қорлайтын жазалау әдістерін қолданған, алайда қайтадан жұмысына оралған. Альмираның айтуынша, балабақшада болып жатқан жайтты ұлы жылап отырып айтып берген. Әйел тәрбиешінің балаларды бейнебақылау камерасы жоқ жатын бөлмеде жазалағанын айтты. "Ол баланың шорты мен іш киімін шешіп, ақ жөргек кигізген де, қолын жоғары көтертіп, 3–5 минут солай тұрғызып қойған. Содан кейін дәл осылай кезек-кезек басқа "кінәлі" балаларды да кіргізіп отырған", - деп жазды астаналық әйел. Анасының айтуынша, болған оқиғадан кейін бала балабақшаға барғысы келмейді. Әйелдің сөзінше, ол ұлы атаған өзге балалардың ата-аналарымен байланысқан. Альмираның айтуынша, барлық бала бір-бірінен бөлек сұралса да, болған жайтты растап, тәрбиешінің әрекеттерін бірдей сипаттап берген. "Әр бала жағдайдың егжей-тегжейін, бір-бірін атап, бір ғана әрекетті қайталап сипаттады", - деді ол. Астана тұрғыны балабақша басшылығының жауабына қатысты пікір айтты. "Бізге: "Өтініш жазыңыздар, тексереміз", - деді. Ал біз тәрбиешіні дереу жұмыстан шығарып, жауапкершілікке тартуды талап еткенде, "жұмыстан босату үшін өтініш жазыңыздар" деп ұсынды", - деді Альмира. Анасының айтуынша, жалпы ата-аналар жиналысында тәрбиеші айыптауларды жоққа шығарып, өзі тек "жатын бөлмеде баламен сөйлескенін" мәлімдеген. Сонымен қатар, Альмира балабақша меңгерушісі алғашында жөргек қолданылғанын растағандай болғанын, алайда кейін бұл "майлықтар" екенін айта бастағанын да мәлімдеді. "Осы сәтте тәрбиешіні ақтап, балалармен жұмысын жалғастыруына мүмкіндік бергісі келетіні анық байқалды. Балаларды қорлайтын әрі психологиялық тұрғыда жарақат салатын жаза қолданатын адамның мемлекеттік балабақшада жұмысын жалғастыруы - жол беруге болмайтын жағдай. Бұл тәрбие емес, бұл - қиянат", - деді Астана тұрғыны. Білім басқармасы не дейді? Елордадағы білім басқармасы ата-аналардың өтінішінен кейін балабақшаға мониторинг тобы жіберілгенін хабарлады. "Мониторинг нәтижесінде тәрбиешінің қайтадан жұмысқа қабылданғаны анықталды. Бұл заңбұзушылықтарға байланысты балабақша басшысына тәртіптік жаза ретінде сөгіс жарияланды. Тәрбиеші қызметінен босатылды", - деді ведомство. Білім басқармасы бейнежазбаларда тәрбиешінің балаларға дене күшін қолданғанына дәлел жоқ екенін қосты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қырғызстанда ҰҚМК басқармасының тағы бір басшысы ұсталды Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) Бішкектегі 6-басқармасының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап. "Грудак" деген лақап атымен танымал ҰҚМК қызметкерін әскери прокуратура ұстаған. "Первомай аудандық сотының шешімімен А.Т. 15 сәуірге дейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Айта кетейік, ҰҚМК-ның 6-басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреседі", - деп жазады басылым. Еске салайық, бұған дейін "Вазелин" лақап атымен танымал Шу облысындағы ҰҚМК тергеушісінің ұсталғанын хабарлаған еді. Ол бұған дейін ұсталған Бішкек қаласы бойынша ҰҚМК басқармасының экс-басшысы Эльдар Жакыпбековке жақын адам саналады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әйелі мен ұлын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды Қызғаныштан адам өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі адамды өлтіру бойынша істі қарау аяқталды. Айыпталушылар орындығында 51 жастағы ер адам болды: ол өз әйелін және 16 жастағы ұлын өлтірді деп айыпталды. Қылмыс орнындағы мәйіттерді айыпталушының қызы тауып, болған жайтты көршісіне айтқан, ал көршісі полиция шақырған. Сот залында түсірілген сурет Мән-жайы Қайғылы оқиға 2025 жылдың күзінде Қостанай облысы Аманқарағай ауылында болған. Ерлі-зайыпты ажырасып жатқан. Ер адам мұны ауыр қабылдап, отбасын сақтап қалуға тырысқан. Tobolinfo-ның мәліметінше, 14–15 жыл бірге тұрғаннан кейін ерлі-зайыпты алғаш рет ажырасу туралы сөз қозғаған, алайда татуласып, бірге өмір сүре берген. 2025 жылдың жазында қайтадан дағдарыс басталған. Айыпталушының айтуынша, түнде ол асүйден пышақ пен кәді алып, ажырасудың алдында жұбайын тамақ дайындауға шақырып, сөйлескісі келген. Ұлының бөлмесінен өтіп бара жатып, оны оятып алған. Екеуінің арасында аяқ астынан жанжал шығып, төбелес болған. Ер адамның сөзінше, ол абыржыған күйінде ұлына пышақ сұғып алған, кейін "шабуылды тойтармақ болып" жұбайына да соққы жасаған. Қанды көрген соң бөлмеден жүгіріп шығып, кейін қайта кіргенде екеуін де ауыр жараланған күйде тапқан. Тергеу Ер адам қылмыс ізін суытпай ұсталды. Сотта ол кінәсін мойындады, алайда ұлын қасақана өлтірді деген нұсқамен келіспеді. Қорғау тарапы болған оқиға кенеттен болғанын, ер адамның кісі өлтіруге ниеті болмағанын алға тартты. Ерлі-зайыптының қызы әкесін қатаң жазаламауды сұрады. Прокурор өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы өтініш білдірді, ал сот бұл талапты қолдады. "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - деп үкімді судья Жаннара Тлеубаева оқыды. Сотта қылмыстың алдын ала жоспарланғаны айтылды: айыпталушы өзімен бірге пышақ қана емес, отбасы мүшелерін байлап қою үшін пластик байлағышты да алған, сондай-ақ, көршілер айқай-шуды естімеуі үшін терезені жауып қойған. Кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам саналы түрде әрекет етіп, өз іс-әрекетіне есеп берген. Сонымен қатар, сот мәліметінше, айыпталушы өкініш білдірмеген және сот процесі барысында жауапкершілікті өз мойнынан ысырып, жұбайының моральдық қасиеттеріне назар аударту арқылы ақталуға тырысқан. Бұған дейін бұл сұмдық қылмыс туралы Аманқарағай ауылының тұрғыны хабарлағаны айтылған еді: көшеде бір қыз бала оған келіп, анасы мен ағасының үйде еденде жатқанын айтқан. Сол кезде қылмыс жасады деген күдікпен отағасына іздеу жарияланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн күрт суытады "Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен түрлі қарқынмен жауын жауады: солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей жерлерде қалың қар жаууы мүмкін. Ал оңтүстік облыстарда негізінен жаңбыр болжанады. Сонымен қатар, екпінді жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ пен тұман байқалады. Циклоннан кейін Қазақстанның батыс аймақтарына Ресейдің Еуропалық бөлігінен антициклон тарайды. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді: батыс облыстарда түнде -10…-22° дейін, солтүстік облыстарда түнде -17…-25° дейін, оңтүстік облыстарда түнде -0…-8° дейін. Синоптиктердің мәліметінше, 23 ақпаннан бастап елдің солтүстік-батысында, 24 ақпаннан бастап солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде ауа температурасы -25…-37° дейін күрт төмендейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ұялы байланыс операторын ауыстыру ережелері өзгермек Қазақстанда бір ұялы байланыс операторынан екіншісіне ауысу тәртібі өзгеруі мүмкін. Мұндай түзетулер Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бұйрық жобасында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжат әзірлеушілер ұсынып отырған негізгі өзгерістердің бірі - абоненттік нөмірді көшіру мәселесі. Енді өз телефон нөміріңізді сақтап қалу қиындауы мүмкін. Себебі оператор нөмірді көшіруден бас тартуға құқылы болады. "Нөмір алғаш белсендірілген сәттен бастап 60 күн өтпесе, оператор-донор абоненттік нөмірді көшіруден бас тарта алады. Бұл өзгеріс теріс пайдаланудың алдын алу және байланыс операторларының мүдделерін қорғау мақсатында енгізіліп отыр", - делінген құжат мәтінінде. Оператор-донор - тұтынушыға бұрын қызмет көрсеткен байланыс операторы. Заң бойынша, Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры нөмірді көшіру туралы сұрау келіп түскеннен кейін оператор 10 минут ішінде жауап беруге тиіс. Әзірлеушілердің айтуынша, жобаның басты мақсаты - нөмірді көшіру кезінде абоненттің байланысы қолжетімсіз болып қалуы мүмкін уақытты қысқарту. Бұл өз кезегінде "қызмет сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейін арттыруға" ықпал етеді. Бұл бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында 6 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады. Еске салайық, 2016 жылдан бері қазақстандықтар өз нөмірін сақтай отырып, ұялы байланыс операторын ауыстыра алады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шығын жарты миллиард теңгеден асты: Қазақстанның оңтүстігінде бір топ шенеунікке үкім шықты Түркістан облысында Бәйдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, басшыларды, бухгалтерлерді және экономистерді қоса алғанда, 18 лауазымды тұлғадан құралған топ бюджет қаржысын иемдену схемасын ұйымдастырған. Олар ауданның 49 жалпы білім беретін мектебінде жалақы төлеуге және өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді жасанды түрде көбейту арқылы қаржы жымқырған. Бухгалтерия қызметкерлері электрон есеп жүйелеріне жалған мәлімет енгізген. Төлем ведомостарына іс жүзінде білім беру ұйымдарында жұмыс істемеген адамдар енгізілген немесе жалақы мен үстемақылардың сомасы әдейі асыра көрсетілген. Операцияларға заңды сипат беру үшін қызметтік жазбалар, бұйрықтар, есеп ведомостары мен жұмыс уақыты табельдері сияқты жалған құжаттар пайдаланылған. Құжаттардың бір бөлігі төлемдер жүргізілгеннен кейін кері күнмен рәсімделіп немесе есептілікті сәйкестендіру мақсатында түзетілген. Қаражат жалған тұлғалардың, оның ішінде туыстары мен таныстарының банк шоттарына аударылып, кейін алдын ала келісілген үлестер бойынша қатысушылар арасында бөлінген. Келтірілген жалпы шығын 583 миллион теңгеден асты. Тергеу барысында күдіктілер келтірілген залалды толық өтеген. Сот 14 адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы 4 адамға қатысты іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды. Үкім заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады? 20 ақпанда Италияда өтіп жатқан Олимпиадада Қазақстан атынан сегіз спортшы бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарыс күнін Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов және Роман Иванов бастайды. Іріктеудің бірінші кезеңі 14:30-да өтеді. 20:30-да Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко 1500 метр қашықта өнер көрсетеді. Ал Ольга Тихонова мен Яна Хан 1500 метрге 1/4 финалдан бастап жүлде үшін күресті 00:15-те бастайды. Барлық жарыс тікелей эфирде Qazsport, сондай-ақ, Jibek Joly және Хабар арналарынан көрсетіледі. Еске салайық, 20 ақпанға дейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын бар. Оны Михаил Шайдоров жеке мәнерлеп сырғанаудан жеңіп алды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар енді 30 тамызда демалмауы мүмкін Қазақстандықтар енді 30 тамызда демалмауы мүмкін. Егер 15 наурызда референдумда жаңа Конституция қабылданса, онда Конституция күні ауысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум өтеді. Егер халық қолдап дауыс берсе, 15 наурыз Конституция күні ретінде жаңа мемлекеттік мерекеге айналуы мүмкін. Қазір Конституция күні 30 тамызда атап өтіледі. Бұл - 1995 жылы қолданыстағы Конституция қабылданған күн. Бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады және ресми демалыс күні. 30 тамыз 2026 жылы демалыс болып қала ма? Бұл сұраққа жауап алу үшін Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдаған. Министрлік не дейді? Ведомствоның мәліметінше, заңнамаға өзгеріс енгізілмейінше, 2026 жылғы 30 тамызда да мемлекеттік мереке әрі демалыс күні болып қала береді. Алайда егер жаңа Конституция қабылданса, ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Демек, сол өзгерістер заң жүзінде бекітілсе, 30 тамыз Конституция күні мәртебесінен айырылып, тиісінше мерекелік демалыс күні де болмай қалуы ықтимал. "Егер "Конституция күні" мемлекеттік мерекесі өзге күнге бекітілсе, тиісті заң күшіне енген күннен бастап 30 тамыз мемлекеттік мереке мәртебесін жоғалтады", - делінген жауапта. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Әлемде мұндай бастама көтерілген жоқ“ - Тоқаев Бейбітшілік кеңесінде Трампқа үн қатты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің инаугурациялық отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, осы тарихи іс-шараны ұйымдастырғаны үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа алғыс айтты. "Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өтіп жатқан кездесуіміз батыл әрі прагматикалық әрекеттер шешуші рөл атқаратын кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Шын мәнінде, бұл – сөз күйінде қалатын қарар қабылдайтын конференция емес, керісінше, нақты әрі мақсатты шаралар арқылы ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға үлес қосатын жиын. Президент мырза, Сіздің жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуді көздейтін айқын мұратыңыз бен көреген қадамдарыңыз еліміздің Бейбітшілік кеңесіне қосылуына түрткі болды", – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесі көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай ұйым деп санайды. "Әлемде мұндай бастама көтерілген жоқ. Расында, бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс. Өйткені бірге күш-жігер жұмылдырудың арқасында "Жасампаздық арқылы бейбітшілік" атты жаңашыл тұжырымдаманы немесе жобаны іске асыруға барлық мүмкіндік бар. Сондықтан, Президент мырза, Сіздің нақты іс-әрекет қана бейбітшілікке берік негіз қалайды деген ұстанымыңызды толық құптаймын", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ Android смартфоны бар қазақстандықтарға ескерту жасады Ішкі істер министрлігі азаматтардың смартфондарына зиянды қосымшаларды орнату арқылы қашықтан қол жеткізетін алаяқтық схема туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Алаяқтар қалай жұмыс істейді? ІІМ мәліметінше, қазір Android операциялық жүйесі орнатылған мобильді құрылғыларға зиянды бағдарламаны орнатылып, тарату жағдайлары тіркеліп жатыр. Қаскөйлер бірнеше тәсіл қолданады. Олардың қатарында - мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы фишинг сілтемелер тарату, жалған мобильді қосымшаларды тарату, сондай-ақ, фотосурет, видео немесе құжат түрінде зиянды файлдарды жіберу. Сонымен қатар, алаяқтар мемлекеттік органдар, банктер және жеткізу қызметтерлері атынан хабарламалар жолдайды. Олар азаматтарға әртүрлі ұйымдардың қызметкері ретінде қоңырау шалып, акцияларға немесе ұтыс ойындарына қатысу сылтауымен қосымшаны орнатуға көндіреді. Осындай бағдарлама орнатылғаннан кейін қылмыскерлер құрылғыға қашықтан қол жеткізеді. Бұл шоттардан қаражат ұрлануына, онлайн-несиелер рәсімделуіне, жеке деректер мен хат-хабардың жария болып кетуіне, сондай-ақ, телефонның бұғатталып, оны ашу үшін ақша талап етілуіне әкелуі мүмкін. Қалай қорғанамыз? Ведомство үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпауға, SMS-тен келген кодтарды хабарламауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге кеңес береді. Сондай-ақ, қосымшалардың сұрайтын рұқсаттарын мұқият тексеру, антивирус бағдарламаларды пайдалану және банк операциялар туралы хабарламаларды қосуды ұсынады. Мамандар телефонда қауіпті бағдарламаның ықтимал белгілері ретінде батареяның тез таусылуын, құрылғының қызып кетуін және таныс емес қосымшалардың пайда болуын атайды. Егер жұқтыруға күдік болса, дереу интернетті өшіріп, банкпен байланысып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ең жылы күн 167 жыл бұрын тіркелген: 19 ақпанда Алматыда температура рекорды жаңарды Синоптиктер температура деректерін жаңартып, 19 ақпанда Алматыда 1859 жылдан бергі ең жылы күн тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктердің мәліметінше, 19 ақпанда ауа температурасы +23,6 градусқа дейін көтерілген. Бұған дейінгі абсолют рекорд +19 градус 1979 жылғы 17 ақпанда тіркелген еді. Еске салайық, Алматыда 16 ақпаннан бастап күн жыли бастады: сол күні ең жоғары температура +14,5 градусқа жетті. Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кесебаевтың айтуынша, қазіргі синоптикалық жағдай "жылудың кең ауқымда таралуы" деп аталады. Бұл - оңтүстік-батыс және оңтүстік бағыттағы желдер арқылы Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне жылы ауа келіп, кейін оның тропосфераның барлық қабатына кеңінен таралу үдерісі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда +23 градус: 5 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды 19 ақпанда Алматыда ауа райы ерекше жылы болды. Қалада ауа температурасы +23 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктер мұндай көрсеткіш ақпанға тән емес екенін айтып, қалада температура рекорды жаңарғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" мәліметінше, Алматыда ақпанда мұндай жылы күн кейінгі рет 2021 жылы тіркелген – ол кезде +16,3 градус болған. "Алматы метеостанциясында +22,8 градус тіркелді. Бұл - жаңа температуралық рекорд. Абсолют максимум жаңартылды", - деді синоптиктер. Алайда мегаполиске келген жылымық ұзаққа созылмайды. 20 ақпаннан бастап ауа температурасы қайта төмендейді: жұмада күндіз +12…+14, түнде +4…+6 градус болады. Сенбі, 21 ақпанда күндіз +7…+9, түнде +3…+5 градусқа дейін төмендейді. Жексенбі, 22 ақпанда түнде ауа температурасы 0…-2 градусқа түсіп, күндіз +8…+10 градусқа дейін жылынады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жала жабуға мәжбүрлеп жатыр“: Burger King Kazakhstan қызметкерінің анасы жаңа мәлімдеме жасады Қазақстанда Burger King Kazakhstan фастфуд мейрамханалар желісіне қатысты жанжал өрши түсті. Алғашында дау аутизмге шалдыққан қызметкерге байланысты жағдайдан басталып, кейін басшылық бағыныштыларға орынсыз сөздер мен әрекеттер жасайтыны белгілі болды. Жігіттің анасы Жанат Қаратай компания қызметкерлері әлі де хабарласып, қысым көрсетіліп жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жай Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы Burger King фастфуд мейрамханалары желісі қызу талқыға түсті. Талқылауға Threads әлеуметтік желісіндегі жазба түрткі болды. Онда бір әйел Burger King желісіндегі мейрамханалардың бірінде қызметкер болып жұмыс істеген ұлының жағдайын баяндаған. "Ол 4 жыл бойы тұрақты жұмыс істеді, жалақы алды, тапқан ақшасын қуана жұмсады, өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезінді, қосымша жұмысқа қалып жүрді, демалыстарын жоспарлады, бір филиалдан екіншісіне ауысып жұмыс істеді", - деп жазды әйел. Ол бұған дейін ұжым мен басшылық тарапынан қолдау болғанын айтады. Бірақ өңірлік басшы ауысқаннан кейін жағдай өзгерген. Оның сөзінше, күзден бері ұлы бұрынғыдай емес, көңіл күйі де, жүріс-тұрысы да өзгерген. Әйел мұның себебін ұлын жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүрлеп жатқанымен байланыстырады. Сондай-ақ, жазбаларда жаңа басшымен жеке сөйлескені де нәтиже бермегені айтылады. "Роботпен сөйлескендей болдым. Ол жуырда ғана біздің елге келген, әрі менің байқауымша, инклюзив қоғамның қағидаларын онша біле бермейді", - деп қосты әйел. Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Burger King-тің ұстанымы Компания ресми ұстанымын жариялады. Онда қызметкердің жұмыстан шығарылмағаны және Burger King Kazakhstan-да әлі қызмет етіп жатқаны айтылған. "Еңбек қатынасын тоқтату туралы шешімді компания қабылдаған жоқ", - деп атап өтті олар. Сондай-ақ, компанияның мәліметінше, 29 қаңтарда HR бөліміне қызметкердің демалыс алғысы келетіні туралы хабар түскен. Сол уақыттан кейін ол жұмысқа шықпай қалған. Компания айтуынша, қызметкерден ресми өтініш (арыз) түспеген. "6 ақпанда компанияға қызметкердің анасы келіп, еңбек қатынасын тоқтату туралы өтінішті тапсырды. Ол өтініш анасының атымен жазылған. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мұндай өтінішті тікелей қызметкердің өзі рәсімдеуі керек. Компания тарапынан жағдайды шешудің бірнеше жолы ұсынылды, оның ішінде басқа мейрамханаға ауыстыру нұсқасы да бар. Біз диалогқа ашықпыз және әрі қарай қандай қадам жасалатынын қызметкердің өзі мен оның отбасының қатысуымен, жұмыс тәртібінде, конструктив түрде талқылауға дайынбыз", - деп мәлімдеді Burger King Kazakhstan. Сондай-ақ, компания бұл жағдай бойынша ішкі тексеріс жүріп жатқанын атап өтті. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King Kazakhstan қызметкеріне қатысты жағдай бақылауда екенін хабарлаған. Жалғасы: қызметкерлерге қысым жасалып жатыр ма? Әлібектің анасы Жанат Қаратайдың айтуынша, дау шыққалы бері онымен Burger King Kazakhstan-да жұмыс істейтін қызметкерлер байланыса бастаған. Әйелдің сөзінше, олар компания ішінде қысым барын және оның өкілдері ұлы туралы жағымсыз пікір қалыптастырып жатқанын айтқан. Tengrinews.kz Әлібектің анасымен сөйлесті. Оның айтуынша, компания қызметкерлерді Әлібек туралы "агрессив", қоғамға қауіпті" деген сөз таратуға үгіттеп жатқанын айтты. "Қызметкерлерді қорқынышты нәрсеге мәжбүрлеп отыр. Ешкімге зияны жоқ, аутизмге шалдыққан қорғансыз жігітке жала жабуға көндіріп жатыр", - деді ол. Әйелдің айтуынша, компания өкілдері WhatsApp арқылы ресми хабарлама жіберіп, мәселені реттеу үшін кездесуді ұсынған. "Кездесуге дайынмын, бірақ тек бірінші басшымен сөйлесемін. Қазір ол іссапарда, сондықтан бұл мәселеге кейін қайта оралатын болып келістік", - деп түсіндірді ол. Жанат Каратай жағдайға қатысты қайшы мәлімдемелерді түсінбей отырғанын айтты. "Олар "Әлібек өтініш жазған жоқ" дейді. Бірақ біз олармен оның жұмысын жалғастырмайтыны жөнінде келіскенбіз. Маған берген бланкті үйде басып шығарып, ол толтырып қол қойды, мен сол құжатты тапсырдым", - деді анасы. Жанат Каратай бұған дейін ұлының жұмысы жақсы жүріп жатыр деп ойлағанын, ал оның көңіл күйіндегі өзгерісті алғашында бұл жағдаймен байланыстырмағанын да айтты. "Оған буллинг жасап, жұмыстан шығуға мәжбүрлеуі мүмкін деп ойламадым. Ана ретінде маған өте ауыр болды", - деді ол. Айта кетейік, материал жазылған сәтте Burger King Kazakhstan бұл оқиғаға қатысты жаңа мәлімдеме жасаған жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған 50 елдің қатарына енді Қазақстан 2026 жылы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі бойынша әлемдегі экономикасы дамыған 50 елдің қатарына енді. Бұл туралы аналитикалық Visual Capitalist платформасы жариялаған рейтингте айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2026 жылы әлемдік экономиканың көлемі 123,6 триллион долларға жетеді. АҚШ экономикасы 31,8 триллион долларға дейін өседі деп күтіледі, ал Қытайдың ЖІӨ-і 20,7 триллион долларға жетпек. 2021 жылдан бері АҚШ пен Қытай өз экономикаларының жалпы көлемін тиісінше шамамен 9 триллион және 4 триллион долларға ұлғайтқан. АҚШ, Қытай және Германия ЖІӨ көлемі бойынша әлемдегі ең ірі экономикалар қатарындағы орнын сақтап қалады, алайда өсім қарқыны әртүрлі. Болжам бойынша, Үндістан нақты ЖІӨ-нің 6,2% өсімі арқасында Жапонияны басып озып, әлемдегі төртінші ең ірі экономикаға айналады. 2020 жылдан бері Үндістан ЖІӨ көлемі бойынша Ұлыбританиядан да алға шыққан. Сонымен қатар, Аустралия Оңтүстік Кореяны ығыстырып, әлемдегі ең ірі экономикалар тізімінде 14-орынға көтеріледі. Бангладеш экономикасының 4,9% өсуі аясында Вьетнамды басып озып, 33-орынға шығады. Рейтингке сәйкес, Қазақстан болжамды номиналды ЖІӨ-і 320 миллиард доллар болып, әлемдегі ең ірі экономикалар тізімінде 50-орынға жайғасқан және бұл тізімді қорытындылап тұр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Парламенттің қазіргі құрамы 1 шілдеге дейін жұмыс істейді - Әшімбаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламенттің қазіргі құрамы 1 шілдеге дейін жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, азаматтар референдумда жаңа Конституция жобасын қолдаса, Сенат пен Мәжілістің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін сайлау өтуге тиіс. Ал жаңа Парламент 1 қыркүйекте жұмысын бастайды. "Қазақстан халқы Конституция жобасын қолдаса, бұл құраммен 1 шілдеге дейін жұмыс істейміз. 1 қыркүйектен бастап жаңа Парламент жұмыс істей бастайды", - деді Сенат төрағасы. Сонымен қатар, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда жаңа Конституция күні ретінде алдағы референдум өтетін күн, яғни 15 наурыз белгіленуі мүмкін екенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Майқайыңдағы екі үйден табылған марқұм әкесі мен қызы қашан қайтыс болғаны айтылды Павлодар облысы Майқайың кентінде ұзақ уақыт бойы жатып қалған мәйіттер жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Биыл 13 ақпанда Майқайың кентіндегі екі үйден ер адам мен әйелдің мәйіттер табылған. Үйлердің бірінде қарт әйел, оның 6 жастағы немересі және қыздың тәтесі тұрған. Бұған дейін дәрігерлер отбасы мүшелерінің бірі ұзақ уақыт бойы қабылдауға келмегенін айтып, дабыл қаққаннан кейін полиция мен әкімдік өкілдері зейнеткердің үйіне барғаны хабарланған. Мекенжайға барған кезде ешкім есік ашпаған. Кейін екі үйден екі мәйіт анықталып, полиция соталды тергеп-тексеруді бастаған. Зейнеткер мен оның үлкен қызы полицияға жеткізілген, ал кәмелетке толмаған қыз бала тексеруден өткізу үшін ауруханаға жатқызылып, кейін балалар үйіне орналастыру жоспарланған. Әкесі мен қызы жерленді Табылған мәйіттердің бірі - әйел, яғни қыз баланың анасы. Бала мәйітінің қасында сол үйде бірнеше ай бойы тұрған болуы мүмкін. Екінші мәйіт - баланың атасына тиесілі. Кейін жергілікті пабликтерде болжамды мәйіттердің суреттері тараған: кадрлардың бірінде маңында ойыншықтар көрінеді. Сондай-ақ, мессенджерлерде кішкентай қыз әжесіне мәйіттерді бал мен маймен майлауға көмектескен деген мазмұндағы аудиохабарлама тараған. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. 18 ақпанда әкесі мен қызы жерленді. Құлпытастағы мәліметке сәйкес, 39 жастағы әйел 2024 жылғы 7 ақпанда, ал оның 57 жастағы әкесі 2025 жылғы 22 қыркүйекте қайтыс болған. Оларды жерлеуге Германиядан келген туыстары көмектескен: олар суық хабарды ести сала келген. "Бұл қауесет шығар деп ойладық" Марқұм әйелдің сыныптастары мен таныстары болған оқиғаға әлі де сене алмай отыр. Сыныптасы Зарина Жұмаеваның айтуынша, Наталья сабырлы, момын болғанымен, мейірімді әрі әрқашан көмектесуге дайын адам болған. Мектепті үздік бітіріп, жоғары математикаға қызыққан, кейін бухгалтер мамандығын алып, кенттегі алтын өндіру кәсіпорнында жұмыс істеген. Қызын дүниеге әкелгеннен кейін оған онкологиялық ауру диагнозы қойылған. "Натальяға анасы өзі қарап, үйге туыстарды да, көршілерді де кіргізбейтін. Қыздар барып көргісі келді, бірақ оларды да кіргізбеді. Екі жыл бұрын "Наташа қайтыс болыпты" деген әңгіме шыққан, бірақ жерлеу болмаған соң, қауесет шығар деп ойладық. Бәріміз шоктамыз, сөзбен жеткізу қиын", - деді Жұмаева. Натальяның бұрынғы әріптесі оны кейінгі рет декретке шығар алдында көргенін айтады. Оның сөзінше, алғашқы емін қызын туғаннан кейін алған, кейін терапиядан бас тартқан. "Анасы "қалай дұрыс екенін мен білемін, немеремді өзім өсіремін" дейтін. Натальяның әкесі оны ауруханаға апармақ болған, бірақ анасы қарсы болып, оны екінші үйге бөлек шығарған", - дейді бұрынғы әріптесі. Тергеу мүддесі Кент тұрғындарының айтуынша, қарт әйел поштаға барып зейнетақысын алып, дүкенге де жиі шығып жүрген, көршілермен қоршаудың ар жағынан амандасатын, бірақ ешкімді ауласына кіргізбеген. Баянауыл ауданы әкімдігі марқұм күйеуінің (жарты жыл бұрын қайтыс болған) зейнетақысын алған-алмағаны жөнінде пікір білдірмеген. Олардың айтуынша, бұл - тергеу құпиясы. Полиция да қылмыстық істің қай бап бойынша тергеліп жатқанын әзірге хабарлаған жоқ. Туыстарының айтуынша, қазір қарт әйел мен оның үлкен қызы, Натальяның әпкесі, Павлодардағы психикалық денсаулық орталығында медициналық тексеруден өтіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына сотталды Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 2024 жылы әскери жағдай енгізуге әрекеттенгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Мұндай шешімді Сеулдің Орталық аудандық соты шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап. Сот Юнды әскери жағдай орнатуға талпыныс арқылы бүлік ұйымдастырды деп танығанымен, арнайы прокурорлар талап еткен өлім жазасын емес, одан жеңілірек жаза тағайындаған. Соттың айтуынша, істегі негізгі сәт - экс-президенттің парламент жұмысын тоқтату мақсатында Ұлттық жиналыс ғимаратына әскер жіберу туралы шешімі. Сот отырысы бұрынғы президенттің қатысуымен өтіп, ұлттық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді. Еске салайық, Юн Сок Ёльге 2024 жылғы желтоқсанда импичмент жарияланған. Алайда сот оның импичментін ресми түрде 2025 жылғы сәуірде растаған, оған дейін экс-президентті қамауға алу туралы ордер берілген. Бұл Оңтүстік Корея тарихында қызметтегі президенттің алғаш рет қамауға алынуы ретінде тіркелді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жаңа демалыс күні пайда болуы мүмкін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда жаңа Конституция күні ретінде алдағы референдум өтетін күн - 15 наурыз белгіленуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол бүгін Парламенттің Жоғарғы палатасының кулуарында журналистерге мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әшімбаевтың айтуынша, өтпелі ережелерге сәйкес жаңа мереке күні Конституция қабылданған күн болып белгіленеді. "Білуімше, "қабылданған күн" деп көрсетілген. Қабылданған күн мен күшіне енген күн - екі бөлек нәрсе. Сондықтан, өтпелі ережелер жобасына қарасақ, әңгіме Конституцияның қабылданған күні туралы болып отыр. Қабылданған күн - 15 наурыз", - деді ол журналистер сұрағына жауап беріп. Сенат спикері түпкілікті шешім референдум қорытындысына байланысты болатынын атап өтті. "Адамдар дұрыс деп санайтын таңдауын жасауға құқылы, ешкім шектемейді. Сондықтан да азаматтарымыздың пікірін білу үшін референдум жарияланады. Азаматтар қалай шешсе, соған сәйкес тиісті шешім қабылданады. Егер қолдаса, бізде жаңа Конституция болады және Конституция күні 15 наурыз болады", - деді Мәулен Әшімбаев. Бұған дейін Конституция күні 1 шілде болуы мүмкін екені хабарланған еді. Бұл референдумға шығарылуы жоспарланған жаңа Негізгі заң жобасында көрсетілген. Құжатқа сәйкес, егер жаңа Конституция референдумда қабылданса, ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. "Референдумда мақұлданған жағдайда жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болады", - делінген жоба мәтінінде. Құжатқа сәйкес, жаңа Конституция референдумда қабылданса, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. "Егер референдумда мақұлданса, жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болады", - делінген мәтінде. Референдум өтетін күн 11 ақпанда Конституциялық комиссия мүшелері Президент Тоқаевқа елдің жаңа Конституциясы жобасы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысын таныстырды. Одан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық мәтініне сай, Қазақстанда Конституциялық реформа жөніндегі референдум 15 наурызда, жексенбі күні өтеді. Анықтама: Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылған сәт видеоға түсіп қалды Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылған сәт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 19 ақпанда сағат шамамен 08:10-да Қараменде би көшесі, 10 мекенжайда орналасқан тұрғын үйдің кіреберісі опырылған. Бұған дейін ондағы тұрғындар басқа жаққа көшіріліп, cүрілмек болған. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелмеген. Еске салайық, бұған дейін Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түскені хабарланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Аңғармай қалыпты“. ІІМ генералы мектепте балта ұстап жүрген оқушы туралы Сенатор Марат Қожаев Құлсарыдағы оқиғадан кейін мектептердегі қауіпсіздік мәселесіне қатысты пікір білдірді. Онда балта ұстаған жасөспірім екі оқушыға шабуыл жасаған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналистер мектептерде турникет пен дабыл батырмалары болғанымен, оқушылардың қауіпсіздігін неге толық қамтамасыз ету мүмкін болмай отырғанын сұрады. Бұған Қожаев мектеп жабық мекеме емес екенін айтып, онда жаппай қатаң бақылау енгізуді орынсыз деп санайтынын жеткізді. "Балалар бірнәрсе алып кіруі мүмкін. Олар жаппай тінтілмейді, меніңше, балаларымызды кішкентайынан күштік құрылымдарға тән тәсілдермен тінтіп, тексеріп, қалталарын ақтарып үйретсек, бұл дұрыс болмайды. Мұндайға жол беруге болмайды. Мұның бәрі тәрбиеден басталады", - деді ол. Құлсарыдағы жақында болған оқиғаға қатысты пікір білдірген сенатор балтаны ешкімге байқатпай мектепке алып кіру қиын екенін атап өтті. "Балтаны мектепке байқатпай алып кіру қиын. Жай ғана бұл жағдайды аңғармай қалыпты. Мұнда кемшіліктер бар", - деді ол. Қожаев мектептерде мамандандырылған күзет ұйымдарының жоғын да мәселе ретінде атады. Сенатордың айтуынша, үнемдеу мақсатында мектептерді көбіне зейнеткерлер күзетеді. Еске салайық, әлеуметтік желіде оқушы мектепте балта ұстап жүгіріп жүргені көрінетін видео тарады. Өңірдің Полиция департаменті өкілі мән-жайды айтты. 5 ақпанда 102 арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы хабарлама түскен. Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған. Бұл дерекке қатысты бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ішкі істер органдарының есебіне алынды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылды Балқашта көпқабатты үйдің апатты деп танылған кіреберісінің бір бөлігі опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Қараменде би көшесі, 10 мекенжайындағы тұрғын үйде болған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл - бес кіреберісті көппәтерлі үй. Опырылған кіреберіс пайдаланылмаған: бұған дейін ондағы тұрғындар басқа жаққа көшіріліп, cүрілмек болған. "Опырылу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, бұл кіреберісте ешкім тұрмаған. 2025 жылы құрылыс сараптамасы мен техникалық қорытынды негізінде кіреберіс апатты деп танылды. 5-кіреберіс тұрғындары алдын ала қоныстандырылды: бір бөлігі жаңа баспана алды, қалғандары тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепке қойылды", - деп хабарлады қала әкімдігі. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ТЕМИРТАУ ОНЛАЙН | НОВОСТИ ГОРОДА (@temirtau.online) Әкімдік қазір апатты кіреберісті бөлшектеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Жұмыс кезінде үйдің қалған кіреберістерінен шамамен 120 отбасы толық эвакуацияланған. Әкімдік олардың уақытша орналастырылуын қарастырып жатыр. Tengrinews.kz оқырмандары ұсынған сурет "Жұмыс аяқталған соң мамандар қалған төрт кіреберіске қосымша тексеру жүргізеді. Егер қауіпсіз деп танылса, тұрғындар пәтерлеріне қайта орала алады. Сондай-ақ, қалған кіреберістердің конструкцияларын күшейтуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр", - деді Балқаш әкімдігі өкілдері. Қазір опырылған кіреберіске кіру шектелген, инженерлік желілер ажыратылған. Жұмыстың барлығы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда кімдер ең жоғары жалақы алады? 2026 жылдың басынан бері Enbek.kz электрон еңбек биржасында 102,7 мың бос жұмыс орны жарияланып, 162,4 мың түйіндеме орналастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бос жұмыс орындары мен жалақы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұраныста жартысына жуығы жұмысшы мамандықтар үлесі (47,6%) - 48,9 мың бос орын. "Нақты кәсіптердің ішінде жұмыс берушілер тарапынан ең көп сұранысқа ие болғандар: мейіргерлер (1,9 мың бос жұмыс орны), санитарлар мен автомобиль жүргізушілері (әрқайсысы 1,8 мыңнан), сондай-ақ, математика пәнінің мұғалімдері (1,7 мың)", - делінген хабарламада. Салалық бөліністе бес негізгі салаға сұраныс жоғары. "Дәстүрлі түрде білім беру саласы көш бастап тұр – 33 мыңнан аса хабарландыру (жалпы санның үштен біріне жуығы). Одан кейін өзге де қызмет түрлері – 11,4 мың (11,1%) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету – 9,7 мың (9,5%) орналасқан. Сондай-ақ кадрларға жоғары қажеттілік мемлекеттік басқаруда (7 мың) және өңдеу өнеркәсібінде (6,9 мың) тіркелді", - делінген хабарламада. Ең көп бос жұмыс орны Астана қаласында (8,9 мың), Түркістан (7,3 мың) және Қарағанды (7,1 мың) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (6,9 мың) жарияланған. Қаңтарда жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бұрғылау жөніндегі супервайзерлерге (орта есеппен 991 мың теңгеден бастап), өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастықтарына (876 мың теңгеден бастап), бас геологтарға (803 мың теңгеден бастап) ұсынды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада ауыр күйік шалған қызға 11 ота жасалған 2018 жылы 9 маусымға қараған түні Астанада Даша Жукова есімді кішкентай қыздың және отбасының өмірі түбегейлі өзгерді. Баланы ауыр күйік шалып, содан бері оған 11 ота жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2018 жылы 9 маусымға қараған түні Жуковтар отбасы тұрған уақытша баспанада өрт шыққан. Қыздың анасы Людмила Жукованың айтуынша, сол кезде төрт айлық қызы III және IV дәрежелі ауыр күйік алған. Балаға оң қолындағы төрт саусағына ампутация жасалған. Қайғылы оқиғадан бері оған жалпы 11 ота: оның тоғызы бетіне, екеуі қолына жасалған. Алғашқы операция кезінде зақымданған аумақтарды жабу үшін санынан бетіне тері алынған. Жақында қызға кезекті операция жасалып, әрі қарай ем жүргізу аясында жұмсақ тіндерді созуға арналған тіндік экспандер орнатылған. Людмила Жукова төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын, қазір дәрі-дәрмек пен оңалтуға қаражат қажет екенін айтады. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Олардың табысы - баланың мүгедектігі бойынша берілетін зейнетақы мен күтім жасауға арналған жәрдемақы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Самоделкинаның Олимпиададағы шешуші сәті: тікелей эфирді қайдан көруге болады? 19-ынан 20 ақпанға қараған түні Италияда өтіп жатқан Олимпиадада Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қысқа бағдарламадан кейін 19 жастағы спортшы 12-орынға тұрақтады. Енді еркін бағдарламада жүлде үшін таласады. Спортшыға үздік үштікке кіру үшін 8 ұпай ғана жетпей тұр. Бұған дейін сарапшылар Софьяның қысқа бағдарламадағы бағасы бұдан жоғары болуы мүмкін болғанын айтты. Олардың пікірінше, төрешілер ұпайды сәл төмен қойған. Еркін бағдарламаның тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады. Софья үшінші жаттығу тобының алғашқысы болып мұзға шығады, шамамен 01:13-те. Көрсетілімді Qazsport және Jibek Joly телеарналары тікелей эфирде ұсынады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қырғызстан ауыр қылмыс жасады деген күдіктіні Қазақстанға қайтарды Қырғызстаннан жалған шот-фактураларды жасаған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. Жалған шот-фактуралар схемасы Ведомство мәліметінше, 2023 жылы қазақстандық күдікті жеке пайдасы үшін жалған шот-фактуралар рәсімдеу схемасын ұйымдастырған. Бұл ретте нақты жұмыстар орындалмаған. Салық төленбеуі салдарынан мемлекетке шамамен 350 миллион теңге көлемінде залал келтірілген. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы наурызда ол Бішкекте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Жасалған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында иттер 52 жастағы әйелді талап тастады Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Қарасай ауданында бір топ иттің әйелді талап жатқан сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 17 ақпанда Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 52 жастағы әйелді бір үйдің ауласында иттер үйірі талаған. Зардап шеккен азаматша көптеген жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жұмыс істеп жүр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, процестік тексеру жүргізіледі. Полиция 60 жастағы күдіктіні анықтады. Ол иттердің иесі болып шыққан. Мәліметке сәйкес, жәбірленушінің көршісі өз үйінің аумағында 20-25 ит ұстаған. Ер адам Қарасай аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке де тартылған. Жануарларды аулаумен айналысатын мердігер ұйым - жеке кәсіпкер Әбдіқалов. Қазір көрсетілген мекенжайда бұралқы иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекет басшысы Вашингтонда қазақстандықтармен кездесті Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді. Президент наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды. Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді. Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды. Бұл Ақорданың баспасөз қызметі 19 ақпанда мәлімдеді. Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан Президенті Вашингтонға жұмыс сапарымен барды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл Ақорданың баспасөз қызметі 19 ақпанда мәлімдеді. Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді. Еске салайық, бұған дейін 18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен баратыны белгілі болды. Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады. Сонымен қатар, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақорданың баспасөз қызметі құттықтаудың мәтінін 19 ақпанда, бейсенбіде жариялады. Құрметті отандастар! Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – дүние жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл. Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді. Оразаның рухани құндылықтарын қазір әлемде болып жатқан күрделі ахуалды ескере отырып, кемел санамен қабылдау, оның түпкі мағынасын дұрыс түсіну – үлкен имандылықтың белгісі. Бүгінде Қазақстан ауқымды өзгерістердің, түбегейлі жаңғырудың тарихи кезеңіне қадам басты. Жаңа халықтық Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды. Бұл өрлеу және әділеттілік даңғылына түскен мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын Негізгі Заң болмақ. Бас құжат мыңдаған жыл тарихы бар мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтуға, еліміздегі саяси, азаматтық, экономикалық институттардың тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіріп, күшейтуге жол ашады. Біз дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарымызды қастерлей отырып, Құқық пен Заң үстемдігі, Тәртіп пен Тазалық, Әділдік пен Отаншылдық сияқты мызғымас қағидаттарды терең түсінетін әрі мүлтіксіз сақтайтын ұлттың жаңа болмысын қалыптастырып жатырмыз. Мұның бәрі қасиетті Рамазан айының мәңгілік ұлағатымен толық үндеседі. Білімге, тазалыққа және жақсылыққа бастайтын өркениетті қоғамда Рамазан айы жаңа рухани мәнге ие болып, барша жұртқа шапағатын тигізетіні сөзсіз. Қасиетті Рамазан құтты болсын, мұсылман жамағаты! Айта кетейік, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда түнгі клуб қоғамға жат әрекеттерге қатысты жабылды Алматыда кәмелетке толмағанды қоғамға жат әрекеттерге тарту дерегіне байланысты түнгі клубтың қызметі уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицияның мәліметінше, тексеру шаралары мен түскен материалдарды талдау барысында түнгі мекемеде жасөспірімнің болғаны және оның құқыққа қайшы әрекеттерге тартылғаны расталған. Құқық қорғау органдары бұл жайт бойынша қажет материалдар мен дәлелдер жиналғанын атап өтті. Соның негізінде қатаң шаралар қабылданып, клуб қызметі уақытша тоқтатылған. Алматы қалалық полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне клубта кәмелетке толмағандарға бірнеше рет алкоголь берілгенін де нақтылады. Ведомствоның айтуынша, мекеме қызметкерлері келушілердің жасын тексермеген әрі ішімдік сату кезінде тиісті жауапкершілік танытпаған. "Кәмелетке толмағандарды қоғамға жат әрекеттерге тарту - әсіресе түнгі ойын-сауық орындарында, заңды өрескел бұзу. Мұнда ескерту не формал көзқарас болмайды. Егер бизнес заң талаптарын елемей, балалардың қауіпсіздігін қатерге тіксе, ол жабылады", - деді Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада қалың қар, ал Алматыда нөсер жауын жауады "Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана бойынша болжам 19 ақпанда ауа райы құбылмалы болады. Түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын болжанады. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде -12…-14°, күндіз -10…-12°. 20 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде -20…-22°, күндіз -10…-12°. 21 ақпанда көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысады: 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде -10…-12°, күндіз -7…-9°. Алматы бойынша болжам 19 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады: 3–8 м/с. Түнде +3…+5°, күндіз +15…+17°. 20 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +2…+4°, күндіз +12…+14°. 21 ақпанда көшпелі бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 12 м/с-қа дейін. Түнде +2…+4°, күндіз +7…+9°. Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері суық ауа массалары оңтүстік арқылы жылжып, кей өңірлерде нөсерлетіп жауын-шашын әкелуі мүмкін екенін ескерткен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қайта оралғысы келмейді“. Аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы Burger King-тегі дау туралы айтты Burger King Kazakhstan фастфуд мейрамханалар желісіне төңірегінде дау шықты. Аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы әлеуметтік желіде жазба жариялады. Онда басшылық қызметкерлерге қатысты орынсыз сөз айтып, қорлайтын әрекет жасағаны айтылған. Компания ішкі тексеріс басталғанын мәлімдеді. Tengrinews.kz тілшісі әйелмен сөйлесіп, отбасының ұстанымын білді. Мән-жай Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы Burger King фастфуд мейрамханалары желісі қызу талқыға түсті. Талқылауға Threads әлеуметтік желісіндегі жазба түрткі болды. Онда бір әйел Burger King желісіндегі мейрамханалардың бірінде қызметкер болып жұмыс істеген ұлының жағдайын баяндаған. "Ол 4 жыл бойы тұрақты жұмыс істеді, жалақы алды, тапқан ақшасын қуана жұмсады, өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезінді, қосымша жұмысқа қалып жүрді, демалыстарын жоспарлады, бір филиалдан екіншісіне ауысып жұмыс істеді", - деп жазды әйел. Ол бұған дейін ұжым мен басшылық тарапынан қолдау болғанын айтады. Бірақ өңірлік басшы ауысқаннан кейін жағдай өзгерген. Оның сөзінше, күзден бері ұлы бұрынғыдай емес, көңіл күйі де, жүріс-тұрысы да өзгерген. Әйел мұның себебін ұлын жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүрлеп жатқанымен байланыстырады. Сондай-ақ, жазбаларда жаңа басшымен жеке сөйлескені де нәтиже бермегені айтылады. "Роботпен сөйлескендей болдым. Ол жуырда ғана біздің елге келген, әрі менің байқауымша, инклюзив қоғамның қағидаларын онша біле бермейді", - деп қосты әйел. Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Burger King-тің ұстанымы Компания ресми ұстанымын жариялады. Онда қызметкердің жұмыстан шығарылмағаны және Burger King Kazakhstan-да әлі қызмет етіп жатқаны айтылған. "Еңбек қатынасын тоқтату туралы шешімді компания қабылдаған жоқ", - деп атап өтті олар. Сондай-ақ, компанияның мәліметінше, 29 қаңтарда HR бөліміне қызметкердің демалыс алғысы келетіні туралы хабар түскен. Сол уақыттан кейін ол жұмысқа шықпай қалған. Компания айтуынша, қызметкерден ресми өтініш (арыз) түспеген. "6 ақпанда компанияға қызметкердің анасы келіп, еңбек қатынасын тоқтату туралы өтінішті тапсырды. Ол өтініш анасының атымен жазылған. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мұндай өтінішті тікелей қызметкердің өзі рәсімдеуі керек. Компания тарапынан жағдайды шешудің бірнеше жолы ұсынылды, оның ішінде басқа мейрамханаға ауыстыру нұсқасы да бар. Біз диалогқа ашықпыз және әрі қарай қандай қадам жасалатынын қызметкердің өзі мен оның отбасының қатысуымен, жұмыс тәртібінде, конструктив түрде талқылауға дайынбыз", - деп мәлімдеді Burger King Kazakhstan. Сондай-ақ, компания бұл жағдай бойынша ішкі тексеріс жүріп жатқанын атап өтті. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King Kazakhstan қызметкеріне қатысты жағдай бақылауда екенін хабарлаған. Отбасының ұстанымы Tengrinews.kz тілшісі Әлібектің анасы Жанат Қаратаймен сөйлесті. Әңгіме барысында әйел расымен ұлының атынан жазылған жұмыстан шығу туралы өтінішті және болған жағдайдың себептерін түсіндіруді сұраған ресми сауалды компанияға тапсырғанын растады. "Мен Әлібек қол қойған өтінішті апардым және компания ішінде нақты не болғанын, оның жұмыстан шығуына не себеп болғанын түсіндіруді сұрадым", - деді ол. Оның айтуынша, отбасы нақты жауап ала алмаған. Сондай-ақ, ол компания өкілдерімен кездесуде айтылған басшылық ұстанымы инклюзивтілік қағидаттарын ескермейтіндей көрінгенін жеткізді. "Ұлымның жағдайы ауыр болды, дәрігерге жүгінуге тура келді. Ол алдымен денсаулығына байланысты жұмысқа бармады, кейін еңбек демалысын пайдаланды. Аяғында компания ерекше қажеттілігі бар адамға түсіністікпен қарауға дайын емес екені айқын болды", - деді Қаратай. Ол қоғамдық резонанстан кейін компания байланысқа шығуға тырысқанын, бірақ бұл қадам қоғамның қысымынан кейін ғана жасалғандай әсер қалдырғанын айтты. Анасының айтуынша, Әлібек бұрынғы жұмыс орнына қайта оралмайды. "Ол қайтып барғысы келмейді. Қазір жағдайы тұрақталды, басқа компаниялардан жұмыс ұсыныстарын қарап жатырмыз", - деді анасы. Қаратайдың айтуынша, оған компания қызметкерлерінен көп хабарлама келген. Олар басшылық ауысқаннан кейін жұмыс атмосферасы нашарлап кеткенін жеткізген. "Қоғамның қолдауына қуандым. Инклюзивтілік қағидаттары сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де орындалса екен", - деді ол. Айта кетейік, әлеуметтік желілерде бұл жағдай әлі талқыланып жатыр. Қолданушылар ішкі тексеріс нәтижесінің ашық болуын және компания тарапынан нақтырақ түсіндіруді беруді талап етіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбеде прокуратура қызметкері ұсталды: не белгілі? Ақтөбе облысының прокуратурасы қызметкерлерінің бірінің ұсталғаны туралы ақпаратқа ресми пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресми мәліметке сәйкес, прокуратура қызметкері соталды тергеп-тексеру аясында ұсталған. Арнайы операцияны ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің орталық аппараты және Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті бірлесіп жүргізген. Қадағалау органының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2026 жылғы 17 ақпанда болған. "Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, соталды тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді", - деді Ақтөбе облысының прокуратурасы. Ведомство ұсталған адамның лауазымын, процестік мәртебесін және тергеу қай бап бойынша басталғанын нақтыламады. Бұған дейін БАҚ-та прокуратура қызметкері ғимарат маңындағы автотұрақта 10 миллион теңге алып жатқан сәтінде ұсталды деген ақпарат тараған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Болат Назарбаевтың ұлы қайта банкрот болғысы келеді: ол қанша теңге қарыз? Марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану үшін сотқа қайта жүгінді. Ол мемлекетке кемі 63 миллиард теңге қарыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Нұрбол Назарбаев сотқа арыз түсіріп, өзін банкрот деп тануды сұраған. 17 ақпанда сот өтінішті қабылдап, "сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы" азаматтық іс қозғаған. Істі сот талқылауына дайындау аясында Нұрбол Назарбаев 2026 жылғы 3 наурызда сағат 15:10-ға шақырылған. Іске үшінші тарап ретінде Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тартылған. Анықтама: банкрот - қарызын өтей алмайтын адам. Егер сот банкрот деп таныса, қарыздары есептен шығарылып, өмірді "жаңадан бастауға" мүмкіндік беріледі. Оның қарызы қанша және активтерді қайтаруға қандай қатысы бар? Нұрбол Назарбаевтың атқарушылық өндіріс бойынша кемінде екі берешегі бар: 61 854 480 596 теңге. Оның ішінде 55 миллиард теңгені мемлекет кірісіне - арнайы қор есебіне аударылуға тиіс. Нақтылап кетейік, арнайы мемлекеттік қор заңсыз алынған деп танылып, мемлекетке қайтарылған активтер есебінен толықтырылады. Оған қаражатты активтерді қайтарумен айналысатын уәкілетті органдар, соттар, сондай-ақ, сот шешімдерін орындаған жеке және заңды тұлғалар аударады. Екінші берешек - 1,6 миллиард теңге көлеміндегі мемлекеттік баж (ол да мемлекет кірісіне төленуі керек). Жалпы қарызы 63,7 миллиард теңгеге жетеді. Банкрот болу үшін не қажет? Қарыз есептен шығарылуы үшін берешек 5,5 миллион теңгеден (1600 АЕК) көп болуы және борышкердің белгілі бір мүлкі болуы керек. Сот банкроттығының мәні мынадай: борышкердің қолындағы мүлік (пәтер, көлік, бизнес, құнды заттар және т.б.) сатылып, түскен қаражат кредиторларға қарыз көлеміне қарай бөлінеді. Егер мүлік жеткіліксіз болса, қарыз толық жабылмауы мүмкін. Барлық бөлу рәсімі аяқталғаннан кейін сот адамды банкрот деп танып, қалған қарыздың қалдығын есептен шығара алады. Егер Назарбаев банкрот атанса, оған: 5 жыл несие алуға тыйым салынады; 3 жыл бойы қаржы жағдайы бақылауда болады; қайта банкрот болуға тек 7 жылдан кейін құқылы болады. Ескерту: кей қарыздар есептен шығарылмайды: алимент, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян өтемі, қылмыстық істер бойынша залал, сот шешімімен белгіленген бюджетке міндетті төлемдер. Бұған дейін екі сұрауы сәтсіз болған Назарбаевтың банкроттыққа қатысты талпыныстары 2025 жылдың күзінен басталған. Былтыр қыркүйекте сот ұқсас істі қабылдағанымен, кейін қараусыз қалдырған. "2025 жылғы 19 қарашадағы ұйғарыммен Назарбаев Нұрбол Болатұлының төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтініші қараусыз қалдырылды", - делінген соттың ресми сұрауға берген жауабында. Ол бұл қаулыны жою үшін қайта шағымданғанымен, одан да бас тартылған. Демек, қазіргі өтініш - оның банкроттықты мойындатуға үшінші әрекеті. 15 млрд теңгелік мүлікке тыйым салынғаны туралы не белгілі? Бұл іспен қатар, "Алтын Орда" базарының бұрынғы иесі Айдарбек Құсайынов Нұрбол Назарбаевты сотқа берген. Ол Назарбаевтың "негізсіз баюы мүмкін" екенін айтып, қаражатты қайтаруды талап еткен. Сот шешімі шыққанға дейін қаражатты сақтап қалу үшін Назарбаевтың мүлкі мен шоттарындағы ақшасына талап сомасы шегінде - 15 млрд теңгеге тыйым салынған. Сот тыйым болмаса, ол болашақта шешімді орындамауы мүмкін деп есептеген. Нұрбол Назарбаев туралы не белгілі? Нұрбол Назарбаев - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Болат Назарбаевтың ұлы. 2017 жылға дейін құқық қорғау органдарында қызмет етіп, Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары болған. Кейін кәсіпкерлікке бет бұрып, елдегі ең бай бизнесмендер тізіміне енген. "Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені" рейтингінде: 2024 жылы - 49-орын, 2025 жылғы мамырда - 57-орын алған. 2025 жылғы мамырда оның дәулеті шамамен 179 млн доллар деп бағаланған. Ол Prime Capital Invest, Prime Capital Holding ЖШС-терінің иесі, сондай-ақ, "PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы" ЖШС-нің тең құрылтайшысы ретінде көрсетілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы полициясы Ерболат Құдайбергенге қатысты видеоға пікір білдірді Әлеуметтік желіде "Алматыда полиция қызметкерлері танымал әнші Ерболат Құдайбергенді ұстап, наркология орталығына жеткізгені" туралы ақпарат тарады. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтады. Мән-жайы Өткен аптада "Мен қазақпын" әнімен танылған орындаушының ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Парақшалардың бірінде видео пайда болды, онда "Ерболат Құдайбергеновке ұқсайды деген адам Алматыдағы наркологиялық орталықтың маңында видеоға түсірілді" деген мәтін қоса берілген. Алматы полициясы не дейді? Алматы қалалық полиция департаменті редакцияның ресми сауалына жауап беріп, оқиғаға көршілердің шағымы себеп болғанын хабарлады. "Көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары өзін агрессив ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзып жүрген көршісі туралы айтып, полицияға арызданды. Учаскелік инспектор оқиға орнына дереу барды. Мәлімет расталды: ер адам өзін жайсыз ұстап, агрессия танытып, айналасындағылардың тыныштығына қауіп төндірген", - делінген полиция жауабында. Осыдан кейін ер адам медициналық тексеруге жіберілген. Сараптама оның психоактив заттар әсер еткенін көрсеткен. "Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және қайталануы мүмкін құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ол 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге дәрігерлер бақылауына орналастырылды", - деп мәлімдеді полиция. Сонымен қатар, ұсталған ер адам ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда: азаматтардың тыныштығын бұзу; психоактив заттардың әсерінен қоғамдық орында жүру; тіркеуде болмау; қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу. Полиция оның бұған дейін де қоғамдық тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын атап өтті. Әншінің менеджері не деді? Tengrinews.kz тілшісі әншінің өкілімен байланысып, жағдайды нақтылаған. Менеджер видеодағы оқиғаға Ерболат Құдайбергеннің қатысы жоқ екенін мәлімдеді. "Иә, видеоны көрдім. Бұл - жалған ақпарат. Кадрлардан қыс мезгілі емес екені байқалады. Видеода нақты ол ма, жоқ па, айта алмаймын. Дегенмен жалған ақпарат таратқан пабликтердің үстінен арыз түсіреміз", - деді ол. Менеджер қазір әнші Алматыда жүргенін де растады. Анықтама:Ерболат Құдайбергенов - қазақстандық әнші әрі композитор. Ол 2000 жылдардың аяғында "Мен қазақпын", "Жігіттер" секілді патриоттық әндерімен көпшілікке кеңінен танылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Халатын ашып, кеудесінен ұстаған“: Алматыда курьер қамауға алынды Алматыда сот қызға тиісті деген курьерді кінәлі деп таныды. Ер адам "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Полиция департаменті мен Алматы қалалық сотының мәліметінше, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оның әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы – "Ұсақ бұзақылық" бойынша саралаған. Редакцияға ер адам кінәлі деп танылып, оған 7 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалғаны хабарланды. Жәбірленуші курьерді жыныстық сипаттағы әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткенімен, іс әкімшілік өндіріс аясында қаралған. Контекст Оқиға 14 ақпанда болған. Жәбірленуші Дарьяның айтуынша, курьер оған шамамен сағат 20:40-та гүл жеткізген. Тапсырыс ауыр болғандықтан, қыз ер адамнан гүл себетін дәліздегі еденге қойып беруін сұраған. Оның сөзінше, курьер пәтерге кіріп, гүлді қойғаннан кейін халатынан ұстап, ашып жіберіп, кеудесіне қол тигізген. Дарья қатты шошып, ер адамды пәтерден қуып шыққанын және есікті әрең жапқанын айтқан. Кейін қыз оған хат жазған. Ал жауап ретінде ол боқауыз сөз бен "қолыңнан түк келмейді" деген. Қыз оқиғадан кейін бірден полиция шақырып, арыз жазған. Кейін ер адамның InDrive сервисінде жұмыс істегені анықталған. Компания өкілдері курьердің аккаунты бұғатталғанын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Трамптың шақыруымен АҚШ-қа барады Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады. Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады. Сонымен қатар, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Петропавлдағы Назарбаев мектебінде оқушы 3-қабаттан құлап кеткен Петропавлдағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды. Мектеп оқушысы үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқу орнының мәліметінше, қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. "17 ақпанда мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлап, жарақат алды. Қазір ол медициналық мекемеде жатыр", - деп түсіндірді Петропавлдағы НЗМ-нің баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен жасөспірім түрлі жарақатпен көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілгенін айтты. "Ол жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр, бірақ есін біледі. Толығырақ ақпаратты кейінірек береміз", – деді облыстың Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері. Оқушының жасы 18-де екені айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
3 миллиард теңгелік онлайн-казино: ұйымдастырушы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанда заңсыз онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікке ілінген Рантик Бақтияр Оғлыға қатысты тергеу жайын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Казино қалай жұмыс істеген? Платформаны жүргізу үшін мыңнан аса құмар ойын ұсынылатын bingo37.pro сервисі пайдаланылған. Онда Crazy Monkey, Keno, Euro Game секілді ойындар болған. Ойыншыларды тарту Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы жүргізілген: Онда жарнама, сурет, видеолар, түрлі акциялар мен бонустар туралы ұсыныстар таратылып, жеңіл әрі жылдам ұтысқа қол жеткізуге болады деген түсінік қалыптастырған. Ақша аударылғаннан кейін ойыншыларға платформаға кіруге арналған логин мен құпиясөз берілген. Қаржы айналымын жасыру және "дропперлер" Ойыншылардан қаражат қабылдау және қаржыны жасыру мақсатында күдікті Грузия мен Тәжікстан азаматтарын, яғни дроперлерді тартқан. Олар Қазақстан аумағына әдейі келіп, банк шоттары мен нөмірлерді тіркеп, кейін оларды пайдаланбай, ұйымдастырушыға тапсырған. Дроперлердің атына тіркелген шоттар арқылы 3,1 млрд теңгеден аса қаражат түскен. Халықаралық іздеу және ұсталу 2025 жылғы тамызда Бақтияр Оғлыға халықаралық іздеу жарияланған. Сот сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. 2026 жылғы қаңтарда ол Грузияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған. Мүлікті тәркілеу Мүлікті жасыру үшін үшінші тұлғалардың атына рәсімделген екі автокөлікке - PORSCHE CAYENNE және LEXUS GX 460 - қатысты соталды тәркілеу басталған. Сот бұл көліктерді мемлекет кірісіне өткізуді қаулы етті. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында партаның үстіне секірген оқушы сот алдында жауап берді Алматы облысының Талғар аудандық соты мектеп оқушысына қатысты істі қарады. Мұғалімнің арызынан кейін 11-сынып оқушысына "ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сотта 23 қаңтарда физика сабағында оқушы партаның үстінен секіріп өтіп, дәретханаға шығып кеткені айтылды. Кейін сыныпқа қайта оралғанда мұғалімнен кешірім сұрап, партаны сүртіп қойған. Сондай-ақ, сот оқушының партаның үстінен секіруге мәжбүр болғанын анықтады. Себебі жанында отырған сыныптасы оны өткізбей қойған, ал оқушы тар жерде отырған. "Бұл жағдай оқиға орнындағы бейнежазбамен және мұғалімнің түсініктемесімен расталады. Мұғалім оқушыны дәретханаға жібермегенін, оқушы партаның үстінен секіріп шығып кеткенін, кейін қайта оралғанын айтты. Сонымен қатар, бала бейәдеп сөздер қолданбаған", – деп хабарлады сот. Бұдан бөлек, хаттама толтыру кезінде полиция қызметкері кәмелетке толмаған оқушыға қорғаушыны тартпағаны белгілі болды. Нәтижесінде сот әкімшілік құқықбұзушылық құрамы болмағандықтан, оқушыға қатысты істі тоқтатты. Жіберілген заңбұзушылықтарға байланысты Алматы облысы полиция департаментінің басшылығына және Талғар аудандық полиция басқармасына қатысты жеке қаулы шығарылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алдағы күндері күн күрт суытады "Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның оңтүстігінде күн күрт суытады Мамандардың айтуынша, биыл қыс Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде әдеттен тыс жылы болып тұр. Алайда алдағы күндері күн суытпақ. Оңтүстік арқылы жылжитын суық ауа массалары жауын-шашын әкеледі: жаңбыр жауып, кейін қарға ұласуы мүмкін. Кейбір аудандарда жауын-шашынның мол түсуі ықтимал. Сонымен қатар, жел күшейіп, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы да айтарлықтай төмендейді: күндіз де, түнде де термометр бағаны 2-7 градус жылыға дейін түседі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жамбыл облысында танысына 1500 теңге қарыз берген ер адам сотталды Жамбыл облысының соты қарызын қайтармаған адаммен төбелесіп, ауыр жарақат салған ер адамға шартты жаза тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы сотына сілтеме жасап хабарлады. Тұрар Рысқұлов аудандық соты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Сотта 2025 жылғы тамызда Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны, айыпталушы Б. жәбірленуші К.-ны мас күйінде көріп, одан 1500 теңге көлеміндегі қарызын қайтаруды сұраған. Алайда жәбірленуші оны мойнынан қысып, қылқындырмақ болған. Осыдан кейін екеуінің арасында төбелес басталып, соның салдарынан айыпталушы жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасап, оның төрт қабырғасын сындырған. Айыпталушының кінәсі тараптардың көрсетулері, медициналық қорытынды және іс материалдарымен дәлелденген. Прокурор Б.-ға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Айыпталушы кінәсін мойындап, жеңілірек жаза тағайындауды өтінген. Жәбірленуші айыпталушыны кешіріп, оны түрмеге қамауды сұрамаған. Сот үкімі ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сот айыпталушының кінәсін мойындауын және оң мінездемелерін жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, ауырлататын жағдайларды анықтамаған. Нәтижесінде Б. кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты соталды тергеп-тексеру басталды. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы 13 ақпанда желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Сол кезде өңірлік әкімдік бұл жөнінде мәлімет жоқ екенін айтқан. Сондай-ақ, әкімдік өкілдері "әкім орынбасары денсаулық жағдайына байланысты уақытша еңбек демалысын алғанын" хабарлаған. Редакция тілшісі шенеунікпен байланысуға тырысқанымен, ол қоңырауға жауап бермеді. ҰҚК не дейді? Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенеунікке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. "Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді", – делінген ведомствоның ресми сұрауға берген жауабында. Алайда ҰҚК айыптаудың нақты мәнін және тергеу Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша жүргізіліп жатқанын ашып айтпады. Айта кетейік, 11 ақпанда Жақсылық Омардың Instagram-дағы ресми парақшасында жазба жарияланған. Онда былтыр өңірдің әлеуметтік саласында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланған жұмыс кеңесінің өткені жазылған. Шенеунік әлеуметтік желілерде белсенді, атқарып жатқан жұмысы туралы оқырмандарына жиі ақпарат беріп отырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Құмар Ақсақалов орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаның ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ТоболИнфо" басылымына сілтеме жасап. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, Гүлбарам Мұсағазина 11 ақпанда жазған өтініші негізінде қызметінен босатылған. "Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты соталды тергеп-тексеру басталғаны туралы ақпарат тарады. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар тергеу барысына араласуға және оған баға беруге құқылы емес. Барлық мән-жайдың объективті әрі жан-жақты қаралатынына сенемін", - деді Қостанай облысының әкімі. Бұған дейін ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растаған болатын. Ведомство сотады тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Айта кетейік, Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2024 жылғы шілдеде тағайындалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таразда ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған - видео Таразда ер адамдар 13 жастағы қызды көлікке күштеп отырғызып, алып кетуге әрекеттенген. Оқиға 16 ақпанда күндіз аялдаманың маңында болған. Бұл жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Instagram желісіндегі taraz_life парақшасында жарияланған. Жазбаға пікір қалдырған оқырманның айтуынша, аялдамада тұрған ер адам араша түсіп, олардың әрекетіне кедергі келтірген. Осыдан кейін күдіктілер оқиға орнынан кетіп қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, бейнежазбаны қыздың әкесі бақылау камерасынан алған. Жазбаны көріп отырып, ол қызымен байланысып, болған жағдайды нақтылаған. Видеода сол әңгіменің кей тұсы да естіледі. Қыздың айтуынша, ер адамдардың бірінің басында ақ түсті бас киім болған. Тараз қалалық полициясы қызды ұрлауға талпынған күдіктілердің "ізін суытпай" ұсталғанын мәлімдеді. "Полицияға автокөлікпен аялдамада тұрған қызды екі ер адамның алып кетуге әрекеттенгені туралы хабарлама түсті. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір болған жайттың барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. Полиция балалардың қауіпсіздігіне кез келген қолсұғу ерекше бақылауда екенін және қолданыстағы заңнама аясында қатаң тоқтатылатынын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 395,2 млн теңге жұмсалған. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 131,3 млн теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 263,9 млн теңге бағытталған. 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны - 2 млн 538 мың адам. Министрлік 2026 жылғы 1 ақпанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болғанын мәлімдеді. Соның ішінде ынтымақты зейнетақы – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оңтүстік Қазақстанда жігіт көкпардан кейін аяусыз соққыға жығылған Әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та "Түркістан облысында жігіт көкпардан кейін аяусыз соққыға жығылғаны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Желідегі мәліметке сүйенсек, Сайрам ауданында бір топ адам 20 жастағы жігітті соққыға жыққан. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, кикілжің күндіз көкпар кезінде басталып, кешке күдіктілер жігітті "сөйлесуге" шақырған. Жақындары соққыға жығылған жігітті екі сағаттан кейін тапқанын айтады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Jagdai. Новости Казахстана. (@jagdaikz) Полиция не дейді? Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Сайрам ауданының тұрғыны дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама 7 ақпанда түскен. "Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды, куәгерлерді анықтады. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті екі тұрғын ұсталды", - деп жазылған хабарламада. Сот ұсталғандарға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған. "Қазір барлық мән-жайды жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жалғасып жатыр. Туыстарының айтқан уәжі зерттеліп, тексеріледі. Қазір жәбірленуші медициналық мекемеде емделіп жатыр", - деді полиция. Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданбақ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Доллар бағамы 490 теңгеден төмендеді Қазақстанда 17 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 489,99 теңге болды. Ұлттық банктің 17 ақпанға арналған ресми бағамы - 1 доллар үшін 491,97 теңге. Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазір Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – 491,45 теңге; сату – 493,79 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – орташа есеппен 488,00 теңге; сату – 495,00 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жапаровтың қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті. Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттер достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жаңғырту мемлекеттің қарыштап өркендеуіне негіз қалайды. Қырғызстан Президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді. Мемлекеттер басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде ортақ пікірде екенін жеткізді. Қазақстан Президенті Бішкекте ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді маңызды халықаралық іс-шаралардың табысты өтуіне тілектестік білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтауға, қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ораза-2026: сәресі және ауызашар дұғасы 2026 жылы Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал Ораза тұтатындарға сәресі мен ауызашар алдында дұға оқу - сүннет әрі сауапты амал. Tengrinews.kz дұғаның толық мәтінін ұсынады. Сәресіде айтылатын дұға "Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім". Ауызашарда оқылатын дұға "Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір". Айта кетейік, дұғаны араб тілінде оқу міндетті емес, қазақ тілінде де ниет етуге болады. Бұл туралы Нұрлан имам да айтқан еді. Сәресі уақытында қандай берекеттер бар? ҚМДБ мәліметінше, тілімізге еніп кеткен сәресі сөзі араб тілінде "сухур" деп аталады. Ол - түннің үшінші бөлігі. Бұл кезде дұғалар қабыл болып, Алла Тағаланың ерекше кешірімі түседі. сүннет мезгілі; исламға тән амал; сәресі аста құт-береке бар; дұға қабыл болатын мезгіл; Алла Тағаланың мейірімі түсетін мезгіл; періштелер дұға етеді; денсаулығы жақсарады және тәнге қуат береді. Қадір түні, Ораза айт мерекесі қашан? Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазан айының соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады. Сондықтан Ислам дінінде бұл түн ерекше бағаланады. Құран Кәрімде "Қадір" сүресі бар. Осының өзі-ақ бұл түннің аса ардақты екенінен хабар береді. Бұл түні Ықылас пен Қадыр сүрелерін 100 рет оқу керек. ҚМДБ мәліметінше, 17 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні, ал 20 наурыз - Ораза айт мерекесі. Рамазан 2026: қалаларға арналған кесте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған Рамазан айының ораза кестесін ұсынды. Толық кестені мына сілтеме арқылы көруге болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда тіркелген жер сілкінісі қанша балл болғаны айтылды Алматыда 2 балдық жер сілкнісі сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі былай сезілген: Алматы қаласы - 2 балл, 75 шақырым; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы - 4 балл, 35 шақырым; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы - 4 балл, 39 шақырым; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Маловодное ауылы - 3 балл, 44 шақырым; Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ж.Қайыпова ауылы - 3 балл, 45 шақырым; Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы - 3 балл, 48 шақырым; Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы - 3 балл, 52 шақырым; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы - 3 балл, 62 шақырым; Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылы - 3 балл, 67 шақырым; Алматы облысы Іле ауданы Өтеген-Батыр ауылы - 3 балл, 73 шақырым; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көкпек ауылы - 2 балл, 77 шақырым; Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылы - 2 балл, 84 шақырым; Алматы облысы Алатау (Жетіген) қаласы - 2 балл, 84 шақырым; Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы - 2 балл, 99 шақырым; Алматы облысы Қонаев қаласы - 2 балл, 103 шақырым; Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы - 2 балл, 113 шақырым; Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы - 2 балл, 115 шақырым; Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы - 2 балл, 123 шақырым; Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы - 2 балл, 136 шақырым; Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылы - 2 балл, 136 шақырым; Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы - 2 балл, 140 шақырым. Еске салайық, "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:09-да жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда жер сілкінді: ТЖМ мәлімдеме жасады Алматыда сезілген жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, қаладан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 15:11-де жер сілкінісін тіркеген. "Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Алынған деректер өңделіп жатыр. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", - деп мәлімдеді ведомство. Жер сілкінгенде не істеу керек? 1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен түсіп-мінбеңіз;3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;4. Жасырынатын жерді табыңыз, жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көпқабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;7. Дабыл жол сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз. Бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. Еуропалық–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісі 17 ақпанда Астана уақытымен 15:08-де болды. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым жерде және Есіктен шығысқа қарай 31 шақырым қашықта орналасқан. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматылықтар жер сілкінісін сезді Алматылықтар жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еуропалық–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісі 17 ақпанда Астана уақытымен 15:08-де болды. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым жерде және Есіктен шығысқа қарай 31 шақырым қашықта орналасқан. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 болды. Алматы қалалық ТЖД-де жер сілкінісінің балы мен эпицентрі туралы ақпаратты сейсмологиялық ғылыми орталық өңдеп, нақтылап жатқанын хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Burger King Kazakhstan-ға қатысты дау: шетелдік басшылар жұмыстан босатылды Burger King Kazakhstan компаниясы шетелдік екі басшыны жұмыстан шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Burger King мейрамханалар желісі әлеуметтік желілерде ресми мәлімдеме жариялады. Онда ішкі тексеріс нәтижесінде екі басшыны қызметтен босату туралы шешім қабылданғаны айтылған. "Қабылданған шешім аясында аумақтық менеджерлер Сергей мен Анастасия енді компанияда қызмет етпейді. Burger King Kazakhstan кемсіту, құрметтемеу немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қадір-қасиетіне, намысына тиетін кез келген сөзге қарсы", - делінген жазбада. Компания ішкі тергеу әлі аяқталмағанын да хабарлады. "Бұл жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Біз барлық деректің толық әрі әділ қаралуын қамтамасыз ету үшін ішкі процестер мен команда ішіндегі өзара әрекеттесуді қосымша талдап жатырмыз. Burger King Kazakhstan қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және олармен жұмыс істеуде инклюзивтілік пен тең мүмкіндік қағидаларын ұстанады", - деп қосты компания. Айта кетейік, жазба пікіріне қолданушылыр наразылықтарын жазып кеткен. Атап айтқанда, олар шетелдік басшыларды қазақстандық қызметкерлерге ауыстыруды сұрайды. Сонымен қатар, пікір жазғандар компанияға басшылықтың жұмысы, қызметкерлерге қандай да бір белгі бойынша қысым көрсету жағдайлары бар-жоғын анықтау үшін қызметкерлер арасында тұрақты анонимді сауалнамалар енгізуді ұсынады. Burger King төңірегіндегі дау Еске салайық, әлеуметтік желілерде Қазақстандағы Burger King фастфуд мейрамханалары желісі қызу талқыға түсті. Талқылауға Threads әлеуметтік желісіндегі жазба түрткі болды. Онда бір әйел Burger King желісіндегі мейрамханалардың бірінде қызметкер болып жұмыс істеген ұлының жағдайын баяндаған. "Ол 4 жыл бойы тұрақты жұмыс істеді, жалақы алды, тапқан ақшасын қуана жұмсады, өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезінді, қосымша жұмысқа қалып жүрді, демалыстарын жоспарлады, бір филиалдан екіншісіне ауысып жұмыс істеді", – деп жазды әйел. Ол бұған дейін ұжым мен басшылық тарапынан қолдау болғанын айтады. Бірақ өңірлік басшы ауысқаннан кейін жағдай өзгерген. Оның сөзінше, күзден бері ұлы бұрынғыдай емес, көңіл күйі де, жүріс-тұрысы да өзгерген. Әйел мұның себебін ұлын жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүрлеп жатқанымен байланыстырады. Сондай-ақ, жазбаларда жаңа басшымен жеке сөйлескені де нәтиже бермегені айтылады. "Роботпен сөйлескендей болдым. Ол жуырда ғана біздің елге келген, әрі менің байқауымша, инклюзив қоғамның қағидаларын онша біле бермейді", – деп қосты әйел. Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Burger King-тің ұстанымы Компания ресми ұстанымын жариялады. Онда қызметкердің жұмыстан шығарылмағаны және Burger King Kazakhstan-да әлі қызмет етіп жатқаны айтылған. "Еңбек қатынасын тоқтату туралы шешімді компания қабылдаған жоқ", – деп атап өтті олар. Сондай-ақ, компанияның мәліметінше, 29 қаңтарда HR бөліміне қызметкердің демалыс алғысы келетіні туралы хабар түскен. Сол уақыттан кейін ол жұмысқа шықпай қалған. Компания айтуынша, қызметкерден ресми өтініш (арыз) түспеген. "6 ақпанда компанияға қызметкердің анасы келіп, еңбек қатынасын тоқтату туралы өтінішті тапсырды. Ол өтініш анасының атымен жазылған. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мұндай өтінішті тікелей қызметкердің өзі рәсімдеуі керек. Компания тарапынан жағдайды шешудің бірнеше жолы ұсынылды, оның ішінде басқа мейрамханаға ауыстыру нұсқасы да бар. Біз диалогқа ашықпыз және әрі қарай қандай қадам жасалатынын қызметкердің өзі мен оның отбасының қатысуымен, жұмыс тәртібінде, конструктив түрде талқылауға дайынбыз", – деп мәлімдеді Burger King Kazakhstan. Сондай-ақ, компания бұл жағдай бойынша ішкі тексеріс жүріп жатқанын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада аяз, ал Алматыда +17 градус жылы болады Синоптиктер 18, 19 және 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана 18 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Түнде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, күндіз боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C. 19 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Ара-тұра қар жауады, жаяу боран, көктайғақ. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -11…-13°C. 20 ақпанда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -21…-23°C, күндіз -12…-14°C. Алматы 18 ақпанда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Түнде әлсіз тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-батысқа ауысады — 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C. 19 ақпанда көшпелі бұлтты болады, кешке жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C. 20 ақпанда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +12…+14°C. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда пайызсыз ипотека мәселесі қарастырылып жатыр "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Рүстам Қарағойшин Қазақстанда исламдық ипотеканы іске қосу мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағойшиннің сөзінше, азаматтар тарапынан мұндай "қаржылай шешімдерге" сұраныс түсіп жатыр. Оны енгізу мүмкіндігі халықаралық институттармен бірлесіп зерттеліп жатыр. "Өздеріңіз білетіндей, біздің құрылымда "Отбасы банк" - халықпен тікелей жұмыс істейтін еншілес ұйымдардың бірі. (…) Әрине, қоғамда белгілі бір қағидаларды ұстанатын азаматтар бар. Сондықтан мұндай өтініштер түседі және бұл бағыт қазір пысықталып жатыр. Нақты іске қосу мерзімі әзірге бекітілген жоқ. Осы бағытта бірнеше халықаралық институтпен меморандумдарға да қол қойдық", - деді ол. Анықтама: Исламдық ипотека - шариғат талаптарына сай тұрғын үй сатып алу тәсілі, мұнда пайыз (өсім) есептеуге тыйым салынады. Классикалық пайыздық несие орнына өзге тетік қолданылады. Мысалы, банк тұрғын үйді өзі сатып алып, кейін тұтынушыға үстеме бағамен бөліп төлеуге сатады немесе үйді тұтынушымен ортақ меншікке алып, кейін оның үлесін біртіндеп толықтай өзіне өткізуіне мүмкіндік береді. Негізгі қағида - пайызсыз, шарттардың ашық болуы және тәуекелді тараптардың бөлісуі. Холдинг басшысы қазір бұл зерттеу сатысында екенін атап өтті. "Әзірге зерттеп жатырмыз. "Отбасы банк" азаматтарға мұндай шешімді қандай жолмен ұсына алатынын қарастырып жатырмыз. Әзірге бұл - пысықтау үстіндегі жұмыс", - деп қосты ол. Қарағойшин исламдық ипотека шамамен қашан қосылатынын айтқан жоқ. "Біз тіпті ондай мұндай ипотеканы іске қосамыз деп те нақты айта алмаймыз. Өйткені "Отбасы банк" жүйесінің негізгі өзегі - мемлекеттік бағдарламалардан бөлек - дәл осы жинақ жүйесі. Ал исламдық ипотека жинақ жүйесінен біршама ерекшеленеді. Біздің жинақ жүйеміз Германиядағы модельге ұқсас. Сондықтан қараймыз, зерттейміз, содан кейін ғана шешім қабылдаймыз", - деп түйіндеді холдинг басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Кейде не істерін білмей, пікір таластырып отырады“. “Бәйтеректің“ басшысы Президенттің сынына қатысты сұраққа жауап берді "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Мемлекет басшысының ұлттық компаниялардағы кейбір қызметкерлердің жеткілікті деңгейде жұмысқа жүктелмейтіні, жұмыс орнына шай-кофе ішіп, пікір таластырып отыратыны туралы жақында айтқан сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Контекст 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір ұлттық компаниялардың жұмысына сын айтқан болатын. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жекелеген қызметкерлердің жұмыспен жеткілікті қамтылмай, жұмыс істеудің орнына пікір таластырып", "не істерін білмей отыратынын" айтты. "Самұрық-Қазына" қоры және ұлттық компаниялардың басшыларымен қатаң әңгіме болды. Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей "Сол жағалаудың" адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды.", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент ұлттық компаниялар ел экономикасына нақты үлес қосып, жүктелген міндеттерді тиімдірек орындауы керек екенін атап өтті. "Бәйтерек" басшысы не деді? Бүгін Үкіметтегі брифингте журналистер Рустам Қарағойшинге Мемлекет басшысының сөзін еске салды. "Бәйтерек" басқарма төрағасының айтуынша, холдинг нәтижелері беріп отыр, ал қызметкерлері көп жағдайда артық жұмыс істеуге мәжбүр болады. "Бәйтеректегі" біздің қызметкерлер үнемі жұмыста, кейде тіпті артық жұмыс істеп жатады. Бұл да олардың мойнына қосымша салмақ түсіреді. Мен қызметкерлеріміздің бір жерде кофе ішіп, әлдебір талқылаулар жүргізіп отырғанын көрмедім. Сондықтан мұндай жағдайды байқамадым", - деді Қарағойшин. Сондай-ақ, төраға өзі де кеңседе отыратынын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Үкіметте төртінші МӨЗ қашан іске қосылатыны айтылды Үкімет мұнай өңдеу қуатын 18,4 тоннадан жылына 40 миллион тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асырып жатыр. Қазір жұмыс істеп тұрған МӨЗ-ді жаңғырту барысы және қуаты 10 миллион тонна жаңа зауыт салуға дайындық туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шенеунік қазір жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы түрде кеңейту 2030 жылға қарай дизель отыны тапшылығын жоюға мүмкіндік беретінін, ал 2033 жылы төртінші зауытты іске қосу авиакеросинге деген қажеттілікті толық өтейтінін, К5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспортқа шығаруды қамтамасыз ететінін мәлімдеді. "Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2026-2033 жылдары елімізде қуаты жылына 10 млн тонна болатын жаңа МӨЗ-дің техникалық-экономикалық негіздерін әзірлеу, жобалау, салу және іске қосу жұмыстарын жүзеге асырып, қайта өңдеу қуатын жылына 40 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген. Бұл жобалар мұнай өнімдері тапшылығын кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік береді. 2033 жылы төртінші зауыт есебінен авиакеросин тапшылығы жойылып, көрші елдерге ЖЖМ экспорты басталады. Жұмыс істеп тұрған зауыттарда қайта өңдеу үлесі 94%-ға дейін өседі, ал отын сапасы К5 стандартына дейін артады", - деді Қайырхан Тұтқышбаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада әйелдің сөмкесінен 1 келі гашиш табылды Астанада полиция қызметкерлері сөмкесінен шамамен бір келі гашиш табылған әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция департаментінің мәліметінше, әйел есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұсталған. "Автобус аялдамаларының бірінде полиция қызметкерлері қаланың 40 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында оның сөмкесінен скотчталған, өзіне тән иісі бар сұр-жасыл түсті зат салынған ірі түйіншек табылды. Бұлзат гашиш болып шықты, жалпы салмағы - бір килограмм", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, күдіктінің үйінен тағы бір түйіншек табылған. Ол оны асүйде, плитаның ішінде жасырып қойған. Табылған заттың барлығы тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды. Полиция азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты қандай да бір ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қамшыбек Тәшиев Қырғызстаннан ұшып кетті Қырғызстан ҰҚМК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев елден ұшып кетті. Бұл туралы "Өңір" телеарнасының директоры Откурбек Рахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Рахмановтың айтуынша, елден уақытша ұшып кеткен. Жарияланған видеода басқа мәліметтер, соның ішінде шетелге бару мақсаты мен қанша уақытқа кеткені айтылмайды. Оның елден кетуіне байланысты мемлекеттік органдардан ресми пікір білдірген жоқ. Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиевтің Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Тиісті жарлыққа республика президенті Садыр Жапаров қол қойған. Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамда, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасында да, жікке бөлінудің алдын алу" екенін айтқан. Алайда кейінірек президенттің баспасөз хатшысы шиеленісті Тәшиев емес, оның жақын айналасындағы адамдар туғызғанын хабарлады. Олар депутаттарға қоңырау шалып, "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастамалауға" үгіттеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады Ұлттық банк азаматтардың төлем картасын олардың еркінен тыс бұғаттауға қатысты телефон-алаяқтығы жиілеп кеткенін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаскөйлер ашық дереккөздерден (фишингтік сайттар мен қоғамдық орындардағы сауалнамалардан, әлеуметтік желілер мен маркетплейстен) алынған азаматтардың жеке деректерін қолданып, қаржы ұйымдарының байланыс орталығына тұтынушы атынан жүгінеді. Яғни олар банк картасы жоғалғанын айтады, соның салдарынан карта бірден бұғатталады. Содан соң алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін банктің қауіпсіздік қызметінің немесе құқық қорғау органдарының өкілі ретінде таныстырады. "Картаны бұғаттан шығару" немесе ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару сылтауымен SMS-кодтарды, интернет-банкинг құпиясөздерін және CVV/CVC-кодтарын алуға тырысады. Ұлттық банктің ұсынымдары Төлем картасы бұғатталған жағдайда картаның екінші бетінде немесе мобильді қосымшада көрсетілген нөмір арқылы банктің ресми колл-орталығына хабарласқан дұрыс. "Есіңізде болсын, қаржы ұйымдарының қызметкерлері SMS-хабарламада көрсетілген пароль мен кодты ешқашан сұрамайды және мобильді құрылғыны қашықтан басқаратын қосымшаларды орнатуды талап етпейді", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, алаяқтар банкоматтардың маңында да әрекет етуі мүмкін: "картаның бұғатталуы", оның бүлінуі немесе лимиттердің асып кетуі сияқты себептерді айтып, үшінші тұлғаларға ақша аударуды сұрайды әрі сыйақы уәде етеді. Мұндай аударымдар, әдетте, заңға қайшы әрекет саналып, дропперлік әрекет болып қабылдануы мүмкін. Қаражатыңызды қалай қорғауға болады? Картаны және оның деректерін бөгде адамдарға бермеу. Бейтаныс адамдарға ақша аудармау. Ақпаратты екінші деңгейлі банктердің кол-орталықтарының ресми нөмірлері арқылы қайта тексеру. Ұлттық банк қызметкерлері жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, аудио және видеоқоңырау шалмайтынын, түрлі инвестициялық пай қорлары мен қаржы өнімдеріне ақшалай салым салуды ұсынбайтынын, қаражатты сақтандырумен айналыспайтынын және халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейтінін еске саламыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа министр ант қабылдады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Асқарбек Ертаев Үкіметте ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Премьер-Министр Олжас Бектенов жаңа министрді Үкімет мүшелеріне таныстырды. Ол Асқарбек Ертаевты құттықтап, қызметінде табыс тіледі. Асқарбек Ертаев туралы не белгілі? Ол 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, "Нұр" Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған. 2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді. 2014 жылы - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а. 2014-2021 жж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры. 2021-2022 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі. 2022-2023 жж. - ҚР премьер-министрі кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі. 2023-2024 жж. - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы. 2024-2025 жж. - Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2025-2026 жж. - Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі. 2026 жылғы 27 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада гимнаст қыздар залсыз қалды: әкімдік жауап берді Елорда әкімдігі көркем гимнастикаға арналған жаттығу залына қатысты жағдайға пікір білдірді. Астана билігінің мәліметінше, спорт мектебі қазір жаңа орын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ата-аналардың айтуынша, оларға 1 наурыздан бастап "Думан" спортзалында жаттығу болмайтыны туралы хабарлама келген. Себебі ғимараттың жаңа иесі залды әрі қарай жалға бермейтінін айтылған. Мәлімдемеде Астанада параметрі жағынан дәл келетін басқа зал жоқ екені айтылған. "Думан" спорт залының ғимараты - жеке меншік нысан, ол мемлекеттік меншік объектісі емес, сондай-ақ, Астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағына кірмейді. Бұған байланысты Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл нысанға қатысты өкілеттілікке ие емес, сондай-ақ, оның әрі қарай пайдаланылуына немесе функциялық мақсатын өзгертуге байланысты шешім қабылдай алмайды. Бұл мәселелер азаматтық-құқықтық қатынастар аясында реттеледі және меншік иесінің құзыретіне жатады", - деп жауап берді әкімдік Tengri Sport сұрауына. Сонымен қатар, жауапта қолайлы ғимарат іздеу жұмыстары жалғасып жатқаны нақтыланған. "Қазір КММ "№1 ОРМБЖСМ көркем гимнастикамен айналысуға арналған, арнайы талаптарға сай келетін балама спорт залын іздеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оның ішінде төбе мен залдың аумағы сияқты өлшемдер ескеріледі", - делінген әкімдік мәлімдемесінде. Айта кетейік, "№1 ОРМБЖСМ"-мен бір базада "Izumrud" гимнастика мектебі де жаттығады. Олар әлеуметтік желіде 1 наурыздан бастап сабақтардың басқа жерде - "ALFA GYM" спорткешенінде өтетінін хабарлап қойған. "Жекеменшік мектепке зал табылды, барлық бала соған ауысады. Бұған дейін "Izumrud" олимпиадалық резерв мектебімен бір залды бөлісіп келген, өйткені "Думандағы" орын әрі бастаушыларға, әрі Олимпиада мен Азия ойындарына дайындалып жүрген спортшыларға да қолайлы еді. Бірақ "Izumrud" тапқан жаңа зал ОРМБЖСМ-ға жарамайды, себебі төбесі тым аласа", - деп Tengri Sport тілшісіне гимнастика жаттықтырушысы әрі "Izumrud" мектебінің құрылтайшысы Меруерт Балғынбаева айтып берген. Маманның сөзінше, Астанадағы бірде-бір жекеменшік гимнастика мектебінде олимпиадалық резерв деңгейіндегі спортшыларды дайындауға қажет биіктігі 14,5 нысан жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Вьетнам компартиясының бас хатшысын құттықтады Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастырып, өзара достық пен түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге айрықша мән беретінін жазған. Сонымен қатар, ортақ күш-жігер жұмылдыру арқылы сан қырлы ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге ниетті екенін жеткізген. Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Burger King Kazakhstan төңірегіндегі дау: басшылардың бірі жұмыстан уақытша шеттетілді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King Kazakhstan мейрамханалар желісі төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрлік бұл жағдай ведомствоның бақылауында екенін мәлімдеді. Алматы қаласының еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы Burger King Kazakhstan-ның қызметкері Әлібек Қаратайдың тұрғылықты жеріне барған. Оның әкесіне телефон арқылы өтінішті қалай беру керегі және еңбек заңнамасында қандай кепілдіктер қарастырылғаны түсіндірілген. "Жұмыс берушіден (QSR (Burger King) ЖШС) алынған ақпаратқа сәйкес, ұйым ішінде қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша шеттету туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады Еңбек министрлігі. Сонымен қатар, министрлік компанияға қатысты тексерістің нақты мән-жайын және мерзімін нақтылаған жоқ. Қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын айтты. Burger King төңірегіндегі дау Еске салайық, әлеуметтік желілерде Қазақстандағы Burger King фастфуд мейрамханалары желісі қызу талқыға түсті. Талқылауға Threads әлеуметтік желісіндегі жазба түрткі болды. Онда бір әйел Burger King желісіндегі мейрамханалардың бірінде қызметкер болып жұмыс істеген ұлының жағдайын баяндаған. "Ол 4 жыл бойы тұрақты жұмыс істеді, жалақы алды, тапқан ақшасын қуана жұмсады, өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезінді, қосымша жұмысқа қалып жүрді, демалыстарын жоспарлады, бір филиалдан екіншісіне ауысып жұмыс істеді", – деп жазды әйел. Ол бұған дейін ұжым мен басшылық тарапынан қолдау болғанын айтады. Бірақ өңірлік басшы ауысқаннан кейін жағдай өзгерген. Оның сөзінше, күзден бері ұлы бұрынғыдай емес, көңіл күйі де, жүріс-тұрысы да өзгерген. Әйел мұның себебін ұлын жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүрлеп жатқанымен байланыстырады. Сондай-ақ, жазбаларда жаңа басшымен жеке сөйлескені де нәтиже бермегені айтылады. "Роботпен сөйлескендей болдым. Ол жуырда ғана біздің елге келген, әрі менің байқауымша, инклюзив қоғамның қағидаларын онша біле бермейді", – деп қосты әйел. Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Burger King-тің ұстанымы Компания ресми ұстанымын жариялады. Онда қызметкердің жұмыстан шығарылмағаны және Burger King Kazakhstan-да әлі қызмет етіп жатқаны айтылған. "Еңбек қатынасын тоқтату туралы шешімді компания қабылдаған жоқ", – деп атап өтті олар. Сондай-ақ, компанияның мәліметінше, 29 қаңтарда HR бөліміне қызметкердің демалыс алғысы келетіні туралы хабар түскен. Сол уақыттан кейін ол жұмысқа шықпай қалған. Компания айтуынша, қызметкерден ресми өтініш (арыз) түспеген. "6 ақпанда компанияға қызметкердің анасы келіп, еңбек қатынасын тоқтату туралы өтінішті тапсырды. Ол өтініш анасының атымен жазылған. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мұндай өтінішті тікелей қызметкердің өзі рәсімдеуі керек. Компания тарапынан жағдайды шешудің бірнеше жолы ұсынылды, оның ішінде басқа мейрамханаға ауыстыру нұсқасы да бар. Біз диалогқа ашықпыз және әрі қарай қандай қадам жасалатынын қызметкердің өзі мен оның отбасының қатысуымен, жұмыс тәртібінде, конструктив түрде талқылауға дайынбыз", – деп мәлімдеді Burger King Kazakhstan. Сондай-ақ, компания бұл жағдай бойынша ішкі тексеріс жүріп жатқанын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Си Цзиньпинге хат жолдады Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады. "Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын", – деп жазылған жеделхатта. Президент ҚХР төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ: 17 ақпанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер 17 ақпанда жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын, боранмен бірге желдің күшеюін болжайды. 18 ақпаннан бастап елдің солтүстігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. Астана - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Көктайғақ, бұрқасын, түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 0-2 жылы. Алматы - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 9-11 жылы. Шымкент - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 15-17 жылы. Ақмола облысы - түнде облыстың солтүстігінде қар, боран, көктайғақ, облыстың шығысында аздаған қар, боран, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыстан түнде 9-14 метр/секунд, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан түнде 9-14 метр/секунд, күндіз 15-20, екпіні 23 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 1 аяз - 1 жылы. Алматы облысы - түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 3 градус аяз, күндіз 8-13, таулы аудандарында 0-5 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 жылы. Жетісу облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ, күндіз облыстың орталығында аздаған жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3 аяз - 2 жылы, облыстың шығысында, таулы аудандарында 6-11 аяз, күндіз 7-12, облыстың шығысында, таулы аудандарында 0-5 жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 8-10 жылы. Түркістан облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, түнде таулы аудандарында нөсерлі жаңбыр. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, облыстың тау асуларында 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың оңтүстігінде 11 жылы, облыстың солтүстігінде 1 градус аяз, күндіз 13-18 градус , облыстың солтүстігінде 3-8 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 14-16 жылы. Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 23 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 3 аяз - 2 жылы. Орал - бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, түнде екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 1 аяз - 1 жылы. Атырау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады 7-12, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-18 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 4-9 жылы. Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттары тұман. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 5-7 жылы. Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақытта 25 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 0 градус, күндіз 10-15, облыстың солтүстік-шығысында 5 жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, түнде және таңертең екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 11-13 жылы. Ақтөбе облысы - облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран. Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 1 аяздан 4 жылыға дейін. Ақтөбе - бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 5-10, екпіні 15-18 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 1-3 жылы. Қостанай облысы - таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан түнде 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 метр/секунд, күндіз 15-20, облыстың шығысында 23 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың шығысында 9 аяз, күндіз 3 аяз - 2 жылы. Қостанай - бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 0-2 жылы. Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, боран, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан түнде 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр/секунд, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың батысында 11 градус аяз, күндіз 3 аяздан 2 жылыға дейін. Петропавл - бұлтты, түнде қар, төменгі боран, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан түнде 9-14, күндіз 15-20, екпіні 23-28 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз шамамен 0 градус. Павлодар облысы - түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі боран, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі боран, көктайғақ. Жел оңтүстіктен 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-7 аяз, күндіз 2 аяздан 3 жылыға дейін. Павлодар - ауыспалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі боран, көктайғақ. Жел оңтүстіктен 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 0-2 жылы. Қарағанды облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, төменгі боран. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың шығысында 12-17 аяз, күндіз 3 аяз - 2 жылы. Қарағанды - ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 1 аяздан 1 жылыға дейін. Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың шығысында 11 аяз, күндіз 3 аяз - 2 жылы, облыстың оңтүстігінде 5 жылы. Жезқазған - ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 1 аяздан 1 жылыға дейін. Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың солтүстік-шығысында 10, облыстың шығысында 23-28 аяз, күндіз 0-5, облыстың шығысында 9-14 аяз, облыстың солтүстік-батысында 4 жылы. Өскемен - ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде 1-6, күндіз 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-15 аяз, күндіз 2-4 жылы. Абай облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған қар. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төменгі боран. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың шығысында 17-22 аяз, күндіз 2 аяз - 3 градус жылы, облыстың шығысында 5 градус аяз. Семей - ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы. Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысады 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 4 градус аяз - 1 градус жылы, күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде 2, облыстың оңтүстігінде 13 градус жылы. Қызылорда - ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттары тұман. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысады 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы. Жамбыл облысы - түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кей уақыттары тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 3 градус аяз, күндіз 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 7 жылы. Тараз - ауыспалы бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Кей уақыттары тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 15-17 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекет басшысы Литва президентін құттықтады Мемлекет басшысы Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гитанас Науседаны Литваның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілікті қалпына келтіру күнімен құттықтады. Президент екіжақты қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаның мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Литва халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда мектеп оқушыларына смартфон ұстауға толық тыйым салынады Қазақстанда мектеп оқушыларына смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу жоспарланып отыр. Тиісті түзету педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасында қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір әр мектептің әкімшілігі оқушыларға смартфонды қай жағдайда қолдануға болатынын өз бетінше айқындай алады. Заң жүзіндегі тыйым тек сабақ кезінде қолданылады, ал үзіліс кезінде оқушыларға смартфон пайдалануға рұқсат етілген. Сонымен қатар, егер телефон оқу мақсатында қажет болса, оны мұғалімнің шешімімен қолдануға болады. Алайда заң жобасының салыстырмалы кестесіне сәйкес, бұл норманы алып тастау және оқушылардың гаджеттерді пайдалануына рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын білім беру саласындағы уәкілетті органға беру ұсынылып отыр. Болжам бойынша, бұл - Оқу-ағарту министрлігі немесе аумақтық білім басқармалары болуы мүмкін. Депутаттар оқушылардың құқығы мен міндеттеріне қатысты 47-баптың мынадай жаңа редакциясын ұсынып отыр: "Орта білім беру ұйымдарында оқу процесі кезінде оқушыларға ұялы телефонды (смартфонды) қолдануға болмайды. Тек білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы ережеде көрсетілген ерекше жағдайларда пайдалануға рұқсат етіледі". Негіздемеде смартфондарды пайдалануға тыйымды тек оқу кезінде емес, үзіліс уақытында да енгізу кибербуллинг пен деструктив контенттің қаупін азайтуға, мектептегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, оқушылар арасындағы тірі қарым-қатынасты және әлеуметтенуді арттыруға, сондай-ақ, салауатты білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беретіні айтылған. Еске салайық, мектеп оқушыларына сабақ кезінде смартфон пайдалануға заңнамалық тыйым 2024 жылдың басында енгізілген болатын. Қазір сабақ барысында смартфон қолдануға болмайды, ал үзіліс кезінде оқушылар гаджеттерді қайта пайдалана алады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық екі спортшы Олимпиада ойындарында іріктеуден өтті Қазақстандық шорт-трек өкілдері Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен 500 метр қашықта Олимпиада ойындарының ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екінші жарыс барысында Абзал Әжіғалиев бүкіл қашықтық бойы төртінші орында келе жатқан, алайда мәреге жақын екі қарсыласы құлап қалғаннан кейін, ол қарсыластарын басып озып, бірінші орынға көтерілді. Фото: ҚР ҰОК / Сали Сабиров Екінші қазақстандық спортшы өз жарысын үшінші болып аяқтап, басқа қатысушылардың нәтижелерін күтуге мәжбүр болды. Ереже бойынша, 1/4 финалға әр жарыстан 1- және 2-орын алғандар, сондай-ақ, үшінші орын алғандардың ішіндегі ең үздік 4 нәтиже көрсеткен спортшылар өтеді. Нәтижесінде, ереже бұзушылықтарға байланысты тағы үш спортшы қосымша іріктелді, ал Денис Никиша қалған үшінші орын иелері арасында ең үздік уақыт көрсетіп, 1/4 финалға өтті. Еске салайық, Никиша - осы қашықтық бойынша кейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ал Әжіғалиев және басқа әріптестерімен бірге ол Азия ойындарында ерлер эстафетасында тарихи алтын жеңіп алған. Олимпиада-2026 шорт-трек бойынша 500 метр қашықтағы ширек финалдар, жартылай финалдар және финал 18-інен 19 ақпанға қараған түні өтеді. Сондай-ақ, Денис Никиша бұл ойындарда бұған дейін 1000 метр қашықта өнер көрсетіп, өз жарысында үшінші орын алып, 1/4 финалға өте алмағанын еске саламыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады. Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады. Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада қар борап, Алматыда күн жылиды Синоптиктер 17, 18 және 19 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана 17 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Түнде аздап қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы: түнде −4…−6°, күндіз 0…+2°. 18 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, кейде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы: түнде 0…−2°, күндіз 0…+2°. 19 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы: түнде −13…−15°, күндіз −10…−12°. Алматы 17 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с.Ауа температурасы: түнде +2…+4°, күндіз +9…+11°. 18 ақпанда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с.Ауа температурасы: түнде +1…+3°, күндіз +12…+14°. 19 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы: түнде +3…+5°, күндіз +16…+18°. Қазақстанда күн жылынады Бұған дейін синоптиктердің хабарлауынша, 17–19 ақпан аралығында Қазақстан аумағы арқылы Орал жақтан циклон өтіп, жауын-шашын, көктайғақ және боран күтіледі. 18 ақпаннан бастап солтүстіктен Хельсинки маңынан антициклон ығысып келеді, соның әсерінен солтүстікте ауа райы −18…−23°-қа дейін суып, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Ал оңтүстікте, керісінше, күн жылынып +15…+20°-қа дейін көтеріледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оңтүстікте жақ сүйегі сынған сарбаздың туыстарына хабар берілмеген Отардағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің жақ сүйегі сынған. Күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккен сарбаз Алматыдағы Әскери-клиникалық госпитальда ем қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Бұған дейін әлеуметтік желілерде зардап шеккен әскери қызметшінің әпкесі видео жариялады. Әйелдің айтуынша, оның інісі 2025 жылғы 28 мамырда Отарға мерзімді әскери қызметке шақырылған. "Қызметінің аяқталуына 4 ай қалғанда үш сержант оны ұрып-соғып, бір сержант темір затпен ұрып, жақ сүйегі мен мұрнын сындырған. Ол ауыр жарақат алды", - делінген видеода. Оның айтуынша, оқиғадан кейін екі апта бойы әскери қызметшіге қысым көрсетілген. Одан соң оған азаматтық киім кигізіп, Алматы қаласындағы №5 қалалық ауруханаға жеткізген. Әпкесінің сөзінше, жол ақысын сарбаз қалтасынан шығарған. "Ота 300 мың теңгеге жасалды, екі ота жасалып, ауыз қуысына металл конструкциялар орнатылды. Бірақ оны дәрігерлердің бақылауында қалдырмай, ауруханаға жатқызбаған. Керісінше, санитарлық та, медициналық та көмегі жоқ жағдайда 16 күн "үйқамаққа" жіберген", - деп мәлімдеді әпкесі. Сондай-ақ, ол 29 қаңтарда туыстары әскери бөлімнен сарбазды таба алмағанын айтты. Оның айтуынша, рота командирі кейін туыстарын інісі болған пәтерге апарған. Бұдан кейін сарбаз медпунктке орналастырылып, тексеріс отаның дұрыс жасалмағанын анықтаған. Содан соң оны Алматыдағы №1 әскери госпитальға жіберген, қазір ол сол жерде ем қабылдап жатыр. "Біз бауырымыздың денсаулығын қалпына келтіруді, жақ сүйегін орнына келтіруді және әскерге кеткендегі қалпындай сау күйінде қайтаруды сұраймыз. Алғашында әскери қызметшілер кінәсін мойындамады, қазір кешірім сұрап отыр. Біз оларды кешірмейміз", - делінген үндеуде. Өтініш иесінің айтуынша, бұған дейін бұл дерек бойынша іс қозғалған, бірақ кейін жабылып қалған. "Осыған байланысты әкеміз ауруханада ауыр халде жатыр, соған қарамастан әскери қызметшілер одан татуласу туралы қағазға қол қоюды талап етіп жатыр", - дейді әпкесі. Отбасы кінәлілердің әрекетіне құқықтық баға беріліп, қылмыстық іс қозғалсын деп сұрайды. Әскери полицияның пікірі Бас әскери полицияның мәліметінше, гвардиялық гарнизонның әскери полициясы әскери қызметшіге күш қолдану дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. "Оқиға салдарынан әскери қызметшілердің бірінің жақ сүйегі сынған. Зардап шегуші госпитальға жатқызылып, Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальда ем қабылдап жатыр. Оған қажетті білікті медициналық көмек толық көрсетіліп жатыр, денсаулық жағдайы әскери дәрігерлердің тұрақты бақылауында", - делінген хабарламада. Материалдар Соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның, сондай-ақ, бөлімдегі әлімжеттік дерегі туралы жоғары басшылыққа уақтылы баяндама жасамаған және медициналық көмекті ұйымдастырмаған әскери бөлім лауазымды тұлғаларының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу шаралары кезеңінде әскери бөлімнің бірқатар лауазымды адам қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілді. Бас әскери полиция тергеу қорытындысы бойынша кінәлілер Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті. Президент спортшының былтыр Император кубогында "маэгашира" атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша "Канто-се" (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүлде табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі екеніне тоқталды. Сондай-ақ бүгінде шет мемлекеттерде елімізді әлемге танытып жүрген жастарымыздың көбейіп келе жатқанын, мемлекеттің таланттар мен спортты қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. "Жапонияға барған сапарымда сізді Императордан бастап қарапайым халыққа дейін бәрі танитынын, құрметтейтінін байқадым. Бұл – зор мәртебе. Жапонияда тұрсаңыз да қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүрсіз. Сізге ерекше ризашылығымды білдіремін", – деді Мемлекет басшысы. Ерсін Балтағұл Президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді. "Қазақстанның азаматы ретінде мақсатымыз еліміздің көк туын 120 миллионнан аса халқы бар Жапонияға таныту болатын. Осы бағыттан таймай, еңбек етіп келеміз. Сондай-ақ Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген отандасымыз Михаил Шайдоровтың айтулы жетістігімен Өзіңізді және барша қазақстандықтарды құттықтаймын", – деді Ерсін Балтағұл. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев балуанға алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатуға және Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты нығайтуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн 20 градусқа дейін жылы болады Қазгидромет синоптиктері 16, 17 және 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы үш тәулікте Орал тауы маңынан жылжып келе жатқан циклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Соның салдарынан жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. "Алайда 18 ақпаннан бастап циклонның артынан Хельсинки маңынан жылжитын антициклон әсер ете бастайды. Бұл солтүстік өңірлерде ауа температурасының төмендеуіне және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі", - деп хабарлады синоптиктер. Қазақстанның солтүстігінде түнде ауа температурасы 18–23 градус аязға дейін төмендейді. "Ал оңтүстік өңірлерде, керісінше, күндіз ауа температурасы 15–20 градусқа дейін жылиды. Бұл Қара теңіз маңынан жылжып келе жатқан кезекті циклонның әсеріне байланысты", – делінген хабарламада. Ақпандағы "тосынсый" Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша ақпанға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялаған болатын. Мамандардың айтуынша, ақпан әдеттегіден жылырақ болып, жауын-шашын мөлшері орташа деңгейде болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Дос болып қаламыз, бірақ қызметке оралмайды“: Жапаров Тәшиев туралы тағы да пікір білдірді Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ҰҚМК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің отставкаға кетуіне қатысты тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап. Садыр Жапаровтың айтуынша, Қамшыбек Тәшиев қызметінен кеткеннен кейін жеке кездескен. "Дос болып қала береміз. Бірақ ол мемлекеттік қызметке оралмайды, демалып, денсаулығына қарауы керек", - деді Садыр Жапаров. Садыр Жапаров кадрлық шешімдерді өзі қабылдағанын, бұл қандай да бір сыртқы қысыммен байланысты емес екенін мәлімдеді. Ол құқық қорғау жүйесінде жоспарланған реформалар жалғасатынын айтты. Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиевтің Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Тиісті жарлыққа республика президенті Садыр Жапаров қол қойған. Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамда, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасында да, жікке бөлінудің алдын алу" екенін айтқан. Алайда кейінірек президенттің баспасөз хатшысы шиеленісті Тәшиев емес, оның жақын айналасындағы адамдар туғызғанын хабарлады. Олар депутаттарға қоңырау шалып, "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастамалауға" үгіттеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Дархан Сатыбалды бірінші орынбасарын тағайындады Алмасхан Сматлаев Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алмасхан Сматлаев қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген", - делінген хабарламада. Жаңа қызметінде Алмасхан Сматлаев көріктендіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жол мәселелеріне жетекшілік етеді. Алмасхан Сматлаев еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарында бастаған. Кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет атқарды. Алмасхан Сматлаев туралы не белгілі? 2014–2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары болды. 2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды. 2025 жылдан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2026 жылғы ақпанда қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі және тиімді басқарушылық қызметі үшін мерейтойлық медальдармен және "Құрмет" орденімен марапатталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атыраудағы аңшының жұмбақ өлімі: іс жабылды Каспий теңізі маңындағы қамыс арасында өлі табылған 61 жастағы Өтебай Сабировке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жай Қайғылы оқиға 2025 жылғы желтоқсанда болған. 61 жастағы зейнеткер-мұнайшы Өтебай Сабиров Ботақан кен орны маңына екі досымен аң аулауға барған. Бір тәуліктен кейін ер адамның қасындағы серіктері оның көлігімен қалаға қайтып келіп, Сабиров аң аулап жатқанда жоғалып кетті деп отбасына хабарлаған. Іздеу жұмыстары бес тәулікке созылды. 19 желтоқсанда құтқарушылар ер адамның мәйітін қалың қамыс арасынан тапты. Ол кезде полиция өлімнің нақты себебін анықтау үшін соталды тергеп-тексеруді бастаған. "Құқықбұзушылық құрамы жоқ": полицияның шешімі Қайғылы жағдайдан екі ай өткен соң тергеудің ресми түрде тоқтатылғаны белгілі болды. "1964 жылы туған ер адамның мәйітінде зорлық белгілері болмаған, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шараларының кешені жүргізілді. Тергеу шараларының нәтижесі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмағандықтан, қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешім прокуратура тарапынан бекітілді", – деп хабарлады редакцияның сұрауына жауап ретінде Атырау облысы полиция департаменті. Отбасының күмәні Бұған дейін марқұмның қызы Асылай әкесінің достары айтқан нұсқаға күмән келтірген. Туыстарды куәгерлердің әңгімесіндегі "үйлеспейтін тұстар" және Сабировтың телефоны мен заттары көлік ішінде қалып қойғаны алаңдатқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионын жеңіп, қомақты табыс тапты Блиц-шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Швейцария атынан өнер көрсететін Александра Костенюкті матчте жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық шахматшы Фишер шахматы бойынша Women’s Exhibition Match атты көрме матчіне қатысып, 2,5:1,5 есебімен жеңіске жетті. Олар 25+10 уақыт бақылауымен төрт партия ойнады, соның екеуінде Бибісара басым түсті. Матчтің жалпы жүлде қоры 15 мың доллар, шамамен 7,5 миллион теңге болды. Айта кетейік, Александра Костенюк - классикалық шахматтан әлемнің 12-ші чемпионы, рапид пен блицтен әлем чемпионы, сондай-ақ, Фишер шахматынан екі дүркін әлем чемпионы. Бибісара Асаубаева - Қазақстан тарихындағы үш дүркін әлем чемпионы атанған тұңғыш шахматшы Қазақстандық шахматшы 2025 жылдың аяғында мансабында үшінші рет блицтен әлем чемпионатын жеңіп алды. Бұл жетістік Бибісараны ерекше чемпион етті. Әлем чемпионатындағы жеңіс Бибісараға шахмат тәжіне таласатын үміткерлер турниріне жолдама алуға мүмкіндік берді. Турнир 28 наурыз бен 16 сәуір аралығында өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы жазба жариялады: Burger King Kazakhstan төңірегіндегі дау туралы не белгілі? Қазақстанда Burger King фастфуд мейрамханалары желісінің төңірегінде дау шықты. Аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы жазба жариялаған. Компания бұл жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы Burger King фастфуд мейрамханалары желісі қызу талқыға түсті. Талқылауға Threads әлеуметтік желісіндегі жазба түрткі болды. Онда бір әйел Burger King желісіндегі мейрамханалардың бірінде қызметкер болып жұмыс істеген ұлының жағдайын баяндаған. "Ол 4 жыл бойы тұрақты жұмыс істеді, жалақы алды, тапқан ақшасын қуана жұмсады, өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезінді, қосымша жұмысқа қалып жүрді, демалыстарын жоспарлады, бір филиалдан екіншісіне ауысып жұмыс істеді", – деп жазды әйел. Ол бұған дейін ұжым мен басшылық тарапынан қолдау болғанын айтады. Бірақ өңірлік басшы ауысқаннан кейін жағдай өзгерген. Оның сөзінше, күзден бері ұлы бұрынғыдай емес, көңіл күйі де, жүріс-тұрысы да өзгерген. Әйел мұның себебін ұлын жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүрлеп жатқанымен байланыстырады. Сондай-ақ, жазбаларда жаңа басшымен жеке сөйлескені де нәтиже бермегені айтылады. "Роботпен сөйлескендей болдым. Ол жуырда ғана біздің елге келген, әрі менің байқауымша, инклюзив қоғамның қағидаларын онша біле бермейді", – деп қосты әйел. Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Burger King-тің ұстанымы Компания ресми ұстанымын жариялады. Онда қызметкердің жұмыстан шығарылмағаны және Burger King Kazakhstan-да әлі қызмет етіп жатқаны айтылған. "Еңбек қатынасын тоқтату туралы шешімді компания қабылдаған жоқ", – деп атап өтті олар. Сондай-ақ, компанияның мәліметінше, 29 қаңтарда HR бөліміне қызметкердің демалыс алғысы келетіні туралы хабар түскен. Сол уақыттан кейін ол жұмысқа шықпай қалған. Компания айтуынша, қызметкерден ресми өтініш (арыз) түспеген. "6 ақпанда компанияға қызметкердің анасы келіп, еңбек қатынасын тоқтату туралы өтінішті тапсырды. Ол өтініш анасының атымен жазылған. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мұндай өтінішті тікелей қызметкердің өзі рәсімдеуі керек. Компания тарапынан жағдайды шешудің бірнеше жолы ұсынылды, оның ішінде басқа мейрамханаға ауыстыру нұсқасы да бар. Біз диалогқа ашықпыз және әрі қарай қандай қадам жасалатынын қызметкердің өзі мен оның отбасының қатысуымен, жұмыс тәртібінде, конструктив түрде талқылауға дайынбыз", – деп мәлімдеді Burger King Kazakhstan. Сондай-ақ, компания бұл жағдай бойынша ішкі тексеріс жүріп жатқанын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жамбыл облысында “өлдіге балап, жерленген“ әйел бір айдан соң үйіне оралды Жамбыл облысында ерекше жағдай болды. Қайтыс болды деп танылған әйел бір айдан кейін үйіне қайта оралған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды. Мән-жайы Талапкердің анасы 1953 жылы туған. 2024 жылғы тамызда Таразға әпкесінің үйіне көшіп барған. 2025 жылы Құрбан айт мерекесінен кейін ол жоғалып кеткен. Анасының әпкесі полицияға жүгінген. 2025 жылғы тамызда ауыл маңындағы далада мәйіт табылып, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалған. Табылған мәйітті талапкер жоғалған әйелдің мәйіті деп таныған, соның негізінде өлім туралы акт жазбасы тіркеліп, өлім туралы куәлік берілген. Әйелдің қайта оралуы және сот талқылауы Бір айдан кейін, 2025 жылғы қыркүйекте, талапкердің анасы тосыннан Жамбыл ауданының Қостөбе ауылындағы ағасының үйіне келген. Талапкер анасының құқықтық мәртебесін қалпына келтіру үшін өлім туралы жазбаны жарамсыз деп тану жөнінде сотқа талап арыз берген. Әйел Құрбан айттан кейін Айша бибі ауылына кетіп, пияз теру жұмысына кірген, сондағы үйде тұрған. Кейін зейнетақы төлемдері тоқтаған соң, Таразға келіп, өзінің "қайтыс болғанын" білген. Талапкер анасының туыстарға немесе басқа жерлерге ұзақ уақытқа кетіп қалатын әдеті болғанын айтқан. Сараптама және сот шешімі Жамбыл аудандық соты табылған мәйіттің бөтен адамға тиесілі екенін анықтаған. Полиция эксгумация жүргізіп, қайта сот-медициналық және генетикалық сараптама тағайындаған, оның нәтижесінде марқұмның нақты тұлғасы анықталған. Өлім дерегі бойынша қылмыстық іс тоқтатылған. Сот шешімімен талапкердің арызы қанағаттандырылды: өлім туралы куәлік жарамсыз деп танылып, өлім туралы акт жазбасы күшін жойды. Шешім заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматының орталығында мейрамхананың жазғы алаңы сүрілді Алматының орталығындағы мейрамхананың жазғы алаңы сот шешімімен сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімдіктің мәліметінше, Қажымұқан көшесінде рұқсат құжаттарынсыз салынған нысан анықталған. Заңбұзушылық жоспардан тыс тексеріс барысында белгілі болды. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар сотқа жолданған. 2025 жылғы 12 тамызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты заңсыз салынған жазғы алаңды сүріп тастау туралы талап-арызды қанағаттандырды. Нысанды бұзу жұмыстарын мейрамхана иесі жүргізгені айтылды. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бүгін Қазақстан құрамасының көшбасшылары Олимпиадада бақ сынайды 16 ақпанда Қазақстан құрамасынан бес спортшы Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан атынан ең бірінші болып Ростислав Хохлов шығады. Ол тау шаңғысы сайысында сағат 14:00-де өнер көрсетеді. Одан кейін шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшылары Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев 500 метр қашықта жарысқа түседі. Еске салайық, Никиша бұл қашықта кейінгі әлем чемпионатында күміс жүлде алған. Ал Әжғалиев екеуі бірге Азия ойындарында эстафетада алтын медаль жеңіп алған. Олар 15:00-де іріктеу кезеңінен бастайды. Ал 23:00-де шаңғы трамплинінен командалық секіруде Илья Мизерных пен Данил Васильев өнер көрсетеді. Тікелей эфирді "Хабар", Jibek Joly және Qazsport телеарналарынан көруге болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте құны 2,7 миллиард теңге болатын бөгеттің бір бөлігін біреулер бүлдіріп кеткен Шымкенттегі Бадам өзенінде жағалауды бекіту жұмыстары аяқталғаннан кейін бірнеше ай өткен соң, бетон дамбаның шамамен 40 метрі қирап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шымкенттің қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы өкіледрінің айтуынша, біреулер өзен арнасынан тасты заңсыз қазып алған. Соның салдарынан гидротехникалық құрылысқа зақым келген. Нәтижесінде бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінген. Құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтап жатыр. Ведомство дерегінше, өзендегі жағдай тұрақты. Қазір жақын маңдағы аумақтарды су басу қаупі жоқ. Құны 2,7 млрд теңгелік жоба Жағалауды бекіту жұмыстары былтыр желтоқсанда аяқталған. Бадам өзені бойында 5,3 шақырым жағалау нығайтылған. Игілік, Жаңаталап және Көкбұлақ елді мекендері тұсында өзен арнасы реттеліп, жағалауы бетондалған. Жобаны іске асыруға бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлінген. Бұл көктемгі тасқын кезінде, су деңгейі дәстүрлі түрде көтерілетін кезеңде, қауіп-қатерді азайтады. Зақымданған бөлікті мердігер ұйым өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді. Жобаның кепілдік мерзімі - 7 жыл Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ (@tabigat_basqarmasy) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жетісу облысында дүкенде жарылыс болып, үш адам зардап шекті Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖМ дерегінше, оқиға 15 ақпанда сағат 18:45 шамасында болған Оқиға орнына Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел жеткен. Төтенше жағдайға байланысты 27 жеке құрам, 6 техника жұмылдырылған. Жарылыс салдарынан қабырға мен шатырдың бір бөлігі құлап, 36 шаршы метр аумақ зақымданды. 3 адам зардап шегіп, тексерістен кейін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ауылдық әкімдік әлеуметтік желіде тұрғындарға дүкенде болған жарылыс салдарынан бірнеше көшеде су уақытша болмайтынын хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жоспарлы тексеріс: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпарат ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды. "Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін", - делінген хабарламада. Министрлік азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық биатлоншы Владислав Киреев 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 42-орынға тұрақтады Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында із кесу жарысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спринт қорытындысы бойынша із кесу жарысына Владислав Киреев жолдама алған еді. Ол 51-нөмірмен, көшбасшыдан 2 минут 49 секунд айырмашылығымен жарыс жолына шықты. Төрт ату айлағы бар жарыста Киреев төрт рет мүлт кетіп, көшбасшыдан төрт минуттан аса уақытқа артта қалып, 42-орында мәре сызығын кесті. Швециялық Мартин Пансилуома жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды норвегиялық биатлоншы Стурла Холм Легрейд иеленсе, үздік үштікті франциялық Эмильен Жаклен түйіндеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Олимпиада-2026: Павел Колмаков жарыс жолын аяқтады Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында параллель могулдан ерлер арасында сайыс басталды. Елімізден сынға түскен Павел Колмаков үздік 16 спортшының қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Плей-офф жүйесі арқылы өткен сайыста отандасымыз 1/16 финалда Франция өкілі Арзур де Виллаукортты 22:13 есебімен жеңді. 1/8 финалда Павел Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы, 9 дүркін әлем чемпионы Микаэль Кингсберимен (Канада) жолы түйісіп, жарыс жолын аяқтады. Павел Колмаков бұған дейін 2014, 2018, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, фристайл-могулдан ең жоғарғы көрсеткіші 7-орын болып тіркелген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Техникалық паспорт“ ұғымы енді қолданылмайды: не өзгерді? Әділет министрлігі "Қазақстанда техникалық паспорты жаңартылмаған үйді сатып-сатып алу мүмкін болмайды" деген қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Бұған дейін әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та Қазақстандағы пәтер иелеріне жылжымайтын мүлікке қатысты техникалық паспорттарды міндетті түрде қайта рәсімдеуге тура келеді деген ақпарат тараған. Онда бұл өзгерістер меншік иелерінің басым бөлігіне әсер етіп, тұрғын үйге қатысты жасалатын мәмілелерге ықпал етуі мүмкін екені айтылған. "Техникалық паспорт" ұғымы енді қолданылмайды Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті заңнамада "техникалық паспорт" деген ұғым енді қолданылмайтынын мәлімдеді. Бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңға енгізілген өзгерістерге байланысты. "Техникалық паспорттың орнына қазір "жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты" термині қолданылады. Бұл - объектінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары, сондай-ақ жер учаскесі туралы мәліметтер көрсетілетін сәйкестендіру құжаты", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына министрліктің берген жауабында. Сонымен қатар, Әділет министрлігі барлық меншік иесі үшін құжаттарды жаппай немесе міндетті түрде ауыстыру қарастырылмағанын атап өтті. Кадастрлық паспорт қашан рәсімделеді? Кадастрлық паспорт жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық немесе сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда рәсімделеді - мысалы, қайта жаңғырту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жұмыстарынан кейін. Сондай-ақ, меншік иесі деректерді нақтылап немесе жаңартқысы келсе, өз қалауы бойынша кадастрлық паспорт рәсімдей алады. Бұдан бөлек, егер мүліктің нақты сипаттамалары мен құжаттардағы мәліметтер арасында өзгеріс анықталса, құқық иесі мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуге өтініш бере алады. Оның қорытындысы бойынша анықталған өзгерістер көрсетілген кадастрлық паспорт рәсімделеді. Министрлік меншік иесі ауысқан кезде кадастрлық паспортты қайта рәсімдеу қажет емес екенін ерекше атап өтті: құжат заңды күшін сақтайды, өйткені онда объектінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары көрсетіледі. Осылайша, барлық тұрғын үй иесі құжаттарды шұғыл түрде қайта рәсімдеуі керек деген тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Astana LRT станциясының маңында өрт шықты Елорда өртсөндірушілері Astana LRT аялдама павильонында шыққан өртті сөндірді. Оқиға Нұрмағамбетов көшесіндегі Сарайшық ықшамауданы маңындағы аялдамада болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-нің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап. Оқиға орнына жеткен бойда, салынып жатқан нысан аумағындағы аялдама павильонының жертөлесінен түтін шыққаны анықталды. Электр қалқанындағы электр кабельдері мен құрылыс қоқысы жалпы көлемі 10 шаршы метр аумақта өртенген. Өртсөндірушілер жедел түрде өртті сөндіріп, оттың көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Алтын Орда” базарының бұрынғы иесі Нұрбол Назарбаевты сотқа берді "Алтын Орда" базарының бұрынғы иесі Айдарбек Құсайынов Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевты сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Іс материалдарында Айдарбек Құсайынов Нұрбол Назарбаевтың "негізсіз баюына" сенімді және енді сол қаражатты одан өндіріп алғысы келеді деп айтылған. "Құсайынов Айдарбек Қабыкенұлытың Назарбаев Нұрбол Болатұлынан негізсіз баю сомасын өндіру туралы талабы" - делінген құжатта. Назарбаевтың мүлкі мен есепшоттары бұғатталды Сот процесі уақытында Назарбаевтың мүлкі мен банк шоттарындағы ақша "талап бағасы көлемінде" бұғатталды. Мұны Құсайынов талап еткен. Ал "талап бағасы" - 15 миллиард 171 миллион теңге. Яғни Құсайынов Нұрбол Назарбаевтан дәл осы соманы өндіріп алуды көздейді. Сот, егер қазір шоттар мен мүлік бұғатталмаса, кейін жауапкер сот шешімін орындамауы мүмкін деп есептеген. "Осыған байланысты сот талапкердің өтінішін қанағаттандыру қажет деп санайды. Жауапкер Назарбаев Нұрбол Болатұлына тиесілі жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, банк шоттарындағы ақша қаражатына тыйым салынсын", - делінген құжаттта. Бұл сот қаулысын дереу орындау қажет екені де көрсетілген. Құсайынов кім немесе Назарбаевқа компания қалай "сыйға берілді"? Айдарбек Құсайынов - Назарбаевтар отбасына және "Алтын Орда" ісіне қатысты сот істерінде жиі аталған есім. Еске салайық, "Алтын Орда" - Алматыдағы ең үлкен базар. Онда киім-кешек, ойыншық, техника, үйге арналған тауар сатылады. Ұзақ уақыт бұл базар "Болат Назарбаевтың базары" деп аталды. Ондағы заңбұзушылықтарға да көпке дейін көз жұма қаралған. Мәселелер туралы Қаңтар оқиғаларынан кейін ғана айтыла бастады. 2022 жылғы ақпанда Президент Тоқаев тәртіп орнатуды тапсырды. Тексерістер басталып, кейін "Алтын Орда" туралы Парламент мінберінен де сөз айтылды. Алайда "Алтын Орда" әрдайым Болат Назарбаевқа тиесілі болмаған. 2013 жылға дейін оның базарға қатысы жоқ еді. Сол кезеңде Айдарбек Құсайынов Kurylys LTD компаниясының 39 пайызын иеленген (мәтінде бұл бақылау пакеті делінген). Дәл осы компанияға "Алтын Орда" базары тиесілі болған. Ал 2013 жылы қызық басталады. Сот материалдарына сай, компания айналасында Серік Апсапаров есімді адам пайда болады. Ол сыбайластарымен бірге базарды басып алып, оны Болат Назарбаевтың атына жаздыруды мақсат еткен. Бұл қалай болған? Алдымен Апсапаров Құсайыновтан басқа акционерлердің үлесін (жалпы 60 пайыз) тартып алуға тырысқан. Ол базарды іс жүзінде басып алған: басқарушының кеңсесіне кіріп, оны қуып шыққан, акционерлерге қорқытып-үркіту жасаған, қысым көрсеткен. Нәтижесінде 60 пайыз үлес иелері өз үлестерін Болат Назарбаевқа "сыйға берген". Осылайша ол базардың негізгі бөлігін иемденген. Кейін Апсапаров Құсайыновты да қорқытып, ол өз үлесін 1,3 миллион долларға сатуға мәжбүр болған, ал шын құны одан 30 есе қымбат еді. 2013 жылдың жазында Болат Назарбаев құны 3,4 миллиард теңге болатын базардың жалғыз иесіне айналды. 2023 жылы сотта Серік Апсапаров кінәсін мойындап, "өкініш" білдіреді. Ол рейдерлік бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленбестен 3 жылға шартты жазаға кесіледі. Үлесті қайтару және ақша өндіру әрекеттері Айдарбек Құсайынов Алматы облысының экономикалық тергеу департаментіне тергеу бастауды талап етіп жүгінген. Өтініші қабылданғанымен, көп ұзамай базар Болат Назарбаевтың сенімхаты арқылы сатылып кеткен. Осыдан кейін Құсайынов Назарбаевқа және базармен байланысты компанияларға қарсы соттасуды бастайды. Ол өз үлесін қайтарып, моральдық зиян, жіберіп алған пайда және басқа да өтемақыларды өндіруге тырысқан. Мысалы, 2023 жылы Құсайынов Болат Назарбаевқа, Kurylys LTD компаниясына және тағы бірнеше компанияға қарсы талап арыз береді. Сотта ол "Алтын Орда" базары жылына 12–15 миллиард теңге табыс табады деп мәлімдеген. Бұрынғы иесінің айтуынша, өз үлесінен айырылғандықтан (оны шамамен 5 миллиард теңге деп бағалаған) ол жылдар бойы табыс алмады. Нәтижесінде Құсайынов 10 жылда шамамен 50 миллиард теңге пайдадан айырылдым деп есептеген. Сотта ол мыналарды талап еткен: Болат Назарбаевтан моральдық зиян үшін 5 млрд теңге; Kurylys LTD-дан қарыз ретінде 10 млрд теңге; Назарбаевтан және байланысты компаниялардан бірлесіп жіберіп алған пайда үшін 34 млрд теңге; Базардың бұрынғы директорынан және тағы екі компаниядан жіберіп алған пайда үшін 5 млрд теңге; Іс фигуранттарының бірінен жіберіп алған пайда үшін 10 млрд теңге; Өз үлесінің сатылуын және Болат Назарбаевтың базарды үшінші тұлғаға қайта сатуын жарамсыз деп тану. Талапкер әр талабын егжей-тегжей түсіндірген. Мысалы, моральдық зиян туралы талабын былай негіздеген: "Талапкер жауапкер Назарбаев Б.А.-дан 5 000 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян өндіруді сұрап, жауапкердің оған күш қолдану арқылы қорқытқанын және психологиялық қысым көрсеткенін, соның ішінде қылмыстық іс қозғатумен қорқытқанын көрсеткен", — делінген. Алайда сот Болат Назарбаевтың әрекетінде Хұсайыновқа моральдық зиян келтіргенін дәлелдейтін айғақ жоқ деді. Сондай-ақ Назарбаев Хұсайыновтың өзімен және "Алтын Орда" айналасындағы жағдаймен байланысты істердің ешқайсысында фигурант емес деп көрсетілген. Нәтижесінде сот Айдарбек Хұсайыновтың талабын толық қанағаттандырудан бас тартты, ұсынылған дәлелдер талаптарды растамайды және талап қою мерзімі өтіп кеткен деді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Сербияның президентін құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мереке серб халқының ұлттық бірлікке, дербестік пен дәйекті дамуға ұдайы бейіл екенін көрсетеді. Жеделхатта еліміздің Сербиямен шынайы достыққа және ортақ ұмтылысқа негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны жазылған. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Сербия халқына бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Олимпиада-2026: 15 ақпанда кім және қашан өнер көрсетеді? 15 ақпанда Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың төрт түрінен бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 14:00-де тау шаңғысы бойынша жарыстар басталады - алып слаломда Александра Скороходова өнер көрсетеді. Жүлдегерлер 17:30-да анықталады, ал тікелей эфирді Qazsport арнасынан көруге болады. 14:30-да ерлер арасындағы параллель могулда 1/16 финалда фристайлшы Павел Колмаков жарысын бастайды. 1/8 финал 15:00-де, ширек финал - 15:20-да, жартылай финал - 15:35-те, финал - 15:46-да өтеді. Тікелей эфирді "Хабар" телеарнасы көрсетеді. 15:15-те биатлоншылар арасында 12,5 шақырымға қуу жарысы (пасьют) өтеді, онда Қазақстан атынан Владислав Киреев қатысады. Тікелей эфирді Qazsport арнасы көрсетеді. 21:03-те конькимен жүгіруде әйелдер арасында 500 метр қашықтағы жарыс өтеді - Қазақстаннан Арина Ильященко мен Кристина Силаева бақ сынайды. Трансляция Qazsport арнасынан көрсетіледі. Қазір Қазақстан 2026 жылғы қысқы ойындарда бір медаль жеңіп алды - мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың алтыны. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтауда бір ай бұрын жоғалып кеткен 38 жастағы әйел өлі табылды Әлеуметтік желілерде биыл 30 қаңтарда жоғалып кеткен 38 жастағы Ақтау тұрғынының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. Полиция департаменті әйелдің қаза болғаны туралы ақпаратты растады. Өлімнің нақты себебі, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Құқық қорғау органдары соңғы қорытындыларды кейінірек жариялайтындарын мәлімдеді. Ақтау тұрғыны 30 қаңтарда 35-шағынауданда орналасқан үйінен шығып, із-түзсіз жоғалған. Полиция қызметкерлері тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
15, 16 және 17 ақпанда ауа райы қандай болады? Қазгидромет Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 15, 16 және 17 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана 15 ақпанда елордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік бағытта, секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде -21…-23°, күндіз -6…-8°. 16 ақпанда синоптиктер көшпелі бұлтты, күндіз қар аралас жаңбыр, бұрқасын және көктайғақты болжайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады: түнде 2–7, күндіз 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде -10…-12°, күндіз -2…0°. 17 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде -3…-5°, күндіз шамамен 0°. Алматы 15 ақпанда көшпелі бұлтты болуы мүмкін, түнде жаңбыр мен қар жауады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, 2–7 м/с. Температура түнде -2…-4°, күндіз +5…+7°. 16 ақпанда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Температура түнде -1…+1°, күндіз +9…+11°. 17 ақпанда көшпелі бұлтты болуы мүмкін, түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Түнде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Температура түнде +0…+2°, күндіз +10…+12°. Шымкент 15 ақпанда синоптиктер көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райын болжайды. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Температура түнде +2…+4°, күндіз +15…+17°. 16 ақпанда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Температура түнде +6…+8°, күндіз +13…+15°. 17 ақпанда көшпелі бұлтты болуы мүмкін, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°, күндіз +12…+14°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Майқайыңда екі мәйіт табылды: жаңа дерек айтылды Павлодар облысында көрші орналасқан екі үйден ұзақ уақыт жатқан екі мәйіт табылды. Оқиға бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды. Үйлердің бірінде кәмелетке толмаған бала болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұмдық оқиға туралы ақпарат 13 ақпанда шықты. Майқайың кентінде ер адам мен әйел адамның мәйіті табылған. Алдын ала деректер бойынша, олардың бірінің шамамен екі жыл бұрын, екіншісі бірнеше ай бұрын қаза болуы мүмкін. Бұл дерек бойынша Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Жергілікті тұрғындар мәйіттердің бірі қарт әйел тұрған үйден, екіншісі - көрші үйден табылғанын айтты. Болжам бойынша, марқұмдар оның туыстары - күйеуі мен қызы болуы мүмкін. Бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ. Дәрігерлерді отбасы мүшелерінің бірі ұзақ уақыт бойы қабылдауға келмей жүргені алаңдатқан. Мекенжайға барған кезде ешкім есік ашпаған. Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенева үйлердің бірінде анасы мен кішкентай қыз бірге тұрғанын айтты. "Қазір бала ауруханаға орналастырылды, әрі қарай оны ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала ретінде Екібастұздағы балаларды қолдау орталығына анықтау мәселесі шешіледі", - деп түсіндірді Шакенева. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, туыстарының қалауы бойынша қыз балабақшаға бармаған. "Қыз мектепте де оқымаған, себебі оқу жылының басында оның жасы небәрі беске толған еді. Қазір медициналық көрсеткіштер бойынша дені сау, сырт көзге қандай да бір ауытқуы байқалмайды. Онымен балалар психологы жұмыс істеп жатыр", - деп қосты Сәуле Шакенева. Бұған дейін Майқайың кентінің тұрғындары отбасы бөгде адамдарды үйіне кіргізбейтінін хабарлаған. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Сенсация жасаған спортшы“: Шетелдік БАҚ Михаил Шайдоров туралы не дейді? Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жеке сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Оның жеңісі турнирдегі ең көп талқыланған оқиғалардың біріне айналып, халықаралық БАҚ-та кеңінен жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БАҚ не дейді? The New York Times басылымы Instagram-парақшасында жазба жариялады. "Қазақстандық Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жеке мәнерлеп сырғанаудың ақтық сынында сенсация жасап, алтын медаль жеңіп алды және АҚШ құрамасының көшбасшысы Илья Малининді басып озды", - деп жазады басылым. БАҚ дерегінше, Шайдоров тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада чемпионы атанды. Америкалық The Athletic те 2026 жылғы Олимпиадада қазақстандық Михаил Шайдоровтың алтын алуына қатысты мақала жарияланған. Басылым Instagram-да мақаладан үзінді жариялап, Малининнің бағдарламасын талдаған. "Бәрі аяқталған кезде Илья Малинин алтыннан айырылғанын түсінді. Күмістен де. Қоладан да. Нәтижесінде басты фаворит саналған спортшы, 21 жастағы америкалық Малинин ерлер арасындағы жеке сырғанауда жүлдесіз қалды", - деп жазды басылым. Авторлардың пікірінше, Малинин қобалжуды еңсере алмаған. "Quad God" сегізінші орын алды да, олимпиада дебютінде құлады. Михаил Шайдоров Қазақстанға қысқы Олимпиададағы тарихи екінші алтынды еншіледі", - делінген жарияланымда. Ал беделді The Guardian мынадай тақырыппен материал шығарды: "Илья Малинин екі рет құлады, ал қазақстандық Шайдоров сенсация жасап, Олимпиада алтынын жеңіп алды". "Ерікті бағдарлама алдында сөзсіз фаворит болған 21 жастағы америкалық Олимпиада титулын қазақстандық Михаил Шайдоровқа беріп қойды. Бұл сырғанаудағы ең ірі сенсациялардың бірі ретінде аталып жатыр", - деп жазады мақалада. Өз кезегінде SBS Sport та қазақстандықтың жеңісі туралы жазба жариялады. "Шайдоров 2025 жылы әлемдік деңгейде өзін танытып, мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді, ал одан кейінгі Олимпиададағы жеңіс - мүлде жаңа деңгей", - делінген постта. Тарихи алтын Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өткен 2026 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы 5-орында болды (92,94 ұпай). Алайда еркін бағдарламада 198,64 ұпай жинап, жалпы 291,58 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Бағдарламада ол бес төрттік секіру орындады. Күміс медальді Жапония спортшысы Юма Кагияма (280,06 ұпай), қола медальді оның отандасы Шун Сато (274,90 ұпай) иеленді. Бұл жеңіс Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиада ойындарындағы екінші алтын медаль және мәнерлеп сырғанаудағы алғашқы алтын болды. Еске салайық, қысқы Олимпиададағы алғашқы алтынды Қазақстанға 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов алып келген. Бұған дейін Қазақстан үшін Олимпиададағы мәнерлеп сырғанаудан ең үздік нәтиже 2014 жылы Денис Тен жеңіп алған қола медаль еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жаңа Конституцияда не өзгерді?“: Астанада “Референдум–2026“ онлайн-марафоны өтіп жатыр Астанада жаңа Конституция жобасына арналған "Референдум–2026" онлайн-марафоны өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іс-шара ашық ақпараттық алаң форматында ұйымдастырылған, онда құжаттың негізгі ережелері түсіндіріліп жатыр. Марафон алты сағатқа созылады. "Ток-шоу" және "Сараптама: бұрын және қазір" алаңдарында шамамен 100 спикер Конституциядағы басты өзгерістерді талқылап жатыр. Назардың негізгі бағыттары: адамның мемлекеттік саясаттағы рөлі, заң мен тәртіп қағидаты, отбасы және неке мәселелері, ұлттық мәдениетті дамыту, Құрылтайдың қызметі, сондай-ақ, экологиялық жауапкершілік пен волонтерлік тақырыптары. Сондай-ақ, ұсынылған түзетулердің азаматтардың өміріне қалай әсер етуі мүмкін екені жеке қарастырылып жатыр. Марафон барысында ел тұрғындарының қандай ұсыныстары жаңа мәтінге енгізілгені және қоғамдық пікір ескерілгеннен кейін құжат редакциясы қалай өзгергені де айтылып жатыр. Спикерлер қатарында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Мұрат Әбенов, Асхат Аймағамбетов, Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Басқару институтының директоры Куралай Садықова, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева және басқа да сарапшылар мен қоғам өкілдері бар. Іс-шара YouTube пен Facebook желілерінде республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың тікелей эфирінде көрсетіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Түсе алмай қалды“. Алматы тауында 67 жастағы турист әйел құтқарылды Алматының құтқарушылары тауда зардап шеккен 67 жастағы турист әйелге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 112 жедел қызмет нөміріне Бутаков шатқалы маңында, теңіз деңгейінен 2000 метрден биікте әйел зардап шеккені туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол құлап, сан сүйегінен ауыр жарақат алып, өздігінен әрі қарай жүре алмаған. Зардап шеккен адамға көмекке Құтқару қызметінің құтқарушылары, Алматы қаласы ТЖД-ның 23-ші әмбебап құтқару бөлімшесінің қызметкерлері және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері шықты. "ТЖМ-нің жоғары өтімді арнайы көліктерін пайдалану әрекет ету уақытын барынша қысқартуға мүмкіндік берді. Хабарлама түскен сәттен бастап 30 минутқа жетпей-ақ зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - деп мәлімдеді ТЖМ. Құтқарушылар зардап шеккен әйелді тау беткейінен төмен түсіріп, әрі қарай ауруханаға жеткізу үшін медицина қызметкерлері бригадасына тапсырды. Онымен бірге болған қызы да апаттық-құтқару көлігімен эвакуацияланды. Айта кетейік, бұған дейін сарапшы Дамир Ермағамбетов кейінгі уақытта "тауға шығу сәнге айналғанын" атап өткен еді. Көпшілік мұны серуен ретінде қабылдайды, алайда шын мәнінде тауға шығу арнайы дайындықты талап етеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Құжаттарды дайындап қойыңыздар“: ҰАТ қазақстандықтарға ескерту жасады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Техникалық жұмыстар Компания өз сервистері мен жобаларын жақсарту бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізетінін мәлімдеді. Осы жаңартулар аясында техникалық жұмыстар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. "Осыған байланысты 14 ақпанда сағат 21:00-ден 15 ақпанда 08:00-ге дейін АО "ҰАТ" сүйемелдейтін жобалардың аз уақытқа қолжетімсіз болуы мүмкін. Ықтимал қолайсыздықтардың алдын алу үшін барлық қажетті операцияны алдын ала аяқтауды және көрсетілген кезеңде қажет болуы мүмкін болса, құжаттардың түпнұсқаларын дайындап қоюды ұсынамыз", - делінген хабарламада. Компанияның баспасөз қызметі техникалық жұмыстар кезеңінде цифрлық құжаттар 00:00-ден 02:00-ге дейін ішінара қолжетімсіз болуы мүмкін екенін нақтылады. Сонымен қатар, 21:00-ден 00:00-ге дейін электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу кезінде шектеулер болуы ықтимал. Ал eGov порталы қалыпты режимде жұмыс істейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ұлттық қорғаныс университетінің басшысын тағайындады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қорғаныс университетінің басшысын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Садықұлы Әбжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. Бауыржан Әбжанов туралы не белгілі? Әбжанов Бауыржан Садықұлы 1968 жылы 10 сәуірде Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола) Еңбекшілдер ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген. 1990 жылы КСРО ІІМ Новосибирск жоғары әскери командалық училищесін, 1998 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының академиясын, 2013 жылы Мәскеу қаласында үздік бітірді. Мансап 1990 жылдан бастап 2012 жылға дейін взвод командирінен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер құрамасының командиріне дейінгі түрлі лауазымдарда қызмет етті. 1988 жылғы маусымнан бастап 1989 жылдың қаңтар айына дейін және 1989 жылдың маусымынан шілде айына дейін Кавказ республикаларында этникааралық қақтығыстарды реиттеуге қатысты. 2012 жылғы тамыздан 2013 жылғы шілдеге дейін - Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы, Мәскеу қаласы. 2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы маусымға дейін - Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы. 2014 жылғы маусымнан 2016 жылдың тамызына дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы. 2016 жылғы қыркүйектен 2018 жылдың қаңтарына дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Әскери Кеңесінің хатшысы. 2018 жылғы қаңтардан бастап қараша айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығының Әскери Кеңесінің хатшысы - инспекторлық-сараптау басқармасының бастығы. 2018 жылғы қарашадан бастап шілде айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академияның бастығы, Петропавл қаласы. 2022 жылғы 14 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары. Ішкі істер министрлігінің Құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы және КСРО-ның 27 медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен генерал-майор әскери атағы берілді. Генерал-майор Б.С.Әбжанов философия ғылымдарының PhD докторы, Әскери ғылым Академиясының профессоры. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Екі облыста көлік қозғалысы уақытша шектелді Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облысы 14 ақпанда сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты төмендегі учаскелерде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді: "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолы: 955–1121 км (Жамбыл облысының шекарасынан Күрті ауылына дейін); "Қонаев – Күрті" автожолы: 0–67 км (Қонаев қаласынан Күрті ауылына дейін). Жамбыл облысы Сондай-ақ, 14 ақпанда сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 893–955 км аралығы ( Бурылбайтал ауылынан Алматы облысының шекарасына дейін) барлық көлік түріне уақытша жабылды. Қозғалыс шамамен 15 ақпан, сағат 07:00-де қайта ашылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Наурыздағы ҰБТ: Министрлік маңызды хабарлама жариялады 15 ақпанда наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Өтінішті 25 ақпанға дейін беруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тіркелу тәртібі ҰБТ-ға Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Тестілеу 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Наурыздағы ҰБТ-ға ақылы негізде күндізгі бөлімге шартты түрде оқуға қабылданғандар, былтырғы түлектер және колледж бітірушілер, Қазақстан азаматтығы жоқ, бірақ қазақ ұлтының өкілдері, шетелде оқыған Қазақстан азаматтары, бөлімге түскісі келетін мектеп түлектері қатыса алады. Өтініш беру кезінде қатысушылар тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. ҰБТ форматы 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер бұрынғыша үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. Тапсырмалардың жалпы саны - 120: "Қазақстан тарихынан" 20, "Оқу сауаттылығынан" 10, "Математикалық сауаттылықтан" 10, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан. Ең жоғары нәтиже - 140 балл. Биыл Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге болашақ мамандық пен оқу бағытын таңдауға көмектесетін EDUNAVIGATOR.KZ кәсіби бағдар беру платформасын іске қосты. Дайындық сапасын арттыру үшін сынақ тесттері қолжетімді. Орталықтың ресми сайтында көмекші материалдар орналастырылған: ұсынылатын әдебиеттер тізімі, Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихынан 100 негізгі дата, информатика бойынша терминдер тізімі, сондай-ақ қазақ және орыс әдебиетінен міндетті шығармалар тізімі. Тестілеу кезінде талапкерлерге калькулятор, химиялық элементтердің период кестесі және тұздардың ерігіштік кестесі беріледі. ҰБТ ұзақтығы - 4 сағатты (240 минут). Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут уақыт қарастырылған. Еске салайық, қаңтардағы ҰБТ–2026-ны шамамен 184 мың адам тапсырды. Олардың 75 пайызы тестілеуді қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде тапсырды, тағы 113 талапкер ағылшын тілін таңдаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ернар Айдардың видеосынан жол ережесін өрескел бұзғаны байқамалмады - полиция Танымал әнші Ернар Айдар видео түсіріп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған еді. Кейін ол жүргізуші куәлігінен айырылмай, тек айыппұлпен құтыла салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Видеода әншінің көлігі қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қозғалыс жолағына қарсы шыққаны байқалады. Полиция әншіге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оған мына баптар бойынша айып тағылған: 615-бап, 1-бөлік - жаяу жүргіншілер және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол ережесі талаптарын орындамауы; 597-бап, 1-бөлік - көлікті тоқтату немесе қою қағидаларын бұзу (оның ішінде электр қуаттау станциясы бар орындарда); 601-бап, 1-бөлік - жол белгілері немесе жолақ (разметка) талаптарын сақтамау. Осы шешім көпшіліктің күмәнін тудырды. Оқырмандардың бір бөлігі мұндай әрекет үшін жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған деп есептейді. Еске салайық, ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігіне сәйкес, ереже бойынша тыйым салынған жағдайда қарсы жолаққа шығу 6 айға жүргізуші құқығынан айыруға әкелуі мүмкін. ІІМ не дейді? Редакция ІІМ-нен "Неге Ернар Айдарға 596-баптың 3-бөлігі қолданылмады?" деген сауал жолданды. Ведомство мәліметінше, материалдарды қарау барысында бұл бапқа сай құқықбұзушылық белгілері анықталмаған. "Қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі немесе осы бапқа кіретін басқа да бұзушылықтар тіркелмеді", - деп түсіндірді ІІМ. Әнші қанша айыппұл төлейді? Жалпы айыппұл сомасы нақты айтылмады. Дегенмен хаттама қай баптармен толтырылғаны белгілі болғандықтан, айыппұлды шамалап есептеуге болады: тоқтау/тұрақ ережесін бұзу - 5 АЕК; жол белгілері немесе разметка талаптарын сақтамау - 3 АЕК; өзге қатысушылардың жол ережесі талаптарын орындамауы - 2 АЕК. Барлығы: 10 АЕК. 2026 жылы бұл 43 250 теңге. Тұтас сызықты кесіп өткені үшін жазадан қалай құтылуға болады? Егер тұтас сызық анық көрінбесе, айыппұлды даулауға мүмкіндік бар. ӘҚБтК-нің 741-бабы 2-бөлігіне сай, егер жолақ: өшіп қалған болса, нашар көрінсе, МемСТ талаптарына сай болмаса, онда іс тоқтатылуы мүмкін, өйткені құқықбұзушылық құрамы болмайды. Сондай-ақ, 2024 жылғы 6 мамырдан бастап Қазақстанда жаңартылған жол ережелері күшіне енгені еске салынды: онда бір тұтас сызықты кесіп өту де әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарастырылып, кей жағдайда 596-бап бойынша 6 айға дейін жүргізуші құқығынан айыруға дейін алып келуі мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Головкин Олимпиада жүлдегері Михаил Шайдоровты құттықтады Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында тарихи алтын жеңіп алған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Олимпиада чемпионымен әңгіме барысында Головкин медаль барлық есікті ашпайтынын, ал мұндай үлкен жетістіктен кейін ең маңыздысы - адамдық қасиеттерді сақтап қалу екенін атап өтті. "Енді сен Олимпиада отбасындасың. Бірақ бұл медальдің да кері жағы бар - даңқтың сынағы. Адам болып қал. Олимпиада чемпионы болу - үлкен жауапкершілік... Алтын - бұл сенің еңбегіңнің нәтижесі. Бірақ ол сені адам ретінде айқындамайды. Тұлға ретінде қалыптасу үшін, сен өзіңді дәл адамдық қасиеттерің арқылы танытуың керек. Бұл (медаль - еск.) бүкіл есікті аша бермейді", - деді Головкин. Ал мәнерлеп сырғанаушы қазақстандықтарға қолдауы үшін тағы да алғыс айтып, күш бергенін мойындады. "Бүкіл Қазақстанға көп рақмет айтқым келеді. Өйткені қаншама пікір жазылды, бәрі маған қысым болады деп ойлады, бірақ керісінше, бұл мені қатты жігерлендіріп, күш берді. Мен тек күрескім келді және аяғына дейін күрестім", - деп түсіндірді Шайдоров. Еске салайық, қазақстандық спортшы қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында болған, алайда еркін бағдарламада үлкен басымдықпен жеңіске жетіп, барлық қарсыласын басып озды. Жалпы қорытындыда Қазақстан өкілі 291,58 ұпай жинап, жеке рекордын орнатты. Шайдоровтың алтыны осы Олимпиададағы Қазақстанның алғашқы медалі әрі осы спорт түрінен ел тарихындағы екінші жүлде атанды. Алғашқы медальді 2014 жылы Денис Тен алған еді. Сонымен қатар, Олимпиада ойындарының бүкіл тарихында Шайдоров Қазақстаннан алтын медаль алған екінші спортшы болды. Бұған дейін мұндай жетістікке тек шаңғышы Владимир Смирнов 1994 жылы қол жеткізген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодар облысында ұзақ уақыт жатқан екі мәйіт табылды Павлодар облысында бір-біріне көрші екі үйден ұзақ уақыт жатқан екі мәйіт табылды. Полицейлер тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жергілікті арналар жазды. Мәліметке сәйкес, мәйіттер Майқайың кентінде табылған. Алдын ала деректер бойынша, табылғандардың біреуі шамамен екі жыл бұрын, ал екіншісі бірнеше ай бұрын дүние салуы мүмкін. Павлодар облысы Полиция департаменті оқиға туралы ақпаратты растады. "Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын объектив зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді ведомство. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мәйіттердің бірі қарт әйелдің үйінен, екіншісі көрші үйден табылған. Олардың сөзінше, бұл әйелдің туыстары - қызы мен күйеуі болуы мүмкін. Алайда бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталған жоқ. Кент тұрғындары отбасы оқшау тұрып, бөгде адамдарды үйіне кіргізбегенін айтты. Қарт әйелмен бірге кәмелет жасына толмаған немересі тұрған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство өңір басшысының орынбасары ұсталды деген ақпаратқа қатысты редакция сауалына жауап берді. Бұған дейін кейбір Telegram-арналарда облыс әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деген ақпарат тараған еді. "Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген ҰҚК-нің жауабында. Айта кетейік, Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2024 жылғы шілдеде тағайындалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сенсация жасаған Михаил Шайдоров туралы не белгілі? Қазақстандық Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жеке сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы туралы не белгілі? Tengrinews.kz материалында. Қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров 5-орында болған, алайда еркін бағдарламаны мінсіз орындап, жалпы 291,58 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды. Екінші орынға Жапония өкілі Юма Кагияма, ал үшінші орынға тағы бір жапониялық Шун Сато ие болды. Михаил Шайдоров туралы не белгілі? Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан көшбасшысы атанған Шайдоров 2004 жылы Алматыда дүниеге келген. Бала күнінде спортқа әкесінің арқасында келген, ал 2018 жылдан бері оның тәлімгері - Олимпиада чемпионы Алексей Урманов. 2022 жылы Шайдоров жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алды: ол тек Илья Малининге ғана жол берді, әрі қысқа бағдарламадан кейін 8-орында тұрған. Үш жылдан соң осы жағдай ересектер арасындағы әлем чемпионатында да қайталанды, Шайдоров тағы да күміске қол жеткізді, ал америкалық спортшы чемпион атанған. Бұдан бөлек, Шайдоровтың еншісінде Төрт құрлық турниріндегі жеңіс және Денис Тен мемориалындағы екі алтын бар. Фото: ҰОК / Сали Сабиров Айта кетейік, ресейлік БАҚ кейде Шайдоровты "бұрын Ресей азаматы болған" деп атап жатады. Бірақ бұл ақпаратты спортшы да, ұлттық құраманың бас бапкері Асем Қасанова да жоққа шығарған. "Нақтылай кетейін. Миша Алматыда туған. Біз оның әкесі Станислав Шайдоровпен және өзге балалармен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Адольф Киреевтің қарамағында Алматыдағы №6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттыққанбыз", - деп атап өткен ол Tengri Sport-қа берген сұхбатында. Михаил Шайдоровтың бұл алтыны - Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиададағы екінші алтын. Алғашқысы 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов жеңіп алған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сенсация! Қазақстандық Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қысқа бағдарламадан кейін ол 5-орында тұрған. Жүлдеге ілігу үшін қарсыластарынан 9,6 ұпай айырмашылықты қуып жетуі керек еді. Еркін бағдарламада Шайдоров төрттік лутцте аздап мүлт кеткенімен, қалғанын таза орындап шықты. Бұған дейін БАҚ оның төрттің орнына бес төрттік секіретінін жазып жүрген, ол мұны сәтті орындады. Нәтижесінде ол жалпы есепте 291,58 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Екінші орынға үміткер жапониялық Юма Кагияма еркін бағдарламада бірнеше қателік жіберіп, қысқа бағдарламадан кейінгі 11 ұпайлық басымдығынан айырылды. Ал АҚШ-тың әлем чемпионы Илья Малинин бірнеше рет құлап, Шайдоровтың екі бағдарламаның қорытындысы бойынша алға шығуына жол берді. Бұл алтын - Қазақстанның 2026 жылғы қысқы Олимпиададағы алғашқы медалі. Бұған дейін Қазақстаннан мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдесін алған жалғыз спортшы - Денис Тен, ол Сочидегі Олимпиадада қола жүлде иеленген. Айта кетейік, Миландағы Олимпиадада Қазақстан атынан Софья Самоделкина да өнер көрсетеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан: Созақ ауданы алғаш рет табиғи газ желісіне қосылып, тұрғындар “көгілдір отынмен“ қамтылды Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газбен жабдықтау желілерін іске қосу салтанатына қатысты. Облыс басшысы аудан тұрғындарын тарихи оқиғамен құттықтап, бұл күннің айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Өйткені тарихта тұңғыш рет Созақ ауданына табиғи газ беріліп отыр. "Бүгін Сіздермен қарт Қаратаудың баурайындағы Созақ ауданында тарихи сәтте жолығып тұрмыз. Тарихи дейтін себебіміз – Шолаққорған ауылында табиғи газбен жабдықтау желілері іске қосылып, осындағы елдің арманы орындалып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың өмір сүру сапасын арттырып, ауылдық елді мекендерді әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Газбен қамту бойынша 2025 жылы облысымызда 87 нысанның құрылысы қолға алынды. Соның ішінде 45 жобаның құрылысы аяқталып, 70 мың халқы бар 41 елді табиғи газбен қамтылды. Өткен жыл қорытындысымен 606 елді мекен газбен қамтылып, 1,9 миллионнан астам тұрғын "көгілдір отынның" игілігін көрді. Бүгін іске қосылған жоба – сол жұмыстардың нақты нәтижесі. Созақтағы АГТС-ы бар магистральды газ құбырының маңызы айрықша. Себебі бұған дейін облысымыздың барлық аудан, қаласы газбен қамтылса, тек Созақта ғана бұл мәселе шешілмеген еді. Мінеки, игілікті іс осында да жалғасты. Енді Созақ тұрғындары да газдың игілігін көріп, тұрмыс сапасын жақсартады. Сонымен бірге экологияны жақсартуға, инвестиция тартып, кәсіпкерлікті дамытуға жол ашылады, – деді Нұралхан Көшеров. Созақтықтар игі бастамаға мұрындық болып, жүзеге асырған облыс, аудан әкімдеріне, "QazaqGaz" АҚ-на ризашылықтарын білдірді. Салтанатты шара барысында Шолаққорған ауылдық округіндегі табиғи газ желілері ресми түрде іске қосылып, тұрғын үйде газ жағу рәсімі өткізілді. Жобаның жалпы құны 4,1 млрд теңгені құрайды. Құрылыс мерзімі 2019 жылы басталып, 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Жобаның қуаттылығы – 30 000 м³/сағат. Бұл жоба толық іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылдық округіндегі 4600 тұрғын үй табиғи газбен қамтылады. Бұл халықтың тұрмыс сапасын арттырып, экологиялық жағдайды жақсартуға және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына оң әсерін тигізеді. Аталған АГТС арқылы ауданның қалған елді мекендері де газбен қамтылады.
Тоқаев АҚШ елшісін қабылдады Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ, жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды. Елші президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты. Джули Стаффт елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум табысты өтуіне тілектестігін білдірді. Әңгімелесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасы қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құрылым тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен халықаралық диалогті ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы қажет деп санайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК-ге жаңа өкілеттік берілді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) жаңа өкілеттіктер берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы ҰҚК туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Құжат дерегінше, ведомствоның ақпараттық қауіпсіздік және аса маңызды инфрақұрылымды бақылау салаларында өкілеттігі кеңейеді. Не өзгерді? Жарлыққа сәйкес, ҰҚК туралы ереженің 1-тармағының жаңа редакциясы бекітілді. Енді комитет Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын арнайы мемлекеттік орган екені нақты көрсетілген. ҰҚК барлау, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады, Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуді, үкіметтік байланысты және шифрлау жұмыстарын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғауға жауап береді. Сонымен қатар, комитеттің елдегі мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган екені жеке нақтыланған. Ақпараттандыру саласындағы ҰҚК-нің жаңа функциялары Құжатқа сәйкес, ҰҚК ақпараттандыру саласында мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша қосымша өкілеттіктерге ие болды. Бұл ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты. Сондай-ақ, ҰҚК-ге мынадй құқықтар берілді: аса маңызды объектілердің ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы заңнама бұзушылықтары анықталған жағдайда нұсқама беру; орындалуы міндетті нұсқамалар жолдау; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалану салаларында берілген рұқсаттар бойынша тексерулер жүргізу. Тексерулер біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігін анықтау үшін, сондай-ақ, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жоспардан тыс тәртіпте жүргізіледі. Президенттің жарлығы қол қойылған күнінен бастап, яғни 9 ақпаннан бастап күшіне енеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО әкімдігі Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы қауесетке жауап берді Желіде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға қатысты өңірлік әкімдігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдіктің жауабы Біз бұл мәселе бойынша өңірлік әкімдікке пікір сұрап жүгіндік. "Әкімдікте бұл лауазымды тұлғаға қатысты қандай да бір мәлімет жоқ. Желіде тарап жатқан ақпарат ресми дереккөзбен расталмаған. Ол денсаулық жағдайына байланысты уақытша демалыс алған", – деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Редакция тілшісі шенеунікпен байланысуға тырысты, алайда ол қоңырауларымызға жауап берген жоқ. Сонымен қатар, редакция жағдайға қатысты пікір алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады. Жақсылық Омар туралы не белгілі? 1980 жылы 28 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін; 2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін; 2018 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген.Мансап2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші, бас маманы; 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы; 2007-2009 жылдары "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ ақпараттық және аналитикалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары және "Арна медиа" Ұлттық ақпараттық холдингі" бас менджері; 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі; 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы; 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы; 2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары; 2018-2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі; 2024-04.04.2025 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңісшісі; 2025 жылғы сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Полиция “атыраулық хакердің” ісі бойынша жаңа деректерді жариялады Атырау облысының полиция департаменті өзін "хакермін" деп таныстырып, өңірдегі отбасының жоғалуы туралы өз нұсқасын таратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа мәліметтер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іс туралы не белгілі? Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық істің мән-жайын нақтылап берді. "2025 жылғы сәуірде полицияға алаяқтық дерегі бойынша төрт арыз түсті, соның негізінде қылмыстық іс қозғалды. Іс төрт эпизодты қамтиды және Жангелдин ауылындағы отбасының жоғалуына қатысы жоқ. Қазір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды, тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады ПД өкілдері. Құқық қорғаушылар "хакердің" Қазақстаннан 2025 жылғы сәуірінде-ақ кеткенін, әлеуметтік желілерде өзінің "тергеуін" жариялауды бұдан әлдеқайда кейін бастағанын атап өтті. "Хакер" Түркияда ұсталды деген нұсқа Редакцияға аноним оқырман хабарласып, "хакер" 2026 жылғы қаңтардың аяғында Ыстамбұлда (Түркия) ұсталған болуы мүмкін екенін айтқан. Редакция оның Instagram-парақшасын да қарап шықты. Жарияланған материалдарға қарағанда, кейінгі апталарда аккаунт жаңартылмаған, ал қаңтардың аяғынан бері жаңа жазбалар шықпаған. Дәл осы жайт кей қолданушылардың назарын аударған. Полиция не дейді? Редакцияның ресми сұрауына жауап берген полицияның баспасөз қызметі "хакер" әлі табылмағанын мәлімдеді. "Бұл тұлға алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру аясында халықаралық іздеуге жарияланған. Қазір полиция қызметкерлері күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешенін жүргізіп жатыр", - делінген жауапта. Атыраулық "хакер" кім? 2025 жылғы желтоқсанда Атырау облысында тұтас бір отбасының жоғалғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін әлеуметтік желілерде өзін "Атыраудан шыққан хакермін" деп атаған адам пайда болды. Ол болған оқиғаға қатысты өз "тергеуін" жүргізгенін мәлімдеді. Оның мәлімдемелері бар видео Instagram-да тарап, тез танымал болды. Бұған дейін ол күдікті ретінде марқұмдардың қызының күйеуін атаған. Оның нұсқасы бойынша, қарашаның ортасынан бастап отағасының телефоны тұрақты түрде қосылуын тоқтатқан. Сондай-ақ, өзін "хакер" деп таныстырған адам күдіктінің қарашада Түркияға барғанын, ол жақта отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банк картасы қолданылған болуы мүмкін екенін, кейін Қазақстан аумағында жүргенін мәлімдеген. "Хакердің" айтуынша, 9 желтоқсанда күдікті мен оның жұбайының SIM-карталарының белсенділігі Шымкентте тіркелген, содан кейін олар елден (Өзбекстанға) шығып кетуі мүмкін және кейін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен табылуы ықтимал. "Хакердің" мәлімдеуінше, өз "тергеуін" жариялағанға дейін, шамамен 2026 жылғы қаңтардың басында, болжамды күдіктілер Индонезияда болған. Атырау облысында жоғалған отбасының ісі Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әскерден босату: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады Әлеуметтік желілерде "әскерден қалдыру" немесе "ақ билет" алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы таратылып жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясы тарапынан қабылданатын түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап. Әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері делдалдар үшін де, шақырылушылардың өздері үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. "Ведомство азаматтарды күмәнді схемаларға қатыспауға және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) немесе медициналық комиссиялар арқылы "мәселені шешіп беруге" кепілдік береміз деп, азаматтарды жаңылыстыратын "әскери комиссариаттардың көмекшілерінің" айла-шарғыларына алданбауға шақырады", - делінген хабарламада. Мерзімді қызмет жастарға білім беру жеңілдіктері мен гранттар алу, кәсіби дағдыларды меңгеру, дене дайындығын нығайту секілді нақты мүмкіндіктер береді. "Сонымен қатар, мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде және қызметтен босатылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметшілер үшін кредиттік демалыс (несиелік каникул) тетігі қолданылады. Белгіленген мерзімді толық өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктері ұсынылады. Соның ішінде оларға студенттік жатақханадан орын алуға да басым құқық беріледі", - делінген сайтта. Сондай-ақ, жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай-ақ білім беру грантын алу мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға арналған сертификаттар мерзімді әскери қызмет өткерген 9 мыңнан астам қазақстандыққа берілді. Азаматтар шақыру комиссиясының шақыру қағазы бойынша жергілікті әскери басқару органдарына келуге міндетті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда мұнай мен алтын қоры қанша жылға жетеді? Қазақстанда мұнай, алтын және басқа да ресурстар қоры қанша жылға жетеді? Бұл сұраққа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналистер Қанат Ерубаевтан "Ресурстар "таусылғаннан" кейін Қазақстан қандай шаралар қабылдайды?" деп сұрады. "Шынымды айтсам, "қанша жылға жетеді" деген сұрақ дұрыс қойылмаған. Өйткені қандай жағдайда да барлау жұмыстары жүргізіледі, қор толықтырылып отырады, қосымша қорды көбейту үшін жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізіледі", – деп жауап берді ол. Дегенмен ол шамамен есептелген қор көлемі мен мерзімін айтты. "Шамамен айтсақ, пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік есебінде 4 миллиард тоннадан аса мұнай бар. Қазіргі өндіру көлемін сақтасақ, бұл қор шамамен 50 жылға жетеді. Ал алтынға келсек, мемлекеттік есепте, қателеспесем, 2,3 мың тонна алтын болған. Қазіргі өндіру көлемімен бұл қор бізге 37 жылға жетеді", – деді Қанат Ерубаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның тағы бір өңірінде мұнай барлау жоспарланып отыр Биылдан бастап Қазақстанның тағы бір өңірінде мұнай барлау жоспарланып отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Брифингте оған "Қостанай облысының Жангелдин ауданынан мұнай табылды деген ақпарат тарады. Оны өндіруге әлі ерте ме?" деген сұрақ қойылды. Қанат Ерубаевтың айтуынша, мұнай барлау үшін алдымен "болашағы бар тұзақтарды" анықтау қажет. "Бұл - күрделі жұмыс, бірақ оны жасау керек. Біздегі Солтүстік Торғай шөгінді алабы өте үлкен. Оның үстіне сол аумақта солтүстік көрші ел мұнай мен газ өндіреді. Бізде де сондай нысандарды табуға жағдай жеткілікті. Сондықтан осы аумақта (Қостанай облысында – ред.) сейсмикалық барлау жұмыстарын жоспарлап отырмыз", – деді ол. Комитет төрағасының міндетін атқарушының сөзінше, жұмысты 2026 жылы бастап, үш жыл ішінде аяқтау көзделіп отыр. Айта кетейік, Қазақстанда мұнай негізінен елдің батысында өндіріледі: ірі кен орындары да, негізгі инфрақұрылым да сол жақта шоғырланған. Мұнай өндіретін басты өңірлер – Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары. Сондай-ақ, Қызылорда облысында да аз көлемде мұнай өндіріледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “ҚазМұнайГаз“ басқарма төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның 2025 жылы атқарған жұмысы мен биылғы міндеттері жөнінде мәлімет берілді. Асхат Хасеновтің айтуынша, былтыр Қытайдың CNOOC және Sinopec компанияларымен Атырау облысындағы Жылыой және Батыс Қазақстан облысындағы Березовский жобалары бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшарттары жасалды. Turkish Petroleum Corporation, BP, Хорват көмірсутегі агенттігі секілді ірі халықаралық кәсіпорындар еліміздегі перспективті учаскелерді зерттеп жатыр. Президентке "ҚазМұнайГаз" компаниясы бұған дейін кең көлемде зерттелмеген және жіті көңіл бөлінбеген аумақтарда геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойғаны жөнінде баяндалды. 2025 жылы 8 іздеу ұңғымасын бұрғылау аяқталды, ал 2029 жылға дейін тағы 24 іздеу ұңғымасын бұрғылау жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі 900 миллион доллардан асады. Мемлекет басшысына ұсынылған есепке сәйкес 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай мен конденсат өндіру көлемі 26,2 миллион тоннаға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Бұдан бөлек, көгілдір отын өндіру көлемін жылына қосымша 2,3 миллиард текше метрге ұлғайту үшін Батыс Прорва, Орталық Өріктау және Рожков кен орындарында жұмыс жүргізіліп жатыр. Былтыр "ҚазМұнайГаздың" үш мұнай өңдеу зауытында 17,5 миллион тонна шикізат өңделді. Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі - 13,6 миллион тонна (2024 жылғы көрсеткіштен 1,2 миллион тоннаға артық). Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ химиясы мен газ өңдеу саласындағы жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысымен танысты. Маңғыстау облысында қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын "Кендірлі" теңіз суын тұшыту зауыты пайдалануға берілді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға және ірі инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруға қатысты міндет жүктеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты жаңа үкім шықты Алматыда алаяқтық үшін 10 жылға сотталған бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты тағы бір үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы 11 ақпанда Медеу аудандық №2 соты 45 жастағы Жолмановаға үкім шығарды. Ол ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша кінәлі деп танылды. Сотта бұрынғы судьяның алты жәбірленушіге жалпы сомасы 168 миллион теңгеден аса шығын келтіргені анықталды. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алайда 2025 жылғы 19 маусымда осы бап бойынша шыққан алдыңғы үкім (10 жыл) ескеріліп, түпкілікті жаза – орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жыл болып белгіленді. Яғни Жолмановаға тағайындалған негізгі жаза көлемі өзгеріссіз қалды. Іс бойынша алты жәбірленуші болған. Сот олардың үшеуінің азаматтық талап-арызын қанағаттандырды: Е.Р. – Жолмановадан 94 258 750 теңге материалдық шығын және 942 587 теңге мемлекеттік баж өндірілді. Қалған 16 млн теңге көлеміндегі талап бөлігі қараусыз қалдырылды. М.А. – талап толық қанағаттандырылып, 15 млн теңге шығын және 150 мың теңге мемлекеттік баж өндірілді. К.А. – талап толық қанағаттандырылып, 59 млн теңге материалдық шығын және 590 мың теңге мемлекеттік баж өндірілді. Сотталған адамға үкім заңды күшіне енген күннен бастап азаматтық талаптар бойынша шешімді 30 күн ішінде ерікті түрде орындау мерзімі берілді. Осы мерзім өткен соң өндіріп алу мәжбүрлі тәртіппен жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, сот Жолмановадан жәбірленушілерге өтемақы қорының пайдасына 2026 жылға арналған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 86 500 теңге мәжбүрлі төлем өндірді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Бұрынғы судья оны апелляциялық тәртіппен даулай алады. Еске салайық, 2025 жылғы 19 маусымда дәл осы Медеу аудандық №2 соты Жолманованы 10 жылға соттаған. Тергеу дерегінше, ол 2021–2024 жылдары тұрғын үй алып беруге және тендерлік жобаларға қатысуға көмектесемін деген желеумен азаматтарды алдап, сеніміне кіріп, 1 миллиард теңгеден аса қаржыны иемденген. Прокуратура мәліметінде тергеу барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, бір өндіріске біріктірілгені, іс ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыптау актісімен сотқа жолданғаны айтылған. Сондай-ақ, Жолмановаға қатысты 2021 жылы да қылмыстық іс қозғалғаны белгілі: ол кезде бұрынғы судья белгілі бір адамдарға "сот шешімін өз пайдасына шығарып беруге ықпал етемін" деген мазмұнда алаяқтық жасады деген күдік болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақшалай төлем немесе материалдық қолдау: eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет қосылды Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар енді әлеуметтік көмек алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Бұған дейін бұл мүмкіндік тек eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болатын. Енді өтінішті тікелей смартфоннан рәсімдеуге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ға сілтеме жасап. Әлеуметтік көмек – бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін ақшалай төлем немесе материалдық қолдау. Қызметтің мобильді форматқа көшуі мұндай көмекті алу процесін анағұрлым жеңіл әрі ыңғайлы етеді. Өтінішті кез келген уақытта және кез келген жерден беруге болады, ал рәсімдеу уақыты едәуір қысқарады. Әлеуметтік көмек қосымша қолдауға мұқтаж азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға, өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын егде жастағы азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғаларға, сондай-ақ табысы төмен отбасыларға көрсетіледі. "Өтініш беру процесі барынша автоматтандырылған. Өтінімді толтыру кезінде деректердің бір бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Бұл рәсімдеуді жеңілдетіп, қателік жіберу ықтималдығын азайтады. Тәжірибе көрсеткендей, тек 2025 жылдың өзінде eGov.kz порталы арқылы 7 мыңнан астам өтініш түскен", – деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Бекманов. Қызметті пайдалану үшін пайдаланушыға: eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, "eGov мемлекеттік қызметтер" – "Арнайы қызметтер" бөліміне өту; "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" қызметін таңдап, қажетті деректерді толтыру; қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен өтінімді растау; "Қызметтер тарихы" бөлімінде өтініштің өңделу мәртебесі туралы хабарламамен танысу қажет. Қызмет көрсету нәтижесі ретінде әлеуметтік көмектің тағайындалғаны туралы хабарлама немесе өтініштің қанағаттандырылмағаны жөнінде негізделген жауап беріледі. Өтініш берілгеннен кейін ол уәкілетті орган тарапынан қаралады. Шешім отбасының табыс деңгейін және белгіленген өзге де өлшемдерді ескере отырып қабылданады. Өтінішті қарау мерзімі – 8 жұмыс күніне дейін. Қызмет тегін көрсетіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматылықтарды жылуға қатысты жаңа тарифтер шошытты: мән-жайы Әлеуметтік желіде жылуға қатысты жаңа тарифтер туралы хабарламалар тарап, Алматы тұрғындары алаңдай бастады. Жұрт тарифтердің көтерілуі мүмкін екенін талқылап жатыр. Қызмет көрсетуші ұйым жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өшірілген хабарлама "Алматы жылу жүйесі" сайтына шынында да 1 сәуірден бастап жылыту мен ыстық су тарифтері 10 пайызға дейін өсетіні туралы ақпарат шыққан. Компания жаңа бағалар бойынша нақты сандарды да көрсеткен. Алайда біраз уақыттан кейін бұл деректер сайттан алып тасталды. Қазір сайтта тек мына ақпарат қалды: макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау жөніндегі мораторийге байланысты тарифтердің өсуі 1 сәуірге дейін кейінге қалдырылған, бірақ нақты қанша пайыз өсетіні енді жарияланбайды. Біз компанияның баспасөз қызметінен пікір сұрадық, олар жағдайды былай түсіндірді. "1 сәуірге жарияланған тарифтерді уәкілетті орган қайта қарап, өзгертуі мүмкін. Бұл тарифтер әлі күшіне енбегендіктен, халық пен тұтынушыларды шатастырмас үшін олар туралы ақпарат уақытша сайттан алынды. Қазір жылумен қамту бойынша қолданыстағы тарифтер өзгерген жоқ", – деп түсіндірді ұйым. Сондай-ақ, қазір болашақ тарифтердің нақты мөлшері әлі белгісіз екені нақтыланды: "2026 жылғы 1 сәуірден бастап тарифтің нақты деңгейі әзірге белгісіз. Сондықтан тұтынушылар дұрыс түсініп, жаңылыспауы үшін жаңа тарифтер табиғи монополиялар туралы заңнамада көрсетілген тәртіппен кейінірек жарияланады". Сонымен қатар, компания жаңа тарифтерді енгізу мерзімі ауыстырылғанын еске салды. Бастапқыда тарифтерді көтеру 2026 жылғы 1 қаңтардан жоспарланған, бірақ үкіметтің баға өсімін тежеу жоспарына байланысты бұл сәуірге шегерілген. Төлем түбіртектеріне шағым Сондай-ақ, осы күндері алматылықтар әлеуметтік желілерде коммуналдық қызмет төлемдері өсіп кеткенін талқылап жатыр. "Алматы. Қаңтардағы коммуналдық төлем – 23 мың теңге еді. Бүгін ақпанды тексерсем, 45 мың теңге болыпты. Өсім 100 пайызға жуық. Бәрінде осылай ма?" – деп жазды оңтүстік астананың бір тұрғыны. Tengrinews.kz тілшісі коммуналдық қызмет өкілдерінен жағдайға пікір білдіруін сұрады. Жылу және ыстық су "Алматы жылу жүйесі" ЖШС түбіртектегі соманың өсуі ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруімен тікелей байланысты екенін растады. Сонымен қатар, компания жылу мен ыстық су тарифтері көтерілмегенін атап өтті. "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16 пайызға дейін өсті. Сондықтан осы күннен бастап жылумен қамту қызметі үшін төлемдер жаңа ҚҚС мөлшерлемесін ескере отырып есептеледі. Дәл осы себептен ақпан айындағы түбіртектердегі жалпы сома ұлғайды (қызмет ақысы әдетте бір ай кейін есептеліп, шығарылады)", – деп түсіндірді компания. Компания 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең бойынша есептеулер ақпан түбіртегінде "Қайта есептеу" деген жеке жолмен көрсетілгенін және ол бұрынғы ҚҚС мөлшерлемесі - 12 пайыз бойынша есептелгенін нақтылады. Электр энергиясы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның "Энергосбыт" филиалы Алматы мен Алматы облысы тұтынушылары үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан жаңа тарифтер енгізілгенін хабарлады. Тарифтің өзгеруі электр энергиясын желі арқылы тасымалдау құнының төмендеуімен (1 кВт·сағ үшін 13,99 теңгеден 13,65 теңгеге дейін) және филиалдың инвестициялық бағдарламасының аяқталуымен байланысты. Сонымен қатар, компания 1 қаңтардан бастап базалық ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға өскенін еске салды. "Сәйкесінше, электр энергиясы үшін есеп айырысу ҚҚС-тың 16 пайыз мөлшерлені қолдана отырып жүргізіледі", – деп нақтылады филиал. Компания тарифтік жоспарды таңдау тұтынушының өз еркінде екенін және ол өтініш негізінде жасалатынын еске салды. Су "Алматы Су" компаниясы суық сумен қамту және су бұру тарифтері өзгермейтінін, қазір қайта қарау жоспарда жоқ екенін хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қалың қар жауады, бірақ аяз бәсеңдейді Қазгидромет синоптиктері 14, 15 және 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Циклон жауын-шашынға әсер етеді Болжамға сәйкес, кезеңнің басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашын болжанбайды. "15 ақпаннан бастап республиканың батысына солтүстік-батыс циклоны ығыса бастайды. Ол шығысқа қарай жылжи отырып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынға, боранға, сондай-ақ, ел бойынша температураның біртіндеп көтерілуіне себеп болады", - деді синоптиктер. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы тұрақсыз болады, өйткені оңтүстіктен келген циклонмен байланысты атмосфералық фронттар өтеді. Сол себепті бүкіл кезең бойы жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, ал 14–15 ақпанда жауын-шашын көбірек әрі күштірек болуы мүмкін. Еліміз бойынша жел күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін, сондай-ақ, тұман түседі. Ақпандағы "тосынсый" Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша ақпанның жалпы болжамын да жариялаған. Ақпан әдеттегіден жылырақ, ал жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп күтіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Зорлау дерегі бойынша арыз жазамыз” деп қорқытқан: Жетісуда бопсалаушылар ұсталды Жетісу облысында адам бопсалаған 9 талдықорғандық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық топ 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін әрекет еткен. Талдықорғанның 9 тұрғыны интернет арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен оларды пәтерлерге шақырған. Тергеу деректері бойынша, одан кейін жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетілген. Олар жалған "зорлау дерегі бойынша полицияға арыз береміз" деп, "мәселені реттеу" үшін қомақты ақша талап еткен. Талдықорған қалалық сотының үкімімен тоғыз айыпталушы Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша кінәлі деп танылып, оларға әртүрлі мерзімге жаза тағайындалды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда біреу итті көлікке байлап, жол бойымен сүйреген: адамшошырлық кадрлар Алматыда біреу итті шынжырмен көлікке байлап, жол бойымен сүйреген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Әлеуметтік желілерде иттің адамшошырлық видеосы тарады. Оның мойнында көлікке байланған шынжыр болған. Видео авторы оқиға биыл 12 ақпанда болғанын, біреулер итті әдейі байлағанын айтып, көмек сұрайды. Жазбада иттің тірі екені көрсетілген. Полиция не дейді? Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің сөзінше, бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, көлік жүргізушісін анықтаған. "Көлік иесі анықталды. Ол жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп мәлімдеді ПД өкілдері. Полиция жануарларға жасалған кез келген қатыгездік деректері белгіленген тәртіппен тіркеліп, тергелетінін еске салды. Азаматтардың барлық өтініші есепке алынады, ал бұзақылар қолданыстағы заңнама аясында жауап береді. Жауапкершілік қандай? Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсету үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған. ӘҚБтК-нің 407-1-бабы бойынша мұндай әрекеттер үшін айыппұл 5-тен 40 АЕК-ке дейін (2026 жылы 21 625 – 173 000 теңге), құқықбұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленеді. ҚК-нің 316-бабы бойынша (жарақат келтіру немесе өлімге әкелу жағдайларында) айыппұлдар қатаңырақ: 120-дан 1000 АЕК-ке дейін (2026 жылы 519 000 – 4,3 млн теңге). Бұл бап бойынша ең ауыр жаза - 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бостандығын шектеу. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шайдоров және басқа қазақстандықтар Олимпиада жүлделері үшін бақ сынайды: қайдан және қашан көруге болады? 13 ақпанда Қазақстан спортшылары Милан–Кортинадағы қысқы Олимпиадада үш спорт түрі бойынша жүлдеге таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандықтар арасынан алғашқы болып шаңғышылар жарысқа шығады: Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмақов жеке стартпен өтетін бәйгеде 15:45-те медаль үшін күреседі. 18:00-де биатлоншылар Владислав Киреев пен Әсет Дүйсейнов спринт жарысын бастайды. Владислав - бұл дисциплина бойынша Азия ойындарының қазіргі чемпионы. Жарыстарды QazSport және Jibek Joly телеарналарынан көруге болады. Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы финалы: тікелей эфир 13-інен 14 ақпанға қараған түні ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан жеке жарыс аяқталады. Қазақстандық Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін 5-орында тұр: үшінші орыннан 9,6 ұпайға, ал көшбасшыдан 15,2 ұпайға қалып келеді. Соған қарамастан, сарапшылар Шайдоровтың медаль алу мүмкіндігін жоғары бағалайды, дегенмен жарыстың басты фавориті ретінде америкалық Илья Малининді аталған. Ерлер арасындағы жеке сырғанау бойынша еркін бағдарлама Қазақстан уақытымен 23:00-де басталып, шамамен үш сағатқа созылады. Мәнерлеп сырғанауды QazSport және Jibek Joly телеарналарынан көруге болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда қылмыстық топтың 11 мүшесі ұсталды - видео Алматыда қала мен облыс аумағында интернет арқылы заңсыз есірткі айналымына қатысты әрекет тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 қатысушысы, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылай сүйемелдеген тұлғалар ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ, қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленді. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Интернет арқылы есірткі сататын дүкендер мен есірткі өткізудің заңсыз арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда көріпкелдер салық төлеуге және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті ме? Қазақстанда көріпкелдердің қызметін лицензиялау және оларды салыққа тарту мәселесі талқыланып жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада бал ашушылар қалай қарастыратыны және қандай жағдайда оларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Контекст Жақында Мәжіліс кулуарында депутат Айдос Сарым бал ашушылардың қызметі лицензиялануы мүмкін екенін айтып, олардың салық төлеуі қажет екенін мәлімдеді. "Ақылға қонымды болсын, қандай да бір қайғылы салдарға алып келмесін. Салық төлесін, қазына толыға берсін", - деді мәжілісмен. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне ресми сауал жолдады. Салықшылар көріпкелдер туралы не біледі? Мемлекеттік кірістер комитетінде жалпы экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуішінде бал ашушыларға арналған жеке қызмет түрі жоқ екенін айтты. Дәл осы себепті Қазақстанда ресми түрде қанша көріпкел "жұмыс істейтіні" нақты айтылмады. Анықтама: ЭҚТЖ - бизнес қызметінің түрін анықтайтын бес таңбалы код. Ол статистиканы есепке алу, салық салу (режимді таңдау) және банктермен өзара іс-қимыл үшін ЖК немесе ЖШС тіркеген кезде міндетті. Код нақты компанияның немесе кәсіпкердің немен айналысатынын көрсетеді. Сонымен қатар, комитетте мұндай қызметтер "өзге жеке қызметтер" санатына жатуы мүмкін екенін хабарлады. "ЭҚТЖ жалпы жіктеуішінде "96090 - басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке қызметтерді көрсету" коды көзделген", - деп атап өтті МКК баспасөз қызметі. Бұл санатқа мыналар кіреді: астрология және спиритикалық қызметтер; шежірені (текті) зерттеу; жануарларға күтім көрсету қызметтері; тату және пирсинг-салондарының жұмысы; аяқкиім тазалаушылардың, жүк тасушылардың және автотұрақ қызметкерлерінің қызметтері; өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтарының жұмысы, мысалы фотоавтоматтар немесе қан қысымын өлшейтін аппараттар. Көріпкелдер жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек пе? Комитетте көріпкелдердің қызметі кәсіпкерлік тіркеусіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға рұқсат етілген қызметтер тізіміне кірмейтінін түсіндірді. Бұл - көріпкел жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс деген сөз. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, жеке тұлға мына жағдайларда жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті: жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланса; оның жылдық табысы белгіленген шектен асса (360 АЕК - 2026 жылы 1 557 000 теңге). "Осылайша көріпкелдің қызметін жүзеге асыратын тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде өз бетінше тіркелуге және өзіне қолайлы салық салу тәртібін (оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі немесе жалпыға бірдей тәртіп) таңдауға құқылы", - деп атап өтті ведомство. Комитет көріпкелдің қызметін реттеу мен салық салуға қатысты ұсыныстар мен өтініштер бұған дейін түспегенін де қосты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұман мен су басу қаупі: 16 өңірдің тұрғындарына ескерту жасалды "Қазгидромет" 13 ақпанда 16 өңірдің тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 13 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыс желі соғады, түнде батысында және оңтүстігінде жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болжанады. Солтүстік-шығыс және шығыс желі соғып, түнде солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15 м/с болады. Маңғыстау облысында түнде батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады, ал оңтүстігі мен орталығында тұман болады. Оңтүстік-шығыс желі соғып, күндіз оңтүстігінде, батысында және орталығында жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыс желі соғып, солтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және шығысында тұман болжанады. Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қар, кей уақытта қалың қар жауады. Сондай-ақ тұман мен көктайғақ болады. Шығыс желі соғып, солтүстігінде және таулы аймақтарда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Шымкентте уақытша жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ және тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі соғып, күндіз батысында және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болжанады. Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады. Оңтүстік-шығыс және шығыс желі соғып, Аягөз ауданында жел екпіні 15–20 м/с болады. Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда қатты қар жаууы мүмкін, кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желі соғып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 15–20 м/с, түнде 23 м/с-қа дейін жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс желі соғып, солтүстігінде екпіні 15–18 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі соғып, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел екпіні 15–20 м/с болады. Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауады. Батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарда көктайғақ, ал солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы өңірлерде тұман болады. Солтүстік-шығыс желі соғып, оңтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с болады. Алматы қаласында кей уақытта көктайғақ пен тұман болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Конституция бойынша референдум: қашан және сағат нешеде өтеді? Орталық референдум комиссиясы (Орталық сайлау комиссиясы) Қазақстанда Конституция бойынша республикалық референдум өткізудің негізгі кезеңдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман дауыс беру биыл 15 наурызда өтетінін еске салды. "Дауыс беру 15 наурызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Орталық референдум комиссиясының референдум қорытындысы туралы ресми хабарламасы дауыс беру өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірілмей, яғни 21 наурызға дейін БАҚ-та жарияланады", - деді ол комиссия отырысында. Референдумға дайындық науқанының ұзақтығы - тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 32 күн. Әкімдіктер дауыс беру күні тағайындалғаннан кейін бірден дауыс беретін дауыс берушілердің тізімін жасай бастайды. Дауыс беретін күнге 20 күн қалғанда, яғни 22 ақпанда тиісті әкімнің қолы қойылған тізімдер референдум учаскесіне және электрон түрде Орталық референдум комиссиясына беріледі. Дауыс беру күніне 15 күн қалғанда, яғни 27 ақпаннан бастап азаматтар учаскелердегі тізімдермен таныстырылады. Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру күніне дейін 10 күннен кешіктірмей, яғни 4 наурызға дейін азаматтарға дауыс беру орны мен уақыты туралы хабарлайды. 14 наурыз - тыныштық күні. Референдум қашан өтеді? Еске салайық, 2026 жылы 11 ақпанда Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды. Кейін Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. 2026 жылы 12 ақпанда жаңа Конституция жобасы жарияланды. Жаңа Конституция референдумда қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған. Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Сөйлесейік деп шақырған“: алматылық жігіт әкесін біреулер ұрып кеткенін айтты Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны 10 ақпанда әкесіне жасалған қатыгез шабуыл туралы бөлісті. Оның сөзінше, үш адам әкесін ұрып-соғып, соның салдарынан ол ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Сөйлесейік деп шақырған" Threads әлеуметтік желісіндегі жазба авторының айтуынша, 10 ақпанда шамамен сағат 17:20-да әкесін үш ер адам "сөйлесуге" шақырған. "Әкем олармен сөйлесіп тұрды, әдепкі әңгіме сияқты көрінді. Кенет олардың біреуі оны ұрып жіберді. Осыдан кейін әкем шамамен бір сағат ес-түссіз жатты. Қалған екеуі де ұрған", - деп жазды ол. Оның айтуынша, болған жағдай бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Фото: threads/_atr077 Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Ұлының айтуынша, әкесінің бас сүйегі бірнеше жерден сынып, миға қан құйылған. Жазба авторы отбасының ауыр жағдайын да баяндады: "Біз жалдамалы пәтерде тұрамыз, қарызымыз бар. Анам - зейнеткер, әйелім де аурады, кәмелетке толмаған екі балам бар. Болған оқиғадан кейін өте қиын жағдайда қалдық. Ақша да, танымалдық та сұрамаймын - тек назар мен қолдау қажет. Мен - кәмелетке толған жалғыз ұлмын және әкемнің мүддесін ресми түрде қорғаймын. Әділдікке қол жеткізіп, үш күдіктінің бәріне барынша қатаң жаза тағайындалуын талап етемін", - делінген жазбада. Редакция Алматы қалалық полиция департаментінен пікір сұрады. Баспасөз қызметі денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. "Күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объектив анықтау үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатқанын атап өтті. Соталды тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында. Оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процестік шешім қабылданады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада күн жылиды, ал Алматыда қар аралас жаңбыр жауады Синоптиктер Астанада және Алматыда 13, 14 және 15 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада ауа райы қандай болады? 13 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 м. Ауа температурасы түнде -26…-28°, күндіз -12…-14°. 14 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 2–7 м. Ауа температурасы түнде -21…-23°, күндіз -9…-11°. 15 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 2–7 м. Ауа температурасы түнде -20…-22°, күндіз -5…-7°. Алматыда ауа райы қандай болады? 13 ақпан: көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2–7 м. Ауа температурасы түнде -4…-6°, күндіз 0…+2°. 14 ақпан: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 м. Ауа температурасы түнде -1…-3°, күндіз +1…+3°. 15 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 м. Ауа температурасы түнде -1…-3°, күндіз +3…+5°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляция: сот шешімі қандай? Алматы облыстық сотының апелляция алқасы Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының шағымын қарады. Сот атышулы іс бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 12 ақпанда апелляция алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін күшінде қалдырды. Осылайша Хасан Қасымбаев бұған дейін тағайындалған жазаны, яғни 12 жыл жазасын өтейді. Бұл іс бойынша қалған сотталушылардың да үкімі өзгеріссіз қалды. Хасан Қасымбаев қазір қайда? Айта кетейік, апелляция қарау кезінде сотталушылар сот залына қатыстырылған жоқ. Нариман Кервеновтің айтуынша, қаңтарда Хасан Қасымбаев этаппен Петропавлға жеткізілген. "Бастапқыда бізге оны Талдықорғанға этаппен апарады деп хабарлаған. Кейін оның Петропавлға жеткізілгенін білдік. Изоляторда да мұндай шешімнің себебін түсіндіре алмады. Қалған сотталғандардың бәрін Талдықорғанға этаптап, олар апелляция шешімін сол жақта күткен, ал Қасымбаев Петропавлға жіберген", - деп атап өтті адвокат Айта кетейік, 2026 жылы 13 қаңтарда Алматы облыстық сотына Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының апелляциялық шағымы түсті. Хасан Қасымбаев туралы не белгілі? Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істен кейін жиі айтыла бастады. Еске салайық, бұған дейін Хасан Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап, соққыға жықты деген күдікке ілінгені хабарланды. Үш жыл бұрын болған қылмыс видеоға түсіп қалған. Жазбада жәбірленуші, яғни ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов екені жазылған. Оның туыстарының сөзінше, ер адам алдымен "Виктория" шағын маркетінің жанында соққы жеп, артынша ес-түссіз күйде Кеңдала ауылындағы канал жақтан табылған. Содан кейін ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталды. Кейін екі айға қамауға алынды. 2025 жылы 21 сәуірде Хасан Қасымбаевқа қатысты істі тергеу аяқталды. 2025 жылы 29 шілдеде Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды. Сотта прокурор Ерлан Құланбаев адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (жәбірленуші - ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов) және бопсалау (жәбірленуші - Әріпжан Тәжиев) істері бойынша айыптау актісін оқыды. Осылайша 2025 жылы 11 қарашада Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ 14 ақпан қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға мерекелік жеңілдіктер мен жаппай сатылым кезінде интернет-алаяқтық қаупі туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ғашықтар күні қарсаңында көпшілік сүйіктісіне мінсіз сыйлық іздейді. Мерекелік жеңілдіктер мен жаппай сатылым кезеңінде интернет-алаяқтар ерекше белсенді болады", - деді ведомствода. Мерекеде ақша жоғалтпау үшін қарапайым сақтық шараларын ұстану маңызды. ІІМ ескерту жасады: тауарды тек тексерілген сайттардан және ресми маркетплейстерден сатып алыңыз; хабарламалар мен пікірлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз; тым төмен бағадан сақ болыңыз: ұсыныс шектен тыс тиімді көрінсе, мұның арты жақсылыққа апармауы мүмкін; тауардың бар-жоғын растап алыңыз: мысалы, дүкеннің мекенжайын және тауарды көрсетіп, бейнеқоңырау арқылы тексеруге болады. Алаяқтар әдетте мұндай өтініштен жалтарып, оның орнына геолокация жіберуі мүмкін, бұл айла болуы ықтимал; төлем кезінде мұқият болыңыз. Ақшаны жеке шоттарға және күмәнді реквизиттерге аудармаңыз; жеке деректеріңізді қорғаңыз. Ешқашан бөгде адамдарға құпиясөздерді, SMS-кодтарды және банк картасының деректерін айтпаңыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Нашар оқитын оқушы сияқтысыз“. Депутат мұнай компаниясының директорын сөкті Депутат Еділ Жаңбыршин "Матен Петролеум" мұнай компаниясының бас директоры Лю Цзиньченді сынға алды. Бұл жағдай Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин "Матен Петролеум" АҚ бас директоры Лю Цзиньченнен компанияның қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттары бар-жоғын сұрады. Бұл сауалға бас директордың орынбасары жауап беруге тырысты, бірақ депутат қарсылық білдірді: "Жоқ, өзі жауап берсін. Ол бас директор ретінде отыр, жалақы алады. Жоғары жалақы алады. Лю мырза, айтыңызшы, ұзақ мерзімді келісімшарттар бар ма, жоқ па?" "Бар", - деп жауап берді ол. "Қанша?" - деп нақтылады депутат. Осы кезде көмекшілерінің бірі Лю Цзиньченге жауап беруге көмектесе бастаған. Еділ Жаңбыршин бұған назар аударып, компанияға сұрақтар алдын-ала жіберілгенін жеткізді. "Дайын емессіз бе? Сізге осы сұрақтарды жібердік қой", - деді депутат. "Есте сақтау қабілетім нашар", - деп жауап берді Лю Цзиньчен. Осыдан кейін бас директор көмекшісінің жауаптарын қайталай бастаған. "Кешіріңіз, екі алатын оқушы сияқтысыз. Бас директор ретінде кіммен ұзақмерзімді келісімшарт жасалғанын, қандай тауар позициялары бойынша жасалғанын, компаниялар қайда орналасқанын, келісім сомасы мен мерзімін нақты білуіңіз керек қой. Бар болғаны - алты компания", - деді депутат Еділ Жаңбыршин. Депутат компания басшыларынан жазбаша жауап беруді талап етті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от TengriNews | Новости Казахстана (@tengrinewskz) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол апаты ісін қарайтын күнді белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты қылмыстық іс сотқа берілді. "Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталушы Рахмонова Гүлайым Сәрсенбекқызына қатысты қылмыстық іс қабылдансын. Іс бойынша алдын ала тыңдау 2026 жылғы 16 ақпанда сағат 15:00-де Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратына тағайындалсын", - деп жазылған сот хабарламасында. Еске салайық, 2025 жылы 27 шілдеде сағат 08:50 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматы қаласына қарай келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жол апатына ұшыраған еді. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police) Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханадан шығарылғаны хабарланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда 1908 жылы салынған ғимарат сүріліп жатыр: әкімдік түсіндірді БАҚ-та Алматыда 1908 жылы салынған ғимараттың сүрілгені туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаға қала әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қандай ғимарат? Әлеуметтік желілерде бұрынғы "Жетісу" қонақүйі орналасқан ғимараттың сүрілетіні туралы ақпарат пайда болды. Қолданушылар ғимарат туралы қызу талқылап жатыр. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Anastasia Zveryagina (@zveryagina_almaty) Нысан бір ғасыр бұрын салынғанымен емес, басқа да қызық дерегімен белгілі: мәліметтерге қарағанда, Лев Троцкий 1928 жылдың қысында Алматыға жер аударылған кезде осы ғимаратта тұрған. Анықтама: Лев Троцкий (1879–1940) - революция қайраткері, 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жетекшілерінің бірі. Әр кезеңде ғимараттың қызметі өзгеріп отырған. Мәселен, онда Медеу аудандық полициясының учаскелік полиция пункті де орналасқан. Неліктен сүрілді? Мемлекеттік активтер басқармасының мәліметінше, Гоголь көшесі, 45 мекенжайындағы 1908 жылы салынған екі қабатты ғимарат тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне кірмеген, сондай-ақ, тарихи-мәдени мұра нысаны мәртебесі болмаған. "Әр жылдары бұл ғимаратта түрлі қалалық қызметтер орналасқан. Ал 2022 жылдан бастап техникалық жағдайына байланысты ғимарат іс жүзінде пайдаланылмаған", – деді ведомствода. Олардың дерегінше, 2025 жылы жүргізілген техникалық тексеріс қорытындысы бойынша ғимарат апатты деп танылып, қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталған. Соған байланысты нысанды сүру туралы шешім қабылданған. "Қазір ғимаратты сүру жұмыстары аяқталуға жақын", – деп нақтылады ведомствода. Қазір ғимараттың жағдайы қандай? Әкімдік ғимараттың фотоларын да ұсынған. Ғимараттың жағдайы нашар: кейбір құрылымдары құлаған, қабырғаларында жарықтар бар. Терезе-есіктердің бір бөлігі жоқ немесе бүлінген, ішінде ұзақ уақыт пайдаланылмағанын байқауға болады. Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, жер телімі мемлекеттік жер қорына берілгені хабарланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан Қырғызстаннан жер телімдерін 49 жылға жалға алады Қазақстан Қырғызстаннан жер телімдерін 49 жылға жалға алады. Тиісті келісім мен шартты Қазақстан Сенаты депутаттары бүгін ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы Қырғызстанның Ыстықкөл облысы аумағында орналасқан курорт-сауықтыру нысандарына Қазақстанның меншік құқығын реттеу туралы келісім Қазақстан тарапына (база объектісінен басқа) нысандарды жыл бойы жұмыс істейтін 3 және 4 жұлдызды қонақүй деңгейіне дейін жаңғырту міндеттемесін 2029 жылдың аяғына дейін ұзартуды көздейді. Елдер арасындағы бұл келісім 2006 жылғы 4 шілдеде қол қойылған. Сенат депутаты Нұрия Ниязованың айтуынша, тараптар Қазақстанның инвесторлар тартуына, тіпті берілген аумақтағы нысандарды бұзуына да мүмкіндік беруге келіскен. Келісім Қазақстанның төмендегі төрт нысанға меншік құқығын бекітеді: "Қазақстан" санаторийі, "Самал" демалыс үйі, "Университет" спорт-сауықтыру лагері, "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы. "Қазір Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Ыстықкөл көлінде "Қазақстан" санаторийін салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр, пайдалануға беру мерзімі, болжам бойынша, 2026 жылдың 4-тоқсаны. Сондай-ақ, санаторий аумағында бар барлық ғимарат пен құрылысты бұзу қарастырылған, тек Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың №1 саяжайы ғана тарихи-мәдени мұраны сақтау және оның есімін ұлықтау нысаны ретінде қалдырылып, бұл нысан үй-музейге айналдырылмақ", - деді Ниязова. Екінші құжатқа келсек, Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы Қырғызстанның Ыстықкөл ауданында жер телімдерін жалға беру туралы 2009 жылғы 1 желтоқсандағы шарт Қазақстанға жерді жалға алу құқығын береді. "Шартқа сәйкес, тарапқа жалпы аумағы 58,8 гектар болатын жер телімдері 49 жыл мерзімге уақытша ақылы пайдалануға (жалға) берілді", - деп түсіндірді Ниязова. Оның айтуынша, қырғыз тарапы жалға берілген нысандардың қол сұғылмауына кепілдік береді және оларды мемлекеттік меншікке алып қоюға бағытталған әрекеттерден бас тартуға міндеттенеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда қылмыстық топ мүшелері 16 жылға сотталды Алматыда үш бірдей жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап. Қалалық прокуратураның мәліметінше, Алматының Медеу ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде психотроп заттарды заңсыз дайындап, таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатқан. "Ұйымдастырушы Алматыдағы жеке тұрғын үйлерде жабдықталған үш жасырын есірткі зертханасын қамтамасыз еткен тұрақты қылмыстық топқа басшылық еткен. Зертханаларда күн сайы психотроп заттар өндірілген", – деп хабарлады прокуратура. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның қызметі тоқтатылып, 7 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан психотроп заттар, оның ішінде мефедрон да тәркіленді. Соталды тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуге жарияланған. Ал қылмыстық топтың қалған мүшелері сот үкімімен кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Парламент депутаттары референдумнан кейін өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін Конституциялық реформа бойынша референдум өткізілгеннен кейін Парламент депутаттары өкілеттігінен мерзімінен бұрын айырылуы мүмкін. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжат жобасында референдумда жаңа Конституция қабылданса, ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетіні айтылған. Қазіргі Парламент бұрынғы құраммен осы күнге дейін ғана жұмысын жалғастырады. Референдум қашан өтеді? Еске салайық, 2026 жылы 11 ақпанда Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды. Кейін Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Құмар ойынға тәуелді бухгалтер қомақты ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алған Батыс Қазақстан облысында құмар ойынға тәуелді бухгалтер 100 миллион теңгеден аса ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Прокуратураның мәліметінше, БҚО-дағы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталған. Алдын ала дерек бойынша, ойынқұмарлыққа салынған қызметкер компанияның қаражатын 1XBet букмекерлік кеңсесінде құмар ойындарға салған. Сондай-ақ, жымқырылған ақшаның бір бөлігін жаңа көлік сатып алуға жұмсаған. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын - 118 миллион теңге. Өзгенің мүлкін аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен соталды тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторында отыр. Сатып алынған автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Қадағалау органы 2025 жылы өңірде прокурорлық ден қою актілері негізінде әртүрлі мемлекеттік органдардың 16 қызметкері құмар ойындарға қатысқаны үшін жұмыстан шығарылғанын еске салды. Еске салайық, бұған дейін Астанада TikTok-та аккаунт ашып, өзін емші ретінде алдаған ер адам сотталған еді. Ол 5,5 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған. Бұл ақша да букмекерлік кеңседегі бәс тігуге жұмсалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жамбыл облысында 2018 жылы жұмыс іздеп кеткен тұрғын хабар-ошарсыз жоғалды Жамбыл облысының тұрғыны 2018 жылы Талдықорғанға жұмыс іздеп кетіп, содан бері хабарсыз кеткен. Туыстары ер адамды әлі күнге дейін іздеп таппай жүр. 40 жастағы азаматқа қатысты ақпарат Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Руслан Бозтаев 2018 жылғы 12 наурызда үйінен шыққан. Мекенжайы - Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы. Екі күннен кейін ол әпкесінің күйеуіне телефон шалып, Талдықорғанда екенін, кірпіш зауытында жұмыс істеп жүргенін айтқан. 2018 жылғы тамызда Руслан Алматыдағы "Тастақ" базарынан байқалған. 2019 жылы оны Алматыда інісі көріп, екеуі хабарласып тұруға келіскен. Сондай-ақ, Руслан өз сөзінде Алматыда пәтерге жөндеу жасап жүрмін деген. Алайда содан бері ер адам отбасы мүшелерімен байланысқа шықпаған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Волонтеры Алматы "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz) 2020 жылы Русланның Ерлан есімді танысы туыстарымен хабарласып, Русланның қайда жұмыс істейтінін және қай жерде тұратынын білетінін айтқан. Бірақ содан кейін телефонға жауап бермей, отбасы мүшелерімен қайта байланыспаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сотталған экс-ректор сауда орталықтарының бірінен байқалған: ҚАЖК жауабы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков 1,7 млрд теңге жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған еді. Алайда жақында ол Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен байқалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Оқырмандар редакцияға хабарласып, сотталған экс-ректордың бостандықта жүргенін айтқан. Олардың сөзінше, Шыныбеков Алматыдағы ойын-сауық сауда орталықтарының бірінде лифтте көзге түскен. Айта кетейік, ол 2020 жылы 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. ІІМ ҚАЖК-нің жауабы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) редакцияның ресми сауалына жауап беріп, Дамир Шыныбековтің бостандыққа шыққанын растады. Бұған түпкілікті мерзімге амнистия мен қамауда отырған уақытты қайта есептеу әсер еткен. "Бұл тұлғаға заңда белгіленген тәртіппен амнистия қолданылып, соның нәтижесінде жаза мерзімі қысқартылды. Қайта есептелген мерзімді ескере отырып, сотталған адам сот тағайындаған жазаны толық өтеп, заңды негізде босатылды", – деді ҚАЖК өкілдері. Ведомство мерзімдерді қайта есептеу туралы шешімдерді тек сот қабылдайтынын және оның орындалуы міндетті екенін атап өтті. Ал Шыныбековтің ісіне қатысты өзге мәліметтерді заң нормасына сүйеніп жарияламады. Контекст: экс-ректор не үшін сотталды? 2020 жылғы қазанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен 1,7 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сот процесі аяқталған. Айыпталушылар қатарында бұрынғы ректор Дамир Шыныбеков пен бұрынғы бас бухгалтер Жанайым Спабекова болған. Сот олардың 2013–2018 жылдары заңды тұлғалармен жалған келісімшарттар рәсімдеп, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы 1,7 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырғанын анықтады. Анықтама: Айыпталушылар алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде мүлікті иемдену және ысырап ету бойынша кінәлі деп танылды. Спабековаға бұған қоса қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) бабы да тағылды. Сот екеуін де 8 жылға соттаған. Дамир Шыныбековке үкім оқылған сәт, 2020 жыл Іс материалдарына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі (қазіргі Ғылым және жоғары білім министрлігі) 2013–2018 жылдары университетке 10 млрд теңгеден аса қаражат аударған. Прокурор нұсқасы бойынша, Шыныбеков пен Спабекова жыл сайын студенттер санын жасанды түрде көбейтіп көрсетіп, осы қаржының ішінен 1 млрд 727 млн теңгені жымқырған. Жымқырылған қаражат пәтерлер мен қымбат көліктерге жұмсалғаны айтылған. Дамир Шыныбеков университет ректоры қызметін 2009 жылдан бастап, 2019 жылғы мамырда ұсталғанға дейін атқарған. 2017 жылы ол Алматы мәслихатының депутаты болып сайланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Дубайда жеңіске жеткен қазақстандықтарды құттықтады Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда Конституция күні қай күнге ауысуы мүмкін екені айтылды Қазақстанда Конституция күні ретінде 1 шілде белгіленуі мүмкін. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжатқа сәйкес, жаңа Конституция референдумда қабылданса, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. "Егер референдумда мақұлданса, жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болады", - делінген мәтінде. Референдум өтетін күн 11 ақпанда Конституциялық комиссия мүшелері Президент Тоқаевқа елдің жаңа Конституциясы жобасы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысын таныстырды. Одан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық мәтініне сай, Қазақстанда Конституциялық реформа жөніндегі референдум 15 наурызда, жексенбі күні өтеді. Анықтама: Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады. Қазақстандағы конституциялық реформа Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия) Президенттің 2026 жылғы 21 қаңтардағы жарлығымен құрылған. Оның міндеті - конституциялық реформаны жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар әзірлеу. Бұған дейін Президент Парламент реформасы аясында Конституцияның шамамен 40 бабын өзгерту жоспарланғанын, алайда жұмыс барысында түзетулер бұдан да көп қажет екені белгілі болғанын айтқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып, табиғатты аялау қажеттігін мойындап, бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз. І бөлім Конституциялық құрылыс негіздері 1-бап Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 2-бап Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика.Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын, бөлінбеуін қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы конституциялық заңда айқындалады.Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы. Елорда мәртебесі конституциялық заңда айқындалады.Қазақстан Республикасы мен Қазақстан атауларының мәні бірдей.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге.Теңгені эмиссиялау айрықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді. 3-бап Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары: Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті бекемдеу; халықтың әл-ауқатын арттыру; жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілгерілету; қоғамдық диалогты дамыту; еңбексүйгіштік, прогресс, білім құндылықтарын бекіту; жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау; төл мәдениеттіқолдау.Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды. 4-бап Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі.Халық билікті жалпыхалықтық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей жүргізеді, сондай-ақ өз билігін мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырады.Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кету заңмен қудаланады. Халық пен мемлекет атынан әрекет ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, сондай-ақ конституциялық өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына тиесілі. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттік шегінде мемлекет атынан әрекет етеді.Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік біртұтас, ол заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөліну және өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес Конституция мен заңдар негізінде жүзеге асырылады. 5-бап Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы – Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен ҚазақстанРеспубликасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарт міндеттемелерініңнормалары.Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылады.Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарды қолдану тәртібі заңдарда айқындалады.Барлық заңдар мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы – оларды қолданудың міндетті шарты.Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды.Жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күші болмайды. Жаңа заң бұрын жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін болса, онда жаңа заң қолданылады. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің экономикасын қарқынды дамыту мақсатында қаржы саласына қатысты арнаулы құқықтық режим немесе «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимі конституциялық заңдарға сәйкес белгіленуі мүмкін. Осы арнаулы құқықтық режимдер мемлекеттік басқару, сот жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін көздеуі мүмкін. 6-бап Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әралуандық танылады.Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең. Мемлекеттің қоғамдық бірлестік ісіне, ал қоғамдық бірлестіктің мемлекет ісіне заңсыз араласуына және қоғамдық бірлестікке мемлекеттік орган функцияларын жүктеуге жол берілмейді. Мемлекеттік органда саяси партия ұйымын құруға жол берілмейді.Мақсаты немесе әрекеті конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын және қоғамдық тәртіпті бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестік құруға және оның қызметіне, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген жасақ құруға тыйым салынады.Басқа мемлекеттің саяси партиясы мен кәсіптік одағының, діни негіздегі саяси партияның қызметіне жол берілмейді, сондай-ақ саяси партия мен кәсіптік одақты шетелдік заңды тұлғаның, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаның, шет мемлекет пен халықаралық ұйымның қаржыландыруына жол берілмейді.Коммерциялық емес ұйымның шет мемлекеттен, халықаралық және шетелдік заңды тұлғадан, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамнан алатын ақша қаражатының қозғалысы және активтері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. 7-бап Дін мемлекеттен бөлек.Қазақстан аумағында діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылады және ол конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында шектелуі мүмкін. 8-бап Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады.Меншікті пайдалану қоғам мен мемлекет мүддесіне сай келуге, қоршаған ортаны қорғау саласындағы белгіленген талаптар сақталып іске асырылуға тиіс, басқа тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің құқықтарының көлемі мен шегі, оларды қорғау кепілдіктері заңда айқындалады.Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. 9-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады.Мемлекет біртұтас Қазақстан халқының тілдерін үйрену және дамыту үшін жағдай жасауға қамқорлық көрсетеді. 10-бап Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын құрметтейді, мүдделі мемлекеттермен бейбітшілік пен ынтымақтастықты, олардың ішкі ісіне араласпауды, халықаралық дауды бейбіт жолмен шешуді көздейтін сыртқы саясат жүргізеді. 11-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран. Олардың сипаттамасы және пайдалану тәртібі конституциялық заңда белгіленеді. II бөлім Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер 12-бап Әр адамның құқық субъектiсi ретiнде танылуға құқығы бар.Әр адам құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлмен, оның ішінде қажетті қорғаныс арқылы қорғауға құқылы. Әр адамның өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.Қазақстан Республикасында заңға сәйкес біліктi заң көмегін алу құқығы танылады. 13-бап Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріледі және тоқтатылады, ол берілген негізіне қарамастан бiрыңғай және тең.Қазақстан Республикасының азаматын өз азаматтығынан айыруға, азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерге аластатуға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыс жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін сот шешімімен ғана жол беріледі.Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтығы болуына жол берілмейді. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз болады. Шет мемлекетте туғанына байланысты сол мемлекеттің азаматтығын алған кәмелетке толмаған балаға қатысты заңда көзделген ережелер қолданылады. 14-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматы шет мемлекетке берілмейді.Қазақстан Республикасы өз азаматтарын ел аумағынан тыс жерде заңға сәйкес қорғауға кепiлдiк бередi. 15-бап Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi.Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан тиесілі, олар ажыратуға және айыруға болмайтын деп танылады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының мазмұны мен қолданылуы осыған қарай айқындалады.Қазақстан Республикасы азаматының өз азаматтығына орай құқықтары мен мiндеттері бар.Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда көзделген жағдайда шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының азаматы үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттерді атқарады.Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру басқа тұлғаның құқықтарын бұзбауға және бостандықтарын шектемеуге тиiс, конституциялық құрылыс негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтiрмеуге тиiс.Әр адамның мемлекеттік органның немесе оның лауазымды адамының заңсыз әрекетімен келтірілген зиянды мемлекеттен өтетіп алуға құқығы бар. 16-бап Заң мен сот алдында бәрi тең.Қазақстан Республикасының азаматын, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсiтуге болмайды. 17-бап Өмір сүру құқығы – әр адамның ажыратуға және айыруға болмайтын құқығы.Ешкімнің өз бетімен адам өмірін қиюға құқығы жоқ.Өлім жазасына тыйым салынған. 18-бап Әр адамға жеке бас бостандығы мен жеке басына қол сұғылмау құқығына кепілдік беріледі.Сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды.Күзетпен ұстауға сот шешімімен ғана рұқсат етіледі және оған шағым жасау құқығы беріледі. Әр адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негіздері және оның құқықтары түсіндіріледі.Ұсталған адамның, күдіктінің, айыпталушының тиісінше ұсталған, күдікті ретінде танылған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокат (қорғаушы) көмегiн пайдалануға құқығы бар. 19-бап Заңды күшіне енген сот үкімімен адам кінәлі деп танылмайынша, ол жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі емес деп саналады.Ешкім өз-өзіне, жұбайына (зайыбына) және заңда айқындалған жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.Діни қызметшілер өздеріне сеніп, сырын ашқан адамдарға қарсы куәлік етуге міндетті емес. Адамды дәл сол құқық бұзушылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа қайта тартуға тыйым салынады. 20-бап Адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұғуға болмайды және олар заңмен қорғалады.Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа да қатыгездiк көрсетіп немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлап жәбiрлеуге не жазалауға болмайды. 21-бап Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады. Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен ғана жол беріледі.Мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әр адамға өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжатпен, шешiммен және ақпарат көзiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 22-бап Әр адам өзiнiң қай ұлтқа жататынын айқындауға, оны көрсетуге не көрсетпеуге құқылы.Әр адамның ана тілі мен төл мәдениетiн қолдануға, қарым-қатынас жасау, тәрбие беру, оқу мен шығармашылық тілін еркiн таңдауға құқығы бар. 23-бап Сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне кепiлдiк берiледi.Зияткерлік меншік заңмен қорғалады.Мемлекеттік құпияларды қоспағанда, еркін ақпарат алу және тарату құқығы заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен іске асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер тізбесі заңда айқындалады.Сөз еркіндігі және ақпарат тарату еркіндігі басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс.Цензураға тыйым салынады.Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақыруға жол берілмейді. 24-бап Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жүрген әр адамның ел аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жерін еркін таңдауға құқығы бар.Әр адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен жол беріледі. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына кедергiсiз оралуға құқығы бар. 25-бап Әр адамның ар-ождан бостандығына құқығы бар.Ар-ождан бостандығы құқығын пайдалану жалпыадамзат пен азамат құқықтарын, мемлекет алдындағы мiндеттерді шектемеуге тиіс. 26-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлестік құру бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бiрлестiк қызметi заңмен реттеледi.Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты және өзге де соттары төрағалары мен судьяларының, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары аудиторлық палатасы төрағалары мен мүшелерінің, құқық қорғау органыжәне арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, әскери қызметшілердің саяси партия мен кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге не сыни пікір білдіруге құқығы жоқ. 27-бап Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Еңбекке мәжбүрлеп тартуға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін адамды кінәлі деп тану туралы сот актісінің негізінде, не төтенше жағдайда, не соғыс жағдайында жол беріледі.Қазақстан Республикасы қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайлары құқығына, еңбегi үшiн қандай да бiр кемсiтусiз сыйақы алу, сондай-ақ әлеуметтiк қорғалу құқығына заңға сәйкес кепілдік береді.Заңда белгіленген тәсiлдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы танылады.Тынығу, жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыс және мереке күндерi, ақы төленетін демалыс құқығына заңмен кепiлдiк беріледi. 28-бап Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға және шығарып жіберуге жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртiппен жол берiледi.Қазақстан Республикасында өз азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Тұрғын үй соған мұқтаж азаматтардың заңда көрсетiлген санаттарына заңда белгіленген нормаларға сәйкес берiледi. 29-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды түрде алған кез келген мүлкіне жеке меншiк құқығы бар.Меншiкке және мұрагерлiк құқыққа заңмен кепiлдік беріледі.Сот шешiмiнсiз ешкiмдi өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген айрықша жағдайда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiкті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға оның тең құны өтелген кезде жол беріледі.Қазақстан Республикасы кәсiпкерлiк қызмет бостандығы құқығына, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалану құқығына кепілдік береді. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi немесе шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. 30-бап Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады.Неке – ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы.Балаға қамқорлық жасау және тәрбие беру – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi.Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi. 31-бап Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне кепiлдiк берiледi,сондай-ақ жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және өзге де заңды негiздер бойынша әлеуметтiк қамсыздандыруға кепiлдiк берiледi.Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, өзге де әлеуметтік қамсыздандыру нысандары, волонтерлік қызмет пен қайырымдылық қолдау табады. 32-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгiленген медициналық көмекті ақы төлемей алуға құқылы.Мемлекеттік және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңда белгiленген негiздерде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 33-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуына кепiлдiк берiледi. Бастауыш және негізгі орта білім мiндеттi.Қазақстан Республикасы азаматының заңға сәйкес жоғары оқу орындарында жоғары білім алуға құқығы бар.Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңда белгiленген негiздерде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.Мемлекет жалпыға мiндеттi білім беру стандарттарын белгiлейдi. Барлық оқу орнының қызметi осы стандарттарға сәйкес келуге тиіс.Рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие. 34-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбiт жиналысқа құқығы бар. Бұл құқықты пайдалану конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында заңмен шектелуі мүмкін. 35-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына өзі жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiш жолдауға құқығы бар.Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар. Жалпыхалықтық референдум өткізу тәртібі конституциялық заңдаайқындалады.Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға, жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығыжоқ.Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кiруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар заңға сәйкес лауазымдық мiндетінің сипатына ғана қатысты болады. 36-бап Әр адам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.Әр адам Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге мiндеттi. 37-бап Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті.Мемлекет адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді.Адам өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төндiретiн фактілерді, мән-жайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа алып келеді. 38-бап Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу – әр адамның борышы мен мiндетi. 39-бап Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиеттi парызы мен мiндетi.Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті заңда белгiленген түрде және көзделген тәртiппен өткереді. 40-бап Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi. 41-бап Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында тек заңмен және қажетті шамада ғана шектелуi мүмкiн.Этносаралық және конфессияаралық татулықты бұзуға алып келетін әрекет конституциялық емес деп танылады.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси себептермен шектеуге жол берілмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12, 14, 16, 17, 20, 22, 25-баптарында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда шектелмеуге тиіс. III бөлім Президент 42-бап Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, Қазақстан атынан ел ішінде және халықаралық қатынастарда өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.Қазақстан Республикасының Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрікепілі.Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін, билік органдарының біртұтас Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. 43-бап Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алмайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын, жоғары білімі бар және мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымда кемінде бес жыл жұмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматы сайланаалады.Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі және Қазақстан Республикасы Құрылтайының жаңа құрамын сайлау мерзімімен тұспа-тұс келмеуге тиіс.Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астам дауысын алған кандидат сайланды деп саналады. Кандидаттардың ешқайсысы елу пайыздан астам дауыс ала алмаса, ең көп дауыс санын алған екі кандидат қайта дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс санын алған кандидат сайланды деп саналады.Осы баптың 1-тармағының ережелері өзгермейді. 44-бап Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, өзіме жүктелген Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.Ант беру рәсімі сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерінің, сондай-ақ қоғам өкілдері мен шақырылған шетел азаматтарының қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 51-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде ант береді.Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі тоқтатылады. Қызметінен кетірілгендерден басқа, Қазақстан Республикасының барлық бұрынғы Президенттерінің Қазақстан Республикасының экс-Президенті атағы болады. 45-бап Қазақстан Республикасы Президентінің өз өкілеттігі кезеңінде өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ саяси партияда болуға құқығы жоқ.Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметші лауазымында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшы лауазымында болуға құқығы жоқ. 46-бап Қазақстан Республикасының Президенті: 1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдау жасайды; 2) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындайды; Вице-Президентті лауазымынан босатады, оның өкілеттігін айқындайды. Конституцияның 62-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Вице-Президентті тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы; 3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Құрылтайдың бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақырады; Құрылтай ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жариялайды немесе заңды не оның жекелеген баптарын қайта талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; 4) Құрылтайда өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациядан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кандидатурасын келісім беру үшін Құрылтайдың қарауына ұсынады; депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Премьер-Министрді тағайындайды; Премьер-Министрді лауазымынан босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкімет құрылымын айқындайды; Құрылтаймен консультациядан кейін Премьер-Министр ұсынған Үкімет мүшелерін тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін лауазымынан босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді. Конституцияның 62-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Премьер-Министрді тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы; 5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындайды және оларды лауазымынан босатады; 6) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын тағайындайды және лауазымынан босатады; 7) Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады; 8) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Конституциялық Соттың он судьясын сегіз жыл мерзімге, Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін бес жыл мерзімге, Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды; оларды лауазымынан босатады. Конституцияның 62-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы; 9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және лауазымынан босатады; 10) жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды; 11) адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің Егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық Сотқа күшіне енген заңның немесе өзге де құқықтық актінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы және Конституцияның 93-бабында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы өтініш жібереді; 12) Қазақстан Республикасының атынан келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды; ратификациялық грамоталарға қол қояды; шет мемлекеттердіңҚазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктері басшыларының, сондай-ақ халықаралық ұйым басшыларының сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; 13) мемлекеттік наградаларды, құрметті атақтарды белгілейді; 14) мемлекеттік наградалармен марапаттайды, құрметті атақтарды, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді; 15) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселесін, саяси баспана беру мәселесін шешеді; 16) кешірім беруді жүзеге асырады; 17) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен аумағының тұтастығына, ішкі саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне тікелей қатер төнсе және бұл мемлекеттік конституциялық органдардың жұмыс істеуін бұзуға алып келсе, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Құрылтайы Төрағасымен ресми консультациядан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе жекелеген аймақтарында төтенше жағдай енгізуді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, осы мән-жайлар талап ететін шараларды қабылдайды; 18) Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген аймақтарында соғыс жағдайын енгізеді, ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына дереу хабарлайды; 19) өзіне бағынатын Мемлекеттік күзет қызметін құрады; 20) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін құрады; 21) Қауіпсіздік Кеңесін, өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесін құрады; 22) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 47-бап Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және олардың орындалуы үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, ол уақытша болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының конституциялық заң күші немесе заң күші бар жарлықтар шығарады.Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін заңдарды Құрылтай Төрағасы мен Премьер-Министр алдын ала қол қойып бекемдейді және оларға заңдардың Конституция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауаптылық жүктеледі.Үкімет бастамасымен шығарылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін Премьер-Министр алдын ала қол қойып бекемдейді және оған актілердің Конституция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауаптылық жүктеледі. 48-бап Қазақстан Республикасының Президентіне, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.Мемлекетке опасыздық жасауды қоспағанда, Президент өкілеттігін атқару кезіндегі әрекеті үшін Қазақстан Республикасының Президенті қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, қызмет көрсету және күзету мемлекет есебінен жүзеге асырылады.Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-Президенттеріне қолданылады. 49-бап Қазақстан Республикасының Вице-Президентін депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.Вице-Президенттің өз өкілеттігі кезеңінде өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ саяси партияда болуға құқығы жоқ.Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Президент атынан өкілдік етеді, сондай-ақ Президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 50-бап Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына мәлімдеме беру арқылы өз еркімен орнынан түсуге құқылы. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің орнынан түсу туралы мәлімдемені өзі және өз еркімен бергенін растайды. Конституциялық Сот қорытынды берген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне байланысты лауазымынан босатылды деп саналады.Қазақстан Республикасының Президенті денсаулығына байланысты өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілеті болмаған жағдайда мерзімінен бұрын лауазымынан босатылуы мүмкін. Бұл жағдайда Құрылтай депутаттардан және тиісті медицина салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім комиссияның қорытындысы негізінде және Конституциялық Соттың белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы негізінде Құрылтай отырысында депутаттардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысымен қабылданады.Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін атқару кезіндегі әрекеті үшін мемлекетке опасыздық жасағанда ғана жауапты болады және бұл үшін Құрылтай оны қызметінен кетіруі мүмкін. Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу және оны тергеп-тексеру туралы бастаманы Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірі көтереді. Бұл мәселе бойынша шешім Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Құрылтай тағылған айыпты тергеп-тексеруді ұйымдастырады және оның нәтижелері Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Құрылтай отырысының қарауына шығарылады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім Жоғарғы Соттың айып тағудың негізділігі туралы қорытындысы және Конституциялық Соттың белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы болған жағдайда Құрылтай отырысында депутаттардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысымен қабылданады. Айып тағылған сәттен бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылданбаса, бұл Қазақстан Республикасының Президентіне қарсы айыпты қабылданбады деп тануға алып келеді. Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың кез келген сатыда қабылданбауы осы мәселені қарауға бастамашы болған Құрылтай депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға алып келеді.Қазақстан Республикасының Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе Құрылтайдың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін қарау кезеңінде ұсынылмайды. 51-бап Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Вице-Президентке өтеді; Вице-Президенттің денсаулық жағдайына немесе жеке сипаттағы өзге де себептерге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Құрылтай Төрағасына өтеді; Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін Құрылтай Төрағасының қабылдауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Премьер-Министрге өтеді.Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаған тұлға Конституциялық Сотқа Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы мәлімдеме береді. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы мәлімдемені осы тұлғаның өзі және өз еркімен бергенін растайды және қорытынды береді. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Вице-Президент, Құрылтай Төрағасы, Премьер-Министр өкілеттігін доғарады. Бұл жағдайда бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу Конституцияда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде Құрылтай Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы жариялайды. Сайлау Құрылтай тиісті шешім қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.Осы баптың 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлғаның Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасауға, сондай-ақ Құрылтайды таратуға құқығы жоқ. IV бөлім Құрылтай 52-бап Қазақстан Республикасының Құрылтайы – заң шығару билігiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкiлдi органы.Құрылтайдың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және жаңадан шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясының жұмысы басталған кезде аяқталады.Құрылтайдың өкілеттігі Конституцияда көзделген жағдайда және белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңда айқындалады. 53-бап Құрылтай біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйе негізінде конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын бір жүз қырық бес депутаттан тұрады.Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. 54-бап Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Құрылтай депутаттарының кезекті сайлауы жұмыс істеп тұрған Құрылтай шақырылымының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауы Құрылтайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.Жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан адам Құрылтай депутаты бола алады.Құрылтай депутаттарының сайлауы конституциялық заңмен реттеледі.Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант береді. 55-бап Құрылтай депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Құрылтайда депутаттың жеке өзі дауыс береді. Депутат Құрылтай мен оның органдарының отырыстарына дәлелді себепсіз үш реттен артық қатыспаса, сол сияқты дауыс беру құқығын басқаға берсе, бұл заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға алып келеді.Құрылтай депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы талаптарды бұзу депутаттың өкілеттігін тоқтатуға алып келеді.Құрылтай депутатын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.Құрылтай депутатының өкілеттігі депутат орнынан түскен, қайтыс болған, заңды күшіне енген сот шешімімен әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайда тоқтатылады.Құрылтай депутаты: 1) Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен; 2) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған; 4) сайланған саяси партиясынан шыққан немесе шығарылған; 5) сайланған саяси партиясы қызметін тоқтатқан кезде мандатынан айырылады. Құрылтай депутаттарының өкілеттігі Құрылтай таратылған жағдайда тоқтатылады. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 2-тармағының талаптарын және депутаттық әдеп қағидаларын сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және қол сұғылмау кепілдігінен айыруға байланысты мәселелерді дайындау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі. 56-бап Құрылтай: 1) конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдайды; 2) Қазақстан Республикасының Президенті қарсылық білдірген заңдарды немесе заң баптарын қарсылық жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайта талқылап, дауысқа салады. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Құрылтай конституциялық заңдар немесе конституциялық заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының төрттен үшінің дауысымен, ал заңдар немесе заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға немесе заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң немесе заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп саналады; 3) соғыс және бітім мәселелерін шешеді; 4) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы шешім қабылдайды; 5) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялайды; 6) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді; 7) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім береді; 8) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім береді; 9) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауына Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен келісім береді; 10) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлайды және лауазымынан босатады, олардың антын қабылдайды; 11) Конституциялық Сот судьяларын, Жоғарғы Сот судьяларын қол сұғылмау кепілдігінен айырады; 12) Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатады,сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен Құрылтай депутатын қол сұғылмау кепілдігінен айыру мәселесін шешеді; 13) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы; 14) Конституциялық Соттың Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды; 15) жылына екі рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін тыңдайды; 16) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды және бекітеді. Құрылтайдың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін бекітпеуі Құрылтайдың Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруі деп саналады; 17) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің өз қызметі жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Үкімет мүшесі Қазақстан Республикасының заңдарын орындамаған жағдайда, есепті тыңдау қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен Қазақстан Республикасының Президентіне оны лауазымынан босату туралы өтініш білдіру жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет мүшесін лауазымынан босатады; 18) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тыңдау өткізеді; 19) өз қызметінің регламентін қабылдайды және Құрылтайдың жұмысын ұйымдастыруға, ішкі тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешім қабылдайды; 20) Құрылтайдың үйлестіру органын және жұмыс органдарын құрады; 21) Құрылтай комиссияларын құрады, төрағаларын сайлайды және лауазымынан босатады, комиссиялардың қызметі туралы есепті тыңдайды; 22) Құрылтайға Конституциямен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 57-бап Құрылтайды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған Төраға басқарады. Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы. Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда Құрылтай Төрағасы лауазымынан кері шақырып алынуы, сондай-ақ орнынан түсуі мүмкін.Құрылтай Төрағасы:1) Құрылтай отырысын шақырады және оған төрағалық етеді; 2) Құрылтайдың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға жалпы басшылық етеді; 3) Құрылтай Төрағасының орынбасарларын лауазымға сайлау үшін Құрылтайға кандидатуралар ұсынады; 4) Құрылтайдың қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді; 5) Құрылтайдың үйлестіру органының қызметіне басшылық етеді; 6) Құрылтай шығаратын актіге қол қояды; 7) өзіне Құрылтай регламентімен жүктелетін басқа да міндеттерді атқарады. Конституцияда өзгеше көзделмесе, Құрылтай Төрағасы Құрылтай сессиясын ашады.Құрылтай Төрағасы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығарады. 58-бап Құрылтай сессиясы отырыс түрінде өткізіледі.Құрылтайдың бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады.Құрылтайдың кезекті сессиясы жылына бір рет, қыркүйектің бірінші жұмыс күні мен маусымның соңғы жұмыс күні аралығында өткізіледі.Сессия Құрылтай отырысында ашылады және жабылады. Құрылтай сессиясын, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті ашады. Құрылтай сессиялары арасындағы кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен, Құрылтай Төрағасының немесе Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкін.Құрылтай отырысы Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.Құрылтай отырысы ашық түрде өтеді. Регламентте көзделген жағдайда отырыс жабық түрде өткізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кез келген отырысқа қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар. 59-бап Құрылтай конституциялық заңда саны айқындалатын тұрақты комитеттер, сондай-ақ комиссиялар құрады.Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы шығарады. 60-бап Заң шығаруға бастама жасау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Құрылтай депутаттарына, Үкіметке, Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі және тек қана Құрылтайда іске асырылады.Қазақстан Республикасының Президенті заң жобаларын қараудың басымдығын айқындауға құқылы, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезекте екі ай ішінде қабылдануға тиіс дегенді бiлдiредi.Құрылтай:1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектісі болуына, азаматтық құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауаптылығына; 2) меншік режиміне және өзге де заттық құқықтарға; 3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; 4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге немесе олардың күшін жоюға; 5) республикалық бюджет, мемлекеттік қарыз, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсету мәселелеріне; 6) сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне; 7) рақымшылық жасау мәселелеріне; 8) білімге, ғылымға, мәдениетке, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға; 9) кәсіпорындарды және олардың мүлкін жекешелендіруге; 10) қоршаған ортаны қорғауға; 11) Қазақстан Республикаcының әкімшілік-аумақтық құрылысына; 12) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне; 14) халықаралық шарттарды ратификациялауға және денонсациялауға; 15) мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтарға; 16) Конституцияға сәйкес өзге де мәселелерге қатысты аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, негіз құраушы қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заң шығаруға құқылы. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіптің сақталуына, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі заң шығару бастамасымен енгізген заң жобаларын Құрылтай дереу қарауға тиіс.Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген заң жобалары Құрылтайға енгізілген жағдайда Үкімет өзіне жауапкершілік ала отырып, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық акт қабылдауға құқылы. Мұндай акт Құрылтай қабылдаған заң күшіне енгенге дейін немесе Құрылтай заң жобаларын қабылдамай тастағанға дейін қолданыста болады. Құрылтай қабылдаған заң он күн ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылады.Құрылтай заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тұтастай қабылдамай тастауға құқылы. Мұндай жағдайда заң жобасы қабылданбады деп саналады және бастамашыға қайтарылады. Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Үкіметтің оң қорытындысы болған кезде ғана енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасымен Құрылтайға енгізілетін заң жобалары үшін мұндай қорытынды талап етілмейді.Үкімет енгізген заң жобасы қабылданбаса, Премьер-Министр Құрылтай отырысында Үкіметке сенім білдіру мәселесін қоюға құқылы. Бұл мәселе сенім білдіру мәселесі қойылғаннан бастап қырық сегіз сағаттан кейін ғана дауысқа салынады. Егер сенімсіздік вотумы туралы ұсыныс Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысын алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды. 61-бап Құрылтай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар заң және қаулы қабылдайды.Заң Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен қабылданады.Конституцияда өзгеше көзделмесе, Құрылтай депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен заңды қабылдайды.Конституцияда өзгеше көзделмесе, Құрылтай қаулысы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Заңдар, Құрылтай қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Құрылтай қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиіс.Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртібі заңмен және Құрылтай регламентімен реттеледі. 62-бап Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай Төрағасымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін Құрылтайды таратуға құқылы.Құрылтай келісімімен тағайындалатын лауазымға Президент ұсынған кандидатураны тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған, сондай-ақ Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы.Құрылтайды төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында,сондай-ақ алдыңғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде немесе Конституцияның 51-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда таратуға болмайды. V бөлім Үкімет 63-бап Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.Үкімет – алқалы орган, ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Құрылтай алдында жауапты.Үкімет мүшелері Конституцияның 56-бабының17) тармақшасында көзделген жағдайда Құрылтайға есеп береді.Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі конституциялық заңда айқындалады.64-бап Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныс енгізеді.Үкімет мүшелері Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне ант береді. 65-бап Үкімет: 1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; 3) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді; 4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; 5) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу шараларын әзірлейді; 6) министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді; 7) Қазақстан Республикасының министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің толық немесе бір бөлігінде күшін жояды не қолданысын тоқтата тұрады; 8) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық орган үшін қаржыландырудың және қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Президентiнің келісімімен бекітеді; 9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентiнің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 66-бап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі: 1) Үкімет қызметін ұйымдастырады және басқарады, оның жұмысы үшін дербес жауап береді; 2) Үкімет қаулысына қол қояды; 3) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның барлық аса маңызды шешімдері туралы Президент пен Құрылтайға баяндайды; 4) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басқаруға байланысты басқа да функцияларды орындайды. 67-бап Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде дербес шешім қабылдайды және өзіне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Премьер-Министр алдында дербес жауап береді. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны іске асырмайтын Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не лауазымынан босатылуға тиіс.Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеті болатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. 68-бап Үкімет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулы шығарады.Премьер-Министр Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар өкім шығарады.Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келмеуге тиіс. 69-бап Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін доғарады.Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі орындау мүмкін емес деп есептесе, Қазақстан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы мәлімдеме беруге құқылы.Құрылтай Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген жағдайда Үкімет Қазақстан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы мәлімдейді.Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Қазақстан Республикасының Президенті он күн ішінде қарайды.Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті оған міндеттерін одан әрі атқаруды тапсырады.Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін лауазымынан босатуға құқылы. Премьер-Министрді лауазымынан босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. VI бөлім Қазақстан Халық Кеңесі 70-бап Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган.Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.Қазақстан Халық Кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттігі және қызметінің ұйымдастырылуы конституциялық заңда айқындалады. 71-бап Қазақстан Халық Кеңесі: 1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді; 2) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді; 3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді; 4) конституциялық заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. VII бөлім Конституциялық Сот 72-бап Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты –конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және бүкіл ел аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган.Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады. Олардың өкілеттік мерзімі – сегіз жыл.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалмайды. Конституциялық Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол өкілеттік мерзімі ішінде Конституциялық Сот судьясы да болады.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот Төрағасы болып тағайындалмайды. Конституциялық Сот судьяларын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Конституциялық Сот судьясының депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы және қызметі конституциялық заңмен реттеледі. 73-бап Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің, Құрылтай Төрағасының, Құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің,Премьер-Министрдің өтініші бойынша:1) дау туындаған жағдайда Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық референдумды өткізудің дұрыстығы мәселесін шешеді; 2) Президент қол қойғанға дейін Құрылтай қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; 3) Құрылтай қабылдаған қаулылардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; 4) халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; 5) халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Конституцияға сәйкестігін қарайды; 6) Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді; 7) Конституцияның 50-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда қорытынды береді. Конституциялық Сот Конституцияның 46-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда – Президенттің өтiнiшiн, сондай-ақ Конституцияның 79-бабында белгiленген жағдайда соттың өтiнiшiн қарайды.Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Бас Прокурордың өтініші бойынша қарайды.Конституциялық Сот адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды.Конституциялық Сот Конституцияның 50-бабының 1-тармағында және 51-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларда қорытынды береді. 74-бап Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуі, Құрылтайдың сайланған депутаттарын тіркеу, жалпыхалықтық референдум қорытындысын шығару тоқтатыла тұрады.Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда тиісті актілерге қол қою не оларды ратификациялау мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімде шығарады. 75-бап Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не ратификацияланбайды және олар қолданысқа енгізілмейді.Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап қолданысын тоқтатады және қолданылмауға тиіс.Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс. Конституциялық Сот орындалуы Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері, оның ішінде жекелеген ережелері орындалмауға тиіс.Конституциялық Сот шешімдері қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болады және оларға шағым жасалмайды. VIII бөлім Сот төрелiгi. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері 76-бап Қазақстан Республикасында сот төрелігін сот қана жүзеге асырады.Сот билігі сот ісін жүргізудің заңда белгіленген азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен өтеді.Қазақстан Республикасының соттары – Жоғарғы Сот, заңмен құрылған жергілікті және басқа да соттар.Қазақстан Республикасының сот жүйесі Конституцияда және конституциялық заңда белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. 77-бап Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, ол адамның, азаматтың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын мақсат етеді.Сот билігі Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдануға байланысты туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.Сот шешімінің, үкімі мен өзге де қаулысының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар. 78-бап Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз болады және Конституция мен заңға ғана бағынады.Сот төрелігін іске асырған кезде соттың қызметіне мүлдем араласуға болмайды және бұл заң бойынша жауаптылыққа алып келеді. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді.Судья сот төрелігін іске асыру кезінде мына қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс:1) ешкімнің өзіне заңда көзделген соттылығын оның келісімінсіз өзгертуге болмайды; 2) сотта әр адамның өз сөзін тыңдатуға құқығы бар; 3) айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес; 4) адамның кінәлі екеніне қатысты кез келген күмән айыпталушының пайдасына қарастырылады; 5) заңсыз жолмен алынған дәлелдемелердің заңды күші жоқ. Ешкімді өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттауға болмайды; 6) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. Конституцияда белгіленген сот төрелігі қағидаттары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай. 79-бап Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Конституциялық Сотқа жүгінуге міндетті. 80-бап Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек қана заңда белгіленген негіздермен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.Судьяны қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, тиісінше Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Құрылтайдың келісімінсіз оны ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.Қазақстан Республикасы соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады.Судьяның депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды. 81-бап Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. 82-бап Жоғарғы Сот – жергілікті және басқа да соттардың қарауына жататын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы, ол заңда көзделген жағдайда өзінің қарауына жататын сот істерін қарайды және сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндіру береді. 83-бап Жоғарғы Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды және ол өз өкілеттігі мерзімі ішінде Жоғарғы Сот судьясы да болады. Жоғарғы Сот Төрағасының өкілеттік мерзімі – алты жыл.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Жоғарғы Сот Төрағасы болып тағайындалмайды. Жоғарғы Сот судьяларын Құрылтай Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен сайлайды. Жергілікті және басқа да сот судьяларын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды.Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін.Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.Жоғары Сот Кеңесінің мəртебесі, құрамын қалыптастыру тəртібі жəне жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады. 84-бап Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды заңда белгіленген шекте және нысанда жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының прокуратурасы орталықтандырылған бірыңғай жүйені құрайды, төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынады. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді.Бас Прокурорды Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Бас Прокурордың өкілеттік мерзімі – алты жыл.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Бас Прокурор болып тағайындалмайды. Бас Прокурорды қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.Прокуратураның құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі конституциялық заңда айқындалады. 85-бап Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жəрдемдеседі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.Адам құқықтары жөніндегі уəкілді Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.Адам құқықтары жөніндегі уəкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тəуелсіз болады жəне мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.Адам құқықтары жөніндегі уəкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады. 86-бап Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу құқығын және заң көмегін алу құқығын іске асыруға жәрдемдеседі. Заң көмегін адвокаттар мен өзге тұлғалар заңға сәйкес көрсетеді.Адвокат қызметін жүзеге асыру тәртібі, адвокат құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы заңда айқындалады. IX бөлім Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару 87-бап Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы ахуалдың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. 88-бап Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының ерік-мүддесін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды айқындайды, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бір ғана мәслихаттың депутаты бола алады.Мәслихаттардың қарауына:1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту; 2) өз қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу; 3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган басшыларының есебін қарау; 4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есепті тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 5) заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. Мәслихаттың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті Премьер-Министрмен және Құрылтай Төрағасымен консультациядан кейін мерзімінен бұрын тоқтатады, сондай-ақ оның өкілеттігі мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.Мәслихаттардың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы заңда белгіленеді. 89-бап Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүддесімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.Жергілікті атқарушы органдардың қарауына:1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу мен олардың атқарылуын қамтамасыз ету; 2) коммуналдық меншікті басқару; 3) жергілікті атқарушы орган басшыларын тағайындау және лауазымынан босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 4) жергілікті атқарушы органдарға заңмен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру жатады. Жергілікті атқарушы органды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі басқарады, ол Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады.Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін Қазақстан Республикасының Президенті тиісінше астана мəслихаты, облыс аумағындағы мəслихаттар, республикалық маңызы бар қала мəслихаты депутаттарының келісімімен тағайындайды.Қазақстан Республикасының Президенті кемінде екі кандидатураны ұсынады, олар дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан мəслихат депутаттарының көпшілік дауысын алған кандидат келісім алды деп саналады. Өзге əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдері заңда айқындалатын тəртіппен тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақлауазымынан босатылады. Қазақстан Республикасының Президенті өз ұйғаруымен астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін лауазымынан босатуға құқылы. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасымен әкімге сенімсіздік вотумын білдіру мәселесі қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мəслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен əкімге сенімсіздік білдіруге жəне оны лауазымынан босату мәселесін тиісінше астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдеріне қатысты – Қазақстан Республикасы Президентінің алдына не өзге де əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдеріне қатысты – жоғары тұрған əкімнің алдына қоюға құқылы. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті өз қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі заңда белгіленеді. 90-бап Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша – шешім, ал әкімдер шешім мен өкім қабылдайды, бұлар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орындалуға міндетті.Жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтін мәслихат шешімінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес келмейтін мәслихат шешімінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоя алады, олардың күші сот тәртібімен де жойылуы мүмкін. 91-бап Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.Жергілікті өзін-өзі басқаруды халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар арқылы және тұрғын саны шағын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтарда өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңға сәйкес мемлекеттік функциялар берілуі мүмкін. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның қызметі заңмен реттеледі.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне заңда белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. X бөлім Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу 92-бап Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасы бойынша, Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің бастамасы бойынша қабылдаған шешіммен өткізілетін жалпыхалықтық референдумда енгізіледі.Жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, жалпыхалықтық референдум өткізілді деп саналады.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан Қазақстан Республикасы азаматтарының жартысынан астамы жалпыхалықтық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды жақтап дауыс берсе, олар қабылданды деп саналады. 93-бап Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың Конституцияның 2-бабы 7-тармағының және 43-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы Конституциялық Сот қорытындысы болған жағдайда олар жалпыхалықтық референдумға шығарылады. XI бөлім Қорытынды және өтпелі ережелер 94-бап Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады 95-бап 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы1 шілдеден бастап тоқтатады.Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс. Бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайдың келісіміменВице-Президентті тағайындауға тиіс.Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тағайындалған Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары Конституциялық Соттың жаңа құрамы қалыптастырылғанға дейін өз өкілеттігін сақтайды. Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелері бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тағайындалған Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелері Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның жаңа құрамы қалыптастырылғанға дейін өз өкілеттігін сақтайды. Жоғарғы Сот Төрағасы, Ұлттық Банк Төрағасы, Бас Прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сайланған (тағайындалған) Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттың судьялары, мәслихат депутаттары, өзге де лауазымды адамдар өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздер бойынша өкілеттігі тоқтатылғанға дейін сақтайды. 96-бап Конституция күшіне енген күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкес келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.Конституция күшіне енген күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған Конституциялық Кеңестің және Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда рекорд-стадион салынады: мерзімі мен орны белгілі болды Алматының Құрылыс басқармасы қалада жаңа арена салынатыны туралы БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Жаңа стадион елдегі ең үлкені болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БАҚ пен әлеуметтік желілерде Алматыда жаңа стадион бой көтеретіні жөнінде ақпарат тараған еді. Қала әкімдігінде аренаның салыну мерзімі нақтыланып, оның Қазақстандағы ең үлкен стадион болатыны айтылды. "Қазір Алматының Құрылыс басқармасына Медеу ауданы, Құлжа тасжолы бойынан халықаралық талаптарға сай 45 мың орындық стадион салу үшін жер телімі бөлінді. Стадион УЕФА-ның IV санат талаптарына сәйкес салынады. Жобаға табиғи шөп төселетін футбол алаңы және 1000-нан аса көлікке арналған автотұрақ қарастырылған", - делінген әкімдіктің Tengri Sport сауалына берген жауабында. Стадион құрылысының құны жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін анықталады. Ал құрылысты аяқтау мерзімі - 2027 жылдың IV тоқсаны. Алматыдағы стадион рекорд орнатады Қазір Қазақстандағы ең ірі стадион - "Астана Арена", оның сыйымдылығы 30 мың адам. Сонымен қатар, Шымкент пен Ақтөбеде де 35 мың орындық ареналар салу жоспарланып отыр. Осылайша, Алматыда салынатын 45 мың орындық стадион Қазақстан тарихындағы ең үлкен стадионға айналмақ. Мәселен, 45 мың орындық алматылық стадион Туриндегі "Ювентус" командасының аренасынан (41 698 орын) және Лондонда "Челси" ойнайтын "Стэмфорд Бриджден" (42 449 орын) де үлкен болады. Алматы әкімдігі ұсынған алдын ала эскиз, өзгерістер енгізілуі мүмкін. "Орталық" стадионға не болады? Еске салайық, қазір Алматыдағы басты футбол аренасы - "Орталық" стадион, оның сыйымдылығы 23 804 адам. Кейінгі жылдары бұл алаңға Лондонның "Челсиі" мен Мадридтің "Реалы" келген. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы дәл осы жерде Эрлинг Холанд бастаған Норвегия құрамасын қабылдаған болатын. Фото: Алматы әкімдігі. Редакция қала әкімдігінен ескі аренаны қайта жаңғырту жоспары бар-жоғын сұрап көрді. "Қазір Құрылыс басқармасы тарапынан "Орталық" стадионды қайта жаңарту жұмыстарына қаржыландыру қарастырылмаған. Осыған байланысты жоба бойынша толық әрі нақты ақпарат беру мүмкін емес. Қаржы көзі анықталған жағдайда, қайта жаңғырту жұмыстары туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген жауапта. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада аяз күшейеді, ал Алматыда қалың қар жауады Синоптиктер 12–14 ақпан күндері Астана мен Алматыда қандай ауа райы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана бойынша болжам 12 ақпан: Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан: түнде 9–14 м/с, күндіз 2–7 м/с. Температура: түнде -24…-26°, күндіз -16…-18°. 13 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 2–7 м/с. Температура: түнде -25…-27°, күндіз -12…-14°. 14 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 2–7 м/с. Температура: түнде -21…-23°, күндіз -8…-10°. Алматы бойынша болжам 12 ақпан: көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан 2–7 м/с. Температура: түнде 0…-2°, күндіз 0…+2°. 13 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура: түнде -2…-4°, күндіз +1…+3°. 14 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура: түнде -2…-4°, күндіз +3…+5°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңа Конституция бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қояды Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Мемлекет басшысына комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді. Эльвира Әзімова комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады. Жаңа Конституция мәтіні азаматтар мен сарапшылардың былтыр қазаннан бастап eGov және e-Otinish порталдарына жолдаған бастамалары негізінде дайындалған. Сондай-ақ, жобада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қазан-қаңтар айлары аралығында жинақтаған тәсілдер де ескерілген. Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия талқылау қорытындысы бойынша жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынатынын жеткізді.Мемлекет басшысы Конституциялық комиссия өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті. Президенттің пікірінше, жаңа Конституция ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау үдерісі толығымен аяқталып, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшетінін көрсетеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата Заң жобасы қоғамдағы өзекті құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындап қана қоймай, Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтынын айтты. Президент маңызды жұмысты кәсіби тұрғыда атқарған Конституциялық комиссия мүшелеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, комиссия мүшелерінің жаңа Конституция жобасын тікелей эфирде талқылауы қоғамдық диалогтің жоғары деңгейін танытқанына назар аударды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жобаны әзірлеу мен талқылауға мыңдаған азамат белсене атсалысқанына тоқталып, бұл "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сай келетінін және жаңа Конституцияның шынайы халықтық сипатын көрсететінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақ қыздарын қорлаған танымал блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін Мәжілістегі брифингте журналистер бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен әлеуметтік желіде қазақ қыздарына балағат сөздер айтқан шетелдік блогерлерге қатысты дау туралы сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Олар ұсақ бұзақылық үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, айта кетейін, ІІМ 174-бап бойынша – ұлтаралық араздықты қоздыру дерегі бойынша тергеуді бастады", - деп жауап берді Қойгелдиев. Анықтама. ҚР ҚК-нің 174-бабы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру үшін жауапкершілікті көздейді. Осы баптың 2-бөлігінде мұндай әрекеттер адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласу арқылы, бірнеше рет, күш қолданумен немесе күш қолданамын деп қорқытумен, қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестік жетекшісі тарапынан, сондай-ақ шетелдік көздерден алынған қаражатты қоса алғанда, шетелдік көздерден қаржыландыру құралдарын пайдалану арқылы жасалса, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ол бұл басқа іс екенін нақтылады. "Әлгісі - әкімшілік, ал мұнда - басқа", - деп атап өтті бас прокурордың орынбасары. Контекст Қазақстанда шетелдік стримерлерге қатысты дау шықты. Тікелей эфир кезінде олар қазақстандық қыздар туралы жағымсыз пікірлер айтты, ал бұл үзінділер әлеуметтік желіде тез тарады. Желіде наразылық күшейгеннен кейін блогерлермен алдымен жергілікті тұрғындар кездесіп, көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті. Кейін жағдайға құқық қорғау органдары араласты. Алматы полициясы тексеру жүргізіп, сот екі шетелдікке интернеттегі ұсақ бұзақылық үшін 15 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ауыр миокард инфаркті: Сары Назарбаеваның ауруханаға түсу себебі аталды Тұңғыш президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, Сара Назарбаева 2025 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделген. "Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады. Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылды", - деді Айдос Үкібай. Биыл қаңтарда жағдайы тұрақталуына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталған. "Қазір Сара Алпысқызы Алматыда үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында", - деді ол. Еске салайық, 2025 жылы 5 мамырда Сара Назарбаева ауыр хәлде жатқаны белгілі болды. Кейінірек Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады. 2026 жылы қаңтарда Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды. Сара Назарбаева туралы не белгілі? Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. Өз тегі - Қонақаева. 1962 жылы Сара Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Араға бір жыл салып Дариға есімді қызды дүниеге әкелді. Көп ұзамай Динара мен Әлия Назарбаева дүниеге келді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Сара Алпысқызы қоғамдық жұмыстарда белсенді болды. 1992 жылы "Бөбек" қорын ашты. Кейін "SOS Киндердорф" балалар ауылын ашқан. "SOS Киндердорф" халықаралық қорының алтын медалімен, ЮНИСЕФ арнайы сыйлығымен, Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен және Қазақстанның бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапатталған. Сондай-ақ, бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы халықаралық жүлдесі және "Құрманжан Датқа", Unity халықаралық жүлдесіне ие болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Сенім грамоталарын Грек Республикасының елшісі Антониа Кацуру мен Португалия Республикасының елшісі Жозе де Каштру Атаиде Амарал тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстан бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, қазір әлемде орын алған барлық проблема тек бейбіт жолмен, яғни дипломатиялық арналар мен құралдар арқылы шешілуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия және Португалия елдерінің басшылары мен премьер-министрлеріне ыстық ықыласын жолдап, оларды Астанаға сапармен келуге шақырды. Іс-шара соңында Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігі оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Конституция жобасына тұрғын үйден шығарып жіберуге тыйым салу туралы норма енгізілді Жаңа Конституция жобасына сот шешімінсіз тұрғын үйден шығарып жіберуге тыйым салатын толықтыру енгізілді. Бұл туралы Конституциялық комиссияның он екінші отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұрмұханов бұл мәселені бұған дейін Мемлекет басшысы көтергенін еске салды. Осы тақырыпты талқылау барысында Конституциялық комиссия мүшелері Артур Ластаев пен Динара Закиева да пікір білдірген. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Қазақстан ратификациялаған көптеген халықаралық құжатта әрбір адамның жеке және отбасылық өміріне ерікті немесе заңсыз араласудан, сондай-ақ, тұрғын үйдің қолсұғылмаушылығына қол сұғудан қорғалуға құқығы бекітілгенін атап өтті. "Осыған байланысты Конституцияның 28-бабының 1-тармағына сот шешімінсіз тек тұрғын үйден айыру ғана емес, одан шығарып жіберу де жол берілмейтіні туралы толықтыру енгізілді", - деп түйіндеді Нұрмұханов. Тұрғын үйдің қолсұғылмаушылығына қатысты конституциялық кепілдіктерді күшейту бастамасын бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын. Мемлекет басшысы тұрғын үйден шығарып жіберу де, тұрғын үйден айыру да тек сот шешімімен ғана мүмкін екенін тікелей бекітуді ұсынып, Конституциялық комиссия мүшелерінен бұл ұсынысты қарастыруды сұраған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қожамжаров ісі және Нығматулиндерге қатысты тергеу: Бас прокуратура не дейді? Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Антикордың бұрынғы басшысы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеудің барысы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қойгелдиевтің айтуынша, қылмыстық іс тергеліп жатыр, алайда Қожамжаровтың процестік мәртебесі әзірге анықталған жоқ. "Қалғанының бәрі тергеу қорытындысы бойынша шешіледі", - деді бас прокурордың орынбасары Мәжілістегі брифингте. Нығматулиндерге қатысты істер Сондай-ақ, одан Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің туыстарына қатысты тергеудің барысы туралы сұралды. Атап айтқанда, оның ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланған. Қойгелдиевтің айтуынша, іс Қарағанды облысындағы хоккей клубына бөлінген қаражатты жымқыруға байланысты. Тағы бір ағасы - Ерлан Нығматулинге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, экс-спикердің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр. Қойгелдиевтің нақтылауынша, Түркияға құқықтық көмек көрсету туралы сұрау жіберілген, қазір жауап күтіліп отыр. Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Бас прокуратурасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Тергеу шенеуніктік өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру деректері бойынша жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
СІМ Нұрлан Сабуровтың жағдайына пікір білдірді Қазақстан Сыртқы істер министрлігі қазақстандық комик Нұрлан Сабуровтың Ресейге кіруге тыйымына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. СІМ-нің жауабы қандай? "Бұл - әдепкі жағдай. Ол - Қазақстан Республикасының азаматы. Егер Ресей Федерациясы оған қатысты мұндай шешім қабылдаса, бұл - сол елдің ішкі шешімі және олардың заңнамасына сәйкес реттеледі. Сондықтан басқа бір мемлекеттің қандай шешім қабылдайтынын түсіндіріп, пікір айту қиын", - деді Бақаев Мәжіліс кулуарында. Оның айтуынша, мұндай тыйымдар ерекше немесе сирек жағдай емес. "Меніңше, ол белгілі бір уақытқа бір елге кіруге тыйым салынған жалғыз адам емес", - деді министр орынбасары. Бақаев мұндай мәселелер әр адамда жеке тәртіппен шешілетінін қосты. Қажет болған жағдайда азамат адвокаттар немесе заңгерлер жалдап, тыйым салған елдің өзінде бұл шешімге қарсы шағым түсіріп, дауласа алады. Министр орынбасары Сабуровтың Ресей аумағындағы мүлкіне қатысты сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, бұл мәселе де мүлік орналасқан елдің заңнамасымен реттеледі. Мұндай жайттар сол елдің соттары мен уәкілетті органдары арқылы шешіледі. Еске салайық, Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін Алматыға ұшып келді. Бұған дейін Сабуров Мәскеуге ұшып барған соң оған Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы хабарланған. Ресейлік БАҚ дерегінше, шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған. Бұл жағдайға Ресейдің ресми органдары да, әртіс те, оның өкілдері де пікір берген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Газбен жүретін көліктерге жаңа тыйым енгізіледі Қазақстанда газ құю бекеттері мен газбен жүретін көліктерге қатысты талаптар қатаңдатылады. Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанда газ құю бекеттеріне қойылатын ережелер қатаңдалады. "Газбен жабдықтау және газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша" заңға тиісті түзетулер енгізілмек. Бүгін Мәжіліс депутаттары оны бірінші оқылымда қолдады. Депутат Еділ Жанбыршиннің айтуынша, 3000 автогаз құю станциясының 90 пайызында жер үстінде орналасқан газ сыйымдылығы бар. 2025 жылы Түркістан және Атырау облыстарындағы дәл осындай станцияларда жарылыстар болған еді. Заңға енгізілетін түзетулер мынаны көздейді: жаңа газ құю бекеттерін тек жерасты сыйымдылықтарымен салу; барлық станцияны 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін сыйымдылықтарды жер астына көшіруге міндеттеу; ресми түрде рұқсат етілген орындардан тыс жерде көліктерге және тұрмыстық газ баллондарын толтыруға тыйым салу. Газ құю бекеттері азая ма? Депутаттың айтуынша, 2025 жылы Қазақстанда шамамен 2 миллион тонна сұйытылған газ тұтынылған, ал өндірілгені небәрі 1,8 миллион тонна. Яғни газ тапшылығы бар. Оның сөзінше, қазір бақылау әлсіз әрі автогаз құю бекеттерінің саны көбейіп барады. Жағдайды реттеу үшін өңірлердегі әкімдіктерге мұндай бекеттердің санын шектеуге рұқсат беру ұсынылады. Еске салайық, 2025 жылғы 21 наурызда газ құю станцияларының бірінде жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, үшеуі күйік алған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
-33 градус аяз: Қазақстанда күн күрт суытады Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз болады. "Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді", – деді синоптиктер. Еліміз бойынша жел күшейеді, тұман күтіледі, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ, боран соғуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Иран президентіне хат жолдады Мемлекет басшысы Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады. Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Депутат Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды Елнұр Бейсенбаевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Елнұр Бейсенбаевқа Алғыс хат табыстап, жасаған жұмысына ризашылық білдірді. Айта кетейік, бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Елнұр Бейсенбаев туралы не белгілі? Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы 27 маусымда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі. Бұған дейін Алматы, Астана әкімдіктерінде қызмет еткен. 2023 жылғы наурыздан бастап сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
1Win интернет-казиносы ісі бойынша Maybach, Lamborghini мен қомақты ақша тәркіленді Win интернет-казиносы ісі бойынша Maybach, Lamborghini, миллиондаған теңге, доллар мен еуро тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облысы бойынша ҚМА департаменті заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Заңсыз қызметті жасыру мақсатында жалған тұлғалардың атына тіркелген байланысы бар заңды тұлғалардың кең желісі пайдаланылған. "1Win интернет-платформасы 11 мыңнан аса онлайн ойынға, сондай-ақ, спорт және киберспорт оқиғаларына бәс тігуге мүмкіндік берген. Бәс қабылдау және ұтысты төлеу банк карталары, электрон төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған. Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды, сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген ҚМА хабарламасында. Күдіктілердің қылмыстық жолмен алынған мүлкін соталды тәркілеу басталды. Атап айтқанда: Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser, сондай-ақ шоттардағы қаражат – 151 миллион теңге, 14 600 доллар және 44 400 еуро. Сот қаулысымен жалпы құны 420 миллион теңгеден асатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. БАӘ-дегі апартаменттер, Rolls-Royce пен Bentley: "Актив Ломбард" иесіне қатысты тергеу аяқталды Бұған дейін комиссиялық дүкен ретінде жасырынған ірі ломбардтар желісі арқылы заңсыз микрокредит беру схемасы анықталға еді. "Актив Ломбард" желісінің иесі С.С. Койнов комиссиялық қызметті пайдаланып, жеке тұлғаларға жасырын түрде микрокредит берудің заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қысқы Олимпиада-2026: 11 ақпандағы жарыс кестесі Бүгін, 11 ақпанда, Қазақстан спортшылары Италияның Милан және Кортина қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасы бойынша екі спорт түрінде бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін қазақстандықтар арасынан алғашқы болып шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Рақпаров жарыс жолына шығады: 14:00-де ол үлкен трамплиннен секіру сынында өнер көрсетеді, ал 17:45-те жарысқа қатысады. Фристайл-могул спортшылары Анастасия Городко, Аяулым Әмренова және Юлия Галышева 15:00-де екінші іріктеуде финалға жолдама үшін таласады. Егер келесі кезеңге өтсе, 18:15-те финалда жүлде үшін жарысады. Сондай-ақ, 18:15-те 15 шақырымдық жеке жарысқа биатлоншылар Айша Рақышева мен Милана Генева қатысады. Жарысты Qazaqstan, Qazsport, Хабар және Jibek Joly телеарналарынан көруге болады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) Бұған дейін Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаудағы көшбасшысы Михаил Шайдоров Италиядағы Олимпиадада қысқа бағдарламадан кейін бесінші орынға тұрақтаған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Тосын шешім болды“. Қамшыбек Тәшиев қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді Әлеуметтік желілерде Қырғызстан ҰҚМК-ның бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің атынан үндеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ке сілтеме жасап. Онда Қамшыбек Тәшиев бұған дейін жасалған отадан кейін тексерілуден өту үшін президенттің рұқсатымен шетелге шыққанын айтты. Оның сөзінше, қызметтен босату туралы шешім тосыннан болған. Сонымен қатар, Тәшиев қандай жағдайда да мемлекет басшысының шешімі орындалуға тиіс екенін атап өтті. "Мен мемлекетімізге, халқымызға және президентке адал қызмет еттім және соны мақтан тұтамын. Бір өкініштісі, маған жеке құраммен қоштасуға мүмкіндік берілмеді. ҰҚМК-дағы әрбір қызметкерге алғыс айтып, табыс тілеймін", - делінген үндеуде. Сөз аяғында Қамшыбек Тәшиев азаматтарды заңды сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге бармауға шақырып, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңызын айтты. 24.kg сайтынан скриншот Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиевтің Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Тиісті жарлыққа республика президенті Садыр Жапаров қол қойған. Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамда, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасында да, жікке бөлінудің алдын алу" екенін айтқан. Алайда кейінірек президенттің баспасөз хатшысы шиеленісті Тәшиев емес, оның жақын айналасындағы адамдар туғызғанын хабарлады. Олар депутаттарға қоңырау шалып, "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастамалауға" үгіттеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар тұрғын үйге енді жаңа тәсілмен ақша жинай алады: толық мәлімет 2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстанда тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысты жаңа ереже күшіне енеді. Бұрын бұл жүйе негізінен Отбасы банк арқылы ғана жұмыс істесе, енді коммерциялық банктерге (екінші деңгейлі банктерге) де осы жүйені енгізуге рұқсат берілді. Tengrinews.kz тілшісі арнайы салымдарды кім аша алатынын және неге олар үшін мемлекет сыйақысы берілмейтінін анықтап көрді. Мән-жай Қазақстанда тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесінің (ТҮҚЖ) мүмкіндіктері кеңейтілді. Енді бұл жүйеге тек Отбасы банк емес, екінші деңгейлі барлық банктер (ЕДБ) де қатыса алады. Оларға арнайы салымдар ашуға, шот жүргізуге және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған қарыз беруге рұқсат етілді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengrinews.kz-тің сауалына жауап ретінде тиісті түзетулерге Мемлекет басшысы 2026 жылғы 16 қаңтарда қол қойғанын хабарлады. "Енгізілген түзетулер тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі ұғымын кеңейтті. Енді бұл ұғымға тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі мәртебесі жоқ екінші деңгейлі банктер де енгізілді. Бұл оларға бөлек арнайы лицензия алмай-ақ тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесіне қатысу құқығын береді", – деп түсіндірді ҚНРДА. Заң 2026 жылғы 19 наурызда күшіне енеді. Тұрғын үй жинағы нарығын кеңейту Ұлттық банк те ресми сауалына берген жауабында енді қазақстандықтарға тұрғын үйге ақша жинауға тек мамандандырылған банктер емес, басқа банктер де көмектесе алатынын растады. "Заң бойынша тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі мәртебесі жоқ екінші деңгейлі банктерге де тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесіне қатысу мүмкіндігі берілді", - деп атап өтті Ұлттық банк. Бұл дегеніміз, ЕДБ салым қабылдап, арнайы шот аша алады және салымшыларға тұрғын үй, аралық және алдын ала қарыздар беруге құқылы. Ұлттық банктің түсіндіруінше, бұл жүйенің негізінде "қаражатты мақсатты түрде жинақтап, кейін оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидаты" жатыр. Ең басты айырмашылық - мемлекет сыйақысы ЕДБ-ге берілген өкілеттіктер кеңейгенімен, Отбасы банк пен коммерциялық банктер арасындағы негізгі қаржылай айырмашылық болады. Әңгіме жыл сайын мемлекет беретін бонустың төңірегінде болмақ. "Мамандандырылған тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі қолданатын мемлекеттік сыйақы механизмі екінші деңгейлі банктерде ашылған тұрғын үй депозиттеріне қолданылмайды", - деп нақты айтты Ұлттық банк. ҚНРДА да бұл ақпаратты растады. "Тұрғын үй-құрылыс жинақтары бойынша мемлекеттік сыйақы тек тұрғын үй-құрылыс жинақ банктерінде ашылған салымдарға ғана сақталады және жаңа түзетулер негізінде жүйеге қатысатын екінші деңгейлі банктерге таралмайды". Анықтама: Отбасы банктегі мемлекеттік сыйақы жыл ішінде енгізілген жинақ сомасының 20 пайызына тең, бірақ 200 АЕК-тен аспайды. Яғни, егер салымшы бір жылда 865 мың теңге (2026 жылы 200 АЕК) салса, ең көп дегенде 173 мың теңге сыйақы ала алады. Контекст Бұған дейін, 23 қаңтарда Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылына 18 пайыз деңгейінде қалды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарды тұрғын үй сатып алуға салмақты қарауға шақырып, жылжымайтын мүлік қымбаттауы да, арзандауы да мүмкін екенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа Конституция жобасы референдумға шығаруға дайын - Конституциялық комиссия Жаңа Конституция жобасы жалпыұлттық референдумға шығаруға дайын. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған кепілдіктер жүйесін бұрынғыдан да тұрақты әрі түсінікті етеді. Мұндай пікірді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев айтты. Оның сөзінше, құжат құқықтық айқындықты біртіндеп күшейтеді, сот арқылы қорғану мүмкіндіктерін кеңейтеді және адам мүддесін бірінші орынға қоятын тәсілді мемлекеттік басқарудың негізгі қағидасы ретінде бекітеді. Ластаевтің айтуынша, жобада азаматтар күнделікті өмірде кездесетін нақты жағдайларды ескерілген және адамның негізгі құқықтарына әсер етуі мүмкін негізсіз, өз бетінше қабылданатын шешімдердің алдын алуға бағытталған. "Осы тұрғыдан алғанда, бұл құжат қоғамның әділдікке, қауіпсіздікке және адам қадір-қасиетін құрметтеуге деген сұранысына жауап береді. Жүргізілген жұмыс пен талқылаудың кең ауқымын ескере отырып, ұсынылған жоба жалпыұлттық референдумға шығарылып, азаматтардың мүддесін көрсететін әрі олардың күткеніне сай келетін құжат ретінде қолдау табуы мүмкін", - деп қорытындылады Ластаев. Осыған ұқсас пікірді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева да білдірді. Ол ұсынылған нормаларды бекіту мемлекеттік институттардың жұмыс істеуін құқықтық тұрғыдан нақтылап, оның қалай жүзеге асатынын алдын ала түсінікті әрі болжамды етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, өтпелі кезеңде әрбір мемлекеттік органның өкілеттігі шегін нақты түсінуді қалыптастыру туралы сөз болып отыр. "Қорытынды және өтпелі ережелер бөлімін жан-жақты пысықтағаннан кейін Конституция жобасын республикалық референдумға шығаруға дайын деп тануға болады деп есептеймін", - деді Имашева. Конституциялық комиссияның оныншы отырысында саясаттанушы Марат Шибутов Негізгі заңның бірқатар бабы бойынша жұмыс әлі де жалғасып жатқанын айтты. "Қазір әртүрлі саланың, әртүрлі тәжірибе мен әртүрлі көзқарастың мамандары бірлесіп жасаған жұмыстың нәтижесі болып саналатын жобаны көріп отырмыз. Дәл сондықтан мен Негізгі заң жобасы жалпыұлттық дауыс беруге - референдумға шығаруға қазірдің өзінде дайын деп есептеймін", - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда мектептегі іс-шарадан кейін гимназия оқушылары ауруханаға түсті Алматыда мектептегі іс-шарадан соң оқушылар ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаланың Білім басқармасы жағдайға пікір білдірді. "9 ақпанда Алматы қаласындағы №199 мамандандырылған гимназияның акт залында мәдени іс-шара өткізу барысында сахналық түтін генераторы қолданылған. Оны пайдаланғаннан кейін бірнеше оқушы жөтеліп, көзінен жас ағып, жайсыздықты сезген", - деп жазылған хабарламада. Гимназия әкімшілігі қажет шараларды жедел түрде қабылдаған: медициналық қызметкер балаларды тексеріп, жедел жәрдем шақырған. "Алматы қаласының Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек орталығына 12 жастағы 6 бала улану белгілерімен жеткізілді. Барлық бала токсикология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр", - деп жазылған хабарламада. Бұл оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүргізілген. Мектепте түтін генераторын пайдалануға жол берген педагог тәртіптік жауапкершілікке тартылған. "Ұлттық сараптама орталығының мамандары ауа сынамаларына зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижелері туралы қосымша ақпарат беріледі. Қазір гимназияда жаппай іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздік талаптары сақталуына бақылау күшейтілді. Жағдай мектеп әкімшілігі мен Білім басқармасының бақылауында", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді Қазақстанда 10 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 491,88 теңге болды. Бұл көрсеткіш 2,64 теңгеге төмендеген. Ұлттық банктің 10 ақпанға арналған ресми бағамы - 1 доллар үшін 494,75 теңге. Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – 491,24 теңге; сату – 493,69 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – орташа есеппен 490,00 теңге; сату – 497,00 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қамшыбек Тәшиев барлық қызметінен босатылды Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қырғыз БАҚ-тарына сілтеме жасап. 24.kg басылымының мәліметінше, Қамшыбек Тәшиевтің Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған. Жарлыққа сол кезде 2020 жылғы 5–6 қазан оқиғаларынан кейін президент міндетін атқарушы болған Садыр Жапаров қол қойған. "Қамшыбек Тәшиев пен елдің қазіргі президенті Садыр Жапаровтың көпжылдық қарым-қатынасы әрдайым елдегі ең тұрақты әрі ықпалды саяси одақтардың бірі ретінде қарастырылып келді. Олардың ынтымақтастығы билікке келмей тұрып-ақ басталған: 2010-жылдардың басында олар саяси үдерістерде бірнеше рет бір тарапта болды, 2012 жылы ортақ қылмыстық эпизодты бірге өткерді, бұл олардың жеке байланысын одан әрі нығайтты", - деп жазады басылым. 2020 жылғы қазан оқиғаларынан кейін бұл тандем түбегейлі қалыптасты: Садыр Жапаров президент болды, ал Қамшыбек Тәшиев ҰҚМК басшысы болып тағайындалып, күштік блоктың негізгі тірегіне айналды. Дәл ол ең даулы істерді қадағалап, күштік саясатты қалыптастырды және іс жүзінде президент командасының ең жақын сенімді адамы саналды. "Сарапшылар ортасында олардың одағын жиі елдегі ең берік саяси дуэт деп атады, ал Қамшыбек Тәшиевке қатысты кез келген кадрлық өзгеріс билік конфигурациясындағы елеулі өзгерістердің белгісі ретінде қабылданатын. Кейінгі уақытта саяси ортада арнайы қызмет басшысы алдағы президент сайлауына қатысуы мүмкін деген сыбыс тарады. Қамшыбек Тәшиевтің өзі бірнеше рет президенттік бәсекеге қатыспайтынын және Садыр Жапаровты қолдайтынын мәлімдеген", - делінген жарияланымда. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан сүріліп жатыр Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ерменсай шағынауданындағы Таужиегі көшесі, 35-учаскеде орналасқан үй сүріліп жатыр. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты. Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жобалық құжаттама мен сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес келмейтіні анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Осыдан кейін басқарма нысанды пайдалануға беру туралы актінің күшін жою және құрылысты бұзу жөнінде талап арызбен Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына жүгінді. 2025 жылы 20 тамызда сот талап арызды қанағаттандырды. 2025 жылы 28 қазанда Алматы қалалық соты бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Қазір қалалық Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан бұзыла басталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада альпинист салынып жатқан тұрғын үйдің шатырынан құлады Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің шатырынан өнеркәсіптік альпинист құлап кетті. Оқиғаның мән-жайын полиция департаменті баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға дүйсенбі, 9 ақпанда, Бұқар жырау көшесінде болған. 1997 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. BI құрылыс компаниясының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, альпинист шамамен 16:00-де терезе жуып жатқанда құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы 9-қабат деңгейінде тепе-теңдігін жоғалтқан, ал төмен түсуге дайындық сәтінде сақтандыру жүйесі бекітілмей қалуы мүмкін. Жедел жәрдем 10 минут ішінде келгені айтылды. "Зардап шеккен адамға ота жасалды, ол есін жиды. Еңбек инспекциясының қатысуымен тексеру жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті компания. Құрылыстағы оқиғалар Былтыр Астанада құрылыс алаңдарында осындай төтенше жағдайлар болған. Шілдеде нысандардың бірінде кран құлап, кран жүргізушісі қаза тапты. Күзде қатты желдің салдарынан "Рио-де-Жанейро" тұрғын үй кешенінің құрылысында мұнаралы кран құлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Үкіметтің негізгі міндетін атады Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік экономикалық жағдай күрделенген тұста Министрлер кабинетінің басым міндеттерін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының айтуынша, сарапшылардың болжамы бойынша әлемдік экономиканың өсімі баяулап, соның салдарынан халықаралық сауда да төмендейді. "Біздің басты мақсатымыз – қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыру. Дамушы елдерге салынатын жаһандық инвестиция көлемі азайып барады. Қаржы саласы тоқырауға ұшырауы мүмкін", - деді Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде көптеген ел өз нарығын қорғау шараларын күшейтіп жатыр. "Мемлекеттер арасында өзара тарифтік шектеу қою үрдісі белең алды. Жаһандану үдерісі кері сипат ала бастады. Мұның бәрі әлемдегі геосаяси ахуалды өзгертіп жатыр. Бірақ негізгі әрі шешуші оқиғалар әлі алда. Дүние жүзінде мүлде жаңа үдерістер пайда болуда. Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін біз осы өзгерістерге экономикалық және саяси тұрғыдан бейімделуіміз қажет. Бұл – аса маңызды міндеттің бірі. Бұрынғы тәсілдер қазір тиімсіз болып қалғанын көріп отырмыз. Озық мемлекеттер әлем экономикасын дамытудың жаңа үлгісін әзірлеуге кірісіп кетті. Біз де бұл үдерістен шет қалмауымыз керек", - деді Президент. Тоқаев ұлт мүддесін қорғау үшін экономиканы нығайтуға және дамытуға арналған нақты жоспар болуға тиіс екенін айтты. "Дүние жүзіндегі экономикалық ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Біздің миссиямыз – айқын: экономикалық өсім жоғары сапаға ие болуы керек, яғни, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсартуға тиіс. Басқаша айтсақ, ішкі жалпы өнім артқан сайын азаматтардың нақты табысы да көбеюі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев инфляцияға қатысты “бос сөзді көбейтіп жүргендер“ жауапқа тартылатынын ескертті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің сөзінше, оның шарықтап кетуіне жол бермеу керек. "Инфляцияның не себепті жоғары болып тұрғаны белгілі, кеселдің себебі анықталды. Енді осы мәселені шешу керек. Бірақ ұсынылатын шаралар елдің дамуына кері әсерін тигізбеуі қажет. Дәл осы тұста түрлі пікір айтылып жатыр. Үкімет пен Ұлттық банкке бірлесіп нақты іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырамын", - деді Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, осы маңызды жұмысқа барлық мекеме өкілі мен сарапшылар қатысуға тиіс. "Тағы да қайталап айтамын: қолайсыз ахуалды шұғыл ретке келтіру қажет. Биылдан бастап үш жыл қатарынан инфляцияны төмендету үшін нақты шаралар қабылдау керек. Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын сапалы орындау айрықша маңызды. Мәселені шешудің орнына бос сөзді көбейтіп, қажетсіз "жол карталарын" әзірлеу – жауапкершіліктен қашу деген сөз. Алдын ала ескерту: ондай жағдайда қатаң шара қолданылады. Халықтың табысы артса ғана, нақты нәтижеге қол жеткіздік деп санауға болады", - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар“. Президент шенеуніктерге көбірек кітап оқуға кеңес берді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік қызметкерлерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тоқаев "жазалаушы көзқарастан" арылып, салық органдары мен салық төлеушілер арасында әріптестік пен өзара сенім қағидаттарына көшу қажет екенін атап өтті. "Мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын жолға қою керек. Мұндай серіктестік әділдікке, өзара тиімділікке, тіпті экономиканы дамытудың маңызын түсіну тұрғысынан алғанда жауапкершілікке құрылуға тиіс деп ойлаймын. Бұл жөнінде жақында "Turkistan" газетіне берген сұхбатымда айттым. Үкіметтің кейбір мүшелерімен әңгімеден ұққаным, оны бәрі бірдей ықылас қойып оқымаған секілді", - деді Тоқаев. Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзіне де тоқталды. "Интернет ұзақ мәтіндерді оқудан алыстатты. Оның үстіне кітаптар мен мақалаларды оқымай-ақ, мазмұнын тыңдай салатын мүмкіндік пайда болды. Бірақ бұл мемлекеттік қызметкерлерге жараспайтын әдет. Оқу керек. Әйтпесе, зейнет жасына жеткен кезде, ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға сот шешімінсіз жол берілмейді - Тоқаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияда тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға сот шешімінсіз жол берілмейді деген норманы бекітуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Конституциялық реформа туралы айтып, ұсынылып отырған түзетулердің мәні бір нәрсеге келіп тірелетінін атап өтті: адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. "Біз адам құқығының қорғалуына кепілдік беретін және оның нақты жолдары айқын көрсетілетін біртұтас жүйе қалыптастырамыз. Мысалы, адвокаттардың ұсынысымен Ата Заң жобасына адвокатура туралы жеке бап қосылды. Жаңа Конституция жобасында білім беру жүйесіне баса мән беру арқылы мемлекеттің зайырлы сипаты да нақтылана түсті", - деді Мемлекет басшысы. Ал "Неке – еркек пен әйелдің ерікті және теңқұқылы бірлестігі, яғни одағы" деген тұжырым арқылы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды сақтап қалу мақсаты көзделді. "Конституция жобасында табиғатты қорғау мәселесіне де назар аударылды. Меніңше, бұл – өте маңызды нәрсе. Түзетулердің ішіне тағы бір аса қажетті норманы енгізу керек. Қазіргі Конституцияда "Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді" деген ереже бар. Осы ережені "тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға" да сот шешімінсіз жол берілмейді деп толықтырған жөн. Меніңше, бұл – жаңа Конституцияның сипатына толық сай келетін әлеуметтік норма. Конституциялық комиссия мүшелерінен осы ұсынысты қарауды сұраймын", - деді Президент. Тұтастай алғанда, Негізгі Заң жобасында Қазақстанның қарқынды дамуына, ұлтымыздың ұйысуына қажетті іргелі қағидаттар мен құндылықтар толық қамтылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев қолданыстағы Конституцияға баға беріп, Назарбаевтың үлесін де сөз етті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституцияның маңызы мен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін де сөз етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ️Президенттің пікірінше, қазіргі Конституциямыздың мән-маңызын ешкім жоққа шығармайды. "Кейінгі 30 жылда жеткен барлық жетістігіміздің бастауында Ата Заңымыз тұрғаны сөзсіз. Бұл – тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегінің арқасы", - деді Мемлекет басшысы. Тоқаевтың сөзінше, бұл құжат еліміз енді ғана еңсесін тіктей бастаған кезде қабылданғанын ескерген жөн. "Онда Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі қиын күндердің ізі бар. Солай болуы да заңды. Сол кезден бері еліміз адам танымастай өзгерді. Болашағымызға көбі күмәнмен қараса да, Қазақстан халықаралық беделі жоғары, мықты мемлекетке айналды", - деді Президент. Қазір әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық, технологиялық ахуал түбегейлі өзгеріп жатыр. "Кейінгі жылдары Қазақстан да көптеген өзгерісті бастан өткерді. Бұл өзгерістер ұлт санасына ықпал етті, тіпті, зор сілкініс әкелді десек, қате болмас. Сондықтан еліміздің мақсат-міндеттерін, құндылықтары мен қағидаттарын заман талабына сай, конституциялық деңгейде жаңғырту айрықша маңызды", - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан суперпрезиденттік билік формасынан түбегейлі бас тартады - Тоқаев Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан түбегейлі бас тартып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің сөзінше, жаңа Конституция жобасына енген нормалар Қазақстанның саяси жүйесінің даму қисыны мен бірізділігін бекітеді. Ол, ең алдымен, "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасына негізделеді. "Кейінгі жылдардағы саяси реформаларға кеңінен қарасақ, Қазақстан суперпрезиденттік билік формасынан түбегейлі бас тартып, беделді әрі ықпалды Парламенті бар президенттік республика үлгісіне көшкеніне көз жеткізуге болады. Ұсынылып отырған өзгерістер - осы үдерістің заңды жалғасы", - деді Тоқаев. Кейінгі жылдардағы саяси жаңғыртулар, соның ішінде 2022 жылғы конституциялық реформа мемлекетіміздің конституциялық негізін толық қайта құру қажет екенін көрсетеді. "Шын мәнінде, бұл - мемлекетті басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру деген сөз. Ұсынылған түзетулер билік құзыреттерін қайта бөлуге, тежемелік және тепе-теңдік жүйесіндегі теңгерімді күшейтуге, ең бастысы, барлық саяси институттардың тиімділігі мен орнықтылығын жақсартуға мүмкіндік береді", - деді Тоқаев. Жаңа Конституция жобасында "адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін" қағидаты айқындала түсті. Біз 2019 жылдан бері дәйекті түрде осы жолмен жүріп келеміз". Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Іс-шара барысында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, Премьер-Министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің, сондай-ақ бірнеше өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады деп күтіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк басшысы 2026 жылға арналған инфляция болжамын айтты Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұрағына жауап беріп, биылғы инфляция бойынша болжамды айтты. Бұл туралы ол Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сүлейменовтің сөзінше, биыл инфляция 9–12 пайыз аралығында болады деп болжанып отыр. "Инфляцияға қатысты, әлемдегі ахуал мен ел ішіндегі экономикалық үдерістерге сүйене отырып, биыл инфляция 9–12 пайыз аралығында болады деп болжанып отыр. Ұлттық банк ретінде біздің негізгі міндетіміз - биыл инфляцияны 10 пайыздан төмен деңгейде ұстап тұру және жыл қорытындысы бойынша 9 пайыз және одан төмен деңгейге шыққан жөн", - деді Ұлттық банк басшысы. Еске салайық, 23 қаңтарда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол бұрынғы деңгейде - жылдық 18 пайыз, +/- 1 пайыздық тармақпен сақталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Үкімет қазақстандықтардың жалақысы өсетінін жариялады Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов халықтың табысын өсіру жұмыстары туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Азаматтардың табыс деңгейі артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейтіні айтылды. Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші - шамамен 31%, бұл - Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш. "Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, соның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шаралар әзірлеп жатыр. Соның аясында қаржы, салық және басқа да ынталандыру шаралары көзделіп отыр. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіби дағды мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ, азаматтар үшін қаржы жүктемесін азайтуға бағытталған", - деді Олжас Бектенов. Айта кетейік, бүгінгі жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды Сейсенбі, 10 ақпанда, Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Отырыста премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің, сондай-ақ, бірнеше өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады. 10:23 Отырыс премьер-министр Олжас Бектеновтің баяндамасынан басталды. Премьер Президентке ел экономикасын нығайту бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы туралы айтты. "Салық және бюджет реформасы Ұлттық қордан мақсатты трансферттер алмай-ақ, елдің үш жылдық бюджетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бюджет тапшылығы 2028 жылға қарай ЖІӨ-нің 0,9 пайызына дейін жоспарлы түрде қысқарады. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылғы 50 пайыздан 2028 жылы 34 пайызға дейін төмендейді", - деп баяндады Олжас Бектенов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жазған, қоңырау шалған, видеоға түсірген: Астанада әйелдің қыр соңынан қалмаған тұрғын сотталды Астанада сот 6 ай бойы бір әйелді аңдып, мазалаған ер адамға үкім шығарды. Әйел онымен сөйлескісі келмейтінін айтса да әрі оған жақындамау туралы қорғау нұсқамасы болса да, ер адам тоқтамаған. Сот оны сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. Соттың мәліметінше, ер адам жәбірленуші әйелдің онымен қандай да бір қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін білген. Соған қарамастан ол әйелге үнемі хабарлама жазып, қоңырау шалған, сондай-ақ, үйі мен жұмысы маңында аңдып жүрген. Ер адам сөйлесуді доғаруға қойылған талаптарды, мессенджерлерде бұғатталғанын және қорғау нұсқамасының шарттарын елемеген. Бұған қоса, жәбірленушінің келісімінсіз видеоға түсіріп, оған психологиялық қысым көрсеткен. Мемлекеттік айыптаушы сотта әйелдің жеке бостандығы, қауіпсіздігі және жеке өміріне қол сұқпау құқықтарының бұзылғанын дәлелдейтін айғақтарды ұсынды. Сот үкімімен айыпталушы сталкинг бойынша кінәлі деп танылды. Оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалып, моральдық зиянды өтеу міндеттелді. Сонымен қатар, ер адамның бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтегені және оның орындалу талаптарын бұзғаны анықталды. Осыған байланысты өтелмеген бөлігі нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Еске салайық, бұған дейін Шымкентте әйелдерді мазалап, аңдыды деген күдікпен екі ер адам қамауға алынған еді. Екі жағдайда да күдіктілер жәбірленушілермен бұрыннан таныс болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте екі сталкер қамауға алынды Полиция қызметкерлері әйелдерге қатысты жасалған сталкингтің екі дерегін анықтап, жолын кесті. Екі жағдайда да күдіктілер жәбірленушілермен бұрын-соңды таныс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Алғашқы оқиғада қала тұрғыны полицияға бұрын қарым-қатынаста болған ер адамға қатысты арызданған. Қарым-қатынастың тоқтағанына қарамастан, күдікті әйелді мазалай берген: түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, хабарламалар жазған, үйіне және жұмыс орнына барып, тыныштығын бұзған. Жәбірленуші онымен байланысын толық үзіп, әлеуметтік желілерде бұғаттап, кездесуден қашқанымен, қудалау тоқтамаған. Күдікті жедел ұсталып, қамауға алынды. Екінші жағдайда сталкинг физикалық күш қолдануға ұласып, жәбірленуші полицияға жүгінген. Бұл жайт бойынша сталкинг және ұрып-соғу баптарымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Қылмыстық істер тәулік ішінде сотқа жолданды. Нұрайдың өліміне қатысты іс Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр. Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді. Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жүлделер Қазақстанға жеткізілді: Unico Play Netflix пен Warner Brothers-ты басып озды Қазақстандық Unico Play онлайн-кинотеатры GEMA Asia Awards сыйлығында Netflix пен Warner Brothers сияқты әлем алпауыттарын басып озып, жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Unico Play Қазақстан тарихында алғаш рет GEMA Asia Awards халықаралық марапаттарын елге алып келді. Бұл – entertainment-маркетинг (ойын-сауық контентін маркетинг арқылы ілгерілету) саласындағы әлемдегі ең ықпалды сыйлықтардың бірі. Жоба екі мүсіншеге ие болды: Best Integrated Marketing Campaign номинациясы бойынша алтын жүлде және "Qara Bekire" сериалының үздік постері үшін күміс жүлде. Осылайша Unico Play байқауда Netflix пен Warner Brothers секілді жаһандық ойыншыларды басып озды. Бұл жеңіс бүкіл индустрия үшін маңызды белгіге айналды: қазақстандық жобалар халықаралық аренада тең дәрежеде бәсекеге түсе алатынын дәлелдеді. Сарапшылар "Qara Bekire" жобасының идеялық тереңдігін және Каспий теңізі, экология мен адам жауапкершілігі туралы шынайы әрі батыл баяндауын жоғары бағалады. Бүгінде екі марапат та Қазақстанға жеткізілді. Бұл жетістік Unico Play платформасы мен еліміздің жаһандық кәсіби қауымдастықтағы жаңа рөлін айқындай түсті. "Qara Bekire" сериалының барлық бөлімі платформада қолжетімді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Unico Play – Жүрекке жақын онлайн- кинотеатр (@unico_play) GEMA Asia Awards – ойын-сауық контентін дамыту бағытындағы маңызды кәсіби байқаулардың бірі. Ол 65 жылдан аса тарихы бар Promax Awards сыйлығының мұрагері саналады. Қазылар алқасы жобаларды маркетинг шешімдерінің кешенділігі, креатив идеясы, визуал тілі және коммуникация стратегиясының тұтастығы бойынша бағалайды. Unico Play онлайн-кинотеатры UNI-Q Group медиахолдингінің құрамында және қазақстандық контентті өндірумен әрі оны насихаттаумен айналысады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "10 ақпанда Алматыда ауа райы қолайсыз болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қатардағы ем: “Қайрат“ Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сәтпаев команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Клубтың мәліметінше, бұл шешім медициналық көрсеткіштерге байланысты қабылданған. Жақын уақытта спортшы емін Қатарда жалғастырады: ол жақта мамандардың бақылауымен қалпына келу курсынан өтіп жатыр. Айта кетейік, емдеу шаралары аяқталғаннан кейін Сәтпаев "Қайратқа" Алматыда қосылады. Бұл маусымда Дастан Сәтпаев алматылықтардың шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылардың бірі саналады. Еске салайық, Дастан Сәтпаев - "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы, оның Лондонның "Челси" клубына ауысуы туралы былтыр басында белгілі болған еді. Осы маусымда Дастан Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық атанды әрі ұлттық құраманың тарихындағы ең жас гол соққан футболшы болды. Бұған дейін алматылық "Қайраттың" және Қазақстан футбол құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев әлемдегі ең басты таланттардың тізіміне енгені хабарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев қытайлық Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті. Мемлекет басшысы Қазақстан Қытай Халық Республикасымен арадағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті белсенді түрде дамытуға айрықша маңыз артатынын атап өтті. Осы орайда Президент 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Астанада ұсынған "Бір белдеу, бір жол" бастамасы табысты іске асырылып жатқанына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының қарқынына жоғары баға беріп, бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатынын, тауар айналымы жыл сайын рекордтық межені бағындырып отырғанын айтты. Әңгімелесу барысында инвестициялық ықпалдастыққа баса мән берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан шетелден инвестиция тартуға жағдай жасап, бірлескен стратегиялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Президент әлем жасанды интеллектінің белсенді даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Бұл бағытта Қытай көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қытай тарапымен аталған салада ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді. Цай Гуаньшэнь қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Ол Қазақстанның ең алдымен, қаржы секторындағы инвесторлар үшін тартымды әрі сенімді инвестициялық юрисдикциясын жоғары бағалады. Корпорация басшысының айтуынша, бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин тарапынан көрсетілген жүйелі қолдау оң септігін тигізіп отыр. Кездесу барысында қаржы, энергетика, цифрландыру, медицина, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: БАҚ-та сұмдық дерек жарияланды БАҚ-та Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты істің жаңа дерегі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сайлыбаевтар отбасының адвокаты Telegram-дағы BAZA арнасына берген мәліметінде, Айгүл 2015 жылы Ұлыбританияда Александр Донцовпен танысқанын айтты. Бірнеше жылдан кейін екеуі үйленіп, қызы дүниеге келген. Уақыт өте келе отбасындағы қарым-қатынас бұзылып, жанжал жиілей түскен. Адвокаттың сөзінше, Айгүлдің енесі Наталья Донцовамен арақатынасы тіпті қиындаған. Наталья Донцова бір кездері тергеуші әрі нотариус болып жұмыс істеген. 2018 жылы ол ЛДПР партиясынан Мәскеу мэріне үміткер ретінде сайлауға түскен. Дәл осы Наталья ұлы мен келінінен Германияға көшіп баруды талап еткен екен. Жұмбақ жоғалу 2024 жылғы 4 маусымда Айгүл із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазақстандағы туыстары онымен байланыса алмаған, ал күйеуі әйелінің қайда екенін түсіндіріп бере алмаған. Бір аптадан аса уақыт бойы полиция мен еріктілер Айгүлді іздеп, ақыры жергілікті көл маңынан бөлшектенген мәйітті тапқан. Сараптама бұл адамның Айгүл Сайлыбаева екенін растаған. Сонымен қатар, оның қаза тапқан сәтінде жүкті болғаны да анықталған. Бір қызығы, Айгүл жоғалған түннің ертеңінде Наталья Германиядан бір сөмкемен ғана ұшып кеткен. Әуежайдағы камералар оның қолы жарақаттанғанын да тіркеген. Алайда күйеуі Александр Донцов тергеушілердің назарын аса аудартпаған. Отбасының заңгері мұны ақылға қонбайтын жағдай деп атап, Донцовты кейін күдіктілер қатарынан алып тастауға қолданылған баптың ұрланған мүлікті жасыруға қатысты екенін айтады. Төрт ай бойы ол әйелін "жоғалтқаны" үшін айына 1200 еуро алып отырған. Жәрдемақы тоқтаған соң, қызын ертіп өзі де Ресейге ұшып кеткен. Осыдан кейін ғана 4 маусымда болған оқиғаның "сұмдық" жайты ашылған: Донцовтардың үйінен өшірілген қан іздері және Натальяның іздері бар ықтимал қылмыс құралы табылғаны жазылады. Адвокаттың нұсқасы: сұмдық жайт күні не болды? Адвокаттың ықтимал нұсқасына сәйкес, сол күні Айгүл күйеуінің қызына жасырын түрде Ресей азаматтығын рәсімдеп жатқанын біліп қалған. Жанжал кезінде күйеуі Айгүлді итеріп жіберген, ол басын соғып, есінен танып қалған. Донцов оны өлтіріп алдым деп ойлап, анасына хабарласқан. Адвокаттың айтуынша, Айгүл есін жиған кезде Донцовтар ойлаған жоспарын жасап үлгерген. Айгүл қарсылық танытып, енесін жаралап та үлгерген: Наталья оны пышақпен ұрған көрінеді. Соңында Айгүл басынан ауыр затпен соққы алып, қаза тапқан. Мұның бәрі олардың қызының көз алдында болғаны, ал бала көрген сұмдықтан кейін бірнеше күн сөйлей алмай қалғаны да айтылады. Адвокаттың сөзінше, аутопсия хаттамасынан мәйітті бөлшектеуге тырысқан белгі болған. Бөлшектенген денені бір жарым апта мұздатқышта сақтаған. Одан кейін Александр көл маңындағы кәріз құбырына тығып кетпек болған, бірақ 16 маусымда еріктілер сол жерден Айгүлдің мәйітін тапқан. "Істегі басты айғақтар - пәтерде және күйеуінің жертөлесінде, енесіің көлігінде табылған қан іздері. Сонымен қатар, Айгүл мен Наталья Донцованың ДНҚ-сы бар ықтимал қылмыс құралы да табылған", - деп жазады BAZA. Қазір күдіктілер қайда және отбасы не талап етеді? БАҚ мәліметінше, қазір Наталья Донцова Мәскеуде тұрады. Оның ұлы Александр да Мәскеуде, ол Ұлттық зерттеу университеті - Жоғары экономика мектебінде жұмыс істейді. Айгүл Сайлыбаеваның отбасы болжамды қылмыскерлерге қатысты сот өтуін талап етіп, істің әділ қаралуына қол жеткізгісі келеді. Айгүл Сайлыбаеваның өлімі 2024 жылғы маусымда Германияда қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 5 маусымда Қазақстанның Франкфурт-на-Майн қаласындағы бас консулдығына Қазақстан азаматтары екі күн бұрын жоғалған қызы бойынша жүгінген. Кейін жоғалған әйелдің денесі Бенсхайм қаласының маңынан табылғаны туралы ақпарат шықты. Немістің Bild басылымы мәйіттің пластик қапта болғанын, ал әйелдің өлім алдында зорлық көргенін хабарлады. Германияның құқық қорғау органдары адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Дармштадт қаласының сот шешімімен Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцова күдікті деп танылған. Оған Германия бойынша және бүкіл Еуропа аумағында қамауға алу туралы ордер берілген. Қазақстан ІІМ бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваны азаптау дерегі бойынша тергеуді бастаған. Қазақстанда марқұмның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбеде әйел мен оның үш баласы өлі табылды Бүгін Ақтөбедегі Алматы ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған үш баласы өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдын ала мәліметке сәйкес қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан уланудан болуы мүмкін. "Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасап, тексеріс жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды", - деп жазылған хабарламада. Қазір құзырлы органдар тарапынан тергеу басталған. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ, материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілмек. Ақтөбе облысының әкімдігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ, қажетті материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады. Полиция мәліметінше, марқұм әйел 1993 жылы туған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таразда әйел балаларын терезеден лақтырып жіберді: омбудсмен оқиғаның мән-жайын айтты Жамбыл облысында полиция көпқабатты үйдің терезесінен құлаған балалардың оқиғасына байланысты мән-жайды анықтап жатыр. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева олардың анасына бұған дейін ауыр депрессия диагнозы қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Істің мән-жайы Жамбыл облысында терезеден құлаған балалардың өліміне қатысты тергеу басталды. Бұған дейін желіде оқиға Таразда болғаны, ал күдікті - зардап шеккен балалардың анасы деген ақпарат тарады. Онда әйел балаларды бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген деген мәлімет айтылған. Балалар омбудсмені не дейді? Динара Зәкиеваның айтуынша, балалардың анасына бұрын ауыр депрессия диагнозы қойылған, алайда ол ем-домын толық алмаған. Қазір оған қатысты кәмелетке толмағандарды өлтіруге оқталу бабы бойынша іс тергеліп жатыр. "Өңірлік уәкіл ауруханаға барып, балалардың жағдайын біліп қайтты. Ұл баланың жағдайы қанағаттанарлық, ал қыз баланың жағдайы ауырлау, сүйегі сынған", - деді омбудсмен. Зәкиева балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен қорғауға кедергі келтіретін күрделі проблемалардың бірі ретінде медициналық құпияны атады. Оның сөзінше, медициналық құпияға байланысты денсаулық сақтау органдары ауыр депрессия немесе психикалық денсаулыққа қатысты диагноздар бойынша есепте тұрған ата-аналармен бірге тұратын балалар туралы арнайы органдарына хабар бермейді. Ал қатыгездік көрсету, адам өлтіру сияқты ондаған жағдай көбіне осындай ахуалға байланысты. "Балалардың құқығын қорғау функциясын атқаратын органдар қажет болған жағдайда отбасына барып, тиісті шара қабылдауы үшін ақпаратқа қол жеткізуі керек. Бұл мәселені заңнамалық деңгейде шешу қажет деп санаймын", - деді Динара Зәкиева. Омбудсменнің айтуынша, күн сайын балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты 5 қылмыс тіркеледі. Соның 60–70 пайызы жақындары тарапынан жасалады: анасы, әкесі немесе жақын айналасындағы адамдар. "Мұндай қауіптер мен қылмыстарды анықтау өте қиын, өйткені бәрі үй ішінде, жабық есіктің артында болады. Осыған байланысты кейінгі екі жылда қабылданған заңдар ерте анықтау, көмек көрсету және отбасылармен жұмыс істеуге арналған түрлі құралдар мен тәсілдерді енгізді", - деп қосты ол. Нәтижесінде, былтыр 29 мың ата-ана ата-аналық міндетін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған, 1 126 адам ата-аналық құқығынан айырылған, тағы 660 адамның құқығы шектелген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады "Қазгидромет" синоптиктері 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның басым бөлігінде батыстан келетін циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын күтіледі. 10–11 ақпанда елдің солтүстігі, солтүстік-батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында, ал 11 ақпанда шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Республика бойынша көктайғақ, боран, екпінді жел болжанады. Температура қалай өзгереді? Батыс антициклонының ықпалы күшейіп, жауын-шашын тоқтап, күн суытады деп күтіледі: Солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта түнде –22…–30°С, күндіз –15…–20°С дейін төмендейді; Шығыста түнде –13…–23°С, күндіз –12…–20°С; Оңтүстікте түнде –10…–20°С, күндіз –5°С-тан +5°С-қа дейін. Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша ақпанға арналған жаңартылған болжамды да ұсынған еді. Мамандардың айтуынша, ақпан әдеттегіден жылырақ, жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады. Ел аумағының басым бөлігінде орташа температура климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев зейнетақы жүйесін жетілдіруге қатысты тапсырма берді Мемлекет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президентке ведомство қызметінің биылғы басым бағыттары жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықты жұмыспен қамту жоспары жөнінде мәлімет берілді. Уақытша шаралардан гөрі тұрақты және сапалы жұмыс орындарын ашу, еңбек ұтқырлығын арттыру және білім беру жүйесі мен нарық сұранысы арасында тығыз байланыс орнату жоспарланып отыр. Жастарды, соның ішінде NEET санатындағы азаматтарды жұмыспен қамтуға баса мән беріледі. Мемлекет басшысына атаулы әлеуметтік көмек жүйесін одан әрі жетілдіру жоспары таныстырылды. Министрлік цифрлық бағалау құралдары арқылы қолдау шараларының нақты адресіне жету мүмкіндігін кеңейтуге ниетті. Сонымен қатар көмек алатын әрі еңбекке жарамды азаматтарды міндетті түрде жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік келісімшарт тәжірибесін кеңейтуді көздеп отыр. Президентке зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін сақтау жөнінде айтылды. "Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселелеріне баса назар аударылды. Министрлік арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қарай қаржыландыру тетігін одан әрі дамытуды, олардың сапа стандарттарын арттыруды, оңалту қызметтері мен техникалық құралдарды қолжетімді етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, инклюзив жұмыс орындарын ашуға ден қояды", - делінген хабарламада. Министр Көші-қон саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары жайында ақпарат берді. Көші-қон үдерісін басқару және болжау деңгейін жақсарту, ішкі миграцияны теңгерімді жүргізу, елдегі еңбек нарығын қорғауға басымдық бере отырып, еңбек көші-қонын реттеуді жетілдіру көзделген. Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту, азаматтардың табысын ұлғайту, әлеуметтік қолдаудың шын мұқтаж жандарға жетуін бақылауды күшейту, зейнетақы жүйесін жетілдіру, теңгерімді көші-қон саясатын іске асыру, әлеуметтік қорғауда инклюзивті тәсілдерді дамыту, сондай-ақ цифрлық шешімдерді қолдану арқылы еңбекті қорғау жүйесін нығайту және қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таразда әйел балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберген Жамбыл облысында 36 жастағы әйел сәбилерін терезеден лақтырып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде "Жамбыл облысында әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жібергені" туралы ақпарат тарады Оқиғаға қатысты соталды тергеу басталды. Күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған балалар ауруханаға жеткізілген. Қазір қажет тергеу амалдарының толық кешені жүргізіліп жатыр. "Жан-жақты әрі объектив тергеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес процестік шешім қабылданады", - деп мәлімдеді ПД. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жариялауға жатпайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БАӘ-дегі апартаменттер, Rolls-Royce пен Bentley: “Актив Ломбард“ иесіне қатысты тергеу аяқталды Қаржы мониторингі агенттігі заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен келген кірісті заңдастыру деректері бойынша С.С. Койнов пен басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Былтыр қыркүйекте комиссиялық дүкен ретінде жасырынған ірі ломбардтар желісі арқылы заңсыз микрокредит беру схемасы анықталды. "Актив Ломбард" желісінің иесі С.С. Койнов комиссиялық қызметті пайдаланып, жеке тұлғаларға жасырын түрде микрокредит берудің заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. С.С. Койнов материал-техника базасы мен әкімшілік ресурстары бар "Актив Ломбард" ЖШС-ны пайдаланып, сенімді тұлғалардың атына тіркелген және формалды түрде комиссиялық саудамен айналысқан One Billion Sales, The Best Seller және Shark in Sales ЖШС сияқты заңды тұлғалар желісін құрды. Бұл компаниялар "Актив Маркет" бірыңғай брендімен әрекет етіп, іс жүзінде мүлікті кепілге алып, жоғары пайызбен микрокредит беру үшін пайдаланылған. Комиссиялық бөлімшелер "Актив Ломбард" ЖШС филиалдарымен бір ғимаратта орналасқан, ал клиенттерге бірдей қызметкерлер қызмет көрсеткен. ҚМА мәліметінше, клиенттермен жасалған комиссиялық шарттар формалды, жалған сипатта болған. Сыйақы мөлшерлемесінің орташа деңгейі тәулігіне 1,73%-дан 2,07%-ға дейін жетіп, белгіленген нормадан (0,3%) 5 есеге жоғары болған, бұл азаматтардың құқығы бұзылуына әкеп соққан. Салдарынан 1,9 млн-нан аса шарт жасалып, қылмыстық кіріс көлемі 19 млрд теңгеден асқан. Тергеу материалдарына сәйкес қылмыстық кіріс қайдан келгенін жасыру мақсатында С.С. Койнов оларды заңдастырудың көп деңгейлі схемасын әзірлеп, іске асырған. "Ол үшін байланысы бар компаниялармен жасалған жалған шарттар пайдаланылған, сондай-ақ, банк шоттары арасында ақшаны бірнеше рет аудару арқылы кейін дивиденд түрінде шығарылған. Осы тәсілмен 5 млрд теңгеден аса қаражат шығарылған", - деп жазылған хабарламада. Сот санкциясымен жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, жарғылық капиталдағы үлестерге, зергерлік бұйымдарға тыйым салынды. Тыйым салынған мүлік қатарында елордадағы 4 пәтер және 2 тұрғын үй, БАӘ-дегі 4 апартамент, 6 көлік, соның ішінде Lexus LX 600, Rolls Royce Cullinan, Mercedes-Benz G63, Bentley Bentayga V8, Land Rover Range Rover Sport көліктері, депозит шоттарындағы 2,7 млрд теңге көлеміндегі қаражат бар. С.С. Койнов қамауға алынды. Оның төрт сыбайласына елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
TikTok-та өзін алып қашты деп видео жариялаған қыз жазаланды Алматы облысында өзін алып қашты деп жалған видео жариялаған қыз сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 15 қаңтарда шамамен сағат 20:00-де К. TikTok желісіне өзін алып қашқаны туралы видео жариялағаны анықталған. Бұл видео әлеуметтік желіде таралып, қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызу белгілері бар бейнематериал ретінде ұсынылған. Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны көп қаралым жинау мақсатында жариялағанын, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 456-2-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Десе де әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны және әрекетіне өкінетінін ескере отырып, айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, түпкілікті төлейтін сома 60 550 теңге болды. Қаулы заңда күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сара Назарбаева ауруханадан шықты Сара Назарбаева Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінен (бұрынғы атауы - Совминка) шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, науқас емдеу курсын аяқтап, 2026 жылғы қаңтарда шығып, дәрігерлердің амбулаториялық бақылауына жіберілген. "Денсаулығы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жария етілмейді", - деді дәрігерлер. Еске салайық, Сара Назарбаеваның ауруханаға түскені туралы ақпарат 2025 жылғы 5 мамырда шыққан еді. Ол кезде оның жағдайы ауыр екені айтылған. Бірнеше күн өткен соң әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы хабар тарап кетті. Алайда ресми дереккөздер бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған ақпарат екенін мәлімдеген. 2025 жылғы қазанда Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның сәуірден бері Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатқанын хабарлаған. Осылайша, елдің бірінші ханымы дәрігерлердің бақылауында шамамен 9 ай болған. Сара Назарбаеваның өмірбаяны Сара Назарбаева 1941 жылғы 12 ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан. Бір жылдан кейін тұңғыш қызы Дариға өмірге келді. Кейіннен Динара мен Әлия дүниеге келген. Балалары есейіп, өз алдына кеткен соң ол қоғамдық қызметке белсенді араласа бастайды. 1992 жылғы ақпаннан бастап ол "Бөбек" халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы әрі президенті болған. 1994 жылдың жазында "SOS – Қазақстанның балалар ауылдары" қорының президенті атанды. 1999 жылы "Демография" қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесін басқарды. Қайырымдылық пен мейірімділік саласындағы еңбегі үшін Сара Назарбаева халықаралық ұйымдардың көптеген марапатына ие болған. Солардың қатарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Доғрамажы атындағы халықаралық сыйлығы, Unity халықаралық сыйлығы, "Құрманжан Датқа" сыйлығы бар. Ол "Өзін-өзі тану философиясына қосқан зор үлесі үшін" Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен марапатталған. Ал Ресей Қызыл Кресті тағайындайтын, өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған ұзақ жылғы қызметі үшін берілетін "Алтын жүрек" халықаралық сыйлығын Сара Назарбаеваға Софи Лорен табыстаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкенттің бұрынғы прокуроры Астанада қызметке тағайындалды Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада. Ғабит Мұқанов еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының аппарат басшысы-басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Кадрлық дамыту департаментінің бастығы болып қызмет етті. 2021 жылғы тамыздан бастап Шымкент қаласының прокуроры болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Нұрайдың өліміне қатысты іс: Шымкентте жаңа прокурор тағайындалды Елдос Сағиев Шымкент қаласының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры болып тағайындалды", - делінген хабарламада. Бұған дейін Шымкент қаласының прокуроры қызметін Ғабит Мұқанов атқарған. Елдос Сағиев туралы не белгілі? Елдос Сағиев прокуратура органдарындағы қызметін Ақмола облысы Шортанды ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттерінде, Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінде басшылық лауазымдар атқарды. 2022 жылғы тамыздан бастап Бас прокуратураның Соталды тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болды. Нұрайдың өліміне қатысты іс Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр. Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді. Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Олимпиаданың үшінші күні: қазақстандық спортшылардың өнерін қайдан тамашалауға болады? Бүгін, 9 ақпанда Милан мен Кортина-д’Ампеццода Қысқы Олимпиада-2026-ның кезекті жарыс күні өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары екі спорт түрінен сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін бес медаль сарапқа салынады. Күн бағдарламасында конькимен жүгіру, тау шаңғысы, фристайл, сноуборд және трамплиннен шаңғымен секіру сайыстарының финалдары бар. Қазақстан атынан жүлде үшін конькимен жүгіруден Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Кристина Силаева әйелдер арасында 1000 метр қашықта өнер көрсетеді. Ал трамплиннен шаңғымен секіруден ерлер арасындағы сынақ раундында Илья Мизерных пен Данил Васильев қатысады. 9 ақпандағы кесте 21:30 - Конькимен жүгіру, әйелдер 1000 м: Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова; 22:00 - Трамплиннен шаңғымен секіру, ерлер, сынақ раунды: Илья Мизерных, Данил Васильев. Жарыстарды тікелей эфирде Qazaqstan, Qazsport, Хабар және Jibek Joly телеарналары көрсетеді. Еске салайық, Қысқы Олимпиада ойындары 2026 Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6–22 ақпан аралығында өтіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
9 тілде еркін сөйлейтін оқушы өз еңбегімен Астанадан баспана сатып алған Павлодарда 9 тілде еркін сөйлейтін оқушы тұрады. Қазір 11-сынып оқушысы шет тілін үйренгісі келетіндерге дәріс береді. Жастайынан бірнеше тіл үйренуге деген қарым-қабілеті оны қазірдің өзінде үлкен табысқа кенелткен. Айханым Оқасова өз еңбегінің нәтижесінде Астанадан баспана сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап. Тіл үйренуге деген қызығушылық Айханым Оқасоваға анасынан дарыған. Ол әуелі қазақ тілін жетілдіріп, кейін ағылшын тіліне ден қойған. Ал уақыт өте келе француз әндеріне әуестеніп, осы тілге ерекше сүйіспеншілік танытқан. "Француз тілінен кейін Павлодар қаласындағы Жастар ресурс орталығында корей тілі бойынша тегін курстар ашылды. Кейін курс аяқталса да, бұл тілге деген қызығушылығым басылған жоқ. Корей тілін жақсы деңгейде меңгергеннен кейін араб тілін үйрене бастадым, ал араб тілінен соң қытай тіліне көштім. Қазір түрік және неміс тілдерінде де еркін сөйлей аламын", - деді ол. Айханым Оқасова шет тілдерін меңгеруді 6-сыныптан бастаған. Ол тілдерді өз бетінше оқулықтар, бейнесабақтар және тікелей қарым-қатынас арқылы үйренген. Қазір ол мектепте оқиды әрі шет тілдерінен онлайн сабақ береді. Жас полиглот болашақта беделді шетел университетіне оқуға түсіп, жер жаһанды аралауды армандайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда 13 жастағы оқушыны көлік қағып өлтірді Павлодарда жол апаты салдарынан 13 жастағы бала көз жұмды. Қайғылы жағдай 6 ақпанда сағат 18:55-те "Яблонька" бау-бақша қоғамдастығы маңында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаза тапқан бала - 2013 жылы туған Әмір Жамбыл. Марқұмның ата-анасы мен жақындары әлеуметтік желі арқылы оқиға куәларын іздеп жатыр. Олар видеорегистратордағы жазбалары немесе бейнебақылау камераларынан түсірілген видеолары бар адамдардан хабарласуды сұрайды. Туыстарының айтуынша, бір көлік балаға жол беріп тоқтаған, ал екіншісі тоқтамай, баланы қағып кеткен. "Жүргізуші ұсталды. Бірақ бізге болған жағдайдың толық көрінісін қалпына келтіру маңызды", - дейді марқұмның жақындары. Бұл деректі өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева растады. Ол 8 ақпанда оқиға орнына барып, жергілікті тұрғындармен кездескен. Бұл тұс - республикалық маңызы бар тасжолдың бір бөлігі екені белгілі болды. Тұрғындардың айтуынша, жаяу өткел бұрыннан қауіпті. Жергілікті халық жолдың бойында қоршаулар тұрғандықтан, жүргізушілер бұл жерді жоғары жылдамдықпен жүретін трасса деп қабылдайтынын айтады. Көп көлік жаяу жүргінші өткелінің алдында баяулатпайды. "Камералар көбіне жылдамдықты ғана тіркейді, бірақ бізге қауіпсіздік бермейді. Жаяу өткелден өтіп бара жатқан адамды да қағып кетеді. Жүк көліктері шамамен 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп, тоқтап үлгермей жатады. Бізге түймемен қосылатын бағдаршам керек. Балаларымыз үшін қорқамыз", - дейді тұрғындар. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от семьяидети (@semiaideti.pvl) Бау-бақша аумағында шамамен 500 үй бар, онда 100-ден астам бала тұрады. Олар күн сайын бірнеше рет осы жолдан өтеді. Тұрғындар талай рет бағдаршам орнатуды сұраған, алайда билік тарапы жылы жауып қойған. "Бұл жерде тұрып күтудің өзі қорқынышты, әсіресе бала үшін. Бағдаршам қойылмайынша, бұл учаске өлім қаупі жоғары аймақ болмақ", - деді Сәуле Шәкенева. Ол сол жерде Павлодар әкімі Хасар Хабылбековке мәселені шешуді сұрап, үндеу де жолдаған. Айта кетейік, Әмір Жамбыл көпбалалы отбасындағы бес баланың кенжесі болған. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Жасөспірім ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, 6 ақпанда Кенжекөл ауылы маңындағы автожолда JAC маркалы көлік жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінде баланы қағып кеткен. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Полиция департаменті мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды, көліктің техникалық жағдайын қадағалауды және ауа райының өзгерісін ескеруді еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада. Елнұр Бейсенбаев туралы не белгілі? Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев (27 маусым 1986, Кентау, Шымкент облысы, Қазақ КСР) - қазақстандық қоғам қайраткері және саяси қайраткер. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII және VIII сайланым депутаты (2021-), "Аманат" партиясының атқарушы хатшысы (2023). Өмірбаяны 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Саясаттану" мамандығы бойынша бітірген, 2010 жылы сол жерден саясаттану магистрі дәрежесін алды. 2006-2010 жылдар аралығында "Болашақ" республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары, "Жастар үні" журналы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 2010-2012 жылдары - "Жастар үні" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 2012-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №48 мектеп-лицейде тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Алматы қалалық филиалының хатшысы болды. 2015-2017 жылдары - Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды. 2019-2020 жылдары - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі болды. 2020 жылдың 23 қаңтарынан 2021 жылдың қаңтарына дейін "Нұр Отан" партиясы қарамағындағы "Жас Отан" Жастар қанатының төрағасы болды. 2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 11 қаңтарына дейін - "Нұр Отан" партиясының (2022 жылдың 1 наурызынан бастап "Аманат" партиясы болып өзгертілді) партиялық тізімі бойынша Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты болды. 2023 жылдың 4 қаңтарынан 17 шілдесіне дейін - "Аманат" партиясының атқарушы хатшысы болды.[ 2023 жылдың 29 наурызынан бастап - "Аманат" партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық файтер UFC-ден 12 миллион теңге табыс тауып, тарихқа енді Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Николай Веретенников UFC-дің мерзімінен бұрын жеңіске берілетін жаңа бонустарын алғаш болып алған қазақстандық атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2026 жылдан бастап ұйым жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған барлық спортшыға 25 мың доллар (шамамен 12 млн 366 мың теңге) көлемінде қосымша төлем енгізді. Қазақстанда бұл бонустың алғашқы иегері - Веретенников: ол Нико Прайсты бірінші раундта нокаутқа түсірді. Еске салайық, үш раундқа жоспарланған айқас бірінші раундта-ақ аяқталды: қазақстандық спортшы қарсыласын тік тұрыста нокаутпен жеңді. Қазақстандықтардың UFC-дегі биылғы жекпе-жектері Келесі болып UFC-де жекпе-жек өткізетін және ұйымның бонусы үшін таласатын қазақстандықтар - Әліби Ыдырыс пен Дияр Нұрғожай. Әліби 22 ақпанда Оди Осборнмен кездессе, Дияр 7 наурызда Рафаэль Тобиасқа қарсы шығады. 1 наурызда Асу Алмабаев Брэндон Мореномен айқасуға тиіс болған, алайда қазақстандық спортшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Генералға жасалған қастандық: күдікті БАӘ-ден Ресейге экстрадицияланды Ресейдің күштік құрылымы генерал-лейтенант Владимир Алексеевке жасалған қастандыққа қатысы бар деген күдікпен үш адамның атын атады. Негізгі күдікті БАӘ-ден экстрадицияланып, Ресейге жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тергеу комитетінің сайтына сілтеме жасап. Тергеу комитетінің мәліметінше, күдік 1960 жылы туған Любомир Корбаға түсіп отыр. Қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше сағаттан соң ол БАӘ-ге ұшып кеткен, сол жерде ұсталып, кейін Ресей аумағына қайтарылған. "Ресейлік Корба былтырғы желтоқсанның аяғында Украина арнайы қызметтерінің тапсырмасымен Мәскеуге келіп, террорлық әрекет жасауды жоспарлағаны анықталды", – деп мәлімдеді комитет. Сондай-ақ, Мәскеу өңірінде оның сыбайласы Виктор Васиннің де ұсталғаны хабарланды. Оған бірнеше бап бойынша айып тағылған. Ал үшінші күдікті Украина аумағына кеткен. "Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ ұйымдастырушыларды табуға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр, – делінген мәлімдемеде. Еске салайық, 6 ақпанда Мәскеуде РФ Қарулы күштері Бас штабының Бас барлау басқармасы (ГРУ) басшысының бірінші орынбасары қызметін атқаратын генерал-лейтенант Владимир Алексеевке шабуыл жасалған. Генерал ауруханаға жеткізілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алғашқы апат 7 ақпанда Қызылжар ауданында Жезқазған - Петропавл автожолының бір бөлігінде болған. Toyota Camry көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, жоғары жылдамдықпен Shacman жүк көлігіне соғылған. Екі көлік те өртеніп кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі аман қалған. Алғашында жеңіл көліктің 55 жастағы жүргізушісі қаза тапқаны хабарланған. Кейінірек жеңіл көліктің ішінде тағы бір жолаушы болғаны анықталып, оның да қаза тапқаны белгілі болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Екінші апат 8 ақпанға қараған түні, таңға жуық облыстың Мамлют ауданында болды. Audi көлігі сүт таситын автокөлікпен соқтығысқан. 24 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. "8 ақпанда "Мамлютка - Қостанай" автожолында КамАЗ бен Audi соқтығысуынан Audi жүргізушісі қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді СҚО полиция департаменті. Полиция жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жол жағдайын ескеру және көліктің техникалық жағдайын бақылау қажетін ескертті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 10 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. "Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Пәкістанда мешіттегі жарылысты ұйымдастырды деген күдіктілер ұсталды Пәкістанда мешіттегі жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен төрт адам ұсталды. Жарылыс салдарынан ел астанасы Исламабадта 31 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KSAT.com-ға сілтеме жасап. Пәкістанның қауіпсіздік күштері бірнеше жерде рейд жүргізіп, төрт күдіктіні ұстады. Олардың ішінде астана шетіндегі мешітте болған жанкешті жарылыстың ұйымдастырушысы болуы мүмкін адам да бар. Бұл туралы сенбіде Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви айтты. Оның сөзінше, жарылысты ұйымдастырды делінген адам - Ауғанстан азаматы, әрі ИГИЛ-мен байланысы бар. Министр шабуыл алдын ала жоспарланғанын, ал жанкешті террорист Ауғанстанда дайындықтан өтіп, оған Үндістан қаржылай қолдау көрсеткенін айтты. Бірақ бұл сөздеріне ешқандай дәлел келтірмеді. Басылымның жазуынша, Нью-Делиден де, Кабулдан да әзірге пікір берілген жоқ. Накви Ауғанстан аумағында бірнеше қарулы топ жұмыс істеп, Пәкістанға шабуыл жасап жүргенін айтып, халықаралық қауымдастықты бұған назар аударуға шақырды. Ол тұрақсыздық аймақтан асып таралуы мүмкін екенін ескертті. Бұған дейін өзін "Пәкістандағы Ислам мемлекеті" деп атайтын "Ислам мемлекеті" ұйымының аймақтық қанаты бұл шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алған. Мәлімдемеде жұмада шабуылдаушы бас қақпада оны тоқтатпақ болған күзетшілерге оқ атқаны, кейін мешіттің ішкі қақпасына жеткен соң беліне байланған жарылғышты іске қосқаны айтылған. ИГИЛ Пәкістандағы шииттерді "заңды нысана" деп санайтынын мәлімдеді. Олар шииттерді "адам қоры" деп атап, ИГИЛ-ге қарсы Сирияда соғысып жатқан шиит жасақтарына адамдар барып қосылады деп айыптаған. Жұмада мешітте болған жарылыстан 169 адам жараланған. Бұл - Исламабадтағы 2008 жылдан бергі ең қанды шабуыл. Ол жылы жанкешті террорист Marriott қонақүйінде жарылыс жасап, 63 адам қаза тауып, 250-ден аса адам жараланған еді. Ал қарашада астанада сот ғимаратының жанында жанкешті шабуыл жасап, 12 адамды өлтірген. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы террорлық әрекетке байланысты Пәкістан президенті Асиф Әли Зардариға және премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада LRT-ның келесі тармағына дайындық жұмыстары басталды Астанадағы Шыңғыс Айтматов көшесінде LRT жобасының екінші кезеңін іске асыруға байланысты дайындық жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қазір инженерлік-геологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. "Шыңғыс Айтматов көшесі бойымен өтетін LRT жобасының екінші кезеңіне арналған техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау аясында топырақтың құрамы мен қасиетін анықтау үшін инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстары атқарылып жатыр", - деді компания өкілдері. Компания мәліметінше, бұл жұмыстар LRT желісін әрі қарай жобалау және қандай техникалық шешім қолданатынын анықтау үшін қажет. LRT құрылысыФото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова LRT құрылысыФото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-тың келесі бағыты Қосшыға қарай салынатынын айтқан. "Қосшы үлкейіп жатыр, ол - Астанаға жүктемені азайтып отырған үлкен серік-қала. Сондықтан Қосшыдан қалаға қарай қатынайтын адам көп, біз келесі кезеңді осы бағытта саламыз", - деді әкім. Еске салайық, 2025 жылғы 29 қыркүйекте Астанада LRT-тың сынақ режиміндегі жұмысы басталған. Сынақтар кемінде алты айға созылады. LRT-ты биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды Бокстан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 турнирі өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан бұл халықаралық турнирде 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) және әйелдер арасында Умида Садықова (80 келіден жоғары) жарыста алтыннан алқа тақты. Аман Қонысбеков (75 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін), Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары) және әйелдер арасында Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары), Назерке Серік (65 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Айта кетейік, бұған дейін Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Азамат Бектас (80 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Гүзал Садықова (80 келіге дейін) және Элянұр Тұрғанова (48 келіге дейін) жарыста қола жүлде алған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңбыр мен көктайғақ: 8 ақпанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер Қазақстан аумағында алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болатынын болжап отыр. 8 ақпанда республика бойынша жауын-шашын (жаңбыр және қар), боран, желдің күшеюі, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Астана - түнде -21-23 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, түнде 3-8, күндіз 9-14 метр/секунд. Күндіз -7-9 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Алматы - түнде -2-4 градус, көшпелі бұлтты, қар, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 2-7, күндіз екпіні 10 метр/секунд. Күндіз +1+3 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шымкент - түнде 0,-2 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел шығыстан 8-13 метр/секунд. Күндіз +12+14 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Абай облысы - түнде -15-20, облыстың оңтүстігінде -7-12 градус, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар. Облыстың оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 метр/секунд. Күндіз -7-12, облыстың оңтүстігінде -3 градус, жауын-шашынсыз. Семей - түнде -16-18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 4-9 метр/секунд. Күндіз -7-9 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Алматы облысы - түнде -2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -10-15 градус, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 метр/секунд. Күндіз 0,+5, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -3-8 градус, Таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, тұман, көктайғақ. Қонаев - түнде -2-4 градус, көшпелі бұлтты, қар, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, екпіні 15-20 метр/секунд, күндіз кей уақытта 23-28 метр/секунд. Күндіз +2+4 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ақмола облысы - түнде -20-25, облыстың шығысында -28 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Күндіз -7-12 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында боран. Көкшетау - түнде -20-22 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жер борасын. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Күндіз -9-11 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жер борасын. Ақтөбе облысы - түнде -13-18, облыстың солтүстік-шығысында -21 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-18 метр/секунд. Күндіз -5-10, облыстың оңтүстігінде -2 градус, облыстың батысында, солтүстігінде қар, боран. Ақтөбе - түнде -15-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 метр/секунд. Күндіз -5-7 градус, бұлтты, қар. Атырау облысы - түнде -5-10, облыстың шығысында -14 градус, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар. Облыстың солтүстігінде, шығысында боран. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Күндіз -3+2 градус, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында боран. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Атырау - түнде -5-7 градус, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Күндіз 0,+2 градус, бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Шығыс Қазақстан облысы - түнде -10-15, облыстың шығысында -18 градус. Қар, боран. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 метр/секунд. Күндіз -7-12 градус, Облыстың шығысында, оңтүстігінде қар, боран. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Өскемен - түнде -12-14 градус, көшпелі бұлтты, қар. Жел оңтүстік-батыстан 4-9 метр/секунд. Күндіз -8-10 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жамбыл облысы - түнде -2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -12 градус, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, боран, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 метр/секунд. Күндіз +1+6, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -3 градус, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Тараз - түнде -4-6 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Күндіз +4+6 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Жетісу облысы - түнде -3-8, облыстың шығысында, таулы аудандарында -11-16 градус, қар, боран, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 , Алакөл көлдері ауданында - 15-20 метр/секунд. Күндіз 0,-5, облыстың шығысында, таулы аудандарында -8-13 градус, облыстың шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман. Талдықорған - түнде -6-8 градус, көшпелі бұлтты, қар, тұман, көктайғақ. Жел шығыстан 3-8 метр/секунд. Күндіз -2-4 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс Қазақстан облысы - түнде -10-15, облыстың оңтүстігінде -7 градус, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар, боран, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 метр/секунд. Күндіз -3-8 градус, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар, боран, тұман, көктайғақ. Орал - түнде -11-13 градус, бұлтты, қар, боран, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Күндіз -5-7 градус, бұлтты, қар, боран, тұман, көктайғақ. Қарағанды облысы - түнде -14-19, облыстың шығысында -22-27 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Күндіз -5-10, облыстың шығысында -13 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Қарағанды - түнде -15-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 метр/секунд. Күндіз -5-7 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Қостанай облысы - түнде -17-22, облыстың шығысында -25 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Күндіз -8-13, облыстың оңтүстігінде -5 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Қостанай - түнде -18-20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Күндіз -8-10 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Қызылорда облысы - түнде -4-9, облыстың солтүстігінде -12-17 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Жел шығыстан 9-14, облыстың шығысында, орталығында 15-20 метр/секунд. Күндіз +2+7, облыстың солтүстігінде -1 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Қызылорда - түнде -5-7 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел шығыстан 9-14 метр/секунд. Күндіз +3+5 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Маңғыстау облысы - түнде -3+2, облыстың солтүстік-шығысында -8-13 градус. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Облыстың солтүстік-шығысында боран. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, түнде және таңертең екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақытта 25 метр/секунд. Күндіз +4+9, облыстың солтүстік-шығысында +1 градус. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Ақтау - түнде 0,+2 градус, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, түнде екпіні 15-20 метр/секунд. Күндіз +7+9 градус, бұлтты, жауын-шашынсыз. Павлодар облысы - түнде -17-22, облыстың оңтүстігінде -13, облыстың солтүстігінде -25 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман. Жел оңтүстіктен 9-14 метр/секунд. Күндіз -6-11, облыстың солтүстігінде -15 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман. Павлодар - түнде -18-20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9-14 метр/секунд. Күндіз -9-11 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік Қазақстан облысы - түнде -19-24 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 метр/секунд. Күндіз -7-12 градус, жауын-шашынсыз. Петропавл - түнде -19-21 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Күндіз -9-11 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түркістан облысы - түнде -3+2, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -8 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 метр/секунд. Күндіз +10+15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында +5 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Түркістан - түнде -1-3 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел шығыстан 8-13 метр/секунд. Күндіз +10+12 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз Ұлытау облысы - түнде -15-20, облыстың оңтүстігінде -12 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 23 метр/секунд. Күндіз -3-8, облыстың оңтүстігінде 0 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жезқазған - түнде -16-18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 4-9, күндіз 9-14 метр/секунд. Күндіз -3-5 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент тапсырмасымен Сарыағашта 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысы басталды Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш қаласында 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Аса маңызды әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жаңа медициналық кешен облыстың денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Бұл – Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық маңызды қадам. Аурухана тек Сарыағаш қаласының тұрғындарына ғана емес, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Қазығұрт және Шардара аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Аталған аудандарда 1 миллионнан астам халық тұрады. Құрылыстың басталуы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, білікті медициналық кадрларды тартуға жағдай жасайды. "Бүгін біз Сарыағаш қаласында аса маңызды әлеуметтік нысан – көпбейінді аурухана құрылысының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Бұл — өңіріміздің денсаулық сақтау саласындағы жаңа белесі, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған үлкен қадам. Аталған жоба Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Сарыағаш ауданында көпбейінді аурухана салу жөнінде берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Президентіміздің халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бастамалары аясында облыста ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл аурухана мыңдаған тұрғынға үміт сыйлайды, жүздеген отбасының амандығын сақтауға үлес қосады және өңірдегі медициналық қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтереді. Дені сау ұрпақ – елдің ең басты байлығы. Сондықтан бұл аурухана тек ғимарат емес, бұл – мыңдаған адамның үміті, жүздеген отбасының амандығы. Жаңа аурухана уақтылы әрі сапалы салынып, ел игілігіне жоғары деңгейде қызмет ететін, шипа мен сенім ордасына айналады. Баршаңызға зор денсаулық, табысты еңбек, әр отбасыға жақсылық тілеймін!" - деді Нұралхан Көшеров. Аурухана 300 төсек-орынға есептелген және құрамында үш негізгі блок бар: хирургиялық блок – 50 төсек-орын (нейрохирургия, офтальмология, ЛОР және травматология бөлімшелері), терапиялық блок – 100 төсек-орын (неврология, инсульт орталығы, кардиология және интервенциялық кардиология бөлімшелері), перинаталдық блок – 150 төсек-орын (ана мен балаға арналған заманауи күтім, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі). Медициналық кешен заманауи жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Жаңа аурухана 10,4 гектар аумақта орналасады. Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 70 мың м² асады. Жобаның жалпы құны – 74,5 млрд теңге. Құрылыстың аяқталуы 2027 жылдың желтоқсанында жоспарланған. Аталған жобаны іске асыру үшін Сарыағаш қаласынан 10,4 гектар жер телімі бөлінді. Жобаны мердігерлік атқаратын ұйым – ASPAN HOLDINGS ЖШС, техникалық қадағалаушы – "Строй-Проф" ЖШС, авторлық қадағалаушы – Engineering center ltd ЖШС. Суреттер: Түркістан облысы әкімдігі Түркістан облысында халық денсаулығын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында 200 орындық перинаталдық орталық құрылысы басталды. Түркістан қаласында демеушілер есебінен салынып жатқан "Ана мен бала" орталығы келесі жылы іске қосылады. Өткен жылы облыста 40-қа жуық медициналық нысан пайдалануға берілген, оның ішінде Сарыағаш ауданында 6 нысан іске қосылған. Сонымен қатар шалғай ауылдық елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылып, тұрғындарға алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі артты.
Комиссия мүшелері Конституциядағы теңгеге қатысты ұсынысты қолдады Конституциялық комиссия мүшелері теңгені ұлттық валюта ретінде Конституция деңгейінде бекіту туралы ұсынысты қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеп, жобада ұлттық валютаның мәртебесі қалай нақтыланатынын түсіндірді. Оның айтуынша, теңгені конституциялық тұрғыда бекіту ұсынысын іске асыру аясында жоба Конституциясының 2-бабы 6-тармақпен толықтырылған. "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге. Теңгені эмиссиялауға айрықша құқық Қазақстан Республикасына тиесілі"- деп көрсетілген жобада. Нұрмұханов бұл бастама бұған дейін комиссия отырыстарында Айдарбек Қожаназаров пен Нұртай Сәбилянов тарапынан талқыланғанын, сондай-ақ азаматтардың өтініш-ұсыныстарында да көтерілгенін айтты. Бұған дейін комиссияның жетінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жаңа Конституция жобасында "мәңгілік билікке" жол берілмейтінін мәлімдеген еді. Оның сөзінше, жоба елдегі жоғары лауазымдарға қатысты негізгі шектеулерді бекітіп, биліктің бір қолға шоғырлануына тосқауыл қояды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айтты Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты. "Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҚазҰПУ-дың экс-ректорының отбасы университет корпустарын жалға беріп пайда тапқан – прокуратура Алматы прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) ғимаратының бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтарды. Тексеру барысында нысандардың көп жыл бойы бұрынғы ректорға таныс тұлғаларға беріліп, кейін сол ғимараттар университетке жалға тапсырылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы 31 қаңтарда прокуратура ҚазҰПУ ғимаратының 208 шаршы метрден аса бөлігінің заңсыз жекешелендірілгенін анықтағаны белгілі болды. Сот бұл мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сол кезде мемлекеттік мүлікке жауапты орган қайтарылған активке бағалау жүргізіп жатқаны айтылған. Бұл даулы істің егжей-тегжейін Медеу аудандық прокуратурасы түсіндірді. Университет өз спорт корпусын өзі жалға алып отырған Прокуратураның мәліметінше, тексеру кезінде "мемлекет пен университет мүддесіне қайшы түрде үшінші тұлғаларға заңсыз сатылған" бірқатар нысан анықталған. Солардың бірі - №4 оқу-спорт корпусы (Қазыбек би көшесі, 30). Оның жалпы аумағы шамамен 1400 шаршы метр. Ведомство дерегінше, 2003 жылғы 27 қарашада университет ректоры Тоқмұхамед Садықов (1987-2008 жылдары қызмет атқарған) "Фирма Зураб" ЖШС-мен (қазіргі атауы - "ST Advisory" ЖШС) заңсыз сатып алу-сату келісімшартын жасаған. Оқу корпусы сол кезде төмен бағамен - 5 070 250 теңгеге сатылған. Анықтама: прокуратураның айтуынша, бұл нысанның 2026 жылғы бағалау құны 135 миллион теңге. Прокуратура мәлімдеуінше, мемлекеттік мүлікті сату туралы шешімді уәкілетті орган емес, университет ректоры өз бетінше қабылдаған: бағалау жүргізілмеген, конкурс өткізілмеген, бағасы да тараптардың келісімімен белгіленген. Ең сорақысы, спорт корпусы жекенің қолында тұрған уақытта ол университеттің өзіне дене шынықтыру сабақтарын өткізу үшін жалға берілген. Ал меншік иесі білім саласына қатысы жоқ, ғимаратты тек коммерциялық мақсатта пайдаланған. Келісім бойынша университет (жалға алушы) алғашқы 30 ай бойы ай сайын 1 миллион теңге, кейін ай сайын 2 миллион теңге төлеуге міндеттелген. Нәтижесінде оқу орны өз ғимаратын жалға алғаны үшін жекелерге жалпы 78 918 837 теңге төлеген. Прокуратура дерегінше, 2018 жылы "Фирма Зураб" (қазіргі "ST Advisory") мен "Бекенова Б." жеке кәсіпкері арасында айына 70 мың теңгемен 2023 жылға дейін жалға беру шарты жасалған. Кейін осы жеке кәсіпкер мен ҚазҰПУ арасында да 2018 жылғы 4 қыркүйекте 2023 жылғы 1 ақпанға дейінгі жалға алу шарты рәсімделіп, нысан дене шынықтыру сабақтары мен спорттық-мәдени шараларға пайдаланылған. Тек 2024 жылғы сәуірде ғана сату мәмілесі жарамсыз деп танылып, оқу корпусы ұлттық университеттің меншігіне қайтарылды. Жатақхана жанындағы павильон "ректордың туыстарына сыйға" өткен Прокуратура Қонаев көшесіндегі аумағы 208,8 шаршы метр болатын павильонды да қайтарды. Ведомство мәліметінше, ол 1995 жылы бұрынғы ректормен байланысты тұлғаларға төмен бағаға сатылған. Қазір оның құны 140 миллион теңге деп бағаланып отыр. Прокуратураның айтуынша, кейінгі сатып алу-сату келісімдері формал әрі өзара байланысқан түрде жүргізілген: мүлік бірнеше мәрте бұрынғы ректордың отбасымен қатысы бар адамдар арасында қайта сатылып, ақырында жақын туыстарына сыйға тарту арқылы берілген. Осылайша нысан іс жүзінде мемлекеттік меншіктен аффилирленген тұлғалардың пайдасына шығарылған. Қазір жатақхана маңындағы бұл павильонда, ведомство дерегінше, алкоголь өнімдерін сататын тәулік бойы жұмыс істейтін орын тұр. Сот шешімдері Прокуратура бастапқы және кейінгі барлық мәмілені сот арқылы даулаған. Соттар нысанды иеліктен шығару кезінде жекешелендіру туралы заңдар, жер және азаматтық заңнама нормалары бұзылғанын анықтаған. 2025 жылғы 16 сәуірде Медеу аудандық соты прокуратураның талабын ішінара қанағаттандырды. 2025 жылғы 3 қыркүйекте Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талаптарды толық көлемде қанағаттандырды. Кассациялық саты сот актілерін өзгеріссіз қалдырған. Нәтижесінде прокуратура мемлекет пен университеттің жылжымайтын мүлікке құқығын қалпына келтірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Журналистер мен блогерлерге жаңа Конституциядағы сөз бостандығына қатысты норма түсіндірілді Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысы барысында премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер мен блогерлерге жаңа Конституция жобасы азаматтардың ар-намысы, қадір-қасиеті және жеке өмірін қорғаумен қатар сөз еркіндігін қалай кепілдендіретінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Балаеваның айтуынша, ұсынылып отырған нормалар сөз еркіндігін шектеуге емес, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өмірдің қол сұғылмауын қорғауға бағытталған. "Көпшілік адам сөз еркіндігіне айрықша мән береді. Азаматтар Конституциядағы тұжырымдар түсінікті болып, екіұшты түсіндіруге жол бермегенін күтеді. Жаңа Конституция жобасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, сөз бостандығын кепілдендіреді. Бұл қағида халықаралық құқықпен де үйлеседі", - деді Балаева. Министр түзетулер ешбір жағдайда сөз бостандығын шектемейтінін, тек азаматтарды қорғайтынын атап өтті. "Мен медиақауымдастықтың үндеулерімен мұқият оқып шықтым. Мәдениет және ақпарат министрі, сондай-ақ, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі ретінде бұл түзетулер ешбір жағдайда сөз бостандығын шектеуге бағытталмаған. Олар әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өмірдің қол сұғылмауын қорғауға арналған", - деді ол. Республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясының журналисі әрі жүргізушісі Ерқанат Көпжасарұлы бұл ұстанымды қолдады. "Жобада сөз бостандығына және ғылыми-техникалық дамуға қатысты нормалар бекітілген. Еркін ойсыз ел өркендей алмайды, ашықтық пен жаңғырусыз алға жылжу мүмкін емес. Негізгі мақсат - жауапкершілікті күшейту және арандатушылық әрекеттердің алдын алу. Ақпаратты еркін алу және тарату құқығы бекітіледі, бұл - прогреске ұмтылған кемел қоғамның белгісі", - деді ол. Оның айтуынша, ақпаратқа қолжетімділік қоғамдағы сенімді нығайтып, азаматтардың санасын оятады, ал бұл нормаларды заң жүзінде бекіту баспасөздің дамуына жаңа серпін беріп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы неке:  Конституция жобасына әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қолдайтын норма енгізілді Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясы некедегі теңқұқықтылықты нақты бекітіп, әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтеді. Бұл туралы Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Балаева өзгерістер тек отбасы институтына қатысты емес, сондай-ақ, білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипатын да айқындайтынын атап өтті. "Екіншіден, Конституцияның жаңа жобасында дін мен мемлекет ара-жігі анық ажыратылған, сондай-ақ білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты белгіленген. Білімнің зайырлылығы көпконфессиялы қоғамда жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді", – деді Балаева. Министрдің айтуынша, Конституция жобасы азаматтардың жеке өміріне қатысты құқықтарын да бекітеді. "Конституцияда некенің ер мен әйелдің өз еркімен таңдауы негізінде құрылған теңқұқылы одақ екені анық жазылған", – деп нақтылады ол. Балаева бұл норма отбасы институтының маңызын күшейтіп, дәстүрлі құндылықтарды қорғауға бағытталғанын айтты. "Бұл жоба қоғамдағы отбасы институтының маңызын айқын көрсетеді. Сондықтан мұндай норманы орынды деп санаймын. Бұл норма отбасы институтының тұрақтылығын нығайтуға, дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде қорғауға, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін күшейтуге сеп болады", – деп түйіндеді министр. Бұған дейін комиссияның жетінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жаңа Конституция жобасында "мәңгілік билікке" жол берілмейтінін мәлімдеген. Оның сөзінше, жоба елдегі жоғары лауазымдарға қатысты негізгі шектеулерді бекітіп, биліктің бір қолға шоғырлануына тосқауыл қояды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қатты қорқынышты“. Алматы облысындағы тұрғындар бұралқы итке шағымданды Алматы облысындағы елдімекен жұрты қолдарына ағаш ұстап, қалтасына тас салып жүруге мәжбүр. Нұрғиса Тілендиев ауылында бұралқы ит көп. Тұрғындар көше кезіп, аш жүрген төртаяқтылар қай кезде тап береді екен деп қорқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап. Нұрғиса Тілендиев ауылының халқы көшеге шықса, үйге аман жетсек екен деп тілейді. Елдімекенде бұралқы ит көп. Төртаяқтылар қорадағы мал мен құсқа қырғидай тиіп, адамдарға шапқанды шығарған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, кейінгі уақытта жағдай, тіпті ушығып кеткен. Қаңғыған иттер күндіз-түні топтасып, көшелерде еркін жүреді. Салдарынан баласын мектепке жіберуге қорқатындар көбейген. Көше кезген төбеттер бүлдіршін тұрмақ, ересек адамның үрейін алады. "Дүкеннен келе жатыр едім, тура алдымнан шығып, бас салды. Саусағым ауызына кіріп кетті ме, білмеймін, қырт ете түсті. Қорыққанымнан бірдеңе ойлауға мүмкіндік болған жоқ. Ит көрсем, бірден балаларға хабарласатын болдым. Емін-еркін жүре алмаймын", – деді Тілендиев ауылының тұрғыны Сәуле Махметжанова. "Тас ұстап, иттен қорқып қашып жүреміз. Олар тобымен жүреді. Серуендеу түгілі, дүкенге бара алмайтын болдық. Нан, сүт, керек затты әкелу керек деп кешке дейін күйеуімді күтіп отырамыз", – деді Н. Тілендиев ауылының тұрғыны Анар Ақынбаева. Елдімекен жұртының сөзінше, бұралқы иттердің қаптап жүруіне ауыл ішіндегі тәлімбақ себеп. Өйткені, жеке нысан дұрыс қоршалмаған, салдарынан, төртаяқтылар қашып шығып, көше кезеді. Алайда ит ұстайтын жердің басшысы ондағы жануарлардың аймақтан шықпайтынын және шыққан күннің өзінде еш зияны болмайтынын айтып ақталды. "Мұндағы жануарлар өте мейірімді. Олар адамға тиіспейді. Иә, бір-екі рет қашып кету жағдайы тіркелген. Алайда оларды қайтарып алдық. Біздің қоршауымыз мықты. Сондықтан, алаңдауға негіз жоқ", – деді жеке тәлімбақ басшысы Евгения Мамаева. Ауылдағы мәселемен жергілікті әкімдік те таныс. Олар бұл бағытта жұмыс ойдағыдай жүріп жатыр деп сендірді. "Өздеріңізде білесіздер ғой, итті қазір аулайды тек. Атуға болмайды. Олар оңайлықпен ұстатпайды. Кеше өзіміздің ауылдың тұрғындары да жүрді, көзбен көрді. Ұстайтынын ұстап, алып кететінін алып кетіп жатыр. Алдағы уақытта да жоспар бойынша жұмыстар жасалынады", – деді Қараой ауылдық округі әкімінің орынбасары Тұрлыбек Анықов. Тұрғындардың айтуынша, 60-қа жуық бұралқы ит ауланса да, қаншама ит төңіректегілерге қауіп төндіріп, бостандықта жүр. Ал олар қаңғыған ит пе әлде питомниктен шығып жатыр ма, әзірге нақты жауап болмай тұр. Сондықтан ұлардай шулаған халықтың мәселесі шешілетін күн әлі алыс секілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ағайынды боксшылар Испаниядағы турнирдің финалына шықты 6 ақпанда Испанияның Ла-Нусия қаласында Boxam Elite халықаралық бокс турнирінің жартылай финалы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан Үндістан өкілі Ядумани Сингхке еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) Ал оның туған бауыры Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта үндістандық Хитешті дәл осы есеппен тас-талқан етіп, финалға жолдама алды. Сондай-ақ, Қазақстанның тағы бір танымал ағайынды шеберлері - Айбек пен Нұрбек Оралбай да Испаниядағы турнирдің финалына шықты. 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Айбек Украина спортшысы Андрей Халецкиймен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан (5:0) қазақстандық боксшының жеңісін тіркеп, оны финалға шығарды. 85 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай Испания өкілі Рикардо Адриан Фреснедамен кездесті. Үш раунд бойы Нұрбек қарсыласынан сенімдірек көрініп, төрешілердің бөлінген шешімімен (3:2) жеңіске жетті де финалға өтті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) Boxam Elite 2026 турнирінің финалына шыққан қазақстандық боксшылар қатарына бұған қоса Санжар Ташкенбай, Аман Қонысбеков және Сағындық Тоғамбай да қосылды. Әйелдер арасында шешуші кезеңге Назерке Серік, Умида Садықова және Панар Сеитханқызы жетті. Айта кетейік, Boxam Elite 2026 халықаралық турнирі 3–8 ақпан күндері өтіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресейге кіруге тыйым: Нұрлан Сабуров пікір білдіруден бас тартты Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа бұған дейін Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған еді. Ол Мәскеудегі Внуково әуежайынан Қазақстанға ұшар алдында РЕН ТВ тілшісінің сұрақтарына жауап беруден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Әзірге пікір білдіре алмаймын. Кешіңіз жақсы өтсін", - деді ол журналистке. 7 ақпанға қараған түні Сабуров Алматыға ұшып келді. Ол VIP-аймақтан көзге түспеуге тырысып шыққан. Әуежай қызметкерлері VIP-аймақта ешкімді күтпегенін айтқан. Алайда Сабуров көріне салысымен, тілшілердің түсіріліміне кедергі келтіріле бастаған. "Түсірілім жасауға болмайды", - деп әуежай қызметкері бірнеше рет қайталады. Сабуров тез арада көлікке отырып, әуежай аумағынан кетіп қалды. Еске салайық, Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған. БАҚ болжамынша, бұған Ресейдің Украинаға қарсы соғысын сынаған пікірлері себеп болуы мүмкін. Стендап жұлдызы Дубайдағы демалыстан оралғаннан кейін Мәскеудегі Внуково әуежайында ұсталған. Өнер иесі бұл тыйым туралы Мәскеуге келген соң, шекаралық бақылаудан өтіп жатқан кезде білген. БАҚ дерегінше, комик Дубайға тегін депортациядан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алып, өзі ұшып кеткен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында интернет-алаяқтық ісі бойынша 20 күдікті қамауға алынды Түркістан облысында интернет-алаяқтық ісі бойынша 20 күдікті қамауға алынып, тағы екі адамға халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеу барысында 2024–2025 жылдары Қазақстан аумағында жүрген шетелдік ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік еткені анықталған. Топ мүшелері интернет және телефон арқылы алдап-арбау тәсілін қолданып, 21 жәбірленушіге жалпы сомасы 125 миллион теңгеден асатын материалдық шығын келтірген. Күдіктілер өздерін пошта қызметкерлері және байланыс операторларының өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың атына алдау жолымен несие рәсімдеткен. Кейін алынған қаражатты өз пайдасына жаратқан. Жәбірленушілерге 20 миллион теңге қайтарылды. Күдіктілерге тиесілі үш автокөлікке тыйым салынды. Қалған шығын сомасы сот процесі барысында мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алынады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы (алаяқтық) және 262-бабының 1, 2-бөліктері (ұйымдасқан топ құру және оған қатысу) бойынша қозғалған қылмыстық іс жөніндегі соталды тергеу аяқталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
16 миллион теңге: “Қазақмысқа жұмысқа тұрғызамыз“ деген алаяқтар ұсталды Ұлытау облысында азаматтарға "Қазақмыс" корпорациясына жұмысқа орналастырып береміз деп уәде еткен адамдарға қатысты тоғыз қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Соның алтауы сотқа жолданған. Тергеу барысында күдіктілер азаматтардың сеніміне кіріп, жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асатын ақша иемденгені анықталды. Алаяқтар жұмысқа орналастырамыз деп уәде беріп, алдын ала ақша алған. Бірақ міндеттемелерін орындамай, азаматтарға материалдық шығын келтірген. Ұлытау облысы полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Кез келген ұйымға жұмысқа орналасу тек ресми тәртіппен, кадр қызметі арқылы жүзеге асырылады. "Мұндай күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырамыз. Алаяқтық деректері анықталған жағдайда, дереу полицияға жүгіну қажет", - деді Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Екібастұзда бір жарым жасар баланың өліміне қатысты іс жабылды Екібастұзда бір жарым жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды. Бала былтыр желтоқсанда көз жұмған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап. Телеарнаның мәліметінше, дәрігерлер оны стоматиттен емдеген, ал баланың өкпесі қабынғаны қайғылы жағдайға небәрі бірнеше сағат қалғанда ғана анықталған. Павлодар облысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті жүргізген тексеріс баланың уақытында рентгенге түсірілмегенін және қан талдауы алынбағанын көрсетті. Соған қарамастан, медицина қызметкерлері тек әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалаған. "Екібастұз қалалық ауруханасы мен Екібастұз қаласындағы №1 емхананың медицина қызметкерлерінің әрекеттерінен Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамы белгілері жоқ. Атап айтқанда, бұл - медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін салғырт немесе адал орындамауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдай", - деп хабарлады қалалық прокуратура. Қадағалау органында осы қорытындыларға сүйене отырып, тергеу тоқтатылғанын түсіндірді. Бұл шешім туралы баланың анасы Валентина Хамитова бірден білмеген: ол хабарламаны бірнеше күннен кейін ғана алған. Енді әйел істі қайта қарауды, жаңа сараптама тағайындауды және ұлын емдеген барлық дәрігерден жауап алуды талап етіп отыр. "Маған істің жабылғаны тек 3 ақпанда хабарланды. Біз өтінішхат жібергенбіз, бірақ оны қарамаған. Өтінішхаттың жайын білу үшін өзім қоңырау шалғанда ғана, істің соталды тергеуі тоқтатылғанын айтты. Бұлай қалай болады?" - деп ашуланды Хамитова. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қапшағай су қоймасында екі әйел отырған көлік мұз астына түсіп кетті Қапшағай су қоймасында екі әйел отырған жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылар зардап шеккендерге қауіпсіз жетіп, сақтандыру шараларын қамтамасыз етті және мұз үстінде жұмыс істеуге арналған арнайы жабдықтарды қолданды. Екі әйелді көліктен жедел шығарып, жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туы көтерілді Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ашылу салтанатының негізгі бөлігі Миландағы әйгілі "Сан-Сиро" футбол стадионында өтті. Жарысқа әлемнің 93 елінен шамамен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Медальдар спорттың 8 түрі бойынша 16 дисциплинада сарапқа салынып, жалпы 116 жүлде жиынтығы ойнатылады. Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Миланда түсірілген кадрларды Telegram-арнасында жариялады. Ұлттар шеруі кезінде Қазақстан туын шорт-тректен Денис Никиша мен фристайл-могулдан Аяулым Әмренова алып шықты. Биылғы Олимпиаданың ерекшеліктерінің бірі - ашылу салтанатының бір мезетте төрт алаңда қатар өтуі. Министрліктің мәліметінше, Денис Никиша Миландағы ресми рәсімге қатысса, Аяулым Әміренова шаңғы дисциплиналары өтетін Ливиньо коммунасындағы салтанатқа қатысқан. Бұл жолы Олимпиада алауы бірден екі жерде жағылды: Миландағы Салтанат қақпасының маңында және Кортина-д’Ампеццо қаласындағы Piazza Dibona алаңында. Салтанаттың ресми атауы - Armonia ("Гармония"). DW Telegram-арнасының жазуынша, ашылу рәсімінде италиялық мәдениетіне қатысты бірқатар айқын ишара болды. Мысалы, стадионда Антонио Канованың "Амур мен Психея" мүсініне арналған сахналық қойылым көрсетіліп, оған "Ла Скала" театры балет мектебінің шамамен 70 бишісі қатысты. Музыкалық бағдарлама да алуан түрлі жанрды қамтыды: Вивальди мен Россинидің классикалық туындыларынан бастап, қазіргі италиялық эстрадаға дейін. Италиялық операға айрықша мән беріліп, шарықтау шегінде Пуччинидің "Турандот" операсындағы әйгілі Nessun dorma ариясы орындалды. Салтанатта Италия туының түстерінен шабыт алған сән көрсетілімі де болды. Подиумға Armani топтамасын ұсынған модельдер шықты. Бұл - қыркүйекте 91 жасында өмірден өткен италиялық дизайнері Джорджо Арманиге көрсетілген құрмет. Милан–Кортина қысқы Олимпиадасы 6–22 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы 10 дисциплина бойынша бақ сынайтын 36 спортшыдан тұрады (18 ер, 18 әйел). Ұлттық құраманың қатысуымен өтетін барлық жарыстар Qazaqstan, Qazsport, "Хабар" және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңа Конституцияға қатысты азаматтардың ұсыныстарын мұқият талдауды тапсырды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша бұған дейін атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді. Эльвира Әзімова халық қарауына ұсынылған жаңа Ата Заң жобасы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен ой-пікірлер саны 4 мыңнан асқан. Азаматтар жобаны бүгінгі талап-тілектер мен қоғам мүддесіне сай келеді деп таниды. Саяси партиялар, республикалық және өңірлік қоғамдық ұйымдар жаңа Конституция қабылдау жөніндегі бастамаға қолдау білдірді. Президент Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғаса беруге тиіс екенін атап өтті. Бұл азаматтардың талқылау барысынан хабардар болып, жоба мазмұнымен егжей-тегжейлі танысуына мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды тапсырды. Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының жекелеген баптары мен тармақтарын редакциялап жатқанын айтты. Комиссияның кезекті отырыстары ертең, яғни 7 ақпанда және келесі аптада өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Дауыл соқты: Жаңатаста төтенше жағдай жарияланды Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласында дауыл соғып, салдарынан Сарысу ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы өңір әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жай Бұған дейін Сарысу ауданы әкімдігінің Instagram-парақшасында тұрғындарға үндеу жарияланған. Онда 6 ақпанда соққан дауылдың салдарынан қаладағы кейбір көпқабатты үйлердің шатырлары ұшып кеткені айтылған. Қауіпсіздік үшін тұрғындардан аса қажет болмаса сыртқа шықпау, ал қала ішінде жүріп-тұрғанда сақ болу сұралды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Ербол Қарашөкеев (@erbol_karashokeev) Сондай-ақ, қала мектептеріндегі таңғы ауысымда оқитын оқушылардың сабақтары қашықтан өтетіні хабарланды. Әкім не дейді? Кейінірек Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бүгін қатты желден Сарысу ауданының Жаңатаста бірқатар көппәтерлі үйдің шатырлары бүлініп, электр желілеріне де зақым келген. "Мен Жаңатасқа барып, жағдаймен таныстым. Үш тұрғын үйдің шатыры түгелдей ұшып кеткен, тағы жеті үйдің шатыры жартылай бүлінген. Сонымен қатар, жеті кәсіпкерлік нысан зардап шекті. Ұзындығы 2 шақырым болатын электр беру желілері зақымданған", - деді өңір басшысы. Ол Сарысу ауданында төтенше жағдай жарияланғанын нақтылады. "Залал бағаланып жатыр. Салдарын жоюға қаржы қарастырылады, тұрғындар мен кәсіпкерлерге қажетті көмектің бәрі көрсетіледі. Аудан әкімдігіне, төтенше жағдайлар департаментіне және жауапты басқармаларға бүгіннен бастап қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастау тапсырылды. Жағдай менің жеке бақылауымда", - деп қосты әкім. Әкімнің айтуынша, коммуналдық қызметтер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, әлеуметтік нысандарға зиян келмеген. Ең бастысы, зардап шеккендер жоқ. Видеолар Әлеуметтік желілерде ауа райының қолайсыздығынан кейінгі көріністер түсірілген видеолар да пайда болды. Авторлар түсірілім 6 ақпанда Жаңатаста болғанын айтады. Осы видеолардың бірінің астында Сарысу ауданы әкімдігі: 2026 жылғы 6 ақпанда қатты жел салдарынан тұрғын үйлердің шатырлары, кәсіпкерлік нысандар және электр беру желілері зақымданғанын растаған. Ауданда бір ауысыммен оқитын 15 мектеп уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілгені де айтылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді Қазақстанда 6 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 494,63 теңге болды. Бұл көрсеткіш 0,13 теңгеге төмендеген. Ұлттық банктің 6 ақпанға арналған ресми бағамы - 1 доллар үшін 495,10 теңге. Еске салайық, 4 ақпанда сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 498,65 теңге болып, 4,4 теңгеге төмендеген еді. Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – 494,81 теңге; сату – 497,40 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – орташа есеппен 493,97 теңге; сату – 500,97 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық әйел ұлын оқуға түсіремін деген алаяққа 2,5 миллион теңге берген Абай облысының 41 жастағы тұрғыны алаяқтардың арбауына түскен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, белгісіз біреу оның ұлын университетке түсіріп беремін деп уәде беріп, ақшасын қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, әлгі жігіт былтыр көктемде 18 жастағы ұлын оқуға түсіріп беремін деп сендірген. Оған сенген әйел 2,5 миллион теңге берген. Полиция күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізген. Ол - Семейдің 41 жастағы тұрғыны. Қазір оған қатысты алаяқтық белгілері бойынша тексеру басталды. "Күдіктіге құқықтары түсіндіріліп, шақырту бойынша келу міндеттемесі жіберілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді полицейлер. Еске салайық, былтыр Алматыда Neupusti компаниясына қатысты дау шыққан еді. Компания шетелде жұмысқа орналастыруды, сондай-ақ, Еуропа, Қытай және өзге елдердің жоғары оқу орындарына түсіруге көмектесеміз деп қызмет ұсынған. Алайда ондаған адам "кемі 1 миллион теңгеден артық ақша төлесек те, уәде етілген қызметті ала алмадық" деп шағымданған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сабуров Ресейден Қазақстанға ұшып келмек: СІМ не дейді? Ресейге кіруіне тыйым салынған әзілкеш енді Алматыға ұшып келмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram-арнасы сілтеме жасап. Арна мәліметінше, Мәскеу әуежайындағы паспорт тексерісіндегі оқиғадан кейін Сабуров Дубайға тегін депортациядан бас тартқан. Өйткені, дереккөздердің айтуынша, ұшудың міндетті шарты кісен тағу болған. Осылайша әзілкеш Қазақстанға билетті өз бетінше сатып алғаны айтылды. Mash Сабуров Мәскеуге БАӘ-ден бизнес класпен ұшқанын жазды. Арна дерегіне сүйенсек, кіруге тыйым салу туралы хабарламадан кейін ол депортацияланатынын бірнеше рет нақтылап, кейін Дубайға қайту билетіне қаражаты жоқ екенін мәлімдеген. Депортация шарттары түсіндірілгенде, ол ақша тауып, Алматыға билет сатып алған. Дереккөз мәліметінше, ең жақын рейс түстен кейін жоспарланған. Telegram/@mash СІМ не дейді? Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдайға пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан ақпарат түспеген. "ҚР азаматы Нұрлан Сабуров немесе оның заңды өкілдері Ресейдегі ҚР елшілігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Оны ұстау туралы ақпарат Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан да түскен жоқ", - деп жазылған жауапта. Айта кетейік, бұған дейін әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады. Сабуров туралы не белгілі? Нұрлан Әлібекұлы Сабуров 1991 жылы 22 желтоқсанда Степногорскіде туған. Ол - қазақстандық әзілкеш, жүргізуші, актер әрі медиа тұлға. Ол Stand Up жобасы арқылы кеңінен танылып, кейін YouTube-тегі "Что было дальше?" (ЧБД) шоуының жүргізушісі ретінде үлкен аудитория жинады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларына бірқатар тапсырма берді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады. Мемлекет басшысы қорғаныс министрінің орынбасарларына ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге тыйым салынды Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап. Мәліметке қарағанда, шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған. Әзірге Ресейдің ресми мекемелері де, комик те, оның өкілдері де жағдайға қатысты пікір білдірмеді. БАҚ дерегінше, Сабуров түн ішінде Дубайдан ұшып келіп, Мәскеудегі Внуково әуежайына қонған. Төлқұжат бақылауынан өткен соң, қызметкерлер оны бөлек бөлмеге алып кіріп, Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы ресми құжатты көрсеткен делінеді. Желіде әуежайдағы ұсталу сәті түсірілген видеолар да пайда болды. Әртіс тыйым туралы Мәскеуге келгеннен кейін, шекаралық бақылаудан өтіп жатқан кезде ғана білген. Telegram-арналарда құқық қорғау органдарының материалдарында қаржы мәселелер3 де аталғаны: Ресейде тапқан табысты делдалдар арқылы аудару сияқты күмәнді схемалар болуы мүмкін деген болжам келтіріледі. Сондай-ақ, комик Ресей аумағында 60 миллион рубльден асатын мүлкі бар деген ақпарат тараған. Еске салайық, былтыр мамырда ресейлік басылымдар Сабуровтың Мәскеу маңында қымбат коттеджі мен жер телімі барын жазған. Ол жабық қымбат жерде тұрады, үйдің бағасы шамамен 115 миллион рубль (731 миллион теңгеге жуық) делінген. Бұған қоса пабликтердің мәліметінше, стендапердің екі көлігі бар: 2018 жылғы Mercedes "Гелендваген" (SBR нөмірі) — шамамен 20 миллион рубль (128 миллион теңге); 2021 жылғы Cadillac Escalade — шамамен 11 миллион рубль (70 миллион теңге). Айта кетейік, былтыр мамырда Нұрлан Сабуров Шереметьево әуежайында көші-қон ережесін бұзды деген себеппен ұсталған еді: Ресейде рұқсат етілген 90 күндік мерзімнен асып кеткені айтылған. Сол кезде оған екі апта ішінде РФ аумағынан шығып, кейін көші-қон талаптарын сақтап қайта кіру тапсырылған. Telegram-арналар ол уақытта 5,5 мың рубль көлемінде әкімшілік айыппұл салынғанын да жазған. Нұрлан Сабуров туралы не белгілі? Нұрлан Әлібекұлы Сабуров 1991 жылғы 22 желтоқсанда Степногорскіде туған. Ол - қазақстандық стендап-комик, жүргізуші, актер әрі медиа тұлға. Кейінгі онжылдықтағы ең танымал орыстілді әзіл-сықақшылардың бірі: ТНТ-дегі Stand Up жобасы арқылы кеңінен танылып, кейін YouTube-тегі "Что было дальше?" (ЧБД) шоуының жүргізушісі ретінде үлкен аудитория жинады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана тұрғыны анасын өлтіргенін жасыру үшін жедел жәрдем шақырған Астанада ер адам қарт анасын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін жедел жәрдем шақырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 3 шілдеде таңертең Астанада 55 жастағы ер адам өз үйінде анасын тұншықтырып өлтірген. Әйел төсекке таңылған, тұрақты күтімді қажет еткен. "Ұзақ уақыт бойы төсекте жатқан анасына күтім жасаудан қажып, жиі кінәлау мен жанжалдардан шаршап, жеке бас араздығы негізінде, мас күйде диванда жатқан анасының қасына келіп, қасақана өлтіру мақсатында екі қолымен тұншықтырған", – делінген құжатта. "Анамның жазылуы үшін дұға еттім" Сотта ер адам кінәсін мойындамаған. Ол сол күні таңертең анасының қант деңгейін, қызуын өлшеп, "еденге отырып, анамның жазылуы үшін дұға ете бастадым" деп айтқан. Оның айтуынша, анасы "өзіне келе алмағандықтан", ол мойнынан ұстап сілкілей бастаған. Содан кейін әйел дем алмай қалған, ал ол қатты абыржығанын жеткізген. Кейін жедел жәрдем шақырып, анасына реанимация жасауға тырысқанын айтқан. "Тамыр соғысы жоқ екеніне көзі жеткен соң, ол абыржып, анасына қайта жақындап дәл сондай әрекеттерді қайталап, есін жиғызуға тырысып, оң және сол қолымен бірнеше рет бетінен шапалақпен салған, кейін қайтадан мойнынан ұстап сілкілей бастаған және жасанды тыныс алдыруды жалғастырған", – делінеді құжатта. Келген жедел жәрдем қызметкерлері әйелдің қайтыс болғанын хабарлаған. "Әйелдің бетінде көгерген жарақат болды" Фельдшердің айтуынша, шақыртуға келгенде ол шамамен 70–75 жастағы әйелді шалқасынан жатқан күйде көрген. Тамыр соғысы мен есін тексеріп, өлім дерегін нақтылаған. Әйелдің бетінде көкшіл гематома, мойнында жасыл сүлгі байланған. Сүлгінің астынан мойынның екі жағынан да гематомалар анықталған. "Сүлгінің қайдан шыққанын сұрағанда, ұлы бөлмеге кіргенде анасын "сүлгіге асылып тұрған"күйінде көріп, шешіп алғанын айтты", – деген фельдшер. Алайда көршілер сотта әйелдің 8 жыл бұрын сан сүйегінің мойнын сындырып, содан бері жүріп-тұра алмай, төсек тартып жатқанын айтқан. Куәлардың сөзінше, ер адам жастайынан алкоголь көп ішкен, 1990-жылдары есірткі қолданған, есірткі таратқаны үшін тергеуге іліккен. Көршілер оның анасына қол көтеріп, агрессив мінез танытып, жиі мас күйде жүретінін, кейде 10–20 тәулікке ұсталғанын да айтқан. "Тістерін қағып түсірген" Куәлардың бірі ер адамның жиі ішімдікке салынып, анасын ұрып-соғатынын айтқан. Бір жолы оның алдыңғы тістерін қағып түсіріп, ұрып-соққанын айтты. Куәлардың айтуынша, 2024 жылдың жазында ер адам анасы "өтірік ауырады, жүре алады" деп айтқан. Ол жанжал мен өшпенділік салдарынан анасын жиі соққыға жыққан. Әйел баласынан қорыққан. Сараптама не көрсетті? Сараптама марқұмның денесінде көптеген жарақат болғанын анықтаған. Өлімнің негізгі себебі – тұншығу. Сарапшылар бас-ми жарақатын, қабырға сынуын, ерін мен тілдегі ұсақ жараларды, бетте, мойында, кеудеде және қолдарда сызаттар мен қанталағанын тіркеген. Жарақаттардың басым бөлігі оқиғадан бірнеше сағат бұрын пайда болған. "Дене жарақаттары қатты, доғал заттардың әсерінен пайда болуы мүмкін. (…) Жарақат сипаты жәбірленушінің мойын тұсына күш қолданылғанын дәлелдейді", – делінген. Сот шешімі Сот ер адамның кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келген. Ол ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қышқыл төгілді: Шымкентте балық жаппай қырылды Шымкенттегі Бадам өзенінде балықтың жаппай қырылуына күкірт қышқылы әсер етуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. Өзен суынан алынған сынамаларды зерттеген мамандар алдын ала осындай қорытындыға келді. Экологтардың мәліметінше, су құрамында күкірт қышқылының мөлшері қалыпты деңгейден жоғары екені анықталған. Болжам бойынша, өндіріс орындарының бірінен шыққан зиянды қалдық орталық кәріз жүйесіне заңсыз төгілген. Кейін кәріз құбыры жарылып, құрамында күкірт қышқылы бар сарқынды су Бадам өзеніне құйылған. Қазір қоршаған ортаның қауіпсіздігіне салғырт қараған кәсіпорынды анықтау жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, кәріз жүйесіне жауапты мекемеге қатысты да тиісті шара қолданылуы мүмкін. Мамандар өзен суының сапасына тұрақты мониторинг жүріп жатқанын, және жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді. "Департамент мамандары осы мәселе бойынша "Су ресурстары маркетингі" ЖШС тексереді. Су арнасында күкірт қышқылы бар немесе жоқ екені содан кейін белгілі болады. Жалпы ереже бойынша кәріз құбырына күкірт қышқылы ерітіндісін тастауға мүлде болмайды. Оны жоятын жеке тазарту қондырғысы болуы керек", - деді Экология департаменті сынақ зертханасының басшысы Ақмарал Нысанбекова. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Беларусь депутаттары ынтымақтастықты нығайтуға келісті Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барып, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Александр Лукашенкомен кездесуде Ерлан Қошанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың зор ықыласы мен ізгі тілегін жеткізіп, халықтарымыздың арасындағы терең тарихи байланысты атап өтті. Ол екі ел Президенттерінің сенімді саяси қарым-қатынасының арқасында бүгінде Қазақстан-Беларусь байланысы стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгеніне ерекше тоқталды. Ерлан Қошанов Беларусь басшысына Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер, соның ішінде жаңа Конституция жобасын қоғамда талқылау барысы туралы айтты. Александр Лукашенко осы күрделі кезеңде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы парламентарийлердің рөлін ерекше атап өтті. Бұл орайда, ол Беларусь пен Қазақстанның көпполярлылық пен егеменді мемлекеттердің дамуын қолдайтынын, халықаралық күн тәртібінде ортақ ұстанымға ие екенін айтты. Ұлттық жиналыстың Өкілдер палатасының басшысы Игорь Сергеенкомен кездесуде парламентаралық диалогтан бастап екі ел арасындағы экономикалық, мәдени ынтымақтастыққа дейінгі көптеген мәселе талқыланды. "Екі ел арасында жемісті саяси диалог жолға қойылған. Өнеркәсіпте, машина жасауда және аграрлық салада кооперациялық байланыс кеңейіп келеді. Екі мемлекеттің парламенттері де өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуына зор үлес қосуда. Заң шығару ісінде тұрақты тәжірибе алмасу жолға қойылып, достық топтары белсенді әрі жемісті жұмыс істеп жатыр, депутаттарымыздың арасында бекем байланыс орнаған", – деді Мәжіліс спикері. Өз кезегінде Игорь Сергеенко Қазақстан Беларусь елі үшін әрдайым уақыт сынынан өткен дос, стратегиялық серіктес әрі одақтас болып қала беретінін айтты. Депутаттар заңнамалық жұмыс бойынша өзара тәжірибе алмасуды жалғастыруға, парламентаралық ұйымдар аясында, достық топтары, салалық комитеттер мен парламенттер аппараттары желісі бойынша өзара іс-әрекетті нығайта түсуге уағдаласты. Ерлан Қошанов екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы әріптестікті дамыту мәселелерін Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочановамен де талқылады. Беларусь депутаттарымен кездесулерде Мәжіліс төрағасы Парламенттің құзыретін кеңейтетін конституциялық реформалар жүргізіліп жатқанын айтты. Суреттер: Мәжілістің баспасөз қызметі Мәжіліс депутаттары Минскідегі Жеңіс монументіне гүл шоғын қойды. "БЕЛАЗ" зауытына және "Хатынь" мемлекеттік мемориалдық кешеніне барып, Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алды.
Қазақстанда әр өңірдегі дәрігерлердің орташа жасы есептелді Қазақстанда қай өңірлерде жас дәрігерлер көп, ал қай жақта орта және егде жастағы медицина қызметкерлері басым екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дәрігерлердің орташа жасы Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының сарапшылары Қазақстан өңірлеріндегі мемлекеттік емханаларда жұмыс істейтін дәрігерлердің жасын салыстырып талдаған. Дәрігерлердің орташа жасы өңірге қарай 42 жастан (Түркістан облысы, Шымкент, Астана) бастап, 48 жасқа дейін (Ұлытау облысы) өзгереді. Ел бойынша орташа көрсеткіш - 44 жас. Орта буын медицина қызметкерлері Орта буын мамандардың жасы сәл "жасырақ". Мысалы, Шымкентте медбикенің орташа жасы - 38. Ал Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Алматы облысы, Жетісу облысы және Алматыда - 39 жас. Ең "егде" медбикелер - орташа 44 жас - Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарында. Бұл санаттағы мамандардың ел бойынша орташа жасы - 41 жас. Қай жастағы дәрігер көп? Ең көп кездесетін жас тобы - 30–39 жастағы дәрігерлер: олардың үлесі шамамен 37 пайыз. Сонымен қатар, әрбір үшінші дәрігер 50 жастан асқан. Мамандардың айтуынша, кадрлардың "қартаюы" - денсаулық сақтау жүйесіндегі тәуекелдердің бірі. Еске салайық, 2025 жылдың басында Қазақстанда 281 400 медицина қызметкері болған: 83 379 дәрігер, жоғары білімді 6 293 мейіргер, және 191 728 орта медициналық білімі бар маман (медбике, медаға және т.б.). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Энергетика министрлігі Қарашығанақ ісіне қатысты ақпаратты жариялаудан бас тартты Энергетика министрлігі Қарашығанақ кен орнына қатысты арбитраж дауының барысы мен мән-жайына пікір беруден бас тартты. Бұған дейін бұл сот процесі туралы әлемдік БАҚ жазған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап берген министрлік өкілдері арбитражға қатысты барлық материал, соның ішінде істің нақты мән-жайы туралы деректер құпиялық тәртібі бойынша қорғалатынын мәлімдеді. Ведомство өнімді бөлу туралы келісім мен тараптар арасындағы арбитраж келісімі процеске қатысқандар үшін міндетті екенін түсіндірді. "Бұған байланысты министрлік құзыретті тұлға шектеуді алып тастағанға дейін қаралып жатқан іс бойынша ақпаратты ашуға, пікір білдіруге немесе істің мән-жайын қандай да бір түрде талқылауға құқылы емес. Құпиялық режимі өзгермейінше, қосымша ақпарат беру мүмкін емес", – делінген жауапта. Мән-жай Бұған дейін Bloomberg агенттігі Қазақстандағы Қарашығанақ кен орнын игеріп отырған ірі мұнай компаниялары халықаралық арбитражда істі ұтылғанын және Қазақстан үкіметіне қомақты өтемақы төлеуге міндеттелуі мүмкін екенін хабарлаған. Басылым дереккөздерінің айтуынша, арбитраж соты Қазақстан үкіметінің ұстанымын құптаған: кен орнын операторлары (негізінен Eni SpA және Shell Plc бастаған консорциум) бекітілмеген артық шығындарды және өзге де шығыстарды ел бюджеті есебінен түскен қаражат арқылы өтеп келген. Бұл шығындар өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде өтелуге жатпайды. Өтемақының нақты көлемі әзірге анықталған жоқ. Алайда сыртқы заң кеңесшілерінің бағалауынша, ол 2–4 миллиард АҚШ доллары аралығында болуы мүмкін. 2020 жылы "Қарашығанақ" жобасының серіктестері табысты бөлуге қатысты дауды реттеу үшін 1,3 миллиард доллар төлеген. Ал жобаны дамытуға кемінде 31 миллиард доллар инвестиция салған. Еске салайық, 2025 жылдың аяғында АҚШ "Роснефть" пен "Лукойлға" қатысты санкциялар аясында Каспий құбыр консорциумы, "Теңізшевройл" және Қарашығанақ кен орнын игеру жобасына байланысты операцияларды санкция ықпалынан шығару туралы шешім қабылдаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК мен ІІМ ауқымды операция жүргізді: 20 адам ұсталды Ұлттық қауіпсіздік қызметі Ішкі істер министрлігімен арнайы операция жүргізіп, 20 адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 4 ақпанда ҰҚК ІІМ-мен бірге және Бас прокуратураның үйлестіруімен қару сақтау мен сатуға, бопсалауға, ұрланған автокөліктерді "заңдастыруға" және өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтың әрекетін тоқтатуға бағытталған арнайы операция өткізген. "Іс-шаралар бір мезетте Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Абай мен Жетісу өңірлерінде жүргізілді. 20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада. Тінту барысында күдіктілерден қару, оқ-дәрі, есірткі заттары, қомақты ақша және басқа да айғақ заттар тәркіленген. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы - Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызы адамды қағып өлтірді Түркістан облысында Алматы - Маңғыстау бағытымен жүрген жолаушылар пойызы адамды қағып кетті, салдарынан ол қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап. Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарады. Қайғылы жағдай туралы ақпаратты "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі растады. Оқиға 2 ақпанда сағат 16:10-да Арыс - Түркістан аралығындағы учаскеде болған. Қаза тапқан адам әскери теміржол күзетінің қызметкері екені анықталды. КТЖ мәліметінше, Қостуын станциясы маңында №77 Алматы - Маңғыстау жолаушылар пойызы 78 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тежегішті басқанына қарамастан, адамды қағып кеткен. Жарақат алған адам оқиға орнында көз жұмған. Түркістан станциясындағы желілік полиция бөліміне хабар берілген. Қазір оқиғаны арнайы комиссия тексеріп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда аяз күшейеді: ТЖМ ескерту жасады Қазақстанның бірқатар өңірінде 6–8 ақпан аралығында ауа райы күрт құбылады: қатты аяз, дауылды жел, жауын-шашын, боран, көктайғақ және тұман күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. Күрт суытады 6 ақпанда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында күн күрт суиды деп болжанған. Кей жерлерде түнде ауа температурасы -23…-28°С-қа дейін түседі, ал солтүстік және батыс аудандарда -26…-28°С-қа дейін суытады. Ақтөбеде түнде -23…-25°С болуы мүмкін. Петропавлда түнде -20…-22°С, күндіз -15…-17°С күтіледі. Көкшетауда түнде -18…-20°С болжанып отыр. 7 ақпанда аяз Ақмола облысында, сондай-ақ, Ұлытау, Қарағанды және Павлодар облыстарында күшейеді. Астанада түнде -18…-20°С болады деп күтіледі. 8 ақпанда ауа температурасы Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -15…-20°С-қа дейін төмендейді. Қатты жел, дауыл 6 ақпанда Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ, Абай және Жетісу облыстарында жел күшейеді. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, ал кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Тараз бен Шымкентте жел күндіз күшейіп, дауыл соғады деп болжанған. Боран, көктайғақ 6 ақпанда Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, сондай-ақ елдің орталық және солтүстік өңірлерінің кей бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде қалың жауын-шашын күтіледі. Ал Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Ұлытау өңірінде боран, көктайғақ, тұман болуы ықтимал. Астанада жауын-шашын күтіледі, кей уақытта қатты қар жауып, көктайғақ пен жер бауырлаған боран соғуы мүмкін. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда балалар үйірмесіне абонемент сататын орталықта дау шықты Алматыда қосымшадағы ақша аударылмай, балалар үйірмеге бара алмай қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. Алматыда балалар үйірмелеріне арналған YaYa қосымшасын қолданушылар шу шығарды. Ата-аналардың айтуынша, компания абонементке төлем жинап алғанымен, оны өнер, спорт және білім беру орталықтарына уақтылы аудармаған. Соның салдарынан балалар үйреншікті үйірмесіне бара алмай отыр. Ақшасын төлеп қойса да, қосымшаның рахатын көрмеген 500-ге жуық ата-ана полицияға шағымдануға мәжбүр. Алматылық Мөлдір Байғалиева үш ай бұрын YaYa қосымшасы арқылы 400 мың теңгеге жылдық абонемент сатып алған. Бірақ баласы үйірмеге бар-жоғы екі ай барыпты. Оның өзінде көрсетілген қызметке көңілі толмаған. Сондықтан қазір қалған ақшасын қайтарып беруді талап етіп, компанияның кеңсесін торуылдап жүр. "Орталыққа барсақ, бас тартып, "біз онымен жұмыс істемейміз" дейді. 4-5 ай ақша бермей жатыр дейді. Олар біле тұра, неге ары қарай жұмысын жалғастырады? Сонда банкрот болатынын білген ғой. Мен төледім, содан кейін маған келісімшартты "міне" деп, электрон түрде жібере салды", - Мөлдір Байғалиева. Ата-аналар қосымшаның тиімділігі туралы желіде жер жарған жарнамадан естіп-білген. Соған сенген жүздеген адам 400 мың мен 600 мың теңге аралығында төлем жасапты. Ал, компания жұртқа бөліп төлеу мүмкіндігін де ұсынған. Бірақ серіктестеріне, яғни өнер, спорт және оқу орталықтарына жарты жылдан бері көк тиын аудармаған. "Бостандық ауданында сурет салу студиям бар. Біз осы қаңтардың аяғына дейін өз жұмысымызды атқарып келдік. Бар міндетімізді орындадық. Бірақ орталық шамамен алы айдан бері еш төлем жасамаған", - деді оқытушы Альбина Бағманова. Ал YaYa басшылығы қосымшаның өздері үшін қаржы тұрғысында тиімсіз болып шыққанын айтады. Дегенмен жақын арада мәселені шешеміз деп отыр. Ал ата-аналардың ақшасын қайтаруға кіріскен көрінеді. "Үш күннен бері ата-аналармен жұмыс істеп жатырмыз. 10 миллион теңге қарызды қайтардық. Мұны растайтын түбіртектер бар. Олардан кешірім сұраймыз", - деді "Ya-Ya" компаниясының негізін қалаушы Лаура Ералиева. Дегенмен кейбір ата-ана әлі де қаражаттың қайтарылмағанын айтады. Айлар бойы құрғақ уәдеге әбден тойғандар полицияға шағымдана бастаған. "Кейінгі аптаның ішінде Алматы қаласы полиция департаментіне қарасты аудандық полиция басқармаларына төрт арыз түскен болатын ,осы компанияға қатысты азамматтар ұжымдық емес, біртіндеп барып арызданып жатыр. Барлық арыз зерделеніп бір өндіріске алынып, Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасымен тиісті құқықтық баға берілгеннен кейін іс қозғалады", - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Наразы жұрт қаражатын тезірек қайтарып, сан соқтырған компания басшылығын тиісті жазаға тартуды талап етеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Перизат Қайрат сәнгер мамандығын меңгере алады Қайырымдылық қорын басқарған Перизат Қайрат алаяқтық үшін 10 жылға сотталды. Алайда содан бері колониядан оған жұмыс табылмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылғы қазанда ішкі істер вице-министрі Абай Қайырбеков Перизат Қайратты жұмысқа орналастыру мәселесі оның қабілет-дағдысына және мекемедегі бос орындардың бар-жоғына қарай шешілетінін айтқан. Жағдайдың қалай өрбігенін білу үшін Tengrinews.kz редакциясы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) ресми сауал жолдаған. Нәтижесінде Перизат Қайраттың әлі күнге дейін жұмыссыз екені белгілі болды. "Сотталған азаматша сот шешіміне сәйкес мекемеде жазасын өтеп жатыр. Қазір мекемеде бос жұмыс орындары болмағандықтан, ол жұмыс істемейді", - делінген жауапта. Перизат Қайрат колонияда нені меңгере алады? ҚАЖК Перизат Қайрат қай колонияда жазасын өтеп жатқанын атаудан бас тартқан. Дегенмен, комитеттің мәліметінше, сотталғандар 48 түрлі мамандықтың бірін игере алады. Мәселен, колонияда аспаз, сәнгер, ара өсіруші сияқты кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, 34 бағыт бойынша қысқамерзімді курстар да қарастырылған. Комитет өкілдерінің айтуынша, сотталған әйелдер арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар: тігінші, шаштараз, визажист, кондитер, пішуші-тігінші. "Әркімнің еңбек етуге, сондай-ақ қызмет түрі мен мамандықты еркін таңдауға құқығы бар", - деп қосты комитет. Еске салайық, Перизат Қайрат - Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. 2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Еске салайық, биыл 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жүзден аса стоматология жабылды Қазақстанда стоматологиялық клиникаларға қатысты жоспардан тыс тексерістер жалғасып жатыр. Қаңтарда 73 стоматологияның жұмысы уақытша тоқтатылса, қазір 140-тан астамы жабылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, ел бойынша 456 жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. 5 ақпандағы жағдай бойынша, оның 313-і аяқталған, тоғызы тіркеу сатысында, ал бір тексеріс әлі жалғасып жатыр. Комитеттің хабарлауынша, тексеріс қорытындысында 143 клиника жұмысын тоқтатқан. Ең көп тоқтатылған өңірлер: Атырау облысы - 54 стоматология; Алматы - 26; Ақтөбе облысы - 12; Астана - 11; Қызылорда облысы - 10. Миллиондаған айыппұл Тексеріс нәтижесінде клиникаларға жалпы сомасы шамамен 75 миллион теңге айыппұл салынған. Түрлі заңбұзушылықтар бойынша 476 әкімшілік хаттама толтырылған, оның ішінде: Заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет - 140 хаттама (3,1 млн теңге); Лицензиялау талаптарын бұзу - 62 хаттама (8,6 млн теңге); Фармацевтикалық қызмет пен дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар айналымы ережелерін бұзу - 84 хаттама (19,3 млн теңге); Медициналық көмектің стандарттарын өрескел бұзу - 70 хаттама (3,9 млн теңге). Ведомство мәліметінше, тіркелмеген немесе қолдануға тыйым салынған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, сату, пайдалану немесе жарнамалау бойынша 13 жағдай анықталған. Бұл бойынша айыппұл көлемі 6,8 млн теңгеге жеткен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Доллар бағамы жылдық минимумға таяды Қазақстанда 5 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 495,10 теңге болды. Бұл көрсеткіш 3,36 теңгеге төмендеген. Айта кетейік, доллар бағамы кейінгі рет осы деңгейде 2025 жылғы наурызда болған. Сол кезде, 11 наурызда, доллар тіпті 490 теңгеден де төмен түскен еді. Ұлттық банктің 5 ақпандағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 498,65 теңге. Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – 494,55 теңге; сату – 497,46 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – орташа есеппен 493 теңге; сату – 500 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жол бойындағы лай суды әйелге шашып кеткен жүргізуші жазаға тартылды Жаңаөзенде сот Mercedes жүргізушісін жаяу жүргіншіге лай су шашыратып кеткены үшін жазаға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 2025 жылғы 28 желтоқсанда Жаңаөзендегі Бостандық ықшамауданында болған. Соттың анықтауынша, Е. есімді ер адам көлік жүргізіп келе жатып, жол бойындағы лай суды Г. есімді азаматшаға шашыратып кеткен. Сот бұл әрекетті қоғамдық тәртіпті бұзу және қоғамдық орында айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту деп бағалаған. Сот отырысында Mercedes жүргізушісі кінәсін мойындап, өкініш білдірген және айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұраған. Оның кінәсі жәбірленушінің түсініктемесімен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, фотоматериалдармен және өзге де дәлелдермен расталған. Нәтижесінде сот жүргізушіні ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 86 500 теңге айыппұл салған. Қаулы заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп, Газа, Украина және Қазақстанның болашағы: Тоқаев Пәкістанда көлемді сұхбат берді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне эксклюзив сұхбат берді. Әңгіме барысында ол Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынасқа, Дональд Трамптың саясатына берген бағасына, халықаралық қауіпсіздікке, әлемдегі қақтығыстарға және Қазақстандағы ішкі реформаларға тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Президенті Трамп саясатына жоғары баға берді, халықаралық қатынастарда реалистік тәсілге жүгінуге шақырады. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынасқа, әсіресе, сауда-инвестициялық ынтымақтастыққа қандай баға бересіз? Нақтырақ айтқанда не күтесіз? Келешегі қандай? Қазақстан Пәкістанды достас ел және халықаралық қоғамдастықта беделі биік стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. 1992 жылы дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері ортақ мүддемізге сай келетін бірқатар мәселе мен жобалар бойынша табысты әрекет етіп келеміз. Мемлекеттеріміз ШЫҰ, ИЫҰ, АӨСШК секілді маңызды халықаралық ұйымдар аясында тығыз әрі жемісті ықпалдастықты жолға қойды. Осылайша, біз жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ орнықты дамуға үлес қосамыз. Пәкістанға алғашқы мемлекеттік сапарым серіктестік көкжиегін кеңейтіп, өзара байланыс тарихының жаңа кезеңіне бастау болады. Сапар барысында қол қойылған 60-тан астам үкіметаралық және іскерлік келісім екіжақты ынтымақтастыққа зор серпін берері сөзсіз. Көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен өндіріс, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да секторлар экономикалық ынтымақтастығымыздың басым бағыттары саналады. Мен екі елдің компаниялары бірлескен кәсіпорындар құрып, тиімді жобаларды жүзеге асыра алады деп ойлаймын. Оған мүмкіндік мол. Біз өзара сауда-саттығымызды кеңейтуге ерекше назар аударып отырмыз. Пәкістан мен Қазақстан ынтымақтастығының басты бағыттарына тоқтала кетсеңіз Экономикалық ынтымақтастық және өңіраралық байланыс өзара серіктестігімізде айрықша мәнге ие. Біз ізгі саяси ерік-жігерімізді нақты экономикалық нәтижеге жету үшін жұмсағымыз келеді. Атап айтқанда, сауда-саттық пен инвестиция ауқымын кеңейтіп, халықтарымыз арасындағы байланысты жандандыруға ниеттіміз. Өңіраралық байланыс ортақ күн тәртібіндегі негізгі тақырыптың біріне айналды. Қазақстан үшін бұл мәселе қаншалықты маңызды? Шын мәнінде, аймақаралық байланысты дамыту – күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселе. Бұл ретте Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан дәлізін құру жобасына үлес қосуға әзірміз. Біздің ойымызша, бұл жобаның өңірлерді байланыстырып, Оңтүстік Азия нарығына шығу тұрғысынан стратегиялық маңызы зор. Пәкістанның осы стратегиялық бағытта елімізбен тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті екені қуантады. Мүдделі тараптар көлік-транзит жобаларын табысты жүзеге асыруға белсенді атсалысып, ортақ іске жұмыла кіріседі деп үміттенеміз. Президент Дональд Трамптың ішкі саясаты Бүгінде саясаткерлердің бәрі АҚШ-тағы жағдайды жіті бақылап отыр. Сіз Америкадағы ахуалға, нақтырақ айтқанда, Президент Дональд Трамптың ішкі саясатына қандай баға бересіз? Президент Трамп – өте тегеурінді әрі көреген көшбасшы. Ол елінің ұлттық мүддесін әрдайым бірінші орынға қояды. Мұны АҚШ экономикасының жоғары көрсеткіштерінен, сондай-ақ қазіргі кезде ел ішінде жүріп жатқан ауқымды реформалардан, әсіресе, әлеуметтік саладағы оң өзгерістерден аңғаруға болады. Мен оның ақыл-парасатқа құрылған саясатын және заң үстемдігін орнатуға бағытталған әрекетін қолдаймын. Қазақстанда да осыған ұқсас бағдарды басшылыққа алып, қоғамда "Заң және тәртіп" қағидатын орнықтыруды мақсат етіп қойдық. Сонда ғана еліміз осынау алмағайып заманда іргесі мықты мемлекетке айналады. Менің ойымша, азаматтар заңды және құқық қорғау органдарының талаптарын мүлтіксіз сақтап, оларды құрметтеуге тиіс. Ибраһим келісімдері Қазақстан Ибраһим келісімдеріне неліктен қосылды? Қазақстан бейбітшілік, тұрақтылық және халықаралық диалог қағидаттарын әрқашан берік ұстанады. Бұл ұстанымнан алдағы уақытта да айнымаймыз. Президент Дональд Трамптың идеясымен жүзеге асқан Ибраһим келісімдері, шын мәнінде, болашаққа бағдарланған бастама. Осы келісімге қосылу арқылы біз дипломатияның күшіне сенетінімізді тағы да растадық. Өйткені бұл кез келген қарама-қайшылықты реттеп, өңірде және жаһанда ұзақ мерзімді тұрақтылық орнатуға болатын парасатты құрал. Қазақстанның Израильмен қарым-қатынасы жақсы. Сонымен қатар біз Палестина халқын да қолдаймыз. Екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне негізделген шешімді дәйекті түрде құптаймыз. Ұлттық мүдде тұрғысынан қарасақ, Ибраһим келісімдеріне қосылу елімізге инвестиция мен озық технологияларды тартуға, басқа да қомақты экономикалық игіліктерге кенелуге берік негіз қалайды. Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы араб пен еврей халықтарын қазіргіден де жақындастырып, анағұрлым кең мұсылман-яһуди диалогына ұласуға септігін тигізеді деп үміттенемін. Бейбітшілік кеңесін құру Премьер-министр Шахбаз Шарифпен бірге Давоста Президент Трамп ұсынған Бейбітшілік кеңесін құру жөніндегі келісімге қол қойдыңыздар. Бейбітшілік кеңесін Біріккен Ұлттар Ұйымына балама жасау әрекеті ретінде қабылдағандар да бар. Сіз мұны қалай бағалайсыз? Бейбітшілік кеңесі – тез әрі тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін дер шағында көтерілген аса өзекті маңызды бастама. Президент Дональд Трамптың өзі Жарғыға қол қою рәсімінде Бейбітшілік кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымын алмастыруды емес, оған демеу болуды көздейтінін ашып айтты. Өкінішке қарай, БҰҰ қазір институционалдық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Ерекше атап өтетін жайт, бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2803 қарарын іске асыруға ықпал етеді. Аталған қарарда бейбітшілік халықаралық легитимділік, сондай-ақ тиімді көшбасшылыққа арқа сүйеуге тиіс екені анық жазылған. Бейбітшілік кеңесі қақтығыстарды реттеудің икемді әрі прагматикалық тетіктерін ұсынып, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Газа секторына арналған бейбіт жоспар Газа секторында ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату жоспарына сенесіз бе? Арнайы өкілдер Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер ұсынған жоспар жақсы ойластырылған. Меніңше, бұл аса өршіл бастама болғанымен, оны орындауға әбден болады. Жоспардың кейбір аспектілері бейбітшілік пен өсіп-өркендеуге берік негіз қалайтын даму жобасына ұқсайды. Алайда, қос халыққа арналған екі мемлекет құруға саяси ерік-жігер болмаса, қандай да бір жоспардың түбегейлі іске аса қоюы неғайбыл. Толассыз қантөгісті тоқтатып, қалыпты өмірге оралуға тек осындай шешім ғана түрткі бола алады. Ресей-Украина қақтығысы Ресей мен Украина арасындағы соғыс ұзаққа созылып кетті. Сіз өзіңізді араағайын ретінде көресіз бе? Расында, жағдай аса күрделі. Бұл жердегі ең басты мәселе – территориялық талас екенін түсінеміз. Қазақстан қақтығысты тек саяси, дипломатиялық амалдармен реттеуге болады деп есептейді. Қазіргі жағдайда бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы – қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзге келістіру. Бұған кәміл сенеміз. Қазақстан араағайын рөлін атқаруға ұмтылмайды. Алайда еліміз келіссөздерге бейтарап алаң ұсынып, жан-жақты көмектесуге дайын. Гренландияның болашағы Өте тәжірибелі дипломат ретінде Гренландия аумағына әскери оккупация жасалуы мүмкін деп ойлайсыз ба? Сіздің пікіріңізше, қандай сценарий шындыққа жақын? Мен бұл мәселеге басқа қырынан қарар едім. Халықаралық тәжірибеде мемлекеттер белгілі бір аумақты немесе стратегиялық нысанды жалға алу шартын жасаған мысалдар аз емес. Әдетте ортақ мүдде және өзара тиімді мақсатқа жету тұрғысынан осындай мәмілелер жасалады. Бір сөзбен айтқанда, осы іспеттес кез келген шешім халықаралық құқық аясында, соның ішінде БҰҰ Жарғысында бекітілген мемлекеттің егемендігін құрметтеу секілді қағидаттарды сақтай отырып қарастырылуға тиіс. Мәселен, Америка Құрама Штаттары мен Данияға Гренландияны 120 жылға жалдау туралы келісім жасауға болар еді. Бұл мәмілеге сәйкес, Гренландия заң жүзінде Данияның бір бөлігі болып қала береді, сәйкесінше, оның егемендік құқығы бұзылмайды. Ал практикалық уағдаластықтар стратегиялық мүдделерге сай келеді. Тараптар өзара диалог пен жауапкершілігі зор саясатты басшылыққа алып, халықаралық құқықтан ауытқымай, түптің түбінде прагматикалық әрі екі жаққа да тиімді келісімге келеді деп үміттенемін. Қазақстандағы Конституциялық реформа Қазіргі кезде Қазақстанда Конституцияға енгізілетін түзетулер қызу талқыланып жатыр. Бұл өзгерістердің мәні неде? Ел тарихында ең елеулі саяси трансформация үдерісі жүріп жатыр. Бұл өзгерістер дамудың игілігін қоғамда әділ бөлуді мақсат етеді. Мемлекеттің іргесін бекемдеу жолындағы барлық қам-қарекетіміз елімізді жаңғыртуға, шын мәнінде Әділетті Қазақстанның негізін қалауға бағытталған. Қазақстан "суперпрезиденттік" модельден бас тартып, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі тиімді жұмыс істейтін президенттік республика үлгісіне өтті. Ол, ең алдымен, "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасына арқа сүйейді. Қазір біз саяси жаңғырудың мүлдем жаңа кезеңіне қадам бастық. Конституциялық реформа аясындағы ең басты өзгерістердің қатарында бір палаталы парламентке (Құрылтай) өту, Халық Кеңесін құру және Вице-президент лауазымын енгізу секілді бастамалар бар. Адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланады. Ал ынтымақ пен бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім секілді құндылықтар мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді. Ел дамуының басты бағдары Қазіргі Қазақстанның стратегиялық даму векторы қандай? Мақсатымыз – Әділ, Қауіпсіз, Таза және Озық Қазақстан құру. Бұл ретте біз "Заң және тәртіп" қағидатын бәрінен жоғары қоямыз. Ал халқымыздың ынтымағы қастерлі құндылық ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ең ірі ел саналады. Былтыр жоғары экономикалық өсім тіркелді. Ал ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллардан асты. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі тарихи межеге жетті. Инвестициялық саясатымыз тұрақты, ашық әрі түсінікті іскерлік орта қалыптастыруға бағдарланған. Сонымен қатар біз таяу жылдары Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыруды көздейтін стратегиялық міндетті орындауды қолға алдық. Жасанды интеллект пен басқа да озық технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Қазақстанды Еуразиядағы басты транзит хабына айналдырғымыз келеді. Бұдан бөлек, еліміздің энергетика саласын жаппай жаңғыртуға кірістік. Бұл орайда шетелдік инвесторлармен бірлесіп ірі жобаларды іске асыра бастадық. Бұл қадамның бәрі таңдаған жолымыздың қандай екенін көрсетеді. Мақсатымыз – әртараптандырылған, технологиялық тұрғыдан озық әрі әлемдік деңгейдегі бәсеке төтеп бере алатын экономика құру, халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында бүтін бір отбасы өлі табылды Алматы облысында бүтін бір отбасы өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық ТЖД растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы Қайғылы оқиға Райымбек ауданындағы Сарыбастау ауылында болған. Әлеуметтік желіде қаза тапқандардың арасында 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылғы әйел және бір жарым жастағы қыз бала бар екені жазылды. Сондай-ақ, отбасы қыстауда тұрғаны айтылған. ТЖД-ның ресми мәлімдемесі Алматы облыстық ТЖД дерегінше, Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығы аумағында болған оқиға туралы хабар 2 ақпанда түскен. "Жеке тұрғын үйден туысы төрт адамның мәйітін тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өлім себептерін нақтылау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Оқиға орнына Алматы облыстық ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ, полиция департаментінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар барған. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді: ТЖМ не дейді? Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Десе де Алматы тұрғындары да әлеуметтік желіде жер сілкінісін сезгенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 ақпанда Астана уақытымен 13:42-де жер сілкінісі тіркеген. "Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада. Жер сілкінісі былай сезілген: Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 3 балл, 63 шақырым; Жетісу облысы Текелі қаласы - 3 балл, 74 шақырым; Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы - 3 балл, 79 шақырым; Жетісу облысы Сарқанд ауданы Сарқанд қаласы - 3 балл, 84 шақырым; Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті - 2 балл, 95 шақырым; Жетісу облысы Талдықорған қаласы - 2 балл, 109 шақырым; Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық-Би ауылы - 2 балл, 117 шақырым; Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы - 2 балл, 129 шақырым; Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы - 2 балл, 139 шақырым; Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы - 2 балл, 147 шақырым; Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылы - 2 балл, 151 шақырым; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көкпек ауылы - 2 балл, 158 шақырым; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы - 2 балл, 165 шақырым. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Талғардағы зорлау, кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: тергеушілерге қандай айып тағылды? Талғар ауданындағы екі тергеушіге қызметтік өкілетін асыра пайдаланды және қызмет бабында әрекетсіздік танытты деген айып тағылды. Тергеу нұсқасына сай, бұл жағдай ауыр салдарға ұласып, ер адамның өлімі мен екі жасар қыздың ұрлануына және әйелдің зорлануына себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Контекст Еске салайық, 2025 жылғы 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызыл-Қайрат ауылында бір ер адам кәмелетке толмаған екі сыбайласымен жергілікті тұрғынды өлтіріп, оның екі жасар жиенін алып қашқан. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды, ал күдікті ұсталды. Оқиғадан бір ай бұрын ұрланған қыздың анасы полицияға зорлау туралы арызбен жүгінген. Отбасының адвокаты Гаухар Сәриеваның айтуынша, сол кезде полиция күдіктіні ұстау бойынша ешқандай нақты шара қолданбаған. Полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс Жәбірленуші отбасының адвокаты Жандос Палманов Tengrinews.kz тілшісіне Талғар аудандық полиция басқармасының екі тергеушісіне қатысты соталды тергеу аяқталғанын айтты. Олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша сараланған: ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы – "пайда табу мақсатында жасалып, ауыр зардапқа әкеп соққан билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану". ҚР ҚК 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы – "ауыр зардапқа әкелген қызметтік әрекетсіздік". "Процесс қатысушыларына қылмыстық істің материалдары көшірме түрінде берілді, тараптар сот талқылауына дайындықты бастады. Жәбірленуші тарап істің сотта әділ, жан-жақты әрі заң аясында қаралуына үміт артады", – деді отбасының адвокаты. Бұл ақпаратты Алматы облысының прокуратурасы да растады. Адвокат Палмановтың мәліметінше, бұған қоса екі учаскелік инспекторға қатысты "салғырттық" және "қызметтік жалғандық" баптарымен тергеу қатар жүрген. Қазір ол іс Талғар аудандық сотында қаралып жатыр. Іс бойынша айы Ал Талғарда екі жасар қызды ұрлау, әйелді зорлау және ер адамды өлтіру деректері бойынша резонанс тудырған іс 2025 жылғы 4 желтоқсаннан бері жабық режимде қаралып жатыр. Іс бойынша үш күдікті: негізгі айыпталушы және кәмелетке толмаған екі сыбайласы. Негізгі күдікті – Е.-ге бірден 12 бап бойынша айып тағылған: 99-бап, 2-бөлік, 7-тармақ – "адам өлтіру (адамдар тобы болып)". 125-бап, 3-бөлік, 2-1-тармақ – "кәмелетке толмағанды тарта отырып адам ұрлау". 120-бап, 1-бөлік – "зорлау". 121-бап, 1-бөлік – "жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері". 190-бап, 3-бөлік, 4-тармақ – "адамдар тобы болып жасалған алаяқтық". 147-бап, 5-бөлік – "жеке өмірге қолсұқпау құқығын бұзу (онлайн платформаларда жеке деректерді заңсыз тарату)". 149-бап, 2-бөлік – "тұрғын үйге заңсыз кіру". 115-бап – "адам өлтіремін деп қорқыту". 287-бап, 3-бөлік – "қаруды заңсыз дайындау". 288-бап, 1-бөлік – "қаруды заңсыз сақтау". 200-бап, 1-бөлік – "ұрлау ниетінсіз көлікке заңсыз ие болу". 132-бап, 4-бөлік – "кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту". Ал кәмелетке толмаған екі күдікті – А. және К. – екі эпизод бойынша айыпталады: адамдар тобы болып кісі өлтіру және кәмелетке толмағанның қатысуымен бала ұрлау. Трагедия қалай болған? 6 қыркүйекте сол ер адам әйелдің ағасын атып өлтіріп, екі сыбайласымен бірге оның екі жасар қызын ұрлап кеткен. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды. Күдікті ұсталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жетісу облысында жер сілкінді Жетісу облысында жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі Астана уақытымен 13:39-да тіркелген. Картадағы мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 298 шақырым қашықта орналасқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбе облысында келінін зорлаған 53 жастағы ер адам сотталды Ақтөбе облысында 22 жастағы келінін зорлады деп айыпталған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. Істің мән-жайы Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысында келінін зорлады деген күдікпен 53 жастағы ер адам ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, жәбірленуші 22 жаста, ол - ер адамның өгей баласының әйелі. Кейін Ақтөбе облысы Полиция департаменті өкілі жағаұстатар жағдайға пікір білдіріп, Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау дерегі бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Сот шешімі қандай? Сотталушы кінәні мойындамаған. Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы ЖЭО-лар қашан газға көшіріледі? Қыста Алматыда ауа сапасы айтарлықтай нашарлайды. Оның негізгі себептерінің бірі ретінде қалаға жылу мен электр энергиясын беріп отырған көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО-лар аталады. Билік жылу электр орталықтарын газға көшіру мәселесін көп жылдан бері талқылап келеді. Алматыдағы ЖЭЛ-лар қашан газға көшеді? Редакция анықтап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәселенің мән-жайы ЖЭО-2-ні газға көшіру туралы алғаш рет 2017 жылы айтыла бастады. Ол кезде ауысу 2020 жылға дейін аяқталады деп күтілген. Алайда бұл жүзеге аспады. 2021 жылғы наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЭО-2-ні газға көшіруді жеделдетуді талап етіп, ластану көзі ретінде ЖЭО-3-ті де атап өтті. 2021 жылғы 26 мамырда ол бұл процестің созылуын "мүлде жол беруге болмайтынын" айтты. Сол жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы алматылық ЖЭО-ларға қатысты жаңа тапсырмалар берді. 2026 жылғы 16 қаңтарда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ЖЭО-3-ті жаңғырту қарқынын сынға алып, "алматылықтар тұншығып жатыр" деді. ЖЭО-3 алаңында Ақкенженов жұмыс кестеден кешіккенін айтып, негізгі себеп ретінде бас мердігердің жұмысты нашар ұйымдастыруын атады. Сол кезде ЖЭО-3 жаңғырту жобасын жүзеге асыру Энергетика министрлігінің ерекше бақылауына алынып, жұмыстар барысы бойынша апта сайын есеп беруді талап еткені белгілі болды. Алматыдағы ауа сапасы "Қазгидромет" дерегіне сүйенсек, 2025 жылғы желтоқсанда Алматыда ауа мониторингі ластану деңгейінің жоғары екенін көрсеткен. "Атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары деп бағаланды. №5 бекет ауданында азот тотығы концентрациясының артуы тіркелді", - делінген ұйым хабарламасында. Алматыда атмосфералық ауа жағдайы 16 стационарлық бақылау бекетінде қадағаланады. Олардың төртеуі тәулігіне үш рет қолмен сынама алып, шаң, күкірт диоксиді, көміртек тотығы және ауыр металдарды қоса алғанда 22 көрсеткішті тіркейді. Тағы 12 автомат станция әр 20 минут сайын дерек жазып, негізгі жеті ластаушыны бақылайды: PM2,5 және PM10 қалқымалы бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртек тотығы, азот диоксиді мен азот тотығы, сондай-ақ озон. Жұмыстар қалай жүріп жатыр? Алматы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы редакция сұрауына жауап ретінде ЖЭО-3-ті қайта жаңғырту 2023 жылғы қыркүйекте басталғанын хабарлады. Бас мердігер - құрамына "KBI Energy Group" ЖШС, "Энерго Спец Строй" ЖШС, "СтандартЭнерго KZ" ЖШС, "СТРОЙИНДУСТРИЯ" кіретін консорциум (EPC-мердігер). EPC-мердігер негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізуге шарттар жасасқан. Қазір жобалық-сметалық құжаттама кешенді ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. "Қазір инженерлік-іздестіру жұмыстары, топографиялық түсірілім, бұрғылау жұмыстары, қолданыстағы ғимараттарды ішінара демонтаждау, аумақты тік жоспарлау, құрылыс алаңын уақытша электрмен жабдықтау жүйесін орнату жұмыстары орындалды", - делінген жауапта. Енді ЖЭО-3 2026 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Сондай-ақ, басқарма жобаның қаржыландырылуы қарыз қаражаты мен меншікті қаражат есебінен жүзеге асатынын нақтылады. ЖЭО-2 бойынша жағдай қалай? Ал ЖЭО-2-де мердігер ретінде Қытай компанияларының консорциумы, соның ішінде Dongfang Electric қатысып жатыр. "Қосалқы инфрақұрылым бойынша барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Газ турбиналары мен генераторларының екі жиынтығы алаңға жеткізілді, үшінші жиынтық жеткізу процесінде. Төрт су жылыту қазандығын монтаждау жүргізіліп жатыр", - деп көрсетілген жауапта. Басқарма бұл жоба 2022–2026 жылдары іске асырылып жатқанын айтты. 2025 жылғы 6 қазанда жобалық құжаттама ("П" сатысы) мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Бұл жобаның мақұлданғанын және келесі кезеңге - жұмыс жобалауына және құрылыс жұмыстарына өтуге мүмкіндік бар екенін білдіреді.. Алайда бұл жолы басқарма жұмыстың нақты аяқталу мерзімін атамаған. Дегенмен 2025 жылғы желтоқсанның аяғында шыққан материалымызда ЖЭО-2 өндірістік басқармасының басшысы Өтешевтің айтуынша, алғашқы турбинаны іске қосу 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланғаны жазылған. Ол құрылыс кестеге сай жүріп жатқанын айтқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қостанай облысында жеке сот орындаушыға шабуыл жасалды Қостанай облысында жеке сот орындаушыға шабуыл жасалды. Оқиғаның мән-жайын Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Палата таратқан ақпаратқа сәйкес, 4 ақпанда алимент бойынша берешегі бар азамат жеке сот орындаушыға шабуыл жасап, сол жақ бет тұсынан жарақаттаған. "Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдың себебі - алимент өндіру бойынша атқарушылық әрекеттер және борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту. Сот орындаушыға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Шабуылдан кейін борышкер оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін құқық қорғау органдары оны ұстады. Оның екі баласына қатысты алимент қарызы 318 326 теңге болды", - делінген палатаның хабарламасында. Республикалық палата шабуыл дерегін айыптап, оқиға бойынша әділ әрі ашық тергеу жүргізуді және кінәлі адамды заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуды талап етті. Сондай-ақ, палата өкілдері қызметтік міндетін атқару кезінде жеке сот орындаушыларына төнетін қауіптің жоғары екенін атап өтті. "Өкінішке қарай, бүгінде жеке сот орындаушылары мен олардың отбасыларына қызмет барысында денсаулығына зиян келген немесе қаза болған жағдайда әлеуметтік қолдау көрсету тетіктері жоқ. Ал мұндай қолдау мемлекеттік сот орындаушыларына қарастырылған", - деп қосты палатада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылды Ұлытау және Ақмола облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап. Ақмола облысы 5 ақпанда сағат 10:00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Көліктің барлық түріне шектеу қойылды: Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 16–347-шақырым аралығы. ҚазАвтожол мәліметінше, жол 2026 жылғы 5 ақпан, 15:00 ашылады. Ұлытау облысы Ұлытау облысында да қозғалысқа шектеу енгізілді. Сағат 10:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс автокөліктің барлық түріне уақытша шектелді: Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 24–137-шақырым аралығы. ҚазАвтожол мәліметінше, жол 2026 жылғы 5 ақпан, 15:00 ашылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы: WBO шешім қабылдады Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) боксшылардың рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы орнын сақтап қалды. WBO 2026 жылғы қаңтарға арналған жаңартылған рейтингті жариялады. Тізімге сәйкес, орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері, қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз орнын бермей, көшбасшылардың бірінші қатарында тұр. Скриншот: wboboxing.com Ал халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингтерді әлі жаңартқан жоқ. Кейінгісі 2025 жылғы желтоқсанда шыққан. Дегенмен олардың қазіргі дерегінше, Әлімханұлы әлем чемпионы болып қала береді. Скриншот: ibf-usba-boxing.com Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы Желтоқсанда WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен өтетін жекпе-жек алдында Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасын тапсырғаннан кейін дауға қалды. Оның қанынан 2016 жылдан бері антидопинг агенттігі тыйым салған мельдоний препараты анықталған. Осыған байланысты үшінші титул үшін өтетін кездесу кейінге шегерілді. Жәнібек Әлімханұлының командасы, сондай-ақ, Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы VADA ұйымынан қазақстандық спортшының екінші сынамасын ашып, қайта тексеруді сұратқан. Талдау нәтижесі Әлімханұлының қанында тыйым салынған заттың барын растады. Қазақстандық боксшының командасы оған тағылған айыппен келіспейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Lamborghini мен миллиондаған ақша: ҚМА Жанабыловтардың ісі бойынша жаңа мәлімет жариялады ҚМА-ның Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыру бойынша блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, Instagram желісінде (15 миллионнан аса оқырманы бар) көп аудиторияға ие ерлі-зайыпты өз оқырмандарының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. "2025 жылы олар онлайн курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Бұл курстарды сатып алудың негізгі себебі қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған. Таратылған бейнематериалдардың басым бөлігі ашық дереккөзден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған. Бұл курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және олар заңсыз лотерея қызметін жасыру үшін ғана пайдаланылған. Жүлде қоры жария түрде мәлімделгендей жеке қаражаты есебінен емес, онлайн курстарға ақы төлеу түрінде қатысушылардан түскен ақша есебінен жинақталған. Электрон "сәттілік барабанының" параметрлерін өзгерту дерегі анықталды, соның нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылып, ал құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген", - деп жазылған хабарламада. Агенттік мәліметіне сүйенсек, күдіктілер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға 11-көлік табысталғанын мәлімдеп, акцияның қамту аясын кеңейту мен назар аудару мақсатын көздеген. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған. Қаражаттың жалпы сомасы Азаматтардан Zhana Business ЖШС-ның бақылауындағы шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы - 247,5 млн теңге, оның 60 млн теңгесі депозит шоттарына салынған. Сот санкциясымен 17 iPhone ұялы телефонына, Lamborghini Urus, Lexus LX 600 көліктерін қосқанда жалпы 10 көлікке тыйым салынған. Күдіктілерге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қазір күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріскені белгілі болды. Контекст Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген, репост жасау ғана. Алайда 21 тамызда оқырмандар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жұрт арасында наразылық тудырды. Кейінірек Жанәбіловтер ұйымдастырған конкурс сотқа жетті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таразда баласын ұрған әйелдің күйеуі балаларды қамқорына алуға тырысып жүр Таразда баласын аяусыз ұрып, күйеуінен кегін алмақ болған әйелдің психологиялық жай-күйі тексеріліп жатыр. Ал оның бұрынғы күйеуі балаларды өз қамқорына алу үшін балалар үйінің маңын торуылдап жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. Қордай ауданының 26 жастағы тұрғыны балаларды алу үшін "барымды саламын" деп бекініп отыр. Алайда қорғаншы орган балалардың әке-шешесі заңды некеде болмағандықтан, бөгде адамға берілмейді дейді. Сондай-ақ, ол екінші балаға әке құқығын алмаған көрінеді. Енді Айдар Мамыт өзін екі баланың әкесі екенін дәлелдеуге тиіс. Ол үшін құжаттарын құнттап, ДНК сараптамасын жасамақ. Содан соң бұл мәліметтер бала құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады. Еске салайық, әлеуметтік желіде өткен аптада 19 жастағы әйел өз балаларын ұрып-соққан видеосы тараған еді. Жұртшылықты шошытқан оқиғадан кейін безбүйрек әйел қамауға алынды. "Маған бала керек, баланы әрқашан бірінші орынға қоямын. Қазір баламның әкесі екенімді дәлелдеу үшін жүгіремін. АХАТ-қа барамын, сотқа барамын. Қолымнан келгенше, соңғы демім қалғанша, бала-шағам үшін барына дайынмын. Қазір көбі үлкен қыз қызыңыз емес, не үшін алайын деп жатырсыз дейді. Айтады ғой, қазақта бала тапқандікі емес, баққандікі дейді. Мен екеуін де жақсы көремін, екеуін бөлмеймін", - деді Айдар Мамыт. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қайда жұмсалды: БЖЗҚ жаңа мәлімет ұсынды Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу қазақстандықтардың қаржылай салмағын айтарлықтай өзгертті. Қанша өтініш мақұлданды, ақшаны көбіне қайда жұмсады және бұл мүмкіндікті кім көп пайдаланды? Толығырақ Tengrinews.kz материалында. БЖЗҚ-дан қанша қаражат шешіп алынды? Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша 4 278 552 өтінішті орындағанын хабарлады. Төлемдердің жалпы сомасы 5,55 триллион теңге болды. Тұрғын үй жағдайын жақсарту Қаражаттың негізгі бөлігі тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған. Бұл кезеңде БЖЗҚ тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты 3 188 645 өтінішті орындап, жалпы 4,56 триллион теңге төледі. Оның ішінде: ең төменгі жеткіліктілік шегінен асуы бойынша - 2 911 377 өтініш, 4,03 триллион теңге; табысты алмастыру коэффициенті кемінде 40% болатын зейнеткерлерден - 152 032 өтініш, 274,44 миллиард теңге; зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша - 84 275 өтініш, 167,5 миллиард теңге; еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққан зейнеткерлерден - 40 961 өтініш, 87,3 миллиард теңге. Емделуге қанша жұмсалды? Бес жылда қазақстандықтар емделуге 1 триллион теңгеге жуық қаражат шешіп алған. 2021 жылғы қаңтардан 2025 жылғы желтоқсанға дейін 1 089 907 өтініш орындалып, төлем сомасы 984,93 миллиард теңге болды. Оның ішінде: ең төменгі жеткіліктілік шегінен асуы бойынша - 867 946 өтініш, 699,28 миллиард теңге; табысты алмастыру коэффициенті кемінде 40% болатын зейнеткерлерден - 111 311 өтініш, 152,12 миллиард теңге; зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша - 79 137 өтініш, 78,36 миллиард теңге; еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққан зейнеткерлерден - 31 513 өтініш, 55,16 миллиард теңге. Ақшаны кімдер жиі шешіп алды? БЗЖҚ еске салғандай, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй мен емделуге жұмсау құқығы мына санаттарға беріледі: жинағы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын салымшылар; табысты алмастыру коэффициенті 40%-дан төмен емес зейнеткерлер; еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққан зейнеткерлер; сондай-ақ, зейнетақы аннуитеті шартын жасаған адамдар. Статистика талдауы бұл құқықты көбіне ең төменгі жеткіліктілік шегінен жоғары жинағы бар салымшылар пайдаланғанын көрсетеді. Ең сұраныста болған мақсаттар: азаматтық-құқықтық мәмілелер арқылы тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу - 2,17 триллион теңге; тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын толықтыру - 592,92 миллиард теңге; стоматологиялық қызметтер - 654,25 миллиард теңге. Орташа шешіп алу сомалары Қор дерегінше, тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланылған орташа сома 1,4 миллион теңге болған. Оның ішінде: жеткіліктілік шегі бойынша - 1,4 миллион теңге; табысты алмастыру коэффициенті кемінде 40% болатын зейнеткерлерде - 1,8 миллион теңге; зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша - 2 миллион теңге; еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққан зейнеткерлерде - 2,1 миллион теңге. Қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау Қор "көмекшілер" арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру деректері туралы ақпарат өздерінде жоқ екенін түсіндірді. "БЖЗҚ уәкілетті операторлардан келіп түсетін электрон өтінімдерді орындайды, зейнетақы шотында қаражаттың бар-жоғын тексереді және өтініш берушілердің арнайы шоттарына ақша аударады. Ал қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, оның ішінде ақшаны тиісті бағытқа аударуды бақылауды уәкілетті операторлар жүзеге асырады", - делінген жауапта. Еске салайық, стоматологиялық қызмет ақысын төлеу түрінде зейнетақы қаражатын заңсыз шығару деректері көп болғандықтан, Денсаулық сақтау министрлігі бұл мақсатқа жинақты пайдалануға толық тыйым салды. 2026 жылы ережелер өзгере ме? БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану мақсаттарын өзгерту немесе кеңейту бастамасы Қазақстан Үкіметінің құзыретіне кіретінін атап өтті. Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі салалық министрліктердің бұйрықтарымен реттеледі: тұрғын үй бойынша - Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, емделу бойынша - Денсаулық сақтау министрлігі. БЖЗҚ-дың қызметіне жарналарды жинау, зейнетақы жинақтарын есепке алу, кеңес беру және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кіреді. Зейнетақыны шешіп алу: сарапшы пікірі БЖЗҚ деректеріне пікір білдірген экономист Досым Бесбай кейінгі жылдары қазақстандықтар барлық зейнетақы активінің бестен бірінен көбін мерзімінен бұрын алғанын, бұл жинақтаушы жүйе үшін елеулі көрсеткіш екенін айтты. Сонымен қатар, оның сөзінше, қаражаттың басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды және бұл факторды көбіне оң құбылыс ретінде бағалауға болады. Экономист зейнетақыны мерзімінен бұрын тұрғын үй сатып алуға алу негізді шара деп санайды. "Бір жағынан - болашақ жинақ азаяды, екінші жағынан - қаражат тұтынуға емес, салымшының инвестициясына бағытталады. Бұл жинақтаушы зейнетақы қорының бастапқы мақсаттарымен үндес", - деді сарапшы. Досым Бесбайдың пікірінше, бұл тәжірибе жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру логикасына да сай келеді: қаражат ұзақ мерзімде адамның әл-ауқатына жұмыс істеуі керек. Сарапшы экономикаға жанама әсеріне де тоқталды. Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге белсенді пайдалану жылжымайтын мүлік нарығын және құрылыс секторын қолдап, кейінгі жылдары елдегі экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің біріне айналған саланы күшейтті. Контекст Еске салайық, жыл басында Қазақстанда зейнетақыны пайдалану ережелері өзгерді. Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы шот ашылғаннан кейін өтініш беруші біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану үшін электрон өтінішті толтыруы қажет. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Нұрай ісі бойынша жаңа айып: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісовтің айтуынша, іс 5-тармақ, 2-бөлікке қайта сараланған. "Іс 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағына –"аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" ретінде қайта сараланды", – деді адвокат. Бұл баптың санкциясы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе мүлкін тәркілеумен не тәркілеусіз өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. "Кісі өлтіру", "алып қашу" және "сталкинг" Осылайша, қылмыстық іс қазір бірден үш бап бойынша қаралып жатыр: Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлік, 5-тармақ – аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру; Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы – неке қиюға мәжбүрлеу; Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы – сталкинг. Нұрайдың өліміне қатысты іс Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр. Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді. Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен кездесуде бірқатар ұсыныс айтты Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шарифтің келіссөздері екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Президент Исламабадқа келіп, Пәкістанның бай тарихымен, мәдени мұрасымен және ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерімен танысуды зор мәртебе санайтынын атап өтті. "Қазақстан Президенті ретінде Пәкістанға бірінші рет мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Бұл сапар тарихи мәнге ие және уақыт тезінен өткен серіктестігіміздің маңызды кезеңі саналады. Мен бұған сенімдімін. Халықтарымыздың Жібек жолы арқылы және кең таралған ислам өркениеті аясында ғасырлар бойы қалыптасқан достығын жоғары бағалаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы аталған сапар дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 34 жыл толуымен тұспа-тұс келгеніне тоқталып, мұның символдық мәніне назар аударды. Президенттің айтуынша, Пәкістан – Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қол қойылатын Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларация өзара ықпалдастыққа жол ашатын маңызды тарихи межені айқындайтынын айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, Астана мен Исламабад екіжақты байланыстар мен ынтымақтастыққа тың серпін беретін мүмкіндікке ие. Президент Пәкістанға үлкен делегациямен және сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ басқа да басым салалардағы ықпалдастықты арттыруға бағытталған нақты ұсыныстармен келгенін атап өтті. Кездесуде көлік бағыттарын өзара ұштастыруға ерекше мән берілді. Бұл – Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі. Еліміз Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын тоғыз жолдың торабында орналасқан. Президенттің айтуынша, Қазақстан Орталық Азия елдерімен үйлесімді қарым-қатынас жасау арқылы көлік-логистика саласындағы нақты жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ бүгінгі уағдаластықтардың жүзеге асырылуын пысықтау және екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың алдағы қадамдарын айқындау үшін мәртебелі мейманды биыл қарсы алуға дайын екенін жеткізді. Кездесуде атап өтілгендей, Қазақстан мен Пәкістанның көпжақты алаңдарда, соның ішінде БҰҰ, ШЫҰ және басқа да ұйымдар аясында тығыз ықпалдастықты жалғастыруы маңызды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда автобусты мас жүргізуші тізгіндеген: полиция пікір білдірді Әлеуметтік желілерде Алматыда автобус жүргізушісі қоғамдық көлікті мас күйде айдап, жол апатына түсті деген ақпарат тарады. Бұл жағдайға қала полициясының баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Threads желісінде бір қыз жазба жариялады. "Көлік тізгіндеп келе жатқан құрбыма автобус соқтығысыпты. Жүргізуші мас! 22-маршрут. Жол полициясын күтіп тұрған кезде, ол қашып кетіпті. Автобустарға не болды өзі? Ұшып айдайды, басып озады, аялдамаларда тоқтамайды. Оның үстіне, мас болып рөлге отырады!" - деп жазды автор. Threads-тегі жазбаның скриншоты Полиция не дейді? Алматы қалалық полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. "Полицияға ешқандай өтініш, хабарлама немесе арыз түскен жоқ. Тексеру барысында жазба авторы анықталды, кейін ол хабарламасын өшірді. Көрсетілген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі. Бұған дейін Алматыда №92 автобус жүргізушісі қайтыс болғаны хабарланған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамда жедел миокард инфаркті болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада мектептің маңында екі баланы көлік қағып кетті Астанадағы мектептердің бірінің маңында жеңіл көлік кәмелетке толмаған екі баланы қағып кетті. Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға туралы қала тұрғыны редакцияға хабарлаған. Куәгердің айтуынша, Қалдаяқов көшесінде көлік екі баланы соққан. Ол бұл учаскедегі бағдаршамның жуырда ғана орнатылғанын, оның бір жолаққа есептелгенін, алайда көліктер екі бағытта жүре беретінін айтқан. Себебі көшедегі жол құрылысы толық аяқталмаған. Редакция Астана қалалық полиция департаментіне пікір алу үшін жүгінді. Полицияның алдын ала дерегінше, балалар жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Дәрігерлер қарап-тексергеннен кейін олар үйіне жіберілген. Қазір тексеріс басталды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от TengriAuto (@tengriautokz) Полиция өкілдері бұл аумақта құрылыс жұмыстары әлі аяқталмағанын атап өтіп, қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданғанын хабарлады. "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және мектепке жақын орналасуын ескере отырып, бұл учаскеге "Балалар" жол белгілері қойылды, жылдамдық 40 км/сағ дейін шектелді, сондай-ақ, бағдаршамның қайталама белгілері орнатылды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында. Айта кетейік, 28 қаңтарда Астанада Сарайшық көпірінде жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапқан еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Пәкістанның премьер-министрі сауда, логистика және энергетика мәселелерін талқылады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф шағын құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тараптар кейінгі жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың перспективті бағыттарын талқылады. Кездесу барысында сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Пәкістан премьер-министрі Тоқаевты қарсы алды: суреттер жарияланды Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысын Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды. Қазақстан Президенті мен Пәкістан премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“2029 жылы үшінші Президент болады“: депутаттар Мемлекет басшысының өкілет мерзіміне қатысты пікір білдірді Конституциялық комиссия құрамындағы Мәжіліс депутаттары Президенттің өкілет мерзіміне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналистер Мәжіліс дәлізінде: "Егер қазақстандықтар жаңа Конституцияны қолдаса, Президенттің мерзімі қайта саналуы керек деп ойлайсыз ба? Өйткені бұл – тұжырымдамалық тұрғыда жаңа құжат қой", – деп сұрады. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа Конституция қабылданған күннің өзінде Президенттің мерзімін қайта санаудың қажеті жоқ екенін айтты. "Конституцияда анық жазылған: Президент бір рет, 7 жылға сайланады. Тіпті қайта саналса да, нақты бір қызметтегі бір адам туралы айтып отырмыз. Бұл тарихты қайта жаза алмаймыз, өмірімізден өткен 5 жылды алып тастай алмаймыз, сол сайлауларды да жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан Президент билікті жан-тәнімен ұстап қалуға ұмтылып отырған адам емес деп ойлаймын. Ол мемлекет туралы, елдің толыққанды дамуы туралы, жаңа саяси дәстүр мен жаңа саяси мәдениет туралы ойлайды. Сол себепті 2029 жылы үшінші Президент болады, ал одан кейін 7 жылдан соң, 2036 жылы төртінші Президент болады және ары қарай жалғаса береді", – деді Айдос Сарым. Ал оның әріптесі, Бақытжан Базарбек бұл мәселе талқыланып жатқанын айтты. "Әзірге нақты айта алмаймын (мерзім қайта санала ма, жоқ па – еск.). Конституцияда Президент қызметті тек бір рет атқара алады деп нақты көрсетілген. Біз әлі соңғы редакциясын көрген жоқпыз. Бірақ қазіргі Конституция бойынша Президент өз қызметін бір рет атқаратынын анық білеміз. Қазір Конституция талқыланып жатыр, сондықтан алдын ала болжам айта алмаймын. Өкінішке қарай, мен тек Конституцияда жазылғанды ғана айта аламын", – деді Базарбек. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров та 7 жылдық бір мерзім өзгермейді деген ойды қайталады. "Жоқ, мен олай (мерзім қайтадан басталуы керек деп – ред.) есептемеймін. Конституцияда бір саяси тұлға 7 жылға бір-ақ мерзімге сайланады деп анық жазылған. Бұл өзгермейді", – деді Сайыров. Депутат Снежанна Имашева қазіргі президенттік мерзім 2029 жылы аяқталатынын еске салды. "Мемлекет басшысының мерзімі 2029 жылға дейін. "Қайта саналу" туралы әңгіме жоқ. Президент7 жылдық мерзімде отырады, ол бұл туралы бірнеше рет ашық айтып жүр. Конституцияны оқыңыздар, онда бұл туралы ештеңе жоқ", – деді Имашева. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда 300 отбасы билікке үндеу жасады Алматыдағы Қайрат ықшамауданының тұрғындары үйлерін сүріп, жер телімдерін көпқабатты құрылысқа беруге қарсы шықты. Жағдайға қала әкімдігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жай Желіде Қайрат ықшамауданы тұрғындарының үндеуі жарияланды. Олар өз құқығының бұзылып жатқанын айтып, сүрілу жоспарланған үйлердің көпшілігі ипотекамен алынғанын, яғни несие толық өтелмегенін атап өткен. Сондай-ақ, олар неге жайғасқан аумақтар сүрілетінін түсінбейтіндерін айтады. "Бұл жерде үй салдық, ағаш отырғыздық, балаларымыз дүниеге келді. Қазір бізге "көшіңдер" дейді.Несие әлі жабылған жоқ, қарыздар бар, үйдің қызығын да көріп үлгермедік. Ал оң жағында да, сол жағында да, айналамызда да бос аумақтар тұр", – дейді тұрғындар. Жиналған жұрт биліктен мыналарды талап етті: Алматының Бас жоспарына Қайрат ықшамауданы аумағын Ж1 аймағынан (жеке тұрғын үй құрылысы) Ж4 аймағына (көпқабатты тұрғын үй құрылысы) ауыстыруға қатысты өзгерісті тоқтату; Ж1 аймағының қазіргі функционалдық мақсатын сақтау; Ж4 аймағын орналастыру үшін балама аумақтарды қарастыру. Әкімдік не дейді? Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы жағдайға пікір білдірді. Ведомство болжамына сүйенсек, 2040 жылға қарай мегаполис халқы 3,6 миллион адамға жетуі мүмкін. Олардың пайымынша, бұл құрылыс тығыздығын қала бойынша біркелкі таратып жоспарлауды талап етеді. Басқарма өкілдері Бас жоспар бойынша Қайрат ықшамауданының аумағы көпқабатты тұрғын үй құрылысына арналғанын айтты. "Бұл аумақты жеке тұрғын үй құрылысына ауыстыру функционалдық аймақтандыруды, халық тығыздығының есептік көрсеткішін, көлік схемасын және ауданның әлеуметтік нысандармен қамтылуын бұзады", – деп атап өтті ведомство. Сонымен қатар, әкімдік жер телімдері күштеп алынбайтынын нақтылады. "Бұл аумақты мемлекеттік мұқтаждық үшін алу қарастырылмаған. Бас жоспардағы функционалдық аймақ жеке инвесторларға бағытталған және жобалар жер учаскелерінің құқық иелерімен келісімге келген жағдайда ғана жүзеге асады", – деді басқарма. Басқа ықшамаудандар да сүріле ме? Сәулет және қала құрылысы басқармасы Алматының кеңею мүмкіндігі шектелгенін де айтты: қала аумағын ұлғайта алмайды әрі таулы аймақта құрылыс жүргізу де мүмкін емес. "Сондықтан мегаполисті дамытудың басым бағыты – жеке тұрғын үй аймақтарын кезең-кезеңімен көпқабатты үйлермен алмастыру. Бұл әлемнің ірі қалаларындағы тәжірибеге сай келеді", – деп түйіндеді әкімдік. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Доллар бағамы 500 теңгеден төмендеді Қазақстанда 4 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 505 теңгеден сатылып, 497–498 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валюта 501–502 теңгеден сатылып, орта есеппен 498–499 теңгеден қабылданады. Айта кетейік, 3 ақпанда Астанада айырбастау орындарында доллар орта есеппен 508,37 теңгеден сатылып, 501,50 теңгеден сатып алынған. Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сату бағамы 506,73 теңге, ал сатып алу бағамы 504,38 теңге болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда +17 градустан кейін күн күрт суытады Қазгидромет синоптиктері 5, 6 және 7 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкес, алдымен Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады. Соның салдарынан жауын-шашын күтіледі. 5–6 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, жел және боран болжанады. Температура қандай болады? солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде күндіз -3°C пен +2°C аралығы,оңтүстікте +8…+17°C, оңтүстік-шығыста +5…+15°C болады. "Кейін солтүстік-батыстан суық келіп, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді", – деді синоптиктер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Экс-президенттің отбасы мүшелері билікке қайтып келуі мүмкін“ деген сөз жоқ - депутат жаңа Конституция туралы айтты айтты Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи жаңа Конституция жобасындағы баптардың біріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 4 ақпанда Мәжілістің пленарлық отырысында ол Конституция жобасын талқылау мәселесін күн тәртібіне қосуды ұсынды. Депутаттар бұл бастаманы қолдады. Бәпи қоғамда Конституция жобасының 48-бабына тоқталды. "Мұнда Республика президентінің ар намысы мен қадір-қасиетіне қорғауға қатысты берілетін конституциялық кепілдіктер айтылады. Ал бұл баптың үшінші тармақшасында: "Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-президентіне де қолданылады" деген тіркеске орай "бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайтып келуі мүмкін" деп, күдік келтірушілер бар", - дейді ол. Депутаттың сөзінше, әлеуметтік желі қолданушылар арасындағы бұл алаңдаушылық қазақи долбар-дабыраға қиқу қосудың сыңары. "Себебі, экс-президент түгілі, бүгінгі "Президенттің отбасы мүшелері мен оның жақын туыстарына мемлекеттік қызмет атқаруға болмайды" деген талап 2022 жылғы 8 маусымдағы конституциялық заңмен бекіген", - деп қорытындылады ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Депутат Базарбек жаңа Конституция жобасында жер сатуға қатысты жалған ақпарат туралы айтты Әлеуметтік желілерде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейін жерді шетелдіктерге сатуға жол ашылады деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, тараған мәлімдемелер құжаттың нақты мазмұнына мүлде сәйкес келмейді. "Қоғамда жалған ақпарат қолдан жасалып жатыр. Онда жаңа Конституция жобасы жерді шетелдіктерге, шетел азаматтарына, халықаралық ұйымдарға сатуға жол ашады делінген. Тіпті Президент пен болашақ Құрылтай жерді еркін түрде бөліп-жарып, өз қалауынша пайдалана алады деген ойды да тықпалап отыр. Бұл - өтірік, әдейі жасалған ақпараттық арандату", - деді депутат. Ол жаңа Негізгі заң жобасында жерді шетел азаматтарына сатуға мүмкіндік беретін немесе қазіргі шектеулерді алып тастайтын нормалар жоқ екенін атап өтті. "Қолданыстағы Конституция жобасында жерді сатуға рұқсат беретін де, қандай да бір тыйымды алып тастайтын да бірде-бір норма жоқ. Бұдан бөлек, қазіргі Конституцияның 6-бабы өзгеріссіз күйінде жаңа Конституцияның 8-бабының негізіне алынған", - деді ол. Базарбек қолданыстағы нормалар табиғи ресурстардың Қазақстан халқына тиесілі екенін бекітетінін де еске салды. "Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін", - деп норманы депутат оқып берді. Депутаттың пікірінше, "жер сатылып кетеді" деген қауесет әдейі таратылып отыр. "Жерді жаппай сатып жіберу туралы әңгімелер - не құқықтық сауатсыздық, не саналы манипуляция. Бүгін де қоғамда жалған түсінік қалыптастыру үшін дәл сондай сыбыстар таратылып жатыр", - деді мәжілісмен. Ол жерді шетелдіктерге беруге тыйым қолданыстағы заңнамада да бекітілгенін айтты. "Фейк таратушылар ең маңызды нәрсені "естен шығарады" - Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24-бабы. Онда шетелдіктерге, шетел азаматтарына және халықаралық ұйымдарға жер учаскелерін беруге тыйым салынатыны анық жазылған. Конституцияның қазіргі жобасы бұл тыйымды ешқандай жағдайда алып тастамайды - ол өз күшінде қалады", - деді депутат. Сонымен қатар, ол жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша арнайы комиссияның жұмысына тоқталды. "Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Президенттің тапсырмасымен AMANAT партиясы жанынан "Жер аманаты" комиссиясы құрылды. Оның жұмысы аясында мемлекет меншігіне 14 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылды", - деді Базарбек. Оның сөзінше, комиссия жағдайды бақылауда ұстап отыр және ықтимал заңбұзушылықтарға жедел әрекет етуге дайын. "Біз жағдайды бақылап отырмыз. Егер осындай фейктер, жалған ақпарат немесе жерді заңсыз иеліктен шығару деректері пайда болса, "Жер аманаты" комиссиясы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірге тиісті тексерістерді бастауға дайын", - деп түйіндеді депутат. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сот қазақстандықтан 5 миллиард теңгеге жуық қаражат өндірді Ұлытау облысында 4,8 миллиард теңгеге марганец кенін заңсыз өндіру схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәлімдеді.Ұлытау облысының прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, облыс аумағында марганец кенін заңсыз өндірудің қылмыстық схемасын анықтады. "Қостанай облысының 50 жастағы тұрғыны 2020–2023 жылдар аралығында жер қойнауын пайдалануға лицензиясы мен келісімшарты болмағанына қарамастан "Шығыс Қаражал" кен орнында марганец кенін заңсыз өндірген. Сонымен қатар, қолма-қол ақшаға айналдыру және жалған мәмілелер жасасу арқылы пайдалы қазбалардан түскен табысты заңдастырған", – деп хабарлады прокуратура. Осы кезеңде 16 мың тоннадан аса кен жөнелтіліп, мемлекетке 1,3 миллиард теңгеден аса залал келтірілген. Өңделген темірмарганец кенін ел ішінде де, шетелге де сатып, 3,5 миллиард теңгеден аса табыс тапқан. Ұлытау облысының соты айыпталушыны 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айырып, кейін жер қойнауын пайдалану саласында 5 жыл мерзімге қызметпен айналысуына тыйым салды. "Мемлекет кірісіне 4,8 миллиард теңге өндірілді, сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған үш жеңіл көлік пен екі жүк көлігі тәркіленді", – деп мәлімдеді прокуратура. Сот үкімі заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада Германияның азаматтығы бар отбасы ұсталды Астана әуежайында Германияның азаматтығы бар отбасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, Астана халықаралық әуежайында Астана-Франкфурт бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде Қазақстан Республикасы және Германия Федеративтік Республикасының азаматтығына ие бес адамнан тұратын отбасы анықталған. Азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін олардың әрқайсына әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылған. "Астананың мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсына 302 750 теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада. Полиция қос азаматтыққа тыйым салынғанын, бұл 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға, әкімшілік жолмен елден шығаруға әкеп соғатынын, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға негіз болатынын еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Биыл запастағы қанша офицер әскери қызметке шақырылады? 2026 жылы Қазақстанда 850-ден аса запастағы офицер әскери қызметке шақырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР заңы аясында жүзеге асырылатын бұл шара Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын арттыруға және әскери резервті қалыптастыруға бағытталған. Үкімет қаулысына сәйкес 700 запастағы офицер Қарулы күштерге, 80 офицер Шекара қызметіне, 64 офицер Ұлттық ұланға және 15 офицер Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі. Олар авиация, инженер, артиллерия, радио-техника, әскери-тасымалдау, медицина, тыл, ақпарат және барлау бағыттары секілді ең қажет әскери мамандықтар бойынша шақырылады. Еске салайық, 2025 жылы Қазақстанда әскери қызметке жарамды болғанымен оны өтемеген азаматтардың қатарынан 700 запастағы офицер әскери қызметке шақырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағандыда құтқарушылар бесінші қабаттың терезесіне шығып отырған баланы аман алып қалды - видео Қарағандыда Мұқанов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінен көрші ашық терезенің алдына отырып алған баланы байқап қалады. Ер адам 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушыларды шақырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі сәрсенбі, 4 ақпанда мәлімдеді. "Жедел жеткен құтқарушылар баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын көріп, бірден құтқару жұмыстарына кірісті. ТЖМ қызметкерлері екі топқа бөлінді: бір топ терезеге автосаты орнатса, екінші топ подъезд арқылы пәтерге беттеді", - делінген хабарламада. Осы сәтте баланың анасы үйіне келіп, есікті кілтпен ашқан. Құтқарушы пәтерге кіріп, 2018 жылы туған қыз баланы терезе алдынан түсіріп алып, анасына тапсырды. "Бала зардап шеккен жоқ. Құтқарушылардың дер кезінде әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды", - деп атап өтті ведомство. ТЖМ ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп отыруға шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
4 ақпанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер сәрсенбі, 4 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 3-8, күндіз 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 19-21 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз. Алматыда көшпелі бұлтты болады, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады: 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 6-8 градус жылы. Шымкентте де көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан: 8-13 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 15-17 градус жылы. Күндіз Ақмола облысының батысында аздап қар күтіледі. Өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан: 9-14, күндіз батысы мен солтүстігінде 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 12-17 градус аяз, оңтүстігі мен шығысында 21, күндіз 2-7 градус аяз. Көкшетауда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 19-21 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз. Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында түнде жауын-шашын болжанады, таулы аймақтарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін, күндіз оңтүстігінде және таулы аймақтарда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарда кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады: 9-14, батысы мен шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз - 3 градус жылы, солтүстігі мен таулы аймақтарда 7-12 градус аяз, күндіз 4-9 градус жылы, солтүстігі мен таулы аймақтарда 0-5 градус аяз. Қонаевта - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады: 9-14, кей уақытта екпіні 18 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы. Жетісу облысында түнде жауын-шашын күтіледі, таулы аймақтарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз таулы аймақтарда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыстан: 9-14, шығысында және таулы аймақтарда екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз - 2 градус жылы, шығысында және таулы аймақтарда 7-12 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы, шығысында және таулы аймақтарда 3 градус аяз. Талдықорғанда - көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман. Жел батыстан 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы. Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан: 8-13, түнде тау асуларында, күндіз батысы, оңтүстігі және таулы аймақтарда 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, солтүстігі мен таулы аймақтарда 2 градус аяз, күндіз 12-17, солтүстігі мен таулы аймақтарда 7 градус жылы. Түркістанда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде, шығысында күндіз қар жаууы мүмкін, боран күтіледі. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен: 9-14, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 15-20 градус аяз, шығысында 7-12 градус аяз. Оралда - бұлтты, түнде қар, боран. Тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 16-18 градус аяз. Атырау облысының солтүстігі мен шығысында аздап қар, боран күтіледі. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан: 9-14, солтүстігі, оңтүстігі және шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-8, солтүстігінде 12-17 градус аяз, күндіз әрі қарай төмендейді. Атырауда - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні 15-18 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус аяз, күндіз әрі қарай төмендейді. Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болжанады, күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстігі мен орталығында тұман болуы мүмкін. Жел солтүстіктен: 9-14, түнде солтүстік-шығысында, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 3 градус аяз - 2 градус жылы, солтүстік-шығысында 6 градус аяз, күндіз әрі қарай төмендейді. Ақтауда - бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Күндіз боран. Жел солтүстіктен 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 1 градус аяз - 1 градус жылы, күндіз әрі қарай төмендейді. Ақтөбе облысында түнде қар жаууы мүмкін, солтүстігі мен орталығында - қалың қар, күндіз жауын-шашын, солтүстігі мен орталығында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, оңтүстігі, шығысы және орталығында тұман, бұрқасын болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-батысқа ауысады: 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 7-12 градус аяз, шығысында 15, оңтүстігі мен батысында 3 градус аяз, күндіз 4 градус аяз - 1 градус жылы. Ақтөбеде - бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-батысқа ауысады: 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз. Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (негізінен қар), боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 10-15 градус аяз, солтүстік-шығысында 18, күндіз 0-5 градус аяз. Қостанайда - бұлтты, күндіз жауын-шашын (негізінен қар), боран. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 2-4 градус аяз. Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз қар, боран болжанады. Түнде және таңертең батысында тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан: 9-14, күндіз оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-23 градус аяз, оңтүстік-батысында 14, күндіз 4-9, шығысында 14 градус аяз. Петропавлда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 7-9 градус аяз. Павлодар облысының оңтүстік-шығысында түнде аздап қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады: 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-23 градус аяз, солтүстігінде 27, күндіз 10-15, орталығында 18 градус аяз. Павлодарда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады: 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 25-27 градус аяз, күндіз 16-18 градус аяз. Қарағанды облысының шығысында түнде аздап қар, бұрқасын болуы мүмкін. Батысы, солтүстігі, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 11-16 градус аяз, солтүстігінде 21, оңтүстігінде 6 градус аяз, күндіз 2-7, солтүстігінде 12 градус аяз. Қарағандыда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 14-16 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз. Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күннің соңына қарай солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, шығысында 12 градус аяз, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылы. Жезқазғанда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1 градус аяз - 1 градус жылы. Шығыс Қазақстан облысында қар, боран күтіледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан: 9-14, оңтүстік-шығысында 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 10-15 градус аяз, шығысында және оңтүстігінде 6 градус аяз, күндіз 8-13, шығысында және оңтүстігінде 4 градус аяз. Өскеменде - бұлтты, қар. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 4-9 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз. Абай облысында түнде қар, боран болжанады, күндіз өңірдің солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде қар, боран күтіледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Жел батыстан, солтүстік-батыстан: 9-14, шығысында және орталығында 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-18 градус аяз, солтүстік-батысында 22, оңтүстігінде 8 градус аяз, күндіз 11-16, оңтүстігінде 1-6 градус аяз. Семейде - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең қар. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, батысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 4-9, оңтүстігінде 13, солтүстігінде 1 градус жылы. Қызылордада - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 7-9 градус жылы. Жамбыл облысының шығысында және таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы мүмкін. Кей уақытта тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады: 9-14, күндіз шығысында және таулы аймақтарда 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстігінде және таулы аймақтарда 5 градус аяз, күндіз 10-15, солтүстігінде және таулы аймақтарда 5 градус жылы. Таразда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады: 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақ сахнасының абызы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден озды. Қайғылы қазаға байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, халқына қайғыра көңіл айтты. Ол – саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған сирек болмысты тұлға еді. Марқұм Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған бейнелер галереясын қалыптастырып, классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталмақ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы ең егде қылмыскер бостандыққа шығуға дайындалып жатыр Қазақстанда жазасын өтеп жатқан ең егде адам 84 жаста. Ол кісі өлтіргені үшін сотталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап беріп, 1942 жылы туған ер адамның жаза мерзімі 2027 жылы аяқталатынын мәлімдеді. Яғни ол түрмеден шыққан кезде 85 жасқа толады. Қазір Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 70 жастан асқан шамамен жүзге жуық сотталған бар. Комитеттің айтуынша, олар жазасын бәрімен бірдей тәртіппен өтейді. Қажет болған жағдайда оларға мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлемі аясында ем-дом көрсетіледі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақмола облысының 89 жастағы тұрғыны құқықбұзушылық жасағаны үшін сотталып, оған түзету жұмыстары тағайындалды деген ақпарат тараған. Алайда соттың баспасөз қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды. Олардың айтуынша, қарт әйел мен оның 72 жастағы жиені қасақана жеңіл дене жарақатын салғаны үшін сотталған: зейнеткерлер подъезде туысын соққыға жыққан. Екеуіне де 7 айға бас бостандығын шектеу жазасы беріліп, мінез-құлқына пробациялық бақылау белгіленген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
33 адам зардап шекті: жасөспірім “пәтер жалға беремін“ деген желеуімен алаяқтық жасаған 17 жастағы жасөспірім "пәтер жалға беремін" деп жалған хабарландырулар жариялап, адамдардан алдын ала төлем алған соң байланысын үзіп, жоғалып отырған. Кейін осы алаяқтыққа оның 23 жастағы туысы да қосылған. Істі Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаскөйлердің әрекетінен 33 адам зардап шеккен. Іс бойынша не белгілі? 2001 жылы туған Ә. және 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Н.-ға бірнеше рет алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот 2024 жылғы қазанда Н. есімді жасөспірім Талдықорғанда жүріп, сайтқа Астанадағы пәтерді жалға беремін деген хабарландыру жариялағанын анықтады. Ай сайынғы төлем 160 мың теңге деп көрсетілген, алайда бұл тұрғын үй ойдан шығарылған болып шыққан. Кейін схемаға жасөспірімнің Ә. есімді туысы қосылған. 2025 жылғы мамырда ол да Алматыдағы тұрғын үйді 60 мың теңгеге жалға беремін деп хабарландыру берген. Жалға алушылардың сеніміне кіру үшін, олар хабарландыруларға жалған фотосуреттер тіркеп отырған. Мәселен, 2024 жылғы 31 қазанда Астана тұрғыны пәтер іздеп жүріп, мессенджер арқылы жасөспіріммен байланысып, алдын ала төлем ретінде 10 мың теңге аударған. Осыдан кейін оған тұрғын үйдің мекенжайын хабарлаймыз деп уәде берілген, бірақ көп ұзамай "жалға берушімен" байланыс үзіліп, нөмір бұғатталған. Дәл осындай тәсілмен айыпталушылар тағы 32 адамды, оның ішінде Семей тұрғындарын да алдаған. Жалпы шығын 665 мың теңгеге жеткен. Іс бойынша тараптардың пікірі Прокурор екеуін де кінәлі деп танып, мынадай жаза тағайындауды сұрады: Ә.-ге (жасөспірімнің туысы) - 3 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу; Н.-ға (жасөспірім) - 3 жыл 6 ай мерзімге пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу. Айыпталушылар кінәсін толық мойындаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын толық өтелген. Сот шешімі Абай облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты екі айыпталушыны да ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша кінәлі деп таныды. Ә.-ге 3 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған рақымшылық туралы заң қолданылуына байланысты, жаза мерзімі үштен біріне қысқартылды. Соңғы шешім бойынша, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу белгіленді. Н.-ға пробациялық бақылау белгілене отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қуандық Бишімбаевтің бұрынғы әйелі сотта куәлік бермек Астанада алаяқтық ісі бойынша куәлардан жауап алу жалғасып жатыр. Бұл істе Қуандық Бишімбаевтың анасы жәбірленуші ретінде танылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін сотта Бишімбаевтың бұрынғы әйеліНазым Қаһарман жауап береді. Ол сот отырысына келіп, айғақ берер алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Каһарман Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесіне пікір білдіріп, бұл тергеу-талқылаулар оның және балаларының өміріне елеулі әсер еткенін айтты. Сот процесінің басында сот БАҚ-тың куәлардан жауап алуды тіркеу мүмкіндігін шектеді. Судья Назгүл Бапақова куәлардан жауап алу мен олардың айғақтарын фото-, видео- және аудиоға түсіруге "мәннің бұрмалануына жол бермеу мақсатында" тыйым салды. "Бұл шектеу ақпаратты жасыруға бағытталмаған, тек әділ сот мүддесі үшін, процесс қатысушыларының құқықтарын қорғау және қоғамның сотта болып жатқанды дұрыс түсінуін қалыптастыру үшін қабылданды. Сот белгілеген тәртіпті сақтауды сұраймын, ол бұзылған жағдайда сот заңда көзделген процестік сипаттағы шараларды қабылдауға мәжбүр болады", — деп ескертті судья. Бұған дейін сотта Бишімбаевтар әулетінің үй қызметшісі куәлік беріп, ақша салынған шабадан туралы айтқан. Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың әкесі сотта 1 миллион долларды қалай қайтаруға тырысқанын айтып берді. Алдыңғы отырыстардың бірінде судья Назгүл Бапақова айыпталушы Бекзат Кемеловадан айыптаумен келісесіз бе деп сұраған. Ол өз кінәсін мойындамады. Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов іс бойынша сөз болып отырған шамамен 1 миллион доллардың бар екенін дәлелдейтін айғақтарды ұсынған. Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова сотта бұл соманың қайдан келгенін айтып берді. Бұдан бөлек, Бишімбаевтың анасынан Салтанат Нүкенованың ата-анасына ақша беру туралы да сұралды. Контекст Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің ата-анасы өз туыстары Қайрат Кемелов және Бекзат Кемеловамен соттасқан. Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова Бекзат Кемелованы шамамен 1 миллион доллар көлеміндегі алаяқтық жасады деп айыптап, ал оның жұбайын жала жапты деп кінәлаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді Қазақстанда 3 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Казақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде доллар бағамы 503,44 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,73 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 ақпанға белгіленген ресми бағамы - 505,17 теңге. Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – 503,39 теңге; сату – 505,47 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – орташа есеппен 501 теңге; сату – 508 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Исламабадта Тоқаевтың сапарына дайындық қалай жүріп жатыр? Исламабад Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Айта кетейік, сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Шахбаз Шарифпен және президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар, Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана мен Алматы: алдағы күндері ауа райы қандай болады? Синоптиктер Астана мен Алматыға арналған ауа райы болдамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада ауа райы қандай болады? 4 ақпан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 3–8, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -18...-20°, күндіз -3...-5°. 5 ақпан - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран. Жел оңтүстіктен 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°, күндіз -1...+1°. 6 ақпан - көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады: 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1...+1°. Алматыда ауа райы қандай болады? 4 ақпан - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады: 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°, күндіз +6...+8°. 5 ақпан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°, күндіз +8...+10°. 6 ақпан - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман. Жел батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°, күндіз +6...+8°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Кешірші, өтінемін!“ Желіде қыздың соққыға жығылған видеосы тарады Әлеуметтік желіде ер адам қызды ұрып жатқан сәті бейнеленген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеода жәбірленушінің бет-аузы қан екені көрінеді. Бұдан бөлек, ер адамның даусы естіледі. Ол қыздың біреуді алдағанын айтқан. Бұл дерекке полиция пікір білдірді. Оқиға Павлодар облысында болған. Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған видео бойынша тексеріс жүргізілген. Оқиғаға қатысы барлар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, видеоны қыз таныстарымен келісіп, түсірген. Тіпті өзі ұйымдастырғаны айтылады. Дегенмен "қойылым" барысында нақты заңға қайшы әрекеттердің болғаны да анықталған. Екі ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімі шыққанға дейін олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, қыздың бұған дейін сотталғаны, оның ішінде алаяқтық бойынша да жауапқа тартылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, видеоны түсіру себептері мен оның "қойылым" болған-болмағанына тәуелсіз түрде, денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оқиғаның себептері, келтірілген зиянның деңгейі және әр қатысушының рөлі анықталады. Оқиғаға қатысқандардың да, видеоны таратқан тұлғалардың да әрекетіне құқықтық баға берілетіні айтылды. Айта кетейік, расталмаған деректерде қызды есірткі таратуға қатысы болуы мүмкін деген болжам айтылады. Сондай-ақ, видео оны "жазалау" ретінде көрсету және ықтимал қысымнан құтылу мақсатында түсірілген болуы мүмкін деген де пікір бар. Алайда бұл нұсқаны құқық қорғау органдары ресми түрде растаған жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктінің балалары мемлекеттік қорғауға алынды Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасыға қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та күдіктінің балалары балалар үйіне жеткізілгені туралы ақпарат тарады. Атырау облысы Білім беру басқармасы Massaget.kz-ке бұл жағдайға байланысты пікір білдірді. "2 ақпанда Атырау облысы Полиция департаментінен шұғыл шаралар қабылдау жөнінде ұсыныс хат келді. Хатта күдіктінің кәмелет жасына толмаған 5 баласын қауіпсіз жерге, яғни мемлекет қорғауына алу көрсетілген. Осыған байланысты Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның шешімімен кәмелетке толмаған балалардың үшеуі Атырау облысы Білім беру басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, 3 және 1 жастағы екі сәби Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мамандандырылған балалар үйіне уақытша орналастырылды", - деп жазылған хабарламада. Ведомство мәліметінше, қазір балалардың жағдайы бақылауда. "Уәкілетті органдар олардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр", - деді басқарма өкілі. Атырау облысында жоғалған отбасының ісі Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді. qamqor.gov.kz Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Серік Сәпиев Қарағандыдағы даудан кейін жаңа қызметке тағайындалды Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі - жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада. Министрлік мәліметінше, бұл шешім былтыр күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданған. Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жоқ“ деген жауапқа құрметпен қарау міндеттелген: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады Ішкі істер министрлігі сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау, адамның еркінен тыс ізіне түсу - сталкинг. "Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиялық жай-күйіне тікелей қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес сталкингке заңмен қатаң жауапкершілік көзделген. Бұл бапқа сәйкес 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген", - деді ІІМ өкілі. Сондай-ақ, 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. "Заңбұзушылық міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады. Өзге адамның "жоқ" деген жауабына құрметпен қарау міндеттелген", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Райымбек Баталов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Райымбек Баталов Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Райымбек Баталов 2022 жылғы ақпанда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы болып сайланған. Бұрын қызметте Тимур Құлыбаев болған еді. Былтыр күзде оны қызметінен босату жоспарланып жатыр деген қауесет тарады. "Атамекен" бұл ақпаратты жоққа шығарды. 23 қаңтарда Қанат Шарлапаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы болып тағайындалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бүкіл әлем қызыңды бұл үшін құтқарған жоқ!“ Талдықорғандағы адамшошырлық іске қатысты тың дерек айтылды Талдықорғанда үш жасар қыздың аяусыз соққыға жығылуы туралы оқиғаның жалғасы шықты. Қайырымдылық қорының жетекшісі Екатерина Доброва жазба жариялап, баланың емделуі және оны әкесінің зорлық-зомбылығынан құтқаруға жасалған әрекеттер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Бұған дейін желіде адамшошырлық видео тараған еді. Кадрларда денесінде жарақат пен мен көгерген жерлері бар, жылап жатқан бүлдіршін және әйел көрінеді. Әйелдің айтуынша, оны да, баланы да сол сәтте мас болған күйеуі ұрып-соққан. Оқиға Талдықорғанда болғаны нақтыланады. Полиция тараған ақпаратты растады. Күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынған. ҚР ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызды құтқару Қайырымдылық қорының жетекшісі Екатерина Доброваның айтуынша, екі жыл бұрын бұл қыз бала бауыр циррозымен күрескен, шұғыл трансплантация қажет болған. Сол кезде қор мен бейжай қарамаған адамдар оның еміне ақша жинаған. "Бүкіл әлем сенің қызыңды кейін оны сен өлтіру үшін бауыр циррозынан құтқарған жоқ!" -- деп жазады Доброва. Белсендінің сөзінше, әкесі бастапқыда емделуге кедергі жасап, баланы жібермей қойған, ал анасы күйзелісте болған. Тек "баланы қауіпті жағдайда қалдыру" үшін жауапкершілікке тарту қаупі айтылғаннан кейін ғана ол анасы мен қызының Түркияға шығуына рұқсат берген. "Қыз бала өте ауыр хәлде болды, цирроздан бөлек... Оған ешкім күтім жасамаған, барлық ағзаcы көгергенше денесі ойылып кеткен, тері қабынған. Анасы бір нүктеге қадалғаннан-ақ түсінікті болды, "Ол сені ұра ма?" деген сұрағыма ол "Иә" деп жауап берді", - деп жазды ол. Ота сәтті өтті. Анасы енді күйеуіне қайтып бармайтынын уәде еткен. Алайда Доброваның айтуынша, ер адам қор директорына да, әйелдің өзіне де қоқан-лоқы көрсетуді тоқтатпаған: қоңырау шалып, қорқытып-үркіткен. Зорлықтың қайта басталуы Түркиядан оралған соң әйелдің анасы қайтыс болып, белсендінің болжамынша, ол қайтадан күйеуіне оралған. "Мен үнсіз жүрдім, бірақ мұндайға үнсіз қалуға болмайды! Ақжарды құтқару үшін қаражат іздеп, түн ұйқымды бөлгенім бекер емес! Егер баланың анасы кері шегінсе (ал мен оның ауруханада видеоны өшіруді сұрап жатқанын білемін), онда ол онымен бірге түрмеге отырады немесе арнайы мекемеде жатады", - деп жазды Доброва. Доброва қажет болса, әкенің өзіне жеке айтқан қорқытуларының жазбаларын алып, Қазақстанға ұшып келетінін де қосты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Соққыға жығып, жедел жәрдем шақыртпаған“: әйелі кәсіпкер күйеуін айыптады Алматы тұрғыны Әнел Аманғалиева күйеуін, кәсіпкер М.Б.-ны аңдып, қорлық көрсетті деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желідегі жазба Әлеуметтік желіде Әнел Аманғалиева күйеуі М. Б. өзіне қоқан-лоқы көрсетіп, аңдып жүргенін жазды. Жазбада ол жұбайы өзін бірнеше рет ұрып-соққанын, өлтіремін деп қорқытқанын, бопсалағанын, сондай-ақ, беделін түсіру үшін жалған аккаунттар ашқанын айтты. Ол өз өміріне қауіптенетінін және бұл адамның басқа да құрбандары болуы мүмкін екенін жеткізді. Оның жазбасына жауап ретінде Threads желісінде өзге әйелдер де осы кәсіпкер оларды қорлағанын жазған: "Маған да жазып, мазалайтын! "Интим сипаттағы суретіңді жасап қоямын" деді! Барлық скриншот менде бар! Оны қамау керек", – деп жазды қолданушылардың бірі. Threads-тегі пікірлердің скриншоты Мән-жай Әнел Аманғалиеваның айтуынша, ол күйеуімен 2014 жылы танысқан, бірақ жақын қарым-қатынас 2023 жылы орнаған. Әйелдің сөзінше, әуелде ер адам қамқор болып көрінген, алайда 2024 жылғы желтоқсанда некесі ресми қиылғаннан кейін бәрі өзгерген. Әнелдіің айтуынша, күйеуі оның бұрынғы қарым-қатынастары туралы білгеннен кейін шектен тыс қызғаныш көрсете бастаған. Әйел ажырасуды ұсынғанда, күйеуі қорлау, айыптау, тіпті суицидпен қорқыту сияқты әрекеттерге барғанын айтады. "Ол мені өз "меншігі" сияқты көрді. "Сені ешқайда жібермеймін, сен – мәңгілікке менің әйелімсің" дейтін. Бұрынғы қатынасым үшін ұялтып, тілдеп, кемсітті. Ажырасайық дегенімде, "өзімді өлтіремін" деп қорқытатын. Оның қолын тіліп, тамырын кескен видеолары да болды. Мен барып, құтқаратынмын. Дәрі ішетін. Мен тағы барамын. Бір кезде мұның бәрі мені өз дегеніне көндірудің амалы екенін түсіндім". Әйелдің айтуынша, күйеуі алғаш рет оны 2025 жылдың жазында, шетелде ұрған. "Қонақүй бөлмесінде ұрды. Мұрын тұсынан алты рет ұрды. Содан кейін есімнен танып қалдым. Өзіме келгенде жедел жәрдем шақыртпады, телефонымды алып қойды, ешкімге хабарласа алмадым. Қазақстанға ұшуға бір-ақ күн қалған еді. Сол кезде тек төзіп, бәрі жақсы деп, елге қайтуды ойладым", – деді Әнел. Қазақстанға оралған соң ол жарақатын тіркеткен: орташа дәрежелі ми шайқалуы және мұрнының ығысуы бар сыну анықталған. Бірақ ол кезде полицияға арыздануға қорыққан. Әйел күйеуінің "өзгеремін" деген уәдесіне сеніп, психологқа қараламын дегеніне үміт артқанын айтады. Ажырасуға талпыныс Әйелдің сөзінше, қарым-қатынас "зорлық-зомбылық шеңберіне" айналған: ашуға мінгеннен кейін ер адам кешірім сұрайды, бірақ артынша бәрі қайта қайталанады. Ол ажыраспақ болған сәттерде күйеуі оның интим суреті қойылған Telegram аккаунтын ашып, соған сілтемені Instagram желісіне жариялағанын айтады. Сондай-ақ бұл фотоларды оның тұтынушылары мен таныстарына таратып жіберемін деп қорқытып, абыройына және кәсібіне зиян келтіруді көздегенін жеткізді. "Мен барынша ересектер секілді айырылысқым келді, бір кезде ол сабасына түскендей болды. Бірақ 2025 жылғы желтоқсанда, мен сериалға басты рөлге түсе бастағанда, оның тағы да "ұстамасы" ұстап, қайта күйзеліске түсті. Сол кезде қорқыту тоқтамай кетті", – деді Әнел. Әнел ұсынған скриншоттар Жағдай 2026 жылғы қаңтарда тіпті ушығып, қоқан-лоқы оның бірінші некеден туған 8 жастағы ұлына да қатысты айтыла бастаған. Әйелдің айтуынша, күйеуі "адам жалдаймын" деп қорқытқан және "бандиттерден келгендей" дауыс хабарламаларын жіберіп, олар оған қару жеткізіп келе жатқанын айтқан. Сондай-ақ, Әнелдңғ сөзінше, ол әріптестері мен таныстарына "оны өлтіріп, кейін өзімді өлтіремін" деп жазған. Әнел Аманғалиева ер адамды ұрып-соғу, өлтіремін деп қорқыту, сондай-ақ, беделіне нұқсан келтіру бойынша жауапқа тартуды және ажырасу процесін жеделдетуді талап етті. "Бұған дейін де бірнеше рет ажырасуға арыз бердік. Қазір де заң жүзінде әлі некедеміз", – деді Әнел. Ол бұл адамның әрекетінен зардап шеккендер саны бұдан көп болуы мүмкін екенін айтып, басқа қыз-келіншектерді де полицияға жүгінуге шақырды. Полицияның түсіндірмесі Бұл жағдайға байланысты Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сауал жолданды. "Бұл жарияланымда көрсетілген деректер заңнамаға сәйкес тәртіппен тіркелді. Келтірілген мән-жайларды жан-жақты, толық әрі объектив тексеруге бағытталған, қолданыстағы заңнамада көзделген қажет іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі. Полиция өкілдері тексеріс аяқталғаннан кейін ер адамға қатысты заңды процестік шешім қабылданатынын қосты. Әнел Аманғалиева 2 ақпанда күйеуіне арыз жазғанын, полицияда түсініктеме бергенін, жауап алынғанын және медициналық сараптама қорытындысын қоса алғанда дәлелдерді ұсынғанын айтты. Қазір ол филологиялық сараптама дайындап, хат алмасуларды тергеу үшін нотариус арқылы рәсімдеп жатыр. Ерлі-зайыпты әлі де некеде. Аманғалиеваның айтуынша, күйеуі 23 қаңтарда елден шығып кеткен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметінен босатылды Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді. "Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - деп жазылған әкімдік хабарламасында. Оқиғаның мән-жайы 23 қаңтарда БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Серік Сәпиевті өз орынбасары соққыға жыққаны" туралы ақпарат тарады. Кейінірек Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мән-жайды айтты. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. "Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция бұған дейін. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Сондай-ақ, боксшының өзі де мәлімдеме жасады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews) Серік Сәпиев - 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Қазір ол Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады. Дәурен Есімханов - Серік Сәпиевтің орынбасары және танымал спортшы, самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері, World Games-тің күміс жүлдегері, джиу-джитсудан әлем чемпионы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында 2023 жылы жоғалған жігіт өлі табылды Алматы облысында екі жарым жыл бұрын жоғалып кеткен 28 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаралы хабар Lider.kz еріктілерінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Хабидулла Жалғас Хабидуллаұлы 2023 жылғы 4 маусымда із-түссіз жоғалған. Таңғы сағат 9 шамасында ол Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Үшқоңыр көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Белгілері: дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы қара әрі қысқа. Киген киімі: джинсы күртеше, сұр футболка, көк джинсы шалбар, қою көк кроссовка. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Волонтёры "LIDER.KZ" Алматы и Алматинской области (@volontery_lider.kz_almobl) Еріктілердің мәліметінше, жігіттің денесі 2025 жылғы 23 желтоқсанда табылған. Оқиғаның өзге мән-жайы нақтыланбаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді – БАҚ 2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді. Бұл туралы дүйсенбі, 2 ақпанда Азия Олимпиадалық кеңесі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, бастапқыда жарыс Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған. 5 ақпанда Азия Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан қабылдаушы қалаға қатысты келісімді ресми түрде бекітіп, Милан қаласында хост-қаламен келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр. Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары 2011 жылы өткен: жарыстар Астанада, Алматыда және Алматы облысы аумағында өткен. Жарыстың ашылу салтанаты 30 қаңтарда елордада өтіп, турнирдің жабылуы 6 ақпанда Алматыда өтті. VII Қысқы Азия ойындарының бойтұмары - барыстың аланы Ирби болды. Ашылу салтанаты Астанада өтті, оны ресейлік компания ұйымдастырған, дайындыққа шамамен екі жыл жұмсаған. Қазақстандықтар алғаш рет осындай ауқымды әрі қымбат шоуға куә болды. Тек ашылу және жабылу рәсімдеріне республикалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген. Ал бүкіл Азиадаға қазынадан 35 млрд теңге шығын кеткен. VII Қысқы Азия ойындарына әлемнің 27 елінен 1000-нан астам спортшы қатысты. Барлығы 11 спорт түрі бойынша 69 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпытоптық есепте Қазақстан 70 медальмен (32 алтын, 21 күміс, 17 қола) бірінші орын алды. Екінші орынға Жапония 54 медальмен шықты. Үшінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы 38 медальмен иеленді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Баға өсіп, ұсыныс азайды: Қазақстандағы тұрғын үй нарығында не өзгерді? 2025 жылдың аяғында Қазақстанда тұрғын үйлер күрт қымбаттады. Алматыда 1 шаршы метрдің орташа бағасы алғаш рет 820 мың теңгеден асты. Пәтер неге қымбаттап жатыр және 2026 жылы не болуы мүмкін? Tengrinews.kz тілшісі саралады. Бағаның өсуі және рекордтар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Соның ең маңызды жаңалығы - қосылған құн салығы (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға өсті. Жылжымайтын мүлік сарапшысы Лев Тетиннің айтуынша, бұл өзгеріс 2025 жылдың қараша–желтоқсанынан бастап нарыққа әсер еткен: құрылыс компаниялары бағаны ертерек түзете бастаған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан бойынша баға өсімі орта есеппен 16,5 пайыз болды. Сарапшының айтуынша, Астанада бұл көрсеткіш 18 пайызға, ал Алматыда 20 пайызға жеткен. Бұл ретте Алматы абсолют рекорд орнатты: 1 шаршы метрдің орташа құны 820 мың теңгеден асып, Тетиннің айтуынша, нарық үшін тарихи максимум болды. Элиталық тұрғын үй сегментінде бағалар одан да жоғары шықты. Сонымен қатар, сарапшы ҚҚС өсімге әсер еткен факторлардың бірі ғана екенін атап өтті. Оның сөзінше, негізгі рөлді үлестік құрылыс туралы заңдағы өзгерістер атқарған: олар ұсыныстың күрт қысқаруына әсер етті. Алайда соның аясында сұраныс тұрақты күйінде қалды: 2025 жылы мәмілелер саны 4 пайызға өсті, ал бір жыл бұрын өсім 17 пайыз болған. "Ұсыныс азайып, сұраныс сақталса, 1 шаршы метр құнының өсуі сөзсіз", - деп түсіндірді Тетин. Жаңа үйлер - басты драйвер Қазір бағаның негізгі өсімі жаңа салынған үйлер сегментінде тіркеліп отыр. ҚҚС мен заңнамалық өзгерістердің әсерін алғаш сезінген де - солар. "Жаңа үйлер баға өсімінің басты драйверіне айналды. Олардың артынан біртіндеп қайталама нарық та "ілесіп" келеді", - деді сарапшы. Коммерциялық жылжымайтын мүлік бағасы, оның айтуынша, бөлек сценарий бойынша дамып жатыр. Кейінгі екі жылда ғана Астанада ол 48 пайызға қымбаттаған. Осындай динамика елдің басқа өңірлерінде де байқалады. 2026 жылы нарықта не болады? Бағаның өсуіне қарамастан, сарапшының бағалауынша, тұрғын үй нарығының құрылымы сақталады. Ұсыныстың негізгі көлемі - шамамен 70–72 пайыз - бұрынғыша эконом және комфорт-классқа тиесілі болады. Бизнес-класс үлесі 15 пайыз деңгейінде, ал элиталық тұрғын үй үлесі 5–8 пайыз шамасында қалады. "Жаппай сатып алушы - эконом-комфорт сегменті. Алдағы жылдары нарықты қалыптастыратын да - сол", - деп атап өтті Тетин. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Кропаль“ ұйымдасқан қылмыстық тобының болжамды жетекшісі ұсталды - БАҚ Алматыда құқық қорғау органдары "Кропаль" ұйымдасқан қылмыстық тобының болжамды жетекшісі Асылбек Төлетпековті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CMN.KZ-ке сілтеме жасап. Асылбек Төлетпеков 1985 жылы туған. Ол бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген (ҚР Қылмыстық кодексі, 194-бап). "Кропаль" тобы және оның болжамды жетекшісі бұған дейін де БАҚ-та аталған. 2010 жылы оның өзге қылмыстық істер аясында ұсталғаны туралы хабарланған. Ашық дереккөздерге сәйкес, Асылбек Төлетпеков бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Әр жылдары бұзақылық, тонау және өзге де қылмыстар бойынша сотталған. Бас бостандығынан айыру орындарынан 2009 жылы босап шыққан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әйелі мен үш жасар қызын аяусыз соққыға жыққан: адамшошырлық видео тарады Талдықорғанның тұрғыны әйелін және үш жасар қызын аяусыз соққыға жықты. Әйел мен бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаға қатысты адамшошырлық видео әлеуметтік желіде 2 ақпанда тараған. "Талдықорғанда әкесі кішкентай баласын және әйелін аяусыз ұрған. Анасы мен баласы облыстық балалар ауруханасында жатыр", - делінген видеоның сипаттамасында. Кадрда денесінде сызаттар мен көгерген іздері бар жылаған бүлдіршін және әйел көрінеді. Әйелдің айтуынша, күйеуі мас күйде ұрып-соққан. Оқиға Талдықорғанда болғаны нақтыланады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Адыл Бейсенбаев (@taldykorganec_kolesa) Полиция тарапынан бұл ақпарат расталды. Күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынған. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жетісу облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Чарапиевтің айтуынша, үш жасар баланың зорлық белгілері бар жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабар 102 арнасына сағат 21:00-де түскен. Полиция қызметкерлері күдіктінің үйіне дереу барып, мас күйіндегі әкені ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police) Ведомство оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын, қажет тергеу және процестік іс-шаралар жүргізілгенін, ал тергеу барысы департамент басшылығының жеке бақылауына алынғанын мәлімдеді. Бұған дейін де Жетісу облысында тағы бір ауыр оқиға тіркелгені хабарланған: Панфилов ауданы Нұркент ауылында 28 жастағы әйел төрт жасар ұлын қатты ұрып-соққан. Оқиға сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тараған. Кейін әйел ұсталып, қылмыстық іс қозғалған. Күдіктіге 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тараз зауыттарындағы қайғылы жағдай: екі адам қаза тапты Тараздағы ірі зауыттарда аз уақыт ішінде екі қайғылы оқиға тіркелді. Мұның арты қос жұмысшының өліміне әкелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. Бірінші оқиға өткен бейсенбіде Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болды. Жұмыс кезінде пештен химиялық қорытпа атқылап, үш жұмысшы зардап шеккен. Тыныс алу жолдары мен денесінің жартысын күйік шалған 31 жастағы азамат жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, бірнеше күннен кейін көз жұмды. Зардап шеккен тағы екі адамның беті бері қарап келеді. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоқ деп отыр. Тағы бір қайғылы оқиға "Қазфосфат" зауытында болды. Онда осы серіктестікке қызмет көрсететін компанияның жұмысшысын алып техника басып кеткен. Ауыр жарақаттан жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қазір мемлекеттік еңбек инспекциясы жанынан арнайы комиссия құрылып, екі жағдайды да тексеріп жатыр. "Комиссия мүшелері анықталды. Соған сәйкес тергеп-тексеру жүргізіліп, екі жағдай бойынша да тексеру біткен соң, тиісті органдарға берілетін болады", - деді Жамбыл облысы еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Бекжан Әбді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ауыл“ фракциясы Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын қолдады Бүгін Мәжіліс депутаты, "Ауыл" партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен фракция отырысында ҚР Конституциясының жаңа жобасы мен оған енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланып, маңызды құжатты ел ішінде белсенді түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды. Серік Рахметоллаұлы жиналған қауымды ел болашағы үшін маңызды құжаттың басым бағыттарымен таныстырып, ұсынылған Конституция жобасын мұқият зерделеуге және шындыққа сәйкес келмейтін арандатушылық жарияланымдардың ықпалына түспей, тек ресми құжатқа сүйене отырып, сындарлы пікір қалыптастыруға шақырды. Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бірпалаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Конституция жобасының жаңа редакциясында преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекітілу ұсынылды. Онда адам құқықтары мен бостандықтары — мемлекеттің басты басымдығы ретінде анықталып, бірлік, ұлтаралық және дінаралық келісім мемлекеттік құндылық ретінде бекітілді. Білім, ғылым, мәдениет пен инновацияларды дамыту - мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыттары ретінде аталып, цифрлық құқықтарды қорғау мен саяси институттарды қайта құру сияқты жаңа нормалар енгізілді. Бұл өзгерістер елдің құқықтық жүйесін заманауи талаптарға сәйкес нығайтуға бағытталған. Суреттер: "Ауыл" партиясы ұсынған "Ауыл" фракциясының депутаттары Ата Заң жобасын бірауыздан қолдап, оның құқықтық мемлекетті нығайту және Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Жаңа Конституция бойынша нақты шешім халық тарапынан жалпыұлттық референдумда қабылданады. Конституциялық комиссияның жұмысы одан әрі жалғасуда.
Түркістан облысында Конституциялық реформаға байланысты мәжіліс өтті Түркістан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға және түсіндіруге арналған мәжіліс өтті. Маңызды жиынға аудан әкімдері, басқармалар мен аумақтық органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдар мен партиялар, жастар өкілдері қатысты. Өңір активі бас қосқан мәжіліске Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етіп, елімізде аса маңызды саяси реформалар жүріп жатқанына, оның мемлекетті дамытудағы маңызына тоқталды. "Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылдың қыркүйегіндегі Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және саяси жүйесін кешенді жаңғыртулар енгізу мақсатында бір палаталы Парламент құру жөнінде бастама көтерді. Президенттің өкімімен Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 21 қаңтарда Конституцияға тиісті өзгерістер енгізу мақсатында арнайы комиссияның құрамы бекітілді. Комиссияға 130 адам кірді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, құқық саласының танымал мамандары, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, сарапшылар, ғылыми және мәдени қауым өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметшілер және барлық партиялардың өкілдері бар. Жаңа конституциялық реформаны талқылауларға еліміздің азаматтарына мүмкіндік беріліп, олар өз пікірлері мен ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдады. Жұмыс тобы азаматтардан түскен екі мыңнан астам ұсынысты жан-жақты қарап, талқылады. Конституциялық комиссия 77 бапқа түзетулер енгізіп, нәтижесінде Конституцияның жаңа жобасы 84 пайызға жаңартылуда. Ата заңның жаңа жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына басымдық береді. Конституциялық реформа – бұл тек өзгеріс емес, бұл – елдің болашағын айқындайтын тарихи әрі маңызды қадам", – деген Нұралхан Көшеров әділеттілік пен заң үстемдігі – Конституцияның өзегіне айналғанын, сонымен қатар, "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидаты нақты мазмұнмен толықтырылғанын атап өтті. Басқару жүйесінің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету үшін вице-президент институты енгізіліп отыр. Бұл ел басқарудағы жауапкершілік пен ашықтықты күшейтуге мүмкіндік береді. Жиында Конституциялық комиссияның мүшесі, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов ел болашағы үшін жасалып отырған бұл ауқымды реформа халыққа әділетті жағдай жасап, мәдени-рухани дамуға жол ашып, еліміздің дамуына зор серпін беретінін жеткізді. "Конституция преамбуласы толығымен жаңартылып, ұлттық мемлекеттілікті нығайтып, елдің идеялық бағдарын айқындайтын маңызды қадам ретінде ұсынылды. Преамбулада Қазақстанның біртұтас ұлт екенін көрсету, унитарлық құрылымын және аумақтық тұтастығын сақтау, "Әділетті Қазақстан" идеясы мен "Заң мен тәртіп" қағидаттары да ұсынылды. Сондай-ақ табиғатты қорғау, экологияны сақтау, мәдениет пен рухани құндылықтарды, ғылым мен білімді, инновацияларды дамыту Конституцияда қоғам мен мемлекеттің ортақ құндылығы ретінде көрініс тапты. Конституцияның адамның жеке басына қол сұқпаушылық, адамның негізгі құқықтарын қорғау және сот билігінің тәуелсіздігіне қатысты нормалары және Неке мен отбасы құндылықтары күшейтіледі", – деді ол. Түркістан облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Ербекешов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып, басты құжатта халықтың рөлі айрықша күшейтілгенін мәлімдеді. "Жоба кіріспеден, 11 бөлімнен, 95 баптан тұрады. Онда ел өміріне қажетті барлық маңызды тұстар қамтылған. Еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар жасайтын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапқан. Жоба бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктер күшейтіліп, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау конституциялық деңгейде бекітіледі. Цифрлық құқықтар мен жеке деректерді қорғау алғаш рет нақты көрсетіліп, әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттің жауапкершілігі айқындалады. Бұл өзгерістер Конституцияның басты бағыты – мемлекет адам үшін қызмет етуге тиіс деген ұстанымды көрсетеді. Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктері кеңейтіледі. Ата Заңның жаңа жобасы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртады және әділетті, ашық және құқықтық мемлекет құруға бағытталған", – деді Нұрлан Ербекешов. AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Конституцияның жаңа жобасында Парламенттің рөлін күшейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғау басты орынға қойылған баяндады. Конституция тармақтарының жаңа редакциясы жан-жақты әрі тиянақты пысықтаулардан өткенін, 145 депутаттан тұратын Құрылтайдың өкілеттіктері бекітілетінін, Қазақстанның Халық Кеңесі құрылатынын жеткізді. Түркістан облысының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов та Конституция жобасына қатысты ұсынысын жеткізіп, бастаманы қолдайтынын білдірді. Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Жиынды қорытындылаған Нұралхан Көшеров жаңа Конституция жобасы бойынша шешім республикалық референдумда қабылданатынын, Конституциялық реформа еліміздің саяси-құқықтық және қоғамдық дамуына оң серпін беретінін жеткізді.
Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада. Әсет Ерғалиев туралы не белгілі? Әсет Ерғалиев 1986 жылы 18 маусымда Қостанай қаласында дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірген, Швециядағы Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласындағы ғылым бакалавры дәрежесімен аяқтаған. Ол - Ноттингем университетінің экономика ғылымдарының магистрі және философия магистрі. 2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қаңтарға дейін Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы болды. 2013 жылы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры лауазымын атқарған. Бұл құрылымда 2016 жылдың басына дейін вице-президент, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 2016 жылғы ақпанда ҰЭМ жанындағы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған. 2016 жылғы қазанда "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. 2016 жылғы желтоқсанда ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалған. 2017-2018 жылдары ҚР премьер-министрі кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі лауазымын атқарған. 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурыз аралығында ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған. 2019 жылғы наурыздан тамызға дейін ҚР премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет еткен. 2019-2021 жылдары ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі лауазымын атқарды. 2021 жылғы қаңтардан 2022 қаңтарға дейін ҚР ұлттық экономика министрі болды. ҚР Президентінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы жарлығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. 2025 жылы ақпанда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте жоғары лауазымды полицей сотталды Шымкентте аудандық полиция басқармасын басқарған лауазымды тұлғаға пара алды деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Істі Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады. "Т. Шымкент полиция департаментінің Тұран ауданындағы полиция басқармасының басшысы бола отырып, қызметтік жағдайын пайдаланып, бұл басқарманың өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша А.-ға қатысты әрекеттің саралануын жеңілдетіп беру үшін 6 миллион теңге көлемінде пара алған", – деп мәлімдеді сотта. Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сот сараптамасының қорытындыларымен, заттай айғақтармен және іс бойынша жиналған өзге де дәлелдермен дәлелденді. Прокурор жоғары лауазымды полицейге 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыруды сұрады. Айыпталушы кінәсін мойындамай, сотта жауап беруден бас тартып, өзін ақтау туралы үкім шығаруды өтінді. Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайлардың жоқ екенін және ауырлататын мән-жай ретінде қабылданған антты бұзуды ескерді. "Сот, Т.-ны ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚК-нің 49-бабына сәйкес, Т. арнайы шенінен айырылды", – деп хабарлады сот. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қаңтардағы ҰБТ-2026 нәтижесі қандай? Қаңтардағы ҰБТ-ны 139 мың адам тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. Қаңтардағы ҰБТ басталғалы бері талапкерлердің 76 пайызы тесті қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде, ал 86 адам ағылшын тілінде тапсырған. Екі аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 69 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 64 болды. Ең жоғары нәтиже – 138 балл. "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 328 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн. Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады", - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында. ҰБТ өткізіліп жатқан үш апта ішінде 244 рет ереже бұзылған. 152 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілген. Тағы 92 адам тест кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. Орнына басқа адамның кіріп тапсыру деректері тіркелмеген. "ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Егер тыйым салынған заттарды қолдану немесе ережені бұзу деректері анықталса, ҰБТ нәтижелері жойылады", - деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі. Еске салайық, тестілеуге қатысу үшін жалпы саны шамамен 187 мың өтініш қабылданған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы Бас прокуратураға шағым жолдады Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы кісі өлтіру ісі бойынша тергеуді Шымкент полициясынан Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне беруді сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров айтты. "Нұрай Серікбайдың отбасы Шымкент полиция департаментінің қызметкерлеріне сенім танытпағандықтан, бұл қылмыстық іс бойынша соталды тергеуді Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне тапсыруды сұрап отыр", – деді адвокат. Оның айтуынша, Нұрайдың жақындары Президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне шағым жолдаған. Алайда адвокат отбасының істі беруді не себепті сұрап отырғанын ашып айтпады. "Мұның себептерін айта алмаймыз, өйткені бұл – тергеу құпиясы, жариялауға болмайды", – деп түсіндірді ол. Нұрайдың өліміне қатысты іс Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр. Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді. Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
+15 градус: Алматы мен Астанада күн жылиды Қазгидромет 3, 4, 5 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қатты қар жауады Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігіе циклон ықпал етеді, соған байланысты жауын-шашын жауады. Кей күндері қатты жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түсіп, жел соғады. Ауа температурасы Оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ауа массаларына байланысты күндіз ауа температурасы солтүстікте 0-7°С аязға дейін, батыста, солтүстік-батыста және орталықта 5°С аяздан 2°С жылыға дейін, оңтүстікте 8-17°С жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 5-15°С жылыға дейін көтеріледі. 4 ақпаннан бастап елдің батыс өңірлеріндегі ауа райына скандинавиялық антициклон әсер етеді, соның әсерінен түнде ауа температурасы 20-28°С аязға дейін төмендейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Баланы ұрып-соғып, видеоға түсірген: Таразда қылмыстық іс қозғалды Әлеуметтік желіде баласын аяусыз ұрған тағы бір әйелдің видеосы тарады. Құзырлы органдар жантүршігерлік жағдайға пікір білдірді. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдерінің айтуынша, оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға Таразда болған. Кадрда әйел кішкентай баланы бетінен ұрып жатқаны көрінеді. "Аяйды деп ойлама, аямаймын", - дейді видеода әйел. Полиция не дейді? Тараз қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталған. "Медицина қызметкерлері балаға жедел түрде тексеріс жүргізді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әйел полиция бөліміне жеткізілді. Сараптамалар мен тергеудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті не дейді? Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметінше, бүлдіршіндер балалар үйіне уақытша орналастырылған. "Олардың қауіпсіздігі мен күтімі толық көлемде қамтамасыз етілді. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, қазір дәрігерлердің жіті назарында, жағдайлары тұрақты. Ата-ана құқығынан айыру мәселесі Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда белгіленген тәртіппен қаралады", - деп жазылған хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында 4 жасар ұлын сабаған әйел қамауға алынды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан халқының саны жарияланды Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметке сүйенсек, 2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен. Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 212 576 адамға өсті. Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асып, 2 148 658 адамға жетті, ал Алматыда 2 347 924 адам тұрады. 1 миллионнан аса қазақстандық мына өңірлерде тұрады: Астанада - 1 638 233 адам (109 530 адамға артты); Алматы облысында - 1 596 331 адам (36 207 адамға артты); Жамбыл облысында - 1 215 373 адам (7 018 адамға азайды); Шымкентте - 1 293 648 адам (37 484 адамға артты); Қарағанды облысында - 1 131 287 адам (2 646 адамға азайды). Халқы азөңірлер: Ұлытау облысы - 218 993 адам (2 297 адамға азайды); Солтүстік Қазақстан облысы - 514 156 адам (8 015 адамға азайды); Абай облысы - 595 676 адам (7 156 адамға азайды). 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалаларда 13 029 803 қазақстандық (256 688 адамға артты), ауылдарда - 7 466 172 қазақстандық тұрады(44 112 адамға азайды). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы әуежайында Азаматтық авиация қызметкерлері күні қалай атап өтілді? 1 ақпанда елімізде Азаматтық авиация қызметкерлері күні аталып өтті. Бұл кәсіби мереке жуырда ғана ресми түрде бекітілгенімен, бүгінде авиация саласы үшін маңызы зор күндердің біріне айналды. Аталған мерекеге орай, Алматы халықаралық әуежайы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. 30 қаңтар күні әуежай ұжымы авиация саласының ардагерлеріне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді. Қызметкерлер ұзақ жылдар бойы ел авиациясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, кәсіби мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады. Бұл игі бастама – Қазақстан азаматтық авиациясының қалыптасуы мен өркендеуіне еңбек сіңірген аға буын өкілдеріне көрсетілген шынайы құрметтің көрінісі. Әуежай басшылығы әрбір сәтті ұшу мен қауіпсіз қону – алдыңғы буын мамандарының бай тәжірибесі, кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында екенін атап өтті. Ұрпақтар сабақтастығы саладағы жоғары қауіпсіздік стандарттарын сақтауға және жас мамандардың бойына авиация рухын сіңіруге мүмкіндік береді. Алматы халықаралық әуежайы қоғам игілігіне бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Солардың қатарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы, сондай-ақ әуежай маңында орналасқан тұрғын үйлердің жайлылығын арттыру мақсатында іске асырылған дыбыс оқшаулау жобалары бар. Ал, 1 ақпан күні әуежай терминалдарында ерекше мерекелік атмосфера сезілді. Азаматтық авиация академиясының студенттері белсенділік танытып, айтулы мерекеге ұйымдастырылған іс-шараның сәнін кіргізді. Болашақ авиация мамандары жолаушылармен және әуежай қызметкерлерімен еркін сұхбат құрып, таңдаған мамандықтарына деген шынайы қызығушылықтарын көрсетті. Іс-шара барысында студенттер шағын интерактив ұйымдастырып, қатысушыларға "Сіз үшін авиация нені білдіреді?" деген сұрақ қойды. Жауаптар әр алуан болды: бала кездегі асқақ арман, алғаш рет ұшаққа отырған сәттегі толқыныс, саналы түрде таңдалған өмірлік шешім және адамдар қауіпсіздігіне деген жауапкершілік. Бұл әсерлі әңгімелер авиация саласының адамдарды біріктіретін, әрқайсысы үшін ерекше мәнге ие үлкен әлем екенін тағы бір мәрте айқындады. Алматы халықаралық әуежайы ұжымы азаматтық авиацияны аспанға деген махаббатын өмірлік кәсібіне айналдырған жандардың ортақ жолы мен міндеті деп бағалайды. Ұшқыштар, инженерлер, диспетчерлер, жерүсті қызметі мамандары және саланың өзге де қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында еліміздің авиация үздіксіз дамып, қалалар мен мемлекеттерді, адамдар мен тағдырларды бір-бірімен тоғыстырады. Суреттер: Алматы халықаралық әуежайы
Онлайн автомектеп: ІІМ ескерту жасады Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жеделдетілген онлайн-курстар арқылы оқыту туралы ұсыныстарға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, жүргізушілерді даярлау тек лицензиясы бар авто-мектептерде жүргізілуге тиіс және оқу бағдарламасы толық көлемде, оның ішінде міндетті практикалық сабақтармен өтуі қажет. Министрлік онлайн форматта көлік басқару дағдыларын меңгеру және бекіту мүмкін емес екенін атап өтті. Сондай-ақ, ІІМ авто-мектепті аяқтағаннан кейін куәлікті қағаз түрінде алу талап етілмейтінін түсіндірді: оқу курсынан өткені туралы деректер электрон ақпараттық жүйелер арқылы мамандандырылған ХҚКО-ларға автомат түрде жолданады. Министрлік болашақ жүргізушілерді оқуға жауапкершілікпен қарауға шақырып, білім мен практикалық дағдылардың сапасы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін ескертті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық экс-судьяның өлімі: Ресейдің Тергеу комитеті тексеріс бастады Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваны Германияда өлтірді деген күдіктілер Мәскеуде жүруі ықтимал деген ақпарат тексерілмек. Мұндай тапсырманы Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Істің мән-жайы Тексеруге ресейлік телеарна эфирінде шыққан, Сайлыбаеваға арналған сюжет себеп болған. Онда "оның өліміне енесі мен бұрынғы күйеуінің қатысы бар болуы, олар Германияда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Мәскеуге қашып кетуі мүмкін" деп көрсетіледі. Осыған байланысты марқұмның ата-анасы Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинге жүгінген. Сюжеттегі уәждерге сәйкес, РФ Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша тергеу органдары процестік тексеріс ұйымдастырғаны айтылған. Айгүл Сайлыбаеваның өлімі 2024 жылғы маусымда Германияда қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 5 маусымда Қазақстанның Франкфурт-на-Майн қаласындағы бас консулдығына Қазақстан азаматтары екі күн бұрын жоғалған қызы бойынша жүгінген. Кейін жоғалған әйелдің денесі Бенсхайм қаласының маңынан табылғаны туралы ақпарат шықты. Немістің Bild басылымы мәйіттің пластик қапта болғанын, ал әйелдің өлім алдында зорлық көргенін хабарлады. Германияның құқық қорғау органдары адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Дармштадт қаласының сот шешімімен Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцова күдікті деп танылған. Оған Германия бойынша және бүкіл Еуропа аумағында қамауға алу туралы ордер берілген. Қазақстан ІІМ бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваны азаптау дерегі бойынша тергеуді бастаған. Қазақстанда марқұмның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа Конституция: Бектенов әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жазбаларға қатысты тапсырма берді Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне "Заң мен тәртіп" қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды. Үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді. Жаңа Конституция жобасы 31 қаңтарда Қазақстанның жаңа Конституциясының жобалық мәтіні жарияланды. Бұдан бір күн бұрын жаңа Конституция жобасын Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырған еді. Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституцияның алғашқы жобасы кіріспеден (преамбуладан), 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жаңа ведомствоаралық топ құрылды: ол немен айналысады? Қазақстанда кірістерді заңдастыруға (ақшаны жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жұмыс тобының мақсаты мен міндеттері Ведомствоаралық жұмыс тобы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға жәрдемдесу үшін құрылды. Топтың негізгі міндеттері: кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; осы бағыттағы ұлттық жүйені жетілдіру; халықаралық ынтымақтастықты күшейту; Қазақстанның халықаралық-құқықтық міндеттемелерін ұлттық мүдделерді ескере отырып орындауды қамтамасыз ету; Президент тапсырмасына сай өзге де міндеттерді атқару. Топтың функциялары мен өкілеттіктері Жұмыс тобы мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеумен, ведомствоаралық ұстанымдарды келісумен, бұл саладағы саясаттың іске асырылуын қараумен, сарапшыларды тартумен және халықаралық ынтымақтастыққа қатысты шараларды дайындаумен айналысады. Сондай-ақ, топтың мемлекеттік органдардан қажет материалдарды сұратуға және өзіне жүктелген өкілеттік шеңберінде шешім қабылдауға құқығы бар. Жұмысты ұйымдастыру тәртібі Жұмыс тобының жұмыс органы ретінде Қаржы мониторингі агенттігі белгіленген. Ол отырыстарды ұйымдастыруды, жұмыс жоспарын әзірлеуді және топ мүшелеріне қажет материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Отырыстар кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі және бейнеконференция форматында да ұйымдастырылуы мүмкін. Шешімдер қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші саналады. Отырыстан кейін қабылданған шешімдер мемлекеттік органдарға жолданады, ал олар жұмыс органын орындалу нәтижелері туралы хабардар етеді. Жұмыс тобының құрамы Ведомствоаралық жұмыс тобының жетекшісі болып Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі тағайындалды. Жетекшінің орынбасары - Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы, хатшысы - агенттіктің қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс жөніндегі департаментінің басшысы. Топ құрамында Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Ұлттық банктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Әділет министрлігінің өкілдері бар. Өкімнің орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
TikTok-тағы “емші“ астаналықтардың ақшасына бәс тіккен Астананың тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, өзін емші ретінде таныстырған. Ол "емдік" қызмет көрсетемін деп, көріпкелдік қабілеттері арқылы көмектесуді ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда прокуратурасына сілтеме жасап. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілер арқылы әйелдердің бірінің денсаулығына қатысты мәліметті біліп алып, "сиқырлы қабілетіммен көмектесе аламын" деп сендіріп, ақы талап еткен. Дәл осындай тәсілмен ол тағы екі жәбірленушіні алдап, жалпы сомасы 5,5 миллион теңгеден аса қаражатты иемденген. Алынған ақша букмекерлік кеңседе бәс тігуге жұмсалған. Мемлекеттік айыптаушы сотта айыпталушының кінәсін дәлелдейтін барлық айғақты ұсынған. Күдікті кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды ішінара өтеген. Сот оны 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім заңды күшіне енген. Айта кетейік, жыл сайын қазақстандықтар алаяқтардың айла-амалдарынан ондаған миллиард теңгеден айырылып жатады.Адам жасына, кәсібіне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан зардап шегуі мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Mellstroy-дың ізімен: Қазақстан АҚШ және Украина азаматтарына іздеу жариялады Қаржы мониторингі агенттігі екі шетелдікке іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Агенттік мәліметінше, мына адамдарға іздеу жарияланған: Дмитры Дружинскы, 1970 жылғы 27 маусымда туған, Америка Құрама Штаттарының азаматы. Марина Левкович (Гинзбург), 1985 жылғы 8 қарашада туған, Украина азаматы. Сот санкциясымен оларға сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Олар не үшін іздестіріліп жатыр? ҚМА дерегінше, олар Қазақстан Республикасы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген. "Тергеу барысында PIN-UP және PINCO брендтерімен жұмыс істеген онлайн казиноны шетелден әрекет еткен адамдар басқарғаны анықталды. Д.Дружинскы мен М.Левкович координаторлық функцияларды атқарып, сыбайластарды іріктеумен, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен өзара жұмыс істеумен айналысқан. Сондай-ақ, ақша қабылдау мен шығару процесін қамтамасыз еткен төлем инфрақұрылымын құрған және оның жұмыс істеуіне қатысқан", - деп жазылған хабарламада. Заңсыз қызметті бүркемелеу мақсатында PIN-UP.KZ брендімен букмекерлік қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алған "Бонами" ЖШС заңды тұлғасы құрылған. "Онлайн казино клиенттерінен түскен қаражат транзит шоттарда жинақталып, кейін криптовалютаға айырбасталған", - деп жазылған хабарламада. Іздеуде жүрген адамдар туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден мына нөмірге хабарласу сұралды: +7 7172 70 84 78 - кезекші бөлім. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қазақстан журналистерін құттықтады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды. Президент мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендігімізді және тәуелсіздігімізді қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты. Мемлекет басшысы отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға толайым табыс пен бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жекелей сын Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін рейтингте 5-орыннан 3-орынға көтерілді. Ол Мельбурнде чемпион атанып, Қазақстан атынан бұл турнирдің титулын жеңіп алған тұңғыш теннисші ретінде тарихқа енді. Айта кетейік, WTA рейтингіндегі 3-орын - Рыбакинаның мансабындағы ең жоғары көрсеткішінің қайталануы. Ол 2023 жылы да осы сатыда тұрған. Юлия Путинцева 24 орынға бір-ақ көтеріліп, 70-орынға жайғасты. Зарина Дияс 282-орында тұр (бұған дейін 8 саты төмен болған). Жібек Құламбаева 3 орынға төмендеп, 387-орынға түсті. Әлемдік рейтингтің алғашқы екі орнын бұрынғыша Арина Соболенко мен Ига Швёнтек сақтап қалды. Жұптық сын Анна Данилина 3 саты жоғарылап, жұптық рейтингте 11-орынға көтерілді. Ал үздік үштік қатарында чех теннисшісі Катерина Синякова, америкалық Тейлор Таунсенд, сондай-ақ үшінші орынды бөлісіп тұрған италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп АҚШ құрамындағы үш “жаңа штат“ туралы әзілдеді АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ аумағын үш жаңа "штат" - Гренландия, Канада және Венесуэла есебінен кеңейту жайында пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Washington Post-қа сілтеме жасап. Трамп Гренландияны АҚШ-тың 51-штаты етуді ешқашан жоспарламағанын мәлімдеді. "Мен Канаданы 51-штат еткім келді", - деді ол Вашингтондағы Alfalfa Club-тың таңдаулы кешкі асында. "Гренландияны 51-штат ету ниетім болған жоқ. Мен Канаданы 51-штат еткім келеді. Гренландия 52-штат болады. Венесуэла 53-штатқа айналуы мүмкін", - деп қосты Ақ үй басшысы. Кейінірек Трамп мұның әзіл болғанын мойындады. АҚШ басшысы аралды "басып алуды" жоспарламайтынын, керісінше оны сатып алуды жөн көретінін нақтылады. Басылым Трамптың сөзінде АҚШ аумағын кеңейту тақырыбы жиі көтерілетінін, алайда әзірге ол нақты қадамға ұласпай, саяси әзіл мен көпшілік алдындағы мәлімдеме деңгейінде қалып отырғанын атап өтеді. The Washington Post мәліметінше, Трамп бұл кеште жалпы көп әзілдеген. Ол өзі Федералдық резерв жүйесінің (орталық банк) жаңа басшысы қызметіне ұсынған Кевин Уоршты нұсқап: "Егер ол мөлшерлемені төмендетпесе, мен оны сотқа беремін", - деді де, аз ғана үзілістен кейін: "Әзілдеймін", - деп қосты. Сондай-ақ, президент Ақ үйде бал залы салынып жатқанын және биыл футболдан әлем чемпионаты, ал 2028 жылы жазғы Олимпиада ойындары өтетінін айтып мақтанды. Қонақтардың айтуынша, көп әзіл зал тарапынан салқын қабылданып, кейде үнсіз тыңдаған. Анықтама: Alfalfa Club - жыл сайын қаңтардың соңғы сенбісінде Вашингтондағы (Колумбия округі) "Капитал Хилтон" қонақүйінде банкет өткізу үшін ғана жұмыс істейтін әлеуметтік клуб. Төрт сағатқа созылатын банкетте АҚШ теңіз жаяу әскерлері оркестрі музыка орындайды, сондай-ақ, саяси әзілдер айтылады. Клубта шамамен 200 мүше бар, олардың бәрі - ықпалды саясаткерлер мен бизнес басшылары. WP дерегінше, Трамп 2017 жылы клуб банкетіне барудан бас тартқан, ал оның алдындағы президент Джо Байден өз президенттігі кезінде клуб қонақтары алдында бірде-бір рет сөз сөйлемеген. Клуб 1913 жылы төрт дос Конфедерация армиясының генералы Роберт Эдвард Лидің 19 қаңтардағы туған күнін атап өту үшін жиналған кезде құрылған. Клуб атауы тамыры топыраққа терең бойлайтын жоңышқаға меңзейді. Клуб қара нәсілді мүшелерді 1974 жылға дейін, ал әйелдерді 1994 жылға дейін қабылдамаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістанға барады Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Шахбаз Шарифпен және президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды". - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ескірмеуі керек“. Алматыдағы Сац атындағы театр тарихи келбетін сақтап қала ма? Қазір Алматыда бірден бірнеше мәдени нысан қайта жөнделіп жатыр. Редакция мұны мұқият бақылап отыр, өйткені мұндай жобалардың төңірегінде кейде дау-дамай туып, тіпті қаржыландыру тоқтап қалатын жағдайлар да кездеседі. Қала үшін маңызды нысандардың бірі – қазір жөнделіп жатқан Наталия Сац атындағы жас көрермендер театры. Оның қайта жаңғыртылуы көптің назарын бірден аударды: ғимарат 40 жылдан аса уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген. Ал алматылықтардың бір бөлігі театр тарихи келбетінен айырылып қала ма деп алаңдады. Tengrinews.kz тілшісі жөндеу жұмысы қалай жүріп жатқанын және қаржыландыру тоқтап қалу қаупі бар-жоғын анықтап көрді. Алматыдағы Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық театрдың ғимараты 1981 жылы салынған және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері қатарына жатады. 2023 жылғы қаңтарда театр актрисасы Ольга Коржева Алматы әкімімен кездесуде: театрда 42 жыл бойы күрделі жөндеу жүргізілмегенін, сол уақытқа қарай ғимараттың қасбеті мен желілері 90 пайызға дейін тозғанын айтқан. Сонымен қатар, театрда көрермендер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи жабдықтар – өртке қарсы жүйе, кіреберістегі бақылау, дабыл сияқты құрылғылар жоқ екені де сөз болған. Актриса театрдың 2025 жылы 80 жылдығына орай жөндеу жүргізуді сұраған. Фото: 2GIS, 2023 жыл Сол кезде әкім театрды Қасым-Жомарт Тоқаевқа театр қасбетін толық күрделі реконструкциялауды және жаңа сахнаға арналған қосымша ғимарат салуды ұсынғанын жеткізді. Жұмыстар 2025 жылғы наурызда басталып, бірден қала тұрғындарының назарын аударды. Көпшілік бұл ғимаратты кіреберіс тұсындағы алып маңдайшада және ғимарат ішіндегі фойеде орналасқан ерекше панноларымен таниды. Оның авторлары – суретшілер Юрий Функоринео мен Владимир Твердохлебов. Реконструкция туралы белгілі болғаннан кейін, бейжай қарамайтын азаматтар театр осы бірегей сәулет бөліктерінен айырылып қалмай ма деп уайымдады. Одан кейін эко-белсенділер де алаңдай бастады: қосымша ғимарат салу үшін театр аумағында көп ағаш кесіледі деген ақпарат тарады. Әкімдік ағаш кесу қарастырылмағанын айтқанымен, 439 ағаштың 31-і кесілетінін мойындаған. 2026 жылғы 22 қаңтарда Алматы әкімдігі театрға жасалатын қосымша құрылыс қасбетінің жобасын "халықаралық деңгейде кең танымал концептуал жобаға ұқсастық анықталғандықтан" өзгерткені белгілі болды. Дизайнды түзету жобаның құнына әсер етпейтіні де айтылды. Театр реконструкциясы қалай жүріп жатыр? Tengrinews.kz тілшісі театр ғимаратына барып, жұмыстың қалай жүріп жатқанын және құрылыс қарқынының қаншалық белсенді екенін көрді. Қазір қасбеттің барлық қаптамасы алып тасталған. Ғимараттың алдыңғы бөлігінде жаңа қаптама плиткаларын бекітетін темір конструкцияларды орнату басталған. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин Құрылыс алаңында жұмысшы көп – демек, жоба тоқтап қалған жоқ. Мәселен, кезінде Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының жобасында жұмыстар тоқтап қалғаны белгілі. Биік қоршаулардың кесірінен кіреберістегі панноны көру қиын. Дегенмен панноның бір бөлігі көрінетін бір ғана бұрыш табылды. Қазір оның реконструкцияға дейінгі қалпы өзгермегендей көрінеді. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин Қоршауда нысан паспорты ілінген. Реконструкцияның мердігері – "Alem Qurylys AQ" ЖШС. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин Ғимараттың артқы жағында да қаптаманың бәрі алынған, бірақ жаңа конструкцияларды монтаждау әлі басталмаған сияқты. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин Жанынан жаңа қосымша ғимарат салынып жатқаны көрінеді. 2025 жылғы наурызда әкімдік бұл құрылыс үш қабатты, аумағы 10 мың шаршы метр болады деген. Қазір сырттай қарағанда үш қабаттан да биігірек әсер қалдырады. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин Бұл блокта 200 орындық камералық зал, сахна, грим бөлмелері, шеберхана және цехтарға арналған бөлмелер, декорация сақтайтын қоймалар орналастырылады. Қосымша ғимарат ескі театрмен галереялық өткел арқылы жалғанады. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин Жаңа ғимараттың қаңқасы толық жиналмаған, кей тұстарында қабырға қалыптастыратын бетон блоктар әлі орнатылып үлгермеген. Урбанистің пікірі Редакция Алматыдағы архитектор-урбанист, YouTube-тегі "Градоблог" арнасының авторы Владислав Филатовтан да пікір алды. Оның айтуынша, театр ғимараты сыртынан да, ішінен де ұзақ уақыт бойы мүшкіл жағдайда болған, инженерлік жабдықтардың көбі істемеген. Сондықтан реконструкция жүргізіп жатқандары дұрыс: театр жұмыс істеуі керек, қаңырап, ескіріп тұра бермеуге тиіс. Ал панноға қатысты ол оны міндетті түрде сақтап, реставрациялау қажет екенін атап өтті: "Егер оны ұқыпты түрде шешіп алу мүмкін болмаса, онда дәл өлшемдерін түсіріп, бір-біріне айнытпай сәйкес етіп жаңғырту керек". Тарихи келбет пен мозаика сақтала ма? Бұған дейін айтылғандай, театр реконструкциясының бас мердігері – "Alem Qurylys AQ" ЖШС. Бұл компаниямен келісім 2025 жылғы маусымда мемлекеттік сатып алу рәсімінен кейін жасалған. Реконструкцияға 21,7 миллиард теңге бөлінген. Egov-қа сәйкес, "Alem Qurylys AQ" ЖШС-нің құрылтайшысы – "General Contractors Group" ltd жеке компаниясы. Ал оның құрылтайшылары – BI Group ltd және "BI Capital" ЖШС. Редакция BI Group-тың баспасөз қызметіне сауал жолдап, тұрғындардың театрдың тарихи келбеті жоғалып кетеді деп алаңдауы орынды ма және мозаика паннолардың тағдыры не болатынын сұрады. Компания өкілдері жобаның бастапқыдан-ақ ғимараттың сәулетт және мәдени құндылығына ұқыпты қарау қағидатына сүйеніп әзірленгенін айтты: "Бұл – театрды қайта құру немесе оның бейнесін өзгерту емес. Мақсат – оның танымал белгілерін, пропорцияларын және көркем элементтерін сақтай отырып қалпына келтіру әрі жаңғырту. Кейбір жағдайда жұмыстар ғимараттың ондаған жылдық пайдалану барысында жоғалған бастапқы келбетін қайтаруға бағытталған. Барлық шешім мәдени мұра нысандарын сақтау талаптарын ескере отырып, мамандардың қатысуымен қабылданады", – делінген жауапта. Видео кадры Баспасөз қызметі мозаиканы реставрациялау барысын оның авторы, белгілі монументалист суретші Юрий Францискович Функоринео жеке өзі бақылап отырғанын да мәлімдеді. Компания 2025 жылғы шілдеде онымен түсірілген видео-сұхбатты да жолдаған. Мозаика авторы реконструкция туралы былай деген: "Жөндеудің басталғаны жақсы. Бұл ғимаратты бастапқы қалпында сақтауға шешім қабылдағандарына өте қуаныштымын. Ол – тарихи жады, сол дәуірдің сәулет стилі. (…) Біз жасаған дүние сақталатынына қуаныштымын. Өйткені авторлас әріптестерімнің көбі жоқ, мен ғана қалдым. Олар үшін де естелік болады". Видео кадры Ол, сондай-ақ, құрылыс жұмыстары кезінде фойедегі мозаиканы реставрация басталғанға дейін сақтап қалу үшін арнайы қорғаныш конструкциясымен қоршап қойғанын айтты. Редакция бұл жобаға Мұхтар Әуезов атындағы театрдағыдай қаржыландыру мәселелері туындамай ма деп те сұраған. Себебі бір компания екі нысанда қатар жұмыс істеп жатыр. Құрылысшының жауабына сәйкес, қазір бұл нысанда қаржыландыруға қатысты қиындық жоқ: "Қазір нысанда Әуезов театрына қатысты бұрын айтылғандай қаржыландыруға қатысты мәселе байқалмайды. Тұрақты қаржыландыру бекітілген бюджет пен кесте аясында жүргізуге мүмкіндік беріп отыр". Реконструкцияны 2026 жылғы тамызға дейін аяқтау жоспарланған. Ал көрермен үшін ең маңыздысы – театрдың қайта ашылып қана қоймай, бірнеше буын алматылықтың жадында қалған таныс келбетін сақтап қалуы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әнипа Назарбаеваның компаниясы мемлекетке қанша салық қарыз? Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қарындасы Әнипа Назарбаеваның компаниясы елдегі салық берешегі көп ұйымдардың "анти-рейтингіне" енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, оның компаниясының қарызы 92 миллиард теңгеден асты: "2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "GROUP OF THE COMPANIES TDA" ЖШС-нің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі - 92 307 598 мың теңге", – делінген редакцияның ресми сауалына берілген жауапта. Комитет өкілдерінің айтуынша, компанияөзін банкрот деп тану туралы сотқа талап-арыз берген. Бұл талап-арыз бойынша шешім қазір соттың қарауында. 2026 жылғы 1 қаңтардағы ең ірі салық борышкерлерінің топ-5 тізіміӘнипа Назарбаеваға қатысы бар компания ең ірі салық борышкерлері "анти-рейтингінде" "құрметті" үшінші орынды иеленді: Ai-To Progress ЖШС – Дәурен Молдағалиев – 111,6 млрд теңге; Alpha-bet (Альфа-Бэт) ЖШС – Velora Group LTD – 95,1 млрд теңге; GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС – Әли Клышпаев, Әнипа Назарбаева – 92,3 млрд теңге; "OLIMP KZ" букмекерлік кеңсесі ЖШС – Анарбек Жауыров – 85,6 млрд теңге; GB Invest ЖШС – Файез Наджиб – 47,2 млрд теңге. 2025 жылғы шілдеде GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС Қытайдан тауарды заңсыз әкелгені және салық төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп танылған. Алматы бойынша ҚМА департаменті компанияның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие бола тұра, Қытайдан 100-ден аса контейнер тауарды заңсыз жолмен кіргізгенін анықтаған. Сондай-ақ, компания қосылған құн салығын, корпоратив табыс салығын және кеден баждарын төлемеу үшін өз бақылауындағы 10 ЖШС-ні пайдаланып, жалған шот-фактуралар рәсімдеген. Келтірілген залал шамамен 10 миллиард теңге болған. Видео кадры Сот іс фигуранттарына 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, мүлкін тәркілеген. Қатысушылардың біреуі халықаралық іздеуге жарияланған. eGov.kz Тергеу барысында компания бюджетке ерікті түрде 643 миллион теңге қайтарғаны айтылды. Сонымен қатар, ЖШС-нің 1,3 млрд теңгеге тауарлары мен 300 млн теңгеге мүлкіне тыйым салынғаны хабарланған. Бұған қоса, тағы 47 контрагент 240 миллион теңге төлеген. Анықтама: Group of the Companies TDA ЖШС 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Компания нақты бір бағытқа маманданбай, түрлі тауарларды көтерме саудамен жеткізумен айналысады. Құрылтайшылары - Әнипа Назарбаева мен Әли Қылышбаев. Әли Қылышбаев 2021 жылдан бастап компанияның басшысы ретінде көрсетіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жауын-шашын, тұман, көктайғақ: 2 ақпанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер 2 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты. Қар жауып, боран соғады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі. Тек елдің орталығы мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болжанады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды. Астана - түнде -14…-16 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан: түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с. Күндіз -7…-9 градус, бұлт аралас, қар жауады. Алматы - түнде -1…-3 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 2–7 м/с. Күндіз +7…+9 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Шымкент - түнде +4…+6 градус, бұлт аралас, кей уақытта жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Күндіз +11…+13 градус, бұлт аралас, кей уақытта жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Ақмола облысы - облыстың батысы мен оңтүстігінде қар, боран. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың батысы, оңтүстігі, шығысында екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -15…-20 градус, облыстың батысында -23 градус. Күндіз -8…-13 градус.Көкшетау - түнде -16…-18 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -10…-12 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Алматы облысы - күндіз облыстың батысында жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 9–14 м/с, облыстың солтүстігі, оңтүстігі, шығысында екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-6 градус, солтүстігінде және таулы аудандарында -10…-15 градус. Күндіз +5…+10 градус, солтүстігі мен таулы аудандарында 0…-5 градус.Қонаев - түнде -4…-6 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз +5…+7 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жетісу облысы - облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, Алакөл көлдері маңында екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-7 градус, шығысында, орталығында және таулы аудандарында -11…-16 градус.Талдықорған - түнде -11…-13 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз +7…+9 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Түркістан облысы - жауын-шашын, кей уақытта күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+6 градус, солтүстігінде және таулы аудандарында -3 градус. Күндіз +8…+13 градус, солтүстігі мен таулы аудандарында +3 градус.Түркістан - түнде +2…+4 градус, бұлт аралас, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Күндіз +8…+10 градус, бұлт аралас, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар). Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын. Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -5…-10 градус, облыстың батысында -13 градус.Орал - түнде -5…-7 градус, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -5…-7 градус, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Атырау облысы - түнде облыстың батысы мен солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың батысы, солтүстігінде екпіні 15–20 м/с.Атырау - түнде -4…-6 градус, бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз 0…+2 градус, бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Маңғыстау облысы - түнде 0…-5 градус, облыстың солтүстік-шығысында -8 градус. Облыстың батысы мен орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Батысы, солтүстігі, орталығында тұман. Жел 7–12 м/с. Күндіз +2…+7 градус, облыстың солтүстік-шығысында -3 градус, жауын-шашынсыз. Батысы, солтүстігі, орталығында тұман.Ақтау - түнде 0…-2 градус, бұлт аралас, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жел солтүстіктен 5–10 м/с. Күндіз +3…+5 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Ақтөбе облысы - облыстың солтүстігі мен орталығында аздап қар, бұрқасын. Солтүстігі мен шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-10 градус, облыстың солтүстігінде -13 градус. Күндіз 0…-5 градус, солтүстігінде -8 градус.Ақтөбе - түнде -7…-9 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -2…-4 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Қостанай облысы - облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігінде аздап қар, жаяу бұрқасын. Солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады 9–14 м/с, облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-15 градус, солтүстігінде -18…-23 градус. Күндіз -5…-10 градус, солтүстігінде -13 градус.Қостанай - түнде -11…-13 градус, бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Күндіз -7…-9 градус, бұлтты, аздап қар, тұман. Солтүстік Қазақстан облысы - облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігінде аздап қар, бұрқасын. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың батысы, оңтүстігі, шығысында 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-18 градус, солтүстігінде -21 градус. Күндіз -10…-15 градус, солтүстігінде -18 градус.Петропавл - түнде -13…-15 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -11…-13 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Павлодар облысы - түнде -18…-23 градус, облыстың оңтүстігінде -15 градус, батысы мен оңтүстігінде қар, боран. Солтүстігі мен шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Күндіз -12…-17 градус, оңтүстігінде -7 градус, батысы мен оңтүстігінде қар, боран. Солтүстігі мен шығысында тұман.Павлодар - түнде -19…-21 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -12…-14 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Қарағанды облысы - түнде облыстың батысында қар, жаяу бұрқасын. Күндіз қар, боран. Облыстың батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 9–14 м/с, облыстың батысы, солтүстігі, шығысында 15–20 м/с.Қарағанды - түнде -10…-12 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -1…-3 градус, бұлт аралас, қар, бұрқасын. Тұман, көктайғақ. Ұлытау облысы - облыстың солтүстігі, оңтүстігі, шығысында қар, жаяу бұрқасын. Солтүстігі, оңтүстігі, шығысында тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 9–14 м/с, облыстың солтүстігі, оңтүстігі, шығысында екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-10 градус, облыстың шығысында -13 градус.Жезқазған - түнде -5…-7 градус, бұлт аралас, қар, бұрқасын. Тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -1…-3 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Шығыс Қазақстан облысы - түнде -17…-22 градус, облыстың солтүстік-батысында -12 градус, шығысында -26 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі, орталығында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -5…-10 градус, солтүстік-батысында +1 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстігі, оңтүстігі, орталығында тұман.Өскемен - түнде -12…-14 градус, бұлт аралас, қар. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -8…-10 градус, бұлт аралас, қар. Абай облысы - түнде -13…-18 градус, облыстың солтүстігінде -23 градус, оңтүстігінде -10 градус, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -3…-8 градус, солтүстігінде -13 градус, оңтүстігінде +2 градус, жауын-шашынсыз.Семей - түнде -16…-18 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -5…-7 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Қызылорда облысы - облыстың солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Солтүстігі, оңтүстігі, орталығында тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-5 градус, солтүстігінде -8 градус, оңтүстігінде +3 градус. Күндіз +3…+8 градус, солтүстігінде -1 градус.Қызылорда - түнде -4…-6 градус, бұлт аралас, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жел шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -1…+1 градус, бұлт аралас, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жамбыл облысы - облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарында 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -3…+2 градус, солтүстігі мен таулы аудандарында -6 градус. Күндіз +5…+10 градус, солтүстігі мен таулы аудандарында +2 градус.Тараз - түнде +1…+3 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз +9…+11 градус, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
1 ақпаннан бастап дәрігерлер ЭЦҚ қолдануға міндеттеле ме? Министрлік жауабы Желіде 1 ақпаннан бастап дәрігерлер науқастарды қабылдағанын электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы растауға міндеттеледі деген ақпарат тарады. Жағдайға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желідегі жазбалар Instagram және Threads секілді платформаларда 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап дәрігерлердің ЭЦҚ-ны міндетті түрде қолданатыны туралы жазбалар жарияланған. Кейбір медицина қызметкерлерінің айтуынша, енді ЭЦҚ арқылы қабылдауға жазбаны, ауру тарихын, жазылған рецепттерді растау қажет болады. Пікірлерде бірқатар дәрігер жұмыс жүктемесінің көп екенін және күнделікті жұмыста ЭЦҚ-ның аса қажет емесін жазған. Министрліктің жауабы Министрлік бұл талаптың жаңа енгізілім емес екенін, ол 2021 жылдан бері ведомствоның нормативтік-құқықтық актілерінде бекітілгенін түсіндірді. Министрліктің мәліметінше, электрон медициналық құжаттаманы жүргізуде ЭЦҚ қолдану нормасы мемлекеттік медициналық қызметтің көрсетілген дерегін растауға бағытталған. ЭЦҚ - науқас пен дәрігерді қорғайтын құрал, ол медициналық жазбалардың ашық болуын қамтамасыз етіп, "қосып жазу" (приписка) және жалған дерек енгізу тәуекелдерін азайтады. Сонымен қатар, қазіргі ЭЦҚ арқылы растау алгоритмі дәрігерлер үшін қолайсыз екенін, өйткені әр көрсетілген қызметтен кейін растауды талап ететінін айтты. Осыған байланысты жүйені оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік әкімшілік жүктемені азайту үшін ЭЦҚ-ны "бір рет басып растау" қағидатымен, артық әрекеттер мен қайталаусыз қолдануға мүмкіндік беретін шешімдер енгізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ЭЦҚ енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асатыны айтылды. Тиісті техникалық шешімдерді толықтыру және біріктіру жұмыстары жалғасып жатқандықтан, министрлік 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап барлық меджазбаларды ЭЦҚ-мен міндетті және жаппай қол қою толық қамтамасыз етілмейтінін хабарлады. Министрлік кезеңдік тәсіл "медицина тәжірибесінде цифрлық құралдардың дұрыс әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттілігімен" түсіндірілетінін қосты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шавкат Рахмоновтың бапкері спортшының жарақаты туралы айтты Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров спортшының жарақаты туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бапкер пікірі Кеше, 31 қаңтарда, жартылай орта салмақта UFC рейтингінде екінші тұрған, жеңілмеген Рахмонов Naiza FC турнирінде балдақпен және тізесіне таңғыш тағып жүргені байқалды. "Нақты қанша уақытқа дейін үзіліс болатынын айта алмаймын. Көре жатармыз, Шавкаттың жағдайын өздеріңіз де көрдіңіздер, ол мұны өзі де жасырмайды. Қалпына келу біз күткеннен ұзаққа созылатын сияқты", - деді бапкер редакцияға берген сұхбатында. Еске салайық, UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазақстандық өкілі Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты жазба жариялады. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. "Жауынгердің жолы ешқашан жеңіл болмайды. Өмір бізге еңсере алмайтын сынақ бермейді. Әр арманның өз бағасы бар, кейде оның құны денсаулық та болуы мүмкін. Шындықты жасырмай айтайын: жарақатыма байланысты тағы бір операция жасатуға тура келді. Енді толық қалпыма келу үшін уақыт қажет. Тиісінше октагонға оралуым тағы да кейінге шегерілді. Әрине, мұны қабылдаудың өзі қиын. Алайда әрбір сәтсіздік үлкен жолдың бір бөлігі екеніне сенемін. Бұрынғыдан да мықты, ақылды болып ораламын, жеңіске деген аштығым да арта түседі. Мақсатым өзгерген жоқ. UFC белдігі әлі де Қазақстанға келуге тиіс. Қандай жағдай болса да жанымнан табылып жүрген баршаңызға рақмет. Бұл жолдың соңы емес, тек маңызды бір кезеңі ғана", - деп жазды Рахмонов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оңтүстік Кореяда зауыт өртінен кейін қазақстандық жоғалды: СІМ жауап берді Шетелдік БАҚ-та Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен кейін Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Жағдайға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. CІМ жауабы Ведомство мәліметінше, 30 қаңтарда Оңтүстік Кореяның Ымсон уезі, Мэндон-мён аймағындағы азық-түлік пен сусын өндіретін кәсіпорында өрт шыққан. Бұған дейін кореялық БАҚ өрт ылғал майлықтар мен жөргек шығаратын зауытта болғанын хабарлаған. "Өрттен кейін бірден 81 қызметкер эвакуацияланды, алайда екі жұмысшының, соның ішінде Қазақстан азаматының қайда екені белгісіз. Полиция мен өртке қарсы қызметтің дерегінше, 31 қаңтарда таңертең өртенген цехтың ішінен жеке басы анықталмаған мәйіт табылды", – делінген жауапта. СІМ ресми өкілінің айтуынша, полиция мәйіттің кім екенін нақтылау үшін Ұлттық ғылыми зерттеулер институтына жүгінген. "Қазақстанның Елшілігі полициямен және өрт сөндіру қызметімен, сондай-ақ, жоғалған Қазақстан азаматының туыстарымен байланыста. Мәселе бақылауда", – делінген МИД хабарламасында. Бұған дейін кейбір БАҚ эвакуациядан кейін зауыттың екі шетелдік қызметкері - жасы шамамен 50-дегі Қазақстан азаматы және жасы шамамен 20-дағы Непал азаматы - хабар-ошарсыз кеткенін жазған. 31 қаңтарда сағат 00:39 шамасында өртсөндірушілер жоғалғандардың бірінің денесін ғимараттың екінші қабатындағы баспалдақ маңынан тапқан. Қаза тапқан адамның жеке басы әлі анықталған жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Конституция жобасына қатысты фейк таратқан алматылық айыппұл арқалады Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған "жаңа Конституция жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым алынды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын және деректердің бұрмаланғанын атап өтті. "Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ және қолданыстағы Конституция талаптарына толық сәйкес келеді", – делінген хабарламада. Полицияның мәліметінше, жалған ақпарат таратудың деректеріне құқықтық баға берілген. "Алматы қаласының аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А. есімді тұрғын көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 20 АЕК мөлшерінде (шамамен 26 мың теңге) айыппұл салынды", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Полиция қоғамдық кеңістікте жалған ақпарат тарату заңнамада көзделген жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Танымал әнші Ернар Айдарға айыппұл салынды Жамбыл облысы полиция департаменті Таразда жол қозғалысы ережесін әдейі бұзған жүргізушіге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде көпшіліктің назарын аударған видео тараған еді. Кадрлардан ер адам жолдың дәл ортасында көлігін көрсетіп, оған орнатылған жаңа, аты-жөні жазылған мемлекеттік нөмірді таныстырып тұрғанын көруге болады. Бейнежазбаны кәсіби оператор түсіргені байқалады. Көптеген қазақстандық видеодағы адамды бірден танығанын жазды. Ол - танымал әнші Ернар Айдар. Айта кетейік, оның Instagram-парақшасына 2,8 миллионға жуық оқырман тіркелген. Полиция не дейді? Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеодағы жағдайға қатысты пікір берді. "Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Таразда жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылғаны анықталды. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі ЖҚЕ талаптарын ашық түрде бұзған. Бұл әрекет видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіге жарияланған. Полицейлер көлік иесін анықтады. Бұл азамат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бірдей бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады полиция өкілдері. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушіге: көлікті тоқтату және қою ережелерін бұзғаны, жол белгілері мен жол таңбалары талаптарын сақтамағаны, сондай-ақ, белгіленбеген жерден жолды кесіп өткені үшін айыппұл салынған. Алайда айыппұлдың нақты мөлшері жарияланған жоқ. Полиция өкілдері жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жеке жауапкершілігінен басталатынын тағы бір мәрте еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен кейін қазақстандық із-түссіз жоғалды - БАҚ Оңтүстік Кореяда тұрмыстық тауарлар шығаратын зауытта өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан екі шетелдік жұмысшы із-түзсіз жоғалғандар қатарында тіркелген. Кейбір БАҚ дерегінше, олардың бірі Қазақстан азаматы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap News Agency-ке сілтеме жасап. Оқиғаның мән-жайы Жергілікті БАҚ-тың Yonhap-қа сүйенген мәліметінше, өрт 30 қаңтарда сағат 14:55 шамасында Солтүстік Чхунчхон провинциясына қарасты Ымсон уезіндегі ылғал сүрткіш пен жөргек өндіретін зауытта тұтанған. Өрт кезінде кәсіпорында 83 қызметкер болған, соның 81-і дер кезінде эвакуацияланған. БАҚ мәліметінше, эвакуациядан кейін екі шетелдік жұмысшы хабар-ошарсыз кеткендер ретінде тіркелген: жасы шамамен 50-дегі Қазақстан азаматы және жасы шамамен 20-дағы Непал азаматы. Іздестіру жұмыстары өрт ішінара оқшауланғаннан кейін басталған. Сонымен қатар, кейбір ақпарат көздері жоғалғандар 50 жастағы Өзбекстан азаматы және 20 жастағы Непал азаматы болуы мүмкін деген дерек таратқан. 31 қаңтарда 00:39 шамасында өртсөндірушілер жоғалғандардың бірінің денесін ғимараттың екінші қабатындағы баспалдақ маңынан тапқан. Қаза болған адамның жеке басы әзірге анықталмаған. Өрт 21 сағаттан кейін ғана, яғни 31 қаңтарда 12:08-де толық сөндірілген. Бұған құрылымдардың опырылуы және зауыт аумағында жанғыш материалдардың көп болуы кедергі келтірген. БАҚ жазуынша, Оңтүстік Корея билігі екінші жоғалған жұмысшыны іздеуді жалғастырып, өрттің шығу себептерін тексеріп жатыр. Tengrinews.kz редакциясы бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүгінді. Мақала жарияланған сәтте министрліктен әзірге жауап болмады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 23 адам қаза тапты Жапонияның солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерінде қалың қар жауып, салдарынан 18 адам қаза тауып, тағы 267 адам жарақат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Жапония үкіметі және шығын көлемін бағалап жатқан жауапты мекемелер 20 қаңтардан бері қаза тапқандар мен зардап шеккендердің ресми статистикасын жүргізіп отыр. Ал қардың екінші толқыны 25 қаңтарда жауған. Сонымен қатар, жапон БАҚ-тары қарға қатысты қайғылы оқиғалар жөнінде үзбей хабарлап отырады: қар тазалау кезінде болған жазатайым жағдайлар, шатырдан құлаған қар және тағы басқа. Мұндай жарияланымдарда көбіне "адам өлімінің нақты себебі белгісіз" деген ескерту айтылады. Егер кейіннен өлімнің қармен байланысы дәлелденсе, ол дерек ресми статистикаға енгізіледі. Агенттік деректеріне сүйенсек, былтыр 1 қарашада рекорд деңгейде жауған қар салдарынан 5 адам қаза болғаны ресми тіркелген. Осылайша, рекордтық қар жауу кезіндегі құрбандарды қоса есептегенде, қыс маусымы басталғалы бері өлімі ресми түрде қармен байланысты деп танылған адамдар саны 1 ақпандағы жағдай бойынша 23 адамға жеткен. Ал басқа бірқатар өлім-жітімнің ауа райы салдарымен байланысы әзірге ресми түрде расталмаған. Бір апта бұрын Аомори префектурасының солтүстік аймақтарына рекорд қардың екінші толқыны жауған. Мәселен, Хаккода тау жотасында қар қабаты 4,6 метрден асқан. Ал Хоккайдо аралының әкімшілік орталығы - Саппоро қаласында қар биіктігі 1,1 метрден жоғары болған. Қолайсыз ауа райы көлік қатынасын тұралатып, бірқатар бағыта пойыздар жүрмей қалған. Оның ішінде қаланы әуежаймен байланыстыратын учаскелер де бар. Соның салдарынан Син-Титосэ әуежайында жолаушылар көптеп жиналып, мыңдаған адам бірнеше күн бойы терминалда түнеуге мәжбүр болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Australian Open чемпионы Рыбакина қанша сыйақы алды? Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді. Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, 2026 жылғы Australian Open жекелей сындағы чемпионға берілетін жүлде - 4 млн 150 мың аустралия доллары, яғни салық ұсталғанға дейін 1 млрд 472 млн теңге. Ал финалға дейін жетіп, бірақ жеңіске жете алмаған ойыншы бұдан екі есе аз алады: 2 млн 150 мың аустралия доллары, немесе 763 млн теңге. Еске салайық, 2025 жылғы қарашада өткен WTA қорытынды турнирінде жеңіске жеткені үшін Елена Рыбакина 5 млн 235 мың доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Абай облысындағы колонияда бір тұтқын төбелестен кейін көз жұмды Абай облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде бір тұтқын өзімен бір камерада отырған адамды өлтіріп қойды. Оқиға туралы ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, екеуінің арасындағы жанжал қауіпсіздігі ең жоғары деңгейдегі мекемеде шыққан. "Кикілжің кезінде сотталғандардың бірі екіншісіне ауыр жарақат салған. Соның салдарынан жәбірленуші көз жұмды. Бұл дерек бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, тексеру жүргізіліп жатыр. Мекемедегі жағдай қалыпты", — деді КУИС өкілдері. Тергеу барысы комитет басшылығының тікелей бақылауында. Айта кетейік, былтыр Павлодарда колония басшысы болған бұрынғы қызметкер сотталды: оның қарауындағы мекемеде бір сотталған екі жыл бойы еркін жүріп-тұрып, интернет қолданған, моншаға барған, спортзалға жаттыққан, өзге тұтқындарды қабылдап, қызметкерлер асханасында дастарқан да жайғызған. Ал Түркістан облысында қатаң режимдегі колонияда бүлік ұйымдастырған сотталғандарға да үкім шықты. Сол бүлік кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен ҚАЖ департаментінің бір қызметкері жарақат алған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Күн жылиды: 1 ақпанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елдің солтүстігі мен орталығында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыста да көшпелі бұлтты, кей жерлерде қар, жаңбыр және көктайғақ болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста да көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, қар жаууы мүмкін, таңертең тұман түсуі ықтимал. Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 15–17 градус аяз, күндіз 3–5 градус аяз. Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы. Шымкент - көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Ауа температурасы түнде 1–3 градус жылы, күндіз 11–13 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Ауа температурасы түнде 1–3 градус жылы, күндіз 7–9 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 4–6 градус аяз, күндіз 2–4 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 7–9 градус аяз, күндіз 2–4 градус жылы. Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Ауа температурасы түнде 0–2 градус аяз, күндіз 6–8 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0–2 градус жылы, күндіз 5–7 градус жылы. Атырау - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Ауа температурасы түнде 3–5 градус аяз, күндіз 0–2 градус аяз. Орал - көшпелі бұлтты, қар, бұрқасын, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 6–8 градус аяз, күндіз 2–4 градус аяз. Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 11–13 градус аяз, күндіз 6–8 градус аяз. Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 13–15 градус аяз, күндіз 5–7 градус аяз. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10–12 градус аяз, күндіз 5–7 градус аяз. Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 8–10 градус аяз, күндіз 6–8 градус аяз. Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 17–19 градус аяз, күндіз 8–10 градус аяз. Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10–12 градус аяз, күндіз 7–9 градус аяз. Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 21–23 градус аяз, күндіз 10–12 градус аяз. Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 13–15 градус аяз, күндіз 3–5 градус аяз. Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 14–16 градус аяз, күндіз 3–5 градус аяз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында екінші рет Үлкен дулыға турнирін жеңіп алды. Australia Open финалында қазақстандық спортшы Беларусь өкілі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алғашқы сетте Қазақстанның әлемдік рейтингтегі 5-ракеткасы Рыбакина брейк жасады. Бірінші партияны ол 6:4 есебімен аяқтады. Екінші сетте ойын аяғына дейін тең өтті. Шешуші сетте Соболенко брейк жасап, 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен Рыбакина есепті теңестіріп қана қоймай, қатарынан бес гейм ұтып, алға шықты. Матч қорытындысы: 6:4; 4:6; 6:4 - Елена Рыбакинаның пайдасына. Еске салайық, Australia Open - 2026 жылғы Үлкен дулыға додаларының алғашқысы. Қазақстандық теннисші турнирді словениялық Кайя Юванды жеңуден бастап, кейін франциялық Варвара Грачёваны, чехиялық Тереза Валентовуды және бельгиялық Элизе Мертенсті ұтқан. Ширек финалда Рыбакина Польшаның екінші ракеткасы, "Ролан Гаррос" турнирінің төрт дүркін чемпионы Ига Швёнтёкті сенсациялық түрде ойсырата жеңді. Ал жартылай финалда АҚШ өкілі Джессика Пегуланы сенімді түрде ұтты. Айта кетейік, Рыбакина финалға дейін бірде-бір сет ұтылған жоқ. Елена Рыбакина 2023 жылы да Аустралиядағы Үлкен дулыға турнирінің финалына шыққан еді, алайда онда Арина Соболенкода үш сетте жол берген. 2022 жылы Рыбакина Уимблдонды жеңіп алса, 2025 жылғы қарашада WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Цифрлық тексеріс Қазақстандағы жалған өндірушілерді әшкереледі Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі цифрлық тексерістің нәтижелерін хабарлады. Оның көмегімен жалған өндіруші кәсіпорындар анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап. 2026 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша Мемлекеттік ақпараттық жүйе - "Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне" енгізу үшін 11 609 өтінім берілді. 457 субъектіден 2 556 өтінім кері қайтарылды, оның ішінде 41 компанияның 206 өтінімі төмен скорингке байланысты қабылданбады. Бүгін Тізілімде 605 субъектіден 2 671 өтінім тіркелген. Кейбір кәсіпорындардың өтінімдері өндірістік қызметтің расталған белгілерінің болмауына байланысты қабылданбады. Атап айтқанда, "SapAZ" ЖШС, "ДатаХимПром" ЖШС, "SamrukOrda" ЖШС, "Reemax" ЖШС, "Golden Way LTD" ЖШС, "Шебер" ҚОБ және "DD21" өкілдері ұсынған құжаттар мен бейнематериалдарда көрсетілген қызмет тәсілдері мен форматтары мәлімделген деректерге сәйкес келмеген. "Цифрлық верификация қазақстандық тауар өндіруші мәртебесінің формал түрде берілуіне жол бермейді. Тізілім тек құжаттар пакетін ғана емес, нақты өндірістік қызметтің бар-жоғын тіркейді", - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту және ішкі құндылықтар департаментінің директоры. Еске салайық, индустриялық сертификаттар негізінде бұрын өз мәртебесін растаған 1 924 кәсіпорын КТП тізіліміне автомат түрде енгізілді. КТП тізілімі қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растаудың бірыңғай цифрлық жүйесін қалыптастырып, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және мәртебенің формалды түрде берілуін болдырмауға бағытталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлытау облысында немересіне алданған 90 жастағы әже баспанасыз қалуы мүмкін Ұлытау облысында 90 жастағы тыл еңбеккері жалғыз баспанасынан айырылып қалуы мүмкін. Ол үйді марқұм жұбайымен бірге салған, алайда баспана немересінің атына рәсімделіп кеткен. Туыстарының айтуынша, қарт әйелдің сыйға тарту шартына қол қойып жатқанын білмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңаарқа кентіндегі мектепте 40 жыл кітапханашы болып жұмыс істеген, жұбайымен бірге алты бала тәрбиелеп өсірген Шарбан Рысмағанбетова ауыр жағдайға тап болған. Отбасы тұрған үй немересінің атына рәсімделген. Бұл оқиғаны зейнеткердің қызы Салтанат Рысмағанбетова Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Салтанаттың айтуынша, 2025 жылғы мамырда зейнеткердің немересі - үлкен ұлының қызы - Жаңаарқаға тосын жерден келген. Туыстарының сөзінше, ол 30 жыл бойы әжесіне бір рет те келмеген, қызықпаған. Бір ай ішінде немере қарт әйелге бірнеше рет келіп, үйді өз атына рәсімдеуге үгіттеген. "Ол келіп, әжені құшақтап, еркелеп, қатты жақсы көретінін, бірге тұрғысы келетінін айтқан. Егер үйді өзіне рәсімдесе, көшіп келіп, қарап, көмектесемін деп уәде берген. Бұл үйді ата-анам бірнеше жыл бойы зейнетақыларын жинап, өз күшімен салған", - дейді Салтанат Рысмағанбетова. Ақыры, туыстарының айтуынша, немере зейнеткерді үйді өзіне мұра ретінде рәсімдеуге көндірген. Алайда оны алдап нотариусқа апарып, сол жерде сыйға тарту шарты жасалған. Балаларының айтуынша, 90 жастағы Шарбан Рысмағанбетова нашар естиді, көзілдіріксіз оқи алмайды және қол қойып жатқан құжаттың құқықтық салдарын түсінбеген. Туыстарының сөзінше, келісімшарттың мазмұны оған дауыстап оқылмаған әрі қолына көшірмесі де берілмеген. Меншік құқығын алғаннан кейін, туыстарының айтуынша, немере Астанаға кетіп, қайта келмеген. Кейін зейнеткер үйдің сатылымға қойылғанын білген. Үйдің өзіне тиесілі емес екенін білген соң, қарт әйелдің денсаулығы күрт нашарлаған. Жасы ұлғайғанына қарамастан, ол Астанаға барып, немересімен келісуге және баспананы қайтарып алуға тырысқан, алайда немересі бас тартқан. Сондай-ақ, ол нотариуске сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы өтініш жасаған, бірақ тағы да бас тартылған. Осыдан кейін зейнеткер полицияға арыз жазып, оған сотқа жүгінуге кеңес берілген. Алайда Шарбан Рысмағанбетова істен ұтылған: 2025 жылғы қарашада Жаңаарқа аудандық соты шартты жарамсыз деп танудан бас тартқан. Зейнеткердің өкілдері істің үстірт қаралғанын, мән-жайлар толық зерттелмей, куәлар тыңдалмағанын айтады. Сот шешімінен кейін, отбасының сөзінше, немере Жаңаарқаға келіп, өзін меншік иесі ретінде көрсетіп, әжесінен үйді босатуды талап еткен. "Біз бәрін тым кеш білдік. Білген соң адвокаттар жалдап, бірінші сатыдағы сот шешімін қайта қаратуға тырысып жатырмыз. Өйткені анам шын мәнінде алданды. Немересі оны көзілдіріксіз әрі есту аппаратынсыз нотариусқа апарған, ал нотариус бұл мұрагерлік емес, сыйға тарту шарты екенін түсіндірмеген. Немересі үйді сатқысы келеді. Мұнда мәселе ақшада емес, анамның далада қалмауында", - дейді Салтанат. Ол үйге өзі таласпайтынын, мәселе тек әділдік пен анасының құқығын қорғау екенін атап өтті. Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ширин Әмірғалиева бұл істе елеулі құқықбұзушылық белгілері бар деп есептейді. "Менің ойымша, бұл мәміле заңсыз. Ол әжені алдау арқылы, оның осал жағдайы мен денсаулығын пайдаланып жасалған. Сонымен қатар, бұл мәміле жалған сипатта жасалған", - деді адвокат. Оның айтуынша, үй нақты сыйланбаған: зейнеткер сол үйде тұра берген, кілтті тапсырмаған және үйдің барлық шығынын өзі көтерген. "Оның үйден бас тарту ниеті болмаған. Ол мұрагерлік рәсімдеп жатырмын деп шын ниетпен қателескен. Бұл еркін әрі саналы түрде жасалған сый емес", - дейді Ширин Әмірғалиева. Адвокат мұндай жағдайларда тек сотқа жүгініп қоймай, әсіресе қарт адамдарға қатысты ықтимал алаяқтық дерегі бойынша полицияда арыз тіркеуге қол жеткізу қажет екенін атап өтті. Tengrinews.kz редакциясы зейнеткердің немересімен байланысып, оның ұстанымын білмек болған, алайда материал жарияланған сәтке дейін бұл мүмкін болмаған. Қазір Ұлытау облыстық сотында осы іс бойынша апелляциялық алқа отырыстары өтіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ауруханаларда дабыл құрылғысы неге әлі күнге дейін іске қосылмаған? Қазақстанда жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлерін бейнежетондармен, ал ауруханаларды дабыл құрылғысымен жабдықтау туралы бастама 2025 жылдың жазында жарияланған еді. Алайда арада жарты жыл өтсе де, бұл жобалардың басым бөлігі әлі де дайындық кезеңінен жылжымай отыр. Медицина қызметкерлерінің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі мәселесі Жаңаөзенде дәрігердің өлімінен кейін қайтадан қызу талқылана бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңаөзенде ауруханада 29 жастағы терапевт дәрігер пышақ жарақатынан қаза тапқан еді. Полиция алдын ала мәлімет бойынша ер адамдар арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық себеппен туындағанын және марқұмның кәсіби қызметіне қатысы жоқ екенін айтқанымен, бұл оқиға көп нәрсені аңғартты. Дәрігерлер "медициналық мекемеде адамның өміріне қол сұғылып, оны өлтіріп кетуі мүмкін бе?" деген сұрақты көтеріп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі қандай уәде берген еді? 2025 жылғы маусымда Қарағандыда ер адамның екі дәрігерге шабуылынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардағы күзетті күшейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Онда медмекемелерге бейнебақылау жүйелерін енгізу, кіруді бақылау (қолжетімділік бақылауы) орнату, дабыл құрылғысын қою және талдамалық бейнебақылауды енгізу, сондай-ақ жедел жәрдемнің дәрігерлері мен фельдшерлерін бейнежетондармен жабдықтау жоспарланғаны айтылды. Қыркүйекте науқастардың дәрігерлерге шабуыл жасауына қатысты бірқатар даулы оқиғадан кейін денсаулық сақтау министрі Акмарал Әлназарова дәрігерлердің мәртебесі мен қауіпсіздігін арттыру шаралары туралы айтып, оның ішінде қайтадан бейнежетондар мен тіркеу құрылғылары (регистраторлар) тақырыбын көтерді. Ал желтоқсанда министрлік тағы да 2,1 мыңнан астам фельдшерді 3,6 мың бейнежетонмен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарға жасанды интеллект талдауы бар бейнебақылау жүйелерін енгізу және 636 қабылдау бөлімшесіне дабыл түймелерін орнату жоспары бар екенін хабарлады. Іске асыру мерзімі және дайындық барысы қалай? Дегенмен министрлік бейнежетондарды сатып алу әлі жоспарлау сатысында екенін айтқан. Қазір қаржылық-экономикалық есептеулер жүргізіліп жатыр. "Жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін бейнежетондармен жабдықтау бір жедел жәрдем бригадасына екі бейнежетон есебімен жоспарланып отыр", - деп нақтылады министрлік. Сатып алуды жергілікті әкімдіктер жүзеге асырады. Бұл үшін нақты қанша қаражат қажет болатыны да әзірге анықталмаған. "Жедел жәрдемнің барлық бригадасын бейнежетондармен толық жабдықтауды 2026 жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр", - делінген жауапта. Дабыл құрылғысына қатысты жағдай да осыған ұқсас. Министрлік медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелеріне шұғыл шақыру жүйелерін орнатуды да 2026 жылға жоспарлап отырғанын хабарлады. "Шұғыл шақыру жүйелерін жеткізу және монтаждау бойынша конкурс рәсімдерін бастау бюджет бекітіліп, жобалық-сметалық құжаттама дайындалғаннан кейін жоспарланып отыр", - деп көрсетілген хабарламада. Қабылдау бөлімшелерін жабдықтаумен де әкімдіктер айналысады. Дабыл құрылғыларын орнату құны конкурс нәтижелері бойынша анықталмақ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Кевиннің анасы“: аңызға айналған голливуд актрисасы көз жұмды "Үйде жалғыз қалғанда" ("Один дома") фильміндегі басты кейіпкердің анасын сомдаған канада-америкалық актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz тілшісі TMZ порталына сілтеме жасап. "Аңызға айналған голливуд актрисасы жұма күні көз жұмды... Өлімнің нақты себебі әзірге белгісіз", - делінген жазбада. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Entertainment Tonight (@entertainmenttonight) О’Хара мансабын 1970-жылдары бастап, телешоуларда да, кинода да түскен. Көпшілікке ол ең алдымен "Один дома" комедиясындағы басты кейіпкер Кевиннің анасы Кейт рөлі арқылы кеңінен танылды. Сонымен қатар, О’Хара дубляж актері ретінде де танылған: өзге де жобалардың қатарында ол "Ночь перед Рождеством", "Цыпленок Цыпа", "Лесная братва", "Дом-монстр" және "Братец медвежонок" мультфильмдеріндегі кейіпкерлерді дыбыстаған. Актриса "Золотой глобус" (2021), "Эмми" (1982, 2020) және АҚШ Киноактерлер гильдиясының сыйлығы (2021, екі мәрте) сияқты марапаттарға ие болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы барлық балаға 130 доллардан аударылды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларға кезекті нысаналы төлемдер есептелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазады. Таратылған хабарламаға сәйкес, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылғы қорытындысы бойынша әрбір баланың шотына 130,71 АҚШ доллары есептелген. 2025 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 918 656 бала болды. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылды. 2024 жылы әр балаға есептелген сома 100,52 АҚШ доллар болған. 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелген. Ұлттық банкте балаларға есептелетін қаражат жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұзақ мерзімді инвестициялық кірісінің жартысы есебінен қалыптасатынын және бұл тікелей қордың валюталық активтерінің көлеміне байланысты екенін еске салды. Сонымен қатар, алдыңғы жылдары балалардың шоттарына есептелген қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың портфелінде инвестициялануын жалғастырып, қосымша табыс әкеледі. Бағдарлама іске асқан 3 жыл ішінде (инвестициялық табысты қоса есептегенде) бір балаға шаққандағы жалпы жинақталған сома - 370,56 АҚШ доллар. Тиісті ақпарат 31 қаңтарда eGov mobile мобильді қосымшасында және kids.enpf.kz сайтында қолжетімді болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстау облысында ер адам жеті баласының анасын өлтірді деген күдікке ілінді Маңғыстау облысында пышақ жарақатынан 44 жастағы әйел қаза тапты. Оның артында жеті баласы қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтарда Жаңаөзенде болған. Қылмыс жасады деген күдік марқұмның күйеуіне түсіп отыр. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ерлі-зайыптының арасында тұрмыстық жағдайға байланысты жанжал шығып, ол қайғылы жағдаймен аяқталғаны алдын ала анықталды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа Конституция жобасында Қазақстан азаматтығына қатысты өзгерістер бар Жарияланған Конституция жобасында Қазақстан азаматтығына қатысты өзгерістер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, "азаматтықтан айыру тек сот шешімімен, терроризм қылмыстарын жасағаны үшін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін ғана жол беріледі". Бұл норма Негізгі заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген. Осы баптың 3-тармағына сәйкес, "Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығы танылмайды". Қолданыстағы Конституция / akorda.kz сайтынан скриншот Не ұсынылды? Жаңа Конституция жобасында азаматтық мәселесі 12-бапқа енгізілген. Алғашқы екі тармақ қолданыстағы Конституциядағы мәтінмен бірдей, ал 3-тармақты мынадай редакцияда беру ұсынылады: "Қазақстан Республикасының азаматы қосарланған немесе көп азаматтыққа ие бола алмайды. Өзге азаматтықтың болуы - Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз". Яғни жоба мәтінінде қосарланған және көп азаматтыққа тыйым нақты бекітіліп, басқа азаматтықтың бар болуының өзі Қазақстан азаматтығын тоқтатуға ресми негіз ретінде айқындалған. Жаңа Конституция жобасы Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО әкімі өңірдегі шенеуніктердің ұсталуына қатысты пікір білдірді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі екі басқарманың басшылары сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап. Бұған дейін ҰҚК-нің баспасөз қызметі ШҚО бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мен білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қамауға алынғанын хабарлаған еді. Олар пара алды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. "Ашығын айтайын: Шнайдеров көпірі құлағаннан кейін (2025 жылғы 1 қыркүйек - ред.) мен құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен арнайы кеңес өткіздім. Құқық қорғау органдарына тиісті тапсырма бердім, автомобиль жолдары мен көлік саласында жан-жақты тексеру жүргізуді, соның ішінде сыбайлас жемқорлық мәселесіне ерекше көңіл бөлуді тапсырдым. Тексеру барысында қосымша жедел іс-шаралар аясында басқарма басшысы ұсталды. Ол бірден қызметінен босатылды. Қазір тексеру шаралары жүріп жатыр, сот өз шешімін дер кезінде шығарады", - деді Сақтағанов. Әкім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың алдына қойған басты міндеттердің бірі - сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік қағидаты екенін еске салды. "Бұл - біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі. Сондықтан жеке қалтасының қамын мемлекеттің мүддесімен шатастыратындармен сөзіміз қысқа, жолымыз бөлек", - деп өңір басшысы сөзін түйіндеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды Жаңа Конституцияның жобалық мәтіні жарияланды. Кеше оның негізгі ережелері Конституциялық комиссияның алтыншы отырысында таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа Конституция жобасын Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды. Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституцияның алғашқы жобасы кіріспеден (преамбуладан), 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. "Конституцияның преамбуласы толық жаңартылды. Онда елдің өткенін дәріптейтін әрі бүгінгісі мен болашағына бағыт-бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапқан. Жоба мәтінінде Қазақстан Республикасы қызметінің жаңа іргелі қағидаттары бекітілді", - деді Бақыт Нұрмұханов. Ол алғашқы бөлім - "Конституциялық құрылыстың негіздері" - мемлекеттің ұйымдасуын айқындайтын түбегейлі тұжырымдарды қамтитынын, сондай-ақ, елдің егемендігі мен дербестігін нығайтуға бағытталған нормалар енгізілгенін түсіндірді. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып, табиғатты аялау қажеттігін мойындап, бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз. І бөлім Конституциялық құрылыс негіздері 1-бап Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 2-бап 1. Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика. 2. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, бөлінбеуін, оған қол сұғылмауын қамтамасыз етеді. 3. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы конституциялық заңда айқындалады. 4. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы. Елорда мәртебесі заңда айқындалады. 5. Қазақстан Республикасы мен Қазақстан атауларының мәні бірдей. 6. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді. 3-бап 1. Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары: Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті бекемдеу; халықтың әл-ауқатын арттыру; жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын орнықтыру; қоғамдық диалогты дамыту; еңбексүйгіштік, прогресс, білім құндылықтарын бекіту; жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау; төл мәдениетті қолдау. 2. Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды. 4-бап 1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі – Қазақстан халқы. 2. Халық билікті жалпыхалықтық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей жүргізеді, сондай-ақ өз билігін мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кету заңмен қудаланады. Халық пен мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Президенті, сондай-ақ конституциялық өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының Құрылтайы әрекет етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттік шегінде мемлекет атынан әрекет етеді. 4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік біртұтас және ол заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөліну, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес Конституция мен заңдар негізінде жүзеге асырылады. 5-бап 1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы – Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарт міндеттемелерінің нормалары. 2. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылады. 3. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарды қолдану тәртібі заңдарда айқындалады. 4. Барлық заңдар мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы – оларды қолданудың міндетті шарты. 5. Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күші болмайды. Жаңа заң бұрын жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін болса, жаңа заң қолданылады. 6. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің экономикасын қарқынды дамыту мақсатында конституциялық заңдарға сәйкес қаржы саласына қатысты арнаулы құқықтық режим немесе «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимі белгіленуі мүмкін. Осы арнаулы құқықтық режимдер мемлекеттік басқару, сот жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін көздеуі мүмкін. 6-бап 1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әралуандық танылады. Мемлекеттік органда саяси партия ұйымын құруға жол берілмейді. 2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең. Мемлекеттің қоғамдық бірлестік ісіне, ал қоғамдық бірлестіктің мемлекет ісіне заңсыз араласуына және қоғамдық бірлестікке мемлекеттік орган функцияларын жүктеуге жол берілмейді. 3. Мақсаты немесе әрекеті конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын және қоғамдық тәртіпті бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестік құруға және оның қызметіне, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген жасақ құруға тыйым салынады. 4. Басқа мемлекеттің саяси партиясы мен кәсіптік одағының, діни негіздегі саяси партияның қызметіне жол берілмейді, сондай-ақ саяси партия мен кәсіптік одақты шетелдік заңды тұлғаның, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаның, шет мемлекет пен халықаралық ұйымның қаржыландыруына жол берілмейді. 5. Коммерциялық емес ұйымның шет мемлекеттен, халықаралық және шетелдік заңды тұлғадан, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамнан алатын ақша қаражатының қозғалысы және активтері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. 7-бап 1. Дін мемлекеттен бөлек. 2. Қазақстан аумағында діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылады және ол конституциялық құрылыс негіздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығын және қоғамның адамгершілік болмысын қорғау мақсатында шектелуі мүмкін. 8-бап 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және тең қорғалады. 2. Меншікті пайдалану қоғам мен мемлекет игілігіне қызмет етуге, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге, басқа тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелері құқықтарының көлемі мен шегі, оларды қорғау кепілдіктері заңда айқындалады. 3. Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. 9-бап 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет біртұтас Қазақстан халқының тілдерін үйрену және дамыту үшін жағдай жасауға қолдау көрсетеді. 10-бап Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын құрметтейді, мүдделі мемлекеттермен бейбітшілік пен ынтымақтастықты, олардың ішкі ісіне араласпауды, халықаралық дауды бейбіт жолмен шешуді көздейтін сыртқы саясат жүргізеді. 11-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран. Олардың сипаттамасы және пайдалану тәртібі конституциялық заңда белгіленеді. II бөлім Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер 12-бап 1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріледі және тоқтатылады, ол берілген негізіне қарамастан бiрыңғай және тең. 2. Қазақстан Республикасының азаматын өз азаматтығынан айыруға, азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерге аластатуға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыс жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін сот шешімімен ғана жол беріледі. 3. Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтығы болуына жол берілмейді. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз болады. 13-бап 1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматы шет мемлекетке берілмейді. 2. Қазақстан Республикасы өз азаматтарын ел аумағынан тыс жерде заңға сәйкес қорғауға кепiлдiк бередi. 14-бап 1. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан тиесілі, олар абсолютті және олардан ешкiм айыра алмайды. 3. Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен мiндеттері бар. 4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда көзделген жағдайда шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының азаматы үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттерді атқарады. 5. Құқықтар мен бостандықтарды іске асыру басқа тұлғаның құқықтарын бұзбауға және бостандықтарын шектемеуге тиiс, конституциялық құрылыс негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтiрмеуге тиiс. 15-бап 1. Әр адамның құқық субъектiсi ретiнде танылуға құқығы бар. Әр адам құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлмен, оның ішінде қажетті қорғаныс арқылы қорғауға құқылы. 2. Әр адамның өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. 3. Қазақстан Республикасында заңға сәйкес біліктi заң көмегін алу құқығы танылады. 16-бап 1. Заң мен сот алдында бәрi тең. 2. Қазақстан Республикасының азаматын, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсiтуге болмайды. 17-бап 1. Өмір сүру құқығы – әр адамның абсолютті және ажырамас құқығы. 2. Ешкімнің өз бетімен адам өмірін қиюға құқығы жоқ. 3. Өлім жазасына тыйым салынған. 18-бап 1. Әр адамға жеке басына тиіспеу құқығына және жеке бас бостандығы құқығына кепілдік беріледі. 2. Сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды. Күзетпен ұстауға сот шешімімен ғана рұқсат етіледі және оған шағым жасау құқығы беріледі. 3. Әр адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негізі мен құқықтары түсіндіріледі. 4. Ұсталған адамның, күдіктінің, айыпталушының тиісінше ұсталған, күдікті ретінде танылған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокат (қорғаушы) көмегiн пайдалануға құқығы бар. 19-бап 1. Заңды күшіне енген сот үкімімен адамды кінәлі деп танымайынша, ол жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі емес деп саналады. 2. Ешкім өз-өзіне, жұбайына (зайыбына) және заңда айқындалған жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп, сырын ашқан адамдарға қарсы куәлік етуге міндетті емес. 3. Адамды дәл сол құқық бұзушылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа қайта тартуға тыйым салынады. 20-бап 1. Адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне тиісуге болмайды және олар заңмен қорғалады. 2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа да қатыгездiк көрсетіп немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлап жәбiрлеуге және жазалауға болмайды. 21-бап 1. Жеке өмірге қол сұқпау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі. 2. Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдарының, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады. Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен ғана жол беріледі. 3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әр адамға өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжатпен, шешiммен және ақпарат көзiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 22-бап 1. Әр адам өзiнiң қай ұлтқа жататынын айқындауға, оны көрсетуге не көрсетпеуге құқылы. 2. Әр адамның ана тілі мен төл мәдениетiн қолдануға, қарым-қатынас жасау, тәрбие беру, оқу мен шығармашылық тілін еркiн таңдауға құқығы бар. 23-бап 1. Сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне кепiлдiк берiледi. 2. Зияткерлік меншік заңмен қорғалады. 3. Мемлекеттік құпияларды қоспағанда, еркін ақпарат алу және тарату құқығы заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен іске асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер тізбесі заңда айқындалады. 4. Сөз еркіндігі және ақпарат тарату басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс. 5. Цензураға тыйым салынады. 6. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумақтық тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттауға, сондай-ақ арандату әрекетіне және оған шақыруға жол берілмейді. 24-бап 1. Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жүрген әр адамның ел аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жерін еркін таңдауға құқығы бар. 2. Әр адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен жол беріледі. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына кедергiсiз оралуға құқығы бар. 25-бап 1. Әр адамның ар-ождан бостандығына құқығы бар. 2. Ар-ождан бостандығы құқығын пайдалану жалпыадамзат пен азамат құқықтарын, мемлекет алдындағы мiндеттерді шектемеуге тиіс. 26-бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлестік құру бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бiрлестiк қызметi заңмен реттеледi. 2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының және өзге де соттарының төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, құқық қорғау органы және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері мен жұмыскерлері, әскери қызметшілер саяси партия мен кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияны немесе қоғамдық-саяси қозғалысты қолдауға не сыни пікір білдіруге құқылы емес. 27-бап 1. Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Мәжбүрлі еңбекке тартуға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін адамды кінәлі деп тану туралы сот актісінің негізінде, не төтенше жағдайда, не соғыс жағдайында ғана жол беріледі. 2. Қазақстан Республикасы қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайлары құқығына, еңбегi үшiн қандай да бiр кемсiтусiз сыйақы алу, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтiк қорғалу құқығына кепілдік береді. 3. Заңда белгіленген тәсiлдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы танылады. 4. Тынығу, жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыс және мереке күндерi, ақы төленетін демалыс құқығына заңмен кепiлдiк беріледi. 28-бап 1. Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртiппен жол берiледi. 2. Қазақстан Республикасында өз азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың заңда көрсетiлген санаттарына баспана заңда белгіленген нормаларға сәйкес берiледi. 29-бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды түрде алған кез келген мүлкіне жеке меншiк құқығы болады. 2. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдік беріледі. 3. Сот шешiмiнсiз ешкiмдi өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген айрықша жағдайда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiкті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға оның тең құны өтелген кезде жол беріледі. 4. Қазақстан Республикасы кәсiпкерлiк қызмет бостандығы құқығына, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалану құқығына кепілдік береді. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi немесе шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. 30-бап 1. Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады. 2. Неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы. 3. Балаға қамқорлық жасау және тәрбие беру ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. 4. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсызата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi. 31-бап 1. Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне кепiлдiк берiледi, сондай-ақ жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және өзге де заңды негiз бойынша әлеуметтiк қамсыздандыруға кепiлдiк берiледi. 2. Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де үлгілерін және қайырымдылық жасау қолдау табады. 32-бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының азаматтары ақы төлемей, заңда белгiленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы. 3. Мемлекеттік және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңда белгiленген негiзде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 33-бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей бастауыш және орта білім алуына кепiлдiк берiледi. Бастауыш және орта білім мiндеттi. 2. Қазақстан Республикасы азаматының заңға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негiзінде жоғары білім алуға құқығы бар. 3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңда белгiленген негiзде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 4. Мемлекет білім берудiң жалпыға мiндеттi стандарттарын белгiлейдi. Барлық оқу орнының қызметi осы стандарттарға сәйкес келуге тиіс. 5. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие. 34-бап 1. Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті. 2. Мемлекет адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді. 3. Адам өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн фактілерді, мән-жайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа алып келеді. 35-бап Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбiт жиналыс, митинг, демонстрация өткізуге құқығы бар. Бұл құқықты пайдалану конституциялық құрылыс негіздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында шектелуі мүмкін. 36-бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына өзі жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiш жолдауға құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар. 3. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға, жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ. 4. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кiруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар заңға сәйкес лауазымдық мiндетіне ғана қатысты болады. 37-бап 1. Әр адам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi. 2. Әр адам Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге мiндеттi. 38-бап Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу – әр адамның борышы мен мiндетi. 39-бап 1. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиеттi парызы мен мiндетi. 2. Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті заңда белгiленген түрде және көзделген тәртiппен өткереді. 40-бап Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi. 41-бап 1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылыс негіздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында тек заңмен және қажетті шамада ғана шектелуi мүмкiн. 2. Этносаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады. 3. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси себептермен кез келген шектеуге жол берілмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 15 – 17, 20, 22, 25-баптарында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда шектелмеуге тиіс. III бөлім Президент 42-бап 1. Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, Қазақстан атынан ел ішінде және халықаралық қатынастарда өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. 2. Қазақстан Республикасының Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. 3. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін, билік органдарының біртұтас Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. 43-бап 1. Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алмайды. 2. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын, жоғары білімі бар және мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымда кемінде бес жыл жұмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі және Қазақстан Республикасы Құрылтайының жаңа құрамын сайлау мерзімімен тұспа-тұс келмеуге тиіс. 4. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астам дауысын алған кандидат сайланды деп саналады. Кандидаттардың ешқайсысы елу пайыздан астам дауыс санын ала алмаса, ең көп дауыс санын алған екі кандидат қайта дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс санын алған кандидат сайланды деп саналады. 5. Осы баптың 1-тармағының ережелері өзгермейді. 44-бап 1. Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, өзіме жүктелген Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. 2. Ант беру сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерінің, сондай-ақ қоғам өкілдері мен шақырылған шетел азаматтарының қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 51-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе лауазымынан кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде ант береді. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Қызметінен кетірілгендерден басқа, Қазақстан Республикасының барлық бұрынғы Президенттерінің Қазақстан Республикасының экс-Президенті атағы болады. 45-бап 1. Қазақстан Республикасының Президенті өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес. 2. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуға құқылы емес. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметші лауазымында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшы лауазымында болуға құқылы емес. 46-бап Қазақстан Республикасының Президенті: 1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдау жасайды; 2) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындайды; Қазақстан Республикасының Вице-Президентін лауазымынан босатады, оның өкілеттігін айқындайды. Құрылтай Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады; 3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Құрылтайдың бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақырады; Құрылтай ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді немесе заңды не оның жекелеген баптарын қайта талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; 4) Құрылтайда өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациядан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кандидатурасын келісім беру үшін Құрылтайдың қарауына ұсынады; депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындайды; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін лауазымынан босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкімет құрылымын айқындайды; Құрылтаймен консультациядан кейін Премьер-Министр ұсынған Үкімет мүшелерін тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін лауазымынан босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді. Құрылтай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады; 5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындайды және оларды лауазымынан босатады; 6) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын тағайындайды және лауазымынан босатады; 7) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдік басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады; 8) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Конституциялық Соттың он судьясын сегіз жыл мерзімге, Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін бес жыл мерзімге, Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды; оларды лауазымынан босатады. Құрылтай Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады; 9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және лауазымынан босатады; 10) жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды; 11) адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің Егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін Конституциялық Сотқа күшіне енген заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы өтініш жібереді; 12) Қазақстан Республикасының атынан келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды; ратификациялық грамоталарға қол қояды; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, сондай-ақ халықаралық ұйым басшыларының сенім және кері шақыру грамоталарын қабылдайды; 13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын, құрметті атақтарды белгілейді; 14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті атақтарды, жоғары әскери атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді; 15) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселесін, саяси баспана беру мәселесін шешеді; 16) кешірім беруді жүзеге асырады; 17) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, ішкі саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне тікелей қатер төнсе және бұл мемлекеттік конституциялық органдардың жұмыс істеуін бұзуға алып келсе, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Құрылтайының Төрағасымен ресми консультациядан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе жекелеген аймақтарында төтенше жағдай енгізуді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, осы мән-жайлар талап ететін шараларды қабылдайды; 18) Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген аймақтарында әскери жағдай енгізеді, ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына дереу хабарлайды; 19) өзіне бағынатын Мемлекеттік күзет қызметін құрады; 20) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін құрады; 21) Қауіпсіздік Кеңесін, өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесін құрады; 22) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 47-бап 1. Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, ол уақытша болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының конституциялық заң күші немесе заң күші бар жарлықтар шығарады. 3. Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін заңдарға Құрылтай Төрағасы мен Премьер-Министр алдын ала қол қояды және оларға заңдардың Конституция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауаптылық жүктеледі. Үкімет бастамасымен шығарылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне Премьер-Министр алдын ала қол қояды және оған актілердің Конституция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауаптылық жүктеледі. 48-бап 1. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиісуге болмайды. Мемлекетке опасыздық жасауды қоспағанда, Президент өкілеттігін атқару барысындағы әрекеті үшін Қазақстан Республикасының Президенті қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. 2. Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, қызмет көрсету және күзету мемлекет есебінен жүзеге асырылады. 3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-Президенттеріне де қолданылады. 49-бап 1. Қазақстан Республикасының Вице-Президентін депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. 2. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес. 3. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуға құқылы емес. 4. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен халықаралық аренада Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді; 2) Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өкілдік етеді; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды; 4) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 50-бап 1. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш беру арқылы өз еркімен орнынан түсуге құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты бұл өтінішті Қазақстан Республикасы Президентінің өзі және өз еркімен бергенін растайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты қорытынды берген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне байланысты лауазымынан босатылды деп саналады. 2. Қазақстан Республикасының Президенті денсаулығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда мерзімінен бұрын лауазымынан босатылуы мүмкін. Бұл жағдайда Құрылтай депутаттардан және медицинаның тиісті салаларындағы мамандардан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешімді Құрылтай отырысында депутаттардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысымен комиссияның қорытындысы және конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Сот қорытындысы негізінде қабылдайды. 3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі әрекеті үшін мемлекетке опасыздық жасағанда ғана жауапты болады және бұл үшін Құрылтай оны қызметінен кетіруі мүмкін. Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу және оны тергеп-тексеру туралы бастаманы Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірі ұсынады. Бұл мәселе бойынша шешімді Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдайды. Құрылтай тағылған айыпты тергеп-тексеруді ұйымдастырады және оның нәтижелері Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Құрылтай отырысының қарауына шығарылады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім Жоғарғы Соттың айып тағудың негізділігі туралы қорытындысы және Конституциялық Соттың белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы болған жағдайда Құрылтай отырысында депутаттардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысымен қабылданады. Айып тағылған сәттен бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылданбаса, Қазақстан Республикасының Президентіне қарсы тағылған айып қабылданбады деп саналады. Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың кез келген сатыда қабылданбауы осы мәселені қарауға бастамашы болған Құрылтай депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға алып келеді. 4. Қазақстан Республикасының Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе Құрылтайдың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін қарау кезеңінде ұсынылмайды. 51-бап 1. Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кетірілуіне байланысты лауазымынан мерзімінен бұрын босатылған, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне өтеді; Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің денсаулық жағдайына немесе жеке сипаттағы өзге де себептерге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасына өтеді; Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының қабылдауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне өтеді. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы өтініш береді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы тұлғаның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті өз еркімен бергенін растайды және тиісті қорытынды береді. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Вице-Президент, Құрылтай Төрағасы, Премьер-Министр өкілеттігін доғарады. Бұл жағдайда бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кетірілуіне байланысты лауазымынан мерзімінен бұрын босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының Құрылтайы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы жариялайды. Сайлау Қазақстан Республикасының Құрылтайы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. 3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасауға, сондай-ақ Құрылтайды таратуға құқылы емес. IV бөлім Құрылтай 52-бап 1. Қазақстан Республикасының Құрылтайы – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi орган. 2. Құрылтайдың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған Құрылтайдың бірінші сессиясы жұмысын бастаған кезде аяқталады. 3. Құрылтайдың өкілеттігі Конституцияда көзделген жағдайда және онда белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. 4. Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңда айқындалады. 53-бап 1. Құрылтай конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйесі негізінде сайланатын бір жүз қырық бес депутаттан тұрады. 2. Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. 54-бап 1. Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Құрылтай депутаттарының кезекті сайлауы жұмыс істеп тұрған Құрылтай шақырылымының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. 2. Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауы Құрылтайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. 3. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан, жиырма бес жасқа толған адам Құрылтай депутаты бола алады. 4. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі. 5. Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант береді. 55-бап 1. Құрылтай депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Құрылтайда депутаттың жеке өзі дауыс береді. Депутат Құрылтай мен оның органдарының отырыстарына дәлелді себепсіз үш реттен артық қатыспаса, сол сияқты дауыс беру құқығын басқаға берсе, бұл заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға алып келеді. 2. Құрылтай депутаты басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес. Осы талаптарды бұзу депутаттың өкілеттігін тоқтатуға алып келеді. 3. Құрылтай депутатын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға не қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 4. Құрылтай депутатының өкілеттігі депутат орнынан түскен, қайтыс болған, заңды күшіне енген сот шешімімен әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайда тоқтатылады. Құрылтай депутаты: 1) Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен; 2) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған; 4) өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған; 5) өзін сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде мандатынан айырылады. Құрылтай депутаттарының өкілеттігі Құрылтай таратылған жағдайда тоқтатылады. 5. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 2-тармағының талаптарын және депутаттық этика қағидаларын сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және депутатқа тиіспеу кепілдігінен айыруға байланысты мәселелерді дайындау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі. 56-бап Құрылтай: 1) конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдайды; 2) Қазақстан Республикасының Президенті қарсылық білдірген заңдарды немесе заң баптарын қарсылық жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайта талқылап, дауысқа салады. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Құрылтай конституциялық заңдар немесе конституциялық заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының төрттен үшінің дауысымен, ал заңдар немесе заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға және заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң және заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп саналады; 3) соғыс және бітім мәселелерін шешеді; 4) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы шешім қабылдайды; 5) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялайды; 6) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді; 7) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім береді; 8) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім береді; 9) Президенттің Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін тағайындауына Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен келісім береді; 10) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлайды және лауазымынан босатады, олардың антын қабылдайды; 11) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Жоғарғы Сотының судьяларын тиіспеу кепілдігінен айырады; 12) Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуы бойынша Құрылтай депутатын тиіспеу кепілдігінен айыру мәселелерін шешеді; 13) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасымен Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы; 14) Конституциялық Соттың Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды; 15) жылына екі рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін тыңдайды; 16) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды және бекітеді. Құрылтайдың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін бекітпеуі Құрылтайдың Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруі деп саналады; 17) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің өз қызметі жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдары орындалмаған жағдайда есепті тыңдау қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен Қазақстан Республикасының Президентіне Үкімет мүшесін лауазымынан босату туралы өтініш қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет мүшесін лауазымынан босатады; 18) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тыңдау өткізеді; 19) өз қызметінің регламентін және Құрылтайдың жұмысын ұйымдастыруға, ішкі тәртіптемесіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешім қабылдайды; 20) Құрылтайдың үйлестіру органын және жұмыс органдарын құрады; 21) Құрылтай комиссияларын құрады, төрағаларын сайлайды және лауазымынан босатады, комиссиялардың қызметі туралы есепті тыңдайды; 22) Құрылтайға Конституцияда жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 57-бап 1. Құрылтайды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған Төраға басқарады. Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады. 2. Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда Құрылтай Төрағасы лауазымынан кері шақырылуы, сондай-ақ орнынан түсуі мүмкін. 3. Құрылтай Төрағасы: 1) Құрылтай отырысын шақырады және оған төрағалық етеді; 2) Құрылтайдың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға жалпы басшылық етеді; 3) Құрылтай Төрағасының орынбасарлары лауазымына сайлау үшін Құрылтайға кандидатуралар ұсынады; 4) Құрылтайдың қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді; 5) Құрылтайдың үйлестіру органының қызметіне басшылық етеді; 6) Құрылтай шығаратын актіге қол қояды; 7) өзіне Құрылтай регламентімен жүктелетін басқа да міндеттерді атқарады. 4. Конституцияда өзгеше көзделмесе, Құрылтай Төрағасы Құрылтай сессиясын ашады. 5. Құрылтай Төрағасы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығарады. 58-бап 1. Құрылтай сессиясы отырыс түрінде өткізіледі. 2. Құрылтайдың бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауының қорытындысы жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады. 3. Құрылтайдың кезекті сессиясы жылына бір рет, қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі. 4. Құрылтай сессиясын, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті ашады және сессия Құрылтай отырысында жабылады. Құрылтай сессиялары арасындағы кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен, Құрылтай Төрағасының немесе Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады. 5. Құрылтай отырыстары Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. 6. Құрылтай отырысы ашық өтеді. Регламентте көзделген жағдайда отырыс жабық өткізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кез келген отырысқа қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар. 59-бап 1. Құрылтай конституциялық заңда саны айқындалған тұрақты комитеттер, сондай-ақ комиссиялар құрады. 2. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы шығарады. 3. Комитеттер мен комиссияларды құру тәртібі, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру заңда айқындалады. 60-бап 1. Заң шығаруға бастама жасау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Құрылтай депутаттарына, Үкіметке, Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі және тек қана Құрылтайда іске асырылады. 2. Қазақстан Республикасының Президенті заң жобаларын қараудың басымдығын айқындауға құқылы, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезекте екі ай ішінде қабылдануға тиіс дегенді бiлдiредi. 3. Құрылтай: 1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауаптылығына; 2) меншік режиміне және өзге де заттық құқықтарға; 3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; 4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге немесе олардың күшін жоюға; 5) республикалық бюджетке, мемлекеттік қарыз, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсету мәселелеріне; 6) сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне; 7) рақымшылық мәселелеріне; 8) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға; 9) кәсіпорындарды және олардың мүлкін жекешелендіруге; 10) қоршаған ортаны қорғауға; 11) Қазақстан Республикаcының әкімшілік-аумақтық құрылысына; 12) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне; 14) халықаралық шарттарды ратификациялауға және денонсациялауға қатысты аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, негіз құраушы қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заң шығаруға құқылы. 4. Құрылтай халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіптің қорғалуына, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасымен енгізілген заң жобаларын дереу қарауға тиіс. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген заң жобалары Құрылтайға енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне жауапкершілікті ала отырып, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық акт қабылдауға құқылы. Мұндай акт Құрылтай қабылдаған заң күшіне енгенге дейін немесе Құрылтай заң жобаларын қабылдамай тастағанға дейін қолданыста болады. 5. Құрылтай қабылдаған заң он күн ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылады. Құрылтай заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тұтастай қабылдамауға құқылы. Мұндай жағдайда заң жобасы қабылданбады деп саналады және бастамашыға қайтарылады. 6. Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасымен Құрылтайға енгізілетін заң жобалары үшін мұндай қорытынды талап етілмейді. 7. Үкімет енгізген заң жобасы қабылданбаса, Премьер-Министр Құрылтай отырысында Үкіметке сенім білдіру мәселесін қоюға құқылы. Бұл мәселе сенім білдіру мәселесі қойылғаннан бастап қырық сегіз сағаттан кейін ғана дауысқа салынады. Егер сенімсіздік вотумы туралы ұсыныс Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысын алмаса, заң жобасы дауысқа салынбастан қабылданды деп саналады. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды. 61-бап 1. Құрылтай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар заң мен қаулы қабылдайды. 2. Заң Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. 3. Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен қабылданады. 4. Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Құрылтай заңды депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдайды. Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Құрылтай қаулысы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. 5. Заң жобалары бойынша кемінде үш оқылым өткізу міндетті. 6. Заңдар, Құрылтай қаулылары Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмеуге тиіс. Құрылтай қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиіс. 7. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртібі заңмен және Құрылтай регламентімен реттеледі. 62-бап 1. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай Төрағасымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін Құрылтайды таратады. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай келісімімен тағайындалатын лауазымға Президент ұсынған кандидатураны тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған, сондай-ақ Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Құрылтайды таратады. 3. Құрылтайды төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ алдыңғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде немесе Конституцияның 51-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда таратуға болмайды. V бөлімҮкімет 63-бап 1. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді. 2. Үкімет – алқалы орган, ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Құрылтайдың алдында жауапты. 3. Үкімет мүшелері Конституцияның 56-бабының 17) тармақшасында көзделген жағдайда Құрылтайға есеп береді. 4. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі конституциялық заңда айқындалады. 64-бап 1. Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. 2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныс енгізеді. 3. Үкімет мүшелері Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне ант береді. 65-бап Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; 3) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді; 4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; 5) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу шараларын әзірлейді; 6) министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді; 7) Қазақстан Республикасының министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданысын толық немесе бір бөлігінде жояды не тоқтата тұрады; 8) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық орган үшін қаржыландырудың және қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Президентiнің келісімімен бекітеді; 9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 66-бап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі: 1) Үкімет қызметін ұйымдастырады және басқарады, оның жұмысы үшін дербес жауап береді; 2) Үкімет қаулысына қол қояды; 3) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның барлық аса маңызды шешімдері туралы Президент пен Құрылтайға баяндайды; 4) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басқаруға байланысты басқа да функцияларды орындайды. 67-бап 1. Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде дербес шешім қабылдайды және өзіне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында дербес жауап береді. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны іске асырмайтын Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не лауазымынан босатылуға тиіс. 2. Үкімет мүшелері өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ заңнамаға сәйкес өзінің лауазымдық міндеттері болатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес. 68-бап 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулы шығарады. 2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар өкім шығарады. 3. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келмеуге тиіс. 69-бап 1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Құрылтайы алдында өз өкілеттігін доғарады. 2. Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі орындау мүмкін емес деп есептесе, Қазақстан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы өтініш беруге құқылы. 3. Құрылтай Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген жағдайда Үкімет Қазақстан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы өтініш береді. 4. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Қазақстан Республикасының Президенті он күн ішінде қарайды. 5. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. 6. Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті оған міндеттерін одан әрі атқаруды тапсырады. 7. Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін лауазымынан босатуға құқылы. Премьер-Министрді лауазымынан босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. VI бөлім Қазақстан Халық Кеңесі 70-бап 1. Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган. 2. Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады. 3. Қазақстан Халық Кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттігі және қызметінің ұйымдастырылуы конституциялық заңда айқындалады. 71-бап Қазақстан Халық Кеңесі: 1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары; қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту; Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді; 2) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді; 3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді. VII бөлім Конституциялық Сот 72-бап 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және бүкіл ел аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган. 2. Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады, олардың өкілеттігі – сегіз жыл. Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалмайды. 3. Конституциялық Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол өкілеттік мерзімі ішінде Конституциялық Сот судьясы да болады. Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот Төрағасы болып тағайындалмайды. 4. Конституциялық Сот судьяларын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. 5. Конституциялық Сот судьясының депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды. 6. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 7. Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы және қызметі конституциялық заңмен реттеледі. 73-бап 1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің, Құрылтай Төрағасының, Құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша: 1) дау туындаған жағдайда Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық референдум өткізудің дұрыстығы мәселесін шешеді; 2) Президент қол қойғанға дейін Құрылтай қабылдаған заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды; 3) Құрылтай қабылдаған қаулылардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; 4) халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; 5) халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Конституцияға сәйкестігін қарайды; 6) Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді; 7) Конституцияның 50 және 51-баптарында белгіленген жағдайларда қорытынды береді. 2. Конституциялық Сот Конституцияның 46-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда – Президенттің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 79-бабында белгiленген жағдайда соттардың өтiнiштерiн қарайды. 3. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды. Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады. 4. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Бас Прокурордың өтініші бойынша қарайды. 5. Конституциялық Сот адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды. 74-бап 1. Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуі, Құрылтайдың сайланған депутаттарын тіркеу не жалпыхалықтық референдум қорытындысын шығару тоқтатыла тұрады. 2. Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда тиісті актілерге қол қою не оларды ратификациялау мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. 3. Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімде шығарады. 75-бап 1. Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не ратификацияланбайды және олар қолданысқа енгізілмейді. 2. Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап қолданысын тоқтатады және қолданылмауға тиіс. Конституциялық Соттың түсіндірмесінде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс. 3. Конституциялық Сот орындалуы Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері, оның ішінде жекелеген ережелері орындалмауға тиіс. 4. Конституциялық Сот шешімдері қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болады және оларға шағым жасалмайды. VIII бөлімСот төрелiгi. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері 76-бап 1. Қазақстан Республикасында сот төрелігін сот қана жүзеге асырады. 2. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилер заңда көзделген жағдайда қатысады. 3. Қазақстан Республикасының соттары – Жоғарғы Сот, заңмен құрылған жергілікті және басқа да соттар. 4. Қазақстан Республикасының сот жүйесі Конституцияда және конституциялық заңда белгіленеді. Қандай да бір атаумен болса да арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. 77-бап 1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, оның мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету. 2. Сот билігі Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. 3. Сот шешімінің, үкімі мен өзге де қаулысының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар. 78-бап 1. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз болады және Конституция мен заңға ғана бағынады. 2. Сот төрелігін іске асырған кезде соттың қызметіне мүлдем араласуға болмайды және бұл заң бойынша жауаптылыққа алып келеді. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. 3. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде мына қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс: 1) ешкімнің өзіне заңда көзделген соттылығын оның келісімінсіз өзгертуге болмайды; 2) сотта әр адамның өз сөзін тыңдатуға құқығы бар; 3) айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес; 4) адамның кінәлі екеніне қатысты кез келген күмән айыпталушының пайдасына қарастырылады; 5) заңсыз тәсілмен жиналған дәлелдемелердің заңды күші жоқ. Ешкімді өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттауға болмайды; 6) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. 4. Конституцияда белгіленген сот төрелігінің қағидаттары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай. 79-бап Соттар адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Конституциялық Сотқа жүгінуге міндетті. 80-бап 1. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек қана заңда белгіленген негіздермен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін. 2. Судьяны қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, тиісінше Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Құрылтайдың келісімінсіз оны ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 3. Қазақстан Республикасы соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады. 4. Судьяның депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды. 81-бап Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. 82-бап Жоғарғы Сот – жергілікті және басқа да соттардың қарауына жататын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы, ол заңда көзделген жағдайда өзінің қарауына жататын сот істерін қарайды және сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндіру береді. 83-бап 1. Жоғарғы Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды және ол өз өкілеттігі мерзімі ішінде Жоғарғы Сот судьясы да болады. Жоғарғы Сот Төрағасының өкілеттік мерзімі – алты жыл. Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Жоғарғы Сот Төрағасы болып тағайындалмайды. Жоғарғы Сот судьяларын Құрылтай Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен сайлайды. 2. Жергілікті және басқа да сот судьяларын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды. 3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. 4. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. 5. Жоғары Сот Кеңесінің мəртебесі, құрамын қалыптастыру тəртібі жəне жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады. 84-бап 1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды заңда белгіленген шекте және нысанда жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы орталықтандырылған бірыңғай жүйені құрайды, төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынады. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді. 3. Бас Прокурорды Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Бас Прокурордың өкілеттік мерзімі – алты жыл. Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалмайды. 4. Бас Прокурорды қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 5. Прокуратураның құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі конституциялық заңда айқындалады. 85-бап 1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жəрдемдеседі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді. 2. Адам құқықтары жөніндегі уəкілді Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. 3. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тəуелсіз болады жəне мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді. 4. Адам құқықтары жөніндегі уəкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 5. Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады. 86-бап 1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу құқығын және заң көмегін алу құқығын іске асыруға жәрдемдесуді көздейді. Заң көмегін адвокаттар мен өзге тұлғалар заңға сәйкес көрсетеді. 2. Адвокат қызметін жүзеге асыру тәртібі, адвокат құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы заңда айқындалады. IX бөлім Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару 87-бап Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы ахуалдың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. 88-бап 1. Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының ерік-мүддесін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды айқындайды, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. 2. Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. 3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бір ғана мәслихаттың депутаты бола алады. 4. Мәслихаттардың қарауына: 1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту; 2) өз қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу; 3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган басшыларының есебін қарау; 4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есепті тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 5. Мәслихаттың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті Премьер-Министрмен және Құрылтай Төрағасымен консультациядан кейін, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатады. 6. Мәслихаттардың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы заңда белгіленеді. 89-бап 1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүддесімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді. 2. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына: 1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу мен олардың атқарылуын қамтамасыз ету; 2) коммуналдық меншікті басқару; 3) жергілікті атқарушы орган басшыларын тағайындау және лауазымынан босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 4) жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру жатады. 3. Жергілікті атқарушы органды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі басқарады, ол Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады. 4. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін Қазақстан Республикасының Президенті облыс аумағындағы мəслихат депутаттарының немесе тиісінше астана, республикалық маңызы бар қала мəслихаты депутаттарының келісімімен тағайындайды. Қазақстан Республикасының Президенті кемінде екі кандидатураны ұсынады, олар дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан мəслихат депутаттарының көпшілік дауыс санын алған кандидат келісім алды деп саналады. Өзге əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдері заңда айқындалатын тəртіппен тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ лауазымынан босатылады. Қазақстан Республикасының Президенті өз ұйғаруымен астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін лауазымынан босатуға құқылы. 5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасымен әкімге сенімсіздік вотумын білдіру мәселесі қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мəслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен əкімге сенімсіздік білдіруге жəне оны лауазымынан босату мәселесін тиісінше астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің алдына не өзге де əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдеріне қатысты жоғары тұрған əкімнің алдына қоюға құқылы. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті өз қызметіне кіріскенде тоқтатылады. 6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі заңда белгіленеді. 90-бап 1. Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша – шешім, әкімдер шешім мен өкім қабылдайды, бұлар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орындалуға міндетті. 2. Жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтін мәслихат шешімінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болғанда ғана қарауға енгізілуі мүмкін. 3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес келмейтін мәслихат шешімінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін. 4. Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоя алады, олардың күші сот тәртібімен де жойылуы мүмкін. 91-бап 1. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. 2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар арқылы және тұрғын саны шағын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтарда өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңға сәйкес мемлекеттік функциялар берілуі мүмкін. 3. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның қызметі заңмен реттеледі. 4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне заңда белгіленген өкілеттік шегінде кепілдік беріледі. X бөлім Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу 92-бап 1. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасы бойынша, Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің бастамасы бойынша қабылдаған шешіммен өткізілетін жалпыхалықтық референдумда енгізіледі. 2. Жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, жалпыхалықтық референдум өткізілді деп саналады. 3. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан Қазақстан Республикасы азаматтарының жартысынан астамы жалпыхалықтық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды жақтап дауыс берсе, олар қабылданды деп саналады. 93-бап Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы 6-тармағының және 43-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы Конституциялық Сот қорытындысы болған жағдайда олар жалпыхалықтық референдумға шығарылады. XI бөлім Қорытынды және өтпелі ережелер 94-бап 1. Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы референдум нәтижелері ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді, сол мезгілден бастап бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылады. 2. Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады. 95-бап 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енген күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру үшін қажетті шаралар қабылдайды. 3. Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енген кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған Конституциялық Кеңестің және Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жетісу облысында алаяқтық схемаларға қатысы бар күдіктілер ұсталды Жетісу облысында дроп-схемаларға қатысы бар күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Киберполиция қызметкерлері азаматты банктік шоттар ашуға мәжбүрледі деген күдікпен 19-22 жас аралығындағы үш жігітті ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер өзара келісіп әрекет еткен және жәбірленушіге психологиялық қысым көрсеткен. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасып жатыр. "Құқық қорғау органдары ескертеді: дроп-схемаларға қатысу және банк деректерін үшінші тұлғаларға беру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту және қысым көрсету әрекеттерінің барлығы заң аясында қатаң түрде тоқтатылады", - деп ескертті ІІМ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасын дайындады. Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алтыншы отырысында қаралды. Оны дайындау кезінде кейінгі 6 айда түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ, комиссия мүшелерінің пікірі, ескертулері мен ұсыныстары ескерілген. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. "Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты", – деді ол. Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді Қазақстанда 30 қаңтардағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Казахстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде доллар бағамы 501,02 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,02 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 қаңтарға белгіленген ресми бағамы - 503,17 теңге. Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – 501,10 теңге; сату – 503,34 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – орташа есеппен 499 теңге; сату – 506 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар Конституциялық реформадан не күтеді - сауалнама Қазақстандықтардың конституциялық реформаға қатысты көзқарасын анықтау үшін сауалнама жүргізілді. "Қоғамдық пікір" зерттеу институты нәтижелерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандықтар назар аударған басты оқиғалар Зерттеу нәтижелері қаңтарда қазақстандықтардың басты назары әлеуметтік-саяси және экономикалық күн тәртібіндегі оқиғаларда болғанын көрсеткен. Респонденттердің 32,7 пайызы айдың ең маңызды оқиғасы ретінде Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайды атаған. Екінші орында – Салық кодексінің күшіне енуі (30,7 пайыз). Осылайша, әлеуметтік-саяси күн тәртібі азаматтардың қабыдауында басты орында екені белгілі болды. Сонымен қатар, қазақстандықтар спорттық және мәдени жетістіктерді де назардан тыс қалдырмады. Мысалы, респонденттердің 18,3 пайызы әлемнің үш дүркін чемпионы атанған шахматшы Бибісара Асаубаеваның спорттық жетістігін, ал 9,3 пайызы қазақстандық теннисші Александр Бубликтің жетістігін және басқа да спорттық жетістіктерді атап өткен. Зерттеу институты мәліметінше, азаматтар назарының әлеуметтік-саяси өзгерістерде болуы жүргізіліп отырған реформалардың уақытылы рефомалар ретінде қабылдануын білдіреді. Жалпы алғанда осындай пікірді 79 пайыз респондент білдірген. Олардың 48,2 пайызы реформаларды "уақтылы деуге болады" десе, 30,8 пайызы "толықтай уақтылы" деген ой білдірген. Сіздің ойыңызша, Президенттің Ұлттық құрылтайда ұсынған саяси реформалары қаншалықты уақтылы? Жиі талқыланған реформалар және одан тыс қалғандар Респонденттер тарапынан ең маңызды, әрі есте қаларлық реформалар ретінде мыналар аталған: Бір палаталы Парламентке өту (31,1 пайыз), вице-президент лауазымын енгізу (21,6 пайыз), Халық Кеңесін құру (20,1 пайыз), жалпы конституциялық реформаны өткізу (15,2 пайыз). Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері қоғамның бір бөлігінің әлеуметтік-саяси күнтәртібіне қатысты белсенді талқылаулардан әзірге тыс қалып отырғанын көрсетеді. Мысалы 24,4 пайыз респондент Ұлттық құрылтай туралы ешнәрсе білмейтінін атап өткен. Қазақстандықтар реформалардан не күтеді? Алдағы реформалардан қазақстандықтар ең алдымен мемлекеттің ашықтығы мен орнықтылығының артуын кутеді. Бұл тұста қазақстандықтар реформалардан не күтетінін анықтауға бағытталған сауалнама нәтижесі бойынша: мемлекет пен халық арасындағы диалогты кеңейту (32,3 пайыз), мемлекеттік басқару сапасын жақсарту (23,3 пайыз), бүгінгіден де тұрақты саяси жүйені қалыптастыру (18,9 пайыз), елдің тәуелсіздігін нығайту (17 пайыз), мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың кеңейту (12,1 пайыз), парламенттің рөлін күшейту (11,3 пайыз) демократияландыруды одан әрі тереңдету (9,3 пайыз) қажеттілігі анықталып отыр. "Сауалнамаға қатысушылардың едәуір бөлігі конституциялық реформалардың жүргізілуін өзінің жеке тұрмыс деңгейінің жақсаруымен тікелей байланыстырған. Жалпы алғанда 65,1 пайыз респондент ұсынылып отырған өзгерістер олардың жеке өмірі мен тұрмыс деңгейінің жағымды өзгеруіне әсер ететініне сенімді: 34 пайыз респондент "иә, сөзсіз", ал 31,1 пайыз "көбінде иә" жауаптарын берген. Жаңа Парламенттен азаматтар бірінші кезекте көбірек ашықтық, нәтижелі жұмыс және халықпен белсенді диалогты күтеді. Нақтырақ айтқанда, респонденттер Құрылтай депутаттары халыққа көбірек құлақ асады (37,8 пайыз) және адамдардың өмірін жақсартатын шешімдерді қабылдайды (32 пайыз) деген үміттерін білдірді", - делінген сауалнама нәтижесінде. Сонымен қатар, қазақстандықтар жаңарған Парламенттен жаңа саяси тұлғалардың пайда болуын (11,1 пайыз), қоғамдық талқылаулар мен оларға халықтың қатысуының көбеюін (6,2 пайыз) және заң шығарушы органның жалпы ықпалының күшеюін күтеді (6 пайыз). Құрамына этномәдени бірлестіктердің, мәслихаттардың, қоғамдық кеңестер мен ҮЕҰ өкілдері кіреді деп күтілетін жаңа жоғары консультативтік орган Халық Кеңесінен азаматтардың күтілімдеріне келсек: респонденттердің басым көпшілігінің пікірінше (66,2 пайыз)ол барлық азаматтардың мүдделерін тең дәрежеде алға тартатын болады. Респонденттердің едәуір аз бөлігі Халық кеңесі өз қызметі мен шешімдерінде көбірек жеке топтардың қызығушылықтарына бағытталады деп есептейді: мәслихатты 8,8 пайыз, ірі қоғамдық бірлестіктерді – 7,3 пайыз, аймақтық қоғамдық кеңестерді – 5 пайыз, этномәдени бірлестіктер – 4,8 пайыз белгілеген. Жалпы, әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері азаматтардың жүргізіліп отырған конституциялық реформаның мәніне, өкілді демократияның жаңа институттарының құзыретіне қызығушылық танытатынын, олар туралы жеткілікті жоғары деңгейде хабардар екенін, сондай-ақ олардың ашық әрі тиімді жұмыс атқаруына деген қоғамдық сұраныстың бар екенін көрсетеді. Қазақстандықтар конституциялық реформаны қаншалықты қолдайды? Сауалнамаға қатысқан азаматтардың басым көпшілігі алдағы конституциялық реформаны қолдайтынын білдіреді. Жалпы алғанда, бұл – респонденттердің 78,4 пайызы, олардың 40,1 пайызы реформаны "көбіне қолдайды", ал 38,3 пайызы "толық қолдайды". Президент Конституцияға енгізілетін алдағы өзгерістердің көлемді екенін атап өтті. Сіз конституциялық реформаны қаншалықты қолдайсыз? Сауалнама әдістемесі: телефон арқылы сауалнама 2026 жылғы 24-28 қаңтар аралығында жүргізілген. Сауалнамаға қатысқандар саны 1 200 респондент. Зерттеуге Қазақстанның 17 облысынан және республикалық маңызы бар 3 қаласынан (Астана, Алматы және Шымкент) 18 жастан асқан азаматтар қатысқан. Телефондық сауалнама ұялы байланыс абоненттері арасында жүргізілді. Сауалнама қазақ және орыс тілдерінде өткізілген. Статистикалық ауытқуы 2,8 пайыздан аспайды. Сауалнамаға 46 пайыз ер адам және 54 пайыз әйел қатысты, респонденттердің 64 пайызы қала тұрғындары, 36 пайызы ауыл тұрғындары болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
1 балл - 7 000 теңге: Ақтөбде ҰБТ-дан “табыс таппақ болған“ мұғалімге сот үкімі шықты Ақтөбе соты ҰБТ нәтижелерін ақшаға сатып алуды ұсынған мұғалімге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтөбе №2 соты екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген айыппен сотталушы "Ж"-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы). Мән-жайы Сотталушы "Ж" мектеп мұғалімі бола тұра, Ұлттық біріңғай тестілеуден өткізіп беремін деп, жәбірленушілермен сөйлесу барысында 1 балл 7 000 теңге болатынын жеткізіп, 80 балл жинау үшін 560 000 тенгеден сұраған. Нәтижесінде, сотталушы "Ж" өзінің қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекетімен жәбірленушінің әр қайсына 560 000 теңге материалдық шығын келтірген. Сот отырысында сотталушы "Ж" өзінің кінәсін толық мойындады. Сот үкімі Сот үкімі бойынша, сотталушы "Ж" ҚР ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 3) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңына әйкес тағайындалған негізгі жазасының өтелмеген бөлігінің мерзімі үштен бір бөлігіне қысқартылып, "Ж" түпкiлiктi 2 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Комиссия мүшелері “жаңа Конституция қабылдауымыз керек“ деген байлам жасады - Тоқаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президенттің пікірінше, қолданыстағы Ата Заң Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына елеулі үлес қосты. "Кешегі отырыстағы пікірталаста Комиссия мүшелері "Ата Заңға енгізілетін өзгерістер ауқымына қарасақ, жаңа Конституция қабылдауымыз керек" деген байлам жасады. Шын мәнінде, ұсынылған түзетулер жобасы елді институционалдық-құқықтық тұрғыда жаңғыртумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге бұл қадам тұтас мемлекеттік жүйені қайта түзуге жол ашады. Түбірімен өзгерген мүлдем жаңа құжаттың бейнесі қалыптасты. Ата Заңымызда жарқын болашаққа нық қадам басқан бүгінгі Қазақстанның тұғыры әбден бекіген мемлекет ретіндегі идеалдары, қағидаттары мен басымдықтары көрініс табады. Әрине, қолданыстағы Ата Заң Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына елеулі үлес қосты. Мұны ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан былтырғы 30 тамызда Конституцияның 30 жылдығын кеңінен атап өттік", - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев үкіметке еріктілер бойынша тапсырма берді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке еріктілер ісін дамыту бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа мазмұнды құжат әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Волонтерлікті дамыту үшін мемлекет деңгейіндегі жаңа жүйелі шаралар қажет. Биыл еріктілер ісін дамытуға арналған үш жылдық Жол картасын іске асыру мерзімі аяқталады. Сондықтан Үкімет 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа мазмұнды құжат әзірлегені жөн. Бұған дейін қабылданған шаралардың тиімділігіне баға беру және Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сай волонтерлік қозғалысты нығайту үшін қосымша ынталандыру тетіктерін қарастыру маңызды", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты қолдады Мемлекет басшысы волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Волонтерлік қызметте жаңа технологияларды кеңінен пайдалану керек. Мен Жолдауымда Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық ел болуға тиіс деген міндет қойдым. Соған сәйкес нақты жұмыс істеліп жатыр. Ел өмірінің барлық саласына озық технология тәсілдері, әсіресе, жасанды интеллект жүйесі енгізіле бастады. Еріктілер қозғалысы да бұл жұмыстан шет қалмауы керек. Мен волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдаймын", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев сөз басында Волонтерлер форумының ашылуымен құттықтады. "Бұл – шын мәнінде ерекше басқосу. Бәріңіз де бүгінгі форумға еліміздің әр аймағынан келіп жатсыздар. Мен Сіздерді қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор жастары деп санаймын. Биыл бүкіл әлем Халықаралық еріктілер жылын атап өтуде. Өздеріңіз білесіздер, бұл бастаманы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-ші сессиясында көтердім. Еліміздің ұсынысы жаһандық ауқымда қолдау тапты. Біз өркениетті ел ретінде күллі адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптейміз, оны келешек ұрпаққа аманат етеміз. Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу деген сөз. Ниеті түзу, жаны таза адамдар осы жолды таңдайды, еріктілер қатарына қосылып, қажырлы еңбек етеді. Еріктілерді озық ойлы қоғамның айнасы деп айтсақ, артық болмайды", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қосшыда 10 жастағы қыз үйірме сабағында қайтыс болды Косшыда үйірме сабағы кезінде 10 жастағы қыз қайтыс болды. Полиция мәліметінше, оқиға кеше, 29 қаңтарда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдын ала деректер бойынша, сабақ кезінде баланың денсаулығы күрт нашарлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. "Кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу дерегі тіркелді. Тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - деп қосты полиция. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“21 жерден пышақ салған“: Жаңаөзендегі дәрігердің өліміне қатысты тың дерек шықты Жаңаөзендегі ауруханада 29 жастағы дәрігер кісі қолынан ажал құшты. Оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 31 арна сюжетіне сілтеме жасап. Не белгілі? Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жаңаөзендегі шабуыл туралы ақпарат тарады. Мәліметке сәйкес, 28 қаңтарда шамамен сағат 14:00-де белгісіз ер адам терапевт дәрігерге шабуыл жасап, оны пышақтаған. Алдын ала деректер бойынша, бұл оқиғаның дәрігердің кәсіби қызметі мен медициналық мекемедегі жұмысына қатысы жоқ. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті адам өлтіру дерегін растады. Құқық қорғау органдары мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғадан кейін күдікті өз еркімен Жаңаөзен Полиция басқармасына барып, жасаған ісін мойындаған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Не болған? Телеарна сюжетінде марқұмның жақындары күдіктінің қылмысқа баруына қызғаныш себеп болғанын айтады. Қамауға алынған адамның жұбайы медбике болып жұмыс істеген. Марқұмның анасының айтуынша, ұлына 21 жерден пышақ салынған. "Адам дұшпанына да, итке де бұлай жасамайтын шығар. Өзі кішкентай бала еді ғой. 21 жерден пышақ салғанша дейін бір адам көрмегені ме? Бәрі қарап тұра берген бе", – деді ол. Туыстары ұлының өлімі үшін кешірім бермейтінін айтады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, марқұм шабуыл кезінде көп жарақат алған. Оны Ақтаудан арнайы ұшып келген әріптестері қараған. "Мойын аумағының, кеуде қуысының, қолдарының терең кесілген жарақаты. Ірі-ірі тамырлар зақымдалған, және де көп мөлшерде қан жоғалтқан. Шұғыл түрде операцияға алынды. Емдеу шараларына қарамай, әріптесіміз қайтыс болды", – деді Бекболат Ізбасаров. Дәрігердің артында ұлы мен қызы қалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкенттегі түнгі клубтан “смешариктер“ қоймасы табылды Шымкентте түнгі клубтардың бірінде "смешариктер" деп аталатын күшті әсер ететін қоспа жүйелі түрде сатуға қойылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 416 баллон сақталған тұтас бір қойма анықталды, олардың жартысы тыйым салынған қоспамен толтырылған. "Тиісті сараптама тағайындалды. ІІМ азот тотығын медициналық мақсаттан тыс пайдалану қауіпті екенін ескертеді. Бұрын адам өліміне әкеп соққан жағдайлар болған", - делінген хабарламада. Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
QazaqGaz Aimaq топ-менеджері ҰҚК тергеуіне ілікті Жетісу облысындағы QazaqGaz Aimaq АҚ өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалиға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратқа ҰҚК пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Бұған дейін желіде Жетісу облысында QazaqGaz Aimaq АҚ өңірлік филиалының басшысы Айбек Ерғалидің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. БАҚ мәліметінше, оны ҰҚКД қызметкерлері ұстаған. Ерғали қандай күдікке ілінгені нақты айтылмайды. ҰҚК пікірі ҰҚК баспасөз қызметі Айбек Ерғалидің ұсталғаны туралы ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады. "Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген хабарламада. Айта кетейік, 21 қаңтарда Айбек Ерғали әлі де жұмыс орнында болған және газ бағасын қалыптастыру мәселелері мен төлем есептеу тәртібін түсіндірген брифинг өткізген. QazaqGaz Aimaq АҚ - елдегі ең ірі газбен жабдықтау компаниясы. Бұл - тұтынушыларға газды тасымалдау, тарату және сату қызметімен айналысатын QazaqGaz ұлттық компаниясының еншілес құрылымы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО-да екі жоғары лауазымды шенеунік қамауға алынды ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Шығыс Қазақстан облысында екі шенеунік ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шығыс Қазақстан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған. "Оның жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасында заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Тінту барысында үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленді", - деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ, осы өңірдің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған. "Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде қаражат алған. Сот санкциясымен бұл адамдар қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады. Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған. Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды - синоптиктер болжамы Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2026 жылғы 30 қаңтарда Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматыда және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ұлттық қор - балаларға“: ақша қашан түсетіні белгілі болды Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында қазақстандық балалардың шоттарына төлем қашан түсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, 1 ақпан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, қаражатты аудару 30 қаңтарға, жұма күніне жоспарланған. Азаматтар ақшаны шоттарынан 31 қаңтар түстен кейін немесе 1 ақпан күні таңертең көре алады. Төлем мөлшері қазірдің өзінде белгіленген және әр балаға 130 доллар (қазіргі бағам бойынша 65 мың теңгеден асады) болады. "Сома белгілі, әр баланың шотына шамамен 130 доллар түседі", - деді ол. Биыл бағдарлама іске асырылып жатқан үшінші жыл болмақ: бірінші жылы балаларға шамамен 100 доллар, екінші жылы - 130 долларға жуық қаржы аударылған. Алдағы төлемді есепке алғанда, жалпы сома шамамен 360 доллар (181 мың теңгеден асады) болады. Инвестициялық табысты ескерсек, бұл сома сәл артады. "Біз әрдайым айтып келеміз: балалар өсіп, кәмелет жасына жеткенге дейін бұл ақша бос жатпайды, ол инвестицияланады. Сондықтан инвестициялық табысты ескергенде, бағдарламаға үш жыл қатысқан балалардың шоттарында шамамен 370 доллар болады", - деп түйіндеді Молдабекова. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жиһаз жасаймын“: Ақтөбе тұрғыны алаяққа алданып, қомақты ақшасынан айырылып қалған Жиһаз жасатуға тапсырыс берген ақтөбелік алаяқтың құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері 28 жастағы Ақтөбе тұрғынының арызы бойынша жиһаз дайындаумен айналысқан, алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азаматты анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, ол әлеуметтік желілер арқылы жиһаз дайындау жөніндегі хабарландыруды көріп, тапсырыс берген. Күдікті алдын ала төлем жасауды сұраған, соған келіскен әйел ас үй жиһазы үшін 2 миллион 300 мың теңге көлемінде ақша аударған. Алайда ақшаны алған соң ер адам байланысқа шықпай кеткен. "Жүргізілген тергеу іс-шаралары барысында ұсталған күдіктінің басқа да кемінде үш азаматты дәл осындай жолмен алдағаны анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Полиция ескертеді: интернет арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру кезінде сатушылар туралы мәліметтерді мұқият тексеріп, бейтаныс тұлғаларға алдын ала төлем жасамау және тек тексерілген ұйымдармен келісімшарт жасасу қажет. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Алматы әкіміне бірқатар тапсырма берді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Дархан Сатыбалдының айтуынша, былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілген. Мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түскен. Президентке қаланың бірнеше орталығын дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық бастамалар таныстырылды. Аталған тұжырымдама аясында заманауи IT-инфрақұрылым, көпфункционалды іскерлік кешендер, сондай-ақ тұрғындардың демалысы үшін абаттандырылған рекреациялық аймақтар жасақталады. Яғни бұл жұртшылық жиі баратын орындарға айналады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының заманауи көлік жүйесін қалыптастыру жөнінде мәлімет берілді. Жүрдек қоғамдық көлік жүйелерін дамыту тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, қаланы орнықты дамытудың негізгі факторы болмақ. Қала әкімінің айтуынша, Алматының Бас жоспарында ауаның еркін айналымын қамтамасыз етуді, шаһардың жоғары және орталық бөліктеріндегі шамадан тыс тығыз құрылысты тежеуді, сондай-ақ жасыл желектің аумағын үш есеге – 3 800 гектарға дейін ұлғайтуды көздейтін шешімдер қарастырылған Мемлекет басшысына 2025 жылы қала көшелері сапалы жарықтандырылып, қуаты екі есе артқаны жөнінде айтылды. Бұдан бөлек, қаланы абаттандыру, көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді безендірудің бірыңғай стандартына сәйкес саябақтар мен көшелерді жаңғырту шаралары жоспарланған. Сонымен қатар Президент Алматы тау кластері жобасын дайындау жайындағы есепті тыңдады. Қазіргі кезде «Медеу» базалық станциясы арқылы «Шымбұлақ» және «Ой-Қарағай» курорттарын біріктіруді көздейтін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды. Аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде аспалы жолдардың саны 16-дан 62-ге дейін көбейеді, тау шаңғысы трассалары 250 шақырымнан аса ұзарады, ал демалыс аймақтары тәулігіне 40 мың адамға дейін қабылдай алатын деңгейге жетеді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, қаланың орнықты көлік және туристік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ қала ортасының сапасы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
203 миллиард теңгеден аса сомадағы қаржылық заңсыздықтар: Алматыда жүргізген аудит қорытындысы шықты Алматыда бюджет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді (1 қаңтар мен 17 қыркүйек аралығы қамтылды). Қорытындыларды Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тексерудің негізгі нәтижелері Аудит барысында 203 миллиард теңгеден аса қаржылық заңбұзушылық анықталды. Тексеру кезінде оның 26 миллиард теңгеден астамы өтелді, ал есепке алу және орындалған жұмыстар арқылы 83 миллиард теңгеден астам қаражат қалпына келтірілді. Әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар 417 дерек бойынша материалдар уәкілетті органдарға жолданды. Тексеру нәтижелері жоспарлау, басқару және бақылау жүйелерінде елеулі кемшіліктер бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, Алматының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары тиімді басқару құралы бола алмаған. Бірқатар іс-шаралар толық көлемде қаржыландырылмай, соның салдарынан жекелеген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілмеген. Жобаларды іске асырудағы мәселелер Бюджеттік инвестициялық жобалар саны 2022 жылғы 365-тен 2025 жылы 529-ға дейін артқанына қарамастан, олардың жүзеге асырылуында айтарлықтай олқылықтар анықталды. Мәселен, 2021 жылы басталған Жас Қанат шағын ауданындағы 41 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша 7 нысан әлі аяқталмаған, ал 12 үй іргелес аумақтың абаттандырылмауына байланысты коммуналдық меншікке берілмеген. Қалалық мобильділік басқармасы 2022–2025 жылдар аралығында тасымалдаушыларға 2,3 миллиард теңге көлемінде негізсіз субсидия төлеген. Жер қатынастары басқармасына жер учаскелерін бөлу үдерісінің ашықтығын арттыру және олардың нысаналы пайдаланылуын бақылауды күшейту ұсынылды. Бұл инженерлік және көлік инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтып, тұрғындардың әлеуметтік нысандарға қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. "Алматы" ӘКК қызметіндегі кемшіліктер "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі жүйелі түрде тиімсіз деп танылды. Тұрғын үй құрылысына бағытталған шамамен 30 миллиард теңге көлеміндегі бюджеттік инвестициялар үш жылға жуық уақыт бойы игерілмей қалған. Сонымен қатар корпорация азық-түлік бағасын тұрақтандыру міндетін толық орындай алмаған, ал бюджеттік кредиттер тиімсіз пайдаланылып, қаржы құралдарына орналастырылған. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары Аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата Алматыда стратегиялық жоспарлау сапасын арттыру, активтерді басқаруды жетілдіру және бюджеттік тәртіпті күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар мен ұсынымдар әзірледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Мерғалиевті қабылдады Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке сот төрелігін іске асырудың былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Асламбек Мерғалиев сот төрелігінің сапасы тұрақты түрде сақталғанын айтты. Жоғары тұрған сот сатылары сот актілерінің 98,8 пайызын түзетпеген. Әкімшілік әділет аясындағы жүйелі шаралардың нәтижесінде мемлекеттік органдармен арадағы даулар кезінде азаматтардың құқығын қорғау көрсеткіштері жақсарды: әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың 4,5 мың актісі заңсыз деп танылды. Татуластыру рәсімдерін қолдану үлесі азаматтық істерде – 45,9 пайызды, әкімшілік істерде 11,8 пайызды құрады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс саны 11,8 пайызға азайды (500 мыңнан 441 мыңға дейін төмендеді). Рақымшылық актісін жариялау арқылы 583 адам жазадан, 5 мыңнан аса сотталушы жазасын одан әрі өтеуден босатылды, 9,2 мың адамның жаза мерзімі қысқартылды. Қамауда ұстауға рұқсат беруден бас тарту үлесі 25,7 пайыздан 37,5 пайызға дейін артты. Оның орнына үй қамағына алу екі есе жиі тағайындалды (2786-дан 5019-ға дейін ұлғайды). Бұған электронды браслетті кеңінен қолдану ықпал етті (954 адамнан 2283 адамға дейін). Бұл бюджет шығындарын оңтайландыруға және тергеудегі азаматтардың қоғаммен қарым-қатынасын сақтауға мүмкіндік береді. Кассациялық сотқа сұраныстың жоғары екені байқалды. Жарты жыл ішінде Кассациялық сотқа 16,2 мыңнан аса арыз-шағым мен наразылық түскен. Былтырғы осы кезеңде Жоғарғы сотқа 9,8 мың арыз-шағым жасалған болатын. Кассация арқылы түзетілген сот актілерінің үлесі азаматтық істерде – 3 пайыздан 18 пайызға, қылмыстық істерде 8 пайыздан 28 пайызға дейін ұлғайды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 3 жылда, яғни 2023 жылдан бері 55,2 пайыздан 63,2 пайызға дейін өскені жөнінде ақпарат берілді. Президент "Заң және тәртіп" қағидатын жүзеге асырудың, азаматтарға әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің, сондай-ақ заң үстемдігіне басымдық беріп, қоғамның сот жүйесіне сенімін арттырудың маңызын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Нұрайдың өлімі: полицейге видеоның тарап кетуіне байланысты іс қозғалды Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс материалдарындағы видеоның желіде тарап кетуіне байланысты полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жай Бұған дейін әлеуметтік желілерде марқұм Нұрай Серікбайдың видеосы тарады. Кейін бұл кадрларды Шымкенттің бұрынғы полиция қызметкерлері жариялады деген болжам жасалды. Онда Нұрай Серікбай өзін мәжбүрлеп тұрмысқа алу мақсатында ұрлап әкетпегенін және сол күні күдіктінің көлігіне өзі отырғанын айтқан. Сондай-ақ кадрларда Нұрай ер адамға қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізеді. Сонымен қатар, кейбір БАҚ-тарда бұрынғы полиция қызметкерлері өздерінің жұмыстан босатылуын әділетсіз деп атаған. Марқұм Нұрай Серікбайдың жақындары аталған жазбаға шағымданып, тергеу құпиясының бұзылғанын және қоғамдық пікірге қысым жасалғанын мәлімдеді. ІІМ не дейді? 29 қаңтарда Сенат кулуарында журналистер Игорь Лепёхадан полиция қызметкерінің мұндай әрекет жасауға құқығы болған-болмағанын сұрады. "Мұндайға құқығы болған жоқ. Іс қозғалды. Әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", – деп жауап берді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстау облысындағы ауруханада дәрігер пышақ жарақатынын қаза болды Жаңаөзендегі ауруханада 29 жастағы терапевт пышақ жарақатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жаңаөзендегі шабуыл туралы ақпарат тарады. Мәліметке сәйкес, 28 қаңтарда шамамен сағат 14:00-де белгісіз ер адам терапевт дәрігерге шабуыл жасап, оны пышақтаған. Алдын ала деректер бойынша, бұл оқиғаның дәрігердің кәсіби қызметі мен медициналық мекемедегі жұмысына қатысы жоқ. Маңғыстау облысының полициясы не дейді? Маңғыстау облыстық Полиция департаменті адам өлтіру дерегін растады. Құқық қорғау органдары мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полиция мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, ер адамдар арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде болған. Оқиғадан кейін күдікті өз еркімен Жаңаөзен Полиция басқармасына барып, жасаған ісін мойындаған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады Түркістан облысы Келес ауданы Ақтөбе ауыл округіндегі 51 гектар аумақта жылыжай кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ЖШС құрылтайшысы Алмас Дауытовты қабылдады. Кездесуде тараптар жобаны іске қосу жайын кеңінен талқылап, атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Облыс әкімінің сөзінше, Келес ауданында жүзеге асырылып жатқан жылыжай кешені – өңірдің агроөнеркәсіптік дамуына серпін беретін маңызды жоба. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі екенін бірнеше рет атап өтті. Бұл бағытта отандық ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту және импортқа тәуелділікті азайту – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Осы тұрғыда өнеркәсіптік жылыжай кешенін іске асыру жобасының маңызы ерекше. Жоба аясында жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өнімін өндіру арқылы өңір тұрғындарын жыл бойы сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге, ішкі нарықты тұрақтандыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға нақты үлес қосылады. Жергілікті тұрғындарды оқытуға, кадрлардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінгенін атап өткім келеді. Бұл – әлеуметтік жауапкершілігі жоғары әрі ұзақ мерзімді дамуға бағытталған көзқарастың айқын көрінісі. Әкімдік тарапынан жобаға қажетті барлық ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық қолдау көрсетіледі. Біз өзара тиімді, сенімді әріптестік орнайтынына сенімдіміз", – деді Нұралхан Оралбайұлы. Нұралхан Көшеров Келес ауданында шағын өндірістік парк құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аталған паркте өнімдерді қаптау, өңдеу және консервілеу цехтарын ашуға мүмкіндік бар екенін жеткізді. Бұл өз кезегінде логистикалық шығындар едәуір қысқартып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін берері сөзсіз. Жобаны іске асыруға 42 миллиард теңге инвестиция салынып жатыр. Жылыжайда жылына 25 000 тонна қызанақ өсірілмек. Жоба толық іске қосылғанда, 800 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны қаржыландыру мақұлданған. 2023 жылы 23,5 миллиард теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. Жылыжай толық Нидерланд елінен алып келінген жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде кешеннің 40 гектар аумағында жылыжай блоктарының металл конструкциялары орнатылды. Сыртқы және ішкі желілері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әкімшілік-тұрмыстық кешенінің ғимараты, материалдық-өндірістік қоймалары, бақылау-өткізу пунктінің құрылысы жүргізілуде. Қазандық және төтенше жанар-жағармай қоймасының құрылысы аяқталды. 8 жылыжай блогы және техникалық дәліз орнатылуда. Оның 4 блогы мен техникалық дәлізі іске қосылды. Кешеннің ресми ашылуы көктемде өтеді деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, өткен жылы жалпы жылыжай көлемі 75 гектарға өсіп, 1715 гектарды құраған. Бұл жұмыстар өңірдің аталған саладағы үлесін 76 пайызға жеткізіп отыр. 2025 жылы жылыжайлардан 150 мың тоннадан астам көкөніс өнімі, 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон мен 13 мың тонна құлпынай өндірілді.
Жетісу облысында аудан әкімінің орынбасары 189 миллион теңгеге қатысты іс бойынша сотталды Жетісу облысында лауазымын асыра пайдаланған шенеунік сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өңір прокуратурасы мәліметінше, Алакөл ауданының Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойған. Осылайша бюджет есебінен 189 миллион теңгеден аса сома заңсыз аударылған. "Мемлекеттік айыптау лауазымды тұлғаның кінәсін толық дәлелдеген. Алакөл аудандық сотының үкімімен аудан әкімінің орынбасары мүлкін тәркілемей, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - делінген хабарламада. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкенттегі адам өлімі: полиция күдіктіні ұстау кезінде оқ атты Шымкентте полиция әйелді өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл ақпаратты Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицияның баспасөз қызметі мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жәбірленушімен арадағы келіспеушілік негізінде оған пышақ жарақаттарын салған, салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды", – деп мәлімдеді полицейлер. Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Полиция департаменті мәліметінше, ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты заң талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері оған қатысты қызметтік қару қолданған. Ер адам медициналық мекемеге жеткізіліп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтаудағы сауда орталығында қыз соққыға жығылды Ақтаудағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жанжал болып, салдарынан қыз зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерде бір күн бұрын тараған. Оқиға өткен жексенбі күні кешке болғаны айтылды. "Куәгерлердің айтуынша, қыз фотобудкада суретке түсіп тұрған кезде бір топ ұлдар оған кедергі келтіре бастаған. Жасөспірімдер ішке кіріп, пердені тартып, жанжал туғызған. Көп ұзамай жағдай төбелеске ұласып, қызды бірнеше бала жабылып ұрған", - деп жазады басылым. Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық жасөспірім ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген. Кәмелетке толмаған балалар және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізілген. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерттеліп, қажетті материалдар мен түсініктемелер жиналған. "Жасөспірімдердің бірінің анасы балаларды тәрбиелеу және оқыту міндеттерін тиісінше орындамағаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп түсіндірді басылым. Аталған дерек бойынша материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданып, тиісті шаралар қабылданады. Жасөспірім профилактикалық есепке қойылып, онымен және оның отбасымен жұмыс жалғасатыны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2 миллион теңгеге жуық жалақы сұрайды: Еңбек министрлігі ең “қымбат“ мамандарды атады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электронды еңбек биржасының 2025 жылға арналған статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, 2025 жылы электрондық еңбек биржасында 1 миллион 328 мың бос жұмыс орны жарияланып, 1 миллион 453,8 мың түйіндеме орналастырылды. Нәтижесінде еңбек нарығында ұсыныс сұраныстан 125,8 мыңға артық болды. Жарияланған вакансиялардың жартысына жуығы (665,5 мың) жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Түйіндемелердің де 48 пайызы (697,2 мың) осы бағытта берілген. Жұмыс іздеушілер белсенділігі наурызда ең төмен деңгейге (94,6 мың) түссе, шілдеде ең жоғары көрсеткішке жетіп, 148 мың түйіндеме тіркелген. Жыл аяғына қарай бұл көрсеткіш біртіндеп төмендеп, желтоқсанда 71,5 мыңға азайды. Ал жұмыс берушілер тарапынан сұраныс жылдың екінші жартысында артқан. Вакансиялар санының шарықтау шегі тамыз (141,7 мың), қыркүйек (138,4 мың) және қазан (132,3 мың) айларында тіркелді. Ең көп сұраныс Салалық бөлініске сәйкес, бос жұмыс орындарының ең үлкен үлесі білім беру саласына тиесілі – 380,6 мың жұмыс орны (28,7 пайыз). Одан кейін "өзге қызмет түрлері" (13,2 пайыз) мен денсаулық сақтау саласы (8,8 пайыз) орналасқан. Алғашқы үш сала барлық бос жұмыс орнының шамамен жартысын құраған. "Жұмыс ең көп жариялаған өңірлер – Астана, Түркістан облысы және Алматы қаласы. Алайда солтүстік және шығыс өңірлерде жұмыс күшінің тапшылығы байқалды. Мәселен, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында бос жұмыс орындары түйіндемелер санынан едәуір көп", - делінген хабарламада. Ал оңтүстік өңірлерде керісінше, жұмыс іздеушілер саны басым болды. Түркістан, Қызылорда облыстарында, Шымкент пен Маңғыстау өңірінде түйіндемелер саны вакансиялардан бірнеше есе артық тіркелген. Сұранысқа ие мамандықтар 2025 жылы вакансиялардың 75 пайызы білікті еңбекке тиесілі болды. Ең көп сұранысқа ие мамандықтар қатарында: медбикелер мен мейіргерлер, тәрбиешілер, автокөлік жүргізушілері, санитарлар бар. Ең жоғары жалақы "Ал 2025 жылы жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны: флоттағы штурман лауазымына үміткерлерге ұсынды – айына 875–900 мың теңге аралығында, тау-кен өнеркәсібінде учаске бастығының орынбасарына – 714 мың теңгеден бастап және одан жоғары, бұрғылау қондырғыларының машинистеріне – 700 мың теңгеден бастап және одан жоғары мөлшерде. Үміткерлер арасында түйіндемелерде көрсетілген ең жоғары орташа жалақы пилоттарда – 1,9 миллион теңге, тау-кен саласындағы қызмет басшыларының орынбасарларында – 1,2 миллион теңге және кеме капитандарында – 1,1 миллион теңге болды". Әлеуметтік-демографиялық құрылымы Түйіндемелердің әлеуметтік-демографиялық құрылымында әйелдердің үлесі – 55 пайыз. Негізгі үлесті 35–44 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Сонымен қатар жастар (16–24 жас) арасында әйелдердің үлесі жоғары екені байқалды. Жалпы, 2025 жылғы деректер Қазақстан еңбек нарығында өңірлік теңсіздік пен маусымдық белсенділіктің айқын сақталғанын көрсетеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады? Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді. 2026 жылғы наурызда ел тұрғындары Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамының арқасында айдың жартысына жуық уақытын демалыспен өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2026 жылғы наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады? Наурызда елде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21–23 наурыз). Демалыс күндерінің ауысуына байланысты қосымша демалыс күндері де болады. 2026 жылы наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша ең "қысқа" айлардың бірі болады: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 13 демалыс күні және 18 жұмыс күні; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні. 8 наурызда қалай демаламыз? 2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі. 8 наурыздағы демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз - қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз - жұмыс күні; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз - жұмыс күні, 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, 10 наурыз - жұмыс күні. Наурызда қалай демаламыз? Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер: 21 наурыз - сенбі; 22 наурыз - жексенбі; 23 наурыз - дүйсенбі. Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады. Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 21–25 наурыз - бес күн қатарынан демалыс (сенбі–сәрсенбі); аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері, 25 наурыз - жұмыс күні. Басқа мерекелер Наурызда Қазақстанда кәсіби және атаулы күндер де атап өтіледі: 1 наурыз - Алғыс айту күні; 14 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) - Жерге орналастыру, геодезия және картография күні. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Руслан Желдібай қызметінен босатылды Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, Руслан Желдібай 2025 жылғы 17 ақпаннан бері Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған. 2023 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында Президент әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық әйел ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін 10 жылға сотталды Астана қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты ҚР аумағында бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу дерегі бойынша қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы 2020–2023 жылдары Б. Түркия азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастыру мақсатында қылмыстық топ құрып, таныстарын, соның ішінде Туркия азаматтары Ю., К., К., сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары М., Х., М. және Алматы миграциялық қызметінің қызметкері С-ны қылмыстық әрекеттерге тартқан. Олардың бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде Б. басқаратын тұрақты ұйымдасқан қылмыстық бірлестік құрылған. "Қылмыстық топ Қазақстан Республикасының аумағында Түркия азаматтарына еңбек визаларын (C-3 санаты) заңсыз рәсімдеген, жалған құжаттар мен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін қолданған. Топ әрекетінің барысында шетел азаматтарының қатысуымен ондаған ЖШС тіркеліп, қаржылық қаражаттар алынған және визаларды заңсыз алу үшін құжаттар рәсімделген", - делінген хабарламада. Тараптардың ұстанымы Прокурор айыптауды қолдап, төмендегідей жаза тағайындауды сұрады: Б. - 9 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу; С. - 9 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу; М., М., Х., К., Ю. - 6 жылға бас бостандығынан айыру. Айыпталушылардың адвокаттары өз қорғаушыларын ақтауды сұрап, олардың әрекеттерінде қылмыстық құрамның жоқтығын алға тартты. Сот үкімі Б. - кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды; С. - кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру; Х., М., М., К., Ю. - кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды; К. - кінәлі деп танылып, 2025 жылғы 23 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы" ҚР Заңы негізінде негізгі жазадан босатылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев қазақстандық IT-кәсіпкерлерді қабылдады Мемлекет басшысы қазақстандық IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Higgsfield AI стартапының техникалық директоры Ерзат Дулатпен және MA7 Ventures венчурлік платформасының негізін қалаушы Мұрат Әбдірахмановпен кездесіп, жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқару ісіне және әлеуметтік салаға жүйелі түрде енгізу, сондай-ақ IT-кәсіпкерлікті, венчурлік және AI-индустрияны дамыту мәселелерін талқылады. Президент Higgsfield AI стартапының жетістігін жоғары бағалап, елімізде жасанды интеллект саласында жаһандық көшбасшы саналатын компанияның құрылуы зор табыс екенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан IT саласындағы компаниялар тез арада іске қосылып, қарқынды түрде дамып, әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет. Бұл – негізгі міндет. Ерзат Дулат Higgsfield командасының 95 пайызы қазақстандықтардан құралғанын, бұл жастардың әлеуетін танытатынын жеткізді. Сонымен қатар ол AI-индустрияға қажетті кадр даярлау және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру ісінде мемлекетпен серіктес болуға дайын екенін растады. Мұрат Әбдірахманов венчурлік индустрия мемлекеттердің технологиялық дамуының тетігі саналатынына тоқталды. Бұл орайда Қазақстанның жаһандық венчурлік индустрияның толық қатысушысы болуға мүмкіндігі зор. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында әкімдер жалған шешімдер қабылдаған: тергеу басталды Алматы облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдерін пайдалану арқылы жасалған заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, Қарасай ауданында жалпы ауданы 5 гектар болатын ауыл шаруашылығына арналған жерлердің нысаналы мақсатының әкімдіктің жалған шешімдерінің негізінде заңсыз өзгертілгені белгілі болды. Кейіннен аталған жер 83 жеке жер учаскесіне бөлінген. Прокуратураның талабымен Қарасай аудандық сотының шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдері заңсыз деп танылып, күші жойылған. Осыған ұқсас жағдай Іле ауданында да анықталып, онда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы әкімнің шешімі жалған болып шыққан. Прокурорлық қадағалау шараларының негізінде соттың шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. "Аталған деректер бойынша прокуратураның үйлестіруімен полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігінде (жалған құжаттарды жасау және өткізу) көзделген құқықбұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ҚМА қызметкерлерін наградамен марапаттады Президент қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігінің бір топ қызметкерін мемлекеттік наградамен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін мына азаматтар наградталды: Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен Байшолақов Азамат Қанатұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кеңесшісі Есенов Ерік Өмірбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы; "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен Ержанұлы Ертілек – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі (анықтаушысы) Жаналиев Нұрбол Арысланбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аға тергеушісі Өмірбеков Ержан Малғаждарұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма басшысының орынбасары Ысқақов Мұстафа Шорманұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі уәкілі (анықтаушысы); "Ерен еңбегі үшін" медалімен Ағжанбаева Әлия Серікқызы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Тәуекелдерді бағалау ұлттық орталығының басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: “Сауатсыз, көрсеқызар, жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды“ Мемлекет басшысы сауатсыз, әсіресе ашкөз, көрсеқызар, жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Қаржылық барлау қызметкерлерінен нағыз жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарайтын отаншылдықты талап етемін. Мұндай қасиетке ие адамдар жемқорлықтан, ашкөздіктен, сауатсыздықтан ада болуға тиіс. Сауатсыз, әсіресе ашкөз, көрсеқызар, жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды. Әрине, ол өзін патриот санауы, алаулатып, жалаулатып сөйлеуі мүмкін. Алайда ол патриот емес және оны бәрі біледі. Сондықтан бұл арада отаншылдықты дұрыс түсіне білгеніміз абзал. Мен бұл жөнінде Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында айттым. Қазіргі уақытта жаңа Конституцияның мазмұнын қарап жатырмыз. Біз осы өзгерістер аясында патриотизм туралы ұғымды нақтылап, жауапкершілікке әрі жасампаздыққа құрылған отаншылдықты айқындай аламыз деп ойлаймын. Нағыз патриот барлық жерде, ол Қаржылық мониторинг агенттігі немесе мемлекеттік меншіктегі кәсіпорын болсын, жеке кәсіпкерлік нысаны, университет, мектеп болсын, адал еңбек етуге тиіс. Әркім өз жұмысын жақсы атқарса, оны патриот деп санаймыз. Жалпы, тексеру шаралары мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелеріне қатысты жұмысқа кесірін тигізбеуі керек. Бюджет қаражатын уақтылы игеруге де кедергі келтірмеуі қажет. Ақпараттық, коммерциялық қауіпсіздікті және жеке деректерді қорғау мәселесін назарда ұстаған жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Тапқан-таянғанынан айырылып қалып жатыр: Тоқаев қаржылық алаяқтыққа қатысты батыл шешім қабылдауды талап етті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдерін ойластыру қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президенттің сөзінше, Агенттік қаржы пирамидаларымен белсенді күрес жүргізіп жатыр. Тек былтырдың өзінде 140-тан астам қылмыстық іс тергеліп, жарты миллионнан аса адамның қаржысын тартпақшы болған 15 мың сайт пен 123 чат жабылды. "Алайда қабылданып жатқан шаралар да, түсіндіру жұмыстары да жағдайды түбегейлі өзгерте алмай тұр. Әйтсе де оң үрдіс бар. Неге? Өйткені алаяқтар пирамиданы түрлі қаржы құралдары сияқты ұсынады. Ал азаматтар олардың арбауына түсіп, бар тапқан-таянғанынан айырылып қалып жатыр. Сондықтан қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын әзірлеп, проблеманың түп тамырын анықтаған жөн. Өз әрекетінің заңсыз екенін біле тұра, адамдарды түрлі алаяқтық схемаларға тартатын пирамида қатысушыларына құқықтық жауапкершілік енгізу мәселесін қарастыру қажет. Мұндай алаяқтарды немесе қымсынбай қылмысқа баратын жандарды түрмеге қамап, қылмыстық жазаға тарту керек. Егер Қаржылық мониторинг агенттігі, Үкімет осындай түзетулерді ұсынса, мен қолдаймын. Мәселені қарастырыңыздар. Осы тектес батыл шешімдер қабылдамасақ, ахуалдың оңала қоюы екіталай. "Баяғы жартас – сол жартас" күйінде қала береді", - деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Капиталды заңсыз шығару проблемаға айналды“: Президент ҚМА-ға тапсырма берді Мемлекет басшысы капиталдың заңсыз сыртқа кетуі экономикалық қауіпсіздігімізге тікелей қатер төндіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президенттің сөзінше, жаңа салық саясаты күшіне енгелі бері нақты айналымды жасыру үшін қолма-қол төлем көлемінің артқаны туралы мәліметтер келіп түскен. "Бөлшек саудамен айналысатын саудагерлер тауардың ақысын қолма-қол ақшамен немесе аударым арқылы төлегеніне қарай салық сомасын шегеріп, екі түрлі баға айта бастады. Бұған, әрине, көз жұма қарауға болмайды. Өйткені мұндай әрекеттер мемлекеттің салықты әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру бағытындағы еңбегін зая кетіреді. Кірісті жылыстату және капиталды астыртын криптоперациялар арқылы заңсыз шығару проблемаға айналды. Бүгінге дейін 62 миллиард теңгеден астам қаржы айналымы бар 130 заңсыз криптоалмасу қызметі жойылды. Осы істердің аясында 2,6 миллиард теңгенің мүлкіне тыйым салынды. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау жарнамасы тыйылмай тұр. Демек, мәселе түбегейлі шешімін таппаған. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, еліміз сыртқа шығарылған капиталдың көлемі жағынан "көш бастап тұрған мемлекеттердің" бірі. Ал осындай қылмыс үшін сотталғандар жоққа тән. Капиталдың заңсыз сыртқа кетуі экономикалық қауіпсіздігімізге тікелей қатер төндіреді. Агенттік аталған мәселелер бойынша нақты ұсыныс енгізсін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары да азаймай тұрғанын айтты. "Біз елімізді дамытуға арналған қаражатты тиімді жұмсаудың амалын іздеп қиналамыз. Бірақ соған қарамастан әлеуметтік салаға бөлінген триллиондаған теңге қаржыны жымқыратын алаяқтар бар, тіпті, аз емес деп айтуға болады. Бұл – мүлде ақылға сыймайтын жағдай. Мұндай кеселді түп-тамырымен жою керек. Қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары да азаймай тұр, ондай заңсыздыққа тосқауыл қою қажет. Мұндай теріс ахуал экономикаға орасан зор зардабын тигізуде. Түптеп келгенде, көлеңкелі экономикамен үзілді-кесілді күресу керек. Бұл да – өте өзекті, аса маңызды міндет. Қаржылық мониторинг қызметінің алдында тұрған міндет белгілі: бұл – мемлекет қаржысының тек қана ел игілігіне жұмсалуын қадағалау. Осы маңызды міндеттің сапалы іске асуы сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бизнеске заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы ауыр қылмыспен парапар“ - Тоқаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚМА-да өткен жиында бизнеске заңсыз кедергі келтіру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Агенттіктің кәсіпкерлермен жұмыс тәсілін қайта қарауға шақырды. "Бизнестің дамуын тежейтін кедергілерді жою керек. Бұл бағытта біраз жылдан бері жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Бірақ "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, жекелеген бизнес өкілдерінен әлі де арыз-шағым түсіп жатыр. Барлық құқық қорғау органы бизнеске заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы ауыр қылмыспен парапар екенін түсінуге тиіс. Бұл, ең алдымен, Қаржылық мониторинг агенттігіне қатысты. Маған аймақтарда қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар деген шағымдар келіп түсіп жатыр. Ескертемін: егер әлгіндей мәліметтер расталса, заңға сәйкес жауапқа тартып, келтірілген шығынды өндіріп алу үшін қатаң шаралар қабылданады. Былтыр Агенттік тергеу жүргізген қылмыстық істердің 40 пайызы, яғни мыңнан астамы негізсіз деп тоқтатылған. Мысалы, 2025 жылы Агенттік 2710 іс қозғаған, оның 1061-інде күдіктілер ақталып, іс тоқтатылған. Бұл жай ғана көрсеткіш емес. Осындай істердің салдарынан кәсіпкерлер шығынға ұшырайды, олардың іскерлік беделіне нұқсан келеді, еңбек ұжымдарының берекесі қашады. Мұның бәрі бизнестің дамуын тежейді, елдегі инвестициялық ахуалға зардабын тигізеді. Сондықтан кәсіпкерлермен қарым-қатынас орнату тәсілдерін қайта қараған жөн. Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай, ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтай білу қажет. Кәсіпкер қаржы заңнамасын бұзған жағдайда оның шаруашылық қызметін бірден тоқтатып тастауға болмайды. Шектеу шараларын құқық бұзушылықтың деңгейіне сәйкес ерекше жағдайларда ғана қолдану керек. Кәсіпкерлер де заң талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Мемлекеттің оң көзқарасы мен қорғауын пайдаланып, салықтан жалтаруға, алаяқтық схемалар жасауға болмайды. Алаяқтыққа мүлдем жол бермейміз", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Босаңсуға болмайды“. Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, осыдан бес жыл бұрын, ел ішінде ауқымды өзгерістер қолға алынып жатқан тарихи кезеңде құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі өзіне жүктелген жауапкершілік пен міндетті абыроймен орындап келе жатқанына назар аударды. "Жалпы, осындай қысқа мерзім ішінде көп жұмыс істелді, біраз тәжірибе жинақталды. Бүгінде Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің экономикалық және ұлттық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын дербес құрылымға айналды. Мұны табанды еңбек пен адал қызметтің нәтижесі деуге болады. Агенттік қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Бірақ босаңсуға болмайды. Себебі алдымызда биік мақсаттар мен ауқымды жұмыс бар. Әсіресе, қазір өте қарқынды дамып жатқан цифрлық технология мен жасанды интеллект дәуірінде жұмысқа түбегейлі жаңа көзқараспен қарау міндеті тұр. Бұл мәселе туралы "Turkistan" газетіне берген сұхбатымда және Ұлттық құрылтай отырысында анық айттым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртенді: видео Ақтөбеде автогаз құю станциясында көлік өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы ауданындағы Жібек жолы тұрғын алабында автокөлік өртенген. Өрт автогаз құю станциясының газ колонкасына да тараған. "Өрттің таралуы және жарылыс қаупі жоғары объектіге ТЖД, Жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жоғары дәржелі шақырту бойынша жедел түрде жұмылдырылды. Өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, сөндірілді", - деді Ақтөбе облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Айбат Жанабергенов. Зардап шеккендер жоқ Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда балдақ ұстаған ер адам есірткі таратумен айналысқан Павлодарда есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ірі көлемде есірткі таратпақ болған 54 жастағы тұрғынды ұстады. Ер адам тыйым салынған зат салынған орамаларды супермаркеттегі жеке заттарды сақтауға арналған ұяшыққа жасырғанын, кейін оларды Павлодар аумағында құпия орындар арқылы сатуды жоспарлағанын мойындаған. "Күдіктіні тінту барысында каннабис есірткісі бар екі орама мен үш темекі анықталды. Сонымен қатар, оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде есірткі, электрон таразы, орау құралдары және zip пакеттер тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 300 грамнан асты. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімге қатысты мәлімдеме жасады Қорғаныс министрлігі жыл басынан бері Қарулы Күштердегі әскери қызметшілердің өліміне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство марқұмдардың отбасыларына, туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтты. "Қарулы күштердің басшылығы болған жағдай барынша ауыр екенін және әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктің толық көлемін терең түсінеді. Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың тапсырмасы бойынша мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған шұғыл шаралар қабылданды", - деп жазылған хабарламада. Қорғаныс министрлігі өкілдері барлық оқиға бойынша нақты кадрлық және тәртіптік шешімдер қабылданғанын айтты. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, штаб бастығы және қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әскери қызметші қаза тапқан әскери бөлімнің командирі, оның орынбасары, сондай-ақ, батальон командирі атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - делінген ведомство хабарламасында. Министрлік мәліметінше, қабылданған шұғыл шаралар: Тәрбие жұмысы ұйымдастырылуы мен әскери тәртіпті бақылау күшейтілді. Қару-жарақты пайдалану, сабақтар өткізу, атыс жаттығулары мен тапсырмаларды орындау кезінде жарғылық талаптар, қауіпсіздік шараларын сақтау талаптары қатаңдатылған. Әскери бөлімдерге Қарулы Күштердің жеке құрамын кешенді психологиялық тексерістен өткізу үшін комиссиялар жіберілді. Әскери қызметшілердің психикалық жай-күйіне, сондай-ақ, қызметтік міндетті орындауға психологиялық дайындық деңгейіне қайта бағалау жүргізіліп жатыр. Командирлер мен сержанттық құрамның жеке жауапкершілігі арттырылды. Негізгі назар оқыс оқиғалардың алдын алуға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Әскери полиция күштерімен әскери бөлімдерде жан-жақты тексерістер ұйымдастырылды. Жеке құрамға бақылау, бейнебақылау, соның ішінде қызметтен тыс уақытта да бақылау күшейтілді. Тәулік бойы бақылау енгізіліп, құқықбұзушылықтар мен оқиғалардың алдын алуға бағытталған қосымша профилактикалық шаралар қабылданды. Әскери қызметшілердің туыстарымен тұрақты бейнебайланыс қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, бөлімше командирлері ата-аналармен ресми байланыс арналары арқылы тұрақты түрде байланыста. Еске салайық, 27 қаңтарда Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болғаны хабарланған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері 29, 30 және 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аяз басылады Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі кең антициклонның ықпалында болады. Соған байланысты ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. "Тек елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері атмосфералық фронттардың әсерінде қалады. Бұл аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында 31 қаңтарда қатты жауын-шашын болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады", – деді синоптиктер. Ауа температурасы қандай болады? Метеорологтар мәліметінше, Қазақстан аумағында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 31 қаңтарда күндіз ауа температурасы: Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – 5 градус аяздан 5 градус жылыға дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталық өңірлерінде – 2–10 градус аяз болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда жаппай ақау шықты Қазақстандағы мамандандырылған ХҚКО-ларда жаппай ақау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Tengrinews.kz оқырмандары Астанадағы мамандандырылған ХҚКО-ларда электронды кезек жүйесі жұмыс істемей тұрғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, талондар тек таңғы 9:00-ден 10:00-ге дейін ғана беріліп, саны бар болғаны 300-мен шектелген. Бұл - бір күнге арналған барлық талон. Қалған уақытта талон алу мүмкін емес. Көптеген азамат күні бойы кезекте тұруға мәжбүр. Сонымен қатар, жағдайдан бейхабар басқа қалалардан келген адамдар да қызмет ала алмай отыр. Тіпті ақылы негізде (жеке менеджер арқылы) де талон беру тоқтатылған. Осыған байланысты оқырмандар шағымданып жатыр. (Фото: Tengrinews.kz оқырмандары жолдаған) Ресми түсініктеме "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәселенің бар екенін растады. Олардың мәліметінше, жүйенің уақытша дұрыс жұмыс істемеуі мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қиындық тудырып отыр. "Еліміздегі барлық мамандандырылған ХҚКО-да жүйеде уақытша ақаулар байқалды. Осыған байланысты мамандандырылған ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде қиындықтар туындап отыр. Қазіргі уақытта жауапты мамандар жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген ресми хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“7-20-25“-ке қатысты алаяқтық: Астанада ипотека алуға көмектесемін деген ер адам сотталды Астанада Instagram арқылы 25 адам алданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2021-2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшасын иемденген 30 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. "Ол "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсынамын" деп азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда ақшаны өз қажетіне жұмсаған", - делінген хабарламада. 25 адам оның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен. Келтірілген жалпы залал 95 миллион теңгеден асқан. Сот айыпталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК әкімнің бұрынғы орынбасары Ақшабаевқа қатысты тергеу басталғанын растады Алматы облысы Іле ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Қуат Ақшабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Бұған дейін желіде Қуат Ақшабаевты ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат тараған еді. Жазбада шенеунік 28 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені айтылған. Кейінірек болжамды пара сомасы шамамен 323 миллион теңге болуы мүмкін екені жөнінде мәліметтер пайда болды. ҰҚК не дейді? Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу жүргізіліп жатқанын растады. "Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген ресми сауалға берілген жауапта. Алайда ҰҚК тергеудің нақты мән-жайын және Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша іс қозғалғанын ашып көрсеткен жоқ. Әкімдік не дейді? Іле ауданы әкімдігі 16 қаңтарда Қуат Ақшабаевтың өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлады. "Қуат Ақшабаев бұған дейін әкімніңторынбасары қызметінен босатылғанын және қазіргі уақытта бұл лауазымды атқармайтынын хабарлаймыз", – деді әкімдіктің баспасөз қызметі. Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа үкім шыққан болатын. Экс-әкім мен өзге де фигуранттарға қатысты іс Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша қаралды. Олардың қатарында мүлікті иемдену және ысырап ету, алаяқтық, экологиялық талаптарды бұзу, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану және теріс пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, сондай-ақ қызметтік жалғандық бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Семейде резонанс тудырған оқиға: қыз сот шешіміне көңілі толмай жылап қалды Семей тұрғыны басына түскен тосын оқиғаның немен аяқталғанын айтып берді. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Threads-те қыз 27 қаңтарда кешке резонанс тудырған оқиғаға қатысты сот өткенін жазды. Судья айыпталушының әрекетін ұсақ бұзақылық ретінде саралап, боқтық сөздер айтқаны үшін 85 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Ал жәбірленуші сот шешіміне көңілі толмай, эмоцияға толы видео жариялады. "Бұл мүлде әділетсіз. Менің өмірім 85 мың теңгеге ғана тұра ма? Оған тек қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салды. Сотта ол маған жала жауып, бәрін мен бастағанымды айтты. Ал соттан шыққан соң анасы келіп: "Неге сонша жақтырмайсың? Ең бастысы өлтірген жоқ қой" дейді", - деді семейлік қыз көз жасына ерік беріп. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде семейлік қыздың оқиғасы туралы жазба тараған еді. Оның айтуынша, оқиға 25 қаңтарда түнгі сағат 3:21 шамасында болған. Қыз жұмыстан қайтып келе жатқанда, артынан бейтаныс әйел еріп, ол үйдің кіреберісіне дейін келген. Жәбірленушінің сөзінше, әлгі әйел агрессивті мінез танытып, артынан қалмай, қорқынышты сөздері айтқан. Солардың бірі: "Соқыр болғың келе ме?" деген сөз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына кірген қазақстандық мұғалімді құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады. "Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды - синоптиктер болжамы Қазақстанның сегіз қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2026 жылғы 28 қаңтарда Астана, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 27 қаңтарда Жамбыл облысында болған. Ведомство мәліметінше, "мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаруды ұстау кезінде ауыр жарақат алған". Дерек бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауына алынған. Ресми ақпарат бойынша, оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті және жан-жақты (комиссиялық) анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шыққан. "Сонымен қатар, бұл топтың алдына еліміздің тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру тапсырылды. Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қалың қар және тұман: бүгін ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері 28 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оңтүстік циклон Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Метеорологтар мәліметінше, солтүстік және орталық аймақтарда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде қалың қар жауады. Ал батыс аймақтарда ауа райы салыстырмалы түрде тұрақты болады. Республика бойынша желдің екпіні мен тұманның күшеюі байқалады. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жолдарда көктайғақ жағдайы қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығыс бөлігінде қатты аяз күтіледі. "Бұл жағдайлар жол қозғалысына және тұрғындардың күнделікті өміріне әсер етуі ықтимал. Сондықтан сақтық шараларын күшейту ұсынылады", - делінген ескертуде. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Конституциялық комиссия: Тоқаев Әзімова, Қарин және Жиенбаевты қабылдады Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Мемлекет басшысына Конституциялық комиссияның бұған дейін өткен отырыстарының нәтижесі туралы мәлімет берілді. Эльвира Әзімова Комиссия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық отырыс медиа кеңістікте, соның ішінде арнайы телеграмм арналары арқылы тікелей көрсетіліп жатқанын баяндады. Конституциялық комиссия төрағасы жарты жыл бойы Конституциялық реформаларды қоғамдық талқылау өткізілгенін айтты. Электронды платформаға азаматтардан, құқықтанушы ғалымдардан, сарапшылардан, заңгерлерден, саяси партиялардан, үкіметтік емес ұйымдардан, кәсіптік және бизнес қауымдастықтардан 2 мыңнан аса ұсыныс пен бастама келіп түскен. Осыған дейінгі отырыстарда Комиссия мүшелері Конституция преамбуласының түбегейлі жаңа редакциясын, бірқатар баптарды және бөлімдерді әзірлеп, қарастырды. Мемлекет басшысы алдағы Конституциялық реформа еліміздің дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Ал Комиссия жұмысы Конституциялық реформаларды іске асыруда өте маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы полициясы автокөлік ұрлығы қалай жасалатынын көрсетті: видео Алматы ПД автокөлік ұрлығы қалай жасалатынын көрсетіп, видео жариялады. Кадрларда көбіне салғырттықтан туындайтын ұрлық жағдайлары мен олардың салдары көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыда автокөліктерді ұрлаумен айналысатын, агрегат нөмірлерін өзгерту немесе көліктерді бөлшектеу арқылы пайда табатын ұйымдасқан қылмыстық топтар тіркелмеген. Бұрын кең таралған мұндай қылмыстық схемалар бүгінде өзектілігін жоғалтқан. Алайда қазіргі жағдай мүлде басқа. Автокөлік ұрлықтарының басым бөлігі - жекелеген, кездейсоқ сипаттағы фактілер. Олардың көбі көлік иелерінің өз жауапсыздығынан болып жататын көрінеді. Кейбір жүргізушілер автокөліктерін құлыптамай, тіпті кілтін оталдыру құлпында қалдырып немесе қозғалтқышы қосулы күйде "бір сәтке" дүкенге не жеке шаруамен кетіп жатады. Алматы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияровтың айтуынша, қазіргі ұрлықтардың дені алдын ала жоспарланбаған қылмыстар. "Бүгінде тіркеліп жатқан автокөлік ұрлықтарының басым бөлігі - аяқ астынан жасалған әрекеттер. Көбіне олар алкогольдік мас күйдегі адамдардың қараусыз қалған көлікті пайдаланып кетуімен байланысты. Мұндай барлық деректер ашылып, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады", - деді ол. Полиция өкілдері мұндай қылмыстардың алдын алу қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы мүмкін екенін атап өтті.Полиция жүргізушілерге кеңес береді: автокөліктен шыққан кезде қозғалтқышты міндетті түрде сөндіріп, кілтті өзіңізбен алып жүріңіз; қысқа уақытқа кетсеңіз де, есік пен терезелерді толық жауып кетіңіз; көлік салонында кілттер мен құжаттарды қалдырмаңыз; дабыл қаққыштар мен ұрлыққа қарсы құрылғыларды пайдаланыңыз; күмәнді әрекеттерді байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақша, қару, ұялы телефондар: Алматыда ірі алаяқтық схемалары әшкереленді Алматыда ірі алаяқтық схемалары әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап. Алматы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары жалпы 300 миллион теңгеден астам шығын келтірген интернет-алаяқтық пен несиелерді заңсыз рәсімдеуге қатысы бар қылмыстық топтардың жолын кескен.Бірінші жағдайда қаскөйлер өздерін мемлекеттік орган және банк қызметкерлері ретінде көрсете отырып, қарттардан ақша, оның ішінде пәтер сатқаннан түскен және банк депозиттеріндегі ақшаны ұрлап кеткен. Ақшаны курьерлер арқылы алған.Екінші жағдайда әлеуметтік осал тұлғаларға қайтарымсыз автокредит рәсімдеп, кейіннен автокөліктерді, оның ішінде ҚР аумағынан тысқары жерлерге әкетіп, қайта сатқан ұйымдасқан топ анықталды. Қаржы ұйымдарына келтірілген шығын 66 миллион теңгеден асты. Жедел-тергеу шаралары барысында 10-нан астам күдікті ұсталды, күдіктілердің біреуіне іздеу жарияланған, ондаған тінту жүргізіліп, ақшалай қаражат, қару, ұялы телефондар мен құжаттар тәркіленген. "Алматы прокуратурасы, мемлекеттік органдар мен банктер ақша беруді талап етпейді, қылмыстық істерді сылтауратып, қоқан-лоқы көрсетіп немесе қорқытып қоңырау шалмайтынын ескертеді. Күдікті қоңыраулар шалынған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну керек", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Гидеон Саардың сапары Израильдің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растайды. Кездесуде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ықпалдастықты жандандыруға, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, сондай-ақ басқа салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса мән берілді. Президент Гидеон Саардың Астанаға сапары аясында Қазақстан-Израиль бизнес форумын өткізуді қолдап, оның қорытындысы екі елдің инвестициялық серіктестігін кеңейтуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Сыртқы істер министрі Израильдің Қазақстанмен мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытуға және өзара байланыстарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүдделі екенін жеткізді. Гидеон Саар Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көреген шешімі ретінде бағалады. Бұл тұрақтылықты, бейбітшілікті және халықаралық диалогты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Израиль сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, аталған бастамаларды табысты жүзеге асыруға тілектестік білдірді. Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Светлана Жақыпова министр қызметінен босатылды Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақораға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, 2023 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жақыпованы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады. Ал 2024 жылы 6 ақпанда Президент жарлығымен осы лауазымқа қайта тағайындалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Балаларға әлеуметтік желілерді шектеу: не белгілі? Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова депутаттардың балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді шектеу туралы ұсынысына пікір білдірді. Бұл туралы ол Үкіметтегі брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналистер шенеуніктен балалардың әлеуметтік желілерге кіруін нақты қалай шектеу жоспарланып отырғанын сұрады. Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, министрлік бұл мәселені зерттеп жатыр. "Қазіргі уақытта шектеулерді қарастырып жатырмыз, бірнеше ұсыныс бар. Министрлікте жұмыс тобы құрылды. Біз балаларды көптеген елде қолданылып жүрген заңсыз контенттен қорғағымыз келеді. Бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр және қоғам, соның ішінде ата-аналар, педагогтер және БАҚ өкілдерімен талқыланады", - деді Сүлейменова. Сондай-ақ ол министрлік қарастырып жатқан нақты шараларды атады: балаларға SIM-карталарды тіркеу - қолжетімділікті бақылаудың алғашқы қадамы; 14 жасқа дейінгі балалар пайдаланатын контентке мониторинг жүргізу - заңсыз материалдарды анықтау және бұғаттау үшін; мектептерде цифрлық және медиасауаттылықты арттыру, яғни балаларға интернет пен әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалануды түсіндіру. "Балаларға әлеуметтік желілерді шектеу мәселесін медиақауымдастық және ата-аналармен талқылау қажет болады. Жұмыс тобы қазірдің өзінде құрылды, оның отырысы өткен кезде толық ақпарат береміз", - деп қосты ол. Жұлдыз Сүлейменова бұл бастама әзірге талқылау кезеңінде екенін, түпкілікті шешімдер әлі қабылданбағанын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Алтын бөлме“ және 4 миллиард теңге залал: Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды Семейде сот ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін құрамында алтын бар кенді ұрлағаны үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семейдің үш тұрғыны Ж., К. және М-ға ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу (ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі), өндірістік үй-жайға заңсыз кіру арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасау (ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі), ұрлық жасауға оқталу (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 4-бөлігі), қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру (ҚК-нің 218-бабының 3-бөлігі) бойынша айып тағылған. Айыптау нұсқасына сәйкес, сотталушылар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында "Алел" қаржы-инвестициялық корпорациясының өндірістік үй-жайларына заңсыз кіріп, аса ірі мөлшерде құрамында алтын бар кенді ұрлап, жәбірленуші тарапқа 4 миллиард теңгеден астам материалдық залал келтірген. Сонымен қатар, олар 224 миллион теңге сомасындағы алтын құрамды материалды ұрлауға оқталу жасаған. "Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "алтын бөлме" деп аталатын орыннан ұрлық жасау деректері 2019 жылдан бастап орын алғанын және барлығы құрамында алтын бар материалды ұрлаудың 49 эпизоды тіркелгенін анықтады. Тергеу барысында сотталушылар мен олардың туыстарының жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, оның ішінде қонақүй кешендерін, коммерциялық ғимараттарды, сауда үйлерін, дәріханаларды, пәтерлер мен автокөліктерді сатып алғаны және сатып алуға жәрдемдескені анықталып, бұл әрекеттер қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру тәсілі ретінде бағаланды", - делінген хабарламада. Тараптардың ұстанымы Ж. мен К.-ның қорғаушылары сотталушыларды толық ақтауды өтінді, ал М.-ның қорғаушысы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 4-бөлігі бойынша шартты жаза қолдануды және ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі бойынша ақтауды сұрады. Жәбірленуші ұйымның өкілі заң талаптарына сәйкес жаза тағайындауды сұрады. Корпорация тарапынан материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап қойылған жоқ. Сот шешімі Ж. мен К.-ға қатысты кәмелетке толмаған балаларының болуы – жеңілдететін мән-жай, ал төтенше жағдай кезеңінде (пандемия) қылмыс жасауы – ауырлататын мән-жай ретінде танылды. М.-ға қатысты кәмелетке толмаған балаларының болуы және кінәсін ішінара мойындауы – жеңілдететін мән-жай, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Осыны ескере отырып, сот: Ж.-ны қылмыстар жиынтығы бойынша 10 жыл бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеумен, К.-ны қылмыстар жиынтығы бойынша 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеумен, М.-ны қылмыстар жиынтығы бойынша 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеумен үкім етті. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп отырған: Ақтөбеде жұртты алдаған зергер ұсталды Ақтөбеде клиенттерін алдаған зергер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция мәліметінше, орталық базар аумағында орналасқан зергерлік шеберханалардың біріне қатысты арыз-шағым түскен. "Зергер клиенттерден алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасау үшін қабылдап алғаны белгілі болды. Кейін ол бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны жеке қажетіне жұмсаған. Қазір оның кемінде 20 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды", - деді полиция. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асады. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
7 жыл іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядағы стендапта көзге түсті: Бас прокуратура не дейді? Үйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) жетекшісі деген күдікке ілінген StavkaBet букмекерлік кеңсесінің құрылтайшысы Нұрдәулет Сейсенбаев Грузияда әзілкеш Александр Меркулдің стендап кешінде көзге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол әзілкешпен әңгімеде Қазақстанда өзіне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және заңсыз ойын бизнесін жүргізді деген айып тағылып отырғанын айтқан. Айып дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар. Бас прокуратураның Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабына сәйкес, Сейсенбаевты Грузиядан экстрадициялау мәселесі әлі де қаралып жатқан көрінеді. Бұған дейін Қазақстан тарапы оны беру туралы сұрау жолдағанымен, бұл өтініш әзірге мәні бойынша қаралмаған. Сондай-ақ, оған Грузияда қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы қолданылған. Бас прокуратура екі ел арасындағы экстрадиция мәселелері 1993 жылғы құқықтық көмек туралы конвенция аясында жүзеге асатынын атап өтті. Айта кетейік, Нұрдаулет Сейсенбаев 2019 жылдың қыркүйегінде Интерпол арқылы Грузияда ұсталған, алайда сол кезде грузин соты Қазақстан ұсынған дәлелдерді жеткіліксіз деп танып, экстрадициядан бас тартқан. Сейсенбаевқа қатысты іздеу ісі 2019 жылдың тамызында Актөбе облысында тіркелген. qamqor.gov.kz Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Израиль президентіне Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті. "Еліміз этникалық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды, адамзатқа қарсы мұндай қылмыстың қайталануына жол бермеу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың ортақ күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады", – делінген жеделхатта. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да жер үй өртеніп, салдарынан 3 адам қаза тапты БҚО-да Ақсай қаласында жер үй өртеніп, салдарынан 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сюжетіне сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар департаментіне хабар жеткен бойда, сала қызметкерлері дереу қызыл жалын шыққан аумаққа барған. Олар сол маңға барғанда үйді түгелдей жалын шарпығаны белгілі болыпты. Ресми дерекке сәйкес, баспанада қазірге дейін тек бір адамның тұрып жатқаны анықталған. Көз жұмғандардың кім екені және өрттің шығу себебі анықталып жатыр. "Өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Департаменттің жеке құрамынан 14 адам және 3 техника жұмылдырылды", – деді ТЖД басқарма бастығы Дамир Салихов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мөлшері аталды 2025 жылы қазақстандықтарға 746 миллиард теңгеге жуық сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, 2025 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 655,7 миллиард теңге жұмсалған. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 90,3 миллиард теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды. Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 553,9 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 191,9 мың адам болған. "Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10 пайызға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 10 пайызға артты", - делінген хабардамада. Биыл жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 111 872 теңге, 2-топ үшін – 89 498 теңге, 3-топ үшін – 61 021 теңге болады. 2026 жылығы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 72 409 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша – 73 306 теңге болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Нұркентте 4 жасар ұлын сабаған әйел қамауға алынды Желіде баласын аяусыз ұрып-соққан видеосы тараған әйел қамауға алынды. Бұл туралы Жетісу облысы Полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресми мәліметке сәйкес, 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Аталған бап 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу кезеңінде күдікті қамауда болады. Ведомство мәліметінше, қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сот-психиатриялық сараптаманы қоса алғанда бірқатар сараптама тағайындалған. Қорытындылар дайын болғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады. Айта кетейік, оқиға Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Нұркент ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. 4 жастағы баланы ұрып-соғу сәті видеоға түсіріліп, кадрлар желіде тарады. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "27 қаңтарда Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана, Қостанай қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Үндістанның премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Президенті құттықтауында Премьер-министрдің дана басшылығының арқасында Үндістан сенімді түрде алға қарай қадам басып, экономиканы дамытуда және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруда айтарлықтай табысқа жеткенін атап өткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда ер адам автобус жүргізіп келе жатып қайтыс болды Алматыда автобус жүргізушісі қайтыс болды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. "Алматыэлектротранс" ЖШС №92 автобуста болған төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді. "25 қаңтарда сағат 14:35-те диспетчерлік қызметке №92 автобус жүргізушісінің денсаулығы кенет нашарлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға Абай даңғылы мен Сайын көшесі қиылысында болды. Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізушінің кабинасына кіріп, тежегішті басып, қауіптің алдын алды", - деп жазылған хабарламада. Жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер жүргізуші қайтыс болғанын анықтаған. Алдын ала диагноз - миокард инфаркті. "Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері келді. Автобусқа техникалық зақым келмеген, жолаушылар арасында зардап шеккен жоқ", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада автонесиге қатысты алаяқтық схема құрған қылмыстық топ мүшелері сотталды Астана соты алаяқтық схемаға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған қатысушылар 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алаяқтар азаматтарға қолданыстағы тұтынушылық несиелерді "жою" қызметін ұсынған. Оның орнына жәбірленушілерге жаңа кредиттік шарттар, соның ішінде автонесиелер рәсімдеуді ұсынып, ай сайынғы төлемдерді өздері төлейміз деп уәде берген. "Бұл схеманың құрбандары әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар - табысы төмен тұлғалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болған. Қаржылық жағдайы қиын болғандықтан, жәбірленушілер қарыз жүктемесін жеңілдетуге үміттеніп, қаскөйлердің шарттарына келісуге мәжбүр болған. Алайда берілген уәделер орындалмай, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 240 ммиллион теңгеден асты", - делінген хабарламада. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар“: Тоқаев заңға қайшы контенттердің салдары туралы айтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Технологияның қарқынды дамуы ақпараттық кеңістіктің түбегейлі трансформациясына жол ашады. Қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар. Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады. Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет. Азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн", - деді Президент. Сондайөақ, Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайтынын айтты. "Ұлттық құрылтай отырысында мен отаншылдық ұғымы туралы пікірімді айттым. Отаншылдық, бұл жай ұран емес, отаншылдық дегеніміз – қасиетті сезім, мұның әсіреұлтшылдыққа еш қатысы жоқ. Қазақстанда біз отаншылдық ұғымына жауапкершілік және жасампаздық тұрғысынан қарауымыз керек, яғни отаншыл азамат ең алдымен жауапкершілігі жоғары және жасампаз азамат болуға тиіс. Отанға деген сүйіспеншілік – саяси ұпай жинау немесе қызметтік мансап жасау емес, бұл – Отаныңа жақсылық жасау, еліңе пайда әкелу деген сөз". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Нағыз жымқыру“. Тоқаев үкіметке тапсырма берді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау жүйесін цифрландыру және азаматтардың дербес деректерін қорғау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін цифрландыру үдерісі біркелкі емес, яғни әр жерде әрқалай екеніне назар аударды. "Әр мекеме цифрлық жүйесін өз бетімен дамытуда. Бұл шаруа жүйесіз жүргізіліп жатыр. Біртұтас жүйе жоқ. Мысалы, кейбір органдар цифрлық тәсілдерді ұтымды қолданып жұмыс істеуде. Ал кейбірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, нағыз жымқыру. Сондықтан қаражатты орынсыз жұмсап, жаңа дүние жасаудың қажеті жоқ. Үкіметке қолданыстағы барлық цифрлық шешімдерді саралап, тексеріп, олардың тиімділігін арттыруды тапсырамын. Күштік құрылымдарға арналған түсінікті құрылымы бар және технологиялық стандарттары біркелкі бірыңғай цифрлық экожүйе жасалуға тиіс", - деді Тоқаев. Президент азаматтардың дербес деректерін қорғау қажет екенін айтты. "Ақпараттық кеңістікте азаматтардың дербес деректері жарияланып кеткені туралы хабар жиі шығып жатады. Дербес деректерді барынша қорғау үшін бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысу керек", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Бас прокуратурада жиын өткізді Президент Бас прокуратурада жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты. Сонымен қатар жаңа дәуірде барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұмысымен белсенді түрде айналысу қажет екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамымызға, жалпы елімізге заң үстемдігі, тәртіп мықтылығы ауадай қажет екенін айтты. "Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені даусыз. Бас прокуратураның осы саладағы рөлі аса маңызды. Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақпанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы "Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкес, ақпанда қысқы суық сақаталады, алайда ай аяғына қарай күн айтарлықтай жылынады. Ауа температурасы Елдің басым бөлігінде аяз сақталады. Солтүстік пен шығыста -13-тен -18 градусқа дейінгі суық, ал елдің ең оңтүстігінде шамамен +3 градус болады. Ай аяғына қарай ауа температурасы көтеріледі: оңтүстік және оңтүстік-шығыста: 3–3,8 градусқа; басқа өңірлерде: 0,5–1,5 градусқа. Түркістан облысының оңтүстік аудандарында ақпанның бірінші жартысында ауа температурасы 0 градустан плюс мәндерге ауысады деп күтіледі. Жауын-шашын Көптеген өңірде 6-дан 27 миллиметрге дейін жауын-шашын болжанады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктері аймақтарында - 30–110 миллиметр. Солтүстікте жауын-шашын негізінен қар түрінде түссе, оңтүстікте - қар мен жаңбыр аралас болады. Түркістан облысында жауын-шашынның шамамен жартысы аралас түрде жауады. Жауын-шашынды күндер саны: орта есеппен 10–12 тәулік; шөлді аймақтарда - 6–7 тәулік. Ақпанның аяғына қарай қардың қалыңдығы: солтүстікте: 15–35 сантиметр; оңтүстікте: 3–15 сантиметр; таулы аймақтарда: 70 сантиметрден 2 метрге дейін жетеді. Оңтүстікте тұрақты қар жамылғысы әдетте ақпанның екінші жартысында бұзыла бастайды. Жел және басқа да құбылыстар Желдің орташа жылдамдығы: елдің басым бөлігінде: секундына 4,5–7,5 метр; оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста: секундына 1–4,3 метр; жекелеген аймақтарда (Каспий маңында, Мұғалжар таулары ауданында, асуларда): секундына 6–9,5 метрге дейін. Сондай-ақ боран, көктайғақ және тұман болуы мүмкін, әсіресе солтүстік және таулы өңірлерде. Оңтүстікте қысқы найзағай болуы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Құрылтай депутаттарына министрлерді қызметінен босата алу құқығын беру ұсынылды Құрылтай депутаттарына министрлерді қызметінен босатуды талап ету құқығын беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров мәлімдеді. "Жеке нормада Құрылтай депутаттарының кемінде үштен бірі Үкімет мүшелерінің қызметі бойынша есеп беруіне бастамашы болу, сондай-ақ заңдар орындалмаған жағдайда есептерді тыңдау қорытындысы бойынша Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы Президентке өтінішпен жүгіну құқығы бекітілген", - деді депутат. Сенатордың айтуынша, мұндай жағдайда Президент Үкімет мүшесін қызметінен босатады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкес, алдағы күндері оңтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігін қамтиды. Ел аумағында қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, боран, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. "Антициклон елдің солтүстік-батысы, солтүстігі мен орталығына ықпал етеді. Бұл аймақтарда тынық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - деп мәлімдеді синоптиктер. Кезеңнің басында батыс және солтүстік облыстарда түнгі ауа температурасы -20…-35 градус аралығында болып, аязды ауа райы сақталады. Кейін түнгі температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі: елдің батысы мен солтүстігінде -7…-20 градусқа дейін, күндіз -2…-12 градусқа дейін жылынады. Қазақстанның орталығы, шығысы және оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы -3…-18 градусқа дейін төмендейді, таулы аймақтарда -15…-23 градус болады. Күндіз 0…-7 градус, таулы өңірлерде -8…-15 градус шамасында болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ауқымды схема: ҰҚК OrdaMed басшылығын ұстады ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі медициналық бұйымдарға қатысты ауқымды схеманы әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, "OrdaMed" АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісі бар екені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін аса қажет 28 медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференциялар алған. Алайда іс жүзінде дайын медициналық жабдық шетелден жеткізілген. Салдарынан мемлекетке 4,5 миллиард теңге көлемінде залал келтірілген. "Тінту шаралары барысында "OrdaMed" АҚ басшылығынан құны 1 миллиард теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленді, Interdentica, Erkin Brand және OrdaMed компанияларындағы қатысу үлестеріне тыйым салынған. Сот санкциясымен "OrdaMed" АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды", - делінген хабарламада. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ қазақстандықтарға Threads-тегі күмәнді жазбалар туралы ескертті Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те "жар іздеймін", "танысқым келеді" деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жазбалардың артында алаяқтар да тұруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Олар өздерін тартымды, бақуатты жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, хат алмасуды белсенді түрде жүргізіп, адамға ерекше көңіл бөліп, қысқа уақыт ішінде сенімге кіреді. Уақыт өте келе әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін. Алаяқтық схема әдетте былай өрбиді: белсенді қарым-қатынас орнату және эмоциялық тәуелділік қалыптастыру; өмірдегі қиын жағдайлар, ауру, шұғыл шығындар немесе тиімді инвестициялар туралы әңгімелер; ақша аударуды, оның ішінде қаражатты шетелдік криптоәмияндарға аударуды немесе үшінші тұлғалар арқылы жіберуді сұрау; қаражат алынғаннан кейін байланыс үзілiп, жәбірленушіні бұғаттау. "Егер экранның арғы жағындағы адам сізден ақша аударуды сұраса, бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі суреттерді пайдаланса, сақ болған жөн", - дейді ІІМ өкілдері. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін: интернет арқылы танысқан адамдарға ақша және жеке деректерді бермеу; жеке суреттерді жібермеу; күмәнді сілтемелерге өтпеу; сұхбаттасушының профилін және ол туралы ақпаратты тексеру; күмән туындаған жағдайда жазбаны тоқтату керек. ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды онлайн-танысу кезінде сақ болуға және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы полицияға хабарлауға шақырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
КҚК-ның үш айлақ құрылғысының бірі жөндеуден кейін қайта іске қосылды Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалында жөндеу жұмыстары толық аяқталып, үшінші айлақ құрылғысын жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "21 қаңтарда айлақ құрылғысының жүк жүйесіне гидросынақ жүргізілді, одан кейін суасты мұнай құбырында сүңгуірлер соңғы манифольдті ашты, 25 қаңтарда мұнайды ауыстырып тиеу үшін танкерді қою жүзеге асырылды", – делінген таратылған хабарламада. Екінші айлақ құрылғысына жасалған шабуыл салдарынан құрылғы зақымданып, жұмысы тоқтағаннан кейін жөндеу жұмыстарының мерзімі мен көлемі оңтайландырылған. Консорциумның мәлімдеуінше, мұнай жөнелтушілердің жылдық жоспардағы көлемдерін толық орындау үшін кемінде екі құрылғы қатар жұмыс істеуі керек. Үшінші айлақ құрылғысын жөндеу жұмысы оңай болмаған: ауа райы мен теңіз жағдайы күрделі болып, су астындағы ағыс жиі өзгергендіктен, сүңгуірлер жұмысы бірнеше рет тоқтатылған. Қазір теңіз терминалынан мұнай тиеу қалыпты режимде жүріп жатыр: мұнай бірінші және үшінші айлақ құрылғылары арқылы жөнелтіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанадағы дүкен иесіне жаңа баппен іс қозғалды Астанада азық-түлік дүкеніне иелік ететін жеке кәсіпкер әйел дропперлік дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша күдікті атанды. Полиция әйелдің сыйақы үшін алаяққа көмектесті деген болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Есіл аудандық полиция қызметкерлері дропперлік дерегі бойынша - алаяқтық операцияларды жүргізу үшін банк шотын заңсыз пайдалану дерегімен қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу мәліметінше, 2025 жылы өңір тұрғыны интернет-дүкен арқылы квадроцикл сатып алмақ болған. Ол сатушыға 680 мың теңге аударғаннан кейін, әлгі адам байланысқа шықпай кеткен. Ақша аударылған шот азық-түлік дүкенінің иесі әрі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген астаналық әйелге тиесілі болған. Оның айтуынша, өзіне белгісіз адам хабарласып, сыйақы үшін оның банк шотын пайдалануды сұраған. Әйел келісіп, ақша түскен соң белгілі бір пайызын өзіне қалдырып, қалған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, үшінші тұлғаға берген. Бұл дерек бойынша кәсіпкер әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әскерде мерзімді қызметтегі тағы бір сарбаз қаза тапты Қазақстан әскерінде тағы бір қайғылы оқиға болды: елдің шығысындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты. Мән-жайды Құрлық әскерлері қолбасшылығы тарқатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таратылған мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай 2026 жылғы 23 қаңтарда болған. "Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды", - деді Қазақстан Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Арынғали Әкішев. Әскери қызметші былтыр сәуірде мерзімді қызметке шақырылған. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады. Соталды тергеп-тексеру барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. "Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын объектив әрі жан-жақты анықтау үшін оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссияны министр орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков басқарады. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер басшылығы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтады. Отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажет көмек көрсетіледі", - деп қосты Әкішев. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Қазақстан Республикасы Әскери күштерінің Құрлық әскерлері (@qurlyq_askerleri) Бұған дейін Маңғыстау облысында егізінен кейін әскерге кеткен Дінмұхамед есімді әскери қызметші қаза болған еді. Алғашында олар бір бөлімде қызмет атқарғанымен, кейін олардың бірі басқа әскери бөлімге ауыстырылған. Былтыр 17 қыркүйекте отбасы қаралы хабар алған: Дінмұхамед өмірден озған. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда туыстары бұл нұсқамен келіспейді. Кейін Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Боранбаев 19 жастағы Дінмұхамедтің қазасына қатысты пікір білдіріп, бауырларды әдейі ажыратпағанын, олардың әртүрлі уақытта әрі әртүрлі елді мекендерден шақырылғанын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте резонанс тудырған төбелес: тағы үш күдікті ұсталды Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша полиция тағы үш күдіктіні ұстады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде адвокат Талғат Есімов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Василий Колесниковті өлтіру дерегі бойынша тағы үш күдікті ұсталды. Олар Түркістан облысының Түлкібас ауданында бой тасалап жүрген", – деп жазды Есімов. 21 қаңтарда полиция кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен төрт ер адамның ұсталғанын хабарлаған. "Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр", – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары. Не болған? Айта кетейік, оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін полиция қызметкерлері күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасына қатысты шешім қабылдады Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) ұлттық құрамалар жарыстары жөніндегі комитеті 2026/27 жылғы Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімін өткізу тәртібі мен матчтер күнтізбесін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Турнирдің жеребесі 12 ақпанда Брюссельде (Бельгия) тартылады. Жеребе тарту алдында барлық қатысушы A, B, C және D дивизиондарына бөлініп, әр дивизион ішінде себеттерге жіктеледі. Қазақстан құрамасы келесі Ұлттар лигасы маусымында C дивизионында өнер көрсетеді. C дивизионындағы құрамалардың себеттері 1-себет: Исландия, Албания, Черногория, Қазақстан.2-себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения.3-себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония.4-себет: Латвия немесе Гибралтар, Люксембург немесе Мальта, Молдова, Сан-Марино. 2026/27 жылғы Ұлттар лигасының ойындары 2026 жылғы 24 қыркүйек пен 17 қараша аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының нақты матч күндері жеребе тартудан кейін белгілі болады. Еске салайық, алдыңғы Ұлттар лигасы маусымынан кейін Қазақстан B дивизионынан түсіп қалды. Норвегия, Австрия және Словениямен бір топта болған кезде, сол тұста бас бапкер Станислав Черчесовтің шәкірттері бар болғаны 1 ұпай жинаған. Бұған дейін Бельгияның "Брюгге" клубының үш жанкүйері Чемпиондар лигасы аясында "Қайратқа" қарсы матч кезіндегі киген киімі үшін жаза алған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс: алдын ала тыңдау Астанада өтеді Дүйсенбі, 26 қаңтарда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Бабақұмаровты өлтіру ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге белгіленген. Бұл туралы ақпарат "Сот кабинеті" жүйесінде жарияланған. Бұған дейін Бабақұмаровтың өліміне қатысты істі қарау түрлі себептермен бірнеше рет кейінге қалдырылған. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша тергелген. Істі бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарған судья Айжан Күлбаева қарайды. Еске салайық, 2025 жылы 30 қазанға қараған түні Ержан Бабақұмаров қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, экс-шенеунік соққыға жығылған. Ержан Бабақұмаров кім? Ержан Бабақұмаров 1969 жылғы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты. 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі орынбасары, Президент Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының басшысы болған. Мәдениет және ақпарат саласында жауапты хатшы әрі вице-министр қызметтерін атқарған. Сондай-ақ премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, Мемлекет басшысының кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі лауазымдарын атқарған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Үндістанда емделмейтін вирус тарап жатыр Үндістандағы Батыс Бенгалия штатында Нипах вирусын жұқтырған бес жағдай тіркеліп, шамамен 100 адам карантинге жіберілген. Билік бұл індеттің таралуын тежеуге әрекет етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Independent басылымына сілтеме жасап. Вирусты осы аптаның басында екі медицина қызметкері жұқтырғаны расталған еді, ал жуырда тағы үш жаңа дерегі анықталды. Жаңа расталғандардың арасында дәрігер, медбике және медициналық мекеме қызметкері бар. Дүйсенбіде алғашқы жағдай анықталғаннан кейін, шамамен 100 адамға карантинінде болу туралы нұсқама берілген. Батыс Бенгалия денсаулық сақтау департаментінің өкілі қызметкердің жағдайы жақсарып келе жатқанын, алайда науқас әйелдің хәлі өте ауыр күйде екенін айтты. Екеуі де жүрек аурулары бар науқастарға арналған жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Нипах вирусы өлімге әкелуі мүмкін және қазір оған қарсы арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны жоғары қауіп төндіретін патоген ретінде бағалайды. Вирустың тасымалдаушылары жарқанаттар болуы мүмкін, сондай-ақ, жемістер арқылы да берілуі ықтимал. Жұқтыру белгілеріне қызу көтерілу, бас пен бұлшықет ауыруы, құсу және тамақтың ауыруы жатады. Ауыр жағдайларда ми қабынуы пайда болып, екі тәулік ішінде комаға түсуі мүмкін. ДДСҰ дерегінше, Нипах вирусының өлім-жітім деңгейі жоғары: вирус штамына қарай өлім көрсеткіші 40–75 пайыз аралығында. Тірі қалған адамдарда ұзақ мерзімді неврологиялық салдар болуы ықтимал, соның ішінде тұрақты құрысу немесе психоневрологиялық асқынулар кездесуі мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көкшетауда сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты Көкшетауда сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kokshetau Media-ға сілтеме жасап. Анасының айтуынша, оқиға 2025 жылғы 22 желтоқсанда сауда орталығының бірінші қабатында болған. Әйелдің сөзінше, 1 жас 9 айлық қызы Айсана қоршаусыз жерде тұрған жаңа жылдық безендіруді ұстамақ болған кезде, оны тоқ соғып, жарақат алған. Баланың анасы безендіру келушілер, оның ішінде балалар да еркін жүретін аймаққа орналастырылғанын айтады. Оқиға салдарынан бүлдіршіннің алақанына үшінші дәрежелі күйік диагнозы қойылған. Бала шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылған. Анасы қызға қарқынды ем тағайындалғанын, оның ішінде күніне үш рет Цеф-3 егілетінін айтты. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от КОКШЕТАУ МЕДИА•НОВОСТИ•РЕКЛАМА (@kokshe_media) Жарияланымда бұл оқиға адамдар көп жиналатын орындарда мерекелік безендіру орнату кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталуына қатысты сұрақтар туындайтыны атап өтілген. Көкшетау қалалық полиция басқармасы бұл дерек тіркелгенін мәлімдеді. Жиналған материалдар Төтенше жағдайлар басқармасына жолданған. Материал жарияланған сәтте сауда үйі әкімшілігінен ресми пікір болған жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері қала аумағында пәтер тонаумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкерелеп, жолын кесті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, топ мүшелері алдын ала келісіп, жүйелі түрде әрекет етіп, тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, азаматтардың бағалы заттары мен мүлкін ұрлаған. Қолға түсіру және одан кейінгі тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің қылмыстық әрекеттерге қатысы бар екенін дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді. Ұрланған мүліктің бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Қазір қылмыстық әрекеттің бірнеше дерегі анықталды. Ұсталғандардың Алматы қаласы аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр. Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Қажет тергеу және жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Мүліктік қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыс полицияның тұрақты бақылауында. "Криминалдық полиция азаматтардың мүлкіне қарсы жасалатын қылмыстарға дәйекті әрі қағидатты түрде әрекет етеді. Бұл топтың қызметі толық тоқтатылды. Пәтер ұрлықтарының сериясына қатысы бар барлық тұлға анықталып, ұсталды. Біз мұндай қылмыстарды әшкерелеу және кінәлілерді жауапкершілікке тарту жұмысын жалғастырамыз. Азаматтардың тұрғын үйінің қауіпсіздігі – біздің басты басымдықтарымыздың бірі", – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Конституцияның преамбуласын жаңарту ұсынылды Конституциялық реформаның аясында Ата Заңның преамбуласын жаңғырту, оның мазмұнын заман талабына сай қайта өзектендіру мәселесін Парламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ұсынысын ол Конституциялық комиссияның отырысында білдіріп, өз ойын бөлісті Депутаттың пікірінше, Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес. Мұндай өзгеріс – ұлттық мемлекеттілікті нығайтатын, елдің идеялық бағдарын айқындайтын маңызды қадам. "Мемлекет басшысы да преамбулада ұлттық құндылықтарды негізге алу қажеттігін нақты атап өтті. Қазақ даласынан бастау алатын өркениет пен мемлекеттілік дәстүрінің сабақтастығын айқын көрсету, Қазақстанның Ұлы даладағы тарихи мемлекеттердің мұрагері екенін нақты бейнелеу маңызды екеніне ерекше мән берді. Сондықтан Конституциялық реформа аясында келіп түскен барлық ұсыныстарға үстірт емес, байыппен, терең көзқараспен қарау – ортақ міндетіміз", – деді Комиссия мүшесі өз сөзінде. Конституцияның преамбуласы – Негізгі Заңның идеялық әрі моральдық іргетасы, сондай-ақ Конституцияны қабылдаудағы түпкі мақсаттарды айқындайды, елдің тарихи-мәдени болмысын, ұлттық келбетін танытады. Осы орайда Үнзила Шапақ өзгерістерге қатысты өз пікірі мен ойын айтты. "Ендігі біз ұсынатын преамбула мәтінінде бірнеше іргелі бағыт айқын көрініс табуға тиіс. Ең әуелі, Қазақстан өзін біртұтас ұлт ретінде танытуы қажет. Бұл – ұлттық бірегейлікті күшейтетін, барша қазақстандықты ортақ мақсат пен жауапкершілікке ұйыстыратын басты ұстаным. Преамбулада мемлекеттің унитарлық сипаты, шекаралардың мызғымастығы мен аумақтық тұтастықты сақтау мәселесіне ерекше мән берілуге тиіс. Қазіргі геосаяси жағдайда бұл қағидаттар ел егемендігін нығайтатын шешуші факторлар болып саналады", – деді депутат. Сондай-ақ Үнзила Шапақтың айтуынша, "Әділетті Қазақстан" идеясы мен оның өзегі саналатын "Заң мен тәртіп" қағидатын преамбула деңгейінде бекіту мемлекет пен қоғам дамуының жаңа философиясын айқындайды. "Бүгін біз Конституция туралы айтқанда тек билік пен құқықтық нормаларды ғана емес, ұлттың болашақ алдындағы жауапкершілігін де ойлауымыз керек. Сондықтан табиғатты аялау, экологиямызды сақтау идеясы Конституцияда қоғам мен мемлекеттің ортақ құндылығы ретінде көрініс табуға тиіс. Мәдениет, Әділетті Қазақстанның Конституциялық негізі мемлекеттілік – тек заңдар мен институттар арқылы ғана емес, ұлттық рух пен мәдениет арқылы орнығады. Сондықтан мәдениеттің және рухани құндылықтардың рөлі Конституцияда айқын көрініс табуға тиіс. Дәл осы мәдени негіз халықты біртұтас ұлтқа айналдырып, қоғамдық бірлікті нығайтады. Мәдениетті Конституциялық деңгейде бекіту арқылы біз Әділетті Қазақстанның тек құқықтық емес, өркениетті мемлекет екенін нақтылаймыз. Сонымен бірге мәдениет пен өнерге, ғылым мен білімге, инновацияға, табиғатты аялауға, бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікке мән берілуі Конституцияны тек құқықтық емес, өркениеттік құжат деңгейіне көтереді. Бұл – мемлекет пен халық арасындағы жария қоғамдық келісімнің айқын көрінісі", – деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Конституциялық реформа: Қазақстанда вице-президенттің “қызметтік шеңбері” айқындалды Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы жалғасып жатыр. Ержан Жиенбаев Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Вице-Президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды. Вице-Президентті қызметінен Президент босататын болады. Вице-Президент: Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді; Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар, Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады. Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады. Вице-Президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады. "Конституция деңгейінде Вице-Президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет. Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде Вице-Президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс", - деді ол. Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Халық кеңесінің функцияларын Конституцияда бекіту ұсынылды Халық кеңесі халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультатив органға айналады. Бұл туралы Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы жалғасып жатыр. "Халық кеңесі мәселесіне келсек. Конституцияда Халық кеңесі мәртебесін бекіту мақсатында онда арнайы жеке бөлім қарастыру ұсынылады. Біріншіден, Халық кеңесі – ел халқының мүддесін білдіретін жоғары консультатив орган екені туралы нормаларды бекіту қажет. Сондай-ақ, оның құрамы мемлекет басшысы тарапынан ел азаматтарының арасынан қалыптасатыны көрсетілуі ұсынылады", – деді Ержан Жиенбаев. Ол Халық кеңесінің негізгі өкілеттіктерін реттеу қажет екенін атап өтті. Атап айтқанда, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу бағыттары бойынша: мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары; қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту; мемлекеттің қызмет қағидаттары мен жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету. "Бұдан бөлек, Президент Халық кеңесіне заң шығару бастамасы құқығы берілуге тиіс екенін айтты, бұл Конституцияда тиісті түрде бекітуді талап етеді. Халық кеңесін құру тәртібі, құрамын қалыптастыру, өкілеттіктері және қызметін ұйымдастыру мәселелері жеке конституциялық заңмен айқындалады", – деді Жиенбаев. Халық кеңесінің жоғары органы жылына кемінде бір рет шақырылатын Сессия болады. "Осылайша, Халық кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы және Ұлттық құрылтай сияқты тұрақты жұмыс істейтін орган болмайды", – деп қосты ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада жаңа автобус бағыттары іске қосылады Астанада бірден үш жаңа экспресс-бағдар іске қосылады, оның екеуі "Нұрлы жол" теміржол вокзалынан қатынайды. Бұл туралы көлік кешендері бойынша оператор - City Transportation Systems мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оператордың мәліметінше, жаңа бағыттар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды және 2026 жылғы 25 қаңтарда желіге шығады. №506 автобус І.Жансүгіров көшесінен "Family Village" тұрғын үй кешеніне дейін қатынайды және Мәңгілік Ел даңғылы бойымен тікелей жүреді. №507 маршрут "Нұрлы жол" теміржол вокзалынан "Жағалау-4" тұрғын үй кешеніне дейін жүреді. Бұл бағыт Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі, бұрын қоғамдық көлік қатынамаған учаскеде көлік қызметін қамтамасыз етеді. №508 маршрут "Нұрлы жол" теміржол вокзалынан "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына" дейін қатынайды. Компанияның айтуынша, бұл маршруттар елорда тұрғындарына жол жүру уақытын үнемдеуге және қала ішінде қозғалысты жеңілдетуге мүмкіндік береді. Еске салайық, 16 қаңтарда Алматыда жаңа №96 маршрут іске қосылды: Әуежай – Майлин көшесі – Бекмаханов көшесі – Шолохов көшесі – Жұмабаев көшесі – БАК бойымен – Мөңке би көшесі – "Нұркент" шағынауданы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Рудныйдағы адам өлімі: екі жасөспірім ұсталды Қостанай облысының Полиция департаменті Рудныйда болған кісі өлтіру дерегі бойынша күдікті деп танылған екі жасөспірімнің ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін 23 қаңтарда көпқабатты тұрғын үйдің бір кіреберісінде Рудныйдың 19 жастағы тұрғыны өлі табылған. Кейін полиция Рудныйдың 17 жастағы тұрғыны және Бейімбет Майлин атындағы ауданнан шыққан жасөспірімге іздеуге бағдарлама таратты. Полицияның мәліметінше, кісі өлтіруге күдіктілер марқұммен таныс болған. Қылмысқа жеке қарым-қатынастарға байланысты туындаған жанжал себеп болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2026 жылғы UFC-дегі алғашқы турнир: қайдан көруге болады? 24 қаңтардан 25 қаңтарға қараған түні Лас-Вегаста 2026 жылғы UFC-дегі алғашқы турнир - UFC 324 өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы белбеуі үшін америкалық Джастин Гэтжи (26–5) мен ағылшын Пэдди Пимблетт (23–3) кездеседі. Олар дивизион рейтингінде 4-орын және 5-орында тұр. Бұған дейін грузин текті испаниялық спортшы спорттық мансабында қысқа үзіліс жасайтынын мәлімдеген. Топурия мұны жеке өміріндегі күрделі кезеңмен түсіндірді. 28 жастағы файтер кейінгі жекпе-жегін 2025 жылғы 28 маусымда өткізген. UFC 317 турнирінде ол Чарльз Оливейраны нокаутпен жеңіп, UFC-дің жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы атанды. Бұған дейін ол жартылай жеңіл салмақтағы титулын босатқан. Гэтжи - Пимблетт жекпе-жегінің жеңімпазы жеңіл салмақтағы уақытша белбеуді иеленіп қана қоймай, сондай-ақ, чемпиондық белбеу үшін Топурияның келесі қарсыласы болады. Қазақстанда жекпе-жекті қайдан көруге болады? Гэтжи мен Пимблетт арасындағы жекпе-жек тікелей эфирде Setanta Sports 1 телеарнасында, сондай-ақ "Кинопоиск" сервисінде көрсетіледі. Жекпе-жек жексенбі күні Астана уақытымен 9:00-де басталады. Бұған дейін UFC президенті Дана Уайттың жаңа бокс лигасында өнер көрсету үшін супер ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Александр Усикпен келісімшарт жасау жоспары бар екені хабарланған. Сондай-ақ, UFC чемпионы Хамзат Чимаев Грозныйда Шешенстан басшысы ұлы Адам Қадыровпен бірге ЖКО-да қаза тапты деген хабарламалардан кейін алғаш рет мәлімдеме жасаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстаулық әйел 23 жылдан бері құжат пен азаматтық ала алмай жүр Маңғыстауда ешқандай құжаты жоқ әйел мектепте, колледжде оқып, тұрмысқа шығып, бала туғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 23 жастағы Жаңылсын Сүгіралиева әлі күнге дейін жеке куәлік пен Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр. Себебі оның туу туралы куәлігі жоғалды делінеді. Құжатты отбасылары Түрікменстаннан көшіп келгеннен кейін, 2000-жылдардың басында таба алмаған. "Колледжді бітіргеннен кейін маған диплом берілмеді. "Алдымен құжаттарыңды әкел" деді. Мен АХАТ-қа (ЗАГС) жүгіндім, Түрікменстанға құжат сұратып өтініш жасадым, бірақ ол жақтан да мен тіркелмегенмін деген анықтама келді. Енді не істерімді білмеймін", - дейді әйел. Қазір Жаңылсын 23 жаста және басқа құжаттармен қатар азаматтықты рәсімдей алмай отыр. Жақында ана атанған. Құжаттың жоғы енді оның ұлына да қиындық туғызды: баласына туу туралы куәлік берілмей отыр. Әйелдің айтуынша, тек 2024 жылы ол сот арқылы өзінің туу туралы куәлігін қалпына келтіре алған. Алайда бұл азаматтық алуға көмектеспеген. Жаңылсын медициналық көмекке жүгіне алмайды әрі жұмысқа орналаса алмайды. Әйел қоғамдық белсенділер мен шенеуніктерден құжаттарын рәсімдеуге көмектесуді сұрап жүгінген. "Қазір оған әрі қарай қалай әрекет ету керегі және қандай құжаттар қажет екені түсіндірілді. Алдымен ол азаматтығы жоқ тұлға құжаттарын алуы керек. Содан кейін қайта өтініш беріп, Қазақстан азаматтығын рәсімдей алады", - деді Маңғыстау облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Нұрасылов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық экс-кеденші Испаниядан экстрадицияланды: оған қандай айып тағылды? Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Испаниядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокуратураның мәліметінше, ер адам 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола тұра ақпараттық базаға жалған деректер енгізген. Соның нәтижесінде сегіз автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждарды заңсыз төлеуден босатқан. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады. "Күдікті үш жылдан аса уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген. Кейін Испанияда ұсталды. Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство. Күдіктіге тағылған қылмыстар үшін мүлкін тәркілеумен қатар, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қытай Канаданы бір жылдың ішінде “жұтып жібереді” - Трамп АҚШ президенті Дональд Трамп Канаданы Гренландияға қатысты "Алтын күмбез" жобасын қолдаудан бас тартқаны үшін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы америкалық көшбасшы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. "Канада Гренландияға қатысты "Алтын күмбез" салуға қарсы шығып отыр, ал "Алтын күмбез" Канаданың өзін де қорғайтын еді. Оның орнына олар Қытаймен бизнесті дамытуға дауыс берді, ал Қытай оларды бірінші жылдың ішінде-ақ "жұтып жібереді", - деді ол. Өткен аптада Трамп Арктикада Вашингтонның қарсыластары алдында Канаданың осалдығына байланысты көмекшілеріне жиірек шағымдана бастағаны хабарлаyды. Жеке әңгімелерде президент Канада Ресей немесе Қытай тарапынан болуы мүмкін кез келген қол сұғушылықтан өз шекарасын қорғай алмайды деп, барған сайын көбірек алаңдайтынын айтқан. АҚШ-тың лауазымды тұлғалары Ақ үй басшысы Канаданы сатып алуға ұмтылмайтынын мәлімдеді. АҚШ әкімшілігінің өкілдері Арктикада екі елдің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары бойынша канадалықтармен келіссөз жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, шенеуніктер Канаданың солтүстік шекарасына америкалық әскер орналастыру мәселесі талқыланып жатқан жоқ екенін нақтылады. 2025 жылы Трамп АҚШ-тың канадалық тауарларға тариф енгізуі мүмкін деген дау аясында отставкаға кеткен Канада премьер-министрі Джастин Трюдоны "Канада деген ұлы штаттың губернаторы" деп атаған. Кейін америкалық лидер Канада Вашингтон енгізген сауда баждарынан құтылып, әрі әскери қорғанысқа ие болу үшін АҚШ құрамына кіре алатынын айтқан. Былтыр қаңтарда Ақ үй басшысы Израиль мыңдаған зымыранды қағып түсіру үшін қолданатын жүйеге ұқсас "Алтын күмбез" әуе қорғаныс жүйесін әзірлеу туралы жарлыққа қол қойған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Боран соғады: 24 қаңтарда ауа райы қандай болады? Синоптиктер сенбі, 24 қаңтарда Қазақстан қалаларында болатын ауа райы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Батыс өңірлерде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстікте қатты аяз күтіледі, шығыста бұлтты болады, күндіз қар жаууы мүмкін. Оңтүстікте көшпелі бұлтты ауа райы болжанады, қар жауады, боран соғады және көктайғақ болады, кей уақытта тұман түседі. Астана - көшпелі бұлтты, кей уақытта қар, ақтүтек. Ауа температурасы: түнде 27–29 градус аяз, күндіз 13–15 градус аяз. Алматы - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы: түнде 10–12 градус аяз, күндіз 2–4 градус аяз. Шымкент - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Күндіз жел екпінді. Ауа температурасы: түнде 10–12 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Күндіз жел екпінді. Ауа температурасы: түнде 10–12 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы: түнде 13–15 градус аяз, күндіз 3–5 градус аяз. Талдықорған - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар. Ауа температурасы: түнде 13–15 градус аяз, күндіз 5–7 градус аяз. Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 10–12 градус аяз, күндіз 1 градус жылыдан 1 градус аязға дейін. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Ауа температурасы: түнде 10–12 градус аяз, күндіз 0–2 градус аяз. Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы: түнде 1–3 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы. Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы: түнде 13–15 градус аяз, күндіз 8–10 градус аяз. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Ауа температурасы: түнде 24–26 градус аяз, күндіз 17–19 градус аяз. Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 23–25 градус аяз, күндіз 17–19 градус аяз. Қарағанды - көшпелі бұлтты, күндіз аздап қар, ақтүтек. Ауа температурасы: түнде 21–23 градус аяз, күндіз 11–13 градус аяз. Жезқазған - көшпелі бұлтты, күндіз қар, боран. Ауа температурасы: түнде 12–14 градус аяз, күндіз 6–8 градус аяз. Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы: түнде 32–34 градус аяз, күндіз 26–28 градус аяз. Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 30–32 градус аяз, күндіз 19–21 градус аяз. Петропавл - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 35–37 градус аяз, күндіз 27–29 градус аяз. Павлодар - көшпелі бұлтты, түнде қар, ақтүтек. Тұман. Ауа температурасы: түнде 25–27 градус аяз, күндіз 20–22 градус аяз. Семей - бұлтты, түнде және таңертең қар. Ауа температурасы: түнде 18–20 градус аяз, күндіз 15–17 градус аяз. Өскемен - бұлтты, қар. Ауа температурасы: түнде 13–15 градус аяз, күндіз 10–12 градус аяз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Рудныйдағы адам өлімі: екі жасөспірім іздестіріліп жатыр Рудныйда адам өлтіру ісі бойынша екі күдікті іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде Рудныйда іздестіріліп жатқан екі күдіктіге қатысты бағдарлау парағы тарады. Оқырмандар жолдаған мәліметке сәйкес, 17 жастағы екі жасөспірім іздестіріліп жатқан көрінеді. Бірі - Рудный тұрғыны, екіншісі Бейімбет Майлин ауданынан. Айта кетейік, күдіктілерді іздестіру туралы ақпаратты Қостанай облысының прокуратурасы растады. Алайда тергеу мүддесіне байланысты іздеудегі тұлғалардың жасы, тұрғылықты жері және оқиғаның басқа да мән-жайлары жарияланбады. "Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлғалар анықталды. Қазақстан аумағында бүкіл полицияның жеке құрамы ақпарат алды, оларды ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген Қостанай облысы прокуратурасының хабарламасында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, қылмыс жастар арасындағы жанжалдың салдары болуы мүмкін. Оқырмандардың айтуынша, қатысушылар арасында жаппай төбелес болған, оның барысында күдіктілердің бірі жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салып, соңы өлімге әкелген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін“ - Тоқаев Олимпиадаға баратын спортшыларға Мемлекеттік туды тапсырды Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады. "Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Жаһандық бәсеке сіздер үшін зор мүмкіндік әрі үлкен сынақ болмақ. Қысқы Олимпиадаға жолдама алу үшін спортшыларымыз көптеген белестен өтті. Түрлі халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, 17 алтын, 31 күміс және 21 қола медальға ие болды. Сонымен бірге біз Паралимпиада ойындарында ел абыройын қорғайтын спортшыларымызға зор сенім артамыз. Паралимпиадашылардың ерекше құлшынысы және мықты ерік-жігері көпке үлгі. Наурыз айының басында Италияда өтетін Паралимпиада ойындарына әзірге 10 лицензия алдық. Лицензия саны әлі де көбеюі мүмкін", – деді Президент. Мемлекет басшысы төрт жылда бір өтетін байрақты бәсекеге қазақстандық спортшылар тыңғылықты дайындалғанына тоқталып, Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында шын мықтылар күш сынасатынын айтты. "Әрине, спортта жеңісті болжау мүмкін емес. Бірақ Сіздер қатаң іріктеулерден сүрінбей өтіп, Қазақстанның олимпиадалық құрамасына мүше болдыңыздар. Осының өзі, Сіздердің әлеуеттеріңізді, жеңіске деген ұмтылыстарыңызды танытады. Тәуелсіздік алған уақыттан бері спортшыларымыз Қысқы Олимпиада ойындарында шеберлік танытып, бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көріне білді. Владимир Смирнов, Людмила Прокашева, Елена Хрусталева, Денис Тен, Юлия Галышева сияқты Олимпиада жүлдегерлерінің есімдері отандық спорт тарихына алтын әріптермен жазылды. Әлемдік спорттағы ірі ареналарда топ жарған отандық атлеттердің құрметіне талай рет Әнұран шырқалып, еліміздің Туы көкте желбіреді. Алдағы уақытта да жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Жақында Ұлттық құрылтай отырысында атап өткенімдей, спорттағы жетістіктер тұтас еліміздің мәртебесін көтеріп, жалпыұлттық бірлікті және Қазақстан Республикасының қазіргі әлемдегі беделін нығайтады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мас күйде көлік жүргізген судья: Әсел Досаева қызметінен босатылды Астана азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаева қызметінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Жоғарғы сот кеңесі хабарлады. "Жоғарғы сот кеңесі жанындағы Сот жюриінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы шешімі бойынша, Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Ә.К. Досаева судьялық әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, судья қызметінен босату түріндегі жаза қолданылды", - делінген кеңес мәлімдемесінде. Еске салайық, 2 қарашада әлеуметтік желілерде Астанада Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйде көлік жүргізді деген ақпарат тарады. Рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқаны хабарланды. Сараптама нәтижелері бойынша жүргізуші алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Amanat көппәтерлі тұрғын үйлер мәселесін шешуге бағытталған жобаны іске қосты Қала тұрғындарының жайлылығы, ең алдымен өз үйінің ауласынан басталады. Азаматтардың тұрғылықты жерін көркейту ісіне белсене қатысуы үшін Amanat партиясы еліміз бойынша TURGYNDAR AMANATY жобасын іске қосуда. Бұл бастама қазақстандықтарға қолайлы әрі қауіпсіз ортаны бірлесе қалыптастыруға мүмкіндік береді. TURGYNDAR AMANATY жобасы қаланың тыныс-тіршілік ортасын заманауи, қауіпсіз әрі жайлы етуге бағытталған. Мұнда тұрғындар өз ауласын көркейту ісіне тікелей атсалыса алады. Жоба маңызды мақсатқа негізделген – тұрғындар мен Мүлік иелері бірлестігіне (МИБ) үй мен аула мәселелерін шешуде қолдау көрсету. Яғни инженерлік желілерді жаңарту, қызмет көрсету мен басқару сапасын арттыру, ортақ мүлікті жөндеу, шешімдер мен төлемдердің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ меншік иелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру сынды тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне бағытталған шараларды жүзеге асыру – жобаның басты назарында. Былтыр Астанада TURGYNDAR AMANATY жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Жоба аясында 707 МИБ және ПИК төрағалары "OSIskills" семинарлары шеңберінде практикалық оқудан өтті. Оған коммуналдық қызметтер өкілдері қатысып, қолданыстағы заңнама бойынша түсіндірме берді. Қатысушылар ортақ мүлікті ашық әрі тиімді басқаруға қажетті дағдыларды меңгеріп, басқарушылық құзыреттерін арттырды. Сонымен қатар көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласында сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаштар отырғызылды. Бұдан бөлек балаларға арналған ойын және спорт алаңдары пайдалануға беріліп, онда спорттық іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ бір мандатты округтерден сайланған мәслихат депутаттарының тұрғындармен есептік кездесулері ұйымдастырылды. Жобаны іске асыру арқылы елордада тұрғындар, МИБ пен ПИК, депутаттар және қалалық қызметтер арасында кешенді әрі тиімді өзара іс-қимыл моделі қалыптасты. Атқарылған жұмыстар тұрғындардың белсенділігін арттырып, қала тіршілігінде нақты өзгерістерге жол ашты, сондай-ақ басқару жүйесіне деген сенімді күшейтті. Бұл нәтижелер жобаның практикалық тиімділігін дәлелдеп, оны өңірлерге кезең-кезеңімен енгізу қажеттігін айқындады. Осылайша бастама Қарағанды облысында өз жалғасын тапты. Бүгін Қарағандыда TURGYNDAR AMANATY партиялық жобасы аясында алғашқы форум-семинар өтті. Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Amanat партиясының Хатшысы Александр Данилов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Amanat партиясы фракциясының мүшелері Бауржан Смағұлов пен Құдайберген Бексултанов, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері, Мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) және өзге де азаматтар қатысты. Жиында сөз сөйлеген Amanat партиясының Хатшысы Александр Данилов тұрғындар мен жауапты құрылымдар арасында тиімді диалог орната отырып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне нақты жағдай жасау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бастамаларын қолдау жобаның негізгі мақсаты екенін атап өтті. "TURGYNDAR AMANATY жобасы тұрғындардың күнделікті өмірінде көрініс табатын нақты нәтижелерге бағытталған. Атап айтқанда, ауладағы тазалық пен тәртіп, жауапты органдармен ашық әрі түсінікті диалог, тұрғын үй мәселелерін оңтайлы шешуге жұмыстану, сондай-ақ тұрғындардың аула инфрақұрылымын жақсарту бойынша бастамаларын қолдау. Мұндай жобалар қала қолайлығын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты механизм ретінде маңызды. Олар әлеуметтік шиеленісті азайтып, адамдарға нақты шешім алуға көмектеседі", – деді ол. Amanat партиясы TURGYNDAR AMANATY жобасын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты қоғамның жоғары сұранысын ескере отырып жүзеге асыруда. Партияның қоғамдық қабылдауларында азаматтар МИБ жұмысы, аулаларды абаттандыру, коммуналдық қызметтердің сапасы және үйлерді басқару мәселелері бойынша жиі өтініш-тілектерін білдіреді. Осы орайда партия заңнаманы түсіндіру, Мүлік иелері бірлестіктері төрағаларын және белсенді тұрғындарды оқыту мен қолдау ісін жүйелі түрде жүргізуде. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселесі азаматтардың тұрмысын қолайлы етуге тікелей ықпал ететінін атап өтіп, бұл ретте билік пен меншік иелері арасында тұрақты диалог орнату қажет екенін мәлімдеді. "Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару – ең алдымен тұрғындардың күнделікті жайлылығы мен тұрмыс сапасына қатысты мәселе. Біз тұрғындардың түсінікті ережелерге, ашық шешімдерге және өз ойларын жеткізу мүмкіндігіне деген сұранысын көріп отырмыз. Биліктің міндеті – осындай жүйенің тұрақты әрі меншік иелерінің мүддесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету. Облыс әкімдігі бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс істеп, тұрғындармен диалог құрып, тиімді басқару форматына өтуге көмек көрсетуде", – деді Ермағанбет Бөлекпаев. Суреттер: Amanat партиясының баспасөз қызметі Іс-шара барысында Қарағанды облысындағы энергия үнемдеу мәселесі және оның қазіргі ахуалы мен даму перспективасы, сондай-ақ "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға енгізілген негізгі өзгерістер талқыланды. Сондай-ақ МИБ-тің өзін-өзі басқару ісіндегі тиімділігіне, оның практикалық мүмкіндіктеріне және қолданыстағы цифрлық кедергілерге ерекше назар аударылды. Бұл бастама – Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасындағы міндеттемелерді іске асыру аясындағы жүйелі жұмыстың логикалық жалғасы. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңға қол қойды. Құжатты Мәжілістегі Amanat партиясы фракциясының мүшелері әзірледі. Бұл заң МИБ төрағаларын, ТКШ саласының қызметкерлерін және көппәтерлі үйлердің тұрғындарын қолдау үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырды. TURGYNDAR AMANATY жобасын еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен іске қосу жоспарлануда. Жоба – көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ісінде жауапкершілік мәдениетін дамытудың және азаматтардың тұрмысын жақсартудың негізгі құралы. Оның ауқымын кеңейту аясында тұрғындармен кері байланысты күшейту, цифрлық шешімдерді енгізу, МИБ және ПИК төрағаларының мәртебесін арттыру, сондай-ақ өңірлерде тиімді тәжірибелерді енгізу мақсатында пилоттық режимде аудандық форумдарды өткізу көзделіп отыр.
2026 жылы балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады? 2026 жылы "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясындағы төлемдер қандай болады? Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сүлейменовтің айтуынша, нақты сома 1 ақпанда ресми түрде жарияланған кезде белгілі болады, себебі есептелетін төлемдер балалар санына байланысты: жаңа туған сәбилер, шетелге көшіп кеткен балалар, сондай-ақ азаматтығынан айырылғандар ескеріледі. "Алдын ала деректерге сүйенсек, төлем көлемі былтырғы деңгейге шамалас болады, бір балаға шамамен 100–130 доллар", - деді Ұлттық банк басшысы брифинг барысында. Сондай-ақ, ол 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі туралы айтты. "Қорды басқарудан түскен табыс 8,7 миллиард доллар болды, бұл доллармен есептегенде жылдық 15 пайызға тең. Бұл екеуі де рекорд көрсеткіш, қорды басқару тарихында мұндай нәтиже бұрын-соңды болмаған", - деді Сүлейменов. Оның сөзінше, жоғары табыстылық ірі трансферттер мен қаражатты алуларға қарамастан, Ұлттық қордың өсуін жалғастыруына мүмкіндік берген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Танымал адамдардың балаларының деректері желіге тарап кеткен: министрлік не дейді? Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Kundelik-тегі деректердің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін желіде Қазақстандағы танымал адамдардың балаларына қатысты жеке деректер көрсетілген скриншоттар пайда болған еді. Вице-министрдің айтуынша, жүргізілген тексеріс жүйе бұзылмағанын көрсеткен. "Кодты физикалық немесе логикалық түрде бұзу дерегі болмаған. Себебі - адами фактордан", - деді Дмитрий Мун. Оның сөзінше, жарияланған мәліметтер 2020 жылға дейін өзекті болған. Олар бұрын жүйеге заңды түрде кіре алған пайдаланушылардың есептік жазбалары арқылы алынған. Соған қарамастан, Kundelik-ті әзірлеуші компания жауапкершілікке тартылған. Дмитрий Мунның айтуынша, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті жеке деректерді қорғау саласындағы заңбұзушылықтар үшін компанияға айыппұл салған. "Деректердің таралуы мен киберқауіпсіздік мәселелері бойынша айыппұлдарды жыл сайын арттырып келеміз. Қазір жаппай дерек тарату жағдайлары үшін жауапкершілікті бірнеше есе күшейту мәселесі де қарастырылып жатыр", - деді вице-министр. Ол мемлекет жеке деректерді, әсіресе балалардың мәліметтерін қорғауға қойылатын талаптарды қатаңдатуға ниетті екенін атап өтті. Министрлікте цифрлық платформаларды бақылауды күшейту және деректердің таралуы үшін жауапкершілікті арттыру негізгі бағыттардың бірі болып қала беретінін қосты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Желіде Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы кикілжіңнің видеосы пайда болды Желіде Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы кикілжіңнің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Бұған дейін Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты жанжал туындағаны хабарланған болатын. Оқиға 21 қаңтарда Қарағандыдағы спорт мектебінің аумағында болғаны айтылған еді. Алдымен ауызша кикілжің туындап, кейін ол төбелеске ұласқан. Салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған. Видео Желіде мекемеде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар тарады. Видеода Серік Сәпиевке ұқсас адам кабинетке кіріп, біраз уақыттан соң костюмсіз, ақ жейдемен асығыс шыққаны көрінеді. Қарағанды ​​облысының Мемлекеттік қызмет істері департаменті қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша ешқандай ақпарат жоқ екенін, себебі қылмыстық іс қозғалғанын атады. Ведомство мәліметінше, барлық процедура аяқталғаннан кейін шешім қабылданады. Полиция пікірі Ақпаратқа Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. "Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - деді полиция. Айта кетейік, Серік Сәпиев қазір Қарағанды ​​облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінде. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 18,0 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада. Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылғы 6 наурызда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ТЖМ сатып алған Tesla Cybertruck қанша тұрады? 2025 жылдың аяғында Алматыда ТЖМ символикасы бар Tesla Cybertruck көзге түсті. Кейін бұл көлік бюджет қаражаты есебінен сатып алынғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Мемлекеттік сатып алулар порталында Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Zharyq ЖШС-нен Tesla Cybertruck "жедел-қызмет көрсету көлігіне" тапсырыс берген келісімшарт жарияланды. Келісімшарттың жалпы сомасы - 127,5 миллион теңге. Құжатқа сәйкес, көліктің негізгі мақсаты – төтенше жағдай орнына жедел жету, бастапқы барлау жүргізу, құтқару қызметтерінің жұмысын үйлестіру және оқиға орнында жедел әрекет ету. Сурет: goszakup Сондай-ақ Cybertruck: басшылық пен мамандарды оқиға орнына жеткізуге, қолжетімі қиын аумақтарды тексеруге, құтқарушылар, өртсөндірушілер мен дәрігерлер жұмысын үйлестіруге, 1 тоннаға дейін жүк тасымалдауға, күрделі аймақтарда патруль жасауға пайдаланылады. Tesla Cybertruck жеткізушісі - Алматыда тіркелген, 30 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан ТОО Zharyq. Компанияның негізгі қызмет бағыты – "сымсыз телекоммуникация". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағандыда Серік Сәпиев соққыға жығылған Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты жанжал туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Редакция мәліметінше, жанжал 21 қаңтарда Қарағандыдағы спорт мектебінің аумағында болған. Алдымен ауызша кикілжің туындап, кейін ол төбелеске ұласқан. Салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған. Ақпаратқа Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. "Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - деді полиция. Айта кетейік, Серік Сәпиев қазір Қарағанды ​​облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінде. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қалың қар жауады: демалыс күндеріне болжам "Қазгидромет" синоптиктері 24, 25 және 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанда қалың қар жауады Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына Атлантика өңірлерінен жылжып келе жатқан циклон мен белсенді атмосфералық фронттар ықпал етеді. Салдарынан қар жауып, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, боран және жел күшейеді. Ауа температурасы қандай болады? Циклон ел аумағы арқылы жылжыған сайын Қазақстанның едәуір бөлігіне жылы ауа массалары келе бастайды, бұл ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына әкеледі: түнгі уақытта орталық және шығыс өңірлерде –5…–18 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста –2…–7 градусқа дейін, таулы аймақтарда –7…–15 градус. Қазақстанның солтүстік облыстарында түнде ауа температурасы –20…–35 градусқа дейін жететін аяз сақталады. "Сонымен қатар құрамында суық арктикалық ауа бар антициклон жотасы елдің батыс аймақтарына таралып, түнгі уақытта ауа температурасының –15…–30 градусқа дейін, ал солтүстік-батыста –20…–35 градусқа дейін төмендеуіне әсер етеді", - деп мәлімдеді синоптиктер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жалған не нөмірі жоқ көліктерді анықтау: ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 23-25 қаңтар аралығында республика аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шара өтеді. Аталған іс-шараның мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және елдегі заңдылықты нығайту. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері басқа да құзыретті органдармен бірлесіп, еліміздің жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, құқық бұзушылықтарды анықтайды. Сондай-ақ халықпен, әсіресе жасөспірімдер және жастармен түсіндіру әрі алдын алу жұмыстарын жүргізеді. "Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалған немесе мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді басқаратын азаматтарды анықтауға және қауіпті жүргізушілерге басым назар аударылады. Сонымен қатар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын, ауа райының нашарлауы кезінде жолға шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылау қамтамасыз етіледі", - делінген хабарламада. ІІМ елді мекендерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатқаны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қайда тіркелгенсіз?“ Алматыда Қорғаныс министрлігінің қызметкерімін деген адам күдік туғызды Алматыда белгісіз ер адам өзін Қорғаныс министрлігінің қызметкерімін деп таныстырып, көшедегі адамдардан тіркелген мекенжайын сұраған. Жағдайға ведомство өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Оқиға туралы әлеуметтік желілерде жарияланды. Жазба авторының айтуынша, жағдай 21 қаңтарда Алматыдағы "Москва" сауда орталығы маңында болған. Оның сөзінше, оған және досына "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" деген бейдж таққан белгісіз ер адам жақындап, еш түсіндірместен тіркелген мекенжайы туралы сұрақтар қоя бастаған. "Ешқандай аман-сәлемсіз, өзін таныстырмай "Қай жерде тіркелгенсіздер?" деп сұрады", - деп жазды автор. Автордың айтуынша, өзін таныстыруды сұраған кезде ер адам нақты жауап бермеген. Ол әскери комиссариатта жұмыс істейтінін айтқан. "Ол: "Мені күте тұр, полиция шақырамын", - деді де, кетіп қалды", - делінген жазбада. Қорғаныс министрлігі не дейді? Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тараған видео мен оқиғаға қатысты жазбаларға пікір білдірді. "Видеода көрінген және өзін Қорғаныс министрлігінің қызметкерімін деп таныстырған адам әскери қызметші емес және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне еш қатысы жоқ", - деп хабарлады ведомство. Министрлікте аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті. "Қорғаныс министрлігі уәкілетті органдармен бірлесіп болған жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша материалдар заңда көзделген шараларды қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданады", - деп қосты ведомство. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
21 жастағы Нұрайдың өлімі: туыстары соттың онлайн өтуін сұрап отыр Шымкентте танасының қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың туыстары істі қайта саралап, сот поцесін онлайн форматта өткізуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сюжетіне сілтеме жасап. Министрліктің ресми мәлімдемесінен кейін марқұм Нұрай Серікбайдың туыстары істің әділ тергелетініне үміт пайда болғанын жеткізген. Телеарна мәліметінше, олар сот процесінің ашық өтіп, әрбір сәті онлайн форматта жұртшылыққа көрсетілуін талап етіп отыр. Сондай-ақ отбасы қанды оқиғаны Қылмыстық кодекстің 99-бабы екінші бөлігімен қайта саралауды сұрайды. Қазіргі уақытта іс аталған баптың бірінші бөлігімен тергеліп жатыр. "99-баптың бірінші тармағында "адам өлтіру", ал екінші тармағында "аса қатыгездікпен өлтіру" қарастырылады. Айырмашылығы өте көп. Бірінші тармағы бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін, екінші тармағы бойынша 10 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Ауыстыру үшін өтініш жаздық", – деді марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударған болатын. "Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді Мемлекет басшысы. Бұдан кейін Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбеков жұмысынан босатылғаны белгілі болды. Айта кетейік, 11 қаңтар Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы студент Нұрай қаза тапты. Полиция адам өлтіру дерегін растады және қылмыстық іс қозғады. Күдікті - марқұмның танысы, ол ұсталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
8 қаланың тұрғындарына ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "23 қаңтарда Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Орал, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылы республикалық бюджеттен 4 триллион 225 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 368,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 856,6 миллиард теңге қарастырылған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 491 мың адам. "2025 жылдың қорытындысы бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 549 теңге, базалық зейнетақы – 47 594 теңге", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қорқыныш пен хайпсыз инвестиция Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының оныншы сабағы, жобада біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Бұл материалда инвестициялар мен қиын терминдерді жан-жақты талқылаймыз.
Тоқаев пен Трамп Давостағы кездесуде не туралы сөйлесті? Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың жеке сөйлескен сәтінің видеосын жариялады. Бірқатар БАҚ өкілдері Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдаған. Осыған байланысты Ақорда көшбасшылар не туралы сөйлескенін жазды. "Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған "Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі" деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі. Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңаөзенде ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды 19 қаңтарда Жаңаөзен қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ІІМ мәліметінше, ұсталғандар таяу шет елдердің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталған. "Олар өз қызметі үшін ақшалай сыйақы алып отырған. Тінту барысында күдіктілерден 500-ден аса сенімхат, шетелдік төлқұжаттар, жалған құжаттар, байланыс құралдары тәркіленді", - деп жазылған хабарламада. Ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді Қазақстанда 22 қаңтардағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Казақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 505,71 теңге болып, 0,94 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 қаңтарға белгілеген ресми бағамы – 506,70 теңге. Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – 505,52 теңге; сату – 507,79 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – орта есеппен 504,01 теңге; сату – 511,01 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Санаулы сәттерден кейін мұнда АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі өтеді", - делінген хабарламада. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Кастетпен ұрған“. Алматыда жаппай төбелес болды Әлеуметтік желілерде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Жағдайға полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Telegram-арналардың бірінде төбелес түсірілген видео жарияланды. "Әлеуметтік желілерде жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. Онда бұл оқиға мұз айдынында болғаны айтылған. Біреу жігітті кастетпен ұрған", – делінген жазбада. Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады. Полиция жауабы Алматы ПД баспасөз қызметі аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын хабарланды. "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасындағы жанжал тұрмыстық себептермен туындаған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Полиция департаментінде қақтығысқа қатысқан әрбір адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы ауасы ең зиян қала аталды "Қазгидромет" 2025 жылы желтоқсанда Қазақстанда ауа сапасы қандай болғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалай бақыланады? Елімізде атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау 70 елді мекенде, 175 бақылау бекетінде жүргізілді. Оның ішінде 44 қолмен сынама алу бекеті бар. Стационарлық бекеттерде және жылжымалы зертханалар көмегімен атмосфералық ауаның жағдайы қадағаланды. Негізгі және арнайы ластаушы заттар өлшенді, олардың қатарында PM2.5 және PM10 қалқымалы бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртек тотығы, азот диоксиді, озон, күкіртсутек және ауыр металдар бар. Толығырақ "Қазгидромет" атмосфералық ауаның ластануына жүргізілген мониторинг нәтижелерін де жариялады. 2025 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша 70 елді мекеннің ішінде: 41 елді мекен - атмосфералық ауаның ластануы төмен деңгейде; 18 елді мекен - ластанудың жоғарылаған деңгейі; 10 елді мекен - ластанудың жоғары деңгейі; 1 елді мекен - ластанудың өте жоғары деңгейі. Өте жоғары ластану деңгейі: 1 елді мекен - Қарағанды. 2025 жылдың желтоқсанында Қарағандыда атмосфералық ауаның жоғары ластануының (ЖЛ) 19 жағдайы тіркелген. "2021–2025 жылдар аралығында Қарағандыда атмосфералық ауаның ластану деңгейі тұрақты түрде жоғары болып отыр. Негізгі ластаушы заттар - қалқымалы бөлшектер (шаң), PM2.5 және PM10 бөлшектері, сондай-ақ көміртек тотығы", - деп хабарлады ұйым өкілдері. Жоғары ластану деңгейі, 10 елді мекен: Алматы, Талғар, Теміртау, Түркістан, Өскемен, Жезқазған, Павлодар, Абай қалалары, Қызылсай және Шұбаршы кенттері. Ластанудың жоғарылаған деңгейі, 18 елді мекен: Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Семей, Петропавл, Сәтбаев, Кентау, Балқаш, Тараз, Арал, Риддер, Жаркент, Шу, Жанбай ауылы, Ганюшкино және Кенқияқ кенттері. Ластанудың төмен деңгейі, 41 елді мекен: Ақсу, Көкшетау, Қостанай, Ақсай, Ақтау, Алтай, Арқалық, Атбасар, Аягөз, Екібастұз, Жаңаөзен, Жаңатас, Жітіқара, Қандыағаш, Қаратау, Құлсары, Қызылорда, Лисаковск, Рудный, Сарань, Степногорск, Орал, Хромтау, Шемонаиха, Щучинск қалалары, Айтеке би, Ақсу, Әуезов, Бестөбе, Бурабай, Глубокое, Индербор, Қарабалық, Бейнеу, Састөбе, Төретам кенттері, сондай-ақ Ақай, Бурлин, Мақат, Қордай, Шиелі ауылдары. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның оңтүстігінде 22 жасөспірім ауруханаға түсті. Полиция тергеу жүргізіп жатыр Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиындарына келген 22 жасөспірім ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 21 қаңтарда сағат 22:40-та Қызылорда облысынан күрес бойынша оқу-жаттығу жиындарына келген 12–17 жас аралығындағы 22 жасөспірім Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына "Тұран" демалыс аймағынан жеткізілген. "Алдын ала қойылған диагноз этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит. Аурудың себебін анықтау мақсатында науқастардан және тағам өнімдерінен зертханалық сынамалар алынды, қазіргі уақытта зерттеу нәтижелері шыққан жоқ", - делінген хабарламада. Әкімдік мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы жеңіл деңгейде, балалардың жалпы хал-жағдайы қанағаттанарлық, барлығы дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Анықтама: этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит - асқазан мен ішектің қабынуы, оның нақты себебі әзірге белгісіз. Бұл дерт диарея, құсу, іштің ауыруы, жүрек айну сияқты белгілермен сипатталады. "Этиологиясы анықталмаған" дегеніміз аурудың себебі (вирус, бактерия, улану немесе аллергия) әзірге нақтыланбағанын білдіреді. Аталған дерек Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Уәкілетті органдардың тексеру нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Ведомство мәліметінше, демалыс аймағында барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы болған. Олар медициналық тексеруден өтті, ауру белгілері анықталған жоқ, алдын алу шаралары жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Теңіз кен орнынадағы жағдай: арнайы комиссия құрылды Энергетика министрлігі "Теңізшевройл" ЖШС нысандарындағы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 18 қаңтарда болған газ турбина қондырғылары өшуіне байланысты жағдайды толық анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кіріскен. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің тапсырмасымен энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Теңіз кен орнына барған. "Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің Энергетика басқармасы, KEGOC және Теңізшевройл өкілдері кірді. Мұнай өндіруді уақытша тоқтату туралы шешімді оператор (ТШО) қауіпсіздік хаттамасына сәйкес қабылдаған", - деп жазылған хабарламада. Қазір комиссия болған жағдайдың себебін техникалық жағынан талдап жатыр. "Барлық ресми қорытынды мен пікір тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады. Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында", - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысындағы Теңіз, Королев кен орындарында мұнай өндіру тоқтатылғаны хабарлаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қаскелеңде 9-сынып оқушысы мектепте қайтыс болды Қаскелеңдегі мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы көз жұмды. Оқиғаға байланысты уәкілетті органдар тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облысының Білім басқармасы мәліметінше, үзіліс кезінде оқушының жағдайы нашарлап кеткен. Мектеп әкімшілігі дереу оқу орнына жедел жәрдем шақырған. "Баланың денсаулығы туралы әкесіне жедел түрде хабар берілді. Жасөспірімнің анасы бөлек тұрады. Оқиға кезінде оқушының қасында нағашы әжесі болды, ол осы мектепте география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді", - деп хабарлады басқарма. Оқиға орнына келген дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оқушы оқиға орнында көз жұмды. "Аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі", - деп мәлімдеді Білім басқармасы өкілдері. Сондай-ақ жедел жәрдем келген сәтте мектепте әкімдік, құқық қорғау органдары өкілдері, білім бөлімінің қызметкерлері және психологиялық қолдау мамандары болғаны нақтыланды. Білім басқармасы мәліметінше, жасөспірім 26 ақпанда 16 жасқа толар еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте резонанс тудырған төбелес: екінші адамның өлімі расталмады Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейінгі жаппай төбелес қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жанжал кезінде бір адам қаза болған. Әлеуметтік желілерде қолданушылар оқиғаны қызу талқылап, ауруханада екінші зардап шеккен адамның да қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Зардап шеккен 1990 жылы туған азамат №1 қалалық клиникалық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оған барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр. "Науқас кеудесінің сол жағынан пышақ жарақатын алған. Оған шұғыл ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде қарқынды ем алып жатыр", - деді дәрігерлер. Не болған? Айта кетейік, оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін полиция қызметкерлері күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмек: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек? 2025 жылы 292 мыңнан аса адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. АӘК-тің негізгі мақсаты - ақшалай қолдау және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту арқылы отбасын қиын жағдайдан шығару. АӘК мыналарды көздейді: табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау; табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру; жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда). АӘК-ті қалай алуға болады? Азаматтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ, электрон үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаркенттегі жұртты дүр сілкіндірген оқиға: баланың әкесі оқиғаның егжей-тегжейін айтты Жетісу облысында анасынан зәбір көрген баланың әкесі оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап. Әкесінің айтуынша, төрт жасар баланы анасы үш айдан бері ұрып келген. Резонанс тудырған оқиға кезінде әйел баласын кіші дәретін жіберіп қойғаны үшін сабаған. "Баланы үш айдан бері соққының астына алып келеді. Алғашында денесі көгергенін көріп, "мынау не?" деп сұрағанымда, "інісімен төбелесті" деп жауап берді. 17-сі күні қоғамдық резонанс тудыру үшін ұрып-соққан видеоны әлеуметтік желіге өзім тараттым. Полицияға да өзім барып шағым түсірдім. Енді тиісті жазасын алсын. Қазір екі балам да отбасын қолдау орталығында. Алайда балаларымды өз қолыма алғым келеді", - деді баланың әкесі Тайыр Құрбанжанов. Балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Мамандардың сөзінше, қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы. Бұған дейін екі бала Талдықорғанда екені хабарланған болатын. Мән-жайы Еске салайық, оқиға Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Нұркент ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Видеода әйелдің шамамен 3–4 жастағы баланы сабап жатқаны көрінеді. Ол баланы теуіп, қолынан жұлқылап, бұрап, басы мен арқасынан бірнеше рет ұрған. Жазба сипаттамасында ананың өз баласын батареяға байлап, ұрып-соққаны, сол сәтте пәтерде тағы үш баланың болғаны айтылған. Кейін полиция күдіктіні ұстап, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазаннан бері жоқ: Алматы облысында 16 жастағы студент іздестіріліп жатыр Алматы облысында былтыр қазаннан бері 16 жастағы студент із-түзсіз жоғалып кеткен. Жасөспірім туралы ақпаратты LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Щербинин Денис Валерьевич, 2009 жылғы 13 желтоқсанда туған, 2025 жылғы 2 қазанда жоғалып кеткен. Жасөспірім сол күні шамамен сағат 15:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы, Орымбетова көшесі, 85-үймекенжайында орналасқан кәсіптік колледжден шығып, қайта оралмаған. Белгілері: бойы 170–175 сантиметр, арықша денелі, шашы қара. Киімі: қара-көк түсті күртеше, сұр түсті қалың жейде, қара шалбар. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Волонтёры "LIDER.KZ" Алматы и Алматинской области (@volontery_lider.kz_almobl) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның он үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "22 қаңтарда Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Орал, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаркенттегі сұмдық жағдай: соққыға жығылған бала қазір қайда? Жетісу облысы Нұркент ауылында балаларын соққыға жықты деген айыптаумен ұсталған әйелдің екі баласы қазір Талдықорғанда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жасы төрт және екідегі ұлдар қазір облыс орталығындағы балаларға арналған мекемелердің бірінде. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ермек Егiнбаев мәлімдеді. Балалар омбудсменінің айтуынша, қазіргі уақытта екі бала да қауіпсіз жерде. "Балалар қазір Талдықорғанда, қауіпсіз жағдайда. Оларға барлық қажетті күтім жасалып отыр: тамақ, ойыншықтар бар. Бүгін өзім барып, екі баламен де кездестім. Жағдайлары жақсы. Оларға тәрбиешілер мен дәрігерлер, соның ішінде логопед пен психолог та тұрақты түрде бақылау жүргізіп отыр. Балалардың әрі қарайғы тағдыры қарастырылып жатыр және бұл мәселе қатаң бақылауда", - деді Ермек Егiнбаев. Еске салайық, оқиға Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Нұркент ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Видеода әйелдің шамамен 3–4 жастағы баланы сабап жатқаны көрінеді. Ол баланы теуіп, қолынан жұлқылап, бұрап, басы мен арқасынан бірнеше рет ұрған. Жазба сипаттамасында ананың өз баласын батареяға байлап, ұрып-соққаны, сол сәтте пәтерде тағы үш баланың болғаны айтылған. Кейін полиция күдіктіні ұстап, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Кентау тұрғыны екі қызға қатысты ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді Желіде 45 жастағы тұрғын "өзінің екі өгей қызын 6 және 8 жаста болған кезінде бірнеше рет зорлаған деген күдікке ілінгені" туралы ақпарат тарады. Оқиға Кентауда болған. Жағдайға өңірлік полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желідегі ақпарат Telegram-арналардың бірінде жантүршігерлік ақпарат жарияланды. "Кейбір дереккөздер мәліметінше, Түркістан облысы Кентаудың 45 жастағы тұрғыны бес жыл бойы 6 және 8 жастағы екі өгей қызын бірнеше рет зорлады деген күдікпен қамауға алынған", - делінген хабарлама мәтінінде. Полиция жауабы Баспасөз қызметі мәліметінше, 2025 жылғы желтоқсанда екі кәмелетке толмаған балаға қатысты заңсыз әрекеттер дерегі бойынша полицияға арыз түскен. "Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу қорытындысы бойынша еліміздің заңнамасына сәйкес шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Сондай-ақ, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтіні нақтыланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада боран, Алматыда қар: 3 күндік ауа райы болжамы Синоптиктер Астана мен Алматыда 22, 23 және 24 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы ауа райы болжамы 22 қаңтар - құбылмалы бұлтты, аздаған қар, боран. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде -21…-23 градус, күндіз -17…-19 градус. 23 қаңтар - құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, боран. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде -22…-24 градус, күндіз -18…-20 градус. 24 қаңтар - құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, боран. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде -23…-25 градус, күндіз -15…-17 градус. Алматыдағы ауа райы болжамы 22 қаңтар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде -8…-10 градус, күндіз 0…-2 градус. 23 қаңтар - құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде -10…-12 градус, күндіз -4…-6 градус. 24 қаңтар - құбылмалы бұлтты, түнде қар. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Жел батыстан секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде -12…-14 градус, күндіз -2…-4 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте резонанс тудырған төбелес: күдіктілер ұсталды Шымкентте резонанс тудырған адам өлтіру оқиғасына қатысты күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам ұсталған. "Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр. 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді. Бұл жайт бойынша "Адам өлтіру", "Бұзақылық" және "Адамды ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция. Күдіктілерді ұстау мақсатында Полиция департаментінің барлық күш-құралы жұмылдырылған. "Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция. Не болған? Айта кетейік, оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін полиция қызметкерлері күдіктілерді іздестіріп жатқанын хабарлаған болатын. Зардап шеккеннің жағдайы Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен адамның қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді. "1990 жылы туған азамат қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді. Оған сол жақ кеуде тұсындағы пышақ жарақаты диагнозы қойылып, шұғыл түрде ота жасалды", - деп хабарлады басқарма өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Сенемін“. Шымкентте қаза болған 21 жастағы Нұрайдың ағасы Тоқаевқа алғыс айтты Шымкентте кісі қолынан қаза болған 21 жастағы студенттің ағасы Сұлтан Серікбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Марқұмның ағасы бұл туралы Threads-парақшасында жазды. "Президентімізге мың алғыс! Көп нәрсе айтқым келеді, бірақ дәл қазір емес. Уақыты келе толықтай бүкіл жағдайды айтып беретін боламын. Қазір бізге ең бастысы "сот" процесінің әділ және онлайн форматта өтуі. Сенемін", – деп жазды ол. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударған болатын. Президенттің сөзінше, осы оқиға бойынша 130-дан аса өтініш келіп түскен. "Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді Мемлекет басшысы. Бұдан кейін Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбеков жұмысынан босатылғаны белгілі болды. Айта кетейік, 11 қаңтар Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы студент Нұрай қаза тапты. Полиция адам өлтіру дерегін растады және қылмыстық іс қозғады. Күдікті - марқұмның танысы, ол ұсталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте бір адам қаз болған төбелес: тағы бір зардап шегушінің жағдайы айтылды Шымкентте жол апаты жаппай төбелеске ұласып, салдарынан 40 жастағы тұрғын қаза тапты. Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 1990 жылы туған науқас ауыр жағдайда №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. "Науқастың сол жақ кеуде қуысында пышақ жарақаты анықталып, шұғыл түрде ота жасалды. Қазір науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде қарқынды ем қабылдап жатыр", - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Терроризм туралы жалған хабар беру салдары қандай? Бас прокуратура түсіндірді Қазақстанда терроризм туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Бас прокуратура салдары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, әрбір жалған хабарлама жедел қызметтердің оқиға орнына шығуына және олардың күнделікті қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Заңда көзделген қылмыстық жауаптылықтан бөлек, кінәлі тұлға келтірілген залал мен шығынды өтеуге міндетті. "Осыған байланысты мұндай анонимді хабарламалардың авторларын анықтау және ұстау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады", - делінген хабарламада. 2025 жылы Ақтөбеде терроризм актілері туралы 20 көрінеу жалған хабарлама тіркеліп, барлық дерек бойынша ҚК 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Соңғы 4 жылда облыс соттарымен 5 тұлғаға қатысты 5 қылмыстық іс қаралған. Сот тәжірибесіне сүйенсек, аталған санаттағы істер бойынша айыпталушыларға көбінесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, ал сирек жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады. "Осыған байланысты Ақтөбе облысының прокуратурасы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар ауыр қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және оны жасаған тұлғаның уәждері мен жасына қарамастан қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады", - делінген хабарламада. Еске салайық, мұндай жағдай жақын күндері Алматыда да тіркелген болатын. БАҚ-тарда Telegram-арналар арқылы тарап жатқан үрейлі хабарламалар жарияланды. Онда қару-жарақтың суреттері, сондай-ақ авторлардың айтуынша, теракт жоспарланып жатқан қала мектептерінің тізімі көрсетілген. Бұл тізімдерде ондаған оқу орнының нөмірлері бар. Алматы Полиция департаменті аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және жалған екенін мәлімдеді. "Қазіргі уақытта қаладағы оқу орындарындағы жағдай толық бақылауда. Полиция мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр", – делінген хабарламада. Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталған. Фейк хабарламаның авторы мен дереккөзі анықталып жатқаны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда зейнетақы қаражатын пайдалану қағидалары өзгерді Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы шот ашылғаннан кейін өтініш беруші біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану туралы электрон өтінішті толтыруы тиіс. Өтініште арнайы шоттың нөмірі, қаражатты пайдалану мақсаты және қолжетімді сома көрсетілуі қажет. Құжат өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Бұған дейін өтініште жеке табыс салығын ұстау және аудару тәсілдері де көрсетілген. Қағидалардың жаңа редакциясында бұл талап алып тасталған. Қазақстан аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану келесі мақсаттарға рұқсат етіледі: тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті, соның ішінде бір банк қарызы шарты аясында жөндеу жүргізу үшін алынған қарызды ішінара немесе толық өтеу; жеке тұрғын үй салу, оның ішінде мақсатты тағайындалуы жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық болып табылатын жер учаскесін сатып алу; тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша алынған қарыздарды өтеу. Сонымен қатар, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен толықтырылған тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша салым шартына құқықтарды жұбайына және (немесе) жақын туыстарына беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте мұндай шарттарды үшінші тұлғаларға қайта беруіне жол берілмейді. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі өзгертілген. Құжатта белгіленген мерзімде растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдерінің қаражаты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылатыны нақты көрсетілген. Бұйрық 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап күшіне енеді, ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген нормалар бұған кірмейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Әрбір министр мен әкімнен нақты нәтижелер керек“ - Бектенов Тоқаевтың тапсырмалары туралы Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір жауапты министр мен әкімге қатаң талаптар қойды. Премьер-министр Олжас Бектенов мұны 21 қаңтарда өткен үкімет отырысында қайталап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін жариялаған ауқымды саяси реформаларының жалғасы болған бастамалар көтерілгенін атап өтті. "Қазақстанның заманауи сын-тегеуріндерге қарсы тұруына кепілдік беретін аса маңызды идеологиялық тұжырымдар айқындалды. Бұлар – қоғамды ұйыстыру, отаншылдық, әділдік және "Заң мен Тәртіп" қағидаттарына деген мызғымас ұстаным. Ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналған "Таза Қазақстан" да негізгі құндылықтардың қатарында тұр", - деді премьер-министр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының алға қойған еліміздің одан әрі экономикалық дамуына қатысты негізгі міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігіне назар аударылды. "Мемлекет басшысы әрбір жауапты лауазымды тұлғаға батыл әрі тосын инновациялық шешімдер қабылдау қажеттігі туралы қатаң талаптар қойды. Бұл өмірдің барлық саласына қатысты. Әрбір министр мен әкімнен, әрбір сала мен өңірде көзге көрінетіндей нақты нәтижелер керек", - деді Олжас Бектенов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Трамптың шақыруымен Давосқа барады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте жол-көлік оқиғасы төбелеске ұласып, 40 жастағы тұрғын қаза тапты Шымкентте жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласып, салдарынан 40 жастағы тұрғын қаза тапты. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Оқиғаға қатысушылар өзара сөзге келіп, екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған. "Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шымкент Полиция департаменті күдікті тұлғалардың жүрген жерін анықтау және оларды ұстау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларына департаменттің барлық күш-құралдары жұмылдырылды", - деп хабарлады қала полициясы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жұмыссыз қазақстандықтарға 130 миллиард теңге берілген. 2026 жылы төлемді қалай алуға болады? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жұмыссыздар туралы статистиканы ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанда қанша жұмыссыз бар? 2025 жылдын қорытындысы бойынша, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем алушылардың саны 354,2 мың адам болған. Бұл ретте 2025 жылы 311,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 130,4 миллиард теңге болды. 2026 жылы төлемді қалай алуға болады? Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем бұрынғы кірістің 45 пайызына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге: eGov.kz порталында авторизациялану; "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау; онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет; бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (МО) бос жұмыс орындарын ұсынады; егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады); Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "21 қаңтарда Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
21 жастағы қыздың өлімі: Шымкент ПД басшысы қызметінен босатылды Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмысынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасы қызметкерлерінің марқұм қыздың туыстарының өтінішін тиісінше қарамауы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. "Қылмыстық іс шеңберінде жедел ден қоймау және уақтылы шаралар қабылдамау бойынша барлық дәйек жан-жақты тексеріледі. Тергеу қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп жазылған ІІМ хабарламасында. Сонымен қатар, қызметтік тергеу жүргізіліп, тәртіптік шаралар қабылданған. "Құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылып, бірқатар лауазымды тұлға ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылды", - деп жазылған хабарламада. Ведомство мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысы ІІМ бақылауында. Тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы жедел тергеу тобы құрылған. Еске салайық, бүгін Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте болған Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударды. "Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді Мемлекет басшысы. Еске салайық, 11 қаңтар Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы студент Нұрай қаза тапты. Полиция адам өлтіру дерегін растады және қылмыстық іс қозғады. Күдікті - марқұмның танысы, ол ұсталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда төрт қабатты нысан бұзылып жатыр Алматыда заңсыз нысан бұзылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдік мәліметінше, Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты заңсыз ғимарат бұзылып жатыр. Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған. "2025 жылы 8 мамырда Алматы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Сот шешімі орындалуы үшін Әділет департаментіне жолданған. Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды", - дейді Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Депутаттардың құзыретін кеңейту ұсынылды - Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің құзыретін кеңейту туралы ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Жұмыс тобы Конституциялық соттың, Жоғары аудиторлық палатаның және Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау, сондай-ақ Жоғарғы соттың барлық судьяларын сайлау құзыретін жоғары өкілді орган депутаттарына беруді ұсынады", - деді Тоқаев. Айта кетейік, бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады Ұлттық құрылтайдың отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші лауазымын жою жоспарланып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің сөзінше, қолданыстағы Парламент қызметін қамтамасыз етіп отырған аппараттық құрылымдардың бір бөлігі, сондай-ақ мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылмақ. Еске салайық, Мемлекеттік кеңесшінің мәртебесі мен өкілеттіктері туралы жарлыққа Президент 2022 жылғы маусым айында қол қойған болатын. Бұрынғы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мемлекеттік кеңесші болып тағайындалған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе“ - Тоқаев сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс айтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікір білдіргенін және Конституциямыздың кейбір тұстарын нақтылай түсу қажеттігіне назар аударғанын айтты. Атап айтқанда, Мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар. "Қазіргі Ата заңға сәйкес Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі. Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте, мәселенің бәрі "қалған мерзімге" деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, "қалған мерзім" 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін. Сондықтан, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет", - дйеді Президент. Тоқаевтың сөзінше, бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. "Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның жаңа Парламентінде депутаттар саны аз болады Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттегі депутаттар саны қанша болуы мүмкін екенін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ал, депутаттар санына келсек, бұл мәселе де қызу пікірталас туғызды. Ең көп пікір қайшылығы осы мәселеге қатысты болды. Бірінші тарап еліміздегі халық санына қарай пропорционалды уәкілдік идеясын ұсынды. Екінші тарап депутат санын 500-ге дейін арттыру қажет деді. Біздің негізгі мақсатымыз – шын мәнінде тиімді әрі кәсіби Парламент құру", - деді Президент. Мемлекет басшысының сөзінше, Ааңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс. "Әлемдегі озық тәжірибелерге қарасақ, бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе – санда емес, сапада! Ең бастысы, Парламентте нағыз отаншыл азаматтар – білікті мамандар отыруға тиіс! Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал, комитет саны 8-ден аспауы керек". Айта кетейік, қазіргі Парламентте 148 депутат бар (Мәжілісте 98 және Сенатта - 50). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қазақстан Парламентіне жаңа атау ұсынды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Парламентінің атауын өзгерту туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірін айтты. "Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады - Тоқаев Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа әрі маңызды ұсыныс айтты. "Әңгіме Қазақстан Республикасында вице-президент институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті Парламенттің қарапайым көпшілік дауысының келісімімен Президент тағайындайды. Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысы айқындайды", - деді Тоқаев. Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша: халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді; Парламентте Президенттің мүддесін таныстырады; отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның мемлекеттік туын қайда және қашан қолданған жөн? Президент түсіндірді Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды қайда және қалай дұрыс пайдалану керектігін түсіндіріп, елдің рәміздерін құрметтеудің маңыздылығын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік деген сөз. Алайда, Отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, "отаншылмын, патриотпын" деген сөзіңнің құны көк тиын болмақ. Қазір қоғамда "Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?" деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс", - деді Президент. Дегенмен, Президент ең алдымен, заңның түпкі мәнін терең түсіну керек екенін айтты. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларды жөнімен пайдаланатын отаншыл азаматтарды барынша қолдау қажет. "Мен үйлерде, көліктерде, көшелерде, сондай-ақ еліміздегі, әсіресе, шетелдегі спорттық және іс-шараларда көк Туымыз желбіреп тұрғанда қуанып қаламын. Сол арқылы еліміздің азаматтары бірлігі бекем ұлт екенімізді көрсетеді. Олардың әрекеттерінен туған елін мақтан тұтатыны байқалып тұрады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкенттегі 21 жастағы қыздың жантүршігерлік өлімі: Тоқаев пікір білдірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте болған Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді. Президенттің сөзінше, Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш келіп түскен. "Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді Мемлекет басшысы. Еске салайық, 11 қаңтар Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы студент Нұрай қаза тапты. Полиция адам өлтіру дерегін растады және қылмыстық іс қозғады. Күдікті - марқұмның танысы, ол ұсталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Өрескел, жабайы қылмыс - Тоқаев қыз алып қашу туралы Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы қыз алып қашу жағдайлары туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді", - деді Мемлекет басшысы. Президент заңнамалық өзгерістер де осыған сай болуы тиіс екенін атап өтті. "Заң мен тәртіп – бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс", - деді Президент. Айта кетейік, бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қызылорда облысы әкімін мақтады Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, тасжолдағы қоршауға соғылған Астана – Щучинск тасжолында жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, қоршауға соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап. Оқиға 20 қаңтар таңғы сағат 09:00 шамасында Астана – Щучинск автожолы бойындағы "Астана" ақы алу пунктінде болған. Volvo маркалы жүк көлігі бетон қоршауға соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуі себебінен болған. "Жолға шығатын азаматтарды қарапайым, бірақ аса маңызды талаптарды қаперде ұстауға шақырамыз: шаршаған күйде рөлге отырмау, жол үстінде әр 2–3 сағат сайын тоқтап демалу, жылдамдықты шамадан тыс асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтау. Әсіресе ақы алу пункттерінен кейінгі учаскелерде қозғалыс қарқыны жиілеп, жүргізушіден жоғары жауапкершілік талап етіледі", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда банкоматтан қолма-қол ақша алатындар базасы бар ма? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы "мемлекет банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтардың деректер базасын құрды" деген ақпарат тарап жатқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл - шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат. Ұлттық банк елімізде қолма-қол ақша алу бойынша тізім жасалмайтынын мәлімдеген. "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында банкоматтарда бейнебақылау камералары орнатылған. Бұл камералар қылмыстардың (алаяқтық немесе ұрлық) алдын алуға, сондай-ақ, клиенттердің әрекетін тіркеу арқылы оқиғаларды тергеп-тексеру барысында пайдалануға мүмкіндік береді. Бейнежазбаларды сақтау дау тудырған жағдайлар мен құқықбұзушылықтар кезінде дәлел бола алады және банк клиенттері, қаржы ұйымдарының мүддесін қорғауға бағытталған", - деп жазылған хабарламада. Бұл талаптар Ұлттық банктің 2016 жылғы 31 тамыздағы қаулысымен бекітілген. "Осы қаулыға сәйкес банктер банкоматтарда клиенттің бет-жүзін тіркейтін кемінде бір бейнекамера орнатуға міндетті. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер бейнеақпаратты кемінде 180 күн сақтау талабын орындауға тиіс", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жангелдинде жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: іздеу жұмыстары туралы не белгілі? Атырауда Жангелдин ауылында жоғалған отбасы мүшелерін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖД егжей-тегжейін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, жұмыс тоқтаған жоқ. Тек тиісті органдар белгілеген аумақтарда ғана іздеу аяқталған. "Іздестіру тоқтатылған жоқ. Қазір департаменттің жеке құрамы күту режиміндеміз. Осыған дейін Полиция департаменті тиісті ақпарат түскен кезде іздестіруді белгілі аумақта жүргіздік. Ол аумақтар қаралды. Қосымша ақпарат келіп түссе, соған сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргіземіз. Іздестіру тоқтатылды деген ақпаратқа келіспейміз", - дейді Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары Ратбек Демеуберген. ТЖД мәліметінше, 3-6 қаңтар арасында Жангелдин ауылында жоғалғандардың үй-жайы, елді мекен айналасы, су көздері толық қаралған. Сонымен қатар құзырлы органдар да қызмет көрсеуші иттермен тексерген. Мән-жайы Сұмдық қылмыс Жангелдин ауылында болған. Онда өткен күзде бүтін бір отбасы түгелдей жоғалып кеткен. Қаңтардың басында олардың үйіндегі қорадан зейнеткер ерлі-зайыпты өлі табылды. Ал олардың 33 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы әлі күнге дейін табылған жоқ. Марқұмдардың туыстары 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы қаза тапқаннан кейін де олардан аудиохабарламалар алып отырғандарын айтты. Сондықтан ешқандай күдік те туындамаған көрінеді. Марқұмның інісі Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, ерлі-зайыпты өмірден өткен болуы мүмкін деген күннен кейін де отбасылық чаттарға хабарламалар келіп тұрған. Осындай аудиохабарламалардың бірі 7 қарашада келген. Бірақ жақындары бұл уақытта ерлі-зайыпты қайтыс болғанына сенімді. Тек 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Кейін Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. qamqor.gov.kz Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді. Атырау облыстық Полиция департаменті күдіктіге халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді. Күдіктінің әйелі, яғни жоғалған Мұқанғалиевтер әулетінің кенже қызы Ақбаянды да халықаралық деңгейде іздеу басталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 47 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды 2025 жылғы желтоқсанда Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болып, бірқатар температуралық аномалия тіркелді. Кей өңірде бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіштер жаңарып, тіпті 1978 жылдан бері сақталып келген рекордтар да бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" мәліметінше, айдың алғашқы күндері ел аумағындағы ауа райы белсенді циклондар әсерінен қалыптасты. Республиканың басым бөлігінде қарашаға тән жылы ауа райы сақталып, қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын түсті. Кей жерлерде боран соғып, тұман түсіп, жел күшейді. Желтоқсандағы рекорд Айдың алғашқы күндерінде бірнеше өңірде ауа температурасы қалыпты деңгейден едәуір жоғары болды. 1 желтоқсанда Қостанайда ауа температурасы +4,8 градусқа жетіп, 2021 жылғы рекордтан асты. Петропавлда ауа +2,6 градусқа дейін жылынып, 2009 жылғы ең жоғары көрсеткіш жаңарды. 2–4 желтоқсан аралығында Жезқазғанда қатарынан үш күн рекорд тіркелді: +6,0 градус (2021 жылғы +5,9), +7,7 градус (1990 жылғы +7,2), +5,9 градус (2016 жылғы +4,3). Нағыз қыс 8–12 желтоқсан аралығында елдің көп бөлігінде күн күрт суытқаны байқалды. Солтүстік антициклонның ықпалымен ауа температурасы 0…-5 градустан -18…-26 градусқа дейін төмендеп, қыс басталды. 1978 жылдан бергі рекорд бұзылды Желтоқсанның екінші жартысында Қазақстанға қайтадан жылы ауа келді. 15 желтоқсанда Астанада ауа температурасы +2,2 градусқа жетіп, 1981 жылғы рекордтан асты. Ал Петропавлда -1,1 градус тіркеліп, 2005 жылғы көрсеткіш жаңарды. 29 желтоқсанда Шымкентте термометр бағаны +19,4 градусқа көтеріліп, 2023 жылғы рекордты (+15,5) артта қалдырды. Түркістанда +14,1 градус тіркеліп, 1995 жылғы максимумнан асты. 30 желтоқсанда Астанада +2,8 градус (1995 жылғы +1,8), ал Жезқазғанда +1,3 градус (2001 жылғы +1,1) белгіленді. 31 желтоқсанда Өскеменде ауа температурасы +6,3 градусқа жетіп, 1978 жылдан бері, 47 жыл бойы сақталып келген рекорд (+4,8) жаңарды. Қорытынды Жалпы алғанда, 2025 жылғы желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1–4 градусқа жоғары болды. Кей өңірлерде жауын-шашын мөлшері айлық орташа көрсеткіштен 1,3–6 есе артық түсті, ал жекелеген аудандарда норма шамасында немесе одан аз болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Алматы және тағы жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "20 қаңтарда Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан сүрілді Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. Алматыда Ақан Сері көшесі, 18 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйге заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды. Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның рұқсатсыз салынғаны анықталған. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. "2025 жылы 9 қазанда Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот нысан иесін кінәлі деп танып, қосалқы нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы шешім қабылдады", - деді Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері. Алматы әкімдігі Сот шешімін орындау аясында қосалқы нысанды бұзу жұмыстары басталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жамбыл облысында ер адам “Сергекті“ атып түсірген Жамбыл облысында ер адам "Сергек" камерасына оқ атқаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот мәліметінше, 2025 жылы желтоқсанда Сарыкемер - Түймекент - Ақшолақ тасжолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, "Сергек" камерасына қасақана зақым келтірген. Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген залал ішінара өтелгенін жеткізген. Ал жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін мәлімдеген. "Сот қаулысы бойынша, М. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды", - делінген хабарламада. Қаулы заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда мерзімді әскери қызметкерлерге несие алуға тыйым салынады: құжат жарияланды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтермен алмасу қағидаларын бекіту жөніндегі қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжатта Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында ақпарат алмасу тәртібі айқындалып, бұл тетік әскери қызмет өткеру кезеңінде қарыздар бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсыну және жеке тұлғаның кредиттік есебінде тиісті мәртебені көрсету мақсатында жүзеге асырылатыны көрсетілген. "Жобада банктер мен микроқаржы ұйымдарының шақыру жасындағы жеке тұлғаның кредит алу жөніндегі өтінімі түскен кезде оның кредиттік есебіндегі мәртебесін тексеру қажеттілігі көзделген. Егер кредиттік есепте жеке тұлғаның мерзімді әскери қызметті өткеруі туралы мәліметтер болса, банктер мен микроқаржы ұйымдары кредит беру туралы өтінімді қабылдамайды", - делінген қаулы жобасында. ҚНРДА мәліметінше, аталған бастама "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң талаптарын іске асыруға бағытталған және оны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарларға әкелмейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ғалымдар жүрек саулығы үшін ең тиімді диетаны атады New England Journal of Medicine журналы танымал диеталар рейтингін жариялады. Онда DASH Diet қатарынан екінші жыл жүрек саулығы үшін ең тиімді диета деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Газета.Ru"-ға сілтеме жасап. Сарапшылар 38 диетаны ғылыми негізділігі, теңгерімділігі, тиімділігі және ұстану жеңілдігін қоса алғанда 21 санат бойынша бағалаған. DASH диетасы денсаулыққа дәлелденген пайдасы, әмбебаптығы және қатаң шектеулердің болмағаны үшін жоғары баға алған. Бұл тамақтану жүйесінде өнімдердің тұтас топтары мүлде алып тасталмайды. DASH диетасы бастапқыда артериялық қысымды төмендету үшін әзірленген. Ол жүрек-қан тамырлары жүйесі үшін маңызды талшықтар мен минералдарға, соның ішінде калийге, кальцийге және магнийге бай болуымен ерекшеленеді. Аталған тамақтану рационы қаныққан майлар мен холестеринді аз тұтынуды көздейді және жемістерге, көкөністерге, тұтас дәнді өнімдерге, балыққа, құс етіне, жаңғақтарға және майсыз сүт өнімдеріне басымдық береді, сонымен қатар тәттілерді, қантты және қызыл етті азайтуды ұсынады. Диетолог Кэтрин Шампаньның айтуынша, DASH диетасы шамамен 20 жыл бойы инсульт пен жүрек-қан тамырлары асқынулары қаупін төмендетудегі тиімділігін тұрақты түрде дәлелдеп келеді. "Мен DASH-ты қан қысымын бақылауға арналған диеталар арасында қайтадан бірінші орыннан, ал жалпы ең үздік диеталар қатарында екінші орыннан көргеніме қуаныштымын", – дейді профессор. Сарапшылардың пікірінше, DASH диетасының табысы іргелі ғылыми зерттеулердің күнделікті тамақтану әдеттеріне тікелей әсер етіп, миллиондаған адамдарда созылмалы аурулар қаупін азайта алатынын айқын көрсетеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы доллар бағамы белгілі болды Қазақстанда 19 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 509,63 теңге болып, 2,44 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 қаңтарға белгіленген ресми бағамы - 512,16 теңге. kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы: сатып алу - 509,50 теңге; сату - 511,63 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы: сатып алу - орта есеппен 508,00 теңге; сату - 515,00 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Теңізшевройл“ екі кен орнында мұнай өндіруді тоқтатты Атырау облысындағы "Теңіз" және "Королевское" ірі кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды. Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТШО мәліметінше, мұндай шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің кейбіріне әсер еткен жағдайға байланысты қабылданған. "Зардап шеккендер жоқ, ал қызметкерлердің қауіпсіздігі компания үшін ең жоғары басымдық болып қала береді. ТШО-ның техникалық қызметтері жағдайдың түпкі себебін анықтау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, олардың басты мақсаты туындаған мәселені қауіпсіз түрде жою", – деп мәлімдеді компания өкілдері. Сондай-ақ, ТШО өкілдері бұл жағдайдың ықтимал салдарын барынша азайту мақсатында мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізіп жатқанын атап өтті. "Теңіз кен орны және барлық өндірістік нысан қауіпсіз жағдайда, сенімді қорғалған", – деп қосты компанияда. Еске салайық, 18 қаңтарда таңертең Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында орналасқан зауытта өрт шықты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Құрбысы түсіріп алған: Жаркенттегі жантүршігерлік жайттың егжей-тегжейі белгілі болды Жетісу облысында кішкентай баланы сабаған әйелге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Оқиға Панфилов ауданына қарасты Нұркент ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде тараған видеода шамамен 3–4 жастағы баланың аяусыз соққыға жығылғаны көрінеді. Әйел баланы теуіп, қолынан тартып, бұрап, басы мен арқасынан ұрған. Аудандық әкімдік мәліметінше, бұл елді мекен Қорғас шекара маңында орналасқан, ал оқиға болған үй әлеуметтік осал топтарға арналып бюджет қаражатына салынған. Баланы ұрған әйел сол үйге қонаққа барғаны белгілі болды. Ал видеоны үй иесінің құрбысы түсірген. Бұл жазба желіде таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазіргі уақытта баланың анасы уақытша ұстау изоляторына қамалған. "Балаларға қатысты айтар болсақ, олар Жаркенттегі "Жанұя" отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Балалардың жағдайы қалыпты. Әлеуметтік желілерде тараған видеоны үй иесінің телефонына қонаққа келген құрбысы түсіріп алған. Үй иесі Т. дүкенге кеткен кезде телефонын үйде қалдырған. Сол уақытта құрбысы әйелдің өз баласын ұрып жатқан сәтін видеоға түсіріп алған", – деді Панфилов аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі жетекшісі Нұрбол Ханағат. Әйелге Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен қатар, оған қатысты ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда -38 градусқа дейін аяз болады Қазгидромет 20, 21, 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде де жаңбыр, қар жауып, 22 қаңтарда таулы жерлерде қалың қар жауады. Республика бойынша тұман түседі, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. 22 қаңтарда Жаңа Жер аудандарынан ығысқан суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде 25-38 градус аязға дейін, күндіз 20-30 градус аязға дейін төмендейді. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылыға дейін көтерілсе, таулы аудандарда 8-13 градус аяз, батыс өңірлерде 5-13 градус аяз болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президентке Жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндап, Парламентті трансформациялауға қатысты ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің көлемі ауқымды екеніне назар аударды. Мемлекеттік кеңесші Жұмыс тобы мүшелерінің ортақ пікірін жеткізіп, бұл өзгерістер саяси жүйені уақыт талабына сай жаңғыртуға ықпал ететінін айтты. Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев азаматтардан келіп түскен ұсыныстар негізінде Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы мүшелері әзірлеген басты тәсілдер туралы баяндады. Атап айтқанда, былтырғы қазан айынан бері өтіп келе жатқан отырыстарда жаңа Парламентке қатысты мәселелердің бәрі қаралды. Оның ішінде депутаттар саны, өкілеттік мерзімдері, сайлау тәртібі, бір палаталы Парламенттің заң шығару тетіктері, сондай-ақ оның биліктің өзге институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылды. Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан, қоғамдық бірлестіктерден e-Otinish және eGov платформалары арқылы келіп түскен ұсыныстар туралы ақпарат берді Бірнеше ай ішінде саяси партиялардың барлығы, ондаған үкіметтік емес ұйым, бизнес-қоғамдастық өкілдері, құқықтанушы ғалымдар мен сарапшылар конституциялық реформаға қатысты өз бастамаларын жолдаған. Парламенттік реформадан бөлек, Жұмыс тобына азаматтардан мемлекеттік құрылымның жалпы мәселелері мен саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге қатысты 1,6 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. Парламент Мәжілісіндегі «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев және «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» фракциясының басшысы Асхат Рахымжанов парламенттік реформа аясында жүзеге асырылатын конституциялық өзгерістердің ауқымды екенін мәлімдеді. Олар өңірлерде Парламент депутаттарының жұмыс кездесулері барысында азаматтардың алдағы саяси реформаға айрықша қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ жиында Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров, Парламент Мәжілісінің депутаттары Үнзила Шапақ, Марат Бәшімов, Никита Шаталов, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов пікірлерін білдірді. Отырысты қорытындылаған Мемлекет басшысы алдағы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды Осы кезең ішінде қоғамда елдің жоғары заң шығарушы органын трансформациялаудың мақсаттары мен міндеттеріне қатысты дұрыс түсінік қалыптасты. Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа арнаған Жолдауынан кейін өрбіген қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы талқылау нәтижесін, сараптама қорытындыларын, ұсынылған түзетулердің жобаларын, сондай-ақ конституциялық реформаға қатысты азаматтардан келіп түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі зерделеуде. Суреттер: Ақорданың баспасөз қызметі Саяси жүйені одан әрі реформалаудың маңызы мен мазмұнына тоқталған Президент институционалдық негізді терең жаңғырту және заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет екенін айтты "Ертең Ұлттық құрылтай отырысында мен еліміздің тағдырына қатысты бұл мәселе бойынша нақты пікірлерімді айтамын. Нақтылай айтқанда, еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатыр. Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады. Сондықтан Ата заңымызға осыған дейін енгізілген өзгертулерді ескерсек, Жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы Қазақстанның шын мәнінде жаңа Конституциясы туралы айтуға мүмкіндік береді", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Интим суреттеріңді желіге таратып жібереміз“: Маңғыстау облысында ер адам қызды бопсалаған Маңғыстау облысында қызды интим суреттеріңді таратамыз деп бопсалаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, аталған дерек бойынша 2000 жылғы жәбірленуші арызбен жүгінген. Оның айтуынша, 1997 жылғы ер адам жәбірленушінің интим сипаттағы суреттерін әлеуметтік желілер және туыстарына таратамыз деп қорқытып, бір миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған. Суреттер: Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті 2026 жылғы 17 қаңтарда WhatsApp арқылы жәбірленушіден алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 2026 жылғы 20 қаңтарға дейін беруді талап еткен. "Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 2026 жылғы 17 қаңтарда Жаңаөзенде екі ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден көк түсті iPhone 14 Pro Max, ал екінші күдіктіден қара түсті iPhone 11 ұялы телефондары заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді", - делінген хабарламада. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалып, мәліметтер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Тоқаев пен Қазақстанды бейбітшілік кеңесіне шақырды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алды. Сонымен қатар Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттердің бірі болу ұсынылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты. АҚШ президенті бастамашы болған Бейбітшілік кеңесіне бірқатар елдің көшбасшылары шақырылған. Аргентина, Венгрия, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия бұл ұсынысты қабылдағанын растады. Сондай-ақ Франция, Германия және БАӘ басшыларына да шақырту жолданған, алайда олардан әзірге ресми жауап жоқ. Осы орайда дипломатиялық ортада журналистер арасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың да шақырту алғаны жөнінде әңгіме тараған еді. Осыған байланысты Tengrinews.kz Ақорданың Ақ үйден Бейбітшілік кеңесіне қатысуға ресми шақыру алған-алмағанын сұрады. Руслан Желдібай бұл ақпаратты растады. "Мемлекет басшыларының бірқатар мәлімдемесінен кейін АҚШ президенті Дональд Трамптан келген осындай ресми үндеуді жасыру дұрыс болмас еді. Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың алғашқыларының бірі болып Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге, ал Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттердің бірі болуға ресми шақырту алды. Бұған жауап ретінде Мемлекет басшысы АҚШ президентіне шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісімін растайтын хат жолдады. Президент Қазақстанның Таяу Шығыста берік бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға ұмтылысын растады", - деді Руслан Желдібай. Президент әкімшілігі бұл ақпаратты бұған дейін жария етпеу себебін де түсіндірді. Оның сөзінше, Ақ үйдің ресми мәлімдемесіне дейін бұл туралы жариялау этикалық тұрғыдан дұрыс емес болар еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның оңтүстігінде университет 20 миллион теңгеге орындық сатып алған ҚМА Шымкент бойынша департаменті Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшылары бар. Схема Күдіктілер тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе қымбат сатып алынған жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан. "Байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмысқа қатысушылар арасында бөлінген. Осы схема аясында университет басшылығы нарықтағы құны 200 мың теңгеден аспайтын бір орындықты 20 миллион теңгеге сатып алған", - деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар, ҚМА дерегіне сүйенсек, күдіктілер тозған тауар-материалдарды баланстан формалды түрде есептен шығарған, бірақ оларды пайдалана берген. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына алынуға тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген. Шығын Мемлекетке 321 миллион теңге көлемінде залал келген. "Тергеу барысында күдіктілер 264 миллион теңгені ерікті түрде өтеді. Сот санкциясымен олардың мүлкіне - 4 тұрғын үйге, 1 көлікке және банк шоттарындағы 40 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы мектептеріне шабуылдар жасалатыны туралы хабарламалар: полиция жауабы Желіде Алматыдағы оқу орындарына шабуыл жасалатыны туралы қоқан-лоққы жазылған хабарламалар тарады. Бұл ақпаратқа полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Tengrinews.kz редакциясына оқушылар мен ата-аналар аноним Telegram-арналар арқылы тарап жатқан үрейлі хабарламаларды жолдай бастады. Онда қару-жарақтың суреттері, сондай-ақ авторлардың айтуынша, теракт жоспарланып жатқан қала мектептерінің тізімі көрсетілген. Бұл тізімдерде ондаған оқу орнының нөмірлері бар. Полиция пікірі Алматы Полиция департаменті аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және жалған екенін мәлімдеді. "Қазіргі уақытта қаладағы оқу орындарындағы жағдай толық бақылауда. Полиция мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр", – делінген хабарламада. Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталған. Фейк хабарламаның авторы мен дереккөзі анықталып жатқаны айтылды. "Оны таратқан тұлға заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп мәлімдеді Алматы ПД. Полиция азаматтарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне – мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының хабарламаларына ғана сенуге шақырады. Алматы ПД баспасөз қызметі балалардың қауіпсіздігіне қатысты әдейі жалған ақпарат тарату ауыр құқықбұзушылық екенін және ол үшін жауапкершілік көзделгенін қосты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Байлап, қорқытқан“: Алматыда қарақшылар тұрғынды тонап, 30 миллион теңге шығын келтірген Алматына қарақшылық шабуылы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Алматыда полиция қызметкерлері шамамен 30 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген қарақшылық шабуылды "ізін суытпай" ашты. Қылмыс күндізгі уақытта жасалған. Белгісіз әлдебіреу күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні байлап, зергерлік бұйымдар, бағалы мүлік және ақшалай қаражатты қолды қылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде екі күдіктіні анықтап, ұстаған. Тергеу әрекеттері кезінде ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Алматы қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов. Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаркентте әйел өз баласын аяусыз соққыға жыққан: видео Жаркентте жаға ұстатар жайт болды. Әйел өз баласын аяусыз ұрып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде тараған видеода әйелдің шамамен 3–4 жастағы баланы сабап жатқаны көрінеді. Ол баланы теуіп, қолынан жұлқылап, бұрап, басы мен арқасынан бірнеше рет ұрған. Жазба сипаттамасында ананың өз баласын батареяға байлап, ұрып-соққаны, сол сәтте пәтерде тағы үш баланың болғаны айтылған. Ал әкесі жағдайға араласпай, оқиғаны телефонға түсіріп отырған. Жетісу облыстық білім басқармасы мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Баланың анасы полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы толық анықталғанша балалар Отбасын қолдау орталығына орналастырылды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері. Жетісу облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Чарапиевтің айтуынша, ұсталған әйелдің жасы - 28-де. Қамқоршылық органдарына ата-ана құқығынан айыру жөнінде ұсыныс жолданады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Талғар ауданында әйел із-түссіз жоғалып кеткен Алматы облысында бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткен әйел табылмай жатыр. Із-түзсіз жоғалған әйелге қатысты ақпаратты Instagram парақшасында LIDER.KZ еріктілері жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тахирова Әсел Бахытғалиқызы, 1993 жылы туған, 2025 жылғы 2 желтоқсанда жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 15:00-де ол Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы, Исатай батыр көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан "Үлкен отбасы" мейірбикелік күтім үйінен шығып кеткен. Белгілері: бойы 160–165 сантиметр, орта денелі, шашы қою түсті, ұзын, айқын қылилығы бар, қолдарында кесілген тыртықтары бар, бел тұсында иероглиф түріндегі татуировкасы бар. Киген киімі: қызыл бас киім, қара ұзын күртеше, көк джинсы, жасыл етік. Еріктілердің мәліметінше, жас әйел бағдарынан адасқан және психикалық ауытқуы бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады Қазгидромет синоптиктері дүйсенбіден бастап алдағы үш күнге - 19, 20 және 21 қаңтарға - арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана 19 қаңтарда елордада ауа райы құбылмалы бұлтты болады, күндіз қар жауып, бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады: түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –20…–22°, күндіз –13…–15°. 20 қаңтарда құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде –17…–19°, күндіз –14…–16°. 21 қаңтарда түнде қар жауып, боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады: түнде 9–14 м/с, күндіз 3–8 м/с. Түнде –20…–22°, күндіз –15…–17°. Алматы 19 қаңтарда ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 2–7 м/с. Температура түнде –13…–15°, күндіз –6…–8°. 20 қаңтарда жауын-шашынсыз, кейде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –13…–15°, күндіз –3…–5°. 21 қаңтарда да жауын-шашынсыз, кейде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –11…–13°, күндіз –3…–5°. Шымкент 19 қаңтарда құбылмалы бұлтты, күндіз қар жауып, көктайғақ пен тұман байқалады. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде –5…–7°, күндіз –1°-ден +1°-қа дейін. 20 қаңтарда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде –8…–10°, күндіз –2…–4°. 21 қаңтарда күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде –7…–9°, күндіз +3…+5°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жапонияда теңіз жағасындағы үй 6,5 миллион теңгеге сатылып жатыр Жапонияда теңіз жағасындағы шағын үй бар болғаны 6,5 миллион теңгеге сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TrendWatching Telegram-арнасына сілтеме жасап. Telegram-арнаның мәліметінше, осы ақшаға сатып алушы екі қабатты, теңізге панорамалық көрініс ашылатын үйге ие болады. Сонымен қатар, қайық қоятын гараж, түрлі зат сақтайтын орын және өзінің шағын айлағы бар. instagram.com/housesofjapan Үй Окиносима өңірінде орналасқан. Бұл - Жапонияның батысындағы Симанэ префектурасына қарайтын, Жапон теңізіндегі шалғай арал. Ол Оки аралдары архипелагына кіреді және ерекше табиғатымен, ежелгі тарихымен, дәстүрлі тұрмыс-салтымен танымал. Ал Men Today басылымы Жапонияда үйдің арзандауы бұрыннан бар құбылыс екенін жазды. Мұндай төмен баға туу көрсеткішінің азаюы мен халықтың қартаюына байланысты. Көп жағдайда үй иелері қайтыс болғаннан кейін баспаналар бос қалып, сондықтан оларды арзан бағаға сатылып жатыр. Бұған дейін Грекияда Эгей теңізіндегі көрікті Антикифера аралына көшіп барғандарға 11,2 миллион теңгеге дейін төлеуге дайын екені хабарланған еді. Сондай-ақ, Италия билігі Милан мен Швейцарияға жақын орналасқан Варезе өңіріне қоныс аударған жас мамандарға 6000 еуроға дейін (шамамен 3,5 миллион теңге) төлеуге дайын екенін мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“ҚазМұнайГаз“ “Теңіз“ мұнай кен орнындағы өртке қатысты пікір білдірді "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Атырау облысындағы "Теңіз" мұнай кен орнында болған өрт туралы ақпаратқа қатысты пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "ҚазМұнайГаздың" мәліметінше, 18 қаңтарда сағат 09:53-те ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.3 турбинасының трансформаторы тұтанған. "Қызметкерлер қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Кәсіпорынның апаттық қызметі өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада. Шамамен сағат 11:20-да ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.5 трансформаторы да өртенген. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға туралы ТЖ департаментіне хабарланған. "Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Қазір жағдай бақылауда", - деп қосты ұлттық компанияның баспасөз қызметі. Бұған дейін БАҚ-та Теңіз кен орнында өрт болды деген ақпарат тараған еді. Анықтама: Теңіз - әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Ол Қазақстанның Атырау облысында, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына жақын жерде орналасқан. Кен орынның мұнай қоры өте мол. Оны "Теңізшевройл" компаниясы игеріп келеді. Теңіз ел экономикасында маңызды рөл атқарады: мұнай экспортының едәуір бөлігін және бюджетке түсетін түсімдердің қомақты үлесін қамтамасыз етеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“StroyKz09“ ретінде танымал куратор: Қарағандыда арнайы операцияның мән-жайы ашылды Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. "Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысының полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған кешенді және жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр. Іс-шаралар барысында 14 қаңтарда Қарағандыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікпен 21 және 39 жастағы екі күдікті ұсталды. Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан әртүрлі телефондар, электрон таразылар, қаптама материалдары, сондай-ақ өсімдік және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылып, тәркіленді. "Атап айтқанда, жалпы салмағы шамамен 30–40 грамм жасыл түсті спайс тәрізді зат салынған 30-дан астам орама, сондай-ақ, ақ және қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заттары бар, жалпы салмағы 10 грамнан асатын орамдар анықталды", - делінген хабарламада. Тергеу барысында күдіктілер 2025 жылғы тамыздан бастап есірткі заттарын таратумен айналысқан интернет-дүкендердің бірінде курьер ретінде заңсыз қызмет атқарғаны белгілі болды. Олардың әрекетін "StroyKz09" лақап атымен тіркелген белгісіз адам ұйымдастырып отырған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Теңіз кен орнында өрт шықты - БАҚ Бүгін таңертең Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап. Сағат 09:55 шамасында Үшінші буын зауытында 52-учаскеде өрт шықты. Оқиға газтурбиналық генераторларының арасындағы трансформатор маңында болған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Барлық қызметкерлер эвакуацияланды. Ақпарат берілген сәтте өрт оқшауланды. Үшінші буын зауыты рециркуляция режиміне ауыстырылды. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді Қазақстанда "Жасанды интеллект туралы" жаңа заң күшіне енді. Заңға қол қойылған сәттен бастап 60 күн өтті және белгіленген рәсімдерге сәйкес, бүгіннен бастап құжат толық көлемде қолданысқа енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап. Қабылданған заң елде жасанды интеллектіні қолданудың құқықтық негізін қалыптастырып, саладағы мемлекеттік саясаттың басты қағидаты - адам, оның құқықтары, бостандықтары мен әл-ауқатының басымдығы туралы ережелерді бекітеді. "Адам, оның өмірі мен ерік-жігері жасанды интеллект жүйелерін құру және пайдалануда ең жоғарғы құндылық ретінде қарастырылады. ЖИ-ді қолдану адамның саналы түрде шешім қабылдау қабілетін шектемеуге тиіс, ал азаматтардың еркіндігі технологияларды қолданудың барлық кезеңінде сақталуы қажет", - делінген хабарламада. Заң жасанды интеллектіні пайдалануды, атап айтсақ әділдік пен теңдік, алгоритм ашықтығы мен түсініктілігі, жауапкершілік пен бақылауда болуы, деректер мен құпиялықты қорғау, сондай-ақ ЖИ жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы ережелерді айқындайды. "Пайдаланушыларға жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктері, сипаттамалары мен шектеулері туралы толық ақпарат ұсынылуы шарт", - делінген хабарламада. Азаматтар автоматтандырылған деректерді өңдеудің қолданылуы, оның салдары, мұндай өңдеуге қарсылық білдіру мүмкіндігі, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы хабардар болуға құқылы. "Құжат жасанды интеллект жүйелерінің иелері мен пайдаланушылары арасындағы жауапкершілікті нақтылайды. ЖИ жүйелерінің өмірлік циклінің барлық қатысушылары олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етуге, тәуекелдерді басқаруға және жүйелер жұмысының нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік алуға міндетті", - делінген хабарламада. Жасанды интеллект жүйелерін құру және пайдалану қоршаған ортаға теріс әсер етпеуі, сондай-ақ энергия тиімділігі талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс. ЖИ жүйелерін пайдалану жеке деректер мен құпия ақпаратты қорғау талаптары сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Заң деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алу шараларын, сапалы деректерді пайдалануды, ЖИ жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуді көздейді. "Құжатқа сәйкес, жасанды интеллект жүйелері тәуекел деңгейі бойынша - төмен, орта және жоғары тәуекелді жүйелерге жіктеледі. Маңызды салаларда немесе мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру кезінде қолданылатын жоғары тәуекелді жүйелер ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша мемлекеттік жүйелерге теңестіріледі", - делінген хабарламада. Енді Қазақстан аумағында: манипулятивті әдістерді қолданатын; адамның жасына, денсаулық жағдайына немесе әлеуметтік мәртебесіне байланысты осал тұстарын пайдаланатын; әлеуметтік немесе биометриялық кемсітушілікке жол беретін; адамның эмоциясын оның келісімінсіз анықтайтын; жеке деректер туралы заңнаманы бұзатын; тыйым салынған контент жасайтын немесе тарататын жасанды интеллект жүйелерін құруға және пайдалануға тыйым салынады. Заң жасанды интеллектіні пайдаланудың ашықтығына қойылатын талаптарды белгілейді. Пайдаланушылар тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер ЖИ-ді қолдану арқылы жасалғанын білуі шарт. Синтетикалық контент міндетті түрде таңбалануға және пайдаланушылар үшін түсінікті ескертумен белгіленуге тиіс. Жасанды интеллектіні пайдалану арқылы жасалған туындылар адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана "авторлық құқық объектісі" деп танылады. Адамның зияткерлік қызметінің нәтижесі арқылы алынған мәтіндік сұраулар (промпттар) да авторлық құқықпен қорғалады. Автор немесе құқық иесі тыйым салмаған жағдайда ғана ЖИ модельдерін оқыту үшін туындыларды пайдалануға рұқсат етіледі. "Жасанды интеллект туралы" заңның күшіне енуі Қазақстанда жауапты, қауіпсіз және адамға бағдарланған жасанды интеллектіні дамытудағы маңызды кезең. Бұл модель инновациялар, азаматтардың құқықтарын қорғау және цифрлық экономиканың орнықты дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің басталуында сенсация жасады Қазақстанның екінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 105-орында тұрған Юлия Путинцева жаңа жылдың алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі - Australian Open жарысын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірінші айналымда қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны (№59) 3:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 55 минутқа созылды. Путинцева 3 эйс жасап, 1 қос қате жіберді. Ал Хаддад Майя 1 эйс орындап, 7 қос қате жіберген. Бұған дейін Юлия мен Беатрис өзара екі рет кездескен, және екі матч та үш сетте аяқталған. Ол кездесулердің екеуінде де жеңіс Бразилия өкіліне бұйырған еді. Қазақстан атынан жекелей сында Елена Рыбакина (№5) мен Зарина Дияс (№285) өнер көрсетеді. Ерлер арасында Александр Бублик (№10) және Александр Шевченко (№104) қатысады. Алғашқы ойын күні - 18 қаңтарда - Бублик өз матчін өткізеді. Еске салайық, Путинцева 2026 жылды жеңіспен бастап, Аустралияда өтіп жатқан Брисбендегі WTA 500 сериялы турнирдің іріктеу кезеңін сәтті еңсерген болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Гватемаладағы тұтқындар бүлігі: түрменің 46 қызметкері кепілге алынды Сенбіде Гватемаланың үш түрмесінде бүлік шықты. Соның салдарынан тұтқындар кемінде 46 адамды, негізінен күзетшілерді, сондай-ақ бір психологты кепілге алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Гватемаланың ішкі істер министрі Марко Антонио Вильеда баспасөз мәслихатында кепілге алынғандар арасында қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы хабар түспегенін айтты. Оның айтуынша, үш түрмедегі бүліктерді "Баррио 18" бандасы өз көсемін басқа мекемеге - ұстау жағдайы жақсырақ болатын және оған белгілі бір артықшылықтар берілетін орынға ауыстыруға қол жеткізу үшін ұйымдастырған. "Ешбір террористік топпен келісімге бармаймын, бұл бопсалауға бой алдырмаймын және олардың бүліктерін тоқтатқаны үшін бұрынғы артықшылықтарын қайта қалпына келтірмеймін", - деді Вильеда. Гватемалада түрмедегі бүлік алғаш рет болып отырған жоқ, алайда бұл жолғы кепілге алынғандардың саны бұрынғы жағдайлармен салыстырғанда едәуір көп. Министрлік өкілдері қауіпсіздік күштері, оның ішінде әскери қызметкерлер де, аумақты толық бақылауда ұстап тұрғанын және тәртіпті қалпына келтіру, сондай-ақ, іргелес аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін біз Түркістан облысында сот қатаң режимдегі колонияда бүлік шығарған сотталғандарға үкім шығарғаны туралы хабарлаған едік. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Гренландиядан қолыңды тарт!“: Данияда жаппай наразылық өтті Данияда сенбіде мыңнан аса даниялық Гренландияның егемендігін қолдау мақсатында шеруге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап. Бұл наразылық жұмада Трамптың Данияға автоном аумақ болып саналатын, пайдалы қазбаларға бай Гренландияны "басып алу" жоспарларына қарсы шығатын елдердің тауарларына "баж салығын енгізуі мүмкін" екенін ескерткенінен кейін өтті. Наразылық Копенгагенге АҚШ Конгресінің екі партия өкілдерінен құралған делегациясының сапарымен тұспа-тұс келді. Делегация көптеген америкалықтың Трамп әкімшілігінің соғысшыл мәлімдемелерімен келіспейтінін ашық білдірді. Дания мен Гренландияның жалауларын желбіреткен наразылық білдірушілер Копенгаген қалалық әкімдігі ғимаратының алдында қызыл мен ақ түске боялған қалың нөпірге айналды. Олар "Калааллит Нунаат!" деп ұрандатты - бұл инуит тілінде алып арктикалық аралдың атауы. "Мақсат - Гренландия демократиясына және адам құқықтарының негізгі қағидаттарына құрмет білдіретін айқын әрі біртұтас белгі жолдау", - делінген Даниядағы гренландиялықтар қауымдастығы Uagut ұйымының сайтында. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, АҚШ-тың "Гренландияға бақылау орнатуға бағытталған заңсыз жоспарларына" қарсы наразылық ретінде Гренландия астанасы Нуукта да осындай шеру өткізу жоспарланған. 2025 жылғы қаңтарда жарияланған соңғы сауалнамаға сәйкес, Гренландия тұрғындарының 85 пайызы аумақтың АҚШ-қа қосылуына қарсы. Тек 6 пайызы ғана қосылуды қолдаған. АҚШ Демократиялық партиясының сенаторы Крис Кунс Трамп әкімшілігінің ұстанымын ақтайтындай Гренландия қауіпсіздігіне ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Стивен Миллер Fox News арнасында Дания өзіне қарасты егемен арктикалық аумақты қорғау үшін тым шағын ел екенін айтқан болатын. "Қазір Гренландия қауіпсіздігіне тікелей төнетін қауіп жоқ. Бірақ біз климаттың өзгеруі, теңіз мұзының азаюы және кеме қатынасы бағыттарының өзгеруі салдарынан Арктиканың болашақтағы қауіпсіздігіне қатысты алаңдаймыз", - деді АҚШ Демократиялық партиясының сенаторы Крис Кунс Копенгагенде баспасөзге. Трамп Данияны оның пікірінше, Гренландия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті әрекет етпей отыр деп, бірнеше рет сынаған. Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Германия, Нидерланд, Норвегия және Швеция Арктикадағы болашақ оқу-жаттығуларға дайындық үшін аз мөлшерде әскери қызметкер жіберетіндерін мәлімдеді. 17 қаңтарда АҚШ президенті "АҚШ-тың Гренландияға бақылау орнатуына қарсы әрекет етеді" деген сегіз еуропалық елге қарсы 1 ақпаннан бастап 10 пайыз, ал 1 маусымнан бастап 25 пайыз баж салығын енгізетінін жариялады. Жаңа тариф 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланд және Финляндияға қатысты қолданылады. Егер аралды сату туралы келісімге қол жеткізілмесе, онда мөлшерлеме 25 пайызға дейін өседі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Гренландияға қатысты АҚШ-қа қарсы шыққан 8 елге баж салығын енгізді АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны АҚШ-тың бақылауына алу жоспарына қарсы болғаны үшін Еуропаның сегіз еліне 10 пайыз кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Жаңа тариф 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланд және Финляндияға қатысты қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап. АҚШ президенті 1 ақпаннан бастап бұл елдерден АҚШ-қа экспортталатын барлық тауарға 10 пайыз кедендік баж енгізілетінін, ал 1 маусымнан бастап бұл мөлшер 25 пайызға дейін өсетінін айтты. "Біз көп жыл бойы Данияны, Еуропалық одақтың барлық елін және басқа да мемлекеттерді олардан кедендік баж немесе қандай да бір өзге төлемақы алмай-ақ субсидиялап келдік. Енді, ғасырлар өткен соң, Данияның жақсылыққа жақсылықпен жауап беретін уақыты келді - таразы басында бүкіл әлемдегі бейбітшілік тұр!" - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. Ол сондай-ақ: "Бұл кедендік алым Гренландияны толық әрі сөзсіз сатып алу туралы келісімге қол жеткізілгенге дейін төленетін болады", - деп қосты. Трамп "Қытай мен Ресей Гренландияны иемденгісі келеді" деген ескертуін тағы да қайталап, "Дания бұған қатысты ештеңе істей алмайды" деп мәлімдеді. Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп Гренландияға бақылау орнату жоспарына қарсы шығатын елдердің тауарларына баж салығын енгіземін деп қорқытқан болатын. Америка көшбасшысының айтуынша, Гренландия "ұлттық қауіпсіздік үшін қажет". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Рамзан Қадыров ұлы Адам Қадыровқа қатысты видео жариялады Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Адам Қадыровтың өз тапсырмасы бойынша республиканың күштік құрылым командирлерімен кеңес өткізгенін айтты. Оның сөзінше, сол жиыннан түсірілген кадрлар Адам Қадыровтың Telegram-арнасында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, Рамзан Қадыров Адам Қадыровтың кезекті марапат алғанын да мәлімдеді. Бұған дейін БАҚ-та Рамзан Қадыровтың ұлы Адамның жол апатына түсіп, Мәскеуге жеткізілгені туралы хабарлаған еді. Шешенстан басшысы 17 қаңтардағы жазбасында бұл ақпарат жөнінде ештеңе айтқан жоқ. Оның айтуынша, Адам Қадыров күштік құрылым өкілдерімен кеңес өткізіп, Шешенстанда алдағы сайлауды өткізуге дайындық мәселелерін, республиканың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын және басқа да тақырыптарды талқылаған. Сондай-ақ, осы жазбада Адам Қадыровтың кезекті марапат - "Атом электр станцияларының қауіпсіздігін арттырудағы еңбегі үшін" алтын медалімен наградталғаны айтылған. "Ол "Росэнергоатом" концерні АҚ бұйрығымен арнайы әскери операция кезеңінде Запорожье АЭС-ін күзету мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қосқан елеулі үлесі мен көрсеткен қолдауы үшін осы марапатқа лайық деп танылды", - деп жазды Рамзан Қадыров. Еске салайық, 16 қаңтарда БАҚ-та Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы - Адам Қадыров Грозныйда болған жол апатынан кейін ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатқаны туралы хабар тараған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қақаған аяз: бүгін ауа райы қандай болады? Синоптиктер демалыста аяз күшейеді деп болжап отыр. Елдің солтүстігі мен шығысында аяз, ал республиканың батысы мен оңтүстігінде - қалың жауын-шашын, боран және дауыл күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Астана - түнде -29…-31 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -18…-20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Алматы - түнде -16…-18 градус, бұлтты, кей уақыттарда қар, көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -11…-13 градус, бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман түседі. Шымкент - түнде -4…-6 градус, көшпелі бұлтты, қар. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Күндіз 0…-2 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Абай облысы - түнде -33…-38 градус, облыстың оңтүстік-батысында -28 градус, облыстың солтүстігі мен орталығында қатты аяз -41 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде және таңертең Аягөз ауданында екпіні 15–20 м/с. Күндіз -26…-28 градус, облыстың оңтүстігінде -16 градус, жауын-шашынсыз. Семей - түнде -36…-38 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -26…-28 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ақмола облысы - түнде -26…-31 градус, облыстың солтүстігінде -22 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с. Күндіз -17…-22 градус, облыстың солтүстігінде -14 градус. Облыстың солтүстік-батысында қар, боран. Көкшетау - түнде -20…-22 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Күндіз -14…-16 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Алматы облысы - түнде -13…-18 градус, облыстың солтүстігі мен орталығында -20…-25 градус, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қар. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың шығысында екпіні 18 м/с-қа дейін. Күндіз -8…-13 градус, облыстың солтүстігі мен орталығында -15…-20 градус. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қар. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Қонаев - түнде -20…-22 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Ақтөбе облысы - түнде -20…-25 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында -28 градус, жауын-шашынсыз, облыстың оңтүстігі мен орталығында ұйытқыма қар (боран) болуы мүмкін. Жел батыстан 5–10 м/с, түнде облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15–18 м/с. Күндіз -15…-20 градус, жауын-шашынсыз. Ақтөбе - түнде -26…-28 градус, ашық. Жел батыстан 0–5 м/с. Күндіз -17…-19 градус, ашық. Атырау облысы - түнде -14…-19 градус, шығысында -22 градус, облыстың батысында қар, боран. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз -10…-15 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Атырау - түнде -17…-19 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Күндіз -12…-14 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ. Шығыс Қазақстан облысы - түнде қатты аяз -35…-40 градус, облыстың оңтүстігінде -30 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында өте қатты аяз -45 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -25…-30 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында -34 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман. Өскемен - түнде қатты аяз -38…-40 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 1–6 м/с. Күндіз -27…-29 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жамбыл облысы - түнде -11…-16 градус, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында -19…-24 градус, облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қар, боран. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с. Күндіз -6…-11 градус, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында -14…-19 градус, облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қар, боран. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Тараз - түнде -13…-15 градус, көшпелі бұлтты, кей уақыттарда қар, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -9…-11 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жетісу облысы - түнде -23…-28 градус, оңтүстігі мен шығысында -16…-21 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз -8…-13 градус, солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында -15…-20 градус, жауын-шашынсыз. Таулы аудандарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Талдықорған - түнде -25…-27 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс Қазақстан облысы - түнде -17…-22 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында -26 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -13…-18 градус, облыстың оңтүстігінде -10 градус, жауын-шашынсыз. Орал - түнде -24…-26 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Қарағанды облысы - түнде -25…-30 градус, облыстың оңтүстігінде -20 градус, облыстың батысы мен шығысында -35 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -14…-19 градус, облыстың батысы мен шығысында -22 градус, жауын-шашынсыз. Қарағанды - түнде -26…-28 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -17…-19 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Қостанай облысы - түнде -25…-30 градус, облыстың солтүстігінде -22 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Күндіз -15…-20 градус, облыстың батысында -10 градус, облыстың солтүстігі мен батысында қар. Қостанай - түнде -25…-27 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Күндіз -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Қызылорда облысы - түнде -15…-20 градус, облыстың солтүстігінде -23 градус, облыстың оңтүстігінде -12 градус. Облыстың оңтүстігінде аздаған қар, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың орталығы мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз -10…-15 градус, облыстың оңтүстігінде -7 градус, жауын-шашынсыз. Қызылорда - түнде -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Күндіз -7…-9 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Маңғыстау облысы - түнде -2…-7 градус, облыстың солтүстік-шығысында -10…-15 градус, жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Облыстың батысы мен оңтүстігінде боран. Облыстың орталығында тұман. Жел шығыстан 9–14 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Күндіз -2…-7 градус, облыстың солтүстік-шығысында -10…-15 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың батысы мен оңтүстігінде боран. Облыстың орталығында тұман. Ақтау - түнде -2…-4 градус, жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Жел шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -2…-4 градус, бұлтты, жауын-шашынсыз. Павлодар облысы - түнде -33…-38 градус, облыстың оңтүстігінде -28 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -25…-30 градус, облыстың оңтүстігінде -20 градус, жауын-шашынсыз. Павлодар - түнде -34…-36 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -25…-27 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік Қазақстан облысы - түнде -19…-24 градус, облыстың оңтүстік-батысында -27 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Күндіз -12…-17 градус, облыстың оңтүстік-батысында -20 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде қар, боран. Петропавл - түнде -21…-23 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Күндіз -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, қар, ұйытқыма қар. Түркістан облысы - түнде -3…-8 градус, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында -11…-16 градус, қар, көктайғақ, таулы аудандарда қалың қар. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, таулы аудандарда 15–20 м/с. Күндіз -3…+2 градус, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында -7…-12 градус, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Түркістан - түнде -6…-8 градус, көшпелі бұлтты, қар. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Күндіз -1…-3 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Ұлытау облысы - түнде -20…-25 градус, облыстың оңтүстігінде -17 градус, облыстың шығысында -28 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с. Күндіз -14…-19 градус, облыстың оңтүстігінде -11 градус, жауын-шашынсыз. Жезқазған - түнде -20…-22 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -14…-16 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістанда Ислам институты ашылды Түркістан қаласында қазақстандық имамдардың білімін жетілдіруге бағытталған Ислам институтының ашылу салтанаты өтті. Маңызды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай-қажы Өтпенов пен ел ағалары қатысып, көпшілікті айтулы оқиғамен құттықтады. Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан дәстүрлі исламды дәріптеу және оның ғылыми-теориялық негізін дамыту жөніндегі тапсырмасына тоқталды. "Президентіміз "Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет" – деген болатын. Осы мақсатта біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп, дін саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыратын Ислам институтын ашып отырмыз. Институт заманауи үлгідегі материалдық-техникалық құралдармен толық жабдықталған. Бұл игі іске қолдау көрсеткен "Хилует" қоғамдық қайырымдылық қорына, демеуші азаматтарға және Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлына ерекше алғысымды білдіремін! Түркі әлемінің рухани орталығы – Түркістанда осындай бастаманың жүзеге асуы – заңдылық. Бұл оқу ордасы Ахмет Ясауи ілімін зерттеумен және имамдарға терең білім берумен айналысады. Мұнда Түркістан облысы ғана емес, бүкіл еліміздің дін қызметкерлері де біліктілігін арттырады", – деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров діни басқарманың Түркістан облысындағы өкілдігіне жаңа автокөлік тапсырды. Шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы институт шәкірттерімен кездесіп, тағылымды дәріс оқыды. Айта кетейік, бүгінде облыста 745 мешіт және 1400-ден астам дін қызметкері жұмыс атқаруда. Ислам институтының оқу ғимаратының жалпы алаңы 1250 шаршы метрді құрайды. Мұнда 90 орындық оқу ғимараты мен 40 орындық кітапхана бар. Сонымен қатар, жалпы аумағы 1250 шаршы метр болатын жатақхана ғимараты салынып, 45 орындық асхана қарастырылған. Іс-шараға қатысушылар игі іске бастамашы болған облыс әкімдігіне, демеуші азаматтарға алғыстарын жеткізді.
Жылап, үйге апарар жолды іздеген: Сәтбаевта екі қыз балабақшадан шығып кеткен Сәтбаевта 4–5 жастағы бала ересектердің қарауынсыз қалып, балабақшадан өз бетімен шығып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздар кездейсоқ өтіп бара жатқан адамның көмегінің арқасында ғана үйлеріне жете алған. Ата-аналар жауапты қызметкерлерді жазалауды талап етіп отыр. "Негізінде балалар ұзақ уақыт бойы топтың ішінде ересектерді іздеген. Олардың әжетханаға, ас үйге кіріп, бүкіл топ пен дәлізді аралап жүргені, терезеден қарап, тәрбиешілерді немесе басқа қызметкерлерді іздегені көрінетін жазбалар бар. Тек содан кейін балалар өздерін балабақшада жалғыз қалдырғанын түсінген", - деді қыздардың бірінің анасы. Іздеу нәтиже бермеген соң, қыздар қатты қорыққан. Анасының айтуынша, балалар ересектер кетіп қалып, оларды ұмытып кеткеніне сенген. "Қатты қорыққаннан кейін олар өздері киініп, үйге қайтуға шешім қабылдаған. Алайда бірден бағдар таба алмай, жолды ұзақ уақыт іздеген", - деді ол. Ата-аналардың айтуынша, қыздар көшеде шамамен 20–25 минут болған. Ауа температурасы –29 градусқа дейін сезілген. Осы уақыт бойы балалар жылап, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрауға тырысқан. Абырой болғанда, жылап тұрған балаларды бір ер адам байқап қалып, оларға үйіне жетуге көмектескен. Ата-аналардың айтуынша, ауыр зардаптың алдын алған жайт - қыздардың бірінің отбасы балабақшаға жақын жерде тұратыны. Анасы балалардың мекеме аумағынан алғаш рет өз бетімен шыққанын және қашуға тырыспағанын атап өтті. "Жауапкершілікті балаларға артып, олар қашып кетті деу - мүлде дұрыс емес. Ондай ой олардың ойына да келмеген. Олар өздерін жалғыз қалдырды деп ойлаған. Ол сәтте топта бар-жоғы екі ғана бала болған", - деді ол. Сондай-ақ, ата-аналар өздерінің жұмыс орнында болғанын және жұмыс уақытында балабақшадағы бақылаудың жоқғы үшін жауапты бола алмайтынын айтты. Ұлытау облысының білім басқармасы оқиғаға байланысты КМҚК "Құлыншақ" №22 балабақшасында қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. "Тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерделеніп, жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеті мен әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлілерге қызметтен босатуға дейінгі тәртіптік жаза қолданылады", - делінген хабарламада. Ведомство бұл жағдай ерекше бақылауда екенін, ал балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі сөзсіз басымдық екенін атап өтті. Ұлытау облысының білім басқармасы ата-аналар мен тәрбиеленушілердің заңды өкілдерінен ресми түрде кешірім сұрады. Қыздардың ата-аналары кінәлілердің тиісті жазасын алуын және мұндай жағдайлардың қайта қайталанбауын талап етіп отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Миланның“ бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа ауысады Италияның "Милан" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Меркель жаңа клубы "Жеңіс" ФК-ның оқу-жаттығу жиынына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AmanVIBE.kz-ке сілтеме жасап. Дереккөздің мәліметінше, спортшы команда құрамында алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерген. Егер Меркель "Жеңістің" ойыншысы атанса, алдағы Қазақстан Премьер-лигасының маусымы ол үшін дебют маусым болмақ. Александр Меркель туралы не белгілі? Бұған дейін Меркель Қазақстан құрамасында ойнаған. Оның дебюті 2015 жылға тұспа-тұс келді - сол кезде ол Исландияға қарсы жолдастық матчте өнер көрсетті. Төрт жылдан кейін жартылай қорғаушыны құрамаға қайта шақырып, Еуро-2020 іріктеуіндегі Шотландия және Ресейге қарсы кездесулерге қосты. Алайда 2019 жылдың наурызынан бері құжат мәселесіне байланысты ойыншыға қайта шақырту түспеген. Ойыншының ірі жетістігі - 2011 жылы "Милан" сапында А сериясының чемпионы атануы. Сол маусымда футболшы 13 матч өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, Меркель Нидерланд, Германия, Англия, Италия, Швейцария, Австрия, Сауд Арабиясы, Иран және Түркия клубтарында ойнаған. Александрдың соңғы клубы - БАӘ-нің "Легентус" командасы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда тұрғын 40 жылдан бері аулада мұз айдынын құйып жүр Алматыда 79 жастағы зейнеткер Валерий Паршаков көпқабатты үйдің ауласында 40 жылдан бері өз қолымен мұз айдынын жасап келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Ауладағы алғашқы шағын мұз айдынын Валерий Паршаков 1980-жылдары құйған. Уақыт өте келе бұл жерде бүгін қаланың әртүрлі ауданынан балалар келіп тебетін мұз алаңы пайда болды. Ер адам мамандығы бойынша - инженер, сондықтан қолдан жасалған мұз аренасын тұрғызуға қажет білімі болған. Алдымен ол болашақ айдынның эскизін жасап, кейін өз сызбаларына сүйене отырып іске кіріскен. "Менен бұрын балалар құйып көрген, бірақ олардан ештеңе шықпады. Менің жоғары техникалық білімім бар, политехты бітіргенмін, бәрін өз қолыма алдым. Сызбасын сызып, борттарын белгіледім де істі бастадым. Көріп тұрсыздар, мұны өзімнің ковролинімнен ойлап таптым. Балалар шайбамен тарсылдатпасын деп кілемдерден осындай қақпа жасап қойдым", - деді зейнеткер. Ер адам әр қыста мұзды өзі құйып, алаңды күтіп-баптайды және оны үнемі қардан тазалап отырады. Айдынның аумағы шамамен 750 шаршы метр. Күн сайын мұнда 60-тан аса адам келеді. Ал ең кішкентайлар үшін шебер қауіпсіздік мақсатында тірек-тренажерлерді өз қолымен жасап берген. Солардың көмегімен балалар мұз үстінде тұруды үйренеді. "Немеремді күнде осында алып келемін. Алғаш келгенде ол мүлде сырғанауды білмейтін. Байғұс, аяғын әрең басып жүретін, бірақ қатты қалады. Мұнда арнайы тіректер бар, солармен сырғанады. Қазір рахаттанып тебеді. Сондықтан көп рақмет!" - деді алматылық Ольга Бабенко. "Әр қыста ініммен осында келеміз. Алдымен өзім осында сырғанауды үйрендім, кейін інімді үйреттім. Мұнда әр кеш сайын Валера аға мұзды өзі құяды, әрі мұздың ең сапалысы да - осы", - деді қала тұрғыны Савв Василенко. "Мұз керемет. Әсіресе, адамның техниканы қолданбай-ақ өзі құйып, осындай сапалы мұз жасауы - тіпті ғажап. Барлық мұз айдынының ішінде мұнда өзіне тән атмосфера бар: тыныштық, үйдегідей жылу сезіледі", - деді алматылық Диас Бидахмет. Мұзбен жұмыс істеген жылдар ішінде Валерий Паршаков талай жас чемпионды тәрбиелеп шығарған. Ол хоккей мен мәнерлеп сырғанауды ұнататындарға тегін шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибесін бөліседі. Өзі де мұз айдыны оның өмірінде жай ғана әуестік емес, жаны сүйетін ісіне айналғанын мойындайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жасады Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы өз өкімімен Әбубәкіров Қаныш Асанханұлын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындады. Ол бұған дейін атқарған Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Тағы бір өкіммен Мемлекет басшысы Камалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазнетте ұйқыға қатысты шағым көбейді: дәрігер себебін түсіндірді Қазнетте ұйқыға қатысты шағым көбейді. Бірі таң атқанша ұйықтай алмайды, енді бірі шаршап оянады. Tengri Life мұны қалыпқа қалай келуге болатынын анықтады. Қазақстандықтар не дейді? Бұл тақырыпқа қатысты Threads желісінде талқылау басталды. Онда қолданушылар 2026 жылдың басы "бірінен ерекшеленбейтін" күндерге айналып кеткенін жазған. Көпшілігі физикалық тұрғыда шаршағанымен, ми үздіксіз жұмыс істеп тұратынын айтқан. "Бүгін ең ауыр түн болды. Күндіз де ұйықтамадым, түні бойы да көз ілмедім. Ал жарты сағаттан кейін жұмысқа баруым керек. Қызығы, қанша сағатқа дейін шыдап, жүріп келе жатып құлап қалмаймын екен?!" - деп жазды желі қолданушыларының бірі. Басқалары бұл мәселе жаппай сипат алып бара жатқанын айтады. "Интернетте "2026 - жаппай ұйқысыздық" деген видеолар жиі кездеседі. Шынымен де 1 қаңтардан бері тұрақты түрде таңғы 6–7-де ұйықтап, шамамен 16:00-де тұратын болдым… Бұған қатысты не айта аласыздар?" - деп жазды тағы бір автор. Мұндай жазбалардың пікірлерінде ондаған ұқсас оқиғалар сипатталған. Кейбірі өз бетінше күресуге тырысады: мелатонинді, "ұйқы тапшылығын" және режимді қалпына келтірудің басқа жолдарын талқылайды. Мұның себебі не? Сомнологтың пікірі Сомнолог дәрігер Әділ Бейсенбаевтың айтуынша, жаппай бұзылыстың себебі қарапайым - бұл циркад ырғақтарға соққы. Анықтама: Бейсенбаев Әділ Жұмажанұлы - сомнолог, жеке медициналық орталық пен көпсалалы клиникада ұйқы бұзылыстарын зерттеу және емдеу бағытының жетекшісі. "Егер біз кеш жатсақ және кеш тұрсақ, онда біздің циркад ырғақтарымыз, биологиялық ырғақтарымыз жылжиды. Егер сіз түскі 12-ге дейін ұйықтап алсаңыз, онда кешкі 10–11-де тиісінше ұйықтай алмайсыз. Өйткені ағза әлі шаршап үлгермейді", - деді ол. Ұйқыны "жөндеу" үшін маман тексерілген "10,3,2,1,0" ережесін қолдануға кеңес берді: ұйқыға дейін 10 сағат бұрын кофе және құрамында кофеин бар сусындарды ішпеу; ұйқыға дейін 3 сағат бұрын тойып тамақтанбаған дұрыс; ұйқыға дейін 2 сағат бұрын ой еңбегі мен дене жүктемесін шектеу; ұйқыға дейін 1 сағат бұрын гаджеттер қарамау: ұялы телефон, теледидар, ноутбук. "Нөл - бұл таңертең оянсаңыз, төсекте жатып қалмай, будильниктің батырмасын әр 5 минут сайын баспаңыз деген сөз", - деп нақтылады дәрігер. Дәрігер сондай-ақ кең тараған аңызды жоққа шығарды: міндетті түрде дәл 8 сағат ұйықтау шарт емес. Біреуге 6 сағат жеткілікті, ал біреуге 10 сағат та аз болуы мүмкін. Ең басты өлшем - трекердегі сан емес, өзіңіздің хал-жағдайыңыз. "Кейбір науқастар келіп: "Мен 6 сағат ұйықтаймын, ал маған 8 керек, сондықтан өзімді ұйықтауға мәжбүрлеймін" дейді", - деді ол. Дәрігердің түсіндіруінше, адамдардың көпшілігі үшін 7–9 сағат ұйқы - орташа бағдар. Бірақ бұл жеке ерекшелікке байланысты: біреуге 6 сағат жеткілікті, ал біреуге өзін сергек сезіну үшін 10 сағат қажет.
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "17 қаңтарда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, ал түнде Петропавлда қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында қаза тапқан ерлі-зайыптының балаларын іздеу тоқтатылды Жангелдин ауылында Наурыз бен Мирамгүлді іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. Департаменттің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша құтқару бөлімшелері тартылып, елді мекен аумағы толық тексерілген. "Полиция белгілеген барлық учаске толық тексерілді. Қазір полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыттамалар түскен жоқ", - деп мәлімдеді ТЖД. Атырау облысында жоғалған отбасының ісі Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Атырау облысы ПД 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр. "Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды. Қазір оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деді бұған дейін полиция. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Күдікті туралы Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. qamqor.gov.kz Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Аяз бен жел: 17 қаңтарда ауа райы қандай болады? Синоптиктер сенбі, 17 қаңтарда Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елдің солтүстігінде - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде аяз -37 градусқа дейін, күндіз -30 градусқа дейін. Орталық өңірлерде - ашық немесе көшпелі бұлтты. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде -20…-30 градус, күндіз -15…-23 градус. Оңтүстікте - бұлтты, қар жауады. Көктайғақ, кей жерде тұман және жер бораны байқалады. Түнде -17 градусқа дейін, күндіз -15 градусқа дейін. Батыста - бұлтты, қар және көктайғақ. Жел күшейеді. Түнде ауа температурасы -20 градус-қа дейін төмендеп, күндіз -15 градус-қа дейін болады. Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -30…-32 градус, күндіз -21…-23 градус. Алматы - бұлтты, қар, түнде қалың қар жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Түнде -15…-17 градус, күндіз -13…-15 градус. Шымкент - бұлтты, жауын-шашын, көктайғақ, тұман, жер бораны. Түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел екпінді. Түнде және күндіз -1…-3 градус. Түркістан - бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, жер бораны. Жел екпінді. Түнде және күндіз -3…-5 градус. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ, жел екпінді. Түнде -20…-22 градус, күндіз -15…-17 градус. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта әлсіз тұман, көктайғақ. Күндіз жел күшейеді. Түнде -24…-26 градус, күндіз -18…-20 градус. Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді. Түнде -12…-14 градус, күндіз -10…-12 градус. Тараз - көшпелі бұлтты, кей уақытта қар, тұман, көктайғақ. Түнде -12…-14 градус, күндіз -10…-12 градус. Ақтау - бұлтты, қар, көктайғақ. Түнде -5…-7 градус, күндіз 0…-2 градус. Атырау - бұлтты, қар, жер бораны, көктайғақ. Күндіз жел екпінді. Түнде -8…-10 градус, күндіз -6…-8 градус. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -18…-20 градус, күндіз -13…-15 градус. Ақтөбе - ашық, түнде жел соғады. Түнде -21…-23 градус, күндіз -16…-18 градус. Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30 градус, күндіз -21…-23 градус. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең жел екпінді. Түнде -20…-22 градус, күндіз -15…-17 градус.Қостанай - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30 градус, күндіз -21…-23 градус.Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30 градус, күндіз -17…-19 градус.Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30 градус, күндіз -19…-21 градус.Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -35…-37 градус, күндіз -28…-30 градус.Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -33…-35 градус, күндіз -25…-27 градус.Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -35…-37 градус, күндіз -27…-29 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ТЖМ iPhone және қытайлық смартфон иелеріне ескерту жасады Қазақстан ТЖМ Қытайда жасалған смартфондар мен кейбір iPhone иелеріне ескерту жасады. Олардың иелері қажет болған жағдайда төтенше жағдай туралы хабарлама алмай қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төтенше жағдайлар министрлігі Cell Broadcast технологиясын қолдана отырып, халықты мобильді құрылғылар арқылы жедел құлақтандыру жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүйені еліміздің барлық аумағында кезең кезеңімен енгізу мақсатында сейсмикалық белсенді 11 өңір анықталды. Қазіргі уақытта "Mass Alert" ақпараттық жүйесіне Алматы, Шымкент, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары қосылған. "Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығымен бірлесіп, қытайлық кейбір мобильді құрылғыларда (Huawei, Xiaomi және т.б.) Cell Broadcast арқылы жедел құлақтандыру қызметі операциялық жүйе баптауларында әдепкі қалпында өшіріліп тұрғаны анықталды. Соның салдарынан мұндай құрылғылардың иелері "Mass Alert" ақпараттық жүйесі арқылы жіберілетін төтенше хабарламаларды алмауы мүмкін", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, төтенше хабарламаларды алмау қаупі мына жағдайларда сақталады: iOS 18 нұсқасынан төмен операциялық жүйесі бар iPhone құрылғыларында; Қазақстан Республикасының аумағына ресми сертификаттаусыз басқа елдерден әкелінген мобильді телефондарда; Қазақстан Республикасындағы ұялы байланыс операторларының желілерінде тіркелмеген құрылғыларда; Қазақстан Республикасында пайдалануға арналмаған, яғни "рұқсатсыз енгізілген" мобильді құрылғыларда. Аталған құрылғыларда Cell Broadcast хабарламаларын қабылдау баптаулары шектеулі болуы, мүлде болмауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл жағдай қауіп төнген кезде немесе төтенше жағдайлар туындағанда азаматтардың жедел ақпаратты уақытында алмауына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Министрлік азаматтарға мыналарды ұсынады: мобильді телефонның баптауларында жедел хабарламалар (Cell Broadcast) функциясының бар-жоғын және қосулы тұрғанын тексеріңіз; Қазақстан Республикасына ресми түрде әкелінген және тіркелген мобильді құрылғыларды пайдаланыңыз; смартфонның операциялық жүйесін уақытылы соңғы нұсқаға дейін жаңартып отырыңыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте қызды ұрлады деген күдікті ұсталды Шымкентте қыз ұрлады, некеге мәжбүрледі және зорлады деп айыпталған ер адам ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, жәбірленушінің арызы бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы "Некеге тұруға мәжбүрлеу" бойынша қылмыстық іс қозғаған. "Барлық қатысушы полиция басқармасына жеткізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство. Не болған? Әлеуметтік желілерде айқайлаған қызды көліктен сүйреп шығарып жатқан сәттің видеосы жарияланды. Көліктің маңына көп ер адам мен әйелдер жиналған, олардың бірінің қолында ақ орамал бар. Жазбада Шымкентте кәмелетке толмаған қыз өзін ұрлап, еркінен тыс бөтен үйге алып барғанын айтқаны көрсетілген. Күдіктінің туыстары оны қалуға үгіттеген, ал қыз бас тартқанда өз қолымен ешқандай шағымы жоқ екені туралы хат жазуға мәжбүрлеген көрінеді. Одан кейін қызды ұрлаған жігіттің туыстары зорлауды ұйымдастырғаны туралы жазылған. Видеода жәбірленуші оқиғадан кейін ешкім жауапқа тартылмағанын айтады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасалған: видео Әлеуметтік желілерде жолаушылар автобусындағы оқиғаның видеосы тарады. Белгісіз адам жүргізушіге шабуыл жасап, терезесін сындырған. Полиция басты күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады. Кадрларда ер адамның алдымен жүргізушімен сөзге келіп, кейін автобустың әйнегін сындырғаны көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 15 қаңтарда таңғы сағат 6 шамасында №239 маршрутта болған. Полиция пікірі Алматы облысы Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. "Белгісіз ер адам қала көшелерінің бірінде қоғамдық автобустың терезесін қасақана сындырғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үш күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта негізгі фигурант қамауға алынды", – деп мәлімдеді ведомство. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкенттегі 21 жастағы қыздың жантүршігерлік өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады ІІМ Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өліміне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Істі тергеу барысын министрлік бақылауына алған. "Шымкентте қызды өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікір мен уәждер бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу жедел тобы құрылды. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп жазылған хабарламада. Ведомство мәліметінше, келіп жатқан барлық мәлімет, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талданып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы өмірден өтті Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, ғалым-микробиолог Рауза Қонаева 91 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеткізді. "Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, Рауза апа! Айтқан сөзіңіз, тілегіңіз жүрегімде, Мұрат Тәжімұратұлы ағамыз екеуіңіз әрдайым жүрегімде боласыздар!" - деді ол. Айта кетейік, Рауза Ахметқызы 1956 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақ КСР Молекулалық биология және биохимия институтының директоры қызметін атқарған. 1956-2016 жылдары Қазақстан Ғылым академиясында еңбек етті. Ол - ғылым докторы, профессор. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “ҚТЖ“ төрағасына тапсырма берді Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аөордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Талғат Алдыбергенов тарифтік жүк айналымы 10 пайызға артып, 289 миллиард тонна-шақырымды құрағанын айтты. Тасымал көлемі 5,5 пайызға ұлғайып, 320 миллион тоннаға дейін жеткен. Экспорттық тасымал 89 миллион тоннадан асты. Жүк транзиті 20 пайыздан астам өсіп, 33 миллион тонна болды. Президентке былтыр пайдалануға берілген Достық – Мойынты темір жолының екінші желісі арқылы 6 миллион тонна немесе 100 мың вагоннан аса жүк жеткізілгені баяндалды. Алматы бекетін айналып өтетін темір жолдағы техникалық қозғалысқа рұқсат етілді. Теміржол инфрақұрылымдарын тарту және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобалардың жалпы ұзындығы 3900 шақырымды құрайды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания қызметінде қауіпсіздікті, тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектіні енгізу арқылы цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Тәлімгерлік институты жолға қойылып, жастар кадрлық резерві жасақталған. Президент әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызын атап өтіп, теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын құптады. Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамын трансформациялауды жалғастыру, ірі шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты нығайту, цифрлық шешімдерді енгізу, мультимодальдық логистиканы дамыту мақсатында инфрақұрылымдарды кеңейту жөнінде тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Туыстары зорлауды ұйымдастырды“: Шымкентте қыз ұрланғанын мәлімдеді Әлеуметтік желілерде Шымкентте кәмелетке толмаған қызды ұрлау және зорлау туралы ақпарат тарады. Полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Әлеуметтік желілерде айқайлаған қызды көліктен сүйреп шығарып жатқан сәттің видеосы жарияланды. Көліктің маңына көп ер адам мен әйелдер жиналған, олардың бірінің қолында ақ орамал бар. Жазбада Шымкентте кәмелетке толмаған қыз өзін ұрлап, еркінен тыс бөтен үйге алып барғанын айтқаны көрсетілген. Күдіктінің туыстары оны қалуға үгіттеген, ал қыз бас тартқанда өз қолымен ешқандай шағымы жоқ екені туралы хат жазуға мәжбүрлеген көрінеді. Одан кейін қызды ұрлаған жігіттің туыстары зорлауды ұйымдастырғаны туралы жазылған. Видеода жәбірленуші оқиғадан кейін ешкім жауапқа тартылмағанын айтады. Полиция пікірі Шымкент Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне қала тұрғынының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Барлық қатысушы полицияға жеткізілген. "Істің барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары кешені жүргізіліп жаты", – деді ведомство өкілдері. Анықтама: 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа түзету – 125-1-бап күшіне енді. Бұл норма адамның еркіне қарсы некеге тұрғызу мақсатында ұрлау, сондай-ақ некеге тұруға немесе бірге тұруға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қар жауады: 3 күнге арналған ауа райы болжамы Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктер болжамы бойынша, демалыс күндері Сібір аумағында орналасқан орталығы бар кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аязды ауа райын сақтап тұрады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттық бөліктер әсер етеді. Бұл өңірлерде жауын-шашын (негізінен қар түрінде), бұрқасын, желдің дауылды деңгейге дейін күшеюі, сондай-ақ көктайғақ құбылыстары түріндегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. "17–18 қаңтарда Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады. Жаңа аптаның басында республиканың солтүстігіне, солтүстік-батысына және орталығына кезекті солтүстік-батыс циклон ығысып, қар мен бұрқасын әкеледі, сондай-ақ аталған өңірлерде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша тұман түседі деп болжанады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оңтүстік Қазақстанда ер адам әкесін өлгенше соққыға жыққан: сот үкімі шықты Түркістан облысының Жетісай аудандық сотында қарт әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген жергілікті тұрғынға қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот қандай үкім шығарды? Бүгін, 16 қаңтарда сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп таныды: 110-баптың 2-бөлігі 1-тармағы "Көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты қинау", 107-баптың 2-бөлігі 3-тармағы "Аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру". "...сот айыпталушыға орташа қауіпсіздік мекемесінде түпкілікті 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деп үкімді судья оқып берді. Не болған? "Бүкіл қазақ халқынан кешірім сұраймын": әкесін өлгенше сабаған ер адам сотта жылап жіберді Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қария қайтыс болғаннан кейін оның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, марқұмның келініне қатысты да тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Букмекерге ақша аударса, ипотека берілмей ме? Әлеуметтік желілерде букмекерлік кеңселерге ақша аударса, ипотекада беруден бас тартуы мүмкін деген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Видеода автор банк егер букмекерлік кеңселердің шоттарына жасалған аударымдарды байқаса, ипотека беруден бас тартуы мүмкін екенін айтады. Бейнеролик тез арада тарап, 16 мыңнан астам лайк пен жүздеген пікір жинаған. ҚНРДА не дейді? Жағдайды нақтылау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне жүгіндік. Онда заң бойынша банктердің тек букмекерлік шоттарға жасалған аударымдар үшін несие беруден бас тартуға құқы жоқ екені түсіндірілді. Алайда мұндай операциялар тұрақты түрде жасалса, банк оны қарыз алушының төлем қабілетін бағалау кезінде ескеруі мүмкін. Сондай-ақ, агенттік құмар ойын бизнесіне белсенді түрде қатысатын тұлға қандай өлшемдер бойынша анықталатынын айтты. "1-нормативтің 22-тармағына сәйкес, соңғы 6 ай ішінде құмар ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жалпы сомасы 300 000 теңгеден асатын 6 және одан да көп төлем жасаған жеке тұлға құмар ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлға деп танылады", - деп хабарлады ведомство. Баспасөз қызметі мәліметінше, егер қарыз алушыда құмар ойындарға белсенді қатысу белгілері болса, банк оның табысын тек ресми деректер бойынша ғана есепке алады. Сонымен қатар, мұндай клиенттер үшін талап қатаңырақ: олардың рұқсат етілген қарыздық жүктемесі басқа қарыз алушыларға қарағанда екі есе төмен болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев банктер туралы заңға қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктер туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаралы хабарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы растады. "Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туыстарына, еліміздегі барша мұсылман қауымына көңіл айтамын. Марқұмның мәңгілік мекені жәннат болғай", - деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы қарашада Түркістан облысында дүниеге келген. ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірген. 1964 жылы Бұхарадағы "Мир-Араб" медресесін және Бұхара педагогикалық институтын тәмамдаған. 1969-1975 жылдары Ливия университетінің Шариғат және құқық факультетінде оқып, жоғары діни білім алған. 1990 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын құрып, бас мүфти болып сайланған. Рәтбек қажы 2000 жылға дейін Діни басқарманы басқарды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Неге вайнер Шерниязов бостандыққа шығып, Төребаев колонияда қалды: сот жауабы Алматы соты Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың бостандыққа шығу уақытын түсіндірді. Екеуі де 2023 жылғы 23 маусымда бірдей жаза алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот мәліметінше, айырмашылық жаза мерзімі есептеле бастаған уақыт пен қамауда отырған күндердің әртүрлі болуына байланысты. Шерниязовтың жазасы 2022 жылғы 19 сәуірден бастап есептеліп, тергеу изоляторында отырған уақыты екі еселеніп саналған. Соның нәтижесінде ол 2025 жылғы 3 шілдеде бостандыққа шыққан. Ал Төребаевтың жазасы 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап есептелген. Ол жазаны жеңілдету туралы екі рет өтініш бергенімен, түрмедегі тәртібі мен сол кезде келтірілген шығынды өтемегені себепті өтініштері қанағаттандырылмаған. Сондай-ақ, 2022 жылдың 26 ​​желтоқсанында Төребаев үйқамаққа босатылғанын атап өткен жөн. Бұл ретте, Шерниязов тергеу изоляторында қалған. Төребаев қашан бостандыққа шығуы мүмкін? Tengrinews.kz Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) Төребаевтың қашан бостандыққа шығатыны туралы сауал жолдаған. Алайда ведомство нақты күнді атамады, тек оның амнистияға ілінбейтінін ғана хабарлады. Сот қаулыларына сүйене отырып, Tengrinews.kz тілшілері Мейржан Төребаевтың шамамен қашан босап шығуы мүмкін екенін есептеп көрді. Айта кетейік, бұл есеп жаза өтеу барысында қолданылуы мүмкін тәртіптік жазаларды есепке алмай жасалған. Осылайша, Төребаевтың үкімі заңды күшіне енгенге дейін қамауда және үйқамақта болған уақыты есепке алынған.Нәтижесінде, Шерниязов бостандыққа шыққан сәтке дейін Төребаев 1827 күннің 1042 күні өтеген болып есептелген. Колонияда оған тағы 785 күн өтеу қажет болған. Осы есепке сәйкес, Мейржан Төребаев 2026 жылғы 27 наурызда бостандыққа шығуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада 82 жастағы зейнеткер 7 жасар шөбересін зорлаған Астанада 7 жасар шөбересіне жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап. Сот 82 жастағы ер адамды Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырған. Тергеу мен сот отырысы кезінде куәгерлердің жауабы, генетикалық зерттеулер айғақ ретінде ұсынылған. Телеарна мәліметінше, оқиға кәмелетке толмаған қыздың туған күнін тойлау кезінде болған. Үйге жиналған туған-туыстары қарт кісіні қылмыс үстінде ұстаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстау облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалған: қаза тапқандар бар Маңғыстау облысында жолаушылар мінген автобус аударылып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда сағат 1:03 шамасында KZ-11 "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" тасжолының 383-шақырымында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан автобус жол жиегіне аударылған. Көлік салонында 48 жолаушы болған. "Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапты. 42 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді", - делінген Маңғыстау облысы ПД хабарламасында. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам ұсталды Алматыда бопсалау мен тонау қылмыстары үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Алматыда полиция қызметкерлері бопсалау және тонау деректері бойынша ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген ер адамды қолға түсірді. Аталған қылмыс 2024 жылы жасалған. Тергеу деректеріне сәйкес, үш адамнан құралған топ қорқыту және күш қолдану арқылы шамамен 3 миллион теңге көлеміндегі ақшаны заңсыз иемденген. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қылмысқа қатысы бар екі адам жедел түрде ұсталып, сот үкімімен жауапкершілікке тартылған. Ал үшінші күдікті оқиға орнынан бой тасалап, кейіннен іздеуге жарияланған. Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында іздеуде жүрген азаматтың жүрген жері анықталып, ол ұсталды. "Күдікті бір жылдан астам уақыт бойы жасырынып жүрген. Мақсатты әрі жүйелі жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде оның орналасқан жері анықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "16 қаңтарда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақшаны қайда және қалай жинау керек? Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының тоғызыншы сабағы, жоба аясында біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Бұл материалда ақшаны қайда және қалай жинау керектігін талдаймыз.
Ақтауда КамАЗ қағып кеткен әскери қызметші қаза тапты Ақтауда әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы Құрлық әскерінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 14 қаңтарда бөлімше Ақтау гарнизонының Оймашы әскери полигонынан қайтып келе жатқан кезде жол апаты болған. "Қараңғы түскен уақытта қолайсыз ауа райы, яғни көктайғақ салдарынан КамАЗ көлігі келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кіші сержант Г. есімді әскери қызметшіні қағып кетті. Жарақат салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада. Қарулы Күштер қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына заңнамаға сәйкес көмек көрсетіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ҚНРДА төрағасы Әбілқасымоваға бірқатар тапсырма берді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысына қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндалды. Мәдина Әбілқасымова былтыр банк секторының орнықтылығы қамтамасыз етілгенін, жыл сайынғы қадағалау-бағалау циклі аяқталғанын жеткізді. Банктердің активтері 11 пайызға өсіп, 68,3 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Капиталдың жеткіліктілігі 20,7 пайызды құрады. Мемлекет басшысына банктер туралы жаңа заң, сондай-ақ инвестициялық қорлар және рейтингтік қызмет туралы заң жобалары әзірленгені жөнінде айтылды. Бизнеске берілген кредиттер 2025 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 17,9 пайызға артып, 14,8 триллион теңгеге жеткен. Кәсіпкерлер 17,5 триллион теңгеге жаңадан несие ресімдеді. Банктер жалпы сомасы 2,3 триллион теңге болатын 8 синдикатталған жобаны бірлесіп қаржыландырды. Шағын және орта бизнесті кредиттеу ісін қолдау үшін 2025 жылдың маусым айында "Даму" қорының жанынан Кепілдік қоры құрылды. Бүгінге дейін 505 миллиард теңге көлемінде несие кепілдіктері берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұтынушылық кредиттер беру 2024 жылмен салыстырғанда екі есе төмендегені жөнінде ақпарат берілді. Тұтынушылық несиені шектеу үшін төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда 5 жылдан астам уақыт ішінде қарыз беруге тыйым салынды. Сондай-ақ үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және тәуекелі жоғары қарыздарды беруге шектеу қойылды. Қарыз алушының кірісіне қарай борыш көлемінің жаңа коэффициенті бекітілді. Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту мақсатында банктер мен микроқаржы ұйымдары 703 мың азаматтың қарызын реттеп, ішінара кешірді. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қолданысқа енгелі бері банктер 56 мың адамның 209,7 миллиард теңге берешегіне кешірім жасады. Ипотекалық тұрғын үй займдарын қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында 1,2 мың қарыз алушыға қолдау көрсетілді. Қаржылық алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде кредит беру кезінде "шешім қабылдау кезеңі" заңнамаға енгізілді. Алғашқы қарызды ресімдеуге азаматтың өзі келуге тиіс. Бұдан бөлек, алаяқтық жағдайында кредитті сот шешімімен және соттан тыс тәртіппен есептен шығарудың негіздемелері кеңейтілді. Агенттік өзінің қадағалау қызметі аясында банктерге 2025 жылы 49 рет инспекторлық және құжаттамалық тексеріс жүргізген. Сақтандыру нарығына қатысушыларды – 47, бағалы қағаздар нарығын – 54, ал микроқаржыландыру субъектілері мен коллекторлық агенттіктерді 260 мәрте тексерген. Нәтижесінде 628 қадағалау шарасы қолданылып, жалпы сомасы 641,3 миллион теңге айыппұл салынды. Микроқаржыландыру және коллекторлық агенттіктер нарығындағы 58 субъект лицензиясынан айырылды. Оның ішінде 23-і мәжбүрлі түрде тоқтатылды, ал 9 субъектінің лицензиясы алынды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын несиелеуді ұлғайту және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалпыұлттық бірегейлікті одан әрі арттыру, ел бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеу бағытында Қауымдастықтың атқарған қызметі туралы мәлімет берілді. Сергей Пономарев ұлтты ұйыстыратын фактор ретінде мемлекеттік тілді насихаттаудағы славян ұйымдарының жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі "Бірлігіміз – әралуандықта" тұжырымдамасын іске асыру аясындағы Қауымдастықтың биылға арналған жоспарын таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаев этносаралық келісім мен бірлік мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі саналатынын атап өтті. Президенттің пікірінше, әділдік пен баршаға тең мүмкіндік жасау – Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаты. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрамына кіретін ұйымдар барлық этнос өкілдерінің арасында ортақ құндылықтарды қазақстандық патриотизм негізінде насихаттауға жан-жақты ықпал етуге ден қояды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көлік нөмірін таңдауға өтініш: eGov қазақстандықтарға үндеу жасады Электрондық үкіметтің баспасөз қызметі онлайн режимде нөмірлік белгілерді сатып алғанан кейін оның басқа өтініш берушілерге қолжетімді болуын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру қызметі 2026 жылғы 8 қаңтарда eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы пилоттық режимде іске қосылды. Алғашқы екі күнде 113 мыңнан астам өтініш берілген болса, 15 қаңтарға қарай олардың жалпы саны 226 мыңнан асқан. Қызметтің танымалдығы онлайн рәсімдеудің ыңғайлы екендігін растайды. Бұл ретте жекелеген жағдайларда өтінімді рәсімдеу кезінде пайдаланушыларға төлемнен кейін таңдалған нөмір әлі қолжетімді екені көрсетілуі мүмкін. Көбінесе бұл төлем жасалғаннан кейін өтініштің соңғы қадамында толық аяқталмауымен байланысты. "Мұндай жағдайда "Бұрын төленген" опциясын таңдап, банк пен төлем күнін көрсетіп, өтінішті қайта тапсыру қажет. Процедура аяқталған соң нөмір пайдаланушыға бекітіліп, басқа өтініш берушілерге қолжетімсіз болады", - делінген хабарламада. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Egov.kz (@egov.kz) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бүкіл қазақ халқынан кешірім сұраймын“: әкесін өлгенше сабаған ер адам сотта жылап жіберді Түркістан облысы Жетісай аудандық сотында қарт әкесін жүйелі түрде соққыға жықты деп айыпталған ер адамға қатысты резонанс тудырған іс аяқталуға жақын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айыпталушының соңғы сөзі Сот отырысы барысында айыпталушы эмоциясын ұстай алмай, жылап жіберді. Ер адам өз кінәсін толық мойындап, қоғамнан кешірім сұрады. "Баршаңыздан кешірім сұраймын. Бүкіл қазақ халқынан кешірім сұраймын. Істеген ісіме шын жүректен өкінемін. Туыстарымнан кешірім сұраймын. Ашуға берілдім. Өмір бойы өкініп өтемін. Қателестім. Бүкіл мұсылман халқынан кешірім сұраймын. Мені түсініп, кешірулеріңізді өтінемін. Кінәмді толық мойындаймын", – деді ол сотта. Еске салайық, бұған дейін прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Испаниядан үй, Астанадан пәтер және көлік: клиника басшысының алаяқтық схемасы әшкере болды Астанада екі жекеменшік клиника басшысына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2022 жылы қор мен клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсету туралы шарт жасалған, оның ішінде жылжымалы медициналық пойыз қызметтері де қамтылған. "Жоба басталғаннан кейін клиникалар басшысы алаяқтық схема ұйымдастырып, ақпараттық жүйеге медициналық көмек алмаған науқастар туралы жалған мәлімет енгізген. Жалған диагноздар мен көрсетілмеген қызметтер тіркелген", - деп жазылған ҚМА хабарламасында. ҚМА мәліметінше, күн сайын жалған түрде тіркелетін науқас саны 90-нан 150 адамға дейін жеткен. "Клиникалар нақты көрсетілмеген медициналық қызмет үшін қор қаражатынан заңсыз түрде 682 миллион теңге алған. 2024 жылғы қаңтарда қылмыстық жолмен келген табыстың бір бөлігі, яғни 364 миллион теңге клиникалар басшысы мен оның жұбайының жеке есепшоттарына аударылған. Күдікті қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада. Сот санкциясымен оның мүлкіне, соның ішінде Испаниядағы қала сыртындағы үйге, Астанадағы пәтерге, көлікке тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Атыраулық хакерге“ халықаралық іздеу жарияланды Желіде Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты нұсқаны таратқан "хакерді" Интерпол іздестіріп жатыр. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Әлеуметтік желілерде өзін "атыраулық хакер" деп таныстырған адам өзіне халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Скриншот: Instagram / "Атыраулық хакер" Атырау облысы Полиция департаменті бұл ақпаратты ресми түрде растады. Құқық қорғау органдары ер адамның алаяқтық деректері бойынша іздестіріліп жатқанын нақтылады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол шетелде жасырынып жүр. Атыраулық "хакер" кім? Отбасының жоғалуы туралы ақпарат тарағаннан кейін әлеуметтік желілерде өзін "атыраулық хакер" деп таныстырған адам пайда болды. Ол оқиғаға қатысты "зерттеу" жүргізгенін мәлімдеді. Оның мәлімдемелері жазылған видео Instagram-да таралып, қысқа уақыт ішінде кең танымалдыққа ие болды. Бұған дейін ол қаза тапқандардың қызының күйеуін болжамды күдікті ретінде атаған. Сондай-ақ өзін хакер деп атаған азамат күдікті қарашада Түркияға барғанын, онда отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банк картасы пайдаланылғанын, кейін Қазақстан аумағында жүргенін мәлімдеген. "Хакердің" сөзінше, 9 желтоқсанда күдікті мен оның жұбайының SIM-карталары Шымкентте қосылған, содан кейін олар елден шығып (Өзбекстанға), кейін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің біріне барған болуы мүмкін. Оның айтуынша, "зерттеу" жарияланғанға дейін, яғни 2026 жылғы қаңтардың басында, болжамды күдіктілер Индонезияда болған. Алаяқтық бойынша төрт қылмыстық іс: полиция не дейді? Бұған дейін Атырау облысы Полиция департаменті "хакердің нұсқасына" қатысты пікір білдірген. Құқық қорғау органдары оның жүргізген "зерттеуі" мен қаржылық ағымдарды анықтау туралы мәліметтері шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. "Көрсетілген барлық мәлімет әлеуметтік желілерде қандай да бір жарияланымдар шыққанға дейін ішкі істер органдарының бөлімшелерімен заңды жедел-іздестіру және тергеу шаралары аясында анықталған, содан кейін ресми бағдарлау ретінде рәсімделген", – деп хабарлады полиция өкілдері. Сондай-ақ полиция тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырып, жалған мәліметтерді таратқаны үшін заңнамаға сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке дейін қарастырылғанын ескертті. "Аталған тұлғаға қатысты (хакер – еск.) бұған дейін алаяқтық деректері бойынша төрт қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта олар бойынша тергеу жалғасып жатыр, ал ол заңда белгіленген тәртіппен іздеуге жарияланды", – деп мәлімдеді полиция. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
3,4 миллионға дейін: Қазақстандағы ең жоғары жалақылар аталды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың желтоқсанында жұмыс берушілер ең жоғары жалақы төлеуге дайын болған бос жұмыс орындарын жариялады. Сонымен қатар, ең сұранысқа ие мамандықтар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылғы желтоқсанда бос жұмыс орындарының басым бөлігі әлеуметтік және базалық салаларға тиесілі болды. Ең көп вакансия білім беру саласында тіркелді – 23,3 мың. Одан кейін өзге қызмет түрлері (23,2 мың) мен ауыл, орман және балық шаруашылығы (18,7 мың) орын алды. Бұл үш бағыт желтоқсандағы барлық бос жұмыс орындарының шамамен 60 пайызы болған. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада, өңдеуші өнеркәсіпте, сауда мен құрылыс салаларында да кадрларға сұраныс сақталды. Бұл жыл аяғында да жұмыс берушілердің қызметкерлер іздеуді тоқтатпағанын көрсетеді. Ал жұмыс іздеушілер арасында бухгалтерлер, заңгерлер мен медициналық мейірбикелер белсенді болды. Түйіндемелердің 52,1 пайызы әйелдерге, 47,9 пайызы ер адамдарға тиесілі. Әйелдер көбіне білім беру мен медицина салаларын таңдаса, ер адамдар техникалық және басқарушылық қызметтерге қызығушылық танытқан. Жас ерекшелігі бойынша жұмыс іздеушілердің басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар. Бұл барлық түйіндемелердің 40,8 пайызын құрады. Жалақы деңгейі бойынша желтоқсанда бос жұмыс орындары арасында ең жоғары ұсыныстар: өндіріс басшысы (шамамен 1,8 млн теңге), кеніш директоры (шамамен 1 млн теңге) инженер-химик (шамамен 1 млн теңге) лауазымдарына қатысты тіркелді. "Ал жұмыс іздеушілер тарапынан ең жоғары жалақы күтімі агроном-энтомологтар (шамамен 3,4 млн теңге), стюардессалар (шамамен 3,3 млн теңге) және компьютерлік жабдықты монтаждаушылардың (шамамен 2,7 млн теңге) түйіндемелерінде көрсетілді", - делінген хабарламада. Жалпы алғанда, желтоқсанда еңбек нарығында бос жұмыс орындарының өсуі мен жұмыс іздеушілер белсенділігінің төмендеуі байқалды. Мамандар бұл үрдісті маусымдық құбылыс деп бағалап, 2026 жылдың басында еңбек нарығында теңгерім қайта қалпына келеді деп болжайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зейнеткер “Айселге“ алданып 2 миллион теңге  қарызға кіре жаздады Жетісу облысында полицейлер алаяқтың әрекетін дер кезінде әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жетісу облысындағы сауда орталықтарының бірінде полиция қызметкерлері телефонмен абыржып сөйлесіп тұрған егде жастағы әйелді байқаған. Зейнеткер қобалжып, біреудің нұсқауымен әрекет етіп жатқандай көрінген. Полиция қызметкерлері белгісіз адамдар зейнеткерге қоңырау шалып, "тексеру жүргізу" мақсатында SMS арқылы келген кодты айтуды талап еткенін анықтаған. "Алаяқтар оның атына 5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеуге тырысқан, алайда банк тек 2 миллион теңгені мақұлдаған. Дәл осы соманы зейнеткер алаяқтарға аудармақ болған. Полиция қызметкерлері телефонды сұрап, өзін Айсел деп таныстырған адаммен сөйлесті. Ол өзін зейнеткердің қызы екенін айтқан, бірақ әйелдің аты-жөні мен тегін атай алмады, бұл алаяқтық әрекетті растады", - делінген хабарламада. Полиция алаяқтықты дер кезінде тоқтатып, 2 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынның алдын алды. Зейнеткермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, алаяқтардың қалай әрекет ететіні түсіндірілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оңтүстік Қазақстанда ер адам әкесін өлгенше соққыға жыққан: прокурор алты жылға соттауды сұрады Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жықты деп айыпталған Алмас Садақбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 14 қаңтарда Жетісай аудандық сотында тараптардың жарыссөзі өтті. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, туған әкесіне жасаған қатыгез әрекетін түсіндірді. Сот хатшысы мәліметінше, прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сот кеңесу бөлмесіне кетті, үкім бүгін жарияланады. Не болған? Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қария қайтыс болғаннан кейін оның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, марқұмның келініне қатысты да тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Аяз, қар, боран: 15 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Алдағы күндері Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада жауын-шашынсыз, жолдарда көктайғақ болады, түнде ауа температурасы 25–27 градус аязға дейін төмендейді. Алматыда тұман түсіп, күндіз ауа температурасы 0–2 градус жылы болады. Синоптиктер мәліметінше, 15 қаңтарда солтүстік және шығыс өңірлерде түнде аяз 30–40 градусқа дейін жетеді. Ал оңтүстікте қар түріндегі қалың жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Бірқатар облыстарда боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда қатты аяз сақталып, кей жерлерде желдің екпіні күшейеді. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болуға шақырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ақша жіберіп қоймасаңыз, басқа адам алып қояды“ - ІІМ алаяқтық туралы ескертті Қазақстанда пәтерді жалға беру сылтауымен жасалатын алаяқтық өршіп тұр. Осыған байланысты ІІМ сақ болуды ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұрғын үйді жалға беру сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық деректері жиі кездеседі. Әсіресе әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және хабарландыру сайттарында жарияланатын "бағасы арзан", "шұғыл жалға беріледі", "иесі қалада жоқ", "төлем жасап қоймасаңыз, басқа адам алып қояды" деген ұсыныстардан сақ болған жөн. ІІМ мәліметінше, алаяқтар өздерін пәтер иесі немесе риелтор ретінде таныстырып, тұрғын үйді көрсетпей-ақ алдын ала төлем жасауды талап етеді. Төлем жасалғаннан кейін байланыс үзiледі, көрсетілген пәтер мүлде жоқ немесе бөтен адамға тиесілі болып шығады. "Мұндай жағдайға тап болмас үшін пәтерді көзбен көрмей және меншік құқығын растайтын құжаттарды тексермей ешқашан ақша аудармаңыз. Міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасаңыз", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жұмыс орындарыңыз – кабинеттерде емес“: Бектенов министр мен бірқатар басшыларға ескерту жасады Олжас Бектенов энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа қуаттарды генерациялау мәселелері бойынша жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жиында Энергетика министрлігі, "Самұрық-Энерго", KEGOC және энергия өндіруші ұйымдардың Президенттің "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде жүргізіп жатқан ағымдағы инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа қуаттарды генерациялау жөніндегі жұмыстарының қарқыны қаралған. Ерлан Ақкенженов алдағы үш жылда негізінен реттеу қуатының тапшылығын жабуға және Бірыңғай энергетикалық жүйенің икемділігін арттыруға бағытталған маневрлі генерация сегментін іске қосу жоспарланып отырғанын баяндады. "Қазіргі жұмыс жүргізіліп жатқан нысандарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен жабуға және Қазақстанды энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығаруға мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай электр энергиясының да, реттеу қуатының да тұрақты профицитіне қол жеткізілмек, бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай туғызады", - деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов. Премьер-министр энергетикалық жобаларды жүзеге асыру кезінде мерзімдерін кейінге ысыру практикасын сынға алды. "Президент энергетикада тиісті динамика жоқ екенін бірнеше мәрте айтып келеді. Сондықтан, барлықтарыңыз барынша күш жұмылдыруларыңыз керек. Барлық жоспарланған жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Ешқандай үзілістер, ығысулар болмауы керек. Министр, "Самұрық-Энерго" және KEGOC басшылары, сіздер әрбір нысан үшін тікелей жауаптысыздар. Сіздердің жұмыс орындарыңыз – кабинеттерде емес, құрылыс алаңдарында", - деді Олжас Бектенов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана мен Алматыда аяз болады Синоптиктер Астана мен Алматыдағы 15, 16 және 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы ауа райы болжамы 15 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -25…-27 градус, күндіз -18…-20 градус. 16 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 9-14 м/с. Түнде -26…-28 градус, күндіз -21…-23 градус. 17 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 9-14 м/с. Түнде -28…-30 градус, күндіз -21…-23 градус. Алматыдағы ауа райы болжамы 15 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 2-7 м/с. Түнде -4…-6 градус, күндіз 0…+2 градус. 16 қаңтар: бұлтты, кей жерлерде қар, тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 2-7 м/с. Түнде -8…-10 градус, күндіз -2…-4 градус. 17 қаңтар: бұлтты, кей жерлерде қар, тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 2-7 м/с. Түнде -14…-16 градус, күндіз -8…-10 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қара теңіздегі танкерлерге шабуыл: Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Қара теңіздегі мұнай танкерлерімен байланысты оқиғалар жөнінде мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР СІМ 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бет алған үш танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуылдарға байланысты айтарлықтай алаңдаушылық білдіреді. "Осы орайда бірқатар еуропалық мемлекеттердің елшілерімен өткізілген шұғыл кездесулер, сондай-ақ америкалық тараппен және өзге де шетелдік серіктестермен болған байланыстар барысында халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтай отырып, көмірсутегін тасымалдаудың, оның ішінде теңіз жолдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдаудың маңыздылығына ерекше мән бердік", - делінген хабарламада. СІМ Қазақстан қандай да бір қарулы қақтығысқа қатысушы болып табылмайтынын, жаһандық және еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқанын әрі энергия ресурстарын жеткізудің үздіксіздігін халықаралық талаптарға толық сәйкес қамтамасыз етіп отырғанын ерекше атап өтті. "Осыған байланысты аталған танкерлердің барлық қажетті рұқсаттары болғанын және талап етілетін сәйкестендіру жабдықтарымен қамтамасыз етілгенін атап көрсетеміз. Соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуіне төнетін тәуекелдердің артып келе жатқанын айғақтайтынын атап өтеміз және серіктестерімізді алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бірлескен шаралар әзірлеу үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған “Байсат“ базары 2 миллиардқа арзандады Алматыдағы "Байсат" базары үшінші рет сатылымға шығарылды. Ол бұрын Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған. Бұл ақпарат Қайтарылған активтерді басқару компаниясының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. E-Qazyna порталында өтетін аукцион 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ге жоспарланған. "Байсат" базарының бастапқы бағасы 24 миллиард 772 миллион теңге болады. Айта кетейік, "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығының үлесі алғаш рет былтыр қарашада сатуға шығарылған болатын. Алайда сол кезде сауда өтпеді: аукцион басталған кезде объектіге тіркелген қатысушылар болған жоқ. Желтоқсанның аяғында базар қайтадан саудаға шығарылды. Сол кезде "Байсаттың" бастапқы бағасы 26,7 миллиард теңге болды, бірақ сатып алушылар табылмады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы элиталық қонақүйі мемлекет меншігіне өтті Қайрат Сатыбалды Алматыдағы Есентай өзені жағалауында орналасқан қонақүй ғимаратын мемлекетке сыйлады. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, мүлікті беру Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығы негізінде жасалған сыйлыққа беру келісімшарты бойынша рәсімделген. Департамент деректері бойынша, 2023 жылғы 1 тамызда Қайрат Сатыбалды мен департамент арасында сыйға беру келісімшарты жасалған. Осы келісімшарт бойынша мемлекетке Бостандық ауданының Көктем-3 ықшамауданында орналасқан, көлемі 9 461,6 шаршы метр жылжымайтын мүлік объектісі берілген. "2023 жылғы қыркүйекте қонақүй ғимараты ресми түрде республикалық меншікте тіркеліп, Алматыдағы сот әкімшілігі департаментінің балансына берілген", - делінген ведомство хабарламасында. Фото: Али Ахмат/2GIS/2021 жыл Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы кедейлік деңгейін өлшеу: жаңа әдістеме бекітілді Қазақстанда кедейлік деңгейін есептеудің жаңа әдістемесі бекітілді. Ұлттық статистика бюросы басшысы тиісті бұйрыққа 2026 жылғы 5 қаңтарда қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа әдістеме халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген және Қазақстан статистикасын өзге елдердің деректерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Негізгі көрсеткіш ретінде халықтың жан басына шаққандағы медиандық табысы алынады. Әдістемеге сәйкес, кедейлік көрсеткіштері тоқсан сайын және жыл сайын есептеледі. Деректер ел және өңірлер бойынша, сондай-ақ тұрғылықты жер түрі, жынысы, жасы және үй шаруашылығының көлемі тұрғысынан жарияланады. Тоқсандық мәліметтер маусымдық түзетусіз ұсынылады. Кедейлік деңгейі медиандық табысқа қатысты салыстырмалы көрсеткіштер арқылы анықталады. Атап айтқанда, халықтың кедейлік үлесі медиандық табыстың 50 пайызы (ТДМ 10.2.1 көрсеткіші) және 60 пайызы деңгейінде есептелмек. Алдымен халық табысына қарай реттеліп, содан кейін медиандық табыс анықталады. Сонымен қатар әдістемеде субъективті кедейлік ұғымы енгізілді. Бұл – азаматтардың өз материалдық жағдайын және негізгі қажеттіліктерін өтеуге табысының жеткіліктілігін бағалауы. Мұндай деректер "Халықтың өмір сапасы" сауалнамасы арқылы жиналады. Бұдан бөлек, көпөлшемді кедейлік индексі де есептелетін болады. Онда тек табыс қана емес, өмір сүру жағдайлары, әсіресе балалардың тұрмысы ескеріледі. Бағалау барысында білім мен медицинаның қолжетімділігі мен сапасы, тұрғын үй жағдайы, тамақ пен киім, бос уақыт мүмкіндіктері, мектептегі іс-шараларға қатысу, кітаптар мен дамытушы ойындардың болуы, отбасылық демалыс, сондай-ақ міндетті төлемдерді төлеу, негізгі жиһазды ауыстыру және көлікті пайдалану мүмкіндігі назарға алынады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО-да бөтеннің көлігін ұрлап кеткен күдікті ұсталды ШҚО-да полиция көлік ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 5 қаңтарда сағат 18:55-те "102" арнасына қала тұрғыны хабарласып, оның BMW көлігін белгісіз біреу заңсыз айдап кеткенін хабарлаған. Құқық бұзушылық салдарынан жәбірленушіге шамамен 2 000 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Жедел іздестіру шаралары барысында ШҚО ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары мен ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірлесіп, Өскемен – Алтай тасжолының 38-шақырымында іздеудегі автокөлікті тоқтатып, құқық бұзушыны қолға түсірген. "Көлік тізгінінде бұрын сотталған 31 жастағы ер адам болған. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті әрі қарай процессуалдық іс-қимыл жүргізу үшін Өскемен қалалық полиция басқармасына жеткізілді", - делінген хабарламада. Полиция көлікті ұрлау және заңсыз айдап кету оқиғаларының алдын алу үшін кілтті көлікте қалдырмауды және тіпті қысқа уақытқа болса да ашық тастап кетпеу керектігін ескертертеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Подъездің алдында күтіп отырған“: Шымкентте қаза болған 21 жастағы қыздың туыстары мән-жайды айтты Шымкенттің орталығында пышақ жарақатынан қаза тапқан Нұрай Серікбай туған ауылы Төрткөлде жерленді. Туыстары ұсталған күдіктіге қатысты ең ауыр баптармен қылмыстық іс қозғалуын талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап. Туыстарының сөзінше, Нұрай мен күдікті былтыр тойда танысқан. Ол көп өтпей, қызды алып қашқан көрінеді. Сол кезде қыз көнбей кетіп қалады. Бірақ содан бері бойжеткенді аңдуын қоймаған. "Қыз бен жігіт таныс болған. Бірақ қыз бұл жігітті ұнатпаған. Қыз ата-анасына "бір жігіт артымнан қалмайды, телефоныма қайта-қайта қоңырау шалады" деген. Телефон арқылы қорқытып, үркіткен. Подъездің алдында қызды күтіп отырған. Болмаған соң, ата-анасы қала прокуратурасы мен полиция департаментіне арызданған", - дейді марқұмының туысы Кәрімжан Кенжетаев. Алматыда дизайнер мамандығы бойынша оқып жүрген Нұрай Серікбай қысқы демалысқа келген. Дүкенге шыққанда оны торуылдаған қаскөй қинап сөйлеспекші болған. Бірақ қыз көнбей, қашқан кезде артынан қуып, пышақтаған. "Алтындай, сондай ақылды қызымнан айырылып отырмын. Толықтай жазасын алсын. Өмір бойы сотталып кетсе де жаным ашымайды. Айуандықпен қызымды өлтірді. Ешқашан кешіруге болмайды", - дейді марқұмның тағы бір туысы Айгүл Сағымбек. Қанды қылмыстан соң күшейтілген режимде күдіктіні іздеген полицейлер 28 жастағы ер адамды қала сыртында жасырынып жатқан жерінен ұстапты. Оған қатысты әзірге бір баппен қылмыстық іс қозғалған. "Күдікті қала аумағынан шамамен он шақырым қашықа ашық жерде анықталып ұсталды. Қазір 28 жастағы Шымкент тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Тергеудің себептері мен мән-жайы тергеуде анықталады", - дейді Абай АПБ бастығы Ернар Алтаев. Студент Нұрайдың артында ата-анасы мен екі ағасы қалды. Олар тергеуді Бас прокуратура қадағалауға алсын деп талабын жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болады Қазгидромет синоптиктері 15, 16 және 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 40 градусқа дейін аяз күтіледі Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон ықпал етеді. Ол республика бойынша ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. "15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта термометр бағаны –30…–40 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы –5…–13 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыс облыстарда –8…–17 градусқа дейін, таулы аудандарда –20…–25 градусқа дейін төмендейді", - деп мәлімдеді синоптиктер. Қазақстанның оңтүстігінде 15–16 қаңтарда негізінен қар түрінде қатты жауын-шашын, боран және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Ал елдің оңтүстік-шығысында 16–17 қаңтарда қатты қар, боран, тұман және көктайғақ болжанып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар әлі де табылып жатыр Қазақстанда Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақтар әлі де табылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. ІІМ 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізген. Іс-шараның нәтижесінде: заңсыз айналымнан 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді; 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару; алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде, 70 атыс қару тәркіленді; ел тұрғындары, өз еркімен 35 қаруды өх еркімен полицияға тапсырды. Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Блогер Қайсар Қамза қандай күдікке ілінген? ҚМА түсіндірді Блогер Қайсар Қамза халықаралық іздеуге жарияланды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы ҚМА Қазақстан азаматы 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған, Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жариялады. Ведомство мәліметінше, блогерге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр. Құмар ойындар жарнамасы және табыс Күдікті 5 жыл бойы Instagram әлеуметтік желісінде, "qais_arr" атауымен (2,4 миллион жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ Telegram-дағы "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған. Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Pinco" сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен. "Осылайша, Қамза Қ.Б. азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған. Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған "Pinco" интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған", - делінген хабараламада. Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынған. "Егер Сізге іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:+7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім", - делінген ҚМА хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Үкімет резервтен 240 миллиард теңге бөлді: ол қайда жұмсалады? Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісті. Геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таяудағы үш жылда 20 жобаны жүзеге асыруға, аз зерттелген шөгінді бассейндер аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуге, қазіргі заманғы геологиялық инфрақұрылымды құруға 240 млрд теңге немесе шамамен 500 млн доллар бағыттау жоспарланып отыр. Кейінгі 15 жылда 469 млн доллар жұмсалған. "Жобаларға жерді қашықтан зондтау дерегін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, далалық жұмыстар кешені кіреді. Учаскелер тізімін қалыптастыру кезінде қорлардың сарқылу факторлары, жер қойнауын пайдаланушылардың болмауы не ең аз саны бойынша басымдығы ескерілді. Нәтижесінде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит, боксит кен орындарын анықтау бойынша әлеуеті жоғары алаңдар анықталды", - деп жазылған хабарламада. Бұдан бөлек, Солтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария бассейндерінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанға аяз келді: сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы Синоптиктер 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елдің солтүстігінде қатты аяз сақталып, тұман мен жолдарда көктайғақ күтіледі. Орталық өңірлерде ауа райы құбылмалы, кей жерлерде тұман мен тайғақ болады, күндіз аяз сәл бәсеңдейді. Батыс аймақтарда бұлтты ауа райы орнап, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсуі мүмкін, жел күшейіп, көктайғақ байқалады. Оңтүстікте жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы оң мәндерді көрсетеді. Шығыста да құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады. Ірі қалалар бойынша Астанада түнде –28…–30, күндіз –21…–23 градус аяз. Алматыда түнде –2 градусқа дейін, күндіз +3…+5 градус жылу. Шымкент пен Түркістанда күндіз +11…+14 градусқа дейін жылынады. Ақтау мен Атырауда жауын-шашын болып, ауа температурасы 0…+3 градус шамасында. Солтүстік және шығыс қалаларда түнгі аяз –30 градустан төмендейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қаржылық жоспар құруды неден бастаған жөн? Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының сегізінші сабағы, жобада біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Шығындарды оңтайландырып, “қауіпсіздік жастығын” қалай жинауға болатынын айтып береміз.
Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап. 2026 жылғы 13 қаңтар сағат 18:00-де Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады: Ақмола облысы: "Астана - Көкшетау - Петропавл - РФ шекарасы" автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін); "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы" автожолының 14-50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін); "Көкшетау - Рузаевка" автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қ. - СҚО шекарасы); "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 856-915 шақырым аралығы (Жақсы елді мекені - СҚО шекарасы); "Жезқазған - Арқалық - Петропавл" автожолының 537-552 шақырым аралығы (СҚО шекарасы - Сұрған елді мекені). Қостанай облысы: "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай" 683-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы); "Мамлютка – Қостанай" автожолының 180-250 шақырым аралығы (СҚО шекарасы – Ұзынкөл ауылы). Жолдарды 2026 жылғы 14 қаңтар сағат 10:00-де ашу жоспарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада -30 градусқа дейін аяз болып, Алматыда қалың қар жауады Синоптиктер Астана мен Алматыдағы 14, 15 және 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы ауа райы болжамы 14 қаңтар - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –28…–30 градус, күндіз –21…–23 градус. 15–16 қаңтар - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –26…–28 градус, күндіз –20…–22 градус. Алматыдағы ауа райы болжамы 14 қаңтар - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде 0…–2 градус, күндіз +3…+5 градус. 15 қаңтар - аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде –3…–5 градус, күндіз –1…+1 градус. 16 қаңтар - аспан бұлтты, кей уақытта қар жауады. Түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде –5…–7 градус, күндіз –1…–3 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев қорғаныс министрін қабылдады Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылы атқарған қызметі туралы есепті тыңдады. Дәурен Қосанов: армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары жөнінде мәлімет берді; цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, сондай-ақ қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары туралы баяндады; Президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат ұсынды. Жоғарғы Бас қолбасшы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасында (KASE) 13 қаңтарда жарияланған құжатқа сәйкес, холдингтің директорлар кеңесінің жаңа құрамы 26 желтоқсанда бекітілген. Директорлар кеңесін премьер-министр Олжас Бектенов басқарады. Оның құрамына бірінші вице-премьер Роман Скляр, экономика министрі Серік Жұманғарин, Ерболат Досаев, қаржы министрі Мәди Тәкиев, сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кірген. Скриншот baiterek.gov.kz сайтынан Рустам Қарағойшин директорлар кеңесінің төрағасы болып қалды. Ерболат Досаев туралы не белгілі? Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техника университетін тәмамдады. Қызмет жолы: 1997 ж. – "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, "АТФ Банк" ЖАҚ басқарма төрағасы; 1998 ж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі; 1998 ж. – Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда вице-министрі; 2000 ж. – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі; 2001 ж. – Қазақстанның Даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы; 2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы; 2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма мүшесі; 2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі; 2006-2012 жж. - "Қазинвестбанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы; 2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі болды. 2013 жылғы 16 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болды. 2014 жылғы 6 тамызда ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамызға дейін – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылғы 25 ақпаннан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы. 2022 жылғы 31 қаңтардан бастап Президент жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. 2025 жылы қыркүйекте Ерболат Досаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таразда сыныптасын өлтіріп алған жасөспірімге сот үкімі шықты Таразда мектептегі жанжал кезінде сыныпсатын өлтіріп алған жасөспірім сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Р-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 106-бабының 3-бөлігі). Не анықталған? Кәмелетке толмаған 9-сынып оқушысы, Тараздағы мектеп ғимаратында өзінің кәмелетке толмаған құрдасы А.-мен жанжал кезінде оған күш қолданған. Кейін мойын жарақаты салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған. Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтары, сараптамалар қорытындысы және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Тараптардың ұстанымы Прокурор сотталушыға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәні ішінара мойындаған. Жәбірленуші тарап моральдық зиянды өндіруді сұрады. Сот үкімі Сот үкімі бойынша, сотталушы Р. ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚК 81-бабының 7-бөлігі және ҚК 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы негізінде 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ сот сотталушының заңды өкілдерінен жәбірленуші тараптың пайдасына 10 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіріп алды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жасөспірімдер жасанды интелектті қолданып сатушыларды алдаған Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған жасөспірімдер тобы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жетісу облысында үш кәмелетке толмаған баланың жалған банктік чектерді жасау үшін жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланып, сатушыларды жаңылыстыру арқылы тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталған. "Құқыққа қарсы әрекет нақты ақша қаражатының түсуі мен сатып алушылар ұсынған электрондық чектер арасындағы сәйкессіздікті байқаған кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін жедел анықталды. Аталған дерек бойынша алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген хабарламада. Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен барлық азаматтарды төлемдерді тек банктердің ресми мобильді қосымшалары және транзакцияларды растау сервистері арқылы тексеруді ұсынады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ержан Қазыханға тағы бір міндет жүктеді Ержан Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті өкілінің міндеттері жүктелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті өкілінің міндеттері жүктелді", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Хасан Қасымбаев жазасын жеңілдетуді сұрады: іс сотқа жетті Алматы облыстық сотына Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының апелляциялық шағымдары түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат Сот кабинеті сайтында жарияланды. Порталдағы дерекке сәйкес, іс бүгін, 2026 жылғы 13 қаңтарда судьяға жолданған. Скриншот: Сот кабинетінен Осылайша, тараптар үкімге шағымданып, істі жоғары тұрған сот сатысында қайта қарауға қол жеткізуді көздеп отыр. Еске салайық, сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлағаны, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені және бопсалағаны үшін кінәлі деп тапты. Осылайша Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Істің мән-жайы Хасан Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған болатын: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау. Онымен қатар тағы бес адам сотталды. Істе екі жәбірленуші бар — ММА файтері және жаттықтырушы Арман Әлімов пен кәсіпкер Әріпжан Тәжиев. Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында ұсталған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы тұрғыны үйіне 109 адамды заңсыз тіркеп қойған: ол қалай жазаланды? Алматы прокуратурасы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы прокуратурасы мәліметінше, тұрғын сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтерде нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны анықталған. "Резіңке" пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Міндетті зейнетақы жарналары өсті: Қазақстандағы жұмыс берушілер енді қанша төлейді? Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) биыл ЖМЗЖ мөлшері қызметкердің табысының 3,5 пайызы болғанын еске салды. Дәл осы соманы жұмыс беруші қызметкер үшін БЖЗҚ-ға аударуға міндетті. ЖМЗЖ жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп келеді. Былтыр мөлшерлеме 2,5 пайыз болса, 2024 жылы 1,5 пайыз болған. Жоспар бойынша, 2027 жылы жарна мөлшері - 4,5 пайыз, ал 2028 жылы 5 пайыз болады. Анықтама: ЖМЗЖ - бұл жұмыс беруші қызметкердің өз міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде төлейтін жарналар. ЖМЗЖ кімдерге төленеді? 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аударуға міндетті. ЖМЗЖ 1975 жылы туған және одан кейін туған азаматтарға арналған. Бұл санаттағы адамдардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі аз немесе мүлде болмағандықтан, олар ынтымақты зейнетақы алу құқығына толық ие бола алмайды. Нәтижесінде олардың зейнетақысы үш бөліктен тұрады: базалық - мемлекеттен; жинақтаушы - қызметкердің өз жарналары есебінен; шартты-жинақтаушы - жұмыс берушінің жарналары (ЖМЗЖ) есебінен. 1975 жылдан бұрын туған қызметкерлерге, зейнеткерлерге, 1–2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға жұмыс берушілер ЖМЗЖ төлемейді. Төлемдердің уақтылы аударылуын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылайды. ЖМЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады. Алайда тұрақты тұру үшін шетелге көшкен немесе азаматтығын өзгерткен жағдайда бұл төлемдер тоқтатылады. Бұл ретте тек қызметкердің жеке жинақтаушы жарналарын ғана алуға болады, ал ЖМЗЖ қаражаты БЖЗҚ-да қалады, өйткені ол қызметкердің меншігі болып саналмайды және мұраға қалдырылмайды. Азаматтығын өзгерткен немесе қайтыс болған адамдар үшін аударылған жарналар жүйе қатысушылары арасында қайта бөлінеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазгидромет екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "13 қаңтарда Алматы қаласында, түнде Қостанайда қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қорғаныс министрлігі әскерилердің жалақысы өсетінін жариялады Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жалақысы өсетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, офицерлердің және қатардағы және сержанттық құрамның жалақысы өседі. "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі аясында жалақыны арттырудың екінші кезеңі іске асады. Яғни, офицерлер үшін тағы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрам үшін бірінші кезең деңгейінен 10 пайызға өсіру көзделген", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бабақұмаровтың өлімі: істі Бишімбаевқа үкім шығарған судья қарайды Астанада бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты резонанс тудырған іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды. Бұл туралы елорда прокуратурасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тергелген. "Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300–305-баптарының талаптарын сақтай отырып, сотқа жолданды", - деп хабарлады прокуратура. Істің өзге мән-жайы ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды. Елорда сотының баспасөз қызметі істің Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа түскенін хабарлады. Істі судья Айжан Құлбаева қарайды. Ол бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша үкім шығарған. Алдын ала сот отырысы 19 қаңтарға белгіленген. Ержан Бабақұмаровтың өлімі Еске салайық, 30 қазанға қараған түні Ержан Бабақұмаров танысымен болған жанжал салдарынан қаза тапқан. Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты. 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болған. Мәдениет және ақпарат министрлігінде жауапты хатшы және вице-министр қызметтерін атқарған. Премьер-министр канцеляриясы басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, Мемлекет басшысының кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі қызметтерін де атқарған. 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы әкімінің орынбасары болған. Биыл Ержан Бабақұмаровтың Астанада мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны хабарланған еді. Сот оған 15 тәулік қамау жазасын тағайындап, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Кремнің орнына желім: танымал тәттіге қатысты хабарлама рас па? Әлеуметтік желіде Oreo тәттісі қауіпті екені туралы ақпарат тарап жатыр. Онда бұл тәтті "артерияны бітеп тастауы" мүмкін екені, ал кремі "пластикалық желім" екені айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және ғылыми тұрғыда дәлелденбеген. "Кондитерлік өнімдер, соның ішінде печенье Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында тек кеден одағының талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана айналымға жіберіледі", - деп жазылған хабарламада. Ведомство ақпаратына сүйенсек, 2025 жылы Oreo печеньесінің үлгілері зерттелген. "Зерттеу нәтижесінде микробиология және токсикология көрсеткіштері бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін жағдай анықталған жоқ. Зерттелген барлық үлгінің таңбалануы белгіленген талаптарға толық сәйкес келді", - деп жазылған хабарламада. Комитет азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді дереккөзден алынған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанмен шекаралас аймақта тағы да жер сілкінді Өзбекстанда, Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, магнитудасы 2,6 болатын жер сілкінісі 12 қаңтарда Астана уақытымен 14:41-де Өзбекстан аумағында тіркелген. Картаға сәйкес, жерасты дүмпулерінің ошағы Қазақстан шекарасынан шамамен 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Еске салайық, 12 қаңтарда Алматы маңында да жер сілкінісі болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,0 болды. Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: туыстары марқұмның соңғы аудиохабарламасы туралы айтты Атырау облысында жоғалған отбасы ісіне қатысты тың дерек шықты. Туыстары марқұм әйелдің атынан жіберілген соңғы аудиохабарламаға күмән келтіріп отыр. Олардың айтуынша, бұл жазба ескі болуы мүмкін және оны кісі өлтіруге күдікті әдейі таратқан көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпарат КТК телеарнасының журналисі Жанат Молдашованың әлеуметтік желідегі жазбасынан белгілі болды. Ол қаза тапқан Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен болған әңгіменің аудиожазбасын жариялаған. Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, ерлі-зайыпты қаза тапқан болуы мүмкін деген күннен кейін де отбасылық чаттарға хабарламалар келіп тұрған. Соның бірі 7 қарашада жіберілген аудиохабарлама. Алайда жақындары сол уақытта отбасы мүшелері тірі болмағанына сенімді. "Нәсіп жеңгеміздің ағайын-туыстарының чаттарына жіберген аудиосы бар. Сол аудио хабарламаларының бірін 7 қарашада жіберген. Күдік тудырмас үшін... Қалай болғанда да, біреу жіберіп тұр... Қазіргі уақытта телефонның бәрі Сұлтанда болды деп тұр ғой. Сол Сұлтан жіберіп тұрған шығар деп ойлап тұрмыз", – деді Шалқар Мұқанғалиев. Атырау облысы ПД барлық нұсқаларды тексеріп жатқанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының дерегінше, отбасының кіші қызы әлі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Тергеу мен іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін Бас прокуратура Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен Сұлтан Сарсемалиевке іздеу жариялаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Billie Eilish, Drake-пен бір сахнада: Yenlik танымал шоуда ән шырқайды Yenlik лақап атымен танымал қазақстандық әнші Еңлік Құрарбек халықаралық Colors музыкалық жобасының жаңа шығарылымына қатысады. Бұл - YouTube-та тікелей эфирда өтетін ең танымал платформалардың бірі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Yenlik - бұл жобаға шақырылған қазақстандық алғашқы орындаушы. Бұған дейін Colors сахнасында Billie Eilish, Drake, Doja Cat сынды әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен. Әншінің өкілдерінің айтуынша, Еңлік Colors-қа қатысуды көптен бері армандап жүрген. Ол екі жыл бұрын өзі өтініш беруге тырысып көрген, бірақ жауап ала алмаған. Ал биыл жоба командасы әншіге өздері хабарласқан. ColorsxStudios - 2016 жылы Германияда құрылған музыкалық платформа. Қазір платформаның YouTube-та 8,2 миллион жазылушысы бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдан 46 шақырымда жер сілкінді Алматы маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жер сілкінісі 12 қаңтарда Астана уақытымен сағат 11:44-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым және Талғардан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 2,9 болды. Ал ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы - 4,0. Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
850 миллион теңге залал: Астанада жедел жәрдем қызметтерінен жылдар бойы қаражат жымқырылған Астана прокурорлары жедел медициналық жәрдем станциясында жымқыру деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елорда прокуратурасы Астана бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын жымқыру схемасының жолын кесті. Ведомство мәліметінше, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған. Прокурорлар санитарлық автокөліктің бөлшектерін заңсыз есептен шығару және жалған қызмет көрсету шарттарын жасасу деректерін анықтаған. Соның салдарынан жұмыс істейтін автокөліктер саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектерді жымқыру салдарынан пайдаланудан шығарылған. Қазіргі уақытта "103" автопаркі толығымен қалпына келтірілгені айтылды. "4 қызметкер, оның ішінде 2 орта буынды басшылар мен станция директоры ұсталды. Көрсетілген тұлғалардың әрекеттерінен мемлекетке 850 миллион теңге сомасында аса ірі залал келтірілген", - делінген хабарламада. Олардың іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің "Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған аса ірі мөлшерде бірнеше рет иемденiп алу", яғни ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы, 189-бабы 3-бөлігі 1),2),3) тармақтары бойынша сараланды. Қылмыстық іс сотқа жолданған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да жоғары лауазымды шенеунік ұсталды: видео ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшыларының бірі және елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. "Олар ақшалай сыйақы үшін шетелдік азаматтарға халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелуге көмектескен. Олардың 100 миллион теңгеден аса пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын - 1,9 миллирад теңге", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді", – деп мәлімдеді синоптиктер. Болжамға сәйкес, антициклон республика аумағына жылдам таралады. Ең алдымен салқындау солтүстік өңірлерді қамтиды, кейін суық ауа райы шығысқа және Қазақстанның басқа да бөліктеріне жетеді. 14 қаңтарда солтүстік өңірлерде, ал 15 қаңтарда Қазақстанның шығыс бөлігінде түнгі уақытта ауа температурасы 30–38 градусқа дейін төмендейді. Ауа райы тұрақты аязды сипатта болғанына қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне алып келеді. Елдің солтүстік жартысында жекелеген аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялады АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде скриншот жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Трамп Truth Social желісінде ("Википедиядағы" өмірбаянына ұқсас) скриншотты бөліскен. Онда оның 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарып отырғаны көрсетілген. Бұл ретте, қызметке 2026 жылдың қаңтарында тағайындалғаны көрсетілген. Сонымен қатар, АҚШ президенті ретіндегі қазіргі қызметін де қалдырған. Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump Мән-жай 2025 жылы желтоқсанда АҚШ Венесуэлаға қарсы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны және оның жұбайын республиканың астанасы Каракаста ұстап әкеткен. Кейін Мадуроның Бруклиндегі тергеу изоляторына жеткізілгені белгілі болды. Венесуэла президентін тұтқындау туралы айта отырып, АҚШ президенті Дональд Трамп Монро доктринасын еске салды. Бұл доктрина Америка құрлығын өзге державалардың араласуына жабық аймақ деп жариялайды. Сондай-ақ, Трамп "АҚШ-тың барлық жауына" Венесуэлада болғандай операция жасалуы мүмкін екенін айтып қорқытты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шахтинск маңында 50 адам мінген автобус күтпеген жағдайға тап болды Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус жолдан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Шахтинскіден шығаберіс тасжолда болған. Боран мен көктайғаққа байланысты автобус басқаруға бағынбай, жол жиегіне түсіп кеткен. Салонда шамамен 50 жолаушы болған. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ведомство жүргізушілерге үндеу жасап, күрделі ауа райы жағдайлары: боран, қатты жел мен көктайғақта аса мұқият әрі сақ болуды ескертті. "Жылдамдық режимін сақтаңыздар, арақашықтықты ұстаныңыздар, манёврді ойланбай жасаудан аулақ болыңыздар, ал мүмкіндік болса, алыс сапарларды кейінге қалдырыңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты", - деп мәлімдеді полиция. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жауын-шашын, жел және тұман: 12 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер 12 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райы жылып, қалың жауын-шашын түсетінін болжады. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. Астанада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Жел 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде және күндіз 3–5 градус аяз. Алматыда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Температура түнде 0–2 градус аяз, күндіз 7–9 градус жылы. Шымкентте түнде және таңертең жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Күндіз 7–9 градус жылы. Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 20–25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Температура солтүстік пен шығыста аязды болып, оңтүстік аймақтарда ауа райы біртіндеп жылынады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иран АҚШ пен Израильге ескерту жасады Израиль мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базалары Тель-Авив пен Вашингтон тарапынан шабуыл жасалған жағдайда Иран үшін заңды нысанаға айналады. Бұл туралы жексенбі, 11 қаңтарда Иран парламентінің төрағасы Мұхаммед-Багер Галибаф мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. "АҚШ әскери соққы жасайтын болса, Израиль де, сондай-ақ АҚШ-тың әскери және теңіз нысандары да біз үшін нысанаға айналады", – деді спикер депутаттар алдында сөйлеген сөзінде. Оның үндеуін Иранның мемлекеттік телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Галибаф бұған қоса, елде жалғасып жатқан жаппай наразылықтар кезінде АҚШ пен Израиль оппозиция жақтастарына қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, 12 күндік соғыс кезінде қарсы тарап ішкі террористерді іске қосуды жоспарлаған, алайда ол жүзеге аспаған. Парламент төрағасының сөзінше, қазір олар осы жоспарды іске асыруға көшкен. "Біз террористермен соғысып жатырмыз", – деді Галибаф. Басылым мәліметінше, оның сөз сөйлеген сәтінде кейбір депутаттар антиамерикалық ұрандар да айтқан. Айта кетейік, жұма, 9 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшыларын егер наразылыққа шыққандар қаза тапса, салдары ауыр болатынын ескерткен. "Біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Егер олар бұрынғыдай адамдарды өлтіре бастаса, біз араласамыз. Біз оларды ең ауыр жеріне соққы жасаймыз", – деді Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде. Контекст Сенбі күні АҚШ президенті Ирандағы наразылық танытушыларға "көмектесуге" дайын екенін мәлімдеді. Сол күні 1979 жылы тақтан құлатылған Иран шахының ұлы Реза Пехлеви X әлеуметтік желісінде тұрғындарға үндеу жариялап, жалпыұлттық ереуілге шақырды. Ол наразылықтардың мақсаты ретінде стратегиялық маңызы бар көшелер мен нысандарды басып алып, ұстап тұруға дайындықты атады. Бұған дейін ол Трампты Ирандағы жағдайға араласуға үндеген. Ирандағы наразылықтар 2025 жылғы 28 желтоқсанда басталған. Олар Тегеранда ұлттық валютаның күрт құлдырауы және экономикалық қиындықтардың күшеюіне байланысты өршіген. Кейін елдің көптеген қаласына тараған. 8 қаңтарда Тегеранда наразылық күрт шиеленіскен. Тәртіпсіздік барысында наразылық білдірушілер көптеген нысанды өртеп, қиратқан: көп автобус пен жедел жәрдем көліктері, 24 тұрғын үй, 25 мешіт, екі аурухана, 26 банк, сондай-ақ өзге де мемлекеттік және қоғамдық ғимараттар. Human Rights Activist News Agency агенттігінің 10 қаңтардағы дерегінше, наразылық кезінде 116 адам қаза тапқан (оның ішінде 37 күштік құрылым қызметкері, төрт медицина қызметкері және бір прокурор бар), 2,6 мыңнан аса адам жараланған, 2 638 адам ұсталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Із-түзсіз жоғалған отбасы: Атырау маңындағы аумақта тексеріс күшейтілді 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. "Ақ Жайық" басылымы оқиға орнындағы жағдайды мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жангелдин ауылының жоғалған тұрғындарының ісі бойынша күдікті бұрын тұрған Геолог ықшамауданында іздеу және тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал отбасы мүшелері Наурыз бен Мирамгүлді іздеу бес күннен аса уақыттан бері жалғасып жатыр. Қазір аумақта полиция мен Ұлттық ұланның аз ғана күші жұмылдырылған. Жылжымалы штаб құрылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, іздеу мен тергеу жұмыстары тоқтаған жоқ, бұрын мұнда ауқымды шаралар өткізілгеніне қарамастан жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлерінің бірі аты-жөнін атамауды сұрап, тергеу барлық нұсқаны қарастырып жатқанын айтты. Оның ішінде күдіктінің тұрған жеріне байланысты нұсқа да бар. Бұл аумаққа назар аударылуы бекер емес. "Ақ Жайық" мәліметінше, күдікті Сұлтан Сарсемалиев пен жұбайы Ақбаян осы маңда 50 мың теңгеге уақытша үй жалдап тұрған. Олар біраз уақыт сонда өмір сүрген. Көршілес үйлердің бір бөлігі бос, бір бөлігі жалға берілген. Үйдің ішінде тергеушілердің мұқият жұмысының іздері байқалады. Бөлме толық қаралған, заттар шашылып жатыр. Бөлменің ортасында кілем ұқыптап жинаулы тұр. Терезенің бір жақтауынан пломбаны алғаннан кейін тергеу кезінде қолданылатын қызыл бояудың ізі қалған. Аула мен маңайда бұрын жүргізілген жұмыстардың іздері сақталған. Жер қазылған, кей жерлерде техниканың іздері көрінеді. Іздеу үшін бұған дейін көп күш пен арнайы құралдар тартылған. Әсіресе, жер астындағы нысандарды табуға арналған георадар қолданылған. Оны Оралдан жеткізген. Сол құралдың көмегімен аула, маңайдағы учаскелер және үйдің айналасы түгел тексерілген. Бұл аудан біркелкі салынбаған, саяжайлармен шектеседі. Мұнда бейнебақылау камералары аз. Көршілердің камералары жазбаларды 15 күннен артық сақтамайды, бұл оқиғаның хронологиясын қалпына келтіруді қиындатады. Көршілес Өзбекстан азаматтары тұрады. Олардың айтуынша, ешқандай күмәнді жағдайды естімеген, көрмеген. Тергеу барысында ықшамауданның басқа тұрғындары да сұралды. Барлығы да жанжал, шу немесе оғаш әрекеттерді байқамағанын айтты. Көршілері отбасын тұйық адамдар деп сипаттайды. Олар сыртқа сирек шыққан, айналадағы адамдармен көп араласпаған. Іздеу барысында аула мен маңай түгел тексерілген: қазу жұмыстары жүргізілген, шөп пен қамыс шабылған. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Жұмысты далаға жақын орналасуы, теміржолдың болуы, лай мен ауа райының қолайсыздығы қиындатып отыр. Ресми түрде тергеу барлық нұсқаны қарастырып жатыр. Дегенмен жүргізіліп жатқан жұмыстар жоғалғандардың қаза болуы мүмкін деген болжамға көбірек көңіл бөлініп отырғанын көрсетеді. Іздеу және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Атырау облысында жоғалған отбасының ісі Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Атырау облысы ПД 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр. "Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды. Қазір оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деді бұған дейін полиция. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Александр Бублик топ жарып, рекорд орнатты Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик ATP 250 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Әлемнің 11-ракеткасы атанған спортшы осы спорт түрінен ел үшін тарихи жетістікке қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Финалда Қазақстаннан шыққан әлемнің 11-ракеткасына 23 жастағы италиялық Лоренцо Музетти қарсы тұрды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ATP Tour (@atptour) Кездесу екі сетте аяқталып, есеп 7:6, 6:3 болып Александрдың пайдасына шешілді. Айта кетейік, Бублик тарихи рекорд орнатты: Гонконгтағы турнирде жеңіске жетіп, ол ATP ерлер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингтің топ-10-на енген алғашқы қазақстандық атанды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz) Гонконгтағы бұл жеңіс Александр үшін ATP сериясындағы турнирлерде 9-шы титул болды. Финалға дейінгі жолда Қазақстанның үздік теннисшісі Ботик ван де Зандсхулпты, Цзюньчэн Шанды, Маркос Гиронды жеңді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбеде оқушының өліміне кінәлі деп танылғандар босатылды Ақтөбеде облыстық соттың алқасы мектеп оқушысының өліміне кінәлі деп танылғандарға тағайындалған жазаны өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 2024 жылғы қыркүйекте Қопа ауылында 10 және 11-сынып оқушылары 9-сыныптағы оқушыларды "кіші сынып оқушылары үлкендерге құрмет көрсетпеді" деген себеппен ұрып-соққан. Соның салдарынан 14 жастағы оқушы Нұржан Сыдық оқиға орнында көз жұмды. Айыпталушылар қатарында 17 жастағы алты жасөспірім болды. 2025 жылғы қазанда дау тудырған іс бойынша үкім жарияланды. Үш айыпталушыға "алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып жасалған бұзақылық" бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Тағы екеуіне екі бап бойынша - "бұзақылық" және "жәбірленушінің өліміне абайсызда әкеліп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіруді ұйымдастыру" - 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ал олардың тағы бір сыбайласы "жәбірленушінің өліміне абайсызда әкеліп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру" бабы бойынша дәл сондай нақты мерзімге сотталды. "Диапазон" Нақты мерзімге сотталған үш адам да, сондай-ақ, жәбірленуші тарап та үкімге шағым түсірген. "Қылмыстық істері жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, ізгілік танытып, осы үшеуінің жазасын нақты мерзімнен шартты жазаға ауыстырды. Яғни алқа қаулысына сәйкес олар бостандыққа шығарылды: белгілі бір шектеулермен жазаны бостандықта өтейді", - деп жазады басылым. Облыстық соттың баспасөз қызметі сотталғандардың кінәсін мойындағанын, өкініш білдіргенін және жәбірленуші тараппен медиациялық келісім жасағанын хабарлады. Қаза тапқан оқушының туыстары да сотталғандарға жазаны жеңілдетуді өздері сұраған. Жарияланымда дәл осы жайттардың бәрі жазаны нақты мерзімнен шартты жазаға өзгертуге негіз болғаны айтылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық киберспортшы “жылдың үздік жаңалығы“ деп танылды Қазақстандық киберспортшы, бразилиялық FURIA командасында өнер көрсететін Данил molodoy Голубенко HLTV нұсқасы бойынша CS2-ден "Жылдың үздік жаңалығы" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға HLTV Awards сыйлығын табыстау рәсімінде болды - бұл CS2 бойынша былтырдың қорытындысы шығатын, түрлі марапаттар берілетін жыл сайынғы рәсім. FURIA-ның жарқын жаңалығы Данил molodoy Голубенко "Жылдың жаңалығы" жүлдесін Белградта сенбіде өткен HLTV Awards кешінде иеленді. Қазақстандық AWP-мерген бұл аталымда Falcons сапындағы Максим kyousuke Лукинді және Natus Vincere ойыншысы Дрин makazze Шакириді басып озды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от HLTV Awards (@hltvawards) Қазақстандық ойыншы сахнаға ұлттық шапанмен шығып, өзге командалар ойыншылары отырған залдан қошеметке бөленді. "Бүгін - менің туған күнім. Сенім артқандарыңызға рақмет, барлық жағынан қолдау көрсетіп жүрген FURIA-ға рақмет. Қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Мен CS-ті жақсы көремін. Алға, Қазақстан!" - деді Голубенко. Айта кетейік, Голубенконың әлемдегі үздік ойыншылар қатарына енуіне ықпал еткен оқиғалардың бірі Астанада болған. Қазақстан астанасында Данил FURIA құрамымен PGL сериясындағы ең ірі турнирлердің бірінде жартылай финалға дейін жеткен. Данилдің командамен бірге жеткен өзге жетістіктері: Thunderpick World Championship 2025, Blast Rivals 2025 Season 2, FISSURE Playground 2, сондай-ақ IEM Chengdu турнирлеріндегі жеңістер. Кейінгі екеуінде molodoy турнирдің ең үздік ойыншысы деп танылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Колумбияда ұшақ апатынан танымал әнші мен музыканттар қайтыс болды Колумбияда танымал әнші Йейсон Хименес және оның музыкалық ұжымының мүшелері әуе апатынан қаза тапты. Қаралы хабарды елдің Азаматтық авиация басқармасы X әлеуметтік желісінде естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап. Жеке ұшақта алты адам - ұшқыш, екінші ұшқыш және төрт жолаушы болған. Әуе кемесі Пайпа қаласындағы Хуан Хосе Рондон аэродромы маңында апатқа ұшырады. Қайғылы оқиға 10 қаңтарда жергілікті уақытпен шамамен 16:00-де болған. Ұшақ ұшып көтерілу кезінде жылдамдық жинап, жерден көтеріле алмай, ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Кейін аударылып, өртке оранған. El Tiempo мәліметінше, Хименес апатқа дейінгі күні Малага қаласында өнер көрсетіп, демалу үшін Пайпаға барған. Ол Медельин әуежайына жету үшін жеке ұшақ жалдаған, одан әрі келесі концерті жоспарланған Маринильяға ұшпақ болған. Йейсон Хименес 1991 жылғы 26 шілдеде Мансанарес қаласында туған. Ол шамамен 70 әннің орындаушысы әрі авторы ретінде танылған. Әсіресе Aventurero, Tenías Razón, Ya no mi amor және басқа да туындыларымен кеңінен танымал болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы маңындағы апаттан әке мен үш бала ауыр жарақат алды Алматы облысының Қарасай ауданында түнде жол апатының салдарынан ер адам мен оның кәмелетке толмаған үш баласы ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы Апат 2025 жылғы 2 желтоқсанда болған. Жәбірленушінің әйелі әлеуметтік желіде жазба жариялап, іс бойынша ақпараттың жоғын айтқан. Насия Гоголадзенің айтуынша, отбасымен бірге келе жатқан көлік қараңғыда қарсы жолаққа шығып кеткен автокөлікпен соқтығысқан. "Сол кеште күйеуім мен балалар маған қарай шыққан - мен Алматыда жұмыс істеймін, ал өзіміз қала сыртында тұрамыз. Жолда 40 км/сағ шектеуі бар камера бар, соған жақындағанда күйеуім жылдамдықты азайтты. Дәл сол сәтте қарсы беттен зулаған көлік қараңғылықтан көрінді. Оның фарасы өшірулі болған. Күйеуім тек сәл бұрылып үлгерді - соққы сол жаққа тиді, біздің көлікті жол жиегіне лақтырып жіберді", - деді әйел. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg) Соқтығыс салдарынан көлікте болғандардың бәрі зардап шеккен. Насияның жұбайы Роман Смирнов ішкі ағзалары жыртылып, қатты қан кетіп, ауыр жарақат шогын алған. Ол бірнеше операциядан өткен және жұбайының айтуынша, қазір еңбекке жарамсыз - кем дегенде бір жыл жұмыс істей алмайды. Алда тағы бір ота жасалу керек. Балалар да ауыр жарақат алған. Төрт жастағы ұлының аяғы сынып, жамбасы ығысқан, басынан жарақаттанған және ота жасалған. 10 жастағы балада екі аяғы сынған, жақ сүйегі сынған, өкшесі ығысқан - оған тері трансплантациясы қажет. 12 жастағы қызы аяғынан ауыр жарақат алған. Анасының сөзінше, бұл өмір бойына салдары болуы мүмкін. "Мен апат орнына барған кезде патруль көліктері де, құтқарушылар да көп болды. Куәгерлер екінші жүргізушіден алкогольдің иісі шыққанын айтты. Екі баланы өтіп бара жатқан адамдар көліктен шығарып алған, ал ортаншы ұлымды тек құтқарушылар ғана босата алды - ол көліктің ішінде қысылып қалған еді", - деп еске алады Насия. Видеодан кадрлар Жәбірленуші тараптың өкілі, заңгер Асель Серікмұратова іске желтоқсанның аяғында қосылғанын айтты. Алайда сол кезде тергеу алға жылжымай тұрған. "Оқиға 2 желтоқсанда болғанымен, медициналық сараптама жасалмаған. Негізі, 72 сағат ішінде анықтаушы материалды сараптамаға жіберіп, зардап шеккендерді де тексеруге жолдауы керек еді: сарапшы келіп, сараптама жүргізіп, қандай да бір түсініктемелер мен анықтамаларды - қандай жағдайда жеткізілгенін және басқа да мәліметтерді алуға тиіс болатын. Бірақ бұл орындалмаған", - деп түсіндірді заңгер Асель Серікмұратова. Заңгер мен жәбірленушінің жұбайы прокуратураға және тергеу сотына шағым түсірген. Асель Серікмұратованың айтуынша, Насия жағдайды әлеуметтік желіде жариялай бастағаннан кейін ғана тергеу әрекеттері басталған. "8 қаңтарда Қарасай ауданының прокурорымен жеке кездесу болды. Ол бұл мәселелерді бақылауда ұстайтынын айтты. Сондай-ақ, тергеуші тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Менің ойымша, оның тарапынан жұмысқа салғырт қарау болған", - деді Серікмұратова. Полиция не дейді? Алматы облысы полиция департаменті қылмыстық іс оқиға болған күні тіркелгенін мәлімдеді. "Соталды тергеп-тексеруді Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізіп жатыр. Сот-медициналық және өзге де сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа жолданады", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. Отбасы емделу мен оңалтуды жалғастырып жатыр. Насия Гоголадзенің айтуынша, олар істің объектив әрі уақытылы қаралуына сенеді. "Жүргізуші де, оның отбасы да әлі күнге дейін кешірім сұраған жоқ. Ешқандай көмек көрсетілмеді. Керісінше, оның мас болғанын да мойындамай отыр. Меніңше, мас күйінде көлік тізгіндеу - қылмыс. Мұнда төрт адам зардап шекті. Денсаулыққа ауыр зиян келтірілді, бірақ жүргізуші өкініш те білдірмейді", - дейді Насия Гоголадзе. Жәбірленушілер жүргізушіден моральдық зиян мен материалдық шығынды өтеуді, сондай-ақ, заң аясында ең қатаң жаза қолданылуын талап етпек. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстауда күдіктілер туралы ақпарат үшін 2 млн теңге сыйақы ұсынылды Адвокат Ажар Әбділ марқұм Александр Насибаридің өліміне қатысы бар болуы мүмкін күдіктілердің жүрген жері туралы ақпарат үшін ақшалай сыйақы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. Адвокат Instagram-парақшасында күдіктілердің іздеуде жүргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстан кейін олар Ресейге қарай шекара асып, кейін Әзербайжан аумағы арқылы Түркияға бағыт алуы мүмкін. "Олардың орналасқан жерін анықтауға және ұстауға көмектесетін нақты ақпарат үшін жеке сыйақы жариялаймын – 2 000 000 теңге. Сыйақы кепілдендірілген. Заң шеңберінде анонимдік сақталады", – делінген үндеуде. Заңгер қылмыс жасалғаннан кейін іздеудегілерді көрген, олармен байланысқа түскен немесе олардың жасырынуына көмектесуі мүмкін әрекеттер (көмек сұрауы, ақша табуы, көлік іздеуі) туралы мәліметі бар азаматтарға үндеу жасады. Сонымен қатар, жарияланымда күдіктілерді жасыру, оларды паналату, көлік, қаражат беру немесе жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні ескертілген. Полиция не дейді? Маңғыстау облыстық полиция департаменті екі күдіктіге де ресми түрде халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қазір Қазақстан құқық қорғау органдары Ресей Федерациясының құзырлы қызметтерімен бірлесіп, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық арналары арқылы іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Полиция өкілдері ауыр қылмысқа күдікті тұлғаларды жасыру, оларға көмек көрсету (ақша, көлік, баспана беру, жалған мәлімет ұсыну) заң бойынша жауапкершілікке соқтыратынын тағы да еске салды. Құқық қорғау органдары тергеуге көмектесе алатын қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды полицияға немесе көрсетілген байланыс нөмірлеріне шұғыл хабарласуға шақырды. Александр Насибари. Сурет: instagram/lider.kz_aktau Істің мән-жайы Ақтаудың 33 жастағы тұрғыны Александр Насибари 2025 жылғы 24 қарашада үйінен шығып, содан кейін жақындарымен байланысқа шықпаған. Ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. 8 желтоқсанда оның денесі бұлақ маңынан табылғаны белгілі болды. Марқұмның денесінен 20-дан аса пышақ жарақаты, сондай-ақ, басынан алған жарақаттар анықталған. Бұған дейін Ажар Әбділ күдіктілердің қазақстандықтар екенін хабарлаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар биыл ақпанда қалай демалады? 2026 жылғы ақпанда Қазақстанда мемлекеттік мерекелер қарастырылмаған, сондықтан демалыс күндері тек сенбі мен жексенбі болып қала береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Қыстың соңғы айы жылдың ең қысқа кезеңі болғандықтан, қазақстандықтар 8 күн демалады. Дегенмен ақпанда кәсіби және өзге де атаулы күндер бар. Олар жұмыс күндеріне сәйкес келгеніне қарамастан атап өтіліп, сол салаларға қатысы бар жандарға құрмет көрсетіледі. Кәсіби мерекелердің тізбесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес бекітілген. Бұл құжат алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілген. Кәсіби және атаулы күндер: 1 ақпан – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні 2 ақпан – Ұлттық басылым күні 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні БҰҰ күнтізбесі бойынша: 4 ақпан – Қатерлі ісікке қарсы күрестің дүниежүзілік күні; Адамзат бауырластығының халықаралық күні; 10 ақпан – Дүниежүзілік бұршақ тұқымдас дақылдар күні; 11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні; 12 ақпан – Қызыл қол күні (2002 жылдан бері БҰҰ деңгейінде соғыс пен қарулы қақтығыстарға тартылған балаларды еске алу күні ретінде аталып өтеді); Дарвин күні; 13 ақпан – Дүниежүзілік радио күні; 20 ақпан – Әлеуметтік әділеттілік күні; 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні; 27 ақпан – Дүниежүзілік ҮЕҰ күні немесе Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық күні. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы, Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет алты қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет дерегінше, 11 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Алматы және Астана қалаларында ауа райы қолайсыз болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әлімханұлына қатысты допинг дауы: тәртіптік тыңдау күні белгілі болды Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) допинг-сынамасына байланысты іс бойынша тәртіптік тыңдау 19 қаңтарға белгіленгенін ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ресми мәлімдемені сенбі, 10 қаңтарда федерация президенті Рахымжан Ерденбеков әлеуметтік желілерде жасады. "Федерация істің қаралуы қолданыстағы регламенттер, процестік әділдік қағидаттары, кінәсіздік презумпциясы және халықаралық антидопингтік стандарттар аясында қатаң түрде жүзеге асатынын атап өтеді", - делінген мәтінде. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Professional Boxing Federation (@proboxingkaz_official) Сондай-ақ, түпкілікті шешім шыққанға дейін федерация кез келген алыпқашпа әңгіме мен көпшілік алдында жасалатын қорытындыларды орынсыз деп санайтыны айтылған. "Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы спорттың тазалығын, спортшылардың құқықтарын қорғауды және федерацияның институционалдық егемендігін жүйелі түрде қорғап келеді", - деп атап өтілген мәлімдемеде. Ерденбеков бұдан кейінгі барлық процестік қадамдар туралы ресми түрде хабарланатынын қосты. Бұған дейін федерация президенті Әлімханұлының допинг-бақылау нәтижесіне қатысты B сынамасын ашу (талдау) жүргізілетінін хабарлаған еді. Ерденбеков бұл рәсімнің заңдық тұрғыдан маңызды кезең екенін, оған спортшының спорттағы болашағы да, болып жатқан жағдайға берілетін құқықтық баға да тәуелді екенін айтты. B сынамасының ресми нәтижелері алынғанға дейін қазақстандық спортшы кінәсіз деп есептеледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұман, жаңбыр, көктайғақ: 11 қаңтарда ауа райы қандай болады? Синоптиктер жексенбі, 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елдің оңтүстігінде көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі, жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін, ал солтүстік-шығыста - аязды ауа райы, негізінен жауын-шашынсыз болады. Батыс өңірлерде көшпелі бұлтты, кей жерлерде тұман болуы ықтимал. Орталық және шығыс аймақтарда аяз күтіледі және аздаған жауын-шашын болуы мүмкін. Астана - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Ауа температурасы түнде 12-14 градус аяз, күндіз шамамен 0 градус. Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылылық. Шымкент - көшпелі бұлтты, күннің соңына қарай жаңбыр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылылық, күндіз 12-14 градус жылылық. Түркістан - көшпелі бұлтты, күннің соңына қарай жаңбыр, түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылылыққа дейін, күндіз 9-11 градус жылылық. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылылық. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең әлсіз тұман. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылылық. Қызылорда - бұлтты, күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ. Кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылылық, күндіз 3-5 градус жылылық. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылылық, күндіз 14-16 градус жылылық. Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Температура түнде 0-2 градус жылылық, күндіз 3-5 градус жылылық. Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз. Орал - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз. Ақтөбе - бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздап жауын-шашын, көктайғақ. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 3-5 градус аяз. Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылылық. Жезқазған - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылылық. Қостанай - бұлтты, таңертең және күндіз қар, боран, көктайғақ, тұман болуы мүмкін. Күндіз жел екпінді. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 6-8 градус аяз. Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде 15-17 градус аяз, күндіз 2-4 градус аяз. Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 17-19 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз. Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 17-19 градус аяз, күндіз 6-8 градус аяз. Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 12-14 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз. Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 2-4 градус аяз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Есеп бермейсіз, ЖТС төлемейсіз: жаңа салық режимінің тиімді тұстары айтылды 2026 жылдың алғашқы 10 күнінде жаңа Салық кодексі аясында 66 мың қазақстандық өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа арнайы салық режиміне өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін бұл азаматтар жеке кәсіпкерді тіркеусіз қызмет атқарған, енді олар өзін-өзі жұмыспен қамтудың жаңа субъектілеріне айналды және заңды және қажетсіз әкімшілік рәсімдерсіз жұмыс істейді. "Мұндай нәтиже 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастаған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін енгізудің арқасында мүмкін болды. Бұл өз бетінше жұмыс істейтін және жеке еңбегінен табыс табатын жеке тұлғалар үшін қарапайым және ыңғайлы салық режимі", - делінген хабарламада. Режим кімге арналған? жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген; жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайды; Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысады (2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулы); айына 300 АЕК-тен аспайтын табыс алады (2026 жылы – шамамен 1,3 млн теңге). ​Режимнің негізгі артықшылықтары Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар: ЖК ретінде тіркелуге міндетті емес; табыс салығын төлемейді (ЖТС мөлшерлемесі - 0%); әлеуметтік төлемдерді табыстың 4% ғана төлейді, оның ішінде 1% - МЗЖ, 1% - ЖБМЗЖ, 1% - әлеуметтік аударымдар, 1% - МӘМС; салық есептілігін тапсырудан босатылған; "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді, онда чектер қалыптастырылады (БКМ қолданусыз) және әлеуметтік төлемдер автомат түрде есептеледі; интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген кезде чектер мен әлеуметтік төлемдер платформа операторы қалыптастырады, ұстайды және аударады. Қосымша: режимді қолдану туралы хабарлама жіберудің қажеті жоқ; режимнің басталу күні қосымшада бірінші чекті қалыптастыру сәті болып саналады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Германияда әрбір бесіншісі тұрғын елден көшкісі келеді Германияда әрбір бесіншісі тұрғын елден көшіп кеткісі келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап. Бұл деректі Германияның DEZIM Интеграция және көші-қон зерттеулері орталығы келтірген. DEZIM жүргізген сауалнамада жауап бергендердің 21 пайызы эмиграция туралы ойлайтынын айтқан. Ал көші-қон тарихы жоқ қатысушылар арасында бұл көрсеткіш төменірек, 17 пайыз болған. Басқа елдерден Германияға көшіп келгендердің 34 пайызы елден кету мүмкіндігін қарастырады. Олардың балалары мен немерелері арасында бұл үлес одан да жоғары - 37 пайыз. Дегенмен сауалнамаға қатысқандардың бар болғаны 2 пайызы эмиграцияға қатысты нақты жоспары барын және алдағы бір жыл ішінде Германиядан кетуді көздейтінін айтқан. Көбіне Германиядан Түркиямен, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерімен туыстық-отбасылық байланысы бар адамдар кетуді қалайды. Олардың үлесі - 39 пайыз. Сонымен қатар, бұрынғы КСРО елдерінен шыққандардың 31 пайызы, ал Еуроодақтың басқа елдерінен келген Германия тұрғындарының 28 пайызы эмиграция туралы ойлайтынын көрсеткен. Федералдық статистика ведомствосының дерегіне сәйкес, 2024 жылы Германиядан 1,2 миллион адам кеткен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Барыс“ - “Салават Юлаев“: тікелей эфирді қайдан көруге болады? Бүгін, 10 қаңтарда, "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында үфілік "Салават Юлаевпен" ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Барыс" - "Салават Юлаев": ойынды қайдан көруге болады? Кездесу Уфада (Башқұртстан) өтеді және Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады. Ойын тікелей эфирде Qazsport телеарнасында көрсетіледі. Трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады. "Салават Юлаев" Шығыс конференциясында 7-орында, команда еншісінде 43 матчте 42 ұпай бар. "Барыс" 10-орында, команда 44 матчте 36 ұпай жинаған. Клубтың баспасөз қызметінің айтуынша, капитан Кирилл Савицкийдің жарақатына байланысты қатардан шыққан. Алайда құрамға екі шабуылшы қайта оралды - Эмиль Галимов пен Семён Симонов. "Командаға Эмиль Галимов қосылды, ол жуырда әке атанды. Сондай-ақ, Семён Симоновтың да құрамға қайта оралуы әбден мүмкін. Ал Кирилл Савицкий, керісінше, алдағы кездесулерде "Барысқа" көмектесе алмайды. Капитан жарақат алды", - делінген клуб мәлімдемесінде. Кейінгі матчте "Барыс" Қазанда "Ақ Барстан" 1:3 есебімен жеңіліп қалды: соңғы минуттарда шайбаны бос қақпаға өткізіп алды. Бұған дейін елордалық "Барыс" бес хоккейшімен келісімшартын ұзартқаны белгілі болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
1 сәуірге дейін салық берешегін айыппұлсыз өтеуге болады Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Салық реформасын талқылау кезінде өтпелі кезеңнің маңыздылығы атап өтілді. Үкіметтің шешіміне сәйкес ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асқан салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Салықтар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар қарыздың негізгі сомасы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген жағдайда есептен шығарылады. Кездесу барысында инфляциямен күрес, отандық өндірістің өсімі, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, инвестиция тарту және жасанды интеллект жобалары үшін электр энергиясын өндіру қуаттарын дамыту мәселелері де қаралды. Сараптамалық бағалар мен ұсыныстарды Жақсыбек Күлекеев, Расул Рысмамбетов, Жәнібек Айғазин, Алмас Чукин, Әнуар Боранбаев, Олжас Құдайбергенов, Асқар Қыссықов және Эльдар Шамсутдинов білдірді. Қорытындылай келе, премьер-министр мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды және Үкімет пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тұрақты диалогтың маңызын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Агенттік несиелерді кешіру туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді Желіде несиелер кешіріліп жатыр деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерді пайдалануға сұраймыз, сондай-ақ, түрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз. Көрінеу жалған ақпарат тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз", – делінген Агенттік хабарламасында. Агенттік елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимылының бірыңғай тетігі жұмыс істейтінін атап өтті. Осы тетік аясында мерзімі өткен берешекті реттеуге болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері болып Нұржан Насанов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Насанов бұл қызметте денсаулығына байланысты ұлттық құрамамен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған Қайрат Сәтжановтың орнын басты. "Сәтжанов Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылғы тамыздан бастап Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарды. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді. Қайрат Тұрсынханұлына отандық бокс қауымдастығының атынан алғыс білдіреміз", - делінген ресми хабарламада. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) Нұржан Насанов туралы не белгілі? Нұржан Насанов 1975 жылғы 23 қазанда дүниеге келген. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) Жаттықтырушылық қызметін 2016 жылы бастаған. Ал 2024 жылғы тамыздан бері ұлттық құраманың бапкерлер штабына кіріп, команданың бұрынғы жетекшісі Қайрат Сәтжановпен бірге жұмыс істеді. Оның шәкірттері қатарында екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай және басқа да бірқатар боксшы бар. Бұған дейін 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдаулетов Маңғыстау облысындағы бокстан олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры болып тағайындалғаны белгілі болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салынды: Қазақстанда кімдер жазаға тартылуы мүмкін? 2026 жылы Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым күшіне енеді. Қандай шектеу болмақ? Толығырақ Tengrinews.kz материалында. Контекст Енді ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін заң деңгейінде жауапкершілік қарастырылады. Авторлардың айтуынша, бұл балаларды қорғау үшін енгізілген: заң арқылы БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және өзге онлайн-платформаларда ЛГБТ-ны насихаттайтын жазбаларға тыйым салынады. Құжатқа Президент 2025 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған. Қандай нәрсе "насихат" деп есептеледі? Қандай жазба насихат саналады және енді не жазуға болмайды? Мәдениет және ақпарат министрлігі пікір білдірді. "Дәстүрлі емес жыныс бағдарын насихаттау - дәстүрлі емес жыныс бағдары туралы және соған бейілділік туралы ақпаратты көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін, онлайн-платформаларды пайдалана отырып тарату. Бұған белгісіз адамдар тобына арнап әдейі бұрмаланып таратылған ақпарат та кіреді. Мұндағы мақсат – қоғамда оң көзқарас қалыптастыру". Министрлік "дәстүрлі емес жыныс бағдарының оң имиджін қалыптастыру" үшін таратылған кез келген ақпарат насихат ретінде қабылданатынын айтты. Алайда ведомство өкілдері мына жайтты да ескертті: "Егер контентте тек мысалдар, статистика және осыған ұқсас деректер ғана келтірілсе, ондай ақпаратты таратқан адам жауапкершілікке тартылмайды". "Кемпірқосақ" туы тыйымға түсе ме? Tengrinews.kz "кемпірқосақ" туы мен өзге де атрибутика насихатқа жата ма деп нақтылаған. Нәтижесінде көптүсті элементтерді қолдануға болатыны, бірақ ол идеологиялық мән жүктемеуге тиіс екені айтылған. "Әңгіме белгілі бір идеологияны тарату үшін пайдаланылатын нақты символика мен атрибутика туралы болып отыр. Киімде, аксессуарларда идеологиялық контекстсіз көптүсті элементтерді қолдану заңбұзушылық саналмайды", – делінген хабарламада. Ғылыми әдебиет пен оқу материалдары ше? Министрлік егер мұндай контентте насихат болса, ол "ғылыми немесе білім беру қызметіне жатқызылмайды" деп түсіндірген. Сонымен қатар: "Ғылыми және білім беру контентінде дәстүрлі емес жыныс бағдарына қатысты мысалдар, деректер, сандар, статистика және осыған ұқсас ақпарат насихатсыз түрде берілуі мүмкін. Мұндай контент бұғатталмайды", – деп нақтылаған министрлік. Бірақ мұндай материалдар ЛГБТ туралы оң пікір қалыптастырмауға тиіс. Олай болған жағдайда ол да насихат ретінде бағалануы мүмкін. Фильмдерге тыйым салына ма? Фильмдерге қатысты: дәстүрлі емес қатынастар көрінісі немесе порнография элементтері бар кинокартиналарды Қазақстанда көрсетуге тыйым салынады. Егер мұндай туындылар насихат ретінде танылса, олардың иелеріне прокат куәлігі берілмейді. Репост үшін де жауапқа тартыла ма? ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Мұндай контентті репост жасағандар да жазаға ілігуі мүмкін: "Репост таратуға теңестіріледі. Сондықтан құқыққа қайшы контентті репост жасағаны үшін де жауапкершілікке тартылуы ықтимал". Заң бұзғандар қалай анықталады? Бұзушылықтар азаматтардың өтініші мен шағымдары негізінде анықталады. Одан кейін материалдарды құқық қорғау органдары қарайды. Әрбір жағдай бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Контекст Еске салайық, бұған дейін де Еділ Жаңбыршин елде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды. Депутат Ринат Зайытов та ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салуды талап етті. Кейін Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қаңтарда өтетін ҰБТ басталды Бүгін Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады. Толық мәліметті Ғылым және жоғары білім министрлігі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҰБТ-ға қатысу үшін шамамен 187 мың адам өтініш берген, бұл былтырмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 75,2 пайызы тестілеуді қазақ тілінде, 24,6 пайызы орыс тілінде тапсыруды таңдаған, ал 189 адам ағылшын тілін таңдаған. Өтініш беру кезінде талапкерлер тестілеудің күні, уақыты және тапсыратын пунктін өздері таңдады. Министрліктің мәліметінше, бейіндік пәндер комбинациясы ішінде ең жиі таңдалғаны – "Математика–Физика" (19,2%). Бұл – болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Одан кейін "Биология–Химия" (16,9%) және "Шығармашылық емтихан" (9,7%) комбинациялары тұр. Бұлар сәйкесінше – болашақ медицина мамандары мен шығармашылық сала өкілдері. ҰБТ кезінде тестілеу бағдарламасында калькулятор, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады. Апелляцияға өтінішті талапкерлер тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестіленушінің сертификаты апелляциялық комиссия шешім қабылдағаннан кейін жеке кабинетте қолжетімді болады. Министрлік 2026 жылы тестілеу форматы өзгермейтінін хабарлады. Талапкерлер бұрынғыдай үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. Тапсырмалар саны өзгермейді – барлығы 120 тапсырма. Оның ішінде "Қазақстан тарихы" пәнінен 20 тапсырма, "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылықтан" 10 тапсырмадан, әрі екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары мүмкін нәтиже бұрынғыша – 140 балл. Тестілеуге 4 сағат (240 минут) уақыт бөлінеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт сақталады. Қаңтардағы ҰБТ-ға кімдер қатысады? Күндізгі бөлімде ақылы негізде шартты түрде ЖОО-ға қабылданғандар; ЖОО-да оқып жүргендер; ақылы негізде шығармашылық топтағы білім беру бағдарламаларынан басқа бағыттарға ауысқысы келетіндер; ақылы негізде педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетіндер; бұрынғы жылдардағы мектеп және колледж түлектері; Қазақстан азаматы емес қазақ ұлтының өкілдері; шетелде оқыған Қазақстан азаматтары; ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін мектептердің бітіруші сынып оқушылары (өз қалауы бойынша). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алакөл жағалауында және Қорғаста казино салынбақ Жетісу облысында құмар ойын және туристік нысандар салуға арналған әлеуетті учаскелер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Учаскелер Толық мәліметті өңірлік туризм басқармасы ұсынды. Олардың дерегінше, Жетісу облысында ойын аймақтарын салуға арналған ықтимал жерлер белгіленген: Алакөл көлінің жағалауынан 25 гектар және Панфилов ауданында – "Қорғас" ХШЫО аумағынан 75 гектар. Ведомство өкілдері бұл аумақтарда қанша казино салынатыны әзірге нақты емес екенін айтты. "Бұл аймақтарды дамытудың жалпы тұжырымдамасына, сондай-ақ, қала құрылысы мен инфрақұрылымдық ерекшеліктеріне байланысты болады", – деп түсіндірді басқарма. Сонымен қатар, құмар ойын орындарының қызметін тек шетелдіктер пайдалана алатыны белгілі. Казинолардан бөлек, бұл учаскелерде туристік инфрақұрылым да дамытылмақ: қонақүйлер, мейрамханалар, мәдени-сауықтыру және рекреациялық нысандар салу, сондай-ақ, инженерлік және көлік желілерін жақсарту жоспарланған. Қазір құрылыс жобасы әлеуетті инвесторлармен келіссөз кезеңінде. Басқарманың мәліметінше, инвесторларды айқындау жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы кезең аяқталып, заңнамада көзделген рәсімдерден өткен соң инвесторлармен тиісті келісімдер жасалмақ. Туризм министрлігінің сауалнамасы Қазақстанның бірқатар өңірінде тек шетелдіктерге қолжетімді ойын аймақтарын құру мүмкіндігі бойынша сауалнама жүргізілген. Туризм министрлігінің дерегінше, Жетісу облысында сауалнамаға қатысқандардың 67 пайызы казино салуға қарсы емес, алайда сауалнамаға нақты қанша адам қатысқаны көрсетілмеген. Болжам бойынша, 2029 жылға қарай өңірге жыл сайын 36 мыңға дейін шетелдік турист келмек. Бұл, ведомство дерегінше, шамамен 700 жұмыс орнын ашуға және жылына 2,4 миллиард теңге көлемінде салық түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Төрт облыста казино Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа ойын аймақтарын ашу жоспарланғаны айтылды. Олар Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу облысында пайда болуы мүмкін. Казино орналастыру жоспарланған орындар: Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауы; Жетісу облысында Алакөл көлінің жағалауы және Панфилов ауданы; Алматы облысында Талғар ауданы; Шығыс Қазақстан облысында Марқакөл өңірі және Зайсан ауданы. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ойын аймақтарын дамыту туризмді ілгерілетудің құралы ретінде ғана қарастырылатынын, мұндай тәжірибе өзге елдерде кең таралғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол әрбір жаңа казино бюджетке жылына 2–3 миллиард теңге салық түсіріп, шамамен 500 жұмыс орнын қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтардың 300-ге жуық мүшесі сотталды Былтыр Қазақстанда қылмыстық қауымдастықтардың 299 мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл сан ІІМ алқа отырысында аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және оларға жетекшілік ету деректері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 10 іс – трансұлттық арналарға қатысты. Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан аса қару тәркіленді. "Қабылданған шаралар қылмыстық топтарды қаржыландыру мен жабдықтаудың тұрақты арналарын жоюға, сондай-ақ, олардың экономика мен қоғамдық қауіпсіздікке ықпалын тоқтатуға мүмкіндік берді", – деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов. Айта кетейік, бірқатар жағдайда қылмыстық қауымдастықтардың қызметіне полиция қызметкерлері де тартылған. Мәселен, былтыр Солтүстік Қазақстан облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары тағы пара алғаны үшін 8 жылға сотталды: ол рецидивистің қылмысын жасыру үшін бірнеше мәрте пара алған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Пара алғаны үшін сотталған бұрынғы әкім құрметті азамат атанды 2025 жылдың аяғында Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаттары ауданның Құрметті азаматы атағына ұсынылатын үміткерлерді анықтады. Олардың қатарында бұл ауданды бұрын басқарған Нұрлан Сыдықов та бар. Бұрын ол пара алғаны үшін сотталған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұрлан Сыдықов 2013–2015 жылдары (ол кезде әлі Шығыс Қазақстан облысы құрамында болған) Бесқарағай ауданын басқарды. 2015 жылғы қазанда ол сол облыстағы Жарма ауданының әкімі болып тағайындалды. 2018 жылғы күзде осы қызметте жүріп сыбайлас жемқорлық қылмысын жасап, соның салдарынан мемлекеттік қызметтегі мансабымен қош айтысуына тура келді. Пара алу ісі Жарма аудандық сотының бұрынғы әкімге қатысты қылмыстық іс бойынша үкімі дерегінше, 2018 жылғы күзде жер қатынастары бөлімі мен аудан әкімдігіне бір ЖШС директорының өтініш-құжаттары келіп түскен. Онда Жаңғызтөбе ауылындағы жер учаскесін сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға алу құқығын қайта рәсімдеу мәселесі қаралған. Кәсіпорын ол жерге теміржол тұйығын және қоймалар салуды жоспарлаған. Әкім өз келісімін 1 миллион теңгеге бағалап, бұл туралы ЖШС директорына делдал арқылы жеткізген. Кәсіпкер ҰҚК-ге жүгінеді де, көп ұзамай арнайы қызмет өкілдерінің бақылауымен "делдалға" таңбаланған купюраларды табыстайды. Ақша аудан әкімдігі ғимаратының дәл маңында екі траншпен берілген. Барлық сома берілгеннен кейін құқық қорғау органдары тінту жүргізу үшін әкімге келеді. Тінту барысында ол ақшаның бір бөлігін өз еркімен тапсырып, оны жер мәселесін шешіп бергені үшін алғанын түсіндірген. ҰҚК тінтуі Сыдықовтың тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту / ҰҚК баспасөз қызметінің архив фотосы "Ультракүлгін шаммен тексеру кезінде Сыдықовтың қолынан арнайы люминесцент ұнтақтың ізі анықталды, ал ақша купюраларын ультракүлгінмен қарағанда люминесцент ұнтақ жарқырап, "ПАРА" деген жазу байқалды", – делінген үкімде. Тергеу кезіндегі жауап алу барысында шенеунік кінәсін мойындап, шын жүректен өкініш білдірген. Сотта да әкім өз әрекетін жоққа шығармай, кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісімге келген. Нәтижесінде сот Сыдықовты параның 30 еселенген мөлшерінде (30 миллион теңге) айыппұл төлеуге үкім еткен, мүлкі тәркіленбеген. Сондай-ақ, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салынған. Құрмет атағы Қазақстанда белгілі бір облыс, аудан немесе қала бойынша "Құрметті азамат" атағына кім лайық екенін жергілікті мәслихаттар шешеді. Әуелі мәслихатқа кандидаттар туралы ұсыныстар түседі, кейін депутаттар "ең лайықтыларды" дауыс беру арқылы іріктейді. Әдетте бұл мемлекеттік мерекелердің қарсаңында немесе одан кейін өтеді. Мысалы, қазір Абай облысына қарайтын Бесқарағай ауданында былтыр құрметті азаматтар 18 желтоқсанда өткен 35-сессияда, яғни Тәуелсіздік күнінен кейін көп ұзамай анықталған. Ауданның құрметті азаматтарының жаңартылған тізімі жергілікті мәслихаттың сайтында қаңтардың басында жарияланды. Жаңадан "құрметті" атанғандардың ішінде Нұрлан Сыдықов та бар. Құжатта экс-әкімнің еңбегі ретінде оның Бесқарағай ауданын басқарған кезеңінде атқарылған жұмыстар түгел тізілген. "Мостик және Башкөл ауылдарында 2 жаңа мектеп салынды, "Айналайын" балабақшасының құрылысы басталды. Аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Орталық аудандық аурухана мен Бесқарағай колледжінде ағымдағы жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді", – делінген сипаттамада. Құжаттың скриншоты Әкімнің еңбек жолы тізімінде аудан орталығының орталық алаңындағы субұрқақ, сол жерде орнатылған Абай Құнанбайұлының бюсті және орталық көшелердегі 3 бағдаршам да көрсетілген. Ұсыныс жасағандар оның мерейтойлық медальдары бар төсбелгілерін де атап өткен. Ал шамамен сегіз жыл бұрын жасалған қылмысы туралы, әрине, бір ауыз сөз жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтарда Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы тіркелген. Құжатта жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларына өзгерістер енгізу көзделген. Қабылданған түзетулер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстан аумағында кремация рәсімін алғаш рет заңнамалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. "Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматыдағы крематорий жұмысын бастап, санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен қызмет көрсетеді", – делінген хабарламада. Сонымен қатар, қазір Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының байқау кеңесі арқылы кремация қызметтерінің бағалар тізбесін бекіту рәсімі жалғасып жатыр. Тарифтер мен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының ресми сайтында жарияланатын болады. Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Алматының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы алдағы алты-жеті жылда қаладағы зираттарда марқұмдарды жерлеуге орын қалмайтынын мәлімдеген еді. Олардың дерегінше, 2025 жылғы жағдай бойынша Алматыда 70 зират бар, соның 61-і жабылған. Жаңа зираттарға арналған жер телімдері бекітіліп жатыр, алайда олар Алматы облысының аумағында орналасады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ішкі істер министрлігі бірқатар ауыс-түйіс жүргізді Ішкі істер министрлігінде бірқатар ауыс-түйіс жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Жоспарлы ротация тәртібімен, ішкі істер министрінің бұйрығымен, Президент әкімшілігімен келісілген түрде ведомствода бірқатар кадрлық тағайындау жасалды", - деп жазылған хабарламада. Полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Көліктегі полиция департаментінің бастығы болған. Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов бұған дейін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы болған. Ол ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров бұған дейін Алматы Полиция департаментінің бастығы болған. Ол Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Полиция генерал-майоры Айдын Қабдолдинов бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болған. Ол Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Полиция полковнигі Абай Жүсіпов, бұған дейін Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы болған, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев, бұған дейін Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болған, Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев, бұған дейін Атырау облысы полиция департаментінің бастығы болған, Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Полиция генерал-майоры Оңал Бекиев, бұған дейін ІІМ Аппаратының басшысы болған, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Абай Жүсіпов Солтүстік Қазақстан облысы ПД басшысы болды 9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысы тағайындалғаны белгілі болды. Бұл қызметке бұған дейін Ақтөбе облысы Полиция департаментін басқарған Абай Жүсіпов келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тағайындау туралы ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. "Бұған дейін Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Абай Жүсіпов Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды", – делінген ведомство хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның Цифрлық кодексі қабылданды Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Үкімет бұл заңнамалық актілерді Мемлекет басшысының сәулет және құрылыс саласындағы қатынастарды реттеуді жетілдіру, сондай-ақ, саланың жүйелі мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірлеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апаты: жансақтауда жатқан үндістандық студент қаза тапты Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатынан жарақат алған студент ауруханада қайтыс болды. Бұл ақпаратты Қазақстандағы Үндістаннің елшілігі Facebook парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, жол апатынан Toyota Alphard автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі және тағы екі үндістандық студент қаза тапқан болатын. Тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған еді. Ресми мәлімет бойынша, қайғылы жағдай салдарынан 2026 жылы 6 қаңтардан бері жансақтау бөлімінде жатқан Рахул Ядав (13 наурыз 2001 жылы туған) бүгін таңертең қайтыс болған. "Оның мәйітін тасымалдау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жургізіліп жатыр. Осы апатта қаза тапқан тағы екі үндістандық студент - Каран Пармар мен Риширадж Байраттың денелері бугін Үндістанға жөнелтілді", - делінген хабарламада. Мән-жайы Еске салайық, Үндістанның Астанадағы елшілігі қайғылы оқиғаның 6 қаңтарда болғанын хабарлаған еді. Дипломатиялық өкілдік мәліметінше, көлікте Үндістанның бес азаматы болған — олардың төртеуі Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттері, ал біреуі турист. Олар Шымкенттен Алматыға қарай жолға шыққан. Полиция мәліметінше, Алматы – Бішкек тасжолының 86-шақырымында болған ЖКО дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Lexus, жылжымайтын мүліктер алған: баласының еміне ақша жинаған ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты Астанада қайырымдылыққа заңсыз қаражат жинау дерегі бойынша сот аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыру және аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық дерегі бойынша ерлі-зайыпты Т-ға қатысты үкім жариялады. Сот анықтаған деректер Сот мәліметінше, 2020–2024 жылдар аралығында Тотақановтар отбасы 2019 жылы туып, ауыр диагноздар қойылған ұлының еміне деп жүйелі түрде қаржы жинаған. Қаражат жинау әлеуметтік желілердегі жарнама арқылы жүргізілген. Нәтижесінде Тотақанова мен оның анасының есепшоттарына шамамен 2,2 миллиард теңге түскен. Оның ішінде 1,4 миллиард теңге қайырымдылық көмек ретінде аударылған. Қаражат қайда кеткен: пәтерлер, көліктер және брендтер Іс материалдарына сәйкес, жиналған қаржының едәуір бөлігі баланың еміне емес, ерлі-зайыптының жеке қажеттіліктеріне бағытталған. Сот анықтаған негізгі шығындар Жылжымайтын мүлік пен көлік: жалпы құны 47 миллион теңге болатын екі пәтер; 8 миллион теңгеге жер телімдері; Lexus RX 300 – 28 миллион теңге; Hyundai Santa Fe – 8,2 миллион теңге; Toyota Camry 75 – 15 миллион теңге; Toyota Land Cruiser Prado 150 (құны нақтыланбаған). Басқа шығындар: брендтік тауарлар мен құмар ойындарға – 9,7 миллион теңге; Facebook Ads жарнама платформасына төлем – 481 миллион теңге; қарыздарды өтеуге – 349,5 миллион теңге. Ал баланың нақты еміне бар болғаны 6,4 миллион теңге жұмсалғаны көрсетілді. Прокурор қандай жаза сұрады? Дәулет пен Толқын Тотақановтарға: ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі көлемдегі алаяқтық), ҚК-нің 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ( Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)бойынша айып тағылған. Мемлекеттік айыптаушы Актөре Берікұлы соттан екі айыпталушыны да кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты Толқын Тотақановаға жаза орындауын екі жылға кейінге қалдыру ұсынылды. Айыпталушылардың ұстанымы Толқын Тотақанова өз кінәсін мойындамай, қаражат баланың еміне және пайызымен қарыздарды өтеуге жұмсалғанын айтты. Дәулет Тотақанов та айыпты жоққа шығарып, ақша жинау дерегінен хабарсыз болғанын мәлімдеді. Сот үкімі Сот үкімімен ерлі-зайыпты Т. ҚР ҚК-нің 218-бабы 2-бөлігі 2-тармағы және 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оларға жазаларды ішінара қосу арқылы 7 жылға бас бостандығынан айыру, 10 жыл мерзімге қайырымдылыққа қаражат жинауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру, мүлкін тәркілеу жазасы кесілді. ҚР ҚК-нің 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот кәмелетке толмаған баласы бар сотталған Т.-ға жазаны өтеуді 2 жыл мерзімге кейінге қалдырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Болгария елшісі арқылы Президент Румен Радевке сәлемін жолдап, оның былтыр елімізге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты. "Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Саяси, сондай-ақ экономикалық бағыттағы ықпалдастық аясын кеңейту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз", – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев Джули Стаффтпен әңгімелесу барысында АҚШ-қа жасаған сапары табысты өткенін ықыласпен еске алды. "Президент Дональд Трамп мырзамен достық рәуіште мазмұнды әңгіме өрбітіп, келіссөздер жүргіздік. Таяуда біз телефон арқылы емен-жарқын сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастығымызға қатысты көптеген мәселені талқыладық. Мені жыл соңында Құрама Штаттарда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтамын. Біз көптеген саладағы стратегиялық серіктестігімізді дамытып, нығайтуға күш саламыз", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қаңтардағы тосын ауа райы: Қазақстанның кей өңірінде жаңбыр жауады Қазгидромет 10, 11, 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Солтүстік-батыс циклоны әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда елдің шығысында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады. 10-12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр болжанып отыр. Сондай-ақ, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. 11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы -3…+3 °C шамасында болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда жұрт актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды Алматыда жұрт актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыда белгілі қазақстандық актер Мұрат Бисембинмен қоштасу рәсімі өтті. Ол 9 қаңтарда қаланың Орталық мешітінде ұйымдастырылып, жүздеген адам жиналды. Сурет: Болат Айтмолда Қоштасу рәсімі таңғы сағат 10:00-ге жоспарланғанымен, мешіт маңына адамдар ерте жинала бастады. Таңнан бастап бұл аумақта адам қарасы көп. Көлік қою қиынға соққандықтан, көпшілік көліктерін алысқа қалдырып, жаяу келген. Сурет: Бахытжан Мұратбеков Суық ауа райына қарамастан, жиналғандар сабыр сақтап, актер туралы естеліктерін бөлісті. Қоштасу рәсіміне өнер адамдары, әріптестер, музыканттар мен әншілер ғана емес, қарапайым алматылықтар да қатысты. Олардың көпшілігі актермен жеке таныс болмаса да, оның сомдаған рөлдері өмірлерінде із қалдырғанын айтып, құрмет көрсету үшін келгендерін жеткізді. Еске салайық, танымал қазақстандық актер Мұрат Бисембин 8 қаңтарда өмірден өтті. Бұған дейін актердің ұйқы безі қатерлі ісігіне шалдыққаны айтылған еді. Мұрат Бисембин 1972 жылғы 11 қазанда дүниеге келген. Ол Қызылорда қаласының тумасы. Ауыл шаруашылығының инженер-механигі мамандығы бойынша политехникалық институтты тәмамдаған. "Рэкетир" фильміндегі Руслан рөлінен кейін танымалдылыққа ие болған. Ол үйленген, үш баласы бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Айзат Жұманованың өлімі: күйеуіне қатысты сот үкімі шықты Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Талдықорғанда резонанс тудырған іс бойынша сот отырысы өтті. Бұл іс бойынша айыпталушы - қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуі Айбар Жанболат. Сот үкімімен ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айыпталушыға орташа қауіпсіздік мекемесінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді. Ал қаза тапқан әйелдің анасы бұл жазамен келіспей, соттан күйеу баласына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап еткен болатын. "Мен алтын асықтай қызымды қолыңа салып бердім. Қызымның қадіріне жете алмады. Қызымды азаптап, қинап, өлтірді. Ең құрығанда бір жері болса жарайды, абайсызда деп ойлар едім. Бірақ мен бұған мүлдем келісе алмаймын", – деді сотта қаза тапқан Айзат Жұманованың анасы көз жасын тыя алмай. Оқиғаның мән-жайы Қайғылы оқиға былтыр 22 маусымда Ақсу ауданында болған. Соталды тергеу деректеріне сәйкес, Баласаз ауылының тұрғыны Айзат Жұманова ауыр жарақатпен Талдықорғандағы ауруханаға жеткізіліп, кейін жансақтау бөлімінде оның қайтыс болғаны тіркелген. Сот-медициналық сараптама ауыр жарақаттарды анықтаған: бас-ми жарақаттанған, ми ісінген, бас сүйегі негізі, аяқ-қол мен жамбас сынған, сондай-ақ, бетіндегі іздер. Туыстары әйелді арқанмен байлап, далада сүйретілгенін айтады. Айзаттың күйеуі бұған дейін оның "селфи жасап тұрып терезеден құлап кеткенін" айтқан. Бірақ жақындары күйеуі әйелін азаптап, кейін қылмысты жасыруға тырысқан деп санайды. Бастапқыда полиция істі ҚК 106-бап 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда өлімге әкеп соғу") бойынша тергеген, кейін күдіктінің әрекеті ҚК 99-бап 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қайта сараланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
130 миллион теңгені алдап алған: алаяқтық жасады деген күдікті Түркиядан қайтарылды Зергерлік бұйымдарды сатып алу сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікті Түркиядан қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасын Түркиядан елге қайтарды. Күдікті 2024 жылы Қызылордада жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беремін деп уәде беріп, алдау жолымен олардың ақша қаражаттарын иемденген. "Оның қылмыстық әрекеттері салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 миллион теңгеге материалдық залал келген. Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті ел аумағынан тыс жерге бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Сенбеймін“ - Атырау облысында жоғалған ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктінің анасы Атырау облысында жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылғаннан кейін полиция бұл істе кім күдікті екенін атады. Алайда күдіктінің анасы ұлының мұндай іске баруы мүмкін емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 8 қаңтарда Атырау облысында ұзақ іздеуден кейін өлі табылған ерлі-зайыптының жерлеу рәсімі өтті. Отбасының туысы Әсила Мұқанғалиеваның айтуынша, қайғылы оқиға кіші қызы мен күйеуі ата-анасына барғаннан кейін болған болуы мүмкін. Мұқанғалиева жоғалған жұпты күйеу баласы соңғы болып көргенін айтты. Күдіктінің анасы соңғы рет баласымен 11 желтоқсанда сөйлескенін айтқан. Оның сөзінше, содан кейін ұлы хабарсыз кеткен. Телеарна мәліметінше, күдіктінің әйелі психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған. Сонымен қатар, күдікті мен әйелі Атырауда үй жалдап тұрған. "Баламды олай тәрбиелеген жоқпын. Балам тәртіпті. Ондай жолға барады деп ойламаймын. Құдай сақтасын, мүмкін емес. Сенбеймін. Әкесі қатты, әкесінен қорқады. Әскерден келген соң күзетте жұмыс істеді. Қазір істемейді. Жүк тасушы болып жұмыс істеп келеді", - деді күдіктінің анасы. Әйелдің хабар-ошарсыз кеткен ұлы мен келінінің бес баласының үлкені 10 жаста, кішісі бір жаста екен. Махамбет ауданы білім бөлімі мамандары балаларды бақылауға алғанын, әзірге ата-әжесінде болатынын мәлімдеген. Жоғалған отбасының ісі Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер анықталғаны айтылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Аяз қайтады: 9 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады? 9 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең антициклон ықпалы сақталады. Соған байланысты елдің көп өңірінде жауын-шашынсыз, тынық ауа райы күтіледі. Тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ күшті жел болжанады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана – бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -17…-19 градус, күндіз -7…-9 градус. Алматы – жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Түнде -5…-7 градус, күндіз 0…+2 градус. Шымкент – ашық, тұман болуы мүмкін. Түнде -2…-4 градус, күндіз +6…+8 градус. Солтүстік және шығыс өңірлерде қатты аяз сақталады: кей жерлерде түнгі температура -25…-32 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы жылы, күндіз 0…+10 градус аралығында. Кейбір аймақтарда тұман, көктайғақ және желдің күшеюі байқалады. Жүргізушілер мен тұрғындарға жолда абай болу ұсынылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зейнеткер WhatsApp-та жазған хаты үшін 500 мың теңгеге жуық айыппұл арқалады ШҚО-да сот WhatsApp арқылы жала жабу туралы істі қарады. Тарбағатай ауданының тұрғыны сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тарбағатай аудандық соты Қ.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі (көпшiлiк алдында немесе масс-медианы немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Сот мәліметінше, 2025 жылғы 17 қазанда Қ. WhatsApp мессенджеріндегі топта аудандық бас дәрігер М.-ның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан. Сот отырысында Қ. өз кінәсін мойындамаған. Жәбірленушінің өкілі болған жағдайды растап, қатаң жазаға тартуды сұрады. "Сот Қ.-ны ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, айыппұл сомасы құқық бұзушының зейнеткер екені ескеріле отырып, 30 пайызға қысқартылып, оған 495 432 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды", - делінген хабарламада. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қолма-қол ақша алуға шектеулер енгізілді: кімдерге қатысты? 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда банк шоттарынан қолма-қол ақша шешудің жаңа тәртібі күшіне енді. Бұл өзгерістер кімдерге қатысты? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында. Не өзгерді? Былтыр Ұлттық банк, Қаржы министрлігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлескен қаулы қабылдаған. Соған сәйкес, кәсіпкерлер белгіленген лимиттен артық қолма-қол ақша шешкен жағдайда, оның мақсатын түсіндіруге міндетті. Жаңа ережелер кімдерге қатысты? Жаңа талаптар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді және: заңды тұлғаларға; жеке кәсіпкерлерге (ЖК) қолданылады. Алайда қолма-қол ақша шешуге шектеуден ресми түрде босатылған субъектілер бар, олардың тізімін Ұлттық банк жеке бекітеді. Ай сайынғы лимиттер Ұлттық банк бекіткен шектеулер: шағын бизнеске - айына 20 миллион теңгеге дейін; орта бизнеске - 120 миллион теңгеге дейін; ірі бизнеске - 150 миллион теңгеге дейін. Ақшаны қалай шешуге болады? Лимит шегінде Кәсіпкер банкке өтініш береді, банк ақшаны стандартты тәртіппен береді. Лимиттен асқанда Егер белгіленген мөлшерден артық сома қажет болса, кәсіпкер: қолма-қол ақша алу мақсатын құжаттармен дәлелдеуі тиіс (шарт, шот, тізімдеме, сатып алу актісі, инвойс, смета, бұйрық және т.б.); мәліметтерді мемлекеттік органдарға беруге келісімін ұсынады; тәуекелдерді тексеру нәтижесін күтеді. Тексеру қалай өтеді? Лимиттен асқан жағдайда, банк келесі жұмыс күні сағат 10:00-ге дейін Мемлекеттік кірістер комитетіне: өтінішті, артық сома көлемін, мақсатын, компания деректерін, құжаттарды, келісімді жолдайды. Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жұмыс күнінің аяғына дейін: тәуекел бар болса - ақшаны беруден бас тартуға болады; тәуекел жоқ болса - ақшаны беруге рұқсат етеді. Егер 3 жұмыс күні ішінде жауап болмаса, банк ақшаны беруге міндетті. Тексеру нәтижесі 1 ай бойы жарамды. Тәуекел критерийлері жарияланбайды, құпия болып саналады. Мемлекеттік органдар арасындағы бақылау Қосымша бақылау да енгізілді: банктер ай сайын 10 миллион теңгеден артық қолма-қол ақша шешкен компаниялар туралы деректерді Ұлттық банкке жібереді; Ұлттық банк бұл ақпаратты: Мемлекеттік кірістер комитетіне - салық және тәуекелді тексеру үшін; Қаржы нарығын реттеу агенттігіне - банктерді бақылау үшін жолдайды. Мерзімдер: банктер - келесі айдың 15-іне дейін; Ұлттық банк - келесі айдың соңғы жұмыс күніне дейін; Мемлекеттік кірістер комитеті - сол мерзімде. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда оқушылар Kundelik.kz-тен шығып, жаңа платформаға көшіп жатыр 2025–2026 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап Қазақстандағы көптеген мектеп Kundelik.kz платформасын қолданудан бас тартты. Бұл шешімге Алматы Білім басқармасы пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болды? Алматы Білім басқармасы мәліметінше, жаңа жүйені таңдау барысында деректердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар басты назарда болған. Осыған байланысты мектептерде BilimClass платформасы кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. "BilimClass – толықтай қазақстандық әзірлеме. Платформаның тегін мобильді қосымшасы бар, ал серверлері Қазақстан аумағында орналасқан. Бұл пайдаланушылардың деректерінің қауіпсіздігін, құпиялылығын қамтамасыз етіп, ел заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді басқарма. Анықтама: BilimClass – электронды журнал ғана емес, сонымен қатар мектепті басқару жүйесін, оқу контентін, әдістемелік талдауды және аналитиканы қамтитын кешенді платформа. Жаңа жүйені енгізбес бұрын қала билігі оны Алматыдағы 15 мектепте пилоттық режимде сынақтан өткізген. Басқа өңірлердегі жағдай Алматы Білім басқармасы дерегінше, BilimClass платформасына қазірдің өзінде 11 өңірде шамамен 2,5 миллион оқушы мен 350 мыңға жуық мұғалім көшкен. Бұл өңірлер қатарында Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Алматы бұл платформаны енгізген 12-ші өңір атанды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді Қазақстанда доллардың 8 қаңтардағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 508,91 теңге болып, 3,19 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 қаңтарға белгілеген ресми бағамы - 512,83 теңге. kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу - 512,39 теңге; сату - 515,60 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу - орта есеппен 509,00 теңге; сату - 516,00 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда әйелдердің кеудесін тексеретін кабинетке бейнекамера орнатылған Атырауда маммографиядан өткен әйелдер кабинетке орнатылған бейнекамераға байланысты шағымдарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АқЖайық" мәліметіне сілтеме жасап. Мән-жайы Әйелдердің айтуынша, тексеру кезінде бейнебақылаудың болуы стресс тудырып, медициналық мекемеге деген сенімді әлсіретеді. Пациенттердің сөзінше, оларға алдын ала хабардар етпеген және оған кімнің, қандай негізде қол жеткізе алатынын түсіндірмеген Онкология диспансерінің пікірі Осыған байланысты Атырау облыстық онкология диспансерінің әкімшілігі ресми түсініктеме беріп, бейнебақылау жүйесін орнату мақсатын және оған қол жеткізу тәртібін түсіндірді. "Маммография кабинетіне бейнебақылау жүйесі қауіпсіздік талаптарына және жоғары технологиялық медициналық жабдықты пайдалану жөніндегі техникалық регламенттерге сәйкес орнатылды. Жүйе жабық контурда жұмыс істейді және медициналық ұйымның ортақ желісіне қосылмаған. Медициналық және техникалық қызметкерлер мониторға немесе бейнежазба архивіне қол жеткізе алмайды, сондықтан процедура кезінде пациентті көрмейді", - деп хабарлады диспансер. Мекемеде жүйеге қол жеткізу қатаң шектелгені де атап өтілді. "Қауіпсіздік жөніндегі ішкі бұйрыққа сәйкес, жүйеге қол жеткізу және бейнежазбаларды қарау құқығы тек аурухана директорына ғана берілген. Видеотіркеу қымбат мемлекеттік мүлік - маммографиялық аппараттың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ даулы медициналық жағдайлар туындаған кезде пациенттердің құқықтарын қорғау үшін жүргізіледі", - деп түсіндірді диспансер. Медициналық мекемеде барлық деректердің қорғалғаны жеке атап өтілді. Олардың сөзінше, ақпарат қорғалған серверде шифрланған түрде сақталады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткен соң автоматты түрде жойылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
525 миллионды досы арқылы жасыруға тырысқан: HAS қаржы пирамидасына қатысты тың дерек әшкереленді ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті "HAS" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Бұған дейін сот қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларын 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында салымшылардың қаражатына сатып алынған, жалпы құны 1,2 миллиард теңгеден асатын мүлік соттың шешімімен өндіріп алуға жіберілді. Өндіріп алынған активтердің қатарында 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, тұрғын емес үй-жай және банк шоттарындағы ақшалай қаражат бар. Сот орындаушылары жәбірленушілерге 300 миллион теңге көлемінде төлемдер жүргізді. Жаңа эпизодтар Қазіргі уақытта жалпы сомасы 821 миллион теңгеден асатын залалмен 125-тен астам жәбірленушіден арыз түскен. "Сонымен қатар, салымшылардың қаражаты есебінен ұйымдастырушы елорда аумағында орналасқан, құны 525 миллион теңге болатын жер учаскелерімен бірге "A.D.A.M. group" ЖШС-ін сатып алғаны анықталды. Аталған мүлік оны жасыру мақсатында ұйымдастырушының танысының атына рәсімделген", - делінген хабарламада. Соттың санкциясымен көрсетілген мүлікке тыйым салынды. Қайта тергеу "Биыл 6 қаңтарда күдіктілердің әрекеттері қайта сараланып, оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, қаржылық пирамиданы ұйымдастыру және жарнамалау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылды". Тергеу жалғасып жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі "HAS" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды аумақтық бөлімшелерге арызбен жүгінуге шақырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қызымды азаптап, қинап, өлтірді“: Айзаттың анасы күйеу баласын өмір бойына соттауды сұрады Марқұм Айзат Жұманованың анасы соттан күйеу баласына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 8 қаңтарда Талдықорғанда резонанс тудырған іс бойынша сот отырысы өтті. Іс бойынша айыпталушы – қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуі Айбар Жанболат. Бүгінгі сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айыпталушыға орташа қауіпсіздік мекемесінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда қаза тапқан әйелдің анасы бұл жазамен келіспей, соттан күйеу баласына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етті. "Мен алтын асықтай қызымды қолыңа салып бердім. Қызымның қадіріне жете алмады. Қызымды азаптап, қинап, өлтірді. Ең құрығанда бір жері болса жарайды, абайсызда деп ойлар едім. Бірақ мен бұған мүлдем келісе алмаймын", – деді сотта қаза тапқан Айзат Жұманованың анасы көз жасын тыя алмай. Сот залынан:©️ Tengrinews.kz Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған“: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ата-аналарға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар таратуға жол берілмейтінін еске салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. ІІМ мәліметінше, мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер төндіріп, адамдарды жаппай эвакуациялауға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медицина және басқа да әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмысының бұзылуына әкеп соғады. Сонымен қатар, төтенше жағдай қызметтерінің елеулі күштері мен құралдарын негізсіз жұмылдыруға себеп болады. "Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бұл қылмысты жасағаны үшін заңнамада бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылғанын еске салады. Осындай барлық хабарлама міндетті түрде тексеріледі, ал оларды таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдарды пайдалану арқылы анықталады", - делінген хабарламада. Киберқылмыстардың алдын алу үшін азаматтарға: тексерілмеген ақпаратты таратпау; интернетте, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған қоңыраулар мен хабарламалар жасамау; балаларға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін ата-аналардың жауапкершілігі бар екенін түсіндіру; қауіп төндіретін хабарламалар алған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау ұсынылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақмола облысында құны 82 миллион теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды Ақмола облысында құны 82 миллион теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сандықтау ауданының прокуратурасы жер комиссиясының қызметін талдау барысында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындыларын шығару кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Конкурстың қорытындылары үш кезеңде шығарылғаны анықталды, ал қолданыстағы заңнамада конкурс өткізілгеннен кейінгі күні қорытындыларды шығару көзделген. Бұл конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігіне теріс әсер еткен. "Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот тәртібімен 7 жалдау шартын жарамсыз деп тануды қамтамасыз етті. Нәтижесінде мемлекет меншігіне жалпы ауданы 1 400 гектар болатын, құны 82 миллион теңге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайтарылды", - делінген хабарламда. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ұлттық қор - балаларға“: 2025 жылға арналған төлемдер қашан түседі? "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша 2025 жылға арналған қаражат қашан түседі? Бұл сұраққа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БЖЗҚ мәліметінше, заңнамаға сәйкес биыл 1 ақпанынан кешіктірілмей қаражат аударылады. "2008 жылы туған азаматтардың шоттарына мақсатты жинақтарды аудару 2026 жылғы 1 ақпанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Олар 18 жасқа толғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл қаражатты мақсатты түрде пайдалана алады", - делінген хабарламада. Қор мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балық бала (2025 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына енгізілген және оның қатысушылары болып саналады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Астана, Алматы және тағы бес қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "8 қаңтарда Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астанада қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Венесуэла АҚШ-қа қомақты сома тұратын мұнай береді Венесуэланың уақытша билігі АҚШ-қа құны 2 миллиард долларға дейін жететін мұнай береді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Truth Social-ға сілтеме жасап. Трамптың айтуынша, келісім АҚШ-қа санкцияға іліккен мұнайдың 30–50 миллион баррелін беруді көздейді. Шикізат нарықтағы бағамен сатылып, түскен қаражат, америкалық лидердің сөзінше, "Венесуэла мен АҚШ халықтарының мүддесі үшін" оның бақылауында болады. "Венесуэланың уақытша билігі Америка Құрама Штаттарына санкцияға ұшыраған, жоғары сапалы мұнайдың 30–50 миллион баррелін беретінін жариялауға қуаныштымын", — деп жазды ол өз әлеуметтік желісінде. Америкалық президенттің мәлімдеуінше, мәміленің жүзеге асырылуын АҚШ энергетика министрі Кристофер Райтқа тапсырған. Мұнай танкерлерден алынып, тікелей АҚШ порттарына жеткізілмек. Дереккөздердің мәліметінше, бұл келісім кейінгі жылдары венесуэлалық мұнайдың ең ірі сатып алушысы болып келген Қытайға бағытталған жеткізілімдердің бір бөлігін басқа жаққа бұруы мүмкін. Айта кетейік, Венесуэла бұған дейін АҚШ-тың желтоқсанның ортасында енгізген экспорттық блокадасына байланысты сыртқы нарыққа миллиондаған баррель мұнай шығара алмай отыр. Бұл шаралар Вашингтонның венесуэлалық билікке қысымды күшейтуінің бір бөлігі болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Министрлік сиыр етін экспорттауға енгізілген шектеу себебін түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан сиыр етін экспорттауға енгізілген жаңа шектеулер тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шектеулер қашан енгізіледі? 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан етті үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттеріне экспорттауға арналған квоталарды бөлу қағидалары күшіне енді. Бұл норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады. Ет экспортына берілетін жалпы квота көлемі – 20 мың тонна. Квоталар қалай бөлінеді? Министрліктің түсіндіруінше, квоталар бордақылау алаңдарындағы мал басын пайдаланып, ет өңдеу кәсіпорындары өндірген ірі қара мал етіне бөлінеді. Бір қатысушыға берілетін квота мөлшері бордақылау базасының қуатына тікелей байланысты: қуаты 5 мың басқа дейін - 1 мың тоннаға дейін; 10 мың бас - 2 мың тоннаға дейін; 15 мың бас - 3 мың тоннаға дейін; 20 мың бас - 4 мың тоннаға дейін; 50 мың бас - 10 мың тоннаға дейін. Неге шектеулер енгізіледі? Министрлік мұндай тәсіл толық циклді өндірушілерді қолдауға және сыртқы сауда операцияларының ашық болуын арттыруға бағытталғанын атап өтті. Уақытша шектеулердің негізгі мақсаты: азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; өнімді терең өңдеуді ынталандыру; ашық статистика қалыптастыру; еттің шығу тегі бойынша қадағалауды (трассабельділікті) күшейту. Шараларды қабылдауға себеп болған жағдай - кейбір компаниялар мен шағын сою цехтары іс жүзінде мал бордақыламай, өз өндірістік базасын дамытпай-ақ, малды сатып алып қайта сату (делдалдық/алыпсатарлық) схемаларымен айналысқан. АШМ дерегінше, мұндай схемалар делдалдық-алыпсатарлыққа жағдай жасап, сұраныс пен ұсыныстың нақты теңгерімін бұрмалаған. Бұл, өз кезегінде, ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әсер ететін факторлардың бірі болған. Жаңа тәртіп экспорт нарығынан осындай алыпсатар делдалдарды ығыстырып, онда тек нақты мал өсіретін, өндіріске қаржы құятын және адамдарды жұмыспен қамтитын кәсіпорындардың қалуына бағытталған. Сонымен қатар, билік еттің есебі мен шығу тегін тіркеуді ретке келтіруді көздейді. Бұған дейін АШМ басшысы Қазақстанда сиыр етін сыртқа шығаруды шектеудің себебін түсіндірген. Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстанда сиыр етінің бағасы күрт өсті: дүкендерде ет 1 келісі 5–6 мың теңгеден сатылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қайрат“ футбол клубы екі легионермен қоштасты Алматылық "Қайрат" клубы жартылай қорғаушылар Офри Арад пен Гиорги Зариямен қоштасқанын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі футболшы да келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты клубтан кетті. Гиорги Зария Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) Грузиялық хавбек "Қайрат" сапына 2024 жылғы қаңтарда қосылды. Алғашқы маусымында Зария 30 матчте 15 нәтижелі әрекет жасап, Қазақстан Премьер-лигасының үздік жартылай қорғаушысы атағын иеленді. 2025 жылы ол "Қайраттың" ел чемпионатында қайтадан алтын алуына, Суперкубокты жеңуіне және Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына көмектесті. Клубтағы жалпы көрсеткіші: 59 матч, 16 гол, 11 нәтижелі пас. "Қайрат" ФК Гиоргиға жарқын ойыны мен команданың жетістіктеріне қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабына сәттілік, жаңа белестер тілейді", - делінген клуб мәлімдемесінде. Офри Арад Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) Израильдік жартылай қорғаушы "Қайратқа" 2023 жылғы ақпанда келді және үш маусым ішінде команданың табысына елеулі үлес қосты. Арад клубпен бірге Қазақстан чемпионатын екі рет - 2024 және 2025 жылдары жеңіп, ел Суперкубогын иеленді, сондай-ақ, алматылықтардың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына көмектесті. "Қайрат" сапындағы соңғы матчінде ол "Интердің" қақпасына "Джузеппе Меацца" стадионында гол соқты (1:2). Жалпы алғанда, Офри Арад клуб үшін 92 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 голдық пас берді. "Қайрат" ФК Офриға жоғары кәсібилігі, жанкештілігі және команданың жетістіктеріне қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабына сәттілік, жаңа жетістіктер тілейді", - делінген клуб мәлімдемесінде. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық ұлан Шымкентте сарбаз қайтыс болғанын мәлімдеді Шымкентте мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаз көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәліметінше, Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы әскерге шақырылған әскери қызметші денсаулығына байланысты бірнеше мәрте дәрігерлерге қаралған. Ол бақылауда болып, қаладағы медициналық мекемелерде тексеруден өтіп жүрген. "6 қаңтарда сарбаздың жүрегі кенеттен тоқтап қалды. Дәрігерлер көрсеткен жедел көмек пен реанимациялық шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Алдын ала диагноз - жедел лейкоз", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері. Әскери қызметшінің өлімі дерегі бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиға Ішкі істер министрінің орынбасары - ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшысының жеке бақылауында. Бұған дейін Маңғыстау облысында егізінен кейін әскерге кеткен Дінмұхамед есімді әскери қызметші қаза болған еді. Алғашында олар бір бөлімде қызмет атқарғанымен, кейін олардың бірі басқа әскери бөлімге ауыстырылған. Былтыр 17 қыркүйекте отбасы қаралы хабар алған: Дінмұхамед өмірден озған. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда туыстары бұл нұсқамен келіспейді. Кейін Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Боранбаев 19 жастағы Дінмұхамедтің қазасына қатысты пікір білдіріп, бауырларды әдейі ажыратпағанын, олардың әртүрлі уақытта әрі әртүрлі елді мекендерден шақырылғанын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақмола облысында жол бойынан төрт жасар бала табылды Щучинск қаласында жүргізуші жол жиегінен жалғыз кетіп бара жатқан төрт жасар баланы байқап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға 4 қаңтарда түске таяу болған. Ер адам Қотыркөл ауылына апаратын айналма жол маңында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция экипажына жүгінген. Бала қатты қорқып, абдырап қалған. Полицейлер оны тыныштандыра алғанымен, ол өзі туралы аз ғана мәлімет айта алды: тек есімін атап, анасының жұмыста екенін, ал әкесінің ұйықтап жатқанын айтқан. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Кокшетау. Акмолинская область. Новости. Реклама (@sinegor.kz) Табылған бала туралы ақпарат қаладағы барлық полиция жасағына дереу жеткізілді. Полицейлер баланы жылытып, жұбатқан. Екі сағаттан кейін оның туыстары табылды. Кейін баланы алып кетуге ағасы келді. Ересектер жұмысқа кетуі керек болғандықтан, әкесі баланы әпкесінің қарауына қалдырған. Қыз ұйықтап қалып, ал бүлдіршін өзі киініп, үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Полицейлер Chevrolet Cobalt көлігін жүргізген бейжай қалмаған жүргізушіге қырағылығы мен азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақмола облысында 5 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды Ақмола облысының Шортанды ауданында полиция департаментінің жедел қызмет бөлімшелері 45 жастағы шетелдікті ұстады. Ол бес жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының анықтауынша, ер адам алаяқтық жасады деген күдікпен іздестірілген. Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеу органдарынан бой тасалап үлгеріп, 2021 жылы Қазақстан аумағына келген. Бірнеше жыл бойы іздеуде жүрген ер адам елдің әр өңірінде тұрып, Шымкент пен Астана қалаларындағы құрылыс нысандарында қара жұмысшы болып еңбек еткен. 2025 жылғы желтоқсанда ол Шортанды ауданына қарасты Жолымбет кентіне келген. Дәл осы жерде полицейлер оны анықтап, ұстады. Қазір полиция тексеру шараларын жүргізіп, қажеттматериалдарды жинауда және істің өзге де мән-жайларын анықтап жатыр. Тергеу кезеңінде ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны іздеуді бастаған тарапқа әрі қарай беру мәселесі заңда белгіленген тәртіппен шешіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Нұра тұрғындары әкімдік сатып алған жаңа үйлерде тұрудан бас тартып отыр Қарағанды облысы Нұра ауданы орталығында баспана кезегінде тұрғандар берілген пәтерден бас тартып жатыр. Оларды жаңа үй мен орталық жылу жүйесі де қызықтырмаған. Өйткені әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға әкімдік сатып алған баспаналар сыз тартып, көгеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. Сондықтан кезегін сарыла күткендер бюджеттің ақшасына тұруға жарамайтын үй алған аудан басшылығын айыптап жатыр. Шенеуніктер қазіргі сатып алу жүйесіндегі олқылықтардың кесірінен ең арзан баспана сатып алуға мәжбүр болдық деп ақталды. Қызғалдақ Үшкелбаева баспана кезегінде жылдар бойы байланып, жалдамалы пәтерді телміре күткен. Ақыры кезегі жетіп, жақсы хабардан жүрегі жарыла жаздапты. Бірақ жаңа болса да, сыры мен сызы кеппей, қабарғалары көгерген үйге кіруге жүрегі дауаламайды. "Бұл үйде байласаң ит те тұрмайтын шығар. Өйткені баспананың сапасыз материалдардан жасалғанын көзімізбен көргенбіз. Қалай болса солай салынды", - дейді Қызғалдақ Үшкелбаева. Оның дәлелі ретінде түсірген видеоларын да көрсетті. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша жалдамалы түрде берілетін баспанадан бас тартатынын айтады. Жалдаған соң бөтендікі болса да, жайлысында жүре бермек. Ал бюджеттің миллиондарын осы баспаналарға сарп еткен жергілікті шенеуніктер сатып алу заңындағы "тәртіпке сүйендік" деп отыр. "Бұл үйлерді байқау негізінде сатып аламыз. Біз ол байқауға кім қатыстынын алдын ала біле алмаймыз. Тәртіп бойынша, кім арзан баға береді, соныкін алуға міндетіміз. Баспананы тағы да жіті тексеретін боламыз", - деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Есжанов. Әрқайсына бюджеттің 20 милллион теңгеден астын қаражатын төлеген шенеуніктер баспаналарды "енді тексереміз" деп ақталды. Ал баспаналы боламыз деп, арманы су сепкендей басылған жұрт атқамінерлер алдын ала неге қарамаған деп қапалы. Әкімдік қолымызда үш жыл кепілдік бар дейді. Тұрғындар кепілдікке қарап, жыртықты жамаумен күнелткіміз келмейді деп күйіп‑пісіп отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
АҚШ Конгресінде Трампқа импичмент жариялау ұсынылды АҚШ Конгресінің Демократиялық партиядан сайланған өкілі Эйприл Макклейн Делэйни Венесуэладағы операцияға байланысты ел президенті Дональд Трампқа импичмент жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ке сілтеме жасап. "Президенттің тағы да өз өкілеттігінен асып түсіп, тепе-теңдік жүйесін әлсіретіп жатқанын көріп, үнсіз отыра алмаймын", – деді Мэриленд штатынан сайланған демократ. Делэйнидің айтуынша, Ақ үй басшысы АҚШ Конституциясы талап ететіндей, Конгрестің санкциясынсыз әрекет еткен. Сондай-ақ, ол президент Николас Мадуроны қолға түсіргеннен кейін Венесуэланы басқаруға ниетті екенін мәлімдегенін айтты. Трамп әкімшілігінде операция ордерді орындау сипатына ие болғанын, оны президенттің бас қолбасшы ретіндегі өкілеттіктері негізінде жүргізгенін мәлімдеген. Конгрестегі демократтар Ақ үйдің әрекеттерін сынға алып, заң шығарушылар тарапынан алдын ала хабарлау да, рұқсат та болмағанын көрсетті. Контекст Сенбіге қараған түні Каракаста жарылыстар болды. Президент Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ Венесуэла астанасына ауқымды соққы жасаған, ал Мадуро мен жұбайы ұсталып, елден шығарылған. Болжам бойынша, оларды алдымен АҚШ-тың Гуантанамо әскери базасына жеткізген, одан кейін Нью-Йоркке ұшырылып, Бруклиндегі тергеу изоляторына қамаған. Каракастағы билік АҚШ шабуылының мақсаты – Венесуэланың минералдық ресурстары мен мұнайына бақылау орнату деп санайды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш АҚШ операция кезінде халықаралық құқық нормаларын сақтамағанын мәлімдеді. Бұған дейін Нью-Йорк соты Венесуэла президенті ісі бойынша алғашқы отырысты аяқтады. Оған "наркотеррористік қызметпен байланысты сөз байласу, кокаин контрабандасы, пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды сақтау және оларды Штаттарға қарсы қолдану мақсатындағы сөз байласу" айыптары тағылып, төрт мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына дейін қаупі бар. Мадуро өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Судья саясаткерді 17 наурызда сот тыңдауына келуге міндеттеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтаулық түлек Оксфорд университетінің оқытушылар құрамына кірді Қазақстандық қыз Оксфорд университетінің оқытушылар құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап. Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Меруерт Бижанова ғылым жолында маңызды жетістікке қол жеткізді. Ол әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі - Оксфорд университетіне Teaching Fellow (оқытушы-зерттеуші) қызметіне тағайындалды. Меруерт НИШ-ті 2019 жылы тәмамдап, кейін АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде оқуын жалғастырған. Ол жерде студенттік өмірге белсенді араласып, студенттер ассамблеясының президенті қызметін атқарған. 2025 жылы ол Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданды. Түлектің айтуынша, Teaching Fellow лауазымына тағайындалуы - оның жүйелі еңбегіне берілген жоғары баға әрі университет тарапынан көрсетілген сенімнің белгісі. Енді ол ғылыми зерттеулерін жалғастырып қана қоймай, Оксфорд университетінің оқытушылар құрамында дәріс оқып, білім мен ғылым саласында жас буынға өз тәжірибесі мен білімін бөліседі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қомақты ақша мен тәркілеу: Қазақстанда стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр Қазақстанда стоматологиялық клиникаларды жоспардан тыс тексеру жалғасып жатыр. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық көмектің стандарттарының сақталуын және қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарының орындалуын бағалап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қанша клиника тексерілді? Денсаулық сақтау министрлігі МФБК-нің медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Ысқақованың айтуынша, жалпы 441 жоспардан тыс тексеру тіркелген. Соның ішінде: 274 - аяқталды; 68 - тіркеу сатысында; 26 - жүргізіліп жатыр. Тағы 73 тексеру тіркеуден алынды, өйткені клиникалар іс жүзінде жұмыс істемеген. Мұндай жағдайлар ең көп Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелген. Айыппұлдар мен заңбұзушылықтар Тексеру қорытындысы бойынша клиникаларға жалпы сомасы 58,4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Барлығы 396 әкімшілік жаза қолданылған. Ең жиі анықталғандары: заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет - 113 хаттама, сомасы 2 309 330 теңге; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы бұзушылықтар - 90 хаттама, сомасы 27 111 140 теңге; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы қағидаларын бұзу - 67 хаттама, сомасы 14 076 500 теңге; медициналық көмекті көрсету стандарттарын өрескел бұзу - 57 хаттама, сомасы 2 860 530 теңге; лицензиялық талаптарды бұзу - 55 хаттама, сомасы 8 322 544 теңге. Жеке-жеке алғанда, тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, қолдану және жарнамалау бойынша 14 жағдай тіркелді. Айыппұл сомасы - 2 988 320 теңге. Жабылған клиникалар және жабдықты тәркілеу Айгүл Ысқақова Жамбыл облысында әкімшілік сот 10 стоматологиялық клиниканың жұмысын уақытша тоқтатқанын айтты: ТОО "Реймбаев"; ТОО "Тартыков"; ТОО "Моки"; ТОО "Еркимбаева"; ИП "Хамза дент"; ТОО "Dental clinic Grace"; ИП "Бекетаев Б.С."; ИП "Габибова Э.А."; ТОО "Айымбекова"; ТОО "Mercury dent". Медициналық жабдықтар мен препараттар тәркіленді, оның ішінде стоматологиялық қондырғылар, портатив рентген аппараттары, ультракүлгін камералар және дәрі-дәрмектер бар. Сондай-ақ, МФБК жұмысты тоқтату және қызметкерлерді жұмыстан шеттету арқылы жедел ден қоюдың тоғыз шарасын қолданған: Алматы облысында - ТОО "Стоматологическая клиника Кристалл"; Атырау облысында - "Элит" және "Clinic 32" стоматологиялық клиникалары; Қостанай облысында - ИП "Досанова"; Павлодар облысында - ТОО "DiDi dent", "РАЗИЕВ ГАЛИМ ТАЛГАТОВИЧ", ТОО "Стом-Икс", "АХМЕТОВ НУРЖАН СЕРЖАНОВИЧ"; Шымкентте - ТОО "Красивая Улыбка". Елдегі стоматологиялық клиникаларды тексеру жалғасып жатыр. Жалпы тізімге 622 медициналық ұйым енгізілген. Айгүл Ысқақованың нақтылауынша, 2026 жылғы мамырдың аяғына дейін қалған клиникалар тексеріледі. Контекст Денсаулық сақтау министрлігінің тексеру жүргізуіне елордадағы даулы оқиға түрткі болды: жеке клиникада тістерін наркозбен емдеткеннен кейін үш жасар қыз бала қайтыс болған. Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 қазанда болды. Әкесінің айтуынша, процедура жоспарланған үш сағаттың орнына 3,5 сағаттан аса уақытқа созылған. Сотта ер адам дәрігер-стоматолог баланың 18 тісін бір мезетте емдеуді ұйғарғанын, процедураны бірнеше кезеңге бөліп жүргізбегенін айтты. 22 желтоқсанда сот айыпталушы анестезиологты Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі бойынша ("Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы") кінәлі деп таныды. Оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 3 жылға медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Алайда сот айыпталушыны Конституцияның 30 жылдығына байланысты амнистия туралы заңға сәйкес негізгі жазадан амнистия негізінде босатты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасы: екінші қызы бейнекамераға түсіп қалған Атырауда жоғалып кеткен бір отбасының мүшелері әлі табылған жоқ. Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар ауыл маңын тінтіп, айналадағы өзен-көлді де сүзіп шыққан. Бірақ Мұқанғалиевтер әулетін көрдік-білдік деген жан жоқ. Есесіне, жоғалған отбасының мал-мүлкі сатылып кетіпті. Тіпті белгісіз сатушы еш саудаласпай, қалаған бағасына бере салған. Түскен ақша жоғалғандардың бірі әрі үй иесі Мақсот Мұқанғалиевтың есепшотына аударылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. Бүтін бір отбасы ізім-ғайым жоғалған Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында соңғы бірнеше аптадан бері тұрғындардың тынышы кеткен. Жұр аралас-құралас жүрген жандардың жер жұтқандай жұмбақ жағдайда жоғалуына әлі сене алмай отырмыз дейді. "Бұл кісілер ешкімге зияны жоқ, адал еңбегімен, малымен, зейнетақысымен күн көріп отырған. Екі баласы да зейнетақы алады, екеуінің де аяғы кем. Өзімен-өзі жүрген адамдар ғой. Аяқ астынан осындай төтенше жағдай болды. Түптеп келгенде, ешкім білмей қалды, көршілері де білмей қалып тұр. Кеше ғана 25-і күні арыз бергенді біліп тұрмыз. Ешкім ештеңе білмейді", - дейді ауыл тұрғыны Үсен Жолдасұлы. Бір үйден жоғалған төрт адамды ауылдастары да өз бетінше іздеп жатқанын айтады. Бірақ әзірге еш нәтижесіз. Отбасы мүшелері із-түзсіз кетіп, иесіз қалған үйге келдік. Қаңырап бос қалған шаңырақты қарашадан бері көршілері қарауылдап жүрген. Қазір бір хабар күтіп алаңдаған ағайын туысы жүр. Жоғалған үй иесінің інісі Шалқар Мұқанғалиев қаладан келіп, ауылдағы жағдайды бақылауға алған. Оның айтуынша, бауырының баласы Наурыз Мұқанғалиевтің атынан белгісіз біреу 20 шақты ұсақ мал мен екі ірі қараны сатып үлгерген. Тіпті бағасын да қоймаған. Алайда барлық адаммен тек жазба арқылы сөйлесіпті. "Неге іздемейді деп жазып жатыр ғой. Оның іздемеуіміздің себебі: Наурыздың бізбен мессенжер арқылы байланысқа шығып отырғаны. СМС-хат жолдап отырды. Анамыз ауырып қалды, сол үшін малды сатып жатырмыз деп. Ауыл азаматтарына шыққан, мал алады ау деген, өзіміздің ауылда көрші ауылдың адамдарына шыққан, бірақ ешкімге аудио жазбаған, видео-қоңырау соқпаған, тек мәтін жазған. "Үйде осындай мал бар, өзің қалаған бағаңа ал, маған ақша керек" деп", - деді туысы Шалқар Мұқанғалиев. Ал жоғалған үй иесінің осы ауылда тұратын қарындасы Фарузат Кенжеғалиева малды жаппай сата бастағанда ғана "секем алдым" дейді. Сөйтіп бауырын іздей бастаған. "Бұл үйде жеңгем алыс жолға барса, ағам үйде қалады. Ағам ешқашан бұл үйді тастап кетпейді. Ол мал-жанын тастамайтын адам. Кетіп бара жатса да, айтып кетеді. Менің бар білетінім, желтоқсанның 14-інен бастап қозғалдым. Бұл не себептен мал сатып жатыр? Бұл үйде неге көшіп жатыр? Бара-бара, үйді сата ма деген оймен қимылдадым. Оған дейін білген жоқпын. Наурыз деген баласы "мен алып кеттім, емдетіп жатырмын" деп, туған қарындасы Әдеміге айтқан", - дейді Фаризат Кенжеғалиева. Тәртіп сақшылары 5 қараша күні Жангелдин ауылынан отбасының қыз-күйеуі және үйдегі қызы Мейрамгүл Қарабалиева ғана таксимен қалаға шығып кеткенін айтқан. Олар Индер ауданындағы жанармай бекетіндегі бейнекамераға түсіп қалған. Ал Мақсот Мұқанғалиев, Нәсіп Өтешқалиева және Наурыз Мұқанғалиевтың қайда екені әлі белгісіз. Полициямен бірге төтенше жағдай қызметкерлері де бірнеше күннен бері ауылда тінту, іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгін елді мекен іргесіндегі шағын көлге сүңгуірлер түсті. Сондай-ақ төтеншеліктер су асты дронын да жіберген. "Іздестіруде Шадымантүбек, Қарасу, Бесмола, Бірмола учаскелері, тағы да басқа жерлер қаралды. Радиусы шамамен 20 шақырымдай жерлер. Сондай-ақ, бүгінде полиция департаментінің нұсқауымен Қарасу аумағы қаралып жатыр. Бұл жерде қазір сүңгуірлер және де су асты дроны жұмылдырылған", - деді Атырау облысы ТЖД басқармасының бастығы Жантөре Демешов. Делсал күй кешкен туыстары "отбасын алып кетті" деген қыз бен күйеу баласы Ақбаян Мұханғалиева мен Сұлтан Сәрсенғалиевты құзырлы органдар елге неге алдырмай отыр деп наразы. Өйткені Наурыз Мұқанғалиевтың телефоны әлі қосулы, әлі желіде отыратынын айтады. Бірақ ешкімге жауап бермейді. Айта кетейік, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында тұраын бір отбасының мүшелері 66 жастағы үй иесі мен оның 64 жастағы жұбайы Нәсіп Өтешқалиева, 35 жастағы қызы Мейрамгүл Қарабалиева және 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев қарашадан бері жоқ. Жұмбақ жағдайда ғайып болған төрт адамды іздеу әлі де жалғасып жатыр. Дәл қазір келіп түскен ақпарат. Жоғалған үй иесі мен оның әйелі өлі күйінде табылды. Қос зейнеткерді өлтіріп, денелерін өз үйінің ауласындағы сарайға көміп тастаған. Қалғандарының жайы әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты егжей-тегжей ақпаратты полиция кейін таратуға уәде берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының құттықтауын Ақорданың баспасөз қызметі өкілдері жариялады. "Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді. Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады. Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді. Бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі. Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді. Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр үй құт-берекеге толсын!" - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: ерлі-зайыпты өлі табылды Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен отбасыға қатысты тың дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіттері табылды. Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр. "Аталған факт бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полиция. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Мән-жайы Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен. Полицияның мәліметінше, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылының тұрғындары қарашада өз үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Кейінірек әлеуметтік желілерде "Атырау облысында із-түссіз кеткен отбасының тағы екі мүшесі жоғалғаны" туралы ақпарат тарады. Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жауабына сүйенсек, бұл ақпарат ресми түрде тіркелмеген, қазір тексеріліп жатыр, туыстары арыз түсірмеген. Атырау облысы ПД Сонымен қатар, жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте жоғары лауазымды полицейдің ұсталуы: ҰҚК тергеуді бастады Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкентте жоғары лауазымды полицей ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Бұған дейін желіде ҰҚК Шымкентте ауқымды арнайы операция жүргізгені туралы ақпарат тараған болатын. Соның нәтижесінде қаладағы аудандық полиция басқармаларының бірінің басшысы пара алу кезінде ұсталды деген мәлімет шықты. Әңгіме шамамен 20 миллион теңге туралы болып отыр. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының басшысы, полковник Батырбек Мырзагелдиев ұсталған болуы мүмкін. Фото: t.me/kozachkow Tengrinews.kz редакциясы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады. ҰҚК пікірі ҰҚК берген жауапта аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды. "Аталған факт бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген жауапта. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның солтүстігінде Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері қайтыс болды 6 қаңтарда СҚО-дағы Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Федор Щеглов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Васильевич Щеглов өмірден озды. 99 жасқа толуына небәрі бірнеше күн қалған еді. Ол өңірдегі соңғы ардагер болатын", - деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов. Оның сөзінше, Федор Васильевичтің өмірі – төзімділіктің, адалдықтың және Отанға шексіз сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Ол әскери жолын 17 жасында бастап, 371-ші атқыштар дивизиясының құрамында ауыр жылдарды өткерді. Соғыстан кейін құрылыс саласында еңбек етіп, бейбіт заманда да елге адал қызметін жалғастырды. "Жыл сайын мен Федор Васильевичке барып тұратынмын. Оның әңгімелері - даналыққа, Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы еді. Сол естеліктер әрдайым жүрегімізде сақталады. Жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Федор Васильевичтің ерлігі, еңбегі және жарқын бейнесі солтүстікқазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады", - деді СҚО әкімі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Тоқаев жарлыққа қол қойды Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін", - делінген Жарлық мәтінінде. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада аяз, Алматыда жылы: 3 күндік ауа райы болжамы Синоптиктер Астана мен Алматыға арналған 7, 8 және 9 қаңтардағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы ауа райы болжамы 7 қаңтар – құбылмалы бұлтты, аздаған қар, боран. Жолдарда көктайғақ. Жел батыстан соғады, екпіні 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -11…-13 градус, күндіз -9…-11 градус. 8 қаңтар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады: екпіні түнде 3–8, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде -16…-18 градус, күндіз -10…-12 градус. 9 қаңтар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -12…-14 градус, күндіз -7…-9 градус. Алматыдағы ауа райы болжамы 7 қаңтар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5 градус, күндіз +3…+5 градус. 8 қаңтар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5 градус, күндіз +1…+3 градус. 9 қаңтар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7 градус, күндіз +3…+5 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды Шымкентте 80 миллион теңгеден аса сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеу деректеріне сүйенсек, оның бірнеше алаяқтық дерегіне қатысы бар. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады. "Алаяқтық эпизодтардың бірінде күдікті алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерді иемденіп кеткен. Сонымен қатар, ол шетелге арзан бағамен сапарлар ұйымдастырамын деп тұрғындардан ақша алып, турларды ұйымдастырмаған, қаражатты да қайтармаған", - деді полиция. Осы жайттар бойынша күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Кешенді жедел іздестіру шаралары нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Отбасы банк қызметіндегі ақаулар: несие төлей алмағандар не істеуі керек? Отбасы банк қызметтерінде ақаулар байқалды. Мобильді қосымша, "Баспана базары" және enpf-otbasy.kz порталы әлі күнге дейін істемей тұр. Клиенттер несиелерін төлей алмағандарына шағымданып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән жайы 5 қаңтарда Отбасы банк сервистерінің жұмысында уақытша шектеулер байқалды. Бұл техникалық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты екені айтылды. Скриншот: сайта enpf-otbasy.kz Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылдың 31 желтоқсаны мен 2026 жылдың 2 қаңтары аралығында банкте қаржы жылын жабу бойынша жұмыстар жүргізілген. Неге Отбасы банк әлі жұмыс істемей тұр? 2026 жылдың 3 қаңтарында сағат 03:00-де негізгі деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) есептеу қуаттарын Алматыдан Астанаға көшіру бойынша жоспарлы жұмыстар басталған. Бұл процесс сервистердің тоқтап қалуын барынша азайту мақсатында демалыс күндеріне жоспарланған. "Банк құрамында 40 сервер, 10 деректерді сақтау жүйесі және 6 желілік жабдық бар. Банк 10 технологиялық жабдық сөресін көшірді. Жабдықтарды тасымалдау банк қызметкерлерінің өз күшімен, үшінші тарап мердігерлері мен қосымша сервистерді тартусыз жүзеге асырылды. Бұл шығындарды оңтайландыру және қаражатты тиімді пайдалану мақсатында жасалды. Монтаждау және пайдалануға енгізу кезең-кезеңімен жүргізіліп, әрбір жүйе бойынша қосылымның дұрыстығы, жұмыс тұрақтылығы және деректердің тұтастығы тексерілді", - делінген хабарламада. Жүйелер қашан іске қосылады? Бастапқыда жүйелерді іске қосуды 2026 жылдың 5 қаңтары сағат 09:00-ге дейін аяқтау жоспарланған еді. Алайда техникалық қиындықтардың туындауына байланысты жүйелерді іске қосу кешіктірілген. Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша банк Colvir автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйесін (АБИС), төлем жүйесін, BPM, BPM 2.0, CRM, 300 нөмірі бойынша кіріс қоңырауларды өңдеу жүйесін, сондай-ақ бірқатар негізгі ішкі ақпараттық жүйелерді іске қосты. "Қазіргі уақытта цифрлық қызмет көрсету арналары кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр. Алдағы уақытты барлық аса маңызды ақпараттық жүйелер толық қалпына келтіріп, банктің штаттық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр", - делінген хабарламада. Төлем жасай алмағандар не істеуі керек? 2026 жылдың 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қаңтар күндеріне жоспарланған кредиттер бойынша ай сайынғы төлемдерді клиенттер 2026 жылдың 7 қаңтары сағат 20:00-ге дейін төлей алады. Бұл ретте банк оны мерзімі өткен берешек ретінде есептемейді және өсімпұл есептемейді. Аталған кезеңдегі мерзімінен кешіктірілген төлемдер туралы ақпарат кредиттік бюроға жіберілмейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көлік нөмірін таңдау: тың мәлімет айтылды Қазақстанда көлік нөмірін алу рәсімін жеңілдету жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бірінші орынбасары Ростислав Коняшкин соңғы күндері мамандандырылған ХҚКО-ларда көп адам жиналуы бірнеше факторларға байланысты екенін хабарлады: мамандандырылған ХҚКО-лардың ұзақ мерекелік демалыс күндері жабық болуы және қонақүй бөлмелерін таңдау бойынша жаңа қызметтің іске қосылуы. "Иә, шынымен де, мұндай жағдайлар тек жаңа қызметтер іске қосылған кезде ғана туындамайды. Ұзақ мерекелерден кейін әрқашан адамдар көп болады. Бұл ретте нөмірлерді таңдау қызметі іске қосылды. Ел бойынша шамамен 11 000 өтінім келіп түсті", - деді Коняшкин. Оның сөзінше, қазіргі уақытта мамандандырылған ХҚКО-ларда осы қызметке жауапты операторлар саны арттырылған, сондықтан жаппай кезек күтілмейді. Коняшкиннің сөзінше, осы аптада нөмірлерді eGov мобильді қосымшасы арқылы онлайн таңдау мүмкіндігі іске қосылады. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет" те цифрлық сервисті іске қосуды жоспарлап отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Стоматология арқылы зейнетақы қаржысын алу: он бір адам қамауға алынған Қаржылық мониторинг агенттігі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-дан азаматтардың жинағын заңсыз алу деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қанша адам қамауда? ҚМА мәліметінше, зейнетақы жинағы стоматологиялық қызмет көрсету туралы шарттар жасасу және кейін жалған медициналық құжаттар ұсыну арқылы алынған. "Бұл көмек үшін күдіктілер қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы ұстап отырған. Қылмыстық схемаға 42 стоматологиялық клиника тартылған. Жалпы сомасы 200 млрд теңгеден аса қаражат алынған. Қылмыстық жолмен келген табысқа күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, оны жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан. Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп жазылған хабарламада. Жалпы қаражат сомасы Агенттік мәліметінше, жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері де дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) жалған қорытындыларын берген. Күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы - 30 млн теңге. Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексерулер басталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді. Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы мәлімет берді. Мәселен, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінің «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі іске қосылғаннан бері 500-ге жуық ұсыныс келіп түскен. Халық арасынан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жолданған ұсыныстар мен бастамаларды талдау, жүйелеу жұмыстары жалғасып жатыр. Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бұған дейінгі отырыстарында бір палаталы Парламентті қалыптастыру және оның заңнамалық функцияларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 9 қаңтарға жоспарланған Жұмыс тобының кезекті жиынында қалған бағыттар бойынша ұсыныстар егжей-тегжейлі қаралады. Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші Президентке Ұлттық құрылтайдың жұмыс секциялары бойынша желтоқсан айында өткен отырыстың қорытындылары және Құрылтайдың алдағы бесінші басқосуына дайындық барысы туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті реформалау саяси жүйені трансформациялау үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, алда ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанына назар аударды. Сондай-ақ барлық бастаманы жан-жақты саралап, оның негізінде конституциялық реформаның базалық тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бектенов үкіметке: “Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар“ Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық сұхбаты Үкімет жұмысының басым бағыттарын айқындап бергенін айтты. "Президенттің бағдарламалық сұхбаты таяу болашақта біздің алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар оларды табысты жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салып жұмыс жасауы керек. Сөзден іске кірісіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау дегеннің бәрін доғарсаңыздар. Нәтиже болмаса оның бәрі бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Біз бұл мәселені шешеміз", - деді Олжас Бектенов. Премьер-министр орынбасарларына барлық тапсырмалардың орындалу барысын өз бағыттары бойынша үйлестіруді тапсырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда танымал шайлардан қауіпті қоспалар табылды Қазақстанда қара шайдың кейбір түрлерін импорттауға және сатуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері тиісті қаулыға 5 қаңтарда қол қойған. Тексерулер барысында қолданыстағы ережелер бойынша тыйым салынған тағамдық бояғыштары бар қара шайды өндіру және сату жағдайлары анықталған. Тыйым салынған қоспалар және таңбалау ережесін бұзу "Сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары "күн батуы" (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу деректері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді", - делінген хабарламада. Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді. Қандай шай брендтеріне тыйым салынды? Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды: "Апамның шәйі Premium gold", "Al-Hayat" Golg, "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі "Orda Trade Astana" ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі; "Sultan Suleyman", "Pakistan tea", өндірушісі "Real Trade Astana" ЖШҚ (Астана) "БАЛҚИЯ Premium gold", өндіруші "Аль-Хадия"ЖҚ (Алматы); "Aje Onim", өндіруші "Орда Чай"ЖҚ (Алматы) "Кальций"ЖШС тапсырысы бойынша: "Al-Hayat"Golg, өндіруші "Empire KENIY E.P.Z. Limited"(Алматы облысы); "Al-Jannat Premium", өндіруші "Ferdaus"ЖҚ (Алматы); "Alfarah"(өндірушісі қаптамада көрсетілмеген). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар, боран және тұман: 6 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады? 6–8 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклондар әсер етіп, елдің көп бөлігінде қар мен жауын-шашын күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметіне сілтеме жасап. Астана – қар, боран, күндіз көктайғақ, жел күшейеді, түнде −9…−11 градус, күндіз −2…−4 градус. Алматы – жауын-шашынсыз, тұман, түнде −3…−5 градус, күндіз +2…+4 градус. Шымкент – жауын-шашынсыз, тұман, түнде −2…−4 градус, күндіз +3…+5 градус. Қалған өңірлерде де қар, боран, көктайғақ және тұман күтіледі, кей жерлерде жел екпіні 20–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Батыста – жаңбыр мен қар, көктайғақ; Солтүстік, шығыс және орталықта – қар, боран; Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Еліміз бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда бір аптаға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды Алматыда бір аптаға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? 2011 жылы туған жасөспірім 30 желтоқсанда Есенов көшесіндегі үйінен шығып, телефонын жөндетуге кеткен, бірақ үйіне оралмаған. Сол кезде Алматы Полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың жоғалу дерегі бойынша іздестіру ісін қозғаған. Жасөспірім табылды "Қоғам" жасағының мәліметінше, жасөспірім 5 қаңтарда кешке табылған. "Қоғам" отряды жеделдік пен кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ жанашырлық танытып, белсенді қатысып, қолдау көрсеткен еріктілерге және бейжай қалмаған әрбір адамға шынайы алғысын білдіреді", – делінген хабарламада. Басқа мәліметтер хабарланбаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жұмбақ жағдайда жоғалған отбасының ісі “адам өлтіру“ бабымен тергеліп жатыр Атырау облысында жоғалған отбасына қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықовтың айтуынша, бұл іс бойынша расталмаған түрлі ақпарат тарап кеткен. "25 желтоқсанда төрт адам жоғалғаны туралы ақпарат түскен сәттен бастап еліміздің аумағында кешенді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес екі немесе одан да көп адам жоғалуы "Адам өлтіру" бабы бойынша сараланады. Осыған байланысты қазір жоғалған отбасының орналасқан жерін анықтау және оларды табу мақсатында жедел іздестіру және тергеу іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр", - деді ПД өкілі. Тергеу аясында медициналық мекемелер, оның ішінде жекеменшік клиникалар да тексеріліп жатқаны белгілі болды. "Жоғалған адамдардың ұялы телефондарынан сигналдар Қазақстан аумағында бірнеше рет тіркеліп, қосылып-сөндірілгені анықталды, соңғы тіркелген дерек Шымкент қаласында болған. Іздестіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жедел тергеу тобы құрылып, оған Ішкі істер министрлігінің мамандары да жұмылдырылды", - деді өңір полициясы. Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, қазір бұл отбасының кіші қызы мен күйеу баласы шет мемлекетте жүргені анықталған. "Алайда туыстары олардың жоғалуына байланысты арыз түсірмеген. Соған қарамастан құқық қорғау органдары тексеріс жұмыстарын бастады", - деді полиция. Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында жоғалған отбасы әлі де іздестіріліп жатқаны хабарланды. 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен. Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары қарашада өз үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Кейінірек әлеуметтік желілерде "Атырау облысында із-түссіз кеткен отбасының тағы екі мүшесі жоғалғаны" туралы ақпарат тарады. Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жауабына сүйенсек, бұл ақпарат ресми түрде тіркелмеген, қазір тексеріліп жатыр, туыстары арыз түсірмеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк теңгеге қатысты жағдайды түсіндірді Ұлттық банк валюта нарығы туралы хабарлама жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желтоқсанның қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ долларына шаққанда 505,73 теңгеге дейін, яғни 1,3 пайызға нығайған. Ал Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір ай ішінде 280 миллион АҚШ долларынан 359 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайған. Сауда-саттықтың жалпы көлемі - 7,9 миллиард АҚШ доллары. "2025 жылдың қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ долларына шаққанда 525,10 теңгеден 505,73 теңгеге дейін, яғни 3,7 пайызға нығайды. Сауда-саттықтың жиынтық көлемі жылдық есеппен 15 пайызға ұлғайып, 63 миллиард АҚШ долларына жетті", - деп жазылған хабарламада. Республикалық бюджетке трансферт бөлу, "Талдықорған – Үшарал" магистраль газ құбырын салу жөніндегі жобаны қаржыландыру мақсатында 2025 жылғы желтоқсанда Ұлттық қордан 400 миллион АҚШ долларына валюта сатылған. Бұл жалпы сауда-саттық көлемінің 5 пайызы немесе күніне шамамен 18 миллион АҚШ доллары болады. Жалпы 2025 жылы Ұлттық қордан 8,2 миллиард АҚШ долларына валюта сатылған. "2026 жылғы қаңтарда Ұлттық қордан 350 миллион АҚШ долларынан 450 миллион АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада. Ұлттық банк мәліметінше, 2026 жылғы I тоқсанда шамамен 1,1 триллион теңге баламасында шетел валютасын сату жоспарланып отыр. Желтоқсанда Ұлттық банк валюта интервенциясын жүргізген жоқ. Сонымен қатар, желтоқсанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ доллары сатып алынған жоқ. Қаңтарда да валюта сатып алу жоспарланбаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Пәтер, 5 көлік және мейрамхана: Қызылорда облысында қылмыстық жолмен табыс тапқандар әшкере болды ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген. Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 миллиард теңгеден асқан. "Сонымен қатар, күдіктілер "Fresh", "Butterfly", "CrystalOrganic", "Траутвайт НОН киви" және "SkittyShop" Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған. Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған", - делінген хабарламада. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданған. Екі күдікті қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда түзеу мекемесінің бұрынғы бастығы сотталды Павлодарда сот № 45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін кінәлі деп танылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Атап айтқанда, колонияның бұрынғы басшысы белгілі бір сыйақы үшін кейбір сотталғандарға жазасын өтеу үшін артықшылықты жағдай жасаған. Сондай-ақ, мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурордың белсенді және қорлайтын ұстанымының арқасында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қызметтік ақпаратты жария етуге жол берілгені дәлелденді", - делінген хабарламада. Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот сотталушыны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, подполковник арнаулы атағынан айыра отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көлік нөмірін таңдау: Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда ұзын-сонар кезек пайда болды Қазақстанда жаңа қызметтің енгізілуіне байланысты арнайы ХҚКО-ларда кезек көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Енді қазақстандықтар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін цифрлық және әріптік белгілері бойынша өз қалауы бойынша таңдай алады. Бұл өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Осыған байланысты 5 қаңтарда еліміздің бірқатар өңіріндегі арнайы ХҚКО-ларда ұзын-сонар кезек пайда болды. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда, әсіресе Ақтау мен Алматыдағы арнайы ХҚКО-ларда адам көп жиналғаны көрінеді. Аталған жағдайға байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі пікір білдірді. Корпорация мәліметінше, мемлекеттік тіркеу нөмірін еркін таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттың кеңінен таралуына байланысты арнайы ХҚКО-ларда қызмет алушылар саны артқан. Сонымен қатар, барлық арнайы ХҚКО қалыпты режимде жұмыс істеп жатқаны, азаматтарға қызмет көрсету әдеттегі тәртіппен жүргізіліп жатқаны және ақпараттық жүйелерде ешқандай техникалық ақау тіркелмегені айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда темекі қымбаттады Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағалары өсті. Бұл туралы қаржы министрінің бұйрығында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, 2025 жылы "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26923 болып тіркелген) өзгеріс енгізілген. Онда "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 970 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін" делінген. Бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар мобильді интернет сапасы нашарлағанына шағымданды Қазақстандықтар мобильді интернетке қатысты қиындықтарға тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде байланыс сапасына қатысты шағымдар тарап жатыр. Әсіресе Алматы тұрғындары интернеттің таңғы уақыттан бастап істемей қалғанын жеткізді. Tengrinews.kz тілшісі байланыс операторларының баспасөз қызметіне сауал жолдағанымен, материал жарияланған сәтке дейін ресми жауап келмеді. Ал Kcell/Activ компаниясының call-орталығы интернеттегі ақаулар операторға қатысты емес екенін мәлімдеді. Компания өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелгені туралы ақпарат түскен. Бұл мәселе нақты телефон модельдеріне немесе оператордың техникалық ақауына байланысты емес. Абоненттерге мобильді интернеттің қалпына келуін күту ұсынылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан халқының саны қанша? Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны қанша болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамға жеткен. Жыл басында елде 20 283 399 адам тұрған. 2025 жылдың басынан бергі жалпы халық өсімі 195 480 адамнан асты. Халық саны ең көп өңірлер Ең тығыз қоныстанған өңірлер: Алматы – 2 345 012 адам; Түркістан облысы – 2 148 168 адам; Астана – 1 630 640 адам; Алматы облысы – 1 592 652 адам. Халқы бір миллионнан асатын өңірлер: Шымкент – 1 291 011 адам; Жамбыл облысы – 1 215 892 адам; Қарағанды облысы – 1 131 438 адам. Халық саны ең аз өңірлер Сонымен қатар, Қазақстанда халқы аз өңірлер де бар: Ұлытау облысы – 219 200 адам; Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам; Абай облысы – 596 000 адам. Айта кетейік, қазақстандықтардың басым бөлігі қалада тұрады. Қала халқының саны 13 013 064 адам, ал ауылдық жерлерде 7 465 815 адам тұрады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 5 қаңтарда Астана уақытымен сағат 10:15-те Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында тіркелген. Жерасты дүмпулерінің ошағы Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 болды. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,2 болған. Эпицентрі Қордайдан солтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым жерде орналасқан. Еске сала кетейік, 2025 жылдың 23 желтоқсанында қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген қазақстандық Ресейден ұсталды Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокуратура аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. "Күдікті 2024-2025 жылдар аралығында Таразда өзін коммерциялық ұйымның қызметкерімін деп таныстырып, қаражатты инвестициялау арқылы жоғары табысқа уәде беріп, азаматтарды әртүрлі тауарларды көтерме сатып алу және кейіннен сату бойынша бірлескен кәсіппен айналысуға шақырған. Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, алған ақшасын жымқырып, қажеттілігіне жұмсаған", - делінген хабарламада. Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 миллион теңгеден астам залал келтірілген. "Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Былтыр тамызда күдікті Ресейде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда 14 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті Алматыда 30 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған 14 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратқа сәйкес, 2011 жылы туған Тигран Шибаев 30 желтоқсанда Есенов көшесіндегі үйінен шығып, телефонын жөндетуге кеткен. Алматы Полиция департаменті мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың жоғалу дерегі бойынша іздестіру ісі қозғалған. Іздеу жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Іске полиция бөлімшелерінің қызметкерлері мен еріктілер тартылған. Полиция жасөспірімнің бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалғанын айтты. "Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, оны табу және үйіне қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. Егер іздеуге көмектесетін қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “сіз кімсіз?“ деген сұраққа бір сөзбен жауап берді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында өзінің жеке басы мен мемлекеттік қызметке деген көзқарасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Жұрт Сізді жеке тұлға ретінде де тани түскісі келеді. Сіз жеке өміріңізді көпшілікке жария етуді ұната бермейтін сияқтысыз. Өзіңізді жақсы білетін адамдар "ол жазба мәтіндерге өте мұқият қарайды және асқан табандылықпен жұмыс істейді" дейді. Жеке басыңызға қатысты осындай сұрақтар аз емес. Осының бәрін қорыта айтсақ, Сізді жан дүниесі мен мінез-құлқы қандай адам деуге болады?" - сұхбатта Президентке деген сұрақ қойылды. "Мен 1975 жылы КСРО сыртқы істер министрлігінің табалдырығын алғаш рет аттадым, мемлекеттік қызметке келгеніме былтыр 50 жыл болды. Алғашқы мамандығым бойынша мен – қытайтанушымын. Бұл кәсіп айрықша табандылықты қажет етеді. Шынымен де, мәтінмен жұмыс істеуге әбден дағдыланғанмын, нашар стильді, әсіресе, әріп қатесін суқаным сүймейді. Жолдауларымды, сөйлейтін сөздерімді, мақалаларымды, тіпті, әріптестеріме жолданатын хаттардың бәрін тікелей өзім қарайтынымды аппараттағылардың барлығы біледі", - деді Мемлекет басшысы. "Саналы ғұмырым темірдей тәртіпті, зор жауапкершілікті, жүйелі жұмыс істеуді талап ететін мемлекеттік қызметте өтіп келеді. Мұның бәрі менің мінез-құлқым мен дүниетанымыма өз әсерін тигізді. Сондықтан, "Сіз кімсіз?" деген сипаттағы сауалыңызға қысқаша ғана "мен – мемлекетшіл адаммын" деп жауап берейін", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Төңкеріс“ жасауға әбден машықтанған мамандар“ - Тоқаев Қаңтар туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында Қаңтар оқиғалары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қаңтар оқиғасын талқылайтындар көбінесе сол кездегі дағдарыстың түпкі мәнін түсінуге еш пайдасы жоқ дүниелерді қазбалап кетеді. Сол үшін оларды кінәлауға да болмас. Дегенмен, ақиқат жолында ешқашан қызбалыққа салынбау керек. Алматыдағы аласапыран туралы жиі айтылып жатады, мұны түсінуге де болады. Бірақ, зұлымның сиқырлы таяқшасымен жасалғандай адам сенгісіз жағдайлар болғанын да естен шығармау керек. Нақтырақ айтқанда, бүлікті ұйымдастырушылардың әмірімен бір мезетте он екі қалада жаппай тәртіпсіздік белең алды. Оның арты қаскөйлердің көптеген облыс әкімдіктері мен құқық қорғау органдарының ғимараттарын басып алуына әкеп соқтырды", - дейді Президент. Оның сөзінше, "төңкеріс" жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар Үкіметтің жанар-жағармай бағасын өсіру туралы шешімін желеу етіп, адамдарды жаппай шеруге шығуға итермеледі. "Сосын азаматтардың, мемлекеттік қызметшілердің, бір таңғаларлығы, күштік құрылым қызметкерлерінің едәуір бөлігінің арасында дүрбелең туғызды. Олар қару-жарақ пен құпия құжаттарды қараусыз қалдырып, жұмыс орындарын тастап, кете бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ішкі істер министрлігінің кейбір басшылары сын сағатта Отан алдындағы адалдығын сақтап қала алмады, кәсіби деңгейі де төмен екенін көрсетті. Осындай жағдай, әсіресе, бүлікшілердің басты нысанасы болған Алматыда анық байқалды. Әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатты қорлыққа ұшырады. Әкімшілік ғимараттар, сауда орталықтары, дүкендер мен банктер қирап, өртке оранып, тоналып жатты. Мұндай жүгенсіздікке қарсы төтенше шаралар қабылдау қажет болды. Қазір, арада біраз уақыт өткен соң, пиғылы арам әрі сана-сезімі таяз кейбір адамдар мемлекетіміздің елді құрдымға жібере жаздаған сұмдық берекесіздіктен аман қалғаны жайлы әңгімені әдейі айналып өтіп, қасақана ойына келгенді айтып жүр". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаевтың 2026 жылға қатысты болжамы қандай? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген көлемді сұхбаты жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президентке "Қазақстанның дамуы туралы айтар болсақ, осы жылдан не күтесіз? Алда қандай маңызды оқиғалар болады? Мақсат-мұраттарыңыз қандай?" деген сұрақ қойылған. "Биыл көп жұмыс істеуіміз қажет екенін айтып өттім. Ауқымды саяси өзгерістердің жаңа кезеңі басталады, экономикалық реформалар жалғасын табады. Еліміз жаңғыру жолына біржола түсіп, қоғамымыздың болмысы мен бет-бейнесін түбегейлі өзгертуге тиіс. Азаматтарымыз жаңа дәуірге бейімделуі қажет. Бұл – оңай шаруа емес. Бірақ, халқымыз, соның ішінде жастарымыз алмайтын асу жоқ. Бұған кәміл сенемін". "Мен осы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияладым. Бұл еліміз үшін тарихи мүмкіндік екенін жаңа ғана айтып өттік. Түбегейлі цифрлық өзгерістер жасап, жасанды интеллектіні енгізу экономиканың және басқа да көптеген саланың дамуына тың серпін береді. Мемлекетті басқарудан бастап, білім беру және денсаулық сақтау саласына дейін – барлық бағытта өсіп-өркендеуге жол ашады". Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы – еліміз үшін айтулы дата әрі осыған дейін жүріп өткен жолымызды ой елегінен өткізіп, болашаққа жоспар құратын сәт. Тәуелсіздіктің мерейлі белесін ас та төк науқаншылдыққа айналдырмау керек, бұл Қазақстанның өсіп-өркендеуінің символы болуға тиіс, дейді Мемлекет басшысы. "Мен Президент ретінде "Таза Қазақстан" акциясын алдағы уақытта да ерекше назарымда ұстаймын. Бұл жұмыстың мән-маңызы өте зор. Себебі, "Таза Қазақстан" жұртты үнемшіл әрі ақпейіл болуға, даңғазалықтан арылуға, үнемі ізденіп, алға ұмтылуға, ортақ жауапкершілікті ұмытпауға, елге жанашырлық танытып, қайырымдылық жасауға үндейді. Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Бұл қадам "Таза Қазақстан" идеясымен толық үндеседі. Мен осы жалпыхалықтық қозғалысты айрықша маңызды идеологиялық акция деп санаймын. Өйткені, тазалық дегеніміз – мағынасы терең, мазмұны сан қырлы ұғым. Тазалық ұғымы жан дүниенің де, жер дүниенің де тоқырауын емес, гүлденуін, кіршіксіз таза болуын білдіреді. Түптеп келгенде, тазалық ұлт болмысының өзегіне айналуға тиіс", - деді Президент. Сонымен қатар, "Биыл саяси тұрғыдан алғанда қандай жыл болмақ?" деген сұраққа былай жауап қатқан: "Қазірдің өзінде нақты айта аламын: биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады. Мен конституциялық реформаға қатысты референдум өтетінін алдын ала айттым. Қазір сарапшылар тобымен бірге Ата заңымыздың редакциясына қатысты ұсыныстарды қарап жатырмын. Жоспарланған өзгерістер өте көп, бәрі тұтаса келгенде жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасаймыз деуге болады". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Путин маған Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын айтқан еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген көлемді сұхбаты жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат барысында Президент көп талқыланған сауалдарға да жауап қатқан. "Жаңа жыл қарсаңында Кремльде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысымен тағы да кездесті. Кремльге қарасты ақпарат құралдары бұл жайында кеңінен мәлімет таратты. Кездесу туралы көптеген пікір айтылып, өсек-аяң өрбіді. Тіпті Қазақстанда 2029 жылы болатын билік транзиті туралы сөз қозғалыпты, Назарбаев Владимир Путиннің тікелей қолдауымен сол істе ең басты рөл атқарғысы келеді екен деген алып-қашпа әңгіме шықты. Сіз былтырғы сұхбатыңызда тұңғыш президент партияның ірі қайраткері ретінде көп уақытын өткізген Мәскеуді сағынатын болар, сондықтан ол жаққа жиі барады деп түсіндірген едіңіз. Дегенмен көптеген азамат сіздің осындай "саммиттерге" шынайы көзқарасыңызды білгісі келеді" деген сұраққа Мемлекет басшысы былай жауап берді. "Тұрақты түрде өткізіліп жүрген кездесулер бейресми сипатқа ие. Мұны Ресей президентінің өзі де атап өтеді. Таяуда өткен Санкт-Петербургтегі басқосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын айтқан еді. Ресей президентінің ерекшелігі: ол достарымен және әріптестерімен жылы қарым-қатынас құра біледі. Жұмысы өте қарбалас болса да, сенбі күні Қазақстанның тұңғыш президентімен асықпай әңгімелесуге уақытын бөлді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразиядағы ықпалдастық үдерісінің бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде бағалайды. Ресей бұл үдерісте жетекші рөл атқарып отыр. Кремльдегі кездесу Владимир Путиннің адамгершілігі жоғары екенін көрсетеді. Ондай әңгімелер барысында не айтылғаны маған қызық емес, бұл туралы ешқашан сұрақ қоймаймын. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына келер болсақ, мен оны қазіргі қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған тұлға деп санайтынымды бірнеше рет айттым. Оның мемлекеттік институттарды және экономиканың нарықтық тетіктерін құру, жаңа астанамызды салу жолындағы еңбегін бәрі біледі. Өзіңізге мәлім, біз Қазақстанды Әділдік, Заң және Тәртіп орнаған ел еткіміз келеді. Сондықтан ешкімді алаламай, әр азаматтың еңбегін әділ бағалау керек. Бұл еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да қатысты", - деді Президент. Ал билік транзиті туралы сұраққа Қасым-Жомарт Тоқаев былай жауап берген: "Бұл жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Мұндай пікірлерден хабарым бар“ - Тоқаев Антикор функцияларын ҰҚК-ге беру туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне көлемді сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес функцияларын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берудің мәні сұралды. "Кейбір оқырмандар әлеуметтік желіде сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болудан қалды деген сыңайда пікір айтып жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дербес мәртебесі жойылғанын осының бір дәлелі ретінде келтіреді. Бұл реформаның мәні неде?" "Мұндай пікірлерден хабарым бар. Оның бәрін дұрыс түсінбеушілік немесе кейбір «арам ойлы» адамдардың бос әңгімесі деп санаймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дербес мемлекеттік орган ретінде өзіне жүктелген міндетті табысты орындады. Оған кінә арта алмаймыз. Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жемқорлықпен күреседі. Екі мекеменің бір міндетті қабаттаса атқаруы мемлекеттік маңызы бар жұмысқа кесірін тигізе бастады", - деді Президент. Оның сөзінше, сыбайлас жемқорлықпен барлық деңгейде күресу мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Бұған қатысты ешқандай күмән тумауға тиіс. "Қабылданған шешім қатардағы жемқорларды ғана емес, қылмыстық әрекеттің идеологтары мен ұйымдастырушыларын да жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қылмыстың алдын алу үшін түсіндіру және ағарту жұмыстарына әдеттегідей айрықша назар аударылады. Қазір бұл – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құзырындағы міндет. Жалпы, жемқорлықтан аулақ болу қажеттігін балалардың құлағына жастайынан құя берген жөн. Бұл жерде мектептер, қоғамдық ұйымдар, белсенді азаматтар, әсіресе, ата-аналар шешуші рөл атқаруға тиіс. Сол кезде елімізде жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа мүлдем төзбеу мәдениеті қалыптасады". Ұлттық қауіпсіздік комитеті санмен әуестенбей, сапаға мән беріп, жемқорлыққа қарсы нақты жұмыс жүргізеді. Сонда мемлекеттік қызметшілер құқық қорғау қызметкерлеріне жалтақтамай, батыл шешім қабылдайтын болады, дейді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев салық реформасының негізгі міндетін атады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында салық реформасының негізгі мақсатын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің сөзінше, реформа қатардағы "фискалдық науқан" емес, салық жүйесін қайта құру деген сөз. "Алдымызда тұрған басты міндет – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Үкіметке ашық әрі ұғынықты Салық кодексін әзірлеу тапсырылды. Министрлер кабинетінің бұл тапсырманы қаншалықты табысты орындап шыққанын биыл көретін боламыз", - дейді Президент. Тоқаев бұрынғы Үкімет қосымша құн салығын, тіпті, 20 пайызға дейін көтеруді ұсынғанын айтты. Олар фискалдық саясатта қателік жіберілгенін ескере отырып, мұндай қадамның өте қажет екенін мойындады. "Талқылау барысында қазіргі Үкімет те қосымша құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді ұсынды. Алайда, мен Үкіметке оның жоғарғы шегін 4 сатыға төмендету туралы тапсырма бердім". Жаңа Салық кодексінде бақылау жасауға емес, өзара серіктестік орнатуға баса мән беріледі, яғни, осы үдеріске қатысушылардың бәрі – мемлекет те, бизнес те, азаматтар да өз міндетін адал орындауға тиіс. "Бірін-бірі өзара толықтырып тұратын мұндай жүйеде салық төлеу ауыртпалық ретінде қабылданбайтын болады. Түптеп келгенде, салық төлеу дегеніміз – заманауи қоғамдық келісімшарт деген сөз. Салық төлесеңіз – қызмет көрсетіледі, инфрақұрылым салынады, қауіпсіз орта қалыптасады, тың мүмкіндіктер пайда болады. Керек десеңіз, бұл – әділдік болу үшін жүктемені қайта бөлу құралы, әлеуметтік тұрғыдан әлсіздерді қолдау және экономикалық тұрғыдан "белсенді ортаны" одан әрі дамыту тәсілі". Мемлекет басшысыныңы сөзінше, бүкіл әлемде фискалдық саясаттың тиімділігі оны жүргізудің сапасымен, жұрттың салық жөніндегі сауатымен және қоғамның сана-сезімімен өлшенеді. "Салық төлеу мәдениеті дәл осылай қалыптасады. Салық төлеу бұрын міндет болса, енді отаншылдықтың озық үлгісіне айналады. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам құрудың төте жолы деуге болады. Себебі, салығын адал төлейтін азаматтар өз қаржысының алаяқтардың қалтасында кеткенін мүлдем ұнатпасы анық", - деді Президент сұхбатында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2026 жылдың 5 қаңтарында Атырау мен Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Тоқаевтың көлемді сұхбаты жарияланды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген сұхбаты жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбаттың толық мәтіні: – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, Turkistan газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. – Turkistan газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең ықпалды басылымның бірі. Газеттің атауында да өте үлкен мән-мағына бар. Басылым тілшілері ел ішіндегі өзекті мәселелермен қатар, тұтас түркі жұртына ортақ тақырыптарды да көтеріп жүреді. Бұл өте жақсы дәстүр деп санаймын. Шетелде жұмыс істеп, түрлі салада табысқа жеткен қазақтар туралы мақалаларды қызығушылықпен оқимын. Қазақстан мен өздері тұрып жатқан елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып жүрген осындай үш азаматты арнайы марапаттадым. Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр. Себебі, әлеуметтік желі адамның ойлау (танымдық) қабілетіне зор зиян келтіріп жатыр. Жасы қырыққа жетсе де, білімі мен ой-өрісі он бес жастағы жасөспірімдер деңгейінде қалып қойған азаматтарды қазірдің өзінде кездестіруге болады. Өз басым мерзімді баспасөзді жас кезімнен үзбей оқитыным рас. Әлі күнге дейін осы әдетімнен жаңылған емеспін. Қазіргі таңда баспасөз заман талабына бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр. Газет тілшілері жан-жақты шолулар мен терең сараптамалар жасауға баса мән береді, ағартушылықпен айналысады. Кәсіби әрі өз ісіне адал журналистер сапалы материалдар әзірлеп, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға елеулі үлес қосып келеді. Мен сүйікті Отанымыздың игілігі үшін барлық салада табысты еңбек етіп жүрген мықты азаматтар туралы мәліметтерді көбінесе газеттерден аламын. Ел ішіне кең таралған TikTok, Instagram немесе Telegram арналары еңбек адамдарының шынайы тыныс-тіршілігінен алыс екенін өзіңіз де жақсы білетін шығарсыз. Қоғамымыз елең етерлік жаңалық оқып, бейнежазба көрумен шектелмей, мән-мағынасы терең ақпараттың да қадірін білгені дұрыс деп санаймын. Көптеген жастарымыздың да дәл солай ойлайтынына қуанамын. Себебі, олар адамды тығырыққа тірейтін елес-қиял әлемінде өмір сүруді емес, нағыз білім-ғылым жолына түсуді мақсат тұтады. Оқу мәдениеті жоғары елдер әрдайым жаһандық дамудың алғы шебінде бола беретіні сөзсіз. Бұған еш күмәнім жоқ. – Сұхбатымыздың бас жағында әдеттегідей өткен жылдың қорытындысы туралы сұрағым келеді. Былтыр өте көп оқиға болғаны белгілі. Дегенмен, 2025 жылдың басты нәтижесі қандай деп ойлайсыз? – Шынымен де, айтулы оқиғалар аз болған жоқ. Көзді ашып-жұмғанша бір жыл өте шықты, бұл сұрағыңызға табан астында жауап бере қою қиын. Мысалы, экономикамыз 6 пайыздан астам өсті. Ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллар межесіне жетіп, жан басына шаққанда 15 мың доллардан асты. Бұл – елімізбен қатар, бүкіл өңір үшін рекордтық көрсеткіш. Жалпы, ойдағыдай жұмыс істелді деуге болады. Бірақ, мен барлық мемлекеттік қызметшілерге тоқмейілсіп, масайрап отыруға мүлде болмайтынын үнемі айтамын. Шығыс халықтары "Тегіс жолдың өзінде тосқауыл бар" дейді. Біз тынымсыз еңбектеніп, тек алға ұмтылуымыз керек. Оның үстіне, түйіні тарқатылмаған түйткілдер аз емес. Бұл – ең алдымен, инфляция деңгейінің жоғары болуы. Соның салдарынан азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған еңбектің бәрі текке кетіп жатыр. Биыл Үкімет пен әкімдер мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық тұғырын нығайту үшін көп жұмыс істеуі керек. Дей тұрғанмен, еліміздің реформаларды жүзеге асыруға біржола бет бұрғанын өткен жылдың басты қорытындысы деуге болады. Қазақстан жаңғыру жолында қарышты қадам басып, барынша өркениетті ел бола бастады. Қоғамда өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін түбегейлі өзгеріс жасау аса маңызды екені туралы нақты түсінік қалыптасты. АҚШ президенті Трамптың "ақылға сыйымды ой" стратегиясының ықпалымен жаһандану үдерісі кейінге ысырыла бастады. Біз де Қазақстанда әділдік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық сияқты мемлекетіміздің болашағы үшін айрықша маңызды қағидаттарға негізделген қоғам құрып жатырмыз. Ұзақ мерзімге арналған нәтижеге жету үшін бұл жұмыс жаңа жылда екі есе тың қарқынмен жалғасын табады. – Былтыр жаңа Салық кодексі қызу талқыға түсті. Жұрттың көкейіне күдік-күмән ұялап, көптеген сауал туындады. Бір жағынан, қажетті экономикалық реформаларды жүргізуге мүмкіндік беретін, екінші жағынан, азаматтардың тұрмыс жағдайын төмендетіп жібермей, таразы басын тең ұстайтын тиімді жол бар ма? – Әрине, салық реформасы – өзекті мәселе және бұған қатысты пікірталастардың болуы әбден түсінікті. Дегенмен, ел ішінде дүрбелең туғызып, жұртты дүрліктірудің ешқандай жөні жоқ. Мұндай реформа көптеген елде жүргізіліп жатыр. Мысалы, Ресейде қосымша құн салығы жуырда 22 пайызға дейін көтерілді. Біздің реформамыз – қатардағы "фискалдық науқан" емес, салық жүйесін қайта құру деген сөз. Алдымызда тұрған басты міндет – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Үкіметке ашық әрі ұғынықты Салық кодексін әзірлеу тапсырылды. Министрлер кабинетінің бұл тапсырманы қаншалықты табысты орындап шыққанын биыл көретін боламыз. Бұрынғы Үкімет қосымша құн салығын, тіпті, 20 пайызға дейін көтеруді ұсынды. Олар фискалдық саясатта қателік жіберілгенін ескере отырып, мұндай қадамның өте қажет екенін мойындады. Талқылау барысында қазіргі Үкімет те қосымша құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді ұсынды. Алайда, мен Үкіметке оның жоғарғы шегін 4 сатыға төмендету туралы тапсырма бердім. Жаңа Салық кодексінде бақылау жасауға емес, өзара серіктестік орнатуға баса мән беріледі, яғни, осы үдеріске қатысушылардың бәрі – мемлекет те, бизнес те, азаматтар да өз міндетін адал орындауға тиіс. Бірін-бірі өзара толықтырып тұратын мұндай жүйеде салық төлеу ауыртпалық ретінде қабылданбайтын болады. Түптеп келгенде, салық төлеу дегеніміз – заманауи қоғамдық келісімшарт деген сөз. Салық төлесеңіз – қызмет көрсетіледі, инфрақұрылым салынады, қауіпсіз орта қалыптасады, тың мүмкіндіктер пайда болады. Керек десеңіз, бұл – әділдік болу үшін жүктемені қайта бөлу құралы, әлеуметтік тұрғыдан әлсіздерді қолдау және экономикалық тұрғыдан "белсенді ортаны" одан әрі дамыту тәсілі. Бүкіл әлемде фискалдық саясаттың тиімділігі оны жүргізудің сапасымен, жұрттың салық жөніндегі сауатымен және қоғамның сана-сезімімен өлшенеді. Салық төлеу мәдениеті дәл осылай қалыптасады. Салық төлеу бұрын міндет болса, енді отаншылдықтың озық үлгісіне айналады. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам құрудың төте жолы деуге болады. Себебі, салығын адал төлейтін азаматтар өз қаржысының алаяқтардың қалтасында кеткенін мүлдем ұнатпасы анық. – Экономикалық реформалар тауарлардың бағасы мен қызметтердің тарифіне салмақ салады. Жұрт бұған алаңдап отыр. Сіз Үкіметке осы мәселені шешуге арналған нақты шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырдыңыз. Бұл жұмыс реформаның сапасы мен қарқынына әсер етпей ме? Азаматтарымыз әл-ауқатымызды жақсартады деп күтіп жүрген реформаның нәтижесін жоққа шығармай ма? – Әлемдік тәжірибеге қарасақ, реформалар қолға алынған кезде жұртшылық оны көп жағдайда түсінбей, қабылдамай жатады. Ондай кезде барлық жауапкершілікті арқалай алатын көшбасшының рөлі айрықша. Мен Мемлекет басшысы ретінде осындай жауапкершілікті өз мойныма аламын. Болашақта да бұған дайынмын. Менімен бірге жұмыс істеп жатқан азаматтар мұны жақсы біледі. Әрине, бұл кедергісі көп, қиын жол екенін түсінемін. Тарихта реформаторлардан гөрі басқыншылар мен популистердің аты көбірек қалып жатады. Бірақ, Қазақстан үшін басқа жол жоқ. Біз бір жерде тоқтап қалмай, алға қарай нық қадам басу үшін реформаларды қалайда жүзеге асыруымыз керек. Азаматтарымызға зияны тимеуі үшін қыс мезгілінде тарифтерді өсіру әкімшілік тәсілдер арқылы уақытша тоқтатылды. Сонымен бірге, Үкіметке бюджет қаржысын барынша тиімді пайдалану міндеті жүктелді. Экономикаға ақшаны орынсыз құя беруге болмайды, бұл инфляцияны күшейтіп жібереді. Қатаң бюджеттік тәртіп керек. Қаржы ресурстары мемлекетке қажетті жобаларға ғана жұмсалуға тиіс. Былтыр қараша айында Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп, үш жылдық бағдарлама қабылдады. Құжат азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін инфляцияны төмендетуге арналған. Халықаралық сарапшылар Қазақстанның "орташа табыстар қақпанына" түсіп қалғанын дұрыс байқап отыр. Ашығын айтайын, бұл – экономика туралы оқулықтан алынған жалпылама ұғым емес, күн сайын көптеген азаматымыздың басынан өтіп жатқан өмір шындығы. Жұрт табыс тауып жатыр, тіпті, жақсы табыс табатындар да бар. Бірақ, оның бәрін инфляция жеп қояды немесе ипотека төлеу, балаларды оқыту, ата-анаға көмектесу сияқты күнделікті тірлікке жұмсалып, жоқ болып кетеді. Ауырып қалу немесе жұмыстан айырылу секілді кез келген көлденең кедергі тұрмыстағы тұрақтылықты бұзып жіберуі мүмкін. Мен кезінде баспана алу, балалардың оқу ақысын төлеу, емделу үшін зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат беру туралы шешім қабылдадым. Көбісі солай жасады, бұл шешімге ризашылықтарын да білдіріп жатты. Бірақ, әдеттегідей, стоматология қызметін көрсетеміз деген желеумен зейнетақы қорынан 200 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған алаяқтар да табылды. Құқық қорғау органдары қазір бұл мәселемен айналысып жатыр. Осы медициналық қызмет түріне зейнетақы жинағын пайдалануға тыйым салуға тура келді. Бірақ, басқа да қитұрқы тәсілдер пайда болды, тіпті, пластикалық отаға төлем жасайтындар бар. Ал, бизнес өкілдеріне келер болсақ, олар жұмыс орындарын ашып, салықтарын адал төлейді. Алайда, несие өсімінің жоғары болуы, айналымдағы қаражаттың аздығы олардың кең ауқымда дамуына, жаңа нарықтарға шығуына, заманауи технологияларды енгізуіне мүмкіндік бермей тұр. Экономиканың құрылымы өзгеріп жатыр. Дегенмен, меніңше, өзгеріс қарқыны баяу. Халықаралық қаржы институттары мен рейтинг агенттіктерінің бағалауынша, елімізді бақуатты, тіпті, бай мемлекет деп атауға болады. Бұл сөздің жаны бар. Соған қарамастан, экономикамызда теңсіздіктер әлі де сақталып отыр. Оның бәрін шұғыл реттеп, түзу жолға салуымыз керек. Біз бұл жағдайды білеміз, оны жұрттан жасыратын ойымыз жоқ. Мұндай қиындықты көптеген мемлекет басынан өткеріп жатыр. Біз "өсім ауруы" мәселесін міндетті түрде шешеміз. Нақты жоспарымыз бар. – Қазақстан былтыр энергетикалық және коммуналдық секторда реформа жасауға кірісті. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең ауқымды реформа. Осы бағыттағы жұмыстар әбден тозған инфрақұрылымды жаңғырту мәселесін шеше ала ма? – Шынымен де, Үкімет энергетикалық және коммуналдық нысандарды жаппай жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Ұзындығы жүздеген шақырым болатын инженерлік желілер мен электр қуатын тарататын желілер салуымыз керек. Бүгінгі таңда осы ауқымды жобаның есеп-қисабы әзірленіп жатыр. Қазірдің өзінде қауіпті "қызыл" аймақта тұрған жылу электр станцияларының саны 19-дан 10-ға дейін азайды. Қабылданған шаралардың нәтижесі көріне бастады. Нысандардың апаттық жағдайға тап болу қаупі сейіліп келеді. Дегенмен, әбден тозып, әупіріммен әрең тұрған инфрақұрылымды қалпына келтіру жеткіліксіз, жұмыс тәсілін өзгерту керек. Сондықтан, жаңғырту шаралары ең басты міндетті шешуге тиіс, яғни, салаға инвестиция салу үшін қолайлы жағдай жасап, нағыз нарықтық тетіктер қалыптастыруы қажет. Үкіметтің шұғыл шаралары мәселенің түпкі мәнінен туындап отыр. Себебі, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы кез келген мемлекеттің өмір сүруіне аса қажетті тұғыр саналады. Бұл негіз шайқалса, басқасы түгел күйрейді. Тамыры тереңге кеткен экономикалық мәселелерге ондаған жылдар бойы назар аударылған жоқ. Қалалар мен ауылдардағы инфрақұрылым тозды, энергетика нысандары мен коммуналдық желілер әбден ескірді. Қордаланған түйткілдер күрмеуі қиын күрделі мәселеге ұласты. Бұл сала жыртық-тесігін жанталаса жамап-жасқап, бюджет қаржысын үздіксіз құюға тура келетін "коммуналдық аждаһаға" айналды. Бұған жұрттың еті үйреніп, азаматтар шарасыз күйге түсті. Соған қарамастан, біздің үкіметтеріміз "авгийдің атқорасын" тазалауға асыққан жоқ. Себебі, мұндай күрделі жұмыс ешкімге жақсы атақ әкелмес еді. Ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылу сияқты "керемет" бағдарламалар әзірлеп, оның "табысты" орындалғаны туралы баяндау әлдеқайда жеңіл болатын. Шындықты жасырып, бір сәттік алдамшы жетістіктерге ұмтылу ақырында мемлекетіміз үшін тым қымбатқа түсті. Шынымды айтайын, жеке абыройымды ойласам, мен де бұл жұмысты келесі басшылыққа ысыра салар едім. Бірақ, халықтың көзі үйренген таптаурын түсініктерге қайшы келсе де, мен үшін қағаз жүзінде емес, іс жүзінде нақты нәтижеге қол жеткізу бәрінен де маңызды. Электр қуатының арзандығы кімге тиімді болды? Табысы шамалы көп балалы отбасыларға емес, ірі кәсіпорындарға өте тиімді болды. Арзан жанар-жағармайдың қызығын кім көрді? Әдетте қоғамдық көлікпен жүретін студенттер мен зейнеткерлер емес, билікке жақын жүретін, қазір жұрт олигархтар немесе олигополия деп атайтын кәсіпкерлер көрді. Коммуналдық қызметтердің тарифін төмен ұстап тұру кімге ыңғайлы болды? Әр түбіртектегі соманы уақтылы төлеп отырған адал азаматтарға емес, "коммуналдық былық-шылықты" пайдаланып, қалтасын қалыңдатқан делдал-кәсіпкерлерге қолайлы болды. Посткеңестік кеңістіктегі ең төмен бағалар мен тарифтер Қазақстанға тиесілі. Соның салдарынан, біз амалсыздан арзан жанар-жағармайды көрші мемлекеттерге астыртын тасымалдайтын, сол арқылы олардың экономикасына демеу көрсететін елге айналдық. Сол себепті, тарифтің төмен болуы қарапайым тірлік кешіп жатқан адамдарға пайдалы деген жалған сенімнен арылатын уақыт жетті. Іс жүзінде бұл – ауқатты азаматтарға жасырын түрде берілетін субсидия. Әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру үшін, ең алдымен, мәселені шешу жолдарын өзгерту қажет. Мемлекет көмекке шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей, атаулы өтемақы төлеу арқылы қолдау көрсетуге міндетті. Сондықтан, тарифтерді көтеру – ақылға қонымды, яғни тиімді және әділ экономика құру үшін аса қажет қадам. Кім қанша тұтынса, сонша төлейді, қолдауға шынымен зәру адамдарға ғана көмек беріледі. Тарифтер әділетті болуы керек, яғни "неғұрлым көп тұтынған, соғұрлым көп төлейді" деген қағидат берік орнығуға тиіс. Мен осындай нақты міндет қойып отырмын. Алғашқы оң нәтижелер бар. Төлем жүйесіне сараланған тәсіл енгізілді. Суды және электр қуатын барынша үнемдеп пайдаланатын тұрғындар "тұтынудың әлеуметтік нормасына" сәйкес төлемді ең төмен тарифпен төлейтін болды. Бұл қадам бұрынғы жүйеден бас тартып, әлеуметтік игіліктерді әділ бөлетін жүйе құруға мүмкіндік береді. Елдің ресурстарын таңдаулы адамдар емес, барша жұрт бірдей пайдалануға тиіс. Сонда ғана заманға сай инфрақұрылым мен тиімді энергетика жүйесін қалыптастыра аламыз. Осылайша, экономиканың сапалық тұрғыдан өсуіне зор серпін береміз. – Сіз Қазақстан үшін көлік және логистика саласының маңызы артып келе жатқанын жиі айтасыз. Бұл бағыттағы жұмысты негізгі басымдық ретінде белгілеп бердіңіз. Осы саланы дамыту үшін қандай шаралар қабылданды және алда қандай жоспарлар бар? – Еліміз үшін көлік-логистика саласының әлеуетін арттыру – стратегиялық маңызы бар міндет. Теңізге тікелей шығатын жолы болмаса да, Қазақстан Еуразия құрлығының кіндік тұсында, яғни негізгі транзиттік күре жолдар тоғысқан жерде орналасқан. Бұл – үлкен артықшылық, біз оны ел игілігіне жарата білуге тиіспіз. Мақсат-мүддемізге сәйкес Қазақстанды Еуразияның көлік айлағы (хабы) ретінде қалыптастыру – бұл салада атқарылатын жұмыстың басты бағыты. Осы орайда, жақында іске қосылған "Достық – Мойынты" жаңа теміржол магистралінің мән-маңызын атап өткім келеді. Бұл жоба осы жол арқылы Қытай мен Еуропа арасында тасымалданатын жүк көлемін бес есе арттыруға мүмкіндік береді. "Мойынты – Қызылжар", "Бақты – Аягөз", "Дарбаза – Мақтаарал" теміржол желілерін жаңадан іске қосу жоспарымызда тұр. Жалпы, 2030 жылға дейін 5 мың шақырым теміржолды салып, жаңғырту және 11 мың шақырым теміржолды жөндеу көзделіп отыр. Елорда мен батыс аймақтардың арасындағы қашықтықты 500-ден астам шақырымға қысқартатын "Орталық – Батыс" күре жолы құрылысының стратегиялық маңызы өте зор. Біз ел шекарасынан тыс жерді де қамтитын кең ауқымды көлік жүйесін құра алдық. Қазақстан мұхит жолдарынан тысқары тұрса да, Сары теңіз бен Қара теңіздің арасында жүк терминалдарының желісін қалыптастырды. Еліміздің аумағы арқылы өтетін 12 халықаралық көлік дәлізі, атап айтқанда, 5 темір жол, 7 автокөлік дәлізі бар. Қытай мен Еуропа арасында құрлықпен жеткізілетін жүктің шамамен 85 пайызы осы жолдармен тасымалданады. Әрине, мұның бәрі – табысқа оп-оңай жете қоямыз деген сөз емес. Бұл саладағы бәсеке күшейіп келеді. Себебі көлік және логистика мәселесі геосаясаттың ажырамас бөлігіне айналды. Осы тақырып жоғары деңгейдегі келіссөздердің күн тәртібіне біржола енді. Сондықтан, Қазақстан үшін де оның айрықша маңызы бар. Еліміз Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" атты мегажобасын, "Солтүстік – Оңтүстік" дәлізін және Транскаспий көлік бағытын, яғни, "Орта дәлізді" дамытуға белсене атсалысып келеді. "Ресей – Қазақстан – Түрікменстан – Иран" бағытымен теңіз айлақтарына шығып, жүк тасымалдаудың болашағы зор деп санаймыз. "Орта дәліздің" жұмысына Қытайдың қосылуын құптаймыз. Жалпы, бұл саланың әлеуеті өте жоғары. Мұнда тек инфрақұрылым туралы сөз болып отырған жоқ. Экономиканың барлық дерлік секторы осы іргелі салаға келіп тоғысады. Сондықтан, Үкіметтің алдына заманауи инженерлік және сервистік инфрақұрылымы бар көлік-логистика тораптарын салу, теңіз порттарын, әуежайлар мен теміржол вокзалдарын жаңғыртып жөндеу, сондай-ақ тиімді цифрлық экожүйе қалыптастыру міндеті қойылды. – Мемлекет кейінгі жылдары ауыл шаруашылығын дамытуға баса мән беріп отыр. Бұл шаруамен үкіметтердің бәрі айналысты. Бірақ, осы аса маңызды саладағы түйткілдер ақыры шешімін тапқан жоқ. Әр министр өз бағдарламасын жүзеге асырмақ болды. Соның салдарынан қыруар ақша құмға сіңіп жоқ болды. Енді біз еліміздің бұл саладағы әлеуетін ойдағыдай пайдалана аламыз ба? – Мемлекеттердің көбі ауыл шаруашылығына бюджеттен қыруар қаржы бөледі. Солардың қатарында Қазақстан да бар. Шаруаларға 2024 жылы 580 миллиард теңге, былтыр 1 триллион теңге жеңілдетілген несие берілді. Бұл – өте қомақты қаржы. Соңғы он жылда шаруаларға көрсетілген қолдаудың көлемі 10 есе артты, бірақ оның тиімділігі күмән тудырады. 2015-2024 жылдары ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2,5 еседен астам өсті. Бұл көрсеткішті одан да көбейтуге болар еді. Есесіне, егін шаруашылығындағы нәтижелер өте жақсы болды. Астық пен ұн экспорты рекордтық деңгейге жетті, өнім жеткізілетін елдердің географиясы кеңейе түсті. Бұл – егіннің шығымдылығы мен ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға арналған шаралардың нақты нәтижесі. Енді басқа бағыттардағы жұмысты күшейту қажет. Ең алдымен, мал шаруашылығын дамыту керек. 2035 жылға қарай әлемде мал етін тұтыну көлемі 233 миллион тоннаға дейін өседі. Соған сәйкес, оның импорты 27 миллион тоннаға дейін артады. Қазақстанның, сыртқа, әсіресе, Азия елдеріне ет шығаратын ірі экспорттаушыға айналатын мүмкіндігі бар. Сондықтан, былтыр қарашада өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы дәл осы мал шаруашылығы саласына арналды. Билік ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан дамыту үшін көп жұмыс істеп жатыр. Бірақ, қомақты инвестиция құю қалаған нәтижеге жеткізе бермейді. Оның тиімді жұмсалуына баса назар аудару керек. Мен бұл туралы жуырда Таразға барған сапарымда айттым. Іргелес елдердің бірде-біреуінде ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан мұндай ауқымды көмек көрсетілмейді. Ол жақтағы шаруалар Қазақстандағы әріптестеріне жақсы жағдай жасалғанына таңғалып, оларды "аграрлық олигархтар" деп атай бастады. Дегенмен, еліміздегі шағын шаруашылықтар жеткілікті көлемде субсидия ала алмай отыр. Үкіметке осы мәселеге айрықша назар аудару туралы тапсырма берілді. Әлбетте, субсидиялар керек. Әсіресе, қазіргі кезеңде өте қажет. Бірақ, мұның кері әсері де бар. Себебі, масылдық пиғыл туғызып, ауыл шаруашылығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан, қазір Үкімет кооперативтерге, яғни шаруалар бірлестігін құруға қайта оралу мәселесін қарастырып жатыр. Кооперативтер еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыра алады. Сондай-ақ, дайын өнімді сататын нарықтарға жақын болуға, тұтынушылармен ұзақ мерзімге арналған қатым-қатынас орнатуға жол ашады. Дамыған елдердегі кооперация жақсы қырынан көрінді. Тіпті, ірі корпорация деңгейіне жеткен бірлестіктер бар. Қазақстанның барлық ауылында табысты кооперация құруға негіз болатын алғышарттар жеткілікті. Шаруалар жазда малын бағып, сүт, ет, тері, жүн жинап, оны өңдеу үшін күш біріктіре алады. Солай етуге тиіс те. Күнкөрістен өсіп-өркендеуге бастайтын жол – осы. Кооперацияны бірлік пен жасампаздық идеологиясы деп те қарастырған дұрыс. Бірақ, кооперация өзінен өзі пайда бола салмайды. Ел ішінде егжей-тегжейлі түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстарын қолға алу қажет. Алайда, бірлестік құру ісін науқанға айналдырып, жұртқа қысым көрсетуге, оларды мәжбүрлеуге жол берілмейді. – Жиі талқыланатын тақырыптың бірі – туризм. Былтыр әлемдік деңгейдегі кейбір ақпарат құралдары Қазақстанды саяхат жасауға ең лайық елдердің қатарына қосты. Дегенмен, еліміздегі курорттар мен танымал туристік орындардың жаппай қонақ күтуге дайындығына күмән жоқ емес. – Мұндай күмәннің туындауы заңды. Мен Үкіметке ескерту жасағаннан кейін туризмді дамыту жұмыстары жандана түсті. Алайда, алдымызда ұзақ та күрделі жол тұр. Бұл – экономика, мәдениет, қауіпсіздік және бизнес – барлығы бір жерге тоғысатын күрделі сала. Мұнда өз жұмысына жан-тәнімен берілген кәсіби мамандар, ең бастысы, нағыз отаншыл азаматтар жұмыс істеуі керек. Туризм саласында жалқаулық пен немқұрайлылыққа, ашкөздік пен дөрекілікке жол жоқ. Былтыр Қазақстанға миллиондаған шетел азаматы келді. Ішкі туризм қарқынды дами бастады. Мұның бәрі – өте жақсы үрдіс. Әлем елдері туристерді тарту үшін жеке инвесторларға қолайлы жағдай жасап отыр. Біздің елде көрікті жерлер өте көп. Қазір экотуризмге деген сұраныс жоғары. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанға тең келетін ел жоқ секілді көрінеді. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты, соның ішінде жауапты тұлғалардың біліксіздігі мен немқұрайлығының кесірінен туризмнің болашағы зор осы бір саласы әлі күнге дейін кенже қалып отыр. Әзірге таныстыру, яғни презентация жұмыстарынан әрі аса алмай жатырмыз. Туризмнің дамуына тұмса табиғатты қорғау деген желеумен кез келген жобаға қарсы науқан ұйымдастыратын кейбір "эко-белсенділер" зиян келтіріп отыр. Көпшілігінің табиғатташаруасы да жоқ. Олар өзінің танымалдығын арттыру үшін қоғамды дүрліктіруді, қазіргі тілмен айтқанда, "хайп" жасауды ғана көздейді. Туризм бизнесінде әбден әккі болған, бәсекелестердің шыққанын қаламайтын кәсіпкерлер кейде олардың қолтығына су бүркіп отырады. Тау шаңғысы туризміне қатысты жағдай да осыған ұқсас. "Шымбұлақ" Алматы қаласының орталығынан небәрі жарты сағаттық жердегі ерекше табиғаттың ортасында тұр. Әлемде оған тең келетін демалыс орны кемде-кем. Алайда, көптен бері ештеңе жасалмаған курорттың сыны да, сыры да кетіп, тозып барады. Табиғаттың тамаша тартуы саналатын осы көрікті мекенді дамыту үшін тың тәсілдер қажет. Қазір еліміздегі тәжірибелі девелоперлік компания іске кірісті. Бірақ, Үкімет пен әкімдіктің қолдауына қарамастан, жұмыс барысы дайындық және таныстыру шараларынан аса қойған жоқ. Ал, көрші елдерде тау шаңғысы инфрақұрылымы қарқынды салынып жатыр. Алматы тау кластерінің әлеуеті өте зор. Бұл салада ауқатты адамдарға да, орташа табысы бар азаматтарға да бірдей қызмет көрсетілуге тиіс. Сондықтан, ондағы туристік инфрақұрылымды әртараптандыру мәселесіне назар аудару қажет. Туризм саласындағы кадр тапшылығы – өте өзекті мәселе. Сондықтан, Түркістанда Халықаралық туризм және меймандостық университеті ашылды. 2024 жылы оқу ордасының алғашқы түлектері дипломдарын алып, еңбек нарығына қосылды. Алайда, бұл – жеткіліксіз. Кадр мәселесін шешу үшін қосымша шаралар қабылданады. Дегенмен, салымыз суға кетіп, еңсемізді түсіріп отыруға да болмайды. Әлемдік деңгейдегі таблоидтар саяхатшыларға Қазақстанда демалуды ұсынып жатса, екі есе қарқынмен жұмыс істеуіміз керек. "CNN Travel" 2025 жылы Алматыны Орталық Азиядағы "сәні мен салтанаты жарасқан жаңа астана" деп атады. Алматы әкіміне шаһарды күндіз-түні қонағы үзілмейтін Нью-Йорк, Мәскеу, Париж сияқты "ешқашан көз ілмейтін қалаға" айналдыру тапсырылды. Қалада инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру, жарықтандыру бағытында әлі де көп жұмыс істелуі керек. – Жасанды интеллектінің дамуы туралы сұрағым келеді. Сіз халыққа Жолдауыңызда Қазақстанды үш жылдың ішінде цифрлық елге айналдыру қажет деген нақты міндет жүктедіңіз. Ал, жаңа жылға арналған құттықтау сөзіңізде 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияладыңыз. Көздеген мақсатқа жету үшін не істеледі? Бастамаңыздың шын мәнінде табысты боларына сенесіз бе? – Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Бұл – қазіргі жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы. Халқымыздың ой-санасы мұндай инновацияларға дайын екеніне сенімдімін. Оның үстіне, Қазақстанда азаматтарымыздың өмір салтын едәуір өзгерткен танымал финтех компаниялар табысты жұмыс істеп жатыр. Технология саласындағы нағыз әлемдік алпауыттар – АҚШ пен Қытай арасындағы бәсеке қыза түсті. Америка басшысы АҚШ-тың үстемдігін нығайту үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырыла бастағанын мәлімдеді. Қытайдың да шегінетін ойы жоқ, олар мұны ұлттың абырой-беделіне қатысты мәселе деп санайды. Қазірдің өзінде Қытайда жасанды интеллект мәселесімен айналысатын бес мыңға жуық компания жұмыс істеп жатыр. Басқа дамыған мемлекеттер де қамсыз отырған жоқ. Қазақстан да экономика мен қоғамдық өмірге жасанды интеллектіні енгізуге басымдық беріп жатыр. Еліміздің бұл жұмысқа қатысты бастапқы мүмкіндіктері жаман емес. Мемлекет көрсететін қызметтерді, қаржы технологияларын, экономиканың бірқатар секторын цифрландыру ісінде нақты жетістіктеріміз бар. ІТ-стартаптарды қолдайтын толыққанды экожүйе тиімді жұмыс істеп тұр. Екі мың компанияның басын қосқан Astana Hub инновациялық кластері де бар. 2025 жылы ІТ-қызметтердің жалпы экспорты бір миллиард долларға жуықтады. Цифрлық активтерге арналған CryptoCity пилоттық аймағы құрылып жатыр. Жедел дамитын Alatau city қаласының құрылысы басталды. Мемлекеттік деректерді жинау және талдау жұмысының қарқыны күшейіп келеді. Кәсіби мамандар мұндай деректерді алдағы дәуірдің жаңа алтыны деп санайды. Былтыр мамыр айында Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысын бастады. Оған шетелдің және еліміздің беделді сарапшылары шақырылды. Қарашада "Жасанды интеллект туралы" заңға қол қойылды, жаңа заң жақында күшіне енеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Alem.Cloud және Al-Farabium деп аталатын екі суперкомпьютер іске қосылды, Астана әкімдігі Біріккен Араб Әмірліктерінің танымал компаниясымен бірлесіп, дербес платформа құрды. Кәсіби кадрларды даярлау үшін мектептер мен университеттерде тиісті білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 650 мыңнан астам студент AI-Sana бағдарламасы аясында білім алды. Көп ұзамай Жасанды интеллект мамандандырылған зерттеу университеті ашылады. Жасанды интеллект пайда болғаннан бері болашақтың кемесіне мініп үлгеретін елдер мен ескі заманда қалып қоятын елдердің арасы алшақтай бастады. Сондықтан, мен цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні Қазақстанның даму жолындағы басым бағыт деп жарияладым. Биыл өте көп шаруа атқарылады. Осы айрықша маңызды жұмыстың табысты боларына сенемін. – Сіздің стратегиялық жоспарларыңыздағы ядролық энергетиканың орны қандай? – Сенімді энергия көзі болмаса, Қазақстан экономиканың жаңа технологиялық үлгісіне көше алмайтынын түсінуіміз керек. Суперкомпьютерлерге, дата-орталықтар мен автоматтандырылған өндіріс кешендеріне өте көп энергия қажет. Бұл – жаңа жаһандық технологиялық құрылыстың басты талабы. Қуат көздерін салу үшін білікті мамандар керек. Капитал қоры шамамен 4,5 триллион доллар болатын әлемдегі ең ірі компания – NVIDIA-ның басшысы жақында "көк жағалылар", яғни техникалық мамандық иелері мультимиллионерлер қатарына қосылады деп болжам жасады. Бірнеше атом станциясын салу – біріншіден, тарихи олқылықтың орнын толтыру деген сөз. Себебі, уран өндірісі бойынша әлемде көш бастап тұрған елдің бірде-бір атом электр станциясын салмауы мүлдем ақылға қонбайды. Екіншіден, бұл қадам Қазақстанның абырой-беделін нығайта түседі. Біз атом станцияларын салу арқылы техникалық интеллигенцияның жаңа буынын қалыптастырамыз. Тиісінше, мемлекеттік саясаттың түпкі мәнін өзгертеміз. Осыны қаперден шығармаған жөн. Тағы бір өте маңызды тақырып – жер қойнауында сирек кездесетін металдар. Болашақта ондай материалдарға деген сұраныс арта береді, алдағы бес жылдың өзінде бұл сұраныс екі есе өседі. Осы ретте, Қазақстан үшін тағы бір мүмкіндік ашылады. Еліміз жер қойнауында сирек кездесетін минералдар қоры бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына қосылуы әбден мүмкін. Қазақстан стратегиялық маңызы бар осы саладағы өз рөлін күшейту үшін АҚШ, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония елдерімен және Еуропа Одағының бірқатар мемлекетімен ынтымақтастығын дамыта бастады. – Тағы бір тақырыпқа ойыссақ. Жұртты бұрыннан толғандырып жүрген мәселелер бар. Мысалы, кейбір ірі бизнес өкілдерінің өмірі сән-салтанатқа толы. Олар қалталы азаматтардың да, қарапайым адамдардың да қамын ойлап өмір сүруді қашан үйренеді? – Бизнес – кез келген елдегі экономиканың негізгі тірегі. Біз ұзақ жолды жүріп өттік. Осы жолда жұрт жеке меншік институтына ешкім қол сұқпауға тиіс екенін түсіне бастады. Мен мемлекеттік билік жүйесінде жоғары лауазымды қызметтерді атқара жүріп, сөзбен де, іспен де ұлттық буржуазияның заңды мүддесін қорғауға тырыстым. Себебі, экономиканы өркендету және мемлекеттің қоғамдық негіздерін нығайту ісінде кәсіпкерлер елеулі рөл атқаратынын жақсы түсінемін. Тарихи себептер мен ұлт болмысындағы ерекшеліктерге байланысты ірі бизнесмендеріміз қарапайымдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерге мән бере қоймайтыны рас. Мен Швейцарияда жұмыс істеп жүргенде аса ірі әрі белгілі кәсіпкерлермен кездесулер өткіздім. Сол кезде олардың өз қаражатын өте үнемдеп жұмсайтынын және елден дараланып көзге түскісі келмейтінін көріп, таңғалдым. Миллиардтаған қаржысы бар адамдар қонақүйдің қарапайым бір бөлмесінде тұруға намыстанбайды. Жеке ұшақпен ұшпақ түгілі, бірінші санаттағы орындарға да отырмайды. Бірақ, бұл – олардың бойында ғасырлар бойы қалыптасқан дағды. Ал, біздің кәсіпкерлеріміз үшін қалыпты көрінетін өмір салты кейде қоғамның наразылығын тудырып жатады. Мұндай жағдай көптеген елде бар. Сол үшін де қайырымдылық қызметі жұмыс істейді. Бұл – қоғам мен бизнес арасындағы өзара келісім іспеттес. – Сіз Республика күні қарсаңында өткен азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімінен кейін кәсіпкерлермен жеке кездесіп, оларға наразылығыңызды ашық айттыңыз деп естідік. Құпия болмаса, әңгіме не туралы болды? – Жаңа ғана сөз болған қайырымдылық туралы, отаншылдықты жасампаз іспен көрсету жөнінде сөйлестік. Бізге халық алдындағы жауапкершілігін жақсы білетін әрі соны терең түсінетін ұлттық буржуазия керек. Себебі, халық болмаса, олар ешқашан табысқа жете алмас еді. Мен қоғамның игілігіне қызмет ету билік жүктеген міндет емес, мәртебелі парыз екенін тағы да олардың есіне салдым. Осы орайда, шетелде табысқа жетсе де, туған жерін ұмытпай, халқына көмектесіп жүрген ірі кәсіпкерлерді жақсы үлгі ретінде атап өттім. Ондай азаматтар ауқымды жобаларды жүзеге асырып жүр. Қалаларда инфрақұрылым салып, жөндеп, мұражайлардың, емханалар мен мектептердің құрылысын қаржыландырып жатыр. Қазақстанда көп нәрсе өзгерді. Қоғамдық сана жаңғыра түсті, мемлекеттік басқару жүйесі жаңарды, саяси қайраткерлер ауысты. Ірі кәсіпкерлер ғана жүрісінен жаңылмай, бәз-баяғы қалпында келе жатыр. Бірақ, бұл, бір жағынан, биліктің бизнеске көзқарасы дұрыс екенін көрсетеді. Кәсіпкерлердің бәрі бірдей мемлекеттің қолдауын дұрыс түсіне бермейді, әрдайым солай болуға тиіс деп қабылдайды. Олар ауқымды жобаларды бастап алып, қит етсе Үкіметтен көмек сұрайды. Мен оларға "бизнеспен айналысып жатқан сіздер ме, әлде Үкімет пе?" деп сұрақ қойдым. Қитұрқы саяси ойындармен әуестеніп кеткен кейбір кәсіпкерлерді сынауға тура келді. Бизнесмендер ел экономикасын өркендету үшін жұмыс істеуі керек. Тіпті, кәсіптің жілігін шағып, майын ішкен Илон Масктің өзі саясатқа белсенді араласпау туралы шешім қабылдады. Отандық бизнес өкілдері тарихымызда бұрын-соңды болмаған алапат тасқын кезінде елдік істен шет қалған жоқ, апат салдарын жоюға қаржылай көмек көрсетті. Бұл – қуанарлық жағдай. Мен қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтарды қолдау үшін арнайы "Мейірім" орденін енгіздім. Елге жанашырлық көрсетіп, әлеуметтік жауапкершілік танытқан кәсіпкерлер биылдан бастап осы жоғары наградаға ие болады. Осылайша, олардың қоғам алдындағы абырой-беделі мен мәртебесі айқындалады. – Тағы бір өзекті тақырып. Қаңтар оқиғасына қатысқан бірқатар азаматқа байланысты сот процесі туралы ақпарат БАҚ беттерінде былтыр ара-тұра жарияланып тұрды. Тергеу амалдары әлі жүріп жатыр ма? – Бұл тақырыпқа қатысты негізгі мән-жайдың бәрі әлдеқашан белгілі болды. Сол оқиғалар бойынша тергеу жүргізу кезінде құқық қорғау органдары азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Бірқатар қоғамдық комиссия құрылып, оған белгілі заңгерлер жетекшілік етті. Мұндай қадам жұмыстың бейтарап ұстаныммен жүргізілуіне, сол арқылы барлық оқиғаның ақ-қарасын анықтауға мүмкіндік берді. Осы орайда, азаматтық жауапкершілік танытып, кәсіби біліктілігін көрсеткені үшін оларға ризашылығымды білдіргім келеді. 2022 жылдың наурыз айында Парламентте арнайы қоғамдық тыңдау өтіп, бұл оқиғаға және еліміздің конституциялық құрылымын бұзбақ болған қылмыскерлердің әрекетіне егжей-тегжейлі баға берілді. Иә, кейбір сот процестері, сондай-ақ, қаңтарда ұрланған көптеген қаруды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сол күндері қылмыскерлер үш мыңнан астам қару-жарақты иемденіп кеткен еді. Бірақ күштік құрылымдардың арқасында қару-жарақ жасырылған қоймалардың көбі табылды. Қаңтар оқиғасын талқылайтындар көбінесе сол кездегі дағдарыстың түпкі мәнін түсінуге еш пайдасы жоқ дүниелерді қазбалап кетеді. Сол үшін оларды кінәлауға да болмас. Дегенмен, ақиқат жолында ешқашан қызбалыққа салынбау керек. Алматыдағы аласапыран туралы жиі айтылып жатады, мұны түсінуге де болады. Бірақ, зұлымның сиқырлы таяқшасымен жасалғандай адам сенгісіз жағдайлар болғанын да естен шығармау керек. Нақтырақ айтқанда, бүлікті ұйымдастырушылардың әмірімен бір мезетте он екі қалада жаппай тәртіпсіздік белең алды. Оның арты қаскөйлердің көптеген облыс әкімдіктері мен құқық қорғау органдарының ғимараттарын басып алуына әкеп соқтырды. "Төңкеріс" жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар Үкіметтің жанар-жағармай бағасын өсіру туралы шешімін желеу етіп, адамдарды жаппай шеруге шығуға итермеледі. Сосын азаматтардың, мемлекеттік қызметшілердің, бір таңғаларлығы, күштік құрылым қызметкерлерінің едәуір бөлігінің арасында дүрбелең туғызды. Олар қару-жарақ пен құпия құжаттарды қараусыз қалдырып, жұмыс орындарын тастап, кете бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ішкі істер министрлігінің кейбір басшылары сын сағатта Отан алдындағы адалдығын сақтап қала алмады, кәсіби деңгейі де төмен екенін көрсетті. Осындай жағдай, әсіресе, бүлікшілердің басты нысанасы болған Алматыда анық байқалды. Әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатты қорлыққа ұшырады. Әкімшілік ғимараттар, сауда орталықтары, дүкендер мен банктер қирап, өртке оранып, тоналып жатты. Мұндай жүгенсіздікке қарсы төтенше шаралар қабылдау қажет болды. Қазір, арада біраз уақыт өткен соң, пиғылы арам әрі сана-сезімі таяз кейбір адамдар мемлекетіміздің елді құрдымға жібере жаздаған сұмдық берекесіздіктен аман қалғаны жайлы әңгімені әдейі айналып өтіп, қасақана ойына келгенді айтып жүр. – Қаңтар оқиғасынан кейін сіз олигополияға қарсы күресті қолға алып, заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару жөнінде бастама көтердіңіз. Сол үшін Бас прокуратураның жанынан арнайы комитет құрылды. Бірақ, былтырғы Жолдауыңызда бұл құрылымның атауын Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет деп өзгерту туралы тапсырма бердіңіз. Жұрт бұл шешімді жете түсініңкіремей отыр. Мұндай қадам заңсыз активтерді елге қайтару тақырыбы осымен жабылды дегенді білдіре ме? – Әрине, жоқ. Бас прокуратураның мәліметтеріне тоқталып өтейін. Заңсыз активтерді елге қайтару жөніндегі комитет үлкен жұмыс атқарып, олигополия өкілдерінен 1,3 триллион теңгеден астам қаржы өндіріп алды. Соның 1 триллион теңгеден астамы мемлекет қазынасына түсті. Арнайы мемлекеттік қордағы қаражат есебінен елімізде жалпы құны 482 миллиард теңге болатын 434 әлеуметтік және коммуналдық нысан салынып жатыр. Оның қатарында 227 сумен қамтамасыз ету, 183 денсаулық сақтау, 11 білім беру, 5 спорт, 8 инфрақұрылым нысанының құрылысы бар. Сондай-ақ, Павлодар, Арқалық, Балқаш қалаларындағы әуежайлар жаңғыртылып жатыр. Жұмыс жалғаса береді. Активтерді сараптап, оның заңдылығын анықтау құзырлы органдардың күнделікті қызметінің бір бағытына айналды. Ең бастысы, барлық жұмыс ашық әрі әділ болуға тиіс. Енді бұл шаруаны бір орталықтан үйлестіріп жүргізудің қажеті жоқ. Жұмыс бір қалыпқа түсті. Сондықтан, алға қадам басып, инвесторлардың құқығын қорғауға баса мән беретін кез келді. Активтері күмән тудырып, күдікке ілінген адамдардың көбі қаржысын елге инвестиция ретінде салуға ниет білдірді. Олармен жалпы сомасы бес триллион теңгеден асатын келісімдер жасалды. Бұл қаражаттың есебінен инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде туристік, көлік-логистикалық орталықтар, тау-кен, металлургия, энергетика секторларына қатысты жобалар бар. Әлбетте, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларына, сондай-ақ, мұқтаж жандарды оңалту және әлеуметтік ортаға бейімдеу бағдарламаларын қаржыландыруға айрықша назар аударылады. Бас прокуратура мен Үкіметтің алдында барлық жоспарларды және уағдаластықтарды орындау міндеті тұр. Бұл – аса маңызды жұмыс. Заңсыз активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру – конъюктура не болмаса жұртқа жағу үшін жасалған саяси науқан емес, бұл – мемлекеттің мызғымас ұстанымы. Әңгіме индульгенция немесе ымыраласып, астыртын келісім жасау туралы болып отырған жоқ, олай болуы мүлдем мүмкін емес. Қазақстан әлем қауымдастығына халықаралық құқықты қатаң сақтайтын ел екенін көрсетіп келеді. Бірақ, кейбір "кәсіпкерлер" қоғамдық пікірді өз мүддесіне қарай бұрмалауға тырысады, шетелде жатып алып, өздерін саяси режимнің құрбаны етіп көрсетеді, "инвестор" ретіндегі құқығы тапталып жатқанын айтады. Біз заң аясында адал диалог жүргізуге дайынбыз. Өйткені, ұстанымдарымыздың дұрыс екеніне сенімдіміз. Қазақстан алдағы уақытта да заңдары инвесторларға қолайлы мемлекет ретіндегі мәртебесін нығайта береді. – Кейбір оқырмандар әлеуметтік желіде сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болудан қалды деген сыңайда пікір айтып жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дербес мәртебесі жойылғанын осының бір дәлелі ретінде келтіреді. Бұл реформаның мәні неде? – Мұндай пікірлерден хабарым бар. Оның бәрін дұрыс түсінбеушілік немесе кейбір "арам ойлы" адамдардың бос әңгімесі деп санаймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дербес мемлекеттік орган ретінде өзіне жүктелген міндетті табысты орындады. Оған кінә арта алмаймыз. Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жемқорлықпен күреседі. Екі мекеменің бір міндетті қабаттаса атқаруы мемлекеттік маңызы бар жұмысқа кесірін тигізе бастады. Сыбайлас жемқорлықпен барлық деңгейде күресу мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Бұған қатысты ешқандай күмән тумауға тиіс. Қабылданған шешім қатардағы жемқорларды ғана емес, қылмыстық әрекеттің идеологтары мен ұйымдастырушыларын да жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қылмыстың алдын алу үшін түсіндіру және ағарту жұмыстарына әдеттегідей айрықша назар аударылады. Қазір бұл – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құзырындағы міндет. Жалпы, жемқорлықтан аулақ болу қажеттігін балалардың құлағына жастайынан құя берген жөн. Бұл жерде мектептер, қоғамдық ұйымдар, белсенді азаматтар, әсіресе, ата-аналар шешуші рөл атқаруға тиіс. Сол кезде елімізде жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа мүлдем төзбеу мәдениеті қалыптасады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті санмен әуестенбей, сапаға мән беріп, жемқорлыққа қарсы нақты жұмыс жүргізеді. Сонда мемлекеттік қызметшілер құқық қорғау қызметкерлеріне жалтақтамай, батыл шешім қабылдайтын болады. – Сіз Жолдауыңызда әлеуметтік жеңілдіктер тым көбейіп, масылдық пен алаяқтыққа жол берілгенін қатаң сынға алдыңыз. Жұрт иммиграцияға қатысты көзқарасыңызды да білгісі келеді... – Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және мәдениет саласына қатысты барлық міндеттеме толық орындалады. "Сырт көз – сыншы" деген сөз бар. Шетелдіктер, әсіресе, көрші мемлекеттердің тұрғындары біздің елдегі әлеуметтік қызметтің соншалықты дамығанына қызыға да, қызғана да қарайды. Соның ішінде кепілдік берілген тегін медициналық көмек және азаматтарға арналған көптеген жеңілдік бар. Тіпті, Қазақстанды "коммунизм орнаған" ел деп атай бастады. Мысал ретінде, жекеменшік мектептердің иелері де ауқымды мемлекеттік субсидия алатын орта білім жүйесін айтуға болады. Барлық аймаққа жекеменшік мектептердің, балабақшалардың, оқу орталықтары мен үйірмелердің жұмысын қамтамасыз ету үшін "жан басына сәйкес қаржыландыру" қағидаты бойынша қомақты қаражат бөлу міндеті жүктелген. Бұған қоса, ауқатты кәсіпкерлердің меншігіндегі жәнеата-аналары балалардың оқу ақысына көп ақша төлеп отырған элиталық мектептерге де бюджеттен қаржы бөлінеді. Бұл саланы мемлекеттен қаржыландыру жүйесінің өзін реформалау керек. Министрліктің бұрынғы басшылары енгізген бүгінгі бұрмаланған тәртіп бей-берекеттікке әкеп соқтырады, себебі, қазірдің өзінде қаражат жетпей жатыр. Жекеменшік медицина саласында да осыған ұқсас ахуал қалыптасқан. Бұрын жекешелендірілген медицина мекемелері көбінесе күрделі құрал-жабдықтар сатып алмайды, тексеруден өту үшін науқастарды мемлекеттік емханаларға жібереді. Бірақ, ең бастысы, оларға шын мәнінде науқастардың санына қарай емес, "тіркелген" адамдардың санына қарай бюджеттен ақша бөлінеді және бұл "жан басына сәйкес қаржыландыру" деп аталады. Науқастардың санында мүлде нақтылық жоқ, тіркеу жұмыстары қалай болса солай жүргізіледі. Барлығы ашық болуға тиіс, осы саладағы үрдістің бәрін цифрландырған жөн. Жалпы, бұл – күрделі мәселе, Үкімет бұған назар аударуға тиіс. Мен лауазымды тұлғалардың мұндай жағдайға жол беріп қана қоймай, мемлекет мүддесіне қайшы келетін нәрселерді "өз қолымен" жасағанына таңғаламын. Бір сөзбен айтқанда, тиісті мекемелердің жөнсіз іс-әрекеттерінің кесірінен білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жеке кәсіпкерлік ұғымы бұрмаланып кеткен. Ахуалды түзеу қажет. Бюджеттен қаржы бөлінбесе, әлеуметтік нысандардың қиын жағдайға тап болуы мүмкін екенін түсінемін. Бірақ, жеке бизнесті түгелдей дерлік мемлекеттің мойнына артып қоюға болмайды. Cонымен бірге, медицина туризмі тұрғысынан алғанда Астана мен басқа да қалаларымыздың танымалдығы арта түскені көңіл қуантады. Дәрігерге қаралып, сапалы ем-дом алу үшін көрші елдерден бөлек, тіпті, АҚШ-тың және Еуропаның кейбір мемлекеттерінің азаматтары Қазақстанға келіп жатыр. Мемлекет мұғалімдерге және медицина саласының қызметкерлеріне өте жақсы қолдау көрсетті. Олардың жалақысы бірнеше есе өсіп, қоғамдағы мәртебесі де арта түсті. Бұл дер кезінде қабылданған орынды шешім болды. Бірақ, алаяқтыққа жол берілмейді. Кеңес заманындағы түрлі аймақтық қақтығыстарға қатысқан "ардагерлер" әлі күнге дейін әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланып келеді. Мен халыққа Жолдауымда Кеңес Одағының күйрегеніне отыз жылдан астам уақыт өтсе де, "ардагерлер" күн өткен сайын көбейіп, неге екені белгісіз, жасарып бара жатқанын айттым. Тағы бір мысал. Статистикаға қарасақ, Қазақстанда 740 мыңнан астам мүгедек адам бар екен. Еліміздің ешқандай қарулы қақтығысқа қатыспайтынын ескерсек, 20 миллион халқы бар мемлекет үшін мұның көптеу екеніне келісетін шығарсыз. Кезінде жауапты мекеме қызметкерлері мемлекеттен көмек алу үшін туыстарын, мәселен, гипертония диагнозы қойылған жақындарын мүгедектер қатарына қосып жаза салғаны анықталып отыр. Мұндай заңсыз әрекеттер аз емес. Сондықтан, Үкімет пен құқық қорғау органдарына осы салада тәртіп орнатуды тапсырдым. Қандастар мәселесіне келсек. Әрине, мен сырттағы ағайынның тарихи Отанына оралғанын құптаймын. Бірақ, олардың қоғамымызға дұрыс кірігуіне қатысты мәселелерді шешу қажет. Былтыр Қазақстанға 16 мыңнан астам қандас көшіп келген. Соның ішінде еңбекке жарамды азаматтардың он бес пайызының ғана жоғары білімі бар. Сол себепті көбі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделу барысында қиындықтарға тап болады. Олар негізінен Алматы облысының халық көп тұратын аудандары мен ауылдарына және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына қоныстанған. Орталық және жергілікті билік, сондай-ақ, құқық қорғау органдары бұл жағдайға назар аударуға мәжбүр болып отыр. Мен былтырғы сұхбатымда Қазақстанда барлық азаматтың құқығы бірдей екенін, ешкімге ешқандай артықшылық немесе басымдық берілмейтінін айттым. Біз өркениетті, әділетті мемлекет құрып жатырмыз. "Заң үстемдігін" қамтамасыз ету, білімнің сапасын арттыру, мәдениетті болу, аянбай еңбек ету, тәртіпке бас ию және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау арқылы ғана осы мақсатқа жетеміз. Еліміздің болашағы дарынды, бастамашыл әрі отаншыл жастардың қолында. Мен мұны үнемі айтып жүремін. Себебі, Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың жасампаз қуатына сенемін. – Елдің қорғаныс қабілеті айрықша маңызды екенін бәріміз білеміз. Бірақ, сарбаздардың өліміне қатысты оқиғалар әскери қызметтің беделін, Қарулы Күштеріміздің абыройын түсіріп жатыр. Сіз армиядағы ахуалды қалай бағалар едіңіз? – Мен әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздардың жарақат алуы мен қаза болуына қатысты оқиғаларды өркениетті елге жат, теріс үрдіс деп санаймын. Бейбіт заманда мұндай жайттар болмауға тиіс. Бұл туралы барлық күштік құрылым басшыларымен жуырда өткен кеңесте де айттым. Қорғаныс саласына жауапты мекеменің басшылығын тәрбие жұмысын дұрыс қадағаламай отырғаны үшін сынға алдым. Армия жастарға қолдау көрсетіп, оларды еліміздің нағыз азаматы ретінде тәрбиелеп шығаруы керек. Командирлер әскери қызметшілерге үлгі-өнеге болуға тиіс. Әскерде әлімжеттікке, бұзақылыққа, рушылдыққа, жершілдікке орын жоқ, ондай жайттарға жол берілмейді. Мұның бәрін өзім жеке қадағалап отырамын. Мен ахуалды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдау жөнінде бұйрық бердім. Дегенмен, қайғылы оқиғалар әскери бөлімшелердің бәрінде болып жатпағанын атап өткен жөн. Тексеру жұмыстары, жалпы, әскердегі тәртіп қатаң сақталатынын көрсетті. Танымалдыққа ұмтылған кейбір блогерлер әскердегі шынайы ахуалға мүлдем жанаспайтын сөз таратып жүр. Олар армияны сарбаздар күн сайын дерлік қылмыскерлердің құрбанына айналып, қаза табатын жер ретінде көрсеткісі келеді. Шын мәнінде, сарбаз болу – өзіңді дамыту үшін тың мүмкіндіктерге ие болу деген сөз. Әскери борышын өтеп қайтқан жастар жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін оқи алады. Олар әскерде жүргенде сұранысқа ие мамандықтарды меңгереді. Келісімшартпен жұмыс істейтін әскери қызметшілер мен офицерлер әлеуметтік жағынан барынша қорғалған. Армияда темірдей тәртіп болуға тиіс. Сарбаздар ант бергенде айтатын "Әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеремін" деген сөзден әскери өмірдің қатаңдығын айқын аңғаруға болады. Әскери қызметтің абырой-беделін көтеру және еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру – мемлекеттің басты басымдығының бірі. Қарулы Күштерімізді технологиялық тұрғыдан жаңғырту жұмысы қарқынды жүргізіле бастады. Былтыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізілген әскери шеруді шетелдік саясаткерлер мен әскери қайраткерлер жоғары бағалады, бұл іс-шара армиямыздың заманауи қару-жарақпен және техникамен, соның ішінде Қазақстанда жасалған өнімдермен толық жабдықталғанын, сондай-ақ, әскери қызметшілеріміздің дайындығы өте жақсы екенін айқын көрсетті. Әскери бөлімшелеріміз ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі жаттығуларда тамаша нәтижеге жетіп жүр. Қазақстанда колледждерден бастап университетке дейінгі білім және ғылым мекемелерін түгел қамтитын ұлттық әскери мектеп қалыптасты. Жуырда Тараздағы мамандандырылған әскери мектепке бардым. Онда әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасылардан шыққан балалар оқиды. Бұл – жақсы бастама. Мен осы мектепке аты аңызға айналған батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беру туралы шешім қабылдадым. Облыс орталығының бәрінде осындай мектеп ашу туралы тапсырма бердім. Бұл білім мекемелерінде бүкіл еліміз мақтан тұтатын сардарлар мен генералдар тәрбиеленіп шығатынына сенімдімін. – Тағы бір өткір тақырып – көлік апаты. Өкінішке қарай, жыл сайын жол-көлік оқиғасының салдарынан мыңдаған адам қаза болады. Сіз Жолдауыңызда да бұл тақырыпқа тоқталып, мәселені ретке келтіруді талап еттіңіз. Оң өзгерістер бар ма? – Бұл – көптеген ел үшін өте өзекті мәселе. Басты себептің бірі – автокөліктің көбеюі. Еліміздегі автокөлік саны былтырдың өзінде 300 мыңға, ал, соңғы бес жылда 1,7 миллионға көбейді. Оның үстіне, шамамен 3 миллион транзиттік автокөлік еліміздің аумағы арқылы өтеді. Автокөлік көбейген сайын, жол үстінде апат болу ықтималдығы арта түседі. Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықты анықтау және оның жолын кесу жұмыстарын жандандыра түсті. Инфрақұрылым жетілдірілді, бақылау күшейді. Айыппұлды өсіру туралы шешім де, ең алдымен, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды. Соның нәтижесінде ахуал жақсарып келеді, көлік апаттарынан болған адам өлімі 9,4 пайызға азайды. Алайда, қоғам жол ережесін сақтауға немқұрайлы қараса, қолға алынған шаралардың ешқайсысы тиісті нәтиже бермейді. Түптеп келгенде, жүргізушілер қарапайым, бірақ өте маңызды талаптарды сақтамағандықтан, жан түршігерлік апаттар болып жатады. Бұл жағдай көлік жүргізушілерінің жол ережесін білмеуінің немесе оны біле тұра елемеуінің кесірінен орын алады. Дәл осындай жауапсыз жүргізушілер адам өліміне әкеп соқтыратын апаттарға себепкер болады. Кейбір дамыған елдерде көлік апаттарының алдын алу үшін жаңа тұжырымдама енгізіліп жатыр. Соған сәйкес әр адам полиция қызметкерлеріне ұсталып қалудан қорыққандықтан емес, өзінің және басқа адамдардың қауіпсіздігін ойлағандықтан жол ережесін сақтауға тиіс. Бұған қоса, осы салаға жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні кеңінен енгізген жөн. Біз көліктер тоқтаусыз жүретін көшелер саламыз. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің қауіпсіздігіне айрықша назар аударамыз. Себебі, автобустардың жол апатына ұшырауы азаюдың орнына көбейіп барады. – 2025 жылдың екінші жартысы еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды оқиғаларға толы болды. Сіз қысқа мерзім ішінде Бейжіңде, Вашингтонда, Мәскеуде, Анкарада, Абу-Дабиде, Ташкентте, Душанбеде, Бішкекте, Ашхабадта және Токиода болып қайтқан әлемдегі санаулы қайраткердің бірісіз. Өзіңізді ірі халықаралық қақтығыстарды шешу үшін ара ағайын болуға арнайы шақырады деген де болжамдар бар. Бұл туралы не айтар едіңіз? – Сыртқы саясатқа қатысты жоғары деңгейдегі іс-шаралардың көптігі Қазақстанның абырой-беделі өсіп, халықаралық құқық субъектісі ретіндегі рөлі арта түскенін көрсетеді. Шетелге жасаған сапарларымнан бөлек, Азия, Еуропа және Таяу Шығыс аймақтарындағы ықпалды мемлекеттердің басшылары Астанаға сапармен келді. Әрбір келіссөзде экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа, әлемдік аренадағы қарым-қатынасқа қатысты маңызды мәселелер көтеріледі. Былтыр экономикамыздағы басымдық берілген салаларды дамыту үшін жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын құжаттарға қол қойылды. Қазақстан Еуразия кіндігінде орналасқан ел ретінде, әсіресе, қазіргі алмағайып заманда түрлі үдерістен сырт қалмауы керек. Біздің халықаралық қатынастағы негізгі мәселелер туралы өз көзқарасымыз, нақты ұстанымымыз болуға тиіс. Сондықтан, мен БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында осы әмбебап жаһандық ұйымды реформалауға қатысты Қазақстанның ұстанымын егжей-тегжейлі айтып өттім. Халықаралық дау-дамайларда ара ағайын болатын ешқандай ойым жоқ, сондай-ақ, бірқатар елдердің ұсыныс-пікіріне қарамастан, БҰҰ-дағы жұмысқа қайта оралатын ниетім де жоқ. Бірақ, жабық кеңестер мен пікірталастарға қатысамын, оның үстіне бірқатар мемлекет басшылары менің пікірімді білгісі келеді. Мен үшін осы маңызды жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың еш қажеттігі жоқ, себебі популизмнен аулақпын. Бұл ұстанымым жабық кеңестерге қатысушылар үшін де маңызды болса керек. – Жаңа жыл қарсаңында Кремльде Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысымен тағы да кездесті. Кремльге қарасты ақпарат құралдары бұл жайында кеңінен мәлімет таратты. Кездесу туралы көптеген пікір айтылып, өсек-аяң өрбіді. Тіпті, Қазақстанда 2029 жылы болатын билік транзиті туралы сөз қозғалыпты, Назарбаев Владимир Путиннің тікелей қолдауымен сол істе ең басты рөл атқарғысы келеді екен деген алып-қашпа әңгіме шықты. Сіз былтырғы сұхбатыңызда Тұңғыш президент партияның ірі қайраткері ретінде көп уақытын өткізген Мәскеуді сағынатын болар, сондықтан ол жаққа жиі барады деп түсіндірген едіңіз. Дегенмен, көптеген азамат Сіздің осындай "саммиттерге" шынайы көзқарасыңызды білгісі келеді. – Тұрақты түрде өткізіліп жүрген кездесулер бейресми сипатқа ие. Мұны Ресей президентінің өзі де атап өтеді. Таяуда өткен Санкт-Петербургтегі басқосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын айтқан еді. Ресей президентінің ерекшелігі: ол достарымен және әріптестерімен жылы қарым-қатынас құра біледі. Жұмысы өте қарбалас болса да, сенбі күні Қазақстанның Тұңғыш президентімен асықпай әңгімелесуге уақытын бөлді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразиядағы ықпалдастық үдерісінің бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде бағалайды. Ресей бұл үдерісте жетекші рөл атқарып отыр. Кремльдегі кездесу Владимир Путиннің адамгершілігі жоғары екенін көрсетеді. Ондай әңгімелер барысында не айтылғаны маған қызық емес, бұл туралы ешқашан сұрақ қоймаймын. Ал, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына келер болсақ, мен оны қазіргі қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған тұлға деп санайтынымды бірнеше рет айттым. Оның мемлекеттік институттарды және экономиканың нарықтық тетіктерін құру, жаңа астанамызды салу жолындағы еңбегін бәрі біледі. Өзіңізге мәлім, біз Қазақстанды Әділдік, Заң және Тәртіп орнаған ел еткіміз келеді. Сондықтан, ешкімді алаламай, әр азаматтың еңбегін әділ бағалау керек. Бұл еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да қатысты. – Ал билік транзиті туралы не айтасыз? – Бұл жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар. – Кейбір сарапшылар парламенттік реформа бір ғана мақсатпен – Парламент төрағасы лауазымын мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең басты лауазымға айналдыру үшін ғана өткізіледі деп санайды. Сіз бұл лауазымды өзіңізге дайындап жатырсыз деген де сыбыс бар... – Бұл – бос әңгіме. Мұндай пікір менің саяси қағидаттарыма қайшы келеді. Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін "Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді. Еліміз үшін аса маңызды реформаның бәрі жалпыхалықтық референдумға шығарылады. Бұл жерде ешқандай астыртын ойлар жоқ. Менің ұстанымым баршаға белгілі, саяси реформалар жалғаса береді. Ұзақ мерзімге арналған жоспардың бір бөлігі әдеттегідей жақын арада жарияланады. – Биыл саяси тұрғыдан алғанда қандай жыл болмақ? – Қазірдің өзінде нақты айта аламын: биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады. Мен конституциялық реформаға қатысты референдум өтетінін алдын ала айттым. Қазір сарапшылар тобымен бірге Ата заңымыздың редакциясына қатысты ұсыныстарды қарап жатырмын. Жоспарланған өзгерістер өте көп, бәрі тұтаса келгенде жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасаймыз деуге болады. – Сіздің күрделі мәселелерге әзілмен қарай алатыныңызды, ойыңыздың астарын өмірде болған тағылымды тарихи оқиғалар, я болмаса дипломатиялық тәжірибеңізден алынған мысалдар арқылы жеткізетініңізді "президенттік орта" жақсы біледі деседі. Олар өткен кезеңнің белгілі тұлғаларын да жиі тілге тиек ететініңізді айтатын көрінеді. Жоғары деңгейдегі саясаткер ретінде бұл қабілетіңіз Сізге септігін тигізе ме? – Әзіл айта білу және тарихи деректерді жетік білу үлкен саясатта да жоғары бағаланады. Мен кәсіби тарихшы емеспін. Сондықтан, көптің алдында өткен дәуірлерге қатысты тақырыптарға бара бермеймін. Бірақ, тарихқа қызығамын, кітаптар мен мақалалар оқимын. Десе де, тарихи деректерді қазіргі саясаттың мүддесіне пайдалануға болмайды деп санаймын. Белгілі жазушы, драматург Эдвард Радзинский өткен ғасырдағы 80-ші жылдардың басында Сталин туралы іргелі зерттеу кітабын жазуға кіріскенін айтыпты. Қаламгердің елге "қайта құру қаһармандары" ретінде танылған достары "Сенің Сталинің кімге қажет? Ашықтық пен демократия дәуірі басталғанын білмейсің бе? Сталинизм заманы келмеске кетті" деп кекетсе керек. Сонда жазушы "Мен кітапты жазып бітірген кезде жұрт Сталиннің суретін көтеріп алып, көшеде жүретін болады" деген екен. Ақыры солай болып шықты. Тарихтан талай нәрсені үйренуге болады, күні кеше ғана қуғында жүрген жандар ертең-ақ ұлы тұлға атанады. Есесіне, Ленин сынды көсемдердің әжуаға айналуы оп-оңай, халық оның қанатты сөздерін әлдеқашан ұмытқан. Ал, Троцкий өз естеліктерінде "партиямыздың ең көрнекті ортақол адамы" деп атаған Сталинді қазір жұрт мадақтайды, тіпті, "Кадр бәрін шешеді", "Бала әкесі үшін жауап бермейді", "Өмір қандай керемет, өмір қандай көңілді", "Табыстан бас айналу", "Гитлерлер келеді-кетеді, ал неміс халқы қала береді" деген сөздері үшін пір тұтады. Осындай тарихи парадокстар бізде де аз емес... – Ойыңызды тарқатып айтасыз ба? – Кез келген елдің, соның ішінде біздің де төл тарихымызда қайшылыққа толы оқиғалар мен ақиқатынан аңызы басым тұлғалар жетіп артылады. Тарихи деректерді бұрмалау, халыққа жасаған еңбегі күмәнді, яғни нақты мәліметтермен немесе құжаттармен дәлелденбеген адамдарды шамадан тыс ұлықтап көрсету – мен үшін мүлде ақылға қонбайтын нәрсе. Соңғы жылдары Қазақстанда тарихты талқылау сәнге айналды. Түрлі подкасттар, фильмдер, мақалалар мен кітаптар шығып жатыр. Әрине, халықтың төл шежіресін тануға деген қызығушылығын түсінуге болады. Жалпы, бұл – құптарлық дүние. Алайда, өкінішке қарай, мемлекетке кесірі тиетінін жете түсінбей, көпшіліктің көңілін табу үшін ойдан шығарылған деректер мен жалған ақпараттар тарататын, халқымыздың басынан өткен қиындықтарға өзге жұртты кінәлайтын тарихшысымақтар пайда болды. Жұрт олардың сандырағына сеніп, өткен дәуірдің жалған батырларын ұлықтай бастады. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Бұл – ақиқат жолы емес, керісінше "жалған түсінік туғызатын теріс жол". Біз болашаққа ұмтылған қоғам, біртұтас ұлт ретінде төл тарихымызды танып, оны қаз-қалпында қабылдай білуіміз керек. Бізге негізсіз аңыз-әңгімелердің еш қажеті жоқ, оның бәрі сана-сезімімізге кеселін тигізеді. Тарих жұртты дауластыратын, жауластыратын тақырып емес, керісінше, қоғамды ұйыстыратын құндылық болуға тиіс. Ойдан шығарылмаған, яғни ақиқатқа құрылған шежіре бізді тарихтан тағылым алып, кемшіліктерімізді түзетуге, сол арқылы болашаққа сеніммен қадам басуға үйретеді. Сондықтан, біз Абайды және оның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеп келеміз. Ол қоғамдағы кемшіліктерді бүкпесіз айтып, "Толық адам" болуға бастайтын дұрыс жолды нұсқап кетті. Ұлы ойшылдың ұрпаққа қалдырған баға жетпес мұрасы саналатын "Қара сөздері" әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Абай халқымыздың еңбекқор, білімпаз және адамгершілігі жоғары болғанын қалады. Мән-мағынасы жоқ сансыз пікірталастан басқа ұрпаққа ұлағат боларлық сөз қалдырмаған бірқатар қоғам қайраткерлерінің мұрасынан Абай ілімі әлдеқайда биік тұрғаны анық. Бірде-бір дәуірде, әсіресе, саяси аласапырандар кезеңінде көпірме сөздің еш пайдасы болмаған. – Сіздің "Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойғаныңыз былтырғы айтулы қадамның бірі болды. Жұрт идеологияның рөлі, отаншылдық туралы жиі айтады. Сіз отаншылдық дегенді қалай түсінесіз? – Меніңше, отаншылдық деген ұлы сезім жылтырақ сөзбен, жалған әрекетпен бағаланбауға тиіс. Нағыз отаншыл азамат жұрттың алдында кеудесін соғып көпірмейді, етегі жасқа толып еңіремейді, оңды-солды сұхбат беріп ділмәрсімейді. Үндемей жүріп, үлкен іс бітіреді. "Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жаратынның" бәрі патриот емес. Отаншыл болу – туған еліңнің, отбасыңның игілігі үшін аянбай еңбек ету деген сөз. Қоқысты жинау, тал егу, табиғатты аялау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де – отаншылдықтың белгісі. Мен аймақтарға іссапармен барғанда инженерлермен, жұмысшылармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, шаруалармен, әскери қызметшілермен, мәдениет қайраткерлерімен кездесемін. Олардың бәрі – сүйікті Отанымыздың нағыз патриоттары. Отан отбасыңнан, аулаңнан, көшеңнен басталады. Сондықтан, айналаңды аялап, табиғатты таза ұстау керек. Әлемде мультикультурализмді қолдап, ұлтаралық және дінаралық татулықты жақтайтындар мен өзін нағыз патриот санайтын радикалды ұлтшыл топ өкілдері арасында қақтығыс болып жатыр. Меніңше, екі жақтың да ұстанымы ұшқары. Себебі, Азияда бағзы заманнан бері заң мен тәртіпке бағынып, береке-бірлікте, тату-тәтті өмір сүрудің "үлгілі үйлесімі" бар. Мен бұған дейін қоғамдық өмірдің "Бірлігіміз – әралуандықта" деп аталатын маңызды қағидатын жарияладым. Бұл азаматтарымыз бірін-бірі құрметтеп, сабыр сақтап, тәртіпті болуы қажет дегенді білдіреді. Тағы да қайталап айтайын: Қазақстан үшін "Заң мен Тәртіп", қолмен істегенді мойынмен көтеру қағидаттары айрықша маңызды. Әйтпесе, жоспарларымызды орындап, мақсаттарымызға жету екіталай болмақ. – Биыл Қазақстан халқы қастерлі Тәуелсіздігіміздің 35 жылдық мерейлі белеске жеткенін атап өтеді. Бұл – тарих тұрғысынан алғанда қас-қағым сәт болғанымен, жекелеген мемлекеттер мен адамдар үшін біршама ұзақ мерзім. Сіз Қазақстанның жүріп өткен жолын қалай бағалар едіңіз? Алдағы бағдарымыз қандай? – Мемлекет құру ісінің куәгері болған және бұл іске атсалысқан азамат ретінде "осы жылдарда Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін өте көп жұмыс атқарылды" деп айта аламын. Иә, жетістіктермен қатар, қателіктер де болды. Онсыз мүмкін емес қой?! "Білмейтін жолдың ой-шұңқыры көп" деген сөз бар. Қалай болғанда да, еліміз бұралаңы көп, бағдары бұлыңғыр, күрделі жолды жүріп өтті. Жер жүзінде Қазақстанға тілеулестік білдіргендер аз болған жоқ, бірақ жымысқы ниет танытқандар да бар еді. Өткен ғасырдағы 90-шы жылдардың басында шетелдерде "қазақтардың қолынан ештеңе келмейді" деген пікір айтылып жатты. Өйткені, демографиялық ахуал мен кеңес дәуірінен қалған саяси және экономикалық жағдай табысты мемлекет құруымызға қолбайлау болатындай көрінді. Өмірдің өзі бұл болжамдарды жоққа шығарды. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып жатқан, халықаралық беделі жоғары, табысты мемлекетке айналды. Бірақ, алдымызда тәжірибесі мол азаматтарға да, жастарға да ортақ орасан зор жұмыс бар. – Қазіргі жастар – өте талапшыл әрі талғампаз. Әлеуметтік желіден олардың "Қазақстан "прайм-дәуірге", яғни, керемет кезеңге қадам басты" дегенін көргенде таңғалдым. Осыған қатысты не айтар едіңіз? – Жастарымыздың күш-қуаты мол, үміті мен сенімі зор әрі азаматтық сана-сезімі өте жоғары. Олар – бар ықыласымен болашаққа ұмтылатын отаншыл азаматтар. Дәл осындай өршіл ұстанымның арқасында еліміз талай рет алдынан шығатын сын-қатерлерді еңсеріп, қиындықтарды жеңері сөзсіз. Жастардың қуанышы орынсыз, тіпті, оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ, олардың ой-пікірімен санасқан жөн. Жастар Отанымызға тек жақсылық тілейді. Бұл біздің қоғамымыздың жасампаздық рухын білдіреді. Өскелең ұрпақ бүгінгі ахуалға арман-қиялмен емес, нақты көзқараспен қарауы қажет, виртуалды емес, шынайы әлемде өмір сүруі керек. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрмей, ерінбей еңбек етіп, өзін темірдей тәртіпке тәрбиелей білгені жөн. – Қазақстанның дамуы туралы айтар болсақ, осы жылдан не күтесіз? Алда қандай маңызды оқиғалар болады? Мақсат-мұраттарыңыз қандай? – Биыл көп жұмыс істеуіміз қажет екенін айтып өттім. Осы жылы ауқымды саяси өзгерістердің жаңа кезеңі басталады, экономикалық реформалар жалғасын табады. Еліміз жаңғыру жолына біржола түсіп, қоғамымыздың болмысы мен бет-бейнесін түбегейлі өзгертуге тиіс. Азаматтарымыз жаңа дәуірге бейімделуі қажет. Бұл – оңай шаруа емес. Бірақ, халқымыз, соның ішінде жастарымыз алмайтын асу жоқ. Бұған кәміл сенемін. Мен осы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияладым. Бұл еліміз үшін тарихи мүмкіндік екенін жаңа ғана айтып өттік. Түбегейлі цифрлық өзгерістер жасап, жасанды интеллектіні енгізу экономиканың және басқа да көптеген саланың дамуына тың серпін береді. Мемлекетті басқарудан бастап, білім беру және денсаулық сақтау саласына дейін – барлық бағытта өсіп-өркендеуге жол ашады. Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы – еліміз үшін айтулы дата әрі осыған дейін жүріп өткен жолымызды ой елегінен өткізіп, болашаққа жоспар құратын сәт. Тәуелсіздіктің мерейлі белесінас та төк науқаншылдыққа айналдырмау керек, бұл Қазақстанның өсіп-өркендеуінің символы болуға тиіс. Мен Президент ретінде "Таза Қазақстан" акциясын алдағы уақытта да ерекше назарымда ұстаймын. Бұл жұмыстың мән-маңызы өте зор. Себебі, "Таза Қазақстан" жұртты үнемшіл әрі ақпейіл болуға, даңғазалықтан арылуға, үнемі ізденіп, алға ұмтылуға, ортақ жауапкершілікті ұмытпауға, елге жанашырлық танытып, қайырымдылық жасауға үндейді. Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Бұл қадам "Таза Қазақстан" идеясымен толық үндеседі. Мен осы жалпыхалықтық қозғалысты айрықша маңызды идеологиялық акция деп санаймын. Өйткені, тазалық дегеніміз – мағынасы терең, мазмұны сан қырлы ұғым. Тазалық ұғымы жан дүниенің де, жер дүниенің де тоқырауын емес, гүлденуін, кіршіксіз таза болуын білдіреді. Түптеп келгенде, тазалық ұлт болмысының өзегіне айналуға тиіс. – Жұрт Сізді жеке тұлға ретінде де тани түскісі келеді. Сіз жеке өміріңізді көпшілікке жария етуді ұната бермейтін сияқтысыз. Өзіңізді жақсы білетін адамдар "ол жазба мәтіндерге өте мұқият қарайды және асқан табандылықпен жұмыс істейді" дейді. Жеке басыңызға қатысты осындай сұрақтар аз емес. Осының бәрін қорыта айтсақ, Сізді жан дүниесі мен мінез-құлқы қандай адам деуге болады? – Мен 1975 жылы КСРО сыртқы істер министрлігінің табалдырығын алғаш рет аттадым, мемлекеттік қызметке келгеніме былтыр 50 жыл болды. Алғашқы мамандығым бойынша мен – қытайтанушымын. Бұл кәсіп айрықша табандылықты қажет етеді. Шынымен де, мәтінмен жұмыс істеуге әбден дағдыланғанмын, нашар стильді, әсіресе, әріп қатесін суқаным сүймейді. Жолдауларымды, сөйлейтін сөздерімді, мақалаларымды, тіпті, әріптестеріме жолданатын хаттардың бәрін тікелей өзім қарайтынымды аппараттағылардың барлығы біледі. Саналы ғұмырым темірдей тәртіпті, зор жауапкершілікті, жүйелі жұмыс істеуді талап ететін мемлекеттік қызметте өтіп келеді. Мұның бәрі менің мінез-құлқым мен дүниетанымыма өз әсерін тигізді. Сондықтан, "Сіз кімсіз?" деген сипаттағы сауалыңызға қысқаша ғана "мен – мемлекетшіл адаммын" деп жауап берейін. – Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің денсаулығы туралы мәліметтерді жариялады. Осы тұрғыдан алғанда, Сіз көп ашыла бермейсіз. Дегенмен, денсаулығыңыз жайлы түрлі әңгіме айтылып жатады. Кейбіреулер Сіздің салмақ тастап, сергек көріне бастағаныңызды атап өтсе, енді біреулер оған керағар пікір білдіріп жүр. Бұл туралы не дер едіңіз? – Денсаулығым жақсы, қан қысымым қалыпты. Күн сайын йогамен шұғылдануды әдетке айналдырдым, бірақ медитация жасамаймын. Бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін болдым. – ТМД елдеріндегі әріптестеріңіздің ішінде тағы кім спортқа жақын? – Таяуда Бішкекте өткен бейресми іс-шара кезінде Путин жас дзюдошыға қарсы әдемі әдіс жасап, аға буынның абыройын көтеріп тастады. Әлиев те мықты, кәнігі спортшы сияқты үнемі жаттығады, Жапаров футбол ойнайды. Мирзиёев те ширақ, ол жаттығу залында шынығады. Пашинян велосипед тебеді. Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ойнайды екен. Кезінде теңіз-әскери күштерінде болып, әбден шыныққан Рахмонның да денсаулығы жақсы. Бір сөзбен айтсам, әріптестерімнің бәрі де бабында. – Президент мырза, бүгін өте мазмұнды әңгіме болды. Халықты толғандыратын көптеген маңызды мәселені талқыладық. Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін тағы да алғыс айтамын. – Мен әрдайым қоғамның көңіл-күйі мен азаматтардың мұң-мұқтажын біліп отыруға тырысамын. Түйткілді мәселелер мен жоба-жоспарларды ашық әрі тура айтамын. Қазақстанның әлеуетін еселей түсу үшін әлі көп жұмыс істеуіміз керек. Біз бір ел болып, халықтың мүддесін қорғау жолындағы биік мақсатымыздың бәріне жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін.
Қазақстанда SIM-карта рәсімдеудің жаңа тәртібі туралы ескертілді Қазақстанда SIM-картаны рәсімдеу енді биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана мүмкін болады. Бұл мобильді және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес үшін қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бизнес пен ұйымдар үшін биометриялық сәйкестендіру талабы қызметтік мақсатта SIM-карталар берілетін қызметкерлерге де қатысты болады. Цифрлық министрліктің мәлімдеуінше, биометриялық сәйкестендіру нөмірлерді аноним пайдалануды жоққа шығарып, оларды қолдануға жауапкершілікті арттырады. "Міндетті биометрияны енгізу дилерлер мен делдалдар арқылы SIM-карталарды заңсыз сату мәселесін де шешеді. Нөмір қай жерде сатып алынғанына қарамастан, байланыс қызметтері абоненттің жеке басы расталғаннан кейін ғана көрсетіледі", – деп хабарлады ведомство. Анықтама: Биометрия – адамның бірегей биологиялық немесе мінез-құлықтық ерекшеліктері (саусақ ізі, көздің нұрлы қабығының өрнегі, бет пішіні, алақан геометриясы, ДНҚ, тамыр суреті және басқа да белгілер) арқылы тану және сәйкестендіру технологиясы. Биометрия аутентификацияның ең сенімді тәсілдерінің бірі саналады, өйткені мұндай белгілерді қолдан жасау немесе ұрлау қиын (құпиясөз немесе картаға қарағанда). Министрлік бір адамға абоненттік нөмірлерді рәсімдеудің бекітілген тәртібін еске салды. "Жеке және отбасылық пайдалануға дейін он SIM-картаға дейін тіркеу қарастырылған. Одан көп мөлшерде рәсімдеу негізделген қажеттілік болған жағдайда және SIM-карталар қолданылатын құрылғыларды көрсете отырып мүмкін болады. Мұндай тәсіл алаяқтық схемаларға тән нөмірлерді жаппай тіркеу тәуекелдерін төмендетеді", – деп қосты Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінде. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Министрлік “арзан вакциналарға“ қатысты пікір білдірді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған "балаларда ауру тудыратын арзан вакциналар сатып алынып жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакцина халықаралық және ұлттық деңгейде көпсатылы сараптамадан өтеді, тіркеуден өтеді және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) талаптарына, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкес қолдануға рұқсат алады. Министрлік вакциналар сатып алу тек сапа, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштері бойынша жүргізілетінін, "арзандығына қарап" таңдалмайтынын атап өтті. "Вакциналар "балаларда ауру тудырады" деген мәлімдемелердің ғылыми дәлелі жоқ және көпжылдық халықаралық бақылаулар деректеріне қайшы. Керісінше, дәл вакцинация қауіпті жұқпалы аурулардан болатын сырқат пен өлім-жітімді айтарлықтай төмендетіп, мыңдаған ауыр асқыну мен өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік берді", - деп көрсетті Денсаулық сақтау министрлігі. Министрлік дерегінше, вакцинацияның арқасында балалар арасындағы қызылшаға шалдығу 90 пайыздан аса төмендеген, қызамық пен паротит - 95 пайызға азайған, полиомиелит 1996 жылдан бері, ал дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмейді. Бұл ұлттық иммундау бағдарламасының тиімділігін растайды. "Министрлік медициналық бейінді біліктілігі жоқ адамдар тарапынан осындай мәлімдемелердің таралуы ата-аналарды жаңылыстырып, денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсірететінін және балалардың денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтеді", - деп ескертті ведомство. Министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне, дәрігерлердің ұсынымдарына және дәлелді медицина деректеріне сенуге, сондай-ақ, балалар денсаулығына қатысты мәселелерге жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сонымен қатар, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды. Контекст Бұған дейін қоғам белсендісі Дидар Смағұлов Денсаулық сақтау министрлігінің көкжөтелге қарсы вакциналарды сатып алуында сыбайлас жемқорлық болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Смағұлов бірқатар жазба жариялап, министрлік вакциналарды заңбұзушылықтармен сатып алғанын және Sanofi фармкомпаниясының мүддесін лоббилегенін айтқан. Ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова айыптауларды жоққа шығарып, Қазақстанда вакцина таңдауы тек ғылыми деректер мен заңнамаға негізделетінін мәлімдеді және тараған ақпаратты теріске шығаруды талап етті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы: қаза тапқандар саны аталды АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген операциясы салдарынан кемінде 40 адам, оның ішінде әскери қызметкерлер де, бейбіт тұрғындар да қаза табуы мүмкін. Мұндай мәліметті Венесуэланың жоғары лауазымды шенеунігі мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УНИАН-ға сілтеме жасап. Америкалық шенеуніктердің деректеріне сәйкес, Венесуэланың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жою үшін 150-ден аса ұшақ жіберілген. Одан кейін әскери тікұшақтар америкалық арнайы операциялар күштерін жеткізіп, олар жергілікті уақыт бойынша түнгі 2-де Мадуроның резиденциясына шабуыл жасаған болуы мүмкін. Хабарламада Венесуэла президенті Николас Мадуро америкалық әскерилер Каракаста "жылдам әрі қуатты операция" жүргізіп, оны жұбайымен бірге қолға түсіргеннен кейін бірнеше сағат ішінде Нью-Йоркке жеткізілгені айтылады. БАҚ мәліметінше, бұған дейінгі күні Венесуэлада америкалық әскерилердің бар екеніне қатысты ешқандай белгі байқалмаған. Мән-жай Сенбіде АҚШ Венесуэлаға қарсы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны және оның жұбайын республиканың астанасы Каракаста ұстап әкеткен. Бүгін Мадуроның Бруклиндегі тергеу изоляторына жеткізілгені белгілі болды. Венесуэла президентін тұтқындау туралы айта отырып, АҚШ президенті Дональд Трамп Монро доктринасын еске салды. Бұл доктрина Америка құрлығын өзге державалардың араласуына жабық аймақ деп жариялайды. Сондай-ақ, Трамп "АҚШ-тың барлық жауына" Венесуэлада болғандай операция жасалуы мүмкін екенін айтып қорқытты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда биыл қай жолдар жөнделеді? 2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан аа автожол салу және жөндеу жоспарланып отыр. Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров нақты учаскелерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалиақпаровтың айтуынша, 2026 жылға арналған басым жобалардың қатарында ірі автожол бағыттарын салу мен қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру бар. Атап айтқанда, Ұлытау облысы аумағында ұзындығы 208 шақырым болатын Қызылорда – Жезқазған автожолында жұмыстар жалғасады. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 896 шақырым болатын "Орталық – Батыс" жобасын іске асыру, сондай-ақ, Ақтөбе – Ұлғайсын (232 шақырым) және Қарағанды – Жезқазған (572 шақырым) бағыттары бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарланған және өзге де жобалар қарастырылған. "Барлық қажет технико-экономикалық негіздеме алынған, қаржы қаражаты қарастырылған, жұмыстар штат режимде жүргізіліп жатыр", - деді вице-министр. Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларын айналып өтетін айналма жол жобаларын жүзеге асыру көзделген. Көлік министрлігі туристік және шекара маңы бағыттарын дамытуды жалғастыруға уәде берді. Олардың ішінде Рахман қайнарларына апаратын жол, сондай-ақ, Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы учаскесі бар. 2026 жылы күрделі және орташа жөндеу келесі бағыттарда жоспарланған: Жезқазған – Петропавл; Атырау – Орал; Жаңаөзен – Кендірлі; Мұқыр – Құлсары; Макинск – Ақсу – Торғай және басқа да учаскелер. Жергілікті жол желісі бойынша Ақтау – Форт-Шевченко, Түркістан – Шәуілдір, Чапай – Сайқын жобаларын іске асыру қарастырылған. Сонымен қатар, Семей қаласында автогужевой көпірдің құрылысы жалғасады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2026 жылғы көлік салығы: қандай өзгерістер болмақ? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде көлік салығына қатысты өзгерістер көзделген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап. Негізгі өзгерістер Жеңіл автокөлік салығын есептеу кезінде пайдаланылған мерзімі: 10 жылдан 20 жылға дейін болса - 0,7 түзету коэффициенті қолданылады; 20 жылдан асса - 0,5 коэффициенті қолданылады. Ескерту: салық жыл қорытындысы бойынша төленетіндіктен, төмендетуші коэффициенттерді ескере отырып, 2026 жылға арналған салық сомасы 2027 жылы есептеледі. Қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасында өндірілген (дайындалған немесе құрастырылған) немесе 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автокөліктер үшін салық мөлшерлемелері алып тасталды. Шаруа немесе фермер қожалықтары басқа да жеңілдіктерге қосымша ретінде бір шаруа немесе фермер қожалығына бір дана жүк платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қалқамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл моторлы көлік құралы (пикап автомобиль) бойынша көлік салығын төлеуден босатылады. Енді көліктің санаты қатаң түрде тіркеу туралы куәліктегі деректер бойынша айқындалады, яғни құжатта көрсетілген басқару құқығы санатына сәйкес анықталады (A, B, C, D). Салық есептілігі нысандарын қысқарту мақсатында көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін (есеп-қисапты) тапсыру міндеті алып тасталды. МКК мәліметінше, 2026 жылдан бастап салық төлеуші тек жылдық декларацияны тапсырады және соған сәйкес жыл қорытындысы бойынша бір рет төлем жасайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұшақтар кешігеді: Air Astana жолаушыларына ескерту жасады Air Astana әуекомпаниясы 4 қаңтарда Астанадағы ауа райының қолайсыз болуына байланысты рейстер кешігіп, ұшу кестесіне өзгерістер әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін әуекомпания 3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні Алматыдан Airbus A320neo әуе кемелері орындайтын рейстердің кешіккенін мәлімдеген еді. Бұған ауа райының әсерінененгізілген ұшып шығу шектеулері себеп болған. "Әуекомпания ұшу кестесін қалпына келтіру үшін барлық қажет шараны қабылдап жатыр, оның ішінде FlyArystan-нан резерв ұшақты тарту да қарастырылған", - деп хабарлады Air Astana. Жолаушылардан әуежайға жолға шығар алдында рейстің мәртебесін міндетті түрде тексеру сұралады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Венесуэлаға байланысты шұғыл отырыс өткізеді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы операциясына байланысты шұғыл отырыс өткізеді. Отырыс дүйсенбі, 5 қаңтарда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Синьхуаға сілтеме жасап. Шұғыл отырыс Гринвич уақытымен 15:00-ге (Астана уақытымен 21:00 - еск.) белгіленген. Бұл туралы Сомалидің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің баспасөз хатшысы Хадиджа Ахмед мәлімдеді. Қаңтарда ай сайынғы ротация аясында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне дәл осы мемлекет төрағалық етеді. Оқиғаның мән-жайы Сенбіде АҚШ Венесуэлаға қарсы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны және оның жұбайын республиканың астанасы Каракаста ұстап әкеткен. Бүгін Мадуроның Бруклиндегі тергеу изоляторына жеткізілгені белгілі болды. Венесуэлаға жасалған шабуыл мен Мадуроның ұсталуына Түркия мен Иран пікір білдірді. Мәлімдемеде Венесуэлада болып жатқан кейінгі оқиғалар олардың жіті бақылауында екені атап өтіледі. Венесуэладағы жағдайға қатысты Қытай да мәлімдеме жасады. Бейжің АҚШ-ты халықаралық құқықты сақтауға, басқа елдердің егемендігі мен қауіпсіздігіне қол сұғуды тоқтатуға шақырды. АҚШ әрекеттерін Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва қатаң айыптады. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп "АҚШ-тың барлық жауына" Венесуэлада болғандай операция жасайтынын айтып, қоқан-лоққы көрсетті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Елді қорғауға дайынбыз“. Венесуэланың вице-президенті Мадуроны дереу босатуды талап етті Президент Николас Мадуро тұтқындалғаннан кейін елдегі билік өзіне өткен тұлға - Венесуэланың вице-президенті Делси Родригес сенбіде Ұлттық қорғаныс кеңесінде бірқатар мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Родригес Венесуэла өзінің табиғи ресурстарын қорғауға дайын екенін айтты. "Венесуэланы қорғауға дайынбыз, ұлттық дамуға қызмет етуге тиіс табиғи ресурстарымызды қорғауға дайынбыз", – деді ол. Вице-президент Венесуэланың ешқашан отар күйіне қайтып оралмайтынын атап өтті: "Венесуэла халқы біздің ешқашан құлдық жағдайына қайта түспейтінімізді анық түсінеді. Біз ешқашан отар жағдайына қайта оралмаймыз". Оның сөзінше, Николас Мадуро Венесуэланың жалғыз әрі заңды көшбасшысы болып қала береді. "Бұл елде бір ғана президент бар, оның аты - Николас Мадуро. Біз оны және оның жұбайы Силия Флоресті дереу босатуды талап етеміз", – деді ол АҚШ шабуылынан кейін өткен Қорғаныс кеңесінің отырысында. Родригес АҚШ-тың шабуылы аясында азаматтарды сабыр сақтауға және бірлікті нығайтуға шақырды. "Венесуэлаға жасалған күшті өңірдегі кез келген елге жасай алады. Күш қолдануды кез келген мемлекетке қарсы қолдануы мүмкін", – деді ол. Сөз барысында саясаткер АҚШ-тың "операциясының" мақсаты - режимді ауыстыру және Венесуэланың ресурстарын басып алу екенін мәлімдеді. Бұған дейін сенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Родригес ынтымақтастыққа дайын екенін алға тартқан. Сонымен қатар, ол өз әкімшілігінің Родригеспен "бірнеше рет" сөйлескенін атап өтті. 3 қаңтарға қараған түні Венесуэланың астанасы Каракаста жарылыстар болды. Кейінірек Трамп АҚШ ауқымды соққылар жасағанын, ал Мадуро жұбайы Силия Флореспен бірге ұсталып, елден шығарылғанын мәлімдеді. АҚШ-тың бас прокуроры Памела Бондидің айтуынша, олар жақын арада Нью-Йорк штатының Оңтүстік округіндегі сот алдында жауап береді. Кейінірек Трамп Мадуро мен оның жұбайы кемеде отырғанын айтып, Венесуэла көшбасшысын тасымалдау сәтінен фото жариялаған. Мадуроға төрт ретке дейін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төнуі мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мадуро Нью-Йорктегі Бруклин ауданындағы тергеу изоляторына жеткізілді Венесуэланың президенті Николас Мадуро Нью-Йорктегі Бруклин ауданындағы тергеу изоляторына жеткізілді. Алдағы аптада ол Манхэттендегі федералдық сот алдында есірткі мен қару-жарақ контрабандасы бойынша айыппен жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Осторожно, новости" Telegram-арнасына сілтеме жасап. Ақ үй жариялаған видеоларда Мадуро Есірткімен күрес басқармасының (DEA) агенттерімен қатар жүріп, ағылшын тілінде сөйлеуге тырысқаны көрінеді. "Қайырлы түн", - дейді ол. Содан кейін ол испан тілінде өзіне сұрақ қойып: "Es buenas noches, no?" - дейді, бұл "Қайырлы түн, солай ма?" деп аударылады. Кейін бөлмеде отырғандарға қайтадан "қайырлы түн" деп айтып, "Жаңа жылыңыз құтты болсын!" - деп қосады. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Венесуэла көшбасшысы Николас Мадуроның ұсталғаннан кейінгі алғашқы фотосын жариялаған. Суретте Мадуро сұр түсті спорт киім киген, бетінде қара маска, қолында бөтелкесі бар. Венесуэла президентін қолға түсіру туралы айта отырып, Трамп Монро доктринасын еске салды: ол Америка құрлығын өзге державалардың араласуына жабық аймақ деп жариялаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп АҚШ Венесуэланы басқаратынын айтты АҚШ Венесуэланы президент Николас Мадуро тұтқындалғаннан кейін елде жаңа басшы тағайындалғанға дейін уақытша басқаруға дайын. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Біз елді қауіпсіз, дұрыс әрі ақылға қонымды билік транзитін қамтамасыз ете алғанға дейін басқаруды қолға аламыз", – деді Трамп. Оның айтуынша, Вашингтон Латын Америкасындағы бұл мемлекетті уақытша басқаратын команданы жасақтап жатыр. "Адамдармен сөйлесіп жатырмыз. Әртүрлі адамдарды тағайындап жатырмыз және Венесуэланы басқаратын сол адамдардың нақты кім екенін сіздерге айтамыз", – деді ол. Трамп Венесуэланы басқаруға арналған "топ" құрамында АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері, соның ішінде Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Пентагон басшысы Пит Хегсет жұмыс істейтінін қосты. Трамп Венесуэланы қайтадан ұлы ел ететінін уәде етіп, АҚШ Венесуэладан жай ғана шығып кете алмайтынын, өйткені елде билікті қолына алатын ешкім жоқ екенін айтты. "Біз Венесуэланың қайтадан ұлы ел болғанын қажет деп санаймыз. Бәрі өте оңай. Егер біз жай ғана кетіп қалсақ, билікке кім келеді? Айтайын дегенім, билікке келетін адам жоқ", – деді ол. АҚШ президенті Штаттар қажет болған жағдайда Венесуэлаға өз қарулы күштерін жіберуден тайынбайтынын ескертті және Мадуроны қолға түсіруге әкелген алғашқы соққыдан кейінгі екінші шабуыл одан да күшті болатынын айтты. "Біз құрлық әскерлерінің пайда болуынан қорықпаймыз. Қажет болса, сол жерде сарбаздардан қорықпаймыз. Кеше сол жерде өте жоғары деңгейдегі сарбаздар болды, біз ештеңеден қорықпаймыз", – деді Трамп. Трамп Венесуэла басшылығы Вашингтонға бағынуға тиіс екенін мәлімдеді. "Барлық саяси және әскери қайраткер Мадуромен болған жағдай олардың да басына түсуі мүмкін екенін түсінуі керек", – деп ескертті ол. Венесуэлаға жасалған соққылар мен Мадуроны тұтқындауды Трамп "төтенше әскери операция" деп атады. "Әскери қуат – әуеден, құрлықтан және теңізден – әсерлі шабуылды жүргізу үшін қолданылды, бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан бері адамдар көрмеген шабуыл болды", – деді ол. АҚШ Біріккен штаб бастықтары комитетінің төрағасы, генерал Дэн Кейннің айтуынша, Венесуэла президентін қолға түсіру операциясы "Абсолют табандылық" ("Absolute Resolve") деп аталған. Шапқыншылыққа 150 ұшақ тартылып, әскерилер Таяу Шығыста, Оңтүстік-Батыс Азияда және Африкада терроризмге қарсы күрестегі көпжылдық тәжірибеге сүйенгенін айтты. Оның сөзінше, бүкіл операция шамамен екі сағат 20 минутқа созылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Мадуроның USS Iwo Jima кемесіндегі суретін жариялады АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Венесуэла лидері Николас Мадуроның ұрланғаннан кейінгі алғашқы фотосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Николас Мадуро USS Iwo Jima кемесінің бортында", - деп жазылған. Фотода Мадуро сұр түсті спорт киіммен отыр, бетінде қара бетперде бар, қолында бөтелке ұстап отыр. truthsocial/@realDonaldTrump Бұған байланысты CBS телеарнасының журналисі Дженнифер Джейкобс Николас Мадуро болуға тиіс әскери ұшақ сенбіде Нью-Йорк штатындағы Стюарт халықаралық әуежайына қонады деп күтелітінін хабарлады. Журналист бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазып, Венесуэла көшбасшысы АҚШ-тың федералдық билік органдарына тапсырылатынын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды 4 қаңтарда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктердің деректеріне сәйкес, республиканың басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осыған байланысты қар, боран, ал елдің батысы мен оңтүстігінде - жауын-шашын күтіледі. Тек елдің оңтүстік-батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жалпы Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Астанада қар, боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Алматыда кей уақыттарда тұман күтіледі. Шымкентте кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Алматы облысында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с. Түркістан облысында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, боран болжанады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с. Ақтөбе облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15–18 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында қар, боран күтіледі, күндіз облыстың шығысында да қар және боран болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ұлытау облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қар, боран, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–18 м/с. Павлодар облысында қар, боран күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Қарағанды облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Қостанай облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Атырау облысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15–20 м/с. Қызылорда облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады; түнде облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с. Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 15–20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с-қа дейін. Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз Жарма ауданында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін. Маңғыстау облысында тұман күтіледі. Жетісу облысында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Енді мектеп оқушыларында ЖИ-көмекші пайда болады Қазақстанда биыл білім беру саласына жасанды интеллектіні (ЖИ) белсендірек енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжановтың айтуынша, министрлік ұлттық цифрлық профильдер жүйесін және Ұлттық білім беру платформасын құруға кіріскен. "Осы мақсатта барлық LMS жүйеcі (яғни электрон күнделіктер мен журналдар) үшін деректердің бірыңғай қоймасына айналатын Ұлттық білім беру дерекқоры жаңғыртылады. Бұл барлық деректі QazTech мемлекеттік бұлттық платформасында шоғырландыруға мүмкіндік береді", - деп вице-министрдің сөзін Үкіметтің баспасөз қызметі келтіреді. Оның айтуынша, бұл педагогтердің күнделікті жүктемені азайтады, өйткені ЖИ-агенттер, мысалы, педагогикалық кеңестерге дайындық кезінде көмектесе алады. "2026/2027 оқу жылынан бастап шағын жинақты мектептер үшін өңірлерде пилот Qazaq Digital Mektebi жобасы іске қосылады, онда ЖИ-репетиторлар да қолданылатын болады. 2026 жыл ішінде 200 мыңнан аса педагог практикалық ЖИ-дағдыларын меңгереді", - деп қосты Асылбек Ахметжанов. Сондай-ақ, оқушылар арасында ЖИ-сауаттылықты арттыруға ерекше назар аударылатыны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп: Мадуро тұтқындалып, елден қуылды АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла аумағында "ірі соққы операциясы" жүргізілгенін мәлімдеп, ел басшысы Николас Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, Венесуэладан шығарылғанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. Трамптың айтуынша, операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүзеге асқан. Ол толық ақпаратты кейінірек - Флоридадағы Мар-а-Лаго жеке резиденциясында өтетін баспасөз мәслихатында жариялайтынын жеткізді. Мәслихат Вашингтон уақытымен 11:00-де (Астана уақытымен 21:00) өтпек. CBS News ресми тұлғаларға сүйене отырып, Мадуроны ұстау операциясын АҚШ армиясының арнайы мақсаттағы элита бөлімшесі - Delta Force әскери қызметкерлері жүргізгенін жазады. Осы тұста Николас Мадуроның Instagram-парақшасындағы соңғы жазба шамамен 9 сағат бұрын жарияланғаны атап өтіледі. Онда Венесуэла президенті Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Латын Америкасы мен Кариб бассейні жөніндегі арнайы өкілі Цю Сяоцимен кездескенін хабарлаған. Сонымен қатар, саясаткер жуырда Instagram стористер де жариялаған. Соңғы жазба астындағы пікірлерде бір бөлігі Мадуроны қолдаса, енді біреулері АҚШ соққыларынан кейін оның қайда кеткенін сұрай бастаған. Трамп мәлімдемесіне дейін Мадуроның нақты қайда екені туралы ресми ақпарат болмағаны айтылады. АҚШ пен Венесуэла арасындағы шиеленіс 3 желтоқсанда таңертең Венесуэланың астанасы Каракаста жарылыстар болғаны хабарланды. БАҚ дерегінше, қаланың оңтүстігінде электр қуатының үзілген, сондай-ақ, төмен биікте ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүргені айтылған. Каракастың оңтүстігінде ірі әскери база орналасқаны белгілі. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Кейінірек ақпарат құралдары Дональд Трамп Венесуэла аумағындағы нысандарға, соның ішінде әскери нысандарға соққы беруге бұйрық бергенін жазды. Бұған жауап ретінде Николас Мадуро елде төтенше жағдай режимін енгізді. Венесуэла Сыртқы істер министрлігі елдің АҚШ тарапынан әскери агрессияға ұшырағанын мәлімдеді. CBS News дерегінше, соққылар бірнеше ай бойы АҚШ-тың өңірдегі әскери қатысуын күшейтуінен кейін жасалған: Кариб теңізіне USS Gerald R. Ford және өзге де әскери кемелер орналастырылған. Кейінгі апталарда АҚШ Венесуэла жағалауында екі мұнай танкерін қолға түсіргені, әкімшілік "есірткі тасымалдады" деп мәлімдеген 30-дан астам қайыққа қарсы өлімге соқтырған соққылар жасағаны, сондай-ақ Трамп "есірткі тиелетін қайықтар жүктелетін док аймағы" деп атаған нысанға шабуыл жасалғаны айтылды. АҚШ әкімшілігі Мадуроны есірткі саудасына қатысы бар және террористік ұйымдар деп танылған бандалармен байланысы бар деп айыптайды. Ал Мадуро бұл айыптауларды жоққа шығарады. Осы аптада Мадуро есірткі, мұнай және көші-қон мәселелері бойынша АҚШ-пен "кез келген жерде, кез келген уақытта" келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген. Өзге елдердің реакциясы Венесуэлада болған жарылыстарға алғашқылардың бірі болып Колумбия президенті Густаво Петро үн қатты. Ол Венесуэлаға жасалған шабуылға байланысты БҰҰ мен Америка мемлекеттері ұйымының шұғыл отырысын шақыруға үндеді. "Қазір Каракасты бомбалап жатыр. Әлемге ескерту: Венесуэлаға шабуыл жасалды. Бомбалау зымырандармен жүргізіліп жатыр. Америка мемлекеттері ұйымы мен БҰҰ дереу жиналуға тиіс", - деп жазды Петро X әлеуметтік желісінде. Колумбия басшысы АҚШ әрекеттерін айыптап, кейінгі жазбасында "Колумбия үкіметі Венесуэла егемендігіне және бүкіл Латын Америкасына қарсы агрессияны қабылдамайды" деген ұстаным білдірген. Куба да АҚШ-тың Венесуэлаға шабуылын айыптап, халықаралық қауымдастықтан жедел әрекет етуді талап етті. Ресейдің Венесуэладағы елшілігі соққылар салдарынан Каракастағы ресейлік дипломатиялық өкілдік ғимараты зардап шекпегенін, елшілік орналасқан аудандарға және оған іргелес бөліктерге соққы жасалмағанын мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрлігі "АҚШ-тың Венесуэлаға шабуылы БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын ашық бұзу" екенін айтты. Ал Түркия президентінің бас кеңесшісі Джемиль Эртем АҚШ әрекеттерін "империялық қатігездік" деп атап, Түркия Венесуэла халқын және оның көшбасшысы Мадуроны қолдайтынын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жәрдемақы өсті: кім қанша алады? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірқатар мемлекеттік жәрдемақының мөлшері артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. АЕК өсті 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өсті. Бұл - жәрдемақы, айыппұл және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеуге қолданылатын базалық көрсеткіш. Сондықтан АЕК-ке байланған төлемдер автомат түрде артады. Бұдан бөлек, үкімет кейбір жәрдемақыларды қосымша 10% арттырды. Бала тууына берілетін жәрдемақы Бір, екі немесе үш бала туған кезде берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, ал төрт және одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақы мөлшері 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін өседі. Көпбалалы отбасыларға төлем Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы да артады: төрт баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге, ал 10 баласы бар отбасылар үшін 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін ұлғаяды. Мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақы Мүгедектігі бар азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшері де 10 пайызға өседі: Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге; Екінші топтағыларға 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге; Үшінші топтағыларға 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін көбейеді. Бұдан бөлек асыраушысынан айырылу бойынша; еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша. Бұл төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізіледі және әр адамға жеке есептеледі. Мөлшеріне мыналар әсер етеді: кейінгі 2 жылдағы әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыс; еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі; асырауындағы адамдар саны; міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі; табысты алмастыру коэффициенті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Елена Рыбакинаның WTA 500 турниріндегі қарсыластары кімдер? Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның Аустралиядағы Брисбен қаласында өтетін WTA 500 турниріндегі қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Турнир қашан өтеді? WTA 500 санатындағы жарыс Брисбенде 4–11 қаңтар аралығында өтеді. Рыбакина қашан және кіммен ойнайды? Жоғары рейтингінің арқасында Елена алғашқы айналымды өткізбей, бірден екінші айналымнан бастайды. Оның екінші айналымдағы қарсыласы АҚШ теннисшісі Эшлин Крюгер (№44) мен іріктеуден өткен "сәтті жеңімпаздардың"(lucky loser) бірінің матчінен кейін белгілі болады. Рыбакинаның алғашқы ойыны 6 қаңтарға жоспарланған. Кестедегі ықтимал қарсыластар Рыбакина тұрған ширекте ресейлік Екатерина Александрова (№7) бар. Ал жартылай финалда оның ықтимал қарсыласы ретінде әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко аталып отыр. Былтырғы нәтиже қандай? 2024 жылы Рыбакина Брисбен турнирін жеңіп, финалда дәл осы Соболенконы ұтқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Ресей шекарасында браконьерлер ұсталды Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 2025 жылғы 29 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен ақбөкендердің дериваттарын одан әрі өткізу мақсатында оларды заңсыз аулаумен айналысқан үш адамнан тұратын браконьерлік қылмыстық топты ұстады. Ұсталғандардан жалпы салмағы шамамен 400 келіні құрайтын 1 127 ақбөкен мүйізі, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Күдіктілерді және олардың байланыстарын одан әрі тексеру барысында былтыр 24 желтоқсанда Павлодар облысында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарада екі адамнан тұратын браконьерлердің екінші тобы ұсталды. Олардың бірі - шетел азаматы. Бұл тұлғалар мемлекеттік шекара арқылы шамамен 2 мың (1 882) ақбөкен мүйізін контрабандалық жолмен алып өтпек болған. Заңсыз жүк көлігінің арнайы жабдықталған жасырын орнына алдын ала жасырылған. Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерге қол қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақордада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңа заңға қол қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойд", - делінген Ақордада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында төрт жасөспірім мұздың астына түсіп кеткен Алматы облысы Жамбыл ауданындағы су қоймасында төрт жасөспірім мұздың астына түсіп кетті. Үшеуі құтқарылды, біреуі суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ТЖМ-нің баспасөз қызметі мәлімдеді. "Бүгін Алматы облысының ТЖД 112 пультіне Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылындағы су қоймасында жасөспірімнің батып кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу ТЖМ және ТЖМ РОСО құтқарушылары жетті", - делінген хабарламада. Төрт жасөспірім ойын ойнап жүріп, жұқа мұздың үстіне шығып, суға құлаған. Куәгер, балықшы, ойланбастан көмекке ұмтылып, үшеуін құтқарып қалған. Төртіншісін құтқару мүмкін болмады. Марқұмның денесін судан ТЖМ РОСО сүңгуірлері шығарып, әрі қарай тиіс шаралар қабылдау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды. ТЖМ балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға және жұқа мұздың үстіне шықпауға шақырды. Ведомство су нысандарының маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін де еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Риддерде 31 желтоқсанда жоғалған жасөспірім екі күннен кейін аман табылды Риддерде 31 желтоқсанда жоғалған жасөспірім екі күннен кейін аман табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 2 қаңтарда полицейлер мәлімдеді. "2025 жылғы 31 желтоқсанда полицияға Риддер қаласында оқу орнына барғаннан кейін үйіне қайтпаған кәмелетке толмағанның жоғалғаны туралы хабарлама түсті", - делінген материалда. Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындардың көмегімен іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, қызды тауып, оны үйіне жеткізді. "Учаскелік полиция инспекторлары жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді, қауіпсіздік ережелері мен болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралар түсіндірді", - деді полицейлер. Құқық қорғау органдары іздеуге көмектескеннің барлығына алғыс айтып, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қадағалауды, олармен тұрақты байланыста болуды және қандай да бір күдік туған жағдайда 102 нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласуды еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет он бір қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет он бір қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "3 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ, түнде Астанада ауа райы қолайсыз болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 3, 4 және 5 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елордада қар жауады, боран және көктайғақ болуы мүмкін, ал елдің оңтүстігінде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі, кей жерлерде тұман болады. Астана 3 қаңтарда елордада құбылмалы бұлтты болады, күндіз қар жауады, бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 1–6, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде –8…–10°C, күндіз –2…–4°C. 4 қаңтарда құбылмалы бұлтты, қар, боран, көктайғақ және тұман болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз –5…–7°C. 5 қаңтарда құбылмалы бұлтты, қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –12…–14°C, күндіз –7…–9°C. Алматы 3 қаңтарда қалада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –1…–3°C, күндіз +5…+7°C. 4 қаңтарда құбылмалы бұлтты, кешке жауын-шашын болуы мүмкін (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°C, күндіз +3…+5°C. 5 қаңтарда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, кейде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –1…–3°C, күндіз 0…+2°C. Шымкент 3 қаңтарда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, түнде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +0…+2°C, күндіз +8…+10°C. 4 қаңтарда құбылмалы бұлтты, уақытша жауын-шашын болуы мүмкін (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°C, күндіз 0…+2°C. 5 қаңтарда құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең де тұман болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°C, күндіз 0…+2°C. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ғалымдар 2026 жылғы алғашқы магнит дауылы туралы ескертті 2026 жылғы алғашқы магнит дауылы 2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Толығырақ мәліметті ИКИ РАН-ның Күн астрономиясы зертханасы айтты. Ғалымдардың дерегінше, 31 желтоқсанда M7.1 деңгейіндегі жеткілікті күшті күн жарқылы болған. "Жарқыл массаның шығарылуымен қатар жүрді, оның бір бөлігі Жер бағытына қарай бағытталған. Есептеулерге сүйенсек, бұл 2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні жылдың алғашқы айқын магнит дауылына себеп болады. Дауыл деңгейі G2-ге дейін (орташа құбылыс) болады деп болжанып отыр. Ал G3 және одан жоғары күшті дауыл ықтималдығы шамамен 30 пайыз", - делінген ұйымның сайтындағы хабарламада. Жалпы алғанда, ғалымдардың айтуынша, қаңтардың алғашқы күндеріне арналған геомагнит болжам әзірге жеткілікті түрде қолайлы. Болжамды едәуір өзгертуі мүмкін фактор - жаңа күшті күн жарқылдарының болуы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында бүтін бір отбасы 2 айдан бері іздестіріліп жатыр Атырау облысында полиция қызметкерлері бүтін бір отбасын іздеп жатыр. Олар қарашадан бері байланысқа шықпаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы Отбасының жоғалғаны туралы 25 желтоқсанда белгілі болды: Атырау тұрғыны полицияға арызданған. Ол бауырының отбасымен, жұбайы және екі ересек баласымен бірге, бір айдан аса уақыт байланысқа шықпай қойғанын айтқан. Отбасы Қызылқоға ауданының Жангелді ауылында тұрған. Былтыр қарашада олар үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Алдын ала дерек бойынша, отбасы республиканың оңтүстік өңірлеріне бет алуы мүмкін. "Отбасының қайда екенін анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажет шараны қабылдап жатыр. Өзге өңірлердің полицейлері де бағдарланды. Қолдағы ақпаратқа сәйкес, ерлі-зайыпты және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік аймақтарына бағыт алуы мүмкін", – деп хабарлады Атырау облыстық ПД. Іздестіріліп жатқан төрт ересек адам: Отағасы; Оның жұбайы; 33 және 35 жастағы екі баласы. Фото: Атырау облысы ПД Полиция жоғалғандар туралы қандай да бір ақпарат болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды: 98-20-78 98-20-88 +7 701 304 0012 Желтоқсанның аяғында Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болғаны хабарланған еді: қарт ерлі-зайыпты және олардың туысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Енді азаматтар көлік нөмірін еркін таңдай алады Енді азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген кез келген қажет цифрлық және әріптік белгілермен МТНБ-ны еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленді. "5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда)", - деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы. Бұған дейін Әкімшілік полиция комитетінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа мүмкіндік пайда болатынын хабарлаған еді: цифрлар мен әріптердің кез келген комбинациясын толықтай өзіңіз таңдауға болады. Мысалы, 123AZA01, 321ERA02, 069ARA03 және тағы басқа. "Элита" сериялардан бөлек: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 және (немесе) әріптік белгілеулері бірдей нұсқаларды таңдауға болады. Бұл қызметтің құны 10 АЕК, яғни 43 250 теңге болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Үйден түк қалмады“. Тараздық әйел пәтердегі өрт туралы айтып берді 31 желтоқсанда кешке Тараздағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ірі өрт шықты. Тұрғындар оның себебі абайсыз атылған салют деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы Оқиға Тараздың 5-ықшамауданында болған. Жамбыл облысының ТЖД бұған дейін өрт бесінші қабаттағы балконнан басталып, бес қабатты тұрғын үйдің шатырын тез арада толық шарпығанын хабарлаған. Өрт 22:18-де тұтанған, ал 00:13-те құтқарушылар шамамен 900 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Өртсөндірушілер 100 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады. "Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатыр толық өртенгені байқалды. Тұрғындар үшін арнайы өрт сөндіру көлігі базасында, кейін жақын орналасқан мектеп базасында жылыту пункті ұйымдастырылды", – деп хабарлаған еді өңірлік ТЖД. ТЖД зардап шеккендер жоқ екенін, ал өрттің шығу себебі анықталып жатқанын мәлімдеген. "Үйімізден түк қалмады" Бесінші қабаттағы пәтердің тұрғыны Альбина қайғылы жағдай 31 желтоқсанда, Жаң жылға шамамен екі сағат қалғанда болғанын айтады. Ол кеште бүкіл отбасы жиналған екен. "Біз балконға шығатын залда жаңа жылдық дастархан басында отырып, отбасымызбен мерекені атап отырғанбыз. Бір сәтте балконда от тұтанды. Өзіміз сөндіріп көруге тырыстық: күйеуім су толтырылған леген алып шықты, бірақ жалын тез тарады. Әйнектер жарылып, от пәтерді шарпыды. Екі кішкентай баламыз бар - біреуі екі жаста, екіншісі небәрі екі айлық. Біз сыртқа шығып үлгердік, бірақ үйімізден түк қалмады", - деді ол. Отбасы бұл екі бөлмелі пәтерге бар болғаны бір жыл бұрын ғана көшіп келген. Тұрғынның видеосынан кадрлар Альбина куәгерлердің айтуынша, оқиғаға себеп пиротехниканың ұшқыны болуы мүмкін екенін жеткізді. "Сол сәтте аулада жүрген көрші балалар біреудің салют атқанын көрген, ұшқын біздің ағаш балконымызға түскен. Ол жерде киім кептіріліп тұрған, плед жатқан. Біз өзіміз отшашу атқан жоқпыз, сәбиіміз бар. Менің ойымша, біреудің отшашуы плед ілінген кептіргішке түсті де, от солай шарпыды", - деп бөлісті ол. Видео: тұрғынның жеке мұрағаты Әйелдің айтуынша, өрттің ресми себебі әлі күнге дейін анықталмаған. Пәтер толық жанып кеткендіктен, дәлел жинау өте қиын екенін айтады. "Әлеуметтік желілердегі видеода жанып жатқан балкон - біздікі. Көршілердің балконы пластик, олардың пәтері азырақ зардап шекті. Төменгі қабаттағы тұрғындарды тек су басқан, ал біз бәрінен қатты зардап шектік. Қазір уақытша туыстарымыздың үйінде тұрып жатырмыз, бірақ әкімдіктен кем дегенде уақытша баспана немесе қонақүйден бөлме беруді сұраймыз", - деді ол. Тұрғынның сөзінше, қазір жұмысшылар шатырды жөндеп жатыр. Альбинаның айтуынша, тек осы жұмыстардың өзіне шамамен екі апта кетуі мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
5 қаңтарда Тоқаевтың сұхбаты жарияланады Қазақстан Президентінің жаңа сұхбаты қашан шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. "5 қаңтарда "Turkistan" газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланады", - делінген хабарламада. Еске салайық, Мемлекет басшысы былтыр дәл осындай форматта "Ana tili" газетіне сұхбат берген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Былапыт сөз, қоқыс пен тыныштық: Қазақстанда айыппұлдар өсті 2026 жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өзгерді. Бұған себеп - ай сайынғы есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуі. Айыппұл мөлшері АЕК-ке тікелей байланысты болғандықтан, ақшалай санкциялар да автомат түрде артады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. АЕК деген не? Aй сайынғы есептік көрсеткіш (АЕК) - мемлекет бекітетін сома. Ол Қазақстанда жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, айыппұлдар, салықтар және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Сондықтан АЕК өссе, заң нормалары өзгермесе де, осы көрсеткішке байланған барлық айыппұл мөлшері ұлғаяды. Айыппұлдар қалай өзгерді? 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, АЕК 4 325 теңгеге дейін өсті (2025 жылы 3 932 теңге болған). Соған сәйкес айыппұлдар да қымбаттады: Қоғамдық орындарда боқауыз сөз айту. Бұрын қоғамдық жерде балағат сөз қолданғаны үшін ең төменгі айыппұл 20 АЕК - 78 640 теңге болатын. 2026 жылы ол 86 500 теңгеге дейін өсті. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау. Саябақтар, скверлер және басқа да қоғамдық орындарды ластап, қоқыс тастағаны үшін айыппұл қарастырылған: алғаш рет бұзса - 10 АЕК: 2025 жылғы 39 320 теңгеден 2026 жылы 43 250 теңгеге дейін өсті; бір жыл ішінде қайталап бұзса - 20 АЕК: 78 640 теңгеден 86 500 теңгеге дейін. Алкоголь ішу немесе қоғамдық орынға мас күйінде келу үшін айыппұл да ұлғаяды: ең төменгісі - 19 660 теңгеден 21 625 теңгеге дейін (5 АЕК); ең жоғарысы (бір жыл ішінде қайталап бұзса) - 39 320 теңгеден 43 250 теңгеге дейін (10 АЕК). Вандализм үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл мөлшері де өседі: ең төменгі айыппұл - 2026 жылы 432 500 теңгеден 865 000 теңгеге дейін (100–200 АЕК); ең жоғарысы - 2,1 млн теңгеден 8,6 млн теңгеге дейін (500–2 000 АЕК) - ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда. Егер вандализмді кәмелетке толмаған жасаса, ата-анасы немесе қамқоршысы ӘҚБтК бойынша айыппұл төлейді: айыппұл 58 980 теңгеден 64 875 теңгеге дейін өсті (15 АЕК). Ұсақ бұзақылық. Ғимараттарды, құрылыстарды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі мүлікті және басқа да қоғамдық орындардағы мүлікті қорлағаны үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған: 2025 жылы 196 600 теңге болса, 2026 жылы - 216 250 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Медицинадан лингвистикаға дейін: елімізде 63-тен асқан қанша студент бар? Қазақстанның жоғары оқу орындарында 63 жастан асқан ондаған студент білім алып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 63 жастан асқан 67 адам оқып жатыр, олардың 11-і мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында білім алып жүр. Соның ішінде 63 жаста 9 адам оқиды, олардың 2-уі - мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен", - деп хабарлады Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті. Оның ішінде, 36 адам бакалавриатта, 23 адам магистратурада, 8 адам докторантурада оқып жүр. "Мәселен, Ясауи атындағы Халықаралық университетте Түркия азаматы Қадрие Ышыклы оқиды. Ыстамбұл қаласының 69 жастағы тұрғыны университет тарихындағы ең жасы үлкен студент атанды", - деді комитет өкілдері. Ведомство дерегінше, 63 жастан асқан студенттердің арасында медицина, фармация, психология, лингвистика және басқа да мамандықтар бойынша оқып жатқан азаматтар бар. Былтырғы статистика қандай? Комитет 2023–2024 жылдарға қатысты деректерді де ұсынды. 2023 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 63 жастан асқан 39 адам оқыған, олардың 4-уі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған. 63 жаста 3 адам оқыған, бірақ олардың ешқайсысы мемлекеттік тапсырыс есебінен оқымаған. 2024 жылы 63 жастан асқан білім алушылар саны 67 адамға дейін өскен. Олардың 8-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған. 63 жаста 14 адам білім алған, соның 1-уі - мемлекеттік тапсырыс есебінен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Франция балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуы мүмкін Франция парламентінде 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуды көздейтін заң жобасы қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lemonde.fr-ға сілтеме жасап хабарлайды. Бастаманы президент Эммануэль Макрон қолдап отыр. Бұған дейін ол мұндай ұсынысты парламент қаңтарда талқылай бастауға тиіс екенін айтқан. Заң жобасында: "Көптеген зерттеу мен есеп жасөспірімдердің цифрлық экрандарды шамадан тыс қолдануы түрлі қауіп-қатерге алып келетінін растайды" делінген. Үкіметтің мәліметінше, интернетке шектеусіз қолжетімділігі бар балалар "жасына сай келмейтін контенттің" ықпалына түсуі мүмкін, кибербуллингке ұшырайды әрі ұйқы режимі бұзылуы ықтимал. Заң жобасы екі баптан тұрады. Біріншісі 15 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желілер қызметін онлайн-платформаның ұсынуын заңсыз деп жариялайды. Екіншісі орта мектептерде ұялы телефон пайдалануға тыйым салуды көздейді. Макрон кәмелетке толмағандарды цифрлық кеңістікте қорғау үкімет үшін басым бағыт екенін атап өтті. Дегенмен, тыйымды орындауды қамтамасыз ету және халықаралық құқық нормаларын сақтау мәселесі күрделі болып қала береді. Айта кетейік, Францияда 2018 жылы бастауыш және орта мектептерде ұялы телефон қолдануға тыйым күшіне енген, алайда ол тәжірибеде сирек орындалады. Сонымен қатар, Франция 2023 жылы "цифрлық заңды жас" ретінде 15 жасты бекітетін заң қабылдап, ЕО ережелерін бұзды деген сынға қалған. Кейін бұл заң бұғатталған. Қазір Франция Сенаты бастаманы қолдап, құжатты Ұлттық жиналысқа жолдаған. Енді мәтін мақұлданса ғана ол заң күшіне енеді. Анықтама: ДДСҰ дерегіне сәйкес, жасөспірімдердің 11 пайызы әлеуметтік желілерді қолдануда өзін-өзі бақылай алмай қалады. Зерттеушілер әлеуметтік желілерді депрессиямен, оқу үлгерімінің төмендеуімен және дене бітімін қабылдай алмаумен байланыстыратын деректер бар екенін айтады. Франция бұл бағытта Аустралияның тәжірибесіне сүйеніп отыр: елде желтоқсанда алғаш рет балаларға әлеуметтік желілерге шектеу енгізілген. Онда TikTok, Instagram немесе Snapchat секілді платформаларды жасөспірімдер тек 16 жастан бастап пайдалана алады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бес қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бес қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2 қаңтарда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана қалаларында ауа райы қолайсыз болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тәртіп сақшылары Жаңа жыл түні қалай өткенін айтты Жаңа жылды тойлау кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды. Жалпы жаңа жыл түні көшелер мен қоғамдық орындарда ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 31 желтоқсан таңынан 1 қаңтар таңы аралығында полицияның 102 жедел байланыс пультіне 11 448 өтініш түсті, оның ішінде 3 082-сі түнде келіп түскен. Қоңыраулардың басым бөлігі анықтамалық сипатта болды. Азаматтар отшашу пайдалану мәселелері бойынша хабарласып, мұз айдындары мен жаңа жылдық шыршалардың қайда орналасқанын нақтылады, сырғанақтарда адасып қалғандар туралы, сондай-ақ, аулаларда дұрыс қойылмаған автокөліктер мен шығуға кедергі келтірген жағдайлар жөнінде хабарлады. Түскен барлық өтінішке полиция қызметкерлері уақтылы әрекет етіп, қолданыстағы заңнама аясында қажет шараларды қабылдады. Қабылданған шаралар мен полицияның үйлесімді жұмысының арқасында мерекелік іс-шаралар тыныш өтті. Көшелер мен қоғамдық орындарда заң мен тәртіп толық көлемде қамтамасыз етілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұман, бұрқасын, көктайғақ: 2 қаңтарда ауа райы қандай болады? Синоптиктер 2 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана: көшпелі бұлтты, күндіз аздап қар, бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы: түнде –15…–17°, күндіз –7…–9°. Алматы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, жолда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура: түнде –0…–2°, күндіз +2…+4°. Шымкент: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-батыстан 5–10 м/с. Температура: түнде –0…–2°, күндіз +7…+9°. Ақмола облысы: күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде аздап қар, боран, көктайғақ. Батыс, солтүстік, шығыс бөліктерінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде және таңертең батыс/солтүстік/оңтүстікте екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде –13…–18° (батыс, солтүстікте –8°), күндіз –7…–12°.Көкшетау: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жолда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде және күндіз –8…–10°. Алматы облысы: түнде облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарда аздап жауын-шашын (негізінен қар). Солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда кей уақытта тұман, жолда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, шығыста екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде –3…+2° (солтүстікте, тауда –6…–11°), күндіз +1…+6° (солтүстікте, тауда –2…–7°).Қонаев: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, жолда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура: түнде –0…–2°, күндіз +1…+3°. Жетісу облысы: жауын-шашынсыз. Солтүстікте, шығыста, орталықта және таулы аудандарда кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, шығыста екпіні 15–20 м/с, кей кезде 23–28 м/с-қа дейін. Температура: түнде –4…+1° (шығыста, тауда –7…–12°), күндіз 0…+5° (шығыста, тауда –3…–8°).Талдықорған: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура: түнде –2…–4°, күндіз 0…+2°. Түркістан облысы: жауын-шашынсыз. Солтүстік, батыс, оңтүстік және таулы аудандарда тұман. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура: түнде –4…+1° (солтүстікте, тауда –7°), күндіз +6…+11° (солтүстікте, тауда +2°).Түркістан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура: түнде –2…–4°, күндіз +6…+8°. Батыс Қазақстан облысы: жауын-шашынсыз. Солтүстік, шығыс және орталықта тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с. Температура: түнде –10…–15° (шығыста –18°), күндіз –7…–12°.Орал: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7–12 м/с. Температура: түнде –13…–15°, күндіз –8…–10°. Атырау облысы: облыстың батысы, оңтүстігі, шығысында қар, боран, көктайғақ. Солтүстік пен шығыста тұман. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9–14 м/с, шығыста 15–20 м/с. Температура: түнде –5…–10° (шығыста –14°), күндіз –2…–7° (шығыста –10°).Атырау: бұлтты, кей уақытта қар, көктайғақ. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 5–10 м/с. Температура: түнде –7…–9°, күндіз –5…–7°. Маңғыстау облысы: түнде батыс, солтүстік және орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ; күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Солтүстік пен орталықта тұман. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады 9–14 м/с, батыс/солтүстік/орталықта екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде және күндіз –3…+2° (солтүстікте –7°).Ақтау: бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде –0…–2°, күндіз 0…+2°. Ақтөбе облысы: түнде батыс, оңтүстік, шығыста қар, боран, көктайғақ; күндіз қар, солтүстік пен шығыста кей уақытта қатты қар, боран, көктайғақ. Батыс пен солтүстікте тұман. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9–14 м/с, күндіз орталықта екпіні 15–18 м/с. Температура: түнде –2…–7° (солтүстік, батыста –10…–15°), күндіз 0…–5° (солтүстік, батыста –9°).Ақтөбе қаласы: бұлтты, қар, күндіз кей уақытта қатты қар, көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 5–10 м/с. Температура: түнде –10…–12°, күндіз –7…–9°. Қостанай облысы: батыс пен солтүстікте қар, боран, көктайғақ. Солтүстік, батыс, оңтүстікте тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9–14 м/с, түнде батыс/солтүстік/шығыста екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде –3…–8° (оңтүстік, шығыста –14°), күндіз –3…–8°.Қостанай: бұлтты, қар, боран, көктайғақ. Тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде және күндіз –3…–5°. Солтүстік Қазақстан облысы: облыстың батысы мен оңтүстігінде қар, боран. Оңтүстік-шығыста тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде батыс/солтүстік/оңтүстікте екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде және күндіз –5…–10° (шығыста –13°).Петропавл: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде –7…–9°, күндіз –5…–7°. Павлодар облысы: жауын-шашынсыз. Батыс, солтүстік, оңтүстікте тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура: түнде –13…–18°, күндіз –8…–13°.Павлодар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура: түнде –14…–16°, күндіз –9…–11°. Қарағанды облысы: жауын-шашынсыз. Батыс, солтүстік, шығыста тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура: түнде –9…–14° (шығыста –19°), оңтүстікте –5°; күндіз –2…–7° (солтүстікте –10°), оңтүстікте +1°.Қарағанды: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 5–8 м/с. Температура: түнде –12…–14°, күндіз –4…–6°. Ұлытау облысы: жауын-шашынсыз. Солтүстік, шығыс, орталықта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, солтүстікте кей уақытта екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде –8…–13° (батыста –5°), күндіз –3…–8°, оңтүстікте +1°.Жезқазған: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Температура: түнде –9…–11°, күндіз –3…–5°. Шығыс Қазақстан облысы: жауын-шашынсыз. Солтүстік, оңтүстік, орталықта тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9–14 м/с, күндіз оңтүстік-шығыста 15–18 м/с. Температура: түнде –8…–13° (солтүстік, шығыста –18°), күндіз –5…–10° (солтүстік, шығыста –13°).Өскемен: бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 1–6 м/с. Температура: түнде –8…–10°, күндіз –5…–7°. Абай облысы: түнде облыстың оңтүстік-батысында аздап қар, боран. Батыс, солтүстік, орталықта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде оңтүстік-батыста 15–20 м/с. Температура: түнде –9…–14° (солтүстікте –18°), күндіз –3…–8° (солтүстікте –12°).Семей: бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Жел солтүстік-шығыстан 1–6 м/с. Температура: түнде –16…–18°, күндіз –10…–12°. Қызылорда облысы: жауын-шашынсыз. Орталық пен солтүстікте тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура: түнде –1…–6°, күндіз –2…+3° (облыстың оңтүстігінде +6°).Қызылорда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел шығыстан 3–8 м/с. Температура: түнде –3…–5°, күндіз +1…+3°. Жамбыл облысы: түнде таулы аудандарда қар, боран, көктайғақ. Солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде солтүстік-шығыста және тауда, күндіз тауда екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде 0…–5° (солтүстік, тауда –8°), күндіз +3…+8° (солтүстік, тауда 0°).Тараз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура: түнде –1…–3°, күндіз +6…+8°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Кентаудағы тамақтану орнында газ жарылды: бір адам қаза тапты Түркістан облысының Кентау қаласында қоғамдық тамақтану орнында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нысан көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. "Құтқарушылар келгенге дейін ашық жалын байқалды. Кейін өрт тұтанып, өрт сөндіру бөлімшелері оны жедел ауыздықтады", – деді өңірлік ТЖД. Ведомство дерегінше, оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан. "Төрт адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі жансақтау бөлімінде", – деп нақтылады ТЖД. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды. Таразда да Жаңа жыл түні кемінде екі ірі өрт тіркелген. Қалалық ТЖД мәліметінше, Жамбыл даңғылында Watson Pub мейрамханасының екі қабатты ғимаратына жапсарлас салынған жазғы алаң өртенген. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер мен құтқарушылар мейрамханадан шамамен 100 адамды эвакуациялаған. Зардап шеккендер жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады. Президент жеделхатта Қазақстан мен Куба арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2026 жылдан құжаттар қымбаттады - жаңа баға 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда құжат рәсімдеу қымбаттады: айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төлқұжат пен жеке куәлік: 16 жасқа дейінгі балалар төлқұжаты (24 бет) – 17 300 теңге (4 АЕК), бұрын 15 728 теңге болған. 36 беттік төлқұжат – 34 600 теңге (8 АЕК), бұрын 31 456 теңге. 48 беттік төлқұжат – 51 900 теңге (12 АЕК), бұрын 47 184 теңге. Жеке куәлік – 865 теңге (0,2 АЕК). Бірақ алғашқы рет алған кезде және мерзімі бітіп ауыстырғанда тегін беріледі. Егер жыл ішінде жеке куәлікті екі реттен көп жоғалтсаңыз, 4 325 теңге (1 АЕК) төлеу қажет болады. Жүргізуші куәлігі енді 5 406 теңге (1,25 АЕК) тұрады. Неке қию және ажырасу Неке туралы куәлік – 4 325 теңге (1 АЕК). Ажырасу – 8 650 теңге (2 АЕК). Туу туралы куәлік бұрынғыша тегін, бірақ қайтадан алу керек болса (мысалы, жоғалтып алсаңыз) 2 163 теңге (0,5 АЕК) төленеді. Құжаттарды кімдер тегін рәсімдей алады? Кейбір азаматтар құжаттарды тегін ала алады. Олар: Ел қаһармандары және жоғары мемлекеттік марапат иелері; Құрметті атағы бар көпбалалы аналар; Соғыс ардагерлері және ұрыс қимылдарына қатысушылар; Мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балаларының ата-аналары; Әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар; Жетім балалар және толық мемлекеттік қамқорлықтағы балалар; Чернобыль апатынан зардап шеккендер. Сондай-ақ, 2026 жылғы қаңтарда Қазақстанда АЕК пен күнкөріс минимумы өзгеріп, салықтар мен айыппұлдар өсті, зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар көбейді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ережелері және мобильді аударымдарға салықтық бақылау талаптары жаңарды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2026 жылы Қазақстанда қандай әуежайлар мен рейстер пайда болады? 2026 жылы Қазақстан халықаралық әуе қатынасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Әуе компаниялары бұрынғы кейбір бағыттарды қайта іске қосып, жаңа бағыттар ашады. Бұл туралы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жыл аяғына дейін елдің әуе паркі 9 жаңа ұшақпен толықтырылып, жалпы саны 118 бірлікке жетеді. Томпиеваның айтуынша, 2026 жылдың аяғына дейін Орталық Азия мен ТМД елдеріне, сондай-ақ, Таяу Шығысқа, Еуропаға және Азияға жаңа халықаралық рейстер ашылады. Бағыттар қатарында: Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Варшава және басқа да қалалар бар. Тағы не жоспарланған? Биыл Қазақстанда Астана және Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарын салу басталады. Сондай-ақ, Алматыда ішкі рейстер терминалын қайта жаңғырту және Ақтауда перронға күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Сонымен қатар, өңірлік жобалар да жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде: Атырау әуежайының жаңа терминалын салу, Павлодар әуежайын реконструкциялау, Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлар құрылысын аяқтау, Арқалық әуежайын қалпына келтіру. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда Жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді? Еліміздегі перзентханаларда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні 254 нәресте дүниеге келді. Ұлдар мен қыздар саны тең. Сәбилердің арасында Ақтөбе облысында бір егіз тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Жаңа жыл түні жаңа туғандар саны бойынша Түркістан облысы көш бастады: мұнда 29 бала өмірге келген. Шымкентте - 24, елорда Астанада - 22, ал Алматыда - 21 нәресте тіркелген. Былтыр Жаңа жыл түні Қазақстанда 181 бала туған: 105 ұл, 76 қыз, сондай-ақ, Маңғыстау облысында дүниеге бір егіз келген. Бұған дейін, Республика күні елімізде 850 сәби дүниеге келген. Оның ішінде жеті егіз, 434 ұл және 416 қыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбе – Маңғыстау“ пойызы қайта іске қосылды Көлік министрлігі №109/110 "Ақтөбе – Маңғыстау" бағыты бойынша жолаушылар пойызы қатынасын қайта іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көп жыл бойы бұл бағытқа "Otpan Logistik" ЖШС секілді жекеменшік тасымалдаушы қызмет көрсетіп келген. Осы уақыт ішінде жолаушылардан вагондардың жай-күйіне қатысты көп шағым түскен. Соған байланысты бұл компаниямен жасалған келісім жолаушылар құрамын жаңарту жөніндегі міндеттемелер орындалмағандықтан бұзылды. Енді "Ақтөбе – Маңғыстау" бағыты бойынша пойыз қатынасын ұлттық тасымалдаушы - "Жолаушылар тасымалы" АҚ жүзеге асырады және отандық өндірістегі жаңа жолаушылар вагондары пайдаланылады. Пойыз құрамында 5 купелік және 6 плацкарт вагон бар, олар 400-ден аса жолаушыға есептелген. Көлік министрлігі бұл бағытты жаңарту - ел бойынша жолаушылар тасымалының сапасын арттыру және теміржол паркін жаңғырту жөніндегі жалпы бағдарламаның бір бөлігі екенін атап өтті. Әсіресе пойыз негізгі көлік түрі болып саналатын әлеуметтік маңызы бар бағыттарға ерекше назар аударылып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“20 АЕК айыппұл“. ІІМ пиротехникаға қатысты тағы да ескерту жасады Жыл сайын мереке қарсаңында ірілі-ұсақты өрт көбейеді. Құтқарушылардың айтуынша, бұған сапасыз пиротехника себеп. Сондықтан желтоқсанның аяғына қарай арнайы рейд жүргізіліп, заңсыз саудаланып жатқан бұйымдар тәркіленеді,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. "Пиротехникалық бұйымдарды, отшашуды жарамсыз күйде қолдану, үйде немесе автомобильдерге жақын жерде қолдану, масаң күйде қолдану және балаларға беру қауіпті болып табылады. Осындай жағдайларды болдырмас үшін қазіргі таңда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Астана қаласы Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, жаңа жыл акциясын ұйымдастырып жатырмыз", - деді Байқоңыр ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Темірлан Айтбек. Қазір Астанадағы ірі сауда орталықтарының маңында пиротехникалық бұйымдар сататын 66 ресми сауда нүктесі ашылған. Ал заңсыз сауда үшін 48 хаттама толтырылып, бір мыңға тарта өнім тәркіленді. "Тек рұқсат етілген жерлерден сатқызылады. Оған әкімшіліктен рұқсат беріледі. Оларды тексереміз, өрт қауіпсіздігі бойынша оларда өрт сөндіру бұйымдары болуы керек. Заңсыз сатқандарға айыппұл салынады. Бірінші жолға 204 бап, бірінші тармағымен ескерту саламыз. Ол егер де қайталатын болса айыппұл салынады", - деді учаскелік инспектор Дәулет Қожахмет. Жаңа жылда отшашу қолданғаны үшін қарапайым азаматтар да жазалануы мүмкін. Мәселен, түнгі тыныштықты бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. Сонымен қатар елдімекендердің аумағында пиротехника қолданғандардың жазасы төрт есе ауырлайды. Яғни 20 айлық есептік көрсеткіш. Ал тыныштық бұзған азамат 16 жасқа толмаса орнына ата-анасы немесе қамқоршысы жауап береді. Сондықтан полиция отшашуды тек ашық аумақта, қолдану нұсқаулығын сақтау керегін ескертеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында автобуста жанжал шығарған ер адам қамалды Алматы облысында автобустардың бірінде жолаушыға қатысты дөрекі әрі арандатушылық әрекет жасаған ер адам анықталып, жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz-ке сілтеме жасап. Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жанжал туралы ақпарат түскеннен кейін ер адамның жеке басын анықтау үшін жедел шаралар қабылданған. Ер адам оқиға кезінде мас күйде болғанын мойындаған. Іс материалдары сотқа жолданды. Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Алматы облысы ПД қоғамдық орындарда боқауыз сөз айтуға, қорлауға және арандатуға болмайтынын және мұндай әрекеттердің қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті. Полиция қоғамдық тәртіпті бұзу деректерінің бәріне жауап беретінін айтып, өңір тұрғындары мен қонақтарын мінез-құлық нормаларын сақтауға, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері шетелдіктерге ЖСН бермейді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері, консулдықтары және басқа да шетелдегі мекемелері шетел азаматтарына ЖСН беруді тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап. Елшіліктің мәліметінше, шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру жөніндегі қолданыстағы пилот жобаның мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген. "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның шетелдегі мекемелері шетел азаматтарына ЖСН бермейді", – делінген елшілік хабарламасында. Сонымен қатар, Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдары шетелдіктер үшін eResidency бағдарламасын енгізді. Бұл бағдарлама Қазақстанға келмей-ақ, мемлекеттік қызметтер мен сервистерді онлайн форматта алуға мүмкіндік береді. Соның ішінде ЖСН көрсетілген цифрлық ID-картаны рәсімдеу қарастырылған. "Бағдарлама шетел азаматтарына Қазақстанда ресми цифрлық мәртебе алуға жол ашады, бұл елдің бизнес мүмкіндіктері мен онлайн сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді", – деп хабарлады елшілікте. Атап айтқанда, бағдарлама мыналарды қамтиды: ЖСН-і бар цифрлық ID-карта алу; қор нарықтарына, криптобиржаларға қол жеткізу, Қазақстан нөмірі бар eSIM рәсімдеу; электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және сақтандыру қызметтерін рәсімдеу; Қазақстан карталарын пайдалана отырып, банк шоттарын онлайн ашу; салық резиденттігін алу мүмкіндігі және барлық төлем сервистеріне эквайринг қосу. Шетел азаматтарына ЖСН алу мәселесі бойынша eresidency.gov.kz ресми сайтына жүгіну ұсынылады. Онда барлық толық ақпарат берілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылдағы құттықтауында мәлімдеді. "Мен биылғы Жолдауымда Цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жарияладым. Сондықтан келесі жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ", - деді ол. Құттықтау сөзінде елді одан әрі жаңғырту бағыты, экономика мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік басымдықтарын сақтау жөніндегі негізгі ойлар айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа жылда ауа райы қандай болады? Қазгидромет Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1, 2 және 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана 1 қаңтарда елордада ауа райы құбылмалы болады, түнде қар жауады, жел соғады. Жолдарда көктайғақ. Жел батыстан, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады - 9–14 м/с. Түнде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 13–15, күндіз 5–7 градус аяз. 2 қаңтарда синоптиктер көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күнді болжайды. Жел оңтүстік-шығыс бағытта 5–10 м/с. Түнде температура 14–16 градусқа дейін төмендейді, күндіз 4–6 градус аяз. 3 қаңтарда қалада ауа райы құбылмалы болады, күндіз жаңбыр мен қар жауады, қар ұшқындайды, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыс бағытта 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде минус 11–13 градус, күндіз - минус 3–5 градус. Алматы 1 қаңтарда қалада ауа райы құбылмалы болады, түнде жауын-шашын, күндіз - жаңбыр мен қар түрінде аздап жауын-шашын. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады - 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз - 0-ден плюс 2 градусқа дейін. 2 қаңтарда синоптиктер ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады деп болжайды. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыс бағытта 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде минус 2-ден 0 градусқа дейін, күндіз плюс 3–5 градус. 3 қаңтарда көшпелі бұлтты болуы мүмкін, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағытта 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде минус 1-ден плюс 1 градусқа дейін, күндіз 5–7 градус жылы. Шымкент 1 қаңтарда болжам бойынша ауа райы құбылмалы, түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын. Кей уақыттарда тұман. Жел солтүстік-шығыс бағытта 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде минус 2-ден 0 градусқа дейін, күндіз 5–7 градус жылы. 2 қаңтарда ауа райы құбылмалы болуы мүмкін, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағытта 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде минус 2-ден нөл градусқа дейін, күндіз - плюс 7–9 градус. 3 қаңтарда синоптиктер ауа райы құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады деп болжайды. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағытта 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 3–5, күндіз 8–10 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа жылда отшашу жағып, айыппұл арқаламас үшін нені ескеру керек? Алматыда Жаңа жыл қарсаңында өрт оқиғалары жиілейді. Қалалық ТЖД мәліметінше, бұл кезеңде орта есеппен 13 өрт тіркеледі, оның шамамен 15 пайызы пиротехникалық бұйымдарды дұрыс қолданбаудан туындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv мәліметіне сілтеме жасап. Отшашу мен бенгал шамдары мерекелік көңіл-күй сыйлағанымен, қауіпсіздік талаптары сақталмаса, ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Былтыр отшашудан 19 адам жарақат алып, оның 11-і балалар болған. Мамандар пиротехниканы тек арнайы дүкеннен сатып алып, жарамдылық мерзімі мен қаптамасының бүтіндігін тексеруге кеңес береді. Отшашуды ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта, адамдардан 15–20 метр алыс жерде жағу керек. Жабық ғимаратта, қатты жел кезінде пайдалануға болмайды. Егер отшашу жанбай қалса, оған кемінде 10 минут жақындамау қажет. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында қалада түсіндіру жұмыстары, рейдтер жүргізіліп, 500 келіден астам заңсыз пиротехникалық бұйым тәркіленген. Рұқсатсыз сату немесе қолдану үшін 80–100 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Мамандар ата-аналарды отшашуды балалардың қолына бермеуге шақырады. "Егер 16 жастан кіші балалар отшашу атса, олардың әке-шешесіне 80 мыңға жуық айыппұл салынады. Бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанса, айыппұл 40 мыңға көбейеді. Яғни 120 мың төлеуге міндеттеледі. Сол себепті отшашуды балалардың қолына бермей, қауіпсіз жерде ұстау қажет. Жыл сайын елде пиротехникадан жарақат алу, өрт шығу жағдайлары қайталанады. Олқылықтарды айыппұл салу арқылы азайта аламыз", – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар қаңтарда қалай демалады? Жаңа 2026 жылдың алғашқы айында қазақстандықтар 12 күн демалады. Tengri Life ыңғайлы күнтізбе дайындады. Қазақстандықтар 2026 жылы қаңтарда қалай демалады? Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 2026 жылғы қаңтардағы демалыс күндерінің кестесі: Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - Жаңа жылға арналған мерекелік күндер; 3 және 4 қаңтар - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар (сәрсенбі) - Рождество - демалыс күні. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - мерекелік күндер; 3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні; 4 қаңтар (жексенбі) - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество). Еңбек министрлігі 2026 жылғы қаңтарда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайтынын нақтылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Путин, Си Цзиньпин және Жапаров: Тоқаевты Жаңа жылға орай кімдер құттықтады? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде. Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, БАӘ Президенті шейх Мухаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрдің орынбасары Мансур бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Испания Королі VI Фелипе, Испания Премьер-министрі Педро Санчес, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия Федеральдық Канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Албания Президенті Байрам Бегай, Хорватия Президенті Зоран Миланович, Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичс, Еуропалық кеңес Президенті Антониу Кошта, Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Корея Президенті Ли Чже Мёң, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, Мьянма Президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайн, Руанда Президенті Поль Кагаме, Сингапур Аға министрі Ли Сянь Лун, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, ФИФА Президенті Джанни Инфантино, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйым жетекшілері, бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шетелдік көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялар мен қаржы институттарының жетекшілері, дипломатиялық миссия өкілдері және басқа да ресми тұлғалар құттықтады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңажылдық мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді? Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа жыл мерекесіне байланысты 1-2 қаңтарда, сондай-ақ, 7 қаңтарда Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. 3 қаңтар, яғни сенбі - кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Азаматтарды қабылдау 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. "5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері. Бұл күндері еліміздегі барлық ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі кесте бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда тұрғын автосалонды сотқа беріп, 22 миллион теңге өндіріп алды Атырауда автосалон сапасыз көлік үшін ақшаны қайтарудан бас тартып, іс сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2023 жылы мамырда тұрғын автосалоннан көлік сатып алып, толық төлем жасаған. Алайда автосалоннан шыққан бойда көліктің ақауы анықталып, жүріс кезінде оңға қарай тартатыны белгілі болған. Бірнеше тексеріс жүргізілгенімен, сатушы ақаудың себебін жоя алмаған. Сатып алушы келісімді бұзып, ақшасын қайтаруды талап еткен, бірақ автосалон талапты орындамаған. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңбұзушылықты растады. Іс сотта қаралып, 2025 жылдың мамырында талапкердің арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот шешімімен автосалон: көліктің құнын – 21 940 000 теңге, моральдық өтемақы – 100 000 теңге, тұрақсыздық айыбын – 870 838 теңге төлеуге міндеттелді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қатты аяз болады: қаңтардағы ауа райы болжамы "Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы қаңтарға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Мамандар мәліметінше, алдағы қаңтар елімізде климаттық нормаға қарағанда жылырақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орташа ауа температурасы республика бойынша әдеттегі көрсеткіштен 1–2 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері жалпы ел аумағында норма шамасында болжанғанымен, бірқатар өңірлерде көбірек түсуі мүмкін. Атап айтқанда, Павлодар облысында, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Ақмола, Қарағанды және Абай облыстарының солтүстік-шығысында жауын-шашын мөлшері жоғары болады. Сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарының оңтүстік жартысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында және Жетісу облысында да жауын-шашын көбейеді. Ай бойы ауа райы құбылмалы болады. Қаңтарда қар жауып, жел күшейген, боранды, тұманды әрі көктайғақ кезеңдер ашық әрі аязды күндермен алмасып отырады. Ауа температурасы Айдың алғашқы онкүндігінде еліміздің батысында түнде ауа температурасы -10…-18 градусқа дейін төмендеп, күндіз -5…-12 градус шамасында болады. Кейін біртіндеп жылыну байқалып, әлсіз оң мәндерге дейін көтеріледі. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде түнгі температура -10…-20-дан -3…-8 градусқа дейін құбылып, күндіз -2…-12-ден -5…+3 градусқа дейін өзгереді. Шығыста түнде -2…-13-тен -10…-18 градусқа дейін, күндіз -6…+2-ден -2…-10 градусқа дейін болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі температура -2…-12-ден -5…+5 градусқа дейін, күндіз -3…+8-ден +5…+10 градусқа дейін көтеріледі. Елдің қиыр оңтүстігінде күндіз +15 градусқа дейін жылынуы мүмкін. Синоптиктер қаңтардың екінші және үшінші онкүндіктерінде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде суық ауа массаларының енуіне байланысты күрт аяз күтілетінін ескертеді. Бұл кезеңде түнде ауа температурасы -25…-35 градусқа дейін төмендеп, күндіз -15…-20 градусқа дейін суытады. Ал айдың ең жылы күндерінде ауа температурасы -5…+3 градусқа дейін жетуі мүмкін. Батыс өңірлерде суық толқындары кезінде түнде -20…-27 градус, күндіз -12…-19 градус аяз болады. Кейбір күндері 0…+5 градусқа дейін жылымық та күтіледі. Ал елдің оңтүстігінде түнгі температура 0…-5-тен -10…-20 градусқа дейін, күндіз +2…+12-ден -3…-13 градусқа дейін ауытқиды. Үшінші онкүндіктің жекелеген күндері түнде -20…-30 градусқа дейін аяз түсуі ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада аялдаманы бүлдірген ер адам Жаңа жылды қамауда қарсы алатын болды Астанада автобус аялдамасын бүлдірген адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кенесары көшесінде кешкі уақытта белгісіз ер адам автобус аялдамасының әйнегін сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция мәліметінше, 33 жастағы тұрғын масаң күйде аялдама павильонының "беріктігін сынап көрмек" болған. "Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 20 тәулікке қамау жазасы тағайындалды", - деді ІІМ өкілі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа жыл қарсаңында және мерекелік күндері Алматыда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мереке кезеңінде адамдар көп шоғырланатын орындарда, қала көшелері мен тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны арттырылған. "Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет атқарып жатыр", – деді Серік Шумаев. Мерекелік күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ балалар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. "Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет – қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі", – деді спикер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ТШО-ның желтоқсандағы әлеуметтік инвестициялары: адамдарға бағытталған қолдау Жаңа жыл қарсаңында адамдар бір-біріне сыйлық жасап, ақжарма тілектерін арнайды, зор денсаулық пен амандық тілейді. Осындай ізгі дәстүрді еліміздің батысындағы мұнай-газ компаниялары да ұстанып келеді. Биыл да Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің бірі - "Теңізшевройл" компаниясы Атырау облысына 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты. Бұл - жай ғана символдық қадам емес, санаулы минуттар мен секундтар шешуші рөл атқаратын жағдайларда өңірдің денсаулық сақтау жүйесіне қосылған нақты үлес. Бұл шешім компанияның ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталған жүйелі әлеуметтік саясатының заңды жалғасы болды. Жаңа жедел жәрдем көліктері - адам өмірі үшін күресте ұтылған уақыт емес, ұтылған мүмкіндік, ал медицина қызметкерлері үшін ең жауапты сәтте техника сенімді қызмет етеді деген сенім. Заманауи жабдықталған автокөліктер бригадалардың жұмыс қауіпсіздігін арттырып, шалғай елді мекен тұрғындары үшін де шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. "Біз жұмыс орындары мен еңбек жағдайларын жақсарту бағытында жүйелі түрде жұмыс істеп келеміз. Бұл іске тек мемлекет қана емес, өңірдегі ірі компаниялар да белсенді түрде атсалысып отыр. Бүгін сіздер осы серіктестіктің нақты нәтижесін көріп отырсыздар: Атырау облысының ең ірі жер қойнауын пайдаланушысы - ТШО жедел жәрдем көліктерін табыстауда. Бұл техника медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, демек, өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған", - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов. Жедел жәрдем қызметіне түсетін жүктеме артқан кезеңде автопаркті жаңарту ерекше маңызға ие болып, өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған ТШО-ның маңызды үлесіне айналды. Компания дәл осындай - бір реттік емес, ұзақ мерзімді шешімдерге негізделген тәсілді өзге де әлеуметтік бастамаларында жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. "Жедел медициналық көліктерді табыстау - бұл ТШО-ның шұғыл медицина қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және күн сайын адам өмірін сақтап жүрген медицина қызметкерлерін қолдауға қосқан үлесі. Біз халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеміз", - деп атап өтті "Теңізшевройл" ЖШС бас директоры Билли Лакоби. Коммуналдық техника мен медицина - Жылыой ауданына берілген нақты көмек Желтоқсан айында өңірдегі өмір сапасын арттыруға бағытталған қолдау қалалық инфрақұрылымды дамыту арқылы да көрініс тапты. Жаңа жыл қарсаңында ТШО Жылыой ауданына жалпы құны 1,3 млрд теңгеден асатын 18 бірлік арнайы коммуналдық техниканы табыстады. Бұл техника көшелерді тазалауға, қыс мезгіліндегі жұмыстарға, су тасқыны салдарын жоюға және коммуналдық қызметтердің күнделікті қызметін қамтамасыз етуге арналған. Автопарк экскаватор-тиегіштермен, самосвалдармен, қар тазалайтын және көпфункциялы машиналармен толықты. Бұл коммуналдық кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттырып, қалалық инфрақұрылымның жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. "Таза Қазақстан" акциясы аясында біз әкімдікпен бірлесіп Құлсары қаласының қалалық ортасын жақсарту бағытында жұмыс істеп келеміз. Қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары тұратын аудан тұрғындары нақты қолдауды сезінуі біз үшін маңызды", - деді "Теңізшевройл" ЖШС Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Нұрмұхамед Қартабаев. Әлеуметтік саланы нығайту аясында компания ауданның медициналық инфрақұрылымына да назар аударды. Қосымша ретінде Орталық аудандық ауруханаға шамамен 17 млн теңгеге заманауи медициналық құрал-жабдық - донорлық плазмаферезге арналған автоматты аппарат сатып алынды. Бұл жабдық кезең-кезеңімен іске қосылып, аудандық денсаулық сақтау саласының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Инклюзивті сыныптар - балалар мен олардың отбасыларына арналған жаңа жылдық сый Желтоқсан айында отбасыларды қолдауға бағытталған жобалардың бірі - Құлсары қаласында инклюзивті білім беруді дамыту болды. 17 желтоқсанда мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Жоба ТШО мен Samruk-Kazyna Trust қорының бірлесуімен жүзеге асып, қаланың №16, №8, №7, №18 және №21 мектептерін қамтыды. Алғашқы кабинеттер Д. Жазықбаев атындағы №16 мектепте жұмысын бастады. Аумағы 56 шаршы метрді құрайтын заманауи әрі функционалды кеңістікте бір мезетте 10-ға дейін педагог жұмыс істей алады, ал күн ішінде 40-қа жуық бала сабаққа қатысады. Осылайша, балалар үшін өз мектептерінде оқу үдерісінен қол үзбей, қажетті қолдау алуға жағдай жасалды. Жоба 158 баланы қамтып, кешенді тәсілді көздейді: логопед, психолог және дефектологпен сабақтар, сенсорлық және дамытушы қолдау, бейімделген дене шынықтыру, сондай-ақ педагогтарға арналған бір жылдық әдістемелік сүйемелдеу мен оқыту. Бастаманы қаржыландыру серіктестер арасында тең бөлініп, әр тараптан 75 млн теңгеден астам қаржы бағытталды. Жыл қорытындысы: нақты өзгерістермен өлшенетін сыйлар Жаңа жыл қарсаңында жабдық табыстау игі дәстүрге айналған. Өткен жылы да ТШО демеушілік көмек аясында ауданға екі бірлік арнайы жол техникасын - SDLG автогрейдері мен KADEME тазалау машинасын, сондай-ақ Орталық аудандық ауруханаға күйікке қарсы арнайы төсек сыйға берген болатын. Алайда компания өкілдері демеушілік қолдау мұнымен шектелмейтінін атап өтті. Биыл "Игілік" ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында облыстың 15 денсаулық сақтау мекемесіне медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу және кезең-кезеңімен табыстау жұмыстары да жүзеге асырылып жатыр. Мұндай әлеуметтік инвестициялар сенімді нығайтып, жергілікті қауымдастықтармен серіктестікті дамытады және өңірлердің тұрақты дамуына берік негіз қалайды - тек мерекелік күндері ғана емес, жыл бойы.
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия кімдерге берілді? Президент өкімге қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген хабарламада. 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамын мына сілтемеден көре аласыздар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына үндеу жолдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына Қазақстан Республикасының Ұйымға төрағалығы басталуына орай үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Үндеудің толық мәтіні: "Құрметті әріптестер! 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді. Биыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін мерейтойлық жыл болды. Біз интеграциялық бірлестігімізді дамытудың екінші онжылдығына нық сеніммен қадам бастық. Соңғы жылдардағы жаһандық дүрбелеңдерге қарамастан мемлекеттеріміздің экономикасы оң қарқын алды. Алдағы ортақ міндетіміз – ЕАЭО-ның әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін нығайту, интеграциялық тиімділігін күшейту. 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясы жүзеге асырыла бастайды. Осы стратегиялық құжатта белгіленген мақсаттар мен міндеттерге баса назар аударылады. Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы барысында Қазақстан Республикасы келесі негізгі бағыттарға ден қоюды ұсынады. 1. Жасанды интеллект – экономикалық интеграцияны дамытудың тың құралы. Әлемде бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерге жол ашатын тарихи дәуір басталды. Алайда технологиялық теңсіздіктің артуымен бірге жаңа қатерлер де пайда болады. Сарапшылардың бағалауынша, соңғы жылдары жасанды интеллектіні дамытуға құйылған жаһандық инвестиция көлемі 1 триллион доллардан асты. Ал ЖИ-дің әлем экономикасына қосатын үлесі алдағы онжылдықта 10 триллион доллардан асуы ықтимал. Біздің міндетіміз – жаңа технологияларды халықтарымыздың игілігіне бағыттап, еуразиялық экономикалық интеграцияның басты факторына айналдыру. Қазірдің өзінде жасанды интеллект технологиялары сауда ағынын болжауға қатысты мәселелерді оң шешіп, кедендік түсімдер мен сауда келісімдерінің мемлекет экономикасын өркендетуге ықпалын дәл бағалай алады. Қазақстан Республикасы алдағы уақытта толық цифрлық мемлекетке айналу жөнінде стратегиялық мақсат қойды. Астанадағы Alem.ai орталығы, Алатаудағы CryptoCity пилоттық аумағы секілді мемлекеттік бастамалар цифрлық экожүйені белсенді дамытуға дайын екенімізді көрсетеді. Қазақстан ЕАЭО аясындағы серіктестерімен жасанды интеллект, цифрлық реттеу және экономиканы трансформациялау салаларында білім мен тәжірибе алмасуға әзір. Бірлескен күш-жігер арқылы технологиялық жаңашылдықтарға оңай бейімделе аламыз. 2026 жылы Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форум алаңында ЕАЭО шеңберінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қол қоюды ұсынамыз. Аталған құжат елдеріміздің цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастығының жаңа бағытын айқындайды. 2. Еуразияның логистикалық хабы: әлеуеттен – көшбасшылыққа. Еуразиялық экономикалық одақ, бұл – Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы геосаяси көпір. Елдеріміздің территориялары арқылы негізгі көлік бағыттары өтеді. Осы орайда біз ортақ мақсатқа ден қойып, құрлықтағы жетекші логистикалық хабқа айналуға тиіспіз. Бұл үшін көлік-логистикалық және кедендік инфрақұрылымды жетілдіру, халықаралық көлік дәліздері мен мультимодальдық тасымалды ілгерілету бойынша шұғыл шаралар қабылдап, ЕАЭО мен үшінші елдердің ірі логистикалық компаниялары арасында тығыз ықпалдастық орнату қажет. Интеллектуалды жүйені енгізу және үлкен деректерді пайдалану біртұтас логистика құруға мүмкіндік береді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағымен өтетін жүк барынша тез, кедергісіз әрі бюрократиялық әуре-сарсаңсыз тасымалдануы керек. Қазақстан бұл бағытта белсенді жұмыс атқарып келеді. Smart Cargo қанатқақты жобасы іске қосылды. Құжаттандыру ісі электронды форматқа ауыстырылуда. Бұл платформаны ЕАЭО елдеріндегі серіктестеріміздің жүйелерімен интеграциялауға әзірміз. ЕАЭО аясында жасанды интеллект базасы арқылы кіріктірілген жүк ағынын басқару жүйесін құруды ұсынамыз. Мұндай платформа жеткізу мерзімі мен қаржылық кешіктірулерді азайтуға, еуразиялық дәліздердің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал етеді. Жаһандық тасымал тізбегіне қосыла алатын бірыңғай көлік құрылымын қалыптастыру үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді күш жұмылдыруға шақырамыз. 3. Технологиялық серпіліс: өндіріс пен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру. Өндіріс пен агроөнеркәсіп кешені ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық негізін құрайды. Әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында кооперацияны кеңейту әрі тереңдету – біздің ортақ міндетіміз. Еуразиялық экономикалық одақта қазірдің өзінде өндіріс пен агроөнеркәсіп кешенінің кооперациялық жобаларын қаржыландыру тетіктері бар. Ең алдымен, қаржыны серпінді инновациялық жобаларға бағыттауымыз қажет. Әрбір кәсіпорын мен ферманың цифрлық шешімдерді, жасанды интеллектіні пайдалануға ниет танытуы маңызды. Бұл ретте компаниялардың әлеуетімен танысуға арналған алаңдар құру, сондай-ақ автоматтандыру саласындағы стартаптар мен құзырет орталықтарын дамытқан жөн. Еуразиялық экономикалық комиссия серпінді бастамаларға белсенді түрде қолдау көрсетуге тиіс. 4. ЕАЭО шеңберінде сауда-саттыққа ешқашан кедергі болмауы қажет. Әкімшілік кедергілердің барлығын жою керек. Сауда-саттық пен басқа да жекелеген салалардың дамуын тежейтін, азаматтардың барыс-келісін шектеп, шекаралардағы жүк көліктерінің кезегін туындататын қолдан жасалған кедергілер өткеннің еншісінде қалуы қажет. Кедендік реттеу және мемлекеттік бақылаудың басқа да шаралары (көліктік, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үкіметтеріне қысым жасаудың құралына айналмауға тиіс. ЕАЭО-да кедергісіз орта қалыптастыруды көздейтін көптеген құжат қабылданды. Тиісті жауапкершіліктерді мүлтіксіз орындау, белгіленген тәртіпті бұзуға жол бермеу – өте өзекті. Бұл – Еуразиялық экономикалық комиссияның міндеті. Ықтимал кедергілерді жедел анықтау үшін Ұйымға мүше мемлекеттердің заңнамалық бастамаларын мониторингтеу ісіне жасанды интеллект технологияларын қосуды ұсынамыз. 5. Сауданың жаңа географиясы: жаһандық диалог. ЕАЭО сыртқы серіктестерімен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыра түсуге тиіс. 2025 жылы Моңғолия және Индонезиямен Еркін сауда аймағы туралы келісімге, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерімен Экономикалық серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Бұл –Ұйымға мүше мемлекеттер мен Комиссияның бірлескен жұмысының нақты нәтижесі. Таяу келешекте ЕАЭО-ның Жаһандық Оңтүстік, Араб елдерімен, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка мемлекеттерімен, сондай-ақ аймақтағы беделді бірлестіктермен ықпалдастығын кеңейткен дұрыс. * * * Экономикалық интеграция – ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың нәтижелерін сезінуге, яғни, жаңа өндіріс және жұмыс орындарын ашуға, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге, еркін сауда ортасын қалыптастыруға септігін тигізетін маңызды тетік. Қазақстан Республикасы Ұйымға төрағалығы кезінде күн тәртібіне енген тапсырмаларды барынша орындауға ниетті. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана көздеген мақсатқа қол жеткізіп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикасын қарқынды дамытып, интеграциялық бірлестігіміздің ортақ әлеуетін нығайта алатынымызға сенімдімін". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы интернет жылдамдығы: әлемдік рейтинг Speedtest Global Index сервисі қарашаға арналған рейтингін жариялап, интернеті ең жылдам елдер мен қалаларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлем елдерінің рейтингі Мобильді интернет сапасы бойынша жаһандық рейтингте Қазақстан бір сатыға төмендеп, 46-орынға жайғасты. Елдегі орташа жүктеу жылдамдығы – 93,07 мегабит/секунд. Ал Жапония 62-орында тұр, онда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 65,14 мегабит/секунд болады. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған елдер үштігі дәстүрлі түрде төмендегідей: Біріккен Араб Әмірліктері – 672,68 мегабит/секунд; Қатар – 542,56 мегабит/секунд; Кувейт – 398,66 мегабит/секунд. Ең төмен көрсеткіш Боливияда тіркелді – бұл елде интернет жылдамдығы небәрі 14,35 мегабит/секунд. Ал тұрақты кеңжолақты интернет жылдамдығы рейтингі бойынша Қазақстан 91-орынға орналасты (83,5 мегабит/секунд). Бұл санатта Жапония айтарлықтай алда – ел 23-орынды иеленіп, орташа жылдамдық 229,84 мегабит/секундты көрсеткен. Әлем қалаларының рейтингі Қалалар арасындағы мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде Алматы 63-орынға, Астана 67-орынға жайғасқан. Алматыда интернеттің орташа жүктеу жылдамдығы 127,79 мегабит/секунд болса, Астанада бұл көрсеткіш 125,58 мегабит/секунд болды. Салыстыру үшін айтқанда, Токио бұл тізімде тек 90-орында тұр (80,44 мегабит/секунд). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды: тізім Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның бірнеше аймағында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 8:30-дағы жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған: Батыс Қазақстан облысы: "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 273-393 шақырым аралығы (Барбастау ауылы – Жымпиты ауылы). Жетісу облысы: "Үшарал – Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық стансасы). Маңғыстау облысы: "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолының 332-632 шақырым аралығы (Бейнеу елді мекені – Шетпе елді мекені). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жауын-шашын және көктайғақ: 31 желтоқсанда ауа райы қандай болады? Казгидромет мәліметінше, жылдың соңғы күні елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Елдің орталық өңірлерінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде жауады. Республика бойынша көктайғақ, тұман және екпінді жел болжанып отыр., - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Астана мен орталық өңірлерде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, боран және көктайғақ күтіледі. Жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде аязды, күндіз 0 градус маңында болады. Алматы, Шымкент және оңтүстік өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде жылырақ. Кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Күндіз ауа температурасы +6…+13 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде қар, боран, тұман мен көктайғақ жиі байқалады. Кей өңірлерде қатты жел соғып, ауа температурасы түнде -15…-25 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер жолға шығатын азаматтарды ауа райын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!
Астанада көктайғақ салдарынан үш автобус жол апатына ұшырады Астанада көктайғақ салдарынан бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елорда полициясының мәліметінше, Iveco маркалы автобустың жүргізушісі Хусейн бен Талал көшесімен келе жатып, тайғақ жолда көлікті басқара алмай, Renault Sandero жеңіл көлігімен соқтығысқан. "Осы аумақта екі автобустың қатысуымен тағы бір жол-көлік оқиғасы болды. Екі жағдайда да зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады баспасөз қызметі. Полиция жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, рөлде барынша мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекеттер басшылары екіжақты ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, биыл Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы мазмұнды әрі нәтижелі болғанын атап өтті. Негізгі жетістіктердің бірі ретінде екі елдің байланысы жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткенін айтуға болады. Бұл мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөз процесінің ілгерілеуін құптап, өзара берік уағдаластыққа қол жеткізуге бағытталған саяси-дипломатиялық тәсілдерді жалғастыру қажет екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптайтынын жеткізіп, мұның бітімге келуге және қақтығыстың саяси шешімін іздеуге кері әсер ететінін айтты. Әңгімелесу соңында мемлекеттер басшылары бір бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, қос халыққа бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бестеректегі трагедия: жүргізушіге сот үкімі шықты Абай облысында Бестеректегі трагедияға қатысты сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы 2025 жылы 19 тамызда Бестерек ауылында Toyota көлігін тізгіндеген 55 жастағы ер адам үйдің қақпасы маңында ойнап жүрген балаларды қағып кетті. Салдарынан үш бала көз жұмды: екеуі оқиға орнында, тағы бірі ауруханаға барар жолда. Үш бала ауыр жарақат алды. Кейін тағы бір бала есін жимастан ауруханада көз жұмғаны белгілі болды. Сот үкімі Сот 55 жастағы жүргізушіні ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Оған 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Алматыда жол үстінде шетелдікті балағаттаған жүргізуші жазаланды Алматыда жол үстінде шетелдік азаматты балағаттаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде тараған видеода екі жүргізуші сөзге келіп қалған. Кадрларда қазақстандық жүргізушінің шетелдік туристке дөрекі сөйлеп, көлігін тоқтатып, "мәселені шешуге" шақырғаны көрінеді. Алматы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға көшелердің бірінде болған. Жүргізуші көлігінің терезесін ашып, қасақана жанжал туындатып, шетелдік азаматтың ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Аталған дерек бойынша құқықбұзушы анықталып, ұсталған. Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен ол "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы"; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"; "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда ауаны қорғау ережесі бекітілді Алматы мәслихаты қалада ауаның ластану деңгейін біртіндеп азайтуға және экологиялық талаптарды реттеуге мүмкіндік беретін жаңа ережені бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қандай құжат әзірленді? Құжат Экологиялық кодекске сәйкес әзірленген. Ол көлікке, кәсіпорындар мен шағын өндірістерге қойылатын экологиялық талаптарды, Алматыдағы ауа сапасын бақылау және деректерді есепке алу жүйесін бір арнаға тоғыстырады. Нақты көрсеткіш қандай? Былтыр Алматы агломерациясы бойынша ауаға таралған зиян заттардың жалпы көлемі жылына 225 мың тоннаға жеткен, оның ішінде 189 мың тоннасы Алматының үлесінде. Ережеге сәйкес қалада ауа ластануының негізгі көздері: көліктер; өнеркәсіп орындары, моншалар, қоғамдық тамақтану және құрылыс нысандары; жеке тұрғын үй секторы. "Көліктер жылына шамамен 112,7 мың тонна зиян зат шығарады. Оның ішінде 84%-ға дейінгі бөлігі Еуро-0 экологиялық класына жататын ескі көліктердің үлесінде. Жаңа ереже бойынша қозғалтқышты қосып қоюды шектеу, шығарындыларды тазарту жүйесін пайдалану және тұрақты техникалық бақылау сынды коммуналдық және жеке автопарктерге міндетті талаптар енгізіледі. Автопарктерді жаңарту алдымен Еуро-5 стандартына, кейін газ және электр көлігіне көшу арқылы кезең-кезеңімен жүргізіледі", - деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ, көмір мен отын пайдаланатын жабдықтардан біртіндеп бас тартып, газға көшу жоспарланған. Қаланың кейбір аудандарында зиян заттар көлемі төмен аймақтарды (LEZ) кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Мұндай аймақтарда газ жүргізілген жерде көмір мен басқа да отын түрлерін жағуға, қоқыс өртеуге, пиротехниканы пайдалануға тыйым салынады. Ауа сапасын бақылау үшін экологиялық мониторинг те көзделген. Сонымен қатар, бірыңғай цифрлық жүйе құру жоспарланып отыр. Тұрғындар нақты ахуал туралы ақпарат алып, түйткілді мәселелер туралы хабарлай алады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның тағы төрт өңірінде казино пайда болады Қазақстанда жаңа ойын аймақтарын ашу жоспарланып отыр. Олар Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу облысында пайда болуы мүмкін. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қай өңірлерде казино ашу жоспарланған? Қабылданған заңға сәйкес, Бурабай мен Қапшағайдағы қолданыстағы ойын аймақтарынан бөлек, келесі аумақтарда казино орналастыру көзделіп отыр: Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында; Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Алакөл көлінің жағалауында; Алматы облысының Талғар ауданында; Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл аумағында және Зайсан ауданында. Бұл ретте нақты қайда орналасатыны әзірге анықталған жоқ. Нақты учаскелерді кім анықтайды? Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов нақты жер телімдерін таңдау құзыреті әкімдіктерге тиесілі екенін айтты. "Біз аймақтарды айқындаймыз, ал нақты учаскелерді жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Бұл инфрақұрылымның дамуына және өзге де факторларға байланысты болады", — деді министр. Оның айтуынша, ойын аймақтарын дамыту тек туризмді дамыту құралы ретінде қарастырылады. Министр мұндай тәжірибе көптеген елде кеңінен қолданылатынын атап өтті. Салық және жұмыс орындары Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, әрбір жаңа казино жылына бюджетке 2–3 миллиард теңге көлемінде салық түсіріп, шамамен 500 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ол ойын бизнесіне салықтық жеңілдіктер беріледі деген пікірлерді жоққа шығарды. "Салықтарды төмендету туралы әңгіме жоқ. Казинолар әрбір ойын үстелі үшін салық төлейді. Жалпы салық түсімі екі-үш миллиард теңге көлемінде болады", - деді министр. Үкімет алдағы уақытта ойын аймақтарының саны артуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. "Қазіргі уақытта осы аймақтар айқындалды, болашақта олар кеңеюі де мүмкін. Бұл туризмді дамыту мақсатында жасалып отыр", - деп қосты Мырзабосынов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрлік: азаматтардан аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды; алыс сапарларды кейінге қалдыруды; жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды; қауіпсіз жылдамдықты таңдап, кенет бұрылудан аулақ болуды; көліктердің арасындағы арақашықтықты сақтауды сұрады. "Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
252 сағат ұшақта: Тоқаев 2025 жылды қалай өткізді? Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өткен. Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден аса өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрген. Сондай-ақ, Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдаған. Бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 23 рет шетелге шыққан. Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге 5 ресми сапар ұйымдастырылды. Ресей (екі рет), АҚШ (екі рет), Түрікменстан (екі рет), БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты мемлекеттерге 16 мәрте жұмыс сапарымен барды. Шетелдік сапарларда сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция ықпалдастығын нығайтуға айрықша мән берілген. "Халықаралық кездесулер кезінде жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер жасалды. Президент шет мемлекеттердің үкімет басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, халықаралық құрылымдар жетекшілерімен, іскерлік топ өкілдерімен және сарапшылармен 186 кездесу өткізді", - деп жазылған хабарламада. Қазақстан халықаралық диалогтың белсенді алаңына айналған. 2025 жылы шет мемлекеттердің басшылары Қазақстанға 30 рет cапармен келді. Олардың арасында ҚХР, Италия (екі рет), Грузия, Өзбекстан, Словения, Вьетнам, БАӘ, Руанда, Солтүстік Македония, Болгария, Словакия, Иордания, Конго Демократиялық Республикасы, Мьянма, Мажарстан, Әзербайжан, Финляндия, Эстония, Армения, Түрікменстан, Швейцария және Иран елдерінің мемлекет және үкімет басшылары бар. Қасым-Жомарт Тоқаев өзге де президенттермен 43 мәрте телефон арқылы сөйлескен. Бұдан бөлек, 4 ресми рәсім барысында 30 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Бір жыл ішінде Президент өңірлерге және шет мемлекеттерге жасаған сапары барысында 168 960 шақырым жол жүрген. 252 сағат уақытын ұшақта өткізді. Сондай-ақ, биыл Мемлекет басшысы 95 заңға, 388 жарлыққа, 80 өкімге, 22 отырыс хаттамасына, 3504 қызметтік құжатқа қол қойған. Олардың қатарында Бюджет, Салық, Су кодекстерінің жаңа редакциялары мен "Жасанды интеллект туралы" заңды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар, Президент "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңға, "Алатау қаласына даму қарқыны озық қала" арнаулы мәртебесін беру туралы" жарлыққа қол қойды. "Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімдері экономикалық өсімнің жаңа ортасын қалыптастыруды, Түркістанды мәдени-туристік орталыққа, ал Алатау қаласын жоғары технологиялық индустриясы бар, іскерлік хабқа айналдыруды көздейді", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қауіпті ауа райы: Астана әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады Астана әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада жаңбыр жауды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. "Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдардың жүру бөлігі, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп жатыр, жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады елорда әкімдігі. Қала тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын сақтау сұралды: көшеде қозғалған кезде, жолдан өту барысында мұқият болу, таймайтын табаны бар аяқ киім кию, алыс жолға шықпау ұсынылады. Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ұсынылады. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет. Астанадағы ауа райы болжамы 30 желтоқсан – бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, кей уақытта екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1–3 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы. 31 желтоқсан – құбылмалы бұлтты. Түнде қар, боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде 3–5 градус аяз, күндіз шамамен 0 градус. 1 қаңтар – құбылмалы бұлтты. Түнде қар, боран, көктайғақ. Жел оңтүстіктен соғады, 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10–12 градус аяз, күндіз 8–10 градус аяз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның 5 өңірінде жолдар жабылды: толық тізім Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде жол қозғалысына шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылғы 30 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлеріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды: Ақмола облысы: "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы); "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін); "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық" автожолының 2-50 шақырым арылығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы). Солтүстік Қазақстан облысы: "Астана – Көкшетау– Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Келлеровка ауылы); "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 61-91 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасынан – Саумалкөл ауылына дейін); "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық" автожолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы). Қарағанды облысы: "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығында (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы). "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы); "Теміртау – Ақтау – Бастау" автожолының 0-53 шақырым аралығы (Теміртау қаласынан Бастау ауылына дейін) Қостанай облысы: "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 8-108 шақырымы аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін). Павлодар облысы: "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара" автожолының 137-231 шақырымы аралығында (Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 30 желтоқсанда Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жайма мен кеспе қалай жасалады: үй кеспесі өндірісінен репортаж Алматы облысындағы шағын кәсіпорын көпшілік "тек үйде ғана жасалады" деп ойлайтын өнімді өндірістік желіде шығарып отыр. Мұнда ет тағамына арналған жайма мен кеспе ас үй үстелінде емес, әр параметрі қатаң бақыланатын өндірісте дайындалады: ұн температурасы, ылғалдылық деңгейі, қамырдың қалыңдығы – бәрі миллиметрдің үлесіне дейін есептеулі. Біз Ansar Foods компаниясының өндірісіне барып, кеспенің қалай даярланатынын көзбен көрдік: ұн тиелген фурадан бастап, қапталып, дайын өнімге айналғанға дейін. Кәсіпорын дәл осы өнімді Kunde брендімен Magnum сауда желісіне жеткізеді – ритейлердің жеке сауда маркасы ретінде. Бұл әріптестікте бастысы – тепе-теңдік. Сатып алушы үшін бұл – бағасы қолжетімді, "үйдің дәмін" еске түсіретін таныс өнім. Өндіруші үшін – өсім мен жаңа стандарттар. Ал сауда желісі үшін – тұрақты сапа және сөредегі балғындық.
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық энергетикалық жүйенің орнықтылығына арналған отырысы өтті. Жиында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ,Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасады. Президент энергетикалық қауіпсіздік еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті. Бүгінде Қазақстанның электр қуатын өндіруге қажетті ресурстары жеткілікті. Дегенмен сұраныстың ұдайы артуы қуат көздерін ұтымды әрі оңтайлы пайдалануды талап етеді. Кеңесте отандық электр қуатын қажеттілікке қарай икемдеп өндіру мәселесі қозғалды. Соның ішінде газ генерациясы, энергия сақтау жүйелерін дамыту жоспарларымен қатар гидроэнергетиканың әлеуеті өзекті саналады. Мемлекет басшысының айтуынша, аграрлық секторға, өнеркәсіп пен экономиканың басқа да салаларына су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу маңызды. Сонымен қатар саланың ғылыми-техникалық және кадрлық жай-күйіне айрықша назар аударылды. Кәсіби кадрларды даярлау гидроэнергетика бағытындағы ғылыми-зерттеу базасын дамыту үшін де керек. Жиын соңында Үкіметке және өңір әкімдеріне отандық энергетика жүйесінің тұрақтылығына қатысты мәселелерді жан-жақты шешу тапсырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада жаңажылдық отшашу қай жерде болады? Астанадағы жаңажылдық отшашу қайда өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана әкімдігі мәліметінше, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік жаңажылдық салют атылады. Отшашулар екі жерде болады: Ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақ. "Елорда тұрғындары мен қонақтарына отшашу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Атырау" көпірі ауданындағы жағалаудың мұзына шығуға қатаң тыйым салынатынын еске саламыз", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шара өтеді. 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден бастап "Қазақ елі" монументінің жанындағы алаңда, "EXPO" аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда (әкімдік алдында) шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңажылдық мерекелік концерттер өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бассейндер, спорт кешендері және стадиондар: Ұлытау аймағында спорт қалай дамып келеді Ұлытау аймағы құрылғаннан бері 52 спорт нысаны пайдалануға берілді. Облыстық әкімдік инфрақұрылымның дамуы мен алдағы жылдарға арналған жоспарлар туралы айтып берді. Облыс әкімшілігінің мәліметінше, дене шынықтыру мен спортты дамыту аймақтың әлеуметтік саясатының басым бағыты болып қала береді. Спортпен халықтың шұғылдану деңгейі заманауи спорт инфрақұрылымының болуына тікелей байланысты. Бұл салада бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ұлытау аймағы құрылғаннан бері 52 спорт нысаны пайдалануға берілді. Олардың қатарында екі спорт кешені, бір бассейн, бір шахмат академиясы және баскетбол, волейбол, футбол және көше жаттығулары алаңдарын қоса алғанда, 48 ашық құрылыс бар. "2025 жылы Жезқазған қаласында 320 орындық "Жігер" көпфункционалды спорттық-сауықтыру кешені және Шахмат академиясы ашылды. Қаражал қаласында жабық бассейн, ал Сәтбаев қаласында ангар типті спорт кешені ашылды", - деді облыс әкімі Дастан Рыспеков. Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданындағы Жаңаарқа ауылында 210 орындық спорттық-сауықтыру кешені, Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылында дайын ангар типті спорт кешені және Ұлытау ауданындағы Жезді ауылында 160 орындық спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Сондай-ақ, облыстық әкімдіктің мәліметі бойынша, Ұлытаудағы Қаражал қаласындағы "Горняк" стадионында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Облыстық футбол бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің "Металлург" стадионының ішкі бөлігінде, Облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің бокс залында, Сәтпаев қаласындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің Жасөспірімдер спорт сарайында, Жаңаарқа аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында, Түгіскен ауылындағы "Қайрат" спорт кешенінде және Қарсақпай ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. "2026 жылы Жезқазған қаласында ескек есу спорт кешені мен "СК Намыс" жасөспірімдер спорт академиясын, Қаражал қаласында жабық хоккей алаңын және Ұлытау ауданындағы Ұлытау ауылында жабық бассейнді пайдалануға беру жоспарлануда", - деп қосты облыс әкімі. Жоспарларға Жезқазғанда мұз айдыны мен бассейні бар Спорт сарайын, ұлттық спорт түрлерін дамытуға арналған ипподром кешенін, Кеңгір ауылында 120 орындық спорттық-дене шынықтыру кешенін, Қаражал қаласының Жәйрем ауылында спорттық-дене шынықтыру кешенін және Сәтпаев қаласында спорттағы дарынды балаларға арналған аймақтық мамандандырылған мектеп-интернат құрылысын салу да кіреді. Сәтпаев қаласындағы Мұз сарайын күрделі жөндеу де жоспарланған. "Сонымен қатар, Қазақстан Халық банкімен қол қойылған меморандумға сәйкес, "Металлург" стадионының 6000 орындық трибуналарын жаңғырту жоспарланып отыр", - деп түсіндірді Дастан Рыспеков. Әкімдік бұл жобаларды іске асыру спортпен үнемі айналысатын тұрғындар санының артуына ықпал ететініне сенімді. Спорттық инфрақұрылымның дамуы департамент тарапынан үнемі бақылауда.
Путин мен Зеленский телефон арқылы сөйлесуі мүмкін - дереккөз Ресей мен Украина басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленский 2020 жылдан бері алғаш рет телефон арқылы сөйлесуі мүмкін. Бұл туралы Зеленский мен Трамп арасындағы келіссөздердің барысынан хабардар дереккөз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап. Дереккөздің айтуынша, жексенбіде өтетін Трамп пен Зеленскийдің келіссөздері Зеленскийдің Путинмен кейінгі бес жылдан аса уақыт ішіндегі алғашқы телефон әңгімесіне жол ашуы мүмкін. Бұл АҚШ президенті үшін "дипломатиялық жеңіс" болар еді. Жексенбіде Трамп Зеленскиймен кездесер алдында Путинмен сөйлескенін растап, әңгімені "жақсы әрі өте өнімді" деп атады. "Шынымен де келісім жасауға барлық алғышарт бар деп ойлаймын", - деді Трамп журналистерге Флоридаға келгеннен кейін Зеленскийдің қасында тұрып. Ол бұл үдеріс "өте жылдам жүруі мүмкін" екенін айтты. "Меніңше, келіссөздердің соңғы кезеңіне келдік, енді ары қарай не болатынын көреміз. Әйтпесе бұл ұзаққа созылады. Не аяқталады, не ұзаққа жалғасады - ал миллиондаған адам қаза табады", - деді Трамп. Телеарна мәліметінше, бұл кездесу - Трамп Ақ үйге қайта оралғаннан бері Трамп пен Зеленскийдің үшінші жеке кездесуі. Fox News дереккөзі 2024 жылғы тамыз-қыркүйекте Путин мен Зеленскийдің келіссөз жүргізуге мүмкіндігі болғанын, бірақ ол "Украина Курск облысына басып кірген кезде" жойылғанын айтады. Ал екі ел көшбасшыларының кейінгі тікелей байланысы, 2020 жылдың жазында - "Украинаның Вагнердің ресейлік жалдамалыларын жоюға бағытталған сәтсіз операциясынан кейін" болған. Еске сала кетейік, кеше кешке АҚШ президентінің Флорида штатындағы Мар-а-Лаго жеке резиденциясында Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский кездескен еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“1414 қызметтері ақылы болады“: мемлекеттік корпорация мәлімдеме жасады Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та "1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер ақылы болады" деген ақпарат тарады. Бұл жағдайға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемкорпорация мәліметінше, азаматтар үшін 1414 нөмірі арқылы көрсетілетін қызметтер бұрынғыдай тегін күйінде қалады. Айтылған ақылы қызметтер халыққа емес, мемлекеттік органдарға қатысты. "Мақсат – әр мемлекеттік органның жеке колл-орталығын ашпай, азаматтармен байланыстың бірыңғай арнасын қалыптастыру. Барлық өтініш 1414 бірыңғай байланыс орталығында жинақталады. Халықтан ешқандай төлем алынбайды", – деп мәлімдеді мекемеде. Сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар өз колл-орталықтарын оңтайландырып, қажет болған жағдайда 1414 жүйесіне ақылы негізде, өз қаражаты есебінен қосыла алатыны айтылды. Айта кетейік, 1414 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Операторлар күн сайын сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді, ал түнгі уақытта өтініштерді автоматты дауыс көмекшісі мен чат-бот қабылдайды. Азаматтар байланыс орталығына: Қазақстан аумағында 1414 нөмірі арқылы тегін; шетелден +7 7172 906 984 нөмірі арқылы; Telegram-дағы eGovKzBot 2.0 арқылы; әлеуметтік желілер, электронды пошта арқылы; "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы хабарласа алады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мария Хаджиева ҚНРДА басшысының орынбасары қызметінен босатылды Мария Хаджиева Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының өкімімен Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады? Қазгидромет синоптиктері 30, 31 желтоқсан және 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Суық антициклон Қазақстан аумағынан ығысып, оның орнына оңтүстіктен жылы циклон келеді. Осыған байланысты бірқатар өңірде жауын-шашын болып, ауа температурасы жоғарылайды. Синоптиктер мәліметінше, 30–31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында қар жауып, боран соғады. Ұлытау облысында жаңбыр жауып, кейін қарға ұласуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде күтіледі. Жалпы республика бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі болжанады. Ауа температурасы да өзгереді. 30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, ал 30–31 желтоқсанда шығысында күндізгі температура минус 2-ден плюс 3 градусқа дейін көтеріледі. Елдің оңтүстігінде осы күндері ауа температурасы 5–15 градусқа дейін жылынады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы тұжырымдамасын бекітті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы тұжырымдамасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі "Бірлігіміз – әралуандықта" тұжырымдамасы бекітілді. "Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар ресейлікті Грузиядан экстрадициялады. "Ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді. Қаскүнем үш жылдан аса уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған", - делінген хабарламада. Биыл қыркүйекте ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Айыппұл салмаймыз, бірақ...“ - қазақстандықтарға мобильді аударымдарға қатысты ескерту жасалды Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер туралы тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжіліс кулуарында Біржановтан үш ай ішінде әртүрлі адамнан 1 020 000 теңгеден астам қаражат түскен қазақстандықтарды не күтетіні сұралды. "Біз әрқашан айтып келеміз, бірден айыппұл салмаймыз. Біз тек түсініктеме беруі үшін хабарлама жолдаймыз. Мүмкін, сол хабарламадан кейін салық төлеуші өз бетінше жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы өтініш берер. Егер ешқандай әрекет болмаса, біз салықтық тексеру ашуға құқылымыз. Тек салықтық тексеру аясында барлық растайтын құжатты алғаннан кейін салықтарды есептеп, талап қоямыз. Егер ол тиісті сомаларды төлемесе, материалдар сот орындаушысына беріледі", - деп жауап берді Ержан Біржанов. Вице-министр мобильді аударымдар туыстардан түссе, ешкім жазаланбайтынын атап өтті. "Тағы да қайталап айтамын: егер, мысалы, бауырыңыз немесе әпкеңіз сізге 100 мың рет аударым жасаса да, біз ешқандай шара қолданбаймыз", - деді ол. Еске салайық, бірнеше аптадан кейін Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің жаңа критерийлері күшіне енеді. Бұған дейін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "күдікке ілінген" қазақстандықтарды салықтық тексеру күтуі мүмкін екенін хабарлаған. Салық органдары жеке тұлғаны келесі үш критерийдің барлығы сәйкес келген жағдайда тексере алады: үш ай қатарынан 100 және одан да көп әртүрлі адамнан аударым түсуі; аударымдардың үш ай бойы тұрақты түрде түсуі; жалпы түскен қаражат сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (1 020 000 теңге) асуы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан парламенті банк қызметі туралы жаңа заң қабылдады Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістерді ескере отырып, "Банктер және банк қызметі туралы" заң жобаларын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 25 желтоқсанда Сенатта банктер туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралған болатын. Талқылау барысында депутат Амангелді Нұғманов банктерге қойылатын тым қатаң талаптар несие қолжетімділігін төмендетуі мүмкін екенін айтқан. "Реттеуді шамадан тыс қатаңдату кредиттік ресурстардың қолжетімділігінің төмендеуіне, инвестициялық белсенділіктің әлсіреуіне және экономиканың нақты секторына қаржы ағындарының қысқаруына әкелуі мүмкін", – деген еді депутат. Сенатордың айтуынша, бірқатар маңызды мәселелер бойынша сарапшылар мен мемлекеттік органдар нақты әрі түсінікті жауап бермеген. Сондықтан банктерге бақылауды күшейту олардың тұрақты жұмысына және экономиканың дамуына кедергі келтірмеуі үшін заң жобасын пысықтау қажет болған. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бұған дейін бас комитет заңның кейбір баптарын мақұлдамауды ұсынып, оларды жаңа редакцияда Мәжіліске кері қайтаруды ұсынғанын мәлімдеген. Түзетулер кестесінде барлығы 16 өзгеріс көрсетілген. Айта кетейік, Қазақстандағы банктер туралы жаңа заң жобасы банктерді лицензиялау рәсімін жеңілдетуді көздейді. Мәжіліс қандай шешім қабылдады? Комитет Сенат ұсынған нақтылаушы түзетулермен келісті. Бұл өзгерістер банк секторын реттеудің бірқатар маңызды мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда, банк құпиясын сақтау талаптарын қазынашылық органдарына да қолдану ұсынылады. Сондай-ақ деректер витринасын енгізудің мақсаттары мен онда қамтылуы тиіс ақпараттың тізбесі нақтыланды. Тиісті нормаларды қолданысқа енгізу мерзімін 2026 жылғы 1 маусымнан 2027 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру ұсынылды. Бұдан бөлек, түзетулер базалық банк лицензиясынан әмбебап лицензияға көшу кезінде пруденциялық нормативтерді сақтау талаптарын нақтылайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының резиденті емес ислам банктері филиалдарына инвестициялық қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру құқығын беру көзделіп отыр. Жалпы алғанда, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар банк қызметін реттеуді жетілдіруге, қаржы жүйесінің ашықтығын арттыруға және елдің қаржы нарығын дамытуға бағытталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қаншалықты өседі? 2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері өседі. Бұл "2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда көзделген. Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақылар Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сай 10 пайызға ұлғайтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бері бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғарысын 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылып келеді. "Осы жоспарға сай, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70 пайызы), ал ең жоғары мөлшері 60 005 теңге болады. Бұл көрсеткіш бұрынғы 110 пайыздан 118 пайызға дейін өседі", - делінген хабарламада. Мысал ретінде, 2019 жылы зейнетке шыққан, қазіргі уақытта 70 жастағы зейнеткер 2025 жылы бюджеттен жалпы 171 588 теңге алған. Оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге болған. 2026 жылғы өсімді ескергенде, оның жалпы зейнетақысы 192 816 теңгеге дейін артады. Бұл соманың 60 005 теңгесі – базалық, 132 811 теңгесі – ынтымақты зейнетақы. Аталған есепке Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдер кірмейді. 2026 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақылар да өседі. Атап айтқанда, бір, екі немесе үш бала туған кезде берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, ал төрт және одан да көп бала туған жағдайда 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін өседі. Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы да артады: төрт баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге, ал 10 баласы бар отбасылар үшін 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін ұлғаяды. Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жәрдемақылардың мөлшері де 10 пайызға өседі. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге, екінші топтағыларға 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге, үшінші топтағыларға 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін көбейеді. Бұдан бөлек, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер де 10 пайызға артады. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша ретінде беріледі. "Әлеуметтік төлемдердің нақты мөлшері әр адам үшін жеке есептеледі. Ол соңғы екі жылда жүргізілген әлеуметтік аударымдарға, орташа айлық табысқа, еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыру деңгейіне байланысты болады". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Қазгидромет 29, 30 және 31 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана 29 желтоқсанда елордада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады: түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 13–15 градус аяз, күндіз 1–3 градус аяз. 30 желтоқсанда көшпелі бұлтты болады. Түнде қар жауып, төменгі боран болады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, кейде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1–3 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы. 31 желтоқсанда көшпелі бұлтты болады. Таңертең және күндіз қар жауып, төменгі боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде және күндіз ауа температурасы 1–3 градус аяз. Алматы 29 желтоқсанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-ден 2 градус аязға дейін, күндіз 5–7 градус жылы. 30 желтоқсанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде 0-ден 2 градус аяз, күндіз 7–9 градус жылы. 31 желтоқсанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде 0-ден 2 градус жылы, күндіз 7–9 градус жылы. Шымкент 29 желтоқсанда көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 3–5, күндіз 13–15 градус жылы. 30 желтоқсанда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде 6–8, күндіз 10–12 градус жылы. 31 желтоқсанда бұлтты, жаңбыр жауады, түнде жауын күшейеді. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с, кейде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы 6–8 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Брижит Бардо өмірден өтті 92 жасқа қараған шағында француз актрисасБрижит Бардо өмірден өттыі. Оның қайтыс болғанын француз БАҚ-тары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. L’Humanité газетінің мәліметінше, танымал актриса Францияның Жерорта теңізі жағалауындағы ірі қала - Тулонда көз жұмған. Қарашада БАҚ Бардоның осы қаладағы жеке клиникалардың біріне жатқызылып, операция жасатқанын хабарлаған еді. Брижит Бардо - француз актрисасы, әнші, модель әрі жануарлар құқығын қорғаушы; 1950–1960 жылдардың сән-стиль иконасы. Ол 15 жасында Elle журналының мұқабасына шықты, 18 жасында киноға дебют жасады. Ал режиссер Роже Вадимнің "Құдай әйелді жаратты" (1956) фильміндегі рөлімен әлемдік даңққа жетті: ондағы еркін әрі сезімтал әйел бейнесі көрерменді әрі таңғалдырды, әрі тәнті етті. Бардо шамамен 50-ге жуық фильмге түсті. Олардың қатарында "Ақиқат" (1960), "Менсінбеу" (1963) және "Вива, Мария!" (1965) бар. 1973 жылы 39 жасында ол актерлік мансабын аяқтап, өмірін жануарларды қорғауға арнады: Брижит Бардо қорын (1986) құрды, итбалық аулауға және жануарларға қатыгездік көрсетуге қарсы күресті. 2021 жылғы желтоқсанда Бардо Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, жануарларды қорғау туралы заң жобасындағы баптардың бірін алып тастауды сұраған. 2019 жылғы желтоқсанда да ол Қазақстандағы жануарларға қатыгездік мәселесіне қатысты Тоқаевқа шағымданған еді. Сол кезде Президент актрисаға жауап беріп, мемлекеттің бұл мәселеге назар аударуы қажет екенін және мейірімді ұлт ретінде тек балаларды емес, жануарларды да қорғауға көңіл бөлу керегін айтқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевтің тапсырмасымен мердігер ұйымның құрылтайшысы ұсталды Қырғызстанда жол салу кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен "Кыргыз жол курулуш" компаниясының құрылтайшысы Мирлан Исағалиев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Тиісті тапсырманы бір күн бұрын елдің ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Ташиев көпшілік алдында берген. Ыстықкөл облысына жұмыс сапары барысында Ташиев өңірдің оңтүстік бөлігіндегі автожол құрылысына қатысты жиын өткізді. Ол ұзындығы 141 шақырым болатын жолды жөндеу жұмыстарының барысын сынға алып, бұл жұмыс 2021 жылы басталғанымен әлі күнге дейін аяқталмағанын айтты. Жауапты басшылар мен мердігерлерге қатаң ескерту жасалды. "2021 жылы сіздер 798 мың долларлық келісімшарт жасадыңыздар, алайда қазір құрылыстың құны 1,3–1,4 миллион долларға дейін көтерілді. Жұмыс белгіленген мерзімде аяқталмаған! Ұйымдастыру жағының өте нашар екені байқалады. Мемлекеттік қадағалау да жеткіліксіз. Сондықтан жол-құрылыс жұмыстарын жеке бақылауыма аламын. Егер уақтылы әрі сапалы бітірмесеңіздер, тиісті тараптар жауапкершілікке тартылады. Қатаң жазаланасыздар", - деп шенеуніктер мен мердігерлерді арнайы қызмет басшысы қатаң сөкті. Сондай-ақ, ол "Балықчы - Боконбаево - Қаракөл" тасжолының бір бөлігін жөндеуді белгіленген мерзімде орындамағаны үшін "Кыргыз жол курулуш" компаниясының негізін қалаушы Мирлан Исағалиевті қамауға алуды тапсырған. БАҚ мәліметінше, бұдан кейін Исағалиев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нұсқасына сәйкес, оның мердігер ұйымы келісімшарт талаптарын орындамаған, мерзімдерді және құрылыс жұмыстарының техникалық нормаларын бұзған, соның салдарынан республикалық маңызы бар жол құрылысы уақтылы аяқталмаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Илон Маск АҚШ демократиясына төнген қауіп туралы айтты АҚШ бірпартиялы мемлекетке айналуы мүмкін. Бұл туралы кәсіпкер Илон Маск X желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Масктың айтуынша, Америка үшін тым көп иммигрант - қауіп. "Радикал солшылдар сайлауда жеңіске жету және Американы бірпартиялы мемлекетке айналдыру, сол арқылы кез келген демократияны жою мақсатында алаяқ мемлекеттік бағдарламаларды баяғыдан бері пайдаланып келеді: олар заңсыз (ал кей жағдайларда заңды) иммигранттарды көптеп кіргізіп, елде ұстап қалады", - делінген оның жазбасында. Миллиардер сондай-ақ: "Мұның мән-жайына тереңірек үңілген сайын, салық неге жұмсалып жатқанына және егер мұның жолы кесілмесе, даусыңыздың ешқандай мәні қалмайтынына одан көз жеткізесіз", - деп атап өтті. "Мысалы, Миннесота штатындағы сомалилік сайлаушылар блогы. Бұл штатта тарихи тұрғыда Конгреске сайланған бірде-бір сомалилік болмаған, алайда дәл солар Ильхан Омарды АҚШ Конгресіне өткізді", - деді Маск. Ол мұндай жағдай Еуропада, Ұлыбританияда, Канадада, Аустралияда және Жаңа Зеландияда да байқалатынын қосты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Назым Қаһарман экс-жұбайы Бишімбаев мүлкін кімнің атына “аударғанын“ әшкереледі Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Instagram-да видео жариялап, онда оның ортақ балаларға төленетін алимент көлемін қалай азайтпақ болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаһарманның айтуынша, Жоғарғы сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы шағымын қараудан бас тартқаннан кейін, бірнеше ай өткен соң ол "енді оны төлеуге мүмкіндігім жоқ" деген уәжбен алиментті азайту туралы талап арыз берген. Бұрынғы жұбайының сөзінше, бұл - өтірік. "Менің адвокаттарым Қуандықтың тағы 15 жыл алимент төлей алатынын құжат жүзінде дәлелдеді", - деді ол. Оның айтуынша, активтерін жасыру үшін Бишімбаев оларды жақында 26 жасқа толатын, кәмелет жасына толған үлкен ұлының атына "аударып жіберген" көрінеді. Әңгіме "жылжымайтын мүліктер" туралы болып отыр. "Балаңа қамқорлық жасағаның жақсы. Бірақ кәмелетке толған ұлыңның пайдасына активтерді "аудару", кәмелетке толмаған балаларыңа алимент төлемеу жиіркенішті. Мұны қалай атауды да білмеймін, бірақ бізде дәл солай болды", - деді Назым Қаһарман. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Nazym Kakharman (@nazymkakharman) Нәтижесінде Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы сотта жеңіп, сотталған экс-министр бұрын жасалған алименттік келісім бойынша төлеуге міндетті болды. Қаһарманның айтуынша, бұл құжатты бұзу мүмкін емес және ол "екі жаққа да бірдей" жұмыс істейді. Еске салайық, Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл некеде болған, олардың үш баласы бар. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасқан. Бұл - экс-министрдің сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы қылмыстық ісі бойынша колониядан босап шыққанынан бір жыл өткен кейін болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде Олимпиада чемпионын жеңді Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан көрме турнирінде швейцариялық Белинда Бенчичті жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемдік рейтингте 5-нөмірлі Рыбакина 11-орында тұрған қарсыласын ұтты. Кездесу Рыбакинаның пайдасына 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 16 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Рыбакина 11 эйс жасап, екі қателікке жол берді және 5 брейк-пойнттың 2-еуін сәтті пайдаланды. Жексенбіде, ақтық ойында Елена Рыбакина жұптық разрядта Андрей Рублёвпен бірге кортқа шығады. Олардың қарсыластары - Швёнтек пен Вашеро. Теннистен Әлемдік континентік кубок биыл алғаш рет өтіп жатыр. Турнир алғаш рет Шэньчжэньде ұйымдастырылып отыр. Қазақстандық теннисші бұл көрме жарысында әлем құрамасының сапында ойнап жатыр. Онымен бірге командада ресейлік Андрей Рублёв, сондай-ақ қытайлық ойыншылар Чжан Чжичжэнь және Ван Синьюй бар. Әлем құрамасына Еуропа құрамасы қарсылас болып тұр. Бұл командада Белинда Бенчичтен бөлек, польшалық Ига Швёнтек, италиялық Флавио Коболли және Монако өкілі Валентен Вашеро өнер көрсетеді. Айта кетейік, бұған дейінгі матчте Елена Польшаның екінші ракеткасы Ига Швёнтекке 3:6, 3:6 есебімен жеңілген. Еске салайық, 2025 жылы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде тарихи жеңіске жетіп, бұл атақты иеленген Қазақстаннан шыққан алғашқы теннисші атанды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде жол жабылды Қалың тұманға байланысты Жетісу облысындағы автожолдарда қозғалыс уақытша шектелді. Ал Ақмола облысында қатты аяз салдарынан бірнеше жол учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жетісу облысы 27 желтоқсанда сағат 23:20-да ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрі үшін Үшарал – Достық автожолының 84–164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктұма кентінен Достық станциясына дейін) қозғалысқа шектеу енгізілді. Жол шамамен 29 желтоқсан, сағат 15:00-де ашылады. Ақмола облысы 28 желтоқсанда сағат 00:00-де қатты аязға (ауа температурасының –30°С-қа дейін төмендеуіне) байланысты төмендегі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді: Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы, 16–419 шақырым, Астанадан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін; Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 337–595 шақырым, Қостанай облысы шекарасынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін; Жақсы - Есіл - Бұзулық, 0–82 шақырым, Жақсы кентінен Бұзулық кентіне дейін;Қостанай - Әулиекөл - Сұрған, 232–260 шақырым, Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін; Астана - Қорғалжын, 19–124 шақырым, Астанадан Қорғалжын кентіне дейін. Солтүстік Қазақстан облысы Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 595–624 шақырым, Ақмола облысы шекарасынан Дружба ауылына дейін; Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - шекара, 834–856 шақырым, Чистополье кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін. Қостанай облысы Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 340–377 шақырым, Арқалықтан Ақмола облысының шекарасына дейін; Қостанай - Әулиекөл - Сұрған, 218–232 шақырым, Октябрьское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін. Жол шамамен 28 желтоқсанда, сағат 09:00-де ашылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Желіде Головкин мен Роналдудың кездескен сәті тарады Геннадий Головкин (GGG) Криштиану Роналдумен кездесуінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі аңыз спортшы ескі таныс достар секілді қауышты. "Көргеніме қуаныштымын, бауырым", - деп Роналду Головкинмен амандасты. Футболшы GGG-ден мұнда не істеп жүргенін және әлі де бокстасып-бокстаспайтынын сұрады. Головкин алдағы жылы, бәлкім, бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты. 43 жастағы боксшы мансабын ресми түрде аяқтаған жоқ және қызық ұсыныс болса, рингке қайта оралуға дайын екенін бұған дейін де мәлімдеген. Роналду қазақстандықты Жаңа жылмен құттықтап, бар жақсылықты тіледі. Эр-Риядта салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) боксшылардың жекпе-жектері өтіп жатыр, ал бүкіл шоу "Жапония vs Мексика" стилінде құрылған. Бұған дейін World Boxing президенті Геннадий Головкин жапониялық Наоя Иноуэ (31-0, 27 KO) мен мексикалық Давид Пикассо (32-0-1, 17 KO) арасындағы топтық деңгейдегі жекпе-жекке барған. Криштиану Роналду саудиялық "Әл-Наср" клубымен келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартты және осы күндері де Эр-Риядта жүр. Еске салайық, қарашада қазақстандық аңыз боксшы Геннадий Головкин Халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Теміртауда ер адам автобуста 18 жастағы жігіттің аяғына пышақ сұғып алған Теміртауда ер адам автобуста 18 жастағы жігіттің аяғына пышақ сұғып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қоғамдық көліктегі қанды жанжал туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлер оқиға орнынан кадрларды жариялаған. Алдын ала мәлімет бойынша, бәрі жанжалдан басталған: екі жолаушы автобустағы терезе желдеткішін ашуға байланысты сөзге келген. Дау төбелеске ұласқан. Куәгерлер полиция мен жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген полиция жасағы 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер Теміртаудың 18 жастағы тұрғынының аяғына пышақ сұғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. "Қазір болған оқиғаны объектив және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қатаң түрде тоқтатылатын болады. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады", — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, бұл істің тергеуі полиция департаментінің бақылауында. Бұған дейін Астанада автобуста жолаушылар арасындағы сөз жүзіндегі жанжал төбелеске ұласқаны хабарланған еді. Төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бұрқасын, қар, көктайғақ: 28 желтоқсанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер елдің солтүстігі, батысы және орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюін, ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болатынын болжап отыр. Елдің батысында қалың қар жаууы күтіледі. Республика бойынша тұман болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана - түнде -23…-25°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Күндіз -12…-14°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Алматы - түнде -2…-4°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Күндіз +3…+5°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шымкент - түнде +1…+3°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Күндіз +8…+10°, көшпелі бұлтты, жаңбыр. Абай облысы - түнде -20…-25°, облыстың солтүстігінде -28°, оңтүстігінде -10…-15°. Жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -10…-15°, облыстың солтүстігінде -18°, оңтүстігінде -5°. Жауын-шашынсыз.Семей - түнде -23…-25°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Күндіз -10…-12°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Алматы облысы - түнде 0…-5°, облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарда -8…-13°. Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарда тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз +2…+7°, облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарда -2…-7°. Жауын-шашынсыз. Таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарда тұман, жолдарда көктайғақ.Қонаев - түнде -3…-5°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз +2…+4°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ақмола облысы - түнде -23…-28°, облыстың солтүстігінде -20°. Жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9–14 м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Күндіз -10…-15°, жауын-шашынсыз.Көкшетау - түнде -18…-20°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 5–10 м/с. Күндіз -12…-14°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ақтөбе облысы - түнде -15…-20°, облыстың оңтүстігі мен батысында -12°, батысында аздаған қар. Орталық және шығыс бөлігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15–18 м/с. Күндіз -6…-11°, облыстың оңтүстігі мен батысында -3°. Облыстың батысы мен солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Таңертең орталық және шығыс бөлігінде тұман.Ақтөбе қаласы - түнде -15…-17°, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -6…-8°, бұлтты, қар, көктайғақ. Атырау облысы - түнде 0…-5°, шығысында -8…-13°. Қар, облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік және шығыс бөлігінде бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, солтүстік пен шығыста екпіні 15–20 м/с. Күндіз -3…+2°, шығысында -6°. Жауын-шашын (қар, жаңбыр). Батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік және шығыс бөлігінде бұрқасын.Атырау қаласы - түнде -3…-5°, бұлтты, қар, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 6–11 м/с. Күндіз 0…-2°, бұлтты, жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ. Шығыс Қазақстан облысы - түнде -18…-23°, облыстың солтүстігінде -28°, оңтүстігінде -13°. Жауын-шашынсыз. Облыстың шығысы, оңтүстігі және орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -8…-13°, солтүстік-шығыста -18°. Жауын-шашынсыз. Облыстың шығысы, оңтүстігі және орталығында тұман.Өскемен - түнде -18…-20°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -8…-10°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жамбыл облысы - түнде 0…-5°, облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарда -8°. Таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарда тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, түнде таулы аймақтарда 15–20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аймақтарда 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін. Күндіз +5…+10°, солтүстігі мен таулы аймақтарда 0°. Облыстың оңтүстігінде жаңбыр, солтүстігі мен таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарда тұман, көктайғақ.Тараз - түнде 0…+2°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Күндіз +5…+7°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жетісу облысы - түнде -2…-7°, орталық және таулы аймақтарда -10…-15°. Жауын-шашынсыз. Солтүстігі, орталығы және таулы аймақтарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз 0…+5°, солтүстігі мен таулы аймақтарда -3…-8°. Жауын-шашынсыз.Талдықорған - түнде -10…-12°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Күндіз 0…-2°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс Қазақстан облысы - түнде -5…-10°, шығысында -13°. Қар, жаяу бұрқасын, облыстың шығысында қалың қар. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, түнде солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз -3…-8°, қар, жаяу бұрқасын, шығысында қалың қар. Батысы мен оңтүстігінде тұман.Орал - түнде -8…-10°, бұлтты, қар, жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Күндіз -4…-6°, бұлтты, қар, жаяу бұрқасын. Қарағанды облысы - түнде -18…-23°, облыстың солтүстік-шығысында -28°, оңтүстігінде -10…-15°. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -6…-11°, солтүстік-шығыста -14°. Жауын-шашынсыз. Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман.Қарағанды қаласы - түнде -21…-23°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Күндіз -9…-11°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Қостанай облысы - түнде -17…-22°, шығысында -25°. Жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 7–12 м/с. Күндіз -10…-15°, облыстың оңтүстігінде -7°. Жауын-шашынсыз.Қостанай - түнде -18…-20°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Күндіз -12…-14°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Қызылорда облысы - түнде -3…-8°, облыстың солтүстігінде -11°. Жауын-шашынсыз. Орталық бөлігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Күндіз -1…+4°, облыстың солтүстігінде -4°. Жауын-шашынсыз. Орталық бөлігінде тұман.Қызылорда - түнде -3…-5°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Күндіз 0…+2°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Маңғыстау облысы - түнде -2…+3°, облыстың шығысында -7°. Облыстың батысы, солтүстігі және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Батысы мен солтүстік-шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, батысы, солтүстігі және орталығында екпіні 15–20 м/с. Күндіз +3…+8°, облыстың солтүстігінде 0°. Батысы, солтүстігі және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Батысы мен солтүстік-шығысында тұман.Ақтау - түнде 0…+2°, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Күндіз +3…+5°, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Павлодар облысы - түнде -22…-27°. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстіктен 7–12 м/с. Күндіз -15…-20°, жауын-шашынсыз. Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман.Павлодар - түнде -23…-25°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 7–12 м/с. Күндіз -16…-18°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік Қазақстан облысы - түнде -15…-20°, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Күндіз -10…-15°, жауын-шашынсыз.Петропавл - түнде -18…-20°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Күндіз -12…-14°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түркістан облысы - түнде -2…+3°, облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарда -5°. Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар). Батысы, оңтүстігі және таулы аймақтарда тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с, тау асуларында 15–20 м/с. Күндіз +5…+10°, солтүстігі мен таулы аймақтарда +2°. Облыстың оңтүстігінде жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар). Батысы, оңтүстігі және таулы аймақтарда тұман, көктайғақ.Түркістан - түнде 0…+2°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Күндіз +6…+8°, көшпелі бұлтты, жаңбыр. Ұлытау облысы - түнде -15…-20°, облыстың оңтүстігінде -9°. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысы, оңтүстігі және орталығында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -3…-8°, шығысында -13°. Жауын-шашынсыз. Батысы, оңтүстігі және орталығында тұман.Жезқазған - түнде -18…-20°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -5…-7°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты: екі әйел қаза тапты Павлодар облысында тайғақ жолда жол апаты салдарынан екі әйел жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апаты 27 желтоқсанда Павлодар – Омбы тасжолында, Бобровка ауылының маңында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Vitz көлігінің жүргізушісі көктайғақ кезінде рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысқан. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы бір әйел жүргізуші оқиға орнында көз жұмғанын, екіншісі Теренкөл ауданының ауруханасында қайтыс болғанын мәлімдеді. Апат кезінде көліктердің біріндегі жолаушы зардап шеккен. Жедел жәрдем бригадасы оны Павлодар облыстық ауруханасына жеткізген. Оқиға орнынан Instagram-да жарияланған видеода соққының қатты болғаны сонша, автокөліктер жолдың екі жағына, шеткі бөліктерге қарай әр жаққа ұшып кеткені көрінеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar) Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі көлік те мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Желі қолданушылар пікірде бұл тасжолдағы көктайғақ туралы екі күн бұрын-ақ шағымданып, шара қабылдауды сұрағанын жазған. 26 желтоқсанда осы трассаның бір учаскесінде "ГАЗель" жол жиегіне шығып, кюветке түсіп кеткен. Оқиғаға қатысты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Павлодар филиалы қар, жаңбыр және ауа температурасының күрт төмендеуінен облыс жолдарында мұз қатқаны байқалғанын хабарлаған. Жолдарды өңдеу үшін тәулік бойы 8 арнайы техника жұмылдырылған, оның ішінде 2 автогрейдер және дәл сонша трактор бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Өскеменде өткен аптада жоғалып кеткен ер адам өлі табылды Өскеменде өткен аптада жоғалып кеткен 38 жастағы ер адам өлі табылды. Қаралы хабар Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1987 жылы туған Ринат Ахметов 17 желтоқсанда жұмыс орнынан шығып, үйіне қайтып оралмаған. Жоғалған күні ер адам қара шалбар, капюшоны бар қара күрте киген. Қасында қара сөмке болған. Ерекше белгісі: оң көзінде протез бар. Бұған дейін ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған адамның ағасы 21 желтоқсанда полицияға арызданғанын айтты. Одан кейін полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын бастаған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Волонтеры Алматы "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтаудағы көктайғақ: тұрғындарға ескерту жасалды Ақтауда бүгін көктайғақ салдарынан бірнеше жол апаты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. Ақтау әкімдігі жолдарға көктайғақтың алдын алу үшін құм себу жұмыстарына жүргізілгенін айтты. "Орталық және шағынауданішілік жолдарда көктайғақтың пайда болуына байланысты коммуналдық қызметтер қауіпті учаскелерге құм сеуіп жатыр. Бұл жұмыстар жаяу жүргінші жолдарын да қамтиды", - деп мәлімдеді қала әкімдігі. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қозғалыс кезінде сақтық шараларын күшейту ұсынылады. "ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, 27 желтоқсан күні сағат 10:00-ден бастап Маңғыстау облысында Жетібай ауылынан Ақтау қаласына дейінгі автожолда барлық көлік түрі үшін уақытша қозғалыс шектеуі енгізіледі. Шектеу ауа райының нашарлауына, соның ішінде ауа температурасының төмендеуіне, жаңбырға және көктайғақтың қалыптасуына байланысты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бас прокуратура WhatsApp-қа қатысты ескерту жасады Бас прокуратура "WhatsApp" мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес, кибералаяқтар "WhatsApp" аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолданып жатыр. Бұл әдіс "GhostPairing" деп аталады және құпиясөзді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар WhatsApp-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді. Сценарийі қарапайым: қолданушыға "Facebook" немесе "WhatsApp" атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол "Facebook" пен "WhatsApp" интерфейсін визуал қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды. Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автомат түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, WhatsApp-қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды. WhatsApp-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы - "Байланыстырылған құрылғылар" бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз аккаунтты көрсетеді және дереу жойылуға тиіс. Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар: белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі хабарландыруларға мұқият болыңыздар; "WhatsApp" кодын бөгде парақшаларғаенгізбеңіздер, қосымшадан тыс жерде кодты сұрату - әрқашан алаяқтық; екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар; аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп отырыңыздар; қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вашингтон Трамп пен Зеленскийдің Флоридада кездесетінін растады АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі, 28 желтоқсанда Флоридада кездеседі. Бұл туралы Ақ үй мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ке сілтеме жасап. АҚШ көшбасшысының кестесіне сәйкес, екіжақты келіссөздер түстен кейін сағат 15:00-де (Астана уақытымен 02:00) Палм-Бич қаласында өтеді. Іс-шараға журналистерді қатыстыру жоспарланған. Бұған дейін Зеленский Флоридада Трамппен кездесетінін хабарлаған еді. Украина президентінің айтуынша, ол кездесуде Киев әзірлеген 20 тармақтан тұратын жаңа бейбіт жоспарды таныстырады. Axios басылымына берген сұхбатында Зеленский АҚШ Украинаға 15 жылға арналған қауіпсіздік кепілдіктерін ұсынғанын, әрі оны кейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылғанын айтты. Ал Politico-ға берген сұхбатында Трамп алдағы кездесуде белгілі бір келісімге келу ықтималдығын жоғары бағалайтынын жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО-да полицейлер 26 жыл бұрын жасалған аса ауыр қылмысты ашты ШҚО-да полицейлер 26 жыл бұрын жасалған аса ауыр қылмысты ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бірнеше қарулы шабуылдар жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған екі аса қауіпті қылмыскердің 1999 жылы желтоқсанда Зайсанда жасалған қатігез адам өлтіру мен қарақшылық дерегіне қатысы барын анықтады. Оқиға болғаннан кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Алайда қылмыскерлер қашып үлгерген. Арада жылдар өткеннен кейін полиция мен тергеу органдарының жүйелі, әрі тиянақты жұмысының, сондай-ақ облыстық прокуратураның қолдауы арқасында қылмыстық оқиғаның барысы айқындалып, күдікті тұлғалар анықталды. Екі ер адам ірі олжа табу мақсатында жергілікті тұрғынның үйіне баса-көктеп кірген. Үйден бағалы зат таппаған қаскөйлердің бірі 26 жастағы ер адамды аса қатігездікпен пышақтап өлтірген. Сол сәтте үйде болған 77 жастағы әйел адамды қылмыскерлер соққыға жығып, электр сымымен орындыққа байлап кеткен. Олар оқиға орнынан 12 калибрлі қос ұңғылы аңшы мылтығын, "ИЖ-53М" пневматикалық тапаншасын және бейнемагнитофонды ұрлап кеткен. Қазір екі айыпталушы да 2002 жылғы желтоқсанда бірқатар қарақшылық шабуыл мен адам өлтіру дерегі бойынша тағайындалған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті "Адам өлтіру", "Қарақшылық", "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және "Қаруды заңсыз иемдену" баптары бойынша соталды тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен, аталған үкім бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы, екі сотталушының әрқайсысына қылмыстар жиынтығы бойынша мүлкі тәркіленіп, төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза кесілді. Полиция қызметкерлерінің әділдікке деген табанды еңбегінің арқасында 26 жыл бұрынғы ауыр қылмыстың ақиқаты ашылып, әділдік орнады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақмола облысында трактор кәсіпорын жұмысшысын қағып өлтірді Ақмола облысы Жақсы ауданына қарасты Подгорное ауылында мал шаруашылығы қожалығының аумағында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz сайтына сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, 25 желтоқсанда трактор жүргізушісі кәсіпорынның 56 жастағы жұмысшысын қағып кеткен. Зардап шеккен адам алған жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмды. Қазір адам өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Ақмола облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға туралы хабарлама жұмыс берушіден 26 желтоқсанда түскен. "Бұл жазатайым оқиғаға байланысты бұйрық шығарылды. Бұйрық негізінде комиссия құрылып, арнайы тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында. Өңірлік полиция ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңызын еске салды. Әсіресе арнайы техниканың техникалық жай-күйіне, дабыл беру құралдарының болуына және өндірістік аумақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл талаптарды елемеу адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
-25 градус аяз: 27 желтоқсанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер 27 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елдің солтүстігі мен солтүстік-шығысында аяз күшейеді: ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жел күшейіп, қар жауып, боран соғады. Батыс пен оңтүстік-батыста да күн құбылып, қар жаууы мүмкін, көктайғақ болып, жел күшейеді. Оңтүстікте көшпелі бұлт: қар жауады, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -25…-27°, күндіз -17…-19°. Алматы - көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолда көктайғақ. Түнде -1…-3°, күндіз +2…+4°. Шымкент - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең қар, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Түнде -2…-4°, күндіз +4…+6°. Түркістан - көшпелі бұлтты, түнде қар, күннің аяғына қарай жауын-шашын (жаңбыр, қар). Көктайғақ. Кей уақытта тұман. Түнде -3…-5°, күндіз -2…-4°. Қонаев - көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолда көктайғақ. Түнде -2…-4°, күндіз +1…+3°. Талдықорған - көшпелі бұлтты, түнде қар. Кей уақытта тұман, жолда көктайғақ. Түнде -3…-5°, күндіз 0…-2°. Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Түнде -10…-12°, күндіз -1…-3°. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2…-4°, күндіз +1…+3°. Ақтау - бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Күндіз жел күшейеді. Түнде -2…-4°, күндіз +3…+5°. Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -4…-6°, күндіз -1…-3°. Орал - бұлтты, күндіз қар, жаяу боран, жел күшейеді. Түнде -8…-10°, күндіз -3…-5°. Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -17…-19°, күндіз -11…-13°. Қарағанды - жауын-шашынсыз. Түнде -23…-25°, күндіз -15…-17°. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Түнде -22…-24°, күндіз -13…-15°. Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Түнде -21…-23°, күндіз -15…-17°. Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең жел күшейеді. Түнде -20…-22°, күндіз -15…-17°. Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Түнде -21…-23°, күндіз -15…-17°. Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -23…-25°, күндіз -14…-16°. Семей - көшпелі бұлтты, түнде қар, боран, көктайғақ. Түнде -23…-25°, күндіз -15…-17°. Өскемен - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең қар, боран, көктайғақ. Түнде -20…-22°, күндіз -13…-15°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық сыра өндірушілері мен импорттаушылары үшін цифрлық таңбалау жүйесіне тіркеу ашылды "Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы" бұйрыққа сәйкес, Қазақстанда сыра және сыра сусындары 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілді. Өндірушілер мен импорттаушылар жүйеде тіркелуі міндетті. Сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалауды енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтер мен бөтелкелерде шығарылатын сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – қаңылтыр банкілердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау енгізіледі. Көрсетілген мерзімдерден кейін өндірілген немесе импортталған барлық өнім тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркелуі тиіс. Әрбір тауар бірлігіне айналымға енгізілгенге дейін Data Matrix коды енгізілуі қажет. Сыра өндірушілері мен импорттаушылары сілтеме арқылы өнеркәсіптік стендте тіркеуден өте алады. Тіркеу үшін жарамды электрондық цифрлық қолтаңба, ұйым туралы өзекті деректер (БСН/ЖСН, атауы, байланыс мәліметтері), сондай-ақ ЭЦҚ-мен жұмыс істеу үшін орнатылған NCALayer бағдарламалық қамтамасыз етуі қажет. Кезең-кезеңімен тіркелу Басты бетте тіркеліп, ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өту қажет. Міндетті жолдарды(атауы, байланыс деректері, мекенжайлар) толтырғаннан кейін пайдалану шарттарыменкелісімді растау және өтінімді жіберу керек. Одан кейін қосылу туралы келісімге қосылу жөніндегі өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қоюқажет, ал қажет болған жағдайда таңбалау кодтарын алу туралы шартқа да қол қоюғаболады. Тіркеліп болған соң үш жұмыс күні ішінде көрсетілген электрондық поштамекенжайына құпиясөз орнатуға арналған сілтемесі бар растау хаты келеді. Пайдаланушы тіркелгісін іске қосқаннан кейін пайдаланушылар жеке кабинетке қолжеткізеді. Онда таңбалау мен өнімді қадағалау үшін қажетті атауы, көлемі, құрамы және басқа да сипаттамалары көрсетілген тауар карточкаларын жасауға және өңдеуге болады. Таңбалау не үшін қажет Цифрлық таңбалау сыраның қозғалысын ашық етуге, өндіріс пен импорт көлеміне бақылауды күшейтуге, заңсыз өнім айналымын төмендетуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді келешекте таңбалаудың арқасында бизнес үшін бірқатар артықшылықтар қалыптасады: таза нарық үлесінің артуы, логистика мен маркетингке шығындарды оңтайландыру, өндіріс көлемін дәлірек болжау мүмкіндігі. Мемлекет үшін негізгі тиімділік – сыра өнімдерінің заңсыз айналымының азаюы және салық түсімдерінің ұлғаюы.
Тоқаев тағы бір заңға қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері туралы заңға қол қойған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ауыл“ партиясы жылды қортындылады 22 желтоқсанда Астана қаласында партия құрылымдарының 2025 жылғы қызметін қорытындылауға арналған есептік семинар-кеңес өтті. Іс-шараға "Ауыл" фракциясының депутаттары, 20 өңірлік филиалдың басшылығы мен партия белсенділері қатысты. "Өтіп бара жатқан жыл біздің партия үшін ең жемісті жылдардың бірі болды. Біздің күш-жігеріміздің арқасында мыңдаған іс-шаралар жүзеге асырылды. Осы жұмыстың нәтижесінде азаматтардың партияға деген сенімі артып, ниеттес жандардың қатары көбейді. Бұл - қарапайым халықтың шынайы ризашылығының көрінісі", - деді "Ауыл" партиясының Төрағасы Серік Егізбаев. Семинар-кеңес барысында есепті кезеңдегі партияның саяси және ұйымдастырушылық қызметіне кешенді талдау жасалды. Өңірлік құрылымдар жұмысының тиімділігі, депутаттық корпустың бастамалары, азаматтармен кері байланыс орнату тетіктері, сондай-ақ партиялық жобалардың іске асырылу барысы жан-жақты қаралды. Кеңес аясында "Ауыл" партиясы мен Жұмабек Жанықұлов төрағалық ететін "PARYZ" жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы арасында стратегиялық ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті. Бұл келісім отандық кәсіпкерлікті қолдау және шағын және орта бизнесті дамыту үшін практикалық платформа қалыптастырады. Тараптар еңбек қатынастарын нығайту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашу жолында күш біріктіреді, бұл - қазақстандық ауылды дамытудың басты басымдығы. Партияның дамуына және қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау шараның ерекше салтанатты сәтіне айналды. Жиын барысында партия Төрағасының орынбасарлары өздері жетекшілік ететін әрбір бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады. Сөз сөйлеушілер 2025 жылғы партиялық жобалардың нақты көрсеткіштерін саралап, Орталық аппарат пен өңірлік құрылымдардың өзара іс-қимылын күшейту бойынша ұсыныстарын жеткізді. Семинар-кеңес қорытындысы бойынша партияның келесі жылға арналған саяси стратегиясын айқындайтын бірқатар ұсынымдар қабылданып, өңірлерге нақты тапсырмалар жүктелді. Қабылданған шешімдер партия қызметінің тиімділігін арттыруға, халықпен өзара іс-қимыл сапасын жақсартуға және жалпыұлттық басымдықтарды іске асырудағы "Ауыл" партиясының жауапкершілігін одан әрі нығайтуға бағытталған.
Алматы тауларында үш жігіт жоғалып кетті: біреуі қаза тапқан Желіде Алматы тауларына шығып, қайта оралмаған үш жігітке қатысты ақпарат тарады. Қалалық ТЖД ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, 26 желтоқсанға қараған түні 112 пультіне бір әйел хабарласып, ағасының екі досымен бірге 24 желтоқсанда таңертең тауға кеткенін, содан бері байланысқа шықпағанын айтқан. Оның сөзінше, жоғалғандардың ұялы телефондары 12 сағаттан аса уақыт бойы сөнулі болған. Хабар түскеннен кейін ықтимал іздеу аумағына ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, "Қазавиақұтқару" тікұшағы көтерілген. Әуеден шолуы барысында құтқарушылар "Тұйықсу" мұздығы, "Мыңжылқы" шатқалы және "Локомотив" шыңы аумақтарын тексерген. Ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізілген іздеу кезінде "Локомотив" шыңы маңынан бір адамның мәйіті табылған. ТЖМ әуе борты арқылы 3700 метр биіктіктен түсіріліп, марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, марқұмның жеке басы барлық қажетті тексерулер аяқталғаннан кейін анықталатыны айтылды. Марқұмның жақындарына психологтар мен медицина қызметкерлері тарапынан қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта тауда қалған тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Операцияға 50-ден астам адам қатысып жатыр, 7 техника, 4 дрон және 3 кинологиялық есептоп жұмылдырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2025 жылғы ең жиі қойылған есімдер қандай? 2025 жылы қазақстандық ата-аналар сәбилеріне ең жиі қойған есімдер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылы ұл балаларға қойылған ең танымал есімдер: Мұхаммед, Әлихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр. Былтырмен салыстырғанда жаңа туған ұлдарға берілетін ең танымал есімдер тізімі өзгермеген. Дегенмен өңірлер бойынша қызық ерекшеліктер байқалады: Атырау және Батыс Қазақстан облыстары - Хамза; Солтүстік Қазақстан - Михаил; Қалған өңірлердің басым бөлігінде - Мұхаммед және Алан. Қыз балалар арасында ең танымал есім - Айлин. Оны барлық аймақта жиі қойған, тек төрт облыста Асылым есіміне көбірек басымдық берілген. Сондай-ақ, қыздарға жиі қойылған есімдер қатарында Медина, Айша және Томирис бар. Ұлттық статистика бюросы мынадай деректер келтірді: Ақмола облысы - Айлин және Алан; Ақтөбе облысы - Айлин және Мұхаммед; Алматы облысы - Айлин және Әлихан; Атырау облысы - Айлин және Хамза; Шығыс Қазақстан облысы - Асылым және Әмір; Абай облысы - Асылым және Айсұлтан; Жамбыл облысы - Айлин және Мұхаммед; Жетісу облысы - Асылым және Алдияр; Батыс Қазақстан облысы - Айлин және Хамза; Қарағанды облысы - Айлин және Алан; Ұлытау облысы - Асылым және Мұхаммед; Қостанай облысы - Айлин және Алан; Қызылорда облысы - Айлин және Айсұлтан; Маңғыстау облысы - Айлин және Мұхаммед; Түркістан облысы - Айлин және Мұхаммед; Павлодар облысы - Айлин және Ислам; Қазақстан облысы - Айлин және Михаил; Шымкент - Айлин және Мұхаммед; Алматы - Айлин және Алан; Астана - Айлин және Алан. Ведомство дерегінше, биыл орыс ұлты өкілдері арасында ең танымал есімдер - Ева және Мирон, ал өзбектер арасында - Мұхаммад және Хадича болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БЖЗҚ салымшыларға үндеу жасады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өз салымшыларына үндеу жасады. Ақпарат қордың ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "27-28 желтоқсан аралығында жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты байланыс орталығына қызмет көрсету арналары (телефон және онлайн-чаттар) уақытша қолжетімсіз болады. Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы төмендеп жатыр Доллардың 26 желтоқсандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 504,60 теңге болып, 7,44 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 желтоқсанға белгіленген ресми бағамы - 1 доллар үшін 512,81 теңге. Kurs.kz дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу - 501,45 теңге; сату - 506,37 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу - орта есеппен 499,69 теңге; сату - 506,69 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау: Тоқаев заңға қол қойды Мемлекет басшысы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады? Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.ё Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 27 желтоқсанда елдің шығысында, 27–29 желтоқсан аралығында батыс өңірлерде, 29 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауып, боран соғады, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтіледі. Оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. "27 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста, 28 желтоқсанда елдің батысында қалың қар жауады. Республика бойынша тұман түседі, – деп мәлімдеді синоптиктер. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде 10–18 градус аяз, күндіз 0–8 градус аяз; Шығыста түнде 15–20 градус аяз, күндіз 5–10 градус аяз; Оңтүстік өңірлерде түнде 0–5 градус жылы, таулы аймақтарда 5–10 градус аяз, күндіз 5–15 градус жылы, таулы аудандарда 4 градус аяздан 1 градус жылуға дейін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Дропперлік: бостандықтан айыруы мүмкін оңай ақша Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының жетінші шығарылымы, мұнда біз инвестиция және қаржы саласының сарапшысы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық сауаттылық деңгейін көтереміз. Бұл материалда біз дропперлер дегеніміз кім және оларға қандай жауапкершілік көзделгенін баяндаймыз.
Жүргізушілер айыппұл мөлшері көбейгеніне шағымданды: себебі неде? Жүргізушілер Астана – Щучинск тасжолында жылдамдық үшін салынған айыппұл мөлшері көбейгеніне шағымданып жатыр. Бұған қолайсыз ауа райы кезінде фото және бейнебақылау камераларының автоматты түрде "қысқы режимге" ауысып, төмендетілген жылдамдық шегін тіркеуі себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болды? ІІМ мәліметінше, боран, көктайғақ және өзге де күрделі метеожағдайларда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кей учаскелерде жылдамдық шектеуі енгізіледі. Осы кезде камералар төмендетілген лимитті негізге алып, заңбұзушылықтарды тіркейді. Шағым Алайда әлеуметтік желілерде жүргізушілер наразылық білдіріп жатыр. Threads қолданушыларының бірі Щучинск – Астана тасжолында жылдамдық 60 шақырым/сағ-қа дейін шектеліп, көптеген жүргізушіге айыппұл келгенін жазды. Пікірлерде өзге де автокөлік иелері осыған ұқсас жағдайларға тап болғанын растаған. Қазір кей жүргізушілер айыппұлдарды даулауға дайындалып, заңгерлерден кеңес алып жатқанын мәлімдеді. Tengri Auto редакциясы бұл мәселеге қатысты Ішкі істер министрлігінен ресми пікір сұратты. Еске салайық, бұған дейін желіде "камерлар 66 шақырым/сағ-тан бастап айыппұл салады" деген ақпарат тараған, алайда ІІМ оны фейк деп атаған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағандыда гастролер-ұры ұсталды Қарағандыда гастролер-ұрының қылмыстық жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағандыда Қазыбек би атындағы полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстанның бірнеше ірі қаласында ұрлық жасаумен айналысқан 27 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында оның қылмыстық әрекеттері тек Қарағанды қаласымен шектелмей, Астана, Шымкент пен Тараз қалаларын да қамтығаны анықталды. "Күдікті қаладағы сауда орындарының бірінен ұялы телефон ұрланғаны туралы арыздан кейін полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият зерделеу және куәгерлердің айғақтарын жинау нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады", - делінген хабарламада. Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының қорытындысы бойынша, ұсталған азаматтың Қарағанды және республиканың өзге өңірлерінде жасалған кемінде төрт ұрлық дерегіне қатысы бары белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу органдары күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодын анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда дәрі-дәрмек 15 пайызға арзандады Қазақстанда кейінгі алты айда дәрі-дәрмек бағасы 15 пайыз арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Сонымен қатар, ведомство бағаға бақылау әлсіресе, фармацевтикалық өнімдер бір бөлігінің құны қайта өсуі мүмкін екенін ескертті. Тексерулер нәтижесіне сүйенсек, жыл басынан бері 13 кәсіпкер дәрілердің бағасын негізсіз көтерген. Жасанды түрде сұраныс туғызғаны үшін оларға жалпы сомасы шамамен 2,5 миллион теңге айыппұл салынған. Қазір мемлекет 5 мыңнан аса атаудағы дәрі бағасын реттеп отыр. Ал нарықта жалпы саны 7 мыңға жуық фармацевтикалық өнім тіркелген. "Бізде Dari KZ және NAQTY ONIM мобильді қосымшалары бар. Кез келген азамат дәрі сатып аларда қосымша арқылы оның шекті бағасын көре алады. Егер құны белгіленген мөлшерден асып кетсе, цифрлық жүйе арқылы өтініш беруге болады", - деді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов. Дегенмен қазіh 2 мыңнан аса дәрі-дәрмек реттеуші органның бақылауынан тыс қалып отыр. Жақын арада бұл тізім айтарлықтай ұлғаюы мүмкін: жауапты органдар дәрілердің тағы бір бөлігін еркін нарықтық бағаға жіберуді жоспарлап отыр. "Келесі жылдан бастап бағасы 1 АЕК-тен төмен препараттардың бағасын бекітпей, нарыққа жіберуді көздеп отырмыз. Бұл дегеніміз - тағы шамамен 2 мың дәрі бойынша біз бұйрықпен баға бекітпейміз", - деп мәлімдеді Бауыржан Жүсіпов. Ведомствоның мәліметінше, импорттың үлесі әлі де жоғары болғандықтан, бағаны бір деңгейде ұстап тұру қиын. Бүгінде елде 200-ден аса фармацевтикалық зауыт жұмыс істейді. Кейінгі 10 айда олар 156 миллиард теңгенің өнімін шығарған, бұл жалпы қажеттіліктің небәрі 15 пайызы ғана. Қалған 85 пайызы шетелден әкелінеді. Негізінен дәрі-дәрмек Еуропа елдерінен, Ресейден, Үндістаннан және АҚШ-тан жеткізіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“АрселорМиттал Теміртау“ мүлкін жымқыру: ҚМА мән-жайды ашты ҚМА (Qarmet құқықтық мирасқоры болып табылатын) "АрселорМитталТеміртау" АҚ мүлкін жымқыру дерегі бойынша "АлбаСтройДор" ЖШС-нің директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, 2015 жылы "АрселорМиттал Темиртау" АҚ мен "АлбаСтройДор" ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған. Алайда С.Г.Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған. "Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы — "Күзет" ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен. Ұрланған мүлікті С.Н.Ким өз бақылауындағы "ГлобалСпецТорг" ЖШС және "ЦентрОптСнаб" ЖШС арқылы заңдастырған", - делінген хабарламада. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден асатын 31 мың тоннадан аса өнім ұрланған. Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
АҚШ-тағы “ең сорақы қылмыскерлер“ тізіміне үш қазақстандық кірген Үш қазақстандық АҚШ-тағы "ең сорақы қылмыскерлердің" ("worst of the worst") тізіміне енді. Бұл туралы ақпарат АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің дерекқорында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Посткеңестік елдерден шыққан мигрант-қылмыскерлердің осы антирейтингінде 27 украиналық, 18 ресейлік, 22 Армения азаматы, Грузияның екі азаматы және Беларусьтің екі азаматы бар. Тізімде көрсетілген адамдардың басым бөлігі - Латын Америкасы елдерінің азаматтары. Мысалы, дерекқорда бірнеше мың мексикалық бар. dhs.gov Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды "Қазгидромет" болжамынша, жұмада Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елдің шығысында, оңтүстігінде, солтүстік және орталық өңірлерінде, сондай-ақ оңтүстік-шығысында қар жауады, кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін. Батыс пен оңтүстікте синоптиктер тұман, көктайғақ және желдің күшеюін болжайды. 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Астана: бұлтты, қар, түнде және күндіз -13…-15 °C. Алматы: ауыспалы бұлтты, жаңбыр аралас қар, түнде -2…-4 °C, күндіз +3…+5 °C. Шымкент: бұлтты, жаңбыр аралас қар, түнде және күндіз +1…+3 °C. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда 11 жыл бұрынғы қылмыс ашылды: туған қызы өз анасын өлтірген Алматыда 11 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қожаевтың айтуынша, жыл басынан бері тергеушілердің өндірісінде шамамен 216 мың қылмыстық іс болған, 54 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында бұрынғы жасалған қылмыстар да бар. "Алматыда биыл 11 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды. Әңгіме зейнеткер әйелдің өлімі туралы. Тергеу қайта жанданып, дәлелдер мұқият сараланып, куәлар қайтадан сұралды. Дұрыс тактика мен нақты қойылған сауалдар нәтижесін берді. Қылмысты марқұмның туған қызы жасағаны анықталды. Ол мұны пайдакүнемдік мақсатпен істеген", - деді департамент басшысы. Еске салайық, жыл басында Қазақстанда Орал қаласында 25 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру дерегі де ашылған еді: екі жергілікті тұрғын оққа ұшқан. Қылмыстың себебі - қаржылай қиындық болған. Полицейлер қылмысқа тапсырыс берді деген күдіктіні және оны орындаған адамды ұстаған. Сондай-ақ, күзде Ақмола облысында 2002 жылғы 4 қазанда жасалған кісі өлтіру ісі ашылды. Күдіктіні анықтауға ДНҚ сараптамасының талдауы көмектескен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек“ - Тоқаев Бауыржан Момышұлына “Халық қаһарманы“ атағын берді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлы ресми түрде "Халық қаһарманы" атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президент Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты. "Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал. Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде "Халық қаһарманы" атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек. Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым. Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс. Баукеңнің ерлігі жай аңыз емес, бұл – нақты құжаттармен дәлелденген, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мойындаған сөзсіз ерлік. Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды", - деді Президент. Еске салайық, 24 желтоқсан - Бауыржан Момышұлының туған күн. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды Президент Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мен бүгін Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа бардым. Бұл – оңтүстік аймақтарда ашылған осындай алғашқы оқу орны. Мен мектеп-интернатқа осы өлкенің тумасы, әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынамын. Осындай Бауыржан мектептері барлық аймақта ашылуы керек. Үкімет бұл мәселені пысықтайды. Біз жас ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеуіміз қажет", - деді Президент. Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал. "Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде "Халық қаһарманы" атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек. Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым, бұл құжат міндетті түрде жарияланады. Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс. Баукеңнің ерлігі жай аңыз емес, бұл – нақты құжаттармен дәлелденген, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мойындаған сөзсіз ерлік. Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ислам ойындарының чемпионы болды Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасы сенімді жеңіске жетіп, чемпион атанды. Финалдық кездесуде ұлттық құрама Иран командасын 8:1 есебімен айқын жеңіп, ел намысын абыроймен қорғады. Аталған жеңісте Батыс Қазақстан облысының спортшысы Айдос Кенжегұлов ерекше көзге түсті. Ол жоғары шеберлік көрсетіп, Қазақстан туын биікке көтерді. Туған жерге оралған спортшыны жақындары, достары, жаттықтырушылары және БҚО үстел теннисі федерациясының президенті Мұрат Мұқаев арнайы қарсы алып, табысымен құттықтады. БҚО әкімдігі мәліметінше, Орал қаласында үстел теннисі қарқынды дамып келеді. Күн сайын жас спортшылар әлемдік және халықаралық додаларда өңір намысын лайықты қорғап, облыстың абыройын арттыруда. Қазіргі таңда БҚО-да 368 спортшы кәсіби үстел теннисіне тартылған, олардың ішінде 5 спорт шебері және 16 спорт шеберіне үміткер бар. "Барлық бұл бастамалар мен жетістіктер Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің спортқа көрсетіп отырған жан-жақты қолдауының арқасында жүзеге асырылуда. Әкімнің қолдауы өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға, жас таланттарға сенім беруге және облысымыздың халықаралық аренада абыройын арттыруға зор үлес қосуда", - дейді БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Бақдәулет Сәбитов. Сонымен қатар, жақында облысымызда Ақжайық ауданында жаңа үстел теннисінен спорт ғимаратының құрылысын бастауын жариялады. 400 адамға арналған заманауи ойын алаңы, көрермен залы, конференц-зал және медициналық пунктімен жабдықталатын бұл нысан облысымыздағы үстел теннисінің дамуына жаңа серпін береді және жас спортшыларға халықаралық деңгейде жарыстарға дайындалуға мүмкіндік туғызады.
Тәулігіне қанша қасық майонез жеуге болады? Дәрігер жауабы Тәулігіне бар болғаны бір ас қасық майонез жеуге болады. Бұл туралы биология ғылымдарының кандидаты Николай Хоменец мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап. Маманның айтуынша, майонездің тәулік нормасы - 20–30 грамм. Хоменец майонезді шамадан көп жесе, бұл ағзаға аса зиян өнім деп атады. "Өнімнің басты кемшілігі - калориясының көп болуы, сондай-ақ қандағы холестерин деңгейін арттыратын май қышқылының көптігі", - деп қосты Хоменец. Бұдан бөлек, майонезде натрий көп, бұл гипертония қаупін арттырып, жүрекке қатысты мәселелердің туындауына ықпал етуі мүмкін. Сондай-ақ, Хоменец майонез қосылған салаттың үстелде ұзақ тұрып қалмауы керегін еске салды: оның ішінде тағамдық инфекция тудыратын бактериялар көбейуі мүмкін. "Егер майонез сұрланып кетсе, қабат-қабат болып ажыраса, иісі қышқыл не күйік (ашыған, татып кеткен) иіс шығара бастаса, ондай тағамды лақтыру керек", - деп ескертті ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында 14 жастағы жасөспірім 10 жылға сотталды Түркістан облысында сот қызды зорлады деген айып тағылған кәмелетке толмаған жасөспірімге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Сот 2025 жылғы 7 шілдеде кәмелетке толмаған сотталушы А. есімді қызды көшеде байқап, сылтауымен оны көпірдің астына алып, қарсылыққа қарамастан күш қолданып, зорлағанын анықтады. Бұған дейін БАҚ-та сотталушы қылмыс жасаған кезде 14 жаста болғаны айтылды. Тараптар ұстанымы мен дәлелдемелері Прокурор 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі қатаң жазалап, 20 миллион теңге өндіріп алуды талап етті. Сотталушы кінәні ішінара мойындап, жеңіл жаза сұрады. Кінә жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, айғақтарды сақтау материалдарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелермен расталады. Жаза және өтемақы Сотталушының кәмелетке толмағанын, бұрын сотты болмағаны және кінәні ішінара мойындағанын ескере отырып, сот оларды жеңілдететін мән-жайлар деп таныды; ауырлататын мән-жайлар белгіленбеген. "Кәмелетке толмаған сотталушы С. - ға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік мекемелерінде белгіленген", - делінген сот хабарламасында. Жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына 8 миллион теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жетінші сынып оқушысына орта мектеп оқушылары бірнеше рет зорлық-зомбылық көрсеткені хабарланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент “Тараз“ шағын индустриалдық аймағын аралады Мемлекет басшысы "Тараз" шағын индустриалдық аймағын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасып. Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы индустриаландыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, инвестициялық пул туралы мәлімет берілді. Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, өсім 33 пайызды құраған. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 миллиард теңге болатын 56 инвестициялық жоба іске асырылған. Мемлекет басшысына облыстағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді. Олардың қатарында "Қазфосфат" серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL IRON and STEEL компаниясы салып жатқан металлургия зауыты жобалары бар. Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы "ЕвроХим-Қаратау" ауқымды инвестициялық жобасының аралық қорытындысы ұсынылды. Қазір күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауытты іске қосу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы өнім ішкі нарыққа жөнелтілді. Алдағы уақытта пайдалануға берілетін Shengtai Biotech Co.Ltd жүгері өңдеу зауыты жөнінде де баяндалды. Шу ауданындағы бұл жобаға 1,5 миллиард доллар инвестиция салынған. Сонымен бірге Байзақ ауданындағы Zhongkai Kazakhstan International Company қант зауыты құрылысы жайында мәлімет берілді. Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY компаниясының индустриалдық аймақта шығарылатын ауылшаруашылық техникалары көрсетілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары "Әмір және Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды. Кәсіпорын медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар өндіреді. Президентке медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы көрсетілді. "Әмір және Д" ЖШС-і әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалауға арналған жедел тестілердің көптеген түрін шығарады. Бұл өнімдер В және С гепатитін, ВИЧ-инфекциясын, миокард талмасын, сондай-ақ есірткі және психотропты заттарды анықтай алады. Кәсіпорынға тиесілі медициналық бұйымдардың 200-ден аса атаулы түрі бар. Бүгінде серіктестікте 94 қызметкер еңбек етеді. Мемлекет басшысына "Super-pharm" фармацевтикалық компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді. Бұл – елімізде медициналық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Зауытта 600-ден аса еңбеккер жұмыс істейді. Компания отандық нарықтағы бір реттік қолдануға арналған медициналық бұйымдарға сұраныстың 30 пайызын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, кәсіпорын түрлі операциялар үшін хирургиялық және процедуралық жиынтықтарды, медициналық бетперденің барлық түрін, бірреттік қорғаныш киімін, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдарды өндіреді. Сонымен қатар медициналық шприцтер, инфузионды және қанды қайта құюға арналған система құралдары, басқа да өнімдер дайындалады. Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға ескерткіш тақта орнатылды Астанада қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Астанада жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды", - деп хабарлады елорда әкімдігі. Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ишанқұлқызы, туыстары және жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері қатысты. Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері ескерткіш тақта алдына гүл шоқтарын қойды. Еске салайық, 18 қарашада Астанада жедел жәрдем фельдшері қайтыс болды. Ол тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде зардап шеккен. Оқиға 8 қарашада болған. Марқұм небәрі 23 жаста еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті Қазақстан полициясы Жаңа жыл мерекелеріне байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңажылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. "23 желтоқсаннан бастап полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жеке құрамның саны ұлғайтылды, мемлекеттік және стратегиялық аса маңызды нысандардың қауіпсіздігі күшейтілді. Патрульдік маршруттар қару-жарақ дүкендері мен түзеу мекемелеріне жақын орналастырылды. Ойын-сауық орындарының жанында қосымша тәртіп жасағы қойылды. Резервтер дайындыққа келтірілді. Азаматтардың заңды және қауіпсіздік шараларын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық науқандар ұйымдастырылды", - деді Игорь Лепеха. "Шырша" және "Пиротехника" жедел профилактикалық іс-шаралары шеңберінде пысықтаулар басталды. Барлық мереке күндері полиция негізгі іс-шаралар өткізілетін орындарда қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етеді, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының қауіпсіздігін күшейтеді, сондай-ақ жедел штабтардың жұмысы мен жол қозғалысын қадағалау ұйымдастырылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жамбыл облысына барды Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездеседі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
1414-тен SMS: Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады Биыл телефон алаяқтары 6,1 мыңнан астам азаматты алдаған. Алаяқтардың әдістері күрделеніп, бірақ негізгі схема өзгеріссіз қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокуратура жәбірленушінің телефонына "1414" қысқа нөмірінен SMS-код келетінін айтады. "Бірінші қоңырау - шабуылдаушыларды мемлекеттік органдардың, банктердің немесе курьерлік қызметтердің қызметкерлері ұсынады және кодты айтуды сұрайды. Осыдан кейін бірден екінші қоңырау келеді – банктің, полицияның немесе ҰҚК-нің жалған қауіпсіздік қызметі. Олар алдыңғы қоңырау алаяқтар екенін және белгіленген кодқа байланысты олар ақшаңызды алып немесе несие беруі мүмкін деп хабарлайды", - делінген хабарламада. Олар несие рәсімдеуді және қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуды ұсынады. Дәл осы кезеңде нақты жымқыру әрекеті жасалады және жәбірленушінің атына алаяқтық несиелер алынады. "Бұған дейін 1414" қысқа нөмірінен SMS-кодты алу үшін жіберілген жәбірленушінің нөмірін енгізу жеткілікті болатын. Енді "1414" SMS-шлюзін пайдаланатын жүйелерге тек биометриялық аутентификацияны (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе QR-кодты (eGov QR) қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Ағымдағы жылдың желтоқсанынан бастап аталған талаптарды енгізбеген жүйелер "1414" SMS-шлюзінен ажыратылды". Бұл шаралар азаматтарды алаяқтардан қорғауды арттыруға бағытталған. Бас прокуратура азаматтарға сақ болуды ескертті: һмемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS-тен бір реттік кодтарды, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайды; ақша аудару үшін "қауіпсіз шоттар" жоқ; күдікті қоңыраулар кезінде абай болыңыз, деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз; күмән туындаған жағдайда дереу банкке немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарласыңыз; кибергигиена ережелерін сақтаңыз: тек ресми қосымшалар мен қызметтерді қолданыңыз, сілтемелер мен хабарламаларды тексеріңіз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы метросын Алатау қаласымен байланыстыру: мән-жайы "Алматы бас жоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов Алматы метрополитенін дамыту жоспарлары туралы айтты. Оның сөзінше, қолданыстағы метро желісін "Барлық" станциясына дейін ұзарту және кейін оны Алматы-1 вокзалымен қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспары бойынша өткен қоғамдық тыңдаулар барысында мәлімдеді. Оның сөзінше, метрополитенді дамыту жобасына бірқатар түзету енгізілген. Атап айтқанда, метро желісі тек қала аумағында ғана емес, сонымен қатар қала маңындағы аймақтарды да қамтитын болады. "Бұл – соңғы өзгерістер. Қызыл сызық – қолданыстағы желі, ол "Барлық" станциясына дейін жетеді. Одан әрі қызыл желіні дамытуды көздеп отырмыз, себебі ол Райымбек даңғылының төменгі бөлігіндегі көлік-ауысу торабына дейін барады. Біз оны Алматы-1 вокзалымен қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл – көлік хабтарын өзара байланыстыратын классикалық шешім. Яғни "Барлық" вокзалмен жалғанады", – деп түсіндірді спикер тілшімізге берген сұхбатында. Скриншот: gov.kz сайтындағы бас жоспардан Спикердің айтуынша, бұдан кейін желіні солтүстік бағытта ұзарту және оны жаңа жасыл желімен біріктіру жоспарланып отыр. "Біз Алатаудан Алматыға жылдам қатынауды қамтамасыз еткіміз келеді", – деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанға қандастар қай елдерден келеді: Еңбек министрлігі дерегі 2025 жылы 14 828 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллион 162,9 мың этникалық қазақ көшіп келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл елге оралған қандастардың басым бөлігі Өзбекстаннан (44,5 пайыз) және Қытайдан (43,6 пайыз) келген. Сондай-ақ Түрікменстаннан – 4,1 пайыз, Моңғолиядан – 3 пайыз, Ресейден – 2,5 пайыз және басқа елдерден – 2,3 пайыз этникалық қазақ қоныс аударған. 1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, қандастардың 57,4 пайызы еңбекке қабілетті жаста, 34 пайызы – кәмелет жасына толмағандар, ал 8,6 пайызы - зейнеткерлер. Еңбекке қабілетті жастағылардың 15 пайызы жоғары білімді, 27,6 пайызы орта арнаулы, 51,1 пайызы жалпы орта білімге ие, 6,3 пайызының білімі жоқ. Қандастар еліміздің әр өңіріне қоныстанған. Еңбек күші тапшы аймақтар ретінде Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары айқындалды. 2025 жылға бұл өңірлерге 2 309 адамға арналған квота белгіленіп, қазіргі уақытта 2 218 қандас орналастырылған. Қоныстандыру өңірлеріне барған қандастарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, көшуге отағасына және әр отбасы мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы субсидия, сондай-ақ тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге бір жылға 15–30 АЕК көлемінде өтемақы қарастырылған. Жыл басынан бері 1 279 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, оның ішінде 356 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Сонымен қатар солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аударуды ынталандыру мақсатында тұрғын үй сатып алуға немесе ипотеканың бастапқы жарнасын жабуға арналған экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Оның көлемі тұрғын үй құнының 50 пайызына немесе бір отбасыға 4,56 миллион теңгеге дейін жетеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жетімдер мен мүгедектерден пәтерін тартып алған: Астанада ауқымды схема әшкереленді ҚМА Бас прокуратураның үйлестіруімен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар адамдарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену деректері бойынша тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2014–2016 жылдары А.Байжұманов "Төленді" тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқара отырып, пайшылардың ақшалай қаражатын жымқырудың ауқымды схемасын ұйымдастырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған. "Кейін пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы Астана әкімдігі тарапынан аяқталған. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін А.Байжұманов жаңа заңсыз схема әзірлеген. Бұл схема "өткен күнмен рәсімделген жалған құжаттарды пайдалану арқылы пәтерлерді заңсыз иемденуге бағытталған", - делінген хабарламада. Нәтижесінде 80-нен астам "жалған үлескер" жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған. Пәтерлерді өтеусіз алғаннан кейін Байжұманов пен оның сыбайластары оларды үшінші тұлғаларға сатуды жоспарлаған. Осылайша жалпы құны 2,3 миллиард теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазанмен ұрған: әйел мен 6 жастағы қызды өлтірген ер адамға үкім шықты Алматыда әйел мен оның 6 жастағы қызын асқан қатыгездікпен ұрып өлтірген айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты. Бұған дейін де қылмысы үшін сотталған ер адам бұл жолы өмір бойы бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Сотталушы мен марқұм Ақбота Үсербай небәрі алты ай ғана таныс болған. Биыл 5 қыркүйекте екеуінің арасындағы жанжал қанды қылмысқа ұласқан. Ашу үстінде ер адам ас үйдегі шойын қазанмен әйелді баласының көзінше өлімші етіп сабапты. Ауыр жарақат алған әйел сол түні ауруханада көз жұмған. Медициналық сараптама марқұмның ашық бас-ми жарақатын алғанын, бас сүйегінің бірнеше жерден сынғанын, миына қан құйылғанын растады. "Ақбота және Ерболқызы Көркем анасы үшеуі Апортқа барған. Содан үйіне демалыс орнынан қайтып келген жағдайда артынан Чалтабаев еріп келіп, ренжісіп қалған. Ол газдың үстінде тұрған қазанмен Ақбота мен Көркемді соққықа жыққан. Алынған саусақ іздері экспертиза Чалтабаевқа тиесілі екенін анықтады", – деді жәбірленуші тарап Асқар Бейсембаев. Қандықол мұнымен тоқтамай, марқұмның зейнеткер анасын да бірнеше рет ұрып, есінен тандырған. Әйел жансақтау бөліміне жеткізіліп, бірнеше отадан кейін аман қалды. Сотталушы мұндай қатыгездікті көзбен көрген жалғыз куәгер 6 жастағы қызды да сол қазанмен бірнеше рет ұрған. Ауыр жарақаттан Көркем ес жимастан бірнеше күннен соң көз жұмды. "Өмірімнің мәні еді екеуі, екеуінен айырылып, қазір не істеп, не қойып жүргенімді білмеймін? Көркемді өте жақсы көретін едім. Көркем сияқты немере бола ма, болмай ма?. Менің қызымның өмірінде кездескен зұлым адам болып тұр ғой. Бұл адамның қандай екенін білмеген. Қолында қазанмен мені де ұрды. Сол кезде қызымның жерде жатқанын көрдім. Сонда немерем тығылып тұрған екен ғой", – деді марқұм А. Үсербайдың анасы Ажар Сламова. Сонымен қатар, іс материалдарында тағы бір қылмыстық эпизод бар. Баланың шыңғырған дауысын естіген пәтер иесі есікті қағып, мән-жайды білмек болған. Алайда ер адам қылмысын жасырмақ болып, оны да темір қазанмен маңдай тұсынан ұрып құлатқан. Кейіннен қанға боялған темір қару Медеу ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қақпасының маңында жасырылғаны анықталды. "Бәрі жақсы, бара беріңіз" деді. Мен "кетпеймін, полиция шақырамын" дедім Балам кілтті әкелуге кетті. Сол кезде қолындағы қазанды көрдім, іші қан-қан болатын. Соған таңданып қарап қалыппын, басыма қатты соққы тиіп, есімнен танып қаламын", – деді жәбірленуші Әсем Исаханова. Соңғы сөзінде сотталушы өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, қылмыс жасамағанын мәлімдеді. Алайда сараптама нәтижесінде қанға боялған темір қазанда Чалтабаевтың саусақ іздері табылғаны дәлел ретінде ұсынылды. Мемлекеттік айыптаушы Боралхан Чалтабаевты аса қатыгездікпен екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру және адам өлтіруге оқталу баптарымен айыптады. Судья Бақытжан Бәкірбаев сотталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыру жөнінде үкім кесті. "Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігі ережелеріне сай, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтықтарында онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы Чалтабаевқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деді судья Бақытжан Бәкірбаев. Айта кетейік, сотталушы бұған дейін де адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда ертерек босап, пробациялық кезеңде ауыр қылмыс жасап, 2 адамды өмірінен айырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар және боран: 25 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан белсенді циклон жақындап келеді. Қар жауады, ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қар және жаңбыр түрінде жауады. 25 желтоқсанда ел бойынша бұрқасын күтіледі, жел күшейеді. Батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Астана - көшпелі бұлтты, қар жауады, бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, кей уақытта екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де –4…–6°C, күндіз қарай одан әрі төмендейді. Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–4°C, күндіз +3…+5°C. Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кездері тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–4°C, күндіз +6…+8°C. Ақмола облысы - қар, бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, облыстың батысы, солтүстігі және шығысында екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де –3…–8°C, облыстың батысы мен солтүстігінде –11°C. Күндіз қарай одан әрі төмендейді. Көкшетау - көшпелі бұлтты, қар, бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, түнде екпіні 15 м/с. Температура түнде де, күндіз де –6…–8°C, күндіз қарай төмендейді. Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, батысында, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с. Температура түнде –2…–7°C, тауда –11…–16°C, күндіз +1…+6°C, тауда –1…–6°C. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде –2…–4°C, күндіз +3…+5°C. Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман. Жел шығыстан 9–14 м/с, Алакөл маңында екпіні 15–20 м/с. Температура түнде –5…–10°C, тауда –13…–18°C, күндіз –2…+3°C, облыстың шығысында және таулы аудандарда –5…–10°C. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 2–7 м/с. Температура түнде –5…–7°C, күндіз +1…+3°C. Түркістан облысы - таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігі, батысы және таулы аудандарында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с, таңертең және күндіз таулы асуларда екпіні 15–20 м/с. Температура түнде –4…+1°C, солтүстігі мен тауда –8°C, күндіз +4…+9°C, солтүстігі мен тауда +1°C. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде –2…–4°C, күндіз +6…+8°C. Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с. Температура түнде –20…–25°C, облыстың оңтүстігінде –15°C, күндіз –13…–18°C, оңтүстігінде –9°C. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан кейін оңтүстік-батысқа ауысады, 7–12 м/с. Температура түнде –23…–25°C, күндіз –14…–16°C. Атырау облысы - түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде қар, күндіз оңтүстігінде аздаған қар. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел солтүстіктен және солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде де, күндіз де –8…–13°C, облыстың солтүстігінде –17°C. Атырау - көшпелі бұлтты, түнде қар. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Жел солтүстіктен және солтүстік-батыстан 5–10 м/с. Температура түнде де, күндіз де –8…–10°C. Маңғыстау облысы - түнде облыстың батысы, солтүстігі және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ; күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Батысы, солтүстігі және орталығында жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстігі мен орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан кейін солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде де, күндіз де –3…+2°C, облыстың солтүстігінде –8°C, күндіз қарай төмендейді. Ақтау - бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан кейін солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде де, күндіз де 0…+2°C, күндіз қарай төмендейді. Ақтөбе облысы - облыстың оңтүстігінде қар, көктайғақ; түнде солтүстігінде аздап қар. Оңтүстігі мен шығысында тұман. Жел батыстан және солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде де, күндіз де –12…–17°C, облыстың солтүстігінде –20…–25°C, оңтүстігінде –7°C. Ақтөбе - көшпелі бұлтты, түнде аздап қар. Жел батыстан және солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Температура түнде –23…–25°C, күндіз –20…–22°C. Қостанай облысы - түнде қар, бұрқасын; күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қар, бұрқасын. Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан кейін оңтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, батысы, солтүстігі және шығысында екпіні 15–20 м/с. Температура түнде де, күндіз де –20…–25°C, облыстың оңтүстігі мен шығысында –8…–13°C, күндіз қарай төмендейді. Қостанай - бұлтты, түнде қар, бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан кейін оңтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с. Температура түнде де, күндіз де –20…–22°C. Солтүстік Қазақстан облысы - қар, бұрқасын. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман, оңтүстігі мен шығысында көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан 9–14 м/с, батысы, солтүстігі және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Температура түнде де, күндіз де –17…–22°C, облыстың оңтүстігі мен шығысында –7…–12°C, күндіз қарай төмендейді. Петропавл - бұлтты, қар, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Температура түнде де, күндіз де –17…–19°C, күндіз қарай төмендейді. Павлодар облысы - облыстың батысы мен солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Температура түнде –3…–8°C, күндіз 0…–5°C. Павлодар - көшпелі бұлтты, күндіз қар. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде де, күндіз де –3…–5°C. Қарағанды облысы - облыстың батысы, солтүстігі және шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ. Батысы, шығысы және оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–18 м/с. Температура түнде –3…–8°C, облыстың шығысында –13°C, күндіз –1…–6°C. Қарағанды - көшпелі бұлтты, қар, бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–18 м/с. Температура түнде –4…–6°C, күндіз –2…–4°C. Ұлытау облысы - қар, бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысы, оңтүстігі және орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15–18 м/с. Температура түнде де, күндіз де –2…–7°C, күндіз қарай төмендейді. Жезқазған - көшпелі бұлтты, қар, ұйытқыма қар, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан 6–11 м/с. Температура түнде де, күндіз де –2…–4°C. Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен орталығында тұман. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Температура түнде –13…–18°C, облыстың солтүстік-батысында –7°C, шығысы мен орталығында –23…–28°C, күндіз –7…–12°C, солтүстік-батысында –3°C, шығысында –15°C. Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде –7…–9°C, күндіз –3…–5°C. Абай облысы - облыстың солтүстігінде аздап қар. Батысы, солтүстігі және орталығында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен 9–14 м/с, батысы, солтүстігі және орталығында екпіні 15–20 м/с, күндіз Жарма ауданында 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Температура түнде –7…–12°C, облыстың оңтүстігі мен шығысында –17…–22°C, күндіз –2…–7°C, шығысында –13°C. Семей - көшпелі бұлтты, аздап қар, жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен 7–12 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Температура түнде –7…–9°C, күндіз –3…–5°C. Қызылорда облысы - түнде облыстың батысында қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар). Батысы, шығысы және орталығында тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 4–9 м/с. Температура түнде –2…–7°C, күндіз 0…+5°C, облыстың солтүстігінде –3°C. Қызылорда - бұлтты, кешке қарай жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Температура түнде –2…–4°C, күндіз +3…+5°C. Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с. Температура түнде –1…–6°C, облыстың солтүстігі мен тауда –11°C, күндіз +3…+8°C, солтүстігі мен тауда 0°C. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде –2…–4°C, күндіз +5…+7°C. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ТОП-5 алаяқтық схема Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының 6 сабағы, жоба аясында біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Осы сабақта ТОП-5 алаяқтық схемасын талқылаймыз.
“Жаңа Конституция қабылдаумен бірдей“ - Тоқаев бір палаталы Парламент құру туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйлеп, бір палаталы Парламент құру бастамасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жалғаса беретінін айтты. "Мен Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтердім. Бұл – соңғы жылдары қолға алынған ауқымды өзгерістердің заңды жалғасы. Түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады. Азаматтарымыз мақұлдаса, Ата Заңға көптеген өзгеріс енгізіледі. Түзетулердің ауқымын ескерсек, мұны жаңа Конституция қабылдаумен бірдей қадам деуге болады. Біз озық ойлы ұлт ретінде болашаққа сеніммен қараймыз. Алдымызда биік мақсаттар тұр. Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруымыз қажет. Толық цифрлық мемлекет болуымыз керек. Энергетика, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту қажет. Мұның барлығы – бір күндік шаруа емес. Біз ортақ мүдде жолында күш біріктірсек, осы мақсаттың бәріне жетеміз. Астана әрдайым ауқымды жұмыстардың бастауында тұруға тиіс. Елордамыз басқа аймақтарға барлық жағынан үлгі болуы керек", - деді Президент. Айтылған міндеттердің барлығы уақтылы әрі сапалы орындалуға тиіс». Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“ІІМ, полиция департаменті жіті бақылағаны жөн“ - Тоқаев Астана бойынша тапсырма берді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйлеп, Астананы абаттандыру ісіндегі оң өзгерістерге тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Жаңа келбет" бағдарламасы аясында бес жыл ішінде шаһардың тарихи бөлігіндегі 150 ғимараттың қасбетін жаңарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар көшелер абаттандырылады. Жалпы, соңғы екі жылда Астанада көптеген қоғамдық кеңістік пайда болды. Жасыл желек мол егіліп, демалыс аймақтары көбейді. Бұл өте жақсы. Мұны елорда тұрғындары оң бағалап отыр. Енді осы аумақтарды тиісті деңгейде сақтауға тиіспіз. Бұл әуелгі кезекте елордада тұратын және шаһарға қонаққа келетін Қазақстан азаматтарына тікелей байланысты. Осы істі Ішкі істер министрлігі, полиция департаменті жіті бақылағаны жөн", - деді Президент өз сөзінде. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Астананы Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды Президент озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент жасанды интеллект және цифрлық технологияны дамытуға баса мән беру керек екенін айтты. "Менің өткен аптада Жапонияға ресми сапармен барғанымды білесіздер. Сапар кезінде Токио губернаторымен кездестім. Түрлі салада ынтымақтастық орнатуға келістік, цифрлық технологияларға ерекше назар аудардық. Токиодағы Smart City жобасымен таныстық. Жапония озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізу тұрғысынан зор табысқа жетіп отыр. Біз осы бағытта тәжірибе алмасатын болдық", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қатаң шаралар қабылдаймын“ - Тоқаев кәсіпкерлерге үндеу жасайтынын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Астана тек орталық көшелері айнадай жарқырап тұратын қала болмауға тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Шеткері аудандарға да көңіл бөлу керек. Қаланы безендіру жұмыстарына бюджеттен бөлек демеушілер қаражатын да тартуға болады. Жаңа жылда кәсіпкерлеріміздің басын қосуды жоспарлап отырмын. Оларға тағы да үндеу жасаймын. Қатаң шаралар қабылдаймын. Түптің түбінде, Отанды сүю – ортақ борыш. Сондықтан оң жағалаудағы сауда, өнеркәсіп орамдары мен тұрғын үй алаптарын жаңарту жұмыстарын жандандырған жөн. Көріктендіру мәселесі азаматтарды әрдайым толғандырады. Бұл – түсінікті, сондықтан олардың осылай айтуға қақысы бар. Дегенмен әкімдік те елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан жоғары мәдениетті талап етуі керек", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері аяз болады Қазгидромет синоптиктері 25, 26 және 27 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы күндері Қазақстан аумағынан белсенді солтүстік-батыс циклоны өтеді. Оның әсерінен оңтүстік өңірлерде қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болады. 26 желтоқсанда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын күтіледі. "Республика бойынша боран соғып, жел күшейеді, батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ құбылыстары байқалады", – деп хабарлады синоптиктер. 27 желтоқсанда циклонның орнын суық батыс антициклоны басады. Соның салдарынан жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді: түнде елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 25–30 градус аязға дейін, шығысында 22–30 градус аязға дейін төмендейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Аудит 2 триллион теңгеден аса заңбұзушылықтарды анықтады - Смайылов Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ведомствоның 2025 жылғы жұмысының алдын ала қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 19 желтоқсандағы жағдай бойынша, Жоғары аудиторлық палата 71 триллион теңгеден аса қаражатты қамтыған 32 аудиторлық іс-шараны аяқтаған. Нәтижесінде 2 триллион теңгеден аса заңбұзушылықтар (қаржылық заңбұзушылықтар, тиімсіз пайдалану және жоспарлау) анықталғаны айтылды. 193 заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Тағы 204 адам әртүрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды. "Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар 70 материал құқық қорғау органдарына жіберіледі. Олардың 44-і бойынша материалдар жіберілсе, 26-сы қаралу сатысында. Бұл жұмыс тұрақты жүргізілуде және қатаң бақылауда", — деп қорытындылады Әлихан Смайылов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қазақстан Президенті Әзербайжанның егемендігі мен мемлекеттілігін нығайтуда, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, елінің халықаралық аренадағы беделін арттыруда Ильхам Әлиевтің айрықша рөл атқаратынына тоқталды. Мемлекеттер басшылары қазақ-әзербайжан қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты күшейту перспективасын талқылады. Әңгімелесу барысында жоғары деңгейде, соның ішінде Ильхам Әлиевтің биыл 20-21 қазан күндері Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы Сайын мен Рысқұлов көшелерін ұзарту: мән-жайы Алматыда 2026 жылы үш шағынауданда 68 шақырымнан астам жолдың құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау, сондай-ақ қаланың бірқатар маңызды магистральдарын ұзарту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2026 жылы келесі нысандарды аяқтау жоспарланған: үш шағынауданда жалпы ұзындығы 68,5 шақырым жаңа жол салу. Атап айтқанда, Ақжар шағынауданында – 25,3 шақырым (жұмыстар 34 пайызға орындалған), Боралдайда – 10,8 шақырым (50 пайыз), Рахат-Мәдениетте – 32,4 шақырым (35 пайыз)", – деп хабарлады басқарма. Сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстары инженерлік коммуникациялар тартылған учаскелерде жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Барлық жұмысты 2026 жылғы қарашаның аяғына дейін аяқтау көзделген. Бұдан бөлек, 2026 жылы бірқатар маңызды қалалық магистральдарды ұзарту жоспарланып отыр. "Үш көшені ұзарту жұмыстары аяқталады деп күтіледі: Сайын көшесі – 3,2 шақырым (70 пайыз), Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту – 0,6 шақырым (қозғалыс ашылған, 95 пайыз), Рысқұлов көшесі – 2,3 шақырым (15 пайыз). Сондай-ақ бір ішкі магистраль – Төле би көшесі бойынша 4,5 шақырым жол (45 пайыз)", – делінген басқарма хабарламасында. Басқарма өкілдері құрылыс-монтаж жұмыстары жер телімдерін сатып алу рәсімдері аяқталған сайын кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оңтүстік Қазақстанда ер адам әкесін өлгенше соққыға жыққан: даулы іс сотқа жетті Түркістан облысының полицейлері бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген істі тергеуді аяқтады. Оңтүстікте ұлы қарт әкесін аяусыз ұрып, салдарынан ер адам көз жұмған. Оқиғаны көршілері видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 2025 жылғы қыркүйекте болған және қоғамда резонанс тудырды. Іс бойынша тергеу үш айдан аса уақытқа созылып, жыл соңында аяқталды. "22 желтоқсанда айыпталушыға қатысты іс Жетісу аудандық сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды", – деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі. Бұған дейін не болған? Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қария қайтыс болғаннан кейін оның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, марқұмның келініне қатысты да тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Рустам Баялиев Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды Рустам Баялиев Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда вейп сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өнімдерді өткізу Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы курьерлік жеткізу тәсілімен жүзеге асырылған. "Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған. Вейптердің негізгі тұтынушылары мектеп оқушылары мен студенттер болған", - делінген хабарламада. Соттың санкциясымен қылмыстық табысқа сатып алынған 3 автокөлікке (Toyota Land Cruiser, Toyota Highlander, Chevrolet Camaro) тыйым салынды. Төрт күдікті қамауға алынған. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтауда оқушы қызға жантүршігерлік зорлық-зомбылық жасалғаны туралы ақпарат тарады Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған жайтты ұзақ уақыт бойы жасырып келген. Ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Кәмелетке толмаған қызға қатысты жантүршігерлік зорлық-зомбылық туралы ақпарат "Немолчи.kz" қорының парақшасында жарияланды. Мәліметке сәйкес, оқиға былтыр қыркүйекте басталған. "Жетінші сыныпта оқитын қызды мектептен кейін ұстап алып, құрылыс алаңына күштеп апарып, қорлап, соның бәрін телефонға түсірген. Топ болып, жыныстық сипаттағы қатыгез әрекеттер жасаған, интим жерлеріне темекі тығып, ішіне секіріп, ұрып-соққан", – делінген жазбада. Сондай-ақ, олар кеңсе пышағымен қыздың денесіне сөздерді ойып жазғаны айтылған. "Зорлық-зомбылық бірнеше рет қайталанған... Қыз біреуге айтуға қорқып, ұзақ уақыт анасына шындықты айтпай, депрессияға түскен", – деп жазады қор өкілдері. Қордың мәліметінше, қазір қыздың психологиялық жағдайы ауыр: ол жарықсыз ұйықтай алмайды, бірнеше рет психиатриялық клиникада ем қабылдаған және өз-өзіне қол жұмсауға бірнеше рет әрекет жасаған. "Олар өзі өлуі керек екенін қыздың санасына құйып тастаған. Қорлау, ұрып-соғу және зорлау арқылы оны соған сендірген, қазір ол өзін және өз денесін жек көреді, өзін лас әрі өмір сүруге лайықсыз деп санайды", – делінген жазбада. Жазбада күдіктілердің ешқайсы ұсталып, жауапқа тартылмағаны айтылған. Олардың барлығы бостандықта жүрген көрінеді. Полиция пікірі Tengrinews.kz тілшілері Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен ресми пікір алды. Ведомство мәліметінше, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі ("Кәмелетке толмағанды зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Маңғыстау облыстық ПД өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында жол апатына түскен әкімнің ісі: жаңа мәлімет Алматы облысында жол апатына ұшыраған ауыл әкімі әлі жұмысқа шықпаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі жол-көлік оқиғасына ұшырағаннан кейін әлі күнге дейін қызметіне кіріскен жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына аудан әкімдігі берген жауапта айтылған. Мән-жайы Жол апаты 13 қыркүйекте Алматы облысындағы Қарасаз – Сарыжаз тасжолында болған. Полиция мәліметінше, Bestune T55 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Оқиға салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тауып, әкім мен тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейіннен аудан әкімдігі жол апатына түскен адамның Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулеталиев екенін растады. Қазіргі уақытта ол стационардан шығарылғанымен, амбулаторлық ем алуды жалғастырып жатыр. Қызметтік көлікті қолдану және тәртіптік жаза Әкімдік өкілдерінің айтуынша, Дәулеталиев жұмысқа шықпағандықтан, оған қатысты қызметтік тексеру әзірге жүргізілмейді. Сонымен қатар, жол апаты қызметтік автокөлікпен болған. Алайда көлік сол күні жеке мақсатта, демалыс күні пайдаланылған. Шенеуніңтің әрекеті этика кеңесінде қаралады. Бұл мәселе ол жұмысқа қайта кіріскеннен кейін шешіледі. Ал жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы облысының Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Астананы дамытуға арналған кеңес өткізеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі күнге арналған жұмыс жоспары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, Астана қаласын дамытуға арналған кеңес өткізеді", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар қаңтарда қалай демалады? Жаңа 2026 жылдың алғашқы айында қазақстандықтар 12 күн демалады. Tengri Life ыңғайлы күнтізбе дайындады. Қазақстандықтар 2026 жылы қаңтарда қалай демалады? Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 2026 жылғы қаңтардағы демалыс күндерінің кестесі: Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - Жаңа жылға арналған мерекелік күндер; 3 және 4 қаңтар - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар (сәрсенбі) - Рождество - демалыс күні. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - мерекелік күндер; 3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні; 4 қаңтар (жексенбі) - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество). Еңбек министрлігі 2026 жылғы қаңтарда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайтынын нақтылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Польша Қазақстанға ағза саудасымен айналысқан Украина азаматын экстрадициялады Адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдікті Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан СІМ көмегімен адам ағзаларын сатқаны үшін іздеуде жүрген Украина азаматын Польшадан экстрадициялады. "Ол 2017-2018 жылдар аралығында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі бола отырып, адам ағзаларын заңсыз сатып алу-сатумен айналысқан деген күдікке ілінді. Оның рөлі донорлар мен реципиенттер іздеу және олардың арасындағы кездесулерді ұйымдастыру, органдарды сатып алу-сату мен трансплантациялау операцияларын құпия ұстау және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ету болды", - делінген хабарламада. Жалпы алғанда, қылмыстық топ мүшелері Қазақстан аумағында және басқа елдерде тірі адамдардың органдарымен 56 заңсыз мәміле жасап, яғни Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында сатып алу-сату және кейіннен трансплантациялауды ұйымдастырған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. "Биыл наурызда ол Польша шекарасын кесіп өтпек болған кезде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды". Жаза ретінде мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды Астанада ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, ҚазТАГ редакциясы қызметкерлеріне қатысты соталды тергеу жеке компания өкілінің жазбаша арызы негізінде басталған. Арызда олардың "іскерлік мүдделері мен беделіне елеулі зиян келтірген, көрінеу жалған ақпаратты бірнеше рет тарату" туралы айтылған. Ведомство тергеу әрекеттері Қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сай кезең-кезеңімен жүргізілгенін атап өтті. "Жиналған материалдардың жиынтығын, тергеу сатысын және заңда көзделген негіздерді ескере отырып, биыл 23 желтоқсанда ҚазТАГ бас редакторы ұсталып, Астана Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп түсіндірді полиция. Полиция өкілдері тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық-процестік кодексі талаптарына қатаң сәйкес жүргізіліп жатқанын, өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты. Қылмыстық кодекске сәйкес, бұл бап бойынша жаза ретінде 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бостандығын шектеу не айыру қарастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 868 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 триллион 252,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 615,6 миллиард теңге қарастырылған. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 524 мың адам. "2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 669 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 096 теңге, базалық зейнетақы – 47 573 теңге", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Солтүстікте боран, оңтүстікте тұман: бүгін ауа райы қандай болады? Синоптиктер Қазақстанда 24 желтоқсанда қандай ауа райы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елдің солтүстігінде қар, боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте ауа райы көбіне құбылмалы, кей жерлерде тұман және қар жауады. Шығыста – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыста – бұлтты, жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады. Астана – бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Боран, көктайғақ, жел күшейеді. Түнде -4…-6°C, күндіз шамамен 0°C. Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -3…-5°C, күндіз +1…+3°C. Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Түнде -2…-4°C, күндіз +4…+6°C. Түркістан – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз қар. Кей уақытта тұман. Түнде -8…-10°C, күндіз -1…-3°C. Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C. Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -18…-20°C, күндіз -2…-4°C. Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Түнде -2…-4°C, күндіз +4…+6°C. Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Түнде -1…-3°C, күндіз +5…+7°C. Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3°C, күндіз +4…+6°C. Атырау – бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Түнде және күндіз 0…-2°C. Орал – құбылмалы бұлтты, түнде қар, жер бораны. Тұман, көктайғақ. Түнде және күндіз -10…-12°C. Ақтөбе – бұлтты, түнде қар, бұрқасын. Көктайғақ. Түнде және күндіз -3…-5°C. Қарағанды – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз қар, жер бораны. Түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C. Жезқазған – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Түнде -5…-7°C, күндіз 0…-2°C. Қостанай – бұлтты, таңертең және күндіз қар, боран, көктайғақ. Түнде -8…-10°C, күндіз -2…-4°C. Көкшетау – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар, жер бораны, жел күшейеді. Жолдарда көктайғақ. Түнде -5…-7°C, күндіз -2…-4°C. Петропавл – бұлтты, қар, боран. Түнде -7…-9°C, күндіз -5…-7°C. Павлодар – құбылмалы бұлтты, күндіз аздап қар. Жолдарда көктайғақ. Түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C. Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Түнде -15…-17°C, күндіз -6…-8°C. Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -18…-20°C, күндіз -8…-10°C. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бірнеше күн бойы іздестірілген 72 жастағы ер адам қар басып қалған көлігінен өлі табылды Қарағанды облысының Шет ауданында бірнеше күн бойы іздестірілген 72 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Зейнеткер 18 желтоқсанда жылқы іздеу үшін жеке автокөлігімен шығып, байланысқа шықпай қалған. Туыстары оның жоғалғаны туралы хабар бергеннен кейін ауқымды іздестіру жұмыстары басталды. Іздеу жұмыстарына Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары, полиция қызметкерлері, №52859 әскери бөлімнің әскери қызметшілері, еріктілер мен марқұмның туыстары жұмылдырылған. Аумақты әуеден "Қазавиақұтқару" тікұшағы шолып, дрондар мен Starlink спутниктік байланысы қолданылған. Іздеу топтары ықтимал бағыттарды тексеріп, қолжетімі қиын аумақтарды тәулік бойы қараған. 23 желтоқсанда ер адам Ағадыр кентінен шамамен 35 шақырым қашықтықта, Ортау ауылына апаратын далалық жолда, қарға көміліп қалған автокөліктің ішінде өлі табылған. Марқұм жүргізуші орнында болған, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқаны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жас жазушыларға арнаулы әдеби сыйлық табыстады Мемлекет басшысы "2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық: "Проза" номинациясы бойынша "Тергеуші" туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке; "Поэзия" номинациясы бойынша "Құмдағы хикая" өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа; "Драматургия" номинациясы бойынша "Ақ киіз" драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке; "Балалар әдебиеті" номинациясы бойынша "Жазда атамның ауылында..." өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “Бәйтерек“ басқарма төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды. Рустам Қарағойшин: биыл холдинг ел экономикасына жалпы сомасы 9 триллион теңге қолдау көрсеткенін айтты. Қаражат бизнеске жәрдем беруге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелерге бағытталған. осы жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылғаны жөнінде ақпарат берді. "Даму" қоры базасында құрылған кепілдік қорларының қызмет нәтижелерін таныстырды. Аталған қорлар шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық бастамаларға көмек көрсетеді. инвестициялық холдингтің жұмыс моделі туралы мәлімдеді. Бұл "Инвестицияға тапсырыс" қалыптастыру, ірі стратегиялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін дамытуды қарастырады. Қазір жалпы құны 87 триллион теңгеге жуық, 1,5 мың инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Президент: инвестициялар тарту және экономиканың нақты секторын қаржыландыру аясын кеңейтудің маңызын атап өтті; "Бәйтерек" холдингіне басым инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыруды және экономикаға ұзақ мерзімді капитал тартуды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев күштік құрылым қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкері баспаналы болды. Мемлекет басшысы Ақордада өткен салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы айрықша міндет екеніне назар аударды. "Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда "Заң мен тәртіп" және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Жұмыстарыңыз – оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Үкімет 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылар өсетінін жариялады Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылар қанша пайызға өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкіметтегі брифинг барысында вице-премьер 2026 жылға арналған бюджетте зейнетақы мен жәрдемақыларды 10 пайызға арттыру көзделгенін мәлімдеді. "Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылы бұл көрсеткіш 8,5 пайыз болды. 2026 жылғы бюджетте тек зейнетақы мен жәрдемақыларды арттыруға 636 миллиард теңге қарастырдық", - деді Жұманғарин. Ол индексация кең ауқымды қолдау бағдарламасының бір бөлігі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Жұманғарин экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтарды қолдауға бағытталған бірлескен іс-қимыл бағдарламасы туралы еске салды. "Біз Ұлттық банк, ҚНРДА және Үкіметтің бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірледік. Мұнда мәселе тек зейнетақы мен жәрдемақыларды индексациялау ғана емес, шағын және орта бизнесті қолдау туралы да болып отыр. Бұл өте маңызды", - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда жұрт Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаралы жиынға мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, марқұмның әріптестері, шәкірттері және қала тұрғындары келген. Актер, режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов "Кеңсай-1" зиратында жерленеді. Суреттер: © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда Өнер иесі 21 желтоқсанда 89 жасқа қараған шағында өмірден өткен еді. Асанәлі Әшімов туралы не белгілі? Асанәлі Әшімов - қазақтың театр және кино актері, режиссер, сценарист, педагог, Қазақстанның Еңбек Ері (2017), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), Қазақ КСР-інің халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980). Ол 1937 жылғы 8 мамырда Қазақ КСР-інің Оңтүстік Қазақстан облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы жанындағы театр факультетін тәмамдады. 1961–1963 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында еңбек етті. 1963 жылдан бастап Алматыдағы М.О. Әуезов атындағы Қазақ драма театрында актер әрі режиссер болды. Театр сахнасындағы қызметі барысында шамамен 50-ге жуық рөл сомдады. 1987–1988 жылдары театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарған. Ол сондай-ақ Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық етті. 2017 жылы актердің театр сахнасынан біржола кету туралы түпкілікті шешім қабылдағаны белгілі болды. Көпшілікке "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", "Маньчжур нұсқасы", "Шоқан Уәлиханов", "Сіз кімсіз, Ка мырза?" және өзге де фильмдер арқылы кеңінен танылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Толық түсінеді“ - Жұманғарин жаңа салықтар мен бизнеске түсетін жүкетеме туралы Қазақстан Үкіметі жаңа салық-бюджет реформасы шағын және орта бизнеске қосымша жүктеме түсіретінін түсінеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрдің айтуынша, жаңа фискалдық саясат аймақтар арасындағы теңсіздікті азайтуға және кәсіпкерлікті қолдауға негізделген. "Жаңа фискалдық саясатта бекітілген негізгі қағидаттар – бұл ең алдымен өңірлік стандарттар жүйесі арқылы өңірлік теңсіздікті төмендету, сондай-ақ кәсіпкерліктің, әсіресе микро және шағын бизнестің дамуындағы сәйкессіздікті азайту", – деді ол. 2026 жылдан бастап жаңа фискалдық саясат бюджеттің кіріс бөлігінің едәуір ұлғаюын көздейді. "2026 жылдан бастап фискалдық саясат ең алдымен бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуды көздейді, қосымша шамамен 4 триллион теңге", – деп хабарлады Жұманғарин. Оның айтуынша, бұл қаражат экономиканы және бизнесті қолдауға бағытталады. "Ең алдымен қосымша қаржы ресурстары Президент пен Үкімет тарапынан қазақстандық бизнесті дамыту мен қолдауға жұмсалады", – деді министр. Жұманғарин салық базасын кеңейтуді жаңа саясаттың негізгі қағидаттарының бірі деп атады. Вице-премьердің сөзінше, Үкімет реформалар мен сыртқы жағдайлардың кәсіпкерлер үшін қосымша тәуекелдер тудыратынын түсінеді. "Үкімет сыртқы факторлар – логистика, күрделі халықаралық жағдай, валюта бағамдарының құбылуы, сондай-ақ ішкі факторлар – салық және тарифтік реформалар ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлікке жүктеме болып отырғанын толық түсінеді", – деді Серік Жұманғарин. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада дрифт жасаған қар тазалайтын техника видеоға түсіп қалды Астанадағы автотұрақтардың бірінде түсірілген видео желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Кадрлардан қар тазалайтын техниканың автотұрақта дрифт жасап, айналасындағылардың назарын аударғанын көруге болады. Полиция не дейді? Астана Полиция департаменті мәліметінше, қар тазалайтын автокөліктің жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. "Сонымен қатар, құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп қосты ПД өкілдері. Сондай-ақ, демалыс күндері полиция қызметкерлері жолда дрифт жасаған 26 жүргізушіні анықтаған. "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жалпы пайдаланудағы жолдарда дрифтке және басқа да қасақана маневрлерге тыйым салынғанын еске саламыз. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген полиция хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның қай өңірінде табыс жоғары? Сарапшылар Қазақстанда "бай" азаматтар қай өңірде тұратынын есептеп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Data Hub-қа сілтеме жасап. Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл өңірде ең дәулетті 10 пайыз тұрғынның жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 413,2 мың теңге болды. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен - 272,7 мың теңгеден - 1,5 есе жоғары. Қазақстанның басқа өңірлерінде мұндай жоғары көрсеткіш тіркелмеген. Ұлттық статистика бюросы халықты 10 тең топқа бөледі – ең кедейлерден ең ауқаттыларға дейін. Дәулеттілер қатарына ену үшін айына орта есеппен 189,2 мың теңгеден бастап табыс жеткілікті болған. Топ ішіндегі ең жоғары табыс 1,9 миллион теңгеге дейін жеткен. Қарағанды облысы 2022 жылы есептеу әдістемесі өзгергеннен бері алғаш рет табысы бойынша "байлар тізімінде" көш бастады. Бұған дейін өңір тұрақты түрде алғашқы бестікке енгенімен, мұндай жоғары көрсеткіштер тіркелмеген – бұрын бұл топтағы орташа табыс шамамен 296 мың теңге деңгейінде болған. Сарапшылардың айтуынша, өсім іріктеу ерекшелігімен байланысты болуы мүмкін. Табыс көрсеткіштері 12 мың үй шаруашылығына жүргізілген сауалнама негізінде есептеліп, кейін бүкіл халыққа таратылып қолданылады. Мүмкін, осы тоқсанда Қарағанды облысында әдеттегіден көп ауқатты респондент қамтылған болуы ықтимал. Басқа өңірлер арасында екінші орында Павлодар облысы - жан басына шаққанда айына 360,8 мың теңге. Бір жыл бұрын көшбасшы болған Астана қазір үшінші орында - 353,3 мың теңге (2024 жылдың үшінші тоқсанында - 480,1 мың теңге). Алматы төртінші орында - 336,2 мың теңге. Қаңтар–шілде қорытындысы бойынша Қарағанды облысында "байлар" мен "кедейлер" табысы арасындағы алшақтық ең жоғары деңгейлердің бірі тіркелген: біріншілердің табысы екіншілерден 6,7 есе көп. Одан да үлкен айырма тек Павлодар облысында - шамамен 7 есе. Ел бойынша орта есеппен "байлардың" табысы "кедейлерден" 6 есе жоғары. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Республикасы ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 23 желтоқсанда Астана уақытымен 09:32-де Каспий теңізінде магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының деректеріне сәйкес, магнитудасы 5,1 болған жер сілкінісінің эпицентрі Баку қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 158 шақырым жерде орналасқан. Еске салайық, 22 желтоқсанға қараған түні Қытай аумағында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулері Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкент қаласының жол-көлік инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтерілді Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов 2024–2025 жылдары қаладағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, цифрлық есепке алу және диагностикалау жұмыстарының қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы көшелер саны 6 882-ге жетіп, олардың жалпы ұзындығы 3 846,7 шақырымды құраған. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда көшелер санының 64 пайызға, ал жолдардың жалпы ұзындығының 18,4 пайызға артқанын көрсетеді. Соңғы екі жылда қалада жол-көлік инфрақұрылымын дамыту аясында жалпы ұзындығы 1 328,5 шақырым жол салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 2024 жылы – 269,5 шақырым, ал 2025 жылы – 1 059 шақырым жол қолданысқа енгізілген. Аталған жұмыстар ауқымды жобаларды қамтыды. Былтыр А-2 айналма жолының 4-кезеңі, Өтегенов көшесінің 1 және 2-кезектері, сондай-ақ Оңтүстік айналма жол пайдалануға берілді. Биыл А-2 айналма жолының 6 және 8-кезеңдері іске қосылып, жобаның орындалу деңгейі 90 пайызға жетті. Сонымен қатар, Қонаев даңғылының жалғасы бойынша құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталып, биыл 2-кезең пайдалануға тапсырылды. Жобаны толық аяқтау келесі жылға жоспарланған. Қаладағы көлік қозғалысын оңтайландыру мақсатында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Момынов және Тіленшин көшелеріндегі теміржол өткелдерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ал Бәйдібек би және Төлеметов көшелерінің қиылысында жаңа жолайрық салу жоспарланған. Сонымен қатар, көлік кептелістерін азайту үшін Алтынсарин, Қазиев, Ақсүмбе, Шұбаркөл, Алатау батыр және Абылайхан көшелерін өзара байланыстыру, теміржол өткелдерін салу жұмыстары орындалды. Жандосов көшесінің жалғасы, Асар–Шымсити шағын аудандарын байланыстыратын жолдар мен Қызылсай шағын ауданына кіреберіс жолдар асфальтталып, пайдалануға берілді. Орташа жөндеу жұмыстары аясында 2024 жылы 247 көшеде, ал 2025 жылы 323 көшеде жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Шалғай және ішкі орам көшелерінің жол сапасын жақсарту мақсатында 820 шақырым жолға асфальт төселіп, барлық аудандарда жол инфрақұрылымы жаңартылды. Бұл шаралар қала тұрғындарының қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және көлік қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша да жүйелі жұмыстар атқарылды. Соңғы екі жылда 6 714 көшенің 4 686-сы жарықтандырылып, қала көшелері толық жарықпен қамтылды. Ал 2023 жылға дейін бұл көрсеткіш небәрі 30 пайызды құраған. Сонымен қатар, былтыр 50, биыл 201 жаяу жүргіншілер өткелі жарықтандырылып, 1 000 шақырым жол таңбалары сызылды және 3 шақырым дыбысты жолақтар орнатылды. Қаладағы 393 бағдаршамның 344-і интеллектуалды көлік жүйесіне (ITS) қосылып, автоматты басқару режиміне көшті. Автоматтандырылған өлшеу стансалары транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын бақылауға мүмкіндік беріп, жолдардың мерзімінен бұрын тозуының алдын алуда. Қазіргі таңда қалаға кіретін үш бағытта мұндай стансалар іске қосылып, 449 құқықбұзушылық анықталған. Алдағы уақытта тағы алты бағытта өлшеу стансаларын орнату жоспарланып отыр. Қоғамдық көлік саласын дамытуға да ерекше назар аударылған. Қазіргі таңда қалада 83 тұрақты маршрутта 988 автобус қызмет көрсетіп, 79 әлеуметтік маңызы бар бағытта тәулік бойы жолаушылар тасымалдануда. 2024 жылы тасымалданған жолаушылар саны 79,9 млн адамды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 86 млн адамға жетті. Автобус паркін жаңарту мақсатында биыл 88 жаңа автобус сатып алынып, газ-метан отынымен қамтамасыз ету үшін үшінші газ құю стансасы пайдалануға берілді. Шымкент халықаралық әуежайы да заманауи мультимодальды хабқа айналып келеді. Жаңа терминал сағатына 2 000 жолаушыны қабылдап, жылдық өткізу қабілеті 10–12 миллион адамға жетті. Жолаушылар ағыны 2024 жылы 1,1 млн адам болса, 2025 жылы 1,9 млн адамға жетіп, 75 пайыздық өсім тіркелді. Сонымен қатар, жүк тасымалы 15 пайызға артқан. Қазіргі таңда халықаралық стандарттарға сай жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы басталды. Жалпы, соңғы екі жылда жүзеге асырылған жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жобалары қаладағы көлік қолжетімділігі мен қозғалыс қауіпсіздігін едәуір арттырды. Алдағы жылдары да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, қала тұрғындарына заманауи, сапалы әрі қауіпсіз жол инфрақұрылымы ұсынылатын болады.
Шымкентте “Белсенді ұзақ өмір“ орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, "Samruk-Kazyna Trust" корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен демеуші мекемелердің өкілдері қатысты. Салтанатты шара барысында мәртебелі қонақтарға орталықтың жаңа ғимараты таныстырылып, көрсетілетін қызмет түрлері мен мүмкіндіктері ұсынылды. Фойеде қазақ халқының ұлттық тағамдарын ұсыну дәстүрі көрсетіліп, халықаралық фестивальдің Гран-при иегері атанған "Жеті қазына" би тобы "Кесе" биін орындады. Сонымен қатар, "Асыл Арман" әжелер тобының "Белсенді әжелер" дефилесі көпшілік назарына ұсынылды. Қонақтар "Белсенді ұзақ өмір орталығында" үстел теннисі, шахмат және шашка алаңдарын аралап көріп, республикалық спорт фестивальдерінде жүлделі орындарға ие болған қызмет алушылардың жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ дәрігерлік қабылдау бөлмесі мен шунгит, тұз кеніші және сенсорлық бөлмелерден тұратын емдік аймақтар көрсетілді. Ғимараттың екінші қабатында араб тілі кабинеті, йога залы, физикалық және массаж кабинеттері, еңбек терапиясы бөлмесі орналасқан. Ал үшінші қабатта психолог кабинеті, кітапхана, арт-терапия бөлмелері (құм терапиясы, гончар және сурет өнері), сондай-ақ заманауи кинозал жұмыс істейді. Айта кетейік, бұған дейін орталық Дулати көшесі, 36 мекенжайында орналасқан болса, жаңа ғимаратқа Дулати көшесі, 64 мекенжайына көшірілді. Жаңа ғимараттың ашылуы – зейнет жасындағы азаматтардың белсенді өмір салтын ұстануына, денсаулығын нығайтуына және қоғаммен етене араласуына бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі. Орталықта аға буын өкілдері үшін жан-жақты қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалған. Сонымен қатар, "Белсенді ұзақ өмір орталығында" зейнеткерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жаңа дағдыларды меңгеруіне ерекше көңіл бөлінген. Түрлі үйірмелер мен клубтар арқылы қатысушылардың әлеуметтік белсенділігі арттып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған кездесулер мен мәдени-ағартушылық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады. Бұл өз кезегінде аға буын өкілдерінің өмір сапасын жақсартуға және олардың қоғамдағы белсенді рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Қар, боран және аяз: Қазақстанда ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері 23, 24 және 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райын батыстан шығысқа қарай жылдам жылжып бара жатқан циклон қалыптастырады. Осылайша, елдің көп бөлігінде қар, боран, жел күшейіп, батыс өңірлерде көктайғақ болады. Алайда 25 желтоқсанда циклонның орнын суық ауа массалары басады. Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батысында ауа температурасы 20–25 градус аязға, ал солтүстігінде 23–28 градус аязға дейін төмендейді. "Тек республиканың оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, күндізгі уақытта ауа температурасы 2–7 градус жылуға дейін көтеріледі", - деп мәлімдеді синоптиктер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әлеуметтік төлемдер: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек? 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54 мың отбасындағы 290,6 мың адамға 30,3 миллиард теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 миллиард теңге қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, АӘК мыналарды көздейді: табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау; табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 90,5 мың балаға 3,7 миллиард теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды; жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Ведомство мәліметінше, қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті Батыс Қазақстан облысында энергетика саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін салтанатты түрде атап өтті. Шараға сала мамандары, ардагерлер мен облыс басшылығы қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысының энергетика саласының маңыздылығы туралы айтқан сөзін келтіріп, бұл саланың ел дамуы үшін стратегиялық рөл атқаратынын атап өтті. "Энергетика – ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Соңғы жылдары өңірімізде осы бағытта бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, соңғы үш жылда жалпы құны 13 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылып, 6 мың шақырымға жуық тозған электр желілері жаңартылды. Екі жаңа қосалқы станция мен өндірістік-жөндеу базалары салынды. Соның нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 82 пайыздан 75,4 пйызға дейін төмендеді", – деп аймақ басшысы саланың соңғы жылдары жеткен жетістіктеріне тоқталды. Өңірде энергия тиімділігін арттырудағы маңызды қадамдардың бірі – соңғы он жыл бойы тоқтап тұрған Орал жылу-электр орталығының №1 турбоагрегатын жаңғырту болды. Соның арқасында станцияның қуаты 12,5 МВт-қа артып, жалпы қуаты 58 МВт-қа жетті. Сонымен қатар, қаланы электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында HITACHI турбинасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыста су, кәріз және жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылудың нәтижесінде 2023 жылдан бері Орал жерасты су көзінде 6 жаңа ұңғыма бұрғыланып, су өндіру көлемі тәулігіне 40 мың текше метрге дейін артты. 2025 жылы диаметрі 1000 мм су құбыры мен жерасты су көздерін реконструкциялау басталды. Кәріз жүйелері бойынша 2023 жылдан бері 4 ірі нысан іске қосылып, пайдалану мерзімі 60 жылдан асқан және бұған дейін реконструкция жүргізілмеген 4 ірі кәріздік сорғы станцияларының жаңғыртылуының нәтижесінде 320 мың тұрғын сенімді кәріз жүйесімен қамтылды. Тағы 2 станцияның реконструкциясы аяқталып, 90 мыңнан астам абонент тұрақты су бұру жүйесіне қосылады. Орал жылу электр орталығында градирня толық ауыстырылып, Жайық өзенінен алынатын техникалық су көлемі жылына 4 млн текше метрге қысқарды. "Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 6 аудан мен Орал қаласының 44 елді мекенінде әуе электр желілері, сондай-ақ жылу және кәріз желілері жаңартылып, 9 ірі жоба іске асырыла бастады. 2029 жылға дейін инженерлік желілерді жаңғырту бойынша 2023 жылдан бері 28 ауылға газ тартылып, 3,7 мың тұрғын алғаш рет газға қол жеткізді, 60 әлеуметтік нысан қосылды. Облыстың газбен қамтылуы 99,8 пайызға жетті. Сонымен қатар, 65 елді мекенді қамтитын "Ростоши–Тайпақ" газ құбырын реконструкциялау жобасы Үкімет тарапынан қолдау тауып, биыл басталды. "Мемлекет басшысы айқындап бергендей, күрделі жағдайда инвестиция тарту – басты міндеттердің бірі және бұл жаңа тәсілдерді талап етеді. Осы бағытта облысқа, әсіресе энергетика саласына инвестиция тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Шетелдік ірі компаниялармен бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, Жәнібек ауданының Өнеге ауылында қуаты 4,9 МВт құрайтын күн электр станциясын, Орал қаласының аумағында 50 МВт құрайтын жел электр станциясын, Теректі ауданының Пойма ауылында 20 МВт құрайтын газпоршенді электр станцияларын салу жоспарлануда және бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті", - деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев. Сонымен қатар, инвесторлар есебінен Орал қаласының жылу электр орталығын жаңғыртып, қуатын арттыру көзделіп отыр. Шара барысында саланың дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандарына "Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін" медалі, "Еңбек сіңірген энергетик" және "Құрметті энергетик" төсбелгілері, сондай-ақ ҚР Энергетика министрінің Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Қызылорда облысы құрылыс көлемі бойынша республикада көшбасшы өңірлер қатарында Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Аймақта 2022 жылдан бері 200-ге жуық халыққа қажетті әлеуметтік нысан салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Бұл туралы елордада өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті. "Аймағымызда соңғы 3 жылда алғаш рет барлық ауданда жаңадан тұрғын үйлер салынып, 1 800-ге жуық, атап айтқанда 2023 жылы 430, 2024 жылы 1015, 2025 жылы 332, жалпы 1777 пәтер жерлестерімізге табыс етілді. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үйлер салуға бюджеттен 58 миллиард 785 миллион теңге бөлінді. Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру. "Білімді қолдау қорының" 8 миллиард 400 миллион теңге қаржысына физика-математика бағытындағы "Білім-инновация" лицей-интернаты ел игілігіне табысталды", – деді Н.Нәлібаев. Әкімнің сөзінше, аталған қор есебінен 2 миллиард 333 миллион теңгеге салынған Арал ауданы Мергенсай ауылындағы 150 орындық мектеп жақын күндері пайдалануға беріледі. "Қызылорда қаласында құрылысына 11 миллиард теңге қаралған балалар мен жасөспірімдерге арналған "Сыр жұлдыздары" академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 3 миллиард теңгеден астам қаржыға Оқушылар үйі мен Өнер мектебі, облыс орталығында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының демеушілігімен 2 миллиард 500 миллион теңгеге заманауи Оқушылар сарайы ашылды. "Саутс Ойл" компаниясы музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасын салуға 4 миллиард 800 миллион теңге демеушілік жасады. Қазіргі уақытта Президент саябағында жыл бойы жұмыс істейтін заманауи балалар тынығу лагері, Ботаникалық білім беру орталығы бой көтеріп келеді. Сондай-ақ, жұмысшы мамандарды даярлауға арналған "Құзыреттілік орталығы" ғимараты да басталды", – деді Н.Нәлібаев. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру, ауыл аймақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл қалалық мәдени-демалыс паркі қайта жаңғыртудан өтті. Қорқыт Ата мемориалды аллеясы да жаңғыртудан кейін жайлы демалыс орнына айналды. Жаңарған Президент саябағы тұрғындар көп жиналатын қаладағы көрікті орындардың бірі болады. Бүгінде саябақта бес жұлдызды қонақүй салынуда. Сырдария өзені үстінен Астана шағын ауданы мен екі аралықты байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі құрылысы жоспарланған. Өңірде 2023 жылдан бері облыстық "Үлгілі елді мекен" конкурсы тұрақты өткізіліп келеді. Үлгілі ауылдарға облыстық бюджет қаржысына алынған 67 арнайы техника табысталды.
Қазақстандыққа “о дүниеден“ сәлемдеме жіберілген Астананың киберполиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде қала тұрғынының алаяқпен сөйлескен сәтін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алаяқ өзін оператор ретінде таныстырып, қазақстандық әйелдің атына сәлемдеме келгенін, оны курьер жеткізіп беретінін айтқан. Алайда жіберуші ретінде әйелдің 9 жыл бұрын қайтыс болған әкесінің аты аталған. "Мен сізге әкемнің қайтыс болғаны туралы куәлігін көрсете аламын. Алдамас бұрын, алдымен бұл адам тірі ме, жоқ па, соны "тексеріп" алыңыздар. Ол 9 жыл бұрын қайтыс болды. Ұят болу керек қой", – деп әйел жауап берген. Осыдан кейін қоңырау үзілген. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Астана қ. ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы (@cyberpol.astana) Көктемде қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа схемасы туралы ескертілген. Белгісіз адамдар өздерін "Қазпошта" қызметкерлеріміз деп таныстырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады. Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанадағы стоматологияда қаза болған үш жасар қыздың ісі: сот үкімі шықты Астанада жекеменшік стоматологиялық клиникада үш жасар баланың қаза табуына қатысты атышулы сот процесі аяқталды. Сот анестезиологты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот шешімі Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі ("Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру") бойынша кінәлі деп таныды. Судья Қажымұқан Мекемтас айыпталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 3 жылға медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырды. Алайда айыпталушы Конституцияның 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылық туралы заңға сәйкес негізгі жазадан босатылды. Судьяның айтуынша, үкім күшіне енгеннен кейін А.Ж. тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне тіркелуі тиіс. Осылайша, сотталған дәрігер анестезиолога бас бостандығынан айырылмайды, алайда үш жыл бойы медициналық практикамен айналыса алмайды. Оқиға қалай болған? Қайғылы жағдай 2024 жылы 30 қазанда болған. Әкесі қызының 3,5 сағатта жалпы наркоздан кейін оянбағанын айтады. Алайда процедура 3 сағатқа жоспарланған. Әкесі дәрігерлер 18 тісті бірден емдемек болғанын айтты. Сараптама нені көрсетті? Прокурор сотта медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сараптама қорытындысын оқып берді. Құжаттарда бірқатар заңбұзушылық анықталған: стоматологиялық карта болмаған; келісім құжаты дұрыс толтырылмаған; консультациялар мен диагноздар толық көрсетілмеген; видеожазбамен сәйкес келмейтін деректер бар: кетотифен, супрастин, кальций сияқты препараттар енгізілген, бірақ құжаттарда жазылмаған. Сараптама анестезиологтың балада қарсы көрсетілімдер болғанына қарамастан наркоз жасағанын анықтады: тромбоциттер мен электролиттер төмен, педиатрдың рұқсаты жоқ, қажетті тексерулер жүргізілмеген. Қорытындыға сәйкес, анестезия басталған сәттен бастап науқастың жағдайы күрт нашарлаған уақытқа дейін капнография мүлде жүргізілмеген. Сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясының протоколы - ондағы уақыт, ұзақтығы және енгізілген препараттардың мөлшері құжаттарға тіркелмеген. Артериялық қысым да өлшенбеген. Баланың жағдайы нашарлағаннан кейін сарапшылар бірнеше ауыр заңбұзушылық жасалғанын анықтаған. Прокурордың айтуынша, анестезиолог баланың жағдайы қиындай бастаған кезде наркозды керісінше тереңдете берген. 13:55-де анестетик беру тоқтатылғанымен, сол сәтте баланың қысымы 80-ге дейін төмендеген. Алайда 13:58-де дәрігер анестетиктің мөлшерін қайтадан 8 пайызға дейін көбейтіп, баланы тереңірек наркозға енгізген. Бұдан бөлек, кардиомониторинг наркоз кезінде де, баланың жағдайы нашарлағаннан кейін де жүргізілмегені айтылды. Сондай-ақ прокурордың сөзінше, жағдай ушыққан кезде жүрек қызметін ынталандыру мақсатында адреналин 0,1 мг дозада енгізілген, алайда бұл мөлшер балаларға арналған жас нормасына сәйкес келмейді. Қыздың өліміне не себеп болған? Сараптамаға сәйкес, өлім тіндік гипоксиядан (оттегі жетіспеушілігі) басталып, мидың ауыр ісінуіне әкелген. Бұл жағдай наркоз, өкпенің жасанды желдетілуі, екі жақты пневмония және жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің үйлесуімен күрделене түскен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында бұрынғы әкім Қарасаевқа үкім шықты Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты резонанс тудырған іс бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұрынғы әкімге және басқа да айыпталушыларға қатысты іс Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша қаралды. Сот отырысы барысында Қарасаевқа тағылған айыптар жан-жақты қаралды. Ол заңсыз әрекеттерді Талдықорған әкімі, кейіннен Іле ауданының әкімі қызметін атқарып жүрген кезінде жасағаны айтылды. Сот үкімі Іс материалдарын қараған сот Бағдат Қарасаевқа қатысты үкім шығарып, бір эпизод бойынша кінәсіз, ал басқа баптар бойынша кінәлі деп таныды. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Алаяқтық") бойынша Қарасаев ақталды. Сот оның әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамының жоқ екенін анықтады. Сонымен қатар, сот оны ҚК-нің 361-бабы 3-бөлігі ("Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану") және 364-бабының 3-бөлігі ("Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу") бойынша кінәлі деп таныды. Нәтижесінде Бағдат Қарасаев 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ сот Бағдат Қарасаевты "Парасат" және "Құрмет" ордендерінен айыру туралы Президентке ұсыныс енгізу жөнінде қаулы қабылдады. Экс-әкім не үшін айыпталды? Бағдат Қарасаевты былтыр күзде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған болатын. Прокуратура мәліметінше, ол кезде әкім қызметін атқарған Қарасаевтың Іле ауданындағы қоқыс полигонының қызметіне жүргізілген бірлескен тексерудің нәтижесінде ұсталғаны айтылған. Антикор дерегінше, ол "қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонын сенімді басқару құқығын өзімен аффилирленген компанияға беру арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды" деп күдікке ілінген. Сондай-ақ, ол өз өкілетін асыра пайдаланды деп күдікке ілінді. "Қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшыларын тартқан. Келісімшарт бойынша көзделген қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату міндеттемелері орындалмаған, ал компанияның кірісі оның жеке басына бағытталған", – делінген Антикор хабарламасында. Бағдат Қарасаев туралы не белгілі? Бағдат Қарасаев 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы облысы Іле ауданының әкімі қызметін атқарған. Әр жылдары ол кәсіптік-техникалық училищеде директордың орынбасары, директоры, "Алаколь-Агро" ЖШС, "ТSС-Агро" ЖШС, "Тау-Самал Ltd" компаниясы және "Қайынды" ЖШС директоры болған, сондай-ақ Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, Алакөл ауданының әкімі, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. 2015 жылдан 2018 жылдың мамырына дейін Талдықорған қаласының әкімі болған, кейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Санкт-Петербургке барған президенттермен Эрмитажды аралап көрді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келген өзге де мемлекеттер басшыларымен бірге Эрмитажды аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мәртебелі меймандарға музейде экскурсия жүргізілді. Президенттер Александр және XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады. Әсіресе, "Алтын көмбе" бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды. Меймандар бай қоры арқылы дүние жүзіне мәшһүр музейдің басқа да экспозицияларымен танысты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Демалыс, мереке және түнгі уақытта жұмыс істегендерге ақы қалай төленуі керек? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде демалыста, мерекеде және түнде атқарылған жұмыс қалай төленуге тиіс екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес, жұмыс беруші үстеме жұмыстар уақытын, демалыста, мерекеде және түнде атқарылған жұмысты, сондай-ақ, іссапар күндерін бөлек есепке алуға міндетті. "Кодекстің 110-бабына сәйкес, түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағаты еңбек немесе ұжымдық шарттың және/немесе жұмыс берушінің актісінің талаптарына сай жоғары мөлшерде төленеді, бірақ қызметкердің күндізгі сағаттық мөлшерлемесіне сүйене отырып, кемінде бір жарым еседен төмен болмауға тиіс", - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Жеңіс Рүстемов. Түнгі жұмыс уақыты мереке күнімен немесе демалыс күнімен сәйкес келген жағдайда, еңбек ақысы түнгі сағаттар үшін бұл баптың 1-бөлігіне сәйкес бөлек, ал мереке немесе демалыс күндеріндегі сағаттар үшін 109-бапқа сәйкес бөлек төленеді. "Осылайша, түнгі уақыттағы жұмыс мерекелік демалыс күнімен сәйкес келгенде, еңбек ақысы екі есе мөлшерде төленеді: мерекелік демалыс күніндегі жұмыс үшін - бір жарым сағаттық тариф мөлшерлеме, ал түнгі уақыттағы жұмыс үшін - қосымша жарты сағаттық тариф мөлшерлеме", - деп қосты Рүстемов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылорда облысы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды Қызылорда облысының барлық елді мекендері 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. "Мемлекет басшысының елді мекендерді түгелдей орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы 100 пайыз орындалды. Мысалы, Арал қаласынан 120 шақырым жерде, яғни ең шалғай орналасқан Ақбасты ауылына да су жеткізілді. Мемлекет басшысы 2023 жылы өңірге жұмыс сапары кезінде Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту туралы тапсырма берген болатын. Осылайша қызылордалықтардың арманына айналған көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су қосу мәселесі оң шешімін тапты. Осы мақсатқа 26 миллиард 200 миллион теңге бөлініп, 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылып жатыр", – деді Нәлібаев. Әкімнің сөзінше, бірінші кезеңде 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 миллиард теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды. Екінші кезең бойынша 15,2 миллиард теңге қаржыға 237 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтылып жатыр. "Осы бағытта биыл Үкімет резервінен бөлінген 5 миллиард теңгеге 61 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су жеткізілді. Сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік қордан 10,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді ыстық су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді облыс әкімі. "2022-2024 жылдары "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 31 миллиард 600 миллион теңгеге 78 ауылдың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 343 жоба жүзеге асты.
Кір жуғыш машинадағы мысықтың видеосы: оқиғаның мән-жайы белгіл болды Әлеуметтік желілерде кір жуғыш машинаның ішінде отырған мысықтың видеосы тарады. Кадрлар жұрттың ашу-ызасын туғызды: желі қолданушылары оқиғаның мән-жайын тексеріп, жануарға қатыгездік жасап-жасалмағанын анықтауды талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Видео Threads әлеуметтік желісінде жарияланған. Жазба авторы шұғыл түрде араласып, жануарды алып кетуді сұраған. "Мына әйелден мысықты тез арада алып кетіңдер! Оның нөмірі менде жоқ, таныстарың болса табыңдар, қандай да бір жолын жасап, мысықты алып кетіңдерші, өтінемін", - делінген жазбада. Видеода мысық кір жуғыш машинаның барабанында отырғаны көрінеді. Машина қосулы, жуу режимі жүріп жатыр. Бейнежазбадан жануардың ішінде қанша уақыт болғаны және жағдайдың немен аяқталғаны нақты түсініксіз. Кейін автор тағы бір жазба жариялап, орналасқан жерін көрсеткен. "Мысықты алып кете алатын адам бар ма? Талдықорғанда таныстар бар ма?" - деп жазды қазақстандық әйел. Біраз уақыттан соң жазба авторына мысықтың иесі хабарласқан. Оның айтуынша, өзі Алматыда жүргенде мысықты уақытша қарай тұруға қалдырған. "Маған мысықтың иесі жазды. Оның айтуынша, Алматыға шаруамен барғандықтан, мысықты уақытша қарауға біреуге қалдырған. Өзі бұл жағдайға қатты шок болғанын, мысықты таңертең алып кететінін айтты. Мысық өзінікі екенін дәлелдейтін материалдар жіберді. Енді әйелге қайта бермейтінін уәде етті. Мысық аман, таңертең видеоесеп күтемін", - деп жазды автор. Алайда кейінірек ол бұл жағдайға күмән келтіргенін жасырмады. Полиция не деді? ПД баспасөз қызметі мәліметінше, видео тарағаннан кейін жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша тексеру басталған. "Видеоматериал жарияланған сәттен бастап полиция қызметкерлері жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізе бастады. Бейнежазба авторы бұл әрекеттің "әзіл" түрінде болғанын түсіндірді: оның айтуынша, кір жуғыш машинаның барабаны су құйылмай небәрі бір рет айналып, содан кейін жануар бірден шығарылған", - деп мәлімдеді ведомство. Полиция өкілдерінің айтуынша, мысық ветеринар дәрігердің тексеруінен өткен. "Маманның қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта жануардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Мысықтың иесі жауапкершілікке тартылды. "Осындай әрекеттің өзі мысық иесін жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болды", - деп қосты ведомство. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мәскеуде ресейлік армия генералы отырған көлік жарылып кетті Мәскеуде тұрғын үй ауласында автокөлік жарылып, Ресей Қарулы күштері Бас штабының Жедел даярлық басқармасының басшысы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Жергілікті БАҚ мәліметінше, жарылыс 22 желтоқсанда таңертең Ясеневая көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Kia Sorento көлігі жүргізуші ішіне отырып, бірнеше метр жүргеннен кейін жарылып кеткен. Жарылыс салдарынан кемінде жеті автокөлікке зақым келген. РФ Тергеу комитетінің ресми пікірі Ресей Федерациясының Тергеу комитеті әскери қызметкерді өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасына сәйкес, автокөліктің астына жарылғыш құрылғы орнатылған, ол қашықтан іске қосылған. "Ресей Қарулы күштері Бас штабының Жедел даярлық басқармасы басшысы, генерал-лейтенант Фанил Сарваров алған жарақаттарынан қаза тапты", - деп хабарлады ведомство. Тергеу барысында қылмыстың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Солардың бірі - қылмысты Украина арнайы қызметтерінің ұйымдастыруы мүмкін деген болжам. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ Қазақстандағы көлік ұрлау схемасын әшкереледі Ішкі істер министрлігі Қазақстанда көлік ұрлаудың жаңа схемасын әшкереледі. Ведомство қылмыскерлердің айласына түсіп қалмаудың жолдарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жаңа қылмыстық схема қалай жүзеге асады? Тапсырыс берушілер мен автовоз иелері Della және Fa-Fa.kz сияқты танымал сервистерге көліктер мен тауарларды тасымалдау туралы ұсыныстарын жариялайды. Көбіне бағыттар Алматы қаласы мен Алматы облысынан елдің басқа өңірлеріне қарай болады. Қаскөйлер хабарландыруларға жауап беріп, тапсырыс. берушілерге өздерін тасымалдаушы ретінде, ал жүргізушілерге әлеуетті тапсырыс беруші ретінде таныстырады. Қылмыскерлер тасымалдау шарттарын келісіп алады да, қала сыртына шыққаннан кейін ұрланған жүкті басқа көлікке қайта тиеп, алып кетеді. ІІМ: Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін не істеу керек? Жүргізушінің жеке куәлігін және көлікке қатысты құжаттарын мұқият тексеріңіз. Жүргізуші қолданатын телефон нөмірін хабарландыруда көрсетілген нөмірмен міндетті түрде салыстырыңыз. Жүк жүретін маршрутты және жеткізу нүктесін алдын ала жеке келісіп алыңыз. Жүргізуші туралы интернеттегі пікірлерді қарап шығыңыз. Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанда көлік құралдарын ұрлау бойынша шамамен 1,5 мыңға жуық жағдай тіркелген. Статистика бойынша ең көп ұрлық Алматыда, Астанада және Қарағанды облысында тіркеледі.Ең төмен көрсеткіштер Ұлытау облысында, сондай-ақ Маңғыстау және Қызылорда облыстарында байқалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
KAZ Minerals Тобы Геология институтына жас ғалымдарды тартуға қалай көмектеседі? Өткен жұма Қазақстанның жалпы геология саласы үшін айтулы күн болды: Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты 85-жылдығын атап өтті. Институттың мерекесі жаңару рәсімімен есте қалды: мұнда беделді ғалымдар, жас зерттеушілер мен студенттер саладағы нақты міндеттемелер бойынша тізе қосып жұмыс істей алатын GeoSpark заманауи ғылыми кеңістігі ашылды. Мерейтойлық шараға KAZ Minerals Тобы демеуші болды, ал институттағы коворкинг-кеңістіктің біріне компанияның атауы берілді. 1940 жылы Қаныш Сәтбаев негізін қалаған оқу орны қазір дамудың жаңа кезеңінде. Мерейтойлық шара кезінде институт директоры, академик Асқар Сыздықов 85 жылдық тарихы бар мекеменің – "өткеннің мұражайы" емес, мықты ғалымдар топтасқан заманауи ғылыми орталық екенін атап өтті. Институт алдында маңызды міндеттемелер тұр. Олар: цифрландыру, әлемдік талапқа сай зертханалардың қажеттілігі, және ең бастысы – жас ғалымдарды қатарға тарту. Осы мақсат үшін институтта инвесторлардың көмегімен GeoSpark заманауи ғылыми кеңістігі пайда болды. "GeoSpark (ауд-"геологиялық ұшқын") – геологиялық ғылымдардың музей-эксплотариумы, зертханалар, көпмақсатты конференц-зал, аудиториялар, жұмыс кеңістіктері, кітапхана мен минералдар шеберханасы біріккен клубтық институция. Бұл білікті ғалымдар тәжірибесімен бөлісіп, ізденушілер шынайы ғылыми-қолданбалы жобаларға атсалыса алатын экожүйе", – дейді институт директоры Асқар Сыздықов. GeoSpark инвесторлардың, соның ішінде KAZ Minerals Тобының арқасында жүзеге асқан жоба. Институттағы коворкинг-кеңістіктің біріне компанияның аты берілді. Онда ғалымдар, студенттер мен сала өкілдері нақты геологиялық жобаларда бірге жұмыс істейтін болады. "Біз үшін Қ. И. Сәтбаев атындағы Геологиялық институтты қолдау – ең алдымен жас мамандарды қолдау. Мұнда болашақта геология саласын дамытатын кәсіби орта қалыптасуда. Біз Институттың мерейтойы мен GeoSpark KAZ Minerals коворкинг-орталығының ашылу салтанатына қатысқанымызға қуаныштымыз", – дейді KAZ Minerals Тобының бас геологы Баян Әлжанова. Институттың жақын болашақтағы жоспарының бірі – Қазақстандағы ең ірі минералдар жиынтығы сақталған геология музейін жөндеу. Мұражай бастапқы қалпын сақтайды, бірақ онда Гарри Поттер әлемінің ертегілік көріністері пайда болмақ. Бұл трансформацияның мақсаты - болашақта араларынан әлемге танымал ғалымдар шығуы мүмкін балақайларды геологияға қызықтыру.
Тоқаев Корея президентіне құттықтау жолдады Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді туған күнімен құттықтады. Президент жеделхатта Корея Республикасы Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы зор әлеуетке ие ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізген. Сонымен қатар Корея Президентімен бірге күш-жігер жұмылдыра отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге әзірлігін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне толағай табыс, Корея халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жеке куәлік алу тегін болады: мән-жайы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке куәлікті алғаш рет рәсімдеу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-ге сілтеме жасап. Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері: 1,9 миллион жеке куәлік; 1,1 миллион Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 303 мың балаға төлқұжат берілген. "Жеке куәлікті алғаш рет рәсімдеу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін болады", - деді комитет төрағасы Аслан Аталықов. Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап төлқұжат, жүргізуші куәлігі және басқа да құжаттарды рәсімдеу айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты қымбаттайды. АЕК 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өседі. Бағалар: 16 жасқа дейінгі баланың төлқұжаты (24 бет) - 17 300 теңге (4 АЕК) (2025 жылы - 15 728 теңге). Қарапайым төлқұжат (36 бет) - 34 600 теңге (8 АЕК) (2025 жылы - 31 456 теңге). 48 беттік төлқұжат - 51 900 теңге (12 АЕК) (2025 жылы - 47 184 теңге). Жеке куәлік - 865 теңге (0,2 АЕК) (2025 жылы - 786 теңге). Егер жеке куәлік жыл ішінде екі реттен көп жоғалса, 1 АЕК - 4 325 теңге төлеуге тура келеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы қанға боялған пәтер: онда не болған? Алматыда пәтерін жалға беріп, кейін тексеруге келген үй иесін төңкерілген жиһаз, сынған ыдыс-аяқ және қабырға мен едендегі қан іздері үрейлендірді. Полицейлер тексеріс жүргізіп, пәтерде не болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Желіде пәтердің видеосы жарияланды. Кадрларда үй ішінде қырғын болғандай көрініс байқалады: жиһаздар төңкерілген, ал қабырғалар, еден, есіктер мен басқа да интерьер заттары қанға боялған. Жазбада бұл жалға берілген пәтер екені айтылады. Полиция пікірі Алматы Полиция департаменті Tengrinews.kz сауалына жауап бере отырып, пәтерде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалмағанын мәлімдеді. "Оқиға Бостандық ауданындағы пәтерлердің бірінде болғаны анықталды. Тұрғын үйде апалы-сіңілі қыздар болған. Сынған шыны бөтелке біреуінің аяғын кесіп кеткен. Оқиға орнындағы қанды іздердің көп болуы дәл осы жарақатқа байланысты", - деп хабарлады ведомство. Сондай-ақ полиция өкілдері олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақшаңызды қалай қорғауға болады: 10 сабақ арқылы “Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарт“ Жалақыңыз көзді ашып-жұмғанша жоқ болып кете ме? Ақшаңыз қайда кетіп жатқанын және оны қай жерде сақтаған дұрыс екенін білмейсіз бе? Инвестиция жасағыңыз келеді, бірақ неден бастарыңызды білмей жүрсіз бе? Біреулер табысты инвестиция жасауды ұсынады: тәуекел жоқ сияқты, апта сайын тұрақты табысты уәде етеді, бірақ ішкі түйсігіңіз оның алаяқтар екенін сезе ме? Дұрыс: алаяқтар қазір түрлі схема ойлап тауып жатыр, сондықтан әрдайым сақ болып, қаржылық сауаттылықты дамыту қажет. Дәл осы себепті "Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту" атты арнайы жобаны іске қостық. Бұл - қазақ және орыс тілдерінде қаржы тақырыбын күрделі терминдерсіз, жалықтырмай түсіндіретін 10 қысқа сабақтан тұратын бейнекурс. Сабақтарды инвестиция және қаржы жөніндегі танымал қазақстандық сарапшы Әсел Әуелбекова жүргізеді. Әр сабақтың ұзақтығы 5–10 минут және көрнекі материалдармен толықтырылған. Сабақтан кейін қысқа тест ұсынылады, ол нақты өмірде қайндай тәуекелге барып жүргеніңізді және қандай қателіктерді түзетуге болатынын түсінуге көмектеседі. Бұл курс ҚНРДА бастамасымен әзірленген. Курста алаяқтықтың ТОП-5 схемасы, кредиттік тарихты қалай бүлдіріп алмау керек, микроқарыз деген не және оны қашан алған дұрыс, қаржы пирамидасын қалай тануға болады, банк пен МҚҰ лицензиясын қалай тексеру керек және дропперге айналмау жолдары туралы білесіз. Сонымен қатар, курс қаржылық жоспарлауды неден бастау керек екенін, ақшаны қай жерде қауіпсіз сақтауға болатынын және инвестицияға қорықпай әрі хайпсыз қалай қадам жасау керек екенін түсіндіреді. Сабақтарда Әсел нақты кейстерді талдап, пайдалы сілтемелермен бөліседі, сондай-ақ шығындар мен табысты тіркеуге арналған қарапайым схемалар мен трекерлер ұсынады. "Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту" - жалақыдан жалақыға дейін өмір сүруді тоқтатып, ақшаны басқаруды үйренгісі келетін, алаяқтардың схемаларын тануды және қаржылық ойлау жүйесін қайта құрғысы келетіндерге арналған жоба. Курс арнайы дайындықты, экономикалық білімді немесе бастапқы капиталды талап етпейді. Ол студенттерге, отбасыларға, кәсіпкерлерге және қаржысын ретке келтіргісі келетін кез келген адамға сай келеді. Курстан өтіп, туыстарыңыз және жақындарыңызбен де бөлісіңіз. Күніне сабаққа бөлген 10 минутыңыз ақшаңызды сақтауға көмектеседі. Жоба серіктестері: Jet finance, Sapa Digital finance, MyСar finance.
Ауа райы: Қазақстанда 54 жыл бұрын тіркелген рекорд жаңарды 2025 жылғы қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жылы ауа райы тіркелді. "Қазгидромет" синоптиктері мәліметінше, елдің бірқатар өңірі мен қалаларында ондаған жылдар бойы сақталған температура рекордтары жаңарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ең айқын жылы ауа райы қарашаның екінші жартысында байқалған. Ақтөбеде 14 қарашада ауа температурасы +13,2 градусқа жетіп, 2023 жылғы рекордтан асып түсті. Келесі күні мұнда тағы бір рекорд орнап, күндізгі температура +11,4 градус болды. Солтүстік өңірлерде де ауа райы әдеттегіден жылы болды: Көкшетауда 19 қарашада +8,3 градус, ал 23 қарашада +5,2 градус тіркеліп, бұрынғы көрсеткіштерден жоғары нәтиже көрсетті. Жезқазғанда үш күн қатарынан жаңа температуралық рекорд орнады - 24–26 қараша аралығында ауа температурасы +10…+13 градусқа дейін көтерілді. Қарағандыда 26 қарашада +9,4 градус тіркеліп, 1971 жылғы рекордтан айтарлықтай асып түсті. Қарашада ауа массаларының жиі ауысуына байланысты қолайсыз метеожағдайлар да байқалды. Елдің жекелеген аймақтарында жаңбыр мен қар жауып, тұман, көктайғақ және қатты жел тіркелді. Түркістан облысында 4 қарашада бір тәулікте айлық норманың үштен біріне жуық қар жауды. Жетісу облысында желдің жылдамдығы секундына 36 метрге дейін жетсе, Батыс Қазақстан облысында 15 қарашада көріну қашықтығы 50 метрге дейін төмендеді. Қостанай облысында бір күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысына жуығы жауды. Астанада қарашадағы орташа ауа температурасы +0,3 градус болып, климаттық нормадан 5,5 градусқа жоғары болды. Ай ішіндегі ең төменгі температура -12,3 градус (4 қараша) болса, ең жоғары көрсеткіш +7,8 градус 26 қарашада тіркелді. Сонымен қатар, елордада жауын-шашын мөлшері нормадан едәуір асып, бір айда 63 мм немесе көпжылдық көрсеткіштің 217 пайызы жауды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қайтарылған активтер: жеті миллиард теңгеден аса қаржы қайда жұмсалмақ? Қарағанды облысындағы медициналық мекемелерді салуға және жаңғыртуға 7,5 миллиард теңге бағытталды. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде Үкімет өңірлерге әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды дамытуға ресурстар бағыттайды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағанды облысындағы бірқатар медициналық нысанды жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 7,5 миллиард теңге бөлінді. "Атап айтқанда, Қарағандыдағы жаңа онкологиялық орталықтың операциялық-реанимациялық блогын заманауи жабдықтармен жарақтандыруға 6,2 миллиард теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен қосымша 1,74 миллиард теңге көлемінде бірлесіп қаржыландыру көзделген. Қазіргі уақытта нысанның дайындығы 70 пайызға жетті, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Балқашта қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан көпбейінді аурухана базасында ауданаралық медициналық хаб құрылады. "Бұл мақсаттарға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, жалпы құны 1,27 миллиард теңгені құрайды. Жоба аясында ангиографиялық операциялық және қабылдау-диагностикалық бөлімшелерді орналастыру үшін қосымша корпустың құрылысы аяқталуда. Бүгінгі таңда нысан 96%-ға дайын. Сондай-ақ қаңқаны салу, инженерлік желілерді төсеу және ішкі әрлеу бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Нысанды осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған". Сонымен қатар Балқашта балаларды оңалту орталығы құрылып жатыр: бұрынғы санаторий ғимаратын қайта жабдықтау үшін 272,1 миллион теңге бағытталған. Жоба стационар және амбулаториялық қабылдауды ұйымдастыруды көздейді. Реабилитологтарды, невропатологтарды, логопедтерді және ЕДШ нұсқаушыларын қоса алғанда, тар бейінді мамандардан тұратын көпсалалы команда құрылады. Бұл балаларға облыс орталығына бармай-ақ сапалы оңалтуға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың ақпан айына жоспарланып отыр. "Осы жобаларды жүзеге асыру өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттырады. Осылайша, ангиографиялық операциялық бөлімшені іске қосу «алтын сағат» қағидасы негізінде және пациенттердің өмірін сақтай отырып, Балқаш тұрғындарына инфаркт пен инсульт кезінде шұғыл жоғары технологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Оңалту орталығының ашылуы тұрғылықты жері бойынша ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қалпына келтіру емін үздіксіз алуды қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жел, тұман және қар: 22 желтоқсанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер 22 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын болжады. Ел аумағында күшті жел, тұман, көктайғақ, қар және бұрқасын күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана және Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын аз болғанымен, қатты жел, бұрқасын, тұман және аяз сақталады. Кей өңірлерде жел екпіні 20–28 м/с-қа дейін жетеді. Алматы, Алматы облысы, Жетісу облысында түнде қар жауып, көктайғақ және тұман болады. Таулы аймақтарда аяз күшейеді, жел екпіні кей жерде 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Шымкент және Түркістан, Жамбыл облыстарында түнгі уақытта қар, таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы күндіз 0…+3 градусқа дейін көтеріледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман және көктайғақ болжанады. Жел күшейіп, ауа температурасы -5-тен +5 градусқа дейін құбылады. Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, бірақ тұман және аяз болады. Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында қар, бұрқасын, тұман және қатты жел күтіледі. Түнде ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қызылорда облысында түнде қар, тұман және көктайғақ байқалады, күндіз ауа райы салыстырмалы түрде жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда жер сілкінісі тіркелді Алматыда 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 22 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 2:16-да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 балл болған. Сейсмологтар мәліметінше, Алматыда жер сілкінісі 2 баллдық қарқынмен сезілген. Ал ТЖМ "Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының" сейсмологтары жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқанын хабарлады. Бұл ретте Алматыда жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді. Еске сала кетейік, 6 желтоқсанда қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеген болатын, сол кезде Тараз бен Шымкентте жер асты дүмпулері болжамды түрде 2 балл қарқынмен сезілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК операциясы: Уран сатпақ болғандар бас бостандығынан айырылды Ақтөбеде сот екі тұрғынды және Шымкенттің бір тұрғынын радиоактив уранды сатқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап хабарлады. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, өзбекстандық заңсыз жолмен салмағы 958,7 грамм болатын таусылған уран сатып алған. Кейін ол Шымкентте тұратын танысы Рудольфқа, ал Рудольф Ақтөбеде тұратын таныстары Қонысбай мен Еркінге айтқан. Олар өз орталарынан уран сатып алушыларды іздей бастаған. Қыркүйекте өзбекстандық таусылған уранды Рудольфқа берген, ал ол "тауарды" Еркін мен Қонысбайға табыстаған. Олар уранды Chevrolet Tracker көлігінің жүксалғышында Шымкенттен Ақтөбеге алып келген. ҰҚК арнайы қызмет қылмыскерлерді ұстау үшін жалған сатып алушыны араластырған. Оған 500 мың доллардан сәл асатын сомадағы жалған ақша берілген. Сол "сатып алушы" уран сатушыларымен қала сыртындағы орман алқабында кездескен. ҰҚК жүргізген арнайы операция нәтижесінде Шымкент тұрғыны және екі ақтөбелік ұсталды. Тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, қорытынды бойынша оның радиоактив материалдан жасалғаны және таусылған уран екені анықталған. Үшеуі де сотта кінәларын мойындаған. Сот екі ақтөбелікті уран сатқані үшін 2 жылға бас бостандығынан айырды. Ал Шымкенттегі сыбайласы бұрын сотталған болғандықтан 6 айға артық жаза алды. Сот үкімі бойынша уран жойылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Барыс“ - “Сочи“: тікелей эфирді қайдан көруге болады? Бүгін, 21 желтоқсанда, елордалық "Барыс" ҚХЛ (КХЛ) аясында "Сочимен" кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кездесу Астанада, "Барыс Аренада" өтеді. Матчтің басталуы 17:00-ге жоспарланған. "Барыс" - "Сочи" матчін қайдан көруге болады? Ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан, сондай-ақ арнаның ресми сайтынан көруге болады. Еске салайық, биылғы маусымда қарсыластар қарашада кездескен, сол кезде "Барыс" овертаймда жеңіске жеткен (1:2). Айта кетейік, астаналықтар бұл матчке "Автомобилист" пен мәскеулік "Динамоға" қарсы екі жеңістен кейін жақсы көңіл күймен келеді. Ал сочиліктер, керісінше, кейінгі екі ойында жеңілген. "Барыс" бұл қарсыласын қатарынан кейінгі алты матчта ұтып жүр, ал соңғы жеңіліс 2022 жылы болған. Қазір "Сочи" Батыс конференциясында 11-орында (соңғы орын), еншісінде 33 ойыннан кейін 23 ұпай бар. Ал "Барыс" 37 кездесуден 34 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 8-орында тұр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Актер Асанәлі Әшімов дүниеден өтті 89 жасқа қараған шағында көрнекті қазақстандық актер және режиссер, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеден өтті. Бұл туралы жексенбі, 21 желтоқсанда Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Асанәлі Әшімов - қазақтың театр және кино актері, режиссер, сценарист, педагог, Қазақстанның Еңбек Ері (2017), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), Қазақ КСР-інің халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980). Ол 1937 жылғы 8 мамырда Қазақ КСР-інің Оңтүстік Қазақстан облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы жанындағы театр факультетін тәмамдады. 1961–1963 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында еңбек етті. 1963 жылдан бастап Алматыдағы М.О. Әуезов атындағы Қазақ драма театрында актер әрі режиссер болды. Театр сахнасындағы қызметі барысында шамамен 50-ге жуық рөл сомдады. 1987–1988 жылдары театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарған. Ол сондай-ақ Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық етті. 2017 жылы актердің театр сахнасынан біржола кету туралы түпкілікті шешім қабылдағаны белгілі болды. Көпшілікке "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", "Маньчжур нұсқасы", "Шоқан Уәлиханов", "Сіз кімсіз, Ка мырза?" және өзге де фильмдер арқылы кеңінен танылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Илон Маск дәулеті 700 миллиард долларға жеткен алғашқы адам атанды Америкалық кәсіпкер Илон Маск 700 миллиард долларлық (шамамен 362,6 трлн теңге) дәулетке жеткен тарихтағы алғашқы адам атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Forbes-ке сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, бұған Делавэр штатының Жоғарғы соты төменгі соттың Маскқа берілген Tesla акцияларына опциондарды (қазір 139 миллиард долларға бағаланып отыр) жарамсыз деп тану туралы шешімнің күшін жоюы себеп болған. Forbes бағалауынша, сәтті апелляциядан кейін кәсіпкердің байлығы рекорд 749 миллиард долларға жеткен. Осы шешімнен кейін Tesla қайтадан Масктың ең құнды активіне айналды. Опциондардан бөлек, ол электромобиль өндірушісінің қарапайым акцияларының 12 пайызына иелік етеді, бұл 199 миллиард долларға бағаланады. Осылайша, оның Tesla-дағы активтерінің жалпы құны 338 миллиард долларға жетті. Бұл көрсеткішке Tesla компаниясы қарашада Маскқа ұсынған рекорд өтемақы пакеті кірмейді. Егер Tesla алдағы он жылда нарықтық капитализациясын сегіз еседен астам арттыру сияқты өршіл мақсаттарға қол жеткізсе, бұл пакет оған қосымша 1 триллион долларға дейін акция әкелуі мүмкін. Масктың құны жағынан екінші активі - оның SpaceX-тағы 42 пайыздық болжамды үлесі. Қазір ол Tesla активтерінен екі миллиард долларға ғана төмен болып, шамамен 336 миллиард долларға бағаланып отыр. Желтоқсанда іске қосылған жекеменшік тендерлік ұсынысқа сәйкес, компания 800 миллиард долларға бағаланған, ал тамызда бағалау 400 миллиард доллар болған. Сонымен қатар, Маскты әлемдегі алғашқы триллионер етуі мүмкін компания - Tesla емес, SpaceX. Компания 2026 жылы шамамен 1,5 триллион доллар бағалаумен IPO-ға шығуды жоспарлап отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Путин Макронмен қандай жағдайда сөйлесуге дайын екені айтылды Ресей президенті Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макронмен қандай жағдайда сөйлесуге дайын екені айтылды. Бұл туралы РИА Новости-ке Ресей мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ол Путинмен сөйлесуге дайын екенін айтты. Мұнда, сірә, президенттің тікелей желіде айтқан сөзін еске түсіру өте маңызды. Ол да Макронмен диалог жүргізуге дайын екенін білдірген. Сондықтан егер саяси тұрғыдан екітарап қаласа, мұны тек оң бағалауға болады", - деді Кремль өкілі. 19 желтоқсанда Брюссельде өткен ЕО саммитінен кейін Макрон Мәскеумен келіссөздер үшін қолайлы формат іздеу еуропалық елдердің мүддесінде екенін мәлімдеді. "Не қазіргі келіссөздер аясында ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізіледі", не болмаса "біз еуропалықтар үшін Ресеймен диалогты қайта жаңғыртудың жолдарын табамыз - ашық түрде әрі Украинамен ынтымақтастықта", - деді француз көшбасшысы. Макрон "Владимир Путинмен қайта сөйлесу пайдалы болады" деп атап өтті. Әйтпесе, оның айтуынша, еуропалық лидерлер өзара, сондай-ақ АҚШ өкілдерімен келіссөз жүргізуге мәжбүр болады, ал олар кейін жағдайды Мәскеумен өздері талқылайтын болады. Мұндай сценарий, Франция президентінің пікірінше, "жақсы емес". Франция президентінің бұл мәлімдемелері ЕО лидерлерінің шамамен 16 сағатқа созылған келіссөздері аяқталғаннан кейін айтылды. Саммит барысында Ресей Орталық банкінің мұздатылған шамамен 200 миллиард еуро резервінің тағдыры талқыланды. Алайда оларды тәркілеу жөнінде келісімге келе алмады. ЕО саммитінің қорытындысы бойынша Украинаға 90 миллиард еуро көлемінде пайызсыз репарациялық несие беру туралы шешім қабылданды. Бұл қаражат қарыз алу есебінен және Ресейдің егемен активтерін пайдаланбай-ақ ұсынылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық брейкингтен Дубайда өткен чемпионатта жеңіске жетті Қазақстанның брейкинг құрамасының көшбасшысы Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өткен WFADS әлем чемпионатында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. B-boy Amir ересектер арасындағы жарыста финалға дейін жетті. Шешуші бәсекеде Әмір Закиров АҚШ өкілі Мигель Росарионы (b-boy Gravity) жеңді. Ал қола жүлде Ресей спортшысы Руслан Файзрахмановқа (b-boy Ruslan Footrockets) бұйырды. Айта кетейік, 2024 жылы Әмір Закиров Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Қазақстандық спортшы 1/4 финалға дейін жетіп, жалпы есепте сегізінші орынды иеленді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "21 желтоқсанда Ақтөбе, Астана мен түнде Атырауда ауа райы қолайсыз болып, ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Аяз бен қар: жексенбіде ауа райы қандай болады? Синоптиктер 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар, бұрқасын. Ауа температурасы түнде 25-27 градус аяз, күндіз 22-24 градус аяз. Алматы - бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылу. Шымкент - құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, көктайғақ, тұман. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз. Түркістан - құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз қар. Кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз. Қонаев - құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1 градус аяздан 1 градус жылуға дейін. Талдықорған - бұлтты, кей уақытта қар. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз. Қызылорда - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар. Кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз. Тараз - құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылу. Ақтау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде 0-2 градус жылу, күндіз 2-4 градус жылу. Атырау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылу. Орал - бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз. Ақтөбе - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 21-23 градус аяз, күндіз 13-15 градус аяз. Қарағанды - құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, төменгі боран. Ауа температурасы түнде және күндіз 15-17 градус аяз. Жезқазған - құбылмалы бұлтты, түнде қар, төменгі боран. Ауа температурасы түнде және күндіз 15-17 градус аяз. Қостанай - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Ауа температурасы түнде 28-30 градус аяз, күндіз 18-20 градус аяз. Көкшетау - құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар, бұрқасын. Температура түнде 30-32 градус аяз, күндіз 19-21 градус аяз. Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 34-36 градус аяз, күндіз 21-23 градус аяз. Павлодар - бұлтты, қар, боран, екпінді жел. Ауа температурасы түнде және күндіз 22-24 градус аяз, әрі қарай төмендейді. Семей - бұлтты, қар, боран, көктайғақ. Күндіз екпінді жел. Ауа температурасы түнде және күндіз 7-9 градус аяз. Өскемен - бұлтты, қар, боран, көктайғақ. Ауа температурасы түнде және күндіз 7-9 градус аяз.
Қазақстан жаңа халықаралық ұйым құруды ұсынды Қазақстан жаңа халықаралық ұйым құруды ұсынып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Орталық Азия – Жапония" диалогының бірінші саммитінде сөз сөйлеген Президент Қазақстан үшін су саласындағы автоматтандыру мен цифрландыру бағытында Жапонияның тәжірибесі ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті. "Су үнемдеудің озық технологияларын алмасу, ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және Жерді қашықтан зондтау секілді аса маңызды шаралар қамтылатын Бірлескен су шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеуге болар еді. Қазақстан БҰҰ аясында жаңадан UN Water халықаралық ұйымын құруды ұсынды. Бұл су проблематикасымен айналысатын басқа да құрылымдардың күш-жігерін бір арнаға тоғыстырады", - деді Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаев жапониялық саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерін, кәсіпкерлер мен сарапшыларды келесі жылы сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Санкт-Петербургке барады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан Санкт-Петербургке барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Трамппен кездесті Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, оған сенім грамотасын табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. СІМ мәліметінше, салтанатты рәсім Вашингтонда 16 желтоқсанда өткен. Сенім грамотасы - бір мемлекет басшысының екінші мемлекетте өз дипломатиялық өкілін (әдетте елшіні) тағайындайтынын растайтын ресми құжат. Дипломат бұл құжатты қабылдаушы елдің басшысына жеке табыстағаннан кейін, ол өз міндетіне ресми түрде кіріскен болып есептеледі. Еске салайық, қыркүйектің аяғында Нью-Йоркке сапардан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Әшікбаевты қызметінен босатқан еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Техникалық ақаудың арқасында миллионер болған қазақстандық 10 жылға түрмеге қамалуы мүмкін Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында қазақстандық ер адамды Швециядан экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдікті 2018 жылы екінші деңгейдегі банктердің бірінің мобильді қосымшасында болған жүйелік ақауды пайдаланып, банк картасының ағымдағы шотындағы теңгерімнен асатын сомаларға ойдан шығарылған аударымдар жасаған. Соның салдарынан банкке 55 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл ол Швеция Корольдігінің аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Айта кетейік, Швециямен экстрадициялау туралы келісім болмаса да, 2023 жылдан бері бұл елден Қазақстанға 4 адам, оның ішінде жалған ақша жасау және алаяқтық үшін экстрадицияланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқaев Жапониямен визалық рәсімдерді жеңілдету туралы пікір білдірді Мемлекет басшысы Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдени мұрасы бай, табиғаты әсем. Бұл жапон туристерін қызықтырары сөзсіз. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Жапониялық туристер үшін Орта Азияның бірыңғай туристік маршрутын әзірлеген жөн деп есептеймін. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдеткен дұрыс. Бұл жапондық туристердің бір сапарда бірнеше елді аралап шығуына мүмкіндік береді. Ал біздің азаматтарымыз Күншығыс елімен етене таныса алады. Жапонияны Осака қаласында ЭКСПО 2025 көрмесін табысты өткізуімен тағы да құттықтаймын. "Көрме тақырыбын жан-жақты көрсету" номинациясы бойынша алтын жүлде иеленгендеріңізге қуаныштымыз". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді Қазақстанда 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға сапары барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз. Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды. Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым. Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев елімізде жапон университеттерінің бөлімшілерін ашуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Адам капиталы – дамудың басты қозғаушы күші. Жапония бұл формуланың дұрыстығын нақты дәлелдеді. Адам, еңбекке құрмет көрсету, ұдайы жетілуге ұмтылу, өмір бойы оқу, өскелең ұрпаққа білім беру – Сіздің мемлекетіңіздің артықшылығы. Қазақстан білім саласын белсенді дамытып жатыр. Әсіресе, шетелдік серіктестерімізбен бірге осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. Елімізде шет мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары табысты қызмет етіп жатыр. Жапонияға Қазақстанда университеттер мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент: “Қазақстан дәстүрлі қуат көзін игеру және өңдеу жобаларына жапон тәжірибесін тартуға мүдделі“ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан дәстүрлі қуат көзін игеру және өңдеу жобаларына жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Таза" энергетиканың дамуын ұзақ мерзімді стратегиялық басымдық ретінде қарастырамыз. Еліміз "жасыл" технологияларды қолдана отырып, дәстүрлі қуат көзін игеру және өңдеу жобаларына жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі. Геосаяси тұрақсыздық пен қуат көздеріне сұраныс ұдайы артып келе жатқан жағдайда әлем экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ететін көмірсутегі ресурстары айрықша маңызға ие. Біз теңгерімді әрі әділ энергетикалық жүйеге ауысу қажет деген ұстанымды қолдаймыз. Қазақстан көмір өндірісі бойынша әлемдегі он үздік елдің қатарына кіреді. Көмір еліміздің энергетикалық балансының шамамен 70 пайыз", - деді Президент. Сондықтан Қазақстан осы табиғи байлығымызды қуатты энергия көзі ретінде пайдалану үшін ең озық технологияларды тартуға бейіл. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Қазақстан мен Жапония сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан аса құжатқа қол қойды Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға баса мән беру қажет. Былтыр өзара сауданың көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді. Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Оның елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты. Қазақстан ұзақ уақыттан бері ірі жапон корпорацияларымен табысты қарым-қатынас орнатты. Біз елімізде еңбек етіп жатқан Жапонияның шағын және орта компанияларының қызметіне қолдау көрсетіп келеміз. "Орталық Азия – Жапония" форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтарға қол жеткізетінімізге сенімдімін. Жапонияға сапарымның аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар", - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда қар жауады, Астанада боран соғады: ауа райы болжамы Синоптиктер 20, 21 және 22 желтоқсанға арналған Астана мен Алматыдағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада ауа райы қандай болады? 20 желтоқсан: бұлтты, қар, боран, көктайғақ. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –7…–9°, күндіз –4…–6°. 21 желтоқсан: көшпелі бұлтты, түнде қар, боран. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –25…–27°, күндіз –18…–20°. 22 желтоқсан: көшпелі бұлтты, кей уақытта қар, төменгі боран. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –20…–22°, күндіз –8…–10°. Алматыда ауа райы қандай болады? 20 желтоқсан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Жел – солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –4…–6°, күндіз 0…+2°. 21 желтоқсан: бұлтты, қар, күндіз кей уақыттарда қатты қар. Кейде тұман, көктайғақ. Жел – солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°, күндіз 0…–2°. 22 желтоқсан: көшпелі бұлтты, түнде қар. Кейде тұман, көктайғақ. Жел – солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –5…–7°, күндіз 0…–2°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “Орталық Азия – Жапония“ диалогының бірінші саммитіне қатысады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Жапония" диалогының бірінші саммитіне қатысуға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Орталық Азия – Жапония" бірінші саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті. Айта кетейік, Қазақстан Президентінің Жапонияға ресми сапары жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Банк, МҚҰ немесе сақтандыру компаниясы құқығыңызды бұзса, не істеу керек? Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының бесінші сабағы, бұл жобада біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Құқықтарыңызды қорғау жолдары жайында әңгімелейміз.
Маңғыстау облысында “Келешек мектептері“ ұлттық жобасы сәтті аяқталды: 13-ші мектеп ашылды Ақтау қаласының 16 шағынауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында №35 жалпы білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды. Бұл – Маңғыстау облысында аталған жоба бойынша іске қосылған он үшінші мектеп. Жаңа форматтағы білім беру ұйымы 1 500 оқушыға есептелген. Жалпы аумағы 15 мың шаршы метрден асатын мектепте 77 пән кабинеті қарастырылған. Олардың ішінде дизайн және технология, тамақтану мәдениеті, визуалды өнер, үй мәдениеті, робототехника, STEM және музыка бағытындағы арнайы сыныптар бар. Білім ордасы заманауи оқу құрал-жабдықтарымен толық қамтылып, оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен зияткерлік дамуына қолайлы орта қалыптастырылған. "Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірімізде заманауи үлгідегі мектептер кезең-кезеңімен бой көтеруде. Бұл бастама балалардың сапалы білім алып, болашақ мамандығын ертерек таңдауына жол ашады. Жаңа мектептер тек білім беру орны емес, оқушылардың қабілетін ашып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын кеңістікке айналуға тиіс", – деді Нұрдәулет Қилыбай. Мектеп ғимараты ерекше білім беруді қажет ететін балаларға да бейімделген. Мұнда сенсорлық бөлме, инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті жұмыс істейді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін арнайы жеделсаты орнатылған. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектеп ішінде 126 бейнебақылау камерасы орнатылып, аумағында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынған. Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында 11 мыңнан астам оқушыға арналған 12 мектеп пайдалануға берілген. Осылайша, өңірде жоба аясында жоспарланған барлық 13 мектеп толық іске қосылды.
Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен аңшы өлі табылды Атырау облысында жоғалып кеткен аңшыны іздеу жұмыстары аяқталды. Ол бесінші күні өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық ТЖД мәліметінше, 19 желтоқсанда шамамен сағат 15:10-да іздестіру тобы Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан "Ботақан" кен орны аумағындағы қамыс арасынан жоғалып кеткен ер адамның мәйітін тапқан. Қосымша мәліметтер хабарланбады. Полиция департаменті қазіргі уақытта тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Еске салайық, 1964 жылы туған ер адам 14 желтоқсанда аңға кетіп, Атырау облысындағы "Ботақан" кен орны маңында хабар-ошарсыз кеткен. Аталған аумақ Құлсары қаласынан 65 шақырым, Атырау қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан. Ер адамның жоғалып кеткені туралы жазбаны әлеуметтік желілерде отбасының таныстары жариялаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Айзат Жұманованы айуандықпен өлтірді деген айыпталушы жанжалдың себебін атады Әйелі Айзат Жұманованы өлтірді деп айыпталған Айбар Жанболаттан сотта жауап алынды. Сотталушы оны ұрғанын мойындап, жазаға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айыпталушының айтуынша, жанжал оның қызғанышынан шыққан. 5–6 бөтелке сыра ішкеннен кейін үйіне барып, сол жерде жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Әйелінен күші едәуір басым болған ер адам үй ауласында әйелінің кеудесінен жұдырығымен ұрып, бірнеше рет шапалақпен ұрған. Айыпталушының сөзінше, әйелін үйге кіргізіп бара жатып, табалдырықта екеуі бірге құлап қалған. "Үйде мен оны ваннаға апардым, ол өзі жуынып, өзін ретке келтірді. Кейін жағдайы қатты нашарлап кетті, мен оған ашық түсті трико кигізіп, ауруханаға апаруды ұйғардым. Жедел жәрдемнің келуі көп уақыт алатын болғандықтан көрші Нұрсұлтаннан көмек сұрадым. Баласаз ауылымыз тауда орналасқан, аудан орталығынан бізге жету бір сағаттан да көп уақыт алады", – деді айыпталушы сотта. Оның айтуынша, көршісімен бірге Айзаттың өзін жолай жатқан Суықсай ауылына жеткізіп, ата-анасынан джип алып, әрі қарай аудан орталығы – Жансүгірова ауылына барған. Алайда аудандық аурухана жөнделіп жатқандықтан, әйелді Талдықорғандағы ауруханалардың біріне жеткізген, ол шамамен 100 шақырым жерде орналасқан. Ер адам әйелін өлтіру ниеті болмағанын, болған жайтты қызғаныштан туғанын түсіндірді. "Бұрын да арамызда кикілжің болған, бірақ қол көтеруге дейін барған емес. Мен оған күйеулерінен ажырасып, ішімдік ішетін құрбыларымен араласуға тыйым салдым. Олардың ықпалы маған ұнамайтын, мұны талай айттым. Мен оны жақсы көрдім, бірақ бұл жолы өзімді ұстай алмадым", – деді сотталушы. Прокурор мен жәбірленуші тарап өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, сотталушы әйелін өлтіруге қасақана ниеті болмағанын айтты. "Мен оны ұрғанымды мойындаймын және жаза тартуға дайынмын. Ал оны далада атқа байлап сүйреді немесе көлікпен сүйреді дегендердің бәрі өтірік", – деді ол. Айта кетейік, 19 желтоқсанда сотта Айзат Жұманованы ес-түссіз күйде әкелген ауруханадағы бейнебақылау камерасының жазбасы көрсетілді. Камерада әйелді кресломен ауруханаға кіргізіп әкелгені көрінеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Токиодағы Акасака мемлекеттік сарайына барды Қазақстан Президенті Жапония Премьер-министрінің атынан Орталық Азия елдері басшыларының құрметіне арналған ресми қабылдауға қатысу үшін Акасака мемлекеттік сарайына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевты Санаэ Такаичи қарсы алды. Мемлекет басшысы ертең "Орталық Азия – Жапония" диалогының бірінші саммитіне қатысады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Арзан шыршаға қызықпаңыз“: полиция қазақстандықтарға ескерту жасады Полиция қазақстандықтарды шыршаларды онлайн сатып алғанда сақ болуға шақырды. Мерекелер қарсаңында алаяқтық оқиғалары жиілеп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ІІМ мәліметінше, Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді. "Әлеуметтік желілерде бағасы арзан шыршаларды сату туралы хабарламалар пайда болады. Олар әдемі фотосуреттерді пайдаланып, алдын ала төлем жасауды талап етеді. Ақша аударылғаннан кейін "сатушылар" байланысты бірден үзеді", - делінген хабарламада. Полиция ескертеді: Белгісіз немесе жаңадан ашылған парақшалардан тауар сатып алмаңыз; Алдын ала төлем жасаудан, әсіресе жеке банктік карталарға ақша аударудан бас тартыңыз; Пікірлерді, жарияланымдарды және аккаунттың тіркелген күнін мұқият тексеріңіз; Нақты мекенжай мен байланыс нөмірінің бар-жоғын анықтаңыз; Өте төмен баға немесе төлемді жедел жасауға шақыратын ұсыныстарға сақтықпен қараңыз; Күмән пайда болса, сатып алудан бас тартқан жөн. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Айзат Жұманованың өлімі: ауруханада түсірілген жантүршігерлік кадрлар пайда болды Талдықорғанда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Айзат Жұманованың өлініме қатысты іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 19 желтоқсанда сотта іс материалдарын зерделеу барысында Айзат Жұманованың ауруханадағы видеосы көрсетілді. Еске салайық, қайғылы оқиға биыл 22 маусымда Жетісу облысының Ақсу ауданында болған. Тергеу деректеріне сәйкес, Баласаз ауылының тұрғыны Айзат Жұманова ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде көз жұмған. Кадрларда әйелдің ауруханаға қандай ауыр жағдайда түскені анық көрінеді. Айзатты медициналық мекемеге күйеуі мен енесі көршісінің көлігімен алып келген. Бүгін сотта марқұмның күйеуі — айыпталушы жауап берді. Сонымен қатар процеске тәуелсіз сот-медициналық сарапшысы Тахир Халимназаров шақырылған. Айта кетейік, Тахир Халимназаров бұған дейін Салтанат Нүкенова мен Шерзат Полаттың өліміне қатысты істерде сотта сарапшы ретінде қатысқан. Марқұмның туыстарының айтуынша, Айзат пен оның күйеуі арасында жанжал шығып, ер адам әйелін бірнеше сағат бойы аяусыз соққыға жыққан. Олардың мәлімдеуінше, жәбірленуші екі жасар қызының көз алдында аса қатыгездікпен соққыға жығылған. Сот-медициналық сараптама барысында Айзат Жұманованың ауыр жарақат алғаны анықталған: жабық бас-ми жарақаты, мидың ісінуі, бас сүйек негізінің, қол-аяқ пен жамбас сүйектерінің сынуы, сондай-ақ беттегі сырылған іздер тіркелген. Туыстары әйелді арқанмен байлап, далада сүйрегенін айтады. Ал күйеуі бұған дейін Айзаттың "селфи жасаймын деп терезеден құлап кеткенін" мәлімдеген. Алайда жақындары бұл нұсқаға сенбейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Алматыда БҰҰ университетінің филиалын құруды ұсынды Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройы ел ішіндегі жетістіктерімен тікелей байланысты екенін мәлімдеді. Президенттің пайымдауынша, тиімді дипломатияның өзегінде дәл осы жауапты ішкі саясат жатыр. "Мен білімнің және халықаралық деңгейдегі академиялық ықпалдастықтың дамуына айрықша мән беремін. Әсіресе, әлемнің өзгеруін жеделдететін бастамаларды қолдаймын. Бұл басымдықтар БҰҰ университетінің миссиясына толық сай келеді. Биыл Қазақстанда Орталық Азия және Ауғанстанға арналған БҰҰ орнықты даму орталығы ашылды. Қазақстан осы алаңның негізінде Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруға әзір. Оның қызметін, ең алдымен, су және климат қауіпсіздігі, қақтығыстарды реттеу, бітімгерлік, орнықты даму мен жасанды интеллектіні басқару мәселелеріне бағыттауға болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның БҰҰ университеті мен еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары арасында бірлескен зерттеу жүргізу, академиялық тәжірибе алмасу және маман даярлау бойынша институционалдық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының университеті – БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған жаһандық зерттеу және білім беру орталығы. Штаб-пәтері Токиода орналасқан университет құрамына әлемнің 12 еліндегі 13 институт кіреді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бұрын-соңды мұндай болмаған“. Тоқаев әлемде қақтығыстардың өршуіне алаңдаушылық білдірді Қазақстан Президенті әлемде қақтығыстардың өршуіне алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы дағдарыс белең алған және көпжақты ынтымақтастық тетіктері айтарлықтай әлсіреген қазіргі кезде әділетті әрі тұрақты әлем құру жөніндегі ой-пікірімен бөлісті. "Соңғы он жылда жер жүзінде қарулы қақтығыстар көбейіп, ушығып кетті. Әлемдегі әскери шығындар былтыр 2,7 триллион долларды құраған. Бұрын-соңды мұндай болмаған. Сонымен қатар алпауыт елдер арасындағы стратегиялық бақталастық шырқау шегіне жетті. Соның салдарынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қандай да бір ірі халықаралық қақтығыстарды шеше алмайтын дәрменсіз күйге түсті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің пікірінше, халықаралық қоғамдастық институттары тиімді қызмет етуі үшін өзара сенімді қалпына келтіруі қажет. "Стратегиялық сенімнің жаңа мәдениеті халықаралық ынтымақтастық пен ұжымдық шешім қабылдау үдерісінің негізі болуға тиіс. Осы ретте Қазақстан аталған қағидаттарды Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді алаңдар арқылы үнемі ілгерілетіп келеді. Бүгінгі сын-қатерлерге бірде-бір мемлекет жалғыз өзі төтеп бере алмайтыны рас. Тек түбегейлі және тиімді ұжымдық іс-қимыл ғана ұзақ мерзімді нәтиже береді. Бұл орайда БҰҰ халықаралық қатынастарды реттейтін әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек", – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы геосаяси тұрғыдан жікке бөлінудің күшеюі мен ірі державалар арасындағы сенімнің төмендеуі салдарынан БҰҰ мүмкіндіктері барған сайын шектеле түскеніне назар аударды. Сол себепті Ұйымды жан-жақты реформалау жай әңгіме күйінде қалмай, ортақ басымдыққа және стратегиялық қажеттілікке айналуға тиіс. "Кез келген маңызды реформа БҰҰ Жарғысына сай іске асырылуы керек. Егемендік, аумақтық тұтастық және дау-дамайды бейбіт жолмен реттеу секілді негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуға тиіс, ешкімге артықшылық берілмеуі қажет. Сонымен бірге Жарғының кейбір ережелері ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес келмейді. Соның ішінде Ұйымға айтарлықтай қолдау көрсетіп келе жатқан Жапонияға және басқа да елдерге қатысты әділетсіздік бар. Әлем өзгерді, ал Жарғы осы өзгерістердің соңынан ілесе алмай отыр. Жауапты диалогқа көшіп, келешекте құжаттың сенімділігі мен өзектілігін қамтамасыз етудің уақыты келді деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жайық өзені бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр Орал қаласы маңындағы Жайық өзені бойында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Бүгін бұл нысандардың құрылыс барысын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ардагерлер кеңесі өкілдері, қала әкімімен арнайы барып қадағалады. Өңір басшысы алдымен Орал қаласы, Круглоозерное ауылынан жоғары Жайық–Көшім суару-суландыру жүйесіне су алу құрылымы ауданында Жайық өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын қадағалады. Бұл құрылым облыстың 5 ауданын сумен қамтамасыз ететін маңызды гидронысан болғандықтан, Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінің бөгетсіз су алу аймағында өзен жағасын шайып кетудің алдын алу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында қолға алынды. Жоба аясында ұзындығы 1,928 км болатын жағалау бөлігі бекітіледі. Жобаны 2026 жылдың маусым айына дейін аяқтау жоспарланған. Одан кейін облыс әкімі Орал қаласы, Жайық өзені жағалауын Чичерная көшесінен Шамсудинова көшесіне дейін бекіту жұмыстары және Жайық өзені Шамсудинова көшесінен кемежайға дейін жағалауды бекіту жұмыстарын қадағалады. Жайықтың дәл іргесінде орналасқан аумақтар тұрғын үй көп және су тасқыны қаупі жоғары аймақ саналады. Осы қауіптің алдын алу мақсатында биыл жаз бойы жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жобалар өзен арнасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, 300-ден астам тұрғын үйді ықтимал апаттардан қорғау мақсатында қарастырылған. Жағалауды бетонмен бекітіп қана қоймай, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың жағада қауіпсіз әрі ыңғайлы жүруіне жаяу жүргіншілер жолы жасалып жатыр. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапары барысында мердігерлерге нақты тапсырмалар беріп, аталған жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
Тоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқыды Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды. "Осы айтулы оқу орнында аймақтағы елдер арасынан алғашқы дәріс оқыған Мемлекет басшысы атану – мен үшін зор мәртебе. Мұны халықаралық аренадағы рөлі артып келе жатқан Қазақстанға шынайы құрмет деп қабылдаймын. Сондай-ақ біздің мультилатерализмді ілгерілетуге әрі жаһандық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған табанды еңбегімізді мойындаудың белгісі ретінде қарастырамын. Біріккен Ұлттар Ұйымы менің өмірімде ерекше орын алады. Өйткені осы Ұйымда Бас хатшының орынбасары және Женевадағы өкілдіктің Бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымдарын атқару бақытына ие болдым", – деді Президент. Мемлекет басшысы Университет ұжымын оқу орнының құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтап, БҰҰУ-дың бүкіл халықаралық қоғамдастықтың игілігі үшін нақты шешімдер әзірлеуге қосқан үлесін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев өзі ұстанатын қағидаттар мен жапон этикасы арасындағы үндестікке тоқталды. Яғни үйлесімділік, даналық және жауапты көшбасшылық – шынайы күш-қуаттың қайнары. "Ханзада Сётоку VII ғасырда «үйлесімділік бәрінен биік бағалануға тиіс» деп жазды. Бүгінде бұл қағидат мемлекеттік басқаруда және халықаралық қатынастарда басты рөл атқарып, Қазақстанның сыртқы саясатында айқын көрініс тауып отыр", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Hitachi Construction Machinery компаниясының президентін қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Hitachi Construction Machinery компаниясының президенті Масафуми Сэнзакиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кездесу барысында қазақстандық тау-кен кәсіпорындарының жапондық компаниямен ынтымақтастығын кеңейту перспективасы қаралды. Мемлекет басшысы Hitachi Construction Machinery компаниясының өңірдегі басты серіктесі саналатын Қазақстан өзара тиімді байланыстарды тереңдетуге дайын екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, алдағы уақытта кен орындарының қажеттілігі үшін өндіріс локализациясы мен құрал-жабдықтарды жөндеу ісіне басымдық беру маңызды. Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру, «жасыл» технологияларды енгізу және дербес көлік жүйесі бірлескен жұмыстың перспективті бағыттары бола алады деп санайды. Масафуми Сэнзакидің айтуынша, компанияның басты мақсаты – жаһандық деңгейдегі, сонымен бірге Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру аясында жоғары технологиялы, төмен көміртекті, қауіпсіз шешімдер әзірлеу әрі оны өндірісте қолдану. Hitachi Construction Machinery – құрылыс және тау-кен техникаларын шығаратын әлемдегі жетекші кәсіпорындардың бірі. Компанияның экскаваторлары, карьерге арналған жүк көліктері және басқа да техникалары 150-ден аса елде, соның ішінде Қазақстандағы ірі кен орындарында жұмыс істейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды Жамбыл облысында шекарадан есірткі заттарын жасырын алып өтпек болған шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 14 желтоқсанда Жамбыл облысының "Айша-бибі" өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарының ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті. "Техникалық құралдарды қолдану арқылы көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды, олардың кейбіреулерінде "999" таңбасы болды. Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 келіден асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды", - делінген хабарламада. Тәркіленген заттардың ішінде: героин - 0,999 келі, апиын - 3,620 келі гашиш - 25,949 келі. Шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огаваны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуде Мемлекет басшысы Komatsu компаниясы еліміздің тау-кен инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі саналатынын атап өтті. Президент компанияның Астана қаласында техникаларды күрделі жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған өндірістік кешен салу туралы шешімін құптады. Хироюки Огава стратегиялық тұрғыдан маңызды нарық саналатын Орталық Азияның әлеуеті жоғары, мүмкіндігі мол екеніне тоқталды. Ол жаңа кешеннің аймақтағы тау-кен компанияларының техникаларын аз уақыт ішінде төмен бағада жөндейтін әрі оларға жедел сервистік қызмет көрсететін өңірдегі ірі хабқа айналатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан өндірісті локализациялауға, елдер арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін озық технологиялар алуға ниетті. Кездесу барысында маман даярлау мәселесіне баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясының елімізде операторларға, механиктер мен инженерлерге арналған аймақтық оқыту орталығын ашу туралы бастамасына қолдау білдірді. Сондай-ақ бұл жобаның адами капиталды дамытуға, өнеркәсіптік серіктестікті тереңдетуге зор үлес қосатынын айтты. Komatsu құрылыс, тау-кен, жол және индустрия салаларына қажетті техникалар өндіруге маманданған әлемдегі ең ірі машина жасау корпорацияларының бірі саналады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуде геологиялық барлау, аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды орнықты басқару бағыттарындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысы JOGMEC компаниясының Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отырғанын жоғары бағалады. Сонымен қатар әңгімелесу барысында ұйымның еліміздегі геологиялық барлау жобаларына қатысу және өкілдік ашу мүмкіндіктері қарастырылды. Президенттің пікірінше, бұл бірлескен жобаларды тиімді үйлестіруге, сондай-ақ Жапонияның өндірістік және технологиялық компанияларының Қазақстан нарығына көптеп келуіне ықпал етеді. JOGMEC – Жапонияның энергетикалық және минералды шикізат қауіпсіздігіне жауапты негізгі мемлекеттік институты. Ұйым мұнай, газ, сутегі, аммиак және сирек кездесетін металдардың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ететін мемлекеттік оператор міндетін атқарады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана тұрғындары “Атырау“ көпірінің жағдайына алаңдаушылық білдірді Астана тұрғындары "Атырау" жаяу жүргіншілер көпірінің жағдайына алаңдаушылық білдірді. Олар өткелдің фото және видеоларын редакцияға жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Куәгерлердің айтуынша, көпір қауіпті көрінеді. Видеода конструкцияның бір жағы тіреуге тимей тұрғаны байқалады. "Бұл – Орталық саябақтағы "Атырау" көпірі. Көпір конструкциясының бір жағы тірекке тиіп тұрған жоқ", – деп жазды оқырман редакцияның WhatsApp-нөміріне. Суреттерде көпірдің осы бөлігі көрсетілген. Астанадағы "Атырау" көпірі. Фото: Tengrinews.kz оқырманынан Әкімдікте не дейді? Tengrinews.kz бұл мәселеге қатысты әкімдікке сауал жолдады. Онда қазіргі уақытта "Атырау" көпіріне тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тексеру қорытындысы бойынша өткелдің нақты жағдайы және жөндеу қажеттілігі анықталады. "Тиісті қорытынды алынғаннан кейін қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемі жоспарланып, жүзеге асырылады", – деп сендірді әкімдікте. Айта кетейік, Астанадағы Орталық саябақта орналасқан "Атырау" жаяу жүргіншілер көпірі 2018 жылы салынған. Ол елорданың оң және сол жағалауын байланыстырады. Көпір Атырау облысы тарапынан 20 жылдық мерейтойға орай тарту етілген. Жобаның сол кездегі жалпы құны шамамен 6 миллиард теңге болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ақша немесе сурет жібер“: алаяқтар балаларды алдаудың жаңа тәсілін тапқан Әлеуметтік желі қолданушылары 12 жастағы қыздың интернет-алаяқтардың құрбаны болғаны туралы оқиғаны қызу талқылап жатыр. Туыстарының айтуынша, алаяқтар баланың телефонын TikTok арқылы бұзып, кейін оны ақша немесе интим суреттер талап етіп бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Қазақстандық қыз Threads-те жазба жариялаған. Оның айтуынша, алаяқтар балаларды әдейі TikTok арқылы нысанаға алады. Олар "ойынды бұзу", бонус алу, жабық функцияларға қолжеткізу сияқты түрлі уәдемен видео таратады. Мұндай видеоларда Telegram-чаттарға апаратын сілтемелер болады. Ол чаттарда балаларға "ID-доступ" немесе "верификациядан өту" ұсынылады. Алайда іс жүзінде бұл алаяқтарға баланың құрылғысын толық бақылауға мүмкіндік береді. Автордың айтуынша, дәл осындай тәсілмен оның 12 жастағы сіңілісі зардап шеккен. Алаяқтар құрылғы "бұзылды, жеке деректер біздің қолымызда" деп қорқытып, баланы бопсалай бастаған. Жазбада көрсетілгендей, телефонды "бұғаттан шығару" үшін қыздан 70 мың рубль (шамамен 450 мың теңге) немесе интим суреттер талап етілген. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде таралып, 600 мыңнан аса қаралым жинаған. Пікір қалдырғандар баланың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, ата-аналарды балалармен киберқауіпсіздік туралы жиі сөйлесуге шақырған. Балалардың құқығын қорғау комитеті не дейді? Tengri Life Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен пікір сұрады. Ведомство өкілдері бұл – балалар мен жасөспірімдерге бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа әрі қауіпті түрі екенін растады. Комитеттің мәліметінше, алаяқтар балаларды қызықтыратын ұсыныстары бар видеоларды таратып, олардағы сілтемелер арқылы Telegram-арналарға бағыттайды. Сол жерде "верификация", "ID-доступ" сынды әрекеттерді орындауды сұрайды. Телефонды бақылауға алғаннан кейін, алаяқтар балаға психологиялық қысым көрсетіп, жеке деректер қолға түсті деп қорқытады және ақша талап етеді. Аталған жағдай бойынша ақпарат ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментіне жолданып, бақылауға алынған. "Анықталған тәуекелдерге байланысты Балалар құқықтарын қорғау комитеті Ішкі істер министрлігінің Киберқылмыспен күрес департаментіне шұғыл түрде хабарласты. Бұл ақпарат қарастырылып, бақыланады", - деді департамент. Егер баланы бопсалап жүрсе, қайда жүгіну керек? Балалардың құқықтарын қорғау комитеті күмәнді контент немесе қорқыту жағдайында шұғыл түрде: e-Otinish порталы арқылы, құқық қорғау органдарына, 111 байланыс орталығына хабарласуға кеңес береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана мен Токио өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды Астана мен Токио өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан және Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Токио губернаторымен кездесу өткізді Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды. Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне тоқталды. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды, шаһарды басқару тиімділігін арттыруды және орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар, көктайғақ және боран: 19 желтоқсанда ауа райы қандай болады? Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі, таулы аймақтарда боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада күн бұлтты, қар жауып, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады. Алматыда түнде және таңертең қар жауып, тұман мен көктайғақ күтіледі. Шымкентте жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Жетісу облысының таулы аудандарында қар жауып, тұман мен көктайғақ болады. Алакөл маңында жел күшейеді. Түнде аяз -19°-қа дейін жетуі мүмкін. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі, көктайғақ пен тұман күтіледі. Ақтауда ауа температурасы +6…+8° дейін жылы болады. Ақтөбе облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ байқалады. Ауа температурасы түнде -3…-8°, күндіз -5° шамасында. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар, боран және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 20–25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде аяз -20°-қа дейін күшеюі мүмкін. Павлодар облысында қар мен бұрқасын болады. Түнде ауа температурасы -21°-қа дейін төмендейді. Қарағанды және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде -18°, күндіз -4…-13°. Шығыс Қазақстан және Абай облысында қар жауып, боран соғады. Кей аудандарда қатты аяз байқалады: түнде -28°-қа дейін төмендейді. Қызылорда облысының батысында аздаған қар жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде -9…-14°, күндіз -1…-6°. Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, боран соғады. Көктайғақ пен тұман күтіледі. Температура түнде -12°-қа дейін төмендейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Жапония 14 құжатқа қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Санаэ Такаичи Бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Санаэ Такаичи Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Екі елдің ресми делегация мүшелері 14 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда заңсыз салынған базар сүрілді Алматыда заңсыз салынған базар сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот шешімімен Рысқұлов даңғылы, 420 мекенжайында орналасқан "Үміт" базары сүріліп жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты. Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне тиісті құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген. 2025 жылы 22 шілдеде басқарма бұл нысанды сүру туралы талап-арызды Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдады. 2025 жылы 27 тамызда сот басқарманың талабын қанағаттандырды. Сот шешімін орындау аясында меншік иесі ғимаратты өз еркімен бұзуды бастады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана мен Алматыдағы екі университет студенттерінен туберкулез анықталды Астана мен Алматыдағы екі жоғары оқу орнының студенттерінен туберкулёз анықталды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болды? Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар хабарласып, Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бір студентінен туберкулёз анықталғанын айтқан. Олардың мәліметінше, студент шамамен екі аптадан бері ауырып жүрген, алайда оқу орны әдеттегі режимде жұмысын жалғастырып, карантин енгізілмеген. Сондай-ақ оқырмандар Астанадағы Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің бір студентінен де туберкулёздің ашық түрі табылғанын хабарлаған. Денсаулық сақтау министрлігі не дейді? Министрлік мәліметінше, туберкулёз тек екі студенттен – әр университеттен бір-бір адамнан анықталған. "Құрманғазы атындағы консерватория мен Гумилёв атындағы ЕҰУ студенттерінде тіркелген туберкулёз жағдайлары бойынша олардың оқу орнындағы және отбасындағы барлық байланыста болған адамдар тексерілді. Қазіргі уақытта туберкулёздің жаңа жағдайлары анықталған жоқ", – делінген ресми жауапта. Ведомство мәліметінше, екі студент те бекітілген стандартты хаттама бойынша ем қабылдап жатыр, жағдайлары қанағаттанарлық. Олар оқу орындарына бармайды және айналасындағылар үшін эпидемиологиялық қауіп төндірмейді, емді амбулаторлық жағдайда алып жатыр. Неге университеттер жабылған жоқ? Министрлік өкілдері туберкулёз карантин енгізілетін ауру тізіміне кірмейтінін түсіндірді. Сондықтан жоғары оқу орындарында шектеу шаралары қолданылмайды және оқу процесінің форматын өзгерту қажет емес. Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері Қазақстан бойынша жоғары және орта оқу орындарының 280 студентінен туберкулёз анықталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жапонияның премьер-министрі Такаичимен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қазақстан делегациясына қонақжайлық көрсеткен Санаэ Такаичиге ризашылығын білдірді. "Бұл сапар, шын мәнінде, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі. Біз Жапонияны әрқашан Азиядағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз деп санаймыз. Бүгінгі Жапония – ғасырлар бойы қалыптасқан даналық пен бірегей дәстүрді заманауи инновациямен үйлесімді жарастырған, дамыған мемлекет. Сіздің парасатты әрі мықты басшылығыңызбен еліңіздің халықаралық аренадағы рөлін одан әрі нығайтатын ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Біз Жапонияны алыстағы көршіміз, дегенмен жақын әрі сенімді досымыз деп жиі айтамыз. Өзара байланыстарымыздың тарихы тереңде. Бұған дейін Сіздің еліңізге төрт рет келген едім. Бұл – менің Президент ретіндегі алғашқы сапарым. Қазақ-жапон қарым-қатынасының берік институционалдық негізі қалыптасқан. Өзіңіз айтқандай, 2004 жылы Жапонияның сол кездегі Сыртқы істер министрі Кавагучи ханыммен бірге "Орталық Азия + Жапония" форматына бастамашы болдық. Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі алғашқы кездесу Астанада өтті. Бүгінде мұндай кездесулердің кеңінен танылғаны соншалық, ірі мемлекеттердің көбі "Орталық Азия плюс" платформасын құптайды. Бірақ Жапония бұл диалог алаңының алғашқы бастамашысы және негізін қалаушы болып қала береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Жапония Премьер-министрі Қазақстан Президентінің ресми сапары екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді. "Сізбен жүздескеніме қуаныштымын. Осыдан 21 жыл бұрын Сыртқы істер министрлерінің "Орталық Азия + Жапония" форматындағы алғашқы жиыны өткен еді. Оған Өзіңіз төрағалық еттіңіз. Бүгін, міне, "Орталық Азия + Жапония" форматындағы мемлекет басшыларының кездесуіне Президент лауазымында қатысқалы отырсыз. Қазақстанды заң үстемдігіне негізделген еркін әрі ашық әлемдік тәртіпті нығайту ісінде стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін Сізбен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз", – деді Санаэ Такаичи. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстарды дамыту перспективасы егжей-тегжейлі талқыланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте әлеуметтік-мәдени даму бағытындағы кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр 2025 жылғы желтоқсанда Шымкентте тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған әлеуметтік, мәдени, спорттық және инфрақұрылымдық маңызы бар бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды. Қалада жаңа жыл мерекесіне орай мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдау тетіктері мен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы толығырақ қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек баяндап берді. Жаңажылдық мәдени-көпшілік іс-шаралар Сәрсен Құранбектің сөзінше, желтоқсан айының басты мәдени оқиғаларының бірі – қаланың Бас шыршасын жағу салтанаты 21 желтоқсанда Астана алаңында өтеді. Сағат 19:00-де басталатын мерекелік кеш барысында жергілікті және елімізге танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Аталған іс-шараны өткізуге 9,1 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған. Ал 31 желтоқсан күні Астана алаңында жаңа жылға арналған гала-концерт пен мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Театрландырылған музыкалық қойылымдар, цирк өнері шеберлерінің өнер көрсетуі, танымал әншілердің жанды дауыстағы концерті және Мемлекет басшысының жаңа жылдық құттықтауынан кейінгі отшашу мерекелік кештің шарықтау шегі болмақ. Бұл іс-шараға 32,4 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Балаларға арналған жаңажылдық мерекелер Балаларға арналған мерекелік іс-шараларға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстан Республикасы Президенті атынан 22–24 желтоқсан күндері Астана қаласында өтетін республикалық "Жаңа жыл Республика төрінде" шырша мерекесіне Шымкент қаласынан өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар арасынан 5 оқушы қатысады. "Сонымен қатар, 25 желтоқсан күні қаладағы "Көрме орталығында" 300 балаға арналған "Ғажайыпқа толы жаңа жыл!" атты өңірлік шырша мерекесі ұйымдастырылады. Аталған шараға оқу озаттары, түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысады", - дейді қала әкімінің орынбасары. Оның сөзінше, әрбір балаға Қазақстан Республикасы Президенті атынан құны 120 мың теңгеден кем емес жаңажылдық сыйлық табысталады. Қаланы абаттандыру және инфрақұрылым Қала аумағында мерекелік безендіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп жатыр. Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау және Тұран аудандарында жаңа жылдық шыршалар орнатылып, орталық алаңдар, саябақтар, аллеялар мен көшелер жарық диодты шамдармен және кіші архитектуралық пішіндермен безендіріліп жатыр. Бұл жұмыстарға ондаған миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, мердігер мекемелер арқылы кезең-кезеңімен іске асырылып жатқаны айтылды. Сонымен қатар, Арбат аллеясында жеке инвестордың қаражаты есебінен жалпы аумағы 1830 шаршы метрді құрайтын ашық мұз айдынын орнату жоспарланған. Мұз айдынының ашылуы 20 желтоқсанға белгіленіп, ай сайын 50–60 мың тұрғынды қабылдайды деп күтіледі. Әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту Әкімдік мәліметінше, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жыл басынан бері Шымкент қаласында 13 мыңнан астам жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, олардың 6 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны, қоғамдық жұмыстар, кәсіпкерлікке оқыту және мемлекеттік гранттар беру тетіктері арқылы жастардың еңбек нарығына бейімделуіне қолдау көрсетіліп жатыр. Нәтижесінде, 2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша қаладағы 15–34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9 пайыз болды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік инфрақұрылым Денсаулық сақтау саласында да маңызды жетістіктер бар. Қалалық перзентханада сирек кездесетін туа біткен ақаумен дүниеге келген нәрестеге дер кезінде күрделі ота жасалып, сәби дәрігерлердің тұрақты бақылауымен сауығу кезеңінен өтіп жатыр. Сонымен қатар, №1 қалалық клиникалық аурухананың 1971 жылы салынған ғимараты толық күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи медициналық талаптарға сай жаңартылды. Жалпы құны 2,9 миллиард теңгені құрайтын жоба аясында инженерлік желілер толық ауыстырылып, аурухана 530 төсек-орынмен қала тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге дайын. "Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңарту аясында Көксай ауданын қайта жаңғырту тұжырымдамасы шеңберінде тағы 20 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды. Бүгінгі күнге дейін аталған бағдарлама аясында 103 отбасы жайлы баспанамен қамтылып, көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Сонымен қатар, "Ізетті зейнеткер" сауықтыру кешені арқылы 2025 жылы 7 282 зейнеткер шипажайлық ем қабылдады", - деді әкімнің орынбасары. Спорт саласындағы жетістіктер Спорт саласында да Шымкент қаласының жетістіктері назар аудартады. Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының бокс федерациясы Кубогінде Шымкент қаласының құрамасы командалық есепте жеңіске жетіп, ерлер мен әйелдер арасында бірнеше салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Қорытынды Жалпы алғанда, қала әкімдігі Шымкентте 2025 жылғы желтоқсанда жүзеге асырылып жатқан мәдени-көпшілік іс-шаралар, әлеуметтік қолдау шаралары, инфрақұрылымды жаңарту жобалары мен спорттық жетістіктер қала тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, қоғамдық бірлік пен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын баса айтты.
Жапония премьер-министрі Тоқаевты қарсы алды Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жапония Премьер-министрінің офисінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сенат депутаттары ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңды қабылдады Бүгін Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әңгіме архив ісітері туралы заң жобасына енгізілген түзетулер туралы болып отыр. Аталған заң Еңбек кодексіне, сондай-ақ 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау үшін жария кеңістік, сондай-ақ, масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн платформалар арқылы педофилияны, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпараттар орналастыруа тыйым салу туралы нормалар қарастырылды", - деп жазылған мәліметте. Қандай шектеулер енгізіледі Түзетулер күшіне енгеннен кейін елде әлеуметтік желілерде дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салынады. Сондай-ақ "дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттау" ұғымына нақты анықтама беріліп, оның БАҚ пен интернетте таралуына тыйым белгіленеді. Қазіргі уақытта ЛГБТ тақырыбына қатысты ашық көріністерді фильмдерден алып тастау мәселесі де талқыланып жатыр. Бұдан бөлек, жаңа түзетулердің әсері тойлар мен корпоративтік шаралар сияқты жаппай іс-шараларға да таралуы мүмкін екені бұған дейін хабарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Туды көлікке ілу заңға қайшы ма: министрлік мәлімдеме жасады Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мән-жайы Тәуелсіздік күні мерекесінде әлеуметтік желі қолданушылары туға көлік безендірген жүргізушілердің жол полициясы қызметкерлері тарапынан тоқтатылғаны туралы айтып жазған. Ішкі істер министрлігі осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған еді. Олар мемлекеттік туды көлікке ілу заң бұзу емесін айтып өтті. "Кейбір қазақстандықтар мерекелік шаралар кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, басқаларға кедергі келтіріп, көшелерді жауып тастаған", - делінген жауапта. Сонымен қатар, ІІМ көліктерді заңсыз тоқтату дерегі тексерілетінін және кінәлі полицейлердің жазаланатынын айтты. Министрлік ұстанымы қандай? Министрлік мемлекеттік туды көлікте орналастыру әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын растады. "Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды. Біз азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды қолдаймыз, бірақ ол қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асуға тиіс", - делінген жазбада. Сондай-ақ, олар мемлекеттік символдарды қолдану Қазақстан заңдарымен реттелетінін және министрлік олардың қолданылуын бақылауды жүзеге асыратынын еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор“. Тоқаев Жапония парламентінің мүшелерімен кездесті Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Достық лигасының қызметіне жоғары баға беріп, оны екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызды тетігі ретінде қарастыратынын атап өтті. "Еліміз Токиомен жан-жақты ықпалдастықты одан әрі арттыруға баса мән береді. Парламентаралық диалог тереңдей түсті. Түрлі деңгейдегі байланыстар тұрақты түрде жалғасуда. Сауда-экономика және инвестиция саласындағы екіжақты қатынастарымыз тың серпінмен дамып келеді. Жапония Қазақстандағы ірі инвестордың қатарына кіреді. Былтыр тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті. Бұл – Жапонияның Орталық Азия мемлекеттерімен жалпы сауда көлемінің 70 пайызынан астамы деген сөз. Сондай-ақ көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда нақты жобалар бар. Біз бүгін Император Нарухитомен кездесуде медицина саласы, су мәселесі бойынша пікір алмастық. Шын мәнінде екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор. Мәдени-гуманитарлық байланысымыз тереңнен тамыр тартады. Екі ел білім және ғылым, мәдениет пен өнер, спорт және туризм салаларында өзара тығыз ықпалдастық орнатты. Биыл Осакада өткен Дүниежүзілік көрме аясында қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуын атап өттік", – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы жаһандық өзекті мәселелерге қатысты Қазақстан мен Жапонияның ұстанымдары ортақ екеніне тоқталды. "Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясында бейбітшілікті қамтамасыз ету, ядролық қарусыздану мәселелері бойынша бір-бірімізді үнемі қолдап келеміз. Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығымыздың маңызды тетігі саналатын "Орталық Азия + Жапония" саммитіне айрықша мән береді. Премьер-министр Санаэ Такаичи ханыммен өтетін кездесуде бірқатар мәселені талқылаймыз. Бұл келіссөздер саяси диалогты тереңдетіп, экономикалық және гуманитарлық алыс-берісті жандандыруға жол ашады. Халықтарымыз өсіп-өркендеп, өзара тиімді қарым-қатынасымыз нығая береді деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты. "Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деп ойлаймыз. Жапон тарапы да үлкен мән беріп отыр. Бүгін Премьер-министрмен кездесемін. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор болатынына ешқандай күмән жоқ. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан өз дамуында жаңа кезеңге қадам басты. Биыл ел экономикасының өсімі 6 пайыздан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Дегенмен мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Инфляцияны төмендету, инфрақұрылымды жаңарту қажет. Қазақстан келешекте цифрлық елге айналуы керек. Алдымызда осындай үлкен мақсаттар тұр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Отандастарымыз арасынан Ritsumeikan Азия – Тынық мұхиты университетінің вице-президенті, профессор Серік Мейірманов, ARIA Consulting негізін қалаушы Арайлым Хасан, Showa және Juntendo медицина университеттерінің доценті Әбдібек Қалибек, Ailia компаниясында жасанды интеллект технологиясымен айналысатын инженер Эльдар Төлеубай сөз сөйлеп, өздерінің Күншығыс еліндегі жетістіктерімен бөлісті. Президент Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтарға табыс тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында жоғалған аңшы төрт күннен бері іздестіріліп жатыр Атырау облысында аңға шығып, хабарсыз кеткен ер адам төрт күннен бері іздестіріліп жатыр. Іздеу шараларына тікұшақ қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық ТЖД мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстары шамамен 100 шақырым радиуста үздіксіз жүргізіліп жатыр. "Операцияға ТЖД мен полиция департаментінің жеке құрамы, сондай-ақ жоғалған азаматтың достары мен туыстары жұмылдырылған. Жалпы саны 43 адам, 11 техника және үш ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Бүгін қосымша күштерді жұмылдыру жоспарланып отыр", - дейді ТЖД өкілдері. Сонымен қатар іздеу барысында EC-033 тікұшағы да пайдаланылғаны хабарланды. Еске салайық, 1964 жылы туған ер адам 14 желтоқсанда үйінен шығып, Ботақан кен орны маңында жоғалып кеткен. Аталған аумақ Құлсары қаласынан 65 шақырым, ал Атырау қаласынан шамамен 100 шақырым қашықтықта орналасқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңажылдық құттықтаулар: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады ІІМ мерекеде кезінде жалған ашықхаттар мен "тиімді" жеңілдіктерге сенбеуді ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. ІІМ мәліметінше, мереке қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді. Олар қауіпті файлдар тіркелген “жаңажылдық құттықтауларды” таратып, сондай-ақ бағасы әдейі төмендетілген сыйлықтар мен тауарлар туралы жалған хабарландырулар жариялайды. Ақша аударылғаннан кейін байланысты тоқтатады. "Алаяқтар анимациясы немесе музыкасы бар жарқын құттықтау жіберіп, файл арқылы парольдерге, банк карталарына және қосымшаларға қол жеткізеді. Сондай-ақ нарықтағы бағадан едәуір төмен бағада тауар немесе сыйлық ұсынады. Ақшаны шұғыл түрде аударуға көндіреді. Төлем жасалған соң хабарландыруды өшіріп, жауап бермейді", - делінген хабарламада. Алаяқтар жиі жалған аккаунттар мен қолдан жасалған пікірлерді пайдаланып, өзін сенімді сатушы ретінде көрсетеді. "Сондықтан бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармауды пікірлер мен аккаунттың тарихын мұқият тексеруді ескертеміз. Бейтаныс адамдардан келген файлдар мен сілтемелерді ашпай, apk кеңейтімі бар файлдарды бірден өшіргеніңіз абзал. Қауіпсіздік бәрінен маңызды. Өзіңізді және қаражатыңызды қорғаңыз", - деп ескертті ІІМ өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Токиодағы Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды. 1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан. Ғибадатхана түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің біріне айналдырған император Мейджиге арналған. Кешенмен танысқан соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. "Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін!" – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қонаевта ТЖ режимі жарияланды Қонаев қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімдік мәліметі бойынша, 12 желтоқсан түні Қонаевта дауылдан (желдің максимал жылдамдығы 25 метр секундқа дейін жетті) бірнеше тұрғын үй мен ғимаратың шатырлары зақымданып, көше жарығы бағаналары істен шыққан. "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес (құқық қорғау туралы заңдар, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң) Қонаев қаласының әкімі жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. 17 желтоқсаннан бастап жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай ресми түрде жарияланды", – делінген хабарламада. Зақымданған объектілерді жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстарын төтенше резерв қаражаты есебінен жүргізу жоспарланып жатыр. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қазір Қонаев қаласындағы жағдай тұрақты: электрмен қамтамасыз ету, су және жылумен жабдықтау қалыпты жұмыс істеп тұр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жапония Императоры Нарухитомен кездесті Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды. Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді. Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты. Мемлекет басшысы мен Император өзара ынтымақтастық мәселелері және халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында көпір құлады Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округі аумағында, Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар тасжолындағы көпір құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Келес ауданы әкімдігі мәлімтінше, жағдайға байланысты алдын ала қауіп белгілері анықталып, көпір арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылған. "Келес ауданы әкімдігі тарапынан тиісті қызметтер шұғыл түрде жұмылдырылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр. Ахуал толық бақылауда", - делінген әкімдік хабарламасында. Көпірді қалпына келтіру және көлік қатынасын қайта жолға қою мақсатында шұғыл ретке келтіру бойынша кешенді шаралар қабылданатыны айтылды. Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіз әрі үздіксіз қатынауын қамтамасыз ету үшін уақытша балама жолдар пайдаланылып жатыр. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Keles aýdany ákimdigi (@keles_aydany) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматылықтардың орташа жалақысы қандай? Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жыл басынан бері қала тұрғындарының орташа жалақысы қаншаға өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте Сатыбалды 2025 жылы Алматыда 92 мың жұмыс орны құрылғанын, олардың 87 пайызы тұрақты жұмыс орындары екенін атап өтті. "Қаладағы орташа айлық жалақы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 539 мың теңге болып, номинал мәнде 14,5 пайызға өсті және республика бойынша орташа деңгейден 29 пайызға жоғары болды", - деді Алматы әкімі. Еске салайық, қарашада премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин тоғыз айдың қорытындысы бойынша жалақының номинал өсімі 10 пайыз болғанын айтқан еді. "Жеке бизнес жалақы деңгейін белсенді көтеріп жатыр. Қазір орташа жалақы - 429 мың теңге. Бұл - 10 пайыздық өсім", - деген болатын вице-премьер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жапония императорының сарайына барды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императорының сарайына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысы бүгін Жапония императоры Нарухитомен және премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Атырау тұрғындарына ескерту жасады Атырауда қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылдың 18 желтоқсанында Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҮАААЖ-ға қосылатын жолдарды ұзарту: мән-жайы Алматы облысы аумағындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына қосылатын жолдарды ұзарту Алматы қаласының бюджеті есебінен жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкім бұл шешімді брифинг барысында түсіндірді. "Бұған байланысты Алматы облысы аумағында радиалды жолдарды ұзарту және жолайырықтарын салу туралы шешім қабылданды. Бұл жобалар Алматы қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) көлік байланысы жедел әрі агломерацияның өзара байланысы күшейеді", – деді әкім. Сондай-ақ, оның айтуынша, БРТ (жылдам автобус бағыты) желісін дамыту жалғасады. "Үш жаңа автобус паркін салу жұмыстары басталды. Автобус жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен демалысын қамтамасыз ету үшін 20 тұрақ-айналу алаңы салынады. Сонымен қатар көлікке ауысып мінуге арналған үш торап құрылып, бұл қала мен қала маңын байланыстыратын ыңғайлы ауысу нүктесіне айналады", – деп атап өтті Дархан Сатыбалды. Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық пайдалануға берілді, Абай даңғылы ұзартылып, қозғалыс ашылды, 35 шақырым жаңа автомобиль жолы салынды, сондай-ақ 281 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді. Алматыда үлкен айналма жолмен жүру қымбаттайды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (БАКАД) жүру ақысы екі есе қымбаттайды. Баға қалай өзгереді? Жеңіл автокөліктер үшін төлем 0,07-тен 0,14 МРП-қа өседі – бұл жолда 1 сағат жүргені үшін шамамен 605 теңге болады. Анықтама: 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (МРП) 4 325 теңге болады. Басқа санаттағы көліктер үшін де баға пропорционал өседі. Мысалы: 16 орынға дейінгі автобус үшін жолақы – 0,16 МРП, яғни 692 теңге; 15 тоннадан ауыр жүк көліктері үшін – 0,44 МРП, шамамен 1 903 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Депутаты руларды салыстыратын қауіпті үрдіс туралы айтты Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Ол руға бөліну қоғамда күшейіп бара жатқанын айтып, мұны насихаттайтын трендтерті қауіп ретінде бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауалда жекелеген контент өндірушілер мен кәсіпкерлердің ру атауын күнделікті тұтынатын өнімдерге (футболка, шапан және т.б.) жазып, оны "бренд", "маркетингтік өнім" ретінде сатуы сынға алынады. Депутат мұндай әрекеттердің жастар арасында рушылдық психологияны күшейтіп, ұлттық тұтастыққа сызат түсіруі мүмкін екенін атап өтеді. "Бұл ұлттың бірлігін ішінен құртатын қауіпті тенденция киноға да жетті. Осындай келіссіз, қажетсіз тақырыпты арқау еткен арнайы фильм прокатқа шығыпты. Бұл арқылы кино түсірушілердің не айтпақ болғаны түсініксіз?! Қазақтың руларын салыстыратын, кемсітетін фильмдердің мақсаты қандай? Тіпті бұл фильмді жарнамалау үшін жасалған арнайы экзпозицияда руға бөлінуді қойып, Қазақстанның картасын үш жүзге бөліп қойғанды көрдік. Бұл не деген бассыздық? Ол – ұлт үшін ең сезімтал тақырыпты айқайлатып әлеуметтік контент, кино тақырыбына айналдырып, көрермен жинау. Түбі бұл жақсылыққа әкелмейді", - дейді ол. Ерлан Саиров қоғамдағы рушылдықты күшейтетін идеологиялық өнімдерге тосқауыл қою үшін бірқатар қадам ұсынады: Кинопрокатқа шығатын отандық фильмдерді алдын ала сараптайтын тұрақты комиссия құру, көркемдік-эстетикалық, идеологиялық және ұлттық бірлік тұрғысынан бағалайтын тетік қажет екенін айтады. "Ұлттық код", "мәдени ерекшелік" ұғымдарын желеу етіп, қоғамды бөлшектеуге бағытталған әрекеттерге нақты тосқауыл қою, рушылдық пен жікшілдікті насихаттайтын контентке жүйелі түрде шектеу енгізуді ұсынады. Бірлікті нығайтатын жалпыұлттық контентті көбейту, мәдениетте және әлеуметтік желілерде Қазақстан халқының тұтастығын айқындайтын, "Біз Қазақпыз" мағынасына жақын контентті арттыру қажет екенін жеткізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңа заңға қол қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда қар жауып, Астанада боран соғады: ауа райы болжамы Синоптиктер 18, 19 және 20 желтоқсанда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада 18 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, кей уақытта аздаған қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде 16–18, күндіз 12–14 градус аяз. 19 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, күндіз қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 12–14, күндіз 6–8 градус аяз. 20 желтоқсан – бұлтты, кей уақытта қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 метр. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 6–8 градус аяз. Алматыда 18 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-батыстан секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде 1–3 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы. 19 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, боран, тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8, екпіні 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде 5–7, күндіз 3–5 градус аяз. 20 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, боран, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8, екпіні 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде 5–7, күндіз 0–2 градус аяз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа жылдық дастарханның құны есептелді Үкіметте Жаңа жыл дастарханына алынатын негізгі өнімдердің бағасына талдау жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Азық-түлік бағасы айтарлықтай өскен. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Сауда және интеграция министрлігінің сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев мәлімдеді. Төрағаға жаңа жылдық дастарханға қойылатын тағамдары қымбаттауы мүмкін бе деген сұрақ қойылды. Ол талдау сұранысқа ие өнімдер бойынша жүргізілгенін айтты. "Азық-түлік себетіне қатысты - мұндай талдау жүргіздік. Егер жаңа жылдық себетке алынатын 37 атаулы өнімді алсақ, оның ішінде екі ыстық тағам - тауық еті мен ет бар. Былтыр бұл шамамен 68 мың теңге болды. Қазір - 70 мың теңге шамасында", - деді Жәутікбаев. Оның айтуынша, баға өсімі қалыпты сипатта және жаппай баға өсіп жатқан жоқ. "Кейбір тауарлар арзандады, кейбірі керісінше сәл қымбаттады, динамика осындай", - деді Сауда комитетінің басшысы. Ведомство жалпы алғанда азық-түлік нарығындағы жағдай "тұрақты екенін", ал Жаңа жыл дастарханына арналған тауарлар бойынша бағаның күрт өспегенін атап өтті. Контекст Қазақстандықтарға Жаңа жыл дастарханына жалақысының жартысын жұмсауға тура келе ме? Бұған дейін Үкіметте журналистер бұл сұрақты сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековке қойған. Ол кезде ол бәрі "ниетке және қалтаға" байланысты екенін айтқан. Сондай-ақ, журналистер желтоқсанда бағаның өсуі туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен сұраған. Ол Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік күрт қымбаттамайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, тек "әдеттегі қалыпты өсім" болуы мүмкін, бірақ күрт өспейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мобильді аударымдар 1 қаңтардан бастап қандай жағдайда тексеріледі? Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары қандай жағдайда бақылауға алынуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Егер үш ай қатарынан жеке тұлғаға 100 түрлі адамнан аударым түссе. Яғни қаңтарда – 100 адамнан, ақпанда – 100 адамнан және наурызда – 100 адамнан. Осы үш айдың ішінде 100 түрлі адамнан аударым түсіп, сонымен қатар аударылған ақшаның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса, тек осы жағдайда ол салықтық бақылауға алынады", - деді Биржанов. Оның айтуынша, бұл талаптардың ешқайсы жеке-жеке негіз болып саналмайды, барлығы бір мезгілде орындалуы тиіс. Банктер мен салық органдары не істейді? Вице-министрдің айтуынша, екінші деңгейлі банктер мұндай ақпаратты фискалдық бақылау аясында ұсынатын болады. Бұл ретте шоттарды бұғаттау немесе жабу туралы сөз жоқ. "Екінші деңгейлі банктер мұндай деректерді фискалдық бақылау үшін береді. Жеке тұлғалардың шоттары жабылмайды. Біз анықталған сәйкессіздіктер бойынша хабарлама жолдаймыз, содан кейін оны жеке кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігін анықтаймыз. Мүмкін, өзге де жағдайлар бар шығар, мысалы, қайырымдылық сияқты, мұның бәрі ескеріледі. Шоттарды автоматты түрде жабу көзделмеген", - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Таза парақтан бастаймыз“ - Қаржы министрлігі салық реформасы туралы Қазақстанда жаңа Салық кодексіне өту үшін микро және шағын бизнесті қорғауға бағытталған шаралар пакеті қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін үкіметте қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты. "Жаңа Салық кодексіне икемді өту үшін, микро және шағын бизнес зардап шекпес үшін оператив шаралар қабылданды. Олар бекітілді және осы аптада бұл өзгерістер туралы тағы бір рет жариялаймыз", - деді ол. Вице-министр салық реформасы аясында күшіне енетін негізгі шешімдерді атады. Біріншіден, микро және шағын бизнес қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркелмегені үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. "Бұл үлкен мәселе болды. Қазіргі уақытта салық төлеушілермен сот тәртібінде өтіп жатқан көптеген даулар бар", - деді Біржанов. Екіншіден, жаңа жылдан бастап негізгі салық қарызын төлеу шартында айыппұлдар мен санкцияларды кешіру енгізіледі. Тағы бір принципиалды шешім — өткен салық кезеңдері бойынша тексерулерден бас тарту. "Біз өткен кезеңдерге камеральдық бақылауды тоқтатамыз. Яғни, 2026 жылы 2023, 2024 және 2025 жылдарға камеральдық бақылау туралы хабарламалар шығарылмайды", - деп түсіндірді вице-министр. Сонымен қатар, осы жылдарға салықтық тексерулер де жүргізілмейді. "Яғни, біз таза парақтан бастаймыз", - деп қосты Ержан Біржанов. Салық органдары микро және шағын бизнеске қатысты өткен кезеңдердегі мәмілелер бойынша сот істерінен бас тартады. "Бұл жаңалықтар микро және шағын бизнесті қолдауға бағытталған", — деп қорытындылады қаржы вице-министрі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ары қарай күтуге болмайды“ - Тоқаев жобалардың созылуы туралы Астанада мерекелік іс-шара өтті, онда Президент энергетика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президенттің пікірінше, Қазақстанның табиғи ресурстарын және өндірістік әлеуетін ескерсек, біз электр қуатын басқа елдерден сатып алмауымыз керек. "Түптеп келгенде, бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұдан бөлек, еліміздің зор энергетикалық мүмкіндігін тиімді қолдану қажет. Мысалы, Қазақстан – көмірге бай ел. Жыл сайын 110 миллион тоннадан астам көмір өндіріледі. Осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдаланған жөн. Біз заманауи үлгідегі "таза көмір" технологиясына тезірек көшуіміз керек. Сол арқылы көмір станцияларының тиімділігін арттыра түсеміз. Бұдан бөлек, Курчатов қаласында жылу электр станциясын, Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу қажет. Осы нысандардың барлығына "таза көмір" технологиясын енгізу керек. Шындығын айтсақ, бұл жобалардың жүзеге асуы әбден созылып кетті. Енді ары қарай күтуге болмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ауаның ластану деңгейін төмендетеді“ - Тоқаев үкімет пен Алматы әкімдігіне мақсат қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласын дамытудың алдағы уақыттағы бірқатар мақсаттарын белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Қазақстанның энергетикалық әлеуетін нығайту – басымдыққа ие міндет. Биыл батыс аймақтардың электр желісін күшейтетін бірегей жоба аяқталады. Бұл жоба Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының энергетикалық тораптарын біріктіреді. Енді осы тораптарды бірыңғай ұлттық энергетика жүйесіне жалғау қажет. Елімізде басқа да ірі жобалар қолға алынып жатыр. Атап айтқанда, Екібастұздағы екінші ГРЭС-те жаңа энергоблоктар салынады. Сондай-ақ үшінші ГРЭС-тің құрылысы басталмақ. Бұл нысандар еліміздегі энергетика жетіспеушілігін жоюға тиіс. 2026 жылы Алматыдағы электр станцияларын жаңғырту – Үкімет пен әкімдік алдында тұрған маңызды мақсат. Сол арқылы ауаның ластану деңгейін төмендетіп, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту қажет. Бұған қоса, келесі жылы Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ қондырғысы бар электр станцияларын толық іске қосу керек. Біз 2035 жылға дейін 26 гигаваттан астам қуат көзін өндіретін нысандарды іске қосуды жоспарлап отырмыз", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жауапкершілігі зор жұмыс“. Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін құттықтады Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. "Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Салық органдары қазақстандықтардың декларациясын өздері толтырады, бірақ шарты бар Қазақстанда салық органдары алдын ала толтырылған декларацияға көшуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алғашқы кезеңде бұл (2026 жылдан бастап) шағын бизнесті қамтиды. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, алдын ала толтырылған декларацияларға көшу – бизнестің бастамасы емес, салық әкімшілігін цифрландыруға бағытталған жаһандық тренд. "Бұл бизнестің қалауы емес, бәрі осыған келеді. Әлем цифрландыруға бет алды. Жаңа Салық кодексі шеңберінде алдын ала толтыру элементтері қарастырылған. Келесі жылдан бастап шағын бизнес үшін алдын ала толтырылған формаларды ұсынамыз, ал болашақта бұл функцияны кеңейтеміз", - деді Біржанов. Вице-министрдің сөзінше, ірі бизнес үшін "Көлденең мониторинг" жобасы іске қосылған. Жоба шеңберінде салық органдары мен компаниялар онлайн деректер алмасу режимінде жұмыс істейді. Ірі кәсіпорындар барлық ішкі есеп пен құжаттарын ұсынады, сонда кейін декларация тапсыру қажеттілігі болмайды. Сонымен қатар, алдын ала толтырылған декларация салық төлеушінің жауапкершілігін толық мемлекетке аудару дегенді білдірмейді. Деректер салық органдары мен басқа мемлекеттік және қаржы институттарынан алынған ақпарат негізінде құрастырылады және салық төлеушіге қызмет ретінде ұсынылады. Салық төлеуші декларацияны қабылдап, түзетулер енгізе алады. Біржановтың айтуынша, алдын ала толтырылған форма шамамен 90 пайыз дайын болады, бірақ түзетулер енгізу құқығы сақталады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Токио көшелеріне Қазақстанның туы ілінді Токио Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына орай Токио көшелерінде Қазақстан мен Жапонияның тулары ілінді. Сапар аясында Император Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қонаевта төтенше жағдай режимі енгізілмек Қонаевта төтенше жағдай режимін енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қала әкімінің тиісті шешім жобасы 2025 жылғы 16 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін енгізу күшті желдің салдарынан Қонаевта көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларының бұзылуына байланысты жоспарланып отыр. ТЖ режимі енгізілген кезеңде қаладағы зақымданған үйлердің шатырларын қалпына келтіру көзделген. Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай режимін енгізу әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де теріс салдарға алып келмейді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Қонаев қаласының әкімдігі (@qonaev_akimdigi) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда пәтерден ер адам өлі табылды Атырауда пәтерден ер адам өлі табылды. Тұрғындардың айтуынша, мәйіттің пәтерде жатқанына 21 күн өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атырауда Береке ықшамауданы, № 24 үйде ер адамның сүйегі табылды. Тұрғындардың айтуынша, мәйіттің пәтерде жатқанына 21 күн өткен. Ал оның өлгені туралы туысқаны іздеп келгенде белгілі болған. "Иіс бүкіл кіреберісті алып кетті. Біз өз күшімізбен адам жалдап, тазалап, хлор, "Белизнамен" жудық. Сонда да иіс кетпей тұр. Біз маманы болмағасын, не қолданған дұрысын білмейміз", - дейді көршілердің бірі. Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер немесе мамандандырылған ұйымдар оқиға орнына келмеген, ресми дезинфекция жүргізілмеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы бала туу және бала күтіміне берілетін жәрдемақылар мөлшері аталды 2025 жылы Қазақстанда бала босану және баланы бір жарым жасқа толғанға дейін күтуге байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді 535,4 мың адам алды. Төлемдердің жалпы көлемі 749 миллиард теңге болған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақы Жыл басынан бері республикалық бюджеттен бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақыны 312,2 мың адам алды. Бұл мақсатқа 56,4 миллиард теңге бөлінген. Тек қараша айында 26,1 мың адамға 4,8 миллиард теңге төленген. Аталған жәрдемақы бала туған, асырап алған немесе қамқоршылыққа алған Қазақстан азаматтарына, қандастарға және елімізде тұрақты тұратын шетелдіктерге тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты есептеледі: бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК (149 416 теңге); төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК (247 716 теңге). Бала күтіміне арналған жәрдемақы Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын азаматтарға бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақы төленеді. 2025 жылдың басынан бері бұл төлемді орта есеппен 125 мың адам алып, жалпы сомасы 40,2 миллиард теңге болды. Қарашада 127,8 мың адамға 3,7 миллиард теңге төленген. Ай сайынғы жәрдемақы мөлшері: бірінші балаға – 5,76 АЕК (22 648 теңге); екінші балаға – 6,81 АЕК (26 777 теңге); үшінші балаға – 7,85 АЕК (30 866 теңге); төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК (34 995 теңге). 2025 жылдың басынан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақы 6,5 пайызға индекстелді. Жұмыс істейтін ата-аналарға арналған әлеуметтік төлемдер Жұмыс істейтін азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алуға байланысты біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның мөлшері соңғы 12 айдағы орташа табысқа және декреттік демалыс күндерінің санына байланысты есептеледі. Жыл басынан бері мұндай төлемді 187,2 мың адам алып, жалпы сомасы 260 миллиард теңге болған. Қарашада 15,3 мың адамға 14,6 миллиард теңге төленді. 11 айдағы орташа төлем мөлшері – 1,43 миллион теңге. Бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын табысынан айырылу жағдайы бойынша төлем қарастырылған. Бұл төлем соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады. Егіз немесе одан көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке төленеді. 2025 жылдың 11 айында бұл төлем 223,2 мың адамға тағайындалып, жалпы сомасы 392,4 миллиард теңгеге жетті. Қарашада 14,9 мың алушыға 33,8 миллиард теңге төленген. Орташа айлық төлем – 86 221 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қаржы пирамидасын қалай танимыз? Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының төртінші сабағы, бұл жобада біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Бұл материалда қаржы пирамидасының қатысушысына айналмау жолдарын айтамыз.
Ақтау тұрғындары жағымсыз иіске шағымданды: тексеріс басталды Ақтау және оған жақын елді мекен тұрғындары ауадағы мұнай өнімдерінің иісіне шағымданды. Кейін экологтар тексеріс жүргізіп, көміртек тотығы шамадан асып кеткенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. Маңғыстау облысының экология департаментінің мәліметінше, атмосфералық ауа мониторингі 15–16 желтоқсанда қаладағы жағымсыз химиялық иіске қатысты көптеген шағымнан кейін жүргізілген. Бөгде иістің бар екені расталған. "Иіс өнеркәсіптік аймақтар, соның ішінде "Рекон" базасы ауданынан шыққан деген болжам бар. Сол жерде көміртек тотығы (CO) бойынша шекті рұқсат етілген нормадан (ШРК) асып кеткен. Алайда түнде кәсіпорын аумағына кіру мүмкін болмағандықтан, нақты шығарындылар орны анықталмады", - деп хабарлады экология департаменті. Сондай-ақ, өлшеу жүргізілген нүктелердің бірінде көміртек тотығының концентрациясы шекті рұқсат етілген мөлшерден 5 есе жоғары болғаны айтылды. Мұндай жағдайда адамдарда бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну, бас айналу, тез шаршау сияқты белгілер байқалуы мүмкін. Әсіресе балалар, қарттар және жүрек-қантамыр аурулары бар адамдар сезімтал келеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда сиыр етін экспорттауға шектеу қойылды: министр себебін түсіндірді Қазақстаннан сиыр етін әкетуге неге шектеу қойылды және бұл шара нарық пен цехтерге қалай әсер етуі мүмкін? Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров депутаттық сауалға берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Контекст Қазақстанда 31 желтоқсанға дейін сиыр етін сыртқа шығаруға квота енгізілді. Шектеулер ірі қараның жаңа сойылған, салқындатылған және мұздатылған етіне қатысты. Квотаның жалпы көлемі - 13 мың тонна. Бұл ережелер етті ЕАЭО елдеріне де, сондай-ақ үшінші елдерге де экспорттауға қолданылады. Себебі неде? Ауыл шаруашылығы министрлігі квота енгізу мен ет экспортына бақылауды "ішкі нарықта ет тапшылығына жол бермеу және сиыр еті бағасын тұрақтандыру" үшін қажет шара деп атайды. Олардың мәліметінше, бұл қадамдар нарықтың бәсекеге қабілеттігіне әсер етпейді. "Енгізілген тәсіл олигополия құруға немесе бәсекені шектеуге бағытталмаған. Керісінше, оның мақсаты - саланың толық циклін қамтитын, сиыр етін өндірудің өркениетті, ашық және жауапты моделін қалыптастыру", – делінген жауапта. Министрлікте жаңа шаралар цехтердің малды көрші елдерге қайта сатып, өткізудің алдын алатынын айтты. Бұған дейін компаниялар мал сатып алып, бордақыламай-ақ етті сыртқа шығарып отырған, соның ішінде Өзбекстанға да экспорттаған. АШМ атап өткендей, бұл нарықты бұрмалап, ел ішінде сиыр еті бағасының қымбаттауына әкелген. "Осылайша, квоталау мал өсірумен және бордақылаумен айналыспайтын, тек жануарларды қайта сатып өткізетін экспорттық делдалдарды нарықтан шығарып тастауға бағытталған. Олардың қызметі сиыр еті бағасының негізсіз өсуіне әкеліп, саланың дамуына ықпал етпейді", – деп мәлімдеді министрлік. Субсидиялар туралы Сондай-ақ, министрлік аграрийлерге субсидиялар қарастырылғанын хабарлады. Мемлекет асыл тұқымды мал сатып алуға кеткен шығынның бір бөлігін өтейді. Мысалы: отандық шыққан бір басқа - 260 мың теңге, ТМД елдері мен Украинадан әкелінген малға - 390 мың теңге, Еуропа, Америка және Австралиядан әкелінген малға - 525 мың теңге төленеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстаулық аңшы Каспий жағалауынан әуебомбасын тауып алды Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында аңшы Каспий жағалауынан оқу-жаттығуға арналған әуебомбасын тауып алды. Оқиға орнына полиция келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 15 желтоқсанда шамамен сағат 10:00-де Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының 102 кезекші бөліміне күмәнді зат табылғаны туралы хабарлама түскен. Оны аңшы жағалау сызығынан шамамен 200 метр қашықта, Ақтаудан 39 шақырым жерде тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, табылған нысан - коррозия басқан П-50-75 маркалы оқу авиациялық снаряды. Оқиға орнына жедел түрде Түпқараған ауданы полиция қызметкерлері, сондай-ақ №25744 әскери бөлімнің минасыздандыру тобы барған. Табылған зат белгіленген тәртіппен тіркелді. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр, болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Орталық Азия елдері мен Корея депутаттары бірлескен жұмыс жоспарын белгіледі Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері және Корея Республикасының парламенттері спикерлерінің үшінші кездесуіне қатысты. "Адами қадір-қасиет, әлеуметтік әділдік пен қоршаған ортаны қорғау жолындағы ынтымақтастық" тақырыбында өткен пленарлық сессияда Мәжіліс төрағасы ұсынылған күн тәртібінің өзектілігін атап өтті. "Бүгінгі кездесудің тақырыбы – Қазақстан үшін өте жақын әрі маңызды. Адами қадір-қасиет, әлеуметтік әділдік пен қоршаған ортаны қорғау елімізде іске асып жатқан реформалармен толық үндесіп, біте-қайнасып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр бастамасының негізінде осы мызғымас принциптер тұр. Әділеттілік идеясы – ұлттық идеологиямызға айналды. Өз кезегінде, бұл қағидалар – аймағымыздағы, тіпті әлемдегі тұрақты даму мен қауіпсіздіктің кепілі. Сондықтан бұл кездесу "Орталық Азия – Корея Республикасы" форумының күн тәртібін жаңа маңызды бағыттарымен кеңейте түсті", – деді Ерлан Қошанов. Мәжіліс спикерінің пікірінше, адамның қадір-қасиетін құрметтеу Орталық Азия халықтарына ежелден тән қасиет. Өңір өзге халықтардың мәдениетіне, дініне және дәстүріне гуманизммен қарап, ашықтықтың үлгісін көрсетіп келеді. Тауқыметті кезеңдерде бұл жер тұтас этностар паналаған мекенге айналды. Осы қасиеттерді сақтап, оны келер ұрпақтың бойына сіңіру қажет. Ерлан Қошанов әлеуметтік әділдік Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі қағидаты екеніне және осы принцип заңнамалық деңгейде барлық азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып отырғанын атап өтті. Мәжіліс спикері цифрландыру мен жасанды интеллект мәселесіне ерекше көңіл бөліп, Президенттің Қазақстанды үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру туралы стратегиялық мақсаты туралы атап өтті. Өңірдегі негізгі экологиялық сын-қатерлер ретінде Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, Аралдың тартылуы және су ресурстарының тапшылығы аталды. Мәжіліс төрағасы экология мәселелері бойынша өзара байланысты күшейтіп, бірлескен ғылыми зерттеулерді көбейту қажеттігін атап өтті. Әріптестерін 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке шақырды. Қатысушылар Орталық Азия елдері мен Корея арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң қарқынын атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша Бірлескен декларация қабылдады. Форум аясында Мәжіліс спикері шетелдік әріптестерімен парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Парламентарийлердің төртінші кездесуін 2026 жылы Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр.
ЮНЕСКО-ның басшысы Тоқаевқа хат жолдады Мемлекет басшысына ЮНЕСКО бас директорынан хат келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ЮНЕСКО бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген. Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті. Сонымен қатар, ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Рахмоновтың рейтингтегі орны өзгерді: не белгілі? Ultimate Fighting Championship (UFC), әлемдегі ең ірі MMA ұйымы, үздік жауынгерлер рейтингін жаңартты. Қазақстаннан шыққан ең үздік файтер Шавкат Рахмоновтың рейтингтегі орны өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. UFC рейтингінің жаңартылған нұсқасында Шавкат Рахмонов (19–0) өз позициясын жақсартып, дивизионда екінші орынға көтерілді. Қазақстандық спортшы ирландиялық Иэн Гэрриді (17–1) басып озып, ол үшінші орынға түсті. Шавкатты кім басып озды? Қазір рейтингте Рахмоновтан жоғарыда тек бұрынғы UFC чемпионы, Аустралия атынан өнер көрсететін Джек Делла Маддалена (18–3) ғана тұр. Ал дивизиондағы чемпиондық белбеудің қазіргі иегері - Ислам Махачев (28–1). Еске салайық, Шавкат Рахмонов октагонға кейінгі рет былтыр желтоқсанында шыққан - дәл сол кезде ол Иэн Гэрриді төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді. Одан кейін қазақстандық мамырда титул үшін таласуы мүмкін болған, алайда жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Қазір ол бабына келіп, 2026 жылы UFC-ке оралуды көздеп отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда бірқатар тасжол қайта ашылды: тізім қандай? 16 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты бұрын жабылған республикалық маңызы бар автожолдарда жол ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қай жолдар ашылды? "ҚазАвтоЖол" мәліметінше, сағат 05:00-ден бастап республикалық маңызы бар Астана - Көкшетау - Петропавл - Ресей шекарасы автожолының 18–232 шақырым аралығы (Астана - Щучинск) бойынша барлық көлік түріне қозғалыс ашылды. Сейсенбіде 08:00-ден бастап мына учаскелерде қозғалыс қайта ашылды: Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолы, 8–218 шақырым (Тобыл - Октябрьское); Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай тасжолы, 683–729 шақырым (Сарыкөл - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы). Солтүстік Қазақстан облысында көліктер Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай трассасының 729–768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан би ауылы) еркін жүре алады. Ақтөбе облысында қозғалыс ашылған учаскелер: Ресей шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы трассасы, 776–1240 шақырым ("ЭКО ОЙЛ" ЖҚС - Қызылорда облысының шекарасы); Ақтөбе - Ресей шекарасы жолы, 39–136 шақырым (Ш.Қалдаяқов кенті - Әлімбет). Қызылорда облысында қозғалыс шектеулері алынды: Ресей шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы трассасы, 1240–1474 шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы - Әйтеке би кенті). Павлодар облысында барлық бағытта барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашық. Қарағанды облысында ашылған жолдар: Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті, 1067–1135 шақырым (Молодёжный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін); Қалқаман - Баянауыл - Үміткер - Ботақара, 231–324 шақырым (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара кенті учаскесі). Абай облысында қозғалыс ашылды: ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы жолы, 587–733+1 шақырым (Павлодар облысының шекарасынан Семейге дейін). Ақмола облысында қозғалыс ашылды: Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 445–595 шақырым (Державинск - СҚО шекарасы). Солтүстік Қазақстан облысында шектеу алынды: Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 595–671 шақырым (Ақмола облысының шекарасы - Тоқсан би ауылы). Жабық трассалар 16 желтоқсанда 09:45-те Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түрі үшін Астана - Көкшетау - Петропавл автожолының 18–232 шақырым аралығында (Астана - Щучинск) қозғалысқа шектеу енгізілді. Жолдың ашылу уақыты болжам бойынша - 17 желтоқсан сағат 08:00. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тәуелсіздік күні. Астана мен Алматыда демалыста қайда баруға болады? 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр. Биыл мереке сейсенбіге түсіп тұр, сондықтан ел тұрғындарын апта ортасында демалады. Бұл күнді үйде отырмай, сыртта өткізуге жақсы себеп - қалаларда спорттық, мәдени және ойын-сауық шаралары жоспарланған. Tengrinews.kz тілшісі Астана мен Алматыдағы іс-шаралар топтамасын жинады. 16 желтоқсанда Астанада қайда баруға болады? Астанада Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерттер, сондай-ақ, мәдени және қоғамдық іс-шаралар жоспарланған. Қала әкімдігінде биыл дрон-шоу мен отшашу өткізілмейтінін нақтылады. 09:00 - Archer клубында садақ атудан Астананың ашық кубогы өтеді;10:00-ден бастап - Ұлттық музейде Қазақстанның тарихы мен табиғатына, ежелгі қытай қолданбалы өнеріне және этнографияға арналған көрмелер жұмыс істейді. Кіру - билетпен;18:00 - Мемлекеттік драма және комедия театрында "Сәйгүлік" спектаклі қойылады;19:00 - Carlin Stand Up Bar-та жергілікті комиктердің стендап-концерті өтеді: Мадина Байболова, Жамбыл Күлдеев, Слава Клочков және Абай Жеңісов. Кіру - билетпен;20:00 - Harat’s Irish Pub EXPO-да квиз өтеді. Сұрақтар түрлі тақырыпта, 7 раунд, шамамен 60 сұрақ және 2 сағаттан аса ойын. Кіру - алдын ала броньмен. 16 желтоқсанда Алматыда қайда баруға болады? Алматы әкімдігінде Тәуелсіздік күні қарсаңында және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының 39 жылдығына орай Тәуелсіздік монументі мен "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтетінін хабарлады. Оған қала басшылығы, депутаттар, қоғам өкілдері және 1986 жылғы оқиғаларға қатысушылар қатысады. Бұдан бөлек, қалада тағы бірқатар іс-шара жоспарланған: 09:00 - "Яблоко" шығармашылық академиясы ақ саздан жаңа жылдық мүсіншелер жасау бойынша шеберлік сабағын өткізеді. Кіру - билетпен;12:00 - "Игра" театры "У ковчега в 8" отбасылық спектаклін ұсынады. Кіру - билетпен;17:00–23:05 - Open Cinema Almaty ашық аспан астындағы кешкі кино көрсетілімдері өтеді. Барлығы 4 фильм көрсетіледі: "Тайна Коко", "Сумерки 1 часть", "Мальчишник в Вегасе", "Астрал". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Боран, қар мен тұман: ауа райына байланысты ескерту жарияланды 16 желтоқсанда Қазақстан бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Көп өңірде боран соғып, қатты жел тұрып, жауын-шашын күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана - қар жауады, боран соғады күтіледі, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін. Алматы - түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Шымкент - күннің қар мен көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман түседі. Ақмола облысы - қар жауады, боран соғады күтіледі, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23–28 м/с-қа дейін. Көкшетауда қар жауады, боран соғады, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысы - қар жауады, боран соғады күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 15–20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23–28 м/с-қа дейін. Петропавлда қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 15–20 м/с, түнде екпіні 25 м/с-қа дейін. Павлодар облысы - облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауады, бұрқасын, күндіз қар жауады, боран соғады күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан: облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15–20 м/с. Павлодарда күндіз қар жауады, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с. Қарағанды облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан: батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15–20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде кей уақытта 23 м/с. Қарағандыда кей уақытта қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с. Ұлытау облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, боран соғады күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с. Жезқазғанда түнде және таңертең қар жауады, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан, түнде және таңертең екпіні 15–20 м/с. Абай облысы - түнде облыстың оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан: облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15–20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін. Семейде таңертең және күндіз жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, екпіні 15–18 м/с. Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен: облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін. Қостанай облысы - қар жауады, боран соғады күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 15–20 м/с, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23–28 м/с-қа дейін. Қостанайда түнде және таңертең қар жауады, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 15–20 м/с. Түркістан облысы - түнде облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарда қар жауады. Оңтүстікте және таулы аудандарда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстікте, батыста және таулы аудандарда тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан: облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 15–20 м/с. Түркістанда тұман түседі. Алматы облысы - түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан: облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ. Күндіз жел солтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с. Жамбыл облысы - таулы аудандарда қар жауады, бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман түседі, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан: түнде облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарда, күндіз таулы аудандарда 15–20 м/с. Таразда кей уақытта тұман түседі, көктайғақ. Жетісу облысы - таулы аудандарда қар жауады, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан: облыстың шығысында және таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында аздаған жауын-шашын (негізінен қар жауады), көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан: түнде облыстың солтүстігінде 15–20 м/с. Қызылордада түнде көктайғақ. Батыс Қазақстан облысы - облыстың шығысында, солтүстік-шығысында қар жауады, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан: түнде облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Маңғыстау облысы - облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Ақтауда түнде тұман түседі, көктайғақ. Атырау облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақтөбе облысы - облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауады, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан: облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Құрметті отандастар! Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз. Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды. Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!", - делінген құттықтауда. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да төрт адам үсік шалып қаза болды Батыс Қазақстан облысында үсік шалған төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өңірлік Полиция департаменті мәліметінше, Жәнібек ауданы аумағында күн бұзылуына байланысты трактор жүргізушісі мен жолаушысын іздестіру жұмыстары ұйымдастырылған. Олар жолда адасып, байланыссыз қалған. Іздеу нәтижесінде жоғалған адамдар табылып, Жәнібек ауылына жеткізілген. Сонымен қатар, іздестіру нәтижесінде төрт адамның сүйегі табылған: Жәнібек ауданында 1968 жылы және 1966 жылы туған екі адамның сүйегі табылған (үсіп қалған); Бөкей ордасы ауданында 2000 жылы туған адамның сүйегі табылған (үсіп қалған); Қазталов ауданында 1990 туған адамның сүйегі табылған (үсіп қалған). Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от policebqo (@policebqo) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанадан шығатын барлық тасжол жабылды Ауа райының қолайсыздығына байланысты сағат 14:00-ден бастап Астанадан шығатын барлық бағыттағы тасжолдарда көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция жүргізушілерді уақытша сапарлардан бас тартып, елді мекендерде қалуға және қала сыртындағы "Рубеж" бекеттеріне бармауға шақырады. Бұл жол кептелістерінің алдын алып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған коммуналдық және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтірмеу үшін қажет. "Аталған шараларды сақтау тиісті қызметтердің жұмысын жеңілдетіп, қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді полиция өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада Қазақстан пікірсайысшыларының Құрылтайы өтті Астанада Қазақстан пікірсайысшыларының дәстүрлі Құрылтайы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 12 желтоқсанда Астанада Қазақстан мектептік пікірсайыс қозғалысының қорытындысын шығаратын дәстүрлі Құрылтай өтті. Форумды екінші жыл қатарынан "OzgerTeam" қоғамдық қоры, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, "Орта" жеке қоры және Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Биылғы Құрылтайда қатысушылар елдегі пікірсайыс клубтарының дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді талқылап, оларды жою бойынша ұсыныстарды біріккен құжатқа енгізді. Бұл құжат алдағы жұмыс кезінде қолданылу үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігіне жолданатын болады. Сонымен қатар, форумда Қазақстан мектептеріндегі пікірсайыс қозғалысын дамыту туралы Манифест қабылданды. Бұл құжат пікірсайыс технологияларының жастарды жан-жақты дамыту, азаматтық белсенділік пен тәрбиелік құндылықтарды қалыптастырудағы рөлін айқындады. Манифест барлық мектептер мен колледждерге жіберілмек. Құрылтай барысында қозғалыстың тарихы және маңызы да айтылды. "OzgerTeam" қорының негізін қалаушы Мұрат Жұманбай елімізде пікірсайыстың тарала бастағанына келер жылы 30 жыл толатынын атап өтті. "Мен пікірсайыс технологияларының әлеуетін мемлекет басшысы ерекше көңіл бөлетін адам капиталды дамытуда одан әрі кеңінен ашуға болады деп сенемін. Пікірсайыс клубы -пікірсайыс қозғалысының негізгі элементі ретінде әрбір мектепте жастардың кәсіби және икемді дағдыларды меңгеруіне ғана емес, адалдық, әділдік, еңбекқорлық сияқты құндылықтарға бейілділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді ол. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері және саяси партиялардан қонақтар қатысты. Мәжіліс комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов сөз сөйлеп, жасанды интеллект және білім беру саласындағы жаңа үрдістердің жастарға әсеріне тоқталды. "Жасанды интеллект - тек құрал. Оны тиімді пайдалану адамның даму деңгейіне тікелей байланысты. Ал пікірсайыс жастарды жан-жақты дамытып, көптеген білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Сондықтан пікірсайысты таңдау - дұрыс жолды таңдау", - деп түйіндеді ол. Биыл "Пікірсайыс жанашыры" марапаты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ауыл" партиясының мүшесі, Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық университетінің құрылтайшысы Ерболат Саурықовқа және Respublica партиясы орталық аппаратының басшысы Жанат Ысқақовқа табысталды. Бұл тұлғалар OzgerTeam қорының пікірсайыс қозғалысын жетілдірудегі саяси институттармен жемісті ынтымақтастығына маңызды үлес қосты. Мәселен, Respublica партиясының қолдауымен екі жыл қатарынан барлық өңірде іріктеу турнирлерімен бірге 3 мыңнан аса оқушыны қамтыған JasRepublic CUP ұлттық пікірсайыс турнирі өткізілді. Ал "Ауыл" партиясымен бірлесіп, биыл алғаш рет AUYL CUP ұлттық турнирі ұйымдастырылып, оның іріктеу және финалдық кезеңдеріне 1 200-ден аса ауыл мектебінің оқушылары қатысты. Сонымен қатар, форумда жетекші педагогтар мен пікірсайыс қозғалысын дамытуға үлес қосқан үйлестірушілер марапатталды. "Пікірсайыс көшбасшысы" номинациясы бойынша бірнеше маман арнайы марапатқа ие болды. Құрылтай аясында "Таза Қазақстан" бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылған республикалық "Tazalyq – Sanadan" байқауының да жеңімпаздары анықталды. Ұлттық байқауға 110-дан астам пікірсайыс клубы қатысып, 3 мыңнан астам жас пікірсайысшы белсенділік көрсетті. Байқауда үздік атанған Балқаш қаласындағы Политехникалық колледждің "Жұлдыз" клубы 500 мың теңге көлеміндегі басты жүлдені жеңіп алды. Форум соңында делегаттар үшін ҚР Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО-да курьер жарты келіге жуық есірткімен ұсталды ШҚО-да курьер жарты келіге жуық есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған интернет-дүкеннің "қоймашы-ораушысы" ретінде әрекет еткен Алматы облысының 19 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктінің уақытша тұрған жалдамалы пәтеріне санкцияланған тінту жүргізу кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған бес полимерлі пакет және өсімдік тектес заты бар екі полимерлі пакет табылып, тәркіленген. "Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 495,32 грам болған. Тергеу барысында ұсталған азаматтың мессенджерлердің бірі арқылы есірткі таратушы ретінде жұмысқа тартылғаны, сондай-ақ белгісіз куратормен байланыс орнатып, одан тапсырмалар алып отырғаны анықталды", - делінген хабарламада. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шымкент прокуратурасы тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушыларының (ЖСО) борышкерлердің Қазақстаннан шығуына бұрын қойылған шектеулерді заңсыз алып тастау және атқарушылық іс жүргізуді заңсыз қозғау деректерін (ЖСО еңбек демалысында болған кездерінде, олардың көмекшілері атқарушылық іс жүргізуді қозғаған) анықтаған. Қазақстан Республикасы әділет министрі атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысын енгізген. "Ұсынуды қарау нәтижесінде 85 ЖСО тәртіптік жауаптылыққа тартылып, сонымен қатар жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензияларынан (бұдан әрі – лицензия) айыру туралы сотқа талап қою енгізілді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің талап қоюы қанағаттандырылып, 12 ЖСО лицензиядан айырылды (сот актісі күшіне енді)", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері аяз болады Синоптиктер 16, 17 және 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ауа райы болжамы Қазақстан аумағында қар, боран болады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда боран соғады. "Республика бойынша жел күшейіп, екпіні секундына 15–20, кей жерлерде 23–28 метрге дейін жетеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман болжанады", - деді синоптиктер. Ауа температурасы Ауа температурасының көрсеткіштері де өзгереді: елдің батыс өңірлерінде түнде температура 10–18 градустан 3–13 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0–15 градус аяздан 3 градус аяз – 5 градус жылыға дейін ауытқиды; солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде 7–15 градустан 12–28 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5–15 градустан 8–18 градус аязға дейін суытады; елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 3–11 градустан 5–20 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5 градус аяз – 2 градус жылыдан 1–13 градус аязға дейін болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2026 жылы қазақстандықтар қалай демалады: күнтізбе 2026 жылы қазақстандықтарды 119 демалыс және 246 жұмыс күні күтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2026 жылғы негізгі мерекелер мен демалыс күндері Жаңа жыл – 1–2 қаңтар. Демалыс 1–4 қаңтар аралығы. Рождество – 7 қаңтар (сәрсенбі). Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз жексенбіге түседі, демалыс 9 наурызға ауысады. Наурыз мейрамы – 21–23 наурыз. Ең ұзақ демалыс: 21–25 наурыз аралығы. Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр (жұма). Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр (бейсенбі). Жеңіс күні – 9 мамыр сенбіге түседі, демалыс 11 мамырға ауысады. Құрбан айт – 27 мамыр (алдын ала белгіленген күн). Астана күні – 6 шілде (дүйсенбі). Конституция күні – 30 тамыз жексенбі, демалыс 31 тамызға ауысады. Республика күні – 25 қазан, үш күндік демалыс. Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан (сәрсенбі). 2026 жылғы өндірістік күнтізбе (5 күндік жұмыс аптасы үшін) Қаңтар – 19 жұмыс, 12 демалыс күні Ақпан – 20 жұмыс, 8 демалыс Наурыз – 18 жұмыс, 13 демалыс Сәуір – 22 жұмыс, 8 демалыс Мамыр – 17 жұмыс, 14 демалыс Маусым – 22 жұмыс, 8 демалыс Шілде – 22 жұмыс, 9 демалыс Тамыз – 20 жұмыс, 11 демалыс Қыркүйек – 22 жұмыс, 8 демалыс Қазан – 21 жұмыс, 10 демалыс Қараша – 21 жұмыс, 9 демалыс Желтоқсан – 22 жұмыс, 9 демалыс Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға жіберілді Астанада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 15 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін ауа райы қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады 18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
180 пайыз табыс: Астанада S-Group схемасы тергеліп жатыр ҚМА Астана бойынша департаменті Sincere Systems Group LTD (S-Group) қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. S-Group компаниясы өзін Ұлыбританиядағы инвестициялық қор ретінде таныстырып, Forex нарығында сенімгерлік басқару, майнинг және SWP, SWCT ішкі криптотокендерімен сауда жүргізу қызметін ұсынатынын мәлімдеген. Салымшыларға айына 15-20 пайыз, жылына 120-180 пайыз көлемінде табыс уәде етілген. "Инвестициялық қызмет шынайы жүргізіліп жатқандай көрінуі үшін қатысушыларға компанияның сайтындағы жеке кабинетке кіруге рұқсат берілген, онда виртуалды депозиттер, табыстың өсімі және есептелген қаражат көрсетілген. Алайда іс жүзінде салымшылардың қаражаты инвестицияланбаған, күдіктілердің жеке қажетіне жұмсалған", - деп жазылған ҚМА хабарламасында. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 136 млн теңгеден асты. Қылмыстық жолмен келген табысқа ұйымдастырушылар елордадан 2 пәтер және 2 көлік сатып алған. Оларды сенімді тұлғалардың атына рәсімдеген. Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Күдіктілерге бұлтартпау шарасы ретінде елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жұмыссыз қазақстандықтарға 118 миллиард теңге бөлінген. Төлемді қалай алуға болады? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы жұмыссыздық статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанда қанша жұмыссыз бар? 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 331,7 мың адам болды. Бұл ретте биыл 289,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 118,5 миллиард теңге болды. Төлемді қалай алуға болады? Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45 пайызына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге: eGov.kz порталында авторизациялану; "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау; онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет; бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады; егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады); Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар аралас жаңбыр: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады Синоптиктер Алматыда алдағы бір аптада ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін ауа райы қандай болады? Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарына ескерту жасады. Күн күрт бұзылуына байланысты 15 желтоқсанда Алматы жолдарында көктайғақ болып, таулы аймақтарда қар жауып, ауа температурасы төмендейді. ТЖД жолда және таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Бір аптаға арналған болжам Дүйсенбі, 15 желтоқсан, құбылмалы бұлтты, күндіз -1°, түнде -3° Сейсенбі, 16 желтоқсан, бұлтты, күндіз +3°, түнде +3° Сәрсенбі, 17 желтоқсан, жаңбыр, күндіз +7°, түнде -1° Бейсенбі, 18 желтоқсан, жаңбыр аралас қар, күндіз +5°, түнде -3° Жұма, 19 желтоқсан, қар, күндіз +1°, түнде -8° Сенбі, 20 желтоқсан, құбылмалы бұлтты, күндіз -6°, түнде -14° Жексенбі, 21 желтоқсан, құбылмалы бұлтты, күндіз -8°, түнде -6° Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қайраттың“ қақпашысы жаңа клубпен келісімшартқа отырды Алматылық "Қайраттың" қақпашысы Александр Заруцкий "Ақтөбемен" келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ASnews.kz-ке сілтеме жасап. Қақпашының келісімі 2027 жылғы желтоқсанға дейін күшінде болады. 32 жастағы футболшының "қызыл-ақтармен" келісімі екі жылға жасалған. Бұған дейін "Елімай" да қолға алған Заруцкийді өз сапына алғысы келген. Заруцкийдің "Қайраттағы" мансабы Александр Заруцкий "Қайратқа" 2025 жылғы 10 қаңтарда "Астанадан" еркін агент ретінде ауысып, келісімшартты 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасаған. Алматылықтардың құрамында қақпашы Премьер-лиганың және ел Суперкубогының жеңімпазы атанып, командаға Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті. Оның еншісінде 24 матч бар: 18 гол жіберіп алған, 9 рет қақпасын түк гол жібермей сақтаған. Чемпиондар лигасына келсек, Александр іріктеу раундтарының барлығын өткізген, алайда "Селтикке" қарсы алғашқы ойында жарақат алып қалды. Оның орнына қақпаға Темірлан Анарбеков шықты және бұл оның мансабына ерекше әсер еткен сәт болды. "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы жағдайы Қазір алматылық "Қайрат" турнир кестесінде испаниялық "Вильярреалмен" бірге 36-орында тұр. Қазақстан клубының қоржынында кипрлік "Пафоспен" болған тең ойын үшін бар болғаны 1 ұпай бар (0:0). Қалған 5 матчта "Қайрат" мына қарсыластардан жеңілді: португалиялық "Спортингке" (4:1), мадридтік "Реалға" (0:5), миландық "Интерге" (2:1), даниялық "Копенгагенге" (3:2), грек "Олимпиакосына" (0:1). Алда алматылық клубты бельгиялық "Брюггеге" қарсы матч (20 қаңтар) және лондондық "Арсеналға" қарсы ойын ( 28-інен 29 қаңтарға қараған түн ) күтіп тұр. Бұған дейін Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасында матч сайынғы сейвтердің орташа саны бойынша ең үздік болғаны хабарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда дауыл соқты: шатырлар опырылып, электр сымдары үзілді Атырауда дауыл соғып, салдарынан ғимараттардың шатыры опырылып, үйлердің қасбеті құлап, электр сымдары үзілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, бүгін таңертең Нұрсая ықшамауданында үйлердің бірінің қасбеті құлап, кірпіштері аулаға шашылған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл уақытта маңайда адам болмаған, зардап шеккендер жоқ. Тағы бір оқиға Алмагүл ықшамауданында болды: жел жұлып кеткен металл шатыр тұрақта тұрған Hyundai Elantra көлігінің үстіне құлаған. Дауылды желден қалалық №1 емхананың ғимараты да зардап шекті. Жел екпіні шатырды жұлып әкетіп, оның бөлшектері жақын маңдағы тұрғын үйлерге ұшып түскен. Сондай-ақ, қала көшелерінде үзілген электр сымдары байқалады. "Ауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас нөсер жаңбыр жауып және қатты жел соғып) электр желілерінде апатты ажыратулар болды. Апатты және ұзаққа созылатын жарық өшулердің алдын алу үшін қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", — деп хабарлады "Атырау Жарық" компаниясы. Келтірілген шығын көлемі мен ықтимал салдар нақтыланып жатыр. Тұрғындарға сақ болу, көліктерді үйлердің маңына және әлсіз бекітілген құрылымдардың қасына қоймау, сондай-ақ, қатты жел кезінде мүмкіндігінше сыртқа көп шықпау ұсынылды. Еске салайық, 14 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Синоптиктер қар, боран және көктайғақ болады деп болжаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
LRT-де қауіпті кернеу: эстакададағы қауіпсіздік шаралары туралы не белгілі? Астанада LRT нысандарында өмірге аса қауіпті кернеу берілетіні туралы ескертуден кейін эстакададағы қауіпек қатысты сұрақ көбейе бастады. CTS компаниясы бөгде адамдардың нысанға кіруі толық шектелгенін айтып, қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. LRT-дегі өлімге әкелуі мүмкін кернеу туралы не белгілі? 17 қазанда Астанада тұрғындар мен ұйымдарға LRT-дің кейбір учаскелеріне өлімге қауіпті кернеу берілетіні туралы ескертілді. Кернеудің ең жоғары деңгейі - 20 мың вольт. Компанияның баспасөз қызметі құрылыс ұйымдары мен тұрғындарды жанаспа рельстерге, кабель желілеріне және жабдықтарға жақындамауға, сондай-ақ, рұқсатсыз станцияларға және жол аймағына кірмеуге шақырды. Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі? Tengrinews.kz сауалына жауап берген CTS компаниясы жоба аясында "жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған ұйымдастыру және техникалық шаралардың кешені" қарастырылғанын мәлімдеді. Компания қауіпсіздік қолданыстағы нормалар мен стандарттарға сай қамтамасыз етілетінін атап өтті. "Жоба барлық қауіпсіздік талабын сақтай отырып, іске асырылып жатыр. Құрылымдық және технологиялық шешімдер бөгде адамдардың нысандарға қол жеткізілмейді", - деді CTS өкілдері. Компания рұқсатсыз кірудің алдын алу үшін арнайы инженерлік шешімдер әзірленгенін жеткізді. Бұл инфрақұрылымды қорғауға да, адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігіне қатысты шараларға да қатысты. CTS мәліметінше, эстакада екі жағынан қоршаулармен жабылған, ал станцияларда бейнебақылау камералары қарастырылған. LRT нысандарына біреу кіріп кеткен жағдайда жедел әрекет ету мәселесіне қатысты компания бұл бағыт әзірге қарастырылып жатқанын айтты. Ұйымдастыру әрекеттері аяқталғаннан кейін жағдайды бақылаумен айналысатын қызмет анықталады. Сондай-ақ, станцияларда платформа типтегі есіктер болады: олар пойыз толық тоқтағаннан кейін ғана ашылады. Бұл жолаушылардың қауіпсіз отырып-түсуін қамтамасыз етуге тиіс. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жасөспірімдерге TikTok пен Instagram-ға тыйым салынбақ: ғалымдар эксперимент бастады Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет әлеуметтік желілер жастарға зиян дейді. Бұл ұйқысыздыққа әкеледі, зиян контентке қолжетімді болады. Әлеуметтік желілердің жасөспірімдерге ықпалы туралы нақты жауап алу үшін кейбір зерттеушілер жобаларын бастап кеткен. Мысалы, Мельбурндегі Мердок институтының өкілі Сьюзан Сойер тыйым енгізілердің алдында 177 жасөспірімге сауалнама жүргізген және психикалық денсаулыққа әсерін бағалау үшін 6 айдан кейін сол сауалнаманы қайта өткізбек. Квинсленд технологиялық университетінен Дэниел Ангус тыйымды айналып өту тәсілдерін және оның кейінгі ғылыми зерттеулерге ықтимал салдарын бақылап отыр. Материалда кей сарапшылардың жанама әсерлерден қауіптенетіні де айтылады: тыйым жасөспірімдерді қорғаныс тетіктері бар платформалардан ығыстырып, зиянды контентті бақылауды қиындатуы мүмкін. Басқа елдер (Франция, Дания, Испания) да ұқсас шектеулер енгізіп жатыр, бірақ Аустралиялық тыйым - ең ауқымдысы. Интернеттегі қауіпсіздік жөніндегі тәуелсіз уәкіл Джули Инман Грант және бір топ ғалым тыйымның балаларға әсерін екі жыл бойы бағалайды: оған сыртта өткізетін уақыт, құрдастарымен байланыс және дезинформацияға төзім сияқты көрсеткіштер кіреді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ердоған Путинмен кездесуден кейін Ресей мен Украинаға үндеу жасады Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресей мен Украинаны Қара теңізді әскери қақтығыс алаңына айналдырмауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап. "Қара теңізді есеп айырысу алаңы ретінде қарастыруға болмайды. Мұндай жағдай Ресей мен Украинаға тек зиян келтіріп, ешқандай пайда әкелмейді. Қара теңізде кеме қатынасының қауіпсіздігі бәріне қажет. Ол қамтамасыз етілуге тиіс", - деді түрік көшбасшысы 13 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путинмен кездескеннен кейін. Ердоған Путинмен кездесуден кейін АҚШ президенті Дональд Трамппен де бейбіт жоспарды талқылауға мүмкіндік туады деп үміт білдіріп, Украинада жақын уақытта бейбітшілік орнауы ықтимал екеніне сенім артты. "АҚШ президенті Дональд Трамп бұл мәселеге араласып отырғанын білесіздер. Оның қатысуымен қатар біз Американы да ынталандырып келеміз... Көшбасшылармен кейде телефон арқылы да сөйлесіп тұрамыз. Путинмен осы кездесуден кейін Трамппен де бейбіт жоспарды талқылауға мүмкіндік туады деп үміттенемін. Бейбітшілік алыс емес. Тек бағытты бейбітшілікке қарай бұру қажет", - деді ол. Осы күні Түркия Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мен Киевті Қара теңіздегі ұрыс-қимылдарды тоқтатуға шақырды. Анкарада Одесса облысындағы Черноморск портына жасалған кезекті ресейлік соққы салдарынан шетелдік кеменің зақымданғанын атап өтті. "Алдын ала мәліметтер бойынша, экипаж бен жүк көліктерінің жүргізушілері эвакуацияланды, Түркия азаматтары зардап шеккен жоқ", - деді ведомство. Бұған дейін Киев Одесса облысындағы порт инфрақұрылымына жасалған ресейлік әуе соққысы салдарынан түрік кемесі зақымданғанын мәлімдеген. Түркияның Cenk кеме қатынасы компаниясының дерегінше, кеме жеміс-жидек, көкөніс және басқа да азық-түлік тасымалдаған. Кейінгі апталарда Қара теңізде ресейлік жүктері бар кемелерге бірқатар соққы жасалғаны хабарланды (DW). Атап айтқанда, 2 желтоқсанда Түркия жағалауынан шамамен 80 теңіз милі қашықта Ресейден Грузияға жүк алып бара жатқан Midvolga 2 танкеріне шабуыл жасалғаны айтылған. 28 қарашада Қара теңізде Босфор маңында Гамбия туы астындағы Kairos және Virat атты екі танкерге шабуыл жасалды. Reuters мәліметінше, екі танкер де Ресейдің "көлеңкелі флотына" жатады және Батыс санкцияларына іліккен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 2026 жылы қай жолдар ақылы болады? Келесі жылы Қазақстанда тағы алты автожол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы - 1,8 мың шақырым, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Көлік министрлігі ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді. Ақылы болатын жолдар Қарағанды - Балқаш - 363 км;Бурылбайтал - Құрты - 228 км;Ақтөбе - Қандыағаш - 96 км;Талдықорған - Өскемен - 768 км;Атырау - Астрахань - 277 км;Мерке - Шу - 78 км. Жолақы қымбаттай ма? Министрлікте 2026 жылы тарифтерді өзгерту жоспарланбайтынын айтты. "Төлем тәсілдері бұрынғыдай қалады. Бюджетке түсетін жүктемені азайту және өзін-өзі ақтауды қамтамасыз ету мақсатында қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде ақылы жүйе енгізіледі", - делінген хабарламада. Тарифтер қандай болады? Ақылы жолмен жүру құны көлік түріне ғана емес, учаске санатына да байланысты. Санат екеу: I және II. Анықтама: I санат - 4 және одан көп жолағы бар, өткізу қабілеті жоғары магистральдар (автомагистраль, жылдам жүретін жолдар). II санат - қозғалыс қарқыны төменірек, әдетте 2 жолақты, өңірлік орталықтарды жалғайтын, бірақ сапасы жоғары жолдар. I санаттағы учаскелер бойынша (алдын ала және кейін төлеу)жеңіл автокөлік - 2 және 2,5 тг/км;16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 8 және 9 тг/км;32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 15 және 17 тг/км;32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 22 және 26 тг/км;15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 30 және 35 тг/км;15 тоннадан жоғары жүк көліктері - 37 және 44 тг/км. II санаттағы учаскелер бойынша (арзанырақ)Алдын ала және кейін төлеу мөлшерлемелері: жеңіл автокөлік - алынбайды;16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 6 және 7 тг/км;32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 13 және 15 тг/км;32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 19 және 22 тг/км;15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 25 және 30 тг/км;15 тоннадан жоғары жүк көліктері - 31 және 37 тг/км. Кімдер жеңілдікке (тегін жүруге) құқылы? Заң бойынша қызметтік міндетін атқарып жүрген арнайы көліктер ақылы жолмен тегін жүре алады. Мысалы: жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, полиция және т.б. Сондай-ақ жеңілдіктер мыналарға беріледі: тұрақты жолаушы тасымалымен айналысатын автобустарға; жергілікті тұрғындардың және ұйымдардың жеңіл көліктеріне - өз ауданының ішінде ақылы жолмен тегін жүруге; Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл көліктеріне. Ө Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан бокстан ӘЧ-ның медаль есебінде Өзбекстанды басып озып, екінші орын алды Қазақстан құрамасы бокстан Дубайда (БАӘ) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатының медаль есебінде екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алты жүлде мен үш әлем чемпионы Қазақстан құрамасы турнирде алты медаль алды: 3 алтын, 1 күміс және 2 қола. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) Әлем чемпионы атанғандар: Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг). Күміс жүлдені Сабыржан Аққалықов (75 кг) иеленді, ал қола медальдар Теміртас Жүсіповтің (48 кг) және Ертуған Зейноллиновтың (63,5 кг) еншісінде. Дубайдағы IBA әлем чемпионатының медальдар есебіндегі көшбасшылар Ресей - 7 алтын, 5 күміс, 1 қола. Қазақстан - 3 алтын, 1 күміс, 2 қола. Өзбекстан - 2 алтын, 4 күміс, 3 қола. Еске салайық, бокстан әлем чемпионаты Дубайда 4–13 желтоқсан аралығында өтті. Жеңімпаздарға 300 мың доллар, күміс жүлдегерлерге 150 мың доллар, қола жүлдегерлерге 75 мың доллар, ал ширек финалға шыққандарға 10 мың доллар беріледі. Айта кетейік, бұл турнирде Қазақстан құрамасы өз көшбасшыларынсыз өнер көрсетті - World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпиондары Ливерпульде 4 алтын медаль жеңіп алған еді. Неліктен бокста екі әлем чемпионаты өткізіледі? Еске салайық, 2025 жылы IBA мен World Boxing бір-бірінен тәуелсіз әлем чемпионаттарын өткізеді және онда бір спортшы екі турнирге де қатыса алады. Мәселен, Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева бір жыл ішінде екі мәрте әлем чемпионы атанды: наурызда IBA турнирінде, ал қыркүйекте World Boxing турнирінде жеңіске жетті. Бұл жағдай Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) IBA ұйымынан Олимпиадаға іріктеу жарыстарын өткізуге берілген аккредитацияны кері қайтарып алғаннан кейін пайда болды. IBA-ның орнына World Boxing ұйымы құрылды. Қазір ұйымдар спортшылардың басқа ұйым аясындағы жарыстарға қатысуына тыйым салмайды. Соның нәтижесінде: наурызда IBA әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізді, қыркүйекте World Boxing біріккен турнир ұйымдастырды, ал желтоқсанда IBA ерлер арасындағы әлем чемпионатын өткізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды Қазақстанның барлық өңірінде 14 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жасалды. Синоптиктер қар жауып, боран соғып және көктайғақ болатынын болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада жексенбіде көктайғақ болады. Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Шымкентте түнде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Алматы облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с. Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман, боран күтіледі. Жел оңтүстіктен соғып, кейін батысқа ауысады: түнде солтүстікте 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, солтүстікте 25 м/с-қа дейін. Қостанай облысында көктайғақ, қар жауып, боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Жамбыл облысында қар, боран күтіледі. Таулы аудандарда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан: түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Жетісу облысында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел шығыстан, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с. Абай облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, ал батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстіктен соғады: 15–20 м/с, түнде екпіні 23–28 м/с. Батыс Қазақстан облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады: 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Шығыс Қазақстан облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан: солтүстікте, шығыста және орталықта 15–20 м/с, түнде екпіні 25 м/с. Ақтөбе облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с. Қарағанды облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с. Маңғыстау облысында түнде қар, көктайғақ, облыстың солтүстігі мен шығысында қатты қар күтіледі; күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаяу боран күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, ал облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары. Атырау облысында қар, көктайғақ, боран күтіледі. Жел батыс, солтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында қар, боран күтіледі. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан, күндіз 15–20 м/с. Түркістан облысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күн соңында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан: түнде таулы аудандарда 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, ал солтүстікте, батыста және таулы аудандарда екпіні 23–28 м/с. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Депутат Астанада қылмыс деңгейі жоғары деген мәлімдемесі үшін кешірім сұрады Астана мәслихатының депутаты Талғат Ерғалиев елордадағы қылмыс деңгейі жоғары деген мәлімдемесі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутат Instagram-парақшасында жазба жариялап, бұған дейін өзі айтқан ақпараттың дұрыс емес екенін мәлімдеді және сол үшін кешірім сұрады. "Өкінішке қарай, бұл ақпаратты көмекшім құзырлы органдарға жүгінбей-ақ дайындаған. Ішкі істер министрлігінің ресми деректері бойынша Астана - қылмыс деңгейі төмен әрі қауіпсіздігі жоғары қала", - деп жазды Талғат Ерғалиев. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @talgatyergaliyev.official Ол мәслихат сессиясында көтерген депутаттық сауалының мақсаты 16-округ тұрғындарының "инфрақұрылымы мен өмір сүру жағдайын жақсарту" болғанын айтты. "Мәслихат депутаты ретінде елорда әкімдігімен және полиция департаментімен бірге ІІО инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және полицейлердің имиджін көтеру бағытындағы жұмысты жалғастырамыз", - деді депутат. Оқиғаның мән-жайы Бұған дейін депутат Талғат Ерғалиев Астана мәслихаты сессиясында сөз сөйлеп, елордадағы "ең проблемалы" саналатын Сарыарқа ауданындағы криминогендік жағдайды жақсарту қажетін айтқан. Депутат MIND аналитикалық орталығының деректерін келтіріп, былтыр Астанада 17 мыңнан аса қылмыс тіркелгенін, оның 8 мыңы Сарыарқа ауданына тиесілі екенін атап өткен. Сонымен қатар, Ерғалиев Астанадағы жағдайды Қарақас, Претория, Йоханнесбург, Мехико және Вашингтон сияқты қалалармен салыстырған. Депутаттың сөзін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бөліп, мұндай мәлімдемелерді сақтықпен айту керегін ескерткен. "Қазір біз тікелей эфирдеміз, сіз келтірген цифрларды дәлелдеу керек. Венесуэламен салыстыру дұрыс емес. Мұндай сарындағы мәлімдемелер өте қауіпті, мен бұған келісе алмаймын", - деген Қасымбек. Ал Астана полиция департаменті өз кезегінде елордадағы қылмыс деңгейі депутат айтқаннан әлдеқайда төмен екенін мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақмола облысындағы тасжолда 7 көлік соқтығысты: қаза тапқан адам бар Ақмола облысында тасжолда бірден жеті көлік соқтығысты. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнында адам көп, полиция мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Астана | Astana 🇰🇿 (@astana.times) Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 13 желтоқсанда Павлодар бағытына қарай, Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 94–95-шақырымында жеті көлік жол апатына ұшыраған. Алдын ала дерек бойынша, апат салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Оқиға бойынша полиция соталды тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. Полиция мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдықты асырмауды, әсіресе қозғалыс тығыз учаскелерде абай болу, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын қадағалау қажет екенін еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қостанайда 68 жастағы зейнеткерді көлік қағып өлтірді Қостанайда жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 68 жастағы әйелді қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері растады. Әлеуметтік желіде тараған видеода қайғылы сәт анық көрінеді: автобус жүргізушісі (видеорегистратор түсірген) жаяу жүргіншіні өткізу үшін тоқтайды, ал сол сәтте жеңіл автокөлік аялдаған автобустың қасынан өтіп, әйелді соғып кетеді. Полиция мәліметінше, оқиға 12 желтоқсанда күндіз Қостанайда болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Тергеу "Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бұған дейін Алматыда да жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі ұсталғаны хабарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Айзат Жұманованың өлімі: Бишімбаев ісінен кейін танылған сарапшы сотта жауап береді Тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша сотта жауап береді. Тергеу нұсқасы бойынша, күйеуі оны аса қатыгездікпен өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеше, 12 желтоқсанда, Талдықорғанда кезекті сот отырысы өтіп, келесі отырыста сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сұралатыны белгілі болды. Бұл туралы блогер Қайрат Әбдірахман әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, маманның айғақтары қоғам жіті бақылап отырған сот процесінде маңызды рөл атқаруы мүмкін екенін атап өтті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ. Кайрат Абдрахман (@taldykorganec.insta_) Оқиғаның мән-жайы Қайғылы оқиға биыл 22 маусымда Ақсу ауданында болған. Соталды тергеу деректеріне сәйкес, Баласаз ауылының тұрғыны Айзат Жұманова ауыр жарақатпен Талдықорғандағы ауруханаға жеткізіліп, кейін жансақтау бөлімінде оның қайтыс болғаны тіркелген. Алайда Айзаттың туыстары оны ауруханаға әкелген кезде әлдеқашан жан тапсырған деп есептейді. Бұған дейін олар ерлі-зайыпты арасында жанжал болып, кейін ер адам әйелді сағаттап ұрып-соққанын айтты. Олардың айтуынша, жәбірленушіні екі жасар қызының көзінше аса қатыгездікпен ұрған. Сот-медициналық сараптама ауыр жарақаттарды анықтаған: бас-ми жарақаттанған, ми ісінген, бас сүйегі негізі, аяқ-қол мен жамбас сынған, сондай-ақ, бетіндегі іздер. Туыстары әйелді арқанмен байлап, далада сүйретілгенін айтады. Айзаттың күйеуі бұған дейін оның "селфи жасап тұрып терезеден құлап кеткенін" айтқан. Бірақ жақындары күйеуі әйелін азапталып, кейін қылмысты жасыруға тырысқан деп санайды. Бастапқыда полиция істі ҚК 106-бап 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда өлімге әкеп соғу") бойынша тергеген, кейін күдіктінің әрекеті ҚК 99-бап 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қайта сараланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бокстан әлем чемпионатының финалын қайдан көруге болады? Бүгін, 13 желтоқсанда, бокстан әлем чемпионатының финалы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан атынан шаршы алаңға төрт боксшы шығады: Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг). 54 кг - Сәкен Бибосынов - Вячеслав Рогозин (Ресей) 57 кг - Оразбек Асылқұлов - Хусравхон Рахимов (Тәжікстан) 71 кг - Абылайхан Жүсіпов - Сергей Колденков (Ресей) 75 кг - Сабыржан Аққалықов - Исмаил Мутсолгов (Ресей) Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Қазақстанда жекпе-жектерді тікелей эфирде мына сілтеме арқылы көруге болады. Финалистер саны бойынша Ресей көш бастап тұр - 12 боксшы. Екінші орында Өзбекстан құрамасы - алты боксшы. Қазақстан құрамасы үшінші орынға жайғасты. Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан құрамаларында - бір-бір финалистен бар. Турнир жеңімпаздары 300 000 доллар, күміс жүлдегерлер 150 000 доллар, қола жүлдегерлер 75 000 доллар, ал ширек финалға шыққан қатысушылар 10 000 доллар алады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Үш облыста көлік қозғалысы шектелді Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап. Ақмола облысы 10:40-тан бастап республикалық маңызы бар Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ өткізу пункті) автожолының 16–200 км аралығы (Астана – Павлодар облысының шекарасы, 184-км) бойынша қар, жаңбыр және көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.11:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті) автожолының 19–231 км учаскесінде барлық көлік түріне жылдамдық 140 км/сағ-тан 100 км/сағ-қа дейін шектелді. Абай облысы Таңғы 07:30-дан бастап ҚХР шекарасы – Майқапшағай – (Зайсан айналма жолымен) – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы тасжолының 756–906 км аралығы, яғни Семей – Қалбатау учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.Жолды ашудың болжамды уақыты - 13:00. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен – Семей автожолы: 10–103 км (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы) учаскесі.Жолды ашудың болжамды уақыты - 2025 жылғы 14 желтоқсан, 06:00. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иранда Нобель сыйлығының лауреаты ұсталды Ирандық құқық қорғаушы, Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Наргиз Мұхаммади елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында заңгер әрі құқық қорғаушы Хосров Аликордиді еске алу рәсімі кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап. Мұхаммади қорының айиуынша, марқұмды еске алу жиынына қатысқан оның ағасы Мехди тұтқындауды растаған. Құқық қорғаушының топ мүшелерінің бірі (аты-жөнін жарияламауды сұраған) газетке берген мәліметінде, Мұхаммади Аликорди қайтыс болғаннан кейін Мешхедте жасаған мәлімдемелеріне байланысты ұсталған болуы мүмкін екенін айтқан. Құқық қорғаушылар Аликордидің "жұмбақ" қазасына байланысты наразылық білдіру үшін жиналған. Мұхаммадидің отбасының айтуынша, қауіпсіздік күштері мен полиция жиналғандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, күш көрсеткен. Мұхаммадидің күйеуі Тағи Рахмани Парижде жүріп The Guardian-қа әйелінің ғана емес, сол сәтте бірге ұсталған басқа да құқық қорғаушылардың тағдырына алаңдайтынын айтты. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от اخبار جمهور (@akhbarjomhour) Иран билігі 53 жастағы белсендінің ұсталуына қатысты әзірге ресми пікір берген жоқ. Ол жазасының қалған бөлігін өтеу үшін қайтадан түрмеге қайтарылып-қайтарылмайтыны да белгісіз. Мұхаммадиді қолдаушылар бұрын оның қайтадан темір торға тоғытылу қаупі бар екенін ескерткен. Иранның мемлекеттік телеарнасы қала губернаторы Хасан Хоссейниге сілтеме жасап, "нормаға сай емес" ұрандар айтылғандықтан, прокурорлар қауіпсіздік күштеріне рәсімге қатысушылардың кейбірін уақытша ұстауды тапсырғанын хабарлады. Хоссейни мұны жиналғандарды топ қысымынан қорғауға бағытталған алдын алу шаралары деп сипаттаған. Былтыр желтоқсанда босап шыққанға дейін Мұхаммади 2021 жылғы қарашадан бері өлім жазасына қарсы науқаны және әйелдерге хиджабты міндеттеу саясатына қарсылығы үшін тағылған айыптар бойынша түрмеде отырған. Қолдаушылары оның түрмеде бірнеше рет жүрек талмасы ұстап, 2022 жылы шұғыл ота жасалғанын айтқан. Мұхаммади белсенділігін тоқтатпай, қоғамдық наразылықтарға қатысып, халықаралық БАҚ-та көрінді, соның ішінде бұрын өзі отырған Тегерандағы Эвин түрмесінің алдында өткен акцияға да қатысқан. Оған 2023 жылы Нобельдің Бейбітшілік сыйлығы берілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағанды облысындағы кафе жарылды: 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 13 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. "Нақтыланған мәлімет бойынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, он бір зардап шеккен медициналық көмек көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада. Құтқарушылар өртті 300 шаршы метр аумақта толық сөндіргені айтылды. Қазір олар шамамен 200 шаршы метр аумақта құлаған шатырдың қирандыларын ашып, зақымданған конструкцияларды тексеріп, өрттің қайта тұтануына жол бермеу шараларын жүргізіп жатыр. "Газ баллонының жарылуының алдын ала себебі - газбен жабдықтау жүйелерін, соның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы", - деп атап өтті министрлік. Еске сала кетейік, жұмада кешке бір қабатты кафе ғимаратында газ баллоны жарылып, содан кейін өрт шыққан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Күн жылиды: 13 желтоқсанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана - құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда қар жауады, боран соғады. Түнде және күндіз ауа температурасы –3…–5 градус. Алматы - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде –3…–5 градус, күндіз +6…+8 градус. Шымкент - құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (негізінен жаңбыр жауады). Түнде +2…+4 градус, күндіз +6…+8 градус. Түркістан - құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (негізінен жаңбыр жауады). Түнде +2…+4 градус, күндіз +6…+8 градус. Қонаев - құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады. Кей уақытта жел күшейеді. Түнде –3…–5 градус, күндіз +3…+5 градус. Талдықорған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде –7…–9 градус, күндіз +4…+6 градус. Қызылорда - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман түседі. Түнде –4…–6 градус, күндіз +1…+3 градус. Тараз - құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ болады. Кей уақытта тұман түседі. Түнде 0…+2 градус, күндіз +8…+10 градус. Ақтау - бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ болады. Түнде 0…+2 градус, күндіз +5…+7 градус. Атырау - бұлтты, жауын-шашын (қар жауады, жаңбыр), көктайғақ болады, күндіз боран соғады, жел екпінді. Түнде 0…+2 градус, күндіз +3…+5 градус. Орал - бұлтты, түнде қар жауады, боран соғады; күндіз жауын-шашын, кей уақытта күшті (жаңбыр, қар жауады), боран соғады. Тұман, көктайғақ болады. Күндіз жел екпінді. Түнде және күндіз –1 градус…+1 градус. Ақтөбе - бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), боран соғады, көктайғақ болады. Күндіз жел күшейеді. Түнде –6…–8 градус, күндіз 0…–2 градус. Қарағанды - құбылмалы бұлтты, қар жауады, боран соғады, көктайғақ болады. Түнде –3…–5 градус, күндіз –1…–3 градус. Жезқазған - құбылмалы бұлтты, қар жауады, боран соғады, көктайғақ болады. Түнде және күндіз –3…–5 градус. Қостанай - құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған қар жауады. Түнде –11…–13 градус, күндіз –3…–5 градус. Көкшетау - құбылмалы бұлтты, қар жауады. Түнде –6…–8 градус, күндіз –3…–5 градус. Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде –13…–15 градус, күндіз –6…–8 градус. Павлодар - құбылмалы бұлтты, күндіз қар жауады, бұрқасын/қар жауады. Түнде –8…–10 градус, күндіз 0…–2 градус. Семей - бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). боран соғады, көктайғақ болады, жел екпінді. Түнде –7…–9 градус, күндіз –1 градус…+1 градус. Өскемен - құбылмалы бұлтты, күндіз қар жауады, боран соғады, көктайғақ болады, жел екпінді. Түнде –9…–11 градус, күндіз 0…–2 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Грузия премьер-министрі Кобахидземен кездесті Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді серіктесі болып қала беретінін айтты. Сондай-ақ қос халық арасындағы берік достыққа, тарихи тамырластыққа негізделген ұзақ жылғы ынтымақтастықты оң бағалайтынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе саяси диалог, экономикалық және гуманитарлық байланыстар дәйекті түрде дамып келе жатқанын растады. Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды. Осы орайда Мемлекет басшысы Грузиямен көлік-логистика, сауда-экономика салаларындағы қарым-қатынасты арттырудың әлеуеті зор екеніне тоқталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ибраһим келісімдері мен Палестина бойынша Қазақстанның ұстанымын нақтылады Президент Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімі аталған аймақтағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу ниетінен туындап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы өзге өңірлердегі қақтығысты реттеуге қатысты пікір білдірді. "Таяу Шығыстағы жағдай бойынша келісімге қол қойылуын құптаймыз. Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімі аталған аймақтағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу ниетінен туындап отыр. Әйтсе де Қазақстан ұзаққа созылған әскери-саяси дағдарысты түбегейлі реттеудің маңызды факторы ретінде егемен Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайды. Әзербайжан мен Армения бейбітшілік туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Біз мұны тарихи шешім деп санаймыз. Өйткені осы арқылы аталған аймақта және одан тысқары жерлерде сан қырлы ынтымақтастыққа кеңінен жол ашылады. Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылыққа кепілдік беретін толық форматты бейбіт келісімшарт таяу арада жасалады деп үміттенеміз", – деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыруды қолдады Қазақстан Президенті Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақрпдаға сілтеме жасап. "Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығы осы бағыттағы ынтымақтастықты үйлестіретін маңызды платформаға айналды. Тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда Азиядағы өзара іс-қимыл сенім шаралары жөніндегі кеңес маңызды рөл атқарады. Бұл форум өзінің саяси тұрғыдан өзектілігін дәлелдеді. Осыған орай АӨСШК қызметіне, соның ішінде форумды толыққанды халықаралық институтқа айналдыруға қолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге алғыс айтамыз", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Украинадағы қақтығыс туралы: “Көптен күткен бітімге келу мүмкіндігін жақындатты“ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бүгін Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты. Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды. Мемлекет басшысы еліміз Түрікменстан Президентінің БҰҰ бейбітшілік және бейтараптық университетін ашу жөніндегі бүгінгі ұсынысын қолдайтынын айтты. "Қазірдің өзінде жаһан жік-жікке бөлінуден, тіпті ядролық соғыстан бас тартып, бейбітшілік, сенім, ынтымақ секілді құндылықтарды басшылыққа алған кезде әлемде әділетті және орнықты тәртіп орнатуға болатыны белгілі болды. Осы орайда еліміз Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесі жандануына қолдау білдіреді. Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуінен кейін бейбітшілік пактісінің негізгі ережелері белсенді талқылана бастады. Бұл көптен күткен бітімге келу мүмкіндігін жақындатты", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда инновациялық психотропты дәрі өндіріле бастайды Қазақстанда инновациялық психотропты дәрі шығарыла бастайды. "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" ҚФК" ЖШС Gedeon Richter компаниясымен өндірістік келісімшартқа қол қойды. Гедеон Рихтер Қазақстан компаниясы мен "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" ҚФК" ЖШС инновациялық дәрі өндірісін жергілікті жерде шығару мақсатында шизофрения мен биполярлы аффектив бұзылуды емдеуге арналған дәрілік өнімді (халықаралық патенттелмеген атауы – Карипразин) Қазақстанда өндіру жөніндегі өндірістік келісімшартқа қол қойды. 2024 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Венгрияға сапары барысында фармацевтика екі ел арасындағы әріптестіктің басым бағыты ретінде белгіленген. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау жолында венгриялық Gedeon Richter компаниясына психиатриялық көмек көрсету саласында "Карипразин" түпнұсқа препаратын пайдалана отырып инвестициялық жобаны жүзеге асыру ұсынылды. 2025 жылы Венгрия Президенті Тамаш Шуйоктың Қазақстанға сапары кезінде стратегиялық әріптестік тағы бір пысықталды. "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" ҚФК" ЖШС мәліметінше, жоба кезең-кезеңімен жүзеге асады: бірінші кезеңде қайталама қаптаманы іске қосып, біртіндеп отандық фармацевтика қуаты негізінде толық өндірістік циклге өту көзделген. 2029 жылдың екінші жартысы мен 2030 жылдың басында өндіріс субстанцияны пайдалана отырып толық циклге өтеді деп жоспарланып отыр. Gedeon Richter Plc. компаниясы жасаған бірегей психотропты жаңа буын дәрісі тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетіп қана қоймай, оның әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіру, тұрмыстық және кәсіби қызметке қайта оралу, сондай-ақ әлеуметтік байланыс орнату (отбасында, достар арасында, еңбекте) сияқты ортаға қайта қосылуға клиникалық әсері де дәлелденген. Қоғамға қайта бейімделу – психикалық денсаулықтың ұзақ мерзімді қалпына келу жолындағы негізгі элемент, ол қайтадан ауруханаға түсу қаупін азайтып, қоғамға орнықты араласып кетуге ықпал етеді. Өнімді FDA (АҚШ), EMA (ЕО), MHRA (Ұлыбритания) және PMDA (Жапония) сияқты жетекші халықаралық реттеуші ұйымдар мақұлдаған. Бұған қоса шизофренияны анықтау мен емдеудің клиникалық хаттамасына енгізілген және оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет сапасы жөніндегі бірлескен комиссиясы да мақұлдаған (2025 жылдың 24 сәуіріндегі №230 хаттама). Компания жергілікті өндіріс науқастардың озық емдеу тәсіліне көбірек қол жеткізуін қамтамасыз ететініне және ұлттық фармацевтика саласының дамуына үлес қосатынына сенімді. "Инновациялық дәрілік өнімді жергілікті жерде шығару жөніндегі өндірістік келісімшарт ҚР Президенті ел халқына жолдауында атап көрсеткен дәрілік өнімдер мен медицина бұйымдарының отандық өндірістегі үлесін 50 пайызға дейін арттыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында көзделген мақсаттарға сәйкес келетін стратегиялық қадам", - деп мәлімдеді компания. Gedeon Richter мен "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" ҚФК" ЖШС – Қазақстанда бірлескен жобаларды табысты жүзеге асырып келе жатқан көп жылғы серіктес. Миссиялар мен корпоративтік құндылықтардың ұқсастығы және бизнеске қатысты көзқарас әріптестікті әрі қарай дамытуға берік негіз болады. Фото: Gedeon Richter компаниясының баспасөз қызметі
Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов пен Президент Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысы Түрікменстанның саяси ұстанымы тұтас Еуразия құрлығының тұрақтылығы мен орнықты дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Аталған форумда көтерілген бастамалар ХХІ ғасырдағы бейтараптықтың мән-маңызына жаңаша көзқарас қалыптастырады. Қазақстан Президенті Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымы түрікмен халқының сан ғасырлық мәдени дәстүрімен және рухани құндылықтарымен үйлесетінін айтты. "Түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаушы, Шығыстың көрнекті ойшылы Мақтымқұлы Пырағы: "Тыныштық болса ел өседі, әділдік болса сенім күшейеді" деген. Ұлы данышпанның дүниені терең таныған идеялары қазіргідей алмағайып халықаралық жағдайда да өте өзекті бола түскені сөзсіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Синоптиктер 13, 14 және 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан аумағына қуатты циклон жақындап келеді. Бұл циклон жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, боран әкеліп, республика аумағының басым бөлігін қамтиды. "Жауын-шашынмен бірге, жел де күшейеді. Батыста, солтүстікте, еліміздің орталық бөлігінде екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары болатын екпінді жел болжанады", - деп ескертті синоптиктер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК-ға жаңа өкілеттіктер берілді: Тоқаев жарлыққа қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің функцияларын кеңейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Президент жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін құжатқа қол қойды. Жаңартылған ереже Қауіпсіздік комитетінің қаржылық мониторинг және мемлекеттік материалдық резервтерді басқару саласындағы функцияларын кеңейтуді көздейді. Қаржылық мониторинг Енгізілген түзетулерге сәйкес, ҰҚК енді уәкілетті органның сұрау салуы негізінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл шеңберінде өз ақпараттық жүйелерінен мәліметтер беретін болады. Мемлекеттік және жұмылдыру резервтерін басқару Құжатта Комитеттің мемлекеттік материалдық резервке қатысты мынадай жаңа міндеттері нақтыланды: материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен сақтау көлемдері бойынша ұсыныстар енгізу; жұмылдыру резервінен құндылықтарды қарыз алу тәртібімен немесе жаңарту мақсатында шығару туралы шешімдер қабылдау; резерв құндылықтарын сақтау мен жаңартуды ұйымдастыру; номенклатура өзгерген жағдайда немесе жаңарту кезінде материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдарға өтеусіз беру; резерв құндылықтарының орнын ауыстыру және жеткізу бойынша рәсімдерді үйлестіру; жұмылдыру резервін қалыптастыру мен сақтау шығындары жөніндегі ұсыныстарды Үкіметке енгізу. Жарлықтың басым бөлігі қол қойылған күнінен бастап күшіне енді. Алайда материалдық резервтерге қатысты бірқатар арнайы нормалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ашхабадтағы халықаралық форумға қатысуға барды Мемлекет басшысы Ашхабадтағы халықаралық форумға қатысу үшін Конгресс орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды. Форум қатысушылары бірге суретке түсті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды Мемлекет басшысы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форум аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да мемлекеттер басшыларымен бірге Бейтараптық монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Бұл кешен Түрікменстанның бейбітшілік пен жасампаздық ұстанымына бейіл екенін көрсетеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зейнетақы жинағын алу: тағы бір тыйым салынды enpf-otbasy.kz платформасында стоматология, офтальмологияға БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтініш қабылдау тоқтатылғаннан кейін азаматтар реконструктив және қалпына келтіру (пластикалық) операцияларын таңдай бастаған. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметке сүйенсек, әсіресе, операциядан кейінгі тыртықты түзету және туа біткен ақауды коррекциялау үшін сұраныс артқан. "Бұрын банкке пластикалық оталарға БЖЗҚ қаражатын пайдалану туралы азаматтардан орта есеппен 16 өтініш түсетін. Алайда қыркүйекте стоматология бойынша өтініш қабылдау тоқтаған кезде олардың саны 123-ке дейін өсті, қазанда 1 844-ке, ал қарашада 3 878 өтінішке жетті", - деп жазылған хабарламада. Желтоқсанның алғашқы 8 күнінде, офтальмологияға өтініш қабылдау тоқтағаннан кейін пластикалық оталарға БЖЗҚ қаражатын пайдалану бойынша 2 093 өтініш түскен. Бұл бұрынғы айлық орташа көрсеткіштен 130 есе көп. Желтоқсандағы өтініштердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жеткен. Не өзгереді? 12 желтоқсаннан бастап enpf-otbasy.kz порталында БЖЗҚ қаражатын "Операциядан кейінгі тыртықтарды және туа біткен ақауларды түзетуге арналған реконструктив және қалпына келтіру (пластикалық) операциялары" мақсаты бойынша пайдалану үшін өтініш қабылдау тоқтатылады. Қазір пластикалық операцияларға БЖЗҚ қаражатын пайдалану бойынша 6 294 өтініш қаралып жатыр. "Бұл өтініштің барлығы қолданыстағы тәртіпке сәйкес өңделеді", - деп жазылған хабарламада. Бірқатар бағыт тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ-дағы артық қаражатты маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алады: сирек (орфан) ауруларды емдеу; радионуклид және радиойод терапиясы; радиохирургиялық емдеу; протон терапия. Бұдан бөлек, тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады: тұрғын үй сатып алу, ипотеканы толық немесе жартылай өтеу, сондай-ақ, Отбасы банктегі депозитті толықтырып, кейін баспана алу мүмкіндігі бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бала сату, еңбекке мәжбүрлеу: Қазақстанда ірі қылмыстық схемалар ашылды ІІМ әлеуметтік осал топтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да қамтыған қылмыстық схемаларды анықтады. Адам саудасына байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолы кесіліп, барлығы 39 дерек тіркелген, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ІІМ мәліметінше, Алматыда жаңа туған нәрестелерді сату дерегіне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленген. Ұйымдастырушылар қиын жағдайға тап болған жас әйелдерді сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген. "Барлық қатысушы ұсталған. 20-дан аса қылмыстық іс тергеліп жатыр", - делінген хабарламада. Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тартып, қанау дерегі анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберіліп жатыр. Сонымен қатар, түнгі ойын-сауық орындарын жүйелі тексеру барысында Шымкентте, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында азаматтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды қанау дерегі анықталған. Астанада полиция мен прокуратура бірлесіп, теміржол вокзалы маңында рейдтер жүргізген. Азаматтарды сексуалдық мақсатта пайдалануға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. "Ақмола облысында діни топтың әрекеті тоқтатылды. Бұл топ еркін жыныстық қатынастарды және отбасылық құндылықтардан бас тартуды насихаттайтын "рухани орталық" ұйымдастырған. Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды. Сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада. Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында "элиталы эскорт" ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылған. Олар түнгі клубтар мен барларға жас қыздарды тартып, жеңгетайлықпен айналысқан. Қылмыстық істер сотқа жіберілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Айканың тізімі“: күтпеген мәлімет пайда болды Қазақстанда "Айканың тізімі" 2023 жылы үлкен шу тудырды. Ұзақ уақыт бойы құжатты кім жариялағаны және оның таралуына кім жауапты екені белгісіз болды. Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-нен жаңа мәліметтерді білді. "Айканың тізімін" кімдер таратқан? ІІМ Tengrinews.kz ресми сұрауына берген жауабында бұл тізімнің таралу дерегі бойынша Астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі соталды тергеу жүргізгенін хабарлады. Тергеу барысында күтпеген жерден Көліктегі полиция департаменті қызметкерлері анықталған. "Көліктегі полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің материалдарын жария ету дерегі бойынша, яғни WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде азаматтардың анкеталық деректерінің таралуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, бірақ қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды", – делінген ІІМ жауабында. Жауапта Антикор полицейлердің әрекеттерінен заңбұзушылық анықтамағаны көрсетілген. "Қылмыстық қудалау органы қызметкерлерінің әрекеттерінен заңдылықты бұзу деректерін анықтаған жоқ", – деп жауап берді ведомство. Тізімде болғандар жазалана ма? Tengrinews.kz тізімде көрсетілген адамдардың жауапкершілікке тартылуы туралы да сұрады. ІІМ бұл тұлғалардың әрекеттерінен ешқандай құқықбұзушылық белгілері анықталмағанын жеткізді. "Тізімде көрсетілген адамдарды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқықтық негіздер жоқ, өйткені олардың тарапынан қандай да бір құқықбұзушылық құрамы анықталмады", – делінген жауапта. Айка неге бостандыққа шықты? 2025 жылғы 25 қарашада "элиталық эскорт" желісінің ұйымдастырушысы Айкаға, 2024 жылы 6,5 жылға сотталғанына қарамастан, жазасын өтеуді екі жылға кейінге қалдыру туралы шешім шығарылды. Осы уақыт аралығында ол пробациялық бақылауда болады, содан кейін қайтадан колонияға оралады.Шегерімнің негізгі себебі – сотталған әйелдің кішкентай баласының болуы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған президентін құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған Президентін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады. Құттықтауда Ги Пармеланның көшбасшылық қасиеті мен еліне қалтқысыз қызмет еткенінің арқасында жоғары сенімге ие болып, осынау биік лауазымға қайта сайланғаны жазылған. Мемлекет басшысы Президенттің жаңа мерзімінде халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқаратын Швейцария дамудың даңғыл жолын жалғастыра беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның екі қаласының тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "12 желтоқсанда Павлодар, Алматы қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ізгі істер: KAZ Minerals қызметкерлері балалар мен жануарларға қалай көмектесіп жүр? KAZ Minerals компаниясы қызметкерлері 2025 жылы белсенді түрде атқарған волонтерлік жұмыстар туралы әңгімелеп берді. Өндірістік көрсеткіштермен қатар, бұл жыл компания үшін әлеуметтік бастамалар мен ел аумағында мақсатты көмек көрсету кезеңі болды. Компания мәліметінше, "Қамқор" жобасы – Бозшакөл маркшейдерлерінің бастамасы. Олар ай сайын мұқтаж жандарға ақша жинайды. Мақсатты көмек түрлері: азық-түлік, мектеп формасы, өрттен зардап шеккендер мен ауру балаларға қол ұшын беру. Әдетте шамамен 100 мың теңге жиналып, кемінде екі отбасы көмек алады. Тағы бір игі жоба - "Batyl Jureq". Бастамашысы - Бозшакөлдегі ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Асқар Аужанов. Ол 2010 жылы волонтерлікті бастап, өзімен үндес команда жинады. Бүгінде олар дамуы ерекше балаларға бейімді спорт түрлерін, шығармашылықты, арт-терапия мен инватаксиді қолжетімді етті. 2025 жылы бұл мақсатқа 200 млн теңге тартылды. Қордың командасында 100 адам бар, олардың көбі мүгедек балаларды тәрбиелеп отыр. Бозшакөл қызметкерлері павлодарлық "Ашық жүректер" Қорын қолдау үшін пластикалық қақпақтар жинайды. Түскен ақша балалардың еміне жұмсалады. Қазақстанның шығысындағы Артемьев пен Ертіс кеніштерінің қызметкерлері ауылдардың тазалығын қамтамасыз етіп, балалар үйіне көмектеседі. Ең әсерлі шаралардың бірі Өскемендегі кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу Орталығына көмек ұйымдастыру сәті болды. Қызметкерлердің көбі Орталыққа киім, аяқ киім, жазу-сызу құралдарын сыйға тартты. Көбісі өз балаларының заттарын сыйға тартты - ұқыпты, сүйікті, бірақ балалары өсіп кеткен. Бозымшақтағы жұмысшылар көрші Кок-Таш пен Кок-Серек ауылдарының балаларына ойыншық, кітаптар мен киім жинайды. Ақтоғайда иесіз жануарларға көмектеседі. Басқару дағдылары бойынша жаттықтырушы Татьяна Ефремова көшедегі мысықтар мен иттерді зарарсыздандыру жұмысын ұйымдастырды. Оның туған қаласы Леңгірде ветеринар болмағандықтан маманды Шымкенттен алдырған. Өз ақшасы мен әріптестерінің көмегі арқасында ол 300-ге жуық жануарды зарарсыздандырды. Сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері кеніш аумағына адасып кіріп кеткен жануарларға да көмектеседі. Оларды емдейді, зарарсыздандырады және қамқор жандарға табыстайды. Компания мұндай жобалар көмектесіп қана қоймай, ұжымда өзара қолдау мен сенімділікті қалыптастыратынына сенімді. Жалпы 2025 жылы компания білім, денсаулық, мәдениет пен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 140-тан аса әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Фото: KAZ Minerals
Таразда 30-ға жуық ірі, орта және шағын кәсіпорындар қатысқан бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында Тараз қаласының прокуратурасы Тараз қаласының әкімдігі, "Жібек жолы" ауданы әкімдігі және Мансап орталығымен бірлесіп "Мүмкіндіктер алаңы – жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту" атты жәрмеңке өткізді. Іс-шараның мақсаты – атқарушылық құжаттар бойынша берешегі бар тұлғаларға, әлеуметтік осал топтарға, пробация есебінде тұрған азаматтарға, сондай-ақ оқу орындарының түлектері мен басқа да тұрғындарға жұмысқа орналасуға көмек көрсету. "Жәрмеңкеге қаладағы 30-ға жуық ірі, орта және шағын кәсіпорындар қатысты. Жұмыс берушілер өнеркәсіп, құрылыс, көлік, медицина, білім беру, әскери қызмет, қызмет көрсету және басқа да сұранысқа ие салалар бойынша кең ауқымды бос жұмыс орындарын ұсынды", - дейді Жамбыл облысының прокуратурасы өкілдері. Сонымен қатар, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында прокуратураның "Қоғаммен байланыс" жобасы аясында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. Бұл акция жұмыс берушілерге ынталы қызметкерлер табуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және жұмысшы мамандықтарын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға мүмкіндік берді. Жалпы іс-шараға Тараз қаласының 300-ден астам тұрғыны қатысты. Бұдан бөлек, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында еріктілер сауда орталығының келушілеріне ақпараттық материалдар, соның ішінде интернет алаяқтықтың алдын алу жөніндегі жадынамаларды таратты. Осылайша, бұл бастама өңірдегі қылмыс жағдайын жақсартуға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады, сондай-ақ "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру қағидаттарына сәйкес келеді.
Тоқаев пен Пезешкиан Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-иран қарым-қатынасын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Президент Масуд Пезешкианға алғыс айтты. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы алыс-берістің қарқыны жоғары екенін, бүгінгі іс-шара экономика және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты бекемдей түсетінін жеткізді. "Былтыр сауда-саттығымыз 340 миллион доллардан асқан болатын. Биыл бұл көрсеткіш бірнеше есе артады деген болжам бар. Біз елдеріміз арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайтып, ең алдымен, 1 миллиард долларға, содан кейін екінші кезеңде 2 миллиард долларға дейін жеткізуге келістік. Бұған әлеуетіміз толық жетеді. Осы орайда, Тегеран қаласында Қазақстанның Сауда үйін ашу жөніндегі бастаманың маңызы зор. Бұл бастама отандық өнімдерді Иран нарығына жүйелі түрде жеткізіп тұруға мүмкіндік береді. Инвестиция саласындағы байланысымыз күшейіп келеді. Соңғы 20 жылда Иран Ислам Республикасы Қазақстанға 226 миллион доллардан астам инвестиция салды. Қазір елімізде Иранның іскерлік қауымдастығы ашқан 350-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі басқосу осындай кәсіпорындардың қатарын көбейтуге септігін тигізеді деп сенеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте екі жаңа өндірістік аймақ салынып жатыр Шымкентте екі жаңа өндірістік аймақ салынып жатыр, тағы үшеуін кеңейту жұмыстары қолға алынған. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін 13 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Шымкент қаласында өндірістік аймақтарды дамыту, кеңейту және жаңа инвесторларды тарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қала аумағында екі жаңа өндірістік аймақ салынып жатыр, тағы үш өндірістік аймақты кеңейту жұмыстары қолға алынған. Бұл аумақтарда жалпы құны 900 миллиард теңге болатын 300 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 13 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. "Өндірістік аймақтарды көбейту – мегаполистің ұзақ мерзімді экономикалық дамуын айқындайтын маңызды қадам. Инвесторлар үшін инфрақұрылымы толық дайын алаңның болуы шешуші рөл атқарады. Осыған байланысты біз жаңа индустриялық аймақтар құрып, қолданыстағы аумақтарды кеңейтіп, бизнеске қолайлы жағдай қалыптастырып отырмыз. Бұл тек жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, қаланың өнеркәсіптік әлеуетін жаңа деңгейге көтереді", – деді қала әкімі. Әкімнің сөзінше, екі жаңа өндірістік аймақтың біріншісі – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте өңірдің барлық тауар ағынын қабылдап, таратуға мүмкіндік беретін "Өңірлік хаб" құру жұмыстары. Осы мақсатта Сауда-логистикалық орталықты кеңейту жобасы жүзеге асуда және ол келесі жылы толық аяқталмақ. Бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, сауда мен бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Екіншісі – "Стандарт" жеке индустриялық аймағының іске қосылуы. Мұнда өндірістік аймақпен қатар мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтылған арнайы шағын өндіріс алаңдары салынған. Ғабит Сыздықбеков екі жоба да аяқталуға жақы екенін атап өтті.
Берденовке жасалған қастандық: Шымкент әкімі алғаш рет айыптауларға жауап берді Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сотталушының мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Сот отырысында айыпталушы Ернар Жиембай Берденов әкімді "тапсырыс беруші" ретінде көрсетуді сұрағынын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Істің мән-жайы 2025 жылғы тамызда Берденовті өлтіруге оқталды деп айыпталған Ернар Жиембай сотта жәбірленуші жоғары лауазымды шенеунікті кінәлауды талап еткенін айтты. Кейінірек БАҚ-та сөз болып отырған адамның Шымкенттің қазіргі әкімі Ғабит Сыздықбеков екені айтылды. Әкімнің жауабы Астанада өткен брифингте журналистер Сыздықбековтен осы айыптауларға қатысты пікірін сұрады. "Әр адам өзінің ойына құқылы. Менің қатысым бар деген нәрсені, іштен шығарған өздерінің мәселесі болар... Оған қалай қатысым болады? Әрине, адам өзін қорғау үшін не істемейді, не демейді? Сот шешімі шығып, мәселе аяқталды. Сол себепті оны қайта-қайта көтерудің керегі жоқ шығар", - деді әкім. Әкімнің айтуынша, Берденов қызметінен өз еркімен кеткен. Еске салайық, 2025 жылы 20 тамызда Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот сотталушыны жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК (117 960 теңге) төлеуге міндеттеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Халықаралық мәселелер бойынша екі елдің ұстанымдары ортақ“ - Пезешкиан Тоқаевқа ризашылығын білдірді Иран Президенті Қазақстанға сапармен келуге шақырып, қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Иран Орталық Азия өңірімен тату көршілік қарым-қатынасқа айрықша мән береді. Қазақстан – аймақтағы маңызды серіктесіміз әрі Каспий теңізі арқылы шектесетін көршіміз. Жоғары мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өзекті мәселелер жөнінде пікір алмастық. Біз көптеген бағыттағы, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, өндіріс, тау-кен, көлік-логистика, ғылым, мәдениет, жаңа технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды талқыладық. Келіссөздердің нәтижесін таяу келешекте көреміз деп ойлаймын. Халықаралық мәселелер бойынша екі елдің ұстанымдары ортақ, – деді Масуд Пезешкиан. Қасым-Жомарт Тоқаев та Масуд Пезешкианмен халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасқанын айтты "Қарулы қақтығыстардың, санкциялық қысымдар мен сауда соғыстарының ушыға түскеніне алаңдаушылық білдірдік. Халықаралық ұйымдардың беделі төмендеп кеткеніне қатысты ой бөлістік. Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін күшейту, оның қарарлары мен жарғыларын қатаң сақтау, халықаралық құқық үстемдігін ілгерілету және әділдік қағидаттарына берік болу туралы ортақ ұстанымға келдік. Біз барлық текетірестер мен жанжалдарды дипломатиялық келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешу қажет екенін атап өттік. Қазақстан мен Иран халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығын алдағы уақытта да жалғастыра береді", – деді Қазақстан Президенті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қаржы ұйымдары: кімге сенуге болады? Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының үшінші сабағы, бұл жобада біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Бұл материалдан қаржы ұйымдарын тексеру және алаяқтарға тап болмау жолдарын білесіздер.
Химия, физика және биологияны бір пән ретінде біріктіру: министр пікір білдірді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде жаратылыстану ғылымдарын бірыңғай пәнге біріктіру бойынша ведомство ұстанымын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Біраз уақыттан бері қоғамда мектептегі жаратылыстану пәндері біріктірілетіні туралы мәселе қызу талқыланып жатыр. Министр Алматыда өтіп жатқан II халықаралық жас ғалымдар конгресінде осы турасында пікір білдірді. "Бір мәселеге нүкте қойғым келеді. Қазір жаратылыстану ғылымдарын - физика, химия және биологияны бір пәнге біріктіру идеясы қызу талқыланып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі өз ұстанымын нақты көрсетті, бұл пәндер біріктірілмейді", - деді министр. Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, "физика физика, химия химия, биология биология болып қала береді және бөлек оқытылады". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Пезешкиан үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасты Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан және Иран президенттерінің қатысуымен мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті: 1. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы жолаушылар мен жүктерді автокөлік арқылы халықаралық тасымалдау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама; 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы; 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған мәдени алмасу бағдарламасы; 5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Актілерді және жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі мемлекеттік ұйымы арасында зияткерлік меншік саласы бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум; 6. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Жол және қала құрылысы министрлігі арасындағы көлік, транзит және логистика салалары бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум; 7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Денсаулық сақтау және медициналық білім беру министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 8. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадио кешенi" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен Иран Ислам Республикасы радиохабар тарату және телевизия ұйымы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ықпалдастығымыз жалғасып жатыр“: Қазақстан мен Иран президенттері не туралы сөйлесті? Қазақстан мен Иран президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан мен Иран президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Каспий аймағындағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде Иранмен ықпалдастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. "Екі елдің дипломатиялық қатынас орнатқанына 33 жылдан асты. Осы кезеңде тығыз мемлекетаралық ынтымақтастыққа қол жеткіздік. Сындарлы саяси диалог құрдық. Үкіметаралық экономикалық комиссия белсенді жұмыс атқаруда. Парламентаралық байланыс жолға қойылды. Ауқымды шарттық-құқықтық негіз қалыптасты, елуден астам келісім жасалды. Халықаралық ұйымдар аясында ықпалдастығымыз жалғасып жатыр. Бұл дәстүрлі достық пен әріптестігіміздің айқын дәлелі екені сөзсіз", – деді Президент. Масуд Пезешкиан иран-қазақ қатынастары тереңнен тамыр тартатынына тоқталды. "Екі ел арасындағы байланыстар Ұлы Жібек жолы дәуірінен бастау алады. Тәуелсіздік алғанға дейін де Қазақстанмен арадағы қарым-қатынас үзілген жоқ. Сіздің еліңізбен ынтымақтастық біз үшін өте маңызды. Үкіметаралық, ведомствоаралық ықпалдастық жолға қойылған. Көптеген халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша қос мемлекеттің ұстанымы ұқсас. Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы аясында тығыз әрекет етеміз. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту – ортақ міндет. Қазақстанмен арадағы тауар айналымы 40 пайызға артты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Бұдан бұрын өзара сауда-саттықты 3 миллиард долларға дейін жеткізуге уағдаласқан едік. Осы келісімді жүзеге асыруға күш сала береміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында жасалған еркін сауда келісімі екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге берік негіз қалайды", – деді Иран Президенті. Келіссөз барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ықпалдастық перспективасы қарастырылды. "Өзара тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Дегенмен сауда-саттықты әртараптандыру мәселесін ойластыру керек. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен, өндіріс, медицина және озық технологиялар салаларындағы қарым-қатынасты жандандыру қажет. Бүгін қол қойылатын құжаттар саяси және экономикалық алыс-берісті дамытуға тың серпін береді деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, еліміз Иранға жалпы құны кемінде 200 миллион доллар болатын тауар тасымалдауға дайын. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеранда Қазақстанның Сауда үйін ашу бастамасына қолдау білдіріп, Іскерлік кеңестің жұмысын жандандырудың, Қазақстан-Иран бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасының әлеуетін толық пайдаланудың маңызын атап өтті. Жыл басынан бері Иран Қазақстан экономикасына 17,8 миллион доллар тікелей инвестиция салған. Иран кәсіпкерлері Алматы облысында ірімшік зауытын, Батыс Қазақстан облысында мал терісін өңдеу комбинатын ашу секілді жобаларға белсене атсалысып жатыр. Қазақстан бизнесмендері де Иран нарығында бірқатар жобаны жүзеге асыруда. Тараптар Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізі мен Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолының әлеуетін одан әрі арттыруға мүдделі екенін жеткізді. Биылғы 10 айдың нәтижесі бойынша аталған бағыттармен тасымалданған жүктің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 53 пайызға артқан. Президенттер аймақаралық байланысты күшейту үшін көлік-транзит жолдарын одан әрі әртараптандыру, әсіресе, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын бірлесе дамыту мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, келіссөзде ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен, цифрландыру және жасанды интеллект салаларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективасына назар аударылды. Екі ел басшылары мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру мәселесін де қозғады. "Иранның мұрағаттарында қазақ тарихына қатысты көптеген жәдігер сақталған. Ғалымдарымыз әл-Фараби мұрасын бірлесе зерттеуді қолға алды. Қазақ жерінде ұлы ойшылға арналған тарихи-мәдени кешен салу мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар бүгін Иран делегациясы Қазақстан тарихына қатысты бірқатар құнды ескі қолжазбаның көшірмесін ала келді. Сол үшін Сізге зор ризашылығымды білдіремін. Бұл қадам қос халықтың тарихи байланысының терең екенін дәлелдей түседі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Тараптар екі елдің рухани құндылықтарын кеңінен таныстыру үшін алдағы жылдары Мәдениет күндерін өткізу, жоғары оқу орындары арасында студент алмасуды жандандыру, медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық өндіріс орындары арасында серіктестік орнату жөнінде уағдаласты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Арамызда ешқандай түйткіл, шешілмеген мәселе жоқ“ - Тоқаев Иран президентімен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге алғаш рет ресми сапармен келіп отырған Иран президенті Масуд Пезешкианды қарсы алды. "Аса құрметті Президент мырза, Қазақстанға қош келдіңіз! Елімізге алғаш рет ресми сапармен келіп отырсыз. Қазақта "Көрші тату болса – құт" деген жақсы сөз бар. Екі елді қарт Каспий байланыстырады. Қазақстан Иранды жақын әрі бауырлас көрші, Орта Шығыстағы сенімді серіктес деп біледі. Біз қашанда Иранға тілеулеспіз. Қиындықтарға қарамастан қарым-қатынасты үзген жоқпыз. Қазақ-иран байланысының тамыры тереңде жатыр. Қос халықтың тарихы – ортақ, салт-дәстүрі мен мәдениеті – ұқсас. Ықпалдастығымыз ғасырлар бойы жалғасып келе жатыр. Қазақ елі әрдайым Иранды қолдайды, арамызда ешқандай түйткіл, иә болмаса, шешілмеген мәселе жоқ. Сондықтан екі ел арасындағы қарым-қатынастың келешегі зор. Қазақстан мен Иран арасында сындарлы саяси диалог қалыптасқан, үкіметтеріміз бірлесіп жұмыс істейді. Өзара уағдаластықтарымыз орындалуда, парламентаралық байланыс та нығайып келеді. Сауда-экономика саласындағы алыс-беріс жылдан жылға күшейіп келеді. Биылғы 10 айда көрсеткіштер былтырғымен салыстырғанда 40 пайызға артты. Бұл – әрине, өте жақсы жетістік. Бірақ осы қарқынды тоқтатпай, өзара сауда көлемін ұлғайта түсу қажет", – деді Президент. Бұл ретте Масуд Пезешкиан Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін білдірді. "Тарихы терең, мәдениеті бай бауырлас, достас Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Көптеген бағытта ынтымақтастығымыз қарқынды түрде дамып келеді. Үкіметтеріміз нәтижелі жұмыс атқаруда. Саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік салаларындағы ықпалдастықтың әлеуеті зор деп ойлаймын", – деді Иран Президенті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ақордада Иран президенті Пезешкианды қарсы алды Ақордада Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды қарсы алу рәсімі өтті. Мәртебелі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Екі елдің әнұраны орындалып, Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар жүктілік және босану бойынша көп төлем алу үшін “16 жұмысқа тұрған“ Жоғары аудиторлық палата азаматтарды зейнетақымен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аудит қорытындысына сәйкес елімізде жыл сайын зейнетақы, жәрдемақы алушылардың саны да, төлем сомасы да артып келеді. Соңғы бес жылда: орташа ынтымақты зейнетақы 37 пайызға, базалық зейнетақы 45 пайызға артқан, мемлекеттік жәрдемақылардың орташа мөлшері 58 пайызға, Әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер 2,5 есеге ұлғайған. Сонымен қатар аудит қорытындысы бойынша назар аударуды және жетілдіруді қажет ететін бірқатар бағыт бар. Зейнетақы алушылар туралы халықаралық ақпарат алмасу тетіктерін жетілдіру қажет. Бұл қосарланған төлемдердің алдын алуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар тарапынан зейнетақы жарналарының тұрақтылығы мәселесі өзекті болып отыр. Бұл өте маңызды, өйткені зейнетке шыққан кезде ұсынылған төлем деңгейін алу үшін жинақ жеткілікті болуы керек. Әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін басқару тиімділігін арттыру үшін жекелеген практикалар мен тәсілдер қайта қарауды немесе жіті бақылауды қажет етеді. Аудит жүктілік және босану бойынша жоғары төлем алу мақсатында кірістерді және жұмыс орындарының санын жасанды көбейту жағдайларын да тіркеген. "Кейбір жағдайларда аударымдар бір мезгілде 3-10 жұмыс орнынан түсіп отырған, ал 169 адам 16-дан астам ұйымда есепте тұрған. Мұндай деректерді болдырмау үшін нормативтік базаны пысықтау қажет", - делінген хабарламада. Аудиторлар мұндай схемалардың алдын алу үшін нормативтік базаны жетілдіру қажет екенін атап өтті. "Сонымен қатар Әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін сенімгерлік басқарудан шамадан тыс алу деректері тіркелген. Бұл 216 миллиард теңгеден астам сомаға активтерді тиімсіз пайдалануға әкелді. Әлеуметтік төлемдердің шекті мөлшері туралы норманың болмауы, сондай-ақ төлем алушылардың табысын растауда мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігі шамамен 96 миллиард теңге Әлеуметтік сақтандыру қоры активтерінің жоғалуына әкелді", - делінген қорытындыда. Аудит қорытындысы бойынша 5 миллион теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар, 216,2 миллиард теңгенің тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. 46 жүйелі кемшілік анықталған. 22 материал әкімшілік жауаптылықты қарау үшін берілген. 2 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда үлескерлерге қатысты ірі схема әшкереленді ҚМА Абай облысы бойынша департаменті "Dala SK Construction" ЖШС мен оған байланысы бар бірқатар компаниялардың басшылығына қатысты азаматтардың қаражатын үлестік құрылыс ретінде заңсыз тарту деректері бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, екі жыл бойы компания басшылығы қажетті рұқсат беру құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз тұрғын үй кешендерін салумен айналысқан. "Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны және пайызсыз бөліп төлеу ұсынылатыны туралы жарнамалар жарияланған. Алайда "Irtysh Riverside" тұрғын үй кешенінің жоспарланған алты мұнарасының тек біреуінің ғана қаңқасы тұрғызылған", - делінген хабарламада. 2024 жылғы қазанда "Dala SK Construction" ЖШС-не ӘҚБК-нің үш бабы бойынша (заңсыз құрылыс, жобалық-сметалық құжаттамасыз құрылыс, рұқсатсыз кәсіпкерлік қызмет пен хабарлама жіберместен әрекет жасау) әкімшілік жаза қолданылып, құрылыс жұмыстары тоқтатылған. Сот шешімдеріне қарамастан, компания басшылығы жобаның сәтті жүзеге асып жатқандай көрініс жасап, азаматтарды алдауды жалғастырған. Жаңа сатып алушыларды тарту үшін пәтерлердің сатылымы мен бөліп төлеу жөніндегі жарнамалар жалғаса берген. "Нәтижесінде 64 азаматпен жалған брондау шарттары жасалған. Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты. Түскен қаражат Өскемен қаласындағы басқа да байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, онда да заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізілген". Залалды өтеу және үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында күдіктілердің мүлкіне - 2 пәтерге, 10 жер учаскесіне және 6 автокөлікке тыйым салынды. Ұйымдастырушы қамауға алынған. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы ең жоғары жалақылар аталды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең жоғары жалақы мен ең сұранысқа ие мамандықтарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Enbek.kz мәліметтері бойынша, жұмыс берушілер қарашада мына лауазымдар бойынша ең жоғары жалақы ұсынған: бас құрылысшыларға (640 мың теңгеден бастап), өндірістік учаске бастықтарына (595 мың теңгеден бастап) авиациялық диспетчерлерге (568 мың теңгеден жоғары). "Ал ең жоғары жалақы күту деңгейі пилоттарда (орташа 1,9 миллион теңге), коммерциялық ұйымдардағы IT-бөлім басшыларында және бас геологтарда (шамамен 1,2 миллион теңге) байқалды", - делінген хабарламада. Ең сұранысқа ие мамандықтар: мейірбике/мейіргер – 1,9 мың, санитар – 1,8 мың, тәрбиеші және автомобиль жүргізушісі. Еңбек нарығындағы жағдай Қарашада Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында 101,1 мың вакансия жарияланған, олардың 73 пайызы біліктілікті талап ететін лауазымдар. Алдыңғы аймен салыстырғанда жалпы вакансиялар саны 23 пайызға, оның ішінде білікті мамандарға арналған вакансиялар 26 пайызға азайды. Өз кезегінде үміткерлер 101,3 мың түйіндеме орналастырған, бұл қазан айымен салыстырғанда 11 пайызға төмен. Министрлік мәліметінше, вакансиялар санының азаюы маусымдық факторлармен байланысты. Вакансиялар саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер: Түркістан облысы (11,1 мың), Астана (9,3 мың) Алматы (7,2 мың). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Көктөбе“ телемұнарасы жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін бе? Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасының сейсмотұрақтылығы тексерілді. Техникалық сараптама нәтижелері туралы премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін сенатор Ғалиасқар Сарыбаев Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасына күрделі жөндеу жүргізуді талап еткен болатын. Ол өз депутаттық сауалында нысанда инженерлік, сейсмикалық және экологиялық мәселелер бар екенін және оның жаңғыртуды қажет ететінін айтты. Депутаттық сауалға жауап ретінде Бектенов телемұнара "Қазтелерадио" АҚ балансында екенін айтты. Кәсіпорын тұрақты негізде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіп, телемұнараның көтеруші конструкцияларына кешенді тексерулер жасап отырады. "Тәуелсіз техникалық зерттеу нәтижелері бойынша, соның ішінде 2024 жылы жүргізілген зерттеуді қоса алғанда, телемұнара қолданыстағы сейсмотұрақтылық нормаларына сай екені расталды. Конструкцияның қауіпсіздігіне, оның тұрақтылығына және нысанды әрі қарай пайдалануға байланысты тәуекелдер анықталған жоқ. Көтеруші конструкциялар техникалық тұрғыдан сенімді және пайдалануға жарамды деп танылды", - деді премьер-министр. Бектеновтің айтуынша, алдағы уақытта "Қазтелерадио" телерадио хабар тарату объектілерінің техникалық жағдайын жүйелі бақылауды, инфрақұрылымдық тәуекелдерді бағалауды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды жалғастырады. "Бұдан бөлек, мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Алматы әкімдігіне және өзге де мүдделі мемлекеттік органдарға аталған стратегиялық нысандардың тиісті және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырдым", - деді премьер-министр. Еске салайық, 4 желтоқсанда алматылықтар 3 баллдық жерасты дүмпулерін сезген болатын. Жер сілкінісінің эпицентрі мегаполистен оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "11 желтоқсанда Өскемен, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар Жаңа жылда қалай демалады: күнтізбе 2025 жылдың соңғы айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалады, ал жаңа 2026 жылдың алғашқы айында тағы 12 күн демалыс болады. Tengri Life ыңғайлы күнтізбе дайындады. Қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады? Желтоқсанда қазақстандықтар үшін қосымша бір демалыс болады. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбіге түседі, сондықтан аптаның ортасында қысқа үзіліс болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де Тәуелсіздік күні демалыс болады. Ал 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді. Қазақстандықтар 2026 жылы қаңтарда қалай демалады? Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 2026 жылғы қаңтардағы демалыс күндерінің кестесі: Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - Жаңа жылға арналған мерекелік күндер; 3 және 4 қаңтар - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар (сәрсенбі) - Рождество - демалыс күні. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - мерекелік күндер; 3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні; 4 қаңтар (жексенбі) - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество). Еңбек министрлігі 2025 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы қаңтарда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайтынын нақтылады.
Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев 2025 жылғы тұрғын үй саясатының қорытындысын ұсынды Алматыда 2025 жылғы тұрғын үй саясатыніске асыру қорытындысы жарияланды. Брифинг барысында баспана бөлу тетіктеріндегі өзгеріс, жастарды қолдау бағдарламаларын кеңейту, кезектің өсуі және жалдамалы пәтерлерге бақылауды күшейту жайы айтылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді. Әкім орынбасарының айтуынша, кезек жүйесі "Отбасы банкке" берілгеннен кейін өтініш берушілер саны 80 870 адамға жетті, бұл жылдың басымен салыстырғанда 36 мыңға көп. Бұл өзгерістер бірнеше талаптың жаңаруымен байланысты: ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға үш жылдық тіркеу талабының жойылуы, табыс бойынша шектің болмауы және Алматыда тұратын барлық кәмелет жасына толған азаматтың кезекке тұра алу мүмкіндігі. Жыл соңына дейін қалада Алатау және Түрксіб аудандарындағы жаңа тұрғын үйлерден 876 пәтерді тапсыру аяқталады. Бөлу 70/30 қағидаты бойынша жүргізіледі: 70 пайыз – ардагерлерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға беріледі. Қалған 30 пайыз – аталған санаттарға кірмейтін азаматтарға бөлінеді. Әсіресе, заңсыз қосымша жалға беру фактісіне баса назар аударылды. Жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді тексеру барысында 160 заңсыз жалға беру жағдайы анықталды. Оның ішінде 145 пәтер өз еркімен босатылды, қалған 15-і бойынша сот рәсімдері жүріп жатыр. Брифингте Алмасхан Сматлаев "Алматы жастары" бағдарламасының тиімділігін атап өтті. Бағдарлама іске қосылғаннан бері 8 228 жеңілдетілген несие, оның ішінде 2 177-і биыл берілді. Жалға алушыларды қолдау үшін қосымша 200 жеңілдетілген несие қоры қалыптастырылды. Бұдан бөлек, 2025 жылы 48 тұрғын үйдің сертификаты берілді, ал 639 отбасы пәтерақыға субсидия алып отыр. "Біздің мақсатымыз – әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету. Біз бақылауды күшейтіп, бағдарлама аясын кеңейте береміз және жастар мен әлеуметтік осал отбасыларға баспана алу немесе жалға алу үшін нақты мүмкіндіктер жасаймыз", – деді Алмасхан Сматлаев.
Шымкентте “Тәуелсіз елдің болашағы - жастар“ атты мерекелік концерт өтті Бүгін Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қалалық Ассамблея жастарының ұйымдастыруымен "Тәуелсіз елдің болашағы – жастар" атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Нұркен Әлімқұлов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты. Концерттің негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дәріптеу, ұлттық мәдени мұраны насихаттау және ұрпақ сабақтастығын нығайту. Бағдарлама шеңберінде жастардың тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан үлесі көрсетіліп, өнер арқылы патриоттық сезімді қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Іс-шара "Ұрпақ сабақтастығы – Тәуелсіздік кепілі" атты поэтикалық-хореграфиялық композициямен ашылды. Сахнада студент-жастар еліміздің өркендеу жолы мен жетістіктерін бейнеледі, ал "Шамсинур" би ансамблі "Мереке" биін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. "Бүгінгі шара – жастарымыздың шығармашылығын көрсету мен ұрпақ сабақтастығын нығайтуға арналған маңызды іс-шара. Біз жастарға сенеміз және олардың тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан үлесі зор деп санаймыз. Біздің міндетіміз – жас буынға дұрыс бағыт беру, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік жасау. Бұл тек мәдени іс-шара емес, сонымен қатар, тәуелсіздіктің мәнін түсіндіру, жастарды елге қызмет етуге баулу мақсатындағы маңызды бастама" – деді Шымкент "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Нұркен Әлімқұлов сөз сөйлеп. Концерт барысында әр түрлі жанр мен бағыттағы шығармалар көрермен назарына ұсынылды. Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ студенттері "Сән" театрының дефиле көрсетілімін өткізді. Сонымен қатар, республикалық байқаулардың лауреаты Изатуллаева Зардиана екі ән орындаса, Үркер тобының репертуарынан "Жаным" әнін республикалық байқаулардың лауреаты Олег Вименко жеткізді. Іс-шара финалында "Қазақстан – елім менің" әні шырқалып, сахнадағы барлық орындаушылар мен жалаушалар көрермендермен бірге әнге қосылды. Айта кетейік, "Ассамблея жастары" қоғамдық бірлестігінің негізгі міндеті – Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігі негізінде жастарды дамыту және топтастыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі аясында жастар бастамаларын қолдау және әлеуметтік белсенділігін дамыту, мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, жастар арасында қоғамдық келісімді қалыптастыруға жәрдемдесу, жастардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру, этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге, оны танымал ету және этносаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету процесіне тарту, патриоттық бағыттағы қоғамдық-саяси іс-шараларды, этносаралық және мәдениетаралық диалогты өткізуге этномәдени және өзге де бірлестіктердің жастарын тарту, жастар арасында волонтерлік пен қайырымдылық қызметті дамытуға қолдау көрсету. Осы орайда мерекелік концерт қала жастарының белсенділігі мен шығармашылық әлеуетін тағы бір мәрте айқын көрсетті. Шара барысында этномәдени бірлестіктердің жас өкілдері өзара тәжірибе алмасып, бір-бірімен тығыз байланыс орната алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени жобалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастар арасында татулық пен өзара сыйластықты нығайтуға ықпал етпек. Қоғамдық келісім мен бірлікті дәріптейтін осындай іс-шаралар Шымкент қаласында тұрақты түрде өткізіліп, жас буынның елдік мүддеге сай қалыптасуына серпін беруді мақсат етеді.
БҚО-да жаңа жолайрық пайдалануға берілді Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар инфрақұрылымдық нысан – "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 265-шақырымында, Подстепное ауылы тұсында салынған екі деңгейлі жол айрығы пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Ұлттық компания қызметкерлері, мердігер ұйым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. "Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауларында еліміздің көлік-логистика саласын жаңғыртуды айрықша атап өтіп, бұл бағытты ұлттық экономиканы күшейтудің негізгі тетіктерінің бірі ретінде көрсетті. Бүгін іске қосылып отырған екі деңгейлі жол айрығы – жол қозғалысын қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз етуге арналған заманауи инженерлік шешім. Жаңа жол торабы көлік ағынын реттеп, қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл – облыстың өзге өңірлермен және Ресей Федерациясымен көлік байланысын жақсартып, экономикалық ықпалдастықты тереңдетуге зор серпін беретін маңызды қадам", - деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев. Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев атқарылған жұмыстардың салалық жаңғыртудағы жүйелі маңызын атап өтті: "Бүгін ашылған учаскелер өңірдің көлік қолжетімділігін түбегейлі өзгертеді. Әрбір жаңа шақырым – экономиканың, шағын және орта бизнестің, туризмнің дамуына, халықтың өмір сапасының артуына ашылған жаңа мүмкіндік. Сонымен бірге біз биыл қайта жаңғырту жұмыстары басталған "Сырым" өткізу пунктін толықтай жаңартып, оны халықаралық деңгейдегі заманауи логистикалық орталыққа айналдыруды бастады". Аталған жол торабы – "Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясы шекарасы" бағыты бойынша жүргізіліп жатқан ірі қайта жаңғырту жұмыстарының маңызды бөлігі. Жобаның жалпы ұзындығы – 144 шақырым. Бүгінгі таңда 72 шақырым жол толық жөнделіп, көлік қозғалысы ашылды. Бұл жұмыстарды "ҚазАвтоЖол" АҚ жүзеге асырды. Қалған 72 шақырымда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба толықтай 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. 2025 жылы өңірде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 260 шақырым жолдарда негізгі жұмыстар толық аяқталды. Оның ішінде "Подстепное – Федоровка" автожолының 72 шақырымын қайта жаңарту, "Өнеге – Бисен – Сайқын" бағытының 103 шақырымын күрделі жөндеу, сондай-ақ Хан Ордасы ауылына кіреберіс жолының 21 шақырымы мен Ақтөбе – Орал автожолының 64 шақырымдық жолға орташа жөндеу жүргізілді.
Тоқаев су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның оңтүстігінде колониядағы тұтқындар бүлік шығарған: сот үкімі шықты Түркістан облысы соты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің талаптарына жаппай бағынбау дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Прокурорлардың мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесінің №55 мекемесінде қатаң ұстау жасағында ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан алты сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы мекеме әкімшілігінен заңмен тыйым салынған - түнде теледидар көру, серуендеуге шығу, өз бетінше тамақ дайындау, белгіленген киім үлгісін кимеуге және заңнамада тыйым салынған өзге де жеңілдіктер беруді талап еткен. "Заңсыз әрекеттерін әзірлеу мақсатында өздеріне жарақаттар салған", - делінген хабарламада. Сот сотталушылардың әрқайсына 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын және оны бұрынғыдан да қатаң жағдайда өтеу туралы үкім шығарды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда аңызға айналған мұз айдыны жаңғыртылып жатыр Алматы тау кластерін дамыту жоспары аясында Алматыда жаңа жобалар пайда болады. Алматыда спорт пен туризм саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәслихат сессиясында баяндады. Әкім Дархан Сатыбалдының айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық деңгейдегі стадион құрылысы жалғасады. Қазір оның сыйымдылығын 35 мыңнан 45 мың орынға дейін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба 2027 жылдың соңында бітеді деп жоспарланған. "Сондай-ақ "Медеу" мұз айдынындағы инженерлік коммуникацияларды толық ауыстыру арқылы жаңғырту жүргізіліп жатыр", – деді Дархан Сатыбалды. Сонымен қатар, қала әкімінің айтуынша, 2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр. Осы жоспар аясында туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады. Еске салайы, Алматыда бірегей нысан – биік таулы спорт кешені "Медеуді" жаңарту жұмыстары басталған болатын. "Жоба аясында мұз айдынына арналған жаңа тоңазытқыш жүйесі орнатылады, инженерлік коммуникациялар толық жаңартылып, кешен газбен қамтамасыз етіледі. Мұздың сапасы мен жағдайын нақты уақыт режимінде бақылайтын жасанды интеллект жүйесі энергия тұтынуын 25 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, көрермендерге арналған жылы әрі жеке реттелетін орындықтар қойылады. Заманауи спорттық және сауықтыру кешенін жасауға ерекше көңіл бөлінген. Бұрынғы машина залының маңында көлемі 25×15 метр, жылы суы бар ашық бассейн салынады. "Келушілердің ыңғайы үшін трибуна мен қабылдау бөлмесі, киім ауыстыратын бөлмелер және т.б. қызмет көрсету ғимараты қарастырылған. Бұл жаңа бассейн жыл бойы жұмыс істеп, қала тұрғындары мен туристерге тау баурайында таза ауада жүзу мүмкіндігін ұсынады". Кешеннің айналасында серуен жолдары бар ерекше экопарк салу жоспарланған. "Ол жерден жасанды сарқырама, Кіші Алматы өзені мен таудың әсем көрінісін тамашалауға болады. Негізгі нысандарды және жаңа демалыс аймақтарын байланыстыратын шығыс және батыс бағыттарда жүргіншілерге арналған екі көпір салынады". Сондай-ақ, жергілікті климатқа төзімді жаңа ағаштар мен бұталар егіліп, бүкіл аумақ заманауи жарықтандыру және сәулеттік шамдармен безендіріледі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болуы үшін екі жолаушы жедел саты орнатылады. Бұл ретте, тау кластерінің негізгі мақсаты – Алматыны жыл он екі ай туризм орталығы ретінде қалыптастыру, табиғи әлеуетті тиімді пайдалану және өңірдің халықаралық тартымдылығын арттыру. Сонымен қатар, тау аймақтарындағы инфрақұрылымды жаңғырту қаланың экологиялық жағдайына оң әсер етуі тиіс.
Тоқаев Түрікменстанға барады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судьяның ісі: күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды Қазақстанда Германияда қаза тапқан бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратқа сәйкес, Александр мен Наталья Донцовтарға қатысты іздестіру ісі кеше, 9 желтоқсанда, Жетісу облысында тіркелген. Іздеуге бастамашы - ІІМ. Іздеуді жүргізетін Талдықорған полиция басқармасы. qamqor.gov.kz Еске салайық, бұған дейін ІІМ Қазақстанда бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты ҚК-нің 110-бабы бойынша іс тергеліп жатқанын растады. Бұл эпизод Жетісу облысындағы оқиғаларға байланысты және судьяның Германиядағы өліміне қатысты негізгі тергеуден жеке қаралып отыр. Бас прокуратура неміс құқық қорғау органдарымен бірлесіп тергеуді жүргізіп жатқаны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech "электрондық үкіметі" ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енгізіледі. Үкіметке мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды Президент жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару тапсырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қар жауып, аяз түседі Қазгидромет синоптиктері 11, 12 және 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде солтүстік антициклонының ықпалы әлсіреп, еліміз аумағына атлантикалық циклон жылжи бастайды. "Ол тұрақсыз ауа райын әкеледі: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде қар жауып, боран соғады", - деді синоптиктер. Қазақстан бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман сақталады. Ауа температурасы қандай болады? Температуралық фон да өзгереді: солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 5–15 градус аязға дейін жоғарылап, күндіз 0–5 градус аяз күтіледі. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0–5 градус аяз, күндіз 0–8 градус жылы болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтарға 1414-тен келетін SMS-тер туралы ескерту жасалды Қазақстандықтар әлеуметтік желілердегі алаяқтық туралы үнемі шағымданады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі телефон алаяқтарының әрекеттерінен қорғауды күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, бұған дейін бірқатар мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен сервистерге кіру бір реттік код арқылы ғана жүргізілді. "Салдарынан алаяқтар айласын асырды, "жәбірленушінің" телефон нөмірін енгізіп, 1414 нөмірі арқылы SMS-хабарлама жіберіп отырды. Осыған байланысты ақпараттық жүйелердің иелеріне 1414 нөмірінен SMS жіберу тетігін қолдану үшін қолжетімділік талаптарын күшейту тапсырылды", - делінген хабарламада. Енді 1414 SMS-шлюзін пайдаланатын ақпараттық жүйелерге кіру қосымша қорғалады және тек биометриялық аутентификация (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе арнайы QR-код (eGov QR) арқылы ғана мүмкін болады. "Биылғы желтоқсаннан бастап жоғарыда көрсетілген міндетті талаптарды енгізбеген ақпараттық жүйелер 1414 SMS-шлюзін пайдалану қызметінен ажыратылады". Бұл ретте азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында eGov Mobile мобильді қосымшасында күдік туғызатын әрекеттерді анықтау, кибергигиена талаптарын сақтау және цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі ұсыныстары бар ақпараттық баннерлер орналастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зейнетақы жинағын алу: 2026 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды Зейнетақы жинағының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2026 жылы төменгі жеткілікті шек мөлшері орта есеппен 10 пайызға өсті, бұл жалпы инфляцияның қазіргі және алдағы мәндеріне сәйкес келеді", - деп жазылған хабарламада. Анықтама: ең төменгі жеткілікті шек - салымшы зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде зейнетақы (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескеріп) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш. 2026 жылғы төменгі жеткілікті шекті есептеу кезінде мына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған: ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге; зейнетақының ең төменгі мөлшері - 69 049 теңге; ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда кәсіпкерді 22 рет пышақтап өлтірді деген күдікті Ресейден ұсталды Бас прокуратурасының қызметкерлері Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, биыл 21 ақпанда жәбірленуші жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан, осыған байланысты ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған. Мән-жайы Соталды тергеп-тексеру барысында, сол күні кәсіпкер Павлодарда күдіктімен оның тұрғын үйінің ауласында кездескені анықталды. Қаржылық келіспеушіліктерге байланысты олардың арасында жанжал туындап, қаскүнем жәбірленушінің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмған. "Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті марқұмның денесін және оның автокөлігін гаражына жасырып, кейін Қазақстаннан шығып, шетелге қашып кеткен. Биыл наурызда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған. Оған айып тағылған қылмыс бойынша 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда қалың қар жауды Алматыда қалың қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 9 желтоқсанда сағат 22:30-да Алматыда басталған жауын-шашын түн жарымда қалың қарға ұласты. 10 желтоқсанда сағат 07:00-дегі мәлімет бойынша қалада қардың қалыңдығы 35 сантиметрге жеткен. ©️ Tengrinews.kz Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәліметінше, бұл - айлық норманың жартысына жуығы. ©️ Tengrinews.kz Ведомство дерегіне сүйенсек, қар күреу жұмыстарына 2 728 жұмысшы мен 75 жедел бригада жұмылдырылған. Қала жолдарына 1 000-нан аса арнайы техника шыққан, 22 полиция экипажы, 10 эвакуатор тартылған. Қалада жол мен көшенің жағдайын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік қойылған. Болжамға сүйенсек, циклон өткеннен кейін, яғни 11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын тоқтап, түнгі температура -13…-15°С-қа дейін төмендейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар, боран және тұман: 15 өңірде ескерту жарияланды Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыда қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. Шымкентте де арагідік тұман күтіледі. Түркістан облысында таңертең таулы аймақтарда қалың қар жауады. Өңірдің оңтүстігі мен таулы бөлігінде көктайғақ, кей жерлерде боран соғады. Облыстың батысы, орталығы мен таулы аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығыста желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан қаласында да тұман күтіледі. Маңғыстау облысында таңертең батыс, солтүстік және орталық аумақтарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда да көктайғақ болжанған. Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі. Желдің күші күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі. Атырау облысының батыс бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Атырауда да желдің жылдамдығы күшейеді. Алматы облысының оңтүстік және таулы аймақтарында қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Қонаевта түнде қалың қар жауады. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с қарқынмен соғады. Қызылорда қаласында да жел күшейеді. Абай облысында қар, боран, көктайғақ болжанған. Түнде кей аймақтарда қалың қар түседі. Жел 23 м/с-қа дейін күшейеді. Семейде де боран, қар және көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран, көктайғақ, кей өңірлерде қалың қар болады. Жел 23 м/с дейін соғады. Өскеменде де қарлы боран болады. Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда қалың қар, боран болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ. Жел 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысында жел түнде және күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Павлодар облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде тұман. Жел күшейеді. Қарағанды облысында түнде солтүстік және шығыс аймақтарында қар, боран, көктайғақ. Тұман түседі. Қарағандада да қарлы боран күтіледі. Ұлытау облысында туман болжанған. Жетісу облысында түнде таулы аймақтарда қалың қар жауады. Жел 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Алакөл маңында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Ақмола облысында түнде аздаған қар, боран болады. Кей аудандарда жел 15-20 м/с болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте “Қара шаңырақ“ қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті Бүгін Шымкентте Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қалалық Достық үйінде "Қара шаңырақ" қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті. Алғаш рет ассамблея алаңында ұйымдастырылған іс-шараға 20-дан астам астам қолөнер шебері қатысып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін насихаттау, ұлттық мәдени мұраны сақтап, дамыту арқылы оны жас буын арасында дәріптеуді мақсат тұтқан іс-шараға қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Амзеева, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері және қала тұрғындары қатысты. Көрмені тамашалауға келген қонақтар алдында сөз сөйлеген қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, таныту бағытында жергілікті этнос өкілдері де атсалысып келе жатқанын айтты. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда "Ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, соның ішінде қолөнерді жаңғырту – ұлттың өзіндік болмысын сақтаудың басты жолы", – деді. Бүгінде ұлттық қолөнеріміз қайта жаңғырып, сән индустриясы, туризм, интерьер дизайны сынды түрлі салаларда кең қолданылып келеді. Жас шеберлер дәстүрлі тәсілдерді заманауи технологиялармен ұштастырып, жаңа бағыттарды қалыптастыруда. Қазақ қолөнері халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып жүр", – Айгүл Тұрсынбекқызы. Ұлттық қолөнерді дәріптеген игі іс-шараға атсалысқан қолөнер шеберлеріне арнайы алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табысталып, көрме соңы шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Интернет-дүкен арқылы есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікпен 26 жастағы петропавлдық ұсталды Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер интернет-дүкен арқылы есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікпен 26 жастағы петропавлдықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдіктіден 64 капсула гашиш майы тәркіленген. Тінту кезінде оның тұрғылықты жерінен тағы 91 капсула, шприц және осыған ұқсас есірткі заты бар пластик бөтелке алынған. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 516 грам болады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың психотроптық препараттарды өткізу арнасын ұйымдастыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Алдын ала мәліметке сүйенсек, ол ірі көлемдегі тыйым салынған заттарды қабылдап, жасырын орындарға қалдырып қана қоймай, Қазақстанның бірнеше қаласында есірткі таратқан. Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Akmal’-дің концерті үшін қазақстандықтарға 6 миллион теңге қайтарылуы керек Солтүстік Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ресейлік әнші Akmal’-дің концертіне қатысты шағымдар көбейгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, концерт болмағанына байланысты 100-ден аса адам наразылық білдірген. Әншінің Костанайдағы концерті 2025 жылдың 25 қазанына жоспарланған. Алайда іс-шара белгісіз себеппен тоқтатылған. Билеттерді eventticket.kz платформасы арқылы сатып алған көрермендерге ақша осы күнге дейін қайтарылмаған. Тексеру нәтижесінде тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнаманың бірнеше нормасы бұзылғаны анықталған. Осыған байланысты ұйымдастырушыға барлық сатып алушыға билеттің толық құнын қайтару туралы ресми талап жолданған. Ведомство мәліметінше, ұйымдастырушы жалпы сомасы 6 миллион теңгеден аса қаражатты қайтаруға міндетті. "Егер талап орындалмаса, департамент тұтынушыларға билеттер үшін төленген ақшаны қайтару туралы заңның 5-бабы 8-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді", — деді Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Пәтер мен жүргізуші куәлігін алып беремін“: Ақтөбеде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламалар арқылы пәтер беру немесе жүргізуші куәлігін рәсімдеп беремін деп уәде еткен 32 жастағы облыс тұрғыны қолға түсті. Бірнеше ай ішінде ол 12-ден астам азаматты алдап, ірі көлемде ақша алғаны анықталды. Алдын ала деректер бойынша, күдікті өзін "таныстары бар" деп таныстырып, азаматтарға жүргізуші куәлігін жылдам рәсімдеп беру және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезексіз пәтер алуға көмектесуге уәде берген. "Алайда азаматтар оған ақша тапсырған соң күдікті байланысқа шықпаған. Тергеу барысында оның алынған қаражатты тек жеке қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта оған қатысты алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды сақ болуға және мемлекеттік қызметтерді заңда белгіленген тәртіптен тыс жолмен "шешіп беремін" дейтін адамдарға сенбеуге шақырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық барлық бағытта дамып, саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алғанын атап өтті. Қазақстан Президенті жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының және Владимир Путинмен жүргізген келіссөздердің табысты өткеніне баса назар аударып, оның нәтижесі жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарға айтарлықтай серпін бергеніне тоқталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында жанжалды видеодан кейін шенеунік жұмысынан шығарылатын болды Түркістан облысында Әдеп жөніндегі кеңес төбелеске қатысы бар және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірген басқарма басшысын жұмыстан босатуды ұсынды. Қызметкердің тағдыры туралы журналистер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтен сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Бұған дейін БАҚ-та бірнеше ер адамның төбелесі түсірілген видео тараған еді. Кейін олардың бірі Түркістан облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалықұла екені анықталды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от MEMLEKETTIK QYZMET🇰🇿 (@elgeqyzmet.gov.kz) Әдеп жөніндегі кеңес ұсынысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті жуырда әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған, мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес оқиғасына байланысты тиісті қызметтік тексеріс жүргізді. Әдеп жөніндегі кеңес шенеуніктің тарапынан болған тұрпайы, қоғамға жат мінез-құлықты, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін әрекет жасау арқылы жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды бұзу дерегін анықтады. "Кеңес шешімімен Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С.Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін "атқарып отырған лауазымынан босату" түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды", - делінген хабарламада. Әкім не деді? БАҚ өкілдерімен өткен ОКҚ брифингінде Нұралхан Көшеров әдеп кеңесінен ресми құжатты күтіп отырғандарын айтты. Құжат келіп түскеннен кейін шенеунік қызметінен босатылатынын жеткізді. "Әрине, бұл жағдай бізге абырой әкелмейді. Мемлекеттік қызметшілердің имиджіне нұқсан келді (...) Менің білуімше, бүгін бізге ресми құжат берілуі керек. Осыдан кейін этика кеңесінің қызметтен босату жөніндегі шешімін орындаймыз", – деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспар таныстырылды. Тимур Сүлейменов: іскерлік белсенділік, инфляцияға ықпал ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданған шаралар туралы айтты. Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. қаржы, валюта және мемлекеттік бағалы қағаздар нарықтарындағы жағдай, Ұлттық қор мен Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры активтерінің, алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өсті. 11 айдағы инвестициялық табыс шамамен 8,2 миллиард долларды немесе 13,7 пайызды құрады. Есепті кезеңде алтын-валюта резервтері 16,3 миллиард долларға немесе 36 пайызға ұлғайып, 62,1 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі биыл қаңтар-қараша айларында 2,6 триллион теңгеге немесе 11,7 пайызға артып, 25 триллион теңге болды. жаппай цифрландыру барысы және Ұлттық банктің цифрлық жобалары жөнінде баяндады. Соның ішінде Антифрод орталықтың жұмысына, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымдарын технологиялық тұрғыдан жүзеге асыруға мән берілді. Ұлттық банк баға тұрақтылығын сақтап, инфляцияны орташа 5 пайыздық межеде ұстап тұру үшін барлық қажетті шараны қабылдауда. Президент: инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді ауыстырды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды; Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды; Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы Роман Василенко Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Бұл ретте, Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Есімі әлемге танылған бүркітші қыз тұрмысқа шықты Бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқы шықты. Бұл туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айшолпан Нұрғайыпқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышын бөлісіп, той үстінен кадрлар жариялаған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🦋 (@nurgaivva__) Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, бүркітші қызға жарыса бақыт тілеп жатыр. "Сіңілім бақытты болғайсың! Барған жеріңде бағың жансын", "Бақытты отбасы болыңдар, батыр қыз", "Бақытты бол, бүркітшы қыз", - дейді Айшолпаның оқырмандары. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ANGEL BY THE WINGS (@nurgaiv_aisholpan) Айшолпан туралы толығырақ Айта кетейік, 2024 жылы Айшолпан Нұрғайыпқызы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған еді. Дәлірек айтсақ, Моңғолиядан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылына көшіп келген. Бүркітші Айшолпан туралы режиссер Отто Белл "The Eagle Huntress" атты фильм түсірген. Фильм әлемнің 30 мемлекетінде, оның ішінде Лондон, Нью-Йорк, Дубай, Токио, Сидней, Франция секілді елдер мен қалаларда көрсетілді. Көпшілік көңілінен шыққан "The Eagle Huntress" фильмі 2015 жылы "Оскар" сыйлығына да ұсынылған болатын. Ал 2018 жылы Нью-Йорк қаласында "Asia Game Changer" сыйлығын иеленді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте айы-күні жеткенде сәбиі шетінеп кеткен әйелдің туыстары дәрігерлерді кінәлады Шымкентте қала тұрғыны нәрестесінен айырылды. Туыстары бұл жағдайға дәрігерлерді кінәлап, істі мұқият тергеуді талап етіп отыр. Сәби ана құрсағында шетінеп кеткені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сюжетіне сілтеме жасап. Мән-жайы 30 жастағы әйел қалалық №2 ауруханада босануы тиіс болған. Жақындарының айтуынша, ол медициналық мекемеге алдын ала жатып, бір айдан аса уақыт сонда болған. Жүктілік мерзімі жақындаған сайын оның жағдайы нашарлай түскен. Туыстарының сөзіне қарағанда, әйел дәрігерлерден бірнеше рет көмек сұраған, алайда олар "шыдай тұр" деумен шектелген. Салдарынан нәресте жатырда шетінеп кеткен. "Оны 5-6 рет тексерді, КТ қорытындылары нашар болды. Түнде мазасызданып жүрді. Мұның бәрін дәрігерлерге айттық, бірақ ешқайсы дұрыс қарап, шара қолданбады. Соның салдарынан баламнан айырылдым", – дейді марқұм сәбидің әкесі. Әйелдің туыстары не дейді? Отбасының айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін дәрігерлер нақты түсініктеме бере алмаған. Керісінше, жауапкершілікті өздерінен алып тастауға тырысып, "нәресте толық дамымаған" деген уәж айтқан. Сонымен қатар, туыстарының сөзіне қарағанда, медицина қызметкерлері әйелді журналистермен сөйлеспеуді өтініп, палатада ұстаған. "Палатаға кіргенімде, бас дәрігердің міндетін атқарушы, акушерлер, медбикелер және тіпті тергеуші жиналып тұр екен. Олар қарындасыма баланы моргқа бермеуді сұраған, әйтпесе, тексеру үшін баланы сояды деп қорқытыпты. Меніңше, олар ашық тергеуге жол бермей, істі жасырғысы келді", – дейді әйелдің ағасы. Телеарна мәліметінше, қазір бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция дәрігерлердің әрекетін тексеріп жатыр. Нәресте сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Ол сәбидің өлімінің нақты себебін анықтауы тиіс. Дәрігерлер не дейді? Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасында кесарь тілігі жоспарланғанын айтты. "Кесарь тілігін осы аптада жасау жоспарланған, себебі ұрықтың өкпесін дайындау қажет болды. Плацента мен оның тамырларындағы проблемалардан кейін ұрықты қоректендіру мен оттегімен қамтамасыз ету нашарлап, ағза өзінің тепе-теңдігін сақтай алмай, декомпенсация болған. Осылайша, 4 желтоқсанға қараған түні ұрықтың антенаталдық өлімі тіркелді", – деді басқарма өкілі Инна Глазебная. Қайғылы оқиғадан кейін перзентханада бақылау күшейтілген. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы үлескер тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды Алматыда үлескер тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сәулет және қала құрылысы басқармасының және "ҚТК" АҚ тұрғын үй порталының дерегі бойынша, қала аумағындағы 28 тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілген. Тізімді мына сілтемеден көруге болады. Айта кетейік, 2025 жылы маусымда "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР заңына өзгерістер енгізілді. Заң бойынша мына жағдайда көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді жарнамалауға тыйым салынады: құрылыс салушыда үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат жоқ болса; бірегей оператордың кепілдік шарты жасалмаса; банк арқылы жоба қаржыландыруы жүзеге аспаса. Сондай-ақ, бұған дейін жобалық-сметалық құжаттама негізінде жарнама жариялауға мүмкіндік берген норма алып тасталды. Бұдан бөлек, заңнамаға "жеке тұрғын үйлер кешені" деген жаңа ұғым енгізілді. Енді мұндай нысандар да "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заң талаптарына сүйенеді. Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат пен өзге де құжаттары бар-жоғын тексеру үшін азаматтар мына жаққа жүгіне алады: Құрылысқа қатысты рұқсат құжаттары бойынша - Қала құрылысын бақылау басқармасының Call орталығы: +7 (705) 896-6000; Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат бойынша - Сәулет және қала құрылысы басқармасы: +7 (727) 2408000; "ҚТК" АҚ тұрғын үй порталы: homeportal.kz Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Паспорт және жүргізуші куәлігі: 1 қаңтардан бастап құжаттарды рәсімдеу қанша тұрады? 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт, жүргізуші куәлігі және басқа да құжаттарды рәсімдеу құны өседі. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге көтерілуі себеп. Бұл көрсеткіш Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2026–2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетте бекітілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Толығырақ 2026 жылы жаңа АЕК-ке байланысты құжаттарды рәсімдеуге арналған мемлекеттік баж да қымбаттайды. 16 жасқа дейінгі балаға арналған паспорт (24 бет) – 17 300 теңге (4 АЕК). 2025 жылы – 15 728 теңге. Қарапайым паспорт (36 бет) – 34 600 теңге (8 АЕК). 2025 жылы – 31 456 теңге. 48 беттік паспорт – 51 900 теңге (12 АЕК). 2025 жылы – 47 184 теңге. Жеке куәлік – 865 теңге (0,2 АЕК). 2025 жылы – 786 теңге. Егер жеке куәлік бір жылда екі реттен артық жоғалса, 1 АЕК (4 325 теңге) төлеу қажет. Жүргізуші куәлігін рәсімдеу 5 406 теңге (1,25 АЕК) болады. Қаңтардан бастап некені тіркеу құны да өседі – куәліктің бағасы 4 325 теңге (1 АЕК) болады. Ал егер ерлі-зайыпты ажырасуды шешсе, мемлекеттік баж 8 650 теңгеге (2 АЕК) дейін өседі. 2025 жылы – 7 864 теңге. Яғни некені рәсімдеуден екі есе қымбат. Туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін - ата-аналар оны ешқандай төлемсіз алады. Бірақ оны қайта рәсімдеу қажет болса (мысалы, жоғалған жағдайда), 0,5 АЕК 2 163 теңге төленеді. Кімдер мемлекеттік баждан босатылады Кейбір азаматтар құжаттарды тегін рәсімдей алады. Олар: ел батырлары және жоғары мемлекеттік наградалары бар тұлғалар; құрметті атағы бар көпбалалы аналар; соғыс ардагерлері мен жауынгерлік әрекеттерге қатысушылар; мүмкіндігі шектеулі адамдар және мүгедек балалардың ата-аналары; әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар; жетім балалар және толық мемлекеттік қамқорлықтағы балалар; Чернобыль апатынан зардап шеккендер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Медициналық жабдықтың орнына Астанадан пәтер: бас дәрігер ақша жымқыру схемасын құрған Түркістан облысында медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, "Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы" МКК бұрынғы бас дәрігері медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде оларды жасанды түрде бірнеше бөлікке бөліп, кейін көптеген келісімшарт жасау арқылы сатып алу схемасын ұйымдастырған. "Схеманы жүзеге асыру үшін ол медициналық жабдықтарды жеткізу саласында тәжірибесі бар танысын тартқан. Ол өзінің, туыстары мен таныстарының атына тіркелген коммерциялық ұйымдарды пайдаланған. Осы компаниялардың атынан әдейі асыра көрсетілген коммерциялық ұсыныстар дайындалған. Сонымен қатар, жабдықты іс жүзінде басқа компания жеткізгенімен, қабылдау актілері мен келісімшарттар бақылауындағы фирмалар арқылы рәсімделген", - деп жазылған хабарламада. Ауруханадан осы компаниялардың есепшоттарына қаржы түскеннен кейін күдіктілер оны қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліп алған. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын - 115 млн теңге. Қылмыстық жолмен келген табысқа күдікті елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған, сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Бұрынғы бас дәрігерге бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды, ал оның сыбайласы үйқамақта отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алда қазақстандықтарды қысқа жұмыс аптасы күтеді Алда Қазақстан азаматтарын қысқа жұмыс аптасы күтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тәуелсіздік күні Желтоқсанда қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс беріледі: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбіге түседі, сондықтан аптаның ортасында қысқа үзіліс болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де Тәуелсіздік күніне орай демалыс беріледі. Жаңа жыл Айта кетейік, 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді. Ал Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - мереке күндері; 3 және 4 қаңтар - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество). Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - мереке күндері; 3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні; 4 қаңтар (жексенбі) - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
SINOOIL дәстүрлі жанармай құю бекетінің тәжірибесін қалай өзгертіп жатыр Бір кездері көлікке жанармай құю ұзақ кезектерді, төлем әдістерінің қолайсыздығын және сенімді отын іздеуді қажет ететін. Бүгінгі таңда жағдай өзгерді. Жүргізушілер мінсіз қызмет көрсетуді, жылдамдықты, қарапайымдылық пен сапа кепілдігін күтеді. Соңғы 20 жылда жанармай нарығы ережелерін өзгертіп келе жатқан брендтердің бірі - SINOOIL жанармай құю бекеттерінің желісі.
Желтоқсанда Алматыны басып тұратын көк тұман сейіледі Желтоқсанда қоюланып, қаланы басып тұратын көк тұман сейіледі. Бұл туралы синоптиктер айтып берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv мәліметіне сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, жаңбырлы күндері мегаполисті жайлап тұратын көк түтінді көктен құйылған тамшылар тазартып, табиғи сүзгіге айналады. Ауадағы көрінбейтін шаң-тозаң мен ұсақ зиянды бөлшектерді жаңбыр жерге қарай түсіріп, көкжиекті ашады. Экологтардың айтуынша, жаңбырдан кейін небәрі бірнеше сағаттың ішінде ауаның ластану көрсеткіші 80 пайыз төмендейді. Әсіресе PM2.5 сияқты қауіпті бөлшектер айтарлықтай азаяды. Бұл – қала тынысын кеңейтетін негізгі фактор. "Ауадағы ластаушы заттардың таралуына, сейілуіне метеожағдайдың әсері көп. Биыл жауын-шашын өте аз болды. Соның кесірінен өзендердің де, атмосфераның да ластануы күшейді. Жауын жаумағандықтан зиянды ауа қалдықтары тұрып қалады. Биыл жел де сирек, ал желдің болмауы экологиялық жағдайды қиындатып, ауаның сапасын едәуір нашарлатты. Қазір метеожағдай өзгеріп жатыр", – деді Қазақстан экологиялық аудиторлар палатасы оқу орталығының директоры Райдин Қасымов. Алматыда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр аралас қар жауып, температура түнде минусқа түсіп, күндіз қайта жылынып отырады. Қазір өңірді кесіп өтетін циклондар мен желдің күшеюі атмосферадағы лас бөлшектердің тез жойылуына ықпал етіп жатыр. Мәселен, 10 желтоқсанда солтүстік-батыстан соғатын дауылды жел мен сулы қар қаланы тағы бір мәрте тазартып өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Микроқаржы ұйымдары: қарызды саналы түрде алған жөн Шұғыл ақша керек, бірақ ешқандай жинағыңыз жоқ па? Айлық тек келесі апта түседі, ал балаларды мектепке бүгін дайындау керек пе? Тоңазытқыш істен шығып, жаңасын алуға ақша жетпей тұр ма? Мұндай жағдайда микроқарыздар көмектеседі.
Тоқаев бюджет туралы заңға қол қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Еске салайық, 26 қарашада Парламент 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті. Негізгі көрсеткіштер қалай өзгереді? АЕК - 4 325 теңге (2025 жылы бұл - 3 932 теңге). Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) - 85 000 теңге (өзгеріссіз). Ең төменгі зейнетақы - 69 049 теңге (2025 жылы бұл - 62 771 теңге). Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 35 596 теңге (2025 жылы бұл - 32 360 теңге). Ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге (2025 жылы бұл - 46 228 теңге). Айта кетейік, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мына жағдайларда қолданылады: жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу; салық және басқа да міндетті төлемді есептеу; айыппұл мен басқа санкциялардың мөлшерін анықтау. Жыл сайын АЕК мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі. Айыппұл бойынша Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгерген соң айыппұл көлемі де өзгереді. Мәселен жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 21 625 теңге болады. Сағатына 20-40 шақырымнан асып кеткені үшін 10 АЕК, бұл дегеніміз - 43 250 теңге. Сағатына 40 шақырымнан асқаны үшін 20 АЕК, яғни 86 500 теңге төлеуге тура келеді. Бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК, 129 750 теңге төлеуі қажет. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Палестина президентімен телефон арқылы сөйлесті Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті. Мемлекеттер басшылары саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты кеңейту перспективасын талқылады. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті "Қос халық үшін екі мемлекет" формуласына сүйене отырып, аймақта тезірек бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған жаһандық әрекеттерді қуаттайтынын жеткізді. Палестина басшысы Махмұд Аббас елі мен халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббасты өзіне қолайлы уақытта Астанаға сапармен келуге шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда қар жауып, тұман түседі: жүргізушілерге ескерту жасалды Қазгидромет 8-10 желтоқсанда Алматыда жаңбыр мен қар, тұман және жел күшейеді деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктер мәліметінше, 10 желтоқсанға қараған түні кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Қалада – 6–9 см, таулы аймақтарда – 15-20 см. 11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын тоқтап, түнгі температура –13…–15°C-қа дейін төмендейді. Бұл ретте коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Жүргізушілер, механизаторлар және жұмысшылар тәулік бойы кезекшілікке қойылған. "Қалалық құтқару қызметі 15 техника мен 50 қызметкерді дайындады. ТЖД – 53 техника және 244 қызметкер дайындаған. Әкімдік, аудан әкімдіктері, "Алматы Тазалық" және мердігер ұйымдарда жұмыстарды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қар жауар алдында магистральдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі", - делінген хабарламада. Тұрғындарға ұсыныс: жүргізушілерге – көлік дөңгелегін қысқы шиналарға ауысу, жылдамдықты төмендету және шұғыл бұрылмау; тәжірибесі аз жүргізушілерге – мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану; жүргіншілерге – тайғақ тротуарда сақ болып, шатырдан қар түсу қаупіне байланысты ғимараттарға тым жақын жүрмеу. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иманбек “Құрмет“ орденін алды Диджей әрі продюсер Иманбек Зейкенов "Құрмет" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының жарлығымен Республика күніне орай түрлі саланы дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталған. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. "Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды", - деп жазды министр. "Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов "Құрмет" орденімен марапатталған. Сонымен қатар, актер Еркебұлан Тоқтар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде баяндады Бүгін Астанада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде баяндады. Өңір басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жүктелген міндеттердің облыста жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын атап өтті. Облыс әкімінің айтуынша, БҚО-да өткен жылдың қорытындысымен облыс экономикасының негізгі салалары бойынша тұрақты өсімге қол жеткізген. Биыл да экономиканың өсу қарқыны сақталуда. Атап айтқанда, құрылыс саласындағы жұмыстар көлемі 9 пайызға, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 4,1 пайызға артып, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2 пайызға өсті. Ішкі сауда көлемі 0,7 пайызға, көлік қызметтері 1,2 пайызға, байланыс қызметтері 6,2 пайызға, өнеркәсіп 3,6 пайызға, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 6,4 пайызға артты. Жыл басынан бері облысқа 567 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, оның 80 пайызы теңгесі – жеке сектордың үлесін құраған. Алдағы бес жылда 4,4 триллион теңгеге 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 73 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. БҚО-ның өңдеу өнеркәсібінің көлемі 17 пайызға өсіп, 303 миллиард теңгені құрады. Тікелей шетелдік капиталды тарту мақсатында биыл Чехия, Ресей, Иран, Қытай және Оңтүстік Корея елдеріне барып бірқатар әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде, өнеркәсіп, құрылыс, медицина, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында жалпы құны 1 триллион теңге болатын жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылды. БҚО әкімінің бастамасымен облыста "Қаладан ауылға" жобасы іске қосылған болатын. Қысқа мерзім ішінде-ақ ауыл тұрғындары мен қоныс аударушылар тарапынан кең қолдау тапқан. Жоба аясында қала аймақтарынан мыңға жуық тұрғыны бар 195 отбасы ауылға қоныс аударды. Оның 600-ы бала.Қоныс аударған отбасылардың барлығы да баспанамен қамтамасыз етіліп, тұрақты жұмысқа орналасқан. Өңір экономикасының дамуына шағын және орта кәсіпкерлік зор үлесін қосып келеді. Өткен үш жылда облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 57,6 мыңнан 59,2 мыңға немесе 2,7 пайызға өскен. Аталған салада 130 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 36,7% деңгейіне жетті. Бұл көрсеткіш бойынша БҚО республикада алдыңғы бестікте. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру арқылы өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі және нақты жұмыстар атқарылған. Мәселен, денсаулық сақтау саласында 2023 жылдан бері 52 денсаулық сақтау нысаны салынды. Оның ішінде "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 50 медициналық нысан пайдалануға берілген. Балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 2023 жылдан бері өңірде 27 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның 9-ы "Келешек мектептері" жобасы аясында салынды. Жыл соңына дейін тағы 3 жаңа мектеп ел игілігіне берілмек. 2023–2025 жылдары спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 12 спорт нысаны пайдалануға берілді.Мемлекет басшысының облысқа жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес Орал қаласында 1200 орындық заманауи спорт кешені ел игілігіне берілді. Биыл 9 спорт нысанының құрылысы жалғасуда, олардың бесеуін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Соңғы үш жылда БҚО-да 11 мәдениет үйлері және мәдени-спорттық кешендер пайдалануға берілді. Биыл 7 мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр, олардың 4 жыл соңына дейін іске қосылады. БҚО-да 1 500 шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өткен. Соның ішінде жалпы ұзындығы 560 шақырым болатын 56 елді мекенде кіре беріс жол жөнделді. "Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс орталығы мен оңтүстік аудандар – Казталов, Жәнібек, Бөкей Ордасы бағытындағы көлік қатынасын жақсарту мақсатында жалпы ұзындығы 245 шақырым жол күрделі жөндеуден өткен. Өңірлік туристік картаның ТОП-50 нысанына енген, республикалық маңызы бар "Хан Ордасы" мұражай-қорығына апаратын ұзындығы 21 шақырым жол жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, 4 теміржол вокзалы жаңғыртылуда", - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.
Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану туралы өтініш берген: сот не шешті? Болат Назарбаевтың ұлы, кәсіпкер Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану жөнінде өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Биыл қыркүйекте Нұрбол Назарбаев сотқа өзін банкрот деп тану туралы өтініш берген. Сот өтінішті қабылдап, азаматтық іс қозғаған. Қазанда Shishkin Like Telegram-арнасы Нұрбол Назарбаевтың 15 қыркүйектен бері жалпы сомасы 57 миллиард теңгеден аса қарызы бар борышкер ретінде тіркелгенін жазды. Оның барлық банк шоттары, мүлкі бұғатталып, компаниялардағы оған тиесілі акцияларға шектеу қойылған. Нұрбол Назарбаевқа елден шығуға да тыйым салынған. Сот не шешті? Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап берген соттың баспасөз қызметі Нұрбол Назарбаевтың бұл өтініші қараусыз қалдырылғанын хабарлады. "2025 жылдың 19 қарашасындағы анықтамаға сәйкес, Назарбаев Нұрбол Болатұлының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтініші қараусыз қалдырылды", – деп хабарлады сот. Бұл оның банкрот мәртебесін ала алмағанын білдіреді. Анықтама: Істің қараусыз қалдырылуы – істің жабылуы емес. Бұл тек белгілі бір талаптар орындалмағанын білдіреді. Борышкер мәселені түзеп, өтінішті қайта тапсыра алады. Нұрбол Назарбаев туралы не белгілі? Нұрбол Назарбаев – белгілі қазақстандық кәсіпкер, елдегі ең бай бизнесмендер рейтингіне бірнеше рет енген. Рейтингтегі орны: 2024 жылы - 49-орын 2025 жылдың мамырында - 57-орын 2025 жылы оның байлығы шамамен 179 миллион доллар деп бағаланған. Нұрбол Назарбаев бірнеше компанияға иелік етеді және үлескер: Prime Capital Invest ЖШС иесі Prime Capital Holding ЖШС иесі "PLS инвестиционно-строительная компания" ЖШС үлескері Бұған дейін, 2003–2017 жылдары ол Алматы және Алматы облысының күштік құрылымдарында қызмет атқарған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қостанайда тұрғын косметологтан 1,2 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды Қостанайда тұрғын салоннан 1,2 миллион теңгесін қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылдың жазында Қостанай тұрғыны консультативтік-диагностикалық және дерматокосметологиялық қызмет үшін салонға 1 200 000 теңге төлеген. Алайда уәде етілген нәтижені көрмегендіктен келісімді бұзу және ақшаны толық қайтару туралы салон әкімшілігіне талап қойған. Салон бұл талап арызға жауап бермеген, сондықтан тұтынушы Тұтынушылар құқығын қорғау және сауда департаментіне жүгінген. "Департаменттің тексерісі салонның талап арызға жауап бермегенін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар келісімшартқа тұтынушылардың құқықтарын шектейтін шарттарды, оның ішінде ақшаны қайтармау туралы ережені алып тастау жөнінде нұсқама берілді. Тұтынушыға сотқа жүгіну ұсынылды", - делінген хабарламада. Сот барысында салонның дерматокосметологиялық процедураларды лицензиясыз өткізгені анықталған, себебі бұл қызметтер медициналық қызметтер қатарына жатады. Сот салонды тұтынушыға барлық төленген соманы қайтаруға міндеттеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Яна Легкодимованың өлімі: тергеушінің қызметі өсті Атырау облысында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің қызметі өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызметтік міндетін абыроймен атқарып, аса ауыр қылмысты ашуда ерекше көзге түскен бірқатар полицей марапатталған. "Тергеуді сапалы жүргізіп, кәсіби шеберлік танытқан тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция капитаны Темірхан Хажмұратов мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атағын алды", - деп жазылған хабарламада. Атырау облысы ПД мәліметінше, марапатқа себеп болған - 2024 жылы із-түссіз жоғалған Яна Легкодимоваға қатысты аса ауыр қылмысты ашуда атыраулық полицейлердің кәсібилігі мен жедел әрекеті. "Тәртіп сақшылары бейнебақылау дерегін саралап, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, екі күдіктіні анықтап, істі толық ашты. Қос күдікті сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Яна Легкодимованың жантүршігерлік өліміне қатысты істің мән-жайы хабарланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй немесе емделу үшін қалай алады? БЖЗҚ түсіндіріп берді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу үшін бір реттік зейнетақы төлемдерін қалай алуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың ресми сайтына сілтеме жасап. Зейнетақы жинақтарын қандай жағдайда алуға болады? Біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы. БЗТ мына жағдайларда беріледі: Егер салымшының міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының сомасы ҚР Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегінен (ТЖШ) асса (ТЖШ-дан асатын соманы пайдалануға болады); Егер зейнеткердің зейнетақысы оның еңбекке жарамды кезінде алып жүрген орташа айлық кірісінің кемінде 40 пайызына тең алмастыру коэффициентін қамтамасыз ететін болса; Кірісті алмастыру коэффициентінің мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша айқындалады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының базалық және ынтымақты құрамдауыштар есебінен қалыптасқан зейнетақысының мөлшері және зейнеткерлікке шыққан күннің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын табысы ескеріледі (жинақтардың 50 пайызына дейін пайдалануға болады); Егер МЗЖ-ның салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса (жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың 100 пайызына дейін пайдалануға болады); Егер азамат еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушы болса (ЖЗШ-дағы жинақтардың 100 пайызына дейін пайдалануға болады). БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу болашақ зейнетақы төлемін азайтатынын ескертеді. БЗТ алу үшін қайда жүгінуге болады? Қаражат тек уәкілетті операторлар арқылы рәсімделеді. Қазіргі операторлар: "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ (Тұрғын үй және емделу); "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Тұрғын үй); "Банк Центр Кредит" АҚ (Тұрғын үй); "Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) (тұрғын үй); "Банк Фридом Финанс Казахстан" АҚ (Тұрғын үй). БЗТ-ны алу тәртібі алушылар БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы алуға болатын жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзінді көшірмесінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алуға қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді алады; содан кейін алушы уәкілетті операторға уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы БЗТ алу туралы өтінішпен жүгінеді және өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды; уәкілетті оператор екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға БЗТ алу туралы алушылар тарапынан түсіп, тіркелген өтініштер туралы электрондық хабарлама жібереді; БЖЗҚ өз өкілеттігі шеңберінде жеке зейнетақы шотында сұрау салынған соманың болуын тексереді және бас тартуға негіздер болмаған жағдайда электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға өтініште көрсетілген БЗТ сомасын (көрсетілген сома ЖЗШ-да болған кезде) алушының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемі үшін уәкілетті оператор арнайы ашқан шотқа есептеу үшін аударады; зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды алушылар тек уәкілетті операторларға ұсынады. Құжаттарды тексеріп, қаражатты өтініш берушінің түпкі мақсатына аудару туралы шешімді уәкілетті оператор қабылдайды. "Егер алушы тұрғын үйге немесе емделуге зейнетақы жинақтарының пайдаланылғанын растайтын құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаса, онда қаражат БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына қайтарылады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды. Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 35 градусқа дейін аяз болады Қазгидромет 9, 10, 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Азаматтар қыстың алғашқы лебін сезінеді. 9 желтоқсанда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон келеді. Осылайша алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады. Түнгі уақытта термометр бағаны солтүстік өңірлерде 22-30 градусқа дейін, шығыста 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 10-20 градус аязға дейінтөмендейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ірі онлайн казино схемасы әшкере болды Қазақстанда трансшекаралық аударымдардың ауқымды схемасы әшкерленді. Онда ақша төлем ұйымдары арқылы өткізіліп, заңды операциялар ретінде жасырынып, онлайн-казиноның пайдасына шығарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Схеманы жүзеге асыру үшін финтех-сервистердің иелері букмекерлік кеңселермен жасалған жалған шарттар негізінде алынған "сұр" POS-терминалдар мен Terminal ID қолданған. "Қазіргі уақытта заңсыз операциялардың анықталған көлемі 600 миллиард теңгеден асады. Құқыққа қарсы әрекетке 20-дан астам төлем ұйымы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары тартылған", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсетіп, ақша операциялары бойынша кеңес берген Call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Заңсыз жұмысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания және Вьетнам азаматтарынан 120 адам тартылған. Бұдан бөлек, Call-орталық ұйымдастырушылары криптовалюта арқылы қаражат қабылдап, шығаруды жүзеге асырған гемблинг негізіндегі серіктестік бағдарламасын құрған. Оның айналымы 200 миллион USDT-тен асып түсті. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру барысында 70-тен астам тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген ҚМА хабарламасында. Сот санкциясы бойынша, олардың ішінде "Төлем ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ басшысының кеңесшісі бар тоғыз тұлғаға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Олардың ішінде шетел азаматтары да бар, сегіз адамға халықаралық іздеу жариялау үшін материалдар дайындалып жатқаны айтылды. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматылықтарға Президент резиденциясы орнына салынған жаңа саябақтың несі ұнамады? Алматылықтар Президент резиденциясы орнына салынған жаңа скверге кіру қиын екенін айтып шағымданды. Себебі биік қоршау алынбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұрғындар шағымы Бұл аймақта жиі серуендейтін тұрғындар Тұңғыш Президент қорының саябағы мен жаңа сквердің арасында қоршау тұрады деп күтпегендерін айтады. Қарашаның басында ашылған 4,16 гектарлық жаңа кеңістік бұрынғы саябақпен біртұтас аймаққа айналмаған. Жергілікті тұрғындар екі қоғамдық аумақтың арасында еркін жүретін өткел болғаны дұрыс деп есептейді. Алайда, аймақ тұтас қоршалған - қақпасы да, ыңғайлы өтетін орны да жоқ. Сол себепті адамдар аймақты айналып өтуге мәжбүр. Әкімдік жауабы Алматы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы қоршаудың сақталуына қатысты пікір берді. Ведомство мәліметінше, қоршау сквер құрылысы басталмай тұрып орнатылған. "Жобада скверді толықтай қоршау қарастырылмаған. Қазіргі тұрған қоршаулар сквер салынғанға дейін қойылған және олар қауіпсіздік пен аумақты қорғау талаптарына сай орнатылған", - делінген басқарманың жауабында. Алайда ведомство қоршауды алу немесе қақпа орнату мәселесіне қатысты нақты жауап берген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанаға Иран президенті келеді Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді.Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның қай өңірлерде күн бұзылады, қай өңірлерде жол жабылады? Күн күрт бұзылуына байланысты "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 8 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Абай, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр, қар жауады. "Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері. 8 желтоқсанда мына республикалық жолдарда жүк көлігі және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды: Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы тасжолының 36-67-шақырым аралығы (төлемақы алу пунктінен Қонаев қаласына дейін); Алматы - Шелек - Қорғас тасжолының 24-136-шақырым аралығы (төлемақы алу пунктінен Шелек ауылына дейін). Жолды 8 желтоқсанда сағат 13:00-де ашу жоспарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақмола облысында жол апатынан полицей қаза тапты Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторының қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болуына байланысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 7 желтоқсанда Астана-Ерейментау-Шідерті автожолында болған. "Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерді қауіп туралы, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы жөнінде ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен", - делінген хабарламада. Департамент басшылығы мен жеке құрамы қаза болған полицейдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады және бұл дерек бойынша жан-жақты әрі объектив тергеу жүргізілетінін жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бенинде әскерилер тобы билікті басып алған Бенинде, Батыс Африкадағы бұрынғы француз отарында, қарулы адамдар тобы жергілікті теледидардың тікелей эфирінде билікті өз қолына алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Telegram-дағы "Осторожно, новости" арнасына сілтеме жасап. БАҚ дерегінше, мемлекеттік телеарна эфирі кезінде өздерін "Қайта өркендеу жөніндегі әскери комитет" деп атаған әскерилер тобы президент Патрис Талонды қызметінен кетіргенін және мемлекеттік мекемелерді таратқанын жариялаған. Алайда AFP агенттігінің хабарлауынша, төңкеріс әрекетіне байланысты президент қауіпсіз жерде, армия жағдайды бақылауға алып, тәртіпті қалпына келтіру бағытында жұмыс істеп жатыр. Бениннің сыртқы істер министрі Олушегун Адеджаби Бакаридің айтуынша, бүгін таңертең аз ғана әскери топ төңкеріс жасауға талпыныс жасаған. "Бұл – тек теледидарға ие шағын ғана топ. Үнемі қызмет ететін армия бақылауды қайта өз қолына алып жатыр. Астана мен ел толығымен қауіпсіз, президент пен оның отбасы да қауіпсіз жерде", – деп хабарлаған AFP агенттігіне әскери дереккөз. Адеджабидің айтуынша, әскерилер тек мемлекеттік теледидарды бақылауға алып үлгерген. Бенинде тәуелсіздік алған 1960 жылдан бері түрлі деректер бойынша 11-ден 13-ке дейін мемлекеттік төңкеріс болған. Осыған байланысты бұл ел тіпті Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар мен үсік: Алматыда күн күрт суытады Метеорологиялық қызмет пен жергілікті болжамға сүйенсек, Алматыда алдағы күндері ауа райы күрт суиды. Алдағы аптада қалада қар жауып, түнде температура минус 21 градусқа дейін төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап. 7 желтоқсанда Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел шығыстан, секундына 3–8 метр. Ауа температурасы күндіз +4…+6, түнде –1…–3 градус. 8 желтоқсанда қалада көшпелі бұлтты, жер-жерде әлсіз жауын-шашын күтіледі, ұсақ мұз түйіршіктері түріндегі аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, секундына 5–10 метр. Түнде ауа температурасы –2…–4 градусқа дейін төмендейді, күндіз +2…+4 градусқа дейін көтеріледі. 9 желтоқсанда бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде –8…–10 градус, күндіз 0…+2 градус. 10 желтоқсанда бұлтты ауа райы болады, кей жерлерде қар жауады. Жел солтүстіктен, секундына 3–8 метр. Сонымен қатар аяз едәуір күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз –7…–9 градус, түнде одан әрі төмендеп, –18…–21 градусқа жетеді. 11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын күтілмейді, бірақ күн аяз болады: түнде –10…–12, күндіз –4…–6 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты жол жабылды Ауа райына байланысты бірқатар өңірде тасжолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 6 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты мына республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады: Ақтөбе облысы: "РФ шекарасы (Жайсан ө\\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" автожолының 965-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ а.- Қызылорда облысы шекарасы). Қызылорда облысы: "РФ шекарасы (Жайсан ө\\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" автожолының 1240-1360 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе обл. шекарасы-Арал қ.). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодар облысында Олимпиада жүлдегері сотқа тартылды Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай сотқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іс материалдары "Сот кабинетінде" жарияланған, онда оған билік өкілдеріне күш қолданды деген айып тағылған. Басқа деректер әзірге жарияланған жоқ, танымал балуан Павлодардағы тергеу изоляторынан алдағы сот отырысына жеткізілмек. "Сот өндірісінде Шабанбай Д.Е.-ға қатысты ҚР ҚК 380-бабының 4-бөлігі 1-тармағында көзделген "Екі және одан да көп адамға қатысты жасалған билік өкіліне күш қолдану" қылмысын жасау дерегі бойынша іс қаралып жатыр", - делінген "Сот кабинеті" материалдарында. Сот спортшыны негізгі сот талқылауына қатысу үшін Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына этаптауға қаулы шығарды. Іс қаралып жатқан бап 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасын қарастырады. Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашевтің айтуынша, 42 жастағы еркін күрес шебері Дәулет Шабанбай спорттық мансабын бес жыл бұрын Қазақстан чемпионатында екінші орын алған соң аяқтаған. Дәулет Шабанбай туралы не белгілі? Оның ең ірі жетістіктерінің бірі - 2012 жылы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының қола медалі. Алайда спортшы бұл марапатты тек 2022 жылы Белградта алған, өйткені Олимпиаданың екі жүлдегері тыйым салынған препараттарды қолданғаны үшін дисквалификацияланған. Сол кезде 120 келіге дейінгі салмақта бесінші орын алған қазақстандық үшінші орынға көтерілген. Дәулет Шабанбай - Азия чемпионаттарының төрт дүркін қола және күміс жүлдегері (2008, 2009, 2011, 2014, 2016). Сондай-ақ 2014 жылы Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алған. "Сот кабинеті" деректеріне сәйкес, 2018 жылы Жекпе-жек федерациясында спорт нұсқаушысы болып жұмыс істеп жүрген кезде Шабанбай жол апатынан бір адамды өлтіріп алған деп айыпталған. Үкімде сол кезде белсенді спортшы басқарған LADA көлігі көпірде тұрған Audi-80 автокөлігіне соғылғаны жазылған. Шетелдік көліктің 51 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Апат Павлодарда болған. Сол кезде Шабанбай прокурормен кінәсін толық мойындау туралы процестік келісім жасаған. Марқұмның жұбайына бір миллион теңгеден аса материалдық шығынды өтеп, ол екі жыл шартты жаза алып, бес жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ басшысы Алматыда қылмыс деңгейінің төмендегенін мәлімдеді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жұмыс сапарымен Алматыға келіп, кәмелетке толмағандарға арналған жаңа колонияның жұмысымен танысты, сондай-ақ қалалық полиция департаменті мен Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығының жеке құрамымен жедел кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Кеңес барысында Сәденов өткен кезеңдегі жедел-қызметтік қызметтің қорытындыларын шығарды, алдағы жылға арналған басым бағыттарды айқындады, полиция департаменті бастығының, Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшысы мен қызметтер мен аудандық бөлімшелер басшыларының есептерін тыңдады. Ол Мемлекет басшысы қойған негізгі міндет – Заң мен Тәртіпті қамтамасыз ету екенін атап өтті. "Алматы - елдегі ең ірі мегаполис. Алматылық полиция қызметкерлерінің кәсібилігі миллиондаған тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігі мен тыныштығына тікелей әсер етеді", - деді министр. Ержан Сәденовтың айтуынша, қалада қылмыспен күресуге арналған кешенді шаралар қабылданған, бұл өз нәтижесін беріп жатыр. Қылмыс деңгейі 13 пайызға төмендеді, ал адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, қайталама қылмыс және көше қылмыстары сияқты түрлері бойынша одан да айтарлықтай азаю тіркелген. Министр өңірлік бөлімшелер жұмысының жекелеген кемшіліктеріне назар аударып, нақты тапсырмалар берді: профилактикалық жұмысты күшейту, азаматтардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер органдарының тиімділігі мен халыққа қолайлылығын арттыратын цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыру. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зеленский АҚШ делегациясымен телефон арқылы сөйлесті: БАҚ мән-жайын жариялады Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен бейбіт келісімге қатысты АҚШ делегациясымен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ол Telegram-арнасында бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Зеленскийдің айтуынша, ол Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Андрей Гнатов және ҰҚК хатшысы Рустем Умеровпен бірге Майамидегі АҚШ делегациясымен телефон арқылы бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі келесі қадамдарды талқылаған. Оның сөзінше, ол АҚШ делегациясымен ұзақ сөйлескен. Делегация құрамында Дональд Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф пен Ақ үй басшысының күйеу баласы Джаред Кушнер бар. "Біз көп аспектіге назар аударып, қанды қырғынды тоқтатуды және Ресейдің үшінші рет басып кіру қатерін, сондай-ақ Ресей өз уәделерін орындамау қаупін жоятын негізгі тармақтарды жеткілікті жылдам талқыладық. Бұған дейін мұндай жағдай бірнеше рет болған", - делінген Украина президентінің хабарламасында. Сондай-ақ ол делегациялар "келесі қадамдар, әңгіме форматтары" жөнінде келісімге келгенін атап өтті. Зеленский "бәрін телефон арқылы талқылай алмаймыз", сондықтан енді Умеров пен Гнатовтан егжей-тегжей есеп күтетінін қосты. Axios басылымының хабарлауынша, бұл әңгіме екі сағатқа созылған. Жалпы алғанда, Майамиде АҚШ пен Украина жоғары лауазымды өкілдерінің келіссөздері үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. "Жағдайды тікелей білетін дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі тараптың да пікірлерін жинап, келісімге қол жеткізу үшін қажет ымыраға келуге Путин мен Зеленскийге қысым көрсеткен. Зеленскийді кездесу үшін шақырған", - делінген материалда. Axios аумақтық мәселе бойынша талқылау күрделі өткенін айтты. Ресей әлі де Украинадан Донецк пен Лугансктың өз бақылауындағы аумақтарынан әскерін шығаруын талап етіп отыр, бірақ АҚШ бұл мәселені шешудің жаңа идеяларын әзірлеуге тырысып жатыр. Украинаға АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдіктері мәселесіне қатысты Axios-тың бір дереккөзі "тараптар айтарлықтай прогреске қол жеткізді және келісімге жақын, бірақ қауіпсіздік кепілдіктері жобасын екі тараптың да бірдей түсінуі үшін қосымша жұмыс қажет" екенін айтқан. Умеров пен Гнатов Майамиден Еуропаға қайтып оралып, дүйсенбіде Лондонда Зеленскийге АҚШ ұсыныстарын талқылау үшін брифинг өткізбек. Уиткофф пен Кушнермен алдағы келіссөздер мен кездесулер келер аптада жалғасады деп күтіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту Ақша туралы артық терминсіз 10 қысқа сабақ. Кредиттік тарихты бүлдірмеу, пирамидалар мен алаяқтардан сақтану, дропперге айналмау жолдары және қаржыға қатысты көзқарасыңызды жаңарту әдістерін біліңіз
Алматыда қоймадан өрт шықты Алматыда Жетісу ауданындағы қоймадан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. "Өрт шыққан жерге құтқарушылар 9 минутта жетті. Алғашқы бөлімше келген кезде қойма ашық жалынмен өртеніп жатқан. Оқиға орнында ТЖ департаменті басшысының жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Өрт сөндірудің төрт жауынгерлік учаскесі жасақталды. Нысан алдын ала электр желісінен ажыратылды, өртті сөндіруге және қасындағы ғимараттарды қорғауға өрт сөндіру оқпандары берілді", – делінген хабарламада. Өртті сөндіруге жедел қызметтер мен "ҚТЖ" өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. "Жағдай ТЖМ бақылауында. Жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін өрт орнынан бейнетрансляция нақты уақыт режимінде ТЖМ-нің жедел басқару орталығына шығарылды", – деп хабарлады министрлік. 02:59-де ведомство өрттің 3150 шаршы метр аумақта толық сөндірілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, өртсөндірушілер зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. 6 желтоқсанда күндіз Алматының Медеу ауданында "Геолог" бау-бақша серіктестігі аумағында да өрт шыққан еді: екі ғимарат пен үш автокөлік өртеніп кетті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұман, жауын-шашын, боран: 7 желтоқсанда ауа райы қандай болады? Қазақстанда 7 желтоқсанда солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын, боран соғады, көктайғақ, ал оңтүстікте тұман түседі деп болжанады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. Астана - бұлтты, кей кезде қар жауады, боран соғады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аяз. Қар жауады, боран соғады, көктайғақ. Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы. Шымкент - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус, күндіз 10-12 градус жылы. Ақмола облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, күндіз шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-6 градус аяз. Көкшетау - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады. Көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аяз. Алматы облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін, облыстың таулы аудандарында 6-11 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 0-5 градус аяз. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Жетісу облысы - түнде облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), облыстың таулы аудандарында аз қар жауады, күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың таулы аудандарында 9-14 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 0-5 градус аяз. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Түркістан облысы - түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 5 градус аяз, күндіз 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 4 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус, күндіз 8-10 градус жылы. Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батысқа ауысып секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін. Орал - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батысқа ауысып секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы. Атырау облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін. Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы. Маңғыстау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14, облыстың солтүстік-батысында, шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, облыстың солтүстігінде 5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Түнде және таңертең көктайғақ. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы. Ақтөбе облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында аздаған қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Жел батыс, солтүстік-батыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 4 градус аяздан 1 градус жылуға дейін. Ақтөбе - бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыс бағыттан секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 0-2 градус аяз. Қостанай облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, күндіз қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында боран соғады, көктайғақ. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың оңтүстік-шығысында 9 градус, күндіз 1-6 градус аяз. Қостанай - бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз қар жауады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 1-3 градус аяз. Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған қар жауады, боран соғады, көктайғақ, күндіз қар жауады, боран соғады, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-6 градус аяз. Петропавл - бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз қар жауады. Көктайғақ. Жел батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 2-4 градус аяз. Павлодар облысы - облыстың солтүстігінде, батысында қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, облыстың солтүстігінде 8 градус, күндіз 0-5 градус аяз. Павлодар - көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 0-2 градус аяз. Қарағанды облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, көктайғақ, боран соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, облыстың шығысында 10 градус, күндіз 0-5 градус аяз. Қарағанды - көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады, көктайғақ, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 1-3 градус аяз. Ұлытау облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 1 градус аяздан 4 градус жылуға дейін. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы. Шығыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, боран соғады, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 13-18 градус аяз, күндіз 0-5 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 8 градус аяз. Өскемен - бұлтты, қар жауады, көктайғақ. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 0-2 градус аяз. Абай облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, боран соғады, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың шығысында 9 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін, облыстың шығысында 6 градус аяз. Семей - бұлтты, түнде қар жауады, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 0-2 градус аяз. Қызылорда облысы - түнде облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ, күндіз облыстың батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батысқа ауысып секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың солтүстігінде 9 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, облыстың шығысында, оңтүстігінде 3-8 градус жылы. Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кезде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батысқа ауысып секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Жамбыл облысы - түнде облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қар жауады, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Кей кезде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14, облыстың таулы аудандарында 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 7 градус аяз, күндіз 6-11 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кезде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылуға дейін, күндіз 8-10 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістанда төбелескен шенеунік басқарма басшысы қызметінен босатылды Түркістан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті әлеуметтік желілерде резонанс тудырған, мемлекеттік қызметшінің төбелесі бойынша тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нәтижесінде, 5 желтоқсанда Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі тиісті шешім қабылдады. "Кеңес шешімімен Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С. Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін "атқарып отырған лауазымынан босату" түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды", - делінген хабарламада. Әдеп жөніндегі кеңес Жалықұл тарапынан болған тұрпайы, қоғамға жат мінез-құлықты, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін әрекет жасау арқылы жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды бұзу дерегін анықтады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысындағы “Нарынқол“ шекара заставасында әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағында болған өрт салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", – делінген хабарламада. Шекара қызметі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оларға қажет барлық көмек көрсетіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, жоғары деңгейде, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы Қырғызстан президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президентін құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президентін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Президент хатта Суоми ұдайы экономикалық өрлеу, әлеуметтік әділдік және экологиялық орнықтылықты тиімді ұштастырып келе жатқан ел екенін атап өткен. Сондай-ақ Финляндия президентінің таяуда Астанаға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергеніне тоқталған. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас фин халқына бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребе қорытындысы шықты АҚШ-тың астанасы Вашингтондағы Кеннеди орталығында 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2026 жылғы әлем чемпионаты турнир тарихындағы ең ауқымды додалардың бірі болмақ. Бұрынғыдай 32 емес, АҚШ, Канада және Мексика стадиондарында 48 ұлттық құрама ойнайды. Қазір 42 қатысушы белгілі – турнир иелері автомат түрде жолдама алды. Тағы алты жолдама 2026 жылғы көктемде сарапқа салынады: төртеуі – Еуропадағы плей-офф ойындарында, екеуі – құрлықаралық плей-офф арқылы. Жеребе: 12 топ және жаңа формат Ұйымдастырушылар турнир сеткасын кеңейтіп, енді командалар 12 топқа бөлінді, әр топта – төрт құрамадан. Шығу схемасы да өзгерді: 1/16 финалға әр топтан алғашқы екі орын алғандар және үздік көрсеткішке ие сегіз үшінші орын иегері жолдама алады. 2026 жылғы ӘЧ топтары A тобы: Мексика, Оңтүстік Африка Республикасы, Корея, плей-офф жеңімпазы (D жолы)B тобы: Канада, Катар, Швейцария, плей-офф жеңімпазы (A жолы)C тобы: Бразилия, Марокко, Гаити, ШотландияD тобы: АҚШ, Парагвай, Аустралия, плей-офф жеңімпазы (C жолы)E тобы: Германия, Кюрасао, Кот-д'Ивуар, ЭквадорF тобы: Нидерланд, Жапония, Тунис, плей-офф жеңімпазы (B жолы)G тобы: Бельгия, Мысыр, Иран, Жаңа ЗеландияH тобы: Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, УругвайI тобы: Франция, Сенегал, Норвегия, Еуропа жеңімпазы (2-жол)J тобы: Аргентина, Алжир, Австрия, ИорданияK тобы: Португалия, Өзбекстан, Колумбия, Еуропа жеңімпазы (1-жол)L тобы: Англия, Хорватия, Гана, Панама Еуропалық плей-офф жолдары A: Италия, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Босния және ГерцеговинаB: Украина, Швеция, Польша, АлбанияC: Түркия, Румыния, Словакия, КосовоD: Дания, Солтүстік Македония, Чехия, Ирландия Құрлықаралық плей-офф 1-жол: Жаңа Каледония, Ямайка, Конго Демократиялық Республикасы2-жол: Боливия, Суринам, Ирак Ашылу матчі және финал Турнир 11 маусымда Мексиканың астанасы Мехикодағы әйгілі "Ацтека" стадионында басталады. Алаңға Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары шығады. Әлем чемпионы 2026 жылғы 19 шілдеде белгілі болады. Финал матчі "Метлайф" стадионында өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Әдепті әрі тыныш бала еді“: Ақтөбедегі қайғылы оқиғадан кейін оқушы қамауға алынды Ақтөбеде анасын өлтірді деген күдікке ілінген оқушы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот өз анасын аса қатігездікпен өлтірді деген іс бойынша күдікті ретінде өтіп жатқан 16 жастағы жасөспірімге қамау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Полиция департаменті мәліметінше, кәмелетке толмаған бала алдағы екі айды тергеу изоляторында өткізеді. Ол уақытша ұстау изоляторынан сол жерге ауыстырылған. "Соттың қаулысымен кәмелетке толмаған жасөспірім 2 айға қамауға алынды", - деп хабарлады облыстық ПД. Ақтөбе облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Айгүл Нұркеева жақын күндері жасөспіріммен сөйлесетінін айтты. Тергеу нұсқасы бойынша, немересінің шабуылына ұшыраған 72 жастағы әжейдің хал-жағдайы өзгеріссіз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйел №1 көпсалалы аурухананың травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатқанын айтты. Оның иығы, қолының білек және алақан бөліктеріндегі көптеген пышақ жарақаттары бар, сондай-ақ қабырғалары сынған. Әжей келінінің қаза тапқанын әлі білмейді. Қайғылы оқиға 2 желтоқсанға қараған түні Ақтөбе орталығындағы бес қабатты үйдің пәтерінде болған. Алдын ала деректер бойынша, жасөспірім мен анасы арасында жанжал шыққан. Көршілер айғай-шу естіп, полиция шақырған. Құқық қорғау органдары келген кезде 41 жастағы әйел көз жұмған, ал жараланған зейнеткер ауруханаға жеткізілген. Отбасында үш бала бар, күдікті - үлкені, ол жекеменшік мектепте оқыған. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тергеліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Тамағын тартып алған“. Қазақстандық әйел ұлын ауруханада жалғыз қалдырғанына өкінетінін айтты Ақтөбеде мүгедектігі бар 10 жастағы баланың анасы ұлын бірнеше күн бойы балалар ауруханасында бірге жатқан басқа науқастар ұрып, қорқытқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дәрігерлер мұны жоққа шығарып отыр, ал полиция тексеруді бастады. Мектеп оқушысының анасы Ақсана Оразбекованың айтуынша, оның ұлы көпбейінді облыстық балалар ауруханасының неврология бөлімінде үнемі ем алады. Әдетте ол ұлының қасында болады, бірақ бұл жолы баланы жалғыз қалдыруға мәжбүр болған. "Біз бұл бөлімшеге жиі барамыз. Ұлымды мұнда – дәрігерлер де, бөлім меңгерушісі де – бәрі жақсы біледі. Бұл жолы қызым ауырып қалғандықтан, оны жалғыз қалдырдым. Дәрігерлер "өзіне қарай алады" деп сендірді. Мынандай жағдай болады деп ойлаған да жоқпын", – дейді Ақсана Оразбекова. Оның сөзінше, келесі күні-ақ баласының мінез-құлқынан өзгеріс байқалған. "Ұлым менімен дұрыс сөйлеспей қойды. Ал ол - ашық, көп сөйлейтін бала. Бірден "біреу сені ренжітті ме?" деп сұрай бастадым. Ол "жоқ" деп бұлтарды, бірақ мен бірнәрсе дұрыс емес екенін сезіп тұрдым. Қоңырауыма ұзақ жауап бермей жүрді, бұл да күдік тудырды. Кейін "суың қалды ма?" – деп сұрасам, "ештеңем қалмады" дейді. Таңғалдым. Ол басқа балалармен бөлісіп жүргенін әзер айтты", – дейді 10 жастағы баланың анасы. Анасының айтуынша, 1 желтоқсанда бала болған жағдайды айтып берген. Ол 28 қарашадан 1 желтоқсанға дейін бөлімшедегі басқа науқастардан таяқ жегенін айтқан. "Менің баламды бірнеше күн бойы ұрып-соғып, күрес әдістерін жасап жүрген. Одан қысым көрсетіп, тамағы мен сусынын тартып алған. Төрт тәулік бойы балам дұрыс тамақ ішпеген. Оған психологиялық қысым жасалған, айтып беруге қорыққан, себебі оған "әлі көресің" деп қоқан-лоққы жасаған. "Мен жылап, айқайладым, дәлізге жүгіріп, көмек сұрадым, бірақ ешкім мән бермеді" деп отыр", – дейді Оразбекова. Әйелдің айтуынша, ұлын бір жасөспірім ұрған, ал тағы екеуі қысым көрсетіп, қолдап тұрған. "Бөлмедегі ең кішісі – менің ұлым. Ең үлкен науқас – 16 жаста. Үшеуінің ішінде біреуі 12 жаста. Сол бала ұлымды ұрып, соққыларын, күрес әдістерін жасап жүрген, басынан ұрған, теуіп жіберген. Олар оны балағаттап, қорлаған. Ұрып жүрген – біреуі, ал мазақ қылып, қысым көрсетіп, тамағын, сусынын тартып алып, телефонын беруге, интернет пайдалануға мәжбүрлеген – үшеуі", – дейді баланың анасы. Оның айтуынша, баласының денесінде көгерген жерлер пайда болған, іші мен қолы ауырған, бастағы гипертензия белгілері күшейген. Сондай-ақ клиникалық психолог та кері әсері барын айтқан. Оразбекова полицияға арыз жазғанын және үш күн бойы соққыны тіркеу үшін сот-медициналық сараптамаға жолдама күтетінін айтты. Аурухананың ұстанымы Көпбейінді балалар ауруханасы балалар арасында жанжал болғанын растайды, бірақ "ешкім ұрып-соққан жоқ" дейді. "Стационарда емделіп жатқан 10, 11, 12 жастағы балалар кешке ойын ойнап жатқанда жанжалдасқан. Дыбысты естіген медбике палатаға кіріп, жағдайды көрген соң, балаларды әртүрлі палаталарға бөліп орналастырған", – деп түсіндірді жағдайды Ақтөбе облыстық көпбейінді балалар ауруханасының педиатр-кардиологы Әлима Ботбаева. Стационарда сол кезде баланың денесінен көзге көрінетін соққы іздері анықталмағанын айтады. Полиция не дейді? Ананын арызы тіркелген, онда көрсетілген жайттар бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Материал жарияланған сәтте сот-медициналық сараптама әлі тағайындалмаған. Оразбекова мемлекеттік органдардан істі бақылауға алуды және объектив тергеуді қамтамасыз етуді сұрап отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көлік неге оны қараңғыда күтіп тұрды? - қаза тапқан оқушының әпкесі қайғылы оқиға туралы Ақтөбеде денесі Елек өзенінен өлі табылған 16 жастағы Ислам Төреғалидің әпкесі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды жариялап, көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әпкесі бұл істің тергелу барысына күмән келтіріп, мүмкіндігінше кеңінен жария етілуін талап етіп отыр. 2 желтоқсанда Ақтөбеде құтқарушылар екі із-түзсіз жоғалған адам – 10-сынып оқушысы мен 27 жастағы ер адамның денесін тапқан. Марқұм жасөспірімнің отбасы көшедегі камераларға түсіп қалған жазбалар тергеудің ресми нұсқасына сәйкес келмейді деп есептейді. "Мен – Елек өзенінен өлі табылған Ислам Төреғалидің туған әпкесімін. Інім ешкіммен кездеспегенін, жұмыстан кейін үйіне ғана кетіп жатқанын көрсеткім келген соң осы видеоларды жариялап отырмын!", – деп жазады қайтыс болған оқушының әпкесі Нұрханым Төреғалиева әлеуметтік желіде. Оның айтуынша, видеода күдікті көлік Ислам жұмыс істейтін моншаға алдын ала келіп тоқтағаны анық көрінеді. "Көлік 23:46-да келіп, Исламды қараңғы жерде күтіп тұрған. Ол жұмыстан 23:59-да шығады. Қолында пакет бар, ішінде біздің мысығымызға арналған тамақ болған", – дейді марқұмның әпкесі Нұрханым Төреғалиева. Нұрханымның сөзінше, көлік жүргізушісінің әрекеті күдік туғызады. "Бұл ер адам неге көліктің жарығын сөндіріп, 13 минут бойы ештеңе істемей тұрады? Неге сыртқа шығып, Исламды шақырмады? Неге ол бауырымның дәл сол тар өткелге кіргенін күтіп, дәл сол сәтте оның артынан жүріп кетті?" – деп сұрақ қояды ол. Оның сөзінше, Ислам себепсіз түн ішінде үйден кетіп қалмайтын, өміріне қатысты көп жоспары болған. "Келесі күні ол университетте сөз сөйлеуі керек еді. Киімін дайындап қойды, дүйсенбіде қарындастарын киноға апаратынын айтты. Мұндай жоспар құрып жүрген адам өзі-өзіне қылмыс жасай ала ма? Інім – үйіміздің қуанышы еді. Жұмыс істеп, бәріне көмектесетін. Өтінемін, бізге көмектесіңіздер! Біз әділ әрі ашық тергеу болуын қалаймыз", – дейді марқұмның әпкесі. Істің мән-жайы 30 қараша кешкісін Ислам Төреғали демалыс күндері жұмыс істейтін моншаға жұмысқа кеткен. Ата-анасы оның қайда екенін білген, алайда ол түнде үйге оралмаған. 1 желтоқсанда оның денесі Елек өзенінен табылды. Сол күні кешке, шамамен 30 метр қашықта, судан 27 жастағы ер адамның денесі табылды – болжам бойынша, ол моншаға көлікпен келген сол адам болуы мүмкін. Полицияның айтуынша, денелерден зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Оқиға орнынан екі телефон анықталған. Қылмыстық іс "нөлдік бап" деп аталатын алдын ала бап бойынша тіркелген – бұл тергеу барысында іс жүзінде қандай құрам бар екенін кейін нақтылауға мүмкіндік береді. Полицияның пікірі Ақтөбе облысының полиция департаменті Ислам Төреғалидің жоғалғаны туралы хабар түскеннен кейін бірден іздестіру шаралары басталғанын мәлімдеді. "Кәмелетке толмағанның жоғалғаны туралы хабар түскен соң, полиция қызметкерлері, құтқарушылар және волонтерлер іздестіру шараларына бірден кірісті. Бұл полиция бейнежазбаны зерттеді. Видеодағы көлік анықталды. Сондай-ақ, рөлде отырған ер адамның денесі табылғаны белгілі болды. Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған мәлімет таратпауға шақырады", – деп хабарлады ведомство. Тергеу органдары бейнежазбаларды, телефондардағы мәліметтерді және жасөспірімнің жоғалуына байланысты өзге де материалдарды зерттеуді жалғастырып жатыр. Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 10-сынып оқушысы мен 27 жастағы ер адамның денелері табылғаны хабарланған. Олар жоғалғаннан кейін екі күн іздестірілді. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, әскери қызметкерлер, волонтерлер және полиция қатысқан. Іздеу барысында екі адамның да денесі Елек өзенінен зорлық белгілерінсіз табылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, жерасты дүмпулері Тараз бен Шымкентте 2 балл шамасында сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 6 желтоқсан, сенбіге қараған түні ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. "ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеулер институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 6 желтоқсанда Астана уақытымен 02:04-те жер сілкінісін тіркеді", — делінген хабарламада. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 565 шақырым қашықта, оңтүстік-батыс бағытта, Өзбекстан аумағында болғаны нақтыланды. Тараз бен Шымкенттегі есептік қарқындылық 2 балға жетті. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Сонымен қатар, Өзбекстан ТЖМ мәліметінше, эпицентр Наманган облысының Пап ауданында орналасқан. Тереңдігі - 17 шақырым. Магнитудасы - 4,5. Эпицентрдегі дүмпулер күші - 5 балл. Еске салайық, 4 желтоқсанда Қытайдың оңтүстік Синьцзян аймағында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері жеткілікті күшті болып, олар Алматыда, Алматы және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ,Жетісу облысында сезілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңбыр аралас қар мен көктайғақ: сенбіде ауа райы қандай болады? Синоптиктер 6 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оңтүстікте таңертең кей жерлерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болуы мүмкін, батыста бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыс пен солтүстікте қар жауып, көктайғақ күтіледі. Астана - көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауып, тұман түседі, көктайғақ. Ауа температурасы түнде –2...–4 °C, күндіз 0...+2 °C. Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +6...+8 °C. Шымкент - түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз –8...–10 °C аяз. Түркістан - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +7...+9 °C. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде –1...–3 °C, күндіз +5...+7 °C. Талдықорған - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Ауа температурасы түнде –0...–2 °C, күндіз +5...+7 °C. Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде –4...–6 °C, күндіз +3...+5 °C. Тараз - көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +8...+10 °C. Ақтау - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +4...+6 °C. Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +3...+5 °C. Орал - бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Ауа температурасы түнде –0...–2 °C, күндіз 0...+2 °C. Ақтөбе - бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде –3...–5 °C, күндіз –1...–3 °C. Қарағанды - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, көктайғақ, кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде –2...–4 °C, күндіз шамамен 0 °C. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде –6...–8 °C, күндіз 0...+2 °C. Қостанай - бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде және күндіз –1...–3 °C. Көкшетау - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Ауа температурасы түнде –2...–4 °C, күндіз шамамен 0 °C. Петропавл - көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Ауа температурасы түнде –4...–6 °C, күндіз –1...–3 °C. Павлодар - көшпелі бұлтты, күндіз қар жауады. Ауа температурасы түнде –7...–9 °C, күндіз –2...–4 °C. Семей - бұлтты, түнде қар жауады, көктайғақ. Ауа температурасы түнде –6...–8 °C, күндіз –0...–2 °C. Өскемен - бұлтты, түнде және таңертең қар, көктайғақ. Ауа температурасы түнде –4...–6 °C, күндіз –1...–3 °C. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жетісу облысында ер адам ойын-сауық орталығын қиратып, өрт қойған Сот ойын-сауық орталығы ғимаратын өртеді деп айыпталған 25 жастағы тұрғынға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы ДП мәліметіне сілтеме жасап. Тергеу деректеріне сәйкес, кешкі уақытта айыпталушы мекеме операторымен бірге алкоголь ішкен. Араларында ауызша жанжал туындап, кейін ер адам кешеннің мүлкін қасақана бүлдіре бастаған — техниканы, жиһазды және шыны заттарды сындырған. Соңында ол ғимаратты өртеп, қылмыс орнынан кетіп қалған. Өрт ғимаратқа зақым келтірген. Залал көлемі 81 миллион теңгеден асқан. "Сот істің мән-жайларын қарап, айыпталушыны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған келтірілген шығынды өтеу міндеті жүктелді", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Таиланд короліне жеделхат жолдады Мемлекет басшысы Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады. Президент Астана мен Бангкок арасындағы достыққа, өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті мол екенін атап өтті. Сонымен қатар екі елдің сан қырлы ықпалдастығы қос халықтың игілігі жолында беки беретініне сенім білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында дене шынықтыру мұғалімі мектеп оқушысын шашынан тартып, иығынан ұрған Алматы облысының Қолашы ауылында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланып жатыр. Видеода дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушының шашынан тартып, иығынан жұдырықпен ұрғаны анық көрінеді. Облыстық Білім басқармасы аталған дерек бойынша тергеу басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Әлеуметтік желіде жарияланған видеода костюм киген ер адам орындықта отырған оқушыны шашынан тартып, кейін иығынан жұдырықпен ұрады, сосын баланы өзіне қаратып құлағынан тартады. Оқиға басқа оқушылардың көз алдында болған, алайда балалар ешқандай реакция білдірмейді. Білім басқармасының жауабы Білім басқармасы видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, басқарма өкілдері, аудандық білім бөлімі және мектеп қызметкерлері қатысқан комиссия құрылып, қызметтік тергеу басталған. "Тексеру барысында дене шынықтыру мұғалімі оқушыға соққы жасағанын мойындап, жазбаша түсініктеме берді. Өз өтініші бойынша атқарып жатқан қызметінен босатылды. Оқушының денсаулығына зиян келмегені анықталды", - деп хабарлады Білім басқармасы. Қазір материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, тергеу басталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Құлжа автожолының өткізу әлеуеті жөндеуден кейін 20 пайызға дейін артты Биыл Алматы мен қала іргесіндегі ірі аудандарды жалғап тұрған Құлжа тасжолы орташа жөндеуден өтті. Жолдың 14 пен 43 шақырымы аралығындағы жөндеу жұмыстары былтыр қыркүйекте басталып, жақында аяқталды. "Жолға екі қабат асфальтбетон жабыны төселді. Жоғарғы қабатына полимерленген қиыршық тасты-мастикалық асфальт жамылғысы салынды. Жалпы төселген асфальт жамылғысының қалыңдығы – 12 сантиметр. Құрылыс маусымы кезінде 80-нен астам маман мен 50-ге жуық арнайы техника тартылды", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облысы филиалының бөлім басшысы Досбол Тепішев. Жөндеуден кейін жолдың өткізу мүмкіндігі күніне 20 пайызға артып, 45 мың көлікке дейін жетті. Бұл күре жолдың маңызы – Алматы іргесіндегі жиырма шақты ірі елді-мекенді мегаполиспен жалғап тұр. Алматы агломератында орналасқан өндірістік нысандар мен кәсіпкерліктің дамуына қосар үлесі жоғары. Жөндеуден өткен соң Құлжа жолы еліміздің жол инфрақұрылымының жаңартылған, қауіпсіз және сапалы бір тармағына айналды. Он жылдан астам жөндеу көрмеген күре жолдың жаңартылғанына жергілікті тұрғындар дән разы. Құлжа автожолы 14-43 шқ. Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облысы баспасөз қызметі "Құлжа жолының бойында қызмет көрсететін кешенім бар. Жаңадан төселген асфальт керемет, теп-тегіс. Қаланың орталығындағы асфальттан артық болмаса, кем түспейді. Жол бойы қызмет көрсететін кәсіп болған соң, кешенге келіп-кеткен әрбір клиенттің жол амандығы аса маңызды", - дейді кәсіпкер Қайрат Құрбанов. "Алматы-Шамалған-Ұзынағаш" автожолы 20–23 шқ. Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облысы баспасөз қызметі Қалаға жақын тағы бір автожол жөндеуден өтті. Халық арасында "Жоғарғы трасса" аталып кеткен "Алматы-Шамалған-Ұзынағаш" автожолының 20–23 шақырымы аралығында орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, халық игілігіне берілді. Тәулігіне 30 мыңнан астам көлік қатынайтын жолдың 3 шақырымы мүмкіндігінше кеңейтіліп, жаңа жол жабыны төселді. Жөндеу жұмыстарының арқасында Алматы қаласының шекарасынан жақында салынған Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін қатынайтын жол тегіс әрі жайлы бола түсті. Сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді. Жолдың екі қапталына тротуарлар салынды. "Шонжы-Қорғас" автожолы 187-230 шқ. Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облысы баспасөз қызметі Тағы бір жоба – "ыстық суымен" әйгілі Ұйғыр ауданы, Шонжы өңірінде де 85 шақырым жолға орташа жөндеу жұмысы жүргізілді. Соның бір учаскесі – республикалық маңызы бар "Шонжы-Қорғас" автомобиль жолының 187 мен 230 шақырым аралығындағы 43 шақырым. Бұл – Ұйғыр ауданының орталығына апаратын төте жол. Негізгі қабаты жөнделіп, екі қабат асфальт бетон жабыны төселді. Жол құрылысы барысында 100-ден аса техника, 120 маман жұмыс істеді. Отыз жылдан аса жөндеу көрмеген жолдың бір учаскесі қолданысқа енгізіліп, халық игілігіне берілді. "Жалағаш-Саты" автожолы 18-24 шқ. Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облысы баспасөз қызметі Сонымен қатар танымал Көлсай және Қайыңды көлдеріне жеткізетін Жалағаш-Саты автомобиль жолында 18 бен 24 шақырым аралығында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Жалпы алғанда, былтырдан бері Алматы облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың 247 шақырымында орташа жөндеу жүргізіліп, оның 87 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталды. Оның ішінде Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы 200 шақырым жолды жөндеу жұмыстары да бар. Туризмі мен тіршілігі қыз-қыз қайнаған Алматы облысында жол сапасының жақсаруы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытып, экономикалық әлеуетін арттырары сөзсіз.
“Инфляцияның шарықтауына жол беруге болмайды“ - Тоқаев Президент Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Соңғы жылдары бәсекелестіктегі артықшылықтарымызды толық ашуға, экономикалық өсімнің тың мүмкіндіктерін табуға, инвестиция тартуға және кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға бағыт алдық", - деді Президент. Мемлекет басшысының сөзінше, Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұр. "Жолдауда инфляцияның шарықтауына жол беруге болмайтынын айттым. Өйткені инфляция азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық шешім мен әрекетті жоққа шығарады. Бұл орайда өте қатаң бюджет тәртібін орнатпаса болмайды. Қаржы тек ішкі жалпы өнімнің өсуіне, Қазақстанның әлемдік аренада лайықты орнын алуына ықпал ететін басым жобалар мен бағдарламаларға ғана жұмсалуға тиіс. Ауыл шаруашылығы өнімдерімен, халық күнделікті тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмей келеді. Импорт өте көп. Ол көзге анық көрініп тұр. Бірқатар тауар номенклатурасы бойынша сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз. Қазақстанда бұған жол беруге болмайды. Оның үстіне биыл мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына 1 триллион теңге қолдау жасалды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ал еліміз шығаратын өнім көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8,5 триллион теңгеге бағаланды". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент уақытын әлеуметтік желіде өткізіп жатқан жастарға кеңес берді Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті ретінде кәсіпкерлерге шынайы құрметпен қарайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Қазір әлемде болып жатқан үдерістерді бәріңіз де көріп-біліп отырсыздар. Геоэкономикалық ахуал өте құбылмалы әрі бұлыңғыр. Осындай кезеңде бизнес өкілдерінің жасампаздық, отаншылдық қасиеттері айқын көрінеді. Мұндай уақытта кәсіпкерлеріміздің табанды еңбегі және ел болашағына деген зор сенімі аса маңызды екені анық. Түптеп келгенде, сапалы өнім шығарып, сапалы қызмет көрсету – бәсекеге қабілетті болу және ең бастысы, еліміздің өркендеуіне нақты іспен үлес қосу деген сөз", - деді Президент. Ел Президенті ретінде кәсіпкерлерге, ұлттық буржуазиямызға, соның ішінде, ең алдымен, осы залда отырған бизнес қоғамдастықтың өкілдеріне шынайы құрметпен қараймын. Сіздердің қабілеттеріңізге, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріңізге сенемін, деді Президент. "Сіздер мемлекетіміздің игілігі, экономикалық әлеуеті үшін табанды еңбек етіп келе жатқан Қазақстанның нағыз патриотысыздар. Сіздер жетістікке жетуден шабыт алатын, өзгелерге үлгі болатын азаматсыздар. Әр қадамдарыңыз сәтті болатынына сенімдімін. Қандай да бір істе болсын, пессимизмге бой алдыратын, әрекетсіз, құлықсыз, іші тар адамдардың жетістікке жетпейтіні ертеден белгілі. Мұны, әсіресе, әлеуметтік желіде уақытын өткізіп жатқан жастар білуі әрі есте сақтауы керек. Шығыс даналығы ең қиын жағдайдың өзінде үлкен мүмкіндіктер жасырынып жататынын айтады. Сондықтан еңсені түсіріп, күйзеліске берілудің қажеті жоқ. Керісінше жетістікке жететін жол іздеу керек". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Маған бизнес тарапынан өтініштер түсіп жатыр“: Тоқаев жаңа Салық кодексі туралы айтты Мемлекет басшысы Үкіметке кәсіпкерлердің жаңа Салық кодексінің кейбір нормаларын іске асыру мәселесіне қатысты өтініштерін мұқият саралауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент бизнес тарапынан жаңа Салық кодексінің кейбір нормаларын іске асыру мәселесіне қатысты өтініштер түсіп жатқанын айтты. Өтініштердің мазмұны баршаға мәлім, олар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқанын айтты. "Үкімет оларды мұқият саралап, ақылға қонымды шешім табады деп ойлаймын. Анығын айтқанда, басқа жол жоқ. Бұл – мемлекеттік ауқымдағы міндет. Салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге баса мән беру қажет. Аталған мәселені цифрлық құралдар арқылы шешу кәсіпкерлерді алаңдатып отырған көптеген түйткілдің түйінін тарқатуға мүмкіндік береді. Келесі жылы Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі мен Тауарлардың ұлттық каталогы енгізілетінін де ескеруге тиіспіз. Жаңадан іске қосылатын бұл тетіктер кейбір кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алу байқауларында негізсіз артықшылыққа ие болу мәселесін реттеуге ықпал етуі керек. Үкімет "Атамекен" палатасымен бірге осы жылдың соңына дейін бизнес-қоғамдастыққа зияны тимейтін жаңа нормалар енгізуді қамтамасыз еткені жөн", - деді Президент.. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Инфляция және азаматтардың нақты табысы - Тоқаев үкіметтің өзекті міндетін атады Президент инфляцияны тұрақтандыруды және төмендетуді, экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ азаматтардың нақты табыс табуына жағдай жасауды Үкіметтің өзекті міндеті ретінде атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Үкімет жүргізіп отырған экономикалық саясат аясында инфляцияны тұрақтандыру және төмендету, экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың нақты табыс табуына жағдай жасау өте өзекті міндет саналады. Осы бағытта таяуда Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын қабылдады. Мен бұл жайында ауыл әкімдерінің диалог-платформасында айтқан едім. Аталған бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін барлық салалық органдар мен әкімдіктер жұмыла жұмыс істеуі қажет екенін тағы да атап өткім келеді", - деді Президент. Оның сөзінше, кәсіпкерлер үшін салық, тариф және реттеу саясатының айқын әрі әділетті болғаны ерекше маңызды. Жаңа Салық кодексі мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастық моделін жаңғыртады. "Кәсіпкерліктің орнықты дамуы өзара міндеттерді орындауға негізделетінін түсінгеніміз жөн. Осы орайда мемлекет қолайлы іскерлік орта қалыптастырады. Ал бизнес салықтан жалтармайды. Бұл дамыған, өркениетті елдердің барлығына тән", - деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “Мейірім“ орденін тағайындау туралы шешім қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Бүгін еліміздің бизнес қауымдастығы үшін өте маңызды күн деуге болады. Біз биыл да қалыптасқан дәстүрге сай "Алтын сапа", "Парыз", "Қазақстанның үздік тауары" байқауларының жеңімпаздарын марапаттап жатырмыз. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрсіздер. Бұл – өз кәсібіне адал, іскер және нағыз отаншыл азаматтарға тән асыл қасиет деп санаймын. Мемлекет Сіздерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын. Биылдан бастап 29 қазан "Қазақстан кәсіпкерлері күні" болып ресми түрде бекітілді. Сонымен қатар мен жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылық істерге мол үлес қосқаны үшін еліміздің үздік кәсіпкерлеріне берілетін арнайы марапат – "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Келесі жылдан бастап залда отырған бірқатар кәсіпкер осы мәртебелі орденмен марапатталады. Бұл еліміздегі барша бизнес өкілдеріне деген айрықша құрметтің белгісі болмақ", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні қалай демалады? Күнтізбе 2025 жылдың соңғы айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалады, ал жаңа 2026 жылдың алғашқы айында тағы 12 күн демалыс болады. Tengri Life ыңғайлы күнтізбе дайындады. Қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады? Желтоқсанда қазақстандықтар үшін қосымша бір демалыс болады. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбіге түседі, сондықтан аптаның ортасында қысқа үзіліс болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де Тәуелсіздік күні демалыс болады. Ал 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді. Қазақстандықтар 2026 жылы қаңтарда қалай демалады? Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 2026 жылғы қаңтардағы демалыс күндерінің кестесі: Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - Жаңа жылға арналған мерекелік күндер; 3 және 4 қаңтар - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар (сәрсенбі) - Рождество - демалыс күні. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - мерекелік күндер; 3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні; 4 қаңтар (жексенбі) - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество). Еңбек министрлігі 2025 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы қаңтарда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайтынын нақтылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қар жауып, аяз түседі Қазгидромет синоптиктері 6, 7 және 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде бұрқасын болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі. Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның батысына қарай жылжитын арктикалық антициклон температураның айтарлықтай төмендеуіне себеп болады. "Осылайша, солтүстік-батыста 8 желтоқсанда 5-13 градус аяз, солтүстікте 10-15 градус аяз күтіледі, әрі қарай күн суытады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында 7 минуттық видео 100 миллион теңгеге бағаланған Түркістан облысында Мәдениет басқармасына қарасты орталық 3-7 минуттық тарихи бейнероликке тапсырыс берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап. Не болған? Бейнероликте ел тарихының түрлі кезеңдері баяндалуы тиіс болған. Алайда жобаның құны жұрт назарын аударды. Орындаушы "G7 Exclusive" ЖШС бейнеролик өндірісін 100 миллион теңгеге бағалаған. Сонымен қатар келісімшарт конкурссыз, тікелей жасалған. Бұл сатып алу төңірегінде сұрақтар туындатады. Оның үстіне Мемлекет басшысы бюджет қаражатын үнемдеу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы жағдай бойынша облыс әкімі Нұралхан Көшеров жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды. "Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аталған келісімшарттың жасалу жағдайларын, оның ішінде қажетті рәсімдердің сақталуы мен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын жан-жақты тексеруді тапсырды", - делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Орталық пікірі Кейін Түркістан облысы Мәдениет басқармасының "Ұлы Дала Елі" орталығы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. "Техникалық тапсырма талаптарына сәйкес, шарттың нысаны - жалпы проекциялық ауданы 1500 шаршы метрден асатын сферикалық залға арналған жоғары технологиялық мультимедиялық контентті өндіру. Мұндай контент теле немесе видеопродакшнның стандартты тәсілдерімен немесе жасанды интеллект құралдарымен жасалмайды", - дейді орталық өкілдері. Ведомство мәліметінше, өндіріс бірнеше қабатпен жүзеге асырылып, бейне-мэппинг технологиялары қолданылмақ. Бұл формат стандартты ақпараттық видеороликтен түбегейлі ерекшеленеді. "Осылайша, жобаның құны орындалатын жұмыстар көлеміне негізделіп, нарықтық бағаларға толық сәйкес келеді", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, бұл қызмет 2025 жыл бойы Мемлекеттік сатып алулар порталында үш рет өткізіліп, сатып алу рәсімі белгіленген тәртіппен өтпей қалған. Осыған байланысты, қолданыстағы заңға сәйкес бір көзден алу тәсілі қолданылғаны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда сот орындаушысы 370 миллион теңгені және Range Rover көлігін заңсыз иемденген Алматыда жеке сот орындаушысы өндіріп алушыларға тиесілі ақшаны заңсыз иемденгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы прокуратурасы мәліметінше, Алматыда ЖСО өндіріп алынған қаражатты иемденгені және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталған. "ЖСО өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп алғаны, сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды", - делінген хабарламада. Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша, ЖСО қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "5 желтоқсанда Орал, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған, Балқаш қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Кредит тарихы: бұзып алмау және жақсарту жолдары Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының алғашқы сабағы, бұл жобада біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Кредиттерден бастаймыз.
Ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және ауыз су: Атырау облысы жылды қорытындылады Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында баяндама жасап, өңірдің әр саласындағы жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Атырау облысында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өзгерістер байқалды. Әкімнің айтуынша, өңірдің дамуының басты экономикалық драйвері – мұнай-газ саласы. Қазір құны 10,7 миллиард доллар болатын үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. "Бұдан бөлек, құны 104 миллиард теңге болатын 20 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, нәтижесінде 1 320 жаңа жұмыс орны ашылады", - деді Серік Шәпкенов. Агроөнеркәсіп кешенінде 116,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Сонымен қатар, облыстың мал шаруашылығында да өсім байқалады. Атырау облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымы да кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Жыл соңына дейін аймақта 5 жаңа медициналық нысан іске қосылады, ал 7 нысанның құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір екі заманауи емхана салынып жатыр. Онкодиспансер жанынан салынып жатқан радиологиялық корпус келесі жылы толық пайдалануға беріледі. Бұл онкологиялық науқастарды емдеудің сапасын арттырады. "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында медициналық нысандарды салу және жаңарту жұмыстары жалғасып келеді. 2024 жылы 10 жаңа медицина нысаны тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Серік Шәпкеновтің айтуынша, бұл жұмыстар халық денсаулығына оң әсерін тигізіп, қан айналымы жүйесі аурулары, туберкулез және қатерлі ісік көрсеткіштерінің төмендеуіне ықпал етіп жатыр. Сондай-ақ, Атырау облысында тұрғындарды сапалы ауыз су, газ және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілді. Инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші 99,9 пайызға жетіп, 713 мыңнан астам адамды қамтиды. №5 сүзгі стансасы жаңғыртылып, тәулігіне қосымша 50 мың текше метр су берілуде. 5 ауылдық елді мекенде 165 шақырым жазғы су желісі салынды. "Энергетика саласы бойынша 302 шақырым электр желісі жаңартылды. Атырау қаласы, "Нұрсая" шағынауданындағы 66 шақырым желі заманауи кабельдерге ауыстырылды. Қуаттылығы 32 МВт "Нұрсая–Самал" қосалқы стансасы аяқталды. 30 автоматты қайта қосу құрылғысы орнатылды", - деді әкім. Газбен қамту бойынша оң жағалауда сағатына 120 мың текше метр газ тарататын станция және 46 шақырым магистралды газ құбыры салынып жатыр. "Спутник" шағынауданын газдандыру жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Облыс әкімінің айтуынша, бұл жобалар тұрғындарға сапалы, үздіксіз қызмет көрсетуге және инженерлік желілердің тұрақтылығын арттыруда маңызды.
Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң жыл аяғына дейін қарастырылады - Сенат Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын түзетулерді 2025 жылдың аяғына дейін қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әңгіме "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы туралы. Сенат баспасөз қызметі мәліметінше, заңды қарау заңнамада белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылып жатыр. "Аталған Заңмен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң Парламент Сенатының 18 желтоқсандағы отырысында қаралатын болады", - делінген хабарламада. Айта кетейік, 4 желтоқсанда Сенат отырысында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу жөніндегі заң жобасы қаралады деп жоспарланған еді. Алайда, бүгін бұл мәселе күн тәртібінен алып тасталғаны белгілі болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ақордада Антониу Коштаны қарсы алды Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта Мемлекет басшысымен келіссөз жүргізу үшін Ақордаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда болған жер сілкінісінен кейін сейсмологтар мәлімдеме жасады Алматыда болған жер сілкінісінен кейін сейсмологтар мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлының айтуынша, 4 желтоқсанда 12:44-те Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген. "Қалыптасқан сейсмикалық жағдайды талдай келе, сағат 15:00-де Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты. Алматы болжам полигоны аумағында сейсмикалық шкала бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді", - деді ол. Жер сілкінісі туралы не белгілі? Еске салайық, ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Балаларды қорғау, мәдениет және білім беру: Тоқаев жаңа заңға қол қойды Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Аталған Заң арқылы Жер, Бюджет, Кәсіпкерлік, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстерге, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Мәдениет туралы", "Білім туралы" және "Педагог мәртебесі туралы" заңдарға өзгерістер енгізілді. Түзетулердің бірінші блогы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейтеді. Баланы асырап алу және кәмелетке толмағандарға қамқоршылықты немесе қорғаншылықты тағайындау барысында баланың туыстарына, ал олар болмаған жағдайда некеде тұрған адамдарға басым құқық беріледі. Түзетулердің екінші блогына сәйкес, балалардың тамақтануына, тұрғын үйіне, медициналық көмегіне, білім алуына, тәрбиесіне және оларды сауықтыруға мемлекет бюджеті есебінен қаржы бөлінетін субъектілерге (объектілерге) қатысты мемлекеттің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау тәртібі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Заңның аясында реттелетін салаға жатқызылады. Сәйкесінше тиісті нормалар Кәсіпкерлік кодекстен алынып тасталады. Түзетулердің үшінші блогы білім беру саласындағы кейбір түйткілді мәселелерді шешеді. Бұдан былай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары Оқу-ағарту министрлігі бекітетін, осындай ұйымдар қызметінің жетістіктерін рейтингтік көрсеткіштерге сай бағалау әдістемесіне және оларды саралау қағидаларына сүйене отырып сараланады. Ал жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының саралануы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін бағалау әдістемесі мен қағидаларына негізделеді. Түзетулердің төртінші блогы мәдениет саласындағы бірқатар мәселені шешуге бағытталған. Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынады (Бұл ереженің телевизиялық жазбаларға, концерт өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған орындарға қатысы жоқ). Сондай-ақ авторлық құқық объектісі саналатын шығармаларды масс-медиада немесе онлайн-платформаларда жария түрде пайдаланған кез келген жағдайда авторды (авторларды) көрсету міндетті. Кітапхана қорын байыту және сақтау шараларын қабылдау бұдан былай жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы жер сілкінісі: сейсмологтар болжам жасап жатыр Алматыда сейсмологтар жерасты дүмпулерінің қайталану ықтималдығына қатысты болжам жасап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД-ға сілтеме жасап. "Жерасты дүмпулерінің қайталануына қатысты сұрақтар бойынша ғылыми сейсмологиялық орталық комиссиясы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, сейсмологтар болжамды қорытындысын жеткізеді", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабардар етіліп, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің зақымдалуына, бұзылуына, жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Алматы ТЖД мәліметінше, 112 желісіне ақпарат түспеген. Еске салайық, алматылықтар жер сілкінісін сезінді. Жер сілкінісі ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы жер сілкінісі туралы деректер шықты Алматылықтар жер сілкінісін сезді. ТЖМ жерасты дүмпулері туралы толық ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Жер сілкінісі ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан", - делінген ТЖМ хабарламасында. Есептік қарқындылығы: Алматы 3 балл, 277 шақырым Алматы облысы, Кеген ауданы - 3 балл Алматы облысы, Райымбек ауданы - 3 балл Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы - 3 балл Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы - 3 балл Алматы облысы, Ұйғыр ауданы - 3 балл Алматы облысы, Қарасай ауданы - 3 балл, 283 шақырым Алматы облысы, Іле ауданы - 2 балл Алматы облысы, Жамбыл ауданы - 2 балл Алматы облысы, Алатау (Жетіген) қаласы - 2 балл Алматы облысы, Қонаев қаласы - 2 балл Алматы облысы, Балқаш ауданы - 2 балл Жетісу облысы, Талдықорған қаласы 2 балл Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы - 2 балл Жетісу облысы, Панфилов ауданы - 2 балл Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 2 балл Жетісу облысы, Текелі қаласы - 2 балл Жетісу облысы, Көксу ауданы - 2 балл Жетісу облысы, Ескелді ауданы - 2 балл Жетісу облысы, Қаратал ауданы - 2 балл Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы - 2 балл, 493 шақырым Жетісу облысы, Сарқанд ауданы, Сарқанд қаласы - 2 балл, 504 шақырым Жамбыл облысы, Шу қаласы - 2 балл Жамбыл облысы, Меркен ауданы - 2 балл Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы - 2 балл Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматылықтар жер сілкінісін сезді Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұрғындардың ұялы телефондарына жер сілкінісі туралы хабарлама келді. Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жерасты дүмпулері Қытайдың оңтүстік Синьцзян аймағында болған магнитудасы 6,1 жер сілкінісімен байланысты. ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 минутта Алматыда жер сілкінісін тіркеді. "Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖМ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жылдамдықты 66 шақырым/сағаттан асырмау: Бас прокуратура не дейді? Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүргізушілерді алаңдатқан ақпарат қызу талқыланып жатыр. Онда түнгі 00:00-ден кейін қозғалыс жылдамдығы 66 шақырым/сағаттан асса, айыппұл салынатыны айтылған. Бұл ақпаратқа қатысты прокуратура өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Threads-та жарияланған жазба көпшіліктің назарын аударды. Онда автор: "Бүгін түннен бастап камералар 66 шақырым/сағаттан асқан жылдамдықты тіркейді. 68–70-пен жүрсеңіз де, бірден 19 000 теңге айыппұл келеді. Абайлаңыздар", - деп жазған. Бұл ақпарат мессенджерлерде жылдам тарап кетті. Бас прокуратура не дейді? Бас прокуратураның Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы Жасұлан Дәулембаев мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның сөзінше, жылдамдықты арттырғаны үшін жауапкершілік ӘҚБтК-нің 592-бабында нақты көрсетілген. "Жауапкершілік жылдамдықты 10 шақырым/сағаттан асырған сәттен басталады. Әр келесі 10 шақырым/сағатқа арттыру айыппұл мөлшерін көбейтеді. Сондықтан жүргізушілер кодексті білуі керек, желідегі қауесеттерге сенбеуі қажет", — деді ол. Сонымен қатар, маман камералардың міндеті тек жолдағы жылдамдықты бақылау және деректерді тіркеу екенін атап өтті. "Жылдамдық режимі жолдың жағдайы, қауіпсіздік деңгейі және басқа да факторларға байланысты белгіленеді. Камера бар-жоғына қарамастан, жүргізушілер белгіленген жылдамдықты сақтау қажет", — деді Дәулембаев Facebook-тегі жазбасында. ІІМ пікірі Бұған дейін ІІМ де осы ақпаратты жоққа шығарған болатын. Ведомство мәліметінше, "00:00-ден кейін рұқсат етілген шекті жылдамдық 66 шақырым/сағат болады" деген хабар — жалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда Kaef Mafia және DDD_Shym әшкереленді: 24 адам ұсталып, миллиардтаған ақша тәркіленді Арнайы прокурорлар интернеттегі есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бірқатар ірі істерді тергеп-тексеруді аяқтап, сотқа жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шымкентте Telegram мессенджері арқылы жұмыс істейтін халықаралық есірткі желісінің жолы кесілді. Тергеп-тексеру басқа құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп жүргізілген. "Прокуратураның бастамасымен қазақстандық жедел- тергеу тобына халықаралық деңгейде осы жұмыста тәжірибесі бар АҚШ-тың есірткі бизнесіне қарсы күрес ведомствосының (DEA) қызметкерлері енгізілгенін атап өткім келеді. Қылмыстық схемаға 300-ден астам адам қатысқан. Тек екі айыпталушының транзакциялары бойынша айналым 7 миллион АҚШ долларынан асқаны белгілі болды. 24 адам ұсталды, олардың арасында Ресей, Өзбекстан және Ауғанстан азаматтары бар", - деп жазды Бас прокурор Берік Асылов. Бас прокурордың сөзінше, 500 миллион теңгеден астам мүлік тәркіленген. Ақша дропперлердің банк карталары және лицензияланбаған криптобиржалары арқылы аударылып отырған. Криптовалюталардың түпкілікті алушылары — шет елдердің азаматтары. "Сондай-ақ тергеу барысында Шымкент аумағынан екі есірткі зертханасы табылып, олар жойылды. Олардан: – 6,1 келі дайын мефедрон; – 330 грамм сатуға арналған оралған есірткі; – 2,1 тонна прекурсор; – есірткі өндіруді қамтамасыз етіп отырған зертханалық жабдықтар жиынтығы алынды. Қылмыстық желі "Карбон", "DDD_Shym" және басқа Telegram арналарын пайдаланған, олар арқылы есірткі таратылып қана қоймай, сонымен қатар "алғашқы қолданушыларға" оларды өндіру әдістерін үйреткен", - дейді бас прокурор. Кейбіреулер прекурсорларды жеткізетін және айналымды бақылайтын негізгі желімен байланысын сақтай отырып, өз арналарын ашқан. Осындай тәсілдер еліміздің басқа өңірлерінде тергеп-тексеруде қолданылды. Ұлытау мен Маңғыстау облысының арнайы прокурорлары бастаған жедел-тергеу топтары синтетикалық есірткі сатуға әлеуметтік желілерді пайдаланатын есірткі сатушылардың екі таралған желісінің қызметін әшкереледі. Екі істе сотқа жіберілді. "Осылайша, Ұлытау облысында "Kaef Mafia" Telegram арнасы арқылы есірткі сатқан дүкеннің жұмысы тоқтатылды. 6 айыпталушы қамауға алынды, цифрлық активтерді, криптовалюта әмияндарын және басқа да құндылықтарды қосқанда 3,2 миллиардтан астам теңге мемлекет кірісіне айналдырылды. Маңғыстауда "Dune-Operator 24/7" есірткі дүкенінің әрекеттерінің жолы кесілді. Есірткі сатудан түскен қолма-қол ақшаны банкке тапсыру кезінде арнайы прокурор облыстың ЭТД және ПД қызметкерлерімен бірлесіп, Шымкентке барған кезде 1 миллиард 155 миллион теңге және 176 мың АҚШ долларын тәркілеген. Сонымен қатар сот бір жеке кәсіпкердің банктік шотына есірткі бизнесінен түскен 1 миллиард теңгеге және 734 228 АҚШ доллары (USDT) бар криптоәмиянға тыйым салды", - дейді Берік Асылов. Қазақстанның құқық қорғау және арнаулы органдары жұмысты жалғастырып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сенат ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу мәселесін қарауды кейінге қалдырды 4 желтоқсанда Сенат отырысында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу жөніндегі заң жобасы қаралады деп жоспарланған еді. Алайда бұл мәселе күн тәртібінен алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 3 желтоқсанда Сенаттың ресми Telegram-арнасында апталық отырыстың анонсы жарияланып, күн тәртібіне үш мәселе енгізілген болатын: Жер қойнауын пайдалану туралы кодекс – геологиялық зерттеу, барлау-өндіру келісімшарттары, уран және көмірсутек саласын жетілдіру. Әкімшілік әділет және заң шығару мәселелері – ӘРПК нормаларын жаңарту, адвокаттар, нотариустар мен сот орындаушылары қызметін реттеу. Архив және құқыққа қайшы контент – дербес деректерді сақтау тетіктерін күшейту, цифрлық мұрағатқа құжат тапсыру тәртібін нақтылау (ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу). Алайда кейін жарияланған жаңартылған анонста үшінші мәселе - ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу күн тәртібінен алып тасталған. Неге кейінге қалды? Сенаттың баспасөз қызметі мәселенің "кейінірек қаралатынын" мәлімдеді. Себебі ретінде жекелеген нормаларды қосымша пысықтау қажеттілігі аталды. "Заң жобасы Қазақстанның Еңбек кодексіне және тағы 12 заңға өзгерістер енгізеді. Бұл ауқымды жұмыс, сондықтан қосымша уақыт қажет", — делінген ресми түсініктемеде. Сонымен қатар, заң балалардың құқықтарын қорғау мәселесін қамтитыны, ал бұл салада аса мұқият және салмақты қарау қажет екені атап өтілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанаға Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта келеді Бүгін Астанаға Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Үкімет резервінен 1,8 миллиард теңге бөлінді: ол қайда жұмсалады? Үкімет Жезқазғандағы су мәселелерін шешуге 1,8 миллиард теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Президенттің халықтың өмір сүру сапасын арттыру және ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды аяқтауға бағытталған. Жұмыс істеп тұрған кешен 1966 жылы пайдалануға берілген, жабдықтың тозуы 90 пайызға жетті. "Қазіргі уақытта нысанда ұзындығы 4 шақырым инженерлік желілер (кәріз, жылумен жабдықтау, жарықтандыру) тартылып, трансформаторлық қосалқы стансалар мен тарату құрылғылары салынды. Сүзілген және ауыз суға арналған 4 резервуар реконструкцияланды және пайдалануға берілді, сорғы жабдығы жаңартылды", - делінген хабарламада. Үкімет резервінен бөлінген қаражат нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, 2026 жылы жоспарлы пайдалануға мүмкіндік береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зейнетақы жинағын алу: тағы бір тыйым салынды Enpf-otbasy.kz платформасы арқылы офтальмологиялық қызметтерге өтініш қабылдау тоқтатылады. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Біржолғы зейнетақы төлемі есебінен офтальмологиялық қызметті төлеуге арналған өтінішті enpf-otbasy.kz платформасы 4 желтоқсанынан бастап қабылдамайды. Осы күнге дейін жіберілген барлық өтініш белгіленген тәртіппен қаралады. "Өтініш қабылдауды тоқтату Денсаулық сақтау министрлігі БЖЗҚ-ны емделуге пайдалану ережелеріне енгізген өзгерістерге байланысты. 3 желтоқсанда тиісті бұйрық жарияланды. Жаңа ережелерге сәйкес зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді", - деп жазылған хабарламада. Қазір банкте офтальмология бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15 808 өтініш бар. Соның ішінде 5131 өтініш (4,6 млрд теңге) бойынша банк мамандары құжаттарды тексеріп жатыр; 10 677 өтініш (8,7 млрд теңге) бойынша клиенттерден қосымша құжат сұралып жатыр. "Стоматология бойынша өтініш тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артты. 15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтініш мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есеге, яғни 1 264 өтінішке дейін өсті", - деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар, банк мәліметінше, бірқатар күмәнді жағдай анықталған. "Әртүрлі клиент бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан түрлі мекенжайлармен көрсетілген. Тексеріс барысында бұл мекенжайларда мұндай клиника жоқ екені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада. Бірқатар бағыт тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ-дағы артық қаражатты маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алады: орфандық (сирек) ауруларды емдеу; реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары; радионуклидті және радио-йод терапия; радиохирургиялық ем; протондық терапия. Еске салайық, бұған дейін де тіс емдеуге зейнетақы жинағын алуға тыйым салынғаннан кейін қазақстандықтар жаппай офтальмология қызметіне жүгіне бастағаны хабарланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "4 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Жақыпованы қабылдады Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты. Бүгінгі таңда азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 2029 жылға дейінгі жоспардың 83 пайызы орындалған. Соңғы бес жылда 2,7 миллион адам еңбекке тартылды. Сапалы жұмыс орындарын көптеп ашу үшін өңірлік жол картасы мен жыл сайынғы KPI іске асырылуда. Мемлекет басшысына биылғы 10 айда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 30 пайызға азайғаны жайында ақпарат берілді. Нәтижесінде ресурстарды шын мәнінде мұқтаж жандарға қайта бөлу мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі кезде мұндай көмек түрін 285,1 мың адам алды. Бұл мақсатқа 27,1 миллиард теңге жұмсалады. Сонымен қатар министр өндірістік жарақат алу 6,5 пайызға, ал кісі өліміне әкеліп соғатын қайғылы оқиғалар 4,5 пайызға азайғанын мәлімдеді. Ұсынылған дерекке сәйкес, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 522 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілген, 27 мың азамат инватакси көмегіне жүгінген. Бұдан бөлек, Президентке биыл базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін ұлғайтылғаны туралы есеп берілді. Жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индексациялау жүргізіледі. Жұмыс беруші тарапынан төленетін міндетті зейнетақы жарнасының мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өсіп, 2028 жылға қарай 5 пайызға жетеді. Жұмыспен қамтылған халықтың 65 пайызы жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары саналады. Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Министрлік мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған Бірыңғай цифрлық платформа құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл мұқтаж азаматтарға нақты көмек көрсетуге және қолдау шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы жұмыспен қамту сапасын жақсартуға, әлеуметтік қолдау тетіктерін одан әрі цифрландыруға, еңбек қатынастарындағы қауіп-қатерлердің алдын алу шараларын күшейтуге, зейнетақы жүйесін және көші-қон саясатын жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда BMW жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып өткен: видео 3 желтоқсанда Алматыдағы Абай мен Алтынсарин қиылысында жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, көлік аялдамаға кіріп, қоғамдық көлікті күтіп тұрған адамдарды қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты сағат 14:00-де Әуезов ауданында болған. BMW жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бордюрге шығып кеткен және аялдамада тұрған екі жаяу жүргіншіні қағып өткен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Специально для КрисПи | Алматы (@kris.p.live) Tengrinews.kz тілшілері зардап шеккендердің жағдайы туралы пікір алу үшін қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сұрау жолдады. Мақала жарияланған сәтте жауап келмеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиында Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскери және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары, сондай-ақ әскерилер арасында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар әскердегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары басшылары қызметінің түрлі аспектілері қарастырылды. Президент заң мен тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге, әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, әскери қызметшілердің мерт болуына және жарақат алуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ғалым Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айтты Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Мемлекеттік сыйлықтың, "Парасат" және ІІ, ІІІ дәрежелі "Барыс" ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. "Жабайхан Мүбәрәкұлы философия ілімінің өрісін кеңейткен күллі ғылым қоғамдастығына танымал ғалым, ұлтжанды тұлға еді. Ұстаздық жолында сүбелі еңбектер жазып, зерделі шәкірттер тәрбиеледі. Ел егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосып, іргелі істерге белсене атсалысты", – деп жазылған жеделхатта. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Балаеваға бірқатар тапсырма берді Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызметтер сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары жөнінде баяндалды. Президентке мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, сондай-ақ отбасы, жастар саясаты салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы аталған бағыттарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда бет-әлпетті жабатын киімге айыппұл енгізілмек Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін жабатын киімдер киюге қатысты жаңа талаптар бекітілді. Мәжілісте өткен пленарлық отырыста тиісті өзгерістер екінші оқылымда қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, енді бет-жүзді толық немесе жартылай жауып, тұлғаны тануға кедергі жасайтын киімдер киюге әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бірінші жағдайда ескерту жасалады. "Қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым енгізілді. Алғашқы құқықбұзушылық үшін ескерту, қайталанған жағдайда – 10 АЕК (2025 жылы 39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған", – деді Магеррамов. Қабылданған түзетулер Сенатқа жіберіледі. Егер жоғарғы палата мақұлдаса, құжат Президентке қол қоюға бағытталады. Нақты күшіне ену мерзімі әзірге белгісіз. 2026 жылы АЕК өсуіне байланысты айыппұл көлемі 43 250 теңгеге дейін артуы мүмкін. Еске салайық, 12 шілдеден бастап елде адамның бетін толық жабатын киімдерге заң жүзінде тыйым салынған. Полиция мәліметінше, бұл талаптардың негізгі мақсаты — қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда бейнебақылау арқылы тұлғаны тез анықтау. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Электрсамокаттарға қатысты жаңа міндетті талаптар енгізіледі: Мәжіліс заң қабылдады Қазақстанда электрсамокаттарға қатысты жаңа талаптар енгізіледі. Енді жалға берілетін электрсамокаттар көлік құралы санатына ресми түрде қосылып, оларды жүргізу үшін міндетті сақтандыру және арнайы тіркеу нөмірі қажет болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәжіліс қылмыстың алдын алу мәселелеріне қатысты түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бұл өзгерістер жол қозғалысына қатысушыларды, соның ішінде балаларды қорғауға бағытталған. "Жалға берілетін электрсамокаттар міндетті сақтандыру және тіркеу нөмірі болуы тиіс көлік құралдарының қатарына енгізіледі. Осындай талаптарсыз жол қозғалысына қатысу заңсыз болады", - деді депутат. Депутаттың түсіндіруінше: 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі бар азаматтар ғана электрсамокатпен жолдың жүріс бөлігіне шыға алады. Ал парктерде, веложолақтарда кез келген жастағы адамдар арнайы құқықсыз мініп өте алады. Бірақ: максималды жылдамдық — сағатына 6 шақырым; самокатты жаяу жүргіншілер жолында, жаяу жүргіншілерге кедергі болатын жерде тастауға тыйым салынады. Депутаттың айтуынша, самокаттарды жалға беретін компаниялар: құрылғылардың қай жерде қалдырылғанын бақылауға тиіс;әр самокатқа жылдамдықты өлшейтін арнайы модуль орнатуы керек. Талапты бұзған шағын және орта бизнеске: 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл, қайталанса — 40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл салынады. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёханың айтуынша, әр электрсамокатқа компанияға тиесілі арнайы танылатын нөмір беріледі. "Бұл мемлекеттік нөмір емес, бірақ оқылатын және танылатын нұсқа болады. Егер самокатпен байланысты құқықбұзушылық немесе ЖКО болса, куәгерлер нөмір арқылы анықтай алады. Барлық самокаттар міндетті түрде сақтандырылуы тиіс", — деді Лепёха. Жаңа нормалардың мақсаты - жол қауіпсіздігін арттыру, жауапкершілікті күшейту және электросамокаттарды реттеу. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев авиаотын мәселесін тез арада шешуді тапсырды Президент авиаотын мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының пікірінше, саланы дамытуда негізгі екі проблема бар. Бұл – бағаның жоғары болуы және ішкі өндіріс көлемінің жеткіліксіздігі. "Ақылға қонымды бәсекелестік сақталуға тиіс. Реттеу ісіндегі барлық өзгеріс кезең-кезеңімен әрі нақты, отынды тұрақты жеткізуге кедергі келтірмей іске асырылуы қажет. Жұмыс істеп тұрған ұйымдар базасында авиация ғылыми-зерттеу институтын құрған және отынды сертификаттау зертханасын ашқан жөн. Үкіметке монополияға қарсы органдармен бірге аталған мәселелерді шешу бойынша тез арада кешенді шара қабылдауды тапсырамын", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент авиахабтарды дамыту көлік-тасымал саласындағы басым бағыттардың бірі саналатынына тоқталды. "Күллі әлем елдері транзиттік мүмкіндіктерін арттыруға ерекше мән беріп отыр. Халықаралық бәсекелестік күшейе түсті. Қазір Қазақстан арқылы жөнелтілетін жүк, негізінен, автомобиль және теміржол арқылы тасымалданады. Бірақ сарапшылар жыл өткен сайын әуе жолдары арқылы өтетін жүк тасымалы, яғни «air cargo»-ның үлесі арта түседі деген болжам жасауда. 2040 жылға қарай әуе жүктерінің 20 пайызы «Азия – Еуропа» бағытына тиесілі болмақ. Еліміз теміржолды, автокөлік жолын және әуе тасымалын қамтитын мультимодальді логистика жүйесін қалыптастыруы керек", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Темекіге бола пышақтап тастаған: Ақтөбеде пойыз басшысының өліміне қатысты іс қаралды Ақтөбеде сот вокзал алдында пойыз бастығын өлтіру ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилері бұзақылық ниетпен адам өлтіру дерегі бойынша сотталушы К-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі, 9)-тармағы). Не болған? Жәбірленуші саябақта өтіп бара жатқан сотталушы К-дан темекі сұраған. Сотталушы оған дөрекі жауап қайтарып, екеуінің арасында келіспеушілік туған. Сол кезде, сотталушы қалтасынан пышақ шығарып, 6 соққы жасаған. Салдарынан, жәбірленуші ауруханада қайтыс болған. Дәлел Сотталушының кінәсі өзінің ішінара мойындауы, жәбірленуші өкілі мен куәнің жауаптары, сараптама қорытындылары, бейнебақылау камерасындағы жазбалар және де басқа заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Тағайындалған жаза Сотталушыға жаза тағайындау барысында сот, ҚК-тің 53-бабы талаптарына сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жас балаларының болуын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстың қауіпті қайталануын таныды. "Алқабилердің кесімімен сотталушы К. ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігі, 9)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қар жауады Қазгидромет синоптиктері 4, 5 және 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі. "Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында боран, көктайғақ күтіледі. Тек республиканың батысында 4-5 желтоқсанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", — делінген хабарламада. Синоптиктердің айтуынша, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Дос-Мұқасан“ солисті “Қазақстанның халық әртісі“ атағын алмаған. Министрлік неге екенін түсіндірді Әлеуметтік желілерде "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисті Мұрат Құсайновтың әлі күнге дейін "Қазақстанның халық әртісі" атағын алмағаны қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігі не дейді? Талқылауға не себеп болды? Threads желісінде жарияланған жазбада автор Мұрат Құсайнов секілді өнер майталманы халық әртісі атағын алмағанына таңданған. Жазба бір миллионнан аса қаралым жинап, пікірталас тудырды. Желі қолданушылары бұл мәселе бойынша түрлі пікір айтып жатыр: "Ол бұл атақты 50 жыл бұрын-ақ алатын адам!", "Дос-Мұқасанның" әндерін бүкіл ел тыңдап келеді - лайық!" - дейді қолдаушылар. Бұл ретте басқалары музыканттың мінезіне қатысты сын пікір қалдырған. Министрлік не дейді? Мәдениет және ақпарат министрлігі Мұрат Құсайновқа шынымен "Қазақстаннның халық әртісі" атағы берілмегенін растады. Алайда басты себеп, оған бұл атақты беру туралы ұсыныс түспеген. "Мұрат Құсайновқа атақ беру туралы ешқандай өтініш министрлікке түспеді. Биыл құжат қабылдау аяқталды. Егер келесі жылы өтініш түсіп, тиісті түрде құжаттар тапсырылса, министрлік өтінішті белгіленген тәртіпке сәйкес қарауға дайын", - деп түсіндірді. Сондай-ақ, музыканттың бірнеше жоғары марапаттарға ие екені айтылды: "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі", "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", "Құрмет" ордені, "Парасат" ордені. Халық әртісі атағы қалай беріледі? 2023 жылдан бастап "Қазақстанның халық әртісі" атағы театр, музыка, кино, цирк салаларына ерекше үлес қосқан өнер қайраткерлеріне беріледі. Үміткерде бұған дейін "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" немесе"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы болуы керек. Марапатты Президент табыстайды, ал ұсыну құқығы парламент, үкімет, министрліктер, орталық және жергілікті органдар, шығармашылық одақтар мен ұйымдарға беріледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Astana Rich Village пәтерлеріне қатысты алаяқтық: Жаңаөзенде үлескерлер миллиондаған ақшасынан айырылған ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Өзен көлік құрастыру зауыты" ЖШС басшылығына қатысты азаматтардың қаражатын үлескерлік құрылыс ретінде заңсыз тарту деректері бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, екі жыл бойы компания басшылығы Жаңаөзенде "Astana Rich Village" тұрғын үй кешенінің құрылысын қажетті рұқсат құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз жүргізген. Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны туралы жарнама орналастырылған. Нәтижесінде 23 азаматпен жалған алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалған. Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы көлемі 303 миллион теңгеден асты. Түскен ақша құрылыс материалдарын сатып алғандай көрініс жасап, кәсіпорын кассасынан қолма-қол ақшаға айналдырылып, шын мәнінде жеке қажеттіліктерге жұмсалған. Тұрғын үй құрылысы аяқталмаған. "Залалды өтеу және жәбірленуші үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі мүлікке — тұрғын үй, пәтер, 2 автокөлік және 3 жер учаскесіне — тыйым салынды. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды", - делінген хабарламада. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда бірнеше супермаркет бағаны көтергені үшін жазаланды Алматыда "Метро", Small, Toimart және өзге де ірі сауда желілері бағаны негізсіз көтергені үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті жыл басынан бері жоспардан тыс тексеріс жүргізген. "Small, JLC, Galmart, Toimart, My Mart сауда желісі, А-стор, Беккер, Carefood, Food Beverage Trading ЖШС, Airba Fresh ЖШС, Good Luck Trade ЖШС, Mix Market Trade ЖШС және басқа да нысандарға қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 420-дан аса кәсіпкерлік әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада. Мәселен "Метро" ірі сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына 15% сауда үстемесін қосқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. "Метро Кэш энд Керри" ЖШС департамент шығарған осы әкімшілік шешімге сот инстанцияларында шағымданған, бірақ нәтиже болмаған. Өйткені департаменттің әрекеттері заңды болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның он екі қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "3 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Астана, Петропавл, Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Оралда инклюзивті заманауи спорт кешені ашылды Бүгін Орал қаласында жаңа заманауи спорт кешені ел игілігіне берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен жобаны жүзеге асыруға көмектескен компанияның басшысы Тимур Турлов қатысып, бұл әлеуметтік бастаманың маңыздылығына тоқталды. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: "Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі де, жергілікті қауымдастықтармен ұзақ мерзімге арналған серіктестік қатынас орнатуға деген құлшынысы да зор. Бұл – қуанарлық жағдай. Мемлекет пен бизнестің ықпалдастығы арқылы көптеген әлеуметтік мәселе шешімін тауып жатыр", – деп атап өткен еді. Біздің бүгінгі жаңа спорт нысанының ашылуы да Президент сөзінің жарқын көрінісі, айқын дәлелінің бірі дер едім. Бұл нысан – инклюзивті қоғам құруға бағытталған нақты қадам, мемлекетіміздің әлеуметтік жауапкершілігінің жемісі", – деді облыс әкімі. Ғимараттың жалпы аумағы – 2 025 шаршы метр. Нысанда спорттық ойындарға арналған жаттығу залдары, күрес және үстел теннисіне арналған арнайы орындар бар. Сонымен қатар жалпы және арнайы дене дайындығына арналған заманауи спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Жаңа кешенде спорттың 20 түрінен 250-ден астам спортшы жаттығады.
Ерекше балалар туралы даулы видео: сот блогердің ісін қарады Астана сотында даулы видео жариялаған блогерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Бұған дейін әлеуметтік желілерде ата-аналардың наразылығын туғызған видео тарады. Онда блогер мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниеге келуі "ата-анасының әрекеті үшін берілген жаза" екенін айтқан. Кейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева блогердің сөздеріне құқықтық баға беру үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді. Блогердің ұстанымы Сот отырысында блогер кінәсін ішінара мойындаған, ол бейәдеп сөздер қолданғанын растағанымен, балаларды қорлау ниеті болмағанын айтты. Сот шешімі ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясында 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген. ӘҚБтК 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамау қолданылмайды. Блогердің 2016 жылы туған кәмелетке толмаған баласы бар екені туу туралы куәлікпен расталды. Сот жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықтамады. "Құқық бұзушылықтың сипатын және жеңілдететін мән-жайдың болуын ескере отырып, О. ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза белгіленуге жатады. Соттың қаулысымен О.-ға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы әкімшілік жаза тағайындалды", - делінген хабарламада. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бауырлас мемлекет“. Тоқаев Палестинаға қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, Президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы мейманға ілтипат білдіре отырып, дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастық достық, өзара қолдау және құрмет сипатында дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің айтуынша, Қазақстан Палестинаны халықаралық қауымдастықтың толық мүшесі ретінде тануға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Таяу Шығыстағы ахуалды дипломатиялық жолмен реттеу, БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес "Қос халық үшін екі мемлекет" формуласы негізінде Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайтынын мәлімдеді. Махмұд әл-Хаббаш Мемлекет басшысына Палестина Президенті Махмұд Аббас жолдаған хатты табыстады. Сондай-ақ еліміздің Палестина халқына және оның бейбіт әрі жарқын келешекке ұмтылысына ұдайы қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді. Оның пікірінше, Қазақстан Палестина үшін бауырлас мемлекет саналады. Бұл екіжақты байланыстардан, көпжақты форматтағы, ең алдымен, БҰҰ мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы қатынастардан көрінеді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Махмұд Аббасқа ізгі сәлемін жолдап, оны алдағы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді Қазақстанда доллардың 2 желтоқсандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 508,20 теңге болып, 4,8 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 желтоқсанға белгілеген ресми бағамы — 513,45 теңге. kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы мынадай: Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде: сатып алу- 508,09 теңге, сату - 510,63 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде: сатып алу - 506,44 теңге, сату - 512,44 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодар облысының әкімі әпкесіне қатысты ақпаратқа пікір білдірді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әпкесінің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін желіде өңір басшысының туысын патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін "Сот кабинетінде" әкімнің әпкесі расымен әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы деректер пайда болды. Асайын Байханов Threads-те бұл жағдайды растады. Ол туысының құқық бұзғанын және заңда қарастырылған жазасын алғанын атап өтті. Оқиғаның мән-жайы "Сот кабинетінде" жарияланған қаулыға сәйкес, оқиға 4 қарашада сағат шамамен 23:05-те Екібастұзда болған. Патруль полицейлері Петренко көшесінде Hyundai Tucson көлігін тоқтатады. Материалдарға сәйкес, рөлде азаматша Б. болған. Ол наркодиспансерге жеткізіліп, медициналық тексеру нәтижесінде оның жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған. Құжатта көлікті тоқтату сәтінің бейнежазбасы жоқ екені көрсетілген. Полиция инспекторының айтуынша, видеорегистратордың батареясы таусылған, ал бейнежетон техникалық себептермен жұмыс істемеген. Сотта әйел өзінің кінәсін мойындамады. Ол көлік тұрақта тұрғанын, өзі тоңғандықтан жүргізуші орнына отырғанын, бірақ қозғалтқышты қоспағанын айтқан. Мас күйде болғанын жасырмаған. Оның сөзін жеке жүргізушісі де растаған. Сот азаматша Б.-ны ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралын мас күйде басқару") бойынша кінәлі деп тауып, оған 15 тәулік әкімшілік қамау және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру жазасын тағайындады. Сот қаулысы 10 қарашада шыққан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Өзен жаққа кетуі мүмкін: Атырауда 14 жастағы оқушы іздестіріліп жатыр Атырауда 14 жастағы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желідегі жазба Жергілікті БАҚ мәліметінше, Атырауда 1 желтоқсанда кешке жоғалып кеткен 14 жастағы Бақтыгерейді іздеу жұмыстары басталған. Қыз үйінен кіші інісімен бірге шыққан, бірақ мектепке бармаған. Басылымдардағы мәлімет бойынша, бейнебақылау камераларына қыздың інісімен бірге үйден шыққан сәті түсіп қалған. "Кейбір деректерге сүйенсек, олар кейін бөлініп кеткен: ұл мектепке кеткен, ал қыз өзен жаққа қарай бағыт алған. Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз", - деп жазады БАҚ. Полиция не дейді? Біз жағдайға қатысты өңірлік полицияның баспасөз қызметінен пікір алдық. Онда қызды іздеу жұмыстары жүріп жатқанын растады. "1 желтоқсанда 2011 жылы туған кәмелетке толмаған қыз сабаққа кеткен, бірақ үйіне оралмаған. Жоғалып кеткен күні үстінде қара күртеше, көк шалбар, ақ аяқкиім болған, қолында қоңыр сөмкесі бар. Қазіргі уақытта ауқымды іздестіру шаралары жүріп жатыр", — деп хабарлады Атырау облысы ПД. Қыздың қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне хабарлау сұралды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “Самұрық-Қазына“ басқарма төрағасын қабылдады Президент "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысына Қордың биыл атқарған жұмысының нәтижелері туралы мәлімет берілді. Нұрлан Жақыпов Қор тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53 триллион теңге болатын 130-ға жуық жоба бар екенін айтты. Соның ішінде осы жылы CASPI BITUM зауытының қуатын арттыру, 50 МВт-тық күн электр стансасы және Кендірлі елді мекенінде су тұшытатын зауыт салу жобалары жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін 1,1 триллион теңгеге 9 ірі жобаны аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Президентке Жетісу облысындағы 84 елді мекенге көгілдір отын жеткізетін Талдықорған – Үшарал магистральді газ құбырының, Ақтаудағы контейнер хабы мен Алматыдағы Zhetysu логистикалық терминалының, сондай-ақ Sany Re компаниясымен бірлесе жел генераторларына арналған қондырғылар шығаратын зауыттың іске қосылғаны жөнінде мәлімет берілді. Нұрлан Жақыпов берген мәліметке сәйкес, биыл он айда "Самұрық-Энерго" АҚ сағатына 31 миллиард кВт электр энергиясын өндірді. Бұл Қазақстандағы жалпы өндірістің 31 пайызын құрайды. "Самұрық-Энерго" АҚ құрамына кіретін электр стансаларының қуаты 7845 МВт-қа жетті. 2023-2025 жылдар аралығында әлеуметтік жобаларды қолдауға және қайырымдылық шараларына 1,5 триллион теңге бөлінген. Бұл қаржы медициналық нысандарға, сондай-ақ 55 оңалту орталығының, 31 инклюзия кабинетінің, 18 спорт кешенінің, мәдени және білім беру мекемелерінің құрылысына жұмсалды. "Таза Қазақстан" бастамасы аясында 5,8 миллион түп тал егілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының отандық бизнесті өркендетуге қатысты бастамалары туралы баяндалды. Мемлекет басшысы Қор жұмысының тиімділігін арттыру, инвестициялық жобаларды сапалы іске асыру және ұлттық активтердің ұзақ мерзімді орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда ІІМ академиясының курсанты 17 жастағы қызды соққыға жықты деп айыпталды Алматыдағы ІІМ академиясының курсанты бұрынғы қызын ұрып-соқты деп айыпталды. Әлеуметтік желілерде жарияланған жазбада автор оқиғаның егжей-тегжейін айтып берген. Полиция департаментінің баспасөз қызметі жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Instagram-да курсанттың кәмелетке толмаған алматылық қызға шабуыл жасағаны туралы хабарлама пайда болды. Жазбаны жәбірленушінің әпкесі жариялаған. Оның айтуынша, оқиға 29 қарашада болған. Ол сіңілісі 17 жаста екенін айтты. "Кәмелетке толмаған сіңілімді оның бұрынғы жігіті ұрып-соққан. Ол 17:00-де кездесуге шақырған, сіңілім көлігіне отырған, ол телефонын сұраған, бірақ сіңілім өз заттарын ешкімге бермейді. Сол кезде агрессия басталады. Қылқындырып, шашынан тартып, жерге құлатып, қабырғасынан тепкен, басынан ұрған. Ол қашып кетуге тырысқанымен қуып жетіп, көлікке отырғызуға мәжбүрлеп, жібермей қойған", – делінген постта. Жазба авторының айтуынша, қызға мидың шайқалуы, жұмсақ тіндердің жарасы, сондай-ақ мойнындағы қанталаған іздер диагнозы қойылған. Полиция жауабы Алматы Полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілгенін хабарлады. "Қыздың өзі және оқиғаға қатысқан басқа адамдар сұралды. Жәбірленуші ата-анасымен бірге арыз жазудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты. Көрінетін дене жарақаттары анықталған жоқ. Осы жағдайларды және қадағалаушы органның келісімін ескере отырып, қылмыстық іс заңда көзделген тәртіппен тоқтатылды", – деп хабарлады полиция. Дегенмен ІІМ Алматы академиясының тәртіптік комиссиясының шешімімен оқиғаға қатысы бар курсант оқу орнынан шығарылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Теректі ауданының Ақжайық ауылында жаңа спорт кешені ашылды Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл әлеуметтік маңызы зор нысан – ауыл тұрғындары мен жастардың спортпен жүйелі айналысуына қолайлы жағдай жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға серпін беретін маңызды жоба. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа спорттық нысанның ашылуымен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде спорттың – ұлт денсаулығы мен болашағы үшін мұндай заманауи кешендердің ауылдық жерлерде көбірек ашылуы жастарды бұқаралық спортқа тартуға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің халыққа Жолдауларында ауылдың әлеуетін арттыру, өңірлерді дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту – ел дамуының басты стратегиялық басымдықтарының бірі екенін үнемі атап өтеді. Үш мыңға жуық тұрғыны бар Ақжайық ауылында салынған бұл жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені – сол жұмыстардың жарқын нәтижесінің бірі. Заманауи стандарттарға сай бой көтерген нысан ауыл жастары мен тұрғындарына спортпен айналысуға, уақытын тиімді өткізуге және денсаулығын нығайтуға барлық мүмкіндікті ұсынады", - деді өңір басшысы. Жаңа спорт кешенінде бокс пен күреске арналған арнайы залдар, заманауи жаттығу бөлмелері, ойын және көпфункционалды спорт алаңдары қарастырылған. Шара барысында өңір басшысы спортшылармен бірге салтанатты түрде ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.
Magnum меншікті маркалары үнемдеуге және қазақстандық өндірісті дамытуға қосқан үлесі Біз дүкенге кірген сәттен-ақ, себетті автоматты түрде толтыра бастаймыз: таныс ірімшік, өзіміз қолданып көрген жуғыш құрал, сүйікті тәттілерді аламыз. Бірақ соңғы жылдары Magnum сатып алушылары сауда желісінің меншікті сауда маркалары (МСМ) ұсынатын жаңа өнімдерді жиі таңдай бастады. Біреулер үшін бұл – брендтің атағына бола артық ақша төлемей, үнемдеудің амалы болса, енді бірі жаңа дәмдер және текстуралармен танысқысы келеді. Ал қазақстандық өндірушілер үшін бұл — тұрақты дамып, жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі
Екі күн бойы іздестірілген: Ақтөбеде жасөспірім мен ер адам өлі табылды Ақтөбеде құтқарушылар екі тәулік бойы іздеген 10-сынып оқушысы мен 27 жастағы қала тұрғыны өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтөбеде 30 қарашада жоғалып кеткен екі адамды іздестіру жұмыстары аяқталды. ТЖД мәліметінше, іздестіру-құтқару шаралары барысында 2009 жылы туған жасөспірім мен 1998 жылғы ер адам өлі табылған. Әлеуметтік желілерде жазылған ақпаратқа қарағанда, жоғалған жасөспірім 10-сыныпта оқыған және 30 қарашада күндіз қалалық моншаға жұмысқа кеткен, содан кейін үйіне оралмаған. Оның жоғалғанын түнде байқаған. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ. Іздеуге құтқарушылар, әскерилер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған. "1 желтоқсанда іздеу шаралары барысында ТЖД-ның водолаздар бөлімшесі жоғалған жасөспірімнің денесін тауып, судан шығарып алды. Материалдар қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне берілді. Бүгін ТЖД құтқарушылары дрон көмегімен 1998 жылғы екінші адамның денесін жағадан 30 метр қашықтықтан тапты", – деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі. Жасөспірім мен 27 жастағы ер адамның бір-біріне кім екені нақтыланбады. Ақтөбе облысының полициясы әзірге оқиғаға қатысты түсінік бермеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада ерекше балалар туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды Астанада блогер мүгедектігі бар балаларға қатысты даулы видеосы үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Бұған дейін әлеуметтік желілерде ата-аналардың наразылығын туғызған видео тарады. Онда блогер мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниеге келуі "ата-анасының әрекеті үшін берілген жаза" екенін айтқан. Кейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева блогердің сөздеріне құқықтық баға беру үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді. Астана полициясының пікірі Астана Полиция департаменті блогерге қатысты әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. "Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданады", – делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жылдамдыққа қатысты “жаңа айыппұл“: ІІМ жауабы Әлеуметтік желіде жолда жүру жылдамдығына қатысты фейк тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Желіде "сағат 00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 шақ/сағ болатыны" жөнінде ақпарат тарап жатыр. ІІМ пікірі ІІМ пікірінше, тарап жатқан хабарлама - фейк. "Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл көліктер үшін рұқсат етілген стандарт жылдамдық - 60 шақ/сағат. Камералар жылдамдықты 70 шақ/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды. Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол ережелерін сақтап, мұқият болыңыздар!" - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бір көліктегі жеті адам қаза тапты Алматы облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Алматы – Бішкек тасжолының 129-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Honda Odissei көлігінің жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. "Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлікте болған жеті адамның барлығы, оның ішінде жүргізуші де, алған жарақаттарынан көз жұмды", – деп хабарлады полиция. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда бір көше ұзақ мерзімге жабылады Алматыда бір көше айға жуық уақытқа жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдік мәліметінше, Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңғырту және оның үстіндегі көпірді жаңарту жұмыстарына байланысты Жексенбаев көшесінде (Аханов көшесіне дейінгі учаскеде) көлік қозғалысы уақытша шектеледі. "Аумақ 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін уақытша жабылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2 желтоқсанда Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкент қаласында “Айкөл“ тұрғын ауданында су жүйесі іске қосылды Бүгін Шымкент қаласының әкімі "Айкөл" тұрғын алабының тұрғындарымен бірге ауызсу жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты. Жоба тұрғындармен өткен көшпелі кездесу нәтижесінде жүзеге асып отыр. Кездесу барысында тұрғындар шағынауданды сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселе екенін атап өткен болатын. Жоба аясында ұзындығы 14,7 шақырым болатын су құбыры желісі жүргізілді. Нәтижесінде 38 абонентке - тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға толыққанды ауызсу жеткізілімі қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде санитарлық-гигиеналық жағдайды айтарлықтай жақсартып, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттырады. "Су қосылды, барлығына рақмет. Енді бәрі жақсарады деп үміттенеміз. Мүмкін, бау-бақша егіп, жеміс-жидек өсіруді де қолға алармыз", - деп өз қуанышын бөлісті Шымкент қаласының тұрғыны Назым Қалыбекова. Қала әкімі жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен демеушілерге, сондай-ақ, жұмысты сапалы әрі уақытылы орындаған мердігер ұйымға алғыс білдірді. Қысқа мерзімде нәтижеге қол жеткізуге әкімдік, бизнес өкілдері және аудан тұрғындарының бірлескен жұмысы мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының ауызсумен қамтылу деңгейі 99,5 пайызды құрайды. Әкімдік бұл көрсеткішті 99,9 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Биыл Текесу және Қызылжар-2 шағын аудандарында су жүйесі іске қосылды. Келесі кезекте 4,5 мыңнан астам үйі бар ірі Құрсай тұрғын алабы. Мұнда ауызсу жүйесі осы айда қосылады деп жоспарланған. "Жоспарымызға сәйкес, биылғы желтоқсан айында Құрсай тұрғын алабында ірі инфрақұрылымдық жоба іске қосылады. Жоба жүзеге асқаннан кейін қаланың ауызсумен қамтылу деңгейі 99,9 пайызға жетеді. Бүгінде Текесу және Қызылжар-2 елді мекендеріне су берілді. Бүгін сондай-ақ Айкөл тұрғын алабы ауызсумен қамтамасыз етілді", - деп атап өтті Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Мендікұлов. "Айкөл" тұрғын ауданында су жүйесінің іске қосылуы халықпен жүргізілген ашық диалог пен өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған міндеттердің жедел шешімінің нәтижесі болып отыр. Алдағы уақытта да коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғаса бермек, бұл өз кезегінде қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Суреттер: Шымкент ІСБ
Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Алматы агломерациясын дамыту жоспары жөнінде баяндалды. Марат Сұлтанғазиев соңғы 3 жылда облыстың жалпы өңірлік өнімі 1,8 есе артып, 3,4 триллион теңгеден 6 триллион теңгеге өскенін айтты. Биылғы қаңтар – қазан айлары аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7 пайызды құрады. Халықаралық компаниялардың қатысуымен тағам өнеркәсібі, логистика және металлургия салаларында жалпы сомасы 470 миллиард теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба іске асырылуда. Президентке биылғы тоғыз айда өңдеу өнеркәсібінің экспорты 28,5 пайыз ұлғайып, 618,5 миллион долларға жеткені жөнінде мәлімет берілді. Бұл ретте экспорттың 90 пайызы жоғары деңгейде қайта өңделген өнімге тиесілі. Мемлекет басшысына Алматы облысы ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік субсидияларды тиімді пайдаланатын жетекші өңірлердің бірі екені айтылды: яғни бір теңге субсидияға 17 теңгеге дейін ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Тауарлы сүт фермаларының саны 11-ге дейін көбейді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың әлеуметтік дамуы туралы ақпарат ұсынылды. Биылғы он айда 950 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған. Үш ауысымды мектептер саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды. Сонымен қатар Президентке Қапшағай су қоймасы мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы туризм кластерінің даму барысы таныстырылды. Облысқа келген туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен. Бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 36 пайызға артық. Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкіміне өңірдің өнеркәсіп және аграрлық әлеуетін нығайту, логистика, туризм салаларын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді кешенді түрде шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк теңгенің нығаю себептерін атады ҚР Ұлттық банкі валюта нарығындағы жағдай туралы ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарашаның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 512,57 теңгеге дейін 3,3 пайызға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы күндік орташа сауда көлемі 271 миллион доллардан 280 миллион долларға дейін өсіп, жалпы сауда көлемі 5,6 миллиард АҚШ доллары болды. Ұлттық банк мәліметінше, қарашада республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 600 миллион доллар сатылған. Бұл жалпы сауда көлемінің 10,7 пайызы немесе күніне шамамен 30 миллион доллар болады. "Алдағы түсімдерді ескере отырып, желтоқсанда Ұлттық қордан бюджетке трансферттер бөлу үшін 400–500 миллион доллар көлемінде валюта сату жоспарланып отыр. Айналымнан алу операциялары аясында қарашада 475 миллиард теңге алынды. Желтоқсанда да осы көлемде – 475 миллиард теңгеге дейін валюта сату жоспарланған", - делінген хабарламада. Ұлттық Банк Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайтынын атап өтті. Бұл шетел валютасын біркелкі әрі тұрақты сату тәртібін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қарашада Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізбегенін хабарлады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті валюталық түсімдерді сату нормасы бойынша өткен айда шамамен 390 миллион доллар сатылған. БЖЗҚ валюталық активтерінің үлесі бұрынғы жоспарға сай 40%-дан асатындығына байланысты Ұлттық Банк қарашада зейнетақы активтері портфеліне валюта сатып алмаған. Желтоқсанда да валюта сатып алу жоспарланбайды. Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты шеңберінде валюта нарығындағы операциялар туралы ақпаратты жариялауды жалғастыратынын мәлімдеді. Қысқа мерзімде теңге бағамының динамикасы нарық қатысушыларының күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтағы ахуал мен геосаяси факторларға байланысты болады. Ведомство теңгерімсіздік жинақталуына жол бермейтін, алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік беретін қолайлы бағам режімін ұстанатынын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Степногорск тұрғыны әріптесін ұрлап, азаптады деп айыпталды Степногорскте "Алтыналмас" алтын өндіру компаниясының күзетшісі әріптесін ұрлады деп айыпталды. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, ер адам әйелді бір айға жуық ұстап, азаптап, есірткі берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Жазба Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Онда автор, өзін жәбірленушінің туысы ретінде таныстырып, қазанның аяғында оның әпкесін кен орнында жұмыс істейтін әріптес-күзетші ұрлап кеткенін мәлімдеген. "Ол оны бір айға жуық белгісіз жерде ұстады. Тамақсыз. Сусыз. Күн сайын денесі әлсіреп, титықтап, салмағын, есін, әлін жоғалтты. Бірақ аштық пен шөл бергі жағы. Ол оны азаптап, қинап, есірткі салған, ұйқыдан және адамдық қадір-қасиетінен айырған. Ол нағыз тозақты басынан өткерген", – делінген пост мәтінінде. Жазба авторының айтуынша, жәбірленуші терезеден қашып шығып, әрең дегенде құтылған. "Ол аяқтарын жаралаған. Қан-жоса, әбден әлсіреген, киімсіз, әрең дегенде жолға жүгіріп шығып, адамдардан көмек сұраған", – деп жазды әйел. Автордың айтуынша, туыстарын әйелге жақындатпай жатқан көрінеді. Сондай-ақ, әйел сексуалдық зорлық-зомбылық болған-болмағаны белгісіз екенін жазды. Ол жағдайды "екі жақтың келісімі" ретінде көрсетуге тырысуы мүмкін деп алаңдайды. "Қылмыскер заңның бүкіл күшімен жазалануы тиіс. Қалада еркін жүріп, басқа біреуге де дәл осындайды қайталауы мүмкін", – деп жазды автор. Полиция не дейді Ақмола облысы ПД Tengrinews.kz тілшісіне әлеуметтік желіде жазылған мәліметтер бойынша тексеріс жүргізілгенін айтты. "25 қарашада медициналық мекемеден есірткіге мас күйде түскен әйел туралы полицияға хабар түсті. Ауруханаға жедел-тергеу тобы жіберілді. Алғашқы тексеру нәтижесінде және Степногорск тұрғынымен сөйлескен кезде оған қатысты заңсыз әрекеттер деректері анықталмады", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Сондай-ақ "әйелдің ешкімге шағымы жоқ, құқық қорғау органдарына арыз беруден бас тартты" деп толықтырды. "Азаматтарды ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырамыз", – деді полиция. Дәрігерлер жауабы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне әйелдің Степногорск психикалық денсаулық орталығында болғанын растады. Баспасөз қызметі мәліметінше, 1 желтоқсанда ол ауруханадан шығарылып, туыстары үйіне алып кеткен. "Пациенттің жағдайына қатысты мәліметтерді жариялауға құқығымыз жоқ, бұл — медициналық құпия", – деп хабарлады басқарма. "АК Алтыналмас" АҚ пікірі Желіде тараған постта оқиғадан кейін екі қызметкердің де жұмыстан босатылғаны айтылған. Материал жарияланған сәтте компания бұл жағдайға қатысты жауап берген жоқ. Tengrinews.kz ресми сұрау жолдап, түсініктеме күтіп отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Казинода жасырын құрылғылар қолданған: Сиднейде қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталды Қазақстандық ерлі-зайыпты Сиднейдегі казинода 1,18 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап. Мән-жайы Полиция мәліметінше, 36 жастағы қазақстандық әйел казино қызметкерлерінің көзіне бірден түскен. Олар оның киіміндегі Микки Маус бейнесі түрінде жасырын мини-камераны байқап қалған. Күзетшіге хабар берілгеннен кейін оқиға орнына полиция шақырылып, әйел мен оның 44 жастағы күйеуі ұсталған. Тінту барысында олардан магниттік зондтар, батареялар және жасырын түсіруге арналған арнайы телефон құрылғылары табылған. Сондай-ақ ұялы телефонға жалғанатын шағын айналы адаптер тәркіленді.Сиднейдегі жалдамалы пәтерлерінен қосымша ойын құрылғылары, әшекей-бұйымдар және 2 мың еуро табылған. Полиция болжамына сәйкес, жұп Аустралияға 2025 жылдың қазанында келіп, сол күні-ақ казиноға мүшелік рәсімдеген. Қазан мен қарашада олар бірнеше рет үлкен сомада ақша ұтып, күдік тудырған. Алдау схемасы Тергеу нұсқасы бойынша, мобильді телефондар ойын үстеліндегі карталарды жасырын түсіріп, ақпаратты құпия құлаққап арқылы жеткізіп отырған. Осылайша олар тиімді сәттерде бәс тігіп, жүйені алдап отырған. Қазақстандық жұптың ісі кепілпұл мәселесі бойынша сотта қаралды. Екеуі де бостандыққа шығу туралы өтініш бермеген, ал сот кепілмен босатудан бас тартты. Әйелдің ісі 2026 жылдың ақпанына белгіленген, ал күйеуі 11 желтоқсанда сот алдында жауап береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысындағы трагедия: 7 жастағы қыз қайтыс болды Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз екі аптадан кейін көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Жетісай ауданындағы өрт салдарынан өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы науқас 30 қарашада қайтыс болған. "Қарқынды терапия, профильдік мамандар консультациясы және реанимациялық пен дезинтоксикациялық шаралардың толық кешеніне қарамастан, өкінішке қарай, науқасты құтқару мүмкін болмады", – делінген Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында. Еске салайық, 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, тоғызы - бала. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Румыния президентіне жеделхат жолдады Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі – Бірігу күнімен құттықтады. Президент жеделхатында екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данның жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа жүйе енгізу ұсынылды Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға балл жинау жүйесін енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен жол қауіпсіздігі жөніндегі үйлестіру кеңесінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ құқық қорғау құрылымдарының өкілдері жол апаттарының негізгі себептерін талқылады. Асыловтың айтуынша, еліміздегі жол-көлік оқиғаларының басты себебі — жол қозғалысы ережелерін сақтамау. Оның айтуынша, апатқа кінәлі жүргізушілердің 81 пайызы бұған дейін бірнеше рет ЖҚЕ бұзған. Мәселен, ШҚО-да бір жүргізуші бір жыл ішінде 32 рет ереже бұзып, оның 13-і – жылдамдықты арттыру деректері. 8 қаңтарда қарсы жолаққа шығып, салдарынан өзі және екі жолаушы қаза тапты. Мұндай жағдайлар жыл сайын қайталанады. Бас прокурор жүргізуші куәліктерін беру процесін қатаң бақылауға алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою керек екенін айтты. Балл жүйесі қалай жұмыс істейді? Генпрокуратура қайталанатын заңбұзушылықтарды жүйелі түрде алдын алу үшін цифрлық тіркеуге негізделген жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін баллдық есепке алуды енгізуді ұсынды. "Бұл тәртіпті жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді уақытылы анықтауға және оларды көлік жүргізуден шеттетуге мүмкіндік береді. Баллдың шекті деңгейіне жеткен жүргізушілер емтихандарды қайта тапсыруға жіберіліп, бұл дайындық сапасы мен жолдағы тәртіпті арттырады", – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Бұл қадам жүргізушілерді дайындау сапасын жақсартып, жолдағы тәртіпті күшейтуге бағытталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған “Байсат“ базары сатылымға шығарылды Бұрын Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған "Байсат" базары тағы да сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аукционды E-Qazyna порталында 26 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 11:00-де өткізу жоспарланып отыр. "Байсат" базарының бастапқы бағасы - 26 миллиард 706 миллион теңге. Еске салайық, бұған дейін де, 2025 жылы қарашада Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығы" ЖШС үлесі сатылымға шығарылды. Ал 2024 жылғы қаңтарда Алматы прокуратурасы бұл үлесті мемлекетке қайтарды. Бұған дейін тергеу аясында Қайрат Сатыбалды "Байсат" базарының басым бөлігін ерікті түрде мемлекетке қайтарған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда жаңа BRT желісі іске қосылады: нені білу керек? Алматыда Желтоқсан көшесінде BRT желісі іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап. Желтоқсан көшесіндегі BRT (Bus Rapid Transit) желісінің ұзындығы 4,6 шақырым болады. Жаңа желі Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы BRT учаскесі мен Райымбек батыр даңғылы бойында салынып жатқан аумақты жалғап, оңтүстіктен солтүстікке қарай үздіксіз жылдам автобус қатынасын қамтамасыз етеді. "Жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтап, жолдағы таңбалар мен белгілерге мұқият назар аудару қажет. Аталған аумақта құқықбұзушылықты бақылауға алатын фото және бейне тіркеу жүйелері де жұмыс істейді", - делінген хабарламада. Әкімдік мәліметінше, жоба аясында арнайы жолақтар жол бойының шетінде орналастырылған. "Солтүстік бағытқа қозғалғанда бөлінген жолақ көшенің оң жағында, ал кері бағытта сол жағында сызылған. Жеке автокөліктер үшін Абай даңғылынан солтүстікке қарай бұрынғыдай біржақты қозғалыс тәртібі және жолақ саны сақталады". Жаңа бағыттар бойынша автобустар 14 желтоқсаннан бастап екі бағытта да қатынай бастайды. Алғашқы кезеңде №92 және №59 маршруттарын іске қосу жоспарланып отыр. Маршруттардың нақты сызбасы мен қозғалыс кестесі кейінірек жарияланатыны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері қар жауып, боран соғады Қазгидромет синоптиктері 2, 3 және 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр және қар жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. "Тек батыста, 2-3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады", – деді синоптиктер. Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, деп толықтырды метеорологтар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Полиция Гүлнәр Бажкенованың үйіндегі тінту мен қылмыстық істер туралы айтты Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Orda порталының кеңсесінде, сондай-ақ бас редактор Гүлнәр Бажкенованың пәтерінде тінту басталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға қатысты Алматы Полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тарағат мәлімет бойынша, бас редактордың үстінен жалған ақпарат таратқаны туралы бірнеше шағым түсірген. Полиция не дейді? Алматы полициясы бұл ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, түскен шағымдар бойынша бас редакторға қатысты "көрінеу жалған мәліметтерді бірнеше рет және қасақана тарату деректері" бойынша қылмыстық істер қозғалған. Қазіргі уақытта арыз иелерінің уәждері жан-жақты тексеріліп жатыр. Полиция дерегі бойынша, алдын ала тергеу барысында 2024 жылғы бір жарияланымда құқық қорғау органы қызметкерінің пара алып жатқан кезде ұсталғаны туралы жалған ақпарат таралғаны анықталған. Тергеу материалдары бұл деректің шындыққа жанаспайтынын көрсеткен. "Осылайша, Б.-ның әрекеттері жарияланымда көрсетілген қызметкердің кәсіби қызметі туралы қоғамда жалған пікір қалыптастырып, оның іскерлік беделіне зиян келтірген", – деп хабарлады полиция. Сонымен қатар, басқа бір материалда мүлік дауына қатысты зиян көлемі мен оның себептері туралы бұрмаланған мәліметтер жарияланғаны анықталған. Бұл да жәбірленушінің іскерлік беделіне айтарлықтай зиян келтірген. "Бұдан бөлек, өткен жылдардағы жарияланымдарға қатысты зардап шеккендердің басқа да өтініштері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Олар да жалған және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін мәліметтерді қамтуы ықтимал", – деп түсіндірді полиция. Ведомство мәліметінше, бас редактордың үйінде және жұмыс орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шерхан Қалмұрзаның жаттықтырушысы өмірден өтті "Қайрат" ФК академиясының жетекшісі Кирилл Кекер 46 жасында күтпеген жағдайда өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Қайрат" футбол клубы мәлімдеді. "Бұл - бүкіл клуб үшін орны толмас ауыр қайғы. Он жылдан аса уақыт "Қайрат" жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан адамның қазасы бәрімізді терең күйзелтті. Кирилл Сергеевич өз ісіне адал, талапшыл әрі әділ маман еді. Жас ойыншылардың мүмкіндігін ашып, ең маңызды сәттерде қолдау көрсете білетін нағыз тәлімгер болатын. Академияның, негізгі команданың, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының дамуына қосқан үлесі зор", - деп жазылған хабарламада. Кирилл Кекер әр жылдары клуб құрылымында маңызды лауазымдар атқарған. 2022-2024 жылдары негізгі команданы басқарды. 2025 жылы академияға жетекшілік етіп, Қазақстан U-19 құрамасымен жұмыс істеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шығын 7,9 миллиард теңге: Астанада пәтер сатуға қатысты схема әшкереленді ҚМА Астана бойынша департаменті "Qyran" тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату желеуімен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, сату кеңсесінде құрылыс компаниясы атынан сатып алушыларға компанияның жылжымайтын мүлік нысандарына меншік құқығы бар екенін "дәлелдейтін" макеттер, техникалық паспорттар, сенімхаттар мен анықтамалар көрсетілген. "Азаматтарға пәтерлерді, коммерциялық үй-жайларды және паркинг орындарын нарықтық бағадан төмен сатып алу ұсынылып, мәмілелердің толық заңды екені айтылған. Алайда сатып алу-сату шарттарын жасау орнына күдіктілер брондау шарттарын, кепіл туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген. Бұл құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және сатып алушыларға меншік құқығын бермейді", - делінген хабарламада. Жәбірленушілер төлемді қолма-қол және аударым түрінде схеманың қатысушыларының жеке шоттарына аударған. ЖШС-нің бухгалтерлік және банктік құжаттарында бұл операциялар көрсетілмеген. Нәтижесінде азаматтардың 3,8 миллиард теңгеден астам қаражат жымқырылған. "Бұдан бөлек, күдіктілер құрылыс компаниясының қаражатын ұрлауға бағытталған екінші алаяқтық схеманы жүзеге асырған. Құрылыс компанияның атынан клиенттермен жалған сатып алу-сату шарттарын жасап, объектілерге меншік құқықтарын тіркеген, алайда сатудан түскен қаражат компанияның кассасына түспеген. 76 жылжымайтын мүлік объектісінің сатылуынан 4,1 миллиард теңге жымқырылған", - дейді ҚМА өкілдері. Осылайша азаматтарға және компанияға келтірілген жалпы залал 7,9 миллиард теңге болған. Сот санкциясымен 94 пәтерге, 51 паркинг орнына, 8 коммерциялық үй-жайға және бір автокөлікке тыйым салынды. Үш күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдан Қонаевқа дейінгі тасжол уақытша жабылды Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 7:15-те Алматы облысында ауа райының нашарлауына (қалың тұман, жолдың көрінбеуіне) байланысты "Алматы–Талдыкорған–Өскемен–Шемонаиха–РФ шекарасы" автожолының 25–67 шақырымдары (ААП–Қонаев) аралығында барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген хабарламада. Жолды 2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 10:00-де ашу жоспарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Нәрестелерге қатысты заңсыздық: Алматы әуежайында Қытай азаматтары ұсталды Алматы әуежайында Қазақстаннан балаларды әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке дереккөз хабарлады. Не болған? Дереккөздің мәліметінше, 11 қарашада Алматы әуежайында Қытайдан келген екі отбасылық жұп Қазақстанда суррогат аналар босанған нәрестелерімен ұсталған. Шетел азаматтарының балаларға қатысты құжаттары болған, алайда, дереккөздің айтуынша, оларды Қазақстаннан шығармаған. Алматы полициясы пікірі Редакцияның ресми сұрауына жауап берген Алматы Полиция департаменті шетелдік азаматтардың ұсталғанын растады. "Аталған факт бойынша Алматы ПД Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі — "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Садыр Жапаровты Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы бұл айтулы саяси оқиғаның нәтижесі Қырғызстанды одан әрі дамыту жолындағы стратегиялық міндетті орындаудың батыл қадамы саналатынын атап өтті. "Парламент сайлауы Сіздің қуатты әрі өркендеген ел құру бағдарыңыз халықтың жаппай қолдауына ие болғанын көрсетті. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық сипатындағы қазақ-қырғыз қатынастары қарқынды дамып келеді. Ғасырлардан тамыр тартатын достығымызға, тату көршілік байланысқа және өзара қолдауға арқа сүйей отырып, жетістіктерімізді еселей түсетінімізге әрі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаратынымызға сенімдімін, – деп жазды Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Психиатриядан шықты: 18 жастағы сарбазға қатысты шулы жағдайдың мән-жайы айтылды Мерзімді әскери қызмет атқарған сарбаз психиатриялық ауруханаға түскеннен кейін запастағы қызметке босатылды. Әскерде заңсыз әрекеттер болуы мүмкін деген арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Толық ақпаратты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. Сарбаздың туыстарының айтуынша, ол әскери қызмет кезінде психикалық ауруханаға түскен. Осы дауға байланысты қазір тексеріс жүріп жатыр. Ведомствоның мәліметінше, сарбаз психикалық жай-күйіне шағым түсіргеннен кейін, дәрігерлерге тексерілуге жіберілген. Медициналық комиссия оның әрі қарай әскерде қызмет етуге жарамсыз деп танып, денсаулығына байланысты запасқа босату туралы шешім шығарған. Алайда бұрынғы әскери қызметші әскерде өзіне қатысты заңсыз әрекеттер туралы айтып арызданған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір оны тиісті органдар тергеп жатыр. Қарулы күштер басшылығы бұл жағдайды өз бақылауына алғанын мәлімдеді. Еске салайық, Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз әскерден кейін психиатриялық ауруханаға түскен. Туыстары мұны әскердегі әлімжеттікпен (дедовщинамен) байланыстырады. Құрлық әскерінің басшылары да бұл оқиғаға қатысты пікір берген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Соққыға төзуді ұсынады“. Украиналық БАҚ Қазақстанға қысым көрсетіп отыр - сарапшы Саяси шолушы Ғазиз Әбішев Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Украиналық БАҚ Украинаға жақтас елдер қатарын кемітуді көздеп отыр", – деп атап өтті Әбішев. Сарапшының айтуынша, украин әскері қазақстандық мұнайды тасымалдаумен айналысатын КҚК-ның терминалдарына әдейі соққы жасағаннан кейін, Қазақстан билігі Киевке ұстамды наразылық нотасын білдірді. Әбішевтің сөзінше, бұған жауап ретінде украин БАҚ-тары "өр көкірек памфлет" жариялаған. Яғни, олар Қазақстанға өзінің экспорт инфрақұрылымына жасалған соққыларды үнсіз жаба салуды ұсынып отыр. Ал бұл инфрақұрылымға Қазақстан экономикасының дамуы және қарапайым қазақстандықтардың өмірі тікелей байланысты. Сонымен қатар, олар Қазақстанға Ресеймен экономикалық байланыстарды үзуді де ишарамен айтып отыр. Әбішев Қазақстан Украинадағы соғысты қолдамағанын еске салды. Қазақстан билігі құпия арналар арқылы да, ашық түрде де әрдайым соғыс қимылдарын тоқтатуға және мәселені дипломатиялық жолмен шешуге шақырып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Зеленскиймен тұрақты түрде байланыста. Ресей, АҚШ, Еуропа, Қытаймен көпжақты диалог форматтарына қатысып, мүмкіндігінше бейбіт келісімге келудің оңтайлы жолын іздеп жатыр. Сарапшының айтуынша, Астана Украинаның территориялық тұтастығын мойындайды. Қазақстан қақтығысқа қатысып жатқан ешбір тарапқа әскери көмек көрсеткен емес және көрсетпейді. Сондай-ақ, соғысқа өз бастамасымен қатысқан қазақстандық азаматтарды соттайды. Казақстан бірнеше рет Батыс санкцияларын бұзбайтынын мәлімдеген. Еуропалық және америкалық инспекторлар жүріп жатқан үдерістерді бақылауға мүмкіндігі бар. "Осының бәрін ескере отырып, картаға қараған кез келген есі дұрыс адам Қазақстан қандай күрделі стратегиялық жағдайда тұрғанын түсінеді. Бұл жағдайды америкалықтар да, еуропалықтар да түсінеді. Олар Астананың ұзақ мерзімді тарихи мемлекеттілікті сақтауға, қарапайым қазақтардың тек өмірін емес, сол өмірдің сапасын да қорғауға бағытталған икемді саясатын жоғары бағалайды", – деп жазды Әбішев Telegram-дағы блогында. "Нағыз жауапкершілігі бар элита әрқашан бірнеше қадам алға ойлайды, елді соққыдан қорғауға тырысады, халқын сақтайды. Қазақ элитасы дәл осындай – өз ұлттық жобасы алдында тарихи жауапкершілігі жоғары. Бұдан үлгі алуға болады", – деп қорытындылады саяси шолушы. Каспий құбыр консорциумы Қазақстанның үш ірі кен орнынан – Теңіз, Қашаған, Қарашығанақтан – мұнай тасымалдайды. Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы дәл осы КҚК арқылы экспортталады. КҚК акцияларының шамамен 20 пайызы Қазақстанға тиесілі. Қалған үлескерлердің қатарында Ресей, АҚШ және бірқатар еуропалық компания бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Калифорниядағы атыс салдарынан төрт адам қаза тауып, 10 адам жараланды Калифорниядағы атыс салдарынан төрт адам қаза тауып, 10 адам жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап. Оқиға сенбіде кешке Стоктон қаласындағы банкет залында өткен отбасылық мереке кезінде болған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында ересектер де, балалар да бар. Күдікті әлі бостандықта жүр. Шериф кеңсесінің баспасөз хатшысы Хизер Бренттің айтуынша, алдын ала тергеу бұл оқиғаның әдейі жасалған шабуыл екенін көрсетті. Сондай-ақ, тергеушілер басқа да нұсқаларды қарастырып жатыр. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, шабуыл жасаған адамның бойы шамамен 170 сантиметр. Ол қара шалбар киген. Стоктонның вице-мэрі Джейсон Лидің мәліметінше, атыс баланың туған күні кешінде болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
45 көлік жаппай жол апатына ұшырады: зардап шеккендер жоқ Индиана штатындағы тасжолда болған 45-ке жуық көлік жаппай жол апатынан ұшырады. Оған бұл өңірді басып қалған қарлы боран себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. NBC Chicago телеарнасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Терр-Хоут қаласының маңындағы I-70 тас жолында болған. Полицей Мэтт Эймс оқиға орнынан түсірілген видеоны Facebook-тағы парақшасында жариялады. Видео кадрларында оның арт жағында жол бойына бытыраған көліктер, соның ішінде жол жиегіне түсіп кеткен бірнеше көлік көрінеді. Жүргізушілер мен жолаушылардың арасында ауыр жарақат алғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Алғашында полиция 20–30 көлік деп хабарлаған, алайда кейіннен нақтылап, шамамен 45 автокөлік соқтығысқанын мәлімдеді. Полиция өкілі тұрғындарды мүмкіндігінше үйлерінен шықпауға шақырды. Егер жолға шығу қажет болса, барынша сақ болып, жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағып жүру қажетін ескертті. Апаттан кейін тасжолдың батыс бағыттағы жолақтары жабылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодар облысында жоғалған 57 жастағы ер адам үш аптадан бері табылмай жатыр Павлодар облысында құтқарушылар мен полицейлер иттер мен дронның көмегімен белгісіз жағдайда жоғалып кеткен Ақсудың тұрғынын үш аптадан аса уақыт бойы іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала төтенше жағдайлар бөлімі өкілдерінің айтуынша, 57 жастағы Сергей Мамзонов кейінгі рет 5 қарашада Еңбек ауылының маңында орналасқан жергілікті шаруашылықтардың бірінің алқаптарында байқалған. "Сол күні кешке шамамен 19:00-де ол егіс алқаптарын күзетіп отырған жерден белгісіз бағытқа кетіп қалған. Сол уақыттан бері оның қай жерде екені беймәлім", – деп түсіндірді бөлім бастығы Сабитхан Мадеев. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @112_aksu_tjb Оның айтуынша, ер адамның жоғалғаны туралы хабар 28 қарашада полицейлер арқылы құтқарушыларға түскен, содан кейін олар бірден Еңбек ауылының маңындағы дала аймағында іздеу жұмыстарына кіріскен. Қазір олар жергілікті жерді бірлесе қарап жатыр. Қол жетуі қиын әрі алыс аумақтар дрон арқылы тексеріліп жатыр. Бұдан бөлек, қызметтік иттермен бірге жұмыс істейтін кинологтар із кесіп, аумақтың ықтимал қауіпті және жасырын жерлерін тексеріп жүр. Іздеу жұмыстарына шамамен елуге жуық адам қатысып жатыр, оның ішінде Павлодар облысы ТЖД-нің 28 қызметкері, сегіз техника, дрон және екі кинологиялық топ бар. Павлодарлық "VITA" ерікті іздестіру жасағы да іздеп жүр. Олардың айтуынша, жоғалған азамат шаруашылық алқаптарында қарауыл болып жұмыс істеген. "Бізге кейде түрлі адамдардан Серейді Ақсудың әртүрлі аудандарында көрдік деген хабарламалар түседі. Әрбір ақпаратты полиция қызметкерлерімен бірлесе тексереміз және оның тірі екеніне, жақын арада табылатынына үміттенеміз. Ол жоғалған аумақты және көршілес жерлерді тексеруді жалғастырып жатырмыз", – деді еріктілер. Жоғалған ер адамның ерекше белгілері: бойы шамамен 170 сантиметр, орта денелі, көк көзді, қара шашты. Үстінде қара күртеше мен қара бас киім, хаки түсті шалбар және қара аяқ киім болған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Волонтёры Павлодара "VITA" 🇰🇿 (@poiskoviki_pavlodara_vita) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Хезболла“ қозғалысы Рим папасы XIV Леоға хат жолдады "Хезболла" қозғалысы Рим папасы XIV Леоға хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап. Рим-католик шіркеуінің басшысына жолданған хатта "Хезболла" басшысы Наим Касем Ливан – түрлі діндер мен мәдениеттерді жалғаушы көпір екенін айтып, оның бұл елге жасайтын сапарын құптайтынын жеткізді. Сонымен қатар, хатта адам құқықтарын қорғауға ерекше мән бергені үшін Рим папасына алғыс білдірілген. Онда қазіргі әлемдегі жанжалдардың негізгі себебі кейбір тараптардың өзгенің құқығын мойындаудан бас тартуы екені атап өтіледі. "Хезболла" жетекшісі Израильдің Газадағы палестиналық халыққа қарсы шабуылдарын "ашық геноцид" деп сипаттады. "Кейінгі екі жылда Газадағы бұл қасірет жерін, отанын және өзін-өзі басқару құқығын тартып алып отырған сионистік оккупацияның кесірінен туындап отыр", – делінген мәтінде. Қозғалыс өкілдерінің пайымдауынша, Израильдің басып алуы мен тоқтаусыз шабуылдары ливандықтардың қауіпсіздігіне және елдің тұрақтылығына қатер төндіреді. Сонымен қатар, Ливанға жасалып жатқан соққыларға "көз жұмылмауға тиіс" деп көрсетілген. Касем Тель-Авивті бірқатар ірі мемлекеттің қолдап отырғанына назар аударды. "Хезболла" лидері Ливанға қарсы жасалып жатқан қысым мен шабуылдар мәселесінде Рим папасы "әділдік пен әділеттілікті қорғау ұстанымын" танытады деген үмітін білдірді. Еске салайық, өткен жексенбіде Израиль әскери авиациясы Бейруттің оңтүстік шетінде орналасқан тұрғын үйге зымыран соққысын жасаған еді. Нәтижесінде "Хезболланың" жоғары лауазымды қолбасшысы Хайсам Табтабаи қаза тапты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ешкімге айтпауды сұраған“. Атыраудағы мектепте қыздар арасындағы жанжалдан кейін қылмыстық іс қозғалды Атырауда жекеменшік мектептердің бірінде 11-сынып оқушысына дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Қазір күдікті анықталды. Оның заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алу жүргізілген, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгінбегені үшін сынып жетекшісі мен мектеп директоры бойынша іс материалдары Атырау облысының білім беру сапасын бақылау департаментіне жолданды. "Құқық бұзған кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне қойылды, ал оның ісіне қатысты жиналған материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады", – делінген хабарламада. "Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, оқиға "Тағылым" жекеменшік мектебінде болған. Оқушы қыздың әпкесінің айтуынша, қыз дәретханада басын унитазға ұрып, ауыр жарақат алған. Әпкесінің сөзінше, мектеп қызметкерлері қанның ізін жуып, балалардан ештеңе айтпауды сұраған. Мектеп әкімшілігі қыз бен сыныптастарынан үндемеуді өтінгенін, ал жарақат алған оқушы бастапқыда отбасына жай ғана тайып құлағанын айтқан. Кейін қыз жанжалдасу кезінде қатарластары оны итеріп жібергенін мойындаған. Туысының айтуынша, оқиға болған күні мектеп ата-аналармен байланыспаған. Не сынып жетекші, не әкімшілік болған жайт туралы және баланың жағдайы жөнінде хабарламаған. Отбасы оқиға туралы тек кешкісін – сыныптасының анасынан білген. Атырау облысының білім басқармасы мектепте ішкі қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, мектеп қызметкерлері "дұрыс әрі жедел әрекет еткен". Сондай-ақ, басқармада мектеп қызметкерлері оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткенін және оны бірден медициналық тексеріске баруға үгіттегенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, қыз бұған келіспей, травмпунктке тек ағасымен бірге баратынын айтқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысының тұрғындары мектептер құрылысының аяқталмай жатқанына шағымданды Атырау облысының Есбол ауылында мектеп құрылысы бес жылға созылып барады. Келісімшарт бойынша білім ошағы 2022 жылы пайдалануға берілуге тиіс еді. Алайда мердігердің жауапсыздығынан құрылыс тоқтап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. Есбол ауылының тұрғындары бұл мектеп құрылысының аяқталуын бес жыл бойы күтіп жүр. Алғаш қолға алған мердігер жұмысты жартылай жасап тастап кеткен. Биыл құрылыс басқармасының араласуымен жұмыс қайта жанданды. Жаңа мердігер нысанды үшінші оқу тоқсанына тапсырамыз деп отыр. "Қазір жұмыс 80 пайызға бітіп тұр. Қалған сыртқы қасбет жұмыстарын жасап жатырмыз және бардюр, сыртқы ойын алаңдарын салып жатырмыз. Іште де әлі жұмыстар жүріп жатыр. Кафель жапсыру жұмыстары бар", - деді құрылыс учаскесінің бастығы Нұржан Халидуллин. Ауылдағы үш мектепте 800-дей оқушы білім алады. Оның біреуі 2020 жылы апатты деп танылған. Алайда балалар сол ескі ғимаратта сабақ оқып жүр. Сондықтан жаңа 300 орындық мектеп ауыл үшін айрықша маңызға ие. "Бұл мектеп заманауи құрылыс талаптарына сай салынып жатыр. Мұнда үлкен сынып бөлмелері, оқу зертханалық бөлмелер, спорт залдар, асхана заман талаптарына сай салынып жатыр. Осы мектебіміз бітсе, ауыл халқына және оқушыларға үлкен жағдай жасалады", - деді Есбол ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерболат Сәбіров. Сонымен қатар мердігерлердің жауапсыздығынан Индер кентіндегі мектептің құрылысы созылып барады. Келісімшарт талаптарын орындамағандар ісі сотқа жолданған. "Сот шешіміне сәйкес мердігермен келісімшартты толықтай бұзған болатынбыз. Сонымен қатар, әрі қарай жұмыстарды жалғастыру үшін оның жобаларын міндетті түрде қайта есептеу керек болды. Сол себептерге байланысты мектептің жалпы концепциясын, сыртқы келбетін және де ішкі жабдықтарын толықтай өзгертіп, жобаны қайта жасадық", - деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов. Атырау облысы үшін мектеп мәселесі әлі де өзекті. Қазір балалар бес білім ошағында үш ауысымда оқиды. Осыған орай, 19 мектептің құрылысы басталған. Алтауының құрылысы кестеден кешігіп жатыр. Жергілікті билік өкілдері мердігер мекемелерге талапты күшейтті. Жыл соңына дейін төрт мектеп қолданысқа берілуге тиіс. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
КҚК-ға жасалған шабуыл: Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Теңіз терминалындағы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Министрліктің мәлімдеме мәтіні 30 қарашада ведомствосының Telegram-арнасында жарияланды. "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр консорциумының аса маңызды инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылға байланысты наразылық білдіреді", – делінген мәлімдемеде. Министрлік мәліметінше, бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отыр. "Жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстан энергия ресурстарын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше мән береді", – деп атап өтті ведомство өкілдері. СІМ КҚК-ның әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. "Осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдайтынын күтеміз", – делінген мәлімдемеде. Еске салайық, 29 қарашада астана уақытымен 06:06-да Новороссийск порты ауданында КҚК-ның теңіз инфрақұрылым нысандарына экипажы жоқ жүзу құралдары арқылы шабуыл жасалды. Шабуыл нәтижесінде теңіздегі қашықтағы айлақ қондырғысы ВПУ-2 (қалқымалы тиеу құрылғысы) айтарлықтай зақымдалды. Агрегат толық жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенге дейін істен шыққан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы мен жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "30 қарашада Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, сондай-ақ, түнде Қостанайда қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұман мен көктайғақ: ауа райына байланысты ескерту жасалды "Казгидромет" жексенбіде, 30 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде дауыл күшейетінін айтып, ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада түнде және таңертең көктайғақ болады деп болжанады. Қарағанды облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында тұман түсуі мүмкін. Абай облысының оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман болжанады. Атырау облысының солтүстігі, батысы және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ болады. Ақтөбе облысының шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман болжанады. Оралда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Қостанайда да тұман болуы ықтимал. Түркістан облысының батысы, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман болжанады. Түркістанда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Павлодар облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста тұман түседі. Павлодар қаласында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болжанады. Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі. Петропавлда тұман болуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ЖАСҰО өкілі “Назарбаев“ университеті студенттерімен кездесті Арман Қайырбеков"Назарбаев университеті"студенттеріне кәсіпорынның қызметі, автожол саласына енгізілген инновациялар мен жұмыс перспективалары туралы баяндады. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК мен "Назарбаев университеті" арасында ынтымақтастық туралы меморандум бар. Кәсіпорын мен оқу ордасы ғылыми-зерттеу саласындағы байланысын нығайтып келеді. Соның аясындағы кездесулердің бірінде орталықтың бас директорының орынбасары Арман Қайырбеков "Назарбаев университетінің" инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің азаматтық құрылыс және қоршаған ортаны қорғау факультетінің үшінші курс студенттеріне дәріс берді. Кездес кезінде ЖАСҰО өкілі Қазақстанның жол саласы қалай дамып жатқанын және бұл процеске кәсіпорын қандай үлес қосатынын егжей-тегжейлі баяндады. Бүгінгі күні ЖАСҰО-дың жол төсемінің диагностикасын жасауға арналған заманауи SRDS (Smart Road Diagnostic System) құрылғысы бар. Жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған платформа автожолдар сапасына сараптама жасау процесін айтарлықтай оңтайландырып, мониторинг кезінде қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл жүйені енгізу идеясы "Назарбаев" университетін бітірген мамандарға тиесілі екенін айта кету керек.Сондай-ақ ЖАСҰО мамандары KazRoadLab виртуалды зертханасын жасап шығарып, іске қосты. Жүйені іске қосу жол-құрылыс материалдарын сынақтан өткізуді автоматтандыруға мүмкіндік берді, ал бұл жұмыс процестерін жеделдету және ашықтықты қамтамасыз ету үшін керек. Орталықтың KazRoad VR деп аталатын тағы бір технологиялық әзірлемесі жол саласына енді келген жас мамандарды оқытуға арналған.Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша E-Joldar платформасы әзірленіп жатыр. Жүйе Қазақстан бойынша автожол саласынa қатысты барлық ақпаратты осы алаңға жинақтап біріктіреді. E-Joldar жүйесін жүзеге асыру еліміздегі барлық автожолдың төлқұжатын жасап, жүргізушілерді өзекті ақпаратпен қамтамасыз етіп, жол желісінің жағдайын сараптап, жол пайдаланушыларымен кері байланысты жолға қоюға және т.б. мүмкіндік береді.
Қазақстанда Mellstroy-дің қайда жүргенін білетіндерге сыйақы берілмек Қазақстанда Беларусь Республикасының азаматы, Mellstroy лақапатымен танымал блогерч Андрей Буримге халықаралық іздеуге жарияланды. Блогердің қай жерде екені туралы ақпарат бөліскендерге сыйақы тағайындалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Редакция Mellstroy туралы ақпарат үшін нақты қандай сома ұсынылатынын анықтамақ болды. Алайда Қаржы мониторингі агенттігі сыйақы мөлшері туралы деректер шектеулі ақпарат санатына жататынын мәлімдеді. "Күдіктінің ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін төленетін сыйақы туралы мәліметтер шектеулі ақпаратқа жатады. Мұндай ақпаратты тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес тыйым салынған", – делінген хабарламада. Ведомство тек бәрі аноним болатынын және сыйақы берілетінін нақтылады. Контекст Бұған дейін Қазақстанда Беларусь Республикасының азаматы, блогер Mellstroy (Андрей Бурим) іздеуге жарияланғаны хабарланған. Іздеу туралы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған, бастамашысы – Қаржы мониторингі агенттігі. Іздеу ісі 15 қарашада Астанада тіркелген. Кейін ҚМА оның қандай күдік бойынша іздестіріліп жатқанын айтып, азаматтарды блогердің болуы мүмкін жері туралы кез келген ақпаратты беруге шақырды. ҚМА үндеуі ҚМА іздеудегі адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Астана қаласы бойынша ЭТТД-ге мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: +7 7172 70 84 78 - кезекші бөлім;+7 7172 70 84 79."Құпия болатынына және сыйақыға кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында құмар ойындарды жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар, заңсыз ойын бизнесіне сыбайлас болғаны және жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілік те көзделген", - деді ҚМА өкілі. Mellstroy-ға және Қазақстандағы блогерлерге қатысты жанжалдар Қазанның аяғында Астанада астаналық сауда орталықтарының біріне плакат ұстап, іш киіммен жүгірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынған. Ол блогердің атын айғайлап, одан өзіне пәтер сыйлауын сұраған. Бұл оқиғадан кейін ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады. Ведомство қазақстандықтарды, әсіресе жастарды, "күмәнді интернет-трендтерге ермеуге" шақырды және "қоғамдық орындарда кез келген заңсыз, арандатушылық немесе адамгершілікке жат әрекеттер жол берілмейтінін және заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін" еске салды. Еске салайық, бұған дейін Mellstroy атты блогерге іздеу жарияланғаны хабарланды. Кейін ҚМА мән-жайды айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар енді МӘМС есебінен жеке клиникада ем ала алады Мемлекеттік ауруханада қызмет немесе тексерістен өте алмаған науқастарды жеке клиникаларға жіберіп, шығынды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражаты есебінен өтеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Контекст Бұған дейін Мәжіліс депутаттары денсаулық сақтау министрі Акмарал Әлназарованың атына депутаттық сауал жолдаған еді. Олар кейінгі жылдары медициналық қызметтердің бағасы өсіп, ал қолжетімділігі шамамен екі есе төмендегенін айтты. Депутаттардың сөзінше, науқастар апталап, кейде айлап талдау тапсыра алмай, КТ, МРТ және өзге де тексерулерден өте алмай жүр. Соның салдарынан адамдар ақылы түрде тексерілу үшін жекеменшік клиникаларға баруға мәжбүр. Депутаттар қызметті мемлекеттік клиникада ала алмаған науқасты жеке клиникаға жіберіп, шығынды МӘМС арқылы өтеуге қатысты бастама көтерді. Министрлік не деп жауап берді? Денсаулық сақтау министрлігі клиника 10 күн ішінде қажет қызметті көрсетпесе, науқас "еш кедергісіз" басқа медициналық ұйымға ауыса алатынын айтты. "Егер науқас Қордың (міндетті медициналық сақтандыру қоры – ред.) жеткізушілер тізілімінде тұрған болса, ол қажет қызмет алу үшін басқа клиниканы таңдай алады. Жолдама рәсімдеу барысында таңдалған клиникамен келісімшарт ақпараттық жүйеде автомат түрде жасалады", – делінген хабарламада. Пациент мемлекеттік клиникада медициналық қызмет ала алмаған жағдайда, министрлік балама нұсқаны қарастырып жатыр. "Егер науқас мемлекеттік клиникада қызмет алмаса, оны жеке клиникаға жолдап, шығынды Міндетті медициналық сақтандыру қоры есебінен өтеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр". Егер күтіп қалсаңыз немесе жолдама ала алмай жүрсеңіз, Денсаулық сақтау министрлігі Қордың байланыс орталығына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жүгінуді ұсынады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда үлкен айналма жолмен жүру қымбаттайды: жаңа тарифтер жарияланды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (БАКАД) жүру ақысы екі есе қымбаттайды. Көлік министрлігі тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Баға қалай өзгереді? Жеңіл автокөліктер үшін төлем 0,07-тен 0,14 МРП-қа өседі – бұл жолда 1 сағат жүргені үшін шамамен 605 теңге болады. Анықтама: 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (МРП) 4 325 теңге болады. Басқа санаттағы көліктер үшін де баға пропорционал өседі. Мысалы: 16 орынға дейінгі автобус үшін жолақы – 0,16 МРП, яғни 692 теңге;15 тоннадан ауыр жүк көліктері үшін – 0,44 МРП, шамамен 1 903 теңге. Жеңілдіктер сақтала ма? Жаңа тарифтермен қатар 50 пайыз жеңілдік те қарастырылған, бірақ тек мына жағдайларда: Алдын ала төлем жасалса – яғни ақшаны шотқа алдын ала салып қою немесе көлік нөмірі арқылы ақылы бөлікке кірмей тұрып төлеу; Кейін төлеу кезінде – жолдан өткеннен кейін 7 күнтізбелік күннің ішінде төлем жасалса. Егер төлем бір апта ішінде түспесе, қарыз қалыптасады да, жолақы жеңілдіксіз, толық мөлшерде алынады. Сонымен қатар, Талғар, Қарасай және Іле аудандарының тұрғындары үшін айлық және жылдық абонементтердің бағасы бұрынғы деңгейде қалады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Құдай жазалады“: мүгедек жандар туралы ауыр сөз айтқан шенеунік кешірім сұрады Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатовтың мүмкіндігі шектеулі жандар туралы айтқан сөзі жұрттың ашуын келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы Талғар ауданында тұрғындармен өткен кездесуде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен бірге отырған Қанат Есболатов кенет: "Мүгедектердің еңсесін түсірмейік. Онсыз да Алла тағала бұл кісілерді, орысша айтқанда, "их наказали". Сыйлайық", – деген еді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar) Осы сөзінен кейін көпшілік әлеуметтік желілерде наразылық білдірді: "Қалай сонда? Алла жазалады дегені ме? Мұндай сөгісі үшін оны жауапқа тарту керек!""Құрметті әкім орынбасары, сіздің сөзіңіз қорлаумен тең. Сізге ешкім этика мен субординацияны үйретпеген бе?""Бұл қорлық қой". Есболатов өз сөзін қалай түсіндірді? Сын күшейгеннен кейін Қанат Есболатов Instagram-да жазба жариялады. "Денсаулық сақтау министрімен Талғарда өткен кездесуге қалың жұрт жиналды. Әрқайсысы өзекті мәселе көтеріп, сұрақ қоюға асықты. Сондықтан кезек те үлкен болды. Регламент бойынша кездесуге екі сағат бөлінген еді. Бірақ сұрақтардың көп болуына байланысты жиын шамамен 4 сағатқа созылды. Келген азаматтардың арасында бірқатар мүмкіндігі шектеулі жан болды. Кейбірі тік тұрып, өз кезегін күтті. Кезегі жеткенде залдағы бірнеше адам сөзін бөліп, оған кедергі жасай бастады. Регламентті сақтауға шақырдым", - деді ол. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Канат Есболатов (@esbolatovkanat) Есболатов орыс тілінде сөйлегенде қателескенін айтып, былай деді: "Орыс тілінде айтқан сөзімде қателік бар. Ойымды дұрыс жеткізбеппін. "Құдай үлкен сынақ берген" деп айтпақ болғанмын" Шенеунік халықтан кешірім сұрады: "Айтқан сөзім көпшіліктің көңіліне, тіпті намысына тигенін де түсіндім. Осы үшін шын ниетіммен кешірім сұраймын". Бұл жағдайға Талғар ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Марат Джапаров та пікір білдірген. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Marat_Japarov.♿ Советник акима Талгарского района.♿ (@marat_djaparov) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жолдар жабылуы мүмкін: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Жаңа оқу жылының басталуына байланысты желтоқсан айының алғашқы күндерінде Қарулы Күштердің барлық бөлімі оқу дабылы бойынша жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келеді. Бұдан кейін бөлімдер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды", – делінген хабарламада. Осы уақытта кейбір өңірлердегі жолдарда қауіпсіздік мақсатында қозғалыс уақытша шектелуі мүмкін. "Осыған байланысты азаматтар мен БАҚ өкілдерінен жалған ақпарат таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", – деді Қорғаныс министрлігі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
КҚК-ға тағы шабуыл жасалды: айлақтан тыс қондыру құрылғысы зақымдалды Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына тағы шаубыл жасалып, салдарынан айлақтан тыс орналасқан қондыру құрылғысы қатты зақымдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қарашада саған 04:06-де (Мәскеу уақыты) Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына экипажсыз катерлермен жасалған лаңкестік шабуыл кезінде танкерлер аялдайтын 2-ші қондырғыға айтырлықтай зақым келді. Теңіз терминалындағы мұнай құю және басқа да операциялар тоқтатылды, танкерлер КҚК акваториясынан тыс аймаққа әкетілді. КҚК жұмысшылары мен мердігерлер арасында зардап шеккендер жоқ. "Жарылыс сәтінде қондырғының авариялық қорғаныс жүйелері тиісті құбыржолдарды жапты. Алдын ала мәлімет бойынша Қара теңіз акваториясына мұнай төгілмеген. Теңіз суының үлгілері алынып, экологиялық мониторинг жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. Сонымен қатар, құрылғыны әрі қарай пайдалану мүмкін емесі атап өтілді. Терминалдағы мұнай тасымалдау операциялары экипажсыз катерлермен мен дрондардан төнетін қауіп жойылғаннан кейін, белгіленген тәртіпке сәйкес қайта жалғасады. Анықтама: Каспий Құбыр Консорциумы – Ресей, АҚШ, Қазақстан және бірқатар Батыс Еуропа елінің ірі отын-энергетика компанияларын біріктіретін жоба. Атап айтқанда, КҚК Қазақстандағы үш ірі кен орнынан – Теңіз, Қашаған, Қарашығанақтан – өндірілген мұнайды тасымалдауды қамтамасыз етеді. 2024 жылы шамамен 63 миллион тонна мұнай жөнелтілген, соның шамамен 74 пайызы шетелдік жүк жөнелтушілердің үлесіне тиесілі. Редакция пікір алу үшін Энергетика министрлігіне жүгінді. Еске салайық, 25 қарашада дрон соққысынан Новороссийск маңындағы КҚК Теңіз терминалының әкімшілік ғимараты зақымданған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды Air Astana мен FlyArystan әуе компаниялары Airbus ұшақтарының бағдарламалық қамтылымын 29 қарашада кешке дейін толық жаңартады. Қазір екі әуе компаниясының 18 ұшағында EASA шұғыл директивасына сәйкес жаңарту жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Мәселе қай ұшақтарға қатысты болмақ? Комитеттің мәліметінше, Air Astana және FlyArystan паркінде 38 Airbus ұшағы бар. Оның ішінде 5 ұшақты жаңартудың қажеті жоқ. Қалғандары: 3 ұшақ – Ақтауда, 4 ұшақ – Астанада, 6 ұшақ – Алматыда жаңартылады. Жоспарлы немесе жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатқан ұшақтарға бұл жаңарту сол қызмет аяқталғанша жасалады. Әуежайлар қалай жұмыс істеп жатыр? Азаматтық авиация комитеті Астана мен Алматы әуежайлары қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын, рейстер кесте бойынша орындалып жатқанын мәлімдеді. Жолаушыларға өз рейстерін алдын ала әуе компанияларының сайттарында тексеру ұсынылады. Бағдарлама неге шұғыл жаңартылып жатыр? 28 қарашада Airbus компаниясы барлық әуекомпанияға биікке жауапты рульді басқаратын бағдарламаны шұғыл түрде жаңартуды міндеттеді. Бұл жаңарту әр ұшақ келесі рейске ұшпай тұрып жасалуы керек. Сол себепті Air Astana мен FlyArystan компанияларындағы Airbus ұшақтарының рейстері кешіктірілді. Мәселе неден басталды? Бұл директива Airbus A320 ұшағымен болған оқиғадан кейін шығарылған. Автопилот қосулы кезде биікті басқару жүйесі қысқа уақытқа істен шығып, ұшақ тосын жерден төмендей бастаған. Тексеру барысында күн сәулесінің әсері ұшақты басқару жүйесіндегі маңызды деректерді зақымдауы мүмкін екені анықталған. Жалпы бұл мәселе әлем бойынша шамамен 6 мың A320 лайнеріне қатысты болып отыр. Air Astana мен FlyArystan әуе паркіндегі ұшақтардың басым бөлігі – Airbus A320. Бұл жолаушыларға қалай әсер етті? Сол себепті 28-інен 29-ына қараған түнде көп жолаушы рейске отырғызылмаған, ұшаққа кіріп қойғандарды да кейін түсірілген. Олар бұл туралы әлеуметтік желілерде жазды. Осы жағдайға байланысты Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде жолаушыларға көмектесу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін кол-орталық іске қосқанын хабарлады. Сонымен қатар, ААК бағдарламалық қамтылымды жаңарту жедел жүріп жатқанын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда жазда жоғалған ер адам өлі табылды Биыл жазда Алматыда жоғалып кеткен 29 жастағы ер адам өлі табылды. Lider.kz еріктілері бұған дейін жоғалған адам туралы Instagram-парақшасында жариялаған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1996 жылы туған Чижов Андрей Кириллович 30 маусымда жоғалып кеткен. Ол үйінен Бостандық ауданы, Жароков көшесі, 201-үй мекенжайы бойынша шығып кеткен. Сипаттамасы: бойы 172 сантиметр, арық денелі, шашы ашық қоңыр, көзі қоңыр. Еріктілердің айтуынша, жігіт 24 қарашада тауда өлі табылған. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды. Сондай-ақ, Чижов Ресей азаматы екені хабарланды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Волонтёры "LIDER.KZ" Алматы и Алматинской области (@volontery_lider.kz_almobl) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте ҰОС соңғы ардагері қайтыс болды Шымкентте 27 қарашада Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап. Биыл мамырда майдангер отбасы ортасында қос мерейтойын, 100 жылдығын және Ұлы Жеңістің 80 жылдығын, атап өткен еді. Рабат газеті Мұраталы Төлепбергенұлы соғысқа 1943 жылы, 18 жасында аттанған. Ол 339-шы танкіге қарсы артиллериялық бөлімше құрамында радист болып шайқасқан. Қазақстандық жауынгер Бресттен бастап соғысып, Украина мен Польша жерлерінде шайқасқа қатысып, Германияға дейін барған. Жеңістен кейін де тағы бес жыл әскери қызметте болған. Рабат газеті Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" және "1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс үшін" медальдарымен марапатталған. Ардагер кейінгі жылдары тұрып келген Түлкібас ауданында әскери құрметпен жерленді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2025 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстанда не өзгереді? Желтоқсанда бірден бірнеше салада жаңалық болады: автокөлік сатып алудың жаңа тәсілі пайда болады, таиландтық лоукостер Алматыға ұша бастайды, дәрілерді тіркеу ережелері өзгереді. Осы және басқа да өзгерістер Tengrinews.kz материалында. Көлік сатып алудың жаңа тәсілі пайда болады 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған жаңа автоллизинг бағдарламасы күшіне енеді. Енді азаматтар көлікті лизингке алып, кейін оны не толық өз атына аударып, не компанияға қайта өткізіп жібере алады. Фото: depositphotos.com Автолизинг бағдарламасы қазақстандықтар үшін жеңілдетілген автонесиемен қатар қосымша мүмкіндік болмақ. Автолизинг – бұл ұзақ мерзімді жалға алу түрі, онда адам белгілі бір мерзімге (әдетте екіден бес жылға дейін) ай сайынғы төлеммен көлік алады. Бұл жағдайда көлік жалға алушының емес, лизингтік компанияның меншігінде қалады. "Наурыз" ипотекасы бойынша өтінім қабылдау аяқталады Қазақстанда "Наурыз" ипотекалық бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау аяқталды. Ол 2025 жылғы 3 қарашадан 1 желтоқсанға дейін өтті. Бағдарламаға "Отбасы банк" салымшылары, сондай-ақ кемінде 2 миллион теңге жинақталған депозиті бар және кейінгі бес жыл ішінде тұрғын үйге иелік етпеген (оның ішінде олардың отбасы мүшелері де) тұтынушылар қатыса алды. Жасанды интеллект арқылы жасалған сурет Сонымен қатар, 17 қарашадан бастап бірден екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды: "Наурыз Әскери" - жаңа тұрғын үй сатып алуға, ал "Әскери баспана" - қайталама нарықтан үй алуға арналған. Дәрі мен медициналық құралдарды тіркеу ережелері өзгереді Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар немесе медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізді. Ведомство басшысының бұйрығы 2025 жылғы 1 желтоқсанда күшіне енеді. "Мемлекеттік тіркеу кезінде дәрілік заттарға, Қазақстанда өндірілген дәрілік заттарды қоспағанда, тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі 5 жыл болып белгіленеді", – делінген бұйрықта. Қазақстанда өндірілген дәрілік заттарды, сондай-ақ медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу кезінде мерзімсіз тіркеу куәлігі беріледі. Таиландтық лоукостер Алматыға ұша бастайды 1 желтоқсаннан бастап таиландтық Thai AirAsia X әуе компаниясы Бангкок – Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстер ашады. Рейстер аптасына төрт рет - дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Фото: depositphotos.com/ soosjozsef Thai AirAsia X - қашық бағыттардағы қолжетімді тасымалдарға маманданатын AirAsia тобының еншілес әуе компаниясы. Тасымалдаушы Бангкоктағы Донмыанг халықаралық әуежайында орналасқан және Азияның бірқатар еліне және оның шегінен тыс жерлерге рейстер орындайды. Көп лоукостер сияқты, компания қолжетімді тарифтер ұсынады. Алайда қосымша қызметтер (жүк, борттағы тамақ, орынды таңдау) бөлек төленеді. Қайыңды көліндегі жаяу жол ашылады Кейінгі кезде Алматы облысындағы Қайыңды көлі маңындағы жаяу жүргіншілер соқпағы жөндеу жұмыстарына байланысты жабық болған. "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің баспасөз қызметі 2025 жылғы 1 желтоқсандан бастап бұл соқпақ қайтадан туристер үшін ашық болатынын хабарлады. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев ТЖМ мен ІІМ рейдтерді бастайды Фото: polisia.kz 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ТЖМ және ІІМ жаңажылдық мерекелер кезеңінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған профилактика науқанын бастайды. Ведомство қызметкерлері газбаллондық жабдық пен пиротехниканы қолдануға байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін рейдтер жүргізеді. Кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар да тексеріледі. Сондай-ақ, рейдтер жаңажылдық жаппай іс-шаралар өтетін орындарда да жүргізіледі. Олар эвакуациялық шығу жолдарын, өрт дабылы жүйелерін және өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуын тексеруді, сондай-ақ кәсіпкерлермен және мерекелік кештерді ұйымдастырушыларымен кездесулер өтеді. Демалыс және мерекелер Желтоқсанда қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс беріледі. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбіге түседі, сондықтан аптаның ортасында қысқа үзіліс болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де Тәуелсіздік күніне орай демалыс беріледі. Ал 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді. Желтоқсанда бес күндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні, ал алты күндік аптада 4 демалыс және 26 жұмыс күні көзделген. Ал 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді. Тәуелсіздік күнінен бөлек, желтоқсанда қазақстандықтар бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді: 5 желтоқсан – Адвокатура күні;6 желтоқсан – Прокуратура күні;13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні;20 желтоқсан – Қазақстанның Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні;22 желтоқсан – Энергетик күні және Архивист күні. Желтоқсанда ауа райы қандай болады? Синоптиктердің болжамы бойынша, желтоқсанда жауын-шашын мөлшері климаттық норма шегінде болады, сондықтан күн жылы болады. "Ең аяз суық толқыны айдың бірінші онкүндігінің соңында елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күтіледі, ол кезде түнгі температура 23-28 градус аязға, ал күндіз 13-18 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" гидрометорталығының директоры Марина Шмидт. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев Екінші және үшінші онкүндіктерде түнгі температура 15-20 градустан 5-10 градус аязға дейін ауытқып отырады. Күндізгі температура 2 градус жылыға дейін көтеріліп, түнде 5-10 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. Елдің шығысында кейбір күндері ауа температурасы сәл төменірек – 25-35 градус аязға дейін, күндіз – минус 15-20 градусқа дейін түсуі ықтимал. "Батыста және елдің оңтүстік бөлігінде желтоқсанның басында салыстырмалы түрде жылы болады, күндізгі температура 5-10 градус жылы болады. Айдың бірінші онкүндігінің аяғына қарай түнде 12-17 градус аязға, күндіз 3-8 градус аязға дейін біртіндеп суыту болжанады", – деп қосты Марина Шмидт. Айдың аяғына дейін бұл өңірлерде түнгі температура 0-5 градустан 7-12 градус аязға дейін ауытқуы мүмкін. Күндіз негізгі температуралық фон 0-8 градус жылы шегінде болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шынар Ақпарова оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шынар Қуанышқызы Ақпарова оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол туралы не белгілі? 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 2001–2010 жылдары - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, №135 Атасу негізгі мектебі, Атасу стансасы. 2010–2011 жылдары - әдіскер, Қарағанды қаласының №26 кәсіптік лицейі, Қарағанды қаласы. 2011–2012 жылдары - аға әдіскер, Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы Білім басқармасының "Сарыарқа дарыны" өңірлік оқу-әдістемелік орталығы" КМҚК, Қарағанды қаласы. 2012–2013 жылдары - жетекші маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы. 2013–2018 жылдары - бас маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы. 2018–2020 жылдары - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, Қарағанды қаласы. 2020–2023 жылдары - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары. 2023–2025 жылдары - ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы. 2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Швейцария вице-президентімен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның Астанаға сапары екіжақты күн тәртібіне тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктес, сондай-ақ 2005 жылдан бері елімізге 35,8 миллиард доллар құйған ірі инвесторлардың бірі ретінде қарастыратынын айтты. Президент елімізде шамамен 400 швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтініне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Астана мен Берн арасындағы саяси диалог ашық әрі сындарлы сипатта жан-жақты дамып келеді. Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықтың даму қарқынына назар аударды. Қазақстан мен Швейцария энергетика, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу индустриясы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, қаржы және жаңа технология салаларында табысты ықпалдастық орнатқан. Ги Пармелан Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, өзара байланыстың қарқынын жоғары бағалады. Сондай-ақ Швейцарияның саяси диалогты нығайтуға, инвестициялық жобаларды кеңейтуге және экономиканың негізгі секторларында бірлескен бастамаларды ілгерілетуге ниетті екенін растады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шығын 200 миллион теңге: жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру схемасы әшкере болды ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру схемасын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық бөлімінің басшысы кәсіби білімін пайдалана отырып, схеманы іске асыру үшін кәсіпкерлерге қызмет көрсететін бухгалтер туысын тартқан. "Бухгалтер кәсіпкерлердің ЭЦҚ-ларын рұқсатсыз пайдаланып, жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, еңбек қатынастары заңды түрде рәсімделгендей көрінетін өзге де құжаттарды дайындаған. Сонымен қатар, бірнеше таныс адам тартылып, олардың міндетіне жүкті әйелдерді табу және ұсынылып отырған рәсімдеудің заңды екеніне сендіру кірген. Ұсынылған жалған деректер негізінде уәкілетті органдарда жәрдемақылар тағайындалған. Алынған қаражат кейіннен схеманың қатысушылары арасында бөлінген", - делінген хабарламада. Нәтижесінде 13 жеке кәсіпкердің атынан 50-ден астам жүкті әйелге 6 миллион теңгеге дейін өсірілген жәрдемақылар төленген. Мемлекетке келтірілген залал 200 миллион теңгеден асты. Сот санкциясымен күдіктілердің 3 автокөлігіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді Қазгидромет 29, 30 қарашаға және 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қар, көктайғақ Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы Еліміздің солтүстігінде ауа температурасы сәл жоғарылайды: түнде 0-8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Оңтүстік-шығыста күндіз температура біртіндеп 3-11 градус жылыға дейін төмендейді, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз болады. Елдің қалған аумақтарында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алдағы үш жылда Қазақстанды толықтай өзгерту керек - Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық Қазақстанды ауылдар мен ауылдық округтерсіз құру мүмкін емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Ауылдық округтер әкімдері өздерінің кеңейтілген өкілеттіктерін толық іске асырып, салық түсімдерін ұлғайту мақсатында қолданыстағы ақпараттық платформалармен жұмыс істей білуі қажет. Цифрлық Қазақстанды ауылдар мен ауылдық округтерсіз құру мүмкін емес. Жасанды интеллект пен жаппай цифрландыру дәуірінде бұл іске ауыл әкімдері де белсенді түрде атсалысқаны жөн", - деді Президент. Президенттің сөзінше, елді мекендерді цифрландыру ауыл мен қала тұрғындарының тұрмыс сапасын айтарлықтай теңестіреді. Сондықтан Үкімет бұл бағыттағы жұмысты басты басымдықтардың бірі ретінде қарастыруы қажет. "Жергілікті жерлерден алынған нақты әрі жедел ақпарат орталықта тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экономикалық дерекқор негізін қалап, ресурстарды әділ бөлуге ықпал етеді. Алдағы үш жылда Қазақстанды толықтай цифрлық елге айналдыру – жаңа даму кезеңіндегі басты міндеттердің бірі. Болашақта еліміздің әлемде алатын орны осыған тікелей байланысты. Сондықтан мұны тіршілік үшін талас десек, артық айтқандық емес". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Референдум барысында халық жаңа Ата Заңға дауыс беретін болады деп айтсақ, қателеспейміз“ - Тоқаев Президент біз нағыз кәсіби Парламентті жасақтауымыз керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Заң шығару органына білікті әрі тәжірибелі мамандар, яғни өз ісінің майталмандары келуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, біз нағыз кәсіби Парламентті жасақтауымыз керек. Жаңа комитеттер құру мәселесін қарастыру қажет. Цифрландыру, аймақтарды дамыту жұмысымен айналысатын комитеттер өз алдына бөлек болғаны жөн деп санаймын. Бұл мәселелерді арнайы жұмыс тобы мұқият зерделейді. Осы реформаға қатысты басқа да көптеген ұсыныстар бар. Соның бәрін әбден пысықтап, кейін жариялаймыз. Менің де осы аса маңызды реформа бойынша ұсыныстарым бар", - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Конституциямызға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін. "Сондықтан референдум барысында халық жаңа Ата Заңға дауыс беретін болады деп айтсақ, қателеспейміз. Осындай күрделі, жауапты жағдайда елімізде тыныштық, тұрақтылық болуы керек. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын бәріміз бір қоғам болып сақтауымыз керек. Құқық қорғау органдары өз кәсібилігін көрсетуі қажет. Арандатушыларға немесе «лас, көлеңкелі» саясатпен айналысқысы келетін адамдарға жол бермейміз". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ойланып-толғанып жүруге уақыт аз“ - Тоқаев Трамптың стратегиялық бастамасы туралы айтты Мемлекет басшысы өркениет көшінен қалмай, технологиялық жаңғыруды жылдамдату қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Осы аптада Президент Дональд Трамп АҚШ-тың технология саласындағы жаһандық үстемдігін қамтамасыз етуге арналған стратегиялық бастамасын жариялады. Ол үшін жасанды интеллектінің бірыңғай платформасы құрылады. Бұл ғылыми зертханаларды, дата орталықтарды, цифрлық модельдерді және суперкомпьютер желісін біріктіретін ұлттық ақыл-ой алаңы болмақ. Аталған жүйе барлық аса маңызды бағыт бойынша жаңа технологиялар мен материалдарды әзірлеуге тың серпін береді. Ол жартылай өткізгіштерден бастап роботты техникаға дейінгі, ядролық энергетикадан бастап биомедицинаға дейінгі салаларды түгел қамтиды. Бұл арада зерттеу жобасы жайында емес, АҚШ-ты осы салада әлемдік көшбасшыға айналдыратын толыққанды платформа жөнінде әңгіме болып отыр", - деді Президент. Мемлекет басшысы мұны іске асыру үшін бір жылға жетер-жетпес мерзім беріліп отырғанын айтты. "Сол себепті бізге де шара қолдану керек. Әлбетте, Қазақстан жаһандық ауқымдағы көшбасшылыққа таласпайды. Бірақ өркениет көшінен қалмай, технологиялық жаңғыруды жылдамдату қажет. Ойланып-толғанып жүруге уақыт аз", - деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ, Президент квотасы болмайды“ - Тоқаев жаңа Парламент туралы Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мен биылғы Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтердім. Бұл осыған дейінгі саяси өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Біз "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатын орнықтыра түсеміз, яғни еліміз Президенттік Республика болып қала береді. Жаңа бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Парламенттің құрылымына қатысты көптеген ұсыныс келіп түсуде", - деді Президент. Мысалы, депутаттардың саны халық санына сәйкес, яғни пропорционалды болуға тиіс деген ойлар айтылуда. Президенттің айтуынша, ұндай ұстаныммен қарайтын болса, олардың саны 200 адамға жетеді. Қазір қос палатада 148 депутат бар. "Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, Парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұл – алдағы Парламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам. Мұны жақсы ұғынып, жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажет". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әкімдіктер көп жағдайда өтініштерге атүсті қарайды - Тоқаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына айрықша мән беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Елімізде азаматтардың өтінішін қарауға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір ауыл әкімі бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы тұрғындардың мәселелерін еш қиындықсыз сараптай алады. Өтініш жолдаған әрбір адамның сауалына нақты жауап берілуге тиіс", - дейді Президент. Әдетте, мұндай хаттардың көбі аймақтағы инфрақұрылым, соның ішінде, жол, аула және балалар алаңы туралы болады. Бұл – жергілікті жерде шешімін табуға тиіс негізгі мәселелер, деді Мемлекет басшысы. "Бірақ әкімдіктер көп жағдайда мұндай өтініштерге атүсті қарайды. Амалы таусылған жұрт орталыққа, тіпті, Президент Әкімшілігіне шағымдануға мәжбүр. Азаматтардың өз әкіміне деген сенім деңгейін осындай хаттардың санынан байқауға болады". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Сайлау тым көп, жұрт саяси науқандардан мезі бола бастағанын айтып отыр“ - Президент Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог платформасында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралауды тапсырды. "Аудан әкімдерін сайлауға қатысты әртүрлі көзқарас бар. Бірқатар қоғам қайраткері мен белсенді азаматтар "аудан әкімдерін сайлау қажет пе, жоқ па" деген мәселені қайта қарауды ұсынып отыр. Бұл мәселені Ерлан Саиров, Альберт Рау, Мархабат Жайымбетов бастаған депутаттар да көтерді. Олар елде сайлау тым көбейіп бара жатқанын, жұрт саяси науқандардан мезі бола бастағанын айтып отыр. Бұл пікірді ауыл және аудан тұрғындары да қолдап жатыр. Сайлау науқандары жергілікті жерде жүргізілуге тиіс нақты жұмыстарға кедергі келтіруі мүмкін деген пайымдар да бар. Бұл пікірлерді ескерген жөн", - деді Президент. Осыған дейін аудан әкімдерін сайлау тәсілі арқылы 52 әкім сайланған. "Енді олардың қалай жұмыс істейтінін қарап көру қажет. Аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралау керек. Мәселе аудан әкімдерінің сайлауын міндетті түрде өткізу емес, басты мақсат: біз оң нәтижелерге қол жеткізуіміз керек. Үкімет және Парламент депутаттары бірлесіп, осы мәселені жан-жақты қарап, әділетті, дұрыс шешім қабылдауы қажет. Ең бастысы, әрбір реформа салмақты көзқараспен, байыппен жасалуы керек", - деді Тоқаев. Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда аудан әкімдерін сайлауды уақытша тоқтата тұруұсынылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев алғашқы президенттік жарлығы туралы айтты Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жарлығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Ауыл – төл өркениетіміздің алтын қазығы. Ауылды өркендету – баршаға ортақ парыз. Мемлекет бұл мәселеге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Өздеріңіз білесіздер, 2022 жылы халыққа ұсынған сайлау алдындағы бағдарламада ауыл мәселесіне айрықша назар аудардым. Алғашқы Жарлығым да ауылды дамытуға арналды. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Қазіргі таңда осы құжатқа сай нақты жұмыс атқарылып жатыр. Жуырда ғана Ауыл еңбеккерлерінің екінші форумын өткізіп, осы саладағы өзекті мәселелерді қарадық. Ал бүгін ауыл-аймақтардың даму бағдарын айқындаймыз. Бұл – мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттің бірі", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Халқымыздың тамыры – ауылда Мемлекет басшысы әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші екенін баса айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз. Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше", - дейді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. "Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек. Жаңа ғана бірнеше әкімнің сөзін тыңдадық. Айтылған ой-пікірлерді және ұсыныстарды мұқият зерделеп, жұмыс барысында міндетті түрде ескеру қажет". Президент еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланғанын айтты. "2020 жылы халыққа Жолдауымда ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтергенімді білесіздер. Бұл мемлекетті басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы аса маңызды қадам болды. Себебі жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады. Сондықтан біз орынсыз асығыстыққа жол берген жоқпыз, ауыл әкімдерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішінде біртіндеп жүзеге асырдық. Бүкіл еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды. Олардың орташа жасы – 43 жас. Жаңадан сайланған әкімдердің үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр Бүгін Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындайды. Cондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелеріне тоқталады. Бүгінде еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Дүкен де, банкомат та қабылдамайды“ : қазақстандық жаңа банкнотқа шағымданды Әлеуметтік желілерде қазақстандықтың 1000 теңгелік мерейтойлық банкнотты банкомат қабылдамағаны туралы жазбасы тарады. Оқиғаға қатысты Ұлттық банк пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желі қолданушысы Threads-та жариялаған жазбасында 1000 теңгені дүкен де, белгілі банктің банкоматы да қабылдамағанын айтқан. Әңгіме болып отырған банкнот 2025 жылдың 9 мамырында Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай шығарылған. Наминалы 1000 теңгелік банкноттың тиражы - 5 миллион дана. Біз Ұлттық банктің баспасөз қызметіне пікір алу үшін хабарластық және мәселенің техникаға байланысты болуы мүмкін екенін анықтадық. "Банктер мен төлем ұйымдары жаңа банкноттарды қабылдау немесе беру үшін техникаларын бірнеше аптадан бірнеше айға дейін бейімдейді. Мәселе осыған байланысты болуы мүмкін. Бұл банкоматтың бағдарламасы мерейтойлық банкнотты қабылдауға әлі жаңартылмаған болуы мүмкін", - деді Ұлттық банк өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақмола облысында сталкингке қатысты алғашқы қылмыстық іс тіркелді Ақмола облысында жаңа заң бойынша алғашқы қылмыстық іс тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицияға Макинск қаласының 44 жастағы тұрғыны жүгінген. Әйел бірнеше ай бойы бұрынғы сүйіктісі түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, жұмыс орны мен үйіне келіп, тіпті қоғамдық орындарда аңдып жүргенін айтқан. Оның сөзінше, мұндай әрекеттерден ол қауіпті сезген. Қыркүйекте ер адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, жәбірленушіге жақындауға тыйым салынған. Алайда ол сот шешімін орындамаған. Осыдан кейін сотқа дейінгі тергеу басталып, жәбірленуші, күдікті және куәгерлерден жауап алынған. Ер адам бұрынғы қарым-қатынасты жаңғырту үшін байланыс орнатуға тырысқанын мойындады. Ол өз әрекетінің заңға қайшы екендігін және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін де түсінетінін айтты. Алайда кейін әйел қарсы арыз жазып, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Прокурордың келісімімен тергеу аяқталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жетісу облысында алаяқ тұрғындардың атынан 40 миллион теңгеге несие алып тастаған Жетісу облысында 40 миллион теңгеден аса соммаға несиелер рәсімдеген алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы олардың атына несиелер мен микронесиелер рәсімдеп, жеке пайдасына жаратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталған. Сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге пайдаланған. "Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 миллион теңгеден асты. Сот үкімі бойынша, ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. Сот үкімі заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана, Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "28 қарашада Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Орал, Теміртау, Жезқазған, Қарағанды ​​қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Неге бірден жедел жәрдем шақырмадыңыз?“: стоматологиядағы қыздың өліміне қатысты тың деректер айтылды Астанада үш жасар қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. 27 қарашадағы тыңдауда анестезиолог дәрігер баланың жағдайы нашарлаған сәтте неге бірден жедел жәрдем шақырмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Қайғылы жағдай 2024 жылы 30 қазанда болған. Әкесі қызының 3,5 сағатта жалпы наркоздан кейін оянбағанын айтады. Алайда процедура 3 сағатқа жоспарланған. Әкесі дәрігерлер 18 тісті бірден емдемек болғанын айтты. Кім сотталып жатыр? Бұл іс бойынша тек анестезиолог жауапқа тартылып жатыр. Стоматолог сотқа шақырылмаған. Анестезиологқа ҚР ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылған. Ол төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін, сонымен қатар үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуы мүмкін. Анестезиолог жауап берді 25 қарашадағы сотта көрсетілген бейнежазбада баланың клиникаға 9:30 шамасында келгені, ал 13:49-да оны ояту процесі басталғаны көрінеді. 14:02-де жүрек ырғағында өзгеріс пен фибрилляция тіркелген. Бүгінгі отырыста көрсетілген видеода 14:05-те дәрігер жедел жәрдемге емес, өз әріптесі – реаниматологқа хабарласқаны анықталды. "Біз бұрын бірге жұмыс істегенбіз. Бір реаниматолог толыққанды реанимация жүргізе алмайды. Әрқашан екінші маман қажет", – деді айыпталушы. Судья "Неге бірден жедел жәрдем шақырмадыңыз?" деп сұрады. Айыпталушы жедел жәрдем бригадасында реаниматолог болмайтынын айтты. "Біз кәсіби, кеңейтілген реанимация жасап жаттық, олар тек базалық көмек көрсете алады", – деп жауап берді. Онлайн сот отырысынан\\ скриншот 14:07-де бейнежазбада дәрігердің дефибрилляторды қолына алғаны көрінеді. Прокурор аппарат басқа кабинеттен әкелінгенін, ал ереже бойынша ол әр бөлмеде болуы тиіс екенін атап өтті. Видео кадрларында құрылғыны түсіріп алғандары және қолданбағандары байқалады. Анестезиологтың айтуынша, сол сәтте дефибрилляторды қолдану мүмкін болмаған. "Бұл сәтте жүрек тоқтаған еді. Біз ауысқанда ритм жоқ екенін көрдім және сондықтан дефибрилляторды қолдануға болмайтын. Өйткені күйік қалуы мүмкін, ал мәйітті ашқанда ол ақау сияқты көрінеді. Дефибриллятор жүрек тоқтаған кезде қолданылмайды", – деп түсіндірді айыпталушы. Судья "Сол сәтте баланы жоғалтатыныңызды түсіндіңіз бе?" деп сұрады. Анестезиолог биологиялық өлім болмағанын, бірақ жүрек тоқтап қалғанын айтты. Видеоға сәйкес, клиниканың администраторы 14:10-да ғана жедел жәрдемге хабарласқан. 14:16-да дәрігер мен фельдшер келіп жеткен. 14:34-те анестезиолог ата-анасына жағдайды түсіндірген. 15:05-ке дейін клиника қызметкерлері мен жедел жәрдем мамандары жүрекке массаж жасап, препараттар енгізіп, жүрек қызметін қалпына келтіруге тырысқан. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша клиникалық өлім 14:23-те тіркелген. Қыздың өліміне не себеп болған? Сараптамаға сәйкес, өлім тіндік гипоксиядан (оттегі жетіспеушілігі) басталып, мидың ауыр ісінуіне әкелген. Бұл жағдай наркоз, өкпенің жасанды желдетілуі, екі жақты пневмония және жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің үйлесуімен күрделене түскен. Сот әлі жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК Айдос Есполов ұсталғанын растады ҰҚК Айдос Есполов ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін кейбір БАҚ-та "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының экс-кеңесшісі Айдос Есполов Астанада ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. "Бұл дерек бойынша ҰҚК соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жазылған ҰҚК-ның Tengrinews.kz-ке жауабында. Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, Айдос Есполов - қазақстандық кәсіпкер және бұрынғы шенеунік. Еуразия технология университетінің құрылтайшысы болды. Бұрын түрлі басшылық лауазым атқарған. Бірқатар БАҚ мәліметінше, Айдос Есполов - Әсел Исабаеваның ағасы. Ал Нұрсұлтан Назарбаев оны екінші әйелі ретінде атаған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қызыңызды алып кетіңіз“: келін сәлем салудан бас тартып, іс сотқа жетті Жамбыл облысында келіннің сәлем салудан бас тартуы сотпен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жуалы аудандық соты ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер) бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. "Мейрамханадағы үйлену тойы кезінде Т. жұбайынан ежелгі қазақ дәстүрі бойынша үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген, ал әйелі өз кезегінде өтінішті орындаудан бас тартқан. Әрі қарай, олар үйге оралған соң, азамат Т. әйелінің мінез-құлқына наразылығын білдіріп, оған қатысты былапыт сөздер айтқан", - делінген хабарламада. Сотта құқықбұзушы Т. өзінің кінәсін толық мойындап, әйелінен шын жүректен кешірім сұрап және тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады. Жәбірленуші күйеуі қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін қайтарып алып кетуді дөрекі түрде талап еткенін түсіндірді. Сондай-ақ олда татуласуға байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған. Сот қаулысы бойынша, іс тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтатылған. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда бағалы металдардың заңсыз айналымын әшкереледі Степногорскіде полиция бағалы металдардың заңсыз айналымын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 26 қарашада Степногорскте полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіп, құрамында алтын бар шикізатты заңсыз өңдеуді жүзеге асырған адамдардың қызметі тоқтатылды. Заводской кентінің аумағында полицейлер екі жасырын цехты анықтады. Ұстау кезінде заңсыз екі бригада болды. Қатысушылардың құрамында алтыны бар материалдан арнайы жабдықты пайдалана отырып, алтын алу процесін ұйымдастырғаны анықталды. Оқиға орындарын тексеру және тінту іс-шараларын жүргізу барысында құрамында 800 келіге жуық алтын бар материал, екі қайта өңдеу құрылғысы, сондай-ақ 30 грамм алтын тәркіленген. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заңға қайшы қызметке қатысы бар азаматтарға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев заңға қол қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Сенат депутаттары заңды қарады. "Келісім аясында өзара іс-қимылдың нақты бағыттары анықталды. Олардың қатарында ұйымдасқан қылмыс, терроризм мен экстремизм, есірткі айналымы, заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес мәселелері бар. Сондай-ақ, өзге де маңызды бағыттар бойынша уәкілетті органдар арасындағы серіктестікті тереңдету тетіктері қарастырылған", - деді Сенат төрағасы. Қазақстан бұған дейін Болгария, Мажарстан, Италия, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Өзбекстан, Франция, БАӘ және басқа да мемлекеттермен осындай келісімдер жасаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қостанай облысында заңсыз схема әшкере болды Қостанай облысында орманды заңсыз кесу схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Қостанай облысында полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, ағаш дайындау және оны өткізу бойынша күдікті топтың әрекетін тоқтатты. Жедел деректерге сәйкес, топтың бір мүшесі орман қоры учаскесін өңдеу құқығын аукцион арқылы алғанымен, бұл рұқсатты орман отырғыларын заңсыз кесуді жасыру үшін пайдаланған. "Фигуранттардың "қарағай" тұқымдас ағашты дайындаумен және оны бақылауындағы арналары арқылы өткізумен айналысқаны анықталды. Тергеу іс-шаралары барысында арнайы техника, көлік құралдары, дайындалған ағаш, сондай-ақ шикізатты дайындау және айналымына қатысты құжаттар тәркіленді. Полицияға 20 фигурант, оның ішінде ұйымдастырушы, орындаушы және делдал ретінде қатысқан тұлғалар жеткізілді", - делінген хабарламада. Заңсыз схеманың барын растайтын айғақтар мен дәлелдер алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалып, кесілген орманның нақты көлемі мен мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қостанай облысында 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды Қостанай облысында жер қойнауын пайдалану үшін берілген жер учаскелері қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қостанай облысының Прокуратурасы Жер учаскелерін қайтару бойынша шаралар қабылданбағынын анықтаған. "Бұрын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілген 16 учаске бойынша лицензиялардың қолданылу мерзімі аяқталғаны не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мерзімінен бұрын тоқтатылғаны анықталды", - делінген хабарламада. Сонымен бірге, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 және 107-баптарының талаптары бұзылған, олардың одан әрі иеленуі үшін құқықтық негіздері болмағанына қарамастан, жер шаруашылық жүргізуші субъектілерге есептелуін жалғастырған. "Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша құны 625 миллион теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - делінген прокуратура мәліметінде. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегация мүшелерімен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан көшбасшылары Ұйымға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарастырып, биылғы ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттарын қорытындылады. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдықтарды анықтады. Президенттер ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтты. Жиын барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты тағайындау туралы шешім бекітілді. Отырыс қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жан-жақты жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Саммитке Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты. Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда Қытай азаматын алдап, ақша бопсалаған топ ұсталды Алматыда полицейлер шетелдік азаматтардан ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Алматыда құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп танысып, Қытай азаматтарынан ақша бопсалаған бір топ адамның қылмыстық әрекеті әшкереленді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер шетелдіктерден шамамен 5,5 миллион теңге көлемінде қаражат алған. Тергеу барысында топ мүшелері бірігіп әрекет етіп, алдымен көшеде жүрген шетелдік азаматтардың біріне өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырғаны анықталды. Одан кейін олардың уақытша тұрып жатқан мекенжайына бірге барып, ақша талап еткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Күдіктілердің тұлғасы қысқа уақыт ішінде анықталды. Біз олардың азаматтарды алдап, жалған полиция қызметкері ретінде ақша талап ету әрекеттерін дер кезінде тоқтаттық. Қазіргі уақытта бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
545 мың теңгеге дейін: арнайы жәрдемақыны кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек? Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) төленеді. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, оны 207 780 адам алады. Оларға 22,3 миллиард теңге төленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, заңнама бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алуға 17 санат бойынша азаматтар құқылы. Олардың қатарында: Ұлы Отан соғысының ардагерлері; басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлер; соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер; ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары мен отбасылары; "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болғандар; тыл еңбеккерлері; Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқандар; саяси репрессия құрбандары; мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер; ел алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар және басқа санаттағы азаматтар. Жәрдемақы мөлшері қандай? АМЖ мөлшері алушының санатына байланысты 2,13–138,63 АЕК аралығында белгіленеді. Бұл 8375 теңгеден 545 мың теңгеге дейін. Жәрдемақы көлемі жыл сайын АЕК өсіміне қарай автоматты түрде артады. Егер бір адам бірнеше санатқа сәйкес келсе, ол жәрдемақыны тек бір негіз бойынша, өз таңдауы арқылы алады. Жәрдемақы қалай тағайындалады? Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да бұл жәрдемақыны ҚР азаматтарымен тең негізде ала алады. АМЖ алу үшін өтінішті: eGov.kz порталы арқылы, немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімдеуге болады. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы 1999 жылдан бері қолданыста және бүгінгі күні әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі ретінде қызмет етеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Гонконгтегі ірі өрт: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты. Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Айта кетейік, Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде шыққан алапат өрттен кемінде 44 адам қаза тапқаны айтылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда қайырымдылық қорының басшысы жасөспірімді базарда “қайыр сұрауға“ жіберген Алматыда қайырымдылық қорының басшысы 15 жастағы жасөспірімді базарда қаражат жинауға тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кәмелетке толмаған жасөспірім қоғамдық тәртіпті және қайырымдылық қызметті реттейтін заң талаптарын бұзған. Осылайша ол әкімшілік заңнаманы бұзуға байланысты жағдайға тап болған. Алматы сотының мәліметінше, бұл іс бойынша қор директорына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 128-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған. "Сот отырысында қор директоры өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады. Әкімшілік құқық бұзушылық жинақталған дәлелдемелер, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімнің және директордың өз сөздерімен расталды", - делінген хабарламада. ӘҚБтК-нің 128-бабы 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады. Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, кінәлінің жеке басын және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оны кінәлі деп танып, 196 мың теңгеден астам айыппұл салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көкшетауда есту қабілеті нашар такси жүргізушісін алдаған жолаушы ұсталды Әлеуметтік желілерде жолаушы есту қабілеті нашар такси жүргізушісіне ақшасын төлемей, қашып кеткені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана-Көкшетау бағытындағы такси жолаушысы жүргізушінің жағдайын пайдаланып, жол ақысын төлемей көліктен түсіп кеткен. Жолаушы ұсталды. Ол - Көкшетаудың 30 жастағы тұрғыны. "Ер адамның айтуынша, 24 қарашада сапарға шыққан, бірақ төлемей көліктен түсіп кеткен. Ол іс-әрекетін "қаржылық қиындықтарға байланысты" деп түсіндірді. Құқық қорғаушылар жолаушымен профилактикалық әңгіме өткізді. Ол сапар құнын толық өтеді", - деп жазылған хабарламада. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @aqmola_pd Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы және тағы 6 қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "27 қарашада Алматы, Қызылорда, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Жезқазған қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Парламент 2026-2028 жылдарға арналға бюджетті бекітті Мәжіліс "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға Сенат ұсынған жаңа редакциямен келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сенат енгізген түзетулер аясында өңірлерге берілетін субвенциялар көлемі 17,5 млрд теңгеге ұлғайтылды. Сонымен қатар, 2026 жылы өңірлерді дамытуға қосымша 28,5 млрд теңге бағытталады. "Бұл қаржы жылу және электр энергиясы салаларын, газбен жабдықтау, жағалауды нығайту жұмыстарын және басқа да бағыттарды қамтиды. Бұл түзетулер өңірлер мен экономиканың тұрақты дамуына бағытталған", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Бішкекке ұшып барды Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Нұр-Мұқасан“ төңірегіндегі дау: топтың бұрынғы солисті ұсталды Алматыда "Нұр-Мұқасан" тобы төңірегіндегі даудан кейін қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Соққыға жығылған музыкант Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбайдың айтуынша, топтың бұрынғы солисті Мұқасан Шахзадаев ұсталған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жан Ахмадиев (@zhan_ahmadiev) Адвокаттың сөзінше, Ғалымжан қазіргі уақытта ауруханада жатыр. "Ғалымжанға ота жасалды, мұрны сынған. Алдын ала болжам бойынша, ол ауруханада шамамен бір апта болады", – деді ол. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша тіркелген. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жанжал неден туған? Адвокаттың айтуынша, жанжалға топтың әні себеп болған. Алайда бұған дейін ешқандай ресми шағым, авторлық құқыққа қатысты талап немесе сотқа дейінгі келіссөздер болмаған. Сонымен қатар, Иманбайдың сөзінше, оқиғадан кейін Мұқасан Шахзадаев Ғалымжанмен байланысқа шықпаған. Полиция не дейді? Бұған дейін Алматы полициясы оқиғаның тіркелгенін растаған. "22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де адамдар тарапынан соққыға жығылды деген арызбен жүгінді. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізілі жатыр", – деп хабарлаған еді ведомство. Тергеу аяқталғаннан кейін заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Абай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы басталды Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласының іргесінде бой көтеретін қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылыс алаңында болды. Мердігерлер аймақ басшысына маңызды нысанның техникалық параметрлері, жоспарланған қуаттылығы және құрылыс кезеңдері туралы баяндады. Құрылысты түркиялық компания жүргізетін болады. Жоба құны – 8 миллиард теңге. Полигонның қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау қуаттылығы – жылына 300 мың тонна. Сұрыптау цехының жылдық өнімділігі – 75 мың тонна. Әкімдік мәліметінше, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы Семейден 16 шақырым жерде екі ай бұрын басталды. 100 гектар аумақта әкімшілік-тұрмыстық корпус, сұрыптау ғимараты және басқа да құрылыстардың іргетасы қаланып жатыр. Нысанды толық аяқтау және пайдалануға беру 2027 жылдың II тоқсанына жоспарланған. Аймақ басшысы құрылыс алаңын көріп, мердігерлерге жұмысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. "Бұл жобаның Семей қаласы үшін маңызы зор. Жаңа полигон іске қосылғаннан кейін облыс орталығындағы қалдықтарды басқару жүйесі жаңарып, экологиялық ахуал айтарлықтай жақсарады", - деді облыс әкімі. Айта кетейік, биылғы тамыз айының аяғында аймақ басшысы Берік Уәли мен түрік компаниясының президенті өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Меморандум аясында Семей қаласындағы бірнеше көшелерге темір жол үсті көпірлерін салу, "Мәңгілік Ел" көшесі мен Бейбітшілік аралын жалғайтын жаяу жүргінші көпірін тұрғызу, Мақаншы және Аягөз аудандарында кәріз-тазарту нысандарын, Семей қаласында қоқыс полигонын, Құнанбай көшесінен Шығыс кентіне дейінгі бағытта автокөлік және жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу, Семейдегі аспалы көпірді қайта жаңғырту, жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта заманауи әкімшілік ғимараттар салу сынды бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланған. 1969 жылы құрылған компания Түркияда және шет елдерде халықаралық әуежайлар, қуатты жылу электр орталықтары, Түркия, ТМД елдері, Еуропа және Африка аумағындағы автомобиль жолдары, тоннельдер мен көпірлер, метро, теміржол жүйелері, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, әкімшілік ғимараттар, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар сияқты ірі жобаларды жүзеге асырған.
Жамбыл облысында қойшы қалың тұманда үш күн бойы адасып жүрген Жамбыл облысында полицейлер қалың тұманда адасқан қойшыны іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қойшы екі күн бұрын адасып кеткен. Хабарлама түскен сәтте полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын бірден бастаған. Тұрғын 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде табылған. 700 қой да сол жерде болған. "Түнде тоңып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әлсіреп қалдым. Мені тапқан полиция қызметкерлері жағдайымды көріп, бірден жылы орынға апарып, айран мен нан берді. Алғысым шексіз", — деді тұрғын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада автобустағы күтпеген оқиға видеоға түсіп қалды Астанада қоғамдық көлікте газ баллонын қолданған жолаушы ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаменті мәліметіне сілтеме жасап. Оқиға автобус салонында болған. Екі таныс арасында жанжал шығып, 18 жастағы жолаушы салоннан шығып бара жатқан досына қарай газ шашқан. Газдың әсерінен жолаушылар жөтеліп, тыныстары тарылған. Автобус жүргізушісі бірден көлікті тоқтатып, салонды желдетіп, полиция шақырған. Жолаушылардың ешқайсына медициналық көмек қажет болмағаны айтылды. Полиция құқықбұзушының жеке басын анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған. "Қажет болмаған жағдайда газ баллондары немесе өзге де арнайы құралдарды қоғамдық орындарда қолдану, айналадағы адамдардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Мұндай құрылғыларды жабық кеңістікте пайдалану қауіпті. Азаматтарды арнайы құралдар және өзге де қауіпті заттарды қолданғанда абай болуға шақырамыз", - делінген ведомство хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жеңілдетілген салық режимі төңірегіндегі дау: тізім бекітілді Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режиміне рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжатта 40 қызмет түрі қамтылған: мал шаруашылығын дамытуға бағытталған қызмет; музыкалық аспаптарды жасау; сылақ жұмыстары; ағаш ұстасы жұмыстары; еден төсеу және қабырға қаптау; сырлау және әйнек жұмыстары; желі маркетингі арқылы бөлшек сауда; такси қызметі; өзге де пошта және курьер қызметтері; дайын тамақты жеткізу; өз меншігіндегі немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару; фотоқызмет; ауызша және жазбаша аударма қызметі; ветеринария қызметі; жеке қолдануға арналған, тұрмыстық мақсаттағы басқа бұйымдарды жалға беру және лизинг; тұрғын үйлерді тазалау; коммерциялық қызмет бойынша көмектесу; спорт және демалыс саласындағы білім беру; мәдениет саласындағы білім беру; өзге де білім беру қызметтері (басқа санаттарға кірмейтін); көркем және әдеби шығармашылық; компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу; байланыс құралдарын жөндеу; электрон тұрмыстық техниканы жөндеу; тұрмыстық құрал-жабдықтарды, үй және бақша жабдықтарын жөндеу; аяқ киім жөндеу; табиғи және жасанды былғарыдан жасалған галантерея өнімдерін жөндеу; жиһаз және интерьер бұйымдарын жөндеу; қолсағаттар мен басқа да сағаттарды жөндеу; зергерлік бұйымдарды жөндеу; тоқыма және трикотаж бұйымдарын ретке келтіру; тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма өнімдерін ретке келтіру; тері бұйымдарын ретке келтіру; музыкалық аспаптарды жөндеу; кілемдерді ретке келтіру; велосипед жөндеу; жеке қолдануға арналған және тұрмыстық басқа да тауарларды жөндеу (басқа санаттарға кірмейтін); шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері; үй шаруашылықтарының үй қызметкерлерін жалдауы; үй шаруашылықтарының өз қажеті үшін тауар өндіруі. Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Еске салайық, бұған дейін де вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша қандай қызмет түрлері арнайы салық режимі шеңберінде жұмыс істей алатынын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктердің айтуынша, антициклон негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Тек Қазақстанның солтүстігі мен шығысында фронталь бөліктердің өтуіне байланысты кейбір аудандарда жаңбыр мен қар жауады. "Алайда антициклон суық ауа массаларымен толыққандықтан, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. 29 қарашада түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы минус 8–13 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында минус 2–7 градусқа дейін төмендейді", – деді синоптиктер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр Алматыда заңсыз ірі нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот шешіміне сәйкес Таугүл-3 шағынауданы Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді. "Нысанның иесі, яғни жеке тұлға құрылысты рұқсатсыз жүргiзген. Басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқау берілді", - деп жазылған әкімдік хабарламасында. Суреттер: Алматы әкімдігі Бұл іс сотқа жолданған. 2025 жылы 20 қарашада Әуезов аудандық сотының шешімімен Қала құрылысын бақылау басқармасының талаптары қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау мақсатында нысанды меншік иесі өзі бұза бастаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана тұрғындарын белгісіз қатты дыбыс шошытты Астана тұрғындарын қатты дыбыс шошытты. Бұл дыбыс тіпті 17-қабаттағы пәтерлерде анық естілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, далада бұл дыбыс одан да қатты естілген. Кейін Шұбар тұрғын үй алабында газ құбырын үрлеу процесі жүргізілгені анықталды. Астана әкімдігі мәліметінше, мұндай дыбыстың шығуы қалыпты. "Газ құбырын толық тазарту үшін оны қысыммен тексеру және үрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар құрылыс нормалары мен талаптарына толық сәйкес орындалады және газ жүйелерін іске қосу кезіндегі міндетті технологиялық процесс саналады. Мұның бәрі газ құбырының кейінгі қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етеді", – делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Дикий Арман ісіне қатысты апелляция: сот шешімін жариялады Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша апелляция аяқталды. Бұған дейін бұл іс бойынша Арман Жұмагелдиев сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Апелляция шешімі 26 қарашада Алматы қалалық сотының апелляция алқасы істің негізгі қатысушыларына қатысты бірінші сатыдағы сот үкімдерін өзгеріссіз қалдырды. Дикий Арманға қатысты іс Еске салайық, 2025 жылы Алматыда Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды. ©️ Tengrinews.kz 27 қаңтарда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша сот шешімі шықты. Осылайша, Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының басшылары мен қарулы тобының мүшелеріне, ҰҚК-нің 5-департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Руслан Ысқақов/Ақбота Сіләм facebook.com/KudaibergenKairat Сот үкімімен Арман Жұмагелдиев ҚР ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі, 268-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 2-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі, 125-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы, 126-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында хабар-ошарсыз кеткен әйел іздестіріліп жатыр Алматы облысында хабар-ошарсыз кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Оған қатысты ақпарат Lider.kz еріктілерінің Instagram парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бекбергенова Әсем Мұратқызы, 1984 жылы туған. Ол 3 қазанда Іле ауданындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. Қайда екені әлі күнге дейін белгісіз. Белгілері: бойы 160–165 см, дене бітімі орташа, шашы иығынан төмен, көзі қоңыр. Киімі: ақ хиджаб, қара күртеше, қара шалбар, ақ аяқкиімде. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Волонтёры "LIDER.KZ" Алматы и Алматинской области (@volontery_lider.kz_almobl) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбе облысында шекарадан заңсыз өтпек болған он шетелдік ұсталды 23 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының "Жайсаң" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдары арасында жасырынған 10 шетелдік азаматты анықтаған. Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша соталды тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жанармай ұрлау схемасы әшкереленді Қарашада Ақтөбе облысында полицейлер мұнай өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлау және тасымалдаумен айналысқан адамдар тобының әрекетін әшкереледі. Екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. "Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінтулер барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, сондай-ақ атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді", - делінген хабарламада. Басқа қылмыстық іс шеңберінде шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексеріліп жатқаны айтылды. Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 миллиард теңге болатын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған. Қазанда мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде көрші мемлекетке осы компанияға тиесілі 300 тонна жанармай алып бара жатқан төрт вагон анықталған. Анықталған барлық дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "26 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Павлодар қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жетісу облысында жер сілкінісі болды Жетісу облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 26 қараша Астана уақытымен 7 сағат 15 минутта жер сілкінісін тіркеді. "Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан. Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 2 балл сезілген", - делінген хабарламада. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Неге аллергияны қазір емдеу керек? Ғылыми деректерге сәйкес, жер шарындағы тұрғындардың 40 пайызына дейін әртүрлі аллергиялық аурудан зардап шегеді, бұл әр үшінші адам деген сөз. Маусымдық реакция, мұрын бітелуі, көздің қышуы және демікпе ұстамасы көп адам үшін күнделікті өмірдегі үйреншікті жағдайға айналған. Ағзаға қалай көмектесуге болады және неге аллергияны емдеудің ең қолайлы уақыты қыс мезгілі? Бұл туралы толығырақ Алматыдағы "Аллергомед" клиникасының мамандары айтып берді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, халықтың шамамен 20 пайызында аллергия бар. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, нақты жағдайлар әлдеқайда көп. "Көп жағдайда пациент арнайы мамандарға бармай, жылдар бойы диагноз қойылмаған аллергиямен жүреді, маусымның өтуін "күтіп" өмір сүреді", - дейді "Бурли" ЖШС-інің Қазақстан бойынша өңірлік менеджері Динара Тұмар. Медицина мекемесінің түсіндіруі бойынша, аллергияны аллергендер әсері жоқ кезде емдеген дұрыс. Сондықтан суық мезгіл ең қолайлы уақыт саналады: бұл кезде иммундық жүйе тынышталады, ал дәрігерлер симптомдардың өршіп тұрған кезін емес, аурудың өзін бақылап, қарай алады. "Суық кезең - аллергиялық ауруларды емдеудің ең қолайлы уақыты. Осы уақытта ағзада шамадан тыс жүктеме болмайды, ал біз иммундық жүйені аллергенді қауіп ретінде қабылдамауға "үйретеміз". Көктемде кеш болады: симптомдар өршіп кетеді де, барлық күш оларды басуға жұмсалады", - деп толықтырды Динара Тұмар. Сондықтан "Аллергомед" аллерген-спецификалық иммунотерапияға (АСИТ) ерекше мән береді. Бұл - аллергия себептерін жоюға бағытталған, тек уақытша жеңілдік бермей, аллергияның механизмін өзгертетін әлемде мойындалған әдістердің бірі. АСИТ кезінде пациентке қоздырғыш аллергеннің микродозалары беріледі, уақыт өте келе оған деген сезімталдық төмендейді. Клиникада отандық өндірушінің өнімі - "Антиполлин" қолданылады. Ол Қазақстанға тән аймақтық аллергендер негізінде жасалған және Еуропа мен Азия елдеріне экспортталады. Мамандардың айтуынша, препарат құрамын жергілікті климаттық жағдайларға бейімдеу емнің тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. "Көп адам аллергияны елемей, "көктемде түшкіру" ғана деп ойлайды. Бірақ ол қауіпті қате. Емделмеген жағдайда аллергия асқынып, бронхиалды астмаға әкелуі мүмкін. Емді неғұрлым ерте бастаса, организм реакциясын өзгертіп, асқынулардан сақтану мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады", - дейді клиника басшысы Сафия Файзуллина. Ол "Аллергомед" (лицензиясы № 24033966, 28.11.2024 жылдан бастап) 15 жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқанын және тек аллергиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге маманданатынын атап өтті. Мұнда толық цикл жүргізіледі: себептерді анықтаудан бастап, жеке ем жасауға дейін. Маңызды: "Антиполлин" - биологиялық белсенді тағамдық қоспа. Дәрілік зат болып саналмайды. Аллергиялық реакцияларды маусымалдық алдын алу үшін арналған. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен: СГР № KZ.16.01.97.003.E.004684.07.15, 31.07.2015 жылдан бастап. Өндіруші: "Бурли" ЖШС, Қазақстан, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 22. Қарсы көрсетілімдер бар. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңесу қажет. Фото: "Аллергомед" клиникасы.
Тоқаев Головкинді қабылдап, орденмен марапаттады Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады. "Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген жарқын жеңіске толы. Оған күш-қуат, рух, табандылық, ішкі тәртіп секілді қасиеттеріңіз арқылы жеттіңіз. Бұл елімізде ғана емес, шет мемлекеттердегі миллиондаған жастың жігерін жаниды. Есіміңіз әлемдік бокс тарихына алтын әріппен жазылғанына еш күмән жоқ", – деді Президент. Мемлекет басшысы танымал спортшының Ұлттық олимпиада комитетіндегі қызметіне жоғары баға берді. "Сіздің басқару саласындағы жетістіктеріңізді айрықша атап өткім келеді. Спорттағы еңбегіңізді ескере отырып, Сізді Ұлттық олимпиада комитеті президенттігіне үміткер ретінде ұсындым. Ұлттық спорт федерацияларының барлығымен байланыс орнатып, аз уақытта көп іс тындырғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Халықаралық Олимпиада комитетімен ынтымақтастықты жолға қойдыңыз", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинге World Boxing халықаралық федерациясының президенті ретінде көптеген мәселенің шешімін табуы қажет екенін айтты. "Бүгінде спорттық мансабыңыздағы жаңа кезеңге аяқ бастыңыз. World Boxing федерациясының президенті болып сайландыңыз. Жұмыс енді ғана басталды. Алдыңызда атқаратын қыруар шаруа тұр. Сондай-ақ Сіздің жаһандық деңгейдегі спорттық құрылымды басқарып отырған алғашқы қазақстандық екеніңізді айта кету керек. Кәсіби біліктілігіңіз ұйымды жаңа белеске көтеріп, бокс көкжиегін кеңейтетініне сенімдімін", – деді Президент. Мемлекет басшысы отандық спортты дамытуға сіңірген елеулі еңбегі үшін Геннадий Головкинді І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады. Геннадий Головкин еңбегін жоғары бағалағаны, сенім артып, қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ боксты одан әрі дамытуға, осы спорт түрінің еліміздегі және халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға дайын екенін жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылордада 1500 орындық “Келешек мектебі“ ашылды Қызылорда қаласындағы СПМК-70 шағын ауданында 1500 орындық "Келешек мектебінің" ашылу рәсімі өтті. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты. Аймақ басшысы қала тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін айтты. "Президентіміз "Баланың бәрі бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. "Келешек мектептері" жобасының негізгі мақсаты да – осы", деген болатын. Бәсекеге қабілетті, заманның жаңа шақыртуларына дайын, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу – мемлекет алдындағы стратегиялық маңызды мәселе. Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен білім саласында ауқымды жобалармен тың бастамалар жүзеге асуда. Аймағымыздың білім беру саласына соңғы үш жылда 812 миллиард 245 миллион теңге, биыл 346 миллиард 800 миллион теңге бөлінді. Өткен жылы 31 миллиард 800 миллион теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды. Баршаңызды жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын! Бұл – жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын озат оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау. Жаңа мектеп әрбір оқушының асыл арманын оятатын, биік мақсатқа жетелейтін ізгі орын болсын! Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыздың қатары көбейсін!", – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Қызылорда облысында "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында 54 миллиард 391 миллион теңгеге10 жаңа мектеп салынды. 2023 жылдан бері 5 миллиард 700 миллион теңгеге 9 мектептің жанынан қосымша ғимарат бой көтерді. Бұл арқылы өңірдегі үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты. ​Әкімдік мәліметінше, салтанатты шарада білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаз қауымы мен "Келешек мектебін" сапалы етіп салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Мұрат Бақтиярұлы рәсімге қатысушыларды құттықтап, ізгі тілек білдірді.
Биыл Абай облысына 500-ге жуық адам көшіп келді 2025 жылға арналған ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде Абай облысына 499 адамға квота бекітілген. Оның 244-і қандастар, 255-і жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар. Облыстағы 331 елді мекеннің 316-сы қабылдау аумағы ретінде айқындалған. Бүгінгі таңда өңірге 419 адам қоныстанды. Оның 198-і қандастар, 221-і ішкі қоныс аударушылар. Ішкі миграция бойынша облысқа негізінен Астана қаласы, Түркістан, Жетісу және Алматы облыстарынан азаматтар қоныс аударуда. Қандастар Моңғолия, Қытай және Өзбекстан елдерінен көшіп келіп жатыр. Бағдарлама аясында келушілерге жалпы 226 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша отағасына және отбасы мүшелерінің әрқайсына 70 АЕК көлемінде бір реттік көмек, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді өтеу үшін 15-30 АЕК көлемінде төлемдер, тұрғын үй сатып алуға 50% мөлшерінде, бірақ 1160 АЕК-тен аспайтын көлемде сертификат беру қарастырылған. Қоныс аударушылар мен қандастар қажет болған жағдайда қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберіліп, жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіледі. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 95 адам жұмыспен қамтылды. "Еңбек ұтқырлығын арттыру мақсатында ақпараттық жұмыстарды күшейту жөніндегі Жол картасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама аясында Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкент, Алматы және Астана қалаларында қоныс аудару жәрмеңкелері өткізілді", - дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек. 2023 жылы көші-қон саясатын іске асыру шеңберінде Семей қаласында бейімдеу және интеграция орталығы ашылды. Орталық қоныс аударушылардың жаңа ортаға бейімделуіне жәрдемдеседі. Оның ішінде қандастарға қазақ тілі мен жазуды оқытатын арнайы бағдарламалар қарастырылған.
Тоқаев пен Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовтің қазақ жеріне мемлекеттік сапарының мәні айрықша деп санайтынын, Түрікменстан – Қазақстан үшін маңызды әрі сенімді серіктес, бауырлас ел екенін атап өтті. "Қос халықты шынайы достық, ортақ тарих пен рухани-мәдени құндылықтар біріктіреді. Осындай мызғымас тұғыры бар қарым-қатынасымыз стратегиялық әріптестік рухында қарқынды дамып жатыр. Екі ел арасында жоғары деңгейдегі саяси диалог қалыптасты. Сауда-экономика саласындағы байланыс жылдан жылға күшейіп келеді. Мәдени-гуманитарлық бағыттағы ықпалдастық нығая түсті. Біз аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге белсене атсалысып келеміз", – деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен бауырлас түрікмен халқын Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтады. "Бейтарап саясат жүргізу Түрікменстанның халықаралық аренадағы беделін биіктетіп, бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік қағидаттарына бейіл екенін көрсетті", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанадағы стоматологияда үш жасар қыз қайтыс болған: қайғылы оқиғаның егжей-тегжейі айтылды Астанада жеке стоматологияда көз жұмған 3 жастағы қыздың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сараптама қорытындысы баланың өліміне оттегі жетіспеушілігінен мидың ісінуі себеп болғанын көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Қайғылы жағдай 2024 жылы 30 қазанда болған. Әкесі қызының 3,5 сағатта жалпы наркоздан кейін оянбағанын айтады. Алайда процедура 3 сағатқа жоспарланған. Әкесі дәрігерлер 18 тісті бірден емдемек болғанын айтты. Кім сотталып жатыр? Бұл іс бойынша тек анестезиолог жауапқа тартылып жатыр. Стоматолог сотқа шақырылмаған. Анестезиологқа ҚР ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылған. Ол төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін, сонымен қатар үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуы мүмкін. Сараптама нені көрсетті? Прокурор сотта медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сараптама қорытындысын оқып берді. Құжаттарда бірқатар заңбұзушылық анықталған: стоматологиялық карта болмаған; келісім құжаты дұрыс толтырылмаған; консультациялар мен диагноздар толық көрсетілмеген; видеожазбамен сәйкес келмейтін деректер бар: кетотифен, супрастин, кальций сияқты препараттар енгізілген, бірақ құжаттарда жазылмаған. Сараптама анестезиологтың балада қарсы көрсетілімдер болғанына қарамастан наркоз жасағанын анықтады: тромбоциттер мен электролиттер төмен, педиатрдың рұқсаты жоқ, қажетті тексерулер жүргізілмеген. Қорытындыға сәйкес, анестезия басталған сәттен бастап науқастың жағдайы күрт нашарлаған уақытқа дейін капнография мүлде жүргізілмеген. Сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясының протоколы - ондағы уақыт, ұзақтығы және енгізілген препараттардың мөлшері құжаттарға тіркелмеген. Артериялық қысым да өлшенбеген. Баланың жағдайы нашарлағаннан кейін сарапшылар бірнеше ауыр заңбұзушылық жасалғанын анықтаған. Прокурордың айтуынша, анестезиолог баланың жағдайы қиындай бастаған кезде наркозды керісінше тереңдете берген. 13:55-де анестетик беру тоқтатылғанымен, сол сәтте баланың қысымы 80-ге дейін төмендеген. Алайда 13:58-де дәрігер анестетиктің мөлшерін қайтадан 8 пайызға дейін көбейтіп, баланы тереңірек наркозға енгізген. Бұдан бөлек, кардиомониторинг наркоз кезінде де, баланың жағдайы нашарлағаннан кейін де жүргізілмегені айтылды. Сондай-ақ прокурордың сөзінше, жағдай ушыққан кезде жүрек қызметін ынталандыру мақсатында адреналин 0,1 мг дозада енгізілген, алайда бұл мөлшер балаларға арналған жас нормасына сәйкес келмейді. Қыздың өліміне не себеп болған? Сараптамаға сәйкес, өлім тіндік гипоксиядан (оттегі жетіспеушілігі) басталып, мидың ауыр ісінуіне әкелген. Бұл жағдай наркоз, өкпенің жасанды желдетілуі, екі жақты пневмония және жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің үйлесуімен күрделене түскен. Сот әлі жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Бердімұхамедов Бірлескен мәлімдемеге қол қойды Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Бірлескен мәлімдемеге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасты: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында мәдени-гуманитарлық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түрікменстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында зейнетақымен қамтамасыз ету саласы бойынша ақпараттық ықпалдастық туралы келісім; 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Түрікменстанның Әділет министрлігі арасында құқықтық саладағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Астық дақылдары ғылыми-зерттеу институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 7. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары; 8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Түрікменстанның Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2026-2027 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспары; 9. Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы әкімдігі мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты әкімшілігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 10. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Түрікменстанның Ғылым академиясы арасында ғылым саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум; 11. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК мен Түрікменстанның Телевизия, радио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында ақпараттық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Түрікменстан президентін “Алтын Қыран“ орденімен марапаттады Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жаңа тұрпаттағы беделді саяси қайраткер, Түрікменстанның мемлекеттілігін, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық аренадағы орнын дәйекті түрде нығайтып келе жатқан прогрессивті, мықты көшбасшы ретіндегі рөлін атап өтті. "Сіз түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы, аса құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердімұхамедовтің келешекке арналған стратегиялық бағдарын сенімді түрде жалғастырып келесіз. Сіздің салиқалы басшылығыңызбен Түрікменстан экономикасы керемет қарқынмен дамуда. Еліңізде өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңғырып жатыр. Энергетикалық әлеуетті нығайту және технологиялық трансформация бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Баянды бастамаларыңыздың арқасында бауырлас Түрікменстанда ірі әлеуметтік жобалар жоспарлы түрде жүзеге асырылып, ғылым-білім саласы соны серпін алып, халықтың әл-ауқаты жақсара түсті. Бұл жетістіктің бәрі шынайы құрметке және жоғары бағаға лайық", – деді Президент. Мемлекет басшысы Ашхабадтың дипломатия, бейбітшілік пен тұрақтылық мекені ретіндегі халықаралық беделі мен мәртебесін арттыру жолындағы Түрікменстан басшылығының күш-жігеріне ерекше тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Түрікменстанның 2025 жылды Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы деп жариялау туралы бастамасын БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауы елдің жауапты әрі белсенді ұстанымын көрсетеді. Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің бауырлас елдер арасындағы достықты, өзара түсіністік пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берді. "Қазақ-түрікмен қарым-қатынасының келешегі жарқын екеніне сенімдімін. Бүгінгі келіссөздер қорытындысы осыған айқын дәлел. Қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылуы көп жоспарлы серіктестігімізге тың серпін беріп, қазақ-түрікмен ынтымақтастығының жылнамасындағы жаңа кезеңге жол ашатынына күмән жоқ", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-логистикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды. Энергетика, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, IT, білім беру және медицина салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға баса назар аударылды. "Қазақ пен түрікмен – ежелден достығы жарасқан туыс халықтар. Біздің тарихымыз және мақсат-мұратымыз – ортақ, мәдени-рухани құндылықтарымыз – бір. Біз Түрікменстанмен ынтымақтастықты тату көршілік және өзара қолдау рухында барынша нығайтуға айрықша мән береміз. Жарқын болашаққа бірге қадам басу үшін күш жұмылдырамыз. Бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін стратегиялық серіктестікті нығайта түсеміз. Мен бұған кәміл сенемін", – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті екі ел арасында барлық деңгейде белсенді әрі табысты байланыс орнағанын атап өтті. Үкіметтеріміз жүйелі жұмыс жүргізіп, ведомствоаралық байланыс нығайып келеді. Елдеріміз көпжақты құрылымдар аясында нәтижелі қарым-қатынас жасайды. Мемлекет басшысының айтуынша, Астана мен Ашхабадтың өңірлік, халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша көзқарастары мен ұстанымдары ұқсас. Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер барысында сауда-экономикалық ықпалдастыққа айрықша назар аударды. Соңғы 5 жылда өзара сауда көлемі 4 еседен асып, жарты миллиард долларға дейін ұлғайды. Қазақстанда түрікмен капиталы бар 140-қа жуық компания табысты жұмыс істейді. Осы арқылы аталған кәсіпорындар экономикалық байланысты нығайтуға зор үлес қосып келеді. Қазақстанның Түрікменстанға құйған инвестициясы 120 миллион доллардан асты. Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыстың даму қарқынына тоқталды. Президент екі елдің мәдениет күндерін алма-кезек өткізу, көрнекті қайраткерлердің ескерткіштерін ашу шаралары қос халықтың мәдени-рухани мұрасына айтарлықтай үлес қосады деп санайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Түрікменстан президентімен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елді ғасырлардан жалғасып келе жатқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет біріктіретінін айтты. "Құрметті Президент Сердар Гурбангулыевич, Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен қош келдіңіз! Еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес, бауырлас мемлекет, ең жақын шекаралас көрші санайды. Бізді ғасырлардан жалғасып келе жатқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасындағы сауда-саттық, экономикалық ықпалдастықтың басқа да түрлері және мәдени-гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді. Екі ел серіктестігінің ауқымы мен сапасына көңіліміз толады деп айтуға негіз бар. Бұл ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Дегенмен алға қадам басу қажет. Күн тәртібінде өте маңызды мәселелер тұр. Бүгін олардың шешімін бірлесіп табамыз деп ойлаймын", – деді Қазақстан Президенті. Сердар Бердімұхамедов Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді. "Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, ең алдымен, Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаныңызға ризашылық білдіремін. Қазақ жерінде көрсеткен қонақжайлығыңыз бен сый-құрметіңіз үшін Өзімнің және делегация атынан алғыс айтамын. Сондай-ақ Сізге түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы, құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізуге рұқсат етіңіз. Бүгінде Түрікменстан мен Қазақстанның қарым-қатынасы достық, бауырластық және тату көршілік қағидаттары негізінде дамып келеді. Өзара ықпалдастығымыз саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтиды", – деді Түрікменстан Президенті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстау облысы ПД бастығы мен оның орынбасарлары ҰҚТ құрды деп айыпталды: Ақтауға комиссия барды Ақтауға тексеру жүргізу үшін ІІМ комиссиясы барды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген ақпарат тараған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. Комиссияның келгені туралы ақпаратты өңірлік полиция растады. "Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов өз бастамасымен ІІМ мен тиісті органдарға интернетте тараған аноним хаттағы мәліметтерге байланысты тексеру жүргізу туралы өтініш жолдады. Департамент басшысы процестің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тексеріске мәслихат пен қоғам өкілдерін тартуды ұсынды", - деп хабарлады Маңғыстау ПД. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Маңғыстау полициясы басшысы мен оның орынбасарларын ҰҚТ құрды деп айыптаған ұжымдық хат тараған еді. Полиция сол кезде Tengrinews.kz сұрауына бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақордада Бердімұхамедовті қарсы алу рәсімі өтті Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алу рәсімі өтті. Қонақты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тәуелсіздік күні: қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады? 2025 жылдың соңғы айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалады, ал жаңа 2026 жылдың алғашқы айында тағы 12 күн демалыс болады. Tengri Life ыңғайлы күнтізбе дайындады. Қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады? Желтоқсанда қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс болады. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбіге түседі, сондықтан аптаның ортасында қысқа үзіліс болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де Тәуелсіздік күні демалыс болады. Ал 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді. Қазақстандықтар 2026 жылы қаңтарда қалай демалады? Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 2026 жылғы қаңтардағы демалыс күндерінің кестесі: Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - Жаңа жылға арналған мерекелік күндер; 3 және 4 қаңтар - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар (сәрсенбі) - Рождество - демалыс күні. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - мерекелік күндер; 3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні; 4 қаңтар (жексенбі) - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество). Еңбек министрлігі 2025 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы қаңтарда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайтынын нақтылады.
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынын алты адам қаза тапты Алматы – Бішкек тасжолында жол апатынан алты адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жантүршігерлік оқиға 24 қарашада Алматы облысында, тасжолдың 65-шақырымында болған. Облыстық полиция мәліметінше, Audi жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota автокөлігімен соқтығысқан. "Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, медициналық мекемеде көз жұмған. Сонымен қатар, бес жолаушы түрлі жарақат алып, дәрігерлердің бақылауында", – делінген Алматы облыстық Полиция департаменті хабарламасында. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Элиталық эскорт“ желісі: жеңгетай Айка жазасын кейін өтейтін болды "Элиталық эскорт" желісі бойынша айыпталып, 2024 жылы 6,6 жылға бас бостандығынан айырылған блогер Айканың жазасын өтеу мерзімі екі жылға кейінге қалдырылды. Ол осы кезеңде пробациялық бақылауда болады, содан кейін жазасының қалған бөлігін өтейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Абай облысы Жарма ауданының соты сотталған М-нің (Айка) жазаны кейінге қалдыру туралы өтінішін қарады. Себебі, кішкентай баласының болуы. 2024 жылғы 21 мамырда сот Айканы мүлкі тәркілене отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, орташа қауіпсіздік мекемесіне жіберген. Заң бойынша белгіленген мерзімнің бір бөлігін өтегеннен кейін ол қалған жазаны жеңілірек жазаға ауыстыру туралы өтініш берген, бірақ 2025 жылғы 31 шілдеде Жарма аудандық соты бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан. Қылмыстық кодекстің 74-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін, яғни кішкентай балалары бар әйелдерге жазаны кейінге қалдыруға мүмкіндік беретін норма бойынша, оның адвокаты қалған жазаны кейінге шегеру туралы сотқа қайта өтініш түсірген. Өтінішті қарау барысында Айканың қорғаушысы, №23 мекеме өкілі және прокурор бұл өтінішті қолдаған. Сот мәліметінше, Айканың 2020 жылы туған баласы бар. Сот оның жазаны кейінге қалдыру туралы өтінішін қанағаттандырған. "Баланың мүддесін, сондай-ақ қылмыстың сипаты мен ауырлығын ескере отырып, сот жазаны кейінге қалдыру керек деген шешімге келді. Жазаның өтелмеген бөлігін орындау екі жылға кейінге қалдырылды", - делінген сот жауабында. Осы екі жыл ішінде әйел тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда болады. Еске салайық, 2024 жылғы 21 мамырда, Алматының Әуезов аудандық соты блогерді аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ жеңгетайлық жасау деректері бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Барлық бағытқа “қызыл“: Астанада бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертілді Астанада жеті көше қиылысында бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өзгеріс енгізілген светофорлар тізімі: Керей, Жәнібек хандар – Әл-Фараби; Рысқұлов – Мәңгілік ел; Сұлтан Бейбарыс (№106 мектеп маңы); Құсмұрын – Қайнар (№68 мектеп маңы); Қараменде би Шақаұлы – Земляничная; Тәуелсіздік – Қошқарбаев; Тәуелсіздік – Байтұрсынов. Полиция мәліметінше, осы қиылыстарда енді барлық бағыт үшін бағдаршамның қызыл түсі 4 секундқа бір мезетте жанады. Бұл маневрді қауіпсіз аяқтап, қиылыстан толық шығуға мүмкіндік береді. Жүргізілген талдауға сәйкес, бағдаршамдарың жұмыс режимін түзеткеннен кейін жол-көлік оқиғалары азайған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның 6 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады Қазақстанның алты қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "25 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Балқаш қалаларында, түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңа заңға қол қойды Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Заң зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейту мақсатында әзірленді және бірқатар шара қабылдауды қарастырады. Соның ішінде: көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған шығармаларды авторлардың рұқсатынсыз және оларға сыйақы төлемей-ақ көпшілік алдында орындауына, таратуына, жалпыға жеткізуіне мүмкіндік беру; тауар белгілерін тездетіп тіркеуді енгізу. Қазір тіркеу 7 ай ішінде жүргізіледі. Заң ақылы түрде тіркеу тетігін енгізуде, соның нәтижесінде уақыт 4 айға дейін қысқарады. Бұл тауар белгілерінің иелеріне өз тауарларын нарыққа тезірек шығаруына жағдай жасайды; тауар белгісін тіркеуге қатысты шағымдану мерзімін ұлғайту. Қазіргі уақытта шағымдану мерзімі – 1 ай. Заң бұл мерзімді 2 айға ұлғайтпақ. авторлар мен құқық иелерінің шағымы бойынша авторлық және сабақтас құқық объектілерін қолдануды әділет органдарының жоспардан тыс тексеруі арқылы мемлекеттік бақылау енгізу көзделген; ұжымдық құқықтық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформа енгізілмек. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Нұр-Мұқасан“ тобының төңірегінде дау туды: Ғалымжан Сүлеймен соққыға жығылғанын айтты "Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын айтты. Полиция осы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция пікірі Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. "22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан М. және өзге де бірнеше адамның оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арыз түсті. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған полицияның Massaget.kz-ке жауабында. Полиця тергеу нәтижелері бойынша ҚР заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді. Әншінің жағдайы Заңгер Инга Иманбайдың айтуынша, Ғалымжан Сүлейменге ота жасалады. "Оның қазіргі жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер қолы сынғанын, мұрны сынғанын, беті қатты ісіп-көгергенін растады. Алдағы күндері мұрнына жарақаттан кейінгі күрделі ота жасалмақ", - деп жазды ол әлеуметтік желіде. Бұған дейінгі жағдай Еске салайық, бұған дейін Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тосын ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, даудың басы әннен басталған. Осы мәселе бойынша Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда ол жақта жағдай ушығып, бірнеше адаммен бірге жүрген Мұқасан Шахзадаев Ғалымжан Сүлейменге күш қолданғаны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Абай облысында агроөнеркәсіп кешеннің даму қарқыны артты Абай облысының басты ақпараттық алаңында облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов агроөнеркәсіптік кешеннің даму көрсеткіштері мен Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын баяндады. "Жалпы 10 айдағы ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 404,3 миллиард теңгені құрады. Көрсеткіштің негізгі бөлігін мал шаруашылығы тиесілі – 236 миллиард теңге. Нақты өсім мал шаруашылығында өткен жылмен салыстырғанда 105,2% жетті. Саланы қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдауға 15,1 миллиард теңге бөлінді. Алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге, ал саланың еңбек өнімділігін үш есеге арттыру – басты міндет", – деді Думан Оспанов. "Кең Дала" бағдарламасы аясында 202 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 9,5 миллиард теңге көлемінде 5% жеңілдікпен қаржы бөлінді. "Егін жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Дәнді-дақылдар, картоп, көкеніс бақша дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Майлы дақылдар жинау жұмыстары 97,8% аяқталып, 332,2 мың гектардан 502,3 мың тонна өнім бастырылды. Орташа өнімділік – 15,1 ц/га. Әртараптандыру шеңберінде дәнді дақылдар алаңы 12 мың гектарға қысқарып, майлы дақылдар 42,5 мың гектарға артты. Суармалы жерлерді дамыту жалғасуда. 113,4 мың гектардың ішінде 31,6 мың гектары игерілуде, су үнемдеу технологиялары 22,1 мың гектарда қолданылады. 2024–2028 жылдары 6 су қоймасы, 10 гидротехникалық нысан және 17 ирригациялық жүйе жаңғыртылады. Нәтижесінде қосымша 31 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіліп, 180 млн м³ су жинауға мүмкіндік туады", – деді спикер. Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту қарқыны тұрақты өсуде. 10 ай ішінде салаға 45,9 миллиард теңге инвестиция бағытталды. "Қазір өңірде бірқатар маңызды жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтсақ, Жанасемейде жылдық қуаты 11,4 мың тонна болатын ірі ет комбинаты салынуда, 2031 жылға дейін бордақы қуаттылықтарын 21 мыңнан 86,5 мың басқа дейін ұлғайту бағытында өндірістік бордақылау алаңдары салынады. Маканшы мен Үржарда майлы дақылдар мен құрама-жем өндіретін зауыттар, ал Семейде 8,2 миллиард теңгелік күнбағыс майын өндіру желісі іске қосылуда. Бұдан бөлек, ірі швейцариялық компаниямен бірлесіп 29 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жобасы әзірленіп жатыр (34 миллиард теңге). Сондай-ақ Семей қаласында 935 млн теңгеге тері өңдеу кәсіпорнын ашу жобасы қарастырылуда", - деді облыс әкімінің орынбасары. Облыста жер қорын тиімді пайдалану басты міндеттердің бірі. Өңірдің жалпы аумағы 18,5 млн гектар, оның 9,2 млн гектары – ауыл шаруашылығы жерлері. Ведомствоаралық жұмыс тобы пайдаланылмай жатқан 154,3 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды, бұл жоспардың 91 пайызын құрайды. "Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2026 жылдың ортасына дейін қайтарылған барлық ауыл шаруашылығы жерлері тұрақты айналымға енгізілуі тиіс. Облыс құрылғаннан бергі кезеңде 500 мыңнан астам гектар жер айналымға қосылды. Оның 300 мың гектары – конкурстар арқылы, 200 мың гектары – елді мекендерге берілді. Сондай-ақ, 2022–2025 жылдары мемлекетке қайтарылған 400 мыңнан астам гектар жерді айналымға енгізу жоспары бекітілді", – деп қорытындылады Думан Оспанов.
Тоқаев 26-27 қарашада Бішкекке барады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "26-27 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ЕGov-қа кіру әдістері өзгерді: нені білу керек? eGov.kz порталы мен қосымша сервистерінде жаңа авторизация әдісі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ электрондық үкімет порталы eGov.kz пен eOtinish сервисі, Smart Bridge платформасы, "Ашық үкімет" порталына жаңа авторизация әдісі енгізілгенін хабарлайды. Енді пайдаланушыларға бірнеше аутентификация нұсқасы қолжетімді: eGov QR – eGov Mobile мобильді қосымшасында QR кодты сканерлеу арқылы кіру; ЭЦҚ пайдаланып авторизациядан өту – растама SMS-код арқылы жүзеге асады; Логин мен пароль арқылы кіру – пайдаланушы ЖСН мен парольді енгізеді, ал жеке тұлғаны растау ЭЦҚ арқылы жүргізіледі. "Егер пайдаланушы eGov Mobile мобильді қосымшасын белсенді қолданса, авторизация үшін оған QR кодты сканерлеу функциясы - eGov QR ұсынылады", - делінген хабарламада. Логин (ЖСН) мен парольді пайдаланып авторизациядан өтудің жаңа механизмі мобильді оператор желісінің қолжетімсіз аймақтарында ыңғайлы. Бұл жағдайда жеке тұлғаны SMS-код арқылы растау қажет емес. Пайдаланушыға парольді ұмытып қалса, оны қалпына келтіру мүмкіндігі де берілген. Жүйе пайдаланушыға қолжетімді деректерді автоматты түрде анықтап, тиісті енгізу өрістерін ұсынады. Сәтті тексеруден кейін ақпарат ЭЦҚ арқылы расталып, авторизация процесі аяқталып, жеке кабинетке қауіпсіз кіру қамтамасыз етіледі. ҰАТ мәліметінше, жаңа механизм қолданыстағы әдістерді толықтырып, порталдағы аутентификация нұсқаларын кеңейтеді. Жаңарту порталдың және оның құрамдас бөліктерінің электрондық мемлекеттік қызметтеріне қолжетімділікті қауіпсіз, ыңғайлы етіп, баламалы идентификация тәсілін ұсынуға бағытталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Түрікменстан президенті Бердімұхамедовті қарсы алды Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетеді ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов осы аптада қызметінен кетеді. 27 қарашада Бішкекте ұйымның жарғылық органдарының отырыстары өтеді, онда жаңа бас хатшының кандидатурасы қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚШҰ-ның ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап. "ҰҚШҰ сессиясында, 2026–2029 жылдарға арналған үш жылдық кезеңге ҰҚШҰ бас хатшысының кандидатурасын қарау жоспарланған. Сонымен қатар, 2026 жылы ұйымдағы Ресей Федерациясының алдағы төрағалығының басымдықтары жарияланады деп күтіледі", – делінген хабарламада. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) – бұл аймақтық халықаралық ұйым, бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін ұжымдық түрде қорғау мақсатында құрылған әскери-саяси одақ. ҰҚШҰ құрамына Армения (2024 жылдан бастап қатысуы "тоқтатылған"), Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ны 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері басқарып келеді. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қарашасында Ереванда қабылданған ҰҚШҰ шешімімен тағайындалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 24 қараша сағат 13:30-да ауа райының бұзылуына байланысты мына тасжолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады: "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1104-1191 шақырымы аралығы (Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейін); "Өскемен-Риддер- РФ шекарасы" автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін). Жолды 2025 жылғы 25 қараша сағат 21:30-да ашу жоспарланған. Кейін сағат 14:00-ден бастап барлық көлік қозғалысына шектеу енгізілгені айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Сенім грамоталарын: Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки; Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев; Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо; Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд; Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве; Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды. Президент Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел екеніне тоқталды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі. Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, "Заң және тәртіп" қағидатына негізделгенін айтты. Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Қазгидромет 25, 26 және 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарашаның аяғында еліміздің оңтүстігінде жылы әрі шуақты ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +13…+18°С болады. "Ал солтүстік өңір тұрғындарын жауын-шашын күтіп тұр. Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның солтүстік бөлігіне тез жылжып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, жел және көктайғақ әкеледі", – деді синоптиктер. Қазгидромет мәліметінше, солтүстік аймақтарда да температура біршама жылы болады: түнде 0…–5°С, күндіз 0…+5°С. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Полицияға арыз түсіріңіз“. Ұлттық банк ақша аударымдарына қатысты схеманы түсіндірді Ұлттық банк "қате аударымдарға" қатысты алаяқтық оқиғалар жиілеп кеткенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҰБ мәліметінше, көп таралған схемалардың бірі – ақша түскені туралы жалған хабарлама жіберу. Ондай кезде банк шотына түскен ақша сомасы туралы SMS-хабарлама келеді. "Кейін ол адамға қаскөйлер қоңырау шалып, өзін ақша аударған адам ретінде таныстырады да, "қателесіп аударыппын" деген сылтаумен түскен ақшаны кері қайтаруды сұрайды. Бірақ, көбіне мұндай хабарламалар жалған болып шығады", - делінген хабарламада. Осындай хабарлама немесе қоңырау келген кезде ақшаның қайдан түскенін банктің ресми мобильді қосымшасы немесе интернет-банкинг арқылы тексеріп алған абзал. Белгісіз нөмірден келген SMS-хабарламаға сақ болып, күдікті сілтемеге өтпеу керек. Алаяқтық схеманың тағы бір түрі бар. Ол жағдайда қаскөйлер белгілі бір азаматтың шотына шын ақша аударады. Кейін олар ақша аударған адам болып қоңырау шалып, "қателесіп аударғанын" айтады да, түскен ақшаны басқа шотқа аударуды сұрайды. Әңгіме кезінде психологиялық қысым (мысалы, ақша баланың еміне керек екенін айтып) көрсетуі немесе құқық қорғау органдарына, болмаса, сотқа шағымданатынын айтып, қорқытуы мүмкін. "Ұлттық банк осындай оқиғаға тап болған жағдайда немесе белгісіз біреулерден ақша түскенде үшінші тараптың шотына ақша аударудан сақ болуға шақырады. Өзге адамнан түскен ақшаны қайтару үшін дереу банкке хабарласқан дұрыс. Қажет болса, тиісті өтінішті тапсыру үшін банктің ең жақын бөлімшесіне бару керек", - дейді мамандар. Еске сала кетейік, Ұлттық Банк қызметкерлері аудио және видеоқоңырау шалмайды, жекетұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, түрлі инвестициялық қорлар мен қаржы өнімдерінеқаржы салымдарын ұсынбайды, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайды, халықпен де ақшалай есеп айырыспайды. "Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына арыз түсіруге кеңес береміз. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөміріне қоңырау шалып, Ұлттық банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда жүргізушілердің жол үстіндегі жанжалы күтпеген жағдаймен аяқталды Атырауда жол үстіндегі тосын жағдайға байланысты бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы 17 қарашада сағат 09:50 шамасында М.Баймұханов көшесі бойында Hyundai маркалы көліктің 24 жастағы жүргізушісі мен Toyota көлігінің 38 жастағы жүргізушісі бір-біріне жол бермей, келіспеушілік туындаған. Осылайша 38 жастағы жүргізушінің қолы сынған. Полиция пікірі "Hyundai жүргізушісі №2 қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобына жеткізілді. Оған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiкті басқару, міндетті сақтандыру шартын жасамауы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді Атырау облысы ПД өкілі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК төрт қалада арнайы операция жүргізді: видео ҰҚК биыл қарашада Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеудің болжамы бойынша, олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан. Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиеттер тәркіленді. "Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, 3 қарашада осындай қылмысы үшін терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Үкім заңды күшіне енді. Жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар “кооперативке“ миллиардтап ақша салған ҚМА Абай облысы бойынша департаменті тұтыну кооперативі түрінде жасырылған ELL QUATY қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарды HALYK QUATY кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендіріп, пайлық жарналарды енгізуді ұсынған. "Halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, "Әр отбасыға бақыт!" деген ұранды пайдаланып, "халық кооперативі" деген жалған бейне қалыптастырған. HALYK тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы ELL QUATY болып өзгертілген", - делінген хабарламада. Жаңа салымшыларды тарту үшін басшылық түрлі маркетингтік акциялар өткізген, соның ішінде "Солнечная Турция" туристік жолдамаларын ұтысқа қойған. "Қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы өз атына "QAZ INFO MARKET" ЖШС тіркеп, онда кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, салымшылардан түскен қаражатты шығарған. Алайда бұл қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген. Нәтижесінде пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы тартылып, олар жалпы 6,8 миллиард теңге қаржы құйған". Ұйымдастырушы қамауға алынғын. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты тепкен“: Қазнетте даулы видео тарады Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа көмектеспей, көшеде қалдырып кеткені" туралы видео тарап жатыр. Бұл жалған ақпарат болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық мәліметінше, видеодағы адамдар қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері емес. Киім үлгісінде мемлекеттік және ведомство белгілері жоқ. "Киімнің түсі мен үлгісі Қазақстанда қолданылатын бірыңғай стандартқа сәйкес келмейді. Роликтегі оқиға 2024 жылғы 11 наурызда Волгоград қаласында болғаны және сол уақытта ресейлік БАҚ-та жарияланғаны анықталды", - деп жазылған мәліметте. Орталық ақпаратына сүйенсек, бұрын болған және тергелген істі Қазақстанның жедел жәрдем қызметімен байланыстыру - азаматтарды әдейі жаңылыстыру үшін жасалатын әрекет. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Алматы, Шымкент және тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет Алматы, Шымкент және басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "24 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Балқаш қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық теннисші ITF санатындағы турнирдің чемпионы атанды Тунисте өтіп жатқан ITF M15 санатындағы турнирде қазақстандық теннисші Әмір Омарханов алғаш рет кәсіби мансабында жекелей сында чемпион атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап. Финалда 18 жастағы Әмір өзімен қатарлас Германия өкілі, ATP рейтингіндегі №824 тұрған Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді. Бұл жеңіс – Омархановтың кәсіби мансабындағы тұңғыш жекелей титулы. 2024 жылы Әмір – Қазақстан тарихында бірінші болып юниорлар арасындағы "Үлкен шлем" турнирінің жекелей сынында ширек финалға дейін жеткен спортшы атанған еді.2025 жылы ол юниорлар әлемдік рейтингінде 4-орынға дейін көтеріліп, ATP тізімінде әлемнің үздік 1000 теннисшісінің қатарына енді. Еске салайық, жартылай финалда Әмір Омарханов Мик Петковичті жеңіп финалға өткен болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Хоккейден Қазақстан құрамасы қатарынан екінші рет Азия чемпионатын жеңіп алды Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы Жапония командасын жеңіп, чемпион атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ойын басталғаннан кейін 5 минут өткенде Қазақстан құрамасы алғашқы гол соқты. Роман Старченко мен Максим Мусоровтың пасынан кейін шабуылшы Кирилл Ляпунов көзге түсті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Ice Hockey Federation (@kazakhstanhockey) Алайда алғашқы жиырма минуттың аяғына таман Жапония құрамасы есепті теңестірді - 1:1. Екінші кезеңде қазақстандықтар 3 шайба соғып, жапондар бір голмен ғана жауап берді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Ice Hockey Federation (@kazakhstanhockey) Шабуылшы Роман Старченко Эдуард Михайлов пен Максим Мусоровдың пасынан кейін гол соқты. Бірнеше минуттан соң Роман Старченко тағы бір гол соқты, бұл жолы оған Олег Бойко мен Батырлан Мұратов пас берді. Үшінші кезеңде жапондар бір шайбыны қайтарып алды, бірақ Қазақстан құрамасы матчті овертаймға жеткізбей, жеңісті уыстан шығармады. Ойынның қорытынды есебі - Қазақстан құрамасының пайдасына 4:3. Еске салайық, 2024 жылғы 6–9 қараша аралығында Алматыда өткен алғашқы турнирде де Қазақстан құрамасы кубок жеңіп алған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада күн күрт суып барады Астанада күн күрт суып барады. Елорданың ТЖ департаменті қала қонақтары мен тұрғындарын алдағы ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазгидромет мәліметінше, дүйсенбіде, 24 қарашада елордада тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Түнде және таңертең желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Кеше Қазгидромет Астана, Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындарын ауа ластануы мүмкін екені жайлы ескерткен еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Украина аумағының бір бөлігін Ресейге беруге тура келуі мүмкін - Трамптың арнайы өкілі АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Украина өз жерінің бір бөлігін Ресейге беруге тура келуі мүмкін екенін меңзеді. Оның есесіне ел қауіпсіздік кепілдіктерін алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УНИАН агенттігіне сілтеме жасап. Келлогтың айтуынша, Украина өз халқының алдында дәл қазіргі ұстанымын сақтауы керек, бірақ соғысты тоқтату үшін Ресейге территориялық жеңілдіктер жасау жөнінде күрделі шешімдер қабылдауға мәжбүр болады. Осылайша ол Украина БҰҰ жанындағы өкілінің орынбасары Кристина Гайовишиннің "украин жері сатылмайды" деген сөздерін түсіндірді. Сонымен қатар, Келлог Трамп командасы Ресей өкілдерімен бірге қауіпсіздік кепілдіктерін қамтитын "бейбіт жоспар" дайындағанын айтты. "Мен және Стив Уиткофф, Ресей тарапынан Кирилл Дмитриев, украиндар да қатысқан. Біз олар бас тартуы өте қиын болатын ұсынысқа келдік... Өзгерту керек тұстар бар, бірақ мұндай нәрселер келіссөздер барысында жасалады, ал президент мұны түсінеді. Қорытынды нәтиже туралы ойлаймын және келісімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін негіз бар деп санаймын", – деп түсіндірді Келлог. Арнайы өкіл ресейліктер бұл жоспарға өз түзетулерін енгізуі мүмкін екенін де болжап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Асу Алмабаев UFC-дегі жеңісінен кейін мәлімдеме жасады Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін қашан өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Асу америкалық Алекс Переске қарсы жеңісінен кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. "Егер 6 желтоқсанда біреу жарақат алып қалса, мен оның орнына шығуға дайынмын. Қазақта "бие сұрасаң, түйе береді" дейді ғой. Ертең жекпе-жек бола ма, жоқ па оны бір Алла біледі, бірақ бару, дайындалу, менің дайын үміткер екенімді, жекпе-жекке толық дайын екенімді көрсету маңызды", – деді Алмабаев. Қазір Асу өз дивизионы рейтингінде сегізінші орында тұр. 6 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 323 турнирінде UFC жеңіл салмақ дәрежесінің чемпионы Алешандре Пантожа мен бірінші нөмірдегі үміткер Джошуа Ван кездеседі. Еске салайық, Алмабаев пен Перес арасындағы жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген еді және үшінші раундта қазақстандық файтердің қылқындыру әдісі жеңіспен аяқталды. Перес бұл әдістен шыға алмай берілген. Осылайша, Асу Алмабаев ММА-дегі кәсіби мансабындағы 23-жеңісіне қол жеткізді. Бұл жеңістің арқасында қазақстандық спортшы UFC-дегі рекордын 6-1 көрсеткішіне дейін жақсартты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Silk Way Star жеңімпазы Мишель Джозеф қазақ тілінде ән дайындап жатқанын айтты Silk Way Star ән байқауының жеңімпазы, моңғолиялық Мишель Джозеф қазақ тілінде ән дайындап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мишель қазақ тілін де, қазақ мәдениетін де ұнататынын ерекше атап өтті. "Қазақ тілінде ән дайындап жатырмын. Маған қазақ тілі мен мәдениеті ұнайды. Тіл өте әдемі, оны үйреніп жүрмін. Тыңдармандарға осы тілде ән ұсынғым келеді", – деді ол. Журналистер әншіден қазақстандық орындаушы ALEM-мен (Батырхан Маликов) бірлескен жоба жоспары бар-жоғын да сұрады. Мишель егер ондай мүмкіндік туса, "өте жақсы боларын" айтып, мұндай коллаборацияның болашағын жоғары бағалайтынын жеткізді. "Біздің мәдениетіміз бен тарихымыз өте терең байланысты" – Silk Way Star жеңімпазы Мишель Джозеф. 22 қарашада Қазақстанда Silk Way Star алғашқы азиялық ән шоуының финалы өтті. Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені мен Қытайдың China Media Group (CMG) медиакорпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылды. Финал "Jibek Joly" телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Жеңімпаз аралас жүйе бойынша анықталды: 50 пайыз – қазылар шешімі, 50 пайыз – көрермендердің сайт арқылы онлайн дауыс беруі. Жеңіс моңғолиялық Мишель Джозефке бұйырды. Анықтама: Мишель Джозеф – танымал моңғол әншісі және ән авторы. Ол шығармашылығында дәстүрлі уртын ду (созылмалы әндер) жанрын поп, R&B және фанк элементтерімен ұштастырады. Әнші моңғол және ағылшын тілдерінде өнер көрсетеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда балық, жеміс-жидек пен қияр-қызанақтың бағасы реттелмек Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесі кеңейтілмек. Бұл туралы сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарашаның үшінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгеріссіз қалды. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, қазан айында азық-түлік инфляциясына ең жоғары үлес қосқан өнімдер қатарында қызанақ (15,8%), тартылған ет (3%), сүйексіз сиыр еті (2,2%), сүйекті жылқы еті (1,5%), қияр (7,4%), балық (2,6%), банан (2,8%) және басқа да өнімдер бар. Сонымен бірге, жылдық көрсеткіш бойынша (өткен жылғы 10 аймен салыстырғанда) қызанақ 36,6%, қияр 43,4% арзандаған. "Барлық өңірдің азық-түлік инфляциясына қатысты талдауы нәтижесінде баға өсіміне ең көп ықпал етіп отырған, алайда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне кірмейтін 30 тауар анықталды. Олардың ішінде түрлі ет, балық, алмұрт, алма, лимон, шай, сыр, суықтай қақталған скумбрия, банан, қызанақ, қияр және басқа да азық-түлік тауарлары бар. Бұл өнімдердің арасында импорт үлесі жоғары тауарлар да, көбіне айлық инфляцияға әсер етіп, жылдық инфляцияға айтарлықтай ықпал етпейтін позициялар да кездеседі. Осы тізімнің ішінен әлеуетті түрде әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына енгізуге болатын 23 позиция іріктелді. Ендігі міндет – бұл ұсыныстарды бизнес өкілдерімен талқылау", - деді Айжан Бижанова. Тізбенің кеңейтілуі кәсіпкерлер үшін бірқатар міндеттеме орындауды талап етеді. Мәселен, мәмілелер ашықтығын қамтамасыз ету, шарттарды рәсімдеу, шот-фактуралар мен фискалдық чектерді уақтылы шығару, сондай-ақ заңнамада белгіленген 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау. Бұл шаралар ең сұранысқа ие азық-түлік тауарларының айналымында ашықтықты арттыруға және делдалдық схемалардың соңғы бағаға ықпалын төмендетуге бағытталған. Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне бизнес-қоғамдастықпен, салалық қауымдастықтармен және "Атамекен" ҰКП-мен әрбір ұсынылған позицияны жеке талқылауды, сондай-ақ импорт құрылымына қосымша талдау жүргізуді тапсырды. Тиісті консультациялар толық аяқталғаннан кейін ғана түпкілікті шешім қабылданады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
АҚШ-та H5N5 құс тұмауы штамынан алғаш рет адам өлімі тіркелді АҚШ-та H5N5 құс тұмауы штамынан алғаш рет адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euro News-ке сілтеме жасап. Вашингтон штатының денсаулық сақтау департаменті марқұм қарт болғанын және ауыр созылмалы аурулары болғанын мәлімдеді. Ол жұқтырған H5N5 құс тұмауының штамы бұған дейін адамдарда кездеспеген. Билік мәліметінше, науқастың үйінің ауласында түрлі құстар болған. "Денсаулық сақтау органдарының өкілдері халық үшін қауіптің төмен екенін атап өтті. Науқаспен байланыста болған ешбір адамда оң нәтиже анықталмағаны және вирустың адамнан адамға жұғуын растайтын дәлелдер жоқ екені айтылды", – делінген хабарламада. Құс тұмауы – құс популяцияларында бірнеше онжылдық бойы кездесіп келе жатқан вирус, алайда кейінгі жылдары ол сүтқоректілерге жиі жұға бастады. 2024 жылы АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі миллиондаған құстарды зақымдаған құс тұмауының штамы кейбір сүтқоректілерден де анықталғанын мәлімдеді. "АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) деректері бойынша, қазір АҚШ-та кем дегенде 70 адам жұқтырғаны расталды", – деп жазады басылым. ABC News дерегінше, көп жағдайда ауру жеңіл түрде өткен – мысалы, көздің қызаруы мен дене қызуының көтерілуімен шектелген, ал кейбір науқастарда анағұрлым ауыр белгілер байқалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада сол жағалаудағы барлық тұрғын үй кешеніне жарық берілді Астанада сенбіде қосалқы станциядан шыққан өрт салдарынан жарықсыз қалған сол жағалаудағы барлық тұрғын үйге жарық берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana news-ке сілтеме жасап. "Астана-РЭК" АҚ жедел бригадалары РП-217-дегі электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Сағат 21:19-да шектеу толық алынды. Барлық тұрғын үй кешеніне электр энергиясы берілді", – делінген хабарламада. Еске салайық, 22 қарашаға қараған түні Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үй қосалқы станциядан шыққан өртке байланысты жарықсыз қалған еді. Электр "Зелёный квартал", "Аура", "Асыл Мұра", Freedom, GreenLine, Greenline Astra тұрғын үй кешендерінде болмаған. Сағат 15:15-те бес тұрғын үй кешеніне электр энергиясын беру қалпына келтірілген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алмабаев Қатарда өткен UFC турнирінде қарсыласын небәрі 20 секундта жеңді Аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің ең жеңіл салмағында өнер көрсететін қазақстандық Асу Алмабаев Дохада (Қатар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алмабаев америкалық Алекс Переспен (25-9) кездесті. Үш раундқа жоспарланған бұл жекпе-жек үшінші раундта қазақстандық файтердің тұншықтыру әдісімен аяқталды. Перес тәсілден шыға алмай, берілуге мәжбүр болды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Асу Алмабаев (@asu_zulfikar57) Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби ММА мансабындағы 23-жеңісін тіркеді. Бұл жеңістің арқасында қазақстандық спортшы UFC-дегі рекордын 6-1 көрсеткішіне жақсартты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көкшетау әкімі шенеуніктердің Жаңа жылға дайындығын сынап тастады Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеев қалалық әкімдіктегі кеңес барысында қаланы Жаңа жылға дайындық жоспарын сынап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап. Әкімнің айтуынша, оның қойған тапсырмалары орындалмаған, егер бірнәрсе жасалған болса, ол тек "сурет жүзінде", ал оның қалай іске асырылатыны туралы ешкім бас қатырмайды. Көкшетау бас сәулетшісі Айнұр Танқыбаева сынның астында қалды, ол слайдтарда бейнелеген жобаларының іс жүзінде жүзеге асатынына әкімді сендіре алмады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Кокшетау. Акмолинская область. Новости. Реклама (@sinegor.kz) Әкім кәсіпкерлерді қаланы безендіруге және жаңажылдық көңіл-күй қалыптастыруға көмектесуге шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Silk Way Star қатысушыларын құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бүгін беделді халықаралық өнер додасы өз мәресіне жетеді. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Азия елдерінің рухани ықпалдастығын нығайтып, халықтарымыздың достығын бекемдей түсетін бірегей бастама. Silk Way Star – мәдени дипломатияның айқын көрінісі, ұлттарымыздың салт-дәстүрі мен шығармашылығын паш ететін тамаша жоба. Осындай ауқымды іс-шаралар ынтымағымызды күшейтеді, ортақ құндылықтарымызды жан-жақты дәріптейді", - делінген хабарламада. Тоқаев теңдессіз жобаны табысты жүзеге асыруға мол үлес қосқан China Media Group медиакорпорациясына ризашылығын білдірді. "Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея елдерінен келген дарын иелері өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, миллиондаған көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Баршаңызға алғыс айтамын. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіздер деп сенемін! Сіздерге амандық және сәттілік тілеймін!" - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада Silk Way Star байқауының жеңімпазы анықталды Астанада Silk Way Star алғашқы азиялық вокал жобасының ақтық сайысы аяқталды. Моңғолиядан келген Мишель Джозеф байқаудың жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жеңімпаздың есімін Димаш Құдайберген жариялады. Мишель Джозеф – Моңғолияның танымал әншісі және ән авторы. Ол өз шығармашылығында дәстүрлі уртын ду (созылмалы әндер) жанрын поп, R&B және фанк элементтерімен ұштастырады. Әртіс моңғол және ағылшын тілдерінде ән салады. Silk Way Star финалы Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Сондай-ақ, шоу Әзербайжандағы Space TV, Тәжікстандағы "Сафина", Қырғызстандағы "Музыка" және "Маданият", Моңғолиядағы UBS және "АИСТ Глобал", Өзбекстандағы Zor TV, Грузиядағы Georgian Times телеарналарында да көрсетілді. Финалда жеті әртіс өнер көрсетті. Олар: Язмин Азиз (Малайзия), Мадинабону Адылова (Өзбекстан), Мишель Джозеф (Моңғолия), Автандил Абесламидзе (Грузия), ALEM (Қазақстан), Саро Геворгян (Армения) және Чжан Хэ Сюань (Қытай). Алғашқы маусымның жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталды: 50 пайызы – қазылар алқасының шешімі, 50 пайызы – онлайн-дауыс беру нәтижесі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда ірі өрт сөндіріліп жатыр: 21 техника мен автопоез жұмылдырылды Алматының Жетісу ауданындағы екі қабатты қойма ғимаратында болған өртті жоғары дәрежеде сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға орнында жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. "Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері оқиға орнында. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", – деп хабарлады ведомство. Өрт ошақтарына қол жеткізу және оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін шатыр ашылды. Құтқарушылар конструкцияларды төгіп, жеке элементтерді алып, тиімді сөндіру үшін техникалық саңылаулар жасайды. Өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өртті сөндіруге шамамен 80 адам, 21 дана техника, сондай-ақ, өрт сөндіру автопоезы жұмылдырылған. Еске салайық, кеше қосалқы станциядан шыққан өрт салдарынан Астананың сол жағалауының бір бөлігі жарықсыз қалған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық теннисші ITF сериясы турнирінің финалына шықты Әмір Омарханов ITF М15 турнирінің алғашқы финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап. Әмір Омарханов мансабында алғаш рет Тунисте өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирдің жекелей сында финалына шықты. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz) Жартылай финалда қазақстандық 52 минутта неміс Мик Петковичті (776 АТР) 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Финалда 18 жастағы Әмір тағы бір неміс теннисшісі Макс Шонхаусқа (824 ATР) қарсы ойнайды. Ақтық ойын ертең 23 қарашада өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстауда түлкі оқушыларға шапқан Бейнеу ауылында жыртқыш екі оқушыға шапқан. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 21 қарашада ата-аналары екі баланы аудандық аурухананың травмпунктіне алып келген. Құжаттарда балаларға дала түлкісі шапты деп жазылған. 2011 жылы туған бала – оң аяғынан, 2018 жылғы бала – сол аяғынан жараланған. Дәрігерлер екеуіне де қажет екпелерді салды. Қазір балалардың жағдайы жақсы, олар үйде, дәрігерлердің бақылауында. ECOJER қауымдастығының аймақтық экологиялық кеңес төрағасы Әділбек Қозыбақов суретті қарап, бұл жануар дала түлкісінен гөрі жай ғана түлкіге көбірек ұқсайтынын айтты. Оның сөзінше, мұндай жыртқыш жануарлар құтыру ауруын тасымалдауы мүмкін, сондықтан оларға жақындауға болмайды. Маманның айтуынша, жыртқыш жануарға шапса, бірден құзырлы қызметке хабарлау керек, ал тістеген жағдайда жәбірленушілердің ата-анасы секілді бірден дәрігерге қаралу қажетін қадап айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Текетіреске нүкте қойылды ма? Нью-Йорк мэрі Трампты “таңғалдырды” АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йорк қаласының жаңа мэрі Зохран Мамданимен Ақ үйде кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақ үй кездесудің видеосын жариялады. Жазбада АҚШ президенті Нью-Йорктің сайланған мэрі Зохран Мамданимен Ақ үйдің Овал кабинетінде кездескені айтылған. "Керемет кездесу өтті. Шынымен бәрі жақсы, өте нәтижелі болды. Бізді біріктіретін ортақ қасиет бар: өзіміз сүйетін қаланың гүлденгенін қалаймыз", - деп Ақ үй Трамптың сөзін келтіреді. АҚШ БАҚ-тарының хабарлауынша, ұзақ уақыт бойы текетірескен бұл саясаткерлер алғаш рет камера алдында бірге көрінді. Оның үстіне, Трамп пен Мамдани бір-біріне өзара ықылас танытты. Дональд Трамп Мамданидің "таңғалдырғанын" айтты. Ол мэрді құттықтап, кейін екі саясаткер қол алысты. "Ол қылмыс деңгейін төмендетуді, тұрғын үй салынуын және жалдау ақысын азайтуды қалайды. Мен толық қолдайтын дүниелер. Бұл - Нью-Йорк үшін жақсы бастама", - деді Трамп. Айта кетейік, Трамп пен Нью-Йорктің сайланған мэрі арасында ұзақ уақыт бойы шиеленіскен қарым-қатынас болды: саясаткерлер бір-бірін көпшілік алдында ауыр сөздермен сынаған. Дональд Трамп Нью-Йоркті федералдық қаржыландырудан айыруға қорқытқан, ал Мамдани сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Трамп бұл қаланың "егемендігінің бір бөлігін жоғалтқанын" мәлімдеген еді. Жауап ретінде сол кезде әлі мэр болмаған Мамдани Трампты "демократияға қауіп төндіруші" деп атаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алмахан мен Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жектері: қайдан көруге болады? 22 қарашада қазақстандық Бекзат Алмахан мен Асу Алмабаев Қатарда өтетін турнирде жекпе-жектерін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бекзат Алмахан жеңіл салмақта UFC-дің бұрын жеңілмеген чемпионы Илия Топурияның ағасы, испания-грузин спортшысы Александр Топуриямен октагонға шығады. Бұл жекпе-жек шамамен Астана уақытымен 21:00-де басталады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Sanzhar Adilov (@sanzhar_adilov1) Ал Асу Алмабаев UFC-дің америкалық ардагері Алекс Переске қарсы күш сынасады. Олардың жекпе-жегі Қазақстан уақытымен 23:00-ге жоспарланған. Қазақстандық спортшылардың жекпе-жектерін Setanta Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Сондай-ақ, Алмабаев пен Перестің жекпе-жегін "Кинопоиск" сервисінен де көре аласыздар. Бұған дейін Бекзат Алмахан мен Асу Алмабаев Қатардағы турнир алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өткен болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қайтарылған активтер: 9,6 миллиардтың тағдыры белгілі болды Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar АЭА-ға қайтарылған активтер есебінен 9,6 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайту және ірі инфрақұрылымдық жобалар құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында Qyzyljar арнайы экономикалық аймағын дамытуға Арнаулы мемлекеттік қордан 9,6 млрд теңге бөлді. "Қазір Qyzyljar АЭА-ға 20-дан аса қатысушы тіркелген, олардың жалпы жарияланған инвестициясының көлемі 317,1 млрд теңге, бұл 4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде құны 28,4 млрд теңге болатын 5 жоба қазірдің өзінде іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды", - делінген хабарламада. Бөлінген қаражат есебінен жаңа инфрақұрылым мен инженерлік коммуникациялар салу экономиканың келешегі зор салаларында, мысалы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, АӨК сияқты және басқа да салаларда тағы 16 инвестициялық жобаны іске қосуды жеделдетеді. Инвестициялардың жиынтық көлемі 279 млрд теңгені құрайды, 3 мыңнан аса тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып жатыр. Қазір АЭА аумағында сумен жабдықтау және жауын суын бұруға арналған кәріз жұмыстары аяқталды. №3 қосалқы аймаққа арналған теміржол желілерінің құрылысы басталды. Бұл ретте жылу желілерін тарту, жолдар, дренаж жүйесі, байланыс желілерін тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа өндіріс орындарын іске қосу Солтүстік Қазақстан облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әлия Рүстемова жаңа қызметке тағайындалды: ол туралы не белгілі? Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне Әлия Рүстемова тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің қаулысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол 1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық университетін және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін аяқтаған. Еңбек жолын 1992 жылы Талғар аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған. 1993–1994 жылдары Алматы қаласындағы №7 емханада және №5 қалалық клиникалық ауруханада дәрігер-терапевт болып жұмыс істеген. 1994–2000 жылдар аралығында Алматы қаласының медициналық ғылыми ұйымдарында клиникалық ординатура мен аспирантурада оқыған. 2000–2001 жылдары Талғар қаласының медициналық ұйымдарында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған. 2001–2005 жылдары Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасында бас маман болып жұмыс істеген. 2005–2009 жылдары Алматы облысы бойынша медициналық қызмет көрсету саласын бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде басшылық лауазымдарда болған. 2009–2010 жылдары Қызылорда облысы бойынша Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті департаментін басқарған. 2010–2011 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2011–2012 жылдары Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің директоры болған. 2012–2015 жылдары Астана қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі және ғылыми хатшы болып жұмыс істеген. 2015–2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша медициналық қызметті бақылау және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы департаменттерде басшы және басшының орынбасары қызметтерін атқарған. 2018 жылы Астана қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары болып еңбек еткен. 2018–2022 жылдары Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2023 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды. Осылайша, Әлия Рүстемова еңбек жолында дәрігер-терапевттен бастап, денсаулық сақтау саласындағы ірі қалалық және аймақтық құрылымдардың жетекшісіне дейінгі қызмет сатыларынан өткен. Оның кәсіби қызметі клиникалық тәжірибені, медициналық ғылыми ұйымдардағы жұмысты, сондай-ақ облыстық және қалалық деңгейдегі басқарушылық лауазымдарды қамтиды. Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалғанға дейін ол Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Путин мен Трамп бейбіт жоспар туралы сөйлесе ме? Кремль жауабы Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың сөйлесуі қажет пе? Қажет болса, қандай деңгейде және қандай форматта байланыс болатыны әлі анықталған жоқ. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап. ТАСС агенттігінің мәліметі де осы материалда келтірілген. "Мұның бәрін әлі анықтау керек", – деді Песков. Бұған дейін, 21 қарашада, Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысында АҚШ-тың Украина бойынша 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспарын егжей-тегжейлі талқылауға дайын екенін растаған еді. Алайда ол болашақтағы байланыс форматын, соның ішінде АҚШ президентімен тікелей сөйлесу мүмкіндігін нақтылаған жоқ. Путиннің пікірінше, АҚШ-тың бұл бейбіт жоспары Украинадағы қақтығысты реттеу үшін негіз бола алады. Сондай-ақ ол осы бейбіт бастаманың егжей-тегжейлері тамыздың ортасында Аляскадағы саммитке дейін-ақ талқыланғанын айтты. Еске салайық, бірнеше сағат бұрын Трамп өз әкімшілігі Украинаға осы бейбіт жоспарға келесі бейсенбіге дейін келісуге мерзім қойғанын мәлімдеген. АҚШ президентінің сөзінше, Украина басшысы Владимир Зеленский бұл жоспарды қабылдауға мәжбүр болады. Бұған дейін Зеленский Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтатуға арналған жаңа жоспар жобасын алғаны және алдағы күндері АҚШ президентімен келіссөз жүргізуді көздеп отырғаны хабарланған. Ақ үй бұл жоспардың әлі нақты емес екенін айтқан. Украина Жоғарғы Радасының депутаты Алексей Гончаренко Telegram-арнасында соғысты тоқтатуға арналған 28 тармақтан тұратын жоспардың мәтінін жариялады. Құжатта аумақтық мәселелер, елді қалпына келтіру және оның саяси мәртебесіне қатысты тармақтар қамтылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Marry me: Ақмола облысында ерекше ұсыныс видеоға түсіп қалды Ақмола облысында құтқарушы жұмыс орнында сүйіктісіне ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі жариялады. Департаменттің айтуынша, №29 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі, құтқарушы Абзал Темірбаев бәрін алдын ала жоспарлап, әріптестерінен көмектесуін сұраған. "Абзалды аяқасты дабыл бойынша шақырғанда, оның сүйіктісі Назгүл бұл үлкен тосынсыйдың бір бөлігі екенін мүлде білген жоқ. Өрт сөндіру депосына келгенде, ол ғажап көрініске куә болды: гүлдерден жасалған үлкен жүрек, "Marry me?" деген жазу, шамдар, достары, туған-туыстары және осы маңызды сәттің куәсі болған бүкіл ұжым", – деді ТЖД-де. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Ерсаин Койшибаев (@yersain09) Абзал арнайы жұмыс киімімен, қолына гүл мен сақина ұстап, оң жақ тізесіне отырып, ұсыныс жасайды. Назгүл келісімін береді. Кадрларда әріптестері Абзалды көтеріп, құттықтай бастаған. Бақытты жұпты құттықтауға олардың достары мен жақындары да келген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада қосалқы станция өртінен сол жағалаудың тұрғындары жарықсыз қалды Астанада сол жағалаудың тұрғындары жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Tengrinews.kz мәліметінше, апат салдарынан Сығанақ көшесіндегі "Жасыл квартал" тұрғын үй кешені, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" мен "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компанияларының ғимараттары жарықсыз қалған. ТҮКШ басқарушы компаниясы электр энергиясының қаладан берілетін желі жағынан өшірілгенін мәлімдеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 22 қарашаға қараған түні Нұра ауданында, Сығанақ көшесінде трансформаторлық қосалқы станцияда кабельдің тұтанғанын хабарлады. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Түнде 109 iKomek қызметі "Тұран" қосалқы станцияда апатты ажырау болғанын хабарлады. Соның салдарынан мына мекенжайлардағы тұрғындар жарықсыз қалды: "Жасыл квартал" ТҮК , Сығанақ көшесі (бұрынғы Е-10), үйлер: 17, 17п, 17р, 17с, 17н, 17л, 17е, 17в, 17д, 17г. "Аура" ТҮК , Е-900 көшесі, 2-учаске. "Асыл Мұра" ТҮК , Мұхамедханов көшесі, 4В, 4П, 4Г учаскелері. Төлеби көшесі, 61, 65-үйлер. Freedom ТҮК , Сығанақ көшесі, 15, 15/1. GreenLine. Headliner Exclusive 1 ТҮК , Төлеби көшесі, 52. Greenline Astra ТҮК , Е-900 көшесі, 10. GreenLine. Flora 2 ТҮК , Е-900 көшесі, 6-үй. Апат жұмыстары сенбіде таңғы сағат 5-те аяқтаймыз деп уәде етілген. Алайда бұл аудандардың тұрғындары әлі күнге дейін үйлерінде жарық пен жылудың жоғына шағымданып отыр. Редакция "Астана-ӨЭК" компаниясына пікір сұрап жүгінді. Ондағылардың айтуынша, "Тұран" қосалқы станциясында сағат 01:06-да технологиялық ақау болып, РП-217-ні қоректендіретін №106 және №210 ұяшықтары ажырап қалған. Жедел бригадалар 01:09-да оқиға орнына жеткен. Барған кезде РП-217 жұмысындағы ақау расталды. "Қазір РП-217-де электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған жедел-шығу қызметінің 3 бригадасы, сондай-ақ, Есіл ӨЭС-інің, сынақ және диагностика қызметі мен кабель желілері қызметінің бригадалары жұмылдырылды", – деп хабарлады "Астана-ӨЭК"-те. Үйлердегі ең қажет мұқтажды қамтамасыз ету үшін дизель-генераторлық қондырғылар қосылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп: Зеленский Вашингтон ұсынған бейбіт жоспарды мақұлдауға мәжбүр Украина президенті Владимир Зеленскийге Вашингтон ұсынған бейбіт жоспарды қабылдауға тура келеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол мұны Ақ үйде Нью-Йорктің жаңадан сайланған мэрі Зохран Мамданиімен кездесуі кезінде журналистерге айтқан. Журналистер Трамптан Украинаға қатысты 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспар туралы Зеленскиймен сөйлестіңіз бе деп сұрады. "Жоспар бар. Бізде соғысты тоқтатып, бейбітшілікке қол жеткізетін жол бар деп санаймыз. Зеленский бұл жоспарды мақұлдауға мәжбүр болады", – деді Трамп. Журналистер Вашингтонның бұл бейбіт жоспары сынға ұшырағанын еске салды. "Бұл жоспар Зеленскийге ұнамайды деп отырсыз ба? Оған бәрібір қабылдауға тура келеді, ал ұнамаса, онда, шамасы, соғыс жалғаса береді", – деп жауап берді АҚШ басшысы. Сондай-ақ, Трамп бірнеше сағат бұрын өзінің әкімшілігі Украинаға 28 тармақтан тұратын осы бейбіт жоспарды қабылдауға келесі бейсенбіге дейін уақыт берді деп мәлімдегенін еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Лицензиясыз жұмыс істеген: қызметкерлерге ондаған миллион теңге айыппұл салынды Жетісу облысының денсаулық сақтау ұйымдарында заңбұзушылықтар анықталды. Қаратал ауданының прокуратурасы тұрғындарға міндетті сертификаттары жоқ және медициналық қызметке лицензиясыз медициналық көмек көрсетілгенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, анықталған заңбұзушылықтар үшін медициналық ұйымдардың 20 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың қатарында – орталық аудандық аурухананың бас дәрігері мен оның орынбасарлары бар. Оларға жалпы сомасы 4 миллион теңгеден асатын айыппұл салынған. Олар заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет, дәрі-дәрмектермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу және лицензиялау нормаларын сақтамау бойынша айыпталған. Сондай-ақ, прокуратура халықты вакцинациялау ережелерінің бұзылғанын анықтады. Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша төрт ауылдық аурухана меңгерушісіне 157 280 теңге көлемінде айыппұл салынған. Прокурорлардың айтуынша, бюджетке 12,8 миллион теңге көлемінде қаражат өтелді. Еске салайық, Қазақстанда жеке процедуралық кабинеттер иелеріне заңбұзушылықтар үшін 15 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, талап бұзған немесе лицензияға қажетті қосымшалары жоқ 406 нысан анықталған. Түсіндіру жұмыстарынан кейін 247 кабинет "ерікті түрде қызметін тоқтатты". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жамбыл облысында балалар 70 жыл бұрын салынған үйде оқуға мәжбүр Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Жылыбұлақ ауылында оқушылар ескі үйде оқуға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап. Бастауыш сыныптың 30 оқушысы мен 15 мұғалім ескі ғимараттың төрт бөлмесіне сыйып отыр. Телеарна мәліметінше, бұл үй бұрын тұрғын үй ретінде пайдаланылған, ал 21 жыл бұрын бастауыш мектепке берілген. Орын жетіспегендіктен, жоғары сынып оқушылары білім алу үшін көрші ауылдарға 7 шақырым жол жүруге мәжбүр. Бұрынғы үйдің салынғанына шамамен 70 жыл болған. Бұл уақыт ішінде ғимарат әбден тозған: шатырдан су ағады, қабырғалары шатынаған. Сондай-ақ жылу, су, электр жарығы да көңіл көншітпейді, ал дене шынықтыру сабақтары далада өткізіледі. "Мектептің жағдайы өте нашар. Біз бірнеше рет жергілікті билікке жүгіндік, бірақ олар салып береміз деп құр уәде береді. Сөзден ары аспай жатыр", – дейді ауыл тұрғындарының бірі. Ал Жуалы аудандық білім бөлімінде ауылда үлкен мектеп салу жоспарда жоқ екенін айтқан. Халық саны аз болғандықтан, бұл экономикалық жағынан тиімсіз деп саналады. Сондықтан 50 орындық жаңа бастауыш мектеп салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. "Асханасы мен спорт залы бар заманауи бастауыш мектеп саламыз. Оқуға барлық жағдай жасалады. Ал 5–11-сынып оқушылары Қошмамбетов атындағы мектепте оқитын болады", – деді Жуалы аудандық білім бөлімінің басшысы Бақыт Шертаева. Енді республикалық бюджеттен қаржы бөлінуін күту ғана қалды. Қаражат бөлінсе, мектептің құрылысы келесі жылы басталады. Бұған дейін Жамбыл облысындағы Құшаман ауылының оқушылары әкімдік ғимаратында оқып жатқаны хабарланған еді. Сол ғимаратта балабақша, кітапхана және тіпті полиция бөлімшесі де орналасқан. Ауылдағы мектеп апатты жағдайда деп танылып, оны сүру жоспарланған. Соның салдарынан 120 бала мемлекеттік қызметкерлермен бір ғимаратты бөлісуге мәжбүр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада үш құрылысшы биіктен құлап кетті: полиция тергеу бастады Астана полиция департаменті бес қабатты ғимараттан құлаған жұмысшыларға қатысты оқиғадан кейін тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы редакцияға ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді. "Жұмысшылардың 5-қабаттан құлауына байланысты, құрылыс кезінде қауіпсіздік талаптары сақталмады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді департамент өкілдері. Ведомство өкілдерінің айтуынша, үш ер адам құрылыс люлькасының құлау салдарынан зардап шеккен. Еске салайық, бұған дейін Tengrinews.kz редакциясына зардап шеккен жұмысшылардың бірінің ұлы хабарласқан еді. Рақым Әділгерейдің айтуынша, оқиға 18 қарашада шамамен сағат 11:00-де болған. Оның сөзінше, жұмысшылар шамамен 15 метр биіктен – құрылысы жүріп жатқан Attila тұрғын үй кешенінің бесінші қабатынан (Күлтегін көшесі, 16 мекенжайы) құлап кеткен. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында 18 қарашада ауыр жарақаттармен үш ер адам жеткізілгені айтылды. 1981 жылы туған науқасқа күрделі ота жасалған:дәрігерлер бас сүйегін ашып (трепанация), маңдай сүйегінің және маңдай қуыстарының көп жерден сынған бөліктерін алып тастады, кейін мидың қатты қабығын қайта қалпына келтірді (пластика жасады). Оның жағдайы ауыр, 1997 жылы туған екінші ер адамның да жағдайы ауыр.1984 жылы туған үшінші зардап шеккен адамның жағдайы – орташа ауыр. Орталықтағылардың айтуынша, оларға қажет арнайы медициналық көмек көрсетілген, ота жасалған, дәрігерлер науқастарды толық бақылауда ұстап, емдеуді жалғастырып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО-да ЖРВИ мен гонконг тұмауын жұқтырғандар көбейді Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ (ОРВИ) жұқтырғандар саны өсіп отыр, гонконг тұмауына қатысты 25 жағдай расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Евгений Пивоваров мәлімдеді. "Облыста жедел респираторлық вирус инфекцияның 63 035 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 38 673 жағдай. 2024–2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда сырқаттану 15,9 пайыз артты. Зертханада расталған тұмаудың 25 жағдайы тіркелді, барлық жағдайда A/H3N2 вирусының штаммы анықталды, олардың 10-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді", – деді ол. Оның айтуынша, бір жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және тұмауға қарсы егілгендер арасында гонконг тұмауының жағдайлары анықталмаған. Бүгінгі таңда облыста 77 мың тұрғын тұмауға қарсы вакцина алды, бұл - халықтың 10 пайызы. Оның ішінде қауіп тобына жататындар – 75 мың адам, жұмыс берушілер есебінен – 1 820 адам, ақылы негізде – 180 адам егілген. "Вакцинация науқаны аяқталды. Ауру кезінде екпе салдыруға болмайды: иммунитет екпеден кейін тек 10–14 күннен соң қалыптасады, сондықтан суық тиген кезде екпе алудың мәні жоқ", – деп түсіндірді Пивоваров. Дәрігерлер науқастарды вирусты таратпауға шақырып, дене қызуы, жөтел, тамақтың ауыруы, әлсіздік секілді алғашқы белгілер пайда болғанда үйде қалуға кеңес берді. Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова эпидемиологиялық маусымның басынан, яғни 2025 жылғы 1 қыркүйектен бері елімізде ЖРВИ-дің 1 461 819 жағдайы тіркелгенін хабарлаған. Ауруға шалдыққандардың 963 847-сі – 14 жасқа дейінгі балалар, бұл барлық жағдайдың шамамен 66 пайызы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Алматы, Атырау және 6 қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет Алматы, Атырау және бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" синоптиктері 22 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау және түнде Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар, көктайғақ пен тұман: 22 қарашада ауа райы қандай болады? Қазгидромет 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысының батысында және солтүстігінде көктайғақ болады. Тұман түседі, 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жетісу облысында таулы аудандарда түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Оралда да тұман түседі. Түркістан облысының солтүстігі, батысы және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе облысында түнде және таңертең тұман болады. Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Тұман түседі, 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ұлытау облысында түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман түседі. Кей аудандарында көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр,қар жауады. Түнде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Абай облысында түнде жаңбыр, қар жауады. Оңтүстігінде қатты жауын-шашын түседі. Тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Министрлік қызметкерімін“ деп үй аралайтындар пайда болған Әлеуметтік желіде өзін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар үйлерді аралап жүргені туралы видеолар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Астана тұрғыны Instagram-да осындай видео жариялады. Оның сөзінше, өзін министрлік қызметкерімін деп таныстырған екі әйел үйіне келген. Олар үйде оқушылар бар-жоғын сұрап, жеке дерегін жазып алған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Тусау Кесер▪️Сүндет той ▪️Ақ жол ▪️Тұсау кесу▪️Прокат (@tusau.kesu.astana_) Министрлік пікірі Министрлік осы жағдайға пікір білдірді. "Оқу-ағарту министрлігі ресми түрде министрлік қызметкерлері үй аралап, жеке дерек немесе басқа да ақпарат жинамайтынын мәлімдейді. Өзін министрлік атынан келдік деп таныстырып, құжаттар мен дерек талап еткен немесе үйге кірмек болған адамдардың министрлікке қатысы жоқ. Олар алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертеміз. Бұл адамдардың заңсыз әрекеттері үшін министрлік жауапты емес", - деп жазылған хабарламада. Ведомство өкілдері халықтан қырағылық танытып, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген автотасмалдаушы аударылып қалған Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген автотасмалдаушы жолдан шығып, аударылып қалды. Полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақмола облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 21 қарашада шамамен сағат 12-де Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолының 239-шақырымында болған. "Алдын ала деректер бойынша, "Ситрак" маркалы автотасмадаушының жүргізушісі Қостанай бағытына қарай жүріп бара жатқан. Ол маневр кезінде рөлге ие бола алмай, жүк көлігі жол жиегіне шығып кетіп, аударылған", — деп хабарлады полиция. Ведомство мәліметінше, оған сегіз жаңа көлік тиелген. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шекпеген. "Жүргізуші Алматыдан Қостанайға бара жатқан және автовозбен Қытайда өндірілген жаңа көліктерді тасымалдаған", — деді полицияның баспасөз қызметі. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вьетнамдағы су тасқыны: Тоқаев адамдардың қазасына байланысты То Ламға көңіл айтты Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Вьетнамның орталық аймақтарында болған су тасқыны салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған. Президент табиғи апаттан қайтыс болған адамдардың туыстарына сабыр, ал жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген. Еске салайық, Вьетнамның орталығындағы қатты жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 41 адам қаза тауып, тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 52 мыңнан астам үй, 13 мың гектардан астам егістік алқап, шамамен 2100 гектар көпжылдық ағаштар және 30 700-ден астам мал мен құс су астында қалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған жоспарын қолдады Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігеріне және ұсынған жоспарына қолдау білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының айтуынша, тараптар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екі елдің көптеген түйткілге қатысты ұстанымдары ұқсас екенін растаған. "Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігерін және ұсынып жатқан жоспарын қолдаймын. Сондай-ақ, Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысын толық қолдайды", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Пашинянды “Алтын Қыран“ орденімен марапаттады Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада қазақстандықтар Никол Пашинянды Арменияның дамуына жаңа леп әкелген, мемлекеттік құрылымның барлық салада қайта жаңғыруына тың серпін берген жалпыұлттық көшбасшы деп білетінін жеткізді. "Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында Армения орнықты даму жолына түсіп, халықаралық аренадағы позициясын нығайтты. Сондай-ақ ішкі және сыртқы саясатта парасатты, жауапты ұстанымымен үлгі көрсетіп отыр. Сіз өте күрделі геосаяси ахуалда қалыптан тыс әрі батыл шешім қабылдадыңыз. Түптің түбінде бұл армян халқына пайдасын тигізетін өте құнды шешім болды. Достас, бауырлас Армения бейбітшілік, орнықты даму жолын таңдағаны анық. Бұл істе Сіздің тарихи еңбегіңіз зор. Вашингтонда қабылданған Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт келісімді ілгерілетуде елеулі рөл атқарғаныңызды атап өткім келеді", – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде қазақ-армян мемлекетаралық байланысы стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгенін мәлімдеді. "Бұл іске Сіздің елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуға белсенді атсалысуыңыз айтарлықтай ықпал етті. Қазақ-армян қарым-қатынасын дамытудағы үлкен үлесіңіз бен айрықша еңбегіңізді ескере отырып, бүгін Сізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл – мызғымас бауырластығымыздың, өзара берік сенімнің және халықтарымыздың келешегі жолындағы ортақ ұмтылыстарымыздың жарқын символы", – деді Президент. Никол Пашинян Қазақстанның ең жоғары наградасымен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша қазақ халқына алғыс айтып, мұны отандастарына көрсетілген ерекше құрметтің белгісі ретінде қабылдайтынын жеткізді. "Мен үшін бауырлас Қазақстан Республикасының ең жоғары наградасына ие болу және оны Сіздің қолыңыздан алу – зор мәртебе. Сізді өте тәжірибелі саясаткер, мемлекет қайраткері, дипломат ретінде білеміз. Сондықтан Сіздің берген бағаңыз мен үшін құнды. Бұл марапат екіжақты қарым-қатынасымызды ғана емес, тұтас өңірдің дамуына септігін тигізеді деп сенемін", – деді Армения Премьер-министрі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Пашинян БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Арменияны еліміздің маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атады. Екіжақты қарым-қатынас берік достыққа және өзара құрметке негізделген. "Қазақстанның Армения мемлекетіне және оның халқына деген ықыласы айрықша. Біз армян жұртының терең тарихына, бай мәдениеті мен салт-дәстүріне зор құрметпен, ілтипатпен қараймыз. Осы құндылықтардың негізінде барлық бағыттағы ықпалдастығымыз ұдайы дамып келе жатыр. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Менің былтыр Арменияға жасаған ресми сапарымның қорытындысы және бүгінгі келіссөздердің нәтижесі – соның айқын дәлелі. Қазақ-армян қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие болады. Соған сәйкес Бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Бұл шешім екі елдің достығын бекемдеп, сан салалы жаңа ынтымақтастық кезеңіне жол ашары анық", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Қазақстан мен Армения қарым-қатынасын нығайтуға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтіп, оның халықаралық қауымдастыққа күшті басшы, көреген саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері ретінде кеңінен танылғанына тоқталды. Осы орайда Армения Премьер-министрінің айрықша еңбегін ескере отырып, Қазақстанның ең жоғары наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттағанын жеткізді. "Бұл қадам қос халықтың мызғымас достығының жарқын символы әрі өзара байланысты тереңдетуге ұмтылысымыздың айқын көрінісі екені сөзсіз. Мен бүгінгі мазмұнды келіссөздеріміздің нәтижесін жоғары бағалаймын. Біз сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты жандандыру мәселесіне баса мән бердік. Өзара алыс-беріс көлемін арттыруға, тауар түрін көбейтуге қатысты нақты шараларды қолға алуға келістік. Өзара сауда айналымын ұлғайту үшін Қазақстан армян нарығына жалпы құны 350 миллион доллар болатын тауар ұсына алады. Сондай-ақ біз Арменияның экспорттық әлеуетін қолдауға ниет білдірдік. Оған қоса, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өттік. Кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайтатын нақты қадамдарды қолға алуға келістік. Жаңадан құрылған Қазақстан – Армения іскерлік кеңесі екі ел бизнес өкілдерінің басын қосып, екі жаққа да тиімді жобаларды жүзеге асыруға тиіс", – деді Президент. Келіссөзде елдеріміз өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, құрылыс және басқа да салалардағы серіктестікті дамыта алатынына назар аударылып, соның ішінде көлік-транзит бағытының әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән берілген. "Оңтүстік Кавказдағы жаңа геосаяси ахуал екіжақты және аймақаралық ынтымақтастықты нығайтуға қолайлы жағдай туғызып отыр. Қазақстан Арменияның көлік-транзит саласындағы "Бейбітшілік қиылысы" бастамасын қолдайды. Сондай-ақ біз "TRIPP халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолы" жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанымызды растаймыз. Осы стратегиялық дәліздерді Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен және Солтүстік-Оңтүстік дәлізімен ұштастыру екі елдің де мүддесіне сай келеді. Көлік-транзит саласындағы ашық әрі тиімді ықпалдастық екі жаққа да зор мүмкіндік береді. Мен Әзербайжан басшысына санкцияларды алып тастап, өз елі арқылы екіжақты тікелей сауда жүргізу туралы шешім қабылдағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Мысалы, биылғы қараша айында Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді. Бұл бастаманың саяси және экономикалық мән-маңызы айрықша. Біз Арменияға жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайынбыз. Осы бағыттағы жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдыруға уағдаластық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу және әуемен жүк тасымалдау жұмысын ретке келтіру – маңызды міндеттің бірі. Бұл бағытта нақты жоспарлар бар, тараптар жуық арада тиісті шараларды қолға алады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ықпалдастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті. "Қазақстанда цифрландыру үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Армения ІТ-технологиялар мен стартап экожүйесінде айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Бұл – екі елдің экономикасын дамытуға тың серпін беретін маңызды сала. Осы орайда, жасанды интеллект, жаңа технология және цифрландыру бойынша тәжірибе алмасуға келістік, бұл бағытта бірлескен жобаларды іске асыру мәселесіне тоқталдық. Премьер-министр Пашинян мырза аймақтағы ең ірі IT стартап паркі – "Astana Hub"-тың және "Alem.ai" жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады. Келесі жылы "Alem.ai" негізінде Арменияның "TUMO Astana" халықаралық білім беру орталығы ашылады", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланыстар туралы да айтты. "Біз білім және ғылым саласындағы қарым-қатынасты дамыту жолдарын талқыладық. Студент алмасу үшін үкіметаралық келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өттік. Екі елдің денсаулық сақтау саласындағы әлеуетін ескере отырып, алдағы жылдары Қазақстанның Армениядағы, Арменияның Қазақстандағы медицина күндерін өткізуге келістік. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара байланыстар туралы пікір алмастық. Былтыр Астанада Армения мәдениетінің күндері өткенін білесіздер. Ал биыл Ереванда алғаш рет Қазақстанның мәдениет күндері ұйымдастырылды. Армения астанасында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды. Бүгін елорда көшелерінің біріне ұлы армян ағартушысы Месроп Маштоцтың есімі берілді. Осындай бастамалар халықтарымыздың рухани жақындығын көрсетеді. Бұл – елдеріміздің ұлт перзенттеріне деген шынайы құрметінің көрінісі", – деді Президент. Мемлекет басшысы мен мәртебелі мейман өзекті аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, көптеген түйткілге қатысты ұстанымдары ұқсас екенін растаған. "Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда АҚШ Президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігерін және ұсынып жатқан жоспарын қолдаймын. Сондай-ақ Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысын толық қолдайды. Біз тарихи мәні зор осы үдерістің табысты жалғасуына тілектеспіз, бұл іске атсалысуға қашанда дайынбыз. Мен бұл ұстанымды бүгінгі келіссөз барысында тағы да растадым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президенті Армения және Әзербайжан арасындағы ұзақ жылға созылған түйткілді реттеу ісіндегі Никол Пашинянның тарихи миссиясын атап өтіп, оның Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы батыл қадамына, көреген саясаты мен күш-жігеріне жоғары баға берді. Никол Пашинян армян тарапы ынтымақтастықтың барлық бағытын кеңейтуге дайын екенін растады. "Қазақстан – біз үшін өте маңызды ел. Өйткені сын сәтінде Армения мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Алматыда кездесті. Бұл біз үшін өте маңызды болатын. Армения мен Әзербайжандағы бейбітшіліктің Алматы декларациясына негізделетіні баршаға мәлім. Оның саяси және символдық мәні зор. Осы ресми сапарымның нәтижесінде Армения мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгеніне қуаныштымын. Бұл өңірдегі ықпалдастықтың жаңа дәрежеге жеткенін көрсетеді", – деді Армения Премьер-министрі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жол қозғалысы ережелері өзгереді: жүргізушілерге нені білу керек? 10 қарашада жол ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер 23 қарашадан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жүк көліктері Елдімекендерде жүк көліктерінің жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейін шектелді. Бұл шектеу жол белгілерімен нақты жылдамдық көрсетілген учаскелерге қолданылмайды (мысалы 80-90 шақ/сағ). БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, жылдамдық 60-65 шақ/сағ болғанда жаяу жүргіншінің қаза болу ықтималдығы 50 шақ/сағ-пен салыстырғанда 4,5 есеге жоғары. Колонналарға қатысты Боран, тұман, қар, жаңбыр кезінде жол апаттарының алдын алу мақсатында патрульдік көлік ілесіп жүретін колонналарға қатысты талаптар да жаңартылды: колонна ішінде маневр жасауға, басып озуға немесе өздігінен тоқтауға тыйым салынады; көлік тізбегіндегі көлік саны 10-нан асса, екі патрульдік көлік ілесіп жүру міндетті. Автобустар М2 және М3 санатындағы барлық автобусқа жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін аялдамаларда тоқтауға рұқсат етілді. Маяк қолдану бойынша Ірі көлемді және қауіпті жүктерді, велосипедшілерді, сондай-ақ, балаларды тасымалдайтын автобустарды алып жүру кезінде жылдам алынатын бекітпесі бар, қызғылт сары немесе сары түсті құралдарды рұқсатсыз қолдануға болады. Бұған дейін мұндай маяктарды пайдалану үшін рұқсат құжаттарын алу, қайта жабдықтау рәсімінен өту және техникалық куәлікке белгі енгізу талап етілетін. Сондай-ақ, жол парағын электрон түрде қолдануға рұқсат берілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Пашинян қандай құжаттармен алмасты? Қазақстан Президенті мен Армения премьер-министрінің қатысуымен ресми делегация мүшелері төмендегідей үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы құпия мәліметтерді беру, қолдану, қорғау және сақтау туралы келісім; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы және Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салуға арналған жер телімдерін бөлу туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы; 4. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 5. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрландыру министрлігі мен Армения Республикасы Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Армения Республикасы Экономика министрлігі арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда-саттығы жөніндегі ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Армения Республикасы Сырты істер министрлігі арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары; 8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Армения Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 2026-2027 жылдарға арналған негізгі шаралар жоспары; 9. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Арменияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы Қазақстан-Армения Іскерлік кеңесін құру туралы келісім; 10. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі мен "Арменияның Ұлттық кітапханасы" мемлекеттік коммерциялық емес ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 11. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КеАҚ пен Арменияның Кино қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 12. Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі мен "Арменияның Ұлттық галереясы" арнайы ғылыми-зерттеу бірлестігінің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 13. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша ынтымақтастық туралы меморандум; 14. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы ғылым және жоғары білім саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум; 15. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан Президенті мен Армения премьер-министрі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Қазақстан Президенті мен Армения Премьер-министрі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ пен армян достығы берік, сыйластығы жарасқан халықтар екенін атап өтті. "Армения – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы басты саяси және сауда-экономикалық серіктесінің бірі. Қазақ жұрты армян халқын ерекше қадірлейді. Оның терең тарихына, бай мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарайды. Қазір Армения Қазақстан азаматтары көп баратын туристік елдің біріне айналды. Биыл қос халықты жақындастыра түскен айтулы оқиғалар болды: Арменияда алғаш рет Қазақстанның мәдениет күндері өтті. Ереванда ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының құрметіне саябақ ашылды. Осы маңызды бастамаларға қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге, құрметті Никол Воваевич, зор алғыс білдіремін. Мұны қазақ еліне деген ерекше ілтипатыңыз деп бағалаймыз", – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, Астана мен Ереван арасында барлық деңгейде ашық әрі сенімді саяси диалог қалыптасқан. Халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында тығыз, нәтижелі ынтымақтастық жолға қойылған. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылым-білім саласындағы ықпалдастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанына тоқталды. Сондай-ақ мемлекетаралық байланыстар конструктивті сипат алғанын әрі оны жақ-жақты кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екенін жеткізді. Мемлекет басшысы бүгін Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне шығаратын тарихи құжатқа қол қойылатынын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Сапарыңыз өте маңызды“: Тоқаев Пашинянмен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Армения премьер-министрімен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрінің сапары өте маңызды екенін айтты. "Аса құрметті Никол Воваевич, Қазақстанға қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Екі елдің стратегиялық серіктестік деңгейіндегі қарым-қатынасының дамуына үлкен серпін береді деп сенеміз. Бұл – Қазақстанға алғашқы сапарыңыз. Шын мәнінде, қазақ халқы Армения жұртына, тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне зор құрметпен қарайды. Сапар барысында бірқатар маңызды келісімге қол қойылады", - деді Президент. Никол Пашинян да Мемлекет басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтты. "Аса құрметті Президент мырза, мені Қазақстанға ресми сапармен шақырып, Астанада қонақжайлық танытқаныңыз үшін алғыс айтамын. Бұл сапар біздің екіжақты қарым-қатынасымызға тың серпін береді. Қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Сіздің былтыр Арменияға жасаған ресми сапарыңыздан бастау алды. Соның нәтижесінде маңызды келісімдерге қол қойылды. Оның кейбірі жүзеге асырылды, қалған бөлігі орындалу үстінде. Қазақстанға ресми сапармен келу – мен үшін зор мәртебе!" Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Богатырь көмірдегі“ қылмыстық схема: 123 миллион теңге залал келген Павлодар облысында "Богатырь көмір" ЖШС-ның қаржысын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірқатар коммерциялық компания басшылары бұрын пайдаланылған қосалқы бөлшектерді кәсіпорынға жаңа өнім ретінде жеткізу схемасын ұйымдастырған. "Схеманы іске асыру үшін "Богатырь көмір" ЖШС-ның тауар мен материалдарды қабылдауға жауапты қызметкері тартылған. Ол талаптарға сәйкес келмейтін бөлшектерді еш кедергісіз қабылдаған. Екі жыл бойы жалған сертификаттар бойынша реакторлар, цилиндр блоктары, автотіркемелер және тежегіш жүйелерінің бөлшектері жаңа өнім ретінде жеткізіліп отырған", - деп жазылған хабарламада. Осылайша "Богатырь көмір" ЖШС-ға 123 млн теңге көлемінде залал келген. Қылмыстық жолмен келген қаражат ЖШС мен жеке кәсіпкерлер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Тінту барысында күдіктілерден 27 млн теңге көлемінде қолма-қол ақша тәркіленді. Сот санкциясымен күдіктілердің 6 көлігіне, соның ішінде Cadillac Escalade, Range Rover, Toyota Land Cruiser 250 көліктеріне тыйым салынды. Үш күдікті қамауға алынды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ақордада Пашинянды қарсы алды Армения премьер-министрі Никол Пашинянды қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Армения премьер-министрі Никол Пашинянды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Екі елдің әнұраны орындалды. Еске салайық, 20 қарашада кешке Никол Пашинян Астанаға ресми сапармен келді. Әуежайда Армения үкімет басшысын Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. 21 қарашада екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
UNIFEST AQTOBE – 2025 фестивалі: Ақтөбе жастарының өнерін ұлықтаған жарқын шара Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе қаласында 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай дәстүрлі "UNIFEST AQTOBE – 2025" қалалық шығармашылық фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ауқымды шараға қаладағы барлық жоғары оқу орындарының өнерлі студенттері қатысып, өнер бәсекесінің көрігін қыздырды. Фестивальдің негізгі мақсаты – жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, шығармашылық қабілеттерді дамыту, жас таланттарды анықтау және студенттердің бір-бірімен шығармашылық байланысын арттыру. Әрбір оқу орны өзіне тән ерекшелігін көрсетіп, сахнада тың идеялар мен жаңа есімдер жарқырай көрінді. Биылғы фестиваль бірнеше өнер бағыттары бойынша өтті. Қатысушылар "Үздік жүргізуші", "Эстрадалық ән", "Дәстүрлі ән", "Аспапта орындау", "Хореография", "Көркем сөз", "Ерекше жанр", "Үздік видеоролик", "Үздік фан-клуб" және "Үздік мобилограф" секілді номинациялар бойынша бақ сынады. Әр номинацияда студенттердің кәсіби деңгейі мен шығармашылық ізденісі айқын көрініс тапты. Фестиваль қорытындысы бойынша М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті бірнеше номинацияда үздік шығып, фестивальдің жеңімпазы атанды. Сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және С.Бәйішев атындағы университет студенттері де түрлі номинациялар бойынша жоғары нәтижелер көрсетті. Жеңімпаздарды анықтау барысында әділқазылар өнерпаздардың орындаушылық шеберлігін, сахна мәдениетін, шығармашылық деңгейін және көркемдік ерекшеліктерін ескерді. Фестиваль көрермендерге ерекше әсер сыйлап, студенттердің бір-бірін қолдауы мен достық рухын күшейтті. "UNIFEST AQTOBE – 2025" — Ақтөбе жастарының талантын танытып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор ықпал ететін маңызды мәдени шара. Осы жылы алғаш рет ұйымдастырылған бұл фестиваль өнер сүйер жастарды қанаттандырып, олардың шығармашылық ортаға еркін енуіне кең мүмкіндік берді. Жас таланттардың қанатын қатайтқан, шабытын оятқан "UNIFEST AQTOBE 2025" алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, студенттік өнер мерекесінің дәстүрін жалғастыратынына сенім мол. Фестиваль — жас өнерпаздардың шабыт алып, болашақ кәсіби жолын таңдауға серпін беретін рухани алаң. Ақтөбелік студенттердің өнері мен талпынысы бұл шараның жастар арасында маңыздылығы артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазақстанда тексеруларден кейін жүздеген процедуралық кабинет жабылды Қазақстанда жеке процедуралық кабинеттерге жүргізілген тексерулер нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталып, иелеріне 15 миллион теңгеден аса айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, тексеріс барысында 406 кабинет түрлі талаптарды бұзып жұмыс істеген немесе лицензияға қажетті қосымшаларсыз қызмет көрсеткен. Түсіндіру жұмыстарынан кейін олардың 247-сі өз қызметін ерікті түрде тоқтатты. "Процедуралық кабинеттер эпидемиологиялық тұрғыдан аса маңызды нысандар екенін, сондықтан денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарға толық сай болуы керек. Орта медицина қызметкерлерінің лицензиясыз инвазивті процедуралар жасауға құқығы жоқ, алайда бірқатар нысанда мұндай қызметтер заңсыз көрсетілген", - делінген хабарламада. Жоспардан тыс жүргізілген 84 тексерудің нәтижесінде мынадай кемшіліктер анықталған: медициналық қызметке лицензияның болмауы; санитариялық талаптардың сақталмауы; дәрі-дәрмектерді дұрыс сақтамау; білікті персоналдың жоқтығы; шұғыл көмекке арналған арнайы жиынтықтардың болмауы. 122 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 15 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанаға келген Пашинян қазақстандық хитті қосып, “жүрек“ көрсетті Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желіде Астанада түсірген видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеода Пашинян терезеден Астананың көрінісін көрсеткен. Кейін армян саясаткері қолымен "жүрек" белгісін көрсетеді. Бұл ретте фонда қазақстандық әнші Баянсұлу Сағындықованың (BAYANSULU) Aua rai атты әні қосылып тұрғаны естіледі. "Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін, бәріңізді жақсы көремін", – деп жазды Пашинян. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Nikol Pashinyan (@nikolpashinyan_official) Еске салайық, 20 қарашада кешке Никол Пашинян Астанаға ресми сапармен келді. Әуежайда Армения үкімет басшысын Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. 21 қарашада екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы бала туу және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақылар мөлшері аталды 2025 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 692 миллиард теңге болатын төлемдермен 508 мың адам қамтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 51,7 миллиард теңге сомаға 286 мың адам қамтылды, оның ішінде қазанда 5,2 миллиард теңге сомаға 28,5 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады. Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5 пайызға индекстелген. Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері: бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге; төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге. Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді: бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге; екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге; үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге; төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге. Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады. Аталған біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 245,3 миллиард теңгеге 175,1 мың адам алған, оның ішінде қазанда 17,4 миллиард теңге сомасына 17,8 мың адам алған. 2025 жылдың 10 айында тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 457 321 теңге болды. Сондай-ақ, МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40 пайызы болады. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады. 2025 жылдың 10 айында бұл төлем 358,6 миллиард теңгеге 208,2 мың адамға тағайындалды. Оның ішінде төлем қазанда 18,8 мың алушыға тағайындалды, төлемнің сомасы қазан айында 34,5 миллиард теңгені құрады. 10 айдағы төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері – 86 493 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Талғардағы зорлау, адам өлтіру және баланы ұрлау ісі: учаскелік инспектор тергеуге алынған Талғар ауданында учаскелік инспектор қызметінен босатылып, ер адамның өлімі мен баланың ұрлану оқиғасына әкелген әрекеті үшін айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, учаскелік инспекторға қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған: ҚР ҚК-нің 371-бап, 2-бөлік – Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық; ҚР ҚК-нің 369-бап, 2-1-бөлік – Құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық жасау. Прокуратура тергеудің аяқталғанын растады. Инспектор ішкі істер органдарынан 2025 жылдың 4 қарашасында, оқиғадан екі айдан аса уақыт өткен соң, жұмыстан шығарылған. Учаскелік инспекторға тағылған айып Жәбірленуші отбасының адвокаты Жандос Палмановтың айтуынша, 3 қыркүйекте, трагедиядан үш күн бұрын, учаскелік инспектор әйелдің үйіне шақыртумен барған. Сол күні үйге мылтық ұстаған ер адам барған. Адвокаттың сөзінше, инспектор сол күні қорғау нұсқамасын рәсімдеп, оған жәбірленушінің жалған қолтаңбасын қойған. "Сараптама бұл қолтаңбаның жәбірленушіге тиесілі емес екенін анықтады", – деді Палманов. Трагедия қалай болған? 6 қыркүйекте сол ер адам әйелдің ағасын атып өлтіріп, екі сыбайласымен бірге оның екі жасар қызын ұрлап кеткен. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды. Күдікті ұсталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Цифрландыру тәжірибесі: ЖАСҰО мамандары кәсіпорынның маңызды өнімдері туралы айтып берді Жол активтері сапасы ұлттық орталығы халықаралық Qaztraffic көрмесіне қатысып жатыр. ЖАСҰО құрылғалы бері қызметіне цифрлық және автоматтандырылған технологияларды біртіндеп енгізіп келеді. ЖАСҰО мамандары қолға алынған технологиялық өнімдер туралы айтып берді. ЖАСҰО Цифрландыру басқармасының бас маманы Кирилл Гриненко KazRoad VR виртуалды жаттықтырғыш қалай жұмыс істейтінін баяндады. Инновация жол саласында оқыту, аттестациядан өту және емтихан өткізу сынды қызметтерді атқаруға мүмкіндік бермек. "Бұл жаттықтырғыш Қазақстан үшін ноу-хау өнім саналады, яғни компаниямыздың ресми патенті. Ол еліміздің бірқатар университетінде қолға алынды. Өзбекстан, Ресей мен Германия елдеріндегі шетелдік серіктестеріміз де оған қызығушылық танытып отыр", - дейді Кирилл Гриненко. ЖАСҰО сапа бақылауы бөлімінің басшысы Азамат Шубеков болса, сынамаларды QR-кодтау жүйесі не үшін енгізілгенін айтып берді. "KazRoadLab деп аталатын бағдарламада инженерлердің сапары мен жол-құрылыс материалдары туралы барлық дерек бар. Сынамаларды мамандар іріктеп алып, арнайы пакеттерге салады, одан соң оларға QR-код жабыстырылады. Бұл шара ауыстыру жағдайларын болдырмауға бағытталған", - дейді Шубеков. ЖАСҰО жұмысы лабораториялық зерттеулер саласында да біршама ілгерілеген. "Сынақтар жүргізген кезде бағдарлама таразылардағы деректерді есептейді, сөйтіп олар жүйеге жолданады. Деректерді түзеу немесе ақпараттарды ауыстыру мүмкіндігі ешкімде жоқ", - деп атап өтті ЖАСҰО астаналық лабораториясының меңгерушісі Дархан Арықпаев. Сонымен бірге орталықтың ведомстволық сараптамасының жаңартылуы да ерекше назарда. ЖАСҰО цифрлық құжаттарды енгізу бойынша маңызды жұмыс атқарды, кәсіпорын «бір терезе" тәсілі арқылы ведомстволық сараптама порталын жасап шығарды. "Барлық жұмыс портал арқылы іске асады: әр кезеңнің цифрлық ізі қалады. Үш кезеңнің барлығынан өткен жағдайда тиісті қорытынды шығады. Ол автоматты түрде жасалады, тапсырыс беруші оны порталдан да жүктеп ала алады", - дейді ЖАСҰО ведомстволық сараптама бөлімінің басшысы Марат Валиев. Қазіргі таңда орталықта ел президенті енгізуді тапсырған Е-JOLDAR жүйесін жасау аяқталып жатыр. Алты модульдан (Жол паспорты, Қоғамдық бақылау, Ситуациялық орталық, Жолдарды жөндеу, Сараптама) тұратын платформа 2026 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Алғабас ауылындағы трагедия: зардап шеккен бір адам Шымкентке жеткізілді Алғабас ауылындағы өрттен зардап шеккен адам Шымкентке тікұшақпен жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап. Қазавиақұтқару авиациялық қызметінің тікұшағы Түркістан облысының Жетісай ауданынан Шымкентке санитарлық рейс орындады. "Рейс барысында Түркістан облысындағы өрт салдарынан зардап шеккен, 1990 жылы туған әйел Шымкенттегі гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді. Гипербариялық орталық Шымкентте орналасқан, ал Жетісай ауданында шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті арнайы жабдықтар жеткіліксіз болғандықтан, науқасты тасымалдау қажет болды", - делінген хабарламада. Қону сәтінен кейін әйел арнайы мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына тапсырылды. Еске салайық, 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, тоғызы - бала. Кейін қайғылы жағдайға байланысты Үкімет комиссиясы құрылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда адамдарды сурет, видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін екені рас па? Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан "қоғамдық орындарда адамдарды суретке, видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін" деген ақпарат қаншалық рас екені сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналистер Сенат дәлізінде министрден массмедиа туралы заңға түзету енгізу жоспары туралы сұрады. Аида Балаева қазір бұл мәселені жұмыс тобы талқылап жатқанын айтып, БАҚ өкілдеріне қатысуды ұсынды. "Ештеңеге тыйым салғымыз келмейді. Кез келген жерде адамдарды рұқсатсыз түсіруді шектегіміз келеді. Лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметшілер бары түсінікті, біз үйреніп қалдық. Бірақ пранктер, белгілі бір адамдардың рұқсатынсыз түсірілетін кейбір түсірілімдер бар. Сондықтан бұл норманы сіздермен талқылаймыз, өйткені жұмыс тобы енді ғана құрылып жатыр", - деді министр. Бұл дегеніміз - кадрда көрінсе, әр адамнан рұқсат сұрау деген сөз. Келісімсіз сурет немесе видеоға түсіруге, жариялауға болмайды. Министрдің айтуынша, азаматтар уәкілетті органдарға олардың келісімінсіз түсірілген және жарияланған кадрларға жиі шағымданады. Айта кетейік, Қазақстанда қоғамдық орында сурет, видео түсіруге рұқсат етілген, бірақ адамдардың суретін пайдалануға шектеу бар. Адамдарды сурет не видеоға олардың келісімінсіз түсіре аласыз. Бірақ бұл олардың қызметіне, қоғамдық жұмысына қатысты болмаса немесе адам қоғамдық іс-шараға қатысушы болмаса, оны жариялауға болмайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Tesla Education төңірегіндегі дау: не белгілі? Қазақстандықтар бірнеше күннен бері Tesla Education білім беру орталығы төңірегіндегі дауды талқылап жатыр. Астана мен Алматыда жүздеген ата-ана оқу сыныптары жабылғанын және ақшасын қайтара алмай жүргенін айтқан. Бұл жағдайға қатысты ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция не дейді? Алматы полициясы азаматтардың шағымдары негізінде қылмыстық іс тіркелгенін растады. Қазіргі іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі "Екі немесе одан көп адамға қатысты жасалған алаяқтық” бойынша тергеліп жатыр. Полиция тарапынан барлық мән-жайларды жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды. Не болған? Алматыда ата-аналар орталықтағы оқу процесі уәде етілген деңгейге сәйкес болмағанын, сабақтардың жиі тоқтатылғанын айтады. Шартты бұзып, ақшаны қайтармақ болғанда, қиындықтарға тап болған. Алғашында орталық қаражатты 30 күн ішінде қайтарамыз деген. Кейін ата-аналарға нақты қайтару күні көрсетілген кепілдік хаттар берілген, бірақ қаражат ол уақытта да қайтарылмаған. Осыдан кейін ата-аналар полицияға жүгінген. Жекелеген өтініштер қаралмаған соң, 70-тен астам адам бірігіп, ұжымдық арыз жазған. Сол арыздан кейін іс ресми түрде тіркелген. Орталықтың жауабы Даудан кейін орталық Instagram-парақшасында ата-аналарға үндеу жариялап, ақшаны толық қайтарамыз деп уәде берген. Орталық "өз қызметкерлерінің ешқандай алаяқтық немесе жеке пайда үшін әрекет етпегенін" айтып, ата-аналардан түсіністік танытуды сұрады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Гонконг тұмауы: денсаулық сақтау министрі қазіргі ахуал туралы айтты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Гонконг тұмауына қатысты қазіргі ахуалды айтты. Қазір елде бұл тұмау түрі өршіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр Гонконг тұмауы ел аумағында 2001 жылдан бері тарап келе жатқанын еске салды. Бұл вирус егде жастағы адамдар мен балаларға ауыр әсер етеді. "Осы аптада және келесі аптада әлі де күн жылы болады. Желтоқсанның ортасына дейін инфекция өршуі тіркеледі деп болжап отырмыз. Сондықтан адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу, қолды жуу, үйді желдету, бетперде тағу ұсынылады", - деді Әлназарова Сенат дәлізінде. Шенеунік қарапайым азаматтарды медициналық бетперде тағуға мәжбүрлемейтінін, алайда медицина қызметкерлері үшін бұл талап міндетті екенін жеткізді. Журналистер "күн суытса, тұмау, ЖРВИ-мен ауыру көрсеткіші төмендей ме?" деп сұрады. Министр солай болатынын, бірақ бірден емес екенін айтты. Еске салайық, бұған дейін министр Ақмарал Әлназарова ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады. Министрдің сөзінше, жыл сайын ЖРВИ-дің 3,5 млн және тұмаудың 2 мың жағдайы тіркеледі. Биылғы эпидемиологиялық маусым (1 қыркүйектен бері) басталғалы бері ЖРВИ-дің 1 млн 461 мың жағдайы тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 20%-ға төмен. Соның ішінде 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған. Кейінгі аптада ЖРВИ-дің 183 мың жағдайы тіркелген. Астанада да ЖРВИ мен тұмау өршіп, шектеулер енгізілді. Ал Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар қашықтан оқиды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Министр дәріханалардағы вирусқа қарсы дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты пікір білдірді Астанадағы дәріханаларға кеше 60 мыңнан аса вирусқа қарсы препарат жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сенат кулуарында журналистер министрден ЖРВИ мен тұмау өршіп тұрған кезде Астанада қызу түсіретін дәрілер жоқ деген ақпараттың рас-өтірігін сұрады. Ақмарал Әлназарова жақында Астанада "жекелеген жағдайларда вирусқа қарсы препараттардың тапшылығы болғанын" растады. "Біз алғашқы күндерден бастап ірі дистрибьюторлармен жұмыс жүргіздік. Кеше (19 қараша – еск.) Астанаға ғана 60 мыңнан аса қаптама жеткізілді. Бұл дәрілер барлық дәріхана желілеріне таратылды, сондықтан қазір айтарлықтай өткір тапшылық байқалмайды. Бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз", – деді министр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ата-аналардың жұмыс күнін қысқарту: үкімет бұл бастаманы қарастырады Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен Қазақстанда ата-аналар үшін жұмыс күнін қысқарту мүмкіндігі туралы сұралды. Мұндай ұсыныс бұған дейін Мәжілісте айтылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ата-аналар үшін жұмыс күнін қысқартуды ұсынды. Сіз бұл бастамаға қалай қарайсыз? Сіздің ойыңызша, бұл экономика үшін қаншалықты тиімді?" – деген сұрақ қойылды. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл бастаманы естімегенін, десе де оны түсініп, егжей-тегжейлі зерделеу керек екенін айтты. "Әлемдік тәжірибеде мұндай нәрсе бар. Біреу үйде отырса, үйдегі тірлікпен айналысса, әсіресе, балаларға қараса, кәдімгі еңбек. Оны елемеуге болмайды. Мұның бәрі - есептелетін заттар, экономикада бәрі есептеледі. Сондықтан бұл бастаманы тереңірек бағалау қажет", - деді ол. Шенеунік депутаттар ресми түрде жүгінсе, олардың кез келген бастамасын Үкімет қарауға міндетті екенін айтты. Еске салайық, Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден кішкентай балалары бар ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқартуды ұсынған болатын. Депутат бұл мәселені бұған дейін үкімет деңгейінде көтергенін, бірақ әзірге шешім жоқ екенін айтқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Qaztraffic-2025 көрмесіне қатысты Астанада 21-халықаралық Qaztraffic көрмесі ашылды. Бұл ауқымды іс-шараға жол саласындағы 300-ден астам қазақстандық және халықаралық компания өкілдері қатысып жатыр. Qaztraffic-2025 ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров қатысты. Ведомство басшысының орынбасары халықаралық көрмеге қатысушылардың кәсібилігі мен жоғары біліктілігін атап өтті. "Қазір Қазақстанның жол саласы айтарлықтай жоғары деңгейде, мұны соңғы статистика дәлелдейді. Бүгінгі уақытта біз жол саласын дамытудың жеке бағдарламасын әзірлеп жатырмыз, онда біз ең жаңа технологияларды енгізуді жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға Қазақстанды Еуразияның негізгі көлік және логистикалық хабына айналдыру туралы міндет қойды. Қазіргі уақытта біз осы бағытта кең көлемде жұмыс істеп жатырмыз", - деді Мақсат Қалиақпаров. Qaztraffic-2025 көрмесінің белсенді қатысушысы – соңғы алты жылда саланы жаңғыртудың негізгі қозғаушы күші болған Жол активтері сапасының ұлттық орталығы. ЖАСҰО мамандары жол құрылысының барлық кезеңінде техникалық ережелердің сақталуын бақылайды, пайдаланылатын жол құрылыс материалдарының сапасын ғылыми бағалауға ерекше назар аударады. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы РМК бас директоры Болатбек Айтбаев Qaztraffic халықаралық көрмесінің тәжірибе алмасу үшін маңызды екенін атап өтті. "ЖАСҰО құрылғаннан бері осындай ірі іс-шараларға қатысып келеді. Qaztraffic-2025 көрмесі – озық тәжірибелермен бөлісудің тамаша платформасы. Мұнда кәсіпорынымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын пікір алмасу, тәжірибе толықтыру, әсіресе цифрландыру саласындағы технологияларға қатысты біздің цифрлық бағдарламаларымызға қызығушылық көп болды. Бүгінгі таңда ЖАСҰО инновацияларды белсенді түрде енгізіп жатыр: тестілеудің бәрі дерлік толығымен автоматтандырылған және цифрландырылған. Бұл тестілеуге, нәтижелерді алуға және өңдеуге кететін уақытты үнемдеуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға көмектеседі", - деді Болатбек Айтбаев. Цифрландыру тұрғысынан ЖАСҰО отандық жол секторындағы көшбасшылардың қатарында. Орталық қазіргі уақытта Қазақстанның жол секторына қатысты барлық процесті біріктіретін E-JOLDAR жүйесін әзірлеу үстінде. Бұл электрондық платформа мемлекеттік органдардың өкілдері мен барлық жол операторына пайдалануға қолжетімді болады. E-JOLDAR жүйесінің алты модулінің үшеуі әзірленіп қойды. Суреттер: Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Qaztraffic-2025 бағдарламасына "Жолдар және инновациялар" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция да кіреді. Конференция барысында спикерлер саланың негізгі мәселелерін талқылап, прогрессивті шешімдерін бөліседі.
Парламенттік реформа: Тоқаев Қаринге тапсырма берді Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші – Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы баяндалды. Ерлан Қариннің айтуынша, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінде "Парламенттік реформа" арнайы бөлімі іске қосылғалы бері бір айдың ішінде азаматтар мен қоғам белсенділері тарапынан осы мәселеге қатысты 300-ге жуық ұсыныс келіп түсті. Бұдан бөлек, 6 саяси партия, атап айтқанда, "Amanat", "Ауыл", "Ақ жол", "Respublica", Қазақстан Халық партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз ұсыныстарын жолдады. Онда бір палаталы парламенттің қызметі мен парламенттік партиялардың өкілеттігіне қатысты тетіктер қамтылған. Сонымен қатар Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшелері сарапшылық материалдар әзірледі. Қазір барлық ұсынысты талдау және жүйелеу ісі қолға алынды. Жұмыс тобының екінші отырысын биыл 2 желтоқсанда өткізу жоспарланған. Жиында ұсыныстар жекелеген бағыттар бойынша жан-жақты қарастырылады. Мемлекет басшысы елдегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңі болатын алдағы парламенттік реформаның мән-маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев келіп түскен барлық бастаманы жан-жақты қарап, олардың негізінде парламенттік жүйені жаңғырту бойынша нақты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстау облысы ПД бастығы мен оның орынбасарлары ҰҚТ құрды деп айыпталды: ресми жауап Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыптаулар тарады. Полиция бұл ақпараттың жалған екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшыларының аты-жөні жазылған тізім тараған. Онда көрсетілген адамдар ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ретінде көрсетілген. Скриншот/ Маңғыстау облысы ПД Полиция жауабы Маңғыстау облысы Полиция департаменті редакция сауалына берген жауабында бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. "Жалған ақпаратты таратпауды сұраймыз. Интернетте әдейі жалған мәлімет жариялау және тарату Қазақстан заңнамасына қайшы келеді", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі жауабында. Полиция өкілдері ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес, әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды. "Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіріп, ауыр құқықтық салдарға әкеледі", – деп түйіндеді баспасөз қызметі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Хасан Қасымбаев сот залындағы терезені сындырғаны үшін қалай жазалануы мүмкін? Алматы облысында 11 қарашада үкім жарияланар алдында айыпталушыларға арналған кабинаның терезесін сындырған Хасан Қасымбаевтың әрекетін полиция тексеріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі адвокат Абзал Қасымжановтан соттағы мүлікті бүлдіргені үшін Қасымбаев қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін сұрады. Оқиға қалай болған? Алматы облысы Полиция департаменті Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап бере отырып, бұл факт аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады. "Қажетті процессуалдық тексерістер жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", – делінген жауапта. Сонымен қатар, полиция Талғар аудандық соты тарапынан бұл оқиғаға байланысты ешқандай шағым түспегенін атап өтті. Бұған дейін Алматы облысы Сот әкімшілігі департаменті залдағы сынған пластик терезені сотталушы Хасан Қасымбаевтың туысы қалпына келтіргенін хабарлаған еді. Хасымбаевқа қандай жаза қолданылуы мүмкін? Адвокат Абзал Қасымжановтың айтуынша, Қасымбаевтың әрекеті келесі баптар бойынша қарастырылуы ықтимал: ҚР ҚК-нің 202-бабы – Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру;ҚР ҚК-нің 410-бабы – Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын, сотты құрметтемеу;ҚР ҚК-нің 293-бабы – Бұзақылық. "Заң бойынша бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру немесе жою үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Көрсетілген бап бойынша жаза жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады", – деді адвокат. Қасымбаев сотты сыйламағаны үшін де жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл бап бойынша: 160 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы – 629 120 теңге); дәл сол мөлшерде түзету жұмыстары; 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар; 40 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған. Адвокаттың айтуынша, Қасымбаевтың әрекеті бұзақылық ретінде де бағалануы мүмкін: "Бұл - қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, қоғамға ашықтан-ашық құрметсіздік көрсету және бөтен мүлікті бүлдірумен қатар жүруі мүмкін. Мұндай жағдайда қылмыстық кодекс алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды да қарастырады", – деді ол. Айта кетейік, 11 қарашада сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау бойынша кінәлі деп таныды. Айыптардың жиынтығы бойынша Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орта қауіпсіздік деңгейіндегі түзету мекемесінде өтейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада ер адам тұрғындарды жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп алдаған Астанада алаяқ жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп азаматтарды алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты. "Ол өзін ұлттық компания қызметкерімін деп таныстырып, қызметін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған", - деп жазылған хабарламада. 16 азаматты алдаған елорда тұрғынына сот үкімі шықты. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада ЖРВИ мен тұмаудың өршуіне байланысты шектеулер енгізілді 19 қараша, сәрсенбіде Астананың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айгүл Шағалтаева "Санитариялық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы" қаулыға қол қойды. Қаулы мәтіні Астана әкімдігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжатқа сәйкес, бірқатар шаралар енгізілді: поликлиникалар мен стационарлардың жұмысын күшейту; науқастарды оқшаулау; қабылдау кабинеттерін кеңейту; маска тағу режимін сақтау; температуралық бақылау; вирусқа қарсы препараттардың қорын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейінгі кезеңге сыныптағы оқушылар санының 30 пайызы және одан да көбі ЖРВИ-мен сырқаттану тіркелген жағдайда оларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру, әр ауысым алдында "таңғы сүзгіні" жүргізу, жедел респираторлық ауру белгілері бар мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды, сондай-ақ педагогтарды сабаққа жібермеу, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтау шаралары қарастырылған. "Эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін ЖРВИ мен тұмауға қарсы іс-шараларды жалғастыру қажет", – делінген құжатта. Соңғы аптада елордада 23 002 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл 30 қазан – 5 қараша аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп. Науқастардың 60 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Қазіргі уақытта Қазақстанда бірнеше тұмау штаммы айналымда жүр, оның ішінде A H3N2 (Гонконг тұмауы) бар. Бұл штамм аурудың ауыр өтуімен ерекшеленеді. Ауру жағдайларының күрт өсуі халық арасында алаңдаушылық туғызып, тұрғындар дәріханалардан вирусқа қарсы препараттарды жаппай сатып алып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада жоғалып кеткен тұрғын туралы ақпаратқа үш миллион теңге сыйақы ұсынылды 2020 жылы жоғалып кеткен астаналық тұрғынның туыстары оның қайда екені туралы нақты ақпарат айтқан адамға үш миллион теңге сыйақы беруге дайын. Ақпарат QANAT еріктілер қозғалысының Instagram-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Армин Назар Ражұлы, 1996 жылы туған, 2020 жылдың 6 қазанында жоғалып кеткен. Шамамен 16:00-де Ғабдуллин көшесі 6/1 мекенжайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Белгілері: бойы 186 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр, оң көзінің астында меңі бар, арық денелі. Үстінде: сары жейде, сұр шалбар, сұр шұлық болған. Аяқ киімсіз шыққан. Іздеушілердің айтуынша, жоғалған адам бағытын ажырата алмайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "20 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент, Павлодар, Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Оман сұлтанына жеделхат жолдады Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын сұлтандықтың Ұлттық күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы еліміз Оманды араб әлемі мен Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп қарастыратынын жазды. Сонымен қатар Астана мен Масқат арасындағы достыққа, өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумы: “Ауыл“ партиясы Президент тапсырмаларын түсіндіруді бастады "Ауыл" партиясы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Екінші форумында берілген Президенттің тапсырмаларын кеңінен түсіндіру жұмысына кірісті. Өткен аптада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Екінші форумы өтті. Мемлекет басшысы өңірлердің дамуына айрықша назар аударып, ауылдың ұлттық экономиканың өсу нүктесі екенін атап өтті: "Түптеп келгенде, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне жалпы ауыл-аймақтарды, яғни бүкіл елді дамыту деп қараған жөн". Мемлекет басшысы өңірлердің дамуы агроөнеркәсіптік кешеннің тікелей функциясы екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, АПК-нің дамуы ауылдық аумақтардың нығаюына, ал бұл өз кезегінде өңірлер мен жалпы елдің өсуіне ықпал етеді. Форум өткізілгеннен кейін дереу "Ауыл" партиясы Мемлекет басшысы қойған міндеттер мен бастамаларды түсіндіруге бағытталған бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды. Атап айтқанда, "Ауыл" партиясы делегациясы, партия төрағасы, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың басшылығымен Сырдария ауданының Бесарық ауылына барып, жергілікті ауыл шаруашылығы кооперативінің және фермерлік шаруашылықтардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, шаруалар мен агроөнеркәсіптік сала қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында ол Президенттің ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, мал шаруашылығын қолдауды кеңейтуге және АӨК-ті жаңғыртуға бағытталған негізгі идеялары мен бастамаларын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, партия төрағасы Қызылорда облыстық филиалының активімен кездесті. Кездесу барысында аймақтық деңгейде Президент тапсырмаларын жүзеге асыру механизмдері, сондай-ақ "Ауыл" партиясының Президент қойған міндеттерді іске асырудағы рөлі мен орны талқыланды. Кездесу аясында партияның ең белсенді мүшелері ведомстволық наградалармен және "Ауыл" партиясының мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Сапар барысында Серік Егізбаев "Қайсар" волейбол және гандбол командасының ойыншыларымен де кездесті. Спортшылар ауыл аймақтарын дамыту стратегиясын қолдайтынын білдіріп, "Ауыл" партиясына қосылу шешімін қабылдады. Салтанатты жағдайда оларға партиялық билеттер табысталды.
Жол сапасы: құрылыс компаниясы 3,4 шақырым жолды қайта салды Ақтөбеде жол құрылысымен айналысатын компания 3,4 км жолды қайта салып жатыр. Мердігер мекеме облыс орталығындағы Кеңес Нокин даңғылына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс болған. Алайда асфальт-бетон жамылғысы талапқа сай болмай шықты. "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" филиалының мамандары бұл жол учаскесіне бірнеше мәрте шығып, сынама алды. Нәтижесінде компанияға өз есебінен бұл жолды қайта жөндеуге ұйғарым берілді. Қазір жұмыс аяқталуға жақын. "Біз жұмыстың сапасыз жүргізілгенін жан-жақты дәлелдеп бердік. Алынған сынамалар зертханаға жіберілді. Ол да теріс нәтиже көрсетті. Одан бөлек Ақтөбе қаласындағы Чехов көшесіне төселген 3 546 шаршы метр асфальт-бетон жамылғысы талапқа сай болмай шықты. Целинная көшесіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары да сапасыз. Жиі қайталанатын қателіктер – жол жамылғысы жұқа және асфальт-бетон құрамының дұрыс болмауы", - дейді "ЖАСҰО" Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Қайрат Мусин. Қайрат Мусиннің айтуынша, "ЖАСҰО" Ақтөбе облыстық филиалының мамандары өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Оған соңғы екі жылда атқарылған жұмыс ауқымына қарап-ақ көз жеткізуге болады, дейді маман. Ол мысал ретінде мынадай деректерді келтірді: 2024 жылы қала және ауылішілік жолдардағы 256 ақау үшін мердігер мекемелерге ескерту берілген, оның 146-сы жойылды; филиал қызметкерлері 2025 жылы да нәтижелі қызмет атқарды – жұмыс сапасын бақылау үшін 248,8 миллион теңгеге келісім жасалды және ол қазірдің өзінде артығымен орындалған; облыстық, аудандық маңыздағы жолдардағы 193 нысан қамтылды; мамандар 827 мәрте инспекциялық тексеріске шықты. "Біз жол құрылысына қажетті материалдардан 1 926 сынама алдық. Оның 481-і талапқа сай болмады. Анықталған 193 ақаудың тек 9-ы ғана қалпына келтірілді. Жұмысқа салғырт қараған мекемелерге 13 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау департаментіне 17 нұсқама бердік. Жыл басынан бері 976 шақырымнан астам жолға диагностикалау және паспорттау жұмыстарын жүргіздік. Бұл шараларға101 миллион теңге бағытталды. Жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының сараптамасы мен техникалық құжаттары үшін11,7 миллион теңгеге 25 қорытынды берілді", - дейді Қайрат Мусин. Бөлім басшысы филиал қызметкерлерінің нәтижелі жұмысы ескерусіз қалмады дейді – жыл қорытындысы бойынша олар "Үздік филиал" атағын жеңіп алған. Астанада жолшылар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада "ЖАСҰО" бас директоры Б.Айтбаев арнайы кубокты Ақтөбе филиалының директоры Т.Малаевқа табыстады. Ал инженер Н.Балғабаев бірінші дәрежелі "Сапа шыңы" медалін иеленді. Филиал ұжымы 2021 жылы да үздік атанған болатын.
Қазақстан мен Эстония бірлескен өндіріс орнын ашады Эстония президенті Алар Каристің Қазақстан Республикасына ресми сапары және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі аясында "Alageum Electric" Компаниялар тобы мен Таллин машина жасау зауыты (Tallinna Masinatehas) арасында Қазақстан аумағында жылу алмасу, сыйымдылық және басқа өнеркәсіптік жабдықтарды өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құруға арналған келісімге қол қойылды. "Alageum Electric" баспасөз қызметі мәліметінше, келісім тараптардың Қазақстанда жоғары технологиялы жылу алмасу және өнеркәсіптік жабдық өндіруді локализациялау ниетін бекітеді. Бірлескен кәсіпорын елдің энергетика және мұнай-газ машина жасау саласында жаңа индустриалды кластерге айналып, Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларына және Орталық Азия экспорттық нарықтарына өнім шығарады. Таллин машина жасау зауытының 50 жылдан аса тәжірибесі бар. Жылу алмасу жабдықтарын, соның ішінде энергетика, мұнай-газ және ауыр өнеркәсіпке арналған ауа салқындатқыш жүйелерін шығарады. Бұл кәсіпорын Солтүстік Еуропадағы технологиялық көшбасшылардың бірі болып саналады. Қазақстан мен Эстония делегацияларының өкілдері келісімнің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, жобаның өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге, технологиялық тәжірибе алмасуға және қазақстандық кәсіпорындар базасында инженерлік компетенцияларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын ерекше айтты. "Біз жылу алмасу және сыйымдылық жабдықтарын 50 жылдан аса шығарып келеміз, біздің өнімдер Қазақстанда да жақсы танымал. Бүгін Alageum Electric компаниясымен күш біріктірудің айтарлықтай әлеуетін көреміз. Бірлескен кәсіпорын құру бізге тәжірибе мен технологияларды біріктіріп, жергілікті өндірісті дамыту арқылы Қазақстанда жергілікті тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне сай жоғары сапалы жабдық ұсынуға мүмкіндік береді. Alageum компаниясының өндірістік мүмкіндіктері мен біздің тәжірибеміз синергиясы мықты әрі бәсекеге қабілетті өнімнің негізін қалайды", - деді Таллин машина жасау зауытының бас директоры және акционері Вадим Мартынов. "Alageum Electric" - Қазақстанның жетекші электрмашина жасау компаниясы, 30 кәсіпорынды және 4 500-ден аса қызметкерді біріктіреді. Холдинг трансформаторлар, электротехникалық жүйелер, қосалқы станциялар өндіреді және энергетика мен өнеркәсіпке кешенді шешімдер ұсынады. "Таллин машина жасау зауытымен серіктестік Холдингтің құзіретін кеңейтуге және өндіріс желісін әртараптандыруға маңызды қадам болады. Бұл Қазақстанда озық жылу алмасу жүйелерін шығаратын отандық өндірушіні құруға, саланың жоғары сапалы жергілікті өнімдерге қол жеткізуіне, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарымен инженерлік мамандарды дамытуға жол ашады", - деді Еркебұлан Ілиясов. Компаниялар туралы ақпарат Таллин машина жасау зауыты (Tallinna Masinatehas) – Еуропаның ең ескі өндірістік кәсіпорындарының бірі, 1865 жылы құрылған. Жылу алмасу және өнеркәсіптік жабдықтарды, соның ішінде энергетика мен мұнай-газ кешеніне арналған ауа салқындатқыштарын шығарады. Солтүстік Еуропада технологиялық көшбасшы ретінде танылған. Alageum Electric - 1997 жылы Сайдулла Қожабаев негізін қалаған, Қазақстандағы ірі электрмашина жасау холдингі. 30 кәсіпорынды біріктіреді: Кентау трансформатор зауыты, Asia Trafo, Орал және Петропавл электротехникалық зауыттары, Алматы электромеханикалық зауыты, ЭЛМО және т.б. Барлық түрдегі трансформаторлар (0,4–500 кВ), қосалқы станциялар, электротехникалық жүйелер өндіреді, EPC жобаларды жүзеге асырады және өз R&D орталықтарын дамытады. Өнімдері ТМД және шет елдерге экспортталады. Фото: Alageum Electric
Өскеменде мемлекеттік сатып алуларға “ақылды қадағалау“ енгізіліп жатыр Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасы мен OMarket.kz электрондық сауда алаңы деректерді өңдеудің заманауи технологиялары мен жасанды интеллектті пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алуды талдауды цифрландыруға бағытталған пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Жаңа деңгейдегі цифрлық қадағалау Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес әзірленіп, мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты, тиімділікті және алдын ала бақылауды арттыруға бағытталған жалпы саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Жобаның миссиясы - деректерді талдау технологияларын, жасанды интеллектті және адам сараптамасын мемлекеттік сатып алу саласындағы тәуекелдердің алдын алудың бірыңғай жүйесіне біріктіретін "ақылды қадағалау" (smart supervision) моделін қалыптастыруға жәрдемдесу. "Бұл - отандық IT-компания әзірлеген, Қазақстан прокуратурасы органдарының қадағалау қызметіне арналған мамандандырылған цифрлық талдамалық құралды енгізудің алғашқы үлгісі", - деді Өскемен гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Есжан Сыбанбаев. OMarket.kz мәліметінше, әзірленіп жатқан функционал келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді: Сатып алу деректерін кешенді талдау және визуализациялау; Бюджетті игермеудің заңдылықтары мен тәуекелдерін анықтау; Ағымдағы деректер негізінде басқарушылық есептерді қалыптастыру; Мемлекеттік сатып алулардың орындалуын бақылау сапасын арттыру; Қызметкерлердің цифрлық шешімдер және аналитикалық құралдар бойынша құзыреттерін арттыру; Электрондық сауда алаңы өкілдерінің сөзінше, пилоттық жоба шеңберінде аналитикалық функционалды әзірлеу және енгізу тегін жүзеге асырылады. "Аналитика мен технологияға сүйенген цифрлық қадағалаудың жаңа буынын қалыптастыруға атсалысу біздің компания үшін үлкен мәртебе. Отандық IT-мамандар әзірлеген ашық деректерге негізделген алгоритмдер мен кәсіби құзыреттер мемлекеттік сатып алуларды бақылаудың тиімділігін және процестердің ашықтығын жаңа деңгейге көтеретініне сенімдіміз", - деді OMarket.kz электрондық сауда алаңының негізін қалаушы Дархан Біржанов. Сондай-ақ, ол еморандум шеңберінде OMarket.kz электрондық сауда алаңы платформада автоматтандырылған талдау модулін әзірлеуді, оны тестілеуді және енгізуді қамтамасыз етіп, прокуратура қызметкерлеріне оқыту жүргізетінін айтты. OMarket.kz мәліметінше, Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасы тестілеуге белсенді қатысып, функционалды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын береді. Толығырақ - мына сілтемеде.
Асхат Шахаровтан Хромтау әкімінің қамауға алынуы туралы сұралды Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Астанада өткен есептік брифингте Хромтау әкімі Сағындық Шабықбаевтың ұсталуына қатысты журналист сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналист "Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов қоластындағы қызметкер Сағындық Шабықбаевтың кінәсі дәлелденген жағдайда жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе, сондай-ақ осындай жағдайларда басқа лауазымды адамдарды да жауапқа тарту қарастырыла ма" деген сұрақ қойды. "Иә, қарастырылады, – деп жауап берді Шахаров. – Бұл – заң аясында жүзеге асырылатын рәсімдер. Егер қылмыстық іс барысында олардың қатысы бар екені дәлелденсе, барлық жауапты тұлға міндетті түрде жауапкершілікке тартылады". Асхат Шахаров аталған іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатқанын, барлық шаралар сот үкімі шыққаннан кейін ғана қабылданатынын айтты. Еске салайық, 11 қарашада Хромтау әкімі Сағындық Шабықбаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынғаны хабарланды. Сотта қылмыстық істің қай бап бойынша тергеліп жатқаны нақты айтылмады, алайда кейбір БАҚ мәліметінше, Хромтау әкімі пара алу күдігіне ілінген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жұрт кредитке тамақ алып ішуге мәжбүр“ - депутат жалақыны кешіктіру мәселесін көтерді Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев азаматтар қарызға тамақ алып жүргенін айтып, өзекті мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қоғамдағы қымбатшылық деңгейін көріп отырмыз, күн сайын өсіп жатыр. Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесін көріп отырмыз. Осының барлығы азаматтардың лайықты өмір сүруіне мүмкіндік бермейтін мәселелер екенін білеміз. Азаматтар тағы бір мәселемен ұшырасып отыр. Заңды түрде жұмыс істеп жатқан азаматтар уақытында жалақысын ала алмайды. Жұмыс берушілер уақытында төлемейді. Салдарынан азаматтар несиесін уақытында жаба алмайды. Супермаркеттерде біздің азаматтарымыздың кредитке тамақ алып ішуге мәжбүр екенін көреміз", - деді депутат. Нартай Аралбайұлы алдағы уақытта мұндай жағдайда жұмыс берушілерге қандай шара қолданылатынын сұрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев депутаттың сауалына жауап берді. "Жұмыс беруші уақытында айлық төлемесе, жауапкершілікке тартылады. Еңбек кодексінде белгіленген. Олардың жауапкершілігін көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Жұмыс беруші конфедерациясы және "Атамекен" ұлттық палатасы айыппұлды көтеру жағына қарсылық білдіріп отыр. Себебі жұмыс берушілердің бәрінде мүмкіндік жоқ. Қазір талқыланып жатыр", - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды Мәжілісте кішкентай балалары бар ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқартуды ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл бастаманы Мәжілістің пленарлық отырысында Еңбек кодексіне түзетулер талқыланған кезде депутат Қарақат Әбден көтерді. "Кішкентай балалары бар жұмыс істеп жүрген ата-аналар тіптен балабақшадан балаларын алып кетуге мүмкіндіктері болмай қалады", – деді ол. Депутат уәкілетті органдар мен әріптестерін заңды екінші оқылымда қарау кезінде осы ұсынысты ескеруді сұрады. Әлемдік тәжірибе Депутаттың айтуынша, көптеген дамыған елдерде кішкентай балалары бар ата-аналар үшін қысқартылған жұмыс күні немесе жұмыс аптасы бұрыннан бар, және бұл тәжірибе тиімді әрі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. "Бұл қандай да бір бонус немесе артықшылық ретінде емес, отбасын нығайтуға бағытталған мемлекеттік стратегияның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Қосымша бюджет шығындары туралы сөз болып тұрған жоқ", – деді Әбден. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ішкі істер министрін қабылдады Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал, ішкі істер органдарына жүктелген міндеттердің орындалуы, соның ішінде "Заң және тәртіп" қағидатын орнықтыру жұмыстары жөнінде баяндалды. Ержан Сәденов 10 айда елдегі қылмыс саны 5,3 мыңға азайғанын және қылмыстың ізін суытпай ашу деңгейі жақсарғанын жеткізді. Отбасылық-тұрмыстық деңгейдегі құқықбұзушылықтармен күрес белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде тұрмыстық сипаттағы қылмыс саны – 8 пайыз, оның ішінде кісі өліміне әкеліп соғатын жағдайлар 26 пайыз азайды. Президентке берілген мәліметке сәйкес, іздеуде жүрген 1 391 адам ұсталған. Олардың 138-і шетелде қолға түсті. Жедел іс-шаралар барысында 30 тоннадан астам есірткінің, соның ішінде бір тоннадан астам синтетикалық заттардың айналымға түсуіне жол берілмеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 185 қылмыстық топ ұсталды. Интернет-алаяқтықпен күрес бағытында 12 колл-орталық жойылды. Оның жетеуі шетелде орналасқан. Шамамен 83 миллион фрод-қоңырау және 4 мың алаяқтықпен айналысқан сайт бұғатталды. Сондай-ақ алаяқтардың 2,3 миллиард теңге қаражатты елден шығаруына тосқауыл қойылды. Мемлекет басшысына жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер таныстырылды. Мәселен, дрондар көмегімен 6 мыңнан астам, орташа жылдамдықты өлшеу жүйелері арқылы 190 мыңнан астам жол жүру ережесін бұзу дерегі анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғасы кезіндегі өлім-жітім саны 9,4 пайызға, соның ішінде мас күйінде көлік жүргізушілер кінәсінен болатын қайғылы жағдайлар 24 пайызға азайды. Egov mobile және жетекші банктер қосымшаларына интеграцияланған "Заң және тәртіп" мобильді сервисі іске қосылғаннан бері азаматтардан 32 мыңнан астам өтініш түскен. Сонымен қатар Мемлекет басшысына экстремизмге қарсы күрес пен көші-қонды бақылау шаралары жөнінде баяндалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қар жауып, боран соғады Синоптиктер 20, 21 және 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде боран мен көктайғаққа болады. "Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, 22 қарашада батысы мен солтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман болжанады", – деп хабарлады синоптиктер. Температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, деп толықтырды Қазгидромет. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ЖРВИ-дің 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған - Әлназарова ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында еліміздегі ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуалды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлназарова жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3,5 миллион және тұмаудың 2 мыңға жуық жағдайы тіркелетінін айты. Биылғы эпидемиологиялық маусым (1 қыркүйектен бері) басталғалы елімізде ЖРВИ-дің 1 миллион 461 мың жағдайы тіркелген. Бұл 2024-2025 жылдардың өткен кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға төмен. Соның ішінде 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Эпидемиялық маусым басталғалы бері тұмаудың зертханалық расталған жағдайы – 590, оның ішінде А типі (H3N2) – 587 (Қазақстанда 2001 жылдан бері тіркеліп келе жатқан Гонконг тұмауы), А (H1N1) типі – 3 жағдай. "Биыл тұмаудың айналымы 41 аптада, яғни қазанның бірінші жартысында, өткен эпидемиологиялық маусымнан сәл ертерек анықталды. Бұрын Қазақстан аумағында айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ. ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттер тұмауға қарсы емес вирустарға да тексеріледі. Республика бойынша риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус, РС вирусы, метапневмовирустердің айналымда жүргені байқалады. ЖРВИ-дің 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған", - деді Ақмарал Әлназарова. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, соңғы аптада республикада оқушылар арасында ЖРВИ-дың 6 мыңнан астам оқиғасы тіркелген. ЖРВИ-мен ауыратын науқастардың жалпы санының ішінде оқушылардың шамамен 4 пайызы ауырған. "ЖРВИ және тұмаудың маусымдық өсуіне байланысты МСАК ұйымдарының жұмысы күшейтіліп, фильтр-кабинеттердің жұмысы және эпидемияға қарсы режимнің сақталуы қамтамасыз етілді. Вирусқа қарсы және қызу түсіретін препараттардың, жеке қорғаныш құралдары мен дезинфекциялық құралдардың жеткілікті қоры бар", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағандыда анасы 4 жасар ұлын азаптап ұстаған Қарағанды ​​тұрғыны бұрынғы әйелінің зорлық-зомбылық көрсеткені дәлелденгеннен кейін төрт жасар ұлын сот арқылы қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағаныда ажырасқан бұрынғы ерлі-зайыптының 4 жасар ұлы болған. Сот әкесін алимент төлеуге міндеттеп, баланың онымен бірге тұратын жерін анықтап, әкесімен кездесу тәртібін бекіткен. Кездесулердің бірінде әкесі баланың денесінен көгерген жерлерді байқаған. Кейін әкесі баласының зорлық-зомбылық салдарынан балаларды қолдау орталығына орналастырылғанын білген. Анасы баланың қолын байлап, үйінде жалғыз қалдырып, өзі кетіп қалған. "Ұзақ жылап жатқанын естіген көршілер кілт тесігінен қолдары байланып, жылап бөлмені айналып жүгіріп бара жатқан баланы көрген. Олар жедел жәрдем шақырған", - делінген хабарламада. Кейіннен әкесі ұлын жеке үйіне апарған, онда оның ата-анасы - баланың атасы мен әжесі де тұрады. Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баланың ауыр халі анасымен бірге тұрған кезінде пайда болғанын анықтады. Керісінше ешқандай дәлел келтірілмеді. "Осы мән-жайлар бойынша сот баланың әкесінің талаптарын толығымен қанағаттандырды: баланың анасының ата-ана құқықтары шектелді, бала әкесімен тұатын болды, анасына алимент төлеу міндеттелді, ал әкесі оны төлеуден босатылды". Апелляциялық алқа шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда пәтерін жөндетеміз деп алданған тұрғындар көмек сұрады Алматыда тұрғындар бір жылдан бері өз пәтерлерінің жөндеу жұмыстарын аяқтата алмай жүр. Олардың айтуынша, жеке құрылыс компаниясы ақшаны, кілттерді жинап алғанымен, жұмысты аяқсыз қалдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Не болған? Алматылықтардың сөзінше, олар "құрылыс компаниясының өкілі" ретінде танысқан Акбар есімді адамға сеніп қалған. Жәбірленушілердің әрқайсы 4–15 миллион теңге аралығында қаражат берген, алайда жұмыстар бастапқы кезеңнен әрі аспаған. "Ол маған: "Кассада ақша жетпейді, 10 миллион теңгеге жөндеу жасауға келіскен бригада алдап кетті" деді. Қазір Акбар менің пәтерімді бітіруден бас тартып отыр, себебі бұл оған тиімсіз екен. Яғни, ол бес миллион алды, ал пәтерді бітіру оған тиімді емес", - дейді жәбірленушілердің бірі Дина Болатова. Артур Сүйменбаевтың айтуынша, оның отбасы бір жылға жуық жалдамалы пәтерлерде тұрып жүр, себебі өздерінің таунхаусы тұруға жарамсыз. Ол жұбайының көлігін сатып, құрылысшыларға 14,5 миллион теңге берген. "Біз оларға сендік, өйткені офисі болды, қызметкерлері отырды, материалдары тұрды. Тіпті қасындағы компанияны серіктес ретінде көрсетті. Ремонтты толық жасап береміз деді. Алғашқы жұмыстар басталды, бірақ кейін аяқ асты тоқтап қалды", – дейді ол. Жәбірленушілердің айтуынша, соған қарамастан Акбар жаңа тапсырыстар қабылдауды жалғастырып жүр. Ал құрылыс компаниясының өкілдері қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып, байланысқа шықпаған. Прокуратура пікірі Алмалы ауданы прокуратурасы бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады. "Қазір Алмалы аудандық полиция басқармасының полиция бөлімі Гаппаровқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс аудан прокуратурасының ерекше бақылауында", – деді Алмалы ауданы прокурорының орынбасары Жандос Төлепбергенов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 512,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 триллион 137,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 375,5 миллиард теңге қарастырылған. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 516 мың адам. "2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңгеге тең, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 167 теңге, базалық зейнетақы – 47 577 теңге", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Астанада қайтыс болған фельдшерді марапаттады Астанада қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысының жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды", - деп жазылған хабарламада. Еске салайық, 18 қарашада Астанада жедел жәрдем фельдшері қайтыс болды. Ол тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде зардап шеккен еді. Бұл жайт 8 қарашада болды. Марқұм небәрі 23 жаста болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Монако князіне жеделхат жолдады Мемлекет басшысы Монако Князіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді және Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы жеделхатта Монако княздігі халықаралық аренадағы беделін сенімді түрде нығайтып, бірегей мәдени мұрасын сақтау әрі байыту, сондай-ақ орнықты даму, қаржыны жауапты басқару және қоршаған ортаны қорғау моделі арқылы бүкіл әлемге үлгі болып келе жатқанын атап өткен. Қазақстан Президенті достық байланыстар мен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Князь II Альбер мен оның отандастарына бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Нашақорлық пен түрмеден өткен талдықорғандық жасөспірімдерге шындықты айтты "Заң мен тәртіп" бағдарламасын іске асыру аясында Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласының орта мектебі оқушыларымен "Стоп наркотикам!" атты профилактикалық шара өткізді. Іс-шараға сондай-ақ облыстың әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторлар мен есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ волонтер ретінде – бұрын есірткі тарату үшін сотталған азамат қатысты. Жиналғандарға ерекше әсер қалдырған – есірткі қылмыстары үшін сотталған, бүгінде ерікті ретінде алдын алу жұмыстарымен айналысып жүрген азаматтың сөзі болды. Оның әсерлі әңгімесі оқушылар үшін шынайы сабақ болды. Ол өз өмірінен алынған оқиғалармен бөлісіп, жастарды орны толмас қателіктерден сақтандырды және бір сәттік шешімнің құны тым ауыр болуы мүмкін екенін ескертті. "Мен – бұрынғы нашақормын. Қазір есірткіден толықтай бас тартқаныма 20 жылдай болды. Кез келген адам есірткінің тығырыққа тірейтін екенін жақсы біледі. Бір-ақ рет есірткі қолдану – барлық өміріңді құрту. Қазіргі синтетикалық есірткілер өте қауіпті: олар адам организмін басынан бастап ішкі органдарға дейін зақымдайды. Психика мен жүйке жүйесіне өмір бақи зиян келтіреді. Біздің кезімізде есірткілердің басым бөлігі табиғи болды, сондықтан көпшілігіміз тірі қалдық. Ал бүгінгі химиялық заттар –тура өлімге бастайтын жол", – деді волонтер. Сондай-ақ ол оқушыларды есірткінің зияны туралы терең ойланып, мұндай қадам жасамас бұрын ең алдымен ата-аналарын еске алуға шақырды. Себебі тәуелді адамның отбасы үшін өте ауыр сынақ. Оның негізгі кеңесі қарапайым: ешқашан есірткіге жоламау. Бұл жолға түсу оңай, бірақ қайта шығу - өте қиын. Есірткі жүйке жүйесін бұзып, адам өмірін іштен жегідей жейді деп аяқтады. Ал Кеңес мүшесі Антон Хотиновский бұл кеселден арылудың жолы – жастарды қатарға тарту және олардың пікірін тыңдау. Есірткіге қарсы теріс көзқарасты қалыптастырудың және заңды сақтау мәдениетін дамытудың тиімді әдісі екенін айтты. Кездесуде жастар белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қонақтарға ашық және шынайы әңгіме үшін алғыс білдірілді.
Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі өзгереді: нені білу керек? 24 қарашадан бастап азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсіміне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Қызмет тек онлайн форматта, яғни eGov.kz электрон үкімет порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркеуден өту үшін азаматқа электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және жеке кабинетіне тіркелген телефон нөмірі (МАБ) қажет. Бұл рәсім толық автоматтандырылған және онлайн түрде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, азаматтар бұл қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету бөлімінде онлайн рәсімдей алады. Бұл қызмет мына санаттағы азаматтарға көрсетіледі: Қазақстан Республикасының азаматтарына, соның ішінде тұрғын үй иелеріне; сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған 18 жастан асқан азаматтардың қорғаншылары мен заңды өкілдеріне; 14-16 жас аралығындағы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне. Егжей-тегжейі 14 жасқа дейінгі балалар жеке тіркеуге тұрмайды. Ал 14 пен 16 жас аралығындағы балаларды ата-аналары немесе заңды өкілдері тіркейді. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған 18 жастан асқан азаматтарды да олардың қорғаншылары eGov.kz порталы арқылы жаңа мекенжайға тіркей алады. Мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйде тұратын азаматтарға қатысты да өзгерістер енгізілді. "Енді мұндай үйді жалға алушы шартта көрсетілген тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тіркей алады. Өтініш беруші жалдау шартындағы тізімде болмаса, жүйе өтінішті автоматты түрде қайтарады", - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, өтініш иесі өзіне тиесілі емес мекенжайға тіркелуге өтініш берсе, жүйе үй иесіне 1414 нөмірінен SMS код жібереді. Тұрғын үйдің иесі хабарламаны алған сәттен бастап бір сағат ішінде келісімін растауы қажет. eGov.kz порталы арқылы қызметті қалай алуға болады: Порталда авторизациядан өтіңіз және мына бөлімге кіріңіз: Азаматтарға - Азаматтық, миграция және иммиграция - Тұрғылықты жері бойынша тіркеу. "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз. Электрон өтінішті толтырып, ЭЦҚ немесе бір реттік SMS код арқылы қол қойыңыз. Қызмет нәтижесін жеке кабинеттен көруге болады. Өтініштің өңделу мәртебесі "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде көрсетіледі. eGov Mobile арқылы тіркеуден өту тәртібі: eGov Mobile қосымшасына кіріп, "Мемлекеттік қызметтер" бөліміне өтіңіз. "Жылжымайтын мүлік және ТКШ" бөлімінен "Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" қызметін таңдаңыз. Қажет деректі енгізіп, тіркеу себебін көрсетіңіз. Қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірін пайдаланыңыз. Өтініш мәртебесін "Хабарламалар" - "Жеке кабинет тарихы" бөлімінен тексеруге болады. Ерекше жағдай: меншік иелері немесе үлескерлері кәмелетке толмаған балалар, сондай-ақ, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар болса, мекенжайы бойынша тіркеу тек офлайн, яғни Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді Қазақстанда 18 қарашадағы доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 521,01 теңге болып, 2,63 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 18 қарашаға белгілеген ресми бағамы - 524,14 теңге. kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы сатып алу - 522,30 теңге, сату - 524,20 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы сатып алу орташа - 519,54 теңге, сату - 526,52 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҚТЖ Қазақстанның Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын күшейтіп жатыр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов бастаған"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды, онда ағымдағы жылдың 18 қарашасында "Қытай-Еуропа" теміржол маршрутындағы халықаралық ынтымақтастықтың екінші форумына қатысты. Форумда ҚХР Мемлекеттік Кеңесі премьерінің орынбасары Дин Сюэсян, Шаньси провинциясының губернаторы Чжао Ган, Қытай темір жолдарының басшысы Го Чжусюэ және 40-тан астам елдің үкіметтік құрылымдарының басқа да жоғары лауазымды өкілдері сөз сөйледі. Форумда Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жаһандық жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі теміржол көлігінің рөлін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Форум аясында CRCT компаниясы арқылы Қытай темір жолдарын "MIDDLE CORRIDOR MULTIMODAL Ltd." - Қазақстан, Әзірбайжан және Грузин темір жолдарының бірлескен кәсіпорнына қосу туралы келісімге қол қойылды. Форумда сөйлеген сөзінде Талғат Алдыбергенов Қазақстан мен Қытай көшбасшылары маршрутты дамытуға маңызды мән беретінін атап өтті. Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өз сөздерінде "Қытай – Орталық Азия – Еуропа" бағыты бойынша байланыстарды нығайту мемлекеттердің ортақ стратегиялық мүдделеріне сәйкес келетінін және тұрақты саудамен өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өткен болатын. Мәселен, Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымалдар соңғы 10 жылда 4,5 еседен астамға өсті. 2025 жылы 35 млн тоннаға жетеді деп күтілуде (10 айда 29 млн тоннадан астам тасымалданған, бұл өткен жыл деңгейінен 11% жоғары). Ляньюньган, Қорғас, Сиань және басқа да көлік тораптарындағы Қазақстан мен Қытайдың кооперациялық жобалары тұрақты өсуді көрсетеді. Контейнерлік тасымалдар онжылдықта 5 еседен астам ұлғайды және 1,4 млн ЖФБ-дан асты. ТХКБ бойынша да оң динамика сақталуда: ағымдағы жылдың 10 айында контейнерлік пойыздар саны 12% өсті. Жіберу бойынша көшбасшы Сиань қаласы болды – жалпы көлемнің 46%, 16 мыңнан астам ЖФБ. Өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін Қазақстан теміржол инфрақұрылымына белсенді инвестиция салып отырғандығын атап өту қажет. 5 мың км жолдың құрылысы мен жаңғыртылуы жүргізілуде, бұл алдағы жылдары ҚХР шекарасында өткізу қабілетін жылына 100 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Тоқаев Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің перспективті бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ елімізде эстониялық бизнестің кеңеюіне жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін растады. Жиында Эстония Президенті Алар Карис те сөз сөйледі. Бизнес-форум аясында екі ел компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбеде “Цифрлы Таза Қазақстан“ форумы өтті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Ақтөбе әкімдігі ұйымдастырған шарада цифрлық шешімдер мен "ақылды қоқыс жәшігі" таныстырылды. Форумның мақсаты - экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру, қоғамда тазалықты сақтауға бағытталған жауапкершілікті дамыту, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бағдарламасын насихаттау. Әкімдік мәліметінше, форум ерекшелігі – форумды өткізу барысында және ұйымдастыру жұмыстарында қағаз және қағаздан жасалған бұйымдар қолданылмады. Тек электронды жабдықтар қолданылды. Шараға 800 – ге жуық адам қатысты. Форум экологиялық бастамалар мен технологиялық шешімдерді көпшілікке таныстыруға, қоғам мен тұрмыста орын алып жүрген "қоқыс шашуға" себепкер болатын қателіктерді көрсетуге, қалдық материалдарды қайта пайдалану арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұтыну мәдениетін өзгерту, және табиғатқа қамқорлық танытуға маңызды үлес қосты. "Ақылды қоқыс жәшігі" - қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған заманауи жоба. Бұл құрылғы - қалдықтарды автоматты түрде анықтап, сұрыптауға мүмкіндік береді. Жоба - жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясына үлес қосады", - деп атап өтті Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, "Автоматтандыру және басқару" бөлімінің меңгерушісі Дархан Шаңбаев. "Экологияны цифрландыру - қоршаған ортаны тиімді қорғаудың заманауи тәсілі. Сандық технологияларарқылы қалдықтарды бақылау, табиғи ресурстарды басқару жеңілдейді. "Aqtobe Hub" осы бағытта бірнешеэкожобаларды жүзеге асырып, қоғамды экологиялық бастамаларға жұмылдыруда. Цифрлық шешімдерхалықтың экологиялық сауаттылығын арттырып, дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Болашақтаэкология мен технологияны ұштастыра отырып, таза әрі жасыл Ақтөбені қалыптастыру - бастымақсатымыз", - деп форум спикерлерінің бірі, Aqtobe Hub менеджері Елнұр Жалғасов өз пікірімен бөлісті. Форумның өтуі қоғамда қоршаған ортаны қорғауға деген ортақ жауапкершілік сезімін күшейтіп, жастардыелдің экологиялық мәселелеріне белсенді араласуға жігерлендіреді, дейді әкімдік өкілдері.
Қазақстанда тұрғын үй қымбаттап жатыр: негізгі себептер аталды 2025 жылғы қазанның қорытындысы бойынша Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы 12,6 пайызға өсті. Осыған байланысты жылжымайтын мүлік нарығында да қымбаттау байқалып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ranking жариялаған мәліметке сәйкес, қазанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 13,1 пайызға, ал қайталама нарықтағы баспана құны 11,6 пайызға көтерілген. Қазақстанда баспана неге қымбаттап жатыр? Басылым төрт негізгі себепті атаған. ҚҚС өсімі және нарықтағы өзгеріс ҚҚС мөлшерлемесінің 16 пайызға дейін артуы баға қалыптастырудағы басты факторлардың бірі болды. "Құрылыс салушылар шаршы метрдің бағасына алдын ала салықтарды қоса бастады", - деп жазды басылым. Соның әсерінен сатып алушылар бағаның өсуін болжап, сұраныс артты. Ал екінші нарықтағы сатушылар да жаңа үйлердің қымбаттауына қарап, өз бағаларын көтере бастады. Қосымша әсер ететін тағы бір жайт — құрылыс компаниялары үшін ҚҚС бойынша жеңілдіктің 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жоюы. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу ережелерінің қатаңдауы Биыл үлестік қатысу туралы заңға үш пакет өзгеріс енгізілген. Ең маңыздысы - екінші пакет. Өзгерістерге сәйкес: үлескерлермен мәмілелер тек үлестік қатысу туралы келісім бойынша ғана жасалуы керек; тұрғын үй кешендерін жарнамалау тек гарантия немесе рұқсат болғанда ғана рұқсат етіледі; әкімдіктер мен инжинирингтік компаниялар тарапынан бақылау күшейтіледі. Бұл өзгерістер құрылысшылардың мүмкіндіктерін шектеп, жобалардың азаюына алып келеді, нәтижесінде ұсыныс көлемі төмендейді. Сұраныстың өзгеруі Басылымның жазуынша, Қазақстандағы тұрғын үй нарығы маусымды сұранысқа тәуелді. Жаз бен күздің басында сатып алу белсенділігі артады, себебі адамдар жылдың аяғына дейін мәмілелерін аяқтап алуға тырысады. Осы кезеңде құрылысшылар да жаңа жобаларды көбірек іске қосады. Бұл табиғи сұраныстың артуына және бағаның өсуіне ықпал етеді. Доллар бағамының әсері Валюта нарығындағы құбылу да бағаға тікелей әсер етеді. Доллардың күшеюі импорттық құрылыс материалдары мен жабдықтардың қымбаттауына алып келеді, ал бұл құрылыс құнының өсуіне себеп болады. Екінші нарықтағы сатушылар да доллар бағамына қарап, өз есептерін соған сәйкестендіріп, бағаны реттеп отырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көкпардан клубтық командалар арасында республикалық турнир басталды Шымкент қаласында ұлттық спорт түрі көкпардан кезекті дүбірлі дода басталды. ҚР Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, Көкпар федерациясының ұйымдастыруымен "Qazaqstan Kokpar Cup" клубтық командалар арасында алғаш рет республикалық турнир өтіп жатыр. Доданың жалпы жүлде қоры – 28 500 000 теңге. Бұл турнир – көкпар спортының дамуына серпін беріп, өңірлер арасындағы бәсекелестікті күшейтетін ауқымды жобалардың бірі. Ұлттық спорт тарихындағы айтулы оқиға – клубтық командалар арасындағы республикалық турнирге биыл 7 команда жасақталды. Олардың қатарында Павлодар, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан келген 100-ге жуық үздік шабандоз бақ сынайды. Әр өңірдің мықтылары ұлттық спорт жанкүйерлеріне жоғары деңгейде ойын көрсетпек. Бүгін сайыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Байбуриев құттықтау сөз сөйлеп, жарысты ашып берді. Сондай-ақ, КСРО-ның 9 дүркін чемпионы, көкпар спортының ардагері Әбілхан Дауылбаев спортшыларға сәттілік тілеп, батасын берді. Командалық көкпар ойынының негізін қалаушылардың бірі Ә.Дауылбаев ең тартысты ойындар осы командалық жарыс екенін айтты. Кімнің шын мықты екенін осында байқауға болады. Командалық көкпар жаңа бағытта дамуға бет алды. Бұл жарыстың маңызы ерекше. Себебі ел бойынша көкпарға қызығатын әрбір шабандоздың мүмкіндігін ашу және командалық көкпардың тынысын кеңейту жоспары тұр. Жаңа атшабарда жанкүйер қауым ұлттық рухты асқақтататын, тартысы мол қызықты кездесулерді тамашалай алады. Турнир аясында көрермендер үшін түрлі мәдени бағдарлама мен ұйымдастырушылардың арнайы шаралары да қарастырылған. Барлық кездесулер тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен, Павлодар мен Шымкент командасы жарысты бастап берді. Тартысты бәсекелер 22 қарашада мәресіне жетеді. Жалпы, көкпар спорты соңғы уақытта жастар арасында да қызығушылық тудырып келеді. Мұндай турнирлер жас шабандоздардың тәжірибе жинап, кәсіби деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұлттық спортымызды кеңінен насихаттау арқылы ауылдық жерлердегі жасөспірімдерді спортқа тарту және бос уақытын тиімді өткізуге бағыттау көзделіп отыр. Осындай жарыстар көкпардың дамуына жаңа серпін беріп, оның бұқаралық сипатын арттыруға ықпал етеді.
Шымкентте Студенттер күні жоғары деңгейде аталып өтті Шымкентте Халықаралық студенттер күні жоғары деңгейде аталып өтті. Қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ ұйымдастырған мерекелік бағдарламаға жүздеген студент қатысып, қаладағы алты бірдей жоғары оқу орны қамтылды. Орталық басшысы Жансерік Бауыржанұлының айтуынша, бүгінгі таңда Шымкентте тоғыз ЖОО-да 95 мыңнан астам студент білім алуда. Мереке қарсаңында жастардың өзара байланысын күшейту, студенттік ортаның атмосферасын сезіндіру мақсатында арнайы жасақ құрылып, бірнеше оқу орнын аралаған. "Бұл кездесу барысында студенттер үлкен коннекшн мен нетворкинг жасай алды. Университеттер арасындағы байланыс күшейді. Белсенді жастармен кездескен орталық мамандары алдағы уақытта жастарды қала көлемінде өтетін шараларға шақырды", - дейді орталық басшысы. Ал, күннің екінші бөлігі қала жастарын жинаған мерекелік концертке ұласты. Бұл шараның ерекшелігі — сахнаға шыққан өнерпаздардың барлығы студенттер. "Біз ешқандай ауыртпашылық салған жоқпыз. Нөмірлер түгелдей университет қабырғасындағы өнерлі жастардан құралды. Барлығы жанды дауыста, студенттік рухпен өтті", - дейді Жансерік Бауыржанұлы. Әкімдік мәліметінше, студенттер күнін тек мерекелік бағдарлама ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік қолдау шаралары да толықтырды. Қаладағы бірнеше кәсіпкерлік нысан студенттік билет иелеріне 20-30 пайыз жеңілдіктер ұсынып, жастарға арналған акциялар ұйымдастырды. Мысалы, ProCoffee желісінің үш нүктесінде арнайы жеңілдіктер берілсе, Global Coffee студенттер күніне арналған ерекше дизайндағы қаптамаларын ұсынды. Мұның бәрі мерекелік атмосфераны күшейте түсуде. Концерт барысында жастар саясатына үлес қосып, түрлі салаларда жетістікке жеткен студенттер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік шараға қатысқан Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 4-курс студенті Даниял Болысбек студенттік өмірдің өзіне берген мүмкіндіктерімен бөлісті. Қазақтың қара домбырасын арқалап 2022 жылы "Күміс домбыра" жеңіп, оқу орнының грантын иеленген ол студенттерге жасалып жатқан қолдауға ризашылығын білдірді. "Біздің ұстаздарымыздың бірінші мақсаты - студентті қолдау. Ешқандай қиыншылық көрмедім. Студенттік өмір - тек сабақ пен жатақхананың арасы емес, жаңа орта қалыптастыру, үлкен өмірге бейімделу", - дейді ол. Халықаралық студенттер күні Шымкент жастары үшін тек мереке емес, өзара байланыс орнату, мотивация алу, жаңа мүмкіндіктерді көру күніне айналды. Қала әкімдігі мен кәсіпкерлердің қолдауы, жастардың белсенділігі мен білімге деген құлшынысы — бүгінгі мерекенің шырайын арттыра түсті. Сонымен қатар, мұндай бастамалар студенттердің қоғамдық белсенділігін арттырып, олардың кәсіби және шығармашылық әлеуетінің ашылуына ықпал етеді. Жастар арасында бірлік пен достықты нығайту да осындай іс-шаралардың маңызды нәтижелерінің бірі саналады. Университеттер мен жастар ұйымдарының өзара ынтымақтастығы болашақта жаңа жобалар мен бірлескен бастамалардың жүзеге асуына жол ашады.
Түркістан облысындағы 9 баланың қазасы: үкіметтік комиссия құрылды Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеу жөнінде Үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы енді. "Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Әкімдікке өрт салдарынан қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу тапсырылды. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша шешімдер қабылданады. Комиссия жұмысы ерекше бақылауда", - деп жазылған хабарламада. Еске салайық, бүгін таңертең Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, тоғызы - бала. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Астана, Алматы және тағы он қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет Астана, Алматы, Шымкент және басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылдың 18 қарашасында Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған,Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында 14 жастағы оқушы соққыдан қаза болған Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім қаза тапты. Отбасының айтуынша, оны жоғарғы сынып оқушылары соққыға жыққан. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Оқиға қалай болған? Оқиға 13 қыркүйекте кешке болған. Туыстарының сөзінше, Әлихан серуендеуге шыққан, бірақ бір сағаттан кейін ес-түссіз күйде табылған. Әкесі барғанда, балада жарақаттар болған, ал куәгерлер оның құлап қалғанын айтқан. "Мен барғанда ұлымның жанында он шақты адам тұрды. "Не болды?" деп сұрағанымда, "балаңыз еш себепсіз кенеттен құлап қалды" деп жауап берді", - дейді әкесі Данияр Нұрғалиев. Туыстарының нұсқасы Туыстары Әлиханның соққыға жығылғанына сенімді. Әкесінің айтуынша, дүкен камерасындағы жазбада бір топ жасөспірімнің баланы тоқтатып, қараңғы көшеге қарай алып кеткені көрінеді. "Реанимацияға апарған кезде, дәрігерлер оның соққы алғанын айтты. Камерадағы жазбада да оны әдейі қараңғы көшеге алып кеткені көрінеді. Тіпті күдіктілер достарына: "Қазір Әлиханды ұстап алып, сабаймыз" деген", - деді Данияр Нұрғалиев. Полиция не дейді? Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғаған. Бір жасөспірім ұсталды. Туыстары істі қатаңырақ баппен қайта саралауды және барлық қатысушыны жауапқа тартуды талап етті. "Кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу, оның өліміне әкелу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот шешімімен қамауда ұстау шарасы санкцияланды", - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысындағы өрт: 12 адам қаза тапқан, оның тоғызы балалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды. Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, 18 қарашада таңертең Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндіру бөлімшесі жеткен кезде үй толықтай өртке оранған. "Барлау және өртті сөндіру кезінде үйден ес-түссіз күйде жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Іштен тоғыз баланы қоса алғанда, 12 адам өлі табылды", – делінген хабарламада. Көршілердің айтуынша, өрт шыққан кезде үйде қонақтар болған, себебі алдыңғы күні үй иелері отбасылық шара ұйымдастырған. 360 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді. Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Көш бастап тұр“ - Эстонияның президенті Қазақстан туралы Алар Карис Қазақстанды Эстонияның Орталық Азиядағы ең маңызды экономикалық серіктесі деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Эстония Қазақстан мен Еуропа Одағы нарықтары арасында қуана-қуана дәнекер болады. Эстония бизнес өкілдері Сіз атап өткен транзит және логистика саласынан бөлек, Қазақстанның басқа да секторларына инвестиция салуға әзір. Бизнес-делегациямыздың құрамында 40 компания бар. Олар логистика, транзит, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберқауіпсіздік, сондай-ақ білім және ғылым салаларында қызмет көрсетеді. Еуропа Одағының мүшесі ретінде Эстония Орталық Азияның, оның ішінде аймақта көш бастап тұрған Қазақстанның ЕО-мен стратегиялық серіктеске айналғанына қуанады. Атап айтқанда, ЕуроОдақ Global Gateway жобасы аясында көлік және өңіраралық байланыс саласындағы қатынастарды нығайтуға ниетті", – деді Эстония Президенті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге сапармен келгені үшін Алар Кариске ризашылығын білдіріп, бүгінгі кездесуді шынайы достықтың нышаны әрі өзара ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндігі ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Эстония президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Қазақстан мен Эстония президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары экономикалық ықпалдастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, тараптар сауда-инвестиция, цифрландыру, жасанды интеллект, көлік-логистика, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, аса маңызды минералдар және білім-ғылым салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі екеніне назар аударды. "Бұл сапар екі мемлекет арасындағы өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңіне жол ашады. Еліңізді Балтық өңіріндегі, сондай-ақ Еуропа Одағындағы өте маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Эстония инновациялық және өркендеген мемлекет құру жолында таңғаларлық табысқа жетті. Сіздің еліңіз цифрлық жүйеге негізделген мемлекет, үкімет және қоғам құру ісінде көш бастап тұр. Сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз ету, азаматтарды ел басқару ісіне тарту бойынша көпке үлгі. Біз Эстонияның заң мен тәртіп қағидатын ұстануға, білім беру деңгейін арттыруға және орнықты дамуға бейілділігін жоғары бағалаймыз", – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы екіжақты ықпалдастықтың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталып, Қазақстан мен Эстония барлық бағыт бойынша жан-жақты байланыс орнатқанын жеткізді. Екі ел арасындағы саяси диалог ашық әрі сындарлы сипатта өрбіп, өзара түсіністікті нығайтуда парламентаралық ынтымақтастық маңызды рөл атқарып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов LRT туралы айтты Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі, Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов елордадағы LRT жобасына қатысты пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақорда кулуарында журналистер Алтай Көлгіновтен құрылысы аяқталуға жақын қалған Астана LRT жобасын қалай бағалайтынын сұрады. "Жобаны бағалайтын - тұрғындар. Өз уақытында мен де осы жобаға жұмыс істедім, 3,5 жыл еңбектендік. Көріп тұрғандарыңыздай, жұмыс аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындар қоғамдық көлік ретінде мініп жүреді деп үміттенемін, бұл жолдардағы кептелісті азайтуға да ықпал етеді", - деді ол. Еске салайық, Алтай Көлгінов 2019 жылдың 13 маусымы мен 2022 жылдың 8 желтоқсаны аралығында Астана әкімі қызметін атқарған. 2022 жылдың қыркүйегінде ол Астана LRT жобасын үздіксіз қаржыландыру болған жағдайда екі жыл ішінде аяқтауға болатынын мәлімдеген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Президент мырза, сізді елімізде мемлекеттік сапармен қарсы алғаныма қуаныштымын. Эстония – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі. Біз эстон халқының тарихына, дәстүріне және мәдениетіне құрметпен қараймыз. Екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Мемлекеттеріміз арасында түйткілді мәселе жоқ. Дегенмен өзара ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор. Оны ілгерілете беруіміз керек. Сіздің бұл сапарыңыз екіжақты ықпалдастығымыз бен достық байланыстарымызға тың серпін береді деп сенемін. Сауда саласында түрлі кедергі бар екенін білеміз. Бірақ бұл бағыттағы бірлескен жұмыс алға жылжып келеді. Қазақстан Эстонияның теңіз порттарын пайдалануға, сауда-саттық көлемін арттыруға ниетті. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар аясындағы, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі және басқа да құрылымдар шеңберіндегі сындарлы ықпалдастықты өрістетуге мүдделіміз. Осы сапардың нәтижесінде мәдени байланыстарымыз да өркендей түседі деп үміттенемін", - деді Тоқаев. Алар Каристің пікірінше, екі елдің қарым-қатынасы өте жақсы деңгейде. "Әлбетте, кейбір кедергілер бар, бірақ оны еңсеруге болады. Кейде біз түйткілдердің оңай шешілетінін аңғара бермейміз. Бизнес өкілдері қазірдің өзінде іскерлік қатынастар мәселесін талқылап жатыр. Бірнеше кездесу жоспарланған. Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылмақ, бірқатар бастаманы іске асырамыз. Сондықтан келешегіміз жарқын екеніне сенімдімін. Жаңа байланыстарымыз өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға көмектеседі деп үміттенемін. Әрине, әлемдегі геосаяси ахуал тұрақсыз болып тұр. Дегенмен барлық проблеманы бірлесіп шешуіміз керек. Сіз БҰҰ туралы айттыңыз. Бұл – өте маңызды ұйым. Әлемде қақтығыстар мен соғыстар мейлінше аз болуы үшін ұйымға біршама реформа жасау қажет", - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақордада Тоқаев Эстония президентін қарсы алды Ақордада Эстония Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Тараптар бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан кейін екі елдің әнұрандары шырқалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы белгілі болды Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық байқау аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқау 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында eGov Mobile платформасында өтті. "Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған "Балқаш" атом электр станциясы" атауы жеңімпаз деп танылды. Таңдалған атау атом электр станцияларын географиялық белгі бойынша атау жөніндегі халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді", - деп жазылған хабарламада. Байқауға 16 жастан асқан 27 157 Қазақстан азаматы қатысқан. Әр қатысушыда бір ғана атау ұсыну мүмкіндігі болды. "Конкурс комиссиясының отырысында ең танымал 100 атау қаралды. "Балқаш" атом электр станциясы" атауын 882 азамат ұсынды және ол танымалдығы бойынша қорытынды рейтингте бірінші орын алып, конкурс жеңімпазы атанды", - деп жазылған хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкендегі АЭС-ке атау беру бойынша байқау жариялауды ұсынды. Кейінірек алғашқы АЭС атауына байқау басталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Эстония президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді Эстония президенті Алар Каристі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Эстония Президенті Алар Каристі ресми қарсы алу рәсімі өтіп жатыр. Мәртебелі қонақты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тойхана, сауда орталығы деп көрсетілген: жекеменшік мектептерді қаржыландырудағы былық ашылды Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудағы заңбұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстанда білім беру саласын қаржыландыруға қатысты мәселелер қаралды. Жекеменшік мектептерді қаржыландырудың жаңа тетіктерін енгізуге назар аударылды. Бұған дейін премьер-министрдің тапсырмасымен мемлекеттік білім беру тапсырысының қаражатын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында "Қаржы орталығы" АҚ Оқу-ағарту министрлігінен Қаржы министрлігінің қарамағына берілген болатын. Қаржы министрі Мәди Такиев осы саладағы ашықтықты қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. "Биыл қарашада e-Qazyna.kz веб-порталында OrtaBilim ақпараттық қызметі іске қосылды. Жүйе білім алушылардың саны мен контингентін, рұқсат құжаттарының болуын және басқа да автоматты тексеру арқылы деректердің дұрыстығын бақылауды күшейтуге бағытталған. Қаржы министрлігі мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік мектептерді қаржыландыруда өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, 745 мекеменің 155-і алған кірісін көрсетпеген. Цифрландырылған 427 мектептің шамамен 30 пайызы өз қызмет түрі бойынша бекітілген мақсаттарына сай емес. Мәселен, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы мектептердің бірі – тойхана ретінде, Шымкентте – сауда орталығы және тағы басқа деп көрсетілген", - делінген хабарламада. Ресми деректер бойынша, 64 мектепте білім алушылар контингенті жобалық қуатынан 2 есе артық. Мысалы, Алматы облысында орналасқан жобалық қуаты 60 адамға есептелген жекеменшік мектептердің біріне іс жүзінде 702 оқушы қабылданған. Бұл жерде азаматтарға білім беру қызметтерін ұсыну үшін мемлекет қаражатын мақсатсыз жұмсау туралы сөз болып отыр. "Астанадағы 241 оқушыға арналған жекеменшік мектептің құжаттарында 1003 адам көрсетілген. Сонымен қатар жекеменшік мектептерде жалған мұғалімдер мен қосарланған қаржыландыру деректері анықталды", - делінген хабарламада. Жаңа сервис білім беру саласындағы барлық ақпараттық жүйелерді біріктіретіні айтылған. Бұл мектептер мен мұғалімдерге жүктеме талаптарының сәйкестігін бақылау шараларының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ орынсыз шығындарды сүзгіден өткізу және жол бермеу арқылы бюджет жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде жекеменшік мектептердің 86 пайызы авторизациядан өтіп, БЦП-мен пайдаланушы келісіміне қол қойған. Қаржы министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, жекеменшік мектеп директорларымен қаржыландыру жүйесін өзгерту туралы түсіндіру семинарларын өткізіп жатыр. Биыл көрсетілген қызметтер үшін мектептерге төлемдер жасалатыны айтылды. Сонымен қатар 2026 жылдың қаңтарынан бастап мұндағы қызмет жаңа ақпараттық жүйемен қатаң реттеледі. Алдағы уақытта осы сервиске білім беру саласындағы мемлекеттік қаржыландырудың барлық түрін қосу жоспарланған: мемлекеттік тапсырыстар, гранттар, стипендиялар және жатақхана орындарымен қамтамасыз ету жұмыстары. "Жүргізілген тексеру жұмыстары жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселелерінде көптеген заңбұзушылықтарды анықтады. Шындығында, біз мемлекеттің жоқ оқушылар үшін жиі ақша төлейтінін көріп отымыз. Бұл нарықта тұтастай заңсыз индустрия қалыптасты. Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігі келесі қаржыландыру жылынан бастап аталған салада толықтай тәртіп орнатуы керек. Бірде-бір мемлекеттік теңге нарыққа жосықсыз қатысушылар мен шенеуніктердің қалтасына түсіп, ысырап етілмеуі тиіс", - деді Олжас Бектенов. Жиын қорытындысы бойынша премьер-министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Оқу-ағарту министрліктеріне, сондай-ақ өңірлердің әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қар жауып, аяз түседі "Қазгидромет" синоптиктері 18, 19 және 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. "Атлант циклоны республика аумағы арқылы өтіп, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкеледі, солтүстік өңірлерде боран соғып, көктайғақ байқалады. Тек оңтүстік-батыста, сондай-ақ 19–20 қарашада шығыс өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", — деп хабарлады синоптиктер. Ел бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі. Метеорологтар мәліметінше, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. "Тек шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы –6…–23 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз термометр бағаны +2…+10 градус жылыны көрсетеді", - деп толықтырды "Қазгидромет". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда биылғы қыс қандай болады: синоптиктер болжамы "Қазгидромет" синоптиктері 2025/2026 жылғы қысқа арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыс қандай болады? Синоптиктердің айтуынша, алдағы қыста температуралық өзгеріс жиі байқалады: ауа райы бірде жылы, бірде суық болады. Желтоқсан Жалпы алғанда, желтоқсан қалыпты нормадан жылы болады. Жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында. "Жауын-шашын негізінен қар түрінде және боран, қатты жел, көктайғақ және тұман болады. Бірақ кей күндері оңтүстіктен жылы циклондар келген кезде жаңбыр мен дымқыл қар жаууы мүмкін. Антициклон әсер еткен кезеңдерде тұнық та аязды күндер болады - жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Ең қатты суық толқыны бірінші онкүндіктің соңында солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде күтіледі. Ол кезде түнде –23…–28 градус аязға дейін, күндіз –13…–18 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін", - деді "Қазгидромет" гидрометорталығының директоры Марина Шмидт. Екінші және үшінші онкүндіктерде түнгі температура –15…–20 градус пен –5…–10 градус аралығында құбылады. Күндіз ауа +2 градус жылыға дейін көтеріліп, түнде –5…–10 градус аязға қайта түсуі мүмкін. Анықтама: онкүндік - айдың үш бөлікке бөлінген 10 күндік кезеңдері (1–10, 11–20, 21–30/31). Шығыста кей күндері түнгі суық күшейіп, –25…–35 градус аязға дейін, күндіз –15…–20 градус аязға дейін төмендеуі ықтимал. "Желтоқсанның басында батыс пен оңтүстікте әлі де жылы болады, күндіз +5…+10 градус. Бірақ бірінші онкүндіктің соңына қарай түнде –12…–17 градус аязға, күндіз –3…–8 градус аязға дейін төмендейді", - деді Шмидт. Айдың аяғына дейін бұл аймақтарда түнгі температура –0…–5 градус пен –7…–12 градус аралығында ауысып тұрады. Күндіз +0…+8 градус жылы болады. Қаңтар, ақпан және наурыз Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы климаттық норма деңгейінде болады. Тек шығыс өңірлерде температура 1 градусқа норма шамасынан төмен болады. Қаңтардағы жауын-шашын мөлшері де нормаға жақын. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың тау және тау етегі аймақтарында жауын-шашын көбірек түсуі мүмкін. Ақпан және наурызда жылы болады, жауын-шашын мөлшері орташа деңгейде. Тек наурызда оңтүстік және оңтүстік-шығыстың тау аймақтарында жауын-шашын нормадан көп болуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ақтөбе мектептеріне шабуыл“: полиция қорқынышты хабарға пікір білдірді Полиция "Ақтөбе мектептеріне шабуыл жасалады" деген қорқынышты хабарға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде белгісіз біреулер Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасамақ деген жалған ақпарат тарап кеткен. Бұл дерек бойынша Полиция департаменті терроризм актісі туралы жалған хабар таратқаны үшін соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. "Күдіктілер жақын арада анықталып, еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді полиция. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген: мектептерде бейнебақылау жүйелерінің жұмысы күшейтіліп, оқу орындары маңында полиция жасақтарының саны артқан. Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы мектептерге қатысты осындай фейк жұртты үрейлендірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент тағы бір заңға қол қойды Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы заңнамалық актілерді "Жасанды интеллект туралы" Заңмен сәйкестендіруге бағытталған. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Түзетулердің екінші блогы заңнаманы өзге мәселелер бойынша жетілдіруді көздейді. Заң қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымын реттейді. Бұған дейін қамтамасыз етілмеген цифрлік активтердің айналымы тек "Астана" Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында ғана рұқсат етілген еді. Азаматтардың жеке деректерін қорғау амалдарын күшейту мақсатында жеке деректерді өңдеуге келісім беру мерзіміне қатысты талап енгізілді. Енді бұл мерзім жеке деректерді жинау және өңдеу мақсатына жету үшін қажетті мерзімнен аспауға тиіс. Субъект немесе оның заңды өкілі иесін, операторды, үшінші тарапты ескертіп, жеке деректерді жинауға, өңдеуге берген келісімін қайтарып алуға құқылы. Ішкі бөлшек сауда субъектілері үшін идентификациялық құралдарды оқитын бақылау-касса машиналарын пайдалану арқылы операцияларды есепке алу жөнінде талап қоя отырып, тауарларды таңбалау механизмі жетілдірілді. Бірқатар түзетулер нәтижесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары күшейтілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жасанды интеллект туралы заңға қол қойды Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады. Осыны ескере отырып, заңда жауапкершілік және бақылау қағидаттары бекітілді. Соған сәйкес, меншік иелері мен пайдаланушылар жасанды интеллект жүйелерін қолдану кезінде өзінің атқаратын рөліне қарай жауап береді. Меншік иелері мен пайдаланушыларға жасанды интеллект жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету, қолдау көрсету міндеттері жүктелген. Сонымен қатар заңдылық, әділеттілік, теңдік, ашықтық және түсініктілік, адам игілігіне басымдық беру, оның шешім қабылдаудағы еркіндігі, деректерді қорғау және құпиялылық, қауіпсіздік пен қорғаныс қағидаттары бекітілді. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында бірқатар мүмкіндіктерге ие жасанды интеллект жүйелерін құруға және пайдалануға тыйым салынды (түпсаналық, манипуляциялық немесе жеке деректер туралы заңнаманы бұзу арқылы жеке деректерді жинау және өңдеу әдістерін қолдану; басқа да мүмкіндіктер). Жасанды интеллектіні қолдану нәтижесінде жасалғанынан хабардар болу үшін мұндай тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді таңбалау талабы енгізілді. Жасанды интеллект жүйелерін жасауға және үдемелі дамытуға арналған платформалар құрудың әлемдік тәжірибесін ескере отырып, ұлттық жасанды интеллект платформасының қызметіне қатысты заңнамалық негіздер қалыптастырылды. Платформа шектеулі мерзім ішінде бағдарламалық өнімдерді, жасанды интеллект моделдерін әзірлеуге, оқытуға және сынақтан өткізуге пайдаланылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "17 қарашада Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда Mellstroy-ға іздеу жарияланды Қазақстанда блогер Mellstroy-ға іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат Қаржы мониторингі агенттігінің бастамасымен ашылған іздеу ісі бойынша Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Mellstroy (шын есімі - Андрей Бурим) - беларусь стримері, блогер және инфлюенсер. Ол орыс тілді интернет кеңістігінде "trash-стример" ретінде танымал болды. Бұл жанрда контент жиі шок тудырады, арандатушылық сипатта болады және орынсыз әрекеттерге дейін барады. 2017 жылдан бастап Андрей Twitch және YouTube платформаларында ойын стримдерінен карьерасын бастады, алайда көп ұзамай алкоголь, сауық кештер және аудиториямен өзара әрекеттесуге (донат-челлендждер, ұтыс ойындары) негізделген "лайв-шоуларға" көшті. Оның аудиториясы - негізінен ТМД жастары, Instagram, Twitch және YouTube сияқты платформаларда миллиондаған жазылушылары бар. Андрей Александрович Буримге қатысты жарияланған бағдарда іздестіру ісі 15 қараша Астана өңірінде тіркелгені көрсетілген. Іздеу бастамашысы - Қаржы мониторингі агенттігі. Іздестіруді Астана бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Mellstroy-ға және Қазақстандағы блогерлерге қатысты жанжалдар Қазанның аяғында Астанада астаналық сауда орталықтарының біріне плакат ұстап, іш киіммен жүгірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынған. Ол блогердің атын айғайлап, одан өзіне пәтер сыйлауын сұраған. Бұл оқиғадан кейін ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады. Ведомство қазақстандықтарды, әсіресе жастарды, "күмәнді интернет-трендтерге ермеуге" шақырды және "қоғамдық орындарда кез келген заңсыз, арандатушылық немесе адамгершілікке жат әрекеттер жол берілмейтінін және заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін" еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекет басшысы су қауіпсіздігі мәселесін қозғады Су қауіпсіздігі мәселесі өңір үшін барған сайын өзекті болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің айтуынша, өңір үшін су қауіпсіздігі мәселесі аса өзекті. "Кейінгі бес жылда елдеріміз су саясатына қатысты ұстанымдарын жаңғыртты. Су проблематикасының трансшекаралық сипатын ескере отырып, салалық стратегиямызды үйлестіру маңызды деп санаймын. Бұл бір жағынан су үнемдеудің анағұрлым сәтті тәжірибелерін кеңінен тарату үшін қажет. Алдағы уақытта халықаралық стандарттарға сәйкес Орталық Азияның суды пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын қабылдауды ойластыруға болады. Мұндай құжат саладағы бірыңғай жұмыс қағидаттарын бекітіп, ықтимал қарама-қайшылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Келесі жылы сәуір айында Астанада Өңірлік экологиялық саммитімен қатар өтетін Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларының жиынында осы тақырыпқа оралып, ұсыныстарды талқылай аламыз. Сіздер аталған іс-шараларға белсенді қатысады деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы. Контекст 14 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан көшбасшысының шақыруымен мемлекеттік сапармен Ташкентке барды. Мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда және бетпе-бет форматында келіссөздер жүргізді, Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты, сондай-ақ құны 1,2 миллиард доллар болатын жеті бірлескен жобаны іске қосты. 15 қарашада Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына барды. Орталықтың мақсаты – Өзбекстанның бай мәдени және рухани мұрасын әлемдік ислам өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде сақтау, терең зерттеу және кеңінен таныту. Сондай-ақ Мирзиёев Тоқаевты Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Олий Даражали Дустлик" ("Жоғары дәрежелі Достық") орденімен марапаттады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сирек жер металдарын өндіру және қайта өңдеу: Тоқаев жұмылуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде жиынға қатысушылар назарын сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу саласындағы ықпалдастық перспективасына аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекеттеріміз әзірге толық барланбаған, бірақ айтарлықтай мол ресурсқа ие. Аймаққа озық технология тарту және инновациялық шешімдерді енгізу ісінде күш біріктіру керек. Қазақстан Астанада Сирек металдарды зерттеу жөніндегі өңірлік орталығын құру бастамасын көтерген болатын. Бұл мекемеде кеніштер мен оны игеру технологиялары туралы өзекті ақпараттарды жинақтап, инвесторларға ұсына аламыз", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолдану нәтижесінде пайда болатын мүмкіндіктерге тоқталды. Президент елімізде ЖИ-ді жан-жақты енгізу шаралары, сондай-ақ өзбек әріптестермен бірге атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. "Жасанды интеллект саласындағы серіктестікті одан әрі дамыту үшін аталған технологияны қолданудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу керек. Орталық Азия мемлекеттерінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану туралы декларацияның жобасын дайындауды ұсынамын. Құжат бірлескен цифрлық жобалар аясында мәлімет алмасқан кезде ашықтықты, сенім мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, барлық қатысушының құқығы қорғалатынына кепіл болады", – деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Орталық Азиядағы төрт сын-қатерді атады Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия тап болып отырған төрт сын-қатерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің рөлін күшейту маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси дүрбелең жағдайында өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті күшейтудің мәні зор екенін айтты. Бұл ретте Президент Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан шекараларының түйісу нүктесі туралы шарттарға қолдау білдіріп, бұл мәмілелерді маңызды қадам ретінде бағалады. Бұдан бөлек, жақында Тәжікстанның XXI ғасырдағы Достық жөніндегі шартқа қосылуын елеулі шешім деп атады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өңір әлі де терроризм мен діни экстремизм, есірткі тасымалы және трансұлттық қылмыс секілді сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл қауіптерді бірлесіп қана еңсеруге болады. Осы бағыттағы жұмыс өңір елдерінің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары деңгейінде жүргізілуге тиіс. Сөз соңында Президент Консультативтік кездесу форматын одан әрі жетілдіру мәселесіне тоқталды. "Ұлттық үйлестірушілер кеңесі бекітілгеннен бері бұл алаң тиімділігін көрсетті. Кеңестің рөлін күшейтетін уақыт келді деп ойлаймын. Ол уағдаластықтардың орындалуын бақылаумен шектелмей, өңірді дамытудың стратегиялық векторларын әзірлеумен айналысуы керек. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің осы форматтың институционалдық негізін күшейтуге қатысты ұсынысын қуаттаймын. Бұл мәселелерді жұмыс тәртібінде талқылап, тиісті бастамаларды бекітуге болады деп ойлаймын. Орталық Азия сараптамалық форумын өңірлік ықпалдастық жүйесіне қосуды ұсынамын. Соның нәтижесінде форум зерттеу жүргізетін және бірыңғай тәсілдер қалыптастыратын негізгі платформаға айнала алады", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жабық шекаралар мен оқшауланудың уақыты өтті“ - Тоқаев Орталық Азияның трансформациясы туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы сөз басында қонақжайлық танытып, Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке ілтипат білдіріп, Әзербайжанның аталған кеңеске толық мүше ретінде қосылуын тарихи шешім деп бағалады. Сондай-ақ Бакудің жаңа статуста аймақ ынтымақтастығын кеңейтуге айтарлықтай үлес қосатынына сенім артты. Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері өз тиімділігін дәлелдегенін айтты. "Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр. Жабық шекаралар мен оқшауланудың уақыты өтті. Мұны сеніммен айтуға болады. Ортақ күш-жігердің арқасында өңірдің ішкі бірлігі артты. Бұл елдеріміздің дамуына және халықаралық ынтымақтастыққа кеңінен жол ашты. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері өңірдің жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқаратынын мойындайды. Сондықтан "Орталық Азия плюс" форматына қызығушылық артып келеді. Бұған биыл негізгі шетелдік серіктестермен өткен саммиттер дәлел бола алады. Менің ойымша, мұндай серіктестіктің басты мақсаты – өңірдегі тұрақтылықты нығайту және орнықты прогресс үшін жағдай жасау, елдеріміз бен халықтарымыздың әл-ауқатын, бақуатты тұрмысын қамтамасыз ету. Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамыған әрі жан-жақты ынтымақтастық пен бейбітшілік орнаған берекелі өңір ретіндегі мәртебесін нығайтуды көздейміз", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мирзиёев Ташкенттегі конгресс-орталықта Тоқаевты қарсы алды Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысушылар Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 500 компания нарыққа шығарылады Елде мемлекет үлесін экономикадан айтарлықтай қысқарту дайындалып жатыр. Құны 2 трлн теңгеден асатын 500 компанияның тізімі жасалды, оларды жекешелендіру, IPO/SPO арқылы биржаға шығару немесе қысқарту ұсынылған. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға жауап беру барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір мемлекет балабақша мен ауруханадан бастап ірі ұлттық холдингтерге дейін шамамен 6 мың компанияның қызметіне қатысады. Сол кәсіпорындардың бір бөлігі жеке бизнес те өздігінен дами алатын салаларда жұмыс істейді. Анықтама: Мемлекеттің компаниялардағы үлесінің көп болуы бәсекелестікті төмендетіп, жеке бизнестің дамуын тежейді. Бұдан бөлек, мұндай кәсіпорындар көбіне тиімсіз жұмыс істеп, бюджетке қосымша салмақ түсіреді. Мемлекет үлесі қалай қысқартылады? Жалпы алғанда, үкімет қазір бірқатар компанияны жекешелендіріп жатыр. Бәсекелес ортаға 922 млрд теңге сомасына 396 нысан берілген, ал 69 кәсіпорын таратылған немесе қайта ұйымдастырылған. Биржаға "ҚазМұнайГаз", KEGOC және Air Astana сияқты алып компаниялар шықты. Енді 500 компаниядан тұратын тізім жасалды, оларды: жекешелендіру; биржаға (IPO/SPO) шығару; не қысқарту жоспарланып отыр. "Компаниялар отын-энергетика кешені, өнеркәсіп және индустрия, агроөнеркәсіптік кешен, транспорт және байланыс, қаржы нарығы және басқа да салаларда ұсынылған", - делінген депутаттық сауалға жауапта. "Самұрық-Қазына" қорының бірқатар компаниясы бойынша, соның ішінде "Қазақтелеком", Kcell және Qazaq Green Power бойынша IPO-ға шығару мәселесі талқыланып жатыр. Анықтама: IPO-ға шығару - компанияның (мемлекеттік немесе жекеменшік) акцияларының бір бөлігін биржада сату арқылы инвестиция тарту процесі. Яғни компания жария болады, ал оның иелері қатарындағы инвесторлар - қарапайым азаматтар да болуы мүмкін. Оптимизация үш кезеңде - 2026 жылдан 2030 жылға дейін жүргізіледі. "Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға 2026 жылдың аяғына дейін мораторий енгізілген", - деп те атап өтті Олжас Бектенов. Қосымша, демонополизацияны жеделдетуге тиіс алтыншы антимонополиялық топтама Мәжіліске енгізілді. Анықтама: Демонополизация - нарықтағы монополияны азайту немесе жою процесі. Мақсаты - бірнеше компанияның еркін бәсекелесуіне жағдай жасап, бағаны төмендету және тауар мен қызмет сапасын арттыру. Бұл неге маңызды? Бұл процесс бірнеше мәселелерді шешуге бағытталған: экономикадағы мемлекеттің монополиялық үлесін азайту, осылайша жеке сектордың жылдамырақ өсуіне жағдай жасау; активтерді басқару тиімділігін арттыру - қазіргі кейбір мемлекеттік компаниялар шығынды немесе тиімсіз; IPO/SPO арқылы инвестиция тарту; әділ бәсекелестік орнату. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Украина мен Ресей тұтқын алмасу туралы келісімге келді Украина мен Ресей тұтқын алмасу туралы келісімге келді. Бұл туралы Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Рустем Умеровтың айтуынша, президент Владимир Зеленскийдің тапсырмасымен Украина кейінгі күндері Түркия және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі серіктестерімен келіссөздер жүргізген. Оның сөзінше, бұл елдер тұтқын алмасу және қайтару үдерісін ұйымдастыруға көмектесіп жатыр. Умеров шамамен 1200 украиналықтың алмасуына дайындық жүріп жатқанын атап өтті. "Осы келіссөздердің нәтижесінде тараптар Ыстамбұл келісімдерін іске қосуға келісті. Жақын уақытта техникалық консультациялар өтеді. Онда барлық рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселе нақтыланады. Біз украиналықтар тұтқыннан оралып, Жаңа жыл мен Рождество мерекелерін үйінде – отбасылық дастарқан басында, жақындарының жанында қарсы алуы үшін тоқтаусыз жұмыс істеп жатырмыз", – деп жазды Умеров өз Telegram-каналында. Еске салайық, 2 маусымда Ыстамбұлдағы келіссөздер барысында Ресей мен Украина ауыр жараланған әскери қызметкерлер мен 25 жасқа дейінгі тұтқындарды алмасу, сондай-ақ қаза тапқан 6000 әскери қызметкердің мәйітін бір-біріне қайтару туралы уағдаласқан еді. Осыдан кейін әскери тұтқындар алмасудың жеті кезеңі өтті. Сонымен қатар, қаза тапқандардың мәйіттерін алмасу жалғасты: Ресейдің мәлімдеуінше, ол бірнеше кезеңмен Украинаға офицерлер мен сарбаздардың 6000-нан аса мүрдесін тапсырған. Ал Мәскеу Киевтен 78 мүрде алған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Әйелдің ішкиімін киіп, суретке түскен ер адам“ әйелін және балаларын азаптаған: жаңа деректер айтылды Петропавлда әйелі мен балаларын соққыға жығып, әйелдердің ішкиімімен түсірілген ерсі видеолар жариялап жүрген ер адамға сот бір жыл бойы әйелі мен балаларының келісімінсіз оларға жақындауға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін көпбалалы анаға жасалған зорлық дерегі туралы хаюарланған. "НеМолчи.kz" қорының өкілдері әйелдің күйеуі оны көп жылдар бойы азаптап, соның салдарынан әйел мүгедек болып қалғанын айтқан. Сондай-ақ, қор қызметкерлері ер адамның әлеуметтік желілерге жүктеген видеоларынан скриншоттарды қоса жариялады. Кадрларда ер адам әйелдердің ішкі киімін киіп түсірілген. Осыдан кейін жәбірленуші анасын паналап қашып кеткен, ал кәмелетке толмаған бес бала әкесімен бірге қалған. Полицияның әрекеті Бұл жағдайға полиция қызметкерлері де жауап қатты. Олар қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарымен бірге отбасы тұратын жерге барған. Әйелдің арызы бойынша отбасы-тұрмыстағы қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін әкімшілік іс қозғалды. Жақындамау туралы шешім қабылданды Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласының арнайы әкімшілік соты ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік істі қараған. "2025 жылғы 3 қарашада құқық бұзушы үйінде жанжал шығарып, бірге тұратын әйелін балағаттаған. Осылайша ол отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұрған адамды құрметтемей, оның тыныштығын бұзған. Бұл әрекет қылмыстық жазаланатын әрекет белгілеріне жатпайды", – делінген сот қаулысында. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші мән-жайды растады және күйеуін жауапкершілікке тартуды сұрады. Екі тарап татуласқан жоқ. Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны бес тәулікке әкімшілік қамауға алуға шешім шығарды. Бұдан бөлек, сот оның мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгілеп, жұбайы мен балаларының келісімінсіз кездесуге тыйым салды. "Петропавл қаласының полиция басқармасының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініші ішінара қанағаттандырылсын. 12 ай ішінде құқық бұзушыға жәбірленушінің еркіне қарсы оны іздеуге, тиісуге, оларға баруға, ауызша және телефон арқылы сөйлесуге, өзге де тәсілдермен байланыс орнатуға, сонымен қатар, оның отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерімен де байланыс орнатуға тыйым салу түрінде ерекше талаптар белгіленсін. Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда психологиялық көмек алу шаралары белгіленсін", – делінген сот қаулысында. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді. Одан әрі не болады және балалар қайда? Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті өкілдері ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. "Полиция 38 жастағы Петропавл тұрғынының соққыға жығу дерегі бойынша жазған арызын жан-жақты тексеруді жалғастырып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның аясында барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, құқық бұзушыға қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қарау үшін қала әкімі жанындағы комиссияға жолданды", – деп түсіндірді СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев. Ол бұл жағдайдың құқық қорғау органдары мен қамқоршылық органдарының бақылауында екенін айтты. "Әйел мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шара толық қабылданды. Қазір балалар анасының қасында, әжесінің үйінде", – деп атап өтті Асқар Мұхаметқалиев. Полиция бұған дейін соққыға жығу дерегі бойынша ішкі істер органдарына арыз түспегенін айтты. Сонымен қатар, мұндай жағдайлардың бәрінде дереу 102 нөміріне қоңырау шалу қажеттін еске салады. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық дерегі бойынша 111 нөмірі арқылы республикалық сенім телефоны да жұмыс істейді. Айта кетейік, қозғалған қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы ("Соққы") бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап бойынша ірі мөлшердегі айыппұлдан 50 тәулікке дейінгі қамауға алуға дейін жаза көзделген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиямен тең түсті Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі топ көшбасшысы Бельгия құрамасымен тең түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеуі аясында "Астана Аренада" Бельгия құрамасымен кездесті. Ойынның басы-ақ қарқынды басталды. 9-минутта Дастан Сәтбаев Бельгия қақпасының жақын бұрышын дәл көздеп, қақпашыны қапы қалдырды. Артынша Ғалымжан Кенжебек сол қапталдан Бельгия қорғаушыларынан сытылып өтіп, қақпаның алыс бұрышына допты шиыра тепті. Алайда қарсылас қақпашысы допты қағып алды. Екінші тайм бастала салысымен бельгиялықтар теңестіруге мүмкіндік тапты. Ойынның 48-минутында Ханс Ванакен айып алаңындағы шабуылдың қорытынды нүктесін қойып, есепті 1:1-ге жеткізді. Матч аяқталуына 10 минут қалғанда Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков ереже бұзғаны үшін алаңнан қуылды. Дегенмен таблодағы есеп өзгермей, матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстан – Бельгия – 1:1 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұман мен жел: бүгін ауа райы қандай болады? Синоптиктер 16 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде тұман, кейбір өңірлерде қатты жел күтілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Астана – түнде 0…-2°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 3–8 м/с. Күндіз +4…+6°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Алматы – түнде +1…+3°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 2–7 м/с. Күндіз +12…+14°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең тұман түседі. Шымкент – түнде +3…+5°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Күндіз +18…+20°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Абай облысы – түнде -3…-8°С, шығысы мен оңтүстігінде -13°С, жауын-шашынсыз. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 9–14 м/с, түнде облыс орталығында 15–20 м/с, күндіз оңтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с. Күндіз +2…+7°С, шығысы мен оңтүстік-шығысында -2°С, жауын-шашынсыз.Семей – түнде -4…-6°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Күндіз +2…+4°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Алматы облысы – түнде 0…+5°С, солтүстігі мен таулы аудандарында -3…-8°С, жауын-шашынсыз. Оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Күндіз +11…+16°С, таулы аудандарында +2…+7°С, жауын-шашынсыз. Таңертең оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі.Қонаев – түнде 0…+2°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Күндіз +13…+15°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең тұман түседі. Ақмола облысы – түнде -3…+2°С, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, 9–14 м/с, күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Күндіз +2…+7°С, жауын-шашынсыз.Көкшетау – түнде 0…+2°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Күндіз +4…+6°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ақтөбе облысы – түнде -1…+4°С, жауын-шашынсыз. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с. Күндіз +5…+10°С, оңтүстігінде +15°С, жауын-шашынсыз. Таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі.Ақтөбе – түнде 0…+2°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 5–10 м/с. Күндіз +8…+10°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Атырау облысы – түнде +1…+6°С, шығысында -2°С, жауын-шашынсыз. Батысы, солтүстігі, оңтүстігі және шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Күндіз +6…+11°С, жауын-шашынсыз. Батысы, солтүстігі, оңтүстігі және шығысында тұман түседі.Атырау – түнде +1…+3°С, аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кездері тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 1–6 м/с. Күндіз +8…+10°С, аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кездері тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысы – түнде -10…-15°С, солтүстігі мен шығысында -20…-25°С, жауын-шашынсыз. Оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 9–14 м/с, таңертең және күндіз шығысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с. Күндіз 0…-5°С, шығысында -8°С, солтүстік-батысында +3°С, жауын-шашынсыз.Өскемен – түнде -10…-12°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 2–7 м/с. Күндіз +1…+3°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жамбыл облысы – түнде -2…+3°С, солтүстігі мен таулы аудандарында -5°С, жауын-шашынсыз. Оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Күндіз +11…+16°С, солтүстігі мен таулы аудандарында +8°С, жауын-шашынсыз.Тараз – түнде 0…+2°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кездері тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Күндіз +14…+16°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жетісу облысы – түнде -1…-6°С, таулы аудандарында -9…-14°С, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17–22 м/с. Күндіз +8…+13°С, таулы аудандарында -2…+3°С, жауын-шашынсыз.Талдықорған – түнде -4…-6°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Күндіз +10…+12°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс Қазақстан облысы – түнде 0…+5°С, солтүстік-шығысында -3°С, батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Күндіз +6…+11°С, батысы мен солтүстігінде жаңбыр. Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі.Орал – түнде 0…+2°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, 7–12 м/с. Күндіз +6…+8°С, бұлтты, жаңбыр. тұман түседі. Қарағанды облысы – түнде 0…-5°С, шығысында -8°С, оңтүстігінде +3°С, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Күндіз +5…+10°С, солтүстігінде +2°С, жауын-шашынсыз.Қарағанды – түнде -2…-4°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 2–7 м/с. Күндіз +5…+7°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Қостанай облысы – түнде -2…+3°С, жауын-шашынсыз. Батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с, солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с. Күндіз +5…+10°С, күн соңында батысы мен солтүстігінде жаңбыр.Қостанай – түнде 0…+2°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Күндіз +6…+8°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Қызылорда облысы – түнде -3…+2°С, жауын-шашынсыз. Солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел шығыстан, 7–12 м/с. Күндіз +14…+19°С, солтүстігінде +11°С, жауын-шашынсыз. Солтүстігі мен орталығында тұман түседі.Қызылорда – түнде 0…-2°С, аздаған бұлттылық, жауын-шашынсыз. Кей кездері тұман түседі. Жел шығыстан, 5–10 м/с. Күндіз +15…+17°С, аздаған бұлттылық, жауын-шашынсыз. Кей кездері тұман түседі. Маңғыстау облысы – түнде +4…+9°С, солтүстік-шығысында +1°С, жауын-шашынсыз. Солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Күндіз +15…+20°С, солтүстік-батысында +10°С, жауын-шашынсыз. Солтүстігі мен орталығында тұман түседі.Ақтау – түнде +6…+8°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 2–7 м/с. Күндіз +15…+17°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Павлодар облысы – түнде -1…-6°С, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, 9–14 м/с. Күндіз +2…+7°С, жауын-шашынсыз.Павлодар – түнде -3…-5°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, 9–14 м/с. Күндіз +3…+5°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік Қазақстан облысы – түнде -2…+3°С, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, 15–20 м/с, күндіз оңтүстігі, батысы және солтүстігінде екпіні 23–28 м/с. Күндіз +3…+8°С, жауын-шашынсыз.Петропавл – түнде 0…+2°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз +6…+8°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түркістан облысы – түнде +1…+6°С, солтүстігі мен таулы аудандарында -3°С, жауын-шашынсыз. Таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Күндіз +16…+21°С, солтүстігі мен таулы аудандарында +13°С, жауын-шашынсыз.Түркістан – түнде +1…+3°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Күндіз +18…+20°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ұлытау облысы – түнде -4…+1°С, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Күндіз +5…+10°С, жауын-шашынсыз.Жезқазған – түнде -2…-4°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Күндіз +5…+7°С, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
АҚШ-та ядролық бомбаның сынағы сәтті өтті Невададағы Тонопа полигонында B61-12 ядролық бомбасы сынақтардан сәтті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап. Сынақтар 19–21 тамыз аралығында жүргізілген. Оның барысында F-35 жойғыш ұшағы жауынгерлік жарылғыш заряды жоқ бомбаларды тастаған. АҚШ Энергетика министрлігіне қарасты Sandia зертханасы ұшу сынақтары ядролық арсеналдың сенімділігін жыл сайын бағалау және ұшу құрамын дайындау шеңберінде өткізілгенін мәлімдеді. Зертхана өкілдерінің айтуынша, 2024 жылдың аяғында АҚШ-та B61-12 бомбаларын қарулану мерзімін тағы 20 жылға ұзартқан. Жұма, 14 қарашада Ақ үй басшысы Дональд Трамп АҚШ-та ядролық сынақтарды қайта бастау ниетін растады. БАҚ өкілдерінің "Қашан болады?" деген сұрағына Трамп: "Жақын арада", – деп жауап берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бас прокуратура iPhone иелерін қауіп жөнінде ескертті Бас прокуратура iPhone иелерін интернет-алаяқтық қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің ақпаратына сәйкес, зиянкестер адамдарға Apple атынан жалған табылған iPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі көрсетілген жалған SMS немесе iMessage-ті, фишинг сілтемені қоса тіркей отырып, жолдайды, осылайша хабарламаның жалған емесі туралы әсер туындайды. Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды. Бұл зиянкестерге iPhone-ның қосылуын құлыптауды айналып өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді. Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды: күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді; жоғалған құрылғының құлыптау экранында байланыс ақпаратын көрсету үшін бөлек электрон поштаның мекенжайын пайдалануды; SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды; құрылғыны тек icloud.com/find арқылы тексеруді ұсынады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жоғалған ер адам туралы ақпарат үшін екі миллион теңге сыйақы ұсынылды Маңғыстауда сегіз ай бұрын жоғалған ер адамның туыстары оның қайда екенін білетіндерге екі миллион теңге сыйақы беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. Ерлан Есмағамбетов 17 наурызда "Кендірлі" демалыс аймағының маңында жоғалып кеткен. Өткен демалыста жоғалған ер адамның досы далада оның жұмыс істеген компаниясына тиесілі күртешесін тауып алған. Жақын маңнан екі қара шұлық табылған. Жоғалған жігіттің ағасы күртешені Құрық ауылындағы құқық қорғау органдарына сараптамаға тапсырған. Ерлан Есмағамбетовтің анасы күртешенің кездейсоқ табылғанына күмән келтірді. "Көктем мен жаздағы іздеу жұмыстары кезінде бұл күртешені байқамау мүмкін емес еді, көлемді зат. Ал енді аяқ астынан табыла қалды. Мүмкін, оны әдейі әкеліп тастаған болар", – деді әйел. Ер адамды іздеуге Lider.kz іздестіру-құтқару қозғалысының волонтерлері қосылды. Байланыс нөмірі: +7 (702) 516-73-43. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан - Бельгия матчі: тікелей эфирді қайдан көруге болады? Бүгін, 15 қарашада, Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы сегізінші матчін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфиновтың командасының қарсыласы іріктеу тобындағы көшбасшы Бельгия құрамасы болады. Ойын елордадағы "Астана Арена" стадионында өтеді және 19:00-де басталады. Еске салайық, бұған дейін Брюссельде өткен бетпе-бет ойында Әли Әлиевтің шәкірттері Бельгия командасына 0:6 есебімен есе жіберген еді. Қазақстан - Бельгия: тікелей эфирді қайдан көруге болады? Қазақстан мен Бельгия құрамаларының ойынын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ, трансляция арнаның сайтында да қолжетімді болады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team) Айта кетейік, трансляция Қазақстан уақытымен 18:50-де басталады. Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов журналистердің ұлттық команданың бас бапкері ретіндегі өзінің болашағына қатысты сұрағына жауап берген болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте “Қыс-2025“ қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті Шымкент қаласында қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға ден қою және олардың салдарын жою мақсатында екі күн бойы қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар "Қыс-2025" өткізілді. Оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын тексеру, төтенше жағдайлар кезінде тиімді әрекет ету әдістерін пысықтауға бағытталды. Оқу-жаттығулардың басты міндеті — қала аумағында қыс мезгілінде туындайтын төтенше жағдайларға жедел ден қою және олардың салдарын жою іс-шараларын пысықтау болды. Өткен жылдардағы төтенше жағдайларды талдай отырып, арнайы назар су мен энергиямен қамтамасыз ету жүйелеріндегі ықтимал апаттар мен автожолдардағы кептеліс жағдайларын жоюға бөлінді. Оқу-жаттығулардың бірінші күні халықты хабардар ету іс-шаралары өткізілді. Қала бойынша "Баршаның назарына!" дабылы беріліп, ақпарат сандық және кабельдік теле-радио арналары арқылы таратылды. Сонымен қатар, қалалық штабтың жедел топтары ықтимал төтенше жағдайлардың даму сценарийлерін модельдеп, осы жағдайларға байланысты шешім қабылдау бойынша ұсыныстар әзірледі. Теориялық бөлімнен кейін практикалық шаралар өткізілді. Бұл кезеңде қаланың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінде туындауы мүмкін қауіптерді алдын алу шаралары пысықталды. Екінші күннің практикалық бөлімінде бірнеше шартты төтенше жағдайлар жойылды. Қаратау, Еңбекші және Тұран аудандарында қардың мол еруі салдарынан өзендер мен каналдардағы су деңгейі көтеріліп, су басу қаупі туындады. Мамандар су арналары мен каналдарды тазалап, бөгеттерді нығайтып, халықты қауіпсіз аймақтарға көшіру шараларын атқарды. Сонымен қатар, инженерлік және электр жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Екінші күні тағы бірнеше шартты төтенше жағдайлар пысықталды. Қаланың Еңбекші ауданындағы "3-Энергоорталық" АҚ нысанында газ құбыры жарылып, өрт шықты, нәтижесінде бірқатар қазандықтар істен шықты. Құтқарушылар мен авариялық қызметтер нысан қызметкерлерін эвакуациялап, өртті сөндіріп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Тұран ауданындағы А-2 автожолында газ құбырының жарылуы, ал Қаратау ауданында трансформатордың істен шығуы нәтижесінде бірнеше шағын аудан газ бен жарықсыз қалды. Қызметтер жедел түрде эвакуация және авариялық-қалпына келтіру іс-шараларын ұйымдастырды. Оқу-жаттығулардың нәтижесінде барлық шартты төтенше жағдайлар уақытында жойылып, азаматтық қорғау қызметтері жоғары деңгейдегі дайындық пен үйлесімділікті көрсетті. Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары Ж. Жабаев атап өткендей, оқу-жаттығулар қызметтердің қысқы кезеңде кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге дайын екенін дәлелдеді. Оқу-жаттығуларға Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарының жедел топтары, ТЖД, Полиция департаменті, Денсаулық сақтау басқармасының бөлімшелері, сондай-ақ "ОңтүстікЖарықТранзит" ЖШС, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі және №35748, №6506 әскери бөлімдерінің жеке құрамдары қатысты. Практикалық іс-шаралар 11 нүктеде өткізілді, оған 216 қызметкер мен 41 арнайы техника жұмылдырылды. Қойылған мақсаттар толық орындалып, тапсырмалар нақты жағдайларға барынша жақын жағдайда атқарылды. Оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайын екендігін көрсетті.
Қазақстан мен Өзбекстан Өңір басшылары кеңесін және бірлескен сауда компаниясын құрады Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен келіссөз барысында саяси және экономикалық байланыстарды жандандыра түсетін жаңа бағыттар айқындалғанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Өзара ынтымақтастық әлеуетін толық пайдалануды құптаймыз. Сондықтан осы бағытта табанды еңбек етуге дайын екенімізді айттық. Ең әуелі, сауда-экономика саласына ерекше мән беру керек. Сауда-саттықты дамыту үшін өсімнің тың мүмкіндіктерін іздеу, тауарлар номенклатурасын кеңейту және шикізаттық емес экспортты ынталандыру шараларын қабылдау қажет. Осы орайда Өзара тауар айналымын арттыру бағдарламасын сапалы жүзеге асыру маңызды. Бүгін құрылатын Өңір басшылары кеңесін, сондай-ақ Іскерлік кеңес пен "UzKazTrade" бірлескен сауда компаниясы секілді басқа да екіжақты механизмдердің жұмысынан нақты нәтиже күтеміз", – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым саудадан гөрі ет, бидай, майлы дақылдарды өңдеудің толық өндірістік тізбесін қалыптастыруды, мал шаруашылығы мен органикалық егін шаруашылығын бірге дамытуды ұсынды. Бұған қоса Президент өнеркәсіп кооперациясына үлкен үміт артады. "Қазіргі кезде жалпы сомасы бір жарым миллиард доллардан (1,7 млрд доллар) асатын 78 бірлескен жобамыз бар. Оның аясында 15 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген. Аталған жобалар толық іске асса, экономикалық және инвестициялық ықпалдастығымыз айтарлықтай күшейеді. Бүгін біз олардың бір парасын іске қосамыз. Қазақстанның Өзбекстанға салатын инвестициясын одан әрі ынталандыруға ниеттіміз. Бұл ретте өзбек достарымыздан әдеттегідей қолдау күтеміз. Құрылысы жүріп жатқан "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы индустриалдық қуатымызды одан әрі арттыруда маңызды рөл атқарады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Мирзиёев Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жиынның күн тәртібінде екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы қонақжайлығы үшін Президент Шавкат Мирзиёевке ризашылығын білдіріп, сапарының басты мақсаты – қос халықтың достығын нығайтып, тату көршілік байланыстарын күшейту, сондай-ақ түрлі саладағы өзара тиімді ықпалдастықты дамыту екеніне назар аударды. "Құрметті Шавкат Миромонович, Өзіңіздің қажырлы еңбегіңіздің арқасында еліңізде көптеген оң өзгеріс болып жатыр. Халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейтін маңызды бастамалар қолға алынды. Өзбекстан – біз үшін туыстас, ағайын ел, тату көрші әрі сенімді серіктес. Қос ел арасындағы достықтың тамыры терең, халықтарымыздың рухани құндылықтары ортақ деуге болады. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатыр", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ахуал аумалы-төкпелі кезеңде сан қырлы ықпалдастықтың даму қарқынын арттыру қажет екенін атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақтың ақыны Күләш Ахметова өмірден өтті Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын Күләш Ахметова 79 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қайғылы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді. Күләш Ахметова - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері. Күләш Ахметова – өзінің нәзік лиризмімен, азаматтық асқақ үнімен, ұлттық руханиятқа сіңірген өлшеусіз еңбегімен қазақ поэзиясында айрықша із қалдырған тұлға. Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған ақынның әр жылдары жарық көрген "Ақ гүлім менің", "Сен менің бақытымсың", "Бұлақтағы жұлдыздар", "Мейірім", "Жапырақ – жаздың жүрегі" секілді жыр жинақтары оқырман жүрегіне жол тауып, бірнеше буынның эстетикалық талғамын қалыптастырды. Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан президенті Өзбекстан президентімен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады. Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
АҚШ КҚК, “Теңізшевройл“ және Қарашығанаққа салынған санкцияларды алды АҚШ "Роснефть" пен "Лукойлға" қатысты өз санкцияларының әрекетінен Каспий құбыр консорциумы, "Теңізшевройл" және Қарашығанақ кен орнын игеру жобасына қатысты операцияларға қолданбайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Толығырақ АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған құжатта жазылған. Онда Каспий құбыр консорциумы жобаларына, "Теңізшевройлға" және Қарашығанаққа қатысты "қызметтер көрсетуге және өзге де операцияларға" рұқсат етілетіні атап өтілген. Сондай-ақ, құжатта "Каспий құбыр консорциумындағы, "Теңізшевройлдағы" немесе Қарашығанақ жобаларындағы үлесті сату, иеліктен шығару немесе беру сияқты кез келген операцияларға рұқсат етілмейтіні" ерекше көрсетілген. Скриншот Еске салайық, 2025 жылғы мамырда АҚШ Қаржы министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жобалары мен "Теңізшевройл" ЖШС-не (ТШО) қатысты мұнай сервистік қызметтер көрсетуге рұқсат берген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстау облысындағы аралда қасқырдың үйірі видеоға түсіп қалды Әлеуметтік желілерде Маңғыстау жағалауындағы итбалық аралдарының ішіндегі ең ірісі Құлалы аралында түсірілген қасқырлар үйірінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. ECOJER қауымдастығы өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, қасқырлар бұл аралдарда бірнеше ондаған жылдар бойы өмір сүріп келеді, мұнда оларға жеткілікті азық табылады. "Олар жағалауға толқындар шығарып тастайтын итбалықтардың өлекселерімен қоректенеді. Кейде тірі итбалықты да ұстап алады. Сондай-ақ, олар балық, су құстары және олардың жұмыртқаларын да жей береді", – деп түсіндірді эколог. Маманның айтуынша, әсіресе суық қыстарда, теңіз мұзбен қапталған кезде қасқырлар материкке шығып кете алады. Басқа маусымдарда мұндай көшу екіталай, бірақ теңіздің таяздануына байланысты оны мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Ол сондай-ақ қасқырмен жолығып қалған жағдайда жануарға жақындауға немесе оны тамақтандыруға мүлдем болмайтынын қатаң түрде ескертті. Қасқыр – қауіпті жыртқыш, әрі ол құтыру дертімен ауыруы мүмкін. Осы себепті ұсақ жыртқыштармен – шакалдардан, түлкілерден, қарақалдардан, дала мысықтарыдан да аулақ болған жөн. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұман мен көктайғақ: сенбіге арналған ауа райы болжамы Синоптиктер Қазақстандағы сенбі, 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ. Түнде -4…-6°, күндіз +1…+3°.Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Түнде +1…+3°, күндіз +10…+12°.Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0…+2°, күндіз +18…+20°.Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0…+2°, күндіз +17…+19°.Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Түнде 0…+2°, күндіз +10…+12°.Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -3…-5°, күндіз +8…+10°.Қызылорда - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Түнде -1…+1°, күндіз +13…+15°.Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Түнде 0…+2°, күндіз +15…+17°.Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Түнде +6…+8°, күндіз +15…+17°.Атырау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақыттарда тұман. Түнде +1…+3°, күндіз +10…+12°.Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Түнде -1…+1°, күндіз +8…+10°.Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0…+2°, күндіз +8…+10°.Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -5…-7°, күндіз +1…+3°.Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1…-3°, күндіз +5…+7°.Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0…+2°, күндіз +5…+7°.Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ. Түнде -1…-3°, күндіз +4…+6°.Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Түнде -2…-4°, күндіз +3…+5°.Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -4…-6°, күндіз +2…+4°.Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -6…-8°, күндіз 0…+2°.Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -13…-15°, күндіз -2…-4°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
QR-код арқылы ұсыныс білдіру жүйесі: “Шымкентті дамытуға халықтың үлесі“ жобасы іске қосылды Шымкент қаласында тұрғындар пікірі мен ұсыныстарын тікелей қабылдауға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен жүзеге асқан "Шымкентті дамытуға халықтың үлесі" жобасы шаһар тұрғындарына қаланың өркендеуіне қатысты өз ойларын еркін әрі оңай жеткізуге мүмкіндік береді. Әкімнің халықпен тұрақты кездесулері мен шаһарды аралауы барысында азаматтардан қала инфрақұрылымына, қоғамдық кеңістіктерге, әлеуметтік мәселелерге қатысты көптеген ұсыныстар түседі. Енді бұл пікірлер арнайы цифрлық жүйе арқылы жедел қабылданатын болады. Жоба аясында алдағы уақытта қоғамдық орындарда, мекемелерде, аялдамалар мен автобустарда арнайы QR-кодтар орнатылады. Кодты сканерлеген кез келген тұрғын қала дамуына қатысты өз ұсынысын онлайн түрде жолдай алады. Бұл - тұрғындар үшін қарапайым әрі қолжетімді кері байланыс форматы. Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы бұл бастаманың басты мақсаты - әрбір азаматқа Шымкенттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру екенін атап өтті. Тұрғындардан келіп түскен барлық ұсыныстар мұқият сараланып, ең өзекті әрі қала үшін тиімді бастамалар бойынша нақты шешімдер қабылданады. Жоба - әкімдік пен тұрғындар арасындағы ашық диалогты күшейтетін, қала басқару ісіне қоғамның тікелей қатысуын қамтамасыз ететін маңызды қадам. Бұл бастама арқылы тұрғындардың қала өміріне белсене араласуына жол ашылып, Шымкенттің дамуына қатысты ортақ жауапкершілік нығая түседі.
Шымкентте абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр Шымкент аудандарда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда биыл Абай ауданы аумағында жоспар бойынша 5 жерге әмбебап демалыс орындарын (гүлзарлар) салу жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс басталып, кейбір нысандар пайдалануға берілді. Әкімдік мәліметінше, Достық шағынауданындағы Ақбосаға және Ақсу-Аюлы көшелерінде, Қызылжардағы Тоқбәйге көшесінде, Нұршуақ шағынауданындағы Миялы көшесінде және Асар-2 шағынауданындағы Нұр жол көшесінде гүлзарлар салынған. Сонымен қатар, Асар шағынауданындағы тозығы жеткен 4 гүлзар қайта жаңартылып жатыр. "Жалпы гүлзарлар орналастыру барысында 9 400 шаршы метр аумаққа көгал төселіп, 850 түп қарағаш және 100 түп шырша көшеті егілді. Бұл жұмыстар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы демалыс орындарын ұсынуға бағытталған", - деді әкімдік өкілдері. Сондай-ақ, Шымкенттегі Құрсай елдімекеніндегі Жаңақұрылыс аумағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы қарқынды атқарылып жатыр. Жоба аясында аумаққа электр энергиясының желісі тартылып жатыр. Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша мердігер мекеме "Электромонтаж" АҚ тарапынан бүгінге дейін 22 шақырым жерге жоғары кернеулі (10 кВ) кабель желісі мен 38 шақырымдық төменгі кернеулі (0,4 кВ) әуе желісі тартылды. "Сонымен қатар 1 электр тарату бекеті және 5 трансформатор станциясы салынған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады. Нәтижесінде Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 400-ге жуық үйге электр энергиясы жеткізіліп, тұрғындар сапалы әрі тұрақты жарықпен қамтамасыз етіледі. Қала тұрғындарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – Шымкент қаласының әкімдігі мен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы жұмысының басты бағыттарының бірі", - делінген әкімдік хабарламасында. Сонымен қатар, Шымкент қаласында "Халық қатысатын бюджет" жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, Еңбекші ауданында тұрғындардың ұсыныстары негізінде балалар мен жасөспірімдерге арналған ашық спорт алаңшалары орнатылып, пайдалануға берілді. Алаңшалар орнатылған мекенжайлар: Жасдәурен ш/а., Жастар көшесі; Азат ш/а., Аққыр, Жаңақұрылыс-2 және Мақтаарал көшелері; Еламан ш/а., Жаңадария және Қызылтал көшелерінің қиылысы; Бозбұтақ көшесі; Ш.Уәлиханов көшесі, 188Б ғимаратының арты; Маятас т/а., Көзді ата және Жарлыкөл көшелерінде. Алдағы уақытта тұрғындар "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында ұсыныстарын 2026 жылдың 20 қаңтары мен 1 наурызы аралығында аудан әкімдіктерінің ресми сайттары арқылы жолдай алады. Айта кету керек, өткен жылы Еңбекші ауданында 9 жаңа спорт алаңшасы салынып, тұрғындардың игілігіне берілген.
Шымкентте әйелдер белсенділігін арттыру жұмыстары талқыланды AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросы мен қалалық мәслихаттағы партия фракциясының бірлескен отырысы өтті. Жиынға партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керімбаева, сондай-ақ, Саяси кеңес Бюросының мүшелері мен мәслихат депутаттары қатысты. Іс-шарада "AMANAT" партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының өңірдегі әйелдердің азаматтық белсенділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды. Партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев әйелдердің қоғамдағы рөлі мен белсенділігін арттырудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағытта қала әкімдігімен бірлесе тиісті жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Сәрсен Абайұлы шаһарда қала әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істеп жатқанын, әйелдерді жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғауда оң ілгерілеу бар екенін айтты. Ал, әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керімбаева жыл басынан бері жүзеге асқан нақты жұмыстарға тоқталды. "2025 жылдың басынан бері белсенді әйелдер қатысқан 70-тен астам іс-шара өткізілді. Қазіргі таңда Әйелдер қанаты 150-ден астам белсенді әйелді біріктіреді. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, медицина, білім, мәдениет, ғылым және БАҚ өкілдері бар", - деді Наргиза Керимбаева. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде әйелдерге арналған ай сайынғы жеке қабылдаулар тұрақты түрде өтуде. Мұнда психологтар, заңгерлер және мемлекеттік органдар өкілдері тұрғындарға көмек көрсетеді. Нәтижесінде 18 әйел жұмысқа орналасып, 15-і заңгерлік кеңес алған, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық қолдау көрсетілген. Күн тәртібінде сондай-ақ, "AMANAT" партиясының 2023–2027 жылдарға арналған "Халықпен бірге!" қалалық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыға түсті. Фракция мүшелеріне тиісті бағыттар бойынша нақты ақпарат жинап, партия филиалына жолдау тапсырылды.
Теңге ілуден Федерация кубогы бәсекесі өтіп жатыр Шымкент қаласындағы жаңа атшабарда теңге ілуден Федерация Кубогы бәсекесі өтіп жатыр. ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған жарыстың маңызы өте зор. 12-13 қараша аралығына жоспарланған сайысқа 18-ге толған және одан жоғары жас аралығындағы еліміздің барлық өңірінен үздік спортшылар қатысады. Федерация кубогы жарысы елімізде алғаш рет өткізілді. Республикалық Теңге ілу Федерациясының атқарушы директоры Айбек Түркебайдың айтуынша, ұлттық спортты дамыту мақсатында ендігі ретте жыл сайын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл жарыс спортшыларға өздерінің мықтылығын дәлелдеуге зор мүмкіндік. Жарыстың тұрақты түрде өтуі теңге ілу спортының дамуына оң септігін тигізеді. 12 қараша күні "Жеті құт", "Бес белес" стильдері бойынша үздіктер анықталады. Ертең "Қос құлаш" стилінің жеңімпазы және 3 стиль бойынша үздіктер жарысып, Үздік теңге ілуші атағы сарапқа салынады. Шаһарда жаңадан ашылған ипподром ұлттық спорт сайыстарының ордасына айналып келеді. Қала тұрғындары бұған дейін теңге ілуден тұңғыш әлем чемпионаты, Азия кубогы сынды жарыстарды тамашалады. Халықаралық жарыстардың тұрақты түрде өтуі теңге ілу спортының халықаралық дәрежеде үлес қосады.
Шымкентте кезекті жалпықалалық түнгі рейд өтті Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қаланың 5 ауданы бойынша кезекті рет «Қауіпсіз қала» түнгі рейдтік іс-шарасы өткізілді. Түнгі рейд жастар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуді мақсат еткен. Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті, аудан әкімдіктері, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Рейд барысында мамандар жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау, ойын-сауық мекемелерінде қорқор мен зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҚР заңнамаларын сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына заң талаптары түсіндіріліп, ескерту парақшалары таратылды. Рейдке қатысқан жастар инспекторлары мен әлеуметтік қызметкерлер тарапынан кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. "Заң мен тәртіп қағидаты аясында қала аумағында жұма-сенбі сайын рейдтік іс-шаралар өтіп жатыр. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің түнгі уақытта бейсауыт жүру жағдайлары көбейген. Бір жағдайға ұрынып қалмауы үшін біз де тиісті жұмыстарды жүргіземіз. Жалпы, қауіпсіздікті арттыру - басты назарда тұр", - дейді Шымкент қаласы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторы Жандос Ахметұлы. Кезекті рейд барысында жастар ресурстық орталығы, аудан әкімдіктері, Полиция департаменті қызметкерлері барлық аудан бойынша белсенді жұмыстар атқарды.
Алматыда жарылыс жасау туралы пікір қалдырған ер адам ұсталды Алматыда жарылыс жасау туралы пікір қалдырған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жазбаға белгісіз біреу жарылыс жасау туралы пікір жазған. Бұл дерек бойынша 102-ге хабарлама түскен. Осылайша Алматы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел әрекет еткен. "Жедел іс-шаралар нәтижесінде пікір авторы анықталды. Ол Алматының 2004 жылғы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", - деді Алматы қаласы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ташкентте Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды. Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте әскери қызметшілер арасында республикалық байқау өтті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті және Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкентте "Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы" атты республикалық байқау өтті. Бұл дәстүрлі сайыс мемлекеттік тілді жетік меңгерген әскери қызметшілер арасында өткізіліп, биыл елдің түкпір-түкпірінен іріктеуден өткен 11 үміткерді тоғыстырды. Қатысушылардың қатарында түрлі этнос өкілдері бар. Олар барша жұртқа қазақ тілін меңгерудің, құрметтеудің үлгісін көрсетті. Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі беделін арттыру және мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы "Таныстыру" кезеңінде қатысушылар "Біз мемлекеттік тілді дамытуға қандай үлес қосудамыз?" тақырыбында өздерінің қызметтік және азаматтық ұстанымдарын таныстырды. Келесі "Сөздің көркі" кезеңінде оқу, білім, өнер мен мәдениет тақырыптарындағы мақал-мәтелдерді жалғастыру арқылы тіл байлығын, шешендік қабілетін көрсетті. "Ой ұшқыны" бөлімінде қатысушылар берілген тақырыптар төңірегінде еркін ой толғап, тілдің қоғамдағы орнына қатысты өз көзқарастарын білдірді. Соңғы "Ұшқыр сұрақ, ұтқыр жауап" кезеңінде үміткерлер жылдамдық пен тапқырлық танытты. Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. "Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің, тәуелсіздіктің тұғыры. Қазақ тілін меңгеру – әр азаматтың қасиетті борышы. Әскер қатарында еңбек етіп жүрген азаматтарымыздың мемлекеттік тілге деген құрметін көріп, болашағымызға сенім арта түседі. Мұндай байқаулар рухты, елжанды ұрпақты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады", – деді ол. Байқауға филолог ғалым, қоғам қайраткері және әскери сала өкілінен құралған қазылар алқасы төрелік етті. Әділ бағалау нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге әрқайсысы өз үлесін қосуға ниетті екендерін айтты. Мемлекеттік тіл – ел рухының айнасы, ұлттың ұйытқысы. Тілді меңгеру – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, Отанға деген сүйіспеншіліктің, ұлттық сана мен рухтың көрінісі. "Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы" байқауы ел қорғаған ерлердің рухына рух қосып, қазақ тілін ардақ тұтудың тамаша дәстүрін қалыптастыруға жол ашып келеді.
Шымкентте этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік фестиваль өтті Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған "Жанға жайлы жерұйық – біздің Отан" атты фестиваль өтті. Іс-шараны қалалық Армян және Славян этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды. Бұл мәдени шараның мақсаты – елімізде өмір сүріп жатқан этностардың мәдениеті мен өнерін дәріптеу, олардың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ қоғамдағы толеранттылық пен өзара сыйластықты арттыру болды. Фестивальге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер, шығармашылық ұжымдар мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, көрермендерге көтеріңкі рух пен бірлік сезімін сыйлады. Бағдарлама барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Қаракөз" би ансамблі, музыкалық колледждің студенттік хоры, сондай-ақ "Светоч", "Ардагер" хор ұжымдары, "Южный город" тобы және "Еркетай" балалар би ансамблі өнер көрсетті. Көрермендер қазақ, славян, армян, белорус және украин халықтарының ұлттық музыкасы мен биін тамашалап, түрлі мәдениеттердің үйлесімін сезінді. Армян халқының ұлттық аспабы — дудуктың сырлы үні көрермен жүрегіне жол тауып, ерекше әсер қалдырды. Ал славян халықтарының "Раздолье" тобының халық әндер попурриі залды әсем ырғаққа бөледі. Армяндық "Кочари" биі мен ұлттық нақыштағы көріністер көрермен тарапынан зор қошеметке ие болды. Іс-шара қорытындысында этномәдени бірлестік өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді. Айта кетейік, Шымкент қаласының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен бұған дейін де қаладағы этномәдени бірлестіктердің қатысуымен бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Бұл мәдени жобалар қаламыздағы этностар арасындағы достықты, өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қосып келеді.
Тоқаев мемлекеттік сапармен Ташкентке ұшып барды Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Шығыс" әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді Доллардың 14 қарашадағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күндізгі сауда-саттық нәтижесінде Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының бағамы 522,19 теңге болып, 1,92 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банк белгілеген 14 қарашадағы ресми бағам - 524,32 теңге. kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы келесідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу - 523,48 теңге, сату - 525,31 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу - орта есеппен 520,58 теңге, сату - 527,58 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар және +20 градусқа дейін жылы: Қазақстанда ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері 15, 16 және 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның басым бөлігі аумақты антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде боран соғады, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Ауа температурасының негізгі көрсеткіштері: батыста күндіз +5…+13 градус; оңтүстікте +12…+20 градус; оңтүстік-батыста +10…+20 градустан +7…+16 градусқа дейін төмендейді; солтүстік-батыста +3…+15 градустан –3…+10 градусқа дейін; солтүстікте +3…+8 градустан –3…+5 градусқа дейін; орталықта +1…+7 градустан +5…+10 градусқа дейін көтеріледі; шығыста –10…+5 градустан +1…+12 градусқа дейін;оңтүстік-шығыста +8…+16 градус, таулы аймақтарда –2…+8 градустан +11…+19 градусқа, таулы аймақтарда +2…+7 градусқа дейін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Болат Назарбаевтың туыстарының“ үйіне полицейлер жиналғаны туралы ақпарат тарады 14 қарашада Қарғалы ауылында тұрғындар полиция көліктері жиналып тұрған үйді байқаған. Әлеуметтік желілерде үй марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі болуы мүмкін деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Әлеуметтік желілерде ауыл тұрғындары полицейлердің белгілі бір үйдің маңында жиналып тұрғанын хабарлаған. "Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылының тұрғындары өткен түні марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі үйдің маңынан көп полицейлерді көргенін айтты", – деп жазды желі қолданушылары. Анықтама: Болат Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі. Ол 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Шамалған ауылында дүниеге келген. Бизнес салаларында меценат әрі кәсіпкер ретінде танылған. "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының құрылтайшысы болған. 2023 жылғы 13 қарашада қайтыс болған. Полиция пікірі Алматы облысының Полиция департаменті 14 қарашада түнде ауыл тұрғындарынан белгісіз адамдардың құнды заттарды ұрлағаны туралы хабар түскенін мәлімдеді. "Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, учаскелік полиция инспекторлары шықты. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. Алматы облысы ПД үйдің нақты кімге тиесілі екенін нақтыламады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты. Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев кәсіпкерлерді өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосуға шақырды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табысқа жеткен әрбір кәсіпкерді өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақолрдаға сілтеме жасап. "Тағы да қайталап айтқым келеді: ауыл шаруашылығы дамыса, ең алдымен ауылдың жағдайы жақсарады. Мемлекет ауыл-аймақтарды көркейту үшін көптеген жобаларды қолға алды. Инфрақұрылым салудан бастап, ауылға білікті маман тарту мәселесіне дейін ауқымды жұмыс жүргізілуде. 2019 жылдан бері "Ауыл – ел бесігі" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында ауыл инфрақұрылымын дамытуға 700 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүкіл ел бойынша 2,5 мыңнан аса елді мекенде нақты жұмыс атқарылды. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында 600-ден астам бірлестік құрылды", - деді Президент. Мемлекет басшысының сөзінше, Үкімет биыл аймақтарды дамыту туралы арнайы тұжырымдама қабылдаған. Соған сәйкес аудан әкімдерінің құзыры кеңейді. Енді олар ауданды дамыту жоспарын өз деңгейінде, дербес әзірлеп, жүзеге асыра алады. "Әкімдер ірі компаниялармен келісім жасап, бірлескен шаруашылықтардың (кооперативтердің) өнімін өткізуге көмектесуі қажет. Жалпы, ауылға жеке инвестиция тарту өте маңызды. Бұл жұмысқа бизнес өкілдері белсене атсалысуы керек. Табысқа жеткен әрбір кәсіпкер өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосып, қаржы салса, еліміздегі көптеген елді мекен көркейе түсері анық. Еңбекқор, мақсаты айқын азаматтарымыз күнделікті маңдай терімен ұлттық байлығымызды еселеп, ел келешегінің жарқын болуына аянбай үлес қосуда. Мұндай іспен айналысып жатқан адамдарға қолайлы жағдай жасап, еліміздің шынайы патриоттарын ынталандырып отыру керек. Біз бұл шаруаны назардан тыс қалдырмаймыз". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент заманауи элеваторлар салу қажет екеннін айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын цифрландырудың маңызына назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Агроөнеркәсіп кешенін цифрландырумен нақты айналысқан жөн. Өздеріңізге мәлім, жаппай цифрландыру және барлық салаға жасанды интеллект технологиясын енгізу Жолдауымда басты міндет ретінде аталды. Ауыл шаруашылығы үшін мұның мәні өте зор. Себебі жаңа технологиялар шығынды айтарлықтай азайтып, өнімділікті ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді Президент. Мемлекет басшысы Ақмола облысында өткен кеңесте жиналған өнімді тиісінше сақтау және шығынды мейлінше азайту шараларын қамтамасыз етуді тапсырғанын еске салды. Еліміздегі көптеген шаруа қожалығының қаржылық тұрақтылығы осыған байланысты. "Алдымызда цифрлық технологиялар және жасанды интеллект элементтерінің көмегімен мемлекеттің бидай қорын есепке алатын және бақылайтын тиімді жүйе құру міндеті тұр. Ол үшін қолданыстағы астық қамбаларын жаңғыртып, заманауи элеваторлар салу қажет. Бидайды қабылдауды және жөнелтуді есепке алатын электрондық жүйенің болуы жеке элеваторлар құрылысын қаржыландыру бағдарламасының міндетті бір шарты болуға тиіс. Бүгінде көптеген шаруалар технологиялық жаңашылдықты (смарт-ферма, агродрон, жер серігі технологиясы және ЖИ) белсенді қолдана бастады. Бірақ жалпы ел көлемінде қандай да бір жүйелі өзгерістер болып жатыр деп айтуға әлі ерте". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс күші туралы: “Жұмыс бар, бірақ онымен шұғылданатын адам аз“ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев саладағы маман тапшылығы мәселесін көтерді. "Кейінгі кездері ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден жұмыс күші жетіспейтіні жөнінде көп өтініш түсіп жатыр. Бұл түйткіл, әсіресе, егін егу, жиын-терім науқанында, өндірісті кеңейту немесе жаңа нысандар құрылысы кезінде қатты сезіледі. Маман тапшылығы көршілес елдерден келетін еңбек мигранттары есебінен ішінара шешіледі. Шаруалар квотаны көбейтуді сұрайды. Олардың талабын ішінара орындауға болатын шығар. Бұл өзі қызық жағдай: бірі ауылда жұмыс жоқ десе, енді бірі жұмысшы жетіспейді деп шағымданады. Әрине, жұмыс бар, бірақ онымен шұғылданатын адам аз. Мұны мойындау керек", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Өз араларында келісілмейді“ - Тоқаев түрлі жоспарлар мен жол карталары туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ведомстволар түрлі жоспарлар мен жол карталарын әзірлеумен әуестеніп кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы су қоймаларының шамамен 60 пайызы ауыл шаруашылығы еншісінде екенін айтты. "Аграрлық салада суды тиімді пайдалану, сайып келгенде, елдегі бүкіл су экожүйесінің тұрақтылығына әсер ететін факторға айналып отыр. Агросекторда заманауи су үнемдеу технологиялары енгізіліп, суды көп қажет ететін дақылдар алқабы азайтылуда. Бұл үлкен жұмыстың басы ғана. Сарапшылардың есебінше, алдағы үш жылда су үнемдеуші технологиялар кемінде бір миллион гектарды қамтитын деңгейге жетеді", - деді Президент. Президенттің айтуынша, цифрлық шешімдерді енгізу және жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңін қатаң бақылауға алу арқылы су инфрақұрылымын жаңғыртуды жеделдеткен жөн. Су шаруашылығын жаңғырту бойынша жұмыс жеткілікті, алайда бұл ауыл шаруашылығы саласын дамыту жоспарымен өзара байланысты болуға тиіс. "Біздің ведомстволар түрлі жоспарлар мен жол карталарын әзірлеумен әуестеніп кетті. Тіпті, оның көбі өз араларында келісілмейді, жүрдім-бардым жасалады. Мұндайды доғару керек. Мемлекет жұмсаған әр тиынның қайтарымы болуға тиіс. Бұл даусыз. Қаржыны заманауи су пайдалану технологияларын белсенді қолданатын өңірлерге беру қажет. Сондықтан Ауыл шаруашылығы өндірісінің өңірлік жоспары Үкімет әзірлеп жатқан Су ресурстарын басқару жөніндегі бас жоспарына енгізілуге тиіс", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөз сөйледі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жаса. Дәстүрлі жиынға 2 мыңнан астам адам, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдар өкілдері, инвесторлар, ардагерлер, сондай-ақ аграрлық сала мамандықтарында оқып жатқан студенттер жиналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді. "Ең алдымен, барша ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын деймін. Бұл шын мәнінде, нағыз еңбек адамдарының мейрамы екені сөзсіз. Диқандар, мал шаруашылығы мамандары, шаруалар – бәрі де еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосуда. Қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Ауыл шаруашылығы – экономикамыздың стратегиялық мәні айрықша саласы. Бүгін, міне, ауыл шаруашылығына арналған екінші форумды өткізіп жатырмыз. Алқалы жиынға ауыл-аймақтардан көптеген білікті мамандар арнайы келіп, қатысып отыр. Сондықтан бүгінгі форумды жалпыұлттық ауқымдағы басқосу деуге болады. Жаңа сөз сөйлеген азаматтар салмақты ойларын айтты, ұсыныстарды мұқият қарап, міндетті түрде ескеру қажет", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның Энергетика министрлігі “Шесхариске“ жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады Қазақстанның Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы "Шесхарис" мұнай терминалында тіркелген оқыс оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, қазір Атырау - Самара және Ақтау - Махачкала бағыттары бойынша қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау штаттық режимде, шектеусіз жүргізіліп жатыр. "Министрлік "Транснефть" компаниясымен тұрақты байланыста. Барлық процесс ведомствоның жіті бақылауында", - деді Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева. Айта кетейік, бұған дейін Новороссийскіде ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылы салдарынан "Шесхарис" мұнай базасына зақым келгені туралы ақпарат тарады. "Шесхарис" - Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуге арналған ірі мұнай тасымалдау кешендерінің бірі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Трейлер қарап, табыс тап“. Алматыда қаржы пирамидасы әшкере болды ҚМА Алматы бойынша департаменті Warner Bros қаржы пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары азаматтарды жоғары табыс уәдесімен инвестиция салуға үгіттеген. "Жобаға заңды көрініс беруі үшін осы іске еш қатысы жоқ танымал голливудтық компанияның атауын пайдаланған. Қатысушыларға фильм трейлерлерін қарау және жаңа салымшыларды тарту арқылы табыс табу ұсынылған. Жоба 9 деңгейден тұрған, орташа салым мөлшері 225 мың теңге, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған", - делінген хабарламада. Схеманы ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер белсенді қолданылған. Администраторлар арнайы чаттар құрып, оқыту жүргізіп, нұсқаулықтар мен бейнероликтер таратқан, жылдам табыс пен криптовалюта түрінде сыйақы уәде еткен. "Тергеу барысында салымшылардан жиналған және аударылған қаражатты сақтау үшін пайдаланылған криптоәмияндар анықталды. Сот санкциясымен жалпы сомасы 3,8 миллион USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды", - делінген хабарламада. Сот үкімі бойынша, ұйымдастырушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот 40 жәбірленушінің азаматтық талаптарын қанағаттандырып, олардың залалы тыйым салынған криптоактивтер есебінен өтелетіні айтылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда туды өртеген 12 адам қамауға алынды Қазақстанда туды өртеген 12 адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданында шет мемлекеттің туын және шет мемлекет басшылығының бейнесін өртеп, өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасағандар анықталған. "Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша, 12 адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар, тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған. "Бұл дерекке қатысты араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ташкент көшелеріне Қазақстанның туы ілінді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары қарсаңында Өзбекстанның астанасында Қазақстанның тулары ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ташкент көшелерінде Қазақстанның туларымен қатар Президент Тоқаевтың суреттері де пайда болды. Еске салайық, 14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады. Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады? Қазақстандық оқушылар ұзақ демалысқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025/2026 оқу жылына арналған кестеге сәйкес, қысқы каникул 2025 жылдың 29 желтоқсанында басталып, 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін созылады. Оқушылар 10 күн демалады, ал сабақ 8 қаңтарда басталады. Педагогтер оқушыларға каникул кезінде ұйқыны қалыпқа келтіріп, көбірек демалуға және күн тәртібін сақтауға кеңес береді. Сонымен қатар, гаджеттерді аз пайдаланып, таза ауада көбірек серуендеуді ұсынады. 2025/2026 жылға арналған демалыс кестесі Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "14 қарашада Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ресейге сапарынан кейін Путинге хат жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді. "Жылы жүздесу, өзара сенім, түсіністік пен ашықтық сипатында өткен келіссөздер сапардың сәтті болуына септігін тигізді. Қазақстан халқы мұны зор ықыласпен қабылдады. Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация айрықша мәнге ие. Бұл құжат елдеріміздің сан қырлы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады", – деп жазды Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан Ауғанстанға 18 тонна гуманитарлық көмек жіберді Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Ауғанстан халқына жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында гуманитарлық көмек жөнелтілді. "Мемлекеттік материалдық резервтен қажетті дәрі-дәрмектер, медициналық құралдар, төсек-жабдықтар, шатырлар және өзге де бірінші кезектегі қажетті заттар бөлінді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге білікті көмек көрсету үшін медициналық қызметкерлер тобын жасақтап жөнелтті", - деліәнген хабарлмада. Гуманитарлық жүктің құрамына жалпы салмағы 18 тонна болатын 34 атау енгізілген. Жүк Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұшағымен жеткізіліп, гуманитарлық көмек бүгін ауған тарапына табысталады. "ТЖМ әскери бөлімінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері тиеу және түсіру жұмыстарын жүргізіп, жүктің жедел дайындалуы мен жөнелтілуін қамтамасыз етті. Гуманитарлық көмек "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тауға айдап әкетіп, базарларда сатқан: Қазақстанда мал ұрылары әшкере болды Қарашада Алматы, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында мал ұрлығына қатысы бар төрт қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдіктілер жайылымда жүрген қараусыз малды бақылап, түнгі уақытта таулы жерлерге айдап әкетіп, сойып, кейін республиканың ірі қалаларының базарларында сатқан. "Күдіктілерден 50-ден аса мал басы тәркіленді. Олар қамауға алынды", - деді ІІМ өкілі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылорда облысында мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедке құрмет көрсетілді Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедпен кездесті. Қайраткердің Сыр елінің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, ізгі тілегін білдірді. "Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының "Әр адамға бақыт пен бедел ақылмен, көп ізденіспен, адал еңбекпен келеді" деген ұлағатты сөзі бар. Мәнді де мағыналы ғұмыр кешіп, абыройға, сый-құрметке бөленген аға буын арасында Мұхтар Абрарұлының тұлғалық келбеті, адами болмысы өз алдына бөлек. Сіз Қызылорда облысының әкімі ретінде Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бердіңіз. Бір ғана мысал, 2007 жылы облыс бюджеті 36 млрд. теңге болса, бір жарым жылда 90 млрд. теңгеге жетті. Аз уақыттың ішінде аймақ экономикасының сан саласындағы өзекті мәселелерді республикалық деңгейде батыл көтеріп, Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің проблемаларын шешуге, инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жаңғыртуға ықпал еттіңіз. Облыс аумағында 21 мектептің, Жаңақорған ауданында жыл бойы жұмыс жасайтын балалар тынығу лагерінің құрылысы басталды, 1 200 орындық 11 іргелі мектеп салынды. Денсаулық сақтау саласында 11 нысанның құрылысы басталып, Арал, Қазалы аудандарында 100 орындық аурухана, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы ғимараттары бой көтерді. Сізді халқымыз мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасу кезеңінен бүгінге дейінгі дамуына сүбелі үлес қосқан көшбасшы азамат, Алаш арыстарының озық идеяларын жалғастырушы тұлға ретінде айрықша құрметтейді", – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Мұхтар Құл-Мұхаммедке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін"Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім 2022 жылы қабылданған болатын. Сол шешімнің негізінде берілген атақ және Қызылорда облысының Құрмет грамотасы бүгінгі кездесуде табысталып, Сыр жұртшылығының атынан сый-сияпат көрсетілді. М.Құл-Мұхаммед әр жылдары Парламент Сенатының депутаты, Президенттің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарған. Екі мәрте Сенат депутаты ретінде Парламентте тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруына бағытталған заңдардың қабылдануына ықпал етті. Төрт мәрте Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарған уақытта еліміздің мәдени-рухани дамуына, ұлттық құндылықтардың жаңғыруына жол ашты. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысының әкімі ретінде ілкімді істердің бастамашысы болып, өңірдің өсіп-өркендеуіне серпін берген жобаларды жүзеге асырды. Кездесуде қоғам қайраткерлері Жарылқасын Шәріпов, Ибрагим Әбибуллаев, Бекмырза Еламанов, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов құттықтауларын жеткізді. Мұхтар Абрарұлы көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, ізгі тілегін айтты.
Яна Легкодимованың жантүршігерлік өлімі: екі айыпталушыға қандай жаза сұралды? Атырау сотында алдын ала сөз байласу арқылы 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот алдында екі айыпталушы отыр. Бас прокуратура мәліметінше, олар кісі өлтіргеннен кейін мәйітті және оның телефонын өзенге тастаған. Жантүршігерлік оқиға 2024 жылы қазанда болған. "Құқық қорғау органдарына марқұмның денесін анықтау үшін 8 ай уақыт қажет болды. Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы ерекше қоғамдық қауіппен, сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінгі суыққанды және адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады", - деді Бас прокуратура өкілі. Осыған байланысты прокурор ең жоғарғы жаза - өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда кальянға қатысты тыйым жеңілдетілуі мүмкін ІІМ кальяндар мен вейптерге қатысты тыйым жеңілдетілуі мүмкін деген қауесеттерге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, кальян мәселесі расында талқылау сатысында тұр, алайда тыйымды алып тастау немесе жеңілдету жөнінде ешқандай шешім қабылданған жоқ. "Шынында да, талқылау жүріп жатыр. Әкімшілік полиция комитетіндегі әріптестер үкімет пен заң шығару органдарындағы ведомствоаралық жұмыс топтарына қатысып отыр. Жұмыс жалғасады, оның нәтижесі бойынша қабылданған шешім туралы міндетті түрде хабарлаймыз. Тіпті қосымша қоғамдық тыңдаулар да болады деп ойлаймын", - деді Әділов Сенаттағы брифингте. Оның айтуынша, талқылау кальян жабдықтарын елге әкелуден бастап, ойын-сауық орындарында қолдану уақытына дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтиды. "Қазір кең көлемде талқыланып жатыр: Қазақстан аумағына тиісті жабдықты әкелуге рұқсат, оны пайдалану және кальяндарда қолданылатын заттардың тізімі. Бәрі талқыланып жатыр, ештеңе назардан тыс қалған жоқ", - деді министрдің орынбасары. Сонымен қатар, ол вейптерге қатысты саясаттың өзгермейтінін баса айтты: ешқандай жеңілдік жоспарланбаған. "Вейптерге қатысты бізде тыйым бар. Бұдан бөлек, жуырда депутат Нұргүл Таудың бастамасымен вейптерді сатуды және тасымалдауды қатаңдататын шаралар қабылданды. Бұл мәселеде ұстанымымыз айқын, жауапкершілікті күшейту", - деді Санжар Әділов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астананың орталығында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты Астанада жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты. Ақпаратты елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Редакцияның WhatsApp нөміріне оқиға орнында түсірілген видео келді. Кадрларда көлік көше бойындағы шамының тірегіне соғылғаны, бағана жерге құлап, көлік қатты зақымданғаны көрінеді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Chery Tiggo маркалы автокөлік жүргізушісі Керей, Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылыста рульге ие бола алмай, жол бойындағы бағанаға соғылған. "Соққының әсерінен көлік аударылып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – делінген хабарламада. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізіліп жатқаны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бишімбаевтың анасы миллион долларды қайдан алғанын айтты Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Әльмира Нұрлыбекова сотта 990 мың долларды (шамамен 453 миллион теңге) қайдан алғанын түсіндірді. Ол туысқаны Бекзат Кемелованы осы ақшаны алдап алды деп айыптап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеу кезінде прокурор Нұрлыбековадан мұндай қаражатты қайдан алғанын нақтылады. Бишімбаевтың анасы бұл ақша көпжылдық кәсіпкерлік қызметінің арқасында жинағанын айтты. Әйелдің айтуынша, ол 1993 жылдан бастап бизнеспен айналысқан, ал 2003 жылдан бері жеке кәсіпкер ретінде Қызылорда базарына кәмпит, мандарин және апельсин жеткізіп тұрған. "Кейін Таразда мектеп, одан соң спа-салон аштым. Кейін ғимарат пен екі қабатты үйімді сатып, Әулие-Ата университетін аштым. 2007 жылы сол нысандардың бірін миллион долларға саттым", - деді Нұрлыбекова сотта. Бишімбаевтың анасы кейін Шымкентке көшіп, бизнесін жалғастырғанын айтты: түлектерді жұмысшы мамандықтарына оқытқан, консалтинг компаниясы мен тіс дәрігерлеріне арналған химиялық препарат шығаратын өндіріс ашқан. Оның сөзінше, осылайша миллион долларды заңды жолмен тапқан және жинаған. "2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет біздің барлық ақшамыз бен мүлкімізді толық тексерді. Тексеру нәтижесінде барлығы адал еңбекпен табылған деп қорытынды шығарылды", - деп түсіндірді Нұрлыбекова. Сонымен қатар, ол айыпталушы Бекзат Кемелованы 15 жылдан астам уақыттан бері танитынын айтты – ол оның күйеуінің туысқан ағасының әйелі. Әльмира Нұрлыбекованың сөзінше, олардың арасында іскерлік және сенімді қарым-қатынас болған. Кемелова оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте туысым бар деп сендіріп, ол Бишімбаевтардың үйінде тінту болатынын ескерткен көрінеді. Ақшадан айырылып қалудан қорыққан Нұрлыбекова, айыптау нұсқасына сәйкес, оған шамамен бір миллион долларды өзі берген. "Кемелова ақшаны қайтарамын деп уәде берді, бірақ кейінге шегере берді, біреудің ақшаны Америкаға алып кеткенін айтты", - деді экс-министрдің анасы. Уақыт өткен соң, Бишімбаевтар отбасы мәселені шешу үшін Кемелованың күйеуін шақырған. "Содан кейін Бекзат маған қоңырау шалып, жылап тұрып айтты: "Неге оған ақша туралы айттың? Күйеуім мені ұрып, тепті, қазір бүйрегім ауырып жатыр. Мен саған жақсылық ойладым, ақшаны сақтап қалғым келген" деді", - деп еске алды Нұрлыбекова. Процесс барысында айыпталушы Кемелова Бишімбаевтың анасынан адвокатқа ақшаны қайдан алғанын сұрады. "Мен 30 жыл бизнеспен айналысамын, бізде ақша болмады деп ойлайсыз ба? Бізде әрқашан ақша болған", - деп жауап берді Бишімбаевтың анасы. Бүгінгі сот отырысында прокурор айыптау актісін оқып шыққан соң, судья Назгүл Бапақова айыпталушы Бекзат Кемеловадан айыппен келісіп-келіспейтінін сұрады. Ол өз кінәсін мойындамады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаевтың алдағы күндерге жоспары белгілі болды Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 14 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады. 14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады. Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді. 16 қарашада Президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады. 17-19 қараша күндері Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді. Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда салық қызметкерлері мен жолға жауаптылар жазаланды Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны үшін 18 лауазымды адам және 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы – жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша нақты бұзушылықтар немесе кемшіліктер анықталған жағдайда берілетін ресми мемлекеттік құжат. Құжатта нені түзету керек, кім жауапты және қандай мерзімде шара қабылдау керек екені нақты көрсетіледі. Кімдер жауапқа тартылды? 1 қазандағы жағдай бойынша, Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін: Ұлытау облысы әкімінің орынбасары; Түркістан қаласы әкімінің орынбасары; Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары; Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сондай-ақ "Семей" ӘКК" АҚ-ның жауапты қызметкерлері, бірқатар облыстың басқарма басшылары, бірқатар қаланың бөлім меңгерушілері, жекелеген министрліктердің департамент директорларына және т.б. әкімшілік жаза қолданылды. Жауапкершілікке тартылған меморгандар ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, Қызылорда облысы әкімінің аппараты. Сотқа талап қою Аталған кезеңде Жоғары аудиторлық палата нұсқамаларының 4 тармағын орындамауға байланысты Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әкімдіктеріне қатысты сотқа талап қою бастамасы көтерілген. Мәселелер қаралу сатысында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Миллион доллар көлеміндегі алаяқтық ісі: Бишімбаевтың анасы сотта жылап жіберді Астанада 1 миллион долларға жуық ақшаға қатысты алаяқтық ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бұл іс бойынша жәбірленуші тарап - сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іс материалдары бойынша бұл соманы Бишімбаевтардың туысы Бекзат Кемелова алдап алған. Сот отырысының басында Альмира Нұрлыбекованың адвокаты Ерлан Ғазымжанов соттан Кемеловадан 990 мың доллар (шамамен 453 миллион теңге) өндіріп алуды сұрады. Прокурор айыптау актісін оқығаннан кейін судья Назгүл Бапақова айыпталушыдан айыптаумен келісіп-келіспейтінін сұрады. Бекзат Кемелова келіспейтінін айтып, кінәні мойындамады. Ал Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова жауап алу кезінде сотта жылап жіберді "Мұндай жағдай болады деп ешкім ойлаған жоқ. Екеуміз де егде тартып қалдық, еңсеміз түсіп кетті, жедел жәрдем келді. Күйеуім қатерлі ісікке шалдыққан, жүрегі ауырады. Күні-түні "ұлымыздың жағдайы не болады?" деген бір ғана ой мазалады..." - деді ол сотта. Еске салайық, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы өздерінің туыстары, яғни Қайрат пен Бекзат Кемеловтарды сотқа бергені хабарланды. Бұрынғы шенеуніктің анасы Бекзатты миллион долларға жуық көлемінде алаяқтық жасады деп, ал оның жұбайын жала жапты деп айыптады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан Ресейден Екатерина Биволды экстрадициялауды сұрайды ІІМ өкілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайын іздеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және оған халықаралық іздеу жарияланғанын еске салды. "Тергеу жалғасып жатыр. Біз Ресей полициясымен байланыстамыз. Ол ұсталған жағдайда, Бас прокуратура арқылы экстрадиция мәселесін көтереміз", - деді Әділов Сенат кулуарында. Журналистердің "күдікті Ресей азаматы болса, экстрадиция қалай жүзеге асады" деген нақтылаушы сұрағына ол: "Ұсталған жағдайда, оны беру туралы мәселені Бас прокуратураның қарауына береміз", — деп жауап берді. Бұған дейін ҚР ІІМ Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын. Еске салайық, Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізіп видео жариялаған болатын. Кейін Қырғызстанда оны қамауға алу туралы ордер берілген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Өмір үшін күрес“. Дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы 742 грамм болып дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бала 30 тамызда, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген. Туғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр болған. Сәби 40 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда болған. Қазір сәбиге 74 күн болды, ол құрылғысыз өздігінен тыныстап жатыр. "Әрбір грамм салмақ, әрбір тыныс - дәрігерлердің ортақ еңбегі, сәбидің өмірге деген жігерінің нәтижесі. Бұл - біз үшін жай ғана жұмыс емес, күн сайынғы өмір үшін күрес", - деді орталықтың директорының неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Айнұрым Сарбас. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев бүкіл Қазақстан бойынша судьяларды ауыстырды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар судьяны лауазымға тағайындап, бірқатарын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы 2025 жылғы 10 қарашадағы "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы" жарлыққа қол қойды. Төраға лауазымына: Алматы бойынша: әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Раисов Тимур Төлегенұлы; мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Нұрбеков Айбар Баймаханұлы; Ақмола облысы бойынша: Сандықтау аудандық сотына Сәдірмекова Арайлым Тәліпбекқызы; Степногорск қалалық сотына Қалиасқарова Салтанат Жақыпқызы, осы облыстың Бурабай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Ақтөбе облысы бойынша: Ақтөбе қаласының № 2 сотына Избағамбетова Сандуғаш Жақияқызы; Әйтеке би аудандық сотына Бертанов Талғатбек Батырбайұлы, осы облыстың Темір аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Атырау облысы бойынша: Мақат аудандық сотына Орыспаев Құрмет Орыспайұлы; Батыс Қазақстан облысы бойынша: Ақжайық ауданының № 2 аудандық сотына Ғомарова Тамара Сәлімжанқызы, осы облыстың Сырым аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Бөкей ордасы аудандық сотына Шынғалиев Марат Энгельсұлы, осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Орал қаласының № 2 сотына Суханова Гүлдана Ыбырайқызы; Қостанай облысы бойынша: Әулиекөл аудандық сотына Оспанова Балжан Қайыргелдіқызы; Қамысты аудандық сотына Ертаева Ғалия Қайырқанқызы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Қостанай қалалық сотына Сәдуақасов Жұмабек Майқыбиұлы; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: Шал ақын ауданының ауданаралық сотына Омаров Рүстем Қошқарұлы, осы облыстың Петропавл қаласының № 2 сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Түркістан облысы бойынша: Ордабасы аудандық сотына Сатыбалдиева Айжан Құлманқызы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Жүнісова Жанат Ниетқабылқызы; Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Жақсыбекова Нұргүл Айтбекқызы, осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып тағайындалсын. Судья лауазымына: Астана бойынша: азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа Бурабаев Дулат Қайдарұлы Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Ибраева Назгүл Ерқанатқызы Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Қалиева Арайлым Қадылбекқызы Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа Әлиева Ақмарал Хәкімқызы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының № 2 сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Жүнісов Данияр Төлендіұлы Қостанай облысы Қамысты аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына Қиянбекова Әсел Ерланқызы Ұлытау облысы Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Көшенов Асламбек Киікбайұлы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Сапарбек Аида Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Алматы бойынша: Бостандық аудандық сотына Бөрі Мират Қайратұлы, Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Ахметова Ардақ Бауыржанқызы Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Әбдіқаниев Рамшит Нұрғабылұлы; Жолболдиева Дария Оразалықызы Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Медеу аудандық сотына Әметқұлов Қанат Аманкелдіұлы; Абай облысы бойынша: Бородулиха аудандық сотына Амарханов Нұрсұлтан Николайұлы; кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Тұрысбекова Меруерт Сәкенқызы; Ақмола облысы бойынша: Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотынаЖәшібеков Әмір Хафизұлы; мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Дүйсенова Камиля Қадыржанқызы; Ақтөбе облысы бойынша: Ақтөбе қаласының сотына Бекқожина Динара Абзалқызы; Ізбасова Алина Ерболқызы; Ақтөбе қаласының № 2 сотына Қайболдин Жаслан Мұратұлы; Қалиева Нұршат Жеделбайқызы; қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Исмаилова Индира Асылханқызы осы облыстың Қобда аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Алматы облысы бойынша: қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Садықова Эльмира Сансызбайқызы; мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Рамазанов Азат Асқарұлы осы облыстың Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Ғалымов Диас Манатұлы; Батыс Қазақстан облысы бойынша: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Тәкеева Саяхат Әнуарқызы; Орал қаласының № 2 сотына Рамазанов Данияр Рамазанұлы; Жамбыл облысы бойынша: Қордай аудандық сотына Ысқақов Кеніш Илесұлы; Тараз қалалық сотына Әлімқұлова Инара Базылбекқызы; Тұрар Рысқұлов ауданының сотына Қамбарбек Қали Әуелбекұлы; Жетісу облысы бойынша: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Нұрболұлы Азат; Қарағанды облысы бойынша: Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының № 2 сотына Хасенова Анар Саматқызы осы облыстың Нұра аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Қостанай облысы бойынша: Әулиекөл аудандық сотына Симиютина Елена Анатольевна; Қызылорда облысы бойынша: Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына Абылаева Айгүл Әуелбекқызы; мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Әбдіқалықов Олжас Исаұлы осы облыстың Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Маңғыстау облысы бойынша: кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Жұмаева Мәншүк Мұхамедқызы осы облыстың Қарақия аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Мұнайлы аудандық сотына Қазиев Ерсін Айтбайұлы; Павлодар облысы бойынша: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Сейілғазинова Әлия Шорманқызы осы облыстың Екібастұз қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына Кочерга Лаура Ильдусовна; Түркістан облысы бойынша: кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Әбдіраманов Есбол Жүнісәліұлы осы облыстың Кентау қалалық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып; мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Құрамысов Берік Полатбекұлы, осы облыстың Кентау қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; Сайрам аудандық сотына Беғалиев Асқат Омарқұлбекұлы; Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Күршім аудандық сотына Мизимбаев Думан Сәрсенбекұлы; Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Тәкенова-Шакиртова Әсел Еділқызы; Риддер қалалық сотына Жансұлтанова Эльвира Құмарбекқызы; Тарбағатай аудандық сотына Тәтімбеков Данияр Төлегенұлы тағайындалсын. Атқаратын лауазымынан босатылсын: Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ыбыраев Алмаз Серікұлы орнынан түсуіне байланысты; Алматы қалалық сотының судьялары Исабаева Ақмарал Ахмеджанқызы орнынан түсуіне байланысты; Молдашев Қанат Шәдіұлы орнынан түсуіне байланысты; Мырзакәрім Рустем Мырзакәрімұлы орнынан түсуіне байланысты; Атырау облыстық сотының судьясы Нұржанова Бағила Баймұратқызы орнынан түсуіне байланысты; Қарағанды облыстық сотының судьялары Аманжолов Нұрбек Әбдіманапұлы орнынан түсуіне байланысты; Маймақов Бақытжан Қошқарбайұлы орнынан түсуіне байланысты; Павлодар облыстық сотының судьясы Ыбраев Нұрлан Саматұлы орнынан түсуіне байланысты; Астана бойынша: азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Ысқақбекова Сәулет Майданқызы орнынан түсуіне байланысты; Алматы бойынша: Түрксіб аудандық сотының судьясы Жылқыбаева Айсара Сәтқызы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты; Шымкент бойынша: әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қалдаров Ғалым Қалижанұлы судья өкілеттігін тоқтата отырып, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша; қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Мыстаев Мақсат Ғанибекұлы орнынан түсуіне байланысты; Алматы облысы бойынша: мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Қожахметов Берік Ақышханұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып; Ақмола облысы бойынша: Жарқайың аудандық сотының судьясы Сағынова Гүлмира Маратқызы өз тілегі бойынша; Көкшетау қалалық сотының судьясы Қожамұратов Сержан Ақылбайұлы өз тілегі бойынша; Жамбыл облысы бойынша: мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Ясарова Руқия Қартқұлқызы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты; Жетісу облысы бойынша: Ақсу аудандық сотының төрағасы Шәймерденов Нұрлан Садықұлы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты; Қостанай облысы бойынша: Қостанай ауданаралық сотының судьясы Жарасбаев Жұмаш Рамазанұлы өз тілегі бойынша; Маңғыстау облысы бойынша: Ақтау қалалық сотының төрағасы Шайдуллин Бауыржан Жауымбайұлы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты; Түркістан облысы бойынша: Қазығұрт аудандық сотының судьясы Жұмабаев Нұржан Әмзебайұлы орнынан түсуіне байланысты; Шығыс Қазақстан облысы бойынша: мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Оразбаев Салық Қанатұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылсын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы көліктер ең көп жүретін тасжол аталды 2025 жылдың басынан бері көлік жүргізушілер ақылы жолдар арқылы 62 миллионнан астам рет жүріп өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бұл сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын көрсетеді. Ақылы жолдар тек жылдам қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қалалар мен елдер арасындағы сенімді байланысты орнатып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында. Төменде ақылы жолдар бойынша тізім ұсынылған: Алматы – Қонаев (10 миллион) Шымкент – Өзбекстан шекарасы (7,8 миллион) Шымкент – Тараз (5,5 миллион) Тараз – Қайнар (4,6 миллион) Шымкент – Қызылорда (4 миллион) Астана – Теміртау (3,8 миллион) Қонаев – Талдықорған (3,3 миллион) Астана – Щучинск (3,27 миллион) Щучинск – Көкшетау (2,82 миллион) Астана – Павлодар (2,1 миллион) Алматы – Қорғас (2 миллион) Қостанай – Денисовка (1,57 миллион) Тараз қаласының айналма жолы (1,56 миллион) Қызылорда – Арал (1,5 миллион) Көкшетау – Петропавл (1,47 миллион) Балқаш – Бурылбайтал (1,1 миллион) Павлодар – Семей – Қалбатау (1,1 миллион) Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) (1,1 миллион) Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (736 мың) Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) (698 мың) Орал – РФ шекарасы (Самара) (669 мың) Шу – Бурылбайтал (583 мың) Орал – РФ шекарасы (Саратов) (485 мың) Қандыағаш – Мақат (462 мың) Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (140 мың) Үшарал-Достық (56 мың). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "13 қарашада Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Путин декларацияға қол қойып, құжаттар алмасады Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қояды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтеді. Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кездесіп, екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Биылғы ең айтулы оқиға“: Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті? Қазақстан мен Ресей президенттері келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына мемлекеттік сапар – биылғы ең айтулы оқиға екенін айтты. "Владимир Владимирович, Сізге алғысым шексіз. Ерекше қонақжайлығыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Ресей тарапы сапарды ұйымдастыруға мұқият әзірленгенін көрдік. Іс-шаралар жан-жақты ойластырылған. Біз үшін Ресей Федерациясына мемлекеттік сапар – биылғы ең айтулы оқиға. Министрліктер, ведомстволар арқылы консультациялар жүргізіп, тыңғылықты дайындалдық. Өйткені ынтымақтастық ауқымы өте кең. Ресей Федерациясымен барлық салада тығыз байланыс орнаттық. Сіз жаңа ғана қандай жұмыс атқарылғаны, алдымызда қандай міндеттер тұрғаны жөнінде егжей-тегжейлі айттыңыз. Оған алып-қосарым жоқ. Шын мәнінде, мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар – саяси сыпайылық үшін айтылған сөз емес, өзара ынтымақтастығымыздың мәнін ашатын сипаттау. Сондықтан өзара қарым-қатынасымызда ешқандай түйткіл жоқ деп сеніммен айтуға болады. Әлгінде өзіңіз айтқандай, барлық сала табысты дамып келеді. Тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін арттыру міндетін қойдық. Менің ойымша, бұл қол жеткізуге болатын көрсеткіш. Таяу келешекте мақсатымызға орындалады деп ойлаймын", - деді Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен атом энергиясы саласындағы ынтымақтастыққа айрықша тоқталды. "Көп ұзамай "Росатоммен" станса құрылысын бастауға мүмкіндік беретін өте маңызды келісімдерге қол қоямыз. Бұл – серпінді жоба. Өйткені атом электр стансасы ғана салынбайды, мүлдем жаңа сала пайда болады. Білім саласындағы ықпалдастығымызды атап өткім келеді. Ресейдің 9 жоғары оқу орны, соның ішінде танымал университеттер Қазақстанда филиалдарын ашты. Бұл үшін Ресей Федерациясының білім саласы өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар Омбы университеті жанынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылды. Бұл да елеулі оқиға. Жалпы, білім саласына ерекше мән беремін. Өйткені жастарымызға жағдай жасау керек деп санаймын. Біздің мақсатымыз – жастарға Қазақстан мен Ресейдің жаңа тарихи және геосаяси кезеңдегі ынтымақтастығы мен достық байланыстарын аманаттау. Өскелең ұрпақ мұндай қарым-қатынассыз осынау алмағайып заманда өмір сүру мүмкін емес екенін түсінуге тиіс. Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары бұл міндетті белгілі бір деңгейде орындап отыр. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады деп ойлаймын. Сол себепті Сізді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Владимир Путин Қазақстан Президентін Кремль сарайында қарсы алғанына өте қуанышты екенін айтты. "Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізді Мәскеуде, Кремль сарайында қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Бүгін Мәскеуге Үкімет мүшелерінен және бизнес өкілдерінен құралған үлкен делегация келгенін көріп отырмыз. Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Негізгі құжаттарда жазылған уағдаластықтардың өзектілігін өмірдің өзі көрсетуде. Қазақстан мен Ресей – жақын серіктес, достас әрі одақтас елдер. Бұл нақты істерден байқалады. Ресей – Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі және басты инвесторлар қатарында. Былтыр сауда айналымы 27 миллиард доллардан асты. Биылғы 9 айда бұл көрсеткіш 20 миллиард долларға жетті. Көптеген ресейлік компания Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның бизнес өкілдері де Ресейде өз кәсіптерін ашып, белсенді жүргізуде. Біз халықаралық аренада тығыз байланыс орнаттық. Бірқатар өңірлік ұйымға мүшеміз. Алдағы күндері Бішкекте өтетін ҰҚШҰ форумында, одан кейін Санкт-Петербургтегі ТМД-ға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі басқосуларында кездесеміз. Бағдарламамыз өте мазмұнды, оның барлығы орындалып жатыр. Сіздің бүгінгі сапарыңыздың қорытындысы бойынша меморандумдар әзірленді. Бұл байланыстарымызды жоғары мемлекетаралық деңгейге шығаруды көздейді. Әрине, бұл бізді қуантады. Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ұмтыламыз", - деді Ресей президенті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мәскеуде Тоқаев пен Путиннің келіссөзі басталды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің келіссөзі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақорданың баспасөз қызметі кездесу туралы егжей-тегжейлі ақпараты сәл кейінірек жарияланатынын хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада үш көшеге жаңа атау беріледі "Астана-Арена" спорт кешені мен "Алау" мұз сарайының арасындағы аты жоқ көше саяхатшы Марко Полоның есімімен аталады. Сондай-ақ елордадағы тағы екі көшеге жаңа атау беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл шешім бүгін елорда мәслихатының сессиясында қабылданды. Тиісті ұсыныстарды Астананың Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп ұсынды. "Қыркүйекте, Италия президенті елімізге ресми сапармен келген болатын. Сол кездесу барысында Мемлекет басшысы Астанадағы орталық көшелердің біріне Марко Полоның атын беруді тапсырған еді", – деді ол. Көше Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарын жалғайтын аумақта орналасқан. видео кадры Бұдан бөлек, Астанада тағы екі көшеге атау беру ұсынылды: жобалық атауы Е15 көшесіне – Мұхаммед Әли Джинна; жобалық атауы Е754 көшесіне – София атауы берілмек. Анықтама: Мұхаммед Әли Джинна – мұсылман саясаткер, Пәкістанда ұлттық мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретінде құрметтеледі. София – Болгарияның астанасы және ең ірі қаласы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұман және қар: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? Синоптиктер Астана мен Алматыға арналған 13, 14 және 15 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы ауа райы болжамы 13 қараша – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған қар жауады. Тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –6...–8°, күндіз –2...–4° аяз. 14 қараша – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде –8...–10°, күндіз –0...–2° аяз. 15 қараша – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –2...–4° аяз, күндіз +2...+4° жылы. Алматыдағы ауа райы болжамы 13 қараша – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4°, күндіз +9...+11° жылы. 14–15 қараша – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2°, күндіз +10...+12° жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бұл сапар елдеріміз арасындағы қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан тарихи маңызға ие“ - Тоқаев Мемлекет басшысы Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Валентина Матвиенкомен кездесу барысында Президент бұл сапарын Қазақстан-Ресей сан қырлы ықпалдастығының айтулы кезеңі ретінде қарастыратынын айтты. "Бұл сапар елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан тарихи маңызға ие", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесуі жайында айтып, екі елдің ресми делегация өкілдерінің қатысуымен өтетін келіссөздердің күн тәртібіне назар аударды. "Кеше Владимир Владимировичпен екі сағатқа жуық жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, көптеген мәселені, өзара ынтымақтастықты және халықаралық ахуалды талқыладық", – деді Қазақстан Президенті. Валентина Матвиенко кездесу үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарына Ресейдің ерекше мән беріп отырғанын жеткізді. "Сіздің сапарыңызға өте үлкен дайындық жүргізілгенін білемін. Мазмұнды бағдарлама мен мемлекетаралық құжаттар пакеті әзірленді. Бүгін бұл құжаттарға мемлекеттер басшылары қол қояды. Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің «Российская газета» басылымына жарияланған мақалаңызды мұқият оқып шықтым. Шынымды айтсам, Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына қатысты тұстарына алып-қосарым жоқ. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тарихы, бүгіні және болашағы жайында өте терең толғам жасағансыз", – деді Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Валентина Матвиенко сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың, сондай-ақ парламентаралық диалогтың өзекті мәселелерін талқылады. Жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық келісімге заңнама тұрғысынан сапалы қолдау көрсетудің және Қазақстан мен Ресей парламенттерінің күш-жігерін үйлестірудің маңызын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салынбақ Мәжіліс депутаттары ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы түзету қабылдады. Ол Архив ісі мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау үшін жария кеңістік, сондай-ақ, масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн платформалар арқылы педофилияны, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпараттар орналастыруа тыйым салу туралы нормалар қарастырылды", - деп жазылған мәліметте. Еске салайық, бұған дейін де Еділ Жаңбыршин елде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды. Депутат Ринат Зайытов та ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салуды талап етті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Мәскеуде “Белгісіз жауынгер бейіті“ ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды Мемлекет басшысы "Белгісіз жауынгер бейіті" ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы "Белгісіз жауынгер бейіті" мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті. Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Бес жүзден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Турист тарту үшін бизнес жеткіліксіз - тәжірибе керек Қазақстан туризмі жаңа кезеңнің алдында тұр. Мемлекет бұл саланы экономиканың маңызды драйверіне айналдыруға ниетті: ұлттық стратегия қабылданды, туристік брендті дамытуға қомақты қаржы бөлінуде. Алайда табиғи және мәдени ресурстардың молдығына қарамастан, Қазақстан әлі де халықаралық туристік картада толық танылған жоқ. Неге? Мәселе – ресурста емес, оны дұрыс ұсынуда. Осы тақырыпта Tengrinews.kz редакциясы халықаралық тәжірибесі бар сарапшы, Глазго университетінің түлегі, "Болашақ" бағдарламасының иегері Толғанай Бәкелековамен сөйлесті. Сарапшының пікірінше, Қазақстан – туристік тұрғыдан бірегей ел. Мұнда Тянь-Шань мен Алтайдың таулары, Маңғыстаудың ерекше ландшафттары, Каспий жағалауы мен заманауи мегаполистер – бәрі бар. "Қазақстан бірнеше елдің туристік өнімін бір елдің ішінде ұсына алады. Бірақ мәселе – осының бәрін жүйелі, тартымды тәжірибеге айналдыра алмауда", – дейді Толғанай Бәкелекова. Яғни, басты проблема – контент емес, презентация. Қазақстан туризмі үшін мүмкіндіктер жеткілікті: Жібек жолындағы стратегиялық орналасу Экотуризмге қолайлы бірегей табиғат Астананың MICE (конгресс) туризмге әлеуеті Ішкі туризмнің өсуі Ұлттық мәдениет пен гастрономия Алайда жүйелік мәселелер де бар: ағылшын тіліндегі сервис деңгейінің төмендігі цифрлық инфрақұрылымның әлсіздігі қызмет сапасының біркелкі еместігі халықаралық брендтің әлсіздігі маусымдылық экотуризм инфрақұрылымының жеткіліксіздігі "Турист қайда барғанын ұмытуы мүмкін, бірақ алған әсерін ешқашан ұмытпайды. Сондықтан басты міндет – әсер қалыптастыру", – дейді сарапшы. Толғанай Бәкелекованың кәсіби жолы бірнеше елмен байланысты. Польшадағы білім, Шотландиядағы магистратура және БҰҰ бағдарламаларындағы тәжірибе оның көзқарасын қалыптастырған. Оның айтуынша, Шотландия туризмді тек демалыс емес, экономикалық және мәдени құрал ретінде қарастырады. Ал БҰҰ жүйесі – нәтижеге бағытталған басқару мәдениетін үйретеді. "Халықаралық тәжірибе ең алдымен ойлау тәсілін өзгертеді. Бұл Қазақстан туризміне аса қажет", – дейді ол. Сарапшы тек теориямен шектелмейді. Ол халықаралық қонақ үй желісінде қызмет көрсету процестерін оңтайландырып, тіркелу уақытын 20 пайызға қысқартқан. Бұл мысал Қазақстан үшін маңызды сигнал: дұрыс ұйымдастырылған процестер табысты айтарлықтай арттыра алады. Оның бағалауынша, отандық туристік бизнес операциялық тиімділікті жақсарту арқылы кірісті 15–25 пайызға дейін өсіре алады, қосымша инвестициясыз. Толғанай Бәкелекова Қазақстан туризмін дамыту үшін бес негізгі басымдықты атап өтті: Тәжірибе экономикасыТуризм – эмоция мен әсер. Әр қызмет – біртұтас оқиға болуы керек. Тұрақты даму стандарттары Экотуризм халықаралық талаптарға сай дамуы тиіс. Кадр сапасы Тілді, мәдениетті, сервис стандарттарын меңгерген мамандар қажет. Цифрлық көріну Google, Booking, TripAdvisor секілді платформаларда толық қатысу – міндет. Конгресс-туризм Астана халықаралық іс-шаралар арқылы жыл бойы турист тартуға қабілетті. Сарапшының пікірінше, Қазақстанның ең күшті бәсекелік артықшылығы – қонақжайлылық. "Бұл – сатып алынбайтын құндылық. Егер оны дұрыс ұсына алсақ, маркетингтің өзі қажет болмайды", – дейді ол. Толғанай Бәкелекова – "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Оның пікірінше, шетелде білім алған мамандар туризмді дамытуда маңызды рөл атқара алады. "Олар тек білім емес, халықаралық стандарт пен жұмыс мәдениетін алып келеді. Бұл – саланы жылдам дамытуға мүмкіндік береді", – дейді сарапшы. Оның бағалауынша, егер Қазақстан осындай мамандарды жүйелі түрде тартса, бес жыл ішінде туризм индустриясы жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық алғышарт бар. Бірақ басты міндет – табиғи ресурстарды жүйелі, сапалы және әсерлі өнімге айналдыру. Туризм – тек бизнес емес.Бұл – эмоция, тәжірибе және стратегия. Қазақстан туризмін дамыту туралы халықаралық сарапшы Толғанай Бәкелекова
Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды. Мұндай бастаманы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстанда бала TikTok немесе Instagram-ға 5-6 жастан бастап еш кедергісіз, тіпті ата-анасының келісімінсіз, верификациясыз тіркеле алады. Осылайша ол кез келген контентке қол жеткізе алады. "Ал көптеген елде бұл мәселе заңмен реттелген. Мысалы, Дания мен Аустралияда тіркелуге рұқсат жасы - 15-16 жас. АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияда да жас бойынша шектеулер енгізілген. Әлеуметтік желіге ата-анасының расталған келісімімен ғана тіркеле алады", - деді ол. Депутат осы мәселеге орай жауапты министрліктердің өкілдерінің пікірін сұрады. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Қазақстанда қатаң шектеулер енгізу жоспарланып отырмағанын, бірақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда -20 градусқа дейін аяз түседі Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі атлантикалық циклон мен соған байланысты атмосфералық фронталь аймақ ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, 13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. "Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде боран болжанады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – делінген хабарламада. Ауа температурасы фонында қысқа мерзімді төмендеу күтіледі: Қазақстанның солтүстігінде түнде –5...–12 градус аяз, күндіз –0...–6 градус аяз; солтүстік-батыста түнде –2...–10 градус аяз, күндіз –0...–5 градус аяз; орталықта түнде –3...–13 градус аяз, күндіз –6 градус аяздан +3 градусқа дейін; шығыста түнде –8...–20 градус аяз, күндіз –0...–10 градус аяз. Қалған аумақтарда ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз болады, дейді синоптиктер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
990 мыңнан 2,8 миллионға дейін. Қазақстанда кімдер ең жоғары жалақы алады? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең жоғары жалақы төленетін және ең көп сұранысқа ие мамандықтар туралы деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылғы қазанда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер тарапынан 132 мың бос жұмыс орны мен 114,1 мың түйіндеме жарияланған. Жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары еңбекақы деңгейлері: өндіріс бастығының орынбасары (~1 миллион теңге), компьютерлік ойындар дизайнері (~990 мың теңге) омбудсмен (~990 мың теңге) лауазымдары бойынша тіркелген. "Ал ең жоғары еңбекақы сұрағандар: коммерциялық әуе лайнерінің ұшқышы (~2,8 миллион теңге), өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі кенші (~2 миллион теңге) және басқарма төрағасының орынбасары (~1,8 миллион теңге). Ұсынылған және күтілетін еңбекақы деңгейлері арасындағы алшақтық әлі де сақталған, әсіресе басқарушылық және техникалық сегменттерде", - делінген хабарламада. Бос жұмыс орындарының саны бойынша білім беру саласы көш бастап тұр – 41,1 мың (31 пайыз), одан кейін әртүрлі қызмет көрсету түрлері – 17,5 мың (13 пайыз) және денсаулық сақтау мен халықты әлеуметтік қорғау саласы – 11,7 мың (9 пайыз). Бұл салалар жиынтық түрде барлық бос орындардың шамамен жартысын құрап, әлеуметтік сектордың жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудегі маңызды рөлін айқындайды. Қазанда ең көп сұранысқа ие мамандықтардың қатарында жоғары біліктілік талап ететін қызметтер: тәрбиешілер (1,8 мың бос орын), бухгалтерлер (1,1 мың) математика мұғалімдері (1 мың) басым болған. Қазанда жұмыс берушілер көбіне орта деңгейлі біліктілікке ие мамандарды іздеді – 64,4 мың бос орын. Бұдан сәл аз – жоғары білікті (34,7 мың) және біліктілігі жоқ (32,9 мың) мамандарға арналған орындар болған. "Ең көп бос жұмыс орындары Түркістан облысында (12 мың), Астанада (11,4 мың) және Жамбыл облысында (8,8 мың) жарияланған. Ал түйіндемелер саны бойынша көшбасшылар қатарында Түркістан облысы (13,4 мың), Астана (9,1 мың) және Қызылорда облысы (8,3 мың) тұр", - делінген хабарламада. Жас құрылымы тұрғысынан барлық түйіндеменің жартысына жуығы (51,4 мың немесе 45 пайызы) 34 жасқа дейінгі азаматтар тарапынан орналастырылған. 35–44 жас аралығындағы ізденушілер 26 пайыз (29,2 мың), 45–54 жас аралығындағы топ 19 пайыз (21,8 мың), ал 55 жастан асқандар 10 пайыз (11,7 мың) болады. Әйелдер дәстүрлі түрде белсендірек болып қала береді – олардың үлесіне барлық түйіндемелердің 52 пайызы тиесілі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Олар төртеу болған“. Түркістанда 9-сынып оқушысы өлгенше соққыға жығылған Түркістанда 15 жастағы оқушы өлгенше соққыға жығылған. Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамды ұстады және сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Желіде Түркістанда 15 жастағы жасөспірімді зиратқа алдап шақырып, сонда аяусыз соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Жүрек тұсынан соққы алған оқушы сол жерде көз жұмған. "Олар төртеу болған. Кезекпен ұрып, екі рет айналып шыққан, сонда сегіз соққы жасаған. Барлық соққы жүрек тұсына тиген. Олар тек сол жеріне, жүрегі тоқтағанша ұрған. Ол жарылып кеткен. Ұйқы безі де жаншылған, ол да жарылуға таяған. Тіл тартпай кеткен. Кейін олар бізді оның тек есінен танып қалғанына сендірмек болды. Мен жеткенде, інім қайтыс болғанына шамамен қырық минут болған", – делінген марқұмның ағасына сілтеме жасалған хабарламада. Желіде жасөспірімді бірнеше ай бойы қорқытып, ақша талап етіп жүргені де жазылған. Полиция пікірі 3 қарашада Түркістанда мектептердің бірінде 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Оқушының қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылды. "Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық қажетті іс-шара кешенін жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні, сондай-ақ оқиға кезінде қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылған. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ДП Туркестанской области (@turkistan_polisia) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді Қазақстан, Қырғызстан және Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қырғызстан сейсмология институтының жедел деректері бойынша, 12 қарашада Астана уақытымен 04:13-те Қытай, Қазақстан және Қырғызстан шекарасына жақын аумақта жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 3,9 балл болған. Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда да жер сілкінісі болған еді. 11 қарашада жергілікті уақытпен (Астана уақытымен сәйкес) 22:32-де магнитудасы 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелген. Оның эпицентрі Наманган облысының Қасансай ауданында, 16 шақырым тереңдікте болған. Жер асты дүмпулері Қырғызстанда да сезілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тәуелсіздік күні: қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады? 2025 жылдың соңғы айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалады, ал жаңа 2026 жылдың алғашқы айында тағы 12 күн демалыс болады. Tengri Life ыңғайлы күнтізбе дайындады. Қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады? Желтоқсанда қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс болады. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбіге түседі, сондықтан аптаның ортасында қысқа үзіліс болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де Тәуелсіздік күні демалыс болады. Ал 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді. Қазақстандықтар 2026 жылы қаңтарда қалай демалады? Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 2026 жылғы қаңтардағы демалыс күндерінің кестесі: Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - Жаңа жылға арналған мерекелік күндер; 3 және 4 қаңтар - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар (сәрсенбі) - Рождество - демалыс күні. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар - мерекелік күндер; 3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні; 4 қаңтар (жексенбі) - демалыс; 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері; 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество). Еңбек министрлігі 2025 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы қаңтарда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайтынын нақтылады.
Қазақстанда үш қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "12 қарашада Ақтау, Атырау, Алматы қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Мәскеуге ұшып барды Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді. Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында тікұшақ құлады - БАҚ Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында тікұшақ құлады. Ол түрік әскери тікұшағы болуы мүмкін. Бұл туралы бірқатар БАҚ жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпарат құралдары "Имеди" телеарнасына сілтеме жасаған. "Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында, болжам бойынша, түрік әскери тікұшағы құлады", – деп жазылған телеарнаның Instagram-парақшасындағы хабарламада. Қазіргі уақытта бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы да мәлімет түспеген. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от TV Imedi (@tv.imedi) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Семейде салынатын жаңа стадионға 15 миллиард теңге бөлінген Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдегі жаңа стадионның құрылысы туралы айтты. Құрылысқа 15 миллиард теңге бөлінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Абай облысының әкімі Берік Уәли Tengrinews тілшісіне Семейде салынатын жаңа стадион құрылысының егжей-тегжейі туралы айтты. Оның айтуынша, спорт нысанының құрылысына бастама ретінде 15 миллиард теңге бөлінеді. Бұған дейін стадионды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланғаны хабарланған болатын, алайда Берік Уәли нақты мерзімдерді атаған жоқ. Әкімнің сөзінше, алдымен жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, содан кейін ғана құрылыс басталады. "Стадионның капсуласы әлі салынған жоқ. Учаске қоршалды, KAZ Minerals 15 миллиард теңге бөлді", - деді Берік Уәли. Еске салайық, бастапқыда Семейдегі жаңа арена ескі "Пищевик" стадионының орнына салынуы тиіс болған. Алайда кейін нысанның басқа шағын ауданда бой көтеретіні хабарланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Синоптиктер 12, 13 және 14 қарашада Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы ауа райы болжамы 12 қараша - құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…+2° жылы, кейін төмендейді. 13 қараша - бұлтты, түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –5…–7°, күндіз –2…–4° аяз. 14 қараша - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –8…–10°, күндіз –1…–3° аяз. Алматыдағы ауа райы болжамы 12 қараша - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз +10…+12°. 13 қараша - құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°, күндіз +9…+11°. 14 қараша - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз +8…+10°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресей ұшақтары Тоқаевтың бортымен Мәскеу әуежайына дейін ұшып барды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен ұшты. Президентінің бортымен қатар РФ Қорғаныс министрлігінің ұшақтары қапталдасып ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты", - делінген Ақорда хабарламасында. Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен болады. Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев елшіліктерде тағайындаулар жасады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі елшілікте өзгеріс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды; Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Берік Уәли “Әліби ісіндегі“ фигурантпен түскен суретін түсіндірді Абай облысының әкімі Берік Уәли БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған суретке қатысты пікір білдірді. Онда әкім "Әліби ісі" бойынша 2015 жылы 12 жылға бас бостандығынан айырылған Арман Әбілтаевпен суретке түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ОКҚ-да өткен брифинг кезінде журналистер шенеуніктен суреттің қашан және қандай жағдайда түсірілгенін сұрады. Берік Уәли сурет туралы БАҚ-та жарияланғанынан кейін ғана білгенін айтты. "Мен бұл сурет жайлы тек БАҚ-та тараған кезде ғана білдім және сол кезде бұл адамның сол іске қатысы болғанын естідім. Бұрын оны танымағанмын. Ол кезде құрылысшылармен кездескенбіз, олардың арасында сол адам да болған. Біз әрқайсымен жеке-жеке суретке түстік, кейін ол суретті Instagram-ға ма жариялапты, содан кейін ол БАҚ-та тарады. Шынымды айтсам, оның өткен өмірі жайлы мүлде білмедім, сол жерде ғана таныстым. Маған оның жеке өміріне қатысты ештеңе белгісіз болды және бұған дейін кездескен емеспін. Оның іске қатысы туралы сіздер, журналистер арқылы ғана білдім. Сондықтан мұнда ешқандай сенсация жоқ. Бар шындық осы", – деді әкім. Берік Уәлидің айтуынша, сурет тамызда түсірілген. Ол Әбілтаевтың кездесуге басқа құрылысшылар және олардың серіктестерімен бірге келгенін атап өтті. "Күн сайын маған көптеген адамдар келеді, бәрі суретке түседі. Бірақ мен мұны сенсация деп санамаймын", – деп қосты ол. Контекст Астаналық тұрғын Әліби Жұмагұловты соққыға жығу ісі 2015 жылғы сәуірде үлкен резонанс тудырған еді. Жігіттің әкесі әлеуметтік желіде ұлының қан-жас болған суреттерін жариялап, оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрғанын мәлімдеген. Кейін кәсіпкер ұсталып, екі айға қамауға алынған. "Әліби ісі" деп аталып кеткен істе бірнеше адам айыпталушы ретінде танылған. Олардың қатарында Арман Әбілтаев та болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін: Бас прокуратура баласы әскерде қаза тапқан аналарды қабылдайды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Бас прокуратура іске көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокурор Берік Асыловтың сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды. "Олардың әрбір уәжі назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызметтің қорытындыларының негізділігіне баға беріледі. Бұл жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылды", - деді Бас прокурор. Айта кетейік, 10 қарашада Астанада Министрліктер үйі маңында Қорғаныс министрлігі өкілдеріне үндеу жасау мақсатында бір топ әйел жиналды. Олар - әскери қызмет кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің аналары. Министрліктер үйі маңында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Ашынған аналар ұлдарының өлімін әділ тергеуді және әскерді реформалауды талап етті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мәскеу көшелеріне Қазақстанның туы ілінді Қазақстанның көк Туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаладағы көрікті жерлердің бірі - Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді. Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Aqorda (@akordapress) Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бектенов дәрі-дәрмек бағасы бойынша тапсырма берді Бүгінгі Үкімет отырысының қорытындысы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Денсаулық сақтау министрлігі монополияға қарсы органмен бірлесіп, бөлшек саудада дәрі-дәрмек бағасы негізсіз өсуіне жол бермесін", - деді Олжас Бектенов. Сонымен қатар, дәрілерді дер кезінде жеткізуге қатысты мәселелер де туындаған. Логистика мен сатып алу рәсімдері созылып кететіні тағы бар. Ал көптеген науқас дәрі-дәрмекті үзбей, кестеге сай ішуі қажет. Премьер-министр осы бағыттағы жұмысты да күшейтуді тапсырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сот Хасан Қасымбаевқа қатысты үкімін түсіндірді Алматы облысының Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаев пен тағы бірнеше адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотта не анықталды? Сот мәліметінше, Қ.Х. басқа сотталушылармен алдын ала сөз байласып, А.-ға күш қолданып, шабуыл ұйымдастырған. Айыпталушылар Қ., Ақ., Ал., Ас., С. жәбірленуші А.-ны күштеп көлікке отырғызып, елді мекеннен тыс жерге апарып, соққыға жыққан. Салдарынан жәбірленушіге ауыр жарақат салған. Бұдан бөлек, сот мәліметінше, Қ.Х. басқалармен бірге азамат Т.-дан 1 000 000 теңге көлеміндегі қаражатты күш қолдана отырып, қорқытып алған. Айыпталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғағымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, беттестіру нәтижесімен және сараптама қорытындыларымен дәлелденген. Сот үкімі Қ.Х. ұйымдастырушы ретінде 12 жылға бас бостандығынан айырылды; Қ. бұрын ауыр қылмыс (бұзақылық) үшін сотталғанын ескере отырып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды; Ақ. бұрын ауыр қылмыс (бұзақылық) үшін сотталғанын ескере отырып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды; С. бұрын аса ауыр қылмыс (кісі өлтіру) үшін сотталғанын ескере отырып, 22 жылға бас бостандығынан айырылды; Ал. және Ас. 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Хасан Қасымбаев сот залындағы терезені сындырған Хасан Қасымбаев сотталушылар орындығындағы пластик терезені сындырған. Оқиға бүгін, үкім шыққанға дейін шамамен жарты сағат бұрын болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметке сүйенсек, Қасымбаев пен басқа да сотталушылар сот залында журналистер болуына наразылық танытқан. Осыдан кейін сот қызметкерлері журналистер мен операторларды бірден залдан шығарған. Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысының айтуынша, журналистер "қауіпсіздік мақсатында" шығарылған. Еске салайық, бүгін Алматы облысы Талғар ауданы сотында Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Талғарда Хасан Қасымбаевқа үкім шықты Алматы облысы Талғар ауданы сотында Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлағаны, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені және бопсалағаны үшін кінәлі деп тапты. Осылайша Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске салайық, 10 қарашада өткен сотта Хасан Қасымбаев соңғы сөзін айтты. Ол өзін Шерзат Болат ісі төңірегіндегі резонанс пен "Әлімовтің жалған айғақтары" үшін соттап жатқанын мәлімдеді. Істің мән-жайы Хасан Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау. Онымен қатар тағы бес адам айыпталушылар қатарында отыр. Істе екі жәбірленуші бар — ММА файтері және жаттықтырушы Арман Әлімов пен кәсіпкер Әріпжан Тәжиев. Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында ұсталған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресейлік БАҚ-та Тоқаевтың көлемді мақаласы жарық көрді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары қарсаңында "Российская газета" басылымында "Вечная дружба - путеводная звезда для наших народов" атты мақаласы жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мақалада Қазақстан мен Ресей сапалы әрі мазмұнды стратегиялық әріптестік, одақтастық құра алғаны айтылған. "Астана мен Мәскеудің қарым-қатынасы бүкіл еуразиялық кеңістіктегі көптеген іргелі процеске шешуші әсер ететінін тағы да атап өткім келеді", - деп жазылған мақалада. Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз. Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясынамемлекеттік сапармен барады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев бас прокурорға баласы әскерде қаза тапқан аналардың шағымын қарауды тапсырды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. Айта кетейік, 10 қарашада Астанада Министрліктер үйі маңында Қорғаныс министрлігі өкілдеріне үндеу жасау мақсатында бір топ әйел жиналды. Олар - әскери қызмет кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің аналары. Министрліктер үйі маңында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Ашынған аналар ұлдарының өлімін әділ тергеуді және әскерді реформалауды талап етті. Еске салайық, бұған дейін олардың үндеуіне Қорғаныс министрлігі пікір білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет алматылықтарға ескерту жасады Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылдың 11 қарашасында Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылордалықтар Президентке алғысы мен қолдауын білдіріп хат жазды Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, аймақтың дамуына серпіліс берген жобалармен танысты. Сыр жұртшылығы Президентіміздің бірлік пен тұрақтылыққа, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларын қолдап келеді. Аймақтағы игілікті істердің жүзеге асуына ерекше қамқорлық көрсеткенін жақсы біледі. Өйткені саяси-экономикалық реформалардың нәтижесі Қызылорда облысының бүгінгі даму серпінінен анық байқалады. Мемлекет басшысының өңір жұртшылығымен кездесуде айтқан әлемдегі ахуал, су тапшылығы, жастар тәрбиесі, жасандыинтеллект дәуірінің жаңашылдықтарын пайдалану туралы пайымдары баршаға ой салды. Әсіресе, Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхананы Қызылорда қаласында салу туралы бастама жұртшылықты қуанышқа кенелтті. Президенттің: "Облыс жалпы жақсы дамып келе жатыр. Қарқыны жоғары",- деген оң бағасы ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сыр халқының мерейін өсірді. Сапардан соң, қызылордалықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына хат жолдап, алғыс білдірді. "Сізге барша Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды, зор ризашылығымызды білдіреміз. Әділетті, Қуатты, Таза Қазақстанды құру жолындағы барлық бастамаларыңызды қолдаймыз! Тәуелсіз еліміздің дамуына бағытталған тарихи миссияңызға мол жетістік, мықты денсаулық және сарқылмас жігер тілейміз!" - делінген хатта. Сыр жұртшылығының атынан жолданған алғысты жеткізгендер арасында "Қазақстанның Еңбек Ерлері", ардагерлер мен әйелдер кеңесі, қоғамдық кеңес, зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар бар.
ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады Алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде жоғары табыс ұсынып, жұмысқа орналастыру туралы хабарландыру жариялап жатыр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Азаматтарға жалған сайттарға сілтемелер, жеке деректі жинауға арналған сауалнамалар жіберіледі немесе жұмыс істеуге арналған зиян мобильді қосымшаны орнатуды ұсынады. ІІМ мәліметінше, бұл алаяқтарға банк деректерін, мессенджерлерді және құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қауіпті ұсыныстар қатарында шетелде жұмыс істеу туралы жалған жарнамалар да бар. "Азаматтарды IT, қонақ үй бизнесі саласында немесе call орталықтарға жұмысқа орналастырамыз дейді де, шетелге әкету үшін жалдайды. Дегенмен олар еңбек құлдығына, сексуалдық құлдыққа түсуі, зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Кейбір жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау схемаларында пайдаланады", - деп ескертті ведомство өкілі. ІІМ күмән туындаса, бірден полицияға хабарласуға шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар, боран және көктайғақ: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы "Қазгидромет" синоптиктері 11, 12 және 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қар, боран және көктайғақ Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді, соның салдарынан жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің солтүстік бөлігінде боран соғып, 13 қарашада оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жауын-шашын болжанады. "Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – деп хабарлады синоптиктер. Ауа температурасы қандай болады? Қазақстанның батысында +8…+18°; шығысында –5…+5°; оңтүстігінде +10…+18°; солтүстік-батысында +2…+13°-тан –5…+10° дейін төмендейді; солтүстігінде +0…+5°-тан –2…–7° дейін төмендейді; орталығында +0…+8°-тан –8…+3° дейін төмендейді; оңтүстік-шығысында +5…+15°, таулы аймақтарда –0…–5°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтардың телефон нөмірлері қандай жағдайда бұғатталады: себептері Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету қағидалары бекітілді. Тиісті бұйрыққа жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы қол қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа редакциядағы қағидалар жеке тұлғаларға нөмірлерді рәсімдеу тәртібін, телефон алаяқтарымен күрес шараларын және күмәнді нөмірлерді бұғаттау тәртібін реттейді. Кімдердің нөмірі және қалай бұғатталады? Жаңа қағидаларға сәйкес, ұялы байланыс операторлары алаяқтықтан қорғау жүйелерін (антифрод-жүйелер) қолдануға міндетті. Олар Ұлттық банктің антифрод орталығымен бірлесіп, деректер алмасатын болады. Егер оператор күмәнді қоңыраулар немесе SMS анықтаса, нөмір иесі туралы мәліметтерді (Т.А.Ә., ЖСН, телефон нөмірі) антифрод орталығына жібереді. Анықтама: антифрод-жүйе - бұл алаяқтық әрекеттерді анықтауға және алдын алуға арналған автоматтандырылған жүйе. Егер абоненттерден немесе антифрод орталығынан шағымдар түссе, оператор екі жұмыс күні ішінде нөмірді тексеруге міндетті. Нөмірдің алаяқтық мақсатта пайдаланылғаны расталса, оператор оны уақытша бұғаттап, бұл туралы антифрод орталығына хабарлайды. Ал егер алаяқтық дерегі расталмаса, оператор екі күн ішінде бұл туралы Ұлттық банкке хабарлауы тиіс. Басқа өзгерістер: Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында мынадай жаңа нормалар енгізілген: бір адам жеке немесе отбасылық пайдалану үшін ең көбі 10 мобильді нөмір тіркей алады; егер 10-нан артық нөмір қажет болса (мысалы, бизнес немесе "ақылды үй" құрылғылары үшін), онда себептері мен SIM-карталар қолданылатын құрылғылар тізімі көрсетілген өтініш беру керек; егер себептер жеткіліксіз деп танылса, оператор бас тартуға құқылы, бірақ түзетулер енгізілгеннен кейін өтінішті қайта беруге болады. Жаңа қағидалар алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң, яғни 18 қарашада күшіне енеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанадағы Министрліктер үйі маңына әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары жиналды 10 қарашада Астанада Министрліктер үйі маңында Қорғаныс министрлігі өкілдеріне үндеу жасау мақсатында бір топ әйел жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар - әскери қызмет кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің аналары. Министрліктер үйі маңында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Ашынған аналар ұлдарының өлімін әділ тергеуді және әскерді реформалауды талап етті. Министрлік мәліметінше, 10 қарашада Азаматтарды қабылдау орталығында Қарулы күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру барысында зардап шеккен немесе қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналарымен кездесу өткізілген. Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов және басқа да лауазымды тұлғалар азаматтарды қабылдағаны айтылды. "Әрбір өтініш жеке тәртіппен тіркеліп, қаралды. Қорғаныс министрлігі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті сақтау мен әскери қызметшілердің құқықтарын қорғауға үнемі басымдық береді. Құқықбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында бірқатар кешенді шара жүзеге асырылып жатыр: әскери ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалға бақылау күшейтілді, алдын алудың заманауи әдістері енгізілді, әскери психологтар мен тәрбие құрылымдарының офицерлері арқылы жеке құраммен мақсатты жұмыс жүргізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі командирлердің жауапкершілігі күшейтілді", - деп жазылған хабарламада. Ведомство ақпаратына сүйенсек, күнделікті жеке құрамның дене бітімі тексеріледі, казармалар мен қызметтік үй-жайларда бейнекамералар орнатылған. "Суицидтің алдын алу және қаруды бақылау мақсатында жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйесі енгізіліп жатыр. Психологиялық қолдау күшейтілді, оның ішінде қоғамдық ұйымдармен, соның ішінде Сарбаз аналары комитетімен ынтымақтастық жүйелі жолға қойылған. Тәртіпбұзушылықтар анықталған жағдайда қатаң тәртіптік шаралар қолданылады. Қорғаныс министрлігі ата-аналармен ашық және конструктивті диалог жүргізуге дайын екенін растайды және әскери қызмет өткеруге байланысты әрбір жағдайды жан-жақты және әділ қарайды", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы айтарлықтай төмендеді Доллардың 10 қарашадағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күндізгі сауда-саттық нәтижесінде Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 523,58 теңге болып, 2,27 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банк белгілеген 10 қарашадағы бағам - 526,02 теңге. kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы мынадай: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу - 524,31 теңге, сату - 526,01 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу - орта есеппен 522,45 теңге, сату - 529,45 теңге. Еске салайық, 10 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,5 пайыздан (+/-1 пайыздық дәлізбен) 18 пайызға дейін (+/-1 пайыздық дәлізбен) көтерген болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев FIP президенті мен Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасын қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық падел федерациясының (FIP) президенті Луиджи Карраро мен Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Қазақстанда падел спортын дамыту перспективасы талқыланды. Бүгінде елімізде 1,5 мыңнан астам ойыншыны біріктіретін қоғамдастық қалыптасып, 16 облыста өңірлік федерация құрылды. Президент мемлекеттің бұқаралық спортты өркендетуге және заманауи инфрақұрылым жасақтауға айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Қазіргі кезде елімізде падел ойынына арналған 17 корт бар. 2027 жылы Алматы қаласында халықаралық стандартқа сай келетін 10 корты бар ADD PADEL ARENA спорт кешенін ашу жоспарланып отыр. Орталық Азиядағы заманауи спорт нысандарының біріне айналатын бұл аренада Premier Padel деңгейіндегі турнирлерді ұйымдастыруға болады. Президент футболды дамыту мәселесіне арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде футбол клубтарын жекешелендіру және бәсекелес орта қалыптастыру шаралары жүргізіліп жатқанына назар аударды. Президент УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі және "Пари Сен-Жермен" клубының акционері ретінде футболды насихаттауға қосқан үлесі үшін Нассер Әл-Хелаифиге алғыс айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық падел федерациясымен ынтымақтастығын нығайту елімізде осы спорт түрін дамытуға әрі танымалдылығын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев мемлекеттік сапармен Ресейге барады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады. Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Хасан Қасымбаев сотта соңғы сөзін айтты 10 қарашада Талғар ауданы сотында айыпталушы Хасан Қасымбаев соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Істің мән-жайы Хасан Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау. Онымен қатар тағы бес адам айыпталушылар қатарында отыр. Істе екі жәбірленуші бар — ММА файтері және жаттықтырушы Арман Әлімов пен кәсіпкер Әріпжан Тәжиев. Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында ұсталған болатын. Хасан Қасымбаевтың соттағы соңғы сөзі Хасан Қасымбаев өзіне қатысты іс қолдан жасалғанын және тек жәбірленушінің сөзіне негізделгенін айтты. Оның пікірінше, тергеу мен сот барысында Қылмыстық-процестік кодекстің көптеген нормасы бұзылған. "Бұл істі көпшілікті тыныштандыру үшін қолдан жасады. Кінәлі адамды көрсету керек болды, сол рөлге мені таңдады. Кінәмді дәлелдейтін бірде-бір айғақ жоқ. Барлығы тек жәбірленуші Әлімовтың сөзіне негізделген, ол есірткіге тәуелді және бұрын сотталған", – деді Қасымбаев. Сондай-ақ, ол өзін Шерзат Полат ісі төңірегіндегі резонанс пен "Әлімовтың жалған айғақтары" үшін соттап жатқанын айтты. "Мені Шерзат Полат ісі төңірегіндегі резонанс үшін, қоғамды тыныштандыру мақсатында соттап жатыр. Тағы бір себебі - Әлімовтың жалған сөздері. Барлық айып тек оның айтқандарына сүйенген, ешқандай дәлел жоқ. Мен Құдай мен заң алдында тазамын. Үйде мені отбасым мен балаларым күтіп отыр. Соттан әділ шешім шығарып, мені қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұраймын", – деді айыпталушы. Қасымбаевтың айтуынша, дәл жәбірленуші Әлімов оны "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы деп жалған ақпарат таратқан. Басқа айыпталушылар да Қасымбаевты қорғады Сотта қалған бес айыпталушы да тағылған айыптармен келіспейтінін білдіріп, өздерін емес, Хасан Қасымбаевты ақтауды сұрады. Бірінші болып сөйлеген Р.А. сотқа бұрылып, БАҚ өкілдерін залдан шығаруды сұрады: "Барлық БАҚ-ты шығарыңыздаршы, менің түрім бүкіл TikTok-та тарап кетті", – деді ол. Ол сотқа "толық сенімсіздік білдіретінін" айтып, іс төрт жылдан бері қаралып келе жатқанын атап өтті. "Мен бұзақылық жасағанымды мойындаймын. Айыпталушылар орындығында отырған адамдардың бұл іске еш қатысы жоқ. 2021 жылы мені бұзақылық бойынша айыптаған, бірақ істі қайта қозғап, жаңа айыптар қосты, олармен келіспеймін", - деді Р.А. Келесі айыпталушы С.А. да БАҚ-тың қатысуына алаңдаушылық білдірді: "Ойымды жинай алмай тұрмын, қазір мені түсіріп алады деп уайымдап тұрмын. Камераларды залдан шығаруды сұраймын", – деді ол. Ол айыптау актісін "прокурордың ойдан шығарған нұсқасы" деп атап, адам ұрлау айыбын жоққа шығарды. "2021 жылы бұзақылық ісі бойынша шешім болған. Енді адам ұрлау дейді, ондай ештеңе болған жоқ. Айыптауда Хасанмен телефон арқылы сөйлестік делінген, бірақ біз оны өмірімізде көрмегенбіз. Хасанды ақтауды сұраймын - ол ол жерде болған жоқ", – деді С.А. Айыпталушы М.К. тек 2021 жылғы бұзақылық дерегін ғана мойындады: "Қатысы жоқ адамдарды босатуды сұраймын. Жәбірленушінің анасынан кешірім сұраймын", – деді ол. Қалған айыпталушылар Д.А. мен Н.С. соттан "әділ шешім қабылдауды" өтінді. Сот отырысы алдындағы жағдай Сот отырысына дейін ғимарат алдында ондаған адам жиналып, Хасан Қасымбаевқа қолдау көрсетті. Айыпталушының анасы Гүлнар Нұракенова мен жары Зульфия Қасымбаева жұрт алдында сөз сөйледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда балалар үйі өртенді: қазіргі жағдай Алматы әкімдігі өрт шыққан балалар үйінің тәрбиеленушілері қайда орналастырылғанын хабарлады. Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі жағдайға қатысты пікір білдіріп, балалардың қазіргі хал-жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, өрт кезінде балалар үйінде 35 кәмелетке толмаған бала және мекеме қызметкерлері болған. Олардың барлығы эвакуацияланып, ешкім зардап шеккен жоқ. Әкімдік мәліметінше, балалар уақытша сауықтыру шипажайына орналастырылған, "ол жерде балаларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр". "Оларды тамақтандырып, бөлмелерге орналастырды, сырт киім, азық-түлік және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етті, сондай-ақ тәттілер берілді", – деп хабарлады әкімдік. Оқиға орнында әкімдік пен қалалық қоғамдық кеңес өкілдері, Наурызбай аудандық қамқоршылық органдары, Отбасын қолдау орталығы және Алматы қаласының Балаларды қолдау орталығы жұмыс істеп жатыр. Ал Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, балалардың жағдайы тұрақты. "Қазір барлық тәрбиеленушінің жағдайы жақсы, олар қауіпсіз жерде. Медициналық қызметкерлер балаларды тексеруден өткізді, психологиялық көмек те көрсетілді. Балаларға қашықтан оқу ұйымдастырылды. Қазір балаларды әрі қарай орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр", – делінген министрлік хабарламасында. Не болған? 9 қарашада Алматыдағы Наурызбай ауданында "Перзент" жеке қайырымдылық балалар үйі аумағынан өрт шықты. Барлық 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Балалар қауіпсіз орындарға орналастырылып, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды. Оқиға орнына Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары барды. Жағдай бақылауда екені айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады. Кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сапарға ерекше мән беріп отырғанын және келіссөздердің табысты өтетініне сенімді екенін жеткізді. Мемлекет басшысы екі ел үкіметтерінің белсенді әрі үйлесімді жұмысының арқасында Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретініне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен екіжақты тауар айналымының көлемін таяу арада 30 миллиард долларға дейін арттыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін еске салды. Президент Ресей Федерациясы Қазақстан экономикасына қаржы салған жетекші инвесторлардың бірі болып отырғанына назар аударды. Былтыр жалпы инвестиция көлемі 4 миллиард долларға жетті. Мемлекет басшысы елімізде көптеген ресейлік компания жемісті жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді. Денис Мантуров қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдіріп, ресейлік тараптың екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады. Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары тараптар бірлескен жобаларды дамытуға берік негіз қалағанын айтып, олардың табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодар облысындағы тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 10 қараша сағат 11:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы" 0-112 шақырым аралығындағы (Павлодар қаласы - РФ шекарасы) учаскесінде қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Абай облысында көліктен түсіп, жолда билегендер жазаланды Абай облысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші мен төрт жолаушыны жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ПД мәліметінше, олар бағдаршамның қызыл шамы жанғанда автокөліктен түсіп, жолдың жүріс бөлігінде би билеген. Олар заңды бұзып қана қоймай, өз әрекеттерін әдейі видеоға түсіріп алған. Бұл әрекеттер көлік қозғалысына кедергі келтіріп, өздерінің және басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа қатысқан барлық адамды жедел анықтап, бөлімшеге жеткізді. "Жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төрт жолаушыға қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттері үшін "Ұсақ бұзақылық" бойынша айыппұл салынды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ЖАП тағы да жазаланған шенеуніктердің тізімін жариялады Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік аудиттен кейін 28 адам жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғары аудиторлық палата мәліметін есілтеме жасап. ЖАП мәліметінше, аудиттен кейін ветеринариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бірқатар лауазымды адам мен маман тәртіптік жауаптылыққа тартылған. "Тексеру биыл тамызда өткізіліп, оның барысында түрлі заңбұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Нәтижесінде Жоғары аудиторлық палата ҚР бюджет және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз етпеген жұмыскерлердің жауаптылығын қарауды тапсырды", - делінген хабарламада. Нәтижесінде 28 жауапты адам әртүрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, ғылыми қамтамасыз ету, ішкі сауда және микрокредиттеуді мониторингтеу басқармаларының басшылары; Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті: Комитет төрағасының орынбасары, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және биологиялық қауіпсіздік басқармаларының басшылары, "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары; Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті: Комитет төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекцияның бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы; "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК"АҚ: Ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және сақтау департаментінің директоры, басқарушы директор – басқарма мүшесі; Қазақстан егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты: Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары, бас экономист, бас бухгалтер, майлы дақылдар зертханасының меңгерушісі; Қазақстан қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты: бас ғылыми қызметкерлер, бас инженер, Семей филиалының бухгалтері; С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті: Ғылым және инновациялар департаменті директорының орынбасары; "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы: Кредит беру және активтерді басқару департаментінің директоры; "Тобыл" ӘКК: инвестициялық жобалар және индустриялық аймақты дамыту департаменті директорының м.а.; "Солтүстік" ӘКК және "KOKSHE" ӘКК жауапты қызметкерлері. Жүргізілген аудит қорытындылары бойынша берілген басқа да тапсырмалардың орындалуы бақылауда болатыны айтылды. Еске салайық, ЖАП бұған дейін білім беру саласындағы заңбұзушылықтарды анықтап,ЖАП тағы да жазаланған шенеуніктердің тізімін жариялады тәртіптік шаралар қолданған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Калашников, тапанша, граната - ҰҚК тәркіленген қару-жарақты көрсетті ҰҚК Астана, Алматы және тағы тоғыз облыстан тәркіленген қару-жарақты көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, қазанында полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматыда және тағы тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген. "40 қару-жарақ тәркіленді: жаяу әскерлік отшашар, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі", - делінген хабарламада Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану: маңызды шешім әзірленіп жатыр Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында талқыланады. Жоба зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, оларды төмендегідей мақсаттарға бағыттауға рұқсат беру ұсынылады: тұрғын үй несиесі бойынша негізгі қарызды өтеу; ай сайынғы төлемді азайту; несиенің мерзімін қысқарту. Құжатқа сүйенсек, жаңартулар Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты, оған сәйкес Қазақстан резиденттері БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Министрлік мәліметінше, өзгерістердің мақсаты — біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету, сондай-ақ азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қосымша құралдар беру. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Үш қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "10 қарашада Атырау, Алматы, күндіз Жезқазған қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда балалар үйінің аумағында өрт шықты Алматыда жексенбіде Наурызбай ауданындағы Алтын Орда көшесіндегі ғимараттан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қазір Алматының өртсөндірушілері Наурызбай ауданындағы Алтын Орда көшелерінің бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр", – делінген хабарламада. ТЖМ дерегінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт жоғары дәрежеде сөндіріліп жатыр. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Almaty News (@almatynews_kaz) Нақтыланған ақпарат бойынша, балалар үйінің аумағында асхананың ғимараты және оған жапсарлас үш қабатты ғимараттың шатыры өртеніп жатыр. Әкімшіліктің айтуынша, ғимаратта адамдар жоқ - тәрбиеленушілер дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз қашықта орналасқан. Оқиға орнында қалалық ТЖД бастығы бар. Құтқарушылар өртті тиімді сөндіру үшін шатырды ашу жұмыстарын жүргізіп, өрттің аумағы нақтыланып жатыр. Нысанға газ беру жедел түрде тоқтатылды. Тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру автосатысы арқылы лафеттік оқпандармен су беріліп жатыр. Өрт сөндіру автоцистерналары гидранттарға қосылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары жұмыс істеп, ғимараттың ішінде барлау және сөндіру жүргізіліп жатыр. Жедел штаб құрылды, жағдайға тұрақты бақылау жасалды. Сондай-ақ, өрт орнына қаланың барлық қызметі келді. Өртті толық сөндіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
WTA Қорытынды турниріндегі жеңіс: Рыбакинаның рейтингтегі орны өзгерді Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-ның live-рейтингінде бесінші орынға көтерілді. Ұйым Сауд Арабиясындағы турнирде Қазақстанның алғашқы ракеткасының жеңісіне осылайша үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Турнирдегі жетістігі үшін Елена өз карьерасындағы рекорд 1500 рейтинг ұпайын алды. Бұл оған WTA live-рейтингінде алтыншыдан бесінші орынға көтерілуге мүмкіндік беріп, америкалық Джессика Пегуланы басып озуға себеп болды. Еске салайық, WTA қорытынды турнирінің финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші нөмірі Арина Соболенконы жеңді. Бұл жеңіс Рыбакинаның мансабындағы 2022 жылғы Уимблдон триумфынан кейінгі екінші ең ірі атағы болды. Live-WTA әлемдік рейтингі Арина Соболенко (Беларусь) Ига Швёнтек (Польша) Коко Гауфф (АҚШ) Аманда Анисимова (АҚШ) Елена Рыбакина (Қазақстан) Джессика Пегула (АҚШ) Мэдисон Киз (АҚШ) Жасмин Паолини (Италия) Мирра Андреева (Ресей) Екатерина Александрова (Ресей) Бұл жеңіс үшін Рыбакина рейтинг ұпайымен қатар 5 млн 235 мың АҚШ долларын (2,7 млрд теңге) иеленді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Екібастұзда біреулер мысықты поштоматтың ұяшығына қамап кеткен Екібастұзда мысық көшедегі поштоматтың бір ұяшығына қамалып, өліп кете жаздады. Оның даусын өтіп бара жатқан адамдар естіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Instagram-да жарияланған видеода әйел адам мысыққа жасалған қатыгездік туралы айтып, Kaspi тапсырыс беру пунктіндегі ұяшықтардың бірінде қамалғанын жеткізді. "Тірі жанды поштоматқа қалай қамап қоюға болады? Бұл қорап та, зат та емес. Ол тыныс алып тұр, қорқып қалған", – деп жазды жануарларды қорғаушылар. Олардың айтуынша, банк қызметкерлері жедел әрекет етіп, мысықты босатқан. "Бірақ мұндай іске барғандарға сұрақ көп. Бұл бірінші жағдай емес. Шынын айтыңыздаршы, жануарларды ұяшықтарға қамап жатқанда ойланасыздар ма? Бұл – қатыгездік. Қауіпті ғой. Мұндайдың соңы қайғылы аяқталуы мүмкін. Өтінеміз, істер алдында ойланыңыздар", – деді қорғаушылар. Видеоға қаржы компаниясының өкілдері де пікір қалдырып, белгісіз адамдардың қатыгездігіне наразылық білдірді. "Мұндайға жол берілмеуі керек. Мысық босатылды, оның қалай қамалғанын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатырмыз. Нәтижесіне қарай барлық қажет шараны қабылдаймыз", – делінген хабарламада. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Волонтеры Пушистиков Г.Экибастуз (@pomogi_bezdomnym_zhivotnym) Осы арада қолданушылар бейжай қалмаған қала тұрғынына алғыс айтып, жануарды қорлағандарды табуды талап етті. "Мұны бала жасағанның өзінде, оның ата-анасы бар, балаларының тәрбиесіне жауап берсін. Бәрі ашық болуы керек, жануарларды қорлайтын адамдарды жұрт көрсін", – деп жазды олар. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына полиция қызметкерлері келген. Алайда құқық қорғау органдары әзірге оқиғаға ресми пікір білдірген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ ДНҚ-технологияларының көмегімен 2016 жылғы қылмысты ашты ІІМ ДНҚ-технологияларының көмегімен 2016 жылғы қылмысты ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 2016 жылы Астанада 80 жастағы әйелді өлтіру оқиғасы тіркелген. Қылмыскер зейнеткердің үйіне кіріп, оған зорлық-зомбылық көрсеткен. Оны соққыға жыққан және жасаған қылмыс ізін жасыру үшін оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыс орнын қарау кезінде криминалистер көзге нашар көрнетін биологиялық іздерді тапты. Сол іздерден ДНҚ-код алынды. Алайда тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмай келді. Қылмыскер әділдік пен жазадан қашып жүрді. "Ішкі істер министрлігінің молекулярлық-генетикалық зертханасында бар заманауи технологиялармен ДНҚ-дерекқоры арқасында сәйкестік анықталды. Осылайша 65 жастағы күдіктінің жеке басы анықталды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Министрлік былтырғы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жұмысын жалғастырады. Криминалистикалық құралдар қылмыскерді қылмыс жасалған уақыттан қанша жыл өтсе де, дәл анықтауға мүмкіндік береді. Осы мысал жазадан қашу мүмкін емес екенін көрсетеді, - деді ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бас криминалисі Айнұр Сәрсебаева. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада ғимараттың қасбеті құлады: фельдшердің жағдайы өте ауыр Астанада тоғыз қабатты үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде жараланған бес адамның арасында екі фельдшер болған. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "9 қарашадағы жағдай бойынша жансақтау бөлімінде екі науқас жатыр. Тағы үш науқас - профильдік бөлімшелерде. Бес зардап шеккеннің екеуі - еңбек міндеттерін атқару кезінде өндірістік жарақат алған фельдшерлер. Жансақтауда жатқан фельдшердің жағдайы өте ауыр. Екінші фельдшердің жағдайы орташа, нейрохирургия бөлімінде жатыр. Барлық зардап шеккендер дәрігерлер бақылауында, қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері. Басқарма әлеуметтік желілерде тараған "фельдшерлердің алған жарақаттары өндірістік жарақат деп танылмайды" деген ақпарат шындыққа сай емес екенін атап өтті. Бұл оқиға өндірістік жарақатқа жатады. "Бұдан бөлек, жарақат алу дерегі бойынша қаланың Полиция департаменті соталды тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр, сондай-ақ Еңбек кодексінің 188-бабы талаптарына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы оқиғаны тексеріп жатыр", - делінген хабарламада. Бұған дейін әлеуметтік желіде зардап шеккен фельдшердің күйеуі видео жариялап, жұбайының адамдарға көмектесу кезінде басына кондиционер құлағанын айтқан. Оның сөзінше, әйеліне гематоманы алып тастау және бас сүйегіне трепанация жасау операциясы жасалған. Автор сондай-ақ ІІМ өндірістік жарақат жөніндегі өтінішті қабылдамай отыр деп мәлімдеген. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Уже не холостой реабилитолог (@zeineladilet) 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер құлап, бес адам зардап шеккен еді. Зардап шеккендер №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Бір науқастың жағдайы өте ауыр, шұғыл операция жасалды. Екеуі жансақтау бөлімінде, жағдайлары ауыр деп бағаланды. Тағы екі науқастың жағдайы тұрақты, олар бөлімшеде жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шабуыл жасады ма, әлде зардап шекті ме? СҚО-да спортшы ұсталды Петропавлда клубта күзетші болып жұмыс істейтін боксшы бұзақылық үшін ұсталды. Ол ұсталу кезінде арнайы жасақ тарапынан қатыгездікпен соққыға жығылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Палач" лақап атымен танымал спортшы әлеуметтік желіде видео жариялады. Ол 7 қарашада Заводская мен Әуезов көшелерінің қиылысында өзін полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ ұстағанын, алайды не үшін ұсталғанын білмейтінін айтады. "Ұстау барысында олар мені ұрып-соқты. Қызметтік автокөлікке тиеп, Петропавл қалалық полиция бөліміне жеткізгенше жолда да соққыға жықты", – дейді жігіт. Оның айтуынша, әрі қарай соққыдан қорқып, полиция қызметкерлерінің қысымымен құжаттарға қол қойған. Сондай-ақ, ол денсаулығының нашарлағанын атап өтті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от DAMIR "ПАЛАЧ" ALKESHEV (@alkeshev.damir) Петропавлдағы ойын-сауық орындарының бірінде ол күзетші болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Ресми мәлімет бойынша, оны келушіге шабуыл жасады деген күдікпен ұстаған. "Әлеуметтік желілерде Петропавлдағы көңіл көтеру орнының күзетшісі полиция тарапынан соққыға жығылды деген видео тарады. Бұған дейін бұл мекемеде жанжал шыққаны туралы полицияға қоңырау түскен. Тексеру барысында видеоға сүйеніп, мекеме күзетшісі келушілердің біріне дене жарақатын салғаны анықталды", – деді СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев. Оның айтуынша, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, ұсталған. "Ұстау кезінде ол қарсылық көрсетіп, полицияның заңды талаптарына бағынбаған", – деді ол. Ресми мәлімет бойынша, күдікті қазір ауруханада. Сауығып шыққан соң уақытша ұстау изоляторына қамалады. "Күдіктінің полиция қызметкерлері тарапынан заңбұзушылықтар болғаны туралы уәждері қызметтік тергеу аясында мұқият тексеріледі. Ойын-сауық мекемесіне құқықбұзушылықтарға ықпал ететін заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді", – деп қорытындылады СҚО ПД. Полиция кез келген зорлық-зомбылық пен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейтінін және заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Абай облысында бағдаршам маңында билегендер жауапкершілікке тартылды Абай облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші мен төрт жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қызыл жанып тұрғанда көліктен түсіп, жолдың бөлігінде билей бастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Тексеру барысында қатысушылар заңды ғана емес, өз әрекеттерін "көңіл көтеру үшін" әдейі видеоға түсіргені анықталды. Жүргізуші бағдаршамда қызыл жанғанда тоқтағаннан кейін, көліктегі төрт қыз салоннан шығып, жолдың жүріс бөлігінде билеген. Олар қозғалысқа кедергі жасап, өз өмірін де, басқаларына да қауіп төндірген. Барлық құқықбұзушылар жедел түрде полиция бөліміне жеткізілді. Жүргізуші жолаушылар мен жүктi тасымалдау қағидаларын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Төрт жолаушы – азаматтардың тыныштығын бұзатын, қоғамдық тәртіпке қайшы келетін және жол қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Полиция мұндай жолда "ойын-сауық" жолда мүлде келеңсіз екенін және ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны құттықтады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Сіз теннистен жыл қорытындысы саналатын беделді жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, асқан ерік-жігердің арқасында жеңіске жеттіңіз. Қазақстандық және әлемдік теннис спортының тарихындағы осынау айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін. Дүбірлі додадағы жеңісіңізді, теннистің дамуына қосқан үлесіңізді және аталған спортты елімізде насихаттауға сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым. Сізге зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан Республикасының даңқын асыратын жаңа жетістіктер тілеймін", – делінген құттықтауда. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, WTA қорытынды турнирінде топ жарды Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирінде топ жарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирінің төрт дүркін жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Рыбакина брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3. Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Рыбакина бет қаратпады – 7:6 (7:0). Осылайша, Рыбакина жарыс 1972 жылы ұйымдастырылғаннан бері чемпион атанған алғашқы азиялық теннисші атанды. Бұған дейін қытайлықтар Ли На (2013 жылы) мен Чжэн Циньвэнь (2024) тек финалға дейін жеткен еді. Дода барысында барлық кездесуінде жеңіске жеткен Елена 1 500 рейтингілік ұпайға қоса 5,235 млн доллар (2,747 млрд теңге) табыс тапты. Оған қоса дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингісінде 5-орынға көтеріледі. Сонымен қатар Рыбакина 2016 жылдан бері эйс санын 500-ден асырған бірінші теннисші болды. 2016 жылы мұндай нәтижеге чехиялық Каролина Плишкова қол жеткізген еді. Бұдан бөлек, Елена биылғы маусымда ТОП-10-ға кіретін 7 теннисшіні қапы қалдырып, бұл жөнінен үздік шықты. Рыбакина спорттық жолында Уимблдондағы жеңісін қосқанда, WTA додаларында 11 титул жеңіп алды. Мұндай межеге Қазақстаннан ешкім жеткен емес. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңбыр, қар мен көктайғақ: 9 қарашада ауа райы қандай болады? 9 қарашада Қазақстанның көп өңірінде қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ боран мен көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Абай облысыТүнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде жаңбыр, қар, көктайғақ, боран (жерборан) күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, батысы, солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін.Семейде де түнде жаңбыр мен қар, көктайғақ, боран болжанады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыс, екпіні 15–20 м/с. Ақмола облысы9 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын түседі. Онымен бірге боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады, жылдамдығы 15–20 м/с. Батысы, оңтүстігі, шығысында екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.10 қарашада да қар, боран, көктайғақ болады. Солтүстік-батыс желі кейіннен оңтүстік-батысқа ауысады, солтүстік, шығыс, оңтүстік бөлігінде жел екпіні 15–20 м/с. Көкшетау9 қарашада кей уақытта жаңбыр, қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып, 15–20 м/с.10 қарашада түнде қар, боран, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15–20 м/с. Ақтөбе облысы9 қарашада жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады. Солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.Ақтөбеде де жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–18 м/с болады. Атырау облысыТүнде және таңертең батысында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысыБатысы, солтүстігі, шығысында жаңбыр мен қар, көктайғақ, боран болжанады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік бағытта, солтүстігі, оңтүстігі, орталығында 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.Өскеменде жаңбыр мен қар, көктайғақ, боран. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік, 15–18 м/с. Жамбыл облысыТүнде және таңертең оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы жерлерде 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с-қа дейін.Таразда түнде және таңертең тұман, күндіз оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с. Батыс Қазақстан облысыТүнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман. Жел батыс, солтүстік-батыс, түнде солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с.Оралда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Қарағанды облысыТүнде батысы мен солтүстігінде аздаған жауын-шашын, күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар күтіледі. Солтүстігі мен батысында көктайғақ, боран болжанады. Жел оңтүстік-батыс, облыстың солтүстік жартысында 15–20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с.Қарағандыда түнде аздаған жауын-шашын, күндіз жаңбыр мен қар. Жауын-шашын боран және көктайғақпен қатар жүреді. Жел оңтүстік-батыс, таңертең және күндіз 15–20 м/с. Қостанай облысыЖаңбыр мен қар күтіледі, күндіз солтүстігі мен шығысында жауын-шашын күшейеді. Батысы, солтүстігі, шығысында көктайғақ пен боран, кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с, күндіз солтүстік пен шығыста 23 м/с-қа дейін.Қостанайда 9 қарашада жаңбыр, қар, боран, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с. Павлодар облысыЖаңбыр және қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, 15–20 м/с, оңтүстігінде 23 м/с.Павлодарда да жаңбыр, қар, көктайғақ, оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысыЖаңбыр мен қар, боран, көктайғақ күтіледі. Батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта: түнде оңтүстік-шығысында 15–20 м/с, күндіз де 15–20 м/с. Батысы мен оңтүстігінде екпіні 23 м/с.Петропавлда жаңбыр, қар, боран, көктайғақ, тұман, жел шығыс және оңтүстік-шығыс, күндіз 15–20 м/с. Түркістан облысыТүнде және таңертең оңтүстігі, солтүстігі және таулы аудандарында тұман. Жел оңтүстік-батыс, күндіз солтүстігі, батысы және таулы жерлерінде 15–20 м/с.Түркістанда күндіз жел екпіні 15–20 м/с болатын оңтүстік-батыс желі соғады. Ұлытау облысыТаңертең және күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, таңертең және күндіз солтүстігі, шығысы, орталығында 15–20 м/с, кей уақыт 23 м/с.Жезқазғанда оңтүстік-батыс желі, күндіз екпіні 15–18 м/с. Астана9 қарашада кей уақытта жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-батыс, 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с-қа дейін.10 қарашада кей уақытта қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодар облысында автобус аударылды: 17 адам ауруханаға жеткізілді Павлодар облысында автобус аударылып, 17 адам ауруханаға жеткізілді. Жол апатынан зардап шеккен автобустың жолаушылары Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды. Төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы 7 қараша кешке Шідерті–Астана тасжолында, Шідерті кентінен 10 шақырым жерде, жолаушылар мінген автобус жол жиегіне аударылды. Апат кезінде автобуста 50-ден аса адам болған. Оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы мен Төтенше жағдайлар медицина орталығының мамандары жіберілді. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жол апатына байланысты трассада жеңіл және жүк көліктерінен бірнеше шақырым кептеліс пайда болды. Зардап шеккендердің жағдайы Зардап шеккендер Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Аурухананың бас дәрігері Қайрат Мұрзалиннің айтуынша, қабылдау бөлімі, травматология және жансақтау бөлімдерінің түнгі ауысымдағы дәрігерлері бір мезетте сегіз жедел жәрдем көлігін қабылдаған. Қосымша травматологтар мен хирургтар шақыртылды. Науқастарға жабық бас-ми жарақаттары, сыну және политравмалар диагнозы қойылған. "Жедел жәрдем қызметі 17 адамды жеткізді, төртеуі бірден жансақтауға жатқызылды. Қазір олардың халі тұрақты ауыр, толық көлемде ем алып жатыр, болжам қолайлы", - деді Мұрзалин. Қалған науқастар орташа жарақаттармен травматология бөлімінде жатыр. Тергеу жүріп жатыр Алдын ала мәлімет бойынша, автобус Жаңасібірден Қарағандыға бағыт алған. Бастапқыда полиция алты адамның зардап шеккенін хабарлаған. Жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Екі өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді 8 қарашада Қазақстанның екі облысындағы автожолдарда ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түріне шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап. Акмола облысы 14:00-ден бастап Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы автожолының 16-шақырымнан 200-шақырымға дейінгі (Астана - Павлодар облысының шекарасы) бөлігінде қозғалыс шектелді. Павлодар облысы Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының 200-шақырымнан 25-шақырымға дейінгі (Акмола облысының шекарасы - Шідерті кенті) учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты 16:00-ден бастап республикалық маңызы бар Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы автожолының 255-шақырымнан 416-шақырымға дейінгі (Шідерті кенті - Атамекен кенті) бөлігінде барлық көлік түріне шектеу енгізіледі. Барлық жол 9 қарашада 08:00-де ашылады. Қосымша ақпаратты 1403 нөмірі арқылы колл-орталықтан білуге болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада 9 қабатты үйдің қасбеті мен кондиционер құлап түсті: зардап шеккендер бар Астанада Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайы бойынша тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінде орналасқан кондиционер қондырғысы мен сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. Құтқарушылардың мәліметінше, қаптама мен кондиционер ғимараттың бірінші қабатында орналасқан дүкеннің кіреберісінің үстіне құлаған. "Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, қаптаманың әрі қарай құлау қаупін жойды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", - деді ТЖМ.Оқиға орнында бөлшектеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Былтыр елорданың бір тұрғын үй кешенінде лифт жанында тұрған әйелдің үстіне пластик қаптама құлап кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен әйел №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Тексерістен кейін оның миы шайқалғаны анықталды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасады Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасады. Ол Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жүргізетін Taldau Talks подкасты эфирінде қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сүлейменовтің айтуынша, қоғамда қалыптасқан "Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені жоғары ұстау тиімді" деген пікір – қате. "Көп жағдайда адамдардың, кәсіпкерлердің, сарапшылардың, тіпті депутаттардың да Ұлттық банкке базалық мөлшерлеменің жоғары болғаны тиімді деген пікірі бар. Бізге базалық мөлшерлеменің жоғары болуы мүлдем қызық емес. Өздеріңіз білесіздер, бізге қатты қысым жасалады. Бірақ біз үшін ең бастысы – тұрақтылық. Бұл – Үкімет пен кез келген орталық банктің өнері: нәтижені дәл қазір көрсету емес, "ұзақ нәтижеге" жұмыс істеу. Экономикалық даму - қазір бір сәттік өсім көрсетіп, содан кейін төмендеп кету емес, тұрақты, дәйекті әрі жүйелі даму. Бұл - спринт емес, марафон", – деді ол. Сондай-ақ, Ұлттық банк басшысы келер жылы базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Оның айтуынша, мемлекет салық-бюджет саясатын қатаңдатқан жағдайда, ЖІӨ құлдырауын болдырмау үшін Ұлттық банк керісінше ақша-несие саясатын жұмсартуға тиіс. Контекст 10 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерді. Базалық мөлшерлеме – Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі құралы. Ол банктердің қандай пайызбен қарыз ала алатынын көрсетеді және халық пен бизнес үшін несиелер мен депозиттер бойынша пайыз мөлшерлемелерге едәуір әсер етеді. Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлеме мен айырбас бағамы арқылы инфляция деңгейіне ықпал етеді. Базалық мөлшерлеме көтерілгенде, экономикадағы ақша "қымбаттайды" – несие мен қарыздар бойынша пайыздар өседі. Нәтижесінде кәсіп те, халық та аз жұмсап, көбірек жинай бастайды. Тұтынудың төмендеуі баға өсімін баяулатып, инфляцияны тежеуге ықпал етеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында “Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ“ форумы өтті 8 қараша күні Алматы облысының тарихи және ірі аудандарының бірі – Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында "Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ" атты өңірлік ауыл әйелдерінің форумы өтті. Форумға 340-қа жуық белсенді ауыл әйелі қатысуда.​​​​​​​ Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Алматы облысы Әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Форумның басты мақсаты – ауылдық жерлердегі әйелдердің көшбасшылық әлеуетін нығайту және олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдың тұрақты дамуына бағытталған саясатының аясында іске асырылды. Форумның ашылуында Алматы облысының Әкімі жанындағы Комиссия төрағасы – облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Жамбыл ауданының әкімі Ертас Ертасұлы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сарсенбаева сөз сөйледі. "Ауылдық жерлердегі әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту: өңірлік даму саясатының негізі" тақырыбында өткен пленарлық отырыста ауылдық кәсіпкерліктің қаржылық және әлеуметтік-құқықтық мүмкіндіктері мен мәселелері жан-жақты талқыланды. Талқылаудың Негізгі Бағыттары Мемлекеттік Басқармалардың жұмысын айқындады. Алматы облысының Кәсіпкерлік басқармасы шағын және орта бизнесті дамытудағы мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген кредиттердің қолжетімділік шарттарымен таныстырды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы әйелдерге арналған әлеуметтік қолдау тетіктері мен қайтарымсыз жәрдемақы бағдарламаларының жүзеге асыру көрсеткіштерін жан-жақты баяндады. Ауылдық кәсіпкерлер экспортқа бағытталған бизнестерді дамытудағы тәжірибелерімен бөлісіп, ауыл шаруашылығындағы кооперацияның маңыздылығын атап өтті. Облыстық әйелдер кәсіпкерлігін дамыту кеңесінің өкілдері әйел кәсіпкерлігін экономикалық өсімнің негізгі факторы ретінде қарастыруға шақырды. Форум аясында ауыл әйелдерінің қолынан шыққан ауылшаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, олардың еңбек әлеуеті мен дәстүрді сақтауға қосқан үлесі көрсетілді. Қорытынды сөздерде, форумда айтылған барлық ұсыныстар мен өңірлік проблемалар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сараптамалық-талдау жұмысының негізіне алынып, ауыл әйелдерінің мәселелерін заңнамалық және әкімшілік деңгейде шешу үшін Орталық мемлекеттік органдарға ұсынылатыны айтылды. Бұл форум – Қазақстанның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуындағы ауылдық әйелдердің рөлін нығайтуға бағытталған Президент саясатының айқын көрінісі және оны аймақтарда жүзеге асырудың нақты тетігіне айналды-деп атап өтіп Алматы облысының Әкімі жанындағы Комиссия төрағасы – облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев.
“Сібір жарасына байланысты үйлер сүріледі“: Алматы облысы әкімдігі тұрғындарға жауап берді Алматы облысының әкімдігі Байсерке ауылындағы сібір жарасына қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылдық округіне қарасты Байсерке ауылының тұрғындары сібір жарасы көміндісінің маңында тұратыны туралы ақпаратқа байланысты баспанасыз қаламыз деп алаңдап отыр. Әкімдік не деді? Әкімдік Алматы облысының Байсерке ауылында сібір жарасының бір көміндісі барын растады. "Бұл көмінді жеке меншік жер телімінде, "Транспетролеум" ЖШС аумағында орналасқан. Мұрағат деректеріне сәйкес, 1958 жылы бір ірі қараның басы, ал 1968 жылы екі жылқы көміліпті", - деп хабарлады әкімдік. Мал көміндісінің айналасында радиусы 1 километр санитариялық-қорғау аймағы белгіленген. Ол Байсерке ауылының бір бөлігін, сондай-ақ, Талғар ауданының Кіші Байсерке ауылының кейбір жер учаскелерін қамтиды. "Санитариялық-қорғау аймағында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де нысандарды көшіру немесе сүру мәселелері қарастырылмайды. Қазір жергілікті халыққа қауіп жоқ", - деп атап өтті жергілікті билік. Мәселені жан-жақты зерделеу және қажет шараларды айқындау үшін Іле ауданы әкімнің өкімімен жұмыс тобы құрылды. Қазір топ ғылыми мамандармен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екі отырыс өтіп, онда көміндінің нақты орналасқан жерін нақтылау, санитариялық-қорғау аймағын түзету және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындалды. "Мұрағат құжаттары мен жиналған деректер талданып жатыр. Көмінді мен оның санитариялық-қорғау аймағына қатысты түпкілікті шешім алдағы бір ай ішінде жұмыс тобының қорытынды отырысында қабылданады, оның нәтижесі бойынша қажет шаралар айқындалады", - делінген хабарламада. Сондай-ақ әкімдік Іле ауданы әкімінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі "Аудандағы сібір жарасы көмінділерінің орындарын айқындау туралы" шешіміне тиісті өзгерістер енгізілетінін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қырғызстанда елді тонағандардың тізімі жасалды Қырғызстанда мемлекеттік мүлікті заңсыз иемденгендердің тізімі жасалды. Тоналған заттың шамамен 70 пайызы қайтарылды. Бұл туралы республиканың ҰҚК төрағасы Қамшыбек Тәшиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media-ға сілтеме жасап. Тәшиевтің айтуынша, мемлекеттік мүлікті талан-таражға салу негізінен екі жолмен жүзеге асқан. "Елдің бүкіл инфрақұрылымы мен өнеркәсібін жекешелендіру деген желеумен іс жүзінде әртүрлі адамдарға тегін берілді. Зауыттар, фабрикалар, автобазалар, жер учаскелері – мұның бәрі өндірісті қайта жандандырып, жұмыс орындарын ашу үшін емес, жеке байлық үшін берілді. Осылайша елде халық есебінен баю арқылы дәулет жинаған бір топ пайда болды. Жүздеген, бәлкім, мыңдаған адам ауқатты болып, ал миллиондаған азамат пен мемлекет кедей қалды", – деді ол. Кейін "мемлекетті тонау" науқаны жалғасты. Адамдар билікке тек халықтың байлығын иемдену үшін келе бастады. "Мэр, әкім, губернатор немесе министр лауазымы болсын – адамдар бұл қызметтерге қызмет ету үшін емес, ақша табу үшін барды. Мемлекеттік лауазымдар сатылған. Сол қызметтерді сатып алғандар жұмсаған қаражатын тез арада қайтару үшін бюджеттен ұрлады. Мысалы, мемлекет құрылысқа 100 сом бөлсе, соның 50–60-ы өзге қолда қалып қоятын. Соның салдарынан жаңа нысандар да, даму да болмады, халық кедейленді. Әскер мен мемлекеттік институттар әлсіреді, ал мемлекеттік қызметте байлар мен жемқорлар пайда болды", – деп ҰҚК төрағасы. Тәшиевтің айтуынша, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров құқық қорғау органдарының алдына және оның өзіне қойған басты міндеттердің бірі – тоналған мүлікті қайтарып, халықтың байлығын қалпына келтіру. "Президент маған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, мемлекеттік құрылымдарды әскери де, азаматтық та салада нығайту міндетін қойды. Ал ол үшін ресурстар керек. Біз мемлекеттік мүлікті заңсыз иемденгендердің тізімін жасадық, нысандар бірінен соң бірі мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Бүгінгі күнге дейін тоналғанның шамамен 70 пайызы қайтарылды", – деп түйіндеді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп АҚШ пен Орталық Азия елдері арасында тамаша қатынастардың басталғанын мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ, Қазақстан және Орталық Азияның өзге де елдері арасында жаңа, тамаша қатынастардың басталғанын мәлімдеді. Ол бұл пікірін алдыңғы күні Вашингтонда өткен C5+1 саммитіне байланысты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Америкалық лидер бұл туралы Truth әлеуметтік желісінде бөлісті. "Кеше Ақ үйде бес тамаша елдің президенттерімен саммит өткізу мен үшін үлкен құрмет болды: Қазақстаннан Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстаннан Шавкат Мирзиёев, Тәжікстаннан Эмомали Рахмон, Қырғызстаннан Садыр Жапаров және Түрікменстаннан Сердар Бердімұхамедов", – деп жазды ол. Трамптың айтуынша, кейінгі үш он жыл бойы оның алдынғы әріптестері бұл стратегиялық әрі табиғи және адами капиталы мол өңір елдеріне лайық көңіл бөлмеген. Алайда қазіргі АҚШ президенті бұған толыққанды түрде араласуға ниетті. "C5+1 платформасының 10 жылдығына орай біз авиация, маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы, темір жол, автомобиль жасау және технологиялар салаларында ондаған мың америкалық жұмыс орнын қолдайтын, миллиардтаған долларлық коммерциялық келісімдерге қол қойдық. Біздің саммит АҚШ пен Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Түрікменстан арасындағы тамаша, жаңа қатынастардың таңы болды", – деп түйіндеді ол. Анықтама: C5+1 – бұл Америка Құрама Штаттары мен Орталық Азияның бес елі (C5 – Central Asia Five): Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы дипломатиялық платформа (диалог тетігі). Платформа өңірлік тұрақтылық, экономикалық даму және қауіпсіздік бойынша ортақ мәселелерді бірлесе шешуге арналған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда құтқарушылар үйінді астында қалған ер адамның денесін тапты Павлодарда салынып жатқан ғимараттың құрылыс алаңында плита құлады. Құтқарушылар үйінді астында қалған ер адамның денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 7 қараша кешке құрылыс алаңында болған. Құрылыс нысанындағы жабын плитасының құлауынан үш адам зардап шекті. Екеуі орташа ауыр жарақатпен жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, тексерістен кейін амбулаториялық емге жіберілді. Үшінші зардап шеккен, 58 жастағы ер адам, үйінді астында қалған. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмысқа облыстық ТЖД-ның шамамен 20 қызметкері және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Іздеуге жылуіздегішпен жабдықталған дрон мен кинологтар тартылды. Құтқарушылар қиын әрі қауіпті жағдайда жұмыс істеді. Кинологиялық есептеулер және құтқарушылар апаттық-құтқару жабдықтары мен жылутүсіргішті қолдана отырып, құлау салдарынан жоғалған адамның жерін анықтады. Сағат 04:31-де ол үйінді астынан шығарылды. Тағы не белгілі? Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай әкімшілік ғимаратты жеке мектепке айналдыру үшін жүргізілген реконструкция кезінде болған. Полиция ҚР ҚК "Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте 6 жасар баланың өліміне себепкер болған құрылыс компаниясының басшысы сотталды Шымкентте 6 жасар баланың өліміне себепкер болған құрылыс компаниясының басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап. "Ас орта групп" мекемесі су жүргізу үшін арық қаздырып, сол күйінде қалдырып кеткен. Ал көктемде ол жерге құлаған бала жиналған нәжіс суына тұншығып өлген. Осы олқылығы үшін мердігер мекеменің 44 жастағы директоры кінәлі деп танылып, ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ ол рақымшылыққа ілігіп, жазасы бір жарым жылға дейін қысқарды. Десе де марқұм балақайдың анасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Алайда арық қаздырып, нәжіс су толғанша ешқандай белгі мен қоршау қоймағаны үшін кінәлі деп танылған мердігер мекеменің басшысы үкіммен келіспей отыр. "Сот үкім етті. Тастанбеков Нұржан Амалбекұлы ҚР ҚК 279-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзуға барғаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған екі жыл мерзімге құрылысқа байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Нұрсұлтан Мыңбатыров. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Елена Рыбакина алғаш рет WTA Қорытынды турнирінің финалына шықты Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Эр-Риядта өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде өз тобындағы соңғы кездесуін өткізді. Бұған дейін америкалық Аманда Анисимова мен Польша өкілі Ига Швентекті жеңген қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобынан жартылай финалға бірінші орынмен жолдама алған еді. Елена Рыбакина үшінші бәсекесін әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізуі керек еді. Алайда бұған дейін екі ойынында жеңіліс тапқан Киз ауырып қалғанына байланысты матчтен бас тартты. Оның орнына кортқа әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова шықты. Матч 6:4, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында қазанда жоғалған 15 жастағы қыз Ақтөбеден табылды Атырау облысы Құлсары қаласында екі апта бұрын жоғалған 15 жастағы Жұлдызай Мұсағалиева Ақтөбеден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап. Жылыой аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім Жылыой ауданы полиция қызметкерлері мен Ақтөбе облысы полицейлерінің бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде табылған. "Қазір кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Бұл дерек бойынша қажет тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері. Zello Poisk волонтерлерінің айтуынша, қызды полиция қызметкерлері сауда-ойын-сауық орталығында тапқан. Құқық қорғаушылар іздеуге көмектескен барлық азаматқа алғыс айтып, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріп, олардың қайда жүргенін бақылауға шақырды. Жасөспірім 24 қазанда шамамен 22:00-де үйден шығып кеткен. Алдымен ол Құлсарыдан Атырауға, кейін Ақтөбеге бағыт алған. Жұлдызайдың кейінгі рет Ақтөбеде автовокзал маңында көрінгені белгілі болды. Танысына ол осы қалаға көшуді жоспарлап жүргенін айтқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Телефон верикациядан өтпей қалса не істеу керек: мамандар кеңесі Биыл Қазақстанда ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау жүйесі жұмыс істей бастады. IMEI-ді растау кезінде өтінімдерінің бір бөлігі толтыру кезіндегі қатеге байланысты қабылданбай қалады. Жүйенің жұмысына жауапты компания өтінімді қалай беру қажет екенін түсіндірді. "ATS Mediafon KZ" ЖШС (Абоненттік құрылғыларды верификациялаудың ақпараттық жүйесін жеткізуші) мәліметінше, деректердің дұрыстығын алдын ала тексерген жағдайда, келеңсіздікке жол бермеуге болады. "Көп жағдайда өтінімнің қабылданбай қалуына үлгіні мұқият толтырмау себеп болатынын байқаймыз: барлық IMEI-ді енгізбеу, сандарда қате жіберу, сәйкес емес құжаттарды қоса беру жағдайлары болады. Рәсімнің сәтті өтуі үшін өтінімді жібермес бұрын ақпаратты салыстырып тексеру маңызды", - дейді "ATS MEDIAFON KZ" ЖШС Коммерциялық директоры Мәди Шерім. Өтінімді қабылдамау себептері және қалай дұрыс жасау керек? 1. IMEI толық емес немесе сандары қате Әрбір құрылғыда модельге және SIM слоттарының санына байланысты бірден төртке дейін IMEI коды болуы мүмкін. Сіз оларды *#06# тіркемесін теру арқылы біле аласыз. 2. IMEI-ді енгізу кезіндегі қателер Тіпті бір сан артық немесе жетпей қалса да код қате болады. Мамандар өтінімдегі IMEI құрылғыда көрсетілген сандарға толығымен сәйкес келетіндігін мұқият тексеруге кеңес береді. 3. Өтініш берушінің ЖСН немесе БСН-і растайтын құжаттарға сәйкес келмеуі Егер құрылғы сыйлық ретінде әкелінген болса, онда өтінішті шекарадан өту туралы анықтама немесе кедендік декларация ресімдеген адам ғана беруі маңызды. "Құжатта телефонды әкелген адамның ЖСН-і көрсетіледі. Сондықтан, егер сыйлық алушының ЖСН-і көрсетілсе, жүйе сәйкессіздікті тіркеп, өтінімді қабылдамайды. Бұл ретте алаңдаудың қажеті жоқ: құрылғы сыйлық берушінің ЖСН-іне "байланған" болып қалмайды. Сыйлыққа алған адам оны кедергісіз пайдалана алады", - деп түсіндірді Мәди Шерім. Кіру деректеріндегі және құжаттардағы қате Кей уақытта өтінімде ел мен кіру күні көрсетіледі, бірақ анықтамада тек Қазақстаннан шығу туралы деректер болады. Мұндай жағдайларда жүйе құрылғыны әкелу дерегін растай алмайды. Мамандар анықтама сұраған кезде күндердің барынша кең ауқымын (±2-3 күн) көрсетуді және шекарадан өту бағытын - әсіресе, егер сапар үшінші елдер арқылы немесе транзитті қамтыса мұқият тексеруді ұсынады. Бас тартудың тағы бір жалпы себебі - дерекқорда растау құжаты туралы деректердің болмауы. Бұл жүйе декларацияны немесе пошта жөнелтілімінің трек нөмірін таппаған жағдайда болады. Бұл жағдайда құрылғы жеткізілген маркетплейстен немесе пошта қызметінен ақпаратты нақтылау қажет. Верификация үшін қандай құжаттар қабылданады Тек бекітілген тізбеден ресми құжаттар ғана қабылданады: мемлекеттік шекарадан өту туралы анықтама, кедендік декларация немесе пошта жөнелтілімінің деректері. Кейбір жағдайларда пайдаланушылар чек сканерлерін, кепілдік талондарын немесе құрылғының фотосуреттерін қосады - мұндай құжаттар заңды әкелу дерегін растамайды, сондықтан өтінім қабылданбайды. Қабылдамау себебін қалай білуге және қайда жүгінуге болады? Бас тарту себебін өтінім өңделгеннен кейін kz-imei.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады. Егер себебі түсініксіз болса, Абоненттік құрылғыларды верификациялаудың ақпараттық жүйесін Қолдау қызметіне - ресми сайттағы "Қолдау" бөлімі арқылы хабарласуға болады. "Біз пайдаланушыларға өтінімді қабылдамау себептерін түсіндіруге, толық талдау жүргізуге және шешімін табуға көмектесуге әрқашан дайынбыз", - деп қорытындылады "ATS MEDIAFON KZ" ЖШС Коммерциялық директоры.
Ақтөбе облысында қайын атасы келінін зорлады деген күдікке ілінді Әлеуметтік желілерде "Ақтөбе облысында келінін зорлады деген күдікпен 53 жастағы ер адам ұсталғаны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән жайы Желіде осы оқиға туралы жазбалар тарады. Мәліметке сүйенсек, зардап шеккен әйел 22 жаста, ол - ер адамның өгей баласының әйелі. Полиция пікірі Ақтөбе облысы Полиция департаменті өкілі жағаұстатар жағдайға пікір білдірді. "Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау дерегі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар 1 пайыздық мөлшерлемемен ипотека ала алады Қазақстанда "Дипломмен - ауылға" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдана бастады. Бұл туралы Отбасы банкі Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешені (АӨК), мәдениет, спорт салаларының, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы мемлекеттік қызметкерлер (әкімдер мен олардың орынбасарларынан басқа) қатыса алады. Өтінімді Baspana Market платформасы арқылы тапсыруға болады. Өтінімді онлайн толтырып, құжаттарды ЭЦҚ арқылы қол қойып жіберу керек. Бағдарлама туралы: көтерме жәрдемақы – бір реттік төлем: 100 АЕК; тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін жылдық 1 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несие (ЖТСМ – 1 пайыз); максималды несие сомасы – 2 500 АЕК-ке дейін (елді мекен түріне байланысты); несие мерзімі – 15 жылға дейін. Қатысу шарттары: техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның болуы; несие алған мамандар кемінде 3 жыл бойы өз мамандығы бойынша ауылдық жерде жұмыс істеуге міндетті; бұрын алынған несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
СІМ Қазақстан Авраам келісіміне қосылуына байланысты мәлімдеме жасады Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміз Авраам келісімдеріне қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, бұл маңызды шешім Қазақстан мүддесі үшін қабылданған және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді. "Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес келеді. Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыс халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және "екі халық үшін екі мемлекет" қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мүлікке қатысты атышулы іс: Марат Әйтенов пен Дана Әтешова келісімге келді Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтың туған ағасы Марат Әйтенов пен оның бұрынғы жұбайы мүлікке қатысты келісімге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай басталды? 2024 жылдың 12 шілдесінде әлеуметтік желілерде Марат Әйтеновтың бұрынғы жұбайы Дана Әтешованың видеосы тарады. Онда ол өзін бұрынғы күйеуі мен оның өкілдері, сондай-ақ полиция қызметкерлері үйден күштеп шығармақ болғанын айтқан. Әтешованың сөзінше, ол кезде күш қолдану дерегі де болған. Осы оқиғадан кейін Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сол жылдың 2 тамызында Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны ҚР ҚК-нің 109-бабы бойынша 12 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Сотта Дана Әтешова бұрынғы күйеуі некеде болған тоғыз жылда жүйелі түрде күш көрсеткенін мәлімдеді. Мүлікке қатысты келісім 7 қарашада Дана Әтешова мүлікті бөлу бойынша медиативтік келісімге келгендерін хабарлады. "Біз мүлікке қатысты медиативтік келісімге қол қойдық. Сот бекітті, екі жақ та келісімге риза", – деп жазды ол. Алайда Әтешованың айтуынша, алиментке қатысты мәмілеге келу мүмкін болмаған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Дана Атешова (@dana_ateshova) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан соты Қытай азаматын қамауға алды Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық сотында Қытай азаматына қатысты іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот мәліметінше, биыл 5 маусымда ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Ю. 29 шілдеде қайта құқықбұзушылық жасаған, яғни заңсыз пайдалы қазбалар өндірумен айналысқан. Сот отырысында Ю. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген. Сот үкімі Сот Ю.-ды ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 7-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және Қазақстан аумағынан шығару түріндегі жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда газ бағасын көтеру ұсынылды "QazaqGaz" Ұлттық компания" басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қазақстанда газ бағасын кезең-кезеңімен көтеру қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Самұрық-Қазына" қорының қоғамдық кеңесінің отырысында Жамауов тауарлық газдың көтерме бағалары біртіндеп өскеніне қарамастан, Қазақстанда табиғи газ тарифтері төмен екенін хабарлады. "Тіпті жақында 33 пайызға түзетілгенін ескерсек те, ішкі нарықтағы жыл сайынғы субсидия шамамен 200 миллиард теңге болады", - деді ол. Оның сөзінше, кейінгі жылдары газ бағасының өсуі әлеуметтік маңызы бар көптеген тауар бағасының өсуінен төмен болған. Кейінгі он жыл ішінде қазақстандықтардың коммуналдық төлемдеріндегі газ шығынының үлесі 6,4 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеген. "Тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды іске асыру және инфрақұрылымды дамыту үшін көтерме бағаны біртіндеп өзіндік құны деңгейіне дейін жеткізу қажет. Бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, Қазақстанның барлық өңірін газбен қамтуды қамтамасыз етеді", - деп түсіндірді Жамауов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар және 15 градусқа дейін жылы: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы Қазгидромет синоптиктері 8, 9 және 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанға циклон жақындап келеді Атлант циклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, тұман, көктайғақ және боранмен қатар жел күшейеді деп болжанады. "Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – деді синоптиктер. Ауа температурасы қандай болады? Қазақстанның батысында 5-15 градус жылы, солтүстік-батысында 0-10 градус жылы, солтүстігі, шығысы және орталығында -3 градус аяз – 2 градус жылы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 5-15 градус жылы болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Дрон заңсыз әрекетті түсіріп алған: Түркістан облысында әкім қызметінен босатылуы мүмкін Түркістан облысында прокурорлар жер қойнауын заңсыз пайдалану жолын кесті - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмау және алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырған. "Арнайы дрон көмегімен Сауран ауданы аумағындағы "Құрсай" өзені бойында жер қойнауының тұтастығын бұза отырып, кең таралған пайдалы қазбалардың (құм-қиыршықтас қоспасы) заңсыз өндірілгені анықталды", - делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде заңсыз жасалған меморандум бұзылып, тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылған. Аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Блогер Шымкент әкімдігі қызметкерін бопсалап, 10 миллион теңге сұраған Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер әрі журналист ұсталған. Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. "Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрон құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
13 адам қаза тапқан алматылық хостелдегі өрт: апелляциялық сот не шешті? 7 қарашада 13 адамның өмірін қиған алматылық хостелдегі өрт бойынша апелляциялық тыңдау аяқталды. Судьялар алқасы айыпталушылардың үкімін күшінде қалдырды, бірақ өрт дабылын орнатушыны жәбірленушілерге өтемақы төлеу міндетінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Almaty Hostel-де өрт 2023 жылдың 30 қарашасында болған. Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты, оның төртеуі шетелдік азамат. Бұл іс бойынша айыпталушылар – хостелдің иесі Әділбек Мұхамедияров және өрт дабылын орнатуға жауапты жеке кәсіпкерлік иесі Александр Пекельник. Мұхамедияров ҚР ҚК-ның 292-бабы 3-бөлігі бойынша, ал Пекельник – ҚР ҚК-ның 306-бабы бойынша айыпталған. Алмалы аудандық соты Әділбек Мұхамедияров пен Александр Пекельникті кінәлі деп таныды. Мұхамедияров ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Пекельникке дәл сондай режимде 4 жыл жаза тағайындалды. Екеуі де сот залында қамауға алынды. Апелляциялық сот шешімі 7 қарашада Алматы сотының апелляциялық алқасы үкімге тек бір өзгеріс енгізді. Пекельниктен екі жәбірленушіге моральдық зиян ретінде әрқайсына 7 миллион теңгеден өндіру туралы тармақтың күші жойылды. Бірақ Мұхамедияров пен Пекельниктің бас бостандығынан айыру мерзімдері сол күйі қалдырылды. Сот алқасы олардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары және іс материалдарының жиынтығымен толық дәлелденгенін мәлімдеді. Екеуі де жазасын ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Қазақстанға келуі мүмкін АҚШ пен Орталық Азия елдері көшбасшыларының кездесуі кезінде президент Трамп Қазақстанға баруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Трамп мырза, Сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ Президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма?" - деген сұрақ қойылды. "Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – ред). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз", - деді АҚШ президенті Дональд Трамп. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Трамп Ақ үйдегі кездесуде не туралы сөйлесті? Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер және көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестік: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелері, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті. Қазақстан Президентінің айтуынша, Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін "Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына" (TRIPP) ерекше назар аударды. Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады. Сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Әңгімелесу барысында екіжақты ықпалдастықтың кең көлемдегі мәселелері жан-жақты талқыланды, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективті бағыттары нақтыланды. Сонымен қатар президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Тоқаев туралы: Парасатты президент АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 миллиард доллар тұратын келісімдер жасады. Ол авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар секілді бағыттарды қамтиды. Сіздің ойыңызша, бұл серіктестіктің қай саласы маңызды? Екінші сұрақ. Трамп мырза, сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма?" деген сұрақ қойылды. "Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – еск). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің табиғи ресурсқа бай еліңіз, сондай-ақ, парасатты Президентіңіз бар", - деп жауап қатты АҚШ президенті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұман, көктайғақ, жауын-шашын: 14 аймақта ескерту жарияланды 7 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұлтты болып, жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. Астана – көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Алматы – түнде және таңертең тұман күтіледі. Шымкент – түнде және таңертең тұман күтіледі. Жетісу облысы – түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Алматы облысы – түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман. Атырау облысы – түнде және таңертең батыс бөлігінде тұман күтіледі. Абай облысы – түнде батыс, солтүстік және орталық аудандарында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз солтүстік, шығыс және орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні облыстың батысы, солтүстігі және орталығында секундына 15-20, күндіз 25 метрге дейін. Семейде қар, боран болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысы – батысында, солтүстігінде және шығысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, екпіні 15-20, күндіз 23 м/с. Өскеменде қар, боран. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с. Жамбыл облысы – батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман күтіледі. Таулы аймақтарда жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Таразда кей уақытта тұман. Павлодар облысы – жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысы және оңтүстігінде боран. Көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні батыс пен оңтүстікте 15-20 м/с. Павлодарда көктайғақ. Қостанай облысы – батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік және шығыс бөлігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с. Қостанайда жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Жел күндіз 15-20 м/с. Ақмола облысы – түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз солтүстік пен шығыста кейде 23-28 м/с. Көкшетауда көктайғақ. Жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысы – түнде солтүстігі мен шығысында қар, боран, көктайғақ, күндіз солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 9-14 м/с, солтүстік және шығысында 15-20 м/с. Қарағандыда жел 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысы – жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Батысы мен солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, батысы мен оңтүстігінде 25 м/с. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Жел 15-20 м/с. Маңғыстау облысы – түнде және таңертең солтүстік-шығыс бөлігінде тұман күтіледі. Түркістан облысы – оңтүстігі, солтүстігі және таулы аудандарда тұман. Түркістанда түнде және таңертең тұман. Батыс Қазақстан облысы – түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман. Оралда түнде және таңертең тұман. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Екі қаланың тұрғындарына ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазгидромет екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "7 қарашада Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Депутат Қазақстанда тоқал алуды заңдастыру туралы ұсынысқа пікір білдірді Сенат депутаты Жанна Асанова Қазақстанда тоқал алуды заңдастыруға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сенат кулуарында журналистер парламентариден төменгі палата депутатының ұсынысына қалай қарайтынын сұрады. "Менің айтарым, Конституцияда неке институты бекітілген, онда бәрі анық жазылған. Қалғаны – жекелеген пікірлер. Мен некедегі зайырлы қарым-қатынасты қолдаймын", - деді Асанова. Еске салайық, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бір сұхбатында тоқал алуды заңдастыруды ұсынған болатын. Ол бұл жайтты заң тұрғысынан реттеу керек деген пікірде. "Бірақ мен қарсы болды екен деп, сіз қарсы болды екен деп, заңда тыйым бар екен деп тоқтап жатқан адам жоқ. Сондықтан мұны (тоқалдықты - еск.) заңдастыру керек деп есептеймін. Заңмен реттеу қажет. Әуелі қоғамның талқысына салу керек", - деді депутат. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы ең қауіпті жолдар аталды 2025 жылы жиі жол апаты болып, адамдар қаза тапқан тасжолдар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметіне сілтеме жасап. Компания мәліметінше, жол апаты туралы дерекке тұрақты мониторинг пен талдау жүргізіп отырылады. Оған сүйенсек, тоғыз ай бойынша тізімде мына учаскелер бар: РФ шекарасы (Жайсан бекеті) - Мәртөк - Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент (солтүстік айналма жолымен) - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - (Нұр жолы бекеті) - 109 адам қаза тапқан; Астана - Қарағанды тасжолы (айналма жолмен) - Алматы - 85 адам қаза тапты; Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха тасжолы - Ресеймен мемлекеттік шекара (Үбі өткізу бекеті) - 55 адам қаза тапқан; Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай тасжолы (айналма жолмен) - Ресеймен мемлекеттік шекара (Қайрақ өткізу бекеті) - 28 адам қаза тапқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? Синоптиктер 7, 8 және 9 қарашада Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы ауа райы болжамы 7 қарашада құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз шамамен 0 градус. 8-9 қарашада құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз шамамен 0 градус деңгейінде. Алматыдағы ауа райы болжамы 7 қарашада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы. 8 қарашада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы. 9 қарашада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0 градус, күндіз 9-11 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мектепте телефон пайдалану: оқушының ата-анасы айыппұл арқалауы мүмкін Сенат дәлізінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова "Білім туралы" заңда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынғанын және бұл заңды бұзғаны үшін айыппұл көзделетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шенеуніктің сөзінше, жауапкершілік ата-анаға жүктеледі. "Білім туралы заңда оқу процесінде ұялы телефон қолдануға болмайтыны жазылған. Жауапкершілік ата-анаға жүктеледі. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің шеңберінде бұл - 409-бап. Бұл жағдай бірінші рет болып жатса, ескерту жасалады, қайталанған жағдайда айыппұл қарастырылады", - деді ол. Шенеуніктің айтуынша, ата-аналарға 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. 2025 жылы бұл - 19 660 теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Рубио Қазақстанға келуге ниет білдірді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 2026 жылы Қазақстанға келуге ниет білдірді. Бұл туралы ол Вашингтонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлеріне арналған қабылдауда мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Марко Рубио АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаудың Қазақстанға сапарын "маңызды миссия" деп атады. "Олар онда біраз уақыт болды. Мен білсем, олар аймақтың басқа елдеріне баруды да асыға күтеді. Өзім де келесі жылы бес елге барғым келеді, сондықтан сапар кем дегенде бір аптаға созылуы мүмкін", - деді Рубио. Еске салайық, жуырда АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау Қазақстанға келді. Ал бүгін Қазақстан Президенті Вашингтонға сапармен барды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Valve, Apple және Temu Қазақстанға миллиардтар төледі Цифрлық қызмет бойынша салық енгізілгелі бері шетелдік интернет компаниялардан Қазақстан бюджетіне 118,4 млрд теңге түскен. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Google салығы деген не? 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қазақстандықтарға электрон қызмет көрсететін немесе интернет арқылы тауар сататын шетелдік компанияларға салық салынады. Мұндай компаниялар Қазақстанда тіркелуге және қосылған құн салығын 12% мөлшерлемемен төлеуге міндетті. Бүгінде Қазақстанда 118 шетелдік резидент емес компания есепке қойылған, олардың қатарында әлемнің ірі платформалары бар. Олар қанша теңге көлемінде салық төледі? "Шетелдік цифрлық компаниялар жалпы 118,4 млрд теңге төледі, соның ішінде биыл 48,6 млрд теңге түсті", - деп жазылған хабарламада. 2025 жылы ең ірі ҚҚС төлеушілер: Valve Corporation - 8,6 млрд теңге; Apple - 8 млрд теңге; Temu - 6,2 млрд теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақмола облысындағы тасжолда жылдамдыққа шектеу енгізілді Ақмола облысында жылдамдыққа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 6 қараша сағат 06:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 19–231 шақырым аралығында көліктің барлық түрлері үшін жылдамдық шектеуі 110 шақырым/сағ-тан 80 шақырым/сағ-қа дейін төмендетіледі", - делінген хабарламада. Жылдамдық режимін 2025 жылғы 06 қараша күні сағат 15:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда депрессия кезінде жұмысқа шықпаса бола ма? Қазақстанда "депрессия" диагнозы қойылғанда еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеуге бола ма? Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінен сұрап білдік, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұрақ Редакцияға оқырман жүгініп, әлеуметтік желілерде депрессия кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеуге болатыны туралы жазбаны көргенін айтты. "Threads-та қызық пост көрдім. Шынымен депрессия кезінде аурухана парағын ашып береді ме?" – деп сұрады ол. Скриншот: Threads Денсаулық сақтау министрлігі жауабы Жағдайды нақтылау үшін министрліктің баспасөз қызметіне жүгіндік. Ведомство мәліметінше, депрессия диагнозын психиатр дәрігер қояды. "Сондай-ақ алғашқы белгілерді жалпы практика дәрігері немесе психолог анықтай алады, бірақ нақты диагноз қою, ем тағайындау және пациентті бақылауды психиатр дәрігер жүргізеді", – деп түсіндірді министрлік. Депрессия кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын шынымен рәсімдеуге болады. Бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты. "Егер дәрігер пациенттің жағдайы уақытша еңбекке қабілеттілігін шектейді деп есептесе, жеңіл дәрежедегі депрессия кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ашылуы мүмкін", – деді баспасөз қызметі. Ал орта және ауыр дәрежедегі депрессия кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттарына сәйкес стационарлық жағдайда емделу ұсынылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағанды ​​тұрғыны ұлының өлімі үшін үш ауруханадан 5 миллион теңге өндіріп алды Қарағанды ​тұрғыны үш медициналық мекемеге қарсы сотқа шағым түсіріп, моральдық шығын өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? 2023 жылғы наурызда жасөспірім балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне түскен. Ол он күн бойы қызуы көтеріліп, әлсіздікке шағымданған. Жағдайының ауырлығына қарамастан, оған медицина қызметкерлері тек тәулік бойы ауруханаға жатқызуды ұсынған, бірақ анасы бас тартқан. "Алайда, бас тарту құжатпен рәсімделмеген, ал әйелге ауруханаға жатқызу қажеттілігі дұрыс түсіндірілмеген", - делінген хабарламада. Медициналық көмек көрсетудегі заңбұзушылықтар Кейінірек жасөспірімнің жағдайының нашарлауына және қатерлі ісікке күдік туындауына байланысты ол тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлық мекемеге жатқызылған. "Алайда, аурухана басшылығы мен Денсаулық сақтау басқармасы оған республикалық орталықтардың мамандарын тартумен шұғыл консультация алу, телемедицина консультацияларын ұйымдастыру және науқасты бейінді мекемеге ауыстыру мүмкіндігі туралы уақтылы хабарламаған". Сонымен қатар, жалпы практика дәрігері қанның жалпы талдауындағы өзгерістерді дұрыс бағаламаған және науқасты онкогематологиялық ауруға күдік бар екенін растау үшін республикалық медициналық ұйымға жібермеген. Жасөспірімнің өлімі және сот шешімі Бір ай өткен соң, жасөспірім республикалық медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық қызметтерді көрсетудегі заңбұзушылықтарды растады. Бірінші сатыдағы сот талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды және оның пайдасына қаладағы үш медициналық ұйымнан моральдық залал үшін 5 миллион теңге өтемақы өндірді. Апелляциялық саты шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық сериалдар төңірегіндегі дау: министрлік пікірі Қазақстандық сериалдардағы бейәдеп сөздерге қатысты сыннан кейін және футбол туралы сериалдың өшірілуінен кейін желіде цензура қажет пе деген дау туындады. Бірі интернет еркін болуы керек десе, басқалары контенттегі боғауызды шектеуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Редакция Мәдениет министрлігінен заң қалай жұмыс істейтінін және авторларды жазалауға бола ма, сұрап білді. Министрлікте не дейді? Мәдениет және ақпарат министрлігі заң фильмдер, сериалдар және онлайн-платформаларда бейәдеп сөздер қолдануға тікелей тыйым салмайтыны түсіндірді. "Онлайн-платформаларда, әдетте, белгіленген нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін модераторлар мен автоматты бақылау жүйелері бар. Мысалы, YouTube материалдарды қоғамдастық ережелері және Google пайдалану шарттары арқылы реттейді, ал Instagram Meta қоғамдастық стандарттары мен пайдалану шарттарына сәйкес жұмыс істейді", - деп түсіндірді ведомство. Бұл ретте, министрлік бейәдеп сөзге қатысты белгілі бір жауапкершілік бар екенін еске салды, ол контекст пен салдарға байланысты. Қай кезде балағат сөздер заңбұзушылыққа жатады? Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" қоғамдық орындардағы балағат сөздерге қатысты жазаны қарастырады, алайда интернет бұл анықтамаға сай келе бермейді. "Көрсетілген норма онлайн-платформаларда бейәдеп сөздер қолдануға тікелей қолданылмайды. Сонымен қатар мұндай әрекеттерді саралау кезінде нақты жағдайлар, жарияланған контенттің мақсаты мен сипаты, сондай-ақ қоғамдық тәртіпке әсері ескеріледі", - деді ведомство. Сондай-ақ "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңның 16-бабындағы екінші тармақ пайдаланушылардан жалған ақпарат немесе заңсыз контент жарияламауды талап етеді. Еске салайық, қазан айынның аяғында Мәжіліс отырысында депутат Құдайберген Бексұлтанов қазіргі қазақстандық сериалдарды бейәдеп сөздердің шамадан тыс қолданылатыны үшін сынға алған болатын. Оның сөзінен кейін желіде пікірталас өрбіді. Осы уақытта қазақстандық футбол туралы Offside сериалының төңірегінде жанжал шықты. Жобаның авторларының бірі Рүстем Омаров парақшасы бұзылғанын және YouTube-тен видеолар өшірілгенін айтты. Пайдаланушылардың пікірі екіге бөлінді - бірі мұны цензура деп есептесе, басқалары техникалық ақау немесе алдын ала ойластырылған пиар болуы мүмкін деп болжады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағандыдағы арнайы операция: жасырын зертхана анықталды Қарағанды облысында есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 5 қарашада Қарағанды облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның көмегімен Сортировка кентінде ауқымды арнайы операция өткізді. Операция барысында жасы 28 бен 30 аралығындағы екі тұрғын синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған. Тінту кезінде жалдамалы үйден бір тоннадан аса прекурсор мен 52 келіден аса дайын Альфа-PVP тәркіленген. Сонымен қатар, есірткі өндіруге арналған құрал-жабдықтар: электрон таразылар, араластырғыштар, кептіргіштер, вакуумдағыштар, контейнерлер және өзге де техникалық құрылғылар анықталып, айғақ зат ретінде алынды. "Операция нәтижесінде шамамен 173 мың доза синтетикалық есірткінің қара нарыққа түсу жолы кесілді. Сондай-ақ азаматтар арасынан жаңа "курьерлер" мен жасырын таратушылардың қылмыстық іске тартылуына жол берілмеді, - деді Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ғалымжан Бекболатов. Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер үйді зертхана ашу мақсатында жалдап, психотроптық заттарды куратордың нұсқауымен дайындаған. Ал еңбекақылары криптовалюта түрінде төленіп отырған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Трамппен келіссөз жүргізуге Вашингтонға ұшып барды Қазақстан Президенті Вашингтонға сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі. Ертең Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, "Орталық Азия – АҚШ" саммитіне қатысады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шетелден әкелінген телефонды верификациядан қалай өткізуге болады? Қазақстанға шетелден әкелінген мобильді құрылғыларды верификациядан толық онлайн және тегін ХҚКО-ға бармай-ақ өткізуге болады. Толығырақ "ATS Mediafon KZ" ЖШС түсіндіріп берді. Бұл - Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялаудың ақпараттық жүйесін жеткізуші. "Азаматтар ешқандай төлем жасамайды. Егер пайдаланушы құрылғыны Қазақстанға жеке өзі әкелген болса, бұл процедураны тегін және толық онлайн түрде өтуге болады. Ол үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ", – делінген компания хабарламасында. Верификациядан қалай өтуге болады? Егер мобильді құрылғы шетелден сатып алынса және Қазақстанға жеке пайдалану үшін әкелінсе, верификация рәсімі де күрделі емес, бірақ бірнеше қадамдарды орындауды талап етеді. "Ең алдымен, смартфонды шетелде сатып алудан бұрын kz-imei.kz порталында IMEI-код бойынша алдын ала тексеруден өтуге болатынын есте сақтаңыз. Бұл IMEI кодының мәлімделген брендке және құрылғы үлгісіне сәйкес келетініне көз жеткізуге мүмкіндік береді, бұл әсіресе жалған немесе дұрыс тігілмеген телефондарды сатып алуды болдырмау үшін маңызды", - деп атап өтті ATS Mediafon KZ. Құрылғыны Қазақстанға әкелгеннен кейін верификация рәсімінен өту қажет. Ол үшін сізге қажет: сіздің ЖСН; құрылғының IMEI коды (телефоннан *#06# теру арқылы білуге болады); егер құрылғы пошта арқылы келсе, онда шекарадан өту туралы анықтама немесе сәлемдеменің трек нөмірі. Оны vmp.gov.kz сайтынан онлайн режимінде ресімдеуге болады. Анықтама дайын болған кезде kz-imei.kz сайтына өтіңіз және IMEI верификациялауға өтініш беріңіз. Өтініш бергеннен кейін сіздің құрылғыңыз тексеріледі және егер бәрі дұрыс болса, ол "ақ тізімге" енгізіледі. Бұл дегеніміз, телефон Қазақстандағы байланыс, мобильді интернет және операторлардың басқа да қызметтерін шектеусіз пайдалана алады.
Қазақстанда несие беру нормасы өзгереді Енді қаржы ұйымдары бірінші берген несие өтінімі қаралмайынша жаңа несие бере алмайды. Бұл норма "кредит шопингімен" күресуге бағытталған. Яғни, адам бірнеше минуттың ішінде әр түрлі банк пен микроқаржы ұйымдарынан ондаған несие рәсімдей алатын жағдайлардың алдын алу үшін қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәжілісте "Қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланып жатыр. Қазақстанда бір адамның қысқа уақыт ішінде бірнеше несие ресімдеуін шектейтін жаңа тетік енгізілген. Мән-жайы Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза көтерді. Оның айтуынша, көп адам кредиттік бюродағы ақпарат жаңарғанша бірнеше несиені қатар алып үлгереді. "База бір сағатқа дейін кешігіп жаңарады. Бұл уақыт адамға 10 несие рәсімдеуге жеткілікті. Сондықтан кредиттік бюроға ақпаратты жіберу жылдамдығын арттыруды ұсынамыз", - деді депутат. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бұл мәселе заң деңгейінде шешілген. "Біз кредиттік бюроларға клиенттің өтінімі мақұлданған ба, жоқ па көрсету талабын енгіздік. Бірінші өтінім мақұлданбайынша, басқа ұйымдар жаңа несие беруге құқылы емес", - деді ол. Әбілқасымова айтуынша, бұрын мұндай талап болмаған, сондықтан банктер клиенттің басқа жерде несие рәсімдеп жатқанын көре алмаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодар облысында тұрғын заңсыз 300 келіге жуық балық аулаған Павлодар облысында 300 келіге жуық заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 20 қазаннан бастап өңір аумағында "Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. "Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 111 дерегін анықтады. Полицейлер Май ауданында Нива көлігін тоқтатып, тексерген. Тексеріс барысында көліктен шамамен 278 келі болатын балық табылды. Ал аулаған азаматтардың рұқсат берілген тиісті құжаты жоқ боп шықты. Барлық құқық бұзушылықтар бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті. Полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы алғашқы қар: коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті Алматыда қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыда соңғы тәулікте шамамен 20 миллиметр жауын-шашын түскен. Бұл қарашадағы айлық норманың жартысына тең көрсеткіш. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметі тұрғындардың қауіпсіздігі мен еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатқаны айтылды. "Таулы аймақта ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан көктайғақ пайда болды. Онда арнайы қоспа себіліп жатыр. Бұл жұмысқа 900-ден астам арнайы техника және 2500-ден астам маман тартылған. Қолданылып жатқан техника қатарында құм-тұз қоспасын себетін көліктер, сыпыру-тазалау кешендері, тиегіштер және қосымша арнайы техникалар бар", - делінген хабарламада. Қала әкімдігі мәліметінше, көшелер, тротуарлар мен аялдамалар тәулік бойы тазаланып жатыр. Коммуналдық қызмет жағдайды бақылап, қажет болса қосымша арнайы қоспа себетіні айтылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Bek Air ұшағы апаты: сот ұшқыштарды кінәлі деп тапты Түрксіб ауданының соты Алматыдағы Bek Air ұшағының апатына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Bek Air әуекомпаниясының ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтанға (сол кездегі атауы) бағыт алған, бірақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден биіктікті жоғалтқан. Кейін қоршауды бұзып өтіп, әуежай маңындағы екі қабатты ғимаратқа соғылған. Бортта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. Апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары ұшақтың әуеге көтерілгенін, бірақ бірден қисайғанын көрсеткен. Ұшқыш ұшақты қайта қондыруға шешім қабылдағанымен, шассиді шығара алмаған. Ғимаратпен соқтығысқан сәтте ұшақтың жылдамдығы 70 узел (шамамен 126 км/сағ) болған. 58 жастағы Марат Мұратбаев апатқа ұшыраған ұшақтың командирі болған. Ол оқиға орнында қаза тапты. 54 жастағы пилот Мейіржан Молдақұлов ауруханаға жеткізілген. Оны 2020 жылдың 21 қаңтарында жағдайы тұрақты деп ауруханадан шығарған, алайда бір аптадан кейін ол қайтыс болды. Пилоттар бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі (Әуе көлігін пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) бойынша іс қозғалған. Сот не шешті? Сот екі пилотты да кінәлі деп таныды, бірақ олар қайтыс болғандықтан жаза қолданылмаған. "Марат Мұратбаев пен Мейіржан Молдақұловты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын, бірақ олардың қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмайды", - деді судья. Мемлекет 1,7 миллион теңге мөлшерінде іс жүргізу шығындарын өтейді. Bek Air мүлкіне қойылған тыйым азаматтық талап-арыздар қаралғанша күшінде қалады. Талап арыздардың жалпы сомасы — 4,8 миллиард теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мәжіліс депутаты мәслихаттағы орны мен тоқалы туралы қауесеттерге жауап берді Әлеуметтік желілерде Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевқа қатысты дау туындады. Оны қолданушылар Түркістан облысы мәслихатындағы мандаттын "тоқалына" берді және некесіз баласын жасырды деп айыптады. Бұл жазбаларға депутаттың өзі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кей жазбаларда мәжілісмен Түркістан облысы мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимергенге креслосын "сыйлағаны" туралы айтылған. Қырықбаевтың айтуынша, ол да жазбаларды көрген. "Бұл ақылға сыймайды! Оны өз сайлау округінен халық сайланған. Сұрақтарды аумақтық сайлау комиссиясына жолдауға болады. Мен тіпті сайлаушыларға: "Соған дауыс беріңіздер, сол депутат болсын" деп те айтпадым", - деді мәжілісмен. Ал жеке қарым-қатынасына қатысты сұрақтарға Қырықбаев жауап беруден бас тартты. "Ол менің тоқалым ба әлде жоқ па - бұл менің жеке өмірім, ол жарияланбайды. Ал балаға келсек, мен еш жерде оның менің ұлым емес екенін айтқан жоқпын - ол менің ұлым. Мен оған өз фамилиямды бердім, мұны мен құдайдың алдында да, халықтың алдында да жасырамаймын!" - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қазақстанның құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы жарлыққа қол қойды Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы" жарлыққа қол қойды. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сарапшылар мен қоғам қайраткерлері ішкі саясат саласында жүргізіліп жатқан барлық жұмысты реттейтін бірыңғай тұжырымдамалық құжат әзірлеуді ұсынған еді. Президент бұл идеяны қолдап, оның мемлекеттік құрылымдар жұмысын жүйелендіруге бағытталуы керек екенін атап өткен болатын. Президент әкімшілігі мен мүдделі мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларын, сөйлеген сөздерін, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын негізге ала отырып, "Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары" құжатын дайындады. Құжатты әзірлеуге Ұлттық құрылтайдың мүшелері, сарапшылар, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсене атсалысты. "Бұл құжат бірінші кезекте мемлекеттік органдарға арналған. Оның басты мақсаты - ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелеу әрі үйлестіру. Онда "Заң және тәртіп", "Халық үніне құлақ асатын мемлекет", "Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт", "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет", "Адал азамат", "Таза Қазақстан" секілді ішкі саясат қағидаттары қамтылған. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай отырыстарында көтерілген жалпыұлттық құндылықтардың тізбесі енгізілді. Жалпыұлттық бірегейлікті танытатын ұлттық нышандар жүйесі жасалды. Құжатта қоғамдық диалог, этносаралық қатынас, дін, мәдени-гуманитарлық, отбасы, жастар, ақпарат секілді ішкі саясаттың басым бағыттары айқындалған. Қабылданған тұжырымдамалық құжат мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы жұмысын ұйымдастыруға негіз болады", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жұма сайын бауырсақ, дүйсенбі сайын DDoS: Tengrinews-тің ішкі көрінісі Tengrinews.kz 15 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Осы маңызды күнге орай жаңалықты кім және қалай жазатынын оқырмандармен бөлісуді ұйғардық.
Астанада боран, Алматыда жылы: ауа райы болжамы Синоптиктер 6, 7 және 8 қарашада Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана 6 қарашада – құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, бұрқасын. Жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, екпіні 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 8–10 градус аяз, күндіз 0–2 градус аяз. 7 қарашада – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз шамамен 0 градус. 8 қарашада – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз шамамен 0 градус. Алматы 6 қарашада – құбылмалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан соғады, екпіні 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде 5–7 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы. 7 қарашада – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан соғады, екпіні 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 3–5 градус аяз, күндіз 6–8 градус жылы. 8 қарашада – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан соғады, екпіні 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0–2 градус аяз, күндіз 9–11 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ипотека және тұтынушылық несиелер мөлшерлемелері өзгереді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстан 2026 жылдың шілдесіне дейін несие мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесі әзірленетінін мәлімдеді, бұл ипотека және тұтынушылық несие беруге әсер етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжіліс отырысында депутат Тілектес Адамбеков ҚНРДА төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан Қазақстанда тұтынушылық және ипотекалық кредиттер бойынша мөлшерлемелер қашан төмендейтінін сұрады. Жауап ретінде Әбілқасымова агенттік бірқатар қадам жасағанын еске салды: "Өздеріңіз білесіздер, былтыр заң қабылдағаннан кейін тұтынушылық кредиттер бойынша барлық мөлшерлемені 56 пайыздан 46 пайызға дейін, ипотека бойынша 30 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеттік. Кепілсіз кредиттер бойынша мөлшерлемені 45 пайызға дейін төмендеттік", - деді ол. Оның айтуынша, 2025 жылы ипотекалық қарыздар бойынша мөлшерлемені 20 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік туған. Алайда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға көтергеннен кейін, көптеген банк ипотека беруді уақытша тоқтатты. Әбілқасымова норманың әрекет ету мерзімі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылғанын айтты. Осы уақытқа дейін ҚНРДА Ұлттық банкпен бірлесіп, базалық мөлшерлемеге байланған жаңа есептеу әдістемесін әзірлейді. Сондай-ақ ҚНРДА тұтынушылық кредиттер бойынша тәсілдерді қайта қарауды жоспарлап отыр: "Нарықтағы орташа мөлшерлеме қазір 35–36 пайыз болады. Біз жаңа әдістеме осы деңгейде әзірленеді және бәсекелестік есебінен мөлшерлемелер төмендеуі тиіс деп есептейміз", - деді Әбілқасымова. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда мобильді аударым жасау ережелері өзгерді. Нені білу керек? Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Қазақстандағы мобильді аударымдар ережелерін өзгертті. Енді клиент ақша аударып жатқан уақытта телефонмен сөйлессе, банктер аударымды бұғаттауға міндетті. Бұл шара телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен күресуге бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Қазақстанда банктер мен микрокаржы ұйымдары үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптары жаңартылып жатыр. Тиісті қаулыны ҚНРДА басқармасы бекітті. Негізгі жаңалықтардың бірі - телефонмен сөйлесу кезінде аударым жасауға тыйым салу. Енді аударым жасау кезінде телефонының микрофоны қосылған болса, банк қосымшасы ақша операцияларын автоматты түрде бұғаттайды. Сонымен қатар, құрылғыны қашықтан басқару белгілері анықталған жағдайда, қосымша кейбір функцияларды өшіреді немесе операцияларды толық тоқтатады. Бұдан бөлек, жаңа ережелер банктер мен микрокаржы ұйымдарын міндеттейді: Жаңа құрылғыдан кірген кезде клиентті биометриялық деректер арқылы сәйкестендіру (Идентификация деректерін алмасу орталығы немесе банктің құрылғылары арқылы); Барлық кіру, парольді өзгеріту және телефон нөмірлері туралы клиентке хабарлау; Ақша операцияларын жүргізу кезінде құрылғының геолокациясын сұрату (клиенттің келісімімен); Қосымшада маңызды тәуекелдер анықталса, оны мәжбүрлі түрде жаңарту; Үш жылда бір рет ISO/IEC 27001 стандарты бойынша сыртқы аудиттен және жүйелердің тұрақтылығын бағалау үшін тәуелсіз тесттен өту. Сондай-ақ, қаулы банктер мен реттеуші арасында кибершабуылдар туралы ақпарат алмасуды автоматтандырылған жүйе арқылы ұйымдастыруды көздейді, бұл шабуылдарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Құжат алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күннен соң күшіне енеді, ал банктердің ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты өзгерістердің негізгі бөлігі 2025 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап автолизинг іске қосылады 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жеке тұлғалар үшін жаңа автолизинг бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Көлік сатып алу - көптеген азамат үшін қиын мәселе. Көпшіліктің қымбат несие алуға немесе жылдар бойы алғашқы жарна жинауға мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселені біз екі жыл бұрын алғаш көтердік. Бүгінде ол нақты нәтиже берді, Президент тапсырмасымен жеке тұлғаларға арналған автолизинг механизмі іске қосылады", - деді депутат. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Күштеп, қорқытып ұстаған: БҚО-да қауіпті схема әшкереленді БҚО бойынша ҚМА департаменті прокуратураның үйлестіруімен банк шотын заңсыз иеленіп, оны басқару арқылы рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жасау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, ұйымдастырушылар уақытша табыс табу жолы ретінде адамдарға екінші деңгейлі банктерден шот ашуды ұсынған. "Интернет-банкинг мобильді қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттарға кіру қылмыскерлердің бақылауына өткен. Мұндай әрекеттерге қатысқан "дропперлер" 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырған. Олардың атына ашылған шоттар арқылы интернет-алаяқтық құрбандарынан түскен қаражат аударылып отырған", - делінген хабарламда. Заңсыз айналымдағы қаражаттың жалпы көлемі 17 миллион теңгеден асқан. "Эпизодтардың бірінде банк картасы бұғатталғаннан кейін дроппер заңсыз әрекеттерге қатысудан бас тартқан. Қылмыстық топтың қатысушылары оны күштеп ұстап, қорқытып, шотқа қайта кіруді талап еткен". Қазіргі уақытта ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, соттың санкциясымен қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мас күйде көлік жүргізген: Астана соты Әсел Досаеваға қатысты мәлімдеме жасады Астана соты Әсел Досаеваның оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Судья мас күйде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. "Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде ерекше құқықтық мәртебеге ие. Алайда бұл мәртебе оларды құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы материалдар Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға жолданды. Бас прокуратура қолданыстағы тәртіпке сәйкес судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Жоғары сот кеңесіне ұсыныс енгізеді", - деп жазылған хабарламада. Тәртіптік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ, судьяларды іріктеу, тағайындау және қызметтен босату мәселелері дербес мемлекеттік орган - Жоғары сот кеңесінің құзыретіне жатады. "Тексеріс жүргізіліп жатыр. Судья заң мен қызметтік міндетін бұзса, заң талаптарына сәйкес жазаланады", - деп жазылған хабарламада. Еске салайық, 2 қарашада әлеуметтік желілерде Астанада Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйде көлік жүргізді деген ақпарат тарады. Рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқаны хабарланды. Сараптама нәтижелері бойынша жүргізуші алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда қар жауып, бір түнде 17 жол апаты тіркелген Алматыда түні бойы қар жауып, 17 жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция департаменті мәліметінше, сағат 18:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 17 жол апаты тіркелген. Қаза тапқандар жоқ, 6 адам жарақат алған. Полицияның ақпаратына сүйенсек, жол апаттарының басым бөлігі қашықтықты, жылдамдықты сақтамау салдарынан болған. "Барлығын сақ болуға, жылдамдықты азайтуға, кенет маневр жасаудан аулақ болуға шақырамыз", - деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев. Полиция көлікті қысқы маусымға алдын ала дайындау, жазғы дөңгелектерді қысқыға ауыстыру маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге жолдан өтер кезде сақ болуды, жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалануды және жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпеуді еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ШҚО ПД мәліметінше, оқиға 4 қарашада Өскемен – Риддер тасжолының 48-шақырымында болған. Жүк көлігі мен Toyota Estima соқтығысқан. "Жол апаты салдарынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Үмітов Арман. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "5 қарашада Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада мас күйде көлік жүргізген судья: ІІМ пікір білдірді ІІМ Астана Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2 қарашада әлеуметтік желілерде Астанада Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйде көлік жүргізді деген ақпарат тарады. Рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқаны хабарланды. Сараптама нәтижелері бойынша жүргізуші алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған. 4 қарашада ІІМ жағдайға қатысты пікір білдірді. Ресми мәліметтерге сәйкес, 1 қарашада сағат 4:30 шамасында Астанада "Хан Шатыр" СОО маңында полиция қызметкерлері Mazda-6 автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы болған. "Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған, сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен", - деп хабарлады ІІМ. Аталған дерек бойынша материалдар судьяны заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Бас прокуратура арқылы Жоғары сот кеңесіне жолданғаны айтылды. Бұған дейін Астана полициясы судьяның автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылғанын, факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Айта кетейік, Астана бойынша Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың ресми сайтында Әсел Досаеваның судья ретінде қызмет атқаратыны көрсетілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы мен Астанада алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? Синоптиктер Астана мен Алматыда 5, 6 және 7 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанаға арналған ауа райы болжамы 5 қарашада құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған қар, бұрқасын болады. Жел түнде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады: жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-15 градус, күндіз -6…-8 градус. 6 қараша – құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7 градус, күндіз -0…-2 градус. 7 қараша – құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4 градус, күндіз 0…+2 градус. Алматыға арналған ауа райы болжамы 5 қараша – бұлтты, жауын-шашын (жаңбырдан қарға ауысады). Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыс бағыттан соғады, екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3 градус, күн ішінде әрі қарай төмендейді. 6 қараша – құбылмалы бұлтты, түннің бірінші жартысында қар, тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыс бағыттан соғады, екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7 градус, күндіз 0…+2 градус. 7 қараша – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан соғады, екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5 градус, күндіз +5…+7 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Беларусь премьер-министрімен кездесу: Тоқаев Лукашенкоға сәлем жолдады Мемлекет басшысы Беларусь премьер-министрі Александр Турчинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп кооперациясы және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Александр Турчиннің Астанаға жасаған алғашқы ресми сапары Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің айрықша сипатын растайды, сондай-ақ екіжақты ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін көрсетеді. "Сіздің сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан өте маңызды деп санаймыз. Елдеріміздің сауда байланыстары миллиард долларға жуықтап, табысты дамып келеді. Менің білуімше, Қазақстан – Беларусьтің екінші сауда серіктесі. Жалпы, Сіздің еліңіз бен халқыңыздың төл мәдениетіне ерекше құрметпен қараймыз. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Президент Александр Лукашенкоға сәлемімді жолдағым келеді. Табысты ықпалдастығымызды нақты нәтижелермен жалғастыруға бейілміз", – деді Қазақстан Президенті. Александр Турчин өзара тиімді диалогтың жоғары қарқынын сақтауға және мемлекеттер басшылары алға қойған міндеттерді нақты іске асыруды үйлестіруге мүдделі екенін жеткізді. "Сізге Президент Александр Григорьевич Лукашенконың ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Күні кеше біз кеңінен әңгімелестік, оған Қазақстанға сапарымның бағдарламасы жөнінде жан-жақты ақпарат бердім. Қазақстанның даму жолын жіті бақылап отырамыз. Ұзақ жылдардан бері еліңіздің экономикалық өсімі тұрақты көрсеткішке ие. Сондықтан қазіргі табыстарыңызға шынайы қуанамыз. Өзіңіз атап өткендей, екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп келеді", – деді Беларусь Премьер-министрі. Биыл 8 айдың ішінде өзара сауда көлемі былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға артты. Өнеркәсіп кооперациясы аясында құны 204 миллион доллар болатын 12 жоба жүзеге асты. Тағы 3 жоба пысықталып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйеліне 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова 500 мың теңгеден аса айыппұл арқалады. Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті мән-жайын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тағы кімдер айыппұл арқалады? Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2025 жылы лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың тізімін жариялады. Тізімде бірнеше танымал адам бар. Соның бірі - әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева. Одан бөлек блогерлер Нұрбек Нұртаза, Амина Нұртаза, Әлия Байтуғаева бар. Министрлік жариялаған тізімде продюсер Мөлдір Мұқанованың да есімі байқалады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабы 6-бөлімі (Лотерея операторы емес тұлғаның лотерея өткізуі) бойынша жауапқа тартылған. Ақпаратқа сүйенсек, салынған айыппұл көлемі - 150 АЕК, 589 800 теңге. Жалпы қанша адам айыппұл төледі? Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті мәліметінше, жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойнын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеген. "Мониторинг нәтижесінде және жеке тұлғалардан комитетке түскен өтініштер негізінде биыл 89 адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған тұлғаларға ескерту хаттары жолданып, офлайн және онлайн форматтарда кездесулер өткізілді", - деп жазылған ведомство хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Некеге мәжбүрлеу: Қазақстанда жаңа бап бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған Қазақстанда еркінен тыс некеге тұрғызу немесе бірге тұру мақсатында адам ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін жаңа бап бойынша жеті қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бабы "Неке қиюға мәжбүрлеу" енгізілді. Енді мұндай әрекеттер ауыр қылмыс ретінде сараланады және кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал ауыр жағдайларда жаза 10 жылға дейін ұлғаяды. ІІМ мәліметінше, бұрын жәбірленушіні өз еркімен жіберген жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін норма алынып тасталған. Енді жаза жәбірленушіні босатқанына қарамастан тағайындалады. "Жаңа өзгерістер күшіне енген сәттен бастап ішкі істер органдарының бөліністері Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкентте неке қиюға мәжбүрлеу деректері бойынша жеті қылмыстық іс қозғаған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 15 адам ұсталған", - делінген ІІМ хабарламасында. Әрбір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмыстардың барлық мән-жайлары анықталып жатқаны айтылды. "Ішкі істер министрлігі азаматтарды зорлық-зомбылық пен некеге мәжбүрлеу жағдайларына бейжай қарамауға шақырады. Мұндай деректер туралы ақпарат болса, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылорда облысында көкпарға шыққан аттарды көлік қағып кеткен (видео) Әлеуметтік желілерде жол талғамайтын көлік көкпар ойнауға шыққан атты адамдарды қағып өткен видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 1 қарашада Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Алғабас ауылында болған. Өңірлік Полиция департаменті мәліметінше, видеоға қатысты тексеру жүргізілген. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kris P (@kris__p__kz) Ойын уәкілетті органдарға хабарланбай, жергілікті тұрғынның бастамасымен ұйымдастырылған және ол жауапкершілікке тартылған. "Ойын барысында 102 арнасына ешқандай хабарламалар түспеген. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", – делінген Қызылорда облысы ПД хабарламасында. Сондай-ақ, полиция кез келген спорттық, мәдени немесе бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде құзырлы органдарды алдын ала хабардар ету қажеттігін еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда тағы бір компания құрылыс лицензиясынан айырылды Алматыда тағы бір мердігердің құрылыс лицензиясы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. СК MEGARON ЖШС Б.Хмельницкий көшесінен бастап Тәжібаев, Бакинская, Физули көшелері арқылы Майлин көшесіне дейін су құбыры желілерін қайта жаңарту, сондай-ақ, Мыңбаев және Манас көшелеріндегі су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын орындаған. "Мердігерге жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер сақталмағаны анықталды. Осыған байланысты СК MEGARON ЖШС-ның құрылыс лицензиясы кері қайтарылды", - деп жазылған әкімдік хабарламасында. Еске салайық, бұған дейін де Алматыда екі компания - "СК 7 строй" ЖШС және "AsiaMax" ЖШС құрылыс лицензияларынан айырылған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда мектеп бағдарламасына суда жүзу сабақтары енгізілмек Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған дене шынықтыру бағдарламасына суда жүзу сабақтарын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет отырысы барысында Дмитрий Баландин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерін келтірді. 2024 жылы әлемде 236 мыңнан астам адам суға батып қайтыс болған, олардың 82 мыңы – 1-14 жас аралығындағы балалар. "Бұл көрсеткіштер халықты жүзудің қарапайым дағдыларына және судағы қауіпсіздік ережелеріне үйретудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, суға жүзу сабағын дене тәрбиесі жүйесіне енгізу және оны мектеп бағдарламасының бір бөлігіне айналдыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ол. Федерация бас хатшысы Дмитрий Баландиннің айтуынша, бағдарлама пилоттық режимде 2026 жылы Алматы мен Астанада іске қосылады, кейін біртіндеп бүкіл елде жүзеге асырылмақ. "Бұл бастама АҚШ, Аустралия және Венгрия сияқты әлемдегі ең мықты жүзу державаларының тәжірибесіне негізделген. Ол елдерде балаларды жүзуге міндетті түрде үйрету мектеп жүйесінде ұзақ жылдар бойы сәтті жүзеге асырылып келеді", – деді ол. Баландиннің айтуынша, жоба балаларға ерте жастан судағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және спортқа қызығушылықты денсаулықты нығайтудың маңызды бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 11:45-тегі жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 528-529 теңгеден сатылып, 521-522 теңгеден сатып алынып жатыр. Ал Алматыда америкалық валютаны сату бағасы 524-526 теңге, сатып алу бағасы 522-523 теңге болды. Айта кетейік, 3 қарашада Астанада доллар орташа есеппен 532,33 теңгеден сатылып, 526,33 теңгеден сатып алынған. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде сату бағасы 529,42 теңгеге, ал сатып алу бағасы 527,03 теңгеге тең болды. Бұл ретте, Ұлттық банк белгілеген ресми бағам - 528,31 теңге. Еске салайық, 10 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыздан 18 пайызға (±1 п.т. дәлізімен) көтерген болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда ауа райы бұзылады: ТЖД ескерту жасады Алматы ТЖД тұрғындарға маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" 4 қарашада таулы аймақтарда жауын-шашын мен жел күтілетіні туралы хабарлады. Алматыда түнде, шамамен сағат 3:00-де, жаңбыр қарға айналып, температура төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін "Жол жағдайына байланысты өз бағытыңызды алдын ала жоспарлаңыз. Қала қонақтары мен туристерге тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Үйге ерте қайтуға тырысыңыз, ауа райының нашарлауына байланысты кері қайтар жолды табу қиындауы мүмкін", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, құтқарушылар мына қауіпсіздік шараларын ескеруді ұсынды: электр беру желілерінің бүтіндігін тексеріңіз; көліктерді ағаштардың астына қоймаңыз; сәтсіз бекітілген құрылымдардың астында тұрмаңыз; жолда абай болыңыз. ТЖД жылу жүйелері мен электр желілерінің жұмысқа жарамдылығын бақылауды да еске салды: түтін құбырының герметикалық жағдайын қадағалаңыз, жану өнімдерінен шығатын көмірқышқыл газының таралуына жол бермеңіз; электр желілерін артық жүктемеңіз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жамбыл облысындағы ауылда оқушылар әкімдік ғимаратында оқып жүр Жамбыл облысында Құшаман ауылындағы мектеп оқушылары әкімдік ғимаратында білім алып жүр. Сол ғимаратта тағы балабақша, кітапхана және тіпті полиция бөлімшесі де орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап. Ауыл мектебі апатты деп танылып, оны бұзу жоспарланған. Салдарынан 123 бала мемлекеттік қызметкерлермен бірге бір ғимаратта отыруға мәжбүр. Ескі ғимарат, шағын әрі сабақ өткізуге қолайсыз. "Биыл наурызда мектебіміз апатты деп танылып, бізді осы ғимаратқа көшірді. Мамандар білім беру мекемесі әрі қарай оқуға жарамсыз деп шешім шығарды. Мұнда алты кабинетті бөлісіп, екі ауысымда оқимыз", – дейді мектеп директоры Нұржан Сәденов. Дене шынықтыру сабақтары далада өтеді. Дәретхана да сыртта, оны ауыл тұрғындары өз күштерімен салып берге. Ауылда жаңа мектеп салу жоспарланған. Шенеуніктердің айтуынша, жоба дайын. Жоспар бойынша оқу орны екі жылдан кейін пайдалануға берілуі тиіс, алайда құрылыс әлі басталмаған. Мойынқұм аудандық білім бөлімі басшысы Мәлік Мұқашевтың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама облысқа жіберілген. Жоспарға сәйкес, 100 орындық жаңа мектеп 2027 жылы ашылуы керек. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда он жаңа су қоймасы салынады Қазақстанның оңтүстігінде он жаңа су қоймасы салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 2028 жылға дейінгі жоспар Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен министрліктің алдағы жоспарлары туралы баяндады. 2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, Жамбыл облысында 10 жаңа су қоймасы салынып, жұмыс істеп тұрған 3 су қоймасы реконструкциядан өтеді. Сондай-ақ 45 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу жоспарланған. Министрлік келесі жылы Ақмола және Қалғұты су қоймаларының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоңыз су қоймалары реконструкциядан өтеді. Ал облыс әкімдігі 7 жаңа су қоймасының жобалау-сметалық құжатын әзірлеумен айналысып жатыр. Суару каналдарын жөндеу Жиында тұрғындар министрге өңірдегі каналдарды жөндеуге қатысты сұрақтар қойды. Қазіргі уақытта Ислам даму банкінің қолдауымен ұзындығы 415 шақырым болатын 76 каналды жаңғырту жобасы әзірленіп жатыр. Бұл шара 24 877 гектар жерге су жеткізуді жақсартады. Сонымен қатар өңірде 23 суару каналын реконструкциялау жобасы аяқталуға жақын. Нәтижесінде 19 746 гектар егістік алқапқа су беру жақсарады. Жыл аяғына дейін ұзындығы 103 шақырымнан асатын 5 каналды реконструкциялау жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазгидромет екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "4 қарашада Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда қар жауып, көктайғақ болатыны ескертілді Алматыда алдағы күндері жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазгидромет мәліметіне сүйенсек, 4 қарашада сағат 3:00-тен 20:00-ге дейін 5-6 мм көлемінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде, күндіз +5…+7 °С-қа дейін төмендейді. 5 қарашада көшпелі бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр, қар жауады (қалыңдығы 10 мм-ге дейін). Салдарынан көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -3…-5 °С, күндіз +1…+3 °С-ты көрсетеді. Алматы әкімдігі жүргізушілер, механизаторлар, жұмысшылар тәулік бойы кезекшілік атқаратынын мәлімдеді. "Тәулік бойғы жұмысқа 580 арнайы техника мен 2500-ден аса жұмысшы жұмылдырылған. Аула ішіндегі аумақты тазалауға 307 техника және 1500 жұмысшы, ал саябақтар мен алаңдарды күтіп ұстауға 550 техника мен 1900 қызметкер қатысады. Қаланың көше-жол желісін бақылау үшін 75 бригада кезекшілік етеді", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Threads-та алауыздық тудырды деген Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты Қарағандыда Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары арқылы әлеуметтік, діни және ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталған 23 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваның ісі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағандының Қазыбек би аудандық соты Мұхамадиеваға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот үкімі бойынша М. ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды. Бұған оның 2 жасар баласы бары негіз болған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақмола облысындағы тасжолда жылдамдыққа шектеу енгізілді Күн бұзылуына байланысты Ақмола облысындағы тасжолда жылдамдыққа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚазАвтоЖол мәліметінше, 3 қарашада сағат 16:00-ден бастап республикалық маңызы бар KAZ02 Астана - Көкшетау (айналма жол) - Петропавл - РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті) тасжолының 19-231-шақырымында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 шақырым/сағ-тан 80 шақырым/сағ-қа дейін төмендетіледі. Жылдамдық режимін 3 қарашада сағат 21:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Таразда мас жүргізушінің поицейлерден қашқан видеосы пайда болды Таразда полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні байқап, одан тоқтауын сұраған. Алайда ер адам заңды талапты елемей, қашуға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жамбыл облысы Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. "Жүргізуші алкогольдік мас күйде болғаны белгілі болды", – деді полицейлер. Ер адам мас күйде көлік жүргізгені, полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны және қарсы жолаққа шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңбұзушының көлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару жүйесі өзгереді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 1 қаңтардан бастап Қазақстанның зейнетақы активтерін басқару жүйесін өзгертетін қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаулыда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап басқарушы компаниялардың қызметін бағалау жүйесінің орташа сараланған нәтижелерден композиттік индекстер (бенчмарктар) бойынша бағалауға өтуі көзделген. Композиттік индекстер қазақстандық қор нарығының және әлемдік қаржы алаңдарының индекстерін қамтиды, бұл жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, басқару нәтижелерін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басқарушы компаниялардың тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияларды ұсыну мүмкіндігі көзделген. "Бұл салымшыларға жеке қалауы мен рұқсат етілген тәуекел деңгейін басшылыққа ала отырып, тиісті инвестициялық бейінді дербес таңдауға, сондай-ақ зейнетақы активтерін әр түрлі инвестициялық стратегиялары бар түрлі басқарушыларға басқаруға беру арқылы әртараптандыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. Қаулыда зейнетақы активтерін инвестициялау үшін қолжетімді қаржы құралдарының тізбесі кеңейтілген, сондай-ақ әрбір инвестициялық стратегияның ерекшеліктерін ескере отырып, инвестициялаудың тиісті лимиттері белгіленген. Бұл басқарушы компанияларға портфельді әртараптандыруға және инвестициялық тәуекелдерді азайтуға көбірек мүмкіндіктер береді. Басқарушы компанияның зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына ерікті түрде қайтару мүмкіндігі қосымша көзделген. "Қабылданған шаралар зейнетақы активтерінің ұзақ мерзімді кірістілігінің өсуіне, басқарудағы ашықтық пен икемділіктің артуына, сондай-ақ жеке басқарушылар арасында бәсекелестік ортаның құрылуына әкеледі деп күтілуде, бұл негізінде зейнетақы активтерін тиімдірек инвестициялауға ықпал етеді", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері қар жауып, боран соғады Қазгидромет синоптиктері 4, 5 және 6 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қар және боран Алдағы күндері Қазақстан аумағы Атлант циклонының ықпалында болады. Ол еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен қар) мен желдің күшеюіне әкеледі. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, ал елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады. "Тек республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты оңтүстік өңірлерде де жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады) күтіледі, ал Қазақстанның солтүстік жартысында кей өңірлерде қар жауады", – делінген хабарламада. Ауа температурасы қалай өзгереді? Күндіз ауа температурасы күрт төмендейді деп болжанады: солтүстік пен орталықта -2...-10 градусқа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +2...+7 градусқа дейін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңа 1000 теңгелік банкнотты жалған ақшадан қалай ажыратуға болады? ҚР Ұлттық банкі жаңа 1000 теңгелік банкноттың түпнұсқасын жалған банкноттардан ажыратуға көмектесетін ерекшеліктерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық Банк (ҚҰБ) 2025 жылғы 28 наурыздан бастап номиналы 1 000 теңгелік жаңа банкнота айналымға шығарылғанын еске салады. "Бұл "Сақ стилі" сериясымен шыққан төртінші банкнота. Ол дәстүрлі қазақ орнаментінің бастау көзі саналатын "Сақ стилінің" элементтеріне негізделген және ел мұрасы – көшпенділердің бірегей мәдениетінен қазіргі Қазақстанға дейінгі тарихын бейнелейді", - делінген хабарламада. Банкноттың қорғаныш элементтері Банкнотада рельефті қалыптастыратын – алтын интаглио арнайы баспа тәсілі қолданылған. Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған. Банкноттың бет жақ шеттерінде шығыңқы, жоғары рельефті элементтер бар. Олар қолмен ұстағанда жақсы сезілетін – көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі. Банкнот бетінде үзік-үзік түрінде екі түсті қорғаныш жіп те бар. Жарыққа тосқанда ол біртұтас жіп ретінде анық көрінеді. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде көк және қызғылт-сары түстердің өзара әсерінен пульсация түрінде динамикалық эффект пайда болады. Сонымен қатар, банкноттың бет жағында артефакттың жарқыраған алтын бейнесі түрінде патч голографиялық қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотаны аударып қараған кезде номиналдың цифрлық кескіні ою-өрнекке ауысқанын байқауға болады. Банкнотаның екінші бетінде артефактың көлемі бейнесін көрсететін Спарк элементі орналасқан. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде Спарк түсі алтыннан нефрит түсіне өзгереді. Кейбір жекелеген көркем элементтер банкнотаға алтын түстес жылтырағы бар арнайы – иридисцентті бояумен басылған. Локальды су белгісінің қорғаныш элементі – электротип. Жарық түскенде номиналдың бейнесінен тұратын электротип белгісі анық көрінеді. Суреттер: nationalbank.kz Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда былтыр жер сілкінісі кезінде дабыл қосылмады: сот үкімі шықты Алматыда былтыр болған жер сілкінісі кезінде алдын ала хабарлау жүйесі жұмыс істемеді. Осы жайтқа кінәлілер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Алайда бұрын сатып алынған, автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесі (ААЕЖ) жұмыс істемей, халыққа уақтылы хабарланбады. "Мемлекет басшысының және Бас прокурордың тапсырмасына сәйкес Алматы прокуратурасы Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметіндегі осы жүйені сатып алудың заңдылығына тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру белгілері анықталып, соталды тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған прокуратура хабарламасында. Тергеу барысында TNS-INTEC ЖШС бас директоры жеке пайда табу ниетімен сапасыз жабдық жеткізіп, орындалған жұмыстарға жалған акт рәсімдегені, осылайша аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны анықталған. Алматы гарнизонының әскери соты осы іс бойынша үкім шығарды. "Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары жабдықты қабылдау кезінде немқұрайлық танытқаны үшін, ал авторлық және техникалық қадағалау өкілдері жеткізілген жабдықтың сапасына бақылау жүргізбегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларды бас бостандығынан және мемлекеттік әрі квазимемлекеттік органдарда белгілі бір лауазым атқару құқығынан айырды", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ауыл“ партиясы еңбек адамдарын ұлықтады 2025 жылғы 1 қараша күні Астана қаласында "Ауыл" партиясының ұйымдастыруымен еңбек адамдары мен белсенді жастарды ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. ҚР Президентінің Жарлығымен 2025 жыл елде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осыған орай жылдың басында "Ауыл" партиясы "Еңбек адамы" жобасын іске қосты. Жоба аясында партия өз еңбегі мен өмірін туған жердің өркендеуіне арнаған қарапайым еңбек адамдарын, олардың жетістіктері мен күнделікті еңбегін насихаттауда. Салтанатты рәсім Астана медицина университетінің акт залында өтіп, аталмыш жобаның жарқын жалғасына айналды. Іс-шара барысында "Ауыл" партиясы ұсынған өндіріс озаттарына 10 мемлекеттік және 50-ге жуық ведомстволық награда табысталды. Атап айтқанда, "Парасат" орденімен "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов және партияның Қостанай облыстық филиалының төрағасы Нұргелген Өтеулин марапатталды. "Құрмет" ордені бірқатар ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне берілді. Сондай-ақ, "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" медальдары ғалымдар мен өндіріс озаттарына табысталды. Мемлекеттік наградаларды тапсыра отырып, "Ауыл" партиясының төрағасы Серік Егізбаев: "Бүгінгі наградалар Мемлекет басшысының атынан беріледі. Бұл - Президенттің ел дамуына елеулі үлес қосқан қарапайым еңбеккерлер мен азаматтарға деген жоғары бағасы мен ерекше құрметінің көрінісі. Президент әр еңбеккердің Қазақстанның өркендеуіне елеулі үлес қосып отырғанын, сондықтан олардың еңбегін мемлекеттік қолдауға жеке басымдық беретінін бірнеше рет атап өтті". Сонымен қатар, іс-шара барысында ведомстволық наградалар табысталды. Олар кәсіпқойлық, еңбекқорлық және өз ісіне адалдық танытқан азаматтарды атап өтті". Сондай-ақ, салтанатты шара аясында "Аграрлы Қазақстан" партиялық тележобасының жеңімпаздарына арнайы сертификаттар мен сыйлықтар берілді, байқау қорытындысы бойынша "Көрермендер көзайымы сыйлығы" номинациясы бойынша "Ауыл" партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жеңімпаз атанды. Еліміздің барлық өңірлерінде құрылған студенттік жастар отрядтарының ең белсенді 12 командирі мен белсенділеріне құрмет көрсетілді. Жоба қатысушыларын марапаттай отырып, С. Егізбаев жобаны табысты іске асыруға белсенді қатысқан барлық жасақ мүшелеріне алғысын білдірді. Іс-шара соңында партия төрағасы "Ауыл" партиясы еліміздің ауылдық өңірлерінде еңбекшілердің мәртебесін арттыру, жастардың әлеуетін дамыту және бастамаларды қолдау жөніндегі жұмысты жалғастыратынын атап өтті.
ШҚО-да жолдарға бөлінген 120 миллион теңгеге көліктер, пәтер және жер телімдері сатып алынған ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Таза Өскемен" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы басшылығына қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Әңгіме көшелерді күтіп-ұстауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру туралы болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, күдіктілердің арасында кәсіпорынның бұрынғы директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер бар. "Күдіктілер лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, 2022-2023 жылдар аралығында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбестен, бюджет қаражатын жүйелі түрде өздерімен байланысы бар коммерциялық құрылымдардың есепшоттарына заңсыз аударып отырған", - делінген хабарламада. Материалдарды жеткізу және техниканы жалға алу бойынша жалған құжаттар рәсімделген. Атап айтқанда, құжаттарда жолдарды жөндеуге арналған битум мен құм сатып алу, суды соруға арналған арнайы техника жалдау, сондай-ақ бұған дейін орнатылған 23 аялдама павильонын жасауға қажетті материалдар сатып алу туралы жалған деректер көрсетілген. "Кейін бұл қаражат жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 120 миллион теңгеден асты. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер Өскемендегі қымбат тұрғын үй кешенінен пәтер, "BMW X6M" және "Subaru Forester" автокөліктерін, сондай-ақ жер учаскелерін сатып алған. Аталған мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды". ҚМА мәліметінше, кәсіпорынның бұрынғы директорына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі шара қолданылған. Тергеу жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Екатерина Биволға іздеу жарияланғаны туралы ресми ақпарат шықты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің интернет-порталында Екатерина Биволға қатысты ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, 1990 жылы туған Екатерина Игоревна Биволға қатысты іздестіру ісі 1 қарашада Астанада тіркелген. Іздестіруді Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жариялаған. Ал іздеуді Байқоңыр ауданының Полиция басқармасы жүргізеді. Сондай-ақ, Екатерина Бивол ТМД азаматы екені көрсетілген. Бұған дейін ҚР ІІМ Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын. Еске салайық, Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізіп видео жариялаған болатын. Өткен аптада Қырғызстанда оны қамауға алу туралы ордер берілген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Теңге бағамы бойынша Қазанның қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 529,96 теңгеге дейін, яғни 3,5%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 248 млн АҚШ долларынан 271 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі - 6 млрд АҚШ доллары. Ұлттық қордан қанша валюта сатылды? Қазанда Ұлттық қордан 660 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуге, "Талдықорған-Үшарал" газ құбырын салу бойынша жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берген. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 11%-ы немесе күніне шамамен 30 млн АҚШ доллары болған. Интервенция бойынша Ұлттық банк қазанда валюта интервенциясын жүргізген жоқ. БЖЗҚ бойынша Ұлттық банк БЖЗҚ валюта активтерінің үлесі жоспарға сәйкес шамамен 40% екенін ескеріп, қазанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмаған. Ұлттық банк мәліметінше, қарашада да валюта сатып алу жоспарланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар және +25 градусқа дейін жылы: қарашада ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері қарашаға арналған ауа райының консультативтік болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарашаның бірінші аптасында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік циклонның ықпалынан жаңбыр қарға ұласады және бұрқасын болады, деп хабарлайды синоптиктер. Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында жауын-шашын негізінен қар түрінде болады, бұрқасын күтіледі. Батыс аймақта жауын-шашын айдың басында байқалады. Ұқсас ауа райы жағдайлары екінші және үшінші онкүндіктің жекелеген күндерінде де қайталанады. Синоптиктер болжамы бойынша, қарашада екпінді жел, көктайғақ және тұман жиі болады. Cолтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұрқасын күтіледі. Ауа температурасындағы өзгерістер Қарашаның бірінші онкүндігінде: Батыста түнгі температура +2+7°С-тан -2-7°С-қа дейін төмендеп, күндіз +3+10°С-тан +10+18°С-қа дейін ауытқиды. Онкүндіктің соңына қарай күндіз +15+25°С-қа дейін жылынады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -7-15°С, күндіз -2-10°С дейін төмендейді. Онкүндіктің соңында (шығысты қоспағанда) әлсіз оң көрсеткіштер қайтады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа райы құбылмалы: түнде 0,-5°С, таулы аумақтарда -13°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С шамасында. 7 қарашадан кейін +5+15°С-қа дейін жылыну күтіледі. Екінші онкүндікте: Түнде 0,-5°С-тан -10-18°С-қа дейін, Күндіз 0,+5°С-тан 0,-8°С-қа дейін төмендеуі ықтимал. Үшінші онкүндікте: Ең суық күндер түнде -15-20°С, Күндіз -3-10°С дейін болуы мүмкін. Елдің батыс жартысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында екінші және үшінші онкүндіктерде ауа температурасы: Түнде -3-12°С-тан 0,+7°С-қа дейін, Күндіз +1+6°С-тан +8+18°С-қа дейін ауытқиды. Таулы өңірлерде кей күндері түнгі аяз -5-15°С-қа, күндіз -1-6°С-қа дейін күшеюі мүмкін. Жауын-шашын мөлшері Қарашада жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормаға жуық, батыс және солтүстік-шығыс өңірлерінде нормадан көп күтіледі. Бұл Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Атырау мен Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында және Абай облысының шығысында байқалады. Жалпы, ай бойы ауа температурасы ел бойынша климаттық нормадан 1°С жоғары болады деп болжанған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары түнде жер сілкінісін сезді Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді. Түркістан облысында жерасты дүмпулері 2 балл күшінде сезілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 3 қарашаға қараған түні ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. "Қазақстанның ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылдың 3 қарашасында Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеді", – делінген хабарламада. Эпицентр Алматыдан 1079 шақырым оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқаны нақтыланды. Тереңдігі – 120 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2. MPV магнитудасы – 6,2. Түркістан облысында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы (баллмен): Мақтаарал ауданы, Мырзакент – 2 балл, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл. Кейін ТЖМ Шымкентте де жерасты дүмпулері 2 балл деңгейінде сезілгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер мен қирау туралы деректер түскен жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет алматылықтарға ескерту жасады Қазгидромет бір қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "3 қарашада Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алатауда тегін тағам аламын дегендер қысылып қалған: кафе иесіне айыппұл салынады Алатауда жуырда кафенің ашылуында тегін тағам таратылғанда адамдар қысылып қалған. Алматы облысы полициясы бұл жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 26 қазанда Алатаудағы Жетіген шағынауданында болған. Полицияның мәліметінше, мекеме әкімшілігі тұтынушыларды тарту үшін тамақтарды тегін тарату акциясын ұйымдастырған. Акция жақын маңдағы жексенбілік базардың жұмысына дәл келіп, келушілер одан әрі көбейген. Шараға шақыру SMS арқылы кафенің тұрақты тұтынушыларына да жіберілген. Тексеру акцияның әкімдікпен келісілмей өткізілгенін, бұл белгіленген ережелерді бұзатынын көрсетті. Бұдан бөлек, мекеме әкімшілігі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпей, адамдар топтасуын бақылай алмаған. "Мекеме иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 443-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты талаптарды бұзғаны үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды", - деп хабарлады полиция департаменті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Almaty News (@almatynews_kaz) Еске салайық, жақында Ақтау маңындағы қала маңында донерді тегін тарату да мұндай жағдайға ұласқан еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Полиция “судьяның ұсталуына қатысты“ пікір білдірді Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Асель Досаева мас күйде көлік айдап ұсталды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқан. "Сараптама нәтижелері бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Астана сотының баспасөз қызметі іс материалдары сотқа түспегенін атап өтті. "Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, судья ұсталмайды, өйткені ол үшін белгілі бір рәсімдер көзделген", - деп хабарлады Астана соты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
SpaceX зымыраны Оңтүстік Кореяның бесінші әскери барлау спутнигін орбитаға шығарды Оңтүстік Корея Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі АҚШ Ғарыш күштері базасынан бесінші әскери барлау спутнигін орбитаға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Space-ке сілтеме жасап. Зымыран жексенбіде АҚШ уақытымен 01:09-да ұшырылып, аппаратты есептік орбитаға сәтті жеткізді. Ұшырылған спутник синтезделген апертуралы радиолокация (SAR) жүйесімен жабдықталған және ұлттық бағдарлама аясындағы бесінші әрі соңғы аппарат болды. Бағдарлама бойынша Сеул жыл аяғына дейін бес барлау спутнигін орбитаға орналастыруды жоспарлаған. Негізгі міндеті - КХДР-ның әскери белсенділігін бақылау және АҚШ спутниктік суреттеріне тәуелділікті азайту. "Бес спутниктің бірлескен жұмысы Солтүстік Корея тарапынан болатын арандатушылық белгілерін жылдам әрі дәлірек анықтауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті елдің Қорғаныс министрлігі. Ведомствоның айтуынша, аппараттар тобы елдің қорғаныс жүйесін күшейтіп, тежейтін стратегиясының тиімділігін арттырады. Орбиталық топтама толық іске қосылғаннан кейін Оңтүстік Корея Солтүстік Корея аумағын әр екі сағат сайын бақылай алады. Айта кетейік, алғашқы оңтүстіккореялық барлау спутнигі 2023 жылғы желтоқсанда ұшырылған. Ол жоғары дәлдіктегі бейнелер алуға қабілетті оптикалық-электрон және инфрақызыл сенсорлармен жабдықталған. Кейінірек ел кез келген ауа райында дерек жинауға мүмкіндік беретін SAR-датчиктері бар тағы үш спутникті орбитаға шығарды. Осы арада Солтүстік Корея да өз ғарыштық барлау технологияларын белсенді дамытып келеді. 2023 жылғы қарашада Пхеньян алғашқы "Маллигён-1" әскери спутнигін сәтті ұшырды және 2024 жылы тағы үшеуін орбитаға шығаруды көздегенін мәлімдеді. Алайда кейінгі ұшыру сәтсіз аяқталды. 2024 жылғы мамырда спутнигі бар зымыран ұшудан көп ұзамай жарылып кетті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Луврды тонау ісі: тағы екі күдіктіге айып тағылды Париж полициясы Луврдағы зергерлік бұйымдарды ұрлау ісі бойынша тағы екі адамды қамауға алды. Осылайша ұсталғандар саны жетіге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап. Париж прокуроры Лор Бекконың айтуынша, 37 жастағы ер адамға ұйымдасқан топ құрамында ұрлық жасады және қылмыстық сөз байласуға қатысты деген айыптар тағылды. Оның болжамды сыбайласы, 38 жастағы әйел, көмекші ретінде тергеліп жатыр. Екі күдікті де қамауға алынды. Бұған дейін тергеу аясында тағы бес адам ұсталған, олардың бірі ДНҚ-сараптамасы арқылы анықталған. Үшеуі кейін айып тағылмай босатылған. Осы аптада ұқсас айыптар Париждің солтүстігінде тұратын 34 және 39 жастағы екі ер адамдарға да тағылды. Тергеу оларды қылмысқа қатысы бар төрт адамнан тұратын топтың мүшелері болды деп санайды. Прокуратура дерегінше, екі күдікті ішінара кінәсін мойындаған. Луврды тонау ісі Еске салайық, 19 қазанда Луврды тоналды. Париж прокуратурасының мәліметінше, Наполеонның екінші жұбайы Мари-Луиза жинағынан алқа мен сырға, Мария-Амалия мен голландиялық Гортензия де Богарна патшайымдардың жинағынан тағы үш зергерлік әшекей, сондай-ақ, Евгения патшайымның жинағынан бірнеше зат ұрланған. Макронның реакциясы және ІІМ мәлімдемесі Франция ішкі істер министрі Лоран Нуньестің айтуынша, қылмыскерлер үшеу немесе төртеу болған, олар скутерлермен келіп, Аполлон галереясына жету үшін жүк көлігінің құрылыс себетін пайдаланған және екі витринаны бұзып ашқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында қазанда жоғалған жігіт өлі табылды Алматы облысында қазанның ортасында жоғалған жігіт өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz Instagram-парақшасында бегілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еріктілердің мәліметінше, 1990 жылы туған Тасқұлов Абдусалам Абдурахманұлы 14 қазанда жоғалып кеткен. Шамамен 22:30-де Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" шағынауданынан шығып, қайта оралмаған. Жоғалған ер адам 30 қазанда табылды, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қайғылы жағдайдың өзге мән-жайы нақтыланған жоқ. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Волонтеры Алматы "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Синоптиктер Алматының тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2 қарашада Алматы қаласында ауа райы қолайсыз болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Желіде Дональд Трампқа ұқсайтын зейнеткердің видеосы тарады Желіде АҚШ президенті Дональд Трампқа ұқсайтын зейнеткердің видеосы тарады. Ол Ресейдің Пермь қаласындағы аялдамада кадрға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятница" басылымына сілтеме жасап. Трампқа ұқсайтын әжей түскен видео бірден тарап кетті. Оның авторы - жергілікті тұрғын Евгений Сажин. "Перміде Дональд Трампты кездестіру мүмкіндігі аз, бірақ бәрі мүмкін", - дейді ол. Сажин әжейді автобус аялдамасында жолықтырған. - Сіз өзіңіздің Дональд Трампқа ұқсайтыныңызды байқадыңыз ба? - деп әйелге тіл қатады ол.- Қойыңызшы! - деп жымия жауап береді әйел.- Мүлдем? - деп қоймайды жергілікті тұрғын. - Өте ұқсайсыз. Әрине, әйел түрі секілдісіз. Бірақ ұқсайсыз.- Шашым ағарған ғой, әрине, - деп келіседі әйел.- Жоқ, ол да сымбатты, сіз де сондайсыз! - деді Сажин. Осы уақытта әлеуметтік желі қолданушылары "мына әйел Трамптың өзінен де қатты ұқсайды" және "Трамп әлемдегі әжелердің жартысына ұқсайды" деп әзілдейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Илон Маск жаңа мессенджерді әзірлеп жатқанын айтты Илон Маск тағы да Джо Роган подкастының қонағы болды. Әңгіме барысында ол X компаниясы X Chat деп аталатын жеке хабарлама алмасу қолданбасын әзірлеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК Криптоға сілтеме жасап. Масктың айтуынша, мессенджер биткоинде қолданылатынға ұқсас шифрлау жүйесін пайдаланады. Қолданба бірнеше айда іске қосылады. "X-та (бұрынғы Twitter) біз хабарлама алмасу жүйесін толық жаңарттық - енді ол X Chat деп аталады. Қолданушылар арасындағы тікелей алмасуға (peer-to-peer) негізделген шифрлау жүйесін қолданамыз, бұл біршама биткоиндікіне ұқсайды. Өте сенімді шифрлау, біз оны мұқият сынап жатырмыз", - деді Маск. Ол сондай-ақ X Chat пайдаланушылар деректерін жарнама берушілерге жинамайтынын және бермейтінін мәлімдеді. Маск бәсекелестерін, әсіресе WhatsApp-ты, нысаналы жарнама көрсету үшін хат алмасуларды талдайды деп сынады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шекара қызметі Ресейге жол жүретіндерге үндеу жасады Қазақстан мен Ресей шекарасындағы үш өткізу бекетінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, салдарынан шекарадан өту кезіндегі күту уақыты ұзаруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. Әңгіме "Сырым", "Әлімбет" және "Қосақ" өткізу бекеттері туралы болып отыр. "Сырым" өткізу бекеті Қазақстан мен Ресей шекарасында Батыс Қазақстан облысында, "М-32 Самара - Шымкент" халықаралық трассасында орналасқан. Ресей жағындағы сәйкес өткізбек бекет - "Маштаково". "Әлімбет" өткізу бекеті Ресеймен шекарада Ақтөбе облысында орналасқан. Ресей жағында оған қарама-қарсы "Орск" өткізу бекеті бар. "Қосақ" өткізу бекеті Павлодар облысының Успен ауданы аумағында, сондай-ақ, Ресеймен шекарада орналасқан. Бұл - автокөлік өткізу бекеті. "Осы жайларды ескере отырып, жүріс бағытыңызды алдын ала түзетуді сұраймыз", - делінген ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында. Қалған өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Терең шұңқырға түсіп кеткен: Жамбыл облысында құтқарушылар әйелге көмектесті Жамбыл облысында әйел төрт метрлік шұңқырға құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап. Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылында болған. "Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетті. Олар альпинистік жабдықты пайдаланып, тереңдігі төрт метрден асатын шұңқырға түсті, зардап шеккен әйелді шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері. ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі аман қалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бас прокуратура қазақстандықтарға қауіпті жұмыстар туралы ескерту жасады Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы жұмыспен қамту саласындағы қылмыскерлердің белсенділігі туралы ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетелдік дереккөздердің мәліметтеріне сәйкес интернет-алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде минималды талаптармен жоғары табыс ұсына отырып, жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялайды. "Жауап бергеннен кейін, іздеушілерге жалған сайттарға сілтемелер, жеке деректерді жинауға арналған сауалнамалар жіберіледі немесе зиянды бағдарламалық қамтылымы бар "жұмыс істеуге арналған мобильді қосымшаны" орнатуды ұсынады, бұл зиянкестерге банктік деректерге, мессенджерлерге және құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, шетелде, оның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Таиланд, Мьянма және т.б.) жұмыс істеу туралы жалған ұсыныстар да өзекті. "Азаматтарды IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call-орталықтарға жұмысқа орналасу түрімен шетелге әкету үшін жалдайды, онда олар еңбек және сексуалдық құлдықта болуы, қанауға және зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Кейбір жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды мәжбүрлеп алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау схемаларында пайдаланады", - делінген хабарламада. Қылмыскерлердің құрбаны болмау не істеу керек? құжаттарды жібермес немесе қосымшаларды жүктемес бұрын жұмыс берушінің заңдылығын және сайттың мекен-жайын тексеру; жұмысқа, оқуға немесе визаға ресімдеу үшін қаражат аудармау; қосымшаларды тек Google Play, App Store ресми дүкендерінен орнату; ресми шарт жасасқанға дейін жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері мен деректерін және банк карталарын ұсынбау; қызметкерлерді іріктеу бойынша қызмет көрсететін делдалдың немесе агенттіктің заңдылығына көз жеткізу және агенттіктің тіркеу деректерімен шетелдік жұмыс беруші арасында жасалған шартты сұрату; кез келген күмән туындаған кезде полицияға хабарлау. Сіздің туысыңыз немесе досыңыз адам саудасының құрбаны болған жоқпа тексеріңіз: әдеттегідей қоңырау шалған кезде бейне қоңырауға ауысуды ұсыныңыз. Егер ол бас тартып, "мүмкін емес" – деп байланысын үзсе, бұл дабыл сигналы, полицияға хабарласуды ұсынамыз; бейне қоңырау кезінде келесі сұрақтарды қойыңыз: "Қайда тұрғаныңды көрсет - мен сенің қаншалықты жайлы екеніңді көргім келеді"; Сенің жаныңда кім бар, оларды көруге болады ма; Сен қазір қайдасын, бұл пәтерме, жатақханама, үйме; Бүгін таңғы асқа/түскі асқа/кешкі асқа не бар; Телефонды қай жерде қуаттайсыз; Сенің қасыңда розетка барма; Терезеден қандай көрініс, көшеге шыға аласың ба; Сен бүгін демалдың ба; Сенде демалыс қашан;Жалақы алдың ба; Құжаттарыңды қайда сақтайсын?". Адам орналасқан фонға және қоршаған ортаға (бөлме, қойма, жатақхана), қасында әңгімені бақылап тұрған бөтен адамдардың болуына, кеңес берудің дыбысына, дауыс екпініне, бет әлпетіне (қорқып тұрғандай көрінеді, камераға қараудан бас тартады) назар аударыңыз. Егер адам қоршаған ортаны көрсетуден бас тартып, сөйлеуден қорқып, қысқа немесе бір қалыпты сөйлессе, оны бөтен адамдар бақылап тұруы мүмкін, мұндай жағдайларда полицияға хабарлауды ұсынамыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қостанайда полиция такси ретінде жасырынған ҰҚТ-ны құрықтады Қостанай облысының полициясы такси қызметі желеуімен жезөкшелікпен айналысуға делдал болып, интим қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыскерлер тұрмысы төмен, қолайсыз отбасылардан шыққан қыздарды таңдап, бопсалау, қорқыту және дене күшін қолдану арқылы оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Қыздарды жалдамалы пәтерлер мен гараждарда ұстаған. Интим қызмет көрсету үшін оларды қаладағы моншаларға тасымалдаған. Полиция осындай 12 мекемені және олардың әкімшілерін анықтады. "Тінту барысында қомақты ақша, құжаттар, техника, банк карталары, сондай-ақ қылмыстық әрекетте пайдаланылды деп болжанатын тоғыз автокөлік тәркіленді", - деп хабарлады полиция. Заңсыз жолмен алынған қаражаттың бір бөлігі жалған банк шоты арқылы заңдастырылған. Ақша автокөліктер, тіркемелер мен гараждар сатып алуға жұмсалған. "Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша, оның ішінде "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру" бабымен соталды тергеп-тексеру басталды. Бірқатар күдікті ұсталды, басқа фигуранттарға процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылды", - деді полицияда. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан УЕФА турнирлерінің финалдарын елде өткізуге дайын екенін айтты 2028 және 2029 жылдары УЕФА клубтық турнирлерінің финалдарын өткізуге он бес ұлттық қауымдастық қызығушылық танытты. Бұл туралы УЕФА баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан 2028 және 2029 жылдары УЕФА Конференция лигасының финалын Астанадағы "Астана Аренада" немесе Алматыдағы "Алматы Аренада" (нақты қала мен стадион өтінім бергенде анықталады) өткізуге ниет білдірді. "УЕФА 2028 және 2029 жылдары УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы және әйелдер Чемпиондар лигасы финалдарын өткізуге он бес ұлттық қауымдастықтан қызығушылық туралы өтінімдер алғанын растайды. Қызығушылық туралы өтінімдер міндеттемелер жүктемейді, ал түпкілікті ұсыныстар өтінім құжаттамасымен бірге 2026 жылғы 10 маусымға дейін тапсырылуыға тиіс", – делінген ұйым хабарламасында. Қызығушылық танытқан қалалар мен ареналар: УЕФА Чемпиондар лигасының финалы, 2028 жыл Германия, Мюнхен – "Арена Мюнхен". 2029 жыл Англия, Лондон – "Уэмбли"; Испания, Барселона – "Камп Ноу". УЕФА Еуропа лигасының финалы, 2028 жыл Франция: Лион-Десен – "Парк Олимпик Лион" немесе Париж – "Парк-де-Пренс" (нақты қала мен стадион өтінім бергенде анықталады); Италия: Турин – "Ювентус Стэдиум"; Румыния: Бухарест – "Арена Националэ"; Сербия: Белград – "Ұлттық". 2029 жыл Франция: Лион-Десен – "Парк Олимпик Лион" немесе Париж – "Парк-де-Пренс"; Италия: Турин – "Ювентус Стэдиум"; Румыния: Бухарест – "Арена Националэ"; Сербия: Белград – "Ұлттық"; Түркия: Анкара – "Анкара Ондокуз Майыс". УЕФА Конференция лигасының финалы, 2028 жыл Франция: Лилль – "Пьер Моруа"; Венгрия: Будапешт – "Пушкаш Арена"; Италия: Турин – "Ювентус Стэдиум"; Қазақстан: Астана – "Астана Арена" немесе Алматы – "Алматы Арена" (нақты қала мен стадион өтінім бергенде анықталады); Польша: Гданьск – "Арена Гданьск". 2029 жыл Финляндия: Хельсинки – "Олимпиястадион"; Франция: Лилль – "Пьер Моруа"; Венгрия: Будапешт – "Пушкаш Арена"; Италия: Турин – "Ювентус Стэдиум"; Қазақстан: Астана – "Астана Арена" немесе Алматы – "Алматы Арена" (нақты қала мен стадион өтінім бергенде анықталады); Польша: Гданьск – "Арена Гданьск". Әйелдер УЕФА Чемпиондар лигасының финалы, 2028 жыл Франция: Лион-Десен – "Парк Олимпик Лион"; Испания: Бильбао – "Сан-Мамес"; Швейцария: Базель – "Санкт-Якоб Парк"; Түркия: Стамбул – "Али Сами Йен". 2029 жыл Франция: Лион-Десен – "Парк Олимпик Лион"; Ирландия: Дублин – "Дублин Арена"; Швейцария: Базель – "Санкт-Якоб Парк"; Уэльс: Кардифф – "Уэльс Ұлттық стадионы". УЕФА турнирлерінің сегіз финалының иелері 2026 жылғы қыркүйекте анықталады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қырғызстанда 58 адам шаурмадан уланды Бішкектегі жекеменшік мектептердің бірінде жаппай улану тіркелді. Уланғандардың бәрі түскі асқа шаурма жеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 қазанда сағат 22:30-да Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағамнан улану белгілері бар науқастар түсе бастаған. Барлық науқастың 12:00-13:00 аралығында мектеп асханасында шаурма жегені анықталды. Барлығы 58 науқас медициналық көмекке жүгінген, олардың 54-і - бала. "7 бала және 2 ересек ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты. 49 науқас қараудан және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тиісті нұсқаулықпен амбулаторлық емдеуге жіберілді. Барлық науқастан талдаулар алынды", - делінген жарияланымда. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бұл оқиға бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бензин бағасы: Қазақстанда жедел желі іске қосылды Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің қымбаттауы мен автогаз бойынша үзілістерге қатысты шағымдарды қабылдауға арналған жедел желіні іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Егер сіз АИ-92 маркалы бензин бағасының негізсіз өсуін немесе АЖҚС-тар жанармайдың болмауын байқасаңыз, Министрлік жедел желі телефонына хабарласуды сұрайды: +7 701 855 0248. Өтініштер тәулік бойы, 24/7 режимінде қабылданады. "Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп, алыпсатарлық пен отынның жасанды тапшылығын туғызуға бағытталған кез келген әрекеттерге қатаң тосқауыл қояды", - деп мәлімдеді ведомство. Министрлік барлық қажет отын көлемі өңірлердің өтінімдеріне сәйкес жөнелтіліп, мұнай базаларында сақталып тұрғанын атап өтті. Тапшылыққа себеп болатын объектив факторлар жоқ. "Сұйытылған мұнай газы бойынша: өндіруші зауыттардың бірінде жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстары министрлік тарапынан алдын ала ескеріліп, жоғары сұраныс байқалатын өңірлер үшін қосымша көлемдер бөлінді. Сондықтан кейбір газ құю бекеттеріндегі кезектер жүйелі тапшылықпен емес, ішкі бөлу және логистика мәселелерімен байланысты", - деп түсіндірді Энергетика министрлігі. Ведомство әрбір өтініш мұқият қаралып, расталған жағдайда адал емес нарық қатысушыларына қатысты тиісті шаралар қабылданатынын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жел, жаңбыр мен қар: 1 қарашада ауа райы қандай болады? Синоптиктер бүгін қай өңірлерде жаңбыр жауады мен қар жауатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана – түнде +3…+5 °C, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр мен қар жауады). Жел солтүстік-батыс, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Күндіз +5…+7 °C, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр мен қар жауады). Алматы – түнде +6…+8 °C, көшпелі бұлтты, таңертең жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыс, 3–8 м/с. Күндіз +10…+12 °C, көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Шымкент – түнде +4…+6 °C, көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыс, 8–13 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Күндіз +14…+16 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Абай облысы – түнде +2…+7 °C, облыстың шығысында –3 °C, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-батыс: түнде 9–14 м/с, батысы мен орталығында 15–20 м/с; күндіз 15–20 м/с, батысы мен орталығында екпіні 23–28 м/с. Күндіз +9…+14 °C, облыстың батысында +6 °C, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауады. Семей – түнде +3…+5 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-батыс 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с, күндіз кейде 23 м/с. Күндіз +11…+13 °C, көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Алматы облысы – түнде +3…+8 °C, таулы аудандарда 0…–5 °C, таңертең батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, тауда жаңбыр жауады, қар. Таулы аудандарда тұман. Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Күндіз +7…+12 °C, тауда –3…+2 °C, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, тауда жаңбыр жауады, қар. Таңертең тауда тұман түседі. Қонаев – түнде +5…+7 °C, көшпелі бұлтты, таңертең жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыс 9–14 м/с, кейде екпіні 15–20 м/с. Күндіз +10…+12 °C, көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Ақмола облысы – түнде –2…+3 °C, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр мен қар жауады). Батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с, батысы, солтүстігі, шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз +1…+6 °C, батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр мен қар жауады). Батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Көкшетау – түнде +2…+4 °C, көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыс 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Күндіз +4…+6 °C, көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Ақтөбе облысы – түнде –1…+4 °C, солтүстік-шығысында –4 °C, жауын-шашын жоқ. Оңтүстігі мен орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыс 9–14 м/с. Күндіз +6…+11 °C, солтүстігі, батысы, орталығында жаңбыр жауады. Таңертең оңтүстігі мен орталығында тұман. Ақтөбе – түнде –1…+1 °C, бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-шығыс 5–10 м/с. Күндіз +7…+9 °C, бұлтты, жаңбыр жауады. Атырау облысы – түнде +3…+8 °C, солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с, күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз +10…+15 °C, шығысында +7 °C, жаңбыр жауады; солтүстігі мен шығысында кейде қатты жаңбыр жауады. Атырау – түнде +5…+7 °C, бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-батыс: түнде 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с. Күндіз +13…+15 °C, көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысы – түнде 0…+5 °C, шығысында –3 °C, жауын-шашын жоқ. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыс 9–14 м/с, батысы, солтүстігі, шығысында 15–20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз +10…+15 °C, шығысында +6 °C, жаңбыр жауады; шығысында жаңбыр жауады, қар. Өскемен – түнде +3…+5 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-шығыс 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с, күндіз кейде 23 м/с. Күндіз +13…+15 °C, көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Жамбыл облысы – түнде +2…+7 °C, таулы аудандарда –2 °C, батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады, тауда жауын-шашын, кей жерлерде қатты (жаңбыр жауады, қар), оңтүстігі мен тауларда тұман. Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және тауларда 15–20 м/с, түнде екпіні 23–28 м/с. Күндіз +10…+15 °C, тауда +5 °C, тауда жаңбыр жауады. Тараз – түнде +5…+7 °C, көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады, тұман. Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Күндіз +13…+15 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жетісу облысы – түнде +2…+7 °C, таулы аудандарда 0…–5 °C, шығысы мен орталығында жаңбыр жауады, тауда жаңбыр жауады, қар. Тауда тұман. Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с, шығысы, орталығы және тауда екпіні 15–20 м/с, күндіз кейде 23–28 м/с. Күндіз +7…+12 °C, тауда +3 °C, шығысы мен орталығында жаңбыр жауады, тауда жауын-шашын, кейде қатты (жаңбыр мен қар жауады). Талдықорған – түнде +4…+6 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-батыс 5–10 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Күндіз +10…+12 °C, көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Батыс Қазақстан облысы – түнде +3…+8 °C, шығысында 0 °C, батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Солтүстігі мен шығысында тұман. Жел оңтүстік 9–14 м/с, батысы, солтүстігі, шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз +5…+10 °C, жаңбыр жауады, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Таңертең солтүстігі мен шығысында тұман. Орал – түнде +3…+5 °C, бұлтты, жаңбыр жауады. Тұман. Жел оңтүстік 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Күндіз +7…+9 °C, бұлтты, жаңбыр жауады. Таңертең тұман. Қарағанды облысы – түнде +2…+7 °C, шығысында +1 °C, жауын-шашын (жаңбыр мен қар жауады). Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, шығысында кейде 23–28 м/с. Күндіз +4…+9 °C, оңтүстігінде +12 °C, батысында аздаған жауын-шашын, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, қар. Қарағанды – түнде +4…+6 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр мен қар жауады). Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Күндіз +4…+6 °C, көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, қар. Қостанай облысы – түнде –2…+3 °C, оңтүстігінде +6 °C, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр жауады, қар), көктайғақ. Батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыс 9–14 м/с, күндіз шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз +4…+9 °C, оңтүстігінде +12 °C, батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, қар. Қостанай – түнде 0…+2 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел солтүстік-батыс 9–14 м/с. Күндіз +7…+9 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Қызылорда облысы – түнде +1…+6 °C, жауын-шашын жоқ, батысы мен орталығында тұман. Жел батыс 9–14 м/с. Күндіз +11…+16 °C, жауын-шашын жоқ. Қызылорда – түнде +3…+5 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел батыс 9–14 м/с. Күндіз +13…+15 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Маңғыстау облысы – түнде +8…+13 °C, солтүстігінде +5 °C, жауын-шашын жоқ. Солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыс 9–14 м/с, күндіз батысы, оңтүстігі, орталығында 15–20 м/с. Күндіз +15…+20 °C, оңтүстігінде +23 °C, батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Ақтау – түнде +11…+13 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-шығыс 9–14 м/с. Күндіз +16…+18 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Павлодар облысы – түнде +1…+6 °C, жаңбыр жауады, солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыс: түнде батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Күндіз +6…+11 °C, жаңбыр жауады, солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Павлодар – түнде +2…+4 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с, күндіз 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Күндіз +8…+10 °C, бұлтты, жаңбыр жауады. Солтүстік Қазақстан облысы – түнде 0…+5 °C, жауын-шашын (жаңбыр жауады, қар), батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыс 15–20 м/с, күндіз солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде екпіні 23–28 м/с. Күндіз +2…+7 °C, солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде жаңбыр жауады, қар; батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ. Петропавл – түнде +1…+3 °C, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр мен қар жауады). Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыс 15–20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз +3…+5 °C, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр мен қар жауады). Түркістан облысы – түнде +2…+7 °C, таулы аудандарда –1 °C, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады, тауда жауын-шашын, кейде қатты (жаңбыр жауады, қар), тұман. Жел оңтүстік-батыс 8–13 м/с, түнде солтүстігі, батысы және таулы аудандарда 15–20 м/с, таулы асуларда екпіні 23–28 м/с. Күндіз +12…+17 °C, солтүстігі мен тауда +9 °C, жауын-шашын жоқ. Түркістан – түнде +2…+4 °C, көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыс 8–13 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Күндіз +14…+16 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Ұлытау облысы – түнде 0…+5 °C, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр мен қар жауады). Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз +6…+11 °C, шығысында аздаған жаңбыр жауады. Жезқазған – түнде +2…+4 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с. Күндіз +8…+10 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Алжир президентін құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады. "Біз еліңізді араб әлеміндегі және Солтүстік Африкадағы сенімді серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне кәміл сенемін", – делінген құттықтау жеделхатында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Тасмағамбетовпен кездесті Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді. Мемлекет басшысына биыл қараша айының соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе талқыланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Үш жылға келісім“: Шымкентте қырғызстандық апалы-сіңлі күштеп ұсталған Қырғызстандық апалы-сіңілі екі қыз Қазақстанда күштеп ұсталған. Олардың біреуі кәмелетке толмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап. Қырғызстанның Омбудсмен институты мәліметінше, айдың басында Ош облысынан қыздардың анасы көмек сұрап жүгінген. Ол К.К. есімді әйел 2024 жылдың наурызында қыздарын (16 және 18 жаста) "жұмыс беремін, қараймын" деп уәде беріп, Шымкентке алып кеткенін айтқан. Алайда біраз уақыттан кейін қыздар анасына хабарласып, соққыға жығылғанын, таңнан кешке дейін мәжбүрлі түрде жұмыс істеп жүргендерін айтқан. "Қыздар базарда екі әйелге жұмыс істеген. Сауда біткен соң оларды қоймаға алып барып, ауыр қаптарды көтеруге мәжбүрлеген. Оларға құл сияқты қараған. Қыздар кеткіміз келеді дегенде оларды соққыға жыққан. Мен қоңырау шалып, балаларымды жіберуді талап еттім, бірақ К.К. үш жылға келісім жасадық деп келіспеді", – дейді анасы. Омбудсмен институты мұндай әрекеттер қыздардың құқықтарын өрескел бұзатынын атап өтті: кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту, зорлап еңбек істету және ауыр жүк көтеруге мәжбүрлеу Қырғызстанның Балалар кодексіне қайшы келеді. Қырғызстанның Алматыдағы бас консулдығы және қырғыз диаспорасының көмегімен қыздар Шымкенттен табылған. Миграциялық заңнаманы бұзғандары үшін сот шешімі шыққан соң, олар еліне қайтарылып, аналарына тапсырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Queen’s University Belfast президентін қабылдады Мемлекет басшысы Queen’s University Belfast президенті және вице-канцлері Иан Грирді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Президенті Ұлыбританияның жетекші ғылыми-зерттеу университетіне еліміз айтарлықтай қызығушылық танытатынын, бұл байланыс аясында білім берумен бірге ғылыми-зерттеу қызметіне ден қою көзделгенін айтты. Кездесуде түрлі сала, соның ішінде ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау мәселесі талқыланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Күмәнді трендтер: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде "хайп", лайк немесе түрлі конкурстар үшін жасалатын әрекеттер көбейіп кеткен. "Кейбір жастар сауда орталықтарында немесе көшеде айғайлап, жартылай жалаңаш жүгіріп, жұртқа кедергі келтіріп, өздерін "шоу" етіп түсіріп жүр. Мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік қарастырылған. Жуырда елордада болған осындай оқиға бойынша бір адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Лайк жинау үшін жасалған мұндай әрекет батылдық та, креатив те емес. Бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу, ар-ұятқа жат қылық", - деді ІІМ өкілі. Полиция қоғамдық орында жасалған кез келген заңға қайшы немесе ұят әрекетке жол берілмейтінін мәлімдеді. "Баршаға, әсіресе, жастарға айтарымыз: күмәнді трендтерге ермеңіздер. Өзіңізді де, айналадағы адамдарды да құрметтеңіздер", - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев МИФИ ректоры Шевченкомен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы "Мәскеу инженерлік-физикалық институты" ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры Владимир Шевченкомен әңгімелесу барысында еліміз үшін ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанда "Росатом" бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен алғашқы АЭС құрылысын жүргізу қолға алынғанына тоқталды. Бұдан бөлек, тағы бірнеше станса салу жоспарланып отыр. 2022 жылы Алматыда МИФИ филиалы ашылды. Оқу орнынан алғашқы магистрлер түлеп ұшты. Президенттің пікірінше, бұл ядролық энергетика саласында біліктілігі жоғары маман даярлауға септігін тигізеді. МИФИ ядролық ғылымды дамытуда және атом мамандарын даярлауда әлемдегі жетекші орталықтардың бірі ретінде танылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Маңызды қадам жасадық“ - Тоқаев шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары туралы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің 40 жетекші университетімен серіктестік орнатылып, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Орталық Азия елдеріндегі және біздің аймақпен көршілес бірқатар мемлекеттегі демографиялық көрсеткіштің артуы жоғары білімді экспорттауға және шетел студенттерін елімізге тартуға елеулі мүмкіндік береді деп санайды. "Қазақстан жаһандық білім нарығының бір бөлігіне айналуды көздеп отыр. Сондықтан алдымызға күрделі, алайда аса маңызды мақсат қойдық. Оған жету үшін әлемнің 40 жетекші университетімен серіктестік орнатылып, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылды. Көптеген филиалда оқу ағылшын, орыс, қытай тілдерінде жүргізіледі. Бұл – аса маңызды. Өйткені білім беру саласындағы көптілділік адамдардың немесе университеттердің, тіпті, тұтас мемлекеттердің ашықтығы мен бәсеке қабілеттілігінің негізін қалайды. Келешекте де солай болмақ. Оған еш күмән жоқ. Сондықтан әлемдік академиялық кеңістікке шығуға саналы түрде маңызды қадам жасадық. Бұған қоса барлық филиалда қазақ тілі мен Қазақстан тарихы міндетті пән ретінде оқытылады. Бұл шетелдік студенттердің мәдениетіміз бен менталитетімізді терең түсінуіне көмектеседі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан ChatGPT негізінде пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады - Тоқаев Президент Қазақстан ChatGPT негізінде білім беру құралдарын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыра бастағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев білім-ғылым саласына салынған инвестиция Қазақстанның жарқын болашағына қарай жасалған қадам екенін, алдымызда экономиканы жаңғырту, жаңа өндіріс секторларын қалыптастыру, жасанды интеллект технологияларын барлық салаға енгізу және Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекет ретінде дамыту мақсаттары тұрғанын жеткізді. "Қазақстан технологиясы озық ел болуға нық қадам басты. Бұл – біздің жаңа ұлттық болмысымыздың аса маңызды бөлігі деп айтсақ, қате болмайды. Бүгін спикерлер жасанды интеллектінің жаһандық ортақ прогресті өрге сүйрейтін жаңа қозғаушы күш ретіндегі рөліне баса мән берді. Шын мәнінде, осы бірегей технологияның арқасында адамзат алға қарай қарышты қадам жасай алады. 2030 жылға қарай ЖИ әлемдік ІЖӨ көлемін 15 триллион доллардан аса ұлғайтады деп болжанып отыр. Бірақ жасанды интеллектінің дамуынан ең көп пайданы қай ел көреді? Бұл – өте қызықты сауал. Оны терең зерделеп, сараптау қажет. Жауабы аса қиын көрінбегенімен, бұл мәселе адамзат келешегімен тікелей байланысты екенін мойындауымыз керек. Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту және басқа салалармен жан-жақты интеграциялау ең жоғары стратегиялық басымдық саналады. ЖИ сарапшылары мен мамандарын даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз. Осы мақсатта жыл басынан бері AI Sana бағдарламасын іске қостық. 540 мыңнан астам студент оқу курсынан өтті. Бұдан бөлек, жасанды интеллект барлық мектеп пен университетке міндетті курс ретінде енгізілді. Елімізде Жасанды интеллект университетін ашу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді Президент. Осы орайда Мемлекет басшысы қыркүйек айында АҚШ-қа жасаған сапары кезінде OpenAI компаниясымен маңызды уағдаластыққа қол жеткізілгенін еске салды. "Нәтижесінде Қазақстан ChatGPT негізінде білім беру құралдарын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады. Аталған бастамалар арқылы отандық білім беру саласында жасанды интеллект әлеуетіне сүйене отырып, кешенді цифрлық трансформация жасалып жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент “Ұлттық қор – балаларға“ бағдарламасының негізгі мақсаты туралы айтты Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Елімізде 2024 жылдан бастап "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соған сәйкес Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың есепшотына салынады, яғни Қазақстандағы әр бала 18 жасқа дейін Ұлттық қордан қаржы алып тұрады. Аталған қаражатты мерзімінен бұрын қолдануға болмайды. Балалар кәмелет жасқа толғаннан кейін жинақталған қаржыны баспана немесе білім алуға жұмсай алады. Сонымен қатар бес жастан асқан балаларға арналған "Келешек" бірыңғай жинақтау жүйесі іске қосылды. Бұл жүйеде ата-аналардың ерікті салымы, мемлекет тарапынан бөлінетін бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс жинақталады. Жобалардың негізгі мақсаты – бір, бұл – жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау. Бұдан бөлек, жастарға пайызсыз білім несиелері және түрлі гранттар берілуде. Жоғары білім беру саласының инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр, жаңа оқу ғимараттары (кампустар) бой көтеруде. Аймақтарда жоғары оқу орындарының жанынан студенттерге арналған жатақханалар салынуда", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Жоғары білімнің барша азаматқа бірдей қолжетімді болуы - өте маңызды міндет Мемлекет басшысы "Қазақстан – академиялық білім аймағы" стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент білім және ғылымды ешқандай шекара талғамайтын, барлық елге ортақ стратегиялық маңызы айрықша сала ретінде атап, бүгінгі форум соның айқын дәлелі екеніне назар аударды. "Бұл – шын мәнінде өте маңызды жиын, жаһандық білім мен ғылымның дамуы туралы аса құнды ой-пікірлер айтылатын, болжамдар жасалатын бірегей алаң. Осыған орай кешеден бері әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының басшылары және өкілдері Астанада бас қосып, пікір алмасып жатыр. Халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен сарапшылар елордамызда маңызды мәселелерді талқылауда. Бүгін де академиялық білім әлеміндегі беделді жоғары оқу орындарының жетекшілері терең мағыналы ойларын ортаға салды. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің пікірінше, білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш, ал университет – озық ойлар мен жаңа идеялардың ордасы, ғылыми ізденіс ортасы. "Қазір адамзат түбегейлі өзгерістер дәуіріне қадам басқан кезде білім ордалары заман талабына сай озық болуға тиіс. Онсыз ешқандай даму да, өркендеу де болмайтыны анық. Қазақстан білім-ғылым жүйесін дамытуға айрықша мән беріп отыр. 2019 жылдан бері осы салаға бөлінетін қаржы үш есе ұлғайды. Елімізде жоғары оқу орындарының дербестігі артып келеді, зерттеу университеттері көбеюде. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" жаңа заң қабылданды. Президент жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды. Мемлекет ғалымдарға, әсіресе, жас зерттеушілерге барынша қолдау көрсетуде. Жоғары білімнің барша азаматқа бірдей қолжетімді болуы – өте маңызды міндет", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысып отыр Мемлекет басшысы "Қазақстан – академиялық білім аймағы" халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Форумда үздік шетелдік университеттердің жетекшілері, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосты. Атап айтқанда, Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да жетекші жоғары оқу орындары бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар “Наурыз“ тұрғын үй бағдарламасына 1 желтоқсанға дейін өтінім бере алады Қазақстанда 3 қарашада "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәліметінше, "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 2025 жылғы 3 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Бағдарламаға Отбасы банкінің барлық салымшылары, сондай-ақ депозитінде кемінде 2 миллион теңге жинағы бар және соңғы бес жыл ішінде өзінде де, отбасы мүшелерінде де тұрғын үйі болмаған азаматтар қатыса алады. Өтінім беру процесі толығымен онлайн форматта жүзеге асырылады. Қатысушылар Baspana Market платформасындағы жеке кабинеттері арқылы өтінім беріп, нәтижесін сол жерде бақылай алады. Бағдарлама шарттарына сәйкес: таза әрленген жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін бастапқы жарна 10 пайыздан, әрленбеген немесе қайталама тұрғын үй үшін бастапқы жарна 20 пайыздан басталады. "Сыйақы мөлшерлемесі әлеуметтік осал топтар үшін 7 пайыздан (ЖТСМ 7,1 пайыздан), басқа қатысушылар үшін 9 пайыздан (ЖТСМ 9,4 пайыздан) есептеледі. Несие сомасының ең жоғары мөлшері өңірлер үшін - 30 миллион теңге, ал Астана мен Алматы қалалары үшін - 36 миллион теңге көлемінде белгіленген. Несие мерзімі 19 жылға дейін созылады", - делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, бағдарлама аясында Астана, Алматы және облыс орталықтарында тек бірінші нарықтағы (жаңа) тұрғын үйлерді сатып алуға болады. Ал моноқалалар мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін бірінші және екінші нарықтағы үйлер ұсынылады. Барлық тұрғын үй нысандары Baspana Market порталы арқылы таңдалады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтарға қар жауып, боран соғатыны ескертілді Қазгидромет синоптиктері 1, 2, 3 және 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағына солтүстік циклон келіп, жауын-шашын мен айтарлықтай суық әкеледі. Солтүстік пен шығыста қар мен боран күтіледі Циклон Қазақстан аумағы арқылы жылдам жылжып, жаңбырды қарға ұластырады. 4 қарашада елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде қалың қар, сондай-ақ боран, екпінді жел және көктайғақ болады деп болжанған. Ауа температурасы бірден төмендейді: түнде –5 пен –13 градус аралығында, күндіз –3 пен –11 градус аралығында болады. Суық оңтүстікке де жетеді Суық фронт Қазақстанның оңтүстігіне де таралады. 4 қарашада жаңбыр мен дымқыл қар күтіледі, кейін мұнда да ауа температурасы төмендейді: түнде –13 градусқа дейін, ал күндіз +5 градустан жоғары болмайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының экс-басшысы қамауға алынды ҚМА Шымкент бойынша департаменті "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ның бұрынғы төрағасы Ж.Д.Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, ол алма бақтарын салуға бөлінген бюджет қаражатын иемдену дерегі бойынша, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жұмыстар мен жабдықтардың құнын негізсіз көтеру жолымен ұрлық жасады деген күдікке ілінген. "Бұл мақсатта ол өзімен байланысты "Green Mart Kazakhstan" ЖШС-нің басшысын тартқан. Аталған тұлға бағдарламаға қатысушы болып көріну үшін достары мен туыстарының атына 20 жалған компания тіркеген. Шын мәнінде бұл тұлғалар ешқандай қызмет атқармаған және жобаға қатыспаған. Жалған құжаттар негізінде Қорға 1,4 млрд теңге көлемінде лизинг алу туралы өтінімдер ұсынылып, олар кейін Қор тарапынан мақұлданған", - делінген хабарламада. Байқау рәсімдерін өткізбестен, жеткізуші ретінде бір ғана қатысушы - "Green Mart Kazakhstan" ЖШС таңдалған. Қаражат түскен соң, оның бір бөлігі кәсіпорындардың есепшоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сонымен қатар жабдықтар қымбат бағамен жеткізілген, ал жұмыстар орындалмаған. "Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 430 миллион теңгеден асты. АҚ-нық бұрынғы төрағасы 2 ай мерзімге қамауға алынды". Айта кетейік, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Бұған қоса, осы іс бойынша Қордың бұрынғы басқарушы директоры М.К. Искаков пен "Green Mart Kazakhstan" ЖШС басшысы Р.Б. Сазынбек 8 жылға бас бостандығынан айырылып, 4 автокөлігі тәркіленген. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда Қайрат Нұртастың концертіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіледі Алматы полициясы Орталық стадиондағы концерт алдында қаладағы қауіпсіздік шараларын күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, полицейлер қаладағы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін. "Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар", – деді ПД өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында газ жарылып, көпқабатты үйдің бір бөлігі қирап қалды Түркістан облысындағы Отырар ауданында көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 30 қазанда түнге қарай Шәуілдір ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс себебі газ жүйесіне өздігінен қосылу әрекетінен болған. "Оқиға салдарынан бір адам жарақат алып, бірнеше пәтерге зиян келген. Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. "QazaqGaz Aimaq" газға өз бетімен қосылуға қатаң тыйым салынатынын, ол адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне зор қауіп төндіретінін айтты. Газ жабдығын қосу мен қызмет көрсету жұмыстарын тек лицензиясы бар мамандар ғана жүргізуі тиіс. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресей “Азаматтарға арналған үкіметтің“ экс-қызметкерін Қазақстанға қайтарды Шетелден әкелінген жүк көліктерін Жетісу облысында заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдікті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КАҚ қызметкері болған. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2022-2023 жылдар аралығында көлік иелерін іздеп тауып, алғашқы тіркеу алымдары бойынша төлемдер туралы жалған мәліметті ақпараттық жүйеге енгізу арқылы көліктерді заңсыз тіркеген. Осылайша 481 көлік заңсыз есепке қойылып, бюджетке міндетті төлемдер түспей, 3,7 млрд теңге көлемінде залал келген. Осы қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. "Ол биыл наурызда Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабаралмада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қанат Шарлапаев тағы бір қызметінен кетті "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жалғыз акционерінің 14 қазандағы шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды", - деп жазылған хабарламада. Енді директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады. Еске салайық, бұған дейін Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды. Артынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "31 қазанда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Қызылордадағы жаңа ЖЭО-ға барды Президент жаңа жылу электр орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Жаңа жылу электр стансасы Мемлекет басшысының оңтүстік өңірлерде халық пен экономика сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салынды. Орталық 240 мегаватт электр қуатын және 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Жобаның жалпы құны – 215 миллиард теңге. Жылу электр стансасы түркиялық Aksa Energy компаниясының инвестициясы есебінен бой көтерді. Қазіргі кезде негізгі агрегаттар, атап айтқанда, әрқайсысының қуаты 176 мегаватт болатын екі газ турбинасы, қуаты 95 мегаватт бу турбинасы, өнімділігі сағатына 120 тоннаға жететін екі бу қазандығы, қуаттылығы сағатына 150 гигакалорияны құрайтын төрт су қыздыру қазандығы орнатылып, толық монтаждалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ Талғарда қылмыс азайғанын хабарлады ІІМ Талғарда қылмыс азайғанын хабарлады. Бұған дейін қаладағы бірқатар атышулы оқиға көпшілік назарында болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. ІІМ мәліметінше, былтырғымен салыстырғанда Талғар ауданында құқық бұзушылықтар саны 19 пайызға, қылмыс саны 3 пайызға азайған. Қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін полиция тарапынан қажетті шаралар қабылданып жатқаны айтылды. Аудан көшелеріне бағдар мен бақылауды күшейту мақсатында 10 қазаннан бастап Жедел басқару орталығы іске қосылған. Онда мыңнан астам камера шығарылған. 2025 жылдың тоғызында ауданда мас күйде көлік тізгіндеген 131 адам ұсталған. Полиция бұл бағыттағы жұмысын жалғастыра бермек. "Тек азаматтарды заңсыз әрекеттерге бармауға, құқықтық тұрғыда сауатты болуға, әрбір құқыққа қайшы әрекеттің салдары жауапкершілікке әкеп соғатынын естен шығармауға шақырады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қызылордадағы балалар академиясына барды Мемлекет басшысы "Сыр жұлдыздары" шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдерге арналған "Сыр жұлдыздары" шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Бұл нысан биыл мамыр айында пайдалануға берілген. Мемлекет басшысына академия қызметі өңір жастарының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталғаны жөнінде баяндалды. Кешенде бассейн, спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, шығармашылық студиялар мен зертханалар бар. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысында қосымша білім беру жүйесін дамыту аясында 2022 жылдан бастап Жаңақорған, Жалағаш және Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Шығармашылық мектептері бой көтерген. Былтыр облыс орталығында заманауи Оқушылар сарайы ашылды. Бұдан бөлек, Қызылордада Кәсіптік білім беру және жұмысшы мамандықтары бойынша құзыреттілік орталығының құрылысы басталды. Бүгінде Президент саябағында уақыт талабына сай балалар сауықтыру лагері мен қысқы бақ салынып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Таяу арада“ - Тоқаев екінші АЭС туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесіп, әңгімелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент аймақ қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, алдағы уақытта да ауқымды жұмыс атқарылатынын айтты. "Дүние жүзіндегі ахуал баршаңызға жақсы мәлім. Әлемдегі жағдай бұлыңғыр, құбылмалы. Сондықтан, ең алдымен, жастарға көңіл аудару қажет. Жастарымыз дарынды, қабілетті. Оларға дұрыс бағдар көрсетіп, жақсы тәрбие, тәлім беру маңызды. Қазіргі заманда есірткі, нашақорлық секілді сын-қатерлер аз емес. Жастардың болашағы білімде. Ойы ұшқыр, көкірегі ояу, көзі ашық жастар – біздің келешегіміз. Бәріміз бір ұлт болып, ел үшін, халық үшін жұмыс істеуіміз керек", – деді Президент. Мемлекет басшысы елімізді өркендету жолында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі. "Таза Қазақстан" акциясы кең ауқымда жүргізіліп жатыр. "Таза" деген – жақсы сөз. Ең алдымен, арымыз, ниетіміз таза болуы керек. Жалпы Қазақстан таза болуы қажет. Бұл – болмысымызға әсер ететін үлкен іс. Екінші, цифрлық мемлекет құру. Заманауи, озық елге айналуымыз керек. Әйтпесе дамыған елдер көшінен қалып қоямыз. Сондықтан цифрландыруды, жасанды интеллектіні міндетті түрде дамыту қажет. Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютер іске қосылды. Бұдан бөлек, атом стансаларын салуымыз керек. Қазір бірінші стансаның құрылысы басталды. Таяу арада екінші АЭС жобасын қолға аламыз", – деді Мемлекет басшысы. Президент өңір үшін су тапшылығы өте өзекті мәселе екенін жеткізді. "Су тапшылығына баса назар аударамыз. Келешекте де су мол болады дей алмаймыз. Оған дайын болуымыз керек. Су үнемдеудің жоғары технологиясын қолданғанымыз жөн. Мемлекет субсидия беріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығына 1 триллион берді. Бұл – үлкен мүмкіндік", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, өнер саласына мән беретініне тоқталды. Астана мен Алматы қалаларында тәулік бойы қызмет көрсететін екі бірдей Президенттік кітапхана салынып жатқанын жеткізді. Болашақта осы секілді үшінші кітапхана Қызылорда қаласында ашылуы мүмкін екенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қызылордада симфониялық оркестрдің дайындық барысын тамашалады Мемлекет басшысы көрермен залын аралап көріп, облыстық симфониялық оркестрдің дайындық барысын тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мың орынға арналған көп функционалды Өнер орталығы былтыр ашылған. Кең әрі заманауи үлгідегі ғимарат құрылысына 3,7 миллиард теңге жұмсалған. Мұнда концерттер, шығармашылық кештері мен түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Орталықта бірнеше шығармашылық ұжым орналасқан. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылдан бері облыста 18 мәдениет нысаны ашылғаны туралы мәлімет берілді. Соның ішінде 7 заманауи "Руханият" орталығы, музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен шалғай елді мекендерде мәдениет үйлері салынды. Әкімдік мәдениет саласы қызметкерлерін баспанамен қамту, мамандардың біліктілігін арттыру және озық тәжірибені енгізу бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қандай маркетплейстер бұғатталады? Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркеліп, ҚҚС төлеуге міндетті, әйтпесе олар жұмыс істей алмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекеттік кірістер комитетінің ҚҚС әкімшілендіру басқармасы басшысы Еділ Әзімшайықтың айтуынша, ҚҚС-ті қазақстандық сатып алушылар емес, шетелдік маркетплейстердің өздері төлейді. "Бұл шетелдік компанияларға қатысты. Олар Қазақстанда тіркелуі керек, сот жүйесі арқылы емес, шартты түрде. Біз арнайы тізілімді енгіземіз, оған кіретіндер азаматтарымыз жасаған сауда бойынша бюджетке ҚҚС төлейді. Шетелдік компаниялар салықты айына бір рет, келер айдың 20-сына дейін төлейді", - деді ол. Қысқаша айтқанда, шетелдік интернет-платформа тіркеуден өтпесе және ҚҚС төлемесе, оған Қазақстан аумағында қолжетімділік тоқтатылады. Яғни, сайт қазақстандықтар үшін бұғатталуы мүмкін. Бақылау Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, төлемдер арқылы жүргізіледі. 2026 жылдан бастап мұндай компаниялар үшін де ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға өседі. Сонымен қатар, жаңа Салық кодексіне сай, ҚҚС тіркеу шегі 20 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін төмендейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда “Дайвинчик“ бұғатталмақ Қазақстанда Telegram және ВКонтакте платформаларында жұмыс істейтін танымал танысу боты "Дайвинчик" бұғатталмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап. Алматы прокуратурасы жас шектемейтін және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін "Дайвинчик танысу" атты Telegram арнаны анықтаған. "Прокуратура сотқа бұл ресурстың жұмыс істеуін заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салу туралы талап-арыз енгізді", - деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған. "Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмаған қыз 2025 жылы сәуірде танысу сайтына тіркеліп, бір азаматпен танысып, кейін ол қыз балаға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылорда облысының әкімі Тоқаевқа есеп берді Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берілді. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев соңғы 4 жылда өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 233 пайызға артқанын баяндады. Биыл 720 миллиард теңгеден астам қаржы тарту жоспарланған. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 70 пайызды құрайды. Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда аймақта құны 2 триллион теңгеге жуықтайтын 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл жалпы құны 302 миллиард 500 миллион теңге болатын 27 нысанды іске қосу жоспарланған. Бүгінде оның тоғызы пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы облыстың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Олеся Кексель екі айға үйқамаққа алынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қадағалау органдарында жоғары лауазымдарда қызмет атқарған Олеся Кексель азаптау ісіне қатысы бар деген күдікке ілінді. Сот оны екі айға үйқамаққа жіберді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Олеся Кексельдің қамауға алынуына қатысты Қойгелдиев былай пікір білдірді: "Қазіргі уақытта азаптау деректері бойынша соталды тергеу басталды. Жақында ол сот санкциясымен 2 ай мерзімге үйқамаққа алынды". Қойгелдиев қыркүйекте Кексельге бұлтартпау шарасын таңдау кезінде оның кішкентай баласы бар екені ескерілгенін айтқан еді. Айта кетейік, Олеся Кексель 2017-2018 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған, кейін Арнайы прокурорлар қызметін басқарған. 2017 жылы "Жылдың мемлекеттік қызметшісі" атанған. 2025 жылдың жазында Бас прокуратура оның азаптау ісі бойынша күдікті болғанын хабарлаған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қызылорда облысына барды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды аралап көреді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бақытгүл Хаменова тойға баруға рұқсат алған - Бас прокуратура Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Бақытгүл Хаменованың Атыраудағы тойға баруы пробация қызметімен келісілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қойгелдиевтің айтуынша, егер сотталған адамға қатысты жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылса, оған той сияқты шараларға баруға тыйым салынбайды. "Бақытгүл Хаменоваға қатысты айтар болсақ, оған үш жылға жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылған. Мұндай жағдайда іс-шараларға қатысуға тыйым салынбайды. Ол пробация қызметінен рұқсат алған", – деді Бас прокурордың орынбасары Сенат кулуарында. Еске салайық, бұған дейін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) де Бақытгүл Хаменова түскен видеоны түсіндірген болатын. Онда Хаменова пробация қызметінің бақылауында екені айтылған. Еске салайық, 2022 жылы 15 қарашада Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Си Цзиньпинмен кездесуден кейін бірнеше мәлімдеме жасады АҚШ Президенті Дональд Трамп Пусанда ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кездесуден кейін бірнеше мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап. "Кездесу керемет өтті" АҚШ басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер достық әрі конструктивті жағдайда өткенін айтты. "Менің ойымша, кездесу керемет өтті. Біз көп маңызды мәселе бойынша келісімге келдік. Егер нөлден онға дейін бағалайтын болсам, мен оны он екіге бағалар едім", - деді Трамп Вашингтонға аттанып бара жатқан президенттік ұшақ бортында журналистерге. АҚШ пен Қытай арасындағы келісімге дайындық Трамптың айтуынша, тараптар болашақ сауда келісіміне қатысты уағдаластыққа келген. Оған жақын арада қол қойылуы тиіс. "Жақын арада болады деп ойлаймын. Бізде үлкен кедергілер көп емес", - деді АҚШ президенті. Баж салығы, микросхемалар және Nvidia Алдын ала келісім жобасына сәйкес, Қытай сирек кездесетін жер металдарын экспорттауға шектеу енгізуді бір жылға кейінге қалдыруға келіскені айтылған. Бұл шарттар жыл сайын қайта қаралады. Сондай-ақ Трамп Қытай тауарларына салынған кедендік тарифтердің 47 пайыз деңгейінде сақталатынын айтты. Ол Си Цзиньпинмен сауда және технология мәселелерін, соның ішінде америкалық чип өндірушімен ынтымақтастықты талқылағанын атап өтті. "Біз микросхемалар туралы сөйлестік, олар Nvidia компаниясымен келіссөздер жүргізеді", - деп нақтылады ол. Украина, Таяу Шығыс және ядролық сынақтар Трамптың айтуынша, келіссөздер барысында Украинадағы соғыс және Таяу Шығыс қақтығысы да көтерілген. "Біз Ресей мен Украинаның соғысын тоқтатуға тырысу үшін бірге жұмыс істейміз", - деді ол, сондай-ақ Газадағы уақытша бітім сақталып отырғанын қосты. Сонымен қатар, ол ядролық сынақтарды қайта бастау туралы шешімін түсіндірді. "Басқалар сынақ өткізіп жатқандықтан, бізге де оны өткізу орынды деп ойлаймын. Дегенмен, мен әлі де толық қарусыздануды қолдаймын", - деді Трамп. Сапар жоспарлары және Тайвань мәселесі Трамп 2026 жылдың сәуірінде Қытайға баратынын, содан кейін Си Цзиньпиннің АҚШ-қа - Флоридаға немесе Вашингтонға келуі күтілетінін айтты. "Бұл өте достық кездесу болды. Біз бұл диалогты жалғастырамыз", - деді ол. Сонымен қатар, Трамп келіссөздер барысында Тайвань мәселесі талқыланбағанын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада Ержан Бабақұмаров қайтыс болды Астанада түнде 90-жылдардан бері мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі қызмет атқарған Ержан Бабақұмаров қаза тапты. Полиция мәліметінше, экс-шенеунік соққыға жығылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрын таныс болған адамдар арасында ауызша жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды. Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты. 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болған. Мәдениет және ақпарат министрлігінде жауапты хатшы және вице-министр қызметтерін атқарған. Премьер-министр канцеляриясы басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, Мемлекет басшысының кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі қызметтерін де атқарған. 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы әкімінің орынбасары болған. Биыл Ержан Бабақұмаровтың Астанада мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны хабарланған еді. Сот оған 15 тәулік қамау жазасын тағайындап, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан тасжолдарында жылдамдықты асырғандарды автоматты түрде тіркеу басталды 29 қазаннан бастап "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы автожолдарындағы белгіленген жылдамдық режимін бұзу деректерін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына (ӘІБТ ПО) жіберуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Енді жылдамдықты арттыру жағдайлары автоматты бақылау аркалары арқылы тіркеліп, ақпарат тікелей ӘІБТ ПО жүйесіне жолданады. Жылдамдық тіркелетін учаскелер: "Көкшетау – Петропавл" автомобиль жолы: 354 шақырым - "Драгомировка" бақылау аркасы 443,8 шақырым - "Астраханка"бақылау аркасы 473,126 шақырым - "Бескөл" бақылау аркасы "Алматы - Қорғас" автомобиль жолы: 38,243 шақырым - "Балтабай" бақылау аркасы 204,648 шақырым - "Ұйғыр" бақылау аркасы 205,480 шақырым - "Панфилов" бақылау аркасы "Жүйе көлік құралының нақты қозғалыс жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен автоматты түрде салыстырады. Жылдамдықты асыру туралы мәліметтер ӘІБТ ПО жүйесіне жіберіліп, сол жерде әкімшілік материалдар қалыптастырылады. Жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, соның ішінде жылдамдық режимін қатаң сақтау ұсынылады, әсіресе ақылы учаскелер мен бақылау аркалары маңында", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жүздеген миллион ақша, 52 көлік және пәтерлер: Шымкенттегі Nazira Gold ісі қалай аяқталды? Шымкентте Nazira Gold қаржы пирамидасын құру және басқару ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап. Тергеуді ҚМА Шымкент бойынша департаменті жүргізді. Өзін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40 пайыз көлемінде табыс уәде еткен. "Алайда төлемдер нақты табыстан емес, жаңа салымшылардың есебінен жүзеге асырылып отырған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам азамат тартылған. Күдіктілер салымшылардан түскен ақшаны қымбат автокөліктер, жер телімдері мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған", - делінген хабарламада. Сот үкімі бойынша, 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот шешімімен 402 миллион теңге көлеміндегі қаражат, 52 автокөлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ 17 келі зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлытау облысында өртенген үйде қалып қойған балалар құтқарылды: видео Ұлытау облысында полицейлер өртенген үйдің терезесінен балаларды алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сәтбаевта көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шыққан. Сол маңды патрульдеп жүрген инспекторлар пәтердің терезесінен шыққан жалынды байқап, дереу көмекке ұмтылған. Сол сәтте көмек сұрап жүгіріп шыққан тұрғын пәтердің ішінде үш бала қалып қойғанын айтқан. Тәртіп сақшылары еш кідірместен пәтерге кіріп, төсектің астынан бір баланы тауып, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. "Кейін олар екінші бөлмеге кіруге тырысқан, бірақ төбені шарпыған от ішке өтуге мүмкіндік бермеген. Артынша полицейлер сыртқа шығып, терезенің торын жұлып алып, қалған екі баланы терезе арқылы шығарып, аман алып қалды", - деп жазылған хабарламада. Өрт сөндіру қызметі дереу шақырылып, тілсіз жау толықтай ауыздықталған. Зардап шеккендер жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "30 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана қалаларында, түнде Көкшетау қаласында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тез ұйықтап кету үшін кешкі асқа қандай өнімдер қосу керек? Сомнолог Валерия Бонадыкова тез ұйықтап кету үшін кешкі асқа қандай өнімдер қосу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. Маман ұйқы гормоны мелатониннің түзілуіне қатысатын аминқышқыл триптофанға бай тағамдарды жеуді ұсынады: күркетауық еті, балық, жұмыртқа, сүт, сұлы жармасы, тұтас дәнді нан. "Күрделі көмірсулар триптофанның жақсы сіңуіне көмектеседі", - дейді ол. Кешке аздаған жасыл жапырақты көкөністер не жаңғақтар жеу пайдалы: олардың құрамындағы магний мазасыздық пен бұлшықет кернеуін төмендетеді. Ұйқыны жақсартатын сусындар ретінде шөп шайларын атады: түймедақ, мелисса немесе лаванда. "Майы аз жылы сүт те серотонин мен мелатониннің түзілуін ынталандырып, тезірек ұйықтауға көмектеседі", - деп қосты Бонадыкова. Ал кофе, алкоголь, газдалған сусындар, қою шай және энергетиктерден бас тартқан дұрыс: олар жүйке жүйесін қоздырып, ұйқы фазаларын бұзады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жамбыл облысында көршілер жанжалы пышақтасумен аяқталған Жамбыл облысында көршілер арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Биыл қыркүйекте Шу ауданы Төле би ауылында Д. мен оның көршісі Б. арасында жанжал туындаған. Б. Д.-ға уақытша құрылыс құралдарын беруден бас тартқан. Осылайша жанжал төбелеске ұласқан, артынша Д. үстелде жатқан пышақты алып, Б.-ның іш тұсына сұғып алған. Жәбірленуші ауыр жарақат алып, Шу қалалық ауруханасына жеткізілген. Сот үкімі Д. ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, тағайындалған жаза шартты деп танылды. Үкім заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев үстел теннисінің майталмандарымен әңгімелесті Мемлекет басшысы Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Кубогының негізгі шараларының бірі – үстел теннисінен әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтіп жатқан шоу-матчты тамашалады. Президент Олимпиада чемпионы Сюй Синь (ҚХР), Әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жүлдегері Шлагер Вернер (Аустрия), Әлем чемпиондары Фан Бо (ҚХР) және Чу Се Хёк (Корей Республикасы) сияқты үстел теннисінің майталмандарымен әңгімелесті. Алғаш рет өткен турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден аса спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында ITTF рейтингісі бойынша ең үздік 100 теннисшінің қатарына енген ойыншылар мен Қазақстанның танымал спортшылары бар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді 29 қазандағы доллардың бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 530,15 теңге болып, 5,21 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 қазандағы ресми бағамы - 535,83 теңге. kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – 528,18 теңге сату – 531,10 теңге Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде: сатып алу – 526,58 теңге сату – 532,60 теңге Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Стубб Ұлттық музейге барды Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб Ұлттық музейге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ұлттық музейде Қазақстан мен Финляндия президенттеріне ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтар таныстырылды. Мемлекеттер басшылары Көне түркі өркениеті, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залдарын аралап, аса құнды тарихи жәдігерлерді көрді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Тоқаевты Вашингтонға шақырды: Ақордада не талқыланды? Мемлекет басшысы АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуде Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамп С5+1 саммитіне арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты. Президент алдағы жоғары деңгейдегі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындау тұрғысынан нәтижелі болатынына сенім білдірді. Қазақстан Америкамен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке тың серпін беруге мүдделі. Мемлекет басшысы еліміз АҚШ президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Дональд Трамптың бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Қазақстан Президенті жаһандық үдерістердегі Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанына тоқталды. Аймақ елдері бұрын-соңды болмаған бірліктің үлгісін, тату көршілік пен ортақ прогреске деген ұмытылысын көрсетіп отыр. Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка президентінің сәлемін жеткізді. Ол АҚШ сыртқы саясатындағы Орталық Азия өңірінің стратегиялық маңызын растады. Оның пікірінше, Вашингтонда өтетін алдағы кездесу екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді. Әңгімелесу барысында энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің әлеуеті қарастырылды. Бұдан бөлек, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК Арқалық полицейлеріне қатысты істі тергеп жатыр ҰҚК Арқалық полицейлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде Арқалық Полиция басқармасы қызметкерлеріне қатысты тергеу басталғаны жайлы ақпарат тарады. Оны Қостанай облысының прокуратурасы растады. "Қостанай облысы бойынша ҰҚКД Арқалық ПБ қызметкерлеріне қатысты тіркелген қылмыстық іс аясында бірқатар тергеу іс-шараларын жүргізді", - деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасы. Бұған дейін әлеуметтік желілерде тергеу шамамен 20 полиция қызметкеріне қатысты екені және қылмыстық іс жергілікті мамандандырылған ХҚКО жұмысына байланысты болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл мәліметтерді Қостанай облыстық прокуратурасы растаған жоқ. Ведомство істің мән-жайы тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды. Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Депутат өрескел пранк жасайтын блогерлерді жазалауды ұсынды Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев пранк жасаймын деп қоғамдық тәртіпті бұзатындар көбейіп кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нартай Аралбайұлы кейінгі кезде болған бірнеше оқиғаны атады: "Астанада блогер достарымен бірге лифттің ішіне "жалған мәйіт" кіргізіп, кейін жарықты өшіреді. Сол сәтте мәйіт кейпіндегі адам қозғала бастайды. Жеделсатының ішінде болғандардың жан даусы шықты. Елорданың тағы бір тұрғыны жеделсатыға тапаншамен кіріп, адамдарға кезеп, жұрттың зәре-құтын алды. Алматыда блогерлер аула сыпырушыларға қоқыс лақтырып, мазақ етіп бейнежазба түсіріп таратты. Мұндай мысал мың", - деді ол. Депутат Қытайда, Өзбекстанда пранк түсірген блогер туралы да айтты. "Ол ол ма, біздің блогер-сымақтар шетелге барып абыройды айрандай төгіп жүр. Мәселен, қазақстандық блогер Аружан Айбекова Қытайда "ұрлық жасап жатқандай" ролик түсірген. Арты үлкен шу болып, ақыры әлгі қыз жергілікті полицияға шақырылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бірақ ол түсінді ме? Өйткені дәл осы блогер арада аз уақыт өткенде Ташкент метросында жігіттердің қолынан ұстап тиіскені туралы бейнежазба тағы тарады. "Ойыннан да омыртқа сынатынын" білмейтін мұндай блогер-сымақтарды қатаң жауапқа тартатын кез келді. Себебі бұл - адамның жеке өміріне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу", - деді ол. Нартай Сәрсенғалиев желіде тарап жатқан тағы бір пранкты сынады. "Қазір пранк деген парықсыз әрекеттің тағы бір түрі пайда болды. Ол жасанды интеллектімен жасалады. Бірінде мемлекет басшыларының, лауазымды тұлғалардың қандай да бір дүкенге сауда жасауға келгені бейнеленген. Цифрлық технологияны білмейтін адамның санасы сан саққа жүгіреді, сеніп қалады. Маркетинг үшін деп жасанды интелект арқылы мұндай жасандылыққа жүгінуді тоқтату керек. Тағы бір пранкте балалар ата-аналарына "танымайтын адам үйге келіп тұр, не істейміз?" деп, жасанды интеллект арқылы беймәлім адам үйге кіріп кеткен, пәтерді аралып жүрген суреттерін жібереді. Зәресі ұшқан ата-ана полицияға телефон шалады, жұмысын тастап үйіне барады. Ақырында бұл пранк деп бала-шаға бейқам отырады. Дәл сол уақытта полиция шын мұқтаж адамға көмекке баруға үлгермей қалуы мүмкін, оны интернеттің инесіне отырғандар ұқпайды", - деді ол. Осы орайда депутат мұндайларды заң бойынша жазалап, тіпті қауіпті пранк жасағандардың парақшаларын бұғаттауды ұсынды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан парламенті жасанды интеллект туралы заң қабылдады Мәжіліс депутаттары Сенаттың жасанды интеллект (ЖИ) туралы заңға енгізген түзетулеріне келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бір апта бұрын Сенат ЖИ туралы заңды қайта қарау үшін Мәжіліске қайтарған еді. Сенаторлар ЖИ жүйелерін қолдану арқылы келтірілген зиян үшін міндетті сақтандыруды енгізуді ұсынды. Бұған дейін тек ерікті сақтандыру туралы айтылған болатын. Сонымен қатар, бұрын заңда тәуекел анықталған кезде залалды азайту шараларын қабылдау жеткілікті болса, енді түзетулерге сәйкес, ЖИ иелері ықтимал қауіптің алдын алып, зиян келмеуін қамтамасыз етуге міндетті. Мәжіліс түзетулерді мақұлдады Бүгінгі Мәжіліс отырысында Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитеті сенаторлар ұсынған өзгерістермен келісуге болатынын айтты. Депутаттар түзетулерді қолдап дауыс берді. Осылайша, заң түпкілікті қабылданды және Президенттің қол қоюына жолданады. Еске сала кетейік, Қазақстан Парламентінде заң алдымен Мәжілісте қабылданып, кейін Сенатқа жіберіледі. Сенат оны мақұлдап Президентке жолдай алады немесе кей нормаларға қарсылық білдіріп, құжатты қайта Мәжіліске жібереді. ЖИ туралы заң да осындай тәртіппен қайта қаралған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамптың арнайы өкілі мен Рубионың орынбасары Ақордаға келді АҚШ президенті Дональд Трамптың Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың бірінші орынбасары Кристофер Ландау Ақордаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау Ақордаға келді", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады Синоптиктер 30, 31 қазан және 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы күндері Қазақстан аумағы Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады, ол елдің басым бөлігінде жаңбыр мен желдің күшеюіне ықпал етеді. "Тек 30 қазанда солтүстікте, орталықта, 30-31 қазанда республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде де атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен жаңбыр күтіледі, ал таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады", - деп түсіндірді синоптиктер. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі. Сондай-ақ, күндізгі температуралық фонның біртіндеп төмендеуі болжанады: елдің батысында +5...+10 градусқа дейін, Қазақстанның солтүстігі мен орталығында +2...+10 градусқа дейін, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +8...+17 градусқа дейін, шығыста негізгі фон +8...+18 градус шамасында болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы көліктер саны қанша? Қазақстанда 6,7 миллионнан астам автокөлік тіркелген. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы келтіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап. Тек тамызда елімізде шамамен 160 мың көлік тіркелген. Олар ІІМ-нің ақпараттық жүйесіне енгізілді. Олардың басым көпшілігі – жеңіл автокөліктер. Сондай-ақ 9,7 мың жүк көлігі, 1,5 мың автобус және 3,5 мыңнан астам мотоцикл тіркелген. Қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде 6,7 миллионнан астам көлік бар. Жеңіл көліктердің негізгі бөлігі ескі жылдардағы: 41,5 пайызы – 20 жылдан астам уақыт пайдаланылғандар, 24 пайызы – 10-20 жыл, 10 пайызы – 7-10 жыл, 17 пайызы – 3-7 жыл және тек 6,8 пайызы ғана үш жылға жетпеген жаңа автокөліктер. Еске салайық, Қазақстанда шыққанына 7 жылдан асқан автокөліктерді әкелуге тыйым салу уақытша тоқтатылған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады. Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның он бір қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазақстанның он бір қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 29 қазанда Қостанай, Қарағанды, Темиртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана, түнде Атырау, Көкшетау, Петропавловск қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бақытгүл Хаменова тойда жүр: ҚАЖК пікір білдірді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Бақытгүл Хаменова Атырауда тойға барған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, Бақытгүл Хаменова пробация қызметінің бақылауында. "Бақытгүл Хаменова Атырау қаласының №2 сотының заңды күшіне енген үкімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Баласы барын ескеріп, сот Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігін қолданды, жазаны өтеуді үш жылға кейінге қалдырды", - деді ҚАЖК өкілі. Десек те, комитет ақпаратына сүйенсек, "сот мәдени-бұқаралық немесе өзге де қоғамдық іс-шараларға қатысуға қатысты шектеулер белгілемеген". Еске салайық, 2022 жылы 15 қарашада Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңа заңға қол қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Серіктестігіміз шынайы достыққа негізделген“: Тоқаев пен Стубб бизнес форумға қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб "Қазақстан – Финляндия" бизнес форумына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Финляндия Президенті Александр Стуббты қарсы алу зор мәртебе екенін жеткізді. "Финляндия – халқымыз өте жақсы білетін ел әрі Қазақстанның стратегиялық деңгейдегі аса маңызды серіктесі. Қазақ-фин бизнес форумының табысты өтуіне тілектеспін. Президент Александр Стуббқа осы өзекті форумды ұйымдастыруға бастама көтергені үшін ризашылығымды білдіремін. Басқосудағы пікірталастар қос мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге тың серпін береді деп сенемін. Финляндиямен серіктестігіміз шынайы достыққа, өзара түсіністікке, сондай-ақ халықтарымыздың инновация, орнықты даму және өркендеу жолындағы ортақ ұмтылыстарына негізделген", – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Финляндия Президентінің Астанаға ресми сапары еларалық қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті. "Бүгін Президент Александр Стуббпен жүргізген келіссөз барысында Қазақстан мен Финляндия арасындағы серіктестікті кеңейтуге және дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуге ниетті екенімізді растадық. Былтыр Финляндияның Қазақстанға құйған тікелей инвестициясы 80 пайыздан асып, жалпы есебі жарты миллиард долларға жуықтады. Финляндия инновация және технология салаларындағы көшбасшылығымен дамыған елдердің бірі ретінде әлдеқашан мойындалған. KONE, Nokia, Fortum секілді компаниялар ел жетістігінің ең жарқын үлгілерінің бірі. Олар одан әрі өркендеуге ықпал етіп, новаторлардың жаңа буынын ынталандырды. Бүгінде Қазақстанда фин тарапының қатысуымен 50-ге жуық компания табысты жұмыс істейді. Олардың арасында Tikkurila, Wärtsilä, Nurminen, Metso, Valtra, Peikko және басқа да әлемге танымал брендтер бар. Қазақстан осы серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ еліміздегі фин инвестициясының және іскерлік тобының артуына бейіл", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент биылғы үшінші тоқсанда Қазақстан экономикасы 6,3 пайызға артқанын, бұл ірі халықаралық ұйымдардың жаһандық өсім болжамынан шамамен екі есе артық екенін айтты. Ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллардан асады деп күтілуде. "Жан басына шаққандағы ІЖӨ көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД, тіпті одан тысқары елдер арасында бірінші орынға ие. Дегенмен бұл көрсеткіш Финляндиядан үш есе төмен. Еліміздің сыртқы сауда көлемі 140 миллиард доллардан асты. Бұл да осы аймақтағы ең жоғары нәтиже саналады. Негізгі серіктесіміз – Еуропа Одағымен өзара сауда көлемі 50 миллиард долларға жуықтады. Шағын және орта кәсіпорындар ұлттық дамудың іргетасы болып отыр. Экономикадағы оның үлесі шамамен 40 пайызды құрады. Біз бұл прогреске экономикада, сонымен бірге саясатта кешенді реформалар жүргізу арқылы толық қолдау көрсетіп отырмыз. "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" стратегиялық қағидаты – еліміздің саяси бағытының негізгі өзегі. Бұл 2027 жылы жалпыұлттық референдум барысында қабылданатын конституциялық реформалардан кейін де Қазақстанның президенттік республика болып қала беретінін көрсетеді. Сәйкесінше, "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы ішкі саясатымыздың басты бағдарына айналды. Заң үстемдігі экономикалық реформаларды табысты жүргізуге және кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті жағдай жасайды деп сенемін", – деді Президент. Мемлекет басшысы UNCTAD мәліметі бойынша, кейінгі бір жылда теңізге шығар жолы жоқ елдер арасында жаңа жобаларға салынған барлық инвестицияның 80 пайызға жуығы Қазақстанға тартылғанын, еліміздің үлесіне құны 1 миллиард доллардан асатын жобалардың бестен бір бөлігі тиесілі екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың бірқатар перспективті салаларына назар аударды. "Еуразияның қақ төрінде орналасқан Қазақстан – Шығыс пен Батысты жалғастыратын стратегиялық аймақ. Еуропа мен Қытай арасында құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызға жуығы еліміздің аумағымен өтеді. Бұл құрлықтағы қатынастың маңызды күретамыры саналады. Жұртшылық Орта дәліз деп танитын, яғни Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыта отырып, Қазақстан құрлықаралық сауданың орталық арнасы ретіндегі рөлін нығайта түседі. Орта дәліздің әлеуетін одан әрі ұлғайту үшін біз транзит ағынын оңтайландыру мен үйлестіруге арналған Smart Cargo бірегей цифрлық басқару платформасын іске қосамыз. Осы ретте аймақта тиімді мультимодальді көлік желісін құрған Nurminen Logistics фин компаниясының күш-жігерін жоғары бағалаймыз", – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан кейін еліміз Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарын белсенді түрде жаңғыртып жатқанына тоқталды. Жылына 240 мың контейнер өткізу мүмкіндігі бар Ақтау портындағы контейнерлік хаб құрылысының алғашқы кезеңін биыл аяқтау жоспарланған. "Біз тәжірибе мен озық технологиялық шешімдерді алмасу арқылы Хельсинки және Хамина-Котка секілді фин порттарымен ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтыламыз. Бұл елдеріміз арасындағы ықпалдастықтың жаңа бағыты болмақ. Фин компанияларын Еуропа мен Орталық Азия арасында тиімді және орнықты көлік байланысын орнатуға үлес қосып, күш жұмылдыруға шақырамыз", – деді Мемлекет басшысы. Президент атом қуатын еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық стратегиясының маңызды тірегі санайды. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай әлемде уранға сұраныс 28 пайызға өседі, ал 2040 жылға қарай екі есе артады. "Еліміз жаһандық ірі уран өндірушілердің бірі саналады, яғни әлемдік сұраныстың 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Финляндияның Радиациялық және ядролық қауіпсіздік басқармасы (STUK) ядролық отынды бейбіт мақсатта пайдалану әрі тәжірибе алмасу бойынша серіктестік орнатты. Біз бұл ынтымақтастықты құптаймыз. Осы орайда Суомидің қауіпсіздік және орнықты ядролық шешімдеріне арқа сүйей отырып, ядролық қалдықтарды басқару бойынша бірлесе әрекет етуге әзірміз. Сонымен қатар Қазақстан көмір энергетикасы саласында таза, тиімді әрі экологиялық шешімдер қабылдауға ұмтылады. Біздің стратегиямыз шығарындыларды барынша азайту үшін заманауи технологияларды енгізуге және өнеркәсіптің, әсіресе, электр энергиясы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондықтан біз келешегі зор ынтымақтастыққа фин сарапшыларының қатысуын қуаттаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы елімізде инновациялық гибридті энергетикалық жүйе мен электр энергиясы өндірісінің икемді технологиясын енгізген Финляндияның Wärtsilä компаниясына алғыс айтты. Президент Қазақстанда энергияның дәстүрлі көздерінен бөлек, пайдалы қазбалардың мол қоры бар екенін атап өтті. Олардың көбі әлі игерілмеген. "Еліміз сирек кездесетін әрі Еуропа Одағы экономикасы үшін аса маңызды саналатын 34 элементтің 21 түрін өндіреді. Біз нақты прагматикалық әдіске жүгінеміз: шикізатты инвестиция мен технологияға алмастырамыз. Финляндияның Metso компаниясы минералды шикізатты өңдеу және өндірісті автоматтандыру салаларында озық шешімдер ұсынып жатыр. Осы бағыттағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүмкіндік мол екенін байқаймыз", – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан егістік жерлерінің көлемі жағынан әлемде алтыншы орын алады. Жыл сайын жаһандық нарыққа 10 миллион тоннаға жуық бидай және 2 миллион тонна ұн жеткізіп, әлемдегі ең ірі астық экспорттаушылардың ондығына кіреді. "Елдеріміздің өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндігі бар. Осылайша, аграрлық өндірістің бүкіл тізбесінде қосылған құны жоғары өнім шығаруға болады. Біз ынтымақтастықтың нақты тетіктерін қалыптастырдық. Академиялық алмасуды жандандыру және Erasmus+ бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды ілгерілету мақсатында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Шығыс Финляндия университеті серіктестік орнатты. Қазақстан аграрлық мамандардың жаңа буынын даярлауға және ауыл шаруашылығының инновациялық, орнықты әдістерін енгізу саласында бірлескен зерттеулерді дамытуға мүдделі", – деді Мемлекет басшысы. Президент жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталып, бизнес форум қатысушыларына Қазақстан алдағы үш жыл ішінде толық цифрлық ел болуды мақсат еткенін мәлімдеді. "Финляндия жасанды интеллект және LUMI суперкомпьютері арқылы өнімділігі жоғары есептеулер саласында көш бастап тұр. Сондықтан ЖИ бойынша зерттеу жүргізу, мәліметтерді озық талдау, техникалық білім беру және инновациялық экожүйе бағыттарында серіктестікті жолға қоя аламыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Финляндия іскерлік топтарын "Астана" халықаралық қаржы орталығымен байланыс орнатуға шақырды. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану салаларындағы бірлескен бастамаларды кеңейтуде мол әлеует бар екенін атап өтті. "Елімізде ауа сапасын болжаудың озық моделін пайдаланатын SILAM жүйесі табысты жұмыс істеп тұр. Орман шаруашылығында да айтарлықтай перспектива бар. Біз ағаш кесудің экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тәсілдерін ілгерілетуге, кәсіби даярлау бағдарламаларын әзірлеуге және ағаш өңдеуде заманауи технологияларды енгізуге баса мән береміз. Финляндияның осы салалардағы озық тәжірибесі "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық бастамасын іске асыруға айтарлықтай үлес қоса алады. Бұдан бөлек, бірлескен зерттеулер мен инвестицияға жол ашады", – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің фин компанияларына сенімді әрі ұзақмерзімді серіктес болуға ұмтылатынын айтты. "Бүгінгі кездесу – экономикалық байланыстарымызды нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл форумда жай ғана келісімдер жасалмайды. Кәсіпкерлер, инженерлер және озық ойлы азаматтар арасында байланыс орнатылып, сенім нығаяды", – деді Мемлекет басшысы. Финляндия Президенті қазақстандық кәсіпкерлер жұмысының тиімділігін, сондай-ақ екі ел бизнес құрылымдарының арасында өзара сенім бар екенін атап өтті. "Біз құбылмалы, болашақты болжау қиынға соғатын, күрделі геоэкономикалық әлемде өмір сүріп жатырмыз. Мұндай кезде бизнес шын мәнінде тұрақтылықты қажет етеді. Бүгін Қазақстан мен Финляндия арасында саяси деңгейде келісімдер жасалды. Ал осындай уағдаластықтар тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, өзара түсіністік жөніндегі меморандумдарға қол қойып, құжаттар алмастық", – деді Александр Стубб. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мойынқұмда 30 жыл құжатсыз жүрген ақсақал жеке куәлік алды Мойынқұм ауданында 70 жастан асқан ақсақал жеке куәлік алды. Мусин Малыбаев 1985 жылы Қырғызстаннан ата қонысына көшіп келгенімен, түрлі қиындықтарға байланысты құжаттарын рәсімдей алмай жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақсақалдың айтуынша, 1996 жылы малдыауылдағы үйі өртке оранып, барлық құжаты жанып кеткен. Сол жылдары бала-шаға қамымен күнкөріс күйбеңі басым болып, құжат іздеуге мүмкіндік болмаған. "Қайда барсаң да "құжат керек" дейді. Ал құжатым болмаған соң талай жерден кері қайттым. Сол кезде балалар кішкентай еді, жұмыс, тіршілік... Кейін талпынып көрдім, бірақ нәтиже болмады", - дейді ол. Тек осыдан үш ай бұрын ақсақал Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің басшысы Алмас Көпбаевтың қабылдауында болып, көмек сұраған. Полиция бөлімі Қырғызстаннан мәлімет сұратқан, алайда жауап уақытында келмеген. Осы кезде аудан әкімдігі мен Жамбыл облысының көші-қон қызметі бірге жұмыс істеп, куәгерлердің жауаптары арқылы ақсақалдың Қазақстанда 40 жылдан аса тұрып жатқанын дәлелдеп берген. Соңында жеке куәлігі рәсімделген. "Қолыма құжат тиді. Енді қарашадан бастап зейнетақы да аламын. Осындай көмектесетін жандар көп болсын", - дейді ақсақал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтаудағы жарылыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы толығырақ ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? 28 қазанда сағат 9:03-те Маңғыстау облысы ТЖД-ға "Әсия" тұрғын үй кешенінің жертөле бөлмесінде газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына 11 құтқарушы және 4 техника шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, бес адам зардап шеккен: үшеуі ересек және екеуі 10 және 15 жастағы балалар. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасы пікірі Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жарылыс туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына жедел жәрдем және Төтенше медицина орталығының мамандары барған. "Бес адам зардап шеккен. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді. Екі адам ауруханаға жатқызылды, үшеуі тексеруден кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Цензура Актау (@cenzura_aktau) Алайда жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің бірі 52 жастағы ер адам 3-АБ дәрежелі күйік алып (денесінің 55 пайызына дейін), жансақтау бөлімінде жатыр. "Оның беті, мойны, кеудесі, екі қолы, екі аяғы және арқасы 3-АБ дәрежесінде, 50–55 пайызы күйген", – деп жазады Lada.kz. Сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасына үш бала жеткізілгені айтылды. 15 жастағы қыз көміртек тотығымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылған, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. 10 жастағы қызға да дәл осындай диагноз қойылған, бірақ анасы оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан. 7 жастағы ұлды дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
16 миллион теңге пара: ҰҚК Түркістан облысында тергеу жүргізіп жатыр ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының кейбір жергілікті атқарушы органдарының басшыларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Комитет мәліметінше, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. "Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру дерегі тергеліп жатыр", - деп жазылған хабарламада. ҰҚК ресми ақпаратына сүйенсек, көрсетілген адамдар сот санкциясымен қамауда ұсталады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк 3000 теңгелік банкнот туралы сұраққа жауап берді Қазақстандық жақын уақытта 3000 теңгелік купюра шығару жоспарда бар ма деген сұрақ қойды. Оның сұрағына Ұлттық банктың баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұрақ Редакцияға оқырманымыз жүгініп, жаңа номиналдағы банкноттардың енгізілуі туралы сұрады. "Қазір баға өте тез өсіп жатыр. 500 теңгелік монета және 3000 теңгелік купюра болса ыңғайлы болар еді. Бұл жоспарда бар ма?" – деп сұрады ол. Ұлттық банк не дейді? Бұл сұрақты Ұлттық банктың баспасөз қызметінен сұрап көрдік. Заңға сәйкес, банкноттар мен монеталардың номиналдық қатарын Ұлттық банк белгілейді. Жаңа банкноттар мен монеталарды шығару туралы шешімдер экономикалық жағдай, нарық қажеттілігі, сондай-ақ төлем жүйелерінің қауіпсіздігі мен тиімділігі ескеріле отырып қабылданады. "Бүгінде ұлттық валютаның қолданыстағы номиналдық қатары экономикадағы баға деңгейіне толық сәйкес келеді. Қазіргі уақытта жаңа номиналдарды шығару қажеттілігі жоқ", – деп жауап берді Ұлттық банк. Ұлттық банк жаңа банкноттар мен монеталарды шығару туралы ақпаратты БАҚ арқылы жариялайтынын нақтылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда қайтыс болған әйел донор болып, алты адамның өмірін сақтап қалды Қайтыс болған қазақстандық әйел донор болып, алты адамның өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының базасында қайтыс болғаннан кейін донордан көпағзалық ағзалар алынған. Донордың туыстарының келісімінің арқасында бірден бірнеше өмірлік маңызды ағзаларды трансплантаттауға мүмкіндік туған: жүрек 1988 жылы туған пациентке; бауыр-1982 жылы туған пациентке; оң бүйрек – 1996 жылы туған пациентке; сол жақ бүйрек – 2017 жылдың қазан айынан бастап трансплантаттауды күткен 1966 жылы туған пациентке; мөлдір қабық -1983 және 1956 жылы туған пациенттерге ота арқылы салынған. Процесті ұйымдастыру мен үйлестіруді Алматының жетекші трансплантаттау орталықтарымен бірлесіп, ҚР ДСМ Республикалық трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығы қамтамасыз еткен. "Донордың жасына қарамастан, дәрігерлер ағзалардың жағдайы жақсы екенін және олардың одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін атап өтті. Бұл өмірді сақтап қалуға келгенде жастың кедергі емес екенін тағы бір рет растайды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Стубб бірлескен мәлімдеме жасады Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Республикасының президенті Александер Стубб бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Финляндия Республикасының Президенті Александер Стубб 2025 жылғы 28 – 29 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті мен Финляндия Республикасының Президенті төмендегілер туралы мәлімдеді: Тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы достыққа, өзара құрмет пен табысты ынтымақтастыққа негізделген 33 жылдан астам уақыттағы дипломатиялық қатынастарды атап өтіп, Қазақстан-Финляндия әріптестігін одан әрі нығайтуға және әртараптандыруға берік бейілділігін растады. Президенттер екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер, жаһандық және өңірлік оқиғалар бойынша мазмұнды пікір алмасты. Олар тұрақты байланыстарды қолдап отырудың маңыздылығын атап өтті және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты. Тараптар көпжақты ынтымақтастыққа, сондай-ақ барлық мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуді қоса алғанда, халықаралық құқықтың және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының негіз құраушы қағидаттарына адалдығын тағы да растады. Олар даулар мен шиеленістерді бейбіт, саяси және дипломатиялық жолдармен реттеудің маңыздылығын атап өтті. Президенттер шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға ерекше мән бере отырып, экономика, сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және бизнес жүргізудің орнықты тәсілдерін ілгерілетуге уағдаласты. Олар энергетика, энергия тиімділігі, экологиялық технологиялар, су ресурстарын және орман шаруашылығын басқару, құрылыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инфрақұрылым, көлік және логистика, инженерия және озық өнеркәсіп инновациялары сияқты негізгі салалардағы ынтымақтастықты нығайту ниетін білдірді. Тараптар цифрлық даму және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті. Президенттер Азия мен Еуропа арасындағы сенімді әрі тиімді бағыт ретінде маңызы артып келе жатқан Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) мойындап, оны дамытудағы Қазақстанның негізгі рөлін атап өтті. Тараптар Еуропа Одағының "Global Gateway" жобасының іске асырылуына қолдау білдірді. Осыған байланысты олар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясының екіжақты байланыстарды нығайтудың тиімді алаңы ретіндегі рөлін атап өтіп, ресми сапар аясында бизнес-форумның өткізілуін қолдады. Президенттер "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты және қаржылық инновацияларды қолдаудағы рөлін мойындай отырып, орнықты қаржыландыруды ілгерілету және қаржы технологияларын дамыту мақсатында АХҚО мен фин қаржылық және инновациялық институттары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін зерделеуге шақырды. Президенттер бітімгершілік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығы (KAZCENT) мен Финляндия Қорғаныс күштерінің Халықаралық орталығы (FINCENT) арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыру арқылы нығайтуға деген мүдделерін растады. Президенттер орнықты туризм саласындағы озық тәжірибелерді қолдануды қоса алғанда, білім мен тәжірибе алмасуға баса назар аудара отырып туризм саласында барынша тығыз ынтымақтастыққа қолдау білдіретіндерін тағы растады. Президенттер жоғары білім, ғылым және зерттеулер жүргізу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты қолдауға, сондай-ақ бірлескен академиялық және ғылыми бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге уағдаласты. Тараптар екі ел арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетуді қолдай отырып, мәдени ынтымақтастықты көрмелер, концерттер, фестивальдер және кино көрсетілімдерін өткізу арқылы жандандыру ниеттерін білдірді. Тараптар көші-қон саясаты саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың және визалық режимді ырықтандыру диалогын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Олар Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасындағы визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздердің басталғанын қолдап, тиісті келісімнің уақтылы жасалуына мүдделі екендерін растады. Тараптар 2020 жылғы 1 наурызда күшіне енген Бір жағынан Қазақстан Республикасы, екінші жағынан Еуропа Одағы мен оған мүше мемлекеттер арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін атап өтті. Президенттер өркендеу мен орнықты дамуды қолдаудың маңызды тетігі ретінде Орталық Азия мен Еуропа Одағы арасындағы диалогты нығайтуға бейілділіктерін растады. Финляндия Республикасының Президенті Орталық Азия өңіріндегі ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудегі, бейбітшілікті нығайтудағы, достық, сенім және тату көршілік ахуалын қалыптастырудағы, сондай-ақ оның халықаралық аренадағы маңыздылығын арттырудағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулерінің рөлін айрықша атап өтті. Президенттер 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібін және Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыруға жәрдемдесуге және оларды жылдамдатуға, сондай-ақ су ресурстарын басқаруға, ластанумен және шөлейттенумен күресуге, биологиялық әралуандылықты сақтауға және апат тәуекелдерін төмендетуге ерекше назар аудара отырып, климаттың өзгеруі мәселесін шешудің бірлескен тәсілдерін ілгерілетуге уағдаласты. Тараптар 2026 жылғы сәуірде Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымымен және басқа да жетекші халықаралық ұйымдармен әріптестікте өтетін және климаттың өзгеруі, "жасыл" экономикаға көшу және Орталық Азия мен оның шегінен тыс жерлерде орнықты даму мәселелері бойынша диалогты ілгерілетуге арналған маңызды халықаралық алаң қызметін атқаратын Өңірлік экологиялық саммитті қолдады. Финляндия Қазақстанның Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру жөніндегі бастамасын қолдады. Өз кезегінде, Қазақстан Финляндияға Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті қарарына қолдау жасағаны және тең авторлығы үшін шынайы ризашылығын білдіріп, екі елдің тұрақты дамуды қолдауға, өңірлік тұрақтылықты нығайтуға және жаһандық сын-қатерлерді көпжақты ынтымақтастық арқылы шешуге ортақ түрде бейілді екендігін атап өтті. Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарына сәйкес Украинада жаппай, әділ және тұрақты бейбітшілікті тезірек орнатудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Финляндияның 2025 жылы ЕҚЫҰ-ға белсенді төрағалық еткенін атап өтті және осы жауапты мандатты табысты аяқтауға тілектестігін білдірді. Президенттер ресми сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар халықтарымыздың мүддесі үшін екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Президенттер екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және ынтымақтастықты тереңдету мақсатында тығыз диалогты қолдап отыруға уағдаласты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Финляндия президентімен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. “Сіздің сапарыңыз – екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды. Қазақстан мен Финляндия арасында достыққа әрі өзара түсіністікке негізделген ықпалдастық орнаған. Екі елдің ортасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Дегенмен инвестиция және сауда салаларында бірқатар мүмкіндік бар. Сіздің бастамаңызбен өтіп жатқан бизнес-форумның орны ерекше. Бүгін аталған жиынға қатысамын. Бұл кәсіпкерлеріміздің іскерлік байланыстарды өрістетуіне зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұдан бөлек, гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша мән береміз. Қазақстандықтар Финляндияны, сіздердің салт-дәстүрлеріңіз бен мәдениеттеріңізді құрметтейді. Көптеген отандасымыз Сіздің елге турист ретінде жиі барады. Сапарыңыз мемлекеттер арасындағы серіктестікті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдімін”, - Қасым-Жомарт Тоқаев. Финляндия президенті бұл Қазақстанға үшінші мәрте келуі екенін айтты. ”Алғаш рет 2008 жылы мен Сыртқы істер министрі, ал сіз Сенат спикері лауазымын атқарған кезде жүздескен едік. Бұл жолы екі бағытқа баса назар аударамыз деп ойлаймын. Бірінші – өзара қарым-қатынас және іскерлік байланыстар. Бүгін Финляндиядан үлкен делегация келді. Оның құрамында 20-дан астам ірі компанияның өкілдері бар. Астана көшелерінен Isku және Honkarakenne сияқты танымал фин брендтерін көрдім. Бұл бізді қуантады. Келіссөздің екінші бағыты – сыртқы саясат және қауіпсіздік. Біршама мәселе бойынша ұстанымдарымыз ортақ, күрделі халықаралық жағдайлардың шешімін табуға бірлесе ұмтыламыз”, - деді Александр Стубб. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ақордада Финляндия президентін қарсы алды "Ақорда" резиденциясында Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары. Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті. Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бектенов үкіметте тым ұзақ баяндама үшін ескерту жасады Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" басшысына тым ұзақ баяндама үшін ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа 16 минуттық баяндамасынан кейін ескерту жасады. "Баяндамаңыз тым созылып кетті ғой. Қысқа да нұсқа баяндау керек. Уақытты үнемдейік", - деді Бектенов. Бүгін Үкіметтің күн тәртібі - электроэнергетика саласын дамыту және цифрландыру мәселелері. Қайрат Мақсұтов — "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы. Ол "Самұрық-Қазына" қорының құрылымына кіретін Қазақстандағы ең ірі энергия өндіруші компанияны басқарады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК Алматыда жоспарланған террорлық актінің алдын алды Ұлттық қауіпсіздік комитеті қыркүйекте Алматыда 5 шетелдік жоспарлаған террорлық актінің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. "Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен 8 адам қамауға алынды. Осы кезеңде 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада. Жыл басынан бері осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның алтауы - шетелдіктер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Колониядағы ТЖ туралы қауесеттер: Семейде сотталған адамның қайтыс болғаны расталды Семейде колониялардың бірінде төтенше жағдай болғаны туралы сыбыстар тарады: қолданушылар сотталғандардың бірі қаза тапқаны жайлы жазып жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Бұған дейін әлеуметтік желілерде Семейдегі түзеу мекемелерінің бірінде төтенше жағдай болғаны туралы жазбалар тараған еді. Жазба авторларының айтуынша, колонияда сотталған адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілген, ал екі адаммен байланыс жоқ. Сотталғандардың туыстары ресми ақпарат берілмей отырғанын айтқан. ҚАЖК пікірі Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандарды жаппай ауруханаға жеткізу туралы ақпаратты жоққа шығарды. "Зорлау қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан тұтқын денсаулығы нашарлағанына шағымданып, мекеменің медициналық бөліміне жүгінген. Тексерістен кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, сотталған адам ауруханада көз жұмды", – деп хабарлады ҚАЖК. Ведомство жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 28 қазанда Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Семей, Астана, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент құттықтауында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталып, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында беки түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал чех халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Өскеменде полиция спорт турнирінде болған төбелесті тергеп жатыр Өскеменде өткен облыстық дзюдо жарысы кезінде болған оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде тараған видео резонанс тудырды. Куәгерлер түсірген жазбада жанжалдың қалай басталғаны көрінбейді. Соған қарамастан, кей пайдаланушылар жанжалға ата-аналар, бапкерлер мен спортшылар қатысқанын, тіпті бір бапкердің ауыр жарақат алғанын айтты. Пікірлерде полицияның әрекетсіздігі және олардың оқиғаны жасырмақ болғаны туралы болжамдар да айтылды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Усть-Каменогорск | Новости | Oskemen (@ilove_uka1) Ал полиция басқармасы таратқан мәліметке сай, жаппай төбелес туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Ведомство дерегінше, қақтығыс екі адамның арасында болған. "Оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Соталды тергеу басталды. Болған жағдайдың барлық қырын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер жария етілмейді", - деді полиция. Тергеушілер жанжалға қатысқандар мен куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп жатыр. Қақтығыс салдарынан зардап шеккендер туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресей кеденшілері Қазақстан шекарасында шоколад тиелген көлікті тоқтатты Алтай кеденінің мобильдік тобы Қазақстаннан Ресейге әкелінген Украинада өндірілген 714 килограмм шоколад тиелген көлікті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Осторожно Media" басылымына сілтеме жасап. "Кеденшілер Қазақстаннан Ресейге бағытталған жүк көлігін тексеруге тоқтатты. Көлік жүксалғышында Украинаның кәмпит фабрикасы шығарған шоколад салынған 372 картон қорап болған. Мұндай өнімге санкциялар салынған, оны ел аумағына әкелуге тыйым салынған", - делінген жарияланымда. Көлік құралы мен тауар жөнелтушіге қайтарылды. Ресейдің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 16.3-бабы ("Тыйым салулар мен шектеулерді сақтамау") бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әзербайжан әскерін Газаға жіберуі мүмкін Әзербайжан соғыстан кейін Газаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін Халықаралық тұрақтандыру күштері құрамына әскер беруге келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel-ге сілтеме жасап. Қазірге дейін бұл күштерге ашық түрде әскер жіберуге уәде берген жалғыз ел - Индонезия (БҰҰ мандатымен 20 мың сарбаз). Мақалада АҚШ басқа елдермен де келіссөз жүргізіп, Әзербайжаннан да осындай жеке міндеттеме алғаны айтылады. Вашингтон мен Тель-Авивтегі Әзербайжан елшіліктері бұл тақырыпқа пікір білдірген жоқ. Өткен айда БҰҰ Бас ассамблеясы алаңында өткен көпжақты кездесу кезінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трампқа Анкараның да Газаға әскер жіберуге дайын екенін айтқан. Алайда соғыс басталғаннан бері Анкара мен Тель-Авив арасындағы қатынастардың нашарлауына байланысты Израиль түрік әскерін Газада қабылдайтыны белгісіз. Еске салайық, 13 қазанда АҚШ, Мысыр, Қатар және Түркия көшбасшылары Египеттегі Шарм-эш-Шейх бейбітшілік саммитінде Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, оған кепілдік беретін тараптар болуға келіскен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Моңғолияда Марстағы өмір жағдайын имитациялайтын лагерь пайда болады Моңғолияның Гоби шөлінде ерекше туристік лагерь - Марс базасының имитациясы пайда болады. Мұнда келушілер Қызыл ғаламшарда отарлаушылар сияқты бір ай өмір сүріп, жұмыс істей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вокруг света" басылымына сілтеме жасап. MARS-V деп аталатын жобаны Ұланбатырдағы аттас үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады. Алғашқы "турист-ғарышкерлерді" 2029 жылы қабылдау жоспарланған. "Марстағы" өмір қандай? Ұйымдастырушылар лагерьдегі болмыс барынша ғарыш миссиясына ұқсатып жасалғанын айтты. Қатысушылар зертхана мен жылыжайы бар капсулалық модульдерде тұрады, сублимацияланған өнімдермен қоректенеді және Жермен "жасанды кідіріс" арқылы сөйлеседі. Бұл планеталар арасындағы қашықтықты имитациялайды. Күн тәртібі минутына дейін жоспарланған: медитация, жаттығу, таңғы ас, брифинг және тапсырмалар - геологиялық зерттеулерден бастап жабдықтың тосын істен шығуын модельдеуге дейін. "Мақсат - оқшауланған ортада тірі қалу. Өзіңді басқа планетада жүрмін деп елестету керек. Протоколды бұзсаң, көз жұмасың", - дейді MARS-V басшысы Энхтувшин Дойодхуу. Сапарға дейін қатаң іріктеу өтеді: физикалық және психологиялық тесттер, кейін үш айлық онлайн дайындық (астробиология негіздері, изоляция, қауіпсіздік протоколдары). Одан соң алты адамнан тұратын топ Ұланбатырда жиналып, телефондарын тапсырып, шөлдің ішіне 10 сағаттық жолсыз сапарға шығады. Неге дәл Моңғолия? Ғалымдардың пікірінше, Жер бетінде Марсқа Гоби шөлі сияқты ұқсайтын жер жоқ: +45-тен –40°С-қа дейінгі күрт температура айырмасы, құрғақтық, құнарсыз топырақ және темір тотығынан қызғылт тартқан құм. "Бұл шексіздік пен бос кеңістіктің әсері - дәл "Mad Max" фильміндегідей. Жер бедері бір жағынан баурайды, бір жағынан үрей ұялатады", - дейді Дойодхуу. MARS-V ұлттық дәстүрлерді де пайдаланады: күмбез пішінді модульдер моңғол киіз үйлерінің формасынан шабыт алған. "Біз, моңғолдар, ғасырлар бойы шектеулі ресурспен оқшау өмір сүрдік. Енді сол тәжірибені басқа планетаға көшіреміз", - дейді Энхтувшин. "Марстағы" бір ай 6 мың доллар тұрмақ SpaceX не Blue Origin секілді компаниялар миллиондаған долларлық ұшу ұсынса, MARS-V "ғарыштық тәжірибенің бюджеттік нұсқасын" уәде етеді. Бір айлық бағдарлама шамамен 6 000 долларға (шамамен 3,3 млн теңге) түседі, оған дайындық пен тұрмыс кіреді. Бағдарлама қазаннан наурызға дейін өтеді - Гобиде аяз –30°С-қа түсетін кезең. Ұйымдастырушылар жоба толық қауіпсіз екенін, бірақ оқшаулану мен суықтың "жағаңды ұстатардай шынайы" сезілетінін айтады. "Адамдарды нақты қауіпке салмаймыз, бірақ симуляция мен шындық арасындағы шекараны барынша бұлдырлатуға тырысамыз", - дейді жоба басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бішкекте Биволға іздеу жарияланды Бішкек милициясы боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатеринаға іздеу жариялады. Оған сырттай айып тағылып, қамау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасының мәліметінше, іс Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 330-бабы ("Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе аймақаралық араздықты қоздыру") бойынша қозғалған. Бұл бап бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас еркіндігінен айыру көзделген. Бұған дейін Бивол Екатерина әлеуметтік желіде түрлі ұлт өкілдерін қорлайтын сөздер айтқан видеосын жариялаған. Көптеген қолданушы әйелдің әрекетін айыптады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды. Мемлекеттер басшылары Мәскеуде өтетін келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар әлемдегі қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы көз жұмды Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның есімі отандық футбол тарихының парақтарында және командаластары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады", - делінген хабарламада. Андрей Морев "Жеңіс", "Оқжетпес", "Тобыл" және "Ақтөбе" сынды командалар сапында өнер көрсеткен. "Ақтөбеде" екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды. Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Ресейдің жағалауында АҚШ-тың атом сүңгуір қайығы барын еске салды АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдегі "Буревестник" құрлықаралық зымыранының жуырдағы сынақтарына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің аудио-хабарламасына сілтеме жасап. Трамп АҚШ-тың Ресей жағалауында атом сүңгуір қайығы бар екенін еске салды және мұны "олардың" білетінін айтты. "Олардың жағалауында дәл қазір тұрған әлемдегі ең үздік атом сүңгуір қайық барын біледі. Сондықтан бізге зымыранның 8 мың миль ұшуының қажеті жоқ. Олар бізбен, біз де олармен ойнамаймыз. Біз үнемі зымыран сынақтарын өткізіп тұрамыз, бірақ айтқанымдай, бізде атом суасты қайығы бар, бізге ондай қашықта атудың қажеті жоқ. Айтпақшы, Путиннің мұндай мәлімдемелер жасауы орынды деп санамаймын. Ол бір апта ғана созылуға тиіс соғысты аяқтауы керек еді, бірақ бұл төртінші жылға таяп қалды. Сондықтан оның айналысатын ісі зымыран сынақтары емес", - деді АҚШ президенті. Бұған дейін ресейлік БАҚ "Буревестник" сынағы 21 қазанда өткенін хабарлаған: зымыран 14 мың шақырым қашықты бағындырып, шамамен 15 сағат әуеде болған. Олардың айтуынша, ол қозғалтқышына орнатылған шағын ядролық реактордан қуат алады, бұл оған теориялық тұрғыда бірнеше күн бойы әуеде қалуға мүмкіндік береді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Санкт-Петербургте белгісіз біреулер футболшыны көшеде ұрлап әкетпек болды "Зениттің" футболшысы Андрей Мостовойды белгісіз біреулер Санкт-Петербургте көшенің ортасында ұрлап әкетпек болған. Бірнеше адам оның қолынан ұстап, көлікке күштеп отырғызуға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash на спорте Telegram-арнасына сілтеме жасап. Спортшы қарсыласып, қашып құтылған. Оған жанынан өткен жүргінші көмектесіп, араласқан. Арада екі күн өткенде қылмыскерлер дәл сол жерде ойын жүзеге асырып, Ресей Мемлекеттік думасы депутатының күйеу баласын ұрлап кеткен. Сценарий сол күйі қайталанған: шабуыл, зорлықпен көлікке отырғызу, кейін қорқытып, ақша бопсалау. Ер адамды 2,5 миллион рубльді (шамамен 17 миллион теңге - еск.) қолма-қол беруге мәжбүрлегеннен кейін босатқан. Қазір күдіктілер ұсталды, адам ұрлау және қарақшылық деректері бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Абзал Нүкеновті қызметінен босатты Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Нүкенов бұл лауазымда бір жылдан аз уақыт еңбек етті: ол 2025 жылғы наурызда тағайындалған. Абзал Нүкенов 1978 жылғы 21 шілдеде Жетісу облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек жолы: 2000 ж. – республикалық "Отан" саяси партиясының орталық аппаратында жұмыс бастады;2005 ж. – Алматы қаласы әкімдігінде қызмет етті;2009–2011 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істеді;2011–2016 жж. – Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің Жағдай орталығында сектор меңгерушісі, меңгеруші орынбасары, кейін орталық меңгерушісі;2016 ж. қараша – Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;2018 ж. тамыз – "берілген өтінішіне сәйкес" қызметінен босатылды;кейінірек Халықаралық "Астана" ғылыми кешенінің директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалғанға дейін аталған лауазымдарда қызмет атқарған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Финалда отандастарымыз Таиланд командасынан басым түсті. Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш шешуші кездесуде 2:0 (21:15, 23:21) есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы үшінші орын алған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркияда жер сілкінісі болды Түркияның батысында жексенбі кешке жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Сағат 19:44-те (жергілікті уақыт - еск.) Ыстамбұлдың батысында сілкініс 20–30 секунд сезілді: пәтерлерде шамдар тербеліп, әйнектер дірілдеген. Жергілікті тұрғындар арасында үрей байқалмады. Смартфон қосымшалары дүмпулер басталардан бірнеше секунд бұрын ескерту жіберген. Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының сейсмологтары жер сілкінісінің магнитудасын 3,7 деп бағалады, эпицентрі Қара теңізде, Ыстамбұл әуежайының маңында болған. Ошақ тереңдігі - 13 шақырым. Кандилли обсерваториясының сейсмологтары магнитуданы 3,9 деп көрсетті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтауда тоғыз қабатты үйдің тұрғындары бес ай бойы ауызсусыз отыр Ақтауда 9-шағынаудандағы тоғыз қабатты үйдің тұрғындары бес айдан бері ауызсусыз отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. Маусымда жоғарғы қабаттарға су айдайтын сорғы жанып кеткеннен кейін адамдар сусыз қалған. Тұрғындардың айтуынша, олар бірнеше мәрте үй төрағасына жүгінген, бірақ ол "сорғыны өздеріңіз ақша жинап алыңыздар" деп жауап берген. ПИТК-нің қаражаты жоғы айтылған. Тұрғындардың сөзінше, төраға Сахы Түзелбаев басқаратын "Татьяна" ПИТК дәл осы үйде орналасқан, мұнда "су бар", сондықтан олар мәселені шешкісі келмейді. Қазірге дейін шамамен 370 мың теңге жиналған, бұл жаңа насос алуға жетеді. Алайда үй ішінде пікірталас туған: кейбірі 800 мың теңге тұратын қымбатырақ насос алуды талап етеді. Адамдар қала және облыс әкімдіктеріне, прокуратураға, сондай-ақ "Каспий жылу, су арнасы" ШЖҚ МКК-ға дейін барлық инстанцияға жүгінгендерін айтады, бірақ тек формал жауаптар алған. "Ешкім төрағаға ықпал ете алмай отыр. Ол мүлде әрекет етпейді. Тіпті кіреберістегі шамдарды да ауыстырмайды", - деп шағымданады тұрғындар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мектептерде күзгі каникул басталды Қазақстан мектептерінде бірінші оқу тоқсаны аяқталды. Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады? Толығырақ Tengrinews.kz материалында. Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады? Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқушылардың күзгі демалысы 7 күнге созылады - 27 қазаннан 2 қарашаға дейін (қоса алғанда). Осылайша, бірінші тоқсанның соңғы оқу күні - 24 қазан, жұма, ал сабақтар 3 қараша, дүйсенбіде қайта басталады. 2025/2026 оқу жылындағы мектеп демалыстарының күнтізбесіҚазақстанда оқу жылы төрт тоқсанға бөлінеді. Оқушылар демалып, күш жинауы үшін жыл бойына бірнеше демалыс қарастырылған: Күзгі демалыс - 27 қазан – 2 қараша 2025 ж. (7 күн) Қысқы демалыс - 29 желтоқсан 2025 ж. – 7 қаңтар 2026 ж. (10 күн) 1-сынып оқушыларына қосымша демалыс - 9–15 ақпан 2026 ж. (7 күн) Көктемгі демалыс - 19–29 наурыз 2026 ж. (11 күн) Оқу жылының аяқталуы - 25 мамыр 2026 ж. Екінші оқу тоқсаны желтоқсанның соңына дейін жалғасады. Қысқы демалыстан кейін оқушылар ең ұзақ - 10 апталық үшінші тоқсанға кіріседі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көліктегі SOS түймесі: 2028 жылдан бастап жаңа талаптар енгізіледі Қазақстанда көліктерге SOS түймесін орнату жиі талқыланып жүр. Бұл жай ғана жаңа "фишка" емес, шынымен пайдалы құрылғы: апат немесе өзге төтенше жағдайда бір батырмамен жедел қызметтерді шақырып, көліктің нақты координаттарын жіберуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қашан міндеттеледі? Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық регламентіне сай M және N санатындағы барлық көлік жедел шақыру жүйесімен жабдықталуға тиіс. Анықтама: M санаты - жолаушы тасымалдауға арналған көліктер. N санаты - жүк тасымалдауға арналған көліктер. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, 2028 жылдан бастап мұндай жүйесі жоқ көліктер өндірілген елінен тыс жерде тіркелмейді. Бағасы қанша? SOS түймесін орнату және сертификаттау арзан емес - кейде кедендік рәсімдеудің құнының төрттен біріне дейін барады. Сондықтан сатып аларда қауіпсіздікпен қоса, бюджетті де ескерген дұрыс. Кімге қазір-ақ орнатқан жөн? Жедел шақыру жүйесі бойынша маман Алан Ерсаин қаладан тыс жүретіндерге немесе қауіпсіздік жүйелері ескірген көлігі барларға SOS түймесін қазір орнатуға кеңес береді. Қалғандары талап міндетті болғанын күте алады. Еске салайық, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ЕАЭО аумағындағы көліктерді әкелу, тіркеу және электрон төлқұжаттарға қатысты қағидалардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
27 қазанға арналған ауа райы болжамы: қай өңірлерде жаңбыр жауады? "Қазгидромет" 27 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп мен жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Абай облысы: 27 қазанда облыстың солтүстігі, шығысы, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан; түнде оңтүстік-батыста екпіні 15–18 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақмола облысы: түнде және таңертең батысы, солтүстігі, шығысында тұман түседі. оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі. Ақтөбе облысы: оңтүстік-шығыс жел; күндіз батыс, оңтүстік, орталықта 15–18 м/с. Оңтүстігі мен шығысында жоғары, батысы, солтүстік-шығысы, орталығында төтенше өрт қаупі. Алматы облысы: оңтүстік-батыс жел солтүстік-батысқа ауысады. Оңтүстікте екпіні 15–20 м/с. Атырау облысы: күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстігі, шығысы және Атырауда төтенше, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі. Шығыс Қазақстан облысы: батысы, солтүстігі, шығысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады; түнде оңтүстік-шығыста 15–18 м/с. Жамбыл облысы: солтүстік-батыс жел; таулы аудандарда 15–20 м/с. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығы, оңтүстігі және Таразда жоғары өрт қаупі. Батыс Қазақстан облысы: батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан; күндіз шығысында 15–20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысы: солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Батысында жоғары өрт қаупі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі. Қызылорда облысы: төтенше өрт қаупі сақталады; солтүстігі, орталығы және Қызылордада жоғары өрт қаупі. Маңғыстау облысы: түнде батысы, солтүстігі, шығысында найзағайлы қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан; батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с. Ақтауда түнде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел екпіні 15–20 м/с. Павлодар облысы: батысы, оңтүстігі, шығысында және Павлодарда тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Петропавлда тұман түседі. Ұлытау облысы: облыс және Жезқазған бойынша жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі. Астана: 27 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа хат жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қарашада Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады. Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қайрат“ Қазақстан чемпионы атанды Алматылық "Қайрат" пен астаналық "Астана" арасындағы матч 2025 жылғы маусымның Қазақстан Премьер-лигасының чемпионын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Матч 26-тур аясында Алматыдағы "Орталық" стадионда өтті. "Қайрат" - "Астана": құрамдар "Қайрат": Темірлан Анарбеков (қақп.), Луиш Мата, Сорокин, Мартынович, Тапалов, Глазер, Арад, Громыко, Мрынский, Жоржиньо, Сатпаев. "Астана": Чондрич (қақп.), Бартолец, Шомко, Аманович, Калаица, Эбонг, Башич, Грипши, Томасов, Камара, Джеффри. "Қайрат" - "Астана": ойын барысы Старт ысқырығынан 15 минут өткенде "Астананың" лидері Марин Томасов жартылай қорғаушы Назми Грипшиден келген пасты голға айналдырып, есеп ашты. Алғашқы тайм нәтижесі - 0:1, "Астананың" пайдасына. Екінші тайм басталар алдында "Қайрат" бас бапкері қорғаушы Еркін Тапаловтың орнына шабуылшы Эдмилсонды шығарды. 56-минутта "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сатпаев есепті теңестірді - 1:1. Қалған уақыт тартысты өтті: "Астана" жеңісті жұлып алуға бар күш салғанымен, алға шыға алмады, ал "Қайрат" өткір шабуылдармен жауап қайырды. Матч алдындағы жағдай айқын еді: алматылықтарға титулды сақтау үшін тең ойын жеткілікті, ал астаналықтарға міндетті түрде жеңіс керек болатын. Қорытынды есеп - 1:1. Осылайша, "Қайрат" басты қарсыласымен бетпе-бет ойында чемпиондық атағын қатарынан екінші рет растады және клуб тарихындағы бесінші чемпиондығын жеңіп алды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Баум тоғайында ағаштар заңсыз кесілген Баум тоғайында ағаш заңсыз кесілгені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының Экология және қоршаған орта басқармасына сілтеме жасап. Бұл деректі Алматы Экология және қоршаған орта басқармасына қарасты "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мәлімдеді. 25 қазаннан 26 қазанға қараған түні Баум тоғайында үшкір жапырақты үйеңкі мен ақ акация ағаштары заңсыз кесілген, сондай-ақ, негізінен ұсақ жапырақты қарағаш тұқымына жататын 11 ағаш та арамен кесілмек болған. 24 қазанда ағаштар бүтін болғаны хабарланды. "Оқиға орнынан екі қол ара және бір бензин ара табылды. Кезекші инспектор табиғатты қорғау полициясына арыз түсірді", - деп мәлімдеді басқарма. Баум тоғайын жаңғырту 2025 жылғы қыркүйектен бері аумағы 137,7 га болатын мемлекеттік табиғи ескерткіш - Баум тоғайында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол Түрксіб ауданында Сейфуллин мен Сүйінбай даңғылдарының арасында орналасқан. Жаңғырту басталған сәтте-ақ алматылықтар наразылық білдірді: желіде емен аллеясында бордюр төселіп жатқаныны бейнеленген видео тарады. Қала тұрғындары мұндай жұмыстар ағаштардың зақымдануы не кесіліп қалуына себеп болуы мүмкін деп болжады. Сол кезде Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы ағаш кесілмей жөндеу жүргізіліп жатқанын айтты. Шенеуніктер жоба аумақты қалпына келтіруге бағытталғанын, жаңа ағаштар мен бұталар отырғызуды көздейтінін айтты. Кейін Экология министрлігінің эко-порталында "Баум тоғайы" табиғи ескерткішін қалпына келтіру және сақтау" атты жоба пайда болды. Құжатта тоғайдағы ағаштардың тек 55 пайызы дені сау деп танылғаны, қалғаны - әлсіреген, қураған немесе апатты жағдайда екені көрсетілген. Сондай-ақ шамамен 12,7 мың м³ ағаш (екпелердің 48 пайызы) кесіледі деп жазылған. Медиа жарияланымдардан кейін билік бұл деректер шындыққа жанаспайтынын айтты. Әкімнің кеңесшісі Ильзат Ақчурин Қазақ аграрлық зерттеу университеті мен Орман ғылыми-инновациялық институты жүргізген түгендеу нәтижелеріне сілтеме жасап, тоғайдағы жұмыстардың табиғи ортаға аз зиянмен атқарылып жатқанын айтты. Жуырда тоғайда реконструкция жүргізген мердігерлер ағаштарды зақымдаған болатын. Әкімдік оларға 117 960 және 58 980 теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Луврдағы ұрлық ісі бойынша екі күдікті ұсталды Сенбіде полиция Луврдағы ұрлық ісі бойынша екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Franceinfo-ға сілтеме жасап. БАҚ мәліметінше, күдіктілердің біреуі Алжирге ұшпақ болған әуежайда қолға түсті. Екіншісі Париж маңындағы қала шетінен табылған. Бұған дейін төрт адамға іздеу жарияланған: екеуі - "Аполлон" галереясына кірген тікелей орындаушылар, тағы екеуі - қылмысқа қатысып, күдіктілердің скутерлермен қашуына көмектескендер. Осылайша, полиция әлі екі күдіктіні іздеп жатыр. Le Figaro-ның хабарлауынша, Луврдың бір күзетшісі тонаушылармен сөз байласқан болуы мүмкін: алдын ала дерекке сүйенсек, ол музейдің қауіпсіздік жүйесіндегі осал тұстарды табуға көмектескен құпия ақпарат берген. Істің мән-жайы 19 қазанда Парижде әлемге әйгілі Лувр музейі бірнеше минут ішінде тоналды. BFMTV дерегінше, қаскөйлер оқиға орнына скутермен келіп, сыртқы жүк лифті арқылы терезелерге жетіп, оларды қиратқан. Музейге кірген соң Наполеон мен Жозефина патшайымның коллекцияларындағы зергерлік бұйымдарды ұрлап, қашып кеткен. Залал көлемі 88 млн еуро деп бағаланды. Франция президенті Эммануэль Макрон Луврдың тоналуын "елдің мұрасы мен тарихына қол сұғу" деп атады. Ал Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Париждегі Луврды тонауды "кезінде ұлы болған Францияның құлдырауымен" байланыстырды және ұрланған жәдігерлерді сатып алуға дайын екенін білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Франция президентінің жұбайына тіл тигізген 10 адам сот алдында жауап береді 27 қазанда Париждің қылмыстық сотында Франция президентінің жұбайы Брижит Макронға қатысты кибербуллинг дерегі бойынша іс қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі L’Independant басылымына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, айыпталушылар арасында шенеунік, галерея иесі, мұғалім, жарнама менеджері, информатика маманы және тіпті медиум бар - барлығы сегіз ер адам мен екі әйел (жасы 41–60). "Айыпталушылар Брижит Макронға қатысты гендер мен жыныс талғамына бағыттап қорлады деген күдікке ілінді. Париж прокуратурасы оның күйеуімен жас айырмашылығы педофилияға теңестірілгенін түсіндірді", - делінген жарияланымда. Атап айтқанда, әйелдердің бірі Брижит Макрон - шын аты Жан-Мишель болатын трансгендер әйел деген қауесеттің таралуына ықпал еткен. Оның адвокатының сөзінше, қорғауындағы тұлға "тек жаңалықтарға реакция білдірген", әрі "қандай да бір хабарлама тікелей ханым Макронға жолданбаған". 2024 жылғы қыркүйекте Францияның бірінші инстанция соттары оны өзге бір айыпталушымен бірге Брижит Макронның зиянын өтеу үшін бірнеше мың еуро және оның ағасы Жан-Мишель Троньёға қосымша 5 мың еуро төлеуге міндеттеген. Алайда 10 шілдеде апелляциялық сот оны ақтап шықты. Кибербуллинг деректері бойынша тергеу 2024 жылғы 27 тамызда Брижит Макрон түсірген шағымнан кейін тұлғаға қарсы қылмыстармен күрес бригадасына тапсырылған. Соның нәтижесінде бірнеше рет ұстау толқындары болды - атап айтқанда, 2024 жылғы желтоқсан және 2025 жылғы ақпан айларында. Брижит Макронның адвокаты Жан Энноши журналистерге жауап бермеді және Францияның бірінші ханымы тыңдауға қатысып-қатыспайтынын да нақтылаған жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Магистратура мен докторантура: Қазақстанда құжат қабылдау басталады 28 қазанда Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау және докторантураға түсу үшін құжат қабылдау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. Өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданады. Магистратураға түсу үшін не қажет? Кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 10 қарашаға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша профильді магистратураға түсушілердің құжаттары да 28 қазаннан 10 қарашаға дейін қабылданады. "Тестілеу қараша-желтоқсан айларында өтеді. Өтініш беру кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Түсушілер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (10 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру қаласын өзгерту бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы мен тестілеу тапсыру қаласы өзгертілмейді. Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде ағымдағы жылғы 14 қарашада қолжетімді болады", - делінген министрлік хабарламасында. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу электрон форматта өткізіледі және үш блоктан тұрады: шетел тілінен тест; оқуға бейімділікті анықтау тесті; білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Тестілеуге 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл - 75, оның ішінде: шетел тілінен - кемінде 25 балл; оқуға дайындығын анықтау тестінен - кемінде 7 балл; бейінді тест бойынша - бірінші және екінші бейіндік пәндердің әрқайсысынан кемінде 7 балл. "Бейінді магистратураға түсушілер тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде бірінші бейінді пән бойынша кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша кемінде 7 балл", - деп нақтылады Ғылым және жоғары білім министрлігі. Докторантураға түсу үшін не қажет? Докторантураға түсу емтиханын тапсыруға өтініш беру 2025 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Докторантураға түсушілер ДТЕ-ге қатысу үшін өтініш бергенге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыруы қажет. Докторантураға түсу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. "Түсу емтиханы желтоқсан айында өтеді. Егер түсушіге берілген өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы) өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, оған өтініштерді қабылдау базасы жабылғанға дейін (10 қарашаға дейін) өтінішті өңдеуге немесе өшіруге мүмкіндік беріледі. Қосымша тестілеуді өткізу орны, күні мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде ағымдағы жылғы 14 қарашада, түсу емтиханы бойынша ақпарат 27 қарашада қолжетімді болады", - деп хабарлады салалық министрлік. PhD докторы бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдау емтиханы: әңгімелесуден, эссе жазудан, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша сұрақтардан тұрады. Профильдік доктор бағдарламалары (оның ішінде индустриялық PhD) бойынша докторантураға қабылдау емтиханы: әңгімелесу және бейіндік емтихан сұрақтары блоктарынан тұрады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша PhD докторы бағдарламасына оқуға байқау негізінде қабылдану үшін қабылдау емтиханынан кемінде 75 балл, профильдік доктор бағдарламалары бойынша, оның ішінде индустриялық PhD - кемінде 50 балл жинау қажет. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан полициясы ауруханадан қашқан сотталушыны ұстады Түркістан облысының полициясы үш күн бұрын медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицияның мәліметінше, қашқын Түркістанда танысының үйінде ұсталған. "Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажет процестік шаралар жүргізіліп жатыр. Соталды тергеу амалдары басталды", - деп мәлімдеді департамент өкілдері. Істің мән-жайы 23 қазанда Түркістандағы ауруханада ем алып жатқан сотталушы медициналық мекемеден қащшып кеткен. БАҚ мәліметінше, ол несиесін өтеген тұтынушыларға кепілге қойған үйлерін қайтара алмаған микрокредит ұйымына қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған. Қашқынды іздеу және ұстау үшін полицияның бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. Бұған дейін Талдықорғанда 17 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ғимаратты бұзып жатыр“. Алматы әкімдігі мектепті сүру туралы ақпаратқа пікір білдірді Әлеуметтік желіде Алматыдағы №56 гимназия ғимараты сүріліп жатқаны туралы мәлімет пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жазба авторы жұмысшылардың ғимарат шатыры үстінде перфоратормен жұмыс істеп жатқаны бейнеленген видеоны жариялады. "Алматы тарихи келбетін қалай біртіндеп жоғалтып жатқанын қараңыздар. 56-гимназия, оның ғимараты дәл қазір сүріліп жатыр. Бұл - декоры бар кеңестік ампир, қала тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышы еді. Мұндай тарихи ескерткіштерді бұза отырып, біз өз бірегейлігімізді жоғалтамыз, ұзаққа созылған, қызық бір дәуірді ұмытамыз. Бұл жерде есте қалмайтын, қаланың өзіндік стилін қалыптастырмайтын заманауи бірдеңе пайда болады", - деп жазды ол. Бұл жазбаға Алматы қаласының Құрылыс басқармасы пікір білдірді. Онда Сәтбаев атындағы №56 мектеп-гимназия ғимаратының сүрілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны айтылды. "Мектепті сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бар құрылыстарды сүру көзделмеген. Сонымен қатар, ғимараттың тарихи қасбеті сақталады", - деп уәде берді басқарма. Ведомствоның мәліметінше, жоба "қолданыстағы білім беру стандарттарына сай заманауи оқу кеңістіктерін құруды" көздейді. Сондай-ақ, ол көпфункциялы спорт кешенін салу, демалыс аймақтарын абаттандыру, заманауи асхана, кітапхана, оқу залдары және үйірме бөлмелерін жабдықтауды қамтиды. "Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылғы сәуірде аяқталады. Бас мердігер - "Астана-Стройинвест" корпорациясы" ЖШС", - деп толықтырды басқарма. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Брюсселдегі “Дәрет сындырып тұрған балаға“ тағы да шапан жабылды Брюсселдегі әйгілі Manneken Pis (дәрет сындырып тұрған бала - еск.) мүсініне тағы да қазақтың шапаны жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне сілтеме жасап. Елшілік мәліметінше, іс-шара Брюссельдің тарихи орталығында өтіп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы достықтың, мәдени ынтымақтастықтың нышанына айналды. "Бүгінгі оқиға Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара құрмет пен мәдени диалогты дамытуға негізделген берік әріптестік байланыстарды көрсетеді. Біз қазақ халқының дәстүрлерін Еуропаның жүрегі – Еуропалық одақтың астанасы Брюссельде паш етуге қуаныштымыз", - деді Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшісі Роман Василенко. Анықтама: Манекен-Пис (нидерланд тілінен аударғанда "сумен шаюшы/еңкейіп дәрет сындырған бала") - Брюссельдің орталығындағы шағын қола фонтан-мүсін, қаланың ең танымал әрі сүйікті нышандарының бірі. Ең алғашқы деректер XV ғасырға тиесілі, алғашында оны ауызсу фонтаны ретінде пайдаланылған. Қазіргі қола нұсқасын мүсінші Жером Дюкенуа 1619 жылы жасаған. Тарихында мүсін бірнеше рет ұрланып, бүлінген, сондықтан түпнұсқа бүгінде Брюссель қаласының музейінде сақтаулы, алаңда тұрғаны - көшірме. Манекен-Пистің шығу тегі туралы бірнеше аңыз бар. Ең кең тараған нұсқа бойынша, Брюссель қоршауы кезінде Юлианске атты кішкентай бала жанған білте-фитілді зәрімен өшіріп, қаланы жарылыстан құтқарып қалған. Мүсінді түрлі киімдерге ауыстыру - Манекен-Писке қатысты ең ерекше дәстүрдің бірі. Ол апта ішінде бірнеше рет арнайы кесте бойынша "киіндіріледі". Костюмдерді шетелдік делегациялар, жергілікті ұйымдар мен қайырымдылық қорлары сыйға тартады. Айта кетейік, қазақтың шапаны Манекен-Писке бұған дейін де жабылған. Мәселен, 2021 жылғы жазда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Астана күні қарсаңына орай мүсін шапанмен безендірілген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қырғызстанда танымал блогер-шенеунік соққыға жығылды Бішкек мэриясының муниципалдық инспекциясының басшысы, әлеуметтік желіде "Царикаев" атымен танымал Мирлан Таалайбековті төрт ер адам ұрып-соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап. Қырғыз БАҚ-тарының мәліметінше, Мирлан Таалайбековтың жақ сүйегі мен тістері сынған, басы, қолы, аяқтарында сызаттар бар. Ол медициналық сараптамадан өтіп, ауруханада емделіп жатыр. Оқиға түнде Бішкекте болған. Оның әріптесі, инспектор Надыр Жусуповтың айтуынша, Таалайбеков жұбайымен келе жатқанда көлігіне "Тойота" көлігі соғылған. Ауызша жанжал нәтижесінде бір топ адам шенеунікті қараңғы жерге алып барып, соққыға жыққан. Жарақат алған шенеунік Бішкек милициясына арыз түсірді. "Өтініш берушінің айтуынша, оқиға шамамен сағат 02:00-де "Ақ-Ордо" тұрғын массивіндегі Омур және Долон-Бий көшелерінің қиылысында болған. BMW автокөлігін басқарып келе жатып, бағдаршамда тоқтаған кезде оның машинасына арт жағынан Toyota Will соғылған. Жанжал барысында өтініш берушіге дене жарақаттары келтірілген. Оқиғаға қатысқандар тергеу үшін Ленин ауданының ІІБ-на жеткізілді", – деп хабарлады бішкектік милиция. Шенеунік-блогерге 28 жастағы төрт ер адам шабуыл жасаған. Сараптама нәтижесі олар мас күйде болғанын көрсетті. Қаскөйлер Бішкек ҚІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мирлан Таалайбеков – Қырғызстанда "Царикаев" лақап атымен танымал блогер. Біраз жыл бұрын ол Бішкек милициясының патрульдік қызметі басқармасында баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген. Таалайбеков камераға патруль жұмысының барысын көрсетіп, лауазымды тұлғалар мен таныстардың телефон соғуына қарамастан, ЖҚЕ бұзғандардың бәріне айыппұл салуымен танылған. Бішкек мэриясының муниципалдық инспекциясын басқара бастағаннан кейін де ол желіде жұмысын көрсетіп, бірқатар жаңалық енгізді. Мысалы, инспекция қызметкерлерінің формасы өзгертіліп, фуражкалар берілді. Жаңа қызметінде Мирлан Таалайбеков ең алдымен асфальтты бүлдіріп, жолды ластайтын жүк көліктерінің лас дөңгелектері мәселесіне, базарлардағы бейберекет саудаға және суықта Бішкектегі смог проблемасына назар аударды. Сондай-ақ, ол 24.kg сайтына өзінің желідегі никнеймі туралы айтып берді. Оның айтуынша, бұл студенттік шақтан қалған лақап аты: Қырғыз мемлекеттік құқық академиясында оқып жүргенде айналасындағы адамдар Альбина мен Фати Царикаевалардың әндерін жиі тыңдайтын. Сол кезде туыстары өзін аты-жөнімен іздеп таппас үшін Instagram-парақшасын "Царикаев" деп өзгерту идеясы келген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Аустрия президентін құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады. Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңбыр, қар мен тұман: бүгін ауа райы қандай болады? Синоптиктер бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Астана – түнде -1…-3°, көшпелі бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Жел солтүстік-шығыстан: түнде 2–7, күндіз 7–12 м/с. Күндіз +6…+8°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Алматы – түнде +9…+11°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңт.-батыстан 3–8 м/с. Күндіз +20…+22°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шымкент – түнде +10…+12°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солт.-батыстан 5–10 м/с. Күндіз +22…+24°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Абай облысы – түнде 0…+5°, оңтүстікте +8°, батыста, солтүстікте, оңтүстікте жаңбыр. Жел оңт.-шығыстан 9–14, оңтүстігі мен орталығында екпіні 15–20 м/с. Күндіз +8…+13°, оңтүстікте +18°, батыста, солтүстікте, оңтүстікте жаңбыр. Семей – түнде +3…+5°, бұлтты, жаңбыр. Жел оңт.-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз +8…+10°, бұлтты, жаңбыр. Алматы облысы – түнде +8…+13°, таулы аудандарда -2…+3°, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр. Жел оңт.-батыстан 9–14 м/с. Күндіз +18…+23°, таулы өңірлерде +8…+13°, таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр. Қонаев – түнде +8…+10°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңт.-батыстан 9–14 м/с. Күндіз +20…+22°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ақмола облысы – түнде -1…-6°, оңтүстікте +3°, оңтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Жел солт.-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз +3…+8°, оңтүстігі мен шығысында аздап жаңбыр, батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Көкшетау – түнде -2…-4°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солт.-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз +4…+6°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ақтөбе облысы – түнде 0…+5°, солтүстігі мен шығысында -3°, жауын-шашынсыз. Жел оңт.-шығыстан 7–12 м/с. Күндіз +10…+15°, оңтүстікте +18°, жауын-шашынсыз. Ақтөбе – түнде +1…+3°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңт.-шығыстан 3–8 м/с. Күндіз +13…+15°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Атырау облысы – түнде +3…+8°, жауын-шашынсыз. Жел оңт.-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз +15…+20°, батысы мен солтүстігінде жаңбыр. Атырау – түнде +6…+8°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан: түнде 2–7, күндіз 5–10 м/с. Күндіз +17…+19°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс Қазақстан облысы – түнде 0…+5°, шығыста –5°, солт.-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңт.-шығыстан 9–14, оңт.-шығысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с. Күндіз +10…+15°, шығыста +7°, жаңбыр. Өскемен – түнде +1…+3°, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңт.-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз +10…+12°, бұлтты, жаңбыр. Жамбыл облысы – түнде +9…+14°, тауда +6°, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр, тауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігі мен тауда тұман. Жел солт.-батыстан 9–14, тауда 15–20 м/с. Күндіз +19…+24°, тауда +15°, шығысы, оңтүстігі және тауда жаңбыр, найзағай. Тараз – түнде +10…+12°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солт.-батыстан 9–14 м/с. Күндіз +21…+23°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жетісу облысы – түнде +3…+8°, шығыста +13°, тауда -1°, жауын-шашынсыз. Жел оңт.-батыстан 9–14 м/с, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с. Күндіз +19…+24°, тауда +16°, солтүстігі мен тауда жаңбыр, орталығында аздаған жаңбыр. Талдықорған – түнде +3…+5°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңт.-батыстан 3–8 м/с. Күндіз +20…+22°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс Қазақстан облысы – түнде -3…+2°, батыста +5°, батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұман. Жел оңт.-шығыстан 7–12 м/с. Күндіз +9…+14°, батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұман. Орал – түнде -1…+1°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел оңт.-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз +9…+11°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең тұман. Қарағанды облысы – түнде 0…+5°, батысы мен солтүстігінде -3°, батысы, солтүстігі, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман. Жел солт.-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз +6…+11°, оңтүстікте +15°, шығыста кей уақытта жаңбыр, солтүстікте аздаған жаңбыр. Қарағанды – түнде +1…+3°, көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел солт.-шығыстан 7–13 м/с. Күндіз +7…+9°, көшпелі бұлтты, аздап жаңбыр. Қостанай облысы – түнде -1…-6°, оңтүстікте +4°, жауын-шашынсыз. Батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Жел оңт.-шығыстан 7–12 м/с. Күндіз +9…+14°, оңтүстікте +17°, жауын-шашынсыз. Қостанай – түнде -1…-3°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңт.-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз +10…+12°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Қызылорда облысы – түнде +2…+7°, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Күндіз +17…+22°, шығыста аздаған жаңбыр. Қызылорда – түнде +5…+7°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солт.-шығыстан 7–12 м/с. Күндіз +18…+20°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Маңғыстау облысы – түнде +5…+10°, батыста +13°, жауын-шашынсыз. Оңтүстігі, батысы, орталығында тұман. Жел оңт.-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз +17…+22°, солт.-батыста +14°, жауын-шашынсыз. Ақтау – түнде +11…+13°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел оңт.-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз +19…+21°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Павлодар облысы – түнде -2…+3°, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстігі мен шығысында тұман. Жел солт.-батыстан 9–14 м/с. Күндіз +2…+7°, батысы мен оңтүстігінде жаңбыр. Павлодар – түнде 0…-2°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солт.-батыстан 9–14 м/с. Күндіз +3…+5°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік Қазақстан облысы – түнде -1…-6°, жауын-шашынсыз. Батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұман. Жел оңт.-батыстан 9–14 м/с. Күндіз +4…+9°, оңт.-батыста +12°, жауын-шашынсыз. Батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұман. Петропавл – түнде -2…-4°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңт.-батыстан: түнде 3–8, күндіз 9–14 м/с. Күндіз +6…+8°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түркістан облысы – түнде +4…+9°, оңтүстікте +12°, тауда аздаған жаңбыр. Жел солт.-батыстан 8–13 м/с. Күндіз +21…+26°, солтүстігі мен тауда +16°, тауда аздаған жаңбыр. Түркістан – түнде +7…+9°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солт.-батыстан 8–13 м/с. Күндіз +21…+23°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ұлытау облысы – түнде 0…+5°, оңтүстікте +8°, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел солт.-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз +10…+15°, солтүстікте +7°, жауын-шашынсыз. Жезқазған – түнде +3…+5°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солт.-шығыстан 7–13 м/с. Күндіз +13…+15°, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Амелина Бакиева мен Санжар Қартай 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жеңіп алды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның MMA командасының мүшелері Амелина Бакиева мен Санжар Қартай Бахрейннің Манама қаласында өткен 2025 жылғы Азия жасөспірімдер ойындарында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 50 келіге дейінгі салмақтың финалында Амелина Бакиева Үндістан өкілі Шрия Сатамды мерзімінен бұрын ұтты. Ал 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Санжар Қартай чемпион атанды. Финалда қазақстандық спортшы бахрейндік Сұлтанахмед Сұлтанахмедовты жеңді. Қазақстан құрамасы Азия жасөспірімдер ойындарындағы төрт алтын медальға қол жеткізді. Бұған дейін велоспорт командасы мен таэквондошы Айым Серікбаева алтын медаль жеңіп алған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Таиланд короліне көңіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Таиланд короліне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев патшайым-Ана Сирикиттің қайтыс болуына байланысты король Маха Вачиралонгкорн мен барша Таиланд халқына көңіл айтты. Еске салайық, Таиланд патшасы Маха Вачиралонгкорнның (Рама X) анасы, патшайым Сирикит 93 жасында дүниеден өткен еді. Басылым мәліметінше, патшайым жұма кешке Тай Қызыл Крест қоғамының маңындағы Патша Чулалонгкорн атындағы ауруханасында көз жұмған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда тұмау мен “гонконг тұмауының“ маусымы басталды Қазақстанда маусымдық А тұмауының бірнеше жағдайы тіркелді. Оны басқаша "гонконг тұмауы" деп атайды. Санитар-дәрігерлер алдын алу шараларын күшейтіп жатыр, ал сала мамандары вакцина салдырып, иммунитетті күшейтуге кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап. Эпидемиялық маусым басталғалы бері Қазақстанда А тұмауының зертханада расталған үш жағдайы тіркелді. Халық арасында ол "жаңа гонконг тұмауы" деген атпен белгілі. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандары бұл вирустың жылдам тарайтынын айтады. Белгілері – жоғары температура, құрғақ жөтел, әлсіздік пен бас ауруы. Мұның бәрі тұмау жұқтырғаннан кейін 1-2 күн ішінде байқалуы мүмкін. Басты қорғаныс шараларының бірі – вакцина. Елде 2 миллионнан астам доза дәрі сатып алынған. Кез келген адам екпе ала алады. "Халықтың ең осал топтарын қорғау мақсатында МӘМС аясында бірыңғай дистрибьютор арқылы 2 миллион 100 мың доза "Гриппо плюс" вакцинасы мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынды. Тұмауға қарсы екпе динамикалық бақылауда тұрған балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне салынады", - деді ДСМ басқарма басшысы Айгүл Катренова. Әйтсе де, елде жұқпалы респираторлы вирустық инфекция көрсеткіші төмендеген. Соңғы аптада 142,5 мың жағдай тіркелген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға аз. Дәрігерлердің айтуынша, гонконг тұмауы – жаңа вирус емес, маусымдық тұмаудың бұрыннан белгілі бір түрі. Дегенмен, ол халықтың әлсіз топтары үшін қауіпті саналады. "Қауіп тобына балалар, жүкті әйелдер және қант диабеті, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдар кіреді. Мұндай кезде профилактика жүргізу өте маңызды", - дейді қалалық СЭС басқармасның басшысы Әсел Битаева. Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты мамандарының айтуынша, екпе аурудан қорғайтын жалғыз амал емес. Адам өз денсаулығын күтіп, иммунитетін күшейтсе, соның өзі үлкен рөл атқарады. "Біріншіден, ұйқы мен демалыс маңызды. Ұйқының жетіспеуі мен үнемі шаршап жүру иммунитетті әлсіретеді, ешқандай дәрумен мұны өтей алмайды. Екіншіден, дұрыс тамақтану маңызды. Ағзаға жеткілікті мөлшерде ақуыз түсуі керек. Үшіншіден, жылы әрі ылғалды орта қажет. Құрғақ ауа тыныс жолдарының шырышты қабатын құрғатып жібереді, ал ол суық тию мен вирустан қорғайтын алғашқы қалқан. Үйді жиі желдетіп, шөп шайын ішіп жүру иммунитетті күшейтуге көмектеседі", - дейді нутрицолог Гаухар Байгелова. А тұмауына қатысты жағдай қазір дәрігерлердің жіті бақылауында. Тіркелген жағдай көп емес, бірақ босаңсуға болмайды. Алдымыз қыс, суық күндер келе жатыр, демек эпидемиялық маусым әлі алда. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында өткен мерекелік салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, өңірдің даму бағыттары мен жетістіктеріне тоқталды. "Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: "Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн" - деген еді. Бабаларымыздың арманы болған азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау – бәріміздің басты мұратымыз", – деді аймақ басшысы. Облыс әкімі өз сөзінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістерге де назар аударды. Әкім мәліметінше, биыл облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады. Кейінгі үш жылда аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңге инвестиция құйылса, осы жылы 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады. 2025-2028 жылдары құны 2 трлн. теңгеден асатын 89 инвестициялық жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Президент пен Үкіметтің ерекше қолдауымен облыс бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд. теңге болса, биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 4,5 есе артты. Бұл қаражат халықтың өмір сапасын арттыруға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда. Республика күніне арналған салтанатта ел дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды.Мерекелік іс-шара облыс өнерпаздарының концертіне ұласты. Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің нышаны.Қызылорда облысы ұлттық мерекені толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен және елдік рухты асқақтатқан қуанышпен қарсы алды.
Түркістанда Республика күніне арналған “Қыран елім – Қазақстаным!“ салтанатты іс-шарасы өтті Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күніне арналған "Қыран елім – Қазақстаным!" салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шараға қатысушылар алдымен Алаш қайраткерлерінің отты ойларын тыңдап, өңір өнерпаздарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Маңызды іс-шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан бір топ азаматты марапаттады. "Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалған күн. 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Декларация – еліміздің еркіндікке жасаған алғашқы нақты қадамы. Бүгінде біз әлемге тәуелсіз, бейбіт, біртұтас және дамушы мемлекет ретінде танылдық. Елдігіміз анықталып, шекарамыз белгіленді. Жарқын болашаққа сеніммен қадам басып келеміз. Бұл – бірлік пен парасаттың жеңісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ел дамуының жаңа басымдықтарын айқындады. Цифрлық даму, инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыра отырып, шикізаттық сектордан терең өңдеуді дамытуды тапсырды. Мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жасанды интеллект арқылы жаңғыртуды жүктеді. Сонымен бірге цифрлық технологияларды агроөнеркәсіп пен өңірлік экономикаға енгізу міндетін де жүктеп отыр. Осыған сәйкес Түркістан облысында да нақты шаралар қолға алынды. Біздің басты мақсатымыз – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру. Бүгінде Түркістан тек киелі шаһар ғана емес, стратегиялық маңызды өңірге айналды. Біздің алдымызда тұрған міндет – осы тарихи мүмкіндікті толық пайдаланып, Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, ел экономикасына серпін беретін аймаққа айналдыру. Бұл үшін біз бірлігімізді бекемдеп, елдік мүдде жолында жұмыла еңбек етуіміз қажет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Түркістанымыз нұрлы болсын!" – деді Нұралхан Оралбайұлы. Салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған еңбек адамдары мен мемлекетті дамытуға үлес қосып жүрген қайраткер азаматтарды марапаттады. Атап айтқанда, "Парасат", "Құрмет" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" медальдарын тапсырды. Марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, мәдениет және бизнес өкілдері, бақташылар мен машинистер бар. Сонымен қатар салтанатты шарада облыс әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбайдың "Мемлекеттік қызмет ардагері" төсбелгісімен Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлын марапаттады. Мемлекет басшысы халыққа биылғы Жолдауында инвестиция тарту жүйесін жаңғыртуды тапсырған болатын. Облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 111 инвестициялық жоба пулы қалыптасты. Негізгі бағыттары – өңдеу, энергетика және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу. Жобаларды толық іске асыру нәтижесінде 24 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке қосымша 100 млрд. теңге салық түседі. Биыл 332 млрд. теңгеге 57 жобаны іске асырып, 8 174 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 9 айда 33 жоба іске қосылып, 4793 жұмыс орны ашылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 9 айда өңір экономикасына 1 трлн. теңге инвестиция бағытталып, 115,9%-ға өсті. Мемлекет басшысы ел дамуының негізгі секторы – қуатты өнеркәсіп әлеуетіне негізделген және әртараптандырылған экономиканы құру қажеттілігін айқындап өтті. Өңірдің индустриализация әлеуетін дамыту мақсатында 20 индустриалды және 3 арнайы экономикалық аймақтар, шағын өнеркәсіптік парк құрылған. Индустриалдық аймақтарда құны 152 млрд. теңгені құрайтын 98 инвестициялық жоба іске асырылуда. Жалпы өнеркәсіп саласында атқарылған шаралардың есебінен 9 айда 1,1 трлн. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өсім 113,5%-ға жетті. Өңір экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығында өнім 855 млрд. теңгені құрап, өсім 101,5% деңгейінде орын алды. Өндірілген өнім бойынша Түркістан облысы –республикада көшбасшы. Президент 2025 жылы жалпы экономиканың 7% өсімін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы межеге жету жолында өңірде айтарлықтай ілгері қадам жасап келеді. Осы жылдың 9 айының қорытындысымен оң динамика байқалады. Қысқа мерзімінде экономикалық өсім 114,8%-ға жетті. Бұл – республикадағы жоғары көрсеткіштердің бірі. Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсіміне қол жеткізілді. Салтанатты іс-шара мерекелік концертке ұласты. Облыс өнерпаздары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мың бұралған бишілер өнерімен тәнті етті. Атап айтқанда, Сая Махамбет, "Абырой" тобы, әзірбайжандық Лейла Алиева, Руслан Ақынбеков және өзге де әншілер рухты көтеретін әндер шырқап, Республика күнінің мәнін аша түсті.
Президент ҰҚК-де ауыс-түйіс жүргізді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымды ұстанатын 83 адам сотталды. Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 453 қару, 64 граната, алты мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. 16 есірткі зертханасы, 25 халықаралық және 19 өңірлік есірткі тасымалдау арнасы жойылды. Жиырма мың тоннаға жуық есірткі заттары, соның ішінде 13 тонна колумбиялық кокаин мен 10 тонна прекурсор айналымнан алынды. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы күрес аясында мемлекетке 3,8 триллион теңге көлемінде залал келтірілмеді. Бюджетке 255 миллиард теңге өтелді. Коррупция дерегі бойынша 91 қылмыстық іс қозғалды. Кездесу соңында Президенті ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ақорда" резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Венесуэла президенті Трампқа шабуыл жасамауды өтініп, үн қатты Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ президенті Дональд Трампқа ағылшын тілінде елге шабуыл жасамауды өтініп, үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. "Соғысқа жол жоқ, соғысқа жол жоқ. Тек бейбітшілік, тек бейбітшілік орнасын, мәңгіге, мәңгіге. Ешқандай соғыс болмасын. Өтінемін, өтінемін, өтінемін", - деді мемлекет басшысы Каракаста өткен іс-шарада. 23 қазанда Трамп АҚШ Венесуэладағы есірткі картельдеріне қарсы әскери операция өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ол Вашингтон Каракасқа наразы екенін білдіріп, Венесуэланы АҚШ аумағын заңсыз мигранттармен және есірткімен "толтырды" деп айыптады. New York Times басылымының ақпаратына сәйкес, Ақ үй Орталық барлау басқармасына (ЦРУ) Мадуро үкіметін құлату мақсатында Венесуэлада құпия операциялар жүргізуге рұқсат бергенін растаған. Венесуэла үкіметі бұл мәлімдемені айыптап, америкалық лидерді "халықаралық құқықтың өрескел бұзды" деді. Қыркүйекте АҚШ Венесуэла жағалауында есірткі тасымалдайды деп күдік келтірілген қайықтарды жою үшін қарулы күштерін пайдалана бастаған. NBC телеарнасының хабарлауынша, АҚШ әскерилері Венесуэла аумағындағы есірткі саудасымен айналысатындарға соққы беру жоспарын дайындап жатыр, мұндай операциялар алдағы бірнеше аптада басталуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Бұл – тарихи жеңіс“. Тоқаев Шұғыла Өмірбекті құттықтады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!", - делінген хабарламада. Айта кетейік, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтауда жол апатына ұшыраған полицей қаза тапты Ақтауда Toyota Camry көлігі жол жиегінде тұрған жүк тиегішпен соқтығысты, салдарынан полиция қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін әлеуметтік желілердегі хабарламаларда жүк көлігінің құрылыс алаңында болғаны айтылған. Ал көлікте полиция қызметкері болған, бірақ ол апат салдарынан қайтыс болған. Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаны растады. "Апат салдарынан полиция қызметкері қайтыс болды. Ол демалыста және жұмыстан тыс уақытта жүрген. Сондай-ақ, (сараптамалық - еск.) қорытындыға сәйкес, қызметкер мас болмаған. Алкоголь немесе есірткіге мас болу белгілері анықталмаған", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. Кейбір дереккөздерге сәйкес, көлікте тағы бір полиция қызметкері болған, ол аман қалған және қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Дегенмен, департамент бұл ақпаратқа пікір білдірген жоқ. Апат кеше түнде 13-ші және 14-ші шағынаудандар арасындағы жолда болған. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғалғаны және соталды тергеу жүргізіліп жатқаны туралы хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Тарихи құжатта халқымыздың өз болашағын дербес айқындау құқығы нақты көрініс тапты. Сол арқылы бостандықтың байрағын көтеріп, заманауи мемлекет құруымызға жол ашылды. Содан бері еліміз қиын да күрделі жолдан өтті. Біз Тәуелсіздігіміздің саяси-экономикалық тұғырын бекіттік, шекарамызды айқындап, оны бүкіл әлемге таныттық, жаңа астанамызды салдық. Сондай-ақ жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайту, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру жолында зор жетістікке қол жеткіздік. Қазақстан салиқалы әрі сындарлы сыртқы саясатының арқасында өзінің ұлттық мүддесіне адал, халықаралық абырой-беделі жоғары мемлекет ретінде қалыптасты. Дегенмен алдымызда бұдан да зор міндеттер тұр. Біз қазіргі алмағайып замандағы орасан сын-қатерлерге қарамастан, барлық азаматқа бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Саясаттағы, экономика мен әлеуметтік саладағы реформалар Отанымыздың өсіп-өркендеуін қамтамасыз етіп, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруды көздейді. Біз "Заң және тәртіп" қағидатын, "Таза Қазақстан" идеологиясын, отаншылдық пен тілеулестік, еңбекқорлық пен жауапкершілік, білімпаздық пен кәсібилік құндылықтарын қоғамда барынша орнықтырып, келешегіне сеніммен қарайтын озық ойлы ұлт ретінде қалыптасып келеміз. Әр буынның өз миссиясы бар. Осы орайда, бабалар өсиетін ұмытпай, қастерлі Тәуелсіздігімізді нығайта түсу, Қазақстанды дамыған, жасампаз әрі әділетті ел ету – бәрімізге ортақ парыз. Біз еселі еңбектің, өзара қолдаудың және ең бастысы, мызғымас бірліктің арқасында барлық жоспарымызды табысты жүзеге асырып, жаңа белестерді бағындыра беретінімізге сенімдімін. Еліміздің келешегі – әрқайсымыздың қолымызда. Қазақстанның көк туы әрдайым биікте желбіресін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол табыс тілеймін!" Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады Бүгін Махамбет атындағы Қазақ академиялық драма театрында Республика күніне арналған "Отаным – бақыт ордасы" атты салтанатты жиын өтті. Іс-шараға аймақ басшысы Серік Шәпкенов қатысып, Атырау жұртшылығын ұлттық мерекемен құттықтады. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Республика күні – халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн. Бүгінде Қазақстан нық қадаммен алға басып келеді. Мұнда ел дамуына мүдделі, осы жолда адал қызмет етіп жүрген әр қазақстандықтың үлесі бар", - деді өңір басшысы. Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 35 азамат ел дамуына қосқан үлесі, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі, жоғары кәсібилігі мен мінсіз қызметі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Облыс әкімі Президент атынан берілген мемлекеттік наградаларды табыстады: ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Өтешов Мұрат Сақтайұлы – Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы "Парасат" орденімен Қонарбай Болат Қайроллаұлы – "Болат–Жол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Атырау қаласы "Құрмет" орденімен Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің менеджмент кафедрасының профессоры Қохаманов Болат Қайрғалиұлы – Нұрмұхан Жантөрин атындағы Облыстық филармонияның эстрадалық үрлемелі аспаптар оркестрінің жетекшісі Қажымғалиев Өмірзақ – еңбек ардагері, Атырау облысының Құрманғазы ауданы Өтепова Қарылғаш Хизатоллақызы – "Абылай–Хан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы және директоры, Атырау қаласы Бейсқали Толқын Ермекқызы – Қызылқоға аудандық Мәслихатының төрағасы, Атырау облысы Кейкин Шәкір Кейкінұлы – Атырау қаласының әкімі ІІІ – дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен Алашбаев Рашид Тағанұлы – "АтырауНефтеМаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің І–санатты токарі, Атырау қаласы Мусин Нұролла Жұманұлы – "Махамбет Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының механик сантехнигі, Махамбет ауданы Мухтаров Қуанышкерей Серікқалиұлы – "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалы Өндірістік операциялар жөніндегі супервайзері Кубиев Қанат Меңдігерейұлы – "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" акционерлік қоғамы "Атырау мұнай өндеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің машинисі "Шапағат" медалімен Бисенова Жібек Қуанғалиқызы – "БолашақК" қоғамдық қорының директоры, Атырау қаласы Және бірқатар еңбек саласының үздіктеріне "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бір топ еңбеккерге облыс әкімі Алғыс хат табыстады. Суреттер: Атырау облысы әкімдігі Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен түйінделді.
Тоқаев: “Жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеміз, онсыз Әділетті Қазақстан туралы айтудың өзі қисынсыз“ Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының пікірінше, "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы - еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік. "Қазақстан қауіпсіз ел болуы керек. Сондықтан "Заң мен тәртіп" қоғамымыздың басты қағидаты саналатын болды. Осы жұмыстың аясында жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырып, күшейтеміз, онсыз Әділетті Қазақстан туралы айтудың өзі қисынсыз. Соңғы бес жылда қылмыс саны және көшедегі бұзақылық едәуір азайды, қылмыстық ахуал қатаң бақылауға алынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары азайып келеді, еліміздің бұл мәселеге қатысты тәжірибесіне шетелдік сарапшылардың ықыласы күшейді. Түптеп келгенде, "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік", - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шерзаттың отбасы баспаналы болды Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасы жаңа баспаналы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді. "Жұмыла көрсеткен бірліктің және қарапайым халықтың дұғасының арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын. Қаржаубайдың бауыры Перизатқа да Алла разы болсын! Гүлбарам ханымның жүзінен куаныш пен күлкі көру - біз үшін бақыт! Осы қуаныш орнауына тілектес болған адамдарға Қаржаубай отбасының және өз атымнан алғыс білдіремін", - деді ол. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri) Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді "Қазгидромет" синоптиктері 25, 26 және 27 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан аумағына атмосфералық фронттар ығыса бастайды. "Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде жаңбыр қарға ауысуы мүмкін, желдің күшеюі, түнгі және таңғы уақыттарда тұман күтіледі", – деді синоптиктер. Ауа райы айтарлықтай суытпайды, тек еліміздің солтүстігінде температура қысқа мерзімге төмендейді – түнде 3–8 градус аяз, күндіз 3–8 градус жылы болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында сотталушы қашып кеткен: іздеу жарияланды Түркістан облысының полициясы жасырынған сотталушының орналасқан жерін анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл 23 қазанда медициналық мекемеде емделіп жатқан сотталушы қашып кеткен. "Полицияның барлық жеке құрамы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бақылау бекеттері қойылып, қажет шұғыл шаралар атқарылып жатыр. Бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды, барлық кінәлі тұлғаға қатысты қатаң шаралар қабылданады", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі. Бұл жайт Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау облысында тәрбиеші мүгедектігі бар баланы ұрған: іс қозғалды Атырау облысында зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған орталықта балаға қатысты қатыгездік көрсету әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Онда орталық қызметкерінің дамуында ерекшеліктері бар баланы жұлқып көтеріп, ұрып жатқаны көрінеді. Полиция видеоны зерттеп, қылмыстық іс қозғаған. "Тәрбиешінің екінші топтағы мүгедектігі бар балаға қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 2024 жылы болған, бірақ полицияға ол туралы 25 қыркүйекте арыз түсті", - деп хабарлады ведомство. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары алдын ала тергеу жүргізіп, оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен куәгерлерден жауап алып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Конституцияға енгізілетін өзгертулер Парламентке ғана қатысты емес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енгізілетін өзгертулер Парламентке ғана қатысты емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Біз ауқымды жаңғыру кезеңіне қадам бастық. Мақсатымыз – баршаға тең мүмкіндік ұсынатын, өркендеу жолындағы Әділетті Қазақстанның іргесін қалау. Таяуда халыққа арнаған Жолдауымда Парламентті реформалау туралы мәлімдедім. Бұл бастаманы алдын ала жариялауымның өзі еліміздегі саяси үдерістердің ашық жүріп жатқанын көрсетеді. Биліктің заң шығарушы тармағын өзгерту соңғы жылдары жүзеге асырылған жан-жақты жаңғырудың қисынды жалғасы болмақ", дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің айтуынша, барлық ұсыныс Қазақстанның эволюциялық дамуына қатысты азаматтар мүддесі мен сұранысына негізделген. Ал еліміз алға жылжып, дамуы керек. Бұған еш күмән жоқ, болуы да мүмкін емес. Жоспарланған өзгерістер Парламенттің құзыреті мен беделін күшейтеді, деді Президент. "Конституцияға енгізілетін өзгертулер Парламентке ғана қатысты емес, сондай-ақ Президент, Үкімет туралы бөлімдерді және саяси жүйенің басқа да қырларын қамтиды. Түзетулердің жалпы көлемін және 2022 жылғы конституциялық реформа аясында жүзеге асқан бастамаларды ескерсек, мұны жаңа Конституция қабылдауға барабар іс деуге болады. Әйтсе де Қазақстан Республикасы күшті президенттік билікке арқа сүйеген мемлекет болып қалуға тиіс екенін атап өткім келеді. Бұл қазіргідей алмағайып заманда еліміздің сенімді келешегіне кепіл болады. Өйткені парламенттік жүйе қауіпсіздік пен тәртіп, тұрақтылық пен даму тұрғысынан өз міндетін толық атқара алмай отыр. Кейбір сарапшылар мен саясаткерсымақтардың ұшқары тұжырымдарына көзсіз еріп, мемлекеттілігімізге қатер төндіруге еш хақымыз жоқ", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Саяси тұрғыдан салмақтап осындай ұйғарымға келдім“ - Тоқаев бір палаталы Парламент туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тікелей сайлау институтын кеңейтіп, жергілікті деңгейде мажоритарлық сайлауды сақтауды ұсынғанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Жолдауда бір палаталы Парламентті пропорционалды сайлау жүйесі арқылы жасақтау қажет екенін ашық айттым. Бір палаталы Парламентті тек партиялық тізім бойынша қалыптастыру партиялардың институционалдық негізін нығайтуға септігін тигізеді. Сайлаушылармен жүйелі жұмыс істеуіне ықпал етеді. Яғни мемлекеттілігімізге пайда әкеледі. Бұл ешқандай кері кету немесе демократиялық қағидаттардан бас тарту емес. Ел қамын ойлап, саяси тұрғыдан салмақтап осындай ұйғарымға келдім. Аймақтық деңгейде азаматтар билікпен тікелей әрі тұрақты қарым-қатынас жасайды. Сондықтан жергілікті мәслихаттар мен әкімдіктер белсенді жұмыс істеп, елдің мұң-мұқтажын шешуде маңызды рөл атқаратынын көрсетуге тиіс", - деді Президент. "Соңғы жылдары тікелей сайлау институтын айтарлықтай кеңейттік. Әуелі ауыл әкімдерін сайлауды енгіздік, кейін ол аудан, содан соң облыстық маңызы бар қала басшыларын сайлауға ұласты. Сол себепті Қазақстанда ай сайын түрлі электоралды науқан жүріп жатады. Бұл біздің өңірдегі бірегей саяси тәжірибе саналады". "Баршамыз осынау істің мақсатқа сай орындалуын бақылап, егер оның жағымсыз салдары болса, шара қабылдау қажет. Реформалар – табиғи үдеріс, мұнда артық консерватизмге орын жоқ. Жергілікті мәслихаттарды сайлауда мажоритарлық жүйені сақтау керек деп санаймын", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
KAZ Minerals Павлодар облысында білім беруді дамытуға 536 миллион теңгеден аса инвестиция салды KAZ Minerals Bozshakol мамандары Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттеріне ашық қонақ лекциясын өткізді. Жүзге жуық студент – болашақ лаборанттар Қазақстандағы тау-кен өндірісімен айналысатын ірі компаниялардың бірінде жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын өз ісінің мамандарынан тікелей білуге мүмкіндік алды. Қызықты дәрістер: өндіріс аудиториямен тілдескенде Колледж бен KAZ Minerals арасындағы ынтымақтастық 2023 жылы ресми меморандумға қол қоюдан басталды. Өзара байланыс тек лекциялармен шектелмейді – компания студенттік зертханаларға жаңа жабдық алуға инвестиция салып, тау-кен өнеркәсібі саласына қатысты мамандықтарды оқу үшін гранттар бөлуде. "Бізде 800 студент алты мамандық бойынша білім алады. Бірақ бюджетіміз шектеулі, сол себепті бізге әлеуметтік серіктестер, атап айтқанда KAZ Minerals Bozshakol көмекке келеді", - дейді колледж жетекшісі Иран Бектеміров. Бұл жолы Бозшакөл кенішінде жұмыс істейтін мамандар студенттерге қонақ лекциясын оқуға келді. Олар болашақ химиктерге құрғақ теорияны емес, зертханалардың шынайы өндірісте қалай жұмыс істейтінін, олардың қалай жабдықталғанын және онда жұмыс істеу үшін қандай машық пен білім қажет екенін айтып берді. "Біздің зертхананы мысалға ала отырып, заманауи кәсіпорындағы химияның маңыздылығы туралы айтқым келеді. Біз өндірістің барлық кезеңін қатаң қадағалап, жұмыста химиялық флотацияны қолданамыз. Біздің басты өніміміз – мыс концентраты, дегенмен біз күміс, алтын, темір, күкірт, алюминий мен мырыш қоспаларын да анықтаймыз", - дейді зертхана қызметкері Рүстем Садықов. Шеберлік тәліміне қатысқан шәкірттер арасында колледждегі оқу ақысы компания есебінен төленетін студенттер де болды. Солардың бірі – екінші курс студенті Самал Темірова Қазақстандағы мыс өндіретін ірі компанияның зертханасында ақылы тәжірибеден өтуге дайындалуда. "Лекция қызықты, әрі пайдалы болды, әсіресе жұмыс жағдайы туралы ақпарат ұнады. Бұған дейін химик мамандығы туралы ойламаған едім, себебі оны меңгеру қиын көрінетін. Бірақ ата-анамның кеңесінен кейін бағымды сынап көрдім. Нәтиже жаман емес. Мен KAZ Minerals бөлген грантқа оқып жатырмын. Тәжірибе жұмысына көшкеніміз керемет болды, қазір өзім реакция жасаймын", - дейді Самал. Оның курстасы Лилия Вещунова мамандықты саналы түрде таңдаған. "Менің жай диплом алуды емес, сұранысқа ие мамандықты меңгергім келді. Химия – медицинадан бастап металлургияға дейін көптеген саланың негізін құрайды. Бұл мамандықты меңгерсем менде тұрақты жұмыс болады. Бүгін маған болашақ жұмыс берушілермен танысып, өндіріс туралы білу қызық болды", - дейді Лилия. Шағын үзілістен кейін басқару ісінің нұсқаушысы Салтанат Мұқышева "жұмсақ дағдылардың" маңыздылығына тоқтала отырып ұстаздарға арналған шеберлік тәлімін өткізді. Мұнда командада жұмыс істеу, ортаға тез бейімделу және диалог құру жайы сөз болды. "Біз беретін білім өндіріс мамандарына да, ұстаздарға да пайдалы. Кейде тіпті тәжірибелі мамандар да көп нәрсені назардан тыс қалдырады да біз қарапайым қарым-қатынастың маңыздылығын ұмыта бастаймыз. Ал тәлімгер студентті оқытып қана қоймай, оны тыңдай білуге де міндетті", - дейді Мұқышева. Дәрістерден зертханаға: білім беруді өзгертетін серіктестік Бүгінде KAZ Minerals тау-кен өндірісі үшін қажет мамандарды дайындау ісіне белсенді қатысуда. Жұмыс үш маңызды бағытта жүргізіледі. Олар: "Супер-колледж", "Тағылымдама" бағдарламасы мен студенттерге гранттық көмек. Соңғы үш жылда компания Павлодар облысындағы білім инфрақұрылымын дамытуға 500 миллион теңгеден аса инвестиция салды. "Супер-колледж": тәжірибеге салынған инвестиция "Супер-колледж" бағдарламасы бойынша Топ өңірдегі екі негізгі оқу орны – Екібастұз политехникалық колледжі мен Павлодар химия-механикалық колледжіне қолдау көрсетеді. Екібастұзда екі оқу бөлмесін жаңа құралдармен жабдықтауға қаржы бөлінді. Ал ПХМК 2025 жылдың наурыз айында жаңа "Химиялық талдау зертханасына" ие болды, қазір аталған оқу бөлмесіне құны шамамен 43 миллион теңге тұратын жабдық сатып алынып, студенттерге арналған спорт алаңының құрылыс жұмысы жоспарлануда. "Компания бізге керемет қолдау көрсетіп, химиялық оқу зертханасын толық жабдықтау үшін 50 миллион теңге бөлді. Бұл қаржыға заманауи құрылғылар: ауа соратын шкаф, кептіру камералары, су тазартатын қондырғы және көрнекі құралдар орнатылды. Оның бәрі оқу барысында қолданылады", - дейді колледж басшысының оқу-өндіріс жұмыстары бойынша орынбасары Жанар Жәкенова. Одан бөлек, компанияның қолдауымен "Технологиялық процесстерді басқару ісін автоматтандыру" және "Өндірістік құралдарды пайдалану" бағыттары бойынша жаңа оқу стендтері сатып алынды. Қазір колледж KAZ Minerals компаниясының жұмысына тікелей қатысы бар "Пайдалы қазбаларды байыту" атты жаңа мамандықты ашуға дайындалып жатыр. "Әлеуметтік серіктестің арқасында біз дамып, жаңа мамандықтарды ашудамыз. Оқу бағдарламасын дайындадық. Енді келесі жылы осы өңірде бірінші болып "Пайдалы қазбаларды байыту" мамандығына үміткерлерді қабылдауды бастаймыз. Бұл компания жұмысына тікелей қатысы бар кәсіп", - дейді Иран Бектеміров. Студенттерге гранттық қолдау: мамандық алуға мүмкіндік Алты жыл ішінде KAZ Minerals Павлодар облысындағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін жалпы сомасы 27,9 миллион теңгені құрайтын 20 оқу грантын бөлді. Павлодардағы Торайғыров университеті электроэнергетикадан мен автоматтандырудан бастап машина құрастыру және Computer Science секілді он сала бойынша гранттар алды. Атап айтқанда: "Электроэнергетика" - 6 грант, "Автоматтандыру және басқару" – 3 грант, "Ақпараттық жүйелер" – 1 грант, "Көлік және техника" – 1 грант, "Технологиялық машиналар мен құралдар" – 1 грант, "Автоматтандыру және өндірістік робототехника" – 2 грант, "Машина құрастыру" – 1 грант, "Computer Science" – 1 грант. Павлодар химия-механикалық колледжінде KAZ Minerals грантымен бес болашақ химик-лаборант білім алып жатыр. "Тағылымдама": теориядан өндіріске "Тағылымдама" бағдарламасы 2019 жылы қолданысқа енгеннен бастап оқу орны мен өндіріс арасындағы маңызды байланыс механизміне айналды. Осы аралықта 211 шәкірт тәжірибеден өтіп, соның ішінде 120 жас маман компанияға жұмысқа қабылданды. 2025 жылы 39 адам тәжірибеден өтуде, олардың қатарына жыл аяғына дейін тағы 15 студент қосылады. Бағдарлама инженерлік-техникалық және химик-лаборант, инженер-геотехник, электромонтер, ұсақтаушы секілді жұмысшы мамандықтарын қамтиды. 2026 жылы бағдарламаға 50 жаңа тәжірибеден өтушілер қосылады. "Түлектер үшін мұндай өндіріске жұмысқа тұру – үлкен бақыт. Біз жас мамандардың кәсіби тұрғыда өсіп, халықаралық стандартқа сай жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасаймыз", - деп атап өтті компания өкілдері. Білімге салынған инвестиция – болашаққа салынған инвестиция Тәжірибеден өту жұмысы жүріп жатқан Бозшакөл кеніші Екібастұздан 80 шақырым қашықта орналасқан. Бұл – жеке бөлмелер, тегін тамақ қарастырылып, тұрмысқа ыңғайлы жабдықталған, жұмыс істеуге және өмір сүруге қолайлы шағын өнеркәсіптік қалашық. Кен орнының қоры тағы 40 жыл белсенді жұмыс істеуге жеткілікті, демек жас мамандарға сұраныс та арта түспек. KAZ Minerals компаниясының Павлодар облысындағы жүйелі жұмысы - қонақ лекциялардан бастап колледжердің модернизациясы білімге салынған инвестициялар тек әлеуметтік жауапкершілік қана емес, өнеркәсіп пен аймақтың тұрақты дамуына қосқан үлес екенін көрсетеді. Фото: KAZ Minerals
Тоқаев бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржы үш есе артқанын айтты Президент бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржы үш есе артқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Қазақстан – Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Сондықтан біз осы жауапты, құрметті миссияны міндетті түрде орындаймыз. Әлеуметтік стратегиямыз тиімді, әділетті болуы керек. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл өскелең ұрпақ үшін жасалған үлкен қадам. Біз озық ойлы ұлт болуымыз керек", - деді Президент. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін, ең алдымен, білім-ғылымды дамыту қажет. Сондықтан бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржыны үш есе арттырдық. Ұстаздардың жалақысын екі есе ұлғайттық. Қазіргі таңда қоғамымызда мұғалім мамандығының мәртебесі анағұрлым көтерілді. 1200 жаңа мектеп аштық. Соның ішінде "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында көптеген білім ордасы бой көтерді, дейді Мемлекет басшысы. "Ұлттық ғылымды қолдауға да мән беріп отырмыз. Бұл салаға салынған қаражат бес жылда 5 есе өсті. Шетелдің 33 беделді университеттерінің филиалы ашылды. Сондай-ақ ұлт саулығын жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылданды. 2020 жылдан бері медицина саласына бөлінетін қаржы 3 есе артты. 927 медицина нысаны ашылды. Еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен бірге жиналып отырмыз. Биыл еліміз азаттықтың мерейлі белесіне жетті. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл осы күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырды. Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады. Сондықтан бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады. Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш. Егемендік – ата-бабаларымыздың ұлт мүддесі жолындағы өшпес ерлігінің айқын көрінісі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бас прокуратура Нұрбол Назарбаевтың активтеріне қатысты жұмыс істеп жатыр - Берік Асылов Бас прокуратура Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың активтеріне қатысты жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Контекст 24 қыркүйекте мәжілісмен Ринат Зайыт сот шешімімен Нұрбол Назарбаев 57 миллиард теңге көлеміндегі активтерінен айырылғанын және оның барлық банк шоттары бұғатталғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ, ол Болат Назарбаев пен оның отбасы тарапынан базарларды рейдерлік жолмен иемдену ықтималдығы туралы да айтқан. Оның ішінде "Алтын Орда" базары жиі сөз болатыны айтылды. Өз сауалында Ринат Зайыт Нұрбол Назарбаевтың активтерін тексеруді, заңсыз алынғандарын анықтап, мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті. Бас прокуратураның жауабы Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі комиссия шешімдері негізінде 1,3 триллион теңге көлеміндегі активтерге қатысты шаралар қабылданған. Атап айтқанда: ерікті түрде шамамен 750 миллиард теңге және 103 миллиард теңге көлеміндегі мүлік қайтарылған; тағы 112 миллиард теңге мәжбүрлі түрде өндірілген. Нұрбол Назарбаевқа қатысты Берік Асылов былай деді: "Активтерді қайтару бойынша жұмыс заңмен қорғалатын құпияны сақтау талаптарына сай бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланып отырады. Жұмыс барысында сіздің сауалыңызда көрсетілген тұлғалар да қамтылған. (...) Сіз келтірген деректер заңсыз иемдену, шығару және активтерді қайтару ісіндегі жұмысымызда ескеріледі". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Декларацияның мерзімі өтіп кеткен“: қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді Полиция қазақстандықтарға декларацияға байланысты жаңа алаяқтық түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырады және салық декларациясын уақытында тапсырмағанын айтады. Олар азаматтардың шоттары бұғатталатынын айтып, "мәселені шешу" үшін үш күн ішінде әрекет ету керектігін жеткізеді. "Жеке тұлғаны растау" үшін SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Осылайша алаяқтар азаматтардың банк шоттарына қол жеткізіп, ақшаларын ұрлап алады. Фото: threads скриншоты Полиция ескертуі: мемлекеттік органдардың қызметкерлері мұндай хабарламалармен азаматтарға қоңырау шалмайды және ешқашан растау кодтарын сұрамайды. "Ешқашан бөгде адамдарға SMS-кодтарды, парольдерді, банк карталарының деректерін және басқа да жеке мәліметтерді айтпаңыз. Күдікті қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз", - делінген хабарламада. Бұған дейін қазақстандықтар онлайн-алаяқтардың құрбаны болып, миллиардтаған ақшасынан айырылып жатқанын жазған едік. Алаяқтар үнемі жаңа схемалар ойлап табады, ал олардың тұзағына интернетті белсенді пайдаланушылар да, егде жастағы адамдар да түсіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ешкімнің жекеменшігі емеспін“ - Индира Елемес отбасылық өмірі туралы Әнші Индира Елемес Kezdesu-дің кезекті қонағы болып, жеке өмірі туралы сыр шертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әнші қазір жұбайымен ажырасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл мәселе 2022 жылдан бері қозғалып келеді екен. "Мен ешкімнің жекеменшігі емеспін. Ол адамда басқаша ой болды. Өзінің жекеменшігі секілді. Ондай керек емес. Мен он жыл бойы солай өмір сүргеніме таңғаламын", - дейді әнші. Индира Елемес отбасына қатысты көп нәрсені сыртқа шығарғысы келмейтінін айтты. "Жанұя деген жеке бір мемлекет қой. Сондықтан іште не болып жатқанын сыртқа шығарғым келмейді. Өйткені балаларым бар. Олар ертең сұхбатты көреді ғой", - дейді ол. Сондай-ақ, әнші той болмағанын да айтты. Оның сөзінше, жұбайын жақсы көрмегендіктен ақ көйлек кимеген. "Ер азамат болғаннан кейін сыйладым. Біз қалай келістік, ол сөзінде тұра алған жоқ. Егер де сөзінде тұрғанда, мен әлі де сол кісінің жары болатын едім", дейді Индира Елемес. Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтар кімдерге берілді? Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы қаулы етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлығы: 1) "Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталар атласы" тақырыбы бойынша жұмысы үшін: "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Мәліс Құдысұлы Әбсәметовке; "АлматыГидроГеология" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Рахматулла Аязбаевқа; "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ержан Итеменұлы Көлдеевке; "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Ермек Жәмшитұлы Мұртазинге; "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірлік гидрогеология және геоэкология зертханасының бас ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Владимир Александрович Смолярға; 2) "Кондициялық емес түcтi металлургияның шикiзатынан жоғары сапалы селен алудың экологиялық қауiпсiз вакуум-термиялық технологиясын дайындау және оның өнеркәсiптiк өндiрiсiн ұйымдастыру" тақырыбы бойынша жұмысы үшін: "Металлургия және кен байыту институты" акционерлік қоғамының бас директоры – басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор Бақдәулет Кенжәлiұлы Кенжәлиевке; "Металлургия және кен байыту институты" акционерлік қоғамының вакуумдық процестер зертханасының бас ғылыми қызметкері, техника және физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Валерий Николаевич Володинге; "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кешенді технологияларды дамыту және инвестицияларды жоспарлау департаментінің директоры, техника ғылымдарының докторы Ержан Арыстанбекұлы Оспановқа; "Металлургия және кен байыту институты" акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары, вакуумдық процестер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Сергей Анатольевич Требуховқа; "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кешенді технологияларды дамыту және инвестицияларды жоспарлау департаменті техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеу басқармасының бастығы Александр Александрович Шахаловқа берілсін. Қазақстан Республикасының А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлығы: 1) "Қазақстан археологиясы. Деректер мен зерттеулер" сериялық басылымы" тақырыбы бойынша жұмысы үшін: "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашевке; 2) "Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XV – XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ Мемлекеті" тақырыбындағы жұмысы үшін: "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Заманауи зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), профессор Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы Сыдықназаровқа берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жұмысшылар, дәрігерлер, ғалымдар: Тоқаев Республика күні қарсаңында қазақстандықтарды марапаттады Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшылар, өндіріс, бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар. Өндірісті өркендетуге және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға зор үлес қосқаны үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы "Мәмбетов және К" КС механизаторы М.Қаражұмановқа, тау-кен саласындағы айтулы жетістігі және ұзақ жылғы еңбегі үшін Қарағанды облысындағы "Qarmet" АҚ "Шахтинская" шахтасының учаске бастығы С.Чернобайға "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. Павлодар облысындағы "Галицкое" ЖШС директоры А.Касицин "Отан" орденімен марапатталды. "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС басқарма төрағасы К.Исаев, Қазақстан журналистикасының ардагері С.Харченко І дәрежелі "Барыс" орденімен; "Ақтоғай" су электр стансасының директоры Т.Баймолдаев, Ұлттық ғылым академиясының академигі О.Сәбден, еңбек ардагері Е.Тәжиев, "Алматы әуендері" концерттік оркестрінің бас дирижері М.Серкебаев және басқалар ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен; К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары А.Алматов пен Н.Измаилов, "Ақсайгазсервис" АҚ холдингі компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Т.Шектебаев, ақын Ә.Беркенова және басқалар ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды. Еліміздің рухани кемелденуіне және зияткерлік әлеуетінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін белгілі ғалымдарға, мәдениет қайраткерлеріне және өндіріс саласының өкілдеріне "Парасат" ордені берілді. Олардың қатарында: "Ильинское" ЖШС директоры А.Бурлев, ақын Ғ.Жайлыбай, "Мұнай-газ кешені ардагерлері" РҚБ кеңесінің мүшесі Т.Хасанов, Қазақстан журналистикасының ардагері Е.Брусиловская, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі М.Башабаев және басқалары бар. Бейбітшілікті, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін "Social theater-Camogli" (Италия) театрының көркемдік жетекшісі Аквавива Джузеппе ІІ дәрежелі "Достық" орденіне лайық деп танылды. "Құрмет" орденімен марапатталғандардың қатарында: Астанадағы № 3 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері М.Абдуов, "Құмқұдық" ЖШС бас инженері Б.Айтжан, "QazaqGaz Aimaq" Алматы өндірістік филиалының слесарі Г.Жасыбаева, Ұлттық ядролық орталықтың лаборанты Ю.Карягин, Орталық мемлекеттік архивтің директоры С.Шілдебай, актриса Г.Дусматова, "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры А.Чеботарев және басқалары бар. Ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін "Ел бірлігі" орденімен "Ахыска" түрік этномәдени орталығының Шымкент қаласы филиалының төрағасы Л.Асанов, Павлодар облысы бойынша орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы В.Берковский, "Возрождение" Қазақстан немістері бірлестігі қамқоршылар кеңесінің төрағасы Е.Больгерт, "Таң" татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Р.Валиев, "Дустлик" өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы төрағасының орынбасары А.Исматуллаев марапатталды. Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндірістік салалардың еңбеккерлері III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің кавалері атанды. "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері З.Алтынбаеваға, Ә.Алтынбекке, Н.Жмеренецкаяға, Б.Қажыбаевқа, белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері И.Сауэрге және тағы да басқаларға берілді. "Қазақстанның халық жазушысы" атағына ақын М.Айтқожа, жазушы Ғ.Қабышұлы, "Қазақстанның халық әртісі" атағына музыка, театр және кино өнерінің көрнекті қайраткерлері Б.Әбділманов, М.Өтекешова, А.Жайымов, Т.Жанқұл, Ш.Жанысбекова, Б.Ибраев, К.Қазақбаева, Р.Машурова лайық деп танылды. Денсаулық сақтау және ғылым саласының бірқатар өкілі "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" және "Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атақтарына ие болды. "Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталар атласының" құрастырушылары М.Әбсәметовке, Р.Аязбаевқа, Е.Көлдеевке, Е.Мұртазинге, В.Смолярға, сондай-ақ түсті металлургиядағы экологиялық қауіпсіздік жөніндегі зерттеулердің авторлары Б.Кенжәлиевке, В.Володинге, Е.Оспановқа, С.Требуховқа, А.Шахаловқа Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Сонымен қатар белгілі археолог З.Самашев, тарихшы М.-А.Сыдықназаров Қазақстан Республикасының А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздікті нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, I, ІІ, ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды. Айта кетерлік жайт, Жұмысшы мамандықтары жылына орай Республика күні қарсаңында еңбек әулеттерінің 138 өкілі, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың 500-ге жуық жұмысшысы мен еңбеккері, шағын және орта бизнестің 200-ге жуық өкілі, 130-дан астам ұстаз бен ғалым, 100-ден аса медицина қызметкері және күнделікті еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген басқа да азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана, Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет он үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "24 қазанда Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы қалаларында, түнде Атырау, Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаңаөзенде оқушы қыздар төбелес ұйымдастырған Жаңаөзенде мектеп оқушыларының төбелесі тарады. Видео желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кадрларда бір қыздың екіншісіне бірнеше соққы жасап, тұншықтыру әдісін қолданғаны анық көрінеді. Куәгерлер қыздың спорттық дайындығы болуы мүмкін дейді. Полиция мәліметінше, төбелеске қатысқан оқушылар мен олардың ата-аналары анықталып, бөлімшеге жеткізілген. "Кәмелетке толмаған оқушылардың ата-аналарына балаларын тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік шара қолданылды. Материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды, ал жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды", — деді ведомство өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбе облысында он екі адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты: оқиға орны Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты болған орынның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 23 қазанда Белқопа ауылы маңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, DAF маркалы жүк көлігі қарсы бағытқа шығып, жолаушылар отырған "ГАЗельмен" соқтығысқан. Қатты соқтығыс салдарынан екі жүргізуші мен он жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қайтыс болғандар арасында балалар да бар. Соқтығыстан кейін "ГАЗель" толығымен қирап қалған. Видеода көліктің орындықтары, жолаушылардың киімдері мен жеке заттары жол бойына шашылып жатқаны көрінеді. DAF көлігі де зақымданған, кабинасы сынып, тек тіркемесі ғана қалған. Апат болған аймақ қоршауға алынып, көліктер қатар жатқан айналма жолдан өтіп жатыр. Самара – Шымкент бағыты бойынша қозғалыс сағат 9:40-та тоқтатылып, 12:30-да жеңіл автокөліктер үшін қайта ашылған. Ал жүк көліктеріне жол әзірге жабық. Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, қаза тапқандардың қатарында 3 және 9 жастағы балалар бар. Тағы бір жасөспірім Хромтау аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Премьер-министр Олжас Бектеновтың тапсырмасымен оқиғаның себебін анықтау үшін вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия құрылды. Сондай-ақ, Ішкі істер министрі Ержан Саденов тергеуді жеке бақылауына алды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ташкент метросындағы пранк: қазақстандық блогер полицияға жеткізілді Қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желілерде таратқан қазақстандық блогерге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы Полиция департаменті мәліметінше, А. есімді блогер Өзбекстан метросында өз іс-әрекетін видеоға түсіріп, жолаушыларға әдейі тиіскен және сол жазбаны жеке парақшаларында жариялаған. "Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілді. Ол бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда ол қорытынды шығармағаны байқалады", - деді Алматы ПД өкілі. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылады Астанада Сығанақ көшесінің оңтүстік жағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдік мәліметінше, жұмыстар 23 қазанда сағат 12:00-де басталып, 25 қазан сағат 00:00-де аяқталады. Қозғалыс шектеуі Ақмешіт және Түркістан көшелерінің қиылысы арасындағы учаскеге қатысты. Жұмыс барысында құрылыс ормандары бөлшектеліп, материалдар шығарылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыздықтар болмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты: қаза тапқандар арасында балалар бар Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар арасында балалар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың бірі 3 жаста, екіншісі 16 жаста болған. Тағы бір жасөспірім Хромтау аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Еске салайық, бүгін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты. Самара-Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен ГАЗель соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді Алматылықтар жер сілкінісі туралы хабарлама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше, Қазақстанда жер сілкінісі тіркелген. "Мәліметтер нақтыланып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша сейсмикалық жағдай Алматы қаласында тіркелді", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қайырымдылық акциялар өткізген: қарағандылықтарды алдаған алаяқтар әшкере болды ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Takorp" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салып, 100 пайыз кіріс кепілдендіріледі деп уәде берген. "Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе ("VIP-1" – "VIP-6") қолданылған. Төлемдер USDT криптовалютасында есептеліп, салым көлеміне және рефералдық сілтемелер арқылы тартылған қатысушылар санына байланысты болған", - делінген хабарламада. Заңдылық пен оң имидж құру үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген. "Нәтижесінде "Takorp" пирамидасына 117 қатысушы тартылылған. Сот санкциясымен 32 мың АҚШ долларына тең криптовалютаға тыйым салынды". Екі күдіктінің қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылғаны айтылды. Қылмыстық іс сотқа жолданған. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Стресс пен жалғыздықты қалай еңсеруге болатыны анықталды Еуропаның түкпір‑түкпірінен 5 мыңнан аса саяхатшы қатысқан жаңа зерттеу миллениалдар мен зумерлер үшін саяхат стресті азайтып, жалғыздық сезімін жеңілдетіп, жалпы жағдайын жақсартатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews‑ке сілтеме жасап. Сауалнама жүргізген компанияның өкілі Эрика Де Сантидің айтуынша, бүгін саяхат "жай ғана көрікті жерлерді аралаудан" гөрі тұтас бір шытырманға айналып келеді. "Әлем барған сайын онлайнға батып бара жатқанда, саяхат адамдарға қайтадан шынайы сезім сыйлайды", - дейді ол. Зерттеу нәтижесіне сай, респонденттердің 88 пайызы саяхат бақыттырақ ететінін және күнделікті күйбеңнен алаңдауға көмектесетінін айтқан. "Егер саяхат дәрі болса, ол нені "емдер еді?" деген сұраққа қатысушылардың 34 пайызы - стресс пен мазасыздықты, 42 пайызы - күйбең тіршілікті және зерігу сезімін таңдаған. Бұл саяхат пен эмоцияның арасындағы байланысты айқындайды. Респонденттердің шамамен жартысы - 41 пайызы - сапардан кейін өзін нашар сезінетінін не әдеттегі өмір ырғағына қайта оралудың қиындауын мойындаған. Саяхаттың "терапия" ретіндегі рөлінің күшеюіне назар аударған Швецияның туристік кеңесі жақында әзіл‑оспақты кампания бастап, өзін "дәрігерлер рецепт ретінде жазатын" ең танымал елдердің бірі ретінде ұсынды. Ел өзінің тұтас мәдениеті мен өмір салтына сүйене отырып, профессор Ивонн Форселлмен бірлесіп "Швед рецепті" атты бастаманы әзірлеген. Кампания Швецияға тән, психикалық және физикалық денсаулықты қолдайтыны дәлелденген белсенділіктерді насихаттайды: мысалы, ормандағы жаттығулар арқылы стресті азайту және елдегі тыныштық пен ауаның тазалығы арқасында жақсы ұйқы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда опырылып кеткен жолды техникалық қадағалаған компания аккредитациясынан айырылды Яссауи мен Дастан көшелерінің қиылысындағы асфальттың опырылу дерегінен кейін Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы "Достық" шағынауданында инженерлік желілердің құрылысына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Техникалық қадағалауды жүзеге асырған "Алатау сапа құрылыс" ЖШС-не тиісті бақылау жүргізбегені үшін әкімшілік шара қолданылды. Компания осы қызмет түрі бойынша аккредитациясынан айырылды. "Ал жобадан ауытқып, құрылыс нормаларын сақтамаған "СПЕЦКОММУНСТРОЙ" ЖШС-не анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Алматыда құрылыс-монтаж жұмыстарына бақылау күшейтілгені айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Басына екі оқ атылған“: прокурорлар Ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысты тергеу барысын айтты Бас әскери прокуратура Астанадағы Ұлттық ұланның 21 жастағы сарбазы Қайсар Сұлтановтың өліміне қатысты тергеу барысы туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Қайсар Сұлтанов 2023 жылы 9 қазанға қараған түні қайтыс болды. Ол Астанадағы 6636 әскери бөлімінде борышын өтеген. Марқұмның анасы қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ұлын көргенін және күдікті ештеңе байқамағанын айтады. Қайғылы оқиғадан кейін тергеу органдары қылмыс құрамын таппай, істі үш рет жауып тастаған. Енді тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қайта басталды. Алайда Қайсардың анасы Сәуле Тілеубергенова ұлы өлтірілгеніне, ал кінәлілер әлі де Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп жүруі мүмкін екеніне сенімді. Прокуратураның ресми жауабы Бас әскери прокуратура редакцияның сауалына жауап ретінде Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы әскери қызметшінің өлімі дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. "Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп, сот сараптамасы тағайындалды", – деді ведомство өкілдері. Прокуратура өзге деректерді тергеу құпиясына байланысты (ҚПК-нің 201-бабына сәйкес) жария етуден бас тартты. Басына екі оқ атылған Марқұмның анасы ұлы мұндай қадамға бармайтынын айтады. Ол сот-медициналық сараптаманың нәтижелеріне сүйеніп отыр. "Мамандар бірінші оқтың төменнен жоғары атылғанын, бас сүйегі мен маңдайындағы жарақаттан сарбаз мерт болғанын анықтады. Қорытындыға сәйкес, екінші оқ алты минуттан кейін атылған. Бірақ бірінші жарақаттан кейін Қайсардың саналы түрде ешқандай әрекет жасауға шамасы келмеген", - деді ол. Адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, істі қайта бастағаннан кейінгі үш ай ішінде тергеу алға жылжымаған. Марқұмның отбасы істі "Кісі өлтіру" бабына қайта саралауды, бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін жауапқа тартуды талап етіп отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 триллион 22,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 триллион 136 миллиард теңге қарастырылған. 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 510 мың адам. "1 қазандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 142 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 249 теңге, базалық зейнетақы мөлшері - 47 561 теңге", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның он екі қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазақстанның он екі қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылғы 23 қазанда Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары - халықаралық ауқымдағы оқиға“ - Лавров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарашадағы Ресейге мемлекеттік сапарына қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында ресейлік әріптесі Сергей Лавров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап. Ермек Көшербаев РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу барысында министр болып тағайындалғаннан кейінгі Ресейге бірінші ресми сапарына айрықша мән беретінін мәлімдеді. "Бұл сапардың айрықша мәні бар. Өйткені тағайындаудан кейінгі бірінші ресми сапарым. Қазақстанның елшісі ретінде Мәскеуде жұмыс істеген кезеңде қалыптасқан жеке байланыстарды жандандыру мүмкіндігін екі есе бағалаймын", - деді Ермек Көшербаев. Ал Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысы Сергей Лавров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарашадағы мемлекеттік сапарына дайындық қарқынды жүріп жатқанын мәлімдеді. "Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына дайындық толыққанды жүргізіліп жатыр. Оның халықаралық ауқымдағы оқиғаға айналатынын асыра сілтеусіз қорықпай айта аламын", - деді Лавров. Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарашада Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Аузын жауып, тыныс алуына кедергі келтірген“: Алматыда балабақша тәрбиешісі сот үкімін даулады 22 қазанда Алматыда жекеменшік балабақшада 4 жастағы баланы азаптау ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті. Сот тәрбиешіге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? 2025 жылдың 15 тамызында 20 жастағы тәрбиешіге Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы ("Кәмелетке толмағанды азаптау") бойынша төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сондай-ақ, оған 10 жыл бойы балалармен жұмыс істеуге тыйым салынған. 2024 жылдың 14 ақпанында баланың анасы видео жариялаған. Кадрларда тәрбиешінің баланың аузын жауып, тұншықтырғандай әрекет жасағаны көрінеді. Баланың ата-анасы жағдайды ұлынан естіп, бейнебақылау жазбаларын қарап, полицияға арыз түсірген. "Аузын жауып, 10 минуттай тыныс алуына кедергі келтірген" Тергеу барысында баланың балабақшаға небәрі сегіз күн барғаны анықталды. Сол аралықта тәрбиеші оған үш рет күш қолданған: итеріп жіберген, киімін жұлқып шешкен және ұйқыға жатқызу кезінде қолымен аузын жапқан, шамамен 10 минуттай тыныс алуына кедергі келтірген. Бірінші сатыдағы сотта айыпталушы өз әрекетін баланың мұрнын сүртіп, тыныштандыруға тырысқаным деп түсіндірген. Апелляциялық тыңдау 22 қазанда Алматы сотының апелляциялық алқасы айыпталушы мен жәбірленуші тараптың шағымдарын қарады. Жәбірленуші баланың әкесінің айтуынша, сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Жәбірленуші тараптың адвокаты Динара Шамшекованың айтуынша, қорғаныс тарап соттан айыптының әрекетін Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігіне ("Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") ауыстыруды сұраған. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру не шектеуді қарастырады. Алайда сот апелляциялық шағымды қанағаттандырмады. Жәбірленушінің әкесі Абылай Рахатов сот шешіміне көңілі толатынын айтты. "Бұл іс менің ұлыммен ғана байланысты емес, барлық балабақшадағы балалардың қауіпсіздігіне қатысты. Қазір балаларға зорлық көрсету жағдайы тым көбейіп кетті. Бұл оқиға барлығына сабақ болса деймін. Осы уақытқа дейін ешкім бізден кешірім сұраған жоқ, баламыздың жағдайын да сұрамады. Бұл – олардың әрекеті әдейі әрі өкінбестен жасалғанының дәлелі", – деді ол. Оның айтуынша, дәл осы балабақшаның тағы бір қызметкеріне қатысты да баланы азаптау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жалға пәтер беріп, салық төлемей жүрсіз бе? Меморгандар сізді қалай тауып алатыны айтылды Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтан пәтерлерін жалға беріп, салық төлемейтін қазақстандықтар қалай "көлеңкеден шығарылатыны" сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шенеуніктің айтуынша, Қаржы министрлігі экономиканың бұл секторын заңды алаңға шығару бағытында жұмыс істеп жатыр. Ол үшін түрлі жеңілдетілген салық режимдері енгізіліп жатыр. Соның ішінде салық төлеушілер тіркеусіз жұмыс істеп, жылына бір рет декларация тапсыра алатын арнайы салық режимі болады. "Біз камералдық бақылау жүргіземіз, деректерді салыстырамыз. Егер жеке тұлғаның 10 пәтері болып, өзі тек біреуінде тұрса, қалған 9 пәтер, шартты түрде, жалға беріліп жатуы мүмкін. Біз бұл мәселелерді ПИК және учаскелік инспекторлармен бірлесе бақылап отырамыз. Сондай-ақ, осы 10 пәтердің иесі ай сайын, мысалы, мобильді аударымдар арқылы төлемдер алып отырса, оған қатысты сұрақтар туындайды", – деді Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында. Анықтама: Камералдық бақылау – бұл салық органдарының басқа дереккөздер мен салық декларациялары негізінде деректерді қашықтан салыстыруы. Егер заңбұзушылық анықталса, хабарлама жіберіледі. Вице-министр бұл мәселе тек салық жинауға ғана емес, қылмыспен күреске де қатысты екенін атап өтті. Себебі есеп жүргізілмесе, мұндай пәтерлерде тіркеусіз жүрген "беймәлім адамдар" тұруы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн әлі де жылы болады "Қазгидромет" синоптиктері 23, 24 және 25 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына антициклон сілемі ықпал етеді. Елдің көп өңірінде жылы, ашық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. "Тек елдің батысы мен солтүстік-батысында циклон ойысының ықпалымен жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болады деп болжанған. Республиканың аумағында желдің күшеюі күтіледі, ал батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", - деді синоптиктер. Температуралық фон бойынша айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, деп қосты "Қазгидромет". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Арқалықта той қонақтары жаппай уланғаны туралы айтылды Әлеуметтік желілерде Арқалықтағы мейрамханада өткен той кезінде қонақтар жаппай уланғаны туралы хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ng.kz сайтына сілтеме жасап. Threads желісіндегі жазба авторының айтуынша, мейрамханада туысының 60 жылдық мерейтойы өткен, кейін қонақтардың көпшілігі өзін жайсыз сезінген. Қыздың айтуынша, Қостанай облысында өткен мерекеден кейін 150-ден аса адам, оның ішінде ата-анасы да улану белгілерін сезген. Скрин с threads.com/@s.lybovvyou/post Жергілікті билік пен санитарлық қызметтерден ресми ақпарат әзірге түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбе жастардың көзімен: “Жаңа идея - жайлы қала“ эскиздік жобалар байқауы жарияланды Ақтөбе әкімдігі архитектура, ландшафты дизайн, урбанистика, құрылыс, инженерия саласына оқып жатқан жоғары оқу орындарының студент жастары арасында "Жаңа идея - жайлы қала" эскиздік жобалар байқауын жариялады. Азамат Бекет студент жастармен кездесіп, қаланы абаттандыру бойынша жұмыстарды талқылады, жастардың жайлы қалалық орта қалыптастыру туралы көзқарастарын тыңдады, пікір алмасты. Бұл шараға құрылыс компанияларының басшылары, архитектор мамандар қатысты. "Біз қалада қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарын қолға алдық. Биыл жаздың өзінде 15-тен астам жаңа қоғамдық кеңістіктер пайда болып, ескілері жаңартылды. Бұл жұмыстарды алдағы жылы да жалғастырамыз. Бізге сіздердің, жастардың тың көзқарасы, жаңа идеялары керек. Сіздермен жұмыс істеуге әзірміз. Ол үшін "Жаңа идея - жайлы қала" эскиздік жобалар байқауын жариялап отырмыз. Бұл "Жаңа идея - жайлы қала" байқауының мақсаты - жастарды қаланың өміріне, қалалық ортаның қалыптасуына араластыру, студенттердің мамандыққа бейімделуіне тәжірибе жүзінде мүмкіндік беру, жастардың жаңашыл көзқарастарын, идеяларын қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағыттау, тиімді пайдалану. Осы байқауға сіздер қатысады, қаламызды көрікті ете түсетін, қалаға тың серпін беретін жаңа жобалар ұсынады деп сенемін", - деді Азамат Бекет. Байқау екі бағыттан тұрады. Бірінші бағыты бойынша қатысушы студент қала әкімдігі тарапынан ұсынылатын бос жатқан учаскелерді қоғамдық кеңістік ретінде (сквер, аллея, саябақ, рекреациялық аймақ) абаттандыру үшін эскиздік жоба жасап ұсынады. Ал байқаудың екінші бағытын таңдаған қатысушы қала ішінде бұрыннан бар болғанымен абаттандыруды қажет ететін қоғамдық кеңістіктерді жақсарту, жаңарту, толықтыру үшін эскиздік жоба ұсынады. Ең үздік жоба үшін 1 млн. теңге сыйақы тағайындалды. Өзге де жүлделі орындарға сыйақы табысталатын болады. Студент жастар жұмыстарын байқауға 15 желтоқсанға дейін ұсынулары тиіс. Жылдың соңында байқау қорытындыланады. Ең үздік деп танылған жеңімпаз эскиздік жобалар келесі жылы жүзеге асырылады. Шара барысында студент жастардың қалалық даму және сәулет бағытындағы шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Сондай-ақ студенттер қала әкімімен, архитектура, құрылыс саласының мамандарымен бірге "Бос аумақтан — дайын жобаға дейін" тақырыбында Ақтөбенің дамуы, қаланы абаттандыру және жастардың сәулеттік жобалардағы рөлі туралы сұрақ-жауап форматында талқылау өткізді.
Орынбор ГӨЗ қазақстандық газды қабылдауды қайта бастады Энергетика министрлігі Орынбор ГӨЗ газ қабылдауды қайта бастағанын, Қарашығанақтағы өндіру көлемі қалпына келтіріліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрлік мәліметінше, шикізат қабылдау уақытша тоқтатылуы мен өндіріс қысқартылуы елдің ішкі нарығын газбен қамтуға кері әсер етпеген. "Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық кен орнынан шикі газ қабылдауды қайта бастады. Осыған байланысты жобаның операторы 19 қазандағы оқиғаға дейінгі штаттық деңгейге жету үшін газ өндіру көлемін біртіндеп арттырып жатыр", - деп жазылған Энергетика министрлігі хабарламасында. Еске салайық, 19 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытында ұшқышсыз әуе аппараты шабуылы салдарынан апат жағдайы туындады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана-Көкшетау тасжолында жылдамдыққа шектеу қойылды Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы күре жолында қалың тұманға байланысты жылдамдық режиміне шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап. Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (тұман, көрінудің шектелуі) Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы тасжолының 144-180 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жылдамдық режиміне уақытша шектеу енгізілді. "Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдарда ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатыны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2026 жылы доллар бағамы қандай болады? Болжам Қаржы министрі Мәди Такиев алдағы үш жылға доллар бағамы бойынша болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралып жатыр. Журналистер министрден осы аралықта доллар бағамы қандай болатынын сұрады. "Үш жылдық бюджетте доллар бағамы 540 теңге, ал мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде белгіленген", - деді министр. Сонымен қатар, шенеуніктің айтуынша, 2026 жылға түсім 23,1 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Оның ішінде кіріс көлемі - 19,2 трлн теңге. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жаңа бап бойынша жеті қылмыстық іс қозғалды Биыл банк карталарын, банк шоттарын және өзге де төлем құралдарын сыйақы үшін басқа адамға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Прокуратура мәліметінше, заң күшіне енген уақыттан бастап елде бұл бап бойынша 7 қылмыстық іс тіркелген. "Астанада алаяққа банк шотының деректерін берген 17 жастағы жасөспірімге қатысты тергеу басталды. Алаяқтар уәде еткен сыйақы үшін ол енді жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру ұсынылды Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылы Қазақстандағы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып белгіленген.Бүгін Мәжілісте 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралып жатыр. Құжатқа берілген қорытындыда депутаттар ЕТЖ мөлшерін көтеруді ұсынған. "Әлеуметтік-мәдени даму комитеті (Мәжіліс жанындағы – еск.) ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеріп, қайта қарау қажет деп санайды", - делінген құжатта. Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) - бұл заңмен белгіленген айлық ең аз еңбек ақысы, яғни жұмыс беруші толық айлық жұмыс үшін қызметкерге осы мөлшерден аз төлемеуі тиіс. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанаға Финляндия президенті келеді 28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ, жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
15 жастағы қыз 71 жастағы көршісінен бала туған: тың дерек айтылды Түркістан облысында 15 жастағы оқушы босанғаны туралы ақпарат тарады. Желідегі мәліметке сүйенсек, күдікті - қарт көршісі. Жергілікті тұрғындар күдіктінің отбасынан ауылдан кетуін талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәлімет бойынша қыз ақпанда босанған, ал жақында баланың болжамды әкесі, яғни 71 жастағы көршісі ұсталған. Бір нұсқа бойынша күдікті - қыздың отбасының туысы. Бұл оқиға туралы жергілікті тұрғындар білгеннен кейін күдіктінің отбасынан ауылдан кетуін талап еткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Түркістан облысы Полиция департаменті күдікті ұсталғанын, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. "Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Түркістан облысы ПД өкілі. Бұл ретте Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева іске қатысты жаңа мәлімет айтты. Бұл туралы ол 21 қазанда Instagram-сторисінде жазды. "Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызға қарсы жасалған қылмыс дерегі бойынша ІІМ және облыстық прокуратурамен жұмыс істеп жатырмыз", – деді балалар омбудсмені. Оның айтуынша, қыз қаңтарда босанған, ал анасының өтініші қазанда түскен. "Қыз Астанада босанғанда аурухана бұл туралы қалалық полицияға хабарлаған. Астана Полиция департаменті бұл деректі тіркеп, аумақтық бағынысына сәйкес Түркістан облысына жолдаған", – деп түсіндірді ол. Алайда Келес ауданының полиция бөлімі оны наменклатуралық іске тіркеп қана қойған. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі мен облыстық прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Зәкиева оқиға орнында аймақтық бала құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Орал іргесінде оқушы қатарласын пышақтап тастаған Орал маңында оқушылар төбелес шығарды. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Подстёпное ауылында екі оқушының арасындағы дау пышақтасумен аяқталған. "Кей деректер бойынша, жанжал әлеуметтік желідегі жазбаға байланысты туындаған", – делінген хабарламада. Жараланған оқушыға дәрігерлер көмек көрсеткен, өміріне қауіп жоқ. Мектепке пышақ әкелген жасөспіріммен полиция жұмыс істеп жатқаны айтылды. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, екі жоғары сынып оқушысының да ата-аналары жауапкершілікке тартылады. Балалар омбудсменінің мәліметінше, пышақ ұстаған жасөспірім жақында анасынан айырылып, әкесі мен әжесінің қолында қалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Алматы мен тағы тоғыз қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "22 қазанда Петропавл, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Алматы қалаларында, түнде Астана, Көкшетауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев пен Әлиев Alem.AI орталығына барды Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Орталықта Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні қолдану жетістіктерімен танысты. Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәртебелі меймандарға мемлекеттік үдерістерді басқаруға және талдауға, сондай-ақ GovTech-шешімдер қабылдауға арналған AI-Driven Government ахуалдық орталығының тұжырымдамасы жөнінде баяндады. Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Smart City технологиялары, роботты техника аймағы, түрлі салаға жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған Samruk-Kazyna жобалары көрсетілді. Президенттер Astana Hub инновациялық кластерін аралап көрді. Орталықта 1800-ден астам IT-компания мен стартап, оның ішінде шетелдің үлесі бар 460-тан аса компания тіркелген. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевке халықаралық нарыққа шыққан қазақстандық компаниялардың өнімдері жайында мәлімет берілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы қазылған көшелер: мердігер лицензиясынан айырылды Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы AsiaMax ЖШС құрылыс компаниясының лицензиясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл компания Әбіш Кекілбаев көшесінде кәріз жүйесі желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген. "Лицензияның күшін жоюға жұмыс кестесі созылуы ғана емес, тұрғындардың наразылығын туғызған өрескел қателер де себеп болды: жоба шешімдері ауытқыған; құрылыс барысында мемлекеттік нормалар сақталмаған", - деп жазылған әкімдік хабарламасында. Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы мәселелерге кінәлілерді атады. "Кейбір компаниялар бір нысанды бітірмей жатып, жаңасын қолға алатын әдет қалыптастырған. Мұндай тәжірибеге мүлде жол беруге болмайды", - деді Дархан Сатыбалды бұған дейін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бағанашылдағы дау: қызметінен босатылған шенеунік жаңа лауазымға тағайындалды "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіруге қатысты даудан кейін қызметінен кеткен Салтанат Беспаева Алматы облысы әкімдігінде жаңа лауазымға тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұған дейін Білім басқармасының басшысы болған Салтанат Беспаева Алматы облысының Тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған. Салтанат Беспаеваның өмірбаяны Салтанат Беспаева 1975 жылы туған. 1999 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (экономика және менеджмент мамандығы бойынша), ал 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша) бітірген. Еңбек жолын Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін ұйымдастырушы-педагог, директордың орынбасары және Мұхтар Әуезов атындағы мектептің директоры қызметтерін атқарған. Одан кейін Еңбекшіқазақ ауданының білім және мәдениет бөлімдерін, Алматы облысының білім басқармасын және Іле ауданының білім бөлімін басқарған. 20 қазаннан бастап Беспаева Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметіне кірісті. Бұған дейін не болды? 2025 жылы наурызда №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері мекеме Алматыдан Қонаев қаласына көшіріліп жатқанына шағымданды. Олардың үндеуі әлеуметтік желілерде пайда болды. Кейінірек Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездескен болатын. "Біздің мақсатымыз - балалар өзін қауіпсіз сезініп, жан-жақты дамуы үшін қолайлы орта қалыптастыру. №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыда қалады, ал жаңадан келетін балалар Қонаев қаласындағы заманауи кешенге орналастырылады", - деді бұған дейін өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев. Алайда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде Алматы облысы Білім басқармасының 2025 жылғы 10 шілдедегі "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдаудың облыстық орталығы" КММ-нің орналасқан жерін өзгерту туралы" бұйрығын жариялады. Кейінірек Алматы облысы әкімдігі мәлімдеме жасады. Әкімдік мәліметінше, мекеме Қонаевқа көшіріле бастаған, себебі мекеме орналасқан ғимарат апат жағдайында тұр. Артынша "Бағанашыл" балалар үйін Президент әкімшілігінен келген комиссия тексерді. Кейін үш шенеунік қызметінен айырылды. Соның бірі Салтанат Беспаева болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда полицей формасындағы ер адамның оғаш қылығы видеоға түсіп қалды Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің формасын киген ер адамның мас күйдегі видеосы тарады. Алматы Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? 20 қазанда әлеуметтік желілерде жасыл жолағы бар шалбар және "полиция" деген жазуы бар форма киген ер адамның видеосы тарады. Кадрларда ер адам көліктің капотына бетін қойып жатқаны көрінеді, келесі сәтте ол теңселіп, көлікке отыруға тырысады. Алматы Полиция департаментінің пікірі Алматы Полиция департаменті қазіргі уақытта видеодағы ер адамның жеке басы мен оның құқық қорғау органдарына қатысы анықталып жатқанын хабарлады. "Оқиғаның мән-жайы мұқият тексеріліп жатыр. Алматы Полиция департаментінің басшылығы өз ұстанымын нақтылайды: ішкі істер органдарында полиция абыройы мен атағын төмендететін адамдарға орын жоқ", – делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, ақпарат расталған жағдайда кінәлі тұлға ішкі істер органдарындағы жұмысынан босатуға дейінгі қатаң жауапкершілікке тартылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан және Әзербайжан президенттері 15 құжатқа қол қойды Қазақстан және Әзербайжан президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Келіссөз қорытындысы бойынша президенттер Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Жалпы, Әзербайжан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, өнеркәсіп қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, статистика салаларындағы және мәдени-гуманитарлық байланыстар бағытындағы ынтымақтастық жөнінде 15 құжатқа қол қойылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қазақстанға әсер етті ме? 19 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытында ұшқышсыз әуе аппараты шабуылы салдарынан апат жағдайы туындады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл жағдай Қазақстандағы шикізат өндіру көлеміне әсер еткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрдің айтуынша, қазір өндіруде уақытша шектеулер байқалады. "Қазір шектеу көлемі 8,5-9 мың тонна көмірсутек шамасында. Үш күн ішінде бұл шектеулер жойылады деп үміттенеміз", - деді ол. Сондай-ақ, шенеунік Энергетика министрлігінің міндетіне Украина тарапымен келіссөз жүргізу кірмейтінін айтты. Бірақ ол "сыртқы саясатты жүргізетін тиісті ведомстволар бұл мәселемен айналысады" деп санайды. Еске салайық, бұған дейін Ресей зауыты қазақстандық газды қабылдауды тоқтатқаны хабарланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: “Қазақстан-Әзербайжан қатынастарының әлеуеті орасан зор“ Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынастарының жоғары деңгейге жетуіне, ең алдымен, Президент Ильхам Әлиев елеулі үлес қосқанына назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Сіздің тұрақты қолдауыңызды жоғары бағалаймын. Бүгінгі Әзербайжанның айтулы жетістіктері Сіздің қуатты көшбасшылығыңызбен тікелей байланысты. Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы декларацияның тарихи маңызы зор екенін арнайы атап өткім келеді. Сіз саяси ерік-жігер мен стратегиялық көрегенділік танытып, күрделі түйткілдерді шешудің және келешек ұрпақ тағдыры үшін жауапкершілік арқалаудың парасатты жолын нұсқадыңыз. Екі ел арасында қол жеткізілген уағдаластық жаңа кезеңнің бастауы ретінде бүкіл аймақтағы және өңірден тысқары ынтымақтастық көкжиегін кеңейткеніне еш күмән жоқ. Біз бауырлас Әзербайжанның жетістігіне шын жүректен қуанамыз, мықты әрі прогрессивті мемлекет құру жолындағы асқақ мұраттарының орындалуына тілектеспіз. Қазақстан-Әзербайжан қатынастарының әлеуеті орасан зор. Оны толық іске асыруға еш кедергі жоқ. Оған берік саяси сенім де, ортақ құндылықтарымыз да, ең бастысы, халықтарымызды жақындастыруға деген шынайы ұмтылыс та бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев сөз сөйледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Тиімді алаңға айналды“. Тоқаев пен Әлиев Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысын өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Жиынның күн тәртібінде көлік, логистика, цифрландыру, отын-энергетика кешені, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы мұндай формат Қазақстан-Әзербайжан қатынастарының ерекше сипатын паш ететінін атап өтті. "Кеңес екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша ортақ шешім шығаратын тиімді алаңға айналды. Әзербайжан – Қазақстан үшін ерекше ел, бауырлас мемлекет. Бізді ортақ тарихи тамырластық, бай рухани-мәдени мұра біріктіреді, менталитетіміз бен ұстанымдарымыз ұқсас. Сан қырлы ынтымақтастығымыз осы мызғымас құндылықтардың негізінде дамып келеді. Ильхам Гейдар оглу, Сіздің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыздың маңызы зор. Сіздің сапарыңыз екі ел арасында Стратегиялық серіктестік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толған сәтте өтіп жатыр. Мұның символдық мәні бар. Осы жылдар ішінде біз белсенді саяси диалогты жолға қойып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың үздіксіз дамуына берік шарттық-құқықтық негіз қаладық. Осынау жан-жақты, әрі дәйекті жұмысты екі ел азаматтары да қолдап отыр", – деді Қазақстан Президенті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ешкім бұзған жоқ“: 16 миллион қазақстандықтың деректері қалай тараған? Биыл маусымда интернетке 16 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кеткен еді. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевтің айтуынша, бұл хакерлік шабуыл немесе деректерді бұзу салдарынан болмауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұсалиевтің айтуынша, деректер ақпаратқа қолжетімділігі бар заңды аккаунттар арқылы тараған болуы ықтимал. "Ол заңды аккаунттардан "кеткен" болуы мүмкін деген нұсқа бар. Менің айтайын дегенім: оны ешкім бұзған жоқ. Яғни, ресми рұқсаты, логині мен құпиясөзі бар адам оны үшінші тұлғаларға берді немесе одан ұрлап алған. Осылайша, бүкіл дерекқор сол жерден алынған", - деді ол. Шенеуніктің сөзінше, тексеру нәтижесінде таралған деректердің көп бөлігі 2022 жылғы екені анықталған. "Бұл ақпаратқа кейінірек кейбір ұсақ мәліметтер қосылып, жаңартылғандай болған, бірақ негізгі бөлігі 2022 жылы ұрланған", - деп қосты вице-министр. Қандай деректер тараған? 16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткен, бұл халықтың басым бөлігін қамтиды. Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Өте маңызды оқиға“. Тоқаев пен Әлиев келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Сізді мемлекеттік сапарыңыз аясында Қазақстанда қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту тұрғысынан өте маңызды оқиға. Қазақстан мен Әзербайжан тек достас елдер емес, сондай-ақ бауырлас халықтар. Сондықтан Сіздің еліңізбен сан қырлы ынтымақтастықты өркендетуге баса мән береміз. Қазіргі кезде Әзербайжан Сіздің қуатты көшбасшылығыңызбен халықаралық аренадағы абырой-беделін елеулі түрде арттырды, өз өңірінде ықпалды мемлекет ретінде өте маңызды рөл атқарады. Біз үшін Әзербайжанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты және саяси серіктестікті нығайту – аса өзекті міндет", – деді Мемлекет басшысы. "Бүгінде Қазақстан дамудың жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Еліңіздегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, экономикалық даму қалыпты. Сіз жүргізіп жатқан реформаларды зор қызығушылықпен бақылап отырмыз. Еліңізді жаңғырту мен әлеуетін арттыру жолындағы бағдарыңызды толық қолдаймыз. Екіжақты қарым-қатынастың стратегиялық, одақтастық сипат алғанын атап өттіңіз. Біз барлық бағыттағы ықпалдастықты нығайтуға ниеттіміз. Бүгінгі келіссөз, сондай-ақ Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысы барысында ауқымды күн тәртібін тағы да пысықтап, өзара серіктестіктің алдағы қадамдарын айқындаймыз", – деді Әзербайжан Президенті. Мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін жан-жақты талқылады. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ықпалдастыққа назар аударды. Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ақордада Әзербайжан президентін қарсы алды (видео) "Ақорда" резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан соң екі елдің әнұрандары орындалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей: Қарағандыда ПБ басшысы мен орынбасары қызметтерінен босатылды Қарағандыда Михайлов полиция бөлімінде кадрлық өзгерістер болды. Бұл шешім полиция пунктінде әйелдің мәйіті табылғаннан кейін қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, тәртіптік комиссияның шешімі бойынша Қарағандыдағы Михайлов полиция бөлімінің бастығы мен оның орынбасары қызметтерінен босатылған. Сондай-ақ, қызметтік тергеу мен тәртіптік комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қарағанды Полиция басқармасының және облыстық Полиция департаментінің бірқатар басшылық құрамына қатысты қатаң шаралар қабылданғаны айтылды. "Әйелдің мәйіті табылғаннан кейін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Учаскелік полиция инспекторы соталды тергеп-тексеру барысында заң талаптарына сәйкес медициналық мекемеде болуына байланысты қызметінен уақытша шеттетілді. Оны жұмыстан босату мәселесі емделгеннен кейін қаралады", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қылмыстық істі тергеу облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені атап өтілді. Еске салайық, 1 қазанға қараған түні Қарағанды қаласындағы полиция пунктінен әйелдің өлі табылған болатын. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері де болған, ол медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұл оқиғаға пікір білдіріп, оны "масқара жағдай" деп атаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Қазақстандықтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашып, енді қазақстандықтарда автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі болтанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеу туралы тапсырма беріліп, осыған байланысты бірқатар маңызды шешім қабылданғанын айтты. "Соған сәйкес енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады. Соның арқасында автокөліктер халыққа мейлінше қолжетімді бола түспек", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бір клиникада тағы бір трагедия: Астанада әйелдің өлімінен кейін іс қозғалды Астанадағы жекеменшік клиникада 59 жастағы әйел мұрын қалқасын түзету бойынша жасатқан отадан кейін қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Ақтаудың 59 жастағы тұрғыны 2025 жылғы 3 маусымда септоринопластика бойынша жоспарлы операциядан кейін қайтыс болған. Марқұмның ұлының айтуынша, операцияны бұған дейін 22 жастағы қызға риносептопластика жасаған сол дәрігер жүргізген. Бұған дейін ол қыз алты айлық комаға түскені айтылған еді. Полиция пікірі Алматы аудандық Полиция басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне әйелдің өлімі дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп қосты полиция. Өз кезегінде марқұмның ұлы істің Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын нақтылады. Аталған баптың санкциясы: төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу; төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру; сондай-ақ үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді. Денсаулық сақтау министрлігі пікірі Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінде 2025 жылғы 10–16 шілде аралығында жеке клиникаға жоспардан тыс тексеру жүргізілгені хабарланды. 3 маусымда операция өткізілген кезде клиниканың медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы болмаған. Клиника мемлекеттік лицензияны тек 2025 жылғы 17 маусымда, яғни науқас қайтыс болғаннан кейін ғана алған. "Пациентке сапасыз медициналық көмек көрсету дерегі бойынша өтініш лицензия берілгеннен кейін, 2025 жылғы 3 шілдеде департаментке түсті. Осылайша, департамент пациенттің өлімі туралы өтініш түскенге дейін хабардар болмаған", - делінген хабарламада. Кейін департамент 2025 жылғы 28 тамызда "Medina Plastic Surgery" ЖШС-нің лицензиясының күшін жойды. Еске салайық, бұған дейін Астанадағы жеке клиникада риносептопластикадан кейін алты ай комада жатқан 22 жастағы қыз туралы жазғанбыз. Медициналық қызметті тиісінше көрсетпеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар қазанда қосымша бір күн демалады Қазанда қазақстандықтарда қосымша бір күн демалыс болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Республика күні - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке, ол жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді. Бұл мереке 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған кезде пайда болды. 2022 жылдан бастап Республика күні демалыс күні болып белгіленді. Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады? Бес күндік жұмыс аптасы 2025 жылы 25 қазан сенбіге түседі, сондықтан "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Нәтижесінде қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады: 25 қазан (сенбі); 26 қазан (жексенбі); 27 қазан (дүйсенбі). Жалпы алғанда, қазанда бес күндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады. Алты күндік жұмыс аптасы Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін мерекелік демалыс қысқарақ болады: 25 қазан (сенбі) - мерекелік демалыс; 26 қазан (жексенбі) - демалыс; 27 қазан (дүйсенбі) - жұмыс күні. Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қазанда бар болғаны 5 күн демалады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда ер адам сайт арқылы танысқан қызбен кездесуде тосын жайтқа тап болған Алматыда жалған таныстық арқылы жасалған тонау әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Танысу сайттарының бірінде қызбен танысқан ер адам қылмыстың құрбаны болған. Қысқа әңгімеден кейін олар жалдамалы пәтерде кездесуге келіседі. Алайда кездесудің ортасында пәтерге қыздың "ағаларымыз" деген үш ер адам кіріп келіп, оның кәмелетке толмағанын айтып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Сондай-ақ, олар оның телефоны мен басқа да заттарын тартып алған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстаған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде барынша сақ болуға, күмәнді орындарда кездесуден бас тартуға және тек хат-хабар арқылы ғана таныс адамдарға сенбеуге шақырамыз", – деді Алматы қаласы Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазақстанның он бір қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "21 қазанда Петропавл, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана, Көкшетау, Шымкент, Теміртау, Қарағандыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Отан“ орденінің иегері Юрий Аравин дүниеден өтті: Тоқаев отбасына көңіл айтты Президент көрнекті мәдениет қайраткері, "Отан" орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы өнертанушының қазақ фольклорлық және классикалық музыкасын дәріптеуге қосқан айрықша үлесін атап өтті", - делінген Ақорданың хабарламасында. Айта кетейік, Юрий Аравин 84 жаста еді. Қайғылы хабарды марқұмның қызы Ирэна Аравина бөлісті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылордада қала күні тойланды Қызылорда қаласының сол жағалауындағы "Қайсар Арена" стадионында Сыр жұрты мен қала қонақтары үшін айрықша мәнге ие мерекелік шара – "Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда" атты гала-концерт өтті. "Шара қаланың Қазақ Республикасының астанасы атанғанына 100 жыл толуына және Қала күні мерекесіне арналды", - делінген Қызылорда әкімдігі хабарламасында. Гала-концерттің шымылдығы ел тарихындағы елеулі кезеңдегі бейнелейтін театрландырылған көрініспен ашылды. Онда астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру сәті, Киргиз АКСР-ның Қазақ АКСР болып өзгертілуі, қалаға Қызылорда атауының берілуі сияқты тарихи оқиғалар сахна төрінде жаңғырды. Сахнада бейнелеген "Қызыл паравоздың" Ақмешітке бағыт алуы, Алаш арыстарының бейнелері мен халықтың азаттыққа деген ұмтылысы көрерменге терең әсер қалдырды. Мерекелік кеш көреремен көңілін көтерген әсерлі концерттік бағдарламаға ұласты. Сыр еліне танымал және елге белгілі эстрада жұлдыздары Жеңіс Ысқақова, Гүлнұр Оразымбетова, Мадина Сәдуақасова және Жансая Төлебай "Біздің Қызылорда" әнін әуелете орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Кеңес Әлімжан, Төреғали Төреәлі, Олжас Нұралиев және өзге де өнер иелері сахна төрінен өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Сахнаның сәнін кіргізген хореографиялық қойылымдар, заманауи бейнероликтер және арнайы дайындалған тақырыптық дрон-шоу мерекенің мазмұнын байытып, Қала күніне ерекше көрік берді. Салтанатты шараның соңында түңгі аспанды мың бояуға бөлеген отшашу жарқырап, мерекенің сәні мен салтанатын арттырды. Қызылорданың 100 жылдығы – Сыр елінің тарихын дәріптеген, болашағын айқындаған мерейлі белес.
Шымкетте республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті Екі күн алдын Шымкент қаласында басталған пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары бүгін салтанатты түрде марапатталды. Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Терең тарихтан – жарқын болашаққа!" атты республикалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті. Екі күн бойы өткен зияткерлік додада еліміздің әр аймағынан келген 120-дан астам команда екі лига бойынша бақ сынады. Пікір мен ой, шешендік пен дәлел сайысында ең үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман турнирдің жастар үшін маңыздылығын атап өтті. "Бүгінгі турнир Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған ерекше іс-шара болды. Бұл жарыс тек пікірсайысшылардың емес, елдің азаматтық белсенді жастарының қоғам игілігі жолындағы еңбегінің көрінісі десек дұрыс болады. Осындай республикалық деңгейдегі турнирлер жастардың сыни ойлауын, шешендік қабілетін және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға үлкен серпін береді", - деді ол. Финалдық кезеңде Алматы қаласы мен Түркістан облысының үздік пікірсайысшылары өзара тартысты ойын көрсеткен. Турнирге қатысқан пікірсайысшы Ақдәулет Сейсенбаев дода барысында қозғалған тақырыптардың өзекті болғанын жеткізді. Оның сөзінше, турнирде әр өңірдің өз ерекшелігі, өз көзқарасы айқын көрінді. Әсіресе жастардың білім көші-қоны және білім жүйесін дамыту мәселесі ең күрделі тақырыптардың бірі болған. "Біз Шымкент қаласындағы білім мигранттарының әлеуетін арттыру жолдарын талқыладық. Егер жергілікті әкімдік пен жоғары оқу орындары бірігіп, жастарға нақты мүмкіндік ұсынса, қаланың білім орталығы ретіндегі мәртебесі арта түсер еді", - деді ол. Ал Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі Ағабек Бақтиярұлы турнирдің тек жарыс емес, рухани және интеллектуалды тәжірибе алаңы болғанын айтады.
Бектенов қазақстандық футбол клубтарын кімдер сатып алғысы келіп отырғанын айтты Премьер-министр Олжас Бектенов депутат Нартай Аралбайұлының сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресми жауапқа сүйенсек, қазір тиісті министрлік футбол федерациясымен бірге облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тарта отырып, әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеп жатыр. "Осы жұмыстар шеңберінде "Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы" АҚ (Сергей Кан) "Қызыл-Жар" ФК-ны сатып алу мүмкіндігін қарастырса, Freedom Finance (Тимур Турлов) "Шахтер" ФК үшін стадион мен футбол академиясын салуға қызығушылық танытып отыр, Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) "Жеңіс" ФК-ны сатып алуды және Астанада футбол инфрақұрылымын салуды көздеп отыр. Қызылордалық әлеуетті инвестор TAU GROUP LTD (Ислам Козбаков) "Қайсар" ФК-ны сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, "Тараз" ФК, "Елімай" ФК және "Ертіс" футбол клубтарына қызығушылық танытқан инвесторлармен кездесулер өткізілді", - деп жазылған жауапта. Олжас Бектенов қазақстандық футбол клубтарын қаржыландыру мәселесі туралы да айтты. "2025 жылы футболды дамытуға 34,9 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған, оның ішінде 31,8 млрд теңгесі кәсіпқой футбол клубтарын (премьер-лига және бірінші лига клубтары) қолдауға, ал 3,1 млрд теңге балалар футболын және бұқаралық футболды дамытуға бағытталған", - деді Бектенов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Әлиевті Астана әуежайынан күтіп алды Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды. Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның көлік кептелісі бойынша әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды Қазақстан жолдардағы көлік жүктемесі мен газ шығарындылары деңгейі бойынша 89 елдің ішінде 44-орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Numbeo платформасының деректеріне сілтеме жасап. Рейтингке сәйкес, елдің индексі 136,3 балл болған. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жолдағы кептеліс пен көлік тиімділігі бойынша жағдай нашар дегенді білдіреді. Қазақстанда бір бағыттағы сапардың орташа ұзақтығы - 35,8 минут. Көлік жүйесінің тиімсіздік индексі 141,3 деңгейінде. Бұл тұрғындардың жеке автокөлікке тәуелділігі жоғары екенін және қоғамдық көліктердің тартымдылығы төмен екенін көрсетеді. Көмірқышқыл газы (CO₂) шығарындыларының деңгейі бойынша Қазақстанның көрсетікіші - 3 942,5 грамм. Бұл атмосфераға түсетін орташа ластану көлемі. Салыстыра кетсек, қоғамдық көлік пен велоинфрақұрылымы дамыған елдерде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен, ал жолға кететін уақыт та қысқа. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда көліктерді әкелуге қатысты жаңа тыйым енгізілді Бүгіннен бастап Қазақстанда көлік құралдарын әкелудің жаңартылған ережелері күшіне енді. Өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) шешімімен бекітілген және ең алдымен жеке тұлғаларға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Енді қазақстандықтар пайдаланылған кейбір техника түрлерін және автобустарды елге әкеле алмайды. Мұндай құқық тек Қазақстан мен Еуроодақта жарамды қауіпсіздік сертификаты бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерде ғана сақталады. Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаковтың айтуынша, бұл шектеу жеңіл автокөліктерге әсер етпейді, тек арнайы техника мен автобустарға қатысты. Сонымен қатар, осы күннен бастап Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне өзгерістер енді. Енді жеке тұлғалар ЕЭК-тің 2017 жылғы 30 маусымдағы шешімімен бекітілген арнайы тізімге кірмеген көліктерге көлік құралының қауіпсіздік құрылымы туралы куәлік ала алмайды. Бұл дегеніміз, мұндай көлік иелері кедендік рәсімдеуден өте алмайды, электронды техникалық паспорт рәсімдеп, утиль алымын төлей алмайды және көлікті тіркеуге қоя алмайды. Қазақстанға жеке пайдалану үшін әкелуге рұқсат етілген көлік түрлерінің тізіміне мыналар кіреді: жеңіл автомобильдер (арнайы медициналық көліктерден басқа); мотоциклдер, мопедтер, мотороллерлер; квадроциклдер, қарда жүретін көліктер, жолсыз жерлерге арналған техника; 12 адамнан аспайтын (жүргізушімен қоса) жолаушылар көлігі; толық массасы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері. Осылайша, қазақстандықтар енді тек осы тізімдегі көлік түрлерін ғана жеке мақсатта елге әкеле алады. Ал қалған көлік түрлерін тек ресми сертификаты бар бизнес-құрылымдар арқылы импорттауға рұқсат етіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық оқушылар 7 күндік демалысқа шығады Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. "Күзгі каникул 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады", - деп жазылған министрлік хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада 5 адам саяси қуғын-сүргін құрбаны мәртебесін алмақ болған Астанада 5 азамат саяси қуғын-сүргін құрбаны мәртебесін алғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Прокуратура мәліметінше, мұрағат құжаттары зерделеніп, 5 азаматтың бұл санатқа қатысы бары анықталмаған. "Сот елорда прокуратурасының өтініші бойынша оларды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Қазгидромет 21, 22, 23 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы күндері ауа райына антициклон ықпал етеді. Сондықтан түнде салқын болады. Батыс, солтүстік-батыс және республиканың оңтүстік-шығысына циклонның алдыңғы бөлігі әсер етеді. Бұл өңірлерде көбіне бұлтты болып, кей жерлерде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Батыста қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда барлық мемлекеттік мобильді қосымша біріктіріледі Қолданушыға қолайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарға жеке мобилді қосымшаларды әзірлеуге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Ыңғайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында барлық мемлекеттік мобильді сервистер SuperApp қағидаты бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңімен біріктірілетін болады. Интеграция мобильді қосымшалардың бытыраңқылық мәселесін жояды, үдерістерді жеделдетеді және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырады", - делінген хабарламада. Осы және өзге де шешімдер премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен цифрлық штаб отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. "Цифрлық штабтың шешімімен мемлекеттік органдарға Astana Hub IT-стартаптар технопаркі қызметінің басым түрлерінің тізбесіне мультимедиа, ойындардың дизайнын жасау мен басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, сүйемелдеу және түрлендіру, киберспорт саласындағы қызметтер сияқты танымал бағыттарды қосу тапсырылды. Бұдан басқа, аталған тізбе ҚР резиденті еместерге бағдарламалық қамтуды пайдалана отырып, бизнес-процестер аутсорсингі, ағылшын тілін оқыту сияқты қызметтермен толықтырылды. Қызметтер аясын кеңейту Astana Hub-тың жаһандық технологиялық қоғамдастықты тарту орталығы ретіндегі ұстанымын күшейте түседі", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Lamborghini, Cadillac және Mercedes: депутат 2 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті QazConstructions ЖШС басшылығына қатысты Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдіктілердің қатарында QazConstructions ЖШС-нің бұрынғы директорының орынбасары, Күршім ауданы мәслихатының депутаты бар. "Бұл жобалар халықтың өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға бағытталған болатын. Алайда қылмыстық әрекеттер салдарынан төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20 мыңнан аса адам тұратын жеті ауылды сумен қамтамасыз етуге арналған су құбыры желілері пайдалануға берілмеген. Жымқырылған қаржының жалпы көлемі 2 млрд теңгеден асады. Олар байланысы бар компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған", - деп жазылған хабарламада. Қылмыстық жолмен алынған табысқа Астанадағы қымбат санаттағы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, Lamborghini Urus, Cadillac Escalade, Mercedes көліктері мен асыл тұқымды жылқылар сатып алынған. "Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды. Екі күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда мемлекеттік  ту теріс ілінген: мердігер ұйымның қызметкері жазаланды Атырауда теріс ілінген тудың суреттері әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. Атырау тұрғындары бұл жағдайға ашуланып, оқиғаны мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік деп атады. Куәгерлердің айтуынша, ту бірнеше сағат бойы сол күйінде ілініп тұрған. Әлеуметтік желілердегі қызу талқылаудан кейін ту алынып, қайта ілінген. Бірақ қолданушылар салғырттыққа жол бергендерді анықтап, жауапқа тартуды талап етті. Кейін бұл жағдайға қатысты Атырау әкімдігі пікір білдірді. "17 қазанда ту көтеру кезінде мердігер ұйымның қызметкерлері техникалық қателік жіберген, ту кері жағымен ілінген. Заңбұзушылық жедел анықталып, ту талаптарға сай ілінді", - деп хабарлады ведомство. Әкімдік мәліметінше, мердігер ұйымның қызметкері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 458-бабы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аталған бапқа сәйкес, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Туды теріс ілген қызметкерге дәл осы жаза қолданылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бір клиникада тағы бір трагедия: Астанада әйел операциядан кейін көз жұмды Астанадағы жеке клиникада мұрын қалқасын түзету бойынша жоспарлы операциядан кейін 59 жастағы әйел көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Ақтаудың 59 жастағы тұрғыны 2025 жылғы 3 маусымда септоринопластика бойынша жоспарлы операциядан кейін қайтыс болған. Марқұмның ұлының айтуынша, анасының тыныс алуы қиындап, хирургиялық көмек қажет болған. Оның айтуынша, операцияны бұған дейін 22 жастағы қызға риносептопластика жасаған сол дәрігер жүргізген. Бұған дейін ол қыз алты айлық комаға түскені айтылған еді. Марқұмның ұлы дәрігерді кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі пікірі Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінде 2025 жылғы 10–16 шілде аралығында жеке клиникаға жоспардан тыс тексеру жүргізілгені хабарланды. 3 маусымда операция өткізілген кезде клиниканың медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы болмаған. "2025 жылғы 20 наурыздан 3 маусымға дейінгі кезеңде жүргізілген консультациялар мен операциялар кезінде "Medina Plastic Surgery" ЖШС-де мына мамандықтар бойынша медициналық қызметке мемлекеттік лицензия болмаған: пластикалық хирургия, анестезиология және реаниматология, нейрохирургия, ересектерге стационарлық көмек көрсету", - делінген ведомство хабарламасында. Клиника мемлекеттік лицензияны тек 2025 жылғы 17 маусымда, яғни науқас қайтыс болғаннан кейін ғана алған. "Пациентке сапасыз медициналық көмек көрсету дерегі бойынша өтініш лицензия берілгеннен кейін, 2025 жылғы 3 шілдеде департаментке түсті. Осылайша, департамент пациенттің өлімі туралы өтініш түскенге дейін хабардар болмаған", - делінген хабарламада. Кейін департамент 2025 жылғы 28 тамызда "Medina Plastic Surgery" ЖШС-нің лицензиясының күшін жойды. Тексеру нәтижелері бойынша, материалдар құқықтық баға беру және іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Астана Полиция департаментіне жіберілген. Еске салайық, бұған дейін Астанадағы жеке клиникада риносептопластикадан кейін алты ай комада жатқан 22 жастағы қыз туралы жазғанбыз. Медициналық қызметті тиісінше көрсетпеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "20 қазанында Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Теміртау, Қарағандыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтауда педагог ұстанымы үшін жұмыстан заңсыз босатылғанын айтты Ақтауда педагог Алмагүл Қайырқожа мемлекеттік мекемеден заңсыз босатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Әйелдің айтуынша, ол "Асыл сөз" үйірмесінің қосымша білім беру орталығында шамамен тоғыз жыл жұмыс істеген. Алдымен қосымша педагог ретінде, ал 2023 жылғы ақпаннан бастап ұйымдастырушы қызметін атқарған. Мұғалім 2025 жылғы 5 ақпанда жұмыстан босатылған. Оның мәлімдеуінше, бұған себеп - жұмыс сапасы емес, оның ұстанымы мен оқу үдерісінің ашық өтуін талап етуі. "Мен жұмыс істегенім үшін емес, тәртіп пен әділдік сұрағаным үшін жұмыстан шығарылдым. Балалар қағаз жүзінде емес, шын мәнінде білім алсын деп талап қойдым", - деді Алмагүл Қайырқожа. Оның айтуынша, орталықта кей жағдайларда ұстаздар оқушысы болмаса да жалақы алады. Ол бұл мәселеге байланысты экономикалық тергеу департаментіне, прокуратураға, білім бөлімдеріне жүгінген, бірақ нақты шаралар қабылданбаған. "Мен білім сапасы үшін күрестім. Орыс тілді топтарда оқушылар бар, ал қазақ тілділерде жоқ. Мұғалімдер тізімде бар, бірақ сабақ өткізбейді. Мен барлық инстанцияға - Оқу-ағарту министрлігінен бастап Мәжіліс депутаттарына дейін хат жаздым, бірақ жауаптар бір сарынды: бәрін орталық дирекциясына қайта жолдайды. Егер "Школьник" орталығы тегін үйірмелерді жарнамаласа, қызығушылық болар еді, бірақ жарнама жоқ - нәтиже де жоқ", - деді педагог. Қазір Алмагүл Қайырқожа сот арқылы жұмысқа қайта орналастыруды талап етіп жатыр. Оның мүддесін бірнеше адвокат қорғайды. Ақтау қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, педагог "Школьник" орталығында 2016 жылдан бері жұмыс істеген. 2025 жылғы 5 ақпанда еңбек шарты заңнамаға сәйкес бұзылған. "Жұмыстан шығаруға еңбек тәртібін жүйелі түрде бұзу, басшылықтың нұсқауларын орындамау, өзге педагогтардың ісіне араласу және ішкі еңбек тәртібін сақтамау себеп болған. Ол бұл шешімге байланысты сотқа жүгінді. Алайда №2 Ақтау қалалық сотының шешімімен оның талап арызы қанағаттандырылмады", - деп мәлімдеді шенеуніктер. Кейін іс апелляциялық тәртіпте қаралып, №2 Ақтау қалалық сотының апелляциялық алқасы бірінші инстанция шешімін өзгеріссіз қалдырды, ал апелляциялық шағым қанағаттандырылмады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ХАМАС Израильге тағы екі тұтқынның мүрдесін тапсырды ХАМАС Израильге тағы екі тұтқынның мүрдесін тапсырды. Бұл туралы 10 қазанда Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) хабарлады. Ақпаратты премьер‑министр Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі де растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "9 арнаға" сілтеме жасап. Екі табыт Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері арқылы тапсырылған. Қаза тапқандардың бірінің кім екені расталды. Ол - 54 жастағы Ронен Энгель. Екіншісі әзірге танылған жоқ, сараптама жүріп жатыр. Егер оның да тұтқын болғаны расталса, ХАМАС Израильге 28 мәйіттің ішінен тағы 16-сын тапсыруға тиіс болады. Телеарнаның мәліметінше, әйелі мен екі қызымен Нир-Оз ауылында тұрған Ронен Энгель 7 қазанда ХАМАС содырларының шабуылы кезінде қаза тапқан. Ол "алғашқы атыс дыбыстары естіле салысымен тапаншасын алып, барлауға шыққан". Одан кейін оны ешкім көрмеген. Роненнің қазасы туралы әскерилер бірнеше аптадан соң сол күнгі оқиғаларды қайта қалпына келтіру және тұтқынға түскен содырларды тергеу нәтижесінде білді. Оның Газадағы аумаққа өлі әкетілгені белгілі болды. Роненнің жұбайы мен қыздары 2023 жылғы қарашада тұтқыннан босатылған. Соғыс қимылдарын тоқтату туралы келісімге сәйкес, Израиль армиясы Газадағы сектордағы операцияларды тоқтатқаннан кейін, ХАМАС 13 қазанда аман қалған 20 тұтқынды қайтаруы, ал қаза тапқан 28 адамның мүрдесін үш күн ішінде беруі керек еді. Бірінші талап орындалды, ал екіншісі әлі орындалған жоқ. Бұл ретте ХАМАС өкілдері келісімшарттары "орындалды" деп санайтынын, ал қалған мүрделерді алып шығу үшін "арнайы техника" қажет екенін айтады. Осы жағдайда Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац 15 қазанда Газадағы секторда әскери қимылдарды қайта бастауға қорқытты. Өз кезегінде ХАМАС өкілдері Израильді бітім шарттарын бұзды деп айыптады. Атап айтқанда, олардың мәлімдеуінше, бір отбасының 11 мүшесі қаза тапқан автобусқа соққы жасау және Нетаньяхудың Газа секторын Египетпен жалғайтын жалғыз шекара бекеті "Рафах" өткізу пунктін ашпау туралы шешімі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресей зауыты шабуылдан кейін қазақстандық газды қабылдауды тоқтатты Орынбор газ өңдеу зауыты Қазақстанның Қарашығанақ кен орнынан келетін шикі газды уақытша қабылдауды тоқтатты. Бұған себеп - дрон шабуылы салдарынан болған апаттық жағдай, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Газпромның" мәліметінше, апаттық жағдай 19 қазанда болды. Зауыт қаншалық зақымданғаны мен жұмысты қалпына келтіру мерзімдері туралы ақпаратты Ресей тарапы әзірге ұсынған жоқ. "Қазақстанға газбен жабдықтау әсер етпеді, ішкі тұтынушыларға газ шектеусіз, қалыпты режимде беріледі", - деді ведомсмтво. Қарашығанақ шикізатын өңдеу және мұнай өндіруге ықтимал әсері мәселелері кен пайдаланушыларымен бірлесіп қаралып жатыр. Шығындар мен алдағы шаралар туралы қосымша хабарланады. Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап, ресейлік тарап және кен орны операторларымен тұрақты байланыста екенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “Қазақстан барысы – 2025“ турнирінің жеңімпазын құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан барысы – 2025" турнирінің жеңімпазын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Марат Байқамұровты қазақ күресінен "Қазақстан барысы – 2025" турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Еуропаның 20 елі ауғандарды депортациялау бойынша шұғыл шаралар қабылдауды талап етті 20 ел Еуропалық комиссиядан Еуропада заңсыз тұрып жатқан ауған азаматтарын ерікті не мәжбүрлі түрде қайтаруды талап етті. Бұл ретте "Талибанмен" келіссөздер жүргізу де қарастырылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап. Босқындар мен көші-қон мәселелері жөніндегі Бельгия министрі Аннелен Ван Боссюйт бастаған бастамаға ЕО-ның 19 елі (Аустрия, Бельгия, Болгария, Кипр, Чехия, Эстония, Финляндия, Германия, Грекия, Венгрия, Ирландия, Италия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Польша, Словакия және Швеция), сондай-ақ ЕО-ға кірмейтін Норвегия қолдау білдірді. ЕО елдерінің айтуынша, 2021 жылы "Талибан" билікке келгеннен бері Ауғанстанмен кері қабылдау туралы ресми келісімнің болмауынан, тіпті қылмыс жасағаны үшін сотталған ауғандарды да депортациялай алмау ЕО елдерінің қауіпсіздігіне қатер төндіреді және "баспана беру саясатына қоғамның сенімін әлсіретеді". Олар Еуропалық комиссиядан ауғандарды қайтару мәселесін күн тәртібіндегі бірінші кезектегі тақырып етуін талап етті. 2021 жылы Ауғанстанда билікке "Талибан" келгеннен бері оларды заңды үкімет ретінде мойындаған жалғыз ел - Ресей. Германия ауған босқындарын репатриациялау туралы "Талибанмен" келісім жасауға жақын болды; Ауғанстан азаматтары елдегі баспана іздеушілердің саны бойынша екінші ірі топ саналады. Шілдеде Фридрих Мерц үкіметі 81 ауғанды депортациялаған. Алайда БҰҰ бұл қадамдарды сынаған. БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің өкілі Равина Шамдасанидің айтуынша, Ауғанстан әлі де "қайтармау туралы ұсыным" (non-refoulement) аясында тұр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Boeing 737 жолаушылар ұшағының алдыңғы әйнегі 11 шақырым биікте жарылып кетті АҚШ-та Денверден Лос-Анджелеске ұшып бара жатқан United әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағының алдыңғы әйнегінде жарық пайда болды. Ұшақ 11 шақырым биікте болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Travel The Aviation Herald-ға сілтеме жасап. Оқиға кезінде бортта 140 адам болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ұшқыштар алдымен төмендеп, кейін маршрутты өзгерткен. Оқиғадан шамамен 50 минут өткен соң ұшақ Солт-Лейк-Сити әуежайына қонған. Әуекомпания бұл рейс жолаушылары үшін қосалқы ұшақ бөлді, нәтижесінде олар Лос-Анджелеске шамамен алты сағатқа кешігіп жетті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Пәкістан мен Ауғанстан оқ атуды тоқтатуға келісті Пәкістан мен Ауғанстан Дохада өткен келіссөздер барысында оқ атуды дереу тоқтату жөнінде уағдаласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қатар Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. "Келіссөздер кезінде екі тарап оқ атуды дереу тоқтату және екі ел арасында берік бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған тетіктер құруға келісті", - делінген Қатар СІМ-нің Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында. Тараптар сондай-ақ жақын күндері кездесулер өткізіп, оқ атпау режимінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның орындалуын тексеру жөнінде келісімге келді. Қатардың сыртқы саяси ведомствосы бұл маңызды қадам екі ел арасындағы шекарадағы шиеленісті төмендетуге және өңірде тұрақты бейбітшілікке берік негіз қалауға көмектесетініне үміт білдірді. Келіссөз сенбіде Дохада Қатар мен Түркияның арағайындық етуімен өтті. Еске салайық, 15 қазанда Пәкістан мен Ауғанстан 48 сағатқа уақытша бейбіт келісімге келген еді. Кейін бұл "тыныштық режимі" Қатардағы келіссөздер аяқталғанға дейін ұзартылғаны хабарланды. 9 қазанда Ауғанстан астанасында жарылыстар болып, одан кейін ауған билігі Пәкістанды Марга мен Кабулдағы жарылыстарды ұйымдастырды деп айыптады. 11 қазанда Пәкістанмен шекаралас Пактия провинциясында екі елдің шекара әскерлері арасында қарқынды ұрыстар болды. Ауған тарапы бұл қақтығыстарда Пәкістанның 58 әскери қызметкері қаза тауып, тағы 30-ы жараланғанын, сондай-ақ біршама қару-жарақ пен техника ауған шекарашыларының қолына өткенін мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зерттеу: стресс пен жалғыздықты қалай еңсеруге болады? Еуропаның түкпір‑түкпірінен 5 мыңнан аса саяхатшы қатысқан жаңа зерттеу миллениалдар мен зумерлер үшін саяхат стресті азайтып, жалғыздық сезімін жеңілдетіп, жалпы жағдайын жақсартатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews‑ке сілтеме жасап. Сауалнама жүргізген компанияның өкілі Эрика Де Сантидің айтуынша, бүгін саяхат "жай ғана көрікті жерлерді аралаудан" гөрі тұтас бір шытырманға айналып келеді. "Әлем барған сайын онлайнға батып бара жатқанда, саяхат адамдарға қайтадан шынайы сезім сыйлайды", - дейді ол. Зерттеу нәтижесіне сай, респонденттердің 88 пайызы саяхат бақыттырақ ететінін және күнделікті күйбеңнен алаңдауға көмектесетінін айтқан. "Егер саяхат дәрі болса, ол нені "емдер еді"?" деген сұраққа қатысушылардың 34 пайызы - стресс пен мазасыздықты, 42 пайызы - күйбең тіршілікті және зерігу сезімін таңдаған. Бұл саяхат пен эмоцияның арасындағы байланысты айқындайды. Респонденттердің шамамен жартысы - 41 пайызы - сапардан кейін өзін нашар сезінетінін не әдеттегі өмір ырғағына қайта оралудың қиындауын мойындаған. Саяхаттың "терапия" ретіндегі рөлінің күшеюіне назар аударған Швецияның туристік кеңесі жақында әзіл‑оспақты кампания бастап, өзін "дәрігерлер рецепт ретінде жазатын" ең танымал елдердің бірі ретінде ұсынды. Ел өзінің тұтас мәдениеті мен өмір салтына сүйене отырып, профессор Ивонн Форселлмен бірлесіп "Швед рецепті" атты бастаманы әзірлеген. Кампания Швецияға тән, психикалық және физикалық денсаулықты қолдайтыны дәлелденген белсенділіктерді насихаттайды: мысалы, ормандағы жаттығулар арқылы стресті азайту және елдегі тыныштық пен ауаның тазалығы арқасында жақсы ұйқы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда оқушы ескерту жасаған мұғаліміне шабуыл жасады Павлодардағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы мұғалімге шабуыл жасаған. Мұғалім полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Telegram-арналарда тараған мәліметке сай, оқиға күзгі бал кезінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім мұғалімнің мойнына жармасып, біраз уақыт жібермей қойған. Оқиғадан кейін қорыққан педагог полицияға арызданған. Павлодар облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, тексеріс жүргізілді. Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның заңды өкіліне қатысты әкімшілік іс материалдары жасалып, сотқа жолданды. Сондай-ақ, оқушының мінез-құлқы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болды. Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сауле Шәкенова да жағдайдан хабардар екенін айтты. "Маған бұл туралы мектеп әкімшілігі хабарлады. Мен ажырасқаннан кейін баланы қолына алған әкесімен байланысқа шықтым", - деді ол. Оның айтуынша, ол баланың әкесімен кездесуге келіскен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтаудағы Green Plaza тұрғын үй кешені аумағында 18-қабаттан құлаған қыз көз жұмды Ақтауда 17-шағынаудандағы Green Plaza тұрғын үй кешені аумағында қыз 18-қабаттан құлап, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. "Жұмыстан үйге қайтып келе жатып, аула арқылы полицей көліктерінің зырғып өткенін естідім. Не болғанын көруге бардым. Әуелде ештеңе түсінбедім, кейін полицей көлігінің ар жағына өткенімде, қыздың мәйітін көрдім. Ол кіреберіске бір метр жетпей құлаған", - деді оқиғаның куәгері. Қайғылы жағдай 18 қазанда таңертең болды. Сол күні кеште Маңғыстау облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі болған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның өзге де мән-жайлары нақтыланып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да “Еңбек. Адам. Құрмет“ атты фестиваль өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялауына орай Батыс Қазақстан облысында "Еңбек. Адам. Құрмет" атты фестиваль өтті. Бұл айтулы шараның басты мақсаты – ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету және жас ұрпаққа үлгі ету. Фестивальге әр салада тер төгіп жүрген еңбек адамдары қатысты. Іс-шара барысында еңбек адамдарының өмір жолы, кәсіби жетістіктері мен еңбекке деген адал көзқарастары насихатталды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, таңдаған мамандығына деген мақтанышын білдірді.Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өз сөзінде Мемлекет басшысының: "Еңбек адамына құрмет көрсету – мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі. Біз адал еңбекті әрдайым жоғары бағалаймыз", – деген сөзін атап өтіп, бүгінгі қоғамда көзге көрінбей, бірақ елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандардың еңбегін жоғары бағалау қажеттігін айтты. "Шын мәнінде, ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, кәсібіне адалдықпен қарап, уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген азаматтар – бүгінгі қоғамның айнасы", – деді өңір басшысы. Шара аясында өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер мен түрлі сала мамандары өз жұмыстары туралы баяндап, "Жұмысшы мамандықтары" жылының мән-маңызына ерекше тоқталды. Аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляззат Сейткереева өз сөзінде төрт жыл бұрын іске қосылған жүн өңдеу цехының жұмысымен таныстырды. Бүгінде бұл өндіріс ошағында бұған дейін жұмыссыз жүрген ауыл әйелдері еңбек етуде. Олар халықаралық "Бір ауыл – бір өнім" жобасы аясында жүннен тәпішке, киіз етік, кілемшелер мен жұмсақ ойыншықтар секілді түрлі өнімдер шығарып жатыр. "2025 жылдың "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануы - елдің негізгі қозғаушы күші саналатын еңбек адамдарына көрсетілген үлкен құрмет. Бұл - тек атаулы жыл емес, нақты іс пен нақты қолдаудың жылы.Бүгінгі шара - еңбек адамын дәріптеудің, оларды көріп, танудың жарқын үлгісі. Қарапайым еңбек иелерінің өмірі мен табысы жастарға үлкен мотивация. Осындай шаралар жыл сайын жалғасып, жұмысшы мамандықтарының беделі одан әрі арта түссе екен деп тілеймін!", - деді Ляззат Сейткереева. Орал трансформатор зауытының шебері Ляззат Жұмаділда жас мамандарды даярлау жайын баяндап, нәзік жандылардың да өндірісте табысты еңбек етіп жатқанын айтты. Ол күн сайын катушка ішіне қажетті бөлшектер орнатады. Көзге қарапайым көрінгенімен, дәл сол бөлшек бүкіл механизмнің жұмыс істеуіне ықпал етеді. Халықтың тұрмыс сапасын арттыруға үлес қосып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік жаңашыл идеяларын енгізуге ниеттенген Шыңғырлау ауданының жеке кәсіпкері Сырым Жолдыгұлов "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында несие алып, алдымен шағын наубайхана ашты. Кәсібін дөңгелеткен кәсіпкер қазір өңірде теңдесі жоқ кәсіби қолғаптар өндірісін дамытып, кәсіпорнын шағын цехтан өндіріс орнына дейін жетілдірген. Ал көпбалалы ана Самал Айтқұлова 2022 жылы "Табиғи сүттен ірімшік өндіру" жобасы бойынша мемлекеттік қайтарымсыз грант иегері атанып, Орал қаласында өз өнімін шығарып, сатумен айналысуда. Қазір оның цехы бар, екі сатушысы мен бір көмекшісі жұмыс істейді - яғни, Самал өз отбасымен бірге тағы үш адамды жұмыспен қамтып отыр. Бір кездері жұмыс іздеген жан бүгінгі таңда өзгелерге жұмыс беріп, армандаған кәсіппен лайықты өмір сүруде. Жиын барысында ауданнан келген өкілдер "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында өз өңірлерінде атқарылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік қолдаудың нәтижелері жөнінде бөлісті. Фестиваль аясында алаңда кең көлемді жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Онда "Ауыл аманаты" бағдарламасының қатысушылары мен мемлекеттік грант иегерлері өз өнімдерін ұсынды. Жұмыс іздеушілер үшін 80-нен астам жұмыс беруші 500-ден астам бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шара барысында қатысушылар ұлттық ойындар мен түрлі байқауларға қатысуға мүмкіндік алды. Алаңның ортасында тігілген киіз үйлерде облыстың барлық аудандарынан келген түрлі жұмысшы мамандық иелері өз кәсіптерін таныстырды. Ал ауқымды шараны қолөнер мен шеберлік туындыларының көрмесі ерекше әрлендіріп, көрермендерді тәнті етті.
Ұшақ бортында өрт шықты - видео Қытайда Air China әуе компаниясының ұшағында литий батареясы салдарынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап. Оқиға 18 қазанда Ханчжоудан Сеулге бағыт алған CA139 рейсінде болған. Әуе компаниясының мәліметінше, жолаушылардың бірінің қол жүгінде, орындықтардың үстіндегі жүк сөресіне қойылған литий батареясы өздігінен тұтанып кеткен. Экипаж өртті жедел сөндірді. Бортта болғандардың ешқайсы зардап шеккен жоқ. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшақ Шанхай‑Пудун халықаралық әуежайына жоспардан тыс қонуға мәжбүр болды. Air China дерегінше, рейс таңғы 9:47-де ұшып шығып, Инчхонға 12:20‑да келуге тиіс еді. Желіде жолаушы түсірген видео тарады. Кадрларда жолаушылар мен бортсеріктер жүк сөресінен шыққан жалынды сөндіруге тырысып жатқаны, корей тілінде "Тезірек!" деген айқай естілетіні байқалады. Fire breaks out in the overhead luggage bin on board Air China flight CA139 while flying between Hangzhou and Seoul.It is understood that the cause of the fire was a lithium battery in a passenger's luggage spontaneously combusting.The cabin crew contained the fire and the… pic.twitter.com/IV5LEYxIy5 — Breaking Aviation News & Videos (@aviationbrk) October 18, 2025 Жолаушылардың бірі өрт шықпас бұрын қатты тарс еткен дыбыс естіген. Бұл оқиға - Азияда литий батареяларының тұтануына байланысты тіркелген кезекті жағдайлардың бірі. Мұндай батареялар әуе сапарларының қауіпсіздігіне тәуекел тудыратыны жиі айтылып келеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада құрылғы сынып кетті: мүгедектігі бар әйел арбадан құлап түсті Астанада мүгедектігі бар әйелді көтеріп тұрған көтергіштің бекітпелері ажырап кетті. Соның салдарынан әйел арбадан құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриотқа" сілтеме жасап. Оқиға азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта болған. Құрылғы төмен құлап, зардап шеккен әйел арбадан түсіп, бетон қоршауға соғылған. Әйелдің бетінде үлкен ісік қалған. Оны алып жүрген көмекші оны ұстап үлгермеген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Айнур Балакешова (@patriotkaragandy) Зардап шеккен әйел - бірінші топ мүгедегі, омыртқасын жұмыста жарақаттаған. Қазір ол емделу мен оңалтуға өтемақы төлеуді сот арқылы талап етіп жүр. Оқиға болған күні сот процесіне өзі қатысу үшін келген. Еске салайық, бұған дейін Ақтауда №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірінші топ мүгедегінің соққыға жығылғаны туралы туыстары хабарлаған. Олар мемлекеттік органдарды тексеріс жүргізуге шақырып, өңірлік полиция тергеуді бастаған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстаннан бидай жеткізуге тыйым: Ресей шектеулерді қашан алып тастайды? Ресей Қазақстаннан бидай жеткізуге қойылған шектеулерді алып тастауды қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Россельхознадзордың басшысы Сергей Данкверт Қазақстанның Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлымен кездесу барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанның Өсімдіктер карантині және қорғау жөніндегі ұлттық ұйымының кепілдіктері негізінде Россельхознадзор биылғы 23 сәуірден бастап енгізілген, негізгі өндіруші өңірлерден астық экспорттауға қатысты шектеулерді 20 қазаннан бастап алып тастауға дайын. Сондай-ақ, келіссөздерде Қазақстанның жеміс-көкөніс өнімдерін Ресейге жеткізу кезінде фитосанитариялық талаптарды сақтау мәселесі көтерілді. Ресей тарапы тағайындалған жерлерде тауарлардың Россельхознадзор инспекторларына бақылау үшін ұсынылмағанын атап өтті, бұл Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзады. Бұдан бөлек, Россельхознадзор санкцияға ұшыраған өнімдердің Қазақстан арқылы реэкспортталу деректерінің көбейгенін хабарлады. Электрон навигациялық пломбалар қолданылғанына қарамастан, Ресей шекарасында "көлеңкелі" жүктердің әкелінуі тіркеліп отыр. Сонымен қатар, тараптар фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзара жеткізілімдер кезінде бұзушылықтардың алдын алу үшін жедел әрекеттерге келісті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Аумақтарды заңсыз иемдену: Алматы әкімі бір шағынауданды тексеруді тапсырды Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Көктем" шағынауданында аумақтарды өз бетінше иемдену дерегі бойынша тексеріс жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімі бұл тапсырманы шағынаудан тұрғындарымен кездесу барысында берді. Тұрғындар бос учаскелердің мүмкін болған құрылысына алаңдаушылық білдірген. "Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес аумақтарды өз бетінше иемдену деректері бойынша қосымша тексеріс жүргізіледі", - делінген хабарламада. Талқылау кезінде инженерлік желілер, абаттандыру және жасыл аймақтарды сақтау мәселелері де көтерілді. Lamiya тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесуде үздіксіз электрмен жабдықтау және инженерлік желілерді қала балансына беру тақырыптары қозғалды. "Жүздесу барысында Дархан Сатыбалды энергетика мен сумен жабдықтау басқармаларына, қала құрылысы бақылауы қызметіне МИБ өкілдері мен құрылыс компаниясымен бірлесіп қосымша трансформаторлық қосалқы станция мен резервтік кабель салу мәселесін пысықтап, кейін оны қаланың меншігіне өткізуді тапсырды", - делінген ақпаратта. Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мерзімдерді бұзып, жұмысты сапасыз орындайтын мердігер ұйымдар енді Алматыда жұмыс істемейтінін мәлімдеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Елена Рыбакина жүлде қоры бір миллион доллар болатын турнирдің финалына шықты Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Ningbo Open турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ширек финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемдік рейтингінде 9-нөмірлі Елена италиялық Жасмин Паолиниді (рейтингте 8-орын) жеңді. Ойын екі сетте Еленаның пайдасына 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. Еленаның финалдағы қарсыласы әзір анықталған жоқ. Ол параллель кездесуде өзара ойнайтын ресейліктер Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы матчтің жеңімпазы болады. Айта кетейік, Қытайдағы Ningbo Open турнирінің жүлде қоры - 1 064 510 доллар. Турнир жеңімпазы 164 мың доллар алады. Турнирдің алғашқы ойынында Қазақстанның үздік теннисшісі тартысты ойында украиналық Даяна Ястремскаяны жеңген еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылордада “Алтын күз-2025“ салтанатты шарасы өтті Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Өнер орталығында "Алтын күз-2025" салтанатты шарасы өтті. Оған Абай облысының әкімі Берік Уәли, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, ғалымдар, өнер майталмандары, республиканың барлық өңірінен келген облыстық мәслихат төрағалары арнайы қатысты. Аймақ басшысы ауыл шаруашылығында атқарылған жұмыстарға, агросаланың алдағы бағыт-бағдарына тоқталып, қамбаны толтырып, береке мен бірліктің үлгісін көрсеткен диқандарды құттықтады. "Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялап, "Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек" деген болатын. "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" қағидатын ұрпақ санасына сіңіру, насихаттау, қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу – біздің басты мақсатымыздың бірі! Сыр елінің даңқын асқақтатқан дала академигі Ыбырай Жақаев бастаған 102 Социалистік Еңбек Ерінің және тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның Еңбек Ерлерінің жетістіктері аңызға айналды. Саналы ғұмырында туған жеріміз үшін аянбай еңбек еткен ардақты ардагер ағаларымыз бүгін ортамызда. Облысымыздың дамуына қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін Сіздерге барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды білдіремін. Ел үшін жасаған ерен еңбектеріңіздің жемісін, бейнеттеріңіздің зейнетін көріңіздер!", – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Абай облысының әкімі Берік Уәли Сыр елінің еңбекқор жұртына ризашылығын білдіріп, екі өңір арасындағы байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. "Қазақ халқы тағдырының тайғақ кешулі кезеңдерінде жағасына келіп тыныс тапқан, суына бетін жуып, үмітін ертеңге жалғаған қасиетті Сырдарияның бойында, ежелгі Ақмешіт, бүгінгі Қызылорда төрінде өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма бек қуаныштымын!Біз бүгін аймақтарыңызға үлкен делегациямен өнер жұлдыздарын, зиялы қауым өкілдерін және жақында ғана республикалық байқауда бас жүлде алған театрымыздың арнайы қойылымымен келіп отырмыз. Бұл өңіраралық рухани-мәдени байланыстарды нығайтып, бізді бауырластыра түседі деп сенеміз", – деді Берік Уәлиұлы. Мерекелік шарада Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды. "Жан Арай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бақдәулет Махашовқа "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағы берілді. Ол басқаратын серіктестік тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру, күріш өңдеу зауыттарын іске қосқан, өнімдерін экспортқа шығарады. Өткен жылы 4 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын ашып, 100-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Еңбек адамдары мен сала үздіктеріне "Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін", Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Еңбек ардагері" медальдары, "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісі, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаттары берілді. Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен озат аудандар анықталып, "Балық шаруашылығы саласы бойынша озат аудан" номинациясымен Арал ауданы, "Су үнемдеу технологиясын қолдану бойынша озат аудан" номинациясымен Жаңақорған ауданы, "Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша озат аудан" номинациясымен Жалағаш ауданы, "Мал шаруашылығы саласы бойынша озат аудан" номинациясымен Қармақшы ауданы, "Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша озат аудан" номинациясымен Қазалы ауданы, "Егін шаруашылығы саласы бойынша озат аудан" номинациясымен Сырдария ауданы марапатталады. Ал "Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда биылғы жылы ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген үздік аудан" номинациясын Шиелі ауданы жеңіп алды. Жылдағы дәстүр бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген "Абзал және К" ТС, "Мағжан және К", "Абай-Дәулет" ЖШС еңбек озаттарына автокөлік кілттері сыйға берілді.
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам зардап шекті Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты шамамен 4:20-де Әуезов ауданында болған. "Оңтүстік бағытта Сайын көшесімен келе жатқан BMW жүргізушісі қатар ауыстыру кезінде сол бағытта қозғалып келе жатқан Chevrolet автокөлігімен соқтығысқан. Кейін соқтығысудың инерциясымен BMW Сайын көшесінің батыс жиегіндегі ағашқа соғылған", - делінген хабарламада. Салдарынан екі жүргізуші және BMW көлігінің үш жолаушысы жарақат алды. Бес адам медициналық көмекке жүгінген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Алматы мен бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет Алматы мен бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "18 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, Риддер, Семей, Өскемен, Орал қалаларында, түнде Атырауда қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда тамызда жоғалған әйел басқа ауданнан табылды Алматыда биыл тамызда із-түссіз жоғалған әйел аман табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1992 жылы дүниеге келген Поволоцкая Людмила Валерьевна 11 тамызда жоғалған. Сол күні таңертең шамамен 10:00-де Алмалы ауданы, Айтеке би көшесі, 194 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Сырт белгілері: бойы 150–153 см, арық денелі, шашы ашық түсті, маңдайының оң жағында тыртық бар. Киімі: қара туника, қою түсті леггинс, қызғылт резеңке тәпішке. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Волонтеры Алматы "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz) Әйел 17 қазанда табылды. Еріктілердің айтуынша, ол осы уақыт бойы қаланың басқа ауданында тұрып келген. Өзге мәліметтер нақтыланбады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Асхат Жұмағали бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды Асхат Жұмағали жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысының өкімімен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. Жұмағали туралы не белгілі? Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали (19 тамыз 1979 жыл, Арқалық) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы (2023-2025). Білімі2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген. Еңбек жолы2001-2010 жылдары – прокуратура органдарында түрлі лауазымдарды, атап айтқанда Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, ҚР Бас Прокуратурасының Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған. 2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі, Тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының бірінші орынбасары, Тергеу департаментінің бастығы; 2014-2016 жылдары – ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі; 2016-2018 жылдары – ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры; 2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Тергеу департаменті басшысының орынбасары; 2019 жылдың қаңтар-шілде айлары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы; 2019-2021 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы; 2021-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы. 2022-2023 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары. 2023 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жанар-жағармай бағалары бекітілді Энергетика министрлігі жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) бағасына енгізілген уақытша мораторийдің іске асу тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрік мәліметінше, бұл шара ішкі нарықты тұрақтандыру және тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында Үкіметтің тапсырмасына сәйкес қабылданды. Енгізілген уақытша мораторийдің негізгі принципі - АИ-92 бензині мен дизель отынының бөлшек сауда бағасын автожанармай құю стансаларында (АЖҚС) 2025 жылғы 16 қазандағы деңгейде сақтау. Ел аумағында бірыңғай шекті баға белгілеу қарастырылмаған. Мұндай икемді тәсіл нарықтағы бәсекелестікті сақтап қалуға мүмкіндік беріп, операторлар арасындағы баға айырмашылығын түсіндіреді. Қазір ірі жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы литріне 213-239 теңге, дизель отыны - 317-337 теңге аралығында. Бұл шараны іске асыру нарық қатысушыларымен нақты үйлестірілген жұмыс арқылы жүзеге асып жатыр. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында Энергетика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, алдын алу шараларын қолға алды. 16 қазанда ірі көтерме жеткізушілер мен жанармай құю станциялары желілері басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Кеңесте Үкіметтің ЖЖМ бағасын одан әрі көтеруге жол бермеу жөніндегі нақты ұстанымы жеткізілді. БҚДА тарапынан күнделікті мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда монополияға қарсы шаралар қабылданатын болады. Елімізде жанармай қоры 3-4 аптаға жеткілікті деңгейде және тұрақты толықтырылып отырады. Қазір АИ-92 бензинінің көлемі - 341 мың тонна, дизель отыны - 405 мың тонна. Бұл көрсеткіштер бағаның тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді. Екі отандық мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуден кейін 25 қазаннан бастап кезең-кезеңімен іске қосылады, бұл нарықтағы теңгерімді нығайтуға септігін тигізеді. Энергетика министрлігі мораторийдің сақталуын бақылап, аймақтық штабтар мен нарық қатысушыларымен үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Нарықтағы жағдай Үкіметтің жіті бақылауында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Уақытша шара“ - агенттік өкілі Қазақстанда ипотека беру неге тоқтағаны жайлы Қазақстандық банктер ипотекалық несиелер беруді уақытша тоқтатты. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, бұл уақытша шара және жақын уақытта несие беру қайта басталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Tengrinews.kz тілшісі Мәжіліс кулуарында Қизатовтан бұл жағдайды сұрап білді. "Қазір ипотека беруді тоқтату - банктер қабылдаған уақытша шара. Қалай болғанда да, ипотека нарықтағы банк өнімі және оны беру немесе бермеу туралы шешімді банктер өздері қабылдайды. Бұл шешімдерге ықпал ете алмаймыз", - деп түсіндірді ол. Қизатовтың айтуынша, уақытша шектеу, ең алдымен, базалық мөлшерлеменің көтерілуіне байланысты. "Базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты банктер ипотекалық несиелер беруді уақытша тоқтатты. Бірақ менің ойымша, олар қазір нарықтағы жағдайды бақылап отыр. Жақын уақытта, ең алдымен, қаржылық жағдайы тұрақты және табысы жеткілікті қарыз алушыларға ипотека беруді біртіндеп қайта бастайды деп ойлаймын. Жалпы алғанда, банктердің ипотека беруді қайта бастауы үшін кедергі көріп тұрған жоқпын", - деді агенттік төрағасының орынбасары. Қизатов банктердің бірінде жылдық 25 пайыздық мөлшерлемемен ипотека қайта беріліп жатқаны туралы желідегі ақпаратқа да пікір білдірді. "Ипотека әу бастан қымбат өнім. Жылдық 25 пайыздық мөлшерлеме, әрине, жоғары және мұндай несие тек табысы жоғары белгілі бір қарыз алушыларға ғана қолжетімді болады. Егер қарыз алушының қазіргі уақытта табысы жеткілікті болса, ипотекалық өнім тұрғысынан банк үшін тәуекел жоқ", - деп толықтырды ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда желшешек жұқтырған балалар саны көбейген Алматыда әсіресе балалар арасында желшешек ауруының көбеюі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылдың тоғыз айында ауру көрсеткіші 38,8 пайызға өскен. Осы кезеңде әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі 183 бала ауруханаға жатқызылған, ал асқынған жағдайлар саны былтырмен салыстырғанда 40,9 пайызға артқан. Асқынулардың ішінде орталық жүйке жүйесі мен тыныс алу жолдарының зақымдануы тіркелген. Ауырғандардың 60 пайыздан астамы мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балалар. Айта кетсек, желшешекке қарсы вакцинация Ұлттық екпе күнтізбесіне кірмегендіктен, ұжымдық иммунитет тек ауруды бастан өткергендердің есебінен қалыптасады. Шешек ауруының өсуі республика бойынша да байқалып отырғаны айтылды. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті дерегінше, биыл Қазақстанда шешек ауруының 30 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 85 пайызы, яғни 25 815 адам 14 жасқа дейінгі балалар. Былтыр 22 607 науқас анықталған болатын. Аурушаңдық өсімі — 32 пайыз. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Халықаралық стандарттау ұйымының бас хатшысын қабылдады Мемлекет басшысы Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас хатшысы Серхио Мухиканы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық стандарттау ұйымы жаһандық сауда, инновация мен орнықты дамудың негізін қалыптастыратын беделді институт екеніне тоқталды. Президент Қазақстанның ISO-мен бірге цифрлық трансформация, орнықты даму және цифрландыру секілді салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға әлеуеті мол екенін жеткізді. Бас хатшы Серхио Мухика ұлттық стандарттау жүйесі мен цифрлық технологияны дамыту бағытындағы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, еліміздің ұйым қызметіне белсенді қатысатынын және халықаралық стандарттарды енгізуге әзір екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серхио Мухика табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жұмыстардың жаңа бағыттарын дамытуға өзара ниет танытты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда 10 көшенің қиылысында жаңа жол белгісі пайда болды Алматыда қауіпсіздікті арттырып, кептелісті азайту мақсатында жол қозғалысын реттеудің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаладағы 10 көшенің қиылысында "вафель" жол белгісі салынды. Арнайы жол торы қиылыстың реттелетін аймағын көрсетіп, жүргізушілердің кептеліс кезінде жолды бөгеп қалуының алдын алады. Белгі қаладағы мына қиылыстарда пайда болды: Абай даңғылы - Назарбаев даңғылы; Абай даңғылы - Масанчи көшесі; Абай даңғылы - Брусиловский көшесі; Абай даңғылы - Момышұлы көшесі; Абай даңғылы - Тұрғыт Озал көшесі; Абылай хан даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі; Сәтбаев көшесі - Наурызбай батыр көшесі; Сәтбаев көшесі - Жароков көшесі; Жандосов көшесі - Жароков көшесі; Розыбакиев көшесі - Төле би көшесі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылордадағы мектеп әжетханасында оқушыны қатарластары жабылып ұрған Қызылордада алты жасөспірім мектептің әжетханасында 10-сынып оқушысын сабап тастаған. Оқушы көптеген жарақат алып, сүйегі сынған. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Әлеуметтік желілерде мектеп әжетханасында жасөспірімдер өз қатарласын ұрып жатқаны түсірілген видео тарады. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқушының жақ сүйегі мен мұрны сынған, сондай-ақ миы шайқалып, ауруханаға түскен. Жасөспірімге ота жасалып, жақ сүйегі металл пластиналармен бекітілді. Полиция не дейді? Қызылорда облыстық Полиция департаменті мәліметінше, бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Барлық күдікті жасөспірім ұсталып, полицияға жеткізілді. "Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ кінәлі жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады", – делінген полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ведомство өкілдері бұл оқиға бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға ұсыныс енгізілгенін, ондағы мақсат осындай жағдайлардың алдын алу үшін қосымша шаралар қабылдау және себептерді жою екені айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жанәбіловтердің адвокаты ҚМА өкілінің мәлімдемесіне жауап берді Блогер Жанәбіловтердің адвокаты Олег Чернов Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың пікіріне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, ҚМА блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғады. Бұл бап тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысқандарға қатысты жазаны қарастырады. Жаза – 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не болмаса екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеумен немесе онсыз тағайындалуы мүмкін. Мән-жайы Елемесовтің айтуынша, бәрі іске қатысушылардың ұстанымына байланысты. Егер адам әкімшілік жазаға келіспей, өтініш берсе (Жанәбіловтердің жағдайында), іс сотқа жіберіледі. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көрсетілген, егер тұлға әкімшілік жауапкершілікке келіспей, тиісті өтініш білдірсе, іс уәкілетті органда емес, сотта қаралуы тиіс", – деп түсіндірді ол. Адвокаттардың ұстанымы Олег Чернов Tengrinews.kz тілшісімен сұхбатында Елемесовтің сөзімен келіспейтінін айтып, әкімшілік құқық бұзушылықты мойындау адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын жеткізді. Ол блогерлердің қорғаушыларына хаттамамен танысуға және өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік те берілмегенін атап өтті. "Бізге бұл хаттамалармен танысып, өз ұстанымымызды білдіруге мүмкіндік берілген жоқ. Бізге: егер құқық бұзушылық жасамаған болсаңыздар, өтініш жазыңыздар, сот кінәлі не жоқ екенін өзі анықтайды, – деді. Солай болды да. Сот қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар деген шешім қабылдады, алайда ол (Елемесов – еск.) сипаттаған белгілер Қылмыстық кодекстің 214-бабына сәйкес келмейді", — деді адвокат. Черновтың айтуынша, блогерлер әкімшілік хаттамаға келіскен күннің өзінде бұл қылмыстық іс қозғауға кедергі болмас еді. "Айыппұл қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Егер тергеудің бастапқыда істі қылмыстық іске жеткізу мақсаты болса, жеделдетілген әкімшілік іс жүргізу бұл процесті тек жеңілдетер еді. Себебі хаттамада “курстардың жалғандығы” туралы тұжырымдар көрсетілген, бұл өз кезегінде қылмыстық құрамның белгілерін қамтиды. Мұндай хаттамаға қол қою арқылы адам оның мазмұнымен келіседі", — деп қосты ол. Сондай-ақ, 9 қазандағы сот отырысында блогерлер екінші адвокат Жасұлан Рахимғалиевті жалдағаны белгілі болды. Черновтың айтуынша, бұл шешім істің басқа қалада тергелуіне байланысты қабылданған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сара Назарбаева қайда екені айтылды Тұңғыш президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты тарап жатқан ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Кейінгі уақытта кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты әртүрлі болжамдар, шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. Осыған орай ресми түсініктеме беруді жөн деп санаймын: сәуірден бері Сара Алпысқызы Назарбаева Алматы қаласындағы Президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты ұлттық госпитальде жоспарлы ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай, отандық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылып жатыр", - деді Айдос Үкібай. Ол БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Алпысқызының есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайымдар таратуға жол бермеуге шақырды. 5 мамырда Сара Назарбаева ауыр хәлде жатқаны белгілі болды. Кейінірек Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады. Сара Назарбаева туралы не белгілі? Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. Өз тегі - Қонақаева. 1962 жылы Сара Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Араға бір жыл салып Дариға есімді қызды дүниеге әкелді. Көп ұзамай Динара мен Әлия Назарбаева дүниеге келді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Сара Алпысқызы қоғамдық жұмыстарда белсенді болды. 1992 жылы "Бөбек" қорын ашты. Кейін "SOS Киндердорф" балалар ауылын ашқан. "SOS Киндердорф" халықаралық қорының алтын медалімен, ЮНИСЕФ арнайы сыйлығымен, Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен және Қазақстанның бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапатталған. Сондай-ақ, бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы халықаралық жүлдесі және "Құрманжан Датқа" мен Unity халықаралық жүлдесіне ие болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылордада “Таза Қазақстан“ акциясы аясында жаңарған Қорқыт ата саябағы пайдалануға берілді Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті арттыру – мемлекет саясатының маңызды бағыты. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынғанреспубликалық "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы бүгінде бүкіл ел көлемінде кең қолдау тауып, игі нәтижесін беріп келеді. Бұл бастама Сыр өңірініңбас шаһары – Қызылорда қаласында да жүйелі түрде жүзеге асып, тұрғындардыңөмір сапасын арттыруға, жасыл аймақтарды көбейтуге және табиғатты аялауғабағытталған нақты жобалармен жалғасуда, - деп хабарлайды Қызылорда әкімдігі. "Таза Қазақстан" акциясы аясында Сыр өңірінің барша тұрғындары, еңбек ұжымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер, жастар мен қоғамдық белсенділер бірлесе жұмыс атқарып келеді. Ортақ мақсат – қала тазалығын сақтау, экологиялық жауапкершілікті арттыру және табиғатқа жанашырлықпен қарау. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 33 сквер, аллея және саябақ пен демалыс аймағы бар. Олардың барлығы кезең-кезеңімен күтімге алынып, жаңғыртудан өтуде. Соның ішінде айрықша мәнге ие нысан – жаңарған Қорқытата мемориалды саябағы. Толықтай жаңғыртылған саябақ бүгінде қызылордалықтар мен қонақтар үшін ең тартымды демалыс орнына айналды. Аумағы 39 мың шаршы метрді қамтитын саябақта заманауи су бұрқағы, балалар ойын және спорт алаңдары, серуен жолдары мен демалыс аймақтары салынды. Кешкі уақытта көркін ашатын жарық шамдары орнатылып, аумақтың әр бөлігіне сән берілді. Жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды. Қайта жаңғыртылған Қорқыт ата саябағының ашылу салтанатына ел ағалары, қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, қаланың даму бағыттары туралы кеңінен баяндады. "Қызылорда қаласында соңғы жылдары ауқымды жобалар жүзеге асып келеді. Мәселен, 6,5 млрд теңгеге қалалық мәдени-демалыс паркі жаңғыртылып, халық игілігіне берілді. Қазір 15 млрд теңгеге Президент саябағы қайтажаңғыртылуда. Мұнда 10 млрд теңгеге заманауи 300 орындық балалар тынығу лагері салынып жатыр. Сондай-ақ, 5 млрд теңгеге Ботаникалық білім беру орталығының ғимараты бой көтеруде", - деді қала әкімі. Шарада қала басшысы экологиялық бағдарламаға белсенді атсалысқан коммуналдық сала қызметкерлері мен саябақтың жаңғырту жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме мамандарына Алғыс хаттар табыстады. Жаңарған Қорқыт ата саябағы Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толу мерейтойы мен "Қала күні" мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді. Бүгінде бұл саябақ – қызылордалықтардың сүйікті демалыс орнына, ал экологиялық бастама – тазалық пен жаңару символына айналды. Қорқыт ата саябағының қайта жаңғыруы – Сыр еліндегі экологиялық мәдениеттің, қалалық орта сапасының және жасыл аймақтардың дамуының айқын дәлелі. Бұл жоба "Таза Қазақстан" бағдарламасының аясында іске асқан жүйелі істердің бірі ғана. Алдағы уақытта Қызылорда қаласы экологиялық тұрғыдан таза, инфрақұрылымы дамыған, тұрғындарға жайлы әрі заманауи өмір сүруге қолайлы қала ретінде дами беретіні сөзсіз.
“Өте абыройлы іс“. Тоқаев құтқарушыларды құттықтады Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы бейбіт күннің батырларына шынайы ризашылығын білдіріп, азаматтық қорғау саласының еліміз үшін стратегиялық маңызы ерекше екенін атап өтті. "Конституциямыздың алғашқы бабында "Адам және адамның өмірі – мемлекеттің ең қымбат қазынасы" екені анық көрсетілген. Азаматтық қорғау саласының әр қызметкері ел қауіпсіздігі және азаматтарымыздың амандығы үшін қажырлы еңбек етуде. Шын мәнінде, құтқарушы болу – кез келген төтенше жағдайға дайын тұру, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан адам өміріне араша түсу деген сөз. Бұл – әрине, өте абыройлы іс, жауапты қызмет. Халқымыз өздеріңіз сияқты батыл, ержүрек және ең бастысы, нағыз отаншыл азаматтарды әрдайым мақтан тұтады. Сіздердің адал қызметтеріңіз – өскелең ұрпақ үшін өте жақсы үлгі-өнеге", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент соңғы жылдары еліміз бастан өткерген табиғи апаттардың ең ауыр салмағы құтқарушыларға түскенін айтты. "Былтыр алапат су тасқыны кезінде сіздер жұртты қауіпсіз жерге көшіріп, апаттан аман алып қалдыңыздар. Қостанайда, Семейде және басқа да аймақтарда болған орман өртіне қарсы тұрып, тілсіз жаумен күрестіңіздер. Төтенше жағдай болған аймақтарға өзім де арнайы бардым. Ерлікке бергісіз нағыз еңбекті өз көзіммен көрдім. Сондықтан азаматтық қорғау саласы мамандарының кәсіби шеберлігі және табанды еңбегінің арқасында біз бір ел болып барлық қиындықты еңсердік деп толық сеніммен айтуға болады. Жалпы, құтқарушыларымыз соңғы 5 жылда 225 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалды. Сондай-ақ шетелдегі гуманитарлық миссияларға қатысып, кәсіби деңгейі жоғары озық маман екенін дәлелдеді. Сол арқылы еліміздің халықаралық беделін арттыруға атсалысты. Осы орайда бүгін мен еліміздегі барлық құтқарушыларға тағы да зор алғысымды айтамын", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылорда қаласында “Қожақ“ көпірі – ел игілігіне қайта оралды Қызылорда қаласында соңғы жылдары жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс орталығында және оған қарасты елді мекендерде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, көшелер мен алаңдар жаңарып, абаттандыру жұмыстары жанданды. Осындай игі бастамалардың бірі – Қызылөзек ауылдық округінде жүзеге асып отыр, - деп хабарлайды Қызылорда әкімдігі. Әкімдік мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіз қатынауына кедергі келтіріп келген апатты жағдайдағы "Қожақ" көпірі толықтай қайта жаңғыртудан өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілді. Көпірдің ашылу салтанатына ел ағалары, ауыл ардагерлері, зиялы қауым және тұрғындар жиналды. Көпірдің ресми ашылу рәсімінде сөз алған Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов тұрғындарды құттықтап, жобаның маңыздылығына тоқталды. "Қожақ" көпірінің қайта жаңғырту жұмыстарын жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүргізген. Салтанатты шара барысындақала әкімі Нұржан Ахатов мердігер мекеме қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, бірқатар еңбеккерлерге Алғыс хаттар табыстады. Биылғы жылы Қызылөзек ауылдық округінің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға барлығы 1 миллиард 600 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражат ауылдың заманауи келбетінқалыптастыруға бағытталып отыр. Атап айтқанда, елді мекеннің электр желілері толық жаңартылуда, жол құрылыстары жүргізіліп, көшелерге күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар, ауылда жарық бағаналары орнатылып, балаларойын алаңының құрылысы басталып кетті. Қызылорда әкімдігі соңғы екі жылда Сыр өңірінің орталығында 3 жаңа көпір бой көтеріп, әуежайдан қалаға дейінгі 3 көпір қайта жаңғыртудан өткенін хабарлады. Сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыс – Жаппасбай батыр көшелеріндегі теміржол үсті көпірі жаңарды, ал қазір Жанқожа батыр көшесі арқылы теміржол асты өткелі салынып жатыр. Міне, осы игілікті істердің жалғасы ретінде Қызылөзек ауылындағы "Қожақ" көпірінің қайта жаңғыртылуы – өңірдегі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Қорытындылай келе, Сыр елінің дамуы жолындағы мұндай жобалар тек тұрғындардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, елді мекендердің әлеуметтік және экономикалық өркендеуіне серпін береді. Қайта жаңғырған "Қожақ" көпірі – ел бірлігінің, өңірдің өркендеуінің және билік пен халықтың өзара түсіністігінің айқын көрінісі.
Астанада жаңа үлгідегі ақылы автотұрақтар пайда болады Астанада ақылы автотұрақ жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек депутаттық сауалға ресми жауабында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалада шлагбаум орнатылған жаңа үлгідегі ақылы тұрақтар пайда болады. Мұнда көліктің кіріп-шығуын автоматты түрде тіркейтін бейнебақылау камералары орнатылады. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі - минуттық төлем. Яғни жүргізушілер нақты тұрақта тұрған уақыты үшін ғана төлейді. Сонымен қатар, коммуналдық ашық тұрақтарға да заманауи камералар мен төлем жүйелері орнатылмақ, бірақ бұл инфрақұрылым сай келетін жерлерде ғана іске асады. Жаңа жүйе қаржылық ашықтықты қамтамасыз етуді көздейді. Барлық төлем мен айыппұл қала бюджетіне түсетіні айтылды. Алдын ала белгіленген тарифтер: Шлагбаумы бар тұрақтарда – сағатына 300 теңге; Ашық коммуналдық тұрақтарда – сағатына 100 теңге. Қолданыстағы мобильді қосымша жеке компанияға тиесілі. Қазіргі уақытта онымен жасалған келісімшартты бұзу процесі жүріп жатыр. Кейіннен тұрақтарды басқару толығымен қала әкімдігіне өтеді және жаңартылған минуттық төлем жүйесі ресми түрде енгізіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Баланы зорлап, өзенге батырып жіберген. Атырау облысында сот үкімі шықты Атырау облысында жағаұстатар оқиғаға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот мәліметінше, биыл маусымда Құлсарыда 7 жастағы қыз бала Құрсай өзенінің жағалауында серуендеп жүріп, үйіне қайтып бара жатқанда адасып кетіп, жолда сотталушы У.-ды кезіктірген. "Сотталушы У. масаң күйде болып, оған үйіне баратын жолды көрсететінін айтып алдаған, өзімен бірге жүруді ұсынған. Қызды жаңылыстырып, оны өзен жағасына апарып, дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, зорлаған. Жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол баланы ұрып-соғып, кейін өзенге батырып жіберген", - деп жазылған сот мәліметінде. Сот үкімімен У. тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 2025/2026 жылғы қыс қандай болады? "Қазгидромет" мамандары алдағы қыста Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Алдын ала болжамдарға сәйкес, 2025/2026 жылғы қыс салыстырмалы түрде жылы болмақ, бірақ ауа температурасының күрт ауытқуы, боран мен көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қараша: алғашқы боран, ауа температурасының ауытқуы Қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар түрінде жауын-шашын болады, ал оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр мен қар аралас ауа райы күтіледі. Әсіресе солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда бұрқасын, көктайғақ және тұман болады. Синоптиктердің айтуынша, ай бойы ауа райы жиі өзгереді: солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде –2...–7°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5...+10°С болады; ай аяғына қарай түнде –15...–20°С, күндіз –10...–15°С дейін суытады. Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде түнгі температура –3...–12°С пен +7°С аралығында, күндіз +6...+18°С шамасында болады. Қарашаның аяғында –15°С-қа дейінгі суық түсуі мүмкін. Қарашаның орташа температурасы нормадан 1°С жоғары, ал жауын-шашын мөлшері климаттық норма шегінде болжанып отыр. Желтоқсан: ауа райы климаттық нормаға жуық Желтоқсанда ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде норма шегінде, ал солтүстік-батыста - 1°С жоғары болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыста, керісінше, сәл салқынырақ болуы мүмкін. Жауын-шашын мөлшері шамамен норма деңгейінде, кей жерлерде аздау, әсіресе орталық және шығыс аймақтарда. Қаңтар: аяз жоқ Қаңтарда ауа температурасы климаттық норма шамасында, бірақ шығыс облыстарда - 1°С төмен болады. Жауын-шашын мөлшері нормада, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында көбірек күтіледі. Ақпан мен наурыз: күн жылынады және қар жауады Ақпан қыстың ең жұмсақ айы болмақ, температура нормадан 1–2°С жоғары. Жауын-шашын мөлшері республика бойынша норма шегінде болжанып отыр. Наурызда ауа райы жылы, климаттық көрсеткіштерден 1°С жоғары болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын нормадан көп, ал Маңғыстау облысында аздау күтіледі. "Алдын ала бағалау бойынша, Қазақстанда қыс біршама жылы, бірақ температурада күрт өзгерістер болады. Кей күндері қалың қар, боран және көктайғақ болуы ықтимал", - деді синоптиктер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2026 жылы Қазақстанда стипендия мөлшері қандай болады? Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда студенттер, магистранттар мен докторанттарға арналған мемлекеттік стипендия мөлшері қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомствоның Tengrinews.kz ресми сұрауына берген жауабы бойынша, Үкімет қаулысына сәйкес мемлекеттік стипендия мөлшері мынадай болады: бакалавриат студенттеріне - 52 372 теңге; педагогикалық мамандықтар бойынша оқитындарға - 84 000 теңге; магистранттарға - 117 098 теңге; докторанттарға - 262 500 теңге. Бұдан бөлек, мемлекеттік стипендияның артық мөлшері де көзделген. Атап айтқанда, көру және есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар тұлғаларға базалық сомадан 75 пайызға көп төленеді. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға 50 пайыздық үстемақы қарастырылған. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер мен магистранттар стипендияны 30 пайызға жоғары мөлшерде алады. Оқу үздіктеріне арналған үстемақы 15 пайыз болады. "2026 жылы стипендия мөлшерлері мен түрлеріне қатысты қаулыға өзгерістер енгізілмеген", - делінген министрлік жауабында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтарда көлік сатып алуға жаңа мүмкіндік болады Қазақстанда автокөлік сатып алу мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметі мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет ағымдағы экономикалық реформалар шеңберінде бірқатар шара дайындаған. "Олардың бірі – Отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру жөніндегі бағдарламаларын одан әрі жалғастыру, бұдан бөлек халықаралық тәжірибеге сәйкес, жеке тұлғалар үшін жеңіл автокөлік сатып алуға лизинг тетігі енгізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Бұл шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға және азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғаны айтылды. Анықтама: Лизинг – автокөлікті меншікке сатып алу құқығы мен ұзақ мерзімді жалдау. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы және тағы төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 17 қазанда Ақтөбе, Алматы, Риддер, Семей, Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Таза Қазақстан“: Шымкентте тұрғындар мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты Шымкент қаласында республикалық "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Қаланың барлық ауданын қамтыған сенбілікке қала тұрғындары, жастар, еріктілер, коммуналдық қызмет өкілдері мен білім беру мекемелерінің оқушылары белсене атсалысты. Абай ауданы: Қызылжар аумағы мен Сарыкөл көшесі тазартылды Тұрғыны тығыз шоғырланған Қызылжар шағын ауданында "Таза мекен" акциясы ұйымдастырылып, көшелердің бойы, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды. Қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Сарыкөл көшесінің бойы инертті қалдықтардан тазартылып, ретке келтірілді. Акцияға "Amanat" партиясының Шымкент қалалық филиалынан 50 адам, 100-ден астам тұрғын және 40 коммуналдық қызметкер жұмылдырылып, нәтижесінде 5 жүк көлігімен 12 тонна қоқыс шығарылды. "Таза Қазақстан" бағдарламасы тек сенбілікпен шектелмейді. Бұл бастама қоғамда экологиялық сананы қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға, сондай-ақ жас ұрпаққа үлгі көрсетуге бағытталған кешенді шара болып табылады", - дейді қоғам белсендісі Бастархан Байжанов. Әл-Фараби ауданы: №16 шағын аудан мен тұрғын үй аулалары тазартылды №16 шағын аудандағы №3 және №4 көп қабатты үйлердің ауласында сенбілік жұмыстары өтті. Қураған бұталар кесіліп, ирригациялық жүйелер тазартылды. Бұл шараға Әл-Фараби ауданының тұрғындары қатысып, арнайы 4 техника көмегімен 30 тоннадай қоқыс шығарылды. Еңбекші ауданы: Қалмырзаев көшесі тазартылып, көше сумен жуылды Қалмырзаев көшесінде өткен тазалық жұмыстары барысында жол жиегі шөптен, қоқыстан тазартылып, асфальт беті сумен жуылды. Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырады. Сенбілікке 100-ге жуық адам қатысып, 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды. 4 арнайы техника жұмылдырылды. Қаратау ауданы: Мирас шағынауданы мен Шым Сая шатқалында сенбілік Мирас шағын ауданындағы Ғұн елі, Кеме қалған, Алтын адам көшелері мен Шым Сая шатқалында сенбілік өтіп, қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілер жолы қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника мен шағын аудан тұрғындары және түрлі мекемелердің қызметкерлері қатысты. Тұран ауданы: Жаңаталапта ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді Қаланың шетінде орналасқан Жаңаталап шағын ауданындағы іс-шараға тұрғындар, ардагерлер және коммуналдық мекеме қызметкерлері белсенді қатысты. Көшелер мен арықтар тазаланып, қураған ағаштар кесілді. Жұмысқа бір тиегіш техника, екі жүк көлігі және үш ағаш кесу құрылғысы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам азамат атсалысты. Қала жастары: "Таза Шым" акциясы Абай саябағында өтті Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы мен Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Абай саябағында "Таза Шым" атты тазалық акциясы өтті. Оған 50-ге жуық ерікті жас қатысып, саябақ аумағын қоқыстан тазалап, 112 кг қалдық жиналды. Бұл шара жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған қаланың тазалығына үлес қосуға бағытталды. Мектептерде экологиялық тәрбие күшейтілді Қаланың барлық білім беру ұйымдарында "Таза қала" тақырыбында экологиялық сынып сағаттары мен дәрістер өтті. Мысалы, №5, №15 және №45 мектептерде ашық сабақтар ұйымдастырылып, оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау туралы жан-жақты ақпарат берілді. Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже "Таза Қазақстан" акциясы – бұл тек бір реттік сенбілік емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жерге жанашырлық танытуға бағытталған тұрақты жоба. Қала тұрғындары бұл бастаманың елдің экологиялық қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттырудағы маңызын жақсы түсіне бастады. Мұндай кең ауқымды тазалық шаралары қала аумағын таза ұстау ғана емес, тұрғындар арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға да өз үлесін қосып отыр. "Таза қала – таза қоғамның айнасы" қағидасын ұстанған шымкенттіктер бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті.
Қаскелеңде 21 жастағы қыз кісі қолынан қаза тапты Қаскелеңде 21 жастағы қыз өлі табылды. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 15 қазанда болған. Бұл хабар қоғамда үлкен резонанс тудырды. Полиция департаменті адам өлтіру дерегін растады және қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. "Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол қылмысын мойындады", - делінген ведомство хабарламасында. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Басына екі оқ атылған“: Астанада Ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысты тергеу қайта басталды Астанада 21 жастағы Ұлттық ұлан сарбазы Қайсар Сұлтановтың өлімі тағы да тергеліп жатыр. Бұған дейін іс үш мәрте өз-өзін өлтіру деген желеумен жабылған, бірақ марқұмның анасы ұлы кісі қолынан мерт болғанына сенімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайсар Сұлтанов 2023 жылы 9 қазанға қараған түні қайтыс болды. Ол Астанадағы 6636 әскери бөлімінде борышын өтеді. Марқұмның анасы қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ұлын көргенін және күдікті ештеңе байқамағанын айтады. Қайсар Сұлтанов, марқұмның жақындары ұсынған Қайғылы оқиғадан кейін тергеу органдары қылмыс құрамын таппай, істі үш рет жауып тастаған. Енді тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қайта басталды. Алайда Қайсардың анасы Сәуле Тілеубергенова ұлы өлтірілгеніне, ал кінәлілер әлі де Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп жүруі мүмкін екеніне сенімді. Марқұмның анасы ұлы мұндай қадамға бармайтынын айтады. Ол сот-медициналық сараптаманың нәтижелеріне сүйеніп отыр. "Мамандар бірінші оқтың төменнен жоғары атылғанын, бас сүйегі мен маңдайындағы жарақаттан сарбаз мерт болғанын анықтады. Қорытындыға сәйкес, екінші оқ алты минуттан кейін атылған. Бірақ бірінші жарақаттан кейін Қайсардың саналы түрде ешқандай әрекет жасауға шамасы келмеген", - деді ол. Адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, істі қайта бастағаннан кейінгі үш ай ішінде тергеу алға жылжымаған. Марқұмның отбасы істі "Кісі өлтіру" бабына қайта саралауды, бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін жауапқа тартуды талап етіп отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбе облысында сабақ үстінде 14 жастағы оқушы қыздың толғағы қысқан Ақтөбе облысында ана атанған 14 жастағы оқушы қыздың ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Жаңа туған сәбидің әкесі 64 жастағы ер адам болуы мүмкін. Ол қыздың әжесінің күйеуі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Ақтөбе облысындағы Перинаталдық орталықтың мәліметінше, қыз сәбиімен бірге Ойыл аудандық ауруханасынан санитарлық авиация арқылы жеткізілген. Қазір ол облыстық орталықта жатыр. "Бізге 14 қазанда сағат 19:30-да Ойыл орталық аудандық ауруханасынан санитарлық авиация арқылы баласымен жеткізілді. Нәресте мерзімінде туған, салмағы 2770 грамм, жағдайы қанағаттанарлық. Анасы дәрігерлердің бақылауында, тексеруден өтті", - деді Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының директоры Гүлшат Темірбаева. Қазір 14 жастағы мектеп оқушысы мен сәбиі бөлек палатада жатыр. Қасында қыздың анасы бар. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 13 қазанда сабақ кезінде қыздың толғағы келген. Ауруханаға түскеннен кейін дәрігерлер оның жүкті екенін анықтаған. Қыз толық емес отбасында тәрбиеленген және үш баланың үлкені. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 64 жастағы ер адам ұсталған. Ведомство дерегінше, ол қыздың өгей атасы болып шыққан. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл баптың санкциясы өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыға ақылы түрде кіру: көліктерді тексеру күшейтілді Алматыда түтіндейтін автокөліктерді тексеру бойынша рейдтер өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыда экологиялық стандартқа сай келмейтін көліктерге қала орталығына ақылы түрде кіру жүйесін енгізу ұсынылды. Осыған байланысты қалада жылжымалы зертханалар рейдтер жүргізіп жатыр. Әкімдік мәліметінше, 4-10 қазан аралығында мамандар 224 көлікті тексерген. Оның 138-і бензинмен немесе газбен жүрсе, 23-інде зиян заттар рұқсат етілген мөлшерінен асып кеткен. 64 дизельді көліктің 26-сы бойынша да уыттылық пен түтіндеу нормалары бұзылғаны тіркелген. Айта кетейік, Алматыдағы экология мәселесі жыл сайын өзекті болып келеді. Жақында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев қаладағы экологиялық проблемаларды шұғыл шешу қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, мәселені шешудің бір жолы – электромобильдерді кеңінен пайдалану. Еске салайық, Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жобасы әзірленген болатын. Ереженің негізгі мақсаты – атмосфераның ластану деңгейін жүйелі түрде төмендету. Экология басқармасының деректеріне сәйкес, қаладағы барлық шығарындының 60 пайызы автокөліктен, қалғаны жеке тұрғын үй секторына және стационарлық ластану көздерінен шығады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зейнетақы қаржысын стоматология арқылы алу: бір күдікті ұсталды Жуырда ҚМА жалған стоматологиялық клиникалардың иелеріне іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің сөзінше, Дүйсенов ұсталған. "Ол ұсталды, сот санкцияны растады. Тергеу органы оның осы төрт клиниканы құруға қатысы барын толық дәлелдеді. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттер нәтижесінде алынған сома анықталды", - деді Жеңіс Елемесов. Еске салайық, бұған дейін "Отбасы банк" тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЗЖҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталғанын мәлімдеді. Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Артынша ҚМА мына үш адамға іздеу салды: Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т. Иманбаев Габбас, 18.05.1998 ж.т. Елешев Есімхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“СҚ-Фармация“ тергеуде: бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша іс қозғалды "СҚ-Фармацияға" қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, ол тергеліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректерді жариялай алмаймын", – деді Елемесов Сенаттағы брифингте. Еске салайық, 2025 жылғы шілдеде Бас прокуратура "СҚ-Фармация" ЖШС-не қатысты Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) аудит қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеген болатын. Сол кезде Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 35,8 миллиард теңге көлемінде залал келтірілгенін хабарлаған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жанәбіловтерге қандай жаза тағайындалуы мүмкін? Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Алайда, ҚМА мәліметінше, мұндай жағдайдың алдын алуға болатын еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін ҚМА 37-ден аса блогерге қатысты материалдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жіберген. Сенаттағы брифинг барысында журналистер ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтен Жанәбіловтер ісі неге сотқа дейін жеткенін сұрады. Елемесовтің айтуынша, бәрі іске қатысушылардың ұстанымына байланысты. Егер адам әкімшілік жазаға келіспей, өтініш берсе (Жанәбіловтердің жағдайында), іс сотқа жіберіледі. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көрсетілген, егер тұлға әкімшілік жауапкершілікке келіспей, тиісті өтініш білдірсе, іс уәкілетті органда емес, сотта қаралуы тиіс", – деп түсіндірді ол. Айта кетейік, бүгін ҚМА блогер Жанәбіловтерге қатысты Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды. Анықтама: Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі уәкілетті органда тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жауапкершілікті көздейді. Жаза – 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не болмаса екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеумен немесе онсыз тағайындалуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан Lexus жүргізушісі қаза тапты Павлодар облысында Lexus көлігінің жүргізушісі жолдан шығып кетіп, оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодар облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 қазанға қараған түні Баянауыл ауданында болған. "Алдын ала деректер бойынша, Lexus RX 330 жүргізушісі рульге ие бола алмай, Қалқаман – Керней тасжолы бойында, Бірлік ауылының маңында жол жиегіне шығып кеткен", – деп хабарлады полиция. Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Организация (@dp_pavlodar) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға келеді Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды - ҚМА Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сенатта өткен брифинг барысында агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. "Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеуге кірістік. Олар (Жанәбіловтер - еск.) елде", - деді Елемесов. Оның айтуынша, материалдар апелляциялық сотта қаралғаннан кейін агенттікке түскен. Дау қалай өрбіді? Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген, репост жасау ғана. Алайда 21 тамызда оқырмандар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жұрт арасында наразылық тудырды. Кейінірек Жанәбіловтер ұйымдастырған даулы конкурс сотқа жетті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “Қазатомөнеркәсіп“ басшысына бірқатар тапсырма берді Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап. Президентке компанияның биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің нәтижелері таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік уран нарығындағы қазіргі жағдай, атом энергетикасын дамыту үрдістері мен бағыттары, сондай-ақ компанияның жаһандық атом индустриясындағы Қазақстанның позициясын одан әрі нығайту жоспарлары туралы мәлімет берілді. Мейіржан Юсуповтың айтуынша, жасанды интеллект технологиясының қарқынды дамуына және дата-орталықтардың энергия тұтыну көлемі артуына байланысты уранға сұраныс тұрақты түрде өсуі мүмкін. Бұған қоса, жаңа атом реакторларын жеделдетіп салу әсерінен әлемдік нарықта 2030 жылдан кейін уран тапшылығы сезілуі ықтимал. Мемлекет басшысына "Қазатомөнеркәсіп" геологиялық барлау және еліміздің минералдық-шикізат базасын ұлғайту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатқаны баяндалды. Бұл Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру аясында атқарылуда. Атап айтқанда, биыл екі жаңа учаскеде жұмыс басталған. Жалпы ауданы мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде геологиялық барлау жүргізілуде. Компания сирек кездесетін металдарды өндіру, ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, жасанды интеллект технологиясын енгізу бағыттарын дамытуды жоспарлап отыр. 2025 жылы қыркүйек айында "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының нарықтағы капитализациясы ең жоғары тарихи межеге жетіп, 14 миллиард доллардан асты. Компания акцияларының құны IPO-ға шыққалы бері 4,5 еседен аса өсті. Кездесу соңында Президент ресурс базасын одан әрі дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ компанияның әлеуметтік маңызы бар бастамаларға белсенді атсалысуына қатысты бірқатар тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру - уақыт талабы Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Заң мен тәртіп" тақырыбында танымдық кездесу өтті. Іс-шараға "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы Жансерік Жұман, білікті заңгер, кәсіби медиатор Айжан Кесебаева, сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Дәурен Тұрғынбай қатысты. Кездесу барысында жастарға заң аясында өмір сүрудің маңыздылығы, құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы рөлі мен құқықтық жауапкершілік жайында кең көлемде ақпарат берілді. Спикерлер жастарды кез келген әрекетінде заң нормаларын сақтауға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге шақырды. Айжан Кесебаева өз сөзінде соңғы жылдары жастар арасында құқық бұзушылық, буллинг және сталкинг сияқты әрекеттердің белең алып бара жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде сталкинг – қылмыстық жауапкершілікке тартылатын іс-әрекет болып табылады. "Психологиялық қысым көрсету, біреуді қудалау, әлеуметтік желіде жағымсыз пікір жазу немесе ар-намысқа тиетін сөз айту – барлығы заң бойынша жауапкершілікке әкеледі. Ең бастысы – заңды білмеу заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан әрбір жас өз құқығын ғана емес, өз міндетін де жете түсінуі керек", – деді заңгер Айжан Кесебаева. Бұл ретте Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Дәурен Тұрғынбай жастарға интернет кеңістігінде сақ болу қажеттігін ескертті. Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын бөлісіп, құқықтық мәдениетті арттырудың маңызын ерекше атап өтті. Іс-шара жастардың заңға құрметпен қарап, жауапкершілікпен әрекет етуіне бағытталған маңызды қадам болды.
Көркем гимнастикадан ҚР Кубогы мен Чемпионаты басталды Шымкент қаласында көркем гимнастикадан жастар мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы мен Чемпионаты өтіп жатыр. 15-18 қазан күндері аралығына жоспарланған сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, еліміздің барлық өңірінен жалпы 19 команда келген, - деп хабарлайды Шымкент әкімдігі. Қазақстан Республикасының Кубогы мен Чемпионатында 300-ден аса спортшы екі жас ерекшелік бойынша жекелей және көпсайыс түрінен бақ сынайды. Әкімдік мәліметінше, Аталған жарыстың маңызы жоғары. Себебі, ел кубогының және чемпионаттың жеңімпаз, жүлдегерлері алдағы жауапты бәсекелерде ел намысын қорғайды. Дәстүрлі түрде Шымкент қаласында ұйымдастырылған маңызды чемпионаттың салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан Гимнастика федерациясының Президенті Әлия Юсупова, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Дәрменов қатысты. Қала әкімі көпшілікпен бірге ел чемпионатын тамашалап, ұйымдастырушыларға сәтілік тіледі. "Шымкентте ҚР чемпионаты мен кубогын өткізуге барлық жағдай бар. Сондықтан да, аталған чемпионат жыл сайын бізде өтіп жатыр. Келесі жылы еліміз үшін маңызды спорттық дода – Жазғы Азия ойындары. Соған қазірден бастап дайындық жүргізілуде. Өздеріңіз білесіздер, әр Олимпиада ойындарына көркем гимнасшылар қатысып келеді. Біз осы дәстүрді жоғалтып алмауымыз керек. Азия ойындарында да жеңісті жолды жалғастыру басты назарда тұр", – дейді Әлия Мақсұтқызы. Айта кетсек, бүгінгі таңда қалалық көркем гимнастика спорт мектебінде 42 жаттықтырушы-хореографтар құрамы 400-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Осы спорт түрінен дарынды жастар, тәжірибелі спортшылар қаламыздың атынан әлемдік аренада танылды. Сабина Әшірбаева, Эльжана Таниева Олимпиада ойындарында бақ сынады. Токио олимпиадасының қатысушысы Алина Әділханова Азия Ойындарының жеңімпазы атанды.
Алматы облысында оқушы қыз жантүршігерлік оқиғаның құрбаны болған Қазақстанның Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде болған жетінші сынып оқушысына қатысты жантүршігерлік оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Бұған дейін желіде әйелдің өңірдегі мектептердің бірінде басшылықты айыптаған видеосы тараған еді. Ол директорға видео көрсетіп, жетінші сыныпта оқитын жетім қызға қатысты оқиғаға түсініктеме беруін талап етеді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған қызға қатысты қорлық көрсетілген кадрлар желіде тарап, көпшіліктің ашуын тудырды. Білім бөлімінің пікірі Жамбыл ауданы білім бөлімінің мәліметінше, оқиға 21 қыркүйекте мектептен тыс жерде болған. Мектеп директоры бұл туралы 13 қазанда біліп, бірден құқық қорғау органдарына хабарлаған. Бөлім өкілдері бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігіне сәйкес ("Он алты жасқа толмаған адамға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай азғындық әрекеттер жасау") қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің пікірі Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Instagram-парақшасында осы оқиғаға қатысты пікір берді. "Жеті кәмелетке толмаған бала анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Аймақтық бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының қызметкерлері дүйсенбіден бастап оқиға орнында жұмыс істеп жатыр", — деп жазды Зәкиева. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар Imrat Group криптопирамидасына миллиондап ақша салған ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Imrat Group атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алаяқтар Канаданың, Гонконг пен Ұлыбританияның атынан тіркелген жалған халықаралық инвестициялық компания ретінде жасырынып, азаматтарға күнделікті 0,5 пайыздан 1,5 пайызға дейін "жоғары табыс" уәде еткен. "Қатысу үшін азаматтар арнайы реферальды сілтеме арқылы тіркеліп, криптовалюта әмиянына 20-дан 10 000 АҚШ долларына дейін (USDT баламасында) қаражат аударуы қажет болған. Алайда шын мәнінде, салымдар тек пирамида ішіндегі қатысушылар арасында қайта бөлініп отырған – төлемдер жаңадан тартылған қаражат есебінен жүргізілген", - делінген хабарламада. Қатысушыларды тарту мақсатында күдіктілер заңды инвестициялық қызмет түрінде көрсету үшін белсенді жарнама жүргізіп, кеңселер жалдап, түрлі презентациялар мен конференциялар ұйымдастырған. Сондай-ақ, Telegram-арна ашып, онда тұрақты түрде жоғары табыс пен инвестициялардың қауіпсіздігін насихаттайтын бейнематериалдар жариялап отырған. "Заңсыз қызмет дер кезінде тоқтатылғанының арқасында пирамидаға барлығы 30 азамат тартылған. Олардың салған қаражаты 89 миллион теңгеден асады". Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы және тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "16 қазанда Ақтөбе, Алматы, Павлодар қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Бектеновке маңызды тапсырма берді Президент премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ,елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажет шешімдер қабылдау міндеті жүктелді. Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар, онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Депутат жәрдемақының бірінің мөлшерін көбейтуді ұсынды Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев мүгедектігі бар жандарға берілетін ең төменгі жәрдемақы мөлшерін 85 мың теңгеге ұлғайту қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутаттың сөзінше, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жалпы саны 725 мың адамға жеткен. "Бірақ біздің пайымдауымызша, мұндай азаматтардың саны бұл көрсеткіштен әлдеқайда көп. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты мәселе көп болғанымен, ол ашық айтыла бермейді. Кейде жеңіл сырқаты бар адамдар жалған мүгедектік рәсімдеп жүргені туралы шағым-арыздар түссе, кейде керісінше шын мәніндегі мүгедектер әділеттілікке жете алмай жүр", - деді ол. Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы - 55 474 теңге. "Жасыратыны жоқ, кейбір азаматтарымыз осы мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны алып, өлместің күнін көріп келеді. Қазір инфляция 12,9% деңгейіне жетіп, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің, дәрі-дәрмектердің бағасы күрт өсті. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысын кем дегенде ең төменгі жалақы көлеміне, яғни 85 000 теңгеге дейін көтеру қажет деп есептейміз", - деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев бірқатар жаңа заңға қол қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағандыда төтенше жағдай жарияланды Қарағандыда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағандыда Федоров су қоймасы аумағында орналасқан №10 кәріз коллекторының бір бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. "Қарағанды су" ЖШС мәліметінше, №145 пен №169 құдықтарының арасындағы 3,2 шақырым құбыр ауыстырылады. "Коллектордың бір бөлігі саяжайлар астымен өтеді, дәл осы тұста ақау анықталған. Су басу және апаттың алдын алу үшін саяжай аумағын айналып өтетін жаңа айналма желі салынады. Бұл шешім жеке жер телімдеріне тимей жұмыс істеуге және жүйенің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік хабарламасында. Әкімдік мәліметінше, қазір коллектор қалыпты жұмыс істеп тұр. Дегенмен, нөсер жауын мен қар еріген кезде апат қаупі жоғарылайды. "Жұмыстарды тезірек бастау үшін қалада техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл шешім апаттың салдарынан емес, оның алдын алу үшін қабылданған. Арнайы режим арқылы материалдарды жедел сатып алып, құрылыс жұмыстарын ұзақ келісімдерсіз бастауға мүмкіндік туады". Барлық негізгі жұмыстар мен материалдарды жеткізу жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Қазгидромет 16, 17, 18 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы күндері батыста, солтүстік-батыста жаңбыр мен қар жауады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Батыс және солтүстік-батыста ауа температурасы түнде +3…+11°С-тан –5…+8°С-қа дейін төмендейді, күндіз +5…+18°С болады. Солтүстік, орталық және шығыста түнде 0…–13°С-тан –3…+3°С-қа дейін жылынады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 0…+12°С-тан +5…+13°С-қа дейін өзгеріп, күндіз +10…+23°С болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жалақыны күтеміз“. Мәжілісмен бөліп төлеуді жиі қолданаты туралы айтты Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек журналистерге әуебилеттерді бөліп төлеу арқылы сатып алатынын және жалақыны күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжіліс кулуарында Tengrinews.kz тілшісі депутаттан бөліп төлеуге алған қанша төлемі бар екенін сұрады. "Мен, мысалы, тіпті әуебилеттерді де бөліп төлеуге аламын. Онда, шамамен 8–9 болатын шығар. Маған Алматымен байланыста болып, барып-келіп, халықпен кездесіп тұруым керек қой. Сондықтан жалақыны күтеміз. Мен бизнестен келген жоқпын, қарапайым заңгермін. Заңгерлік тәжірибемді толығымен аяқтадым. Сол себепті тек жалақыға қарап отырмыз", - деді депутат. Базарбектің айтуынша, кейде өңір тұрғындарымен кездесулер өткізу үшін де бөліп төлеуге жүгінуге тура келеді. "Кейде жалақы болмай қалады. Бірақ мәселелерді шешу керек, бару керек, халықпен кездесу керек. Мысалы, сенбі мен жексенбіде. Тау бөктеріндегі елді мекендерде жағдайлар болып жатады... Кейде тұрғын үй кешендерінің тұрғындары жазып жатады: кездесу керек деп. Сонда мен жұма күні кешке ұшып кетіп, сенбі күні кездесемін", - деп қосты ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
TurkicSkills-2025: Түркі елдерінің кәсіби шеберлік пен еңбек беделінің жаңа белесі Ақтау қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен алғашқы халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлікчемпионаты өз мәресіне жетті. Шара WorldSkills International ұйымының қолдауымен өткізіліп, түркі әлемінің кәсіптік білімберу жүйесінің байланысын нығайтты. Ұйымдастырушылар - Оқу-ағарту министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі, оператор - "Talap" КеАҚ. Чемпионатқа Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және Венгриядан келген 70-тен астам жас өрендер қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Үш күн бойы TurkicSkills алаңы кәсіби тәжірибе мен жаңа серіктестіктің орталығына айналды. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбаев атап өтті: "Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен бұл чемпионат – еліміздегі кәсіптік білім беруді жаңғыртуға бағытталған маңызды шара. TurkicSkills – түркі елдері жастарының шеберлігін шыңдауға зор мүмкіндік беретін бірегей алаң". Оқу-ағарту министрлігінің "Talap" КеАҚ басшысы Санжар Татибеков өз сөзінде: "TurkicSkills – Жұмысшы мамандықтар жылындағы серіктестікті нығайтудың жарқын көрінісі. Бұл бастама еліміздегі колледждерді халықаралық деңгейге шығарып, еңбек адамының беделін арттыруға бағытталған". Финалдық күні чемпионатқа WorldSkills International Директорлар кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш арнайы келіп, жоғары бағасын берді: "TurkicSkills 2025 – өңірдің халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізе алатын әлеуетін көрсетті. Қазақстан алдағы уақытта WorldSkills немесе WorldSkills Europe жарыстарын қабылдай алатын елге айнала алады", – деді ол. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 1 медальон иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. TurkicSkills-2025 түркі елдерінің ортақ еңбек мәдениетін қалыптастырып, кәсіби білім беруді халықаралық деңгейде біріктірген маңызды алаңға айналды. TurkicSkills-2025 чемпионаты кәсіби шеберлікті ғана көрсетіп қойған жоқ – ол түркі елдерінің интеграциясы мен өзара дамуының жаңа кезеңін айқындады. Чемпионаттың бастамашысы әрі ұйымдастырушысы болған Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру саласында түркі әлемінің көшбасшысы ретіндегі орнын нығайтты. Бұл чемпионат технология мен дәстүр, шеберлік пен инновация ұмтылысы тоғысқан алаңға айналды. Нәтижелері көрсеткендей, түркі әлемінде жұмысшы мамандықтарының беделі артып келеді, ал жас буын келешек экономикасын - білікті еңбек, білім мен жасампаздық экономикасын - сеніммен қалыптастыруға дайын. TurkicSkills-2025 түркі елдерінің халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаттарын жыл сайын өткізудің жаңа дәстүріне бастау берді. Бұл дәстүрдің басты капиталы - адамдар, олардың еңбегі мен шеберлігі.
Тоқаев Баньканы “Достық“ орденімен марапаттады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Витольд Баньканы ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы Қазақстан спортын дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады", - делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Витольд Баньканы қабылдаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік президентін қабылдады Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттағы допинг проблемасымен күресетін жаһандық институт ретінде негізгі рөл атқаратынына назар аударды. Сондай-ақ Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды қадам саналатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі түрде тәртіп бұзушылармен күресу және таза спорттың бірыңғай стандарттарын қолдау мәселесіндегі агенттіктің берік ұстанымына жоғары баға берді. Бұл спортшыларға ғана емес, әлемдегі миллиондаған жанкүйер үшін де өте өзекті. Бүгінде Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі жанынан допингке қарсы сынамалар зертханасы жұмыс істейді. Бұл – Орталық Азиядағы осы тектес жалғыз мекеме. Зертхана базасында Өңірлік допингке қарсы ұйым қызмет етеді. Оның құрамына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Моңғолия және Ауғанстан секілді елдер кіреді. WADA президенті Қазақстанның агенттік бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің спорт құрылымдарымен ықпалдастық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Витольд Банька ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыру, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің жауапты әрі сенімді серіктесі ретіндегі Қазақстанның мәртебесін одан әрі нығайту ниетін растады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жетісу облысында екі ауыл қайтарылған активтерден 480 миллион теңге алады Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және құрылыс жобаларына 480 млн теңге бөлді. "Жоба бойынша Алакөл ауданы Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін тарту және Қаратал ауданы Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым су желісін жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде мыңнан аса ауыл тұрғыны ауызсумен қамтылады", - деп жазылған хабарламада. 2025 жылдың аяғына қарай өңірдегі ауызсумен қамтылған ауылдардың үлесін 99,9%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз - 329 ауыл мен шамамен 697 мың облыс тұрғыны. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мәжілісте жаңа депутат ант қабылдады Әбутәліп Мүтәлі Мәжілістің жаңа депутаты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келді. "Әбутәліп Мүтәлі бүгін жалпы отырыста Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды", - деп жазылған хабарламада. Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында Мәжілістің жаңа депутаты ант қабылдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда 130 көлеңкелі криптоайырбастау алаңы жойылып, 16,7 миллион USDT-ке тыйым салынды Қазақстанда интернет-алаяқтық және есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 130 алаң жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап. ҚМА мәліметінше, тергеп-тексеру нәтижесінде 16,7 миллион USDT-ке тыйым салынды. Бұл қалай жұмыс істейді? "Есірткі дүкендерінің" иелері мен киберқылмыскерлер ақшаны банк шоттарына, не криптовалюта түрінде айырбастау қызметін көрсететін әмияндарға аударады. Одан әрі бұл қаражат конвертацияланып, қаржылық транзакциялар тізбегі арқылы ақшаның шыққан көзі жасырылады. Заңсыз табысты "тазарту" үшін арнайы ақы алынады. Мұндай операциялар үшін көбіне дропперлердің банк карталары мен әмияндары пайдаланылады. "Осылайша, заңсыз криптоайырбастау платформалары көлеңкелі қаржы операцияларына белсенді қатысып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және шетелге шығару арқылы "кәсіби жылыстатушылар" ретінде әрекет етеді", - делінген хабарламада. ҚМА ұсынады Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға цифрлық активтерді айырбастау кезінде сенімді және жауапты тәсілмен әрекет ету қажеттігін ескертеді. Айырбас қызметтерін тек заң аясында жұмыс істейтін, ресми тіркелген және лицензияланған провайдерлер арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Лицензиясы бар криптобиржалардың тізімімен мына сайтта танысуға болад. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады Қазақстанда телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылы 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады", - делінген "Қазтелерадио" АҚ хабарламасында. "Қазтелерадио" уақытша қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұрады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбе облысында оқушы босанды Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тоғызыншы сынып оқушысы жүктіліктің 38-аптасында босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, оқушы қазір медициналық мекемеде жатыр. Бұл жайтқа өңірдің Полиция департаменті өкілі пікір білдірді. "Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Істің тергелу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Болат Көшқалиев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Абай облысында 13 жастағы оқушы жоғалып кетті Абай облысында 13 жастағы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыз 13 қазанда кешке үйінен шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Туыстары полицияға арыз жазған. Ол Семейден кетіп қалуы мүмкін деген болжам бар. Абай облысының Полиция департаменті жоғалған қызды іздеу бойынша тұрғындарға үндеу жолдады. "Із-түзсіз жоғалып кеткен Саржан Аружан Ануарқызын (26.06.2012 жылы туған) іздеуге жәрдемдесуді сұраймыз. 2025 жылғы 13 қазанда ол Бородулиха ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қазіргі уақытта оның жүрген жері белгісіз", – деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Белгілері: шашы ұзын, қара түсті, көзі қоңыр, қараторы. Көзінің астында қал бар. Бойы 155–160 сантиметр, арықша келген. Үстінде қара түсті былғары куртка, ақ түсті капюшоны бар толстовка және ақ түсті аяқкиім болған. "Егер қыздың жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білсеңіз, 102 нөміріне хабарласыңыз", – деп нақтылады полиция департаменті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдан 195 шақырым қашықтықта жер сілкінді Сейсмологтар Алматыдан 195 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық деректер орталығы мәліметінше, 14 қазанда Астана уақытымен сағат 12:17-де Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) деректері бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі - Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 195 шақырым жерде. Қырғызстан Ұлттық ғылымдар академиясының Сейсмология институты мәліметінше, елді мекендерде жер сілкінісінің күші шамамен 2,5 балл болған. Еске салайық, 6 қазанға қараған түні Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелген болатын. Сейсмологтар мәліметінше, жер сілкінісінің қарқындылығы екіден төрт балға дейін жеткен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “Лукойл“ компаниясының акционерін қабылдады Мемлекет басшысы "Лукойл" компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуде Президентке "Лукойл" компаниясының Қазақстандағы қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Мемлекет басшысына "Қаламқас-теңіз" және "Хазар" бірлескен ірі жобаларын іске асыру барысы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Вагит Алекперовті компанияның Қазақстандағы табысты қызметінің 30 жылдығымен құттықтады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ - Президент парламенттік реформа туралы Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс екенін мәлімдеді. "Бір палаталы Парламент құру туралы бастама инновациялық саяси шешім болды. Қазір ел ішінде, әлеуметтік желіде түрлі ой-пікір айтылып жатыр. Басым көпшілігі мұны "әбден пісіп-жетілген мәселе" деп санайды. Тіпті "халықтың көбі қолдаған бастаманы талқылап, референдум өткізудің қажеті жоқ" деген ой да айтылып жатыр. "Реформаны созудың қажеті жоқ, таяу арада, қысқа мерзім ішінде жасай салуға болады" деген пікір де бар. Шын мәнінде, қай жағынан алып қарасақ та, мәселе өте өзекті. Азаматтарымыздың әртүрлі пікір айтып, белсенді болғаны – жақсы үдеріс. Дегенмен парламенттік реформа – аса күрделі жұмыс. Асығыстыққа жол беруге болмайды. Себебі бұл – еліміздің тағдырын шешетін жағдай. Бұл – мемлекеттің болашағына тікелей ықпал ететін қадам. Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс. Қазақстан – халық үніне құлақ асатын Әділетті мемлекет. Бұл – мызғымас ұстаным", - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент әр қазақстандықтың ұсынысын ескеруді тапсырды Мемлекет басшысы парламеттік реформада әр қазақстандықтың ұсынысын ескеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Парламент – Тәуелсіздігімізді және мемлекеттігімізді айшықтайтын маңызды құрылым. Бұл ешқашан өзгермейтін ақиқат, алдағы уақытта да солай болып қала береді. Жалпы, реформаның негізгі мақсаты, соған сәйкес істелуге тиіс жұмыстың бағыт-бағдары туралы Жолдауда кеңінен айтылды. Референдумға дейін атқарылатын жұмыстың бәрін мұқият ойластырып, байыппен жүргізу қажет. Білікті мамандар өз ойларын ашық айтып, тиімді ұсыныстар беруі керек деп санаймын. Түпкілікті шешім, яғни қоғам пікірі дұрыс болуы үшін осы мәселеге қатысты айтылатын әрбір ой-пікір де әбден тексерілген, екшелген, жан-жақты сарапталған болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан Жұмыс тобы өз міндетін нағыз кәсіби ұстанымға сай атқаруға тиіс". Президент е-Otinish және е-Gov порталдары арқылы келіп түскен барлық ой-пікірді сараптап, зерделеу қажет екенін айтты. "Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек. Ата заңға енгізілетін әрбір өзгеріс мұқият пысықталып, дайындалуға тиіс. Әр баптың, әр норманың мән-мағынасына терең бойлаған жөн, яғни құқықтық, процедуралық мәселелерді нақты айқындап алуымыз қажет. Бұдан бөлек, басқа да көптеген мәселе пайда болуы мүмкін. Қысқасы, алдымызда тұрған шаруа өте ауқымды. Жұмыс тобына үлкен сенім артылып отыр. Істеріңізге сәттілік, табыс тілеймін!" Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: e-Parlament жүйесі қыр астында тұр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта e-Parlament сұранысқа ие құралға айналуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Үшіншіден, алдағы реформа экономика, әлеуметтік және технологиялық даму секілді басқа да салалардағы жан-жақты жаңғырулармен үйлесім табады. Мысалы, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу күллі әлемдегі мемлекеттік басқару жүйесін өзгертетіні сөзсіз. Бірқатар елде қазірдің өзінде «электрондық» немесе цифрлық парламент» элементтері сынақтан өткізіле бастады. Бұл азаматтарды саяси өмірге араластырудың жаңа формаларын қамтамасыз етіп, заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында жасалады. Келешекте бұл үрдіс күшейе түспек. Сондықтан біз де осы бағытқа саналы түрде күш саламыз. Алдағы уақытта e-Parlament қазіргі электрондық үкімет – e-Gov сияқты сұранысқа ие құралға айналуы мүмкін. Сол себепті бір палаталы Парламентке өту бір есептен жұмыстың жаңа қалыбы мен қарқынына, тез шешім қабылдауға бейімделуді көздейді. Яғни заман өзгеріп жатыр, ол өз талабын орындатады, e-Parlament жүйесі қыр астында тұр. Жақында өмірімізге дендеп енуі мүмкін. Сондықтан заң қабылдауда мүлде қате жіберуге болмайды", - деді Президент Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс“ - Тоқаев парламенттік реформа туралы Қазақстан Президенті Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президенттің айтуынша, парламенттік реформа – аса күрделі жұмыс. Асығыстыққа жол беруге болмайды. Себебі, бұл – еліміздің тағдырын шешетін жағдай. Бұл – мемлекеттің болашағына тікелей ықпал ететін қадам. Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс. Қазақстан – халық үніне құлақ асатын Әділетті мемлекет. Бұл – мызғымас ұстаным. Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгеретінін айтты. "Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады. Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек. Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұстарына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді", - деді Презиедінт. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қате пікір“: Тоқаев Парламентті реформалау  деген Сенатты тарату деген сөз емес екенін айтты Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының пікірінше, Парламентті реформалау Сенатты тарату деген сөз емес. "Парламенттік реформа "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" саяси формуласына толық сай келеді. Жаңа да атап өттім, бұл – мемлекетіміздің құрылымын айқындайтын басты тұжырым. Түптеп келгенде, парламенттік реформа және осыған дейін жүзеге асырылған реформалар біздің аймақта бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде, жаңа басқару жүйесінің негізін қалайды. Сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселеге назар аударғым келеді: Парламентті реформалау бұл Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек. Осылайша азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады", - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Парламенттік реформа – еліміздің тағдырына тікелей қатысы бар мәселе“ - Тоқаев Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым. Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары. Тағы да қайталап айтқым келеді: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе. Жұмыс тобының әр мүшесі осы тарихи міндетті дұрыс түсініп, белсенді жұмыс істейді деп сенемін", - деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу бойынша алғашқы қылмыстық істер тіркелді Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу бойынша алғашқы қылмыстық істер тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды. Осы заңмен неке қиюға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауаптылық енгізілген (ҚК-тің жаңа 125-1-бабы). Егер әйел ұрланып, күш қолдану қаупімен немесе мүлкін жою не бүлдіру қатерімен неке қиюға мәжбүрленсе, кінәлі адамға 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Абайсызда ауыр зардаптар туындаған жағдайда - кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылады. "Неке қиюға мәжбүрлеу деректері бойынша алғашқы қылмыстық істер Шымкент және Қызылорда облысында тіркелген. Айта кетерлігі, екі жағдайда жәбірленушілер кәмелетке толмағандар болған", - делінген хабарламада. Аталған деректер бойынша тергеу жалғасып жатыр және прокуратура органдарының бақылауында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК қашып жүрген бұрынғы адвокатты Астанаға жеткізді ҰҚК халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы адвокатты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 11 қазанда ҰҚК ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді. "Ол аса ірі көлемде сыбайлас жемқорлыққа барды деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада 22 жастағы қыз риносептопластикадан кейін алты айға комаға түскен Астанадағы жеке клиникалардың бірінде мұрынға риносептопластика жасатқан 22 жастағы қыз алты айға комаға түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Қостанайлық 22 жастағы Гүлжан 28 сәуірде Астанадағы жеке клиникалардың бірінде мұрын қалқасын түзетуге арналған жоспарлы операцияға жатқан. Қыз содан кейін алы ай кома жағдайында болған. Туыстарының айтуынша, операцияны бес жылдық тәжірибесі бар пластикалық хирург және 24 жыл еңбек өтілі бар анестезиолог жасаған. "Отадан кейін қызды ауыр жағдайда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына (ҰШМҮО) жеткізді. Алғашқы екі ай жансақтау бөлімінде болды, кейін палатаға ауыстырылды", – деді туыстары. Бүгінде Гүлжан оңалту орталығында ем алып жатыр, алайда оның жағдайы әлі де ауыр. Туыстарының сөзінше, клиника полицияға арызданбау шартымен қыздың емін төлеуді ұсынған. Алайда ата-анасы бұл ұсыныстан бас тартқан. "Бос уәделерге сеніп, алданып қаламыз ба деп қорқамыз", – дейді олар. Денсаулық сақтау министрлігі пікірі Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті редакцияның ресми сауалына берген жауабында пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру жағдайын анықтау үшін тәуелсіз сараптамалық тексеру басталғанын хабарлады. "2025 жылдың 9 маусымы мен 26 қыркүйегінде ЖШС-ға тәуелсіз сараптамалық комиссия жүргізу туралы хат жіберілді. Қазіргі уақытта клиника тексеру жүргізілетіні туралы жауап берді, оның нәтижесі бойынша өтініш берушіге және департаментке жауап жолданады", – делінген ведомство хабарламасында. Департамент мәліметінше, клиника пациенттің еміне қаржылай көмек көрсетіп отыр. Клиниканың e-license базасында лицензиясы бар екені және ол денсаулық сақтау талаптарына сәйкес келетіні айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар алдағы аптада қосымша бір күн демалады Қазанда қазақстандықтарда қосымша бір күн демалыс болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Республика күні - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке, ол жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді. Бұл мереке 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған кезде пайда болды. 2022 жылдан бастап Республика күні демалыс күні болып белгіленді. Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады? Бес күндік жұмыс аптасы 2025 жылы 25 қазан сенбіге түседі, сондықтан "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Нәтижесінде қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады: 25 қазан (сенбі); 26 қазан (жексенбі); 27 қазан (дүйсенбі). Жалпы алғанда, қазанда бес күндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады. Алты күндік жұмыс аптасы Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін мерекелік демалыс қысқарақ болады: 25 қазан (сенбі) - мерекелік демалыс; 26 қазан (жексенбі) - демалыс; 27 қазан (дүйсенбі) - жұмыс күні. Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қазанда бар болғаны 5 күн демалады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "14 қазанда Жезқазған, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында той кортежі жазаланды Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Алматы - Шымкент тасжолының 667-шақырымында жол ережесі бұзылғанын анықтады. ІІМ мәліметінше, Сайрам ауданының тұрғыны үйлену тойын өткізу үшін 10-ға жуық көлік жалдаған. "Олардың жүргізушілері жол ережесін өрескел бұзып, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына кедергі келтірген. Барлық жүргізуші анықталып, жауапқа тартылды. Ал көліктер айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ, ұйымдастырушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді ІІМ өкілі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Трампты құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбелік 15 жастағы фуболшының өлімі: тергеу басталды Кеше "Ақтөбе" футбол клубының 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса көз жұмды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті қайғылы жайтқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Полиция бір отбасының үш мүшесінің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Газ жабдығына техникалық зерттеу жүргізіліп, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция. Еске салайық, бұған дейін футболшымен бірге әжесі мен немере ағасы да көз жұмғаны хабарланды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от FC Aktobe Jastar (@fcaktobe_youth) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Банк ВТБ басқарма төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Банк ВТБ басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кездесуде қаржы-банк және инвестиция саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Талғардағы зорлау, адам өлтіру және бала ұрлау ісі: күдіктіге 11 бап бойынша айып тағылып отыр Тергеушілер Талғарды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты істі аяқтады. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 11 бабы бойынша айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үш күдікті бар, екеуі кәмелетке толмаған Адвокат Асылбек Абдраимовтың айтуынша, ол әріптесі Жандос Палмановпен бірге іс материалдарын зеттеуді бастаған. "Барлық қажетті тергеу әрекеті мен сараптама аяқталды. Іс танысу үшін тараптарға жіберілді", – деді адвокат. Негізгі күдікті, Е.-ге Қылмыстық кодекстің 11 бабы бойынша айып тағылған: 99-бап, 2-бөлім, 7-тармақ – "Адам өлтіру, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;"; 125-бап, 3-бөлім, 2-1-тармақ – "Адам ұрлау, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса"; 120-бап, 1-бөлім – "Зорлау"; 121-бап, 1-бөлім – "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері"; 190-бап, 3-бөлім, 4-тармақ – "Алаяқтық, адамдар тобы жасаған"; 147-бап, 5-бөлім – "Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу"; 149-бап, 2-бөлім – "Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу"; 115-бап – "Өлтірумен қорқыту"; 287-бап, 3-бөлім – "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру"; 288-бап, 1-бөлім – "Қаруды заңсыз жасау"; 132-бап, 4-бөлім – "Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту". Іс бойынша кәмелетке толмаған А. және К-де сотта жауап береді. Оларға екі бап бойынша айып тағылған: 99-бап, 2-бөлім, 7-тармақ – "Адам өлтіру, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;" 125-бап, 3-бөлім, 2-1-тармақ – "Адам ұрлау, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса"; Талғардағы адам өлтіру және бала ұрлау оқиғасы Еске салайық, 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызылқайрат ауылында жұртты дүр сілкіндірген қылмыс болды. Ер адам ауыл тұрғынын атып өлтіріп, оның кішкентай жиенін ұрлап кеткен. Кейінірек арнайы жасақ баланы құтқарып, анасымен қауыштырды. Күдікті ұсталды. Сәриева оқиғаға қатысты бірнеше видео жариялап, кейбір деректерді нақтылады. Видеода жәбірленуші Сәриеваның туған әпкесі екені, ал күдікті автосервис қызметкері екені айтылады. Бір ай бұрын ол әйелді зорлады деп айыпталған. Адвокаттың сөзінше, сол кезде полиция ешқандай шара қолданбаған. Кейін адвокат күйеуімен бірге күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған, алайда келесі күні ол босатылған. Осыдан кейін ер адам Сәриеваның әпкесіне қоңырау шалып, қорқыта бастаған. Кейін ол әйелдің ағасының үйіне барып, оны атып өлтіріп, екі жасар баланы ұрлап әкеткен. Ағасы оқиға орнында қаза тапқан. Артында үш баласы мен жүкті әйелі қалды. Ол баланы кепілде ұстап, полицейлер қуған кезде көлікті жардан аударып жіберген. Қыз жарақат алып, кейін оған ота жасалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк 50 мың доллардан асатын операциялар туралы деректі салық органдарына береді Ұлттық банк Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне валюталық операциялар туралы ақпарат беретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 50 000 доллардан астам валюталық операциялар, тауарсыз мәмілелер, бейрезиденттердің кірістері мен "Астана" Халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың операциялары бойынша ақпарат ұсынылады. Тиісті бұйрықтың жобасын Қаржы министрлігі жариялады. Құжатта көрсетілген мәлімет бойынша, бұл бұйрықты іске асыру капиталды заңсыз шығару жағдайларын уақтылы анықтауға және жалған мәмілелердің тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. "Бұл жоба мемлекеттік кіріс органдарының ірі валюталық операциялар туралы ақпаратқа уақтылы қол жеткізуін, капиталды заңсыз шығару жағдайларын анықтаудың тиімділігін арттыруды, жалған операцияларды жүзеге асыру тәуекелдерін азайтуды қамтамасыз етеді, осыған байланысты теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарлар жоқ", – делінген құжатта. Бұйрық жобасын көпшілік талқылау 28 қазанға дейін жалғасады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Перизат Қайратты колонияда жұмысқа үйретеді Перизат Қайрат кім болып жұмыс істейді және ол анасы Ғайни Алашбаевамен бір колонияға ауысуы мүмкін бе? Бұл сұраққа ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Перизат Қайрат кім болып жұмыс істейді? Абай Қайырбековтің айтуынша, Перизат Қайраттың жұмысқа орналасу мәселесі оның дағдылары мен бос жұмыс орындарына байланысты шешіледі. "Оның қабілетіне қарай қолайлы бос орындарды қарастырамыз. Егер біліктілігі жеткіліксіз болса, мұндай сотталғандармен тиісті оқыту жұмыстарын жүргіземіз", – деді ол. Қайырбековтің сөзінше, қажет болған жағдайда Перизат Қайрат колония жанындағы колледжде немесе курстарда оқытылады. "Мекемеге келген соң көреміз. Оның қабілетін зерттейміз (...) Тігін өндірісі немесе басқа жұмыстармен айналысуға болады. Мекеме ішінде шаруашылық бөлімінде жұмыс істей алады. Әртүрлі жұмыстар бар. Сотталғандардың жалақысы әртүрлі, жұмыстың көлеміне байланысты. Ең төменгі жалақыны сотталғандар міндетті түрде алады", – деді ол. Бір колонияға түсуі Абай Қайырбековтің айтуынша, анасы мен қызын бір колонияға ауыстыруға болады. Алайда олардың бір отрядта немесе бөлек болатынын түзеу мекемесінің өз басшылығы шешеді. Жедел жағдай мен сотталғандардың қауіпсіздігі ескеріледі. "Мекеме ішінде орналастыру кезінде бұл мәселелер ескеріледі. Олар бір отрядта ма, әлде әртүрлі отрядтарда ма, бұл жедел жағдайға байланысты шешіледі", – деп жауап берді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке Палата қызметі туралы ақпарат берілді. Ерлан Қошанов депутаттар жұмыс барысында Президент Жолдауы мен ел дамуы бойынша берген тапсырмаларды заңнамалық тұрғыда уақтылы әрі сапалы қамтамасыз етуге ерекше мән беретінін баяндады. Бүгінде 15 заң қабылданып, Сенатқа жолданды. Мәжіліс қарауында 77 заң жобасы бар. Жыл соңына дейін Құрылыс, Цифрлық кодекстер мен «Банк қызметі туралы» Заңды қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ сайлау, тұтынушылардың құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу секілді заң жобаларына қатысты жұмыс жүргізілуде. Депутаттар жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы заңнамаға түзетулер енгізуге, сондай-ақ креативті индустрия, ғылыми зерттеу аумақтарын дамыту, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау, бағбандық шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік қолдау бойынша заң жобаларына бастамашы болды. Заң шығару жұмысы жұртшылықтың, сарапшылардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық жүргізілуде. Барлық саяси партиялардың фракциялары өз электоратының сұранысына сәйкес ұсыныстарын белсенді түрде енгізіп жатыр. Маңызды заң жобалары Қоғамдық палатаның отырыстарында қаралады. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, депутаттар Мемлекет басшысының Жасанды интеллектіге қатысты бастамаларын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Қыркүйек айының соңында Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылдап, Сенатқа жолдады. Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен парламенттік тыңдау өткізілді. Депутаттардың және Энергетика министрлігінің бастамасымен Ақтауда мұнай-газ саласындағы машина жасау ісін дамыту форумы өтті. Мұнай-газ секторындағы сатып алуларда қазақстандық үлесті жүйелі түрде арттыру жайлы шешім қабылданды. Депутаттар мұны ұдайы бақылауда ұстайды. Ерлан Қошанов парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыс жайында мәлімет берді. Елімізге Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының және Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағалары ресми сапармен келді. Көптеген елдің парламенттерімен достық топтары белсене қызмет атқаруда, заң шығару саласында тәжірибе алмасу жолға қойылған және мемлекетаралық жобаларды қолдау бойынша жұмыс жүргізілуде. Депутаттар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, ТүркПА, ТМД Парламентаралық ассамблеясы және басқа да көпжақты ұйымдар аясында табысты қызмет атқарып келеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатыр? ІІМ жауабы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Абай Қайырбеков бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Абай Қайырбековтің айтуынша, Бишімбаев қазір түзеу мекемесінде "басқа сотталғандармен тең жағдайда" жазасын өтеп жатыр. "Бишімбаев қылмыстық-атқару заңнамасының барлық талабына сәйкес, басқа сотталғандармен бірдей және тең жағдайда жазасын өтеп жатыр", — деді ҚАЖК басшысы. Бишімбаевтың жұмысқа орналасуы және еңбекақысы туралы сұраққа министрдің орынбасары бұл ақпараттың жеке деректерге жататынын атап өтті. Сондай-ақ журналистер экс-министрдің жеке камерада отырған-отырмағанын сұрады. "Жаңа айтқанымдай, ол жалпы негізде, басқа сотталғандармен бірге жазасын өтеп жатыр. Бұл сотталғанға қандай да бір ерекше жағдай, жеңілдік немесе талаптар қарастырылмаған", — деді Қайырбеков. Еске сала кетейік, былтыр 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ісі бойынша сот процесі аяқталды. Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Қазгидромет 14, 15, 16 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы күндері батыста жаңбыр, ал республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. "Еліміздің басым бөлігінде түнгі ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін төмендейді, ал батыс пен оңтүстікте 5-13 градус жылы болады. Күндіз негізінен 0-10 градус жылы, батыста 7-17 градус жылы, ал оңтүстікте 15-25 градус жылы болады", - деді синоптиктер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды. Үкімет сағатында ІІМ басшысы Ержан Саденов осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрдің сөзінше, алкоголь - елдегі криминоген жағдайға әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Шенеуніктің айтуынша, жыл сайын мас күйде 10 мыңға дейін қылмыс жасалады. ІІМ ішімдікті интернет арқылы сатуға толық тыйым салуды ұсынды. Одан бөлек: ішімдікті тек арнайы дүкендерде сату ("алкомаркеттерде"); лицензия беру ережелерін қатаңдату және олардың санын шектеу ұсынылды. ІІМ басшысы ойын-сауық орындарына арналған шектеу туралы да айтты: "Ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын шектеу қажеттілігі туындады. Мұндай нысандарда мас күйде 1 400-ден аса қылмыс жасалған, оның ішінде үшеуі - кісі өлтіру". Алайда, Ержан Саденовтың айтуынша, кейбір мемлекеттік органдар бүгінде бұл тәсілдерді қолдамайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “Швейцария – Қазақстан“ парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті Мемлекет басшысы "Швейцария – Қазақстан" парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Президент Қазақстан Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі саналатын Швейцариямен ұзақ жылдардан бері қалыптасқан қарым-қатынасқа ерекше мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Швейцарияға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға берік негіз қалағанына назар аударды. Мемлекет басшысының айтуынша, швейцариялық депутаттар делегациясының елімізге келуі жан-жақты ықпалдастықты одан әрі дамытуға қос тараптың да ниетті екенін көрсетеді. Бұл ретте өзара түсіністікті нығайтып, екіжақты ынтымақтастықты жандандыруда парламенттік дипломатияның маңызды рөл атқаратынына мән берілді. "Швейцария – Қазақстан" парламенттік достық тобының үйлестірушісі Филиппо Ломбарди қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Швейцарияның серіктестік байланыстарды кеңейтуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді. Кездесуде Астана мен Берн арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы іс-әрекеттерді өзара үйлестіру мәселелері талқыланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Каннабиске инвестиция: Көкшетауда қаржы пирамидасы әшкере болды ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетаудағы S-Group қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылар S-Pharmaceutical және өзге де жобаларға медициналық каннабис өндірісі мен дистрибуциясына инвестиция тарту сылтауымен, салымшыларға әрбір жаңадан тартылған қатысушыға салым сомасының 5 пайызы мөлшерінде кепілдендірілген табыс уәде еткен. "Қатысу үшін сайтта тіркеліп, кем дегенде 100 АҚШ долларынан бастап салым жасау талап етілген. Айта кетсек, күдіктілердің бірі бұған дейін Life Is Good және Finiko қаржы пирамидаларына қатысып, онда табыс тауып, кейін осындай схема арқылы өз жобасын құрған. Нәтижесінде қаржы пирамидаға 59 азамат тартылып, олар жалпы 136 миллион теңгеден астам қаражат салған", - делінген хабарламада. Күдіктілер салымшылардың ақшасына елордадан екі пәтер мен автотұрақ орнын сатып алған, оларға соттың санкциясымен тыйым салынды. "Үш ұйымдастырушыға қатысты қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды". Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Майна әлде вира“: Астанадағы құрылыс алаңында жұмысшылар төбелес шығарды Астанада құрылыс алаңында жұмысшылар түсініксіз бұйрық үшін төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД мәліметіне сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, "102" арнасына құрылыс нысанында болған төбелес жайлы хабарлама түскен. "Жанжалдың себебі кран жүргізушісінің берген бұйрықты түсінбей қалуы. Сол себепті сөзталас туып, ол төбелеске ұласқан. Полицейлер бес қатысушының бәрін анықтап, бөлімшеге жеткізді", - делінген хабарламада. Аталған адамдарға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттамалар толтырылып, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданған. Сот шешімі бойынша, әрқайсына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, ал төбелесті бастаған адам 15 тәулікке қамауға алынған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы, Атырау және Жезқазған тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет Алматы, Атырау және Жезқазған тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 13 қазанда Жезқазған мен Алматыда, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ел тарихындағы алғаш рет: Семейде әкімді сайлау өтіп жатыр Семейде әкімді сайлау өтіп жатыр. Облыс орталығында 128 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, оның 110-ы – ашық учаске. Қалғандары – уақытша тұрғылықты жерінен тыс жүрген азаматтардың дауыс беруіне арналған жабық учаскелер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Бұл – Қазақстандағы облыс орталығы әкімін алғаш рет тікелей сайлау өткізіліп отырған тарихи оқиға. Бұған дейін мұндай сайлау тек аудан әкімдерін таңдау деңгейінде ғана жүргізілген еді. Семей әкіміне үміткерлер Әкім лауазымына үш кандидат тіркелген: • Көкпекті ауданының қазіргі әкімі Әділет Қожанбаев; • қалалық мәслихаттың бұрынғы төрағасы Айболат Бекжасаров; • Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры Қаныш Төлеуов. Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған фото Сайлау учаскелеріндегі жағдай қандай? Семейде алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің арасында халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев бар. Семей қаласы әкімдігі ұсынған видеодан скрин Абай облысының әкімі Берік Уәли де дауыс берді. Ол №93 сайлау учаскесіне - Медициналық университетте орналасқан пунктке келген. "Таңертеңнен бері семейліктер, оның ішінде жастар мен аға буын өкілдері сайлау учаскелеріне белсенді келіп, азаматтық ұстаным танытып жатыр. Бұл – елдегі саяси мәдениеттің өсуін, адамдардың өз қаласының тағдырына жауапкершілікпен қарай бастағанын көрсетеді. Облыс орталығы әкімін тікелей сайлау – тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы сенімді нығайтатын жаңа кезеңнің бастауы", – деді Берік Уәли. Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған фото Биыл 18 жасқа толған жастар да сайлауға қатысып жатыр. Семей әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған фото №33 сайлау учаскесінде өз таңдауын әйгілі балуан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, "Еуразия Барысы" халықаралық турнирінің төрт дүркін чемпионы, "Әлем Барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы, "Қазақстан Барысы" додасының екі мәрте иегері, Абай облыстық мәслихатының депутаты, Семей көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаров жасады. Семей әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған фото Қала тұрғындары өз сайлау учаскесін Telegram-бот арқылы анықтай алады: @vote_abai_bot Әкімдер қалай сайланады? Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңға сәйкес, әкім төрт жыл мерзімге тікелей, жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Үміткер кемінде 25 жастағы Қазақстан азаматы болуға тиіс. Әкімнің өкілеттігі төрт жыл өткен соң немесе келесі жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады: • қайтыс болған жағдайда; • сот шешімімен әрекетке қабілетсіз не хабар-ошарсыз кеткен деп танылса; • саяси партия мүшелігі тоқтатылса; • жоғары тұрған әкім мен мәслихат депутаттары сенімсіздік вотумын білдірсе. Айта кетейік, әкімнің өкілеттік мерзімі ішінде зейнет жасына жетуі оның қызметін тоқтатуға себеп емес. Бұған дейін Семей қаласы әкімсіз қалған еді. Абай облысының әкімі Талғат Мұратовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған. Еске салайық, Қазақстанда әкімдерді тікелей сайлау жүйесі 2025 жылдан бастап енгізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы 2024 жылғы қыркүйекте халыққа Жолдауында жариялап, оны саяси жүйені жаңғыртудың маңызды қадамы деп атаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жүк көліктері шекарада тұр: Көлік министрлігі Қытаймен жасалған келісім туралы айтты Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" өткізу пунктінде ҚХР-ға бағыт алған көліктердің кептеліске түскені байқалған. Көлік министрлігі бұл жағдайға қатысты жаңа мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы Ведомство мәліметінше, отандық тасымалдаушылардың шекарадан өтуге қажет шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауынан пайда болды. Бұл бланкілер екі елдің салалық көлік ведомстволары арасында өзара айырбасталады. Тасымалдаушылардың қаржы шығынын барынша азайту үшін ҚР ҚМ МКК "CarGoRuqsat" электрон кезек жүйесінің әкімшісі – "АЭО" АҚ-мен бірлесіп, белсенді броньдардың қолданылу мерзімін 72 сағатқа ұзарту туралы шешім қабылдады. Не өзгерді? Министрлік мәліметінше, Қытай тарапымен аптасына 6 мың дана шетелдік рұқсат бланкісімен екіжақты алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Кейінгі сегіз апта бойы әр дүйсенбі сайын Қытай тарапы көрсетілген көлемдегі рұқсат бланкілерін беріп келеді. Шетелдік рұқсат бланкілерінің келесі партиясын алмасу 13 қазанда болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ауғанстан 58 пәкістандық сарбаздың қаза тапқанын және 25 бекетті басып алғанын мәлімдеді Сенбіден жексенбіге қараған түні Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қақтығыстар болды. Ауған тарапының мәлімдеуінше, нәтижесінде 58 пәкістандық сарбаз қаза тауып, тағы 30-ы жараланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AP News-ке сілтеме жасап. Сондай-ақ, Пәкістан армиясының 25 бекеті басып алынғаны айтылды. Бұл туралы Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид Кабулдегі баспасөз мәслихатында хабарлады. "Ауғанстанның барлық ресми және бейресми шекарасындағы жағдай толық бақылауда. Заңсыз әрекеттердің басым бөлігіне жол берілмей отыр", - деді Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы. Анықтама: Пәкістан мен Ауғанстан Дюранд сызығы деп аталатын шекараны бөліседі, оны Кабул ресми түрде мойындамайды. Дюранд сызығы - Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы ұзындығы 2640 шақырым, іс жүзінде толық белгіленбеген шекара. Ол Ұлыбритания британиялық Үндістанды кеңейтуге тырысқан екі англо-ауған соғысының нәтижесінде пайда болды. Бұл сызық - 1893 жылы ауған әмірі Абдуррахман мен үнді отарлық әкімшілігінің хатшысы сэр Мортимер Дюранд арасындағы келіссөздердің қорытындысы. Еске салайық, бұған дейін Дюранд сызығы бойымен Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында ауыр шайқастар басталғаны хабарланған. Қызу қақтығыстар Кунар, Нангархар, Гильменд, Пактия және Пактика провинцияларында жүріп жатыр. Екі ел әскерилері арасындағы қақтығыстар нәтижесінде Пәкістан Ауғанстанның 19 шекаралық пунктін басып алған болатын. Бұған дейін 9 қазанда Кабулда пәкістандық дрон пәкістандық талибтер жетекшісі Нур Вали Мехсуд отырған жол талғамайтын көлікке соққы жасағаны, сондай-ақ оның мұрагерлері де көлікте болғаны хабарланған. Сонымен қатар, 10 қазанға қараған түні Пәкістан ӘӘК Ауғанстанның шығысындағы Пактика провинциясына әуе соққысын жасаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетті: екі адам қаза тапты Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД-ға сілтеме жасап. ПД дерегінше, оқиға 11 қазанда Омбы–Майқапшағай автожолында, Қызылқоғам ауылынан 3 шақырым жерде болған. "ВАЗ-2110" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, бетпе-бет соқтығысқан. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Организация (@dp_pavlodar) Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші мен жолаушының қаза табуы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауға, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде абай болуға және көліктің техникалық жай-күйін қадағалауға шақырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Пәкістан әскері Ауғанстанмен шекарадағы 19 бекетті өз бақылауына алды - БАҚ Geo телеарнасының мәліметінше, Пәкістан Ауғанстанмен шекарада болған қақтығыстар нәтижесінде 19 шекаралық бекетті бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап. "Пәкістан шекара бойындағы ауғандардың 19 бекетін иемденді", - делінген хабарламада. Телеарна мәліметінше, Ауғанстан бұл бекеттерді көрші ел аумағына шабуыл жасау үшін пайдаланған. Сенбіде Ауғанстан Қорғаныс министрлігі Пәкістанға қарсы "кек алу операциясының" сәтті өткенін мәлімдеді. БАҚ деректеріне қарағанда, бейсенбіде Пәкістанның дроны Кабулда пәкістандық тәліптердің жетекшісі Нур Вали Мехсуд отырған брондалған жол талғамайтын көлікке соққы жасаған. Сондай-ақ оның мұрагерлері де көлікте болғаны айтылады. Бұдан бөлек, жұмаға қараған түні Пәкістан ӘӘК Ауғанстанның шығысындағы Пактика провинциясына әуе соққысы жасады. Тәліптер өздерінің ел аумағына дрон ұшыру және әуе кеңістігін бұзу үшін пайдаланылған нысандарға, сондай-ақ кейде бейбіт тұрғындарға жасалатын шабуылдарда қолданылған объектілерге соққы бергенін хабарлады. Сондай-ақ соққылардың кейбірі Пәкістан аумағындағы "Ислам мемлекеті" ұйымымен байланысты нысандарға бағытталғаны айтылды. Tolo News телеарнасының хабарлауынша, қақтығыстарда 12 пәкістандық әскери қаза тауып, кемінде екеуі жараланған. Сонымен қатар, Кандагар провинциясы маңында бес сарбаз тәліптерге берілген. Ауғанстан ӘӘК жойғыштары Лахор қаласына да әуе соққысы жасағаны айтылды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қаланың шығыс бөлігінің кей аудандарында жарылыстар болып, бірқатар жерде өрт тұтанған. Кабул өз аумағына жасалған шабуылдарды айыптап, оларды басқыншылық және егемендікті бұзу деп атады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтауда жүргізушілер газ тапшылығынан сағаттап кезекте тұрғанына шағымданды Ақтауда жүргізушілер газ құю үшін тағы да сағаттап кезекте тұрғанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. Жүргізушілердің бірі видеоны бөліскен. Онда ол 11 қазанда шамамен 07:50-де бір жанармай құю бекетіне келгенін айтты, ал бекет әлі ашылмаған, бірақ кезекте бес көлік тұрған. Бір жарым сағаттан кейін шамамен 30 көлік жиналғанын жеткізді. "Бұл жолы шенеуніктер қандай сылтау айтпақ? Қазір турист те көп емес, бүкіл газымызды тауысып жіберетіндей, маусым да бітті ғой", - деді ер адам. Мәселеге Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, өңір - елдегі сұйытылған мұнай газын ең көп тұтынатын аймақтардың бірі. Ай сайынғы тұтыну көлемі - 18 000 тонна. СНГ өнімінің негізгі бөлігі облысқа Маңғыстау облысында орналасқан Қазақстан газ өңдеу зауытынан жеткізіледі, жетіспейтін көлем Атыраудағы зауыттан бөлінеді. Биыл қазанда Атырау зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты қажет 3 658 тонна көлем Ақтөбедегі зауыттан жеткізілетін болды. "Бұған дейін Атырау зауытының өнімі автокөлікпен жеткізілсе, Ақтөбе зауытынан жөнелту теміржол арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты өнімнің өңірге жеткізу мерзімі сәл ұзарды", - деп түсіндірді басқарма. Сол себепті қазанда сұйытылған газдың тәуліктік жеткізу көлемі төмендеп, бірқатар АГЗС-те көлік кезегі байқалып отыр. Басқарма дерегінше, Ақтөбе облысындағы зауыттан 11 вагон 10 қазанда жолға шыққан. Келесі 10 вагоннан тұратын құрам 13 қазан кешке жөнелтіледі. Одан арғы жеткізілімдер де осындай тәртіппен жалғасады. Сондай-ақ Атырау зауытындағы жөндеу жұмыстары қазанның аяғында аяқталады. 1 қарашадан бастап сұйытылған мұнай газының жеткізілуі бұрынғы қалыпқа қайтады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан-Қытай шекарасындағы кептеліс: МКК себебін түсіндірді Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" өткізу пунктінде ҚХР-ға бағыт алған көліктердің кептеліске түскені байқалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, отандық тасымалдаушылардың шекарадан өтуге қажет шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауынан пайда болды. Бұл бланкілер екі елдің салалық көлік ведомстволары арасында өзара айырбасталады. "Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Көлік министрлігімен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір Қазақстан мен Қытайдың салалық ведомстволары қазақстандық тарапты қосымша шетелдік рұқсат бланкілерімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, ҚХР-дың Бас кеден басқармасымен де келіссөздер жүргізіліп жатқаны атап өтілді. "Нәтижесінде қытай тарапы қабылдайтын автокөліктің санын уақытша арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, қытай өткізу бекеттерінде өткізуді арттыру және кедендік ресімдеуді жеделдету жөніндегі қосымша шаралар келісілді", - деп көрсетілді хабарламада. Тасымалдаушылардың қаржы шығынын барынша азайту үшін ҚР ҚМ МКК "CarGoRuqsat" электрон кезек жүйесінің әкімшісі – "АЭО" АҚ-мен бірлесіп, белсенді броньдардың қолданылу мерзімін 72 сағатқа ұзарту туралы шешім қабылдады. "Бұл тасымалдаушыларға жүйенің жаңартылған жұмыс қағидаларына сәйкес бронь үшін төленген 1 АЕК сомасын және 20 АЕК көлеміндегі кепілдік жарнаны сақтауға, сондай-ақ шетелдік рұқсаттардың берілуі қайта басталғаннан кейін өткізу тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірілді хабарламада. Бұдан бөлек, Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігінен "С" санатындағы жаңа рұқсат бланкілері партиясы түскеннен кейін, өтініш беріп үлгермеген отандық тасымалдаушылар белгіленген тәртіппен бұрын брондалған кезек арқылы бланкілерді рәсімдеп, алуға мүмкіндік алады. МКК жағдайдың тұрақты бақылауда екенін хабарлады. Қабылданып жатқан барлық шара автокөлік өткізу режимін жедел қалпына келтіруге және көлік ағынының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. "Комитет түсіністік танытқаны үшін тасымалдаушыларға алғыс білдіреді және шетелдік рұқсат бланкілерінің жаңа партиясы келгенге дейін өткізу пункттеріне уақытша бармауды сұрайды", - делінген хабарламада. Еске салайық, қыркүйетің аяғында Қазақстан-Ресей шекарасында РФ тарапынан бақылаудың күшеюіне байланысты кезек пайда болған еді. ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, ресейлік қызметтер жүктерді тексеруді күшейтіп, көлікті қарау уақытын ұлғайтты және құжаттарды, санитарлық және фитосанитарлық талаптарды тексерудің қосымша шараларын енгізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев король VI Фелипе мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Испан халқы күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастың түрлі салада нығайып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алғашқы АЭС-ке атау беруге қатысты байқау аяқталды Қазақстанда алғашқы АЭС-ке үздік атау беру байқауы аяқталды. Оған 27 мыңнан аса адам қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атом энергиясы агенттігі мұндай белсенділік азаматтардың атом энергетикасын дамытуға жоғары қызығушылығын және ел үшін маңызды жобаны іске асыруға жеке үлес қосуға дайындығын көрсететінін айтты. Қазір ұсыныстарды өңдеу процесі басталды. "Алғашқы кезеңде мамандар барлық нұсқаны талдап, жүйелейді, содан кейін жиынтық есеп дайындайды. Одан әрі материалдар конкурс комиссия мүшелерінің қарауына жіберіледі. Соңғы кезең - қазанның аяғында өтетін комиссия отырысы. Соның қорытындысы бойынша Қазақстанның алғашқы АЭС-іне ең үздік атау анықталады", - делінген хабарламада. АЭС атауына жарияланған конкурс Тамыздың басында Президент Тоқаев АЭС атауына конкурс жариялауды ұсынған еді. Атом энергиясы агенттігі сәйкес ұсыныстар болса, оларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Скриптонит және гольф: Трамп пен немересінің видеосы көпті таңғалдырды АҚШ Президенті Дональд Трамптың немересі Кай Мэдисон Трамп әлеуметтік желіде атасымен бірге гольф ойнап жатқан сәтінен видео жариялады. Онда Скриптониттің "Не расслабляйся" әні қосылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дональд Трамптың үлкен немересі Кай Трамп - 18 жастағы блогер, YouTube-тың "алтын" және "күміс" түймелерінің иегері, сонымен қатар, кәсіби гольфшы. Президент сайлауынан кейін сарапшылар оны Трамптың жастар арасындағы танымалдылығын арттыруға ықпал ете алатын, әлеуметтік желілердегі мықты одақтасы ретінде атап өтті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kai Trump (@kaitrumpgolfer) Кай бірнеше күн бұрын жариялаған видеода атасымен бірге гольф ойнап жатқаны бейнеленген. Екеуі кезектесіп алыстан соққы жасайды, ал қыз допты лункаға түсіргенде, екеуі жұдырық түйістіріп "бес береді". Аяғында Кай мен Дональд гольф көлігіне мініп кетеді. Видеоға рэпер Әділ Жәлелов, яғни Скриптониттің "Не расслабляйся" әні қосылған. Жазба астындағы пікірлерде қазақстандық орындаушының тыңдармандары қыздың музыкалық талғамын мақтап жатыр. Видео YouTube-тағы толық нұсқаның промо-ролигі болуы мүмкін. Өйткені Кай Трамп оған мынадай сипаттама қалдырған. "Дональд Трамп атаммен жеке кездесу. Толық видео сенбіде шығыс уақытымен 12:00-де YouTube-та шығады". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Вандализмге жол жоқ, бұзақыларды жауапкершілікке тарту керек“ - Тоқаев Бүгін Астананың абаттандыру жұмыстарымен танысу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вандализмге қарсы күрес қажетін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің вандализмге қатысты сұрағына жауап берген Астана әкімі Жеңіс Қасымбек: "ондай деректер бар, бірақ көп емес", - деді. "Әйтсе де, халық көріп отыр, мәдениет қалыптасып келеді", - деді қала басшысы. "Вандализмге жол жоқ, бұзақыларды заң бойынша жауапкершілікке тарту керек", - деп қадап айтты Тоқаев. Бұған дейін Астана полициясы қоғамдық орындарда камераға түскен вандализм оқиғаларының видеоларын жариялаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда қалың қар жауды Павлодарда көшелерді қалың қар басты. Ауа температурасы нөлден төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде қар басқан көшелердің кадрларын бөлісіп, такси бағасының күрт қымбаттағанына шағымданып жатыр. Осы уақытта кейбір жүргізушілер жедел түрде көлік доңғалағын ауыстыра бастады. Астана – Павлодар автожолының ішінара жабылғаны хабарланды. "ҚазАвтоЖол" өңір тұрғындарынан алыс сапарларға бармай, жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды. Коммуналды қызметтер де қармен күреске кірісті. Pavlodarnews дерегінше, облыс орталығының көшелеріне 250 жұмысшы және 300-ден аса арнайы техника шықты. Қазгидромет мәліметінше, 11 қазанда Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Павлодарда күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекет басшысы “Нұра“ ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді Мемлекет басшысы "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аумағы 3,8 гектар болатын нысандағы жұмыстың бірінші кезеңі аяқталған. Мұнда жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге арналған жолдар, сәулеттік қалыптар және жасанды тоғандар бар. Мемлекет басшысына Астана қаласындағы абаттандыру жұмыстары жайында мәлімет берілді. Жеңіс Қасымбек елордада қазір 170 қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама іске асырылып жатқанын айтты. Бұл жұмыстар Ботаникалық бақта, Триатлон паркінде, Ататүрік, Бейбітшілік және келісім, Президент саябақтары мен қаланың негізгі көшелерінде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, "Мыңжылдық" аллеясын абаттандырудың тұжырымдамасы жасалды. Есіл өзенінің жағалауын реконструкциялау шаралары аяқталуға жақын. Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындарға заманауи әрі қолайлы, экологиялық тұрғыдан таза орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттың құрылысын жеделдетуді тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттың құрылысын жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысына зауыт құрылысының барысы туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады. Жоспарлармен танысқаннан кейін Президент зауыт құрылысын жеделдетуді тапсырды. Халық санының өсуіне байланысты елордада қалдық көлемі де артып келеді. Бұған дейін экология министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жылына 4 миллион тоннадан аса қалдық түзілетінін, соның тек 24 пайызы ғана сұрыпталып, қайта өңделетінін айтқан. Осыған байланысты Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қоқыс жағу зауыттарын салу жоспарланып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оралда “Таза Қазақстан“ акциясы аясында 50 ағаш отырғызылды "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық жобасы аясында Орал қаласында кең ауқымды көгалдандыру акциясы өтті.Шаһардың мәдениет және демалыс саябағында, Шаған өзенінің жағалауында жапырақты және қылқан жапырақты ағаш түрлерінен 50 түп көшет отырғызылды. Іс-шараға 50-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, волонтерлер, студенттер мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері болды. Таңертеңнен бастап қатысушылар саябақ аумағын тазалап, түскен жапырақтарды жинап, қоқыстан арылтып, гүлзарлар мен орындықтарды ретке келтірді. Соңында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалиар Айтмұхамбетовтің айтуынша, биыл "Таза Қазақстан" жобасы аясында тек Орал қаласының өзінде 18 мың түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бұл ретте қоғамдық орындарға, балалар және спорт алаңдарына, сондай-ақ су айдындарының жағалауларына ерекше назар аударылады. Сол күні ағаш отырғызу және сенбілік жұмыстары қаланың 21 нүктесінде қатар жүргізілді. Осындай іс-шаралар облыстың өзге аудандарында да өтті. Орал қаласының әкімі Мұрат Байменовтің айтуынша, мәдениет және демалыс саябағындағы көптеген ағаштарға жүз жылдан астам уақыт болған. Сондықтан орман алқабын жаңартып, жасыл желекті ұдайы толықтырып отыру өте маңызды. Бұл акцияға "Орал жастары" жастар бірлестігінің мүшелері мен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері белсене атсалысты. Іс-шараның мақсаты — тек тазалық жүргізу емес, сонымен қатар тұрғындарды табиғат пен қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарауға баулу. Қала тұрғындары ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, саябақтың бір күннің ішінде айтарлықтай өзгергенін атап өтті. Ашық ауада өткен сенбілік музыкамен әрленіп, ерекше жылы атмосферада өтті. Ұйымдастырушылар бұл игі бастаманың жалғасатынын айтып, барлық қала тұрғындарын алдағы экологиялық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.
Түркістанда “Таза Қазақстан“ аясындағы сенбілікке облыс әкімі мен тұрғындар белсене қатысты Түркістан облысында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Жалпы, облыс көлемінде оған 60 мыңнан астам тұрғын қатысып, 17 мың ағаш көшеті егілді. 500 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды. Экологиялық бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қолдау білдіріп, Түркістандағы "Парасат" саябағы аумағында көшет отырғызды. Аға буын мен зиялы қауым өкілдерімен, жастармен кездесіп, аймақты көгалдандыру, жасыл желекті көбейту маңызды екенін жеткізді. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" бағдарламасы бәріміз үшін маңызды. Қоршаған орта таза болса, қоғам тазарады. Ағаш егіп, айналаны таза ұстау әрбір тұрғынның міндеті болуы керек. Бүгінгі экологиялық іс-шараде белсенділік танытқан ардагерлерге, жастарға, тазалық мекемесінің қызметкерлеріне, тұрғындарға алғысымды білдіремін", – деді Нұралхан Көшеров. "Парасат" саябағында 120 көшет отырғызылып, жасыл желек аумағы ұлғая түсті. Белсенділік танытқан тұрғындардың бірі – Мәдениет қараткері Ұлжан Мұстафаева. "Бүгін қаладағы ардагерлер мен аға буын өкілдері, аналар алқасының мүшелері осы іс-шараға арнайы келіп тұрмыз. Мақсат – туған қаланы жайқалтуға үлес қосу. Немеремді ертіп келдім. Барша түркістандықтарды "Таза Қазақстан" бағдарламасына үлес қосуға шақырамын", – дейді ол. Түркістан облысында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасады.
Мемлекет басшысы Jasyl El ұйымының белсенділеріне алғыс айтты Мемлекет басшысы Jasyl El ұйымының белсенділерімен әңгімелесіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл – өте қажет жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан Сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар Сіздерден үлгі алады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысқанын хабарланған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қайрат“ қаһарманы сапқа қайта оралды Алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан кейін қатарға қайта оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. "Темірлан Анарбеков жалпы топпен бірге жаттығуды қайта бастады", - делінген хабарламада. Еске салайық, 14 қыркүйекте "Қайрат" - "Ақтөбе" матчінде 21 жастағы қақпашы жарақат алып, ойынның 13-минутында алмастырылған еді. Оның орнына 18 жастағы Шерхан Қалмырза қақпаға тұрды. Ол біраз уақыт алматылық команданың негізгі қақпашысы болды, өйткені басты голкипер Александр Заруцкий де жарақат алған еді. Айта кетейік, Анарбеков танылған сәт - Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі "Селтикке" қарсы алғашқы матчте жарақат алған Александр Заруцкийдің орнына шыққан кезі. Қайтар матчтае Темірлан ойынды негізгі құрамда бастады. 120 минуттан кейін ойын пенальти сериясына ұласты. Қақпашы нағыз сенсация жасап, бес соққының үшеуін қайтарды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “Таза Қазақстан“ экологиялық акциясына қатысты Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент Астанадағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті. Жалпыұлттық іс-шара аясында биыл республика аумағында 2,4 миллионға жуық көшет отырғызылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
2026 жылы Қазақстанда зейнетақы қалай өзгереді? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Жасына байланысты зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар адамдарға тағайындалады. Базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен барлық тұлғаға төленеді, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70-тен 110 пайызына дейін болады. Жинақтаушы зейнетақы жинақ көлеміне және міндетті зейнетақы жарналары төленген табысқа байланысты", - деп көрсетілген министрліктің Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында. Еңбек министрлігі Әлеуметтік кодекстің 197-бабына сәйкес, жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері жыл сайын тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерлерде өсетінін еске салды. "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алынатын мөлшерден 10 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты өседі", - деп хабарлады министрлік. Сонымен қатар, министрлік Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдерінің жыл сайын 5 пайызға индекстелетінін еске салды. Бұл өсім елдегі барлық зейнеткерге қатысты болады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен өсіру жалғасып жатыр. "2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының мөлшері жыл сайын өсті: ең төменгі базалық зейнетақы - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғарысы - 120 пайызына дейін. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең жоғары мөлшерін 110 пайыздан 118 пайызға дейін (ең төменгі күнкөріс деңгейінен) өсіру жоспарланған", - деп нақтылады министрлік. "2026 жылға арналған зейнетақы төлемдерін қаржыландыруға арналған шығыс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көзделген, құжат Мәжілісте қаралып жатыр, - деді ведомствода. Сондай-ақ, министрлік Қазақстанда зейнет жасы ерлер үшін 63, әйелдер үшін 61 жас екенін (2028 жылға дейін) нақтылады. "Министрлік зейнетақы заңнамасын жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп, жаңа тәсілдерді сарапшылар қауымдастығымен талқылап, халықаралық тәжірибені зерделеп келеді", - деп атап өтті ведомство өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп Қытай тауарларына 100 пайыз тариф енгізілетінін айтты АҚШ президенті Дональд Трамп 1 қарашадан бастап Қытайдан келетін тауарларға 100 пайыз кеден тарифы енгізілетінін жариялады. Жаңа тарифтер қолданыстағы баждарға қосымша болады. Бұл туралы Трамп Truth Social желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNBC-ге сілтеме жасап. Трамптың айтуынша, АҚШ 2025 жылғы 1 қарашадан бастап (немесе Қытайдың кейінгі әрекеттеріне қарай одан да ертерек) Қытай тауарларына қазіргі төленіп жүрген баждардан бөлек, қосымша 100 пайыз тариф қояды. Сондай-ақ, маңызды бағдарламалық қамтамасыз етулерге экспорт бақылауы енгізіледі. Ол бұған Қытай халықаралық саудада "өте агрессив ұстаным" таңдап, әлемге "өте өктем хат" жолдағаны түрткі болғанын айтты. Трамптың сөзіне қарағанда, Қытай 2025 жылғы 1 қарашадан бастап барлық дерлік өніміне (тіпті кейбір өндірмейтін тауарларға да) кең ауқымды экспорт бақылауы енгізуді жоспарлап отыр. Бұл – барлық елге қатысты және "халықаралық саудада бұрын-соңды болмаған жағдай" деп бағаланды. Трамп бұл мәлімдемені Қытайдың сирек жер металдарын экспорттауға жаңа бақылау енгізгені туралы хабардан бірнеше сағат өткен соң жасады. Бұған жауап ретінде ол Қытай импортына "ауқымды өсіммен" тарифтер енгізу қаупін төндірді. Бұған дейін Трамп Си Цзиньпинмен жоспарланған кездесуді өткізудің қажеті жоғын мәлімдеген. Пекин мұндай кездесу дерегін ешқашан растамады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның оңтүстігінде әкімдер жерді заңсыз таратқан Түркістан облысында әкімдік мемлекеттік жерлерді шамамен 2 миллиард теңгеге заңсыз таратқан. Бұл туралы облыстық прокуратураның жер заңнамасының сақталуына арналған алқа отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілісте тексеру барысында анықталған заңсыздықтар мен кемшіліктердің себеп салдары талқыланып, жергілікті әкімдер тарапынан жіберілген заңбұзушылықтарға назар аударылды. Кейінгі 3 жыл ішінде (2023-2025жж.) облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдармен 6 мың гектардан аса (құны 1,8 млрд теңге) 190 жер учаскелері заңсыз табысталғаны анықталды. Бұл ретте, әкімдер жер заңнамасында көзделген конкурс талаптарын айналып өтіп, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық және қосымша жер табыстау жолымен мемлекет жерлерін заңсыз иеліктен шығарғаны белгілі болды. Онымен қоса, 400 гектар жерлердің (150 жер учаскесі) нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген. Бірде бір жағдайда сәулет және қала құрылысы құжаттамаларының талаптары сақталмаған. Отырыста, заңсыз құрылыстар, жеке тұрғын үй кезектілігі, жерлерді ұтымды пайдалану мәселелері де талқыланды. Мәжіліс қорытындысымен осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, заң бұзған лауазым иелерінің жауапкершілігін қарау жөнінде ескертілді. Жер заңнамасының сақталуы облыс прокуратурасының қатаң бақылауында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар, жаңбыр және +27 градус: 11 қазанда ауа райы қандай болады? Қазгидромет 11 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана: көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел шығыстан: түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Температура: түнде 0…+2, күндіз +7…+9. Алматы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +1…+3, топырақ бетінде -1°С дейін үсік; күндіз +16…+18. Шымкент: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +25…+27. Ақтау: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +13…+15, күндіз +21…+23. Ақтөбе: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5–10 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +4…+6, күндіз +13…+15. Атырау: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 9–14 м/с, түнде екпіні 15–18 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +17…+19. Жезқазған: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +1…+3, күндіз +14…+16. Қарағанды: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Түнде 0…–2, күндіз +10…+12. Көкшетау: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік-шығыстан/шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 0…+2, күндіз +4…+6. Қонаев: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +1…+3, топырақ бетінде -1°С дейін үсік; күндіз +16…+18. Қостанай: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +2…+4, күндіз +8…+10. Қызылорда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан/оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +3…+5, күндіз +21…+23. Павлодар: Бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде –1…–3, күндіз +1…+3. Петропавл: көшпелі бұлтты, түнде аздап жаңбыр мен қар жауады. Жел шығыстан 15–20 м/с. Түнде –2…0, күндіз +2…+4. Семей: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Түнде –4…–2, күндіз +5…+7. Талдықорған: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде –6…–4 үсік, күндіз +15…+17. Тараз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +2…+4, күндіз +23…+25. Түркістан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +25…+27. Орал: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +15…+17. Өскемен: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан/батыстан 2–7 м/с. Түнде –3…–1, күндіз +5…+7. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды Бүгін Қызылорда облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттардың бірі агроэкономика және аграрлық ғылымды дамыту мәселелері талқыланған жиын өтті. Оған мәслихат депутаттары, басқармалар мен аумақтық департамент басшылары, ғалымдар, шаруашылық құрылымдарының өкілдері, онлайн байланыс арқылы Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдері қатысты. Қызылорда облысы әкімі сала басшыларына Жолдаудан туындайтын міндеттерді сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. "Президентіміз Жолдауында: "Қолданбалы ауыл шаруашылығы ғылымын жедел өркендетпейінше, агроөнеркәсіп кешенін ұзақ уақыт бойы қарқынды дамыту мүмкін емес» деген болатын. Әсіресе, аграрлық саланы цифрландыруға, ауыл шаруашылығы ғылымын жетілдіруге негізгі басымдық беруді ерекше атап өтіп, бес міндетті айқындады. Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы саласына жаңа тәсілдерді, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді, жасанды интеллектіні енгізу, екінші, өнімділік пен қайта өңдеуді арттыру, үшінші, технологиялық жаңғырту, төртінші, ғылым мен зерттеуді дамыту, бесінші, қаржылай қолдау көрсету. Аграрлық салаға цифрлық технологияларды кеңінен қолдану, терең өңдеу бағытындағы жұмыс баса мән беруді қажет етеді. Ғылымды дамытып, цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігін шаруашылық құрылымдарына түсіндіру керек. Саланы жетілдіруге арналған ғылыми жобаларды қолдап, оларды іске асыруды сүйемелдеп, цифрландырудағы тың бастамаларды өндіріске енгізуді қарастырыңыздар. Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты білім беру орталығының жұмысын жандандыру, ғылыммен айналысатын білікті мамандар даярлау өте маңызды. Оқу орындарын бітірген түлектерді жұмысқа тарту керек. Президентіміздің сенімін ақтау – баршамыздың ортақ парызымыз. Сондықтан осы бағытта атқаратын жұмыстарымыз жүйелі, нәтижелі болсын. Бүгінгі берілген барлық тапсырманың орындалуы тұрақты бақылауымызда болады. Жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен бірлесе атқаруға шақырамын", – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Мемлекет тарапынан жыл сайын бөлінген қаржының арқасында өткен 8 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында 66 млрд. 900 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,5 пайыз, тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 16 пайыз артқан. Әкімдік мәліметінше, жиында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев күріш көлемін кезең-кезеңімен оңтайландырып, суды аз қажет ететін дақылдарды жерсіндіру туралы хабарлама жасады. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының директоры, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев аграрлық ғылымды жедел өркендету арқылы агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндіктеріне тоқталды. "Ер-Әлі" шаруа қожалығының төрағасы Әліби Бекжанов цифрландыру тәсілдері арқылы өндіріс тиімділігін арттыру, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова білікті кадр дайындап, озық ғылыми жобаларды өндіріске енгізу, сала ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов су тапшылығы жағдайында қолданылған тәжірибелер жайында пікір білдірді.
“Мақсат - білімді ұрпақ тәрбиелеу“: Шымкентте ҚХА өкілдері бас қосты Шымкенттегі Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов қалалық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және қоғамдық құрылымдардың жетекшілерімен кездесті. Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашып, жүргізген жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясы мен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында межеленген міндеттер айтылып, саяси құжатта жүктеген тапсырмаларды іске асыруда Ассамблея белсенділерінің әлеуетін ұтымды жұмылдыру жайы сөз болды. Еліміздің тұрақты дамуы үшін ішкі бірлікті бекемдеу, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау әрбір азаматтың мерейлі міндеті екені қалалық ҚХА мүшелерінің назарына жеткізілді. Емін-еркін өткен жиында Марат Алмасұлы қалалық этномәдени бірлестік төрағаларын ашық пікір алмасуға шақырды. Өтініш, бұйымтай, сын болса, құлақ асып тыңдауға дайын екенін жеткізді. "Осыған дейін өткен түрлі жиындар мен кездесулерде, басқосуларда үнемі мен сөйлеп келемін. Бүгін Шымкентке ат басын бұрып, сіздерді тыңдап, пікір алмасу үшін келіп отырмын. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне, іске асырып жатқан жобаларына қатысты ойларыңыз, ұсыныстарыңыз болса, айтыңыздар", – деді Марат Алмасұлы. Жиында қалалық М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті "Тарих және этнология" ғылыми орталығының басшысы, "Қазақтану" журналының жауапты редакторы Шолпан Торғаутова, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің департамент директоры, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Қайрат Анарбаев, қалалық ҚХА жанындағы Этномедиация кеңесінің төрайымы Дана Кенжеқұлова, қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев сөз сөйлеп, ҚХА институтының қызметі, атқарылған жұмыстары мен жобалары туралы пікірлерін айтты. Кездесу соңында қалалық "Вайнах" шешен-ингуш мәдени орталығының" төрағасы Рамазан Матаев пен қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Шухрат Рузметовке Қазақстан халқы Ассамблеясының "Алғыс" медалі, Жұмабек Тәшенев университетінің ректоры Қанат Байболов пен Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаеваға және қалалық әзірбайжан этномәдени орталығының мүшесі Адиль Алиевке Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты табысталды. Ашық жүздесуді қорытындылаған ҚХА төрағасының орынбасары пікірлердің назарға алынатынын айтты. "Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның жанындағы қоғамдық құрылымдарға артылған ауқымды міндеттің түпкі мақсаты – елдің ертеңі үшін адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу", – деді Марат Әзілханов. Жиын соңында ҚХА төрағасының орынбасары кездесуге келген этнос өкілдеріне алғыс айтып, Достық үйіндегі қалалық этномәдени бірлестіктердің жұмыс кабинеттерін аралап көрді.
БҚО Қытаймен бірлесіп экологиялық және фармацевтикалық жобаларды іске асырады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын инвесторлармен де тығыз байланыста жұмыс істеу керек" деген тапсырмасына сәйкес, Қытай Халық Республикасының Нанкин қаласында Батыс Қазақстан облысының "Ақжайық" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестиция және сауда өкілдігі ресми түрде ашылды. Өкілдік Орталық Азия–Қытай ынтымақтастық орталығы ғимаратында орналасқан. Бұл - елімізде өңірлік деңгейде ашылған алғашқы шетелдік инвестициялық өкілдік болып табылады. Жаңа құрылым Ақжайық өңірі мен Қытай кәсіпкерлері арасында тікелей іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған ресми делегация қатысты. Қытайлық компания өкілі шара барысында бастаманың маңыздылығын атап өтті: "Бұл - екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық бастама. Инвесторлардың ақпаратқа қолжетімділігі артып, жобаларды жүзеге асыру мерзімі айтарлықтай қысқарады деп сенемін". Кеңсенің ресми ашылуынан кейін облыс әкімі Нариман Төреғалиев бірқатар қытайлық компания өкілдерімен кездесті. Кездесулер барысында Ақжайық өңірінің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, нақты жобалар бойынша келіссөздер өтті. Нәтижесінде, қытайлық тарап екі ірі өндіріс орнын салуға қызығушылық танытты: бірі - тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты, екіншісі - киік мүйізінен дәрілік өнімдер шығаратын кәсіпорын. "Батыс Қазақстан облысы мен Цзянсу провинциясының арасындағы серіктестік өзара сенім мен нақты іскерлік байланысқа негізделіп отыр. Біз барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз. Туындайтын кез келген мәселе менің жеке бақылауымда болады", - деді Нариман Төреғалиев. Қытайлық инвесторлар Батыс Қазақстан облысының ұсынған жобаларына ерекше қызығушылық білдірді. Олар киіктің етін терең өңдеп, мүйізінен дәрі-дәрмек, етінен тағам, терісінен киім өндірісін жолға қоюға ниетті. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы қайта пайдалануға жарамды өнімдер шығаруды жоспарлап отыр. Холдингтің вице-президенті Дин Хайдың айтуынша, алдағы уақытта екі жұмыс тобы Батыс Қазақстанға келіп, жобалардың жүзеге асырылу мүмкіндігін зерделейді. "Бір топ - киік етін өңдеу саласын, екінші топ - тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бағытын зерттейді. Біз бұл іске ғылыми зерттеу институттарының мамандарын да тартамыз. Зауыттың көлемі мен қуаты жергілікті шикізат қоры мен өндірістік әлеуетке байланысты анықталады", - деді ол. Сапар аясында қазақстандық делегация тағы бір қытайлық компанияға барып, энергетикалық кәсіпорынның заманауи технологияларымен танысты. Қытайлық тарап Орал қаласында жаңа жылу электр магистралін салу бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Аталған кездесу Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
БҚО-да адамдарды тұрғын үй алуға көмектесемін деп алдаған күдікті әйел ұсталды БҚО-да ипотекамен тұрғын үй алуға көмектесемін деп уәде берген күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері азаматтарды алдап келген 34 жастағы күдікті әйелді ұстады. "Ол бұған дейін банк саласында жұмыс істеген және тұрғындарға ипотекалық несие рәсімдеуге, тұрғын үй мен автокөлік сатып алуға көмектесемін деп сендіріп, олардың ақшасын иемденген деген күдікке ілінді. Тергеу барысында күдіктіге қатысты алаяқтықтың 12 дерегі анықталды", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Келтірілген жалпы материалдық залалдың көлемі 50 миллион теңгеден асады. ІІМ мәліметінше, жәбірленушілердің басым бөлігі – қаладағы жеке кәсіпкерлер. "Кейбір жағдайларда күдікті автокөлік сатып алуға жәрдемдесемін деп алдап, азаматтардың қаражатын иемденген. Ең ірі эпизод облыс аудандарының бірінің тұрғынына қатысты: ол ипотека рәсімдеуге көмек көрсетемін деген желеумен күдіктіге 23 миллион теңгеден астам қаражат берген". Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Душанбеде Путинмен кездесті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "12 қараша күні, яғни екі аптадан кейін Сіздің шақыруыңызбен Ресейге сапармен барамын. Біз бұған ерекше мән беріп отырмыз. Бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарға тың серпін береді деп ойлаймын. Қазақстан мен Ресейді шын мәнінде мәңгі одақтастық, стратегиялық серіктестік және достық қарым-қатынастар байланыстырады. Көрсеткіштерге көңіл толады. Менің Ресейге жасайтын сапарымның алдында өзара сауда көлемі жоғары деңгейге жетті. Былтыр оның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Ресей біздің экономикаға қаржы құйып отырған негізгі инвесторлардың бірі. Осы жылдар ішінде Ресей бизнесі Қазақстанға 26 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Өткен жылдың өзінде елімізге 4 миллиард доллар инвестиция келді. Бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 22 миллиард долларға жуық 114 жобаның іске асырылғанын мысалға алсақ та жеткілікті. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады", – деді Мемлекет басшысы. "Біз Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы байланыстардың сипаты ерекше. Бұған Сіз бен біздің достығымыз ғана ықпал етіп отырған жоқ. Өйткені Қазақстан мен Ресей посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге бастамашы болып келе жатқаны белгілі. Бізде тұрақты түрде назар аударатын екіжақты мәселелер жеткілікті. Өз тарапымнан Қазақстан-Ресей байланыстарын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғыс айтамын. Екіжақты форматтағы осындай кездесулеріміз ынтымақтастығымызды дамыту үшін пайдалы болатынына сенімдімін", – деді Ресей Президенті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Апасы тізерлеп жалынған“. Жамбыл облысында алты жастағы бала ауруханада қайтыс болды Жамбыл облысында ауылдағы ауруханада алты жастағы бала қайтыс болды. Туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Қайтыс болған баланың жақындары әлеуметтік желілерде оның 29 қыркүйектен бастап ауырғанын айтты. Олар учаскелік дәрігерге жүгінген, бірақ олардың айтуынша, ешқандай көмек көрсетілмей, үйіне қайтарып жіберілген. "Баланың апасы дәрігерге тізерлеп жалынып, әрең 7 қазанда ғана ауруханаға жатқызды. Бала ауруханаға жатқанмен диагноз қойылмаған, бала ауырғанда тек "Креон" дәрісін бере берген. Бүгін 10 қазанда баладан айырылып қалдық дейді", - деді баланың туыстары. Денсаулық сақтау басқармасы не дейді? Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы баланың туыстарының шағымына қатысты пікір білдір. "Бала ауруханаға жоспарлы түрде әжесімен бірге жатқызылған. 2025 жылғы 7 қазаннан бастап клиникалық хаттамаға сәйкес тиісті тексерулер мен ем жүргізілді. Баланың жағдайы орташа деңгейде болған. 2025 жылғы 10 қазанда сағат 06:55-те бала кенеттен қайтыс болды", – деді басқармада. Ведомство өкілдері өлімнің себебін анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын қосты. "Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Ішкі істер бөліміне хабарлама жолданып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Толық мәліметтер сараптама қорытындысын алған соң беріледі", - деді департаменттің баспасөз қызметі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда баспана бағасы төмендеуі мүмкін Базалық мөлшерлеменің көтерілуі жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның тұрақтануы мен төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сүлейменовтің айтуынша, базалық мөлшерлеменің өсуі инфляцияны төмендетуге, демек, жалпы баға өсімін, оның ішінде шаршы метр бағасын тұрақтандыруға бағытталған. "Мұнда тікелей әсер жоқ шығар: базалық мөлшерлеме инфляцияны төмендетуді көздейді. Ол жалпы инфляцияны және оның құрамдас бөліктерін, соның ішінде тұрғын үй шаршы метрінің құнын азайтуға бағытталған. Сондықтан жалпы баға деңгейі төмендеген сайын тұрғын үй бағасы да тұрақталады деп үміттенуге болады", - деді Сүлейменов Ұлттық банктегі брифинг барысында. Ұлттық банк басшысы мөлшерлеме экономикалық ықпал етудің тек бір құралы екенін атап өтті. Тұрғын үй нарығына өзге де факторлар әсер етеді: құрылыс материалдарының құны, жобалық және инженерлік жұмыстардың бағасы, жалақы деңгейі және азаматтардың балама құралдарға инвестиция салу мүмкіндігі. "Мұнда тікелей байланыс жоқ және мұны түсіну маңызды. Дегенмен, базалық мөлшерлеменің төмендеуі экономикадағы жалпы баға деңгейіне әсер ете отырып, тұрғын үй секторындағы бағаның тұрақтануы мен төмендеуіне де ықпал етуі тиіс", - деп түйіндеді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қошанов: Президенттің алға қойған бағыты – шикізатқа тәуелділіктен арылу Мәжіліс Спикері, Amanat партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Энергетика министрлігі Парламент Мәжілісімен бірлесіп Ақтау қаласында ұйымдастырған Мұнай-газ машина жасау форумында сөз сөйледі. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Форумды ашқан Мәжіліс төрағасы Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жаһандық мұнай нарығындағы жетекші елдердің біріне айналғанын атап өтті. Шетелдік белді компаниялармен бірлесіп ірі мұнай-газ жобаларын іске асырудың арқасында елімізде мыңдаған жоғары білікті инженерлер мен техниктер даярланды, ең озық технологиялар игерілді. Бүгінде біз мұнай мен газды өндіріп қана қоймай, белсенді түрде өңдейміз. Елімізде үш мұнай өңдеу зауыты бар, мұнай-химия саласы қарқынды дамып келеді. Ендігі кезекте Қазақстанның алдында жаңа стратегиялық міндет тұр, ол – сапалы тауар өндіруші әрі экспорттаушыға айналып, ел экономикасын шикізатқа тәуелділіктен арылту. Осы орайда, мұнай-газ секторы ерекше рөл атқаруға тиіс. Мәжіліс спикері бұл форум алдағы мақсатқа барлық мүдделі тараптардың атсалысуымен бірлесе қол жеткізу үшін ортақ шешім әзірлеуге бағытталғанын айтты. "Жаңа айтып өткенімдей, алдымызда Қазақстанды индустриялық қуатты мемлекетке айналдыру міндеті тұр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының ерекше назарында. Осы жолда Парламент заңнамалық тұрғыда қолдауды жалғастыра береді. Үкімет жұмысты сапалы ұйымдастырып, бизнес өз өнімін халықаралық стандарттарға сай бәсекеге қабілетті етуге ұмтылса, жаңа жұмыс орындары ашылып, Қазақстанның экономикалық дербестігі нығаяды, халқымыздың әл-ауқаты жақсарады", – деді Ерлан Қошанов. Жүргізіліп жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Энергетика министрлігінің дерегінше, форум аясында 440 миллион АҚШ долларының келісімшарттары жасалады деп жоспарланған. Саладағы жалпы ахуалға тоқталған Мәжіліс спикері былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тек энергетика секторында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы қызмет пен тауар сатып алу көлемі 6 триллион теңгеден асқанын жеткізді. Оның 62 пайызы үш ірі компанияға – Теңізшевройл, KPO және NCOC үшеуіне тиесілі. Сөйтіп, отандық үлестің көлемі арта бастады. Бұл – Парламент пен Үкіметтің бірлескен жұмысының нәтижесі. "Осы бағытта Энергетика министрлігі мен Мәжіліс депутаттары екі жыл бойы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2 жылда үш ірі компаниямен арада шамамен 900 миллион доллардың келісімшарты жасалды. Жүйелі нәтиже бар – тендерлік рәсімдерге ішінара өзгерістер енгізілді, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға басымдық берілді. Дегенмен, бұл жерде әлі де үлкен перспективалар бар, яғни бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыру керек", – деп атап өтті Мәжіліс төрағасы. Оның пікірінше, мұнай-газ машина жасау өндірісін одан әрі кеңейту үшін бірқатар нақты шаралар қабылдау қажет. Біріншісі – отандық өндірушілерге сатып алу рәсімдерін жеңілдетіп, ұзақ мерзімді келісімдер мен офтейк-келісімшарттар жасау. Екіншісі – отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарын күрделі жабдықтар шығаруға ынталандыру. Үшіншісі – ірі мұнай компанияларының қазақстандық тауар мен азық-түлік саласындағы қызметтерге көшуі. Бұл қазіргі қажеттіліктердің біразын өтеп, соның ішінде "Ауыл аманаты" жобасы бойынша жоспардағы міндеттерді жабады. Аталған мәселеде Қарашығанақ операторының жақсы тәжірибесі бар. Мәжіліс спикері мемлекеттің мұнай-газ саласын кешенді қолдауы туралы айта келе, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекске енгізілген жаңа түзетулерге тоқталды. Енді ірі жер қойнауын пайдаланушылар отандық мамандарға басымдық беруге міндетті. Бұған қоса, күрделі жобаларға елішілік құндылықтың үлесін анықтау бекітілді, Оф-тейк келісімшарттарда отандық үлестің ең төмен деңгейі бойынша талаптар күшейтілді. Сонымен қатар отандық өндірушілердің бірыңғай реестрі заңмен бекітілді. Ерлан Қошанов өткен сессия барысында Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті жергілікті қамтуды арттыру бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс атқарғанын еске салды. Мұнай-газ саласындағы ірі операторлардың есебі тыңдалды, олардың қорытындысы бойынша арнаулы хаттамалар жасалды. Өсімнің нақты индикаторлары айқындалып, орындау нәтижелерін депутаттар тұрақты түрде тыңдайтын болады. Форумда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, "Норд Каспиан Оперейтинг" компаниясының басқарушы директоры Рую Джанкарло, "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." Бас директоры Марко Марсили және басқалар сөз сөйледі. Форум алаңында қазақстандық өндірушілердің көрмесі өтіп, 45 компания металл құрылымдар, құбырлар, сорғылар, мұнай-химия, химиялық жабдықтар және т.б. өнімдерін ұсынды. Өңірге жұмыс сапары аясында депутаттар Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты мен "ҚазАзот" компаниясына барды. Бұған дейін олар Жаңаөзендегі "Каскор-Машзавод" мұнай жабдықтарын өндіретін жаңа зауыттың құрылысымен танысты, сондай-ақ Жетібай ауылында су тазарту стансасын салу жұмыстарын қарап шықты. Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков
Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды Атырау қаласында көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Атырау облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс- шараға зиялы қауым өкілдері мен оқушылар қатысты. Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 орта мектептің оқушылары ақынның "Алыста мұнарланған тау шыңдары", "Шіркін, сөз-ай, құдіретті ең сен неткен!", "Салқындап саясында самал көлдің" атты өлеңдерін оқып, ұлы жерлестеріне деген құрметтерін білдірді. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов өз сөзінде ақын шығармашылығының ерекшелігін атап өтті: "Кейде Жұмекеннің шығармаларын жұмбақ дейді. Шын мәнінде, олар жұмбақ емес, терең мағыналы, философиялық, ой жүгіртуді қажет ететін дүниелер", — деді ол. Салтанатты шара соңында ақынның қызы Қарлығаш Нәжімеденова әкесінің рухына құрмет көрсетіп келген барша азаматтарға алғысын білдірді.
Тоқаев: Әкелеріміз бен аналарымыздың ерлігін қазақстандықтар қастер тұтады Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Жиынға қатысушыларға ілтипат білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған тәжік тарапы мен Президент Эмомали Рахмонға алғыс айтты. "Тәжікстанның табысты төрағалығы Ұйымның әлеуетін нығайтуға, көпжоспарлы ынтымақтастығымызды тереңдетуге үлкен үлес қосты. Бұл саммит Қазақстанда халықаралық беделді ұйым саналатын ТМД жұмысына үлкен серпін береді", – деді Мемлекет басшысы. Президент биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтіп жатқанын еске салды. "Барлық мемлекеттің дамуына жол ашатын жалпыадамзаттық құндылықтарды ауыр жағдайда қорғаған әкелеріміз бен аналарымыздың, жеңімпаз ұрпақтың өшпес ерлігін қазақстандықтар қастер тұтады. ТМД аумағында, соның ішінде Қазақстанда айтулы мерейтой лайықты деңгейде аталып өтті. Мерекелік іс-шаралардың шырқау шегі Мәскеу мен Бейжіңде өткен ауқымды әрі мазмұнды салтанатты шерулер болды. Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыстың қаһармандары мен барша қатысушысын жадымызда мәңгі сақтау – моральдік парызымыз. Фашизмді жермен-жексен еткен Ұлы Жеңіске 80 жыл толса да, өкінішке қарай, әлем салдары ауыр тиетін жаһандық қақтығыс қаупімен тағы да бетпе-бет келіп отыр. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихи шындығын бұрмалауға, фашизмді тойтарған Ұлы Жеңістің тарихи маңызын төмендетуге қатысты әрекеттерге қарсы. Халықаралық құқықтың іргесі сөгіле бастағанын, қақтығысқан мемлекеттер арасындағы сенім деңгейі әбден төмендегенін, көзқарастар қайшылығы күшейе түскенін, көпжақты дипломатияның дағдарысқа ұшырағанын, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік әлеуеті әлсірегенін алаңдаушылықпен қабылдаймыз. Осындай геосаяси дүрбелеңдер жағдайында барлық қақтығыс факторын жою үшін ТМД елдері мен барша жақтастарымыздың күш біріктіруі өте өзекті. Мұны өзара түсіністік пен жан-жақты ойластырылған іс-қимыл арқылы шешуге болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 16,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістанда Бекзат Саттархановтың өмір жолын бейнелеген қойылым көрерменді тебірентті Түркістан музыкалық драма театрында V маусым ашылды. Маусым шымылдығы биыл даңқты боксшының туғанына 45 жыл толуына орай "Бекзат" драмалық қойылымымен түрілді. Қуат Ежембектің пьесасы негізінде қойылған бұл туындыда киелі Түркістан топырағында дүниеге келіп, қазақ спортының айбынды жұлдызына айналған, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмір жолы бейнеленген. Аншлагпен өткен премьера төрт күнге жоспарланған. Қойылымды тамашалауға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Бекзаттың анасы Сырлыкүл Саттарханова және Тұрсынғали Еділов, Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Жұмабаев бастаған танымал бапкерлер арнайы келіп тамашалады. Сонымен бірге Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов пен күміс жүлдегер Мұхтархан Ділдәбеков және өзге де әлем чемпиондары мен жүлдегерлері көрермен қатарын толықтырды. Театрға келген көрермендер қойылым басталар алдында Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттық жетістіктеріне арналған арнайы көрмемен танысты. Экспозицияда боксшының жеке заттары, фотосуреттері мен марапаттары қойылған. Облыс әкімі Бекзаттың анасы – Сырлыкүл апаның иығына орамал жауып, құрмет көрсетті. Спектакль – тек шаршы алаңдағы жеңістерді ғана емес, ананың алаңдаған жүрегін, әкенің үкілі үмітін, алғашқы махаббаттың мөлдір сезімін, жарыстардағы бәсекелестікті шынайы жеткізіп, жұртшылықты тәнті етті. Осылайша, көрермен Бекзаттың спорттық биіктерін ғана емес, оның адами болмысын, нәзік сезімдерін, отбасылық құндылықтарын және ел алдындағы жауапкершілігін де танып білді. Бекзаттың бокстағы алғашқы қадамы бапкері Нұрлан Жұмабаевтың қолында басталған. Кейін ол ұлттық құраманың танымал жаттықтырушылары Александр Апачинский пен Тұрсынғали Еділовтің қолдауымен халықаралық аренаға шықты. Олимпиада қарсаңында спортшы еліміздің әйгілі спорт саңлақтары Ермахан Ибраимов, Болат Жұмаділов, Мұхтархан Ділдабековмен бірге дайындалып, шеберлігін шыңдады. Басты рөлдердерде – Қадыржан Төреханов, Досымжан Арқабеков, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Шерхан Саматұлы, Темірлан Еркінғалиев, Мұзафар Ғалымжанұлы, Данияс Нұрқабден, Мерей Құдайбергенов, Динар Қалдыбай, Темір-Сұлтан Мейірбек, Инабат Абытхан, Аида Серикова, Ақбөпе Сәбет, Айдана Аққали, Ұлан Әділбек, Сембай Нұрла және тағы басқа да әртістер бар. Премьераны тамашалаған көрермен қауым қазақ спортының шоқжұлдызы Бекзат Саттархановты еске алып, ерекше тебіреніспен қолдау білдіріп, өнер ұжымының ізденісін жоғары бағалады. Қойылым идеясының авторы – Асылхан Төлепов, жоба жетекшісі – Айгерім Бозщина. Ал пьесаның авторы – Қуат Ежембек, қоюшы режиссері – Карло Шакалуга. Айта кетсек, аталған қойылымның премьерасы 9-12 қазан күндері аралығында сағат 19:00-де өтеді. Премьера соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров театр ұжымына ықылас гүлін сыйлады.
Тоқаевты Душанбедегі Ұлттар сарайында Тәжікстан президенті қарсы алды Қасым-Жомарт Тоқаевты Душанбедегі Ұлттар сарайында Тәжікстан президенті қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысу үшін Душанбедегі Ұлттар сарайына барды. Мемлекет басшысын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар мемлекеттен 1,5 миллион теңге ала алады: егжей-тегжейі Қазақстанда 20 қазаннан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдерді қабылдау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үнемделген қаражат есебінен барлығы 9 өңірде 270 грант беру жоспарланып отыр: Абай, Ұлытау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент. "Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту. Гранттың мөлшері 400 АЕК (1 572 800 тенге) болады. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады", - делінген хабарламада. Өтінім беру үшін қажет: Business.enbek.kz порталында тіркелу; грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту; бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу; өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою. Сондай-ақ, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады. Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет. Грант алуға: тіркелген жұмыссыздар; жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) үміткер бола алады. Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек: мүгедектігі бар адамдар; қолданыстағы "қандас" мәртебесі бар адамдар; өңіраралық қоныс аударушылар аз қамтылған отбасы мүшелері; көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы); мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы); асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар. Үміткердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығандығы туралы 3 жылдан аспайтын мерзімде берілген сертификаты болуы тиіс. Гранттықажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады. "Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді". Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді. Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру. Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қабылданады. "Комиссия шешімі үміткердің Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрі Еңбек мобильділігі орталықтары мен оның филиалдарына (мансап орталықтарына) бармай-ақ, электрондық форматта жасалады", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістанда Райымбек Сейтметов театрына жаңа автобус табысталды Биыл – Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрының құрылғанына 25 жыл. Мәдениет пен руханияттың ордасына айналған қасиетті шаңырақтың меретойына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров театр ұжымын мерейлі мерекесімен құттықтап, жаңа 50 орындық заманауи автобустың кілтін табыстады. "Сіздерді Райымбек Сейтметов атындағы театрдың 25 жылдық мерейтойымен шын жүрекпен құттықтаймын! Түркістан руханияты үшін Райымбек Ноғайбайұлының сіңірген еңбегі зор. 1995 жылы туған топырағы Түркістанға келіп шәкірт тәрбиеледі, осы драма театрының негізін қалады. Қарашаңырақтың мерейтойы театр маусымының ашылуына тұспа-тұс келіп отыр. Биыл Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бұл руханият саласындағы жұмыстардың жандануына ықпал етеді деп сенемін. Қазіргі таңда облыста 3 кәсіби театр бар. Жыл басынан бері 245 спектакль қойылып, 35 мың көрермен қамтылды. Жаңа қойылымдар сахналанып, Түркістан халқына рухани азық сыйлауда. Республикалық, халықаралық театр фестивалдерінде жүлделі орындарға ие болуда. Соның ішінде осы театрдың алар орны айрықша. Өткен жылы Бірріккен Араб Әмірлігінде өткен "Оман" Халықаралық фестивалінде үздіктер қатарынан көрінді", – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров. Театр әртістері жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі гастрольдік сапарларға жиі шығады. Жаңа автобус – әртістер мен техникалық құрамның жол жүруін айтарлықтай жеңілдетіп, сахналық костюмдер мен реквизиттерді, декорацияларды тасымалдауға да мүмкіндік береді. Айта кетсек, театр 2000 жылдың 9-наурызында ашылды. Театрдың негізін қалаушы әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі – Қазақстанның халық артисі, режиссер, ұстаз Райымбек Сейтметов болды. Театр әзірбайжан драматургі Б.Вахапзаденің "Көк Түріктер" қойылымымен алғашқы шымылдығын ашты. 25 жылдан бері театр ұжымы елімізбен қатар, Түркия, Тәжікстан, Румыния, Оман, Ресей сынды шет мемлекеттерде гастрольдік сапарлар мен фестивальдерге қатысып, қазақ театр өнерін әлем сахналарында паш етіп жүр. 2017 жылы театрға Райымбек Сейтметовтің есімі ресми түрде берілді. Театр ұжымы ТҮРКСОЙ мен республикалық ауқымдағы бірнеше халықаралық фестивальдердің жүлдегері атанды. Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен 2023 жылы тұңғыш рет "RAIYMBEK FEST" республикалық театр фестивалі ұйымдастырылып, жоғары дәрежеде өтті.
Ақтөбе облысында әкім әйелді ұрғаны үшін сотталды Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр әйелді ұрғаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Іс материалдарына сәйкес, 39 жастағы шенеунік кабинетіне келген әйелді ұрған. "Әйел әкіммен ұзақ уақыт жақын арақатынаста болғанын және сол күні жағдайды анықтау үшін барғанын айтқан. Бірақ әңгіме тез арада жанжалға ұласқан: әкім оны ұрып, тамағынан алған көрінеді. Осыдан кейін әйел дәрігерлерге, содан соң полицияға жүгінген", – деп хабарлады телеарна. Сот оған айыппұл салып, моральдық залал үшін 100 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Телеарна мәліметінше, Аққайыр кінәсін мойындамай, өзін қаралап жатқанын айтқан. "Сотталушы өзін ақтауды сұрап, кінәсін мойындамады. Сот үкімімен сотталушы А. Қылмыстық кодекстің 109-бабы 1-бөлігі ("Соққы беру") бойынша кінәлі деп танылып, 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, бұл 314 560 теңге болады", – деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Жансая Таирова. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, бес жыл бұрын Аққайыр елдегі үздік қала әкімдерінің бірі саналған. Енді ол соққы беру бабы бойынша сотталғанымен, қызметін әлі жалғастырып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
700 мыңнан 2,8 миллионға дейін. Қазақстанда ең жоғары жалақы кімдерде? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Enbek.kz электрондық еңбек биржасының қыркүйектегі бос орындар туралы талдауын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, ең белсенді саланың бірі білім саласы болып шықты – онда 55 мыңнан астам бос жұмыс орны (40 пайыз) тіркелген. "Тағы 16,3 мың бос жұмыс орны "басқа қызмет түрлері" (≈12%) бойынша жарияланып, ал 10 мың бос жұмыс орны денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласына (≈7%) тиесілі болды. Жалпы алғанда, сұраныс ұсыныстан 7,6 мыңға асты", - делінген хабарламада. Қыркүйекте көбінесе орташа білікті мамандарға (57 мың бос жұмыс орны), одан кейін жоғары білікті мамандарға (49 мың), ең аз – біліктілігі жоқ адамдарға (32,2 мың) қажеттілік байқалған. "Ең белсенді жұмыс берушілер Астана (11,4 мың бірлік) мен Алматы (10,2 мың бірлік) қалаларында, сондай-ақ Павлодар облысында (9,4 мың бос жұмыс орны) байқалды. Ал жұмыс іздеушілер тарапынан дәстүрлі түрде оңтүстік өңірлер көш бастады: Түркістан облысында – 15,7 мың, Шымкент қаласында – 9 мың, Қызылорда облысында – 8,5 мың түйіндеме жарияланған". Қыркүйекте жарияланған бос жұмыс орындарының әр екіншісі (68 мың бірлік) жұмысшы мамандықтарына арналды, оның ішінде 39 пайызын (26,3 мың) нақты экономиканың кәсіпорындары ұсынған. Жұмысшы мамандықтар ішінде негізгі сұраныс өндіріс саласындағы білікті жұмысшыларға (23,5 мың бірлік), көлік және логистика саласына (5,9 мың) және білім мен тәрбие саласына (4,4 мың) түсті. Нақты мамандықтар бойынша ең жоғары сұраныс автокөлік жүргізушілеріне (2 мың бос жұмыс орны), тәрбиеші көмекшілеріне (1,8 мың) және санитар мамандарына (1,7 мың) болды. Жас ерекшелігіне келсек, әр екінші түйіндеме 34 жасқа дейінгі үміткерлер тарапынан орналастырылған – 63,8 мың. Бұл топтың ішінде ең белсенділері – 16-24 жас аралығындағы жастар (28 мың түйіндеме). Әр төртінші түйіндеме орта жастағы (35-44 жас) азаматтарға тиесілі – 33 мың бірлік. Тағы 17 пайызы (22,5 мың) – 45-54 жас аралығындағы үміткерлерге, ал зейнеталды жастағылардың үлесі барлық түйіндемелердің 9 пайызы (11,3 мың) құрады. Қыркүйек айында жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы көлемі: бас құрылысшы қызметінде байқалды (~705 мың теңге), шахта оқпандарын бұрғылау қондырғысының машинисі (~700 мың теңге) өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастығының орынбасары (~681 мың теңге). Ал үміткерлердің ең жоғары жалақыға деген үміті: коммерциялық әуе лайнерінің ұшқышы (~2,8 млн теңге), IT-сектордағы техникалық директор (1,4 млн теңге) құрылыс саласындағы бөлім басшысы (~1,2 млн теңге) лауазымдары бойынша болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның он қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазақстанның он қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 10 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана, Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылордада нан өнімдері кешені іске қосылды Бүгін Қызылордада нан өнімдерін шығару кешенінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өңірде жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобаларды атап өтіп, жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. "Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: "Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс", – деген болатын. Өңірімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. 2022-2024 жылдары аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды". Биыл 631 млрд. 400 млн. теңгеден астам инвестиция тарту бағытында жұмыс жүргізілуде. Өткен 8 айда 408 млрд. 200 млн. теңге инвестиция тартылып, жоспардың орындалуы бойынша Қызылорда облысы республикада бірінші орынға шықты. Жыл соңына дейін жаңа жобаларды іске қосу есебінен жоспар 716 млрд. теңгеге дейін артығымен орындалады. Тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша 280 млн. АҚШ доллары бекітілген, осы жылдың ІІ тоқсанында 172,9 млн. АҚШ доллары тартылып, жоспар 62 пайызға орындалды. "Бүгін өңір экономикасына тың серпін беретін нан өнімдері кешенінің ашылу салтанатында бас қостық. Баршаңызды жаңа кәсіпорынның іске қосылуымен шын жүректен құттықтаймын. Жобаға атсалысқан инвесторларға, құрылысшыларға, барлық серіктес ұйымдарға алғысымызды білдіреміз. Кешеннің жұмысы табысты, өндірісі берекелі болсын! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!", – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Рәсімде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйледі. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі, өңдеу өнеркәсібі саласына ауқымды инвестиция салғаны үшін меценат Нейля Жүсіпова Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Қызметкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Қызылордада алғаш рет 1957 жылы іске қосылған нан зауыты 1995 жылға дейін тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз еткен болатын. Араға отыз жыл салып, бұл игі дәстүр жалғасын тауып, жаңа кешен жұмысын бастады. Жалпы 5,6 миллиард теңге қаржы жұмсалған бұл кешен – тек өндірістік ғана емес, әлеуметтік және ұлттық маңызға ие ірі нысан. Бүгінде мұнда 120 адам еңбек етуде, алдағы уақытта жұмыс орындарының саны 170-ке дейін көбейеді. Кешенге мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 1,2 миллиард теңге жеңілдетілген несие беріліп, оның пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды. Бірінші кезеңде 3,1 миллиард теңгеге заманауи, толық автоматтандырылған жабдықтары бар төрт өндірістік цех іске қосылды. Алдағы жылы жобаның екінші кезеңінде 2,5 миллиард теңгеге ұн комбинатын салу жоспарланған.
Ерболат Жанәбіловтің ісі бойынша қылмыстық іс жүргізіледі Апелляция алқасы блогер Ерболат Жанәбіловтің ісі бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астананың апелляциялық соты Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. "Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді", - деді судья Жанна Нұрғалиева оқыды. Осылайша сот алдыңғы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Ерболат Жанәбіловтің ісі қылмыстық іс ретінде қайта жіктеледі. Айта кетейік, блогердің жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты шешім де өзгеріссіз қалды. Дау қалай өрбіді? Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген, репост жасау ғана. Алайда 21 тамызда оқырмандар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жұрт арасында наразылық тудырды. Кейінірек Жанәбіловтер ұйымдастырған даулы конкурс сотқа жетті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қазақтың Робин Гуды“ сотында айыпталушы жауап берді Алматыда "қазақтың Робин Гуды" аталып кеткен "Елге көмек" қорының басшысы Ілияс Сариевке қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Оған бірнеше рет алаяқтық жасады деген айып тағылған. 9 қазандағы сот отырысында айыпталушы Ақтоты Дүйсеева оның қажылыққа баратындардың ақшасын құмар ойындарға жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ілияс Сариев пен 33 жастағы Ақтоты Дүйсееваға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі, 4-тармағы ("Бірнеше рет жасалған алаяқтық") бойынша айып тағылып отыр. Бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған. Қандай айып тағылып отыр Қылмыстық іс екі эпизодтан тұрады, екеуі бір өндірісіне біріктірілген. Бірінші эпизод бойынша тергеу нұсқасында, Сариев науқастардың туыстарынан қайырымдылық жариялау үшін ақша алып, Instagram-парақшасында бейнежазба салуға уәде берген. Бірақ ол уәдесінде тұрмаған. Салдарынан көмек күткен алты адам ақшасыз және қолдаусыз қалған. Екінші эпизодта блогер екінші айыпталушы Ақтоты Дүйсееваға тиесілі туристік фирманың жарнамасын жасаған. Компания қажылық пен умраға жолдамалар сатқан. Тергеу дерегінше, 20 адам зардап шеккен. "Амбассадор емес, директор" Бұған дейінгі сот отырысында Ілияс Сариев MM Travel фирмасының қызметіне қатысы жоқ екенін, тек 2023 жылдан 2024 жылға дейін жарнамалағанын айтқан. Алайда 9 қазанда сотта екінші айыпталушы Ақтоты Дүйсеева басқа нұсқаны айтып берді. Оның сөзінше, олар 2018 жылдан бері достық әрі серіктестік қатынаста болған, ал MM Travel компаниясын 2023 жылы бірге құрған. "Сариев компанияның директоры болды. Бұл - ортақ бизнесіміз еді. Екі жылда шамамен екі мың адамды қажылыққа жібердік. Проблема Сариев кассадан ірі сомадағы ақшаны алып, қайтармаған кезде басталды. Соның кесірінен кассада жетіспеушілік пайда болды. Бір топ туристің ақшасын екіншісінен жаптым, біраз уақытқа дейін бұл көмектесті, бірақ сәуірде мені ұстағанға дейінгі соңғы екі-үш айда жағдай нашарлады", – деді Дүйсеева. "Ақшаны құмар ойындарға жұмсаған" Ақтоты Дүйсеева Сариевтің оның банк шотын пайдаланып, компания ақшасын жеке мақсатқа жұмсағанын айтты. Прокурордың нақтылау сұрақтарынан кейін ол "қазақтың Робин Гуды" ақшаны құмар ойындарға салғанын мойындады. "Сол себепті 20 адамды қажылыққа жібере алмадық. Ол ақшаны бір аптада қайтарамын деп уәде берді және мәселе шешіледі деді. Тіпті туристермен өзі хабарласып, неге сапар болмай қалғанын түсіндірді. Қазір ол мұны менің өтінішіммен жасағанын айтады, бірақ шын мәнінде бұл оның бастамасы болды. Мен одан ештеңе сұраған жоқпын", – деді ол. Алайда сотта Дүйсеева Сариевтің қанша ақша жұмсағанын нақты атай алмады. "Бізде бухгалтер болған жоқ, әр туристен небәрі 25–30 мың теңге пайда түсетін. 2024 жылы төлемдерден оның ақшаны құмар ойындарға жұмсай бастағанын байқадым, содан кассада жетісеушілік пайда болды. Ол бұрын, 2014 жылы да ойнағанын білетінмін, бірақ, көрініп тұрғандай, тоқтай алмаған", – деді айыпталушы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Тәжікстан президентімен кездесу өткізді Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға "Орталық Азия – Ресей" саммитін, сонымен қатар ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездескенде "Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Ортақ ірі жобаларымыз жүзеге асырылып жатыр",- деп айтқан болатын. Осыған орай, Мемлекет басшысының тарсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында қытай кәсіпкерлерімен 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Көрші елдің инвесторлары энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау сияқты бірқатар маңызды салаларға жалпы құны 134 миллиард теңгеден астам қаржы салуға ниетті. Бұл бағытта екі жақты нақты келісім бар. Енді санаулы күндерден кейін екі зауыттың құрылысы басталады. Оған қажетті құрал-жабдық тиелген контейнерлердің алғашқы легі Қытайдың Вэйфан қаласынан елімізге қарай жөнелтілді. Алдымен индустриалды аймақта қуаты 34 мегаватт болатын газ электр станциясы салынады. Бұл жоба кейінгі өндіріс орындарын тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар мұнай катализаторларын қайта өңдеу зауытының құрылысы басталады. Зауытқа қажетті қондырғы Қазақстанға жөнелтілді. Алғашқы жүкті тиеу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация арнайы қатысты. "Мемлекет басшысы атап өткендей, біз шикізатқа тәуелді болмай, өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, өндірісті дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Бұл жобалар өңір экономикасының дамуына елеулі серпін береді", - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев. Облыста жоспарланған 14 жобаның бәрін бір консорциум атқарады. Құрамындағы бірнеше компания тек энергетика саласын ғана емес, агротехника, мұнай, құрылыс, денсаулық сақтау салаларын да инвестициялайды. Жұмысшы топ Шандун провинциясындағы кешенді аралап тың технологиямен танысты. Қытайлық "VEGA Power" компаниясының бас директоры Гэ Цзянь жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, алғашқы кезеңде 30 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынатынын атап өтті. Сонымен қатар, бүгінде алғашқы бес контейнер жөнелтілгенін және жоба толық жүзеге асқанда 10-нан астам өнім түрі шығарылатынын хабарлады. Облыс әкімі инвесторлармен кездесу барысында нақты талаптарды да атады, олар: компаниялар өңірде тіркеліп, салық түсімі жергілікті бюджетке бағытталуы тиіс; жергілікті кадрлар жұмысқа орналастырылады; болашақ мамандарды оқыту инвесторлардың қаражаты есебінен жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, өңір Қытаймен медицина саласы бойынша байланысты нығайтады. Осы мақсатта делегация iKang Guobin Checkup Center емханасына барып, Қытайдың денсаулық сақтау жүйесіндегі заманауи әдістермен және медициналық қызмет көрсетудің инновациялық үлгілерімен танысты. Айта кету керек, биыл алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша республикада 3-орында тұр. Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Өмір бойына сотталған қазақстандыққа кастрация жасалады Талдықорғанда педофилия ісі бойынша ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 39 жастағы сотталушыға өзінің қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған. Сот отырысы жабық есік жағдайында өтті. Tengrinews.kz тілшісі анықтаған мәлімет бойынша, ер адам бірнеше жыл бойы 15 жастағы қызын зорлап келген. Қылмысты мектеп оқушысының анасы ашты, ол күйеуін баланы зорлады деп айыптап, шілдеде полицияға арыз түсірген. Кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жиналған дәлелдемелер сотқа айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуге жеткілікті болып шықты. "Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлық-зомбылықпен жыныстық сипаттағы әрекеттер жасау" бойынша кінәлі деп таныды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ бас бостандығынан айыру орнында химиялық кастрациялау жазасы тағайындалды. Бас бостандығынан айыру орны - төтенше жағдайдағы қауіпсіздік жүйесінің түзеу мекемесі", - деді Жетісу облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Тәжікстанға ұшып барды Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды. Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады. Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оралда жол талғамайтын көліктегі екі жүргізуші жанжал шығарды Оралда көпқабатты үйдің ауласынан шығар жолда екі жол талғамайтын көлік жүргізушілері жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлер оқиғаның тек соңғы сәтін түсіріп үлгерген. Видеожазбада алдыңғы әйнегі мен шамы сынған Toyota Hilux көлігі артқа шегініп, Toyota FJ көлігін соғып, оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от TengriAuto (@tengri.auto) Полиция мәліметінше, 8 қазанда тұрғын үйлердің бірінің ауласында екі жүргізуші арасында жолдағы жағдайға байланысты жанжал шыққан. "Оқиғаға қатысқан барлық тарап жедел анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Полиция департаменті. Жүргізушілер арасындағы жанжалдың себебі әзірге анықталған жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда медианалық және орташа жалақы мөлшері аталды Қазақстанда 2025 жылы медианалық жалақы мөлшері 317 512 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Былтыр медианалық жалақы мөлшері 285 677 теңге болған. Осылайша бір жыл ішінде 11,1 пайызға өскен. "Орта білімді жұмысшылардың ай сайынғы орташа жалақысы - 289 673 теңге, жоғары білімді азаматтардың орташа жалақысы - 497 563 теңге, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіндегі қызметкерлердің жалақысы - 672 493 теңге", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды сұрады Әлеуметтік желілерде 31 желтоқсанды ресми демалыс күні деп жариялау туралы талқылау қайта қызыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақастандықтар не дейді? Желі қолданушысы жазба жариялап, бұл мәселеге қатысты қазақстандықтардың пікірін сұраған. "Кім 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды қолдайды? Негізі бәрібір ешкім жұмыс істемейді, жұмыста жай отырамыз, ал үйде істейтін шаруа, дайындық бар", - деп жазды автор. Скриншот: Threads 31 желтоқсанның мәртебесі туралы пікірталас толастар емес. Бірі мерекеге сабырмен дайындалу үшін қосымша демалыс күнін сұраса, екіншілері дәрігерлер, көлік, дүкендер мен жедел қызметтер жұмыс істеуі тиіс екенін еске салады. Еңбек министрлігінің ұстанымы Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдаған едік. Ведомство 31 желтоқсан мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейтінін еске салды. Министрлік түсіндірмесі: Қазақстанда демалыс күндері тек мемлекеттік және ұлттық мерекелер болып саналады. Жаңа жыл 1 және 2 қаңтарда тойланады; жұмыс берушілер 31 желтоқсандағы жұмыс күнін өз қалауы бойынша қысқарта алады; 31 желтоқсанды ресми демалыс күні ету үшін заңға өзгеріс енгізіп, бұл мәселені үкімет деңгейінде қарастыру қажет. "Азаматтардың демалысқа конституциялық құқығын сақтау және жұмыспен қамтылған халықтың басым бөлігінің әлеуметтік мүдделерін ескеру мақсатында 31 желтоқсанды демалыс күні ретінде бекіту орынды емес деп санаймыз", — делінген жауапта. Сонымен қатар министрлік демалыс күндерін ауыстыру мүмкін екенін, бірақ мұндай шешімдер күнтізбе мен экономикалық жағдайға байланысты алдын ала қабылданатынын нақтылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда зейнет жасы қалай өзгереді? 2026 жылы жасына байланысты зейнетке шығу ережелері өзгермейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ-ға сілтеме жасап. Қазақстанда ерлер 63 жастан бастап зейнетке шығады. Әйелдерге қатысты жағдай мынадай: 2024 жылдан 2027 жылға дейін - 61 жас; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жас. Айта кетейік, ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабына сәйкес кейбір азаматтарға бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін жеңілдетілген жас бар, олар жалпыға белгіленгеннен өзгеше болуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық Конституциялық сотта сыбайлас жемқорлық үшін жұмыстан босатылғанын даулады Конституциялық Сот жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босату туралы норманың Конституцияға сәйкестігін тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша, ер адамның Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармағы 2) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. Дауланып отырған норма квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу мүмкіндігін көздейді. Осы негіз бойынша қызметінен босатылған өтініш беруші электровоз машинисі бұл ереже оның еңбек бостандығы мен қызмет пен кәсіп түрін таңдау еркіндігіне конституциялық құқықтарын шектейді деп санайды. Оның пікірінше, норма орындалатын жұмыстың сипатын ескермей кеңінен қолданылады және басқарушылық функцияларды жүзеге асыруға байланысты және байланысты емес лауазымдарды сараламайды. Норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Telegram-арнада жарияланады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада науқастарды алдаған дәрігер сотталды Астанада 6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алаяқ дәрігер бұл қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Ол алдап алған 4 млн теңгеден аса қаражатты жеке қажетіне жұмсаған. "Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығын ескере отырып, ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді", - деп жазылған хабарламада. Үкім заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға салынған тыйым ұзартылды Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға салынған тыйым ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстанда алты ай мерзімге сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге салынған тыйым ұзартылды. Мұндай шешім премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды. Үкімет мәліметінше, бұл шара ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және бағаның тұрақтылығын сақтауға бағытталған. Билік өкілдері шешімнің автокөліктердің сұйытылған газды отын ретінде пайдалану санының артуы және оның жоғары әлеуметтік маңыздылығымен байланысты екенін атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы соғысты тоқтататын келісімге келді Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңі аясында келісімге қол қойды. Бұл туралы 9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мен зор мақтанышпен Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының алғашқы фазасына қол қойғанын хабарлаймын. Бұл барлық тұтқынның босатылатынын және Израиль өз әскерін келісілген шепке дейін әкететінін білдіреді", - деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында. "Барлық тарапқа әділ көзқарас болады! Бұл араб және мұсылман әлемі, Израиль, көршілес елдер мен АҚШ үшін ҰЛЫ күн", - деді Трамп және келіссөздерге арағайындық жасаған Қатар, Мысыр және Түркияға алғысын білдірді. ХАМАС келісімді растады. Қозғалыс Трамп пен Газадағы келісімнің кепілі болып отырған елдерді Израильдің шартты орындауын қамтамасыз етуге шақырды. ХАМАС қақтығысты тоқтатуға күш салғаны үшін Трампқа ризашылығын білдірді. The Times Of Israel басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ХАМАС сенбі, 11 қазанда тұтқындарын босататынын хабарлады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл келісімді "Израиль үшін ұлы күн" деп атады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Газадағы қақтығысқа байланысты келісімді қолдады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ, Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті", - деп жазылған хабарламада. Еске салайық, бұған дейін де Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев қаржы министрі Такиевті қабылдады Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке республикалық бюджеттің орындалуы және мемлекет қаржысын цифрландыруды ілгерілету жұмыстары жөнінде баяндалды. Министрдің айтуынша, биыл республикалық бюджетке 21,6 триллион теңге көлемінде кіріс түскен. Оның 15,2 триллион теңгесін салық түсімдері құрайды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 23,4 пайыз жоғары. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бюджет 101,6 пайыз орындалып, оның әлеуметтік бағыты сақталып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру шаралары, Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері туралы мәлімет берілді. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын іске асыруға баса назар аударылды. Жаңа құжат рәсімдердің мерзімін қысқартуды, олардың ашықтығын қамтамасыз етуді және отандық тауар өндірушілерді қолдауды көздейді. Қазіргі уақытта қазынашылықтың ақпараттық жүйесіндегі талдау және бақылау үдерістері толық автоматтандырылды. Мемлекет қаржысын цифрландыру аясында Big Data қалыптастыруға және толықтыруға, сондай-ақ салық пен кеден салаларына жасанды интеллектіні енгізуге ерекше мән беріледі. Президентке мемлекеттік аудиттің нәтижелері таныстырылды. Биылғы 8 айда 791 тексеру жүргізіліп, сомасы 337,5 миллиард теңге болатын қаржының заңсыз жұмсалғаны анықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру мен барлық әлеуметтік міндеттемені орындау керек екеніне тоқталды. Сондай-ақ цифрландыруды одан әрі дамыту және заманауи бақылау тетіктерін енгізудің маңызын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтарға SMS ескертулер келе бастады Қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесін жоғалтуы мүмкін екені туралы ескертетін SMS-хабарламалар ала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Хабарламалар 1414 қысқа нөмірінен жіберілетіні айтылды. Бұл ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлескен бастамасы. "Алғашқы SMS-хабарламалар қыркүйекте таратыла бастады, олар МӘМС-тегі мәртебесін қазанда жоғалту қаупі бар азаматтарға жіберілген. SMS-хабарламаға енгізілген азаматтар тізімі мынадай тәртіппен қалыптастырылды: олардың МӘМС-ке соңғы төлемі маусым айында түскен, ал шілде, тамыз және қыркүйек айларында жарналар түспеген. Осыған байланысты бұл азаматтар қазан айында сақтандырылған мәртебесін жоғалтуы мүмкін", - делінген хабарламада. Жарналарды төлеуді тоқтатқан азаматтар МӘМС аясында үш ай ішінде медициналық көмек алуға құқылы. Бұл кезеңде олар шартты түрде сақтандырылған болып саналады, алайда өткізіп алған айлар үшін жарналарды төлеу міндеті сақталады. Сақтандыру мәртебесі бойынша ақпаратты Қордың msqory.kz сайтында, Telegram-дағы SaqtandyryBot, сондай-ақ eGov Mobile, Damumed, Qoldau 24/7 және банк мобильді қосымшалары арқылы алуға болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз қаза болды Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы шекара заставасында биыл көктемде әскерге шақырылған сарбаз қаза болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Не болған? Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 7 қазанда "Үстірт" шекара заставасында болған. Бөлім командирінің тапсырмасымен әскери қызметші дизель-генератор радиаторын жуу үшін бензин әкелу мақсатында қоймаға барған. Тапсырманы орындау кезінде сарбаз жанармай буларына уланып, есінен танып қалғаны хабарланды. Шамамен 10 минуттан кейін оны жерде жатқан күйінде байқап қалған. Сарбаз зардап шеккен қызметшіге көмек көрсетуге тырысқан, алайда ол көз жұмған. ҰҚК пікірі ҰҚК баспасөз қызметі әскери қызметшінің қаза болғаны туралы ақпаратты растады. "Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде қайғылы жағдай болды, мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болған", – деп хабарлады ҰҚК. Ведомствоның мәліметінше, полиция органдары қылмыстық іс қозғаған, қосымша қызметтік тексеріс те жүргізіліп жатыр. "ҰҚК Шекара қызметі қаза болған сарбаздың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында егізімен әскерге барған Дінмұхамед есімді әскери қызметші қаза тапқан болатын. Алғашында олар бір әскери бөлімде қызмет еткен, кейін олардың бірі басқа бөлімге ауыстырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев 9-10 қазан күндері Душанбеге барады Қасым-Жомарт Тоқаев 9-10 қазан күндері Душанбеге барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев 9-10 қазан күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен "Орталық Азия – Ресей" саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбеге сапармен барады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Олигархтардың жарты миллиард теңгеден асатын сәнді бұйымдары саудаға шығарылды 8 қазанда жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын 48 сән-салтанат бұйымы электронды саудаға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) аукционға тәркіленген коллекциялық сағаттарды, әлемдік брендтердің зергерлік бұйымдарын және сирек кездесетін бұйымдарды шығарды. Олардың арасында Patek Philippe, Breguet, Franck Muller, Harry Winston, Bovet сағаттары, сондай-ақ Van Cleef & Arpels, DE BEERS, Yana Jewellery және басқа да зергерлік әшекейлер бар. Аукцион 8 қазанда сағат 12:00-де электронды сауда порталында өтті. Фото: e-qazyna.kz Қандай бұйымдар сатылды? 48 лоттың ішінен сатып алушылар тек онын ғана сатып алған. Негізінен орташа бағадағы әшекейлер мен танымал брендтердің аксессуарлары қызығушылық тудырды. 10 лоттың әрқайсына тек бір қатысушы өтінім бергендіктен, сауда бәсекесіз өткен. YEPREM брендінің 114 түрлі қырлы гауһармен безендірілген ақ алтын сырғасы 6,6 миллион теңгеге сатылған. FOPE брендінің сары алтыннан жасалған, гауһар және інжу тастармен безендірілген алқасы 4,7 миллион теңгеге өткен. Фото: e-qazyna.kz Marco Bicego брендінің бірнеше әшекейі сатылған: білезік - 2 миллион теңге; алқа - 2,8 миллион теңге; сырға - 1,5 миллион теңге; інжу және асыл тастармен безендірілген тағы бір алқа - 2,7 миллион теңге. Фото: e-qazyna.kz Сонымен қатар, гауһар мен сапфир тастары бар сырға мен сақина жиынтығы 3,5 миллион теңгеге, ал Damiani брендінен сақина мен сырғадан тұратын жиынтық 2,6 миллион теңгеге сатылған. Фото: e-qazyna.kz Ондаған қымбат әшекейдің ішінде ерекше көзге түскені - Nike+Fuelband каучук білезігі. Ол бар болғаны 18 мың теңгеге сатылған. Фото: e-qazyna.kz Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңызды реформа: Тоқаев жұмыс тобының тізімін бекітті Мемлекет басшысы "Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы" өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Президент "Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы" өкімге қол қойды. Жұмыс тобы құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар. Бұған қоса жұмыс тобына ғылыми институттардың басшылары, еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан әрі конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясына бағдарланған белгілі заңгер ғалымдар, сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелері мен сарапшылар енді. Еске салайық, бұған дейін Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО-да видеосы тарағаннан кейін басы дауға қалған әкім әрекетін түсіндірді ШҚО-дағы ауыл әкімі желіде резонанс тудырған даулы видео үшін тұрғындардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әңгіме Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан туралы болып отыр. Жазбада ауыл тұрғындары әкіммен кездесуге келіп, оның қызметі туралы сұрақтар қойып жатқанын көруге болады. Әңгіме барысында олардың арасында дау туып, кейін әкім бейәдеп сөздер айтқан. Бейнежазбаны түсірген автордың айтуынша, әкімнің қасында сол сәтте полиция қызметкері де болған. Қуаныш Төлеухан бұл жағдай бойынша видеоүндеу жасап, түсініктеме берді. Ол өз ауылында туып-өскенін, ешкімді ренжіту немесе қорлау ниетінде болмағанын айтты. Сондай-ақ оқиға қоғамдық тыңдаулар кезінде болғанын түсіндірді. Жиын шамамен бес сағатқа созылып, пікірталас барысында эмоцияға беріліп, әдепсіз сөздер айтып жібергенін мойындады. Төлеухан ауыл тұрғындарынан кешірім сұрап, өз әрекетінің орынсыз болғанын мойындады. ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл іс сотта қаралады. "Полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша 36 жастағы азаматты жауапкершілікке тартты. Жиналған материал сотқа жолданды", – делінген облыстық ПД хабарламасында. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты. Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері 9, 10 және 11 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы күндері Қазақстанның көп өңірінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады. "Тек кезеңнің аяғында республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі", – деді синоптиктер. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, шығыста және орталықта – тұман, оңтүстік-батыста және оңтүстікте құмды дауыл болады. "Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", – деп қосты "Қазгидромет" мамандары. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында 24 жастағы жігіт зорланған: үш ағайындыға қатысты сот үкімі шықты Түркістан облысының Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігіттің зорлануына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Бұл оқиға туралы 2025 жылғы наурызда "НеМолчи.kz" қорының жазбасынан белгілі болды. Ұйымның деректеріне сүйенсек, даму деңгейі 4 жастағы баланың деңгейіне сәйкес 24 жастағы жігіт жылдар бойы туысқандары мен көршілерінің зорлық-зомбылығына ұшыраған. Жәбірленушінің анасы қылмысқа алты адамның, соның ішінде кәмелетке толмағандардың да қатысы бар екенін айтқан. Алайда айыпталушылар орындығында жігіттің кәмелетке толған үш туысқаны ғана отырды. Сот үкімі Сот отырысы жабық режимде өтті. Екі айыпталушы бірнеше рет жасалған топтық зорлау бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары), үшіншісі топтық зорлау және ұрлық бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1-тармағы; ҚК-нің 188-бабы) айыпталды. Жәбірленушінің адвокаты Гүлайхан Тұрcыманованың сөзінше, сот үшеуін де тоғыз жылға бас бостандығынан айырған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтарға “төлеуге“ болмайтын айыппұлдар туралы ескертілді Полиция интернет-алаяқтар нысанына автокөлік иелері іліге бастағанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Алаяқтар жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұлдар жібереді. "Қаскөйлер автокөлік иелеріне электрон пошта немесе мессенджерлер арқылы хаттар мен хабарламалар жібереді. Онда жүргізушінің жеке деректері, көлік нөмірі және "айыппұлды төлеуге арналған" сілтеме көрсетіледі. Алайда бұл – фишингтік шабуыл. Егер адам банк картасының деректерін енгізсе, алаяқтар оның есепшотына қол жеткізеді. Кей жағдайларда сілтемелер арқылы жеке деректерді ұрлайтын вирустар да таралады. Мұндай шабуылдар АҚШ пен Ресейде тіркелген, ал енді олардың Қазақстанда таралу қаупі бар", – деді Алматы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев. Полиция ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келетінін және онда төлем жасауға арналған сілтемелер көрсетілмейтінін ескертті. Айыппұлдарды egov.kz, qamqor.gov.kz сайттарында немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алтын үшін өзен арнасын бұрған: ШҚО-да шенеуніктер заңсыз кен өндірген ШҚО-да Ұлан ауданы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану дерегі бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеу барысында "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ директорының орынбасарларының бірі басқа адамдармен бірге кен орнын заңсыз игеру жұмыстарын ұйымдастырғаны анықталды. Осы мақсатта олар өз бақылауындағы EastGoldStone ЖШС-ны пайдаланған. ҚМА мәліметінше, олар екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, өзеннің табиғи арнасын өзгертіп, алтын өндірген. Заңсыз әрекеттер салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал көлмеі 300 млн теңгеден асты. "Тінту барысында жалпы құны 382 млн теңге болатын 6,7 келі алтын, 10 млн теңге және 56 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша тәркіленді. Бұл қаражат сот санкциясымен бұғатталды. Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді ҚМА өкілі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ШҚО-да желіде тараған видеодан кейін әкімнің басы дауға қалды Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Зайсан ауданындағы ауыл әкімі көрінетін, бейәдеп сөздер қолданылған видеоны анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін әлеуметтік желіде әкімге қатысты оқиғаның видеосы тараған болатын. Жазбада ауыл тұрғындары әкіммен кездесуге келіп, оның қызметі туралы сұрақтар қойып жатқанын көруге болады. Әңгіме барысында олардың арасында дау туып, кейін әкім бейәдеп сөздер айтқан. Өңір әкімдігі мәліметінше, осыған байланысты ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілген. "Әкімдік бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Кеңесте қызметтік әдеп нормалары бұзылуы қаралады. Мұндай әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Облыс басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы", - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатаң жаза қолданылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкент ҰҚКД басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты Шымкентте алқабилердің қатысуымен аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық пен ақша жымқыру деректері бойынша іс қаралды. Іс бес айыпталушағы қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот материалдарына сәйкес, Шымкент ҰҚКД басшысының бұрынғы орынбасары Манат Сарбасов құқық қорғау органында басшылық қызмет атқара отырып, 2019-2020 жылдары кәсіпкерден жеке мектебіне қамқорлық жасау үшін 70 миллион теңге пара алған. Одан кейін екі пәтер сатып алып, оларды жалға беру арқылы және сатудан пайда тапқан. "2020 жылы Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының медициналық бұйымдарды мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз өткізуі нәтижесінде бөлім басшысының м.а. Д.Ч. және жеке кәсіпкер Т.Е. 92 миллион теңгеден аса ақшаны жымқырған", - делінген сот хабарламасында. Сарбасов жасалған қылмысты біле тұра, өзіне және басқа тұлғаларға пайда келтіру мақсатында, қызмет бабында әрекетсіздік танытқан, яғни Д.Ч. мен Т.Е.-ның қылмыстық әрекеттерін тоқтатпаған. "В.Т. Денсалық сақтау басқармасы басшысының орынбасары бола тұра, медициналық бұйымдар мен құрылғыларды сатып алу кезінде лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану нәтижесінде, ауыр салдарға алып келген". С.А. жедел уәкіл бола тұра, заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысып, Д.Ч.-ға медициналық құрылғы сатып алу үшін 7,5 миллион теңге ақша қаражатын беріп, одан 14,4 миллион теңге көлемінде заңсыз пайда алған. "Сот барлық сотталушы үшін жас балаларының болуын жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде таныды, ал С.М. және С.А.-ға қатысты қызметтік антын бұзуы ауырлататын мән-жай ретінде танылды", - делінген хабарламада. Сарбасов кінәлі деп танылып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. "Алқабилердің басым бөлігінің берген дауысы нәтижесінде алаяқтық жасау және пара беруге азғыру бойынша С.М. қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы болмауына байланысты ақталды". Қалған айыпталушыларға шартты түрде бас бостандығынан айырудан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ оларға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынған қосымша жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "8 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанайда қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында ауқымды “AQ-DALA“ мақташылар фестивалі өтті Түркістан облысы, Отырар ауданында 7 қазан – Дүниежүзілік мақта күніне орай ауқымды "AQ-DALA" мақташылар фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты – мақта шаруашылығының өңірдегі даму тарихын, жетістіктері мен жаңалықтарын дәріптеу, жаңа технологияның қолданысын кеңейту және "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында шаруаларға құрмет көрсету. Фестиваль аясында егіс алқабына экскурсия, ауыл шаруашылығы және мақта шаруашылығына арналған техника көрмесі ұйымдастырылып, жаңа агротехнологиялар таныстрылымы өтті. Салтанатты шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауыл шарушалығы еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады. "Сіздерді "AQ DALA" мақта фестивалі салтанатты мерекесінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Мақта – өңіріміздің басты дақылы. Тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты ғана емес, мыңдаған отбасылардың тұрмысын түзеп, ауылдың әлеуетін көтеріп отырған берекелі өнім. Осы жолда маңдай терін төгіп жүрген диқандарымыздың еңбегі – нағыз құрметке лайық. Мемлекет басшысы биыл Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруді міндеттеп, суармалы жерлерді тиімді пайдалану және заманауи технологияларды енгізуді тапсырды. Шикізат өндіруден терең қайта өңдеуге көшу қажеттілігін ерекше атап өтті. Біз мақтаны тек шикізат күйінде ғана емес, дайын өнімге айналдырып, өзіміздің тоқыма өнеркәсібімізді дамыту бағытында жұмыс жасаудамыз. Бүгін мақта-тоқыма кластері бойынша алғашқы жобаның нақты жүзеге асырылуының куәсі болып отырмыз", - деді Нұралхан Оралбайұлы. Облыс әкімінің айтуынша, аталған кластердің жалғасы ретінде, "Turan" арнайы экономикалық аймағында мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттауға бағытталған көпсалалы нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. "Болашақта made in Turkestan тігін жіптері мен маталары танымал брендтерде сатылатын болады. Осы озық тәжірибе аясында өңірімізде инвестиция тарту жұмыстары жалғасын табады. Облыс әкімдігі тарапынан әрбір инвесторға қолдау көрсетіліп, қолайлы жағдай жасауға әрқашан дайынбыз. Біздің басты мақсатымыз – еңбек адамының тұрмысын жақсартып, ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеру. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында Түркістан облысы ғана емес, бүкіл Қазақстан "ақ алтынмен" танылып отыр. Осы сәтті пайдалана отырып, баршаңызды озық технологияларды енгізу арқылы, табыстарыңыз бен облысымыздың экономикасына қосатын үлестеріңізді арттыруға шақырамын. Облысымыздың мақта шаруашылығын жаңа биіктерге көтеріп, еліміздің аграрлық саласын өркендету бағытында жұмылып аянбай еңбек етейік. Мереке құтты болсын!" – деді Нұралхан Оралбайұлы. Салтанатты шарада бірқатар еңбек адамдарына ҚР Мемлекеттік наградалары, грамоталар мен алғыс хаттар табысталды. Марапаттау рәсімі эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Түркістан облысында 5 мақта-тоқыма кластерін құру жұмыстары жүргізілуде. Жобалардың өңдеу қуаттылығы жылына 193 мың тоннаны құрайды. Нәтижесінде, 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Инвестициялық жобаның негізінде Отырар ауданы мен Арыс қаласында 32 мың гектарға жаңа технологиямен мақта дақылы егілді. Жобаның негізгі мақсаты су үнемдеу технологиясын енгізу нәтижесінде тұтынылатын су көлемін 50% пайызға үнемдеу арқылы өнімділікті 2-3 есеге арттыру. Қазіргі жаһандық су тапшылығы жағдайында бұл өте маңызды әрі дұрыс шешім. Жаңа әдіс қалыптасқан дәстүрлі мақта егу технологиясынан әлде қайда тиімді. Осы күнге дейін өңір диқандары 1 гектар мақта алқабынан 25 цт өнім немесе 625 мың теңге пайда табатын болса, жаңа технологияны ендіру арқылы дәл сол 1 гектар алқабтан 60 цт-ден астам немесе 2-3 есе көп өнім мен пайда табуға мүмкіндігі бар. Бұл Мемлекет басшысының оң стратегиясының айқын дәлелі. Мемлекет тарапынан су үнемдеу технологияларын енгізуге кеткен шығындардың 80 пайызына дейін субсидиялау – шаруаларға жаңа технологияны ендіру жолындағы қолдау әрі үлкен мүмкіндік. Осы жылға жоспарланған 27 мың га орнына 59 мың га жерге су үнемдеу технологиялары ендіріліп, жоспар 2 есе артығымен орындалды. Нәтижесінде, 150 млн. текше метрден астам ағын су көлемі үнемделді. "Turan" арнайы экономикалық аймағында мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттауға бағытталған көпсалалы нысанның құрылысы жүргізілуде. Толық циклды тоқыма фабрикасында иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу бойынша 8 фабриканы іске қосу жоспарланса, оның алғашқысы (жіп иіру фабрикасы) осы жылдың қараша айында жұмысын бастайды. Жылына 13 мың тонна иірімжіп, 50 млн. метр мата, 7 млн. жиынтық төсек орын шығару көзделуде. Айта кетейік, биыл облыс шаруалары 144,5 мың гектарға мақта егіп, баптауда. Дихандар жалпы 470 мың тонна шитті мақта жинайды деп күтілуде. Түркістан облысында 25 мақта зауыты, 175 мақта қабылдау бекеті қызмет етеді.
БҚО республикада тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша үшінші орынға шықты Батыс Қазақстан облысы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Алматы және Астана кейін республикада 3-орында тұр. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел экономикасына инвестиция тарту – өңірлердің дамуы мен жаңа өндірістерді іске қосудағы негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы мен экономикалық қуатын арттырудың басты тетігі ретінде инвестиция тартуға ерекше назар аударған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында да жүйелі әрі нақты жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Облыс аумағында инвестиция салуға ниетті кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, Қытай Халық Республикасы мен Чехия мемлекетінің ірі компанияларымен өзара ынтымақтастық орнату мақсатында нақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар инвестициялық келісімшарттарға қол қойылуда. Бұл – өңірдің халықаралық деңгейде сенімді серіктес ретінде танылып келе жатқанын көрсетеді. Нәтижесінде, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1093 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге артты. Бүгінде Батыс Қазақстан облысы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін республикада 3-орында тұр. Жалпы алғанда, инвестиция тарту бағытындағы бұл жетістіктер өңір экономикасының өсімін қамтамасыз етіп, жаңа өндірістердің ашылуына, жұмыс орындарының көбеюіне және халықтың әл-ауқатының артуына зор серпін беріп отыр.
Зейнетақы қаржысын алу: енді офтальмология қызметтеріне өтінім көбейді Тіс емдеуге зейнетақы жинағын алуға тыйым салынғаннан кейін қазақстандықтар жаппай офтальмология қызметіне жүгіне бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Офтальмологияға зейнетақы төлемдері Бірінші кредиттік бюро деректері бойынша, қыркүйекте офтальмологиялық қызметтерге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтінім саны күрт артқан. "Қыркүйекте офтальмология қызметтеріне ақы төлеу үшін 1,4 миллиард теңге сомасына 1611 өтінім орындалды. Тамыздағы көрсеткіштермен салыстырғанда, бұл тиісінше 5,8 және 7 есе өсімді көрсетеді", - делінген хабарламада. Ал былтырғы орташа айлық мәндерімен салыстырғанда өсім тиісінше 7,9 және 9,3 есе болған. Қаражаттың БЖЗҚ-ға қайтарылуы Сонымен қатар стоматология бағыты бойынша БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару көрсеткіші күрт өскен. "Сөз 27,3 мың өтінім бойынша 21,8 миллиард теңге туралы болып отыр. Салыстыру үшін, тамызда стоматология бағытында 6,3 мың өтініммен 3,7 миллиард теңге қайтарылған. Соңғы бірнеше ай бойы өтінімдер санының артуымен бірге қаржыны қайтару да жоғары деңгейде сақталып отыр", - делінген ақпаратта. Мәліметте нақты айдағы қайтару статистикасына бұрын берілген өтінімдердің деректері де енуі мүмкін екені нақтыланған. Сонымен қатар заңға сәйкес, егер өтініш беруші ойын өзгертсе, құжаттарды уақытында тапсырмаса немесе қаражатты мақсатсыз пайдалануға тырысса, қаражат қайтарылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада коммуналдық қызмет тарифтері көтерілуі мүмкін Астанадағы Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментіне "Астана Су Арнасы", "Астана-Теплотранзит" және "Астана-РЭК" өтінімдері түсті. Қазір құжаттар қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент басшысының орынбасары Мағжан Қуанышбектің айтуынша, өтінімдер келесі жылға арналған. Биыл елордада коммуналдық қызмет тарифтері өзгермейді. "Жыл аяғына дейін коммуналдық қызметтер бойынша, атап айтқанда негізгі су, жылу және электр энергиясы тарифтерінде, халық пен заңды тұлғалар үшін ешқандай өзгеріс болмайды", - деп сендірді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі елдің сан қырлы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың нақты аспектілеріне баса мән берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында тағы бір “Келешек мектеп“ ашылды Созақ ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің ескі ғимараты 1961 жылы салынып, 1962 жылдан бері пайдаланылып келген болатын. Уақыт өте келе ғимарат апатты деп танылып, оның орнына Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан "Келешек мектептері" жобасы аясында жаңа, заманауи оқу ордасы салынды. Жаңа "Келешек мектеп" ғимараты 900 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мұнда 1300-ден астам бала екі ауысымда білім алуда. Мектептің басты ерекшелігі – білім беру үдерісіне барынша қолайлы жағдай жасалғаны. Кең әрі жарық сынып бөлмелері, заманауи жиһаздар мен оқыту құралдары, қауіпсіздік жүйесі және инклюзивті ортаға бейімделген инфрақұрылым – бәрі де оқушылардың сапалы білім алуына бағытталған. Білім ордасында 64 оқу кабинеті, спорт залы, акт залы және асхана толық жабдықталған. Мектептің материалдық-техникалық базасы жаңа деңгейге көтерілді. Ішінде интернетке қосылған 5 арнайы компьютер кабинеті бар. Сондай-ақ оқу үдерісін цифрландыру мақсатында 64 интерактивті тақта орнатылған. Бүгінде 120-дан астам жоғары білімді педагог шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Ұжымда тәжірибелі зерттеуші, сарапшы, модератор және шебер педагогтер қызмет атқарады. Олардың кәсіби дамуына және оқыту сапасын арттыруға барлық мүмкіндік қарастырылған. Жаңа "Келешек мектеп" ғимаратының ашылуы – Созақ ауданының білім беру жүйесіндегі маңызды жаңару. Бұл жоба өңірдегі балаларға заманауи жағдайда білім алуға, ұстаздарға қолайлы еңбек етуге мүмкіндік беріп отыр.
Президент Қазақстанның энергетикалық стратегиясының негізін атады Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда энергетика мәселесіне де баса мән беру керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Бұл – экономикамыздың тірегі, стратегиялық әріптестігіміздің негізі. Бүгінде біз ортақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудамыз. Энергия тасымалдаудың қауіпсіз әрі ыңғайлы жолдарын қарастырып жатырмыз. Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасындағы жасыл энергия дәлізі – осы саладағы жемісті ынтымақтастық үлгісі. Сонымен бірге жаңартылатын энергия көздеріне, ең алдымен, күн энергиясына айрықша назар аудару қажет деген ойдамыз. Осыған орай, Түркі мемлекеттері ұйымы аясында Энергия тиімділігі жөніндегі озық тәжірибе кеңесін құруды ұсынамыз. Дегенмен мұнай мен газды, уранды, көмірді, сирек кездесетін минералдарды игеру және оларды тиімді пайдалану Қазақстанның энергетикалық стратегиясының негізі болып қала береді", – деді Президент. Мемлекет басшысының пікірінше, қазір әлемде аса күрделі мәселеге айналған су тапшылығы таяу арада Орта Азиядағы ең өзекті сын-қатер болуы мүмкін. "Өзен-сулардың ортақ игілік екенін ескере отырып, оны тиімді пайдалану үшін жаңа тәсілдер керек деп санаймыз. Суару жүйесіне цифрлық бақылау орнату, тамшылатып суару әдістерін кеңінен қолдану, су қоймаларының тиімділігін арттыру жөнінде бірлескен бағдарлама қабылдауға болады. Қазір Каспий теңізі тартылып бара жатқанын білесіздер. Бұған бәріміз алаңдап отырмыз. Қарт Каспийдің түркі жұрты үшін орны қашанда бөлек. Оны халықтарымыздың арасындағы дәнекер деуге болады. Соңғы жылдары теңіз деңгейінің төмендеуі аймақтың экологиясы мен экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Бұл – жаһандық ауқымдағы мәселе. Мен мұны Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерекелік сессиясында айттым. Біз тамырлас және шекаралас елдер ретінде Каспий теңізінің ахуалын жақсартуға баса мән беруіміз керек. Мен түркі мемлекеттерін осы бағытта күш біріктіріп, бірлескен жобалар әзірлеуге, халықаралық бастамаларды қолдауға шақырамын. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен келесі жылы сәуірде Өңірлік саммит өткізуді жоспарлап отыр. Тақырып: "Тұрақты болашақ жолындағы ортақ көзқарас". Біз түркі елдері осы саммиттің жұмысына жоғары деңгейде белсене қатысады деп үміттенеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Киберқауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйым аясында Киберқауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президенттің айтуынша, Түркі мемлекеттері аумағында тұрақтылықты, қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту ісінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің рөлі мен әлеуеті ерекше. "Кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру үдерісіне қолдау көрсеткен Әзербайжан тарапына, сондай-ақ барша түркі мемлекеттеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Түркі елдерінің қауіпсіздікті нығайту және сын-қатерлерге, соның ішінде терроризмге қарсы тұру жолындағы мақсат-мүддесі – ортақ, сондықтан осы бағыттағы ықпалдастығымыз табысты жүзеге асуда. Бәріміз жаһандық қауіпсіздікті сақтау жолындағы бастамаларды қолдап келеміз. Бірақ біз мұнымен шектеліп қалмауымыз керек", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген елдердің шекараға бағынбайтын жаңа қатермен бетпе-бет келіп отырғанын алға тартып, Ұйым аясында Киберқауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды. "Бұл Кеңес мемлекеттеріміздің іс-қимылын үйлестіріп, күш жұмылдыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік пен технологиялық байланысты бекемдей түседі. Биыл қыркүйекте осы тақырып бойынша Алматыда өткен конференция нәтижелері киберқауіпсіздік саласындағы ықпалдастықты күшейту аса маңызды екенін тағы да растады", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада “Жаңа Арқа“ тұрғын үй кешенін салушы қамауға алынды Астанада құрылыс компаниясы 300 отбасыны сан соқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана Полиция департаменті "Жаңа Арқа" тұрғын үй кешенінің салымшыларының арызымен алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында құрылыс салушы тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұзып, тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталған. "Құрылыс компаниясының қылмыстық әрекеті салдарынан 300-ден аса отбасының мүддесіне 4 млрд теңге көлемінде залал келген. Тергеу органы кінәлі адамды ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Астана прокуратурасы өкілі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда картаға ақша салу және аударым жасау ережелері өзгереді Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов банк картасын 500 мың теңгеден жоғары сомаға толтырған кезде жіберушіден міндетті түрде ЖСН енгізу талап етілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл шара банкоматтар арқылы қолма-қол ақша шығару схемасына қарсы бағытталғаны айтылды. "Банкоматтардан қолма-қол ақшаға айналдыру схемалары өзекті болып отыр. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, мұндай операциялардың көлемі өсіп барады. Жіберуші мен алушыны тиісті сәйкестендірудің болмауы аноним операциялар жасау мүмкіндігіне жол беріп тұр. Тәуекелдерді азайту мақсатында агенттік реттеушімен бірлесіп бірқатар практикалық шешім әзірледі, – деді Бижанов Үкімет отырысында. ҚМА ұсыныстары: 500 мың теңгеден жоғары ақша толтыру кезінде жіберушінің ЖСН-ін енгізу (бұрын тек алушының ЖСН-і талап етілетін); операцияларды мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау; банкоматтардың бейнежазбаларын 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 180 күн сақтау - күдікті операциялардың қатысушыларын анықтау үшін; сондай-ақ мұндай операцияларда биометрия енгізілуі мүмкін: бет әлпетін немесе саусақ ізін тану. Бижановтың айтуынша, бұл шешімдер 2025 жылғы 18 шілдеде комплаенс-қызметтер кеңесінде реттеушімен келісілген. Премьер-министр Олжас Бектенов "барлық ұсынысты қолдайтынын" мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қанжар, қалам, қылыш: Мәсімовтің сарайынан не сатылды? Сотталып кеткен ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үйіндегі сәнді бұйымдар 7 қазанда аукционда сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) бұрынғы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтың үйінен тәркіленген 11 затты сатуға шығарды. Олардың арасында коллекциялық қаламдар, тиындар, қылыштар, қанжарлар, балталар, белбеу бар. Активтердің жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асады. Аукцион 7 қазанда өтті. Сатылған бұйымдар Аукционға екі қалам шығарылды: Montegrappa Italia деген жазуы бар қалам 925-күмістен жасалған. Оны бастапқы бағасы 440 мың теңгеге сатып алған. Құран сүрелерімен безендірілген Visconti Firenze қаламы. Ол 402 мың теңгеге сатылған. e-qazyna.kz Коллекциялық заттардың арасынан "Алма Отаны", "Астана", "Бәйтерек" және "Қазақстан картасы" атты монеталар жиынтығы шамамен 199 мың теңгеге сатылған. Тағы екі монета – елтаңба бейнеленген 2003 жылғы 1000 теңгелік және 2008 жылғы (500 теңгелік) "Еуразия елдерінің астаналары" монеталары – аукционда 82 999 теңгеге сатылған. e-qazyna.kz ҚАБК Кәрім Мәсімовтың үйінен табылған қылыштарды да өткізген: олардың бірі 930 мың теңгеге, ал екіншісі 837 мың теңгеге сатылған. Сондай-ақ болат қындағы қанжар 185 мың теңгеге өткен. e-auction.e-qazyna.kz Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әзербайжан президенті конгресс-орталықта Тоқаевты қарсы алды Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысу үшін Габаладағы Конгресс-орталыққа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысушылармен бірге суретке түсті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Зират маңына апарып соққыға жыққан: атыраулық блогер үндеу жасады Атыраулық блогер әлеуметтік желіде жантүршігерлік жайт туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Блогердің сөзінше, ол Ыстамбұлға турды жарнамалауға келіскен. Кейін өзі де 100 мың теңге алдын ала төлеген. Алайда тур жасалмаған. Ал ұйымдастырушыдан ақшасын қайтаруды талап еткен кезде оған қоқан-лоқы жасала бастаған. Жәбірленушінің сөзінше, 3 қазанда турды ұйымдастырған қыз құрбысымен бірге оны аңдып, "сөйлесейік" деп көлікке отырғызған, кейін зират маңына апарып, ұрып-соққан. Полиция пікірі Атырау облыстық ПД мәліметінше, 4 қазанда 25 жастағы атыраулық тұрғын өзіне таныстары дене жарақатын салғаны жөнінде арызбен жүгінген. "Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау жазбалары алынды. Куәгерлерден жауап алынып, беттестіру өткізіліп жатыр. Бұл істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деді Атырау облыстық ПД басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“99 мың теңгелік скотч“. ҚМА өкілі мемлекеттік сатып алулардағы негізсіз бағалар туралы айтты ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мемлекеттік сатып алулардағы негізсіз бағалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет отырысында Бижанов 100 АЕК-ке дейінгі (2025 жылы 393 200 теңге) шағын сатып алулар бойынша көрсетілген бағалар мен нақты бағалар арасында айтарлықтау алшақтық бар екенін айтты. Оның айтуынша, келісім-шарттардағы қарапайым скотч бағасы бір данасы үшін 2000 теңгеден 99000 теңгеге дейін болған. Ведомство анықтаған деректер: 7,5 мың жағдайда баға ұсыныстары келісімшарт жасалғаннан кейін бірден жойылған; 8,3 миллиард теңгеге жасалған 8 мың келісімшарттың іріктемелі талдауы шамамен 4 миллиард теңгеге артық баға белгілерін көрсеткен; техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін тауарлар жеткізілгені анықталған. Мұндай сатып алулар Omarket.kz платформасы арқылы жүзеге асады, ол автоматты түрде ең төмен бағаны таңдауы тиіс. Алайда Бижановтың айтуынша, іс жүзінде орташа бағаны қолдан көтеру схемалары тіркелген. Ведомство бақылауды және рәсімдердің реттелуін күшейтуге уәде берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда жылыту маусымы ертерек басталады: кесте Алматыда 8 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдікке сілтеме жасап. "Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды. 8 қазаннан бастап Алматыда орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу басталады", – делінген Алматы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарламасында. Жылу ең алдымен қайда беріледі? Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы мәліметінше, ең алдымен жылу әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі. "Тұрғын үйлерге жылу беру 10 қазаннан бастап жоспарланған. Үйлерге жылу берілгеннен кейін ПИК және ОСИ мамандары ішкі жүйелерді реттейді және пәтерлердің біркелкі жылуын қамтамасыз етеді", – деді басқарма өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы ең танымал тасжол бағыты аталды Жыл басынан бері қазақстандықтар ақылы жолдардан 54 миллионнан аса рет жүріп өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "ҚазАвтоЖол" мәліметінше, ең танымал бағыт Алматы-Қонаев учаскесі болған. Одан 8,9 миллион рет көлік өткен. Ең танымал ақылы тасжолдар Алматы – Қонаев (8,9 миллион) Шымкент – Өзбекстан шекарасы (6,98 миллион) Шымкент – Тараз (4,93 миллион) Тараз – Қайнар (4,09 миллион) Шымкент – Қызылорда (3,6 миллион) Астана – Теміртау (3,4 миллион) Қонаев – Талдықорған (3 миллион) Астана – Щучинск (2,94 миллион) Щучинск – Көкшетау (2,53 миллион) Астана – Павлодар (1,94 миллион) Алматы – Қорғас (1,82 миллион) Қызылорда – Арал (1,34 миллион) Қостанай – Денисовка (1,33 миллион) Көкшетау – Петропавл (1,31 миллион) Тараз қаласының айналма жолы (1,31 миллион) Павлодар – Семей – Қалбатау (998 мың) Балқаш – Бурылбайтал (974 мың) Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) (962 мың) Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (659 мың) Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) (615 мың) Орал – РФ шекарасы (Самара) (609 мың) Шу – Бурылбайтал (492 мың) Орал – РФ шекарасы (Саратов) (435 мың) Қандыағаш – Мақат (385 мың) Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (127 мың) Үшарал-Достық (29 мың). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Кеуде және іш тұсынан пышақталған“: Қызылордада оқушыға шабуыл жасалды Қызылордада мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасалған. Дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 15 жастағы жасөспірім кеуде және іш тұсынан бірнеше пышақ жарақатын алған. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Балаға операрция жасалған. "Қазір жасөспірімнің өміріне қауіп жоқ, ол хирургия бөліміне ауыстырылды. Пациентке барлық қажетті ем көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады облыстық аурухананың дәрігерлері. Қызылорда облыстық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмағанға қатысты бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") тергеу басталғанын мәлімдеді. "Қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істі дұрыс шешу мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады өңірлік полиция. Мектеп оқушысы қалай пышақталғаны және күдіктілердің анықталған-анықталмағаны туралы ақпарат берілмеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Премьер-министр Бектенов Үкімет отырысынан аяқ асты шығып кетті Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан аяқ асты шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет отырысы сейсенбіде сағат 10.00-де басталды. Отырыстың басында Олжас Бектенов жаңа министр Жұлдыз Сүлейменованы таныстырды. Үкімет басшысы жаңа министрді жариялаған кезде оның жұмыс телефонына біреу қоңырау шалған. Олжас Бектенов қоңырауға жауап беріп, отырыс залынан шығып кеткен. Десе де отырыс жалғасып, орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалған. Ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы трибунаға шақырды. Бүгін ол баяндама жасайды. Олжас Бектенов отырыстың он екінші минутында қайта оралған. Айта кетейік, мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Әдетте премьер-министр отырысты басынан аяғына дейін өзі өткізеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекеттік тұрғын үй үш жыл ішінде қағаз жүзінде ғана салынған: 152 миллион теңге ұрланған Ақмола облысында әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2020 жылы "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "НИКС Инжиниринг Групп ИВ" ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 500 млн теңгеден аса сомаға келісімшарт жасалған. Алайда мердігер 3 жыл бойы құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны өсірілген жалған қабылдау актілерін берген. "Заңсыз әрекеттер нәтижесінде 152 млн теңге көлемінде залал келді. Сот санкциясымен күдіктілердің құны 100 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деді ҚМА өкілі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атыраулықтар тағы да жағымсыз иіске шағымданды Атырау тұрғындары тағы да күйік иісіне шағымданды. Облыс әкімдігі бұл жағдайға қала маңындағы өрт себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атырау тұрғындары кейінгі күндері тағы да жағымсыз күйік иісіне шағымдана бастады. Осыған байланысты түтін шығу көздерін анықтау және жою жөніндегі жедел штаб отырысы өткен. "Мониторинг барысында Атыраудан шамамен 20 шақырым жерде, Каспий теңізі бағытындағы "Сасық сай" булану алқаптарының маңындағы түтіндеу көзі анықталды. Оқиға орнында өрт ошағы табылды", – делінген хабарламада. Өртті сөндіру үшін ТЖД күштері мен техникасы жіберілген. Мамандар салдарды барынша азайту және қайталанудың алдын алу мақсатында өрт ошағын оқшаулап, толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Еске салайық, маусымда да Атырау тұрғындары күйік иісіне шағымданған болатын. Сол кезде Еркінқала ауылы маңындағы (қала аумағында) "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында 805 гектар аумақта қамыс өртенгені хабарланған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн күрт суытады Синоптиктер 7 қазан, сейсенбіде Қазақстанда ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазгидромет деректеріне сәйкес, бұл күні ел аумағында негізінен құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлердің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман мен үсік болуы мүмкін, ал оңтүстікте жылы әрі құрғақ ауа райы сақталады. Қалалар бойынша болжам: Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады: түнде 3–8, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2, күндіз +10…+12. Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –1…–3, күндіз +14…+16. Шымкент – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде +6…+8, күндіз +23…+25. Ақтөбе – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде 0…+2, күндіз +16…+18. Ақтау – ашық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде +11…+13, күндіз +22…+24. Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 1–6, күндіз 6–11 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +20…+22. Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура түнде –1…+1, күндіз +13…+15. Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –1…–3, күндіз +8…+10. Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан: түнде 2–7, күндіз 5–10 м/с. Температура түнде –1…+1, күндіз +7…+9. Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде –1…–3, күндіз +13…+15. Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –2…0, күндіз +12…+14. Қызылорда – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз құмды дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Температура түнде +3…+5, күндіз +17…+19. Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 7–12 м/с. Температура түнде 0…+2, күндіз +4…+6. Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде +1…+3, күндіз +8…+10. Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3–8 м/с. Температура түнде –2…–4, күндіз +6…+8. Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде –3…–5, күндіз +15…+17. Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде 0…+2, топырақ бетінде –2° дейін үсік, күндіз +15…+17. Түркістан – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде +5…+7, күндіз +23…+25. Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +19…+21. Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 2–7 м/с. Температура түнде –2…–4, күндіз +6…+8. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Әзербайжанға ұшып барды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент ертең Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда заңсыз салынған нысан сүрілді Алматыда тағы бір заңсыз салынған ғимарат сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде, Абылай хан даңғылы, 64 мекенжайындағы тұрғын емес нысанға қосымша салынған құрылыстың заңсыз тұрғызылғаны анықталған. 2025 жылы 25 мамырда нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. "Аталған соттың 2025 жылы 3 маусымдағы шешімімен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды және заңсыз салынған нысанды мәжбүрлі түрде бұзу міндеттелді", - делінген хабарламада. Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өзі бұзды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Көк-Төбе“ тұрғын үй кешенін салу кезінде миллиардтар ұрланған: мердігер 7 жылға сотталды Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу дерегі бойынша "Дорстройтрест" ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті тергеу жүргізді. Samruk-Kazyna Construction АҚ мен "Дорстройтрест" ЖШС арасында құрылысқа инвестиция тарту туралы шарт жасалып, соның аясында мердігерге 2,6 млрд теңге аванс аударылған. "Алайда құрылыс жұмыстары тиісті талаптарға сәйкес жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Аванстың едәуір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ қарызды өтеуге және көлік сатып алуға жұмсалған. Бұдан бөлек 650 млн теңге жалған шарттар арқылы аффилирленген компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған", - делінген хабарламада. Сот үкімі Сот үкімі бойынша, "Дорстройтрест" ЖШС басшысы Нұрабаев кінәлі деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот шешімімен жалпы құны 131 млн теңге болатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Ал Samruk-Kazyna Construction АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қорғаныс министрлігі желідегі даулы видеодан кейін тексеріс бастады Қорғаныс министрлігі желідегі даулы видеодан кейін тексеріс бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде бірнеше әскери қызметші қатысқан онлайн жиналыстың видеосы тарады. Видео авторының сөзінше, бұл жайт Қызылорда облысында болған. Жазбада жергілікті әскери ведомствоның бастығы делінген адам қоластындағыларды бәйәдеп сөздермен сыбағаны айтылады. Tengrinews.kz бұл жайтқа қатысты Қорғаныс министрлігіне жүгінді. Министрлік мәліметінше, желіде Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері қатысқан жиналыстың видеосы тараған. Ішкі жиналыс 2025 жылғы 9 маусымда өткен. "Жиналыс барысында облыстың қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы тарапынан этикалық нормалар сақталмаған. Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды, оның нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі", - деді министрлік өкілі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
60 миллион теңге “табыс“: Астанада заңсыз көші-қон арнасы әшкере болды Елордада заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап. Сот үкімі бойынша, елорданың екі тұрғыны шетел азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. "Сотталғандар пайдакүнемдік ниетпен әрекет етіп, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына жалған құжаттар мен көрінеу жалған мәліметтерді ұсынып, соның негізінде шетел азаматтарына заңсыз түрде тұрақты тұруға рұқсат берілгені анықталды. Олар бұл заңсыз әрекеттері үшін мүдделі тұлғалардан ақшалай сыйақы алып отырған", - делінген хабарламада. Сот отырысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты толық мойындады. Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот оларға тиісінше 1 жыл 6 ай және 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Мемлекет кірісіне заңсыз алынған жалпы сомасы 100 мың АҚШ доллары, 2,5 миллион теңге және 200 мың ресей рублі (жалпы 60 миллион теңгеге жуық) өндірілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оңтүстік Қазақстанда 24 жастағы жігіт зорланған: үш ағайынды кінәсін мойындамады Түркістан облысы Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігітке қатысты зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Сотталушылар 6 қазанда соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Оқиға туралы 2025 жылдың наурызында "НеМолчи.kz" қорының жазбасынан белгілі болды. Ұйымның деректеріне сүйенсек, даму деңгейі 4 жастағы баланың деңгейіне сәйкес 24 жастағы жігіт жылдар бойы туысқан ағайындылары мен көршілерінің зорлық-зомбылығына ұшыраған. Жәбірленушінің анасы қылмыстарға алты адамның, оның ішінде кәмелетке толмағандардың да қатысы бар екенін айтқан. Алайда айыпталушылар орындығында жігіттің тек үш кәмелетке толған туысқан ағалары отыр. Оларға қандай айып тағылған? Іс жабық режимде өтіп жатыр. Екі айыпталушы бірнеше рет жасалған топтық зорлау бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары) айыпталып отыр. Үшіншісіне – топтық зорлау және ұрлық бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1-тармақ; ҚК-нің 188-бабы) айып тағылған. Прокурор соттан әрқайсысын тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сотталушылар соңғы сөзінде не айтты? Жәбірленушінің адвокаты Гулайхан Турcуманованың айтуынша, сотталушылар соңғы сөздерін айтқан, бірақ барлық дәлелге қарамастан, кінәларын мойындамаған. "Үшеуі де зорлау дерегін жоққа шығарды, бірақ олардың бірі ұрлық эпизоды бойынша кінәсін мойындады. Жәбірленуші алғашқы күннен бастап бірдей әрі дәйекті жауап беріп келеді. Прокурор бірнеше рет нақтылап сұрады: "Сен шынымен шындықты айтып тұрсың ба, олар сені шынымен зорлады ма?" - деп. Жігіт әр жолы шындықты айтып тұрғанын айтты. Зорлық бір-екі ай емес, ұзақ уақыт бойы жалғасқан", – деді Турcуманова. Оның айтуынша, прокурор сотталушыларға тым жеңіл жаза сұраған, ал бап санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. "Менің ойымша, 9 жыл - бұл аз. Біз әрқайсына 12 жылдан сұрадық. Егер сотталушылар кінәларын мойындап, жәбірленушінің отбасы кешірім берсе, ең төменгі мерзім жайлы айтуға болар еді", – деді адвокат. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада Қалдаяқов көшесі ішінара жабылады Астанадағы Қалдаяқов көшесінде, Тәуелсіздік даңғылынан Арыс көпіріне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты 6-8 қазан аралығында осы учаскедегі қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етіледі. "Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда жылыту маусымы көмір тапшылығымен басталмақ Жылыту маусымы қарсаңында өңірлер 65 пайыз көлемінде көмірмен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жиынға "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ өкілдері, көмір өндіруші кәсіпорындар мен сыртқы сауда қызметінің мамандары қатысты. Өңірлердегі көмір дайындау жоспары орындалуы, жартылай вагондармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, өңірлік операторлардың қызметі туралы есептер тыңдалды. "Бүгінде халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың жылыту маусымына қажеттілігі - 7,4 миллион тонна көмір. Өңірлер бойынша көмір дайындау көлемі 4,8 миллион тоннаға жетті, бұл - жоспардың 65 пайызы. Энергетика министрлігі өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстайды", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада туысы үшін басы дауға қалған шенеунік қызметінен кетті Алтай Әлі Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Көлік министрінің бұйрығымен Алтай Әлі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада. Алтай Әлі туралы не белгілі? Алтай Әлі 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы "Рахат Палас" қонақ үйінде байланыс орталығының қызметкері болып бастаған. 2010-2011 жылдары - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау департаментінің менеджері. 2014-2015 жылдары - Астана қалалық сотының бас маманы. 2015-2018 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. 2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, көмекшісі болды. 2018-2019 жылдары - Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары - хатшылық меңгерушісі. 2019-2020 жылдары - Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы. 2021 жылғы ақпаннан бастап 2023 жылға дейін Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін не белгілі? Жуырда шенеуніктің басы дауға қалды. Желіде "қарапайым жұмысшы" Ербол Құлымбет бір жарым жыл жұмыс істегеннен кейін Жамбыл облысында Көліктік бақылау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғаны туралы ақпарат тарады. Жазбада "оның қызметте бұлай өсуіне Көлік министрлігінде жұмыс істейтін Алтай Әлімен туыстық байланысы себеп екені" айтылды. Кейінірек Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алтай Әлінің әкесі мен Ербол Құлымбеттің анасы туған ағайынды екенін анықтаған еді. Десе де агенттік "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңға сәйкес мұндай туыстық қатынас жақын туыстар немесе жекжаттар санатына жатпайтынын мәлімдеді. Соған қарамастан Ербол Құлымбет өз еркімен қызметінен босатылды. Ал Алтай Әлі бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі) болып тағайындалған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" синоптиктері 7, 8 және 9 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдағы күндері елдің көп өңірінде солтүстік-батыс антициклонымен байланысты ашық ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста құмды дауыл болжанады. Түнгі уақытта термометр бағандары солтүстік және орталық аймақтарда 1–7 градус аязға дейін төмендейді, алайда күндіз ауа 4–16 градусқа дейін жылынады. Шығыс өңірлерде түнде температура 5–13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 3–11 градус жылы күтіледі. Қалған аумақтарда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның оңтүстігіндегі жер сілкінісі: желіде кадрлар тарады Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінісі тіркелді. Әлеуметтік желіде төтенше жағдайға қатысты видеолар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпуі 6 қазанда Астана уақыт бойынша сағат 01:29-да Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген. "Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.3, магнитудасы - 5.9", - деп жазылған хабарламада. @adambekuly ♬ оригинальный звук - R @zhassman Шымкент жер сілкінді ма? #шымкент #землятресение ♬ оригинальный звук - Жасұлан Омаров Айта кетейік, ең жоғары балл мына өңірлерде тіркелген: Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы - 4 балл; Жамбыл облысы Тараз қаласы - 4 балл; Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы - 4 балл; Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы - 4 балл; Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы - 4 балл. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
300 миллион теңге “табыс тауып“ қашып кеткен: Дубайдан қазақстандық экстрадицияланды Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады. "Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 миллион теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізу бойынша әрекеттер жасаған. Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, ол халықаралық іздеуге жарияланған", - делінген хабарламада. 2024 жылы іздеудегі адам Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол жерден Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Айта кетейік, 2024 жылы оның сыбайласы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған. Қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағандыдағы полиция пунктінде жұмбақ жағдайда қаза болған әйелдің артында ұлы қалған Қарағандыда полиция пунктінен өлі табылған әйелге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оның жанынан ес-түссіз жатқан учаскелік инспектор табылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram арнасына сілтеме жасап. Арна мәліметінше, марқұмның жасы 23-те, артында 4 жастағы ұлы қалған. Ол еш жерде жұмыс істемеген және учаскелік полиция қызметкерімен таныс болған. Туыстары өлімнің нақты себебін білу үшін химико-токсикологиялық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Ал дәрігерлердің айтуынша, Қарағандыдағы Михайлов полиция бөлімінің пунктінен ес-түссіз табылған учаскелік инспектор ауыр халде болған. 36 жастағы полиция қызметкерінің жағдайы әлі де ауыр, бірақ енді өміріне қауіп жоқ екені айтылды. "Жағдайының жақсару динамикасы байқалады", – деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Еске салайық, 1 қазанға қараған түні Қарағандыдағы полиция пунктінен әйелдің мәйіті табылған болатын. Сол жерде ес-түссіз жатқан полиция қызметкері де болған, ол ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн суытып келеді: Алматыға алғашқы аяз түсті "Қазгидромет" ескерту жасады: 6 қазанға қараған түні аяз күтіледі, ал күндіз елдің бірнеше өңірінде жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облысында, әсіресе Алматы мен Қонаев қалаларында алғашқы аяз күтіледі: топырақ бетінде минус екі градусқа дейін. Таулы аймақтарда тұман түседі. Өңір бойынша ескерту жарияланған. Жетісу облысында түнде ауа температурасы минус 5 градусқа дейін, ал Талдықорғанда минус 7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Алакөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Ескерту жарияланған. Жамбыл облысында да ауа райы ұқсас: түнде кей жерлерде тұман және минус 3 градусқа дейін аяз, Таразда – шамамен минус 2 градус. Таулы жерлерде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ескерту жарияланды. Батыс өңірлерде де жел күшейеді: Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Бұл аймақтарда да ескерту жарияланған. Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктер таңертеңгі тұман мен салқын ауа райын болжайды. Суық фронт елдің шығысы мен орталығынан жылжып келеді, ал алдағы күндері түнгі температура көп аймақта нөлден төмен түсуі мүмкін. Синоптиктер жүргізушілерге жолда мұқият болуды ескертеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
БҚО-да бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды БҚО-да жедел-іздестіру шаралары барысында бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды. Ол бұған дейін сотты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. БҚО Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар арасында жасалатын қылмыстарды анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облысының тұрғынының БҚО тұрғынына қатысты қылмыс жасағаны анықталды. "Биыл жазда күдікті жәбірленушінің пәтерінде болған кезде, қорқытып, оның iPhone 15 телефонын иемденіп, қызды сол телефонды ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген. Барлық әрекет күдіктінің бақылауымен жүргізілген. 500 мың теңге көлемінде ақша алған соң, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен", - делінген хабарламада. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкент, Жамбыл және Түркістан облыстарында түнде жер сілкінісі тіркелді Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпуі 6 қазанда Астана уақыт бойынша сағат 01:29-да Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген. "Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.3, магнитудасы - 5.9", - деп жазылған хабарламада. Ең жоғары балл мына өңірлерде тіркелген: Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы - 4 балл; Жамбыл облысы Тараз қаласы - 4 балл; Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы 4 балл; Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы 4 балл; Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы 4 балл. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Журналистер шатыр жамауы тиіс емес. Әлде тиіс пе? Tengrinews өз кейіпкерлеріне көмектесе алды ма Биыл Tengrinews.kz-ке 15 жыл. Қоғамда, өмірде, тұрмыста болған барлық өзгерістер біздің көз алдымызда өтті. Біз де өзгердік – редакциялық телефондарды вацапқа алмастырдық, 2010 жылы әртүрлі тақырыпта жазсақ, 2022 жылы әрқалай жаздық, қателестік және түзеттік. Осы уақыт ішінде сайтта 445 000 материал жарияланды. Солардың арасында адам тағдыры мен қайғысы туралы мыңдаған оқиға болды, және көп ретте сол жарияланымдардан кейін ол қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік туды.
Қызылорда 11 мың орындық жаңа стадион ашылды Қызылорданың сол жағалауында 11 мың көрерменге арналған жаңа стадионның ашылуы өтті. Салтанатты шара аясында футболдан ел Кубогының финалдық матчы ұйымдастырылды. Шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров арнайы келді. Сондай-ақ, қоғам қайраткерлері мен мыңдаған футбол жанкүйері жиналды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі. “Бүгін - Қазақстанның спорт тарихындағы айтулы күн. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының аймақтарда спорт инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салу туралы тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында жаңа стадион бой көтерді. Жаңа стадионымыздың ашылуы футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойынымен тұспа-тұс келді. Жанкүйерлер асыға күтетін спорт мерекесі отандық футбол тарихында алғаш рет Қызылорда қаласында өтуде. Бұл - сырбойылықтар үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш! Баршаңызды жаңа стадионның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қаламызда жаңа нысанның салынуына ерекше қолдау білдірген Мемлекет басшымызға, Үкіметке барша Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Финалдық ойынды өткізуге бастамашы болып, ұйымдастырған Қазақстан футбол федерациясына зор ризашылығымызды жеткіземіз. Бүгінгі ойынға жолдама алған командаларға сәттілік тілеймін! Қазақстан футболының даңқы арта берсін!” – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров жаңа стадионның ашылуы ел футболы үшін маңызды екенін атап өтті. "Құрметті қызылордалықтар және футбол жанкүйерлері! Сіздерді жаңа стадионның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – еліміздің футбол картасынан лайықты орын алатын заманауи арена. Қазақстан Кубогының финалы алғаш рет Сыр елінде өтіп отыр. Осы алаңда талай қызықты кездесулер мен ұмытылмас ойындар өтеді деп сенемін. Бүгінгі финал сол табысты жолдың бастауы болсын!" – деді Марат Талғатұлы. Жалпы ауданы 20 мың шаршы метр болатын жаңа спорттық кешен заманауи халықаралық талаптарға сай салынған. Мұнда футбол алаңы ғана емес, олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бокс, күрес, фитнес, спорттық гимнастика және ауыр атлетика залдары орналасқан. Сонымен қатар, нысанда дүкендер мен дәмханалар қарастырылған. Ғимараттың бірінші қабатында спорт залдары, футболшылардың дайындық бөлмелері және сауықтыру орталықтары орналасқан. Екінші қабатта – әкімшілік бөлмелер, ал үшінші қабатта – ауқымды жиындарға арналған мәжіліс залы бар. Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жаттығуына да толық жағдай жасалған. Стадион УЕФА-ның 4-санатына сәйкестендірілген. Жасыл алаң халықаралық стандарттарға сай жасанды төсенішпен жабдықталған, заманауи жарықтандыру және дыбыс жүйелері орнатылған. Бұл өз кезегінде халықаралық деңгейдегі спорттық және мәдени шараларды жоғары сапада өткізуге мүмкіндік береді.
Ақтөбелік футболшылар букмекерлік кеңсеге миллиондап ақша тіккен Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстандағы футбол матчтеріндегі келісілген ойындарға қатысты мәселені көтеріп, құқық қорғау органдарын тергеу жүргізуге шақырған еді. Бас прокуратура бұзушылық деректері барын мойындады. Спортшылар тыйымға қарамастан матчтерге ақша тіккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандағы жағдай Депутаттың айтуынша, халықаралық Sportradar деректеріне сәйкес, 2022 жылы Қазақстан әлем бойынша келісілген матчтер саны бойынша төртінші орынға шыққан. "Бұл Қазақстан футболында әділетсіз ойындардың кең таралғанын және ресми түрде мойындалғанын көрсетеді. Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров мәселенің бар екенін мойындағанымен, оны жүйелі шешу бойынша нақты шаралар қабылданбады. Қоғамдық ұйымдар мен БАҚ букмекерлік кеңселердің көптеген матчтарды желіден алып тастағанын тіркеп отыр", – деді Құспан. Ол мұндай бұзушылықтар квазимемлекеттік секторда да кездесетінін, бақылаудың әлсіздігі миллиондаған қаржылай алаяқтыққа әкелетінін қосып айтты. "Бұл азаматтардың сенімін төмендетеді және елдің экономикалық тұрақтылығына қауіп төндіреді", - деді Кұспан. Бас прокуратура тексерісінің нәтижесі қандай? Бас прокуратураның ресми жауабында Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен футбол клубтарында келсілген матчтер мен ойыншылардың ақша тіккені туралы деректері расталған. "Мысалы, Ақтөбеде тоғыз футболшы жалпы 110 миллион теңге сомасына ақша тіккен", - делінген ведомство жауабында. 2025 жылғы сәуірде прокуратура ҚФФ-ға ұсыныс енгізген, содан кейін Федерация бұзушылықтарды жоюға арналған "жол картасын" бекітті. Құжатқа аудит, қаржы және этика комитеттерін құру, қаржы бақылауын күшейту сияқты 33 шара кірді. Тексеруден кейін ҚФФ-дан әкімшілік аппараттың басшысы, атқарушы директор, құқықтық, операциялық және маркетинг департаменттерінің директорлары, сондай-ақ қауіпсіздік және интегрити қызметінің бастығы қызметінен босатылды. Бірнеше басқа басшылар лауазымынан төмендетілді. Sportradar деректеріне сәйкес, 2022 жылы күмәнді матчтер саны бойынша Қазақстанды тек үш мемлекет ғана басып озған. Германия, Италия, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты елдерде мұндай қылмыстар үшін футболшылар мен шенеуніктер қамауға алынған. алған. Айта кетейік, Қазақстан футболындағы дауысы жасалған матчтар мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Мысалы, 2023 жылы Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов жарыстар нәтижелерін манипуляциялау бұрыннан қолданыста екенін айтып, ІІМ базасында дауысы жасалған матчтарды тергеуге мамандандырылған бөлімше құруды ұсынған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Тіпті қылмыскердің анасы өлім жазасына келісті“. Қырғызстанда оқушының өлімінен кейін наразылық күшейді Ыстықкөл облысындағы 17 жастағы Айсұлу Мұқашеваның өлімі қоғамда наразылық тудырып, Қырғызстанда өлім жазасын қайтару туралы пікірталастарды қайта жандандырды. Ел президенті Садыр Жапаров бұл мәселе референдум арқылы шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айсұлу 27 қыркүйекте Барскон ауылынан Жеті-Өгіз ауданы арқылы Қаракоөлға бара жатқан кезде жоғалып кеткен. Бақылау камералары оның Honda Stream автокөлігіне отырғанын, көлікті 41 жастағы А.К. басқарғанын көрсеткен. Сол күні туыстары полицияға хабарлаған. Кейін арнайы жоспар жарияланған. Екі күннен кейін Айсұлудың денесі Чүй облысы, Кемин ауданы, Боом шатқалынан табылған. Тергеу деректеріне сәйкес, қаскөй қызды зорлап, тұншықтырып өлтірген, кейін денесін биіктен тастап, шөппен жаптаған. "Күдікті қыздың денесін қайда тастағанын көрсетті. Оның нұсқауы болмаса, денесін табу мүмкін болмас еді", - деді ІІМ өкілі Сұлтан Макилов. Күдікті қалай ұсталды? ІІМ деректері бойынша, ер адам видеобақылау жүйесі арқылы анықталған. Оның көлігі Бішкек теміржол вокзалында табылған, күдікті қаланың бір шағынауданында ұсталған. Тергеу барысында, ол қылмыстан кейін көлікті жуып, Айсұлудың телефонын сатқаны және SIM-картасын жойғаны анықталған. Қырғызстан Жоғарғы сотының мәліметінше, ұсталған адам бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 2016 жылы оны 12 жылға соттаған, бірақ кейін Бішкек қалалық соты айыпты жеңілдете отырып, "заңсыз бостандықтан айыру" және "ауыр зиян келтіру" баптарына өзгертті. Ақыры ол 7 жылын толық өтеп шыққан. Күдіктінің отбасының реакциясы Serep.TV сайты күдіктінің анасы деп таныстырған әйелдің видеосын жариялады. Ол қаза тапқан отбасыға көңіл айтып, ұлына ең жоғарғы жаза тағайындауға келісетінін айтты: "Оқиға туралы естігенде сөз таба алмадық. Қыз үшін қатты алаңдап отырмын, жүрегім ауырады. Басқа жол жоқ, жоғалған қыздың ата-анасының талаптарына келісемін", - деді әйел. Қоғамдық наразылық Айсұлудың оқиғасы қоғамда және әлеуметтік желілерде наразылық туғызды. Желі қолданушылары өлім жазасын қайтаруды және әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстарға жаза қатаңдатуды талап етіп жатыр: "Тіпті қылмыскердің анасы түсінді: мұндайға кешірім жоқ", "Өлім жазасын қайта енгізбесе, кісі өлтіру тоқтамайды". Көптеген қолданушы болашақ өзгерістерді "Айсұлу заңы" деп атайды, трагедия нақты өзгерістерге алып келуі керек деп есептейді. Биліктің ұстанымы Президент Садыр Жапаров Айсұлуды өліміне қатысты істі өзінің жеке бақылауына алғанын айтты. Ол әкімшілікке кәмелетке толмағандарды өлтіру және зорлау үшін өлім жазасын қайтаруды қарастыратын заңға өзгерістерді дайындауды тапсырды: "Өлім жазасын қайтарсақ, қылмыстар тоқтайды. Тоқтамаса, олар айтарлықтай азаяды. Бірақ бұл мәселеге жемқорлықты араластырмау керек. Тек кәмелетке толмағандарға қатысты өлтіру және зорлау қылмыстары қарастырылады. Жемқорлық қосылса, кінәсіздер зардап шегуі мүмкін. Мұндай қылмыстар дәлелденуге тиіс", - деді Жапаров "Хабар" агенттігіне. Контекст Қырғызстанда 1998 жылдан бері өлім жазасына мораторий бар. 2006 жылы Конституция бойынша ол алып тасталып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылған. 2023 жылы оны қайтаруға әрекет жасалған, бірақ конституциялық өзгерістер жобасы қаралмаған. Келесі қадамдар Айсұлуды өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр.Сот-медициналық, молекулярлы-генетикалық және психо-криминалистикалық сараптамалар тағайындалды. Президент әкімшілігі әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық пакет дайындап жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда мұғалімдер жылдар бойы армандаған заң туралы айтылды Мәжіліс депутаты Асхат Аймағанбетов "Педагог мәртебесі туралы" Заңға өзгерістер енгізілгенін айтты. Өзгерістер мұғалімдерді қағазбастылықтан босатып, жауапкершілік шекарасын айқындау және кез келген қысымнан қорғауды күшейтуге бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мұғалім мобилограф, блогер, күзетші немесе чат модераторы болмауы керек. Оның басты жұмысы – баланы оқыту", - деп жазды ол. Есеппен күрес Аймағанбетовтің айтуынша, енді мұғалімдер құжаттарды бірдей уақытта қағазда және электрон жүйеде толтыруға мәжбүр болмайды. "Қайталанатын есепке – тоқтау. Қағаз ба, цифр ма – біреуін ғана толтыру. Сонымен қатар, "Бір рет бір жүйеге енгіздің бе? Жетеді. Күнделік немесе НОБД немесе Bilimland-тің біреуіне ғана енгізілген дерек бірнеше жүйеде қайталанбауға тиіс", - деп жазды ол. 2. Әлеуметтік желілер - тек ерікті түрде Өзгерістер мұғалімдерді әлеуметтік желіде парақша жүргізуге, сабақтан фото немесе видео жариялауға мәжбүрлеуге тыйым салады. "Бұл – тек еркімен. Чаттар мен хабарламалар – тек ресми LMS жүйелері мен электрон поштада. Мұғалім тәулік бойы чаттарда арпалысып отыратын модератор емес", - деп жазды Аймағанбетов. 3. Жауапкершіліктің айқын шекаралары Заң жобасында "міндетіне жатпайтын функциялар" ұғымы бекітіліп, мұғалімдердің оқушылардың мектептен тыс әрекеттері үшін жауап бермейтіні нақты көрсетіледі. "Мектептен тыс жағдайға мұғалім жауап бермейді. Ол күзетші де, детектив те емес", - деді ол. 4. Мектеп – ата-ана келісімі Мектеп пен ата-ана арасындағы келісімнің мәртебесі күшейеді. "Тәрбие – ортақ іс. Бар ауыртпалық мұғалімге ғана түспеуі тиіс. Енді ата-аналар мен мектеп осы келісімшартты қатаң ұстануға міндетті болады", - деп атап өтті Аймағанбетов. 5. Мұғалімдерді қорғау және жазаларды күшейту Заң жобасы педагог мәртебесіне қатысты заңнаманы бұзғандар үшін айыппұлдарды көбейтіп, физикалық және психологиялық қысымнан қорғау кепілдіктерін енгізуді қарастырады. "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Мұғалімдерді барлық қысымнан қорғаудың нақты механизмдері енгізіледі", - деп қосты Аймағанбетов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресейге қатысты санкциялар: Зеленский бірнеше жарлыққа қол қойды Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік кәсіпкерлерге, әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындарға және мұнай саласына қатысы бар компанияларға қарсы санкциялар енгізу туралы үш жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правдаға" сілтеме жасап хабарлайды. Басылымның мәліметінше, Зеленский бұл туралы 4 қазанда Telegram-арнасында жарияланған видеоүндеуінде айтты. "Бүгін жаңа санкция туралы бірнеше жарлыққа қол қойдым. Олар әртүрлі бағыттағы санкциялар", - деді Украина президенті. Оның айтуынша, бірінші жарлық - мерзімі аяқталған бұрынғы санкцияларды ұзарту. Бұл, ең алдымен, ресейлік кәсіпкерлерге қатысты. Екінші жарлық Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешеніне қарсы, нақтырақ айтқанда, дрондар мен олардың бөлшектерін өндірушілерге бағытталған. Үшінші жарлық Ресейдің мұнай секторымен байланысты тұлғалар мен компанияларға қатысты санкциялар енгізуді көздейді. Зеленский Украина Ресейге қарсы "кешенді қысым саясатын" жалғастыратынын айтты. "Мұны әрі қарай серіктестерімізбен үйлестіріп отырамыз. Қазір көптеген украиналық әзірлемелер біздің серіктестеріміздің санкцияларының негізіне айналып жатыр. Санкцияларымызды серіктестермен синхрондауға сенеміз. Сонымен қатар, Еуропалық Одақтың 19-шы санкциялық пакетін және АҚШ-тың сәйкес қадамдарын күтеміз", — деді президент. Оның пікірінше, Ресей "соғысты аяқтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әрбір мүмкіндікті сөзбе-сөз елемейді немесе жоққа шығарады". "Ресей салдарларды сезінуге тиіс", - деді Украина лидері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Отбасы әділдік талап етті: Алматыдағы сарбаз өлімінің алдын ала себебі айтылды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда әскерге алынғаннан кейін небәрі бір апта өткен соң көз жұмған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімінде ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болған. "Медицина қызметкерлерінің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі – менингококцемия", – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. Анықтама: Менингококцемия – менингококк инфекциясының аса ауыр түрі. Ауру өте жылдам дамиды: қызу көтеріліп, қалтырап, әлсіздік, бұлшықет ауыруы және теріде қара-қызыл дақтардың (жұлдызша түріндегі бөртпе) пайда болуымен сипатталады. Көп жағдайда менингит өлімге әкелуі мүмкін. Ауру ауа арқылы жұғады, көбіне балалар мен жасөспірімдер арасында тарайды. ҰҚК мәліметінше, бұл дерек бойынша Алматы қаласының полициясы соталды тергеуді тіркеген. Сонымен қатар, қызметтік тексеріс тағайындалған. Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Еске салайық, бұған дейін 2006 жылы туған Нұрасыл Ануардың қазасы туралы оның туыстары хабарлаған еді. Олар баланың сырқаттан көз жұмғанына күмән келтіріп, істің мұқият тергелуін талап етті. "Кеше кешке Нұрасыл ағасына қоңырау шалып: "Маған бұл жер ұнамайды", – деген. Ағасы: "Бірнәрсе болды ма, бір жерің ауырып тұр ма?" – деп сұрағанда, ол нақты жауап бермей, тек: "Бұл дұрыс жер емес", – деп қайталай берген", – дейді сарбаздың әпкесі. Туыстарының айтуынша, оларға Нұрасылдың қазасы туралы 5 қазанда таңертең хабарланған. Алайда сағат 12:30-ға дейін отбасына баланың денесі көрсетілмеген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтаудағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ер адам соққыға жығылды Маңғыстау облысында ерекше әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірінші топтағы мүгедек соққыға жығылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Басылымың мәліметінше, жігіттің туыстары оның соққыға жығылғаны туралы ақпаратты әлеуметтік желіде жариялаған. Жәбірленушінің жақындары ер адам денсаулығына байланысты №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрып жатқанын айтты. 2 қазанда анасы кешкі ас апарып барғанда, ұлының беті мен көзінің көгергенін көрген. "Беті ісіп кеткен, көзін аша алмай отырды. Мақсаттың айтуынша, оны орталықтағы бір тұрғын ұрып тастаған. Бірақ бұл туралы бізге сол күні ешкім хабар берген жоқ. Ал мекеме басшылығы камералар дәл сол уақытта істемегенін айтты. Қазір де кім ұрғаны, науқас па, әлде қызметкер ме, белгісіз", – деді туыстары. Олардың сөзінше, оқиға сәтінің видеосы көрсетілмеген, нақты пікір де берілмей отыр. "Директор "мұндай жағдайлар болып тұрады" деп, мәселені жауып тастауға тырысып жатыр. Бізге неге сол күні ешкім хабар бермеді? Бәрін өз көзімізбен көрген соң ғана білдік", – деп ашуланды отбасы. Жігіттің туыстары Маңғыстау облысының прокуратурасы мен денсаулық сақтау басқармасын оқиғаны егжей-тегжей тексеруге шақырды. Ал №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Амангүл Нұрлаева болған жағдайға пікір білдірді: "1 қазанда орталықта оқыс жағдай болды. Екінші топтағы мүгедек, "шизофрения" диагнозы бар Болат есімді тұрғын бірінші топтағы мүгедек, "ақыл-ой кемістігі" диагнозы бар Мақсатты ұрып тастаған. Соның салдарынан Мақсаттың беті көгеріп, жарақаттар мен сызаттар алған", – деді ол. Нұрлаеваның айтуынша, барлық жағдайды анықтау үшін қызметтік тексеріс тағайындалған. "Тексеру нәтижелері кейін жарияланады", – деді ол. Ал облыстық полиция департаменті қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын әрі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланысты нығайтуға Тәжікстан Президентінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Тараптар алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Отбасы әділдік талап етті: Алматыда әскерге шақырылған сарбаз бір аптадан соң қайтыс болды Алматыдағы шекара қызметінің әскери бөлімінде әскер қатарына шақырылғанына бір апта ғана болған сарбаз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Марқұмның туыстарының айтуынша, Нұрасыл Бексұлтан 2025 жылғы 27 қыркүйекте әскерге шақырылып, Қарасай ауданындағы шекара бөлімінде қызмет еткен. Алайда бір апта өткен соң көз жұмған. "Жүрегіміз бір жамандықты сезгендей оны әскерге жібергіміз келмеді. Бірақ Нұрасыл "Отан алдындағы борышымды адал атқарып, ел қорғағым келеді" деп мақтанышпен айтатын. Ол үшін әскери қызмет ел алдындағы абырой мен жауапкершілік болатын", - дейді туыстары. Алдын ала мәлімет бойынша, Нұрасылдың өліміне менингит себеп болған. Алайда отбасы бұл нұсқаға күмән келтіреді, себебі бір апта бұрын ол өзін жақсы сезінген, ешқандай ауру белгілері байқалмаған. "Таңертеңнен бері бізге оның денесін көрсетпей жатыр. Бір мекемеден екіншісіне жібереді", - дейді марқұмның тәтесі. Туыстары әділ әрі жан-жақты тергеу жүргізіп, барлық мән-жайды анықтауды сұрайды. "Нұрасыл мейірімді, ақжарқын, адал, жүрегі таза бала еді. Әділдікке сенетін, өмірді жақсы көретін. Оның өлімі - біз үшін орны толмас қайғы", - дейді жақындары. Tengrinews.kz редакциясы Қорғаныс министрлігіне, ҰҚК мен Шекара қызметінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады. Бұған дейін Маңғыстау облысында Дінмұхаммед есімді әскери қызметші көз жұмған болатын. Ол әскерге егіз ағасынан кейін шақырылған. Алғашында екеуі бір бөлімде қызмет етсе, кейін біреуі басқа бөлімге ауыстырылған. 17 қыркүйекте отбасы қаралы хабар алған: Дінмұхаммед қайтыс болған. Алдын ала нұсқа бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған делінген. Бірақ туыстары бұл нұсқаға сенбейді. Кейін Қорғаныс вице-министрі Серік Боранбаев 19 жастағы сарбаздың өліміне қатысты пікір білдіріп, егізді ешкім ажыратпағанын, олардың әртүрлі уақытта, әртүрлі елді мекендерден шақырылғанын айтқан. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Көшіру кезінде жанжал шықты: полицейге қатысты тергеу басталды Алматы облысында полиция қызметкері мен әйел арасында болған жанжалдан кейін қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін әлеуметтік желіде полицей егде жастағы әйелді пәтерден күштеп итеріп шығарған сәті түсірілген видео тараған еді. Кадрларда әйел баспалдақтың темір тұтқасына соғылып, бүйірінің ауырғанын айтып шағымданады. Оқиғаға қатысты пікір білдірген Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев бұл жағдай туралы Threads желісінде мәлімдеме жариялады. "Оқиға орнында полицейлер бақылаушы органдар мен сот орындаушыларымен бірге сот шешімін орындау кезінде болған. Әйел мемлекеттік орган өкілдерінің заңды талабына бағынбаған. Соның салдарынан жанжал туындаған", – деді Әбікеев. Оның айтуынша, полицейдің дөрекі әрекеті қатаң заңбұзушылық болып саналып, мүлде жол берілмейтін іс ретінде бағаланған. "Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу басталды. Кінәлі қызметкерлер жауапкершілікке тартылады. Тексеру барысы менің жеке бақылауымда. Полиция заң аясында, азаматтарға құрметпен қарауға тиіс. Кез келген заңбұзушылық қатаң түрде тоқтатылады", – деп атап өтті департамент басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Синоптиктер 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады Синоптиктер 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" мәліметінше, еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстік пен батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін. Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде -4…-6 градус, күндіз +5…+7 градус. Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік бағыттағы жел 3-8 м/с. Түнде +4…+6 градус, күндіз +15…+16 градус. Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +5…+7 градус, күндіз +19…+21 градус. Ақтөбе - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде 0…+2 градус, күндіз +15…+17 градус. Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде +10…+12 градус, күндіз +21…+23 градус. Атырау - ашық күн. Жел шығыстан 2-7 м/с. Түнде +2…+4 градус, күндіз +19…+21 градус. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде -1…-3 градус, күндіз +9…+11 градус. Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 5-10 м/с. Түнде -3…-5 градус, күндіз +3…+5 градус. Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Түнде -1…-3 градус, күндіз +8…+10 градус. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік бағыттағы жел 9-14 м/с. Түнде +3…+5 градус, күндіз +14…+16 градус. Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Түнде 0…+2 градус, күндіз +11…+13 градус. Қызылорда - аз бұлтты, жауын-шашынсыз, кей жерде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +5…+7 градус, күндіз +17…+19 градус. Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде -1…-3 градус, күндіз +3…+5 градус. Петропавл - көшпелі бұлтты. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде -1…-3 градус, күндіз +8…+10 градус. Семей - бұлтты, қар жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде -1…-3 градус, күндіз +2…+4 градус. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде -1…-3 градус, күндіз +11…+13 градус. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде +3…+5 градус, күндіз +14…+16 градус. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей жерлерде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Түнде +5…+7 градус, күндіз +20…+22 градус. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде +2…+4 градус, күндіз +17…+19 градус. Өскемен - бұлтты, қар жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде -2…-4 градус, күндіз +1…+3 градус. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қырғызстанда жалпыұлттық референдум өтуі мүмкін Қырғызстанда өлім жазасын қайта енгізу мәселесі референдумға шығарылуы мүмкін. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Президенттің баспасөз хатшысы Ахат Алагөзов жариялаған сұхбатта Садыр Жапаров республикада өлім жазасын қайтару бастамасына пікір білдірді. Садыр Жапаровтың айтуынша, кәмелетке толмағандар мен әйелдерге қатысты адам өлтіру және зорлау сияқты ауыр қылмыстардың саны көбейіп келеді. Ал қолданыстағы түрме жазалары қылмыскерлерді тоқтатуға жеткіліксіз. Сонымен қатар, ол өлім жазасы сыбайлас жемқорлық істеріне қолданылмайтынын атап өтті: әңгіме тек аса қатыгез кісі өлтіру мен педофилия туралы болып отыр. "Бұл мәселені біз жеке өзіміз шешпейміз. Халықпен ақылдасамыз. Мәселе жалпыұлттық референдумға шығарылуы мүмкін. Егер көпшілік қолдаса, онда Конституция мен заңдарға өзгеріс енгізу, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерді қайта қарау қажет болады", - деді Садыр Жапаров. Президенттің сөзінше, басты мақсат - әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, сондықтан мұндай маңызды шешім тек халықтың қатысуымен қабылдануға тиіс. Анықтама: Қырғызстанда кейінгі өлім жазасы 1998 жылы орындалған. Сол жылдан бастап елде өлім жазасына мораторий енгізілді. 2007 жылы өлім жазасы ресми түрде жойылып, 2010 жылы Қырғызстан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің өлім жазасын жоюға бағытталған Екінші факультатив хаттамасын ратификациялады. Бұған дейін Садыр Жапаров елде өлім жазасын енгізу туралы тапсырма берген болатын. Мұндай шешімге Ыстықкөл облысында 17 жастағы қыздың қатыгездікпен өлтірілуі себеп болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдан 200 шақырым жерде жер сілкінді 4 қазанда сағат 17:42-де (Астана уақытымен) сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 209 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпулері Жетісу облысында сезілді. Есептік магнитуда (балмен) мынадай болды: Жетісу облысының Текелі қаласында – 2 балл; Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында – 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Еске салайық, 21 қыркүйекте алматылықтарға жер сілкінісі туралы ескерту келген болатын. Бірақ қалада сиреналар қосылмаған. Хабарламаны алған тұрғындар мен қонақтар көшеге шыққан еді. Кейін ТЖД хабарлағандай, жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде тіркелген. Магнитудасы – 3,8 балл. Қала аумағында дүмпу сезілмеген. Соған қарамастан, ескерту жүйесі автоматты түрде іске қосылып, хабарламалар жіберілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Петропавлда мас ер адам автобуста мектеп оқушысына шабуыл жасады Петропавлда мас ер адам автобуста 12 жастағы оқушы қызды ұрды. Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, оқиға №2 бағыттағы автобуста болған. Екі ер адам өздерін дөрекі ұстап, шамамен 12 жастағы қыздарға балағат сөздер айтқан. "Олардың сырт келбетіне байланысты ер адамдар орынсыз ескерту жасап, тиісіп бастаған. Балаларды қорғап сөйлемек болған бір жолаушы қызға да тиісіп, жанжал күшейе түскен. Автобустан түсер кезде ер адамның бірі қыздың бетінен ұрып жіберген. Қыз қорқып, жылап жіберген. Ал кондуктор ешқандай шара қолданбаған", – делінген видео сипаттамасында. Басқа нұсқа бойынша, ер адамдар балағат сөз айтып отырған кезде, қыз ескерту жасаған. Осыдан кейін жанжал басталған. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты дереу шара қабылдағанын мәлімдеді. "Күдікті тез арада анықталып, ұсталды және полицияға жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр. Балаларға қарсы мұндай әрекеттер - заңды өрескел бұзу және ең қатаң жауапкершілікке тартылады. Жағдай полицияның бақылауында", – делінген ресми хабарламада. Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әдемау Меңдібаева оқиғаның 3 қазанда кешке Береке шағынауданында жүрген №2 автобуста болғанын айтты. "Жанжалдан кейін екі ер адам автобустың соңғы аялдамасына дейін барып түскен. 102 нөміріне қоңырау сағат 19:08-де түсті. Полицейлер қыздан жауап алды. Қала полициясының жеке құрамы күдіктіні ұстауға жұмылдырылды. Топтарға бөлінген полицейлер Береке шағынауданына аттанды", – деді Мендыбаева. Оның айтуынша, сағат 20:05-те күдікті дүкен маңында ұсталған. Оны учаскелік инспектор Жасур Ильхомов сырт келбеті бойынша танып, қолға түсірген. 50 жастағы ер адам мас болған және кінәсін мойындады. Күдіктімен бірге автобуста болған екінші ер адамның да жеке басы анықталды. Олмас болмаған және куәгерлердің айтуынша, агрессия көрсетпеген. Сондықтан оған қатысты шара қолданылған жоқ. Оқушыны ұрған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған 1 000 АЕК-ке дейін (2025 жылы – 3 932 000 теңге) айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекеттік кірістер комитеті жиі қойылатын 5 сұраққа жауап берді Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық жүйесіндегі өзгерістерге байланысты жиі қойылатын 5 сұраққа жауап жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін (АСР) кім қолдана алады? АСР-ды Қазақстан азаматтары мен қандастар қолдана алады. Бұған қоса, қазір патентпен жұмыс істеп жүргендер де осы жүйеге өте алады.Бірақ олар мына талаптарға сай болуға тиіс: жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі керек; жалдамалы жұмысшылары болмауға тиіс; рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысуы қажет; айлық табысы 300 АЕК-тен аспауы тиіс (2026 жылы шамамен 1,3 млн теңге). Бұл режимнің басты артықшылығы жеке табыс салығынан және жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден босатылады. Тек әлеуметтік төлемдер – табыстың 4%-ы (зейнетақы жарнасы, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру – әрқайсысы 1%) төленеді. 2. Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимінің (АСР) шарттары қандай? Жаңа Салық кодексіне сәйкес, жеңілдетілген декларация негізіндегі режимде: табыс шегі бұрынғыдай сақталады – 600 000 АЕК (2,5 млрд теңге дейін); қызметкерлер санына шектеу алып тасталады; барлық қызмет түріне рұқсат етіледі (тыйым салынғандардан басқа); салық мөлшерлемесі – 4% (КТС/ЖТС), ал мәслихаттар оны ±50% шегінде өзгерте алады; егер табыс 24 000 АЕК-тен (100 млн теңге) асса, жалақы қорын шегерім ретінде есепке алуға болады. Бұл режимді қолданатындар ҚҚС пен әлеуметтік салық төлемейді. 3. 2025 жылы арнайы салық режимдерін қолданып жүргендер жаңа жүйеге қалай өтеді? Жаңа Салық кодексі өтпелі кезең қарастырған: тек онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер автомат түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимге өтеді; патентпен жұмыс істейтін және арнайы қосымшаны пайдаланатындар, егер шарттарға сай болса, жеке кәсіпкерлікті жабу арқылы осы режимге өте алады; фермерлік және шаруа қожалықтары автоматт түрде өздеріне арналған режимге көшіріледі. Қалған салық төлеушілер жаңа режим туралы хабарлама тапсыруы керек. 4. Неге кейбір мәмілелер бойынша шығындарды корпоратив табыс салығынан шегеруге тыйым салынды? Жеңілдетілген декларация негізіндегі режимді қолданатын кәсіпкерлермен есеп айырысу кезінде шығындарды КТС бойынша шегеруге тыйым салынды. Бұл шешім жалған мәмілелер мен тізбекті жеткізілімдер арқылы салықтан жалтару әрекеттерінің алдын алу мақсатында енгізілген. Кейбір компаниялар осындай схемалар арқылы өздерінің салық жүктемесін жасанды түрде азайтып келген. 5. Шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнайы режимнің артықшылықтары қандай? Бұл режим ауыл шаруашылығы саласына жеңілдіктер ұсынады: Жер, көлік және мүлік салығынан, сондай-ақ ҚҚС, әлеуметтік салық және қоршаған ортаға әсер үшін төлемнен босатылады; Жеке табыс салығы – табыстың бар болғаны 0,5%-ы; Декларация жылына бір рет беріледі; Салық екі рет төленеді: 10 қарашаға дейін – 1 қаңтар мен 1 қазан аралығындағы кезең үшін; 10 сәуірге дейін – 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін. Мұндай кесте егін жинау және өнім өткізу кезеңіне ыңғайластырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнің үшінші қабатынан секіріп кетті Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұландағы сарбаз әскери бөлімнің үшінші қабатынан секіріп кеткен. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 қазанда 5571 әскери бөлімінде болған. Сарбаз ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. "Қызмет барысында әскери дәрігерлер сарбазға бейімделу бұзылысы деген диагноз қойған. Ол әскерге шақырылмас бұрын жақын туысын жоғалтқан. Қазір ол әскерде әрі қарай қызмет етуге жарамдылығын анықтайтын әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күтіп жүрген. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар ешқандай бөгде әсердің болмағанын дәлелдейді", – делінген ресми хабарламада. Әскери бөлімде қызметтік тексеріс тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Өскеменде мас күйде көлік жүргізген прокурор қамалды Өскеменде мас күйде көлік жүргізген прокурор жүргізуші куәлігінен айырылып, қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде прокурордың жол апатына түскені туралы ақпарат тараған еді. Ол мас күйінде көлік жүргізіп, бағанға соғылған, кейін оқиға орнынан қашып кетпек болған. Сараптама барысында оның қанынан алкоголь мен марихуана табылғаны айтылды. Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы бұл жағдайды растады және қызметкер әрекеті үшін жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. "Құқық қорғау органының абыройына нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Өскемен қаласы прокуратурасының прокуроры Пан В.Б. прокуратура органдарынан "1-дәрежелі заңгер" шенінен айырылып, қызметтен босатылды", – делінген ресми хабарламада. Сонымен қатар, 3 қазанда әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот бұрынғы прокурорды 20 тәулікке қамауға алып, оны 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Омбы – Майқапшағай трассасындағы жол апатынан төрт адам қаза тапты Омбы – Майқапшағай трассасында болған бірнеше жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғаларға жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы себеп болған. Атап айтқанда, қарсы бағытқа шығу және тұтас сызық бар жерде бұрылу әрекеттері. "Абай облысының полиция департаменті барлық жүргізушіге жолда барынша мұқият әрі жауапты болуды ескертеді. Есте сақтаңыздар, сізді үйде жақындарыңыз күтіп отыр", – деді полицейлер. Еске салайық, кеше Павлодар – Қызылорда трассасында, Атамекен ауылы маңында көлік жылқымен соқтығысып, екі адам қаза тапқан, тағы бір адам жарақат алған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Руслан Берденов Алматы әкімдігінде қызметке тағайындалды Мәжілістің бұрынғы депутаты, Шымкент әкімінің экс-орынбасары Руслан Берденов Алматы әкімдігінде жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Руслан Берденов "Алматы даму орталығының" директоры болып тағайындалғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл мәліметті мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Анықтама: "Алматы даму орталығы" 2008 жылы қала әкімдігінің қаулысымен құрылған. Орталықтың негізгі миссиясы – Алматының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, қаланы басқару тиімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және Алматыны өмір сүруге ең қолайлы қалалардың қатарына енгізу. Еске салайық, 29 тамызда Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кеткен болатын. Бұған дейін ол өзіне жасалған қастандықтан кейін ұзақ уақыт ем қабылдаған. Қастандық ісі: 2025 жылғы 21 сәуірде кешке Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында Руслан Берденовке қастандық жасалған. Шенеунік жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, ота шамамен төрт сағатқа созылған. Күдікті Ернар Жиенбай қамауға алынып, оған "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша айып тағылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Батыс Қазақстан облысында Ұстаздар күніне орай  мерекелік шара өтті Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында ұстаздардың мәртебесін арттыруға, кәсіби дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге, білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізуге ерекше назар аударды. Бұл – ұстаздар қауымының қоғамдағы айрықша рөліне берілген зор баға әрі келешекке артылған үлкен сенім", – деді өңір басшысы. Салтанатты жиында білім саласына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрметті наградалары, облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Нариман Төреғалиев кейінгі жылдары өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Соңғы үш жылда облыста жалпы 7526 орынға арналған 26 жаңа мектеп салынды. Оның ішінде: 1344 орындық 16 мектеп – КПО компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобасы аясында, 1982 орындық 5 мектеп – бюджет және арнайы қор есебінен, 4200 орындық 5 мектеп – "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында да бірқатар заманауи білім ордалары оқушыларға есігін айқара ашты. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында 600 орындық "Келешек мектебі", Казталов ауданы Қоныс ауылында 60 орындық шағын мектеп, сондай-ақ жуырда ғана Орал қаласында 400 орындық №8 мектеп іске қосылды.
АҚШ-та атышулы рэпер P. Diddy ісі бойынша нүкте қойылды АҚШ-та рэпер P. Diddy ісі бойынша нүкте қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап. АҚШ-та атышулы рэпер Шон Комбс (P. Diddy) ісі бойынша сот үкімі шықты. Манхэттен округтік соты оны 4 жыл 2 айға бас бостандығынан айырып, үстінен тағы 5 жыл бақылау орнату туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, музыкант 500 мың доллар айыппұл төлейді. Прокурорлардың мәліметінше, P. Diddy зорлық-зомбылық қолданатын қылмыстық топ құрған, әрі әйелдер мен ерлерді есірткі әсерімен азғындық әрекеттерге қатысуға мәжбүрлеген. Үш ай бұрын жеті аптаға созылған сот процесінен кейін ол жезөкшелік ұйымдастырды деген екі бап бойынша кінәлі деп танылған, бірақ адам саудасы мен рэкет баптары бойынша ақталып шыққан. Соттағы сәттер Соңғы сот отырысы 5 сағаттан аса уақытқа созылып, рэпер мен оның алты баласының көз жасына толы болды. Ұлы Куинси Браун әкесін "өзгерген адам, өмірден үлкен сабақ алған" деп сипаттады. Үшінші ұлы Кристиан Комбс судьядан рақымшылық сұрады. Ал қызы Диддидің көз алдында жылап, әкесін босатуды өтінді. Соңғы сөзінде P. Diddy соттан кешірім сұрап, екі әйелден жеке кешірім өтінді. Ол өз өмірін түбегейлі өзгерткенін айтып, тағы бір мүмкіндік беруді өтінді. Музыкант анасы Дженис Комбске қарап көз жасын тыя алмай: "Сен маған жақсы бол деп айтатынсың. Мен сен қалаған бала бола алмадым", – деді. Судьяға қарата ол былай деді: "Мен бәрінен - бизнесімнен, мансабымнан, абыройымнан, ең бастысы, өз-өзіме деген сыйластығымнан айырылдым. Мен масқара болдым, түбіме жеттім. Қазір өзімді жек көремін. Менде түк қалмады". Бостандыққа шығу мүмкіндігі бар БАҚ дерегінше, Дидди 2,5 жылдан кейін босап шығуы мүмкін. Себебі оған тергеу изоляторында өткізген 14 ай есептеледі, осылайша 3 жыл шамасында ғана қалады. Егер түрмеде тәртібі жақсы болса, мерзімі тағы 6 айға қысқаруы ықтимал. Егер сот оны жыныстық мақсаттағы адам саудасы бойынша кінәлі деп тапқанда, ол өмір бойына түрмеде отыруы мүмкін еді. Іс барысы Сот процесі 2025 жылғы 5 мамырда басталды. P. Diddy - кейінгі 30 жылда хип-хоп индустриясындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі, Bad Boy Records лейблінің негізін қалаушы, продюсер және орындаушы ретінде танылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда 60 жастағы ер адамның әрекеті көршілерін шошытып отыр Алматыда 60 жастағы ер адамның әрекеті көршілерін шошытып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. Олардың айтуынша, ішімдікке әуес көрші бәрінің көзінше шешініп, тіпті пышақ ала жүгіреді екен. Жұрт оның психикалық ауытқуы бар деп күдіктенеді. Сондықтан қауіпті адамнан құтқаруды сұрап отыр. Бәрі Сергей Шевченко есімді ер адамның іс-әрекетінен әбден шошынған. Екі жыл бұрын ер адам көршілердің біріне пышақ ала жүгіріп, оңбай жаралапты. "Тура есігіміздің алдында күйеуімді ұрып, тамағын пышақпен осып жіберді. Жердегі бір шелек суды үстіне құйып, алысып жүріп әрең ажыратып алдық. Сөйтіп үйге қарай қашып, есікті кілттеп үлдердім. Міне, дәлел. Күйеуімді бауыздағанымен қоймай, қақпамызды тесіп тастаған", - деді Галина Диченко. Тұрғындарды шошытып жүрген 60 жастағы ер адам мына үйде тұрады. 20 жылдан аса тып-тыныш жүрген оның оғаш әрекеті бес жыл бұрын басталыпты. "Содан бері үреймен өмір сүріп келеміз" деген көршілері қазір үйінің маңынан өтуден қорқады. Көшеде де емін-еркін жүруден қалған. Өйткені "жынды" көрші өткен-кеткен адамдарға тиісіп, солардың көзінше шешінетін көрінеді. Кейде көліктің алдына жатып алады екен. "Өзімнің бес балам бар. Осы көшемен аялдамаға дейін жаяу жүреміз. Алыс жерде орналасқан. Балалар қазір үйде. Сабақтан кешке келеді. Демалыста олар ойнайды, велосипед тебеді. Оларды қалай далаға шығарамыз? Мен далаға шығарсам, үйде жұмыстарымды тындыра алмаймын", - дейді Дамир Орсаев. Сергей Шевченко үйінде жалғыз тұрады. Көршілерінің айтуынша, әйелі мен қызына да кезінде көрсетпеген қорлығы жоқ. Сондықтан олар кетіп қалған. Дегенмен өзі көрші-қолаңның шағымын жоққа шығарып отыр. "Олардың айтқаны — өтірік. Ондай ештеңе болған емес. Ешкімге тиіскен жоқпын. Кім екенін де танымаймын. Арақ ішпегеніме бір ай болды. Бір өліп‑тірілдім. Сол кезде маған ішпе деген аян келді. Соның өзінде аяғымды әрең басып тұрмын", - дейді Сергей Шевченко. Күнде бір қылық шығаратын көршінің әрекетін тұрғындар видеоға да түсіріп алған. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстап әкеткенімен, көп ұзамай босатып жібереді дейді жұрт. Олар қауіпті ер адамды тәртіпке салып, тиісті шара қабылдауды сұрайды. Ал полиция департаменті "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша істің сотқа жолданғанын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Күрт суиды: синоптиктер 4 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды Синоптиктердің мәліметінше, 4 қазан, сенбіде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана – көшпелі бұлт, таңертең және күндіз аздап жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Түнде 0…+2°, күндіз +6…+8°. Алматы – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Түнде +4…+6°, күндіз +16…+18°. Шымкент – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +5…+7°, күндіз +21…+23°. Ақтөбе – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс желі 1–6 м/с. Түнде –1…–3°, күндіз +14…+16°. Ақтау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Түнде +8…+10°, күндіз +21…+23°. Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Түнде солтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады (0–10 м/с). Түнде +5…+7°, күндіз +20…+22°. Жезқазған – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік және солтүстік-шығыс желі 5–10 м/с. Түнде –1…–3°, күндіз +12…+14°. Қарағанды – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде оңтүстік-батыс желі 3–8 м/с, күндіз солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде –1…–3°, күндіз +5…+7°. Көкшетау – көшпелі бұлт, кей уақытта жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-батыс, батыс желі 9–14 м/с. Түнде +1…+3°, күндіз +3…+5°. Қонаев – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Түнде +3…+5°, күндіз +15…+17°. Қостанай – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Түнде +1…+3°, күндіз +9…+11°. Қызылорда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Түнде +3…+5°, күндіз +17…+19°. Павлодар – бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін. Түнде 0…+2°, күндіз +4…+6°. Петропавл – көшпелі бұлт, түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с, кей уақытта 15–20 м/с дейін. Түнде 0…+2°, күндіз +4…+6°. Семей – бұлтты, күндіз жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-батыс желі 7–12 м/с. Түнде –1…–3°, күндіз +5…+7°. Талдықорған – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с. Түнде –1…–3°, күндіз +15…+17°. Тараз – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Түнде +3…+5°, күндіз +16…+18°. Түркістан – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін. Түнде +5…+7°, күндіз +21…+23°. Орал – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде солтүстік-шығыс, күндіз оңтүстік-шығыс желі 7–12 м/с. Түнде 0…+2°, топырақ бетінде –3° дейін үсік, күндіз +16…+18°. Өскемен – бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыс желі 7–12 м/с. Түнде 0…+2°, күндіз +5…+7°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қошанов: Қоғамдық палата Президент реформаларын талқылайтын алаңға айналды Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшелерімен кездесіп, Президенттің бастамаларын жүзеге асыру барысын және алдағы кезеңнің күн тәртібін талқылады. Өз сөзінде Ерлан Қошанов бүгінгі таңда Қоғамдық палата Президент реформаларын іске асыруға қатысты жан-жақты диалог жүргізудің маңызды алаңы болып отырғанын атап өтті. Олардың бірі – бір палаталы Парламентке көшу бастамасы. "Мемлекет басшысы алдағы парламенттік реформаны жан-жақты талқылауды тапсырғанын білесіздер. Қоғамдық палата аясында ресмипікірталасты бастауды ұсынамын. Бұл процестің ашық әрі айқын болуын қамтамасыз етеді. Қоғамдық палата жалпыұлттық пікірталасқа ұйтқы болып, осы бастаманы қолдауға тиіс", – деді Е. Қошанов. Сонымен қатар Мәжіліс спикері Қоғамдық палатаның ережесінде қоғамдық тыңдалымдар форматы бар екенін еске салып, бұл жиындарды жұртшылықтың, мәслихаттар депутаттарының, өңірлердегіҚоғамдық кеңес мүшелерінің және сарапшылардың қатысуымен өткізуді ұсынды. Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының бизнес саласындағы қолданыстағы заңнаманы түгел тексеріп, зерделеу туралы тапсырмасына Қоғамдық палата мүшелерінің назарын аударып, еліміздегі демографиялық үрдістерді тереңірек зерттеуді ұсынды. Мәжіліс спикері Қоғамдық палатада Мәжіліс қабылдайтын заңдар талқыланып қана қоймай, сонымен қатар олардың жұмыс нәтижелері тәжірибеде тиімді талданатынын айтты. Ерлан Қошанов кейбір заңдардың іс жүзінде жұмыс істеп, ал кейбіреуі неге қағаз жүзінде қалып қоятынын зерделеуді келесі мәселе ретінде атап өтті. "Парадокс деуге болады. Заң бар, бірақ орындалмайды. Ол тек құқықтық емес, әлеуметтік мәселеге де айналып отыр. Тыйымдардың еш еленбейтінін көргенде, жұрттың құқықтық нормаларға деген сенімі азаяды. Сондықтан Қоғамдық палата заңдағы жұмыс істемейтін нормаларды талдаумен айналысқаны орынды болады деп санаймын. Бұл заңнаманың әлсіз тұстарын дер кезінде анықтап, оларды жою шараларын ұсынуға мүмкіндік береді", – деді Мәжіліс төрағасы. Талқылау барысында Қоғамдық палата мүшелері де түйткілдітақырыптарды қозғады. Саясаттанушы Андрей Чеботарев жергілікті өзін-өзі басқару туралы жеке заң қабылдау, облыс және аудан әкімдерінің ықпалының шегін айқындау, саяси партияларды одан әрі дамыту үшін құқықтық жағдай қалыптастыру мәселелерін көтерді. Аналитик Наталья Малярчук заң шығару процесінде жүйеліліктің жоқтығын айтса, саясаттанушы Данияр Әшімбаев қолданыстағы заңнамаға түзетулер жиі енгізілуіне қатысты пікір білдірді. Мәжіліс спикері барлық идея мен ұсыныс Палатаның алдағы жұмысында ескерілетінін айтты. Суреттер: Мәжілістің баспасөз қызметі\\Ж.Жұмабеков
БҚО-да “Қаладан ауылға“ бағдарламасымен қоныс аударушылардың саны 149 отбасыға жетті Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев "Қаладан ауылға" бағдарламасы аясында Казталов ауданы, Көпкүтір ауылына қоныс аударған тұрғындарға жаңа баспана кілттерін табыстады. Өткен жылы өңірімізде алғаш рет іске қосылған "Қаладан ауылға" бағдарламасы ауылдық жерлерге көшіп келушілер санын арттырып, халықты жұмыспен қамтуға және ауыл инфрақұрылымын дамытуға тың серпін беруде. Бағдарлама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттермен үндесіп, нақты нәтижеге бағытталған бастама ретінде бағаланып отыр. Салтанатты рәсім барысында облыс әкімі Көпкүтір ауылына қоныстанған екі отбасына жаңа пәтердің кілтін табыстап, қоныс иелерін құттықтады. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: "Ауылды дамыту – бүкіл Қазақстанды дамыту деген сөз" деп атап өткен болатын. Шын мәнінде, ауыл – елдің алтын бесігі, халқымыздың түп-тамыры, салт-дәстүріміздің қайнары. Сол мақсатта өткен жылы өңірімізде алғаш рет "Қаладан ауылға" кешенді бағдарламасы іске қосылды. Бұл жоба – Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттермен үйлесіп отырған, нақты нәтижеге бағытталған бастама", – деді Нариман Төреғалиев. Бағдарлама іске қосылғалы бері облысқа 149 отбасы немесе 712 адам көшіп келді. Оның ішінде 161 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 8 азамат "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында өз кәсібін ашты. Қоныс аударушылардың дені Орал қаласынан болса, сондай-ақ Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Қостанай облыстарынан келген отбасылар да ауылдарға тұрақтады. Олардың барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды Түркістан облысының спортшылары 2025 жылдың 9 айында Қазақстан чемпионаттарында – 1060 медаль, Азия чемпионаттарында – 109 медаль, әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Бүгін солардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы марапаттап, құрмет көрсетті. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен кездесуде жуырда еркін күрестен және армрестлингтен әлем чемпионатында ел сенімін ақтаған спортшылар марапатталды. "Сіздерді еркін күрес пен армрестлингтен өткен әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңістер – үлкен еңбектің, қайсар мінездің нәтижесі. Әлемдік аренада Түркістан облысының спортшылары топ жарғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Сіздерге облыс халқының және өзімнің атымнан шынайы алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спорт саласын дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Облыста осы бағытта ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Заманауи спорт нысандары ашылып, өз нәтижесін беруде. Мәселен, Хорватияда өткен әлем чемпионатында Асылжан Есенгелді бауырымыз қола жүлдегері атанды. Бұл жеңістің орны айрықша. Себебі, облыс орталығы ауысып, Түркістан облысы деп аталғалы бері еркін күрестен алғаш рет ересектер арасында қола медаль иегері шығып отыр. Әлемге әйгілі Шардараның армрестлинг мектебі тағы да сенімді ақтады. Армрестлингтен Болгария елінің Албена қаласында өткен 46-шы әлем чемпионатында облысымыздан 19 спортшы әлем чемпионы атанды. Шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде Қазақстан, соның ішінде нақты Түркістан облысының өрендері армрестлингтен әлемдік деңгейде көш бастап тұр. Бұл нәтижелер – өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту, дарынды спортшыларды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың жемісі. Ендігі мақсатымыз – Олимпиада медалін алу. Біздің батырларымыз үмітті ақтайды деп сенемін!" – деді Нұралхан Көшеров. Салтанатты іс-шарада Нұралхан Көшеров Хорватияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Асылжан Есенгелдіге жаңа көліктің кілтін тапсырды. Сонымен бірге армрестлингтен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы атанып, ел абыройын асырып жүрген Санжар Зәрубекке, Нұрдәулет Айдарханға және Ердәулет Мұхамбетовке де алғыс хат пен "темір тұлпар" кілттері тапсырылды. Ал армрестлинг құрамасына 10 миллион тегенің сертификаты берілді. Жалпы, 24 спортшы мен бапкер алғыс хатпен марапатталды. Айта кетейік, Загребте өткен әлем чемпионатында Түркістан облысының өрені Асылжан Есенгелді 61 келі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алды. Бұл спортшы жастар арасындағы әлем чемпионаттарында да күміс және қола жүлдегер атанған. Облыс аумағында еркін, грек-рим және әйелдер күресін дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 5500-ден астам спортшы аталған спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысады. Оларды 260 жаттықтырушы дайындауда. Қазіргі таңда 34 спорт ұйымында күрес үйірмелері бар. Ал Армрестлингтен Болгария елінің Албена қаласында өткен 46-шы әлем чемпионатында Түркістан облысының 19 спортшысы әлем чемпионы атанды. Армрестлингтен облыс сайыпқырандары Азия чемпионаттарында 350 алтын еншілеген. Ал әлем чемпионаттарында 113 алтын медаль иеленіп, Қазақстанның Әнұранын шарықтатқан.
Алматыда ойыншық тапанша ұстаған ер адам жол бойында төбелес шығарған Әлеуметтік желілерде екі ер адамның арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Кадрда олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында ер адамның қолындағы зат тапанша емес, қару пішініндегі оттық екені анықталды. "Ер адам дереу ұсталып, оның әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды. Алматы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды", - делінген хабарламада. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Әлиевтің шақыруымен Әзербайжанға барады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 6-7 қазан күндері Әзербайжанға сапармен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен барады", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев тасжолдар құрылысын жеделдетуді тапсырды Мемлекет басшысы Үкіметке тасжолдарға байланысты маңызды тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Президент Үкіметке Торғай-Ырғыз және батыс бағытындағы басқа да көлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаевты қабылдады Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы баяндалды. Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, барлық негізгі көрсеткіш бойынша тұрақты өсім байқалады. Биылғы сегіз айда облыста 3,2 триллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артық. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібінің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі артып келеді. Металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі ұлғайды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 644,7 миллиард теңгені құрап, 11,1 пайызға өсті. Биыл жалпы құны 195 миллиард теңге болатын 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2 700-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады. 2030 жылға дейінгі жоспарда құны 4,5 триллион теңгені құрайтын 120 ірі жобаның пулы жасақталды. Бұл бастамалар 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқаны жөнінде айтылды. Ауыл шаруашылығында ірі жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, екі ірі тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталған соң, өңірдің сүтке деген сұранысы толық қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысына "Qarmet" АҚ қызметі туралы ақпарат берілді. Компания сегіз айдың ішінде өндірісті жаңғыртуға 110 миллиард теңге инвестиция салған. Нәтижесінде шойын өндіру – 6 пайызға, болат – 6,9 пайызға, илемдеу 5 пайызға артқан. Металлургия комбинатында жаңа коксты батареялар, құю-илемдеу кешені, сұрыптап илемдеу цехы секілді ауқымды жобалар қолға алынған. Сондай-ақ кәсіпорын біртіндеп табиғи газға көшуде, алғашқы кезең толық аяқталды. Шахталардағы жағдай да оң нәтиже көрсете бастады: көмір өндіру көлемі 15 пайызға артқан. Еңбек қауіпсіздігін күшейтуге арналған іс-шаралар қолға алынған. Кездесу соңында Президент өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қалалар мен елді мекендерді жылумен тұрақты қамту мәселелерін ерекше назарға алу, сондай-ақ "Qarmet" АҚ кәсіпорнындағы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда екі әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайтылады Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер ұлғайтылады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10 пайызға индекстеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тиісті қаулы жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ашық НҚА" порталында жариялады. Ведомство мәліметінше, төлемдердің мөлшері әр жағдайда жеке есептеледі. Ол мыналарға байланысты: соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар жасалған орташа айлық табысқа; еңбекке қабілеттіліктен айрылу коэффициентіне; асырауындағы адамдар санына; міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне; табысты алмастыру деңгейіне. Бұған дейін МӘСҚ-тан аталған екі төлемді шамамен 150 мың қазақстандық алған: асыраушысынан айырылған 66 мың отбасы 25,3 миллиард теңге алған. Орташа айлық төлем – 74 460 теңге; еңбекке қабілеттілігінен айырылған 97 мың адамға 34,5 миллиард теңге төленген. Орташа айлық төлем – 71 468 теңге. Кімдерге беріледі? Асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем асырауында болған адамдарға тағайындалады. Ол мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек төленеді. Қаражат асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал егер ол күндізгі бөлімде оқыса – 23 жасқа дейін беріледі, деп түсіндірді министрлік. Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлем МӘСҚ қатысушыларына мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек тағайындалады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Германия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады. Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысын қабылдады Мемлекет басшысы Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуде Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағы арасында цифрлық және телекоммуникациялық технологиялар бағытындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дорин Богдан-Мартинді Халықаралық электр байланысы одағының 160 жылдығымен құттықтап, ұйым цифрлық технологиялар саласындағы жаһандық ынтымақтастықта маңызды рөл атқаратынын айтты. Президент заманауи цифрлық экожүйе мен дамыған инфрақұрылым қалыптастыру мәселесіне айрықша мән берді. Осы орайда Қазақстанның OneWeb, Starlink, Amazon Kuiper және Shanghai Spacecom Satellite Technology сияқты төмен орбиталы жер серіктері жүйесі жобаларына белсенді түрде қатысатынын атап өтті. Бас хатшы Дорин Богдан-Мартин еліміздің цифрлық индустрияны дамытуға және жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған күш-жігеріне жоғары баға берді. Сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының Қазақстанмен серіктестікті одан әрі тереңдетуге және бірлескен бастамаларды кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда -13 градусқа дейін аяз түседі Қазгидромет синоптиктері 4, 5 және 6 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Антициклон: қай өңірлерде ашық ауа райы сақталады? Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болжанған. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, шығыста – көктайғақ, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте құмды дауыл күтіледі. Ауа температурасы қандай болады? Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы біртіндеп -3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +5…+15 градусқа дейін көтеріледі. Шығыста түнде -3…-13 градус аяз, күндіз +3…+11 градустан -5…+5 градусқа дейін ауытқулар күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысында түнгі уақытта 1 –3 градус үсік сақталады. Қалған аймақтарда температурада аздаған ауытқулар болса да, елеулі өзгерістер күтілмейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ОПЕК бас хатшысын қабылдады Мемлекет басшысы ОПЕК бас хатшысы Хайтам әл-Гаисты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайтам әл-Гаис әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы ОПЕК-тің жаһандық мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев Хайтам әл-Гаистың сапарын еліміз бен ұйым арасындағы конструктивті диалогты дамытуда маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті. Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға басымдық бере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту жөніндегі ОПЕК+ шешімін қолдайды. Әңгімелесу барысында өңірдегі энергетикалық жүйенің орнықтылығын нығайту бағытындағы бірлескен шаралар пысықталды. Сондай-ақ мұнай өндіруші елдер мен көмірсутегін импорттаушы мемлекеттер арасындағы мүдделер теңгерімін сақтаудың маңызына мән берілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда “БДСМ студия“ әшкере болды Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп келген "БДСМ студиясы" әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ғимаратта жыныстық сипаттағы интим қызмет көрсетілген. Жезөкшелікпен айналысқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, пәтер иесі анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр. "Мұндай деректер тұрақты түрде анықталып, жолы кесіледі", - деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бектенов “Алматыда үлкен апат болатыны“ туралы депутаттық сауалға жауап қатты Премьер-министр Олжас Бектенов Бақытжан Базарбектің депутаттық сауалына жауап берді. Ол бұған дейін жер берудің заңдылығына, Алматыдағы тау бөктеріндегі құрылыстың нысаналы мақсаты өзгеруіне байланысты тексеріс жүргізуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Бұған дейін Бақытжан Базарбек тыйым салынғанына қарамастан, элиталық коттедждер салу үшін Алматының бөктеріндегі тау жоталары кесіліп жатқанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, мұздықтар мен мореналық көлдер еріген жағдайда "Алматыда үлкен апат болады". Ол 40 қабатты ғимарат пен басқа да тұрғын үй кешендері рұқсатсыз заңсыз салынып жатқанын айтты. Депутаттың сөзінше, Алматыда бірқатар нысанды бұзу туралы сот шешімі жылдар бойы орындалмай келеді. Бақытжан Базарбек бақылауды күшейтуді, заңсыз құрылысты тоқтатуды талап етті. Бектенов не деп жауап қатты? Олжас Бектенов қаланың таулы аймағындағы жер учаскелерін бұрын Алматы облысының Қарасай және Талғар аудандарының әкімдіктері бергенін және 1998-2014 жылдары Алматы шекарасына кіргенін мәлімдеді. 2021 жылдан бастап қазірге дейін таулы аймақта жаңа жер учаскелері берілмеген. "25 жер учаскесіне қатысты жер заңнамасын бұзу мәселесі бойынша қазір Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті оларды берудің заңдылығын анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін тексеріс жүргізіп жатыр", - деді премьер-министр. Бұдан бөлек Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы заңбұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдап жатқаны айтылды. Бектенов жекелеген нысандар бойынша мәлімет келтірді: "Беверли Хиллс" коттедж қалашығы рұқсат беру құжаттамасы негізінде пайдалануға берілді (2021-2022 жылдар); Көлсай шағынауданындағы учаскелер бойынша (2428, 2428/1 үйлер) рұқсат берілмеді, 362-учаскедегі нысан ішінара пайдалануға берілді; "Горный гигант" 554 учаскесі бойынша жобалық құжаттама жоқ, құрылыс салушыға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды, сондай-ақ, сотқа тұрғын үйді бұзу туралы талап арыз берілді; "Горный гигант", 20А бойынша тұрғын үй кешенін салуға рұқсат берілді (2021 жыл); Prime Park ТК бойынша анықталған заңбұзушылықтар жойылды, нұсқау орындалды; "Монблан" ТК және "Швейцария" ТК бойынша құрылыс салушыға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды, нысандарды бұзу туралы талап-арыздар сот шешімімен қанағаттандырылды, оның орындалу барысы Алматы қаласы Әділет департаменті бақылауында. Олжас Бектенов 2025 жылы қаланың Әділет департаментінің өндірісінде тау бөктеріндегі нысандарды бұзу бойынша 35 іс болғанын айтты, оның 20-сы орындалған (57 пайыз). Бірқатар нысан толық немесе ішінара бұзылған. Қазір өндірісте 15 іс қалды. Үкімет басшысы 4 тамызда Алматыда қаланың жоғарғы бөлігіндегі көппәтерлі үйлердің құрылысына мораторий енгізілгенін еске салды. Олжас Бектенов қазір депутаттық сауалда көрсетілген деректерге тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. Тексеріс қорытындысы бойынша депутатқа қосымша ақпарат жіберілмек. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Корея президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді және корей халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сан қырлы байланыс қарқынды түрде нығайып келе жатқанына назар аударып, қос халықтың игілігі жолында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін күш-жігер біріктіруге бейіл екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Корея Республикасына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Степногорскте зейнеткер “инвестицияға“ саламын деп 5,7 миллион теңгеден айырылып қалған Степногорск тұрғыны жалған инвестицияларға қаржы салып, 5,7 миллион теңгеден айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап. Ақмола облысы полициясының мәліметінше, зейнеткер алаяқтардың құрбаны болған. Ол интернеттегі биржадан табыс табу туралы жарнамаларға сеніп қалған. Тіркелгеннен кейін ер адамға "қаржы кеңесшілерінен" қоңыраулар түскен. Қысымға шыдамай, ол 1,6 миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдеп, кейін таныстарын да қарыз алуға үгіттеген. Нәтижесінде жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам ақша жиналған. Барлық қаражат үшінші тұлғалардың есепшотына аударылған. Қазір алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Киберполиция дропперлер мен алаяқтықты ұйымдастырушыларды анықтауға тырысып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте салынып жатқан құрылыста 24 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда қаза болды Шымкентте салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 24 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм істемей тұрған лифт шахтасына құлап кеткен. Қайғылы жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қайғылы оқиға жұмыс уақытында болғанына қарамастан, нысанда бірде-бір жауапты адам болмаған. Марқұмның туыстары қайғылы жағдайды растағанымен, түсініктеме беруден бас тартты. Нысанға жауапты құрылыс компаниясы да ресми жауап берген жоқ. Шымкенттегі Еңбек департаменті мәліметінше, құрылыс алаңындағы өлім туралы оларға полициядан белгілі болған. "Полициядан түскен ақпаратқа сәйкес, ТОО "Айна Мэйр Хаус"-қа тиесілі құрылыс алаңында Балтабаев Үмітжан белгісіз жағдайда құлап, көз жұмды. Тергеуді бастау үшін бізге 24 сағат ішінде жұмыс берушіден ресми хабарлама түсуі қажет. Соның негізінде комиссия құрылып, 10 жұмыс күні ішінде тексеру жүргізіледі. Бүгінгі күнге дейін жұмыс берушіден ешқандай хабарлама түскен жоқ", – деді Шымкент бойынша Еңбек комитеті департаментінің бөлім басшысы Алжан Мадалиев. Мадалиевтің айтуынша, марқұмның аталған компанияда ресми түрде жұмыс істегені әзірге белгісіз. Инспекция жоспардан тыс тексеру жүргізуге рұқсат алу үшін хабарлама жолдаған. Қадағалаушы орган мақұлдаған жағдайда тексеру басталады. Ал қала Полиция департаменті қылмыстық істің "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша қозғалғанын хабарлады. "Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев қамауда отыр - ҚАЖК Экс-банкир Жомарт Ертаев қамауда отыр. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Сот шешімінен кейін ол ұсталды, қазір қамауда отыр", - деді ҚАЖК өкілі. Ертаев не үшін сотталды? Еске салайық, 2020 жылы қарашада экс-банкир Жомарт Ертаев RBK Bank-тен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге тағы 35 адам сотталды. Биыл қыркүйекте сот шешімі негізінде оған рақымшылық жасалғаны белгілі болды. Алайда кейінірек сот Жомарт Ертаевқа қатысты бұл шешімнің күшін жойды. Алматы облыстық соты оның мән-жайын түсіндірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Егізді ажыратпадық“. Қорғаныс министрлігі мерзімді сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев 19 жастағы мерзімді әскери қызметші Дінмұхаммедтің қазасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыркүйекте әскери қызметшінің денесі Алматы облысындағы әскери бөлімнен табылған. "Қазір тергеу жүріп жатыр, кез келген пікір қате таралып, зиян келтіруі мүмкін. Бұл – ата-ана үшін үлкен қасірет, біз үшін де ауыр соққы. Біз, командирлер, әскерге келген әрбір сарбазды жеке танимыз. Бір жылдық қызметтегі барлық жетістігін бірге бөлісеміз. Ал мұндай сәттер бізге де өте ауыр, әсіресе қасында жүрген командирлер үшін. Қалай болса да, бұл ата-аналар үшін орны толмас қаза", - деді қорғаныс вице-министрі Серік Борамбаев. Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі ресми жауап бермес бұрын тергеудің аяқталуын күтуді көздеп отыр. "Әке-шешесіне қатысты айтарым: сарбаздар әртүрлі уақытта және әртүрлі елді мекендерден шақырылған. Бірақ бұл тақырыпты эфирде қайта көтергім келмейді - ол жақындары мен туыстарына еске салу болады. Тергеудің аяқталуын күтейік. Қылмыстық іс қозғалды, ол аяқталғаннан кейін барлық сұраққа ресми жауап береміз", - деп қосты министрдің орынбасары. Оқиға қалай болған? Марқұмның әпкесі Еңлік Қалтаеваның жазуынша, оның інісі Дінмұхаммед егіз ағасының артынан әскерге кеткен. Алдымен олар бір әскери бөлімде қызмет еткен, кейін біреуін басқа бөлімге ауыстырған. "Олар бірге қызмет етті, бірақ ант бергеннен кейін Дінмұхаммедті Матибұлаққа, 01098 әскери бөліміне ауыстырды да, егізінен ажырап қалды, ал егіздерді бөлуге болмайды. Сол жерде қайғылы оқиға болды", – деп жазды ол. 17 қыркүйекте отбасы қайғылы хабар алған: Дінмұхаммед өмірден өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қайрат Боранбаев мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беріп, бірден қайтарып алды Бұрын аса ірі көлемде ақша жымқырды және ақшаны жылыстатты деген айыппен сотталған қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қандай жаза тағайындалған еді? Қыркүйекте апелляция қорытындысы бойынша, Боранбаев кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 2023 жылғы 6 қарашада ІІМ ҚАЖК Қайрат Боранбаев жазасы ауысуына байланысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылғанын хабарлады. Оған дейін кәсіпкер мемлекетке миллиардтаған ақша мен ондаған бизнес-активтерді тапсырған болатын. Оның өтелмеген жаза бөлігі бостандығын шектеуге ауыстырылды. Ол тұрғылықты жеріне өз бетінше барып, пробация қызметіне тіркеліп, оның бақылауында болуы туралы нұсқама алған. Шартты түрде босату туралы өтініш Боранбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші бойынша сот отырысы 2 қазанда Бостандық аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотта онлайн-форматта қаралды. "Сот отырысы барысында сотталған өз өтінішін қайтарып алды, соған байланысты сот оның өтінішін қараусыз қалдырды", – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз хатшысы. Еске салайық, биылғы 20 маусымда кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Ол Алматыдағы ақылы автотұрақтар ісі бойынша басты фигурант әрі қылмысты ұйымдастырушы деп айыпталды. Мемлекеттік сатып алу сайтында 2017 жылы Мұрат Боранбаевтың "Alan Parking" ЖШС басшысы болғаны жөнінде ақпарат жарияланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "3 қазанда Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Мажарстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Қазақстан мен Мажарстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Астана мен Будапешт арасындағы тығыз әрі сенімді қарым-қатынас ғасырлар қойнауынан тамыр тартатынын және өзара құрметке негізделгенін атап өтті. Қазақстан Президенті өткен жылы Мажарстанға жасаған сапары бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылуымен ерекшеленгенін жеткізді. Бұл екі ел арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен бауырластық байланыстарды нығайту үшін жаңа перспективаға жол ашты. Мемлекет басшысының айтуынша, екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың берік негізі мен зор әлеуеті бар. "Былтыр тауар айналымы шамамен 200 миллион долларға жеткенін, ал биылғы сегіз айда 22 пайыз өскенін (164,5 миллион доллар) ерекше ықыласпен атап өткім келеді. Бүгінде Қазақстан экономикасына 400 миллион долларға жуық инвестиция салған 35-тен аса мажар компаниясы жұмыс істеп жатыр. Біз қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия, денсаулық сақтау, логистика мен қаржы салаларында 607 миллион долларға бағаланатын 20 бірлескен жобаны іске асырып жатырмыз", – деді Қазақстан Президенті. Тараптар мәдени-гуманитарлық ықпалдастық мәселелеріне мән берді. Халықтарымыздың тарихи жақындығы мен бауырластығының дәлелі ретінде 2023 жылы Астана көшелерінің біріне көрнекті мажар ақыны Шандор Петефидің есімі берілген болатын. Президент жыл сайын еліміздің 250 студенті мажар университеттерінде оқитынына тоқталып, білім алмасудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар отандық жоғары оқу орындары да мажарлық студенттер мен зерттеушілерді көптеп қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қазақтың Робин Гуды“ деп танылған блогерге қатысты іс: тың дерек шықты Алматының Алмалы аудандық сотында әлеуметтік желілерде "қазақтың Робин Гуды" деген атпен танымал "Елге көмек" қорының басшысы Ілияс Сариевтің ісі бойынша сот өтіп жатыр. Ол бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2 қазанда сотта жәбірленуші Тоғжан Дүйсенбаева сөз сөйледі. Ол Ілияс Сариевті әлеуметтік желілерде ұзақ уақыттан бері бақылап жүргенін және былтыр жазда оны дәмханада кездейсоқ кездестіргенін айтты. "Оған барып, күйеуіммен ажырасып, баспанасыз үш баламен қалғанымды айттым. Өмір бойы интернатта тұрдым, қолдаушым жоқ. Оның адамдарға көмектесетінін білетінімді айттым және қолдау сұрадым. Ол маған көмектесуге уәде беріп, бірден 200 мың теңге табыстады", - деді Дүйсенбаева. Біраз уақыттан кейін Ілияс Сариев әйелмен байланысқа шыққан. Тоғжан Дүйсенбаеваның айтуынша, ол ауыр науқас екенін, Түркияда емделетінін жеткізген. "Сариев менен несие рәсімдеуді сұрады. Ол ай сайынғы төлемге ақша жіберетінін айтты. Ал ем алғаннан кейін маған баспанамен көмектесуге уәде берді. Мен сендім. Банкке барып, 8 миллион сұрадық, бірақ банкте тек 6 миллион теңге мақұлданды. Осы ақшаны оған бердім", - деді жәбірленуші. Оның айтуынша, көп ұзамай Ілияс Сариев байланысқа шықпай қалған, төлемдерден жалтарған. 2025 жылғы сәуірден бастап ол тергеуге алынып, осыдан кейін несие бойынша төлем мүлдем тоқтап қалған. "Одан несиесін төлеуін өтіндім. Ол маған балағаттап жауап берді. Ақыр аяғында несие 7,5 миллион теңгеге дейін өсті. Осы несиенің кесірінен жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеуіме тыйым салынды, енді тіпті жұмыс істей алмаймын. Коллекторлар қоңырау шалып, менде жоқ ақшаны талап етіп отыр. Ең қатаң жазаны талап етемін", - деді Дүйсенбаева. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Мажарстан президентімен келіссөз жүргізді Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға келгені үшін Тамаш Шуйокқа алғыс айтты. "Сіздің бұл алғашқы ресми сапарыңыз ынтымақтастығымызды нығайту тұрғысынан өте маңызды оқиға. Мажарстан – біздің егемендігімізді алғаш мойындаған еуропалық мемлекеттердің бірі. Ал Будапешт – ресми дипломатиялық миссиямызды қабылдаған бірінші еуропалық қала. Сондықтан Сіздің еліңізбен көптеген саладағы тығыз ықпалдастықты қолдаймыз. Екі елдің мүддесіне сай келетін бұл үрдіс жалғасын табатынына сенімдімін. Сол себепті біз саяси, экономикалық байланыстарымызды одан әрі кеңейтуге барынша күш саламыз", – деді Мемлекет басшысы. Тамаш Шуйок қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, елдеріміздің арасында сенімге, өзара құрмет пен тарихи байланысқа негізделген белсенді диалог орнағанын атап өтті. "Халықтарымыздың достығы ғасырлар қойнауынан тамыр тартады. Қазір де саяси қарым-қатынасымыз өте жоғары деңгейге жетті деп ойлаймын, экономикалық байланыстарымыз да қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ таңертең өткен Digital Bridge 2025 форумында айтқанымдай, қос мемлекет арасындағы ықпалдастықтың болашағы зор. Біз көптеген жобалар мен бастамаларды бірлесе іске асыруды жоспарлап отырмыз", – деді Мажарстан Президенті. Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Мажарстанның мәдени және білім беру салаларындағы байланысын нығайтудың маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық перспективасын қарастырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоны қабылдады Мемлекет басшысы Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен кездесті. Президент әлемдік криптовалюта индустриясы мен қаржы технологиясының экожүйесін қалыптастыруға Чанпэн Чжаоның қосқан үлесін жоғары бағалады. Оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша Binance Lab базасында криптоиндустрияның өңірлік хабын ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сол сәттен бері елімізде блокчейн және криптотехнология салаларында көптеген перспективті жобалар мен бастамалар іске асырылып келеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда Оспанов көшесінің бір бөлігі жабылады Алматыда түнде Оспанов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматының шығыс бөлігінде арық жүйесін салу және қайта жаңарту жобасы аясында, Оспанов көшесінде арық желісінің өткелін салу жұмыстары жүргізіледі. "Осыған байланысты 2025 жылы 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу "Эдельвейс" тұрғын үй кешенінен Жамақаев көшесіне дейінгі учаскеде енгізіледі", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Дуровты қабылдады Мемлекет басшысы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті. Әңгімелесу барысында білім беру, жасанды инттелект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президент еліміздің цифрлық дамуына үлес қосқан Telegram мессенджерінің қызметіне жоғары баға берді. Компания ресми түрде Astana Hub кластерінің қатысушысы атанды. Қазақстанда кеңсесін ашып, AIem.АІ орталығында ЖИ-зертханасын іске қосты. Павел Дуров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллект саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павел Дуров Қазақстанда ашылатын ЖИ зертханасы туралы айтты Әлеуметтік желі "ВКонтакте" мен Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанда Alem.ai жасанды интеллект зертханасы ашатылғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Дуров халықаралық Digital Bridge 2025 форумының пленарлық отырысында айтты. "Бүгін осы ғимаратта мамандандырылған жасанды интеллект зертханасы Ale.ai-ды ашатынымызды мақтанышпен хабарлаймын. Бірінші жоба Telegram мен осы елдің Жасанды интеллект министрлігі іске қосқан қазақстандық суперкомпьютер кластерінің ынтымақтастығы болмақ". Ол болашақ желі үш негізгі қағидатқа сүйенетінін атап өтті: TON блокчейні қамтамасыз ететін ашықтық; смарт-келісімшарттар мен еркін нарық динамикасы есебінен қол жеткізілетін тиімділік; чип өндірісіндегі жаңа әзірлемелердің арқасында мүмкін болатын құпиялылық. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жомарт Ертаевқа қатысты шешім: сот мән-жайды түсіндірді Алматы облыстық сотында сотталған Жомарт Ертаевқа рақымшылық жасау мәселесі бойынша іс апелляциялық тәртіпте қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейінгі жағдай Бұған дейін, 2025 жылғы 2 қыркүйекте Алматы облысы Алатау қаласы сотының қаулысымен сотталған Жомарт Ертаевтың өтініші қанағаттандырылып, ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасы заңының 3-бабы 6-тармағына сәйкес оған 11 ай 16 күн өтелмеген жаза мерзімі бойынша рақымшылық қолданылып, босатылған болатын. Сот мәліметінше, бұл рақымшылық тармағына сәйкес ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, жағымсыз мінез-құлқы жоқ, өтеуге қалған жаза мерзімі 1 жылдан аспайтын сотталғандарға жазаның өтелмеген бөлігі қысқартылады. Сот алқасы не анықтады? Жомарт Ертаев 2020 жылғы 16 қарашадағы және 2021 жылғы 3 наурыздағы екі үкіммен сотталған. 2021 жылғы 25 маусымдағы Алматы қаласы Алмалы ауданы сотының қаулысымен түпкілікті жаза мерзімі белгіленген. "Алайда бұл қаулыда бірінші үкім бойынша өтелген жазаны есептеу мәселесі қарастырылмаған. Сонымен қатар, Жомарт Ертаевқа жаза мерзімі қай үкімнен бастап есептелетіні көрсетілмеген. Алатау қаласы сотының қаулысы мен №14 мекеменің анықтамасы арасында өтелмеген жаза мерзімі бойынша алшақтықтар бар. Сонымен қатар, мекеме анықтамасына басшы қол қоймаған", - деп жазылған сот мәліметінде. Осыған байланысты сотталған Жомарт Ертаевқа рақымшылық жасау туралы сот қаулысы күшін жойған, оның өтініші қанағаттандырылмаған. Еске салайық, 2020 жылы қарашада экс-банкир Жомарт Ертаев RBK Bank-тен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге тағы 35 адам сотталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент: “Қазақстандағы қоғамдық өмір мүлдем өзге сипат алады“ Президент цифрландыру ұлтымыздың менталитетіне оң әсерін тигізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мен Жолдауда цифрлық мемлекет құру Қазақстанның келешегін айқындайтын стратегиялық таңдау екенін айттым. Үш жылдың ішінде цифрлық басқару форматына толық өту міндеті қойылды. Бұл мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара қарым-қатынасын түбегейлі өзгертеді. Осы мақсатта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жаңа ведомство цифрландырудың және тұрмыстың барлық саласына жасанды интеллектіні енгізудің басты локомотиві болады", - деді Президент. Басқаша айтқанда, еліміздегі қоғамдық өмір мүлдем өзге сипат алады. Технологиялық тұрғыдан анағұрлым заманауи болады, яғни ұлтымыздың менталитетіне оң әсерін тигізеді. "Осылайша, біз өркениетке батыл қадам жасаймыз. Мен халқымыздың кейінге қайырылып, өткенмен өмір сүрмей, келешекке сеніммен көз тігуге тиіс екенін бұған дейін бірнеше рет айтқан едім. Бүгін маған "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің ЖИ технологиясымен жұмыс істейтін виртуальді мүшесінің қызметін көрсетті. Бұл – ұлттық суперкомпьютер мен Қазақстандағы Alem LLM үлкен тілдік модель базасында іске асырылған Орталық Азиядағы алғашқы жоба. Ішкі үдерістердің бәрін оңтайландыруға септігін тигізетін мұндай шешімнің маңызы зор". Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Цифрлық кодексті асығыс қабылдай салуға болмайды - Тоқаев Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының пікірінше, жасанды интеллектіні пайдалану үшін тиісті заңнамалық негіз қалыптастыру - аса өзекті міндет. "Еліміздегі ұлттық компаниялар, отандық кәсіпорындар осындай инновациялық жобаларды белсенді түрде қолдануы керек, өйткені озық технология дәуірінде түбегейлі өзгеріске дайын болу өте маңызды. Онсыз даму болмайтыны анық. Тағы бір мәселе. Озық технологияларды қолдану, бір жағынан пайдалы және тиімді болғанымен, екінші жағынан сын-қатері де аз емес. Сондықтан жасанды интеллектіні пайдалану үшін тиісті заңнамалық негіз қалыптастыру – аса өзекті міндет. Бұл бағытта біраз жұмыс істелді, әлі де істеліп жатыр. Осы саладағы негізгі құжат – Цифрлық кодексті жедел қабылдау үшін нақты шаралар жасалып жатыр. Кодексте экономика, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларын жаппай цифрландыру жүйесі айқындалады. Жалпы Цифрлық кодексті асығыс қабылдай салуға болмайды, бұл – шын мәнінде жауапты, күрделі жұмыс. Сол себепті Парламентте сарапшылардың, құзырлы мекеме өкілдерінің қатысуымен жасанды интеллектіні дамыту мәселесі бойынша арнайы тыңдаулар өткізілді. Бір апта бұрын Мәжіліс "Жасанды интеллект туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады. Расында, бұл уақтылы қабылданған заң болды. Шетел мамандары да мұны еліміздің тұрақты цифрлық экожүйесін құру жолындағы маңызды қадам деп бағалап, жақсы пікір айтып жатыр", - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Alem.ai ашылғанын жариялады Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai орталығы іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Кеше Астанада Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Жиында білім беру мәселелері қаралды. Әлемге танымал сарапшылармен бірге адам капиталын дамыту мәселесі талқыланды, нақты міндеттер айқындалды. Ең бастысы, жасанды интеллект саласындағы тұңғыш зерттеу университетін құру туралы өте маңызды шешім қабылданды. Сондай-ақ бүгін "Alem.ai" халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл орталықты инновациялар мен тың идеялардың мекені деуге болады. Жалпы, Қазақстан осы саладағы кез келген ынтымақтастыққа ашық. Сондай-ақ біз елімізде екінші суперкомпьютер кластерін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жасанды интеллект тек игі мақсатқа қызмет етуі керек. Адам игілігі басты орында тұрады. "Alem.ai" жасанды интеллектіні барынша тиімді әрі этикалық нормаларға сай қолданатын жаһандық орталық болуға тиіс. Жасанды интеллект технологиясын жауапкершілікпен қолдану өте маңызды. Сондықтан жаңа университет және "Alem.ai" орталығы біртұтас экожүйенің негізгі өзегі ретінде қызмет етуі керек", - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: “Жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс“ Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Жиынға Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қатысып отыр. Спикерлердің қатарында Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров, Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев және high-tech индустриясының басқа да өкілдері бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйлейді. "Отыз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік жолын таңдап, ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бүгінде еліміз жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс деп батыл түрде мәлімдейді. Оның әскери салада, кибершабуылдарға және халықаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін жобаларда пайдаланылуына жол беруге болмайды. БҰҰ Бас Ассамблеясының таяуда өткен сессиясында мен Қазақстанның Ұйым аясында Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі жаһандық диалог жұмысына атсалысуға дайын екенін растадым. Біз серіктестеріміздің бастамаларын, соның ішінде Қытайдың ЖИ саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құру туралы ұсынысын қолдаймыз. Мен биыл халыққа Жолдауымды цифрландыру және жасанды интеллект мәселесіне арнадым. Біз алдымызға нақты мақсат қойдық: Қазақстан үш жыл ішінде нағыз цифрлық ел болуы керек. Бұл – өте ауқымды міндет. Сондықтан біз қазір еліміздің біртұтас цифрлық экожүйесін құру ісімен белсенді түрде айналысып жатырмыз", - деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыға қашан жылу беріледі? Алматыда жылу қашан қосылады? Бұл сауалға Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, бес күн бойы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 градус және одан төмен болған кезде жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданады. Бірінші кезекте балабақшаларға, мектептерге, емханаларға, кәсіптік мектептерге және медициналық-әлеуметтік ұйымдарға жылу беріледі. Кейін тұрғын үйлерде, жатақханаларда және қонақ үйлерде жылу қосылады. Содан соң әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрлар және басқа да нысандар қосылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Батыс Қазақстан облысында қару-жарақ пен оқ-дәрі арсеналы табылды БҚО-да заңсыз қару-жарақ пен киік мүйіздері тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Батыс Қазақстан облысында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер қыстақтағы шаруашылық қожалығының басшысына тиесілі үйді тінту кезінде бірқатар заңсыз заттарды анықтады. "Тәртіп сақшылары үй ішінен қолдан жасалған атыс құрылғысын, екі аңшы мылтығын, екі шолақ мылтықты, түрлі калибрдегі 104 оқ-дәріні және 30 дана киік мүйізін тапты", - делінген хабарламада. Үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жалпы облыс көлемінде іс-шара кезінде заңсыз сақталған 16 қару тәркіленгені айтылды. Оның ішінде 10 аңшы мылтығы, 2 шолақ мылтық, 1 винтовка, 1 травматикалық қару және өзге де 2 қару бар. Сонымен қатар 164 оқ-дәрі алынған, оның 7-еуі – ойық ұңғылы, 157-сі – тегіс ұңғылы қаруға арналған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қайта қамауға алынады: сот Жомарт Ертаевқа қатысты шешімді жойды Экс-банкир Жомарт Ертаевты босату туралы сот қаулысы жойылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құспан Facebook-парақшасында Ертаевқа қатысты сот қаулысы 1 қазанда күшін жойғанын жазды. "Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!" - деп жазды депутат. Мәжілістің тағы бір депутаты Ермұрат Бапи Құспанның Бас прокуратураға бұл шешімге наразылық білдіру туралы талап жолдағанын хабарлады. "Бүгін сол талап орындалып, прокуратураның қарсылық келтіруі бойынша Жомарт Ертаев қайтадан қамауға алынатын болды", - деді Бапи. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Синоптиктер бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2 қазанда Орал, Атырау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазанның басында ауа райы қандай болады? Қазгидромет 2, 3, 4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңбыр мен қар Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. 2-3 қазан күндері республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жауын-шашын жауады. Тек Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы Батыс аймақтарда ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 2-13 градусқа дейін, күндіз 20-25 градусқа дейін. Республиканың солтүстік-батысында түнде 1-9 градус аяз болса, күндіз 5-20-дан 10-23 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік аймақтарда түнде 7 градустан 3 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 3-13 градус жылы болады. Орталықта түнде 8 градустан 2 градусқа дейін төмендеп, күндіз негізінен 5-18 градус жылы болады. Оңтүстік аймақтарда ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 2-10 градус жылы, күндіз 15-25 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Нигерия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуды Нигерия Федеративтік Республикасы Тәуелсіздігінің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады. Президент жеделхатында Қазақстан мен Нигерия арасындағы қарым-қатынастың достық сипатқа ие екенін атап өтіп, қос халықтың игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзірлігін растады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. "Міржақып Дулатұлы "Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім" деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Себебі әр мұғалімнің еңбегі – ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі – орасан. Сондықтан бүгін мен білім беру саласында еңбек етіп жүрген барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы озық ойлы ұлт болу үшін ең алдымен, білім-ғылымның дамуына баса мән беруіміз керек деп санайды. "Соңғы бес жылда елімізде осы бағытта көп жұмыс істелді. Білім саласына бөлінетін қаржы үш есе артты. 1200 жаңа мектеп ашылды. "Келешек мектептері" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба бойынша заман талабына сай 150 білім ошағы салынды. Сондай-ақ осындай 67 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Балалардың сапалы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалуда. Бұл деректі халық білуі керек, себебі мемлекет жас ұрпақтың біліміне және ұстаздардың жағдайына баса назар аударып жатыр. Біз педагогтердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шараларды қолға алдық. Арнайы заң қабылдадық. Бүгінде ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Депутат Бапи Болат Назарбаевтың ұлына қатысты істі қайта қарауды талап етті Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол тарапынан рейдерлік әрекеттер болғанын мәлімдеп, оған қатысты қылмыстық істі қайта жандандыруды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутаттың айтуынша, оған зардап шеккен азаматтардан бірнеше рет шағым түскен. Бұған дейін ол бизнес пен жерді тартып алу деректеріне қатысты Бас прокуратураға сауал жолдаған. "Әділет іздеген бір емес, екеу емес, бір мыңнан аса адамнан - Алматы облысы Қарасай ауданы бұрынғы Каменское мал асылдандыру зауыты жұмысшыларының атынан түскен өтінішті мен үш рет депутаттық сауал ретінде жолдағаным осында отырған әріптестерімнің есінде болар. "Мықтының арты диірмен тартады" дегендей, ағасын арқаланған Нұрбол Назарбаев бүкіл бір кеңшар жұмысшыларының жекешелендіруге берілген 9 мың гектардан аса жер үлесін тартып алғаны жөніндегі менің депутаттық сауалым Бас прокурордың алдында да сөз болған еді. Бірақ одан әділетке лайық нәтиже болмады", — деді Бапи. Депутаттың айтуынша, жуырда оған Қарағанды тұрғыны жүгінген. Ол рейдерлік басып алу салдарынан бизнесінен айырылғанын айтқан. Бапидің сөзіне қарағанда, 2022 жылы азаматтың арызы бойынша Алматы прокуратурасы мен Экономикалық тергеулер департаменті қылмыстық іс қозғаған, бірақ екі жылдан соң "қылмыс құрамы болмағандықтан" істі жапқан. Депутат Бас прокурорға сауал жолдап, тергеуді қайта бастауды талап етті. "Қайтадан көтерілген сол істің заңды нәтижесі жөнінде мені ғана емес, бұрынғы биліктің Нұрбол Назарбаев сияқты қиянатшыларынан зардап шеккен қоғамды да хабардар етсеңіз деп сұраймын. Заңсыздықтан зәбір көрген азаматтарға қорған болайық, Бас прокурор мырза!" — деді ол. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Оқушылар сыни пайымдау қабілетінен айырылып қалуы мүмкін“ - Тоқаев ЖИ қаупі туралы Мемлекет басшысы білім беру саласына жасанды интеллектіні кеңінен енгізу барысында оның қауіп-қатерлерін қаперден шығармауды ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аөордаға сілтеме жасап. "Ең алдымен, бұл жерде жасанды интеллектіні теріс пиғылда пайдалану секілді этикалық мәселелер сөз болып отыр. Нейрожелі берген жауапқа сеніп, оқушылар сыни пайымдау, іздену және сараптау қабілетінен айырылып қалуы мүмкін. ЖИ білім беру үдерісін жетілдіруге тиіс, бірақ оның іргелі негізін алмастырмауы керек. Сондықтан Үкімет академиялық адалдықты қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар қабылдауы қажет", – деді Президент. Президент еңбек нарығы күн өткен сайын өзгеріп жатқанын атап өтті. "Көптеген кәсіп иелерінің жұмысын енді автоматты жүйе атқаратын болады. Мұндай үрдіс қазірдің өзінде жүріп жатыр. Бұл бірқатар мамандықтың ескіруіне, яғни көптеген адамның жұмыссыз қалуына әкеп соқтырады. Бұл – аса өзекті мәселе. Осы жұмысты қазірден бастап қолға алмасақ, мұндай үрдістің әлеуметтік салдары ауыр болады. Жұмыссыздық белең алып, тұрмыс сапасы төмендеп, әлеуметтік теңсіздік күшеюі мүмкін. Бірақ бұл жерде де жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға болады. Мәселен, ақылды технологиялар қызметкерлердің мықты не әлсіз тұстарын айқындап, кәсіби шеберлігін дамыту үшін нақты ұсыныстар бере алады. Мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға кең мүмкіндік жасап, күні бұрын әрекет етуге тиіспіз. Бұл ретте тым үлкен қайта даярлау орталықтарын құруға бюджеттен миллиондаған қаржы шығындаудың қажеті жоқ. Жасанды интеллектінің әлеуетін сауатты қолдана білген жөн. Біздің міндетіміз – жұмыссыз қалудың алдында тұрған миллиондаған адамға жаңа мүмкіндік беру. Басқаша айтсақ, жасанды интеллектінің орасан зор әлеуетін жаңа жұмыс орындарын ашуға, адам капиталын күшейтіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыруға пайдалану керек. Үкіметке жасанды интеллект негізінде әзірленген ұлттық онлайн-платформаны іске қосуды тапсырамын. Сол арқылы жұмыссыз қалған мамандарды болашақта сұранысқа ие болатын кәсіпке бейімдеу қажет", – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, біздің цифрлық стратегиямызда ұлт мүддесі басты орында тұратынын жеткізді. "Шын мәнінде, негізгі мәселе жасанды интеллект қана емес. Ең бастысы – елдің егемендігі, ұрпақтың болашағы. Үкімет бүгін айтылған ұсыныстың бәрін мұқият қарастырады. Сөз соңында бір мәселені атап өткім келеді. Жасанды интеллект – цифрлық экономиканың негізгі қозғаушы күші. Сондықтан Кеңестің келесі отырысын осы тақырыпқа арнауды ұсынамын", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұйымдастырылған цифрлық шешімдер көрмесімен танысты. Экспозициялар білім беру, мәдениет, логистика, "ақылды қала" технологиялары секілді ауқымды бағыттарды қамтыды. Сонымен қатар туристік онлайн қызметтері, генеративті ЖИ платформалары, В2В-агенттері мен AITU отандық мессенджері таныстырылды. Көлік бағытында жаңа буынды 5G базасында тасымалды басқару мен телекоммуникацияға арналған ЖИ негізіндегі кешенді жүйелер көрсетілді. Аталған іс-шара еліміздегі цифрлық технологияның қарқынды дамуын, сондай-ақ жасанды интеллектінің ұлттық экожүйесін қалыптастыруға отандық бизнес пен институттардың қосқан үлесін паш етеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын ашып, бұл жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. Президент жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін еске салды. Цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект егемен ел болудың кепіліне, экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналды. "Сондықтан біз де осы ахуалға сай алдымызға биік мақсат қойдық. Қазақстан үш жыл ішінде толыққанды цифрлық ел болуы керек. Мен бұл туралы халыққа Жолдауымда жан-жақты тарқатып айттым. Жалпы, елімізде осы бағытта біраз жұмыс істелді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтің 92 пайыздан астамы онлайн форматта ұсынылады. Былтыр еліміздегі қолма-қол ақшасыз төлемнің үлесі 85 пайыздан асты. Сондай-ақ биыл алғашқы жарты жыл ішінде Қазақстан азаматтарына 26 миллион цифрлық қызмет көрсетілді. Соның жартысына жуығы смартфон арқылы жасалған. Мұның бәрі де, әрине, жақсы. Дейтұрғанмен жасанды интеллектінің даму жылдамдығы өте тез, қарқыны жоғары. Сондықтан бір орында тоқтап қалмай, бұл іске үнемі жаңа көзқараспен қарау қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы бүгінгі басқосу "Білім беру саласындағы жасанды интеллект: мүмкіндіктер және сын-қатерлер" тақырыбына арналатынын айтты. Президенттің пікірінше, біз қазір түбегейлі өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жасанды интеллект бүгінде экономиканың, мемлекеттік басқару жүйесінің, ғылымның, ең бастысы, білім беру саласының келешегін айқындауда. "Біздің ұлт ретінде бәсекеге қабілеттілігіміз және егемендігіміз осы технологияны қалай пайдаланатынымызға қарай анықталады. Жасанды интеллект осы трансформацияның қозғаушы күші болуға тиіс. Бұл орайда әлемдегі немесе аймақтағы көшбасшылық туралы сөз қозғалып отырған жоқ. Басты мақсат – Қазақстанды озық, өркениетті елге айналдыру. Көптеген жетекші елдер жасанды интеллектіні XXI ғасырдың стратегиялық ресурсы ретінде мойындады және оны дамытуға қомақты қаржы бөліп отыр. Мысалы, Қытай "ЖИ +" (AI+) атты мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда. Оның аясында жасанды интеллект технологиясын экономикаға, ғылымға және әлеуметтік салаға кешенді түрде интеграциялау көзделген. Ал Құрама Штаттар аталған салада дүние жүзі бойынша көш бастауды мақсат тұтады. Соған сәйкес стратегиясын іске асыра бастады. Бұл фактілер әлемде мүлдем жаңа даму парадигмасы қалыптасып жатқанын көрсетеді: жаһандағы технологиялық бәсекенің негізгі факторы – жасанды интеллект. Қазақстан бұл үдерістен тыс қала алмайды. Сол себепті біз барлық саладағы интеграцияны үйлестіру үшін Жасанды интеллект министрлігін құрдық",– деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қырғызстанда өлім жазасы қайта енгізілмек Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өлім жазасын енгізуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бұл ретте мемлекет басшысы Президент әкімшілігінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мұрат Укушевке заңнамаға балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар үшін жауапкершілікті арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуді пысықтауды тапсырды", – деп жазды Асхат Алагөзов Facebook-парақшасында. Атап айтқанда, әңгіме балаларды зорлау, сондай-ақ әйелдерді зорлап, өлтіргені үшін өлім жазасын енгізу туралы болып отыр. Жапаровтың баспасөз хатшысы президент кәмелетке толмаған Айсұлудың (Айсулуу) ерекше қатыгездікпен өлтірілгені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын және іс оның жеке бақылауында екенін атап өтті. Айта кетейік, Қырғызстанда соңғы рет өлім жазасы 1998 жылы орындалған. Сол уақыттан бері елде өлім жазасына мораторий қолданылады. 2007 жылы өлім жазасы ресми түрде жойылды, ал 2010 жылы Қырғызстан өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативтік хаттамасын ратификациялады. Ыстықкөлде 17 жастағы қыз айуандықпен өлтірілген 27 қыркүйекте Ыстықкөлде 17 жастағы Айсұлу (Айсулуу) жоғалып кеткен. Ол көрші ауылдағы құрбысына қонаққа барып, кейін байланысқа шықпай қалған. 29 қыркүйекте оның денесі Боом шатқалынан табылды. Күдікті ретінде 41 жастағы Бішкек тұрғыны ұсталды. Тергеу кезінде ер адам қызды ұрлағанын, зорлағанын және өлтіргенін мойындады. Айсұлудың денесін өзеннің маңына көмген. Алайда, біраз уақыттан кейін ол қайтып барып, мәйітті қазып алып, Боом шатқалына тастаған. Марқұмның туыстарының айтуынша, ұсталған адамға бұған дейін жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған, бірақ жазадан құтылып кеткен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуін Каспий жағалауында салу жоспарланып отыр Алматы облысында екі АЭС салу жоспарланып отыр, тағы біреуі Батыс Қазақстанда салынуы мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, атом саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы атом станциясын салу үшін екінші алаң ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын белгілеген. "Байқаудың барлық қатысушысымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. ҚХР пайдасына түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Бірақ үнемі бұл компанияны басымырақ қарастыратынымызды айттық. Бірақ әзірге шешім қабылданған жоқ", - деді ол Мәжілістегі брифингте. Ол елдің батысында станция салу мүмкіндігі де қарастырылып жатқанын жеткізді. "Батыс Қазақстан, Каспий жағалауы шағын және орта қуатты реакторлары бар атом станциясын салу үшін әлеуетті орын ретінде қарастырылады. Десе де әзірге алаң нақты анықталған жоқ. Жақын арада зерттеу жүргізіледі", - деп толықтырды агенттік басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
15 жыл онлайн. Tengrinews, еліміз бен біздің әдеттеріміз қалай өзгерді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда 1800 пайыз кірісті уәде еткен алдау схемасы әшкере болды ҚМА Алматы бойынша департаменті Boxy Wealth қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА мәліметінше, ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5 пайыздан 10 пайызға дейін, яғни айына 150 пайыздан астам және жылына 1800 пайыздан жоғары кіріс табатынына уәде еткен. Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10 пайыз көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған. "Салымшылардың ақшалай қаражаттары дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған. Қазіргі уақытта 230 миллион теңге көлемінде залал келтірілген 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылған", - делінген хабарламада. Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қар аралас жаңбыр: жеті өңірдің жүргізушілеріне ескерту жасалды Бүгін бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1 қазанда Абай, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. "Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деді ҚазАвтоЖол өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысындағы қанды көкпар: федерация не дейді? Алматы облысында өткен көкпар көпшіліктің ызасын келтірді. Пайдаланушылар спортты қатыгездік деп атап, оған тыйым салуға шақырды. Tengrinews.kz тілшісі бұл жөнінде Қазақстан көкпар федерациясының пікірін білді. Оқиға қалай болған? Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Қарасай ауданындағы ат клубының видеосы тарады. Кадрларда көкпар ойыны кезінде бір жылқының аузы жырылып, қан кеткені көрінеді. Видео қызу талқыға себеп болды: пайдаланушылар жануарға қатыгездік жасалды деп мәлімдеп, e-Otinish порталы арқылы ІІМ-ге жаппай шағым жібере бастаған. Видео жарияланғаннан кейін қазақстандықтар 2ГИС қосымшасында клубтың рейтингін түсіріп тастады: көрсеткіш 4,9-дан 1,3 жұлдызға дейін төмендеді. Клубтағылар жылқының жарақаты қауіпті емес екенін айтты. Желіде көкпарды "қатыгез спорт" деп атап, оған толық тыйым салу жайлы үндеулер күшейе түсті. Қазақстан көкпар федерациясының ұстанымы Қазақстан көкпар федерациясының президенті Айдарбек Ходжаназаров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жарияланған видеодағы жылқы дұрыс дайындалмағанын, сондай-ақ жабдықтың сәйкес келмегенін айтып, салдары жарақатқа әкелгенін жеткізді. "Дәл осындай факторлар жиі жарақатқа әкеледі. Бұл тек көкпарға ғана емес, басқа ат спорты түрлеріне де қатысты: конкур, бәйге, поло. Жарақат алу қаупі жылқыларда да, спортшыларда да бар. Сондықтан көкпарды тұтастай айыптау дұрыс емес – нақты жағдайды зерттеу керек", – деді федерация президенті. Ходжаназаровтың айтуынша, барлық ойын федерация аясында өтпейді, ал бейресми турнирлерде жиі ережелер бұзылады: "Біз мұндай жағдайлар мұқият тергелуі тиіс деп есептейміз, ал ұйымдастырушылар міндетті түрде жауапқа тартылуы қажет". Оның сөзінше, федерация жаңа қауіпсіздік стандарттарын енгізіп, көкпарды спортшылар мен жануарлар үшін барынша қауіпсіз етуге күш салады. "Көкпар – ұлттық спорт түрі әрі мәдениетіміздің маңызды бөлігі. Біздің міндет – дәстүрді сақтап, сонымен бірге оны заманауи әрі барынша қауіпсіз ету". Алматы облысының полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қарағандыда полиция пунктінен ес-түссіз жатқан полицей мен әйел өлі табылды Қарағандыда полиция пунктінен әйелдің денесі мен ес-түссіз жатқан полицей табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресми деректерге сәйкес, өткен түні Қарағандыдағы полиция пунктінен әйелдің денесі табылған. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері болған, ол медициналық мекемеге жеткізілді. Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұловтың айтуынша, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Барлық мән-жайды анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалған. "Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей медициналық мекемеге жеткізілді. (...) Барлық іс-әрекет жан-жақты тергеледі, ал кінәлі тұлғалар қатаң жауапқа тартылады. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Бұл істің тергелу барысы менің жеке бақылауымда", — деді Қарағанды облысы ПД бастығы Негмет Исмағұлов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанаға Мажарстан президенті ресми сапармен келеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1-3 қазан күндері Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сапар аясында президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
1 қазанда қай қалаларда ауаның ластану деңгейі жоғары болады? Синоптитер 1 қазанда бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 1 қазанда Жезқазған, Ақтөбе қалаларында, түнде Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қанжар, айбалта, былғары белдік: Мәсімовтің сарайынан не сатылып жатыр? Сотталған бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтың үйінен люкс қаламдар, қылыштар мен қанжарлар сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтың үйінен тәркіленген 11 затты сатуға шығарды. Олардың арасында коллекциялық қаламдар, тиындар, қылыштар, қанжарлар, балталар, белбеу бар. Активтердің жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асады. Аукцион 7 қазанда сағат 12.00-де өтеді. Аукционға екі қалам шығарылды: Montegrappa Italia деген жазуы бар қалам 925-күмістен жасалған. Оның бастапқы бағасы - 440 мың теңге. Құран сүрелерімен безендірілген Visconti Firenze қаламы. Құны 402 мың теңгеден басталады. e-qazyna.kz Тізімде кәдесый ретіндегі монеталар да бар: "Алтын адам" (500 теңге, 2011 жыл) 155 мың теңгеден басталады; "Алма отаны", "Астана", "Бәйтерек", "Қазақстан картасы" 199 мың теңгеден басталады; "Шығыс күнтізбесі" және "Қазақстан фаунасы" монеталары 107 мың теңгеден басталады; Екі коллекциялық монета (2003 жыл) - 82 999 теңге. e-qazyna.kz Сонымен қатар, 183 750 теңгеге бағаланған былғары белдік сатылымға қойылды. e-qazyna.kz Қылыштар ерекше қызығушылық тудырады, бірінің бағасы 930 мың теңгеден, енді бірінің бағасы 837 мың теңгеден басталады. e-auction.e-qazyna.kz Ең төменгі баға "Айбалта" балталарына қойылған, 38 400 теңгеге бағаланған. e-qazyna.kz Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады Мемлекет басшысы БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысы Әмірліктердің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталды, сондай-ақ озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды. Президент Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты. Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына БАӘ Президенті Мұхамед бен Заид Әл Нахаянның және Премьер-министр, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның ізгі сәлемін жеткізді. Сондай-ақ бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан Трамптың Газа бойынша жоспарын қолдайды - Тоқаевтың баспасөз хатшысы Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді", - деп жазды Руслан Желдібай. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Оңтүстік Қазақстанда 24 жастағы жігітті зорлады деген үш ағайындының ісі қаралып жатыр Түркістан облысының Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігітті зорлау ісі соңына таяды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Оқиға туралы 2025 жылдың наурызында "НеМолчи.kz" қорының жазбасынан белгілі болды. Ұйымның деректеріне сүйенсек, даму деңгейі 4 жастағы баланың деңгейіне сәйкес 24 жастағы жігіт жылдар бойы туысқан ағайындылары мен көршілерінің зорлық-зомбылығына ұшыраған. Жәбірленушінің анасы қылмыстарға алты адамның, оның ішінде кәмелетке толмағандардың да қатысы бар екенін айтқан. Алайда айыпталушылар орындығында жігіттің тек үш кәмелетке толған туысқан ағалары отыр. Оларға қандай айып тағылған? Іс жабық режимде өтіп жатыр. Екі айыпталушы бірнеше рет жасалған топтық зорлау бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары) айыпталып отыр.Үшіншісіне – топтық зорлау және ұрлық бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1-тармақ; ҚК-нің 188-бабы) айып тағылған. Прокуратура ұстанымы 30 қыркүйекте сотта тараптардың жарыссөздері өтті. Жәбірленушінің адвокаты Гулайхан Турсуманованың Tengrinews.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша, прокурор үш айыпталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда төлемдердің жаңа санаты пайда болды: бұйрыққа қол қойылды ІІМ ішкі істер органдары әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларына түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа қағидаларда, жаңа 8-1-параграфы пайда болды, онда былай делінген: "Әскери қызметшіге (мерзімді әскери қызметтің қызметшісін, әскери оқу орнынының курсантын және кадетін, әскери жиындарға шақырылған әскри міндеттіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні қоспағанда) далалық төлемдер уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен, тұрақты тұрғылықты жерінен тыс орналасқан жеріне қарамастан, далалық шығуда (арнаулы далалық жұмыстарды қоспағанда), теңізге шығуда болғаны үшін, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысқаны үшін іссапар шығыстары төленбестен, тәулігіне 1,2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады". 2025 жылы 1,2 АЕК – 4 718 теңге. Осылайша аталған санаттағы әскери қызметшілер "далада" өткізген әрбір тәулік үшін далалық төлем алатын болады. Далалық төлемдер әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) командирінің (бастықтың) далалық шығуды өткізу туралы бұйрығы негізінде төленеді. Бұл ретте төлем далалық шығу аяқтағаннан кейін және әскери қызметші әскери қызмет өткеру орнына оралғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Бұйрықта далалық шығу кезеңі, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және атқаратын қызметі көрсетілген әскери қызметшілердің тізімі жазылады. Министрдің бұйрығының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады. Ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 4 қазаннан бастап күшіне енеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Италия президентін елорда әуежайынан шығарып салды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелланы елорда әуежайынан шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Айта кетейік, 29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылады Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жаңа жол жүк тасымалының көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді“ - Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашатын 5 теміржол дәлізі өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы, еліміз үшін айрықша стратегиялық маңызы бар жоба. "Жұмысшыларымыз үш жылға жуық уақыт бойы күні-түні табанды еңбек етті. Осындай белсенді жұмыстың арқасында теміржол мерзімінен бұрын іске қосылмақ. Мұны, шын мәнінде, тарихи сәт деуге болады. Бұл – баршаңызға ортақ қажырлы еңбектің жемісі. Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Зор ризашылығымды білдіремін. Жаңа жол жүк тасымалының көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экспорттық тауарларды жеткізу уақытын қысқартып, транзиттік әлеуетімізді күшейте түседі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент еліміздің бүгінде Еуразиядағы басты транзит хабының біріне айналғанын атап өтті. "Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты жалғап тұр. Жеріміз арқылы 5 теміржол дәлізі өтеді. Оның бәрі әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашады. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән береміз. Соңғы он жылда осы салаға шамамен 35 миллиард доллар инвестиция салынды. Мен халыққа Жолдауымда бірқатар жобаны уақтылы жүзеге асыру туралы нақты тапсырма бердім. Алдағы уақытта 5 мың шақырым теміржол салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 11 мың шақырым теміржол жөнделеді. Қазір "Мойынты – Қызылжар" теміржолы салынып жатыр. Қызылжар станциясынан Ақтау портына дейінгі учаскелер жаңғыртылады. Бұл бағдар – Транскаспий халықаралық көлік бағдарының басты бөлігі. Мұның бәрі Еуропа пен Азияның арасын жалғап, Транс-Қазақстан теміржол бағытының, яғни Орта дәліздің қарқынды дамуына ықпал етеді. Жалпы, бәсекеге қабілетті ел болу үшін экономикамыздың мейлінше қуатты болуына баса назар аударуымыз керек. Бұл ретте, көлік-логистика саласының орны бөлек. Сондықтан Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру негізгі басымдықтың бірі болып қала бермек. Теміржол саласының алдында тұрған міндеттер – айқын", – деді Президент. Мемлекет басшысы алдағы уақытта бұл салаға цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізе отырып, оны ел экономикасының озық бағыты ретінде дамыту көзделгеніне, алда әлі де ауқымды жұмыс тұрғанына, сол себепті барлық жоспарды уақтылы, дер кезінде орындау өте маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ телекөпірде Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, "Қазақстанның Еңбек Ері", темір жол саласының ардагері Қалтай Сәмбетов сөз сөйледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
28 миллиард теңге: Павлодардағы компания қомақты айыппұл төлейді Павлодардағы кәсіпорынға қалдықтарды көму лимитін асырғаны үшін 28 миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында рұқсат құжаттарының талаптарының орындалмағаны анықталған. "Осы дерек бойынша тексерулер басталып, нәтижесінде экологтар "ЭкоАлем-ПВ" ЖШС-нің қызметінде тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру көлемінің белгіленген лимиттен асқаны анықталды. Аталған құқықбұзушылық бойынша субъект Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада. Бұл баптың санкциясы қалдықтарды көму төлемінің ставкасына қатысты он мың пайыз мөлшерінде, яғни белгіленген лимиттен тыс жиналған немесе көмілген қалдықтар көлеміне сәйкес айыппұл салуды көздейді. "Нәтижесінде айыппұл сомасы 28,4 миллиард теңге болды". Апелляциялық саты алғашқы инстанция сотының серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы ең қарт адам қанша жаста? Қазақстанда 100 жастағы және одан үлкен 448 азамат бар. Ең жасы үлкен қазақстандық Ұлытау облысында тұрады, ол 115 жасқа толған туған күнін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, жүз жасқа толғандардың ең көбі Алматыда тұрады, онда 100 және одан үлкен жастағы 58 адам бар. Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында – Түркістан облысы. Онда 100 жастан асқан 53 адам тұрады. Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан үлкен жастағы 37 адам тұрады. Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны (115 жас), Павлодар облысы тұрғыны (113 жас), Жамбыл облысы тұрғыны (110 жас) кірді. Еске салайық, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астана соты әйелдерге қатысты пікір үшін Рүстем Жүгінісовке айыппұл салды Астанада сот блогер және бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісовті кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі (Әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату) бойынша жауапкершілікке тартылды. "Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Рүстем Жүгінісов ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот 78 640 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - деді соттың баспасөз қызметі өкілі. Еске салайық, бұған дейін ол Ақтөбе мешітінде болған оқиғаны талқылап, сынға қалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңа оқу-ағарту министрін қабылдады Мемлекет басшысы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев жаңадан тағайындалған жасанды интеллект министрін қабылдады Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде ұлттық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі өркендету, экономика мен әлеуметтік саланың негізгі бағыттарына жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік цифрлық қызмет көрсетудің сапасын арттыру жөнінде тапсырма берді. Президент ЖИ мен цифрлық технологиялар бойынша еңбек ететін білікті мамандар даярлау мәселесіне баса назар аударды. Мемлекет басшысы жоғары технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі орнын нығайту қажеттігін атап өтті. Премьер-министрдің орынбасарына Жолдауда белгіленген Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі басым мақсаттарды нақты іске асыру жүктелді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Солтүстік Қазақстанда шетелдіктерге 700-ден аса ЖСН заңсыз берілген СҚО прокурорлары шетелдіктерге қызмет көрсету кезінде "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" заңды бұзу деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҚАҚ-ң филиалы заң талаптарына қайшы, шетелдіктерге олардың Қазақстан Республикасының аумағында болмай ЖСН алу туралы 720 өтініштерін рәсімдеген. "Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күшін жою шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, 3 шілдеде қадағалау органының материалдары бойынша Петропавл және М.Жұмабаев ауданының полиция органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабы 2-бөлігі "Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Италия президентін І дәрежелі “Достық“ орденімен марапаттады Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелланы І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан және Италия арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша үлес қосқаны үшін Президент Серджо Маттареллаға І дәрежелі "Достық" орденін салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ бұл қазақ елінің шынайы құрметі, барша Италия халқына деген достық пейілі мен ыстық ықыласының айғағы екенін жеткізді. Мемлекет басшысы Италия Президентіне халықтың қолдауына ие болған көшбасшы, әлемге танымал беделді саясаткер деп баға берді. "Сіз еліңіздің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңіріп келесіз. Бүгінде Италия барлық салада толайым табысқа жетті. Әлемдік көшбасшылар қатарына кіретін мемлекеттің бірі. Еліңізде экономика, инновациялық технология саласында тың жобалар жүзеге асырылып жатыр. Экология, «жасыл» энергетика бағытында озық бастамаларыңыз бар. Италияның терең тарихы, бірегей мәдени мұрасы – бүкіл адамзаттың құнды қазынасы. Сіздер аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті сақтау ісінде маңызды рөл атқарып жатсыздар. Халықаралық мәселелерді шешуге белсене атсалысып келесіздер. Бұл – Сіздің салиқалы саясатыңыздың жемісі. Өзіңіздің басшылығыңызбен Италия алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра береді деп сенемін", – деді Президент. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың екі ел қарым-қатынасын дамытуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанына назар аударды. "Саяси диалогымыз жоғары деңгейде жүріп жатыр. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс қарқынды дамып келеді. Көпжақты құрылымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық. Мен Сіздің бұл бағыттағы еңбегіңізді ерекше бағалаймын. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қос халықтың достығы нығая береді. Бүгінгі келіссөздер мен уағдаластықтар стратегиялық серіктестігімізді күшейте түседі деп ойлаймын. Біз осы жолда бірлесіп әрекет етуге дайынбыз", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Италия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Қазақстан мен Италия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Италия арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық берік саяси диалогқа, қарқынды экономикалық серіктестікке және тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарға арқа сүйейтінін атап өтті. Серджо Маттарелланың Астана мен Рим арасындағы серіктестікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанына назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Римге жасаған ресми сапары барысында Қазақстан – Италия ынтымақтастығына тың серпін берген маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгеніне тоқталды. "Италия Қазақстанның үш ірі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. Экономикалық ықпалдастығымыз өте қарқынды дамып келеді және оны одан әрі арттырудың әлеуеті зор. Сіздің еліңіздің экспортты ұлғайту жөніндегі жоспарын құптаймыз. Италияның соңғы жиырма жылда экономикамызға құйған инвестициясы 7,6 миллиард долларға жетті. Бүгінде қазақ жерінде 250 италиялық компания табысты жұмыс істеп жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы ынтымақтастықты тереңдетудің перспективті бағыттарын айқындады. Оның ішінде аса маңызды шикізат материалдары, мұнай химиясы, машина жасау, көлік-логистика, жеңіл өнеркәсіп, тағам өнімдерін қайта өңдеу, жасанды интеллект, қаржы, туризм және білім беру салаларына баса мән берілді. Тараптар екі ел БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар аясында белсенді ықпалдастық орнатқанын атап өтті. Жемісті жұмыстардың үлгісі ретінде «Орталық Азия плюс» диалог алаңын, сондай-ақ биыл мамыр айында Астанада өткен «Орталық Азия – Италия» бірінші саммитін айтуға болады. Қазақстан тарапы Италияның аталған бастаманы іске асыруға қолдау көрсеткенін жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен өткен достық кездесуді, сондай-ақ оның Астана халықаралық форумында басты спикер ретінде баяндама жасағанын ықыласпен еске алды. Кездесуде тараптар мәдени-гуманитарлық ықпалдастық мәселелеріне де ерекше көңіл бөлді. Осы орайда Қазақстан Президенті Астананың орталық көшелерінің бірін саяхатшы Марко Поло есімімен атау жөнінде шешім қабылданғанына тоқталып, мұны қос мемлекеттің берік достығының символы ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қанат Шарлапаев тағы бір қызметінен босатылды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ жалғыз акционерінің 25 қыркүйектегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды", - деп жазылған хабарламада. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі енді алты адамнан тұрады. Еске салайық, өткен аптада Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Астанада кездескеніме қуаныштымын“. Тоқаев пен Маттарелла келіссөз жүргізді Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл сапар Қазақстан мен Италия арасындағы достық пен бұрыннан келе жатқан серіктестікті растайды. "Президент мырза, Сізді мәртебелі мейман ретінде қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз ынтымақтастығымыздың жаңа парағын ашатыны сөзсіз. Қазақстан мен Италия арасында тығыз ықпалдастық орнаған. Сіздің еліңізге құрметіміз ерекше. Өзара сауда дәйекті түрде дамуда. Біздің экономикалық байланыстарымыздың негізі берік. Түрлі саладағы қарым-қатынасымыз жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы ретінде екіжақты ықпалдастықты нығайтуға үлес қосуға әзірмін", – деді Қазақстан Президенті. Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, өзара қарым-қатынасты одан әрі арттырудың маңызына тоқталды. "Сіздің былтыр қаңтар айында Римге жасаған сапарыңыздан кейін Астанада кездескеніме қуаныштымын. Өзіңіз атап өткендей, елдеріміз арасындағы қарым-қатынас ұдайы нығайып, тығыз әрі табысты сипат алды. Екі елдің сауда-экономикалық, мәдени салалардағы ынтымақтастығы жылдан жылға ілгерілеуде. Университеттер арасында серіктестік жолға қойылғанын көріп отырмыз. Достық көңіліңізге алғыс айтамын", – деді Италия Президенті. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттары, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдаланып, Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониге сәлемі мен ықыласын жолдады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырау МӨЗ-дің бұрынғы басшысы қонақүйде қайтыс болды "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі бұрынғы АМӨЗ басшысы Мұрат Досмұратовтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Azh.kz мәліметінше, 29 қыркүйекте шамамен сағат 10:00-де Атыраудағы Somerset қонақүйінде "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі директоры Мұрат Досмұратов көз жұмған. "Алдын ала деректер бойынша, өлім себебі – жүрек талмасы. Қонақүй әкімшілері жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оның клиникалық өлім жағдайында екенін анықтап, реанимациялық шаралар жасаған, алайда құтқарып қалу мүмкін болмаған", – деп жазады басылым. Айта кетейік, Мұрат Досмұратов Қазақстанның мұнай-газ саласында бірқатар маңызды қызметтер атқарған. Еске сала кетейік, былтыр күзде Мұрат Досмұратов Атырау мұнай өңдеу зауытының директоры бола тұра, жылу алмастырғышты кепілдік бойынша тегін жөндетуге талап қоймай, құны екі миллиард теңгеге жуық жаңа келісімшарт жасағаны үшін айыпталып, кінәлі деп таныған болатын. Алайда кейін ол қылмыстық жауапкершіліктен қылмыс мерзімінің өтуіне байланысты босатылды. Сонымен қатар, одан мемлекет пайдасына 1 миллиард 971 миллион 424 мың теңге көлемінде мүліктік шығын өндіру шешімі шығарылды. 2025 жылғы 31 қаңтардағы апелляциялық инстанция қаулысы үкімді өзгертті. Досмұратовқа ҚР ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі бойынша 6 миллион 900 мың теңге айыппұл салынды. Ол кезде қорғау тарапы апелляциямен келіспей, Досмұратовты ақтап алуды сұрады. Бұл уәжбен айыптау тарабы да келісіп, іс Жоғарғы сотқа жолданды. Жоғарғы сот бұрынғы бас директордың жағына шығып, бұрынғы сот тұжырымдары істің нақты мән-жайына сәйкес келмейтінін және кінәсіз адамды соттауына себеп болғанын анықтады. Барлық жаңадан ашылған деректерді ескере отырып, судьялар алқасы істі жаңадан сот талқылауына жіберді. Қайта қарау кезінде прокуратура айыптаудан толықтай бас тартты. Осылайша, Досмұратов ақталған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ақордада Италия президентін қарсы алды Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанға қанша этникалық қазақ оралды? 2025 жылы 9 586 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 157,6 мың этникалық қазақ оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек министрлігі мәліметіне сілтеме жасап. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың: 45,7 пайызы - Өзбекстаннан, 41,8 пайызы – Қытайдан, 4,6 пайызы – Түрікменстаннан, 2,7 пайызы – Монғолиядан, 2,6 пайызы – Ресейден 2,6 пайызы басқа елдерден. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,7 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,3 пайыз және зейнеткерлер 9 пайыз болады. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,4 пайызы жоғары білімді, 29,7 пайызы орта кәсіби білімді, 52,3 пайызы жалпы орта білімді, және 2,6 пайызының білім жоқ. "Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс,Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адам болады. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 467 қандас қоныс аударды", - делінген хабарламада. Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады: бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (58,9-ден 117,9 мың теңгеге дейін) мөлшерінде. Жыл басынан бері 594 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілген. Атап айтқанда, 237 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50 пайызы немесе бір отбасына 4,56 миллион теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қостанай облысында Рудный қаласының прокуроры ұсталды Рудный прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство ақпаратына сәйкес, прокурорды ұстау ДҚКБ-мен бірлесіп жүргізілген. "Қызметтік тәртіпбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Қостанай облысы Рудный қаласының прокуроры Мұрат Успанов. Ол бұл қызметке 2024 жылғы 6 қыркүйекте тағайындалған, оған дейін Қостанай облысының Арқалық қаласының прокуроры болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ғани Бейсембаев министр қызметінен босатылды Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтемсе жасап. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, 2023 жылдың 4 қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғани Бейсембаевты оқу-ағарту министрі етіп тағайындаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "29 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ІІМ ауқымды операциясы: Қазақстанда 80 тонна уытты зат пен мыңдаған таблетка тәркіленді 22-26 қыркүйек аралығында ел аумағында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ уытты және күшті әсер ететін заттардың заңды айналымын бақылауға бағытталған "Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Есірткі айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Қылмыстық кодекстің 303-бабы бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалып, 278 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан құрамында есірткі бар шамамен 7 мың дәрі-дәрмек және қосарлы мақсаттағы тауарларға жататын 80 тонна уытты зат тәркіленді. Медицина саласында әкімшілік заңнаманы бұзудың 190-нан астам дерегі тіркелген. 202 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналып, құрамында есірткі бар 40 мыңдай таблетка, 290 мың психотроптық таблетка және 236 мың ампула тәркіленді. Республика бойынша барлығы 519 медициналық мекеме тексерілген. Өнеркәсіп саласында 60 құқықбұзушылық анықталып, 2 мың тонна прекурсордың айналымына шектеу қойылды, 20 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. 159 кәсіпорын мен 734 көлік құралы тексерілген. Ақтөбе облысында тексеру барысында Қытайдан теміржол арқылы 80 тоннадан астам уытты зат мемлекеттік лицензиясыз әкелінгені анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы құны 86 миллион теңге. Бұл зат қосарлы мақсаттағы тауарларға жатады. Шығыс Қазақстан облысында бір ЖШС-де күшті әсер ететін дәрілік заттардың рецептісіз сатылғаны тіркелді. "Прегабалин", "Зоника" және "Алиса" дәрілерінен 35 мыңнан астам таблетка тәркіленген. Батыс Қазақстан облысында 40 жастағы тұрғынның үйінен лицензиясыз психотроптық препараттарды заңсыз сату дерегі анықталды. Қарағанды облысында Астанадан Қарағандыға бағыт алған автокөлікті тексеру кезінде жалпы құны 240 мың теңгеден асатын "Тропикамид", "Прегабалин" және "Медазепам" препараттарының 82 қаптамасы тәркіленген. "Ішкі істер министрлігі есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар мен уытты заттардың заңды айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Бұл бағыттағы жұмыс азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайтуға бағытталған", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мбаппе мен Винисиус: “Реал“ “Қайратқа“ қарсы ойнайтын құрамның тізімін жариялады 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" футбол клубы "Реалмен" кездеседі. Испаниялық клубтан Қазақстанға кімдер келетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, футболшылар Алматыға ұшып келе жатыр, алайда нақты құрам ойын басталардан бір сағат бұрын белгілі болады. "Реалдың" құрамы: Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро; Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес; Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос; Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно. Алматыға келмегендер: Трент Александр-Арнольд, Антонио Рюдигер, Ферлан Менди, Даниэль Карвахаль және Эдер Милитао. Барлығы жарақат алған ойыншылар тізімінде. Еске салайық, биылғы маусымда "Қайрат" алғаш рет өз тарихында Чемпиондар лигасында ойнайды. Алматы командасының Қазақстандағы алғашқы матчі 30 қыркүйекте сағат 21:45-те мадридтік "Реалға" қарсы өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ЕО-ға мүше болу ма, әлде Ресеймен әріптестік пе? Молдовада парламент сайлауы өтіп жатыр 28 қыркүйекте Молдова елінде парламент сайлауы өтіп жатыр. Бұл парламент төрт жылға сайланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлады. Таңғы сағат 7-де республикада екі мыңнан аса сайлау учаскесі ашылды. Ал шетелде тағы 300-ден аса учаске жұмыс істейді. Сайлауға 15 саяси партия, 4 сайлау блогы және 4 тәуелсіз кандидат қатысып жатыр. Парламентке өту үшін партиялар кемінде 5%, блоктар 7%, ал жеке кандидаттар 2% дауыс жинауы керек. Азаматтар 101 депутат сайлайды. Олар елдің болашағын анықтайды. Бұл - Еуропалық одаққа мүше болу немесе Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнату. Президент Майя Санду сайлау алдында халықты Еуропаға бағытталған күштерді қолдауға шақырды. Ол Ресей өз мүддесіндегі партияларды билікке әкелуге көп қаражат жұмсап жатқанын айтты. Санду егер ресейшіл күштер жеңсе, ел Еуропадан алыстап, Украинадағы Одесса облысына қарсы Кремль операцияларына плацдарм болуы мүмкін деп ескертті. Мәскеу бұл айыптарды жоққа шығарады. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, Санду құрған "Әрекет және ынтымақ" партиясы 33,6% дауыс жинауы мүмкін. Ал негізгі қарсыласы – социалистер мен коммунистер бастаған "Патриоттық блок" 33,9% жинайды деп күтіледі. Парламентке "Альтернатива" партиясы да өтуі ықтимал. Оның ұстанымы болашақ үкіметті кім құратынын шешуі мүмкін. Сайлау алдында "Великая Молдова" атты ресейшіл партия заңсыз қаржыландыру күдігімен сайлаудан шеттетілді. Бұл – сайлаудан шығарылған екінші ресейшіл партия (біріншісі – "Молдова жүрегі"). Еуропа елдері де Ресейдің сайлауға араласу қаупі барын ескерткен. Ал Ресей, керісінше, ЕО-ны айыптайды. Кишинев жексенбіде жарылыс туралы жалған хабарламалар, кибершабуылдар, уақытша электр өшіру және көшедегі тәртіпсіздік түріндегі арандатулар болуы мүмкін деп ескертті. Полиция толық дайын екенін айтты. Сайлау нәтижесінде шетелдегі молдавиялық диаспора да шешуші рөл ойнауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Талғарда қыркүйектің ортасында із-түзсіз жоғалған 40 жастағы ер адам өлі табылды Талғарда қыркүйектің ортасында жоғалған 40 жастағы ер адам өлі табылды. Бұған дейін Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасында ер адамның жоғалғаны жарияланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Карлов Станислав Анатольевич 1986 жылы дүниеге келген. Ол 13 қыркүйекте жоғалған. Таңғы алты шамасында ер адам Талғар қаласы, Ломоносов көшесі 20-үйден шығып кеткен. Сипаттамасы: бойы 170–175 сантиметр, арық дене бітімді, шашы қара, қысқа сақал-мұрт қойған.Киген киімі: қара түсті капюшоны бар күрте, қара кепка, қара сөмкесі болған. Еріктілердің айтуынша, ер адамның денесі Талғарда зорлық-зомбылық белгілерінсіз табылған. Қайтыс болу себебін сараптама анықтайды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Волонтеры Алматы "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz) Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Рыбакина Бейжің турнирінде әлемнің 66-ракеткасынан жеңілді Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінен шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші кезеңінде (1/16 финал) жарыс жолынан шығып қалды. Ол әлемнің 66-ракеткасы, Германия өкілі Ева Лиске қарсы ойнап, 3:6, 6:1, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Ойын 2 сағат 14 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина сегіз эйс жасап, бес қос қате жіберді және тоғыз брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Ал қарсыласы бір эйс орындап, бес қос қате жіберді және 19 брейк-пойнттың алтауын сәтті жүзеге асырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Марқұм Азиз Құралбаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты Мақтааралда көрші ауылдағы қалыңдығымен кездесуге барған 30 жастағы жігітті "ұрып-соғып өлтірді" деген күдікке ілінген 4 адамға үкім шықты. Сот оларды кінәлі деп танып, бірін 8 жылға, үшеуін 3 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап. Жетісай аудандық соты олардың бірін Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен, үшеуін "Бұзақылық" бабымен кінәлі деп тапты. "Сот үкім етті, Ақназар Жеңісұлы Мықтыбек Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотта сотталған Мықтыбекке тағайындалған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленсін", - деді судья Мұхтар Жолдасбеков. Судья "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен айыпталған Сүндет Мырзатайға "Бұзақылық" бабымен жаза тағайындады. Ол мұны сотталушының іске қатысы болғанымен, тағылған алғашқы айып дәлелін таппады деп түсіндірді. Сөйтіп Мырзатаймен бірдей "Бұзақылық" бабымен сотталған Рүстембек Көшкенбаев және Бақберген Исмаилға рақымшылық заңын қолданып, оларды 3 жылға түрме жазасына кесті. Олардың бұған дейін қамаудағы бір күні жаза мерзімінің бір жарым күніне есептелетін болды. Сотталушылардың барлығы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеу белгіленді. Сот дерегінше, сотталушылар марқұм Азиз Құралбаевты ұстап алып, ауыл шетінде ұрып-соққан. Олардан қашып шыққанда сотталушы Мықтыбек қайта ұстап басына бірнеше рет тепкенде есінен танған. Осы соққыдан жабық-бас ми жарақатын алған Құралбаев аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған. "Сот аяқталды. 15 күн аппелляция бар дейді. Бірақ біз есеңгіреп қалдық", - деді марқұмның ағасы Альмир Құралбаев. Сотталушылар соңғы сөзінде кінәсін мойындайтынын айтты. Олардың үкімімен келісетіні, не келіспейтіні беймәлім. Ал марқұм Азиз Құралбаевтың туыстары сот үкімімен келіспейді. "Біз түсінбей қалдық, шығып кеттік. Қанша дәлел бар еді бізде. Қалай осылай шешім шығарғанын түсінбей қалдым. Шығып кеттім. Күттім, бірақ мұншалықты болатынын күтпедім", - деді марқұмның ағасы Альмир Құралбаев. Оқиға 2024 жылғы 11 қарашада болған. Қалыңдығына барған жігітті ертеңіне туыстары аудандық аурухананың жансақтау бөлімінен тапқан. Ауыр соққыдан есін жоғалтқан жігіт 3 ай жансақтау бөлімінде жатып, қайтыс болған еді. Марқұмның туысы Мөлдір Үсенбаева Азиз Құралбаевтың өліміне 6 жігітің қатысы бар деген. Алайды сот алдында 4 адам жауап беріп жатқанын айтып, Президентке, Бас прокуратураға бұл істі назарға алуын сұранып, үндеу жасаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Үндістанда танымал актер ұйымдастырған митингіде 36 адам қаза тапты Үндістанда Виджайдың митингінде адамдар тапталып, қайғылы оқиғада 36 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап. Тамилнад штатының денсаулық сақтау министрі Ма Субраманианның айтуынша, жарақат алғандар саны 40 адамға жетті. Қаза тапқандардың арасында сегіз бала бар. Оқиға қалай басталды? Тамиль киносының танымал актері Виджай өзінің 2024 жылы құрылған Tamilaga Vettri Kazhagam партиясының жиналыстарына мыңдаған адамды тартып жүр. Жергілікті БАҚ дерегінше, оқиға Виджайдың автобусына ұмтылған адамдар тобы құлап қалған сәтте басталған. Актер автокөліктің төбесіне шығып, шөлдеген адамдарға су құйылған бөтелкелерді лақтырған. Жағдай ушыға бастағанда полициядан көмек сұраған. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди болған жайтқа байланысты көңіл айтты. "Карурда өткен саяси митингідегі қайғылы жағдай жанымды қатты ауыртты. Қаза тапқандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын. Бұл ауыр сәтте оларға күш-жігер тілеймін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", – деп жазды ол әлеуметтік желіде. Актер де марқұмдардың туыстарына терең қайғырып, жарақат алғандарға шипа тілейтінін жеткізді. "Жүрегім қан жылап тұр. Бұл қайғы мен азапты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Карурда көз жұмған бауырларымның отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын", – делінген оның үнді (тамил) тіліндегі жазбасында. Айта кетейік, бұған дейін Үндістанның Телангана штатында фармацевтикалық зауытта жарылыс болып, кемінде 36 адам қаза тапқан еді. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс кезінде зауыт аумағында шамамен 90 адам болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Семей тұрғындары жер сілкінісін сезді Қазақстандық сейсмологтар 2 балдық жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 27 қыркүйекте ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. "ҚР ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 27 қыркүйекте, Астана уақытымен 22:51-де жер сілкінісін тіркеді", – делінген хабарламада. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 852 шақырым жерде орналасқан. Министрлік мәліметінше, Семейде есептік қарқындылығы 2 балл болды. Жапа шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, 21 қыркүйекте Алматы тұрғындарының ұялы телефондарына жер сілкінісі туралы ескертулер келіп түсті. Бірақ қалада дабыл қағылған жоқ. Қалалық ТЖД тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып, сейсмологтардан күшті жер сілкінісі жөнінде ақпарат түспегенін хабарлаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Үсік шалып, қар жауады: бүгін ауа райы қандай болады? Қазгидромет бүгін елдің көп өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана – көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, кейде 15–20 м/с. Температура: түнде +8…+10, күндіз +10…+12. Алматы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +14…+16, күндіз +25…+27. Шымкент – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +13…+15, күндіз +29…+31. Ақтөбе – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 1–6 м/с. Түнде 0…+2, күндіз +13…+15. Ақтау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +16…+18. Атырау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел түнде 0–5 м/с, күндіз 5–10 м/с. Түнде +4…+6, күндіз +16…+18. Жезқазған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 7–12 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +17…+19. Қарағанды – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 7–12 м/с. Түнде +9…+11, күндіз +15…+17. Көкшетау – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, кейін қар жауады. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде +3…+5, күндіз +7…+9. Қонаев – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +13…+15, күндіз +26…+28. Қостанай – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +2…+4, күндіз +11…+13. Қызылорда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +11…+13, күндіз +24…+26. Павлодар – бұлтты, жаңбыр. Жел солтүстіктен 9–14 м/с. Температура: түнде және күндіз +9…+11. Петропавл – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +1…+3, күндіз +5…+7. Семей – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +22…+24. Тараз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +28…+30. Талдықорған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Түнде +5…+7, күндіз +27…+29. Түркістан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +29…+31. Орал – көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел 5–10 м/с. Түнде +3…+5, топырақ бетінде –1 °С дейін үсік, күндіз +13…+15. Өскемен – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +25…+27. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Еңбек күні құтты болсын! Бұл мерекенің еліміз үшін айрықша мәні бар. Себебі, еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар. Жұмысшы мамандықтары жылында біз адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан сан алуан кәсіп иелері мен түрлі буын өкілдеріне және еліміздегі барша еңбеккер қауымға сый-құрмет көрсетеміз. Мен еліміздің құндылықтары мен мақсаттарына зор сеніммен қарап, қастерлі Отанымыз үшін аянбай еңбек етіп жүрген, әрдайым кәсіби шеберлігін шыңдап, өндірісте жоғары көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылатын және әр істе алғырлық пен жаңашылдық танытатын отандастарымызға шынайы ризашылығымды білдіремін", - деді Тоқаев. Мемлекет басшысы қоғамда адал еңбекті кеңінен дәріптеп, өскелең ұрпақты еңбекқор етіп тәрбиелей отырып, Қуатты әрі Әділетті Қазақстанның мызғымас негізін қалайтынымызды айтты. "Жауапкершілігі жоғары, ниеті таза, отаншыл азаматтарымыздың арқасында біз дамыған және өркениетті ел болу міндетін абыроймен орындаймыз деп сенемін. Қазақстанның барлық азаматтарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!" - деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Еңбек күні қарсаңында “Үлгілі елді мекен” облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 коммуналдық техника табысталды Бүгін Еңбек күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы Өнер орталығында «Адал еңбек – адал азамат» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Байқадамов, Мәжіліс депутаты М.Әбенов пен құқық қорғау органдарының басшылары, қала, аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, шаруашылық өкілдері қатысты. Салтанатты жиында аймақ басшысы «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 арнайы коммуналдық техника және қаржылай сыйақы табыстады. «Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы өңірімізде қарқынды жүзеге асуда. Қаламыздағы, аудан орталықтарындағы, ауылдардағы парктер, скверлер мен аллеяларды, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандырудамыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тынымсыз еңбек еткен жерлестеріміздің арқасында облысымыз таза әрі көркем аймаққа айналып келеді.«Ауыл – ел бесігі», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ауылды дамыту – мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі.Елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауылдағы ағайынның өмір сапасын жақсарту, қолайлы орта қалыптастыру, ауылдағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ынталандыру мақсатында 2023 жылдан бастап дәстүрлі түрде «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде.Биыл 564 млн. теңгеге 19 техника сатып алынды.Әр аудандағы бір ауылды абаттандыру, көркейту жұмыстарына 100 млн. теңгеден астам қаржы беріледі.Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем етуге бағытталған «Үлгілі елді мекен» конкурсы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасады.Келер жылы конкурсты өткізуге облыстық бюджеттен500 млн. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бірліктің туын биік ұстап, туған жеріміздің келбетін көркейту жолында аянбай қызмет етіп жүрген еңбек адамдарын әрдайым құрметтейміз!», - деді Н.Нәлібаев.Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үлгілі елді мекен» конкурсының «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша 1-орынды Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылы, 2-орынды Арал ауданының Қызылжар ауылы, 3-орынды Қармақшы ауданының Ақжар ауылы жеңіп алды. «Үлгілі аудан» номинациясы бойынша 1-орынды Шиелі кенті, 2-орынды Әйтеке би кенті, 3-орынды Жаңақорған кенті иеленді.Тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін ауылдардың абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн.теңгенің сертификаттары табысталды. Атап айтсақ, Арал ауданының Ақбай, Қазалы ауданының Бөзкөл, Қармақшы ауданының Қуандария, Жалағаш ауданының Жаңадария, Сырдария ауданының Іңкәрдария, Шиелі ауданының Майлытоғай және Жаңақорған ауданының Қыраш ауылдарына берілді.Еске салайық, соңғы екі жылда конкурс жеңімпаздарына 1 млрд. 500 млн. теңгенің күнделікті ел тұрмысына қажетті заманауи үлгідегі 48 арнайы техникасы табысталған болатын.
Тоқаев Мьянма президентінің міндетін атқарушымен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Мьянма президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайнмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнға ілтипат білдіріп, оның Астанаға жұмыс сапары Мьянманың Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Мьянма өзіндік мәдениеті, бірегей дәстүрі бар және геостратегиялық тұрғыдан маңызды ел. Қос мемлекет жаһандық көлік бағыттарының тоғысқан тұсында орналасқан. Президент мейманға Қазақстанның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз ету аясындағы стратегиялық міндеттері туралы мәлімет берді. Тараптар екі ел экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қаржы, ІТ және цифрландыру секілді маңызды салаларда өзара ықпалдастық перспективасына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан Еуразияның басты транзит торабы ретінде "Бір белдеу, бір жол" мегажобасын, Солтүстік – Оңтүстік және Орта дәліз көлік бағыттарын дамытуға белсенді түрде атсалысып жатыр. Осыған орай кездесуде екі ел арасындағы көлік байланысын жолға қоюдың өзектілігіне назар аударылды. Бұл сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге септігін тигізеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнды Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық саясатымен таныстырды. Атап айтқанда, елімізде жүзеге асырылып жатқан "Бірлігіміз – әралуандықта" қағидаты, толеранттылық ұстанымы, сондай-ақ Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу бастамасы жөнінде баяндады. Мин Аун Хлайн Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, өзара мүддеге сай бағыттар бойынша конструктивті ынтымақтастық орнатуға және бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада LRT сынақтан өткізіліп жатыр ма? Видео пайда болды Әлеуметтік желілерде Астанада LRT-ның сынақтан өткізіліп жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кадрларда пойыздың рельс бойымен қозғалып бара жатқаны байқалады. "LRT вагондары сынақтан өткізіліп жатыр", – делінген видеода. Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып, елордада LRT-нің сынама іске қосылуы қыркүйектің 29–30 күндері бірнеше станция арасында, мысалы, "Абу-Даби" және Мәңгілік Ел көпірі бағытында жоспарланып отырғанын айтқан еді. Әкімнің айтуынша, алдағы уақытта күн сайын жұмыс уақытының ұзақтығы, станциялар мен пойыздардың саны арта түседі. Алғашқы сынақтар бір-екі станция арасында бір аптаға жалғасады. Жалпы сынақ мерзімі 3–6 айға есептелген. Қазанда тағы 8 пойыз келеді, ал желтоқсанға дейін барлық 18 құрам жеткізіледі. Қала басшысының сөзінше, егер сынақ сәтті өтсе, LRT 2026 жылдың басында жұмысын бастайды. "Барлығы ойдағыдай болып, сынақтан өтсе, бірінші тоқсанның аяғына дейін толық пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", – деп қосты елорда әкімі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі“ тақырыбында Азаматтық форум өтті Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыс әкімдігі және өңірлікАзаматтық Альянсы, Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірлесіп ұйымдастыруымен "Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі" атты азаматтық форум өтті. Оған Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов, Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, Орталық Азиядағы Еуразия қорының директоры Ринад Темірбеков, еліміздің бірқатар өңірінен қонақтар мен жауапты сала басшылары қатысты. Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты. "Бүгінде еліміздің дамуын айқындайтын көрсеткіштердің бірі – азаматтық сектор. Мемлекеттің табыстылығы үкіметтік емес ұйымдардың жемісті әрі тиімді қызметіне тікелей байланысты. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: "Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет",– деп атап өткен болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аймағымызда 15 қоғамдық ұйым болса, бүгінде олардың қатары мыңға жуықтады. Оның 300-і өңіріміздің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өміріне белсенді араласуда. Бұл қоғамда азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің артқанын айқын көрсетеді.Барлық ауданда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестер, жүзеге асырылатын жобалардың тиімділігі мен өзектілігін бағалайтын сарапшылық топтар жұмыс істейді. Әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялардың жұмысына 190 үкіметтік емес ұйым өкілі белсенді қатысады. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс арқылы азаматтық қоғам институттарына қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. 2023-2025 жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бюджеттен 3 млрд. 684 млн. теңге қаражат бөлініп, 427 әлеуметтік жоба іске асырылуда, 3 мың адам жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік жобалардың 200-ге жуығы ауыл тұрғындарының қатысуымен ұйымдастырылды. Басым бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге, қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті нығайтуға, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған. Қоғамдық қауымдастықтың көшбасшылары ретінде бәріңізді Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құру жолында халықтың бірлігін арттыруға, егемен еліміздің жарқын болашағына бірлесе қызмет етуге шақырамын!", – деді Н.Нәлібаев. Басқосуда Н.Байқадамов, М.Әбенов, Р.Темірбеков, Л.Шыңғысбаева, Ж.Әлжанова, Б.Нұрғазиева, А. Ізден сөз сөйлеп, азаматтық қоғам институттарының маңыздылығына тоқталды. ​Сондай-ақ, өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға облыстың Құрмет грамотасы, облыс әкімінің, Қазақстанның Азаматтық альянсы төрайымының Алғыс хаты табысталды. Форумға дейін Сырдария ауданының Нағи Ілиясов, Бесарық ауылдарында секциялық отырыстар өткізілді. Онда ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешу, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, қоғамдық бақылау жүргізуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту мәселелері қозғалды. ҮЕҰ туралы жаңа заң жобасы талқыланып, тиісті ұсынымдар қабылданды.
Қызылордада әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті Бүгін Қызылордада Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті. Форум жұмысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов қатысты. Сонымен қатар, басқосуда аймақтың жауапты сала басшылары, агенттік қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің, қала, аудан әкімі аппараттарының, облыстағы мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері де болды.​Н.Нәлібаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.​ «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өңіріміз негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарда. Мемлекет басшымыз «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды», – деп атап өткен болатын. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұлттық жобаларды жүзеге асыруда, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөлді мемлекеттік қызметшілер институты атқаруда. Агенттік мемлекеттік қызметтің сервистілік, клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру, кәсібилендіру, билік институттарын дамыту бағытындағы жұмыстарға бастамашы болып келеді. Бүгінгі жиынның маңыздылығын ескеріп, форум барысында тиімді ұсыныстар мен байыпты бастамалар талқыланатынына сенімдімін», – деді Н.Нәлібаев. Д.Жазықбай мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет екенін айтып, маңызды бастамаларға тоқталды. ​«Барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ұстаным болуға тиіс. Бұл – ешқандай құқықбұзушылыққа жол бермеу, яғни, кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным. Мемлекет басшысының бастамаларын сапалы жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілер шешуші рөл атқарады», – деді агенттік төрағасы. ​Жиында Н.Байқадамов «Мемлекеттік қызметшілерді адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғау», А.Жолманов «Мемлекеттік қызметтің құндылықтары: Антқа адалдық» тақырыбында баяндама жасады.​Сондай-ақ, аймақтың өркендеуі жолында елеулі еңбек еткен мемлекеттік қызметкерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуші» грамотасымен, агенттік төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. Форумның екінші бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің ​Әдеп кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, профилактика қызметі туралы мәселелер талқыланған панельдік сессия өтіп, Әдеп жөніндегі уәкілдердің өткен жылғы және биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелеріне жасалған талдау қорытындыланды. Айта кетейік, бүгінде аймағымызда 3 300-ден астам мемлекеттік қызметші бар. Оның 1800-ден астамы жергілікті атқарушы органдарда еңбек етуде. Биыл 700-ге жуық азаматтың мәселелері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді. Бірінші жартыжылдықта 3 млн-нан астам мемлекеттік қызметтің 99,3 пайызы электронды түрде көрсетілген.
Тобыл кентінде жүк көлігі жанармай құю станциясына соғылды Қостанай облысының Тобыл кентінде жүк көлігі автожанармай құю станциясына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газетаға" сілтеме жасап. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. "Алдын ала деректер бойынша жүргізуші жанармай құю бекетіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деді ПД өкілдері. Полиция жүргізген сараптама нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісі мас болмағаны анықталды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Наша Газета | Новости | Костанай (@ng.kz_) Еске салайық, бүгін, 27 қыркүйекте Ақмола облысында КамАЗ бен жеңіл автокөлік соқтығысқан еді. Салдарынан кәмелетке толмаған қыз көз жұмып, 65 жастағы жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресейлік кеден Қазақстан–Ресей шекарасындағы кептеліс себебін түсіндірді Қазақстан–Ресей шекарасы маңында көлік кептелісі байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей Федералды кеден қызметіне (ФКҚ) сілтеме жасап. Ведомствоның дерегінше, ФКҚ-ның тауар шығарылғаннан кейінгі негізгі кедендік бақылау басқармасының бастығы Агепсим Ашкалов пен Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Талғат Горяев Қазақстан тарапындағы шекара маңында тексеру жүргізген. "Іссапар барысында шекара маңындағы жолдар мен автотұрақтарда көліктер кептелісі анықталды. Жүргізушілермен сөйлесу кезінде олардың Ресейге кіру үшін жұмыс берушілерінен бұйрық күтіп отырғаны белгілі болды. Ресей мен Қазақстанның кеден қызметтері тауар қозғалысына кедергі жасалмайтынын, адал кәсіпкерлік үшін шекара ашық екенін растады", – делінген хабарламада. Бұған дейін Қазақстанның Көлік министрлігі шекарадағы кезектің Ресей тарапынан бақылаудың күшеюіне байланысты екенін мәлімдеген еді. Министрліктің ақпаратына сәйкес, ресейлік қызметтер жүктерді тексеруді күшейтіп, көлікті қарау уақытын ұлғайтқан, сондай-ақ құжаттарды, санитарлық және фитосанитарлық талаптарды қосымша қадағалауды енгізген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Трамп мигранттардың АҚШ-та туған балаларына азаматтық беруді тағы да тоқтатпақ АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Жоғарғы сотқа президенттік жарлықты конституциялық деп тану туралы апелляция жолдады. Бұл жарлық елде дүниеге келген, бірақ ата-анасы заңсыз мигрант немесе уақытша мәртебесі бар шетелдік балаларға азаматтық бермеуді қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Independent-ке сілтеме жасап. Бұл жарлық Трамптың қызметке кіріскен алғашқы күнінде қол қойылған болатын. Ол 14-ші түзетудің ғасырдан аса уақыт бойы қолданылып келе жатқан түсіндірмесіне қайшы келеді. Бұл түзету АҚШ-та туған барлық адамға азаматтық беруді кепілдейді. Бұған дейін федералдық соттар жарлықтың күшіне енуін тоқтатқан еді. Әкімшілік апелляцияда түзетудің қазіргі түсіндірмесін "қате" деп атап, оның "қауіпті салдарға" әкелетінін алға тартады. Бұл – әкімшіліктің бұл мәселені Жоғарғы сотқа шығаруға жасап отырған екінші талпынысы. Маусымда алты консерватор судьядан құралған Жоғарғы сот ұлттық деңгейдегі бірқатар сот тыйымының федералдық соттардың өкілетінен асып кеткенін айтқан. Алайда туу арқылы азаматтық беру мәселесінің өзіне қатысты шешім қабылданған жоқ. Ал шілдеде 9-шы округтің апелляциялық соты жарлықты Конституцияға қайшы деп таныды. Себебі ол 14-ші түзетудің тікелей мәтініне қарсы келеді. Бұл түзетуде: "АҚШ-та туған және оның юрисдикциясына бағынатын барлық адамға азаматтық беріледі" деп анық жазылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақмола облысында жол апатынан бойжеткен қаза тапты Ақмола облысында жол апатынан 16 жастағы жолаушы көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат Астана - Петропавл тасжолының 289-шақырымында болған. "Жол апаты салдарынан Hyundai Santa Fe автокөлігінің 16 жастағы жолаушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 65 жастағы жолаушы түрлі жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", – деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД. Ведомствоның дерегінше, қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Еске салайық, кеше Семейде жолаушылар автобусы мен кран соқтығысқан еді. Соның салдарынан автобус жүргізушісі мен екі жолаушы жарақат алған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылорда облысының әкімі Әлем чемпионы мен бапкеріне пәтер және көлік кілттерін табыс етті Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен, жеке бапкері Ғабиден Райымбекпен кездесті. Әлем чемпионын жарқын жеңісімен құттықтау үшін басқосуға облыстың зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар мен жергілікті спортшылар қатысты. ​Аймақ басшысы бұл жеңіс Сыр өңірінің ғана емес, Қазақ елінің мәртебесін арттырғанын айтты. "Бүгін – біздің өңіріміз үшін ерекше қуанышты күн.Спорт әлеміндегі биік белесті бағындырып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың атын төрткүл дүниеге танытқан жерлесіміз, мақтанышымыз Айдос Сұлтанғалиұлын грек-рим күресінен Әлем чемпионы атануымен құттықтау үшін арнайы бас қостық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы "Спортшыларымыздың ерлігі – ел рухын көтеретін, ұлт бірлігін нығайтатын маңызды фактор", – деп ерекше атап өткен болатын. Айдос Сұлтанғалиұлы жақында Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында араға 26 жыл салып, қазақ спорты тарихындағы теңдессіз жетістікке қол жеткізді. Осы тарихи жеңіс барша Қазақ елінің, Сыр жұртшылығының мерейін үстем етті. Грек-рим күресінен Әлем чемпионатының алтын медалін елімізге соңғы рет 1999 жылы Грекияның Афины қаласында өткен дүбірлі додада Мхитар Манукян (63 кг) алып келген болатын.Араға ширек ғасыр салып, жерлесіміз Айдос Сұлтанғали әлемдік аренада топ жарды. Чемпионымызды Мемлекет басшымыз арнайы құттықтап "Айдос – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз",– деп жоғары бағалады. "Бұл жеңіс – жас балуандарымызға үлгі-өнеге, еліміздің спортына серпін беретін жоғары жетістік. Айдос бауырымыздың жеңісіне бапкері Ғабиден Райымбекұлының сіңірген еңбегі зор. Ол тек спортшыны емес, нағыз батыр азаматты тәрбиелеп шығарды. Шәкіртінің әрбір жеңісі бапкерінің маңдай терінің жемісі деп санаймыз. Бүгінгі мерейлі сәтте барша Сыр жұртшылығының атынан Айдос бауырымызға, бапкері Ғабиденге жаңа пәтер кілттерін, "Қор" мұнай компаниясының қолдауымен су жаңа автокөліктің кілтін табыстауға рұқсат етіңіздер. Айдосқа бұған дейін де мемлекет, облыс тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Өткен жылы еліміздің, өңіріміздің жанашыр азаматы Бақдәулет Еркінбекұлының демеушілігімен автокөлік табысталған. Бұдан бөлек, ай сайын 1 млн. теңге мемлекеттік стипендия беріледі. Бұл қолдау әрі қарай жалғасады. Біз батырымызды әрдайым бабында болуы үшін қолдап, қорғауымыз керек. Алдағы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінуіне жан-жақты жағдай жасаймыз.", – деді Н.Нәлібаев. Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмағали Киікбаев сөз сөйлеп, құттықтау лебіздерін жеткізді. Басқосуда сөз алған грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, "Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісінің иегері Ғабиден Райымбек, грек-рим күресінен спорт шебері, Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі, республикалық, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиұлы көрсетілген құрметке алғыс білдірді. Еске салайық, өңірде спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыс атқарылды. Өңірімізде соңғы 3 жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді, биыл тағы 6 нысан ел игілігіне табысталады.
Экс-шенеуніктер, Forbes тізіміндегілер және танымал әулет. Прокурорлар мәлімдеме жасады Алматы облысының прокуратурасы 15 жылдан аса уақыт бұрын жекеменшікке берілген жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомствоның мәліметінше, жұмыс жүйелі және кезең-кезеңімен уәкілетті органдармен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында жер ресурстарын басқару департаменті мен Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы бар. "Кейінгі үш жылда мемлекетке жалпы құны 6,1 миллиард теңге болатын 83 мың гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 21 мың гектар, құны 1,6 миллиард теңге, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің, олардың туыстарының, сондай-ақ Forbes тізіміне енген адамдардың иелігінде болған. Атап айтқанда, 2025 жылғы мамырда прокуратураның талап-арызы бойынша мемлекетке Қапшағай жағалауындағы Құлыбаевтар әулетіне тиесілі жер телімі қайтарылды", – деп хабарлады прокуратура. Сонымен қатар, депутаттық сауалда көрсетілген жағалау аймағынан тағы 9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Іле ауданындағы жерлерге қатысты жұмыс жалғасып жатыр, оның қорытындылары туралы прокуратура халықты ақпараттандыратынын мәлімдеді. "Облыс прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүйелі түрде, халықпен және Парламент депутаттарымен бірлесіп қадағалау жүргізіп жатыр", – деп атап өтті ведомство. Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қапшағай су қоймасы мен Іле өзені жағасындағы жердің заңсыз бөлінгенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, иелердің арасында тұңғыш президенттің туыстары, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер және Forbes тізіміндегі олигархтар болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Түрікменстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өткен. Сонымен қатар, бірлескен күш-жігердің арқасында мазмұны байи түскен ықпалдастықтың стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келетініне тоқталған. Қасым-Жомарт Тоқаев сан қырлы мемлекетаралық байланысты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растап, Сердар Бердімұхамедовтің бауырлас түрікмен халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Синоптиктер 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды Синоптиктер 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Температура түнде +9…+11, күндіз +21…+23. Алматы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +24…+26. Шымкент – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +14…+16, күндіз +27…+29. Ақтөбе – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +2…+4, күндіз +12…+14. Ақтау – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел солтүстіктен 9–14 м/с, түнде екпіні 15 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +16…+18. Атырау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +4…+6, күндіз +16…+18. Жезқазған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +25…+27. Қарағанды – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +23…+25. Көкшетау – көшпелі бұлтты, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +9…+11. Қонаев – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +25…+27. Қостанай – бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр. Жел солтүстіктен 9–14 м/с. Түнде +3…+5, күндіз +9…+11. Қызылорда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +28…+30. Павлодар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +9…+11, күндіз +23…+25. Петропавл – бұлтты, жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады 9–14 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +10…+12. Семей – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 5–10 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +25…+27. Талдықорған – көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с, күндіз екпіні 14 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +26…+28. Тараз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +13…+15, күндіз +28…+30. Түркістан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +14…+16, күндіз +28…+30. Орал – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +2…+4, топырақ бетінде –2°С дейін үсік, күндіз +13…+15. Өскемен – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен түнде 1–6 м/с, күндіз 7–12 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +25…+27. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылды Биыл Түркістан халықаралық World Craft Council ұйымының шешімімен "Қолөнершілер қаласы" мәртебесіне ие болды. Ұйымның құрметті елшісі Азиз Муртазаев арнайы келіп, Түркістанға арнайы мәртебенің куәлігін табыстады. Осыған орай Түркістанда "Түркістан – қолөнершілер қаласы" халықаралық фестивалі басталды. Фестивальге Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ресейден 100-ге жуық қолөнерші келді. Ал еліміздің аймақтарынан 300-ге жуық қолөнер шебері қатысып жатыр. Фестиваль кезінде түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылды. Бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. 20 шеберхана, көрме залдары, 2 шоурум, мейрамхана, қонақүй және туристік инфрақұрылымы бар қалашық 2,5 гектар аумақты алып жатыр. Ерекше кешен жеке инвестиция есебінен салынған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. "Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" арнайы Заңға қол қойды. Қабылданған Заңда қолөнер саласындағы шеберлерге мемлекеттік қолдау шаралары күшейтіліп, қолөнершілердің кәсібін дамытуға жол ашылды. Бүгін "Turkistan World Craft Fest" халықаралық фестиваліне арнайы жиналған әлем шеберлері ерекше орталықтың жұмысына жаңаша серпін бермек", – деді Көшеров. Әкімнің айтуынша, бүгінде облыста 130-дан астам шебер бар. "Қалашық тек сауда-саттық орны ғана емес, шеберлердің тәжірибе алмасатын, жаңа туындылар ұсынатын орталығы. Ең бастысы, ол халқымыздың тарихын, дәстүрін айқындайтын, мәдениетімізді әлемге танытатын бірегей алаң. Бүгінгі қуанышты оқиға Түркістанның туристік әлеуетін көтеріп, Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтады", – деді Көшеров. Облыс басшысы мен қонақтар шеберханаларды аралап, халықаралық және отандық қолөнершілердің жұмысымен танысты. Іс-шарада 100 керамика шебері біз мезгілде құмыра жасады. Қолөнер бұйымдарының көрмесі, шеберлік сағаттары, ұлттық киімдер мен бұйымдар жәрмеңкесі, мәдени-танымдық және концерттік бағдарламалар көпшілік назарына ұсынылды. "Fashion" этно сән үлгісінің көрсетілімі өтті. Бұл ретте биыл облысқа келуші туристер саны көбейді. 6 айда өңірге 1 миллионнан астам саяхатшы келген.
Тоқаев жаңадан тағайындалған министр Көшербаевты қабылдады Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин сауда-экономикалық, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салалары бойынша бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанына мән берілді. Әңгімелесуде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық барысына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тигран Кеосаян өмірден өтті Ресейлік режиссер және тележүргізуші Тигран Кеосаян қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның жары Маргарита Симоньян хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бүгін түнде Тигран Жаратушыға қайтты", – деп жазды Симоньян Telegram-арнасында. Тигран Кеосаян RT телеарнасының, "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі болған. Кеосаян 59 жаста еді. Симоньянның айтуынша, 2025 жылдың қаңтарында жұбайы клиникалық өлімді бастан өткеріп, комаға түскен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев желідегі министрлер мен әкімдерге қатысты сын-пікірлер туралы айтты Қасым-Жомарт Тоқаев интернетте министрлер мен әкімдердің атына айтылып жатқан сын туралы ойын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ғалымдар әрдайым жасампаздық жаршысы болуға тиіс. Қазір әлеуметтік желі арқылы халыққа ақыл айтатындар көбейіп кетті. Олардың арасында жалған ақпарат таратып, жұртты адастыратын адамдар аз емес. Осындай санасыз, пиғылы арам адамдардың теріс ықпалына түсіп, кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек немесе халықты арандатуды көздейтін материалдар жаза бастады. Бірақ осы жерде бір мәселе бар. Тиісті мекемелер заманауи технологияларды пайдалана отырып, осындай деструктивті жазбаларды жазатын адамдардың аты-жөнін, тұратын жерін, бәрін анықтап алып жатыр. Олар жас болғаннан кейін әзірге түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Бірақ мұндай әрекеттер жалғаса берсе, тиісті мекемелер Заң мен тәртіп тұжырымдамасын орындау үшін басқа шара қолдануға мәжбүр болады. Мұндай сәтте ғалымдар үнсіз қалмауы керек, жастар арасында, жалпы қоғамда жан-жақты ағарту жұмысын жүргізуі керек. Үкімет пен әкімдердің қызметінде олқылық мүлдем жоқ деп ешкім айтпайды, бірақ олар туралы пікір айтқан кезде халықты арандатпай, қоғамды шулатпай, салмақты және саналы пікір айту қажет. Еліміздің тұрақтылығы, бұл – ең маңызды басымдық. Кез келген мәселе жайлы қоғамдық пікір білікті мамандардың көзқарасы негізінде қалыптасуы керек", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: “Негізгі миссиям – Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету“ Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың негізгі мақсат-міндеттері жайындағы ойын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Менің негізгі миссиям – қазіргі алмағайып кезеңде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлеуметтік-экономикалық дамудың берік іргетасын қалау. Бұл туралы ұдайы айтып келемін. Менің барлық шешімдерім осы өзекті міндеттерді іске асыруға бағытталған. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу – іргелі әрі ұзақ процесс. Оның әлем экономикасына жанама әсерлері мен ықпалын мұқият зерделеп, анықтау қажет. Алайда бұл технологиялық үрдіс бүкіл халықтар мен мемлекеттердің келешегін айқындайды. Бұл салада қатып қалған қағида жоқ. Сондықтан біз жылдам қимылдап, ең батыл шешімдер қабылдаудан қорықпауымыз қажет. Сонда ғана біз өзімізге жүктелген тарихи миссияны орындай аламыз, яғни қалыптасып жатқан жаңа әлемнен лайықты орнымызды аламыз", – деді Мемлекет басшысы. Президенттің пікірінше, атом саласының ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейту ісінде халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор. "Бұл бағытта біз жақсы нәтижеге қол жеткіздік деп айтуға болады. МАГАТЭ, Біріккен ядролық зерттеулер институты (Ресей), Бүкіләлемдік ядролық университет (АҚШ), Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы (CERN, Швейцария) және басқа да танымал ғылыми мекемелермен тиімді серіктестік жолға қойылды. Ғалымдарымыз термоядролық синтез, ядролық материалтану, радиациялық технология салаларындағы жаһандық ғылыми жобаларға атсалысуда. Мұндай халықаралық маңызды бастамаларға қатысу біздің ядролық ғылымның әлеуетін көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге инвестиция тартуға, бірегей технология мен білім трансферіне септігін тигізеді. Үкімет ядролық ғылым саласындағы халықаралық әріптестікті күшейте түсуі керек. Сондай-ақ Қазақстанның көпжақты зерттеу жұмыстарына қатысу мәселесін пысықтауға тиіс. Атом энергиясы жөніндегі агенттік атом ғылымын дамыту үшін ұзақ мерзімге арналған ғылыми-техникалық бағдарлама әзірлеуі керек. Құжатта оны қаржыландырудың нақты жолдары көрсетілуге тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев АЭС тағы қай жерде салынуы мүмкін екенін айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде АЭС тағы қай жерде салынуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент қазір жер қойнауын игерушілер өз табысының бір пайызын ғылымды дамытуға бөліп жатқанына мән берді. "Бұл – салық емес, оны еліміздің технологиялық әлеуетін арттыруға үлес қосу деп түсінген жөн. Үкімет осы қаражаттың бір орталықтан үнемді, тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз етуге тиіс. Атом саласын зерттейтін ғылыми қалашықтар құруға ерекше назар аудару қажет. Алматыдағы Ядролық физика институтының базасында көп мақсатты зерттеу реакторын салу мүмкіндігін қарастырған жөн. Жалпы, институттың әлеуеті жоғары. Еліміздің жаңа ғылыми қалашығын осы мекеменің негізінде құруға болады. Сонымен қатар мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін ескеріп, құны бірнеше миллиард тұратын жобаларға шашылмаған дұрыс. Бұл осыған ұқсас басқа да жобаларға қатысты. Абай облысында АЭС салу перспективасын ескере отырып, Курчатовтағы ғылыми қалашықтың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу қажет. Аталған жұмысқа Ғылым академиясы, облыс әкімдігі және Ұлттық ядролық орталық атсалысқаны жөн. Онда инженерлік және өндірістік нысандарды орналастыру үшін жағдай жасау керек. Сонымен қатар ядролық инфрақұрылымды нығайту үшін мемлекет-жекеменшік серіктестігінің тиімді тетіктерін әзірлеу міндеті тұр", – деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, тағы бір өте маңызды бағыт – ядролық медицинаны дамыту. "Озық ядролық технологияларды қолдану арқылы ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін айтарлықтай арттыруға болады. Бұл, әсіресе, онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу мүмкіндіктеріне жол ашады. Үкіметтің міндеті – отандық радиофармацевтикалық препараттарды әзірлеуді және қолданысқа енгізуді қамтамасыз ету. Сондай-ақ жетекші клиникалар мен университеттер жанынан ядролық медицина орталықтарының желісін құру қажет", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Росатоммен“ келіссөздер өткізген кезде еліміздің мүддесін ескеру қажет“ - Тоқаев АЭС құрылысы туралы Президент АЭС құрылысына қатысты келіссөздерде еліміздің мүддесін ескеру қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы таяуда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу бойынша жұмыстар басталғанына назар аударды. Жобаны халықаралық консорциум жүзеге асырады. Оның жетекшісі – "Росатом" компаниясы. "Тиісті Агенттік, жалпы, Үкімет осы компаниямен келіссөздер өткізген кезде әрдайым еліміздің мүддесін ескеруі қажет, келісімдердің барлығы әділетті, теңгерімді, тиімді болуы керек. Табиғи байлығымызды, яғни уранды талан-таражға салуға болмайды. Бүгін мен мұны ғалымдардың және бүкіл ғылым қауымдастығының алдында әдейі айтып отырмын. Бұл – аса маңызды мәселе. Әрине, біз бір атом электр станциясымен шектеліп қалмаймыз. Екінші, үшінші атом станциясын қазірден бастап жоспарлай беруіміз керек. Қытай Төрағасымен кездесуде біз осы мәселені талқыладық. Елдеріміз бейбіт атом бағытындағы ықпалдастығын күшейте береді. Қытайдың өзінде алдағы он бес жылда 76 жаңа реактор іске қосылмақ. Шығыстағы көршіміз – осы саладағы жетекші мемлекеттің бірі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент атом энергетикасын дамытуға стратегиялық минералды ресурстар керек екенін атап өтті. "Қазақстанда бұл салаға қажетті сирек кездесетін металдар жеткілікті. Біз – уран өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы мемлекеттің біріміз. Әлемдегі уран қорының 40 пайызы – қазақ жерінде. Осы басымдығымызды дұрыс пайдалану қажет. Атом станциясы салынған соң уранның экономикадағы рөлі түбегейлі өзгереді. Бұрын экспортқа ғана кетіп жатқан бұл байлық енді ішкі нарықтың қажетіне жарайтын болады. Бұл жұмысқа қазірден бастап дайындалған жөн, тиісті талдау жүргізілуге тиіс. Ғалымдарымыз осыны ескеруі керек. Жалпы, елімізде атом саласының ғылыми негізі бұрыннан бар. Кезінде әйгілі академик Қаныш Сәтбаев КСРО Министрлер кабинетіне хат жазып, Қазақстанда ядролық физиканы дамыту мәселесін көтерген. Көп ұзамай 1957 жылы Алматыда Ядролық физика институты ашылды. Міне, сол кезеңнен бастап елімізде әлемдік талапқа сай ғылыми-технологиялық инфрақұрылым қалыптаса бастады. Астана, Алматы және Курчатов қалаларында арнайы қондырғылар іске қосылды, онда отандық және шетелдік ғалымдар белсенді жұмыс істеуде. Бертінге дейін Қазақстан, негізінен, шикізат экспорттады. Енді біз ядролық отын цикліндегі өңдеу үлесін дәйекті түрде арттырамыз. Мысалы, 2021 жылы елімізде жылу бөлетін тораптар шығаратын зауыт ашылды. Атом электр станциясы бұл саладағы өндірістік циклді толық аяқтауға мүмкіндік береді. Соның арқасында атом энергетикасы сыртқы нарыққа тәуелсіз, ұлттық салаға айналмақ. Бұл – өте күрделі жұмыс. Сондықтан ғалымдарымызға зор жауапкершілік жүктеледі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент еліміздің атом ғылымындағы өзекті мәселелерге тоқталып, бірінші кезекте осы саланың кадрлық әлеуетін арттыру қажет екенін жеткізді. "Елімізде білікті инженерлер, техникалық мамандар тапшы. Бұл – шын мәнінде, өте өзекті мәселе. Атом саласындағы жағдай да дәл осындай. Ахуалды жедел түзеу керек. Бүгінде жоғары оқу орындарын бітіріп жатқан түлектердің 90 пайызы – бакалаврлар. Ал ғылым докторларының үлесі 1 пайызға да жетпейді. Сондықтан докторантураға бөлінетін грант санын көбейту қажет. Әсіресе, техникалық мамандықтарға басымдық берген абзал. Менің тапсырмам бойынша "Болашақ" стипендиясының 70 пайызға жуығы техникалық-инженерлік мамандық иелеріне беріле бастады. Былтыр жасанды интеллект саласына жыл сайын 50-ден астам стипендия бөлу туралы шешім қабылдадық. Келесі жылдан бастап атом мамандарын дайындау үшін жылына 20 квота беріледі. Мұны технократ ұлт болу жолындағы маңызды қадам деуге болады", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Елдің әлемдегі орны ғылымның даму деңгейіне қарай анықталады Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен технология барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екеніне назар аударды. "Дамыған елдер ғылымға да, технологияға да баса мән беріп жатыр. Заманның беталысын баршаңыз көріп отырсыздар. Жаһандық геосаяси ахуал тұрақсыз, құбылмалы, сын-қатерлер аз емес. Бірақ қытай халқының белгілі пайымдауына сенсек, дағдарыс кезінде жаңа мүмкіндіктер туады. Қазір – инвестицияның, ғылым мен жоғары технологияның уақыты. Бүгінде кез келген елдің әлемдегі орны ғылымның даму деңгейіне қарай анықталады. Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл – аксиома. Түрлі мемлекеттер арасында технологиясы дамыған озық ел болу үшін күрес жүріп жатыр. Орталық Азиядағы бәсекелестік те күшеюде, бұл – түсінікті, заңды үрдіс. Сондықтан біз де осы салаға баса мән беруіміз керек, нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз қажет", – деді Президент. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында алдымызға айқын мақсат қойылғанын айтты. Соған сәйкес, Қазақстан алдағы үш жылдың ішінде цифрлық ел болуы керек, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін жан-жақты пайдаланып, оны барлық салаға енгізу қажет. "Бірнеше күн бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясындағы сөзімде еліміздің даму бағдарына арнайы тоқталдым. Сондай-ақ дүние жүзінде болып жатқан үдерістерге Қазақстанның көзқарасын білдірдім. Жаһан жұрты береке-бірлікте өмір сүру үшін өзара сыйластықты, теңдік пен ынтымақтастықты таңдауы қажет. Сонда ғана мемлекеттер арасында табысты қарым-қатынас орнайды. Осы айдың басында Қытайға ресми сапармен барғанымды білесіздер. Онда құны 15 миллиард доллар болатын 70 инвестициялық келісімге қол қойылды. АҚШ-қа сапарым кезінде әлемдік компаниялардың басшылығымен келіссөздер өткіздім. Оның ішінде Amazon, Meta сияқты жасанды интеллект және жоғары технология саласындағы ірі корпорациялар бар. Сондай-ақ қаржы-инвестиция саласындағы Goldman Sachs, Blackstone, Cerberus Capital Management, Citigroup корпорацияларының жетекшілерімен кездестім. Wabtec, PepsiCo және басқа да ірі компаниялармен коммерциялық келісімдер жасалды. Сапар аясында экономикамыздың басты салаларын қамтитын 11 келісімшартқа қол қойылды, жалпы құны 5,2 миллиард доллардан асады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматылық форсаж: жастар айналма жолда жарыс ұйымдастырған Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Шығыс айналма автожолында (ШААЖ) асқан жылдамдықпен бейберекет жүрген көліктің видеосы тарады. Полиция видеоға қатысты пікірі білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Ролик авторларының айтуынша, жүргізуші ШААЖ-да сағатына 200 шақырымнан аса жылдамдықпен жүрген. "Роликтегі пікірлер мен қатысушылардың әрекеттері олардың өз қауіпсіздігіне де, өзгелердің қауіпсіздігіне де немқұрайлы қарағанын көрсетеді", – делінген жарияланым сипаттамасында. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Специально для крис п | @kris_p_almata (@kris_p_almata) Полиция пікірі Алматы Полиция департаменті жүргізуші мен жолаушылардың жеке тұлғалары анықталғанын және олардың "қатаң жауапкершілікке тартылатынын" мәлімдеді. "Мұндай әрекеттерге жол берілмейді, әсіресе мегаполис жағдайында, мұнда қозғалыс қарқынды және кез келген құқықбұзушылық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Әрбір құқықбұзушы заңда көзделген жазасын алады", – деді Алматы ДП жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шұмаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Қалтасына ешқандай зат салынған жоқ“: полиция даулы видеоға қатысты пікір білдірді Әлеуметтік желілерде Алматыда полицей ер адамды ұстау кезінде еңкейіп, оның қалтасына қолын салып жатқаны көрсетілген видео тарады. Пайдаланушылар мұны есірткі салу әрекеті болуы мүмкін деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Ролик авторларының айтуынша, оқиға 25 қыркүйекте Алматыдағы Думан-2 ықшамауданында болған. "Полиция қызметкерлері ұстау кезінде жігіттің қалтасына бірдеңе салды", – делінген жазба сипаттамасында. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Специально для Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers) Алматы Полиция департаменті пікірі Алматы Полиция департаменті мәліметінше, видеоға ұсталған адамның қалтасынан түсіп қалған жеке затын қайтару әрекеті түсіп қалған. "Қызметкер ұсталған адамның қалтасынан түсіп қалған жеке затын иесіне қайтарды. Ешқандай тыйым салынған заттар салынған жоқ", – дейді ДП өкілдері. Ұстау себептері Сондай-ақ полиция "жігіттерді есірткі сақтағаны үшін ұстады" деген желіде тараған нұсқа шындыққа сәйкес келмейтіні нақтылады. Видеодағы екі ер адам пәтерді жалға алғаны үшін төлем жасамағаны себепті ұсталған. Олардың біреуі кәмелетке толмаған. "Кәмелетке толмаған жасөспірім ата-анасына тапсырылды, оларға бала тәрбиесін тиісінше қадағаламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Екіншісі мас күйде болып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Аталған құқықбұзушылықтар үшін ол жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады полиция. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн суытады Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңбыр және қар Қазақстанның солтүстік бөлігінде солтүстік-батыс циклоны әсерінен жаңбыр, кей жерлерде нөсер күтіледі, 28–29 қыркүйекте жаңбыр қарға ауысуы ықтимал. Елдің оңтүстік бөлігінде оңтүстік циклон әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанады. Бүкіл ел аумағында күн суытады 28 қыркүйектен бастап солтүстік аймақтарға суық антициклон кіргеннен кейін, ол оңтүстікке жылжиды. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Ауа температурасы қалай өзгереді? Температуралық фон төмендегідей болады: елдің батысында: түнде +3…+8, күндіз біртіндеп +10…+18-ден +13…+22 градусқа дейін жылы; оңтүстік-батыста: түнде +10…+15-тен +7…+12 градусқа дейін төмендеп, күндіз +13…+18-ден +18…+23 градусқа дейін жылы болады; солтүстік-батыс пен солтүстікте: түнде +3…+13-тен -1…-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +10…+15-тен +3…+10 градусқа дейін жылы болады; Павлодар облысында, елдің орталығында: түнде +5…+15-тен +2…+7 градусқа дейін төмендеп, күндіз +22…+28-ден +7…+18-ге дейін жылы; шығыста: түнде +2…+10-нан +7…+15 градусқа дейін ауытқып, күндіз +25…+30-дан +20…+25-ке дейін төмендейді, өңірдің солтүстігінде +10…+15 градус жылы; оңтүстікте: түнде +9…+18-ден +5…+13 градусқа дейін төмендеп, күндіз +22…+32-ден +15…+28-ге дейін жылы; оңтүстік-шығыста: түнде +10…+15, таулы аймақтарда +0…+5 градус, күндіз +23…+30, таулы өңірлерде +15…+20 градус жылы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық көлік апаты үшін жол жұмысшыларынан 2 миллион теңге өндіріп алды Қазақстандық жол апаты үшін 2 миллион теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Былтыр қазанда облыстық маңызы бар Веденка - Қостанай тасжолында жол апаты болған. Соның салдарынан азамат Р.-ға тиесілі BMW маркалы көлікке техникалық зақым келген. Р. залалды өндіру туралы талап арызбен Қостанай қалалық сотына жүгінген. Сотта жол жұмыстары жүргізілген учаскеде жауапты тұлға, яғни учаске шебері жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескертетін жол белгілерін орнатпағаны анықталған. Бұл жол апатына себеп болған. Көлікті қалпына келтіру жұмыстарының құны 1 592 000 теңге болған. Сот шешімі Сот шешімімен азамат Р.-ның талаптары дұрыс деп танылып, ЖШС-дан 2 миллион теңге өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды Шымкентте "Цифрлық құралдар – су инфрақұрылымын басқарудың жаңа үлгісі" тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шараны қала әкімдігі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы" АҚ ұйымдастырды. Семинарға қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық ұйымдар, отандық және шетелдік компаниялар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен сумен жабдықтау саласының сарапшылары қатысты. Жиын Мемлекет басшысының "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Президент өз сөзінде цифрландыру мен жаңа технологияларды пайдалану тиімділікті арттыру құралы ғана емес, елдің тұрақты дамуы мен халықтың өмір сапасын жақсартудың басты тетігі екенін ерекше атап өткен болатын. Қала әкімінің бірінші орынбасары қарқынды дамып келе жатқан мегаполис үшін су ресурстарын тиімді әрі заманауи басқару мәселесінің айрықша маңызға ие екенін атап өтті. "Халық санының артуы, өнеркәсіптің дамуы және жаңа тұрғын алаптардың салынуы сапалы ауыз сумен қамтуды, тиімді кәріз жүйесін және сенімді инфрақұрылымды қажет етеді. Бүгінге дейін қолданылған дәстүрлі тәсілдер енді жеткіліксіз. Климаттың өзгеруі, тұтыну көлемінің және су шығынының өсуі – жаңа шешімдерді талап етеді. Сондықтан цифрлық құралдар мен автоматтандырылған жүйелерді енгізу – Шымкент пен тұтас ел үшін басымдыққа айналып отыр", – деді Айдын Кәрімов.
Дархан Сатыбалды мерзімнің сақталмауы мен жұмыстың сапасыз орындалғаны үшін мердігерлерді сынға алды Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдардың құрылтайшыларымен өткен кеңесте қаланың жобаларға немқұрайлы қарауға жол берілмейтінін айтты. Әкімнің айтуынша, миллиардтаған қаржы алған мердігер ұйымдар уәде етілген мерзімде ісін аяқтамай, сапасыз жұмыс істеп, қала келбетіне нұқсан келтіріп отыр. "Бірнеше ондаған техника мен жұмысшы жұмылдырылады деп жоспарланған нысандарда бар болғаны бір-екі көлік пен санаулы адам жүр. Ал тұрғындар опырылып кеткен жолға, шаң мен топыраққа, қазылғаннан кейін қайта қалпына келтірілмеген аумақтарға шағымданып жатыр. Бұл жұмыс емес, бұл жауапсыздық", – деді әкім. Мердігерлердің салғырттығы салдарынан жобалар ұзаққа созылып, кейде қаржылық қиындықтарға байланысты тоқтап қалады. Құрылыс барысында технологиялық талаптардың сақталмауы мен қазылған жолдың қайта қалпына келтірілмеуі де қала басшысының сынына ұшырады. Әкімнің айтуынша, небәрі бірнеше мердігер ұйымға ғана 38 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгендіктен, мұндай ауқымды инвестиция кезінде қала билігі нәтижені талап етуге толық құқылы. "Жағдайды сыртқы себептерге сілтеп, кінәні басқаға артуға болмайды. Жұмысты сапалы да уақытылы орындасын, әйтпесе Алматы жобаларынан оларды шеттетеміз. Салғырттыққа жол бергендерді лицензиясынан айырып, жауапқа тартамыз", – деді Дархан Сатыбалды.
Болашақта жұмыссыз қалмау үшін қандай мамандықтарды меңгеру керек? Министрлік жауабы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда шамамен 2,2 миллион жұмыс орнын жасанды интеллект алмастыра алатынын мәлімдеді. Tengrinews.kz тілшісі оған қандай мамандықтар кіретінін және қазақстандықтар болашақта жұмыссыз қалмауы үшін қандай мамандықты меңгеруі керек екенін анықтады. Қандай мамандықтар "жоғалады"? Министрлік мәліметінше, олар талдау жүргізіп, ең осал және болашағы бар мамандық топтарын анықтаған. Қауіп аймағына "ақпаратты күнделікті өңдеу, құжат айналымы және базалық операциялық міндеттермен" байланысты мамандықтар кірген. "Бұл санатқа әкімшілік және кеңсе мамандықтары: хатшылар, көмекшілер, операторлар, іс жүргізушілер, бухгалтерлік және есеп жүргізетін қызметкерлер жатады. Дәл осы мамандықтардың міндеттері автоматтандыруға көбірек бейім, өйткені олардың елеулі бөлігін жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер арқылы орындауға болады", – деп хабарлады министрлік Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында. Сонымен қатар, ведомство цифрландыру климаттың өзгеруі және демографиялық жағдайға байланысты салаларға да әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Бұл қатарда күнделікті, қайталанатын тапсырмаларды орындайтын мамандықтар да бар: конвейер мен құрастыру желісіндегі жұмысшылар – роботтандырылған өндірістің дамуына байланысты; автокөлік пен жүк көліктерінің жүргізушілері – пилотсыз көліктердің пайда болуына байланысты; кассирлер – автоматтандырылған кассалар мен өзін-өзі қызмет көрсету жүйесінің енгізілуіне байланысты; колл-орталық операторлары – оларды жасанды интеллект пен чат-боттар алмастыра алады; тракторшылар мен комбайн жүргізушілері – ауыл шаруашылығындағы автоматтандырылған техникаға байланысты. Бұл қашан болуы мүмкін? Ведомство дерегінше, жасанды интеллекттің еңбек саласына нақты қашан және қалай әсер ететінін болжау қиын. "Бүгінде жасанды интеллекттің еңбек нарығына қалай әсер ететіні туралы біржақты түсінік жоқ. Зерттеушілер пікірінше, бұл көбіне жасанды интеллекттің дамуына және оның қандай міндеттерді шеше алатынына байланысты. Массачусетс технологиялық институтының есебінде бірден көптеген жұмыс орнын алмастыру экономикалық тұрғыда мүмкін емес деп көрсетілген", – деп қосты министрлік. Онда жасанды интеллект қызметкерлерді ығыстырмай, тек кейбір міндеттерді автоматтандырып, оларға көмекші болатыны атап өтілді. Бұл еңбек өнімділігінің артуына және цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуына әкеледі. Осылайша, жасанды интеллект мамандықтарды толық алмастырмай, басқа міндеттерге уақыт босатады. Қандай мамандықтарды меңгеру керек? Әлемдік трендтер жаңа мамандықтарға сұраныс тудырып жатыр. Жасанды интеллект, деректерді талдау және киберқауіпсіздік IT-мамандарға, аналитиктерге және тәлімгерлерге деген қажеттілікті арттырады деп есептейді министрлік. Сонымен қатар "жасыл" трансформация жаңартылатын энергетика инженерлерін және экологтарды қажет етеді. "Демографиядағы өзгерістер кадрларды басқару және оқыту мамандарының рөлін күшейтеді. Министрлік осы салаларда дағдыларды дамытып, еңбек нарығындағы өзгерістерге дайын болуға кеңес береді", – делінген ресми жауапта. Сондықтан қазақстандықтарға мынадай салаларда білім алу ұсынылады: жасанды интеллект саласындағы әзірлеушілер мен инженерлер; деректерді талдау мамандары; киберқауіпсіздік сарапшылары; жаңартылатын энергия көздері инженерлері; "жасыл" технологиялар және тұрақты даму мамандары; HR-мамандар, кадрлар жөніндегі менеджерлер; тәлімгерлер, оқытушылар, жаттықтырушылар; психологтар және кеңесшілер. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметінен босатылды Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ержан Қазыхан Президенттің көмекшісі қызметінен босатылды Ержан Қазыхан Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Ол Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды. Бұл ретте Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістанда халықаралық қазақ-корей “Woosong University Kazakhstan“ ІТ университеті ашылды Түркістан қаласында ІТ мамандарын даярлайтын "Woosong University Kazakhstan" жоғарғы оқу орны салтанатты түрде ашылды. Оқу ордасының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ Ик, "Woosong Education Foundation" білім беру қорының құрметті төрағасы және басқарма мүшесі Ким Сон Кёнг арнайы қатысып, көпшілікті университеттің ашылуымен құттықтады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ел дамуында маңызды рөл атқаратын игі істің жүзеге асуына атсалысқан барша серіктестерге алғыс білдірді. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Нәтижесінде, 1,5 жыл бұрын Түркістан облысы әкімдігі мен Корея Республикасының "Woosong" білім беру қоры арасында жаңа университет ашу бойынша меморандумға қол қойылды. Ал, бүгінгі сәт – жаңа оқу орнының ашылуы ғана емес, халықаралық серіктестікке негізделген сапалы білім берудің бетбұрыс кезеңі. Мемлекет басшысының "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу" атты биылғы Жолдауында аталғандай, еліміз толыққанды цифрлық мемлекетке айналуды көздеп отыр. Түркістанда ашылып отырған шетелдік университет дәл осы Президентіміз белгілеген стратегиялық бағыттың нақты іске асуының айқын дәлелі. Ерекше мәртебеге ие болған қасиетті Түркістанды білім мен ғылымның орталығына айналдыру – мемлекетіміздің басты мақсатының бірі. Бүгінгі салтанатты іс-шара – сол мақсаттың айқын дәлелі. Студенттерге ғылыммен айналысып, жаңа идеяларды жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер ашылды. Баршаңызды "Woosong University Kazakhstan" университетінің ресми ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!" – деген Нұралхан Оралбайұлы оқу ордасынан білікті мамандар шығатынына сенім білдірді. Мәртебелі меймандар мен іс-шараға қатысушылар универсиетті аралап, оқу бөлмелерімен танысты. Студенттермен кездесті. Мұнда студенттерге барлық жағдай жасалған. Арнайы оқу құралдары және жабдықтармен қамтылған. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Кошербаев өз сөзінде филиалдың ашылуының тарихи маңыздылығына тоқталды. "Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта түрлі форматта 40 стратегиялық әріптестік жүзеге асырылды, оның 33-і – шетелдік университеттер филиалдары. Бүгін біз тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз – рухани бай әрі көне Түркістан қаласында Корея Республикасының жетекші университетінің филиалы ашылды. Бұл жоғары оқу орны жай ғана білім беру алаңы емес, халықаралық ынтымақтастық пен инновациялар орталығы және еліміздің зияткерлік капиталын қалыптастыратын жоғары білікті мамандар даярлайтын ортаға айналады", — деп атап өтті вице-премьер. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші білім беру хабына айналдыруға бағытталған жобалардың маңыздылығын атап өтті. Елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу осы стратегиялық мақсатқа жетудің маңызды бөлігі екенін айтты. Жаңа оқу жылында есігін айқара ашқан "Woosong University Kazakhstan" – табысты серіктестіктің жарқын үлгісі. Қонақтар "Тілектер кітабына" ізгі ниеттерін жазып, қол қойды. Тарихи сәттің құрметіне көпшілік назарына облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Сонымен қатар Корей елінен келген студенттер мен Түркістан жастары бірге би композициясын орындады. Түркістан облысы әкімдігі әрдайым жастарды қолдауға, сапалы білім мен ғылымға баса назар аударып келеді. Осы мақсатта облыс әкімдігі тарапынан университетке 100 грант бөлініп, олардың басым бөлігі өңір жастарына берілді. Білім ордасының 2000 студентке дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. Қысқа мерзім ішінде ашылған бұл жаңа оқу орнына республика бойынша үлкен қызығушылық байқалып отыр. Биыл осы университетте білім алуға Түркістан облысынан бөлек, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл және Қарағанды облыстарынан 400-ге жуық талапкер құжат тапсырған.
Әлихан Жамсатов ПӘ бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды Әлихан Жамсатов ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қанат Шарлапаевты қызметінен босатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаевты қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі қызметінен босатылды Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаевтың алдағы күндерге арналған жұмыс кестесі жарияланды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге арналған жұмыс кестесі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді. 27 қыркүйекте Астанаға Мьянма президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді. Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр. 29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан мен Украина ірі арнайы операция жүргізді 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Украинаның Ұлттық полициясы және Бас прокуратурасының кеңсесімен, сондай-ақ Қазақстанның Бас прокуратурасымен бірлесіп, алаяқтардың трансұлттық қылмыстық тобының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Черновцы мен Одесса қалаларында ұзақ мерзімді бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан азаматтарын алдаумен айналысқан алаяқтық call-орталық жойылды. "Қылмыскерлер алдын ала құрылған схема бойынша әрекет еткен. Олар жәбірленушілерге Қазақстанның Ұлттық Банкі, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері атынан қоңырау шалып, "күдікті операциялар" мен "террористік ұйымдарды қаржыландыру" үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, азаматтарды несие алуға, мүлкін сатуға және депозиттегі қаражатты дроптардың шотына аударуға мәжбүрлеген. Осылайша психологиялық қысым жасаған", - деді ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Өскембаев. ІІМ мәліметінше, топ нақты иерархиядан тұрған. Әркім өз рөлін атқарған. Онда әкімшілер, HR-менеджерлер, "клоузерлер", техникалық қызметкерлер, тіпті "күштік блок" болған. "Қылмыстық жолмен алынған ақша call-орталықтың жұмысына, автокөлік сатып алуға және тағы да басқа нәрселерге жұмсалды. "Кеңсені" ұстау үшін ұйымдастырушылар айына 60 мың АҚШ долларын жаратқан, ал күдіктілердің бірі соңғы алты айда бес көлік сатып алған. Бір мезгілде күдіктілердің тұрғылықты мекенжайлары бойынша және сall-орталықтың өзінде жүргізілген тінту барысында 30-дан астам компьютерлік техника, 79 ұялы телефон, sim-карталар, нысанды киім-кешек, құқық қорғау және арнайы органдардың, Ұлттық банктің қызметкерлерінің жалған куәліктері, азаматтарды алдауға арналған түрлі жауап нұсқалары бар алдын ала дайындалған сценарийлер, сондай-ақ басқа да айғақтар тәркіленді", - деді Аслан Өскембаев. Тәркіленген құрылғыларда deepfake технологиясы арқылы бейне мен дауысты өзгертуге арналған арнайы бағдарламалық жасақтама табылғаны айтылды. Алдын ала мәлімет бойынша қаскүнемдер Қазақстан тұрғындарын 900 миллион теңгеден астам сомаға алдаған. Арнайы операция нәтижесінде, Украинаның тоғыз азаматы ұсталып, оның бесеуі қамауға алынды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар AliExpress пен Temu тауарларын декларациялауға міндеттелмек Сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кеден кодексі туралы шартқа түзетулерді ратификациялады. Онда қазақстандықтар шетелдік маркетплейстерден сатып алатын тауарларға міндетті баж салығын енгізу қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түзетулер шартқа мынадай заңнамалық өзгерістерді енгізуді көздейді: онлайн сатып алынған тауарларды кеден арқылы өткізу тәртібі енгізіледі; мұндай тауарларды рәсімдеу, декларациялау, сақтау және шығарудың ережелері белгіленеді; кедендік төлемдерді төлеу тәртібі анықталады. Құжатта "электрондық сауда операторы" және "электрондық саудада сатып алынған тауарлар" ұғымдары бекітілген. Енді, әзірлеушілердің айтуынша, мұндай тауарларды электронды кедендік декларацияны пайдаланып, жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге болады. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Сенат кулуарында қазіргі заңнамаға сәйкес құны 200 еуродан (2025 жылы – 127 336 теңге) аспайтын және салмағы 31 келіден төмен тауарларға баж салығы салынбайтынын түсіндірді. Оның айтуынша, түзетулер интернет арқылы сатып алынған және кеденнен өтетін барлық тауарларға міндетті декларациялауды енгізеді. "Яғни адам келеді де, өзі тауарды декларациялауы тиіс немесе оператор – "Қазпошта" немесе DHL, басқа да кез келген компания бұл тауарды тұтынушы үшін декларациялап бере алады. Егер декларацияны компания толтырса, ол қызметтің құны 4-5 мың теңге болады. Сәйкесінше, тауардың бағасы осы сомаға қымбаттайды", – деді вице-министр. Салық салу жүйесі де өзгереді: егер қазір жиынтық төлем 15 пайызды құраса, енді баж салығы 5 пайыз, оған қоса 12 пайыз ҚҚС (келесі жылдан бастап 16 пайыз – еск.) болады. "5 плюс 12 – бұл 17 пайыз. Яғни 15-тен 2 пайызға қымбаттайды. Ал декларацияны толтыру құны – ол адамның өзіне байланысты. Егер мүмкіндігің болса – өзің толтыра бер, декларация өте қарапайым", – деп қосты Әмрин. Протоколды Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения қазірдің өзінде ратификациялаған. Ол ЕАЭО-ға мүше барлық елдер ратификациялағаннан кейін күшіне енеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада “Шапағат“ және “Әлем“ базарлары маңында өрт сөндіріліп жатыр Астанада "Шапағат" және "Әлем" базарлары маңында өртсөндірушілер қойма ғимаратындағы өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін желіде оң жағалаудағы қою қара түтіннің видеосы жарияланған болатын.Қалалық ТЖД мәліметінше, қойма ғимаратының шатыры өртенген. "Қазіргі сәтте астаналық өртсөндірушілер Байқоңыр ауданы, Толстой көшесінде орналасқан қойма ғимаратының шатырын сөндіріп жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар күшейтілген дәрежеде жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада. Кейін 280 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілгені белгілі болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр Оқиға орнында шамамен 50 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылғаны нақтыланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жамбыл облысында жасөспірім жол апатын жасап, әдеттегіден алты есе аз айыппұл алды Жамбыл облысында сот 16 жастағы жасөспірім жүргізушінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасына қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тараз әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігі (Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша кәмелетке толмаған жасөспірім пен оның анасына қатысты істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы тамызда көлік құралын басқаруға құқығы жоқ кәмелетке толмаған Е. (2008 жылы туған) Audi C4 көлігін тізгіндеп, жол жүрісі ережелерін сақтамаған. Нәтижесінде ол қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Jetta маркалы автокөлікпен соқтығысып, жәбірленушіге материалдық шығын мен жеңіл дене жарақатын келтірген. Сотта кәмелетке толмаған Е. кінәні толығымен мойындады және келтірілген залалды өтеуге дайын екенін айтты. "Сот құқық бұзушылықты бірінші рет жасауды және кінәні мойындауды жеңілдететін мән-жайлар ретінде анықтады. ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігінің санкциясы 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандарға 10 АЕК-тен аспайтын айыппұл тағайындалады. Осыған байланысты заңды өкіл Б.-ға 39 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы маңында тасжол опырылып, жүк көлігі түсіп кетті: видео Әлеуметтік желілерде жолдағы шұңқырға түсіп кеткен жүк көлігінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің Водник-3 шағынауданында болған. Кадрларда ауыр жүк көлігінің артқы бөлігі жолдағы шұңқырға батып кеткені көрінеді. Бұл ретте оқиға орнында асфальт үйіндісі жатқаны көрінеді. Оны жүк көлігі әкелген болуы мүмкін. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Krisp Almaty | Криспи Алматы (@krisp_almaty) Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
10 миллиард теңге шетелдік инвестиция: Астанада Komatsu сервис орталығы салынады Астанада Орталық Азиядағы ең ірі Komatsu қызмет көрсету орталығының құрылысы басталды: 10 миллиард теңгеден аса инвестиция, халықаралық серіктестік және технологиялық серпіліс. 24 қыркүйекте Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ииджима Ясумаса, Komatsu Ltd. компаниясының (Жапония) топ-менеджменті өкілі Ямадзаки Сатоси, "КӨМЕК МАШИНЕРИ Қазақстан" бас директоры Мейірхан Мұхамадиев және басқаларының қатысуымен техника жабдықтарын күрделі жөндеу және қалпына келтіру бойынша өндірістік кешеннің құрылысы басталды. "Бұл орталықтың ашылуы Жапония мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына жасалған жаңа қадам. Жаңа жоба елдің бүкіл ортаазиялық аймақтағы сервистік орталық ретіндегі рөлін нығайтады. Мұнда индустриялық базаны дамытуға ықпал ететін заманауи жапон технологиялары енгізіледі", - деді Ииджима Ясумаса. Компания мәліметінше, техниканы күрделі жөндеу кешені (ComponentsRebuild Center - CRC) Орталық Азиядағы алғашқы әрі ең ірі қызмет көрсету орталығы болады. Ол Қазақстанның тау-кен компаниялары үшін жабдықтарды жөндеу уақытын және құнын айтарлықтай қысқартады, неғұрлым жедел қызмет көрсетуді, қосалқы бөлшектердің түпнұсқасын алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жаңа технологиялар мен жабдықтар арқасында бөлшектердің қызмет ету мерзімін ұзартады. Жобаны республика аумағындағы Komatsu ресми дистрибьюторы "КӨМЕК МАШИНЕРИ Қазақстан" ЖШС жүзеге асырып жатыр. "Бұл жай ғана жаңа цех емес. Бұл – клиенттеріміздің сеніміне, өнімділігіне және болашағына жасалған стратегиялық инвестиция. Біз Mitsui Ltd және Komatsu Ltd.-мен бірлесіп, Қазақстанда Орталық Азияда тау-кен техникасына қызмет көрсетуді мүлдем жаңа деңгейге шығаратын, жаңа жұмыс орындарын ашатын және тау-кен индустриясының дамуына серпін беретін әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымды құрып жатқанымызды мақтан етеміз", - деді "КӨМЕК МАШИНЕРИ Қазақстан" бас директоры Мейірхан Мұхамадиев. Қызмет көрсету орталығының ресми ашылу рәсімінде серіктестер көне жапон дәстүрі бойынша бойтұмар-қуыршақ Даруманың бір көзін бояды. Бұл жобаның басталғанын білдіреді. Құрылыс сәтті аяқталғаннан кейін қуыршақтың екінші көзі боялады. Бағдарламаның ең қызық сәттерінің бірі Komatsu PC300-8 экскаваторларының биі болды. CRC жобасына жалпы инвестиция көлемі он миллиард теңгеден асты, ол тек жеке шетелдік инвестициялар есебінен. Компоненттерді жөндеу және қалпына келтіру бойынша жалпы аумағы бес мың шаршы метр болатын жаңа цех елорданың оң жағалауда орналасады. Орталық Komatsu заманауи стандарттарына сәйкес жабдықталып, қозғалтқыштар, трансмиссиялар, гидроцилиндрлер және ауыр тау-кен техникасының басқа да тораптарын толық циклмен – бөлшектеу, тазалау, ақауларды анықтау, жөндеу, құрастыру, сынақтан өткізу және бояу жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді. Құрылыстың бас мердігері ретінде күрделі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруда сенімді серіктес ретінде танылған Orbis Construction компаниясы таңдалды. Инженерлік сүйемелдеу ретінде Қазақстанның жетекші инжинирингтік компаниясы Engineering Services қатысады. Сурет: "КӨМЕК МАШИНЕРИ Қазақстан"
Кімдер жеңілдетілген салық режимімен қоштасады? Вице-министр құжат қашан жарияланатынын айтты Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимінде жұмыс істеуге тыйым салынатын немесе рұқсат етілетін қызмет түрлерінің, яғни ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi) тізімдерін жариялау жоспарланып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, құжат ертең 26 қыркүйекте жариялануы мүмкін. "Жұмада legalacts.egov.kz-ке шығаруға тырысамыз. Ресми баспасөз хабарламасы болады. "Ашық НҚА" порталында кез келген адам өз пікірін, ұсынысын жазып немесе "маған тізімді беріңіздер" деп айта алады. (...) Бұдан бөлек, бұл тізімді Ұлттық экономика министрлігі сайтында да орналастырамыз. Не ертең, не келесі аптаның басында жарияланады", – деді Әмрин 25 қыркүйек, бейсенбіде Сенат кулуарында. Вице-министр тізім туралы нақтылаған жоқ, жарияланымды күте тұруды сұрады. Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексі аясында 2026 жылы "жеңілдетілген" режимнен айырылуы мүмкін ЭҚЖЖ (ОКЭД) түрлерін атаған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда студент қыз қатарласын соққыға жыққан: оқиғаның видеосы тарады Атырауда колледж студентіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желіде тараған кадрларда ақ жемпір киген қыз жерде жатқан қатарласын ұрып-соққаны көрінеді. Атырау облысының Полиция департаменті күдікті ұсталып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылғанын хабарлады. "Барлығы профилактикалық есепке қойылып, материалдар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жіберіледі. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді полиция. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Кесар тілігі қасіретке айналған: қазақстандық әйел дәрігерлерді сотқа бермек Ақтөбе тұрғыны облыстық перинаталдық орталыққа жоспарлы кесар тілігін жасатуға барған. Алайда көптен күткен қуанышы нағыз қасіретке айналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2025 жылғы 18 тамызда Альбина Итеғұлова жоспарлы ота үшін Ақтөбе облыстық перинаталдық орталыққа жатқызылған. Әйел егіз сәби күтіп жүрген. Алайда операция барысында өмірлік маңызды ағзалары зақымданған. "Операциядан кейін менде абайсызда жасалған зақым пайда болды – қуық пен жатыр зардап шекті. Қазіргі кезде бұл екі ағза бір-бірімен жалғасқан ағза секілді жұмыс істейді. Олардың арасында тесік пайда болған. Енді жатырда не жиналса, соның бәрі қуыққа кетеді, ал қуықтағы сұйықтық қайтадан жатыр аймағына өтеді", – дейді ақтөбелік әйел. Оның айтуынша, мұндай жағдайға ота жасаған дәрігердің салғырттығы себеп болған. Альбина Итеғұлова дәрігер жағдайды уақытында байқамағанына сенімді. Альбина мұндай күйде жаңа туған егізге қарай алмайтынын айтады: өзіне де үнемі күтім қажет. Сол себепті оның анасы жұмысынан шығып, сәбилерге қарауға әрі қызына көмектесуге мәжбүр болған. Фото Tengrinews.kz Әйел көмек сұрап әлеуметтік желіге де жүгінген. Кейін жағдай Денсаулық сақтау министрлігіне дейін жеткен. Перинаталдық орталық операция қиындықсыз өткенін, ал асқыну себебі кесар тілігінің қайта жасалуы мен бұрынғы операция болуы мүмкін екенін алға тартады. "Ота жасаған бригада мықты әрі тәжірибелі болды. Операция техникалық тұрғыдан еш ерекшеліксіз өтті. Несеп-жыныстық зақымның пайда болуы көбіне қайталама кесар тілігіне байланысты болады. Сонымен қатар науқастың бұрын құрсақ қуысы мен кіші жамбас аймағында, оның ішінде қуығына да операция болған, бұл асқынуға себеп болуы мүмкін", – деп түсіндірді перинаталдық орталық директорының орынбасары Светлана Есенаманова. Денсаулық сақтау басқармасы әйелге Қазақстанда әрі қарай емделу үшін квота рәсімдеуге көмектесуге дайын екендерін айтты. "Пациенттің келісімімен мемлекеттік квота алу үшін қажетті медициналық құжаттар дайындалады", – деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құштаева. Алайда Альбина Итеғұлова Қазақстанда жасалатын отадан бас тартқан. Ол толыққанды тек шетелде емделгісі келеді. Сонымен қатар әйел болған жағдайға кінәлі деп есептегендерге қарсы сотқа шағым дайындап жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Соттылық және қарыз: Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істейді ме? Әлеуметтік желілерде сотталған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа оралғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Бұған дейін әлеуметтік желілерде Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ғылыми-техникалық кеңесте жасанды интеллект бойынша секцияны басқарғаны туралы ақпарат тарады. Оның әлеуметтік желілердегі парақшасында да осы кеңестегі жұмыс орны көрсетілген. Сонымен қатар, кейінгі жазбаларының бірінде 10-11 қазанда Астанада V республикалық форум аясында сессияға қатысатынын жариялаған. Министрлік не дейді? Tengrinews.kz сауалына берген жауабында Денсаулық сақтау министрлігі Олжас Әбішев ведомствоның штаттық қызметкері емес екенін хабарлаған. Соған қарамастан, ол ғылыми-техникалық кеңес жұмысына қатысады. Десе де арада ешқандай еңбек қатынасы рәсімделмеген. Ол не үшін сотталды? 2022 жылғы қазанда сот Олжас Әбішевті "Лауазымдық өкілетін теріс пайдалану" бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, сот одан және Біртановтан мемлекет пайдасына 1,3 миллиард теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Амир Капитал“ криптопирамидасы: сот 10 миллион доллар болатын активтерді бұғаттады ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Amir Capital қаржы пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған Amir Capital компаниясы үш жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы қаржы тартқан. Олар 5-10 пайыз мөлшерінде табыс табуға уәде еткен. Инвесторлар компанияның ресми сайты арқылы жолданған сілтеме бойынша тіркелген. Жеке кабинеттерді толтыру криптовалюта түрінде (USDT, BTC, ETH) Amir Wallet әмияны арқылы жүзеге асқан. Түскен қаражат қаржы пирамидасының ұстанымы бойынша бөлініп отырған. Яғни бұрын тіркелген қатысушыларға кейінгі салымшылардың қаржысы есебінен ақша төленген. ҚМА мәліметінше, бұл пирамидаға 40-тан аса адам тартылған. 2021 жылдың аяғында салымшылардың amir.capital платформасындағы жеке кабинеттерінен қаражат шығару мүмкіндігі шектелген. Ұйымдастырушылар бұл жағдайды техникалық ақау деп түсіндіріп, төлемді қайта бастауға уәде бергенімен, бұл орындалмаған. "Құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер телімі бұғатталды. Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды", - деп жазылған ҚМА хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар АҚШ-қа сәлемдеме жібере алмай жүр: себебі неде? АҚШ-қа сәлемдеме жібермек болған қазақстандықтар күтпеген мәселеге тап болды. Пошта бөлімшелерінде жөнелтілімді қабылдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Telegram-ботқа оқырман хабарласып, бір айдан бері АҚШ-қа сәлемдеме жібере алмай жүргенін айтты. "Соңғы ай бойы бірнеше рет сәлемдеме жібермек болдым, бірақ Қазақстандағы ешбір пошта бөлімшесі АҚШ-қа мұндай жөнелтілімдерді қабылдамайды. "Неге?" деген сұраққа пошта қызметкерлері нақты жауап бере алмайды. "Қазпошта" ресми сайтында да мұндай шектеулер туралы ақпарат жоқ", - деп жазды ол. "Қазпошта" не дейді? "Қазпошта" баспасөз қызметі Tengrinews.kz сауалына берген жауабында, шектеу АҚШ тарапынан енгізілгенін түсіндірді. "Қазпошта" АҚ" хабарлайды: АҚШ-тың шекаралық-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне сәйкес, АҚШ-тағы алушыларға тауар салынған сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылады. Хаттар мен құжаттарды жіберу әдеттегі тәртіппен жалғасады", - деп мәлімдеді компания. Ұлттық пошта операторы жаңа ережелердің әлемдегі көптеген елге қатысты екенін нақтылады. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 елдің ішінде небәрі бес мемлекет қана АҚШ-қа тауарлық сәлемдемелер жібере алады. Tengrinews.kz редакциясы ресми пікір алу үшін АҚШ тарапына да жүгінді. Материал жарияланған сәтте жауап келмеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет алматылықтарға ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "25 қыркүйекте Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Депутат “Алтын орданы“ және Болат Назарбаевтың ұлының активтерін тексеруді талап етті Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаевтың мүлкіне тексеріс жүргізуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутаттың сөзінше, жуырда Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев сот шешімімен 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылып, бұл мүлік мемлекет меншігіне қайтарылған. "Оған 925 миллион теңге айыппұл және 230,4 миллион теңге айыпақы салынды. Ең бастысы оның барлық банк шоты бұғатталып, компания кірісін және жеке мүлкін басқару құқығынан айырылды", - деді ол. Ринат Зайыт мәселе мұнымен бітпейтінін айтты. "Бұл әулеттің рейдерлік жолмен иеленген базарлары, сондай-ақ, Алматы қаласы мен облысында заңсыз алған жер телімдері туралы қоғамда түрлі дерек айтылып жүр. Әсіресе, атышулы "Алтын орда" базарына қатысы жиі сөз болады. Алайда бұл нысандардың тәркіленген активтер қатарында бар-жоғы әзірге белгісіз. Себебі бұл мәселелердің нақты жай-жапсары ашық түрде жарияланбаған. Сот шешімдері шыққанымен, процестер жабық түрде өтуі қоғамда алаңдаушылық туғызады. Өйткені активтердің қайтарылғаннан кейінгі тағдыры, олардың халыққа нақты пайдасы, жұмыс орындары сақталуы сияқты мәселелер түсініксіз қалып отыр", - деді депутат. Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Бас прокурор Берік Асыловқа мынадай сауалдар жолдады: Нұрбол Назарбаевтың иелігіндегі компаниялар мен активтерге түгендеме жүргізіп, оның заңдылығын анықтау, заңсыздарын мемлекет меншігіне қайтару. Қайтарылған заңсыз активтер және олардың пайдаланылуы бойынша толық ақпаратты жұртшылыққа қолжетімді ету. "Алтын орда" базары және Алматы қаласы, Алматы облысындағы заңсыз иеленген жер телімдері бойынша тергеуді бастау. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Мамасита, Жолшыбеков, AminaXO, JustKing миллиардтап жинаған“: Депутат блогерлер туралы айтты Депутат Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс отырысында заңсыз лотерея өткізіп, табыс тапқан блогерлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутаттың сөзінше, бүгінде ақшаға келгенде арды аттап кететіндер, байлыққа бұқараны алдап жететіндер аз емес. "Ойыннан ойын шығарып, оны желіге жүктеп, халықты тақырға отырғызуды табыстың көзі қылғандарды ауыздықтау үшін "Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері туралы" заң жобасы жазылғанын білесіздер. Соның нәтижесінде 2024 жылы заңсыз лотерея ұйымдастырған 101 адамға 41 млн теңге айыппұл салынды. Оңай ақшаға құныққандардың көзін ақшаның шелі басқаны сонша - өзгелер от басқанын көрсе де, заңсыз лотерея ұйымдастыруды қояр емес. 2025 жылдың басынан бастап бүгінге дейін тағы 79 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 33,1 млнтеңге айыппұл салынды", - деді ол. Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, әлеуметтік желінің мүмкіндігін белсенді пайдаланатын инфлюенсер алаяқтар уақытша компаниялар құрып, пайдасыз видеокурстар дайындап, соны сату деген сылтаумен заңсыз лотерея ұйымдастырып жатыр. "Қарапайым азаматтарды бұл заңсыз іс-әрекеттерге көптеп тарту үшін сыйлық ретінде пәтер, көлік, электроника мен смартфондар, тіпті зәулім коттедждер тігіп жатыр", - деді депутат. Осы тұста ол бірнеше блогердің есімін атады. "Оқырман саны 3 миллион болатын Дархан Жолшыбеков "darhanzholshybekov" парақшасы арқылы 300 миллион теңге тұратын зәулім үйіне заңсыз ұтыс ұйымдастырып, шамамен 1,5 млрд теңге жинаған. Ал оқырман саны 6,9 миллион болатын Әлия Байтуғаева "supermamasitа" парақшасы арқылы бірнеше рет бағалы сыйлықтар ойнатып, деректер бойынша 500 миллион теңге қаражат жинаған. Жалпы оқырманы 13 миллион болатын, "Justking31" және "AminaXO" Instagram парақшаларының иелері Нұртаза Нұрбек пен Амина зәулім үйлерін заңсыз лотерея ұйымдастыру арқылы сатып, 1,5 млрд теңге сомасында қаржы жинаған", - деді ол. Еске салайық, бұған дейін блогерлер Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанәбіловке қатысты іс Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Атырауда балалар алаңында 9 жастағы баланы соққыға жыққан күдікті ұсталды Атырауда балалар алаңында оқушыны соққыға жыққан оқиға бойынша полиция тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция 21 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бала жеңіл дене жарақатын алған, оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, аталған дерек бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді. Оқиға қалай болған? 24 қыркүйекте әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның ойын алаңында ойнап жүрген балаларға жақындап, 9 жастағы баланы соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Оқиға Алмагүл ықшамауданында болғаны хабарланды. Жазбаларда белгісіз жігіт еш себепсіз балаға шабуылдап, дене жарақатын салғаны, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткені айтылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ресей мен Украина келіссөздеріне қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасында делдал болудағы Қазақстанның рөлі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Tengrinews.kz тілшісі Владимир Зеленскийдің мәлімдемесінен кейін Қазақстан Украина мен Ресей лидерлерінің кездесуін Астанада ұйымдастыруға дайын ба және мұндай келіссөздер жүргізіліп жатыр ма деген сұрақ қойды. "Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыста делдал емес және өзін олай санамайды. Менің ойымша, екі тарап та барлық даулы мәселе бойынша түрлі деңгейде диалог жүргізе алады. Әрқашан "украин дағдарысы" аса күрделі деп санап, оны жеңілдетуге болмайтынын жария түрде айтып келемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президентінің айтуынша, әскери іс-қимылдар жалғасқан сайын көптеген мәселе қабаттасып барады: аумақтық, тарихи, ұлттық, тілдік және, әрине, саяси. "Иә, аумақтық мәселе қазір ең басты әрі ең қиын мәселе, бірақ оны келіссөздер үстелінде шешу әзірге мүмкін болмай тұр. Өйткені тарихи тақырыптарға қатысты қатар жүретін талқылаулар бар (Киев Русі, "аумақтық сыйлықтар", украин мемлекеттілігі және басқалар), мұнда түрлі пікірлердің ауқымы кең, соның ішінде ерекше және тіпті экзотикалық ойлар да кездеседі. Дегенмен келіссөздерді жалғастыру қажет, бұл туралы БҰҰ-дағы сөзімде де айттым". "Егер Ресей мен Украина лидерлері Қазақстанға келгісі келсе, келіссөздерді сәтті өткізу үшін барлық қажетті қызметті ұсынамыз". Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский Нью-Йоркте – БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында кездескен еді. Кейін Fox News-қа берген сұхбатында Зеленский Ресей Президентімен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Өмірдің құны 395 200 теңге ме?“ Марқұм қазақстандықтың туыстары Түркиядағы сот шешіміне ашуланды Түркияда 38 жастағы қазақстандықты жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып өлтірген. Қайғылы оқиғадан екі жыл өткен соң сот кінәліге шамамен 400 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды, бұл марқұмның туған-туыстарының ашуын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? 13 қазанда Түркияның Аланья қаласында ЖКО салдарынан Қазақстан азаматшасы қаза тапты. 38 жастағы Әлия Құлмағамбетованы жаяу жүргіншілер өткелінен бағдаршамның "жасыл" түсіне өтіп бара жатқан кезінде көлік қағып кеткен. ЖКО D-400 тасжолында, Кестель ауданында болған. Полиция мәліметінше, әйел жолдан белгіленген жерде өткен. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Alanya Son dakika Haberleri (@alanya.son.dakika.haberleri) Екі жылдан кейінгі үкім 23 қыркүйекте Түркияда осы іске қатысты үкім шығарылды. Оқиға бойынша тергеу тура екі жылға созылған. Алайда сот шешімі марқұмның туыстарын қатты қынжылтты. "Судья 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, кейін соттылығының жоқтығын ескеріп, жазаны 2 жыл 1 айға дейін қысқартты, ал одан кейін бұл мерзімді айыппұлға ауыстырды – 30 400 лира немесе 395 200 теңге. Мұны ата-анамызға қалай айтамыз? Бұл қалай? Кінәлі асқан жылдамдықпен келе жатып, қарындасымды жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кетті, ал жазасы 700 доллар ма? Шетелде жүрген қазақстандықтардың өмірінің құны осындай ма? Бірақ бұнымен біткен жоқ, кінәліге бар болғаны 4 ай көлік жүргізуге тыйым салынды", – деп жазды марқұмның туысы Меруерт Ибраева Facebook-парақшасында. Tengrinews.kz тілшісі зардап шеккен тараппен байланысқа шықты. Марқұм қыздың анасы Дариға Молдабекова сот басталмай тұрып-ақ, бөтен елде әділдікке қол жеткізу қиын болатыны жөнінде естігенін айтты. Кінәліге айыппұл түрінде жеңіл жаза тағайындау туралы сот шешімі отбасын қатты есеңгіреткен. Алайда Молдабековтар бұл шешіммен келіспей, апелляция бермек. Сондай-ақ марқұмның туыстары адвокаттың қолында Әлия Құлмағамбетованың жолды белгіленген жерден өткені дәлелденген барлық айғақтар бар екенін жеткізді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Перизат Қайрат пен оның анасы қазір қайда? Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева қазір қайда? Бұл сұраққа Астана прокурорының көмекшісі Индира Жұмағалиқызы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Прокурордың айтуынша, қазір Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева Астананың тергеу изоляторында отыр. "Сот үкімі күшіне енбегендіктен, олар тергеу изоляторында ұсталады. Ұстау шарттары бойынша маған шағым түскен жоқ. Олар бір мекемеде, бірақ бөлек (әр түрлі камераларда - еск.) отыр",- деді ол. Еске салайық, Перизат Қайрат - Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. 2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Еске салайық, биыл 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ninety One тобы жаңа Iya Iya бейнебаянымен оралды: үзілістен кейінгі жаңа ритм Екі жылдық үзілістен кейін танымал бойз-бенд Ninety One жаңа музыкалық трек пен бейнебаянның тұсаукесерін өткізді. Iya Iya деп аталатын туынды әлемдік цифрлық төлемдер индустриясының көшбасшысы Visa компаниясымен серіктестікте жасалды. Iya Iya бейнебаянында Ninety One тобының әншілері жанкүйерлер сүйіп тыңдайтын қарқын, жылдамдық және батылдық сияқты сол бұрынғы энергиясын паш етеді. Басты назар қозғалыстың динамикасы мен еркіндігіне қойылған - бұл әннің басты тақырыптары. Топтың шығармашылығы өңірлік музыкалық индустрияға жаңа ырғақ береді, ал Visa технологиялары ілгері жылжуға көмектеседі. Мәселен, бейнебаянда көрсетілгендей, смартфон немесе сағат арқылы Visa-мен жасалған төлем тек бірнеше секундты ғана алады. "Visa үшін бұл жай ғана серіктестік емес - бұл өңірдің креативті индустриясының дамуына қосқан үлес. Iya Iya бейнебаянында Ninety One-мен бірлесу арқылы біз цифрлық төлем технологияларының мәдениетке қалай табиғи түрде еніп, шабыт беріп, біріктіре алатынын көрсеттік. Біз шығармашылық бастамаларды қолдау адамдардың әлеуетін ашуға, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді қалыптастыруға және идеялар, ынтымақтастық пен инновациялар үшін кеңістік құруға септігін тигізетініне сенеміз", - деді Visa компаниясының Орталық Азия бойынша вице-президенті және аймақтық менеджері Санжар Сүлейменов. "Үзілістен соң қайта оралғанда, ең маңыздысы -жан дүниені қозғайтын музыкамен келу. Iya Iya - алға ұмтылу туралы ән. Бұл қадамды Visa-мен бірге жасау бізге қуат берді: бірлескен жұмысымыз ойымызды айқындап, тыңдармандарға жаңаша жеткізуге және алға жетелейтін энергия сыйлауға мүмкіндік берді", - деп атап өтті Ninety One тобы. Жаңа Iya Iya бейнебаянын топтың Youtube-арнасынан көруге болады. Visa компаниясы туралы Visa (NYSE: V) - цифрлық төлемдер индустриясының жаһандық көшбасшысы. Компания 200-ден астам ел мен аумақта тұтынушылар, бизнес, қаржы ұйымдары және мемлекеттік мекемелер арасындағы төлем операцияларын өңдейді. Біздің миссиямыз - инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, тұтынушылардың игілігіне және бизнестің, экономиканың өркендеуіне ықпал ету. Біз экономикадағы баршаға қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының артуына сеп болып, болашақта жаһандық ақша айналымының негізіне айналады деп сенеміз. Толығырақ мына сілтемеде: https://www.visa.com.kz/.
Қазақстандықтар алғашқы АЭС атауын таңдайды: байқау қашан басталады? Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру байқауы 25 қыркүйекте басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Атом энергиясы жөніндегі агенттікте елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру жөніндегі жалпыұлттық байқау өткізу комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Отырыс барысында комиссия мүшелері ұйымдастыру мәселелерін қарастырып, жалпыұлттық байқау өткізу ережелерін бекітті: 25 қыркүйек - конкурстың басталуы туралы ресми хабарландыру; 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін - eGov Mobile қосымшасы арқылы ұсыныстарды қабылдау; 11-20 қазан аралығы - ұсыныстарды талдау; қазанның аяғына дейін АЭС-тің үздік атауын анықтау. Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкендегі АЭС-ке атау беру бойынша байқау жариялауды ұсынды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар мен шетелдіктердің жасырын табысы жаңа әдіспен есепке алынбақ Қазақстанда көлеңкелі экономиканы анықтау әдістемелеріне өзгерістер енгізілді. Енді олар жасырын кірістерді дәлірек анықтауға мүмкіндік береді және заңсыз бизнестің жаңа нысандарын ескеретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоғары аудиторлық палата былтыр көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігіне аудит жүргізді. Тексеру барысында жасырын және заңсыз кірістерді есептеудің қолданыстағы әдістемелері ескіріп, көлеңкелі ақшаның көптеген нақты көздерін ескермейтіні анықталды. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросына оларды қайта қарау тапсырылды. "Нәтижесінде бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі жаңартылды. Бұрын ол білім беру, денсаулық сақтау және бос уақыт өткізу салаларын толық қамтымаған. Енді осы бағыттарды есептеу алгоритмдері өзектілендіріліп, толықтырылды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар: тауарларды қайта сату үшін әкелетін жеке тұлғалардың; мал өсірумен, ет сатумен, картоп және майлы дақылдар өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің; демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру, көлік жуу бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлердің; ҚР аумағында табыс табатын шетел азаматтарының жасырын кірістерін есепке алудың жаңа тәсілдері енгізілді. Мұның бәрі ресми статистикаға түспейтін кіріс көлемін дәл бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар заңсыз қызмет көлемін бағалау әдістемесіне көптеген өзгеріс енгізілді. Жаңа факторлар ескеріліп, кемшіліктер түзетілді: тыйым салынған заттардың қолданыстағы тізбесі бойынша синтетикалық есірткі айналымының есебі қайта қаралды; есірткіге тәуелділер саны туралы дереккөздер нақтыланды; есірткі тауарларын өндіру есебі қайта қаралды; заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және балық өндірісі бойынша санау формулалары түзетілді; контрафакті, қолдан жасалған тауарлар және пираттық көшірмелер бойынша дереккөздер нақтыланды. "Шағын кәсіпорындар бойынша деректер жинауды түзету бағыты жеке қаралды. Бұрын олардың автомобиль сату мен жөндеу саласындағы қызметі іріктеліп есепке алынған, енді статистика толығымен жиналады. Бұл бақыланбайтын экономиканы есептеуде жол берілетін бұрмалауды жою үшін қажет", - делінген хабарламада. Қабылданған өзгерістер мемлекетке көлеңкелі экономиканың ауқымын дәлірек бағалауға мүмкіндік беретіні айтылды. Жаңа деректердің негізінде уәкілетті мемлекеттік органдар анағұрлым уақытылы және тиімді шаралар қабылдай алады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыға трамвайлар қайтарылмақ: ол қай бағытта жүреді? Алматыға трамвайларды қайтару жоспарланып отыр. "Алматыбасжоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов бағыттарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыдағы SHARE Халықаралық архитектуралық форумында Асхат Садуов қалада трамвайлар қайта пайда болатынын мәлімдеді. "Трамвай "Барлықтан" Төле би көшесі бойымен жүреді. Бұрынғы жолында. Біз оны әуежай бағытына дейін созамыз, осылайша батыс пен шығысты байланыстырамыз. Біздің мақсатымыз – адамдардың 20 минут ішінде жүріп-тұруына мүмкіндік беру. Бұл әлемдік тәжірибе және ақылға қонымды шешім", – деді ол. Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Садуовтың айтуынша, іске асыру мерзімі келісімшарт форматына және қаржыландыру көздеріне байланысты болады. "Егер бұл EPC+F (жобалау, құрылыс және қаржыландыру) болса, онда бес жыл ішінде трамвайды іске қоса аламыз. Құрылыс неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым қымбат болады, сондықтан инвесторларды тарту үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді ол. Айта кетейік, Алматыда трамвайлар 2015 жылғы бірқатар апаттардан кейін жүрмей қалды. 21 қыркүйекте Шевченко мен Масанчи көшелерінің қиылысында вагонның тежегіші істен шығып, 17 көлікті соқты, бес адам зардап шекті. Үш аптадан соң осындай апат Сейфуллин – Мақатаев көшелерінде болды: трамвай 14 көлікке соғылып, төрт адам жарақат алды. Осыдан кейін қала тұрғындары трамвайдан қорқатын болды және олардың қозғалысы тоқтатылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алғаш рет фармкомпания EcoVadis күміс медалін алды "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" EcoVadis күміс медалін алған және орнықты даму жөнінен топ-15 пайыз әлемдік көшбасшылар қатарына енген Қазақстанның бірінші фармацевтика компаниясы болып отыр. Халықаралық бағалауға дайындық барысында AstraZeneca Kazakhstan және KPMG Caucasus and Central Asia сарапшылары қолдау көрсетті. Орнықты даму саласындағы EcoVadis халықаралық рейтинг компаниясының тәуелсіз бағалауы бойынша, "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" Қазақ фармацевтика компаниясы" ЖШС ESG жоғары рейтингін иеленді (100 баллдан 76 немесе 94 процентиль). Бұл компанияға орнықты даму саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың 15%-ы қатарына еніп, күміс медаль иеленуге мүмкіндік берді. Компания өкілдерінің айтуынша, МЕДСЕРВИС ПЛЮС мұндай марапатқа ие болған Қазақстандағы бірінші фармацевтика ұйымы. Компания өкілдерінің сөзінше, EcoVadis бағалауына дайындық кезінде KPMG Caucasus and Central Asia сарапшылары қолдау көрсеткен. Мамандар орнықты дамуға бастайтын жүйелі жол құруға көмектескен: диагностика жасаған, экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқаруды біріктіретін ESG стратегия дайындаған. Стратегия компанияның орнықты даму мен ашықтықты ұстанатынын көрсетеді. Сонымен қатар, парниктік газдардың шығарындысын есептеу және көмірсутек шығарындысын төмендету бағдарламасы даярланған. EcoVadis күміс медалі жаһандық стандарттарға сәйкес ESG тәжірибесінің жоғары деңгейін нақтылайды. "Бұл біз үшін жай ғана марапат емес, орнықты даму жолында таңдаған бағытымыз дұрыс екенінің дәлелі. Біз бұл жетістікті бүкіл команданың жеңісі әрі жаңа өршіл мақсаттарға қарай жасалған маңызды қадам деп қарастырамыз. Халықаралық AstraZeneca Kazakhstan биофармацевтика компаниясына жемісті әріптестік үшін айрықша алғыс айтамыз, осы байланыстың арқасында ауқымды бастамаларды енгізуге және орнықты даму бағытын нығайтуға жол ашылды", – деді МЕДСЕРВИС ПЛЮС басқарма төрағасы Жанат Умаров. Компанияның серіктесі, KPMG Caucasus and Central Asia орнықты даму тәжірибесінің жетекшісі Ғабит Мүсірепов фармацевтика секторына орнықтылық жөнінен жоғары талаптар қойылатынын айтты. "Жеткізу тізбегінің күрделі болуы, суықтай жеткізу логистикасының қажеттігі, қатаң реттеу стандарттары мен қоғамның айрықша назар аударуы ESG тәжірибені стратегиялық қажеттілікке айналдырады. МЕДСЕРВИС ПЛЮС тәжірибесі қазақстандық бизнестің бәсекеге және халықаралық талапқа сәйкес келуге дайын екенін көрсетеді", – деді Мүсірепов. МЕДСЕРВИС ПЛЮС өкілдері фармкомпанияның өндіріс алаңы және 28 жылдық тәжірибесі бар, Қазақстандағы жоғарыдан интеграцияланған жетекші фармацевтика дистрибьюторы екенін еске салады. Компания әлемдік деңгейдегі 320 өндірушімен әріптестік байланыс орнатқан, 7 900-ден астам атаулы өнімді таратады, 14 филиалы бар. KPMG – бүкіл әлем бойынша аудит, салық және консалтинг қызметін көрсететін ірі кәсіби фирмалар желісінің бірі. KPMG CCA компанияларға ESG стратегия жасауға, қаржылық емес есептерді дайындауға және халықаралық рейтингтерден өтуге қолдау көрсетеді.
Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін айтты Украина, батыс елдерінің көшбасшылары, соның ішінде Франция президенті Эммануэль Макрон және Түркия "бәрі бірге" Кремльге Украина мен Ресей президенттерінің екіжақты кездесуін бірқатар елде, соның ішінде Қазақстанда өткізуді ұсынды. Бұл туралы Украина көшбасшы Fox News арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Біз Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Еуропаның бейтарап елдерінде – Австрия мен Швейцарияда кездесу өткізуді ұсындық. Біз: "Егер тіпті қаласа, Қазақстан сияқты жерде өткізуге де дайынбыз" - дедік. Сол ғана", – деді Зеленский. Жүргізушінің нақтылау сұрағына Зеленский Ресей басшысымен кездесуге дайын екенін растады. Бір апта бұрын Зеленский алдын ала шартсыз үшжақты немесе екіжақты форматта Трамп және Путинмен кездесуге дайын екенін тағы да мәлімдеген еді, бірақ бірден шарт қойды – Мәскеуде емес. Бұған дейін Путин, егер Зеленский кездесуге дайын болса, онда Мәскеуге келсін деген. Алайда Зеленский бұл ұсыныстан бас тартып, Путинді келіссөзге Киевке шақырды. Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жаз бен күздің арасы: оңтүстікте ыстық, батыста суық Қазгидромет синоптиктері 25, 26 және 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңбыр, бұршақ және тұман Алдағы күндері атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 26 қыркүйекте – батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте – солтүстікте, солтүстік-батыста жаңбыр, бұршақ және жел күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы уақытта шығыста, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі. Ауа температурасы қалай өзгереді? Батыс: түнде 12-17 градустан 2-7 градусқа дейін салқындайды, кей жерлерде -2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз 20-28 градустан 10-23 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыс: түнде 7-15 градустан 3-11 градусқа дейін төмендейді, күндіз 23-29 градустан 10-18 градусқа дейін. Солтүстік: түнде 10-16 градустан 5-13 градусқа дейін, күндіз 20-28 градустан 12-25 градусқа дейін. Орталық: түнде 5-13, күндіз 20-25 градус жылы. Шығыс: түнде 0-8 градустан көтеріледі, кей жерлерде -2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз 15-25 градустан 20-28 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік: түнде 5-15, күндіз 25-30 градус жылы. Оңтүстік-шығыс: түнде 5-13 градустан 7-15 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 15-27 градустан 22-30 градусқа дейін көтеріледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыдағы Денис Теннің есімі берілетін көше қандай? Алматының Бостандық ауданындағы бір көшеге марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі беріледі. Tengrinews.kz тілшісі бұл көшеге барып, оның қазіргі жағдайын көріп қайтты. Айта кетейік, жақында Алматы мәслихатының сессиясында қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің есімі Бостандық ауданындағы бір көшеге берілетіні туралы шешім қабылданды. Спортшының құрметіне Президент саябағынан жоғары орналасқан "Архат" шағынауданындағы 7-көше атауы өзгеретін болды. Қандай көше? Tengrinews.kz тілшісі 7-көшеге барып қайтты. Бұл тұйық әрі шағын ғана көше болып шықты – ұзындығы шамамен 800 метр. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин Көшенің екі жағында да қымбат жекеменшік үйлер орналасқан. Кей жерлерде биік қоршаулар артында құрылыс жүріп жатыр. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин Сондай-ақ мұнда биік қылқанжапырақты ағаштарды байқауға болады. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин Үйлердің қоршауларындағы көше атаулары әлі де бұрынғы қалпында тұр. Онда Денис Теннің есімі көрсетілмеген. Алайда оларды ауыстыру үшін әлі біраз уақыт керек. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин Еске салайық, марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі Алматыдағы бір көшеге берілетіні туралы биыл шілдеде белгілі болған еді. Сол кезде Денис Теннің анасы Tengrinews.kz-ке бұл жаңалықты күтпегенін айтты. "Менің ойымша, мұны бұрын жасау керек еді, бірақ бұл жаңалыққа қатты қуаныштымын. Енді олардың қандай шешім қабылдайтынын білгім келеді", – деп қысқа жауап берді Оксана Тен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада зейнеткерлер Қарттар күніне орай бір реттік төлем алады Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы төлемдер бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап. Біржолғы төлем мөлшері екі жарым айлық есептік көрсеткішті (АЕК) – 9830 теңге. Көмек жасына байланысты зейнетақы алатын зейнеткерлерге, оның ішінде ең төменгі зейнетақы алатын және елордада тіркелген қарттарға беріледі. "Астана мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес, әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай төлем түрінде 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі", – деп хабарлады Астана жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ұсынған ресми деректерге сәйкес, Астанада Қарттар күніне орай 100 мыңнан аса зейнеткер ақшалай көмек алады. Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда аталып өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды Қазақстанның сұрауы бойынша Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген Д. ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ІІМ мәліметінше, Германияның құқық қорғау органдары іздеуде жүрген адамды анықтап, қамауға алған. Tengrinews.kz дереккөзінің мәліметінше, ұсталған адам - Мақсат Дүйсенов. Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланғанын растады. qamqor.gov.kz Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ауқымы тіпті қорқынышты“ - Тоқаев Газадағы жағдай туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-сессиясының жалпы дебатында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан бейбіт тұрғындарға орасан зор залал келтіріп, жаһандық сенімге селкеу түсірген және халықаралық қауіпсіздікті әлсіреткен Украина айналасындағы дағдарысқа алаңдаулы. "Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы тіпті қорқынышты. Оған бей-жай қарау мүмкін емес. Бұл қақтығыстың тарихи тамыры тым күрделі. Біз осы жауласудың түпкі себебін ескерусіз қалдыра алмаймыз. Қазақстан әскери іс-қимылды дереу тоқтатуға, бейбіт тұрғындарды толық қорғауға және халықаралық гуманитарлық құқық аясындағы көмектің кедергісіз жетуін қамтамасыз етуге шақырады. Біз екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне негізделген шешімді құптаймыз әрі БҰҰ-ның жетекші рөлін мойындаймыз", - деді Тоқаев. Мемлекет басшысы Қазақстан Таяу Шығыстағы өңірлік бітімгерлікке бағытталған Арабтың бейбіт бастамасы, Нью-Йорк декларациясы, Ибраһим келісімі секілді дипломатиялық ұсыныстарды қолдайтынын мәлімдеді. "Егер көшбаcшылық пен саяси ерік-жігер болса, бұл құжаттар араздықты ынтымақтастық пен ортақ игілікке айналдыруға болатынын көрсетеді. Сондай-ақ, біз АҚШ президентінің араағайындығымен Әзербайжан мен Армения қарым-қатынасының қалыпқа түскенін ерекше ықыласпен қабыл алдық. Бұл дипломатия мен парасатты шешімнің арқасында ұзақ жылға жалғасқан кез келген қақтығысты реттеуге болатынын дәлелдеді. Қазақстан осы қағидатқа сүйеніп, дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді, күш қолданғаннан гөрі диалог жүргізуді жөн деп санайды", - деді Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның жеті қаласында тұрғындарға ескерту жасалды 24 қыркүйекте Қазақстанның жеті қаласында ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметіне сілтеме жасап. "2025 жылғы 24 қыркүйекте Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Ақтау, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтардың орташа IQ деңгейі өскен: әлемдік рейтинг Қазақстан 2025 жылы әлемдік IQ рейтингінде 65-орынға тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстандағы IQ деңгейі қандай? Биыл Қазақстандағы орташа IQ деңгейі 97,2 болды, бұл былтырғы көрсеткіштен (97) сәл жоғары. Әлемдік орташа IQ деңгейімен салыстырғанда (100), Қазақстанның көрсеткіші төмен болып отыр. 126 елдің ішінде Қазақстан IQ деңгейі бойынша 65-орынға жайғасты. IQ көрсеткіші Қазақстаннан жоғары елдер ТМД елдері ішінде IQ көрсеткіші Қазақстаннан жоғары мына мемлекеттер: Ресей (103,2); Армения (102,6); Беларусь (98,7); Әзербайжан (98,7); Молдова (97,3). IQ көрсеткіші Қазақстаннан төмен елдер Қазақстаннан төмен көрсеткіш мына елдерде: Өзбекстан (96,8); Қырғызстан (94,9); Тәжікстан (93,6). Ең жоғары IQ қай елде Әлемде ең жоғары орташа IQ Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Иран және Сингапурда тіркелген, ал ең төменгі IQ Габон, Ангола және Бенинде байқалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жантүршігерлік жол апаты: бес адам қаза тауып, көлік өртеніп кетті Қорқынышты жол апаты Павлодар облысының Байет ауылынан бес шақырым жерде болған. Қаза тапқандар арасында жүргізуші мен төрт жолаушы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кerek.pv Telegram-арнасы оқиға орнынан видео жариялады. Кадрларда жанып кеткен жеңіл көлік жүк көлігінің артына кіріп кеткені көрінеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Организация (@dp_pavlodar) Полиция пікірі "Алдын ала мәліметтер бойынша, 23 қыркүйекте Павлодар-Қызылорда тасжолында Toyota Lucida жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін және арақашықтықты сақтамай, жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota өртеніп кеткен" – деп түсіндірді ведомство. Жол апатынан бес адам қаза тапқан. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бөгетті бұзып, бассейн қазған: Алматы облысының тұрғындары белгісіз құрылысқа шағымданды Әлеуметтік желілерде Алматы облысының тұрғыны Қаскелең өзені бөгетінің маңындағы құрылыс туралы айтқан видео тарады. Ол нысаннан тақтатастар алынып, жеке үй салуға пайдаланып жатқанын мәлімдеді. Әкімдік заңсыз құрылысқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы Видеода әйел мұндай әрекеттер бөгетті қиратып, табиғатқа зиян тигізуі мүмкін екенін айтып, биліктен шұғыл араласуды сұрайды. "Қараңыздар, не болып жатыр: бөгеттен тақтатастарды алып, үй салып жатыр. Шұғыл көмек керек! Егер адамдар бөгеттен тастарды ұрлай берсе, бұл бөгетке не болады?" – дейді әйел видеода. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Сауле Кужаевна Бикитеева (@pro100saule) Алматы облысы әкімдігінің пікірі Алматы облысының әкімдігі шұғыл шара қабылдап, 20 қыркүйекте оқиға орнына комиссия жібергенін хабарлады. Тексеру нәтижесінде аталған аумақта тұрғын өз бетінше "шаруашылық нысаны мен бассейн" сала бастағаны анықталды. Әкімдік дерегінше, ол барлық әрекетті рұқсат құжаттарын алмай жасаған. Тексеруден кейін ер адам архитектуралық-рұқсат құжаттарын алуға тырысқан, алайда әкімдік оның өтінішінен бас тартқан. Комиссия нысан иесін құрылысты 12 қазанға дейін бұзуға және бөгеттен алынған темірбетон блоктарын бұрынғы орнына қайтаруға міндеттеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда нөсер кезінде 13 көлікке зақым келген көшені тағы да су шайып кетті 23 қыркүйекте Алматыда нөсер жауын Аманжол көшесінің учаскесіне тағы да зақым келтірді. Жергілікті тұрғындар "жаңбырдан кейін жол арыққа айналады" деп шағымданды. Бір апта бұрын дәл осы жерде 13 көлікке зақым келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жергілікті тұрғын су жоғарғы көшелерден төмен қарай ағып, жол шайылып кетуіне себеп болғанын айтты. Алматылықтың сөзінше, осы көшеде 13 көлікке зақым келгеннен кейін коммуналдық қызметтер тек жолдың үстін көміп қойған, салдарынан көше қайтадан шайылып кеткен. "Сол оқиғадан кейін алты күн өтті, жаңбыр бәрін қайтадан шайып кетті. Олар арықтарды қосу үшін жер қазды, бірақ жұмыс аяқталмады. Құбырларды жол жиегіне тастап кетті. Енді бүкіл көше бір тұтас арыққа айналды", - деді ол. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tengri Almaty (@tengri.almaty) Әуезов ауданы әкімдігі мәліметінше, инженерлік желілерді төсеу жұмыстарына байланысты мәселе туындаған. Салдарынан арық жүйесінде бөгет пайда болып, жаңбыр суы жиналып қалған. "Жауын-шашын басталғанға дейін су басу қаупі бар жерлер жабылды. Қазір бұл учаскеде 5 техника мен 15 жұмысшы жұмылдырылған. Жол төсемінің астындағы өткелдер тазаланып жатыр, жағдай бақылауда", - деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ, Аманжол көшесінде QAZAQGAZ AIMAQ АҚ газ құбырын салып жатыр. Жоба аяқталғаннан кейін мердігер жол төсемін ретке келтіреді. Еске салайық, бұған дейін нөсер жауын Алматының астаң-кестеңін шығарғаны хабарланды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Кешіріңіз, президент мырза“. Нью-Йорк полициясы Макронның кортежін Трампқа бола тоқтатты Франция президенті Эммануэль Макрон Нью-Йоркте қызық жағдайға тап болды. Оның кортежін америкалық полицейлер тоқтатқан. Себебі бұл уақытта жолдан АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежі өтіп бара жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BFMTV-ге сілтеме жасап. Оқиға 22 қыркүйекте Макрон БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында сөз сөйлегеннен кейін болған. Ғимараттан шыққанда француз лидері Трамптың кортежі өтіп кеткенше көшеде күтуге мәжбүр болған. "Кешіріңіз, президент мырза, қазір бәрі жабық", – дейді полицей жақындап келе жатқан кортежді қолымен нұсқап. Жарияланған кадрларға сәйкес, дәл сол сәтте Макрон америкалық әріптесіне қоңырау шалған. "Ойлашы, мен қазір көшеде күтіп тұрмын, өйткені бәрі сен үшін жабық тұр", — деп қалжыңдайды Макрон телефон арқылы сөйлескенде. 🔵 Emmanuel Macron contraint d’appeler #DonaldTrump à New York pour pouvoir rentrer à l’ambassade Française. Le président est bloqué par des policiers américains qui sécurisent le convoi de son homologue. (Source @brutofficiel) pic.twitter.com/Y0kx3BC6d6 — Alexis Delafontaine (@ADelafontaineE1) September 23, 2025 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жамбыл облысы полициясының басшысы орынбасары ұсталғаннан кейін қызметінен кетті Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ІІМ мәліметінше, Малыбаев жұмыстан шығу жөнінде рапорт жазып, ішкі істер министрінің бұйрығымен атқарып отырған қызметінен босатылған. Айта кетейік, Бақытжан Малыбаев бұл қызметке 2024 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын. Еске салайық, Бақытжан Малыбаевтың бұрынғы орынбасары тамыздың аяғында ұсталған болатын. Ол уақытша ұстау изоляторына жіберіліп, полиция қызметінен босатылды. Оған тағылған айыптар жарияланбады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жасанды интеллект дәуірінде киберқауіпсіздік стратегиялық басымдыққа айналды Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы әлемді түбегейлі өзгертуде. Алайда технологиялық прогреспен қатар, жаңа қауіптер де пайда болуда. Киберқауіпсіздік мәселесі бүгінде тек IT саласының емес, мемлекеттер мен ірі корпорациялар үшін стратегиялық басымдыққа айналды. Осы бағытта халықаралық деңгейде мойындалған қазақстандық сарапшылардың бірі Игібек Қойшыбаев қазіргі таңда АҚШ-та жұмыс істеп, жаһандық киберқауіпсіздік жобаларына тікелей қатысып жүр. Қазақстанда киберқауіпсіздік саласы туралы сөз қозғалғанда, кәсіби ортада ең алдымен Игібек Койшыбаевтың есімі аталады. Ол – PhD ғылыми дәрежесіне ие киберқауіпсіздік маманы, "Болашақ" президенттік стипендиясының иегері, кәсіби жолын Қазақстанда бастап, бүгінде әлемнің ең бәсекелі технологиялық нарықтарының бірі саналатын АҚШ-та өз біліктілігін дәлелдеген сарапшы. Оның тәжірибесі цифрлық қауіпсіздіктің тек техникалық міндет емес, экономикалық тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін стратегиялық фактор екенін көрсетеді. Игібек Койшыбаев қазіргі уақытта әлемнің ең ірі 200 компания рейтингіне (Fortune 200) кіретін ірі технологиялық компанияда бас қауіпсіздік инженері ретінде қызмет атқарады. Оның кәсіби қызметі веб-қосымшалар, бағдарламалық өнімдер және бағдарламалық әзірлеу тізбектерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл - миллиондаған қолданушысы бар цифрлық экожүйелердің тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін сала. Осы орайда біз жасанды интеллект дәуірінде киберқауіпсіздік саласында туындап отырған ең өзекті сын-қатерлер мен стратегиялық басымдықтарға қатысты маңызды сұрақтарды тікелей саланың сарапшысы – Игібек Койшыбаевқа қойып, оның кәсіби көзқарасын білуге мүмкіндік алдық. - Қазіргі таңда киберқауіпсіздік саласындағы негізгі қауіптер қай бағытта шоғырланып отыр? - Соңғы жылдары негізгі қауіптер бағдарламалық қамтамасыз ету жеткізу тізбегінде шоғырлануда. Бір ғана осал кітапхана (library) немесе қате конфигурация ірі компаниялардың жұмысын тоқтатып, жаһандық деңгейде салдар тудыруы мүмкін. Сондықтан қазіргі киберқауіпсіздік мамандары үшін қауіптің алдын алу, тәуекелді ерте анықтау және жүйелік деңгейде ойлау аса маңызды. - Жасанды интеллект бұл қауіптердің сипатын қалай өзгертті? - Жасанды интеллект киберқауіптердің табиғатын түбегейлі өзгертті. Егер бұрын шабуылдар алдын ала белгілі сценарийлерге сүйенсе, бүгінде олар динамикалық, бейімделгіш және нақты нысанаға бағытталған сипатқа ие. Жасанды интеллект фишинг шабуылдарын нақты адамға немесе ұйымға бейімдеп жасауға, зиянды кодтарды автоматты түрде генерациялауға және қорғаныс жүйелерін айналып өту тәсілдерін үздіксіз жетілдіруге мүмкіндік береді. - Мұндай жағдайда дәстүрлі қауіпсіздік тәсілдері жеткілікті ме? - Жоқ, дәстүрлі көзқарас жеткіліксіз. Киберқауіпсіздік енді тек техникалық құралдар жиынтығы емес, басқару шешімдерінің, корпоративтік мәдениеттің және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналды. Қауіптер интеллектуалды сипатқа ие болған сайын, оларға қарсы тұру тәсілдері де болжам жасай алатын, икемді және ұзақ мерзімді болуы тиіс. - Қауіпсіздік жүйесін қалай дұрыс құру қажет деп ойлайсыз? - Қауіпсіздік өнімнің соңғы кезеңінде "қосылатын" функция болмауы керек. Ол жүйенің бастапқы архитектурасымен бірге ойластырылуы тиіс. Бұл тәсіл тек технологиялық тұрғыдан ғана емес, қаржылық және репутациялық тәуекелдерді азайту үшін де маңызды. Қауіпсіздікке ерте инвестиция салу – кейінгі дағдарыстардың алдын алудың ең тиімді жолы. - Кадр даярлау мәселесінің маңызы қандай? - Кадр даярлау – шешуші фактор. Қазақстанда техникалық әлеуеті жоғары, дарынды жастар көп. Бірақ оларды халықаралық стандарттарға сай жүйелі түрде даярлау қажет. Бұл елдің цифрлық болашағы мен технологиялық тәуелсіздігі үшін өте маңызды. - Қазақстан үшін киберқауіпсіздіктің стратегиялық мәні неде? - Киберқауіпсіздік Қазақстан үшін цифрлық экономика, мемлекеттік ақпараттық жүйелер және жеке сектордың тұрақтылығы тұрғысынан шешуші рөл атқарады. Электронды үкімет, қаржы жүйелері, өнеркәсіптік инфрақұрылым және деректерге негізделген шешімдер киберқауіпсіздіксіз толыққанды жұмыс істей алмайды. Сондықтан киберқауіпсіздікті шығын емес, экономикалық тұрақтылық пен сенімге салынатын ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастыру қажет. Бүгінде жасанды интеллект дәуірінде киберқауіпсіздік саласында әлемдік жобаларға қатысып жүрген Игібек Койшыбаев – қазақстандық мамандардың жаһандық технологиялық аренада бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейтін нақты мысал. Оның халықаралық тәжірибесі мен кәсіби пікірі киберқауіпсіздік туралы қоғамдық және сараптамалық пікірталастарда ерекше маңызға ие болып отыр. Сұхбатыңызға рақмет!
Қазақстанда сауда орталықтарына жалдау ақысын көтеруге тыйым салынады Қазақстанда барлық сауда нысандарында жалдау ақысын жылына бір реттен жиі көтеруге тыйым салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ірі сауда нысандары мен базарлар үшін жалдау ақысын қайта қарау жылына бір реттен жиі болмауы жөнінде шектеу қойылған. Бүгін бұл нормаларды барлық сауда нысандарына таратуға мүмкіндік беретін түзетулер дайындадық", – деді министр. Ведомство мәліметінше, түзетулер ережелерге енгізілген және Әділет министрлігінде келісу мен тіркеу сатысында тұр. Жаңа ережелердің енгізілу мерзімі туралы министрлік кейінірек хабарлайтыны айтылды. Болашақта, егер сауда нысандарында жалдау ақысы жылына бір реттен жиі көтерілсе, жалға алушылар Сауда және интеграция министрлігіне шағымдануға құқылы болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бектенов азық-түлік бағасы туралы: “Қатаң бақылауға алу керек“ Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Негізгі азық-түлік бағасы орынсыз өсуіне жол бермеу қажет. Сауда министрлігі әкімдіктермен бірге баға саясатын реттеу үшін қолдағы барлық құралды іске қосып, бұл мәселені қатаң бақылауға алуы керек", - деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар, Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірге егін орағы сапалы өтуін бақылауды тапсырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Лас ыдыстар және зең басқан қабырға: Алматыда ата-аналар мектеп асханасына шағымданды Алматыдағы №65 мектеп-гимназиясы оқушыларының ата-аналары асханадағы антисанитарияға шағымданды. Қалалық білім басқармасының қызметкерлері мектепте тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мектеп оқушыларының ата-аналарының бірі мектеп асханасынан түсірілген бейнежазба мен суреттерді жариялады. Онда кір ыдыстар, зең басқан қабырға, сондай-ақ дайын тамақты жеткізуге арналған ластанған лифт көрсетілген. Ата-аналар мектеп асханасына қызмет көрсететін жеке кәсіпкердің жұмысын тексеруді сұрап, прокуратураға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жүгінген. Тексеру нәтижелері Әлеуметтік желілердегі ашулы ата-аналардың жазбасына Алматы білім басқармасы жауап берді. "КММ "№65 мектеп-гимназия" директорына мектепішілік бақылаудың әлсірегені үшін ҚР Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза қолданылды", – деп хабарлады ведомство. Сонымен қатар, Білім басқармасы бұл факт аудандық СЭС-ке жеткізілгенін, ал ыстық тамақ жеткізушісіне қатысты тиісті шаралар қабылданатынын нақтылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Ет бағасы енді өспейді“ - ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанда ет бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Елімізде мал басы 17% өсіп жатыр. Бұрын 7 млн 900 мың бас болса, қазір 8 млн 700 мыңға жетті. Өсу құнын айтатын болсақ, бұрын малдың тірідей бағасы – 1200-1500 аралығында болатын, қазір 1700-1800-ге дейін өсті. Өйткені дәрілеуі, суы, жемі бар. Ет күйінде баға 200-300 теңгеден 500 теңгеге дейін өсуі мүмкін, одан ары қарай өспейді. Фермерлердің өткізіп жатқан орташа көтерме бағасы 3200-3500 теңге аралығында, ары қарайғы баға нарықтағы сатушыларға байланысты", - деп атап өтті министр. Айта кетейік, бүгін Қазақстанда сиыр еті бойынша сенім телефоны ашылғаны хабарланды. Министрлік мәліметінше, жедел желі халық және бизнеспен кері байланысты күшейтуге, азық-түлік нарығында ашықтықты арттыруға, сондай-ақ жергілікті жерлерден түсетін дабылдарға дер кезінде әрекет етуге арналған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Сауд Арабиясының короліне жеделхат жолдады Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және өзінің атынан Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады. Президент Сауд Арабиясы еліміздің араб әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі сенімді әрі басты серіктестерінің біріне айналғанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Сауд Арабиясы Тақ мұрагерінің жауапты қызметтеріне толағай табыс, сауд халқына құт-береке тіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда сиыр еті бойынша сенім телефоны ашылды Сауда және интеграция министрлігі сиыр еті нарығындағы жағдайға қатысты мәселелер бойынша жедел желі іске қосылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Желі бүкіл республика бойынша жұмыс істейді және азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ашық. "Жедел желіге сиыр еті бағасына, сауда нүктелеріндегі сауда үстемелеріне, сондай-ақ өнім жеткізу мәселелері туындаған жағдайда хабарласуға болады", – деп мәлімдеді министрлік өкілдері. Министрлік мәліметінше, жедел желі халық және бизнеспен кері байланысты күшейтуге, азық-түлік нарығында ашықтықты арттыруға, сондай-ақ жергілікті жерлерден түсетін дабылдарға дер кезінде әрекет етуге арналған. Сенім телефондарының нөмірлері Астана 8 (7172) 57-64-02;Алматы 8 (727) 392-21-54;Шымкент 8 (7252) 53-07-06;Абай облысы 8 (7222) 35-37-43;Ақмола облысы 8 (7162) 50-29-89;Ақтөбе облысы 8 (7132) 54-81-26;Алматы облысы 8 (7272) 72-50-083;Атырау облысы 8 (7122) 52-03-91;Батыс Қазақстан облысы 8 (7112) 50-00-44;Жамбыл облысы 8 (7262) 54-21-69;Жетісу облысы 8 (7282) 41-56-10;Қарағанды ​​облысы 8 (7212) 21-42-08;Қостанай облысы 8 (7142) 53-46-80;Қызылорда облысы 8 (7242) 71-15-30;Маңғыстау облысы 8 (7292) 43-14-34; 8 (7292) 43-01-17;Павлодар облысы 8 (7182) 55-10-70;Солтүстік Қазақстан облысы 8 (7152) 46-81-33;Түркістан облысы: Абдусаттаров Нұрдаулет +7 707 111 65 01; Әшімханов Асқар +7 771 322 82 82;Ұлытау облысы 8 (7102) 76-30-10;Шығыс Қазақстан облысы 8 (7232) 26-72-07. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алдағы жылдары Алматыдағы зираттарда марқұмдарды жерлейтін орын қалмайды Алдағы алты-жеті жылда Алматыдағы зираттарда адам жерлейтін орын қалмайды. Бұл туралы Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы зираттарында 60 гектар бос орын бар Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәліметінше, қазіргі уақытта қалада 70 зират бар, оның 61-і қала әкімі қаулысының негізінде жабылған. "Қалған зираттардағы бос аумақтар 60 гектар болады, олар алдын ала есеп бойынша алдағы 6-7 жыл ішінде толып қалады", – деп хабарлады басқарма өкілдері. Жаңа зиратқа орын бөлу жоспарланған ба? Басқармада Алматыда жаңа зираттар қай жерде және қашан ашылатыны және олардың қанша орынға есептелетіні нақтыланбады. Айта кетейік, Алматыда дәстүрлі жерлеу түріне балама әзірге жоқ. Жерлеуге балама: крематорий Құны 1,5 миллиард теңге болатын крематорий дәстүрлі жерлеумен қатар тағы бір балама бола алар еді, бірақ әзірге ол тоқтап тұр. Құрылысы аяқталғаннан кейін бірнеше ай бойы ешбір мемлекеттік орган оны өз балансына алғысы келмеді, себебі қолданыстағы санитарлық ережелерде крематорий қызметін реттейтін нормалар жоқ. Алматы әкімдігі мәліметінше, қазіргі уақытта шешім қабылданған: крематорийлер қызметін нормативтік реттеу қарастырылғанға дейін нысанды күтіп-ұстаумен қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы айналысады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қыркүйектің соңына дейін егінге қолайсыз ауа райы күтіледі Қыркүйек айының жиырма үшінен отызына дейін еліміздің астық егетін аймақтарында, егін жинауға жайсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Шәрбиев Нұркен мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде осы кезең бойы жаңбыр күтілуде. Ақтөбе облысында қыркүйектің жиырма алтысы мен отызы – жаңбыр. Батыс Қазақстан облысында қыркүйектің жиырма бесі мен жиырма тоғызы аралығында, Қарағанды, Ұлытау облыстарында қыркүйектің жиырма үші, жиырма жетісі мен отызы аралығында, Павлодар облысында қыркүйектің жиырма үші мен жиырма бесі, жиырма сегізі мен отызы аралығында – жаңбыр. Еліміздің шығысында қыркүйектің жиырма үші мен жиырма төртінде, жиырма тоғызы мен отызында – жаңбыр күтіледі. Жауын-шашын күндері қатты жел соғады. Жиырма үшінші және отызыншы қыркүйек аралығында күндізгі және түнгі температура біртіндеп төмендеп, түнгі уақытта аяз түсуі мүмкін. Еліміздің басым бөлігінде, қазан айының орташа айлық ауа температурасы қалыпты деңгейде болады. Ал батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік бөлігінде әдеттегіден жылы болады. Жаңбыр еліміздің батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы жерлерде бір ай бойы жиі жаууы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекеттік нөмірге есім жазу: парламент пен ІІМ не дейді? Өзбекстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік иелері қалаған әріптер мен сандарды таңдап, мемлекеттік нөмір сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, нөмірге есімін немесе қала атауын жазуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі UzA Telegram-арнасына сілтеме жасап. Осыған байланысты көп қазақстандық жүргізушілерде орынды сұрақ туындады: мұндай тәжірибе бізде енгізіле ме? Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігіне және Заңнама мен сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашеваға сауал жолдадық. Парламентте не дейді? Снежанна Имашева бұл мәселе бойынша Мәжілісте жұмыс тобының құрылуы жоспарланбағанын айтты. Сондай-ақ депутаттардан да, азаматтардан да ешқандай бастама түспеген. Оның айтуынша, депутаттар арасында бірыңғай ұстаным жоқ. "Біреулері есім жазылған нөмірлер алу мүмкіндігін тек бюджетке қосымша қаржы түсіру тәсілі ретінде қолдайды, бірақ олардың құны өте қымбат болуы керек деп есептейді. Ал басқалары түбегейлі қарсы, мұндай жаңашылдықты орынсыз санайды: ол тек әлеуметтік теңсіздікті айқындап, жастар арасында шамадан тыс мақтаншақтық мәдениетін қалыптастырады", – деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы. ІІМ жауабы Ішкі істер министрлігі де автокөліктерге арналған есім жазылған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін енгізу қазіргі уақытта қарастырылмайтынын растады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 804,4 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 907,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 897 миллиард теңге қарастырылған. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 503 мың адам. "2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 894 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 326 теңге, базалық зейнетақы – 47 568 теңге", - делінген хабарламада. Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 пайызға, ынтымақты зейнетақы 8,5 пайызға, яғни инфляция деңгейінен 2 пайызға оза отырып ұлғайтылған. Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғары – 120 пайызға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Украина президентімен кездесу өткізді Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті. Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді. Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуде PepsiCo компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды. Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі – 368 миллион доллар. Президент жобаны іске асырудан күтілетін экономикалық пайдаға назар аударды. Компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетті. Стивен Кихоның айтуынша, бүгінгі таңда бағдарламаға Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарынан 15-ке жуық шаруашылық қосылған. Бұдан бөлек, шикізатты сақтау базасын кеңейтіп, картоп өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ғылыми тәсілге жүгіну жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев PepsiCo компаниясының орнықты агрошаруашылықты дамыту бастамасына қолдау білдіріп, Үкімет пен жергілікті әкімдік өндірістің уақтылы іске қосылуына барынша жағдай жасайтынын айтты. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жетісу облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды Жетісу облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Олар мал ұрлығымен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өңір прокуратурасы мәліметінше, олардың заңсыз әрекеттерінен келген шығын 20 млн теңгеден асады. Сарқан ауданы Бақалы ауылында арнайы операция барысында 43 бас ірі қара мал, пышақ, арқан тәрізді қылмыс құралдары, сондай-ақ, сойылған мал сияқты заттай айғақтар тәркіленген. "Күдіктілердің әрекеті облыс тұрғындарына елеулі зиян келтірген. Олар ұсталып, қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада. <a href="https://t.me/massaget_news" data-mce-href="https://t.me/massaget_news"> Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!</a> Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Азық-түлік бағасы: министр қатаң шаралар туралы мәлімдеді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бағаны тұрақтандыруға бағытталған қосымша шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ресми мәлімет бойынша, сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтіп жатыр. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам сауда желілерінің өкілдері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті. Министр Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15 пайыз мөлшеріндегі сауда үстемесін сақтау қажеттігін еске салып, заңбұзушылық анықталған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Жыл басынан бері министрліктің аумақтық департаменттері 2562 әкімшілік қаулы қабылдаған, оның ішінде 1360-ы – 56,5 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл, 1202-і – ескерту. ӘҚБтК-нің 204-4-бабына сәйкес ӘМАТ-қа сауда үстемесін асырып жібергені үшін 2191 қаулы шығарылған, соның ішінде 1020-сы – 39,6 миллион теңгеге айыппұл салынды. "Ет өнімдері нарығында белгіленген сауда үстемесінің сақталуына ерекше назар аударылды. Әлеуметтік маңызы бар сиыр етіне үстеме бағаны асырғаны үшін 45 қаулы рәсімделді, оның 33-і – айыппұл. Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ет өнімдерін сауда орындарына жеткізу кезінде үстеме бағаның сақталуын бақылау үшін қосымша мониторингтік топтар құруда. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізуде жасырын қымбаттау схемаларын және ретро-бонустарды алып тастауға бағытталған заңнамалық өзгерістер дайындалып жатыр", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Қазгидромет 23, 24, 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңбыр мен қар Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, батыс пен оңтүстік аймақтарда күндіз найзағай ойнайды. 23 қыркүйекте шығыста, 23-24 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың арты қарға ұласады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп 20-28 градусқа дейін, ал шығыс өңірлерде 10-15-тен 15-25 градусқа дейін көтеріледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Сәтбаевта терроризмдi насихаттады деген тұрғын сотталды Сәтбаевта терроризмдi насихаттау ісі бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлытау облысы прокуратурасына сілтеме жасап. Сәтбаев сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан. Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мемлекеттен әлеуметтік қолдауды кімдер ала алады: тізім Қазақстанда әлеуметтік қолдауға құқығы бар азаматтар санаттары бекітілді. Тиісті бұйрыққа премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жекелеген тұлғалар тізімі жаңа Салық кодексі аясында әзірленген. Оны бекітетін бұйрық кодекспен бірге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарына кіреді: арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы; арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар; зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар; он сегіз жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы; әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға; айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға; екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға; кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруы бар тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Павлодарда ағасы мен қарындасына қорлық көрсеткен екі тұрғын сотталды Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған ағасы мен қарындасына зорлық көрсеткен 24 және 23 жастағы екі ер адамды соттады. Екеуі де ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайы 15 жастағы колледж студенті мен оның 16 жастағы ағасына қатысты қылмыс өткен қарашада Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде әшкере болды. Полиция мәліметінше, жасөспірімге жасалған зорлық-зомбылық қарындасын зорлау дерегі бойынша тергеу барысында ғана белгілі болған. Тергеу мен сот нені анықтады? Екі жағдайда да күдіктілер жергілікті тұрғын болып шықты. Олар ұсталған соң қамауға алынып, жасөспірімдер жалғыз басты анасымен бірге уақытша дағдарыс орталығына орналастырылған. Онда оларға психологиялық кеңестер беріліп, оқуын жалғастыруға көмек көрсетілген. Сот маусымда басталып, бірнеше айға созылды. Сотталушылар кәмелетке толмағандарға сексуалдық зорлық көрсетті деп айыпталған. "Сотталушыларға 121-баптың 3-1-бөлігі 1-тармағы және 122-баптың 1-бөлігі бойынша айып тағылды. Негізгі фигурантқа 121-баптың 4-бөлігі, 120-баптың 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша да айып тағылды". Сот жабық режимде өтті. Үкім жарияланған соң судья Құдабай Сұлтанов істің мен-жайын айтты. Жәбірленуші оқушы қыз жүкті екенін білген соң қылмысы туралы айтқан. Қыздың айтуынша, ол алғаш рет 10 жасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Оның ағасы да жарақат алғаны белгілі болды. Тексеру кезінде кәмелетке толмаған балада да тік ішек жарақаты бар екені анықталды. Үкім Сот айыпталушыларды жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танып, бірін 22 жылға, екіншісін 15 жылға бас бостандығынан айырды. Олар жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады. Сондай-ақ сотталғандардың әрқайсы моральдық шығын үшін жәбірленушілерге бір миллион теңгеден өтемақы төлеуі тиіс. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“ҚТЖ-Жүк тасымалына“ 1,42 миллиард теңге айыппұл салынды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы департаменті "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-не қатысты бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзу белгілері бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеп-тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының, Қырғыз Республикасы Экспедиторлар қауымдастығының және бірқатар көлік-экспедиторлық компаниялардың өтініштері негіз болды. "Тергеп-тексеру нәтижесінде, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жүк тасымалдау жоспарларын келісу барысында аффилиирленген компанияларға – "KTZ Express" АҚ және "КедентрансСервис" АҚ-ына артықшылық беріп, жеке экспедиторлық ұйымдардың қызметіне кедергілер жасағаны анықталды", - делінген хабарламада. Аталған әрекеттер "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС тарапынан монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде бағаланғаны айтылды. Астана әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 22 тамыздағы шешімі бойынша, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне 1,42 миллиард теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. 2025 жылғы 15 қыркүйектегі Астана сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Porsche, Escalade, BMW: ҚМА “тіс дәрігерлерінің“ қымбат көліктерін көрсетті Жуырда Атырауда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. ҚМА осы іске қатысты видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін ҚМА күдіктілер зейнетақы салымшыларының ақшасына жалпы құны 600 млн теңгеден асатын 15 қымбат көлік (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade), сондай-ақ, зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алғанын жазған болатын. Еске салайық, бұған дейін ұйымдастырушылар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылыелдің әр өңірінде (Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және басқа қалаларда) орналасқандай етіп, 30-дан аса стоматологиялық клиниканы пайдаланғаны хабарланды. Шын мәнінде бұл медицина ұйымдары тек қағаз жүзінде болған, халыққа ешқандай қызмет көрсетпеген. Олардың ғимараттары да, жабдықтары да, білікті қызметкерлері де болмаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Самұрық-Энерго“ еншілес ұйымынан 8,5 миллиард жымқырған: Ресейден күдікті экстрадицияланды Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей Федерациясынан бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген азамат экстрадицияланды. "Тергеу барысында, аталған тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған шарттар жасасып, аффилирленген компаниялар арқылы ақша қаражатын аудару жолымен "Самұрық-Энерго" АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Аталған қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған болатын", - делінген хабарламада. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. "Биыл ақпанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды". Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған. Айта кетейік, қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар осы жылдың мамыр айында әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Қылмыстық заңмен айыпталған әрекетті жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Лазурный квартал“, “Дипломат“, “Мисон“: Астанада притон ұйымдастырғандар ұсталды Астанада полиция бірнеше адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыркүйекте өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, ақша бопсалаған елорда тұрғыны ұсталды. Күдіктіден жалған куәлік тәркіленген. Cондай-ақ, Астанада әлеуметтік желілер арқылы бопсалау сызбасын ұйымдастырған, бұрын сотталған әйел ұсталды. Күдікті танысу және кездесуді сылтау етіп, зорлық туралы жалған арызбен полицияға жүгінемін деп ер адамдарды қорқытқан. Ол ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, 25 жастағы ер адам ұсталған. Ол күш қолданамын деп қорқытып, бопсалаумен айналысқан. Одан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Елорда тұрғындарының шағымын тексеру барысында "Лазурный квартал", "Дипломат" және "Мисон" тұрғын үй кешендерінде заңсыз притон ұйымдастырған топ анықталған. 14 адам ұсталып, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазгидромет Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "22 қыркүйекте Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президенттің Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді. Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және "дөңгелек үстел" форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Сұлу Сырдан - ұлы Абай еліне“: Қызылорда облысындағы өнер күндері Өскеменде жалғасты Абайдың 180 жылдығына арналған "Сұлу Сырдан - ұлы Абай еліне" атты Қызылорда облысының өнер күндері Өскемен қаласында жалғасын тапты. Сырдың бойынан Ертіс жағасына сапар шеккен делегацияны облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастап барды. Делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, "Сыр самалы" вокалды-аспапты, "Томирис" би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар. Шығыс Қазақстан облыстық филармониясына жиналған көрерменге өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты. Аймақ басшысы ұлт руханияты мен мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің қайнар бастауындағы тұлғалар түлеген Шығыс жұртшылығына ізгі тілегін білдірді. "Өз заманынан көш ілгері ойлайтын Шәкәрім Құдайбердіұлынан "Сыр – Алаштың анасы" деген нақыл қалған. Қилы заманда, зұлматқа толы күндерде, ақтабан шұбырынды кезеңінде, ел ішін ашаршылық жайлағанда бүкіл қазақ баласы көш-керуенінің басын Сырға бұрып, Сырды анасындай паналаған. Сол себепті, Алашқа ана болған Сырдың қазақ үшін орны да, жөні де бөлек. Күллі түркі әлемінің алтын бесігі саналатын Алтай төріндегі шырайлы шығыс өлкесі – түркілердің сана-сезімін қалыптастырған, рухани ұясында талай ұлы тұлғалар тәрбиеленген қасиетті мекен. Ырыс аунап, құт қонған Шығыс Қазақстан – қазақ халқының жан-дүниесінің тереңдігін айқындайтын киелі өлке. Шыңғыс тауының бөктерінде ұлы Абайдың 180 жылдығы Президентіміздің қолдауымен жоғары деңгейде атап өтілуі де осының айқын дәлелі. Мемлекет басшымыз "Ұлы Абай – біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Оның өлеңдері мен қара сөздері – ұлттық болмысымыздың айнасы" деген болатын. Баршаңызды қазақтың біртуар ұлы ақыны, "адамзаттың Абайы" атанған ағартушы, рухани реформатор Абай Құнанбайұлының жалпыхалықтық тойымен Сыр жұртшылығының, Өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын!", – деді Н.Нәлібаев. Мерекелік басқосуда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйлеп, өнер күндерін өткізуге қолдау білдірген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа, атсалысқан өнерпаздарға алғысын жеткізді.Концертте Қорқыттың сарыны қылқобыздан төгіліп, "Күлтегін" жырының үзіндісі орындалды, көрермен қошеметіне ие болған "Қорқыт–қобыз" әні шырқалды. "Ұлы дала поэмасы" хореографиялық қойылымын қойған "Томирис" би ансамбліне ерекше құрмет көрсетілді. Сыр сүлейлерінің толғауларына сусаған көрерменге Нұртуған жыраудың "Өсиеті", Нартай ақынның"Өздерің білер Нартаймын", Ақ Кете Шернияздың "Сөз сөйлейін бөлмелеп" термелері ұсынылды. "Бүлдірген", "Сұрша қыз", "Сырдың қараторғайы", "Ауылың сенің іргелі" сияқты халық әндері, әлемдік классиканың жауһар туындылары орындалды. Еске салайық, кеше "Сұлу Сырдан - ұлы Абай еліне" атты Қызылорда облысының өнер күндері Абай облысында өтті. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарламалар келді Алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарламалар келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық ТЖД қызметі өкілдері тұрғындарға сабыр сақтауын сұрап, "сейсмологтардан ақпарат түспегенін" айтты. Алайда хабарлама алған кейбір тұрғындар үйлерінен шыға бастады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада қала ішінде жүк көлігін басқарған жасөспірім анықталды Астанада қала ішінде жүк көлігін басқарған жасөспірім анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана ПД мәліметінше, HOWO маркалы жүк көлігі Жұмекен Нәжімеденов көшесінде тоқтатылған. Тексеру барысында көлікті 16 жастағы жасөспірім басқарғаны анықталды. Оның жүргізуші куәлігі жоқ. Жасөспірімнің анасына әкімшілік хаттама толтырылды (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы, 2-бөлігі). Сонымен қатар, көліктің тіркелген иесі - анасы - көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамға бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды (ӘҚБК, 612-бап, 5-бөлік). Астана ПД жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтау және жасөспірімдерді көлік басқаруға жол бермеуге шақырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қала күні: Алматы көшелерінің тазалығы қалай қамтамасыз етіледі? Алматы - күн сайын мыңдаған көлік жүретін, миллиондаған тұрғыны бар ірі мегаполис. Осындай қарбалас қалада тазалықты сақтау оңай емес. Көшелер мен аулалардың таза, алаңдардың жарқырап тұруы - қарапайым жұмысшылардың еңбегінің нәтижесі. Тазалық жұмысы қалай ұйымдастырылған? Қаланың санитарлық тазалығына жауапты "Алматы Тазалық" мекемесі тәулік бойы жұмыс істейді. Бірінші ауысым: 08:00–17:00 Екінші ауысым: 19:00–06:00 Әр аумаққа 20–25 адамнан құралған бригада бекітіледі. Бірі көше сыпырады, екіншісі арнайы техникамен жол мен тротуарды жуады, үшіншісі ағаштарды кесіп, жасыл желекті реттейді. Жастарға мүмкіндік "Алматы Тазалық" бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Әсіресе студенттер үшін ыңғайлы: 4 сағат қысқартылған жұмыс күні қарастырылған. Бұл - қосымша табыс тауып, оқуын қатар алып жүруге мүмкіндік. Байланыс телефоны: +7 (702) 809 97 01Мекенжай: Алматы қ., Көкмайса мкр., 26Е
Министрлік Қазақстан-Ресей шекарасындағы кептеліс себебін түсіндірді Қазақстан-Ресей шекарасында Ресейдің бақылауды күшейтуіне байланысты кезек пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Министрлік пен Шекара қызметі бейтарап аймақта, әсіресе жүк көліктері бағытында, бірқатар өткізу бекетінде кептеліс пайда болғанын анықтаған. "Бұл жағдайдан кезект түзіліп, өткізу рәсімдерінің баяулап және жүргізушілер уақыты кетіп жатыр. Мұндай жағдайға негізінен Ресей тарапынан бақылау шараларының күшеюі себеп. Атап айтқанда, жүк тексеру процедуралары күшейтілді, көліктерді қарау уақыты артты, сондай-ақ құжаттарды тексеру мен санитарлық және фитосанитарлық талаптарды сақтау бойынша қосымша шаралар енгізілді", – делінген министрлік хабарламасында. Ведомствоның мәліметінше, өткізу бекеттерінің инфрақұрылымына: көлік қозғалыс аймақтарына, тексеру алаңдарына, сондай-ақ азаматтар мен қызметкерлерге арналған ғимараттар мен құрылыстарға егжей-тегжейлі тексеру жүргізілген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Министрлік сиыр етінің бағасына қатысты тағы бір мәлімдеме жасады Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша, 3 400–3 500 теңге - өндірушілер бекіткен сиыр етінің орташа көтерме бағасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомствоның мәліметінше, елордадағы сауда орындарында ет бағасына жеткізу, сақтау және басқа да шығындар қосылады. "Нәтижесінде Астанада бөлшек баға килограмына 3 700–4 300 теңгеге жетеді. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына кіретін төстік-жауырын бөлігіне сауда үстемесі 15 пайыздан аспайтынын ескерсек, ол 3 100–3 400 теңге аралығында сатылады", – деп хабарлады министрлік. Сондай-ақ, ведомство дерегінше, өңірлерде еттің орташа бағасы келісіне 3 500–4 300 теңге көлемінде. "Ал жоғары деңгейлі бөліктердің (сиыр филесі, қалың және жіңішке жиегі, белдің бір бөлігі) және басқа да бөліктердің (жамбас еті, іш майы және т.б.) бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді, нарықтық жолмен қалыптасады", – деді министрліктен. Бұған дейін министрлік 1 келі еттің орташа өзіндік құны 2 800–3 100 теңге болатынын, оған 15 пайыз көтерме үстеме қосылғанда баға 3 400–3 500 теңгеге шығатынын хабарлаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбеде көлік жардан құлап кете жаздады Ақтөбеде автокөлік жардан құлап, өзенге түсіп кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. Оқиға қала шетінде, "Солтүстік айналма" республикалық маңызы бар автожолдың 13-шақырымында, Елек өзенінің маңында болған. "ТЖМ қызметкерлері суға құлап кету қаупі төнген жеңіл автокөлікті сүйреп шығару бойынша құтқару жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында, арнаулы көлік қолданылып, автокөлік қауіпсіз жерге сүйреп шығарылды", – делінген хабарламада. ТЖМ дерегінше, 2005 және 2008 жылы туған екі жігіт балық аулауға шыққан. Алайда жолда жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Автокөлік жолдан шығып, жар жаққа қарай сырғып кеткен. Еске салайық, бұған дейін ІІМ жыл басынан бері Қазақстанда жол-көлік оқиғалары 42 пайызға, зардап шеккендер саны 52 пайызға өскенін хабарлаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ресейде мектеп ғимараты опырылды: не белгілі? Ресейде жалпы білім беретін мектеп ғимараты опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Жаңасібір облысындағы Татарск қаласында жергілікті уақытпен сағат 10:40 шамасында (Астана уақытымен 09:40 - еск.) болған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде мектеп ішінде балалар болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ТЖМ ғимараттың опырылуынан ешкім зардап шекпегенін айтты. "Ғимараттың бір бөлігі опырылған сәтте ішінде адамдар болмаған. Оқиға орнында арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр", – делінген ТЖМ хабарламасында. Еске салайық, бұған дейін Астраханда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі опырылып, кемінде үш адам зардап шеккен еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бішкекте Қырғызстан неге Қазақстаннан жанармай сатып алмайтыны түсіндірілді Қырғызстанның Бәсекелестікті реттеу агенттігінің директоры Женалы Орозбаев неге жанар-жағармайды Қазақстаннан емес, Ресейден сатып алатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tazabek-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, Ресей жыл сайын Қырғызстанға шамамен 1,2 миллион тонна жанар-жағармай жеткізеді. Елде бағаға қатысты сұрақ туындайды – егер Қырғызстанда АИ-92 маркалы бензиннің литрі 70 сом тұрса, Қазақстанда шамамен 40 сом (247 теңге – еск.) тұрады. Көпшілікті "Қазақстанда баға төмен болса, неге Қырғызстан жанар-жағармайды Ресейден алады?" деген сауал мазалайды. Орозбаевтың түсіндіруінше, Қазақстанда халыққа жанар-жағармай бюджеттік өтемақылар есебінен төмен бағамен сатылады, ал өзге елдерге экспортталатын баға едәуір жоғары. Бұл Қазақстан заңнамасында белгіленген. "Егер Қырғызстан жанар-жағармайды импорттау туралы Қазақстанмен келісімшарт жасасса, біздің ел үшін баға Ресейден келетін отыннан қымбатқа түседі. Бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Қазақстаннан жанар-жағармай сатып алуға Қырғызстанға ешкім шектеу қоймайды, бірақ қазір ол экономикалық жағынан қолайлы емес", – деп түсіндірді шенеунік. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстан XXI ғасырда грек-рим күресінен алғашқы алтын жеңіп алды Қазақстандық грек-рим күресшісі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық балуан өзбекстандық Әлішер Ғаниевті айқаста жеңді. Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін де екі мәрте (2018, 2022) әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте неміс мәдениетінің фестивалі өтті Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және "Возрождение" неміс мәдени орталығының 35 жылдығына арналған мерекелік фестиваль өтті. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мерейлі мерекеге жиналған көпшілікке ұлттық және классикалық ән-билер ұсынылды. Қала қонақтары неміс жастары клубының өнерін тамашалап, түрлі жанрдағы шығармаларды тыңдап, этностық мәдениеттің байлығына куә болды. Фестиваль барысында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ-нің басшысы орынбасары Талғат Бисенбиев, қалалық ҚХА жанындағы шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Рамазан Матаев, сондай-ақ Төле би ауданының Құрметті азаматы, Ленгер қаласындағы немістер қоғамының негізін қалаушы Лидия Мехлик құттықтау сөз сөйлеп, шараның татулық пен достықты дәріптеудегі маңызына тоқталды. Мереке аясында қонақтарға неміс халқының тұрмыс-тіршілігі мен тарихи-мәдени мұрасын айшықтайтын қолөнер және кітап көрмесі ұсынылды. Сонымен бірге, ұлттық тағамдар әзірленіп, қонақтар дәстүрлі дәмдерден ауыз тиді. Фестивальде неміс мәдени орталығының қоғам өміріне белсене араласып, этносаралық татулық пен келісімді нығайтуға үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табысталды. Бұл мерейлі мереке – Қазақстандағы этностардың достығы мен ынтымақтастығының, мәдениеттер тоғысуының айқын айғағы болды.
Семейде “Сұлу Сырдан - Ұлы Абай еліне“ атты Қызылорда облысының өнер күндері өтті Семей қаласында Абайдың 180 жылдығына арналған "Сұлу Сырдан - ұлы Абай еліне" атты Қызылорда облысының өнер күндері өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, "Сыр самалы" вокалды-аспапты, "Томирис" би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар. Семейдегі Абай атындағы театрда Абай елінің көрермендеріне сұлу Сырдың жыр сәлемі жеткізіліп, аймақ басшысы концертке келушілерге ізгі тілегін білдірді. "Еліміздің ұлттық руханияты мен мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің ордасы – киелі Семей өлкесінде Өздеріңізбен жүздескенімізге қуаныштымыз! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: "Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл – Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір. Семей – ұлттық ғылым мен білімнің, өнер мен мәдениеттің тарихи орталығы" деп лайықты бағасын берді. Абайдың есімін иеленген қасиетті өлкеде ұлы тұлғаның 180 жылдығы биыл аса жоғары деңгейде аталып өтті. Мемлекет басшысы "Ұлы Абай – біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Оның өлеңдері мен қара сөздері – ұлттық болмысымыздың айнасы" деген болатын. Ақын өсиеттері – бүгінгі ұрпақтың айнымас қазығы. Баршаңызды қазақтың ұлы ақыны, "адамзаттың Абайы" атанған ағартушы, рухани реформатор Абай Құнанбайұлының жалпыхалықтық тойымен Сыр жұртшылығының, Өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын! Семей және Қызылорда қалалары ұлтымыздың тағдыршешті мәселелері қаралып, маңызды шешімдер қабылданған саяси орталық ретінде тарихқа таңбаланған.Бүгінде Президентіміздің қолдауымен дербес облыс болып құрылған Абай елінде серпінді жобалар қарқын алғанына қуаныштымыз. Мәдениет пен руханиятты дамыту – еліміздің тұтастығын, ұлттық сана мен қоғамдық келісімді нығайтудың берік негізі. Бүгінгі шара екі өңірдің мәдениет, өнер саласы қызметкерлерінің тәжірибе алмасуына, іскерлік байланыстарды арттыруға ықпал етеді. Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, болашағы жарқын болғай!", – деді Н.Нәлібаев. Мерекелік басқосуда Абай облысының әкімі Берік Уәли сөз сөйлеп, өнер күндерін өткізуге қолдау білдірген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа, атсалысқан өнерпаздарға алғысын жеткізді. Концертте Қорқыттың күйі, халық әндері, Сыр сүлейлерінің термелері, "Ұлы дала поэмасы" хореографиялық қойылымы, күй тартыс, "Махамбет" поэмасы және басқа да туындылар көрерменге ұсынылды.Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері Елордамыз Астанада, одан кейін Алматы қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылған еді. Өңірдің өнер майталмандары Наурыз мерекесін, еліміздің салт-дәстүрлерін халықаралық деңгейде насихаттап, Испания, Финляндия, Эстонияда маңызды шаралар өткізді. Алдағы қазан айында ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай Швейцарияның бірқатар қаласында Қызылорданың мәдениет және өнер күндерін өткізу жоспарланған.
Министрлік сиыр етінің бағасына қатысты пікір білдірді Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етіне қойылған бағаны жариялап, оның қалай қалыптасатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрліктің мәліметінше, 1 келі еттің орташа құны - шамамен 2 800–3 100 теңге. Оған 15 пайыз көтерме үстеме қосылғанда, баға 3 400–3 500 теңгеге жетеді. "Салыстырсақ, өңір елдерінде сиыр етінің бөлшек саудадағы бағасы әлдеқайда жоғары. Мысалы, Өзбекстан мен Тәжікстанда – 6 500 теңгеге дейін, Ресейде – 8 500 теңгеге дейін, Қытайда – 8 000 теңгеге дейін, Түркіменстанда – 9 000 теңгеге дейін, ал Түркияда – 13 000 теңгеге дейін жетеді", – деп мәлімдеді ведомствода. Министрліктің айтуынша, ірі қара малдың бір тұтас ұшасынан шығатын ет көлемі - салмағының 50–60 пайызы. Оның ішінде тек 15–20 пайызы ғана премиум санаттағы кесінділерге (қазына, рибай, кострец) тиесілі. Олар бағасы қымбат әрі сұранысы жоғары. Орта бөлігі шамамен 40–45 пайыз, төменгі бөлігі – 25 пайыз. Ал сүйек, май және қалғаны 15–20 пайыз шамасында. "Осылайша, сиыр етінің бөлшек саудадағы бағасы тек өзіндік құнға емес, сонымен қатар еттің санатына, тағамдық құндылығына, малдың семіздігіне және қайта өңдеу тәсіліне байланысты қалыптасады. Майы аз ет бөліктері арзанырақ болса, жоғары мәрмәрлі ет пен жұмсақ құрылымы бар кесінділер жоғары сапаға жатады және олардың бағасы қымбат болады", – деп түсіндірді министрлік. Министрлік негізсіз бағаның өсуін тежеу үшін жүйелі шараларды жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Олардың қатарында - бордақылау алаңдары мен шаруашылықтарды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын кеңейту, ет өңдеу кәсіпорындарын салу және жаңғыртуды қолдау, бағаны тұрақтандыру бойынша форвардтық сатып алу мен интервенцияларды жүргізу бар. Сондай-ақ, өнім өткізу тізбегінің барлық кезеңінде бәсекелестік заңнамасының сақталуына бақылау күшейтіледі. "Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайды үнемі бақылап, азық-түлік қауіпсіздігін және халық үшін ет өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктермен және мүдделі құрылымдармен өзара жұмыс жүргізіп отыр", – делінген ведомство хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында “World clean-up day“ іс-шарасы ұйымдастырылды 2025 жылғы 20 қыркүйекте республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында және дүниежүзілік тазалық күні "World clean-up day" іс-шарасы облыс аумағында ұйымдастырылды. Шараға барлығы 100 277 адам қатысты. Оның ішінде 10 581 мемлекеттік қызметші, 31 582 ерікті және 55 114 жергілікті тұрғын белсенділік танытты. Сондай-ақ, сенбілік жұмыстарына 89 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды. Нәтижесінде 327 гектардан аса аумақ қоқыстан тазартылып, 638 тонна тұрмыстық қалдық жиналды. Жиналған қоқыс арнайы полигонға шығарылды. Шараға қала тұрғындары, кәсіпкерлер, жастар мен ардагерлер бірлесіп, тазалық жұмыстарына атсалысты. Шара барысында ағаштар егілді, көшелердің бойындағы бордюрлер сырланды. Қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, қала абаттандырылды. Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындарды табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыруға бағытталды. "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастырып, ел азаматтарын тазалық пен тәртіпке шақыруды мақсат етеді.
Алматыда “Ән қанатындағы Алматы“ және “QAZAQSHA терапия“ концерттері өтті Алматының Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Қала күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына екі бірдей керемет концерт ұйымдастырылды. Бір сахнада дәстүрлі әннің Арқа мектебі, Жетісу ән мектебі, Сыр өңірі ән мектебі, Алтай-Тарбағатай ән мектебі және Батыс Қазақстан ән мектебі сынды бес мектеп өнер көрсетті. Әр мектеп өзіне тән тембрімен, нақышымен және орындау мәнерімен ерекшеленеді. Осы арқылы көрермен ұлттық музыкалық мұраның алуан түрін тамашалады. Бұл концерттер қазақ музыкасының рухы сақталып, заманауи тыңдарман үшін жаңа қырынан ашылып келе жатқанын айқын көрсетті. Кеш "Ән қанатындағы Алматы" атты дәстүрлі музыкаға арналған бағдарламамен басталды. Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева және басқа да қазақтың дәстүрлі өнер шеберлері сахна төрінде көрерменмен қауышты. Ал "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблі концерттің ажарын аша түсті. Репертуарындағы күйлер, термелер мен халық әндері орындалды. Мерекелік көңіл-күйді заманауи театрландырылған "QAZAQSHA терапия: Ғасырлар үні" жобасы жалғастырды. Бұл қойылымды актер Асет Есжан мен "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артистері сахналап, қазақ мәдениетінің бай дәстүрін жаңа сахналық және көркемдік шешімдермен ұштастырды.
Алматы облысындағы қоқыстан шыққан өрт оқшауланды - ТЖД Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт оқшауланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бірнеше күн бойы өртенді. Өрттен шыққан түтін Алматыға дейін жетті. Әсіресе Алатау ауданында қатты сезілді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күйік иісі қалыпты өмір сүруге кедергі келтірген. Алапат өртке байланысты 18 қыркүйекте Алатауда төтенше жағдай режимі енгізілді. Тұрғындарға сабыр сақтап, ресми мәлімдемелерге құлақ асу ескертілді. Өртенген қоқыс полигоны Алматыны әлемдегі ең лас қалалардың қатарына шығарды. 16 қыркүйекте мегаполис ауасы ең қатты ластанған қалалардың әлемдік антирейтингінде екінші орынға тұрақтады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қошанов М.Дулатұлының мерейтойында Президенттің құттықтауын оқып берді Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ескерткіштің ашылуына қатысты. Көрнекті қайраткер, Алаштың аяулы перзентінің еңселі ескерткіші Қостанай қаласында бой көтерді. Салтанатты іс-шара барысында Мәжіліс спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. "Төл тарихымызда азаттық үшін аянбай күрескен, ұлттың рухын көтеруге өлшеусіз үлес қосқан тұғырлы тұлғалар аз емес. Соның бірі әрі бірегейі – Міржақып Дулатұлы. Ол қазақтың асқақ арманы мен мұң-мұқтажын терең түсініп, ел мүддесіне қалтқысыз қызмет етті. Жұрттың сана-сезімін жаңғырту жолында еңбек етіп, жасампаз рухтың жаршысы болды. Адамзатқа ортақ құндылықтарды кеңінен дәріптеп, жастарды өнер-білімге үндеді. Міржақып Дулатұлы әдебиетімізді жаңа деңгейге көтеруге зор еңбек сіңірді. Халқымыздың біртуар перзентінің қайраткерлік қасиеті мен азаматтық ұстанымдары өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болары сөзсіз", – делінген Президент құттықтауында. Салтанатты іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті жұртшылыққатысты. Қазақстанның Халық жазушысы Төлен Әбдік пен М.Дулатұлының жиені Ерлан Сатыбалдиев сөз сөйлеп, Алаш қайраткерінің рухына тағзым етті. Жалпы, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы облыс, республика деңгейінде кең ауқымда атап өтілуде. Бүгін Торғай ауылында халықаралық ат марафоны "Ұлы дала жорығы" аламан бәйгесі басталады. Тұлпарлар Тобыл-Торғай даласын дүбірлетіп, 500 шақырымдық марафонда бақ сынайды. Бұдан бөлек, міржақыптануға арналған ғылыми конференция мен дүлдүл ақындардың басын қосқан республикалық айтыс өтеді. Мәжіліс спикері бұл айтулы іс-шаралар мемлекеттің, ұлтының Алаш арысына берген бағасы, көрсеткен құрметі екенін атап өтті. "Біз қазір де тарихи, тағдырлы шақта өмір сүріп жатырмыз. Алаш арыстары аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Еңселі ел болдық. Соңғы жылдарыПрезиденттің жүйелі, кешенді реформалары халқымыздың жан жақты қолдауын тауып отыр. Елдегі оң өзгерістер қоғамның болашаққа деген сенімін нығайтып келеді. Біздің бүгінгі мақсатымыз – Әділетті, Қуатты, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құру. Айналып келгенде, кешегі Алаш арыстарының да, бүгінгі біздің де арман-аңсарымыз осы", – деді Ерлан Қошанов. Мәжілістің баспасөз қызметі Суреттер: Жаслан Жұмабеков
“Құқығы жоқ“ - Сауда министрлігі “Қайрат“ - “Реал“ ойынына сатылатын билеттерге қатысты Сауда және интеграция министрлігі "Қайрат" - "Реал" ойынына билеттерді сату саясатына араласа алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Қайрат" - "Реал" матчына билеттер тек басқа Чемпиондар лигасы матчтарының билеттерімен бірге, яғни бір пакет түрінде ғана сатылады деген расталмаған ақпарат тараған болатын. "Белгілі бір матчқа билеттерді басқа ойындармен бірге бір пакетте сату тұтынушы құқығын шектейтін шарт болуы мүмкін. Бұл дерек бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтініші түскен жағдайда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы талаптарына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұзу деректерін анықтау мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін", - деп мәлімдеді министрлік. "Қайрат" - "Реал" матчына билеттер тек басқа ойындармен бірге пакет түрінде сату Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу ма? "Сіздің қойған сұрағыңыз Қазақстан Республикасының Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңның 8-1-бабы талаптарына сәйкес тұтынушының құқықтарын шектейтін дерек ретінде қаралуы мүмкін", - деп нақтылады ведомство. Егер "Реалмен" ойын билеттері тек жоғарыда сипатталған схема бойынша сатылатын болса, клубқа қандай жаза қолданылады? "Егер Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңның 8-1-бабы талаптарын бұзу дерегі анықталса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған, алайда жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша бақылау субъектісіне анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі. Ал егер мемлекеттік органның нұсқамасы орындалмаса, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне олардың санатына қарай айыппұл салуға әкеледі", - деп атап өтті министрлік. Сонымен қатар, ведомство клубқа тікелей әсер ете алмайтынын айтты. "ҚР Сауда және интеграция министрлігі, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелері (сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменттері) тұтынушының ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабына және Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға сәйкес жолданған ресми өтінішінсіз кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуға құқығы жоқ. Өтініш түскен жағдайда уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектісіне ықпал ету шараларын қолдануға құқылы", - деді министрлік. Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" ресми түрде мәлімдеме жасап, "Реалға" қарсы матч билеттері пакетсіз де сатылатынын және сатылым басталу күнін, сондай-ақ бағаларды жариялаған болатын. "Қайрат" - "Реал" ойынына билеттер туралы ақпарат Алматылық клубтың, соның ішінде мадридтік "Реалмен" өтетін матчтарына билеттерді сату 23 қыркүйекте сағат 17:00-де басталады. Бағасы: 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін. Сонымен қатар, алыпсатарлыққа қарсы күрес мақсатында бір адамға екі билeттен артық сатылмайды. Ойын 30 қыркүйекте Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталды 20 қыркүйектен бастап елімізде, оның ішінде Алматы облысында ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі өтеді. Интервьюерлер барлық елдімекенде үй-үйді аралап, деректер жинайды. Облыс бойынша жалпы саны шамамен 197 мың үй шаруашылығын қамту жоспарланған. Ауыл шаруашылығы санағы елімізде екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты – аграрлық саланың жағдайы туралы толық мәлімет алу, әсіресе ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде. Сауалнама парағы 22 сұрақтан тұрады. Онда мал мен құстың болуы, жер ресурстарын пайдалану, бақша егу, тыңайтқыш қолдану және басқа да мәліметтер сұралады. Санақтың онлайн кезеңі 20 қыркүйек 23:59 аяқталады, бұл кезеңде ауылшаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтары сауалнаманы sanaq.gov.kz сайтында толтыру мүмкіндігі болды. Ол кезеңге Алматы облысы бойынша 44 мыңнан астам респондент қатысты. Енді одан да ауқымды науқан басталды: интервьюерлер үйлерді аралап, деректерді планшет арқылы жинайды. Баршаңызды шараға белсенді қатысуға және өзекті ақпарат беруге шақырамыз. Сұрақтар қарапайым әрі тек ауылшаруашылығы қызметіне қатысты болады. Барлық жауап статистикалық мақсатта пайдаланылады және үшінші тұлғаларға берілмейді. Үй-үйді аралау жұмысына 425 интервьюер жұмылдырылады. Олар айрықша көк түсті формада – жилетпен бейсболкада болады, бейджде жеке басын растауға арналған QR-код орналасады. Егер үй иелері үйінде болмаса, интервьюер байланыс нөмірі көрсетілген хабарландыру қалдырады. Ұлттық статистика бюросы ақпараттың қауіпсіздігі мен құпия сақталуына кепілдік береді. Барлық жауап заңмен қорғалады, ал деректер тек жалпыланған түрде қолданылады. Сұрақтар туындаған жағдайда Бюроның байланыс орталығына 1446 нөмірі арқылы хабарласуғаболады (жұмыс уақыты 9.00–21.00, қоңырау шалу – тегін). 1 тамызда басталған Ауыл шаруашылығы санағы, 20 қазанға дейін жалғасады. Жиналған деректер салаға қатысты мәліметтерді жаңартуға және ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шешімдер қабылдауға негіз болады.
СҚО-да  “дәрі“ ішкен шенеунік 15 тәулікке қамалды Солтүстік Қазақстан облысында басқарма басшысының орынбасары медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін қызметінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Серік Тоқымбетовке қатысты тәртіптік іс 19 қыркүйекте Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды. Мемлекеттік қызмет істері басқармасының СҚО-дағы бақылау басқармасының бас маманы Әсемгүл Бегалинаның айтуынша, 23 тамызда Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында полицейлер Тоқымбетов жүргізген көлікті тоқтатқан. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жүргізушіден алкоголь иісі шыққан, алайда мемлекеттік қызметші медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. "Биылғы 25 тамызда Шал ақын ауданының ауданаралық соты Тоқымбетовті ӘҚБтК-нің 613-бабы 4-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамау және 8 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қолданылды. Қаулы заңды күшіне енді және шағымданылмады", – деді Әсемгүл Бегалина. Шенеуніктің айтуынша, ол дәрі ішкен соң куәландырудан бас тартқан. "Мен тамызда 15 күнге еңбек демалысын алып, ата-анама өрттен кейін үйді жөндеуге көмектесу үшін Сергеевкаға бардым. Жаңбыр жауды, қатты суықтап қалып, дәрі ішкен едім. Бір құрылысшыны үйіне апара жатқанда мені полиция тоқтатты. Олар ауруханаға куәландыруға баруым керек деді. Мен қарсылық көрсетпедім, олармен бірге бардым. Маған куәландырудан өтуді ұсынды, бірақ мен дәрілер нәтижеге әсер ете ме деп қорқып, бас тарттым", – деді Серік Тоқымбетов. Оның айтуынша, осыдан кейін жұмыстан 20 күндік ақысыз демалыс алып, сот өткен ауданға кеткен. Сот шешіміне шағымданбағанын, себебі демалысқа шығып, оны жазасын өтеуге пайдалануды жөн көргенін айтты. СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, әдеп кеңесінің төрағасы Ержан Қарымсақов бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. "Сіз мемлекеттік қызметтесіз, 15 жаста емессіз. Егер дәрі ішкеніңізді ескеріп, мәселені сол жерде шешу керек еді. Куәландырудан өтіп, егер келіспесеңіз, қан тапсырып, талдау жасатып, даулап, өзіңіздің дұрыс екеніңізді дәлелдеуге мүмкіндігіңіз болды. Бірақ ондай әрекет жасалмады", – деді Ержан Қарымсақов. Тоқымбетовтің айтуынша, оның танысында да мұндай жағдай болған. "Қымыз ішкеннен кейін құрамында алкоголь бар деп көрсеткен, сондықтан бас тарттым", – деп ақталды Тоқымбетов. "Бұл жерде қымыздың не қатысы бар? Біз сіздің жағдайыңызды қарастырып отырмыз", – деп наразылық білдірді кеңес мүшелері. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің көпшілігі мемлекеттік қызметшіні жұмыстан босатуды қолдап дауыс берді, ал екеуі Тоқымбетовке "қызметіне толық сәйкес емес" деген тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Еске салайық, былтыр Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкіміне қатысты даулы жағдай болған еді. Түнде полицейлер Бескөл ауылдық округінің әкімі Қанат Дарбаев жүргізген қызметтік көлікті тоқтатқан. Олар әкімнің мас екеніне күдіктеніп, қолын белбеумен байлап, наркологияға жеткізген, бірақ ол куәландырудан өтуден бас тартқан. Сот шешімімен Қанат Дарбаев масаң күйді анықтау үшін куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Кейін Қанат Дарбаев қызметінен босатылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қайтарылған активтер: бас прокурор олигархтармен жасалған келісімдер туралы айтты Бас прокурор Берік Асылов X желісінде (бұрынғы Twitter - еск.) елге қайтарылған активтер туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Асыловтың айтуынша, қысқа уақыт ішінде прокуратура органдары ауқымды жұмыс атқарған. "Бұған дейін мұндай көлемдегі қаражат осындай қысқа уақытта бұрын-соңды қайтарылған емес. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңды іске асыру аясында олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндірілді, оның шамамен 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түсті. Қайтарылған қаражат есебінен жалпы сомасы 375 млрд теңгеге 207 су құбыры нысанының, 177 медициналық мекеменің, 14 білім беру және спорт нысанының құрылысы басталды", - деді ол. Олигополия субъектілерімен келісімдер жасалып, олар елге 5,2 трлн теңге инвестиция салу жөнінде міндеттемелер қабылдады. Бұл қаражатқа Алматыда жаңа туристік кешен, көлік-логистикалық орталықтар мен өңірлерде зауыттар салынбақ. "Мысалы, тау-кен байыту комбинаты салынып, 3 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады, табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу артады. Бұл өз кезегінде елдің экспорттық әлеуетін нығайтып, салық түсімдерін көбейтеді", – деп жазды Бас прокурор. Бұған қоса, жалпы сомасы 122 миллиард теңгеге 16 мектеп пен балабақша, 8 дәрігерлік амбулатория мен аурухана, 13 спорт кешені және 16 мәдени-демалыс нысаны салынатын болады. Бұл 8 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Асыловтың айтуынша, бұл жобалардың жүзеге асуына қадағалау органы қатаң бақылау жасайды. Сондай-ақ, бас прокурор Заңсыз активтерді қайтару комитетінің Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне трансформацияланатынын айтты. Оның басты мақсаты – елге қаржы тартуды ынталандыратын жүйе қалыптастыру және әрбір инвестор үшін түсінікті әрі болжамды инвестициялық климат қамтамасыз ету. "Жалпы бұл бағытта жүйелі жұмыс жүріп жатыр – халықаралық құқықтық байланыстар кеңейтіліп, цифрлық құралдар жетілдіріліп жатыр. Жақында мен Сингапурмен құқықтық келісімдерге қол қойдым, сондай-ақ әлемнің ірі қаржы орталықтарымен жаңа жобалар қарастырылып жатыр. Қазірдің өзінде инвестицияларды қорғау прокуратура жұмысының негізгі бағытына айналды. Бүгінде прокурорлар жалпы құны 87 триллион теңге болатын 1,5 мыңнан аса инвестжобаны сүйемелдеп отыр", – деді Берік Асылов. Бас прокурордың пікірінше, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті экономиканы нақты ақшамен, соның ішінде инвестициялар түрінде толықтыру үдерісін жеделдетуге және бизнесті сенімді қолдауға көмектеседі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы тауында ТЖМ құтқарушылары жарақат алған Израиль туристін эвакуациялады Алматы тауында ТЖМ құтқарушылары жарақат алған Израиль туристін эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Туристік топтың бір қатысушысы Пионер шыңынан түсіп келе жатқанда аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмай қалған. Оқиға орнына "Тұйық-Су" бақылау-құтқару постының құтқарушылары шықты. "Жарақат алған туристің жағдайы тұрақты деп бағаланғанымен, оның оң аяғы қатты ауырған. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, таудың етегіне дейін жеткізді", – деді ТЖМ өкілдері. 35 жастағы Израиль азаматшасы медициналық бригадаға тапсырылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның өкше сүйегі сынған. Бұған дейін Алматы тауында құтқарушылар 49 жастағы Словакия туристіне көмек көрсеткен болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Кей өңірде қар жауады, үсік жүреді: 20 қыркүйекте ауа райы қандай болады? Синоптиктер Қазақстандағы сенбі, 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, Алматы облысы мен Жетісуда қар жауады деп болжанса, Ұлытау облысында үсік жүреді (1 градусқа дейін). Астана – ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Желдің бағыты өзгермелі, жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +19…+21. Алматы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +9…+11, күндіз +19…+21. Шымкент – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5–10 м/с. Түнде +9…+11, күндіз +27…+29. Ақтөбе – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +21…+23. Ақтау – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +14…+16, күндіз +17…+19. Атырау – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан: түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +20…+22. Жезқазған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс, шығыс бағытта 7–12 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +18…+20. Қарағанды – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 7–11 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +15…+17. Көкшетау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің бағыты өзгермелі, 2–7 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +18…+20. Қостанай – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +18…+20. Қонаев – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +9…+11, күндіз +20…+22. Қызылорда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыс, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +9…+11, күндіз +25…+27. Павлодар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 9–14 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +19…+21. Петропавл – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан: түнде 4–9 м/с, күндіз 7–12 м/с. Түнде +9…+11, күндіз +18…+20. Семей – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел шығыс, солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Түнде +5…+7, күндіз +16…+18. Тараз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +23…+25. Талдықорған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 5–10 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +18…+20. Түркістан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 8–13 м/с. Түнде +9…+11, күндіз +27…+29. Орал – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +22…+24. Өскемен – көшпелі бұлтты, жаңбыр. Жел шығыс, солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +16…+18. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылорда облысындағы колледж жұмысшы мамандықтарына жаңа серпін берді Қызылорда облысында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған ауқымды іс-шараларды қолға алып жатыр. Оның дәлелі ретінде бүгін колледж бастамасымен баспасөз туры өтті. Шара барысында қатысушылар алдымен колледж тарихымен танысып, мұражай экспозициясын аралап, оқу орнының 95 жылдық тарихы мен серіктестер картасын тамашалады. Сонымен қатар, студенттердің сабақтан тыс белсенді өмірі - спорттық, шығармашылық үйірмелер мен "Жас сарбаз" жобасының жұмысы көрсетілді. Колледж директорының міндетін атқарушы Ермұхан Бауыржан оқу орнының миссиясы, даярлау бағыттары, дуалды оқыту жүйесінің артықшылықтары, халықаралық аккредитациядан өтуі және шетелдік әріптестік байланыстар жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Бұдан кейін баспасөз-тур қатысушылары өндірістік тәжірибе алаңдарына барып, студенттердің нақты жұмыс барысындағы әрекеттерін көру мүмкіндігіне ие болды. Мұнда жастар вагон жөндеу депосында дөңгелек жұптарын жөндеу ісіне тікелей араласып, теміржол саласының қыр-сырын үйреніп жатқанын көрсетті. Сондай-ақ олар күріш өңдеу алаңында болып, өнімді қабылдау, өңдеу, сұрыптау және қаптау процесінің барлық кезеңдерін бақылап, ауыл шаруашылығы өндірісінің толық циклін зерделеді. Бұл тәжірибе студенттерге тек теориялық білімді бекітуге ғана емес, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы өзара байланысты терең түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жастар қаладағы заманауи автокөлік диагностикасы мен жөндеу жұмыстарын меңгеріп, қозғалтқыш, электр жүйелері және қосалқы бөлшектерді ауыстыру сияқты нақты өндірістік процестерге қатысты. Шара соңында табысты түлектермен кездесу ұйымдастырылып, өз кәсібін ашқан кәсіпкерлер мен колледжде қызмет етіп жүрген жас мамандар тәжірибелерімен бөлісті. Олар студенттерді үздіксіз ізденуге, білікті маман болуға және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға шақырды. Мемлекет басшысы жариялаған "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында өткізілген бұл іс-шара жастардың кәсіби әлеуетін арттырып, еңбек нарығына сенімді қадам жасауына жол ашты. Қазіргі қоғамда бәсекеге қабілетті, кәсіби шеберлігі жоғары жұмысшы мамандарға сұраныс арта түсті. Осындай тәжірибе алаңы студенттердің кәсіби машығын шыңдап қана қоймай, еңбек мәдениетін қалыптастыруға, жұмысқа деген жауапкершілік сезімін арттырып, өңір экономикасына да серпін берері сөзсіз.
Алматы әкімі нөсерден кейін шенеунікті қызметінен босатып, әкімдерге сөгіс жариялады Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жол төсемінің шөгуі мен жиектастың негізсіз ауыстырылуына байланысты Әуезов пен Медеу аудандарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады. Сондай-ақ, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкім кеңесшісі Ильзат Акчуриннің айтуынша, Алматы әкімі қаладағы жол төсемінің жуырдағы шөгуі мен жекелеген учаскелерде жиектастың негізсіз ауыстырылуы мәселесін бақылауда ұстап отыр. Бостандық ауданы Ерменсай шағынауданында инженерлік коммуникациялар тарту үшін қазылған траншеяларды қатты су ағыны шайып, автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірген учаскеде ("SGGroup Сапа Строй" ЖШС жұмысы), сондай-ақ әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесіндегі жерасты өткелінде гранит плиталарды негізсіз ауыстыру жұмыстарына бақылаудың болмауына байланысты Бостандық ауданы әкімінің болмауына орай оның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру саласына жетекшілік ететін орынбасары қызметінен босатылды. Әуезов ауданы Нөсер кезінде Аманжол көшесінде жол төсемі шөгіп (сумен жабдықтау және кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын "Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС орындаған), 13 автокөлік зақымдалды. Сондай-ақ Яссауи көшесінде асфальт опырылған (ұзындығы 2,8 шақырым болатын кәріз желісін "Спецкоммунстрой" мердігер ұйымы салған). Осыған байланысты Әуезов ауданы әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. Медеу ауданы Мердігер ұйымды бақылауда кемшілік жібергені үшін – Медеу ауданы әкіміне де қатаң сөгіс жарияланды. Уәлиханов бульварындағы жиектасты заңсыз шешіп алып, плиталарды облыстағы жеке үйге жеткізу оқиғасы қоғамда үлкен наразылық туғызды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ерболат Досаев жаңа қызметке келді Ерболат Досаев Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада. Еске салайық, биыл 24 мамырда Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Семейде полицейлер мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты Семейде полицейлер мас күйде эвакуатор тізгіндеген жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. Түнгі бірлер шамасында полицияға дабыл қоңырауы түскен: Өскемен көшесінде мас болуы мүмкін эвакуатор жүйткіп бара жатқан. Патрульдік полицияның "Барс 615" экипажы тәртіпбұзушыны байқап, тоқтауды талап еткен. Алайда жүргізуші дабылға құлақ аспай, жүргіншілер мен көліктерге қауіп төндіре отырып, қозғалысын жалғастырған. Полицейлер талапқа бағынбаған жүргізушіні қуға мәжбүр болған. Ол маневр жасап, талапқа құлақ аспағандықтан, оны тоқтату үшін көліктің дөңгелектеріне оқ атуға тура келген. Тек содан кейін ғана эвакуаторды бөгеп тоқтату мүмкін болды. Көлік жүргізушісі 29 жастағы семейлік орташа дәрежеде мас болған. Оны айықтырғышқа жеткізді, ал көлікті айыптұраққа қойды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы жолдарында жаңа белгі пайда болды: ол нені білдіреді? Алматыдағы Серкебаев даңғылында жол жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа жол белгісі пайда болды. Тасжол жиегінде сары үзік сызықты байқауға болады. Көлік жүргізушілерінде бұл белгі нені білдіретіні туралы сұрақтар туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап. Сары үзік сызық нені білдіреді? Мұндай белгі жол қозғалысы ережелерінде баяғыдан бар, тек Алматыда оны қолданбай келген. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес: тұтас сары сызық - мұнда мүлде тоқтауға болмайды; сары үзік сызық - тұраққа қоюға тыйым салынады, бірақ қысқа мерзімге тоқтауға (жолаушыны отырғызу немесе түсіруге, заттарды түсіруге) рұқсат етіледі. Яғни, көлікті ұзақ уақытқа қоюға болмайды, бірақ қысқа уақытқа тоқтауға болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҰҚК құны 600 миллион теңге болатын темекі партиясын тәркіледі Жамбыл облысында шекарадан темекінің ірі партиясын өткізбек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл 12 қыркүйекте Жамбыл облысындағы шекарада ҰҚК Шекара қызметі жүк пойызын тексеру барысында 890 980 темекі қорабын тапты (акциздік маркаларсыз). "Темекі бұйымдарын құрылыс материалдары түрінде мемлекеттік шекарадан ілеспе құжаттарсыз алып өтуге әрекеттенген. Алдын ала бағалау бойынша алынған тауардың құны 600 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада. Жүкпен ұсталған вагон ажыратылып, процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
19 сәби тауар болған: Қазақстанда бала саудасы тергеліп жатыр Жыл басынан бері Қазақстанда балалар саудасына қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді. Олардың бәрі жаңа туған сәбиді заңсыз асырап алу келісіміне байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Адам саудасымен күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаеваның айтуынша, нәрестелерді сату деректері Қазақстанның барлық дерлік өңірінде анықталған. Схема мынадай: бір жақта бала сүйе алмай жүрген отбасылар, екінші жақта жаңа туған сәбиден бас тартуға дайын әйелдер. Ал олардың арасында пайда үшін екі жақты табыстыратын делдалдар бар. "Балаларды шетелге шығару деректері тіркелген жоқ. Барлық мәміле ел ішінде жүрген. Жауапкершілікті баланы сатқандар да, оны сатып алғандар да көтереді", – деді Көшербаева. Полицейдің айтуынша, сәбиден бас тартатындардың арасында қалаға келген, ауыр қаржылық жағдайда қалған қыздар бар. Кейбір отбасылар да нәрестені асырай алмайтындықтан осындай қадамға барады. Құқық қорғаушылардың дерегінше, нәрестелерді заңсыз сату мәмілесінің орташа бағасы 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін өзгереді. Айта кететін жайт, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 135-бабы "Адам саудасы" бойынша 19 қылмыстық іс тіркелген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда интим қызмет көрсеткен 70-тен аса притон әшкереленді Алматыда заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтау бойынша рейдтер өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алмалы ауданында полиция қызметкерлері "Манхэттен", "Ақбұлақ" және "Кәусар" тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтауға бағытталған алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Рейдтер барысында 71 жезөкшелер үйі әшкере болды. Заңсыз әрекетке үй берген пәтер иелері жауапқа тартылды. Бұл пәтерлерде тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрған адамдарға да әкімшілік шара қолданылды. "Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін күн сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, ал тұрғындар өз аудандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты болуы керек. Азаматтарды бейжай қалмай, заң бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырамын", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан. Алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жалғасады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда қар жауып, үсік жүреді "Қазгидромет" синоптиктері 20, 21 және 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қар, найзағай және жел Метеорологтар мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді. Соған байланысты жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда 20 қыркүйекке қараған түні жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Түнгі және таңғы уақыттарда Қазақстан бойынша тұман болжанып отыр. Ауа температурасы қалай өзгереді? Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер мен ауытқулар күтілмейді, алайда Қазақстанның солтүстік бөлігінде түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алаяқтар “мұғалім“ болып мектеп оқушыларына қоңырау шала бастады Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларына қатысты алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа схема туралы "Жаңа оқу жылы басталғалы бері алаяқтар балаларға қоңырау шалып, өзін мұғаліммін деп таныстырып жатыр. "Электрон күнделікті жаңарту" деген сылтаумен олар SMS арқылы келген бір реттік құпия кодты сұрайды. Бала оны ата-анасына немесе мектебіне көмектесіп жатырмын деп ойлауы мүмкін. Іс жүзінде алаяқтар осы кодты пайдаланып, "Электрон үкімет" жүйесіне, онлайн банкингке немесе туыстарының банк шоттарына қол жеткізеді", - деп жазылған хабарламада. Ата-аналарға кеңес Баламен әңгімелескенде ерекше мән беретін жайттар: қандай жағдайда да SMS арқылы келген кодты ешкімге бермеу; қоңырау шалған адам өзін мұғалім немесе мектеп қызметкерімін десе де, бірден ата-анасына хабарласу; күдікті сілтемелерге өтпеу, бейтаныс қосымшаларды жүктемеу. "Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе 111 байланыс орталығына хабарласуға болады", - деді министрлік өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Камчаткада жойқын жер сілкінісі тіркеліп, цунами қаупі туралы жарияланды Камчатка жағалауында магнитудасы 7,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Агенттік материалда "Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметі" федералды ғылыми-зерттеу орталығы филиалының ақпаратына сілтеме жасаған. "Уақыты (UTC): 2025-09-18 18:58:17 (Астана уақытымен 23:58). Магнитуда: 7,2. Координаттары: 53.38, 159.92°. Тереңдігі: 123 шақырым", – делінген материалда. Камчатка губернаторы Владимир Солодов түбектің шығыс жағалауында цунами қаупі бар екенін хабарлап, халыққа ескерту жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Барлық қызмет күшейтілген дайындық режиміне ауыстырылды. АҚШ-тың Ұлттық мұхиттық және атмосфералық әкімшілігі (NOAA) де цунами қаупі туралы мәлімдеді. "Жер сілкінісінің алдын ала параметрлеріне сәйкес... эпицентрден 1000 шақырым аумақтағы жағалауларда қауіпті цунами толқындары болуы ықтимал", – делінген цунами туралы ескерту орталығының бюллетенінде. Еске салсақ, 30 шілдеде Камчаткада магнитудасы 8,8 болатын жер сілкінісі болған еді. АҚШ Геологиялық қызметінің ақпараты бойынша, ол аспаптық бақылау басталғаннан бергі ең қуатты жер сілкіністерінің ішінде алтыншы орында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандық IT компаниялар құжат айналымы саласындағы монополияға қарсы шықты Бүгін қазақстандық бірқатар IT компания өкілдері елдегі құжат айналымы саласындағы мәселелерді көтерді. Олардың айтуынша, қазіргі уақытта электронды құжат айналымы саласында монополиялық жағдай орнаған. Бұл ірі компаниялар мен мемлекеттік сектор арасындағы өзара байланысқа тосқауыл. Бұған дейін елдегі Монополияға қарсы агенттік Documentolog компаниясы соңғы үш жылда қолданушылар арасындағы еркін құжат айналымын шектеп келгенін мәлімдеген болатын. Тек бұл іске Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кіріскен соң ғана бұл шектеулер алынған. Алайда, енді нарықта құжат айналымы жүйесінің операторлары арасында роуминг енгізу мәселесі қаралып жатыр. MetaDoc компаниясының өкілі Дулат Сабырбаевтың айтуынша, мұндай жүйенің техникалық тұрғыда еш қажеттігі жоқ. "Роуминг енгізілген жағдайда оператор қомақты қаржыға мәліметтерді беруге арналған коммуникациялық жүйені құруға мәжбүр болады. Бұл ретте әрбір қызмет жеткізушісінде өзінің шлюзі бар. Ал Documentolog компаниясында ешқандай техникалық ноу-хау жоқ", – деді ол. Дулат Сабырбаев мұнда тағы бір мәселе барын айтты. Оның сөзінше, Documentolog мемлекеттік органдарға лицензияларды тегін беріп, бірақ барлық техникалық қолдау мен дамытуды тек өзі атқаратын схема ұсынып отыр. "Бұл ашық конкурстан айналып өтуге мүмкіндік береді. Басқа компаниялар да лицензияны тегін беруге дайын, бірақ олардың ұсыныстары қабылданбай отыр", - дейді Сабырбаев. Мамандардың сөзінше, қазір қолға алынып жатқан жұмыстар мемлекет басшысы тапсырған Бірыңғай жүйе құруға емес, бір нақты платформаны дамытуға бағыт алып барады. Ал Президент Бірыңғай жүйені енгізуді ұсынды "Алайда, мұны "бір жүйе" құру ретінде түсінік қалыптасқан секілді. Мемлекет әрі қолжетімді, әрі түсінікті орталықтандырылған инфрақұрылым құра алады. Құжат айналымының бірыңғай орталығы мемлекеттік органдарға да, сонымен бірге жеке компанияларға да қолайлы болуы тиіс. Бұл ретте роуминг енгізу мәселесінің өзі күн тәртібінен автоматты түрде түсіп қалар еді", – деді Интегро компаниясының өкілі Руслан Шәріпов. IT сарапшылары бұл мәселені заңнама тұрғысынан шешу керектігін алға тартады. Айталық, оны жаңа Цифрлық кодекс арқылы шешуге болады. Somnium компаниясының өкілі Қымбат Алибаеваның айтуынша, қазіргі заңнамада компанияларды жүйені бұғаттамауға міндеттейтін талаптар анық жазылмаған. Оның айтуынша, "егер ұйымдар жүйені қолданатын болса, ол хаттар еш шектеусіз жеткізілуі тиіс".
Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді. Сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ақтөбеде мектеп оқушысы қатарластарымен төбелестен кейін көру қабілетінен айырылған Ақтөбеде өз қатарластарымен төбелес кезінде зардап шеккен жасөспірімнің туыстары "Бұзақылық" дерегі бойынша қылмыстық істі қайта тергеуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап. Олардың айтуынша, 16 жастағы жасөспірімнің оң көзінде көру қабілеті 75 пайызға жоғалған. Енді оған ота жасалып, ұзақ уақыт қалпына келу қажет. Ол енді қалыпты өмір сүре алмайды, спортты тастауға мәжбүр болған. "Туыстарының айтуынша, полиция бастапқыда істі екі бап бойынша қозғаған: бұзақылық және денсаулыққа орташа зиян келтіру. Алайда кейін "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жабылған. Енді Тамерланның туыстары екінші бап та қайта саралануы мүмкін деп қауіптенеді", – делінген сюжетте. Сонымен қатар, істің фигуранттарының ешқайсы ұсталмаған. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасып жатқанын айтты. "Қазіргі уақытта бірқатар тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Соның ішінде қосымша сараптама тағайындалған. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Еске салайық, оқиға 29 маусым кешке Ақтөбеде болған. Төбелестің бір бөлігі супермаркеттің бейнабақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда 16 жастағы жасөспірімнің бір топ адамнан қорғанып жатқаны көрінеді. Бір сәтте оны бетіне ұрып, көзілдіріктің сынықтары көзін жарақаттаған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер 19 қыркүйек, жұмада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірқатар өңірде құбылмалы бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Елдің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз. Қалалар бойынша болжам Астана – құбылмалы бұлтты, кей уақыттары жаңбыр. Солтүстік бағыттағы жел 9–14 м/с. Түнде +8…+10 , күндіз +17…+19 . Алматы – құбылмалы бұлтты, кей уақыттары жаңбыр. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с. Түнде +9…+11 , күндіз +18…+20 . Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с. Түнде +9…+11 , күндіз +23…+25 . Ақтөбе – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 2–7 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +21…+23 . Ақтау – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыс желі 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +13…+15 , күндіз +23…+25 . Атырау – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде шығыс, оңтүстік-шығыс желі 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Түнде +12…+14 , күндіз +24…+26 . Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыс желі 7–12 м/с. Түнде +8…+10 , күндіз +18…+20 . Қарағанды – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, күндіз найзағай. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік, солтүстік-батыс желі 7–12 м/с. Түнде +7…+9 , күндіз +12…+14. Көкшетау – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік бағыттағы жел 3–8 м/с. Түнде +5…+7 , күндіз +16…+18 . Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с. Түнде +4…+6 , күндіз +18…+20 . Қонаев – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Түнде +10…+12 , күндіз +19…+21 . Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 7–12 м/с. Түнде +8…+10 , күндіз +22…+24 . Павлодар – бұлтты, жаңбыр, найзағай. Солтүстік жел 9–14 м/с. Түнде +8…+10 , күндіз +17…+19 . Петропавл – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең тұман. Түнде солтүстік-батыс желі 4–9 м/с, күндіз 7–12 м/с. Түнде +7…+9 , күндіз +18…+20 . Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с. Түнде +6…+8 , күндіз +20…+22 . Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Түнде +8…+10 , күндіз +20…+22 . Талдықорған – құбылмалы бұлтты, күндіз кей уақыттары жаңбыр. Солтүстік-шығыс желі 6–11 м/с. Түнде +8…+10 , күндіз +20…+22 . Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с. Түнде +9…+11 , күндіз +23…+25 . Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 5–10 м/с. Түнде +7…+9 , күндіз +22…+24 . Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с. Түнде +6…+8 , күндіз +20…+22 . Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев нөсерден кейін опырылу қаупі бар аумақтарды тексерді Алматының Әуезов ауданында толассыз жаңбырдан кейін Аманжол және Яссауи көшелерінде жол опырылып кеткен. Қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев мәселенің жай-жапсарын білу үшін оқиға орнына барып қайтты. Аманжол көшесінде жол жабыны бұған дейін мердігер ұйым "Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС инженерлік желілерді жүргізуді аяқтаған аумақта опырылып кеткен. Асфальтты қалпына келтіру жоспарланған газ құбыры жұмыстарына байланысты кейінге қалдырылған еді. Алайда нөсер суы мен борпылдақ топырақ жолдың бүлінуіне әкелді. Алмасхан Сматлаев мерзімді кейінге шегеру тұрғындарға қосымша қауіп тудырғанын айтып, мердігер ұйымдарды сынға алды. Яссауи мен Дастан көшелерінің қиылысқан тұсында шамамен 100 шаршы метр аумақта жол опырылып кеткен. Мұнда бұған дейін "Спецкоммунстрой" компаниясы кәріз жүйесін орнатқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, траншеяларды су шайып, топырақ дұрыс нығыздалмағандықтан осындай апат болған. Әкімнің орынбасары құрылыс нормаларына сілтеме жасағанмен, бұл мердігердің сапа үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті. "Сіздерге төрт күн беремін. Екі ауысымда жұмыс істеп, жолды қалпына келтіріңіздер. Енді Алматыда жаңбырдан кейін мұндай жағдай қайталанбауға тиіс", – деді Алмасхан Сматлаев. Қазір екі көшеде де жұмыс қызу жүріп жатыр. Жұмысшылар мен техника жұмылдырылған, ал жолды қалпына келтіру барысын әкімдік жіті бақылауға алған.
Алматы метросында жолаушылар өнерпаздардың өнеріне тәнті болды Алматы метрополитенінде өнер майталмандары нағыз перфоманс ұйымдастырды. Вагондар мен бекеттерде Алматы туралы әндер шырқалып, алдағы Қала күнімен құттықтаған жылы лебіздер жолданды. Жолаушылар "Алматы әуендері" ұжымының ән-шашуына зор қошемет көрсетті. Әсіресе, туристер мерекелік көңіл-күйге ерекше таңданды. "Абай" бекетінде "Арқайым" нео-этно-фолк тобы көмеймен ән айтып, ұлттық аспаптарда ойнады. Еске салсақ, бұған дейін аталған топ Мадридте сәтті өнер көрсетіп, аншлагпен концерт өткізген еді. "Біз Алматыда сенбіден бастап жүрміз, алған әсеріміз керемет, тұмса табиғат, үнемі көмектесуге дайын мейірімді әрі жанашыр адамдар. Мұндай ерекше қойылымдар таңқалдырады, бұл шынымен ерекше әсер етіп, шабыт береді екен. Мен осы мерекені көзіммен көргеніме шексіз қуаныштымын. Ару Алматының Қала күні құтты болсын!", - деді Малайзиядан Қазақстанға келген метро жолаушысы Нантини Муниапан. "Бауыржан Момышұлы" бекетінде дәстүрлі әншілер домбырамен қазақ халық әндерін орындады. Ал "Байқоңыр" бекетінде вагон іші күтпеген жерден концертке айналды, танымал композициялар орындалып, жолаушыларды шынайы қуанышқа бөледі. Әр метро бекетінде музыкалық құттықтау айтылды. Алматы қаласы әкімі оркестрінің "Алмалы" бекетіндегі концерттік қойылымы нүктесін қойды. Музыканттар "Гүл Алматым" атты символикалық шығарма орындады. Сонымен қатар, Алматы музейлері бірлестігі жолаушыларға жылжымалы фотокөрме ұсынды. Археологиялық артефактілер, зергерлік бұйымдар, спорт тарихының, ХХ ғасырдағы Алматының фотосуреттері, сондай-ақ көрнекті тұлғалардың музыкалық аспаптары жәдігер ретінде қойылды. Фотокөрме 21 қыркүйекке дейін жалғасады. Анықтама Алматыда 19 қыркүйекте Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында бірқатар ауқымды концерт өтеді, Сағат 18:00-де "Ән қанатындағы Алматы" дәстүрлі музыка кеші өтеді. Сағат 19:30-да Абай алаңында "QAZAQSHA терапия" заманауи жобасы көрермендерге "Ғасырлар үні" театрландырылған спектакль-концертін ұсынады. "QAZAQSHA терапия" - бұл дәстүрлі қазақ музыкасының құдыретін көрермендерге паш етеді. 20 қыркүйекте сағат 18:00-де "Көктөбе" саябағында "Көктөбе опера – 2025" халықаралық классикалық музыка фестивалі өтеді. Бұдан бөлек Испаниядан келген тенор Энрике Феррер мен Жапониядан келген балерина Ариса Хашимото арнайы қонақ болады. 20 қыркүйекте сағат 16:30-да ҚБТУ алдындағы Астана алаңында Almaty Cover Show атты ірі музыкалық іс-шара өтеді. Кештің хэдлайнері Ninety тобы болады және басқа да әншілер өнер көрсетеді. 20-21 қыркүйекте сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Арбатта жыл сайынғы KitapFest фестивалі өтеді. Алпысқа жуық баспа мен кітап дүкені қатысатын жәрмеңкеде қонақтар кітапты жеңілдікпен сатып алып, жаңа басылымдармен танысып, авторлармен тілдесе алады. 21 қыркүйекте таңнан кешке дейін танымал артистердің қатысуымен концерт өтеді. Сағат 10:30-да сахнада Роза Рымбаева, аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблі және басқа да өнерпаздар өнер көрсетеді. Сағат 17:00-де ҚБТУ алдындағы Астана алаңында "Aspan FM" музыкалық фестивалі басталады. Қала күніне орай көпшіліктің сүйікті радиостанциясы "Aspan FM" және қала әкімдігі танымал артистермен бірге алматылықтар мен қала қонақтарына ұмытылмас көңіл-күй сыйлайды. Фестиваль барысында артистер қызыл кілем үстімен жүріп өтеді. Сахнада танымал топтар және басқа да орындаушылар өнер көрсетеді. 21 қыркүйекте сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде ауқымды Digital Fest Almaty цифрлық фестивалі өтеді. Мәдениет саласындағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу барысында жасанды интеллект құралдары күн санап кеңінен қолданылып келеді, ал мұндай мереке қала тұрғындарын жаңа цифрлық шешімдермен таныстыратын бірегей алаңға айналуда. Биыл да дәстүрге сай Панфилов көшесі инновация орталығына айналып, әрбір жан цифрландырудың мүмкіндіктерін көріп, сезіне алады. Қонақтарды "Болашақ сферасы", "Цифрлық алма", VR-көзілдірігі арқылы түрлі ойындар, "Калейдоскоп" фотозонасы және басқа да қызықты digital-алаңдар күтеді. Панфилов көшесінде робот-суретші қонақтардың портретін салады, робот-фотограф пен робот-оператор мерекелік атмосфераны нақты уақыт режимінде түсіріп отырады. Осындай цифрлық кейіпкерлер фестивальді көрнекі ғана емес, барынша интерактивті етеді. Фестиваль отбасыны, жастар мен технология саласының мамандарын және бүгіннен-ақ болашақ әлеміне қадам жасағысы келетіндерді біріктіреді. 21 қыркүйекте сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Тұңғыш Президент саябағында Alma Fest-2025 фестивалі өтеді. Дәстүр бойынша саябақ аумағы жеміс пен ұлттық дәстүрлердің ауқымды мерекесіне айналады. Қонақтар үшін алма жәрмеңкесі, этно-аймақ, қолдан жасалған ерекше базар, гастрономиялық алаңдар, балмұздақ фестивалі, сондай-ақ ашық аспан астындағы кинотеатр және т.б. ұйымдастырылады. Айтпақшы, фермерлер жәрмеңкеге 100 тонна алма әкелді. Бұл күні саябақта Тұрар Ыдырыс, Медеу Арынбаев, аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблі және басқа да танымал артистер өнер көрсетеді.
Президент бокстан ӘЧ жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін Әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті. "Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті рет шырқалды, Көк туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда топ жару оңай емес. Бұл жетістік жылдар бойғы табанды еңбекпен, маңдай термен келгені анық. Біздің ұл-қыздарымыз бокстың отанына барып, өздерінің нағыз мықты спортшы екенін дәлелдеді. Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың ерекше өнеріне жаһан жұрты тәнті болды. Боксшы қыздарымыз әлемдік жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетті. Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова алтын медаль алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Назым Қызайбай шаршы алаңға бірінші болып шығып, елімізге ақжолтай жүлде әкелді. Виктория Графеева және Елдана Тәліпова қола медаль жеңіп алды. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қайрат Сәтжанов, Елдос Сайдалин бастаған бапкерлерге және басқа да мамандарға зор алғыс айтамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті көп жұмыс атқарғанына тоқталып, Қазақстан Бокс федерациясының еңбегін ерекше атап өтті. "Біз үшін жекпе-жек спортының орны қашанда бөлек. Соның ішінде әйгілі Шоқыр Бөлтекұлы негізін қалаған қазақ боксының өз тарихы бар. Өткен ғасырдың ортасынан бері көптеген спортшымыз әлемді мойындатты. Тәуелсіздік кезеңінде аға буынның даңқты жолы үзілген жоқ. Жазғы олимпиада ойындарынан ел қоржынына түскен 15 алтынның жетеуі – боксшыларға тиесілі. Бұл сабақтастық болашақта лайықты жалғасын табады деп сенеміз. Оған барлық мүмкіндік бар", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жүргізушілер жасырына алмайды: Алматыда жаңа камералар орнатылды Алматыдағы көше қиылысында жаңа үлгідегі камералар байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Жаңа камералар Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында орнатылған. Олар алматылық жүргізушілерге үйреншікті құрылғылардан айтарлықтай ерекшеленеді.Сыртқы құрылымы бірнеше ойықтары бар конус пішінінде, сол ойықтарға камералар қойылған. Полиция пікірі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл жабдық бір мезгілде сегіз жолақтағы қозғалысты бақылауға, 360 градусқа шолу жасап бейнебақылау жүргізуге, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін оқуға және бет-әлпеттерді тануға мүмкіндік береді. "Биыл іске қосылған интеллектуалды жоба аясында мұндай камераларды қаланың ең көп жүретін бөліктеріне орнату жоспарланған. Мұның бәрі жолдағы және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, жедел әрекет етуге және ыңғайлы қала ортасын құруға бағытталған", – деді ведомство өкілдері. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев “Әл-Азһар“ университеті Жоғарғы имамының орынбасарымен кездесті Мемлекет басшысы "Әл-Азһар" университеті Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайнимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аұордаға сілтеме жасап. Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келгеніне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев "Әл-Азһар" ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына толық сай келетініне, оның бастамалары жалпы адамзат өркениетінің бірлігін нығайта түсетініне тоқталды. Мемлекет басшысының пікірінше, Астанада өтіп жатқан Съезд – Қазақстанның дінаралық келісімді нығайту жолындағы табанды саясатының көрінісі. Ал діни көшбасшылардың басқосуы – жай ғана кездесу емес, нақты шешімдер қабылданатын маңызды платформа. Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни "Әл-Азһар" университетінің Жоғарғы имамы шейх Ахмет ат-Тайебтің ізгі сәлемін жеткізіп, Съездің әлемде бейбітшілікті орнықтыруға қосқан үлесін жоғары бағалады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкент қаласының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы 2025 жылы Шымкент қаласында әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, кәсіпкерлікті дамыту, туризм мен креативті индустрияны ілгерілету, цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу, сондай-ақ инвестициялар тарту мен өнеркәсіп өндірісін арттыру бағыттарында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік қолдау шаралары Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында 2025 жылы 333-тен астам тұрғынға өтеусіз мемлекеттік гранттар берілді. Бұл қаржы жеке кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беріп, әрбір қатысушыға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1 572 800 теңге) ұсынылды. Жалпы 1756 өтініш қабылданып, комиссия шешімімен 336 азамат грант иегері атанды. Қаржы 333 адамға аударылды, ал екі азаматтың есепшоттары бұғатталуына байланысты гранттан бас тартуына тура келді. Бірінші лек бойынша 134 азамат; оның ішінде 65 жеке кәсіпкер, 69 жұмыссыз, екінші лек бойынша 199 азамат; оның ішінде 101 жеке кәсіпкер, 98 жұмыссыз қолдауға ие болды. Грант иегерлері қатарында көпбалалы отбасылар 192 адам, мүгедектігі бар азаматтар 51 адам, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырғандар 59 адам, асыраушысынан айырылғандар 22 адам және атаулы әлеуметтік көмек алушылар 9 адам бар. Жобалар қызмет көрсету бойынша 151 жоба; оның ішінде өндіріс 53 жоба, кондитерлік және нан өнімдері 37 жоба, тігін өндірісі 35 жоба, жартылай дайын өнімдер 24 жоба, мал және құс шаруашылығы 12 жоба сынды бағыттарда жүзеге асырылуда. Мемлекеттік гранттар азаматтардың табысын арттырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етуде. Сонымен қатар, қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын бақылау мақсатында Еңбек мобильділігі орталығында арнайы мониторинг тобы жұмыс істейді. Туризм мен креативті индустрия Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында туризм мен креативті индустрия маңызды рөл атқарады. Шымкент еліміздегі ірі мегаполистің бірі ретінде туристік әлеуетін арттырып, ішкі және халықаралық туризмді дамытуға баса назар аударуда. Қала аумағында орналасқан мәдени-тарихи нысандар мен заманауи инфрақұрылым туристердің қызығушылығын арттыруда. Креативті индустрия саласында жаңа жобалар қолға алынып, жас кәсіпкерлер мен шығармашылық тұлғаларға қолайлы жағдай жасалуда. Бұл бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, шығармашылық әлеуеті бар азаматтарды қолдауға арналған алаңдар ашылуда. Цифрландыру және жасанды интеллект Шымкент қаласында цифрлық экожүйені дамыту шеңберінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн форматқа көшірілді. Жасанды интеллект технологиялары білім беру, денсаулық сақтау және қоғамдық қауіпсіздік салаларында қолданыс табуда. Бұл өз кезегінде мегаполистің технологиялық серпінін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуде. Инвестициялар мен өнеркәсіп Қала экономикасын әртараптандыру және тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар тарту мен өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жаңа өндіріс орындары ашылып, өңдеу өнеркәсібінде бірқатар жобалар іске қосылды. Инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалып, тағам өнеркәсібі, тігін және жиһаз жасау, сусындар өндіру, жартылай дайын өнімдер шығару сынды салаларда белсенді инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға және қаланың экономикалық тұрақтылығын арттыруға жол ашуда. Шымкент қаласының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, кәсіпкерлікті қолдауға, инвестициялық тартымдылықты күшейтуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Қолға алынған бастамалар мегаполистің инновациялық даму жолын айқындап, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға нақты мүмкіндік беруде.
Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің жабылуында сөз сөйледі Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылуында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы бірнеше күннен бері елордада түрлі мәдениет пен өркениет өкілдері бас қосып жатқанын айтты. "Меймандарымыздың діні мен ділі бөлек болса да, тілегі мен ниеті бір екені сөзсіз. Съездің қорытынды Декларациясы – соның айқын дәлелі. Құжатта ортақ идеялар мен ұсыныстар көрініс тапты. Жалпы, форумның түпкі мәні де – осы. Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық. Ең бастысы, дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын екенін көрсетті", – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, шын мәнінде, салмақты және сындарлы диалог – нағыз даналықтың көрінісі. "Сіздер бүкіл әлемге көрегендік пен парасаттылықтың үлгісін көрсетіп отырсыздар. Геосаяси тұрақсыздық белең алған күрделі кезде мұның мән-маңызы айрықша. Форум бүгінде діндер мен мәдениеттер арасындағы ықпалдастықты дамытудың, барша адамзаттың жарқын болашағы үшін ынтымақтастықты нығайтудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пленарлық және секциялық отырыстарда, діни орындар мен нышандарды қорғау бойынша арнайы сессияларда, сарапшылар дөңгелек үстелінде және жас діни көшбасшылар форумында көптеген құнды идея мен ұсыныс айтылды. Сіздер деструктивті ағымдар мен зорлық-зомбылықты қатаң айыптап, қазіргі дағдарыстарды реттеу мүмкіндіктерін қарастырдыңыздар, әлеуметтік теңсіздікті еңсеру мен инклюзивті қоғам құру жолдарын талқыладыңыздар. Экология, орнықты даму, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектінің адам өміріне әсері мәселелеріне ерекше мән берілді.Съездің ашылуында сөйлеген сөзімде діни дипломатияның халықаралық аренадағы диалог пен сенімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтқан едім. Сіздердің де бұл ұстаныммен келісетіндеріңіз қуантады", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда “Актив“ ломбард филиалдары уақытша жұмысын тоқтатты: иесі ұсталды Ақтөбеде "Актив Ломбард" ірі ломбардтар желісінің иесі, кәсіпкер Сергей Койнов ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер қамауға алынғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚМА заңсыз микрокредит беру бойынша кең ауқымды схеманы әшкереледі. Ол еліміздің әр өңірінде 200-ге жуық филиалы бар, комиссиялық дүкендер ретінде жасырынған ірі ломбардтар желісі арқылы жүзеге асырылған. Атап айтқанда, "Актив Ломбард" желісінің иесі Койнов С.С. сенімді адамдарына "Актив Маркет" брендімен тіркелген бірнеше компания рәсімдеген. "Олар тауарлар мен тұрмыстық техниканы қабылдайтын комиссиялық дүкен ретінде көрсетілгенімен, іс жүзінде лицензиясыз ломбардтық қызмет – мүлікті кепілге қою арқылы қарыз берумен айналысқан. Комиссиялық дүкендер мен ломбардтар бір ғимаратта орналасып, бір персоналды пайдаланған", - делінген хабарламада. Заңнамаға сәйкес, қысқа мерзімді қарыздар (45 күнге дейін) бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі тәулігіне 0,3 пайыздан аспауға тиіс. Алайда Койнов С.С.-тың компаниясы 15 күнге 16,2 пайыз сыйақымен қарыз берген, бұл заңда белгіленген шектен 4 есе артық. "Осылайша, жүз мыңдаған азамат, соның ішінде зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасылар қарыз тұзағына түскен. Соңғы екі жылда заңсыз жоғары мөлшерлемемен кепілдік қарыз беру арқылы 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат заңсыз өндірілген. Түскен кірістерді одан әрі заңдастыру үшін Койнов С.С. байланысы бар компаниялармен бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және сүйемелдеу бойынша жалған келісімшарттар рәсімдеген. Оның жалпы сомасы – 1,9 ммиллиард теңге. Кейін бұл қаражат жеке депозиттік шотына дивиденд түрінде аударылған". Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде 200-ден астам тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. ҚМА мәліметінше, Қаржы реттеушісінің лицензиясы бар "Актив Ломбард" желісінің қызметі сотқа дейінгі тергеу нысанына жатпайды. "Агенттік оның бірде-бір филиалын жапқан жоқ, "Актив Маркетке" кепілге қойылған мүлік те тәркіленген жоқ, ол "Актив Ломбардтың" иелігінде". Сонымен қатар, ҚМА азаматтардан заңсыз сыйақы алу фактілері бойынша тағы 14 істі тергеп жатыр. Күдікті ретінде 15 тұлға танылды. Tengrinews.kz тілшісі "Актив" ломбардқа хабарласып, олар компанияның Қазақстан бойынша барлық филиалы екі күнге жабылғаны туралы хабарлады. Жұмысты уақытша тоқтатудың себебі ретінде "техникалық себептер" аталды. "Қазір бәрі жабық. Басшылықтың тапсырмасы бойынша шамамен екі күн база жұмыс істемейді және бұл уақытта клиенттерді қабылдай алмаймыз", – деді компанияда. Осы уақытта редакциямыздың Telegram-ботына көптеген қазақстандықтардан "Актив" ломбардынан өз мүлкін қайтара алмай жатқаны жөнінде шағымдар келіп түсіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Мәжіліс депутаттарға мінберден анасын құттықтауға рұқсат берді Мәжіліс Ардақ Назаровтың пленарлық отырыс кезінде анасын туған күнімен құттықтаған әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Парламенттің төменгі палатасы Назаровтың әрекетінен регламентті немесе депутаттық әдеп ережелерін бұзу белгілерін байқамағандарын айтты. "2025 жылғы 10 қыркүйекте депутаттық сауалды жариялау кезінде депутат Назаров А.К. тарапынан анасын құттықтауға қатысты Парламент пен Мәжіліс регламентінің нормаларын, соның ішінде депутаттық әдеп ережелерін тікелей бұзу белгілері байқалмады", – делінген жауапта. Мәжіліс мәліметінше, бұл сөз "пленарлық отырыстың өту барысына әсер етпеген және орынды формада айтылған". Осыдан депутаттардың мінберден аналарына құттықтау айтуына болады деген қорытынды шығады. Ең бастысы – Назаров сияқты "орынды формада" жеткізу. Сонымен қатар, Мәжілісте парламенттік мінбер тек тікелей мақсаты бойынша пайдаланылуы керек екені айтылды. Айта кетейік, Ардақ Назаровтың құттықтауына қоғамда реакция әртүрлі болды. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары Мәжіліс отырысын "Поле чудес" бағдарламасына теңесе, енді біреулері депутатты қатаң сынап, Парламент қабырғасында қатаң регламент пен протокол сақталуы тиіс екенін еске салды. Тіпті оның құттықтауынан кейін әлеуметтік желіде түрлі мемдер мен пародиялық видеолар пайда болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бұрын Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған “Байсат“ базары сатылымға шығарылды Бұрын Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығы" ЖШС үлесі сатылымға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аукцион E-Qazyna порталында 18 қарашада Астана уақытымен сағат 10:00-де өтеді деп жоспарланған. "Байсат" базарының бастапқы бағасы 28 миллиард 639,882 миллион теңге болады. "Активтерді сату қайтарылған активтерді басқару компаниясының қызметі аясында жүзеге асырылады. Сатылымнан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға бағытталып, қоғам мүддесіндегі әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады", – делінген ақпаратта. Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Алматы прокуратурасы бұл үлесті мемлекетке қайтарды. Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында Қайрат Сатыбалды "Байсат" базарының басым бөлігін ерікті түрде мемлекетке қайтарған болатын. Сондай-ақ ол мемлекетке 650 миллиард теңге қайтарды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Егізінен ажырап қалды“: Алматы облысында 19 жастағы мерзімді сарбаз өлі табылды Әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Қайғылы оқиға туралы жазбаны марқұмның әпкесі жариялады. Оның айтуынша, отбасына марқұм суицид жасады деген хабар жеткізілген, алайда туған-туыстары бұл нұсқаға сенбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Марқұмның әпкесі Еңлік Қалтаеваның жазуынша, оның інісі Дінмұхаммед егіз ағасының артынан әскерге кеткен. Алдымен олар бір әскери бөлімде қызмет еткен, кейін біреуін басқа бөлімге ауыстырған. "Олар бірге қызмет етті, бірақ ант бергеннен кейін Дінмұхаммедті Матибұлаққа, 01098 әскери бөліміне ауыстырды да, егізінен ажырап қалды, ал егіздерді бөлуге болмайды. Сол жерде қайғылы оқиға болды", – деп жазды ол. 17 қыркүйекте отбасы қайғылы хабар алған: Дінмұхаммед өмірден өтті. "29 тамызда ол небәрі 19 жасқа толар еді. Еңбекқор, мейірімді, болашаққа армандары бар еді… Біз қайғыдан қан жұтып отырмыз, оның қазасын суицид деп түсіндіргеніне сене алмаймыз. Неге бейбіт кезде осындай жас жігіттер қаза табады? Бізге шындық пен әділдік қажет", – деп жазды Еңлік. Tengrinews.kz тілшісімен әңгімеде Еңлік інісінің бөлімдегі әлімжеттікке немесе жанжалдарға шағымданбағанын айтты. Құрлық әскерлерінің ресми пікірі Құрлық әскерлері баспасөз қызметі 17 қыркүйекте гвардиялық гарнизондағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің асылып, суицид жасағанын хабарлады. "Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы тапсырмасымен оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", – деп хабарлады баспасөз қызметі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Стрим-тұзақ: ШҚО-да жасөспірім алдаудың жаңа әдісін ойлап тапқан ШҚО-да киберполиция қызметкерлері әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы ерекше алдау схемасын ойлап тапқан жасөспірімді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ШҚО ПД деректері бойынша, ол стримге шығып отырған адамдарды бақылап, эфирге көрініп қалған кодтарды ұрлаған. "Осы кодтарды пайдалана отырып, күдікті жәбірленушілердің парақшаларына кірген. Бөгде парақшаға кіргеннен кейін ол жәбірленушілердің контактілеріне қарызға ақша беруін сұрап хабарламалар жіберген. Алынған сомалар оның есепшоттарына түсіп отырған", – деп полиция схеманы ашып көрсетті. Алаяқтық әрекеттердің салдарынан облыстың бес тұрғыны зардап шеккен. Полицияда "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны нақтыланды. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріліп жатыр. Құқық қорғаушылар қазақстандықтарға онлайн-эфирлер кезінде қауіпсіздік ережелерін еске салды: кадрда растау кодтары бар SMS пен басқа да хабарламаларды көрсетпеу; жеке деректерді (ЖСН, банк картасының нөмірі, телефон, мекенжай) жарияламау және айтпау; аккаунттарды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалану. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Маңғыстауда екі әкімнің орынбасарлары есірткі ісіне байланысты ұсталды Маңғыстау облысында полицейлер өңірлік әкімдіктің қолдауымен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын есірткі қылмысына күдікпен ұстады. Олардың арасында аудан әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылы әкімінің орынбасары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған, ал басқа фигуранттарға қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр. "Алынған заттар сараптамаға жіберілді, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді әкімдік өкілдері. Сондай-ақ, өңірде мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа және заңсыз әрекеттерге мүлдем төзбеушілік саясаты жүйелі түрде жүргізілетіні атап өтілді. "Заңды бұзған тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең қатаң шаралар қабылданатын болады", – делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Әкім Алматының энергожүйесін басқаруда цифрлық технологияларды енгізуді тапсырды Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында "Алатау Жарық Компаниясына" барды. Аталған компания – Алматы мен Алматы облысындағы 4 миллионға жуық тұтынушыны электр энергиясымен қамтитын ең ірі энергия таратушы ұйым. Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытудағы кәсіпорынның қызметін, жүзеге асырылып жатқан жобаларды және стратегиялық жоспарларды "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Абай Асылов таныстырды. Сапар барысында қала әкімі кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерін аралап, электр жабдықтарын жөндеу цехын, диагностикалық қызметті және апаттық жағдайды жедел жоюға арналған заманауи арнайы техниканы көрді. Сондай-ақ соңғы жылдардағы инвестициялық бағдарламаның қорытындылары талқыланды. Оның аясында 344 шақырымнан астам кабельдік желі салынды, 129 трансформаторлық қосалқы бекет жаңғыртылды, 20 шақырымға жуық әуе желісі жаңартылды және жаңа электр нысандары пайдалануға берілді. 2025 жылы 115 шақырымнан астам кабельдік желі салу, 21 қосалқы бекетті жаңғырту және 15 трансформаторлық қосалқы бекетті заманауи кешенді-блоктық үлгіге ауыстыру жоспарланып отыр. Дархан Сатыбалдының айтуынша, сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтау – алматылықтардың жайлы өмір сүруі мен қаланың тұрақты экономикалық өсімінің басты шарты. Сапар қорытындысы бойынша әкім бірқатар тапсырма берді: ескірген кабельдік желілер мен қосалқы бекеттерді жаңғырту қарқынын жеделдету, халық тығыз орналасқан аудандарға баса назар аудара отырып, күзгі-қысқы кезеңге дайындықты күшейту. Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды АЖК басшылығына желілерді бақылау мен басқарудың тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды енгізуді, апаттық жағдайларда халықты жедел ақпараттандыру мақсатында әкімдікпен өзара байланысты күшейтуді тапсырды. Қала басшысы жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру және қайта құру кестесін қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, кез келген кідіріс тұрғындардың жайлылығына тікелей әсер ететінін айтты.
Алматы іргесіндегі су қоймасы жекеменшіктен мемлекетке қайтарылды Алматы облысында сот 2024 жылдың наурызында бөгеті жарылған "Ворошиловское" су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап. 2017 жылы "Ворошиловское" су қоймасы 49 жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға (СБ) жеке кәсіпкерге (ЖК) берілген. 2021 жылы ЖК қайтыс болғаннан кейін су қоймасын басқару құқығы қосымша келісім негізінде мұрагер ретінде оның жесіріне өткен. Алайда, СБ келісімі мен бизнес-жоспар талаптарының нашар орындалуы, тиісті бақылаудың болмауы және тиімсіз басқару салдарынан 2024 жылы су қоймасының бас бөгеті жарылып, мемлекет меншігіне едәуір шығын әкелді. Үлкен аумақтар суарусыз қалды. Соттың ұстанымы Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты істі қарап, АК-тің 891-бабына сілтеме жасап, оған сәйкес сенімгерлікпен басқарушының қайтыс болуы онымен жасалған сенімгерлік басқару шартын бұзуға негіз болып табылатынына келісті. Осылайша, 2021 жылғы қосымша келісім материалдық құқық талаптарына қайшы келеді. Сенімгер қайтыс болғаннан кейін басқарма жаңа конкурс жариялап, конкурс жеңімпазымен СБ-мен сенімгерлік шарт жасасуы керек болған. Сот шешімі Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, талап қою ішінара қанағаттандырылып, шешімқабылданды: 2017 жылғы сенімгерлікпен басқару шарты жеке кәсіпкердің қайтыс болуына байланысты бұзылды деп танылсын; 2021 жылғы қосымша келісім жарамсыз деп танылсын; су қоймасына қатысты жесірге берілген мұрагерлік құқығы туралы куәлік жарамсыз деп танылсын. Сот жесір әйелді су қоймасын коммуналдық меншікке қайтаруды міндеттеді. Осылайша, мемлекеттік меншікке құқықтарды заңсыз беру бөлігінде мемлекеттің заңды мүдделері қалпына келтірілді. Шешім заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астананың орталығында өрт шықты: 8 пәтер зардап шеккен Астана әкімдігі орталықта шыққан өрттің салдары туралы хабарлады. Сегіз пәтерге зақым келген. Бұл пәтерлер, сондай-ақ тұрғын үй кешенінің қасбеті өрт басталған дәмхана қожайындарының қаражатынан қалпына келтірілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды", - делінген хабарламада. ТЖД мен Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. "Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетіледі", - делінген әкімдік хабарламасында. Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты есебінен басталатыны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді ІІМ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 11 қыркүйекте Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. "Топтың төрт негізгі ұйымдастырушысы мен олардың қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада. Тергеу барысында олардың көрші елдерден келген азаматтарға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталды. Өздерінің "қызметі" үшін күдіктілер әрбір мигранттан 500 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Жүргізілген тінту кезінде шетелдік паспорттар, жалған құжаттар, электронды тасымалдаушылар және байланыс құралдары тәркіленді. Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша – Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
604 963 теңге: Қазақстанда орташа жалақының өсімі болжанды Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады. Құжатқа сенсек, үш жылдан кейін қазақстандықтар айтарлықтай көп табыс табады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2028 жылға қарай бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 604 963 теңгеге жетуі тиіс. Салыстыру үшін: 2025 жылы бұл көрсеткіш - 423 133 теңге. Ұлттық экономика министрлігінің ресми болжамына сәйкес, Қазақстандағы орташа жалақы мынадай болады: 2025 жылы - 423 133 теңге; 2026 жылы - 500 890 теңге; 2027 жылы - 554 154 теңге; 2028 жылы - 604 963 теңге. Нақты жалақы өсімі (инфляцияны есептегенде) төмен болжанған: 2026 жылы - плюс 7,6 пайыз, ал 2027–2028 жылдары шамамен 3 пайыз. Ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалады - 85 000 теңге. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі өседі: 2025 жылғы 46 228 теңгеден 2028 жылға қарай 57 405 теңгеге дейін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді 18 қыркүйекте Қазақстанның екі қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 18 қыркүйекте Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Соңғы шешім“: Вице-министр зейнетақы қаражатын тіс емдеуге пайдалану мәселесіне нүкте қойды Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов зейнетақы қаражатын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға тыйым өзгермейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, қазіргі таңда министрліктің бұйрығы "Ашық НҚА" порталында қаралып жатыр және ол бойынша тіс емдеу шығындары БЖЗҚ есебінен өтелмейді. "Бұл – бүгінгі күнге соңғы шешім. Тергеу аяқталмайынша бұл сұрақ қайта қаралмайды. Қазір тек үш-төрт өңірде анықталған соманың өзі 240 млрд теңгеден асады. Басқа аймақтардағы жағдайды тергеу көрсетеді", – деді вице-министр. Сонымен қатар ол тиісті органдар тарапынан тексеріс жүріп жатқанын, нәтижесіне қарай қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін екенін жеткізді. Айта кетейік, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының артығын тіс емдеу қызметтерін төлеуге пайдалану мүмкіндігінен айырылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
13 күн қалды: салық органдары үндеу жасады Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 1 қазанға дейін пәтер, үй, саяжай, гараж және басқа да жер учаскелерінің иелері 2024 жылдағы мүлік салығын төлеуі керек екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл төлем барлық жылжымайтын мүлік иелері үшін міндетті саналады. Комитет мәліметінше, салық сомасы туралы хабарлама шілдеде қағаз түрінде, оған қоса екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push хабарлама түрінде жіберілген. Салық 1 қазанға дейін төленбесе, келесі күннен бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Сонымен қатар, салық органдары қарыз туралы хабарлама жібереді. Ал 14 қарашадан бастап 1 АЕК-тен (3 692 теңге) жоғары борыш бойынша өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығады. Егер осыдан кейін салық бес жұмыс күні ішінде төленбесе, құжаттар жеке сот орындаушыларына беріледі. Жеке сот орындаушыларының мынадай құқығы бар: борышкердің банк шоттары мен қаражаттарына тыйым салу; жылжымайтын мүлік және басқа мүлікке қатысты операцияларды шектеу; 40 АЕК (147 680 теңге) берешек болса, Қазақстаннан тыс жерлерге шығуға тыйым салу. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазадені қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазадемен кездесті. Президент дінаралық диалогты ілгерілету, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту мәселелерінде Қазақстан мен Әзербайжанның ұстанымдары ортақ екеніне тоқталды. Мемлекет басшысы дінаралық түсіністікке септігін тигізетін өзара ықпалдастық екі елдің ұзақмерзімді серіктестігін бекіте түсетініне сенім білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Архив қызметкерлеріне ауылда үстемақы енгізілмек  –  вице-министр Мәжілісте архив қызметкерлеріне ауылда үстемақы енгізу мәселесі көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев архив саласындағы кадр тапшылығын атап өтті. Оның айтуынша, әсіресе ауылдық жерлерде жағдай күрделі. "Жалақының төмен болуынан жас мамандар келмейді, ал қазіргі қызметкерлердің басым бөлігі зейнет жасына жақындап қалған. Заң жобасында архив саласының мамандарына ауылда жұмыс істегені үшін үстемақы төлеу құзыреті жергілікті атқарушы органдарға берілген. Осыған байланысты сұраймын: қосымша ақы мөлшері қандай болады және ол кімдерге тағайындалады? Сондай-ақ мамандықтың беделін арттыру мен жас кадрларды тарту үшін тағы қандай шаралар қарастырылып отыр?", – деді депутат. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Жексенәліұлы бұл норманың бұрын да болғанын, бірақ "архивші" мамандығы көрсетілмегендіктен, облыстарда үстемақы төлеу тетігі жұмыс істемегенін айтты. "Енді заң деңгейінде бекітіледі. Архившілерге 25% үстемақы беріледі. Қазір жылына 20–25 грант бөлінеді, ҚазҰУ-да архив ісі мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистрлер даярланып жатыр. Ал арнайы әлеуметтік қолдау шаралары әзірге қарастырылмаған", – деді вице-министр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Несиені комиссиясыз кейінге қалдыру: Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енді Кей қазақстандықтарда кем дегенде үш ай мерзімге комиссиясыз немесе басқа төлемдерсіз несиені кейінге қалдыруға мүмкіндік болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап. Ресми хабарламаға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдарының халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және төтенше оқиғалардан зардап шеккен қарыз алушы - жеке тұлғаларға комиссиялар мен өзге де төлемдер алынбай, кемінде үш ай мерзімге берешекті өтеу бойынша кейінге қалдыру мүмкіндігін беру міндеті белгіленген. "Кейінге қалдыру, егер "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушының өтініш бергенге дейінгі екі айдағы орташа айлық кірісі алдыңғы он екі айдағы кіріспен салыстырғанда 30 пайыздан астам төмендеген жағдайда не атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде беріледі", - делінген хабарламада. Бұдан басқа, кредиторлар тарапынан рәсімдерді кешіктіруді болдырмау және негізсіз бас тартуға жол бермеу мақсатында мерзімі өткен берешекті реттеу үшін қажетті құжаттардың бірыңғай тізбесі енгізілген: жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және (немесе) қарыз алушының соңғы алты айдағы кірісі туралы анықтама, жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату, еңбекақысы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі немесе уақытша еңбекке жарамсыздық туралы құжат, жұмыс орнынан еңбекақысы көрсетілген анықтама және БЖЗҚ-дан үзінді-көшірме, қарыз алушының жүктілігіне және баланың тууына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты не ол үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста болғанын растайтын құжат жатады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Діни қайраткерлер саясаткерлерді моральдық жауапкершілікке үндейтініне сенімдімін Мемлекет басшысының айтуынша, өркениеттер байланысын дамытуда, сондай-ақ адамдар мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуда айрықша рөл атқаратын дінбасыларына зор үміт артылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Діни қайраткерлер саясаткерлерді парасаттылыққа, ізгілікке және моральдық жауапкершілікке үндеп, әлемнің құрдымға кетуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенімдімін. Дүние жүзінде мұндай үлгі тұтар талпыныстар жоқ емес. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Адамзат бауырластығы туралы құжат, Мекке декларациясы, Бахрейн форумы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі "Ибраһим зәузатының үйі" – осы бастамалардың барлығы тізе қосып әрекет етсе, дін ұйыстырушы күшке айналатынын көрсетеді. Мұндай тәжірибені одан әрі дамытып, кеңінен тарату қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұдан әрі Президент Қазақстанның дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға қатысты ұстанымымен бөлісті. "Халықаралық және өңірлік ұйымдар деңгейінде діни дипломатияның әлеуетін пайдалану маңызды. Осыған дейінгі Съезд аясында көтерген "Бейбітшілік қозғалысы" атты идеямды талқылауды ұсынамын. Жоғарғы дін қызметкерлері зорлық-зомбылықты тоқтатуға және бітімге келу жолдарын іздеуге ешқандай саяси реңксіз, бейтарап үндеу жасау арқылы аталған қозғалысқа моральдық тұрғыдан демеу бола алар еді. Адам өмірінің құны, жанашырлық пен мейірбандық секілді жалпыға ортақ құндылықтарға негізделген бұл бастама діндар қауымды ғана емес, саясаткерлерді, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес құрылымдар өкілдерін, сарапшыларды, тіпті жастарды да біріктіре алады. Бейбітшілікті қорғау жолындағы үніміз әлдеқайда өршіл болуы қажет. Осы Съезд секілді алаңдар соған септігін тигізеді. Бұл ретте әзірге әлемде баламасы жоқ Біріккен Ұлттар Ұйымына үлкен сенім артамыз. Орайлы сәтті пайдаланып, Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашу туралы еліміздің ұсынысына қолдау білдіргені үшін Ұйымға мүше барлық мемлекетке ризашылығымды білдіремін. АӨСШК, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы, Араб мемлекеттері лигасы секілді өңірлік құрылымдардың рөлін күшейту қажет", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда бұрынғы әйелін балаларының көзінше сабаған ер адам қамауға алынды Алматы полициясы кішкентай балалардың көзінше бұрынғы жұбайын аяусыз ұрып-соққан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Әлеуметтік желілерде әйелдің диванда отырған видеосы пайда болды. Оның бет-аузы қан-жоса екені көрінеді. Бұл уақытта оның қасында екі бала бар, олардың бірі жылап отыр. Кейін ауруханадағы кадрлар көрсетіледі: зардап шегушінің беті таңылған, көгерген. Әйелдің айтуынша, оқиға 28 тамызда болған. Ол өзіне бұрынғы күйеуі шабуыл жасағанын мәлімдейді, олар үш жыл бұрын ажырасып кеткен. Оның айтуынша, шабуылдан кейін ол ауыр жарақат алған, жақ сүйегін қалпына келтіру үшін бірнеше операция жасалған және ұзақ уақыт ауруханада болған. Зардап шегуші кінәлі адамды жауапқа тартып, заңның қатаң талаптарына сәйкес жазалауды сұрады. Ер адам ұсталды Полиция департаменті бұған дейін ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. 17 қыркүйекте Алматы полициясы күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. "Барлық материал объективті түрде қаралады, ал тергеу аяқталған соң қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылданады", – деп қорытындылады ведомство. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев иудаизм ұйымының өкілдерімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев иудаизм ұйымының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бермен, Израильдің бас сефард раввині Давид Йосефпен, Американың ірі еврей ұйымдары президенттері конференциясы атқарушы төрағасының орынбасары Малькольм Хонлайнмен кездесті. Мемлекет басшысының айтуынша, меймандардың форумға қатысуы елдер арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға әзір екенін көрсетеді. Президент еліміздің халқы әлемнің негізгі діндерін ұстанатынын айтты. Олардың арасында иудаизмнің орны ерекше. Ал еврей ұйымдары қоғамның ажырамас бөлігі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытуға және нығайтуға зор үлес қосып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев ашкеназ және сефард раввинаттарының көшбасшылары адамзатқа ортақ құндылықтарды ілгерілету жолындағы дінаралық диалогқа белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Жүкті екенін білсем, өлтірмес едім“. NCOC қызметкерінің өліміне қатысты сот шешімі шықты Атырауда NCOC қызметкері Бибігүл Шпанованың өліміне қатысты сот шешімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Биыл 29 сәуірде Атырауда өз үйінен 45 жастағы Бибігүл Шпанова өлі табылды. Оның мұнай-газ саласында 20 жылдан аса тәжірибесі бар, NCOC компаниясының бөлім басшысы да болған. Полиция мәліметтері бойынша әйелдің денесінде пышақ жарақаттары анықталған, ал пәтеріндегі сейф ашылған. Сот отырысы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында күдіктіге қатысты алаяқтық, зорлау және жүкті әйелді басқа қылмыстарды жасыру мақсатында асқан қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ, ұрлық жасау және көлікті заңсыз иемдену бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот мәліметінше, 2022 жылы жәбірленуші Атырау қаласында пәтер сатып алып, сантехникпен танысқан. Ол жөндеу жұмыстарын талқылап, сенімге кіріп, жәбірленушінің тұрақ орнын сатып алу жоспары барын білген. Ол жәбірленушіні ұйым қызметкерлері арқылы тұрақ орнын жеңілдікпен сатып алуға көмектесетініне сендіріп, одан 400 мың теңге алдын ала төлем алған. Кейін жәбірленуші келісім туралы бірнеше рет күдіктінің есіне салған. Бір жылдан кейін ол тағы да сантехник маманына қоңырау шалып, тұрақ орны туралы есіне салып, мәселе шешілмеген жағдайда шағым түсіретінін ескерткен. Жүкті екенін, одан әрі күту мүмкін емес екенін де айтқан. Осыдан кейін сантехник арызды рәсімдеу сылтауымен оған мас күйде келген. "Алаяқтықты жасыру үшін ол маска тағып, пышақпен қаруланып, жәбірленушіні зорлап, асқан қатыгездікпен өлтірген. Кейін ол пәтерді тінтіп, сейфті ашып, қомақты ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап, көлік пен ұялы телефонды иемденген. Жалпы материалдық шығын 13 млн теңгеден асқан", - деп жазылған хабарламада. Сот үкімі Сотталушының кінәсі дәлелдермен расталған. Сотталушы барлық айып бойынша кінәлі деп танылды. "Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасына сотталды. Жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық залал өндірілді", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев БҰҰ бас хатшысының орынбасарына Астана халықаралық сыйлығын табыстады Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі, БҰҰ ислам фобиясымен күрес жөніндегі арнаулы өкілі Мигель Анхель Моратиносқа берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің құрмет медалімен: 1. Мысыр Араб Республикасының бас мүфтиі Назир Мұхаммед Аяд; 2. Татарстан Республикасы Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин; 3. Тәжікстан Республикасы Улемдер кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзода; 4. Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог дикастериясының префекті Джордж Джейкоб Кувакад; 5. Минск және Заславль митрополиті, бүкіл Беларусь Патриархының экзархы Вениамин (Виталий Тупеко); 6. Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бер; 7. Израильдің бас сефард раввині Давид Йосеф; 8. Бахаи халықаралық қоғамдастығының бас хатшысы Дэвид Рутштейн; 9. Дүниежүзілік буддашылар бауырластығының президенті Фаллоп Тайари; 10. Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының бас директоры Салим Мұхаммед әл-Малик; 11. Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев; 12. Діни және дәстүрлі бітімгерлер желісінің атқарушы директоры Мұхаммед Эльсаноуси; 13. Еуразияның еврей қауымын қолдау жөніндегі ұлттық коалицияның атқарушы вице-төрағасы, бас атқарушы директоры Марк Барри Левин; 14. Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер Альянсының директоры Нихал Саад; 15. Израильдің бас ашкеназ раввинінің өкілі Шломо Менахем Кук наградталды. Ізгі ниет елшілерінің айрықша белгілерімен: 1. Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак; 2. БАӘ Толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру министрлігінің бас директоры Афра Әл Сабри; 3. Мартин Лютер Інжіл-Лютеран одағының бас хатшысы Михаэль Хюбнер; 4. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі Болат Сәрсенбаев марапатталды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Алгоритмдерге арналған қағидалар“ - Тоқаев ЖИ-ді дамыту этикасы жөніндегі комиссия құруды ұсынды Президент әлемнің жаңа технологиялық дәуірге қадам басқанына назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Жасанды интеллект, үлкен дерекқор, биоинженерия және басқа да революциялық жаңашылдықтар адамның тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертті. Бірақ этикалық нормалар технологиялық прогрестің қарқынына ілесе алмай жатыр. Таңдау құқығы мен жеке өмірдің құпиялығын қорғау, цифрлық теңдікті және жасанды интеллектіні пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді көптеген дилемма салдарынан жаңа сын-қатерлер туындады. Дін көшбасшылары адамгершілік құндылықтар мен асқақ мұраттардың сақшысы ретінде адамзаттың цифрлық келешегі туралы пікірталасқа атсалысуы керек деп ойлаймын. Кез келген технология адам игілігіне қызмет етуге тиіс. Ол үшін дін көшбасшыларының, ғалымдар мен технократ-инженерлердің тұрақты диалогын ұйымдастыру қажет. Жасанды интеллект еліміздің қарқынды дамуына жол ашады. Әйтсе де этикалық нормаларды сақтаудың маңызын жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл бағытта кеңінен ынтымақтастық орнатуға әзірміз. Жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынамын. Ол нейрожелілер мен басқа да серпінді технологияларды жауапкершілікпен пайдаланудың әмбебап қағидаттарын әзірлеумен айналысады. Бұл жерде "алгоритмдерге арналған қағидалар" жинағын әзірлеу туралы сөз болып отыр. Онда адамның қадір-қасиетін құрметтеу, дискриминацияға жол бермеу, аса маңызды шешімдерді бақылауда ұстау мәселелері ескерілуге тиіс", – деді Мемлекет басшысы. Президент барлық негізгі діни дәстүрлер мейірімділік, әділдік, жақыныңа жанашырлық, бейбітсүйгіш қасиет секілді жалпы гуманистік құндылықтарды дәріптейтініне назар аударып, Қазақстанның осы ұстанымға бейіл екенін атап өтті. Сондықтан еліміз зорлық-зомбылықты, экстремизмді және өшпенділікті ақтап алу үшін дінді пайдалануға үзілді-кесілді қарсы деп мәлімдеді. "Бүгінде көптеген ойшылдар постсекулярлық дәуірдің басталғанын жиі айтады. Яғни мұндай кезеңде дін қайтадан қоғамдық және саяси өмірдің маңызды факторына айналады. Біздің Съезд замана көшінен қалмауға тырысады. Сондықтан дін өкілдерінің диалогын ғалымдар мен сарапшылар қауымдастығымен күшейтеміз. Рухани даналық пен сарапшылар білімінің синтезі жаһандық және өңірлік деңгейдегі өзекті проблемалардың тиімді шешімін табуға жол ашуы мүмкін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл ретте Мемлекет басшысы болашақ жастардың қолында екенін жеткізді. "Өскелең ұрпақ барлық дін және мәдениет өкілдерінің арасындағы өзара құрмет пен сыйластық рухын терең сезініп өсуі керек. Қазіргі жастар көптеген сын-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Наным-сенімі, дүниетанымы әртүрлі болса да, оларды толғандыратын мәселелер – ортақ. Демек сол түйткілдердің шешімін де бірлесіп іздеу қажет. Сол себепті, Съезд аясында Жас дін көшбасшылары форумы екінші рет өткізіліп жатыр. Бұл форумға қатысушылар ашық пікір алмасуға, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті. Бәріміз рухани көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасып жатқанын көріп отырмыз. Оларға қолдау көрсету – баршамызға ортақ парыз. Қазақ халқында "Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген сөз бар. Шын мәнінде, бәріміз күш-жігерімізді біріктірсек, жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере аламыз. Біз Астана төрінде осымен сегізінші мәрте бас қосып отырмыз. Бұл дін басшыларының арман-мұраты ортақ екенін аңғартады. Бүкіл адамзатқа төнген түрлі қауіптерге бірігіп қарсы тұруға дайын екенін көрсетеді. Осы дөңгелек үстелдегі құрмет пен достық рухы дүние жүзін ынтымаққа бастасын! Игі мақсаттарға бірге жетейік", – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев тіл мәселесі туралы: “Қарсы әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылады“ Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кейбір саясаткерлер мен сарапшылар бұған "өркениеттер дағдарысы" деп айдар тақты. "Киплингше айтсақ, "Батыстың аты – Батыс, Шығыстың аты – Шығыс. Олар ешқашан бір арнада тоғыспайды". Бірқатар ірі мемлекетте орын алған кейінгі уақиғаларды шолып өтсек, мұндай ұйғарымның дұрыс көрінуі мүмкін. Бірақ саяси факторды ешқашан естен шығаруға болмайды. Басқаша айтқанда, басқарушы биліктің мемлекеттік құрылым туралы тұжырымы мен тәжірибесін қаперде ұстаған жөн. Олар жүргізетін саясаттың бейбіт диалогты қолдау, мәдениеттердің, түрлі дін мен дүниетанымның ықпалдастығы тұрғысынан әрдайым орынды әрі конструктивті бола бермейтінін көріп отырмыз. Әсіреұлтшылдық пен жалған патриотизмнің күн санап белең алуы алаңдатпай қоймайды. Қалыптасқан түсініктердің көз алдымызда өзгеруі жастарды адастырады. Бір жағынан біз құқықтық консервативті және либералды идеологиялардың қақтығысына куәміз. Бұл бірқатар елді саяси тұрақсыздыққа әкеледі. Қазақстанда осы тектес жаһандық проблемаларға жіті назар аударылады. Бұл – ішкі саясатымыздың негізгі өзегі. Түрлі этнос, дін және ұлт өкілдері арасында толеранттылық пен өзара құрмет саясатын жүргізу маңызды деп санаймын. "Бірлігіміз – әралуандықта" ұстанымына зиян келтіріп, оған күйе жаққысы келетін, соның ішінде мемлекеттік қызметте және қоғамдық орында елімізді тұрақты мекен ететін халықтардың тілін еркін қолдануға қарсы әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылады. Оған "Заң және тәртіп" қағидатына сай құқықтық баға беріледі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Қазақстанда соңғы жылдары анағұрлым орнықты, ашық әрі әділ саяси жүйе қалыптастыруға бағытталған ауқымды өзгерістер дәйекті түрде жүргізілгенін атап өтті. "Адам құқығын қорғау саласы айтарлықтай күшейді: Конституциялық сот құрылып, омбудсмен институты нығайды, арнайы заңдар мен жарлықтар шығарылды. Жалпыұлттық референдум кезінде азаматтарымыздың басым бөлігі қолдаған 2022 жылғы конституциялық реформа саяси жүйемізді түбегейлі жаңғыртты. Біз "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатын басшылыққа алдық. Президентті жеті жылға бір рет сайлау тәртібі бекітіліп, сондай-ақ Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым атқаруға тыйым салатын нормалар енгізілді. Бұдан бөлек, жақында Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда елімізде бірпалаталы Парламент құру бастамасын көтердім. Аталған ұсыныс халық мүддесіне сай саяси жүйені жаңғырту ниетінен туындап отыр. "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы негізінде қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ішкі саясатымызда ерекше мән беріледі", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев: Ядролық қақтығыс қаупі қатты алаңдатады Мемлекет басшысы инновацияны, соның ішінде жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге тоқталып, ұлттық экономиканы жаппай цифрландыру идеясы биылғы Жолдауының арқауы болғанына назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Соңғы жылдары Қазақстан экономикасын реформалауға қатысты ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Мен Жолдауда ұсынған жоспарлар аталған бастаманы одан әрі өрбітеді. Бұл жерде еліміздің жаңа индустриалды қалыбын құру жөнінде сөз болып отыр. Энергетика және коммуналдық инфрақұрылым біртіндеп жаңғыртыла бастады. Қазақстан Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы негізгі құрлық дәлізі саналады. Сондықтан көлік-транзит әлеуетімізді арттыруға айрықша күш саламыз. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауға және азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Осы орайда мемлекет инвестициялық ахуал мен іскерлік ортаны жетілдіруге кірісті. Ұлттық экономиканы дамыту ісінде мемлекеттің ауқымды қаржылық мүмкіндігін жұмылдырумен қатар, ірі инвестиция тартуға тырысамыз. Дегенмен біздің басты байлығымыз – адам. Сол себепті мемлекет адам әлеуетін нығайту бағытында кешенді шара қабылдады. Ұстаздарды, дәрігерлерді, ғалымдар мен инженерлерді, жастарды қолдау тетіктері жаңа деңгейге көтерілді. Биыл Қазақстанда "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жарияланды. Бұл шешім қоғамда еңбекқорлық культінің маңызды екенін көрсетеді. Біз жаңа мектептер құрылысына, жоғары білім, ғылым, спорт және креативті индустрия салаларын дамытуға, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін жаңғыртуға қомақты қаржы бөліп отырмыз. Қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру үшін жан-жақты шаралар қабылданды. Былтыр "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы басталып, оған миллиондаған отандасымыз қатысты. Мұның бәрі Әділетті, Таза, Қауіпсіз, Қуатты, Цифрлық Қазақстанды – жауапкершілігі жоғары азаматтардың мемлекетін, мүмкіндіктер мен прогрестер елін құру жолындағы басты бағдар саналады", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде мәдениеттер арасындағы қарама-қайшылық күшейіп, сауда және санкция текетірестері бәсеңдемей тұрғанына, жаппай қарусызданудың орнына әскерді жарақтандыру жарысы басталып кеткеніне тоқталды. "Дүние жүзінің әртүрлі аймағында жүріп жатқан гибридті соғыстардың майдан шебі айқын емес. Алайда қисапсыз адам шығынына ұшыратып, толассыз босқындар нөпіріне түрткі болуда. Экономикаға орасан зор залал тигізіп отыр. Ядролық қақтығыс қаупі қатты алаңдатады. Сарапшылар зұлымдық пен мейірімділік тартысқа түсетін мұндай шешуші сәттің болу ықтималдығы соңғы он жылда күрт артқанын жиі айта бастады. Өкінішке қарай, әлемде конструктивті ұсыныстарды ортаға салып, саяси ұстамдылық танытудан гөрі өшпенділік өршіп, геосаяси жіктің арасы алшақтап, әлеуметтік шиеленіс одан сайын ушығып барады. Менің ойымша, мұндай қилы кезеңде диалогқа шақыратын, бірін-бірі жатсынуды доғаруға үндейтін, халықаралық аренадағы өзара сенімді арттыратын басты амал ретінде конструктивті дипломатия алдыңғы орынға шығуы керек", – деді Президент. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Халықаралық ахуал ушығып тұр“. Тоқаев діндер көшбасшыларының съезінде сөз сөйледі Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты. "Қазір жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар көбеюде. Алмағайып кезең ешкімге оңай болып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алуда. Дегенмен біз өткен заманнан дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздерге ұмтылуымыз керек. Мәмілеге балама жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда, бүгінгі Съездің мән-маңызы айрықша. Дін басшыларын гуманистік көзқарастарды ту еткен Бейбітшілік елшілері деп айтуға болады. Сіздер ортақ мүдде үшін бірігіп, әлем жұртшылығын игі мақсат жолында жұмылдыруға ниет білдіріп отырсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, Съезд алғаш қызметін бастаған сәттен бері қазіргі заман сын-қатерлерін ашық талқылайтын бірегей алаңға айналды. Конгреске қатысушылардың ұсынымдарына сәйкес, Съездің 2033 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы әзірленіп, ол жүзеге асырылып жатыр. "Аталған құжат біздің бейбітшілікті сақтау, тату-тәтті өмір сүру және баршаға ортақ адамгершілік құндылықтарын берік орнықтыру секілді ортақ мақсатымызды айқындайды. Геосаяси шиеленіс ушыққан заманда мұның бәрі айрықша маңызды. Съездің қорытынды декларациясы ресми құжат ретінде БҰҰ Бас Ассамблеяларында таралады. Бұл съезд жұмысына берілген жоғары баға. Алдағы мерейтойлық 80-ші сессияда да аталған үрдіс жалғасады деп үміттенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда жаңа асфальт опырылып, екі автобус “қақпанға“ түсіп қалды Әлеуметтік желілерде Алматының Әуезов ауданында, Яссауи көшесінде жаңа асфальттың опырылғаны түсірілген видеолар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кадрларда екі жолаушылар автобусы артқы дөңгелектің астында асфальттың шөгуіне байланысты қозғала алмай тұрғаны көрінеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tengri Almaty (@tengri.almaty) Сонымен қатарн, екінші видеоны түсірген автордың айтуынша, оқиға орнына екі трактор, КамАЗ, полиция қызметкерлері және коммуналдық қызмет өкілдері келіп, автобустарды шығару жұмыстарын жүргізген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесу өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті. Президент бүгінгі кездесу Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті. "Ең алдымен, Съезге арнайы келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің бұл жиынға қатысуыңыз, шын мәнінде, форумның табысты өту тұрғысынан маңызды. Біз Сізді құрметтейміз. Өзіңізге мәлім, Қазақстан мен Ресей – стратегиялық серіктес, одақтас елдер", – деді Мемлекет басшысы. Патриарх Кирилл Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Орыс православие шіркеуінің миссиясы халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту екенін мәлімдеді. "Қасиетті Қазақстанға келу мені әрдайым қуантады. Бұл біздің достас еліміз. Ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келеміз. Қазір мемлекеттеріміз бөлек болғанымен, достық, өзара қолдау және ынтымақтастық тінін берік жалғап отырмыз", – деді Мәскеу Патриархатының басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін әрі айрықша құрмет белгісі ретінде Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллді "Алтын Қыран" орденімен марапаттады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шетелге оқуға түседі деп алдаған: Алматыда оқу орталығының басшысы сотталды Алматыда оқу орталығының басшысы бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Ол 112-ден астам адамның 168 миллион теңгесін алдап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сот мәліметіне сілтеме жасап. Алматы қаласы Бостандық ауданының N2 аудандық соты бірнеше рет алаяқтық (ҚК 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы) жасады деген айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қарады. Істің мән-жайы Сот сотталушы оқу орталығын ұйымдастырып, басқарғанын анықтады. Ғаламтордағы үздіксіз жарнама және балалар шетелдік ЖОО-ға 100 пайыз түсетініне уәде беру, сондай-ақ Foundation бағдарламасы бойынша тұрғылықты қаладағы орталықта оқыту арқылы 112 адамды тартып, 168 миллион теңгеден астам қаражат жинаған. Оқу ақысын төлеу үшін ол бөліп төлеу жоспарын немесе қосымша жеңілдіктер мен несиені жылдам өңдеу схемасын ұсынған. Алайда кейін шетелдік оқыту да, сертификаттар да берілмегені белгілі болды. Осылайша, сотталушы алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ірі көлемдегі ақшаны жымқырып, адамдарды жүйелі түрде алдаған. Оның кінәсі жәбірленушілер, куәлардың айғақтары, жасалған шарттар және сараптамалармен расталды. Тараптардың ұстанымы Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Ол соттан өзін ақтауды немесе істі қайта тергеуге прокурорға қайтаруды сұрады. Жәбірленушілер ең ауыр жаза тағайындауды, прокурор 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот үкімі Бұл бап бойынша жаза 3 жылдан 7 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сот сотталушыны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған "Рақымшылық туралы" заңға сәйкес, мерзімі 1/5 бөлігіне қысқартылды - түпкілікті жаза 5 жыл 7 ай 6 тәулікке бас бостандығынан айыру. 112 жәбірленушінің 7-еуіне келтірілген шығынды ішінара өтеу жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай болды. Ешқандай ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Азаматтық талап қоюлар толығымен қанағаттандырылды – сотталушыдан жәбірленушілердің пайдасына 168 миллион теңгеден астам сома өндірілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандағы Топ-5 ең жоғары зейнетақы төлемі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 35,7 мың теңге. Бірақ 900 мыңнан аса төлем алатындар да бар. БЖЗҚ ең жоғары Топ-5 зейнетақы төлемін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БЖЗҚ мәліметінше, ай сайынғы төлемдердің орташа мөлшері 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, бар болғаны 35,7 мың теңге болады. Алайда ең жоғарғы сома шектелмеген және жекелеген азаматтарда 900 мың теңгеден асады. Қазақстандағы Топ-5 ең жоғары зейнетақы төлемі БЖЗҚ деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жасы бойынша ең жоғары зейнетақы төлемдері: 993 041 теңге; 818 818 теңге; 635 236 теңге; 565 857 теңге; 560 437 теңге. Зейнетақы мөлшері неге тәуелді? Сарапшылардың айтуынша, мұндай жоғары соманың қалыптасуына бірнеше фактор әсер етеді: салымшының табыс деңгейі, барлық табыс түрлерінен аударымдардың толықтығы мен тұрақтылығы. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға өз капиталын өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді: міндетті 10 пайыздық жарналар жеткіліксіз болған жағдайда, азаматтар оны ерікті зейнетақы жарналарымен толықтыра алады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы іргесіндегі полигон үшінші күн қатарынан өртеніп жатыр: басқа өңірден өртсөндірушілер келді Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеше кешке оқиға орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев келді. "Полигонда өртті сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жүзеге асыратын жедел штаб, өрт сөндіретін 6 учаске құрылды. Өртті сөндіруге 11 өрт оқпаны және 1 лафет оқпан берілді. Өртті сөндіру жұмыстарына 10 метр тереңдіктегі бықсу және жел бағыты өзгеруі қиындық туғызып отыр", - деп жазылған хабарламада. Өртті сөндіруге Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ, әскери бөлімдердің әскери қызметшілері қосымша жұмылдырылған. Барлығы 200-ден аса жеке құрам мен 90-нан аса техника бар. Еске салайық, бұған дейін Алматы - Өскемен тасжолының 35-шақырымында, Алатау ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шыққаны хабарланды. Өртсөндірушілер тілсіз жаумен үш күннен бері күресіп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматыда екі кішкентай бала анасының соққыға жығылғанына куә болған Алматыда кәмелетке толмаған балалардың көзінше әйелді соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Әлеуметтік желілерде әйелдің диванда отырған видеосы пайда болды. Оның бет-аузы қан-жоса екені көрінеді. Бұл уақытта оның қасында екі бала бар, олардың бірі жылап отыр. Кейін ауруханадағы кадрлар көрсетіледі: зардап шегушінің беті таңылған, көгерген. Әйелдің айтуынша, оқиға 28 тамызда болған. Ол өзіне бұрынғы күйеуі шабуыл жасағанын мәлімдейді, олар үш жыл бұрын ажырасып кеткен. "2025 жылдың 28 тамызында мені үш жыл бұрын ажырасқан бұрынғы күйеуім аяусыз ұрып-соқты. Некеден екі кәмелетке толмаған баламыз бар", – деді зардап шегуші видеода. Оның айтуынша, шабуылдан кейін ол ауыр жарақат алған, жақ сүйегін қалпына келтіру үшін бірнеше операция жасалған және ұзақ уақыт ауруханада болған. "Дегенмен уақыт өтсе де, құқық қорғау органдары тарапынан нақты әрекет көріп тұрған жоқпын. Бұрынғы күйеуімнің отбасының байлығы мен байланыстары салдарынан іс жабылып қалуы мүмкін деп қорқамын. Менің екі кішкентай балам бар, мен өзімді қорғауға құқығым бар екенін дәлелдеуге міндетті емеспін", – деді ол. Зардап шегуші кінәлі адамды жауапқа тартып, заңның қатаң талаптарына сәйкес жазалауды сұрады. Полиция пікірі Алматы Полиция департаменті оқиға дерегін растады. ПД мәліметінше, 36 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданатыны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады Синоптиктер Қазақстанда 17 қыркүйек, сәрсенбіде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірқатар өңірде ауа райы құбылмалы бұлтты болады. Жекелеген жерлерде жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін, кейбір аумақтарда жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте негізінен жауын-шашынсыз. Қалалар бойынша болжам Астана – құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр, күндіз найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады 9–14 метр/сек, күндіз екпіні 15–18 метр/сек. Температура түнде +7…+9, күндіз +14…+16. Алматы – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 3–8 метр/сек. Температура түнде +11…+13, күндіз +18…+20. Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 метр/сек. Температура түнде +10…+12, күндіз +21…+23. Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 6–11 метр/сек. Температура түнде +6…+8, күндіз +20…+22. Ақтау – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 метр/сек. Температура түнде +10…+12, күндіз +22…+24. Атырау – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 3–8 метр/сек. Температура түнде +9…+11, күндіз +23…+25. Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, күндіз найзағай болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 метр/сек. Температура түнде +8…+10, күндіз +13…+15. Қарағанды – құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 метр/сек. Температура түнде +7…+9, күндіз +14…+16. Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 метр/сек. Температура түнде +6…+8, күндіз +17…+19. Қонаев – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 9–14 метр/сек, кейде екпіні 15–20 метр/сек. Температура түнде +11…+13, күндіз +19…+21. Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9–14 метр/сек. Температура түнде +8…+10, күндіз +17…+19. Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 5–10 метр/сек. Температура түнде +7…+9, күндіз +18…+20. Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 метр/сек. Температура түнде +7…+9, күндіз +19…+21. Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 метр/сек. Температура түнде +6…+8, күндіз +17…+19. Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 5–10 метр/сек. Температура түнде +8…+10, күндіз +20…+22. Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 метр/сек. Температура түнде +8…+10, күндіз +20…+22. Талдықорған – құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 6–11 метр/сек. Температура түнде +10…+12, күндіз +21…+23. Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 метр/сек. Температура түнде +10…+12, күндіз +21…+23. Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 3–8 метр/сек. Температура түнде +8…+10, күндіз +20…+22. Өскемен – құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр, күндіз найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан түнде 2–7, күндіз 7–12 метр/сек. Температура түнде +8…+10, күндіз +21…+23. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қостанай облысында ер адам әйелінің бұрынғы күйеуін бопсалап келген Қостанай облысы Федоров ауданында 30 жастағы ер адам ұсталды. Ол 36 жастағы танысынан ірі көлемде ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұл мәселе отбасылық сипатқа ие екенін анықтаған. Жәбірленушінің бұрынғы әйелі - қазір күдіктінің жары, ал 11 жастағы ұлы өгей әкесімен бірге тұрады. "Осы жағдайды күдікті өз пайдасына жаратқан. Шілдеде күдікті баланың әкесіне оның жол апатына кінәлі екенін айтып, сол сылтаумен 750 мың теңге алған. Кейін жаңа сылтау ойлап тауып, "баланы полиция ұстады, ал мәселені шешу үшін 650 мың теңге қажет" деген. Осыдан кейін күдікті 1,5 миллион теңге талап ете бастаған", - деді ІІМ өкілі. Тергеу деректеріне сүйенсек, ол үздіксіз қоңырау шалып, жәбірленушіні сөйлесу үшін қалаға алып барған. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Талғардағы бір көшеге Шерзаттың атын беру ұсынылды Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың атына көше беру ұсынылды. Бұл туралы осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Адвокаттың сөзінше, әкім бұл ұсынысқа қолдау білдірген. "16 жастағы Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелер Менделеев және Русставелли деп аталады. Екеуі де Талғарға , тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалалары емес. Кеңес өкіметінен қалып қалған. Сондықтан Талғар қаласының әкіміне Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді", - деді адвокат. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri) Шерзат ісі Еске салайық, биыл 5 мамырда Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға үкім шығарылды. Тергеу мәліметінше, Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев 20 жылға сотталды. Қалған айыпталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету жайында айтты Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету жайында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Қай бағытта мүмкіндігіміз мол, сол салаға басымдық беру қажет", - деді Президент. Еске салайық, Тоқаев астық жинау науқанының барысымен танысу үшін Ақмола облысына арнайы барған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Автобус жүргізушісіне қоқан-лоққы көрсетіп, пышақ шығарған“: жолдағы жанжал видеоға түсіп қалды Әлеуметтік желілерде Алматыда болған жолдағы жанжал туралы ақпарат тарады. Айыпты жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Желіде тараған кадрларға қарағанда, белгісіз ер адам автобусқа жүргізуші жағынан келіп, оны сыртқа шығуға шақырған. Бұл ретте ол жүргізушіні балағаттап, автобус терезесін жұдырығымен ұрған. Ер адамды басқа жүргізушілер арашалауға тырысады. Оқиғаны автобустағы жолаушы әйел видеоға түсіріп алған. Бір мезетте оқиға орнына патрульдік полиция экипажы келгені байқалады. Бейнежазба сипаттамасында "жеңіл көлік жүргізушісі №120 автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті әрекет жасағаны, кейін автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасағаны және пышақ алып шыққаны" айтылған. Полиция пікірі Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат 09:00 шамасында болған. "Оқиға орнында автобустың жүргізушісі мен жеңіл көлік жүргізушісінің арасында жол-көлік жағдайына байланысты жанжал болғаны анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісі көлік қозғалысына кедергі келтіргені және апаттық жағдай тудырғаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген ведомство хабарламасында. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Уәде бердім, оны орындайтын кез келді“: Тоқаев Арқалыққа баратынын мәлімдеді Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына баратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек", - деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Президент жеңілдетілген қаржыландырудың арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев егін шаруашылығын дамытудағы басым міндеттерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент жиналған өнімді тиісінше сақтауды маңызды міндеттің бірі деп санайды. Әртүрлі дақылдарды өсірудің жоспардағы көлемі мен әр дақылға жеке қойма қажет екенін ескерсек, мұндай орындардың тапшылығы байқалады. "Заманауи элеваторларды салуға және оларды ұстап тұруға қомақты инвестиция қажет екені анық. Сондықтан элеваторларды жаңғырту үшін жеңілдетілген қаржыландырудың арнайы бағдарламасын іске қосу керек. Сапалы тұқым дайындауға баса назар аударған жөн. Бұдан бөлек, отандық нарықты өзімізде шығарылған тұқыммен қамтамасыз етудің нақты қадамдары керек. Былтырдан бастап жетілдірілген минералды тыңайтқыштарды субсидиялау тетігі тиімділігін көрсетті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында тұқым өндірісі бойынша мемлекеттік қолдаудың баламалы шараларын енгізу міндеті тұр. Жалпы, егін шаруашылығында жақсы нәтижеге қол жеткізгенімізді атап өткен дұрыс. Бұл ауыл шаруашылығының аралас салаларына оң әсер етіп отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізуді тапсырды Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сонымен қатар Президент мал шаруашылығының әлеуетін толық танытуға шақырды. "Жыл соңына дейін мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленеді. Бұл құжат ұзақ мерзімге жеңілдетілген қаражат алуға мүмкіндік береді. Біз тек жаппай цифрландыру арқылы экономиканың барлық саласында ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ете аламыз. Мен бұл мәселеге Жолдауда жан-жақты тоқталдым. Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізу керек. Егін және мал шаруашылығындағы үдерістерді толық қадағалап отыру үшін цифрлық тәсілдерді қолдану қажет. Бұл жұмысты ІТ-бизнеспен бірлесе отырып атқарған жөн", – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын дамытуға бюджеттен қомақты қаражат бөлініп жатқанына тоқталды. "Демек істеліп жатқан әрбір жұмыстың, әрбір шараның нақты нәтижесі болуға тиіс. Бір сөзбен, ауыл шаруашылығына оң ықпал етуі керек. Мемлекет адал жұмыс істейтін диқандарға әрдайым қолдау көрсетеді. Ауыл шаруашылығының жай-күйі менің ерекше бақылауымда, бұл салаға баса мән беремін. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді біздің халқымыз. Сондықтан бірлесе отырып, осы маңызды науқанды уақытында және табысты аяқтаймыз деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен әңгімелесті Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Биыл ауа райы қолайлы. Үкімет қолдау көрсетіп отыр. Жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп, алдын ала жеңілдетілген несие беруде. Астық түсімі жақсы болады деп ойлаймыз. Баршаңызға табыс тілеймін. Жолдауда атап өткенімдей, басты міндет – ауыл шаруашылығында терең өңдеу өндірісін дамыту. Былтыр ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 8 триллион 250 миллиард теңгені құрады. Бұл көп те, аз да емес. Өңірдегі басқа елдермен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бірақ ішкі жалпы өнім көлеміне шаққанда, бұл 6 пайыз ғана. Яғни экономикадағы ауыл шаруашылығының үлесін арттыру қажет. Ауыл шаруашылығы – біз үшін табысты сала. 12 миллион тонна бидай экспорттау әлеуеті – өте жоғары көрсеткіш. Қазірдің өзінде астықты Еуропа елдері сатып алып жатыр. Жолдауда айтқанымдай, астықтың алғашқы легі, шамамен 15 мың тонна бидай Вьетнамға жолданды", – деді Мемлекет басшысы. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Алматы облысында ірі өрт шықты: ТЖМ екі күннен бері тілсіз жаумен күресіп жатыр Алматы - Өскемен тасжолының 35-шақырымында, Алатау ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты. Өртсөндірушілер тілсіз жаумен екі күннен бері күресіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мән-жайы Алматы облысы әкімдігі мәліметінше, жалпы аумағы 35 гектар болатын полигонның шамамен 10 гектар жерінде қоқыс жанған. "Өртті сөндіруге 108 адам және 54 техника жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, жағдай толық бақылауда", - деді өңір әкімдігі өкілдері. Алматы облысы әкімдігі ТЖМ не дейді? ТЖМ мәліметінше, Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. "Кейбір учаскелерде 10 метрге дейінгі тереңдікте бықсу байқалады. Өрт ошақтарын сөндіру үшін инертті материалдармен толтырып жатырмыз. Жел қосымша қиындық туғызып отыр. 7 өрт сөндіру учаскесі құрылды", - деді ТЖМ өкілі. Оқиға орнында жедел штаб құрылған. "Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында. Өрттің жақын маңдағы аумақтарға таралу қаупі жоқ", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Енді некеге отыруға мәжбүрлеу қылмыстық жазаны қарастырады: не өзгерді? 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ІІМ мәліметінше, "Кейбір заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңда адам ұрлау және некеге мәжбүрлеу сияқты өзекті тақырыптарға қатысты өзгерістер қарастырылған. Басты өзгеріс Басты өзгертістің бірі - Қылмыстық кодекстің 125-бабындағы ескертпенің алып тасталуы. Бұған дейін ұрланған адамды ерікті түрде жіберген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін еді. Енді бұл алып тасталды: жәбірленушіні өз еркімен босатқан күннің өзінде кінәлі адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Жаңа заң - "Некеге мәжбүрлеу" Сонымен қатар, Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бабы "Некеге мәжбүрлеу" енгізілді. Енді бұл әрекет қылмыстық құқықбұзушылық ретінде танылады. "Некеге мәжбүрлегені үшін айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Қылмыстың мән-жайына байланысты 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлдан бастап екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылады. Егер мұндай әрекет абайсызда ауыр зардаптарға әкелсе, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Ал егер мәжбүрлеу зорлық-зомбылықпен, кәмелетке толмағандарға қатысты, тәуелділігін пайдалану арқылы, адамдар тобымен немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасалса, бұдан да қатаң жаза қарастырылған", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ДСМ шешімі: қазақстандықтар енді зейнетақы қаражатын тіс емдеуге ала алмайды Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізіп жатыр. Өзгерістер зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салуды көздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай шешім зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтер арқылы заңсыз шығару деректерінің көптігіне байланысты қабылданғанын түсіндірді. "Жобада тіс протездеу және имплантация сияқты стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану нормасын алып тастау көзделген. Шешім медициналық құжаттарды қолдан жасау және зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану жағдайының көптеп кездесуіне байланысты қабылданды", – делінген құжат жобасында. Талдау нәтижелері бойынша, азаматтардың стоматологиялық қызметтерді төлеуге берген өтінімдері алаяқтық схемалар арқылы бірқатар клиникалардың пайдасына шығарылған. Осыған байланысты 15 қыркүйектен бастап зейнетақы қаражаты есебінен медициналық көмектің бұл түрін қаржыландыруға өтінім қабылдау тоқтатылды. "Отбасы банк ақпараты бойынша, 2021 жылдан 2025 жылғы 20 тамызға дейін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тек "Стоматологиялық қызметтер" мақсаты бойынша 757 миллиард теңгеге 795 424 транзакция жүргізілген. Талдау нәтижесі бойынша, 222 миллиард теңгеден астам қаржы ТОП-20 стоматологиялық клиникаға бағытталған. Бұл клиникалардың басым бөлігі Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан", – деп хабарлады ведомство. Мән-жайы Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі "Ашық НҚА" порталында стоматологиялық қызметтердің ақысын төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану нормасын толықтай алып тастау ұсынылған бұйрық жобасын жариялаған болатын. Құжат қоғамдық талқылауға шығарылды. Араға күн салып, Отбасы банк стоматологиялық қызметтерге өтінім қабылдауды уақытша тоқтатқанын хабарлады. Банкте бұл шешімді қаражатты мақсатсыз пайдалану деректерінің көптігі және құжаттардың қолдан жасалуымен түсіндірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
“Суға батырып, аяғын сүйгізген“: әкімдік қызметкері қамауға алынып, жұмыстан шеттетілді 16 жастағы қызға қысым көрсетті деген Масақ ауылдық округі әкімдігінің күдікке ілінген қызметкері жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап. Оқиғаның мән-жайы Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, екі әйел 16 жастағы қызды үйінен алдап шығарып, ұрлап әкеткен. Жәбірленушінің анасының айтуынша, бұл әрекеттерді жасауға әйелдің қызғанышы себеп болған. Ол қызды кездесуге шақырған. Одан соң олар шылым шегіп, тұқылын қыздың қолы мен аяғына басады. Мұнымен де тоқталмай, оны өзен жағасындағы иен жерге апарып, "қалыңдық" қызды соққыға жыққан, бірнеше рет басын суға батырған және аяғын сүйгізген. Құрбысы бұл сәттердің бәрін видеоға түсірген. Одан кейінгі жағдай ақылға сыймайды: ересек әйелдер қызға таяқты пайдаланып зорлық көрсетуді ұйғарған. Барлық азаптаудан соң қызды үйіне әкеліп тастап, егер біреуге айтса, видеоны барлық таныстарына жібереміз деп қорқытқан. Арыз Жәбірленушінің анасының айтуынша, қызы жағдайды ішінде сақтап, жасырын түрде тыныштандыратын дәрілер ішкен, бірақ ақыр соңында шыдамай, бәрін айтып берген. Сол күні анасы полицияға арыз жазған. Күдіктілер – 1996 жылы туған екі әйел. Дереккөздер мәліметінше, олардың бірі ауылдық округ әкімдігі аппаратында компьютерлік жүйелер операторы болып жұмыс істейді. Полиция пікірі Алматы облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады және күдіктілердің ұсталғанын, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Екі әйел уақытша ұстау изоляторына қамалған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Казахстанские новости тут (@lavina.kz) Әкімдіктің ресми пікірі Әкімдік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдікті 2021 жылдан бері Масақ ауылдық округі әкімі аппаратының компьютерлік техника операторы болып жұмыс істейді. "Лауазым мемлекеттік қызметке жатпайды, техникалық қызметкерге жатады. Қазіргі уақытта әйел қамауда отыр және сот шешімі шыққанға дейін жұмысынан уақытша шеттетілді", – деп хабарлады әкімдік. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Президент өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көреді. Сапар аясында астықты өңірлер әкімдерінің қатысуымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізу жоспарланған", - делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістан облысында күйеуі әйелін балғамен ұрып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған Түркістан облысында 56 жастағы ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзі де дәретханаға барып асылып қалған. Жантүршігерлік жағдай Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, ер адамның мұндай қатыгездікке баруына қызғаныш себеп болған көрінеді. Марқұмдардың артында кәмелетке толмаған төрт бала қалды. Қанды қылмыс Қарамұрт аулында бес күн бұрын болған. Таңертең ұйқыдан тұрған балалар есіктің алды қанға малынып жатқанын көрген. Шошыған балалар көршілері мен туыстарын шақырыпты. "Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша жергілікті тұрғын үйде жұбайына жарақат салып, кейін қайтыс болған", - деді Түркістан облыстық ПД өкілі. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанда банк картасын басқа адамға беруге қатысты жаңа қылмыстық бап күшіне енді 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 232-1-бабы енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру әрекеттері дропперлік болып саналады. "Бұл әрекет интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін қолданылады. Іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай 232-1-бап айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады", - делінген хабарламада. ІІМ мәліметінше, аталған норма кибералаяқтыққа қарсы жүйелі күресті, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуды және цифрлық ортада әрекет ететін қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуды көздейді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстандықтар қазанда қосымша бір күн демалады Қазанда қазақстандықтарда қосымша бір күн демалыс болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Республика күні - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке, ол жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді. Бұл мереке 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған кезде пайда болды. 2022 жылдан бастап Республика күні демалыс күні болып белгіленді. Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады? Бес күндік жұмыс аптасы 2025 жылы 25 қазан сенбіге түседі, сондықтан "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Нәтижесінде қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады: 25 қазан (сенбі); 26 қазан (жексенбі); 27 қазан (дүйсенбі). Жалпы алғанда, қазанда бес күндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады. Алты күндік жұмыс аптасы Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін мерекелік демалыс қысқарақ болады: 25 қазан (сенбі) - мерекелік демалыс; 26 қазан (жексенбі) - демалыс; 27 қазан (дүйсенбі) - жұмыс күні. Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қазанда бар болғаны 5 күн демалады. Қазан айындағы кәсіби мерекелер Республика күнінен бөлек, қазанда Қазақстанда бірнеше басқа да атаулы даталар аталып өтеді: 1 қазан - Жоғары оқу орны қызметкерлері күні;2 қазан - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;5 қазан - Мұғалімдер күні;6 қазан - Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;10 қазан - Қазақстан кәсіподақтары күні;14 қазан - Стандарттау қызметкерлері күні;19 қазан - Құтқарушы күні;19 қазан (қазанның үшінші жексенбісі) - Орман шаруашылығы қызметкерлері күні;20 қазан - Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлері күні;24 қазан - Кітапханашы күні;26 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) - Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күні, Автомобиль көлігі және Автожол саласы күні;29 қазан - Қауіпсіздік ұйымдары қызметкерлері күні және Қазақстан кәсіпкерлері күні. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Шымкентте “Таза қала“ жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаланы көркейту және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан "Таза қала" жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті. Кең ауқымды іс-шараға мегаполистің бес ауданы түгел қамтылып, тұрғындар, мемлекеттік мекемелердің, басқармалардың, коммуналдық қызметтердің және түрлі ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысты. Қала аумағында санитарлық тазалау, көгалдандыру, қоқыс алаңдарын ретке келтіру, аулаларды абаттандыру секілді жұмыстар кешенді түрде жүргізілді. Абай ауданында өткен сенбілікке 2450 адам жұмылдырылды. Іс-шара аясында қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу, шөп шабу, жолдар мен қоқыс алаңдарын жуу, аулаларды бояу және абаттандыру секілді ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстарға 53 арнайы техника тартылып, нәтижесінде 96 тонна қоқыс шығарылды. Әл-Фараби ауданында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына 1109 қызметкер қатысты. 26 техника көмегімен көшелер мен тротуарлар тазаланып, шөп шабу, бұтақ кесу, аула аумақтарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 34,5 тонна қалдық арнайы қоқыс орындарына шығарылды. Еңбекші ауданындағы сенбілікке 779 адам қатысып, 41 техника жұмылдырылды. Қоғамдық орындар мен тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалау, ағаш бұтақтарын кесу, шөп шабу және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып, 16,7 тонна қоқыс жиналды. Қаратау ауданында 820 адам сенбілікке белсене қатысып, 35 техника көмегімен санитарлық және абаттандыру шараларын жүзеге асырылды. Тұрмыстық және табиғи қалдықтар тазартылып, көше бойлары ретке келтірілді. Нәтижесінде 47,8 тонна қоқыс шығарылды. Тұран ауданындағы сенбілікке 830 адам атсалысып, 39 арнайы техника пайдаланылды. Қоғамдық кеңістіктер мен көгал аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, 23 тонна қалдық шығарылды. Өткізілген "Таза қала" сенбілігі Шымкент қаласының тұрғындары мен ұйымдарының жоғары азаматтық жауапкершілігін көрсетті. Жалпы алғанда, сенбілікке қала бойынша шамамен 5990 адам, 194 арнайы техника қатысып, 218 тоннадан астам тұрмыстық және табиғи қалдықтар шығарылды. "Таза Қазақстан" ұлттық бағдарламасы аясында өткен бұл сенбілік қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында қоршаған ортаға жанашырлық танытатын мәдениеттің қалыптасуына оң ықпал етуде. Мұндай ауқымды шаралар — тек тазалық пен тәртіптің кепілі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен ұйымшылдықтың айқын көрінісі.
Президенттің тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы төтенше Араб-Ислам саммитіне қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан ҚошановҚатар астанасы Дохада өткен төтенше Араб-Ислам саммитіне қатысты. Алқалы жиында Палата төрағасы сөз сөйлеп, халықаралық қақтығыстарды реттеу бойынша мемлекетіміздің ұстанымдарын ортаға салды. Саммит барысында Ерлан Қошанов Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен жеке кездесіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді. Қатар Әмірі Израиль билігі жасаған әскери әрекетке қатысты Қазақстанның ұстанымын жоғары бағалап, ризашылығын білдірді. "Қазақстанның бұл әрекетті алғашқы болып айыптап, Қатарға қолдау білдіргенін жақсы білемін. Сол үшін алғысымыз зор. Қазақстан Президентімен ерекше бауырлық, достық қарым-қанытасымыз бар. Соны мен мақтан тұтамын. Бүгінгі саммите қазақ делегациясының осындай жоғары деңгейде қатысқаны біз үшін өте маңызды", – деді Қатар Әмірі. Саммит отырысында Мәжіліс төрағасы қазіргі таңда Таяу Шығыс аймағы үлкен геосаяси қиындықтарға тап болғанын айтып, бүгінгі саммит халықаралық ахуалдың күрт нашарлауымен байланысты екеніне назар аударды. "Қазақстан Израильдің Қатар Мемлекеті аумағындағыәскери іс-әрекетін қатаң айыптайды. Бұл ұстанымды Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алғашқы болып мәлімдеп, Қатар мемлекетіне табанды қолдауын білдірді. Жасалған шабуыл қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Бұл Қатар Мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді. Осындай шабуыл мемлекеттің қауіпсіздігіне ғана емес, халықаралық тәртіптің негізін басшылыққа алатын мемлекеттердің теңдігі мен егемендігіне де нұқсан келтіреді", – деді Е.Қошанов. Мәжіліс спикері Қатардың өз бітімгершілік саясаты арқасында жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге орасан үлес қосып келетінін атап өтіп, халықаралық қақтығыстар мен жанжалдарды реттеу мәселесі бойынша Қазақстанның ұстанымдарын ортаға салды. "Кез-келген дағдарыс Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқық нормалары негізінде бейбітдиалог арқылы шешілуі керек. Қазақстан Президентіқақтығыстарды шешуде осы қағидаларды толыққанды қолдануға, олардың мызғымастығын қамтамасыз етуге шақырып келеді. Әскери күш қолдану тек зорлық-зомбылықтың жаңа толқынын туғызады, бейкүнә жандардың қазасына әкеп соқтырады", – деді Е.Қошанов. Осы орайда Мәжіліс төрағасы Газада болып жатқан қайғылы оқиғаларға да тоқталып өтті. Қазақстан Президенті әуел бастан Газа секторындағы әскери әрекеттерді дереу тоқтатуға және оның тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге тұрақты түрде шақырып келеді. Еліміз Газаға қаржылай және материалдық көмек көрсетуде.
Алматыда қала құрылысының жаңа бағыттары талқыланды Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мегаполистің Бас жоспарын түзету және ауқымды құрылыс бастамаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Басқосуда полиорталықтардың дамуына ерекше мән берілді. Атап айтқанда, "Батыс қақпа" мен "Шығыс қақпа" жоспарлары қала өркендеуінің жаңа тірегіне айналмақ. Бұл жобалар жаңа тұрғын үйлер мен іскерлік орталықтарды қалыптастырып, орталыққа түсетін салмақты азайтады. Сонымен қатар, заманауи қоғамдық кеңістіктер, жұмыс орындары мен әлеуметтік инфрақұрылым пайда болады. Дархан Сатыбалды құрылыс сапасын қатаң бақылау қажеттігін баса айтты. "Алматының Бас жоспарын түзету мәселесі қазір күн тәртібінде тұр. Бұл өз кезегінде егжей-тегжейлі жоспарларды қайта қарауды және оларды құрылыс барысында бұлжытпай сақтауды талап етеді. Қала тұрғындарының тұрмысын нашарлататын шамадан тыс тығыз құрылыстан сақ болған жөн. Әрбір жоба салалық басқармалардың сүзгісінен өтіп, мұқият тексерілуге тиіс. Белгілі бір ескертулер анықталса, олар нысан пайдалануға берілмей тұрып тез арада түзетілуі қажет", – деді қала әкімі. Сондай-ақ, әкім жасыл аймақтарды қорғау мен мектептердің, әлеуметтік нысандардың жаяу қашықтықта орналасуы аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, басты назарда қала мен тұрғындардың мүддесі тұруы керек, ал жеке құрылыс компанияларының пайдасы екінші орында болуы қажет. Жаңартылған Бас жоспардың маңызды бөлігі – Мемлекет басшысының Алматыға соңғы жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, таулы аумаққа құрылысқа мораторий жариялануы. Жаңа Бас жоспар мен полиорталықтардың жоспарларын жүзеге асыру Алматыға заманауи келбет сыйлап, жаңа аудандар, бизнес орталықтар мен жайлы қоғамдық кеңістік құруға жол ашады. Бұл ретте, тарихи орталық сақталып, құрылыс, әлеуметтік нысандар мен жасыл аймақтар арасында үйлесімді тепе-теңдік орнайды. Сонымен бірге жаңартылған жоспар қалаға сәулеттік тұтастық беріп, туристік тартымдылығын арттырады.
Қазақстанда тұтынушылық несие беру: не өзгереді? Қазақстанда тұтынушылық несиелерді беру қатаңдатылып жатыр: банктер мен микроқаржы ұйымдары енді қарыз алушылардың тек несие тарихын ғана емес, олардың қаржылық мінез-құлқын да бағалайтын болады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әбілқасымованың айтуынша, қарыз алушыларға қатысты мінез-құлықтық қадағалау енгізілді: банктер мен микроқаржы ұйымдары клиенттердің қаржылық мінез-құлқын бағалауы тиіс. "Ұйымдарға айтып отырмыз: олар өздерінің жоғары тәуекелді қарыз алушыларын бағалауы керек. Тек қана қарыз жүктемесі коэффициентіне (ҚЖК) қарамауы тиіс. Бұрын тек табыстың 50 пайызына тең ҚЖК-ге ғана сүйенетінбіз. Соның салдарынан олар осы ҚЖК-ге сыйып кету үшін несие мерзімін ұзартып келген", – деп түсіндірді агенттік төрағасы бүгін Мәжілісте. Бұдан бөлек, банктерде 30 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар немесе микроқаржы ұйымдарында (МҚҰ) тіпті 1 күндік мерзімі өткен қарызы бар қазақстандықтар енді жаңа несие ала алмайды. Бұл ереже тамыздан бастап күшіне енді. ҚНРДА басшысының айтуынша, кепілсіз 5 жылдан артық мерзімге несие беруге тыйым салынды, ал 3–5 жылға берілетін қарыздар енді жоғары тәуекелділер санатына жатады. Қаржылық жағдайын түзеп, тұрақты табысы бар азаматтарға шектеулер алынуы мүмкін. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Porsche, Cadillac және ақша: зейнетақы алу схемасының авторлары “рақметке“ байыған Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысында ауқымды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан" қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкерленген. Оқиғаның мән-жайы Ұйымдастырушылар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы елдің әр өңірінде (Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және басқа қалаларда) орналасқандай етіп, 30-дан аса стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Шын мәнінде бұл медицина ұйымдары тек қағаз жүзінде болған, халыққа ешқандай қызмет көрсетпеген. Олардың ғимараттары да, жабдықтары да, білікті қызметкерлері де болмаған. Клиникалардың басшылары мен құрылтайшыларының медициналық білімі де жоқ. Жалған медициналық құжаттарды рәсімдегені үшін күдіктілер азаматтардың алған қаражатынан 10%-дан 20%-ға дейін заңсыз сыйақы ұстап отырған. Жиналған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қылмыстық топтар 226 дропперді пайдаланған. Заңсыз әрекеттің ауқымы "200 млрд теңгеден аса қаржы айналымнан шығарылған. Зейнетақы салымшыларының ақшасына күдіктілер жалпы құны 600 млн теңгеден асатын 15 қымбат көлік (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade), сондай-ақ, зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған", - деп жазылған хабарламада. Тергеу барысы Қазір 59 тінту жұмысы жүргізілген. 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылады. "Сондай-ақ, ұсталғандардың құқығы бұзылып жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Барлық процессуалдық әрекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіліп жатыр. Әр күдіктінің адвокаттарымен байланысы шектелмеген", - деп жазылған хабарламада. Еске салайық, бұған дейін "Отбасы банк" тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЗЖҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталғанын мәлімдеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның оңтүстігінде бір апта ішінде екінші оқушы төбелестен қайтыс болды Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан кейін 9-сынып оқушысы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл өңірде бір апта ішінде болған екінші қайғылы жағдай, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, жасөспірімдер арасындағы жанжал мектеп әжетханасында болған. Сыныптасы баланы кеудесінен ұрғаны айтылады. Бұл соққы өлімге әкелген. Полиция пікірі Жамбыл облыстық Полиция департаменті ақпаратты растады және осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша ("Бас бостандығы айқын емес немесе кінәліге тәуелді адамға, сондай-ақ адам ұрлау немесе кепілге алу жағдайында жасалған ауыр зиян келтіру") тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті жасөспірімді анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта істі толық, объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді өңірлік полиция. Бір апта ішіндегі екінші оқиға Еске салайық, 12 қыркүйекте Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылында футбол матчі аяқталған соң 10-сынып пен 11-сынып оқушылары арасында жанжал шыққан. Жиналған балалар футбол ойнаған, кіші сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларын жеңіп кеткен. Олар ойын нәтижесіне наразы болып, қарсылас команда ойыншысын ұрып-соққан. Оқиға орнына келген дәрігерлер оқушының алған жарақатынан қайтыс болғанын анықтады. Сол күні полицейлер 16 және 17 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Даулы іс: Ақтау прокуроры кінәлі деп танылды Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіровке қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша істі апелляциялық тәртіпте қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қалай болған? 9 қыркүйекте телеграм-арналарда Әбдіров Алматы әуежайында мас күйде шу шығарғаны үшін ұсталып, айыппұл салынғаны хабарланған еді. Кейін Маңғыстау облысының прокуратурасы оған қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бірінші сатыдағы сот Әбдіровты қалай ақтады? Кейінірек сот Әбдіровтың қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтпағанын, басқа адамдарға тиісіп, оларға құрметсіздік білдірмегенін және қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасамағанын анықтады. Сондай-ақ, сот автобустың қоғамдық көлік (орын) емес, арнайы көлік екенін ескерген. Ал сараптама прокурордың "есін білгенін, сөзі анық, ойын жеткізу қабілеті бұзылмағанын, уақытты, өзін және жағдайды дұрыс бағдарлағанын" анықтады. 10 қыркүйекте судья Иниятулла Досетов істі әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты. Өз кезегінде Алматының авиациялық көлік прокуроры Ақтау мамандандырылған сотының Әбдіровке қатысты істі тоқтату туралы шешіміне шағым түсірді. Неге апелляция прокурорды кінәлі деп таныды? Сот алқасы прокурордың кінәсіздігі жөніндегі бірінші сатыдағы соттың тұжырымдары негізсіз екенін анықтады. "Апелляциялық қарау барысында 2025 жылдың 27 тамызында сағат 23:00-де Ә. Алматы-Астана бағыты бойынша КС-955 рейсіне жолаушыларды тасымалдаған автобуста адамдарға тіл тигізіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны расталды. Ә-нің кінәсі іс материалдарымен, атап айтқанда: әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, куәгерлердің айғақтары, әуежай мен полиция қызметкерлерінің актілері және рапорттарымен дәлелденді", – делінген хабарламада. Қарау қорытындысы бойынша, алқа прокурор ұсақ бұзақылық жасаған деген шешімге келді. Бұл құқықбұзушылық ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген. Осыған байланысты бірінші сатыдағы соттың қаулысы заңсыз әрі негізсіз болғандықтан, ол күшін жойды, себебі сот барлық дәлелді толық зерттемеген және тиісті құқықтық баға бермеген. "Нәтижесінде Ә. әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 78 640 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", – делінген сот хабарламасында. Қаулы заңды күшіне енді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын қабылдады Президент Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті. Президент еліміздің діндер арасындағы диалогты дамыту бастамасына ұдайы қолдау көрсетіп, бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттауға елеулі үлес қосып келе жатқан ұйым басшысына ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта дінаралық, сондай-ақ мәдениетаралық келісімді сақтауға ерекше мән береді. Президент 22 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі осының айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстанның бастамасы жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға зор ықпал ететінін айтты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Астанадағы дәстүрлі съезді адамгершілік құндылықтарын дәріптейтін ерекше пікір алмасу алаңы ретінде жоғары бағалап, еліміздің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Мемлекет басшысы әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін кеңінен танытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Блогер Жанәбіловтың жұбайына қатысты істі қайта саралау ұсынылды Астанада блогер Ерболат Жанәбіловтің жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Туризм және спорт министрлігінің құмар ойын бизнесін реттеу комитеті өкілі Әбділ Балтатегі істі әкімшіліктен қылмыстыққа ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Балтатегінің айтуынша, әкімшілік іс жүргізу аясында Төлегенованың қызметіне байланысты бірқатар негізгі сұрақтарға жауап беру мүмкін емес. "Мысалы, Zhana Business курстары қандай құндылыққа ие? Қандай да бір қауымдастық бар ма? Бұл курстардың құны қанша? Неге жеңімпазды анықтауды тікелей эфирде жүргізілуі тиіс лототронға емес, автоматтандырылған бағдарламаға жүктеген? Осы бағдарламалық қамтамасыз етуде қандай алгоритм жазылған?" – деп комитет өкілі сұрақтарды тізбектеді. Ол мұндай жағдайлар әкімшілік іс жүргізу шеңберінен шығатынын атап өтті. "Осы сұрақтардың бәрі, құрметті сот, Төлегенованың әрекеттерінде қылмыстық жазаға әкеп соқтыратын қылмыстық істердің, мысалы, алаяқтық немесе заңсыз кәсіпкерлік қызметтің белгілері бар екенін көрсетеді", – деді ол. Осыған байланысты комитет Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 445-1-бабы бойынша Төлегеноваға қатысты әкімшілік істі тоқтатып, материалдарды сотқа дейінгі тергеу органдарына беруді сұрады. Анықтама: ӘҚБтК-нің 445-1-бабы – Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу. "Жоғарыда айтылғандардың негізінде, құрметті сот, ӘҚБтК-нің 742-бабына сәйкес әкімшілік істі тоқтатып, қылмыстық кодекстің 214-бабында ("Заңсыз кәсіпкерлік") және 190-бабында ("Алаяқтық") көзделген қылмыстық жазаға әкеп соқтыратын іс-әрекеттердің белгілері болуына байланысты істің материалдарын сотқа дейінгі тергеу органына беруді сұраймыз", – деді ведомство өкілі. Анықтама: ӘҚБтК-нің 742-бабы – іс жүргізуді тоқтату туралы. Судья Акерке Бектұрғанова кеңесу бөлмесіне кетті. Сот қаулысы бүгін сағат 16:00-де жарияланады. Еске салайық, бүгін блогер Ерболат Жанәбіловтің жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сот басталды. Оған әкімшілік құқықбұзушылық – оператор болып табылмайтын тұлғаның лотерея ұйымдастыруы бойынша айып тағылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Батыс Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай (ТЖ) режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құрманғазы ауданының әкімі бұл шешімге биылғы 31 шілдеде қол қойған. Алайда бұл туралы ақпарат тек қазір белгілі болып отыр. ТЖ жариялауға аудан аумағындағы гидрологиялық жағдайдың нашарлауы, атап айтқанда Қиғаш пен Шора өзендерінің, олардың арналарының, сондай-ақ Каспий теңізінің теңіз бөлігінің таяздануы негіз болған. "Су айдындарының таяздануы балықтардың, соның ішінде бағалы түрлерінің уылдырық шашу және көшу үдерісіне кері әсерін тигізеді, шекаралық және құқық қорғау қызметтерінің, сондай-ақ балық аулау кемелерінің қозғалысына қиындықтар тудырады. Жыл сайын кәсіпшілік балық аулаудың жағдайы нашарлап барады. Бүгінде балық шаруашылығы субъектілерінен көптеген шағымдар түсті", – деп мәлімдеді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Басқа проблемалар қатарында: арналар арқылы ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарға судың шығуы қиындағаны; арналарда судың жоқтығы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына теріс әсерін тигізіп отырғаны айтылды. Құрманғазы ауданы әкімдігі жанынан аудан әкімінің орынбасары басқаратын ТЖ-ны жою жөніндегі жедел штаб құрылған. Іс-шаралар жоспары бекітілді, ТЖ-ны жоюға қажетті техникалық және бюджеттік қаражат есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қиғаш пен Шора өзендерінің арналарында, сондай-ақ Каспий теңізінің теңіз бөлігінде арналарды тереңдету жұмыстары жоспарланған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарға арналған цифрлық ортаны қорғау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыруды көздейтін міндет жүктегенін айтты. Бұл үшін кешенді шара қабылдау, соның ішінде киберқауіпсіздік саласында да ауқымды жұмыс атқару қажет. Жиын барысында қазіргі заманғы киберқатерлер мен оған қарсы іс-қимыл әдістері, аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау, киберқауіпсіздік индустриясын дамыту және кадр даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Кеңесте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады. Президент киберқылмыспен, соның ішінде кибералаяқтықпен күрестің маңызына тоқталды. Сонымен қатар киберқылмыстарды тергеуге қатысатын мемлекеттік органдардың құзыретін арттыру шараларына баса назар аударды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жеке деректерін қорғауды және дербес мәліметтерді таратқаны үшін берілетін жазаны күшейтуді басты міндет ретінде атады. Сондай-ақ киберортадағы қауіпсіздік пен жауапты әрекет қағидаттарын халыққа кеңінен түсіндіріп, алдын алу жұмыстарын күшейту қажет. Отырыс соңында Мемлекет басшысы стратегиялық тәуекелдерді азайтып, киберқауіпсіздік мәселелерін жүйелі түрде шешу мақсатында бірқатар шара қабылдауды тапсырды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астанада блогер Жанәбіловтің жұбайына қатысты сот басталды Астанада блогер Ерболат Жанәбіловтің әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі басталды. Ол сотқа адвокаттармен бірге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот отырысы елорданың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Сотқа блогер Эльмира Төлегенованың өзі, ерлі-зайыпты адвокаттар - Олег пен Анна Черновтер келді. Оқиғаның мән-жайы Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген, репост жасау ғана. Алайда 21 тамызда оқырмандар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жұрт арасында наразылық тудырды. Кейінірек Жанәбіловтер ұйымдастырған даулы конкурс сотқа жетті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Заңсыз ойын бизнесі және өкілеттікті асыра пайдалану: қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды Құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Түркиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан азаматы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғаны және билігін асыра пайдаланғаны үшін Түркия Республикасынан экстрадицияланды. Тергеу мәліметтері бойынша күдікті 2015-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының бірінде басшылық қызмет атқара отырып, ойын бизнесі саласындағы заңсыз әрекеттерге қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде ақшалай сыйақы алған. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. "2024 жылы қаңтарда іздеудегі адам Түркия Республикасының Измир қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Түркістанда “Ескек есу“ арнасы ашылды Түркістан қаласында спорт кешендері бар "Ескек есу" арнасы ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "спорт инфрақұрылымын дамыту мен жаңа кешендерді салу" жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта облыста 112 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, жастардың болашағына салынған инвестиция, тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға жасалған нақты қадам. Спорт нысанының ашылу салтанатына орай "Turkistan Water Fest & Sky Lights" атты мәдени-спорттық іс-шара өтті. Салтанатты шараға арнайы келген ҚР Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов, Есу спорты түрлері бойынша "Қайық" федерациясы АҚБ президенті А.Мерғалиев, Байдарка мен каноэ есу халықаралық федерациясының президенті Т.Кониецко сөз алып, өңір тұрғындарына ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар маңызды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. "Бүгін біз үшін тарихи және қуанышты күн. Елімізде алғаш рет халықаралық стандартқа сай келетін "Ескек есу" каналын ашқалы тұрмыз. Түркістанымыз түркі әлемін таңғалдыратын тағы да бір заманауи нысанмен толыққалы тұр. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырамасына сәйкес, тарихи Түркістанды дамыту бағытындағы жүргізіліп жатқан нақты жұмыстардың жемісі. Биыл Президентіміз "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" арнайы Заңға қол қойды. Қабылданған Заңда Түркістан қаласының рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі ерекше мәртебесі бекітілді. Қасиетті Түркістанды рухани ғана емес, білім мен ғылымның, мәдениет пен спорттың орталығына айналдыру – мемлекетіміздің басты мақсатының бірі. Бүгінгі салтанат іс-шара – сол мақсаттың айқын дәлелі."Ескек есу" каналының ерекшелігінің бірі – қаланың экожүйесіне де тікелей әсерін тигізеді. Кешенде Азиялық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға болады. Шет елдік спортшыларға жыл он екі ай оқу-жаттығу жиындарын өткізуге толық мүмкіндік бар. Бұл спорт кешені - Түркістанның ғана емес, тұтас қазақ елінің абыройын көтереді. "Ескек есу" каналыны өңір спортының дамуына серпін беріп қана қоймай, Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға да зор үлес қосады. Мемлекет басшысы "Еліміздің келешегі - ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында" деген болатын. Ендеше, жастарымыз мықты болса – еліміз де қуатты болады. Сондықтан жастарды салауатты өмір салтын ұстауға, тұрақты түрде спортпен айналысуға шақырамын. Баршаңызды Түркістан қаласындағы заманауи нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл спорт орталығынан болашақ Олимпиада чемпиондары шыға берсін! – деді Нұралхан Оралбайұлы. Бүгін халықаралық байдарка және каноэ есу федерациясының президенті Томас Кониецко мен Қазақстан Республикасы "Қайық" федерациясының президенті Асланбек Мергалиев арасында екіжақты меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы алғашқы өңірлік хаб құрылмақ. "Ескек есу" каналында 500-ге жуық спортшы байдарка мен каноэда есу, академиялық есу, триатлон, параканоэ, ашық суда жүзу сияқты спорт түрлерімен тұрақты түрде жаттыға алады. Облыстың ескек есушілері ел абыройын көтеруде. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында 1 800-ден астам медаль иеленсе (406 алтын, 730 күміс, 676 қола), Әлем және Азия чемпионаттарында 184 медаль қанжылады (58 алтын, 84 күміс, 42 қола). Олимпиада ойындарына 9 лицензия алынды. Бұл күні Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасы ұсынылды. Мерекелік кешті Динара Сәтжан, Еркебұлан Мырзабек, Марат Оралғазин жүргізді. Кештің ажарын Мұқасан Шахзадаев, Мархаба Сәби, Калифарния, Ақсұңқар, DJ Macarello, Түркістан музыкалық театры бишілері, "Таңба" этно тобы және "Самғау" би ансамблі ашып, өнерлерін паш етті. Сонымен қатар облыс орталығында мерекелік атмосфера орнап, мың бұралған бишілер, аниматорлар мен цирк өнерпаздары кешенді аралап, келушілердің көңіл көтерді. "Taiqazan" ұлттық тағамдардың гастрономиялық жәрмеңкесі, қолөнершілер көрмесі, әуе шарлары шоуы, креативті фотозоналар, 10-ға жуық мастер-класс, ойын-сауық аймақтары ұйымдастырылып, су үстіндегі спорттық ойындар мен қойылымдар, флайборд шоуы, лазерлі және фонтан шоулары, мерекелік отшашу көпшіліктілікті тәнті етті. Осы күні облыс басшысы "Ескек есу" арнасының жаттығу залын аралап, қолөнершілер көрмесі мен "Taiqazan" гастрофестивалін тамашалады. Айта кетейік, биыл 102 спорт нысаны пайдалануға тапсырылды. Келесі жылы 10 спорт ғимаратын тапсыру жоспарлануда. Облыстағы ерекше қажеттілігі бар азаматтарды салауаттылыққа тарту мақсатында бейімделген 22 спорт секциясы ашылды. Түркістанда заманауи "Түркістан арена" стадионы, халықаралық теннис орталығы және Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені қызмет етуде. Бұдан бөлек, қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында "Мұз сарайы" ашылды. Облыс тарихында алғаш рет шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек үйірмелерімен 400-ден астам жасөспірім айналысуда. Сонымен қатар Түркістан қаласында атшабар кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл нысан ат спорты түрлерін дамытуға, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға зор мүмкіндік береді.
Айына миллион: Қазақстанда ең жоғары жалақы алатындар анықталды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы ең көп жалақы төленетін мамандықтар турал айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрлік мәліметінше, 2025 жылғы тамызда "Enbek.kz" электрондық еңбек биржасына (ЭЕБ) 239,8 мың бос жұмыс орны жарияланып, жұмыс іздеушілер тарапынан 138,5 мың түйіндеме орналастырылған. Өткен аймен салыстырғанда ЭЕБ-дегі бос орындар саны 128,9 пайызға (+135 мың) артқан, ал түйіндемелер саны 6,3 пайызға (-9,3 мың) азайды. Жұмыс берушілер кімдерді жиі іздейді? Бос жұмыс орындарының басым бөлігі келесі салаларға тиесілі: білім беру (120,7 мың), ақпарат және байланыс (17,4 мың), басқа да қызмет көрсету түрлері (17,1 мың), өңдеу өнеркәсібі (15 мың). Бұл төрт сала тамыздағы жалпы сұраныстың 70 пайыздан астамын құраған. Айта кетсек, білім беру саласындағы әр бесінші бос жұмыс орны (18,5 пайыз) Астана және Алматы қалаларында орналастырылған. Сұраныс құрылымында жоғары білікті кадрларға басымдық берілді – бұл санатқа 124,1 мың бос жұмыс орны немесе 52 пайыз сәйкес келеді. Жоғары білікті кадрларға арналған бос орындардың үштен екісі (81,6 мың) білім беру және тәрбие саласындағы мамандарға тиесілі. Орта білікті мамандарға сұраныс – 31 пайыз (75,2 мың), ал біліктілігі жоқ жұмысшыларға – 17 пайыз (40,4 мың). Бос жұмыс орындарының өсімі Бос жұмыс орындарының ең үлкен өсімі келесі өңірлерде тіркелді: Алматы облысы – +387,5 пайыз (20,3 мыңға дейін), Жамбыл облысы – +377,4 пайыз (15,9 мыңға дейін), Батыс Қазақстан облысы – +242,4 пайыз (12,3 мыңға дейін), Ақтөбе облысы – +198,4 пайыз (14,1 мыңға дейін) және Жетісу облысы – +182,7 пайыз (5,8 мыңға дейін). Жалпы түйіндеме санының аздап төмендеуіне қарамастан, көптеген өңірде жұмыс ізденушілер белсенділігі артқан. Ең үлкен өсім Алматы облысында (+31,4 пайыз, 9,7 мыңға дейін), Алматыда (+30,4 пайыз, 11 мыңға дейін) және Түркістан облысында (+17 пайыз, 18 мыңға дейін) байқалды. Сонымен қатар, кейбір өңірлерде белсенділіктің төмендеуі тіркелді: Шымкент қаласы (-50,2 пайыз, 9,7 мыңға дейін), Солтүстік Қазақстан облысы (-18,4 пайыз, 2,3 мыңға дейін) және Қарағанды облысы (-16,4 пайыз, 5,6 мыңға дейін). Сұраныс көп мамандықтар Кәсіптер бойынша ең көп сұранысқа ие мамандықтар – PR-менеджерлер (16,3 мың бос орын), математика пәнінің мұғалімдері (7,6 мың) және тәрбиешілер (6,1 мың) болды. Орта білікті мамандар арасында – тәрбиеші көмекшілері (4,4 мың), күзетшілер (2,7 мың) және автокөлік жүргізушілері (2,6 мың) сұранысқа ие. Кімдерге жоғары жалақы ұсынылады? Ең жоғары жалақы күткен кандидаттар – техникалық директорлар (орташа 1,2 млн теңге), ұшқыштар (~1,2 млн тг) және коммерциялық директорлар (~1,1 млн тг). Бұл ретте тамызда жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақылар – кен өндіру саласындағы цех басшысы (шамамен 843,8 мың теңге), энергиямен жабдықтау қызметі басшысының орынбасары (~733 мың теңге) және IT саласындағы бағдарламалар бас редакторы (~718 мың теңге) лауазымдарына тиесілі. Қорытынды Осылайша, 2025 жылғы тамызда ЭЕБ алаңында түйіндемелер санының қалыпты төмендеуімен жоғары білікті жұмыс күшіне деген сұраныстың өскені байқалды. Бұл өсім жаңа оқу жылының қарсаңында білім беру саласында орын алған маусымдық факторлармен, атап айтқанда, мұғалімдер (соның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері), тәрбиешілер және олардың көмекшілері бойынша бос орындардың жаппай жариялануымен байланысты болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді 15 қыркүйекте Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2025 жылғы 15 қыркүйекте Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне көшті Астанада бірнеше ұйым бүгіннен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі мәліметінше, бұл шешім жолда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кімдердің жұмыс кестесі өзгереді? Қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты өзгеріс болмақ. "Қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да, Астана әкімдігінің қызметі де 7:30-да басталады, ал кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар жұмысты 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталуы да сәйкесінше өзгереді", - деп жазылған хабарламада. Бұл өзгеріс кімдерге әсер етпейді? Әкімдік мәліметінше, жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚКО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді. Ал кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!